Файл қосу
Плугты тракторға асу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3деңгейлі СМК құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18.21.1.02/03. 2014 ПОӘК <<Ауыл шаруашылық машиналарды пайдалану>> пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар. басылым ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В080700 <<Агрономия>> мамандығына арналған <<Ауыл шаруашылық машиналарды пайдалану>> ПӘНІНЕ АРНАЛҒАНОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДА СЕМЕЙ - 2014 Дәрістер Дәріс №1. Кіріспе. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын тракторлар мен автомобильдер. Ауыл шаруашылығында пайдаланатьын тракторлар мен автомобильдер. -розда жырту тиімдірек болады; байламалар қар суының борозда бойымен ағып кетуіне бөгет жасайды. Қашаулауды қарды ұшырып әкететін жел, яғни эрозиялық қуаңшылыққа ұшырайтын учаскелердегі тік жел өтіндегі беткейлерде жүргізген жөн. Кемерлеу(террасалау). Бұл әдіс гидрологиялық процестерді түбірінен өзгертіп, техникалық, жеміс, цитрус және басқа да дақылдарды егіп-өсіруді қамтамасыз етеді. Кемерлеу беткеймен аққан қар мен жаңбыр суларын бөгеп, олардың жер бетімен ағуын тоқтатады, сөйтіп топырақтың шайыла-шайыла бұзылып кетуіне жол бермейді. Бұл әдіс беткейдегі топыраққа жиналған судың бәрін толық сіңіріп, өсімдіктердің тиімді қоректенуін қамтамасыз етеді. Кемерлеу жүзім, цитрус және басқа екпе ағаштарды өсіруге кеңінен қолданылып келеді. Соңғы жылдары тау беткейлеріндегі бау-бақшалар мен жүзімдікке арналған жерлерді кемерлеу нәтижелі бола бастады. Мұның өзі су режимін жақсартуға, топырақ эрозиясымен, селді тасқындармен күрес жүргізуге көмектеседі, әрі экономикалық тұрғыдан тиімді. Беткейлердегі жерді өңдеу әдісі олардың тіктігіне байланысты. Мәселен, беткей беті 0-ден 9-қа дейін тік болса, 3-12м аралықта су жинағыш бороздаларды горизонталь жыртып, жаппай өңдеген жөн; 9-дан 10-қа дейін болса, 4-тен 20 м-ге дейінгі ендікте тілкем жыртылады. Беткей бетінің тіктігі 13 және одан да тік болса, кемер жасау қажет. Кемер жасауда мынандай негізгі талаптарды басшылыққа алу қажет; -агротехникалық- кемер төсемінің бетіндегі қара шірік қабатының сақталуын көздейтін талаптарды, бұл қара шірік ылғалдың барынша толық пайдалануын қамтамасыз етеді; -мелиоративтік- беткі қабаттағы қар, жаңбыр суларымен топырақ эрозиясын тоқтатуды қамтамасыз ету; -пайдалану- құлама жардың жасалуын жеңілдететін, кемерлердің ұзақ пайдалануын және оларды жөндеуге қаражаттың шамалы жұмсалуын, ылғалдың аз булануын , сондай-ақ егін өсіруге ұсынылған дақылдарды одан әрі механикаландыруды қамтамасыз етеді; -құрылыстық-кемерлерге келуді қамтамасыз ету; -экономикалық- беткейлерде кемерлер жасау жұмысының құнын төмендетуді және кемер жасалатын алаңдардағы өнімсіз шығынды кемітуді көздейтін үнемдеу шараларын басшылыққа алу. Су эрозиясымен күрес жүргізетін машиналар. Қар айдағыш-жал салғыш СВ У-2,6 машинасы егістікке жал салу арқылы қар тоқтатуға арналған. Ол гидрожүйесінің болу-болмауына қарамастан Т-4А және ДТ-75М тракторларына агрегатталады. Қар айдағыштың негізгі бөлшектері- болат табақтан дайындалған цилиндр формалы қайырмалар(7). Қайырманың төмендегі жағына болат тілкемінен жасалған түрен болттармен бекітіледі. Әрбір қайырмаға екі-екіден тіреу пісірілген. Қайырмалар өзара қорапша білеуден пісіріліп, қорапша қималы алдыңғы(3)және артқы (5) арқалықтармен жалғасқан. Арқалықтарды қайырмалар тіреуіндегі үшкілдердің аралығына орнатып, арнайы болттармен бекітеді. Арқалықтарға грядильдер (4 және 6) орнатылады. Олар артқы арқалыққа кронштейнмен, ал алдыңғысына қамыттармен бекітіледі. Арқалықтардың алдыңғы бөліктеріне тіркеменің (1) жалғау биіктігін реттейтін ойығы бар төмендеткіштер (2) жапсырыла пісірілген. Қапсырмалардың тұмсығы грядильдердің алдыңғы бөлігіне шпренгельдермен жалғастырылған. Қайырма тіреулеріне екі алдыңғы және екі артқы сырғыма болттармен бекітіледі. Қар айдағыштың тіркемесі үшбұрыш формалы болады. Тіркеменің тартқыштары мен кергіштері төрт қырлы түтік тәрізді жасалып пісірілген бұрыштамалардан дайындалған. Тасымалдау және қар үйіндісінен босату үшін қар айдағыш қайырмалардың артқы бөліміне бекітілетін тартқыштарымен жабдықталған. Сүйреу тартқыштары шығыршықты құралған. Түрендерді борозда түбіне орнату бұрышы 46. Қайырмаларды жүріс бағытына орнату бұрышы 30. Қар айдағышпен жұмыс істеу технологиясы мынадай. Қар айдағышты үлкен жолақ қалдыратындай етіп алға қарай сүйретеді, ал оның түрендері қарды астыңғы жағынан тіледі. Сонда қар қыртысы оң қайырмамен солға қарай, ал сол жақ қайырмамен оңға қарай құлатыладыда, биіктігі қар қабатынан 2,5-3,5 есе асып түсетін ортақ білеу пайда болады. Қайырмалардың қарға терең батуын сырғыманы ауыстырып қою арқылы реттейді. Құралдың алым ені 2,6м итерілетін қар жолағының астыңғы ені 0,8 м, үстіңгі ені 0,49м. Агрегат (осындай екі қар айдағышы бар) ДТ-75М тракторымен жұмыс істегенде өнімділігі сменасына 60 га-ға дейін жетеді. ПЛДГ-10 құралы беткейлерде сүдігер жыртқан кезде шұңғыл жасауға, сөйтіп еріген суды іркіп, су эрозиясынан қорғауға арналған. ПЛДГ-10 құралының конструкциясы ЛДТ-10 сыдыра жыртқышының негізінде жасалған, оның құрылысы $4 жазылған. Құралдың негізгі бөлшектері- бес сфералық дискіден (диаметрі 450мм) тұратын секция. Дискілер эксцентриситет 110мм келетін оське қондырылып, бір-бірімен 180 , ал шабуыл бұрышы 30 болатындай етіп орналасқан. Шұңқыр жасағыш алға қарай қозғалғанда диск секциялары топыраққа алма-кезек еніп, оны тіледі де, тереңдеген сайын біртіндеп тарыла беретін сопақша шұңқырлар жасай отырып, топырақты аударып тастайды. Шұңқырдың ұзындығы орта есеппен 1164 мм, ені 330 мм және тереңдігі 150 мм-ге дейін болады. Қар және жаңбыр суын шұңқыр жасап бөгеуден басқа топырақ білеулерімен де(қашылау) тоқтатады. Бұл әдістің мәні мынада: плуг корпусының біріне, жер жыртқан кезде оның қыртысын алдыңғы бороздаға аудара жал жасайтын, қайырманы ұзартатын тақта орнатады. Қашылауды ортаңғы екі корпусы алынып, артқы корпусы мөлшері үлкен қайырмамен жабдықталған-төрт корпусты плугпен жасауға болады. Осы плугпен агрегатталған трактор бір рет жүріп өткенде биіктігі 50-60 см-ге дейін жететін білеу түзіледі және білеу табанының ені 1,2-1,3 м болады. Мұндай плугпен жерді шетке қарай жыртқан жөн. Ұзартылған қайырмасы бар КВ-1 корпусы күзгі-қысқы және көктемгі маусымдағы қар мен жаңбыр суын бөгеуге және бір мезгілде сүдігер жыртуға арналған білікшелермен жол жасау үшін қажет. Мұндай жағдайда жалды 5-тан аспайтын тік беткейлерге кесе-көлденең етіп жасайды. Ұзартылған қайырмасы бар корпусты төрт, бес корпусты сериялы плугтардың ең соңғы корпусының алдындағысының орынына орнатады. Ұзартылған қайырмасы бар КВ-1 корпусының сериялы корпустан айырмашылығы, оның кергісі және атыз тақтасында кергінің төменгі ұшына бекітуге арналған қосымша тесіктері болады. Корпустың түрені мен тірегі стандартты. Ұзартылған қайырмасы бар корпуспен жабдықталған плугтың жер жырту технологиялық процесінен айырмашылығы жоқ. Оның айырмашылығы тек КВ- 1 корпусының соңынан биіктігі 18-20 см, табанының ені 40-50см жалдың пайда болуында ғана. Кемер жасау(террасалау) үшін қолданылатын машиналар мен құралдар. Кемер жасау үшін ППН-50 плантажды плугын, Т-4 кемерлеуішті және РТН-2-25 кемер қопсытқышты пайдалануға болады. Т-4 кемерлеуіші топырағы тастақ келетін тау беткейінің ылдиы 40-қа дейінгі жерлерде кемер тілгілеуге арналған. Оны енсіз орларды , жыраларды топырақпен толтыруға және жол салуға қолдануға болады. Ол- әнбебап (бульдозерлі) рамасыбар Т-130 тракторына лайықталған, алмалы-салмалы жабдық. Кемерлеуіштің негізгі құрастыру бөлшектері- Т-130 тракторындағы рама, шарлы ұясы және қопсытқыш тістері бар қайырма, кронштейн, түрткіш, тереңдету секторы, тірек өкшелігі. Қайырма вертикаль жазықтыққа тереңдету секторының көмегімен 10 бұрыш жасай орнатылады. Мұның өзі кемер жолағынан кері 10 бұрыш жасауға мүмкіндік береді. Қайырманы әнбебап рамадағы шар тәрізді қалпақшамен бұра айландыру арқылы оңға және солға қарай топырақ айыратын қалыпқа орнатуға болады. Жұмыс өнімділігі (тістерінің қопсыту тереңдігі 220 мм және алым ені 2660 мм болса) 30-60 м/сағ. РТН-2-25 аспалы кемер қопсытқышы кемер жолағындағы жүзімділік пен жеміс егетін жерге органикалық және минералдық тыңайтқыштарды бір мезгілде енгізе отырып, жер қыртысын аудармай терең қопсытуға арналған. Ол гидравликалық аспалы жүйемен жабдықталған Т-130 тракторына агрегатталады. Қопсытқыш пісірілген рамадан тұрады, оған екі қопсытқышты жұмыс органы, екі тіреуіш жетек доңғалағы, екі планкалы-қырғышты транспортері бар бункер және тыңайтқыш шашу нормасын қалыптастыруға арналған жапқыштар, тракторлармен жалғауға арналған асқыш қондырылған. Қопсытқыш органдарының жүріс тереңдігін бұрандалы механизм арқылы іске қосатын тіреуіш-жетек доңғалақтарды көтеріп-түсіру нәтижесінде қалыптастырылады. Қопсытқышты сақтауда тіреуіш тірек қызметін атқарады. Қопсытқышты жұмыс қалпынан тасымал және қайта жұмыс қалпына қою трактордың гидрокөрсеткіштігі арқылы атқарылады. Агрегаттың жүріс жылдамдығы 2,5 км/сағ болған кездегі жұмыс өнімділігі (70 см тереңдік-те ) 0,3га. Жерді тілгілеуге қолданылатын машиналар мен құралдар. Тілгілеу өңделмеген жерде де, беткейлердегі егістік жерлерде де жүргізіледі. Беткейлерде қар мен жаңбыр суын көп жылдық шөп пен күздік дақылдар егісіне бөгеу мақсатында жерді тілгілеу үшін ПРВН- 2,5А жүзімдік плуг қопсытқыштарын, КЗУ- 0,3 арық қазғыш-тегістегіштерді және ЩН- 2-140 тілгілеуіш-үңгілеуішті пайдаланады. ШН-2-140 тілгілеуіш-үңгілеуіш-аспалы құрал. Ол дискілі пышақ, тіреуіш доңғалақ, тілгілеуіш пышақ, пышаққа орнатылған үңгілеуіш, дестелеуіш, қашау бекітілген рамадан тұрады. Жел эрозиясымен күрес жүргізуге арналған машиналар. Жел эрозиясы күшті болатын аудандарда жерді өңдеген уақытта топырақтың шаңдануын болдырмау- қазіргі агротехникадағы маңызды шаралардың бірі. Себу алдында жер өңдеуде және парды баптап- күту кезінде дискілі сыдырғыштарды қайырмасыз құралдармен алмастыру қажет. Тез шаңданатын жеңіл және карбонатты топырағы бар жерлерде сүдігер егістігіндегі паяларды мейлінше сақтап қала отырып, қайырмасыз жырту қажет. Өйткені пая қардың қалың жиналуынан, топырақты терең тоң болып қатып қалудан, қыс пен көктемгі эрозиядан сақтайды, көктемгі қар суының жерге жақсы сіңуіне себепкер болады және топырақтағы ылғалдың булануын, желмен үрленуін азайтады. Жерді қайырмасыз өңдеуді негізгі екі түрге бөлуге болады:жердің үстіңгі бетін астарлай өңдеу және пая топырақтың үстіңгі қабатына аздап көмілген кезде жер қыртысын аударыстырмастан, топырақты ішінара қопарыстыра қопсыту. Топырақты қайырмасыз өңдеу үшін мынадай машиналар қолданылады. КШP-3,6А шангілі культиваторы арамшөптерді отауға, топырақты қопсытуға, сондай-ақ себу алдында топырақты культиваторлауға арналған. Топырақты өңдегенде ол паяға зақым келтірмей, оны егістік бетіне қалдырып кетеді, сондықтан ол жел эрозиясына ұшырайтын және ылғалы жеткіліксіз аудандарда пайданылады. Алмал-салмалы тіркесі болғандықтан культиватор аспалы күйде де тіркемелі күйде де жұмыс істей алады. Культиватор аспалы күйінде МТЗ-80 тракторына, ал тіркемелі күйінде гидроцилиндрлермен жабдықталған МТЗ-80 тракторына агрегатталған. Екі культиватор тіркелген күйінде СП-11 тіркеуішімен немесе СП- 16 тіркеуішінің ортаңғы секциясымен ДТ-75М, Т- 150 және Т-150К тракторына, үш культиватор Т-4A тракторына, төрт культиватор СП-16 тіркеуіші арқылы К- 701 тракторына агрегатталады. Культиватор рамадан , алмалы-салмалы тіркеу тетігінен, жүріс доңғалақтарынан , теңгергіш жәшіктен және жұмыс органынан тұрады. Штанга - культиватордың жұмыс органы. Ол - көлденең қимасы 25х25 мм және ұзыңдығы 3700 мм төрт қырлы білік. Штанга культиватордың жүріс бағытына көлденең орналасады да, культиватор доңғалақтарының айналуына қарама-қарсы 1,1 м жолда 1 айналым жасайды. Штанга топырақ астымен жылжи отырып, арамшөптерді тамырмен жұлып, бетіне шығарып тастайды, бір мезгілде ол жер қыртысын аудармай, топырақтың үстіңгі қабатын қопсытады. Культиватордың жұмыс өнімділігі 1,8 га/сағ , алым ені 3,6 м және өңдеу тереңдігі 5 -10 см. КПЭ-3,8 ауыр культиваторы жерді негізгі өңдеуге және себу алдында паяны топырақ бетінде қалдыра өңдеуге арналған. Культиватордың біреуі ДТ-75М тракторына агрегатталады. Культиватордың бірнешеуі Т-4А , Т-150, К-701, Т-130 тракторына және әнбебап гидрофикиацияланған СП-16 тіркеуішіне агрегатталады. Культиватор рамадан, тіркестен, жұмыс доңғалақтарынан, жұмыс органдарын көтеру механизімінен, жұмыс органдары бар грядильден, жалғастыру буындарынан тұрады. Культиватор рамасы тікбұрыш формасында пісіріліп жасалған. Ол параллель қойылған үш брустан - жапсырмасы бар бұрыштамамен өзара қосылған тікбұрыш қималы түтіктерден жасалған. Раманың бүйірлері бойлық брустарымен шектелген. Олардың жалғамаларды бекітуге арналған бір-бірден фланеці болады. Раманың әрбір брусына тіркесті жалғастыратын екі құлақша орнатылған. Тіркес көп тармақты, алмалы-салмалы бұрыштамалардан тұрады. Ортадағы төрт бұрыштама раманы жоғарғы және төмеңгі жағынан ұстап тұрады және өзара болттармен жалғастырылған. Тіркестің бүйір тармақтарының бір ұшын тіркеме құрылғысының жоғарғы орталық бұрыштама-маларына, екінші ұшын раманың құлақшаларына бекітеді. Тіркеу тетігінің алдыңғы жағында төмендеткіші болады, ол тіркеу тетігінің орталық бұрыштамаларымен болттар арқылы жалғастырылған. Төмендеткішке топса арқылы қапсырма жалғастырылған. Культиватордың жүріс доңғалақтары пневматикалы, оның мөлшері- 6-16, №207 және 208 шарикті подшивниктерде айналып тұрады. Шинадағы ауа қысымы 0,25 МПа . Доңғалақтардың күпшектерінде солидолды шприцпен айдап енгізетін май құтылары болады. Жұмыс органдарын көтеру механизмінің негізгі бөлшектері- тартқышқа топсамен жалғастырылған кронштейн және теңгергіштер, жапсыра пісірілген түтіктер. Тартқыш топса арқылы тербелгішпен , ал тербелгіш өз кезегінде тіркеу тетігінің орталық бұрыштамаларына жалғасқан. Тіркеу тетігі раманы жұмыс органдарымен тасымал қалпында ұстап тұратын екі тасымалдау тартқышы бекітілген . Теңгергіштері бар түтікті құйма кронштейнде қиыстырылады, ал кронштейндерді Дәріс №2. Тракторлардың автомобильдердің типажы, тартылыстық класы, негізгі моделі, жұмысына сай бөлінуі. Тракторлар модификациясы.Тракторлардың автомобилдердің типажы, тартылыстық класы, негізгі моделі, жұмысына сай бөлінуі. Класы 6 кН тракторлардың негізгі базалық маркасының бәрі Т - 25А Владимировск трактор заводынан 1973 жылдан бері шығарылады. Бұл универсалды - қатараралық трактор және жеміс өсіруге, шөп жинауға, мал фермалары мен транспорт жұмыстарын атқаруға арналған ( двигателі ауамен салқыдатылады). Металдан жасаған кабинамен гидрофикацияланған тірегіш ілгекпен, дифференциалды біріктіретін механизммен жабдықталған. Осыған қосымша реверсті (жылдамдық бағытын өзгерткіш) механизм қойылған. Жұмыс түріне қарай трактордың екі доңғалағы арасындағы ара қашықтығын, жолдық саңылауын және базасын өзгертетін қондырғы бар. Осы кластағы трактордың мынандай модификациялары шығарылды және олардың базалық моделінен төмендегідей айырмашылықтары бар. Маркасы Т - 16 өздігінен жүретін шассилі Т - 16ММЧ шай плантациясы жұмыстарына арналған, күн қағар тент қана орнатылған; Т - 25АЗ - кабинасының каркасы өте етіп жасалған; Т - 25Аl - жоғары клинерсті (ауырлық нүктесі қте төмен орналасқан); Т - 25МГ - тауда жүретін шассилі және оның тұлғасын автоматты түрде көлденең бағытта ұстап тұратын қондырғысы бар. Осы көрсетілген өзгерістен басқа механизмдері базалық модельдікімен бірдей. Класы 9 кН тракторларының негізгі базалық моделі Т - 40М, Липецк трактор заводынан 1973 жылдан бері шығарылып келеді. Қатар аралығы өңделетін өсімдіктерді өсіру мен жинау жұмыстарына, мал фермаларында және транспортта пайдалануға арналған трактор. Двигателі ауамен салқындатылады және көптеген бөлшектері Т - 25А тракторының двигателінікімен бірдей. Трактордың руліне гидравликалық күшейткіш қойылған және гидрофикацияланған тіркеу ілгегімен жабдықталған. Бульдозермен, шұңқыр қазғышпен және әртүрлі тиегіштермен жұмыс істей алады. Бұл трактордың мынандай модификациялары шығарылады; Т - 40М - алдыңғы оське де жетекші дөңгелек орнатылғандықтан дөңгелек схемасы 4х4, оның өтімділігі арттырылған; Т - 40 АМ - төменгі клинерсті, көлбеулі беткейлердегі жұмысты атқаруға арналған; Т - 28х4 Ташкенттің трактор заводы шығарған мақта өсіру жұмыстарын орындайды. 14 кН класты тракторлардың екі түрлі базалық моделі бар. Біріншісі - МТЗ-80, 1974 жылдан бері Минск трактор заводынан шығады. Бұл трактор бұрын шығарылған МТЗ-50 тракторының өте жақсартылған моделі. Көптеген эксплуатациялық көрсеткіштері жөнінен МТЗ-80 тракторы шетелдердің ең таңдаулы тракторларымен сәйкес келеді. Оның бір өзі 20 түрлі машинамен жұмыс істей алатындығының өзі-ақ трактордың артықшылығын дәлелдейді. МТЗ-80 тракторы универсалды - қатараралық және ауыл шарушылығында кездесетін жұмыстардың барлығын да атқара алады десе де болады. Оның мына төмендегідей модификациясы шығарылады. МТЗ-82 өтімділігі жоғары, дөңгелек схемасы 4х4, алдыңғы оське қозғалыс автоматты түрде беріледі,екі доңғалақ аралығында жоғары үйкелісті, өздігінен біріктірілетін дифференциал қойылған; МТЗ-82Н төменгі клинерсті; МТЗ-82К көлбеулігі 20º беткейдегі жұмыстар үшін; МТЗ-82Р күріш өсіру жұмыстары үшін; МТЗ-82Х мақта өсіру жұмыстары үшін пайдаланылады. Бұл кластың екінші базалық моделі ЮМЗ-6Л. Оны Днепропетровск қаласындағы оңтүстік механикалық завод шығарады және универсалды-қатараралық жұмыстарға арналған. Бұл трактор МТЗ-80 тракторы орындайтын жұмыстардың көпшілігіне жарай береді, тек двигатель қуаты 45квт қана болғандықтан өнімділігі одан төмендеу болып келеді. Класы 20 кН тракторының Т-70С маркасы шығарылады. Мұны Кишинев трактор заводы негізінен қант қызылшасы плантациясының жұмыстарын атқаруға арнап 1975 жылдан бастап шығарып келеді. Бұл бұрынғы қуаты аз Т - 54С, Т-38М тракторларының орнына қолданылады және оларға қарағанда өнімділігі 27 % артық. Осы кластағы тракторлардың екеуі де шынжыр табанымен жабдықталған. Осы трактордың ДТ - 75М моделін Павлодардың трактор заводы шығарады. Оған қуаты 66 квт болатын А-41 двигателі қойылған. Соның есебінен бұл модификацияның өнімділігі ДТ-75-ке қарағанда 11% артық. Келешекте осы модельді жақсартып, двигатель қуаты 90 квт ДТ-75МН моделі шығарылмақ. 30 кН класындағы трактордың негізгісіне Т-150 К дөңгелекті тракторы жатады. Оған трубокомпрессоры бар двигатель қойылып, оның қуаты 120 квт дейін жеткізілген. Жалпы агрегаттарының орналасуы басқа тракторларға қарағанда өзгеше. Өйткені, оған ортасынан топсамен жалғастырылған жартылай рамалар қолданылғандықтан , оның құрылысына едәуір өзгешеліктер енген. Осыған қосымша трансмиссиясында жылдамдық берілісін тракторды тоқтатпай - ақ алмастыратын беріліс қорабы бар. Т-150К тракторының мынандай модификациялары жасалады; Т- 150КМ, двигатель қуаты 150 квт. жеткізілген; Т- 157 - орман шарушылығы үшін қарағай таситын түрі; Т - 158 өндірістегі жалпы жұмысқа арналған. Харьков трактор заводының тағы бір негізгі өніміне Т - 150 маркалы шынжыр табанды трактор жатады. Оның да көптеген өзгешеліктері бар. Негізгі өзгешеліктеріне әрбір шынжыр табанға двигатель қуатын жеке-жеке жеткізетіндігін жатқызуға болады. Ол үшін екі ағынды беріліс қорабы орнатылған . Осындай өзгешеліктің нәтижесінде тракторды бұратын механизм мүлде қарапайым етіп жасалған, яғни тракторды бұру үшін беріліс қорабындағы бір білікті тоқтатса болғаны. Класты 40 кН тракторының негізгі базалық моделі жалпы жұмысқа арналған Т- 4А маркасы. Оны Алтай трактор заводы (Рубцовск қаласы) шығарады. Айтарлықтай ерекшелігі жоқ. Т - 4АП - 1 модификациясы өңдірістегі жұмыстарға арналған; ТТ - 4 орман шарушылығында қарағай тасу, ал ВТМ - 4 қарағайды жығу, тасу жұмыстарын орындайды; ТМЛ - 110 (ТЛМ - 4) мелиоротивтік меншікті қысымы 2 н/ см² шамасына дейін азайтылған. Класы 50 кН тракторларындағы негізгі базалық модельдер ауыл шаруашылығына , ал модификациялары өңдіріске арналған. Негізгі базалық моделіне Ленинградтағы Киров атындағы трактор заводы шығаратын, жалпы жұмысқа арналған, өңделетіндер ауданы үлкен шаруашылықтар үшін қолданылатын дөңгелекті тракторлардың К - 700А және К - 701 маркалары жатады. К - 700 А маркасында 8 цилиндірлі , трубокомпрессорлы, қуаты 150 квт. двигатель орнатылған, ал К - 701 маркасына 12 цилиндірлі, қуаты 220 квт трубокомпрессорлы жоқ двигатель қойылған. Олардың да құрылысына басқа кластағы тракторларға қарағанда көптеген техникалық жаңалықтар енгізген. Негізгісіне жүріп келе жатқан жылдамдықты алмастыратын қораппен өздігінен біріктірілетін дөңгелек аралық дифференциалды жатқызуға болады. К - 702 модификациясы өңдірістегі жалпы жұмысқа , ал К - 703 орман шарушылығына арналған. Бұл класс бойынша двигатель қуаты 370 квт жеткізілген , К - 710 маркасы келешекте шығарылмақ. Дәріс №3,4 Тракторлар мен автомобильдердің жалпы құрылысы. Мотор, трансмиссия, жүріс бөлігі, басқару механизмі және қосымша жабдықтар. Трактордың жалпы құрылысы.Тракторлармен автомобилдердің жалпы құрлысы. Мотор трансмиссиясы, жүріс бөлігі, басқару механизмі және қосымша жабдықщтар. Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар мынандай негізгі бөліктерден құралады: двигатель, трансмиссия, жүргізгіш блок, басқару механизмдері және қосалқы жабдықтар. Олардың әрқайсысы әр түрлі қызмет атқаруға арналған. Двигатель негізгі қуат көзі болып табылады. Ол жанған отынның алынған жылу энергиясын тракторге жүргізуге керекті механикалық энергияға айналдырады. Энергияны бір түрден екінші түрге айналдыратын двигатель қондырғыларының бірнеше түрлері бар.Оардың бір электр қуатын екіншісі судың немесе желдің ағындық энергиясын т.б. энергияны механикалық энергияға айналдырады. Бірақ солардың ішіндегі ең қолайлы түрі жылу двигательдері. Оларды жанған отынның жылулық энергиясын механикалық энергияға айналдыратындықтан жылу двигательдері деп атайды. Жылу двигательдері іштен және сырттан жанатын двигательдер болып екіге бөлінеді. Сол еккуінің көп тараған түрі іштен жанатын двигательдер. Себебі, олардың басқаларына қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Іштен жанатын двигательдердің өзі жұмыс принциптеріне қарай екі түрге бөлінеді. Олар: дизельді және карбюраторлы двигательдер. Ауыл шаруашылығы тракторларында тек дизельді двигательдер қолданылады. Двигательден алынған механикалық қуатты трактор жүріс бөлігіне жеткізетін механизмдерді трансмиссия деп атайды. ОЛ негізіне мынандай міндеттер атқарады. Двигательден алынған айналдыру моменті жүріс дөңгелектерін айналдыруға керекті моменттен бірнеше есе аз болғандықтан трансмиссияның көмегімен двигательдің айналдыру моментін жүргізгіш дөңгелекке бірнеше есе арттырып жеткізеді. Жұмыс кезінде тракторға түсетін күш атқаратын жұмыс түріне байланысты азайып немесе көбейіп отырады. Сол күш азайғанда трактордың жүріс жылдамдығын арттыру немесе керісінше болғанда жылдамдықты азайту қызметінде трансмиссия атқарады. Ол үшін жылдамдықты өзгерткіш арнаулы қорап қолданылады. Осыоарға қосымша трансмиссия двигательден алынған қуатты алдымен трактордың ұзындық бағыты бойынша сондықтан кейін жүріс дөңгелектеріне көлденең бағытта бұрып беру қызметін атқарады. Құрылыстарына қарай трансмиссия бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгілері механикалық, гидромеханикалық, электромеханикалық және т.б . Тракторларда көбінесе механикалық трансмиссия тек кейбіреулерінде ғана гидромеханикалық немесе электромеханикалық трансмиссиялар қолданылады. Сол себепті төменде механикалық трансмиссиялар туралы анықтама береді. Жүріс бөлігі тракторды жер бетімен қозғалту қызметін атқарады. Ол жүргізгіш мүше мен тұлғадан тұрады. Трактор тұлғасына рама, жартылай рама немесе жоғарыда айтылған механизмдердің қораптары жатады. Сондықтанда тракторларды тұлғасының түріне қарай рамалы және рамасыз тракторлар деп бөледі. Трактордың барлық механизмдері осы тұлға арқылы бекітіледі. Жүргізгіш мүшелер құрылысына қарай дөңгелекті және шынжыр табанды болып екі түрге бөлінеді. Дөңгелекті жүргізгіш мүшелер үшін көбінесе пневматикалық шиналар қолданылады. Олар екі-екіден бір оське бекітіледі де жүргізгіш бөлікті құрайды. Двигательден қуат алуына байланысты жетектеуші және жетектелуші дөңгелектер болады. Жетектеуші дөңгелектер трансмиссия арқылы двигательмен жалғасады. Сондықтан да олар жұмыс кезінде двигетельден айналыс алады да, жермен ілінісіп, трактордың тарту күшін туғызады. Осы жетектеуші дөңгелектердің санына байланысты тракторлар өтімділігі қалыпты немесе жоғары деп бөлінеді. Өтімділігі қалыпты тракторларда жетектеуші дөңгелектеріне де двигательден қуат берілсе, онда өтімділігі жоғары трактор болып табылады. Тракторлардың алдыңғы осіне бекітілген дөңгелектер көпшілік жағдайда, бағыттаушы дөңгелектерқызметін атқарады. Солардың трактор тұлғасына қарағандағы орналасу жағдайын өзгерту арқылы трактордың жүріс бағытын өзгертеді. Шынжыр табанды жүргізгіш мүшелер жетектеуші дөңгелекпен (жұлдызшамен) ілінісіп тұратын шынжырдан құралады. Жетектеуші дөңгелек айналған кезде өзімен бірге шынжырды да айналдырады. Ал шынжырлар тірек дөңгелектері арқылы жерге тиіп тұрғандықтан онымен ілініске келеді де трактордың тартк күшіне туғызады. Басқару механизмдері трактордың жоғарыда көрсетілген бөліктерінің жұмыстарын басқаруғаарналған. Олар көбінесе иінді немесе гидравликалық механизмдерден құралады. Қосалқы жұмысшы бөліктерге трактордың тіркеу немесе аспалы саймандары, тракторшының жұмыс орны (кабинасы( және тағы сол сияқтылар жатады. Олар көбінесе негізгі бөліктердің қызметін жақсарту үшін және басқа да қосалқы қызметтерді атқаруға арналған. Шағын тракторлар <<718>> модельді шағын трактор. Бұл трактор тарту күші 2,0 кН болатын класқа жатады. Мұны Кутаисидің шағын тракторлар заводы шығарады. Мұнымен ауыл шаруашылығындағы өсімдік күтіп - баптау жұмыстарының барлығын жүргізе алады. Оған қосымша құрылыста да, комуналды шаруашылықта да қолданылады. Шағын трактордың негізгі топтарына двигатель, трансмиссия, жүріс бөлігі, қуат алу білігі сияқты қондырғылар жатады. Олардың құрылысы мен жұмысы бізге алдыңғы бөлімдерден белгілі тракторлардан айырмашылығы жоқ десе де болады. Сондықтан да төменде тек солардың ерекшеліктеріне тоқталамыз. Трактор РД - 180 маркалы екі цилиндрлі төрт тактылы дизельді двигательмен жабдықталған. Оның негізгі сипаттамалары 1,3 - кестеде көрсетілген. Трансмиссиясы ілінісу муфтасынан беріліс қорабынан алдыңғы және артқы жетек белдемесінен екі қуат алу білігінен тұрады. Ілінісу муфтасы бір дискалы, құрғақ. Беріліс қорабы алға қарай екі диапазонға бөлінген алты беріліс, артқа қарай үш беріліс жасайды. Алдыңғы және артқы жетекші белдемелерде жұдырықшалы муфталармен біріктірілген дифференциалдар орналасқан. Солардың көмегімен трактор тура жүрген кезіндегі дөңгелектердің тығылуын болдырмайды. Қуат алу біліктері екі режимді: 568 және 836 айналыс/ мин жасайды. Олардың екеуі де артқа шығарылған бірақ біреуі жерден 446 мм, ал екіншісі 516 мм биіктікте орналасқан. Олар іске беріліс қорабы арқылы қосылатындықтан одан тәуелді жұмыс бойынша алдыңғы қуат алу білігімен де жабдықталады. Жүріс бөлігі барлығыда жетекші төрт дөңгелектен және ортасынан сына алатын тұғырдан құралған. Ортасынан топса арқылы жалғасқан тұғырды червякті берілісі бар рульдік механизм басқарады. Осындай құрылған жүріс бөлігі тракторды шұғыл бұруға мүмкіндік береді. Ең аз бұрылу радиусы 1,8 м. МТ - 14С шағын тракторы алдында айтылған <<718>> модельді шағын трактордың бір түрі болып табылады. Өйткені оның көптеген тораптары сол трактормен бірдей жасалған. Атап айтқанда двигателі трансмиссияның негізгі бөліктері және сол сияқты. Оның айырмашылығы тұғыры ортасынан сынатын емес, керісінше рамалы етіп жасалған. Жетекші бір ғана белдемесі бар. Екінші белдемесі басқарушы қызметін атқарады. Оның үстіне трактор агрегаттарын орналастыру да бөлекше жасалған. Бұл трактордың да көрсеткіштері 1,4 - кестеде келтірілді. Т- 08 шағын тракторы Бұл трактор шағын тракторлардың жеңіл түріне жатады және тарту күші 2,0 кН болады. Мұны Харьковтың трактор завады щығарды. Двигателі үшін екі цилиндрлі карбюраторлы УД - 25 маркалы двигатель қолданылған. Трансмиссиясы бір дискалы құрғақ ілінісу муфтасынан шестернялары тұрақты тістесіп тұратын беріліс қорабынан екі сатылы басты берілістен және жандық редукторлардан құралады. АМЖК - 8 шағын тракторы. Бұл тракторды Гомсельмаш заводы шығарды. Ол көбінесе мал шаруашылығында қолдануға арналған. Оның үстіне алдыңғы Т- 08 тракторының істеген жұмыстарын да істеі алады. Аталған тракторда УД - 25Г двигателі қолданылады.Жүріс бөлігі кәдімгі тракторлар сияқты алдыңғы басқаратын артқы жетекші дөңгелектерден тұрады. Ілінісу муфтасы құрғақ екі дискалы. Одан беріліс белдік арқылы беріліс қорабына жеткізіледі. Беріліс қорабы алға бес артқы екі беріліс жасайды. Басқа топтарында айтарлық ерекшелік жоқ. МТ З -220шағын тракторы. Мұны Минскінің трактор заводы шығарды. Ол трактордың алдыңғы белдемесі басқаратын ал артқы белдемесі жетекші. РД - 180 двигателімен жабдықталған. Ілінісу муфтасы бір дискалы құрғақ тұрақты қосылып тұрады. Беріліс қорабы шестернялар тұрақты тістесіп тұратын екі еселегіші бар механикалық редуктор. Автомобильдердің жалпы құрылысы Автомобильдер құрылысы жағынан өте күрделі машиналар қатарына жатады. Өйткені оның құрамына бірнеше механизмдер мен жүйелер кіреді және олардың құрылыстары әр түрлі болады. Кузов тасылатын жүкті орналастыруға арналған. Сондықтанда ол таситын жүктің түріне қарай әртүрлі болады. Мысалы жүк таситын машиналардың кузовы науа тәрізді жасалып жүргізуші отыратын кабина жасалады. Ал адам таситын жеңіл машына мен автобустардың кузовына орындықтар қойылып тиісті санитарлық жағдайлармен қамтамассыз ететін қондырғылыр орнатылады. Двигатель автомобильдің жүруіне және басқа жұмыстарға арналған қажетті қуатты тудыратын бөлігі. Оның негізгі жұмыс принципі энергияның бір түрін екінші түріне айналдыру болып табылады. Осы двигательден алынған механикалық энергия автомобильлдің жүргізгіш дөңгелегіне беріледі де ол жол бетімен жанасып автомобильді қозғайтын күш тудырады.Сөйтіп автомобиль жол бетімен жүруге мүмкіндік алады. Сондықтанда двигательдің басқа осындай жұмыс атқаратын генератордың айырмашылығы, двигательден тек қана механикалық энергия алынады, ал генераторларда энергияның басқа түрлері де алынуы мүмкін. Мысалы электр энергиясы, жылу энергиясы т.с.с. Шасси деп автомобильдің жол бетімен жүруге арналған бірнеше қондырғыларын біріктірілген бөлігін айтады. Оған трансмиссия алдыңғы және артқы белдемелер жүретін дөңгелектерімен машина тұғыры дөңгелек аспалары рульдік және тежегіш қондырғылар кіреді.осы қондырғылардың әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын бірнеше механизмдермен жүйелерден тұратын күрделі қондырғы болып табылады. Трансмиссия двигательден келген қуатты машинаның жүретін дөңгелегіне жеткізіп беретін қондырғы. Ол тек қуатты тасымалдап қана қоймайды оны машина қажетіне қарай түрлендіріп өзгертіп береді.Себебі машинаға жүргізуге қажетті күш көп болған жағдайда автомобильдің артқа қарай жүруін де қамтамассыз етеді. Сөйтіп трансмиссия көптеген қызмет атқаратын күрделі қондырғы. Алдыңғы және артқы белдемелер. Негізінен автомобильдің салмағын дөңгелектер арқылы жол бетіне түсіру қызметін атқарады.Осыған қосымша ол белдемелерде бірнеше түрлі механизмдер орналасады. Мысалы артқы жетекші белдемеде трансмиссияның аспаныңысалы артқы жетекші белдемеде трансмиссияның аспаның тежегішті т.с.с бөлшектер орналасады. Машина тұғыры автомобильдің шасси бөлігінің барлық механизмдерімен қоса двигательмен кузовты да бекітуге арналған қондырғы. Ол өздерінің құрылысына қарай әртүрлі болады. Кейбіреуі арнаулы рамадан жасалып көбінесе жүк машиналарында бөлек қондырғы құраса кейбіреуі кузовпен бірге жасалады. Дөңгелек аспалары алдыңғы және артқы белдемелерді машина тұғырына бекітіп қана қоймайды жүріс кезінде автомобильдің жүрісін жұмсарту қызметін атқарады. Себебі жүріс дөңгелектері жол бетінің бедерімен жанасқан кезде неше түрлі туып автомобильді тербеліске келтіреді. Егер ол тербелістің амплитудасын азайтып жиілігін бір қалыпөа келтірмесе машинаның жүріс жұмсақтығы бұзылады. Сөйтіп оның жұмыс өнімділігіне кері әсерін тигізеді. Басқару жүйесі көптеген механизмдерден құралады.олардың негізгісі машгинаның жүріс бағытын басқаратын рульдік механизм. Сол рульдік механизм арқылы автомобильдің жүрісін берілген траектория арқылы бағыттап отырады. Тежеу жүйесі автомобильдің жылдамдығын азайтып тіпті тоқтату қызметін атқарады. Сондықтан да бұл механизм автомобильдіңдің барлық жүріс дөңгелектерінде орналасып оның айналуын тежеу арқылы ауырлатады да жүріс жылдамдығын азайтуға мүмкіндік береді. Автомобильдің осы айтылған бөліктерінің орналасуы әртүрлі болуы мүмкін. Оның негізгі себебі олардың эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту болып табылады. Автомобильдердің осы бөліктері оқулықта үш бөлімге бөлініп қаралады. Сол кезде олардың орналасу ерекшеліктері артық - кемшіліктері түрлері құрылыстары жұмыс істеу принциптері егжей тегжейлі талданады. Көбінесе бір механизмнің негізгі принципі толық түсіндіріліп басқаларының ерекшеліктері аталып өтеді. Себебі ондағы кездесетін механизмдер мен қондырғыларды бір оқулықтың көлеміне сидыру мүмкін емес. Іштен жанатын автотракторлар моторлары. Мотордың жалпы құрылысы Іштен жанатын автотрактралдер моторлары.Мотордың жалпы құрылсы. Іштен жанатын поршеньді двигательдердін жұмыс принциптері Іштен жанатын поршенді двигательдердін жұмыс принциптері мынадай процестерге негізделген. Цилиндр ішінде поршень ілгері кейінді қозғалып тұрады. Сонын қозғалысының салдарынан цилиндр ішінде неше түрлі құбылыс пайда болады. Ал цилиндр үсті басымен бекітілген ал оның сыртпен қатысуы соратын ,шығаратын клапондар арқылы жүргізіледі. Поршень жоғарыдан томен қарай жылжиды,яғни поршеннін үстіндегі кеністік көбейеді. Олай болса оның ішіндегі газ қысқмы азайып,вакуум пайда болады.Сол кезде соратын ашылады да сырттан ауа немесе жану қлоспасы кіреді. Бұл процесті сору процесі деп атаймыз. Оның ұзақтығы поршень төменге түскенге дейін созылады. Поршеньнің ендігі жүрісі төменнен жоғары қарай бағытталады. Сол кезде екі бірдей клапандар жабық болғандықтан , цилиндр ішіндегі газ қысылады, яғни көлемі азаяды. Мұны кысу процесі деп атаймыз. Қысылған газдың қасиеті бойынша көлемі азайып,температурасы котеріледі. Поршень жоғары жеткен кезде қысылып тұрған жану қоспасына электр үшұынын беріп тұтандырады немесе қызып тұрған ауаға жанар май шашылады да ол тұтанып жанады. Сонымен қысу процесінін соңында жану процесі іске асады. Жанған газ өте үлкен жылу бөліп шығарады да ол газдың температурасы көтеріледі, ал температура көтерілсе ,оның қысымы да артады.Мұнгы ұлғаю процесі деп атаймыз. Бұл ұлғаю процесіде поршень төмен келгенше созылады. Жанған газ ұлғайып біткенннен кейін поршень төменнен жоғары қозғалады. Осы кезде шығаратын клапон ашылыды да жанған газ сыртқа қарай поршеньмен итерілип шығады.Бұл процесті шығару процесі деп атаймыз. Енді әрі қарай осы процестер қайталана береді. Сонымен іштен жанатын поршенді двигательдердін жұмысы поршеньнінжүрісіне байланысты атқарылытын сору, қысу, ұлғаю және шығару процестеріне байланысты болады екен. Олай болса поршеньнін бір жүрісін бір такт деп атасақ ,мұндай двигательдердін төрт тактыда атқарылып бітеді. Екі тактылы іштей жанатын двигательдерде клапандар болмайды. Олардың орнына цилиндірдінң орта шеніне шығаратын және соратын тесіктер жасайды. Сол тесіктерді поршень өзі жауып, ашаып тұрады. Сонда поршеньнің жарты жүрісінде бір процесс орнатылады. Екі тактылы двигательдердің жұмысы мына ретпен атқарылады. Поршень төменнен жоғары қарай қозғалғанда сортын тесіктер арқылы ауа немесе жану қоспасы айдап кіргізіледі, яғни сору процесі поршень тессікті жапқанша жүреді. Поршень соратын және шығаратын тесіктерді жапқанннан кейін, қысу процесі басталады. Ал сол процестің соңында ,жану мен ұлғаю процесі жүзеге асады. Ал ұлғаю поршеньнің жарты жүрісіне дейін,яғни шығару тесігін поршень ашқанша ғана жүреді. Әрі қарай ашылған тесіктен жанған газ өз қалдық қысымы арқылы сырт қа шығады. Сонымен, іштей жанатын двигательдер жұмыс принциптеріне қарай екі түрлі болады, төрт немесе екі тақталы двигательдер. Осы екі түрінін коп қолдау тапқан түрі ол төрт тақталы болып саналады.себебі оның тиімдңлңк корсеткіштері екі тақталы двигательдерге қарағанда жақсы болады. Әсіресе жанар май шығыны жөнінде төрт тактылы двигатель тиімді жұмыс атқарады. Себебі екі тактылы двигательдерде сору мен шығару процестері бір мезгілде жүретіндіктен ,жанған газбен бірге сыртқа жану қоспасы да шығып кетеді де жанар май ысырабына әкеліп соқтырады. Жоғарыда айтылған жұмыс процесінде, цилиндр ішіне сору кезінде ауа немесе жану қоспасы сорылады деген. Осыған байланысты двигателдерь тағыда екі турге бөлінеді. Егер сору процесі кезінде сырттан тек ауа ғана сорылып кіріп ,қысу процесінің, соңында оған жанар май шашып араластырып ,қазған газдың температурасы арқылы тұтандыратын болсақ,ондай двигательдерді дизельді двигательдер деп атайды. Ал егер жану қоспасын цилиндр сыртында орналасқан, арнаулы аспапта дайындап , сору кезінде цилиндр ішінде сол дайындалған жану қоспасы толтырылып ,оны арнайы электр ұшқынымен тұтандыратын болсақ, онда ондай двигательдерді карбюраторлы деп атайды. Өйткені ауа мен жанар майды осы карбюраторда араластырып ,жану қоспасын жасайды. Автомобильдерді осы дизельді және карбюраторлы двигательдердің екі туріде қолданылады. Олардың өзара салыстырғанда мынадай кемшіліктермен артықшылықтар болады. Дизельді двигательдер жанар майды аз жұмсайды. Мысалы онда бір кВт қуатқа 220-245г жанар май жұмсалса ,карбюраторлы двигательдерде бұл көрсеткіш 340-350г жетеді. Двигательдердін негізгі түсініктері. Поршеннің жоғарғы және төменгі өлі нүктелері цилиндр ішімен жылжыған поршеньнің ең шеткі жағдайларын көрсетеді,яғни поршень жүріп келіп қайту үшін тоқтаған нүктелері деп атаймыз. Сонда поршеньнің иінді білік осінен ең коп алыстаған нүктесі ЖӨН,ал ең жақын келген нүктесі ТӨН олі нүктесі болады. Бұл нүктелер поршеньнің жүріс жылдамдығы нольге теңеседі, яғни ол тоқтайды да әрі қарай кері бағытта жылжып келесі өлі нүктеге жетеді. Осылайша оның жұмысы осы екі өлі нүктенің арасында қйталана береді. Поршеньнің жүріс жолы.Бұл поршеннің жүріс жолы двигательдің басқада коптеген корсеткіштерін әсерін тигізеді, ал өзі иінді біліктің радиусына тәуелді. Сонда поршеньнің жүрісі иінді біліктің жарты айналасына тең болады. Цилиндр көлемі.Поршеньнің жоғары және төменгі өлі нүктелерінің аралығында жүріп өткен кездегі босатқан кеңістіктің көлемін көрсетеді. Олай болса оның мөлшері поршень ауданы мен жүрісінің көбейтіндісімен анықталады. Қысу көлемі. Поршень ЖӨН-ге жеткеннен кейінгі оның үстінгі жағында қалған көлемді көрсетеді.Оны көбінесе жану деп те атайды. Себебі жану қоспасы осы кеңістікте алғаш тұтанып барып жанады. Ал поршень ТӨН-де тұрған кездегі оның үстіңгі жағындағы кеңістіктегі цилиндірдің толық көлемі деп атайды. Қысу дәрежесі.Цилиндірдің толық көлемінін қысу көлеміне қатынасын айтады,яғни цилиндр ішіне сорылған ауа немесе жану қоспасының көлемі неше есеге қысқартылып кішірейтілетіндігін көрсетеді. Машиналарда колданылатын іштен жанатын поршеньді двигательдердің жұмыс істеу кезінде поршеньнің жүрісіне байланысты цилиндр ішінде бірнеше құбылыс пайда болады. Сол құбылыстардың өзгешеліктеріне байланысты жұмыс процесі деп атайды.Іштей жанатын двигательдің жұмыс істеуі үшін міндетті түрде мына төмендегі төрт процесс бірінен бірі ретімен жүрүге тиіс. Олар сору,қысу,ұлғаю және шыұару процестері. Бұл процестердің орындалуы поршеньнің жүрісі мен газ тарту механизмінің жұмыс сәйкессиздігіне сәйкес келеді.Соған қарағанда такт дегеніміз поршеньнің ЖӨН-нен ТӨН-ге қарай немесе керісінше жүргендегі бір жүрісі болады екен. Двигательдің жұмыс істеу кезіндегі осы орындалатын процестердің жиынтығы оның жұмыс циклі деп аталады. Ол төрт тактылы двигательдерде поршеньнің екі жүрісінде толық аяқталады. Двигательдің тағыда бір қажетті көрсеткішіне оның жұмыс ретін жатқызуға болады. Двигательдің жумыс реті деп бір түрлі процестің цилиндрлер бойынша ауысу ретін айтады. Автомобиль двигательдері көбінесе көп цилиндірлі етіп жасалынады.Себебі бір ғана цилиндірден алған қуат автомобильді жүргізуге жеткіліксіз болады. Олай болса двигательдер бір немесе көп цилиндірлі болып ,цилиндр санына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Көбінесе 2,4,6,8 және 12 цилиндірлі двигательдер қолданылады. Қатарлы двигательдерде цилиндрлер бір-біріне жалғасып ,бір қатарда орналасады.Бұл кезде оның ұзындығы арта береді. Сондықтан двигательдің ұзындығын арттыру үшін бір - бірімен бұрыш жасап орналастырады. Көбінесе олардың арасындағы бғрыш 90 болады. Осылардың ішінде двигательдерде көп қолдану тапқан түрлері олар цилиндірлері қатар орналасқан және V-тәрізді орналасқан двигательдер. Двигательдердің жалпы құрлысы. Автомобильдер мен тракторларда қолданылатын двигательдер мынандай бөліктермен жүйелерден құралады. Кривошипті-шатунды және газ тарату механизмдері ,коректендіретін, майлайтын,суытатын, жүйелер және оталдыратын қондырғы. Кривошипті - шатунды механизм ілгері-кейін бағыттағы түзу сызықты қозғалысты түрлендіру қызметін атқарады. Жалғасады,ал шатунның төменгі басы иәнді біліктің иінті мойнына сырғымалы подшипник арқылы бекітеді. Іштен жанатын тракторлардың жұмыс циклі тғрт тактіден тұрады. Сондықтанда оларды төрт тактылі двигательдер деп атайды.Поршеннің жоғарыдан төменгі нүктесіне дейінгі немесе керсінше төменгіден жоғарғы нүктеге дейін бір такт деп есептейді. Двигательдердің жұмысы үшін мына такт кажет.Сору,қысу,кеңею, шығару.Двигательдердің қоректендіру жүйесі оны жұмыс істеуне қажетті аумен және жанармаймен қамтамасыз ету қызметін атқарады.Соған байланысты оның бір-біріне жасалған ауа және жанармай жуйесі бар. Ауа жүйесіне ауа тазартқыш пен сору түтіктері жатады.Ауа тазартқыш двигатель ішіне сорылып ауаны шаңнан мұқият тазартады. Жанар май жүйесі цилиндр ішіне жануға керекті отынды үлкен қысыммен тозаңдатып береді.Двигательдің майлау жүйесі қозғалатын бөлік аралығындағы үйкелісті азайту қызметін атқарады. Іштен жанатын поршеньді двигательдердің жалпы құрлысы иінді - шатунды механизммен,газ тарату механизмдерінен,коректендіру, суыту, майлау және оталдандыру жүйесінен құралады. Иінді шатунды механизм поршеннің ілгері-кейінді түзу сызықты қозғалысының иінді біліктің айналмалы қозғалысына өзгерту қызметін атқарады. Газ тарату механизмі цилиндр ішіндегі жүретін процестерді иінді-шатунды механизммен бірлесе отырып іске асыру. Қоректендіру жүйесі цилиндр ішіне жану қоспасын даярлау қызметін атқарады. Суыту жүйесі двигательде болған артық жылудан одан тыс шығарып, қоршаған ортаға таратып жіберу қызметін атқарады. Майлау жүйесі двигатель бөлшектерінің аралығындағы үйкеліс күшін азайту қызметін атқарады. Оталдыру жуйеси двигательді алғаш іске қосып жіберу қызметін атқарады. Дәріс №5. Тракторлар мен автомобильдердің жүрістік бөлігі және басқару механизмі. Трактордың жалпы құрылысы. Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар мынандай негізгі бөліктерден құралады: двигатель, трансмиссия, жүргізгіш блок, басқару механизмдері және қосалқы жабдықтар. Олардың әрқайсысы әр түрлі қызмет атқаруға арналған. Двигатель негізгі қуат көзі болып табылады. Ол жанған отынның алынған жылу энергиясын тракторге жүргізуге керекті механикалық энергияға айналдырады. Энергияны бір түрден екінші түрге айналдыратын двигатель қондырғыларының бірнеше түрлері бар.Оардың бір электр қуатын екіншісі судың немесе желдің ағындық энергиясын т.б. энергияны механикалық энергияға айналдырады. Бірақ солардың ішіндегі ең қолайлы түрі жылу двигательдері. Оларды жанған отынның жылулық энергиясын механикалық энергияға айналдыратындықтан жылу двигательдері деп атайды. Жылу двигательдері іштен және сырттан жанатын двигательдер болып екіге бөлінеді. Сол еккуінің көп тараған түрі іштен жанатын двигательдер. Себебі, олардың басқаларына қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Іштен жанатын двигательдердің өзі жұмыс принциптеріне қарай екі түрге бөлінеді. Олар: дизельді және карбюраторлы двигательдер. Ауыл шаруашылығы тракторларында тек дизельді двигательдер қолданылады. Двигательден алынған механикалық қуатты трактор жүріс бөлігіне жеткізетін механизмдерді трансмиссия деп атайды. ОЛ негізіне мынандай міндеттер атқарады. Двигательден алынған айналдыру моменті жүріс дөңгелектерін айналдыруға керекті моменттен бірнеше есе аз болғандықтан трансмиссияның көмегімен двигательдің айналдыру моментін жүргізгіш дөңгелекке бірнеше есе арттырып жеткізеді. Жұмыс кезінде тракторға түсетін күш атқаратын жұмыс түріне байланысты азайып немесе көбейіп отырады. Сол күш азайғанда трактордың жүріс жылдамдығын арттыру немесе керісінше болғанда жылдамдықты азайту қызметінде трансмиссия атқарады. Ол үшін жылдамдықты өзгерткіш арнаулы қорап қолданылады. Осыоарға қосымша трансмиссия двигательден алынған қуатты алдымен трактордың ұзындық бағыты бойынша сондықтан кейін жүріс дөңгелектеріне көлденең бағытта бұрып беру қызметін атқарады. Құрылыстарына қарай трансмиссия бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгілері механикалық, гидромеханикалық, электромеханикалық және т.б . Тракторларда көбінесе механикалық трансмиссия тек кейбіреулерінде ғана гидромеханикалық немесе электромеханикалық трансмиссиялар қолданылады. Сол себепті төменде механикалық трансмиссиялар туралы анықтама береді. Жүріс бөлігі тракторды жер бетімен қозғалту қызметін атқарады. Ол жүргізгіш мүше мен тұлғадан тұрады. Трактор тұлғасына рама, жартылай рама немесе жоғарыда айтылған механизмдердің қораптары жатады. Сондықтанда тракторларды тұлғасының түріне қарай рамалы және рамасыз тракторлар деп бөледі. Трактордың барлық механизмдері осы тұлға арқылы бекітіледі. Жүргізгіш мүшелер құрылысына қарай дөңгелекті және шынжыр табанды болып екі түрге бөлінеді. Дөңгелекті жүргізгіш мүшелер үшін көбінесе пневматикалық шиналар қолданылады. Олар екі-екіден бір оське бекітіледі де жүргізгіш бөлікті құрайды. Двигательден қуат алуына байланысты жетектеуші және жетектелуші дөңгелектер болады. Жетектеуші дөңгелектер трансмиссия арқылы двигательмен жалғасады. Сондықтан да олар жұмыс кезінде двигетельден айналыс алады да, жермен ілінісіп, трактордың тарту күшін туғызады. Осы жетектеуші дөңгелектердің санына байланысты тракторлар өтімділігі қалыпты немесе жоғары деп бөлінеді. Өтімділігі қалыпты тракторларда жетектеуші дөңгелектеріне де двигательден қуат берілсе, онда өтімділігі жоғары трактор болып табылады. Тракторлардың алдыңғы осіне бекітілген дөңгелектер көпшілік жағдайда, бағыттаушы дөңгелектерқызметін атқарады. Солардың трактор тұлғасына қарағандағы орналасу жағдайын өзгерту арқылы трактордың жүріс бағытын өзгертеді. Шынжыр табанды жүргізгіш мүшелер жетектеуші дөңгелекпен (жұлдызшамен) ілінісіп тұратын шынжырдан құралады. Жетектеуші дөңгелек айналған кезде өзімен бірге шынжырды да айналдырады. Ал шынжырлар тірек дөңгелектері арқылы жерге тиіп тұрғандықтан онымен ілініске келеді де трактордың тартк күшіне туғызады. Басқару механизмдері трактордың жоғарыда көрсетілген бөліктерінің жұмыстарын басқаруғаарналған. Олар көбінесе иінді немесе гидравликалық механизмдерден құралады. Қосалқы жұмысшы бөліктерге трактордың тіркеу немесе аспалы саймандары, тракторшының жұмыс орны (кабинасы( және тағы сол сияқтылар жатады. Олар көбінесе негізгі бөліктердің қызметін жақсарту үшін және басқа да қосалқы қызметтерді атқаруға арналған. Дәріс №13,14 Трактордың элоктро техникалық жабдықтары Тракторлар автомобильдердің электр жабдықтары туралы жалпы түсінік. Автомобильдердің электр жабдықтары көптеген электрлік машиналар мен тетіктерден құралады. Олардың негізгі жұмысы двигательді іске қосу, түн мезгілінде жарық беру сияқты жұмыстар болып табылады. Осыған қосымша жүргізушінің жұмысын жеңілдететін механизмдер мен қондырғылардың жұмысын бақылайтын қызмет атқарады. Электр жабдығы өзара параллель екі жүйеден тұрады: біріншісі электр энергиясының көздері де, екіншісі электр қуатын пайдаланатын құралдар. Электр энергиясын тудыру үшін аккумулятор мен генераторлар қолданылады. Автомобильдің барлық электрлік жүйесі тұрақты тоқпен жұмыс істейді. Себебі, тұрақты токты аккумуляторға жинауға болады. Ал двигатель тоқтап тұрған кезінде де және оны оталдыру кезінде де электр қуаты қажет болады. Осындай жағдайда аккумуляторға жиналған электр қуатын пайдаланады. Аккумулятордағы жиналған электр қуатын өте ұзақ пайдалана алмайды, сондықтан да двигатель жұмыс істеп тұрған кезде онымен жалғастырылған генератордан барлық тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Осы құралдармен қатар аккумулятор да генератордан қуат алып, өзіне жинақтайды. Жұмыс кезінде двигательдің айналыс жылдамдығы өзгеріп отырады да, ал онымен жалғасқан генератордың да айналыс жылдамдығы өзгереді. Олай болса, оның беретін электр энергиясының да көрсеткіштері өзгереді. Сондықтан да генератордан шыққан энергияның көрсеткіштерін тұрақтандыру керек. Осы қызметті атқару үшін электр жүйесінде реттеуіш құралдар қолданылады. Электр қуатын пайдаланатын құралдарға алуан түрлі электр двигательдері, электр шамдары және бақылағыш жабдықтар жатады. Осылардың ішіндегі электр энергиясын ең көп пайдаланатын, негізгі двигательді оталдыруға арналған электр двигателі. Бұл электр двигателін стартер деп атайды. Стартерлер кейбір двигательдерге негізгі двигательді, кейбіреулерінде қосалқы оталдырғыш двигательді оталдыру үшін қолданады. Ол туралы двигательдің оталдыру жүйесін қарағанда айтылады. Аккумулятор Аккумулятор деп энергияны жинақтайтын құралды айтады. Автомобиль аккумуляторлары электр энергиясын химиялық энергияға жинақтап, ұстап тұрады. Керек кезінде химиялық энергия, аккумулятор ішінде реакция жүргендіктен электр энергиясына айналып, қайтадан сыртқа беріледі. Электр энергиясын жинайтын аккумулятордың бірнеше түрі бар. Солардың ішіндегі тиімді қызмет атқаратындары қорғасынды-қышқылды аккумулятор, яғни күкірт қышқылына салынған қорғасын мен оның тотығының аралығында реакция жүреді де, олар зарядталады. Бұл аккумулятордың ерекшелігі, ток көзінің кернеуі 2В болады және ол кернеу оның қорғасын пластиналарының мөлшеріне, санына байланысты болмайды. Аккумуляторларды машиналарда пайдалану үшін олардың бірнешеуін біріктіріп, бір батареяға жинақтайды. Сол батареядағы аккумулятор санына қарай электр кернеуін тиісті шамаға жеткізеді. Автомобильдерде қолданылатын электр құралдары мен машиналары 12В кернеуге есептелген. Сондықтанда аккумуляторлық батареяның кернеуін 12В етіп жасайды, яғни бір батареяда алты аккумулятор болады. Әрбір аккумулятор бөлек ыдысқа жасалады. Ыдыстың ішіне күкірт қышқылының ерітіндісі құйылады. Ерітіндіге оң және сол зарядты пластиналарды бір пакетке жинайды да, олардың аралықтарын ажыратып тұратын сеператорлар қойылады. Аккумулятордың оң мен сол зарядты пластиналарын жасау үшін алдымен сурьма (6-8%) қосылған қорғасыннан тор тәрізді етіп, қанқасын құяды. Қаңқаның ішін қорғасын тотығының ұнтағымен (активтік масса) толтырады. Толық зарядталған аккумулятордың оң пластинасы қара қоңыр түсті қорғасыннан түзіледі. Аккумуляторлық батареяның негізгі көрсеткіштеріне электрлік кернеуі мен сиымдылығы жатады. Электр кернеуі жоғарыда айтылған аккумулятор санына байланысты. Ал сиымдылығы деп толық зарядталған батареяның белгілі бір шекке дейін берген тогын айтады және ол ампер-сағатпен өлшенеді. Сиымдылықтың екі түрі болады: біріншісі - қалыпты, екіншісі - стартерлік сыйымдылық. Қалыпты сыйымдылық пен аккумулятордың кернеуі 1,7В болғанға дейін 10 сағат бойы шығарған тоғын айтады. Стартерлік сыйымдылық деп ток күші қалыпты сыйымдылықтан үш есе көп ток шығаруын айтады. Аккумуляторлық батареяларды белгілі тәртіппен, жүйелі ретпен маркалайды. Маркасында көрсетілген бірінші сан осы батареядағы аккумулятор санын көрсетеді. Сол арқылы батареяның кернеуін табуға болады. Содан кейінгі әріптер батареяның түрін көрсетеді (Т-трактордікі, СТ-стартерлік). Әріптен кейінгі сандар батареяның қалыпты сыйымдылығын ампер-сағатпен көрсетеді. Соңында көрсетілген әріптер ыдыстың материалын (Э-эбонит, П-қышқылға тұрақты қосалқысы бар асфальтті масса, В-қосалқысы жоқ асфальтті масса),сператордың материалын (М - мипласт, МС - әйнек аралас мипласт, Р - мипор) көрсетеді. Автомобильде қолданылатын аккумулятор батареяларының қышқылды және сілтілі түрлері, ал құрылысы бойынша ашық немесе жабық түрлері болады. Ашық батареяларда электролиттің құрамын (тығыздығын) тексеріп, реттеп отыру үшін арнайы қызмет көрсетіліп отырады. Жабық аккумулятор батареяларында мұндай қызмет көрсетілмейді, сондықтан олар жабық болады. Аккумулятордың қызметі электр энеогиясымен химиялық энергияға (зарядтау) және керісінше, химиялық энергияны электр энергиясына (разрядтау) жүйелі түрде айналдыруға негізделген. Қарапайым қорғасын аккумулятор электролит құйылған (тазартылған судағы күкірт қышқылының ерітіндісі) пластмассадан жасалған банкадан және екі қорғасын пластинадан беті күкірт қышқылды қорғасынмен, басқаша айтқанда, қорғасын сульфатымен жалатылған. Аккумулятор батареясы ішкі жағынан бөгеттермен бөлінген бактан (4) тұрады. Әрбір бөлікке (банкада) бір аккумулятор орналастырылады. Бакты қышқылға төзімді пластмассадан немесе эбониттен жасайды. Оның түбінде пластиналар тірелетін қырлары болады. Әр банкаға оң (2) және теріс (1) пластиналар жиынтығы орналасқан. Бананы электролитпен толтыруға қажетті тесігі бар қақпақпен (6) жабады. Құятын тесік тығынмен (5) жабылады. Тығында аккумулятор қуысын сыртқы атмосферамен жалғастырып тұратын желдеткіш тесікбар, ол химиялық реакция кезінде бөлінетін газдың сыртқа шығуы үшін қажет. Дәріс №6. Топырақ өңдеуге арналған машиналар. Плугтар құрылысы, пайдаланылуы Топырақ өңдеуге арналған машиналар. Плугтар құрлысы, пайдаланылуы. Қазіргі қолданылатын топырақ өңдейтін машиналар мен құралдар орындайтын технологиялық процестеріне қарай мынадай топтарга бөлінеді: - топырактың қыртысын аудара отырып негізгі және терең жыртуға арналған қайырмалы-түренді плугтар;бұл плугтармен топырақты ортаға немесе шетке қарай үуіп жыртуға да,тегіс жыртуға да болады,ол үшін жұмысқа алма-кезек қосылатын және аудармалы жал енмесе ажырамалы борозда жасамайтын,оңға және солға аударатын корпустар қолданылады; -топырағы жел эрозиясына шалдыққан аудандарда өңдеуге қолданылатын қайырмасы жоқ қопсытқыштар;орман дақылдарын егіп-отырғызу үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында топырақты жолақ жасап өңдейтін дискілі қопсытқыштар; -топырақты тайыз өңдеуге(сыдыра жыртуға) арналған сыдыра жыртқыштар; -батпағы құрғатылған жерлердің топырағын негізгі өңдеуге немесе шалғын мен жайылымды күтуге арналған,жұмыс органдарын ықтиярсыз қозғалысқа келтіретін арнайы жетегі бар фрезалар мен басқа да топырақ өңдейтін машиналар; -топырақты қосымша қопсытуға,арамшөпті отауға,пар мен мәдени дақылдарды күтуге арналған культиваторлар; -топырақ қыртысы мен кесегін ұсактауға арналған,танап бетін тегістеуге,арамшөпті отауға,шалғын мен жайылымды күтуге арналған тырмалар; -жыртылған жердің бетін тегістеуге арналған тегістегіш сүйретпелер; -жыртылған жердің кесегін ұсақтауға,себер алдында және сепкеннен кейін топырақты тығыздауға, күздік егістіктегі топырақ қыртысы мен мұз қабыршагын бұзуға арналған катоктар. Сүдігер өңдеу - топырақ өңдеудің негізгі түрі. Оны өнімді жинап алғаннан кейін сыдыра жыртудан бастап, арамшөптер өсіп шыққаннан кейін тереңдігін 20-27 см етіп жыртумен аяқтайды. Себер алдындағы өңдеуді ылғал тоқтату үшін азғана тереңдікте қопсыту арқылы жүргізеді. Терең жыртуда күлді топырақтарға бау - бақша ағаштарын немесе қызыл топыраққа шай плантациясын отырғызу үшін арнаулы плугтар колданылады. Плугтардың түренді - қайырмалы корпустары, сол сияқты культиватор табндары мен тырма тістері жылжымалы сына тәрізді етип жасалынған жұмыс органдары болып табылады.Ал дискілі плугтардың, сыдыра жыртқыштардың және дискілі тырмалардың жұмыс органдары сфералық дискі түріне жатады. Плугтар Плугтардың жіктелуі, плугтардың кұрылысы. Плугтың жұмыс органдары мен қосымша бөліктері Казіргі трактор плугтарын былайша жіктеуге болады: атқаратын жұмысын қарай - жалпы жұмыс және арнаулы жұмыс плугтары; корпус санына қарай - бір, екі, үш, төрт, бес, алты, сегіз және тоғыз корпусты; тракторға тіркелуіне қарай - тіркелмелі, жартылай аспалы және аспалы; корпустарының қайырма формасына карай - дақылдық қайырмалы (жалпы жұмысқа арналған плугтар мен түренді сыдыра жыртқыштар), торлы қайырмалы(ылғалды және жабысқақ топырақты өңдейтін), жартылай винтті және винтті қайырмалы(тың және тыңайған жерлерді жыртатын) плугтар. Жалпы жұмысқа арналған плугтар топырақты 27 см тереңдікке дейін жыртуға колданылады. Арнаулы плугтар ерекше операцияларға пайдаланылады. Мысалы, ВПН - 2 плугымен орман және жеміс - жидек питомниктеринде - жеміс және ағаш көшеттерін қазып алады; ПЛП - 135 жолақты орман плугын орман дақылдары үшін топырақ дайындауға, өрттен сақтандыру және суару жолақтарын жүргізуге пайдаланады, сондай - ақ ол жас ағаштар аралығында ашық алаң жасайды және осы кезде ұсақ бұталар мен түбірлерді қаза отырып, оларды бір жағына жылжыту жұмысын атқарады. Плуг маркалары былайша оқылады: ПН - аспалы плуг, ПБН - батпаққа арналған аспалы плуг, ПЛП - жартыай аспалы плуг, ПСГ - гидрофицияланған бау - бақша плугы; екі мәнді цифр - корпус алымының ені, цифрдан кейінгі әріп - плугтың өзгертілген түрі(А - жаңа модель, Р - тіреуіш доңғалағы бар, ПГ - топырақ қазғышы бар әрі гидравикалық жолмен басқарылады). Плугтардың кұрылысы.СА - 2 автотіркеуіші бар тракторға арналған бес корпусты үйлестірілген аспалы ПЛН - 5-35 плугы құрамында тасы жоқ, меншікті кедергісі 88,3 кПа болатын топырақты 30 см тереңдікке дейін жыртуға арналған. 88,3-дан артық топырақты жырту үшін плугты төрт корпусты етіп жабдықтауға болады, ол үшін шым аударғышымен қоса бесінші корпус алынып тасталады. ПЛН - 5-35 плугы ДТ-75 М, Т-150 К, жане Т-4А тракторларымен агрегатталады. Плугты 9-12 км/сағ жылдамдықпен жер жыртуға арналған арнаулы корпустармен жабдықталған кезде Т-150, Т-150К тракторларына агрегаттау керек. Плугтың негізгі жұмыс органдары дискілі пышақ, шым аударғыш және табан арқылы түрен, қайырма және жақтау штампталған болат тірекке бекітілген корпус болып табылады. Плугты жылдам жыртатын, жартылай винтті, кесік ойықты, қайырмасыз, топырақ тереңдеткіші және жылжымалы қашауы бар дақылдық корпустарымен жабдықтауға болады. Корпустарды алмастыру үшін түрен, қайырма және жақтау бкеітілген табанды ауыстырады. Плугты қайырмасыз немесе бұрыш өзгерткіші бар жартылай винттікорпустарымен жабдықтаганда шым аударғыштар орнатылмайды. Рама, тіреуіш доңғалағы және СА - 2 автотіркеуіш құлпы - плугтың қосымша жабдықтары. Плуграмасы пісірмелі, ал брус арқалықты қатайтып ұстап тұрады. Жер жырту тереңдігін бірсыдырғы реттеп отыратын тіреуіш доңғалағы раманың сол жағына орналасқан. Оны винтті бұрау арқылы төмен түсіріп немесе жоғары көтереді. Тіреуіш доңғалағының діңгегінде әрбір 2 см сайын белгі салынған. Тіреуіш доңғалағы конусты роликті подшипникке, ал дискілі пышақ бір рет қана майланатын шарикті подшипникке орнатылған. СА - 2 автотіркеуіші екі бөліктен - плутың өзіне бекітілген құлыптан және трактордың аспалы гидрожүйесине бекітілген автотіркеуіштің өзінен тұрады. Плугтағы құлыпты екі қалыпта орнатуға болады. Плугты Т - 4А немесе Т - 150 тракторларымен агрегаттағанда құлып бірінші мен екінші тесіктер бойынша бекітіледі, ал Т - 150К тракторымен агрегаттағанда оны бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы тесіктерге орнатады. Плугтың жұмыс 1480 кг, дақылдық корпустар типіндегі агрегаттың жылдамдығы 7 км/сағ болған кездегі өңімділігі 1,05 га/сағ. Плугтың жұмыс органдары мен қосымша бөліктері. Түрен топырақ қыртысының астын тілуге арналған. Оны арнаулы болаттан жасайды. Жүзінің 20 - 35 см енін жылулық өңдеуден өткізеді. Түренге әсер ететін үйкеліс күшін азайту үшін, оның төменгі жазықтығы борозда түбіне тимейтіндей, ал кедергі тек жүзіне ғана келетіндей етіп орналастырады. Түрен борозда түбіне 22 - 30 бұрыш жасап, көлбей орнатылуы тиіс. Оның жүзі борозда жазықтығымен 30 - 35 бұрыш жасайды. Бұл бұрышты қайырма төсінің тұрған қалпына қарай таңдайды әрі ол қайырма типіне тікелей байланысты. Осы бұрыш сүйір бұрыш болған сайын. Егер түрен тозса, онда оны темір ұстасында қыздыра созып, алғашқы формасына келтіреді немесе жаңасымен алмастырады. Түрендер трапеция немесе қашау тәрізді болады. Олардың жұмыс беті цилиндір пішінде жасалынады. Трапеция тәрізді түрендердің, бүкіл ұзындығы сырт жағынан калың етіп жасалған және оны <<магазин >> деп атайды, ал қашау тәрізді түренннің тек тұмсығын ғана калың етіп жасайды. Магазин - бұл арнайы жасалған металл қоры. Тозған түренді сол қордын есебіне созып алғашқы қалпына келтіреді. Бүгінгі таңда қашау тәрізді түрендер өте көп таралған. Өтпейтін түрен плугтың тарту кедергісін 1,5 есе арттырады да, соның есебінен жанар май шығыны көбейеді. Сондықтан түренді барлық жүзінің ұзындығы бойынша 4,5 мм қалыңдықта қыздырып созады. Созылған түрен шыңдалады. Түрең жүзінің өткірлігін бір қалыпты сақтау және тозу төзімділігін арттыру үшін өнеркәсіп орындары кескіш қырының бүкіл өн бойына енін 25 мм етіп катты қорытпамен пісірілген арнаулы түрендер шығарады. Плугты жұмысқа дайындау. Плугты жұмысқа дайындауды оның дұрыс құрастырылғандығын тексеруден бастайды. Плугтың дұрыс жиналғандығын борозда кабырғаларының қалпына сәйкес паралель сызықтар жүргізілген, бестондалған немесе тақтайланған жазық еденде тексерген жөн. Плугты еденге коярда оның артқы корпус түренінің атыз кесігі мен атыз тақтайшасының сыртқы беті соңғы борозда қабырғасына сәйкес келетін түзудің бойында жататындай етіп орналастырады. Дұрыс орнатылған плуг мынадай негізгі талаптарды канағаттандыруы тиіс: Барлық корпус түрендерінің тұмсықтары мен өкшелері, олардың аралығына қатты керілген жіпке немесе рейкаға толық тиіп тұруға тиіс. Керілген жіптен немесе рейкадан алшақтауы 5 мм - ден аспауы тиіс. Дискі жазықтығының айналасы вертикаль бағытта болады. Дискі осінің алшақтауы 1мм-ден аспауы тиіс. Рамада қисықтық болмайды. Тексеретін алаңның сол және он жолақтардың биіктерінде жіберілетін алшақтық 5 мм-ден артық емес. Доңғалақтар қисаймай ось бойымен еркін айналуы тиіс. Плугтың дұрыс құрастырылғандығына көз жеткізгеннен кейін түреннің, қайырманың және дискілі пышақтың жұмыс беттерін бояудан тазарту қажет. Жұмыс органдарының беттеріне жуғыш АФТ ТУМХП - 2648-51 сұйығын бүріккішпен немесе қылқаламмен жағып бояу қабаты босағаннан кейін оларды жұмсақ шүберекпен сүртіп тастайды. Май сауытын тазалап, детальдардың үйкелетін беттерін майлайды. Тіреуіш доңғалағын қажетті жер жырту тереңдігінен 1-2 см төмендеу орналастырады. Шым аударғыш түрендерінің тұмсығы мен негізгі корпустың арасына дейінгі қашықтық 250 мм-ден кем болмайтындай етіп қойылады. Шым аударғышты биіктікке қойғанда оның тірегінде жасалған цилиндр тәрізді бүртікті пайдаланылады. Шым аударғыштың тірегін жырту тереңдігін 20 см етіп қойғанда оның жоғарғы тесігіне, 22 см етіп қойғанда - екінші, ал жырту тереңдігі 24 см болғанда - үшінші, 25-26 см болғанда төртінші, ал 27 см кезінде - ең төменгі тесігіне бекітеді. Шым аударғышты осылай орналастырғанда ол шымды қабатты 10-12 см тереңдікке тіледі. Алдымен шым аударғышты жер жыртудың берілген тереңдігіне қояды да, содан кейін дискілі пышақты орналастырады. Дискілі пышақ тірегін, консольды ұстап тұратын тәжді шайбаның тісі консоль ойығының ортасында болатындай етіп, ал пышақтың жалпақ жағы плуг рамасының бойлық брусына паралель және шым аударғыштың атыз кесіндісінен 10-20 мм сырт шығып тұратындай етіп бұру қажет. Плугты тракторға асу. Плугты тракторға асар алдында тіркеме қапсырманың шығарып тастайды, құралды екі нүктелі немесе үш нүктелі әдіспен жалғастыратын трактордың аспалы қондырғысын тексереді. ПЛ - 5-35 плугын трактормен жалғастыру үшін трактордың аспалы механизмін үш нүктелі схемаға қояды. ДТ -75М тракторының аспалы механизмі трактордың артқы осіне қондырылады және ол жалғастыратын кронштейндер арқылы трактор рамасы лонжерондарының артқы ұштарына құйылып пісірілген кронштейндерге бекітіледі. Артқы оське кронштейндер жалғасады. Аспалы механизмін үш нүктелі схемасы кезінде төменгі бойлық тартқыштар кронштейнмен. Ал нүктелі кезінде одан басқа кронштеймен жалғасады. Бойлық тартқыштардың шао тәрізді топсаларына төменгі айқыш тартпалар ашасы бекітіледі. Айқыш тартпалар винтті муфталар арқылы оң және сол көтергіш рычагтармен жалғасады. Ал рычагтар втулкалар арқылы жоғарғы оське орналасқан іші қуыс, бұру білігіне орнатылған, Соңғы втулка тіректердің қалпақшасына бекітілген. Құралды көтеру кезінде цилиндрдің штогы шығады да бұру білігі арқылы сол жақтағы көтергіш рычагқа тіреліп тұрган рычагты басқа рычагпен бірге көтереді. Зорлап төмен түсіргенде бұру рычагын көтергіш рычагпен саусақ арқылы жалғастырады. Орталық тартқыш муфтамен жалғасқан. Тартқыш серіппе мен тартқыш ұзындыгын өзгертетін винтті муфтадан тұрады. Жартылай аспалы плуты Трактормен агрегеттағанда алдымен тіркеме қапсырмасын трактордан алып тастайды да, үш нүктелі схема бойынша трактордың аспалы механизмін орнатады. Трактордың аспасына СА - 2 автотіркеуіші орнатылады да, тракторды шегіндіре отырып, автотіркеуішті кұлып куысына кіре алатындай етіп төмен түсіреді. Плугпен жер айдауды екінші бороздан бастайды. Осы кезде трактордың шынжыр табанынан немесе доңғалаңынан борозда шетіне дейінгі қашықтық 1-кестедегідей болуы тиіс. Бұған қосымша плугың рамасын тегістей бастайды. 1-кесте. Плугты трактормен агрегаттаған кездегі тартқыштың өлшемі Трактор маркасы Трактор ені,мм Тартқыштың өлшемі,мм Шыңжыртабан (доңғалақ)мен борозда қабырғасына дейінгі қашықтық,мм ДТ-75М Т-4А Т-150 Т-150К 1750 1804 1850 2200 880 880 880 1020 300 270 250 300 Жер жырту агрегатын жабдықтау. Жер жырту агрегатын жабдықтағанда трактордың қуатын неғұрлым түгел пайдаланытндай етіп жабдықтайды. Шағын және әр түрлі формадағы учаскелерді жырту үшін Т-25А тракторына агрегатталған бір,екі немесе үш корпусты ПН-30Р плугын қолданады немесе ПЛН-3-35 плугын МТЗ-80/82 тракторымен агрегаттайды. Поволжье мен Қазақстанның және басқа да далалы аймақтарын жырту үшін біздің өңдірісіміз қуаты үлкен әрі шапшаң жүретін тракторлар шығарады, мысалы, К-700А, К-701, Т-150, Т-150К. Мұндай қуатты траклардың болуы қазірдің өзінде жер жыртатын агрегаттардың қнімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. К-701 тракторы мен жартылай аспалы тоғыз корпусты ПТК -9-35 плугынан құралған агрегаттың қнімділігі 2,76 га/сағ. Жоғары жылдамдықпен жұмыс істегенде егістік күйінің маңызы зор. Тегіс емес жерлер, жиналмаған сабандар, жолдар, терең бороздалар жұмысты қиындатады, шапшаң жүретін трактор агрегатының өнімділігін азайтады. Жоғарғы жылдамдықта плугтың жұмыстық тетіктері жиі-жиі жер бетіне шығып кетеді, болттық жалғастырулар босайды, әлсіз пісірілген жапсарлар мен басқа да жалғастырғыш детальдар бұзылады. Плугтың жұмысы жоғары сапалы және өнімді болуы үшін түрендердің кескіш жүздерінің өткір бөлуін қадағалау қажет. Өтпейтін жүздерді созып өткірлейді. Кәдімгі стандартты түрен бірінші созуға дейін 2,0-3,5 га жер айдайды. Егер түренді қатты қорытпа етіп балқытып дәнекерлеп, өзі қайралатын етіп жасаса, онда оның жүздерін жүздерін созбастан 50-дан артық жер жыртуға болады. Плуг конструкциясына шолу. Жалпы жұмысқа арналған жартылай аспалы плугтар. ПТК-9-35 тоғызз корпусты жартылай аспалы плуг меншікті кедергісі 88,3 кПа-ға дейін жететін, тасы жоқ топырақты тереңдігін 30 см-ге жеткізіп жыртуға арналған. К-701, К-700А тракторларына агрегатталады. Плугтың конструкциясы, оның бір корпусын жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Плуг тырмаға арналған тіркемемен жабдықталған және каток тіркейтін де орын бар. ПТК-9-35 плугы металл доңғалағы бар оң және алдыңғы тіреуіш доңғалақтарының механизмдері орнатылған рамадан, шым аударғыштан, корпустан, пневматикалық доңғалақтары бар тасымалдау механизмінен, сигнал қалқандарынан, аспадан, май түтіктерінен жіне плугтың артқы корпусының алдына орнатылған дискілі пышақтан тұрады. Плуг рамасы өзара топсамен жалғасқан үш қуыс брустан жасалған. Негізгі, бойлық, көлденең бруста өзара топсалармен жалғасқан. Көлденең және бойлық брустарды жалғайтын топса жылжымалы. Топсаны бойлық брустың бойымен жылжыту арқылы негізгі брустың қалпын және плугтың алым кеңдігін өзгертеді. Негізгі брустың артқы ұшы алмалы-салмалы болғандықтан, плугты сегіз корпусты етіп құрастыруға мүмкіндік береді. Плуг корпусы сегіз табаннан тұрады, оның төменгі штампталған ұшына құйма табан үш болтпен бекітіледі. Осы табанға түрен, қайырманың қанаты мен төсі және жақтау орнатылады. Тіректің жоғарғы ұшында эксцентрик жұдырықшасы пісіріліп бекітілген арнаулы кронштейнге тірек қамыттарымен бекиді. Плугтың алым кеңдігі өзгергенде, жылжу бағыты бойынша жұмыс қалпын сақтау үшін қамыттарды босатып, корпустарды тиісті шамаға бұруға болады. Шым аударғыш төменгі штамтталып жасалған, ұшына түрен мен қайырма бекітілетін дөңгелек тіректен тұрады. Тіректің жоғарғы жұмыр ұшы арнайы құйылып жасалған тұтқышқа еніп тұрады да, қосадқы гайкасы бар винттермен оны қажетті қалыпта тұрақтандырады, сол үшін тірекке тұрақтандырғыш винт ұшы ентін алты ойық жасалған. Шым аударғыштың тұтқышы негізгі брусқа қамыт пен гайка арқылы бекиді әрі ол брус бойымен жылжи алады. Шым аударғыштың дөңгелек тірегі оны ұстағышпен бұруға мүмкіндік береді, сөйтіп плугтың алым кеңдігі өзгергенде шым аударғышты жүріс бағытымен дұрыс қоюға жағдай туғызады. Тасымалдау механизмі плугты жұмыс қалпынан тасымалдау қалпына немесе керісінше аудару қызметін атқарады. Ол раманың бойлық және негізгі брустарына бекітілген, ұштарында цифрлары бар, көлденең брустан тұрады. Көлденең брусттың оң және сол жағындағы цапфаларына, ұштарына пневматикалық доңғалақтар орнатылған, консольдар бекітіледі. Консольдардың жоғарғы ұштары гидроцилиндрлермен жалғасады. Плуг тасымалдау кезінде екі пневматикалық доңғалақтармен жылжиды. Топырақ жырту кезінде оң доңғалақ жоңары көтеріліп қойылуы тиіс және жер бетінен жоғары тұрғанда қозғалмастай етіп бекітіледі, ал сол доңғалақ жырту тереңдігін реттейді. Реттеу, сол жақ консольдың жоғары қарай жылжуын шекткп тұратын винт арқылы жүзеге асырылады. Пневматикалық доңғалақтар шинасындағы ауа қысымы 0,35 МПа болуы тиіс. Алдыңғы тіреуіш доңғалақтың механизм тіректен, жартылай осьтен, күпшектен және құрсаудан тұрады. Онымен жер жырту кезінде плуг рамасын тегістейді, ал рлугты шығарып қойғанда алдыңғы доңғалақ тірек қызметін атқарады. Ол екі құрсаумен бойлық брусқа бекітіледі. Ол жоғарғы ұшына құйрықты гайка, ал төменгі ұшына жартылай ось бекітілген тіректен тұрады. Құйрықты гайка реттегіш винт өтіп тұратын бұрандалы тесікпен жабдықталады. Тіректің төменгі ұшына доңғалақ бекітілетін жартылай ось орнатылған. Корпустар болаттан құйылып жасалған тіректерден және оған бекітілген түрен мен қайырмадан тұрады. Екінші мен үшінші қабаттағы корпустардың атыз тақтайшалары бар. Плуг корпустарын алмастыру арқылы онымен екі немесе үш ярусты етіп жер жыртуға болады. Үш ярусты плугпен жер жыртқанда топырақтың жоғарғы қабаты аударылып, жердің бетіне түседі, екінші қабаты өзара орын алмастырады, яғни екінші қабат тереңге түседі де үшінші қабат оның орнына ауысады. Жер жыртудың мұндай схемасы плугтың алдыңғы жағына орналасқан корпус арқылы жүзеге асады, өйткені ол топырақтың жоғарғы қабатын аударып үшінші қабатқа түсіреді. Аддыңғы корпустан кейін орналасқан корпус оған қарағанда оңға қарай орнатылғандықтан топырақтың үшінші қабатын оның үстінде жатқан бірінші қабатпен қоса көтереді де, оларды аудармастан бір шетке қарай жылжытады. Осымен бір мезгілде плугтың арт жағында орналасқан корпус, оның алдындағы ұзын қайырмалы корпус ашып кеткен борозда түбіне екінші қабатты аударып түсіреді. Ортаңғы корпустан жылжып шыққан үшінші мен бірінші қабат борозда түбіне түскен екінші қабатты жауып қалады. Плугты екі корпусты плугпен жырту үш тәсілмен жүргізілуі мүмкін. Бірінші тәсіл - топырақтың жоғарғы қабаты жер бетіне салынады, ал екінші мен үшінші қабат өзара араластырылады. Ол үшін алдыңғы корпусқа ұзын қайырма орнатылады, ортаңғы корпустағы ұзын қайырманы қысқасымен салмастырады, ал корпустың өзін алдыңғы корпустың ізімен жүретіндей етіп рама ішіне орнатады, артқы корпусты алып тастайды. Екінші тәсіл - топырақтың жоғарғы қабатын тереңге көмеді, ал төменгі екі қабаты аудармастан бір корпуспен жоғары көтереді. Мұндай технологиялық процесті орындау үшін артқы корпусты алып тастайды да, оның орнына алдыңғы корпусты орнатады, ортаңғы корпус орнында қалады. Мұндай екі корпуспен жер жырту схемасы жоғарғы қабаты кұрылымсыз топырақтар үшін қолданылады. Үшінші тәсіл - топырақтың жоғарғы қабатын плантаждық типте жыртады. Бұл жағдайда артқы корпус алынады, ал ортаңғы корпусты алдыңғы корпустың ізімен жүретіндей етіп рама ішіне орнатады. Плугты трактормен агрегеттағанда оның аспалы жүйесін екі нүктелі схемаға келтіреді. Жоғарғы және горизанталь аспа тартқыштарын шеткі оң жақтағы орынға бекітеді. Аспа механизмінің айқыш тартпалары берік болуы тиіс. Плугты асу үшін трактор аспасы горизанталь тартқыштарының шар тәрізді втулкалары өздеріне сәйкес цапфаларға дәл келетіндей етіп тракторды шегіндіреді. Содан кейін кезекпен шар тәрізді втулкалары цапфаларға кигізеді де оларды алмалы-салмалы штырьлармен бекітеді. Аспа механизмінің жоғарғы тартқышты плуг аспасының айқыш тартпасына штырьмен қосылып бекітіледі. Горизанталь тартқыштардың блокировкалайтын шынжырлары аз салбырайтындай, ал тасымалдау қалпында трактор гидроаспасынын, төменгі осін бекітітін бугель шпилькаларына гидроцилиндрден күш түспейтіндей етіп реттейді. Бірінші борозданы салып жер жырту кезінде ортаңғы корпус 15-20 см тереңдікте болуы керек. Плугтың екінші жүрісінде корпустарды жыртудың берілген тереңдігінде жүретін етіп кояды. Плуг бір жағына тартпай, берілген бағыт бойынша бороздамен орнықты жүруге тиіс. Плугтың қисаюынан жырту тереңдігі біркелкі және борозда түбі тегіс болмауы мүмкін. Егер плуг рамасы осы жаққа еңкейіп жүрсе, онда трактор аспсының оң жақтағы төменгі тартқыш буынындағы айқыш тартпаны ұзарту, ал оңға еңкейсе, қысқарту керек. Трактор жылдамдығы 5,0 км/сағ, алым ені 40 см жырту тереңдігі 40 см болғанда плугтың өнімділігі 0,2 га/сағ. Дәріс №7 Тыңайтқыш шашқыш машиналар. Пайдалануы және реттелуі. 1.Машиналардың жұмыс бағыты мен типтері! 2.Минералды тыңайтқыштарды дайындауға және себуге арналған машиналар! 3.Тиеуіштер. Ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтғыш енгізудіғ:негізгі енгізу,егу үстінде және үстеп қоректендіру деп аталатын үш әдісі бар. Негізгі енгізу әдәсіде тыңайтқыш сүдігер көтерілген немесе көктемде жыртылған жерлерге,сондай-ақ топырақты тұқым себер алдында өңдеу кезеңінде сіңіріледі.Ол үшін минералды және органикалық тыңайтқыш немесе органикалық-минералды қоспалар топырақты өңдеу алдында егістікке біркелкі етіліп бөлінеді. Минералды тыңайтқышты енгізу үшін өнеркәсібіміз жүк көтергіштің 4 т тіркемелі 1-РМГ-4,жүк көтергіштігі 6 т РМС-6,жүк көтергіштігі 10 т РУМ-8,автомобилъді КСА-3 деп аталатын үйлестірілген кузовты ортадан тепкіш себелеуіштер шығарады.Бұл машиналардың тыңайтқышты кузовтан себелеуіш дискіге шығаратын ілгерілмелі жылдамдықты агрегаты бар синхронды конвейер жетегі болады.Себелеуіш дискілер гидрожетек арқылы айналады.Бұл машина конструкциясын оңайлатады.РМС-6 себелеуіші тау беткейлеріне тыңайтқыш енгізудің қол еңбегін механикаландыруға мүмкіндік береді. Егу үстінде минералды тыңайтқыш енгізуге құлама сеялкалар мен отырғызғыштар қолданылады.Тыңайтқыш тұққыммен бірге сол қатарға,ұяға немесе әр түрлі қатарға енгізіле береді.Кейбірде тыңайтқыш енгізілетін қатар тұқым себілетін қатардан 1,5-2 см қашықтықта да болады. Минералды тыңайтқышты ұсақтау,араластыру және тиеу үшін нығыздалып қалған тыңайтқышты ұсақтап,араластвратын ИСУ-4 ұсақтап -араластырғыш ,СЗУ-20 араластырғыш-тиеуіш,автомобильге тіркелетін ЗСА-40сеялка тиеуіші кең тараған.Самолеттерге,вертолеттерге тыңайтқыш тракторға тіркелетін ПБ-35, ПФ-0,5 ИФ-0,75 тиеуіштерімен тіркеледі.Бұл тиеуіштер сол үшін арнайы тетіктермен жабдықталған. ИСУ-4 минералды тыңайтқышты ұсақтап-араластырғыш түрлі тыңайтқышты ұсақтап-араластырғыш түрлі тыңайтқышты енгізер алдында араластыруға,тыңайтқышты шашумен бір мезгілде шаруашылық жолымен табылған немесе жатып қалған завод тыңайтқыштары мен әкті ұсақтауға арналған.Машина МТС-80/82 және Т-40М тракторының агрегатында жұмыс істеуге есептелінген.Өнімділігі сағатына 2-4 т. Ұсақтап-араластырғыш рамадан(1) кеңіткіші бар(8) бункерден (6),ұнтақтау апаратынан (9),бұр конвейерінен(7), жетек механизімінен тұрады.Тыңайтқыш себу нормасы шамамен 40-2000кг/га,сидерат себу нормасы 8-150кг/га.Агрегат жүрісінің жұмыс істеу жылдамдығы 6-12 км/сағ. 1-РМГ-4 минералды тыңайтқыш себелеуші - бір осьті,жартылай аспалы машина.Ол минералды тыңайтқыш пен әк материалдарын топырақ бетіне себуге арналған.МТЗ-трактторының барлық өзгертілген түрлерімен агрегатталады.Себелеуші рамалы кузовтан,шыбықшалы конвейерден,мөлшерлеуіш құрылғыдан, тыңайтқыш бағыттауыштан,екі себелеуіш дискіден, конвейердің жетек механизмінен,желден қорғау құрылғысынан, электр жабдықтарынан ,доңғалақты белдіктен , тежеуіш жүйеден тұрады. Таза бір сағат жұмыс істегендігі өнімділігі 12га (жүру жылдамдылығы 12км/сағ болса).Жүк көтергіштігі -4000кг.Рамалы кузов тұтас пісірілген торап болып есептеледі. Себелеуіш дискілер металдан жасалған тегіс,қалақшалы.Оң жақ дискі гидромотордың тісті муфтасы арқылы қозғалады.Дискінің төменгі бөлігіне сол жақ жетектегі дискіні айналдыруға арналған шкив бекітілген.Дискілердің айналу жиілігі 850 айн/мин. Май гидромоторға трактор гидрожүйесінің бөлгішінен жеткізіледі.Гидрожүйедегі жұмыс қысымы 8,5МПа-ға (85 кгс/см) дейін барады. ПОУ бүркіп қоректендіргіші дәнді және отамалы дақылдар мен тағы басқа дақылдардың арамшөптерімен химиялық күрес жүргізуге ,тұқым себіліп жатқанда гербицидті тұтас және қарарлап немесе қатараралық культиватор кезінде бүркуге, сулы аммиакты жер жырту кезінде тұқым себілер алдында культиваторлау үстінде енгізуге ,отамалы дақылдарды үстеп қоректендіруге ,егіс дақылдарынының аурулары мен зиянкестеріне қарсы улы химикаттар бүрку жолымен химиялық күрес жүргізуге арналған.МТЗ, ЮМЗ-6Л, ДТ-75М, Т-40М, Т-16М тракторларына,КПС-4, КРН-5,6, КРН-4,2, УСМК-5,4А тіркемелі және аспалы культиваторларына, СКНК-8, СУПН-8, ССТ-12А сеялкаларына,жалпы бағыттағы тіркемелі және аспалы плугтарға агрегатталады.Бір сағат таза жұмыс істегендегі өнімділігі 0,5-2,9га. П3-0,8А тиеуіш-экскаватор ауыстырмалы жұмыс - органдарымен түрлі жұмыстар атқарады,мысалы:грейферлі шөмішпен тыңайтқыш ,астық,құм;айырлы шөмішпен көң,сүрлем,сабан,пәлек,т.б. қазады, ілгегімен ыдысқа салынған жүктерді тиеп, түсіреді,түрлі бағыттағы құрастыру жұмыстарын істейді, бульдозермен жеңіл тегістеу жұмыстарын атқарады,топырақ үйеді,көмеді, жолды қардан тазартады т.б. <<Беларусь>>тракторына агргатталады.Жүк көтергіштігі - 800 кг.Сусымалы жүк тиеудегі өнімділігі-5-80-115сағ.Көң тиеудегі өнімділігі-40-90сағ, ор қазудағы өнімділігі-15-20м3,шөмішпен және айырлы шөмішпен тиеу биіктігі -3,6 м, ілгегімен -5,5 м,экскаватор күрегімен қазу тереңдігі-2,3м. ПЗ-0,8А тиеуіш - экскаваторы рамадан(1),бұру колонкасынан(2), жебеден(10),грейфер механизімінен(5),тіреуіш домкраттарынан(3),гидрожүйеден,редуктордан,бульдозерден(12), отырғыштан ,тұғырдан(11),алмалы-салмалы органдардан (күректен -4) тұрады,рамасы (1) пісіріп жасалынған.Алдыңғы жағынан трактордың лонжерондарына,артқы жағынан артқы доңғалақтардың жарты осінің құндағына бекітіледі. Әмбебап ПГ-0,2 тиеуіш сусымалы,кесек ыдысқа салынған жүк,сондай-ақ көң мен сүрлем тиеуге арналған,Т-25А1 тракторы мен өздігінен жүретін Т-16М шассиіне асылады.Жүк көтергіштігі - 0,2 т.Тиеу биіктігі-2,7-2,9м,тереңдігі 1,5 метрге дейінгі шұңқырдан жүк алып шыға алады.1 сағат таза жұмыс істегенднгі өнімділігі 50 т жүк тиейді.Тиеуіш колонкалардан (5),жебеден (7),қондырмпдан (9),алмалы-салмалы жұмыс органдардан (10),гидрожүйе мен бульдозерден (5) тұрады. Комплектіге мынадай жұмыс органдары кіреді;қиыршық тас, құм, топырақ және минералды тыңайтқыш тиеуге арналған айырлы грейферлі қармауыштар,ыдысқа салынған жүк тиеуге арналған ілгек. Бульдозер жүкті ысыру, жеңіл-желпі тазарту және тегістеу жұмысстарын істеуге қолданылады.Бульдозердің алымының ені-1,7м. ПГ-0,2 тиеуішінің құрылымы мен жұмыс процесі ПЭ-0,8А тиеуіш - экскаваторының құрылымы мен жұмыс процесіне ұқсас. Тиеуіштің гидрожүйесі бір-біріне тәуелсіз екі;біріншісі-трактор гидрожүйесімен байланысты,екіншісі-қосымша жүйеден тұрады.Трактор гидрожүйесімен бульдозер және жебені бұру гидроцилиндрі басқарылады. Қосымша жүйеге НШ-32 насосы,насосты іске қосу редукторы, Р-75-6ПГ гидротаратқышы ,жебені көтеру гидроцилиндірі ,қондырма гидроцилиндрі, грейфер механизімінің гидройилиндірі, май түтіктері,ауыспалы муфталар кіреді.Қосымша жүйе бақылау-реттеу қондырғыларымен қамтамасыз етілген.Олардың көмегімен машинаның сенімділігі арттырылады,басқару ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.Жебенің бұрылу бұрышы-180.Тиеуіштің жұмыс органдарының толық комплектісін қоса есептегендегі салмағы-1280кг. ПБ-35 тиеуіш - бульдозері тасу көліктеріне органикалық және минералды тыңайтқыштар,шымтезек,құм,қиыршық тас тағы басқа сусымалы және аз суситын материалдар тиеуге арналған.Жүк көтергіштігі - 1500кг.ДТ-75М тракторына асылады.Тиеу биіктігі-2,3 м.1 сағат таза жұмыс істегендегі (трактор 20 метрге дейінгі қашықтан өткенде)өнімділігі-80т. Тиеуіш қосымша әрі аудару әдісімен де жұмыс істей береді. Дәріс №8 Топырақ өңдеуге арналған машиналар. Плугтар құрлысы, пайдаланылуы. Қазіргі қолданылатын топырақ өңдейтін машиналар мен құралдар орындайтын технологиялық процестеріне қарай мынадай топтарга бөлінеді: - топырактың қыртысын аудара отырып негізгі және терең жыртуға арналған қайырмалы-түренді плугтар;бұл плугтармен топырақты ортаға немесе шетке қарай үуіп жыртуға да,тегіс жыртуға да болады,ол үшін жұмысқа алма-кезек қосылатын және аудармалы жал енмесе ажырамалы борозда жасамайтын,оңға және солға аударатын корпустар қолданылады; -топырағы жел эрозиясына шалдыққан аудандарда өңдеуге қолданылатын қайырмасы жоқ қопсытқыштар;орман дақылдарын егіп-отырғызу үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында топырақты жолақ жасап өңдейтін дискілі қопсытқыштар; -топырақты тайыз өңдеуге(сыдыра жыртуға) арналған сыдыра жыртқыштар; -батпағы құрғатылған жерлердің топырағын негізгі өңдеуге немесе шалғын мен жайылымды күтуге арналған,жұмыс органдарын ықтиярсыз қозғалысқа келтіретін арнайы жетегі бар фрезалар мен басқа да топырақ өңдейтін машиналар; -топырақты қосымша қопсытуға,арамшөпті отауға,пар мен мәдени дақылдарды күтуге арналған культиваторлар; -топырақ қыртысы мен кесегін ұсактауға арналған,танап бетін тегістеуге,арамшөпті отауға,шалғын мен жайылымды күтуге арналған тырмалар; -жыртылған жердің бетін тегістеуге арналған тегістегіш сүйретпелер; -жыртылған жердің кесегін ұсақтауға,себер алдында және сепкеннен кейін топырақты тығыздауға, күздік егістіктегі топырақ қыртысы мен мұз қабыршагын бұзуға арналған катоктар. Сүдігер өңдеу - топырақ өңдеудің негізгі түрі. Оны өнімді жинап алғаннан кейін сыдыра жыртудан бастап, арамшөптер өсіп шыққаннан кейін тереңдігін 20-27 см етіп жыртумен аяқтайды. Себер алдындағы өңдеуді ылғал тоқтату үшін азғана тереңдікте қопсыту арқылы жүргізеді. Терең жыртуда күлді топырақтарға бау - бақша ағаштарын немесе қызыл топыраққа шай плантациясын отырғызу үшін арнаулы плугтар колданылады. Плугтардың түренді - қайырмалы корпустары, сол сияқты культиватор табндары мен тырма тістері жылжымалы сына тәрізді етип жасалынған жұмыс органдары болып табылады.Ал дискілі плугтардың, сыдыра жыртқыштардың және дискілі тырмалардың жұмыс органдары сфералық дискі түріне жатады. Плугтар Плугтардың жіктелуі, плугтардың кұрылысы. Плугтың жұмыс органдары мен қосымша бөліктері Казіргі трактор плугтарын былайша жіктеуге болады: атқаратын жұмысын қарай - жалпы жұмыс және арнаулы жұмыс плугтары; корпус санына қарай - бір, екі, үш, төрт, бес, алты, сегіз және тоғыз корпусты; тракторға тіркелуіне қарай - тіркелмелі, жартылай аспалы және аспалы; корпустарының қайырма формасына карай - дақылдық қайырмалы (жалпы жұмысқа арналған плугтар мен түренді сыдыра жыртқыштар), торлы қайырмалы(ылғалды және жабысқақ топырақты өңдейтін), жартылай винтті және винтті қайырмалы(тың және тыңайған жерлерді жыртатын) плугтар. Жалпы жұмысқа арналған плугтар топырақты 27 см тереңдікке дейін жыртуға колданылады. Арнаулы плугтар ерекше операцияларға пайдаланылады. Мысалы, ВПН - 2 плугымен орман және жеміс - жидек питомниктеринде - жеміс және ағаш көшеттерін қазып алады; ПЛП - 135 жолақты орман плугын орман дақылдары үшін топырақ дайындауға, өрттен сақтандыру және суару жолақтарын жүргізуге пайдаланады, сондай - ақ ол жас ағаштар аралығында ашық алаң жасайды және осы кезде ұсақ бұталар мен түбірлерді қаза отырып, оларды бір жағына жылжыту жұмысын атқарады. Плуг маркалары былайша оқылады: ПН - аспалы плуг, ПБН - батпаққа арналған аспалы плуг, ПЛП - жартыай аспалы плуг, ПСГ - гидрофицияланған бау - бақша плугы; екі мәнді цифр - корпус алымының ені, цифрдан кейінгі әріп - плугтың өзгертілген түрі(А - жаңа модель, Р - тіреуіш доңғалағы бар, ПГ - топырақ қазғышы бар әрі гидравикалық жолмен басқарылады). Плугтардың кұрылысы.СА - 2 автотіркеуіші бар тракторға арналған бес корпусты үйлестірілген аспалы ПЛН - 5-35 плугы құрамында тасы жоқ, меншікті кедергісі 88,3 кПа болатын топырақты 30 см тереңдікке дейін жыртуға арналған. 88,3-дан артық топырақты жырту үшін плугты төрт корпусты етіп жабдықтауға болады, ол үшін шым аударғышымен қоса бесінші корпус алынып тасталады. ПЛН - 5-35 плугы ДТ-75 М, Т-150 К, жане Т-4А тракторларымен агрегатталады. Плугты 9-12 км/сағ жылдамдықпен жер жыртуға арналған арнаулы корпустармен жабдықталған кезде Т-150, Т-150К тракторларына агрегаттау керек. Плугтың негізгі жұмыс органдары дискілі пышақ, шым аударғыш және табан арқылы түрен, қайырма және жақтау штампталған болат тірекке бекітілген корпус болып табылады. Плугты жылдам жыртатын, жартылай винтті, кесік ойықты, қайырмасыз, топырақ тереңдеткіші және жылжымалы қашауы бар дақылдық корпустарымен жабдықтауға болады. Корпустарды алмастыру үшін түрен, қайырма және жақтау бкеітілген табанды ауыстырады. Плугты қайырмасыз немесе бұрыш өзгерткіші бар жартылай винттікорпустарымен жабдықтаганда шым аударғыштар орнатылмайды. Рама, тіреуіш доңғалағы және СА - 2 автотіркеуіш құлпы - плугтың қосымша жабдықтары. Плуграмасы пісірмелі, ал брус арқалықты қатайтып ұстап тұрады. Жер жырту тереңдігін бірсыдырғы реттеп отыратын тіреуіш доңғалағы раманың сол жағына орналасқан. Оны винтті бұрау арқылы төмен түсіріп немесе жоғары көтереді. Тіреуіш доңғалағының діңгегінде әрбір 2 см сайын белгі салынған. Тіреуіш доңғалағы конусты роликті подшипникке, ал дискілі пышақ бір рет қана майланатын шарикті подшипникке орнатылған. СА - 2 автотіркеуіші екі бөліктен - плутың өзіне бекітілген құлыптан және трактордың аспалы гидрожүйесине бекітілген автотіркеуіштің өзінен тұрады. Плугтағы құлыпты екі қалыпта орнатуға болады. Плугты Т - 4А немесе Т - 150 тракторларымен агрегаттағанда құлып бірінші мен екінші тесіктер бойынша бекітіледі, ал Т - 150К тракторымен агрегаттағанда оны бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы тесіктерге орнатады. Плугтың жұмыс 1480 кг, дақылдық корпустар типіндегі агрегаттың жылдамдығы 7 км/сағ болған кездегі өңімділігі 1,05 га/сағ. Плугтың жұмыс органдары мен қосымша бөліктері. Түрен топырақ қыртысының астын тілуге арналған. Оны арнаулы болаттан жасайды. Жүзінің 20 - 35 см енін жылулық өңдеуден өткізеді. Түренге әсер ететін үйкеліс күшін азайту үшін, оның төменгі жазықтығы борозда түбіне тимейтіндей, ал кедергі тек жүзіне ғана келетіндей етіп орналастырады. Түрен борозда түбіне 22 - 30 бұрыш жасап, көлбей орнатылуы тиіс. Оның жүзі борозда жазықтығымен 30 - 35 бұрыш жасайды. Бұл бұрышты қайырма төсінің тұрған қалпына қарай таңдайды әрі ол қайырма типіне тікелей байланысты. Осы бұрыш сүйір бұрыш болған сайын. Егер түрен тозса, онда оны темір ұстасында қыздыра созып, алғашқы формасына келтіреді немесе жаңасымен алмастырады. Түрендер трапеция немесе қашау тәрізді болады. Олардың жұмыс беті цилиндір пішінде жасалынады. Трапеция тәрізді түрендердің, бүкіл ұзындығы сырт жағынан калың етіп жасалған және оны <<магазин >> деп атайды, ал қашау тәрізді түренннің тек тұмсығын ғана калың етіп жасайды. Магазин - бұл арнайы жасалған металл қоры. Тозған түренді сол қордын есебіне созып алғашқы қалпына келтіреді. Бүгінгі таңда қашау тәрізді түрендер өте көп таралған. Өтпейтін түрен плугтың тарту кедергісін 1,5 есе арттырады да, соның есебінен жанар май шығыны көбейеді. Сондықтан түренді барлық жүзінің ұзындығы бойынша 4,5 мм қалыңдықта қыздырып созады. Созылған түрен шыңдалады. Түрең жүзінің өткірлігін бір қалыпты сақтау және тозу төзімділігін арттыру үшін өнеркәсіп орындары кескіш қырының бүкіл өн бойына енін 25 мм етіп катты қорытпамен пісірілген арнаулы түрендер шығарады. Плугты жұмысқа дайындау. Плугты жұмысқа дайындауды оның дұрыс құрастырылғандығын тексеруден бастайды. Плугтың дұрыс жиналғандығын борозда кабырғаларының қалпына сәйкес паралель сызықтар жүргізілген, бестондалған немесе тақтайланған жазық еденде тексерген жөн. Плугты еденге коярда оның артқы корпус түренінің атыз кесігі мен атыз тақтайшасының сыртқы беті соңғы борозда қабырғасына сәйкес келетін түзудің бойында жататындай етіп орналастырады. Дұрыс орнатылған плуг мынадай негізгі талаптарды канағаттандыруы тиіс: Барлық корпус түрендерінің тұмсықтары мен өкшелері, олардың аралығына қатты керілген жіпке немесе рейкаға толық тиіп тұруға тиіс. Керілген жіптен немесе рейкадан алшақтауы 5 мм - ден аспауы тиіс. Дискі жазықтығының айналасы вертикаль бағытта болады. Дискі осінің алшақтауы 1мм-ден аспауы тиіс. Рамада қисықтық болмайды. Тексеретін алаңның сол және он жолақтардың биіктерінде жіберілетін алшақтық 5 мм-ден артық емес. Доңғалақтар қисаймай ось бойымен еркін айналуы тиіс. Плугтың дұрыс құрастырылғандығына көз жеткізгеннен кейін түреннің, қайырманың және дискілі пышақтың жұмыс беттерін бояудан тазарту қажет. Жұмыс органдарының беттеріне жуғыш АФТ ТУМХП - 2648-51 сұйығын бүріккішпен немесе қылқаламмен жағып бояу қабаты босағаннан кейін оларды жұмсақ шүберекпен сүртіп тастайды. Май сауытын тазалап, детальдардың үйкелетін беттерін майлайды. Тіреуіш доңғалағын қажетті жер жырту тереңдігінен 1-2 см төмендеу орналастырады. Шым аударғыш түрендерінің тұмсығы мен негізгі корпустың арасына дейінгі қашықтық 250 мм-ден кем болмайтындай етіп қойылады. Шым аударғышты биіктікке қойғанда оның тірегінде жасалған цилиндр тәрізді бүртікті пайдаланылады. Шым аударғыштың тірегін жырту тереңдігін 20 см етіп қойғанда оның жоғарғы тесігіне, 22 см етіп қойғанда - екінші, ал жырту тереңдігі 24 см болғанда - үшінші, 25-26 см болғанда төртінші, ал 27 см кезінде - ең төменгі тесігіне бекітеді. Шым аударғышты осылай орналастырғанда ол шымды қабатты 10-12 см тереңдікке тіледі. Алдымен шым аударғышты жер жыртудың берілген тереңдігіне қояды да, содан кейін дискілі пышақты орналастырады. Дискілі пышақ тірегін, консольды ұстап тұратын тәжді шайбаның тісі консоль ойығының ортасында болатындай етіп, ал пышақтың жалпақ жағы плуг рамасының бойлық брусына паралель және шым аударғыштың атыз кесіндісінен 10-20 мм сырт шығып тұратындай етіп бұру қажет. Плугты тракторға асу. Плугты тракторға асар алдында тіркеме қапсырманың шығарып тастайды, құралды екі нүктелі немесе үш нүктелі әдіспен жалғастыратын трактордың аспалы қондырғысын тексереді. ПЛ - 5-35 плугын трактормен жалғастыру үшін трактордың аспалы механизмін үш нүктелі схемаға қояды. ДТ -75М тракторының аспалы механизмі трактордың артқы осіне қондырылады және ол жалғастыратын кронштейндер арқылы трактор рамасы лонжерондарының артқы ұштарына құйылып пісірілген кронштейндерге бекітіледі. Артқы оське кронштейндер жалғасады. Аспалы механизмін үш нүктелі схемасы кезінде төменгі бойлық тартқыштар кронштейнмен. Ал нүктелі кезінде одан басқа кронштеймен жалғасады. Бойлық тартқыштардың шао тәрізді топсаларына төменгі айқыш тартпалар ашасы бекітіледі. Айқыш тартпалар винтті муфталар арқылы оң және сол көтергіш рычагтармен жалғасады. Ал рычагтар втулкалар арқылы жоғарғы оське орналасқан іші қуыс, бұру білігіне орнатылған, Соңғы втулка тіректердің қалпақшасына бекітілген. Құралды көтеру кезінде цилиндрдің штогы шығады да бұру білігі арқылы сол жақтағы көтергіш рычагқа тіреліп тұрган рычагты басқа рычагпен бірге көтереді. Зорлап төмен түсіргенде бұру рычагын көтергіш рычагпен саусақ арқылы жалғастырады. Орталық тартқыш муфтамен жалғасқан. Тартқыш серіппе мен тартқыш ұзындыгын өзгертетін винтті муфтадан тұрады. Жартылай аспалы плуты Трактормен агрегеттағанда алдымен тіркеме қапсырмасын трактордан алып тастайды да, үш нүктелі схема бойынша трактордың аспалы механизмін орнатады. Трактордың аспасына СА - 2 автотіркеуіші орнатылады да, тракторды шегіндіре отырып, автотіркеуішті кұлып куысына кіре алатындай етіп төмен түсіреді. Плугпен жер айдауды екінші бороздан бастайды. Осы кезде трактордың шынжыр табанынан немесе доңғалаңынан борозда шетіне дейінгі қашықтық 1-кестедегідей болуы тиіс. Бұған қосымша плугың рамасын тегістей бастайды. 1-кесте. Плугты трактормен агрегаттаған кездегі тартқыштың өлшемі Трактор маркасы Трактор ені,мм Тартқыштың өлшемі,мм Шыңжыртабан (доңғалақ)мен борозда қабырғасына дейінгі қашықтық,мм ДТ-75М Т-4А Т-150 Т-150К 1750 1804 1850 2200 880 880 880 1020 300 270 250 300 Жер жырту агрегатын жабдықтау. Жер жырту агрегатын жабдықтағанда трактордың қуатын неғұрлым түгел пайдаланытндай етіп жабдықтайды. Шағын және әр түрлі формадағы учаскелерді жырту үшін Т-25А тракторына агрегатталған бір,екі немесе үш корпусты ПН-30Р плугын қолданады немесе ПЛН-3-35 плугын МТЗ-80/82 тракторымен агрегаттайды. Поволжье мен Қазақстанның және басқа да далалы аймақтарын жырту үшін біздің өңдірісіміз қуаты үлкен әрі шапшаң жүретін тракторлар шығарады, мысалы, К-700А, К-701, Т-150, Т-150К. Мұндай қуатты траклардың болуы қазірдің өзінде жер жыртатын агрегаттардың қнімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. К-701 тракторы мен жартылай аспалы тоғыз корпусты ПТК -9-35 плугынан құралған агрегаттың қнімділігі 2,76 га/сағ. Жоғары жылдамдықпен жұмыс істегенде егістік күйінің маңызы зор. Тегіс емес жерлер, жиналмаған сабандар, жолдар, терең бороздалар жұмысты қиындатады, шапшаң жүретін трактор агрегатының өнімділігін азайтады. Жоғарғы жылдамдықта плугтың жұмыстық тетіктері жиі-жиі жер бетіне шығып кетеді, болттық жалғастырулар босайды, әлсіз пісірілген жапсарлар мен басқа да жалғастырғыш детальдар бұзылады. Плугтың жұмысы жоғары сапалы және өнімді болуы үшін түрендердің кескіш жүздерінің өткір бөлуін қадағалау қажет. Өтпейтін жүздерді созып өткірлейді. Кәдімгі стандартты түрен бірінші созуға дейін 2,0-3,5 га жер айдайды. Егер түренді қатты қорытпа етіп балқытып дәнекерлеп, өзі қайралатын етіп жасаса, онда оның жүздерін жүздерін созбастан 50-дан артық жер жыртуға болады. Плуг конструкциясына шолу. Жалпы жұмысқа арналған жартылай аспалы плугтар. ПТК-9-35 тоғызз корпусты жартылай аспалы плуг меншікті кедергісі 88,3 кПа-ға дейін жететін, тасы жоқ топырақты тереңдігін 30 см-ге жеткізіп жыртуға арналған. К-701, К-700А тракторларына агрегатталады. Плугтың конструкциясы, оның бір корпусын жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Плуг тырмаға арналған тіркемемен жабдықталған және каток тіркейтін де орын бар. ПТК-9-35 плугы металл доңғалағы бар оң және алдыңғы тіреуіш доңғалақтарының механизмдері орнатылған рамадан, шым аударғыштан, корпустан, пневматикалық доңғалақтары бар тасымалдау механизмінен, сигнал қалқандарынан, аспадан, май түтіктерінен жіне плугтың артқы корпусының алдына орнатылған дискілі пышақтан тұрады. Плуг рамасы өзара топсамен жалғасқан үш қуыс брустан жасалған. Негізгі, бойлық, көлденең бруста өзара топсалармен жалғасқан. Көлденең және бойлық брустарды жалғайтын топса жылжымалы. Топсаны бойлық брустың бойымен жылжыту арқылы негізгі брустың қалпын және плугтың алым кеңдігін өзгертеді. Негізгі брустың артқы ұшы алмалы-салмалы болғандықтан, плугты сегіз корпусты етіп құрастыруға мүмкіндік береді. Плуг корпусы сегіз табаннан тұрады, оның төменгі штампталған ұшына құйма табан үш болтпен бекітіледі. Осы табанға түрен, қайырманың қанаты мен төсі және жақтау орнатылады. Тіректің жоғарғы ұшында эксцентрик жұдырықшасы пісіріліп бекітілген арнаулы кронштейнге тірек қамыттарымен бекиді. Плугтың алым кеңдігі өзгергенде, жылжу бағыты бойынша жұмыс қалпын сақтау үшін қамыттарды босатып, корпустарды тиісті шамаға бұруға болады. Шым аударғыш төменгі штамтталып жасалған, ұшына түрен мен қайырма бекітілетін дөңгелек тіректен тұрады. Тіректің жоғарғы жұмыр ұшы арнайы құйылып жасалған тұтқышқа еніп тұрады да, қосадқы гайкасы бар винттермен оны қажетті қалыпта тұрақтандырады, сол үшін тірекке тұрақтандырғыш винт ұшы ентін алты ойық жасалған. Шым аударғыштың тұтқышы негізгі брусқа қамыт пен гайка арқылы бекиді әрі ол брус бойымен жылжи алады. Шым аударғыштың дөңгелек тірегі оны ұстағышпен бұруға мүмкіндік береді, сөйтіп плугтың алым кеңдігі өзгергенде шым аударғышты жүріс бағытымен дұрыс қоюға жағдай туғызады. Тасымалдау механизмі плугты жұмыс қалпынан тасымалдау қалпына немесе керісінше аудару қызметін атқарады. Ол раманың бойлық және негізгі брустарына бекітілген, ұштарында цифрлары бар, көлденең брустан тұрады. Көлденең брусттың оң және сол жағындағы цапфаларына, ұштарына пневматикалық доңғалақтар орнатылған, консольдар бекітіледі. Консольдардың жоғарғы ұштары гидроцилиндрлермен жалғасады. Плуг тасымалдау кезінде екі пневматикалық доңғалақтармен жылжиды. Топырақ жырту кезінде оң доңғалақ жоңары көтеріліп қойылуы тиіс және жер бетінен жоғары тұрғанда қозғалмастай етіп бекітіледі, ал сол доңғалақ жырту тереңдігін реттейді. Реттеу, сол жақ консольдың жоғары қарай жылжуын шекткп тұратын винт арқылы жүзеге асырылады. Пневматикалық доңғалақтар шинасындағы ауа қысымы 0,35 МПа болуы тиіс. Алдыңғы тіреуіш доңғалақтың механизм тіректен, жартылай осьтен, күпшектен және құрсаудан тұрады. Онымен жер жырту кезінде плуг рамасын тегістейді, ал рлугты шығарып қойғанда алдыңғы доңғалақ тірек қызметін атқарады. Ол екі құрсаумен бойлық брусқа бекітіледі. Ол жоғарғы ұшына құйрықты гайка, ал төменгі ұшына жартылай ось бекітілген тіректен тұрады. Құйрықты гайка реттегіш винт өтіп тұратын бұрандалы тесікпен жабдықталады. Тіректің төменгі ұшына доңғалақ бекітілетін жартылай ось орнатылған. Корпустар болаттан құйылып жасалған тіректерден және оған бекітілген түрен мен қайырмадан тұрады. Екінші мен үшінші қабаттағы корпустардың атыз тақтайшалары бар. Плуг корпустарын алмастыру арқылы онымен екі немесе үш ярусты етіп жер жыртуға болады. Үш ярусты плугпен жер жыртқанда топырақтың жоғарғы қабаты аударылып, жердің бетіне түседі, екінші қабаты өзара орын алмастырады, яғни екінші қабат тереңге түседі де үшінші қабат оның орнына ауысады. Жер жыртудың мұндай схемасы плугтың алдыңғы жағына орналасқан корпус арқылы жүзеге асады, өйткені ол топырақтың жоғарғы қабатын аударып үшінші қабатқа түсіреді. Аддыңғы корпустан кейін орналасқан корпус оған қарағанда оңға қарай орнатылғандықтан топырақтың үшінші қабатын оның үстінде жатқан бірінші қабатпен қоса көтереді де, оларды аудармастан бір шетке қарай жылжытады. Осымен бір мезгілде плугтың арт жағында орналасқан корпус, оның алдындағы ұзын қайырмалы корпус ашып кеткен борозда түбіне екінші қабатты аударып түсіреді. Ортаңғы корпустан жылжып шыққан үшінші мен бірінші қабат борозда түбіне түскен екінші қабатты жауып қалады. Плугты екі корпусты плугпен жырту үш тәсілмен жүргізілуі мүмкін. Бірінші тәсіл - топырақтың жоғарғы қабаты жер бетіне салынады, ал екінші мен үшінші қабат өзара араластырылады. Ол үшін алдыңғы корпусқа ұзын қайырма орнатылады, ортаңғы корпустағы ұзын қайырманы қысқасымен салмастырады, ал корпустың өзін алдыңғы корпустың ізімен жүретіндей етіп рама ішіне орнатады, артқы корпусты алып тастайды. Екінші тәсіл - топырақтың жоғарғы қабатын тереңге көмеді, ал төменгі екі қабаты аудармастан бір корпуспен жоғары көтереді. Мұндай технологиялық процесті орындау үшін артқы корпусты алып тастайды да, оның орнына алдыңғы корпусты орнатады, ортаңғы корпус орнында қалады. Мұндай екі корпуспен жер жырту схемасы жоғарғы қабаты кұрылымсыз топырақтар үшін қолданылады. Үшінші тәсіл - топырақтың жоғарғы қабатын плантаждық типте жыртады. Бұл жағдайда артқы корпус алынады, ал ортаңғы корпусты алдыңғы корпустың ізімен жүретіндей етіп рама ішіне орнатады. Плугты трактормен агрегеттағанда оның аспалы жүйесін екі нүктелі схемаға келтіреді. Жоғарғы және горизанталь аспа тартқыштарын шеткі оң жақтағы орынға бекітеді. Аспа механизмінің айқыш тартпалары берік болуы тиіс. Плугты асу үшін трактор аспасы горизанталь тартқыштарының шар тәрізді втулкалары өздеріне сәйкес цапфаларға дәл келетіндей етіп тракторды шегіндіреді. Содан кейін кезекпен шар тәрізді втулкалары цапфаларға кигізеді де оларды алмалы-салмалы штырьлармен бекітеді. Аспа механизмінің жоғарғы тартқышты плуг аспасының айқыш тартпасына штырьмен қосылып бекітіледі. Горизанталь тартқыштардың блокировкалайтын шынжырлары аз салбырайтындай, ал тасымалдау қалпында трактор гидроаспасынын, төменгі осін бекітітін бугель шпилькаларына гидроцилиндрден күш түспейтіндей етіп реттейді. Бірінші борозданы салып жер жырту кезінде ортаңғы корпус 15-20 см тереңдікте болуы керек. Плугтың екінші жүрісінде корпустарды жыртудың берілген тереңдігінде жүретін етіп кояды. Плуг бір жағына тартпай, берілген бағыт бойынша бороздамен орнықты жүруге тиіс. Плугтың қисаюынан жырту тереңдігі біркелкі және борозда түбі тегіс болмауы мүмкін. Егер плуг рамасы осы жаққа еңкейіп жүрсе, онда трактор аспсының оң жақтағы төменгі тартқыш буынындағы айқыш тартпаны ұзарту, ал оңға еңкейсе, қысқарту керек. Трактор жылдамдығы 5,0 км/сағ, алым ені 40 см жырту тереңдігі 40 см болғанда плугтың өнімділігі 0,2 га/сағ. Дәріс №9 Ауыл шаруашылығында пайдаланатын тракторлар мен автомобильдер. Ауыл шаруашылығында пайдаланатьын тракторлар мен автомобильдер. -брозда жырту тиімдірек болады; байламалар қар суының борозда бойымен ағып кетуіне бөгет жасайды. Қашаулауды қарды ұшырып әкететін жел, яғни эрозиялық қуаңшылыққа ұшырайтын учаскелердегі тік жел өтіндегі беткейлерде жүргізген жөн. Кемерлеу(террасалау). Бұл әдіс гидрологиялық процестерді түбірінен өзгертіп, техникалық, жеміс, цитрус және басқа да дақылдарды егіп-өсіруді қамтамасыз етеді. Кемерлеу беткеймен аққан қар мен жаңбыр суларын бөгеп, олардың жер бетімен ағуын тоқтатады, сөйтіп топырақтың шайыла-шайыла бұзылып кетуіне жол бермейді. Бұл әдіс беткейдегі топыраққа жиналған судың бәрін толық сіңіріп, өсімдіктердің тиімді қоректенуін қамтамасыз етеді. Кемерлеу жүзім, цитрус және басқа екпе ағаштарды өсіруге кеңінен қолданылып келеді. Соңғы жылдары тау беткейлеріндегі бау-бақшалар мен жүзімдікке арналған жерлерді кемерлеу нәтижелі бола бастады. Мұның өзі су режимін жақсартуға, топырақ эрозиясымен, селді тасқындармен күрес жүргізуге көмектеседі, әрі экономикалық тұрғыдан тиімді. Беткейлердегі жерді өңдеу әдісі олардың тіктігіне байланысты. Мәселен, беткей беті 0-ден 9-қа дейін тік болса, 3-12м аралықта су жинағыш бороздаларды горизонталь жыртып, жаппай өңдеген жөн; 9-дан 10-қа дейін болса, 4-тен 20 м-ге дейінгі ендікте тілкем жыртылады. Беткей бетінің тіктігі 13 және одан да тік болса, кемер жасау қажет. Кемер жасауда мынандай негізгі талаптарды басшылыққа алу қажет; -агротехникалық- кемер төсемінің бетіндегі қара шірік қабатының сақталуын көздейтін талаптарды, бұл қара шірік ылғалдың барынша толық пайдалануын қамтамасыз етеді; -мелиоративтік- беткі қабаттағы қар, жаңбыр суларымен топырақ эрозиясын тоқтатуды қамтамасыз ету; -пайдалану- құлама жардың жасалуын жеңілдететін, кемерлердің ұзақ пайдалануын және оларды жөндеуге қаражаттың шамалы жұмсалуын, ылғалдың аз булануын , сондай-ақ егін өсіруге ұсынылған дақылдарды одан әрі механикаландыруды қамтамасыз етеді; -құрылыстық-кемерлерге келуді қамтамасыз ету; -экономикалық- беткейлерде кемерлер жасау жұмысының құнын төмендетуді және кемер жасалатын алаңдардағы өнімсіз шығынды кемітуді көздейтін үнемдеу шараларын басшылыққа алу. Су эрозиясымен күрес жүргізетін машиналар. Қар айдағыш-жал салғыш СВ У-2,6 машинасы егістікке жал салу арқылы қар тоқтатуға арналған. Ол гидрожүйесінің болу-болмауына қарамастан Т-4А және ДТ-75М тракторларына агрегатталады. Қар айдағыштың негізгі бөлшектері- болат табақтан дайындалған цилиндр формалы қайырмалар(7). Қайырманың төмендегі жағына болат тілкемінен жасалған түрен болттармен бекітіледі. Әрбір қайырмаға екі-екіден тіреу пісірілген. Қайырмалар өзара қорапша білеуден пісіріліп, қорапша қималы алдыңғы(3)және артқы (5) арқалықтармен жалғасқан. Арқалықтарды қайырмалар тіреуіндегі үшкілдердің аралығына орнатып, арнайы болттармен бекітеді. Арқалықтарға грядильдер (4 және 6) орнатылады. Олар артқы арқалыққа кронштейнмен, ал алдыңғысына қамыттармен бекітіледі. Арқалықтардың алдыңғы бөліктеріне тіркеменің (1) жалғау биіктігін реттейтін ойығы бар төмендеткіштер (2) жапсырыла пісірілген. Қапсырмалардың тұмсығы грядильдердің алдыңғы бөлігіне шпренгельдермен жалғастырылған. Қайырма тіреулеріне екі алдыңғы және екі артқы сырғыма болттармен бекітіледі. Қар айдағыштың тіркемесі үшбұрыш формалы болады. Тіркеменің тартқыштары мен кергіштері төрт қырлы түтік тәрізді жасалып пісірілген бұрыштамалардан дайындалған. Тасымалдау және қар үйіндісінен босату үшін қар айдағыш қайырмалардың артқы бөліміне бекітілетін тартқыштарымен жабдықталған. Сүйреу тартқыштары шығыршықты құралған. Түрендерді борозда түбіне орнату бұрышы 46. Қайырмаларды жүріс бағытына орнату бұрышы 30. Қар айдағышпен жұмыс істеу технологиясы мынадай. Қар айдағышты үлкен жолақ қалдыратындай етіп алға қарай сүйретеді, ал оның түрендері қарды астыңғы жағынан тіледі. Сонда қар қыртысы оң қайырмамен солға қарай, ал сол жақ қайырмамен оңға қарай құлатыладыда, биіктігі қар қабатынан 2,5-3,5 есе асып түсетін ортақ білеу пайда болады. Қайырмалардың қарға терең батуын сырғыманы ауыстырып қою арқылы реттейді. Құралдың алым ені 2,6м итерілетін қар жолағының астыңғы ені 0,8 м, үстіңгі ені 0,49м. Агрегат (осындай екі қар айдағышы бар) ДТ-75М тракторымен жұмыс істегенде өнімділігі сменасына 60 га-ға дейін жетеді. ПЛДГ-10 құралы беткейлерде сүдігер жыртқан кезде шұңғыл жасауға, сөйтіп еріген суды іркіп, су эрозиясынан қорғауға арналған. ПЛДГ-10 құралының конструкциясы ЛДТ-10 сыдыра жыртқышының негізінде жасалған, оның құрылысы $4 жазылған. Құралдың негізгі бөлшектері- бес сфералық дискіден (диаметрі 450мм) тұратын секция. Дискілер эксцентриситет 110мм келетін оське қондырылып, бір-бірімен 180 , ал шабуыл бұрышы 30 болатындай етіп орналасқан. Шұңқыр жасағыш алға қарай қозғалғанда диск секциялары топыраққа алма-кезек еніп, оны тіледі де, тереңдеген сайын біртіндеп тарыла беретін сопақша шұңқырлар жасай отырып, топырақты аударып тастайды. Шұңқырдың ұзындығы орта есеппен 1164 мм, ені 330 мм және тереңдігі 150 мм-ге дейін болады. Қар және жаңбыр суын шұңқыр жасап бөгеуден басқа топырақ білеулерімен де(қашылау) тоқтатады. Бұл әдістің мәні мынада: плуг корпусының біріне, жер жыртқан кезде оның қыртысын алдыңғы бороздаға аудара жал жасайтын, қайырманы ұзартатын тақта орнатады. Қашылауды ортаңғы екі корпусы алынып, артқы корпусы мөлшері үлкен қайырмамен жабдықталған-төрт корпусты плугпен жасауға болады. Осы плугпен агрегатталған трактор бір рет жүріп өткенде биіктігі 50-60 см-ге дейін жететін білеу түзіледі және білеу табанының ені 1,2-1,3 м болады. Мұндай плугпен жерді шетке қарай жыртқан жөн. Ұзартылған қайырмасы бар КВ-1 корпусы күзгі-қысқы және көктемгі маусымдағы қар мен жаңбыр суын бөгеуге және бір мезгілде сүдігер жыртуға арналған білікшелермен жол жасау үшін қажет. Мұндай жағдайда жалды 5-тан аспайтын тік беткейлерге кесе-көлденең етіп жасайды. Ұзартылған қайырмасы бар корпусты төрт, бес корпусты сериялы плугтардың ең соңғы корпусының алдындағысының орынына орнатады. Ұзартылған қайырмасы бар КВ-1 корпусының сериялы корпустан айырмашылығы, оның кергісі және атыз тақтасында кергінің төменгі ұшына бекітуге арналған қосымша тесіктері болады. Корпустың түрені мен тірегі стандартты. Ұзартылған қайырмасы бар корпуспен жабдықталған плугтың жер жырту технологиялық процесінен айырмашылығы жоқ. Оның айырмашылығы тек КВ- 1 корпусының соңынан биіктігі 18-20 см, табанының ені 40-50см жалдың пайда болуында ғана. Кемер жасау(террасалау) үшін қолданылатын машиналар мен құралдар. Кемер жасау үшін ППН-50 плантажды плугын, Т-4 кемерлеуішті және РТН-2-25 кемер қопсытқышты пайдалануға болады. Т-4 кемерлеуіші топырағы тастақ келетін тау беткейінің ылдиы 40-қа дейінгі жерлерде кемер тілгілеуге арналған. Оны енсіз орларды , жыраларды топырақпен толтыруға және жол салуға қолдануға болады. Ол- әнбебап (бульдозерлі) рамасыбар Т-130 тракторына лайықталған, алмалы-салмалы жабдық. Кемерлеуіштің негізгі құрастыру бөлшектері- Т-130 тракторындағы рама, шарлы ұясы және қопсытқыш тістері бар қайырма, кронштейн, түрткіш, тереңдету секторы, тірек өкшелігі. Қайырма вертикаль жазықтыққа тереңдету секторының көмегімен 10 бұрыш жасай орнатылады. Мұның өзі кемер жолағынан кері 10 бұрыш жасауға мүмкіндік береді. Қайырманы әнбебап рамадағы шар тәрізді қалпақшамен бұра айландыру арқылы оңға және солға қарай топырақ айыратын қалыпқа орнатуға болады. Жұмыс өнімділігі (тістерінің қопсыту тереңдігі 220 мм және алым ені 2660 мм болса) 30-60 м/сағ. РТН-2-25 аспалы кемер қопсытқышы кемер жолағындағы жүзімділік пен жеміс егетін жерге органикалық және минералдық тыңайтқыштарды бір мезгілде енгізе отырып, жер қыртысын аудармай терең қопсытуға арналған. Ол гидравликалық аспалы жүйемен жабдықталған Т-130 тракторына агрегатталады. Қопсытқыш пісірілген рамадан тұрады, оған екі қопсытқышты жұмыс органы, екі тіреуіш жетек доңғалағы, екі планкалы-қырғышты транспортері бар бункер және тыңайтқыш шашу нормасын қалыптастыруға арналған жапқыштар, тракторлармен жалғауға арналған асқыш қондырылған. Қопсытқыш органдарының жүріс тереңдігін бұрандалы механизм арқылы іске қосатын тіреуіш-жетек доңғалақтарды көтеріп-түсіру нәтижесінде қалыптастырылады. Қопсытқышты сақтауда тіреуіш тірек қызметін атқарады. Қопсытқышты жұмыс қалпынан тасымал және қайта жұмыс қалпына қою трактордың гидрокөрсеткіштігі арқылы атқарылады. Агрегаттың жүріс жылдамдығы 2,5 км/сағ болған кездегі жұмыс өнімділігі (70 см тереңдік-те ) 0,3га. Жерді тілгілеуге қолданылатын машиналар мен құралдар. Тілгілеу өңделмеген жерде де, беткейлердегі егістік жерлерде де жүргізіледі. Беткейлерде қар мен жаңбыр суын көп жылдық шөп пен күздік дақылдар егісіне бөгеу мақсатында жерді тілгілеу үшін ПРВН- 2,5А жүзімдік плуг қопсытқыштарын, КЗУ- 0,3 арық қазғыш-тегістегіштерді және ЩН- 2-140 тілгілеуіш-үңгілеуішті пайдаланады. ШН-2-140 тілгілеуіш-үңгілеуіш-аспалы құрал. Ол дискілі пышақ, тіреуіш доңғалақ, тілгілеуіш пышақ, пышаққа орнатылған үңгілеуіш, дестелеуіш, қашау бекітілген рамадан тұрады. Жел эрозиясымен күрес жүргізуге арналған машиналар. Жел эрозиясы күшті болатын аудандарда жерді өңдеген уақытта топырақтың шаңдануын болдырмау- қазіргі агротехникадағы маңызды шаралардың бірі. Себу алдында жер өңдеуде және парды баптап- күту кезінде дискілі сыдырғыштарды қайырмасыз құралдармен алмастыру қажет. Тез шаңданатын жеңіл және карбонатты топырағы бар жерлерде сүдігер егістігіндегі паяларды мейлінше сақтап қала отырып, қайырмасыз жырту қажет. Өйткені пая қардың қалың жиналуынан, топырақты терең тоң болып қатып қалудан, қыс пен көктемгі эрозиядан сақтайды, көктемгі қар суының жерге жақсы сіңуіне себепкер болады және топырақтағы ылғалдың булануын, желмен үрленуін азайтады. Жерді қайырмасыз өңдеуді негізгі екі түрге бөлуге болады:жердің үстіңгі бетін астарлай өңдеу және пая топырақтың үстіңгі қабатына аздап көмілген кезде жер қыртысын аударыстырмастан, топырақты ішінара қопарыстыра қопсыту. Топырақты қайырмасыз өңдеу үшін мынадай машиналар қолданылады. КШP-3,6А шангілі культиваторы арамшөптерді отауға, топырақты қопсытуға, сондай-ақ себу алдында топырақты культиваторлауға арналған. Топырақты өңдегенде ол паяға зақым келтірмей, оны егістік бетіне қалдырып кетеді, сондықтан ол жел эрозиясына ұшырайтын және ылғалы жеткіліксіз аудандарда пайданылады. Алмал-салмалы тіркесі болғандықтан культиватор аспалы күйде де тіркемелі күйде де жұмыс істей алады. Культиватор аспалы күйінде МТЗ-80 тракторына, ал тіркемелі күйінде гидроцилиндрлермен жабдықталған МТЗ-80 тракторына агрегатталған. Екі культиватор тіркелген күйінде СП-11 тіркеуішімен немесе СП- 16 тіркеуішінің ортаңғы секциясымен ДТ-75М, Т- 150 және Т-150К тракторына, үш культиватор Т-4A тракторына, төрт культиватор СП-16 тіркеуіші арқылы К- 701 тракторына агрегатталады. Культиватор рамадан , алмалы-салмалы тіркеу тетігінен, жүріс доңғалақтарынан , теңгергіш жәшіктен және жұмыс органынан тұрады. Штанга - культиватордың жұмыс органы. Ол - көлденең қимасы 25х25 мм және ұзыңдығы 3700 мм төрт қырлы білік. Штанга культиватордың жүріс бағытына көлденең орналасады да, культиватор доңғалақтарының айналуына қарама-қарсы 1,1 м жолда 1 айналым жасайды. Штанга топырақ астымен жылжи отырып, арамшөптерді тамырмен жұлып, бетіне шығарып тастайды, бір мезгілде ол жер қыртысын аудармай, топырақтың үстіңгі қабатын қопсытады. Культиватордың жұмыс өнімділігі 1,8 га/сағ , алым ені 3,6 м және өңдеу тереңдігі 5 -10 см. КПЭ-3,8 ауыр культиваторы жерді негізгі өңдеуге және себу алдында паяны топырақ бетінде қалдыра өңдеуге арналған. Культиватордың біреуі ДТ-75М тракторына агрегатталады. Культиватордың бірнешеуі Т-4А , Т-150, К-701, Т-130 тракторына және әнбебап гидрофикиацияланған СП-16 тіркеуішіне агрегатталады. Культиватор рамадан, тіркестен, жұмыс доңғалақтарынан, жұмыс органдарын көтеру механизімінен, жұмыс органдары бар грядильден, жалғастыру буындарынан тұрады. Культиватор рамасы тікбұрыш формасында пісіріліп жасалған. Ол параллель қойылған үш брустан - жапсырмасы бар бұрыштамамен өзара қосылған тікбұрыш қималы түтіктерден жасалған. Раманың бүйірлері бойлық брустарымен шектелген. Олардың жалғамаларды бекітуге арналған бір-бірден фланеці болады. Раманың әрбір брусына тіркесті жалғастыратын екі құлақша орнатылған. Тіркес көп тармақты, алмалы-салмалы бұрыштамалардан тұрады. Ортадағы төрт бұрыштама раманы жоғарғы және төмеңгі жағынан ұстап тұрады және өзара болттармен жалғастырылған. Тіркестің бүйір тармақтарының бір ұшын тіркеме құрылғысының жоғарғы орталық бұрыштама-маларына, екінші ұшын раманың құлақшаларына бекітеді. Тіркеу тетігінің алдыңғы жағында төмендеткіші болады, ол тіркеу тетігінің орталық бұрыштамаларымен болттар арқылы жалғастырылған. Төмендеткішке топса арқылы қапсырма жалғастырылған. Культиватордың жүріс доңғалақтары пневматикалы, оның мөлшері- 6-16, №207 және 208 шарикті подшивниктерде айналып тұрады. Шинадағы ауа қысымы 0,25 МПа . Доңғалақтардың күпшектерінде солидолды шприцпен айдап енгізетін май құтылары болады. Жұмыс органдарын көтеру механизмінің негізгі бөлшектері- тартқышқа топсамен жалғастырылған кронштейн және теңгергіштер, жапсыра пісірілген түтіктер. Тартқыш топса арқылы тербелгішпен , ал тербелгіш өз кезегінде тіркеу тетігінің орталық бұрыштамаларына жалғасқан. Тіркеу тетігі раманы жұмыс органдарымен тасымал қалпында ұстап тұратын екі тасымалдау тартқышы бекітілген . Теңгергіштері бар түтікті құйма кронштейнде қиыстырылады, ал кронштейндерді Дәріс №10 Жер жырту агрегатын жабдықтау. Жер жырту агрегатын жабдықтағанда трактордың қуатын неғұрлым түгел пайдаланытндай етіп жабдықтайды. Шағын және әр түрлі формадағы учаскелерді жырту үшін Т-25А тракторына агрегатталған бір,екі немесе үш корпусты ПН-30Р плугын қолданады немесе ПЛН-3-35 плугын МТЗ-80/82 тракторымен агрегаттайды. Поволжье мен Қазақстанның және басқа да далалы аймақтарын жырту үшін біздің өңдірісіміз қуаты үлкен әрі шапшаң жүретін тракторлар шығарады, мысалы, К-700А, К-701, Т-150, Т-150К. Мұндай қуатты траклардың болуы қазірдің өзінде жер жыртатын агрегаттардың қнімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. К-701 тракторы мен жартылай аспалы тоғыз корпусты ПТК -9-35 плугынан құралған агрегаттың қнімділігі 2,76 га/сағ. Жоғары жылдамдықпен жұмыс істегенде егістік күйінің маңызы зор. Тегіс емес жерлер, жиналмаған сабандар, жолдар, терең бороздалар жұмысты қиындатады, шапшаң жүретін трактор агрегатының өнімділігін азайтады. Жоғарғы жылдамдықта плугтың жұмыстық тетіктері жиі-жиі жер бетіне шығып кетеді, болттық жалғастырулар босайды, әлсіз пісірілген жапсарлар мен басқа да жалғастырғыш детальдар бұзылады. Плугтың жұмысы жоғары сапалы және өнімді болуы үшін түрендердің кескіш жүздерінің өткір бөлуін қадағалау қажет. Өтпейтін жүздерді созып өткірлейді. Кәдімгі стандартты түрен бірінші созуға дейін 2,0-3,5 га жер айдайды. Егер түренді қатты қорытпа етіп балқытып дәнекерлеп, өзі қайралатын етіп жасаса, онда оның жүздерін жүздерін созбастан 50-дан артық жер жыртуға болады. Плуг конструкциясына шолу. Жалпы жұмысқа арналған жартылай аспалы плугтар. ПТК-9-35 тоғызз корпусты жартылай аспалы плуг меншікті кедергісі 88,3 кПа-ға дейін жететін, тасы жоқ топырақты тереңдігін 30 см-ге жеткізіп жыртуға арналған. К-701, К-700А тракторларына агрегатталады. Плугтың конструкциясы, оның бір корпусын жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Плуг тырмаға арналған тіркемемен жабдықталған және каток тіркейтін де орын бар. ПТК-9-35 плугы металл доңғалағы бар оң және алдыңғы тіреуіш доңғалақтарының механизмдері орнатылған рамадан, шым аударғыштан, корпустан, пневматикалық доңғалақтары бар тасымалдау механизмінен, сигнал қалқандарынан, аспадан, май түтіктерінен жіне плугтың артқы корпусының алдына орнатылған дискілі пышақтан тұрады. Плуг рамасы өзара топсамен жалғасқан үш қуыс брустан жасалған. Негізгі, бойлық, көлденең бруста өзара топсалармен жалғасқан. Көлденең және бойлық брустарды жалғайтын топса жылжымалы. Топсаны бойлық брустың бойымен жылжыту арқылы негізгі брустың қалпын және плугтың алым кеңдігін өзгертеді. Негізгі брустың артқы ұшы алмалы-салмалы болғандықтан, плугты сегіз корпусты етіп құрастыруға мүмкіндік береді. Плуг корпусы сегіз табаннан тұрады, оның төменгі штампталған ұшына құйма табан үш болтпен бекітіледі. Осы табанға түрен, қайырманың қанаты мен төсі және жақтау орнатылады. Тіректің жоғарғы ұшында эксцентрик жұдырықшасы пісіріліп бекітілген арнаулы кронштейнге тірек қамыттарымен бекиді. Плугтың алым кеңдігі өзгергенде, жылжу бағыты бойынша жұмыс қалпын сақтау үшін қамыттарды босатып, корпустарды тиісті шамаға бұруға болады. Шым аударғыш төменгі штамтталып жасалған, ұшына түрен мен қайырма бекітілетін дөңгелек тіректен тұрады. Тіректің жоғарғы жұмыр ұшы арнайы құйылып жасалған тұтқышқа еніп тұрады да, қосадқы гайкасы бар винттермен оны қажетті қалыпта тұрақтандырады, сол үшін тірекке тұрақтандырғыш винт ұшы ентін алты ойық жасалған. Шым аударғыштың тұтқышы негізгі брусқа қамыт пен гайка арқылы бекиді әрі ол брус бойымен жылжи алады. Шым аударғыштың дөңгелек тірегі оны ұстағышпен бұруға мүмкіндік береді, сөйтіп плугтың алым кеңдігі өзгергенде шым аударғышты жүріс бағытымен дұрыс қоюға жағдай туғызады. Тасымалдау механизмі плугты жұмыс қалпынан тасымалдау қалпына немесе керісінше аудару қызметін атқарады. Ол раманың бойлық және негізгі брустарына бекітілген, ұштарында цифрлары бар, көлденең брустан тұрады. Көлденең брусттың оң және сол жағындағы цапфаларына, ұштарына пневматикалық доңғалақтар орнатылған, консольдар бекітіледі. Консольдардың жоғарғы ұштары гидроцилиндрлермен жалғасады. Плуг тасымалдау кезінде екі пневматикалық доңғалақтармен жылжиды. Топырақ жырту кезінде оң доңғалақ жоңары көтеріліп қойылуы тиіс және жер бетінен жоғары тұрғанда қозғалмастай етіп бекітіледі, ал сол доңғалақ жырту тереңдігін реттейді. Реттеу, сол жақ консольдың жоғары қарай жылжуын шекткп тұратын винт арқылы жүзеге асырылады. Пневматикалық доңғалақтар шинасындағы ауа қысымы 0,35 МПа болуы тиіс. Алдыңғы тіреуіш доңғалақтың механизм тіректен, жартылай осьтен, күпшектен және құрсаудан тұрады. Онымен жер жырту кезінде плуг рамасын тегістейді, ал рлугты шығарып қойғанда алдыңғы доңғалақ тірек қызметін атқарады. Ол екі құрсаумен бойлық брусқа бекітіледі. Ол жоғарғы ұшына құйрықты гайка, ал төменгі ұшына жартылай ось бекітілген тіректен тұрады. Құйрықты гайка реттегіш винт өтіп тұратын бұрандалы тесікпен жабдықталады. Тіректің төменгі ұшына доңғалақ бекітілетін жартылай ось орнатылған. Корпустар болаттан құйылып жасалған тіректерден және оған бекітілген түрен мен қайырмадан тұрады. Екінші мен үшінші қабаттағы корпустардың атыз тақтайшалары бар. Плуг корпустарын алмастыру арқылы онымен екі немесе үш ярусты етіп жер жыртуға болады. Үш ярусты плугпен жер жыртқанда топырақтың жоғарғы қабаты аударылып, жердің бетіне түседі, екінші қабаты өзара орын алмастырады, яғни екінші қабат тереңге түседі де үшінші қабат оның орнына ауысады. Жер жыртудың мұндай схемасы плугтың алдыңғы жағына орналасқан корпус арқылы жүзеге асады, өйткені ол топырақтың жоғарғы қабатын аударып үшінші қабатқа түсіреді. Аддыңғы корпустан кейін орналасқан корпус оған қарағанда оңға қарай орнатылғандықтан топырақтың үшінші қабатын оның үстінде жатқан бірінші қабатпен қоса көтереді де, оларды аудармастан бір шетке қарай жылжытады. Осымен бір мезгілде плугтың арт жағында орналасқан корпус, оның алдындағы ұзын қайырмалы корпус ашып кеткен борозда түбіне екінші қабатты аударып түсіреді. Ортаңғы корпустан жылжып шыққан үшінші мен бірінші қабат борозда түбіне түскен екінші қабатты жауып қалады. Плугты екі корпусты плугпен жырту үш тәсілмен жүргізілуі мүмкін. Бірінші тәсіл - топырақтың жоғарғы қабаты жер бетіне салынады, ал екінші мен үшінші қабат өзара араластырылады. Ол үшін алдыңғы корпусқа ұзын қайырма орнатылады, ортаңғы корпустағы ұзын қайырманы қысқасымен салмастырады, ал корпустың өзін алдыңғы корпустың ізімен жүретіндей етіп рама ішіне орнатады, артқы корпусты алып тастайды. Екінші тәсіл - топырақтың жоғарғы қабатын тереңге көмеді, ал төменгі екі қабаты аудармастан бір корпуспен жоғары көтереді. Мұндай технологиялық процесті орындау үшін артқы корпусты алып тастайды да, оның орнына алдыңғы корпусты орнатады, ортаңғы корпус орнында қалады. Мұндай екі корпуспен жер жырту схемасы жоғарғы қабаты кұрылымсыз топырақтар үшін қолданылады. Үшінші тәсіл - топырақтың жоғарғы қабатын плантаждық типте жыртады. Бұл жағдайда артқы корпус алынады, ал ортаңғы корпусты алдыңғы корпустың ізімен жүретіндей етіп рама ішіне орнатады. Плугты трактормен агрегеттағанда оның аспалы жүйесін екі нүктелі схемаға келтіреді. Жоғарғы және горизанталь аспа тартқыштарын шеткі оң жақтағы орынға бекітеді. Аспа механизмінің айқыш тартпалары берік болуы тиіс. Плугты асу үшін трактор аспасы горизанталь тартқыштарының шар тәрізді втулкалары өздеріне сәйкес цапфаларға дәл келетіндей етіп тракторды шегіндіреді. Содан кейін кезекпен шар тәрізді втулкалары цапфаларға кигізеді де оларды алмалы-салмалы штырьлармен бекітеді. Аспа механизмінің жоғарғы тартқышты плуг аспасының айқыш тартпасына штырьмен қосылып бекітіледі. Горизанталь тартқыштардың блокировкалайтын шынжырлары аз салбырайтындай, ал тасымалдау қалпында трактор гидроаспасынын, төменгі осін бекітітін бугель шпилькаларына гидроцилиндрден күш түспейтіндей етіп реттейді. Бірінші борозданы салып жер жырту кезінде ортаңғы корпус 15-20 см тереңдікте болуы керек. Плугтың екінші жүрісінде корпустарды жыртудың берілген тереңдігінде жүретін етіп кояды. Плуг бір жағына тартпай, берілген бағыт бойынша бороздамен орнықты жүруге тиіс. Плугтың қисаюынан жырту тереңдігі біркелкі және борозда түбі тегіс болмауы мүмкін. Егер плуг рамасы осы жаққа еңкейіп жүрсе, онда трактор аспсының оң жақтағы төменгі тартқыш буынындағы айқыш тартпаны ұзарту, ал оңға еңкейсе, қысқарту керек. Трактор жылдамдығы 5,0 км/сағ, алым ені 40 см жырту тереңдігі 40 см болғанда плугтың өнімділігі 0,2 га/сағ. Дәріс №11 Шағын тракторлар <<718>> модельді шағын трактор. Бұл трактор тарту күші 2,0 кН болатын класқа жатады. Мұны Кутаисидің шағын тракторлар заводы шығарады. Мұнымен ауыл шаруашылығындағы өсімдік күтіп - баптау жұмыстарының барлығын жүргізе алады. Оған қосымша құрылыста да, комуналды шаруашылықта да қолданылады. Шағын трактордың негізгі топтарына двигатель, трансмиссия, жүріс бөлігі, қуат алу білігі сияқты қондырғылар жатады. Олардың құрылысы мен жұмысы бізге алдыңғы бөлімдерден белгілі тракторлардан айырмашылығы жоқ десе де болады. Сондықтан да төменде тек солардың ерекшеліктеріне тоқталамыз. Трактор РД - 180 маркалы екі цилиндрлі төрт тактылы дизельді двигательмен жабдықталған. Оның негізгі сипаттамалары 1,3 - кестеде көрсетілген. Трансмиссиясы ілінісу муфтасынан беріліс қорабынан алдыңғы және артқы жетек белдемесінен екі қуат алу білігінен тұрады. Ілінісу муфтасы бір дискалы, құрғақ. Беріліс қорабы алға қарай екі диапазонға бөлінген алты беріліс, артқа қарай үш беріліс жасайды. Алдыңғы және артқы жетекші белдемелерде жұдырықшалы муфталармен біріктірілген дифференциалдар орналасқан. Солардың көмегімен трактор тура жүрген кезіндегі дөңгелектердің тығылуын болдырмайды. Қуат алу біліктері екі режимді: 568 және 836 айналыс/ мин жасайды. Олардың екеуі де артқа шығарылған бірақ біреуі жерден 446 мм, ал екіншісі 516 мм биіктікте орналасқан. Олар іске беріліс қорабы арқылы қосылатындықтан одан тәуелді жұмыс бойынша алдыңғы қуат алу білігімен де жабдықталады. Жүріс бөлігі барлығыда жетекші төрт дөңгелектен және ортасынан сына алатын тұғырдан құралған. Ортасынан топса арқылы жалғасқан тұғырды червякті берілісі бар рульдік механизм басқарады. Осындай құрылған жүріс бөлігі тракторды шұғыл бұруға мүмкіндік береді. Ең аз бұрылу радиусы 1,8 м. МТ - 14С шағын тракторы алдында айтылған <<718>> модельді шағын трактордың бір түрі болып табылады. Өйткені оның көптеген тораптары сол трактормен бірдей жасалған. Атап айтқанда двигателі трансмиссияның негізгі бөліктері және сол сияқты. Оның айырмашылығы тұғыры ортасынан сынатын емес, керісінше рамалы етіп жасалған. Жетекші бір ғана белдемесі бар. Екінші белдемесі басқарушы қызметін атқарады. Оның үстіне трактор агрегаттарын орналастыру да бөлекше жасалған. Бұл трактордың да көрсеткіштері 1,4 - кестеде келтірілді. Т- 08 шағын тракторы Бұл трактор шағын тракторлардың жеңіл түріне жатады және тарту күші 2,0 кН болады. Мұны Харьковтың трактор завады щығарды. Двигателі үшін екі цилиндрлі карбюраторлы УД - 25 маркалы двигатель қолданылған. Трансмиссиясы бір дискалы құрғақ ілінісу муфтасынан шестернялары тұрақты тістесіп тұратын беріліс қорабынан екі сатылы басты берілістен және жандық редукторлардан құралады. АМЖК - 8 шағын тракторы. Бұл тракторды Гомсельмаш заводы шығарды. Ол көбінесе мал шаруашылығында қолдануға арналған. Оның үстіне алдыңғы Т- 08 тракторының істеген жұмыстарын да істеі алады. Аталған тракторда УД - 25Г двигателі қолданылады.Жүріс бөлігі кәдімгі тракторлар сияқты алдыңғы басқаратын артқы жетекші дөңгелектерден тұрады. Ілінісу муфтасы құрғақ екі дискалы. Одан беріліс белдік арқылы беріліс қорабына жеткізіледі. Беріліс қорабы алға бес артқы екі беріліс жасайды. Басқа топтарында айтарлық ерекшелік жоқ. МТ З -220шағын тракторы. Мұны Минскінің трактор заводы шығарды. Ол трактордың алдыңғы белдемесі басқаратын ал артқы белдемесі жетекші. РД - 180 двигателімен жабдықталған. Ілінісу муфтасы бір дискалы құрғақ тұрақты қосылып тұрады. Беріліс қорабы шестернялар тұрақты тістесіп тұратын екі еселегіші бар механикалық редуктор. Дәріс №12 Автомобильдердің жалпы құрылысы Автомобильдер құрылысы жағынан өте күрделі машиналар қатарына жатады. Өйткені оның құрамына бірнеше механизмдер мен жүйелер кіреді және олардың құрылыстары әр түрлі болады. Кузов тасылатын жүкті орналастыруға арналған. Сондықтанда ол таситын жүктің түріне қарай әртүрлі болады. Мысалы жүк таситын машиналардың кузовы науа тәрізді жасалып жүргізуші отыратын кабина жасалады. Ал адам таситын жеңіл машына мен автобустардың кузовына орындықтар қойылып тиісті санитарлық жағдайлармен қамтамассыз ететін қондырғылыр орнатылады. Двигатель автомобильдің жүруіне және басқа жұмыстарға арналған қажетті қуатты тудыратын бөлігі. Оның негізгі жұмыс принципі энергияның бір түрін екінші түріне айналдыру болып табылады. Осы двигательден алынған механикалық энергия автомобильлдің жүргізгіш дөңгелегіне беріледі де ол жол бетімен жанасып автомобильді қозғайтын күш тудырады.Сөйтіп автомобиль жол бетімен жүруге мүмкіндік алады. Сондықтанда двигательдің басқа осындай жұмыс атқаратын генератордың айырмашылығы, двигательден тек қана механикалық энергия алынады, ал генераторларда энергияның басқа түрлері де алынуы мүмкін. Мысалы электр энергиясы, жылу энергиясы т.с.с. Шасси деп автомобильдің жол бетімен жүруге арналған бірнеше қондырғыларын біріктірілген бөлігін айтады. Оған трансмиссия алдыңғы және артқы белдемелер жүретін дөңгелектерімен машина тұғыры дөңгелек аспалары рульдік және тежегіш қондырғылар кіреді.осы қондырғылардың әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын бірнеше механизмдермен жүйелерден тұратын күрделі қондырғы болып табылады. Трансмиссия двигательден келген қуатты машинаның жүретін дөңгелегіне жеткізіп беретін қондырғы. Ол тек қуатты тасымалдап қана қоймайды оны машина қажетіне қарай түрлендіріп өзгертіп береді.Себебі машинаға жүргізуге қажетті күш көп болған жағдайда автомобильдің артқа қарай жүруін де қамтамассыз етеді. Сөйтіп трансмиссия көптеген қызмет атқаратын күрделі қондырғы. Алдыңғы және артқы белдемелер. Негізінен автомобильдің салмағын дөңгелектер арқылы жол бетіне түсіру қызметін атқарады.Осыған қосымша ол белдемелерде бірнеше түрлі механизмдер орналасады. Мысалы артқы жетекші белдемеде трансмиссияның аспаныңысалы артқы жетекші белдемеде трансмиссияның аспаның тежегішті т.с.с бөлшектер орналасады. Машина тұғыры автомобильдің шасси бөлігінің барлық механизмдерімен қоса двигательмен кузовты да бекітуге арналған қондырғы. Ол өздерінің құрылысына қарай әртүрлі болады. Кейбіреуі арнаулы рамадан жасалып көбінесе жүк машиналарында бөлек қондырғы құраса кейбіреуі кузовпен бірге жасалады. Дөңгелек аспалары алдыңғы және артқы белдемелерді машина тұғырына бекітіп қана қоймайды жүріс кезінде автомобильдің жүрісін жұмсарту қызметін атқарады. Себебі жүріс дөңгелектері жол бетінің бедерімен жанасқан кезде неше түрлі туып автомобильді тербеліске келтіреді. Егер ол тербелістің амплитудасын азайтып жиілігін бір қалыпөа келтірмесе машинаның жүріс жұмсақтығы бұзылады. Сөйтіп оның жұмыс өнімділігіне кері әсерін тигізеді. Басқару жүйесі көптеген механизмдерден құралады.олардың негізгісі машгинаның жүріс бағытын басқаратын рульдік механизм. Сол рульдік механизм арқылы автомобильдің жүрісін берілген траектория арқылы бағыттап отырады. Тежеу жүйесі автомобильдің жылдамдығын азайтып тіпті тоқтату қызметін атқарады. Сондықтан да бұл механизм автомобильдіңдің барлық жүріс дөңгелектерінде орналасып оның айналуын тежеу арқылы ауырлатады да жүріс жылдамдығын азайтуға мүмкіндік береді. Автомобильдің осы айтылған бөліктерінің орналасуы әртүрлі болуы мүмкін. Оның негізгі себебі олардың эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту болып табылады. Автомобильдердің осы бөліктері оқулықта үш бөлімге бөлініп қаралады. Сол кезде олардың орналасу ерекшеліктері артық - кемшіліктері түрлері құрылыстары жұмыс істеу принциптері егжей тегжейлі талданады. Көбінесе бір механизмнің негізгі принципі толық түсіндіріліп басқаларының ерекшеліктері аталып өтеді. Себебі ондағы кездесетін механизмдер мен қондырғыларды бір оқулықтың көлеміне сидыру мүмкін емес. Дәріс №13 Трактордың жалпы құрылысы.Тракторлармен автомобилдердің жалпы құрлысы. Мотор трансмиссиясы, жүріс бөлігі, басқару механизмі және қосымша жабдықщтар. Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар мынандай негізгі бөліктерден құралады: двигатель, трансмиссия, жүргізгіш блок, басқару механизмдері және қосалқы жабдықтар. Олардың әрқайсысы әр түрлі қызмет атқаруға арналған. Двигатель негізгі қуат көзі болып табылады. Ол жанған отынның алынған жылу энергиясын тракторге жүргізуге керекті механикалық энергияға айналдырады. Энергияны бір түрден екінші түрге айналдыратын двигатель қондырғыларының бірнеше түрлері бар.Оардың бір электр қуатын екіншісі судың немесе желдің ағындық энергиясын т.б. энергияны механикалық энергияға айналдырады. Бірақ солардың ішіндегі ең қолайлы түрі жылу двигательдері. Оларды жанған отынның жылулық энергиясын механикалық энергияға айналдыратындықтан жылу двигательдері деп атайды. Жылу двигательдері іштен және сырттан жанатын двигательдер болып екіге бөлінеді. Сол еккуінің көп тараған түрі іштен жанатын двигательдер. Себебі, олардың басқаларына қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Іштен жанатын двигательдердің өзі жұмыс принциптеріне қарай екі түрге бөлінеді. Олар: дизельді және карбюраторлы двигательдер. Ауыл шаруашылығы тракторларында тек дизельді двигательдер қолданылады. Двигательден алынған механикалық қуатты трактор жүріс бөлігіне жеткізетін механизмдерді трансмиссия деп атайды. ОЛ негізіне мынандай міндеттер атқарады. Двигательден алынған айналдыру моменті жүріс дөңгелектерін айналдыруға керекті моменттен бірнеше есе аз болғандықтан трансмиссияның көмегімен двигательдің айналдыру моментін жүргізгіш дөңгелекке бірнеше есе арттырып жеткізеді. Жұмыс кезінде тракторға түсетін күш атқаратын жұмыс түріне байланысты азайып немесе көбейіп отырады. Сол күш азайғанда трактордың жүріс жылдамдығын арттыру немесе керісінше болғанда жылдамдықты азайту қызметінде трансмиссия атқарады. Ол үшін жылдамдықты өзгерткіш арнаулы қорап қолданылады. Осыоарға қосымша трансмиссия двигательден алынған қуатты алдымен трактордың ұзындық бағыты бойынша сондықтан кейін жүріс дөңгелектеріне көлденең бағытта бұрып беру қызметін атқарады. Құрылыстарына қарай трансмиссия бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгілері механикалық, гидромеханикалық, электромеханикалық және т.б . Тракторларда көбінесе механикалық трансмиссия тек кейбіреулерінде ғана гидромеханикалық немесе электромеханикалық трансмиссиялар қолданылады. Сол себепті төменде механикалық трансмиссиялар туралы анықтама береді. Жүріс бөлігі тракторды жер бетімен қозғалту қызметін атқарады. Ол жүргізгіш мүше мен тұлғадан тұрады. Трактор тұлғасына рама, жартылай рама немесе жоғарыда айтылған механизмдердің қораптары жатады. Сондықтанда тракторларды тұлғасының түріне қарай рамалы және рамасыз тракторлар деп бөледі. Трактордың барлық механизмдері осы тұлға арқылы бекітіледі. Жүргізгіш мүшелер құрылысына қарай дөңгелекті және шынжыр табанды болып екі түрге бөлінеді. Дөңгелекті жүргізгіш мүшелер үшін көбінесе пневматикалық шиналар қолданылады. Олар екі-екіден бір оське бекітіледі де жүргізгіш бөлікті құрайды. Двигательден қуат алуына байланысты жетектеуші және жетектелуші дөңгелектер болады. Жетектеуші дөңгелектер трансмиссия арқылы двигательмен жалғасады. Сондықтан да олар жұмыс кезінде двигетельден айналыс алады да, жермен ілінісіп, трактордың тарту күшін туғызады. Осы жетектеуші дөңгелектердің санына байланысты тракторлар өтімділігі қалыпты немесе жоғары деп бөлінеді. Өтімділігі қалыпты тракторларда жетектеуші дөңгелектеріне де двигательден қуат берілсе, онда өтімділігі жоғары трактор болып табылады. Тракторлардың алдыңғы осіне бекітілген дөңгелектер көпшілік жағдайда, бағыттаушы дөңгелектерқызметін атқарады. Солардың трактор тұлғасына қарағандағы орналасу жағдайын өзгерту арқылы трактордың жүріс бағытын өзгертеді. Шынжыр табанды жүргізгіш мүшелер жетектеуші дөңгелекпен (жұлдызшамен) ілінісіп тұратын шынжырдан құралады. Жетектеуші дөңгелек айналған кезде өзімен бірге шынжырды да айналдырады. Ал шынжырлар тірек дөңгелектері арқылы жерге тиіп тұрғандықтан онымен ілініске келеді де трактордың тартк күшіне туғызады. Басқару механизмдері трактордың жоғарыда көрсетілген бөліктерінің жұмыстарын басқаруғаарналған. Олар көбінесе иінді немесе гидравликалық механизмдерден құралады. Қосалқы жұмысшы бөліктерге трактордың тіркеу немесе аспалы саймандары, тракторшының жұмыс орны (кабинасы( және тағы сол сияқтылар жатады. Олар көбінесе негізгі бөліктердің қызметін жақсарту үшін және басқа да қосалқы қызметтерді атқаруға арналған. Дәріс №13 Тракторлардың автомобильдердің типажы, тартылыстық класы, негізгі моделі, жұмысына сай бөлінуі. Тракторлар модификациясы.Тракторлардың автомобилдердің типажы, тартылыстық класы, негізгі моделі, жұмысына сай бөлінуі. Класы 6 кН тракторлардың негізгі базалық маркасының бәрі Т - 25А Владимировск трактор заводынан 1973 жылдан бері шығарылады. Бұл универсалды - қатараралық трактор және жеміс өсіруге, шөп жинауға, мал фермалары мен транспорт жұмыстарын атқаруға арналған ( двигателі ауамен салқыдатылады). Металдан жасаған кабинамен гидрофикацияланған тірегіш ілгекпен, дифференциалды біріктіретін механизммен жабдықталған. Осыған қосымша реверсті (жылдамдық бағытын өзгерткіш) механизм қойылған. Жұмыс түріне қарай трактордың екі доңғалағы арасындағы ара қашықтығын, жолдық саңылауын және базасын өзгертетін қондырғы бар. Осы кластағы трактордың мынандай модификациялары шығарылды және олардың базалық моделінен төмендегідей айырмашылықтары бар. Маркасы Т - 16 өздігінен жүретін шассилі Т - 16ММЧ шай плантациясы жұмыстарына арналған, күн қағар тент қана орнатылған; Т - 25АЗ - кабинасының каркасы өте етіп жасалған; Т - 25Аl - жоғары клинерсті (ауырлық нүктесі қте төмен орналасқан); Т - 25МГ - тауда жүретін шассилі және оның тұлғасын автоматты түрде көлденең бағытта ұстап тұратын қондырғысы бар. Осы көрсетілген өзгерістен басқа механизмдері базалық модельдікімен бірдей. Класы 9 кН тракторларының негізгі базалық моделі Т - 40М, Липецк трактор заводынан 1973 жылдан бері шығарылып келеді. Қатар аралығы өңделетін өсімдіктерді өсіру мен жинау жұмыстарына, мал фермаларында және транспортта пайдалануға арналған трактор. Двигателі ауамен салқындатылады және көптеген бөлшектері Т - 25А тракторының двигателінікімен бірдей. Трактордың руліне гидравликалық күшейткіш қойылған және гидрофикацияланған тіркеу ілгегімен жабдықталған. Бульдозермен, шұңқыр қазғышпен және әртүрлі тиегіштермен жұмыс істей алады. Бұл трактордың мынандай модификациялары шығарылады; Т - 40М - алдыңғы оське де жетекші дөңгелек орнатылғандықтан дөңгелек схемасы 4х4, оның өтімділігі арттырылған; Т - 40 АМ - төменгі клинерсті, көлбеулі беткейлердегі жұмысты атқаруға арналған; Т - 28х4 Ташкенттің трактор заводы шығарған мақта өсіру жұмыстарын орындайды. 14 кН класты тракторлардың екі түрлі базалық моделі бар. Біріншісі - МТЗ-80, 1974 жылдан бері Минск трактор заводынан шығады. Бұл трактор бұрын шығарылған МТЗ-50 тракторының өте жақсартылған моделі. Көптеген эксплуатациялық көрсеткіштері жөнінен МТЗ-80 тракторы шетелдердің ең таңдаулы тракторларымен сәйкес келеді. Оның бір өзі 20 түрлі машинамен жұмыс істей алатындығының өзі-ақ трактордың артықшылығын дәлелдейді. МТЗ-80 тракторы универсалды - қатараралық және ауыл шарушылығында кездесетін жұмыстардың барлығын да атқара алады десе де болады. Оның мына төмендегідей модификациясы шығарылады. МТЗ-82 өтімділігі жоғары, дөңгелек схемасы 4х4, алдыңғы оське қозғалыс автоматты түрде беріледі,екі доңғалақ аралығында жоғары үйкелісті, өздігінен біріктірілетін дифференциал қойылған; МТЗ-82Н төменгі клинерсті; МТЗ-82К көлбеулігі 20º беткейдегі жұмыстар үшін; МТЗ-82Р күріш өсіру жұмыстары үшін; МТЗ-82Х мақта өсіру жұмыстары үшін пайдаланылады. Бұл кластың екінші базалық моделі ЮМЗ-6Л. Оны Днепропетровск қаласындағы оңтүстік механикалық завод шығарады және универсалды-қатараралық жұмыстарға арналған. Бұл трактор МТЗ-80 тракторы орындайтын жұмыстардың көпшілігіне жарай береді, тек двигатель қуаты 45квт қана болғандықтан өнімділігі одан төмендеу болып келеді. Класы 20 кН тракторының Т-70С маркасы шығарылады. Мұны Кишинев трактор заводы негізінен қант қызылшасы плантациясының жұмыстарын атқаруға арнап 1975 жылдан бастап шығарып келеді. Бұл бұрынғы қуаты аз Т - 54С, Т-38М тракторларының орнына қолданылады және оларға қарағанда өнімділігі 27 % артық. Осы кластағы тракторлардың екеуі де шынжыр табанымен жабдықталған. Осы трактордың ДТ - 75М моделін Павлодардың трактор заводы шығарады. Оған қуаты 66 квт болатын А-41 двигателі қойылған. Соның есебінен бұл модификацияның өнімділігі ДТ-75-ке қарағанда 11% артық. Келешекте осы модельді жақсартып, двигатель қуаты 90 квт ДТ-75МН моделі шығарылмақ. 30 кН класындағы трактордың негізгісіне Т-150 К дөңгелекті тракторы жатады. Оған трубокомпрессоры бар двигатель қойылып, оның қуаты 120 квт дейін жеткізілген. Жалпы агрегаттарының орналасуы басқа тракторларға қарағанда өзгеше. Өйткені, оған ортасынан топсамен жалғастырылған жартылай рамалар қолданылғандықтан , оның құрылысына едәуір өзгешеліктер енген. Осыған қосымша трансмиссиясында жылдамдық берілісін тракторды тоқтатпай - ақ алмастыратын беріліс қорабы бар. Т-150К тракторының мынандай модификациялары жасалады; Т- 150КМ, двигатель қуаты 150 квт. жеткізілген; Т- 157 - орман шарушылығы үшін қарағай таситын түрі; Т - 158 өндірістегі жалпы жұмысқа арналған. Харьков трактор заводының тағы бір негізгі өніміне Т - 150 маркалы шынжыр табанды трактор жатады. Оның да көптеген өзгешеліктері бар. Негізгі өзгешеліктеріне әрбір шынжыр табанға двигатель қуатын жеке-жеке жеткізетіндігін жатқызуға болады. Ол үшін екі ағынды беріліс қорабы орнатылған . Осындай өзгешеліктің нәтижесінде тракторды бұратын механизм мүлде қарапайым етіп жасалған, яғни тракторды бұру үшін беріліс қорабындағы бір білікті тоқтатса болғаны. Класты 40 кН тракторының негізгі базалық моделі жалпы жұмысқа арналған Т- 4А маркасы. Оны Алтай трактор заводы (Рубцовск қаласы) шығарады. Айтарлықтай ерекшелігі жоқ. Т - 4АП - 1 модификациясы өңдірістегі жұмыстарға арналған; ТТ - 4 орман шарушылығында қарағай тасу, ал ВТМ - 4 қарағайды жығу, тасу жұмыстарын орындайды; ТМЛ - 110 (ТЛМ - 4) мелиоротивтік меншікті қысымы 2 н/ см² шамасына дейін азайтылған. Класы 50 кН тракторларындағы негізгі базалық модельдер ауыл шаруашылығына , ал модификациялары өңдіріске арналған. Негізгі базалық моделіне Ленинградтағы Киров атындағы трактор заводы шығаратын, жалпы жұмысқа арналған, өңделетіндер ауданы үлкен шаруашылықтар үшін қолданылатын дөңгелекті тракторлардың К - 700А және К - 701 маркалары жатады. К - 700 А маркасында 8 цилиндірлі , трубокомпрессорлы, қуаты 150 квт. двигатель орнатылған, ал К - 701 маркасына 12 цилиндірлі, қуаты 220 квт трубокомпрессорлы жоқ двигатель қойылған. Олардың да құрылысына басқа кластағы тракторларға қарағанда көптеген техникалық жаңалықтар енгізген. Негізгісіне жүріп келе жатқан жылдамдықты алмастыратын қораппен өздігінен біріктірілетін дөңгелек аралық дифференциалды жатқызуға болады. К - 702 модификациясы өңдірістегі жалпы жұмысқа , ал К - 703 орман шарушылығына арналған. Бұл класс бойынша двигатель қуаты 370 квт жеткізілген , К - 710 маркасы келешекте шығарылмақ. Дәріс №14 Іштен жан атын автотракторлар моторлары. Мотордың жалпы құрылысы Іштен жанатын автотрактралдер моторлары.Мотордың жалпы құрылсы. Іштен жанатын поршеньді двигательдердін жұмыс принциптері. Іштен жанатын поршенді двигательдердін жұмыс принциптері мынадай процестерге негізделген. Цилиндр ішінде поршень ілгері кейінді қозғалып тұрады. Сонын қозғалысының салдарынан цилиндр ішінде неше түрлі құбылыс пайда болады. Ал цилиндр үсті басымен бекітілген ал оның сыртпен қатысуы соратын ,шығаратын клапондар арқылы жүргізіледі. Поршень жоғарыдан томен қарай жылжиды,яғни поршеннін үстіндегі кеністік көбейеді. Олай болса оның ішіндегі газ қысқмы азайып,вакуум пайда болады.Сол кезде соратын ашылады да сырттан ауа немесе жану қлоспасы кіреді. Бұл процесті сору процесі деп атаймыз. Оның ұзақтығы поршень төменге түскенге дейін созылады. Поршеньнің ендігі жүрісі төменнен жоғары қарай бағытталады. Сол кезде екі бірдей клапандар жабық болғандықтан , цилиндр ішіндегі газ қысылады, яғни көлемі азаяды. Мұны кысу процесі деп атаймыз. Қысылған газдың қасиеті бойынша көлемі азайып,температурасы котеріледі. Поршень жоғары жеткен кезде қысылып тұрған жану қоспасына электр үшұынын беріп тұтандырады немесе қызып тұрған ауаға жанар май шашылады да ол тұтанып жанады. Сонымен қысу процесінін соңында жану процесі іске асады. Жанған газ өте үлкен жылу бөліп шығарады да ол газдың температурасы көтеріледі, ал температура көтерілсе ,оның қысымы да артады.Мұнгы ұлғаю процесі деп атаймыз. Бұл ұлғаю процесіде поршень төмен келгенше созылады. Жанған газ ұлғайып біткенннен кейін поршень төменнен жоғары қозғалады. Осы кезде шығаратын клапон ашылыды да жанған газ сыртқа қарай поршеньмен итерілип шығады.Бұл процесті шығару процесі деп атаймыз. Енді әрі қарай осы процестер қайталана береді. Сонымен іштен жанатын поршенді двигательдердін жұмысы поршеньнінжүрісіне байланысты атқарылытын сору, қысу, ұлғаю және шығару процестеріне байланысты болады екен. Олай болса поршеньнін бір жүрісін бір такт деп атасақ ,мұндай двигательдердін төрт тактыда атқарылып бітеді. Екі тактылы іштей жанатын двигательдерде клапандар болмайды. Олардың орнына цилиндірдінң орта шеніне шығаратын және соратын тесіктер жасайды. Сол тесіктерді поршень өзі жауып, ашаып тұрады. Сонда поршеньнің жарты жүрісінде бір процесс орнатылады. Екі тактылы двигательдердің жұмысы мына ретпен атқарылады. Поршень төменнен жоғары қарай қозғалғанда сортын тесіктер арқылы ауа немесе жану қоспасы айдап кіргізіледі, яғни сору процесі поршень тессікті жапқанша жүреді. Поршень соратын және шығаратын тесіктерді жапқанннан кейін, қысу процесі басталады. Ал сол процестің соңында ,жану мен ұлғаю процесі жүзеге асады. Ал ұлғаю поршеньнің жарты жүрісіне дейін,яғни шығару тесігін поршень ашқанша ғана жүреді. Әрі қарай ашылған тесіктен жанған газ өз қалдық қысымы арқылы сырт қа шығады. Сонымен, іштей жанатын двигательдер жұмыс принциптеріне қарай екі түрлі болады, төрт немесе екі тақталы двигательдер. Осы екі түрінін коп қолдау тапқан түрі ол төрт тақталы болып саналады.себебі оның тиімдңлңк корсеткіштері екі тақталы двигательдерге қарағанда жақсы болады. Әсіресе жанар май шығыны жөнінде төрт тактылы двигатель тиімді жұмыс атқарады. Себебі екі тактылы двигательдерде сору мен шығару процестері бір мезгілде жүретіндіктен ,жанған газбен бірге сыртқа жану қоспасы да шығып кетеді де жанар май ысырабына әкеліп соқтырады. Жоғарыда айтылған жұмыс процесінде, цилиндр ішіне сору кезінде ауа немесе жану қоспасы сорылады деген. Осыған байланысты двигателдерь тағыда екі турге бөлінеді. Егер сору процесі кезінде сырттан тек ауа ғана сорылып кіріп ,қысу процесінің, соңында оған жанар май шашып араластырып ,қазған газдың температурасы арқылы тұтандыратын болсақ,ондай двигательдерді дизельді двигательдер деп атайды. Ал егер жану қоспасын цилиндр сыртында орналасқан, арнаулы аспапта дайындап , сору кезінде цилиндр ішінде сол дайындалған жану қоспасы толтырылып ,оны арнайы электр ұшқынымен тұтандыратын болсақ, онда ондай двигательдерді карбюраторлы деп атайды. Өйткені ауа мен жанар майды осы карбюраторда араластырып ,жану қоспасын жасайды. Автомобильдерді осы дизельді және карбюраторлы двигательдердің екі туріде қолданылады. Олардың өзара салыстырғанда мынадай кемшіліктермен артықшылықтар болады. Дизельді двигательдер жанар майды аз жұмсайды. Мысалы онда бір кВт қуатқа 220-245г жанар май жұмсалса ,карбюраторлы двигательдерде бұл көрсеткіш 340-350г жетеді. Двигательдердін негізгі түсініктері. Поршеннің жоғарғы және төменгі өлі нүктелері цилиндр ішімен жылжыған поршеньнің ең шеткі жағдайларын көрсетеді,яғни поршень жүріп келіп қайту үшін тоқтаған нүктелері деп атаймыз. Сонда поршеньнің иінді білік осінен ең коп алыстаған нүктесі ЖӨН,ал ең жақын келген нүктесі ТӨН олі нүктесі болады. Бұл нүктелер поршеньнің жүріс жылдамдығы нольге теңеседі, яғни ол тоқтайды да әрі қарай кері бағытта жылжып келесі өлі нүктеге жетеді. Осылайша оның жұмысы осы екі өлі нүктенің арасында қйталана береді. Поршеньнің жүріс жолы.Бұл поршеннің жүріс жолы двигательдің басқада коптеген корсеткіштерін әсерін тигізеді, ал өзі иінді біліктің радиусына тәуелді. Сонда поршеньнің жүрісі иінді біліктің жарты айналасына тең болады. Цилиндр көлемі.Поршеньнің жоғары және төменгі өлі нүктелерінің аралығында жүріп өткен кездегі босатқан кеңістіктің көлемін көрсетеді. Олай болса оның мөлшері поршень ауданы мен жүрісінің көбейтіндісімен анықталады. Қысу көлемі. Поршень ЖӨН-ге жеткеннен кейінгі оның үстінгі жағында қалған көлемді көрсетеді.Оны көбінесе жану деп те атайды. Себебі жану қоспасы осы кеңістікте алғаш тұтанып барып жанады. Ал поршень ТӨН-де тұрған кездегі оның үстіңгі жағындағы кеңістіктегі цилиндірдің толық көлемі деп атайды. Қысу дәрежесі.Цилиндірдің толық көлемінін қысу көлеміне қатынасын айтады,яғни цилиндр ішіне сорылған ауа немесе жану қоспасының көлемі неше есеге қысқартылып кішірейтілетіндігін көрсетеді. Машиналарда колданылатын іштен жанатын поршеньді двигательдердің жұмыс істеу кезінде поршеньнің жүрісіне байланысты цилиндр ішінде бірнеше құбылыс пайда болады. Сол құбылыстардың өзгешеліктеріне байланысты жұмыс процесі деп атайды.Іштей жанатын двигательдің жұмыс істеуі үшін міндетті түрде мына төмендегі төрт процесс бірінен бірі ретімен жүрүге тиіс. Олар сору,қысу,ұлғаю және шыұару процестері. Бұл процестердің орындалуы поршеньнің жүрісі мен газ тарту механизмінің жұмыс сәйкессиздігіне сәйкес келеді.Соған қарағанда такт дегеніміз поршеньнің ЖӨН-нен ТӨН-ге қарай немесе керісінше жүргендегі бір жүрісі болады екен. Двигательдің жұмыс істеу кезіндегі осы орындалатын процестердің жиынтығы оның жұмыс циклі деп аталады. Ол төрт тактылы двигательдерде поршеньнің екі жүрісінде толық аяқталады. Двигательдің тағыда бір қажетті көрсеткішіне оның жұмыс ретін жатқызуға болады. Двигательдің жумыс реті деп бір түрлі процестің цилиндрлер бойынша ауысу ретін айтады. Автомобиль двигательдері көбінесе көп цилиндірлі етіп жасалынады.Себебі бір ғана цилиндірден алған қуат автомобильді жүргізуге жеткіліксіз болады. Олай болса двигательдер бір немесе көп цилиндірлі болып ,цилиндр санына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Көбінесе 2,4,6,8 және 12 цилиндірлі двигательдер қолданылады. Қатарлы двигательдерде цилиндрлер бір-біріне жалғасып ,бір қатарда орналасады.Бұл кезде оның ұзындығы арта береді. Сондықтан двигательдің ұзындығын арттыру үшін бір - бірімен бұрыш жасап орналастырады. Көбінесе олардың арасындағы бғрыш 90 болады. Осылардың ішінде двигательдерде көп қолдану тапқан түрлері олар цилиндірлері қатар орналасқан және V-тәрізді орналасқан двигательдер. Двигательдердің жалпы құрлысы. Автомобильдер мен тракторларда қолданылатын двигательдер мынандай бөліктермен жүйелерден құралады. Кривошипті-шатунды және газ тарату механизмдері ,коректендіретін, майлайтын,суытатын, жүйелер және оталдыратын қондырғы. Кривошипті - шатунды механизм ілгері-кейін бағыттағы түзу сызықты қозғалысты түрлендіру қызметін атқарады. Жалғасады,ал шатунның төменгі басы иәнді біліктің иінті мойнына сырғымалы подшипник арқылы бекітеді. Іштен жанатын тракторлардың жұмыс циклі тғрт тактіден тұрады. Сондықтанда оларды төрт тактылі двигательдер деп атайды.Поршеннің жоғарыдан төменгі нүктесіне дейінгі немесе керсінше төменгіден жоғарғы нүктеге дейін бір такт деп есептейді. Двигательдердің жұмысы үшін мына такт кажет.Сору,қысу,кеңею, шығару.Двигательдердің қоректендіру жүйесі оны жұмыс істеуне қажетті аумен және жанармаймен қамтамасыз ету қызметін атқарады.Соған байланысты оның бір-біріне жасалған ауа және жанармай жуйесі бар. Ауа жүйесіне ауа тазартқыш пен сору түтіктері жатады.Ауа тазартқыш двигатель ішіне сорылып ауаны шаңнан мұқият тазартады. Жанар май жүйесі цилиндр ішіне жануға керекті отынды үлкен қысыммен тозаңдатып береді.Двигательдің майлау жүйесі қозғалатын бөлік аралығындағы үйкелісті азайту қызметін атқарады. Іштен жанатын поршеньді двигательдердің жалпы құрлысы иінді - шатунды механизммен,газ тарату механизмдерінен,коректендіру, суыту, майлау және оталдандыру жүйесінен құралады. Иінді шатунды механизм поршеннің ілгері-кейінді түзу сызықты қозғалысының иінді біліктің айналмалы қозғалысына өзгерту қызметін атқарады. Газ тарату механизмі цилиндр ішіндегі жүретін процестерді иінді-шатунды механизммен бірлесе отырып іске асыру. Қоректендіру жүйесі цилиндр ішіне жану қоспасын даярлау қызметін атқарады. Суыту жүйесі двигательде болған артық жылудан одан тыс шығарып, қоршаған ортаға таратып жіберу қызметін атқарады. Майлау жүйесі двигатель бөлшектерінің аралығындағы үйкеліс күшін азайту қызметін атқарады. Оталдыру жуйеси двигательді алғаш іске қосып жіберу қызметін атқарады. Дәріс №15 Трактордың элоктро техникалық жабдықтары Тракторлар автомобильдердің электр жабдықтары туралы жалпы түсінік. Автомобильдердің электр жабдықтары көптеген электрлік машиналар мен тетіктерден құралады. Олардың негізгі жұмысы двигательді іске қосу, түн мезгілінде жарық беру сияқты жұмыстар болып табылады. Осыған қосымша жүргізушінің жұмысын жеңілдететін механизмдер мен қондырғылардың жұмысын бақылайтын қызмет атқарады. Электр жабдығы өзара параллель екі жүйеден тұрады: біріншісі электр энергиясының көздері де, екіншісі электр қуатын пайдаланатын құралдар. Электр энергиясын тудыру үшін аккумулятор мен генераторлар қолданылады. Автомобильдің барлық электрлік жүйесі тұрақты тоқпен жұмыс істейді. Себебі, тұрақты токты аккумуляторға жинауға болады. Ал двигатель тоқтап тұрған кезінде де және оны оталдыру кезінде де электр қуаты қажет болады. Осындай жағдайда аккумуляторға жиналған электр қуатын пайдаланады. Аккумулятордағы жиналған электр қуатын өте ұзақ пайдалана алмайды, сондықтан да двигатель жұмыс істеп тұрған кезде онымен жалғастырылған генератордан барлық тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Осы құралдармен қатар аккумулятор да генератордан қуат алып, өзіне жинақтайды. Жұмыс кезінде двигательдің айналыс жылдамдығы өзгеріп отырады да, ал онымен жалғасқан генератордың да айналыс жылдамдығы өзгереді. Олай болса, оның беретін электр энергиясының да көрсеткіштері өзгереді. Сондықтан да генератордан шыққан энергияның көрсеткіштерін тұрақтандыру керек. Осы қызметті атқару үшін электр жүйесінде реттеуіш құралдар қолданылады. Электр қуатын пайдаланатын құралдарға алуан түрлі электр двигательдері, электр шамдары және бақылағыш жабдықтар жатады. Осылардың ішіндегі электр энергиясын ең көп пайдаланатын, негізгі двигательді оталдыруға арналған электр двигателі. Бұл электр двигателін стартер деп атайды. Стартерлер кейбір двигательдерге негізгі двигательді, кейбіреулерінде қосалқы оталдырғыш двигательді оталдыру үшін қолданады. Ол туралы двигательдің оталдыру жүйесін қарағанда айтылады. Аккумулятор Аккумулятор деп энергияны жинақтайтын құралды айтады. Автомобиль аккумуляторлары электр энергиясын химиялық энергияға жинақтап, ұстап тұрады. Керек кезінде химиялық энергия, аккумулятор ішінде реакция жүргендіктен электр энергиясына айналып, қайтадан сыртқа беріледі. Электр энергиясын жинайтын аккумулятордың бірнеше түрі бар. Солардың ішіндегі тиімді қызмет атқаратындары қорғасынды-қышқылды аккумулятор, яғни күкірт қышқылына салынған қорғасын мен оның тотығының аралығында реакция жүреді де, олар зарядталады. Бұл аккумулятордың ерекшелігі, ток көзінің кернеуі 2В болады және ол кернеу оның қорғасын пластиналарының мөлшеріне, санына байланысты болмайды. Аккумуляторларды машиналарда пайдалану үшін олардың бірнешеуін біріктіріп, бір батареяға жинақтайды. Сол батареядағы аккумулятор санына қарай электр кернеуін тиісті шамаға жеткізеді. Автомобильдерде қолданылатын электр құралдары мен машиналары 12В кернеуге есептелген. Сондықтанда аккумуляторлық батареяның кернеуін 12В етіп жасайды, яғни бір батареяда алты аккумулятор болады. Әрбір аккумулятор бөлек ыдысқа жасалады. Ыдыстың ішіне күкірт қышқылының ерітіндісі құйылады. Ерітіндіге оң және сол зарядты пластиналарды бір пакетке жинайды да, олардың аралықтарын ажыратып тұратын сеператорлар қойылады. Аккумулятордың оң мен сол зарядты пластиналарын жасау үшін алдымен сурьма (6-8%) қосылған қорғасыннан тор тәрізді етіп, қанқасын құяды. Қаңқаның ішін қорғасын тотығының ұнтағымен (активтік масса) толтырады. Толық зарядталған аккумулятордың оң пластинасы қара қоңыр түсті қорғасыннан түзіледі. Аккумуляторлық батареяның негізгі көрсеткіштеріне электрлік кернеуі мен сиымдылығы жатады. Электр кернеуі жоғарыда айтылған аккумулятор санына байланысты. Ал сиымдылығы деп толық зарядталған батареяның белгілі бір шекке дейін берген тогын айтады және ол ампер-сағатпен өлшенеді. Сиымдылықтың екі түрі болады: біріншісі - қалыпты, екіншісі - стартерлік сыйымдылық. Қалыпты сыйымдылық пен аккумулятордың кернеуі 1,7В болғанға дейін 10 сағат бойы шығарған тоғын айтады. Стартерлік сыйымдылық деп ток күші қалыпты сыйымдылықтан үш есе көп ток шығаруын айтады. Аккумуляторлық батареяларды белгілі тәртіппен, жүйелі ретпен маркалайды. Маркасында көрсетілген бірінші сан осы батареядағы аккумулятор санын көрсетеді. Сол арқылы батареяның кернеуін табуға болады. Содан кейінгі әріптер батареяның түрін көрсетеді (Т-трактордікі, СТ-стартерлік). Әріптен кейінгі сандар батареяның қалыпты сыйымдылығын ампер-сағатпен көрсетеді. Соңында көрсетілген әріптер ыдыстың материалын (Э-эбонит, П-қышқылға тұрақты қосалқысы бар асфальтті масса, В-қосалқысы жоқ асфальтті масса),сператордың материалын (М - мипласт, МС - әйнек аралас мипласт, Р - мипор) көрсетеді. Автомобильде қолданылатын аккумулятор батареяларының қышқылды және сілтілі түрлері, ал құрылысы бойынша ашық немесе жабық түрлері болады. Ашық батареяларда электролиттің құрамын (тығыздығын) тексеріп, реттеп отыру үшін арнайы қызмет көрсетіліп отырады. Жабық аккумулятор батареяларында мұндай қызмет көрсетілмейді, сондықтан олар жабық болады. Аккумулятордың қызметі электр энеогиясымен химиялық энергияға (зарядтау) және керісінше, химиялық энергияны электр энергиясына (разрядтау) жүйелі түрде айналдыруға негізделген. Қарапайым қорғасын аккумулятор электролит құйылған (тазартылған судағы күкірт қышқылының ерітіндісі) пластмассадан жасалған банкадан және екі қорғасын пластинадан беті күкірт қышқылды қорғасынмен, басқаша айтқанда, қорғасын сульфатымен жалатылған. Аккумулятор батареясы ішкі жағынан бөгеттермен бөлінген бактан (4) тұрады. Әрбір бөлікке (банкада) бір аккумулятор орналастырылады. Бакты қышқылға төзімді пластмассадан немесе эбониттен жасайды. Оның түбінде пластиналар тірелетін қырлары болады. Әр банкаға оң (2) және теріс (1) пластиналар жиынтығы орналасқан. Бананы электролитпен толтыруға қажетті тесігі бар қақпақпен (6) жабады. Құятын тесік тығынмен (5) жабылады. Тығында аккумулятор қуысын сыртқы атмосферамен жалғастырып тұратын желдеткіш тесікбар, ол химиялық реакция кезінде бөлінетін газдың сыртқа шығуы үшін қажет. Практикалық сабақтар Практикалық сабақ. Практикалық сабақтың тақырыбы №2 Практикалық сабақтың тақырыбы №3 Практикалық сабақтың тақырыбы №4 Практикалық сабақтың тақырыбы №5 Практикалық сабақтың тақырыбы №6 Практикалық сабақтың тақырыбы №7 Практикалық сабақтың тақырыбы №8
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz