Файл қосу

Ауада малдардың оттегін пайдалану мөлшері



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 
                    3-деңгейлі СМЖ құжаты
                                   ПОӘК
ПОӘК 
042-14.4.01.01.20.68/03-2014ж
<<Зоогигиена және мал шаруашылығы объектілерін жобалау>> ПОӘК 
                             Басылым № 3










					

<<Зоогигиена және мал шаруашылығы объектілерін жобалау>> пәнінен 
5В080200  -  <<Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы>>  мамандығына  
                             арналған    
                  ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       

                                       
                                       
                                       
                                       
                                Семей 2014
                                Дәріс 1,2
        Зоогигиена пәні және оның міндеті
* Пәннің негізгі түсінігі және оның міндеті.
* Ауыл шаруашылығы малдарының гигиенасының қысқаша даму сатысы.
* Зоогигиеналық зерттеулердің әдістері.
* Стресс және стрессор деген не және басқа пәндермен байланысы.
Оқулықтар:
* Гигиена сельскохозяйственных животных.Издание-3.М.1984 автор А.П. Онегов (Алексей Петрович) И.Ф Храбуситовский (Иван Францевич), В.И. Черных.
* Гигиена сельскохозяйственных животных. Книга из двух книг. Книга 1 общая зоотехния, книга 2 частная зоотехния. Автор А.Ф. Кузнецов (Анатоли Федрович), М.В. Демчук (Михаил Василевич).
* Лекция и лабораторная практика занятии
* Ветеринарная гигиена. В.И. Чержук, Б.М. Муслимов. Алматы-1994г
         1. Ауыл шаруашылық малдары туралы.
Ғалымдар рационалды әдістер қолданып малдың денсаулығын қорғауға және оны нығайтуға азықтандыруға, күтіп және өсіруге, шыққан тегіне байланысты жоғарғы өнім алуға бағытталған ілім.
Гигиена немесе зоогигиена (грек сөзі zoon-жануар, hygienos-сау),деген сөзден шыққан. Тек сау мал ғана, дені сау төл, өзіндік құны төмен жоғары өнім береді. Гигиена малдың өміріне әсер ететін климат, жер қыртысы, өсімдіктер құрамын, ауаны,азықты, суды, малдың организмін,оның өсіп жетілуін зерттей келе ортаның әсерін жойуга және азайтуға арналған ұсыныстар жасайды. Сыртқы әсер етуші факторлардың санын және сапасын зерттеп,оның малға әсерін және сауықтыру әдістерін ескертеді. Сонымен қатар малдың қоршаған ортаға қалыптасуында.
Зоогигиена сабағының негізгі міндеті гигиеналық ережелерді анықтап және малды ұстап-күту, азықтандыру гигиенасын, жас малдарды өсіру, асыл тұқымды және жоғары өнімді малдардың экономикалық тиімділігін есепке ала отырып оны шаруашылықта пайдалану ережелерін анықтау. Әсіресе малды қолда ұстауда ерекше рациональды жагдай туғызуга көңіл бөліну қажет. Мал фермаларының орналасу жерін таңдағанда, құрлыстың орналасуына және сапасына, оның көлеміне, қораның микроклиматына, ауаның алмасуына, механикаландыру жағына, малды орналастыруға, демалыс алаңдарына және баска бөліктерге ерекше көңіл бөледі. Жазғы жайлымда малды жайу және лагерде ұстау тәсілдері, күн тәртібі, малдарды шағатын жәндіктерден және т.б қорғау ережелері.
Гигиенаның міндетіне бағытты түрде еркек және ұрғашы малдарды пайдалану ережелерін, сиыр, қой, жылқы, түйе және тағы басқа салага гигиеналық әдістерді енгізу жатады.
Осы гигиенаның комплекстік шаралары іс жүзіне гигиена ғылымының бөлігі-тазалық сақтау ілмі арқылы іске асырады. Гигиена ілмі сақтандыруға бағытталған, бұл пән басқа пәндермен тікелей байланысты  физика, химия, микробиология, физиология, зоотехния және ауыл шаруашылық экономикасымен.
Гигиенаның ғылыми деректеріне байланысты жалпы сақтандыру және мал дәрігерлік, тазалық сақтау шаралары, жұқпалы, паразиттік және жұқпалы емес аурулармен күрес жургізе алады.
Зоогигиена пәні екіге бөлінеді: жалпы және жеке гигиена болып.Жалпы гигиена ауа кеңістігін, жер қыртысын, суды және суаруды, азықты және азықтандыруды, қораны және малға қарауды, сонымен қатар малды қыста және жазда ұстауды зерттейтін пән. 
Жекеше гигиена-жеке мал жүретін, жасына және малды пайдалануға (мысалы жас малдар, асыл тұқымды, сүтті, жүнді т.б.) бағытталған.
      2.Гигена пәнінің қысқаша даму тарихы.
Ауыл шаруашылық малдарының гигиенасы жалпы эвалюция формациясымен бірге дамыған. Гигиеналық әдістер және оны қолдану тәсілдері малды қолға үйретуден бастап белгілі болған. Бірнеше гигиеналық шараларды Индияда және Қытайда қолданған. Біздің эрамызға дейін 2000жыл бұрын Египетте малға мал дәрігерлік көмектер және алдын ала ауруларға ескерту шараларын қолдана білген.
Россияда гигиеналық жағдайлар XVII-ғасырдың аяғында XVIIIғасырдың басында практикаға енгізген, асыл тұқымды заводта жылқы және қой өсіру ушін.
Товарлық және асыл тұқымды мал шаруашылығының XIXғасырдың ортасынан бастап дамуына байланысты мал гигиенасына К.Дамманның басшылығы көп әйгілі болған. XXғасырдың басында Батыс Еуропада ғалым М.К.Лиммераның зерттеулері кітап болып жинақталған. Германияда,Россияда И.П.Попов, Г.И.Свитлов және Н.П.Червиннің зоотехникалық және совхоздардың шығуына байланысты ауыл шаруашылық малдарына жоспарлы түрде гигиеналық талаптар және ережелер шыға бастаған. Осы кезде мал мамандарын дайындау үшін М.Ф.Иванов, И.А.Добромыслов және Г.И.Гуриннің оқулық кітаптары шыққан. 1930жылдары зоотехникалық және мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институттері немесе зоогигиеналық лабораториялар ашылған. Зоотехника мал дәрігерлік институтта гигиена кафедра ұжымдары ашылган. Соңғы кездерде зоогигиенисттердің ғылыми және ғылыми-практикалық  байланыстары ұлғайып келеді. Көптеген зоогигиенисттер дуниежүзілік конгрестерге қатысуда.
   3.Зоогигиеналық зерттеулердің әдістері.
Қоршаған сыртқы ортаның малға тигізетін әсерін, оны дәлелдеу үшін және гигиеналық  мөлшерлер және ережелер жасау үшін әр түрлі әдістемелік зерттеулер жүргізу қажет. Оның бірі:
1.Тазалық сақтауды (санитария) тексеру әдісі. Бұл әдіспен ферманы, мал қораларын, жайлымды, лагерді, су көздерін, азықтың сақталуын және азықтандыруға дайарлауды, азық дайындайтын орындарды, малдарды күту және қарау тәсілдерін, олардың малдың денсаулығына және өніміне әсерін тексеру. Бұл әдіс физикалық, химиялық, микробиологиялық, лабораториялық зерттеулер жургізілген ауаға,суға, жер қыртысына, азыққа т.б байланысты болып есептеледі.
2.Клиника-физиологиялық байқау әдісі. Малды пайдалануға және әр түрлі жағдайларда азықтандырғанда организмде функционалдық өзгерістер болуын зерттеу, бұл әдіс қазіргі гигиенада кеңінен қолданылады. Сонымен қатар таксико-гигиеналық, клиникалық, физиологиялық, зоогигиеналық әдістемелерде қолданылады.
3.Санитарио-статистикалық әдіспен әрбір зонада, регионда, аудандарда және шаруашылықта малдың өсуін, беретін өнімін, ауруларын есепке алып осы әдіспен зерттеулер жургізіледі. Бұл әдіспен малдың өсуіне әсер ететін табиғатың ауа-райына, шаруашылықтың эканомикалық жағына, оның ішінде азықтандыруға, ұстап-күтуге анализдер жасалынып отырылу қажет. Бұнда математикалық әдістемелерді және тәсілдерді қолданып математикалық моделдерді кірістірі қажет.
                4.Экспериментальдық әдіс.
Бұл әдіспен малға әсер ететін сыртқы ортаның, оның ішінде қораның микроклиматы, азық,су, күту тәсілдері, жас малдарды өсіру және пайдалануды үйрену үшін тексеру қажет. Бұл әдістің негізгі мақсаты осы жүргізілген зерттеулер арқылы малдың өнімін жоғарлату және аурудың алдын алып гигиеналық ұсыныстар, ережелер және талаптар енгізу.


                                Дәріс 3,4
Ауаның физикалық қасиеттерінің ауыл шаруашылық малдары үшін гигиеналық маңызы.
* Денедегі жылу алмасу процессі мен сыртқы ауаның арасындағы байланыс.
* Ауа температурасының денеге тигізетін әсері.
* Ауаның ылғалдылығы, қысымы және қозғалысының гигиеналық маңызы.
1.Ауа кеңістігі комплекстік физикалық, химиялық, механикалық және биологиялық фактор, ауыл шаруашылық малдарының физиологиялық функциясына, өніміне, өз төлінен өсуіне, денсаулығына және т.б. қасиеттеріне тікелей әсер етеді. Ауа және оның кейбір элементтері, орталық жүйке тамыр арқылы организмге әсер етіп, оған қарсы реакция және адаптациялық қасиеттер туғызады. Малдың, ауа ортасына біртіндеп бейімделуіне байланысты, организм ауаның әртурлі жағымсыз әсерінен қорғанатын қасиеттер немесе өнімдерін төмендетпейтін әрекеттерге бейімделеді. Егерде қарсы күресетін қасиеттер пайда болмаса ауруға шалдығып, беретін өнімдері төмендейді, сонымен қатар қарсы күресуге тұрақтылығы болмайды. Белгілі бір тіршілік ортасына бейімделу кезінде, организмде әртүрлі қоздырғыштардың әсерінен стресс жағдайларға келеді, бұл кезде организмде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер болып, организмде жаңа бейімделу және қорғану қасиеттері пайда болады. Ауыл шаруашылық малдарында стресс жағдайлар, ауа райының қолайсыздығынан, дұрыс азықтандырмағандықтан және суармағандықтан, технологиялық процестерден, дәрігерлік әрекеттерден, дұрыс тасымалдамағандықтан болады.
Бұндай факторларды болдырмау үшін және стресс жағдайларды туғыбау гигиеналық, дәрігерлік-санитарлық және зоотехникалық бақылауды малды қоршаған ортаның параметрлеріне байланысты жүзеге асыру керек.
Сондықтан да ауаның физикалық және химиялық ұрамын малдың организміне жағымды жағына байланысты өзгерту керек. Ауа факторларының ішінде малға ауаның физикалық қасиеті қажеттірек: температура, ылғалдылық, қысымы, ауаның жылдамдылығы, күн сәулесі т.б. Организмге және оның физиологиялық функциясына ауаның физикалық қасиеті гигиеналық жағынан үлкен әсер етеді; себебі ол үнемі организмге әсер етеді. Ауаның физикалық қасиеттері газ алмасу, зат алмасу, жылу алмасу, дененің және терінің температурасы, қанның физика-химиялық қасиеті жағынан да гигиеналық мәні ерекше.
Жануарлар денесі температурасы жағынан суық қанды және жылы қанды болып бөлінеді. Суық қандыға денелерінің температурасы тұрақсыз жануарлар жатады. Жылы қандыларға дене температурасы  тұрақты 36-дан 42°С дейінгі үй және дала жануарлары, құс, адам жатады. Тұрақты денедегі температура организмдегі жылылықтың теңдігіне байланысты, былайша айтқанда денедегі жылумен сыртқа берілетін жылудың сәйкестігінен, немесе келетін және шығатын жылылық тең болу керек.
Жануарлардың организміне тән қасиет денеде үнемі жылу құру және жылу беру болып тұрады. Сондықтан да дененің жылу реттегіш қасиеті денедегі зат алмасу қасиетіне байланысты жылылықты реттеу тері арқылы, жүйке тамыры арқылы, демалу органдары арқылы болады.
Денеде тұрақты температураны ұстау көбінде улкен жарты шардың қабығына байланысты. Шартты рефлекстердің әсерінен оңай температуралық факторлар істеледі. Жылу реттеу малдың физиологиялық құрлымына, қоңдылығына, жыл мезгіліне, зат алмасуға, терідегі жүнге т.б. байланысты өтеді. Дененің жылылығы-денедегі аэробты және анаэробты белоктардың, майдың және углеводтардың  нәтижесі. 1грамм белок ажырағанда  4,1ккал, 1грамм май ажыраганда 9,3ккал 1грамм углеводта-4,1калл жылу шығады. Денеден жылудың көпшілігі тері арқылы шығады.
Жылу сәулесі (радияция)-денеге тері арқылы және дененің тереңірек жеріне ұзын толқынды инфрақызыл сәуле ретінде қоршаған ортадан (қабырғадан, еденнен, төбеден) беріледі, егер қоршаған ортаның температурасы мал терісінің температурасынан төмен болса, сонымен қатар дымқыл ауа арқылы төменгі температурада саулелену арқылы жылу жоғалтуды, оны азайту үшін, қабырғаны, төбені, еденді, есік-терезені жылылап, ауаның ылғалдылығын азайтуға тырысу керек, әсіресе малды қыста қолда ұстағанда. Егер терімен сыртқы қоршаған ортаның температурасы бірдей болса онда терімен сәулелену болмайды, ал егер сыртқы қоршаған ортаның температурасы жоғары болса онда керсінше-малдың терісі қызарады да, осылай алмасу реакциялары болып тұрады.
Конвекция-қоршаған ортаға ауа қабатына малдың дене жылуын беру жолдары. Ол мал денесінің айналасында үнемі өзгеріп тұратын жылынған ауа қабыршағын құрайды.
Жылу өткізгіштік-малдың денесінің суық еденмен, жермен, қармен, сонымен қатар шомылдырғанда және жуғанда шығады. Егер терінің және қоршаған ауаның температурасы бірдей болса, онда жылу өткізгіштік және конвекция тоқталады, ал ауаның температурасы терінікінен жоғары болса, онда конвекция терінің қызуына әсер етеді. Малдың денесі жүнмен жабдықталғандықтан оның өзіндік ерекшеліктері бар, сол сияқты құстардың да.Жүн және кұс қауырсындары денені температураның әр түрлі әрекеттерінен сақтайды, жылуды жаман өткізетін болғандықтан.
Булану тері бездерінің тер шығаруына байланысты малдың терісі арқылы булану шығады (1гр ылғалдың булануына 0,6ккал жылу жұмсалады).
Ауаның жылуы және булануы тыныс органдарының жолынан шыққан жылу арқылыда жылынып буланады. Ал тері бездері жоқ және құстарда ылғалдың булануы жиі демалыс кезінде тысқа шыққан тіл арқылы болады. Құстардың жылу беруіне олардың айдары және сырғалары да активті түрде қатысады.
2. Ауа температурасының денеге тигізетін әсері.
Ауаның атмосфералық температурасына күннің ұзақтығы, жыл мезгілі, жердің рельефі, оның теңіз деңгейінен биіктігі, жылы немесе суық желге, өсімдіктерге және т.б. байланысты.
Ауаның температурасы-жануарлардың организмін қыздырушы күш. Сыртқы ортаның температурасының гигиеналық мағынасы, оның жануарлар организмінің жылуды реттеуге әсері. Сыртқы ортаның температурасына байланысты болғандықтан организм соған қалыптасады немесе өзінің жылу ретіне қарай. Алмасу және жылу өнімдері ең аз қоршаған ортаның температурасын талғаусыздық жылы зонаға немесе жабдықталған температура деп атайды.
Көптеген шетелдік зерттеушілер комфорттық температураға немесе қолайлы температураға үлкен мән береді, өйткені бұл жағдайда жануарлардан ең жоғарғы өнім алады. Біздің елде әртүрлі малдың түрлеріне және топтарына байланысты қолайлы температура жетілдіру көзделген. Мысалы сүтті сиырларға 10°С орнына 8-16°Сқабылдау.
Организмге жоғары температураның әсері: терлемейтін малдарда температураның тепе-теңдігі үлкен күшпен ұсталынып тұрады, сондықтан да әртүрлі температура жануарларға күшті әсер етеді. Әсер етуші ортаның температурасы жоғары болып, тым ұзаққа созылса онда организмде зат алмасу және ткандердің функциясы өзгереді. Ауыл шаруашылық малдарында қайта қайтарылмайтын температуралық өзгерістер 43-44°С дейін, құстарда 47°С болады.Мадың денесінің өте қатты қызуын-ыстық соғу деп атайды. Ыстыққа шалдыққан малдың температурасы (42°С) жоғары болады, тік ішекте және теріде, сондықтан да қатты терлейді, жүрек соғу жиілейді, тынысы тарылады, денесі дірілдеп, жүрістері бұзылып ауыздан көбік сілекей  ағады, ессіздік жағдайға ұшырайды. Денелері тартылып әрі қарай сал ауруына шалдығып өледі. Жоғары температура малдың жыныс органдарына әсер етіп ұрықтану төмендейді, құстардың 32-ден 50°С дейін аралықта жұмыртқалағыштығы төмендейді. Ыстықты арық малдар, сонымен қатар жоғары температураға қалыптасқан малдар жақсы төзеді. Жануарлар ыстықтатпау үшін қораның ылғалдылығын азайтып, ауаның жылдамдығын жоғарлату қажет, сонымен қатар малды тығыздамай, салқын сумен суарып, рационды азайтып гигиеналық талапты сақтау қажет.
Жануарлар төменгі температураға да өте сезімтал, төменгі температура әсіресе жас малдарға қатты әсер етеді. Жануарлардың организміне суық әсерін екі сатыда қарауға болады: 1) организм суықтан қорғанады немесе қорғану сатысы, 2)суыққа қайрат корсете алмауы. Егер температура өте төмен болса онда терінің  қан тамырлары жиырылып қанның жүрісі төмендеп терінің сыртқы ортаға жылу шығаруы төмендейді. Осыған байланысты малдың беретін өнімдері де төмендейді. 35-70ке шошқалар қалыпты (22°С) температурада тәулігіне 900гр салмақ  қосады,ал 4,5-5°С температурада 500гр дейін азайады. Азық шығыны 1,5-2 есеге жоғарлайды. Жұмыртқалағыш тауықтар 12ден 5,5°С температурада 12%  жұмыртқа беруі азайады.
3 Ауаның ылғалдылығы, қысымы және қозғалысының гигиеналық маңызы
Ауа әр уақытша су буын ұстайды, оның мөлшері ауаның температурасына және қозғалу жылдамдығына, сонымен қатар жердің физика-географиялық жағдайына, жыл мерзіміне, тәулікке және ауа райына байланысты өзгеріп отырады.
Мал қорасының ауасында су буы коп болады атмосфераға қарағанда. Қора ауасына атмосфераның ылғалдылығынан басқа 10-15% мөлшерінде еденнің, азық және су беретін науаның су буында түседі. Ең көп су (75%)тері арқылы буланып шығады, тыныс жолдарының шырышты қабығы және ауыз арқылы, сонымен қатар демалғанда деммен шығады. Мысалы: сиыр 400кг тәулігіне 8,7-13,4кг, жұмыс аты 7,0-8,8кг, емізіп жүрген аналық шошқа 2,2кг, қой 1,0-1,5кг су буын шығарады.
Ауаның ылғалдылығы әртүрлі өлшемдермен сипатталады, немесе ауаның ылғалдылығын өлшейтін аспаптың (гигрометр) көрсеткіштерімен: абсолютті, мксимальді және салыстырмалы ылғал ретінде. Абсолютті ылғал (е)-белгілі бір температурада 1м³ ауадағы су буы граммен, немесе оның серпімділігі, сынап бағанының милиметрімен алынған.
Максимальды ылғал (Е)-белгілі бір температурада 1м³  ауаның ұстайтын су буының шегі.
Салыстырмалы ылғал(R)-абсолютті ылғалдың максимальдікке қатынасы процентпен алынған:
                           Rz(е/E)·100=R=еЕ·100
Дефицит көп мөлшерде немесе кем мөлшерде.(Д ауадағы ылғал)-максимальды және абсолютті ылғалдың арасындағы айырмашылық белғілі бір температурада
                                  Д=Е  - е
Шық нүктесі (Т)-температура ауадағы судың буы, әбден қаныққан соң бұлтқа және сұйыққа айланады.
Ылғалдың гигиеналық маңызы өте зор. Әр түрлі метеорологиялық факторлармен ауаның ылғалдылығы ауа райын және микроклиматты анықтайды, сондықтан да жануарлардың организміне жанама әсер етеді, ауа, жер қыртысы, су және өсімдіктер арқылы және тікелей әсер етеді. Ауадағы су буының жануарларға тікелей әсері мынадай; қоршаған ортаның ылғалы жануарлар организмнің жылуды реттеуіне, сонымен қатар жылу беруіне. Тыныс жолдары және тері арқылы организмнен ылғалдың булануына ауадағы ылғалдың әрекеті жылу алмасумен түсіндіріледі. Тері арқылы ылғал тер ретінде және газ сияқтаным шығады. Организмнен ылғалдың буланып шығуы қоршаған ортаның жағдайына байланысты, алдымен температурасына, ылғалдылығына, ауаның жылдамдық қозғалысына, сонымен қатар малдың жағдайына байланысты.
Жоғары ылғалдылық (85% және жоғары) организмге және жылу беруге, қоршаған ортаның жоғарғы және төменгі температурасында да жағымсыз әсер етеді.
Көптеген зерттеулермен ауаның жоғары ылғалдылығы қорада малдың тері ауруларына, экзема және қотырға шалдықтырады.
Ауаның жылдамдығы күн сәулесінің жер бетін бірдей қыздырмауына байланысты. Жылдамдылық 30-60м/с және одан да көп болады. Жалпы ауаның жылдамдылығы жердің рельефне байланысты, көптеген жол кедергілеріне тоғайға, ауылдарға т.б. Желдің бағытын горизонт нүктесімен анықтайды, қай жақтан жел соғып тұрғанын.Желдің бағытын латын немесе орыс әрпімен белгілейді С немесе N-солтүстік Ю немесе S-оңтүстік, В немесе Е-шығыс, З немесе W-батыс
Қалыпты жел малдарға қолайлы әсер етеді, әсіресе ыстықта. Суық және ылғалды жел малды қатты тоңдырады.Малдың өнімінің төмендеуіне, тәбетінің нашарлауына, қатты терлеп және булануына, шөлдеуіне, ауаны шаң тозаңмен толтырып, өсімдіктердің қурауына қатты жел күшті әсер етеді.
Суық және ылғалды жел малдың денсаулығына өте қауіпті, егер қораның екі жақ есігі және терезелері немесе қораның қабырғаларында қуыстар болса-аңызақ жел. Сондықтан да малды суық кундері суықтан қорғау үшін қорада ауаның жылдамдығы төмен болу керек.Жылытылмайтын қорада қыста ауаның жылдамдығы 0,15тен-0,3м/с, ал жылынатын қорада 0,5м/с болу керек, ауаның қалыпты температурасында және ылғалында жазда қорада 0,5-1м/с дейін жеткізуге болады. Әлде де болса көптеген кемістіктер бар толық зерттелмеген.
Жер шарын қоршап тұрған ауаның массасы бар,сондықтан да жер бетіне және қоршаған заттарға қысым жасайды. Қысым сынап бағанының милиметрмен есептеледі,ол жердің теңіз деңгейінен биіктігіне және ауаның температурасына байланысты. О℃  теңіз деңгейінің 1м/с  1,033кг ауа қысымы бар, бұл сынап бағанының 760мм (қалыпты барометрлік қысым). Ауаның қысымы "бар"мен өлшенеді. Сынап бағанының қысымының 0,75мм биіктігіне, ал1мм сынап бағанасының қысымының биіктігі 1,3332 милибарға (мб) тең. Ауаның қысымы ауа райына әсер етеді, ал ауытқуы күн райына әсер етеді. Таулы жерлерге үйренбеген малдарда тау аурулары мұхит деңгейінен 2500-3000м биіктікте пайда болады. Ауа қысымы жоғары болса қайта күн ашық болып, ауа құрғап, жел болмайды, Ал ауа қысымы төмен болса күн бұлттанып,жел соғып боран,жауын-шашын болып жануарларға әсер етеді. Ауаның қысымы төмен болғанда терінің және шырышты қабаттың қан тамырлары кеңейіп қан көп жүреді. Клеткаларда оттегі жетіспеуден организмде зат алмасу бұзылады, организмде толық тотықпаған заттар көбейіп қан тамырларының қабырғалары арқылы қанға барып организмді уландырады, содан қан кетеді.Егер малдар төменгі ауа қысымда көп жүрсе олар соған тез үйреніп жеңіл төзеді.






                                Дәріс 5,6
Ауаның газдық құрамы және қорадағы зиянды көміркышқыл газының гигиеналық маңызы.
                                       
Ауаның газдық құрамының гигиеналық маңызы.
                                       
Атмосфералық ауа  -  азот, оттегі, көмірқышқыл газы, аргон тағы басқа инертті газдардың қоспасы болып саналады. Ауаның төменгі атмосфера қабатында газдың құрамы тұрақты болып келіп, белгілі бір көлемдік және салмақтық мөлшерде болады (кесте 8).  

      Атмосфералық ауаның газдық құрамы, %
                                       
Кесте 8

Газ аттары
Проценттік құрамы,%
Газ аттары
Проценттік құрамы,%
Азот
78,09
Метан
0,00022
Оттегі
20,95
Криптон
,00001
Аргон
0,93
Азоттың тотығы
0,0001
Көмірқышқыл газы
0,03
Сутегі
0,00005
Неон
0,0018
Ксенон
0,000008
Гелий
0,00052
Озон
0,000001
Жоғарылаған сайын ауаның сиректігі артуына байланысты, ондағы әр газдардың бір көлемге шаққанда құрамы мен парциалдық қысымы төмендейді.
	Мысалы, теңіз денгейінен санағанда оттегінің концентрациясы 1 куб.м 299 грамм болса, 15 шақырым биіктікте 15 грамм, ал парциалдық қысымы теңіз деңгейінде 160 мм.с.б және 15 км биіктікте 8,0 мм.с.б. немесе 21,3 және 2,5 гПа болады.
Бұл газдардан басқа атмосфералық ауада су буы, әртүрлі табиғи қоспалар, өндіріс қалдықтарының түйіршіктері, микроорганизм, құрт  -  құмырсқа, шыбын  -  шіркей, жәндіктердің денелері кездеседі. Әсіресе, ірі ауыл маңдары мен өндіріс орталықтарына таяу аймақтардың ауасы аса ластанған болып келеді. Сондай улы қоспалардың қатарына  күкіртті сутегі, иіс газы, хлор, азот қышқылының тотықтары т.б. жатқызуға болады. Ауаның ластануының негізгі көзі болып ауыр өндірістердің қалдықтары, автокөліктердің түтінді газдары, органикалық қосындылардың шіруінен шыққан улы газдар  -  аммиак, метан, күкіртті сутегі т.б. саналады. Кейбір газдардың ауадағы концентрациясы шамалы болғанымен малдардың, адамдардың денсаулықтарына зиянды әсерін тигізіп, рефлекторлы түрде, көбінесе тыныс жолдарында ауру тудырады. Соңғы жылдары ерекше елеңдететін проблемалы  мәселе болып, атмосфера ауасының әртүрлі сынақтардың нәтижесінде туған радиактивті заттармен ластануы саналады.  Атом, сутегі қаруларын өндіріп, сынақ жолдарында атмосфераға өте көп мөлшерде радиоактивті заттардың изотоптарымен араласқан шаң - тозаңдар түседі. Оның ішінде аса қауіптілері стронций 90, цезий 137 өсімдіктердің бойына сіңіп, одан мал, адамдар организмдеріне түсіп, сүйектерде  жинақталып уландырады.
	Бұл атмосфералық ауаға қарағанда жабық қорлардың ауасының кұрамы ерекше бөлектенеді. Жабық қоралардың ауасының құрамының өзгешелігі олардың санитарлық  -  гигиеналық жағдайларына, әсіресе ауа алмастыру, көң тазалау жүйелерінің жұмысына, малдарды ұстау тәсілдеріне,  орналасу тығыздығына, азықтандыру және суару әдістеріне т.б. тікелей байланысты болады. Мал қораларының ауасында көбінесе азоттың және оттегінің концентрациясы көп өзгеріссіз болады. Бірақ ауа құрамына мал нәжістерінен, шіріген органикалық заттардан және малдардың демімен бөлінген су  буы, газдар қосылғанда азот пен оттегінің үлесі азаяды.
	Оттегі О2  -иіссіз, түссіз, таза өзі улы газ. Организмнің өмір сүруі тікелей оттегінің қатысына байланысты болады. Себебі, ол барлық зат алмасу процесстерінің жүруіне, тотығуына, мүшелердің клетка аралық тыныс алуына қатысады. Сондықтан әр орган оттегі жеткілікті болса ғана қалыпты жұмыс жасайды.  Деммен түскен организмге оттегі қанның эритроциттерінің гемоглобинімен қосылып, барлық денеге ұлпалар мен клеткаларға жеткізіліп, денедегі тотығу процесстерінің қалыпты жүруін қамтамасыз етіп тұрады. Сондықтан оттегінің денеде жетіспеушілігі ауыр патологиялық өзгерістерге ұшыратып, әсіресе гипоксияға өте сезімтал орталық нерв жүйесінің қызметін бұзады.
	Ауаның температурасы 35-40 градусқа дейін жоғарылап және ылғалдылық көтерілсе оттегінің парциалдық қысымы төмендейді (21,3 тен 18 гПа дейін) немесе 160  -  тан 135,2 мм. с.б.), яғни ауру және жоғарғы өнімді малдар мен құстарды ұстау кезінде ескеру қажет.
	Гипоксияның ауыр түрі ауадағы оттегінің парциалдық қысымы 16 гПа яғни 110 мм.с. бағанасына дейін төмендегенде болады. Ондай жағдай шыңдарда 2500 -3000 м. биіктікте кездеседі. Биікке жайылатын тау ешкілері, архарлар, яктар тез бейімделеді де оттегінің парциалдық қысымының 13 гПа дейін төмендегенін ауырламайды. Биік таулы жайылымдарға организмнің адаптациялану (бейімделу) механизмі қандағы эритроциттер мен гемоглобиндердің мөлшерін көбейтіп ұлпадағы кейбір ферменттердің түзілуін жақсартып, тотығу процесстерін арттыруда болады. Таза оттегінің уландыру қасиетін оның (өзіндік тотығу мен ұлпадағы бос радикалдар түзіліп)  ферменттермен,  коферменттермен тотығуымен байланысты болады да, клетка аралық мембраналар жыртылады да, өкпе суға толады.
	Малдардың оттегін пайдалану мөлшері оның түріне, жасына, жынысына, физиологиялық ерекшеліктеріне т.б. байланысты болады (кесте 9)
                                       
Ауада малдардың оттегін пайдалану мөлшері
                                                                                                               Кесте 9

Мал түрі
Әр кг. салмаққа шаққанда оттегі, мл
Жылқы ( тыныш тұрғанда)
253
              ( жұмыс кезінде)
1780
Ірі қара малы
328
Қойлар
343
Шошқалар
392
Құстар
980

Оттегінің шамалы ауада жетіспеушілігі ( 0,4 - 1%) айтарлықтай мал организімінде өзгерістер тудырмайды. Мал қораларда оттегінің жетіспеушілігі сирек кездеседі. Ол көбінесе малдарды тар, жабық, желдету жүйелері толықтай жұмыс жасамайтын, немесе жалпы қаралмаған кездерде болады.
	ОЗОН О3 - оттегінің динамикалық изомері. Ол тез ыдырайды да бір атом оттегін бөліп, күшті тотыққыштық әсер етеді. Озон атмосфераның электрленуі, судың булануы, ультракүлгін сәулелерінің әсерінен шығады. Әсіресе озон күн күркіреп, найзағай жарқылдағанда, теңіздер жағалауында, қылқан жапырақты ағаштар арасында, су құламаларында өте көп кездеседі. Оның бір куб.м. ауадағы 0,01  -  006 мг концентрациясы дененің тыныс алу мүшелері, жүрек, қан  және ас алмасу жүйелерінің қызметін жақсартады. Озон  ластанған ауада кездеспейді, себебі ол органикалық заттарды  тотықтыруға жұмсалып кетеді. Сондықтан ауада озонның болуы оның тазалығының көрсеткіші болып саналады. Озонның әр куб.м.  ауадағы 0,1 мг концентрациясы тыныс жолдарының, көздің кілегей қабаттарын  тітіркендірсе, одан көп мөлшері улы әсерін тигізеді. 
	Озонды көбінесе органикалық заттарды тотықтырғыш есебінде ауа тазалау, жаңарту (дезодаратор) үшін қолданады.
	Азот N  -  атмосфераның көп бөлігін (78,09 %) құрайтын, түссіз, иіссіз, жануды және тыныс алуды қолдамайтын газ. Соған байланысты 1878 жылы Лавуазье (фр.) <<азот>>, яғни <<өмір емес>> деген ат беріп ашқан. Ерте кездегі оқымысты химиктердің қол  жазбаларында бұл газ <<барлық бастаманың басы және соңы>> деп белгіленген. Бұрын 200 жылға таяу мерзім бойы бұл газды индиферентті, яғни бейтарап, еш қатысы жоқ, тек басқа ауадағы газдарды ерітіп, сиреткіш деп келген. Бірақ кейіннен орыстың ұлы ғалымы Волский М.С. бұрын ашылмаған, малдар  мен жоғарғы сатылы өсімдіктердің азотты атмосферадан алып пайдаланатындығын дәлелдеген. 
	Атмосфераның құрамында азот оттегімен бірге тыныс алуға қатысып, малдар мен өсімдіктер және адамдар организмімен белоктар  түзуге қатысатындығы анықталған. 
	Азоттың атмосферадағы артық мөлшері организмдегі физиологиялық процесстердің дұрыс жүруіне зиянды әсерін тигізеді. Оның атмосферадағы  порциалдық қысымының жоғарылауы оргнанизмге сезім қуатын кетіріп (наркоз), оттегінің парциалдық  қысымының төмендеуінің нәтижесінде гипоксия  және асфиксия ауруларын тудырады. Азоттың концентрациясының жоғарылауы (83 %) ауыр апоксемияға (оттегінің жоғалуы), ал 90 пайыздан асса өлімге ұшыратады. 
	Ауада кездесетін аргон, неон, гелий, ксенон, криптон өте аз мөлшерде болып, инертті газдар қатарына жатады. Бірақ ғалымдардың зерттеуінің (Лазарев) нәтижелері бұл газдар (химиялық элементтер) майларда жақсы ериді және наркоздық қасиеті болатындығын көрсетеді. Қалыпты атмосфералық қысымда олардың  майларда еруінің жоқтығынан наркоздық әсері болмайды. Ал атмосфералық қысым жоғарыласа олардың концентрациясы қан мен ұлпаларда көбейіп, наркоздық әсері артады. 
	Көмірқышқыл газы СО2  -  түссіз, иіссіз, сәл қышқыл дәмді улы газ. Нөл градус температурада оның меншікті салмағы оттегіге қарағанда (1,293 кг/м³) ауыр болады (1,9778 кг/м³). Атмосфераның ауасында 0,03-0,04 пайыздай кездеседі. Атмосферадағы ауада оның пайда болатын көзі вулканды қопарылыстар, жану процесстері, органикалық заттардың тотығуы мен шіруі, малдардың, адамдардың және өсімдіктердің тыныс алуы. Осындай шығу көзінің көптігіне қарамастан көмірқышқыл газының атмосферадағы концентрациясы нормативтік көрсеткіштен жоғарыламайды. Ол негізінен газ айналысымен, жасыл өсімдіктердің хлорофильдерімен сіңірілуі, ашық су беттері және жауын-шашын суларымен шайылуы т.б. байланысты болады. Мал қораларының ауасында сыртқы атмосферадағыға қарағанда көмірқышқылының мөлшері бірнеше есе жоғары болады. Себебі оның негізгі пайда болу көзі болып малдардың демімен шыққан ауа, нәжістер мен азықтардың шіруі есептеледі. Мысалы, деммен шыққан ауада, атмосферамен салыстырғанда 100 есе көмірқышқыл газы көп, 25 пайызға оттегі аз болады. Малдың демімен  шығатын көмірқышқыл газының мөлшері оның түріне, жасына, салмағы, өнімі, азықтануына байланысты болады. Әр сағатта бір сиыр 250-300 кг. салмақтағы 110-150 л,буаз, қысыр шошқалар ( 200 кг салмақтағы)  -  110-120 л, торайлы мегежіндер 2 есе көп көмірқышқылын демімен бөліп шығарады. 
	Көмірқышқыл газының ауадағы шамалы концентрациясы (0,5%) тыныс орталығын тітіркендіріп, дем алуын жиілетіп, көз, тыныс жолының кілегей қабаттарын тітіркендіріп, жасауратып, малдың мазасын алып, өнімін төмендетеді. Көмірқышқыл газының мөлшерінің ауадағы 1 пайызға дейін жоғарылауы организмде қышқылдықтың көбейіп, ацидозға ұшырап, қан тамырларының кеңейіп, жүрек соғысы мен дем алуы жиілеп, зат алмасу процесстерінің бұзылуына апарып соғады. Бұдан ары қарай жоғарыласа (5-10% дейін) наркоздық жағдай туады, яғни барлық физиологиялық процесстерді тежейді де, ұлпалардың белоктары ыдырап, несеппен көп мөлшерде күкірт, фосфор бөлінеді, денеде хлоридтер жиналып, көбінесе организм уланады. Көмірқышқыл газының әсеріне әсіресе құстар, өсімтал жас төлдер, қояндар, жоғарғы өнімді малдар өте сезімтал келеді. Малдың шығынға ұшырауы, көмірқышқыл газының көбеюінен, тыныс орталығының паралич (салдануы) болуынан болады Бірақ мұндай жағдай сирек кездеседі. Жақсы тұрғызылған мал қораларында көмірқышқыл газының өте жоғарғы мөлшері байқалмайды да, оның шамалы мөлшері үнемі организмге әсер етіп сүзелең улануға ұшыратып, соның негізінде мал өнімін төмендетіп, өсіп-дамуын тежейді.
	Мал қораның ауа алмастыру жүйелері қалыпты жұмыс жасап, салыстырмалы ылғалдықтың мөлшері жоғары болмаса, көмірқышқыл газының концентрациясы нормативтік көрсеткіштен (0,25%) жоғарыламайды.
	Көмірқышқыл газының шала тотығы немесе иіс газы, СО - әлсіз,  сарымсақ исіндей исі бар, ауадан сәл жеңіл (0,967 кг/м³) улы газ. Оның негізгі пайда болу көзі  -  органикалық заттардың толықтай жанбауы. Иіс газының көп мөлшері қолдан жылытылатын қоралардың, төл үйшіктердің, ұрықтандыру пункттерінің ауаларында кездеседі. Иіс газының мөлшері             1 куб.м. ауада 20-30 мг-нан артық болса малдардың сүзелең улануына апарып соғады. 
	Онымен уланудың белгісі дем алыстың жиілеуі, талықсу, құсық келу. Иіс газы өкпе альвеолары арқылы қанға түсіп, гемоглобиннің оттегімен қоспасына байланысып, тұрақты карбооксигемоглобин (НвСО) түзеді де, денеде толық ыдырамаған зат алмасу  процесстерінің қалдықтары жиналып организмді уландырады, оттегі жетіспей анаксемия туады.
	Сондықтан уланған малдарға таза ауамен қамтамасыз ететін жағдай жасау, тыныс орталығын  тітіркендіру үшін оттегімен, немесе оның көмір-қышқыл газының қоспасымен  дем алғызу қажет. Қалыпты, рұқсат етілетін иіс газының 1 куб.м. ауадағы  мөлшері 0,02 мг жоғары болмауы керек. 
	 Аммиак, NH3  -  түссіз, сәл ащы иісті, ауадан жеңіл, меншікті салмағы  -  0,771 кг/м³, суда жақсы еритін улы газ. Атмосфера ауасында  аммиак азотты, көмірқышқылды байланыстары түрінде кездеседі. 
Аммиак көбінесе,  уреазоактивті анаэробты бактериялардың әсерінен несіптен бөлінеді, сол сияқты азотты  органикалық  заттардың топырақтағы  шіруінен және ауыр өндіріс (синтетикалық аммиак шығаратын,  кокс өндіретін зауыттар) орындарының қалдықтарынан пайда болады. Ол атмосферада 1 куб.м. ауаға шаққанда 0,002 мг. 2,5 мг. аралықта кездеседі. 
	Аммиактың жоғарғы концентрациясы шошқа, бұзау, құс (еден үстінде қалың төсеніште ұстағанда) қораларының ауасында, егер көң тазалау жүйелері қалыпты жұмыс істемей, ауа алмастыру дер кезінде жүргізілмесе кездеседі. Сұйық көңдерді көң жинағыштарда, саңылау  -  едендердің астында жинағанда, олардың үстіңгі жағындағы ауада аммиактың мөлшері 35 мг % -тен артады.
	Сондықтан көң жинаған қоймалардан басқа жерге ауыстырып тасымалдағанда адамдар мен малдардың аммиакпен уланып қалмауын қамтамасыз ету керек.
	Суық және ылғалды қоралардың жабдықтары (науа, байлауыш жолдар) және бөлшектері (қабырға, еден, төбе) беттеріне аммиак сіңіп, ауа температурасы жоғарылағанда біртіндеп шығып, ауаны ластап отырады.
Аммиак сумен байланысқанда сілті типтес тері, тыныс жолдары мен көз кілегей қабаттарын тітіркендіріп, тіпті күйдіріп, мазалап, малдың өнімін төмендетеді.Ұзақ уақыт, толассыз әсер еткенде аммиак тіпті жоғарғы мөлшерде болмаса да (0,15%) организмнің жалпы жағдайын нашарлатып, әсіресе торайларда алиментарлы қан азаюды (анемия) асқындырып, бұзауларды өкпе қабыну ауруларына ұшыратып, азық қабылдауы мен сіңірімі нашарлап, резистенттілігі төмендеп, мал жиі ауруға шалдыққыш келеді.
	Аммиактың концентрациясы (3 мг/л) бар ауамен дем алған малдың дыбыс шығатын саңылау жолы тарылып, кеңірдек және кеңірдек тарамдарының (бронхы) еттері жиырылып, өкпе суланып, немесе тынысы салданып өлімге ұшырайды. Денедегі аммиак көбінесе мочевинаға айналып, бүйрек арқылы организмінен шығарылады. Аммиактың концентрациясы 1 куб метрде 35 мг. мөлшерінен асса исі сезіле бастайды.
	Қора ауасындағы аммиактың мөлшерін азайту шарасы мал астының төсеніштерін уақытында ауыстырып, шығарып отыру, еденнің саңылауы болмауын қадағалау, торф, вермикулиттен төсеніштер жасап, әр кв.м. 250-300 гр. ұнтақталған  суперфосфат, сол сияқты бір пайызды күкіртқышқылы, алюминий, тұз және күкірт қышқылдарының ерітіндісін қолдануға болады. Аммиактың жоғарғы концентрациясын жедел төмендету үшін формальдегид аэрозолін (бүрку) пайдаланады. 
	Мал қораларында аммиактың ең шекті (максимальды) рұқсат етілетін мөлшері 1 куб.м. ауаға 20 мг, жас төлдер, құстар, қояндар қораларында 2 есе аз, яғни 10 мг-нан аспауы керек. 
	Күкіртті сутегі газы H2S -  түссіз, өткір иісті, шіріген жұмыртқаның иісіндей, ауадан сәл ауыр, нөл градустағы меншікті салмағы 1,5392 кг/м³, ауада ерігенде күкірт қалдығын бөледі. 
	Атмосфералық ауада күкіртті сутегі газы  басқа күкіртті байланыстар- мен бірге, қара және түсті металлургия өндірістерінде, электр жылу орталықтарында (ТЭЦ), химия комбинаттарында, сол сияқты күкірті  бар органикалық заттардың (көң, қоқыс, азық, өсімдік, өлексе т.б.) шіруі нәтижесінде пайда болады. Көбінесе күкіртті сутегі газының атмосфералық ауада мөлшері өте төмен болады да, айтарлықтай тәжірибеде маңызы болмайды. 
	Оның жоғарғы мөлшері қора ауаларында күкірті бар белокты заттардың ыдырауынан, малдардың, әсіресе жас төлдердің іш ауруымен (тышқақ) ауырған кездерінде ішектен бөлінуінен, көң қоймаларынан (газ бөгейтін жаппалары жоқ) пайда болады. 
	Күкіртті сутегі газы улылық қасиеті жағынан синил қышқылының әсеріндей болады. Сондықтан оның мал қораларының ауасындағы концентрациясы аммиактың мөлшерінен екі есе аз, яғни бір куб.м. ауаға шаққанда ең максимальды шамасы 10 мг  -  нан аспауы керек, ал жас төлдердің, қояндардың және құстардың қораларының ауасында 5 мг-нан жоғары болмауы керек. 
	Күкіртті сутегі газының шамалы концентрациясы бар ауамен ұзақ уақыт дем алғанда көз, жоғарғы тыныс алу жолдарының кілегей қабаттарын тітіркендіріп, мазалап, көзін жасауратып, жөтелтіп, тәбетін төмендетіп, жалпы резистенттілігі азайып, мал терлеп, жүдеп, сүзелең улану ауруына ұшырайды. 
	Күкіртті сутегі газының ауаның әр куб.метрінде 10 мг-нан артық мөлшері болса, малдың тыныс алу, қозғалыс және қан айналу жүйелерінің орталықтарын салдандырудың нәтижесінде олар жедел  өлімге ұшырайды. Шошқалар да осы мөлшер тәбетін төмендетіп, жарықтан жасқаншақ болып, мазасызданып, құсып, жүдеп, сүзелең ауруға шалдығады.
	Күкіртті сутегі газының организмге әсер ету механизмі  -  оның көз және тыныс жолдарының кілегей қабаттарына түсіп, ондағы ұлпа сілтілерімен қосылып сульфидтер (Na2S.K2S) түзіледі де, ол жерлерді тітіркендіріп, мазалайды. Одан қанға түсіп, сутегімен гидролизденіп, қайта күкіртті сутегі газына айналады да жалпы организмді уландырады.  Мұнымен қоса күкіртті сутегі қандағы гемоглобиннің темірімен байланысып, темірлі күкірт тұзына айналып, соның нәтижесінде гемоглобин оттегімен қосыла алмай, тотығу процесстері бұзылып, денеде оттегі жетіспеушілік ауруы туады.
	Мал қораларының ауасындағы улы газдардың концентрациясын төмендету мақсатында жан  жақты ветеринариялық  -  санитарлық шаралар жүргізіп, ауа алмастыру жүйелерінің дұрыс жұмыс жасауын қадағалап, мал қиларының қорада ұзақ тұрып қалмауын бақылып, дер кезінде шығарып, тазалап отыру керек.


                                Дәріс 7,8
Күн сәулесі және ауаны иондаудың гигиеналық маңызы.
* Күн сәулесінің құрамы.
* Күн сәулесінің денеге әсері және оларды шаруашылықта пайдалану.
* Ауадағы иондаудың маңызы және оны шаруашылықта пайдалану.
Күн сәулесі немесе сәуленің энергиясы, табиғатта электромагниттік қозғалыс тасқын ретінде байқатат, түзу сызық бойымен 300.000 км/с жылдамдықпен тарайды, 280-нен 30.000нанометр(нм) толқынды ұзындықта. Атмосфера арқылы жер бетіне және суға түскен күн сәулесі жылу энергиясына, ал жасыл өсімдіктер ақырында органикалық қосылыстардың энергиясына айландырады. Жер бетіне бағытталған күн сәулесінің 43% жер бетіне жетеді, ал қалған 57% атмосфераға шашырайды немесе қабылдайды. Сөйтіп атмосфераның жоғарғы қабаты әуе сәулесінің және күн сәулесінің жылдамдық қозғалысын азайтады. Содан барып әр түрлі радиоактивті элементтердің изотопы құралады (37Аг, 7Ве, 14С)-екінші шағылысудың көзі. Жер бетіне кейбір радиацияның бөліктері қысқа-(1милимик (м)) және ұзынтолқынды (1микронға дейін (м)) спектр бөлігі (ультракүлгін, көкшіл көрінетін және инфра қызыл сәуле) ретінде жетеді. Олармен атмосфераның жоғарғы қабаты шағылысып озон, азот және сутегін құрайды. Атмосфераның азон қабаты Жер бетіндегі биологиялық тіршілікке әсер ететін зиянды спектор бөлшегінің қысқа толқынды сәулесінен сақтап Жердің сүзгіші ретінде қызмет етеді.
Атмосфера табиғи күн сәулесінің сузгісі (фильтр) ретінде сана жағынан ғана емес, сан жағынан да қызмет етеді. Атмосферамен шектелген жерде күн сәулесі 43% болса, көрінетін-52%, ал ультракүлгін көкшіл-5%, онда жер бетінде инфрақызыл-60%, көрінетін-39% және ультракүлгінкөкшіл-1%. Тауға көтерілгенсайын әр 1000м ультракүлгінкөкшіл шағылысу өсе береді 15%.
Күн сәулесінің күші, оның ішінде ультракүлгінкөкшіл сәулесі, жарықтың түсу бұрышына да, атмосфераның қашықтығына да байланысты. Сондықтан да Жер бетіне түсетін жарықтың интенсивтілігіне жыл мерзімінің күндері де әсер етеді. Атмосфераның ауасы ластанғанда (шаң, түтін) 20-40% дейін  ұстайды, терезе әйнектері титан және темір угіндісінің шаңымен ластанғанда 90%дейін күнді ультракүлгінкөкшіл сәулені ұстайды.
2. Күн сәулесінің денеге әсері және оларды шаруашылықта пайдалану
Күн сәулесінің энергиясы-жер бетінде өсімдіктер және жануарлар организмінің негізгі тіршілік көзі және қоршаган ауаның негізгі факторы. Жануарлар организміне әсер ететін күн сәулесінің биологиялық әсері, Жер бетінің сапалық құрамымен байланысты.
Инфрақызыл сәуле теріге терең кіріп, молекуланың тербелу қозғалысымен жылу эфектілігін туғызады. Содан барып тканьдердің температурасы көтеріледі, қан кернейді, теріде алмасу працесі және фагацитоз реакциясы активтенеді. Бірақ артық интенсивті инфрақызыл сәуле теріні күйгізіп және малды ыстыққа ұрындырады.
Күн сәулесінің көрінеін жарығы да инфрақызыл сәуле сияқты биологиялық әрекетке ие. Одан басқа да фотохимиялық әрекет етеді, ультракүлгінкөк түсті сәуле сияқты, бірақ әлсіз, өйткені оның энергиясы тек заттардың молекуласын қоздыруға ғана жеткілікті. Организмнің көрінетін сәуленің тарауы арқылы жандануы тек көз арқылы емес тері арқылы да болады, өйткені қан белгілі мөлшерде түсті сәулелермен әсерленеді.
Жарық және ультракүлгін-көк сәуле малдың жұмыртқа клеткасына, күйлеуге, ұрықтану уақытының ұзақтығына және буаздығына әсер етеді. Қойдың, ешкінің және түйенің жыныс органдарының активтілігі күн жарығының қысқаруымен байланысты. Жазғы тұрым күн сәулесінің интенсивті көбеюімен және жыныс бездерінен бөлініп шығатын заттардың әсерінен жыныс органдарының активтілігі өседі.
Жарықтың күндіз және түнде, жарық және қараңғыда, күннің ұзақтығы, күн сәулесінің жыл мезгілінде, тәулік бойында биологиялық әсері жануарлар организмінің қорғану күшіне, денсаулығына және өніміне әсер етеді.
Ультракүлгін-көк сәуле, В-сәулесінің бөлігі,квант энергиясының үлкен күшінің иесі, сондықтанда белок молекуласын, нуклеин қосындысын, амин қышқылдардың қалдықтарын қоздырады. Содан барып тыныс органдары және қан айналысы жақсарады, тканьдерге оттегі жақсы түседі. Ультракүлгін-көк сәуленің әсерінен тері қан тамырлары кеңейіп, жүннің өсуін күшейтеді, тері және май бездерінің жұмысын жандандырады, терінің қабыршақ қабаты қалыңдайды,эпидермис тығызданады. Осыдан барып терінің қарсы әрекеттері, ткандердің өсуі жақсарып, тері аурулары және жарақаты тез жазылады. Терінің базальді қабатына ультракүлгін-көк сәуленің әсерінен бояғыш зат меланин құрайды. Күн сәулесінің ультракүлгін-көк сәулесі терідегі дегидрохолестеринді витаминмен Д2 және Д3 айландырады, ол фосфорлы-кальцилі алмасуды жақсартады, кальци мен фосфордың жағымсыз теңдігі жағымдыға өтіп, сүйекте осы тұздардың жиналуына әсер етеді.
Күн сәулесі, әсіресе ультракүлгін-көк сәулелер патогенді микроорганизмдерді өлтіреді немесе әлсіретеді, олардың көбеюін тоқтатады. Сондықтан да күн сәулесі сыртқы ортаның табиғи дезинфекторы. Қораға табиғи жарықты геометриялық жарық әдістерімен мөлшерлейді. Мал және құс қораларына жарықты геометриялық әдіспен табиғи жарықтың мөлшеріне шыныланған терезенің аумығының, еденнің аумығына қатынасы арқылы анықтайды. Бұл әдіс арқылы жарықтың мөлшерін анық анықтау мумкін емес, себебі бұл әдісте географиялық зонаға байланысты ауа райының жарығы толық ескерілмейді. Қорадағы жарықты нақтылы анықтау үшін техникалық жарық әдісі қолданылады немесе табиғи жарықтың коэффицентін (КЕО). Табиғи жарықтың коэффиценті деп қора жарығының, горизанталдық жазықтағы сыртқы жарыққа қатынасын айтамыз. КЕО-мынадай теңдік арқылы анықтайды:
                                К=ЕЕн∙100
К-коэффицент-табиғи жрықтың коэффиценті
Е-қораның жарығы. Ен-сыртқы жарық.
Жануарлардың күнге күюі көбінде жүн аз шыққан дененің жерінде болады. Жылқыда көбінде бас терісінде, ерінде, шаптарында т.б.жерлерінде, ірі қарада емшектерінің терісі, желін терісінде болады. Оңтүстік аудандарда ақ шошқалардың терісінде.
Күн ыстықтарда, ашық күнде ұзақ болғандықтан малдардың бас миларының қызуынан күн өту болады. Күн өту инфрақызыл сәуледен болады. Күн өткеннен малдың температурасы көтерілмейді. Малдың тыныс алуы ауырлап және қан тамырларының қызметі бұзылады. Сондықтан да қатты ыстықтарда малды көлеңкеде  ұстайды. Жұмыс аттарына, басына ақ күн өтпейтін шатыр бас киім кигізеді.
Әр түрлі географиялық аудандарда күн сәулесінің ультракүлгін сәулесі бірдей емес, аз мөлшері күзде, қыс айларында. Ультракүлгін сәуле тарату біздің көпшілік аудандарда жазғы тұры және жаз айларында жеткілікті, күн жер бетінен биік тұрады. Жануарлар жайлымда ультракүлгін сәулені 80-нен 90%дейін алады, ал қолда тұрғанда 10-20%дейін. Ультракүлгін сәуле түсіру малға әсіресе комплекстерде пайдалы, жыл бойы малдар қорада болғанда. Сондықтанда малға жасенды ультракүлгін сәуле түсіру олардың өнімін жақсартумен қатар, қора ауасының кейбір көрсеткіштерінде жақсартады. Бактериялық ластануы 22-30% салыстырмалы ылғалдылық амиак азаяды, ауа ионданады (ауада рентген сәулелер, гамма сәулелер пайда болады). Ультракүлгін сәуленің әсерінен малдың физиологиялық қал-жайы, зат алмасу, азық қорыту қасиеттері жақсарады.
Малды жасанды ультракүлгін сәулеге түсіру ушін сынапты кварц лампасы ДРТ көкшіл ДРТ-375 лампалары қолданылады. Бұзауларға, торайларға, қозыларға, құстарға сәуле түсіру ушін қоспа қондырғы  ИКУФ-1, УО-3 қолданылады.
Жас төлдердің физиологиялық қал-жайын, өсіп жетілуін, аман сақталуын жақсарту үшін және қорада қалыпты температура ылғалдылық режім ұстау ушін жылдың қысқы және ерте көктемінде жылуды кең түрде беру үшін инфрақызыл сәуле пайдаланылады. Ауаның температурасын көтеріп, сонымен қатар жас төлдердің берісін және терең жатқан ткандерді қыздырады, қозғалыс органдарының қан тамырларының жұмысын жақсартып, организмді суудан ескертеді. Инфрақызыл сәуле жас төлдердің организмін шынықтырады.
Инфрақызыл сәулемен қыздыруға әртүрлі түнгі лампалар пайдаланылады. ИКЗ-220-250 (ЗС-3). ИКЗК-220-250
3.Ауадағы иондардың маңызы және оны шаруашылықта пайдалану.
Ионизация-ауада газ иондарының құрылуы, молекулалардың немесе жер беті атмосферасының газ атомдарының ыдырауы ионизаторлардың әсерінен. Әлем сәулесінің және радиактивті сәулелердің әсерінен молекулалардан немесе газ атомдарынан бір немесе бірнеше электрондар сыртқа шығады. Оттегі электрондарды жиі қабылдайды, сондықтан да оттегінің иондары негізгі жағымсыз аэроиондардың қызметін атқарады. Бұған бірнеше бейтарап 10-15 молекула иондар құрылады. Жағымсыз ион газы қосылып жай зарядтары бар тұрақты қосылыстар құрылады. Оны жеңіл немесе тез иондар деп атайды. Жабық қораларда жеңіл жағымсыз иондар тыныс алу кезінде шаңмен және микроорганизмдермен жұтылады.
Ауада булгілі салмағы бар бөлшектер шаң,су тамшыларымен соқтығысып жеңіл ион өз зарядын береді де, сөйтіп орташа және азыр ион құрады.
Ауада жағымсыз зарядталған жеңіл ион өзін қарсы зарядталған ауыр ионмен өнімі жақсы малдардың организміне құстарға әуелі балық ұрықтарына жағымды әсер етеді.
Жағымсыз аэроиондар ферменттердің жұмысына да әсер етеді,сондықтан да азықтың құнарлылығы заттардың организмге сіңімділігін арттырады.
Мал қораларын аэронизациялауға пайдаланылады. Бұл арқылы мал қораларының микроклиматын жақсартады.
Аурудан сақтандыруға және өнімін жақсартуға иондардың мынадай қосындыларын ұстауға болады: бұзаулар прафилакториясына күнсайын 6-8сағат сақтандыру аэроионизация жүргізеді, мынадай қоспада 200-250мың аэроион 1см³, сиыр қораларға 15-20күндер бойы, күніне 5-8сағат.
                               Дәріс 9,10.
Мал қораларының ауасын алмастыру және жылытудың гигиеналық маңызы.
* Ауа алмастырудың маңызын ғылыми тұрғыда дәлелдеу
* Ауа тазартқыштардың түрлерін талдау және оларға қойылатын гигиеналық талаптар
* Мал қораларын жылыту жүйелері және оған қойылатын гигиеналық талаптар.
1. Жануарлар және құстар өздерін қоршаған ортаға жылу,су буын, көміртегі газын т.б. бөліп шығарады. Жануарлардан бөлініп шыққан нәжістің органикалық заттарының ыдырауынан зиянды газдар амияк, күкіртті сутек т.б. пайда болады Содан барып қорады зиянды газдар жиналып,дұрыс ауа алмасу болмаса малдың физиологиялық жағдаиы нашарлап, асқорыту және азықтағы құнды заттардың жұғымдылығы нашарлайды. Сондықтанда мал ауруға шалдығып өнім төмендеп және өнімнің сапасы нашарлайды.
Қорада микроклиматты сақтау үшін қораның ауысын алмастырып отыруды ұйымдастыру қажет, басқаша айтқанда қораға кіретін ауаны және шығатын ауаны реттеп отыру керек.
Зоогигиеналық көзқараспен айтқанда микроклиматты жуйелі түрде реттеп отыру қажет, себебі қораның ішіндегі ылғалдылық тікелей сыртқы ауаның ылғалдылығына байланысты, өйткені үнемі өзгеріп отырады. Қораның ауасы белгілі мөлшерде сақталып отыру керек.
2.  Ауа тазартқыштың турлері
Ауаны қозғау әсеріне байланысты ауа алмасу жүйесі табиғи және механизмдердің әсерінен қоздырылады және қораға ауа беру, ауа шығару және таза ауаның келіп  - шығуынан. Мал қораларында ауа алмастыруға табиғи механикалық немесе қозғаушы барлығы қысылған немесе аралас турлері қалданады.
Табиғи ауа алмастыру ешқандай жасанды және қозғаушы күштердің әсерінсіз, құрылыс материалдарының тесіктері арқылы , қабырғалардың саңылаулары, есік, төбенің, терезенің тығыз қойылмағандығынан болады.Ішкі және сыртқы қысымның бірдей болмауынан, желдің әсерінен, сонымен қатар ішкі және сыртқы температураның бірдей болмауынан, ауаның салмағы әр түрлі болады. Қорада ауа алмасудың мәні мынада, қораның желге қарсы жағы жоғары қысым ал ық жағында қысым төмен болады. Сондықтан да ауаның көлемі желдің жылдамдығына және құрлыс материалына байланысты.
Жабайы қораларда ауа алмасуға тұрбалары жоқ, сол себепті ауа алмасуды реттеп отыру қиын. Сондықтанда қорадағы ауа ортасын ретке келтіріп отыру үшін құрлыс материалды жылу өткізуге шығаруға тұрақты болу керек.
Табиғи ауа алмастыру қорада жеткіліксіз сондықтанда қосымша жасанды желдеткіштер қою қажет.
Жасанды ауа тазартқыштың жүйесі.
Мал қораларында жасанды ауа тазартқыш табиғи және жасанды (механикалық) жүйемен ауаны қазғалысқа келтіреді. Табиғи ауа тазартқыш тұрбасыз және тұрбалы болады.
Тұрбасыз ауа тазартқыш-ескі, терезенің жоғары бөліктері, горизонтальді және жалюзді-фонарлар арқылы ауаны алмастыру. Есік, терезенің жоғары бөліктері арқылы ауаны тазарту ең көп тараған қарапайым түрі. Бұл көбінде жылы оңтүстік аудандарда, тым үлкен емес қалыпты қораларда жыл көлемінде пайдаланады, ал басқа аудандарға жылы жүндері ғана.
Горизонтальді-фонар ауа тазартқышы ұзын қабырғаға тесік ретінде салып жай материалдармен тығындайды.
Жалюзді-фонар ауа тазартқышы қораның төбесіне істеледі, төбесі фонарлы болып  істелген.
Трубасыз ауа тазартқыш тек ауаның келуін және шығуын реттеу қиын, сондықтанда үлкен мал формасына жарамсыз. Қазіргі уақытта ауаны реттеуге көкетілген арнаулы шұрбалы, ауаның құйылуын және шығуын реттейтін штрубалы қоралар салынады.
Турбалы ауа тазартқыш-бұл жүйе табиғи тарату күші бар, қанағаттанарлық жұмыс істейтін, әсіресе күзде және жазда, сонымен қатар сыртқы ауаның температурасы минус 13 С дейін жұмыс істейді. Сыртқы ауаның температурасы төмен болғанда, қораның жылуы жеткіліксіз болады және ауаның алмасуын жасанды түрде азайту керек. Сондықтанда сырттан келетін ауаны жылыту қажет. Малға арналған құрылыстарға кіретін-шығатын ауа алмасу тұрба арқылы өтеді, сыртқы ауа тұрбамен келеді, ол тұрба ауаны тарататын тұрбадан бөлек. Ауаны тарататын тұрба төбеден басталып коньекитан жоғары бітеді, дефлекитормен жабылған. Олар қораның ұзындығы бойынша орналастырылады, жылылап, төменгі жағын айланып тұратын жапқышпен жабдықтайды. Тұрбаның өлшемі 80+80  -  100+100 см. Техникалық жағынан  жейтілген түрі жасанды түрде тарататын қондырғы. Құрастырылған саналды-секциялы келетінсоралтын жүйесі бар ауа тазартқыш (ВИЭСХ) ол сиыр қораға бұзаулайтын бөлмеге, жас бұзауларға және бордақылау алаңдарына арналған сралды секциялы каналдың мөлшері 2400+80мм, екі бөгеттен үш секциялы мөлшері 800+800 мм бөлінген. Каналдарды жылылап, ортанғы түзу сызық бойымен жабылған төбенің ұзындығы бойынша орналасады. Оның жинағына басқару пульті автоматты сөндіргіш, магнитті  қосқыш, жылыны реттегіш және электрокалорифер агрогаты кіреді. Бұл ауа тазартқыш жүйесіне, қоспа ауа келуін пайдалануға болады жыл мерзіміне байланысты.
Бұзау қораларында, аналық-шошқа қораларда жас төлдер ұсталатын, ауа алмастыру үшін механикалық ауа тазартқыштар қойылады, келетін ауаны жылытатын. Сырттан келетін жылытылған ауа калорифермен аналық шошқа қораға жоғарыдан төмен беріледі. Ластанған ауа механикаландырылған сору ауа тазартқыш жүйенің әсерімен, еденнің асатымен тартылған каналмен шығарылады.
Мал қораларына арналып ауа алмастыруға бірнеше ауа тазартқыш жүйелері ұсынылған. Оның бірі, типті проект АТВ  -  801 -22\66. Жасанды қосымша жылусыз микроклиматитпен белгілі мөлшерде қамтамасыз етеді, температурасы -25 С дейінгі аймақтарда.
Құс қораларының  мал қораларынан ерекшелігі, құс қораларында ауаның құйылуы және сорылуы механикалық күшпен атқарылады, ауаның келуі жоғарыдан-төмен және кейде төменнен-жоғары құйылады.
Сырттан келетін ауаны жылытуға өндіріс орындары арнаулы отпен, сумен және электор қуатымен істейтінкалорифер шығарады. Қазіргі уақытта мал қораларында жылуды пайдаға асыру үшін ролторды айналатын регенераторлар шығарылған. Оның насадкасының айналу жылдамдығы 400 минутта, өзіне қарсы суық ауа тасқынында. Конденсаттық айналуынан ондағы аммиак және механикалық лас заттар ерітіндімен бірге далаға шығып қалады. Бұл әдіспен ауа 84%-ға дейін тазарады.
Тағы бір ауа тазартқыштың түрлері УПЭА-1 және УПЭА-2. Бұл апараттар табиғи тарту күштер  арқылы жұмыс істейді, калориферді, винтеляторды қажет етпейді. УПЭА-құйылатын ауаны пайдаға асырып электр жылуын беретін аппарат. 
3. Мал қораларын жылыту жүйелері және оған қойылатын гигиеналық талаптар.
Жылытылмайтын қорада ауаның температурасы малдың бөліп шығаратын жылуымен жылынып тұрады. Көптеген тәжірибе бойынша, мал қораларының жылуы малдан бөлініп шығатын үлкен жастағы малдарға даладығы ауаның температурасы -20°C жеткілікті, ал құстарға және оның жастарына -10°C төмен болмау керек. Егер далада ауаның температурасы суық болып малдың бөліп шығаратын жылуы қораның ауасын жылытуға жеткіліксіз болса, онда қосымша жылыту қажет немесе құйылатын ауаны жылыту арқылы.Ол үшін малға қажетті қораның жылу балансын есептеп шығару керек. Есептеп шығаруға мынадай көрсеткіштер қажет.Сол зонаның ауасының сыртқы параметрі, қораның ішкі ауасының параметрі, жылудың және ылғалдың көрсеткіші, малмен бөлініп шығатын жылудың көрсеткіші қоршаған ортамен жоғалған жылудың мөлшері, еденнің ылғалының дымқыл бетімен буға айланады.
Қораның сыртқы қоршауының конструкциясы басты роль атқарады, қораның микроклиматын ұстап тұруға, ол тікелей малдың өніміне әсер етеді, сонымен қатар қораның конструкциясының мықтылығына да.
Сондықтан да жылу балансын дұрыс есептеу қораның конструкциясының кейбір бөлшектерінің сапасын анықтау үшінде қажет, әсіресе жылу бергіштігі жағынан.Жылу бергіштігін азайту ушін қораның кіреберісіне жылы каридор , немесе екіден терезе екіден есік қою арқылы азайтуға болады.
Жылу балансы  -  қорға келетін және шығатын жылудың теңдігін айтамыз. Керекті оптимальді температура ылғалдылық режімін қорада сақтау үшін жылу мөлшерін жыл баланс арқылы табамыз. Мынадай формула арқылы:
Qб=Q1+Qа+Q3, Qб-бос ауа малдан бөлініп шығатын ккал/г;
Q1-қораны қоршагын конструкциядан жоғалатын жылу
Q2-келетін ауаны жылытуға кететін жылу ккал/г
Q3-еденнің бетіндегі ылғалды буландыруға керекті жылу
Егер қорада оптимальді температура жеткіліксіз болса онда қосымша жылу беріледі, ол мына формула арқылы есептеледі:
Qқос=L∙ C(T1-T2)ккал/г арқылы анықталады
Qқос-қоспа жылу
L-қораға құйылатын ауаның мөлшері 1сағатта м³/сағ С-ауаның жылу сиымдылығы 0,31ккал м³/сағ Т1-қораның температурасы Т2-сырттан келетін ауаның температурасының мөлшері.
Келетін жылу  -  малдардан бөлінетін жылуды айтамыз, жылытылмайтын қоралардың негізгі жылу көзі. Оны арнаулы кесте арқылы малдың түріне баланысты анықтаймыз. Мал түріне жасына тірі масасына өніміне және физиологиялық жағдайына байланысты бөлінетін жылу қосындысына анықтап оған 28%жылу бөлінсе, қалғаны малдың организмнде физиологиялық жағдайын сақтауға жұмсалады.Осы екі көрсеткіштің арасындағы айырмашылық қорға келетін жылу мөлшерін көрсетеді.
Жылу шығыны мал қораларында екі бөліктен құралады Бірінші бөлігі сырттан келетін ауаны жылытуға кетеді.Ауаның алмасуымен байланысты,екінші бөлігі қораны қоршаған конструкция арқылы шығатын жылудан.
Егер қораның қабырғасы қалың болса онда жылу беру кедергісі көбірек болып жылу аз мөлшерде жоғалады,да жылытуға аз шығын жұмсалады. Сондықтан да қора сауға эканомикалық шығын аз жұмсалатын орындар қарастырылады.Көптеген зоналарда қораны жылыту үшін қосымша жылулар қажет, әсіресе суық аудандарда.
                               Дәріс 11,12
Мал қораларын көңнен тазартудың гигиеналық маңызы.
* Мал қораларды көңнен тазартудың гигиеналық маңызы және тазарту жүйесіне қойылатын гигиеналық талаптар.
* Көң тазарту жүйелерінің түрлері және оған талдау.
* Көңді сақтау орындары және оған қойылатын гигиеналық талаптар.
* Мал қораларын залалсыздандыру жүйелері және оған қойылатын гигиеналық талаптар.
1. Төсеніш пакйдаланатын материалдар да органикалық  тыңайтқыштың құрамына кіреді.Төсенішке қолданылатын материалдар гигиеналық талаптарға сай болу керек: құрғақ, жұмсақ және жылуды аз өткізетін, ылғалды жақсы тартатын, улы заттардан таза, және арам шөптердің дәнінен, көк шалмаған. Құндылығы жоғары көрсеткіштер осы аталған қасиеттерден басқа, ауадан зиянды газдарды өзіне жақсы сіңіру керек және бактерициттік қасиетке ие, сонымен қатар көңнің сапасын жақсартатын.
Зәрмен ластанған төсенішті үнемі тазартып отыру керек, себебі тезектің ыдырауынан және зәрден амияк және басқа да газдар бөлінеді. Сыз төсеніштен малдың аяқтары ауруға шалдығады.
Төсеніштің пайдалануы, қораны тазалау мерзіміне байланысты:
* Тезекті күнделікті тазалағанда онымен бірге төсеніш қоса тазаланады.
* Тезекті бірнеше күннен кейін немесе жұмасына бір рет тазалағанда жартылай ластанған төсеніш және тапталған қи күнсайын бірге тазаланып жаңа төсенішпен толтырылады.
* Малды ауыстырмайтын төсеніште ұстағанда 1-2рет ғана төсенішті өзгертеді. Бұл әдісте тәулік сайын дымқыл төсеніштің үстіне үдемелеп таза төсеніштер салып отырады.
Бірінші әдіс сауын сиырлар қорасында жас төлдердің жылы үйшіктерінде, шошқа, жылқы қораларында қолданылады.
Ауыстырылмайтын төсеніште үлкен жастағы жас малдарды және сауын сиырларды байламай бос ұстайды, сонымен қатар қойды және құстарды.
Төсеніштердің ішінде ең жақсы күздік астықтардың сабаны және торф. Күздік бидайдың сабаны көңді көбейтіп оның сапасын жақсартады. Торф газды жақсы сіңіреді және ылғалды, сонымен қатар бактерицидттік қасиетке ие. Бактерияцидттік факторына, онда тіршілік ететін антибиотикалық микрофлоралар бар. Төсенішке пайдаланатын торф зәрдің азотымен (NH3)байланысын және микробтармен азотты торф байланыстыратын. Торф қораның микроклиматын жақсартып малдың физиологиялық жағдайын және өнімін жақсартады.
Төсеніш ретінде ағаш үгіндісінде жайдаланады, ол ылғалды жақсы сіңіреді, бірақ тыңайтқыш ретінде сапасы төмен. Құрғақ үгінді төсеніш ретінде ірі қараға және шошқаға пайдаланады, қой қораға пайдаланбайды.
2. Көң-органикалық тыңайтқышқа жатады, оның құрамына малдан бөлінетін түрлі нәжістер, төсеніштер, зәр және су кіреді. Оның құрамы және қасиеті малдың түріне төсенішке азыққ сақталуына және тазалау түріне байланысты. Малды ұстауға және тазалау жүйесіне байланысты көң қатты, жартылай сұйық, сұйықталған, сұйық болып бөлінеді.
Қатты көңді ылғалдылығы 70-75%мады қалың терең төсенішке ұстағанда жартылай сұйық, ылғалдылығы 80-90%ірі қараны және шошқаны кесілген  сабан, торф немесе ағаш үгіндісі төсеніште ұстағанда.
Сұйықталған көң-ылғалдылығы 90-95%тезек, зәрді, технологиялық сумен сұйылтады. Сұйық көң ылғалдылығы 95-98%, ірі қараны және шошқаны тесіктері бар еденде төсенішсіз ұстағанда алынады.
Қорада қалыпты микроклимат және дәрігерлік-санитарлық жағдай малға туғызу үшін, қораны көңнен және зәрден тазалап отырады. Ферманың жан-жағында тазалап, бір жерге жияды немесе өңдеп отырады. Қорадан көңді әртүрлі тәсілдермен тазалайды. Шағын малдардың қиын ат, өгіз және трактормен бір жерге тасып жинайды. Сұйық көңді жинаған  құдықтан насос арқылы тазалайды.
Кейінгі жылдары қиды транспорттер арқылы тазартады. Транспорттерді каналдың ішіне орналастырады мал тұрған қораның ішіндегі скрепкалы (TC-1,TCH-2,TCH-3,OA және штангілі транспорттер TШ-30-A.)
Төсенішсіз және сұиытылған қиды транспорттармен қи жиналатын құдыққа жинайды, ол еденнен төмен орналасады.Қи жиналған құдыққа компрессор арқылы трубамен 4-5атм ауа қысымы жіберіледі.Ауаның қысымынан құдыққа жиналған қи шығатын труба арқылы көң сақталатын котованға құйылады,сонда араласып шіриді.
Малды қалындап салынған төсеніште ұстағанда, қиын және құстың саңғырағын жылына 1-2рет бульдозер Д-444, тиеуші бульдозер ПБ-35, ДТ-54 тракрорымен және басқада механизацияланған құралдармен шығарады.
Көптеген мал комплекстерінде сұйық көңді тесік едендер арқылы тазалап шығарады, көң жүретін каналдардың  еденнің астында салынған. Ірі қара малына салынған қорада каналдың ені1м түзу ұрышты профильді.
Көң шығару үшін мынадай гидравликалық жүйелер қолданылады: тікелей жаятын, рецикулярлы, тоқтайтын, латокты-шайылатын, өздігінен ағатын.
Тікелей шайатын көңді судың ағысымен насос арқылы тазалайды, бірақ бұл тәсіл мал қораларына пайдасыз, ауаның ылғалдылығы жоғары болады.
Рецекулярлы жүйе  -  сұйытылған көң тұнбаның бетіндегі сұйық резервуардан сорылып труба арқылы көң жүретін каналға түседі. Каналға түскен қи тесік еден арқылы ағып көң жинағышқа құйылады. Бұл жүйенің кемшілігі ауаны ластайды, егер инфекциялы аурулар болса қиды жуған кезде аурулар таратуға болады. Бұл жүйені инфекциялы және инвазиялы аурулардан таза фермаларда қолдануға болады.
Гидравликалық тәсілдердің ішінде, төсенішсіз қиды тазалауға көбірек қолданылатыны өз бетімен ағатын жүйе, ол күнделікті тазаланатын және күнделікті тазаланбайтын болып бөлінеді. Күнделікті тазаланбайтын көң траншеясында 7-15 күнге дейін заспонкасын жауып қояды, содан кейін ашып көң жиналатын котлаванға жібереді. Ал күнделікті тазаланып тұратын траншейде қи тартылыс күшінің әсерінен үнемі көң жинағышқа түсіп тұрады. Жиналған көңді ауылшаруашылық егістікті суару үшін пайдаланылады. Қораны жөндеуден өткізген кезде сонымен қатар жаңа партия малдар әкелгенде міндетті түрде қи жүретін каналдарды тазалап жуады. Сұйық көңді өңдеуден өткізу өткізу үшін, тазалағыш және залалсыздандыру үшін немесе ауру жұқпайтын етіп тазалау үшін арнаулы құрлысты ауылдан және фермадан алыстау салады. Ірі қарадан алынған көңді залалсыздандыру үшін 6-8ай шошқанікін 12-14 ай ұстайды.
Залалсыздандыру фармальдегитпен 130℃ қыздыру арқылы және 2атом қысымымен 15минутқа дейін болады. Көң жиналған құрлыс және көң өңдеу санитарлы-бактериялогиялық және химиялық бақылауда болады.
3. Көңді сақтау орындары және оған қойылатын талаптар.
Фермалардың санитардлық жағдайын жақсарту үшін және көңнің сапасын жақсарту үшін көңнің дұрыс сақталуына көңіл аудару қажет. Қараусыз шөгілген көң 50-60% өзінің сапасын жоғалтады тыңайтқыш ретінде, ферманың территориясын ластайды, әр түрлі аурулар таратады. Малдың қиында сұйытылған және қатты төсеніште қи көп уақытқа дейін тіршілікке бейімді, туберкле, бруцеллез, аусыл, ауески ауруын, шошқа тілмесі ауруларын аскарида жұмыртқасын т.б ауруларды тарататын қоздырғыштар ұстайды. Аурудан таза көңдерді далаға бір жерге штаблдеп жинап таптап тығыздап отырады әрбір партиясын. Құрғақшылық жылдар жан-жағын топырақпен жауып кебуден қорғайды. Штабелдеп жинауға қатты төсеніш қи ылғалдылығы 70-85% жарамды.
Малдың астынан шыққан көңді сақтау үшін сақтау қоймаларын қорадан 60метр жерге сүт блоктарынан 100метрге, 500-2000м тұрғын үйден желге қарсы салады. Көң қоймасын қоршап, ағаштар отырғызады, жердің астымен баратын қатты жол салады. Көң қоймасы аласа жерге су жиналатын және суға жақын жерге салуға болмайды.
Екі тәсілді көң қоймасы қолданылады анэробты және аэробты. Бірінші тәсілде қиды бірден тығыздап қалайды да үнемі ылгалды етіп ұстайды, ашу процесі анэробты бактериялар арқылы жүреді. Көңнің температурасы 25-30℃ болады.
Екінші тәсілде қиды бостау етіп қалайды, 70-90 см 4-7 күнге дейін, бұнда көң қатты ашиды аэробты бактериялар әсерінен. Көңнің температурасы 60-70℃ көтеріледі, бұнда көптеген гельмиттердің ұрықтары өледі. 5-7 күннен кейін штамблді тығыздап ауаның кіруін тоқтатады.
                               Дәріс 14,15
               Малды сумен қамтамасыз ету
    және суларды тазалап зарарсыздандыру.
1.Судың өздігінен тазару процестері және жасанды тазалау жолдары.
2.Судың сапасын жақсарту және зарарсыздандыру жолдары.
3.Судың ластану себептері және су көздерін санитарлық қорғау аймағы.

Ашық сулар әртүрлі кірмен ластанады.Үлкен терең суларға су аз ластанады,таяз суларға қарағанда.Оның  себебі өзендерде және көлдерде физико-химиялық және биологиялық процестердің әсерінен судағы ұсақ бөлшектер, органикалық заттар,микроорганизмдер және басқа да заттар өздігінен тазаланады.
Сулардың өздігінен тазалануына әртүрлі факторлар әсер етеді,бір уақытта әртүрлі жағдайда. Бұндай факторларға мыналар жатады.Гидрологиялық-судың массасына түскен ласты араластыру және қосып араластыру; механикалық-өлшенген заттарды тұндыру; физикалық-температураның және күннің радияциясының әсері; биологиялық-суда өсетін организмдер мен келіп құйылатын судың құрамындағы заттардың арасында болатын күрделі байланыстар арқылы;химиялық-органикалық заттардың минералдық заттарға айналуы.
	Су қоймаларына жаңбыр және қар суларықұйылған кезде араласып,судың ластығы азаяды.Минералдық және органикалық бөлшектер, гельминттердің жұмыртқалары және микроорганизмдердің бөлшектері шөгеді де су мөлдір болады.
Судың өздігінен тазалануы кезінде көптеген микроорганизмдер өледі,оның негізгі себебі, суда құнарлы заттардың көбеюінен,күннің ультракүлгін сәулесінің әсерінен, судың 1м тереңдігіне дейін сіңетін және антибиологиялық заттардың көбеуінен.Әсіресе судың өздігінен тазалануы жылы күдері, сонымен қатар ағынды өзендерде жақсы тазаланады.
Судағы тіршілік ететін организмдер де көптеген бактерияларды құртады.
Судың өздігінен тазаруының негізгі бір жолы  - судағы органикалық затты минерализациялау, яғни биологиялық,химиялық және басқа да факторлар арқылы органикалық заттарды минералдық заттарға айналдыру арқылы.
Суды минерализациялағн кезде микроорганизмдердің органикалық заттары қошқылданады да-бактериялардың біразы өледі.
Минерализация процесі кезіндесудағы органикалық заттар (ыдырап,қышқылданады) белокты заттар қарапайым азоты бар заттарға оданда қарапайым азоты бар затқа(аминқышқылдарына) одан әртүрлі органикалық қышқылдарға аммоний қосылыстарына айналады.Суды оттегімен байытқанда қышқылдану және басқа да процестер активтеніп,судың өздігінен тазалануын жақсартады. 
Судың өздігінен тазалану жылдамдығы. Ол әр түрлі талаптарға байланысты, ластану санына, су қоймасына түскен суға, судың тереңдігіне және ағу  жылдамдығына, микрофлораға және судың флорасының құрамына байланысты.
Су қоймасына құйылатын қорғасын, мыс цинк, сынап қоспалары малдың организмін уландырады және судан баяу тазаланады және органолептикалық қасиетін төмендетеді.
Жер асты суларын жер қыртысы сүзгісінен өтеді және минерализация процесінен кейін жақсы тазаланады.
2. Судың сапасын жақсарту және залалсыздандыру жолдары.
Табиғи судың сапасын жақсарту тәсілдері оның құрамына және талабына, сапасы туралы қойылатын талапқа байланысты. Судың сапасын жақсарту тазалау арқылы және залалсыздандыру арқылы болады.
Суды тазалау жолдары судың органалептикалық, физикалық, химиялық және биологиялық сапасын жақсартуға бағытталған.
Коагуляция жолымен тазалау. Бұл процеспен судың кішкентай бөлшектерін ірілендіру, молекулярлық тартылыстардың әсерімен. Коагуляцияның әсерінен суда қауыз пайда болады. Оның екі түрі болады: су камера арқылы өткенде материалда қиыршық ретінде қалады немесе өлшенген масса тұнба ретінде.
Коагулянт ретінде күкірт қышқылды алюминий қолданылады. Көп жағдайда тазаланбаған топырақты алюминий тотығы пайдаланылады.
Қолданылатын коагулянттар әртүрлі мөлшерде болады, судағы рН-қа бикорбанаттарға, заттардың құрамына, лайлығына түсіне байланысты 30дан 200-300мг/л дейін суда.
Коагулянтты суға ұнтақ немесе 2-5% су ертіндісі ретінде қосады.
Суды тұндыру арқылы тазалау.Бұл процесс судағы өлшенген әртүрлі заттарды тұндыру арқылы суды мөлдір ету. Тұндыру үшін суды арнаулы тұндырғыш арқылы аз ағынмен өткізеді
Тұндырғыштар табиғи (көлдер) және жасанды (горизантальді, вертикальді, радикальді)  болып бөлінеді.
Горизантальды тұндырғыш  -  тікбұрышты темір битонды резервуар су горизантальды бағытпен қозғалады, бір жағынан екінші басына.
Вертикальды тұндырғыш дөңгелек немесе квадратты темір битонды резервуар, су төменнен жоғары көтеріледі. Тұнбадағы шөккен қалдықтарды тазалап алып қосады.
Радикальды тұндырғыш дөңгелек терең емес терең битонды резервуар. Радикальды тұнбада судың жылдамдығы ортасына дейін максималды түрде қозғалады да одан кейін минималды қозғалыста жан-жағына тарайды, оның себебі қозғалысы ортасынан шетіне ағатын болғандықтан.Су арнаулы реттегіштен өтіп радикалды бағытпен жан жағына су жиналатын астаушалар арқылы трубаларға құйылады.Шөгінділер орталық тұндырғыштан трубалар арқылы тазаланады.
Сүзгі арқылы тазалау. Коагуляциядан және тұндырғанан кейін суда ұсақ қауыздар тұндырғышқа шөкпеген шөгінділер ұсақ заттар қалады. Оны әрі қарай тазарту үшін сүзгілер қолданылады, арнаулы қондырғылар сүзгілері бар Сүзгілер су жіберу жылдамдығы жағынан баяу тез және өте тез болып бөлінеді. Бұлардың бәрі қысымның әсерінен жұмыс істейді. Әдетте сүзгі арқылы коагуляциядан және тұндырылған суларды өткізеді.
Фермаларды сумен қамтамасыз ету үшін суды баяу ағызатын сүзгі жиі қолданылады. Сүзгілер жер беті және жер астында су өткізетін материалдан жасылған резервуарлар. Резервуардың түбіне тас қиыршықтарын домалақ тастар жәнеірі құмдар салады. Ең жоғарғы қабаты ұсақ құмдардан тұрады.Төсеніштің қалыңдығы 0,6-0,9м, ал сүзгінің құм қабаты 0,8-1,2м. Баяу ағызатын сүзгілер 1,5-2айда бір рет қолмен тазаланып тұрады, жоғарғы қабатынан 2-3см құмды тазалап, аз уақытта суды жауып қояды, жаңа су сүзгісі қабыршағы құралғанша жаңа сүзгі қабыршағықұрылғаннан кейін таза суды жібереді.
Эксперимент бойынша көптеген вирустардың бөліктері судағы бөлшектерге, жәнеқауызға сіңіріледі. Су қауыздарына сіңіру арқылы судан 99,9% вирустарды тазалауға болады, су станциясы арқылы 90-95%. Сонымен суды мөлдірлеу арқылы белгілі мөлшерде бактерияларды және вирустарды азайтуға болады.
Суды өңдеу әдістері Шаруашылықта пайдаланатын ауыз суға тұздың құрамын реттеу үшін арнаулы әдістер қолданылады. Ең көп таралған суды залалсыздандыру, фторлау жәнеартық мөлшерде фторлау.
Суды залалсыздандыру Залалсыздандыруды тот әдісінің біреуімен ғана жүргізуге болады: температуралық күшті тотықтардың әсерімен металдардың иондарымен және физикалық. Суды залалсыздандыруға ең көп қолданылатын тотықтырғыштар: хлор, озон, натрий гипохлорді. Үлкен су станцияларында суды сұйық хлормен хлорлайды, ал кішкентай су станцияларында хлорлы извеспен. Хлордың әсерінен көптеген микроорганизмдер өледі. Суды хлорлы извеспен залалсыздандырғанда ондағы активті хлордың мөлшерін білу керек (ол 25%кем болмауы керек) Суды хлормен залалсыздандыру сенімді болу үшін қосылатын хлордың санын білу керек. Ол үшін алдымен судың қанша мөлшерде хлорды қажет ететінін білу керек. Көп жағдайда 1-3мг/л хлор суға жеткілікті.
Малды суаруға пайдаланылатын суда хлор қалдығы 0,3-0,5мг/л аспау керек. Құдықта суды хлорлау үшін кирамикадан жасалған патрон арқылы дозалайды. Патронның сиымдылығы 0,25,0,5 және 1л,патронға 150;300 және 600г хлорлы извест және 100-300мл суқосады. Патронға құйылған ертіндіні жақсылап араластырады бірынғай масса болғанша одан кейін қақпағын жауып суға түсіреді, су түбіне 20-50см қалғанға дейін. Патронды бірнеше рет пайдаланады.
Суды қайнату арқылы да залалсыздандырады көлемі аз суларды.
Суды ультракөк бактериялық сәулемен де залалсыздандырады., ол үшін ДРТ-1000, ДБ-60, КРС-2,5 т.б қолданылады.
3. Судыңластану себептері және су көздерін санитарлық қорғау аймағы.
Табиғи су көздері әр түрлі жолдармен ластанады, зиянды лас заттармен және техникалық қалдықтардың әсерінен әртүрлі сапалы өзгерістер болады. Олар мынадай формада болады: судың физикалық, химиялық қасиетінің өзгеруі, ондағы зиянды заттар судың бетіндеқалқып жүретін және түбіндегі заттар оттегі ертіндісі азаяды, суға түскен органикалық заттарды тотықтыруға жұмсалғандықтан микроорганизмдер және бактериялар.
Ластанған табиғи сулар ішуге шомылуға кей жағдайда техникалық қажетке жарамсыз.Судың ластануы әсіресе балықтарға, құстарға қатты әсер етеді. Жер бетіндегі және жер астындағы суларды табиғи мұнай ластап зиянды әсер етеді. Судағы мұнайдың 0,1мг/л балық етіне жаман дәм жәнеиіс береді. Ешқандай технологиялық жолмен кетіре алмайтын өндіріс орындарында жиналған қар және жаңбыр суларында феномин көп жиналады. Оның әсерінен суда биологиялық процестер бұзылады суға өткір жағымсыз иіс және балықты ұдайы өсіру жағдайын төмендетеді.
Энергетикалық құрылғыдан шығатын жылы сулар судың булануына және минералдануына әсер етеді. Сонымен қатар органикалық заттар көбейіп ыдырайды, содан барып оттегі азайып судағы өсімдіктер мен тірі организмдерге әсер етеді.
Табиғи суларға адамдардың денсаулығына, жануарларға және балықтарға ең зиянды әсер ететін радиоактивті қалдықтар. Өсімдіктердің, жануарлардың органдарында радиоактивті заттардың жиналуынан биологиялық процес бұзылады. Ұсақ органдарға сіңген радиоактивті заттар  біртіндеп улкен органға сіңіп көбейіп қауіп туғызады. Сондықтан да судағы балықтардың организмі бірнеше мыңға дейін радиоактивті болады. Сондықтан да радиоактивті суды жер асты терең бассейнге сорып шығарады. Осындай әдістермен радиоактивтілігін азайтады.
Табиғи суды қорғау жұмыстары оны алдын ала комуналды және өндіріс орындарынан келіп құйылатын лас сулардан ескерту.
Жалпы ереже бойынша пайдалануға берілетін көздері санитарлық қорғауда болу керек, жан-жақты тексерілген судың анализіне қарамастан.
Санитарлық қорғау аймағы  - сумен қамтамасыз ететін су көздерінің және су құбырының  орналасқан аймағын айтамыз, бұл аймақтарда белгіленген режімдерді сақтау керек.
Санитарлық қорғау аймағын су көздері орналасқан уш поясқа бөледі: қатал режімді, белгілі мөлшерде және байқаудағы болып.


                                       

Пәндер