Файл қосу

Мемлекеттің экономикалық қызметтері



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК   УНИВЕРСИТЕТІ
МСЖ құжат 3 деңгейлі
ПОӘК

ПОӘК 042-18.2.1.004/01-2014
ПОӘК 
<<Экономиканы мемлекеттік реттеу >> пәні бойынша  оқытушыға арналған пәннің  бағдарламасы 

Баспа №1, 11.09.2014жыл 











5В050600  -  <<Экономика>> ,5В011500 - <<Экономика және құқық негіздері>> мамандығына арналған 
<<Экономиканы мемлекеттік  реттеу >> пәні  бойынша 
                   ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН 
                                       
                                       
                                       
 ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ   БАҒДАРЛАМАСЫ 
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       







                                Семей 2014
	



Алғы сөз 
 



1.ҚҰРАСТЫРДЫ
 __________       <<__29__ >>_08__ 2014 ж.,  Жұмашбекова Самал Қабдрахмановна,  аға оқытушы,   <<Менеджмент және маркетинг>> кафедрасы


      2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. <<Менеджмент және маркетинг>> кафедрасының отырысында. 

  <<__29__ >>__08____ 2014  ж. №_1___Хаттама 


Кафедра меңгерушісі  ___________     Г.  Орынбекова

2.2. Экономика , құқық және гуманитарлық ғылымдар  факультетінің Оқу- әдістемелік Бюросының отырысында. 

   <<__09__ >>____09____ 2014 ж. № _1_ Хаттама 

ОӘБ  төрағасы____________________  С.  Тойкин



     3. БЕКІТІЛДІ
Университеттің Оқу- әдістемелік Кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған  және ұсынылған. 

   <<__11___ >>__09_ 2014   ж. № _1_ Хаттама 

ОӘК төрағасы   _________________     Г. Искакова
















Мазмұны


* Қолдану  аумағы
* Нормативті  сілтемелер
* Жалпы  мағлұматтар
* Оқытушы үшін пәннің оқу бағдарламасы
* Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары 
*  Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтылу картасы
* Әдебиеттер 



































* Қолдану аумағы

<<Экономиканы мемлекеттік реттеу >> пәні  бойынша оқу-әдістемелік кешені5B050600-<<Экономика>> , 5B011500-<<Экономика және құқық негіздері>> мамандықтары студенттеріне арналған . Ол студенттерді курс мазмұнымен, оның өзектілігі және қажеттілігімен, курс саясатымен , оқу процесі барысында студенттер игеретін дағды және  шеберлікпен таныстырады. Оқу-әдістемелік кешен пәнді зерттеу кезіндегі негізгі жетекші құрал болып табылады.

	2. Нормативті сілтемелер
Осы  <<Экономиканы мемлекеттік реттеу >> пәнінің оқу-әдістемелік кешені келесі құжатардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес жасалынды және берілген пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін бекітеді:
   - <<Экономиканы мемлекеттік реттеу >>  пәні бойынша типтік бағдарлама
 Мемлекеттік  жалпы  білім берудің стандарты ҚР МЖБС 5.04.019  -  2011 , Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген.
Мемлекеттік  жалпы  білім берудің стандарты ҚР МЖБС   , 23 тамыз 2012 жылы №1080 Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен  бекітілген.
СТУ 042-ГУ-5-2014 Университет стандарты << Пәннің оқу әдістемелік кешендерін жасау және безендіруге жалпы талаптар >> 
-ДП 042-1.01-2014 Құжатталған процедура <<Пәннің оқу әдістемелік кешендерінің құрылымы және мазмұны>>
-МУ 042-1.01-2013 Студенттердің өздік жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар

* Жалпы    мағлұматтар
* Оқытушының аты-жөні  -  Жұмашбекова С.Қ. аға оқытушы, экономикалық ғылымдар магистрі
* Кафедра- Менеджмент  және маркетинг;
* Байланыс ақпараты  -  тел: 53-02-29, № 8 оқу корпусы, №305 кабинет;
* Сабақты жүргізу орны  -  сабақ  кестесі  бойынша
* Пән аты  -  <<Экономиканы мемлекеттік  реттеу>> 
* Кредит саны- 3
* Оқу жоспарынан көшірме (кесте 1)

Оқу жоспарынан көшірме
5B050600-  <<Экономика>>, 5В011500 - <<Экономика және құқық негіздері>>мамандықтары үшін
Кесте 1
Курс
Семестр
Кредит
Дәріс
                                Семинар
ОСӨЖ
СӨЖ
                                Барлығы
Бақылау түрі
2
4
3
30
15
22,5
67,5
135
Емтихан
3
6
3
30
15
22,5
67,5
135
Емтихан

3.1. Пәннің қысқаша  мазмұны
	<<Экономиканы мемлекеттік реттеу>> нарықтық қатынастардың тиімді қалыптасуын қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық үдерістерге әсер етудің әдістері мен тетіктерінің көмегімен мемлекеттің елдің экономикалық өміріне қатысуының формаларын зерттейтін ғылыми экономикалық пән болып саналады. Экономиканы мемлекеттік реттеу-макроэкономика тұрғысынан мемлекеттің атқаратын қызметі; қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жүйені тұрақтандыру және өзгермелі жағдайларға бейімдеу мақсатында өкілетті мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын, өзара байланысты әртүрлі экономикалық реттегіштердің кешенінен тұратын заң шығарушы, атқарушы және бақылаушы сипаттағы типтік шаралардың жүйесі.
Нарықтық қатынастарға өту кезіндеэкономиканы мемлекеттік реттеу әсіресе экономикалық реформаларды жүзеге асыру кезінде-меншікті, материалдық өндірісті, еңбек нарығын, қаржы нарығын реформалау, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін теңестіру кезінде қажет. Сонымен қатар табиғатты пайдалануды, сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу керек. Мемлекет  экономиканы құрылымдық қайта құру үдерісін нарықтық қатынастардың басты мақсатына-әлеуметтендіру және тұрғындардың материалдық әл-ауқатын жоғарлатуға сәйкес реттеу қажет.

3.2. Курстың мақсаты:
Студенттерге елдегі әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеудің механизмі туралы тұтас мағлұматтар беру. Олардың экономикадағы мемлекеттің рольін анықтайтын негізгі көрсеткіштерімен таныстыру, экономикалық үлгілер құрып, талдау жасауға, шешімдер қабылдауға үйрету, көптеген шешімдер арасынан ең ұтымдысын таңдауда бағдар беру болып табылады. Сондай-ақ, студенттің экономиканы мемлекеттік реттеуді зерттеуде экономикалық ойлау, талдау қабілетін арттыру. 

3.3. Курстың міндеті: 
 <<Экономиканы мемлекеттік реттеу >> пәнін оқудың негізгі міндеті студенттерге нарықтықэкономика шарарында әртүрлі қызметтер саласын жалпы мемлекеттік реттеудің, жекешелендіру мен ұлттандырудың, мемлекеттің әлеуметтік саясатының механизмі, тікелей мемлекеттік реттеудің қаржы-экономикалық құралдары туралы білім беру болып табылады.

3.4. Пәнді  оқу  барысында студент:
* Мемлекеттің нарық негізінде қалыптасатын экономикалық қатынастарға белсенді қатысушылардың бірі ретінде іс-әрекетіне көзқарастарды қалыптастыруы қажет. 
* Негізгі мәселелер мәнін анықтап және оларды шешуде әртүрлі    бағыттарға бағдар жасай алуы қажет.
* Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен механизмін білу керек.
* Мемлекеттің экономикалық саясатының мәні, әдістері және принциптерімен танысуы керек.
* Курсты оқу нәтижесінде нарықтың қызмет ету жағдайында басқару шешімдерін қабылдаудың практикалық дағдысын үйренуі қажет. 

3.5. Курстың пререквизиттері. 
* Экономикалық теория
* Микроэкономика
* Макроэкономика

3.6. Курстың постреквизиттары:

* Салықтар және салық салу
* Мемлекет және бизнес
* Қазақстан экономикасын басқару


4.ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Тақырыптардың атауы, олардың қысқаша мазмұны
Сағат саны
                                       1
                                       2
                         Дәріс сабақтары
Модуль 1. ЭМР-дің ғылыми-әдістемелік және ұйымдық-институционалдық негіздері
Тақырып 1. ЭМР теориялық астары мен оның объектісі
Мемлекеттік реттеу жүйесі түсінігі. Экономиканы реттеудің нарықтық және мемлекеттік механизмдерін үйлестірудің қажеттілігі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары, құралдары. Мемлекеттік реттеудің объектісі мен субъектісі. Мемлекеттік реттеудің типтері мен модельдері. Дамудың әртүрлі кезеңдерінде мемлекеттік реттеудің бағыттары мен қарқындылығының айырмашылығы. Меркантелизм теориясы(У.Стаффорд,Г.Скаруффи,Т.Мен,У.Петти,А.Серра,А.Монкретьен) Экономикалық либерализм(А.Смит,Д.Рикардр,Н,Кондратьев,М.Туган-Барановский) Неоклассикалық жүйедегімемлекет(А.Маршалл,Э.Чемберлин,Л.Мизес,ф.Хайек,М.Фридмен)
Кейнсиандық жүйедегі нарық пен мемлекет.ЭМР жалпы принциптері.
Экономиканы циклге қарсы реттеу. Институтоционализм және оның  негізін салушылар. Трансакциялық шығындардың мәні. Мемлекеттік реттеудің объектілері. Макросфера, экономиканың өндірістік, инфрақұрылымдық, әлеуметтік сфералары мен олардың аймақтық құраушылары. ЭМР-дің субъектілері, олардың әлеуметтік-экономикалық және шаруашылық мүдделері.
                                       2
Тақырып 2. ЭМР әдістемесі жөнідегі ұғым және оның элементтері.
Ұдайы өндіріс айналымы және экономикалық құбылыстардың өзара байланысы. Жиынтық сұраныс пен ұсыныс, олардың өзара байланысы. Ресурстар динамикасы мен экономикалық өсудің концептуалдық негізі. Акселератор , мультипликатор түсініктері және олпардың ЭМР-дегі рөлі. Мемлекеттік реттеу жүйесінде экономика ғылымының негізін жүйелендіру арқылы оның тұжырымдамаларын ұтымды пайдалану. ЭМР әдістемесі және оны әрдайым жетілдіріп отырудың қажеттілігі.  Экономикаға тура және жанама әсер ету әдістері. Мемлекеттің экономикалық қызметтері. Экономикаға мемлекеттің араласу шегі. ЭМР-дің әкімшілік, экономикалық, құқықтық  әдістері. Экономиканың дамуына мемлекеттің әсер етуінің тетіктері, жанама және тікелей әсер ету құралдары. Экономиканы ұзақ-орта-қысқамерзімді реттеудің әртүрлі құралдарының үйлесуі.

                                       2
Тақырып 3. Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі
Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері. Мемлекеттік экономикалық қызметтерін құқықтық негізбен қамтамасыз ету. ҚР Конституциясы ЭМР-ді ұйымдастырудың негізі ретінде. Республиканың өкілетті, заң шығарушы және атқарушы органдарының жүйесі және олардың экономиканы мемлекеттік реттеу үдерісінде алатын орны. ҚР-сы экономикасын басқару органдарының ұйымдық құрылымы. Халық шаруашылығын басқарудың орталық органдарының негізгі функционалды міндеттері. Аймақтық басқару органдары және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуды реттеудегі ролі. Мемлекеттік ЭМР қажеттілігінің факторлары. Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттары мен бағыттары.  ҚР, Ресей, АҚШ және Батыс Европа елдерінде ұлттық ЭМР жүйесі.

                                       2
Модуль 2. Аралас экономиканың негізгі заңдылықтары, өсу факторлары және оны реттеу
Тақырып 4.Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның  заңдылықтары.
Транзиттік экономика: мәні, негізгі міндеттемелері және трансформациялық процестердегі мемлекеттердің рөлі. Өтпелі кезеңдегі жалпыэкономикалық және макроэкономикалық тенденциялар, олардың даму бағытын таңдау. 
Ауыспалы экономиканың заңдылықтары: либерализация және мемлекет меншігін жекелендіру, нарықтық инфра құрылымды қалыптастыру, экономиканы демонополизациялау және бәсекені жақтау, экономиканың құрылымын оптимизациялау, әлеуметтік берудің адрестік жүйесіне көшірудің, қаржылық тұрақтылық және басқалар.
Жоспарлау мен тауар- ақша қатынастарының диалектикалық өзара байланысы. Тауар өндірісі және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету. Нарық құрылымы. IS-LM үлгісі. Капитал және ғылыми техникалық жасақтамалар нарығы. Бағалы қағаздар нарығы. Еңбек нарығы.

                                       2
Тақырып 5. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар.
Мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыру негіздері мен факторлары және оның әлеуметтік бағытталуы. Қоғамдағы өндіріс: көрсеткіштері, өсу қарқыны және құрылымдары. Мемлекеттің құрылымдық саясатының қажеттілігі мен негіздемесі.
Өндірістік бағдарламаларды әзірлеу принциптері. Макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі мен олардың өзара байланысы. 
Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекет іс  - әрекетінің негізгі бағыттары. Экономикалық өсу үлгілерін салыстыру. Ағымдар мен запастар, оларды реттеуде Үкіметтің рөлі. 
Мемлекеттік индустриалдық және аграрлық саясатының қалыптасу ерекшеліктері.
Салалардың басыңқылығын анықтаудың ұйымдастырушылық әдістемелік астары. 

                                       2
Тақырып 6.Экономикалық мемлекеттік реттеу қызметінің басты сатысы әлеуметтік- экономикалық болжау мен жоспарлау.
Экономикалық болжаудың мәні және ғылыми методологиялық негіздері.
Болжаудың қағидалары мен әдістері. Халық шаруашылығын кешенді болжауды әзірлеуді ұйымдастыру және оның теориялық негіздері. Болжаудың әзірлеу мерзімі, функционалдық блоктары мен ірілендіру деңгейіне байланысты түрлері.
Мемлекеттің ұлттық бағдарламалары экономиканың басыңқы бағыттары мен дамуының мемлекеттік стратегиясын іске асыру негізі мен халық шаруашылығы жоспарының құрамды бөлігі ретінде. 
Бұл бағдарламаны әзірлеу және бекіту. Экономиканы орта мерзімді стратегиялық даму жоспарларының мәні, ғылыми негізі мен белгілері.
Экономикалық өндірістік инфрақұрылымдық салаларының дамуының стратегиялық орта мерзімді жоспарлау, оның негізгі әдістері. 
Әлеуметтік сфераның дамуын жоспарлау негіздері. Білім берудің, денсаулық сақтаудың, медениеттің негізгі көрсеткіштері және оларды дәлелдеу әдістері.

                                       2
Модуль 3. Қоғамның өндірістік және интеллектуалдық әлеуетін пайдалануды реттеу
Тақырып 7. Ғылыми- техникалық прогрестің бағыттары мен оларды жеделдетудегі мемлекеттің рөлі.
Экономикалық басқарудың маңызды тапсырмасы- қоғамның ғылыми- техникалық потенциалын арттыру. Ғылыми- техникалық прогрестің (ҒТП) әлеуметтік- экономикалық астары мен оның негізгі бағыттары.
ҒТП- ті жеделдету және оның тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесі. Ғылыми- зерттеу, жобалау- іздену және тәжірибелі құрастыру жұмысын тікелей қаржыландыру көздері мен шарттары. ҒТП- ті несиелік және салықтық реттеу механизмдерінің маңызы.
Ғылыми және ғылыми- техникалық дамудың басыңқылықты бағыттарын ұлттық мүддеге, елдің әлеуметтік- экономикалық даму сұраныстарына сәйкес мемлекетті қолдау және ынталандыру. Ресурстарды басыңқылықты ғылыми бағыттарға шоғырландыру. Ғылыми және техника бойынша мемлекеттік тапсырысты конкурстық негізде қалыптастыру және орналастыру, ғылыми- техникалық саясаттың қалыптасу және жүзеге асу барысында ғылым мен ғылыми- техникалық саясат саласында мемлекеттік органдар мен ғылыми қауымдастықтың өзара байланысын демократияландыру және қамтамасыз ету. Ғылыми - техникалық шығармашылық еркіндігін қамтамасыз ету, ғылыми қызметкердің еңбек жағдайын жақсарту. Ғылыми- техникалық саясаттың негізгі мақсаттары: өмір сүрудің сапасын арттыруға бағытталған зерттеуді дамыту, ғылымсыйымды, ресурс үнемдеуші, экономикалық таза өндірісті әзірлеу, экономикалық шикізатты бағытын сатылап азайту және сапалы бәсекеге қабілетті түпкілікті өнім шығаруға бағыт алу.

                                       2
Тақырып 8. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу.
Қоғамның еңбек әлеуеті мен демографиялық жағдайы. Еңбек ресурстарының гендерлік және интеллектуалдық деңгейінің маңызы. Еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар жүйесі. 
Жұмыссыздықтың түрлері мен негізгі  себептері және оны төмендетудегі мемлекеттің іс  -  әрекеті. Еңбек нарығының қалыптасу процесімен оны дамытуға мемлекет тарапынан келу мәселесі. Еңбек өндірімділігі мен еңбекақы төлеудің өсім қарқынының ара қатынасына мемлекеттік әсер етудің механизмдері.

                                       2
Тақырып 9. Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері
Мемлекеттің құрылымдық саясаты және негізгі көрсеткіштері: ұдайы өндірісті реттеу, <<мотор-салаларды>> анықтау. Экономиканы қайта құрылымдау кезіндегі мемлекеттік реттеу іс-шаралары.  Өнеркәсіптің тауарлық мамандануы. Өнеркәсіптік саясатты дайындау кезеңдері. Өнеркәсіптің технологиялық мамандануын дамытудың перспективалары. Өнеркәсіптік саясаттың аймақтық мәселелері. ҚР өнеркәсіпті қолдаудың жалпы және жекелеген экономикалық шаралары. Инвестиция және инвестициялық концепция. Мемлекеттің инвестициялық саясатының өзгермелілігі мен  оны қалыптастыру негіздері. Мемлекеттің инвестициялық іс  -  әрекетінің ең маңызды қағидалары. 
Инвестициялық ресурстардың негізгі көздері мен оны ұтымды пайдалану проблемалары. Шетелдік инвестициялар мен ішкі инвестициық ресурстар арасындағы өзара қатынастардың тиімдісін таңдау. Инвестицияға сұраныс пен оған ұсыныс арасындағы тепе  -  теңдікке қол жеткізу механизмі.
Қазақстан инвестициялық қоры және инвестициялық іс  -  әрекетті мемлекеттік қор. Елде инвестициялық қолайлы климат қалыптастыру. 
Шаруашылық субьектілерінің инвестициялық белсенділігін арттырудың ролі және оның механизімі. Инвестициялық жобаларды бағалау және мемлекеттің инвестициялық іс  -  әрекетінің ұзақ мерзімді бағдарламаларын жасақтау.
Инвестиция салудың басымдық бағыттары мен сфераларын мемлекет тарапынан анықтау. Өндірістік сфера мен инфра құрылым салаларын бірыңғай дамыту мүдделерін ескерту. Мемлекеттегі инвестициялық тартымдылық мәселесі: әлеуметтік саяси тұрақтылық, заң актілерін іске асыру, экономикалық реформаларды тереңдету бағытын ұстану, экономикалық байланыстар бойынша мемлекет аралық міндеттердің өз уақытында орындалуы және т.б.
Мемлекеттің инвестициялық әлеуетінің тиімді пайдаланудың қаржы бюджеттік және ақша  -  несиелік тетіктері. Инвестициялық құрылыстық кешенін негізгі сандық  -  сапалық көрсеткіштерін және оларды негіздеудің әдістемесі. Күрделі қаржының технологиялық және ұдайы өндірістік құрылымы мен оның көрсеткіштерінің тиімділігін арттыру бойынша мемлекеттік шаралар. 

                                       2
Тақырып 10. Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі.
Жер экономиканың аграрлы секторындағы негізгі өндіріс құралы ретінде. Ауылшаруашылығындағы жерлерді тиімді пайдалану проблемасы және оны өндірісті ұйымдастыру  -  технологиялық негіздерімен байланысы. Аграрлы сектордың көпукладтылығы және ауылдың  интелектуалдық, материалды техникалық және жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролі. 
Ауыл шаруашылығының ерекшеліктері және оның салалары дамуының басынқылығын ғылыми негіздеу. Мемлекеттің аграрлы секторға қолдау көрсетуі механизімдері мен оның болашақтағы дамуын реттеуі.  Агроөнеркәсіп кешенінің секторлары арасындағы шаруашылық  -  экономикалық байланыстарды нығайтудағы және олардың мүдделерін бір арнаға бағыттаудағы мемлекеттің атқаратын ролі. 
Жерді пайдаланудың экономикалық және экологиялық тиімділігін арттырудағы және егін мен мал шаруашылығын ғылыми технологиялық қамтамасыз етудегі мемлекет мүдделерінің шеңбері. Ауыл шаруашылығы өнімі  өндірісінің жоспарыл көлемін анықтауға мемлекеттік органдардың тигізетін әсері мен қолданатын әдістері. Аграрлы сектор өнімін тиімді өткізу мәселелері мен оның мемлекет тарапынан ынталандыру механизімдері. 
Жерді ұтымды пайдаланудың экономикалық механизмдері және олардың кадастрлық бағалаудағы ролі. Жердің экологиялық жағдайын арттыру мен оның құнарлығын көтеру бойынша мемлекеттік ынталандыру механизмдері.

                                       2
Тақырып 11. Экономиканы реттеудің қаржы  - бюджеттік әдістері
Бюджет жүйесінің қалыптасуы. Бюджеттің негізгі сипаттамасы. Экономикалық өсуге мемлекеттік шығындардың әсері және экономикадағы құрылымдық өзгерістер. Бюджет жүйесінің деңгейлері. Аумақтық бюджеттердің қалыптасуы мен қызметтері. Мемлекеттің фискалды саясатының негізгі мақсаты: салық-бюджет құралдарын тиімді пайдалану. Салық саясатының принциптері мен салық жүйесі. Лаффер қисығы. Салық жүйесінің экономикаға әсерінің құралдары.
                                       2
Тақырып 12. Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері
Ақша нарығы және мемлекеттің ақша саясаты. Елдің ақша жүйесі және оның негізгі компонеттері. Экономикадағы ақша ұсынысына Ұлттық Банктің әсер ету механизмі мен құралдары.ҰБ қолданатын экономиканы реттеудің құралдары: есептік ставка, міндеті резервтер саясаты, депозиттік және валюталық саясат.Коммерциялық банктердің қызметін реттеу. Лицензиялар түрлері. Коммерциялық банктердің қызметінің экономикалық нормативтері.

                                       2
Тақырып 13. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысының  унитарлығы мен оның әкімшілік аумақтық бөліндісі. Аймақтық (облыс, қала, аудан) даму аясындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен оны жүзеге асыру әдістері. 
Шағын және орташа депресивті қалалардың, әлеуметтік  артта қалған аудандардың, облыстардың экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың іс  -  әрекеті мен ұйымдастыру құрылымы. 
Аймақтардың тиімді экономикалық мамандануын қалыптастыру және оның 2015 жылға дейін Қазақстанда аумақтық даму стратегиясында көрініс табуы.
Өндіргіш күштерді тиімді орналастыруда аймақтық және жалпы мемлекеттік мүдделерді үйлестіру негіздері. Жергілікті шаруашылық және жергілікті өзін  -  өзі басқару. Жергілікті мемлекетті басқару жүйесі. Арнайы экономикалық зоналарды ұйымдастыру негізі, мағынасы мен тиімділігі. 
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың мақсаты: аймақтар арасындағы әлеуметтік  -  экономикалық даму деңгейлері арасындағы айырмашылықты төмендету; әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға мүмкіндік беретін басынқылықты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру; аймақтарда сайлау саясатын халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту мен байланыстыру және тағы басқа.
Шағын қалалардың және болашағы бар ауылдық аймақтардың кешенді дамуына;  Қазақстан шекарасындағы аудандардың экономикалық потенциалын нығайту бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және оны жүргізуге; өнеркәсіптің қайта өндеу секторын кәсіпорын дамытуының аумақтың инфрақұрылымын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыруға мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі
                                       3
Тақырып 14. Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы экономикалық іс-әрекеттерін реттеу
Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты дұрыс пайдаланудың әлеуметтік  - экономикалық маңызы. Табиғи ресурстарды қорғауды және оның ұтымды пайдаланылуын экономикалық реттеу.Экодамудың мемлекеттік менеджмент стратегиясын қалыптастыру. Экодамудың институттары мен механизмдері.Негізгі стимулдар: мүмкіндіктері мен шектеулер. Дағдарыс жағдайында басқару және экология . СЭК МР түсінігі мен сипатамасы. СЭҚ реттеудің мақсаттары мен құралдары. СЭҚ ынталандыру. СЭ саясаттың мәні мен мақсаттары. СЭ саясаттың аймақтық компоненттері. Мемлекеттің төлем балансы-СЭҚ реттеудің құралы ретінде.
                                       2
        Практикалық (сарамандық) сабақтар
Тақырып 1. ЭМР теориялық астары мен оның объектісі
1.Экономиканы реттеудің кейнсиандық теориясы
2.Қазіргі заманғы экономикалық мектептердің экономикадағы мемлекеттің рольі туралы ойлары.
3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің мазмұны.
4. ҚР жағдайында мемлекеттік реттеу субъектісінің құрылымы мен ерекшеліктері.
                                       1
Тақырып 2. ЭМР әдістемесі жөнідегі ұғым және оның элементтері.
1.Акселератор , мультипликатор түсініктері және олпардың ЭМР-дегі рөлі. 
2.Экономикаға тура және жанама әсер ету әдістері. Мемлекеттің экономикалық қызметтері. 
3.Экономиканы ұзақ-орта-қысқамерзімді реттеудің әртүрлі құралдарының үйлесуі.

                                       1
Тақырып 3. Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі
1.ҚР Конституциясы ЭМР-ді ұйымдастырудың негізі ретінде. 
2.Мемлекеттік ЭМР қажеттілігінің факторлары.
3.ҚР, Ресей, АҚШ және Батыс Европа елдерінде ұлттық ЭМР жүйесі.

                                       1
Тақырып4.Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның  заңдылықтары.
1.Транзиттік экономиканың үлгілері және олардың жүйесі: жұмсақ революция, әлеуметтік- нарықтық шаруашылық, есінен тандыру терапиясы және тағы басқа белгілері бір үлгіні пайдалану негіздері. 
2.Нарықтың сенімді дамуына мемлекет тарапынан жасалатын жағдайлар.
3.Нарықтық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі мен олардың дамуын реттеу әдістері. 
ҚР-ғы монополияға қарсы іс-әрекет.

                                       1
Тақырып 5. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар.
* Макроэкономикалық тұрақтылық және оған қол жеткізудегі мемлекеттік шаралар.
* Экономикалық өсуді:факторлары, көрсеткіштер және оларды анықтау әдістері.
* Өндіргіш күштерді ұтымды орналастыру проблемасы және оны шешу барысында мемлекет мүддесін есепке алу. 

                                       1
Тақырып 6.Экономикалық мемлекеттік реттеу қызметінің басты сатысы әлеуметтік- экономикалық болжау мен жоспарлау.
1.Болжаудың қағидалары мен әдістері. 
2. 1991- 2014 жж. мемлекеттің ұлттық бағдарламалары 
3. Стратегиялық жоспарлау методологиясының түсінігі.

                                       1
                                       
Тақырып 7. Ғылыми- техникалық прогрестің бағыттары мен оларды жеделдетудегі мемлекеттің рөлі.
1. Мемлекеттің- техникалық және инновациялық саясатының қалыптасу негіздері.
2. ҒТП-ке әсер ететін мемлекеттің әкімшілдік- құқықтық және экономикалық механизмдері.
3. Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру шараларының жүйесі.
4. Ғылымды өндірісті, білім беруді интеграциялауды қамтамасыз етудің мемлекеттік шаралары.

                                       1
Тақырып 8. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу
1.Әлеуметтік саясат және оның басымдықтары.
2.Тұрғындардың табыстары мен шығындарын реттеу.
3.ҚР әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу реформаларының негізгі бағыттары.
4.Тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған топтарының жұмыспен қамтылуына ықпал ету.
                                       1
Тақырып 9. Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері
1.Инвестиция түсінігі, ұлғаймалы ұдайы өндірістегі оның орны мен рольі.
2.Экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігінынталандыру механизмі.
3.Бюджеттік инвестициялық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру жолдары.
4.ҚР-ғы өнеркәсіп пен оның салаларын территориялық ұйымдастыру мен орналастырудың ерекшеліктері
5.Өнеркәсіп өндірісінің құлдырауының аумақтық дифференциялану факторлары
                                       1
Тақырып 10.Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі.
1.ҚР-ғы АӨК даму үдерістерінің маңызды ерекшеліктері.
2. 20 ғ. 90-ж ҚР-ның аграрлық саласының дамуын сипаттайтын негізгі тенденциялар.
3. Ауыл шаруашылығындағы  тұрақты ұдайы өндірістің қаржылық потенциалының сипаттамасы. 

                                       1
Тақырып 11. Экономиканы реттеудің қаржы  - бюджеттік әдістері
1.Бюджет және оның экономиканы реттеудегі ролі.
2. Экономикалық өсуге мемлекеттік шығындардың әсері және экономикадағы құрылымдық өзгерістер.
3. Даму бюджеті. Бюджет жүйесінің деңгейлері
4.Елдің салық жүйесінің мазмұны.
5. Салық жүйесінің экономикаға әсерінің құралдары.
6. ҚР салық жүйесін реформалаудың перспективалары.
                                       1
Тақырып 12. Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері
1.Экономикадағы ақша сұранымы мен ұсынымына Ұлттық Банктің әсер ету механизмі мен құралдары.
2. Коммерциялық банктердің қызметін реттеу.
3.Валюта бағамын реттеу әдістері
4.Валюта саясатының түрлері мен формалары.
5.ҚР валюталық реттеу

                                       1
Тақырып 13. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
1.ҚР-ның конституциясы аймақтардың әлеуметтік  -  экономикалық дамуы туралы.
2.Аймақтық дамудың концепциясымен мемлекеттік бағдарламасын әзірлеудің ролі және олардың қажеттілігін анықтау. 
3. Аймақтық саясатты жүзеге асырудың мақсаты
4. Аймақтарды мемлекеттік қолдау қажеттілігі
                                       2
Тақырып 14. Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы экономикалық іс-әрекеттерін реттеу
  + Мемлекеттің  табиғатты қорғау шараларын әзірлеу мен жүзеге асыру әдістері
* Экологиялық саладағы ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басымды бағыттары
3. ҚР-ғы  СЭҚ мемлекеттік реттеудің механизмі.
4. Капиталдың қозғалысына мемлекеттің әсері.
5. ҚР ТМД елдерімен интеграциялық әріптестігін реттеу.
                                       1

5.Студенттердің өздік жұмыстарының тапсырмалары
2-апта	
* <<Қазіргі заманғы экономикалық мектептердің мемлекеттің экономикалық қызметі туралы көзқарасы>> тақырыбына эссе жазыңыз.
3-апта
* <<Нарықтық экономикасы дамыған елдерде экономиканы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру ерекшеліктері:Оңтүстік-Шығыс Азия  елдерінде>>
тақырыбына баяндама  жазыңыз.
4-апта
Келесі тақырыптар бойынша топтық жобалар жасаңыз
* Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастыруды жетілдіру проблемалары.
* Трансакциялық  шығындар экономикадағы келеңсіздер көрініс ретінде және оларды азайтуға мемлекеттік шаралар.
6-апта
Келесі тақырыптардың біреуіне  реферат  жазыңыздар.
* Қазақстан Республикасының экономикалық өсу факторлары
* Соңғы жылдардағы ҚР-ның мемлекеттік  бағдарламалары
8-апта
Келесі тақырыптар бойынша   таңдаған тақырыбыңызға презентация  жасаңыздар.
* Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру шараларының жүйесі
* Әлеуметтік инфрақұрылымның дамуын мемлекеттік реттеу және оның механизмдері. Денсаулық сақтаудың, білім берудің, мәдениеттің даму көрсеткіштері және оларды негіздеу әдістері. 
* Кедейшілікпен күресудің әдістері және мемлекеттік ролі
10-апта
Келесі тақырыптардың біреуіне баяндама  жазыңыздар.
* Қаржы инвестициялары және оларды ұтымды пайдаланудағы мемлекеттің рөлі.
* Аралас экономика жағдайында құрылымдық саясатты жүзеге асыру тәсілдері
* Экономиканың нақты секторында кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін ынталандыру механизмі 
* Аграрлы сектор өнімін тиімді өткізу мәселелері мен оны мемлекет тарапынан ынталандыру механизмдері.
12-апта
Келесі тақырыптар бойынша   таңдаған тақырыбыңызға жеке жобалар жасаңыз.
* Экономикаға салық жүйесінің ықпал ету құралдары
* ҰБ-тың ақша ұсынымын реттеудегі құралдары мен механизмі
* Мемлекеттің монополияға қарсы саясатының түрлері мен мазмұны
* ҚР-ғы монополияға қарсы агенттіктің қызметі және ҚР-ғы бәсекелестікті дамытудың негізгі бағыттары
14-апта
Келесі тақырыптар бойынша   таңдаған тақырыбыңызға реферат жазыңыздар. 
* ҚР-ның аймақтық-экономикалық дамуының табиғи-ресурстық факторы
* Шағын қалалардың және болашағы бар ауылдық аймақтардың кешенді даму мәселелері
* Экология саласында ҚР-ғы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басымды бағыттар
* Мемлекеттің төлем балансы СЭҚ реттеудің құралы
* ТМД елдерімен ҚР-ның интеграциялық ынтымақтастығын реттеу


6. Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтылу картасы
                                       
Оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың атауы
                                   Саны
                      Студенттердің саны
                          Қамтылу пайызы
Ихданов Ж. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті міселелері.  - А., 2002
                                      50
                                      30
                                      100
Кайкен,Ж.    Экономиканы мемлекеттiк реттеу (ЭМР).-Семей,2003
                                      23
                                       
                                      90
Есқараев Б. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу-А:Экономика,2007
                                      12
                                       
                                      50
Төреғожина А. Экономиканымемлекеттікреттеу: Лекциялар курсы.- Экономика-2008
                                       1
                                       
                                      10
Құрманбаев С.К., Габдуллина Л.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу- Семей,2011
                                      17
                                       
                                       
Государственное регулирование экономики и социальный комплекс. / Ред. Морозова Г.- М.,1997
                                       
                                       2
                                       
                                       
                                       4
Ходов Л.Г.Основы гос. экономической политики. - М.,1997
                                       5
                                       
                                       9
Алгебова И.М. Государственная экономическая политика. - М.,1998
                                       2
                                       
                                       4
Мамыров  Н.К., ИхдановЖ.Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана. - А-ты, 1998
                                       
                                      15
                                       
                                       
                                      27
Ихданов Ж и др. Планово-финансовые механизмы ГРЭ. - А-ты, 1998
                                       5
                                       
                                       9
Государство и бизнес :Уч.п. / Мамыров Н.К. - Алматы, 1999
                                       5
                                       
                                       9
Экономика / Ред Булатов А.- М., 1997
                                       8
                                       
                                      14
Якобсон Л.И. Гос. сектор экономики.- М., 2000
                                       2
                                       
                                       4
Ведута Е.Н. Гос. эконом.стратегии. - М., 1998
                                      11
                                       
                                      20
Курс экономической теории / Ред. Чепуриной, Киселева. - Киров, 1996, 1999, 2000 
                                       
                                      19
                                       
                                       
                                      34
Курс эконом. теории / Ред. Чепуриной. - А-ты, 94
                                       2
                                       
                                       4
Райзберг Б. Курс экономики. - М., 1997
                                       6
                                       
                                      11
Экономика / Ред. А.Булатов. - М.,  2000
                                      13
                                       
                                      23
Современная экономика / Ред. Мамедов -Р-н-Д,1998
                                       9
                                       
                                      16
Лившиц А.Я. Введение в рыночную экономику. Ч.1, 2. - М., 1992
                                       5
                                       
                                       9
Введение в рыночную экономику / Ред. А.Я.Лившица. - М., 1995
                                       3
                                       
                                       5


7. Әдебиеттер

7.1. Негізгі :
7.1.1 Аманбаев  М .  Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру: оқу құралы / М. Н. Аманбаев; Т. Рысқұлов атынд. ҚазЭУ-дің осы заманғы оқу басылымдары. - Алматы: Экономика баспасы, 2012. - 252 б.
7.1.2. Елшібаев Р.К.  Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру: оқу құралы / Р. К. Елшібаев. - Алматы: Экономика, 2009. - 218 б.
7.1.3. Ертазин Х.  Агробизнес: оқу құралы / Х. Ертазин. - Астана: Фолиант, 2013. - 216 б. - (Кәсіптік білім)
7.1.4. Құрманбаев С.К., Габдуллина Л.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу- Семей,2011
7.1.5. Назарбаев Н.   Елмен сырласу. 7-10-ші том. Сөздер, сұхбаттар. / Н. Назарбаев; кенес. М. Қасымбеков. - Астана: Күлтегін, 2011.  -  
7.1.6. Төреғожина А. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Лекциялар курсы.- Экономика-2008
7.1.7. Төреғожина М . Қазақстан және ДСҰ: ынтымақтастық жасасу проблемалары: оқу құралы / М. Б. Төреғожина. - Алматы : Экономика баспасы, 2010. - 153 б


7.2. Қосымша әдебиеттер:

7.2.1. Абдулдаев  А. Қазақстанның  қазіргі  кездегі  қаржы жүйесіндегі  рөлі  мен  маңыздылығы/А. Абдулдаев // экономика  негіздері.-2010.№4-5.-Б.21-22.
7.2.2. Мырзалиев  Б. Мемлекеттік  реттеудің  қаржылық  механизмдерін  қалыптастыру  және  дамыту  // Ізденіс-поиск  Гуманитарлық  ғылымдар сериясы.-2010.-№3.-Б. 8-12.
7.2.3. Жарабаева  А. Факторинг  ақша  несиелік  реттеу  тәсілі ретінде //Қаз ҰУ хабарламасы.  Эконом.сер.-2008.-№3.-Б.134-138.
7.2.4.  Жауарова  А. Қаржылық  активтерді  басқару   //  Экономика  негіздері.  -  2011.-№ 1.-Б.31-32.
7.2.5. Нысанбек   Ү. Қаржы-несиелік саясатты  дамытуды  шетелдік  тәжірибесі // Қоғам және  дәуір.-2009.-№2.-Б.51-60.
7.2.6. Е.  Мағлұмов.  Қаржылық саясат -  экономикалық мемлекеттік  қаржылық  реттеу  құралы // Экономика  негіздері.-2010.-№4-5. Б.38-40.
7.2.7. Кемел  М. Селолық несиелік  тұтыну  коперативтері  несие-қаржы  қызметінің  бір  нысаны .//Аль  Пари. -2003.-№3-4-Б.195-200.
7.2.8. Жағыпарұлы  Ж.  Қаржы  саласындағы ахуал  тұрақты //Е Қ.-2010.-10 ақпан.
7.2.9. Иманбаева  Б. Қазақстанда  ғылымды  дамыту-стратегиялық басымдықтардың  бірі.//Ақиқат - 2009.-№1.-б.40-45.
7.2.10. Мустафин М.А. Интелектуальные системы в инновационной  экономике 
/М. А. Мустафин // Банки Казахстана.-2008.-№11.-С.29-32.
7.2.11. Бегентаев  М.Экономическая оценка  результатов  научного  труда
//Высшая школа  Казахстана  -  2007.-№4-С.295-297.
7.2.12. Тұралина  Ж. Ә. Ғылыми-техникалық  ауыл шаруашылық  өнімінің  сапасын  арттыру  факторы  ретінде //Аль   Пари.-2008.-№4-Б6.
7.2.13. Иманбекова  Б.Қазақстандағы  ғылыми-техникалық  саясаттың  дамуы  мен  қалыптасуы. // Ізденіс.-2007.-№2.-Б.143-147.
7.2.14. Иманбекова  Б. Қазақстандағы  ғылыми-техникалық  саясат.// Саясат.-2005.-№9.-Б53-57.
7.2.15.  Пятай  А, Төлегенова  Ж.Ауыл  шаруашылық  негізгі  капиталды  инвестицияларды  тарту //Ізденіс. -2009.№4-Б-5-9.
7.2.16.  Есқараев Б. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу-А:Экономика,2007
7.2.17. Мұқаұлы С. Қайтарымды ресурстарды пайдалану: оқу құралы / С. Мұқаұлы. - Алматы: Экономика баспасы, 2009. - 115 б.
7.2.18. С. Сейдахметов, М. Б. Тышқанбаева; Кластердің экономикасы және ұйымдастыру негіздері: оқу құралы / АТ. Рысқұлов атын. ҚазЭУ-дің осы заманғы оқү басылымдары. - Алматы: Экономика баспасы, 2011. - 372 б. 
7.2.19. Жұмабаев С.К.  Адам ресурстарын басқару: оқу құралы / С. К. Жұмабаев; Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. - Алматы : Қазақ университеті, 2011. - 234 
б.
7.2.20. Маусунбаева Л. Н.  Нарықтық экономикада ауылшаруашылық өнімдерді өндірудің ерекшелігі / Л. Н. Маусунбаева, Қ. Б. Дүйсенбай. - Семей: Printmaster, 2008. - 237 б.













Пәндер