Файл қосу
Түркі тілдерінің жіктелуі
5 В 020500 - << Филология: қазақ тілі >> мамандығына арналған << Салыстырмалы грамматика>> пәнінің ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2013 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық сабақтар 4 Курстық жұмыс 5 Студенттердің өздік жұмысы 1 ГЛОССАРИЙ 1.1 Абжад, әбжәд, әбжәт - қадим оқуының есептеуге арналған ерекше саласы. Абжад жәдит оқуына дейінгі мұсылманша мектептерде есеп үйретуге пайдаланылды. 1.2 Аглютинативті тілдер - түбірге немесе негізге аффикс жалғау арқылы сөз және сөзтұлға тудыратын әдіс. Аффикстер белгілі бір жүйемен жалғанады. 1.3 Аккомодация - дыбыстардың комбинаторлық өзгерісінің дауыссыз және дауысты дыбыстардың артикуляциясының бейімделуі. 1.4 Аллофон - фонеманың әртүрлі айтылуы. 1.5 Алтаисика - алтай төркіндес түркі, моңғол, тұңғыс-маньжур, жапон,, корей тілдерінің шығу тегін арнайы зерттейтін тарихи-салыстырмалы тіл білімінің дербес саласы. 1.6 Алтай тілдері - тілдерді тегіне, туыстығына қарай жіктеп келгенде, солардың аумақтық жиынтықтарының бірінің атауы. 1.7 Аморфты тілдер - даралаушы тілдер. Мысалы: Қытай, Оңтүстік Азия тілдері. Бұл тілдерде сөздердің горны грамматикалық мағынаны айқындайды. 1.8 Апокопа - морфологиялық құбылыс. Соңғы буындарының түсіріліп айтылуы. Мысалы: <<барады-барад>>, <<барамын-барам>> т.б. 1.9 Аферезис - қатар тұрған сөздердің арасындағы көрші тұрған дыбыстардың өзара ықпал етуі. 1.10 Вокализм - тілдегі дауысиы дыбыстар жүйесі. 2 ДӘРІСТЕР №1 модуль. Түркі тілдері, оның жалпы сипаттамасы №1 дәріс тақырыбы: Пәннің мақсаты мен міндеті, оның зерттеу нысаны. Дәріс сабағының мазмұны: 1.Түркі тілдерінің зерттелуі 2.Түркі тілдері, оның жалпы сипаттамасы 3. Жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты, терең қарастыру. 4. Тілдік туыстық ерекшеліктерін анықтау. Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты немесе жеке түркі тілінің өзіндік ерешелігі жайлы айтпас бұрын олардың бәріне тән ортақ заңдылықтар қандай дейтін мәселеге тоқтау орынды. Өйткені жалпы түркі тілдеріне ортақ заңдылықтар тән, екінші жағынан, бұл оларды басқа тілдік самьялардан ерекшелейтін белгілер болып табылады. Түркологиялық зерттеулер бойынша, түркі тілдерінің барлық ьоптарына тән, оларды өз алдына дербес семья ретінде ерекшелейтін белгілір, мынадай болып келеді. * Фонетикалық жүйе бойынша * Морфологиялық құрылыс бойынша * Лексикалық қор бойынша Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Түркі тілдерінің зерттелуі 2. Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты, жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты, терең қарастыру. 3. Тілдік туыстық ерекшеліктерін анықтау Ұсынылатын әдебиеттер: * Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы * Баскаков Н.А. Историко-типологическая характеристика структуры тюрских языков. М. 1986 * Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. Алматы, 1966. * Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. Алматы., 1999 №2 дәріс тақырыбы: Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері. Дәріс сабағының мазмұны: А) Алтай дәуірі Ә) Хун дәуірі Б) Көне түркі В) Орта ғасыр дәуірі Г) Жаңа дәуір Д) Ең жаңа дәуірлер туралы түсінік беріледі. Түркі тілдерінің дамуындағы орта ғасыр дәуір ескерткіштер тіліне талдау жүргізіледі. Түркі тілдері - Қиыр Шығыстан Жер Орта теңізі мен Үнді мұхитына дейінгі кең байтақ өлкеде тұрып жатқан ірілі-шақты 40 шақты туыс халықтардың тілі. Түркі тілдері - алтай семьясы тілдерінің бір бөлігі. Түркі тілдерінде қазіргі таңда 160 млн-ға жуық адам сөйлейді (1992). Алтай тілі - алтай халқының тілі. Түркі тілдеріне жатады.Ресей мен Моңғолия шекарасында орналасқан ресейлік Таулы Алтайда кең тараған. Алтай тілі (1948 жылға дейін ойрат тілі деп аталған) негізінен Ресейдің Алтай Республикасында (60 015) тұратын алтай халқының ұлттық, әдеби тілі. Олардың жаппы саны -- 71 317 адам (1989). Алтай тілі оңтүстік (алтай, төлеңгіт, телеуіт) және солтүстік(куманды, тува, чалкан) диалектілеріне бөлінеді. Әдеби тілінің қалыптасуында оңтүстік диалектісінің (аптай кижи) үлесі басымырақ болған. Алтай халқы 1928-1938 жылы латын әліпбиін қолданды, ал 1938 жылдан бері орыс графикасына негізделген жазуды пайдаланады. Алтай тілін қырғыз бен қазақ тілінің моңғол тілдік әсерге көп ұшыраған аралық нұсқасы деуге болады. Көне түркі тілі - қазіргі түркі халықтарының түп негізі саналатын халықтар тілі. Көне түркі тілінің кейбір материалдары топонимика мен ономастика тарихында, көршілес елдердің жылнама жазбаларында кездеседі. Басты мәліметтер көне түркі жазба ескерткіштері (5 - 8 ғ.) мен көне ұйғыр жазба ескерткіштерінде (5 - 13 ғ.) сақталып қалған. Олар жеке тайпалық тілдер негізінде жасалған. Қазіргі түркі тілдерінің жетілу барысындағы белгілі бір кезеңді танытатын тарихи нұсқа Көне түркі тілінің грамматикалық құрылысы, фонетикалық жүйесі және оның негізгі сөздік қоры осы күнгі түркі тілдерінде түгелдей сақталған. Кейбір өзгешеліктері мынадай: * 1) граммат. ерекшеліктер: Көне түркі тілі типол. жағынан жалғамалы топқа жатады, оның морфологиялық құрылысының негізі - аффиксация: түбір - жұрнақ жалғау. Түбір көбінесе бір буынды, кейде екі буынды болып келеді, аффикстік көрсеткіштер де осы іспеттес. Көне түркі тілінде тек (род) категориясы болмаған. Атау тұлғада тұрған сөздің көптеген мағынасы болған. жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктері - этимол. жағынан өзара төркіндес. Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда, Көне түркі тілінде мынадай айырмашылықтар кездеседі: табыс септігінің -ғ/-г; -ығ/-іг жалғауы: сөз-сөздігі (сөзді), баш-башығ (басты); -ғару/-геру (ға-ру, ге-ру) табғачғару (табғачқа), -ңару/-ңеру, -ңару/-ңеру, -ңар/-ңер: аңар (оған), -йа/йе: курйа (кері, кері қарай); құралдық септіктің -ын/-ін, -ун/үн жалғауы: көлік-көлгүн (көлікпен). Қазіргі қазақ тіліндегі көрі, ілгері, сыртқары, шеткері, жазын, қысын, күзін сияқты сөздер К.т.т-нің кезінде қалыптасып кеткен реликті формаларда қолданылады. Өткен шақ, жекеше 2-жақ -тығ/-тіг: бардығ (бардық); ауыспалы келер шақ -тачы/-течі, -дачы/-дечі: болтачы (болады), өлтүртечі (өлтіреді), өткен шақ -тұқ/-түк, -дұқ/дүк: өтүндүк (өтінген), бардуқ (барған), есімше 1 - 2-жақ есімдіктерімен тіркесіп айтылады: болтачы сөн (боласың); көсемшенің өткен шағы -бан/-пан, -бен/-пен арқылы берілген: келібен (келіп), алыбан (алып); шартты рай -сар/-сер: келсер (келсе), бұйрық рай -ың/ің, уң/-үң (2-жақ көпше сыпайы түрде), -ғыл/-гіл (2-жақ көпше анайы түрі): барың (барыңыздар), барғыл (барыңдар), т.б. Ондық сан есімдердің жасалу жолдары ерекше түзілген: әуелі бірлік сандар, сонан соң ондық сандар айтылады: беш иігірмі (бес жиырма). * 2) синтаксистік ерекшеліктер, негізгі көрсеткіштері: матасудың 1-түрі (екі сыңарының да жалғаусыз келуі) өте жиі жұмсалады: түрк будун (түрік халқы), 2-түрі (бір сыңары жалғаулы болуы) біршама жиі (қаған інісі - ханның інісі), ал 3-түрі (екі сыңары да жалғаулы болып келуі) өте сирек ұшырасады, бұл нұсқа қазіргі қазақ тілінде жиі қолданылады. 3) фонет. ерекшеліктер: жуан және жіңішке болып айтылатын 8 дауысты дыбыс қолданылған: а-е, о-ө, у-ү, ы-і, (и), 18 дауыссыз дыбыс болған. б, д, ж, з, г, ғ, к, қ, й, л, м, н, п, р, с, т, ч, ш,. Сөйлемнің 1-жартысында 8, қалған жартысында 6 не 7 дауыссыз дыбыстар қолданылған (сөз соңында о, ө дыбыстары кездеспеген, у, ү, өте сирек). Сөз басында 7 дауыссыз фонема (б, т, қ, ч, м, с, й), басқа позицияларда 18 дауыссыз дыбыс қолданылған. Кейбір ұяң дауыссыздардың (ғ, г, б, д) сөз соңында келуі әдеттегі құбылыс: сарығ (сары), кічіг (кіші), еб (үй), өд (уақыт). Сөздің басқа позициясында екі дауыссыз дыбыс қатар келмейді, бірақ басқа орындарда (түбір мен қосымшаның қосылған жерінде) кездесе береді, сөз соңында лт, рт, нт тіркестері жиі ұшырасады: алты (алды), олурты (отырды), анта (онда). Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда ғ, г дыбыстарының ұ, й дыбыстарымен алмасуы не болмаса айтылмай түсіп қалуы, сол сияқты д/т/й заңдылығы жиі байқалады: оғры (ұры), оғул (ул/ұл), өгрет (үйрет), тағ (тау), адақ, айақ (аяқ), т.б. К. т. т-нде кейбір дыбыстар өзара алмасып отыратын болған: с/ш: сад/шад (атақ, дәреже), м/б: мен/бен (мен), т/д: тегрі/дегрі (де, дейін), ч/ш: кічі/кіші (кісі), е/и: ел/ил (ел), н/й: анығ/айығ (сұм, зұлым), ң/й: коң/қой (қой), т.б. Жергілікті тайпа тілдерінің әсерінен пайда болған мұндай фонет. құбылыстар сөздің қай позициясында болса да ұшыраса береді. Қазақ тілінің говорларында кездесетін осы іспеттес дыбыстардың өзара алмасып келуі Көне түркі тілінен қалған тарихи іздер болуы ықтимал. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: А) Алтай дәуірі Ә) Хун дәуірі Б) Көне түркі В) Орта ғасыр дәуірі Г) Жаңа дәуір Д) Ең жаңа дәуірлер туралы түсінік беріледі. Түркі тілдерінің дамуындағы орта ғасыр дәуір ескерткіштер тілі Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Мелиоранский П.М., Араб филолог о турецком языке . СПб., 1990; Малов С.Е., Памятники древнетюрской писменности, М.-Л., 1951; Баскаков Н.А., Введение в изучение тюрских языков. М., 1962; Щербак А.М., Сравнительная фонетика тюрских языков. Л., 1970; Севорян Э. В., Этимологический словарь тюрских языков т 1-3, М., 1974-80; Ә.Қайдаров, М. Оразов Түркітануға кіріспе. А., 1992. №3,4 дәріс тақырыбы: Түркі тілдерінің жіктелуі. Дәріс сабағының мазмұны: Тілдік жіктеулер, топтастырулар жайында жалпы мәлімет. Тілдерді туысқандық жағынан жіктеу жасау тіл білімі үшін маңызы зор. Батыс Хун тілі. Бұлғар, оғыз, қыпшақ, қарлұқ тобы Тілдердің туысқандық жақтан жіктеу жасау тіл білімі үшін берері мол. Тілдердің туыстық белгісін анықтап, олардың қаншалықты алыс-жақын екендігін көрсетіп беретін салыстырмалы-тарихи зерттеулер екендігі белгілі. Әрине лексикалық құрамы мендыбыстау жүйесі жақын тілдерді анықтау онша қиындық туғыза қоймайды. Тілдерге туысқандық жақтан жіктеу жасау тіл біліқ-мі үшін берері мол. Тілдердің туыстық белгісін анықтап, олардың қаншалықты алыс-жақын екендігін көрсетіп беретін салыстырмалы-тарихи зерттеулер екендігін айттық. Әрине, лексикалық құрамы мен дыбыстау жүйесі жағынан жақын тілдерді анықтау оңша қиындық туғыза қоймайды. Мысалы, қазақ тілі мен қарақалпақ тілінің туыстас тіл екендігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Бірақ туыстас тілдердің барлығы да қазақ, қарақалпақ тілдері сияқты лексикалық, фонетикалық, грамматикалық жағынан толық сәйкес келе бер-мейді. Мысалы, түркі тілдері тобына енетін қазақ тілі мен чуваш тілдерінің материалдарын салыстырып қарайтын болсақ, бұлардың аралығында үлкен алшақтық бар, түркі тілдес болса да, чуваш пен қазақ өз тілдерінде сөйлесе кетсе, бір-бірін түсіне алмайды. Төмендегі сөздерді салыстырып көрейік:қазақша қыз су же- бар- қарын аяқ көз арқачуьашша хер шыв си- гур- хырам ура кус суранқазақша бар тірі арт кір қазан сүт балық балтачувашша пур чере қыс кер хұран сет пула пуртаТуыстас тілдердің материалдарын өзара салыстырып қарайтын болсақ, кей тілдер өте жақын туыстық қатынаста болып, ұқсастық белгілері айқын көрініп жатса, екінші бір тілдер арасында ондай ұқсастық аз болады, тіпті кейбіреулерінің [мыс, чуваш пен қазақ тілдерінің] туыстық қатынасын анықтау арнайы ғылыми талдауды қажет етеді. Бұл олардың тарихи даму жолына да, жеке тіл ретінде қалыптасу кезеңіне де, көрші тілдердің әсеріне де байланысты болады. Қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдерініқ ұқсас белгілері өте кеп, олардың туыстығын дәлелдеп жату қажет те емес. Себебі олар ру, тайпа тілдері ретінде ұзақ уақыт бойына бірге дамып, тек XIV ғасырдан кейін ғана жеке тіл ретінде қалыптаса бастады. Бұл халықтардыц құрамына енген ру-тайпалар өзара тығыз араласып, бір территорияда [Ноғай ордасы мен Өзбек ордасының қүрамында] өмір сүрген .Сондықтан бұл халықтардың тілінде ортақ белгілердің көп болуы заңды да. Ал чуваштар болса, Орта Азия мен Қазақстанда тұратын тайпалармен қатынасын ертерек үзген. Олар көбіне угро-фин тілдес тайпалардың орта-сында қалып, солармен қатынаста болған. Сөйтіп, қазақ тілі де, чуваш тілі де өзіндік бағытта дамып, қалыптасқан. Тілдер арасындағы алыс-жақындық міне осындай даму процесінің ерекшеліктеріне байланысты болса керек.Дүние жүзіндегі тілдерді салыстырмалы-тарихи зерттеулер негізінде іштей бірнеше туыстас топтарға бөліл қарау -- көптен келе жатқан ғылыми дәстүр. Дегенмен, күні бүгінге дейін тілдерді туысқандық жақтан топтас-тырудың әлі де шешімін таба алмай жүрген мәселелері жоқ емес. Бұған себеп, біріншіден, дүние жүзі тілдерінің бәрі бірдей толық зерттелмегендігінде болса, екіншіден, тіл элементтерінің күрделілігі мен сан қырлылығына байланысты. Мәселен, үнді европа, түркі тілдері біршама толық зерттелінген тілдерге жатса, америка индеецтерінің тілдері жөнінде оны айта алмаймыз. Тіпті зерттелген, грамматикалық, дыбыстық жүйесі анықталынған түркі тілдерінің өздерін де ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық анықтадық деп айтудың өзі қиын. Түркі тілдерін туысқандық, тарихи, морфологиялық т. б. ерекшеліктеріне байланысты топтастыру мәселесі белгілі дәрежеде дұрыс шешілсе де, оның әлі де зерттей түсетін, толықтыра, жетілдіре түсетін жақтары баршылық. Бұл салада салыстырмалы-тарихи зерттеулердін, ролі ерекше .Тілдерге туысқандық талдау жасауда қиындық туғызатын екінші бір мәселе -- бірде-бір <<таза>> тіл болмайды. Өйткені жеке, саяқ өмір сүретін тіл кездеспейді. Жер жүзіндегі барлық тілдер, соның ішінде түркі ха-лықтарыньщ тілдері де, басқа көршілес тілдермен ұзақ уақыт бойына қарым-қатынас жасап келеді. Осының нәтижесінде бір тілден екінші тілге сөз, дыбыс не грамматикалық элементтер ауысып отырады. Сондай-ақ, о бастағы негізі бір туыс тілдер өзара жіктеліп жеке, дербес тіл құруы да, немесе бірнеше басқа тілдердің құрамына еніп, жаңа ерекшеліктерге ие болуы мүмкін. Дәлел ретінде өзбек тілін кәрсетуге болады. Өзбек тілі, кеп-шілік тілшілердің пікірінше, түркі тілдерінін, қарлұқ тобына жатады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Тілдік жіктеулер, топтастырулар жайында жалпы мәлімет. Тілдерді туысқандық жағынан жіктеу жасау тіл білімі үшін маңызы зор. Батыс Хун тілі. Бұлғар, оғыз, қыпшақ, қарлұқ тобы Ұсынылатын әдебиеттер: Малов С.Е., Памятники древнетюрской писменности, М.-Л., 1951; Баскаков Н.А., Введение в изучение тюрских языков. М., 1962; Щербак А.М., Сравнительная фонетика тюрских языков. Л., 1970; Севорян Э. В., Этимологический словарь тюрских языков т 1-3, М., 1974-80; Ә.Қайдаров, М. Оразов Түркітануға кіріспе. А., 1992. №2 модуль. Түркі тілдерін туысқандық, фонетикалық, лексикалық, морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты топтастыру. №5 дәріс тақырыбы: Салыстырмалы фонетика Дәріс мазмұны: Түркі тілдеріндегі сингорманизм заңдылықтарының ерекшеліктері. Түркі тілдерін туысқандық, фонетикалық, лексикалық, морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты топтастыру. Ғылымда әлі зерттелетін қырлары. Шығыс Хун тілі. Ұйғыр-оғыз тобы, қырғыз-қыпшақ тобы. Түркі халықтарының даму тарихында бастарынан өткізген қиян-кескі шытырман тарихи құбылыстардың тілге де әсерін тигізбей қоймайтыны табиғи нәрсе. Талданған классификацияларда жеке түркі тілдерінің қай группаға жатқызылатыны жөнінде де бірізділік жоқ. Мысалы, қазақ тілі И.Березин еңбегінде оңтүстік немесе қыпшақ группасына жатқызылса, В.Радлов, Г.Рамстедт, Бенцинг, К.Менгес еңбектерінде батыс түркі тілдері тобына,Богородицкийді Орта Азия тілдері тобына, С.Малов жаңа түркі тілдері тобына, Н.Баскаков Батыс Хун тілдері ішінде қыпшақ-ноғай тілдері тобына қосқан. Ал Б. Серебренников ортақ сөздердің лексикалық индексі жағынан қазақ тілі мен қырғыз тілдері өзара жақын дейді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Түркі тілдеріндегі сингорманизм заңдылықтарының ерекшеліктері. Түркі тілдерін туысқандық, фонетикалық, лексикалық, морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты топтастыру. Ғылымда әлі зерттелетін қырлары. Шығыс Хун тілі. Ұйғыр-оғыз тобы, қырғыз-қыпшақ тобы. Ұсынылатын әдебиеттер: Бүркіт О. Түркітану. Алматы, 2002.Тұрсынова М.А. Қазақ, қырғыз, өзбек тілдерінің салыстырмалы фонетикасы. Қарағанды, 2006Қосымша әдебиет:Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. Алматы: Ғылым, 1976.Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы: Мектеп, 1988.Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы: Мектеп, 1971. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі тарихынан. Алматы: Мектеп, 1988. №6 дәріс тақырыбы: Салыстырмалы морфология Дәріс мазмұны: Сөздің морфологиялық құрамы Сөздің морфологиялық бөлшектерден тұратыны Олардың басты ерекшеліктері. Жалғаулар, олардың түрлері Түркі тілдерінің морфологиялық құрылысының мына тәрізді басты ерекшеліктері бар: * Морфемалардың бір-бірінен жігі айқын ашылып тұратындығы. * Түбір морфеманың семантикалық және грамматикалық жағынан біршама дербес қолданылатындығы. * Әрбір морфема көпшілік жағдайда сөз құрамында мотивті болып келіп, белгілі бірсемантиканың иесі болып отыратындығы. * Түркі тілдеріндегі морфемалар басқа жүйелі тілдердегі сондай элементтерден ерекше болып келеді. * Грамматикалық мән аффикстерден басқа синоним сөздерде екпіннің орын ауысуы арқылы да беріледі. * Грамматикалық мағына * Түркі тілдеріндегі анлитикалық формалар, олардың грамматикалық мәндерін білдірудегі ерекшелігі өз алдына тоқтауды қажет ететін мәселе. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Сөздің морфологиялық құрамы Сөздің морфологиялық бөлшектерден тұратыны Олардың басты ерекшеліктері. Жалғаулар, олардың түрлері Ұсынылатын әдебиеттер: * Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы * Баскаков Н.А. Историко-типологическая характеристика структуры тюрских языков. М. 1986 * Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. Алматы, 1966. * Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. Алматы., 1999 № 3модуль. Сөз таптарының салыстырылуының зерттелуі №7 дәріс тақырыбы: Сын есімнің шырай категориясы Дәріс мазмұны: Түркі тілдеріндегі шырай категориясының белгілі жүйеге түскендігі. Ғалымдардың көзқарастары. Шырай түрлері. Түркі тілдеріндегі сын есімді салыстырмалы зерттеу (А.М.Щербак, Э.В. Севортян) Қазақ тіліндегі сын есімдер мағыналық жағынан зат есімдермен ұштасса, мәні мен қызметі жағынан есімшелердің, кейде үстеулердің кейбір топтарымен жалғасып жатады. Түркі тілдері құрамында сын есімдер екі түрлі жолмен қалыптасқан: 1.Есімдіктердің контексте қолданылу барысында сын есімге айналуы; 2.Есімдердің басқа топтарынан оқшаулана морфологиялық жүйесін қалыптасуы. Сын есімдердің қалыптасуы есім тұлғаларының әуелі анықтауыштық қызметке ие болып, соның нәтижесінде сындық мән алып, тұрақталуына негізделеді. Айталық, қара дәлел: қара сөзі зат есім мәнінде және етістік мағынасында. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: Түркі тілдеріндегі шырай категориясының белгілі жүйеге түскендігі. Ғалымдардың көзқарастары. Шырай түрлері. Түркі тілдеріндегі сын есімді салыстырмалы зерттеу Ұсынылатын әдебиеттер: Малов С.Е., Памятники древнетюрской писменности, М.-Л., 1951; Баскаков Н.А., Введение в изучение тюрских языков. М., 1962; Щербак А.М., Сравнительная фонетика тюрских языков. Л., 1970; Севорян Э. В., Этимологический словарь тюрских языков т 1-3, М., 1974-80; Ә.Қайдаров, М. Оразов Түркітануға кіріспе. А., 1992. №8 дәріс тақырыбы: Сан есім. Дәріс мазмұны: Бұл жайында ғалымдардың пікірлері. Түркі тілдеріндегі сандық ұғымды бірліктер Бірліктер. Ондықтар. Жүздіктер. Санау жүйесі. Түркі тілдері өздерімен көрщілес халықтармен салыстырғанда, сан, санақ жайлы ұғымды ежелгі кезеңде қалыптастырған. Түркі тілдері өздерімен көршілес халықтармен салыстырғанда, сан, санақ жайлы ұғымды ежелгі кезеңде қалыптастырған. Ондай қорытынды жасауға дәлел - ондық атаулардың басқа тілдерден ауысуы арқылы қалыптасуын көбірек біледі. Сонымен қатар түркі тілдерінің тарихи санаудың екі түрлі тәсілін бділген. Сонымен қатар түркі тілдерінің тарихи санаудың екі түрлі тәсілін білген. Даму барысында бүкіл түркі тілдеріне ортақ бір ғана тәсіл - санақ жеткен ордыққа керек бірлікті санақ бара жатқан ондыққа тіркей айту (еккі еліг - 42) бүтіндей қолданыстан шығып қалады. Сондықтан бүгінгі түркі тілдерінде санақтық бір ғана жүйесі айтылады. Бірлік атаулардың жалпы түркі тілдеріне ортақ сипаты мына тәрізді: бир, пир, ики, екіи, үч, төрт, беш, бел, алты, йети, секиз, тоқыз, он. Қолдану ерекшелігі соны дәлелдейді. - дай/-дей: бұл аффикс қазақ, қырғыз, башқұрт тілдерінде қолданылады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: Бұл жайында ғалымдардың пікірлері. Түркі тілдеріндегі сандық ұғымды бірліктер Бірліктер. Ондықтар. Жүздіктер. Санау жүйесі. Ұсынылатын әдебиеттер: * Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы * Баскаков Н.А. Историко-типологическая характеристика структуры тюрских языков. М. 1986 * Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. Алматы, 1966. * Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. Алматы., 1999 №9 дәріс тақырыбы: Есімдік. Оның қалыптасуы мен дамуы. Дәріс мазмұны: Есімдік. Оның қалыптасуы мен дамуы. Зерттеушілердің пікірі. Түркі тілдеріндегі есімдіктің мағыналық топтары. Түркі тілдеріндегі сөз таптарының ішінде ерекше грамматикалық топ ретінде көзге түсетіндер - есімдіктер. Ол ерекшеліктер мынадай: 1) Қай сөз табы болмасын, оның өзіне тән (немесе жартылай тән) сөз жасау жүйесі болады. Айталық, зат есімдердің сондай жүйесі бар. Ал үстеулердің өзіне тән сөз жасау жүйесі бар. 2) Олар тек грамматикалық өзгерістерге ғана ұшырайды. 3) өзіне тән грамматикалық жүйесі жоқ. Бұл ерекшеліктер тек бір тілдегі емес, жалпы түркі тілдеріндегі есімдіктер деп аталатынсөздер тобына ортақ. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Есімдік. Оның қалыптасуы мен дамуы. Зерттеушілердің пікірі. Түркі тілдеріндегі есімдіктің мағыналық топтары. Ұсынылатын әдебиеттер: * Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы * Баскаков Н.А. Историко-типологическая характеристика структуры тюрских языков. М. 1986 * Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. Алматы, 1966. * Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. Алматы., 1999 №10 дәріс тақырыбы: Етістік және оның грамматикалық категориялары. Дәріс мазмұны: Есім-етістік синкретизмі туралы ғалымдардың пікірлері Етістіктің лексика-семантикалық жағынан қимыл-қозғалыс, бағыт-бағдар, амал, іс-әрекет, көңіл-күй, қалып т.б етістіктері болып бөлінеді. Етістік деп қимыл-әрекетті, қалып пен күйді білдіретін, етіс, рай, шақ, жақ.сан, болымсыздық категорияларын арнайы морфологиялықтұлғалар жүйесі арқылы білдіре алатын сөз табы аталады. Етістік деп аталатын сөз табына тікелей жақ, шақ қосымшаларын қабылдай алатын сөздер жатады. Мұндай ерекшелік олардың синтаксистік қызметі арқылы айқындалады.сол сияқты синтаксистік қызметі бойынша түркі тілдеріндегі етістіктер жіктелетін формалар жүйесіне бөлінеді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Есім-етістік синкретизмі туралы ғалымдардың пікірлері Етістіктің лексика-семантикалық жағынан қимыл-қозғалыс, бағыт-бағдар, амал, іс-әрекет, көңіл-күй, қалып т.б етістіктері Ұсынылатын әдебиеттер: * Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы * Баскаков Н.А. Историко-типологическая характеристика структуры тюрских языков. М. 1986 * Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. Алматы, 1966. * Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. Алматы., 1999 №11 дәріс тақырыбы: Етістіктің шақ категориясы Дәріс мазмұны: Етістіктің - рай, шақ, жақ, категорияларының арнайы морфологиялық көрсеткіштер жүйесі. Осы шақ. Өткен шақ. Келер шақ. Етістіктің шақ категориясы -- іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің шақ категориясы қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады. Етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ. Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы, "келе жатыр", "оқып отыр", "жел соғады". Осы шақтың 2 түрі бар: 1)Ауыспалы осы шақ. 2) Нақ осы шақ. Ауыспалы осы шақ "-а", "-е", "-й" көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады ("Мен жүземін, оқимын". "Сен жүзесің, оқисың". "Сіз жүзесіз, оқисыз". "Ол жүзеді, оқиды"). Немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: "жаңбыр жауады", "құс ұшады", "ит үреді". Бұл етістіктің осы не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемнен анықталады. Нақ осы шақ қалып етістіктің ("жүр", "жатыр", "отыр", "тұр") тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп, жіктеліп келуі арқылы жасалады ("Мен отырмын, жазып отырмын". "Сен отырсың, жазып отырсың". "Сіз отырсыз, жазып отырсыз". "Ол отыр, жазып отыр"). Мұнда нақ осы шақтық мәнді қалып етістіктердің семантикасы береді, сондықтан өзге түбір етістіктерден өзгеше тікелей жіктеледі. Оның мәні қалып етістіктердің қазіргі тұлғалары түбір емес: "отыр" -- "ол турур", "тұр" -- "тұрұр", "жүр" -- "Жүрүр", "жат" -- "жатыр", яғни болып жатқан қимылды білдіретін "ур", "ұр", "үр", "р" қосымшаларының кірігуінен жасалған. Өткен шақ -- іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі. Өткен шақ 3 топқа бөлінеді: 1) Жедел өткен шақ "-ды, -ді", "-ты, -ті" жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: "келдім", "таптыңдар". 2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің "-ған, -ген", айғақсыз түрі көсемшенің "-п", "-ып", "-іп" тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: "барған", "айтқан", "барыпты". 3) Ауыспалы өткен шақ -- іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің "-атын, -етін", "-йтін" формалары арқылы жасалады. Мысалы, "тыңдайтынбыз", "көретінсіңдер". Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы. Келер шақтың негізгі 3 түрі бар: 1) Болжамды келер шақ -- есімшенің "-ар", "-ер", "-р", "-с" қосымшалары арқылы жасалады: "берерміз", "айтпассың". Болжамды келер шақ аналитикалық тәсілмен: "-атын", "-етін" есімше тұлғалы етістікке "шығар", "секілді", "тәрізді" сөздері тіркесуі мен "-і" тұлғалы тұйық етістіктің тәуелдік немесе барыс септік формасына "мүмкін", "тиіс", "қажет", "керек" тәрізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. 2)Мақсатты келер шақ етістік түбірге "-мақ, -мек", "-бақ, -бек", "-пақ, -пек" қосымшалары жалғану арқылы жасалады: "жүрмек", "айтпақпын". 3) Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ -- етістік түбірге көсемшенің "-а", "-е", "-й" қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. Мыс.: "барады, оқиды". Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Етістіктің - рай, шақ, жақ, категорияларының арнайы морфологиялық көрсеткіштер жүйесі. Осы шақ. Өткен шақ. Келер шақ. Ұсынылатын әдебиеттер: * Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы * Баскаков Н.А. Историко-типологическая характеристика структуры тюрских языков. М. 1986 * Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. Алматы, 1966. * Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. Алматы., 1999 №12 дәріс тақырыбы: Дәріс тақырыбы: Етістіктің рай категориясы. Дәріс мазмұны: Етістіктің рай категориясы Ғалымдардың пікірлері Рай түрлері, олардың мағыналарының берілу жолдары Етістіктің жіктелуі, етістіктің жақ категориясы. Жіктік жалғауының жалғану ерекшеліктері Ашық рай (индикатив) деп амал-әрекеттің өткенде, қазірде және келешекте болу я болмауын білдіретін негативті грамматикалық категорияны айтамыз. Ашық райдың мәні етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты. Өйткені етістік белгілі шақта жұмсалғанда, сол қимылдың болуы аркылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады. Мейлі ол өтіп кеткен қимыл, іс-әрскет болсын (өткен шақ), мейлі ол болып жатқан іс-әрекет, кимыл болсын, мейлі ол әлі бола қоймаған, бірақ келешекте болуга тиісті қимыл, іс-әрекет болсын, ашык райдағы етістік әйтеуір ол туралы сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіреді. Мысалы: Әркім өз ойымен отыр (Ғ. М.). Келемін тау ішінде түнделетіп (С. С). Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ (А). Жер жырттық, қайнады еңбек, егіс салдық (Ж. Ж.). Берілген мысалдағы отыр, келемін, шашпақ, жырттық, қайнады, салдық деген етістіктер белгілі бір шақты білдірумен қатар сөйлеушінің соған байланысты пікірін, шындық деп баяндауын білдіріп тұр: әркімнің өз ойымен отыруы, (нақ осы шақ); сөйлеушінің тау ішінде түнделетіп келе жатуы (ауыспалы осы шақ); сөйлеушінің мақсаты тіл ұстартып, өнер шашпақ болуы (мақсатты келер шақ); сөйлеушінің жер жыртуы, егін салуы және еңбектің қайнауы (жедел өткен шақ). Сөйтіп, етістіктің үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіруді ашық рай дейміз. Бұйрық рай етістігі бұйрықты, насихатты, тыйымды және т.б. білдіреді: <<Сіз барыңыз!>> <<Бала кетсін>> <<Ол жаққа барма!>> <<Мүмкін, мен барармын>> Хинди тілінде бұйрық рай көпше және жекеше түрде 2-ші жаққа ғана қолданылады. Бұйрық рай бірнеші түрде болады: бұйрық, өтініш, қалау, рұқсат, сақтандыру, т.б. Жекеше түрдің 2-ші жағында етістік түбіріне сәйкес келеді. Шартты рай формасы етістіктің жалаң (түбір, туынды), күрделі негіздеріне -са (-се) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Шартты райдың бұл формасы мағына жағынан басқа бір амалдың я істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді. Осы мағынасына орай, шартты рай формалары етістік дәйім құрмалас сөйлемнің шартты бағыныңқысының баяндауышы болады да, басыңқы сөйлемнің баяндауышының істелу-істелмеу шартын көрсетеді. Шартты рай формасы үнемі жіктеліп жұмсалады. Оның жіктелу үлгісі өткен шақ формасына ұқсас. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Етістіктің рай категориясы Ғалымдардың пікірлері Рай түрлері, олардың мағыналарының берілу жолдары Етістіктің жіктелуі, етістіктің жақ категориясы. Жіктік жалғауының жалғану ерекшеліктері Ұсынылатын әдебиеттер: * Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы * Баскаков Н.А. Историко-типологическая характеристика структуры тюрских языков. М. 1986 * Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. Алматы, 1966. * Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. Алматы., 1999 №4 модуль Салыстырмалы синтаксистің зерттелуі. №13 дәріс тақырыбы: Салыстырмалы синтаксис. Дәріс мазмұны: Сөздердің тіркесі тәсілдері Сөз тіркестері. Есімді тіркестер: қабыса байланысу, матаса байланысу, меңгеріле байланысу. Жай сөйлем, оның түрлері. Құрмалас сөйлем, оның түрлері. Ашық рай (индикатив) деп амал-әрекеттің өткенде, қазірде және келешекте болу я болмауын білдіретін негативті грамматикалық категорияны айтамыз. Ашық райдың мәні етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты. Өйткені етістік белгілі шақта жұмсалғанда, сол қимылдың болуы аркылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады. Мейлі ол өтіп кеткен қимыл, іс-әрскет болсын (өткен шақ), мейлі ол болып жатқан іс-әрекет, кимыл болсын, мейлі ол әлі бола қоймаған, бірақ келешекте болуга тиісті қимыл, іс-әрекет болсын, ашык райдағы етістік әйтеуір ол туралы сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіреді. Мысалы: Әркім өз ойымен отыр (Ғ. М.). Келемін тау ішінде түнделетіп (С. С). Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ (А). Жер жырттық, қайнады еңбек, егіс салдық (Ж. Ж.). Берілген мысалдағы отыр, келемін, шашпақ, жырттық, қайнады, салдық деген етістіктер белгілі бір шақты білдірумен қатар сөйлеушінің соған байланысты пікірін, шындық деп баяндауын білдіріп тұр: әркімнің өз ойымен отыруы, (нақ осы шақ); сөйлеушінің тау ішінде түнделетіп келе жатуы (ауыспалы осы шақ); сөйлеушінің мақсаты тіл ұстартып, өнер шашпақ болуы (мақсатты келер шақ); сөйлеушінің жер жыртуы, егін салуы және еңбектің қайнауы (жедел өткен шақ). Сөйтіп, етістіктің үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіруді ашық рай дейміз. Бұйрық рай етістігі бұйрықты, насихатты, тыйымды және т.б. білдіреді: <<Сіз барыңыз!>> <<Бала кетсін>> <<Ол жаққа барма!>> <<Мүмкін, мен барармын>> Хинди тілінде бұйрық рай көпше және жекеше түрде 2-ші жаққа ғана қолданылады. Бұйрық рай бірнеші түрде болады: бұйрық, өтініш, қалау, рұқсат, сақтандыру, т.б. Жекеше түрдің 2-ші жағында етістік түбіріне сәйкес келеді. Шартты рай формасы етістіктің жалаң (түбір, туынды), күрделі негіздеріне -са (-се) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Шартты райдың бұл формасы мағына жағынан басқа бір амалдың я істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді. Осы мағынасына орай, шартты рай формалары етістік дәйім құрмалас сөйлемнің шартты бағыныңқысының баяндауышы болады да, басыңқы сөйлемнің баяндауышының істелу-істелмеу шартын көрсетеді. Шартты рай формасы үнемі жіктеліп жұмсалады. Оның жіктелу үлгісі өткен шақ формасына ұқсас. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Етістіктің рай категориясы Ғалымдардың пікірлері Рай түрлері, олардың мағыналарының берілу жолдары Етістіктің жіктелуі, етістіктің жақ категориясы. Жіктік жалғауының жалғану ерекшеліктері Ұсынылатын әдебиеттер: * Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы * Баскаков Н.А. Историко-типологическая характеристика структуры тюрских языков. М. 1986 * Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. Алматы, 1966. * Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. Алматы., 1999 №14 дәріс тақырыбы: Жай сөйлем синтаксисі. Дәрістің мақсаты: Жай сөйлем синтаксисі жайлы түсінік. Дәрістің мазмұны: Оның түрлері. Зерттеушілердің пікіріне шолу жасау. Түркі тілдерінің ортақ заңдылықтарымен бірге, олардың басқа тілдік жүйедегі тілдерден ерекшелейтін белгілері. Октябрь революциясына дейін түркі тілдерінің барлығының да синтаксистік құрылысы дұрыс зерттелмеді. Практикалық грамматикалардың кейбіреуінде ғана болмаса, көпшілігінде синтаксис тіпті атаусыз қалып отырды. Ал аталғандардың өздерінде де түркі тілдерінде сөйлемді қалай құруға болады, сөйлем құрамына енетін сөздер қалай орналасқан, қай сөз табы қандай синтаксистік қызмет атқарады, сөйлем мүшелері бір-бірімен қалай байланысады дегендер тәріздес жеңіл-желпі нәрселердіғана сөз еткендері болмаса, синаксистің объектісін айқындау, синтаксистік категорияларды ғылыми тұрғыда талдау дегендер болмады. Синтаксистік категориялар мен морфологиялық категориялардың ара-жігі ашылмай, араластырылып, бірінің ішінде қалып отырды. Осы мәселеге байланысты <<Советская тюркология>> журналы редакциялық мақаласында <<Революцияға дейінгі түркология жеке түркі тілдері синтаксисіне қатысты айтылған үзік-үзік сипаттауларға ғана ие болды, оның өзінде де олар морфологиялық, лексико-грамматикалық категориялардың синтаксистік қызметтерін зерттеуге арналды>> деп жазды. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Оның түрлері. Зерттеушілердің пікіріне шолу жасау. Түркі тілдерінің ортақ заңдылықтарымен бірге, олардың басқа тілдік жүйедегі тілдерден ерекшелейтін белгілері. Ұсынылатын әдебиеттер: Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы Баскаков Н.А. Историко-типологическая характеристика структуры тюрских языков. М. 1986 Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. Алматы, 1966. Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. Алматы., 1999 №15 дәріс тақырыбы: Құрмалас сөйлем синтаксисі. Дәрістің мақсаты: Құрмалас сөйлем синтаксисі жайлы пікір. Дәрістің мазмұны: Оның түрлері. Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы, құрмалас сөйлемнің алғашқы салаласа байланысқан түрі. Жай сөйлемдердің мағыналық ішкі жақындықтарына қарай бірігуінен пайда болуы. Октябрь револяциясына бұрынғы тарихында құрмалас сөйлемге байланысты пікір болуға тұрарлық ештеме жоқ. Октябрь революциясына дейін түркі тілдерінің барлығының да синтаксистік құрылысы дұрыс зерттелмеді. Практикалық грамматикалардың кейбіреуінде ғана болмаса, көпшілігінде синтаксис тіпті атаусыз қалып отырды. Ал аталғандардың өздерінде де түркі тілдерінде сөйлемді қалай құруға болады, сөйлем құрамына енетін сөздер қалай орналасқан, қай сөз табы қандай синтаксистік қызмет атқарады, сөйлем мүшелері бір-бірімен қалай байланысады дегендер тәріздес жеңіл-желпі нәрселердіғана сөз еткендері болмаса, синаксистің объектісін айқындау, синтаксистік категорияларды ғылыми тұрғыда талдау дегендер болмады. Синтаксистік категориялар мен морфологиялық категориялардың ара-жігі ашылмай, араластырылып, бірінің ішінде қалып отырды. Осы мәселеге байланысты <<Советская тюркология>> журналы редакциялық мақаласында <<Революцияға дейінгі түркология жеке түркі тілдері синтаксисіне қатысты айтылған үзік-үзік сипаттауларға ғана ие болды, оның өзінде де олар морфологиялық, лексико-грамматикалық категориялардың синтаксистік қызметтерін зерттеуге арналды>> деп жазды. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Оның түрлері. Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы, құрмалас сөйлемнің алғашқы салаласа байланысқан түрі. Жай сөйлемдердің мағыналық ішкі жақындықтарына қарай бірігуінен пайда болуы. Ұсынылатын әдебиеттер: Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы Баскаков Н.А. Историко-типологическая характеристика структуры тюрских языков. М. 1986 Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. Алматы, 1966. Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. Алматы., 1999 3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР 1-тәжірбиелік сабақ. Пәннің мақсаты мен міндеті, оның зерттеу нысаны. Сабақтың мақсаты: Түркі тілдерінің зерттелуі жайлы тәжірибелік жұмыстар. Бақылау сұрақтары: Түркі тілдерінің зерттелуі. Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты, жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты терең қарастыру. Тілдік туыстық ерекшеліктерін анықтау. Әдістемелік нұсқаулық: Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты немесе жеке түркі тілінің өзіндік ерекшелігі жайлы айтпас бұрын олардың бәріне тән ортақ заңдылықтар қандай дейтін мәселеге тоқтау орынды. Өйткені жалпы түркі тілдеріне ортақ заңдылықтар тән, екінші жағынан, бұл оларды басқа тілдік самьялардан ерекшелейтін белгілер болып табылады. Түркологиялық зерттеулер бойынша, түркі тілдерінің барлық ьоптарына тән, оларды өз алдына дербес семья ретінде ерекшелейтін белгілір, мынадай болып келеді. * Фонетикалық жүйе бойынша * Морфологиялық құрылыс бойынша * Лексикалық қор бойынша Ұсынылатын әдебиеттер: * Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы * Баскаков Н.А. Историко-типологическая характеристика структуры тюрских языков. М. 1986 * Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. Алматы, 1966. * Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. Алматы., 1999 2- тәжірбиелік сабақ. Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері. Сабақ мазмұны: Түркі тілдерінің дамуы менқалыптасу кезеңдері жайлы түсінікткрін тереңдету. Сұрақтары: А) Алтай дәуірі Ә) Хун дәуірі Б) Көне түркі В) Орта ғасыр дәуірі Г) Жаңа дәуір Д) Ең жаңа дәуірлер туралы түсінік. Түркі тілдерінің дамуындағы орта ғасыр дәуір ескерткіштер тілі. Әдістемелік нұсқаулық: Түркі тілдері - Қиыр Шығыстан Жер Орта теңізі мен Үнді мұхитына дейінгі кең байтақ өлкеде тұрып жатқан ірілі-шақты 40 шақты туыс халықтардың тілі. Түркі тілдері - алтай семьясы тілдерінің бір бөлігі. Түркі тілдерінде қазіргі таңда 160 млн-ға жуық адам сөйлейді (1992). Алтай тілі - алтай халқының тілі. Түркі тілдеріне жатады.Ресей мен Моңғолия шекарасында орналасқан ресейлік Таулы Алтайда кең тараған. Алтай тілі (1948 жылға дейін ойрат тілі деп аталған) негізінен Ресейдің Алтай Республикасында (60 015) тұратын алтай халқының ұлттық, әдеби тілі. Олардың жаппы саны -- 71 317 адам (1989). Алтай тілі оңтүстік (алтай, төлеңгіт, телеуіт) және солтүстік(куманды, тува, чалкан) диалектілеріне бөлінеді. Әдеби тілінің қалыптасуында оңтүстік диалектісінің (аптай кижи) үлесі басымырақ болған. Алтай халқы 1928-1938 жылы латын әліпбиін қолданды, ал 1938 жылдан бері орыс графикасына негізделген жазуды пайдаланады. Алтай тілін қырғыз бен қазақ тілінің моңғол тілдік әсерге көп ұшыраған аралық нұсқасы деуге болады. Көне түркі тілі - қазіргі түркі халықтарының түп негізі саналатын халықтар тілі. Көне түркі тілінің кейбір материалдары топонимика мен ономастика тарихында, көршілес елдердің жылнама жазбаларында кездеседі. Басты мәліметтер көне түркі жазба ескерткіштері (5 - 8 ғ.) мен көне ұйғыр жазба ескерткіштерінде (5 - 13 ғ.) сақталып қалған. Олар жеке тайпалық тілдер негізінде жасалған. Қазіргі түркі тілдерінің жетілу барысындағы белгілі бір кезеңді танытатын тарихи нұсқа Көне түркі тілінің грамматикалық құрылысы, фонетикалық жүйесі және оның негізгі сөздік қоры осы күнгі түркі тілдерінде түгелдей сақталған. Кейбір өзгешеліктері мынадай: * 1) граммат. ерекшеліктер: Көне түркі тілі типол. жағынан жалғамалы топқа жатады, оның морфологиялық құрылысының негізі - аффиксация: түбір - жұрнақ жалғау. Түбір көбінесе бір буынды, кейде екі буынды болып келеді, аффикстік көрсеткіштер де осы іспеттес. Көне түркі тілінде тек (род) категориясы болмаған. Атау тұлғада тұрған сөздің көптеген мағынасы болған. жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктері - этимол. жағынан өзара төркіндес. Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда, Көне түркі тілінде мынадай айырмашылықтар кездеседі: табыс септігінің -ғ/-г; -ығ/-іг жалғауы: сөз-сөздігі (сөзді), баш-башығ (басты); -ғару/-геру (ға-ру, ге-ру) табғачғару (табғачқа), -ңару/-ңеру, -ңару/-ңеру, -ңар/-ңер: аңар (оған), -йа/йе: курйа (кері, кері қарай); құралдық септіктің -ын/-ін, -ун/үн жалғауы: көлік-көлгүн (көлікпен). Қазіргі қазақ тіліндегі көрі, ілгері, сыртқары, шеткері, жазын, қысын, күзін сияқты сөздер К.т.т-нің кезінде қалыптасып кеткен реликті формаларда қолданылады. Өткен шақ, жекеше 2-жақ -тығ/-тіг: бардығ (бардық); ауыспалы келер шақ -тачы/-течі, -дачы/-дечі: болтачы (болады), өлтүртечі (өлтіреді), өткен шақ -тұқ/-түк, -дұқ/дүк: өтүндүк (өтінген), бардуқ (барған), есімше 1 - 2-жақ есімдіктерімен тіркесіп айтылады: болтачы сөн (боласың); көсемшенің өткен шағы -бан/-пан, -бен/-пен арқылы берілген: келібен (келіп), алыбан (алып); шартты рай -сар/-сер: келсер (келсе), бұйрық рай -ың/ің, уң/-үң (2-жақ көпше сыпайы түрде), -ғыл/-гіл (2-жақ көпше анайы түрі): барың (барыңыздар), барғыл (барыңдар), т.б. Ондық сан есімдердің жасалу жолдары ерекше түзілген: әуелі бірлік сандар, сонан соң ондық сандар айтылады: беш иігірмі (бес жиырма). * 2) синтаксистік ерекшеліктер, негізгі көрсеткіштері: матасудың 1-түрі (екі сыңарының да жалғаусыз келуі) өте жиі жұмсалады: түрк будун (түрік халқы), 2-түрі (бір сыңары жалғаулы болуы) біршама жиі (қаған інісі - ханның інісі), ал 3-түрі (екі сыңары да жалғаулы болып келуі) өте сирек ұшырасады, бұл нұсқа қазіргі қазақ тілінде жиі қолданылады. 3) фонет. ерекшеліктер: жуан және жіңішке болып айтылатын 8 дауысты дыбыс қолданылған: а-е, о-ө, у-ү, ы-і, (и), 18 дауыссыз дыбыс болған. б, д, ж, з, г, ғ, к, қ, й, л, м, н, п, р, с, т, ч, ш,. Сөйлемнің 1-жартысында 8, қалған жартысында 6 не 7 дауыссыз дыбыстар қолданылған (сөз соңында о, ө дыбыстары кездеспеген, у, ү, өте сирек). Сөз басында 7 дауыссыз фонема (б, т, қ, ч, м, с, й), басқа позицияларда 18 дауыссыз дыбыс қолданылған. Кейбір ұяң дауыссыздардың (ғ, г, б, д) сөз соңында келуі әдеттегі құбылыс: сарығ (сары), кічіг (кіші), еб (үй), өд (уақыт). Сөздің басқа позициясында екі дауыссыз дыбыс қатар келмейді, бірақ басқа орындарда (түбір мен қосымшаның қосылған жерінде) кездесе береді, сөз соңында лт, рт, нт тіркестері жиі ұшырасады: алты (алды), олурты (отырды), анта (онда). Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда ғ, г дыбыстарының ұ, й дыбыстарымен алмасуы не болмаса айтылмай түсіп қалуы, сол сияқты д/т/й заңдылығы жиі байқалады: оғры (ұры), оғул (ул/ұл), өгрет (үйрет), тағ (тау), адақ, айақ (аяқ), т.б. К. т. т-нде кейбір дыбыстар өзара алмасып отыратын болған: с/ш: сад/шад (атақ, дәреже), м/б: мен/бен (мен), т/д: тегрі/дегрі (де, дейін), ч/ш: кічі/кіші (кісі), е/и: ел/ил (ел), н/й: анығ/айығ (сұм, зұлым), ң/й: коң/қой (қой), т.б. Жергілікті тайпа тілдерінің әсерінен пайда болған мұндай фонет. құбылыстар сөздің қай позициясында болса да ұшыраса береді. Қазақ тілінің говорларында кездесетін осы іспеттес дыбыстардың өзара алмасып келуі Көне түркі тілінен қалған тарихи іздер болуы ықтимал. Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Мелиоранский П.М., Араб филолог о турецком языке . СПб., 1990; Малов С.Е., Памятники древнетюрской писменности, М.-Л., 1951; Баскаков Н.А., Введение в изучение тюрских языков. М., 1962; Щербак А.М., Сравнительная фонетика тюрских языков. Л., 1970; Севорян Э. В., Этимологический словарь тюрских языков т 1-3, М., 1974-80; Ә.Қайдаров, М. Оразов Түркітануға кіріспе. А., 1992. 3,4- тәжірбиелік сабақ. Түркі тілдерінің жіктелуі. Сабақтың мақсаты: Тілдік жіктеулер, топтастырулар жайында мәлімет. Бақылау сұрақтары: Тілдік жіктеулер, топтастырулар жайында жалпы мәлімет. Тілдерді туысқандық жағынан жіктеу жасау тіл білімі үшін маңызы зор. Батыс Хун тілі. Бұлғар, оғыз, қыпшақ, қарлұқ тобы Әдістемелік нұсқаулық: Тілдердің туысқандық жақтан жіктеу жасау тіл білімі үшін берері мол. Тілдердің туыстық белгісін анықтап, олардың қаншалықты алыс-жақын екендігін көрсетіп беретін салыстырмалы-тарихи зерттеулер екендігі белгілі. Әрине лексикалық құрамы мендыбыстау жүйесі жақын тілдерді анықтау онша қиындық туғыза қоймайды. Тілдерге туысқандық жақтан жіктеу жасау тіл біліқ-мі үшін берері мол. Тілдердің туыстық белгісін анықтап, олардың қаншалықты алыс-жақын екендігін көрсетіп беретін салыстырмалы-тарихи зерттеулер екендігін айттық. Әрине, лексикалық құрамы мен дыбыстау жүйесі жағынан жақын тілдерді анықтау оңша қиындық туғыза қоймайды. Мысалы, қазақ тілі мен қарақалпақ тілінің туыстас тіл екендігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Бірақ туыстас тілдердің барлығы да қазақ, қарақалпақ тілдері сияқты лексикалық, фонетикалық, грамматикалық жағынан толық сәйкес келе бер-мейді. Мысалы, түркі тілдері тобына енетін қазақ тілі мен чуваш тілдерінің материалдарын салыстырып қарайтын болсақ, бұлардың аралығында үлкен алшақтық бар, түркі тілдес болса да, чуваш пен қазақ өз тілдерінде сөйлесе кетсе, бір-бірін түсіне алмайды. Төмендегі сөздерді салыстырып көрейік:қазақша қыз су же- бар- қарын аяқ көз арқа чуьашша хер шыв си- гур- хырам ура кус суран қазақша бар тірі арт кір қазан сүт балық балта чувашша пур чере қыс кер хұран сет пула пурта. Туыстас тілдердің материалдарын өзара салыстырып қарайтын болсақ, кей тілдер өте жақын туыстық қатынаста болып, ұқсастық белгілері айқын көрініп жатса, екінші бір тілдер арасында ондай ұқсастық аз болады, тіпті кейбіреулерінің [мыс, чуваш пен қазақ тілдерінің] туыстық қатынасын анықтау арнайы ғылыми талдауды қажет етеді. Бұл олардың тарихи даму жолына да, жеке тіл ретінде қалыптасу кезеңіне де, көрші тілдердің әсеріне де байланысты болады. Қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдерініқ ұқсас белгілері өте кеп, олардың туыстығын дәлелдеп жату қажет те емес. Себебі олар ру, тайпа тілдері ретінде ұзақ уақыт бойына бірге дамып, тек XIV ғасырдан кейін ғана жеке тіл ретінде қалыптаса бастады. Бұл халықтардыц құрамына енген ру-тайпалар өзара тығыз араласып, бір территорияда [Ноғай ордасы мен Өзбек ордасының қүрамында] өмір сүрген .Сондықтан бұл халықтардың тілінде ортақ белгілердің көп болуы заңды да. Ал чуваштар болса, Орта Азия мен Қазақстанда тұратын тайпалармен қатынасын ертерек үзген. Олар көбіне угро-фин тілдес тайпалардың орта-сында қалып, солармен қатынаста болған. Сөйтіп, қазақ тілі де, чуваш тілі де өзіндік бағытта дамып, қалыптасқан. Тілдер арасындағы алыс-жақындық міне осындай даму процесінің ерекшеліктеріне байланысты болса керек. Дүние жүзіндегі тілдерді салыстырмалы-тарихи зерттеулер негізінде іштей бірнеше туыстас топтарға бөліл қарау -- көптен келе жатқан ғылыми дәстүр. Дегенмен, күні бүгінге дейін тілдерді туысқандық жақтан топтас-тырудың әлі де шешімін таба алмай жүрген мәселелері жоқ емес. Бұған себеп, біріншіден, дүние жүзі тілдерінің бәрі бірдей толық зерттелмегендігінде болса, екіншіден, тіл элементтерінің күрделілігі мен сан қырлылығына байланысты. Мәселен, үнді европа, түркі тілдері біршама толық зерттелінген тілдерге жатса, америка индеецтерінің тілдері жөнінде оны айта алмаймыз. Тіпті зерттелген, грамматикалық, дыбыстық жүйесі анықталынған түркі тілдерінің өздерін де ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық анықтадық деп айтудың өзі қиын. Түркі тілдерін туысқандық, тарихи, морфологиялық т. б. ерекшеліктеріне байланысты топтастыру мәселесі белгілі дәрежеде дұрыс шешілсе де, оның әлі де зерттей түсетін, толықтыра, жетілдіре түсетін жақтары баршылық. Бұл салада салыстырмалы-тарихи зерттеулердін, ролі ерекше .Тілдерге туысқандық талдау жасауда қиындық туғызатын екінші бір мәселе - бірде-бір <<таза>> тіл болмайды. Өйткені жеке, саяқ өмір сүретін тіл кездеспейді. Жер жүзіндегі барлық тілдер, соның ішінде түркі ха-лықтарыньщ тілдері де, басқа көршілес тілдермен ұзақ уақыт бойына қарым-қатынас жасап келеді. Осының нәтижесінде бір тілден екінші тілге сөз, дыбыс не грамматикалық элементтер ауысып отырады. Сондай-ақ, о бастағы негізі бір туыс тілдер өзара жіктеліп жеке, дербес тіл құруы да, немесе бірнеше басқа тілдердің құрамына еніп, жаңа ерекшеліктерге ие болуы мүмкін. Дәлел ретінде өзбек тілін кәрсетуге болады. Өзбек тілі, кеп-шілік тілшілердің пікірінше, түркі тілдерінін, қарлұқ тобына жатады. Ұсынылатын әдебиеттер: Малов С.Е., Памятники древнетюрской писменности, М.-Л., 1951; Баскаков Н.А., Введение в изучение тюрских языков. М., 1962; Щербак А.М., Сравнительная фонетика тюрских языков. Л., 1970; Севорян Э. В., Этимологический словарь тюрских языков т 1-3, М., 1974-80; Ә.Қайдаров, М. Оразов Түркітануға кіріспе. А., 1992. 5- тәжірбиелік сабақ. Салыстырмалы фонетика Сабақтың мақсаты: Түркі тілдеріндегі сингорманизм заңдылықтарының ерекшеліктері жайлы. Бақылау сұрақтары: Түркі тілдерін туысқандық, фонетикалық, лексикалық, морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты топтастыру. Ғылымда әлі зерттелетін қырлары. Шығыс Хун тілі. Ұйғыр-оғыз тобы, қырғыз-қыпшақ тобы. Әдістемелік нұсқаулық: Түркі халықтарының даму тарихында бастарынан өткізген қиян-кескі шытырман тарихи құбылыстардың тілге де әсерін тигізбей қоймайтыны табиғи нәрсе. Талданған классификацияларда жеке түркі тілдерінің қай группаға жатқызылатыны жөнінде де бірізділік жоқ. Мысалы, қазақ тілі И.Березин еңбегінде оңтүстік немесе қыпшақ группасына жатқызылса, В.Радлов, Г.Рамстедт, Бенцинг, К.Менгес еңбектерінде батыс түркі тілдері тобына,Богородицкийді Орта Азия тілдері тобына, С.Малов жаңа түркі тілдері тобына, Н.Баскаков Батыс Хун тілдері ішінде қыпшақ-ноғай тілдері тобына қосқан. Ал Б. Серебренников ортақ сөздердің лексикалық индексі жағынан қазақ тілі мен қырғыз тілдері өзара жақын дейді. Ұсынылатын әдебиеттер: Бүркіт О. Түркітану. Алматы, 2002.Тұрсынова М.А. Қазақ, қырғыз, өзбек тілдерінің салыстырмалы фонетикасы. Қарағанды, 2006Қосымша әдебиет:Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. Алматы: Ғылым, 1976.Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы: Мектеп, 1988.Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы: Мектеп, 1971. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі тарихынан. Алматы: Мектеп, 1988. 6- тәжірбиелік сабақ. Салыстырмалы морфология. Сабақтың мақсаты: Сөздің морфологиялық құрамы жайлы. Бақылау сұрақтары: Сөздің морфологиялық құрамы Сөздің морфологиялық бөлшектерден тұратыны Олардың басты ерекшеліктері. Жалғаулар, олардың түрлері Әдістемелік нұсқаулық: Түркі тілдерінің морфологиялық құрылысының мына тәрізді басты ерекшеліктері бар: * Морфемалардың бір-бірінен жігі айқын ашылып тұратындығы. * Түбір морфеманың семантикалық және грамматикалық жағынан біршама дербес қолданылатындығы. * Әрбір морфема көпшілік жағдайда сөз құрамында мотивті болып келіп, белгілі бірсемантиканың иесі болып отыратындығы. * Түркі тілдеріндегі морфемалар басқа жүйелі тілдердегі сондай элементтерден ерекше болып келеді. * Грамматикалық мән аффикстерден басқа синоним сөздерде екпіннің орын ауысуы арқылы да беріледі. * Грамматикалық мағына * Түркі тілдеріндегі анлитикалық формалар, олардың грамматикалық мәндерін білдірудегі ерекшелігі өз алдына тоқтауды қажет ететін мәселе. Ұсынылатын әдебиеттер: * Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы * Баскаков Н.А. Историко-типологическая характеристика структуры тюрских языков. М. 1986 * Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. Алматы, 1966. * Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. Алматы., 1999 7- тәжірбиелік сабақ. Сын есімнің шырай категориясы. Сабақтың мақсаты: Түркі тілдеріндегі шырай категориясының белгілі жүйеге түскендігі. Бақылау сұрақтары: Түркі тілдеріндегі шырай категориясының белгілі жүйеге түскендігі. Ғалымдардың көзқарастары. Шырай түрлері. Түркі тілдеріндегі сын есімді салыстырмалы зерттеу (А.М.Щербак, Э.В. Севортян) Әдістемелік нұсқаулық: Қазақ тіліндегі сын есімдер мағыналық жағынан зат есімдермен ұштасса, мәні мен қызметі жағынан есімшелердің, кейде үстеулердің кейбір топтарымен жалғасып жатады. Түркі тілдері құрамында сын есімдер екі түрлі жолмен қалыптасқан: 1.Есімдіктердің контексте қолданылу барысында сын есімге айналуы; 2.Есімдердің басқа топтарынан оқшаулана морфологиялық жүйесін қалыптасуы. Сын есімдердің қалыптасуы есім тұлғаларының әуелі анықтауыштық қызметке ие болып, соның нәтижесінде сындық мән алып, тұрақталуына негізделеді. Айталық, қара дәлел: қара сөзі зат есім мәнінде және етістік мағынасында. Ұсынылатын әдебиеттер: Малов С.Е., Памятники древнетюрской писменности, М.-Л., 1951; Баскаков Н.А., Введение в изучение тюрских языков. М., 1962; Щербак А.М., Сравнительная фонетика тюрских языков. Л., 1970; Севорян Э. В., Этимологический словарь тюрских языков т 1-3, М., 1974-80; Ә.Қайдаров, М. Оразов Түркітануға кіріспе. А., 1992. 8-тәжірбиелік сабақ. Сан есім Сабақтың мақсаты: Түркі тілдеріндегі ұғымды бірліктер жайлы. Бақылау сұрақтары: Бұл жайында ғалымдардың пікірлері. Түркі тілдеріндегі сандық ұғымды бірліктер Бірліктер. Ондықтар. Жүздіктер. Санау жүйесі. Түркі тілдері өздерімен көрщілес халықтармен салыстырғанда, сан, санақ жайлы ұғымды ежелгі кезеңде қалыптастырған. Әдістемелік нұсқаулық: Түркі тілдері өздерімен көршілес халықтармен салыстырғанда, сан, санақ жайлы ұғымды ежелгі кезеңде қалыптастырған. Ондай қорытынды жасауға дәлел - ондық атаулардың басқа тілдерден ауысуы арқылы қалыптасуын көбірек біледі. Сонымен қатар түркі тілдерінің тарихи санаудың екі түрлі тәсілін бділген. Сонымен қатар түркі тілдерінің тарихи санаудың екі түрлі тәсілін білген. Даму барысында бүкіл түркі тілдеріне ортақ бір ғана тәсіл - санақ жеткен ордыққа керек бірлікті санақ бара жатқан ондыққа тіркей айту (еккі еліг - 42) бүтіндей қолданыстан шығып қалады. Сондықтан бүгінгі түркі тілдерінде санақтық бір ғана жүйесі айтылады. Бірлік атаулардың жалпы түркі тілдеріне ортақ сипаты мына тәрізді: бир, пир, ики, екіи, үч, төрт, беш, бел, алты, йети, секиз, тоқыз, он. Қолдану ерекшелігі соны дәлелдейді. - дай/-дей: бұл аффикс қазақ, қырғыз, башқұрт тілдерінде қолданылады. Ұсынылатын әдебиеттер: * Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы * Баскаков Н.А. Историко-типологическая характеристика структуры тюрских языков. М. 1986 * Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. Алматы, 1966. * Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. Алматы., 1999 9-тәжірбиелік сабақ. Есімдік. Оның қалыптасуы мен дамуы. Сабақтың мақсаты: Есімдік. Оның қалыптасуы мен дамуы. Зерттеушілердің пікірі. Түркі тілдеріндегі есімдіктің мағыналық топтары. Бақылау сұрақтары: Есімдік. Оның қалыптасуы мен дамуы. Зерттеушілердің пікірі. Түркі тілдеріндегі есімдіктің мағыналық топтары. Әдістемелік нұсқаулық: Түркі тілдеріндегі сөз таптарының ішінде ерекше грамматикалық топ ретінде көзге түсетіндер - есімдіктер. Ол ерекшеліктер мынадай: 1) Қай сөз табы болмасын, оның өзіне тән (немесе жартылай тән) сөз жасау жүйесі болады. Айталық, зат есімдердің сондай жүйесі бар. Ал үстеулердің өзіне тән сөз жасау жүйесі бар. 2) Олар тек грамматикалық өзгерістерге ғана ұшырайды. 3) өзіне тән грамматикалық жүйесі жоқ. Бұл ерекшеліктер тек бір тілдегі емес, жалпы түркі тілдеріндегі есімдіктер деп аталатынсөздер тобына ортақ. Ұсынылатын әдебиеттер: * Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы * Баскаков Н.А. Историко-типологическая характеристика структуры тюрских языков. М. 1986 * Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. Алматы, 1966. * Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. Алматы., 1999 11-тәжірбиелік сабақ. Етістіктің шақ категориясы. Сабақтың мақсаты: Етістіктің - рай, шақ, жақ категорияларының арнайы морфологиялық көрсеткіштер жүйесі арқылы білдіре алатын сөз табы. Осы шақ, өткен шақ, келер шақ. Бақылау сұрақтары: Етістіктің - рай, шақ, жақ категорияларының арнайы морфологиялық көрсеткіштер жүйесі арқылы білдіре алатын сөз табы. Осы шақ, өткен шақ, келер шақ. Әдістемелік нұсқаулық: Өткен шақ. Істің болғандығые айқын, анық білдіретін тұлға - ды,, оның түркі тілдерінде кездесетін варианттары - ты, -ду, -ту және - ра. Бұл тұлғаның семантикалық ерекшелігі - өткен шақ мәні модальдық мәнмен күрделенбейді және басқа қимыл-әрекетке база ретінде ұғынылмайды, яғни ондай мағына туғызбайды. Бұл тұлға өткенде болған және болғанына сөйлеуші сенімді, өзі көзімен көрген, өзі куә болған істі білдіреді. Ұсынылатын әдебиеттер: * Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы * Баскаков Н.А. Историко-типологическая характеристика структуры тюрских языков. М. 1986 * Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. Алматы, 1966. * Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. Алматы., 1999 12- тәжірбиелік сабақ. Етістіктің рай категориясы. Сабақтың мақсаты: Етістіктің рай категориясы жайлы. Бақылау сұрақтары: Етістіктің рай категориясы Ғалымдардың пікірлері Рай түрлері, олардың мағыналарының берілу жолдары Етістіктің жіктелуі, етістіктің жақ категориясы. Жіктік жалғауының жалғану ерекшеліктері Әдістемелік нұсқаулық: Рай категориясы рай тұлғаларынан тұрады. Қазақ тілі оқулықтары рай категориясын әдетте былай анықтайды: сөйлеуші лебізінің я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер арқылы берілетін модальдік (рай) категориясы. Ұсынылатын әдебиеттер: * Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы * Баскаков Н.А. Историко-типологическая характеристика структуры тюрских языков. М. 1986 * Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. Алматы, 1966. * Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. Алматы., 1999 13- тәжірбиелік сабақ. Салыстырмалы синтаксис. Сабақтың мақсаты: Салыстырмалы синтаксис тақырыбына тәжірибелік жұмыстар жүргізу. Бақылау сұрақтары: Сөздердің тіркесі тәсілдері Сөз тіркестері. Есімді тіркестер: қабыса байланысу, матаса байланысу, меңгеріле байланысу. Жай сөйлем, оның түрлері. Құрмалас сөйлем, оның түрлері. Әдістемелік нұсқаулық: Түркі тілдері грамматикалық құрылысына қатысты күрделі екінші сала - синтаксис мәселелері. Морфология сияқты синтаксис мәселелері де ХІХ ғасырдан бері қарай жарық көрген практикалық грамматикаларда сөз болып отырады. Бірақ еңбек авторларының көңіл аударған негізгі мәселелері - түркі тілдерінде сөйлемді қалай құруға болады, сөйлем құрамына енетін сөздердің орналасу тәртібі қандай, қай сөз табы қандай синтаксистік қызмет атқарады, сөйлем мүшелері бір-бірімен қалай байланысады дегендер тәріздес. Ұсынылатын әдебиеттер: * Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы * Баскаков Н.А. Историко-типологическая характеристика структуры тюрских языков. М. 1986 * Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. Алматы, 1966. * Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. Алматы., 1999 14- тәжірбиелік сабақ. Жай сөйлем синтаксисі. Сабақтың мақсаты: Жай сөйлем синтаксисі жайлы түсінік. Бақылау сұрақтары: Оның түрлері. Зерттеушілердің пікіріне шолу жасау. Түркі тілдерінің ортақ заңдылықтарымен бірге, олардың басқа тілдік жүйедегі тілдерден ерекшелейтін белгілері. Әдістемелік нұсқаулық: Октябрь революциясына дейін түркі тілдерінің барлығының да синтаксистік құрылысы дұрыс зерттелмеді. Практикалық грамматикалардың кейбіреуінде ғана болмаса, көпшілігінде синтаксис тіпті атаусыз қалып отырды. Ал аталғандардың өздерінде де түркі тілдерінде сөйлемді қалай құруға болады, сөйлем құрамына енетін сөздер қалай орналасқан, қай сөз табы қандай синтаксистік қызмет атқарады, сөйлем мүшелері бір-бірімен қалай байланысады дегендер тәріздес жеңіл-желпі нәрселердіғана сөз еткендері болмаса, синаксистің объектісін айқындау, синтаксистік категорияларды ғылыми тұрғыда талдау дегендер болмады. Синтаксистік категориялар мен морфологиялық категориялардың ара-жігі ашылмай, араластырылып, бірінің ішінде қалып отырды. Осы мәселеге байланысты <<Советская тюркология>> журналы редакциялық мақаласында <<Революцияға дейінгі түркология жеке түркі тілдері синтаксисіне қатысты айтылған үзік-үзік сипаттауларға ғана ие болды, оның өзінде де олар морфологиялық, лексико-грамматикалық категориялардың синтаксистік қызметтерін зерттеуге арналды>> деп жазды. Ұсынылатын әдебиеттер: * Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы * Баскаков Н.А. Историко-типологическая характеристика структуры тюрских языков. М. 1986 * Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. Алматы, 1966. * Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. Алматы., 1999 15- тәжірбиелік сабақ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. Сабақтың мақсаты: Жай сөйлем синтаксисі жайлы түсінік. Бақылау сұрақтары: Оның түрлері. Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы, құрмалас сөйлемнің алғашқы салаласа байланысқан түрі. Жай сөйлемдердің мағыналық ішкі жақындықтарына қарай бірігуінен пайда болуы. Әдістемелік нұсқаулық: Октябрь револяциясына бұрынғы тарихында құрмалас сөйлемге байланысты пікір болуға тұрарлық ештеме жоқ. Октябрь революциясына дейін түркі тілдерінің барлығының да синтаксистік құрылысы дұрыс зерттелмеді. Практикалық грамматикалардың кейбіреуінде ғана болмаса, көпшілігінде синтаксис тіпті атаусыз қалып отырды. Ал аталғандардың өздерінде де түркі тілдерінде сөйлемді қалай құруға болады, сөйлем құрамына енетін сөздер қалай орналасқан, қай сөз табы қандай синтаксистік қызмет атқарады, сөйлем мүшелері бір-бірімен қалай байланысады дегендер тәріздес жеңіл-желпі нәрселердіғана сөз еткендері болмаса, синаксистің объектісін айқындау, синтаксистік категорияларды ғылыми тұрғыда талдау дегендер болмады. Синтаксистік категориялар мен морфологиялық категориялардың ара-жігі ашылмай, араластырылып, бірінің ішінде қалып отырды. Осы мәселеге байланысты <<Советская тюркология>> журналы редакциялық мақаласында <<Революцияға дейінгі түркология жеке түркі тілдері синтаксисіне қатысты айтылған үзік-үзік сипаттауларға ғана ие болды, оның өзінде де олар морфологиялық, лексико-грамматикалық категориялардың синтаксистік қызметтерін зерттеуге арналды>> деп жазды. Ұсынылатын әдебиеттер: * Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы * Баскаков Н.А. Историко-типологическая характеристика структуры тюрских языков. М. 1986 * Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. Алматы, 1966. * Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. Алматы., 1999 * СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ 5.1 Студенттің өздік жұмысының ұйымдастырылуына әдістемелік нұсқаулық Студент <<Салыстырмалы грамматика>> пәнінде түркі тілдері, олардың жалпы сипаты немемсе жеке түркі тілінің өзіндік ерекшелігі, олардың барлығына тән ортақ заңдылықтарын жайлы білуі қажет. Өйткені жалпы түркі тілдерінің ортақ заңдылықтар тән, екінші жағынан, бұл оларды басқа тілдік семьялардан ерекшелейтін белгілер болып табылады. Сонымен қатар, жеке тілдердің тарихи грамматикасы мен этимологиясы, тарихи сөздіктердің жарыққа шығун қарастырады. Қазақ тіл білімінде түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасын зерттеу толыққанды қолға алынбаған. Бұл сала бойынша М.Томановтың "Тіл тарихы туралы зерттеулер" (2002) атты еңбегін атауға болады. Зерттеуші еңбегінде түркі тілдерінің фонетикасы, оның жүйелік ерекшеліктері, морфологиялық құрылысы ғылыми сипатталған. Түркі тілдерінің жеке тілдік деректерін салыстырмалы-тарихи тұрғыдан қарастырған Ә.Құрышжанұлы, Ә.Ибатов, А.Аманжолов, Б.Сағындықұлы, Е.Қажыбеков, М.Оразов, т.б. ғалымдар еңбектері жарық көрген. Реферат тақырыптары Түркі тілдерінің фонетикасындағы негізгі ерекшеліктер. Салыстырмалы-тарихи зерттеулер Етістіктің шақ категориясы Салыстырмалы синтаксис Сын есімнің шырай формасы Етістіктің рай категориясы Сын есімдер Есімдік 12 ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ Өзгерістің рет нөмірі Құжаттың тарауы пункті Өзгеріс түрі (ауыстыру, жою, қосу) Хабарламаның нөмірі және күні Өзгеріс енгізілді Күні Аты-жөні, қолы, қызметі
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz