Файл қосу

Психологиядағы математикалық зерттеу әдістері



               ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
             БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы  МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты
ПОӘК

ПОӘК 042-14.05.01.20.65
/02-2013

Студентке арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
<<Психологиядағы математикалық зерттеу әдістері>>


Редакция № 2  02.09.13. орнына Редакция №








<<Психологиядағы математикалық зерттеу әдістері>> ПӘНІ БОЙЫНША
                  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
       6М010300-<<Педагогика және психология>>
                                       
                                       
МАГИСТРАНТҚА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ  БАҒДАРЛАМАСЫ
















                            Семей  -  2013ж.

Алғысөз
1. ЖАСАЛЫНДЫ
Құрастырушы__________ Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің "Педагогикалық психология" кафедрасының аға оқытушысы Аманова А.К. 
                                                               "______"      _______ 2013  ж.
ҚАРАЛДЫ
2.1. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің "Психология" кафедрасының отырысында
 Хаттама №_1____ <<__>>________  2013   жыл

Кафедра меңгерушісі: _____ Г.К.Джумажанова 

2.2. ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында 
Хаттама №__1____ <<__>>________  2013 жыл

Төрайымы _______ 
3. БЕКІТІЛДІ
3.1. Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды
Хаттама №__1____ <<__>>________  2013  жыл

ОӘК төрағасы, оқу ісі жөніндегі проректор_______























                                         Мазмұны

1. Жалпы ережелер
2. Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу 
3.  Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары 
4.  Курс форматы
5.  Курс саясаты 
6.  Бағалау саясаты
7.  Әдебиеттер



































1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет
Сатиева Шолпан Серикбосыновна, психология ғылымдарының кандидаты, психология кафедрасының профессоры
Телефон номері: Хабарласу ақпараты  -  тел: 35-93-89, Оқу ғимараты №1 , кабинет № 500; e-mail: Satieva66@mail.ru
Пән бойынша кредит саны - 3

1.2. Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы:
<<Психологиядағы математикалық  зерттеу әдістері>> атты курс ерекше курстарға жатады. Оның ерекшелігін, бір жағынан, күрделілігі, екінші жағынан, зор маңыздылығы себептейді. Күрделілігі деген ұғымға оның көптеген ғылымдарға сүйеніп, көптеген ғылымдарда пайдаланатын ұғымдарды қолданатынын жатқызамыз. Мысалы, қарастырылатын пән психология, алгебра, жоғары математика, статистика, кибернетика сияқты білім салаларынан зерттеу әдістерін, құралдарын, негізгі түсініктерін қолданады. Екінші жағынан, жоғарыда айтып кеткендей, бұл курстың болашақ психолог-маманға маңызы да зор, өйткені қандай болмасын психологиялық зерттеуді өткізу үшін, қандай болмасын болжау немесе заңдылықты дәлелдеу үшін, кез келген психологиялық механизм мен үрдістің барысын тексеру және тіркеу үшін зерттеуші математикалық қортыу әдістерін қолданады. Тек қана математикалық қорыту қолданған зерттеу дәлелді, нақты және ақиқатты болып саналады. 
1.3. Пәннің мақсаты 
Курстың мақсаты болашақ мамандардың психология ғылым саласын оқып-зерттеуге бағытталған жоғары білімнен кейінгі  негіздерін қалыптастыруды әрі қарай жалғастыру.
1.4 Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері:
* Психология ғылымының категориялық құрылымын ашу;
* Пәнге қызығушылықтарын қалыптастыру;
* Психологиялық білімдер жүйесін тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту
* Психология негіздерін меңгеруді білуі (негізгі ұғымдар, негізгі құрылымдар);
* Психологияны оқып-зерттеудің әдістерін қолдана алуға ие болуы;
* Психологияның қазіргі теорияларын білуі;
* Кәсіптік іс-әрекет жағдайында психологиялық алған білімін қолдану туралы түсінігі болуы;
* Психологиялық білімдер жүйесін тәжірибеде үйренуі тиіс.
Бұл қасиеттер болашақта, жұмыста және жеке өмірінде қабылдайтын шешімдеріне сын көзбен, жан-жақты қарауға мүмкіндік береді, көмектеседі. Олардың белсенді өмір көз қарасынын пайда болуына әсерін тигізеді.                                                              
1.5 Курстың  пререквизиттері:  Бұл пәнді оқуға дейін магистранттар жоғары математика мен статистиканың принциптерін және оның мүмкіндіктері мен шекаралары туралы түсініктерін қалыптастыратын пәндерді алдын ала оқып өткендері жөн.
1.6 Курстың постреквизиттері: <<Психологиядағы математикалық  зерттеу әдістері>> пәнін оқығаннан кейін бұл курстың қазіргі кезде білім беру үрдісінде магистранттардың ғылыми зерттеулерден алынған материалдарды математикалық-статистикалық өңдеуден өткізе алу сияқты қолданбалы сұрақтармен танысуы керек. Мұны мына пәндерді оқыту барысында жүзеге асыруға болады: әлеуметтік психология, басқару психологиясы, ұйымдастырушылық психология, тұлғааралық қақтығыстар психологиясы.



2. Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу
Кесте 1 Пән мазмұны. Сағаттардың бөлінуі
                                      №
Тақырып атаулары
Сағаттар саны
                                       

Дәріс
Тәжірибелік
ОМӨЖ
МӨЖ
                                       1
Психологиялық зерттеу әдісінің даму тарихы, зерттеудің әдіс-тәсілдері
                                       2
                                       1
                                       
                                       
                                       2
Сипаттаушы статистика. Өлшем мәселесі. Белгілер мен айнымалылар. Өлшем шкалалары.
                                       2
                                       1
                                       4

                                       3
Статистикалық болжамдар.
                                       2
                                       1


                                       4
Критерийлер қуаттылығы.
                                       2
                                       1


                                       5
Дисперсионды анализдің жалпы тағайындалуы.

                                       2
                                       1


                                       6
Тәуелсіз таңдамалар үшін Стьюденттің T-критерийі
                                       2
                                       1


                                       7
Өзгешеліктер статистикасы. Манна-Уитнидің U - критерийі
                                       2
                                       1


                                       8
Өзгешеліктер статистикасы. Крускал-Уоллистің Н  -  критерийі
                                       2
                                       1


                                       9
 Зерттеліп жатқан белгінің деңгейіндегі ығысуларды айқындау.Байланысты таңдамалар үшін дисперсионды анализ.
                                       2
                                       1


                                      10
Зерттеліп жатқан белгінің деңгейіндегі ығысуларды айқындау. Байланысты таңдамалар үшін Стьюденттің T-критерийі
                                       2
                                       1


                                      11
Ығысулар статистикасы. Вилкоксоның Т - критерийі
                                       2
                                       1


                                      12
Ығысулар статистикасы. Фридманның χ2r Критерий і
                                       2
                                       1


                                      13
Номиналды шкалалардағы өзгешеліктер статистикасы. Пирсонның χ2 критерий
                                       2
                                       1


                                      14
 Корреляциялық статистика. Пирсонның корреляциялық коэфициенті.
                                       2
                                       1


                                      15
 Корреляциялық статистика. Спирменнің корреляциялық коэфициенті.
                                       2
                                       1


                                      16
Математикалық психологияда қолданылатын негізгі түсініктер
                                       
                                       
                                       2
                                       
                                      17
Психологияда статистикалық талдау әдістері
                                       
                                       
                                       2
                                       
                                      18
Мағлұматтың сапалық базасы
                                       
                                       
                                       2
                                       
                                      19
Экспертті бағалау
                                       
                                       
                                       2
                                       
                                      20
Экспериментті жоспарлау теориясы


                                       2
                                       
                                      21
Толықфакторлы эксперимент және математикалық модель 


                                       2
                                       
                                      22
Кластерлік анализдің дендритті әдісі


                                       2
                                       
                                      23
Психологияда талдау нәтижесін көрсету стандарты


                                      2,5
                                       
                                      24
Психологиядағы математиканы қолданудың методологиялық мәселелері 


                                       
                                      10
                                      25
Математика және психология


                                       
                                      10
                                      26
Психологиядағы математикалық зерттеу әдістері ғылымының дамуы


                                       
                                      10
                                      27
Ғылыми зерттеу әдістері


                                       
                                      10
                                      28
Әлеуметтік зерттеу әдістері


                                       
                                      10
                                      29
Педагогикалық зертету әдістері


                                       
                                      10
                                      30
Зерттеудің эмпирикалық әдістері


                                       
                                      7,5
Барлығы:
30
15
                                     22,5
                                     67,5
 


3. ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Магистрант аталған  курс бойынша мынадай теориялық және практикалық мәселелерді игеруі керек. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмүны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Магистрантқа арналған жүмыс бағдарламасы берілген. Магистрантқа арналған жүмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жүмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет берілген. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. МӨЖ және ОМӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Магистранттардың білімін бағалау әдістемесі бар. Берілген тақырыпты конспектілеу.
                       Негізгі талаптар:
* Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
* Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
* Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.
* Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.
* Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

                             Реферат жазуда не ескеріледі?
* Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Магистрант осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.
* Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестер алғаны абзал.
* Реферат жазуда Магистрант негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.
* Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.
* Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.
* Магистранттың жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.
* Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін   арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.
Рефератты талқылау  -  шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.
Рефератты талқылып, қорытындысын шығару  -  маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. 
Магистранттардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын,      тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
* Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
* Магистранттардың өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
* Магистранттардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
* Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
* Магистранттарды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
* Магистранттардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
* Магистранттарды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
* Магистранттардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

Пән  бойынша  дәріс оқуға әдістемелік нұсқау
Жоғары оқу орнындағы дәріс сабақтары студенттердің шығармашылық ізденісте білімді меңгеру арқылы, ғылыми әдебиеттермен өзіндік жұмыс формаларын, стилін таңдауға мүмкіндік береді.
Лектор тыңдаушыларын объективті түрде ғана ақпараттандырып қоймауы тиісті. Дәрістегі ғылыми ақпарат сенімді түрде жеткізіліп, әдебиеттермен өзіндік істеуге бағыт берілуі тиіс.
Лектордың дәрісі мынадай функциялар атқарады:
* Бағдарлаушы
* Түсіндіру
* Сендіру
Бағдарлаушы қызметінде дәріс ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып ғылыми теория негіздерін қашан және қандай авторлармен тұжырымдалған, қандай объективті өмірлік қажеттіліктерге тәуелді екенін, қандай ғылыми әдебиеттерге сүйеніп бұл туралы терең оқуға болатындығына бағыт беріледі. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі де дәрістің бағдарлау қызметіне жатады.
Түсіндіру қызметі арқылы ғылыми түсініктер, түсіндірілетін теория немесе гипотеза айқындалады.
Сендіру қызметі арқылы лектор тұжырымдарын дәлелдемелер негізінде жасауы тиіс. Міндетті түрде фактіні дәлелдей білу қажет. Сендіру функциясы оқу дәрісінде өте маңызды. Студент ғылыми тұжырымдарды өзіндік сенім арқылы меңгеріледі. Лектор дәрісі қызықты өту үшін төмендегі психологиялық шарттар қажет;
* аталған ғылыми жүйесінде білімдерді меңгеру;
* дәріске деген студент қызығушылығын туғызу;
* студенттер түсіндірілген материал жаңалығын сезінуге тиіс;
* студенттердің жұмыс істеуге ынталандыруын туғызу.
Пән бойынша дәріс оқу әдістемесі.
* тақырып бойынша негізгі түсініктерді аудиторияға жеткізу;
* мазмұнды дәлелдеу;
* материал мазмұның ақпараттығы;
* материалдың проблемалылығы.
Дәріске негізгі және жан-жақты дайындық  -  оны жақсы оқудың бір мүмкіндігі болып табылады.

                Дәріс мазмұнына дайындық
І  -  кезеңде дәріске дайындық:
- мақсат қалыптастыру;
- аталған нақты дәрістің тақырып және бөлім бойынша өткізілу орны айқындалады;
- студенттердің даярлық деңгейін анықтау;
- теоретикалық және нақты материалдар таңдап алынады.
Бұл кезеңде дәріс мазмұны ерекшеліктерінің ішінде ғылымилық, беріктілігін лектор ескеруі керек.
Ғылымилық.  Дәріс қазіргі ғылыми білімдерге сүйенуі тиіс. Ол түрлі теориялық материалдар және тәжірибелік материалдарды салыстырудан көрінеді. Отандық және шетелдік зерттеушілер, ғылыми эксперименттер нәтижесі, жаңа идеялар мен концепциялар, зерттеу әдістерінің сипаттамасынан тұрады.
Дәріс арқылы тек ақпарат берілмейді, студенттердің ғылыми ойлауы қалыптастырылады.
Беріктілігі. Студенттердің негізгі түсінік, заңдылық, зерттеу әдістерімен түсінуін, қамтамасыз етеді. Әсіресе терминдер жүйесіне үлкен көңіл бөлу қажетті.
Психология ғылымында терминология күрделі. Дәріс барысында арнайы терминология жүргізу қажет: сөздердің этимологиясын қарастыру.
Жоғары оқу орнында дәріс сабақтарын дұрыс оқу да мынандай талаптары қойылады:
Кіріспеде тақырып, мақсат айтылып, қызығушылығын тудырып, негізгі тірек идеялары құрастырылады, алдыңғы және соңғы білімдермен байланыстырады. Ең күрделісі дәрісті бастау. Бірінші айтылған сөз тыңдаушылардың назарын аударуы тиіс. Дәріс туралы түсінікті оның атауынан алуға болады. Ол қысқа, негізгі ойды жеткізіп, формасы жағынан тартымды болуы қажет. Тақырып маңыздылығын студент тұлғасын дамытудағы білімдерді меңгеру үшін көрсету қажет. Дәріс жоспары, мақсаты хабарланады. Тыңдаушылардың назарын соңында білімді тексеруге арналатын бақылауға аударуға болады. Жаңа материалды өткен материалмен байланысы көрсетіледі. Кіріспе бөлім 5-7 мин. қамтиды.
Негізгі бөлімде барлық анықтамалар мен негізгі теоретикалық сұрақтар нақты, қысқа ашылады. Әр теориялық көзқарасқа дәлелдемелер, суреттер таңдап алынады. Дәріс сұрақтары 2  -  4-ке дейін. Дәріс мәтіні өте үлкен болмауы керек. Алғашқы сұраққа өткен соң кідіріс жасалады. Бұл психологиялық пауза студенттердің өзін еркін сезінулеріне және оқылатын материалдың маңыздылығын түсіндіруге, қабылдауға даярлығын тексереді (бет-әлпеті, әңгіме). Материалды түсіндіру және дәріс формасына қарай дәрістерді түсіндіруге болады. Проблемалық сипатағы дәріс өткізу үшін студенттерді өзіндік танымдық белсенділік және шығармашылыққа даярлауға мынадай белсенді құралдар пайдаланылады:
* бекітетін негізгі сұрақтармен;
* оқытушы өзін ұсынған тұжырымдар бойынша түрлі көзқарастарды салыстыру;
* сұрақтар қою, түрлі шешімдер мен көптеген тапсырмалар ұсыну;
* кері байланыс қамтамасыз ету.
Аудиториямен байланыста лектордың сыртқы бейнесі, өзін-өзі ұстау, жест, сөйлеуі, тілі маңызды роль атқарады.
Қорытынды. Дәрістің негізгі идеяларын жинақтап қорытындылайды. Тақырыпқа сай ұсыныстар беріліп, қиындытарды жою жолдары көрсетіледі. Дәріс талапқа сай аяқталуы қажет. Сөзді бөлмей, дәрісті соңфна дейін аяқтауға уақытты үнемдеу керек. Дәрісті аяқтау арқылы студенттер сұрақтарына жауап беріледі. Қорытынды шығарылып, өзіндік жұмысқа нұсқау беріледі, әдебиеттер ұсынады. Дәріс жағымды эмоционалды көңіл күймен аяқталуы тиіс. 
4. КУРС ФОРМАТЫ
Семинарға дайындық кезінде студент мұғалімнің дәрісін назарға ұстай отырып, біршама ізденіс жұмыстарын жасау қажет. Ғылыми мақалалар мен монографиялар, сондай-ақ интернет желісінен алынған материалдардағы керекті деректер конспектіленіп алынады. Семинар студенттің ізденіс жұмысы болғандықтан,  бір емес бірнеше дереккөздерді пайдалануға тиісті. Курс бойынша білуге тиісті терминдер мен шартты ұғымдарды оқытушы қамтып, түсіндіреді. СӨЖ тақырыптары берілген сұрақтарды қамти отырып, жазбаша және ауызша жұмыс түрінде орындалады. СӨЖ-ді конспект түрінде дәптерге жазып өткізу қажет. Сабақ барысында студенттің теориялық  білімі, белсенділігі,  ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады. 
5. КУРС САЯСАТЫ
Студенттерге қойылатын талаптар:
* Сабаққа кешікпеу;
* Дәрісті босатқан жағдайда өз бетімен материалды келесі сабаққа оқып келу;
* Жұмысты тапсыру және кеңес алу мерзімін қатаң сақтау;
* Талдау барысында тыңдау және басқалар көзқарасын құрметтеу;
* ОСӨЖ міндетті түрде қатысып, тапсырманы уақытында орындау;
Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырманы орындауы, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі  ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Курсты оқу барысында алынған барлық ұпайлар жинақталып, бір-біріне қосылады.  Осы курстан алған жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырама мен рейтинг бақылауынан алынған баға және емтихан бағаларының қорытындысы бойынша орташа балл есептеледі. Барлық тапсырмаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемін ұлғайтылады; Тапсырмалар оқытушы тағайындаған уақытта қабылданады. Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты есепке алынады. Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық сабақтарды босатпау, кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс беріледі (реферат, көркем мәтінге талдау т.б.);  Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет.
6. БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
Пән бойынша ұпай бөлінісі                                                                   Кесте 2
                                   Апта
                            Бақылау түрі
                              Ұпай жиыны
                                Ескерту
                                       1
                                       2
                                       3
                                       4
                                       
1-8 апта бойы 
дәріске қатысу
                                      30

                                       
                                       2
Семинар
                                      30


СӨЖ 
                                      15

                                       
                                       4
Семинар
                                      30


СӨЖ 
                                      15


ОСӨЖ 
                                      35

                                       
                                       6
Семинар
                                      30


СӨЖ 
                                      15


ОСӨЖ 
                                      35

                                       
                                       8
Семинарға 
                                      30


СӨЖ 
                                      15


ОСӨЖ 
                                      35

1-8 апта бойынша барлық ұпай саны
                                      300

                                       
9-15 апта бойы 
дәріске қатысу
                                      30

                                       
                                      10
Семинар
                                      30


СӨЖ 
                                      15

                                       
                                      12
Семинар
                                      30


СӨЖ 
                                      15


ОСӨЖ 
                                      45

                                       
                                      14
Семинар
                                      30


СӨЖ 
                                      15

                                       
                                      15
Семинар
                                      30


СӨЖ 
                                      15


ОСӨЖ 
                                      45

9-15 апта бойынша барлық ұпай саны
                                      300

Емтихан ұпайы 
                                      400

Академиялық мерзімге жиынтық ұпай
                                     1000



Негізгі әдебиеттер: 

* Гласс Дж., Стэнли Дж. Статистические методы в педагогике и психологии. М., 1976
* Сидоренко Е.В. Методы математической обработки в психологии. СПб., 1996
* Суходольский Г.В. Основы математической статистики для психологов. СПб., 1998

Қосымша әдебиеттер:
* Артемьева Е.Ю. Сборник задач по теории вероятностей и математической статистики для психологов. М., 1969
* Плохинский Н.А. Биометрия. М., 1970
* Пустыльник Е.И. Статистические методы анализа и обработки наблюдений. М., 1968
* Справочник по прикладной статистике: в 2-х т. М., 1989-1990
* Захаров В.П. Применение математических методов в социально-психологических исследованиях. Л., 1985
* Рунион Р. Справочник по непараметрической статистике. М., 1982
* Холлендер М., Вулф Д.А. Непараметрические методы статитики. М., 1983
* Крылов В.Ю. Геометрическое представление данных в психологических. М., 1990
* Дрейпер М., Смит Г. Прикладной регрессионный анализ. М., 1973




















Пәндер