Файл қосу
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
* * * * * * * * * * * * * * * ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ * <<Тұлға психологиялық мәселелері>> 5В010300-<<Педагогика және психология>> ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР * Семей 2013 Пән бойынша глоссарий. <<Әңгімелеу>> ─ оқушылардың әңгіме, ертегі, өсиет әңгіме, өлеңдерді ұжым болып тыңдауына жақсы жағдайлар тудыратын сөйлеу мен ойлау іс-әрекеттерінің маңызды түрі. <<Әңгімелесу>> - бұл балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикалық тәсілдің сұрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас формасы. <<Бейнематериалдар көру (фильмнен, мультфильмнен үзінділер және т.б.)>> - оқу мағлұматтарын көрнекілік тұрғысынан жеткілікті түсіндіруге мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл. <<Жаттығу-ойлану>> - балалардың өмірдің тәлімдік-танымдық жағдайларының мәнін ұғына білу мен нақты өмірлік жағдаяттарды бағалай білу дағдыларын дамытуға, өзінің ойы мен ісіне, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік тәсіл. <<Жүректен-жүрекке>> ─ сабақтың аяқталу кезеңінде қолданылатын, бір-бірімен пікір алмасуды, бір-біріне тілектер айтуды немесе бәрі бірге сабақтың негізгі ойын қорытатындай ән не өлең орындауды қамтитын және мұғалімнің әрбір баланың эмоционалдық күйін, олардың сабақ мазмұнын түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік туғызатын әдістемелік тәсіл. <<Қорытындылау>> ─ сабақ барысында айтылған ойларды мұғалімнің өзі немесе балалармен бірге жинақтап қорытуға бағытталған әдістемелік тәсіл. <<Мәтін оқу>> ─ оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқу іскерліктерін дамытуға бағытталған әдіс. <<Ойын>>, <<Жаттығу>> ─ балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыру мен жаңа игерілген түсініктері мен іскерліктерін бекітуге арналған оқыту әдісі. <<Өзін-өзі тану>> пәні - адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету, рухани-адамгершілік білім беру. Өзін - өзі жүзеге асыру - бұл тұлғаның жетілген өзіндік реттеу, өзіндік басқару негізінде пайда болатын, жақын ортада өзінің әлеуметтік статусын жоғарылату қажеттілігінен туындаған, өзін-өзі көрсету және өзін әлеуметтік тәжірибе субъектісі ретінде өзін-өзі бекіту бойынша дербес, саналанған, арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті. Өзін-өзі бақылау - адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық процесстер мен көңіл-күйлерін түсінуі, бағалауы және реттеуі. <<Өзіммен-өзім>> ─ бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін тигізеді. <<Сергіту сәті>> ─ сабақ үстінде балалардың жалығуы мен шаршағандығын ұмыттыратын, бойларын сергітуге қажетті өзін-өзі тану сабағының құрамдас бір бөлігі. <<Сахналау>> ─ бұл тәсіл өзін-өзі тану сабақтарында оқу материалының мазмұнын эмоционалдық-сезімдік күймен тиімді қабылдау мақсатында әр түрлі жағдаяттарды балалардың өздері рөлдерде орындауы арқылы ұйымдастырылады. <<Сабақтың дәйексөзі>> ─ оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалдық-бейнелі тұрғыдан қабылдауға ықпал ететін өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элемент <<Тыныштық сәті>> ─ релаксация тұрғысындағы әдістемелік тәсіл. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. <<Үй тапсырмасы>> ─ баланың сабақ тақырыбына және сабақта меңгерген білімдері мен игерген іскерлік, дағдыларын бекітуге қызығушылығын арттыратын тәсіл. <<Шаттық шеңбері>> ─ сабақты көтеріңкі, жақсы көңіл күймен ұйымдастыруға бағытталған сабақтың бас кезеңінде қолданылатын әдістемелік тәсіл. <<Шығармашылық жұмыс>> ─ өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі. Шығармашылық жұмыс сурет салу, макеттер, коллаждар мен өлең, әңгіме құрастыру және т.б. түрінде жүзеге асырылатын тәсіл. Практикалық сабақтың жоспары. Семинар (практикалық) сабақтардың мақсаты мен міндеттері: Теориялық материалды терең зерттеу, пән бойынша білімін жүйелеу. Психологиялық әдебиеттерді талдау негізінде теориялық тұжырымдамаларды нақтылау. Психологиялық әдебиеттермен өзбетінше жұмыс істей алу, материалды жалпылай алу дағдыларын қалыптастыру. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, психологиялық-педагогикалық құбылыстарға деген өзіндік көзқарастарын қалыптастыру. Білім меңгеруде, шығармашылық ынталарын және қабілеттерін көрсетуде өзбеттілікті дамыту. Болашақ педагог-психолог маманы ретінде ғылымға және кәсіптік іс-әрекетіне деген қызығушылығын тәрбиелеу. 1-апта Тақырып 1. Оқу пәні және ғылым ретінде курстың сипаттамасы. Жоспары: * Қазіргі замандағы тұлға дамуының мәселесі. * Өзін-өзі танудың қажеттілігі және болашағы. * Заман талабына сай білімді адам мәдениеті Әдебиеттер: * Назарбаева С.А. Самопознание и гармоничное развитие человека// Евразия,2003№2, 4-12 бет * Джумаси А.О. Самопознание как основа понимания ивоспитания себя./Евразия,2003№2, 12-18 бет * Рыскулова М. Проблема саморазвития и самовоспитания как актуальная задача высшего образования.// Высшая школа Казахстана, 2000№1, 160-166 бет * Абдрахманова Р, Плеханова В. Особенности и возможности предмета <<Самопознание>>// Социальный педагог. 2011№1, 42-44 бет 2-апта Тақырып 2. Өзін-өзі тану пәні бойынша ОӘК, оқулықтар. Стандарт, оқу бағдарламасы, типтік, жұмыс бағдарламалары. Мақсаты: Өзін-өзі тану курсын оқытуда қолданылатын оқу құралдары мен әдебиеттері туралы айтып өту. Қолдану ерекшеліктеріне тоқталып өту. Жоспары: * Оқулықтардың қызметі. * Оқу құралдарымен жұмысты ұйымдастыру принциптері. * Өзін-өзі тану бойынша оқушы дәптері. Әдебиеттер: * Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контексный подход. М, 1991 * Дубровина И.В. Психологические проблемы повышения качества обучения и воспитания/М, 1984 * Инновационные технологии в учебно- педагогическом процессе школы и вуза. Волгоград, 1993 * Самоукина Н.В. Организационно-обучающие игры в обучении. М, 1996 * Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М,1998 3-апта Тақырып 3. Өзін-өзі тану пәні педагогының бейнесі. Мақсаты: Өзін-өзі тану пәні педагогына қойылатын талаптармен таныстыру; Жоспары: * Педагогикалық қабілеттер. * Педагог және шығармашылық Әдебиеттер: * Введение в педагогическую деятеьность. Под редакцией А.Роботовой. М, Академия.2004 * Никишина И.В. Инновационная деятельность современного педагога. Волгоград, 2007 * Яковлев М.Н. Методика и техника урока в школе. М,1985 4-5 апта Тақырып 4. Өзін-өзі тану тану сабақтарын ұйымдастыру формалары. Мақсаты: Әр сабақтың мақсатын анықтап, жоспарын құрып, барысын ұйымдастыра білуге үйрету; Өзін-өзі тану сабақтарына қойылатын талаптармен таныстыру; Жоспары: * Өзін-өзі тану сабағының мақсаты, міндеттері, оны ұйымдастырудың ережелері. * Өзін-өзі тану бойынша сабақ түрлері. * Сабаққа қойылатын талаптар. Әдебиеттер: * Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контексный подход. М, 1991 * Дубровина И.В. Психологические проблемы повышения качества обучения и воспитания/М, 1984 * Инновационные технологии в учебно- педагогическом процессе школы и вуза. Волгоград, 1993 * Самоукина Н.В. Организационно-обучающие игры в обучении. М, 1996 * Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М,1998 6-7 апта Тақырып 5. Өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістері. Оқытудың белсенді әдістері. Мақсаты: Өзін-өзі тануды оқытудың негізгі әдістері туралы түсініктерін жинақтау. Көрнекілік және ауызша әдістердің ерекшеліктерін анықтау. Жоспары: * Оқытудың ауызша әдістері. * Дәрісті оқу әдісі, дәріс материалын таңдау принциптері, дәрістің негізгі қызметі. * Педагогтың дәрісті оқуға дайындығы. * Оқытудың көрнекілік әдістері. Әдебиеттер: * Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контексный подход. М, 1991 * Дубровина И.В. Психологические проблемы повышения качества обучения и воспитания/М, 1984 * Инновационные технологии в учебно- педагогическом процессе школы и вуза. Волгоград, 1993 * Самоукина Н.В. Организационно-обучающие игры в обучении. М, 1996 * Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М,1998 8-9 апта Тақырып 6. Өзін-өзі тану пәнін интерактивті оқыту әдістері. Мақсаты: Оқытудың түрлі әдістерін топтастыру. Интерактивті оқыту әдістерінің ерекшелігі сипаттау және оны өзін-өзі тану сабақтарында қолдану. Жоспары: * Дидактикалық әдістердің топтастырылуы. * Интерактивті оқыту әдісі. * Интерактивті оқыту әдісінің түрлері. * Өзін-өзі тану сабағында қолданылуы. Әдебиеттер: * Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контексный подход. М, 1991 * Дубровина И.В. Психологические проблемы повышения качества обучения и воспитания/М, 1984 * Никишина И.В. Инновационная деятельность современного педагога. Волгоград, 2007 10-11 апта Тақырып 7. Дұрыс сөйлеу мен қарым-қатынас жасау,өзін-өзі тұлғалық сапалардың көріну біліктерін қалыптастыру әдістемесі. Мақсаты: Дұрыс сөйлеу мен қарым-қатынас жасау,өзін-өзі тұлғалық сапалардың көріну біліктерін қалыптастыру әдістемесі жөнінде түсініктерін қалыптастыру. Жоспары: * Оқушылардың оқу жұмысының формалары. * Өзін-өзі танудан практикалық, семинар және дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастырудың формалары. * Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру. Әдебиеттер: * Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контексный подход. М, 1991 * Дубровина И.В. Психологические проблемы повышения качества обучения и воспитания/М, 1984 * Онищук В.А.Урок в современной школе. М,1990 * Инновационные технологии в учебно- педагогическом процессе школы и вуза. Волгоград, 1993 12-13 апта Тақырып 8. Оқушының рухани адамгершілік даму деңгейін анықтау. Өзін-өзі тану пәнін оқытуда оқушы білімін бағалаудың ерекшеліктері. Мақсаты: Өзін-өзі тануда оқушының адамгершілік даму деңгейін анықтау туралы, білімді бағалау туралы айту. Жоспары: * Оқушының руани адамгершілік дейгейін анықтау. * Оқушы білімін бағалауды жүзеге асыру. Әдебиеттер: * Полонский В.М. Оценка знаний школьников. М, 1981 * Граф В, Ильясов Ш. И др. Основы организации учебной деятельности и самостоятельной работы студентов. М, 1981 14-15 апта Тақырып 9. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. Мақсаты: Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері. Өзін-өзі тану боынша оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмысты дұрыс ұйымдастыру мәселелері. Жоспары: * Өзін-өзі тану бойынша оқушылардың өздік жұмыстары. * Өздік жұмыстарға қойылатын талаптар. Әдебиеттер: * Полонский В.М. Оценка знаний школьников. М, 1981 * Граф В, Ильясов Ш. И др. Основы организации учебной деятельности и самостоятельной работы студентов. М, 1981 Бақылау жұмысы. <<Өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесі>> - пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары. Әдістемелік нұсқау: Бақылау жұмысының тақырыбын таңдап алыңыз. Тақырыпты таңдап алғаннан кейін ұсынылған әдебиеттерді оқыңыз. Қосымша әдебиеттерді таңдаңыз. Бақылау жұмысын жазуда материалды келесі жүйеде мазмұндаңыз: алдымен жұмыс жоспарын және пайдаланған әдебиеттер тізімі, содан кейін жоспар бойынша сұрақтарға анықтама беріңіз. Таңдап алынған тақырып терең және жан-жақты ашылу керек. Жұмыс сауатты, тиянақты, қысқартылмай жазылуы керек. Тақырыбы: Оқушылардың ақыл - ой және жеке тұлғасының дамуының жас ерекшеліктері. Жоспар: * Әлеуметтік тәжірибені игерудің жас кезеңдік ерекшеліктері * Отандық психологтардың жас кезеңдерге бөлу сипаттамасы. * Жас ерекшелік кезеңдерге бөлуді оқу іс - әрекеті барысында қарастыру. Негізгі ұғымдар: мектепке дейінгі жас, бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектер, жасөспірімдер, акселерация, ретардант, әлеуметтану, Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты меңгеру барысында педагогикалық психология Әлеуметтік тәжірибені игерудің жас кезеңдік ерекшеліктері мен Отандық психологтардың жас кезеңдерге бөлу сипаттамасы түсінігіне тоқталу қажет. Әдебиеттер: 1.Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері.Алматы.1962 2. Крутецский В.А Психология обучения и воспитания школьников.М:1976 3. Айсмонтас Педагогическая психология.М;2000 4. Маркова А.К., Матис Т.А., Орлов А.Б. Формирование мотивации учение.М.,1990 Тақырыбы: Қазіргі кездегі білім беру. Жоспар: 1.Ғылым, білім түсініктері.Білім көп аспектілі феномен ретінде. 2.Қазіргі кездегі оқытудың негізгі бағыттары. Негізгі ұғымдар: ғылым, ғылым түрлері, білім, оқыту, сабақ. Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты меңгеру барысында қазіргі білім беру мен жалпы қазіргі кездегі оқытудың негізгі бағыттары түсінігіне тоқталу қажет. Әдебиеттер: 1.Выготский Л.С. Педагогическая психология.М.,1991 2.Волков К.Н. Психологи о педагогических проблемах.М:Просвещение, 1981 3. Крутецский В.А.Основы педагогических психологии.М.,1972 4.Немов Р.С.Психология.Книга 2. М.,2000г. Тақырыбы: Оқу іс- әрекетінің қалыптасуы және құрылымы Жоспар: 1.Оқыту: жалпы сипаттама. Оқыту мазмұнымпен бағдарламасы. 2. Оқытудың функционалды құрылымы. 3. Оқу іс- әрекетінің түрлері Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты меңгеру барысында педагогикалық психологияғы оқу ұғымына, мақсатына, міндетіне, мазмұнына, олардың психологиялық ерекшеліктеріне, оның функционалды құрылымы түсінігіне тоқталу қажет. Әдебиеттер: 1.Немов Р.С.Психология.Книга 2. М.,2000г. 2.Зимняя И.А. Педагогическая психология.М.,1995 3.Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері.Алматы.1962 4. Крутецский В.А Психология обучения и воспитания школьников.М:1976 Тақырыбы: Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым - қатынастың психологиялық - педагогикалық негіздері Жоспар: * Педагогикалық қарым - қатынастың ерекшелігі * Педагогикалық қарым - қатынас бірліктері * Педагогикалық қарым - қатынас стилі туралы жалпы түсінік Негізгі ұғымдар: қарым- қатынас, мақсат, тұлғааралық қатынас,педагогикалық қарым-қатынас кезеңдері. Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты меңгеру барысында мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың психологиялық-педагогикалық негізі, қатынас ерекшеліктері мен бірліктері және стилі туралы түсінігіне тоқталу қажет. Әдебиеттер: 1.Немов Р.С.Психология.Книга 2. М.,2000г. 2.Зимняя И.А. Педагогическая психология.М.,1995 3.Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері.Алматы.1962 4. Крутецский В.А Психология обучения и воспитания школьников.М:1976 Тақырыбы: Қарым - қатынастағы қиындықтың жалпы сипаттамасы Жоспар: * Қиындықтар анықтамасы * Қиындықтар саласының жалпы сипаттамасы * Қиындықтардың жас ерекшеліктер саласы Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты меңгеру барысында қарым-қатынастағы қиындықтың жалпы сипаттамасы мен анықтамалары, қиындықтардың жас ерекшеліктер саласындағы әр түрлі психологиялық процестер түсінігіне тоқталу қажет. Әдебиеттер: 1.Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері.Алматы.1962 2. Крутецский В.А Психология обучения и воспитания школьников.М:1976 3. Айсмонтас Педагогическая психология.М;2000 4. Маркова А.К., Матис Т.А., Орлов А.Б. Формирование мотивации учение.М.,1990 Әдебиеттер: * Онищук В.А.Урок в современной школе. М,1990 * А.Малышевский Мир человека. М,Интерпракс.1995 * Введение в педагогическую деятеьность. Под редакцией А.Роботовой. М, Академия.2004 * Бадмаев Б.Ц. Методика преподавания психологии. М, 2004 * Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контексный подход. М, 1991 * Инновационные технологии в учебно- педагогическом процессе школы и вуза. Волгоград, 1993 * Самоукина Н.В. Организационно-обучающие игры в обучении. М, 1996 * Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М,1998 * Никишина И.В. Инновационная деятельность современного педагога. Волгоград, 2007 * Лефрансуа Г. Прикладная педагогическая психология. Спб, прайм ЕВРОЗНАК, 2007 * Смолкин А.М. Методы активного обучения. М, 1985 * Яковлев М.Н. Методика и техника урока в школе. М,1985 Білім бақылауы. 1 ағымды бақылау. 8-аптада өткізіледі Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтарға жауап беріңіз. * Өзін-өзі тану сабағының мақсаты, міндеттері, оны ұйымдастырудың ережелері. * Өзін-өзі тану бойынша сабақ түрлері. * Сабаққа қойылатын талаптар. * Педагогикалық қабілеттер. * Педагог және шығармашылық 2 ағымды бақылау. 15-аптада өткізіледі Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтарға жауап беріңіз. * Өзін-өзі тану пәні бойынша ОӘК, оқулықтар. Стандарт, оқу бағдарламасы, типтік, жұмыс бағдарламалары. * Өзін-өзі тану тану сабақтарын ұйымдастыру формалары * Өзін-өзі тану пәнін интерактивті оқыту әдістері * Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру Бақылау сұрақтары. * Өзін - өзі тану пәнінің әдістері мен методологиясы . * Өзін - өзі тану курсының жалпы мәселелерін ата. * Тәрбиенің тарихи және негізгі сипаты, оның қазіргі қоғам дамуындағы көрнісі. * Өзін-өзі тану пәні, оның негізгі категорилары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс) және олардың өзара байланысы (тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, қалыптастыру). * Өзін-өзі танудың басқа ғылымдармен байланысы. * Тұлғаның жан-жақты мазмұнды сипатта дамуы адамзаттық мәдениетті меңгеруімен байланысты. * Тәрбиенің түрлері. * Жеке тұлғаның ақыл-ой мәдениеті, оның мәні. * Тұлға туралы ұғым. <<Адам>>, <<Индивид>>, <<дара>>, <<тұлға>>. Тұлға құрлымының көп қырлылығы, күрделілігі, оның барлық компоненттерінің өзара байланысы. <<Тұлғаны дамыту>>, <<тәрбиелеу>>, <<қалыптастыру>> ұғымдарына сипаттама. * ӨЗін-өзі тану пәні ғылым ретінде және оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны . * Өзін-өзі тану пәні педагогының жеке және педагогикалық іс-әрекеті. * Мектеп оқытушысының коммуникативтік біліктілігі . * Жеке тұлғаны дамыта оқыту теориясы. * Дидактика туралы жалпы түсінік.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz