Файл қосу
Қарапайым тары біржылдық өсімдік
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3деңгейлі СМК құжаты ПОӘК ОӘКҚ 042-14.4.01.20.51/03-2012 ПОӘК <<Өсімдік шаруашылығы>> пәнінен арналған оқу әдістемелік материалдар № 2 басылым ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В080100 <<Агрономия>> мамандығына арналған <<ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ- 1>> ПӘНІНЕ АРНАЛҒАНОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ - 2012 МАЗМҰНЫ * Глоссарий * Дәрістер * Тәжірибелік және зертханалық сабақтар * Курстық жоба және дипломдық жұмыс * ОСӨЖ және СӨЖ Дәріс 1 Кіріспе. Өсімдік шаруашылығы пәнінің маңызы және мәні. Жоспар: * Өсімдік шаруашылығының пән аралық байланысы * Өсімдік шаруашылығы міндеті және халық шаруашылығында алатын орыны * Өсімдік шаруашылығындағы зерттеу тәсілдері Өсімдік шаруашылығының маңызы және дамуы. Топырақ құнарлылығын жоғарылату және алдыңғы қатарлы өсіру технологияларын енгізу негізінде ауылшаруашылығы өнімдерін арттыру. Ауылшаруашылық дақылдарын тиімді орналастыру және аудандастыру. Бақылау сұрақтары: * Қазақстанның агроклиматтық аймақтары және өсімдіктердің негізгі факторлармен қамтамасыз етілуі жайлы не білесіздер? * Қазақстанның қай облысының аймағы шөлейтті болып табылады ? * Факторлардың жиынтық ( қосынды ) әсер заңы жайлы не білесіздер? * Танаптық тәжірибе дегеніміз не ? * Вегетациялық тәжірибе дегеніміз не? Дәріс 2 Күздік астықтар өсіру технологиясы. Жоспары: * Күздік бидай және қара бидай. Халық шаруашылығындағы маңызы * Күздік арпа, халық шаруашылығындағы маңызы, биологиялық ерекшелігі * Күздік тритикале халық шаруашылығындағы маңызы, биологиялық ерекшелігі Күздік бидай және қара бидай. Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі. Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Әсіресе бұл мәселе нарықтық экономикаға көшуге байланысты өткір қойылып отыр, бір жағынан Республикамыздың дүниежүзіндегі дамыған 50 елдің құрамына кіру мақсатында және қуатты бидай астығын артырудың, оның экономикалық әлеуетін тұрақтандырудың, әрі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз етудің айтарлықтай шарты. Мұндай қосымша астық алу көздерінің бірі-Қазақстанда күздік дақылдарды өсіру. Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай екендігі белгілі. Ол барлық астық дақылдарынан өнімі бойынша 4,0-тен 10-12 ц/га дейін асып түседі. Осыған қоса жаздық бидайға қарағанда азық - түліктік құндылығы кем болмаса да, одан бірқатар артықшылықтарымен ерекшеленеді; ол топырақтан, күзгі,қысқы, ерте көктемгі ылғалды және қореқтік заттарды жақсы пайдаланады; топырақты су және жел эрозиясынан сенімді қорғалды; арамшөптерге қарсы күресте ерекше маңызы бар; аурулармен аз залалданады және астық зиянкесі-астық сұр көбелегі жарақаттануынан <<өтіп кетеді>>, әрі 7-10-нан 15-30 тәулікке дейін вегетатциясын ерте сақтайды. Дәнді астық дақылдары ішінде бидай өте құнды тағамдық өсімдіктердің бірі ретінде жүзінде 230 млн.га егіс алқабын алып жатыр, оның ішінде күздік бидай егістіктері 35% -ын құрайды, ал оның астық өнімі орта есеппен 25,4ц/га. Қазақстанда күздік бидай ретінде негізінен жұмсақ бидай өсіріледі. Осыған байланысты төменде аталған түрдің өсу, даму және технологиясының ерекшеліктері қарастырылады. Биологиялық ерекшеліктер. Күздік бидай биологиясы бойынша бидайдан ерекшеленеді. Жаздық бидайдан айырмашылығы-оның вегетатциялық кезегі күзде басталады да келесі жылы жазда аяталады. Тіршілік үрдісінде күздік бидай өну, көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану, гүлдену және пісу кезеңдерінен өтеді. Алғашқы үш кезеңдері күзде, қалғандары-келесі жылы көктемде және жазда өтеді. Осы кезеңдері бойынша оның биологиялық ерекшеліктерін қарастырайық. Тұқымның өнуі- бұл тыныштық күйінде тұқымның белсенді әрекетке көшуі, ол үшін жылу, ылғал және ауа қажет. Тұқымы өз массасының 45-50% су сігіргеннен кейін өне бастайды, топырақтың оңтайлы ылғалдылығы ТЫС-тың 60-70 % мөлшерінде болғаны дұрыс. Күздік бидай тұқымы 0°С-да суды сіңіре алады, бірақ мұндай жағдайда тұқым бөрткенімен физиологиялық өсу үрдісі тоқтап қалады. Егін көгі (көктеу) кезеңі. Топырақ бетіне әуелі колеоптиле шығады, ол жарылады да бірінші нағыз жапырақ пайда болады, осы сәтті егін көктеді деп есептейді. Себуден өсімдіктен көктеу кезеңінің ұзақтығы температураға, ылғал ж.б. байланысты. Қостанай облысы жағдайында жақсы дайындалған ықтырмалы сүрі танабында 12-17°С жылылықта күздік бидай 6-9-тәулікте, ал куаңшылықты жылдары және сүрі танабы нашар өнделгенде-10-16-тәулікте көктеген. Ақмола облысының бұрынғы <<Красный флаг>> кеңшарында ылғал бойынша қолайлы 1990жылы орташа тәуліктік ауа температурасы 18,6°С және 12,8°С болғанда тиісінше күздік бидай 6 және 8- тәулікте егін береді. Түптену кезеңі. Түптену кезеңінің басын әдетте төменгі жапырақ қолтығына бірінші бүйір өркенінің пайда болуымен анықтайды. Бірінші бүйір өркенінің жапырағының өсуіне қарай негізгі өркеннің екінші жапырақ негізінде орналасқан бүршіктен екінші бүйір өркен қалыптасады. Орта есеппен 5-7 өркен түзіледі, егістік сирек болғанда олардың саны жоғары болуы мүмкін. Осы кезеңде негізгі өркендердің түзілуі және өсуімен қатар түптену түйінінен екіншілік немесе түйін тамырлары қалыптаса бастайды. Күздік бидайда күзгі және көктемгі түптену кезеңдері ажыратылады. Күздік бидайға түйін тамыр жүйесі жаздық бидайға қарағанда қуатты дамиды. Түтікке шығу (сабақтану) кезеңі. Бұл кезең бірінші буынаралығының 5-6 см-ге ұзаруынан басталады. Өсімдік сабағының шапшаң өсуі мен масақтың дамуы осы кезеңнен басталады, жапырақтардың негізгі массасының түзілуі аяқталады.Масақтану кезеңі. Кезең масақтың жоғарғы жапырақ қынабы бөлігінен сыртқа шығуымен сипатталады және түтікке шыққаннан кейін 20-25 тәуліктен соң басталады, аймақ жағдайында бұл кезең мамырдын ортасы мен аяғына дәл келеді. Кезеңнің өтуі үшін оңтайлы ауа тампературасы 18-20°С. Гүлдену кезеңі. Қолайлы жағдайларда күздік бидайдың гүлдену масақтанудан соң іле-шала басталады. Оның ұзақтығы температураға, ауа мен топырақ ылғалдылығына тәуелді. Гүлдену мен тозаңдану жүретін ең төменгі температура 6-7°С, АЛ барынша қолайлы ауа температурасы-20-25°С. Оңтайлы жағдайлар гүлдену мен тозаңдану уақытында топырақ ылғалдылығы ТЫС-тің 75-80% деңгейінде қалыптасады. Пісу кезеңі. Ұрықтанған ұрық бүршігінде эндосперм қалыптасады, ұрық өсіп-дамиды, жатын қабырғасынан қабық түзіледі де тұқыммен бірігіп өседі, соңынан дәнге айналады. Өсіруге рұқсат етілген сорттар. Мироновская 808-Украинаның В.Н.Ремесло атындағы Миронов би дай селекциясы және тұқым шаруашылығы ҒЗИ-да топтық сұрыптау тәсілімен шығарылған. Масағы әлсіз призма пішінді, ақ, қылтықсыз,орташа ұзындықта және тығыздықта. Дәндегі клейковина 28-37% аралығында өзгереді. Тыңайтқыш қолдану жүйесі. Ғылыми негізделген тыңайтқыш жүйесін қолданған күздік бидайдың заманауи сорттарының әләуеті өніміне жақын-гектарынан8,0-9,0 т өнім алуға болатыны дәлелденген дерек. Күздік бидайдың қоректік заттарды қажет ету мөлшері олардың топырақ құрамындағы мөлшеріне, өсірі жағдайына, өсімдіктің даму кезеңіне, сорттың ерекшелігіне тікелдей байланысты. Топырақ өңдеу жүйесі. Күздік бидайға топырақ дайындау алғы дақылға, өсірілетін аймақтың топырақ климат жағдайына, нақты шаруашылықтың ресурстық ерекшеліктеріне ж.б. байланысты анықталады және өңдеу жазық тілгішті немесе қайырмалы құралдармен жүргізіледі. Күздік бидайдың ерекше сипаты-оның күзден тығыз топырақта қалыпты дамуы. Тұқымды себуге дайындау және себу жұмыстары. Жоғары сапалы тұқым күздік бидайдан мол өнім алудың маңызды шарты. Осы себепті бірінші класты себу сапасына жеткізілген өткен жылғы өнімнен дайындалған күздік бидай тұқымы пайдаланылады. Өйткені жаңа жиналған астық тұқымдары себуге дейін қалған аз уақытта егін жинағаннан кейін пісіп-жетілу кезеңін-тыныштық күйін- өтіп үлгермейді, нәтижесінде олардың лабораториялық өнгіштігі 70-80% -дан аспайды. Олар кондициялық өнгіштікке 20-30 тәуліктен соң жетеді. Жаңа жиналған астықтант дайындалған тұқым кеш көктейді, танаптық өнгіштік төмен және егістік сирек болады, ал бұл астық өнімін төмендетеді.Өткен жылғы өнімнің тұқымдары тез және жаппай көктейді, өсімдіктер жақсы түптенеді, қыстайды және айтарлықтай мол қосымша өнім береді. Бұл шаруашылықта күздік бидай тұқымының ауыспалы қоры керектігін дәләлдейді. Өнімді жтинау. Күздік бидайдың піскен егінін жинау әдісін таңдап алу, оның жалпы жағдайына, ауа райының ерекшелігінге тікелей байланысты. Өсірілген өнімді жинау дәннің толық пісу кезеңіне тікелей, ал дәннің балауызданып пісуінің ортасында ылғалдылығы 30-35% болғанда, бөлектеп ору әдісімен жүргізіледі. Күздік қара бидай- маңызды азық-түліктік дәнді дақыл. Оның дәнінде толыққұнды белоктар, көмірсулар, майлар, өте бағалы айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары (лизин, валин, триптован), сонымен қатар А, В1,В2,Е,РР дәрумендері және элементтер бар, олар адамзат тіршілігінде өте маңызды. Морфологиялық ерекшеліктері. Қара бидай қоңырбастар тұқымдасына және Secale туыстығына жатады да 12 түрді біріктіреді. Дақылда негізінен күздік қара бидай өсіріледі, ал жаздық қара бидай-төмен өнімді, Қазақстанда мүлде өсірілмейді десе де болады. Тамыр жүйесі. Күздік қара бидайдың тамыр жүйесі қуатты дамыған, шашақтық, ұрықтық және түйін тамырлардан тұрады, топырақта 1,0-1,5м дейін бойлайды, алайда негізгі массасы топырақтың беткі қабатында шоғырланады. Күздік қара бидайдың тұқымдары көбінесе 3-4 ұрықтық тамырмен өнеді, олар өсімдіктер тіршілігінің алғашқы кезеңдерінде қоректенуде үлкен рөл атқарады. Негізгі өркеннің төменгі түйінінен түйін тамырлар тарайды, олардың даму деңгейі топырақ климат ерекшеліктері мен өсіру жағдайларына байланысты өзгереді. Сабағы- сабан, іші қуыс , биіктігі 0,6-1,8 м дейін және буынаралығы төрттен жетіге дейін, оның жапырылуы сабақтың биіктігі, төменгі буынаралығының ұзындығы мен жуандығына қарай өзгереді. Жапырақтары-ланцетті, бидаймен салыстырғанда ендірек. Гүл шоғыры- күрделі масақ, ақшыл-сары, масақ бірлігі мен масақшалар бекитінтұғырдан құралған. Гүл қауыздары бес жүйкелі және бір-екі килі болады. Масақта 30-40 масақшалар дамиды. Жемісі-жіңішке ұзынша келген немесе сопақша келген дән, жасыл, сары, сұр және басқа түсті, 1000 санының массасы-18-52г. Қара бидай-айқас тозаңданатын өсімдік. Күздік арпа. Халық шаруашылығындағы маңызы. Күздік арпаны негізінен мал азықтық және жармалық дақыл ретінде өсіреді. Дәнінде ақуыздың аз болуы оны сыра қайнату өнеркәсібінің құнды шикізаты қатарына жатқызады. Дәннің құрамында 13,4% ақуыз, 2,0% -май, 54,0% -крахмал, бар. Биологиялық ерекшеліктері. Күздік арпа күздік бидаймен, әсіресе күздік қара бидаймен салыстырғанда қысқа төзімсіз. Ол үшін- 12°С-тан төмен аяздар қауіпті. Күздік бидайға қарағанда ол ерте көктемгі қолайсыз жағдайлардан көбірек зардап шегеді.Сорттары. Қазақстанда күздік арпаның мынадай сорттарын өсіруге болады. Береке 54, Роман, Росова, Циклон және Южноказакстанский43. 3. Күздік тритикале. Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Тритикале-ботаникалық тегі екі түрлі-бидай мен қара бидай өсімдіктері хромосомалары кешенін біріктірудің нәтижесінде синтезделген ауылшаруашылық дақылы. Тритикале-бидай+қара бидай буданы-арифидиплоидтар қатарына жатады. Тыңайтқышты қолдану. 1ц астық және соған сәйкес сабан түзу үшін тритикалеге 4-5 кг азот, 1,3-1,6 кг фосфор, 3,6-4,0кг калий қажет. Қоректік әлементтерді тритикале өсімдігі сабақтану және дәннің қалыптасуы мен толысуы кезеңінде барынша қажетсінеді. Топырақты өңдеу жүйесінде күздік бидаймен және күздік қара бидайдікінен айырмашылық жоқ, негізінде алғы дақылға және танаптың арамшөптермен ластануына байланысты. Өнімді жинау. Масақша қауыздары берік ұстайтындықтан тритикаленің дәндері піскеннен кейін шашылмайды. Тікелей және бөлектеп ору әдістері қолданылады. Тритикаленің дәндері бидайдікінен ірі болғандықтан бастырар алдында комбайнның барабаны мен барабан астының саңылауын ұлғайту керек және барабанның айналу жылдамдығын минутына 600-ге дейін азайтады. Бастырғаннан кейінгі тазарту жұмыстары қолданыстағы тұқым тазартқыш машиналармен жүргізіледі, бірақ саңылаулары үлкен електер қолданылады. Бақылау сұрақтары: * Дәнді астық дақылдарының биологиялық ерекшеліктері. * Күздік астық дақылдарының азық - түліктік маңызы. * Дүние жүзінде астық дақылдарын сақтау бойынша жүргізілетін негізгі іс-шаралары. * Тұқым сапасына экологиялық жағдайлардың әсері * Егістік дақылдар өнімділігін арттыруда тұқымның алатын орны * Тұқым шаруашылығын шоғырландыру мен мамандандыру шаралары және оны өнеркәсіптік негізге көшірудің жетістіктері * Тұқымның пайда болуы, толысуы және пісіп - жетілуі бойынша айырмашылықтары. * Тұқымның зақымдануы және оны азайтудың шаралары. * Тұқымның егістік өңгіштігі бойынша сараптама жүргізу жолдары қандай? ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Негізгі әдебиет: * Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов <<Өсімдік шаруашылығы>> , Алматы-2011жыл * М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл * М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г Қосымша әдебиеттер * И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж * В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г. Дәріс №3 Жүгері өсірудің интенствті технологиясы. Жоспар:1. Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі2. Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері3. Егістікті күтіп-баптау іс-шаралары. Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі: Қонақ жүгері-азық түліктік және малазықтық дақыл.Африка, Үнді және Шығыс Азия елдерінде негізгі тағамдық дақыл болып саналады. Сондықтан, тағамдық өсімдік ретінде әлемде бидай мен күріштен кейін үшінші орын алады. Қонақ жүгері алуан түрлі мақсатта пайдаланылатын дақыл. Дәні-малдың бағалы азығы, құрама жем, крахмал, спирт және қант өнеркәсібінде шикізат. Қонақ жүгерінің 100 кг дәнінде 119 азықтық өлшем, ал көк балаусасында-23,5, сүрлемінде-22,0, пішенінде-49,2 азықтық өлшем болады. Қонақ жүгері дәнінде 15 пайызға дейін протин, лизинге бай, қантты сорттарында 10-15 пайызға дейін қант бар, одан қою шырын алынады. Перспективалы қант беруші дақылдар қатарына жатады.Қонақ жүгері отаны Африка болып есептелінеді. Біздің арамызға дейін 3 мың жыл бұрын Үнді және Қытай елдерінде өсірілген, ал Орта Азия мемлекеттерінде 2,5 мың жыл бұрын белгілі болған, Ресейге 17 ғасырда әкелінген. Дүние жүзіндегі егіс көлемі48 млн. га, дән өнімділігі-14,2 ц/га. ТМД елдерінде қонақ жүгеріні 150 мың гектарға өсіреді, орташа өнімділігі-15 ц/га. Республикадағы егіс көлемі ағын, бірақта перспективалы дақылдар қатарына жатады. Морфологиялық сипаттамасы: Қонақ жүгері дақылы Қоңырбастар тұқымдасына жатады. Көптеген түрлерінен біздің елімізде егілетіні кәдәмгі қонақ жүгері және малазығы үшін өсірілетін судан шөбі.Қонақ жүгерінің тамыр жүйесі шашақты, жақсы жетілген, топырақтың 2,5 м. Және одан да терең қабатына бойлап кетеді. Сабағының биіктігі 2 м, ал суармалы жағдайларда 3-5 м дейін, іші бос өзекшемен толтырылған. Гүл шоғыры- шашақ, ұзындығы 15-60 см, әрбір тармағының соңында екі масақша отырады, оның біреуі- қос жынысты, ал екіншісі- аталық, гүлденгеннен кейін түсіп қалады. Негізінен айқас тозаңданатын дақыл. Дәні-қабақты немесе жалаңаш, пішіні-дөңгелек, жұмыртқа тәріздес, бояуы-ақ, қоңыр, сары, бурыл. 1000 дән массасы 25-45г. Бір шашақты 1600-3500 дән болады. Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері: Қуаңшылыққа, ыстыққа төзімді дақыл. Трансппирациялық коэффиценті 150-200. Жылу сүйгіш өсімдік. Қысқа мерзімдегі үсіктен өліп қалуы мүмкін. 30-35°С температурада жақсы өсіп дамиды, 40°С дейін ыстықты көтереді. Вегетация дәуірінде қажетті температура жиынтығы 2250-2500° С. Жарық сүйгіш және қысқа күн өсімдігі. Топырақ талғамайды, барлық топырақ типтерінді өсе береді, бірақта жоғары өнімді жақсы жылынатын, бос және ауа өткізгіштік қабілеті жоғары топырақты жерлерде қалыптастырады. Өсіру технологиясының ерекшеліктері:Ауыспалы егістіктегі орны, бірінші кезекте, өсіру бағытына байланысты. Қонақ жүгеріні далалық және малазықтық ауыспалы егісте орналастырады. Тыңайтқыштар жүйесі: Көптеген зерттеушілер қонақ жүгері егісіне органикалық және минералдық тыңайтқыштарды берудің тиімділігін көрсетеді. Топырақ өңдеу жүйесі: Қонақ жүгері дақылы ылғалы жеткіліксіз аудандарда өсірілетіндіктен, топырақ өңдеудің негізгі мақсаты-ылғалды максималды жинау, сақтау және үнемдеп пайдалануға және арамшөптерді жоюға бағытталуы тиіс. Көктемгі топырақ өңдеу жүйелерінде ерте көктемгі танапты тырмалау және тұқымды себер алдындағы культиватциялау. Себу тәсілі мен мөлшері: Қонақ жүгерінің өнімділігі әрбір өсімдіктің жеке түсімінен және өсіру жағдайына байланысты болады. Сондықтан, белгілі көлемдегі өсімдіктермен саны мен олардың орналасу тәсілін дұрыс анықтаудың іс-саналық маңызы зор. Сол себепті дақылдың қолайлы тәсілі мен оңтайлы мөлшерін анықтау өнімділік қалыптастырудың басты факторлары болып есептеледі. Егістікті күтіп-баптау: Сепкеннен кейінгі тырмалау, қатараралықты өңдеу, өсімдікті арамшөптер, аурулар мен зиянкестерден химиялық жолмен қорғау. Қонақ жүгері танаптарында кешенді тырмалау. Осы шараның әсерінен танаптағы 65-70пайыз арамшөптерді құртуға мүмкіндік туады. Дақылдың вегетация кезеңінде КРН-4,2 культиваторымен 3 рет қатараралық өңделеді: Бірінші 7-8 жапырақ пайда болғанда 8-10 см тереңдікке, екінші- одан кейін 7-10 күннен соң, 6-8 см тереңдікке, ал үшінші-түтіктену сатысының алдында 4-6 см тереңдікте жүргізіледі. Суару: Қазақстанның оңтүстігінде қонақ жүгері танабын 3-4 рет суарады. Бірінші суғару өсімдіктің қарқынды өсу кезеңінде екінші-түтіктену кезеңінде минералдық тыңайтқыпен үстеп қоректендірумен бірге, үшінші- шашақтану кезеңінде, ал төртінші-дән толысу кезеңі.Арамшөптермен, аурулар және зиянкестермен күресу үшін рұқсат етілген химиялық препараттарды толықтырады. Өнімді жинау: Биік бойлы қонақ жүгері сорттарын тұқымға СМ-2,5 комбайнымен алдымен шашағы кесіліп, бастырылады, ал содан кейін сүрлем жинаушы комбайнымен- малазықтық массасы жиналады.Бақылау сұрақтары: * Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері дегеніміз не? * Жүгерінің халық шаруашылығында алатын орыны қандай? * Жүгеріні өсіру мерзімі қанша? * Семей аймағында қандай жүгері өсімдік түрі өседі? * Шығас Қазақстанда өсірілетін жүгерінің биологиялық ерекшеліктері қандай? * Жүгеріні күтіп баптауда қолданылатын агротехнологиялық іс-шаралар әдістерін ата. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Негізгі әдебиет: * Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов <<Өсімдік шаруашылығы>> , Алматы-2011жыл * М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл * М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г Қосымша әдебиеттер * И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж * В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г. Дәріс № 4 Жаздық астықтарды өсіру технологиясы Жоспар : * Жаздық бидай халық шаруашылығындағы маңызы және биологиялық ерекшелігі * Жаздық арпа халық шаруашылығындағы маңызы және биологиялық ерекшелігі. * Сұлы биологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы Оңтүстік Қазақстанда, соның ішінде Қызылорда облысында жаздық бидай негізінен суармалы жерлерде өсіріледі. Бидайды күріш ауыспалы егісіне енгізіп, мелиоритивті танаптарда өсіру бұл дақылдың өсіру технологиясын жетілдіруді, әсіресе минеральды тыңайтқыштарды қолдану жүйесін және суару режимін оптимизациялауды қажет етеді. Жаздық бидайдың агротехникалық ролі де үлкен, өйткені ауыспалы егістегі суармалы жерлер тиімділігін арттырады,суды үнемдейді, жалпы өнімі артады. Жаздық бидайдың өнімділігі көптеген факторларға, соның ішінде табиғи экологиялық және техногендік ( агроэкологиялық ) факторларға байланысты. Аймақтағы табиғи зкологиялық факторлар (жарық және температура режимдері, жауын- шашын мөлшері,оның маусымдық және әр жылдары бойынша өзгеруі т.б. ) адамзат әрекеті арқылы реттелінбейді, оған бидай дақылы, оның сорттары бейімделуі керек. ТМД елдері аймағында егіліп жүрген жаздық бидай сорттар ішінде саратов сорттары көпшілік жағдайда өнімді және қуаңшылыққа төзімді. Бидайдың жалпы сипаттамасы. Бидайдың шыққан жері - алдыңғы Азия орталығы - қазіргі Иран, Аравия аумактары. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай тараған. Жерорта теңізі орталығынан ( Греция, Италия ) қатты бидай шыққан. И.С. Сүлейменовтың (1973) қортындылауынша Қазақстанда Семей маңында бидай суармалы жерлерде 1834ж. өсіріле бастады. ХIХ ғасырда ол қазіргі Қостанай,Ақмола ж.б. облыстар аумақтарында себілген, ал ХХ ғасырдың басынан республикадамыздың барлық жерлерінде өсірілуде. Бидайдың дүние жүзіндегі егіс көлемі 220 млн.га. шмасында ,екпе дақылдарының ішінде ол бірінші орын алады. Бидай қатты және жұмсақ болып бөлінеді. Бидайдың морфологиялық ерекшеліктері. Тамыр жүйесі шашақты, ұрықтық және түйін тамырларынан құралған. Сабағы - сабан ( буынаралықтары 5-8 ), буынаралықтарының саны жапырақ санына сәйкес келеді. Жапырақтары- сызықты (линиялы), жапырақ тақтасы мен жапырақ қынабынан құралған, қынаптың тақтағы ауысар жерінде тілше ( түссіз пленка), ал жапырақ қынабының негізінде сабақты орап тұратын сызықты құлақша немесе мүйізшелер болады. Гүл шоғыры- масақ, ол масақ білігі мен масақшалардан тұрады. Бидай масағы бөлігінің бір тұғырында бір масақша орналасқан, бірақ ол көпгүлді /3-5 гүлден тұрады/. Агрономның міндеті- мүмкіндігінше масақтағы барлық гүлдер тозаңданып, дән қалыптастыруы. Жемісі- дән, ол үш бөліктен - қабық, эндосперм және ұрықтан-құралған. Дәннің ірілігі негізінен өсіру технологиясына байланысты өзгереді. Нақты өсірілетін жерлерге және астықты пайдалану бағытына байланысты жаздық бидай сорттары: Ақмола 2, Астана, Целинная 3С, Целинная юбелейная, Целинная 24, Эритроспермум 35, Казакстанская 19, Казакстанская 25, Ертіс 97, Павлодарская 93, Карабалыкская 90, Карагандинская раннеспелая, Саратовская 29, Алтайская 50, Иртышанка 10, Любава, Лютесценс 32, Омская 18, Омс кая 19, 20,29,30. Арпа. Астықты өсіру технологиясы. Арпаның өсіру технологиясына бидайға қарағанда аз көңіл аударылып келді. Соған қарамай, арпа көп жағдайда бидайдан жоғары астық өнімін беріп келеді. Айта кету керек, агротехника деңгейі төмен болғанда бұл << жаны берік>> дақылдың өзі ылғал, қоректік заттар жетімсіздігінен, арамшөптерден қатты зардап шегеді. Ауыспалы егістегі орны. Солтүстік Қазақстан жағдайында арпа үшін жақсы алғы дақылдарға дәнді бұршақ, күздік және жаздық дәнді дақылдар, біржылдық шөптер, көпжылдық шөптер қыртысы, картоп, қант қызылшасы жатады Топырақты өңдеу. Ылғалы жинақтау мақсатында топырақты егістікте пайдасын сақтай отырып өңдеудің маңызы зор. Әсіресе Солтүстік облыстарында паясы сақталған танаптарда аудара жыртылған сүдігерге қарағанда 19-22 мм. Қысқа ылғал артық жиналады. Арпаға топырақты негізгі өңдеуде күзде, мүмкіндігінше алғы дақылды жинағаннан кейін жүргізген жөн. Оның мақсаты- топырақта ылғал қорын молайту және сақтау, танапты арамшөптерден, зиянкестерден және аурулардан тазарту, өсімдіктердің қоректену ережесін жақсарту. Сұлы. Астықты өсіру технологиясы. Ауыспалы егістіктегі орны. Тамыр жүйесінің дамуы және қоректік заттарды жақсы сіңіруіне байланысты сұлы бидай мен арпаға қарағанда топырақ құнарлылығына аздау талап қоятын дақыл деп есептеледі. Алайда сұлының астық өнімі жақсы алғы дақылдардан кейін күрт артады, сондықтан оны отамалы және дәнді бұршақ дақылдарынан кейін орналастырған дұрыс. Ол көп мөлшерде азотты (N) қажетсізденеді, осыған байланысты оған дәнді бұршақ дақылдары, әсіресе асбұршақ жақсы алғы дақыл болып табылады. Фитосанитарлық жағдайда байланысты сұлыны өзінен және арпадан кейін орналастырмаған жөн. Топыраққа аз талғамы, алғашқы кезендегі шапшаң өсуі және жоғары жапырақтылығы ауыспалы егісте сұлының соңғы дақыл ретінде орналастыруға мүкіндік береді. Бақылау сұрақтары: ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Негізгі әдебиет: * Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов <<Өсімдік шаруашылығы>> , Алматы-2011жыл * М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл * М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г Қосымша әдебиеттер * И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж * В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г. Дәріс № 5 Тары, қарақұмық өсірудің интенсивті технологиялары. Жоспар: * Тарының биологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы * Қарақұмық биологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы. Тары біржылдық жаздық дақыл, өсіп - өнуі үшін біршама жылылықты қажет етеді. Аса бағалы азықтық дақыл - бидаймен қатар, тары өндірудің арттыра түсу - елімізде астық молшылығының жасаудын жолы. Ал, тары өндіруді молайтын мәселесін түбегейлі шешуде бұрынғысынша Батыс Қазақстан мен Орталық Қазақстан ерекше роль атқармақ. Қазақстанның батыс облыстарының территориясы өзінің табиғи - климаттық жағдайы жағынан өте өзгеше болып келеді. Ақтөбе және Орал облысының территориясы солтүстігінен оңтүстігіне дейін 1125 километрге, батысынан шығысына қарай 1385 километрге созыдып жатыр. Қазақстанның тары өсірумен шұғылданатын басқа аймақтармен салыстырғанда Ақтөбе және Орал облыстар территориясының өзіндік табиғи климаттық ерекшеліктері бар. Климаты өте континентальды болып келеді. Тарының алғаш кезінде ойдағыдай өніп шығуы егістік жердің үстінгі қабатының ылғалдылығына байланысты болып келеді. Ал, егістік жері тұзды аймақты осы мерзімде тарының өніп шығуына қажетті ылғал мөлшері шамамен 40 мм болуы керек. Кей жылдары ол бұдан да төмен болады. Ылғал қорының осылайша ауытқып отыруы өсімдіктің біркелкі өніп - шығуына әртүрлі әсер етеді. Қажетті ау деген ең төменгі мөлшердегі ылғалдылық 20 проценттей азайса, бір шаршы метр жерде 50 өсімдіктің әдеттегіден кем өсетіндігін зерттеулер көрсетіп отыр. Танаптың тары өркендерімен көмкеріліп, сол өркендердің одан әрі бойлап өсуі негізінен ассимиляциялық цингрим жүйесіне тікелей байланысты. Бұл жүйенің басты факторлары мыналар: өсімдіктің күн қуатын фотосинтез процесі кезінде бойына қаншалықты сіңіретіндігі, ауаның температурасы, ылғал мөлшері, топырақтың құнарлығы, т.б. Тәжірибе көрсеткеніндей , өсімдік әр кезеңде әр түрлі өсіп жетіледі. Өсуінің алғашқы вегетациялық кезеңінде тары өркені бірдей бойлап өсіп кете алмайды. Өркен үш жапырақты жағдайға жеткен кездің өзінде де оның биіктігі 5-7 сантиметрдей болып, түтіктенген кездегі салмағы 1-3 граммнан аспайды. Өсімдіктің өсіп жетілуіне ең қолайлы жағдай туғанда ғана ол 4-5 граммға , яғни түтіктену кезеңімен салыстырғанда 4-6 есе биіктейді. Қазақстанның агрометеорологиялық станцияларының көп жылдық деректерін талдау көрсеткеніндей , ауа райы қолайлы болған жылдары танаптар тары жапырағымен көмкеріліп, өсімдік бойлап өсіп, өнім молая түскен. Біздің республикамызда тары көбінесе шашақ шығарғаннан кейін 15-20 күн өтісімен өсуін мүлдем тоқтатады. Әдетте, биік өскен өнімді мол береді. Сабағының биіктігі 30 сантиметрден аспайтын тарының түсімі гектарынан көп дегенде 5 центнерден ғана айналады. Биіктігі 50 сантиметрден 90 сантиметрге дейнгі тарының әр гектарынан 10 центнерден кем өнім алынбайды. Егер тары сабағы 90 сантиметрден асса, онда сол танап гектарына 20-25 центнер немесе одан да артық өнім беруі мүмкін. Ал өсімдік биіктігі сентиметрге жетсе немесе одан да артса, онда гектар берекелілігі центнерден де жоғарылай түседі. Тары дақылы өсуімен шұғылданатын он бір облысының оңғы 30 жыл бойы алған орташа өніміне көніл аударар болсақ, түсімнің гектар басына бір центнерге артқанын аңғарамыз. Міне , осы мерзімде бидай түсімі республткамызда әр гектарға 3. 3 центнерге көбейген. Осы бір фактінің өзі-ақ бізде бидайға қарағанда тарыға онша көніл аударылмағандығын айқын аңғартса керек. Сонымен, тары өнімділігін арттыру үшін бұл дақылды ойдағыдай өсіп - өнуіне барлық мүмкіндік бар белгілі бір ауданға шоғырландырса егу керек. Ол үшін әуелі сол өңірдің климат жағдайын жете тексеріп, жақсы білген жөн. Тары ерте кезде Монғолияда, Жапонияда, Индияда және Пакистанда егілгені жайында деректер бар. Тары дәні көшпелі халықтар арқылы бірте бірте Европаға да тараған. Грекия, Франция, Швейцария жерлерінде тары қола дәуірінде, Италияда, Чехословакияда, Польшада, Румынияда темір дәуірінде егіле бастаған. Қазақстанда да тары ежелгі дақыл. Ол қазақ даласына VI-VII ғасырлардан бастап егіле бастаған. Тіпті соңғы кезге дейін тары қазақ даласының басты дақылы болып келеді. Өткен ғасырда егістік жердің 75-80 процентіне тек тары ғана себілетін. Тары ерте қазақ даласының негізгі дақылы болғандықтан халқымыз одан неше түрлі ұлттық тағамдар ( ақталған тары, жент ), сусындар (тары көжесі, боза) дайындай білген. Бұл тағамдар әлі күнге дейін халқымыздың сүйіктісі болып отыр. Өзінің қуаншылыққа, ыстыққа, аңызаққа төзімділігінің арқасында ол әлі күнге дейін өз дережесін жоғалтқан жоқ, жыл сайын мыңдаған гектар жерлерге егіледі. Бұдан басқа да тарының өзге дақылдарда жоқ жақсы қасиеттері бар. Мысалы, бұл дақыл кеш себілгенде де жақсы өнім бере алады. Тарының бұл ерекшеліктерін пайдаланып түрлі себептермен өнбей қалған күздік бидай, арпа сияқты дақылдардың орнына егуге болады. Тарының тез пісетін сорттары көп, сондықтан бұл дақылды бір жерден екі өнім алу үшін аңыздық егіске де пайдаланады. Бидай, арпа, сұлы сияқтя дақылдарға қарағанда тарының әр гектарға себілетін тұқым мөлшері 8-10 еседей кем. Тары басқа дақылдарға қарағанда зиянкестер мен ауруларға сирек шалдығады. Тары басқа дақылдардан гөрі кешірек себілетін болғандықтан көктемдегі қауырт науқанды едәуір бәсеңдетіп , адамдар мен техникаларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тарының мал азығы ретінде де маңызы зор, дәні құс шаруашылығында жиі қолданылады, әсіресе, балапандар үшін табылмайтын азық. Тары сабанының азықтық дәрежесі бидай сабанынан екі еседей артық, дала шөбімен қатарлас. Бір килограмм тары сабанынан 0,41 азықтық өлшем, 1 г сіңімді протеин бар. Ал 1 кг сұлы сабанынан азықтық өлшем, 0,3 г жұғымды протеин , бидай сабаны одан да төмен 0,22 азықтық өлшем 11 г протеин бар. Тары жармасының құрамында крахмал 81,0 , белок 12, май 3,5 , қант 0,15 сияқты адам организміне керек заттар бар. Тарыда ең қажетті зат белоктың мөлшері күріш, арпа, қарақұмық жармаларынан едәуір көп. Тары белогының биологиялық құндылығы жер жаңғағы, фасоль, бидай ұнымен бірдей, ал бұршақтан жоғары. Тары дәнінде кездесетін линол қышқылы атаросклероздың дамуына жол бермейді. B1 және B2 витаминдері басқа астықтардан екі есе көп болады. Тары дәнінде мырыш, йод, баом сияқты маңызды микроэлементтер де бар. Қазақстан жерінің байырғы дақылы - тары, қазір біздің республикамызда миллион гекиардай алқапқа өсіріледі. Оны өндірумен негізінен Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Семей облыстары шұғылданады. Осы тұста айрықша айта кетерлік бір жағдай, Қазақстан - тарыдан мол өнім алу жөнінде дүние жүзілік рекорд жасаған ел. Тарының ботаникалық сипаттамасы. Туыстық жақдай жүйесі. Тары астық туыстастарының ішіндегі ең көп тарағаны. Дүние жүзінде оның 71 туыстасы, олардың 1400 түрі бар. СССР- де оның 31 түрі тараған. Тары туыстасының экономикалық маңызы өте зор. Бұл туыстастың төрт жүзден астам түрі бар. Олардың бір түрі - адамға тамақ боларлықтай дән, екіншісі -мал мен құс үшін азық, ал үшіншісі - спирт береді. Қағаз өндірісі үшін жақсы материал болатын түрі де жоғары бағаланылады. Тары туыстастың барлық түрі дерлік жұғымды мал азығы болып табылады. Дегенмен олардың бірқатары мәдениеттендірілген. Тарының тау беткейлері мен құмдарды жымдастырып, біріктендіре түсуге қолданылатын түрі де бар. Қарапайым тарының сипаттамасы. Қарапайым тары біржылдық өсімдік. Оның сабағы тік, жапырағы қалың болып өседі, гүлденген кезде шашақ тастайды. Тарының тамыр жүйесі тарам-тарам шашақты болып келеді. Тары тұқымының бидай мен қарабидайдан және арпадан айырмашылығы өсіп шығатын түбірі тек біреу ғана болады. Тары тамыры бір жарым метрге дейін барып, жан жағынан бір метрден астам тарайды. Тамырының негізгі массасы шашақтанғанға дейін пайда болады. Содан түптенгенге дейін тамыры тәулігіне 2 см, түптенуден бас жарғанға дейін тәулігіне 3 см өсіп отырады. Ал гүлденген кезден бастап тарының тамыр массасы онша өспейді. Әрине , тарының жер нәрімен жақсы қоректеніп , тез өсіп жетілуіне негізгі тамырбасты роль атқарады. Дегенмен , ол жүгерінікі сияқты , сабақ буындары арқылы пайда болатын тірек тамырлары арқылы еркін қоректене алады. Ауа райы өте қуаншылық болғанда топырақтың пайда болуы баяулайды немесе мүлдем тоқтап қалады. Соның салдарынан түптелу буындары мен тамыр мойны сақинадай тірек таба алмай көбінде топырақ бетіне шығып қалып , жалғыз түбірше ілініп тұрып қалады. Мұнын өзі онын жаратылысынан ақ құрғақшылыққа бейімділігін аңғартса керек. Тарының басқа дақылдардан айырмашылығы міне осында. Тары өркені өте баяу өседі. Оған көбіне арам шөптер кедергі келтіреді. Тарының түптенуі әдетте өркендер жер бетіне еркін көктеп шыққаннан кейінгі 10-15 күннен кейін басталады. Содан сон сабақтары жетіледі. Сөз ретіне қарай айта кеткен жөн, ауыр топыраққа егілген өсімдік ылғалдың аздығынан немесе күннің суықтығынан дер кезінде түптене алмайды, ал мол құнарлы топырақта ол жылдам түптеледі. Егер температура 15-20 градус болса , түптену интенсивтілігі күшейе түседі. Тарының жасыл түсті өркені қалың түкті болып келеді. Осы белгісі арқылы оны арам шөптер өркенінен оңай айыруға болады. Тарының жапырақтары негізгі сабақтың буындарынан өседі, ал жапырақтар алақандардан және қынаптардан тұрады. Жапырақ алақандарының ұзындығы 1825 см, ені 1,24 см дейін жетеді. Жапырақ алақандары мен жапырақ қынаптарының түсі әсіресе, құрғақшылық жылдары күлгін болып келеді. Тарының бұтақты және бұтақсыз сабақтары цилиндрге , іші астаушаға ұқсайды. Әр сабақ бірінен сон бірі рет ретімен орналасқан буындардан тұрады. Жапырақ қынаптары төменгі буынаралық бөлігін жымдаса қоршап тұрады. Өсімдіктің өсу жағдайына орай оның буын сандары 4-10 дейін болады. Ал,буынаралығының ұзындығы ( төменнен жоғары қарай ) 2-5 см , ал жалпы ұзындығы 25-40 см жетеді. Сабағының биіктігі 20-30 см -ден 2 метрге дейін болады ( орташа биіктігі 60-80 см ). Қарапайым жағдайда қатарлы себілген тары түбінің 3-4 , ал сирегірек сепкенде әр түптің 15-20 сабағы бас жарып , шашақтанады. Оның дәндері 200 грамм салмақ тартады. Түптену кезінде тары өсімдігі түбі иіліп немесе қисайып немесе жартылай қисайып тұрғандай және құлап жатқандай формада болады. Тары жиі себілген және ылғал жеткілікті болған жағдайда өсімдік түбі тіп тік болып жетіледі. Тары өсімдігінің алғашқы өсіп жетілу кезеңінде ауа райы қолайлы келіп, ылғал мен қоректік зат жеткілікті болса, оның сабақ буындарының бұтақтар және бүйір жанама бұтақтары шығып , олардың көбі шашақ тастап, дән алады. Әдетте тары шашағы қалыптаса бастаған кезде кейін ғана жанама бұтақшалары пайда бола бастайды. Сол қосымша шашақтар ұзақ және дәнсіз болып келеді. Тарының гүл шоғырлы шашағының ұзындығы 10-60 см болады. Шашақтарының басына шығатындығымен сипатталады. Тары шашағының жетілуіне қарай ең бірінші гүлдеген гүлшесі ең кәрісі болып есептеледі. Одан жастауы шашақтың ортасында , ең жасы төменгі бөлігінде орналасады. Шашақтану өсімдіктің түптеуінен 20-28 күн өткеннен сон басталады. Кейбір шашақ бұтақшаларының формасы , жастыққа ұқсап, томпиып тұрады. Сөйтіп, бір өсімдікте 10-14 тіпті одан да көп бұтақша болады. Олардың әрқайсысы кейін шашақтанады. Сол кезде оның түсі ақшыл сары, қою сарғыш, кейде күлгін болып келеді. Яғни, тары шашағының түсі, бұтақшаларының негізденуі бұл дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Тары шашағының формасына қарап, қандай түрге жататынын классификациялауға болады. Сонымен , тарыны мынадай түр тармаққа жіктеуге болады: жайма бұтақты, есілмелі, жартылай түйіршікті. Тары масағы жалаң, жұмыртқа тәрізді, әрі домалақ. Арқасы қусырылған қылтанақсыз келеді. Ұзындығы 3-6 мм, ені 2-4 мм аспайды, сыртын қауыз қабығы жауып тұрады. Әр масақта екі екіден гүлше болады, жоғарыдағы гүлше жақсы дамығанмен, төменгісі көбінде онша жетілмей қалады. Ол тек жақсы қоректенген жағдайда ғана жеміс береді. Тарының үш, одан да көп гүлді масағы өте сирек кездеседі. 1000 дәні 4-9 грамм салмақ тартады. Ұрығының түсі ақ, ақшыл, сары, қоңыр,сарғыш қоңыр, қызыл, сұр қоңыр болады. Қауыздылығы 10-30 процент аралығында, дәнінің белгілі бір көлемінің орташа салмағы 600-780 грамм. Тары дәні гүлшелердің қабыршақтарымен тығыз көмкерілген жемістер мен тұқым қабынан, ұрпақтары мен эндоспермалардан тұрады. Анализ өсімдікте өсіп жетілген тары тұқымының ұрығы бір жапырақтан және бір түбірден ғана тұрады. Тары масағы әбден пісуге бағыт алған кезде бойындағы ылғалдан тез құтыла бастайды. Қарапайым тарының түрлерін анықтау. Қарапайым тарының әрбір тегінің өзі алуан алуан тармақтарға бөлінеді. Ол оның мынандай негізгі ерекшеліктеріне сай болып келеді: Дәннің ақталуы. Тары дәнінің көптеген түрлері гүлшелерінің қабығы қалың , әрі берік болып келеді. Содан барып ажыратып алу әрине, онай соқпайды. Сол үшінде тарының сондай түрінің дәнін арнаулы жармалағышқа әкелуге тура келеді. Осыдан біраз уақыт бұрын қарапайым тарының жұқа қауызды, тіпті дәндері бір бірімен үгіліскенде қауызы сыдырылып қалатын түрі табылады. Шашақтарының түсі. Әдетте, тары шашақтарының түсі қандай болса, оның масақ гүлшелерінің түсі де сондай болады. Тары масағы гүлшесінде антоционның болуының арқасында олардың бірқатарының түсі қара күлгін болып тұрады. Бұл түс масақтар жартылай жетілгенде анығырақ байқалады. Ал тары жетілген кезде біржола жоғалып кетеді. Алайда, тары шашағының белгілі бір өсіп жетілу кезеңінде осындай түске енуінің өзі оның жеке бір түрге жатқызуға мүмкіндік беріп отыр. Дәннің түсі. Қабығынан аршылмаған , яғни гүлшелерде тұрған тары әр түрлі түсті болып келеді. Негізінен әбден піскен тары ғана өзінің нақты түсіне ене алады, тек бұл кезде метереологиялық жағдай оны тездетуі немесе баяулатуы мүмкін. Белгілі тары формасының қай түрге жататынын анықтау үшін міндетті түрде түрлердің және бір тармақты тарылардың бір біріне өте ұқсастығы түр анықтауда қателікке ұшыратуы мүмкін. Тары сорттары. Жергілікті жерге бейім аудандастырылған сортты себу болашақ мол өнімнің кепілі. Ал, Қазақстан үшін мына сорттар өте маңызды. Саратов-583. Бұл сортты СССР дің Оңтүстік Шығыс ауыл шаруашылығы институты шығарған. Ол сонгвинеум ботаникалық түріне жатады, шашағы жинақы, дәні қызыл болып келеді. Сабағының беріктігімен , дәнінің төгілмейтіндігімен және құрғақшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Тарының бұл сорты орал, Ақтөбе, Қостанай, Семей, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Шымкент облыстарына аудандастырылған. Долинск 88. Бұл сорт Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында шығарылған. Флявум ботаникалық түріне жатады. Дәні ақшыл сары, шашақтары иілгіш, бірақ мол өнімді болып келеді. Оның ең басты кемшілігі жығылғыштығында. Бұл Солтүстік Қазақстан, Жезқазған және Қарағанды облыстарында аудандастырылған. Омск 5. Тарының бұл сорты Сібірдің ауыл шараушылығы ғылыми зерттеу институты шығарған. Ол бізде Көкшетау облысында өсіріледі, альбум түріне жатады. Масағы ақшыл сары, кейде қоңырқай болып келеді. Дәні домалақ, ақ немесе ақшыл сары, ірі болып көрінеді. 1000 дәннің салмағы 6,6-7,3 грамм тартады. Технологиялық және тұтыну сапасы өте жақсы, қауыздылығы шамамен 15-26% , 78-80% жарма береді. 1,3-2,7% стандартты. Құрамындағы белок 13,9-16,2% . ерте пісетін сорт. Вегетациялық кезеңі 80-90 күн. Құрғақшылыққа төзімді , сабағы берік, мол өнімді. Көкшетау облысының Чкалов сорт сынау учаскісінде ( 1969-1973 жж.) жылына орта есеппен әр гектардан 13,2 центнер өнім алынған. Бұл Саратов 853 сортымен салыстырғанда әр гектардан 4 центнер өнім алынды деген сөз. Саратов 2. Бұл сорт Красное 16 және ВНИС 29 сорттарын будандастыру арқылы өмірге келген. Оны оңтүстік шығыс ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты шығарған. Ол негізінен Павлодар оьлысында аудандастырылған. Ауреум түріне жатады. Шашағы жинақы. Дәні крем түстес, домалақ, 1000 дәнінің салмағы 7,7-8,1 грамм. Тарының азықтық, жемдік маңызы. Тары бүкіл жер шарында негізінен астық үшін өсірілген. Тары күллі Африка, сондай ақ Үндістан, Пакистан, Солтүстңк және Солтүстік Шығыс Қытай халықтары тағамдарының рационында басты роль атқарды. Тары өсімдігі негізінен Азия мен Африка елдерінде өсіріледі, ал азия елдері ішінде тарыны көп өсіретін Үндістан. Үнділіктер тары деген атпен соргоны, африка тарысын, майда және қылтанақты тарыны, қарапайым тарыны, жапон тарысын, қызыл тарыны өсірген. Қытай Халық Республикасы да тарыны көп өсіретін елдердің бірі. Мұнда тары тектес өсімдіктерден чумиза мен сорго көп егіледі. Бұлар құрғақшылыққа өте төзімді келеді. Сол себепті де, бұл өсімдіктер Қытайдың құрғақшылықты солтүстік провинцияларында өсіріледі. Тарының химиялық құрамы. Тары дәнінде химиялық заттардың болуы ең алдымен оның сортының ерекшелігіне және өсірілу жағдайына байланысты болып келеді. Көптеген зерттеулер бойынша басқа да дәнді дақылдар сияқты , тары дәнінің химиялық құрамы географиялық факторларға сай өзгеріп отырады. Тарының батыстан шығысқа немесе солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжып қоныс аударуына байланысты оның құрамындағы белок көбейе түседі де, крахмалы біртіндеп азая бастайды. Солтүстік аудандарда өсірілген тары дәнінде суда еритін белок пен сілтіде еритін белоктың басымдылығы , ал спиртте еритін белоктың шамалылығын ғылыми зерттеулер дәлелдеген. Тары дәнінде химиялық заттардың өзгеруіне географиялық фпкторлармен бірге, метереологиялық жағдайлар, әсіресе, топырақтың тығыздылығы әсер етеді. Құрғақшылық жылдары дәнде белок тым көбейіп кетеді. Сондай- ақ , онда B1 витамині және дән крахмалындағы амилоздар молаяды да , крахмалдың өзі азаяды. Белоктар және углеводтар. Ұнтақталған және ұсақталған тарыда күріш, арпа, қарақұмық жармаларына қарағанда белок көп болады. Бұл жөнінде ол сұлы жармасына ғана жол береді. Ғылыми тұрғыдан дәлелдегендей, белоктың тағамдық қасиеті дәндегі алмастырылмайтын амин қышқылының санына байланысты анықталады. Қарапайым тары дәніндегі белокта процентпен есептегендегі алмастырылмайтын амин қышқылының мөлшері төмендегідей болып келеді: Треонин - 2,8 Трифтофан - 2,1 Валин - 5,1 Фенилаланин - 5,3 Лейцитин - 11,4 Метионин - 2,3 Изолейцин - 3,4 Гистидин - 1,8 Лизин - 1,6 Аргинин - 3,2 Энзимдер немесе ферменттер. Энзимдер немесе ферменттер организмнің және дәннің толығып жетілуі кезеңінде күшті химиялық реакция беру арқылы белок табиғатында биологиялық катализатор ролін атқарады. Тары дәнінде мынадай энзимдер болады: омилаза, мальтоз, протеолитті энзимдер, липаз, фитаз, перехсидаз, катализ. Тарының мальтозасы өзінің активтілігі жөнінен басқа астық тұқымдас дақылдардың мальтозасынан асып түседі. Мальтозасының активтілігі жөнінен бірінші -орында тары , одан кейін- сорго, үшінші орында- жүгері тұрады. Май. Майға, әсіресе, тары ұрығы бай келеді, ол онда 21-22 процентке дейін жетеді. Тары дәнін өндеген кезде , оның ұрығы қалдық ретінде ұлпамен араласып кетеді. Тары майы негізінен менольді және олеинді майлы қышқылдан тұрады, әрі ол оның жартылай құрғақ түрінде жатады. Тары майының құрамындағы линольді қышқыл атеросклероздің пайда болуын дәл анықтауға көмектеседі. Күріш, қарақұмық және сұлы дәнімен салыстырғанда бұл қышқыл тары дәнінде әлдеқайда көп болады. Минералды заттар. Тарының әбден піскен дәнінде көптеген минералды заттар болады. Тары дәніндегі минералды заттар (құрғақ және минералды заттардың проценті есебімен ). Дән 0,33 0,04 0,02 0,28 0,65 0,01 1,56 0,01 Минерал 11,20 1,36 0,68 9,50 22,06 0,34 52,43 0,34 Еттен жасалған тағамдардағымен салыстырғанда тары дәнінде, әсіресе, оның жармасында фосфор әжептәуір көп. Тары дәнінде төмендегі мөлшерде микроэлементтер кездеседі: цинк - 1,96 мг процент, мыс - 1,19 , йод - 1,6, бром - 0,30 мг/ процент. Витаминдер. Тары дәні организмге қажетті витаминдерге де бай келеді. Атап айтқанда, онда B1 (тиамин), B2 (рибофлавин), PP (никотин қышқылы) және фолиев қышқылы болады. Тары дәнінің 1 грамында 1,8- 9,6 мг тиамин кездеседі. Басқа астық тұқыидастармен салыстырғанда , ондағы B1 және B2 витаминдері екі есеге жуық , ал тары жармасында фолиев қышқылы бидай, қара бидай және жүгері дәніндегіден екә есе артық болады. Қарақұмық Халық шаруашылығының маңызы. Қарақұмық- жеңіл сіңімді ақуыз ( 13-13,3 %) мен крахмалы ( 66-68% ) мол бағалы жармалық дақыл. Жарма құрамында 1,6% органикалық қышқылдар мен адам ағзасына пайдалы фосфор, темір, кальций және мыс қосылыстары да болады. Қарақұмық жармасы емдік қасиеті бар құнды тағам. Дән маңызы ( клейковина ) болмағандықтан, қарақұмықтың ұндық нандық сапасы төмен. Қарақұмық ұнын шелпек дайындауға ғана аз мөлшерде пайдаланылады. Сиырды қарақұмықпен азықтандырса, майы қатты болады. Сабаны мен топаны қатты малазық болғандықтан, оларды басқа жемдерге қосып пайдаланады. Сабанының күлі мен дәнінің қалдықтары- құнды тыңайтқыш. Олардың құрамында 40% аса KO , 10% көп PO және 19% дейін CaO болады. Қарақұмық тамаша балды өсімдік. Оның егісінің әр гектарынан аралар 60-100 кг дейін дәмі мен иісі тамаша бал жинайды. Дәнді дақылдардың ішінде қарақұмық өте қысқа вегетациялық кезеңімен (60-75 күн ) ерекшеленеді. Бұл оны күздік және ерте жаздық дақылдардың көктері шықпай қалған танаптарына қайта егуге және де аңыздық аралық дақыл ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай ақ қарақұмықты көк балаусасын жыртып жасыл тыңайтқышқа да пайдаланады. Қарақұмық кәдімгі жапырақтары шыққаннан кейін тез өсіп, бұтақтанып арам шөптерді басып тастайды. Сондықтан, ол жаздық дақылдар үшін жақсы алғы дақыл, ал ерте пісетін сорттары екпе сүрі жер дақылы бола алады. Қарақұмықтың орташа өнімі гектарына 8-12 ц, ең жоғарғысы 20-25 ц жетеді. Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары. Мәдени қарақұмық (Polygonum fagopyrum L.) -Қарақұмық (Polygonaceae) тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік. Тамыр жүйесі- кіндікті, топыраққа 80 см дейінгі терендікке енеді. Сабағы- бұтақты ,іші қуыс, сырты қырлы, биіктігі 70-100 см, піскенде қызарады. Жапырағы- жүректәрізді үшбұрышты. Гүл шоғыры- қойын шашақгүл, жартылай шатыршагүл. Гүлдері қосжынысты. Олардын түсі ақ, алқызыл, қызыл және құрылысы да түрліше болып келеді. Бір гүлдерінде аталықтары қысқа, аналықтарының бағаншалары ұзын, екіншілерінде - керісінше, аталықтары ұзын, аналықтарының бағаншалары қысқа. Жемісі- ашық- қонырдан қараға дейінгі түсті және әртүрлі формалы, үшқырлы, қабықты жаңғақша. 1000 дәннін салмағы18-32 грамм. Жағдайлар мен сортқа байланысты қабықтылығы 30% . Бақылау сұрақтары: ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Негізгі әдебиет: * Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов <<Өсімдік шаруашылығы>> , Алматы-2011жыл * М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл * М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г Қосымша әдебиеттер * И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж * В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г. Дәріс №6 Күріш өсірудің интенсивті технологиялары. Жоспар: * Жалпы сипаттамасы. Биологиялық ерекшелігі және өсіру тәсілдері.Дәннің құрылысы және химиялық құрамы. * Күріштің технологиялық ерекшеліктері. * Күріштің сорттары. * Күрішті стандарттау. Жалпы сипаттамсы: Күріш ежелден өсіріліп келе жатқан жарма алуға арналған дақыл.Бірақ Қазақстан үшін жаңа деп айтуға болады.Тек Қызылорда, Шымкент, Алматы обылыстарында ғана егіледі. Күріш жармасы өте жұғымды, тез қорытылатын тағам. Оның құрамының 95%-і адам бойына сіңеді. Одан тек қабығын алған, бетін қажаған, жылтыраған жармалар алуға болады. Эндосперімі желім тәрізді күрішті кондитерлік тағам алуға пайдаланылады. Күрішті ақтағанда одан сақ түседі. Одан спирт, фитин, арақ, сыра,дәрігерлік крохмал және пудра алуға болады. Күріштің кебегінде белок, май, витаминдер, фосфорлы заттар- фитин, лецитин сияқты адам және малдың денсаулығына керекті заттар көп. Күріш кебегінің майлы тамақтардың тотығуына қарсы тұратын антиоксидент заттары табылған және одан фурфурол және сірке қышқылы алынады. Одан жоғары сапалы тамақтық және техникалық майлар алынады. Ол майлардың құрамында көптеген қанықпаған май қышқылдары болады. Сондықтан темір сырларын ерітетін олифа майы ретінде пайдаланылады. Одан микробиологиялық тәсілдермен ацетон, бутил спиртін алуға да болады. Күріш крахмалын 180С дейін қыздырып 77%-тік декстрин пайдаланады.Күріштің қабығынан активті көмір алады, ал сабағынан қағаз тағы басқа көптеген керек заттар алуға болады және жаздық қалпақ жасайды. Егістік көлемі бойынша дүние жүзінде күріш бидайдан кейін екінші орында, алТМД-да Солтүстік Кавказда, Дағыстанда, Орта Азияда және Қазақстанда егіледі. Күріш тегі дәнді дақылдар тұқымдасына жатады, түрі Егістік күріш. Біржылдық өсімдік. Тамырында ауа ұстайтын түтікшелері бар. Гүл шоқтары сіңсібас. Ол бұтақтардан тұрады. Оның ұшында гүл орналасқан. Күріш ылғалдықты, жылылықты сүйетін өсімдік.Содықтан өніп шыққан соң піскенше суда өседі. Оны суғарудың көп түрлері бар.Біздің елде жайып суғару таралған.Жайып суғару екі түрлі болады. * Өсімдік барлық уақытта суда өседі. * Оқтын оқтын қайтарып суғару. Күріш барлық уақытта суда өсетін болғандықтан піскен кезде дәнінің ылғалдығы жоғары болады.Сондықтан комбайнмен тура орып, жинау мүмкін емес.Оны алдымен орып, дестеге салып, кепкен кезде жинап бастырады.Күріш өзімен өзі тозаңданатын өсімдік. Оның дәнінің формасына қарай Индиялық және Жапониялық деп аталатын екі бұтаққа бөлінеді. Біздің елде Жапония бұтағы егіледі. Бұл бұтақты кәдімгі және желімтәрізді күріш деп екіге бөлінеді. Кәдімгі бұрыш піскенде шашылып тұратын ботқаға, ал желім тәрізді күріш пісіргенде еріп қою ботқаға айналып кетеді.Күріштің крахмалы көбінесе амилопектиннен тұрады. Сондықтан ол йодпен бояғанда қоңыр түске боялады. Күріштің аршылмаған дәнін қазақша шалы дейді. Ол ортасында сайы жоқ, қабықты, қабығының ішкі және сыртқы дәні де қырлы болады. Қабығынан айырғаннан кейін алынған дән сопақтау келеді, түсі әртүрлі, ұзыны 4.4-10.0мм, көлденеңі 2.3-4.0, қалыңдығы 1.3-2.8 арасында болады. Эндосперімі шыны немесе ұнтәрізді болады. Күріштің крахмалы қырлы түйіршіктерден тұрады да, олар бірімен бірі тұтасып күрделі түйіршіктерге айналады.Екінші айырмасы, онда амилозадан амилопектин көп. Басқа дақылдармен салыстырғанда күріште белок аздау - 6.0-11.2 %-ке дейін ғана, ал басқа заттар - крохмал-58-80, қант -1.5-3.0, клетчатка -9 -12, май -2-5, минералдық заттар 5-7 % шамасында болады. Егер аршылған күрішті алатын болсақ, ондағы минералдық заттар 1.5%- ке дейін төмендейді. Күріш піскен кезде,оның дәнінің әр қабаты әртүрлі кебеді.Сыртқы қабаты ішкі қабаттарына қарағанда тезірек кеуіп,тартылады да соның салдарынан жоғарғы қабаттарында сызаттар пайда болады.Одан жарма алған кезды,сызатталған дән сынып,саққа айналады,жарманың түсімі азайып,сақтың түсімі көбейеді.Мұндай сызаттар күрішті күн сәулесі арқылы немесе астық кептіретін агрегаттарда кептірген кезде,жоғарғы қабаттарының тезірек кеуіп,осы қабаттарының көлемінің басқа ішкі қабаттарға қарағанда тез тартылуына байланысты, көп сызаттанады, ал егер ол ақырын кемісе, ішкі қабаттарының суы жоғарғы қабаттарына алмасып үлгереді де, сызаттанған дәннің саны кенет азаяды. Бірақ бұл әдіспен кептіруді көптеген аудандарда іске асыру өте қиын және қымбатқа түседі. Күріш қоспаларында көк, піспеген, орысша меловые зерна деп аталатын сапасы төмен дәндер кездесуі мүмкін. Олар тез сынып ұсатылып кетеді. Міне осының бәрі оның технологиялық және товарлық қасиеттерін төмендетіп жібереді. ТМД-да күріштің көптеген сорттары аудандасқан. Оның ішінде Жапон және Индия бұтағына жататын сорттар бар. Күрішті екі топқа бөледі. 1. Ұзындәнді- егер оның ұзыны көлденеңінен үш есе үлкен болса. 2. Егер дәннің ұзыны көлденеңінен екі есе ғана үлкен болса, оны домалақ дәнді топқа жатқызады. Осы топтарға Алакөл, Дубовский 29, Сантахез 52, Кубань 3, Өзбектік 5, Краснодарлық 424, Донецский 63, Узрось 7-13 сорттары жатады. Бұлардың ішінде Қазақстанда мына сорттар көп тараған. Дубовский129- Эрритроцерос түрі. Бүкілодақтық күріш ғылыми - зерттеу институты шығарған. Өсімдіктің биіктігі 100-110 см. Сіңбісабағы тығыз орналасқан. 1000дәнінің массасы 35гр. Шамасында, қабықтылығы 18-19%. Дәні шыны ақ, домалақ.Ерте піседі 75-125 күнде.Әр гектарынан алынатын түсім 55-70ц жетеді. Жармасының сапасы өте жақсы, ақ түсті. Ботқасы өте дәмді, шашылып піседі. Кубань 3. Сол институт шығарған. Дәні ірі, 1000 дәнінің массасы 31-33гр, шынылығы 93-94%. Жармасы мен ботқасы өте жақсы деп бағаланған. Күрішке бір стандарт жасалған -"Күріш шалы.Жармаға арналған". Бұл стандарт бойынша күрішті үшке бөледі.1. Ұзын жалпақ дән; 2. Ұзын жіңішке; 3. Домалақ дән. Бірінші және екінші типтер әр қайсысы екі тармаққа бөлінеді. Шыны және жартылай шыны. Үшінші тип үш тармаққа бөлінген; Шыны, жартылай шыны және ұнтәрізді. Бұлардан басқа типтерге жататын дәннің саны 10%-тен көп болмау керек. Техникалық шарттар бөлімінде ылғалдылығы, дәнді және шөп - шалаң қосындылары, құрмақтың саны, сарғайып кеткен, көк, бүлінген дәндердің қай мөлшерде болуы жайлы мәліметтер берілген. Бақылау сұрақтары: * Жалпы сипаттамасы. Биологиялық ерекшелігі және өсіру тәсілдері.Дәннің құрылысы және химиялық құрамы. * Күріштің технологиялық ерекшеліктері. * Күріштің сорттары. * Күрішті стандарттау. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Негізгі әдебиет: * Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов <<Өсімдік шаруашылығы>> , Алматы-2011жыл * М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл * М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г Қосымша әдебиеттер * И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж * В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г Дәріс № 7 Дәнді бұршақты дақылдар және олардың өсірудің интенсивтік технологиясы. Жоспар: 1. Асбұршақ биологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы. 2. Үрмебұршақ биологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы. 3. Май бұршақ биологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы. Дәнді бұршақты дақылдардың ерекшаліктері. Дәнді бұршақты дақылдарға ас бұршақ,май бұршақ, үрме бұршақ,мал азықтық бұршақ,бөрі бұршақ,жасымақ,ноқат,тағы басқалары да жатады. Дәнді бұршақты дақылдар тұқымында дәнді дақылдармен салыстырғанда белок көп болады.Белок әсіресе май бұршақ дәнінде мол( 39%). Дәнді бұршақты дақылдардың тағы бір ерекшелігі- олардың белоктарының тез организмге сіңірілуі. Май бұршақ дәнінің белогының сіңімділігі 89 процент,мал азықтық бұршақтікі - 87 процент,ал жасымық пен ас бұршақ дәнінжегі белоктың сіңімділігі 85 процентке тең. Дәнді бұршақты дақылдарының тамырларында түйнек бактериялары болады.Солардың көмегімен ауадағы азоттан дәндері мен вегетативтік органдарына белок итүзіп қана қоймайды,сонымен қатар топыраққа азот жинайды. Егістіктің әр гектарына дәнді бұршақты дақылдар 100 кг- нан 400 кгға дейін азот жинайды,яғни олар топырақтың құнарлығын арттырады. Көптеген дәнді бұршақты дақылдардың өсу кезеңі қысқа,сондықтан тез пісіп,танапты ерте босатады.Мұның өзі жерді сапалы және уақытылы өңдеуге мүмкіндік береді.Осы тұрғыдан алып қарағанда дәнді бұршақты дақылдар көртеген ауыл шаруашылық дақылдарына жақсы алғы дақыл болып саналады. Дәнді бұршақты дақылдардың пайдалану мақсатына қарай бірнеше топқа бөлінеді,атап айтқанда,тағамдық дәнді бұршақтар (ас бұршақ,үрме бұршақ,ноқат ),мал азықтық дәнді бұршақтар (пелюшка,мал азықтық бөрі бұршақ,мал азықтық бұршақ ),техникалық дәнді бұршақ (май бұршақ) және жасыл тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын дәнді бұршақтар ( алколоидтық бөрі бұршақ). Дәнді бұршақты дақылдардыңі интенсивті өсетін уақыты бүрлену және гүлдеу кезеңі.Дәнді бұршақты дақылдардың кемшілігі - олар жатып қалуға бейім келеді,піскен кезде сабағы ашылып,дәні шашылып қалады,яғни дер кезінде жинап алмаса,егіннің шығымдылығы төмендейді.Әр дәнді бұршақты дақылдардың сыртқы ортаның факторларына қоятын талабы әр қилы, және олардың өсу мерзімі әр түрлі.Олардың ішінде ерте (ас бұршақ,жасымақ,ноғатық ) және кеш (мал азықтық бұршақ,үрме бұршақ,май бұршақ) пісетіндері бар.Егер сыртқы ортаның факторына қоятын талабына келетін болсақ,суыққа төзімді дәнді бұршақты дақылдарға жасымақ,ноғатық,ас бұршақты,ал жылу сүйгіш бұршақты дақылдарға май мен үрме бұршақты жатқызуға болады. Ылғалды көбірек керек ететін болғандықтан мал азықтық ас бұршақ және бөрі бұршақты жауын- шашын мол түсетін аймаққа еккен дұрыс. Құрғақшылыққа төзімді келетін дақылдарға ноқат пен ноғатық жатады. Дәнді бұршақты дақылдар механикалық құрамы жеңіл топырақтарда жақсы өседі. Асбұршақ биологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы. Ас бұршақ біздің елімізде барлық дәнді бұршақ егісінің 80% -дан астамында өсіріледі.Оны азықтық- түліктік және мал азықтық дақылдар ретінде өсіріледі.Оның тұқымдары амин қышқылдарымен теңдестірілген белокқа бай (18-35%),олар жақсы пісірілуімен және жоғары дәмдік сапасымен ерекшелінеді.Пісіп жеткен және шала піскен тұқымдары,сонымен қатар көкөністі сорттарының жасыл бұршаққаптары консерві өнеркәсібінде пайдаланылады. Дақылдардың тарихы.Ас бұршақ бұдан 20 мың жыл бұрын бидай,арпа,тары,жасымық,атбас бұршақ және басқа өсімдіктермен қатар дақылға енген. Сонғы археологиялық қазбаларға карағанда егістік ас бұршақтың отаны Алдыңғы Азия (Закавказье,солтүстік- батыс Иран,ішкі Кіші Азия)елдері,бұларда оның ұсақ тұқымда формалары өсіріледі.Н.И.Вавиловтың жазуы бойынша ірі тұқымды асбұршақтар екінші шығу тегіорталығына - Шығыс Жерорта теңізіне бейімделген. Биологиялық ерекшеліктері.Ас бұршақ - барынша ерте пісетін дәнді бұршақ дақылы.Өсіп - жетілу кезеңі сортына және өсу жағдайларына байланысты 70- тен 140 тәулікке дейін созылады.Сондықтан ас бұршақ жақсы сүрі жерді иеленуші өсімдік барлық аймақтарда,ал ерте пісетін сорттары оның егіншіліктің солтүстік шекараларында өсіріледі. Ас бұршақ - өздігінен тозаңданатын өсімдік,алайда жазы ыстық және құрғақшылықты жылдары ашық гүлденуімен қатар шамалы мөлшерде айқас тозаңдануы байқалады. Қазақстанда астыққа өсіруге рұқсат етілген және кең тараған сорттары: Рамонский 77.Ресейдің қант қызылшасы ҒЗИ - да шығарылған.Түршесі - вульгатум.Сорт орташа мерзімде піседі,шашылуға жоғары төзімділігімен ерекшеленеді,ауруларға орташа төзімді.1000 тұқымының салмағы 180 - 250г.Ақмола,Ақтөбе,Жамбыл,Батыс Қазақстан,Қостанай,Қарағанды облыстарында өсіріледі. Таловец 50.Ресейдің Сібір АШҒИ - де шығарылған,эвадукум түршесіне жатады.Ақмола,Қостанай,Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі. Омский неосыпающийся.Ресейдің Орталық - Қаратопырақты белдеуінің АҒЗИ - де шығарылған,вульгаре түршесі жатады.Ақмола ,Солтүстік Қазақстанда рұқсат етілген. Өсіру технологиясы.Ас бұршаққа алғы дақылдар - өздерінен кейін топырақты арамшоптерден таза және жеткілікті мөлшерде қоректік заттар мен ылғал қалдыратын дақылдар.Ас бұршақ қайталама егістікті нашар көтереді,өйткені аурулармен залалданады және зиянкестермен (бізтұмсықтар, жемірқұрттар) жарақаттанады,топырақта немадодалар тез көбейеді.Ас бұршақты жаздық астық дақылдарынан кейін себуге болады. 2.Үрме бұршақ (Бадана) Халық шаруашылығындағы маңызы.Үрме бұршақ - Америка континентінің өсімдігі. Үрмебұршақтың ұсақ дәнді тобы 5-6 мың жыл бұрын Оңтүстік Азия елдерінен өсіріле бастаған,біздің еліміздің барлық аймақтарында өсіріледі. Үрмебұршақ тұқмы толық пісіп жетілмеген бұршағын пісірілген және консервіленген күйінде апйдаланылатын бағалы тағамдық дақыл.Үрмебұршақ тұқымында 30 % дейін ақуыз және дәрумендер мен амин қышқылджары бар. Үрмебұршақтың өнімі гектарына 120-15 ц,ал жоғары агротехнологияда ол 20-25 ц.дейін жетеді. Үрмебұршақтың дақыл ретінде бес түрі таралған. 1. Кәдімгі үрмебұршақ - бұталы және шырмалып өсетін формада. 2. Көпгүлді үрмебұршақ - ұзын шырмалған сабақты,ақ және қызыл гүлді,өте ірі тұқымды.1000 тұқымының массасы 700-1200 г. 3. Істік жапырақты үрме бұршақ немесе тепари.Бұталы формалары бар,бұршаққаптары жалпақ,тұқымы ұсақ.Құрғақшылыққа төзімді. 4. Лимдік немесе ай тәрізді үрмебұршақ - тағамға пайдаланылады,бұршаққаптары сопақ,қысқа және жалпақ,2-3 тұқымды,жеңіл жарылғыш. 5. Сары үрмебұршақ - ұзын жіңішке бұршаққапты және ұсақ тұқымды. Өсіру технологиясы.Үрмебұршақтың басқа дақылдарға қарағанда топырақ құнарлығына талабы жоғары. 3. Май бұршақ. Май бұршақ- ертеден өсіріліп келе жатқан дақыл және дүниежүзілік маңызы бар басты дақылдар қатарына жатады.Майбұршақтың ерекшелігі ақуыз - 33 - тен 45 % - ға дейін,20- дан 25,7 пайызға дейін май болады. Майбұршақ - жылу сүйгіш өсімдік. Алғы дақылдарға өте талғампаз,майбұршақты көңмен тыңайтылған танапқа егілген күздік дақылдардан кейін,бедеден,жүгеріден және көпжылдық шөптен кейін орналастырылады. Бақылау сұрақтары: 1.Бұршақ тұқымдастарының биологиялық ерекшеліктері? 2.Үрмебұршақтардың неше түрі бар ? 3.Үрмебұршақтың топыраққа қоятын талаптары? ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Негізгі әдебиет: * Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов <<Өсімдік шаруашылығы>> , Алматы-2011жыл * М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл * М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г Қосымша әдебиеттер * И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж * В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г. Дәріс №8 Қойбұршақ, бөрі бұршақ, ноғаттық арахис, өсірудің интенсивті технологиялары. Жоспары:1. Қойбұршақ халық шаруашылығындағы маңызы және биологиялық ерекшелігі. 2. Бөрібұршақ халық шаруашылығындағы маңызы және биологиялық ерекшелігі3. Ноғатық халық шаруашылығындағы маңызы және биологиялық ерекшелігі. Халық шаруашылығындағы маңызы. Қойбұршақ тағамдық және малазықтық дақыл. Оның дәнінде 30% дейін ақуыз және 7% дейін май болады. Дәмінің сапасы жақсы, бірақ езіліп пісуі асбұршақтан төмен.Дәні тағам үшін пайдаланылуымен бірге, консерві өнеркәсібінде шикізат ретінде де қолданылады. Тағамдық мақсатқа- дәні ашық түсті,ал жемге қара түсті сорттары егіледі. 100 Кг дәнінде 122 жуық малазық өлшем бар.Қойбұршақтың көк балаусасы мен сабаны құрамында көп мөлшерде қымыздық, алма және лимон қышқылдары болғандықтан,малға жемге жарамайды. Көбіне кеңқатарлы тәсілмен егілетін бұршақ дақылы болғандықтан- жаздық дәнді дақылдарға, мақта егетін аудандарда мақта дақылына және бірқатар басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл. Сонымен қатар,ол оңтүстіктің ылғалы жеткілікті аумақтарындағы күздіктерге де алғы дақыл болады. Қойбұршақтың өнімі гектарына орташа 20-23 ц,құнарлы топырақтарда агротехниканы дұрыс сақтағанда 30ц дейін. Өте құрғақшылықты аудандарда ол басқа дәндібұршақ дақылдарынан гөрі өнімді көп береді. Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары. Қойбұршақ біржылдық бұршақты өсімдік.Кіндік тамыры,сабағы бұтақтанады,биіктігі 60см дейін.Жапырақтары қауырсынды, қосарланбаған, жапырақшалары тістіленген.Өсімдікті түгелімен түк басқан. Гүлдері жекеленген, ақ, жасыл сары, көк алқызыл түсті. Жемісі сопақ, қампиған 1-3 дәнді бұршақтас. Дәнінің формасы шартәрізді, домалақ, бұрыштылау мұрыншасы бар болып келеді. Олардың қабығы ақ,алқызыл,алқоңыр және қара түстілері сирек кездеседі. 1000дәннің салмағы 100-600г. Суыққа өте төзімді. Қойбұршақ өте құрғақшылыққа және ыстыққа шыдамды дақыл. Топырақ талғамайды. Елімізде қойбұршақтың Волгоградский10, Краснокутский123, Икарда1, Камила1255 және Юбилейный атты сорттар енгізілді. Агротехнологиясы. Ауыспалы егісте қойбұршақты күздіктер, отамалы және жақсы тыңайтылған жаздық дақылдардан кейін орналастырады. Негізгі және тұқым себералды топырақ өңдеулері кәдімгі ерте жаздықтардікіндей. Негізгі жане тұқым себералды топырақ өңдеулері кәдімгі ерте жаздықтардай. Сүдігер жырту ерте мерзімде 30 см дейінгі тереңдікке жүргізіледі. Фосфор тыңайтқышын га 80-90кг әсер ететін зат есебінде,ал жеңіл топырақтарында міндетті түрде органикалық тыңайтқыш береді. Тұқымды себерден 3-4 апта бұрын 80% ТМТД препаратымен 3-5-кг,т мөлшерінде дәрілейді, ал себетін күні нитрагинмен өңдейді. Қойбұршақты ерте бір немесе екі қатарлы тәсілмен егеді. Таза, жақсы өңделген және ылғалды топырақтарға жаппай қатарлы әдіспен себуге болады. Тұқым себу мөлшері кеңқатарлыда гектарына 0.5-0.7 млн дән (120-150кг) , ал кәдімгі қатарлыда-0.8-1.1 млн дән (200-250кг). Себу тереңдігі 6-8 см, жеңіл топырақта және топырақтың жоғары қабатында ылғал жеткіліксіз болғанда 10 см дейін. Құрғақ ауа райында қойбұршақтың дәні басқа дәндібұршақ дақылдарына қарағанда біркелкі піседі. Бұршақбасы жарылып кетпейтіндіктен бірфазалы тәсілмен бұршақбастары сарғайып, дәндері қатты болысымен орады. Екі фазалы тәсілмен жинайтын жағдай болатын болса, онда ерте ору қажет. Бөрібұршақ. Халық шаруашылығындағы маңызы Дәнді бұршақ дақылының ішінде бөрібұршақ дәні мен көк балаусасында ең көп мөлшерде ақуыз болатындығымен ерекшеленеді. Бөрібұршақ құрамында ащы және улы алколоидтардың болуынан көп уақытқа дейін малға жем ретінде пайдаланылған жоқ. Қазіргі кезде біржылдық және көпжылдық бөрібұршақтардың алколоидсыз сорттары бар. Бөрібұршақтың дәнінде ақуызбен қатар майларда болатындықтан, оның дәні лак-бояу, пластмасса, сабынқайнату және басқа өнеркәсіп түрінде шикізатқа пайдаланылады. Бөрібұршақтың басты маңызы-құм, күлгін және басқа да құнарсыз топырақтардың құнарын арттыру мен физикалық қасиеттерін жақсарту үшін,оның көгінің жасыл тыңайтқышқа пайдаланылуы. Бөрібұршақ-белсенді азотжинағыш,қолайлы жағдайда тамыры мен көк балаусасында 1га жерден 200-400кг дейін азот жиналады. Бөрібұршақтың жақсы жетілген және топыраққа тереңге енетін тамыр жүйесінің қиын сіңіретін фосфаттар мен басқа да қосылыстарды жақсы ерітетін және сіңіретін қабілеті бар.Сондықтан, ол құнарсыз топырақтардың өзінен көк балауса топырақта көп мөлшерде органикалық заттар қалдырып, егістік жерде азот, фосфор, калий және басқа да қоректік заттармен байытады.Көк бөрібұршақ тыңайтқышы көңді толық алмастыра алады. Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары. Бөрібұршақ- шөптесін бұршақ дақылы.Көптеген түрлерінің ішінде біржылдық және көпжылдық формалары бар.Өсімдіктің кіндік тамыры топыраққа 2м тереңдікке дейін енеді. Сабағының биіктігі 1-1.5 м, бұтақтанады. Бөрібұршақ - күрделі саусақ жапырақты,гүлшоғыры жоғарғы ұзынша шашақгүл. Жемісі - бұршақбас.Бііржылдық бөрібұршақтың дәні ірі, ақ, сұр, шұбар, алқызыл. Көпжылдықтардікі - ұсақ, көбіне қара. Көпжылдық бөрібұршақ - айқас тозаңданатын өсімдік. Оның 3м және одан да тереңге енетін мықты тамыр жүйесі, ірі жапырақтары және ұзын 40-50см жететін гүлшоғыры бар. Көп жылдық бөрібұршақ-тез пісетін және өте суыққа төзімді өсімдік. Осы қасиетіне байланысты оны дәнге және жасыл тыңайтқышқа ең солтүстік аймақтарға енуге болады. Бөрібұршақтың ең көп таралған малазықтық сорттары Быстрорастущий 4, Академический 1, Носовский белосемянный, Киевский мутант. Жасыл тыңайтқышқа пайдаланылатын бөрібұршақ сорттары - Беняконский 484 және Кировский. Агротехникасы. Бөрібұршақты жасыл тыңайтқыш ретінде жаздық және күздік дақылдарға пайдалануға болады.Бірақ оның сидералды сүрі жердегі ролі артық.Сидералды сүрі жерге арналған танапты алдыңғы дақылды жинағаннан кейін, дереу 25-27 см тереңдікке жыртады. Қажеттілік болса жырту қабатын тереңдетеді. Келесі жылы көктемде танапты тырмалайды, кейін терең қопсытады немесе қайта жыртып тырмалайды. Көпжылдық бөрібұршақты жасыл тыңайтқышқа көктемде сидералды сүрі жердің алдындағы дақылдармен (сұлы, арпа және басқалары) бүркемеліп немесе аңызға енеді. Күзге дейін ол жақсы тырмаланып, жатаған жапырақтанып осы фазада қыстайды. Дәндік біржылдық бөрібұршақты себу тәсілі - кең қатарлы. Себу мөлшері 1гектарға 100-120 кг.Себу тереңдігі 4-5см. Бөрібұршақты себуге 3-4апта қалғанда оның тұқымын дәрілейді, ал себер күні нитрагинмен өңдейді. Нитрагинмен өңделген тұқымнан өнім күрт көтеріледі, әсіресе дән өнімі. Негізгі тыңайтқыш есебінде бөрібұршаққа гектарына 60кг фосфорит ұны мен калий тұзын береді. Өте құнарсыз құм және ауырсазды топырақтарға, әсіресе дәнге арналған егістік жерлерге күзгі өңдеуде 25-30т көң бергені жөн. Дәндік егісті бөрібұршақтың бұршақбасының 50% қоңырланғанда екі фазалы тәсілмен жинайды. Егін біркелкі піскен жағдайда комбайнмен бірден жинауға да болады. Өнім жиналғаннан кейін, оны тазалайды да құрғақ жерде сақтайды. Ноғатық халық шаруашылығындағы маңызы Ноғатықдақылының дәні малға концентратталған жем, ал тоқыма және пластмасса өнеркәсіптеріне құнды шикізат. Оның ірі ақдәнді сорттарын тағамға пайдаланады. Дән ақуызы асбұршақдікінен көп, бірақ езіліп пісуі мен дәмдік сапасы одан төмен.Ноғатық дәнін малдарға көптеген пайдалағанда, олардың ауруға шалдыға бастағаны байқалады. Сондықтан дәнмен шектеп қана қоректендіреді. Ноғатық ақуызға бай көк азықпен пішен береді. Оны сұлы, арпа және судан шөбімен қосып ексе, олардан алынатын қоспа жемнің ақуыздық тепе-теңдігі артады. Ноғатық азотжинағыш өсімдік болғандықтан-жаздық, күздік дәнді дақылдар мен басқада дақылдарға жақсы алғы дақыл. Ноғатық-сұлы қоспасы екпе сүрі жерді ерте босататындықтан, күздіктер етуге топырақты уақытында дайындауға мүмкіндік туады. Морфологиялық сипаттаамасы және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары. Егістік ноғатық-бір жылдық бұршақты өсімдік. Ол кіндік тамырлы, жақсы тармақталған. Сабағы-төрт қырлы, бұтақтанады, қатты жатып қалады, биіктігі 60-80см. Жапрағы біржұп қауырсынды, ұшы тармақталған мұртшамен аяқталады.Гүлшоғыры - 1-2 гүлді шашақгүл. Гүлдері - ақ және көк. Бұршақбасы - 2-3дәнді. 1000 дәннің салмағы сортына байланысты 100-160гр. Дәннің түсі- ақ, сұр, қоңыр немесе шұбар.Біздің елімізде ноғатықтың негізінен ақ дәнді сорттары егіледі.Ноғатық тұқымы 2 -3C температурада өніп, көктері 6-8С дейінгі қысқа мерзімді үсікті көтереді. Жылуды жалпы қажет етуі көп болғанымен, вегетатциялық кезеңінің ұзақтығы 80- нен 110 күнге дейін.Ноғатық құрғақшылыққа өте төзімділігімен ерекшеленеді. Ноғатық топыраққа онша талаптар қоймайды. Оған жеңіл құмдауыт және саз, бірақ өте ылғалданбаған топырақтар жарай берсе, қара топырақтарда өзін жақсы сезінеді. Қазақстанда ноғатық дақылының Кинельская7, Степная 287 және Али-бар сорттары Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстарында аудандастырылған. Агротехникасы. Ауыспалы егісте ноғатық күздіктермен отамалы дақылдардан кейін орналасады. Пішенмен көказыққа оны сүрі жер дақылы ретінде егеді. Топырағын өңдеу ерте жаздықтардікіндей. Негізгі тыңайтқыш ретінде фосфор мен калийді пайдаланады. Суыққа төзімділігі жоғары болғандықтан, оны ерте мерзімде кәдімгі қатарлы немесе тарқатарлы әдістермен себеді. Дәннің ірілігімен себу тәсіліне байланысы себу мөлшері гектарына 0.8-1.5 млн дән, немесе 150-250 кг. Себу тереңдігі 6-7см, жеңіл топырақтармен ылғал жеткіліксіз жағдайларда 10см дейін. Тұқымды себер алдында нитрагинмен өңдейді. Ноғатықты сепкеннен кейін танапты нығыздайды, ал қажет болса көктеуге дейін және кейін тырмалайды. Өте ластанған топырақтарда гербицидтермен өңдеу жүргізіледі. Тұқымдық учаскелерде гүлдеу кезеңінде таржапырақты сиыржоғышқаның өсімдіктерін өтап тастайды. Сиыржоңышқаны жапырағының құрылысы бойынша, ал гүлдеу кезінде қызыл - көк гүлімен ажыратады. Ноғатық біркелкі піседі, бұршақбастары жарылып кетпейтіндіктен егінді екіфазалы тәсілмен бұршақбастың 80% піскенде орады. Орғаннан кейін дестені 2-3күн кептіреді, сонан соң комбайынмен бастырады.Бақылау сұрақтары: ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Негізгі әдебиет: * Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов <<Өсімдік шаруашылығы>> , Алматы-2011жыл * М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл * М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г Қосымша әдебиеттер * И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж * В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г. Дәріс № 9 Сұрыптау және селекциялық материялдарды бағалау әдістері. Жоспар: * Селекциялық материялдар. * Селекциялық материялдарды бағалау тәсілдері. Селекциялық материял деп барлық селекциялық жұмыс процесінде алынған белгілерімен сорттарды айтады. Сорттық немесе селекциялық номірдіңбасты корсеткіші-олардың өнімділігі мен сапасы. Бұл өте күрделі көрсеткіштер болып табылады. Белгілі бір климаттық жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан селекциялық жұмыстың барысында сол дақылдың өнімділігімен сапасының қандай болатынын селекционер алдын ала болжап, көре білуі тиіс. Бұл көрсеткіштер негізінен дақылдың әр түрлі өнімділігіне, климаттық жағдаға ауруға төзімсіздігіне және т.б байланысты болып келеді. Әрбір алынған және өндіріске өндірілген жаңа сорттатжыл сайын жоғары өнім беріп, сапасы жақсы болу үшін, селекциялық материялдарды мынадай негізгі көрсеткіштер бойынша бағалайды: * Өнімділігі * Қолайсыз климат жағдайына төзімділігі. * Ауруға төзімділігі * Егу, күту, жинау жұмыстарына техниканы пайдалануға бейімділігі * Сапасына Селекция әдеттегі жағдайда жүргізіледі. Қарастырылған материялды екі түрлі белгісі бойынша бағалайды. Оларды тура және жанама деп атайды. Тура бағалау сорттар мен селекциялық нөмірлер, есептеу, өлшеу және т.б. жолдармен бағаланады. Ал, жанама тәсіл сорттардың кейбір қасиеттерін, биохимиялық және технологиялық көрсеткіштерін анықтауға негізделген. Көп жағдайда жаңа сортты бағалағанға қолайсыз жағдайға төзімділігі зерттеледі. Селекциялық материялдықы далалық тәсілмен бағалағанда құрғақшылыққа төзімділігі,аурулар және зиянкестермен зақымдалуы, жатып қалуы, т.б. белгілері есепке алынады. Селекциялық материялды сынаған кезде жан-жақтылық, дәлділік және бағаны тез уақыттың ішінде беру негізгі талап болып табылады. Материялдарды бағалау тәсілдері: Материялдарды бағалау тәсілдерін 6 түрге бөліп қарастыруға болады. * Өнімділігін бағалау * Қысқы суыққа төзімділігін бағалау * Құрғақшылыққа төзімділігін бағалау * Ауруға төзімділігін бағалау * Тат ауруына төзімділігін бағалау * Зиянкес жәндіктерге төзімділігін бағалау Өнімділігін бағалау: Өнімділік- бұл бір өсімдіктен алынған орташа өнім. Белгілі бір көлемдегі егістіктің өнімі екі түрлі көрсеткішке байланысты анықталады. Олар: өнімділігі және өсімдіктің орташа саны.Астық тұқымдастарының анықтағанда әдетте, бір масақтағы дәннің орташа саны мен 1000 дәннің салмағын негізге алады. Көп жағдайда бұл көрсеткіштер сорттың өнімділігіне дәлірек баңа береді. Қысқы суыққа төзімділігін бағалау: Күздік дақылдардың қысқы төзімділігі көп жағдайда сорттың агротехникалық және тұқым қуалаушылық ерекщеліктеріне байланысты болып келеді. Қыстап шығу кезінде өсімдіктің өлуі әр түрлі жағдайға байланысты болады. Өсімдік қыстың алғашқы кезеңінде қар қалдығының аздығыныі немесе жетіспеуі салдарынан үсіп кетуі мүмкін. Сонымен қатар ерте көктемдегі төмен температурада әсер етеді. Күздік дақыл үшін күннің қыстағы кенеттен жылуы мен суып кету өте қауыпты. Сонымен өсімдіктің қыстап шығу қасиеті немесе төзімділігі биологиялық қасиеттерге байланысты өте күрделі белгі.Қысқы суыққа төзімділігін бағалаудың егістік тәсілі. Селекциялық жұмыста қысқа төзімділікті бағалауда әр түрлі егістік тәсілдер қолданылады. Қысты күні мындай егістікте қолдан әр түрлі қолайсыз жағдайлар, мысалы : бөлшекке қарды жинау немесе қардан тазалау , бетінде мұз қату үшін су құю сияқты жұмыстар жүргізіледі. Құрғақшылыққа төзімділігін бағалау: Құрғақшылық біздің елімізде жиі болатын құбылыс. Кейбір жылдары ол үлкен жер көлемін алып, барлық ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін төмендетеді. Құрғақшылықпен күресудің бірден-бір жолы- оған төзімді сорттар егу болып табылады.Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігі дегеніміз-жоғары тепературада, ауаның төменгі ылғалдылығын да , топырақта ылғалдылықтың жетіспеу кезінде өз бойындағы судың пайдалану алқылы сапасы жақсы, жоғары өнім беру мүмкіндігі. Құрғақшылық үш түрде кездеседі. * Топырақтағы құрғақшылық; * Ауадағы құрғақшылық. * Аралас құрғақшылық Құрғақшылыққа төзімділікті бағалаудың егістік тәсілі: Егістік тәсілдің көмегімен сорттар қолдандың құрғақшылыққа төзімділігін тек қана құрғақ жылдары бағалауға болады. Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін анықтау "қолдан жасалған құрғақшылық" тәсілін қолданыды. Зерттеуге алынған сорттарды қолдан құрғақшылық жасау арқылы бақылаймыз. Ауруға төзімділігін бағалау: Ауруға қарсы күресте агротехникалық және химиялық жолдармен қатар, төзімді сорттар шығарудың да маңызы зор. Селекциялық материалдардың ауруға төзімділігін зерттегенде, көбінесе, оларға қолдан ауру егу тәсілі қолданылады. Сорттарды бағалағанда арнайы ауру жұқтыратын питомниктерде өршіту тәсілін пайдаланады. Тат ауруына төзімділігін бағалау: Белгілі бір климаттық жағдайда тат ауруы жиі, әрі өте қатты байқалса, сорттың төзімділігін оның шалдығу тәрежесі бойынша егіс алқабында анықтауға болады. Егер мұндай жағдай болмаса, қолдан ауруға шалдықтыру бетінде тат дақылдарының көлемін пайызбен есептеу арқылы анықтайды. Зиянкес жәндіктерге төзімділігін анықтау: Өсімдіктің зинкестерге төзімділігі дегеніміз- оның жәндіктермен залқымдаған мүшелері мен ұлпларын қалыпқа келтіру мүмкіндігі немесе зақымданбас қасиеті. Ауылшаруашылық дақылдарының әр түрлі зорттарының зақымдану ерекшеліктері мынадай себептерге байланысты. * Анатомиялық-морфологиялық ерекшелігі * Өсіп-жетілу ерекшеліктері * Сорттардың зақымданған мүшелері мен ұлпаларын қалыпқа келтіру мүмкіндігі. * Өсімдіктердің ұлпалары мен мүшелерінің биохимиялық құрамы жөніндегі ерекшелігі. Көптеген өсімдіктердің жекелеген органдары мен ұлпаларының өзінің құрылысы бойынша жәндіктердің қоректенуіне немесе зақымдануына кедергі келтіретін мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, кейбір сорттар өзінің өсіп-өну кезеңінде жәндіктердің көбею уақытынан кеш немесе ерте өсіп, аз зақымданады. Мысалы, арпа немесе жаздық бидай сорттары өзінің шығуы және түптену кезеңі бойынша швед шыбынының жұмыртқа салу уақытынан ерте өсіп өтеді де, бұл зиянкеспен аз зақымданады. Жатып қалуға төзімділігін бағалау: Дәнді дақылдың жатып қалуы оны механиқалық жолмен жинаудың қиындатуымен қатар, көптеген шығынға ұшырады. Интенсивті сорттар үшін бұл көрсеткіш міндетті талап болып табылады. Дәнді дақылдардың жатып қалуын екі түрге бөлінеді: * Дақылдардың сабақтан жатып қалуы. * Тамыр түйінен жатып қалуы. Бірінші жағдайда масақ өзінің бойынан майысса, екінші жағдайда сабақтың түбінен майысады. Дәннің төгілуіне төзімділігін бағалау: Сорттың төгілуге төзімділігін анықтайды өте қарапайым, әрі кең тараған тәсілі-оны егіс алқабында , өсіп тұрған кезінде бағалау болып табылады. Ол үшін әрбір 5,10 және 15 күн сайын зерттеу жүргізілген бөлімшеден масақтар алып, ондағы төгілген дәнді есептен пайызын шығарады. Өнімінің сапасын бағалау.Кез келген сорттың шаруашылықтың құндылығы тек қана белгілі бір жерден алынған құндылығы өнімнің көлеміне емес, сонымен қатар оның сапасымен анықтайды.Ұн шығаруға арналған астық тұқымдастарының дәндері (бидай, қара бидай және т.б.) жақсы ұндық-нандық қасиетке ие болуы тиіс. Оларды бағалау үшін 1000 дәннің салмағы, пішіні, өзіндік салмағы, пішіні, мөлшерлігі, нан пісіретін сапасы сияқты белгілерін пайдаланады. Ұнның нан пісірлік қасиетін бағалағанда 100г ұннан шыққан нанның мөлшері, піскен нанның сыртқы кескіні, түсі, дәмдік сапасы бойынша анықтайды. Бидайдың барлық сортары дәннің сапасы бойынша мынадай үш топқа бөлінеді: А-ең жоғарғы сапа; В-орташа сапа; С-төменгі сапа. Тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерінің сапасын бағалағанда түйнектегі крахмалдың пайызы, дәнде ұзақ сақталуы, қант қызылшасында қанттың құрамы есепке алынады. Бақылау сұрақтары: ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Негізгі әдебиет: * Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов <<Өсімдік шаруашылығы>> , Алматы-2011жыл * М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл * М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г Қосымша әдебиеттер * И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж * В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г Дәріс №10 Мемлекеттік сорт сынау және сорттар мен будандарды аудандастыру. Жоспар: * Мемлекеттік сорт сынау жолдары және басты міндеттері * Жаңа сорттарды мемлекеттік сорт сынауға енгізу тәртібі. Мемлекеттік сорт сынаудың басты міндеті - ауылшаруашылығы дақылдарының барлық сыналатын сорттарымен будандарын аудандастыру және өндіріске енгізу. Сорт сынау телімдерімен сорт сынау станцияларының жүйелері топырақ - климат жағдайларының барлық түрлерін қамтиды. Жұмыстарының түріне қарай мемлекеттік сорт сынау телімдері мынадай түрлерге бөлінеді: Егістік дақылдар телімдері, көкеніс дақылдар телімдері. Көптеген сорт телімдерінде дәнді дақылдар сортын өсімдіктердің татпен, шаңмен, қара күйемен жасанды зақымдануы кезінде бағалайды. Мемлекеттік сорт сынау кезінде сорттардың агротехникасына көп көңіл бөлінеді. 500-ден аса сорт сынау телімдерімен сорт сынау станциялары болашағы бар және аудандастырылған сорттарды ауыспалы егістің әртүрлі алғы дақылдарына байланысты себу мен қоректендіруді, себу мерзімдерін, тыңайтқыштардың зерттеу нормаларын анықтайды. Сорт сынау мен жаңа соттарды көбейту үшін, шаруашылықта тұрақты жер телімін бөледі, оған өзінің ауыспалы егісін енгізеді. Барлық жұмысты а\ш дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен біріңғай әдіс бойынша жүргізеді. Сыналатын сорттарды осы облыстағы (аймақтағы) ең жақсы аудандастырылған сортпен салыстырады, ол сорт бақылаушы (стандарт) қызметін атқарады. Тәжірибелердегі қайталану 4-6 рет. Мөлдектің есептеу алаңы қағида бойынша 100м2. Шағын габарттті техниканы пайдаланған кезде мемлмкеттік сынау әдістемесі дақылдар қатары бойынша мөлдектер мөлшерін 25, тіпті алты рет қайталану кезінде 10 м2 дейін қысқартуға мүмкіндік береді және мемлакеттік сортсынауға берілетін сорттарды бір мезгілде, ірі топырақ климат аймағының барлық сынау телімдерінде тез сынауға мүмкіндік береді. Сорттар шаруашылық - биологиялық қасиеттерінің жиынтығы бойынша былай бағаланады : өнімділігі, өнім сапасы, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі, тыңайтқыштарға реакциясы, механизацияны пайдалануға жарамдылығы. Сорттарды бағалау әдісі әр жыл сайын жетілдіріліп отырады. Мемлекеттік сорт сынау әрбір сорт сынау теліміне 3 жылдан кем болмайды. Негізгі сорт сынаумен бір мезгілде мөлдектерде ең жақсы, анағұрлым болашағы бар сорттарды 2-3жыл ішінде өндіріс жағдайларына сынайды. Бұдан кейін бағалы сорттарды аудандастырады, ал болашағы жоқ сорттарды әрі қарайғы сынаудан алып тастайды. Кейбір ерекше жағдайларда бағалы сорттар екі жылдық сынаудан кейін аудандастыруға рұқсат етіледі. Өндіріс үшін болашағы бар сорттардың жарамдылығын дұрыс және тез анықтау өндірістік сорт сынау жолымен жүргізіуі мүмкін. Мөлдектерге 1-2 жылдық сорт сынау нәтижелері бойынша сорт сынау телімі өз аймағының шаруашылықтарында жаңа болашағы бар сортты аудандастырылған стандартты сортпен салыстыра отырып сынауды ұйымдастырады. Дәнді дақылдар үшін мөлдек алаңы 2-4, картоп үшін 1-2 гектар болады. Сорт сынау телімдерінің басым көпшілігі төңірегіндегі шаруашылықтар үшін, егіншілік мәдениетінің үлгісі қызметін атқарады. Жаңа сорттарды мемлекеттік сорт сынауға енгізу тәртібі. Егер селекциялық тәжірибе мекемесінде жаңа шығарылған сорт өзінің өнімділігімен сапасы жөнінен ең жақсы аудандастырылған сорттан асып түссе, онда ол мемлекеттік сорт сынауға берілуі мүмкін. Сонымен бірге тағы мынадай негізгі бағалы шаруашылық белгілерімен биологиялық қасиеттеріне ерекше назар аударылады: өнімнің сапасы мен өнімділігі, қысқы суыққа, құрғақшылыққа төзімділігі, интенсивті технология бойынша егіп өсіруге жарамдылығы. Жаңадан шығарылған сорттарды ғылыми зерттеу мекемесі үш жылдық конкурстық сорт сынау мен 1-2 жылдық өндірістік сорт сынау мәліметтері бойынша оған сипаттама ұсынылады, онда санау санау нәтижелері келтіріледі және сорттың агротехникаға қоятын талабы көрсетіледі. Ғылыми зерттеу мекемесі жаңа сортты мемлекеттік сорт сынауға берген кезде бірнеше сорт сынау телімдеріне жіберу үшін өндірістік сорт сынауға қажетті оның тұқымдарының белгілі қорын жинауы керек. Бірінші жылы барлық сорт телімдері жаңа сорт тұқымын оны шығарған ғылыми зерттеу мекемесінен тікелей алады. Кейінгі жылдары өздігінен тозаіданатын сорттардың тұқымын сорт сынау телімінде өсіреді. Айқас тозаңданатын дақыл сортының тұқымдардың сорт сынау телімдері жыл сайын өз облысының селекциялық тәжірибе мекемелерінен алады немесе оларды көбейту жұмысы сорт сынау телімдерінің бірінде ұйымдастырылады. Әрбір сорт сынау участкесі барлық сыналатын сорттардың өзінің тұқымдық және қамсыздандыру қорларын жасайды. Мемлекеттік сор сынау жүйесінің жұмыстары сорттардың егілетін аудандарын белгілеумен және оларды аудандастырумен аяқталады. Дүние жүзі елдерінің көпшілігі халықаралық сорт сынауды жүргізіп отырады. Мысал, Нидерландыда шығарылған қант қызылшасы мен картоп сорттары Ұлыбританияның, Франияның, Италияның, Португалияның, Жапонияның кптеген сорт сынау телімдерінде сынақтан өтті. Олар өздері сынайтын барлық а.ш дақылдарының жоғары өнім беретін сорттарын шығарады. Сондықтан да, еліміздің сорт сынау телімдерінде дәнді дақылдардың орташа өнімділігі басқа шаруашылықтрға қарағанда екі еседей жоғары. Бақылау сұрақтары: * Сорт сынаудың селекциялық тәжірибеде алатын орыны қандай? * Сорт сынау дегеніміз не? * Сорт сынаудың ғылыми зерттеу жүргізуде алатын орыны қандай? * Дүни жүзі елдерінде сорт сынау қалай жүзеге асырылады? ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Негізгі әдебиет: * Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов <<Өсімдік шаруашылығы>> , Алматы-2011жыл * М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл * М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г Қосымша әдебиеттер * И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж * В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г. 5 СОЖӨЖ және СӨЖ тақырыптары № СОЖӨЖ СӨЖ Аудитория Аудиториядан тыс 1 Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарының морфологиялық және биологиялық ажырату белгілері. Дәндік жүгері өсіру технологиялық картасын жасау Май бұршақ, ноқат өсімдіктерінің құрлыс ерекшеліктері, түрлері мен топтарын анықтау. 2 Жаздық бидай өсіру технологиялық картасын жасау Ас бұршақ өсіру технологиялық картасын жасау Бадана және жасмық құрлыс ерекшеліктері. Түрлнрі мен түршелерін анықтау. 3 Жаздық арпа өсіру технологиясы Май бұршақ өсіру технологиялық картасын жасау Бөрі бұршақ құрлыс ерекшелігі. Түрі мен түршелерін анықтау. 4 Сұлы өсіру технологиясы Қонақ жүгері өсімдігінің құрлыс ерекшелігі. Түрлері мен топтарын анықтау. Күздік бидай өсіру технологиялық картасын жасау
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz