Файл қосу
Курстык жұмысқа берілетін тапсырма
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты Курстық жұмыстың КЖМН 042-14.4.05.1.20- - 2014ж Курстық жұмысқа арнал-ған методикалық нұскау № 1. 20.01.2014 ж <<Саладағы еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы>> Пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған методикалық нұсқау 5В072700 "Азық-түлік өнімдерінің технологиясы " және 5В072800 "Өңдеу өндірісінің технологиясы" мамандықтарына арналған. Семей 2014 ж 1 ӘЗІРЛЕГЕН Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті <<Экология және қоршаған ортаны қорғау>> кафедрасының профессоры, А/ ш ғылым докторы Жанадилов. А.Ю; аға оқытушы Бейсебаев Ш.Т 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті <<Экология және қоршаған ортаны қорғау>> кафедрасының отырысында Хаттама №5. 17.01.2014 ж. Кафедра меңгерушісі _________ доцент м.а. Кабышева Ж.К. Мазмұны: 1. Курстық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар. 2. Курстық жұмыстың құрамы. 3. Курстық жұмыстың негізгі ғылыми бөлігі. 4. Курстық жұмысты рәсімдеу. 5. Курстық жұмысты қорғау реті. 6. Қосымшалар. 7. Қолданылған әдебиеттер. 1.Курстық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар. 1.1 Курстық жұмыс төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс: -мекеме,кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігіне байланысты өзекті мәселелерді заманауи,ғылыми-техникалық дәрежеде шешуге; -қауіпсіздікке байланысты жобалау шешімдері ( шаралары ұсынымдары т.с.с) еңбек қорғаудың нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген негізде болу-лары тиіс; -құрамы,мазмұны,орындалу реті,рәсімделуі және қорғалуы төменде көрсетілген талап-ережелерге сай болуы керек. 1.2 Курстық жұмыстың тақырыптары. 1.Ғылыми-техникалық прогресс пен еңбек қауіпсіздігі арасындағы байланыс.* 2.Кәсіпорындағы (мекемедегі) қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру.* 3.Еңбек жағдайына байланысты жұмыс орындарын аттестациялауды ұйым-дастыру реті.* 4 Өндірісте туындайтын еңбек жағдайының бірқалыптылығы және жүкте-мелерін азайту мақсатында еңбек қорғау жүйесін ойластыру және қолда-нысқа енгізу. * 5 Кәсіпорындарда тиімді еңбек және демалыс режимдерін ұйымдастыру.* 6 Кәсіпорындағы (мекемедегі) ішкі еңбек тәртіптемесін ұйымдастыру реті.* 7. Үстеме жұмыстар, еңбек өнімділігіне олардың әсері және үстеме жұмыс-тардың үлесін азайту шараларын ұйымдастыру.* 8. Ұжымдық шарт пен еңбек қорғаудан ұжымдық келісімді жасауды әзір-леу. * 9. Жасөспірімдер мен әйелдер еңбегін қорғау ерекшеліктері.* 10. Еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік. 11. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері. 12. Шағын кәсіпкерлік субьектілері қызметкерлерінің еңбегін реттеу ерек-шеліктері. 13. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкер-лер денсаулығының, өзгеде зақымдануларын тергеп - тексеру мен есепке алу реті.* 14. Өндірістік жарақат-танудың себептері және оларды сараптау. 15. Кәсіби аурулар себептері және олармен күресу жолдары. 16. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің техникалық және ұйымдасты-рушылық тәсілдері. 17. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуші техникалық құрылғылардың түр-лері, сипаттамалары, оларды есептеу жолдары. 18. Қауіпсіз өндіріс орындарын, технологияларын жобалау реті.* 19. Еңбек гигиенасы және еңбек жағдайларын сараптау мәселелері.* 20. Қызметкерлерді қауіпсіз еңбек ету әдістеріне оқытып үйрету мәселе-лері. * 21. Өндірістегі электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері. 22. Жұмыс орындарындағы микроклиматтың адам организміне әсері және оған гигиеналық тұрғыда баға беру. *. 23. Өндірістік шу, діріл,ультрадыбыстың адам организміне әсері және одан қорғану мәселелері. 24. Қауіпті өндірістік технологиялар сипаттамалары және қауісіздікті сақтау ерекшеліктері. 25. Мекемедегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері.* 26. Өрттің қауіпті факторлары және олармен күресу жолдары. 27. Өндірістік шаң, оның адам организміне әсері. Өндірістік шаңның әсері-мен күресу тәсілдері.* 28. Өндіріс орындарын желдету тәсілдері және желдетуді есептеу жол-дары.* 29. Өндірістік өрт қауіптілігін бағалау және өрт қауіптілігін азайту шара-лары.* 30. Өндіріс орындарында қызметкерлердің денсаулығын қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру.* 1.3 Курстық жұмыстың тақырыбын студент оқытушының көмегімен таңдайды. Сондай-ақ белгілі тақырыптың дәйектілігін,қажеттілігін негіздей алған жағдайда,студент өзі курстық жұмыс тақырыбын ұсына алады. 1.4 Курстык жұмысқа берілетін тапсырма. Курстық жұмысқа тапсырма бергенде төмендегі сұрақтар толық айқын-далуы тиіс: * тақырып атауы; * жұмыс орындалатын тәжірибе базасы; * жұмыстың мақсаты, міндеті; * зерттелетін сұрақтар тізімі; * жұмыстардың орындалу реті мен мерзімі; * жұмыстың күтілетін нәтижелері; * жұмыстың белгілі бір бөлімдерінің өткізілу мерзімі немесе курстық жұмысты толық өткізудің нақты мерзімі; * пайдаланылатын әдебиеттер тізімі. Төменде курстық жұмысқа берілетін тапсырма нұсқасының мысалы келтірілген. Әдетте курстық жұмыс еңбек қорғауға байланысты нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеу нәтижесінде, әдебиетпен жұмыс істеп, сараптау жұмысын жүргізгеннен соң, студенттің оқу-тәжірибе өту барысында айна-лысқан сұрақтары мен ақпараттары нәтижесінде жасалады. Аталған ақпа-раттарды талдау, кәсіпорындағы еңбеккерлердің еңбек қауіпсіздігі жағдайына баға беріп, негізгі қарастырылатын сұрақ, мәселелер шеңберін айқындауға және курстық жұмыстың негізгі мақсаты мен шешетін тапсырмаларын анықтауға мүмкіндік беруі тиіс. Мысалы <<Кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігін басқару>> тақырыбы бойынша-курстық жұмыстың жобалау бөлігінде зерделенетін сұрақтар тізімін көрсетейік: * кәсіпорынның еңбек қорғау қызметінің қайта құрылымын ойластыру неме-се бар жүйеге өзгерістер енгізу; * еңбек қорғауды қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның қызметкерлері немесе жұмыс берушінің міндеттерін ойластырып, жасау; * жұмыс берушінің және қызметкер өкілдерінен құралған бірлескен комиссия құру, оның міндетін, құзіретін, құқықтарын айқындау; * кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі қызметінің жұмыс жоспарын құру; * еңбек қорғаудан келісім жасасу немесе ұжымдық шартты жасаудың жобасын ұсыну; * жобалау нысандарының әлеуметтік, экономикалық көздерін негіздеу, мүмкін болар шығындарды есептеу, тиімділігін анықтау. 2.Курстық жұмыс мазмұны Төменде көрсетілген курстық жұмыс құрылымы (есеп түсіндірменің негізгі бөлімдері тізімі) типтік курстық жұмыс құрылымы болып келеді. Жұмыстың есептеу-түсіндірме жазбасының жалпы көлемі (қосымшаларды санамағанда) 30 беттен кем болмауы тиіс. Әр курстық жобаның құрылымын зерттеу бағытына байланысты (қолдан-балы немесе ізденіс бағыты) курстық жұмыс жетекшісі және студент бірлесіп өзгертіп, бекіте алады. Курстық жұмыстың типтік құрылымы 1. Кіріспе 1-2 бет 2. Мәселенің тоериялық бөлімі 10 бет 3. Сараптау бөлімі (нақты мекеме үлгісінде) 3.1 Мекемедегі қазіргі жағдай 3.2 Қарастырылған сұрақтың өрбу жағдайлары 3.3 Сұрақтың, мәселенің шешілуіне кері әсер етуші і себептер. 12 бет 4 бет 5 бет 3 бет 4. Жобалау бөлімі. Қарастырылып отырған сұрақты шешуш жолдары 15-17 бет 5. Қорытынды 1-2 бет 6.Пайдаланылған әдебиеттер 1 бет 7. Қосымшалар Көрсетілген курстық жұмыс бөлімдерінде төмендегі сұрақтар ашылуы міндетті: Кіріспеде таңдалған тақырыптың өзектілігі немесе сұрақтың маңызды-лығы негізделіп, зерттелінетін нысан айқындалады, жалпы жұмыстың мақсаты мен міндеттері белгіленіп, сұрақты шешу бағдары көрсетіледі. Теориялық бөлімде студент белгілі бір әдебиеттерді шолу жасағандағы түйген ойларының нәтижелерін зерделей келе, мәселенің әдістемелік сипатта-маларын анықтап, оның ғылыми негізіне көңіл аударуы тиіс.Сонымен қатар, бұл бөлімде студент төмендегі сұрақтарды шеше алу мүмкіндігін көрсете алуы қажет: * Қарастырылып отырған мәселеге сын көзбен қарай алатындығын; * Мекеме үшін қарастырылып отырған мәселені іске асырудың мақсаты және ол үшін ең маңызды процесс (ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеу-меттік және т.б.) қайсысы дегендей - зерттеліп отырған сұрақтың мәнін анық-тай білу; * Курстық жұмысқа пайдаланылған әдебиетті толықтай таңдай білу арқылы (монографиялар, журнал, газет мақалалары, конференциялар мате-риалдары, т.с.с.) тақырыптың жан-жақты қарастырылу (зерттелу) деңгейіне сипаттама бере білу; * Салалық немесе мемелекеттік заңдылық актілер аясында зерттеліп отырған мәселенің іске асырылу принциптері мен әдістерінің мазмұны мен құрамын көрсете білу. Осы және басқа да бөлімдерді жазу барысында студенттің есінде болатын бір жайт, таңдалған тақырып бойынша оқытушының ұсынып отырған дәріс материалдары, оқулық құралдарындағы берілген материалдар белгілі болған-дықтан, оларды көшіру қажет емес. Курстық жұмыстағы тұжырымдар, негізгі ойлар пайдаланылған әдебиетті шолу барысында туындаған студенттің өзінің тың ойлары, қорытындылары болуы керек. Курстық жұмыстың сараптау бөлімінде кәсіпорын (мекеме) туралы негізгі ақпараттар мен сипаттамалар берілуі тиіс: мекеменің атауы, құрылу тарихы, шығарылатын өнімі немесе көрсететін қызмет түрі, мақсаты; мекеменің бас жобасы, басқару сызбасы, даму бағыты, негізгі техника - экономикалық және қаржылық іс-әрекеті туралы көрсеткіштері беріледі. Әрине, ең негізгі сұрақ ретінде еңбеккердің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселесі баяндалуы қажет. Бөлімнің басты міндетінің бірі, мекемені басқару жүйесінде еңбек қауіп-сіздігі мәселесінің алатын орыны, сол сұрақты шешуде маңызды роль атқа-ратын шаруашылықтың бөлімі (цехі, технологиясы), еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселесінің нақты сұрақтарын шешу барысындағы жинақталған жақсы немесе кері тәжірибелер, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті нақты ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экономикалық, техникалық шаралар жиынтығы, басты бағыттар анықталуы тиіс. Мекемедегі еңбек қауіпсіздігі сұрақтары негізгі және қосалқы техноло-гиялық процестерге байланысты болады. Сондықтан басты сұрақтардың бірі технологиялық процестерге, тіпті оны құрайтын технологиялық операция-лардың қауіпсіздігін саралай келіп, оған заңның талаптарына сай дұрыс баға бере білу. Мұндағы шешімін табуды қажет ететін сұрақтар төмендегідей: -қауіпсіздікті қамтамасыз етуді басқаруды жолға қою; -қауіпсіздікке салдары тиетін себептерді анықтау; -қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі негізгі мақсатты айқындау. Айтылған мақсаттарға жету үшін кәсіпорын (мекеменің) өткен уақыттағы еңбек қауіпсіздігіне байланысты іс-нәтижелері сарапталуы қажет, соның нәти-жесінде қауіпсіздікке байланысты сандық және сапалық көрсеткіштер анық-талып, шешімін күткен мәселелердің басы ашылуы тиіс. Мысалы: 1) Мекеме бойынша қай сала, бөлімше, қандай технологиялық процесс еңбек қауіпсіздігін жақсартуды, оны басқаруды өзгертуді талап етеді; 2) Осы кемшілікке әкелген себеп қандай ? 3) Мәселені шешу жолдарының бағытын таңдап алу қажет. Мекемедегі еңбек қорғауға байланысты туындайтын мәселелер үш топқа бөлінеді: - өндірістік жарақат-тану мәселесі; - кәсіби ауру мәселесі; - жалпы еңбек жағдайын жақсарту мәселесі. Сондықтан жарақат-тану мәселесін сараптағанда нормативтік-заңдылық құжаттардың, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру актілерінің, жарақат-тануға, жазатайым оқиғаларды, кәсіби ауруға байланысты құжаттардың нақты мәлеметтеріне, деректеріне сүйену керек. Кәсіби ауруға соқтыратын зиянды факторларды анықтау үшін, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары, жұмыс орындарын аттестациялау, еңбеккерлерге санитарлық-гигиеналық, тұрмыстық жағдайлар жасау сұрақтарына көп көңіл аудару қажет. Ал, жалпы еңбек жағ-дайын жақсарту мәселесіне келгенде ұжымдағы психологиялық, әлеуметтік, экономикалық, оңалту, медициналық шаралардың дұрыс шешілуіне басты на-зар аудару қажет. Айтылған мәселелердің себептерін дәл анықтаудың өзі өте маңызды. Сарап-тау нәтижесінде еңбек қауіпсіздігін төмендететін ұйымдастыру жұмысының кемшілігінен, немесе техникалық себебтен, әлеуметтік іс-шаралардың орындал-мауынан, экономикалық немесе қаржыландыру жұмыстарының кемшілігінен, не басқарудың тиімсіздігінен екендігін анықтап, дәл баға берген уақытта ғана мәселелердің шешімдерін дұрыс көрсетуге мүмкіндік туады. Сараптау бөлімінің қортындысында, қысқаша- мекеме, кәсіпорын немесе оның бір бөліміндегі қәзіргі уақыттағы еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселесінің жәй-күйі бағаланып, оның даму, өрбу дәрежесі мен бағыты көрсе-тілуге тиіс және кемшілікке әкелген ұйымдастырушылық, техникалық т.с.с себептерінің басы ашылып, шешімін күткен сұрақтар, бөлімше, цех, процесс мәселелері айқындалуы қажет. Курстық жұмыстың жобалау бөлімінде шешімін табу керек сұрақты қамтитын, жұмыстың негізгі мақсаты мен міндетіне байланысты, еңбек қауіп-сіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобаның ұйымдастыру нұсқасы жаса-луға тиіс. Аталған нұсқаға кіретін кешенді шаралар түрлері төмендегідей болуы мүмкін: - басқару жүйесін жетілдіру; - алдыға қойған мақсат, міндеттерді бір жүйеге келтіру; - ақпараттық жүйені бір қалыпқа келтіру; - мекеменің басқару жүйелерінің бірлескен сызба нұсқасын жасау (өзара байланысын, әріптестік деңгейін анықтау), ұсынылып отырған іс-шараны енгізу ережесін немесе оны пайдалану ереже, ұсыныстарының әдістемесін көрсету және тағы сол сияқты... Кәсіпорындардағы еңбек қорғауды басқарудың тиімділігі төмендегі іс-шараларды, міндеттерді орындау барысында іске асады: * еңбек қорғауды дәрістеп, еңбеккерлерді қауіпсіз еңбек етуге оқытып үйрету жұмыстарын жүргізген кезде; * өндірістік жабдықтың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен кезде; * өндірістік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен кезде; * ғимараттар мен имараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен кезде; * еңбек жағдайларының санитарлық-гигиеналық нормативтерін сақтаған кезде; * еңбеккерлерге қолайлы еңбек және демалыс режимдерін қамтамасыз еткен кезде; * еңбеккерлерді жеке қорғау құрал-жабдықтарымен қамтамасыз еткен кезде; * қызметкерлерді емдеу-алдын-алу шараларымен қамтамасыз еткен жағ-дайда; * еңбеккерлерді санитарлық-тұрмыстық қамтамасыз ету сұрақтарын толық шешкен жағдайда; * кейбір мамандықтар үшін еңбеккерлерді мамандандыру деңгейлері бойынша таңдап алу. Жобалау бөлігі, ұсынылып отырған шараларды техника-экономикалық негіздеумен аяқталады, яғни орындалатын шараға қажетті қаржы немесе кететін шығын мөлшері, қаржыландырудың әлеуметтік, экономикалық көзі, ұсынылған шараны енгізгендегі тиімділік есебі т.с.с. Еңбек қорғау және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған шараларды экономикалық негіздеудің басты мақсатының бірі, шараларды іске асыру үшін қажетті, пайдалану барысындағы (эксплуатациялық) және түбегейлі қаржылан-дыруды есептеу. Түбегейлі қаржыландыруға еңбек қорғау жұмысын, еңбек жағдайын жақ-сартуға жасалған бір уақыттық шығындар, технологияны, техниканы жетіл-діруге, сол арқылы еңбек қорғау жұмысының негізгі бағыттары, жарақаттану немесе кәсіби аурулармен күресу үшін жасалған қорларға кеткен қаржылар жатады. Пайдалану барысындағы шығындарға: негізгі қорларды ұстап тұру мен жаңғыртуға кеткен; негізгі технологиялық құрал-жабдықтарды жетілдіру арқы-лы жарақаттанудың алдын-алуға, еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған ағымдағы қосымша шығындар; еңбек қорғау шараларын іске асыруға кеткен шығындарды жатқызамыз. Есеп беру кезеңінің, шамасы жағынан бірдей пайдалану және түбегейлі қаржыландыруға кеткен шығындарын төмендегі формуламен есептеуге болады: Ш= Пш + Ен∙К Мұндағы Ш - еңбек қорғауға жұмсалған жалпы шығын; Пш - еңбек жағдайын жақсартуға, еңбек қорғауға жұмсалған пайдалану барысындағы шығын ; Ен- түбегейлі қаржыландырудың салыстырмалы нормативтік тиімділік коэффиценті; К- еңбек жағдайын жақсартуға, еңбек қорғау үшін жұмсалған түбегейлі қаржы. Қорытынды бөлімде жасалған жұмыстың нәтижесі баяндалады. Жұмыс-тың мақсаты мен міндетінің орындалу дәрежесі, әр бөлімнің қысқаша жетістігі, жалпы жұмыстың нәтижесіне баға беріледі. Қажет болған жағдайда кейбір сұрақтарға байланысты тәжірибелік ұсыныстар берілуі мүмкін. Жұмыс соңында алфавит реті бойынша қолданалған әдебиеттер тізімі беріледі. Әдебиетке шолу жасау, курстық жұмыстың бір бөлігі болып саналады. Методикалық нұсқауда ұсынылған әдебиеттер тізімі, зерттелетін сұрақтармен жалпылама танысу үшін қажет. Қалған әдебиет көзін студент өз бетінші таңдап ,тауып алуы керек. Соның ішінде кейбір дерек, ақпараттарды алу үшін БАҚ- ты да қолдануға болады. Тағы бір айта кететін жағдай, неғұрлым жаңа әдебиет көздерін (соңғы 10-15 жыл) пайдаланған жөн. 3.Курстық жұмысты рәсімдеу Курстық жұмыста төмендегідей материалдарды қарастыру ұсыны-лады: * Титулды бет; * Мазмұны; * Кіріспе; * Негізгі бөлімдер (тапсырмаға сәйкес); * Қорытынды; * Пайдаланылған әдебиеттер тізімі; * Қосымшалар. Курстық жоба кесте, график басқа да көрнекі құралдар, мәтіндік материал бар, баянжазбадан тұрады. Барлық суреттер, кестелердің атаулары жазы-лып, рет нөмерлері көрсетіледі. Кестенің атауы мен рет нөмері - кестенің үстінде, ал суреттің атауы мен рет нөмері - суреттің астында жазылуға тиіс. Сурет болып: диаграммалар, құжаттар түрі, сызба нұсқалар саналады. Жұмыстың баянжазба мәтінінде әр суретке сілтеме жасалып, қажет бол-ғанда қысқаша түсініктеме беріледі. Мәтінде берілген формулаларға, егер баянжазбада оған сілтеме жасалса ғана нөмер қойылады. Формуланың нөмері оның оң жағында, жақшаның ішіне қойылады және ол нөмер бөлім реті, оның ішіндегі формула ретінен тұрады. Жобаның мәтіні бір жағы ғана пайдаланылатын, жан-жағынан арнайы жолақтар қалдырылатын, стандартты А4 форматында жазылады. Мәтінде жалпы бекітілген сөздерден басқа қысқартылған сөздер пайдаланылмайды. Мәтінде белгілі бір әдебиеттен цитата немесе сандық мәліметтер берілсе, сол цитата немесе саннан кейін квадрат жақшада әдебиеттегі тізімге сәйкес, пайдаланылған әдебиеттің нөмірі көрсетіледі. Әдебиеттер тізімі басында <<Пайдаланылған әдебиеттер>> атауы жазылуы тиіс. Әр әдебиет көзі бойынша: оның авторы (немесе авторлар тобы); кітаптің немесе мақаланың толық атауы; шыққан жері және басылым аты; басылған жылы; журналдағы мақала үшін- журналдың атауы; шыққан жылы және нөмері көрсетіледі. Еңбектер (мақала) жинағы үшін - еңбек (мақала) авторы, оның аты және кітап (жинақ) атынан басқа да мәліметтері беріледі. Курстық жұмыстың беттерінің барлығы нөмірленуі керек. Нөмірлеу титулды беттен басталады. Жұмыс мазмұнында әр бөлім, оның тараулары атауы, әдебиеттер тізімі, қосымшалар бірігіп, бет нөмерлері көрсетіледі. Мазмұндағы бөлім, тарау атаулары мәтіндегі ретке сәйкес келуі тиіс. Қосымшалар атаулары жазылып, араб әріптерімен белгіленуі керек. Мысалы: <<Қосымша А>>, <<Есеп нәтижесі кестесі С>>. Жұмыс мәтіні компьютерде бір аралық интервалмен, №12 немесе №14 шрифтпен теріліп, А4 форматта, сол жағынан 2,5 см, оң жағынан жоғары және төмен жағынан 2,0 см жолақ қалдырылып рәсімделуі керек. 4. Курстық жұмысты қорғау реті Курстық жұмысты қорғау төмендегідей ретпен өтуі тиіс: * Дайын болған курстық жұмысты жетекшіге тексеруге өткізу; * Жетекшінің ескертпелері бойынша курстық жұмысты толықтыру; * Дайын жұмысты қорғауға өткізу; * Курстық жұмысты қорғау. Дайын курстық жұмысты өткізу мерзімі тапсырмаға байланысты анықта-лады, бірақ ол семестрдің бітуінен 2 жеті бұрын болуы керек. Жұмысты қайта толықтыруға берілетін уақыт көрсетілген кемшіліктің шамасына байланысты 1 немесе 2 күн болуы мүмкін.Дайын болған курстық жұмысты студент рәсімдеп, қолын қойып, қорғауға өткізеді. Жетекші жұмысты қорғау уақыты мен күнін белгілейді. Курстық жұмысты қорғау комиссия мүшелігіне кафедра оқытушылары, мекеме, кәсіпорын өкілдері кей жағдайда студенттер өкілдері кіреді. Жұмысты жеке қорғауға немесе топ болып қорғауға болады және қорғау көпшілік алдында өтеді. Жұмысты баяндауға 8-10 минут уақыт беріледі. Бұл уақытқа сұрақ, жауап уақыты да кіреді. Курстық жұмыс кредиттік жүйе бойынша бағаланады. Баға ведомосқа енгізіліп, сынақ кітапшасына жазылады. Курстық жұмысты уақытымен тапсырмаған және оны қорғай алмаған студент, академиялық қарыздар деп есептелініп, сол пәннен тапсырылатын емтиханға жіберілмейді. Шығармашылық сипаттағы жақсы орындалған курстық жұмыс студент-тердің ғылыми конференциясы конкурсына қатыса алады немесе тәжіри-белік материал ретінде пайдалануға бағалы болса, (сұраныс болған жағ-дайда) кәсіпорын, мекемеге пайдалануға берілуі мүмкін. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты Курстық жұмыстың КЖМН 042-14.4.05.1.20- - 2014ж Курстық жұмысқа арнал-ған методикалық нұскау № 1. 20.01.2014 ж Кафедра__ Экология және қоршаған ортаны қорғау_______ (атауы) КУРСТЫҚ ЖҰМЫС <<Саладағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы>> пәнінен _______________________________________________________________ тақырыбы _______________________________________________________________ (мамандық, шифры, атауы) ________________________ (тобы, курс) Студент__________________ __________________ (күні, қолы) (аты-жөні, тегі) Курстық жұмыс жетекшісі ___________________ аға оқытушы Ш.Т.Бейсебаев (күні, қолы) (аты-жөні, тегі) Комиссия мүшелері: _________________ _______________ (күні, қолы) (аты-жөні, тегі) __________________ (Баға) _____________ _____________ (күні, қолы) (аты-жөні, тегі) ______________ ______________ (күні, қолы) (аты-жөні, тегі) Семей-2014
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz