Файл қосу
Шіріген органикалық заттар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3деңгейлі СМК құжаты ПОӘК ОӘКҚ 042-18.21.59/03-2013 ПОӘК <<Тыңайтқыштар және оларды пайдалану>> пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар. Басылым ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В080100 <<Агрономия>> мамандығына арналған <<Тыңайтқыштар және оларды пайдалану>> ПӘНІНЕ АРНАЛҒАНОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ - 2013 МАЗМҰНЫ * Дәрістер * Тәжірибелік және зертханалық сабақтар * Ұсынылатын өзіндік сабақтарының тізімі. Дәріс 1 Тыңайтқыштар және оларды пайдалану пәніне кіріспе. Жоспар: * Тыңайтқыштар және оларды пайдаланудың даму тарихы. * Тыңайтқыштар және оларды пайдаланудың міндеттері мен тәсілдері. Азық түлік программасының талаптарына сәкес халық шаруашылығының тыңайтқыштарды,машиналарды және олардың агрегаттары мен бөлшектерін жетілдіру,дақылдардың шығымды сорттарын қолдану,шаруа қожалықтарының одан әрі жетілдіру қажет.Бұл бағыттағы қадамымыз жаман емес. Жер шарындағы қазіргі кезде барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының 50%-ке жуығы минералды тыңайтқыштарды қолдану арқылы өсіріледі.Сокет ғалымы Ш.И.Ширактың зертеуіне сүйенсек біздің елімізде алынған қосымша өнім мөлшері бүкіл Қазақстан егістігінде алынатын өнімге тең екен.Сонымен тыңайтқыштың қаншалықты пайда беретінін білдік. Ал егіс таңаптарында тыңайтқыш қолданбаса болмай ма деген сұраққа келсек мұның да жауабы дайын.Себебі жерді үздіксіз пайдалану оның құнарлылығын бірте бірте төмендете береді.Мәселен бір тонна дәндік жүгері өніміналғанда оның жерден 100килограмға жуық қоректік заттарды бойына сіңіретіндігі,сөйтіп топырақ құнарлылығын кемітетіндігі анықталады.Демек,өнім төмендемес үшін құректік заттардың осы шығындарының орнын үнемі тыңайтқыштарды қолдану арқылы толықтырып отыру керек. Ауыл шаруашылығы дақылдару үшін минералды тыңайтқыштардың қолданылуын және өнімділікті арттыруға әсерін ғалым Д.Н.Прянишников егіншілікте жаңа <<континентің ашылуы>>деп бағалады.Алайда минералды тыңайтқыштарды қолданғанда ғылыми ұсыныстарды басшылыққа алып,нормадан асырмау керек. Агрономиялық химия(немесе агрохимия)басқа ғылымдар секілді адамзаттың қажетін қамтамасыз ету мақсатына орай әуелгі кезде теориялық жағынан нақты тұжырымдалмастан бірден практикада қолданыла бастады.Оған көптеген зерттеулер,ғылыми тұжырымдар дәлел бола алады. Мәселен,сонау ерте кездің өзінде-ақ, жердің тоза бастағаның байқаған диқандар,егіс алқаптарына көң, күл төгіп,құнарлылығын арттырған еді.Сонымен,жылдар өткен саын өсімдіктердің құрамы,топырақ құрамы,сыртқы әсер күші жөніндегі көзқарастар да өзгеріп,кейін өнім молшылығын жасау жолындағы алғашқы талпыныстар бірте бірте ғылыми сипатқа ие бола бастады.Әр елде өсімдік биологиясын, құрылымын зерттеумен шұғылданатын шоқ жұлдыздай ғалымдар бой көтерді. Агрохимияның қалыптасуы мен тарихы Жер бетіндегі халық санының өсуі мен оларды азық түлікпен қамтамасыз етудегі ресурстардың жыл өткен саын кеміп бара жатқандығына орай осы мәселені қалай және ненің есебінен шешуге болады деген сұрақ дәл қазір барлық ғалымдарды қатты толғатып отыр.Себебі тамақтық өнімдер әлі күнге дейін негізінен тікелей жерден алынатындықтан, заводтық өндірістің жан жақты дамымағандығынан барлық назар ауыл шаруашылғының негізгі саласы егіншілікке аіударылуда. Бұдан шығатын қорытынды осы саланы өркендету, оны ғылыми негізге көшіру керек. <<Ас адамынң арқауы>> демекші, азық түлік молшылығын жасамай, адамзат денсаулығын сақтау проблемасын шешу мүмкін емес. Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі кезде азық түлік проблемасын шешу үшін тың жаңалықтардың жеткіліксіз екенін және мойындамасқа болмайды. Олай дейтініміз көптеген процестер бір бірімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде жер жүзіндегі өндірілетін азық түлік өнімінің біршама көбейгеніне қарамстан ол биологиялық құрамының (әсіресе белоктігі мен калориялығы төмен болуынан)жетіспеуінен әлем халқын сапалық жағынан қамтамасыз ете алмай келедк.Жер жүзіндегі бүкіл халықтың 60%-ті жеткіліксіз мөлшерде тамақтанады,әрі олар тұтынатын азық түліктің құрамында белокті заттар жетіспейді.Бірақ,соған қарамстан адамзат тіршілік ету үшін табиға ресурстардың кемуіне қармастан өзіне қажетті азық түлік және басқа байлық түрін үнемі жерден алуға тырысады. Бұл бұлжымас шындық.Адамның табиғатпен әрекеттестігі адамзат қоғамы өмір сүруінің ең мағызды шарты болып табылады.Күнделікті өмірде бұл әрекеттестік адамның еңбек қызметінің түрлі формаларында жүзеге асырылады. Атап айтқанда адамдар сонау ерте кездің өзінде неғұрлым көбірек қамтамасыз ету үшін қарапайым әдістерді қолданып, егіс танаптарын арамшөптен арылтты.Сөйтіп дақылдардың қоректік заттарды топырақтан мол алуын қамтамасыз етті.Кейінірек адам органикалық,содан кейін минералдық тыңайтқыштарды қолдана бастады.Бірақ минералдық тыңайтқыштарды қолдану арқылы біз дақылдың түсімділігн белгілі бір мөлшерге дейін ғана көтере аламыз. Табиғаттың болашақтағы дамуын болжаудың халық шаруашылығындағы маңызы зор.Дәлірек айтсақ,осының бәрі, біріншіден, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғаудың, екіншіден, табиғатты өмір қажетіне бейімдеудің, үшіншіден, адамзаттың қазіргі кездегі қажеті және болашақ ұрпақтар үшін экологиялық ортаны сақтау және оны ұдайы қамтамасыз ету қажеттілігінен туып отыр.Адамзаттың табиғи ортаға жұмсайтын жоспарлы ықпалы бір жағынан,қоғамның табиғи ресурстар жөніндегі өскелең қажеттерін қанағаттандыруды, ал екіншіден, табиғи ресурстардың өздігінен қалпына келіп,молаюын сақтауды және бәрін мақсаткерлікпен одан әрі молайтуды көздейді. Бақылау сұрақтары 1 Тыңайтқыштарды пайдаланудың даму тарихы 2 Үлес қосқан ғалымдар 3 Пән аралық байланысы ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі әдебиет: 1.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. 1.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е 1.3 Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы 1977.лешов.Р. Система применения удобрений 1994. 1.4 Агрохимия. Ягодин.Б.А., Жуков.Ю.П., Кобзаренко.В.И 2004. Мир. 1.5Муравин.Э.А. Агрохимия 2004. КолосС Қосымша әдебиет: * Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1996. * Бессчетнов П.П., Мальцев С.Н. Редкие и ценные растения Казахстана. А., 1981. * Закиров М. Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі., Рауан баспасы, 1991. * Жизень растений. т. IV-VI. М., Просвещение, 1978-1988 Дәріс 2,3 Өсімдіктердің қоректенуінің ғылыми негіздері,химиялық құрамы,элементтердің маңызы Жоспар: 1 Макро,микро элементтер 2 Элементтердің өсімдік қоректену үшін маңызы 3 Қазақстанда егілген дақылдарға қоректік заттарды пайдаланудың сипаттамасы Мырыш.Әдетте ферменттер құрамына еніп,катализатор қызметін атқарады. Мырыш өсімдіктердің өсуіне дем беретін заттарды - ауксиндерді кушті күйінде жинақтауға , оның үстіне өсімдік организміне болатын аса маңызды реакцияларга қатысып , плазмалардың жабысқақтығына әсер етеді ,өсімдіктердегі тотығу процестеріне байланысты жүретін реакцияны жеделдетеді , өсімдіктердегі углеводтың өзара алмасуына орай ферменттік жүйенің құрамына қосылады.Мырыш әсерінің арқасында өсімдіктерде С витамині , каротин , углевод пен белоктар көбейеді.Өсімдіктердін тамыр жүйесінің өсуін күшейтіп , оның аязға , құрғақшылыққа және тұз - сотаңға төзімділігін күшейтіп , жеміс салу процесі үшін маңызды түрде ықпал етеді.Сонымен қатар мырыш өсімдіктердің түріне , топырақ пен климатқа сай құбылып тұрады.Орта Азия мен Қазақстанның суармалы жерлерінде өсірілетін техникалық дақылдардың өнімділігінің жоғары болуына байланысты тыңайтқыштар аса көп қолданылмайды. Міне , осыған орай оның қоры жылдан - жылға кеміп келеді. Мыс.Клеткадағы тотығу - тотықсыздану процестеріне ,ондағы ферменттер құрамына кіреді. Мыстың қатысуымен амин қышқылдары ұзыннан ұзақ шұбатылып , күрделі органикалық қосылыстар түзеді , және оның химиялық құрамына әсер етеді.Мырыш секілді оны да дақылдардың дәні мен түйнегі бойына жақсы сіңіреді. Өсімдіктер мен жануарлардың бірқалыпты өсіп, жетілуі үшін аздаған мөлшерде болса да мыс өте қажет. Ол хлорофилл сияқты аса күрделі органикалық қосылыстардың түзілуін тұрақтандырып, оны ыдыраудан қорғап тұрады. Клеткаларында болатын тотықтандыру процестеріе қатысып,ферменттердің құрамына кіреді, ол ферменттердің кейбіреулері. В12 тобындағы витаминдердің әрекетін күшейтіп, өсімдіктердегі углевод пен белоктардың алмасуына әсер етеді. Топырақта мыс жеткілікті болса , өсімдіктердің саңырауқұлақ ауруына шалдығуы азаяды. Мысалы, картоптығ тамырымен бірге оның жер бетіндегі сабағы мыс тұзымен үстеп қоректендірілсе , оның <<көк>> және <<қызыл шірік>> ауруына шалдығуы азайып, түйнектерінің ауруларға төзімділігі арта түседі. Өсімдіктерде белоктарды синтездеуге мыстың жақсы әсер ететіндігі және осының арқасында өсімдік тканьдерінің су ұстау қабілетінің артатындығы анықталады. Ал мыс жеткіліксіз болса, ткань коллоидтерінің суды өзінде ұстау қабілеті нашарлайды. Астық тұқымдас дақылдар мұндай ауруға шалдыққанда жапырақтары, барлық жеміс ағаштарының ұштары қурайды немесе солып қалады. Кобальт өсімдіктердің барлық түрлерінде кездеседі. Олар әсіресе теңізде, суларда өсетін өсімдіктерде көп, ал тұщы суларда батпақты және теңіз жағалауындағы өсімдіктер құрамында аз болады. Мұның өзі осы маңайда мал шаруашылығы орналастын шаруашылықтарда малдың әр түрлі ауруға ұшырауына әсерін тигізеді. Кобальт өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін күшейте түседі. Өсімдіктердің кобальтты пайдаланудағы ерекшелігі, топырақтың сіңіріп алған кобальттың төрттен үшіне дейіні өсімдіктің ұсақ тамырларына жиналады. Көкөніс дақылдарына кобальт қолданған кезде алқаптардың түсімі артатындығы айқындалды. Мұнымен қатар, өсімдіктердің химиялық құрамы өзгеріп, хлорофилл және аскорбин қышқылы, құрғақ заттардың мөлшері едәуір көбейеді. Минералдық қоректену дегеніміз өсімдіктердің минералдық тұздарды өз бойына сіңіру қабілеті. Бұл процессіз өсімдіктер бойында органикалық қосындылардың пайда болуы, яғни олардың өсу, дамуы тіпті де жүзеге аспайды. Өсімдіктің дамуының әр қилы кезеңінде оның минералдық заттармен қоректену жүйесін өзгертіп, өсу қарқынын реттеп қана қоймай , сонымен бірге оның дамуын да тездетуге болады. Олардың өсуінің бастапқы кезеңінде қоректік заттар жетіспесе, бұл көптеген өсімдіктер тіршілігіне елеулі зиян келтіреді. Топырақта өсімдік организмін қанағаттандыратын минералдық заттар кемісе немесе мүлде жоқ болса, ол кезде қолдан тыңайту жүргізіледі. Көбінесе топырақты азотты, фосфорлы,калийлі және микроэлементтердің тұздарымен тыңайтады. Бұл ретте егістік көлемі, топырақтың, егілетін өсімдіктің түрі мен сортының ерекшеліктері, сол өсімдік тамырларынан бөлініп шығатын заттардың қасиеттері ескерілуі тиіс. Сонымен қатар минералдық заттар топыраққа өсімджіктің өсуі мен дамуы кезеңдеріне орай да беріледі. Мысалы , көптеген өсімдіктер өз дамуының алғашқы кезеңінде фосфорлы заттарды көбірек тілейді де, азотты қосындыларды онша қажет етпейді. Егер азотты, фосфорлы және калийлі тыңайтқыштарды енгізу көзделсе, оларды тұқым себілместен бұрын жер жыртқан кезден ақ топыраққа араластырып жібереді. Өсімдікке қажет болған тыңайтқыштарды топыраққа араластырып (тамыр арқылы) берумен қатар, соңғы кезде олардың ерітінділерін өсімдіктің үстінен бүркіп (жапырақ арқылы) сіңіру яғни қосымша қоректендіру жолдары да көп қолданылып келеді. Тәжірибесі бар егінші өсімдік тіршілігінің кез келген фокторына тікелей әсер етуімен бірге онымен тығыз байланысты 7. 1 тонна биологиялық өнім өндіруге жұмсалатын қоректік заттардың мөлшері, кг Дақылдар N P2O5 K2O Қара бидай Күздік бидай Жаздық бидай Арпа Көп жылдық шөптер (беде ат қонақпен араластырып егілген) Кеш пісетін картоп Ас бұршақ Ақ қауданды капуста Дақылдар 1 тонна өнім алу үшін топыраққа сіңірілген қоректік заттардың мөлшері,кг N P2O5 K2O Қара бидай Жаздық бидай Сұлы Тары Дәндік жүгері Сүрлемдік жүгері Қарамық Ас бұршақ Мақта Қант қызылшасы Картоп Жоңышқа Күріш Жеміс және жидек 31 33 33 25 33 34 31 30 55 40 4 60 23 40 34.5 10 12 14 11 10 10 1.5 15 15 12 1.2 1.5 12 6 7.9 32 28 29 20 34 37 3.5 40 20 48 7.5 15 25 18 25.6 болатын басқа факторлар арқылы жанама түрде де ықпал етуге мүмкіндіктің бар екенін, соның арқасында тіпті ауа райы тым күрделі, қолайсыз болған күннің өзінде де бітік егін өсіре алатынын білді. Мысалы, өсімдіктердің пісуін тездететін фосфор және калий тыңайтқыштарын қолдану арқылы қуаңшылық жағдайында шығындылықты едәуір арттыруға болады. Кезінде К.А.Тимирязев тыңайтқыштар өсімдіктердің қоректік көзі болып қана қоймайды, олар сондай ақ куаңшылықпен күрес құралы болып табылады деп көрсеткен болатын. Себебі егер өсімдік бойында қоректік заттар көп болған сайын ол құрамында элементтер аз дақылдарға қарағанда суды аз буландырады. Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері, оларды өсірудің климат-топырақ және агротехникалық жағдайлары, топырақтағы қоректік элементтерді дақылдардың өнімділігі арқылы бағалау биологиялық, шаруашылықтық болып екіге бөлінеді. Атап айтқанда дақылдардан негізгі және қосымша өнімдер өндіруге, сонымен бірге аңыз қалдықтары, тамырлары, жерге түсіп қалған жапырақтары үшін қоректік заттарды топырақтан алған жағдайда бұл биологиялық болып табылады (7-таблица). Ал қоректі заттарды тек қана негізгі және қосымша өнімдер үшін пайдаланса, бұл дақылдар шаруашылықтық болып саналады. Дақылдардың қоректік заттарды пайдалануы шаруашылықтарды алатын өнімдерге қарағанда биологиялық өнімдерге анағұрлым жоғары болады. Қоректік заттарды дақылдардан белгілі өнімдері үшін пайдалануы өнім түрлері мен сыртқы құрылымына байланыста өзгеріп отырады. Мысалы, дәнді дақылдар егістігінен жоғары дәрежелі биологиялық өнім алған кезде сабанының үлес салмағы көп болған жағдайда 1тонна дәніне сәйкес минералды элементтер көп жұмсалады. Ал картоп, күнбағыс, капуста, қантқызылшасына келетін болсақ дәнді дақылмен салыстырғанда оның 1тоннасына негізгі өнімнің жинақталуы үшін калий элементі, ал беде, зығыр дақылдарына кальций анағұрлым көбірек беріледі. Дәнді дақылдардан сабағына қарағанда дәнінде азотпен фосфор 4 есе, ал сабағындағы калий мен кальций дәнге қарағанда 2-3 есе артық болады. 8. Қазақстанда егілген дақылдарға қоректік заттарды пайдаланудың сипаттамасы. Мысалы, профессор А.Т.Полномареваның деректеріне сүйенсек Қазақстан жағдайында кейбір ауыл шаруашылығы дақылдарының қоректі элементтерді 1тонна шаруашылық өнімге есептегенде пайдаланылуы мына жоғарғыдағыдай болады (8-таблица) екен. Бұл таблицадағы көрсеткіштер еліміздің әр түрлі климат-топырақ аймақтарында егілген дақылдардың қоректі заттарды пайдалануынан өзгеше болып келеді. Мына төмендегі 8- таблицаның жалғасында Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс аймақтарының әр түрлі аудандарында егілген дақылдарды өсіруге сіңірілген тыңайтқыштың мөлшері де Қазақстан бойынша алынған көрсеткіштерге дәл келе бермейді. Мысалы, Республикамызда орта есеппен 1 тонна күздік бидай осынша мөлшердегі сабанымен қоса 31кг азотты, 10кг фосфорды және 32кг калий пайдалантын болса, Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында орналасқан ашық қара қоңыр топырақтың парлы алқабында егілген күздік бидай 25,7кг азотты, 6,9кг фосфор, 23кг калий тыңайтқышын пайдаланады. Ал енді сүдігер алқабына егілген күздік бидай жоғарыда аталған қоректі элементтерді тиісінше 34,6 ; 8,6 және 44кг болды (7-таблица). Мұндай құбылыстарды әр түрлі климат-топырақтарында егілген басқада ауыл шаруашылығы дақылдарынан байқауға болады. Өсімдіктерден алынатын жоғары өнімдерді осындай схема түрінде біліп болжау, бізге егіншіліктегі барлық жұмыстардың түрлерін индустриялық негізде көшіруге жағдай жасайды. ІІ. 3. Өсімдіктер пайдаланатын элементтер қосылыстарының формалары. Өсімдіктердің өсіп дамуы кезінде топырақтарда өтетін биологиялық, химиялық,физика-химиялық процестер нәтижесінде күрделі минералды, органикалық және жай заттар үнемі түзіліп тұрады. Мұнда ыдыраған, немесе бөлінген заттардың кейбіреулерін өсімдіктер қоректену үшін пайдаланса, оның кейбір бөліктері судың әсерінен топырақтың астыңғы қабатына кетип қалады немесе газ күйінде ауаға сіңіп жоғалады. Ал кейбір бөліктері суда ерімейтін тұздар құрамына кіріп өсімдіктер тіршілігінде ешқандай маңызы болмайды. Өсімдіктер қоректік элементтерді, олардың суда еритін тұздары мен иондарын тамырлары арқылы пайдаланады.Өсімдіктердің айналадағы орта мен зат алмасуы қоректену болып саналады, бұл құбылыстар топырақ, ауадағы заттардың өсімдіктер құрамындағы кіретін органикалық заттардың түзілуіне алғашқы тұрған жерінен кетип қалып, қоныс аударады. Өсімдіктер көмір қышқылын пайдалануы көбіне ауа арқылы өтетіндіктен олар тамыр жүйелеріне қарағанда бір қалыпты өтеді. Фотосинтез процессінің белгілі нормаларда жүруіне жарық, жылу, ылғал, қоректі элементтермен қамтамасыз етілуі, өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері, тығыздығы үлкен рөл атқарса, тамыр жүйелерінің жақсы дамуына жоғарғы факторлардан басқа топырақтың құрылымы, аэрациясы, ортаның реакциясы, қолданатын қоректік заттардың мөлшері, формалары, олардың ара қатынасы, микрофлорасы және тамырда бөлінетін заттар әсер етеді. Өсімдіктер ауа және тамырмен қоректену арқылы өзінің құрылымын құрайды. Қолайлы тепе-теңдікте қоректі элементтерді пайдалануы, олардың массасының көлеміне әсер етеді. Өсімдіктер жапырақтар арқылы 95 процент көмір қышқыл газын, ал тамырлары арқылы тұз ерітінділеріне күлді элементтерді, азот және күкіртті пайдаланады.Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерімен лоардың өсіп қну жағдайлары тамыр жүйелерінің әр түрлі дәрежелерде дамуына ықпал етеді. Кейбір өсімдіктер өзінің құрамында кремийді, алтынды, литийді т.б элементтерді көптеп жинақтайды. Мысалы, теңіз балдырлары өзі өсіп тұрған теңіз суының құрамына қарағанда титан элементін 1000 есе көп жинақтаса, теңіз капустасы (ламинариясы) 12 0 есе артық жинайды. Теңіз суларында 0,0001 процент иод болса, капуста құрамындағы бұл көрсеткіш 0,3 процентке жетеді екен. Өсімдіктердің клеткаларының қоректі элементтерді пайдалану диффузия құбылыстарымен түсіндіріліп келді. Топырақ ерітінділері иондарының қозғалысы жоғары концентрациялы ерітіндіден сұйытылған ерітіндіге қарай қозғалады деп есептеді. Ал шын мәнінде өсімдік тамырлары селінің концентрациясы қоршаған ортадағы топырақ ерітінділерінен көп жоғары болады. Сондықтанда клеткалардың қоректі элементерді пайдалануы, әрі қозғалсысы күрделі физиологиялық құбылыс ретінде олардың дем алу, фотосинтез, басқа да биохимиялық процестердің әсерінен кейін белгілі энергия жұмсалуына байланысты болады. Кез келген өсімдіктер қоректі элменттерді пайдаланғанда өзінің биологиялық ерекшеліктеріне қарай талғампаздық танытады. Қазіргі кезде қоректі заттарды өсімдіктердің топырақ ерітінділеріндегі катион, аниондардан, өсімдік клеткасының құрамындағы иондармен пайдаланатыны анықталады. Сондай-ақ отандық агрохимия мектебі өсімдіктерге қоректік заттың енуі мен өсімдікте қоректік заттың алмасу байланыстылығын үнемі зерттеп, өсімдіктерге тыңайтқыш беру арқылы тұқымның құрамы мен өнімді арттыруы болатындығы ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Осы жұмыстардың негізінде өсімдіктердің қоректену ілімі қалыптасты Бақылау сұрақтары: 1 Элементтер,олардың маңызы 2 Өсімдікте кездесетін негізгі элементтер ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі әдебиеттер: 1.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. 1.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е 1.3 Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы 1977.лешов.Р. Система применения удобрений 1994. 1.4 Агрохимия. Ягодин.Б.А., Жуков.Ю.П., Кобзаренко.В.И 2004. Мир. 1.5Муравин.Э.А. Агрохимия 2004. КолосС Дәріс 4,5 Өсімдіктің ауа және тамыр арқылы қоректенуі. Жоспар: * Өсімдіктің қоректенуі. * Өсімдік тамырларының суды пайдалануы. * Өсімдіктердің ауа арқылы қоректенуі. Көптеген зерттеушілер өсімдік тамыры жүйелерінің суды пайдалануы олардың белсенділігіне байланысты болады деп дәлелдеді. Біріншіден, тамыр метабиологиялық энергия жұмсаса, екіншіден тамыр жұту ерекшелігіне сәйкес сұйықты бойына сіңіреді. Қазіргі кезде өсімдік тамырларының суды пайдалануы транспирация құбылысымен тамыр қысымының өзара ара қатынастарының тығыз байланысты болуы арқылы түсіндіріледі. А. Ивановтың пікіріне сәйкес олар суды пайдалануы үшін біріншіден, топырақ бойындағы суды тарату күшін жояды, екіншіден, тамыр бойындағы судың фильтрациялық кедергілерін төмендетеді, үшіншіден, сабақтарда қозғалатын судың кедергілерін азайтып, топырақта жеткілікті түрде ылғал болғанда ғана бұл істі жүзеге асырады. Бұл мәліметтерден түрлі дақылдардың тұқымы көктеуі , өсіп-дамуы үшін әр түрлі мөлшерде су керек екендігін көруге болады. Ал мұны білудің маңызы зор. Әр дақылдың суды пайдалануды тұқым көктеуден бастап кейінгі даму кезеңдерріне ғана суды пайдалану едәуір азаяды. Мұның негізгі себебі - күз айларындағы күннің салқындауы және өсімдіктердің вегетациялық өсуінің біршама бәсеңдеуі болып табылады. Өсімдіктердің суды пайдалану мөлшерін транспирациялық коэфициент арқылы білуге болады. Өсімдіктердің суды буландыруы - оның транспирациясы . Өсімдіктер күн сәулесінің энергиясын өз бойына сіңіріп қатты қызады. Егер олар осылай ұзақ уақыт бойына қызатын болса, онда клеткалардың белоктар каогуля жасайды да, өсімдіктер тіршілік қабілетін жояды. Бақылау сұрақтары: * Өсімдіктің қоректенуі. * Өсімдік тамырларының суды пайдалануы. * Өсімдіктердің ауа арқылы қоректенуі. Ұсынылған әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер: 1.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. 1.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е 1.3 Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы 1977.лешов.Р. Система применения удобрений 1994. 1.4 Агрохимия. Ягодин.Б.А., Жуков.Ю.П., Кобзаренко.В.И 2004. Мир. 1.5Муравин.Э.А. Агрохимия 2004. КолосС Дәріс 6,7 Өсімдіктердің қоректенуі мен тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтар қасиеттерінің өзгеруі. Жоспар: 1 Топырақ құнарлыгы туралы түсінік 2 Топырактың минералды бөлігі 3 Топырақтың сіңіру қасиеттері 4 Ауыл шаруашылык дақылдары егілетін топрақтың ортасы мен әктеуге қатынасы 5 Егіншілік және топрақтану ғылымдарының негізгі заңдары. Жер - табиғаттың адам үшін негізгі байлығы, тіршіліктің тірегі, өмір арқауы болып табылады. Сондықтан да жер көлемінің шектелуі тұрақты екенің ескерсек, күн тәртібінде ғылым мен техника жетістіктерін қолданғанда ғана сол жердің құнарлығы мен ауыл шаруашылыгы дақылдарының өнімділігін жоғарлатуға болады. К.Маркс топырақ құнарлығының абсолюттік, салыстырмалы, табиғи және экономикалық түрлерде болатынын тұжырымдады. Мұнда абсолюттік құнарлыққа белгілі көлемдегі алқаптан орта есеппен алынған өнімнің массасы, ал салыстырмалы құнарлыққа әр түрлі құнарлылықта егілетін дақылдардың өнімділігі жатады. Табиғи құнарлылықты адамның әрекеті араласпаған тың жердің топырағынан ғана кездестіруге болады. Бір топырақтың құнарлығы төмен, екінші топырақтың құнарлығы жоғары болады. Жасанды құнарлылық деп, топырактың нақты өнім беру қабілеттілігі және адам баласының құнарлылықты тиімді пайдалану дәрежесін айтады. Топырақтың минералды бөлігі әр түрлі минералдардан - диаметрі миллиметрдің миллионның бір бөлігі мен 1 миллиметр аралығында болатын бөлшектерден турады.Олардың шығу тегі жағынан екі бөліктен турады: бастапқы және екінші реттік. Бастапқы минералдарға - кварц, дала шпаттары, слюдалары, мүйізді алдамыштар, пироксиндер жатады. Олардың топырақтағы құм бөлшектеріндегі көлемі (0,05-1мм) және шаңда (0,001-0,05 мм), аздаған бөлігі лай, өлі балшықта (0,001 мм-ден төмен) және топырақ коллоидында (25 мм төмен) кездеседі. Алғашқы минералдардың химиялық процестері мен бұзылуы (гидратация, гидролиз, тотықтану) тірі организмдер тіршілік әрекетінің әсерінен топырақтағы тотықтар, (кремнезем, гидраты, тұздар, сондай-ақ екінші реттік минералдар) кейде сазды минералдар деп те аталады. Олар каолинит, монтмориллонит, гидрослюдалар түзеді. Ол топырақта көбіне өлі балшық және коллоидты бөлшектер түрінде, ал аз күйінде шаң тәрізді бөлшектер түрінде кездеседі. Химиялық құрамы жағынан минералды кремний, оттекті қосылыстар немесе силикаттар және алюминий болып бөлінеді. Кремнийдің оттекті қосылыстарына кварц SiO2 жатады,көбіне құм және шаң тозаң болады.Барлық топырақтарда кварц мөлшері 60 проценттен асса, құмдақ топырақтарда 90 процентке жетеді, ал кейде одан да көп болады. Бір ерекшелігі оның тұрақты химиялық реакцияға онша көп икемі жоқ, ешқандай химиялық реакцияға қатыспай, бейтарап жағдайда болады. Топырақтың маңызды бір саласы органикалық заттар негізінен екі түрлі күрделі комплекстер түзеді: 1. Өсімдіктер мен мал қалдықтарынан калған қарашірікке айналмаған заттар. 2. Шіріген органикалық заттар. Топрақтағы өсімдіктер мен өлген жәндіктердің қалдықтары екі бағытта өзгеріске ұшырайды. Біріншіден, олар микроорганизмдердің әсерінен ыдырап, шіріп, жай минералдық қосылыстарға ажырайды. Екіншіден, олардың қалдығы микроптардың әсерінен күрделі биохимиялық өзгеріске ұшырап, олардан тұрақты органикалық зат гумус немесе қарашірік пайда болады. Қарашірік негізінен көміртек, сутек, лигнин, белокты заттар, май және смоладан тұрады. Бұл заттардан қарашіріктің негізі қосылыстары - гумин, фульвозаттар мен ульминзаттар түзіледі. Топырақтың еріген зат иондары мен молекулаларын, не ерімеген қатты заттарды, сондай-ақ су буы мен газдарды ұстап тұруын топырақтың сіңіру қасиеті деп атайды. Олар негізінени минералды және органикалық заттардың қорына, шығу тегіне байланысты өзгеріп тұрады.Өсімдіктер қоректену кезінде олар топырақ ерітіндісіндегі бірсыпыра заттарды сіңіріп, өздерінің протоплазмасының құрамының түзілуіне пайдаланады. Микроорганизмдер ыдырағаннан соң заттар қайтадан топырақ ерітіндісіне шығады. Бірақ топырақ барлық заттарды бірдей жақсы сіңіре бермейді. Мысалы, өсімдіктер үшін аса бағалы азот қышқылы тұздарының топырақтан оңай жуылып-шайылып кететіндіктен, ол өте нашар сіңіреді. Қарашірікке бай саздақ топырақтарды өсімдіктерге қажетті қоректік заттармен тыңайтуға болады. Өйткені олар шамадан тыс көп болғаның өзінде де топыраққа сіңеді де, өсімдіктерге зиянын тигізбейді және жуылып-шайылып кетпейді. Сазды топыраққа селитралар нашар сіңетін болғандықтан тыңайтқыштарды көп себуге болмайды.Сондықтан агрономиялық практикада оларды екіге бөліп қолданады.Біріншісі - тұқым себер кезде екіншісі - өсімдіктердің қаулап өсіп, толықсыған кезінде. К.К.Гедроиц топырақ сіңіру қасиеттерін 5 түрге бөлді. Олардық ерекшеліктері: 1.Биологиялық сіңіру - топырақтағы бактериялар, микроорганизмдер және өсімдік - тірі тамырларының топырақ ерітіндісінен, азот, күл элементтерін сіңіріп, түрлі организмдерге органикалық заттардың түзілеуі. Бұл процестер өсімдік үшін қажетті, N,P,S т.б элементтерді сіңіріп, топырақты сілтіленуден қорғайды. 2.Механикалық сіңіру өте топырақтың өте тар саңылаулары арқылы су өткенде, ондағы үлкен, кіші бөлшектерінің топырақта сүзіліп немесе желмен келген әр түрлі заттардың тұтылып қалу қасиеті.Ол көбіне механикалық құрамына байланысты болады.Олар саздық болса, соғұрлым сіңіру қабілеті жоғары болады. 3.Физикалық сіңіру - топырақ бөлшектеріне еріген зат иондары мен су,газ молекуларының тартым күшімен ұсталу оң немесе теріс адсорбциялануы. 4.Химиялық сіңіру - топырақтың суда ерігіш тұздарының аниондары мен катиондары топырақ ерітіндісіндегі аниондар және катиондарымен әрекеттесу нәнижесінде түзілген нашар еритін, болмаса ерәімейтін қосылыстарды сіңіріп, топырақтың қатты күйіне ауысуы. 5.Химиялық немесе алмасып сіңіру теріс таңбалы топрақтың коллоидты бөлігінің топырақ ерітінділерінен өзіне эквиваленті басқа катиондарды қабылдауы, немесе сонша басқа катиондарды шығаруы. Көптеген екпе дақылдар мен микроорганизмдер әлсіз қышқылды бейтарап орталарда жақсы өседі, ал қышқылды сілті орталарда онша жақсы дамымайды. Дақылдардың биологиялық ерекшелігіне қарай олардың бірқалыпты өсетін қышқылды, қолайлы қышқылды ортасы да әр түрлі болады. Қоршаған ортаның реакциясына әрі әктеу жұмыстарының тиімділігін арттыруға сай өсімдіктер мына төмендегідей топтарға бөлінеді. 1. Мақта, жоңышқа, мал азғындық қызылша, кенеп шөп, капуста қышқылдықты өте сезінгіш келеді. 2. Топрақтың жоғарғы қышқылдығын арпа, күздік және жаздық бидай, жүгері, соя, мал азғындық бұршақты дақылдар,күнбағыс,пияз,қияр өте қатты сезінеді. 3. Жоғары қышқылдықты әлсіз сезінетін дақылдарға қара бидай, сұлы, қарамық, сәбіз, тары т.б жатады. 4. Күшті қышқылды топырақтарда егілген зығыр мен картопты міндетті түрде әктеу қажет.Олардың өсетін қолайлы қышқылды ортасы болғанда тиімділігі жоғарылайды. 5. Көк және сары бөрібұршақ,м сераделла, шайдақ түбірі қышқылды ортада жақсы, ал сілтілік және бейтарап ерітінділерде нашар өседі.Бұл дақылдар алғашқы өсуі кезінде нормадан тыс әктесе жақсы жетілмейді, ал орташа норма қолданған кезде өнімі арта түседі. Ғалымдар табиғаттың топырақпен және оның құнарлығымен байланысын, сырын ашуға, топырақтың түзілу процесінің мәнің айқындауға, егін себудің неғұрлым тиімді және үнемді әдістерін табуға ғасырлар бойы ден қойып, бұл бағытта табандылықпен күресіп келеді. Мұнын өзі түсінікті де. Өйткені, топырақтың түзілу сырын ашу және оның құнарлығын арттырудың ғылыми әдістерін белгілеу ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғарғы және тұрақты өнім алудыңиаса маңызды теориялық негіздерін қалайды. Демек, ауыл шаруашылығын ойдағыдай жүрізудің міндетті шартын құрайтын болады. Жерді тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығының барлық жарамды алқаптарының құнарлығын арттыру жөніндегі мәселе - аса маңызды мәселе болып табылады. Жер - қоғамның күнкөріс көзі, оның байлығ, ол - ауыл шаруашылығыөндірісінің негізгі құралы. Адам табиғат заңдарын танып-білуге, оларды дұрыс әрі пәрменді пайдалануға қабілетті десек, жоғарғы өнім алу үшін өсімдікке қажетті қоректік заттар мен суды дұрыс үйлестіре білудің маңызы өте зор. Ол үшін егіншілік ғылымы мен озық тәжірибенің жетістіктеріне сүйене отырып, топырақты мәдинеттендіру мен жақсарту үшін қажетті мынадай заңдарды ескеруі керек: 1. Табиғаттағы топырақтың түзілуі процесінің жағымды тиімділік заңы. Топырақ құнарлығының қалыптасуы және оның біртіндеп арта беретіні ондағы тірі организмдердің барған сайын ұлғая беретіні және күн саулесінің қуаты мен қоршаған ортаның қоректік заттарды көп жинауы. Ал сонан соң бұларды өзі мекен ететін аймаққа шоғырландыруы,тірі организмдердің жетекші роль атқаруы - осы заңға байланысты. 2. Қоректік заттарды топыраққа қайтару заңы. Бұл қайтару заңының талабы бойынша - ысырап болу, егінмен бірге кету, немесе басқада себептер салдарынан топырақтың сінімді қоректік заттарының тепе-теңдігі бұзылған жағдайда,тиісті тыңайтқыштар еңгізу жолымен, яғни басқа агротехникалық әдістермен ол тепе-теңдікті қалпына келтіру қажет. 3.Минимум, потимум және максимум заңы.Бұл заң қайтару заңымен тығыз байланысты. Егін көлемікөп жерлерде өсімдіктер өсуінің минимумдегі факторға немесе қоректік элементке тәуелді болатынын белгілі. Егіннің түсімі топырақтағы минералдық заттардың мөлшеріне байланысты болады. Яғни, түсімнің минимум мөлшерін белгілейтін элементтер. Сол сияқты топырақта қоректік заттар жеткілікті болғанымен, су тапшы болса, онда түсімнің мөлшерін ылғал шектейді. Мұндай жағдайда диқан өзінің барлық шеберлігін осы минимумның теріс ықпалын жоюға жұмсауы қажет. Әрине бұл арада ең дұрысы - қолдан суару, ал қолдан суару әлі жасалмаған жерде топырақта ылғалдың біршама көп жиналуы мен сақталуын қамтамасыз ететін агротехникалық шаралардың қолданылуы керек. Сөйтіп тіршіліктің кез келген факторларының - ылғалдың, қоректік заттардың, жарықтың, жылудың шамадан тыс көп болуы да, жетіспей кем болуы да өсімдіктердің өсуі мен өркенделуіне теріс ықпал етеді. Бұл сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерінің биологиялық сапасының нашарлануына да әкеп соқтырады. 4. Өсімдіктердің өз орнына сәйкес келуі және дақылдарды уакыт пен кеңістік бойынша дұрыс кезектестіру. Дұрыс ауыспалы егіс жүйесін қолдану заңы. Жекеленген организмдер ғана емес, тұтас бір өсімдік қоршаған ортамен өзара байланысты, тығыз қарым-қатынаста болады. Олар қатар өсіп қана қоймайды, қауымдасып, өздері қоректенетін алаң, ылғал, жарық және тіршіліктің басқа да факторларыүшін күреседі, өзара олардың бір-бірімен тығыз қатынаста болуының мәні осы. Екінші жағынан, өсімдіктерді қолдан сұрыптау нәтижесінде фитоценозға кіретін өсімдік түрлері өздері мекендеген орта жағдайының бүкіл комплексіне бейімдеу процесі жүзеге асады. Бір түрге жататын өсімдіктер арасында немесе белгілі бір факторларды бірдей мезгілде қажет ететін өсімдік түрлері арасына бәсекелестік күшті болады. Ал қоректік заттармен ылғалды топырақтың әр түрлі қабаттарынан алатын және күн саулесін әр түрлі қажет ететін, басқа керектерінде әр түрлі мерзімде пайдаланатын өсімдіктер арасында бәсекелестік мүлде дерлік болмайды немесе, едәуір аз болады. Өсімдік қауымдарында тамыр жүйелері топырақтың әр түрлі қабаттарын кеулейтін өсімдіктер кездесетіні тегін емес. өсімдіктердің бір түрінің тамыры негізінен үстінгі қабатта болса, ал басқаларының тамыры едәуір тереңге бойлайды да, таязда орналасқан тамырларға бөгет жасамайды. 5.Өсімдік өсуі мен дамуы факторларының бірлескен әрекеттерінің нәтижесі деп аталатын бесінші заң аталмыш төрт заңның логикалық үйлесімі болып табылады.Мұның егіншілікті ғылыми ұйымдастыру практикасында ерекше маңызы бар. Өсімдік тіршілігінің жекеленген факторлары өз алдына оқшау емес, бір-бірімен өзара тығыз байланысты әрекет ететіні белгілі. Оларды басқа ешнарселермен алмастыруға болмайтын тұрғысынан алғанда, бұлформалардың барлығы бағалы.Өсімдік өне бойы факторлардың бүкіл комплексінің ықпалында болады. Вегетациялық ыдыстарда және егіс даласында жүргізілген нақтылы эксперименттер, сондай-ақ егіншіліктің көп жылғы практикасы мынаны көрсетті: өсімдіктер тіршілігінің факторлары тек бірлесіа әрекет еткенде ғана барынша әсерлі болады. Егіс даласындағы жағдайда осы фактордың бірінің өсімдікке ықпалын өзгертпесе, басқа факторлардың мүмкіндігі мен жағдайы сөзсіз бұзылады. Осы өзара әрекеттестік заңдылығын танып-білген маман мен диқан өсімдік тіршілігінің кез келген факторларына тікелей ғана емес, онымен тығыз байланысты басқа факторлар арқылы да жанама түрде ықпал етіп, тіпті, ауа райыы қолайсыз болған күннің өзінде де бітік егін өсіре алады. Мысалы, өсімдіктіктердін пісуін тездететін фосфар және калий тыңайтқыштарын қолдану арқылы қуашылық жағдайында шығымдылықты едәуір арттыруға болады. Кезінде К.А.Тимирязев былай деп атап көрсеткен: Тыңайтқыштар өсімдіктер пайдаланатын қоректік заттардың көзі ғана болып қоймайды, олар сондай-ақ қуаңшылықпен күресу жолы болып табылады. Өйткені, өсімдік азық мол бол ғанда қоректік заттар жетімсіз кездегіге қарағанда, құралатын органикалық заттың әрбір өлшеміне суды аз буландырады. Бақылау сұрақтары: 1 Топырақ құнарлыгы туралы түсінік 2 Топырактың минералды бөлігі 3 Топырақтың сіңіру қасиеттері 4 Ауыл шаруашылык дақылдары егілетін топрақтың ортасы мен әктеуге қатынасы 5 Егіншілік және топрақтану ғылымдарының негізгі заңдары. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі әдебиет: 1.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. 1.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е 1.3 Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы 1977.лешов.Р. Система применения удобрений 1994. 1.4 Агрохимия. Ягодин.Б.А., Жуков.Ю.П., Кобзаренко.В.И 2004. Мир. 1.5Муравин.Э.А. Агрохимия 2004. КолосС Дәріс 8,9 Минералды тыңайтқыштар, классификациясы. Азот тыңайтқыштары, маңызы, түрлері, қолданылуы. Жоспар: 1 Минералды тыңайтқыштар туралы түсінік 2 Минералды тыңайтқыштардың жіктелуі 3 Азот тыңайтқыштары,түрлері,қолданылуы Адамар ғасырлар бойы озінің күнделікті өмірінде қоршаған ортаны, табиғатты игеруде көп тажірибелер жинақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырды. Қазіргі кездегі ауыл шаруашылығы өндірісінің оның ішінде егіншіліктің даму деңгейіне адам баласы 12 мың жыл бойы жан жақты шұғылдану арқасында жетіп отыр. 1980 жылы жер жүзінде ауыл шаруашылығы өндірісінде 107млн Т минералды тыңайтқыштар пайдаланып, әр гектар егістікке 7.1кг тыңайтқыш енгізіліпті. Бүкіл тыңайтқыштардың шығу тегі, қолданылуы құрамы, алу тәсілі жағынан әр түрлі түрлерге бөлінеді. Олар шығу тегі жағынан минералды , органикалық, органикалық-минералдық және бактериалдық болып келеді.Минералды тыңайтқыштар шығу тегі жағынан анорганикалық заттарды табиғи минералдардан ауадағы азоттан немесе кейбір химиялық заводтардың қосымша өнімдері ретінде алынады. Ал түрлі жағынан азотты, фосфорлы калийлі, кейбір микротыңайтқыштарға (бор, марганец, молибден, мырыш, мыс, кобальт т.б) бөлінеді. Шығу тегі, өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтары, көң, фекалий, шымтезек , қаланың қоқсықтары т.б. Құрамында органикалық минералды заттардың озара химиялық және адсорбты байланысты болатын қосылыстар органикалық-минералды тыңайтқыштарңа жатады. Олар органикалық заттарды (шымтезек, көмір, топырақ шірінділері, қоқыс, сланец т.б) минералды қосылыстар мен азоттың, фосфаттың және калийдің тұздарымен , немесе ерітінділерімен өңдегенде алынады. Бактериалды тыңайтқыштарға кейбір препарат құрамындағы бактериялар, бұршақ тұқымдас дақылдардың тамыр түйнектері, топырақтағы азот жинақтайтын (фиксациялайтын ) түзілуі , топырақтың органикалық бөлігінің минералдануына жататын нитригин жатады.Минералды тыңайтқыштар құрамында бір немесе бірнеше қоректік заттар болғандықтан жай және комплексті болып бөлінеді. Жай тыңайтқыштар құрамында бір ғана қоректік заттар болып, бір жақты асер етеді. Ал комплексті тыңайтқыштар құрамында 2-3 немесе одан да көп қоректік элементтер, немесе микроэлеметтер болады. Ал комплексті тыңайтқыштар өндіру тәсіліне қарай араласқан, комбинациялы және күрделі болып келеді. Олардың біріншісін әртүрлі жай, күрделі тыңайтқыштардың майдаланған және түйіршіктелген түрлерін механикалық жолмен араластыру арқылы дайындаса, комбинациялы тыңайтқыштар белгілі технологиялық жүйеде бастапқы заттардың химиялық реакцияларымен алынады. Ал күрделі тыңайтқыштар құрамында бір химиялық қосылыстардың аммофос-диаммофос,калий селитрасы қатарына жатады,бүл әдетте 2 немесе бірнеше элементтер болады.Тыңайтқыштардың сапасы,олардың құрамындағы қоректік заттар,яғни оның ішінде азот жекелеген элемент түрінде қалғандары олардың тотықтары күйінде өрнектеледі. Әр түрлі топырақтарда қолданылған тыңайтқыштар топырақтағы жылжымалы қоректік заттардың мөлшерін ғана көбейтпейді,сонымен бірге топырақтың қасиеттеріне,құнарлығына әсер етіп,оның қышқылдығын өзгертеді. Азот-жер бетіндегі ең көп тараған элемент.Ол табиғатта бос күйінде және қосылыстар түрінде де кездеседі.Ауа құрамының 78 проценті осы газ болса,жер қыртысында 0,04 процент қосылысқан азот кездеседі,өсімдіктер мен жануарлардың организміндегі азот органикалық қосылыстардан тұрады. Тірі организм азотсыз өмір сүре алмайды,өсімдіктер,жан-жануарлардың денесін құрайтын клеткалар,оның құрамдас бөлігі протоплазма белок заттарынан,немесе құрамында азоты бар заттардан тұрады.Демек,белоксыз тіршілік жоқ.ал азотсыз белок жоқ. Бактериялар арқылы азоттың қосылысқа түсуі өте баяу,қалыпты жағдайда жүзеге асады.Бактериялар азотты ауадан сіңіріп,өсімдіктерге қажетті түздарға айналдырады.Өсімдік топырақтағы азот тұздарын судың көмегі арқылы,басқада тұздармен бірге сіңіреді.Құрамында азоты бар органикалық заттар өсімдіктен жануарларға,одан соң адам ішіру,ыдырау процестерінің нәтижесінде топыраққа қайта оралады. Бірақ өсімдітер мен жануарлардың қалдықтарындағы барлық азот пайдаланбайды.Оның едәуір бөлігі атмосфераға оралады.Азоттың табиғаты осылай бір күйден екінші күйге үздіксіз өтіп отырады.Ол жай ғана күрделі белоктардың,өсімдік клеткасының цитоплазмаларының және нуклеин қышқылдары құрамына кіріп организмдердегі заттардың алмасуында басты рөл атқарады. Сонымен бірге хлорофилл, фосфатидтер, алколлидтар, ферменттер т.б органикалық заттардың құрамында болады. Азотты тыңайтқыштарды жеткілікті нормада қолданғанда организмдердің тіршілігі біраз уақыт ұзарып,қуатты сабақтары мен жапырақтары жақсы дамиды,әр жақсы түптенеді.Мұның өзі өнімнің жоғарлауына,белоктың кобеюіне жақсы әсер етеді. Азоттың топырақтағы кездесетін негізгі түрлері - органикалық қосылыстар 94-95 процент,аммоний қосылыстарының формалары түрінде және алмаспай жинақталған сазды минералдардың 3-5 процент құрамында болады. Ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы дақылдарын бір жерге еге беру азоттың жалпы қоры мен топырақтың құнарлығын кемітіп жібереді. Табиғи жағдайларда топырақтағы азот қорын көбейтудің жолын атмосферадағы азоттың пайдалануынан да іздестірген жөн.Әр гектар жердін үстінде 80 мың тонна азоттың болатыны анықталады.Осы молекуляры азот бос күйінде болғандықтан өсімдіктер ішінде оны бұршақты дақылдардан басқасы пайдалана алмайды.Табиғи жағдайларда топырақтағы азот қоры екі түрлі жолмен толықтырылады. Өзара байланысатын азоттың кейбір түрлері (аммиак,нитрат)найзағай ойнағанда,оның үстіне жауған жауын-шашынмен бірге әр гектар жерге 3-5кг келіп түседі. Ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданылатын тыңайтқыштардың тиімділігі белгілі нормаларда,қатынаста болуы қажет.Осыған орай азотты тыңайтқыштардың артық қолданылуы дақылдардың жатып қалуын көбейтіп,пісуін кешіктіреді,өнім құрамында нитраттарды нормадан тыс асырып су қоймалары мен жер асты суларын ластайды.Осыған байланысты азотты тыңайтқыштарда көп қолданатын жекелеген шаруашылықтар мен аймақтарда олардың ерігіштігін төмендету қажет. Азотты тыңайтқыштар 4 группаға бөлінеді. а)нитратты тыңайтқыштар тотықтанған азот қосылыстары түрінде азот қышқылының тұздары болып саналады,оларға натрий,кальций селитралары жатады. б)аммиакты тыңайтқыштарға азот катионымен қышқылды қалдықтардың қосылыстарымен(амоний сулъфаты,хлорлы амоний,сусыз сулы аммиак)жатады. в)аммиакты-нитратты азотты тыңайтқыштарға аммиак селитрасы,аммиакаттар жатады. г)аммидті тыңайтқыштар құрамында амид формалары бар мочевина ,калъцийдің цинамиттері жатады. Нитратты тыңайтқыштар.Бұл тыңайтқыштарға натрий және калъций тұздары жатады.Әсіресе Чили селитрасы көп уақыт табиғи жағдайларда өндірілп келеді.Оның табиғи қорының таусылуына байланысты қазіргі кезде аммиакты тотықтыру арқылы алынады.Суармалы жерлерде егілетін күріш,мақта т.б.дақылдарға қолданатын селитралар тиімділігі тыңайтқыштарға қарағанда онша көп болмайды. Аммиакты тыңайтқыштар.Бұл тыңайтқыштар өндірісі нитратты тыңайтқыштарға қарағанда күрделі емес(аммиакты азот қышқылына тотықтырып керегі жоқ),ал аммоний сулъфаты бұрын тас көмір құрамындағы 0,5-1,5 азоты бар қосылыстардан алынып келеді.Қазақстанның және Орта Азияның қарақоңыр,сұр топырақтарында аммоний сулъфатының әсері топырақта қышқылды орта туғызбайды.Сондықтан олардың қышқылдық орта туғызбауынан зиянды жақтары кездеспейді әрі қолдануға болатындығы анықталды.Сондықтанда бұл тыңайтқыштар жерді жыртар алдында,күзде немесе көктемде беріледі.Олардың тиімділігі топырақтың қышқылдық және буферлік дәрежелеріне және дақылдардың түрлеріне қарай анықталады.Мысалы,қышқылды топырақтарда қолданылатын әк және фосфорит ұнынан кейін берілген аммиакті тыңайтқыштардың тиімділігі жоғары болады.1ц аммоний 1.3ц көмір қышқылы,калъцийді қанықтырып,бейтараптайды. Топырақтың қышқылды ортасына төзімділігі жоғары дақылдарға сұлы,күздік қара бидай,картоп аммоний сулъфатының туғызған қышқылдағы әсері етпейді,ал қара,сұр топырақтар негіздерге қаныққан,бейтарап болса,қолданылған аммоний сулъфаты натрий нитратына қарағанда төмен болмайды. Күздік бидайға нитратты немесе аммиакты - нитратты тыңайтқыштарды үстеп қоректендіру,ал суармалы жерлерде аммиакты тыңайтқыштарды қолдану жақсы нәтиже береді. Сұйық аммиакты тыңайтқыштар.Азотты тыңайтқыштардың аса қатты түрлерімен бірге сұйық түрлері де кездеседі.Құрамында 82.3 процент азот бар сусыз аммиакты арнаулы болатын жасалған жабық цистерналарда сақтайды.Топырақтың қатты бөлігінің аммиакты бойына сіңіру олардың механикалық құрамына, қарашірікке , ылғалдылығына, оларды қолданудың тәсілдері мен тереңдігіне байланысты болады. Мысалы, ауыр органикалық заттарға бай топырақтар жеңіл, оларды қолданудың тәсілдері мен тереңдігіне байланысты болады. Мысалы, ауыр органикалық заттарға бай топырақтар жеңіл, қарашірігі аз топырақтарға қарағанда аммиакты жақсы сіңіреді. Ал құмдақ топырақтарда аммоний тұздарының түзіліуі баяу жүреді. Сондықтанда жеңіл топырақта аммиакты бойына шамалы уақыт ішінде сақтайды және тез арада ұшып кетеді. Топырақ ылғалы жоғары болса олда соғұрлым ұзақ сақталады. Аммиак суы екі сортта шығарылады, бірінші сорт құрамында 20.5процент азот (25 процент аммиактын судағы ерітіндісі),екінші сортында 16.4процент(20 проценттік аммиак ерітіндісі). Олардың жерге сіңіруді арнаулы машиналармен ауыр топырақтарда10-12см, ал жеңіл топырақтарда14-18см тереңдіктерде жүргізу керек.Мұндай жолмен енгізілген тыңайтқыштар ұшып кетпейді.Жалпы тыңайтқыштарды біркелкі шашылуын реттеуде егіс алқаптарының қатар аралықтарын өңдеу жұмыстарымен ұштастыру басты рөл атқарады. Аммиакты-нитратты тыңайтқыштар.Бұл тыңайтқыштарға азот қышқылы аммонийдін тұзы жатады.Аммиак селитрасы ылғалды жақсы тартады әрі тез қатып қалады.Шашылу қасиеті дн төмендейді.Бұл жағдайда болдырмау үшін фосфориттің сұйығының, гипс каолитін т.б. аздап араластырып қосады.Мұның өзі аммиак селитрасын ыдыратпайды,тыңайтқыштардың түрлері аздап сарғыш түсті болады. Аммиак селитрасы басқа азотты тыңайтқыштар арасында әр түрлі топырақта егілген дақылдарға тиімділігі жағынан бірінші орын алады.Қазіргі кезде оларды қолдану қатарлап,жерді жыртар алдында және үстеп қоректендіру арқылы жүзеге асырылады. Амидті тыңайтқыштар.Жасанды мочевина құрамында 46процент азот болады,ал азотты тыңайтқыштардың қатты түрлерінің арасындағы концентрациясы жоғары болып саналады. Олардың басқа азотты тыңайтқыштарға қаоағанда айырмашылығы жоғары концентрациясын қолданғанда өсімдіктердің жапырақтарына зиянды жақтары байқалмайды.Жапырақ клеткаларында молекуляарлы формаларда сіңіп,өсімдіктердің пайдалануына мүмкіншілік жасайды.Оны қатарлап беруге де болады.Тиімділігін арттыруда оларды қолдану алдында басқа тыңайтқыштармен,құрғақ топырағпен араластырады.Сонымен мочевинаның құрамындағы азоттың көп,физикалық қасиеттің жақсы болуы,бұл тыңайтқыштарды көптеп шығаруға мүмкіндік жасады. Азотты тыңайтқыштарды сіңірген кезде өсімдіктердің әдеттегі далалық жағдайда топырақ құамындағы азотты бақылау варианттарына қарағанда 30-40процент мөлшерінде артық сіңіретіндігін таңбалы атом тәсілдерін қолдану кезіндегі агрохимиялық зерттеулер дәлелдеп берді. Еліміздің көптеген аймақтарында егілетін дақылдардың өнімділігін арттыруда азотты тыңайтқыштарға үлкен орын беріледі. 1тонна азот қосымша 10-15т астық, 20-30т шалғынды шөп, 30-40т қант қызылшасын, 5-6т мақтаның ұлпасын алуға көмектеседі.Ол сонымен бірге дақылдардың сапалық көрсеткішін жақсртады.Дәндегі мал азығының құрамындағы белок мөлшеріе көбейтеді.Оның тиімділігі ылғалы жоғары аймақтарда жақсы байқалады.Әсіресе шалғынды күлгін,қоңыр,орманды топырақтарда егілген дақылдардың өнімін жоғарлатуда азотты тыңайтқыштардың үлес салмағы 60-қа дейін жетеді. Дәнді-дақылдардың өнімін жоғарлатуда азотты үстеп қоректендірудің маңызы зор.Ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданатын азотты тыңайтқыштардың тиімділігі негізінен екі факторға - азоттың топырақтағы жылжымалы формалары мен ылғал қорына байланысты болады.Қазақстанның қара топырақтарының құрамында 0.6процент жалпы азот, 200-300мл - га жылжымалы түрлері болса, сұр топырақта 0.05процент жалпы азот және олардың жылжымалы түрлері 15-20мг-га болады. Осыған байланысты азотты тыңайтқыштардың қолданатын нормалары қара топырақтан күңгірт қара,қоңыр ,сұр топырақтарға қарай өсіп отырады. БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ: 1 Минералды тыңайтқыштар туралы түсінік 2 Минералды тыңайтқыштардың жіктелуі 3 Азот тыңайтқыштары,түрлері,қолданылуы ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі әдебиет: 1.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. 1.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е 1.3 Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы 1977.лешов.Р. Система применения удобрений 1994. 1.4 Агрохимия. Ягодин.Б.А., Жуков.Ю.П., Кобзаренко.В.И 2004. Мир. 1.5Муравин.Э.А. Агрохимия 2004. КолосС Дәріс 10, 11 Фосфор, калий тыңайтқыштары, маңызы, жіктелуі, сіңіру тәсілдері. Жоспар: 1 Тыңайтқыштар, маңызы. 2 Фосфор, калий тыңайтқыштарының маңызы, жіктелуі. Фосфорлы тыңайтқыштар. Өсімдіктер тіршілігіндегі фосфордың ролі. Фосфордың тотыққан қосылыстары барлық тірі организмдер тіршілігінде маңызды роль атқарады. Бірде - бір тірі клетка фосфор қышқылының туындыларынсыз өмір сүре алмайды. Нуклеопротеиндердің, яғни ядро клеткасының бөлігінде фосфор қышқылы болады. Белокта нуклеин қыщқылының қосылыстары бар. Олар басқа органикалық қосылыстар тәрізді жоғары полимерлі коллоидтік мінез көрсетеді. Бұл күрделі қышқылдар рибонуклеинді (РНҚ) , дезоксирибонуклеинді (ДНҚ) болып келеді. Олар 4 негізгі компонеттерден ( нуклеотидтерден ) тұрады. Оның құрылымындағы заттар организмдердің тұқым қуалау қасиетін сақтайды және белоктардың, т.б. қосылыстардың түзілуіне үлкен ықпал етеді. Нуклеин қышқылының құрамында фосфордың тотығы 20 процентке дейін барады. Өсімдіктердің барлық органдарында әсіресе жас кезінде фосфор көп болады. Қанттың фосфорлы қосылыстары, немесе қант фосфаттары олардың дем алуына күрделі углеводтардың түзілуіне, және әр түрлі қосылыстарға айналуына үлкен ықпал етеді. Оның үстіне жекелеген углеводтарға қарағанда фосфорлы қосылыстар әр түлі химиялық реакцияларға өте бейім келеді. Сол сияқты фосфордың органикалық қосылыстардың арасында аденозин үш фосфор қышқылы (АТФ) органикалық қосылыстардың түзілуіне қажетті энергияларды сақтап жинақтайды. Олардың құрамындағы адениннің азотты негіздері, рибоза углеводтары үш негіздегі фосфор қышқылының қалдықтарынан тұрады. Фосфордың минералды қосылыстары өсімдіктердің барлық органдарында, фосфорлы тыңайтқыштарды қолайлы нормаларда қолдануына қарамастан көп жинақталмайды. Бірақта топырақтарда жылжымалы фосфордың көп болуы немесе фосфорды дақылдарға кешіктіріп қолдану, азоттың т.б. қоректі заттардың жеткіліксіз болуы өсімдік құрамында фосфордың минералды қосылыстарын көбейтеді. Өсімдіктердің қоректенуіне қажетті фосфордың қосылыстарына орто фосфор қышқылының тұздары, сол сияқты пиро және полифосфаттарды жатқызуға болады. Олар суда гидролизденгенде (ыдырағанда) , ал мето фосфаттар гидролизденбесе барлық дақылдар жақсы пайдаланады. Топырақ ерітінділерінің бөрібұршақ тамыр жүйелерімен шектесетін жерлерінде рН 4,5-ке тең болса, беденікі 7 - 8 болады. Ф. В. Чириков СаО мен Р2О5 салмақ күйіндегі өзара ара қатынасы әсерінің болатынын, оны өсімдіктердің гүлдеген кезде, яғни қиын еритін тұздарды пайдаланатынын дәлелдеді, топырақ құрамындағы кальций ерітінділеріне бөлініп сіңірілуі фосфориттің ерітіндіде еритін тұздарға айналуын тездетеді. Мұның өзі өсімдіктің фосфорға мұқтаждығын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге өсімдіктердің фосфорды пайдалануы қоршаған сыртқы ортаға байланысты болады. Фосфор өсімдіктердің тұқымдарында, дәндерінде көп, сабандарында аз мөлшерде болады. Сонымен фосфорлы тыңайтқыштар өсімдіктердің өнімін және сапа көрсеткіштерін, суыққа және құрғақшылыққа төзімділігін арттырады. Мысалы, дәнді дақылдардың негізігі массадағы дәндерінің үлес салмағын, крахмал, белок т.б. қасиеттерін арттырады, жемістер құрамындағы углеводтарды , мақтаның талшықтарының қатылығын жоғарылатады. Топырақтың фосфорлы қосылыстарды бойына сіңіруі өте жоғары дәрежелерде өтеді. Олардың фосформен толық қанығуы үшін әр гектарға 5 тоннадан 10 тоннаға дейін Р2О5 қолдану қажет. Ал олардың жалпы қоры 1 гектар егіншілік жердің айдалатын қабатында 3, - 6 болатындығын ескерсек, техникалық және экономикалық көзқараста ондай нормаларда бүкіл егістікке фосфорды толық қолдану мүмкіншілігі болмайды. Кейінгі жылдары шай плантацияларында жыл сайын қолданған фосфорлы тыңайтқыштар топырақта <<өлі заттар>> есебінде мәңгі бекітілгендіктен өсімдіктер пайдаланбайды деген пікірлер айтылып келеді. Осыған байланысты кейбір зерттеушілер қымбат суперфосфаттың орнына арзан фосфорит ұның қолдану керектігін дәлелдеді. Әрі қолданған фосфорит ұнының ыдырауына топырақтың қышқылдығы ықпал етеді. Ал суперфосфатты суыртпақтап пайдаланғанда тыңайтқыштардың топырақпен көп жанасуы болмағандықтан фосфор қышқылының химиялық байланысын төмендетеді. Фосфорит ұнын қышқылды топыраққа енгізу тиімділігінің суперфосфаттан кем болмайтындығы анықталды, ал суперфосфатты пайдаланған жағдайда қатараралыққа енгізгенде топырақпен қатты араластырмайды. Топырақтағы фосфордың мөлшерлеріне олардың органикалық заттарды, ылғалдылығы, температуралар көп әсер етеді. Топырақтың шірінді қабатын суперфосфатпен араластырып, қолдану басқа да қоректік заттардың тиімділігін арттырады. Олардың құрамындағы фосфат иондарының топырақ бөлшектерінің химиялық байланысын төмендетеді. Буферлігін жоғарылатып, аммиакты, калийлі тыңайтқыштардың физиологиялық қышқылдығын әлсіретеді. Орыс ғалымы А. Н. Лебедянцев қара топырақтарды құрғатудың жылжымалы фосфор қышқылының мөлшерін көбейтетінін, әрі құнарлығын жақсартатынын дәлелдеді. Өсімдіктердің фосфорлы, азотты, калийлі қосылыстарды бойына аз сіңіруін мынадай себептермен түсіндіруге болады. Фосфат қорының диффузияға (қозғалғыштығы) ұшырауы , әрі химиялық , физика - химиялық байланысының берік болмауы өсімдік тамыр жуйелерінің тұтастай топырақ қабатына сіңбеуіне (олар топырақтың 1/250 бөлігін ғана қамтиды) әкеліп соғады. Фосфорлы тыңайтқыштар фосфор қышқылды кальцийдің әр түрлі негіздерде алмасқандықтан мына төмендегідей топқа бөлінеді: суда еритін 1 негізде алмасқаны, суда нашар еритіні (суда ерімей, әлсіз қышқылдарда еритін) 2,3 негізде алмасқан суда ерімей әлсіз қышқылдарда нашар еритін тұздар түзілмесе, әрі көп пайдаланбайды. Топырақтың қышқылдығы болған жағдайда суда еритін тұздар түзілмесе, әрі көп ыдырамаса жалпы фосфорлы рудаларды суда еритін күйдегі қосылыстарға айналдыру керек. Оларды алу жолдары төмендегі әдістермен жүргізіледі. Суперфосфат, ұнтақталған фосфордың рудаларын күкірт қышқылымен өңдейді. Концентрациялы суперфосфат немесе екі үш есе арттырылған түрлері. Жай суперфосфат құрамында 40 процентке жуық кальциий сульфатының болуынан тасымалдау жұмысы өте қымбатқа түседі. Оның үстіне құрамында үнемі кездесетін кальций сульфатын артық жүк (балласт) ретінде қарауға болмайды. Сортаң топырақтарда және күкірт, кальцийді көп керек ететін бұршақты дақылдарға қолданатын жай суперфосфаттың пайдасы мол. Қазіргі кезде фосфорға концентрациясы жоғары суперфосфатты дайындаудың екі сатысы бар. Ең әуелі фосфор рудаларын төменгі дәрежелердегі концентрацияларға қышқылдың ерітіндісімен өңдеп, фосфор қышқылын бөліп алады. Бұл түзіліп алынған фосфор қышқылы жоғарғы проценттегі фосфорлы бар рудалармен аралыстырылады. Балқытылған полифосфат. Қазақ ССР Ғылым академиясының химия ғылымдары институтында академик А. Бектуровтың басшылығымен алынды. Ол қышқылды-техникалық әдіспен Қаратау фосфорит рудасына экстрациялы қышқылдардың әрекеттесуі арқылы алынды. Олардың мынадай цитратты-ерітіндіде еритін 55 - 56 Р2О5 бар. Фторсызданған фосфат. Суперфосфат өнеркәсібі күкірт қышықылын өте көп жұмсайды. Әрі күкірт пирит минералдарының аз болуынан күкірт қышқылы жетіспейді. Қазіргі кезде фосфорлы шикізаттардан күкірт қышқылының қатысуынсыз тікелей ыдырату проблемасымен шұғылданып жатыр. Осыған байланысты термикалық өңдеу жұмыстарында фторсызданған суперфосфат дайындаудың маңызы артып келеді. Апатитты 2,3 процнет кремнеземмен араластырып 1400 - 1450º қыздырады. Тосамшлак. Темір рудаларын өңдегенде алынатын қосымша өнімдердің бірі болып саналады. Металл балқытылған конверторларға күйдірілген әк қосылады, онда түзілген фосфор ангидриді тетра кальцийдің фосфатын түзеді. Тосамшлак, фосфатшлакты фторы жоқ шлактардағы фосфорларды 2 процент лимон қышқылының ерітінділерімен анықтайды. Лимон қышқылдарында жақсы ериді туғызатын қышқылды ортасы күшті сілтілі, көбіне завод маңайындағы орналасқан шаруашылықтардың қышқылды және әлсіз қышқылды топырақтарында негізгі тыңайтқыш ретінде жерді жыртар алдында береді. Суперфосфатты қатарлап енгізу. Қазіргі кезде топырақтағы фосфордың кірісі мен шығысы (яғни балансы) дұрыс реттеліп келеді. Минералды органикалық тыңайтқыштармен бірге 20 кг/га фосфор енгізілгендіктен дақылдардың өнімдеріне кеткен фосфордың мөлшері жоғарыдағы көрсеткіштен анағұрлым төмен болады. Алайда көптеген дақылдар қолданылған фосфорлы тыңайтқыштарды өнім жинау кезінде көп мөлшерде пайдаланады . Ал қант қызылшасы, шай, мақта, картоп т.б. дақылдар жеткілікті мөлшерде тыңайтқыштардың барлық түрлерін (оның ішіндегі фосфорды) қолданып келеді. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс обылыстарында жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша, 10-15 киллограмм фосфорлы тыңайтқыштарды тәлімі жерлердегі парда егілген күздік бидайға қатарлап бергенде тыңайтылмаған алқаппен салыстырғанда қара қоңыр топырақта 3,2 центнер, ашық қара қоңыр топырақта 1,5, сұр топырақта - 1,7 центнер қосымша өнім аланды. Фосфорлы тыңайтқыштарды көрсетілген мөлшермен, тәсілдермен қолдану солтүстік облыстардағы егілген жаздық бидай өнімдерін өсіретіні анықталды. Кәдімгі қара топырақта 1,5 - 3,1 ц, оңтүстіктің қара топырағында 1,2 - 2,1, күңгірт қара топырақта 1,1 - 1,5 ц қосымша өнімдер алынды. Ал кейбір дақылдар, мақта, жүгері, күнбағыс қатарлап сіңірілетін фосфорлы тыңайтқыштардың мөлшерін көп қолданса, жандырып жібереді. Сондықтан оларды қолданғанда 7,5 - 10 кг/га арттырмау керек. Ал қант қызылшасы, картоп, т.б. 20 кг фосфорлы тыңайтқыштарды қатарлап енгізуге болады. Егістіктереде егілетін дақылдарға фосфорлы тыңайтқыштарды қатарлап енгізгенде мынадай ережелерді еске ұстауды қадет етеді. Тұқым мен қолданылатын тыңайтқыштар құрғақ, түйіршіктер жеткілікті түрде қатты, майдаланбайтын, бейтарап әлсіз қышқылды болғанда ғана қолдану керек. Мысалы, суперфосфат қышқылды болса 2 сағат ішіне араластырылған жағдайда күздік бидайдың түсімін төмендетеді. Төмен болса оларды дәндерді себер алдында 4 - 8 сағат, бейтарап болса бір тәулік бұрын араластырып қолдануға болады. Фосфор тыңайтқышын 15 кг/ га мөлшерінде қатарлап беру, әр түрлі дақылдарға қолданған 45 кг/га Р2О5 фосфорлы тыңайтқыштарына тең болады. Жоғарғыда аталған фосфорлы тыңайтқыштарды аз мөлшерлерде қолдану өсімдіктердің алғашқы көктеп шығу езінде жағдайларын жақсартса, негізгі тыңайтқыш ретінде жерді жыртар алдында беру олардың вегетациялық даму кезендерін толық қанағаттандыру үшін қолданылады. Мұндай жетімсіздік фосфордың суда ерімейтін формаларында, еритін қосылыстарға айналуы ақырын жүрген кезде байқалады. Оларды қолдануды негіздеудің мынадай факторларын ескеру қажет. Енгізу мезгілдері және тереңдігі, формалары (ерігіштігі) нормалары және басқа тыңайтқыштармен араластырып қолдану мүмкіншілігі, қышқылдық ортасы, бейтарап топырақтарда суда еритін фосфор қышқылдары тұздарының қолдану мерзімдері үлкен роль атқармайды, әрі олардың сілтіленіп жоғалуы байқалмайды, ал химиялық байланысуы кальцийдің дифосфаты түзілуімен шектеледі де өсімдіктер жақсы пайдаланады. Калийлі тыңайтқыштардың топырақпен әрекеттесуі. Калийлі тыңайтқыштар суда жақсы ериді. Топыраққа енгізілген калийдің ионы топырақтың коллоидты бөлігімен физика-химиялық жолмен және алмаспайтын формаларда сіңіріледі. Калийдің алмаспай топырақта сіңірілуі калиий енгізілгеннен кейін бір тәулікте өтеді. Барлық сіңірілу сыйымдылыған алмасып сіңірілетін калийдің үлес салмағы (1/4) болады. Топырақта өтетін калийдің физика-химиялық (алмасып) сіңірілу процесі реакция қатарына жатады. Мұнда сутек және Аl иондарының пайда болуы топырақта қышқылды орта туғызады. Калий топырақта алмасып сіңірілгенде топырақтың сіңірілген комплексіндегі басқа катиондармен (сутек, алюминий, кальций, магний, марганец) алмасуы эквивалентті түрде өтеді. Мұның өзі топырақ реакциясының ортасына, өсімдіктердің қоректенуіне әр түрлі жағдайлар туғызады. Калийлі тыңайтқыштар өзінің әрекеті жағынан физиологиялық тыңайтқыштар болғандықтан өсімдіктер сулы ерітінділерде калийдің катионының Сl және SO 2/4 аниондарына қарағанда жақсы пайдаланып, топырақтың сіңірілген комплексінде иондармен әрекеттесіп топырақ ерітінділерінде қышқылды орта туғызады. Алмасу реакциясының нәтижесінде тұз және күкірт қышқылдары түзіледі. Алмаспай сіңірілген (фиксациясы) калийдің әр түрлі топырақтардағы мөлшері жоғары болып келеді (80% дейін). Калийдің мұндай түрде сіңірілуі өсімдік үшін онша маңызды емес. Калийдің катионы ылғалданып, бөртілген топырақ бөлшектерінің арасындағы кеңістікке кіргенде теріс зарядталған оттек атомдары жан - жағынан тетраэдр қабаттарын түзеді. Мұндай жағдайларда калийдің жинақталуы жоғарлайды. Сонымен бірге топырақтарды құрғату және ылғалдау жұмыстарының қайталануы фиксациялауды өсіріп отырады. Топырақтағы калий қосылыстардағы өзгерістерді мына схемада келтіруге болады. Кристалл торындағы калий - алмаспайтын калий <-->алмаспайтын калий<--> топырақ ерітінділеріндегі калий. Калий тыңайтқыштарды топырақ бетіне енгізуге болмайды. Оларды сүдігерді жыртар алдында күзде жеткілікті мөлшерде және артық ылғалданған топырақтарға көктемде беріледі. Терең өңделемеген топыраққа егілген дақылдарды үстеп қоректендіру, оларды негізгі енгізуге қарағанда тиімділігі жоғары болмайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарына калийлі тыңайтқыштарды қолданудың ерекшеліктері. Ауыл шаруашылығы дақылдарына калийлі тыңайтқыштарды қолдану да топырақтың механикалық құрамы, жылжымалы түрлерінің мөлшерлері, дақылдардың биологиялық ерекшеліктері, әр гектардан алынатын жоспарланған өнім деңгейлері ескеріледі. Олардың тиімділігі құрғақ, шалғынды күлгін, шымтезекті батпақты сары және қызыл топырақта сол сияқты суармалы және ертеден пайдаланып келе жатқан сұр топырақты жерлерде жоғары болады. Ал қара сұр, қара қоңыр топырақты жерлерде тиімділігі онша көп болмайды. Сортаң жерлердің топырақтарында , олардың тұздануын өсіретіндіктен көп қолданбайды. Топырақтағы калийдің жылжымалы формаларын өсімдіктердің барлық түрлері пайдаланады. Сонымен бұл тыңайтқыштардың топырақтың төменгі горизонттарына мигарациялануы (қозғалуы) құмдық топырақтарға қарағанда жорғары болмайды. Ал механикалық құрамы жағынан орташа және ауыр болып келетін топырақтарда қолданатын калийді тыңайтқыш олардың қышқылдық ортасын көп сілтілендірмейді. Мұның өзі өсімдіктердің қоректенуіне қолайлы жағдай туғызады. Қара топырақтарда 12 кг/га, қызыл топырақта 40 кг/га болады. Сонымен калийлі тыңайтқыштарды қолдану, олардың аз қозғалуынан тиімділігі қолайлы қатынаста азотты, фосфорлы т.б. тыңайтқыштарды қолданғанда байқалады. Ал бір ғана калийлі тыңайтқыштарды қолдану құрғатылған шымтезекті, шымтезекті-батпақты топырақтарда барда қоректі элементтер жоғары болғанда жүргізеді. Құмдақ, шымтезекті-батпақты топырақтарда калийлі тыңайтқыштарды көктемгі жер жыртар алдында, ал суармалы жеңіл топырақтарда олардың аздаған бөлігін үстеп қоректендіру арқылы да беруге болады. Көптеген дақылдар күнбағыс, темекі, көкөніс, қант қызылшасы мал азығындық тамыр жемістілер, сүрлемдік, жеміс жидекті дақылдар калийді жақсы пайдаланатындықтан бірінші кезекте калийлі тыңайтқыштар жоғарыдағы аталған дақылдарға беріледі. Дәнді дақылдар қант қызылшасы, мал азығындық тамыр жемістілерге т.б. құрамында хлоры бар тыңайтқыштардың ешқандай зияны байқалмайды. Әрі олардың құрамында натрий болса олар шикізат есебінде, немесе хлорлы калийлі тыңайтқыштармен араластырып беріледі. Ал хлорға сезімталдығы жоғары дақылдарға қарағанда неғұрлым хлорлы азын мысалы, картопқа күкірт қышқылды калий, калимагнезия сіңіріледі. Ал карбонатты (әкті) топырақта кальцийдің көп болуы қолданылған калийлі тыңайтқыштардың құрамында антогонистік қарама-қарсы қасиеттер көрсететіндіктен өсімдіктердің калийлі тыңайтқыштар құрамындағы пайдалану коэффициенті әр түрлі климат-топырақтарда кең көлемде өзгеріп , ауытқиды (12 - 15%) . Енгізілген жылы калийді пайдалануы көбінесе 40 процентке, ал калийді сүйетін отамалы дақылдар үшін одан да жоғары болады. Микротыңайтқыштар, микроэлементтердің маңызы, олардың табиғи қосылыстарда кездесуі. Ауыл шаруашылығында қолданылып келе жатқан химиялық элементтер арасында бор, марганец, мырыш, мыс, молибден, кобальт жер қыртысындағы өсімдіктер мен басқа да тірі организмдер құрамында аз болғандықтан микроэлементтер қатарына қосылады. Жер жыртысында олардың басым көпшілігі қосылыстар күйінде, ал кейбіреулері ( мыс, кобальт) бос күйінде де кездеседі. Сондықтан кез келген микроэлементтер әр түрлі топырақтарда өсетін өсімдіктердің өзіне тән және физиологиялық жеке роль атқарады. Бір микроэлементтің әсері екінші микроэлементтің орнын толтыра алмайды. Микроэлементтерді егіншілікте қолданудың теориялық және практикалық негіздерін жасауға, олардың жекелеген түрлерінің өсімдіктердің тіршілігінде қандайлық физиологиялық роль атқаратының түсіндіруге негіз қалады. Бақылау сұрақтары: 1 Тыңайтқыштар, маңызы. 2 Фосфор, калий тыңайтқыштарының маңызы, жіктелуі. Фосфорлы тыңайтқыштар. Өсімдіктер тіршілігіндегі фосфордың ролі. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі әдебиет: 1.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. 1.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е 1.3 Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы 1977.лешов.Р. Система применения удобрений 1994. 1.4 Агрохимия. Ягодин.Б.А., Жуков.Ю.П., Кобзаренко.В.И 2004. Мир. 1.5Муравин.Э.А. Агрохимия 2004. КолосС Дәріс 12, 13 Микротыңайтқыштар, комплексті тыңайтқыштар. Маңызы, турлері, қолданылуы. Жоспар: 1 Микротыңайтқыштар, комплексті тыңайтқыштар. 2 Маңызы, түрлері. Ауыл шаруашылығында қолданылып келе жатқан химиялық элементтер арасында бор, марганец, мырыш, мыс, молибден, жер қыртысында өсімдіктер мен басқа да тірі организмдер құрамында аз болғандықтан микроэлементтер қатарына қосылады. Жер жыртысында олардың басын көпшілігі қосылыстар күйінде, ал кейбіреулері (мыс кобальт) бос күйінде де кездеседі. Сондықтан кез-келген микроэлементтер әр түрлі топырақтарда өсетін өсімдіктердің өзіне тән және физиологиялық жеке роль атқарады. Бір микроэлементтің әсері екінші микроэлементтің орнын толтыра алмайды. Микроэлементтерді егіншілікте қолданудың теориялық және практикалық негіздерін жасауға, олардың жекелеген түрлерінің өсімдіктердің тіршілігінде қандайлық философиялық роль атқаратынын түсіндіруге негіз қалады. Өсімдіктердің микроэлементтермен дұрыс қоректену ілімін дамытуда совет ғалымдары Я.В.Пейве, М.В.Қаталымов, П.А.Власюк, О.Қ.Кедров және басқалар көп еңбек етті. Қандай макро және микроэлементтердің топырақтарда ауытқымалы мөлшерде болуы биогеохимиялық аммиак деп аталады. Топырақтағы белгілі макроэлементтердің нормадан тыс ауытқуы байқалатын аудандардағы адам мен мал ауруларына қарсы күресте үлкен роль атқарған. Белгілі географиялық аймақтарда өсетін өсімдіктерде бірқатар өзгеше өзгерістер (биологиялық реакция) білінеді. Бұл өзгерістер ауру сипатын өзгертеді, кейде тіпті өсімдіктердің тіршілігін жойып, олардың ерекше жағдайларға бейімделу процесіне әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде сол аймақта ғана әдеттен тыс құбылыстар дамиды. Мұның өзі топырақтардың қандай микроэлементтерге бай және кедей екендігін олардың әртүрлі геохимиялы қ аймақтарда орналасуын, микроэлементтерді ауыл шаруашылығына тиімді қолданудың әдістерін анықтауға, әрі оны болашақта жоспарлауға көмектеседі. Егер еліміздегі топырақ құрамында микроэлементтер совет ғалымы А.В.Виноградовтың зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша 1 килограмм топырақта мыстың жалпы қоры 20 мг, марганец 850, кобальт -8, молибден 3, бор - 10 мг болса, Қазақстанның топырақтарының аталатын қабатында бор 52,1 -70,2 мг, мыс 28,7-20,6 мг, мырыш 47-57, марганец 603-729, молибден 1,2-1,4, кобальт -7,9-8,7 мг аралығында кездеседі. Қазақстанның барлық топырақтары мыс, мырыш, кобальттың жалпы қоры жағынан одақ көлеміндегі көрсеткіштерге қарағанда орташа дәрежеде десек, ал бор жоғары, молибден төмен болып келеді. Бордың өсімдіктердегі углеводтың қозғалысына, алмасуына маңызы зор. Бор жеткіліксіз болса, өсімдіктің жапырақтарына қантпен крахмал аз жиналады да олардың тамырға бір қалыпты таралу режимі бұзылады. Бұл комплексті қосылыстар теріс зарядталғандықтан бор қышқылының бастапқы қасиетін өзгертіп, әрі белсенділігін арттырады, белокты қосылыстардың алмасуы жылдамдатылады. Бор жетіспегендіктен қант қызылшасының өзегі ауруға шалдығады және құрғақ күйінде шіри бастайды. Мұндай жағдай Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының қант қызылшасын өсіретін аудандарда жиі кездеседі. Өсімдіктердің құрғақ затындағы бордың мөлшері бірдей болмайды, бірінде көп, бірінде аз кездеседі. Ол өсімдіктердің фотосинтез процестерінің дұрыс жүріп тамыр жүйесінің өсуін тездетеді. Оның өзі өсімдіктердің құрғақшылық және тұзсыз жағдайларға төзімділігін жақсартады. Ол өсімдіктердің калий мен азотты пайдалануын тездетсе, фосфорды пайдалануын кешіктіреді. Өсімдіктердің 1кг құрғақ массасының құрамында бордың мөлшері 2 миллиграммнан 10 миллиграмм аралығында өзгеріп тұрады. Бордың ең өп болуы, қант қызылшасында көкнар тұқымдас өсімдіктер құрамында ал аз болуы дәнді дақылдар егістігінде орташа дәрежеде бұршақты дақылдарға байқалады. Оның өсімдіктер құрамында жетіспеуі әр түрлі ауруларға - хлороз, шіріндіге душар болуынан әкеліп соғады. Сонымен бірге бор -- марганецтің, мыстың, алюминийдің уытын жойып, калийдін сіңірілуін күшейтеді, хлор мен азоттьщ сіңуін азайтады, ал аммиакпен салыстырғанда нитратты азоттын, пайдаланылуын арттырады. Өсімдік тканьдарын, әсіресе оның тамырларын оттекпен қамтамасыз етуді жақсартады. Басқа да микроэлементтер (марганец, иод, мыс, мырыш) сияқты бордың ерекше бір "маңыздылығы, ол өсімдіктердегі тотықтыру процестерін реттеуге көмектеседі. Органикалық заттарды түзу үшін өсімдікке азоттың, фосфордың, калийдің және кальцийдіц түсуін шұғыл арттырады. Бұл элемент жер қыртысы таралуы жағынан химиялық элементтер арасына 37- орынды иемденеді. Адамдар бұл элементтерді пайдалануды біздің заманымыздан мың жыл бұрын білді. Жер қыртысынан бор әртүрлі қосылыстар күйінде (бор) қышқылы (Н3ВО3), бура (Nа2B4O7*10H2O), ашарит (2MgO*B2O3), гидробордит (CaO*MgO*3B2O3*6HO), (NaCaB2O3*5H2O) улетсит және басқа түрінде кезінде кездеседі. Жер жүзінде бүл минералдың жалпы қоры 100 -- 300 млн тонна болса, өндірілуі 1980 жылдары 2,4 млн тоннаға жетті. Бордың кен қоры -- біздің елімізде, АҚШ пен Аргентина, Турцияда, тағы да басқа жерлерде көп шоғырланған. Оның үстіне бордың қосылыстары вулканды, батпақты, мұнай және минералды ыстық сулар шығатын жерлерде жиі кездеседі. Органикалық заттардың құрамына кіретін марганец олардың органикалық қышқылдарды тотықтырады. Мұнда органикалық қосылыстар құрамындағы көміртектердің байланысы С -- С үзіліп, көмір қышқыл газы мен су бөлініп шығады. Фотосинтез процесінде өсімдіктерден оттек бөлініп шықса, демалғанда көмір қышқылын бойына сіңіреді. Осы сарында өтетін реакциялар марганецті қосылыстардың қатысуынсыз жүруі мүмкін емес. Марганецтің әр түрлі дәрежедегі валенттілігінен (2, 3, 4, 5, 6, 7) олардың бір-бірімен ауысуын бұл элементті микроэлементтер арасындағы ең реакцияға бейім, әрі белсенді деп санауға мәжбүр етеді. Өсімдік организмдерінің 100 грамында орта есеппен 0,05 мг шамасынан артық болмайды. Молибден. Оның өсімдіктер организміндегі маңызын жер жүзінде бірінші рет 1912 -- 1913 жылдары Д. Н. Прянишников анықтаған болатын. 1930 -- 1936 жылдары Н. Бортьева молибденді қолданғанда кейбір өсімдіктердің азотты ауадан жақсы пайдаланатынын анықтады. Молибден бөтен микроэлементтерге қарағанда жер қыртысында анағұрлым аз кездеседі. Молибден өсімдіктер кұрамында жеткіліксіз екендігін кем алынған өнім мөлшерінен ғана емес, оның өсіп-өнуі кезіндегі сыртқы белгілерінен де байқауға болады. Молибденнің тағы бір ерекшелігі сонда, ол нитраттарды тотықсыздандыратын амин қышқылдарының түзілуіне жағдай жасайды. Мұның өзі нитраттарды өсімдіктерге теріс ықпалын кемітуге қышқылдық ортаның азаюына әсер етеді. Мыс. Өсімдік құрамында мыстың кездесетіні бұдан 160 жыл бұрын белгілі болды. 1931 жылдан бері мыстың әр түрлі өсімдіктердің өсуін, дамуын тездететіні анықтала басады. Соның нәтижесінде көптеген дақылдардың мыстың иондарынсыз өсе алмайтыны белгілі болды. Ол өсімдіктерде өтетін әр түрлі биохимиялық процестерге белок және нуклеинді алмасу реакцияларына катысады. Мыс иондары амин қышқылдары құрамына кіретін комплекстер түзеді. Мыстың катысуымен жоғарыдағы амин қышқылдары ұзыннан ұзақ күрделі органикалық қосылыстар түзіледі және оның химиялық кұрамына әсер етеді. Мысты мырыш сияқты дақылдардың товарлы өнімдері (дәні түбір) жақсы пайдаланады. Өсімдіктер мен жануарлардың бірқалыпты өсіп, жетілуі үшін шағын мөлшерде болса да мыс қажет. Ол хлорофилл сияқты аса күрделі органикалық қоспалары синтездеуге тұрақтандырып оны бүлінуден қорғауға катысады. Клеткаларына болатын тотықтандыру процестеріне қатысып, ферменттердің кұрамына кіреді, ал ферменттердің кейбіреулері В12 тобындағы витаминдердің әрекетін күшейтіп, өсімдіктердегі углевод пен белоктардың алмасуына әсер етеді. Топырақта мыс жеткілікті болса, өсімдіктердің грибок ауруына шалдығуы азаяды. Мысалы, мыстың тұзы. картопқа тамырдан тыс үстеп коректендіру арқылы берілсе, оның <<көк>> және <<қызыл шірік>> ауруына шалдығуы азайып, түйнектерінің әр алуан дертке төзімділігі арта түседі. Өсімдіктерде белоктарды синтездеуде мыстың жақсы әсер ететіндігі және осының аркасында өсімдік тканьдерінің су ұстау қабілетінің артатындығы, ал жеткіліксіз болса ткань коллоидтерінің суды ұстау қабілеті нашарлайтыны белгілі. Астық тұқымдас дақылдар мұндай ауруға шалдыққанда жапырақтары барлық жеміс ағаштарының ұштары құрайды немесе солып қалады. Кобальт. Өсімдіктің құрамында кездесетінін алғашқы рет біздің елімізде анықтаған адамдардың бірі академик В. Н. Вернадский еді. Өсімдік кұрамындағы оның орташа мөлшері 1 кг құрғақ массаға шаққанда 0,05 -- 11,6 мг болады. Олар өсімдіктердің, барлық түрлерінде кездеседі. Олардың ішінде теңізді суларда өсетін өсімдіктерде көп, ал тұщы суларда, батпақты және теңіз жағалауындағы өсімдіктер құрамында аз болады. Мұның өзі осы өңірлерде мал шаруашылығын дамытатын шаруашылықтардағы малдың әр түрлі ауруға ұшырауына әсерін тигізеді. Кобальт өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін күшейте түседі. Өсімдіктердің кобальтты пайдаланудағы ерекшелігі, топырақтан сіңіріп алған кобальттың төрттен үшіне дені өсімдіктің ұзақ тамырына жиналып қалатындығында. Көкөніс дақылдарына кобальттың әсер ететінін зерттегенде, кобальт қолданылған алқаптар түсімінің артатындығы анықталды. Мұнымен қатар, өсімдіктердің химиялық құрамы өзгеріп, хлорофил және аскорбин қышқылы, құрғақ заттардың мөлшері едәуір артады. Ауыл шаруашылық өндірісіне кобальт бар микротыңайтқыштарды енгізу проблемасын шешкенде қазіргі уақытта бұл тыңайтқыштар да өнеркәсіп орындары шығармайтындықтан, осы тыңайтқыштар алынатын ортаны табу аса маңызды мәселе болып есептеледі. Егістікке шашылатын көң құрамында көптеген микроэлементтер бар. Аткирсонның (1931) зерттеу жұмыстарының қорытындылары көрсеткеніндей 1 кг көңде құрғақ заттарға шашқанда бор 4,5 - 52мг , марганец 75 - 549, кобальттың 0,25- 4,7, мыс 7,6- 40,8, мырыш 43-247, молибден 48-4,18 миллиграмдай болады. Сол сияқты біздің республикада түсті қара металлургияның қарқынды дамуы олардың қалған қоқыстарын микро тыңайтқыштар ретінде пайдалану кеңінен өріс ашты. Борлы тыңайтқыштар топырақ құрамында бордың әртүрлі болуы мен оны өсімдіктердің пайдалануы біркелкі болмағандықтан олардың қорын түрліше дәрежелерде үнемі кемітіп отырады. Өсімдіктерден борды ең көп пайдаланатыны қант қызылшасы, одан кейінгі мал азығындық, тамыр жемісті, картоп, көкөніс, сондай-ақ дәнді дақылдар болып табылады. Борлы тыңайтқыштардың қолданудың тағы да бір тиімді әдісі - тұқымды олардың ерітінділеріне салып өңдейді. Марганец тыңайтқыштар. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы дақылдарына күкірт қышқылы марганец тұзы, марганецтің өнеркәсіптік қалдықтары, марганецтелген суперфосфат ертеден қолданылып келеді. Көптеген зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша, олар қант қызылшасының дәнді дақылдардың картоп, темекі, мақта, көкөніс т.б. өнімдерін арттыруға болатындығын көрсетеді. П.А.Власюктің күлгін топырақта егілген қант қызылшасының өнімін 14-21 ц, қанттылығын 0,1-0,3 порцентке өсіріп, олардың әсері азотты, фосфорлы және калийлі тыңайтқыштардан кем түспейді. Оларды басқа микротыңайтқыштар тәрізді әртүрлі тәсілдерде қолдануға болады. Егер де марганецті тыңайтқыштарды жерді жыртар алдында бергенде өнімін 3 ц, олардың 0,5-0,1 проценттік ерітіндісімен үстеп қоректендіргенде 7,7 центнерге арттырды. Жерді жыртар алдында марганецті тыңайтқыштарды қолданғанда күздік өнімін 3-2 ц, жаздық бидайды 2,2, арпаны центнерге арттырды. Мысты тыңайтқыштар. Бұл тыңайтқыштарды құрғатылған шым тезекке бай жерлерді егістікке айналдыру үшін пайдаланылады. Бұл жерлерде олардың жылжымалы түрлері өте аз болады. Күкірт қышқылы мыс тұзы пирит колченданымен қағаз цилиоза өнеркәсібінің қалдығы мыс тұзының ұнтақталған талькпен бірге пайдаланылады. Мырышты тыңайтқыштар. Біздің елімізде мырышты тыңайтқыштар күкірт қышқылы мыс тұзы мен мырыш тұзын ұнтақтау арқылы техникалық тальктен пайдаланылады. Болашақта мырышты тыңайтқыштардың органикалық қосылыстары дайындалып келеді. Мырышты ауыл шаруашылығы дақылдарына микро тыңайтқыштар есебінде кең көлемде совет ғалымдары П.А.Власюк, И.К.Онишенконов басшылығымен 1930 жылдардан бері қолданылып келеді. Молибденді тыңайтқыштар. Бұл тыңайтқыштар молибден қышқылы аммоний, молибденді аммонийлі натрий, электролампа өндірісінің қалдықтары молибден және қос суперфосфат пен араластырған қосылыстары түрлерінде шығарылады. ХХ ғасырдың басында молибден қосылыстарының ауыл шаруашылығы дақылдары өнімдерін жоғарылататынын алғаш ашқан академик Д.Н.Прянишников болды. Молибден қышқылды аммоний тұзы суда жақсы еритіндіктен жерде тұқым себер алдында өңдейді, немесе дақылдардың өсіп - өнуі кеңінен үстеп қоректендіру арқылы тыңайтады. Тұқым себер алдында өңдеу 1центнер асбұршақ пен сиыр жоңышқаға 20-26 грамм, мақта, бөрібұршақ, мал азығындық бұршақ өсімдіктеріне 30-50, беде, жоңышқа, көкөністі дақылдарына 600-500 грамм мөлшерден молибден қышқылының тұздерын араластырады. Тұқым ірі дақылдардың 1 центнеріне 2 литр, тұқымына майда дақылдарға 5 литр су араластырылады. Үстеп қоректендіргенде 100-200 гр молибден тұзын 200-400 литр суда ерітіп қолданады. Кобальтті тыңайтқыштар. Бұл тыңайтқыштардың ауыл шаруашылығы дақылдары өніміне әсері киінгі 20-30 жылға ғана белгііл болды. Сондықтан басқа микротыңайтқыштармен салыстырғанда онша көп қолданылмайды. Тыңайтқыштар ретінде кобальттың хлорлы, сульфатты, ниратты таза қосылыстары осы тұздардың суперфосфатпен қоспалары белгілі. Кейбір өнеркәсіп қалдықтары да осы мақсатта пайдаланып келеді. Кобальттың тағы бір маңыздылығы адамдар мен мал организдеріндегі әртүрлі физиологиялық процестерді тездетуі. Кобальттың мал азығында болмауы олардың авитаминоз ауруына ұшырауына витамин В12 синтезінің бұзылуына әкеліп соғады. Қазіргі кезде мал азығында кобальттты аймақтарда олардың тұздарының қосындысын белгілі рационды қосады немесе құрамында аз топырақтарда егілетін дақылдарды кобальт тыңайтқыштарымен тыңайтады. Біздің елімізде әртүрлі биогеохимиялық аймақтарда макроэлементтерге жасалған картогрммаларды көрсетілгендей кобальттың жалпы жылжымалы түрлері құрғақ далалық шөлейт және жартылай шөлейт жерлерде аз күйінде, Кольск түбегі, Кавказда, Донецк бассейні топырақтарында көп болады. Бақылау сұрақтары: 1 Микротыңайтқыштар, комплексті тыңайтқыштар. 2 Маңызы, түрлері. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі әдебиет: 1.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. 1.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е 1.3 Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы 1977.лешов.Р. Система применения удобрений 1994. 1.4 Агрохимия. Ягодин.Б.А., Жуков.Ю.П., Кобзаренко.В.И 2004. Мир. 1.5Муравин.Э.А. Агрохимия 2004. КолосС Дәріс 14-15 Органикалық тыңайтқыштар.Тыңайтқыштарды қолдану жүйелері. Жоспар: 1 Органикалық тыңайтқыштардың маңызы. 2 Органикалық тыңайтқыштың түрлері. Органикалық тыңайтқыштар ауыл шаруашылық дақылдарының мол өнім алу үшін аса маңызға ие.Органикалық тыңайтқыштарға сабан,көн,құссанғырғы,өнеркәсіпқалдықтары,жасылтыңайтқыштар,бактериалды тыңайтқыштар жатады.Көң көбіне жартылай қызған кезде кез-келген ауыл шаруашылық дақылдарына,әсіресе вегетациялық өсу дәуірі ұзақ болатын және алынатын өнімі тыңайтқышқа тікелей байланысты дақылдарға беріледі.Қышқылды күлгін топырақтарда егілетін көп жылдық шөптерге көңді қолдану әкпен және фосфорлы - калийлі тыңайтқыштармен ұштастырылады,ал отамалы және дәнді дақылдарға жерді көктемде,күзде сүдігерге жыртар алдында беріледі, Көңнің сапасы мен басты көрсеткіштерінің бірі көміртектің азотқа (C:N) қатынасы мен жалпы азот қоры болып саналады.Көң құрамындағы жалпы азоттың қоры абсолюттік құрғақ массаға есептегнде 2 проценттік көміртегінің азотқа қатынасы 20:1 - ден аспаса кез-келген дақылдарға қолдануға болады. Сабан.Сабан құрамында орта есеппен 0,5 процент азот,0,25-Р2О5 және 0,8 процент калий бар.Көптеген шаруашылықтар мал азықтарын дайндау жоспарларын орындаған жағдайларда,шаруашылықтарда жиналған сабандар пайдаланылмай қалады.Мұндай жағдайларда оларды малға төсеніш және орылып болған егіс алқаптарына тыңайтқыштар ретінде қолданады.Ол үшін тыңайтқыш арасында сабанды (азотты,фосфорлы және сұйық тыңайтқыштар мен бірге)майдалап,топырақ бетінде бірдей тепе-теңдікте шашып тастайды.Мұның өзі топырақтағы ылғал қорын сақтауға,олардың ағып кетпеуіне физика-химиялық қасиеттерін жақсартып,су және жел эрозиясынан қорғап,құрылымын едәуір дәрежелерде жақсартуға ықпал етеді.Соныман сабанды азотты,фосфорлы тыңайтқыштар мен бірге жерді жыртар алдында енгізу көптеген алқаптарда көңнің жетіспеуіне байланысты топырақ құрылымын,құнарлығын сақтауда шешуші рөл атқарады .Сабанды әуелі қыршуышпен 5-7 м тереңдікке сіңіреді де одан әрі терең етіп жыртып тастайды. Құс саңғырығы.Қазіргі Қазақстанның құс фабрикаларында 400 мың тонна құс саңғырығы жинақталады да,оның құрамында қоректік заттар қоры 2-2,5 мың тонна көңге бара-бар болып саналады.Бір жылда100 тауықтан 6-8 ц, үйректен 8-10 және қаздан 10- 12 ц саңғырық алынады.Олардың құрамында қоректік заттар қоры құстардың жемделуіне,түрлеріне қарай өзгеріп отырады.Құс санғырағы жаңадан дайндалған кезде азоттың формаларының ұшуы байқалмайды.Алайда сақталу мерзімі ұзарған сайын олардың жоғалуы да ұлғая бастайды.Зәр қышқылы көмір қышқылды амонийге,одан әрі көмір қышқылы амиакқа ыдырап кетеді.Сақталған көңдегі азоттың жоғалуы 1,5-2 ай ішінде 38-60 процент аралығында ауытқып тұрады.Олардың оңдап жоғалмалы болдырмау немесе біршама кеміту үшін барлық массаның ішінде 7-10 пройент ұнтақталған суперфосфат немесе 25-50 процент құрғатылған,шіріген көн араластырады.Құстың саңғырығы мен шым тезекті арнаулы қазылған бетондалған шұңқырларға салып, олардың әрбір тоннасына 50 кг фосфогибс араластырғанда құрамындағы азоттың жоғалуы 10 есе төмендеп,жағымсыз истері болмаған.Сол сияқты бастапқы санғырық құрамында ағаш үлгілерін қосқанда, азоттың жоғалу ы онша көп байқалмайды. Бақылау сұрақтары: 1 Органикалық тыңайтқыштардың маңызы. 2 Органикалық тыңайтқыштың түрлері. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі әдебиет: 1.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. 1.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е 1.3 Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы 1977.лешов.Р. Система применения удобрений 1994. 1.4 Агрохимия. Ягодин.Б.А., Жуков.Ю.П., Кобзаренко.В.И 2004. Мир. 1.5Муравин.Э.А. Агрохимия 2004. КолосС Зертханалық сабақ Топырақты анализге әзірлеу. 1-4 Анализ үшін құрғақ топырақтан 10-30 грамнан (саз топырақтан 10-15 г, құмайт топырақтан 20-30 г ) екі өлшемдік алып, бірінен жеке бөлшектерді, екіншісінен жұмыс кезіндегі шығынды анықтайды. Карбонатсыз топырақтағы Ca , Mg иондарын кетіру үшін өлшемдіктің әр қайсысы жеке-жеке фарфор табақшаға салып, үстіне 0,05 н. Тұз қышқыл ерітіндісін қосып, бір сағат бойы шыны таяқшамен араластырып, сүзгіден өткізеді. Сүзіндінің бірі кептіріліп құрғатылуы керек. Кейін сүзіндіде Са иондары байқалмайынша 0,05 н. Тұз қышқылы ерітіндісімен шаяды. Са иондары шайылғаннан кейін тұз қыщқылының артық мөлшерін кетіру үшін 100 мл дистилденген сумен шаяды. Карбонаты топырақтардың өлшемдігінің әрқайсысына 200 мл 0,2 н тұз қышқылын қосып карбонатты бұзу қажет. Ол үшін қышқылдың 1/3 бөлігін өлшемдікке қосып, бір сағат ішінде 5-6 рет қозғап араластырып, тұндырады. Кейін тұнбаны сүзгіге ауыстырады. Сүзгіштегі тұрбаның бірі кептіріліп құрғатылуы керек. Өлшемдікті екіншісіне тұз қышқылының екінші бөлігін қосып араластырып, тұндырып сүзгіге ауыстырады, бұдан кейін тағы да қышқылдың үшінші бөлігін қосып араластырып, тұндырып, сүзгіге ауыстырады. Кейін сүзіндіні Са иондары байқалмағанға дейін 0,05 н. тұз қышқыл ерітіндісімен шаяды. Ал өлшемдіктегі қышқылдың артық мөлшерін кетіру үшін 100 мл дистилденген сумен шаяды. Одан әрі сүшгіштегі өлшемдіктің бірін салмағы өлшенген кептіргіш ыдысқа салып, 105 градус температурада (тұрақты салмаққа келгенше) ысытады. Өлшемдікті тұз қышқылымен өңдегенде, онда еріген заттың мөлшерін өлшемдіктің бастапқы салмағын тұз қышқылымен өңдегеннен кейінгі салмағын шегеріп табады. Құрғақ топырақты өңдегендегі щығынның проценттік шамасын мына формула бойынша табады. а- граммен алынған анализ кезіндегі щығын; с- анализге алынған топырақ өлшемділігі К- құрғақ топыраққа алынған түзету коэффциенті. Құрғатылмаған сүзгідегі екінші топырақ өлшемдігін жуғыш көмегімен көлемі 750 миллиметрлік колбаға түсіріп, денгейін 250 миллиметрлік белгіге жеткенше үстіне дистилденген су жане 0,5-6 мл, 1 н. күйдіргіш натр ерітіндісін (мысалы, қара топырыққа 5-6 мл, қоныр топыраққа 2 мл, қызыл топыраққа 2 мл, сор, сортаң топыраққа - 2,5 мл ) қосады. Әзірленген суспензияны шыны түтік орнатылған резинка тығынмен жауып, бір сағат бойы қайнатады. Тақырып: Азотты анықтау әдістері. 5-8 Колориметриялық әдіспен топырақтағы нитратты, Аммиакты және жалпы азотты анықтау. Нитратты азотты анықтау. Топырақтағы нитратты азотты дистилденген сумен бөліп Грандвал-Ляж әдісі бойынша сілтілік ортада дисульфофенол қышқылын қосқанда сары түске боялатын фенолдың нитро қослыстарының түзілуіне негізделге Жұмысты орындау. Жаңа алынған 20г топырықты 250-500мл колбаға салып, үстіне 100мл дистилденген су қосып, 2-3 минут араластырып, қатпарлы сүзгіден өткізеді.Өте таза сүзіндінің 50 миллилитрін фарфор табақшаға құйып суалтады. Құрғақ қалдық салқындағаннан кейін табақшаға 10-15 мл дистилденген су қосып, тағы да әбден араластырады. Кейін алынған ерітіндіге 20 проценттік күйдіргіш натр ертіндісін жойылмайтын сары түс пайда болғанша шыны таяқшамен араластыра отырып қосады. Одан әрі үлгі және зертелетін ерітіндіні 100 мл таза колбаға ауыстырып, үстіне белгісіне келгенше дистилденген су қосып колориметрлейді. Есте сақтайтын нәрсе зерттелетін ерітіндінің түсі үлгі ерітіндінің бірінің түсіне сай болуы керек. 100 г құрғақ топырақтағы нитратты азоттың миллиграм мөлшерін мына формула бойынша есептейді. Мұндағы а-үлгі ерітіндінің титрі, б-зерттелетін ерітіндімен салыстырылған үлгі ерітіндінің көлемі (мл) к-колориметрдегі үлгі ерітіндінің шкала бойындағы биіктігі (мм) л-колориметрдегі зерттелетін ерітіндінің шкала бойындағы биіктігі (мм) н-алынған құрғақ топырақтың салмағы 0.226-HNO3 есептеуге түзету коэффицтенті. 100-100г құрғақ топырақты талдауға арналған түзету. Тақырып: Аммиакты азотты анықтау. 9-15Топырықта аммиакты азот (ауыспалы) иондары суда ерігіш тұздар түрінде кездеседі. Оны топырақтан 1 н.хлорлы калий ерітіндісімен бөліп колориметриялық әдіспен анықтайды. Ол әдіс Н+ иондарының Несслер реактивінде сары түске боялуына негізделген. Ерітіндіден иондарын анықтауға иондары зиянды болғандықтан ерітіндіге сегенет тұзын ( ) қосады.Жұмысты орындау. Жаңа алынған 20г құрғақ топырақты 250-500 мл колбаға салып, үстіне200 мл 1 н. хлорлы калий ерітіндісін құйып, 5 минуттай аралыстырып келесі күнге қалдырады. Кейін ерітіндіні араластырып хлорлы калий ерітіндісімен жуылған қатпарлы сүзгіден өткізеді. Алынған сүзіндінің 40 миллилитрге 50 миллилитрлік колбаға құйып, үстіне 2 мл сегенет тұзын және 2 мл Несслер реактивін қосып араластырады да ерітіндінің көлемін 50 миллилитрге жеткенше дистилденген су қосып араластырады. Сонымен қатар азот қышқыл аммоний тұзынан әзірленген үлгі еретіндіден колбаға 5,10,15,20 миллилитрін құйып, үстіне 40 мл дистилденген су қосып көлемін 50 мл дистилденген су 2 мл сегенет тұзын қосып араластырады, кейін үстіне дистилденген су қосып араластырады, кейін үстіне дистилденген су қосып көлемін 50 мл жеткізеді. Соңында зерттелетін ерітінді мен үлгі ерітінділерді бірге колориметрлейді. Колориметрлеу кезінде зерттелетін ерітіндінің түсі үлгі ерітінділердің түсі үлгі ерітінділердің бірінің түсіне сай болуы керек. 100г құрғақ топырықтағы аммиакты азоттың миллиграм мөлшерін мына формула бойынша табады. Мұндағы а-үлгі ерітіндінің титрі, б-зерттелетін ерітіндімен салыстырылған үлгі ерітіндінің көлемі (мл) к-колориметрдегі шкаласындағы үлгі ерітіндінің биіктігі (мл) л-колориметр шкаласындағы зерттелетін ерітіндінің биіктігі (мл) н-зерттеуге алынған топырақтың салмағы 0.776-азотты есептеуге арналған түзету коэффицтенті. 100-100г құрғақ топырақты талдауға арналған түзету. Тақырыбы. Фосфорды анықтау әдістері. 16-30 Мақсаты. Әдіспен топырақтағы фосфорды анықтау. Карбонатты топырақтардағы өсімдіктерге қажетті фосфорды әлсіз қышқылдармен бөліп алу мүмкін емес. Өйткені карбонаттар пайдаланған қышқылдарды нейтралдайды. Сондықтан бір проценттік көмір қышқыл калий не аммоний ерітіндісі қолданылады. Бұл тұз фосфорды темірдің. Алюминийдің фосфаттары және фосфордың органикалық қосылыстары түрінде ерітіндіге бөледі. Кейін фосфордың мөлшерін колориметр көмегімен анықтайды. Осы әдістің тиімділігін жан-жақты зерттеп дәлелдеген Б.П. Мачагин.Жұмысты орындау. Көзі 1 мм електен өткізілген құрғақ топырақтан 5 г өлшеп алып, оны көлемі 200 мл колбаға салып үстіне бір проценттік 100 мл көмір қышқыл аммоний ерітіндісін қосады. Ерітіндіні 5 минуттай араластырып 20-25 сағаттай тұндырады. Кейін тағы да 5 минуттай араластырып, қатпарлы-сүзгіден өткізіп колориметрлейді. Ол үшін көлемі 50 мл колбаға мөлдір сүзіндіні ауыстарып үстіне 2 мл молибден реактивін және белгісіне жақындағанша дистилденген су қосады. Осы жұмыспен қатар үлгі ерітінді әзірлейді. Үлгі ерітіндінің 2-3 тамшы бета-динитрофенол және ерітінді солғын сары түске боялғанша бір проценттік күкірт қышқылын қосады. Кейін ерітіндіге 2 мл молибден реактивін қосып. Үстіне колбаның белгісіне жақындағанша дистилденген су қосады. Соңында зерттелетін және үлгі ерітінділерге 0,5 мл хлорлы қалайы ерітіндісін қосып, үстіне белгісіне жеткенше дистилденген су құйып, араластырып аузын тығындайды. Егер сығындыда фосфатар жеткілікті болса ерітінділерді салыстырады100г топырақтағы P2O5 мөлшерін мына формула бойынша есептейді. Мұндағыа-1 мл үлгі ерітіндідегі P2O5 мөлшері (мг)б-колориметрлеу үшін 50 мл колбаға алынған үлгі ерітіндінің көлемі (мл)К-колориметрдегі алынған үлгі ерітіндінің деңгейі (мм)л-колоримердегі зертелетін ерітіндінің деңгейі (мм)н-анализге алынған ерітінді көлеміне сай келетін абсолютті құрғақ топырақтың салмағы (г). 3 Ұсынылатын өзіндік сабақтарының тізімі 1.Тыңайтқыш - топырақ құнарлылығы мен ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттырудың жылдам әсер ететін құралы. 2.Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану тәсілдері. 3.Қоректік заттарды сіңірудің сыртқы орта жағдайларымен байланысы. 4.Тыңайтқыш және ауылшаруашылығының дақылдары өнімінің сапасы. 5.Күздік бидайды тыңайту жүйесі 6.Органикалық және минералдық тыңайтқыштардың қант қызылшасы өнімі мен сапасыны әсері. 7.Егіншіліктегі биологиялық азот. 8.Бұршақ тұқымдас дақылдарды тыңайту ережелері. 9.Тыңайтқышты қолданудың экономикалық тиімділігі.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz