Файл қосу

Мектептегі педагогикалық тренинг



               ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
             БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы  МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты
ПОӘК

ПОӘК 042-14.05.01.20.65
/02-2014

Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
<<Тренингтік жұмыс технологиялары>>


Редакция № 2  02.09.14. орнына Редакция №






	

<<ТРЕНИНГТІК ЖҰМЫС ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ>> ПӘНІ БОЙЫНША
                  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
       5В010300-<<Педагогика және психология>>
                                       
                                       
СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ  БАҒДАРЛАМАСЫ



















                            Семей  -  2014ж.

Алғысөз
1. ЖАСАЛЫНДЫ
Құрастырушы__________ Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің "Педагогикалық психология" кафедрасының аға оқытушысы Адильжанова К.С.
                                                               "______"      _______ 2014  ж.
ҚАРАЛДЫ
2.1. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің "Психология" кафедрасының отырысында
 Хаттама №_1____ <<__>>________  2014   жыл

Кафедра меңгерушісі: _____ Г.К.Джумажанова 

2.2. ПФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында 
Хаттама №__1____ <<__>>________  2014 жыл

Төрайымы _______ 
3. БЕКІТІЛДІ
3.1. Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды
Хаттама №__1____ <<__>>________  2014  жыл

ОӘК төрағасы, оқу ісі жөніндегі проректор_______























                                         Мазмұны

1. Жалпы ережелер
2. Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу 
3.  Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары 
4.  Курс форматы
5.  Курс саясаты 
6.  Бағалау саясаты
7.  Әдебиеттер

































1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет
Адильжанова Куралай Советхановна, педагогика ғылымдарының магистрі, психология кафедрасының аға оқытушысы
Телефон номері: 87782470191
Сабақ өтетін орын - №308 аудитория
Пән бойынша кредит саны - 3

1.2. Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы:
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Шәкәрім атындағы СМУ-нің пәндерге арналған оқу-әдістемелік кешені туралы ережесіне сай құрастырылған. Аталған пәнді оқыту барысында дәріс, тәжірибелік, сондай-ақ СӨЖ және ӨСӨЖ сабақтары қүрастырылады. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмұны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы берілген. Студентке арналған жүмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жұмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет берілген. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. СӨЖ және ӨСӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар. Қазіргі мұғалімнің кәсіби даярлығына қойылатын негізгі талаптар Қазақстан Республикасында жоғары педагогикалық білім беру  концепциясында айқын көрсетілген. Концепцияда қазіргі мұғалім - ол рухани қамтыған, шығармашыл кәсіби дағдыларды жетік меңгерген және үнемі ізденісте болуы керек. Дегенмен болашақ маманның кәсіби даярлығы жоғары оқу орнындағы  барлық оқу жылдарында мақсатты бағытта жүзеге асырылуы қажет. Әр оқу жылы нақты мақсатқа бағытталады.  Осы мақсаттың дұрыс жүзеге асырылуы әр оқу пәнінің, сонымен қатар психологиялық - педагогикалық пәндер кешенінің болашақ мамандарды  кәсіби даярлаудағы мүмкіндіктерін дұрыс қолдануға байланысты.
	 Студенттерде  өздерін қабылдап, бағалап және өзін дамыту жолдары туралы психологиялық білім қоры болуы керек. Оқушылармен қарым-қатынас дағдыларын және тәсілдерін білуі қажет.  Оқушылардың жекелей ерекшеліктерін ескере отырып, олармен нәтежелі қарым-қатынас орната алу іскерлігі қалыптасуы керек.  Осылардың барлығы жоғары оқу орнында <<Тренингтік жұмыс технологияларын>> оқытудың қажеттігін көрсетеді. 



1.3. Пәннің мақсаты 
 	Психологиялық тренинг технологиялары туралы түсінік беру; тренинг өткізу ережелерімен таныстыру; тренинг түрлерімен және жаттығуларымен таныстық.
1.4 Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері:
* Қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
* Тренинг жаттығуларын іріктеуді үйрету;
* Тренинг ұйымдастыру және өткізу дағдыларын қалыптастыру;
* Тренинг сабақ бағдарламаларын құру іскерлігін дамыту;
* Жастары әр түрлі балалар тобымен тренингтік жаттығулар жүргізу дағдыларын меңгерту.
1.5. Оқып-зерттеу нәтижесінде студент:
- тренинг жұмысының негізгі бағыттары, сфералары, ғылыми  парадигмалары туралы толық меңгеруі тиіс;
- тренинг жұмыстарының мазмұны мен маңызын, қазіргі әдістерін, қызметі және тәсілдерін,  жаңа психотехнологияларды,  сонымен қатар, психолог жұмысының жеке тұлғалық, мазмұндық, технологиялық компоненттері  туралы білуі қажет;
1.6. Курс пререквизиттері: 
<<Тренингтік жұмыс технологиялары>> курсын меңгеру үшін  студенттер  келесі пәндерді қосымша оқуы қажет: 
- Әлеуметтік психология;
- Философия;
- Педагогика;
- Психолгия;
- Өзін-өзі тану;
1.7. Курстың постреквизиті:
Пән туралы білім келесі пәндерді меңгерту үшін қажет:
-  Әлеуметтік психология;
-  Даму психологиясы;
- Жас ерекшелігі;
- Психокоррекция және кеңес беру;
- Психологиялық диагностика негіздері;

2. Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу
Кесте 1 Пән мазмұны. Сағаттардың бөлінуі
№
Тақырып атаулары
Сағаттар саны


Дәріс
Тәжірибе
лік
ОСӨЖ
СӨЖ
1
Тренинг негізіне кіріспе. Тренинг түсінігі.
1

2



4
2
Психологиялық тренинг-оқытудың арнайы ұйымдастырылған формасы.
2
2
2
4
3
Тренингті ұйымдастыру принциптері.
1
2
1
4
4
Тренингтегі тренер рөлі. Трененрдің кәсіби қасиеттері.
1
2
1
4
5
Тренерге әдістемелік нұсқаулар.
1
2
1
4
6
Тренингте топтардың қалыптасуы тарихы. Психокоррекциялық топтар.
1
2
1
4
7
Тренинг топтың жұмыс істеу және жүйелеу принциптері.
1
2
1
4
8
Мектептегі педагогикалық тренинг.
2
2
2
4
9
Педагогикалық тренинг бойынша сабақ құрылымы.
1
2
2
4
10
Тренингтерді жүргізудегі ойын және терапиялардың ролі.
1
2
2
4
11
Тренингіндегі пікірталас.
2
2
2
5,5
12
Өзара қабылдау және түсіну тренингі.
1
2
2
6
13
Бастауыш сынып мұғалімдері үшін педагогикалық тренингтер.

2
2
6
14
Орта және жоғары сынып мұғалімдері үшін педагогикалық тренингтер.

2
2
6
15
Педагогикалық тренингтердегі типтік қателер.

2
1,5
4

Барлығы:
15
30
22,5
67,5
 


3. ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Студент аталған  курс бойынша мынадай теориялық және практикалық мәселелерді игеруі керек. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмүны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Оқушылар мен студенттерге арналған жүмыс бағдарламасы берілген. Студентке арналған жүмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жүмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет берілген. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. СӨЖ және ӨСӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар. Берілген тақырыпты конспектілеу.
                       Негізгі талаптар:
* Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
* Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
* Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.
* Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.
* Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

                             Реферат жазуда не ескеріледі?
* Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.
* Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестер алғаны абзал.
* Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.
* Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.
* Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.
* Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.
* Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін   арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.
Рефератты талқылау  -  шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.
Рефератты талқылып, қорытындысын шығару  -  маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. 
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын,      тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
* Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
* Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
* Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
* Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
* Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
* Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
* Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
* Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

Тренингтік жұмыстар технологиясы пәні  бойынша  дәріс оқуға әдістемелік нұсқау
Жоғары оқу орнындағы дәріс сабақтары студенттердің шығармашылық ізденісте білімді меңгеру арқылы, ғылыми әдебиеттермен өзіндік жұмыс формаларын, стилін таңдауға мүмкіндік береді.
Лектор тыңдаушыларын объективті түрде ғана ақпараттандырып қоймауы тиісті. Дәрістегі ғылыми ақпарат сенімді түрде жеткізіліп, әдебиеттермен өзіндік істеуге бағыт берілуі тиіс.
Лектордың дәрісі мынадай функциялар атқарады:
* Бағдарлаушы
* Түсіндіру
* Сендіру
Бағдарлаушы қызметінде дәріс ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып ғылыми теория негіздерін қашан және қандай авторлармен тұжырымдалған, қандай объективті өмірлік қажеттіліктерге тәуелді екенін, қандай ғылыми әдебиеттерге сүйеніп бұл туралы терең оқуға болатындығына бағыт беріледі. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі де дәрістің бағдарлау қызметіне жатады.
Түсіндіру қызметі арқылы ғылыми түсініктер, түсіндірілетін теория немесе гипотеза айқындалады.
Сендіру қызметі арқылы лектор тұжырымдарын дәлелдемелер негізінде жасауы тиіс. Міндетті түрде фактіні дәлелдей білу қажет. Сендіру функциясы оқу дәрісінде өте маңызды. Студент ғылыми тұжырымдарды өзіндік сенім арқылы меңгеріледі. Лектор дәрісі қызықты өту үшін төмендегі психологиялық шарттар қажет;
* аталған ғылыми жүйесінде білімдерді меңгеру;
* дәріске деген студент қызығушылығын туғызу;
* студенттер түсіндірілген материал жаңалығын сезінуге тиіс;
* студенттердің жұмыс істеуге ынталандыруын туғызу.
Пән бойынша дәріс оқу әдістемесі.
* тақырып бойынша негізгі түсініктерді аудиторияға жеткізу;
* мазмұнды дәлелдеу;
* материал мазмұның ақпараттығы;
* материалдың проблемалылығы.
Дәріске негізгі және жан-жақты дайындық  -  оны жақсы оқудың бір мүмкіндігі болып табылады.

                Дәріс мазмұнына дайындық
І  -  кезеңде дәріске дайындық:
- мақсат қалыптастыру;
- аталған нақты дәрістің тақырып және бөлім бойынша өткізілу орны айқындалады;
- студенттердің даярлық деңгейін анықтау;
- теоретикалық және нақты материалдар таңдап алынады.
Бұл кезеңде дәріс мазмұны ерекшеліктерінің ішінде ғылымилық, беріктілігін лектор ескеруі керек.
Ғылымилық.  Дәріс қазіргі ғылыми білімдерге сүйенуі тиіс. Ол түрлі теориялық материалдар және тәжірибелік материалдарды салыстырудан көрінеді. Отандық және шетелдік зерттеушілер, ғылыми эксперименттер нәтижесі, жаңа идеялар мен концепциялар, зерттеу әдістерінің сипаттамасынан тұрады.
Дәріс арқылы тек ақпарат берілмейді, студенттердің ғылыми ойлауы қалыптастырылады.
Беріктілігі. Студенттердің негізгі түсінік, заңдылық, зерттеу әдістерімен түсінуін, қамтамасыз етеді. Әсіресе терминдер жүйесіне үлкен көңіл бөлу қажетті.
Психология ғылымында терминология күрделі. Дәріс барысында арнайы терминология жүргізу қажет: сөздердің этимологиясын қарастыру.
Жоғары оқу орнында дәріс сабақтарын дұрыс оқу да мынандай талаптары қойылады:
Кіріспеде тақырып, мақсат айтылып, қызығушылығын тудырып, негізгі тірек идеялары құрастырылады, алдыңғы және соңғы білімдермен байланыстырады. Ең күрделісі дәрісті бастау. Бірінші айтылған сөз тыңдаушылардың назарын аударуы тиіс. Дәріс туралы түсінікті оның атауынан алуға болады. Ол қысқа, негізгі ойды жеткізіп, формасы жағынан тартымды болуы қажет. Тақырып маңыздылығын студент тұлғасын дамытудағы білімдерді меңгеру үшін көрсету қажет. Дәріс жоспары, мақсаты хабарланады. Тыңдаушылардың назарын соңында білімді тексеруге арналатын бақылауға аударуға болады. Жаңа материалды өткен материалмен байланысы көрсетіледі. Кіріспе бөлім 5-7 мин. қамтиды.
Негізгі бөлімде барлық анықтамалар мен негізгі теоретикалық сұрақтар нақты, қысқа ашылады. Әр теориялық көзқарасқа дәлелдемелер, суреттер таңдап алынады. Дәріс сұрақтары 2  -  4-ке дейін. Дәріс мәтіні өте үлкен болмауы керек. Алғашқы сұраққа өткен соң кідіріс жасалады. Бұл психологиялық пауза студенттердің өзін еркін сезінулеріне және оқылатын материалдың маңыздылығын түсіндіруге, қабылдауға даярлығын тексереді (бет-әлпеті, әңгіме). Материалды түсіндіру және дәріс формасына қарай дәрістерді түсіндіруге болады. Проблемалық сипатағы дәріс өткізу үшін студенттерді өзіндік танымдық белсенділік және шығармашылыққа даярлауға мынадай белсенді құралдар пайдаланылады:
* бекітетін негізгі сұрақтармен;
* оқытушы өзін ұсынған тұжырымдар бойынша түрлі көзқарастарды салыстыру;
* сұрақтар қою, түрлі шешімдер мен көптеген тапсырмалар ұсыну;
* кері байланыс қамтамасыз ету.
Аудиториямен байланыста лектордың сыртқы бейнесі, өзін-өзі ұстау, жест, сөйлеуі, тілі маңызды роль атқарады.
Қорытынды. Дәрістің негізгі идеяларын жинақтап қорытындылайды. Тақырыпқа сай ұсыныстар беріліп, қиындытарды жою жолдары көрсетіледі. Дәріс талапқа сай аяқталуы қажет. Сөзді бөлмей, дәрісті соңфна дейін аяқтауға уақытты үнемдеу керек. Дәрісті аяқтау арқылы студенттер сұрақтарына жауап беріледі. Қорытынды шығарылып, өзіндік жұмысқа нұсқау беріледі, әдебиеттер ұсынады. Дәріс жағымды эмоционалды көңіл күймен аяқталуы тиіс. 
4. КУРС ФОРМАТЫ
Семинарға дайындық кезінде студент мұғалімнің дәрісін назарға ұстай отырып, біршама ізденіс жұмыстарын жасау қажет. Ғылыми мақалалар мен монографиялар, сондай-ақ интернет желісінен алынған материалдардағы керекті деректер конспектіленіп алынады. Семинар студенттің ізденіс жұмысы болғандықтан,  бір емес бірнеше дереккөздерді пайдалануға тиісті. Курс бойынша білуге тиісті терминдер мен шартты ұғымдарды оқытушы қамтып, түсіндіреді. СӨЖ тақырыптары берілген сұрақтарды қамти отырып, жазбаша және ауызша жұмыс түрінде орындалады. СӨЖ-ді конспект түрінде дәптерге жазып өткізу қажет. Сабақ барысында студенттің теориялық  білімі, белсенділігі,  ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады. 
5. КУРС САЯСАТЫ
Студенттерге қойылатын талаптар:
* Сабаққа кешікпеу;
* Дәрісті босатқан жағдайда өз бетімен материалды келесі сабаққа оқып келу;
* Жұмысты тапсыру және кеңес алу мерзімін қатаң сақтау;
* Талдау барысында тыңдау және басқалар көзқарасын құрметтеу;
* ОСӨЖ міндетті түрде қатысып, тапсырманы уақытында орындау;
Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырманы орындауы, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі  ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Курсты оқу барысында алынған барлық ұпайлар жинақталып, бір-біріне қосылады.  Осы курстан алған жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырама мен рейтинг бақылауынан алынған баға және емтихан бағаларының қорытындысы бойынша орташа балл есептеледі. Барлық тапсырмаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемін ұлғайтылады; Тапсырмалар оқытушы тағайындаған уақытта қабылданады. Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты есепке алынады. Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық сабақтарды босатпау, кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс беріледі (реферат, көркем мәтінге талдау т.б.);  Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет.
6. БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
Пән бойынша ұпай бөлінісі                                                                   Кесте 2
                                   Апта
                            Бақылау түрі
                              Ұпай жиыны
                                Ескерту
                                       1
                                       2
                                       3
                                       4
                                       
1-8 апта бойы 
дәріске қатысу
                                      30

                                       
                                       2
Семинар
                                      30

                                       
СӨЖ 
                                      15

                                       
                                       4
Семинар
                                      30

                                       
СӨЖ 
                                      15

                                       
ОСӨЖ 
                                      35

                                       
                                       6
Семинар
                                      30

                                       
СӨЖ 
                                      15

                                       
ОСӨЖ 
                                      35

                                       
                                       8
Семинарға 
                                      30

                                       
СӨЖ 
                                      15

                                       
ОСӨЖ 
                                      35

1-8 апта бойынша барлық ұпай саны
                                      300

                                       
9-15 апта бойы 
дәріске қатысу
                                      30

                                       
                                      10
Семинар
                                      30

                                       
СӨЖ 
                                      15

                                       
                                      12
Семинар
                                      30

                                       
СӨЖ 
                                      15

                                       
ОСӨЖ 
                                      45

                                       
                                      14
Семинар
                                      30

                                       
СӨЖ 
                                      15

                                       
                                      15
Семинар
                                      30

                                       
СӨЖ 
                                      15

                                       
ОСӨЖ 
                                      45

9-15 апта бойынша барлық ұпай саны
                                      300

Емтихан ұпайы 
                                      400

Академиялық мерзімге жиынтық ұпай
                                     1000


Негізгі әдебиеттер: 
1.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;Изд-во <<Совершенство>>,1998.
2.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.
3.Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.
4.Кьел Рудестам. Групповая психотерапия.
5.Морозов, А.В. іСоциальная психология :учебник /А.В. Морозов.-М.:Академический проект; Трикста,2005.-334с.  500-00
6.Большаков В.Ю. Психотренинг: социодинамика. Упражнения. Игры. Спб., 1996.
7.Деркач А.А., Ситников А.П. Формирование и развитие профессионального мастерства руководящих кадров: социально-психологический тренинг и прикладные психотехнологии. Вып. 1-2.М., 1993.
8.Фирсов М.В., Шапиро Б.Ю. Психология социальной работы: Содержание и методы психосоциальной практики: уч.пос. для студентов. М., 2002.
9.Вачков И.В., Основы технологии группового тренинга. Психотехники. О.,2005. Анн Л., Психологический тренинг с подростками. М.,2004
Қосымша әдебиеттер:
1.  Прутченков А.С. Трудное восхождение к себе.М:1995.
2.  Самаукина Н.В. Игры которые играют. Дубна 1996.
3. Петрусинский В.В. Игры обучение, тренинг, досуг. М:1994.
4. Самаукина А.С. Практический психолог в школе. М:1997.
5. Козлов Н.И. Лучшие  психологические игры и упражнения М:1997.
6. Альберти Р.Е. Эммонсс М.Л. Умейте пользовать за себя. М:1992.
7. Алиев Х.М. Ключ  к себе. М:1990.
8.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.   
9.Кан-Калик В.А. Тренинг профиссионально-педагогического общения. М:1990.
10. Гинзбург М.Р. Путь к себе. М:1991.
11. Каппони В. Новак Т.Е. Сам себе психолог.
12. Козлов Н.И. Как относиться к себе и людям. М:1993.
13. Леви В.И. Искусство быть собой. М:1977.
14. Мольц М.А. Я-это Я или стать счастливым. М:1992.
15. Прутченков А.С. Видеть человека в другом. М:1992.
16.Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.
17. Степанов С.С. Что вы знаете о себе и о других. М:1994.
18.Рейнуотер Дж. Это в ваших силах. Как стать собственным психотерапевтом. М:1992.



















Пәндер