Файл қосу
Әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын әдістер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3-деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-05-14-5-05.01.20.53/02.2011. ПОӘК ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы _____2011 жылғы № 2 басылым 5В020500 <<Филология: қазақ тілі>> мамандығына арналған Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ СЕМЕЙ 2013 КІРІСПЕ 1 ҚҰРАСТЫРҒАН: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Әбділманатқызы Әсемгүл 2 КЕЛІСІЛДІ 2.1 Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды. Хаттама №___ <<___>> ___________2013 жыл. Кафедра меңгерушісі: _______________ Ақтанова А.С. 2.2 Гуманитарлық факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді. Хаттама №___ <<___>> ___________2013 жыл. ОӘБ төрайымы_________________ Мұқанова Қ.Қ. 2.3 Гуманитарлық факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді. Хаттама №___ <<___>> ___________2011 жыл. Төрайым________________ 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді. Хаттама №___ <<___>> ___________2011 жыл. Оқу жұмысы жөніндегі проректор_________________ Искакова Г.Қ. 4 2011ж. <<____>> __________ шыққан ПОӘК-нің 2008 ж. №1 басылым орнына 2011 ж. № 2 БАСЫЛЫМ Мазмұны 1 Қолданыс аясы 2 Нормативтік сілтемелер 3 Жалпы ережелер 4 Оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс жоспарының мазмұны 5 СӨЖ және ОСӨЖ-ның тақырыптары 6 Пәннің оқу-әдістемелік картасы 7 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы 8 Әдебиеттер 1. ҚОЛДАНЫС АЯСЫ <<Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>> пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 050205 <<Филология: қазақ филологиясы>> мамандығының студенттеріне арналған. 2. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР Осы <<Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>> пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады: - 050205 <<Филология: қазақ филологиясы>> мамандығының 3.08.275-2006 бекітілген ҚР МЖМБС мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; - СТУ 042-РГКП-СГУ-8-2007 Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар университет стандарты; - ДП 042-08.10.12-2007 <<Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы>> құжаттық іс-жосығы. 3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 3.1 Пәннің қысқаша сипаттамасы: <<Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>> пәні бойынша студенттерге жан-жақты тарихи-әдеби, теориялық толық мәліметтер мен тәжірибелік дағдылар туралы түсінік беріледі. <<Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>> жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар тұрғысынан ғылыми негізде және жылдар бойы жинақталған бай іс-тәжірибелік нәтижелер мен әдістемелік тұжырымдар ескеріле отырып оқытылады. Сонымен қатар, көркем әдебиеттің оқытылу тарихының жүйесі, ерекшелік сипарттары көрсетіледі. Әр жылдарда құнды-құнды пікірлер айтқан ағартушылық-демократтық бағыттағы педагог-әдіскерлердің, көрнекті әдебиетшілердің еңбектердің де назар аударылады. Қазақ орта мектептерінде көркем әдебиеттің оқытылу жайы, сапасы, оқулықтары мен бағдарламаларының түзілісі кеңінен сөз болады. Қазақ әдебиетінің орта мектепте жүргізілу тарихы мен теориялық тамырларын студенттер дәрістерді тыңдау үстінде қандай мәселелердің қозғалып жатқанын дұрыс аңғарып отыруы аса маңызды жай. Сондықтан, бағдарламаның тақырыптарының бір-бірінің заңды жалғасындай болып шығуына жете көңіл бөлінді. Мазмұн сабақтастығы, мәселелердің туындау рет-реттілігі сақталды. <<Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>> бакалавриат сатысының 3-курсында жүргізіліп, дәрістік және семинар түрлерін қамтиды. 3.2 Пәнді оқытудың мақсаты: Жалпы білім беретін орта оқу орындарындағы (мектеп, лицей, гимназия) өзге пәндер арасындағы әдебиет пәнінің алатын орны мен әдебиетті оқыту әдістемесі жөніндегі ілімнің мән-мазмұнын әрі қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесінің қалыптасу кезеңдерін меңгерту бағытын ұстанады. 3.3 Пәнді оқытудың міндеттері: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі курсының құрылымы мен мазмұнын ондағы теориялық және педагогикалық-психологиялық мәселелері; Әдебиет теориясын оқытудың жалпы маңызы мен оның негізгі принциптері; Әдеби білім беруде оқу процесін ұйымдастыру түрлері; Әдеби шығарманы оқып-үйренудің жолдары мен амалдары; Көркем шығармаларды жанрлық сипатына қарай оқыту тәсілдері көзделеді. 3.4 Курс аяқталған соң студент: * Студенттерге жан-жақты, тарихи-әдеби, теориялық толық мәліметтер мен практикалық дағдылар туралы түсінік беріледі; * Қазақ әдебиеті әдістемесінің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады; * Әр жылдарда құнды-құнды пікірлер айтқан ағартушылық-демократтық бағыттағы педагог-әдіскерлердің, көрнекті әдебиетшілердің еңбектерімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады; * Көркем әдебиеттің оқытылу тарихының жүйесі, ерекшелік сипаттары көрсетіледі; * Күнтізбелік жоспар жасай білуге төселеді; * Сабақтық жоспар жасау тәжірибесін меңгереді; * Әдеби жазу жұмыстарын ұйымдастырып жүргізуді игереді; * Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді; * Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады; * Кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді; 3.5 Курстың пререквизиттері 1.7.1 Әдебиеттануға кіріспе; 1.7.2 Халық ауыз әдебиеті; 1.7.3 Ежелгі дәуір әдебиеті; 1.7.4 Қазақ әдебиетінің тарихы. 3.6 Курстың постреквизиті: 1.8.1 Әдебиет теориясы; 1.8.2 Қазақ әдебиеті сынының тарихы; 1 Кесте - Оқу жоспарынан көшірме Курс Семестр Кредит ДС (сағ) СПС (сағ) Лаб. (сағ) ОСӨЖ (сағ) СӨЖ(сағ Бар (сағ) Бақылу түрі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ІІІ 6 2 15 15 22,5 4,05 71,55 емтихан 4 ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 2 Кесте - Пәннің мазмұны. Сабақтардың түрі бойынша сағаттарды бөлу Тақырыптың атауы мен мазмұны Сағат саны Әдебиеттер 1 2 3 Дәріс сабақтары 1. Әдебиетті оқыту әдістемесі - ғылыми пән. Жалпы білім беретін орта мектептегі жетекші пәндердің бірі - әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктері, оқу жүйесіндегі алатын орны. Оның көркемөнер салаларының ішіндегі аса қуатты және пәрменді тәрбие құралы екендігі. Көркем әдебиет туындыларын орта мектепте оқытудың қажеттілігі. Орта мектепте әдебиет пәнін оқыту әдістемесінің тарихы, даму арналары және оның өзге де толып жатқан тәсілдері, амалдары, жылдары жөнінде ғылыми жүйелі, тыңғылықты білім алады. Осы аталған бағдар-пайымдар мен ой-жоспарлар пән мақсаты мен міндеттерін айқындайды. Әдебиет пәнінің халық тарихы, көркем әдебиет тарихы, әдебиеттану, тіл білімі, философия, психология мен педагогика, эстетика-этика негіздері, жаратылыстану т.б. ғылым салаларымен байланысы. Мұның өзі әдебиет пәні мұғалімінің уақыт талабына сай жан-жақты және білім-білік қорының мейлінше мол болуын қажет ететіндігі. 2 1,2,3,4,5,11 2. Әдебиет пәнін оқытудың тарихы мен теориялық бастау көздері. Белгілі бір ұлт-ұлыс, халық, этностардың өзінің ұзақ ғасырлық тарихында әріп ойлап тауып, жазу-оқу өнерін меңгеретіндігі. Сол өнердің бертін келе бірте-бірте дамып өркендейтіндігі. Оның алғашқы аяқ алысы, қара көріністері, ондағы әдеби-тарихи көркем мәтіндердің басым, жетекші рөл атқаратындығы, мысалдары. Әдебит пәнінің қалыптасуының әдепкі кезеңдері. (ХІХ-ХХ ғасырдың бас шені). Қазақ даласындағы ертеден қалыптасқан әдеби оқу түрі, оқу құралдары, әдеби мәтіндер мазмұны, бағыты, тәрбиелік мәні, сөз өнеріндегі дәлелді көріністері. 1 1,5,10,11,13 3. Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі. ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі мен қазақ тілінде кітап шығару ісінің өрістеуі. Оның ел өміріндегі әдеби-мәдени елеулі оқиға екендігі. Жұртшылық ой-санасын оятудағы <<Серке>> (1907), <<Қазақ газеті>> (1917), <<Қазақстан>> (1911-1913), <<Қазақ>> (1913-1918) газеттері және <<Айқап>> журналының атқарған игілікті істері мен көтерген мәселелері. 1 1,5,8,9,12 4. Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептердегі қазақ әдебиеті пәні. 1990-2002 жылдар аралығындағы білім беру жүйелеріндегі атқарылған іргелі жұмыстар. Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты жаңадан түзілген оқу бағдарламалары мен оқулықтар. Орта мектеп пен жоғары мектептердегі түбірлі бетбұрыстар. <<Қазақ орта мектептеріндегі білім мазмұнының тұжырымдамасы>> (1991 ж.) оның мазмұы-мәні, ғылыми методикалық негіздері. Әдеби білім беру құрылымындағы өзгерістер. 2 1,5,10,11,13 5. Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдер. Сөз өнері туындаларының пайда болу, даму, толысу, жаңару-жаңғыру сатыларын пайымдайтын ғылыми зерттеу еңбектері, талдамалары және қол жеткен тың теориялық тұжырым-байламдары негізге алынып, нәтижесінде мектепте әдебиетті оқыту әдістемесінің жаңарып, заман талабына орай түрленіп отыратындығы. Мұндай үздіксіз ізденістердің әдебиет пәнін оқыту барысында белгілі бір өтілетін әдеби тақырыптардың ішкі табиғатына қарай сан қырлы амалдар, жолдар мен тәсілдерді өмірге әкелетіндігі. 2 1,2,3,4,5,11 6. Әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын әдістер. Әдебиетті оқыту барысында өтілетін тақырыпқа орай қандай амал-тәсілдерді пайдалану мүмкіндігі пән мұғалімінің ыңғайында болатындығы, оның түрлері. 1) Шығармашылық оқу әдісі 2) Эвристикалық оқу әдісі 3) Зерттеп оқу әдісі 4) Репродукитвтік оқу әдісі Аталған оқу барысында пән мұғалімі мен оқушылар атқаратын жұмыстар мен міндеттер. Оқушының ауызша, жазбаша жауаптары. 2 1,5,10,11,13 7. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту. Көркем шығарманың тектері мен түрлері жөніндегі мәліметтер. Бұл мәселе туралы ежелгі заманнан бастап, қазіргі күнге дейінгі ой-пікірлер. Көркем шығарманың бастапқы топтастырушылары (классификация). Аристотель, әл-Фараби, Платон және бертінгі кездегі В.Г.Белинский, Г.Э.Лессинг, Л.И.Тимофеев, Н.А.Гуляев, т.б. еңбектері. А.Байтұрсынов, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов сынды қазақ әдебитінің көрнекті зерттеушілерінің ой-тұжырымдары. 2 1,5,8,9,12 8. Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары. Жалпы білім беретін орта мектептердің жылдық немесе жарты жылыдқ оқу жоспарының болатындығы. Орта білім беретін оқу орындарының жұмыс істеу ырғағына сай, әдебиет пәні мұғалімінің де өзіндік қызмет тәртібі, іс жоспарларының жасалатындығы. Оның әдебиет пәні мұғалімінің білім-білік қорына, жоғары оқу орындарында жүріп, бойына сіңірген педагогтік тәжірибе-дағдыларына, этикалық-эстетикалық таным-түйсіктеріне тікелей қатыстылығы. 2 1,2,3,4,5,11 9.Мектептің оқу-тәрбие ісіндегі әдебиет кабинетінің орны және жабдықтау мәселесі. Мектептің оқу-тәрбие ісіндегі әдебиет кабинетінің орны. Орта мектептер жүйесіндегі оқу-көмекшілік ұялар: мектеп кітапханасы мен салалық оқу кабинеттері, олардың өзара қарым-қатынасы, іскерлік байланыстары. Баршасының оқу-тәрбие ісіне жауаптылығы. Әдебиет кабинеті атқаратын міндеттер: ең алдымен оқу бағдарламаларында аталған көркем шығармалар мәтіндері, әдеби-сын және тарихи-әдеби материалдары, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, көрнекілік техникалық жабдықтар, компьютерлер, теледидар, аудио-видео таспалар, кинокамераларды жинастырып сақтайды. 1 1,5,10,11,13 Семинар сабақтары 1. Әдебиетті оқыту әдістемесі - ғылыми пән. Жалпы білім беретін орта мектептегі жетекші пәндердің бірі - әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктері, оқу жүйесіндегі алатын орны. Оның көркемөнер салаларының ішіндегі аса қуатты және пәрменді тәрбие құралы екендігі. Көркем әдебиет туындыларын орта мектепте оқытудың қажеттілігі. Орта мектепте әдебиет пәнін оқыту әдістемесінің тарихы, даму арналары және оның өзге де толып жатқан тәсілдері, амалдары, жылдары жөнінде ғылыми жүйелі, тыңғылықты білім алады. Осы аталған бағдар-пайымдар мен ой-жоспарлар пән мақсаты мен міндеттерін айқындайды. Әдебиет пәнінің халық тарихы, көркем әдебиет тарихы, әдебиеттану, тіл білімі, философия, психология мен педагогика, эстетика-этика негіздері, жаратылыстану т.б. ғылым салаларымен байланысы. Мұның өзі әдебиет пәні мұғалімінің уақыт талабына сай жан-жақты және білім-білік қорының мейлінше мол болуын қажет ететіндігі. 2 1,2,3,4,5,11 2. Әдебиет пәнін оқытудың тарихы мен теориялық бастау көздері. Белгілі бір ұлт-ұлыс, халық, этностардың өзінің ұзақ ғасырлық тарихында әріп ойлап тауып, жазу-оқу өнерін меңгеретіндігі. Сол өнердің бертін келе бірте-бірте дамып өркендейтіндігі. Оның алғашқы аяқ алысы, қара көріністері, ондағы әдеби-тарихи көркем мәтіндердің басым, жетекші рөл атқаратындығы, мысалдары. Әдебит пәнінің қалыптасуының әдепкі кезеңдері. (ХІХ-ХХ ғасырдың бас шені). Қазақ даласындағы ертеден қалыптасқан әдеби оқу түрі, оқу құралдары, әдеби мәтіндер мазмұны, бағыты, тәрбиелік мәні, сөз өнеріндегі дәлелді көріністері. 1 1,5,10,11,13 3. Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі. ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі мен қазақ тілінде кітап шығару ісінің өрістеуі. Оның ел өміріндегі әдеби-мәдени елеулі оқиға екендігі. Жұртшылық ой-санасын оятудағы <<Серке>> (1907), <<Қазақ газеті>> (1917), <<Қазақстан>> (1911-1913), <<Қазақ>> (1913-1918) газеттері және <<Айқап>> журналының атқарған игілікті істері мен көтерген мәселелері. 1 1,5,8,9,12 4. Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептердегі қазақ әдебиеті пәні. 1990-2002 жылдар аралығындағы білім беру жүйелеріндегі атқарылған іргелі жұмыстар. Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты жаңадан түзілген оқу бағдарламалары мен оқулықтар. Орта мектеп пен жоғары мектептердегі түбірлі бетбұрыстар. <<Қазақ орта мектептеріндегі білім мазмұнының тұжырымдамасы>> (1991 ж.) оның мазмұы-мәні, ғылыми методикалық негіздері. Әдеби білім беру құрылымындағы өзгерістер. 2 1,5,10,11,13 5. Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдер. Сөз өнері туындаларының пайда болу, даму, толысу, жаңару-жаңғыру сатыларын пайымдайтын ғылыми зерттеу еңбектері, талдамалары және қол жеткен тың теориялық тұжырым-байламдары негізге алынып, нәтижесінде мектепте әдебиетті оқыту әдістемесінің жаңарып, заман талабына орай түрленіп отыратындығы. Мұндай үздіксіз ізденістердің әдебиет пәнін оқыту барысында белгілі бір өтілетін әдеби тақырыптардың ішкі табиғатына қарай сан қырлы амалдар, жолдар мен тәсілдерді өмірге әкелетіндігі. 2 1,2,3,4,5,11 6. Әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын әдістер. Әдебиетті оқыту барысында өтілетін тақырыпқа орай қандай амал-тәсілдерді пайдалану мүмкіндігі пән мұғалімінің ыңғайында болатындығы, оның түрлері. 1) Шығармашылық оқу әдісі 2) Эвристикалық оқу әдісі 3) Зерттеп оқу әдісі 4) Репродукитвтік оқу әдісі Аталған оқу барысында пән мұғалімі мен оқушылар атқаратын жұмыстар мен міндеттер. Оқушының ауызша, жазбаша жауаптары. 2 1,5,10,11,13 7. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту. Көркем шығарманың тектері мен түрлері жөніндегі мәліметтер. Бұл мәселе туралы ежелгі заманнан бастап, қазіргі күнге дейінгі ой-пікірлер. Көркем шығарманың бастапқы топтастырушылары (классификация). Аристотель, әл-Фараби, Платон және бертінгі кездегі В.Г.Белинский, Г.Э.Лессинг, Л.И.Тимофеев, Н.А.Гуляев, т.б. еңбектері. А.Байтұрсынов, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов сынды қазақ әдебитінің көрнекті зерттеушілерінің ой-тұжырымдары. 2 1,5,8,9,12 8. Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары. Жалпы білім беретін орта мектептердің жылдық немесе жарты жылыдқ оқу жоспарының болатындығы. Орта білім беретін оқу орындарының жұмыс істеу ырғағына сай, әдебиет пәні мұғалімінің де өзіндік қызмет тәртібі, іс жоспарларының жасалатындығы. Оның әдебиет пәні мұғалімінің білім-білік қорына, жоғары оқу орындарында жүріп, бойына сіңірген педагогтік тәжірибе-дағдыларына, этикалық-эстетикалық таным-түйсіктеріне тікелей қатыстылығы. 2 1,2,3,4,5,11 9.Мектептің оқу-тәрбие ісіндегі әдебиет кабинетінің орны және жабдықтау мәселесі. Мектептің оқу-тәрбие ісіндегі әдебиет кабинетінің орны. Орта мектептер жүйесіндегі оқу-көмекшілік ұялар: мектеп кітапханасы мен салалық оқу кабинеттері, олардың өзара қарым-қатынасы, іскерлік байланыстары. Баршасының оқу-тәрбие ісіне жауаптылығы. Әдебиет кабинеті атқаратын міндеттер: ең алдымен оқу бағдарламаларында аталған көркем шығармалар мәтіндері, әдеби-сын және тарихи-әдеби материалдары, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, көрнекілік техникалық жабдықтар, компьютерлер, теледидар, аудио-видео таспалар, кинокамераларды жинастырып сақтайды. 1 1,5,10,11,13 5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ 5.1 Оқу модулін даярлау технологиясы 5.2 Оқу модуліде оқушы қызметін бағалау 5.3 Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау және тексеру 5.4 Тестілер және оны құруға ұсыныстар 5.5 Ауызша бақылау түрлері 5.6 Жалпы білім беретін мектептің мақсаты, міндеттері мен қызметі 5.7 Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың ғылыми негіздері 5.8 Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері 5.9 Модульдік оқытудың құрылымы 5.10 Оқу модулінің кіріспе бөлімі 5.11 Оқу модулінің сөйлесу бөлімі 5.12 Сөйлесу бөлімін құру қағидалары 5.13 Оқу модулінің қорытынды (бақылау) бөлімі 5.14 Оқу модульдерін әзірлеуге ұсыныстар 5.15 Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде қолданылатын оқытудың белсенді формалары 5.16 <<Қарлы кесек>> оқыта үйрету ойыны 5.17 <<Брейн-ринг>> оқыта үйрету ойыны 5.18 Пікірталастық және рөлдік оқыта үйрету ойындары 5.19 Жеке топтық жұмыс формасы 5.20 Өзара оқыту сабағы 5.21 Оқыта үйрету ойындары 6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ Кесте 3 - Пәннің оқу-әдістемелік картасы Дәріс сабағының тақырыбы Семинар сабағының тақырыбы Көрнекі құралдар, плакаттар, лаборатория-лық стендтер Өз бетімен дайындалу сұрақтары Бақылау түрі 1 2 4 5 6 1. Әдебиетті оқыту әдістемесі - ғылыми пән. Әдебиетті оқыту әдістемесі - ғылыми пән. Проктор, интерактивті такта, кітап көрмесі, карточкалар Дебат сабағы және өлең жаттау, әдеби- тарихи, әдеби-көркемдік сараптамалар жазу. Өлең жаттау 2. Әдебиет пәнін оқытудың тарихы мен теориялық бастау көздері. 2. Әдебиет пәнін оқытудың тарихы мен теориялық бастау көздері. Суреттер, интерактивті тақта, перфокарталар, Дебат сабағы және өлең жаттау, әдеби - теориялық талдаулар жазу. Мәтіңдерді мәнерлеп мазмұндау 3. Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі. 3. Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі. Бейнетаспалар, модульдік оқыту технологиясы, суреттер, карточкалар Интерактивтік сұхбат сабағы және өлең жаттау, әдеби-көркемдік талдаулар жазу. Кейіпкер-лерге әдеби мінездеме беру. 4. Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептердегі қазақ әдебиеті пәні. 4. Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептердегі қазақ әдебиеті пәні. Баспасөз материалдары, таблицалар, суреттер, дыбыстаспалар Интерактивтік сұхбат сабағы және мәтіндерді мазмұндау, әдеби- көркемдік талдаулар жазу. Әдеби теориялық талдау 5. Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдер. 5. Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдер. Интерактивті тақта, портреттер, кітап көрмесі, таблицалар, карточкалар Конференция сабағы және әдеби-көркемдік, әдеби- тарихи сараптамалар, рефераттар жазу. Ғылыми талдау мақала жазу 6. Әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын әдістер. 6. Әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын әдістер. Портреттер, кітап көрмесі, суреттер, бейне, сын тұрғысынан ойлау технологиясы Понарамалық сабақ және әдеби талдау мақалалар мен әдеби шолулар жазу. Шығармаларына реферат жазу. 7. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту. 7. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту. Дыбыстаспаларпортреттер, кітап көрмесі, карточкалар Проблемалық сабақ және әдеби- теориялық зерттеу рефераттарын жазу Кейіпкер-лерге әдеби мінездеме беру. 8. Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары. 8. Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, перфокарталар, Дебат сабағы және өлең жаттау, әдеби - теориялық талдаулар жазу. Мәтіңдерді мәнерлеп мазмұндау 9.Мектептің оқу-тәрбие ісіндегі әдебиет кабинетінің орны және жабдықтау мәселесі. 9.Мектептің оқу-тәрбие ісіндегі әдебиет кабинетінің орны және жабдықтау мәселесі. Компьютерлік сынып, интерактивті тақта. Дебат сабағы және өлең жаттау, әдеби- тарихи, әдеби-көркемдік сараптамалар жазу. Әдеби теориялық талдау 7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ Кесте 4 - Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы Саны Студенттердің саны Қамтамасыз ету пайызы 1 2 3 4 1. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы (ІХ-Х сынып мұғалімдері үшін көмекші құралы). - Алматы: Мектеп, 1966 1 5 20% 2. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы (Оқулық) - Алматы, 1969 4 5 80% 3. Қоңыратбаев Ә. 4-7 кластарда әдебиетті оқыту методикасы - Алматы, 1987 2 5 40% 4. Қойбағарова Р. Қазақ әдебиеті оқулығына методикалық нұсқау (8-класс) - Алматы, 1971 5 5 100% 5. Құрманбаева Г. Шыңғыс Айтматов - қазақ мектебінде - Алматы, Рауан, 1998. 2 5 40% 6.Құрманбаева Г. Дамыту, дамыту, интеграция Алматы, 1997 3 5 60% 8 ӘДЕБИЕТТЕР 8.1 Негізгі әдебиеттер 8.1.1 Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. -Алматы, 1988. 8.1.2 Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары.-Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1995. 8.1.3 Айзерман Л.С. Уроки, литература, жизнь - М.,1965 8.1.4 Ш.Құдайбердіұлы. Аманат. Әңгімелер. Алматы,1989 8.1.5 Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы (ІХ-Х сынып мұғалімдері үшін көмекші құралы). - Алматы: Мектеп, 1966 8.1.6 Қоңыратбаев Ә. 4-7 кластарда әдебиетті оқыту методикасы - Алматы, 1987 8.1.7 Құнанбаев А. Шығармаларының бір томдық толық жинағы - Алматы, 1961 8.1.8 Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы (Оқулық) - Алматы, 1969 8.1.9 Смирнов Преподавания литературы в Ү-ҮІІІ классах. - М.,1962 8.1.10 Көшімбаев А. Сегізжылдық мектепте әдебиетті оқыту методикасының мәселелері. - Алматы, 1962 8.2 Қосымша әдебиеттер 8.2.1 Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. - Алматы, 1979 8.2.2 Қойбағарова Р. Қазақ әдебиеті оқулығына методикалық нұсқау (8-класс) - А., 1971 8.2.3 Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары. - Алматы, 1974 8.2.4 Құрманбаева, Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері А.,Білім, 1999
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz