Файл қосу
Саяси тәртіп
* ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 4 деңгейлі СМЖ құжаты ОӘК * * * УМКД 042-14-5-08.01.20.05/03- 2011 ОӘК Оқытушыға арналған "Саясаттану" пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы № 1 басылым 02.09.2011 * ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ * <<Саясаттану>> * Барлық мамандыққа арналған ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР * * Семей 2011 * 1.ӘЗІРЛЕГЕН: Құрастырушы: _____________ <<01>> 09 2011 жыл Екібаев Р.Ж., Философия кафедрасының оқытушысы 2.ТАЛҚЫЛАНДЫ: 2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Философия кафедрасының мәжілісінде қаралды. Хаттама № 1 <<04>> 09 2011 жыл. Кафедра меңгерушісі: ______________ /ф.ғ.к. Мұқатаева А.А./ 2.2. Гуманитарлық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында. Хаттама № 1 <<11>> 09 2009 жыл. Төрағасы: ________________ /ф.ғ.к. Колмогорова Г.Б./ 3. БЕКІТІЛДІ: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қолдау алды және басып шығаруға ұсынылды. Хаттама № _1_ <<30>> 09 2011 жыл. ОӘК төрағасы, бірінші проректор: ____________ /т.ғ.д. Рскелдиев Б.А./ 4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық және лабораториялық сабақтар 4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау 5 Студенттің өздік жұмысы 6 Әдебиеттер ГЛОССАРИЙ Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу. Альянс-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі. Анархизм-жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым. Апатридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар. Ассамблея-халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы. Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі. Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі. Бихевиоризм- жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт. Буржуазиялық-демократиялық партиялар- ХІХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. Бюрократ-азаматтрадың мүддесіне нұқсан келтіріп өз міндеттерін формалды түрде атқаратын қызмет адамы. Волюнтаризм-саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты. Геноцид-адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау. Геосаясат-сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат. Глобальдылық-бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт. Гуманизм-адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік қозғалыс. Депортация-жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару. Диверсификация-мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі. Диктатура-қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік. Еуропарламент-еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме. Егемендік-мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі. Идеология-белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі. Импичмент-жоғарғы лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі. Инновация-жаңалық енгізу Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі. Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі. Прагматизм-алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт. Инагурация -мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты кірісуі Коалиция -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін бірлескен мақсатты партиялар мен қоғам қайраткерлерінің бірігіуі. Конституция-мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң. Көппартиялылық-мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі Легитимдік-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы. Можаритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы. Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар. Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі. Мороторий-ішкі жіне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау. Саясаттану - қоғамның саяси дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары туралы ғылым Саясаттану зерттеуі-қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды саяси-идеологиялық тұтас жүйе ретінде қарастырады. Саясаттану сауалдамасы-жеке адамдар мен топтарға ауызша және жазбаша түрінде сұрақтар қою жолымен алғашқы саяси- әлеуметтік ақпарат алу тәсілдері Абсентеизм-халықтың саяси өмірге немқұрайды қарайтындығы Автономия-бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым Әлеуметтік-саяси институттар- біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім. Иделды тип-дәуірге сәйкес ұтымды құндылықтар бағытының эталоны және саяси - әлеуметтік ақиқатты тану туралы қызметі атқарушы. Негізін салған-М.Вебер. Абсолютизм-жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі.. Азаматтық қоғам- әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам. Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет. Саяси даму-жаңа қоғамдық қатынастардың, институттардың, нормалардың, құндылықтардың қалыптасқан өзгерістері Саяси- әлеуметтік қауымдастық - ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, адамдар жиынтығы. Саяси нормалар - адамдардың іс-әрекетін реттейтін ереже. Саяси прогресс - қоғамдық дамудың бағыты. Саяси -әлеуметтік төңкеріс - қоғам дамуындағы сапалық, терең және жоғары прогрессивтісімен алмастыру тәсілі. Саяси- әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар. Саяси- әлеуметтік институттар - біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік саяси түзілім. Саяси- әлеуметтік коммуникация - тікелей және қарым-қатынастар мен әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет актісі мен процесі. Саяси- әлеуметтік конвергенция - түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің біртіндеп жақындасуы. Саяси- леуметтік қозғалыс - адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси процестердің формасы. Саяси- әлеуметтік мүдделер - қоғамның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың, субьектілердің әлеуметтік-саяси әрекеттерінің себептері, қайнар көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі. Әлеуметтік-саяси элита- қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі. Саяси теңсіздік - адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі. Бедел- белгілі бір тұлғаның немесе адамдардың салмақты ықпал жасаудағы әрекеті. Урбанизация - қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі. 2. Дәрістер 1.Саясаттану пәні , оның даму кезеңдері 1.Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. 2.Саясаттану пәні, ұғымдары мен әдіс-тәсілдері. 3.Саяттану пәнінің қызметі мен парадигмалары.. Басқа пәндермен байланыстылығы. Жоғарғы оқу орындарында студенттердің саясаттануды оқып үйрене бастағынына аз уақыт болды. Саясаттану пәнін оқыту 90 жылдардың басынан басталды. Оны оқып үйренудегі мақсаттар:- бейтаныс адамдар мен ұйымдардың арасындағы қарым-қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсінуге және әлеуметтік мәселелерді зерттеуге ұмтылу. Себебі қоғамдық мәселелердің байыбына бармай енжарлық таныту қоғамдағы қордаланған мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Оны Жан-жақты зерттеп сараптамайынша мәселелерді шешудің жолын қалау аздық етеді. Саясаттанудың қарастыратын мәселелерін анықтау үшін алдымен <<әлеуметтік>> сөзінің анықтамасы грек-латын тілдерінен <> және < > яғни қоғам туралы ілім дегенді білдіретіндігін анықтаймыз. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдар арасында өз алдына бөлек ғылым екені мынадан көрінеді.Адамзат тарихында саясат негізі қоғамды, оның өмір сүруі мен дамуын саяси- әлеуметтік құбылыстар, саяси процесстер менсаяси ішкі, сыртқы, халықаралық мемлекеттік т.б. қатынастар тұрғысынан қарастырады. Қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектісі бола отырып, әр ғылымдар негізі өзінің ерекше зертеу обьектісін таңдап алады. Мысалы тарих ғылымының зерттеуі- оқиғалардың шығу себептерін алса, экономиканың зерттеуі - өндіріс пен өндірістік қатынастар, тұтыну мәселелері, саясатану ғылымының зерттеуі - саяси билік жүргізу мәселелерімен тығыз байланысты. Әр ғылымдардың өзіндік зерттейтін мәселелері осылайша бөлініп алынады. Демек саясаттану пәні қоғамды тұтас қаратырмайды, тек сол қоғамның саяси әлеуметтік өмірін ғана зерттейді. Атап айтқанда, адамдардың кең қауымдастықтары арасындағы саяси әлеуметтік қатынастарды қарастырады. Саяси - әлеуметтік қатынастардың бір ерекшелігі сол, олар біртұтас комплексті сипатта болады да, тек жекеленген саяси-экономикалық немесе тек саяси-идеологиялық, саяси-мәдени рухани ғана болмайды. Жеке адам, тап, ұлт, демографиялық, кәсіптік топтар әруақытта қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығының субьектісі болып табылады. Бұл өзара қатынастар мәселелері субьектілермен бірге біртұтас қоғамдық өмір заңдылығы болады. Қоғамның саяси құрылысы өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы адамдар мен олардың бірлестіктерінің өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары, әдістері қарастырылған. Саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Саясаттанудың негізгі категориясы <<саяси немесе саясат>> ұғымы. Бұл ұғымдарға <<саяси жүйе>>, <<саяси құрылым>>, <<саяси институт>>, <<саяси топ>>, <<саяси әрекет>> т.б. жиынтығы бойынша зерттеулер жасайды. Саясаттану ХІХ ғасырдың екінші жартысында жеке пән болып қалыптасты. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпиикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді. ХХ ғасырда бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басышылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде. Саясаттану пәні екі топты зерттеуді эмпирикалық және бихевиористік жүзеге асырады. Зерттеу негізі - саясат туралы. Оның бірнеше әдіс-тәсілдері бар. 1.Салыстырмалы әдіс- саяси құбылыстарды салыстыру арқылы, 2.Жүйелеу әдісі-күрделі құрылымдарды қарап, әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін байланыстылығын қарастырады. 3.Социологиялық әдіс-саясатты қоғам өмірінің барлық салаларына байланыстылығын анықтайды. 4.Тарихи тәсілі-саяси оқиғалар мен процестердің уақыт мезгілін еске ала отырып жүйелеу. 5.Нормативтік әдіс- табиғи құқықты іске асыруға бағытталған әдістерді айтамыз. Саясаттанудың өзіндік түрлі қызметтері де бар. Олар: бағалау, реттеушілік, жетілдіру, болжау. Саясаттағы <<парадигма>> ұғымы зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория. Ол ұғымның енген уақыты ХХ ғ. 20-жылдарында. (американ тарихшысы-Г.Кун.) парадигма түрлері: 1.Теологиялық парадигма-ол саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. 2.Натуралистік парадигма-ол саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді. 3.Әлеуметтік парадигма-саясатың табиғаты мен пайда болуын факторлар арқылы түсіндіреді. 4.Тиімді-сыни парадигма- саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Саясаттану біршама ғылымдармен Тарих, философия, этика т.б. ғылымдармен өте тығыз байланысты. Пысықтауға арналған сұрақтар: 1.Саясат дене не, ол қашан пайда болды? 2.Саясаттан тыс адам өмір сүре ала ма? 3.Саясаттанудың негізгі қарастыратын мәселелері мен қызметі қандай? 4.Саясаттанудың әдіс-тәсілдері мен парадигмалары. 2.Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі қызметтері 1.Саяси ғылымның әр тарихи кезеңдерде дамуы мен құлдық, ортағасырлық және қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар мен саясаттың дамуы. 2.Жаңа заман және марксистік саяси идеялар. 3. Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер. 4.ХХ ғасырдағы саяси ілімдер. Қазіргі өркениетті деп саналатын қоғамдыққұрылыс, демократиялық идеялар бір күн немесе бір жылда пайда болған жоқ. Саясаттың даму тарихын зерделегенде тағы бір есте болатын жайт- қай заманның ойшылдарын болмасын ойландырған не деген сұрақ туады.Сол мәселелерді қарастыратын болсақ........ 1.Құлдық дәуірдегі саяси ойлардың дамуы мен пайда болуы адамзат қоғамы сияқты ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймады. Олардың дамуы әр кезеңде әр қилы болды. Соның ішінде Батыс мәдениетінің шоқтығы биік.Себебі ол жоғар өркениеттіліктің үлгісін көрсетті. Шығыс елдеріндегі жоғарғы билік шектелместен монархтың, халиф, хан, патша, сұлтан, король, император т.с.с. қолында болды. Яғни билеуші халық алдында емес құдай алдында ғана есеп берді. Билік орнатылған тәртіптің, шындықтың, әділеттіктің, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралы деп есептелді. Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі Грецияда қатты дамыды. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Соның бірі Аристотель және Платон. Платон (б.з.б. 427-347жж.) Шын есімі-Аристокл. 200 жуық еңбектері бар. Сократ мектебінен өткен. Платнның айтуынша адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіруі және үй салуы керек. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Себебі қоғамдағы қарама-қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деген уәжді айтты. Мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді.Олар: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Аристотель болса (б.з.б. 384-322жж) Платонның ізін жалғастырушы болды. Бала оқытып, көп ізденген ғалым. Өз зерттеулерінде Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты-адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Олда жеке меншікке қарсы болды. Қоғамның тұрақтылығын жақтады. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдарда саясат мәселелері былайша әңгімеленеді. Ол кез феодалдық кезең. У-ХУІғғ. Созылған уақыт. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі болған кез. Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйектердің қоғамдағы басқарушы рөлі басым айтылады. Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді құдай берді. Христиан дініне көп еңбек сіңірген саяси ойшылдің бірі- А.Августин (354-430жж) Христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ізін жалғастырушы Ф.Аквинский (1225-1274жж) ол өзін Аристотельдің көзқарастарына бағыттады. Адам жалғыз өзі саяси тірі жәндік. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндіреді. Сондықтан патшалық билікке бағыну керек. Яғни аспанда құдай, жерде Рим папасы. ХХ ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда болды Жас буржуазияны жақтаушылар католик шірекуінің озбырлығын әшкерелеп, адам құқығы мен ар-намысын қорғауға шақырды. Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасын саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл <<гуманизм>> деп аталды. Ал тарихи кезеңнің саяси өмірінде <<қайта өрлеу дәуірі>> деп аталды. Алдыңғы қатарлы оқымыстылар шіркеу мекемелерін сол кездегі феодализмге, католик дініне қарсы бағытталған әлеуметтік-саяси қозғалыс - реформацияның тұрғысынан сынға алды. Қайта өрлеу дәуіінің өкілі Н.Макиавелли (1469-1527 жж) Өз шығармаларында діни көзқарасқа қарсы бола отырып, шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Мемлекет ерікті болғанда ғана қуатты, абыройлы бола алады. Елдің бірлігі мен мемлекеттің қол астындағы адамдардың бірілігі де соған (мемлекетке) байланысты Мәселені саяси мақсат тұрғысынан қарастырады. Жаңа замандағы саяси ойларда <<саясат>> мәселесі былайша тұжырымдалады. ХУ ғ. Буржуазиялық революция Англияда болды. Ол капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты. Сол заманның саяси ойшылы Томас Гоббс (1588-1679 жж). Оның ойынша мемлекет қоғамдық келісімнің негінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды Ол монархиялық мемлекеті ұнатты. Ал Франция ғалымы Шарль Луи Монтескье (1689-1775 жж) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға байланыстырады. Саяси бостандық кез-келген жағдайға әсер етеді. Ал мемлекет азаматтарды өміоге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Келесі саясатты өзінше тұжырымдаған ғалым Жан Жак Руссо (1712-1778 жж) Еркіндік пен теңдіктің туын көтерген ғалым болды. Тікелей халық билігін көтерді. Депутат халық қызметшісі болуы керек. Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған неміс классигі, философы Иммануил Кант (1724-1804 жж). Оның әлеуметтік-саяси көзқарастары әрбір адам ар-намысының, шексіз құндылықтың иесі, қандай игілікті жоспар болмасын адам оны жүзеге асырады. Сондықтан қоғамдық өмірде тонау, қорлық, зорлық пен зомбылық, күштеу болмауы керек дегенді айтты. ХУІІІ ғ.аяғы-ХІХғ. Бірінші жартысында Батыс Еуропада капиталистік мәдениет заманалық екі қозғаушы күштің әсерімен дамыды. Біріншісі-капиталистік қатынастарға жол ашқан Ұлы Француз революциясы, екнішісі-Анлгия мен Францияда және Батыс Еуропа елдеріндегі күрделі өнеркәсіп өзгерістері. Марксистік саяси идеялар былайша баяндалады. ХІХғ. 1-ші жартысында капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды. Ондай пікіріді айтқан Карл Маркс (1818-1883 жж). Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық тұрмыстың өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызатындығын дәлелдеді.Олар социалистік революция теориясын дамытты. Қазақ даласындағы саяси ойшылдар : <<қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай>> дей келе,мемлекетті адамдар өз қажетіне жақсы жолмен құруы керектігін, бірлесу арқылы қоғамдық жолмен жақсылап өмірді қанағаттандыруы адамзаттың өзінде. Мұндай айтылғандарды Батыстың кейінгі саясат зерттеушілері орта ғасырдағы ғылымның энциклопедиясы деп атады. Кез-келген қазақ даласының ғұламасын алмайық олардың саясат және халықтың саяси өмірі мен саяси билік туралы айтпағы қазақ халқының рухани мұрасында. Адамның адамгершілік қасиетін арттыруға жұмылдырды. <<Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос>> , - деп ұлттық бүтіндік, ішкі татулық, ынтымақтастыққа шақырды Өз халқының мүддесі үшін күресте достық, татуластық бірлік керектігіне назар аударды. Қазақ халқының саяси санасының дамуына ХІХ ғ.аяғы-ХХғ. Басында пайда болған алғашқы интеллигенттік топ та зор ықпал етті. ХХ ғасырдағы саяси ілімде - ХІХғ. Аяғы мен ХХғ. Басындағы капиталистік елдерде орасан зор өзгерістер болды. Мемлекеттік-монополистік капитализм монополиялар мен мемлекеттің күшін біріктірді. ХХғ. Батыс елдерінде <<солидаризм>> ілімі өріс алды. Ондай ілімінің негізін салушы Л.Дюги (1859-1928 жж) әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі керек. Келесі бір ұғым <<элитаризм>>. Элита деген сөз ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағына береді. Ол ұғымдарды енгізген италяндық саясаттанушылар Г.Моска (1856-1941 жж), В.Парето (1848-1923 жж). Олардың ойынша халық өзін-өзі басқара алмайды. Оған қабілеті жетпейді. Сондықтан олар үшін таңдаулы адамдар тобы керек. ХХ ғасырдағы тағы бір саясат мәселесімен айналысушы Макс Вебер (1864-1920 жж). Ол плюрализм идеясын енгізді. Қоғамның барлық саласындағы идеологиялық мүдделер мен діни сананың араларындағы қандай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты. Сонымен саясаттанудың қалыптасуы мен дамуының тарихы-адамзат тарихының бұрынғысы мен бүгінгісі және болашағы үшін қажет. Оны оқып-білу-қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мәнін түсінуге, онда әркімнің өз орнын анықтауға, егеменді еліміздің азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет құруына белсене араласуының септігін тигізері сөзсіз. Пысықтауға арналған сұрақтар: 1.Саяси ғылымның тарихын оқып-білудің маңызы неде? 2.Құлдық және орта ғасыр дәуіріндегі саяси ойшылдар көзқарасы туралы не айтасыз? 3.Жаңа заман және қазіргі заманның саяси көзқарастары саясат туралы қандай пікірлерді айтады? 4.Қазақ даласындағы саяси ойшылдардың саясат туралы пікірлері нені меңзейді? 5.ХХ ғасырдың саяси көзқарасы саясат туралы нендей пікірлерді баяндайды 3.Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдар 1.Билік ұғымы мен түсінігі. Билік қызметі мен онің жіктелуі. 2.Билік түрлері: саяси және мемлекеттік. 3.Саяси тәртіп. Саяси жүйе. Олардың жіктелуі 4.Демократия түсінігі және оның саяси маңызы Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты. Саясаттың негізгі мәселесі-билік, ал мазмұны-билік үшін күрес және билікті жүргізу. Адамның жан-жануардан ерекшілігі- билік үшін күресуі. (Ибн-Халдун (1332-1406жж). Билік жөнінде түрлі тұжырымдар: 1.Телеологиялық-белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. 2.Бихевиористік - адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстау ерекшеліктерімен түсіндіреді. 3.Инструиенталистік - белгілі құрал жабдықтар арқылы т.б. 4.Конфликтік-дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін ерекшеленді. Бұдан билік туралы ғалымдардың біркелкі тұжырымы жоқ екенін түсіндік. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болады және оның даму барысында бола бермек. Ол алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Алғашқы қауымдық қоғамда билік қоғамдық сипатта болды. Ал саяси билік құлдық қоғамда пайда болды. Сондықтан саяси биліктің пайда болуын қазіргі саясаттануда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Саяси биліктің биліктің ең басты түріне жатады. Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Оны мынадан байқаймыз: 1.Экономикалық қор: (қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары және т,б.) 2.Әлеуметтік әдіс-құралдар-үстемдік етіп отырған билік өзіне қолдау іздейді. 3.Күш жұмсау құралдары- мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. 4.Ақпарат құралдары-қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны 4-ші билік деп атайды. 5.Информациялық қор- білім мен ғылыми мағлұматтарды тарату т.б. Биліктің қызметтері: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру, саяси өмірін ұйымдастыру, мемлекеттің істерін басқару, саяси және саяси емес процестерге басшылық жасау. Биліктің субьектісіне жеке адам немесе партиялар, ұйымдастыру т.б. жатады. Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі. Олардың өзіндік атқарар қызметі мен әрекеттері бар. Билік екіге бөлінеді. Саяси билік жіне мемлекеттік билік. Саяси билік-таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін береді. Ал мемлекеттік билік- адамдарға міндетті заңдарды шығару мен ұйымдарды сақтау. Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимдігінен білінеді. Легитимдік деп-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Саяси билікте бұлармен бірге оның принциптері болады. Олар: легитимдік принцип, қорғау принципі, ұтымдылық принципі, сыр бермеу принципі. Биліктің түрлері: 1). Басқару түріне қарай монархия және республика болып екіге бөлінеді. Монархия өзі 2-ге: абсолюттік және конституциялық. Олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Республика 3-ке бөлінеді. Президенттік, парламенттік және аралас. Мемлекеттік құрылысына қарай мынадай болады.1.Унитарлық, 2.Федерация, 3.Конфедерация. Мемлекеттерді басқару түрі өзіндік құрылысымен ғана емес саяси тәртібі жағынан да ерекшеленеді. Саяси тәртіп деп-саяси билік, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады. Саяси тәртіп екіге бөлінедң. Демократиялық және антидемократиялық. Демократиялық: а).адал, шынайы сайыс арқылы түрде өткізілетін сайлау; ә).үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі; б). Жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды. Антидемократиялық: а).тоталитарлық - бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрыым, авторитарлық- күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік-саяси құрылыс. Пысықтауға арналған сұрақтар: 1.Қоғам биліксіз өмір сүре алама? 2.Билік анықтамасы мен оның түрлерін ата. 3.Билік қорына не жатады? 4.Саяси билік пен мемлекеттік биліктің айырмасы неде? 5.Қазіргі Қазақстандағы билік легитимдігінің түрі қандай? 4.Мемлекет оның белгілері туралы 1.Мемлекеттің пайда болуы мен оның белгілері. 2.Тарихи дамуы: монархия, республика, конституциялық монархия, демократия, тоталитаризм. 3.Мемлекет функциялары.Құрылымы. Мемлекет ұғымы кең және тар мағынада қолданады. Мемлекет саяси жүйенің басты элементі, негізгі ұйымы. Арнаулы күштерді пайдалана тоырып, өз аумағындағы азаматтардың мүддесін қорғайды. Алғашқы қауымда болған жоқ. Құл иеленушілік қоғамда пайда болды. Ол туралы мынадай пікірлер бар. 1.Теологиялық - құдайдың күшімен пайда болды. 2.Патриархтық- тайпа-рулардың қауымдастығы арқылы 3.Қоғамдық келісімі- адамдар мен мемлекеттің арасындағы өзара келісім арқылы пайда болды. 4.Зорлық жасау -басып алу арқылы 5.Географиялық - мемлекеттің орналасуы арқылы пайда болды. 6.Психологиялық- бағыну мен құлшылық ету арқылы пайда болды. т.б. Мемлекеттің негізгі белгілері: 1.Аумақтық (территориялық) бөлінуі, 2.Ерекше өкімет аппараты (жариялы билік) 3.Мемлекеттің егемендігі 4.Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру. 5.Салық салу. 6.Мемлекет азаматының болуы. Мемлекеттің қызметтері: ішкі және сыртқы. Ішкі қызметтеріне: экономика, салық, несие, экономикалық бағдарламалар, әлеуметтік өмірді ұйымдастыру, заңдылықты қамтамасыз ету, мәдени-тәрбиелік салада мемлкет халыққа білім беру, ғылыммен әдебиет өнерге қамқорлық жасау. Сыртқы қызметтеріне: мемлекет тұтастығы мен қауіпсіздігі, өзін-өзі билеу, басқа елдермен қарым-қатынастары. Мемлекеттің тағы бір маңызды мәселелері: азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруы. Алғашқысы ерте кезеңде пайда болды. түрлі пікірлерде бар. Азаматтық қоғам деп-мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Азаматтық қоғам экономикасының негізі-көп укладты экономика. Сонымен бірге азаматтық құқықтарды жүзеге асырады. Осылайша бұл қоғам мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп-демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтамыз. Құқықтық мемлекет- жоғары өкіметтің қаулы-қараларымен кіргізілмейді. Ол үшін мемлекет жан-жақты дамып, пісіп жетілуі керек. Пысықтауға арналған сұрақтар: 1.Мемлекеттің пайда болуы туралы пікірлер туралы не білесіз? 2.Мемлекеттің саяси ұйымдардан айырмасы қандай? 3.Мемлекеттің белгілері мен қызметтері қандай? 4.Азаматтық қоғам дегеніміз не? 5.Құқықтық мемлекет деген не? 5.Саяси партиялар мен қоғамдық - саяси қозғалыстар 1.Саяси партиялардың пайда болуы мен қалыптасуы. Олардың атқарар қызметі. 2.Партияларды танудағы аспектілер: әлеуметтік құрылымы, саяси платформасы мен идеологиялық бағыттары. 3.Партия типтері. Мемлекеттік саяси жүйедегі партия ролі 4. ҚР қоғамдық-саяси қозғалыстар және олардың саяси белсенділігі. Саяси жүйеге мемлекетпен бірге саяси партияларда кіреді. <<Партия>> сөзі латын тілінен аударғанда <<бөлу>>, <<бөлшек>> дегенді білдіреді. Алғаш Ежелгі Грецияда пайда боды. Қазіргі саяси партиялар ХІХғ. 2-ші жартысында Еуропада пайда болған. Оған ықпал еткен буржуазиялық революциялар болды. Мемлекеттік билікті ұйымдастырудың түрі-парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Алғашында көпшілік партия болмады. Бірінші көпшілік партия болып 1861 жылы Англияда пайда болды. Соңынан мұндай партиялар қаптап кетті. Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады. Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті-азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Қоғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүрсе сол партияның әлеуметтік негізін құрайды. Демек, солардың мүддесін қорғайды. Және де саяси өмір мәселесіне баса назар аударады. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты 4 түрге бөлінеді. 1.Авангардтық партия 2.Сайлаушылар партиясы 3.Парламенттік партия 4.Қауымдстық партия Саяси идеологиясына қарай 5 түрге бөлінеді: 1.Коммунистік партия. 2.Социал-демократиялық партия, 3.Буржуазиялық-демократиялық партия. 4.Консервативтік партия 5.Фашистік партия. Бұл аталған партиялардың өзіндік идеологиялық бағытына және саяси тәртіпті қолдауларына қарай өзіндік әрекеттері бар. Саяси өмірдегі алатын орны мен билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси партиялар билеуші және оппозициялық деп бөлінеді. Олардың жұмысын әдетте құқықпен немесе Конституциямен реттеледі. Бұл жағдай қазір Қазақстанда да көп партиялы жүйемен реттелуде. Және де қоғамның саяси өмірі қоғамдық-саяси қозғалыстарменде толығуда. Бұл саяси өмірдің мәселелсін реттеуші күштердің болуы демократиялық кезеңнің орнығуымен сәйкес келеді. Пысықтауға арналған сұрақтар: 1.Саяси партия дегеніміз не? 2.Қоғамдық-саяси ұйымдардың партиялардан айырмашылығы неде? 3.Партияның негізгі қызметтері. 4.Қазақстандағы көппартиялылық туралы не білесіз? 6.Саяси элита және саяси жетекшілік 1.<<Элита>> термині, мазмұны мен қызметі. 2.Элитаның қалыптасуы мен жіктелуі. 3.Әлеуметтік саяси және психологиялық сапасы. Элитизм турлы концепциялар. 4. Қоғамдағы саяси жетекшілік және оның саяси өмірдегі орны. <<Элита>> термині француз тілінен алынған. Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Бұл ілімді қалыптастырған ХХ ғасыр басындағы италия ғалымдары Г.Моска, В.Парето, неміс ғалымы Р.Михельс. Саяси элитаны тудыратын факторлар: 1.қоғамға арнайы білімі мен тәжірибелері бар кәсіби басқарушылар. 2.адамдардың психологиялық және әлеуметтік теңсіздіктері 3.қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланғандар 4.бұқара халықтың қолдауына зор жеңіспен ие болғандар. Саяси элита маңызды мәселелерді шешуге араласады. Ондай мәселені қарастыратын ғылымды саясаттануда элитология деп атайды. Ол элиталардың қалыптсауы мен қоғамдағы ролін, әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс-тәсілдерін зерттейді. Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі. 1.Басқарушы элита. 2.Контрэлита. Қазақстандағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ. Олардың көбі Кеңес Одағы заманындағы номенклатуралық қызметтер атқаруда. Қазақстанның қазіргі элитасына Президент және басқару аппараты мен министрліктер жатады. Аймақтық элитаға облыс әкімдері кіреді. Саяси топ бастаушылар әдетте мынадай қызметтерді атқарады: қоғамның түбегейлі құнділіқтары мен әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіреді. Қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырады. Қажетті өзгерістерді іске асырады. Саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз етеді. Заңыдылықпен саяси тәртіпке кепіл болады. Саяси жетекшіге қарама-қарсы саяси бастаушы немесе көмесымақтар болады. Ол ұғым ХІХғ пайда болған. Саяси бастаушы көбіне бүлдірушілік идеяларды пайдаланып мансап құрады. Пысықтауға арналған сұрақтар: 1.Саяси элита дегеніміз не? 2.Қоғам дамуындағы саяси элитаның рөлі неде? 3.Саяси лидер және саяси элита дегендердің айырмашылығын түсіндіріңіздер? 4.Саяси элитаның қызметі қандай? 5.Қазіргі қазақстандағы элитаның жағдайы туралы. 7.Саясат субьектілері. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің қалыптасуы. 1.Өтпелі кезең, саяси жүйе принциптері. 2.Саяси жүйелердің қалыптасуы. Саяси жүйенің реттеуші формалары, көзқарастар, концепциялар. 3.Қазақстандағы саяси жүйенің болашақ тұжырымдары. Саясаттың субьектісіне әлеуметік топтар, таптар, ұлттар, мемлкеттер саяси партиялар, қозғалыстар жатады. Мәселе <<тұлға>>, <<субьекті>> турлы болмақ. Тұлға деп- қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған саналы іс-әрекет ете алатын өз жүріс-тұрысына жауапты еңбек етіп қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші адамды айтады. Субьекті деп-белсенді іс-әрекет жасаушы сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. Ал обьекті деп танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса соны айтады. Саясаттың субьектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласатын басқалардың санасына іс-әрекетіне жағдайына ықпал ететін саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасйтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субьектісінің құрамы оның түрлері мен тәсілдеріне, көздеген ақсат-мүдделеріне, қоғамның нақты тарихи жағдайымен айқындалды. Адамдарды негізінен саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп- мұқтаждық пен мүдде. Қандай адам болмасын белгілі топқа, тапқа, мемлекетке жатады. Оның өзі де өмір жағдайы мен саясатқа араласуына әсер етпей қоймайды. Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене аралауының жан-жақты маңызы бар. Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалды әр түрлі. Саясатқа қатысу шамасына қарай олард мынадай түрлерге бөледі.Қоғамның қарапайым мүшесі. Саяси жұмысқа тура араласпайтындар. Өз еркімен саяси жұмысқа араласатындар. Саяси қайраткерлер. Кәсіби саясаткерлер. Жеке адамдардың саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі мол болса, қоғамдағы орны өте жоғары болады. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдық, әлеуметтік-мәдени, саяси-құққтық алғышарттар қажет. Сондықтан да демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады. Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні бар мәселелердің бірі- адам бостандықтары мен құқықтары. Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдар: Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо. т.б. Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп бергендер болды. АҚШ-тың <<Тәуелсіздік Декларациясында>> көрсетілгендей, негізгі баптар конституциялық түрде және Францияның <<Адам және азаматтар Декларациясында>> бекітілді. Олармен салыстырғанда қазіргі кездегі жеке адамның құқығы туралы ұғым анағұрлым ауқымды. Адам құқығының іске асып орындалуының зор маңызы бар. Ол адамға өзінің жеке және қоғамдық өмірінің саналы жасаушысы, ішкі және сыртқы саясаттың толық субьектісі болуына, мемлекеттің бірқалыпты прогресті дамуына жағдай жасайды. Пысықтауға арналған сұрақтар: 1.<<Саясат субьектісі>>, <<саясат обьектісі>> деген не? 2.Тұлға дегеніміз кім? 3.Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының маңызы неде? 4.Жеке адамның құқықтары қалай жіктеледі? 5.Қазақстан Республикасындағы ұлттық-мемлекеттік жағдайының ерекшеліктері қандай? 8.Әлеуметтік топтар мен этникалық бірлестіктер. 1.Қоғамның әлеуметтік-саяси этникалық топтары. 2.Этностардың даму теориялары. Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттар орны. 3.Қазақстандағы ұлттық қатынастар мәселелері: ұлттық мәдениет, тіл саясаты. Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып білген дұрыс. Себебі қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтрадан, ал олар қандай жай-күй жағдайда тұратындығын білуі керек. Адамның қоғамдағы орны әлеуметтік белгілермен белгіленеді. Бірнеше немесе бір әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ деп атаймыз. Саяси процестерде адамдар қоғамдық өмірдің саяси процестің басты субьектісі болады. Адамдардың қоғамдық жағдайындағы негізгі белгілріне қарай қоғам құрылымының негізгі түрлерін атауға болады. Олар әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-кәсіптік т.б. елді мекендік құрылымдар жатады. Әлеуметтік құрылымды және оның жіктелуін ХХ ғасырда әлеуметтік стратификациялану деп атайды. Бұдан қоғамдағы әлеуметтік жіктелудің болатындығын байқаймыз. Әлеуметтік жіктелуге қоғамның құрамына кіретін белгілі бір топтрдың жиінтіғі жатады. Әлеуметтік жіктелу теориясы адамды қызметкер ретінде де, тұтынушы ретінде де қарастырады. Ол билік жүйесіндегі барлық жағдайын, басқара алатын обьектісінің қоғамнан алатын игілік мөлшерінің барлық түрлерін қамтиды. ХХ ғасыр ғажайып жағдайларға толы. Соның бірі-этникалық жаңару, қайта өркендеу мәселесі. Әлеуметтік бірлестіктер жүйесінде ұлттың және ұлттық саясаттың алатын орны ерекше. Ұлттық саясат дегеніміз- адамдардың ұлттық мұқтаждығын өтеуге, ұлттық қатынастарды реттеуге бағытталған қоғамдық, ең алдымен әлеуметтік-құқықтық әрекеттердің ерекше түрін айтамыз. Бұған негізінен зерттеулер жүргізу керек. Ұлттық саясат әр елде әр кезеңде әр түрлі болуы мүмкін. Бүгінгі таңда бұл салада ассимиляция, сегрегация, геноцид сияқты сипаттар белгілі. Бұл сөздердің анықтамасын <<глосарийден>> табасыз. Қазіргі кезде мемлекетаралық және мемлекет ішіндегі қатынастардың демократияланып, адамгершілік көзқарастарын басшылыққа алған шақта ұлттардың теңдігі мен өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешу құқығы берілген. Бұл мәселелер Қазақстан өз алдына егемендігін алғаннан кейін өзгере бастады. Тілге мемлекеттік мәртебе беріліп, өренді өзгерістер жүруде. Көп ұлтты Қазақстанда саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, мәдени жетістіктеріне байланысты. Халық осы тұрған жері мен заңын, саяси өміріне жауаптылықпен қарауы да заңдлықтарда айтылған. Қоғамның саяси өмірінде орын алатын мәселенің бірі-дін. Мысалы АҚШ-тағы ұлт-азаттық күрес кезінде діни қайраткерлердің көбі реолюцияға қатысып, түрлі азаматтық құқық жағдайлары жөнінде болды. Мұсылман елдерінде ислам мемлекетін құру, ел Конституциясының Құранға сәйкес келуін талап ету, шариат заңдарн сақтау идеялары діннің саяси процесіне ықпал ететіндігін байқатты. Қазақстан Республикасында заң баптарына сай әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Мұның бәрі елімізде дінге деген көзқарастар түбегейлі өзгеріп, халқымыз адамзат өркениетінің, рухани байлығының бір көзі-дінімен қайта қауышуда. Пысықтауға арналған сұрақтар: 1.Қоғамның әлеуметтік құрылымы деген не? 2.Қоғамның әлеуметтік құрылымы қалай жіктеледі? 3.Республикамыздағы әлеуметтік құрылымның даму үрдісін қалай түсінесіз? 4.Ұлттық аясат деген не? 5.Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны қандай? 9. Саяси идеология 1. Саяси сана және саяси идеология 2. Қазіргі саяси идеологияның негізгі түрлері мен бағыттары 3. Саяси мәдениет және саяси әлеуметтену Саяси идеология саяси санамен тығыз байланысты. Саяси сана деп-өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін адамдардың бұл саладаағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтамыз. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен дүниеге келді. Саяси сананың негізгі қызметі-мемлекеттік билік. Және оның қызметі. Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана саяси психология және саяси идеологиялардан тұрады. Оларға тоқталсақ: 1.Қарапайым сана- күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрыптар болса, 2.Теориялық сана- теориялық тұрғыдан жинақталған жағдайлардан пайда болады. 3.Саяси психология-адамдар ұжымы мен топтар, таптардың т.б. бірлестіктердің сезімімен мінез-ғұрыптарынан пайда болады. 4.Саяси идеология саяси сананың саясаттағы құрамдас ерекше бөлігі. Саяси идеология деп- адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтамыз. Идеология әр түрлі-саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық философиялық т.б. болып келеді. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Саяси идеология ағартушылық дәуірде дүниеге келді. Адамдар өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алға тартылды. Қоғам өмірінде идеологияның 5 қызметі бар. 1.Танымдық қызметі- саяси жүйені, саяси өмірді суреттеу. 2.Бағдарламалық қызмет-негізгі түсініктер мен адам іс-әрекетіне бағыт-бағдар беру. 3.Жұмылдыру, іске асыру қызметі-мақсат-мүдделерді анықтап, әлеуметтік топты оны іске асыруға жұмылдыру. 4.Амортизациялық қызметі-Саяси іс-әрекетті түсіну мен әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдету. 5.Бағалау қызметі- қазіргі және болашақтағы дамуға баға беру. Т.б. Саяси идеология теориялық тұрғыда топтың, таптың негізгі мүдделерін танытады, оларға мұраттар, Ережелер, рухани байлықтар, бағалы бағыттар жүйесін береді. Сол арқылы нақтылы мақсаттардың жүзеге асырудың құралдары мен жолдары белгіленеді. Саяси идеология арқылы тап өзіндік санаға, жеке тұтастық сезімге ие болады. Саяси идеологиялар мазмұны, мақсаты жағынан прогрестік, либералдық, революциялық, консервативтік, радикалыдқ, реакциялық, шовинистік, ұлтшылдық т.б. болып бөлінеді. Саяси идеология БАҚ-де тығыз байланысты. БАҚ азаматтар мен билік органдарына ең маңызды оқиғалар туралы мағлұматтар жинайды, таратады, оларға баға береді. Демократиялық қоғамда БАҚ қоғамдық пікірлермен қатар заңға жүгінеді. Қазіргі дүниеде бақ-қа жол ашу-ықпалды оппозиция қалыптастырудың қажетті шартты. Қоғамдық санаға плюрализм, сөз бостандығы принциптерін сіңірудің маңызы зор. Бірақ олар мақсаты пайдалануы керек. Қазіргі заманда саяси идеологияның көптеген түрлері бар. Олардың негізгілеріне либералдық, консервативтік, коммунистік, социал-демократиялық және фашистік идеологиялар жатады. Идеологияның негізгі түрлері туралы мағлұматтарды <<глосарийден>> ала аласыздар. Сайып келгенде, еліміздің халқын, әсіресе жаңа ұрпақты патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелемей, қоғамның бұдан әрі дамуының маңызды факторларының бірі- оны топтастыруға қол жеткізу мүмкін емес. Пысықтауға арналған сұрақтар: 1.Идеология деген не? Оның ерекше белгілері қандай? 2.Қоғам мен жеке адамның өмірінде идеологияның маңызы неде? 3.Идеология түрлерінің пайда болуы туралы не білесіздер? 4.Қазақстандағы идеологиялық жағдай қандай деп ойлайсыз? Саяси процесс және саяси бейімделу 1. Саяси процесс туралы ұғым және оның жіктелуі. 2.Саяси процеске қатысу түрлері, жүру барысы 3.Саяси даму мен бейімделудің мәні. Бейімделудің кезеңдері және оған байланысты көзқарастар. Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Қоғамдық өмір оның ішінде саяси сала-өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат-мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей жатады. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші қалыпты жағдайға ауысуын саяси процесс деп атайды. Саяси процесстің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда. Мұндай жағдайларға билік институттары, кәсіподақтар т.б. ұйымдар қатысады. Саяси процесс - күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. Саяси жүйені 4 сатыға бөлеміз. 1.Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. 2.Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы 3.Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. 4.Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау Қоғам дамуының мақсатын айқындап, оны жүзеге аысрушы билеуші тәртіп саяси процестің сипатын білдіреді. Оны 3-ке бөлеміз. 1.Саяси тәртіптің қайталанып жұмыс істеуі. 2.Саяси тәртіптің дамуы 3.Саяси тұтастықтың құлдырауы және ыдырауы Саяси процестің жіктелуі ішкі және сыртқы болып келеді. Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалды әр түрлі. Саясатқа қатысу шамасына қарай олард мынадай түрлерге бөледі.Қоғамның қарапайым мүшесі. Саяси жұмысқа тура араласпайтындар. Өз еркімен саяси жұмысқа араласатындар. Саяси қайраткерлер. Кәсіби саясаткерлер. Жеке адамдардың саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі мол болса, қоғамдағы орны өте жоғары болады. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдық, әлеуметтік-мәдени, саяси-құққтық алғышарттар қажет. Сондықтан да демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады Мемлекеттің тағы бір маңызды мәселелері: азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруы. Алғашқысы ерте кезеңде пайда болды. түрлі пікірлерде бар. Азаматтық қоғам деп-мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Азаматтық қоғам экономикасының негізі-көп укладты экономика. Сонымен бірге азаматтық құқықтарды жүзеге асырады. Осылайша бұл қоғам мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектісі бола отырып, әр ғылымдар негізі өзінің ерекше зертеу обьектісін таңдап алады. Мысалы тарих ғылымының зерттеуі- оқиғалардың шығу себептерін алса, экономиканың зерттеуі - өндіріс пен өндірістік қатынастар, тұтыну мәселелері, саясатану ғылымының зерттеуі - саяси билік жүргізу мәселелерімен тығыз байланысты. Әр ғылымдардың өзіндік зерттейтін мәселелері осылайша бөлініп алынады. Демек саясаттану пәні қоғамды тұтас қаратырмайды, тек сол қоғамның саяси әлеуметтік өмірін ғана зерттейді. Атап айтқанда, адамдардың кең қауымдастықтары арасындағы саяси әлеуметтік қатынастарды қарастырады. Саяси - әлеуметтік қатынастардың бір ерекшелігі сол, олар біртұтас комплексті сипатта болады да, тек жекеленген саяси-экономикалық немесе тек саяси-идеологиялық, саяси-мәдени рухани ғана болмайды. Жеке адам, тап, ұлт, демографиялық, кәсіптік топтар әруақытта қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығының субьектісі болып табылады. Бұл өзара қатынастар мәселелері субьектілермен бірге біртұтас қоғамдық өмір заңдылығы болады. Қоғамның саяси құрылысы өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы адамдар мен олардың бірлестіктерінің өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары, әдістері қарастырылған. Пысықтауға арналған сұрақтар: * <<Саяси процесс>> деп нені айтады? * Саяси процесс қалай жіктеледі? * Саяси процеске қатысудың түрлерін атаңыз? * Қазіргі қазақстанның саяси процесіндегі ерекшеліктерді қандай? * Саяси даму және саяси бейімделу дегеніміз не? 11.Әлемдік саясат 1.Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар. 2. Қазақстандағы сыртқы және халықаралық қатынастар мәселелері. 3.Қазақстанның Орта Азия мен Еуропа елдері арасындағы халықаралық мәселелері. 4.Жаңаша саяси ойлау және халықаралық саясат. Әлемдік саясат деп- мемлекеттердің және басқа халықаралық субьектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтамыз. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды. Әлемдік саясат халықаралық қатынастардың өзегін құрайды. Оған сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар және халықаралық саясатқа бөлінеді. Сырқы саясат - жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа Мемлекеттік мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар т.б. арасындағы қоғамдық қатынастарды айтамыз. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер Мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саясаттар жиынтығын айтады. Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келеді. Халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты. Солардың ішінде ең бастысы-мемлекеттер күшінің арақатынасы, арарсалмағы. Бұл мәселелер Қазақстан өз алдына егемендігін алғаннан кейін өзгере бастады. Тілге мемлекеттік мәртебе беріліп, өренді өзгерістер жүруде. Көп ұлтты Қазақстанда саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, мәдени жетістіктеріне байланысты. Халық осы тұрған жері мен заңын, саяси өміріне жауаптылықпен қарауы да заңдлықтарда айтылған. Қоғамның саяси өмірінде орын алатын мәселенің бірі-дін. Мысалы АҚШ-тағы ұлт-азаттық күрес кезінде діни қайраткерлердің көбі реолюцияға қатысып, түрлі азаматтық құқық жағдайлары жөнінде болды. Мұсылман елдерінде ислам мемлекетін құру, ел Конституциясының Құранға сәйкес келуін талап ету, шариат заңдарн сақтау идеялары діннің саяси процесіне ықпал ететіндігін байқатты. Қазақстан Республикасында заң баптарына сай әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Мұның бәрі елімізде дінге деген көзқарастар түбегейлі өзгеріп, халқымыз адамзат өркениетінің, рухани байлығының бір көзі-дінімен қайта қауышуда. Халықаралық саясатпен тығыз байланысты ұғым <<ұлттық мүдде>>. Бірақ әлемдегі мемлкекеттердің көпшілігі көпұлтты. Сондықтан Мемлекеттік мүдде мен ұлттық мүдде сәйкес келе бермейді. Ұлттық мүддемен етене байланысатын ьағы бір ұғым <<ұлттық қауіпсіздік>>. Сыртқы саясаттың қалыптасуына әр түрлі жағдайлар ықпал жасайды. Оның ең маңыздысы-мемлекеттің орналасқан географиялық ортасы. Халықаралық саясатты қалыптастыруға идеологияның да қатынасы бар. Қазақстанның сыртқы саясатының негізнде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға, оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық инститтуттар жасауға, Барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалды әр түрлі. Саясатқа қатысу шамасына қарай олард мынадай түрлерге бөледі.Қоғамның қарапайым мүшесі. Саяси жұмысқа тура араласпайтындар. Өз еркімен саяси жұмысқа араласатындар. Саяси қайраткерлер. Кәсіби саясаткерлер. Жеке адамдардың саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі мол болса, қоғамдағы орны өте жоғары болады. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдық, әлеуметтік-мәдени, саяси-құққтық алғышарттар қажет. Сондықтан да демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады. Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні бар мәселелердің бірі- адам бостандықтары мен құқықтары. Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдар: Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо. т.б. Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп бергендер болды. Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптеріне мыналар жатады: - Мемлекеттік мүддені қорғау; - экономикалық реформаларды жалғастыру; - демократиялық институттарды күшейту; - сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету; - әлем елдерімен тұрақтылықта болу; - серіктестік қатынастарды дамыту; - ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене араласу; - халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету. Сайып келгенде, Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесіне айналды. Сонымен қатар республиканың халықаралық деңгейде мүдделі болып отырған келелі мәселесі- қарусызданы мен халықаралық қауыпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру, адам құқықтарын, ортаны, ішкі ахуалды жақсарту мен дамыту. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатты шынайы жүргізумен бірге, өз елінің ішкі ахуалында жақсартып, әлем елдерінің (50 алпауыт елдер ) қатарынан шығуды және болашаққа өркениетті, құқықтық қоғам орнатуына сенімі мол егеменді елге айналуды жоспарлап қана қоймай оны өз халқының қолдауымен жүзеге асыруды да саяси бағдарламалармен қызмет жасауда. Пысықтауға арналған сұрақтар: 1.Әлемдік саясат деген не? 2.Сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар ұғымдарының айырмасы неде? 3.Сыртқы саясаттың мақсаты не? 4.Ұлттық мүдде деген не? 5.Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары қандай? 6.ХХІ ғасырдағы халықаралық қатынастар дамуы қандай болады деп ойлайсыз? 3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары. 1 семинар 1)Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. 2)Саясаттану пәні, ұғымдары мен әдіс-тәсілдері. 3)Саяттану пәнінің қызметі мен парадигмалары.. Басқа пәндермен байланыстылығы. 2 семинар 1)Саяси ғылымның әр тарихи кезеңдерде дамуы мен құлдық, ортағасырлық және қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар мен саясаттың дамуы. 2)Жаңа заман және марксистік саяси идеялар. 3) Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер. 4)ХХ ғасырдағы саяси ілімдер. 3 семинар 1)Билік ұғымы мен түсінігі. Билік қызметі мен онің жіктелуі. 2)Билік түрлері: саяси және мемлекеттік. 3)Саяси тәртіп. Саяси жүйе. Олардың жіктелуі 4)Демократия түсінігі және оның саяси маңызы 4 семинар (2 сағат) 1)Мемлекеттің пайда болуы мен оның белгілері. 2)Тарихи дамуы: монархия, республика, конституциялық монархия, демократия, тоталитаризм. 3)Мемлекет функциялары.Құрылымы. 5 семинар 1)Саяси партиялардың пайда болуы мен қалыптасуы. Олардың атқарар қызметі. 2)Партияларды танудағы аспектілер: әлеуметтік құрылымы, саяси платформасы мен идеологиялық бағыттары. 3)Партия типтері. Мемлекеттік саяси жүйедегі партия ролі 4) ҚР қоғамдық-саяси қозғалыстар және олардың саяси белсенділігі. 6 семинар 1)<<Элита>> термині, мазмұны мен қызметі. 2)Элитаның қалыптасуы мен жіктелуі. 3)Әлеуметтік саяси және психологиялық сапасы. Элитизм турлы концепциялар. 4) Қоғамдағы саяси жетекшілік және оның саяси өмірдегі орны. 7 семинар 1)Өтпелі кезең, саяси жүйе принциптері. 2)Саяси жүйелердің қалыптасуы. Саяси жүйенің реттеуші формалары, көзқарастар, концепциялар. 3)Қазақстандағы саяси жүйенің болашақ тұжырымдары. 8 семинар 1)Демографиялық саясат ұғымы. Оның негізгі бағыттары. 2)Демографиялық саясаттың негізгі көрсеткіштері: миграциялық тұрғындар т.б. 3)Қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдайлар. 9 семинар 1)Қоғамның әлеуметтік-саяси этникалық топтары. 2)Этностардың даму теориялары. Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттар орны. 3)Қазақстандағы ұлттық қатынастар мәселелері: ұлттық мәдениет, тіл саясаты. 10 семинар 1) Саяси процесс туралы ұғым және оның жіктелуі. 2)Саяси процеске қатысу түрлері, жүру барысы 3)Саяси даму мен бейімделудің мәні. Бейімделудің кезеңдері және оған байланысты көзқарастар. 11 семинар (2 сағат) 1)Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар. 2) Қазақстандағы сыртқы және халықаралық қатынастар мәселелері. 3)Қазақстанның Орта Азия мен Еуропа елдері арасындағы халықаралық мәселелері. 4)Жаңаша саяси ойлау және халықаралық саясат. 4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау. Пәннің өтілуі сабақ кестесінде аптасына 2 рет. Өтілу уақыты - 75 минуттан. Сонымен бірге студенттермен бірлесе өтілетін өздік жұмыс түрлері де белгіленген. Курс форматы аралас. Лекциялық сабақтарда пән бойынша күрделі мәселелер сұрақтары қарастырылады. Лекция сұрақтары жұмыс бағдарламасында аталған. Сұрақтар бойынша студенттердің ғылыми түсінік алуына 50 минут бөлінген.Әр тақырыптар бойынша өтілген тақырыпты бекітуге 10 минут, СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін түсінік беруге 15 минут бөлінеді. СӨЖ (О) тапсырмаларын орындауда алдын-ала белгіленген тапсырмалардың теориялық және практикалық жағдайдағы мүмкіндіктері ескеріле отырып орындалады. тексеріледі. Әр студент жұмысын қорғау мен бірге толықтырулар арқылы тапсрымалардың кең түрде және толық орындаулына баса назар аударуға уақыт бюджетін пайдалану көзделген. Тапсырманың үшінші бөлігі оқытушының көмегімсіз орындалады. Мысалы сұрақтарға жауап табу, тест тапсырмаларының дұрыс жауабын іздестіру әдебиеттердегі саяси жағдайлармен таныса отырып, өзіндік дұрыс баға беру т.б. СӨЖ (О) және СӨЖ тапсырмаларының түрлері және олардың орындаудағы әрекеттер сипаты бағдарламадағы таблицада берілген. 4.2. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары Р/с Оқытушымен бірлесе өткізілетін өздік жұмыстар (СӨЖ)(о) СӨЖ Жұмыс түрлері Дәрісханалық өздік жұмыстар Дәрісханадан тыс орындалатын өздік жұмыс түрлері 1. Пән бойынша түрлі әдебиеттер тізбегін жасау, қысқаша аннотация жазу Пән бойынша түрлі әдебиеттермен танысу библиография 2. Пәнге байланысты термин сөздер жинағын құрастыру Пәнге байланысты термин сөздер тізбегін жасау термин 3. Саяси өмір мәселелері туралы хабарлама бойынша конспектілеу Қоғамның саяси өмірі туралы саяси хабараламалар конспектілерін жазу конспектілеу 4. Қоғамның саяси- әлеуметтік құрылымы бойынша хабарламамен танысу Қоғамның саяси- әлеуметтік құрылымы бойынша хабарлама даярлау хабарлама 5. Қазіргі заманғы парадигмалар туралы ақпараттар жазу Қазіргі заманғы парадигмалар туралы ақпараттар жинақтау ақпараттар 6. Саяси, Экономикалық әлеуматтанулық тақырыптар бойынша мәліметтермен ой бөлісу. Экономикалық,саяси- әлеуметтік жағдайлар тақырыбы бойынша баспа материалдарынан хабарлама даярлау хабарлама 7. Пән бойынша түрлі әдебиеттер тізбегіне аннотация жазу ҚР-ның Сайлау заңы бойынша конспекті жазу конспектілеу 8. Қ.Тоқаевтің еңбегіне конспекті Басқару әлеуметтануы мәселесі бойынша хабарлама жазу Хабарлама 9. <<Саясат>> журналы бойынша хабарлама ҚР-ның саяси құрылымы туралы бойынша зерттеулер жасап, конспектілеу мәліметтер 10. Қоғамның саяси- әлеуметтік құрылымы хабарлама даярлау Саясат әлеуметтануы мәселесі жөнінде хабарлама даярлау. термин сөздер 11. Қазіргі заманғы парадигмалар мен саяси бағдаралама туралы ақпараттар жинау Дүниежүзіндегі ұлт және ұлтаралық қатынастар мәселесі бойынша материалдар талдау, сараптау мәліметтер жинау 12. Қазақстан Республикасының мемлекеттігі туралы мәселелер бойынша әңгіме ҚР-дағы сыртқы саясат бойынша материалдардан хабарлама даярлау хабарлама 13. Саяси -мәдение, саяси элита мәселелері бойынша хабарлама даярлау Саяси-мәдениет, саяси жетекшілік мәселелері бойынша хабарлама хабарлама 14. Дін саясаты және оның мәселелері бойынша хабарлама даярлау Дін саясаты бойынша хабарлама мәліметтер 15. Саяси-құқықтық пен заңдылықтар жөнінде хабарлама Саяси-құқық пен саяси заңдылықтар жөнінде хабарлама жасау конспектілеу 6. ӘДЕБИЕТТЕР 1. Абай Құнанбаев Екі томдық шығармалары Алматы, 1986 2.Ы.Алтынсарин. Таңдамалы шығармалары. Алматы 1994. 3.Ә.Бөкейханов Шығармалар. Алматы, 1994 4.М.Дулатұлы. Оян қазақ>> Алматы 1991 5.Д.Жамбылыов. Саясаттану. Оқу құралы. Алматы, 1996. 6.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1999. 7.Қаз. ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация Алматы, 1991. 8.Н.Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. А, 1996. 9.Н.Назарбаев Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Алматы, 1996 10.Н.Назарбаев. ҚР. Президентінің Қазақстан халқына жолдауы //Егеменді Қазақстан, 1998, 30 қыркүйек. 11.Ә.Нысанбаев. Қазақстан. Демократия. Рухани жаңару. Алматы. 1999. 12.Саясаттануға кіріспе. Проф. Т.Т. Мұстафин. Алматы, 1994, 1,2,3 бөлімдер. 13.М.Шоқай Түркістанның қилы тағдыры. Алматы. 1992. 14.В.Амелин.Власть как общественное явление. Соц-полит. Науки. 1991, №2. 15.А.А.Мурадян. Введение в политологию, М, 1994 16.Политология курс лекции под. Ред. Проф. Т.Т.Мустафина Алматы, 1993. 17.Политология. Энциклопедический словарь. М, 1993. 18.Т.В. Шмачкова. Мир политических партий. Полис. 1991, №1-2. 19.Қуандықов. Е.. Саясаттану негіздері. Астана, 2000 20.Әл-Фарабидің тарихи философиялық тракттаттары. А, 1992. 21.Д.Көшім. Демократияға кіріспе. А, 2000 22.К.Рысбайұлы. Қазақстан Республикасының тарихы. А. 2003. 23.М.Чапай. Қазақстан тарихы. А. 2000 24.Сарсенбаев Т. Государственная идеологияв политический плюрализма //Мысль, 1996, №15. 25.Т.Омаров . Тарих тағылым не дейді? А, 1993. 26.М.Қозыбаев. Ақтаңдақтар ақиқаты. А, 1996. 27.К.Нұрпейсов . Алаш және Алаш Орда. А, 1998. 28.М.Қойгелдиев. Алаш қозғалысы. Алматы, 1995. 29.Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. А, 1994. 30.Т.Омарбеков. ХХ ғасырдағы Қазақстан тариыхының өзекті мәселелері. А, 2001.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz