Файл қосу

Отрядтардағы дене тәрбиесі жұмыстары



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
                    3 деңгейлі СМК құжаты
                                   ПОӘК
                            ПОӘК  042-18-35.1.
                                 17  /01-2013
                                       
                                   ПОӘК
Оқытушыларға арналған  пәннің   бағдарламасы
<<Дене шынықтыру және спорт шараларын ұйымдастыруды жетілдірудің кәсіби-педагогикалық негіздері>>
                                       
                             № 2 басылым
                            от ____ 09. 2013 г.
                                       

                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
            ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                                       
                                       
<<Дене шынықтыру және спорт шараларын ұйымдастыруды жетілдірудің кәсіби-педагогикалық негіздері>>
5В010800  -  <<Дене шынықтыру және спорт>> мамандығы үшін
                                       
          Оқу  -  әдістемелік материалдары
                                       
                                       
                                       
                                       

















                                       

                                  Семей 
                                     2014
                                       
                                       

Мазмұны:

* Глассарий
* Дәрістер
* Практикалық сабақтар
* Курстық жұмыстардың жобалары
* Студенттердің өздік жұмыстары












































Пәннің арнайы сөздіктері  - глоссарий:
Дене мәдениеті  -  адамдардың дене қуатын жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің, қоғамның материалдық  және рухани  байлығын құрайтын, халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы . Материалдық байлықтар - спорт сарайлары, стадиондар, бассеиндер, спорт залдары, түрлі спорттық ғимараттар, құрал жабдықтар. Рухани байлықтар - дене тәрбиесі мен спорт саласындағы арнаулы білім, ғылыми зерттеулер, озық тәжірибелер, әдістемелер, идеялар. 
Дене мәдениетінің бағыттары; негізгі дене мәдениеті, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене мәдениеті және жеке басылық дене мәдениеті.
      Негізгі дене мәдениетінің міндеттері - біріншіден адамдардың өмірге керек қимылының шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруы, дене қуаты қасиеттерінің деңгейін дамытуы, екіншіден осы жинақтаған қасиеттерді (базаны, негізді) адамдардың қалап алған мамандықтарына (кәсіптік, спорттық т,б.) қолдануы. Негізгі дене мәдениеті жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында, оқу - тәрбие мекемелерінде дене тәрбиесі сабақтары, әртүрлі жаттықтыру түрлерінде жүргізіледі. 
Спорт дегеніміз - әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Ол адамның психикасының, дене қуатының жетілуін қамтамасыз етеді. Спорттық әрекеттің негізгі мақсаты, спорттың бір түрінен биік жетістіктерге жету, сол арқылы адамның қабілетін, жақсы қасиеттерін дамыту. 
Қолданбалы дене  мәдениеті кәсіптік және әскери деп екіге бөлінеді. Ол өмірге, келешек мамандыққа өте қажет кешенді қимыл - әрекеттерді игеру, дене тәрбиесі арқылы өз мамандықтарын (әскери де, азаматтық та) жақсы меңгеру, терең түсінуге бағытталады.
 Сауықтыру дене мәдениеті  -  емдік және денсаулық нығайту дене мәдениеті деп бөлінеді. Емдік дене мәдениетінің мақсаты адам ағзасы мүшелерінің ауырып, уақытша жоғалтып алған қызметтік мүмкіншіліктерін дене жаттығулары арқылы қалпына келтіру. Денсаулық нығайту дене мәдениеті  -  денсаулықты нығайтуға, жаттығушылар ағзасының жұмыс істеу қабылетін арттыруға қызмет етеді. Сабақ арасында, жұмыста (сергіту сәттері, өндірістік гимнастика, дене жаттығулары) күнделікті тұрмыста (таңертеңгі бой жазу, өз бетімен жаттықтыру сабақтары, серуендеу, саяхат, жорық т.б.) қолданылады.
Дене тәрбиесі  -  дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Оның ерекшеліктері қозғалысқа үйрету, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім беру.
Дене қуаты дайындығы дегеніміз  -  әртүрлі әрекеттердің \ әскери, спорт, өнеркәсіп\ талабына сай дамытылған дене қуаты қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі. Ол жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы деп бөлінеді. Жалпы дене қуаты дайындығы  - жалпы әртүрлі әрекет түрлеріне бағытталған дене тәрбиесі үрдісі. Арнайы дене қуаты дайындығы дегеніміз  -  арнайы бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.
Дене қуатының дамуы дегеніміз  -  адам ағзасының табиғи  және мақсатты жолмен өсуі. Табиғи жолмен өскенде баланың морфофункционалдық көрсеткіштері: бойы, салмағы, дене мүшесі көлемі  өзінің табиғи өсу жолымен өзгереді. Мақсатты жолмен өсуі әртүрлі арнаулы құрастырылған жаттығулар көмегімен өседі, өзгереді.
       Дене қуатының рекреациясы  -  жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі  жаттығуларының көмегімен халықтың көңілін көтереді, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді.
      Дене қуатының реабилитациясы  -  адам организмінің  жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедурлары арқылы емдеу, қалпына келтіру. 
      Дене қуатын жетілдіру  -  адамның дене қуаты қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғары деңгейге жеткізу.
      Дене қуаты білімі  -  адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.
  Шынықтыру  -  дене шынықтыру, адам денесін су, ауа, күн процедуралары арқылы, дене жаттығуларын орындау арқылы шынықтыру
Түсінік  - бұл ќандайда бір сөздіктің бекітілген баршаѓа ортаќ атауы жєне аныќталатын ќұбылыстыњ белгісі немесе мањызды жаѓы мен ќұрылысы-бұл адамзат ойлауыныњ негізгі формасы. Дене мєдениетініњ ілімдері мен єдістемелерініњ негізгі түсініктеріне жататындар: дене дамуы, дене жаттыѓулары, дене білімі, дене дайындыѓы, дененің жетілуі, дене тәрбиесінің жүйесі, дене мєдениеті, спорт.
	Дененің дамуы-бұл ќалыптасу процессі, жеке бастың өмір бойына қалыптасуы және келешекте өзгеруі, ағзаның морфологиялыќ ќызметінің ерекшелігі және соѓан негізделген дене сапалары мен ќызметтері.
Дене жаттыѓулары - бұл дене тәрбиесінің заңдылыќтарымен сәйкес, алдына ќойѓан міндеттерін шешу үшін арнайы ұйымдастырылѓан ќозѓалыс әрекеті. Біраќ, кез келген ќозѓалыс әрекеті дене жаттыѓулары бола алмайды. Дене тєрбиесініњ міндеттерін шешуге баѓытталѓан жєне педагогиканыњ зањдылыќтарына баѓынѓан ќозѓалыс єрекеттері ќана дене жаттыѓулары бола алады. 
	Дене тєрбиесініњ білімі - б+-л оќу-тєрбие ж+-мыстарыныњ нєтежиесі, дене тєрбиесі зањдылыќтарын uз беттерінше т%.сіну, ќозѓалыстыњ ептіліктері мен єдеттерін жєне ж%.йеленген арнайы білімдерді игеру, uмір с%.ру барысында ќолдана алу процессі.
	Дене тєрбиесініњ білімін игерудіњ негізгі жолы- б+-л ќозѓалыс єрекетін %.йрену жєне арнайы білімдерді игеру, ќозѓалыстыњ ептіліктері мен єдеттерін ќалыптастыру, к%.нделікті uмірде ќолдана білу, жинаќталѓан білімін басќа адамдарѓа жеткізе білудіњ нєтежиесі.
	Дене дайындыѓы т%.сінігі- дене тєрбиесініњ ќолданбалы баѓытын ењбек немесе басќада кєсіптік салада ќолданылуын білдіреді. Жалпы жєне арнайы дене дайындыѓы болып екіге бuлінеді.
	Жалпы дене дайындыѓы єрт%.рлі ќозѓалыс єрекеттерінде жетістікке жетудіњ негізі- ќозѓалыстарды кењ кuлемде игеру жєне дененіњ даму дењгейін жаќсартуѓа баѓытталады.
	Арнайы дене дайындыѓы- наќты іс єрекетте жетістікке жетуге баѓыттайтын, адам баласыныњ ќозѓалыс єрекетіне арнайы талап ќоятын жєне арнайы +-йымдастырылѓан процесс (мамандыѓы, спорттыњ т%.рі т.с.с.). Дене дайындыѓыныњ нєтежиесі болып ќалыптасќан ќозѓалыс єрекетініњ жетістігін кuрсететін маќсатты +-йымдастырылѓан ќозѓалыс єрекетініњ тиімділігі есептеледі.(дайындыќ процессініњ баѓыты есептеледі). 
	Дененіњ жетілуі- б+-л жањадан ќосылѓан т%.сінік. Дененіњ жетілуі дегенімізді заман талабына сай, дене дайындыѓы мен даму дењгейі тарихи жаѓдайдыњ н+-сќасы  бола алатын адамзат баласыныњ дамуын айтамыз.
Дене тєрбиесініњ ж%.йесі  - б+-л адамзат баласыныњ дене дамуын ќамтамасыз ететін жєне салауатты uмір салтын ќалыптастыратын , єлеументтік-экономикалыќ, ќ+-ќыќтыќ, єдістемелік, баѓдарламалыќ-нормативтік жєне +-йымдастырушылыќ негіздерін ќосатын тарихи ќалыптасќан дене тєрбиесініњ єлеументтік практикалыќ т%.рі. Дене тєрбиесініњ ж%.йесі ќоѓамдаѓы басќа ж%.йелермен (экономика, ѓылым, мєдениет, саясат) жєне оларѓа тєн элементтер ќ+-рамымен, атќаратын ќызметтерімен сипатталады.
	Дене мєдениеті  ќоѓамныњ адамзат баласыныњ дамуы %.шін туындап жєне ќолданылатын материалдыќ жєне рухани ќ+-ндылыѓы.



                                       
                                       
                                       
2. Дәріс тақырыптары және қысқаша мазмұндары
 Мектептен тыс жүргізілетін дене тәрбиесі  -  сауықтыру шаралары

Кіріспе бөлімі:
Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының түрлері
Негізгі бөлім:
1.Мектептен тыс жүргізілетін дене тәрбиесі  -  сауықтыру шаралары.
2. Жазғы демалыс лагерлеріндегі спорттық-сауықтыру жұмыстары
3. Балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріндегі спорттық жаттықтыру дайындықтары
Қорытынды
1 Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының түрлері

Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады.
Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындардарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әртүрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мұмкішіліктерін кеңейтеді. 
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:
 - жүйелі түрде жаттығумен айналысуға оқушыларды көбірек тарту;
 - оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындығын жоғарылатуға көмектесу, уақыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру;
- дене мәдениеті саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қалыптастыру;
- нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына дағдыландыру.
Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінің жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар құрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.
Осы аты аталған мекемелердегі жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла жүргізіледі:
1 Арнайы бағыт. Ол бағыт  -  спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін мекемелер денсаулықтары мықты, дене қуаты дайындығы жоғары, тұрақты оқушылар контингентімен жұмыс істейді. Ол мекемелер:
* Балалар, жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ);
* Олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі (ОІСМ);
* Жоғарғы спорттық шеберлік мектебі (ЖСШМ);
* Спорттық мектеп-интернаттар.                                                           
2 Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Ол бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар денсаулықтары жақсы, белгілі бір уақытта топтың құрамдары ауысып тұрган балалармен жұмыс істейді. Ол бағыттағы мекемелер:
* Жазғы сауықтыру лагері;
* Еңбек сауықтыру лагері;
* Стадиондар, су станциялары;
* Жас туристер станциялары;
* Мәдениет үйлері мен спорттық сауықтыру кешендері;
* Мәдени демалыс парктері; 
* Аула клубтары.

2 Жазғы демалыс лагерлеріндегі спорттық-сауықтыру жұмыстары

Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті, болуын қалайды. Сол үшін  оқу мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және сыныптан тыс спорттық-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Дене тәрбиесі, спорт мамандары оқушылармен ол жұмыстарды жүргізіп, баланың күндік қозғалыс белсенділігі 14 сағаттан кем болмауына ұмтылады.
Жаз уақытында ата-аналар ең ұзақ демалыс (каникул) кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыра алмайды. Оның ең бір тиімді жолы бар. Ол жол көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалар демалыс-сауықтыру лагерлеріне балаңызды жіберу.
Балалардың жаздық сауықтыру  лагерлерін 7-15 жастағы оқушыларға арнап кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру департаментінің, денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттері құрап, ұйымдастырады. Ол кәсіпорындар, мекемелер көп қала жанындағы лагерлер мен кейбір аудандардағы экономикасы мықты кәсіпорындар ұйымдастырған лагерлер.  Ауылдық жерлерде бұрынғы кеңес заманында әрбір ауданның халыққа білім беру бөлімінің басқаруымен балалар денсаулық лагері ұйымдастырылатын. Аудандағы мектептер өз оқушыларын сол лагерге жіберетін.  Қазіргі кездерде ол лагерлер жабылып жұмыс істемей қалды да, орта жалпы білім беру мектептерінің жанынан еңбек-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылды. Сонымен қатар спорт мекемелерінің қаржыландыруымен спорттық- сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады. Бұл лагерлердің барлық жұмыстары ұқсас болып келетіндіктен біз өзіміздің кітабымызда ары қарай дене тәрбиесі жұмыстарын баяндағанда демалыс лагері деп атаймыз да, сол демалыс лагерінің жұмыстары туралы мағлұматтар береміз.
Балалар демалыс лагерлеріндегі барлық жұмыстарды ұйымдастыру лагердің бастығы басқарған мамандарға жүктеледі. Ол мамандар құрамы: аға тәрбиеші, ұстаз-тәрбиешілер, дене тәрбиесі нұсқаушылары, суға жүзу спортының нұсқаушысы, дәрігер және медбике.
Мектептегі секілді лагердегі жұмыстарды басқаруға педагогикалық кеңес құрылады. Кеңесті басқару лагердің бастығына жүктеледі. Кеңестің құрамына жоғарыда айтылған барлық мамандар және оқушылар сайлаған белсенді оқушылар кіреді.
Оқушылар лагерге келген күннен бастап отрядтарға бөлінеді де, әрбір отрядтың барлық жұмыстарын ұйымдастыруға ұстаз-тәрбиеші бекітіледі. Тәрбиеші лагердегі балалардың барлық өмірлерін басқарады. Ұстаз-тәрбиеші дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын, тәрбие жұмыстарын жақсы білуге тиісті.
Лагерде дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру үшін мектептегі секілді дене мәдениеті кеңесі құрылады. Дене мәдениеті кеңесіне отряд жиналысы ұсынған жақсы спортшылар мен ұйымдастыру қабілеті бар оқушылар сайланады. Оның құрамы лагердегі оқушылар санына байланысты 7-11 адамдай болуы мұмкін. Кеңестің төрағасы болып жалпылагерлік спорт жұмысына жауап беретін адам сайланады. Кеңес құрамының мүшелері кеңестің отырысында бөлінген міндеттері бойынша әрбір дене тәрбиесі, спорт жұмыстарының түрлеріне жауап береді. Сол бөлінген жұмыстары бойынша лагердің спорт нұсқаушысына көмектеседі. Олар жауап беретін жұмыстар:
* сауықтыру шараларын өткізу. Ол шаралар: таңғы бой жазу жаттығулары, суға түсу шаралары, дене тәрбиесі, спорт жаттықтырулары;
* лагердегі спорттық шараларды өткізу, отрядтағы өткізілетін спорт шараларына бақылау жасау;
* отрядтардағы спорт ұйымдастырушылар жұмыстарын ұйымдастыру;
* лагерь радиосы арқылы ақпараттар мен мағлұматтар, мерекелерде спорт түрлерінен көрсетілімдер ұйымдастыру,  дене тәрбиесі бұрыштарын құру.  Дене тәрбиесі мен спорттың маңызы, гигиене ережелері, тамақтану, спорт түрлерімен айналысу режимдері туралы әңгімелер өткізу;
* лагердегі спорттық құрылыстарды жақсарту, спорттық құрал жабдықтарды сақтау, жөндеу.
Лагердегі дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері.
Көп жылдық демалыс лагерлеріндегі жүргізілген жұмыс тәжірибесі өзіндік бір тексеруден өтілген дене тәрбиесі жұмыстарының жүйесін құрайды. Сол тәжірибеден өткен жүйе бойынша демалыс лагерлерінде төмендегідей дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының түрлері жүргізіледі.
Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі шаралары. Күн тәртібінде деп аталатын себебі ол шаралар күнделікті, міндетті түрде орындалатын жұмыстар құрамына кіреді. Оған жататындар: таңертеңгілік гимнастика, күн және ауа ванналары, суға жүзулер.
Отрядтардағы дене тәрбиесі жұмыстары. Олар: отряд ішінде жүргізілетін әртүрлі жаттықтырулар; лагерлік жарыстарға, конкурстерге дайындықтар; дене тәрбиесі тақырыбына өткізілетін әртүрлі тақырыптардағы әңгімелер; серуендер; аралаулар (экскурсия); жорықтар; жер жағдайына байланысты ойындар.
Көпшілік спорт жұмыстары. Бұл түрге жататындар: спорттық конкурстар, әртүрлі спорт түрлерінен жарыстар, қозғалмалы, ұлттық қозғалмалы және спорттық ойындар, көпсайыс жарыстары, ұлттық спорт түрлерінің жарыстары, стол үсті теннисінен, бадминтоннан, городкиден, тоғызқұмалақтан, шахматтан, дойбыдан өкізілетін турнирлер, жолдастық кездесулер, спартакиадалар.
Әртүрлі спорт түрлерінен өткізілетін үйірмелер, оқу- жаттықтыру сабақтары. Жазғы демалыс кезінде спорт мектептерінде, мектеп секцияларында спорт түрлерімен жаттығатын оқушылар өздерінің жаттықтыруларын үзе тұруға мәжбүр болады. Демалыс лагерлерінде осы спортшыларға және дене қуаты дайындығы жақсы балаларға арнап спорт нұсқаушылары мен тәрбиешілер әртүрлі спорт түрлерінен үйірмелер, жаттықтырулар ұйымдастырады. Ол жаттықтырулар жазғы сауықтыру лагерінің спорт базасына, спорт құрал жабдықтарына байланысты жүргізіледі.
Еңбектің қоғамдық қажет түрлері. Көптеген лагерлер белгілі бір жерге салынып, орнын өзгертпей ондаған жылдар сол жерде тұра береді. Ол лагерлер жыл сайын әртүрлі спорттық құрылыстар салып өздерінің материалдық базаларын жетілдіре береді. Көптеген жұмыстарға оқушылар да қатыстырылады. Балалардың ол жұмыстарға қатысуы, өз қолдарымен көптеген жұмыстарды істеуі олардың келешек өміріне, еңбек тәрбиесіне, әртүрлі қасиеттерінің қалыптасуына пайдасы зор.
Үгіт-насихат жұмыстары. Қазіргі кездегі оқушылар қоғамдық, өнеркәсіптік жұмыстардың механикаландырылған, техникалық прогрестің дамыған кезінде өмір сүргендіктен, олар қимыл тапшылығы (гиподинамия), салауатты өмір салты, дене жаттығуларының адам ағзасына әсері туралы жақсы білуі тиісті. Олармен қазақтың батырлары, мықты спортшылары, олимпиада ойындарының жеңімпаздары, спорт жаңалықтары, тұрақты, жүйелі дене жаттығуларын орындаудың ағзасына пайдалы әсері туралы әңгімелер, дәрістер өткізіп тұрудың пайдасы зор.  Спорт тақырыбына плакаттар, қабырға газеттер шығару, спорт шеберлерімен кездесулер өткізу, спорт тақырыбына викториналар өткізу, осының бәрі үгіт, насихат жұмыстарына жатады.
Балалар демалыс лагерлерінде осы жоғарыда айтылған барлық дене тәрбиесі және спорт жұмыстары жүргізілсе нұр үстіне нұр болар еді. Кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру, денсаулық  басқармаларының кәсіподақ комитеттері, мектеп директорлары барлық қолдан келген мүмкіншіліктерін, жағдайларын жасап осы жұмыстардың бәрін ұйымдастырса оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға үлкен пайдалы әсері  болар еді.
Сауықтыру лагерлерінде жүрізілетін жұмыс құжаттары:
* Сауықтыру лагеріндегі дене тәрбиесі, спорт жұмыстарының жоспары;
* Көпшілік спорт жұмыстарының күнтізбелік жоспары;
* Отряд жетекшілерімен өткізілетін семинар жоспары: 
- көпшілік спорт күнтізбелік жоспарымен танысу;
- дене тәрбиесі және спорт белсенділерін тағайындау;
- суға түсу және қауіпсіздік ережелерімен танысу;
- саптық жаттығуларға үйрету;
- қозғалмалы ойындарды ойнауға үйрету;
- жарыс ережелерімен таныстыру;
- жарақат алған жағдайда бірінші көмек көрсету әдістерімен таныстыру.
4 Спорт түрлерінен төрешілер семинарының жоспары:
- жарыс ережелерін үйрету;
- жарыс құжаттарын толық білуге үйрету;
- хаттамаларды толтыра білуге үйрету;
- жарысқа төрешілік етуге үйрету.
5 Есепке алу құжаттары:
- жүргізілген шараларды тіркеу журналы;
- Президенттік сынама тапсырушылардың көрсеткіштері жазылған журнал; 
- денсаулықтары нашар оқушыларды есепке алу журналы. 

29-кесте  - Жазғы сауықтыру лагеріндегі дене тәрбиесі мен спорттан жүргізілетін шаралардың жоспары

Күні
Уақыты
Жүргізілетін әр түрлі шаралар жоспары
1 
күні бойы
Келу, қарсы алу, орналастыру, топтарға бөлу
2 
түске дейін
Топтардағы әңгіме, спорт түрлерімен айналысушыларды білу
3 
түске дейін
Жүгіру, секіру, ойындар, жаттығулар  өткізу

түстен кейін
Спорттық ойындардан қысқа жарыстар, жолдастық кездесу өткізу
4 
күні бойы
Лагердің ашылу салтанаты, әртүрлі жарыстар өткізу
5 
түске дейін
Серуендеу, лагердің тұрған жерінің айналасын көру, жергілікті қозғалмалы ойындар ойнау
6 
түске дейін
Топтардағы жаттықтыру, суға түсу, жүзу

түстен кейін
Секіруден және лақтырудан жарыстар өткізу
7
түстен кейін
Спорт ойындарынан жарыстар өткізу
8
таңертең, кешке
Кезекті жаттықтырулар, спорттық жаттықтыру жұмыстары
9
таңертең, кешке
Саяхатқа шығу, суға түсу.
Кешке спорттық  КВН
10 
таңертең
Суға жүзуден жарыс өткізу
11 
таңертең
Бүкіл лагерлік жергілікті қозғалмалы ойын өткізу
12
 кешке
Лагерь біріншілігі эстафеталық жарыстар өткізу
13
таңертең, кешке
Кезекті жаттықтыру, спорттық жаттықтыру жұмыстарын жүргізу
14
күні бойы
Жеңіл атлетикадан, спорттық ойындардан жарыстар өткізу
15
күні бойы
Туристік жорыққа шығу
16
күні бойы
Туристік жорыққа шығу
17
таңертең
Суға жүзуден лагерь біріншілігін өткізу. "Су перісінің" мерекесі
18
кешке
Кешкі спорттық мереке, спорттық викторина өткізу
19                            
кешке
Жүгіруден, кросстан  жаттықтыру өткізу                                   
20
түстен кейін
Кросстан лагердің біріншілігін өткізу
21
түстен кейін
Суға жүзуден топтар арасында жарыстар өткізу
22
түстен кейін
Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындардың финалдық жарыстарын өткізу
23
күні бойы
Спорттық мереке, лагердің салтанатты жабылуы, алау жағу (костер)
24
таңертең
Марапаттау, бөлмелерді тәртіпке келтіру, үйге қайтуға жиналу, үйге қайту 

3 Балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріндегі спорттық жаттықтыру дайындықтары

Еліміздегі балалар және жасөспірімдер спорт мектептері қазіргі таңда барлық қалаларда, аудан, облыс орталықтарында жұмыс істейді. Көптеген спорт мектептерінің бөлімшелері (филиалдары) ауылдарда оқушылармен жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің негізгі мақсаты  -  оқушылармен жаттықтыру, тәрбие жұмыстарын жүргізіп, спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету.
Міндеттері: оқушылардың денсаулықтарын нығайту, таңдап алған спорт түрлерінен қабілеттіліктерін дамыту, халықаралық аренада спорт түрлерінен халқының, отанынының намысын қорғайтын мықты ұл, қыздар өсіру, дене тәрбиесі мен спорт бағытында белсенді оқушылар дайындау, жалпы білім беретін мектептерге көпшілік спорт бағытында көмек беру, спортты насихаттау.
Спорт мектептері спорт түрлері бағыты бойынша арнайы және кешенді болып екіге бөлінеді. Арнайы спорт мектептері: қысқы спорт түрлері, спорт ойындары, жекесайыс спорт түрлері мектептері  -  деп, спорт түрлерінің бағыт ұқсастығына байланысты бөлінеді. Кешенді спорт мектептеріне, аудандардағы көп балалар жақсы көріп қатысатын спорт түрлері кіргізілген мектептер жатады. Ол спорт түрлері әр түрлі бағытта бола береді. 
Спорт мектептері <<Спорт мектептерінде оқу-жаттығу үрдісін ұйымдастырудың тәртібі туралы ереже - регламент>> бойынша жұмыс істейді. Ол ережеде спорт мектептерінің құрылысы, оқу топтарындағы сағаттар мен балалар саны, басқарушылар мен қызметкерлер сандары, ұйымдастыру мен жұмыс істеу тәртібі, дәрігерлік бақылау, жоспарлау мен есепке алу, есеп беру түрлері жазылған.
Қазақстан мемлекетінің туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2003 жылы 15 шілде айында № 06-2-2 бұйрығымен бекітілген спорт мектептерінің ережесі -регламенті бойынша оқу топтары мен оларға жүргізілетін бір апталық сағат сандары төмендегідей болып белгіленген. Оны келеси беттен көруге болады.

Спорт мектептерінің оқу топтарын, топтардағы жаттығушылар санын, оқу-жаттықтыру жұмысының тәртібін бекіту


Жаттықтыру топтары

Жаттығу 
жылдары
Оқу топтарымен оқу-жаттықтыру жұмыстарының тәртібі (аптадағы сағат саны)
Оқу топтарының сандары



Спорт түрлерінің топтары



1
2
3
4
1 Спортшы оқушыларды спорт мектептерінің әртүрлі кезеңдерінде дайындау
Жоғарғы спорттық шеберлік
Барлық
Уақытқа
32 (36)
3
6
4
2

Спорттық жетілдіру
1 жыл
2 жыл
 2-жылдан
Жоғары
24
26
28
5
4
4
6
6
6
6
5
5
3
3
3
Оқу - жаттықтыру
1 жыл
2 жыл
3 жыл
3-жылдан
Жоғары
12
14
18
20
8
8
6
6
12
12
12
12
10
10
8
8
5
4
4
3
Алғашқы дайындық
1 жылдан
Жоғары
8
10
14
12
18
16
14
12
8
6
Спорттық-сауықтыру
Барлық
Уақытқа
6
16
20
18
12
2 Жаттығушыларды дене тәрбиесі және спорттық мекемелерде дайындау
Спорттық секциялар
Барлық
Уақытқа
6
16
20
18
12
Спорттық сауықтыру
Барлық
Уақытқа
6
20
20
20
20

Спорт мектебін оның директоры басқарады. Директор мамандар мен қызметкерлерді іріктеу мен қабылдауға, мектепті мамандармен, оқу топтарымен қамтамасыз етуге, оқу тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру мен сапасына, спорт мектебіндегі барлық жұмыстарға жалпы басшылық етеді.
Спорт мектебінде жұмыс істеушілер құрамына: оқу жұмысының меңгерушісі, әдіскер-нұсқаушы, спорт түрлерінің жаттықтырушылары, дәрігер, шаруашылық меңгерушісі жатады.
Мектептің оқу жұмысының меңгерушісі оқу топтарының толықтығына, жоспарлауға, оқу құжаттарына, жаттықтыру кестелеріне, күнтізбелік жарыс жоспарына, оның орындалуына, жаттықтыру сабақтарының сапасына, бапкерлердің білім жоғарылату курстерін уақытында өтуіне жауап береді. Әдіскер-нұсқаушы оқу-тәрбие жұмыстарының дұрыс жүргізілуін бақылайды, әдістемелік, ұйымдастыру нұсқауларын береді. 
Жаттықтырушылар өз спорт түрлерінен жүргізілетін жаттықтыруларға, жоспарлау, есепке алу құжаттарының дұрыс сауатты толтыруларына, балалардың спорт түрлерінен жарыстарға қатысып, спорттық  дәрежелері тұрақты жоғары өсіп отыруларына, жоғары спорттық жетістіктерге жетуіне жауап береді.
Спорт мектептеріндегі спорт түрлерінің жаттықтыру сабақтарына денсаулықтары мықты, дәрігердің, ата-анасының, мектеп директорының   рұқсатын алған оқушылар жіберіледі. Оларды іріктеу жұмыстары мектептің дене тәрбиесі сабақтарында, жарыстарда, мектептің жаттықтыру секцияларында жүргізіледі. Жалпы білім беретін мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері спорт түрлерінен икемі бар оқушыларды спорт мектептеріндегі жаттықтыруларға бағыттап, ұсынып отырулары керек.
 

Емтихан сұрақтары:

№ 1 модуль бойынша сұрақтар:
* Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері пәні, оның маңызы.
* Дене мәдениеті, оның бөлімдері.
* Дене мәдениетінің қызметтері.
* <<Дене тәрбиесі>>, <<дене қуаты дайындығы >> дегеніміз не?
* <<Спорт>> дегеніміз не ? Ол қандай бөлімдерге бөлінеді?
* <<Дене дамуы >>, <<Дене қуатын жетілдіру>> деген ұғымдарға жауап беріңіз ?  
* Дене мәдениеті жүйесі, оның мақсаты, міндеттері.
* Дене мәдениеті жүйелерінің негіздері.
* <<Президенттік сынама>> - адамдардың дене қуаты деңгейін анықтайтын негізгі сынақтар жиынтығы.
* Дене тәрбиесінің негізгі және қосымша амалдары.
* Дене тәрбиесі жаттығулары. 
* Жаттығулардың техникасы, орындау кезеңдері.
* Қозғалыс техникасының сипаттамасы.
* Жаттығуларды топтау.
* Табиғаттың табиғи күші  -  дене тәрбиесінің қосымша амалы.
* Гигиеналық себептер \факторлар\ - дене тәрбиесінің қосымша амалы.  
* <<Әдістемелік тәсіл>>, <<Әдіс>>, <<әдістеме>> дегеніміз не?
* Дене тәрбиесінің арнайы және жалпы әдістері.
* Қатаң шектелген  жаттығулар әдістері.
* Қимыл- әрекетке үйрету әдісі.
* Дене қуаты қасиеттерін дамыту әдістері.
* Ойын әдісі.
* Жарыс әдісі.
* Сөз қолдану әдісі
* Көрнекілікті қолдану әдістері.                                                                                                                                            
* <<Жүктеме>> , жүктеменің көлемі, қарқыны.
* Жатығу орындаған кездердегі тынығу аралықтары, түрлері.
* Шеңберлі орындау әдісі, оның варианттары.
* Бірқалыпты және аралықты орындау әдісі. 
* Қайталап және өзгермелі орындау әдістері.        
* Қимыл әрекетіне таныстыру кезеңі.
* Қимыл әрекетіне үйрету кезеңі.
* Үйрету кезеңінде кезігетін қателер.
* Қимыл әрекетін жетілдіру кезеңі.
* Жоғары қимыл ептілігі.
* Дене тәрбиесі мен спорттың қағидалары.
* Саналылық және белсенділік қағидасы.
* Жүйелілік қағидасы.
* Біртіндеушілік қағидасы.
* Реттілік қағидасы
* Даралық қағидасы
* Дене қуаты қасиеттері. Анықтама.
* Күш, күштің түрлері.
* Күшті дамыту амалдары мен әдістері.
* Жылдамдық, оның түрлері.
* Қарапайым қозғалыс жылдамдығы, оны дамыту.
* Күрделі қозғалыс жылдамдығы, оны дамыту.
* Жалғыз қимыл жылдамдығы мен қимыл жиілігі. 
* Жас ерекшеліктеріне байланысты жылдамдықты дамыту.
* Төзімділік, оның түрлері.
* Аэробты төзімділік, дамыту амалдары мен әдістері.
* Анаэробты, аралас төзімділік, дамыту амалдары мен әдістері.
* Ептілік және оны дамыту әдістемесі.
* Икемділік, оның түрлері.
* Икемділікті дамыту амалдары мен әдістері.

      № 2 модуль бойынша сұрақтар:
* Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру түрлері.
* Сабақтарды дене тәрбиесі бағыты бойынша топтау.
* Сабақтарды мазмұны мен міндеттеріне байланысты топтау.
* Дене тәрбиесі сабағының құрылымы мен мазмұны.
* Дене тәрбиесі сабағының бөлімдері, сипаттама.
* Дене тәрбиесіндегі үй тапсырмасы, оның маңыздылығы.
* Дене тәрбиесі сабағына мұғалімнің даярлығы.
* Денсаулығы нашар балалардың дене тәрбиесі.
* Денсаулығы нашар балалармен сабақтар жүргізу ерекшеліктері
* Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықтау.
* Сабақта жүктемені мөлшерлеу.
* Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық талдау.
* Дене тәрбиесіндегі жоспарлау.
* Мектептің оқу бағарламасы.
* Дене тәрбиесі жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.
* Оқу ағымының жылдық жоспар графигі.
* Тоқсандық оқу жоспары.
* Әрсабақтық оқу жоспары.
* Сабақтың жоспар - конспектісі.
* Мектептегі  бақылау және есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру.
* Мектептің дене мәдениеті ұжымы, жұмыс сипаттамасы.
* Мектептің есепке алу және бақылау құжаттары.
* Үлгі ретінде берілген есепке алу құжаттары, оны жүйелеу.
* Азкешенді ауыл мектебіндегі дене тәрбиесі.
* Мектептегі сыныптан тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстары.
* Сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру.
* Күн тәртібі ішіндегі дене тәрбиесі сауықтыру жұмыстар
* Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау.
* Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстары.
* Балалар жасөспірімдер спорт мектебі.
* Сауықтыру лагерлеріндегі дене тәрбиесі жұмыстары
* Ж.О.О дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері, оларды ұйымдастыру.
* Ж.О.О дене тәрбиесі кафедрасы мен спорт клубының жұмыстары.
* Ж.О.О дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері.
* Арнайы орта оқу орындарының (колледж) оқушыларының дене тәрбиесі.
* Кәсіптік- техникалық оқу орнындағы дене тәрбиесі.
* Ересек адамдардың дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы мен міндеттері
* Ересек, адамдардың еңбек қызметтері кездеріндегі дене тәрбиесі
* Ересек, орта  және үлкен жастағы адамдармен күнделікті тұрмыс жағдайында сауықтыру жаттықтырулары сабақтарын жүргізу ерекшеліктері.
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
              Пайдаланылатын әдебиеттер:
                                       
Негізгі әдебиеттер:
* Зациорский В.М. Физические качества спортсмена.  -  М.: <<ФиС>>, 1970 г.
* Матвеев Л.П. Теория и методика физической.  -  М : <<ФиС>>, 1991 г. - 336 с.
* Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж.  Дене мәдениеті мен спорттың теориясы мен әдістемесі. -Өскемен, ШҚМУ баспасы. 2009 ж. 272 б.
* Мананков Н.Е., Колкутин А.М. Физическое воспитание студентов. У-Ка, изд-во ВКГУ, 2001 г. -131с 
* Теория  и методика физического воспитания. / Под редакцией Б.А. Ашмарина - М.: <<ФиС>> 1990 г. - 234 с.
* Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки. - М.: <<ФиС>> 1977 г.
* Уанбаев Е.К.  Дене тәрбиесінің ңегіздері. -Алматы, <<Санат>>, 2000г  -  125 б.
* Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. Теория и методика физического воспитания и спорта. - М.: <<Академия>>,  2002 г. - 478 с.
* 5 - 11 сыныптарға арналған мектептің дене тәрбиесі бағдарламасы. (С.И. Камысбекова, Ю.Г. Телегалиев, С. Тайжанов) -  А-Ата , 2000 г. - 47 с.
* Республиканская учебная программа по физической культуре высших учебных заведений. А-Ата, 1992 г. - 40 с.
* Ж.К., Кузнецов В.С. Практикум по теории и методике физического воспитания и спорта. - М.: <<Академия>>, 2001 г. - 143 с.
*  Уанбаев Е.К.  Дене тәрбиесі және спорттың ңегіздері. -Өскмен, КАЕУ баспасы, 2011г  -  125 б.
*  Русанов В.П., Колкутин А.М. Основы теории и методики физической культуры и спорта. У- Ка, изд-во ВКГУ, 2003 г.  - 325 с.
Қосымша әдебиеттер:

 13. Уанбаев Е.К. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлау, бақылау және есепке алу. /Е.К.Уанбаев, Ф.Ж.Уанбаева.  -  Өскемен: БАЙ баспасы. 2006  -  225 б. 
 14. Озолин Н.Г. Настольная книга тренера наука побеждать. - М.: изд-во <<Астрель>>, 2002 г. - 854 с.
 15. Аулик И.В. Как определить тренированного спортсмена. - М.: <<ФиС>>, 1977 г. - 195 с.
 16. Филин В.П., Фомин Н.А. Основы юношеского спорта. - М.: <<ФиС>>, 1990 г. - 255 с.
 17. Годик Н.А. Контроль тренировочных и соревновательных нагрузок. - М.: <<ФиС>>, 1980 г.-  136 с.
 18. Ленченков И.С. Физкультурно- оздоровительная и спортивно-массовая работа в образовательных учреждениях. / И.С. Ленченков.  Усть-Каменогорск:  из-во ВКГУ, 2003
19. Евсеев Ю.И. Физическая культура. - Ростов-на-Дону: <<Феникс>>, 2002 г. - 381 с.
20. Русанов В.П., Беляков Н.И. Модульно- рейтинговая технология физическом воспитании студентов. - У-Ка, изд-во ВКГУ, 2003 г. - 34 с.


Дәрістік кешен
              1 бөлім .  Дене мәдениетінің теориялық негіздері       
                                       
Дәріс 1: Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері 
       Дәрістің мақсаты: студенттерге дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәнінің мазмұны мен құрылысы, негізгі ұғымдар туралы теориялық мәліметтер беру.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Дене мәдениетінің теориясы мен әдістемесі оқу және ғылыми пән, мақсаты мен міндеттері. 
2. Дене мәдениетінің бөлімдері, қызметтері, негізгі ұғымдары.
3.  Қазақстан мемлекетінің дене мәдениетінің жүйесі.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Бұл пән - дене тәрбиесі маманының кәсіптік білімінің деңгейін көрсететін негізгі пән. Ғылымдық және тәжірибелік мәліметтерді жинақтай отырып бұл ілім адамның дене тәрбиесі үрдісін басқару заңдылықтарын белгілейді, мамандарға дене тәрбиесі мен спорт саласында керекті білім береді.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәні үш бөлімнен тұрады:
1. Дене тәрбиесі теориясының жалпы негіздері  -  дене тәрбиесі мен спорт жүйесіндегі  дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің алатын орнын зерттейді. Дене тәрбиесінде жиі кездесетін терминдерге, ұғымдарға теориялық түсініктер береді. Қазақстан дене тәрбиесі жүйесіне, дене тәрбиесі амалдарына, әдістеріне, дене қуаты қасиеттеріне, қағидаларына, қозғалысқа үйретуге т. б дене тәрбиесінде кездесетін әртүрлі мәселелерге терең ғылыми теориялық түсінік береді, олардың заңдылықтарын анықтайды, дене тәрбиесі тәжірибесінде қалай пайдалану керек екенін оқытады.
2. Дене тәрбиесінің әдістемесі - әртүрлі жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілейді, талқылайды. Жүргізілетін сабақтардың  мазмұнын, құрылымын, түрлерін, жоспарлауды, ұйымдастыру әдістерін, әдістемелерін оқытады. Педагогикалық талдау, сабақ тығыздығын анықтау, жүктемені мөлшерлеу жолдарын үйретеді.
3. Спорт теориясы мен әдістемесі - жаттықтыру өткізу әдістемесін, кезеңдерін, әртүрлі ерекшеліктерді оқытады. Балалармен, жасөспірімдермен, ересек жастағы спортшылармен  жаттықтыру сабақтарын жоспарлау, жүктеме беру, әртүрлі амалдарды, әдістерді, қағидаларды, әдістемелерді қолдану секілді спорттық жаттықтыруға, спортшылар дайындығына, оларды жоғарғы көрсеткішке жеткізу жолына бағытталған жұмыстарды жүргізуді үйретеді.
 Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәнін оқу  барысында  біз мынандай ұғымдарды танып, түсіне білеміз: <<Дене тәрбиесі>>, <<Спорт>>, <<Дене қуатының реабилитациясы>>, <<Дене қуатының рекреациясы>>, <<Дене қуаты дайындығы>>, <<Дене қуатының жетілуі>>, <<Дене қуаты білімі>>, <<Дене дамуы>>.
Дене мәдениеті жүйесінің мақсаты мен міндеттері. Дене мәдениеті жүйесінің негіздері. Дене мәдениеті жүйесінің негізгі бағыттары. 
Қазақстан мемлекетінің дене мәдениеті жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, нормативтік-бағдарламалалық негіздердің жиынтығы және республикада дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер. 
Дене мәдениеті жүйесінің басты мақсаты  -  күш қуаты мықты, жан  -  тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан - жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген:
1. Білім беру міндеттері  -  қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру. 2. Сауықтыру міндеттері  -  дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты нығайту. 3. Тәрбиелік міндеттері  -  адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.
Дене мәдениеті жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік - экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама - нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді. Дене мәдениеті жүйесінің бағдарлама  -  нормативтік негізіне жататындар: дене тәрбиесінің мемлекеттік бағдарламалары, президенттік сынама, мемлекеттік спорттық классификация.
Дене мәдениеті жүйесі. Республикамызда мемлекеттік, қоғамдық және жеке дербес негізде үйымдастырылады. Дене мәдениеті жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене дайындығы, кәсіптік қолданбалы дайындық, спорттық дайындық.
Өзін-өзі бағалауға тапсырма:
     Өзін-өзі бағалауға тапсырма:
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері пәні, оның маңызы.
* Дене мәдениеті, оның бөлімдері.
* Дене мәдениетінің қызметтері.
* <<Дене тәрбиесі>>, <<дене қуаты дайындығы >> дегеніміз не?
* <<Спорт>> дегеніміз не ? Ол қандай бөлімдерге бөлінеді?
* <<Дене дамуы >>, <<Дене қуатын жетілдіру>> деген ұғымдарға жауап беріңіз
* Дене мәдениеті жүйесі, оның мақсаты, міндеттері.
* Дене мәдениеті жүйелерінің негіздері.
* <<Президенттік сынама>> - адамдардың дене қуаты деңгейін анықтайтын негізгі сынақтар жиынтығы.
* Дене мәдениеті және спорт жұмыстарын ұйымдастыру түрлері. 
* Дене мәдениеті жүйесінің бағыттары.
Әдебиет:  негізгі 1-7
                 қосымша 1,4

Дәріс  2: Дене тәрбиесінің амалдары. 
       Дәрістің мақсаты: Дене тәрбиесінің амалдары туралы түсінік қалыптастыру. 
            Тақырыптың сұрақтары:
1. Дене тәрбиесінің амалдары.
2. Дене тәрбиесі жаттығулары, олардың топталуы. 
3. Жаттығулар техникасы. 
4. Дене тәрбиесінің қосымша амалдары. 
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
        Дене тәрбиесі жаттығулары негізгі амал болып табылады, өйткені ол білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру секілді дене тәрбиесінің міндеттерін орындайды. Табиғаттың сауықтыру күші мен гигиеналық факторлар дене тәрбиесінің қосымша амалдары, бұлар дене жаттығуларымен бірге қолданылады.
        Қимыл - әрекетті тиімді жолмен орындау жаттығудың тәсілі, техникасы - деп аталады. Тиімділік дегеніміз жаттығудың ағзаға ұтымды әсер етуі (мысалы, күшін өсіру, бұлшық ет топтарын жаттықтыру) және әрекеттің нәтижелілігі (мысалы, жүгіріп келіп үзаққа секіру жаттығуының техникасын дұрыс, тиімді орындау кезінде барынша алысқа секіру).
Қай жаттығудың орындалу техникасын  алсақ та олар бір  -  біріне кеңістік, уақыт, кеңістікті - уақыт және қозғалыс тәрізді сипаттамаларда болады. Кеңістік сипаттамасына жататындар: дене  мен дене мүшелерінің тұрысы, қалпы, қозғалыс траекториясы. Уақыт сипаттамасы -  уақыт ұзақтығы, қарқын және  қимыл ырғағы деп бөлінеді. Кеңістікті-уақыт сипаттамасы  -  жылдамдық  және  үдеу. Қозғалыс сипаттамасы. Адамның қозғалу үрдісі кезінде ішкі және сыртқы күштердің біріге жұмыс істеуі қозғалыс сипаттамасын көрсетеді.
Дене тәрбиесі және спорт тәжрибесінде өте көп мөлшерде дене тәрбиесі жаттығулары қолданылады. Дене жаттығуларының қасиетін танып, оларды тиімді, дұрыс пайдалану үшін оларды топтарға бөле қолдана білу қажет. Олар алты топқа бөлінеді: 1. Дене тәрбиесі жаттығуларын тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша топтау. Бұл белгі бойынша барлық жаттығулар  төрт топқа бөлінеді: а) гимнастикалық жаттығулар (жалпы дене дамыту жаттығулары, гимнастикалық снарядтағы жаттығуларт.б.); ә) ойын жаттығулар (ойын кезінде орындалатын қозғалмалы және спорттық ойындар элементтері); б) туристік жаттығулар (туризмнің әр түрінде кездесетін жүру, атқа міну, велесипед, шаңғы тебу, қайықта ескек есу т.б жаттығулар); в) спорттық жаттығулар  -  спорттың әр түрінде қолдаланылатын негізгі жаттығулар (100метрге жүгіру, ұзындыққа секіру т. б.). 2. Дене қуатын қасиеттерін дамыту бағыты бойынша топтау. 3. Жаттығуларды білім беру мақсатына қарай топтау: негізгі, дайындық, жақындататын жаттығулар. 4. Дененің бұлшық еттерін дамытатын жаттығулар. 4. Қозғалыс құрылысына байланысты топталған жаттығулар: а) циклді жаттығулар (жүру, жүгіру, ескек есу т.б.);  ә) ациклді жаттығулар (снарядтағы гимнастика, жеке сайыс т.б.) б) аралас жаттығулар (циклді, ациклді жаттығулары бар спорт ойындары). 6. Жаттығуларды күш қарқынына қарай топтау: а) өте жоғары қарқынмен орындалатын  жаттығулар (20 секунд аралығында орындалады); ә) жоғарғы қарқынмен орындалатын жаттығулар  (20секундтан  5 минөтке дейін ); б) қатты қарқынмен орындалатын жаттығулар (5 минөттен 30 минөтке дейін); в) қалыпты қарқынмен орындалатын жаттығулар (30 минөттен көбірек).
Табиғаттың табиғи сауықтыру күштері мен гигиеналық факторлар дене тәрбиесінің қосымша амалдары                   
        Өзін-өзі бағалауға тапсырма:
* Дене тәрбиесінің негізгі және қосымша амалдары.
* Дене тәрбиесі жаттығулары. 
* Жаттығулардың техникасы, орындау кезеңдері.
* Қозғалыс техникасының сипаттамасы.
* Жаттығуларды топтау.
* Табиғаттың табиғи күші  -  дене тәрбиесінің қосымша амалы.
* Гигиеналық себептер \факторлар\ - дене тәрбиесінің қосымша амалы.  
Әдебиет:  негізгі 1-7
                 қосымша 1,4,6

Дәріс 3: Дене тәрбиесінің әдістері 
       Дәріс мақсаты: дене тәрбиесі және спорттың әдістерін оқу, үйрену. 
Тақырып бойынша сұрақтар:
* Терминдер мен түсініктер, дене тәрбиесінің әдістерінің топтары
* Жарыс және ойын әдісі
*  Қатаң шектелген жаттығулар әдістері.
* Дене тәрбиесінің жалпы әдістері.
              Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Дене тәрбиесінің әдістері. Әдіс, әдістеме, әдістемелік тәсіл ұғымдары. Дене тәрбиесінің барлық әдістері арнайы (тек қана дене тәрбиесі процесіне тән) және жалпы (дидактиқалық білім беру және тәрбие бағытында қолданылатын) болып екі топқа бөлінеді. Дене тәрбиесінің арнайы әдістері: 1. Қатаң шектелген жаттығулар әдістері. 2. Ойын әдісі. 3. Жарыс әдісі. Дене тәрбиесінің жалпы әдістері: 1. Сөз қолдану әдістері. 2. Көрнекі қолдану әдістері. 
Ойын және жарыс әдісі. Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы ойындардың элементтерін қолдану  -  ойын әдіс деп аталады. Дене тәрбиесі жаттығуларын жарыс, бәсеке түрінде орындауды жарыс әдісі дейміз.
Жаттығу кезіңде көп қайталанып жүктеме мен тынығуды алмастыра орындайтын қимыл-әрекетті біз қатаң шектелген жаттығу әдістері деп атаймыз. Қатаң шектелген жаттығулар әдістері екі топқа бөлінеді : 1. қимыл - әрекетке үйрету және дене қуаты қасиеттерін жетілдіру. Қимыл - әрекеттердің күрделілігіне қарай тұтас та, бөлшектеп те үйретуге болады. Күрделі қозғалыс техникасын үйренуді жеңілдету үшін жақындататын жаттығулар қолданылады. Жақындататын  жаттығулардың техникасы негізгі, күрделі жаттығудың бөлшектеріне ұқсас болып келеді. Бұл жаттығулар бір тұтас түрде, оқушыларға түсінікті және қолайлы болуы керек.
Дене қуатының қасиеттерін дамыту үшін: бірқалыпты орындау, қайталау, өзгермелі орындау, аралық орындау, шеңберлі орындау әдістері қолданылады. 
Дене тәрбиесінің жалпы әдістері. Сөз қолдану әдісі. Сөз қолдану әдісі үш топқа бөлінеді: 1. Баяндау, әңгімелесу, түсіндіру әдістері. Бұл әдістерді қолдану кезінде сөз оқушыларға білім беру мақсатында пайдаланылады.  2. Бұйрық беру, тапсырма, нұсқау беру әдістері. Бұл әдістер жаттығушылардың  әрекеттерін      басқаруға    пайдаланылады. 3. Талдау, бағалау әдістері. Бұл әдістер жаттығушылардың әрекетін талдауға, баға беруге арналған. Көрнекі ықпал ету әдісі. Бұл әдістер жиынтығы көру, есту және үйренетін жаттығудың қимылын қабылдауды қамтамасыз етеді де, үш топқа бөлінеді: көру көнекілігі, есту көрнекілігі, қимыл көрнекілігі әдістері.
Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:
* <<Әдістемелік тәсіл>>, <<Әдіс>>, <<әдістеме>> дегеніміз не?
* Дене тәрбиесінің арнайы және жалпы әдістері.
* Қатаң шектелген  жаттығулар әдістері.
* Қимыл- әрекетке үйрету әдісі.
* Дене қуаты қасиеттерін дамыту әдістері.
* Ойын әдісі.
* Жарыс әдісі.
* Сөз қолдану әдісі
* Көрнекілікті қолдану әдістері.                                                                                                                                            
*  <<Жүктеме>> , жүктеменің көлемі, қарқыны.
*  Жатығу орындаған кездердегі тынығу аралықтары, түрлері.
*  Шеңберлі орындау әдісі, оның варианттары.
*  Бірқалыпты және аралықты орындау әдісі. 
*  Қайталап және өзгермелі орындау әдістері
Әдебиет:  негізгі 1-7
                 қосымша 2,3,6

Дәріс  4: Дене тәрбиесі қағидалары
   Дәріс мақсаты: дене тәрбиесі және спорттың қағидаларын, қимыл - әрекетке үйрету кезеңдерін оқу, үйрену. 
Тақырып бойынша сұрақтар:  
1. Дене тәрбиесі қағидаларының топтары.  Саналылық және белсенділік қағидасы. 
2. Көрнекілік, жүйелілік қағидалары. 
3. Біртіндеушілік, реттілік және даралық қағидалары. 
4. Дене тәрбиесі мен спорттағы үйрету үрдісі, оның теориялық және тәжірибелік бөлімі.
5. Қимыл-әрекетін таныстыру, үйрету және жетілдіру кезеңдері. 

Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Саналылық және белсенділік қағидасы. Бұл қағиданың мақсаты  -  дене тәрбиесі үрдісі кезінде жаттығушылардың санасында дене тәрбиесі мен спорт әрекеттеріне деген саналы терең ой, тұрақты ынтығушылық, қызығушылық қалыптастыру және олардың осы  әрекеттерге белсенді ұмтылуын ұйымдастыру. 
Көрнекілік қағидасы. Көрнекілік  -  дегеніміз адамның сезім мүшелерін тану, түсіну, ұғыну үрдісінде қолдану. Ал дене тәрбиесі мен спорт үрдісінде көрнекілік қағидасы үйрету және тәрбиелеу кездерінде қолданылады. Қозғалысқа үйретуді көру арқылы ғана емес, есту және бұлшық  ет түйсігі арқылы да түсіне білу керек. Әр түрлі анализаторлар белгілері оқушылардың санасында үйренетін жаттығу туралы толық түсінік тудырады.
Жүйелілік қағидасы. Дене қуаты қасиетін дамытудағы және қозғалысқа үйретудегі жақсы нәтиже тек қана дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі орындағанда ғана болады. Жүйелілік - сабақтар арасында ұзақ үзіліс болмауы, сол арқылы жаттығушылардың дене қуаты дайындығы деңгейін түсірмеуі. 
Реттілік қағидасы. Қимыл әрекетке үйрету және дене қуаты қасиетін дамыту реттілігіне арналған талаптар үш дидактикалық ережеден тұрады: 1. Жеңілден  -  қиынға. 2. Қарапайымнан  -  күрделіге.  3. Меңгерілген қимыл әрекеттен  -  меңгерілмеген қимыл - әрекетке.
Біртіндеушілік қағидасы. Орындайтын жаттығулар техникасының біртіндеп күрделенуін, жүктеме көлемі мен қарқыны біртіндеп өсуін біртіндеушілік қағидасы дейміз. 
Даралық қағидасы - дене тәрбиесі үрдісінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру түрінде жүргізіледі. Даралық қағидасы әр адамның дайындық деңгейіне, жыныс және жас ерекшеліктеріне байланысты. Жеке басының, психикасының ерекшеліктеріне, жүктемеге шыдамдылығына, сыртқы орта әсерін сезіну мүмкіншіліктеріне, жұмыс істеу стиліне  байланысты.
Дене тәрбиесіндегі оқыту дегеніміз адамның дене қуатына  және психологиялық жетілуіне бағытталған арнаулы білім жүйесінің қимыл- әрекетке үйрету, қалыптастыру, меңгеру, жетілдіру  үрдісі. Ол үш кезеңге бөлінеді. Теориялық мағлұматтың көлемі мен мазмұны жалпы педагогикалық қағидалармен (жүйелілік, ұғынықтылық т.с.с.) анықталады, оқу мақсатына, оқушылар тобының ерекшеліктеріне байланысты төрт топқа бөлінеді. Олар: дене тәрбиесінің әлеуметтік керектігі туралы (денсаулықты нығайту, жұмыс қабілеттілікті арттыру т.б.), дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану ережелері туралы (футбол, баскетбол, волейбол ойындарын ойнау ережелері және т.б.), медициналық  -  биологиялық (дене гигиенасы, шынығу, ұйықтау, тамақтану, жаттығу режимдері туралы баяндаулар, әңгімелер), үйрететін қимыл  -  қозғалыс техникасы туралы мағлұматтар. Теориялық мағлұматтар алу көздері: қимыл тәжрибелілігі, арнайы оқулық, сөз және көрнекі қабылдау әдістері, мұғалімнің әрекеті, кино және бейнефильмдер көрсету т.б.
Нақтылы дене тәрбиесі және спорт тәжірибесінде қимыл-әрекеттердің техникасын үйрету үш кезеңнен тұрады: таныстыру, үйрету және жетілдіру.
Қимыл-әрекетін таныстыру кезеңі. Бұл кезеңнің міндеті  -  оқушыларға үйренетін жаттығу туралы түсінік беру және соны үйренуге ынтасын ояту. Түсіну, ұғыну үрдісі қалыптасу кездерінде бір-біріне байланысты, сабақтасты үш кезең пайда болады: 1. Үйрену міндеттерін ұғыну. 2. Орындау жобасын кұру. 3. Жаттығуды орындап көру. Қимыл-әрекетке таныстыру кезеңінің негізгі әдістері: Тұтас және бөлшектеп үйрету әдістері. Сөз қолдану әдістері: түсіндіру, баяндау. Көрнекі қабылдау әдістері: қимыл- әрекетті көрсету, көрнекі құралдар қолдану ж.т.б. 
Қимыл - әрекетіне үйрету кезеңі. Бұл кезеңнің міндеттері, оқушыларға техника негізін үйрету, оны тұрақты орындауға жеткізу және осылар арқылы қимыл шеберлігін қалыптастыру. Оқушының әрбір жаттығу техникасы бөлшегіне ықылас сала орындайтын қимыл әрекетін қимыл шеберлігін дейміз. Құрылым жоспары бойынша үйрету кезеңі екі бөлімге  бөлінеді: 1. Қимыл шеберлігін қалыптастыру. 2. Қимыл шеберлігін жетілдіру. 
Қимыл-әрекетін жетілдіру кезеңі. Бұл кезеңнің мақсаты  -  қимыл дағдысын қалыптастыру, сол арқылы жоғары қимыл шеберлігіне жету. Жаттығуды көп қайталағаннан соң қимыл шеберлігі дағдыға  айналады. Қимыл дағдысы деп- жеке қозғалыстарға емес, нақты әрекет нәтижесіне бағытталған қимыл әрекетін автоматтандыра орындай алу қабілеттілігін айтамыз. Жоғары қозғалыс шеберлігі дегеніміз қалыптасқан қимыл дағдыларын нақты өмір жағдайларында қолдану шеберлігі (жүгіру, секіру және басқа өнеркәсіптік, әскери әрекеттер). Жоғары қозғалыс шеберлігі үйрету үрдісінің соңғы межесі. 
Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:
* Дене тәрбиесі мен спорттың қағидалары, оларды топтау.
* Саналылық және белсенділік қағидасы.
* Жүйелілік қағидасы.
* Біртіндеушілік қағидасы.
* Реттілік қағидасы
* Даралық қағидасы
* Көрнекілік қағидасы.
* Қимыл-әрекетіне үйретудің кезеңдерін атаңыз.
* Қимыл әрекетіне таныстыру кезеңін сипаттаңыз.
* Қимыл әрекетіне үйрету кезеңін сипаттаңыз.
* Үйрету кезеңінде кезігетін қателер.
* Қимыл әрекетін жетілдіру кезеңін сипаттаңыз.
* Жоғары қимыл ептілігі.
* Қимыл-әрекетіне үйрету кезеңдерінде қолданылатын әдістерді атаңыз. 
Әдебиет:  негізгі 1-7
                 қосымша 2,4,6

Дәріс 5: <<Дене қуаты қасиеттері, оны дамыту әдістемесі>>
Дәріс мақсаты: дене қуаты қасиеттерін зерттеу, оларды дамыту әдістерін, амалдарын білу, ұғыну. 
        Тақырып бойынша сұрақтар:  
* Дене қуаты қасиеттері, анықтамасы, түрлері  
* Күш және оны дамыту әдістемесі
* Жылдамдық және оны дамыту әдістемесі
* Төзімділік және оны дамыту әдістемесі 
* Ептілік және оны дамыту әдістемесі 
* Икемділік және оны дамыту әдістемесі.
                Тақырыптың қысқаша мазмұ
Адамның денесінде, санасында белгілі бір деңгейде сақталып тұрып, ол қозғалғанда, әрекет жасағанда пайда болатын қасиеттерді дене қуаты қасиеттері дейміз.
Күш және оны дамыту әдістемесі. Сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық, ет көмегі арқылы оған қарсылық көрсетуді күш дейміз. Күштің пайда болу түрлері: өз күш мүмкіншілігі статикалык кезде (дене қалыбын ұстау) және ақырын қозғалыс кезінде, күш жылдамдығының мүмкіншілігі тез, жылдам қозғалыста пайда болады (секіру, лақтыру т.б.). Бұл жағдайда спортшы күшіне жылдамдық қосу арқылы, жаттығуды тез орындау арқылы жоғарғы нәтижеге жетеді. Күшті дамыту үшін жоғарғы қарсылық жаттығулары қолданылады. Олар екі топқа бөлінеді: 1 Сыртқы қарсылық жаттығулары. Сыртқы қарсылықтарға: әр түрлі спорт кұралдарының салмағы (штанга, гирлер, гантельдер т.б.), серігінің қарсы әрекеті (қосақ жаттығулар), сыртқы ортаньң қарсылығы (құмда, қарда, суда жүгірулер т.б.) жатады. 2 Өз салмағының ауырлығын басқару жаттығулары (аспа темірде тартылу, еденнен итерілу, отырып тұрулар, секірулер т.б.). Дене тәрбиесі тәжірибесінде мынандай көп тараған күш дамыту әдістері бар: Жоғарғы күш салу әдісі. Қайталап күш салу әдісі. Статикалық (қозғалмайтын) күш салу әдісі.
Жылдамдық және оны дамыту әдістемесі. Жылдамдық дегеніміз - адамның белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте жылдам қозғалған әрекеті. Жылдамдық үш түрде пайда болады: 1 Қарапайым және күрделі қозғалыс әрекеті жылдамдығы. 2 Жалғыз қимыл жылдамдығы. 3 Қимыл жиілігі. Жылдамдық жаттығулары аздаған мөлшерде сабақтың негізгі бөлімінде, орталық  жүйке жүйесі қалыпты жағдайда тұрған кезде беріледі. Қимыл жиілігі жылдамдығын дамыту үшін қайталау, өзгермелі орындау, ойын, жарыс әдістері қолданылады.
Төзімділік және оны дамыту әдістемесі. Төзімділік, анықтау әдістері, түрлері. Адамның жұмысты ұзақ, қарқынын азайтпай орындай алу қабілетін төзімділік дейміз. Төзімділікті анықтаудың тузу және жанама деген екі әдісі бар. Төзімділіктің екі түрі бар: жалпы және арнайы. Спортшы ағзасын жаттығу жасап жатқан кезде энергиямен қамтамасыз ету жағынан төзімділік: аэробты, анаэробты және аралас (аэробты-анаэробты) деп үшке бөлінеді. Төзімділікті дамытқанда ұзақ және қатты қарқында орындалатын қозғалмалы ойындар, біртіндеп ұзаратын қашықтыққа 300, 500, 700, 1000 метрге жүгіру, 2000 метрді жүгіру мен жүруді алмастыра өту т.с.с. Ақырын және орта қарқында журуді алмастырып 2-3 шақырымға жүгіру, шаңғымен 3-5 шақырымға жүгіру т.с.с. Жоғары мектеп оқушыларына кросс дайындықтары, 3-5 шақырымға жугіру, шаңғымен 5 шақырымға жүгіру, өзгермелі және қайталап жүгіру жаттығулары қолданылады.
Ептілік және оны дамыту әдістемесі. Адамның кеңістікте үйлесімді қозғала алуын, жаңа күрделі қозғалысты тез меңгере алуын, өзгерген жағдайға байланысты өз әрекетін тез басқаша құра алу қабілеттілігін ептілік деп атаймыз. Ептілікті тәрбиелеудің негізгі амалдары: жаңа немесе жаңадан пайда болған элементттері бар спорттық, қозғалмалы ойындар, гимнастика, акробатика жаттығулары. Жақсы үйренген жаттығуларды қайталау ептілікті дамытпайды. Сондықтан мұғалім әрбір дене тәрбиесі сабағында 1-2 жаңа жаттығу немесе бұрын үйренген жаттығудың элементтерін жаңалап үйретіп отыруы қажет. Ептілікті дамыту жаттығуларын сабақтың бірінші жартысында өткізген дұрыс, өйткені оқушы ағзасы  болдыра бастағанда ол жаттығулар аз нәтиже береді. Ептілікті дамыту әдістері: қайталау, ойын, жарыс әдістері.
Икемділік және оны дамыту әдістемесі. Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу қабілеттілігін  икемділік дейміз. Икемділік белсенді және енжар болады. Икемділікті дамытудың негізгі амалы созылу жаттығулары. Ол жаттығулар мынандай түрлерде орындалады: қарапайым созылу, серіппелі созылу, сермеу, дене қалпын ұстау, сыртқы көмектің әсерімен созылу т.с.с. Икемділікті дамытудың негізгі жолы қайталау әдісі. Сонымен бірге ойын, жарыс, шеңберлі орындау әдістері қолданылады.   
  Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:
* Дене қуаты қасиеттері. Анықтама.
* Күш, күштің түрлері.
* Күшті дамыту амалдары мен әдістері.
* Жылдамдық, оның түрлері.
* Қарапайым қозғалыс жылдамдығы, оны дамыту.
* Күрделі қозғалыс жылдамдығы, оны дамыту.
* Жалғыз қимыл жылдамдығы мен қимыл жиілігі. 
* Жас ерекшеліктеріне байланысты жылдамдықты дамыту.
* Төзімділік, оның түрлері.
* Аэробты төзімділік, дамыту амалдары мен әдістері.
* Анаэробты, аралас төзімділік, дамыту амалдары мен әдістері.
* Ептілік және оны дамыту әдістемесі.
* Икемділік, оның түрлері.
* Икемділікті дамыту амалдары мен әдістері.
Әдебиет:  негізгі 1-10
                 қосымша 2,4,6

Дәріс 6: <<Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздері>>
Дәрістің мақсаты: мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздерін білу.
Тақырып бойынша сұрақтар:
* Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
* Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене қуаты дайындығы 
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына, дене қуаты дайындығына, өмірге қажет әр түрлі қозғалыс шебердігі мен дағдысының қалыптасуына дене тәрбиесінің маңызы өте зор.  Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің міндеттері: сауықтыру міндеттері, білім беру міндеттері, тәрбие беру міндеттері. 1. Өмірге қажетті қозғалыс шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру және жетілдіру. Оқушылардың  қалыптастыру керек қозғалыс шеберлігі мен дағдылары мынандай бес топқа бөлінеді (З.И.Кузнецов, 1968): 1) адамға кеңістікте қозғалуға көмектесетін қозғалыс шеберлігі мен дағдылары. Олар: жүру, жүгіру, суға жүзу, шаңғы тебу; 2) адам қозғалғанда оның денесін басқаруға керек дене қалыптары мен тұрыстарының дағдылары. Олар: негізгі тұрыс, бастапқы қалып, әр түрлі дене қалыптары, тұрыстары, саптық жаттығулар және т.с.с.; 3) әр түрлі қозғалыстарды спорттық құралдармен орындау дағдылары. Олар: доптармен, скакалкалармен, гантельдермен, гимнастикалық таяқтармен орындаулар; 4) қол, аяқ қозғалыстарын дененің басқа мүшелерінің қозғалыстарымен үйлестіре басқара білу дағдылары. Олар: аунап түсулер, ілініп тұрулар, жоғары көтерулер, тірелулер, тепе  -  теңдік сақтаулар; 5) Қолдан жасалған кедергілерден өтуді қамтамасыз ететін кешенді қозғалыстарды орындайтын дағдылар. Олар: тіреле секірулер, өрмелеулер, ұзындыққа және биіктікке секірулер; 
2. Дене мәдениеті мен спорт саласында керекті білімді қалыптастыру. Оқушылар білуі керек: 1) дене тәрбиесі жаттығуларының ережелері мен жолдарын; 2) ағзаның негізгі жүйелеріне дене тәрбиесі жаттығуларының әсерін; 3) өз бетімен жаттықтырулардың ережелері мен әдістерін; 4) дене жаттығулары сабақтары, жаттықтырулары кезіндегі өзін - өзі бақылаудың негізгі тәсілдерін; 5) жанұядағы дене тәрбиесінің рөлін;
Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене қуаты дайындығы. Ғалымдардың дәлелдеулерінше осы кезеңдегі негізгі денсаулық белгісі -  оқушылардың дене дамуы. Балалардың бойы мен салмағына қарап олардың өмір сүру жағдайы мен сыртқы ортаның бала ағзасына жағымды, жағымсыз әсерін білуге болады. Балалардың бойы мен салмағы олардың денсаулықтарын анықтайтын санитарлы  -  гигиеналық, дәрігерлік  -  қоғамдық көрсеткіш болып табылады.
Мектеп оқушыларынан жылына екі рет, қыркүйек, мамыр айларында алынатын, олардың дене қуаты дайындығы деңгейін көрсететін сынақ жаттығулары. Осы көрсеткіштер бойынша оқушылардың дене қуаты қасиеттерінің даму деңгейін анықтап, келешек жұмыстарға өзгерістер енгізуге болады. Бұл стандарттық сынақ жаттығулары қарапайым және дене қуаты деңгейі туралы көп ақпараттар береді. 1. 1000 м жүгіру. Сынақ жаттығуы төзімділік деңгейін анықтауға арналған. 2. 10 м 5 рет қайталап жүгіру. Сынақ жаттығуы жылдамдық және ептілікті бағалауға арналған. 3. Кермеде тартылу (ер балалар). Сынақ жаттығуы қол мен иық деңгейінің күш төзімділігін бағалауға арналған. 4. Кермеде салбырай асылу (қыз балалар). Сынақ жаттығуы қол мен иық деңгейінің статикалық күш төзімділігін бағалауға арналған. 5. Шалқалап жатқан қалыпта 30 сек бойы кеудені көтеру. Сынақ жаттығуы кеудені көтеру бұлшық еттерінің күшін бағалауға арналған. 6. Отырған қалыптан алдыға еңкею. Сынақ жаттығуы омыртқа мен жамбас-сан буынының икемділігін өлшеуге арналған.
Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:
  + Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесінің міндеттері.
  + Білім беру міндеті, оған сипаттама
  + Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы. 
  + Оқушылардың дене қуаты дайындығы 
Әдебиет:  негізгі 1-8
                 қосымша 2,4,6

Дәріс 7: <<Сабақ - мектептегі негізгі оқу түрі>>
Дәрістің мақсаты: мектептердегі дене тәрбиесі жұмыстарының түрлерін, дене тәрбиесі сабағының мазмұны, құрылымын және сабақ өткізу негіздерін студенттерге үйрету. 
     Тақырып бойынша сұрақтар:
  1. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру түрлері.
 2. Дене тәрбиесі сабағы, сабақтың құрылымы мен мазмұны.
 3. Дене тәрбиесі сабағына мұғалімнің даярлығы.  
 4. Сабақтарды жүйелеу.       
 5. Денсаулығы нашар оқушылармен дене тәрбиесі жұмысын жүргізу.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі және спорт жұмыстары арнайы ұйымдастырылған екі түрде жүргізіледі. Ол дене тәрбиесі сабағы және басқа жаттықтыру жұмыстары деп аталады. Дене тәрбиесі үрдісін орындайтын негізгі түр  -  дене тәрбиесі сабағы. Дене тәрбиесі сабағы мұғалімнің басшылығымен, арнайы мемлекеттік бағдарлама, белгіленген сабақтар кестесі бойынша, 1-11 сынып оқушыларына міндетті түрде жүргізіледі. 
Жаттықтыру жұмыстары оқушылардың қозғалыс белсенділіктерін жоғарылату, денсаулықтарын нығайту, дене жаттығуларына деген қызығушылықтарын арттыру, жаттығулардың ағзаға керектігін қанағаттандыру мақсатында төмендегідей топтарға бөлініп жүргізіледі. Олар: 1. Күн тәртібі ішіндегі сауықтыру жұмыстары. 2. Сыныптан тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстары. 3. Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорттық жұмыстар. 4. Жанұяда орындалатын дене тәрбиесі жаттығулары. 
Оқу сабағы жалпы білім беретін мектептерде басқа пәндермен қатар сабақтар кестесі бойынша аптасына үш рет жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабағының бір-біріне байланысты сабақтың мазмұны және сабақтың құрылымы деген екі түрі болады.
Мұғалімнің сабақ өткізуге дайындалуы. Сабақтың ойдағыдай өтуі, мұғалімнің жақсы даярлығына байланысты. Дайындық 12 түрлі дайындық іс-әрекеттері арқылы орындалады.
Барлық сабақтар мазмұнына байланысты құрама және пәндік сабақтар деп екі үлкен топқа бөлінеді. 1. Пәндік сабақтардың негізгі бөліміне оқу бағдарламасында берілген бір спорт түрінің негізгі жаттығулары кіргізіледі. Мысалы, шаңғы спорты, гимнастика, спорт ойыны волейбол ж.т.с.с. 2. Құрама сабақтарда, бір сабақтың негізгі бөліміне әртүрлі спорт түрлерінің негізгі жаттығулары кіргізіледі. Пәндік және кұрама сабақтар орындайтын міндеттеріне байланысты оқу, жаттықтыру, бақылау, құрастырылған сабақтар деп бөлінеді.
Денсаулықтары және дене қуаты дайындығы деңгейіне байланысты мектеп оқушылары үш топқа бөлінеді: негізгі, дайындық және арнайы. Арнайы дәрігерлік топтардың негізгі жұмыс міндеттері: денсаулықты нығайту, тыныс алу органдарының жұмыстарын жақсарту, ағзаны шынықтыру, дене  қуаты жұмыс қабілеттілігін, дене тәрбиесі жаттығулары арқылы ақыл-ой жұмыс қабілеттілігін жоғарылату, ағзаның ауырудан әлсіреген дене қимылы белсенділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар теориялық білім беру және қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеру жұмыстары жүргізіледі
Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:
* Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру түрлері.
* Сабақтарды дене тәрбиесі бағыты бойынша топтау.
* Сабақтарды мазмұны мен міндеттеріне байланысты топтау.
* Дене тәрбиесі сабағының құрылымы мен мазмұны.
* Дене тәрбиесі сабағының бөлімдері, сипаттама.
* Дене тәрбиесіндегі үй тапсырмасы, оның маңыздылығы.
* Дене тәрбиесі сабағына мұғалімнің даярлығы.
* Денсаулығы нашар балалардың дене тәрбиесі.
* Денсаулығы нашар балалармен сабақтар жүргізу ерекшеліктері
Әдебиет:  негізгі 1-8
                 қосымша 1,2,4,6

Дәріс 8: <<Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық бақылау, бағалау>>
Дәрістің мақсаты: дене тәрбиесі сабағын талдау, бағалау  түрлеріне, оны ұйымдастыру жолдарына студенттерді үйрету.  
     Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Дене тәрбиесі сабағының тығыздығы.
2. Дене тәрбиесі сабағында жүктемені мөлшерлеу.
3. Сабақты талдау, бағалау
     Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Дене тәрбиесі сабағының тығыздығы, ол оқушыларға мұмкіншілік болғанынша көбірек жаттығулар орындату, оларды бос, тыныштық күйінде көп болдырмау. Дене тәрбиесі мен спорт тәжірибесінде сабақтың жалпы және қозғалтушы тығыздығы болады. Сабақтың бүкіл ұзақтығы кезінде педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытты сабақтың жалпы тығыздығы дейміз. Педагогиқалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытқа жататындар: дене тәрбиесі жаттығуларын орындау, мұғалімді тыңдау, көрсетілген жаттығуды бақылау, түсінгенді ұғыну, сабақ өтер орынды дайындау, тынығу және т.б. Педагогикалық ақталмаған уақытқа жататындар: мұғалімнің немесе оқушылардың сабаққа кешігуі, снарядтарға ауысқан кездерде болатын ұзақ бос тұрып қалушылықтар, тәртіп бұзуға байланысты үзілістер, құрал-жабдықтардың істен шығуы, мұғалімнің спорт залдан себепсіз шығуы және т.б. 
Сабақтың жалпы үзақтығы кезінде дене тәрбиесі жаттығуларын орындауға кеткен уақытты қозғалтушы тығыздық дейміз. Қозғалтушы тығыздық сабақтың негізгі бір өнімділігін. сапасын көрсететін көрсеткіш.
Дене тәбиесі сабағында жүктеме мөлшерін анықтау, тамыр соғысын өлшеу, тіркеу хаттамасын жүргізу. Ол үшін сабақта белсенді, тәртіпті, дене тәрбиесі сабағында орташа үлгіретін бір оқушының тамыр соғуын әрбір 3-5 минут сайын 9-16 рет есептеп, хаттамаға тіркеп отырамыз. Әрбір 3 минут сайын тамыр соғысын өлшеулер орындалып, хаттама толық толтырылып, сабақ біткеннен кейін біз алынған мәліметтер бойынша оқушы ағзасындағы физиологиялық жүктеме өзгерістерінің қисық сызықтары графигін сызамыз.      
Дене тәрбиесі мұғаліміне педагогикалық талдау және бағалау екі түрлі мақсатта қажет болады. Бірінші - өзінің сабақ беруін, қандай дәрежеде бере алатынын бағалау, қандай мәселелерге назар аудару керек екенін білу. Екінші - әріптестерінің сабақ өткізулерін талдау, бағалау. Қазіргі кезде мектеп мұғалімдері білетін бірнеше педагогикалық сабақ талдау әдістері бар, ол әдістер көптеген әдебиеттерде жазылған. Соның бірі дене тәрбиесі сабағының гистограммасы ең бір оңай, дене тәрбиесі сабағының қалай өткенін тез анықтайтын әдіс.
Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:
* Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықтау.
* Тығыздықтың түрлері, анықтау жолдары.
* Сабақта жүктемені мөлшерлеу.
* Жүктемені мөлшерлеу хаттамасын толтыру.
* Жүктеме қисық сызығы графигін сызу.
* Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық талдау.
Әдебиет:  негізгі 1-8
                 қосымша 1,2,4,6

Дәріс 9: <<Мектептегі дене тәрбиесі жұмысын  жоспарлау>>
Дәрістің мақсаты: дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлау түрлеріне, жолдарына студенттерді оқыту, үйрету.  
     Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Дене тәрбиесі жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.
2. Оқу ағымының жылдық жоспар графигі.
3. Тоқсандық  және әрсабақтық оқу жоспары. 
4. Сабақтың жоспар  -  конспектісі.  
     Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Жалпы білім беретін мектептердегі жоспарлау құжаттары: жалпы дене тәрбиесі және спорт жұмыстары жоспары және дене тәрбиесі сабақтарының  жоспары деп екіге бөлінеді. Оны дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылының басталуына дейін құрастырады. Жалпы жылдық жоспар мынандай бөлімдерге бөлінеді: 1. Ұйымдастыру жұмыстары. 2. Оқу жұмыстары. 3. Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі сауықтыру шаралары. 4. Сабақтан тыс уақыттардағы спорттық көпшілік жұмыстары. 5. Үгіт- насихат жұмыстары. 6. Дәрігерлік бақылау және тазалық тексерулер. 7. Шаруашылық жұмыстары. Осы дене тәрбиесі және спорттық жұмыстардың жылдық жоспарын жалпы білім беру мектептеріндегі дене мәдениеті ұжымының төрағасы мектеп директоры бекітіп, оның жұмыстарын ұжым кеңесі, барлық ұжым мүшелері біріге, жұмыла орындаулары керек.
Мектептегі дене тәрбиесі сабағының жоспарлары төрт түрге бөлінеді: 1.  Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар кестесі. 2. Тоқсандық жоспар кесте. 3.  Әрсабақтық жоспар. 4.  Жоспар-конспект.  
Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:
* Дене тәрбиесіндегі жоспарлау.
* Мектептің оқу бағарламасы.
* Дене тәрбиесі жұмыстарының жалпы жылдық жоспарын құрастыру.
* Оқу ағымының жылдық жоспар графигін құрастыру.
* Тоқсандық оқу жоспары, оны құрастыру технологиясы.
* Әрсабақтық оқу жоспары.
* Сабақтың жоспар  -  конспектісі, оны құрастыру.

Әдебиет:  негізгі 1-8
                 қосымша 1,2,4,6

Дәріс 10: <<Дене тәрбиесі жұмысындағы  бақылау және есепке алу>>
Дәрістің мақсаты: дене тәрбиесі жұмыстарын бақылау және еске алу түрлерін студенттерге оқыту.   
     Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Бақылау және есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру.
2. Мектептің бақылау және есепке алу құжаттары.
3. Мектептің дене мәдениеті ұжымы.
     Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Дене тәрбиесі жұмысын дұрыс жақсы ұйымдастыру үшін, жұмысты орнықты орындау үшін, орындаған жұмыстарды бақылау және есепке алуға, тіркеу жүргізуге өте үлкен мән беруіміз қажет. Бақылау, есепке алу, тіркеу оқу және сыныптан тыс жұмыстардың дұрыс орындалғанын білуге, оқу үлгірімін бақылауға көмектеседі. Мектеп тәжірибесінде есепке алу мен бақылау үш кезеңнен тұрады. Олар: алдын - ала есепке алу, ағымдық есепке алу және қорытынды есепке алу. Есепке алу жүйесінде жоғарда айтылған негізгі түрлерінен басқа статистикалық, бухгалтерлік, қолма-қол тексеру түрлері қолданылады. Негізгі есеп алу құжаты мектеп сынып журналы болып есептеледі.
Сыныптан тыс жұмыстарды есепке алу, олардың орындалуын бақылау үшін басқа жұмыс дәптері жүргізіліп, орындалғаны туралы белгілер қойылып отырылады. Есепке алу және бақылау құжаттарында дене тәрбиесі мамандарының саны, разряд орындағандар саны, спорт түрлерінен дайындаған төрешілер тізімі, жоспар орындалуы туралы мәліметтер, құрал-жабдықтар саны мен дұрыстығы, президенттік сынаманы тапсырушылар туралы мәліметтер жазылады. Осы көптеген жұмыстардың құжаттарын сауатты дұрыс жүргізу, толтыру, мектепке келген тексеру комиссияларына толық көрсете білу мақсатында біз барлық мектептегі жоспарлау, бақылау, есепке алу құжаттарын жеті топқа бөліп жүйеледік.
Дене мәдениеті ұжымның мүшелері мектеп мұғалімдері мен оқушылар. Дене тәрбиесі жұмыстарын ұжым мүшелері сайлаған кеңес басқарады. Ұжым кеңесінің төрағасы мектеп директоры. Ұжымның барлық жұмыстарын белгілейтін, ұйытқы болатын, жүргізетін дене тәрбиесі мұғалімдері. Дене мәдениеті ұжымы ең алдымен өзінің жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларын дұрыс ойластырып, құрастыруы қажет. Әрбір ай сайын өткізілетін ұжым кеңесінің отырыстарында осы жоспарлар, олардың орындалуы, адамдардың жауапершіліктері қатаң бақылануы, жұмыстары дұрыс бағаланулары керек. Мектептің дене мәдениеті ұжымының барлық құжаттарын дайындайтын дене тәрбиесі мұғалімі сауатты, білікті маман болуы қажет.
Дене мәдениеті ұжымының жалпы жиналысында мұғалімдер мен оқушылардың арасынан дене тәрбиесі мен спортқа қатысы бар, белсенді адамдар кеңес мүшелері болып сайланады. Кеңес құрамы 7-10 адам. Кеңес мүшелері  арасынан төраға, төраға орынбасары, хатшы сайланады. Дене мәдениеті кеңесі жанынан көпшілік дене тәрбиесі, спорт шаралары, дене тәрбиесі белсенділерін дайындау, насихаттау және шаруашылық жұмыстарының комиссиялары құрылады.
Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:
* Мектептегі  бақылау және есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру.
* Мектептің дене мәдениеті ұжымы, жұмыс сипаттамасы.
* Мектептің есепке алу және бақылау құжаттары.
* Үлгі ретінде берілген есепке алу құжаттары, оны жүйелеу.

Әдебиет:  негізгі 1-12
                 қосымша 1,2,4,6

Дәріс 11: <<Мектептегі сыныптан, мектептен тыс және күн тәртібі ішіндегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру>>
Дәрістің мақсаты: студенттерді сыныптан, мектептен тыс және күн тәртібі ішіндегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыруға үйрету.  
     Тақырып бойынша сұрақтар:
1 Сыныптан тыс жұмыстар, оларды ұйымдастыру.
2. Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау.
3. Күн тәртібі ішіндегі сауықтыру шаралары. 
4. Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт  жұмыстарының түрлері
     Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Мектептегі сыныптан тыс спорт, көпшілік спорт жұмыстарын ұйымдастыру. Жалпы білім беру мектептерінде жүргізілген дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының көп жылдық тәжірибесі әрбір мектептердегі  дене тәрбиесі сабағынан кейінгі негізгі жұмыс түрі - сыныптан тыс өткізілетін спорт, көпшілік спорт және сауықтыру дене тәрбиесі жұмыстары екенін көрсетті.
Сыныптан тыс жұмыстар  төмендегідей түрлерге бөлінеді: 1. Спорт түрлерінен өткізілетін жаттықтырулар (секциялар). 2. Мектептегі жаттықтырулар ұйымдастарылған спорт түрлерінен өтетін жарыстар. Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстарға оқушылардың тұрақты айналысып жүрген спорт түрлерінің жарыстары жатады. Ол жарыстар: мектепішілік біріншілік, басқа мектептің оқушыларымен жолдастық кездесулер, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстар т.б. жарыстар. 3. Президенттік сынама сынақтарына дайындық және сынама нормаларын тапсыру шаралары. 4. Жазғы және қысқы Президенттік көпсайыс. Президенттік көпсайыс спорт түрінің жарыстарына дайындық және оған қатысуға барлық оқушылар ат салысуы керек. 5. Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар. Оқушылар арасында кең тараған жалпы мектепішілік спорт түрлері жарыстары. 6. Туристік жорықтар, саяхаттар. Спорттық жорықтар, саяхаттар жергілікті жердегі тарихи орындарға, табиғаты жақсы жерлерге, тауларға, өзен, көлдерге бару, танысу, көру мақсатында бір, екі, үш одан да көп күндерге созылып өткізілуі мүмкін. Жорық кездерінде оқушылар ұзақ қашықтыққа жүк көтеріп жүру, әртүрлі кедергілерден өту, күрке (палатка) құру, от жағу, тамақ пісіру ж.т.б. жорық дағдыларын меңгереді. 7. Денсаулық топтары. Оқушылар мен мұғалімдерге арналған, денсаулықтарын нығайту, дене қуаты дайындығы деңгейлерін жоғарылату мақсатында жүргізілетін жаттықтырулар. 8. Спорт мерекелері. Оқу жылының ортасында, аяғында спортты насихаттау, дене тәрбиесі жұмысттарын қорытындылау, спортшыларды марапаттау, көңіл көтеру мақсатында жүргізілетін спорт кеші.
Жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бір  -  бірімен тығыз байланысқан екі бағытта: көпшілік спортты дамыту және спортшылардың спорттық шеберліктерін жетілдіру бағытында жүргізіледі.
Сыныптан тыс спорт, көпшілік спорт жұмыстарын жоспарлаудың негізгі жоспарлау құжаты - көпшілік спорт шараларының жылдық күнтізбелік жоспары. Бұл жоспарды құрастырған кезде ауданның, қаланың жоспарын есепке ала отырып жасау керек. Жоспарды құрастырғанда оқу жылының басы қыркүйек айында өткізілетін жарыстардан бастап, оқу жылының аяғы мамыр айындағы қорытынды спорт мерекесіне дейінгі барлық спорттық шаралар қамтылуы қажет. Спорттық шаралар рет  -  ретімен өздерінің жүргізілетін кезеңдеріне байланысты құрастырылады.
Оқушылармен оқу күні ішінде жүргізілетін дене тәрбиесі  -  сауықтыру  шаралары: сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттер, ұзартылған үзіліс кезіндегі дене тәрбиесі жаттығулары мен қозғалмалы ойындар. 
Бұл жұмыстарды атқару мынандай міндеттерді орындауға көмектеседі: оқушылардың қозғалыстары белсендіріледі, денсаулықтарын нығайтылады, қимылдары жетілдіреді, әдемілендіреді, жаттығулардың керектігі туралы ұғынады, ақыл  -  ой және ағзаның жұмыс қабілеттіктері жақсарады, тәртіпке  және ұйымшылдыққа деген дағдылары қалыптасады.
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады. Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындардарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейіндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әртүрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мұмкішіліктерін кеңейтеді. 
Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінің жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар құрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.
Осы аты аталған мекемелердегі жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла жүргізіледі:
1. Арнайы бағыт. Ол бағыт - спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін мекемелер денсаулықтары мықты, дене қуаты дайындығы жоғары, тұрақты оқушылар контингентімен жұмыс істейді. Ол мекемелер: балалар, жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ), олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі (ОІСМ), жоғарғы спорттық шеберлік мектебі (ЖСШМ), спорттық мектеп интернаттар                                                           
2. Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Ол бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар денсаулықтары жақсы, белгілі бір уақытта топтың құрамдары ауысып тұрган балалармен жұмыс істейді. Ол бағыттағы мекемелер: жазғы сауықтыру лагері, еңбек сауықтыру лагері, стадиондар, су станциялары, жас туристер станциялары, мәдениет үйлері мен спорттық сауықтыру кешендері, мәдени демалыс парктері, аула клубтары.
Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:
* Мектептегі сыныптан тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстары.
* Сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру.
*  Күн тәртібі ішіндегі дене тәрбиесі сауықтыру жұмыстар
* Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау.
* Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстары.
* Балалар жасөспірімдер спорт мектебі.
* Сауықтыру лагерлеріндегі дене тәрбиесі жұмыстары

Әдебиет:  негізгі 1-12
                 қосымша 1,2,4,6


Дәріс 12: <<Оқушы және студент жастардың дене тәрбиесі>>
Дәрістің мақсаты: студенттерді еліміздегі колледж, жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан оқушы, студент жастардың дене тәрбиесі жұмыстарымен таныстыру.  
     Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Жоғарғы оқу орнындағы студенттердің дене тәрбиесі, мақсаты мен міндеттері, оларды ұйымдастыру. 
2. Дене тәрбиесі сабақтарының түрлері мен мазмұндары.
3. Жоғарғы оқу орнының дене тәрбиесі кафедрасы мен спорт клубының жұмыстары. 
4. Арнайы орта   оқу орындарының колледжердің оқушыларының дене тәрбиесі.
5. Кәсіптік техникалық училищелердігі дене тәрбиесі және спорттық жұмыстары.
     Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Келешек жас маманның тұлға ретінде қалыптасуына, жан-жақты жетілуіне жоғары оқу орнында оқыған уақыты өте қатты әсер етеді. Келешек маманды кәсіптік жұмысына даярлайтын оқу  - тәрбие жүйесіндегі әртүрлі пәндер қатарындағы дене тәрбиесі пәні мен спорттық-сауықтыру жұмыстарының маңызы өте зор. Жоғарғы оқу орнындағы дене тәрбиесінің мақсаты - жоғарғы дәрежелі мамандардың жан-жақты дайындығына өз үлесін қосу, жағымды әсер ету, көмектесу.
Студенттердің оқу үрдістері денсаулық күйлеріне, дене қуаты дайындығына, спорттық дәрежелеріне, келешек мамандықтарына байланысты жүргізіледі. Дене тәрбиесі жұмыстарын орындау жоғары оқу орнының дене тәрбиесі кафедрасы мен спорттық клубқа жүктеледі. Оқу жоспары және оқу бағдарламасы негізінде оқу үрдісін ұйымдастыруға жауапты дене тәрбиесі кафедрасы болып табылады. Көпшілік - сауықтыру және спорттық жұмыстарды дене тәрбиесі кафедрасы оқытушыларымен бірігіп оқу орнының спорт клубы жүргізеді.
Жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесі сабағы мен жұмыстары барлық оқу ұзақтығы кезінде жүргізіледі. Ол жұмыстар мынандай түрлерге бөлінеді: оқу және жаттықтыру сабақтары, өз беттерімен жаттығулар, күн тәртібі ішіндегі дене жаттығулары, көпшілік-сауықтыру және спорт шаралары.
Дене тәрбиесі кафедрасы оқу сабақтары түрлеріне, сабақтың бағдарлама, оқу жоспары, кестесі арқылы өтуіне жауап береді. Жоғарғы оқу орнының факультеттерімен оқу жоспары негізінде оқу кестесін құрастыру, сабақ өткізілетін спорт залдарын белгілеу, сабақтың дұрыс жүргізілуін, оқу топтарының уақытында сынақ тапсыруларын қадағалау дене тәрбиесі кафедрасының міндеті. Өз бетімен жаттықтыру түрлерін, көпшілік-сауықтыру және спорттық шаралар түрлерін спорт клуб, дене тәрбиесі кафедрасының оқытушыларымен біріге тізе қосып жүргізеді. Жарыстарды өткізу, марапаттау, спорт түрлерінен разрядтар, атақтар беру, Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы жарыстарға құрама команда дайындау, жарыстарға апару оқу орнының спорт клубының міндетіне жатады. 
Студенттердің дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері. Жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесі сабағы мен жұмыстары барлық оқу ұзақтығы кезінде жүргізіледі. Ол жұмыстар мынандай түрлерге бөлінеді: оқу және жаттықтыру сабақтары, өз беттерімен жаттығулар, күн тәртібі ішіндегі дене жаттығулары, көпшілік-сауықтыру және спорт шаралары. Бұл дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері бір-бірлерімен тығыз байланысты бірін-бірі толықтырып отырады.
1 Дене тәрбиесі жұмыстарының негізгі түрі  -  оқу сабақтары болып табылады. Оқу сабақтары барлық мамандықтардың оқу жоспарларына кіргізіліп, оқу үрдісінің 1-2 курстарында жүргізіледі. Сабақты дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары жүргізеді. Дене тәрбиесі сабақтары үш түрлі оқу бөлімдерінде жүргізіледі. Олар: негізгі дене тәрбиесі сабақтары, спорттық педагогикалық жетілдіру жаттықтырулары, арнайы медициналық топтардағы сабақтар деп бөлінеді. 
 - Негізгі топтардағы дене тәрбиесі сабақтарына дәрігерлік байқаудан өтіп, денсаулықтары және дене қуаты дайындығы тексеріліп, негізгі және дайындық топтарына жатқызылған студенттер жіберіледі. Дене тәрбиесі сабағы жетісіне екі рет өткізіледі. Оқу курстарындағы сабақтар жоғарғы оқу орындарының мемлекеттік бағадарламасы негізінде жүргізіледі. Оқу бағдарламасын Білім және ғылым министрлігі бекітеді. Бағдарламаның оқу материалы теориялық және іс-тәжірибелік деген екі бөлімге бөлінген. Теориялық бөлімде теориялық мағлұматтар берілсе, бағдарламаның іс-тәжірибе бөліміндегі материалдар мазмұны, спорт түрлерінің жаттығулары студенттердің дене тәрбиесі міндеттерін нақты шешуге бағытталған.
 - Спорттық педагогикалық жетілдіру жаттықтырулары. Ол сабақтар түріне студенттердің әртүрлі спорт түрлерінен жаттықтырулары кіргізіледі. Жаттықтырулар студент спортшылардың өздері айналысқан спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жетулеріне бағытталған. Жаттықтыру сабақтарына дәрігерлік комиссиядан өткен денсаулықары мықты, негізгі топқа жатқызылған студенттер жіберіледі. Оқу-жаттықтыру сабақтары жаттықтырушының басқаруымен, жаттықтыру кестесі, арнайы бөлінген уақыттар арқылы орындалады. Спортшы студенттер жылдық күнтізбелік жарыстар жоспары арқылы өз спорт түрлерінен жарыстарға қатысып, спорт дәрежелерін орындайды. Спорт түрлерімен тұрақты айналысып, оқу бағдарламасындағы сынақ түрлерінің нормаларын, оқу талаптарын орындаған студент спортшылар негізгі топтардағы оқу сабақтарынан босатылады. Олар оқу семестрі басындағы сабаққа қатысып, бапкерінің спорт түрінен жаттықтыруға қатысуына рұқсат қағазын, бапкерінің аты-жөнін, жаттықтыру өтетін жерінің адресін, уақыттарын, негізгі топтағы оқытушыға хабарлауы қажет. Оқу бағдарламасымен, сынақ нормаларымен, теориялық мәліметтердің тақырыптарымен жақсы танысып, негізгі топтағы оқытушының талап еткен кезінде келіп оқу нормаларын, теориялық мағлұматтарын тапсырып отыруға міндетті. Семестр аяғындағы сессия кезінде бапкерінен жаттықтыру сабақтарына тұрақты қатысқаны, спорт жарыстарындағы орны, орындаған разрядтары туралы мөр басылған, қол қойылған анықтама қағазын әкелуге тиісті. Студент спортшыға дене тәрбиесінен сынақты негізгі оқу тобындағы дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы қояды. 
- Арнайы медициналық топтардағы сабақтар. Арнайы медициналық топтардағы сабақтарға дәрігерлік комиссия денсаулықтары нашар деп таныған, тұрақты немесе уақытша ауыратын студенттер жіберіледі. Оларға сабақтар негізгі оқу тобынан бөлек уақыттарда жүргізіледі. Оқу тобындағы студенттер бірнеше оқу топтарынан іріктеліп құрастырылады. Оларға сабақты арнайы дайындықтан өткен дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары жүргізеді.
Осы сабақтарға қатысқан, оқу бағдарламасының нормаларын, талаптарын тапсырған студенттерге дене тәрбиесінен әрбір семестрлерде сынақ қойылып отырылады.
2 Өз беттерімен жаттықтыру түрлері студенттердің өз еріктерімен сабақтан бос уақыттарында жүргізіледі. Ол жаттықтырулар спорт ойындары түрлері: волейбол, футбол, баскетбол, хоккей; жүгіру түрлері; атлетикалық гимнастика; гир спорты; ұлттық ойын түрлері болуы мүмкін.  Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары мен спорт клуб қызметкерлері әдістемелік көмек жасап, жаттықтыруларды дұрыс жолға бағыттап отырады. Дұрыс жүргізілген өз бетімен жаттықтыру түрлерінің маңызы өте зор.
3 Күн тәртібі ішіндегі дене жаттығуларына жататындар: таңертеңгілік гигиеналық гимнастика, күн тәртібіндегі гимнастикалық жаттығулар т.б. қозғалыс түрлері.
4  Көпшілік-сауықтыру және спорттық шаралар түріне жататындар: спорттық жарыстар, денсаулық топтары, жүгіруді жақсы көрушілер топтары, спорттық мерекелер, спорт түрлерінен көрсетілімдер, сенбі, жексенбі күндері өткізілетін белсенді демалыстар (саяхатқа шығу, жорықтар, таза ауада серуендеу, ойын түрлері, суға түсулер т.с.с.), әртүрлі сауықтыру шаралары, спорттық сауықтыру легерлеріндегі сауықтыру, дене жаттығулары түрлері.
        Арнайы орта оқу орындарының, колледждердің оқушыларының дене тәрбиесінің мақсаты дене тәрбиесі жаттығуарымен тұрақты шұғылдану, оны кәсіптік, әлеуметтік, мәдени  -  спорттық қызметтерде қолдана білу қабілеттілігін қалыптастыру. Колледждегі дене тәрбиесі жұмыстары төмендегідей түрлерде жүргізіледі: оқу орнының оқу кестесі бойынша жүргізілетін оқу сабақтары, жаттықтырушы, оқытушылардың басқаруымен жүргізілетін спорт түрлерінен жаттықтырулар, оқушылардың сабақтан тыс кездерінде өз беттерімен орындайтын дене тәрбиесі жаттығулары мен спорт түрлері, саяхаттар мен туристік жорықтар, көпшілік спорттық  -  сауықтыру шаралары, семестр кезінде бір рет өткізілетін <<денсаулық күні>>. Негізгі оқу топтарындағы дене тәрбиесі сабақтары жетісіне екі рет, төрт сағат барлық оқу курстерінде, оқу орындарын бітіргенше өткізіледі.
Жоғарғы дәрежелі кәсіптік жұмысшылар дайындайтын кәсіптік техникалық училищелер өздерінің оқу жұмыстарын бағдарлама, оқу жоспары бойынша атқарады. Оқу пәндерінің бірі дене тәрбиесі сабақтары. Кәсіптік техникалық ущилищелердің барлық дене тәрбиесі жұмыстары Қазақстан мемлекетінің Білім және ғылым министірлігі бекіткен жоғарғы және орта кәсіптік техникалық училищелерінің оқушыларының  дене тәрбиесіне арналған оқу бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Оқу күн тәртібінде сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттері, кіріспе гимнастика және <<спорт сағаты>> жүргізіледі. Сабақтан тыс уақыттарда спорт түрлерінен жаттықтыру сабақтары, жарыстар, көпшілік спорт жұмыстары, президенттік сынама сынақтарына дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Әдебиет:  негізгі 1-12
                 қосымша 1,2,4,6

Дәріс 13: <<Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі>>
Дәрістің мақсаты: Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі, оны ұйымдастыру туралы студенттерге білім беру.  
     Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі адамдардың дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы мен міндеттері. 
2. Ересек адамдардың еңбек қызметтері кездеріндегі дене тәрбиесі.
3. Ересек орта және үлкен жастағы адамдармен күнделікті тұрмыс жағдайында сауықтыру жаттықтыруларын ұйымдастыру



 Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі адамдардың дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы мен міндеттері. Біздің мемлекетіміздегі адамдар жалпы және кәсіптік білімді 17-21 жастары кезінде алады. Оқуларын аяқтаған, армия қатарында Отан қорғаған жастар әртүрлі өнеркәсіп, мекеме, ұжымдарда еңбек қызметтеріне кіріседі. Осы кезеңде еңбекшілер мен қызметшілердің еңбек қызметтері мен денсаулықтарына жағымды әсер беретін дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Ол төмендегідей мәселелерде айқын көрінеді.
	1 Еңбек етудің қандай түрлерінде болмасын адамдар дене және психикалық күштерін жұмсап шаршайды, жұмысқабілеттіліктері төмендейді. Осы кезде дене тәрбиесі амалдары көмегімен шаршаған адам ағзасын тез қалпына келтіріп, жұмысқабілеттіліктерін жоғарылатуға болады.
	2  Көптеген еңбек түрлері арнайы дене қуаты дайындығын керек етеді. Ол дайындықтар арнайы амалдар және дене дайындығы әдістерімен іске асырылады.
	3 Қандай сақтанғанымызбен ХХІ ғасырдың өзінде көптеген кәсіптік аурулар бар. Дене тәрбиесі амалдары олардың алдын алады, сауықтырады.
	4 Техника дамыған дәуірде көптеген еңбек түрлерінде жұмыс істейтін адамдарда қимыл тапшылығы   -   гиподинамия бар. Ол еңбек түрлері, отырып не болмаса басқа бір дене қалпында тұрып істейтін жұмыстар. Дене тәрбиесі мен спорт жаттығулары ол қимыл тапшылықтарының орнын толтырып, денсаулықты нығайтады.  
Еліміздегі ересек, үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесінің міндеттері, жаттықтыру түрі, амалдары мен әдістері олардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
	Ересек жастағы адамдардың жас кезеңдері төмендегі кестеде көрсеткендей  болып бөлінеді:

30-кесте  -  Ересек, үлкен жастағы адамдарың жас кезеңдері
                                       
№
                              Кезеңдері
                                  Ерлер
                                Әйелдер
1
Жастық шақ
                                  18  -  28 
                                  18  -  28 
2
Ересек кез I кезең
                                  29  -  39 
                                  29  -  34 
3
Ересек кез II кезең
                                  40  -  49 
                                  35  -  44 
4
Орта жастағы адам
                                  50  -  59 
                                  45  -  54 
5
Үлкен жастағы адам
                                  60  -  74 
                                  55  -  74 
6
Қарттық кезең
                                  75  -  90 
                                   75  -  90
7
Ұзақ өмір сүрушілер
                                91 жоғары
                                91 жоғары
	
Осы көрсетілген жас кезеңдерін алғанда паспорттық жасын ғана емес, биологиялық, қозғалмалы жасын да ескерген дұрыс. Қозғалмалы жасы олардың дене қуаты дайындығы мен денсаулық күйі деңгейіне байланысты. Дене қуаты дайындығын олардың әртүрлі дене қуаты қасиеттерін бағалайтын сынақтар тапсыруы арқылы анықтаймыз. Денсаулық деңгейі дәрігерлік тексерулер және физиологиялық, спорттық жүктемелер беру арқылы бағаланады.
Дене тәрбиесінің міндеттері: 
    Жастық шақ, ересек кез  -  І кезең: 
          - ағзаны жан-жақты дамыту, жоғарғы денсаулық деңгейіне   жеткізу,
ағзаның жұмыс қаблеттілігін, ақылдылық қабілеттілігін жоғарылату;
          - қозғалыс ептілігі мен дағысын жетілдіру, жігер-күші қасиеттерін дамыту;
           - жеке өз бетімен жаттықтыруларға қажетті білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру;
           - спорттық жаттықтырулармен белсенді айналысуға, жоғарғы спорттық жетістіктерге жетуге қызығушылықтарын арттыру.
     Ересек кез  -  І-ІІ кезең, орта жас:
          - денсаулық деңгейін, сыртқы әсерге ағзаның тұрақты бейімділігін сақтау, ағзаның ақылдылық және дене қуаты, жұмысқабілеттілік деңгейін сақтау;
           - еңбек ету және тұрмыс жағдайы кезінде қажетті жігер-күші, дене қуаты қасиеттерін, қимыл ептілігі мен дағдысын жоғары деңгейде тұрақтату;
          - еңбек және еңбектен бос уақыттарда қолданылатын жаттықтырулар туралы білімдерді тереңдету.
Үлкен жас, қарттық кезең:
          - қозғалыс белсенділігін, ағзаның жақсы денсаулық деңгейін, шығармашылық жас ұзақтығын шамаң келген деңгейде сақтау; 
         - күнделікті тұрмыс жағдайларына керек қимыл ептілігі мен дағдысы деңгейін төмендетпей тұрақты ұстау;
         - дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға жағымды әсері, олардың сауықтыру бағыттары туралы білімдерді тереңдету, сол арқылы жеке өз беттерімен жаттықтырулар жасауға тұрақты қызығушылықтарын ояту.

Ересек адамдардың еңбек қызметтері кездеріндегі дене тәрбиесі
	Негізгі дене тәрбиесі және спорттық жұмыстар адамдардың жұмыс істеген ұжымдарында, мекемелерде, тұрған жерлерінде, әртүрлі спорттық ғимараттарда, мамандардың басқаруымен, өздерінің құрған топтарымен және өз бетімен жеке жүргізіледі.
	Біздің еліміздегі ересек, орта, үлкен жастағы адамдармен дене тәрбиесі, сауықтыру дене тәрбиесі және  спорт жұмыстары өнеркәсіп орындарындағы, әртүрлі мекемелердегі, оқу орындарындағы спорт клубтары, ерікті спорт қоғамдары, кәсіподақ комитеттері арқылы іске асырылады. 
	Ерікті спорт қоғамдарының негізгі мүшелері оқу, өнеркәсіп  орындарындағы жұмысшы, қызметкер, оқытушы, оқушы, студенттер. Олар ерікті спорт қоғамына мүше болған соң, дене тәрбиесі ұжымының мүшелері деп аталады. Ұжымды басқаратын, жұмыс ұйымдастыратын ұжым төрағасы, есепші жалпы жиналыс кезінде сайланады. Жиналыс жыл сайын өткізіліп төраға есеп беріп отырады. Дұрыс жұмыс істемесе жиналыс төрағаны ауыстыру құқығына ие.
Дене тәрбиесі ұжымының жұмыстарының міндеттері:
* ұжым мүшелерінің санын көбейту;
* жаттықтырулар, денсаулық топтарын, жарыстар, саяхаттар, туристік жорықтар, спорт мерекелерін ұйымдастыру.
Дене тәрбиесі ұжымының құжаттары:
  + Жылдық жоспар.
  + Әрбір үш айға жоспарланатын жұмыс жоспары.
  + Істелген жұмыстарды есепке алу журналы.
  + Мәжілістер хаттамасы.
  + Бұйрықтар кітабы.
  + Ұжым мүшелерінің тізімі.
  + Статистикалық есептер.
  + Дене тәрбиесі мамандарын есепке алу кітабі. 
  + Көпшілік дене мәдениеті және спорт жұмысының жылдық күнтізбе жоспары.
  +  Бес жылдық даму жоспары және т.б.
	Еңбек қызметтері кезінде дене тәрбиесі жұмыстарының жүргізілуі ғылыми зерттеулер негізінде дәлелденген. Ол дене тәрбиесіндегі зерттеулер еңбекті ғылыми ұйымдастыру (ЕҒҰ) жүйесіне кіргізілген. ЕҒҰ жүйесінің міндеттері: алдыңғы қатарлы тәжірибе мен ғылыми жаңалықтарды тұрақты қолдану, дамыту арқылы еңбек өнімділігін жоғарылату, адамдардың денсаулықтарын нығайту, кәсіптік шеберліктерін жақсарту, өнеркәсіпте қолданылатын техникаларды жетілдіру.
ЕҒҰ жүйесінде дене тәрбиесі жұмыстарының төмендегідей түрлері ұсынылады:
* Кіріспе гимнастика. Жұмыс күнінің басында 4-9  минут, 6-10  шақты дене дамыту жаттығуларын орындау арқылы орындалады.
* Сергектік сәттері. Жұмыс кезінде 2,5 сағаттан кейін, ағза шаршай бастағанда 5-8  минут, 6-8 жеңіл жаттығулар орындау.
* Саулық минуты. Үзіліс кезінде 3-4  жаттығу, 1-2 минут уақытында орындалады.
* Түскі тамақ кезіндегі дене тәрбиесі жаттықтыруы. Мақсаты  -  тамақ алдында бой жазу, қан тарату, тәбет ашу. 5-6 жеңіл созылу, керілу жаттығуларын, 3-4  минут уақытында орындау.
* Денсаулық топтарындағы жаттықтырулар. Жетісіне 3 рет 1,5-2 сағат уақытында орындалады. Бұл жаттықтырулар негізінен жүгіру, шаңғы тебу, жалпы дене дамыту жаттығуларын орындау түрінде жүргізіледі.
* Жалпы дене қуаты дайындығы секцияларындағы жаттықтырулар. Денсаулықтары мықты адамдарға арналған жетісіне 3 рет, 2 сағаттан жүргізіледі. Амалдары: ЖДДЖ, жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, ырғақтық гимнастика, жүгіру т.б. 
* Спорт секцияларындағы спорт түрлерінен жаттықтырулар. Бұл жаттықтыруларға денсаулықтары мықты жастар мен орта жастағы адамдар қатысады. Спорт секциясы құрамы 10-15 адамнан тұрады.
* Туристік жорықтар секциясы. Секцияның негізгі жұмыс мазмұны демалыс кездерінде 1-3 күндік жорықтар ұйымдастыру. Жорық түрлері жаяу, шаңғымен, атпен, велосипедпен, қайықпен т.б. қозғалыс түрлерімен, жолдарымен ұйымдастырылады. 
*  Жарыстар.

3. Ересек орта және үлкен жастағы адамдармен күнделікті тұрмыс жағдайында сауықтыру жаттықтыруларын ұйымдастыру
Спорттық жаттықтырудан сауықтыру жаттықтыруларының көп айырмашылығы бар. Спорттық жаттықтырудың негізгі мақсаты спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жету болса, сауықтыру жаттықтыруларының мақсаты денсаулықты нығайту және дене қуаты мүмкіншіліктерін жоғарылату болып келеді. Сауықтыру дене мәдениетінің негізгі бағыты ағзаның функционалдық күйін және дене қуаты дайындығын жоғарылату. Денені сауықтыру әсері болу үшін адам жаттығу орындаған кезде қан айналу және тыныс алу органдарына ұзақ, бірқалыпты жүктеме беруі, бірталай энергия жұмсауы, тканьдарды оттегімен қамтамасыз ететін аэробты жағдайда жұмыс істеуі қажет.
Сауықтыру жаттықтыруларының тиімділігі сабақтардың кезеңдері мен ұзақтығына, қарқындылығына, қолданылатын амалдардың түріне, жұмыс тәртібіне, тынығу арасына байланысты. Сауықтыру жаттығулары  адамға тиімді әсер ету үшін мынандай әдістемелік ережелерді сақтау керек:
1 Жүктеме көлемі мен қарқындылығын біртіндеп арттыру. Бұл мынандай жолдармен іске асырылады:
-  жаттықтырулардың бір жеті ішіндегі санын көбейту;
-  жаттықтырудың уақыт ұзақтығын көбейту;
- жаттықтырудың тығыздығын жоғарылату. Бастапқы жаттығу кезінде 45-50% болса, ағзаның бейімделгеніне байланысты 70-75% дейін жеткізуге болады; 
- жаттығуларды орындау қарқындылықтарын жоғарылату;
- жаттықтыруда қолданылатын амалдарды көбейту.
2 Қолданылатын амалдардың әртүрлілігі.
3 Сабақтардың жүйелілігі.
Дене тәрбиесі мен спорт саласының мамандарының ұсынулары бойынша орта жастағы адамдар дене жаттығуларын аэробты тәртіпте орындағандары дұрыс болады. Алдыңғы тарауларда айтылғандай аэробты жаттығуларды орындау кезінде жүрек соғу жиілігі аз, оттегі адам ағзасына еркін, жеткілікті жетіп тұрады. Жаттығушылар өз беттерімен жаттықтырулар жасаған кездерінде қалай жүктеме беруді, жүктеменің жоғарғы және төменгі шектерін білулері қажет. Олар өздерінің жаттықтыруларын бақылау мақсатында жүктеме қарқындылығының жоғарғы және төмен шектерін білгісі келсе, тамыр соғысын есептеу арқылы анықталатын мынандай формуланы қолдануларына болады: 
Тамыр соғысының төменгі шегін анықтау формуласы: 220  -  адамның жасы х 0,6.
Тамыр соғысының жоғарғы шегін анықтау формуласы: 220  -  адамның жасы х 0,7.
Жүктемені анықтаудың, мөлшерлеудің бірнеше жолдары бар. Ол жолдар: 
- жүктеменің жалпы күшін анықтау. Бұл жол бойынша адамның оттегіні жоғары деңгейде қабылдау (ОЖДҚ)* пайызын (%) анықтаймыз; 
- жүрек соғу жиілігі арқылы жүктеме мөлшерін анықтау; 
- жаттығуларды қайталау саны, серия саны, күрделілігіне байланысты анықтау;
 - субъективті сезіну арқылы анықтау.
Сауықтыру бағытындағы дене тәрбиесі амалдарының сипаты 
Сауықтыру бағытында дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің жаттығуларын таңдағанда негізгі орынды аэробты тәртіптегі циклділік жаттығулар алады. Циклділік жаттығулар, жаттығу орындау кезінде көп оттегіні пайдаланатын үлкен бұлшық ет топтарын жұмысқа кірістіруді керек ететіндіктен тыныс алу және жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметін дамытады. Бұл жүйелердің жақсы жұмыс істеуі  -  мықты денсаулық кепілі. Қазіргі кезде адамдар арасында кең тараған, төзімділікті дамытуға бағытталған циклді жаттығулар түрлері: жүру, жүгіру, суға жүзу, шаңғы тебу және т.б. жаттығулар. Осы жаттығуларға, ол жаттығулармен сауықтыру мақсатындағы жаттықтыру әдістемесіне сипаттама берейік. 
Сауықтыру жүрісі. Сауықтыру жүрісі дене тәрбиесі жаттығуларының ішіндегі ең бір қарапайым түрі. Қимыл тапшылығы аз адамдарға ең бір таптырмайтын дене тәрбиесі амалы. Жүру кезінде бұлшық ет, жүрек-қан тамыры, тыныс алу жүйесі жаттығады. Жүру арқылы жүйке ширығуын ақырындатып, жүйке жүйесін тыныштандыруға болады. 
	Жүру шапшаңдығына байланысты сауықтыру жүрісінің мынандай түрлері бар:
* ақырын жүру. Шапшаңдық 70 қадам/минут. Денсаулығы мықты адамдарға жаттықтыру әсерін бермейді. Жүрек ауырулары: инфаркт, стенокардиямен ауырған адамдарға ұсынылады;
* орта шапшаңдық 71-90 қадам/мин (сағатына 3-4км). Дені сау адамдарға өте аз жаттықтыру әсерін береді. Жүрек-қан тамыры ауыруларымен ауыратын адамдарға ұсынылады;
* жылдам жүру. Қарқыны 91-110 қадам/мин (сағатына 4-5км). Дені сау адамдарға жаттықтыру әсерін береді;
* өте жылдам жүру. Қарқыны 111-130 қадам/мин. Бұл жүру түрі өте күшті жаттықтыру әсерін береді. Бірақ денсаулығы мықты, жаттықпаған адамдар бұл қарқынмен ұзақ уақыт жүре алмайды.
	Сауықтыру жүруінің әсері жүрек соғу жиілігімен анықталады. Жүрек-қан тамыры жүйесіне тиімді әсер беретін ЖСЖ әрбір жастағы адамдардың жоғарғы ЖСЖ - нен 65-80 % мөлшерінде болуы керек. Сауықтыру жүруі кезінде қандай тиімді тамыр соғу жиілігі болу керектігін 35-кестеден қарап білуіңізге болады.

35-кесте  -  Сауықтыру жүруі кезіндегі ер адамдардың  тамыр соғу жиілігі (соғу/мин)
                                       
                            Жүру уақыты, 
                                  минут
                                Жастары 
                                       
                                  20  -  29 
                                  30  -  39 
                                  40  -  49 
                                  50  -  59 
                                  60  -  69 
                                      30
                                    145-155
                                    135-145
                                    125-135
                                    110-120
                                    100-110
                                      60
                                    140-150
                                    130-140
                                    120-130
                                    105-115
                                    95-105
                                      90
                                    135-145
                                    125-135
                                    115-125
                                    100-110
                                    90-100
                                      120
                                    130-140
                                    120-130
                                    110-120
                                    95-105
                                     85-95
                                       
Ескерту: Әйелдер үшін осы көрсеткіштерге 5-7 соғуды қосу керек.
	
	Жүрудің сауықтыру әсері болуы үшін үш негізгі көрсеткішті ескеру қажет: жүру уақыты, қарқыны, қашықтығы.
	Сауықтыру жүруімен айналысқысы келген адам жетісіне 3-5 рет жаттықтыру сабақтарын орындауы керек. Бірінші күні 1,5 км жүруі, келесі жаттықтыруларда ауыру сипаты мен жас ерекшеліктеріне байланысты 200-300 м-ден қосып  жүру қашықтығы 4,5-5,5 км дейін жеткізіледі. Жаттықтыру ұзақтығы бірінші сабақтарда 25 минут, біртіндеп 60 минутқа дейін созылады. Бастапқы кездерде жазық жерлермен, сонан соң әртүрлі ойлы-қырлы жерлермен жүре беруге болады. Жүру жаттықтыруларын бастаған кезеңдерде ақырын қарқынмен, кеуде қысуы, жүрек тұсында шаншулар, жүрек қағуы, бас айналулары болмаса ақырындап жүру қарқынын тездете беруге болады. 
	Жаттығушылардың дене қуаты дайындығы күйін, жүрек-қан тамыры жүйесінің жүктемелерге бейімділігін Американың маманы К. Купер ұсынған арнайы кесте арқылы тексеріп білуге болады (37-кесте). Егер жаттығушылар 5 км қашықтықты 45 минут уақытта жүріп өтетін жағдайға қол жеткізсе сауықтыру жүгіру жаттығуына кірісуіне болады.
 Сауықтыру жүгірісі. Жүгіру ағзаның барлық функцияларына, тыныс алу, жүрек қан тамыры жүйесіне, сүйек-бұлшық ет аппаратына және психикаға әсер етеді. Сауықтыру жүгірісінің спорттық жүгірістен айырмасы оның жылдамдығында. Жеңіл атлетика мамандары сауықтыру жүгірісі кезіндегі жылдамдық қарқыны 7-11 км/сағат мөлшерінде болу керек деп есептейді.
	Жүгіру жаттықтыруларының тәртібі жынысына, жасына, денсаулық күйіне, дене қуаты дайындығына байланысты әртүрлі болып өзгереді. Барлық жастардағы жаттығушыларға ортақ талап, ағзаның жаттықтыруға бейімделуін қамтамасыз ететін біртіндеушілік қағидасы. Жаттықтыру кезінде тамыр соғысын қатаң бақылау керек. Жүгіруді жаңа бастаған адамдар үшін ЖСЖ орташа 120-130 соғу/минут, орта жастағылар мен денсаулықтары мықты адамдарға 130-140 соғу/минут, жастар үшін 150-160 соғу/минут болуы қажет. Жүгірушілер үшін жүгіру қарқыны мен ұзақтығын бақылайтын қарапайым тәсіл ол  -  әңгімелесу.  Егер жүгіру кезінде адамдар бір-бірлерімен әңгімелесе алса, онда бәрі дұрыс, сол қарқында жүгіре беруге болады. Әңгімелесу қиын болса жүгіру қарқынын азайту немесе жүру түріне ауысқан дұрыс болады.
	Бірқалыпты ақырын жүгіру кезіндегі энергия жұмсау сағатына 600 ден 800 ккал болады. Осындай энергия жағу дұрыс ойластырылған тамақтанумен бірге артық салмақтан құтылудың бір таптырмайтын амалы болып келеді. Сауықтыру жүгіруінің қарқыны жаттығушының жеке бас ерекшеліктеріне байланысты 1 километрді 5-10 минутта жүгіру болуы мүмкін. Жаттықтырудың жалпы ұзақтығын 60 минутқа жеткізуге болады. Негізінде ағзаны жаттықтыру және сауықтыру әсерін алу үшін 15-30 минут жүгірсе де болады. Сауықтыру жүгірісі жаттықтыруларының көптеген жолдары бар. Ол жолдардың бәрі адамның жасына, жынысына, дене қуаты дайындығына байланысты, жүгіру қашықтығын, жүгіру уақытының ұзақтығын, қарқынын өзгерту арқылы жүктемені дұрыс мөлшерлеуге негізделген. Жүгіруге ниеті бар адамдардың бастапқы кезеңде, жастарына байланысты қалай жаттығулары керек екені жазылған кестені назарларыңызға ұсынамыз (36-кесте).
	Сауықтыру жүгірулерімен жаттығатын адамдардың денсаулық күйлері мен дене қуаты дайындығы деңгейін Американ ғалымы К. Купер ұсынған 12 минуттық жүгірудің тест - сынағы арқылы анықтауға болады (кесте 36). 
Суға жүзу. Суға жүзу жаттықтыруларымен шұғылдану тұлға түзулендіреді, бұлшық еттерді үйлесімді дамытады, тыныс алу және жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметтерін жақсартады, жалпақтабандылықты болдырмайды. Судың, ауаның температуралары әртүрлі болатындықтан адам ағзасын шынықтыру рөлін де орындайды.
Суда көлденең қалыпта болып (омыртқа тік жүрген кездегі дене ауырлығы қысымынан босайды), тура және біркелкі жүзу қимылдарын орындайтындықтан суда жүзу кездерінде тұлға түзуленеді, әртүрлі қисаюлар болса дұрыс қалыптарға келеді.
Жүзу жаттығулары жүрек-қан тамыры жүйесіне өте жақсы әсерін береді. Судағы көлденең дене қалпы, үлкен бұлшық еттер тобының үйлесімді қимылы, терең, ретті тыныс алу венадағы қандардың қайтуына, қанның систоликалық көлемінің ұлғаюына әсер етеді. Жүзу кезіндегі жүрекке түсетін жүктеменің жеңілдігі кәрі жастағы адамдардың осы спорт түрімен шұғылдануына мүмкіншілік береді. 
Суға жүзу тыныс алу бұлшық еттері мен кеуде клеткасын дамытады. Тыныс алу кезінде кеуде клеткасы мен бұлшық еттер үлкен жүктемемен жұмыс істейді. Тыныс алып, ауаны ішке сорған кезде судың кеудені қысу күшін, ауаны сыртқа шығарған кезде судың итеру күшін жеңу арқылы тыныс алу жүйесі жоғары деңгейде дамиды.
Сауықтыруға арналған суға жүзу жаттықтыруымен айналысу екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде жаттықтырулар жүзу жаттығуларының техникасын үйрену, жетілдіру түрінде жүргізіледі. Екінші кезеңде біртіндеп жүзу қашықтығын өту, ағзаның жалпы төзімділік қасиетін дамыту түрінде жүргізіледі. Екінші кезеңдегі жұмыс адам суда 20-30 минут уақыт жүзе алатын кезден бастап қана басталады. Суда жүзудің сауықтыру әсерінің ең тиімді қашықтығы тоқтамай 800-1000метр жүзу болып есептеледі. 50 жастан асқан адамдарға қашықтық қысқартылады. Жүзу кезіндегі жеңіл жүктеме жүрек соғу жиілігі 120 соғу/минуттан, орта жүктеме  -  130 соғу/минуттен, үлкен жүктеме 140 соғу/минуттен аспайтын жұмыс істеу тәртібі болып есептеледі. 
51-70 жастағы адамдарға жүктеме шектелген түрде берілуі керек. Оларға жаттықтыру кезіндегі ЖСЖ 120-130 соғу/минуттан аспауға тиісті.
Мамандар суға жүзу жаттықтыруларының әдістемесінің әртүрлі нұсқаларын ұсынады. Ең негізгі мәселе жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйесінің қызметтерін жақсарту, жетілдіру үшін кем дегенде бір жетіде үш -төрт рет, 20-30 минут тоқтамай суға жүзу жаттығуларын орындау қажет.
	Суға жүзу жаттықтыруларымен шұғылданатын адамдардың денсаулық күйлерін мен дене қуаты дайындығы деңгейін Американ ғалымы К.Купер ұсынған 12 минуттық суға жүзу тест-сынағы арқылы анықтауға болады (39-кесте).
 Шаңғы тебу. Спорт жаттығуларының ішінде ағзаны оттегімен еркін қамтамасыз етіп, ұзақ уақыт аэробты тәртіпте орындалатын жаттығулар денсаулыққа пайдалы әсер береді. Сондай жаттығуларды бірі шаңғымен жүгіру. Жүгіру, велосипед тебу секілді жаттығуларды орындағанда аяқ бұлшық еттеріне көп күш түсетін болса, шаңғымен жүгіру кездерінде қол және кеуде бұлшық еттеріне де көп күш түсіріледі. Шаңғымен жүгірген кезде ағзаның бүкіл бұлшық еттері симетриялы, біркелкі дамиды. Біркелкі ырғақты қимыл, жұмысқа қатысатын көп бұлшық ет топтары, таза ауада жаттығу ағзаның тыныс алу, қан айналу жүйесіне жағымды әсер етеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы жоғарылайды.
Шаңғымен жүгіру кездерінде үлкен энергия күші жұмсалады. Адам ағзасы бір сағат уақыты кезінде жүктеме мөшеріне, жер жағдайына, ауа райына, жүгіру қарқынына, дене қуаты дайындығына байланысты шамамен 500-900 ккал жағады. Жас ерекшеліктеріне байланысты шаңғымен жаттығушылардың жүктеме мөлшері 36-кестеде көрсетілген.

36-кесте  -  Әр түрлі жастағы шаңғымен жүгіретін адамдардың жүрек соғу жиілігіне     байланысты жүктеме мөлшері (В.Е. Капланскийдің зерттеуі бойынша)
                                       
                                   Жасы
                   Орта жүктеме, соғу/мин
                Үлкен жүктеме, соғу/минут
            Ең жоғарғы жүктеме, соғу/минут
                                      20
                                      25
                                      30
                                      35
                                      40
                                      45
                                      50
                                      55
                                      60
                                      65
                                      150
                                      145
                                      140
                                      137
                                      133
                                      129
                                      126
                                      122
                                      118
                                      114
                                      177
                                      172
                                      168
                                      164
                                      160
                                      155
                                      150
                                      145
                                      141
                                      137
                                      200
                                      195
                                      190
                                      185
                                      180
                                      175
                                      170
                                      165
                                      160
                                      155
	
           Сауықтыру мақсатындағы шаңғымен жүгірулерді 5-6 км бастап біртіндеп 10-25 км дейін жеткізуге болады. Жүгіру қарқыны сағатына 4 километрден 5-6 км/сағатқа дейін жоғарылайды. Жаттықтыру бастаған кездегі уақыт ұзақтығы 30-60 минут болса, бірте бірте көбейтіп 2-3 сағатқа дейін созуға болады. 
 Велосипедпен тебу.  Велосипед тебу жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйесін нығайтады. Денсаулықты нығайту үшін жетісіне 3 рет,  ең аз дегенде 30 минут уақыт, тоқтамай велосипед теуіп отыру керек. Жаттықтырудың жақсы  әсері сағатына 25 км/сағат жылдамдықпен жүру. 15 км/сағат жылдамдықпен жүру төмен аэробты әсер береді. Кәрі жастағы адамдарға сағатына 4-5 км/сағат жылдамдықпен ақырындап жүрсе жеткілікті.
Велосипед тебу жаттықтыруларымен шұғылданатын адамдардың денсаулық күйлерін мен дене қуаты дайындығы деңгейін Американ ғалымы К. Купер ұсынған 12 минуттық тест-сынағы арқылы анықтауға болады (40-кесте).
 Аэробика. <<Аэробика>> сөзі гректің аэро  -  ауа, биос  -  өмір деген сөзінен алынған. Оны ең алғаш Американ физиологі, профессор Кеннет Купер өзінің <<Аэробика>> - деген 1968 жылғы шыққан кітабында жазған. Ол оттегіні адам ағзасына жеткілікті аэробты тәртіпте қолданып төзімділікті дамыту арқылы жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйесінің қызметін жақсартуға негізделген. Негізгі аэробты сауықтыру жаттығулары: жүру, жүгіру, суға жүзу, велесипед тебу, шаңғымен жүгіру және т.б. Аэробты жаттығуларға қойылатын негізгі талап  -  бүкіл жаттықтыру ұзақтығы кезінде жүрек соғу жиілігі 130 соғу/минуттан төмен түспеуі.
       Аэробты жаттықтыру төрт бөлімге бөлінеді: 
* дене қыздыру. Денені қыздыру жаттығуларын орындау, ағзаның жүрек соғу жиілігін ақырындап көтеріп аэробты жаттығу деңгейіне әкелу;
* аэробты жаттығу. 20 минут бойы негізгі аэробты жаттығуларды тоқтамай жеткілікті қарқында орындау;
*  ақырын жаттығу. 5 минут ақырын қарқында тоқтамай қимылдау. ЖСЖ біртіндеп азайтамыз;
* күш жүктемесі. Буындарға арналған, буын жылжымалылығы, икемділік, бұлшық еттерді нығайту жаттығуларын орындау. Ұзақтығы 10 минут.
Аэробты жаттықтыру жетісіне 3-4 рет, жалпы ұзақтығы 30-40 минут уақытында орындалады.  
Әдебиет:  негізгі 1-12
                 қосымша 1,2,4,6





<<Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі>> 
   пәні бойынша СОӨЖ сабақтарының жоспары


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗБЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ БАСҚАРУЫМЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСТАРЫ
                          № 1- ші тақырып
1-ші сабақтың  тақырыбы 
                      СӨЖО тапсырмалары 
Дене тәрбиесінің амалдары мен әдістері.
ДТ амалдары және әдістері туралы білімдерін тереңдету. Оларды іс-тәжірибеде қолдана  білу іскерлігін қалыптастыру. 
                                       
    Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: СӨЖО кіші конференция түрінде өткізіледі. Студенттерге тақырып бойынша дайындалып келіп баяндама жасаулары керек болады. Олар өздерінің баяндамаларында дене тәрбиесінің амалдары, әдістері, дене қуаты қасиеттерін дамыту туралы жазылған әртүрлі авторлардың пікірлерін айтуы, қорытынды жасауы керек болады.   
Әдебиет: негізгі  -  1-13
                қосымша   -  1-7  
Қосымша тапсырмалар: Дене тәрбиесінің амалдары. Жаттығуларды топтау. 

Сабақ мақсаты:  Әртүрлі белгілеріне қарап жаттығуларды топтауға үйрету. Негізгі жаттығуларға жақындататын, дайындық жаттығуларын таңдай алу іскерлігін қалыптастыру.  
Топтың сабаққа дайындығын анықтайтын сұрақтар:
1. Жаттығуларды топтау не үшін қажет?
2. Қандай жаттығу топтарын білесіз?
3. Жаттығу топтарына жеке-жеке сипаттама беріңіз.
                            Жұмыс ағымы:
 1. Мына жаттығуларды қай топқа жатқызасыз?
А. Шаңғымен жүгіру.
Б. Орнынан ұзындыққа секіру.
В. Қозғалмалы ойын <<тышқан - мысық>>.
Г. Екі әдіспен арқанға өрмелеу
Д. Волейбол. Допты жоғарыдан беру.
2. Мына жаттығуларды негізгі, жақындататын, дайындық  деп бөл:
А. Алдыға аунап түсу.
Б. Шалқадан жатып кеудені көтеру.
В. Артқа, алдыға арқамен аунау, группировка жасау.
3. Мына жаттығуларға жақындататын және дайындық жаттығуларын ойластыр:
А. Жүгіріп келіп, <<аяқты бүгіп секіру>>.
Б. 100 метрге жүгіру.
В. Граната лақтыру.

Әдебиеттерді оқу,  жазу.
Тақырып бойынша кездесетін негізгі ұғымдарды білу.

Әдебиеттер: негізгі 2,5,8,12
                      қосымша 2,5,7

Әдістемелік ұсыныстар: Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру. 
ДТ амалдары және әдістері туралы білімдерін тереңдету. Оларды іс-тәжірибеде қолдана  білу іскерлігін қалыптастыру.
    
№ 2- ші тақырып: Дене қуаты қасиеттерін дамыту әдістемесі 

5, 9, 11 сынып оқушыларының күш, икемдік, жылдамдық, төзімділіктерін
дамыту амалдарын, әдістерін, жұмыс тәртібін құрастыру. 

Әдістемелік ұсыныстар: Оқушылардың дене қуаты қасиеттерін дамытудың іс-тәжірибелік әдістемесін меңгеру.
Әдебиеттер: негізгі 2,5,8,12
                      қосымша 2,5,7
                                       
                          № 3- ші тақырып

2-ші сабақтың  тақырыбы 
                      СӨЖО тапсырмалары 
Мектепте дене тәрбиесі жұмыстарын  ұйымдастыру түрлері. 
Жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі жұмыстарын  ұйымдастыру түрлері туралы дайындалып келіп баяндама жасау. 
                                       
   Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: СӨЖО кіші конференция түрінде өткізіледі. Студенттер тақырып бойынша дайындалып келіп баяндама жасаулары керек болады. Олар өздерінің баяндамаларында дене тәрбиесі жұмыстарын  ұйымдастыру түрлері туралы айта келіп қайсы түр оқушылардың қозғалыс белсенділіктерін арттыруға көмектесетінін айтып дәлелдеулері керек болады.
Әдебиет: негізгі  -  1-13
                қосымша   -  1-7     

                          № 4- ші тақырып

3-ші сабақтың  тақырыбы 
                      СӨЖО тапсырмалары 
Дене тәрбиесі сабағын бақылау, бағалау. 
Мектептің дене тәрбиесі сабағының тығыздығын, жүктеме мөлшерін анықтау және педагогиқалық талдау жасау. 
                                       
        Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бұл СӨЖӨ сабағында бекітілген мектепке барып дене тәрбиесі сабақтарының тығыздығын, жүктеме мөлшерін және педагогикалық талдаулар жүргізу қажет болады. Ол үшін хаттамалар жасап, әдебиеттерді оқып арнайы дайындалып келу керек болады.
    Әдебиет: негізгі  -  1-8
                қосымша   -  1,7 
                          № 5- ші тақырып

4-ші сабақтың  тақырыбы 
                      СӨЖО тапсырмалары 
Оқу үрдісін жоспарлау.
  Мектептегі оқу жоспарлау, есепке алу құжаттарын талдау. 7 сынып оқушыларына арналған тоқсандық жоспар кесте құрастыру. 
                                       
    Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бұл СӨЖО жұмыстарын орындау алдында мектеп бағдарламасын, бағдарламадағы теория және іс-тәжірибелік материалдарды оның керекті сыныбын оқып, ұғыну, жылдық жоспар кестені қарау, оқу материалдарын жылдық жоспар кестемен байланыстырып әр сабаққтарға бөлу қажет болады. Сонымен қатар студент мектептің тұрған жерінің ауа-райын, мектептегі бар құрал жабдықтар мен спорт базасының жағдайын ескеруі керек болады. Тоқсандық жоспар кесте міндетті түрде кесте түрінде сызылады. 
    Әдебиет: негізгі  -  1-12
                   қосымша   -  1,7 

                          № 6- ші тақырып

5-ші сабақтың  тақырыбы 
                      СӨЖО тапсырмалары 
Мектептің дене 
тәрбиесі
сабағы 
 Дене тәрбиесі сабағының 7 сынып оқушыларына арналған жоспар-конспектісін құрастыру. 
 
                                       
    Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бұл СӨЖО тапсырмаларын орындау алдында мектеп бағдарламасының 7 сыныпқа арналған бөлімін оқып, танысу, тоқсандық жоспарды қарау, сабақтың негізгі міндеттерін белгілеу, оған керекті құрал жабдықтарды анықтау керек болады. Сабақ үш бөлімнен тұрады: кіріспе  -  8-15 минут, негізгі  -  25-30 минут, қорытынды  -  3-5 минут. Мазмұнына байланысты пәндік (волейбол) немесе кешенді (жеңіл атлетика, спорт ойындары т.б.) болып бөлінеді. 
Әдебиет: негізгі  -  1-12
                қосымша   -  1,7 

Қолданылатын әдебиеттер тізімі
 
Негізгі әдебиеттер:

* Матвеев Л.П. Теория и методика физической.  -  М : <<ФиС>>, 1991 г. - 336 с.
* Русанов В.П., Колкутин А.М. Основы теории и методики физической культуры и спорта. У- Ка, изд-во ВКГУ, 2003 г.  - 325 с.
* Уанбаев Е.Қ. Дене мәдениеті мен спорттың теориясы мен әдістемесі. -Өскемен, ШҚМУ баспасы. 2006 ж. 272 б.
* Уанбаев Е.Қ.  Дене тәрбиесінің ңегіздері. -Алматы, <<Санат>>, 2000г  -  125 б.
* Уанбаев Е.Қ., Уанбаева Ф.Ж.  Дене мәдениеті мен спорттың ілімі мен әдістемесі. -Өскемен, ШҚМУ баспасы. 2009 ж. 260 б.
* Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. Теория и методика физического воспитания и спорта. - М.: <<Академия>>,  2002 г. - 478 с.
* Теория и методика физического воспитания. / Под редакцией Б.А. Ашмарина - М.: <<ФиС>> 1990 г. - 234 с.
* Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. Практикум по теории и методике физического воспитания и спорта. - М.: <<Академия>>, 2001 г. - 143 с.
* Зациорский В.М. Физические качества спортсмена.  -  М.: <<ФиС>>, 1970 г.
*  Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки. - М.: <<ФиС>> 1977 г.
*  5 - 11 сыныптарға арналған мектептің дене тәрбиесі бағдарламасы. (С.И. Камысбекова, Ю.Г. Тилеугалиев, С. Тайжанов) -  А-Ата , 2000 г. - 47 с.
*  Республиканская учебная программа по физической культуре высших учебных заведений. А-Ата, 1992 г. - 40 с.
*  Мананков Н.Е., Колкутин А.М. Физическое воспитание студентов. У-Ка, изд-во ВКГУ, 2001 г. -131с 

Қосымша әдебиеттер:
* Уанбаев Е.Қ. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлау, бақылау және есепке алу. /Е.К.Уанбаев, Ф.Ж.Уанбаева.  -  Өскемен: БАЙ баспасы. 2006  -  225 б. 
* Озолин Н.Г. Настольная книга тренера наука побеждать. - М.: изд-во <<Астрель>>, 2002 г. - 854 с.
* Аулик И.В. Как определить тренированного спортсмена. - М.: <<ФиС>>, 1977 г. - 195 с.
* Филин В.П., Фомин Н.А. Основы юношеского спорта. - М.: <<ФиС>>, 1990 г. - 255 с.
* Годик Н.А. Контроль тренировочных и соревновательных нагрузок. - М.: <<ФиС>>, 1980 г.-  136 с.
* Ленченков И.С. Физкультурно- оздоровительная и спортивно-массовая работа в образовательных учреждениях. / И.С. Ленченков.  Усть-Каменогорск:  из-во ВКГУ, 2003
* Русанов В.П., Беляков Н.И. Модульно- рейтинговая технология физическом воспитании студентов. - У-Ка, изд-во ВКГУ, 2003 г. - 34 с.
     
   
 СЕМИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1-ШІ БӨЛІМ.  ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ СПОРТТЫҢ ТЕОРИЯСЫ
№ 1-ші тақырып: Дене мәдеиеті түрлері мен әлеуметтік қызметтері. 
Сабақты өткізу түрі: семинар сабағы.
Сабақ мақсаты: Студенттердің дене мәдениеті, оның бөлімдері, қызметтері, қоғамдағы маңызы туралы білімдерін тереңдету. Дене мәдениеті және спортта кездесетін негізгі ұғымдармен таныстыру. 
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Дене мәдениеті, оның бөлімдері.
2. Дене мәдениетінің қызметтері.
3. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінің мазмұны мен құрылымы.
4. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Әдістемелік ұсыныстар: жазылған конспектіні және тақырып бойынша жазылған әдебиеттерді оқу. Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, тест сұрақтарына жауап беру. 
Әдебиеттер: негізгі 2,5,8,12
                      қосымша 2,5,7

№ 2- ші тақырып: Дене тәрбиесінің амалдары.
         Сабақты өткізу түрі: семинар сабағы.
Сабақ мақсаты: Дене тәрбиесінің амалдары туралы теориялық білімді тереңдету, ол білімді іс-тәжірибеде қолдана білуге үйрену. 
Қарастырылатын сұрақтар:
* Дене тәрбиесінің амалдарына сипатама беру.
* Дене тәрбиесі жаттығулары, техникасы, қозғалыс сипатамалары туралы айту. 
* Дене тәрбиесі жаттығуларының топтары.
* Дене жаттығуларының ағзаға әсерін сипаттайтын себептер.
Әдістемелік ұсыныстар: жазылған конспектіні және тақырып бойынша жазылған әдебиеттерді оқу. Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, тест сұрақтарына жауап беру. 
Әдебиеттер: негізгі 2,5,8,12
                      қосымша 2,5,7

№ 3- ші тақырып: Дене тәрбиесінің амалдары. Жаттығуларды топтау. 
       Сабақты өткізу түрі: Іс-тәжірибе сабағы.
Сабақ мақсаты:  Әртүрлі белгілеріне қарап жаттығуларды топтауға үйрету. Негізгі жаттығуларға жақындататын, дайындық жаттығуларын таңдай алу іскерлігін қалыптастыру.  
Топтың сабаққа дайындығын анықтайтын сұрақтар:
1. Жаттығуларды топтау не үшін қажет?
2. Қандай жаттығу топтарын білесіз?
3. Жаттығу топтарына жеке-жеке сипаттама беріңіз.
                            Жұмыс ағымы:
 1. Мына жаттығуларды қай топқа жатқызасыз?
А. Шаңғымен жүгіру.
Б. Орнынан ұзындыққа секіру.
В. Қозғалмалы ойын <<тышқан - мысық>>.
Г. Екі әдіспен арқанға өрмелеу
Д. Волейбол. Допты жоғарыдан беру.
2. Мына жаттығуларды негізгі, жақындататын, дайындық  деп бөл:
А. Алдыға аунап түсу.
Б. Шалқадан жатып кеудені көтеру.
В. Артқа, алдыға арқамен аунау, группировка жасау.
3. Мына жаттығуларға жақындататын және дайындық жаттығуларын ойластыр:
А. Жүгіріп келіп, <<аяқты бүгіп секіру>>.
Б. 100 метрге жүгіру.
В. Граната лақтыру.

Әдебиеттер: негізгі 2,5,8,12
                      қосымша 2,5,7
Әдістемелік ұсыныстар: Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру. 

       № 4- ші тақырып: Жаттығулардың техникасы
       Сабақты өткізу түрі: Іс-тәжірибе сабағы.
Сабақ мақсаты:  Жаттығулардың техникасының кезеңдерін анықтай алуға үйрету.
Топтың сабаққа дайындығын анықтайтын сұрақтар:
* <<Техника>> - деген не?
* Техника кезеңдерін, бөлшектерін қалай түсінесіз?
* Техника сипаттамасы деген не? Қандай техника сипаттамаларын білесіз?

                            Жұмыс ағымы:
* Мына жаттығулардың техникасын кезеңдерге, бөлшектерге бөліп сипаттаңыз:
А. Ағаш аттың үстінен <<аяқ алшақ>> әдісімен секіру.
Б. Волейболшының шабуыл соққысы.
В. Кіші допты алысқа лақтыру.
Г. Ақробатикадағы <<алдыға аунап түсу>> жаттығуы.
Д. Күрестегі <<жамбасқа алып лақтыру>> әдісі.
2. Мына жаттығулардың кеңістік, уақыт, кеңістікті-уақыт, қозғалыс  сипаттамаларының қайсысына жататынын табыңыз.
А. 60 метрге жүгіру.
Б. Жүгіріп келіп биіктікке <<аттау>>(перешагивания) әдісімен секіру.
В. Кермеде <<алдыға керменің үстіне аунап көтерілу>> (подьем переворотом) әдісі.
Г. Спорт залда диагонал бойымен үдей жүгіру.
Д. 3000 метрге уақытқа жүгіру.
Ж. Балуанның қарсыласын 30 секунд уақытта лақтыруы.
Әдебиеттер: негізгі 2,5,8,12
                      қосымша 2,5,7
Әдістемелік ұсыныстар: Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру. 

№ 5- ші тақырып: Дене тәрбиесінің қағидалары
Сабақты өткізу түрі: Семинар сабағы.
Сабақтың мақсаты: Дене тәрбиесі қағидаларын іс жүзінде қолдану түсінігін қалыптастыру.
Қарастырылатын сұрақтар :
* Саналылық және белсенділік қағидасы, оны іс-тәжірибеде қолдану талаптары.
* Көрнекілік қағидасына сипаттама.
* Жүйелілік қағидасы және оның негізге ережелері.
* Біртіндеушілік қағидасы және жүктемені біртіндеп жоғарлатудың түрлері.
* Реттілік қағидасына сипаттама және оның ережелері.
* Даралық қағидасы және оны дене тәрбиесі үрдісінде қолдану.
Әдістемелік ұсыныстар: жазылған конспектіні және тақырып бойынша жазылған әдебиеттерді оқу. Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, тест сұрақтарына жауап беру. 
Әдебиеттер: негізгі 2,5,8,12
                      қосымша 2,5,7


№ 6- ші тақырып: Дене тәрбиесінің қағидалары
Сабақты өткізу түрі: Іс-тәжірибе сабағы.
	Сабақтың мақсаты: Дене тәрбиесі қағидаларын іс тәжірибесі үрдісінде қолдану. 
                      Топтың сабаққа дайындығын анықтайтын сұрақтар:
* Дене тәрбиесіндегі қағидаларды атаңыз.
* Жүктемені біртіндеп жоғарлату түрлерін атаңыз.
* Сабақ жүйесін құруда қандай қағиданы басшылыққа алу қажет?
                                                    Жұмыс ағымы:
	1. Төмендегі дене тәрбиесі жаттығуларын үйреткенде қандай қағиданы қолданатынымызды анықта:
	а) Граната лақтыру.
	б) Ағаш аттан аяқты жазып.
	в) Аспа темірде тіреліп көтеріліп күшпен айлану. (Подъем в упор переворотом силой)
	2. Әртүрлі жастағы оқушылар тобына  төмендегі кесте бойынша дене тәрбиесі қағидаларын таратып бер.
Қағидалар
Бастауыш сынып
Орта 
сыныптар
Жоғары сыныптар
1. Саналылық және белсенділік



2. Жүйелілік



3. Біртіндеушілік



4. Көрнекілік
5. Реттілік
6. Даралық




Әдебиеттер: негізгі 2,5,8,12
                      қосымша 2,5,7
Әдістемелік ұсыныстар: Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру. 


№ 7- ші тақырып: Қимыл әрекетке үйрету
Сабақты өткізу түрі: Семинар сабағы.
Мақсат: Оқыту үрдісінде теориялық білімді тереңдету.
 Қарастырылатын сұрақтар:
* Қозғалысқа үйрету құрылымының жалпы сипаттамасы, үйретудің кезеңдері.
* Қозғалыс  әрекетімен танысу. Міндеттері ,бөлімдері.
* Қозғалыс әрекетін үйрену, міндеттері, кезеңдері. Үйрету кезіндегі қателер, оларды түзету жлдары.
* Қозғалыс дағдысы. Сипаты, белгілері. Маңызы.
* Қозғалыс әрекетін жетілдіру. Міндеттері, кезеңі. 
* Қозғалыс дағдысы. Сипаттық белгілері. Маңызы. Қозғалыс дағдысының бұзылуы және ауысымы.
* Жоғары  қозғалыс шеберлігі. Сипаттық белгілері. Маңызы. 
Әдістемелік ұсыныстар: жазылған конспектіні және тақырып бойынша жазылған әдебиеттерді оқу. Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, тест сұрақтарына жауап беру. 
Әдебиеттер: негізгі 2,5,8,12
                      қосымша 2,5,7


№ 8- ші тақырып: Қимыл әрекетке үйрету құрылысы
Сабақты өткізу түрі: Іс-тәжірибе сабағы.
Мақсаты : Сабақтың міндеттерін қоя білу және оған лайық үйрету  амалдары мен әдістерін таңдай білу.
Топтың сабаққа дайындығын анықтайтын сұрақтар:
* Мына түсініктерге анықтама беріңдер <<қозғалыс шеберлігі>>, <<қозғалыс дағдысы>>, <<жоғарғы қозғалыс шеберлігі >>
* Қозғалыс әрекетін үйретудің кезеңдерін ата.
* Оқу үрдісі кезінде  пайда болатын қателерді атаңыз. Олардың пайда болу себебі және оларды түзету ережелерін айтыңыз.
Жұмыс ағымы:
	1. Төменде көрсетілген жаттығуларды үйрену кезеңдерін және жеке міндеттерін атаңыз: 
	а) Ауыспалы екі адымды шаңғымен сырғанау. .
	б) Кіші допты <<арқадан иық арқылы>> техникасымен, лақтыру бағытына жанымен тұрып қашықтыққа лақтыру.
	в) Жүгіріп келіп биіктікке <<аттау>> әдісімен секіру.
	2. Қойылған міндеттерге, үйрету кезеңіне байланысты, үйрету амалдары мен әдістерін таңдау.
Әдебиеттер: негізгі 2,5,8,12
                      қосымша 2,5,7
Әдістемелік ұсыныстар: Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру. 

  

<<Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі>> пәні бойынша
                                       
СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗБЕТІМЕН ЖҰМЫСТАРЫН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ                              

1-ші тақырып.  Дене қуаты қасиеттерін дамыту
Сабақтың мақсаты: дене қуаты қасиеттерін дамыту әдістерін меңгеру.
Тапсырмалар, сұрақтар

Өзбетімен оқу үшін берілген бөлімдер мен тақырыптар

  өзбетімен жүргізілетін жұмыс түрлері мен мазмұндары
Дене қуаты қасиеттерін дамыту әдістері 
Жазбаша түрде төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
* Оқушылардың күшін және жылдамдығын дамытатын амалдарды көрсетіңіз. 
* Күш және жылдамдықты дамытатын қатаң шектелген жаттығулар әдістерін көрсетіңіз
Іс-тәжірибелік тапсырма:
9-11 сынып оқушыларына арналған (қыздар, ұлдар) күш және жылдамдықты дамыту әдістерін,  жаттығуларын және жұмыс тәртібін таңдап алып, көрсетіңіз

      Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: әрбір дене қуаты қасиетін дамытуға арналған  бес-бестен жаттығу ойластырыңыз. Жүктеме жас ерекшеліктеріне және дене қуаты дайындықтарына сай болуы қажет.    Әдебиеттер: негізгі  -  1-7, 9,10
                      қосымша   -  2,3,4,5


2-ші тақырып.  Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері.
    Сабақтың мақсаты: мектептегі дене тәрбиесі түрлері бойынша білімдерін тереңдету. Оқушылармен дене тәрбиесі жұмыстарының түрлерін ұйымдастыру іскерліктерін қаыптастыру.
    Тапсырмалар, сұрақтар:

Өзбетімен оқу үшін берілген бөлімдер мен тақырыптар

Өзбетімен жүргізілетін жұмыс түрлері мен мазмұндары
                                       1
                                       2
Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері.
Жазбаша түрде төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
Кестенің жалғасы
                                       1
                                       2
Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері.

Жазбаша түрде төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарының түрлерін көрсетіңіз.
2. Мектептегі жұмыстарды ұйымдастыруға дене мәдениеті ұжымының әсері. ДМ ұжымының құрылымы, жұмыс мазмұны.
3. Оқу тәртібіндегі сауықтыру шараларын көрсетіңіз, жұмыс мазмұнын қысқаша жазыңыз. 
       Іс-тәжірибелік тапсырма:
1.Орта сынып оқушыларына арналғантаңғы гимнастикалық жаттығулар кешенін құрастырыңыз. 
2.Жоғарғы сынып оқушыларына арналған үзақ үзіліс кезіндегі жаттығулар кешенін құрастырыңыз. 

    Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау кезінде саналылық және белсенділік, біртіндеушілік және реттілік қағидасын сақтаңыз. Жаттығулар кешені оқушылардың жас ерекшеліктеріне және дене қуаты дайындықтарына сай болуы қажет.    Әдебиеттер: негізгі  -  1-8,11,12
                      қосымша   -  1,6,7

 3-ші тақырып.  Мектептегі дене тәрбиесі сабағы.
    Сабақтың мақсаты: мектептегі дене тәрбиесі сабағының жоспар-конспектісін құрастыруға қажет білім негіздерін тереңдету.
Тапсырмалар, сұрақтар:
Өзбетімен оқу үшін берілген бөлімдер мен тақырыптар
  Өзбетімен жүргізілетін жұмыс түрлері мен мазмұндары
Мектептегі дене тәрбиесі сабағының мазмұны мен құрылымы.

Жазбаша түрде төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының құрылымын жазыңыз. 
2. дене тәрбиесі сабағының басқа жұмыстар арасындағы маңызы. 
3. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының мазмұны туралы жазыңыз.
      Іс-тәжірибелік тапсырма:
6 сынып оқушылары баскетбол сабағының жоспар-конспектісін құрастырыңыз.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: 6 сынып оқушылары баскетбол сабағының жоспар-конспектісін құрастыру кезінде құрал жабдықтармен қамтамасыз ету, сбақтың қозғалмалы тығыздығын ойластыра жұмыс істеу қажет. 
Әдебиеттер: негізгі  - 1-8,11,12
                      қосымша   -  1,6,7

    4-ші тақырып.  Оқушыларды өзбетімен дене жаттығуларын орындауға үйрету. Дене тәрбиесі сабағынан үй тапсырмасын орындау.
    Сабақтың мақсаты: студенттерді үй тапсырмасын құрастыруға, оны тесеруге үйрету. 
Тапсырмалар, сұрақтар:

Өзбетімен оқу үшін берілген бөлімдер мен тақырыптар

  Өзбетімен жүргізілетін жұмыс түрлері мен мазмұндары
Оқушылардың өзбетімен дене жаттығуларын орындауы. Дене тәрбиесі сабағынан үй тапсырмасын орындау.

Жазбаша түрде төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Дене жаттығуларын өзбетімен орындау түрлерін көрсетіңіз.
2. дене тәрбиесі сабғынан оқу үлгірімі жақсаруына үй тапсырмасының әсері туралы жазыңыз.
      Іс-тәжірибелік тапсырма:
   Дене тәрбиесі сабағынан үй тапсырмасын дене қуаты қасиеттерін дамыту жаттығулары кешенін құрастыру түрінде орындаңыз.

   Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Дене тәрбиесі сабағынан үй тапсырмасы қарапайым орындалатын, жүктеме мөлшері жоғары болмауы керек. Дене тәрбиесі сабағынан үй тапсырмасы міндетті түрде бақылануы, бағалануы, баға қойылуы керек. 
Әдебиеттер: негізгі  - 1-8,11,12
                      қосымша   -  1,6,7

        5-ші тақырып.  Көпшілік спорттық сауықтыру шараларын ұйымдастыру. 

    Сабақтың мақсаты: студенттерге көпшілік спорттық сауықтыру шараларын ұйымдастыру іскерлігін қалыптастыру. 

Тапсырмалар, сұрақтар:
   

Өзбетімен оқу үшін берілген бөлімдер мен тақырыптар

  Өзбетімен жүргізілетін жұмыс түрлері мен мазмұндары
Мектепте көпшілік спорттық сауықтыру шараларын ұйымдастыру. 

Жазбаша түрде төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Көпшілік спорттық сауықтыру шараларының денсаулықты нығайтудағы және спорт түрінен шеберлікті жоғарылатудағы рөлі. 
2. Волейбол және баскетбол спорт түрінен жарыс ережесінің негізгі тармақтарын жазыңыз. 
3. Спорт түрлерінен төрешілік жүргізу, оның құрамы, қызметтері. 
      Іс-тәжірибелік тапсырма:
1. Волейбол және баскетбол спорт түрінен жарыс мәлімдемесін құрастырыңыз. 
2. Волейбол жарысынан төрешілік жүргізу.   
   
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бұл тапсырмаларды орындау кездерінде жарыс ережелеріне, өздері құрастырған мәлімдемелерге сүйену керек. Жарыс құжаттарын құрастыру, хаттамаларды даярлау және толтыру, жарысты ұйымдастыру жолдарын, жеңімпаздарды анықтау түрлерін, бас төрешінің есебін жақсы білу қажет.  
Әдебиеттер: негізгі  -  негізгі  - 1-8,11,12
                      қосымша   -  1,6,7

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәнінің теория бөлімінің
                қорытынды тест сұрақтары.

1, Дене мәдениетінің бөлімдерін көрсетіңіз?
      - А) дене дамуы, дене икемділігі; В) спорт, дене тәрбиесі, көпшілік спорт, гигиена
      - С) дене мәдениеті, спорт, дене жаттығулары; Д) негізгі, спорт, сауықтыру, қолданбалы
Е) дене дайындығы, дене қуаты жетілуі
2. Мазмұны  -  қозғалысқа үйрету, дене қуаты қасиеттерін дамыту, арнайы дене мәдениеті білімін меңгеру болып келетін тәрбиенің түрі ?
А.  дене мәдениеті; В.  дене қуаты дайындығы;
С.  дене тәрбиесі;    Д.  дене тәрбиесі білімі;  Е.  дене қасиеті;
3.   Адамның нақты қызметіне  \мамандығына, айналысқан спорт түріне\ көмектесетін қозғалыстарға нақты талаптар қоятын арнайы дайындау процессі қалай аталады?
А. спорттық дайындық; В. арнайы дене қуаты дайындығы;
С. дене қуаты жетілуі;   Д. кәсіптік қолданбалы дене қуаты дайындығы;
Е. жалпы дене қуаты дайындығы 
4. Қазақстан Республикасының дене мәдениеті жүйесінің мақсаты:
 А. мамандарды жұмыспен, құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету;
 В. дене қуаты жетілген, Отан қорғауға, еңбекке жан-жақты дайындықтан
 өткен адамдар тәрбиелеу;  С. барлық адамдарды спортпен айналысуға үгіттеу;
 Д. спортшыларды жарыстарға тәрбиелеу; 
 Е. әлем жарыстарында жоғарғы көрсеткіштер көрсету;  
5. Қазақстан Республикасының дене мәдениеті жүйесінің міндеттері:
 А. білім беру, сауықтыру, тәрбие беру; В. денсаулықты нығайту, әскери дайындық;
 С. батыл, мықты, ержүрек адамдар тәрбиелеу; Д. жастарды үлкен өмірге дайындау;
 Е. көбірек жарыстарға қатысу;
6.  Дене мәдениеті жүйесінің негіздері не?
А. мәдени әкімшіліктер, мәдени шаралар, спорт мекемелері;
В. әлеуметтік  - экономикалық, спорттық мекемелер, заң мекемелері;
С. ғылыми - әдістемелік, бағдарлама  -  нормативтік, заң  -  құқықтық және ұйымдастыру негіздері; Д. ғылыми спорттық жұмыстар, спорттық әкімшіліктер, мекемелер;
Е. аудандық, облыстық спорт мектептері;
7. Қазақстан Республикасындағы адамдардың дене қуаты деңгейін анықтайтын сынақ түрі.
   А. спорттық классификация; В. мектеп және жоғарғы оқу орындарының бағдарламалары, нормативтері; С. президенттік сынақ; Д. спорттық және қозғалмалы ойындар;
   Е. бақылау сынақтары;
8. Спортшыларға спорт түрлерінен разрядтар беру тәртібін анықтайтын құжат:
   А. президенттік сынақ; В. спорт және туризм комитетінің шешімдері;
   С спорт бағдарламалары; Д. спорт түрлерінің ережелері;
   Е. спорттық классификация;
9. Дене тәрбиесінің арнайы амалы болып табылады:
   А. дене жаттығулары; В. табиғаттың денсаулықты жақсарту күші;
   С. гигиеналық фактор; Д. штанга, тренажерлар, гирлер, гантельдер;
   Е. аутогендік жаттықтыру;
10. Жаттығуларды қайталап орындау барысында жұмыс қабілеттілігін толық бастапқы кезеңге түскенге дейінгі демалыс аралығы былай аталады:
  А. толық (ординарный); В. төтенше; С. белсенді (активті);  Д. қатаң шектелген;
  Е. енжар;
11. Адам ағзасына әсер етуі жағынан қандай жүктемені жүрек соғу жиілігіне байланысты үлкен деп айтамыз?
А) 120-130 соғу/мин; В) 131-155 соғу/мин
С) 156-175 соғу/мин; D) 176-190 соғу/мин; Е) 120 соғу/минөтке дейін
12. Бір бірінен міндеттері өзгеше және үйрету әдістерінің өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар, кез келген қозғалыс әрекеттерін үйрету үрдісі ... кезеңнен тұрады. Жауапты нүктенің орынына қой:
   А. бес кезеңнен; В. төрт кезеңнен; С. екі кезеңнен;  Д. үш кезеңнен; Е. алты кезеңнен; 
13. Қозғалыс дағдысының негізгі белгілері:
А) қозғалысты тұтас орындау; В) жаттығулардың жеке бөлшектеріне бөгеле, шұқшия орындау; С) қозғалыстың жеке бөлшектеріне назар аудару, сананы шоғырландыру
D) қозғалысты автоматтандыра орындау; Е) қозғалысты шашырата орындау
14. Қозғалыс ептілігі, шеберлігі дегеніміз не?
А) жаттығуды дағдылы орындау; В) жаттығудың әрбір бөлшегіне ықылас сала орындау
С) жаттығуды тез, ойланбай орындау; Д) жаттығуды барлық жағдайда орындау
Е) жаттығуды жарыс кезінде орындау
15. Қозғалысқа үйрету кезеңінің бөлімдері:
А) дайындық, негізгі, В) кіріспе, негізгі; С) көрсету, орындау, Д) қозғалыс шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру; Е) қайталау, жетілдіру
16. Қозғалысқа үйрету кездерінде жіберілетін қателер топтары:
А) дағдылы және дағдыланбаған қателер; В) спорт ойындарының қателері
С) түзеуге болатын, болмайтын қателер; Д) гинастикада кездесетін қателер
Е) белгілі, белгісіз қателер 
17. Бір сабақтың ізін екінші сабақтың әсері басып жататын  дене тәрбиесі үрдісінің маңыздылығын дәлелдейтін қағида қалай аталады? 
А)  қозғалыс қағидасы; В)  жүйелілік қағидасы; С)  даралық қағидасы; D)  көрнекілік қағидасы; Е)  саналылық және белсенділік қағидасы 
18. Төмендегі көрсетілген қағидалардың қайсысы дене тәрбиесінің жалпы қағидаларына жатады?
А) саналылық және белсенділік, көрнекілік, даралық қағидалары
В) жүктеме мен тынығуды кезектестіру қағидасы; С) жүйелілік қағидасы; D) біртіндеп жүктемен жоғарылату қағидасы; Е) іс-тәжірибелік және ғылымилылық қағидасы
19. Дене тәрбиесінің әдістері дегеніміз не?
А) жатығуды дұрыс орындау; В) дене тәрбиесінің тәсілдері; С) жаттығуларды қолдану жолы; Д) жарысқа қатысу жолы; Е) спортшының айласы
20. Дене тәрбиесінің арнайы әдістеріне жататындар:
А) сөз қолдану және көрнектілік әдісі; В) қатаң шектелген жаттығулар, ойын және жарыс әдістері; С) жедел хабар әдісі; Д) іс-тәжірибелік әдіс, видиоәдіс, бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері; Е) бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері
21. Дене тәрбиесінің жалпы әдістері:
А) көзбен көру және құлақпен есту; В) кітап оқу, кино көру; С) спортқұралдарын, аспабтарын қолдану; Д) көрнекілік және сөз қолдану; Е) конспектілеу, видеотаспаға түсіру 
22. Жылдамдық қабілеттілігін дамытудағы ең тиімді жас кезеңі:
  А) 11-13 дейін; В) 14-16 жасқа дейін, С) 17-18 жас, Д) 19-21 жас;  Е) 22-24 жас
    23. Спортшының барлық бұлшық еттерін қатыстырып, жұмысты қалыпты қарқында, ұзақ орындай алу қабілеттілігін қалай атаймыз ?
А) дене қуатының жұмысқабілеттілігі; В) дене қуаты дайындығы.С) жалпы төзімділік; Д) жаттыққандық; Е) анаэробты
24. Дене қуаты қасиеті ептілікті дамыту үшін орындау керек:
А) ерте меңгерілген жаттығуларды; В) жаңа дене тәрбиесі жаттығуларын
С) ойын жаттығуларын; Д) дайындық жаттығуларын; Е) жарыс жаттығуларын
   25. Өзінің бұлшық ет күшімен, үлкен амплитудамен қозғалысты орындай алу қабілеттілігін қалай атаймыз? 
А) белсенді икемділік; В) арнайы икемділік; С) буын жылжымалылығы икемділігі
Д) қозғалыс икемділігі; Е) енжар икемділік
   26. Мына көрсетілген түсіндірмелердің қайсысы күшті сипаттайды ?
А) күш жаттығуларын қысқа уақытта орындай алу мүмкіншілігі
В) сыртқы қарсылықты жеңу немесе оған бұлшық ет күшімен қарсылық көрсету 
С) күш жаттығуларын оның тиімділігін азайтпай орындау	
Д) адамның үлкен бұлшық ет күшін көрсету мүмкіншілігі; Е) ауыр салмақ көтеру
  27. Мына көрсетілген түсініктемелердің қайсысы жылдамдықты сипаттайды ?
   А) спортшының уақыт кесіндісінде жылдам қозғалу мүмкіншілігі
Пәндер