Файл қосу
Қазақтың қилы тарихы
Лекция сабақтарының тақырыптары мен мазмұны №1 лекция Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы пәні Пәнге кіріспе. Негізігі ұғымдар:пәнге кіріспе, экономикалық тарих, аграрлық қатынастар. Жоспар: 1) Пәнге кіріспе. Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының қамтитын мәселелері пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны 2) Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының мәселелері пәнінің мақсатымен міндеттері 3) Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы. Мақсаты: Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының қамтитын мәселелері пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орнымен таныстыру курстық пәннцң мақсатымен міндеттерін айқындау. Мақсаты:Қазақстан орта ғасыр тарихы пәнінің мазмұнымен мақсат міндеттерімен таныстыру. Лекция 1.Пәнге кіріспе.Қазақстан экономикасының тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан экономикасының тарихынның кезеңдері: Бірінші кезең - бұдан 1,5 мыңжыл бұрынғы ғұн нәсілдері - түркілер - Ашина руының түркілері - Ордос алабынан ауған жүнді (жуан-жуан) тайпаларының ежелгі ақсүйек әулетінен тараған ұрпақгар. Осы үрдістер тоғысында тұңғыш Түркі қағанаты - Мәңгілік Ел бой көтереді. Бұл үшінші империя Байқалдан Каспийге дейінгі аймақты қамтыды. Ұлы жібек жолы түркілер мемлекетінің экономикасының дамуына да оң ықпал етті.Халықаралық сауда ролін атқарды. Екінші кезең. Бұдан 1300-1100 жылы бұрын түркі халықтарының рухани орталығы Шығыста, Орхон-Енисей өңірінде болды. Ежелгі қырғыз мемлекетінің ескерткіштері, Тоны көктің, Күлтегіннің руникалық жазулары Орхон-Енисейдің құлпытастарында таңбаланды. Түркі ұлттық рухының осынау тегеуріні X ғасырда "Манас" эпосында өзінің табиғи жалғасын тапты. Үшінші кезең. ХІІ-ХІҮ ғасырлар. Қазақтың ең алғашқы қасіреті Шыңғыс әулетінің шабуылынан басталды. Бұл жойқын күші бар сойқанды шабуыл ел экономикасының дамуын тежеді. Бұл кезенңің басыңда атақты Майқы би дүниеге келді. Ел аузындағы аңызға қарағаңда ол біздің тарихымыздағы билер институтының түп атасы. Бар қазақтық басын біріктіруге жұмылған Майқы би әйгілі қазақ шежіренамасының негізін қалаушы болды. Ел аузындағы аңыз бойынша халықтың санасына үш жүздің бас таңбаларын тасқа қашаған сол кісі екен дейді. Үйсіндердің нысаны - Ту, арғындардың нысаны - Көз, алшындардың нысаны - Найза содан қалса керек.Әр рудың таңбасы болды. Малдарына өз таңбаларын соғу арқылы танымал етіп отырды. Бір ғажабы, қазақ халқының негізгі төрт мұраты дәл сол тұста тұжырымдалыпты. Олардың үшеуі үш жүзден жауынгерлік ұраны: Ұлы жүздікі - Бақтияр - бақыт, Орта жүздікі - Ақ жол - әділет, Кіші жүздікі - Алшын - От-ана болса, барлық қазақтардың ортақ ұраны - Алаш ұғымына біріккен. Дәл осы кезенде халықтың әзі - Шыңғысхан әулетінің бұғауына іліккен еді. Халық руханияты сол заманның ең бір қуатты империялық идеологиясы - шыңғысшылдықтың ықпалына түседі. Шыңғысшылдық ақырына дейін түсінілмей қалған бір дін болып енді. Өйткені бұл тежеу білмес тегеурінді қара күш пен тентек мінезді дөрекі қайсарлық қана емес, Шыңғыс әулетінің ұлы империясының ұстынына тірек, ұстынына көрік болған рухтың революциясы еді. Ол уақытқа дейін үстемдік еткен далалықтардың түркішілдігі, оғызшылдығы, ұрандары (жүздік және жалпы алаш), олардың бұрынғы шежіресі жаңа шежіренамаға тарихи тамырласа кірігіп кетті және ішінара халықтың зердесінен өшіп қадды. Осы кезден бастап іс жүзінде тегі басқа ақсүйектердің екі тармағы - төрелер мен қожалар - түркілердің ру-тайпалық ақсүйектерінен биіктеу мәртебе алды да, оларды саяси және рухани биліктен ада қылды. Төрелер Шыңғыс әулетінің ұрпақтары, ал қожалар Мұхаммед пен оның үмбеттерінен тараған рухани биліктің иелері. Уақыт өте келе, бұл екі тармақ екілдерінің өздері де жергілікті халықпен кірігіп, олардың әдет-ғүрпын, дәстүрін қабылдап, қазақ халқының жалпы руханиятына сіңісіп кетті. Төртінші кезең. XV-XVII ғасырлар. Алғаш қазақ хандығы құрылған кезең. Шамамен 1466 жылдардан бастап, жалпыхалықтық руханияттың табиғи дамуының негізі қаланды. Біріншіден, халық рухының ұшқыны ақындардың, сазгерлер мен айтқыш абыздардың жырларынан көрінді. Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау шығармаларында шынайы қазақ руханияты қалыптасып дамыды. "Қобыланды батыр", "Қамбар батыр" сияқты батырлар жырында, "Қозы-Көрпеш - Баян-сұлу", "Қыз-Жібек" және басқа дастандарға қазақтың ұлттық рухы тұп тамыр ретінде негізге алынды. Екіншіден, нақ осы уақытта, Жәнібек пен Керей хандар Жетісуға көшіп келіп, ел басқара бастағаннан кейін, қазақ өзінің тарихи төл атымен атала басталды. Үшіншіден, дәл осы тарихи дәуірде халықтың жауынгерлік рухы тағы бір тамаша оқиғадан көрініс табады. XVII ғасырдың бірінші жартысында үш жүздің үш ұлы биі - Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би - Тәуке ханмен бірге "Жеті жарғы" атты тарихи қүжатты қабыддайды. Бұл киелі "жеті" санын нысан өткен киелі парыздан, қасиетті ережеден тұратын қазақ құқығының алғашқы кодексі еді. Ел экономикасы осы кезеңдердің барлығында дәстүрлі көшпенді шаруашылық сипатында қалыптасып дамып отырды. 2. Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Бүгінгі дүние әлемге, өркениетке, мемлекетке, ұлтқа, ұлысқа, ағайын-туысқа, қалысқа бөлінеді. Қазақ ұлты бірден жаратылған жоқ, оның бір неше мың жылдық өсу, даму динамикасы бар. Тарихтың негізгі миссиясы - ұлттың руға, тайпаға, арыс ка жүзге белінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортак тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған. Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. XXI ғасырдың Қазақстан азаматы, өзін Қазақ мемлекетінің өкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының экономикасының тарихын білуге тиіс. Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды? Оның халқымыз, үлтымыз үшін қандай мәні бар-осы бізге аса қажет. Бүгінгі танда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Сонымен әр Қазақстан азаматының ұлттық сезімін өзінің сол ұлттың мемлекеттің өкілі екендігін біддіруге байланысты ұлттың тарихын білу, әрине, үлкен шаруа. Егер XXI ғасырдың азаматы ұлтының өткенін білсе, ұлттың қалай қалыптасып, қанша қан төгіп, өзінің жерін, елін, ұлттық дәстүрін сақтап қалғанын білсе, ол адам, ол азамат өзінің үлтқа деген ішкі сезімін одан әрі күшейте түседі. Ұлттың экономикасының тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам - өзімді-өзім тану деген соз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек. Яғни, тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезіну қажет. Сонда ғана ол өзінің үясын тапқан қүс сияқты, өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен тарихи, қоғамдық ортада жүргенін сезінеді. Сонда ғана адам өзін толық қанды адаммын деп санай алады. Ал енді қай үлттың окілі екенін білмей, айдалада лағып жүрген, қайда барарын білмей адасып қалған адам ешуақытта ешкімге жақсылық әкелмейді. Сонымен, үлтыңның тарихын білу арқылы өзіңнің ор-нынды, ортанды біліп, өзіңді-өзің тани алатындай жағдайға келгенде гана толық қанды XXI ғасырдың азаматы бола аласың. Сондықтан Қазақ тарихын білу барлық азаматтарға шарт. Егер ұлттық сезім болмаса онда үлттың халі мүшкіл болады, ұлттың тілі де, діні де, дәстүрі де - барлығы құр әншейін жасанды нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Ал ондай ұлт кез келген басқа үлттың жетегінде кете беретіндігі даусыз. Ұлттың өзінің нық, өз аяғынан тұратындай, өзін-өзі танып, өзін-өзі сыйлайтындай дәрежеге келуі ұлттық сезімнің пайда болуына байланысты. Ал ондай сезімді тудыратын нәрселер - өзін-өзі тану, жақсылап тану, жақсы жағынан тану. 3. Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы. Тарихи деректанудьщ жалпы тарих ғылымындағы алатын орнын анықтау үшін оның қосымша тарихи пәндер мен және басқа да тарихи зерттеулердің ара қатынасына зер салу керек. а) Қосалқы тарихи пәндермен ара қатынасы. Тарихи деректерді зерттеумен көптеген қосалқы пәндердің айналысатыны белгілі. Олардың жалпы саны 30-дан асады: - эпиграфика - тастағы, металдағы, сүйектердегі, ағаштардағы жазбалар; * нумизматика - теңгелердегі жазулар; * сфрагистика - мөрлердегі жазулар; * геральдика - ел таңбаларындағы жазулар; * полиграфия - жазу материалдары мен құралдарын, жазу ерекшеліктерін зерттеу; * папирология - папирустардағы жазуларды зерттеу; * текстология - әдеби ескерткіштердегі текстер тарихын зерттеу; * дипломатика - заң актілерін зерттеу; * хронология - тарихи оқиғалардың дәл уақытын анықтау; * метрология - өлшем жүйесін тарихи дамуында зерттеу; * арихи география - өткеннің географиялық тарихын зерттеу; * генеалогия - адамзаттың, жеке адамдардың шығу тегін зерттеу, т.б. Бұл пәндердің даму барысында олардың зерттеу шеңбері де кеңіп отырады. Дегенмен, арнаулы тарихи пәңдердің қай-қайсысы болсын өзінің зерттеу объектісі жағынан да, тәсілі мен шеңбері жағынан да деректанудан әддеқайда шектеулі. Деректану ғылымы деректердің тек кейбір түрлерін, типтерін немесе топтарын (теңгелер, актілер, жылнамалар, заманхаттар, т.б.) ғана зерттеп қоймайды, ол барлық тарихи деректердегі салынған мағлұматтарды қоғам дамуының заңды жемісі ретінде зерттейді. Сондықтан оның шеңбері барлық жағынан қосымша пәндерден әлдеқайда кең. Қазіргі деректануда екі проблемалар кешені қаралады. 1. Теориялық-әдіснамалық проблемалар: - тарихи шындықтың дерекке енуі және бейнеленуі; * тарихи деректің әлеуметтік табиғаты, оңдағы субъек-тивтіліктің ара қатынасы; * тарихи деректерді жіктеу; - деректердің ғылыми қүндылығын анықтау принциптері мен тәсілдері жоне т.б. 2. Нақты-қолтаңбалық проблемалар: - деректердің нақты түрлері мен типтеріне шолу жасау және екшеу; * нақты ескерткіштерге деректанулық талдау жасау; - деректерден алынған мәліметтерді нақты тарихи індеттерді шешуге пайдалану тәсіддері және т.б. Қазақстан тарихының деректану курсының проблемалары мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар: * ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және өдіснамалық саласынан білім беру; * пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру; * тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып, олармен жүмыс істеу тәсілдерін жетілдіру. Сонымен, теориялық-әдіснамалық, ақпараттық және едістемелік мәселелер бір-бірімен байланысты қаралады. Әдістемелік мәселелерді ашу деректерге шолу жасаумен қатар жүргізіледі, бұл жағдайда басты назар, негізінен, деректер жеткізген фактілер мазмұнына емес, әр түрлі деректердің ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге бөлінеді. Бекіту сұрақтары: 1. Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы курсының пәндік мақсты қандай? 2. Қазақстандағы аграрлық қатынастар қандай кезеңдерге бөлінеді? 3. Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы пәні қай кезеңдердің аралығын қарастырады? Әдебиеттер: Н-1,3,4,5,.Қ-2,3,4,11,14 Бекіту сұрақтары: 1) Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының қамтитын мәселелері қандай? 2) Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының пәндік мақсаты неді? 3) Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы қалай жүреді?. №2 лекция ) Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының мәселелері тарихының деректемесі мен тарихнамасы. Жоспар: Негізігі ұғымдар: Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының қамтитын мәселелері қандай? 2) Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының тарихнамасы 1) Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының деректемесі. 2) Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының тарихнамасы. Мақсаты: Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихының деректемелерімен оның пәнге байланысты деректік маңызын көрсету.Қазақстанның аграрлық қатынастар тарихының тарихнамалық негіздеріне мінездеме беру. Лекция. ХІV-ХV ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихы ашып көрсетілетін орта ғасырлар авторларының нарративтік тарихи еңбектері негізінен Темір ұрпақтары тобының шығармаларынан тұрады. XV ғасырдың екінші жартысы - XVI ғасырға Моғол жэне Шайбани ұрпақтары қалыптастырған деректемелер негізгі дерек көзі болып табылады. Темір дәуірі туралы түпнұсқа деректемелерді зерттеушілер екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа Темірдің немесе оның билік еткен ұрпақтарының әмірімен жазылған деректемелер жатады.Низам ад - дин Шальидің Шараф ад - дин Әли Иаздидің оны данышпан, әділетті мемлекет қайраткері етіп суреттейтін шығармалары осындай. Шығармалардың екінші тобын бейтарап авторлар - бұларға, мысалы, Рюи Гонзалес де Клавихо және Батыс Европаның басқа да саяхатшылары жатады, сондай - ақ әмір Темір бағындырған елдердің өз еңбектерінде оның басқыншылық саясатын бейнелеген авторлар жазған. 1423 жылы Темірдің немересі Мырза Байсұңқардың тапсырмасы бойынша Хафиз - Абру 4-томдық <<Маджма*ат таварих>> деген жалпыға бірдей тарих жазуды бастады. Темір ұрпақтары тарихнамасының маңызды туындылары қатарында XV ғасырдың екінші жартысындағы щығармалар ерекше орын алады. Олардың ішінде Абд ар - Раззақ Самарқандидің <<Матла*ас-са дайн ва маджма*әл-бахрайны>> бар. Он да Иран мен Орта Азиянын Хулагу жэне Темір ұрпақтарының 1304 жылдан 1471 жылға дейінгі тарихы баяндалған. XIV-XV ғасырлар шебіндегі Ак Орданың құлдырауы кезіндегі Шығыс Дешті Қыпшақтағы оқиғалар туралы, Барақ ханның мемлекеттің ыдырауына қарсы әрекеті, Ұлықбектің заманындағы Моғолстан мен Мауараннахрдың өзара қатынастары туралы мәліметтер мен басқа да деректемелердің ынта - ықылас туғызатыны күмәнсіз. XVI ғасырлардағы белгілі тарихшы және әдебиетші Мырза Мұхаммед Хайдар Дуғлаттың <<Та*рих - и Рашиди>> деген шығармасы ХIV-ХIІ ғасырлардың басында Қазақстан аумағы мен көрші аумақтарда өмір сүрген ірі мемлекеттің бірі Моғолстан тарихына арнайы арналған. Бұл еңбек - Қазақ хандығының тарихын зерттеу үшін де аса маңызды бастапқы деректеме. Қазақ және өзбек билеушілерінің XVII ғасырлардағы Онтүстік Қазақстан йен Ташкенттің маңызды сауда экономикалық орталықтары жөніндегі тайталастары туралы, Мүхаммед Юсуф Муншидің <<Тарих-и Муким-хани>> деген шығармасында айтылатын Имамкули ханның Ташкенттегі көтерілісті аяусыз басып - жаныштауы туралы мағлұматтарды атап өткен жөн. Түркі тілді деректемелер. Жалпы дәстүр мен мәдениет негізінде парсы тілді шығармалармен біріктірілген және негізінен Орта Азия мен Шығыс Түркістанда жазылған түркі тілді әдебиет ескерткіштері соңғы орта ғасырлар дәуіріндегі Қазақтан тарихы жөніндегі нарративтік деректемелер арасында маңызды орын алады. Оларда орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының қазақ халқы кұрылуымен, Қазақ хандығының пайда болуы және дамуымен, сондай - ак ХУ-ХУШ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы өмірінің көрінісі жаңғыртып көрсетумен байланысты кезеңнің ерекше маңыздылығының баяндайтын едәуір мәліметтер бар. Тарихшы, ақын, билеуші - Үндістанда Ұлы Моғолдар империясының негізін салушы Бабырдың (1483-1530) тарихнамада <<Бабыр - наме>> (Бабыр жазбалары) деген атпен белгі болған еңбегі орта ғасырдың тамаша тарихи - әдеби ескерткіштерінің бірі болып табылады. Жас кезіңде Бабыр Ферғананың мұрагер билеушісі болған Сол дәуірде жалпы түрік ортасында болған шаруашылық, әлеуметтік этникалық және мәдени-тұрмыстық шыңдықтарды көрсететін көптеген қыпшақ терминдері мен лексикалық айналымдар арабша түсіндіріле немесе тура аударылып келтірілетін лингвистикалық еңбектер басқа түпнұсқа деректемелер болып табылады. Адам мекендейтін бүкіл дерлік мұсылман дүниесін шарлап шыққан атақты саяхатшы Ибн Баттутаның (1304-1377) жол жазбалары - Дешті Қыпшақ тарихы жөніндегі маңызды деректемелердің бірі. Ибн Баттутаның саяхаты суреттелген <<Тухфат нуззар фи ғараиб әл амсар ва аджаиб әл-афсар>> (<<Қалалар ғажайыптары мен саяхат кереметтерін аңғартатындарға сыйлық: жүзінде оның шығармасы емес, қайта оның әңгімелеріне 1356 жылы әл-Қалби жасаған әдеби өңдеу болып табылады. Қытай деректемелері. Қытайда жергілікті емес әулет бес жүз жылға жуық билік еткеннен кейін Мин әулеті орнығып (1368-1644), ол да тақты <<жатжерліктерге>> бұл жолы маньчжурларға босатып берді. Негізгі деректемелер мыналар: <<Мин әулетінің тарихы>> (<<Мин ши>>), <<Мин әулеті билік етуінің анық жазбалары>> (<<Мин шилу>>), және <<Мин империясына жалпы шабуыл>> (<<Мин хой яо>>). Қалған деректемелер: Монғолия,Моғолстан, Темір мемлекетіне және Орталық Азияның басқа да елдеріне қытай елшілерінің, барлаушылары мен жолшыларының, көпестерінің жазбалары, ортаазиялық елшілер мен мұсылман көпестерінен алынған мәліметтер қосымша материалдар болып табылады. Сонымен бірге олар өңделген түрінде қытайдын ең басты ресми еңбектерінің бәрі кірген, олардың ерекшеліктері - Мин империясы күйрегеннен кейін жазылған. <<Мин ши>> Қытайдың 25 әулеттік тарихының дүниежүзілік мәдениеттің бірегей ескерткіштерінің бірі болып табылады. Оны авторлар ұжымы жазған және 1645-1735 жылдарды қамтиды. <<Мин шилу>> - көптеген императорлар билеуінің хроникасы, онда олардың күннен күнге жасаған қызметі туралы жазбалар бар. <<Мин хой яо>> - тақырыптық белгісі бойынша жасалған тарихи құрама еңбектің үлгісі. Онда шет жерлердегі елдер, олардың орналасқан жерлері, қалалар, халықтардың әдет-ғұрыптары, елшілік байланыстар туралы мәліметтер бар. Қытай деректемелері белгілі мұсылман деректемелерін өзінің жүйелігімен, уақыты жағынан ұзақтығымен және жан-жақтылығымен едәуір толықтыра түседі. Орыс деректемелері. Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеуде ХІУ-ХУП ғасырлардағы орыс құжаттары мен мұрағат материалдарының зор маңызы бар. Орыс жерлері Алтын Ордаға бағынған кезең жылнамаларында орыс князьдарының Орданың билік орындарымен қарым-қатынастарының көптеген жақтары көрсетілген. Оларда Орданың ішкі, қоғамдық саяси жағдайы туралы, атап айтқанда, XIV ғасырдың 60-70 жылдарындағы Орда шонжарларының түркі топтарының өзара қырқысқан күресі туралы айтылады. Қазақстан және Орталық Азияның шектес аумақтары халқының тарихын зерттеудегі орыстың деректі материалының маңызы XVII ғасырда барған сайын арта түсті. Сол ғасырдың аяғына қарай бұл халықтардың өздері де орыстарға бұрынғысынан гөрі неғұрлым белгілі бола түсті. 2. Соңғы орта ғасырлардағы Қ азақстанның тарихнамасы XVIII ғасырда орыс зерттеушілерінің сол кезеңдегі қазақтар туралы мағлұматтар, негізінен тұрмысы, шаруашылығы, ғұрыптары, нанымдары, жүздердің рулық-тайпалық құрамы, орналасуы туралы этнографиялық мағлұматтар жинауы жалғастырылып, халықтың шыққан тегі туралы аңыз-әңгімелер зерттелді. Бұл зерттеушілер арасында П.И.Рычков, И.Г.Георги бар. Қазіргі авторларға қазақтардың жағдайын сипаттап беретін бұл материал Кеңестік дәуірдің 80-90 жылдарындағы отандық тарихнамада революцияға дейінгі орыс тарихнамасында Қазақстан тарихының зерттелу мәселесін қарастыруда 50-70 жылдармен салыстырғанда зор ілгері басушылық байқалады. 50-70 жылдары бұл мәселенің кейбір қырларын зерттеудің негізін салып, оны жан-жақты қарастыруға атсалысқан қазақстандық тарихшылар Д. Дулатов, В. Галиев, Ж. қасымбаев, Ж. Махашев, И. Ерофеева, В. Толочко және т.б. өзінің бұл саладағы ізденістерін одан әрі жалғастыра түссе, орыс тарихнамасының ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ Қазақстан тарихына қатысты жекелеген, әлі де сөз болмаған жайларын зерттеуге, осы кезеңде басқа да тарихшылар атсалыса бастады. Аталған кезеңде қарастырып отырған мәселеге, қазақстандық ғалымдар В.Басин, Р.Киреева да көңіл аударды. Олар өз ғылыми ізденістерін ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1917 жылдар аралығындағы Ресей тарихнамасының қазақ халқының тарихын зерттеуіне арнады. Өзінің алғашқы орыс дворяндық революционерлері - декабристердің қазақ халқының тарихын зерттеуіне арнаған ғылыми ізденістерін ілгері жалғастырып В.Галиев 90-жылдардың басында <<Декабристы и Казахстан>> атты монографиясын жариялады. Бұл еңбек ХІХ ғ. Бірінші ширегіндегі алғашқы орыс азаттық қозғалысы өкілдерінің Қазақстанның Ресейге қосылуын зерттеуі ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап еліміз тарихшыларының тыңғылықты және жан-жақты зерттеу тақырыбына айналғаны және бұл мәселені алғаш рет отандық тарихнамалық зерттеулердің негізін салушылардың бірі Д. Дулатова <<Чокан Валиханов о присоединении Казахстана к России>> (1963) деген мақаласында көтергені баршаға белгілі. Бұдан кейін 80-90 жылдары бұл мәселенің түпкі аспектілері , атап айтқанда, ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы дворяндық-буржуазиялық тарихнамада Қазақстанның Ресейге қосылуының жалпы мәселелернінің зерттелуі Ж.Махашевтң, Е.Ерофееваның мақалаларында; революцияға дейінгі орыс тарихнамасында Орта жүздің Ресейге қосылу процесінің жекелей қарастырылуы П. Қайсарбековтің зерттеу объектісі болды. 60-70 жылдары еліміздің кейбір тарихшылары (В.Толочко) және қазақ-орыс әдебиеттері байланысын зерттеуші белгілі әдебиетші ғалым К.Кереева-Канафиева Қазақстан тарихының революцияға дейінгі Ресей баспасөзінде зерттелу мәселесін көтерген болатын. 80 жылдардың екінші жартысында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы орыс журналдарының беттерінде Орта Азия мен Қазақстанға қатысты мәселелердің зерттелуі А.Алексеенконың докторлық монографиясы тақырыбы болды. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей тарихнамасы өкілдерінің Қазақстан тарихының нақты мәселелерін зерттеуі аталған кезеңде А.Абилевтің де назарын аударды. Ол өзінің мақаласында 1768-1874 жылдары өткізілген Екінші академиялық экспедиция мүшелерінің еңбектеріндегі қазақ халқының тарихы мен этнографиясының зерттелуін қарастырады. ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы зерттеушілердің революциияға дейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайын талдауға арналған мұрасын зерттеуге 80 жылдары көпетеген тарихшылар өз еңбектерін арнады. ХVІІІ және ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы орыс тарихнамасында Қазақстанның Ресеймен сауда-саттық орталығы ретінде Орынбордың дамуы туралы революцияға дейінгі зерттеулерге И.Ерофеева мен Ж:Қасымбаевтың мақалалары, РЕсей университеттері мен ғылыми қоғамдарының және елдің өз ішіндегі түрлі аймақтардағы (мысалы, Шығыс Қазақстан қалаларындағы) ғылыми және ағарту мекемелерінің ХІХ ғасырда Қазақстанның мәдени дамуындағы рөлі тарихшылардың ерекше назарын аударды. Бұл проблема жөнінде С.Зимоновтың, Ж:Қасымбаевтың зерттеулері бар. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Сібір баспасөзінің материалдары бойынша Қазақстан өлкетануының кейбір мәселелерін және ежелгі кезден бастап, 1917 жылға дейін нақты Шығыс Қазақстан өлкетануын зерттеу Р.Федорованың кандидаттық жұмысының объектісі болды. Кеңес уақытындағы (1980-1990) Отан тарихнамасында ғалымдардың жеке тұлғасына, яғни революцияға дейінгі Қазақстан тарихын қарастырған орыс ғалымдарының бір тобының немесе жекелеген тұлғаларының шығармашылығын зерттеуге арналған ңбектер көптеп жарияланды. ХVІІІ ғасырдағы жергілікті Түркістан өлкетанушысы И.Андреевтің қазақ халқын зерттеу тарихы мен орыс ғалымдары мен мен саяхатшыларының еңбектері мен жазбаларында ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан тарихы мен царизмнің Орта жүздегі жүргізген нақты саясатының зерттелуіне М.Ерофеева мен С.Урашевтың мақалалары арналды. Революцияға дейінгі орыс тарихнамасындағы Ішкі Орданың сипатталуы жас зерттеуші к. Кобландин мен тарихшы ғалымдар Э. Масанов пен Ж.Қасымбаевтың зерттеу тақырыпытары болды. Қазақстан тарихының кейбір мәселелерінің зерттелуіне арналған әскери тарихшы М.И.Венюковтың еңбектеріне талдау Н.Алексеенконың <<Хранители памяти>> (1988) кітабында берілді; Қазақстан өлкетанушысы Н.Ивлев өз еңбегін А.Ф.Голубевтің еңбектерін зерттеуге арнады. 80 жылдары П.Рычковтың Қазақстан туралы мұрасын; қазақтардың дәстүрлі құқығының зерттеушісі ретінде А.Левшиннің еңбектерін; революцияға дейінгі Қазақстан тарихын зерттеу үшін дерек ретінде Г.Генстің қолжазбаларын тарихшылар А.Абилев, Н.Ахметова. Р.Бекназаров пен С.Шакиров зерттеді. Кеңес дәуіріндегі тарихшылардың тарихнамалық еңбектерінің ішінде Д.Дулатованың 1984 жылы жарияланған <<Историография дореволюционного Казахстана>> (1861-1917ж.ж) деген монграфиясын еркше бөліп айтқым келеді. Онда Ресей тарихнамасының реформадан кейінгі кезеңінен 1917 жылға дейінгі аралықтағы қазақ халқын зерттеуінің қорытындылары шығарылған. Бұл еңбек аталған мәселені зерттеуге қосылған елеулі үлес болып табылады. Қарастырылған мәселерді тұжырымдай келе айтарымыз, біздің пайымдауымызша, орыс тарихи ойының Қазақстанды зерттеуі Кеңес, сонымен қатар отандық тарих ғылымының қалыптасу мен дамуына бүтіндей сәйкес келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Бірінші кезең - ХХ ғасырдың 20-50 жылдардың аяғын қамтитын, кеңестік тарихнаманың марксистік-лениндік бағытқа өтіп, тарихи мәселелерді зерттеуде крнцептуалдық ережелерді қайта қарауымен сипатталады. Бұл кезеңдегі кеңестік тарихнамада орыс зерттеушілерінің Қазақстан туралы мұрасы арнайы тарихнамалық зерттеу объектісі болған жоқ. Ғалымдар (орыс зерттеушілерінің еңбектерін) қазақ халқының тарихына қатысты аса құнды дерек ретінде ғана зерттеді. 1946 жылы Қазақстанда Ғылым академиясының құрылуы мен Тарих институтымен Шығыстану секторының ашылуынан кейін елімізде республиканың тарих ғылымы дамуының жаңа кезеңі басталады. Көптеген тарихшылар орыс тарихнамасының Қазақстанды зерттеуге қосқан зор үлесін тереңірек қажеттілігін өткір сезіне бастайды. Мәселен, Қазақстан тарих ғылымының 40 жылдардың екінші жартысына дейін атқарған жұмыстарының қорытындылары мен болашағы жайлы айта келіп Х.Айдарова: <<Некоторые итоги и перспективы развития исторической науки в Казахстане>> деген бағдарламалық мақаласында нақты тарихнамалық зерттеулердің қажеттілігін атап көрсетті. Сөйтіп, 50-ші жылдардың аяғы мен 60-жылдардың басында отандық тарихшылар тарихнаманы және оның ішінде Қазақстанның революцияға дейінгі орыс тарихнамасын зерттеуге бет бұра бастайды. Бұл мәселенің Кеңес дәуіріндегі отандық тарихнамада зерттелуінің екінші кезеңін 60-91 жылдармен шектеуге болады. Мәселенің Қазақстан тарихы көлемінде бөлініп, дербес қарастырылуы оның алдыңғы кезеңмен салыстырғандағы ерекшелігі болып табылады. Жоғарыда біз сөз еткен ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында революцияға дейінгі орыс тарихнамасының Қазақстан тарихын зерттеу мәселесін қарастыруды кеңестік тарихнамада 50-70 жылдармен салыстырғанда зор ілгері басушылық байқалады. Үшінші кезең - 1991 жылдан басталып жалғасып келеді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихшылары кеңестік идеологиялық қыспақтан, тарихқа деген таптық, формациялық көзқарастардан арылып, деректік негіздерін кеңейтіп тақырыптың жекелеген нақты мәселелерін қарастыруды тереңдетіп жатыр. Алайда, 50 жылдардың аяғы мен 1991 жылдың аралығында отандық тарихнамада ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы Ресей тарихнамасында Қазақстанның зерттелуінің тарихын түрлі дәрежеде қозғайтын бірқатар еңбектердің пайда болғанына қарамастан, бұл күрделі мәселені толық және тұтастай қамтып байыптаған ғылыми зерттеу әлі туған жоқ. Бұл - біздің өкінішіміз. Бекіту сұрақтары: 1)Қазақстанның экономика тарихының қандай деректемелерін білесіз?. 2)Қазақстанның экономика тарихының тарихнамасна қысқаша шолу беріңіз? * №3-4 лекция Қазақстан тас ғасырында: экономикалық аспект. Негізгі ұғымдар: Табиғи орта, ауа райы, мәдениет, өңдеу тәсілі, нуклеус, Маханджарлық, Атбасарлық мәдениеттер, неолиттік төңкеріс, ботай мәдениеті, жануарлардың доместикациясы. Жоспар: 1.Ерте гоминидтердің полеогеографиялық өмірсүру жағдайы. 2. Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдері. 3.Мезолиттегі жер өңдеу мен мал шаруашылығы элементтері. Аңшылық, балық аулау шаруашылықтары. 4. Неолиттік революция - адамзаттың экономикалық ұмтылысы. 5. Тас индустриясының дамуы және энеолит кезеңіндегі мыс құралдардың пайда болуы. Лекция 1.Ерте гоминидтердің палеографиялық өмірсүру жағдайы. Қазiргi Қазақстан жерiн ежелгi адамзат баласы бұдан 1 млн-дай жыл бұрын мекен еткен. Оны Қаратау, Маңғыстау өңiрлерiнен табылған тұрақтардан алынған материалдар дәлелдейдi. Қазақстан жерiндегi ерте палеолиттiк (эоплейстоценнен бастап б.з.б. 150 -- 130 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер Қаратау, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Ертiс алабынан табылған. Орта палеолитке (мустье) жататын (б.з.б. 150 -- 130 мыңжылдықтардан б.з.б. 35 -- 30 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер де бұл өңiрлерде көп. Кейiнгi палеолит (б.з.б. 30 -- 35 мыңжылдықтардан б.з.б. 12 -- 10 мыңжылдықтарға дейiн) дәуiрiнде адамзат жерiмiздiң барша аймақтарына тараған. Республика аумағындағы тас дәуiрi әртүрлi ендiктердегi әлемдiк дамудың (олдувей мәдениетi, ашель мәдениетi, мустье мәдениетi, т.б.) барлық заңдылықтарын сақтаған. Ежелгi тас құралдары Қаратау қыратының оңт.-батысындағы Арыстанды өз. алқабының төм. төрттiк дәуiрiне қатысты ең биiк сөресiн құрайтын, тұтасып қатып қалған конгломераттар қабатынан табылған. 2.Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдері. Қаратау сiлемдерiндегi ашель кезеңiнiң тұрақтары көп. Ең көрнектiлерi Бөрiқазған мен Тәңiрқазғаннан табылған бұйымдар төрт топқа: бiр жақты, екi жақты шапқыш құралдар; зiл мен сындырғыштар; домалақ iрi бұжыр тастар топтарына жатады. Мұндай шапқыш құралдар Оңт.-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель кезеңiндегi бұйымдарға өте ұқсас. Түркiстан қ. маңындағы Қошқорған, Шоқтас ескерткiштерiнен табылған тас құралдардың жас мөлш. б.з.б. 500 мыңжылдықтан әрi асады. Ашель кезеңiнiң ескерткiштерi Орт. Қазақстаннан (Құдайкөл, Жаманайбат, Обалысан, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Қозыбай), Маңғыстаудан (Шақпақата, т.б.), Мұғалжар тауларынан (Жалпақ, Мұғалжар, т.б.) да табылған. Екi жақты шапқыш (бифас) құрал, әсiресе, соңғы аталған өңiрдегi бiрнеше орындардан зерттелдi. Мустье кезеңiне жататын тұрақтардың ең маңыздылары Қаратаудан (Уәлиханов атындағы тұрақ, Шақпақ, т.б.), одан соң Бат. Қазақстаннан (Шақпақата, Құмақапа, Аққыр, т.б.), Сарыарқадан (Бұрма, Семiзбұғы 2-10, Аққошқар, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Бөдене-1, т.б.), Жетiсудан (Ақтоғай, т.б.) табылған. Кейiнгi палеолит жұрттарында бұрынғысынша, ұсақ малта тастардан жасалған шапқыш құралдар, салмақты қырғыштар, үш бұрышты қалақшалар көп, олар дөңгелек тұрпатты өзектастардан омырылып алынған. Омыру техникасы жетiлдiрiлген, көп қырлы призма пiшiндес өзектастар да табыла бастады. Соғып түзету техникасы кең қолданылған, ол жүзi жұқа құралдар -- найза, сүңгi ұштарын жасауға мүмкiндiк берген. Бұл кезеңде палеогеогр. жағдай қолайсыздау болғанымен, Қаратау жотасынан (Уәлиханов атынд. тұрақтың жоғ. мәдени қабаттары, Ащысай, Ұшықтас, т.б.), Шығ. Қазақстандағы Ертiс өз-нен (Қанай, Свинчатка, Пещера, Шүлбi, т.б.), Сарысу өз. өңiрi мен Солт. Балқаш өңiрiнен (Семiзбұғы, Тораңғы, Баршын, Батпақ, т.б.) табылған тас бұйымдар осы кезең туралы мейлiнше толық мағлұмат бередi. 3.Мезолиттегі жер өндеу мен мал шаруашылығы элементтері. Аңшылық, балық аулау шаруашылықтары.Палеолиттен мезолитке (б.з.б. 12 -- 10 -- 5 мыңжылдықтар) өткен кезеңдерде қазiргi кездегiге жуық табиғи келбет орнықты. Садақ пен жебенiң ойлап табылуы аңшылық кәсiпке үлкен мүмкiндiктер туғызды. Бұл дәуiр ескерткiштерi Қазақстанда аз зерттелген. Оңт. Қазақстанда (Маятас, Жаңашiлiк-1-3, т.б.), Орт. Қазақстанда (Қарағанды-15, Әкiмбек, т.б.), Солт. Қазақстанда (Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2, Атбасар, т.б.), Торғай ойпаты аудандарында (Дүзбай-6, т.б.), Қостанай қ. маңында (Дачная, Евгеньевка, т.б.) орналасқан тұрақтар адамдардың шаруашылығынан, дүниетанымынан мол мағлұмат бередi. Неолит (б.з.б. 5 -- 3 мыңжылдықтар) дәуiрiнде адамдар өнiм өндiруге бет бұра бастады. Микролиттiк (жебе ұштары, саптамалы құрал жүздерi) және макролиттiк мәдениет (тас балта, қашау, кетпен, дән уатқыш, келi, пышақ, қырғыш, т.б.) дами түстi. Тас өңдеу (тегiстеу, аралау, бұрғылау), сүйектен, мүйiзден, ағаштан бұйым жасау жетiлдi. Қыш ыдыстар жасала бастады. Мекендерiне байланысты неолит, энеолит қоныстарының бұлақтық, өзендiк, көлдiк, үңгiрлiк деп топталатын 600 орны анықталды. Қоныс орындары Қаратау алқабынан (Қараүңгiр, Арыс, Дермене, Тасқотан, т.б.), Арал маңынан (Жалпақ, Ақеспе, т.б.), Сарыарқадан (Жезқазған, Сарыбұлақ, Қарағанды кешендерi, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Соцчигиз, т.б.) табылды. Ақмола обл. Атбасар ауд-ндағы Атбасар мәдениетi (б.з.б. 7 мыңжылдықтың соңы -- 6 мыңжылдық басы) жергiлiктi мезолит тайпаларының материалдық негiзiнде қалыптасқан. Мұнда 200-ге тарта тұрақ табылған. 4.Неолиттік ревалюция-адамзаттың экономикалық ұмтылысы. Торғай ойпатында неолит дәуiрiне жататын Маханжар мәдениетiнiң тұрақтары ашылған. Сондай-ақ, бұл заман ескерткiштерi Ертiс алабында (Усть-Нарым, Пеньки, Железинка моласы) да көп. Неолит дәуiрiнде дәстүрлi аңшылық, балық аулау, терiмшiлiк сақталды. Өндiрушi шаруашылық негiзi -- қарапайым егiншiлiк пен мал ш. пайда болды. Бұл энеолиттiк (б.з.б. 3 -- 2 мыңжылдықтар) тұрақтардан айқын көрiнедi. 5.Тас индустриясының дамуы және энеолит кезеніңдегі мыс құралдарының пайда болуы.Көкшетаудағы Ботай бекетi жанындағы Ботай мәдениетi, Торғайдағы Терсек мәдениетi солт. өңiрлердегi далалық энеолиттi сипаттайды. Осы мәдениеттердiң көптеген материалдық деректерi байырғы адамдардың дiни нанымынан, шаруашылық жайынан хабар бередi. Күнделiктi өмiрде бiрқатар заттар мыстан жасала бастаған. Мақсаты: Қазақстан тас ғасырында: экономикалық аспект тақырыбына байланысты тас ғасырының еңбек құралдарының қарапайымнан бастау алып,бүгінгі күнгі технократиялық дамуға дейінгі жетілдірудің эволюциясы негізімен экономикалық дамуға қол жеткізген адам баласының қабілетінің шексіз дамуы туралы проблемалық ой қозғау. Лекция. Бекіту сұрақтары: 1.Ерте гоминидтердің полеогеографиялық өмірсүру жағдайы қандай болды? 2. Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдерінайтып беріңіз? 3. Аңшылық құралдарын атап беріңіз? 4.Балық аулау тәсілдері қандай болды? №5-6 лекция Қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығымен қоғамдық қатыныстары. Негізгі ұғымдар: Көшпелі, мал шаруашылығы, Нұра, Атасу, Беғазы- Дәндібай, от өткізу әдісі. Түркі тайпаларының тарихи аренаға шығуы. Жоспар: 1). Қоланы меңгеру. Ерте металлургия. 2). Қола дәуірінің тайпаларының шаруашылығы мен бөліну ариалы: - мал шаруашылығы - жер өңдеу - үй тұрмысы 3). Қоғамдық қатынастар. Мақсаты: Қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы мен қоғамдық қатынстарының экономикалық даму тарихы туралы біліктіліктерін дамыту. . 1.Қоланы меңгеру. Ерте металургия. Қола дәуiрiнде (б.з.б. 2 -- 1 мыңжылдықтар) мыс пен қола металлургиясы дамыды (қ. Ежелгi кен қазбалары). Тайпалар мал және егiн ш-тарымен кешендi түрде айналыса бастады. Еңбек өнiмдiлiгi артты. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншiк кеңейдi, рулық қауым iшiнде мүлiк теңсiздiгi өстi. Қола -- еңбек құралдары мен қару жасау үшiн қолданылатын негiзгi шикiзат көзiне айналды. Қола дәуiрiнде Сiбiрдiң, Жайық өңiрiнiң, Қазақстан және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегi жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендедi; бұл тайпалар өзiнше бiр үлгiдегi жарқын мәдениет қалдырды. Мұны 1914 ж. Сiбiрдегi Ачинск қ-ның маңынан табылған Андрон деревнясы атымен аталатын Андрон мәдениетiн қалдырған тайпалар ескерткiштерiнен көруге болады. Андрон мәдени-қауымдастығы таралған аймағына және өзiндiк белгiлерiне қарай үш тарихи кезеңге бөлiнедi: ерте кезеңi -- б.з.б. 18 -- 16 ғ-лардағы Петров мәдениетi; орта кезеңi -- б.з.б. 15 -- 12 ғ-лардағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттерi; соңғы кезеңi -- б.з.б. 11 -- 9(8) ғ-лардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндiбай мәдениеттерi. Ғылымда Андрон мәдени-тарихи қауымдастығы тарихи кезеңдерiне қатысты түрлi пiкiрлер бар. Дегенмен, ғалымдардың көбi бұл кезеңдер бiрiн-бiрi алмастырып отырды деген пiкiрге тоқтаған. Қола дәуiрiндегi әрбiр мәдениет жерлеу құрылыстарымен, қабiрге қойылған заттарымен ерекшеленедi. Бұл кезеңде түрлi металдардың қорытпаларынан еңбек құралдарын (пышақ, орақ, шалғы, балта), қару-жарақ (қанжар, найза, жебе ұштықтары), әшекейлiк бұйымдар (тоға, бiлезiк, моншақ, тарақ) жасау жетiлдiрiлдi. Ертедегi шеберлер металл құю, соғу, бедерлеу, өрнек салу, тегiстеу, әрлеу тәсiлдерiн жақсы меңгере бастады. Тас құралдары да (дән уатқыш, келi-келсап) бұрынғысынша пайдаланыла бердi. Мүйiз, сүйек, шақпақ, тас, қыш, терi, жүн, ағаштардан бұйымдар жасау iсi жетiле түстi. Мал ш. мен кен байыту iсi қоғамдағы ер адамдар рөлiн күшейттi. Бұл өз кезегiнде аналық тек үстемдiгiн аталық тек билiгiнiң алмастыруына алып келдi. Дiни ұғымда отқа, ата-баба аруағына табыну түрлерi кең тарала бастады. Қола дәуiрiнiң өзiндiк мәдени кезеңдерi Қазақстанның барлық аймақтарынан байқалады. Қола дәуірінде малды қолға үйрете бастады. Төрт түлік малдың ішінде ең бірінші үйретілгені жылқы және қой, ешкі болды. Маолдың қолға үйретілуі көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтың шығуына үлкен әсерін тигізді. Тайпалар мен тайпалық одақтардың көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысуына себеп болған жағдай табиғи-климаттық жағдай. Табиғи-климат, географиялық ерекшеліктер сол жерде тұрған адамдардың шаруашылықтың қандай түрімен айналысуына бірден-бір себеп болды. Шаруашылығына байланысты көшпелі өмірдің дәстүріне ауысты. Сонымен қатар егіншілік мәдениеті де қатар дамыды. Қазақстан жерінде негізінен дәнді дақылдар егілді. Табылған археологиялық қазбалар бүгін соны дәлелдеп отыр. Қола дәуірінде еңбек өнімділгі тас ғасырына қарағанда анағұрлым артты., оны бүгінгі ғылым жетістіктері толық дәлелдеп отыр. Қорыта келгенде қола дәуірінің үлкен жетістігін көруге болдады. Бекіту сұрақтары: 1). Қоланы игеру тәсілі қандайболды? 2). Қола дәуірінің тайпаларының шаруашылығы мен бөліну ариалын атап беріңіз? 3). Қоғамдық қатынастары қалай жүрді? 4 Еңбек өнімділігінің артуының себептері.. №7-8 Темір дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарынын шаруашылығы. Негізгі ұғымдар: Экстенсивті мал шаруашылығы, богарлық жер өңдеу, жоғалған үлгі әдісімен құю. Жоспар: 1. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына өту. Жеке меншік қатынастары. 2. Жер өңдеу және ирригация. 3. Қол өнер. 4. Сауданың дамуы. Дала жолының маңызы Лекция 1.Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен қоғамдық қатынастар.Темiр дәуiрiнде (б.з.б. 7 ғ-дың басы) адам еңбегi анағұрлым өнiмдi бола түстi. Темiр өндiру қосымша өнiм мөлшерiнiң артуына жағдай туғызды. Көлiк ретiнде жылқы кеңiнен пайдаланылды. Табиғи орта мен климат жағдайларына байланысты мал ш-ның негiзгi үш түрi: көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшылық дами түстi. Темiрден ер-тұрман әбзелдерi (ауыздық, т.б.), қару-жарақ, тұрмыс бұйымдарының жаңа түрлерi жасалды. Көшпелi тұрмыста киiз үй, арба, күйме кеңiнен қолданылды. Малға және жерге отбасылық меншiк нығайды. Қауымдар арасында жайылым, мал үшiн қақтығыстар жиiлей түстi. Ерте темiр ғасыры дәуiрiнде (б.з.б. 1 -- мыңжылдық ортасы) Қазақстандағы тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңт., шығыс және орт. аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына (қ. Сақтар), ал батыс, солт. аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бiрлестiгiне бiрiктi. Археол. деректер бұл бiрлестiктерде мемл. нышандардың болғандығын аңғартады. Сақтардың оңт. өңiрлердегi Бесшатыр, Есiк обасы, Түгiскен, Ұйғарақ, т.б. ескерткiштерi олардың мәдениетi мен өнер жетiстiктерiнiң бiрегей туындылары болып табылады. Шығ. Қазақстандағы тайпалар материалдық мәдениетi майәмiр (б.з.б. 7 -- 6 ғ-лар), берел (б.з.б. 5 -- 4 ғ-лар), құлажорға (б.з.б. 3 -- 1 ғ-лар) кезеңдерiне бөлiнедi. Майәмiр кезеңiндегi Шiлiктi обасы, Берел кезеңiндегi осы аттас обалардан алынған мағлұматтардан сақтардың әлеум. жағдайын, тұрмысқа қажеттi заттардан олардың шаруашылығы мен дүниетанымын аңғаруға болады. Орт. Қазақстан тайпалары Тасмола мәдениетiн қалдырды (жазба деректерi бойынша бұлар массагет тайпалары не исседондар). Мұны тастардың тiзбектеле, мұртқа ұқсай орналасуына байланысты "мұртты обалар" деп те атайды. "Мұртты" обалардың архит. кешенi қола дәуiрi тайпаларының табынушылық құрылыс өнерiнiң дәстүрлерiн айқын бейнелейдi. Савромат-сармат ескерткiштерi, әсiресе, Елек өз. бойында көп шоғырланған. Мұндағы Бесоба қорымы, Целинный қорымы, Сынтас қорымы, т.б. ескерткiштердiң құрылысы мен олардан табылған заттар бұл тайпаларда қолданбалы өнердiң жоғары болғандығын көрсетедi. Ертедегi көшпелiлердiң дiни нанымында отқа, күнге, от басы, ошақ қасы, ата-баба аруағына табыну орын алды, пұтқа, керемет күшке сенушiлiк сақталды. Қолданбалы өнерде скифтiк-сiбiрлiк аң кескiнiн бейнелеу нақышы кең тарады. Бат. және Солт. Қазақстандағы савромат мәдениетi тайпалары -- аландардың арғы тегi, Шығ. Қазақстанды аримаспылар, Жетiсу мен Оңт. Қазақстанды тиграхауда сақтары, Арал маңын массагеттер қоныстанды. Темiр дәуiрiндегi ежелгi тайпалар бiрлестiгi жөнiндегi жазба деректемелердi екi топқа бөлуге болады: 1) көне деректермелер (Геродот, Ксенофонт, Птолемей, т.б.); 2) ахамен әулетi (ежелгi парсы) сына жазбалары. Соңғы деректемелерде сақтардың үш тобы: хаумаварга сақтар, тиграхауда сақтар, тиай-парадрайа сақтар аталады; (қ. Қазақстанның ежелгi тайпалары). Мақсаты: Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы туралы толыққанды мағұлұмат беру. Жеке меншік қатынастарыдың пайда болуыныңдағы өндіріс құрал жабдықтарының маңызын дәлелдеу. Лекция. Бекіту сұрақтары: 1. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына өту. Жеке меншік қатынастары. 2. Жер өңдеу тәсілдері қанада йболды? 3. Ирригация - бұл ненің тәсілі? 4. Сауданың дамуында дала жолының маңызы қанадай болды? №9 -10 лекция Қазақстан жеріндегі отырықшы-егіншілік шаруашылығы. Негізгі ұғымдар:Қазақтың дәстүрлі егіншілігі, тайпалардың егіншілік мәдениеті. Жоспар: 1)Ертедегі Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың егіншілік мәдениеті.2)Орта ғасырдағы Қазақстан территориясындағы егіншілік шаруашылығы. 3) Қазақтың дәстүрлі егіншілігі. Мақсаты: Орта ғасырдағы Қазақстан территориясындағы егіншілік шаруашылығының мәдениетімен таныстыру. Отырықшы тайпалық одақтар Сырдария аңғарындағы, Арал маңын-дағы және Каспийдің солтүстігіндегі басқа дала тайпаларының біразы кірді. Сондай-ақ, оған Жетісу мен Сібірдің жартылай көшпелі және көшпелі рулары мен тайпалары енді. Бүл одаққа енген тайпалар Қазақстанның далалы ай-мақтары мен өзендерінің жағасында, көлдердің маңында көшіп-қонып жүрді. Истахри жазып қалдырған "Китаб месалик әл-мемалик" кітабының дерегі бойынша, Оғыз елі хазаралар мен қимақ-тар арасындағы жерлерді қамтып, Қарлүқ пен Бүлғар және мүсылман елдері Джурджана, Фараб, сондай-ақ, Исфиджаб-пен шектесіп жатқан. Махмүд Қашғари Оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін және әр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады. IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең жерлерді мекендейді. Оғыздардың қоныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларында, Сырдарияның Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегіне дейін жеткен. Олар Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойында, Арал өңірі мен шығыс Каспий аймағында шоғырланып қоныс тепті. Оғыздар жер иелігі отырықшы Хорезммен, Моуеренахрмен және Хорасанмен шектесіп жатқан.X ғасырда сонау Хазарияға дейін созылып жататын үлан дала, Солтүстік Каспийдің оңтүстік-шығыс Қарақүм шолі мен Арал аймағының Қызылқүмы Оғыз сахарасы деп аталған. Оғыздардың түрік тайпалары қарлүқтармен, тоғыз оғыздармен, қимақтармен жүргізген соғыстары жөніндегі мәлімет тарихи деректерде сақталмаған. X ғасырда Оғыз мемлекетіиің астанасы - Янгикент не-месе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Ол Қимак да-ласы арқылы Сарысу, Есіл және Нүра бойларына баратын сауда жолының үстінде орналасқан, сондықтан Сығнақ пен Оңтүстік Оралға баратыи керуен жолдары осы қаланың үстінен өткен. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік түрмысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды. "Жа-бғы" атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің бас-шысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарла-рын Кел-еркін деп атаған. Оғыз хандарын сайлау кеңестерде еткізілген, бұл әлгі әскери демократия дәуіріндегі халық жиналыстарының өзгертілген түрі тәрізді. Жабғудың <<инал>> деген атағы бар өз мұрагерлері болған. Жас кезінде оларды тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар (атабектер) тағайындалған. Сарайда әскери кеңеске сүйенетін оғыз әскерінің бастығы (Сюбашы) маңызды орын алған. Әскер басылары елдегі саяси оқиғаларға араласып, кейде тіпті жабғуға да қарсы шығып отырған. ІХ-Х ғасырларда Оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпа-лық институттардың тез ыдырауы жағдайында патриархат-тық-феодалдық қатынастар дамыды. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың бас кезінде Оғыз елінде алым-салықты тия-нақты түрде жинап отыру жүйесі орын алды, бүл - мемле-кетте түрақты басқару аппаратының қүрылғанын көрсетеді. Жабғынын салық жинаушылары мың адамға дейін жететін арнаулы отрядтардан қүрылды. Оғыздар қоғамында ақсүйек байлар тобы бөлініп шық-ты. Малға жекеменшіктік теңсіздіктің негізі болған. Тарихи деректемелер оғыздардың арасында отырықшы егіншілер мен қала халыктарының едәуір көп болғанды-ғын көрсетеді. Қалалардағы үйлер көбіне тастан, ағаштан, қамыстан түрғызылды. Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жент, Жуара, ал Сырдария-ның орта ағысында Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығнақ және Сауран т. б. қалалары болған. Оғыз көшпенділері Мәуеренахр, Хорезм және Жетісу сияқты егіншілігі да-мыған елдермен тығыз байланыс жасап түрған. Оларда қолөнер кәсібі, соның ішінде мал өнімдері мен шикізат-тарды өңдеу дамыды. Оғыздарда қүмырашылық өндірісі де өркендеді. Олар мекендейтін аумақтарда темір, күміс, алтын, мыс және асыл тастар өндірілді. Оғыздар табиғи күштерге табынып, бақсы-балгерлерге сенген. Сонымен бірге олардың арасында бірте-бірте ис-лам діні де ене бастайды. Оғыздар Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды.XI ғасырдың басында Оғыз мемлекеті қүлдырай бастатады. Отырықшы тайпалар IX ғасырдың бас кезінде кимектер Сырдарияға қарай жылжиды. Бүл жерде олар қарлұқтармен одақтасып, Сыр-дария бойындағы және Арал өңіріндегі қаңғар-печенег тай-паларын талқандайды. Печенегтерді бүл жерлерден ығыс-тырып, осында қоныс аударған оғыз тайпаларына оларды батысқа қарай қуып жіберуге пәрменді көмек береді. Мүның өзі сонымен бірге кимек тайпаларына Оңтүстік Орал мен Сырдария бойына дейін тақап баруға жол ашады және Кимек мемлекетінің күшейіп, өркен жаюына да се-бебші болады. Сондай-ақ Кимек билеушілерінің қүдірет-күші едәуір арта түседі. Олар мемлекетініц ішінде тайпа-лар ақсүйектерінің өкілдерінен билеушілерді тағайындап отырған. IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың бас кезінде, яғни Ки-мек қағанатының қүрылған уақытынан бастап, олардың ханы түріктердің ең жоғарғы лауазымы хакан деп аталған, немесе хандардың ханы деген мағынаны білдіреді. Хакан-нан кейінгі билік Қимақ мемлекетінің қүрамына енген тай-палар бірлестігін басқарған жабғулардың қолында болған. Олардың кейінгі жеке-жеке ру-тайпаларды шад-түтүктер билеген. Кимек мемлекетінің қалыптасып осуіне қарай, олардың тайпаларыньң қүрамы да езгеріп отырған. Тарихи дерек-тердің көрсетуі бойынша, бүл кезде қағанат қүрамына кірген тайпалардың саны 12-ге жеткен. Кимектердің 16 қаласы болыпты, бастылары Кимекия, Қарантия, Дамурия, Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар, Астур. Қимақтың ақсүйек байлары киімді қызыл және сары жібектен киетін болған, кедейлері жұпыны киінген. Қимақ қоғамындағы мал-мүліктің теңсіздігінің нәтижесінде көшпелі ақсүйектер пайда болады. Малы аз қимақтар кедейге айналады. Сөйтіп, қимақтардың қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің едәуір орын алғанын байқаймыз. Қимақтар қол өнермен, аң аулау, балық аулаумен шүғылданып, қыстауларды қоныс етіп, ша-ғын мекендерде түрған, бүл мекендер бірте-бірте қалаға айналған. Қимақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік жа-зуын пайдаланып, қамыс қаламмен жазған. Мәдени және әлеуметтік жағынан алғанда кимектер көп жағдайда VI - X ғасырларда көне түріктер қауымында қалыптасқан дәстүрлерді мирас етіп алып, оларды едәуір дамытып отырған. Лекция. Бекіту сұрақтары: 1)Ертедегі Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың егіншілік мәдениеті.2)Орта ғасырдағы Қазақстан территориясындағы егіншілік шаруашылығы. 3) Қазақтың дәстүрлі егіншілігін қалай түсінесің? №11 -12 лекция Ұлы Жібек жолы және Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттердің экономикасы. Негізгі ұғымдар: Ұлы Жібек жолы, ирригация, тайпа құрамы және қор тәртібі. Жоспар: 1. Тайпа құрлымы және көшу түрлері 2. Отырықшы-жер өңдеу шаруашылығы 3. Біртұтас әлеуметтік - экономикалық мәдениетте көшпелі және отырықшы мәдениеттердің интеграциясы. Мақсаты: Ұлы Жібек жолының қазақстан даласындағы экономикалық дамуымен қалалардыңөсуіне тигізген маңызын ашып көрсету. Дәріс мақсаты. УІ-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалаларның ел экономикасындағы орны. Қалардың сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналуы. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптык қоғамның шығуының айқын көрінісі еді. Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-катынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланы-сын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі - Исфиджаб (кдзіргі Сайрам) бол-ды. Оның толық сипаттамасын әл-Макдиси берген. "Ис-фиджаб ірі қала, - деп жазды ол. Оның рабады (кузеті) мен түратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базар-лар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қакпасы: Нуджакент қақпасы, Фархан кақпасы, Шахраны қақпасы, Бүхара қақпасы, әр қақпаның жанында рабады бар". Исфиджаптан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барған. УІ-ХІІ ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі бол-ған Исфиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес. Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі - Отырар. Араб-парсы деректеме-лерінде Отырар қаласы Фараб, одан бүрын Тарбан (Тра-бан) деп те аталған. IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлүқ жабғуының үлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер. ҮІІ-ҮШ ғасырларда Отырар шахристаны мүнарлары бар дуалдармен қоршалған. Бүл дуалдар қайта салынған түрінде ІХ-Х ғасырларға дейін сақталған. Оты-рар тоғыз жолдың торабында түрған. Одан шыққан жол-дың бір тармағы Шавгарға, екінші тармағы Сырдариямен жоғары ерлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып Шашқа, ал төмен қарай Жентке кеткен. Женттен Қызылқүм арқылы Хорезм мен Үргенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойымен Кавказға асып кететін болған. XIII ғ. Жібек жо-лының осы бөлігі Сарайшық, Сарай-Бату т.б. қалалардың үстімен жүрген. Отырар аймағында болған бірнеше үсақ коныстар мен қалалардың бірі - Кедер ІХ-Х ғасырларда оазистің астана-лық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мүньщ өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағы-нуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономи-касы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан орта ғасырдағы ең өскен қала болып саналады. Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Зе-марх Килликискийді Батыс түрік қағаны Дизабүл осы Тараз қаласында қабылдаған. Шамамен 630 жылы Қытай сая-хатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттай-ды. Ол көпестер қаласы деп аталған VII ғасырда Тараз "Yenлы Жібек жолындағы" ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылық кезінде түрік, қарлүқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басып алып, талай рет ойранын шығарғаны женінде тарихи мағлүмат-тар бар. Х-ХІІ ғасырларда Тараз қаласының су қүбырлары, со-нымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған мон-шасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі кетерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-ернектер салынған. Қат-ты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бүрышы сақталып қалған бүл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет енерінің тағы бір ескерткіші - Қара-хан күмбезі. Өкінішке қарай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта түрғызылып, соның салдарынан оның бас-тапқы жоспары бүзылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оньщ суреті ғана. Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында Томенгі Барысхан, Хаму-кент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Қүлан, Мерке, Ас-пара, Жүл, Баласағүн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатқан. Сондай-ақ, Іле өзенінің алкабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сияқты ба-сқа да қалалар орналасқан. Жібек жолдың бүл аймақтағы бөлігі Ферғаналық және Жетісулық бағыттарын қамты-ған. XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мүнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады. Сырдариядағы ірі қала - Сығнақ. Қазақстаннын солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жол-Дарының қиылысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығнақтың орнында Сунақ-ата жүрты бар. Бекіту сұрақтар 1.ҮІІІ-ХІІ ғғ. қала мәдениеті, сауда және ақша айналымы. 2.ХІІІ-ХҮ ғғ. қалалар, сауда және ақша айналымы. 3.ХІІІ-ХҮ ғғ. Қазақстан мәдениеті. Әдебиеттер 1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). Алматы., + 1994. 2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. А., 1996. 3. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982. 4. Н. Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. 5. Байпаков. К.М, Нуржанов А.Ұлы Жібек жолы және Ортағасырлық Қазақстан. А., 1992. 6. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982. 7. М. Қашқари. Түбі бір түркі тілі. А., 1993. 8. Қожа Ахмет Яссауи. Диуани Хикмет. А., 1993. Тақырыбы. XIV ғ. екінші жартысындағы Қазақсатан экономикасы. Ж о с п а р ы. 1 .Монғолдар шапқыншылығының Қазақсатан экономикасына әсері. 2. XIV ғ.екінші жартысындағы Қазақсатан аумағындағы шаруашылық жағдайлары. Мақсаты. XIV ғ.екінші жартысындағы Қазақсатан экономикасына Монғолдар шапқыншылығының тигізген зардаптарына тоқталу. XIV ғ.екінші жартысындағы Қазақсатан аумағындағы шаруашылық-экономика жағдайларының салаларын ашып көрсету. Лекция. Қазақ елінің өзіндік дамуына монгол шапқыншылығы зардабын тигізді. Монғолдар келгенге дейін дамудың жоғарғы сатысында түрған Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы - Баласагүн, Тараз, Алмалық, Сыганақ, Екіогыз секілді үлкенді-кішілі қалалар мен елді мекендер жер бетінен жогалып кетті. Yenлы империя қүруда Шыңғысхан жаулап алган жерлерін өзінің үлдарына бөліп берді. Қазақстан аумагы үш монгол үлысының қүрамына енді. 1227 жылы Шыңгысханның үлы Жошы өлгеннен кейін оның үлы Батый билік басына келеді. Батый Еділдің төменгі ағысында Алтын Орда атты жаңа монгол мемлекетін қүрды. Алтын Орда көпұлтты мемлекет болды. Оның қүрамына бір-бірінен қогамдық-экономикалық даму деңгейі жагынан айырмашылыгы бар, өзіндік мэдениеті мен салт-дэстүрі сақталган ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары-ең көбі қыпшақтар, қаңлылар, наймандар т.б., ал отырықшылардан-бұлгарлар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер енді. Мұнда монголдар азшылық болды. XIII гасырдың аягы мен ХІҮ ғасырда монголдар толыгымен түркіленіп, Алтын Орда халқы <<татар л ар>> деген атау алды. Монголдар шапқыншылыгы жаулап алган елдерінің экономикасын мешеу қалдырды. Марко Полоның айтуынша, монголдар жаулап алган жерлерінде қалалардың әскер енгізуіне бөгет жасайтын қамал-қабыргалары мен қақпаларының болуына рұқсат етпеді. Осылай ауыздықталган халық көнбіс келеді, бас көтере алмайды. Монгол феодалдары үстемдік еткен бір жарым мың жыл ішінде бұрын қалалық мэдениеті гүлденген, отырықшы-егіншілік дамыган, халық тыгыз қоныстанган Қазақстанның осы бөлігі бұрынгы экономикалық саяси және мэдени маңызынан айрылды. Өзінің стратегиялық жагдайына байланысты Оңтүстік-Шығыс қазақстан монгол шапқыншылыгы жоспарында маңызды орын алды. Елді мекендерді қирату, егістік жерді мал түягына таптату, бау-бақшалар мен суару жүйелерін жою, қалаларда сауданың тыйылып, олардың көрші қалалармен және егінші аймақтармен қатынасының үзілуі - осының бәрі Жетісудағы қалалар өміршщ экономикалық және әлеуметтік негізіне зиянын тигізді. Қол астындағы халықты ауыр салықтар мен төлемдер төлеуге мәжмүр етті. Алтын Орда тарихта Еуразия халықтарына жағымды әсері де болды: * мемлекеттердің орнауы, соның ішінде Русь мемлекеті; * монғол-түрік-славян мэдениеттерінің байланыстарының күшеюі; * Алтын Орда кезеңінің аяқталуы және Еуразия континентінде жаңа тарихтың басталуы; * Қытайдың бірігуінің аяқталуы; * Монгол билігінің ынталандыруымен сауданың, халықаралық қатынастың, пошталық қызмет жүйесінің енгізілуі; - Алыс халықтармен сауда және мэдени байланыс орнатылуы; * Ұлыс территориялары арасында сауда керуендері, елшілік адамдары жүріп жатты, саяхатшылар алыс елдерге, Еуропаға шығып, бұрын белгісіз болып келген Азиялық елдер мен халықтар жайлы мәліметтер таратты; * Монғолдардың билікті орталықтандыру идеясы барлық үйымдаспаған тайпалардың басын біріктірді; * Монғол кезеңінен кейінгі Қазақстан территориясында мемлекеттіктің хандық формада және әлеуметтік ұйымдасу нормаларының орындалуы. Алтын Орданың тарихы ішкі қайшылықтарына қоса, орыс княздарымен Ирандағы Қүлағу ханның эулетімен, Ақ Орданың және Хорезмнің билеушілерімен үздіксіз соғыстар жүргізді. Өзбек хан түсында 1312 жылы ислам діні Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жарияланды. ХІҮ ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда алауыздықтан әлсірей бастады. ХҮ ғасырда бірнеше үлыстар өз алдына хан сайлап алып, Алтын Орда біржола қүлады. Бұл үлыстардың ең ірісі ХҮ ғасырдың 30 жылдары Еділ мен Днепрдің аралығында қүрылған Ақ Орда болды. 20-60 жылдары Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан хандығы, Қырым, Астрахань хандықтары бөлініп шықты. Осы күрделі кезеңнің бастапқы сатысында Қазақстан тарихында Дешті - Қыпшақтағы және Орта Азиядағы Шыңғыс эулетінің иеліктерінде монгол дәуірінің ыдырау процесі жүрді. Соңғы сатысында жергілікті халық мемлекеті - Қазақ хандығы құрылуымен аяқталды. Монгол дэуірінен кейін де бұл аймақ - Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы сияқты бірнеше мемлекеттің қүрылуынан қүлауына дейінгі кезеңдерді бастан кешірді. Енді осы ХІҮ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан территориясындағы хандықтар мен халықтардың негізгі шаруашылықтары мен экономикалық жағдайына тоқталайып, қорытынды жасайын. ХІҮ -ХҮ ғасырлардағы Қазақстан халқының негізгі әрекеті, бү_ған дейінгі сияқты, көшпелі мал шаруашылығы болып кала берді. Көшпелілер қой мен жылқы, түйе, өзен жайылымдары мен тау бөктерлерін мекендеген ноғайлар мен қарақалпақтар ірі қара өсірді. Сондай-ақ, суармалы және табиғи егін шаруашылығымен, балық аулаумен және барлық жерде аң аулаумен айналысты. Жылқы көшкенде және соғыс жорықтарына мінетін көліктің негізгі түрі болды. Қой барлық жерде өсірілді. Негізгі тамақ түрі - еттен басқа ол тері, былғары, киім, төсек-орын, кілем, киіз бұйымдарын жасайтын жүнімен жоғары бағаланды. Мал шикізатын үйде өңдеу арқылы көшпенділер өздерінің киім-кешек және үй түрмысы жабдықтарына қажетін қанағаттандырып отырды. Қолы шебер адамдар ең күрделі бүйымдарды - ат әбзелдерін, қару-жарақ түрлері (қанжар, найза, садақ, жебе), арба, киіз үй сүйектері т.б. жасауға маманданды. Мал шаруашылығының үш түрі - көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылық - әкологиялық, саяси жағдайлар мен халықтардың жаппай қоныс аударуына байланысты кейде орын алмастырып отырды. Табиғи жер жағдайына және тарихи дэстүрлерге байланысты қалыптасқан көші-қон жолдарының бағыты да осындай шарттар мен жағдайларда ғана өзгеріске ұшырады. Қалыптасқан дәстүр бойынша, Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығының көшпелі тайпалары Шығыс Дешті Қыпшақтың жекелеген аудандарынан Сырдария аңғары мен оның салаларына, Қаратау бөктері мен Арал маңына барып қыстап жүрді. Деректер Іле алқабында Yenлы жұлдыз және Кіші Жүлдыз жайлаулары Шырын мен Шіліктің арасында Абыш жазығы жайылымдары болғандығын атап өтеді. ХІҮ ғасырда оңтүстік шығыс Қазақстан халқының шаруашылығында түбірлі өзгерістер болды. Монгол хандары мен феодалдардың үстемдігі ХІҮ ғасырдың аяғына қарай Жетісудағы отырықшы - егіншілік пен қалалық мэдениеттің түбіне жетті. Көшпелі мал шаруашылығ жергілікті халыктың басты шаруашылық кәсібіне айналды. Егіншілік іздері тек Жетісудың батысында Шу мен Талас аңғарында, қирап біткен қалалар айналасында ғана сақталды. Жазба деректерге қарағанда, ХІҮ ғасырда жаңадан елді мекендер, керуен сарайлар, бекіністер салына бастаған. Отырықшы егінші аудандар мен қалаларға билік жүргізу үшін қиян -кескі үрыстар толастамады. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудың далалы аймағын мекендеген малшылар мен оңтүстік Қазақстанның, Орта Азияның егінші және қала халқының арасындағы тауар айырбасы оңтүстікте қалалық және егіншілік шаруашылықтың, қырда мал шаруашылығының өркендеуіне қолайлы жағдай тудырды. Қалалар арқылы дала ақсүйектері арасына мүсылман діні, жазу, кітаптар таралды. ХІҮ-ХҮ ғасырларда бұрыннан басталған сауат ашу, бірігу, түркі эдеби тілінің үш негізгі диалектілік: қарлүқ-ұйғыр, ұйғыр-оғыз және қыпшақ - оғыз топтарына ұйысуы дами түсті. Монғол жаулаушылығы монгол тілінің таралуына ықпал ете алмады. Түркі ортасы монғол тілінің әлементтерін оп-оңай жұтып қойды. ХІҮ ғасырда қыпшақ тілінде көптеген эдеби ескерткіштер дүниеге келді, халық ауыз әдебиеті дамыды. Қыпшақтар мен басқа да түркі тайпаларының өз ауыз эдебиеті болды. Қыпшақ тілінің <<Кодекс куманикус>> атты ескерткішінде фольклор үлгілері (жұмбақтар, қанатты сөздер, жайдақ өлеңдер) сақталған. Оңтүстік Қазақстанның отырықшы - егінші аймагында ислам діні кеңінен қанат жайды, сопылық үйымдар ықпалын жүргізді, көшпелі халық шаман діні мен ата-бабалар аруагына сыйынуын тоқтатпады. ХІҮ ғасырларда көптеген түркі тілдес және монгол тілдес этникалық топтар бірлестігінен қазақ халқының қалыптасу процесі аяқталды. Монгол үлыстарына күшпен бөлінген халықтардың өз бетімен өмір сүру үшін күресі, езілген халықтардың өз ішіндегі өзгерістер Алтын Орда мен Шағатай эулеті қүрған мемлекеттердің ыдырау процесін тездетті. Монгол шапқыншылығы әкелген ауыр экономикалық зардаптар біртіндеп жолға қойылды: егіншілік, қала түрмысы жаңғырды, қолөнер кәсібі дамыды, мал басы саны өсті, орталық Қазақстан мен Жетісудың далалық аудандарының оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның жазиралы алқаптарымен сауда байланысы қайтадан қолға алынды. Қоғамдық қатынастар өркендеді. Бекіту сұрақтары: 1.Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудың далалы аймағын мекендеген халық қандай кәсіппен айналысты? 2. Егіншілік іздері Қазақстанның қай жерлерінен табылды? №13-14 лекция XV-XVII ғғ. қазақ хандығы: халқы және шаруашылығы Негізгі ұғымдар: Жер өңдеу, Күйме, хисар, Вакф, мүлік, мардинар, рийат, Ясы, Сайрам, Сығанақ, Жоспар: 1). Ұйымның түсінігінің жүздік бөліспен ауысуы 2). Мал және үй шаруашылығы. Жер өңдеу. 3). Қазақстанның кейінгі ортағасырлық қалалары: - қалалар және қала тұрғындары саны - қалалар құрылымы, қаланың жер иеленуі 4). Салық жүйесі.Күйме, хисар, Вакф, мүлік, мардинар, рийат, Ясы, Сайрам, Сығанақ, Мақсаты:XV-XVII ғғ. қазақ хандығының экономикалық даму тарихының ұлттықдәстүрлі ерекшеліг і туралы білімдерін дамыту. Дәріс мақсаты. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жерінде-гі ру-тайпалардың арасындағы тарихи қалыптасқан жағрафиялық ортақтастық пен мәдени-экономикалық байланыс-тар бұзылды. Моңғол басқыншылары көптеген қалалар мен елді мекендерді, егіншілік ошақтарын талқандап, өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті. Мұндағы экономикалық және мәдени байланыстардың жай-үйі сипатталады. Ірі ру-тайпалардың саяси жағдайларға байланысты қоныс аударуға мәжбүр болды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Моңғол феодалдарының Шығыс Қа-зақстан мен Жетісуда таңдаулы жайылымдарды тартып алуы, әсіресе жергілікті халықтың жиі-жиі ығысуына әсерін тигізді. Моңғол әмірлері өз үстемдігін берік үстау үшін жаулап алған елдерді үлыстарға бөліп, этникалық жағынан туыстас жергілікті халықты бір-бірінен бөліп тастауға тырысты.Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылық оолғанымен, халық болып қалыптасудың негізгі шарты тіл бірлігі жойылмады. Қайта, керісінше, уақыт өткен сайын моңғол шапқыншыларының өздері ез тілдерінен айырьілып, жергілікті ру-тайпалардың қалыптасқан түркі тіліне, ЭДет-ғүрпына, салт-санасына көшіп, XIV ғ. өзінде-ақ толық түркіленіп кетеді. Бірақ бүл кезде бүрынғы екі үлкен Расаның /нәсілдің/ байырғы еуропеидтік және кейін қосыҒан м°Ңғолоидтық нәсілдердің күрделі араласу нәтижеДе қазіргі қазақ халқы қүрамының /антропологиялық этникалық және лингвистикалық негізде/ бірыңғай тұтас қосындысы /қорытпасы/ келіп шығады. Алайда, бүкіл Қазақстанның жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге үшырап, Ақ Орда, Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Олар сая-си, мәдени және экономикалық жағынан бытыраңқы бол-ды. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бүл ру-тайпалардың барлығы кейін қазақ халқының қүра-мына кірген. ХІУ-ХУ ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық со-ғыстар мен тартыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға үмтылу процестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендері-нің тарихи-жағрафиялық, экономикалық және саяси оқша-улануының тарихи қалыптасқан жағдайларына /түрлі тай-палық одақтар мен ертедегі феодалдық мемлекеттерге кіруі/ байланысты этникалық жағынан біртүтастық пен бүтіндікке үмтыла отырып, үш негізгі этникалық - шаруашылық то-пқа бөлінді. Яғни, жағрафиялық жағдайына байланысты үш жүз қалыптасты. Олар: Yenлы, Орта және Кіші жүз. Yenлы жүздің орталығы - Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Орта жүздің орталығы - Орталық Қазақстанда және Кіші жүздің орта-лығы - Батыс Қазақстанда болды. Yenлы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жай-лайды. Оның қүрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқы-лы, қатаған, т.б. ру-тайпалар кіреді. Орта жүз Орталык Қазақстан аудандары мен Солтүстік-Шығыс Қазақстаннын бір бөлігін қоныс етеді. Оның қүрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, тарақты тайпа-рулары бар. Кіші жүздің мекені - Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оның қүрамындағы тайпалар одағы - Әлімүлы /қарасақал, қаракесек, кете, төртқара, шемекей, шекті/; Байүлы /адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқүрт, шеркеш, ысық, таз, масқар/; Жетіру /табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, телеу, рамадан/. Жүздердің үйымдасқан уақыты, қалай қүрылғаны әлі жете зерттелмеген. Үш жүздің пайда болуына ертедегі ел билеудің әскери тәртіпке негізделуінің де әсер етуі ықтимал. Қазақтың үш жүзі ешқашанда бір-бірімен жауласып, өзара араздыққа ба-рьш көрмеген. Керісінше, олар қазаққа қауіп тенгенде, казақ халкының тағдыры шешілер сәтте хандары, батырлары, билері, тағы да басқа беделді адамдары арқылы бір жерден табылып, мәселені бірігіп шешіп отырған. Жоңғарларға кар-сы соғыста солай болды. Қазақтар үш жүздің бірлігін қадірлеп, қастерлеп келе жатқан халық. Төле бидің "Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін" - деуі де осыдан. Мүндай үштіктің шығуына, бір жағынан, Ақ Орда, Но-ғай Ордасы және Әбілхайыр хандығының қүрылуы, Мо-ғолстанның оқшаулануы түрік және түріктенген моңғол тай-паларының қазақ халқы больтп бүрынғыдан да жедел әрі топтасу процесінің күш алуы комектесті. Екінші жағынан, қазақ тайпаларының феодалдык мемлекеттердің бұл жүйесінде үзақ болуы қазақ халқының үш этникалық тар-мақ, үш жүз болып қалыптасуын негіздеді. Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағы-нан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс-мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. Жалпы алғанда, XV ғасыр қар-саңында бүл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек "қазақ" деген этникалық ортақ атауға ие бол-ды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқтал-Ды. Бірақ бүл процесс кейбір себептермен байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының этника-лық қүрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет қүра-мына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптаскан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды. ХІУ-ХУ ғғ. көптеген жүрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. Мәселен, Темірдің соғыстары кезінде моғол топтары Жетісудан Орта Азияға қоныс аударады. Әбілхайыр түсында оған Моғол-станнан калучи және бүлғашы тайпалары кошіп келеді. Бір кездері керейлер Жетісудан Орта жүзге кетіп қалады, маң-ғыт-ноғайлар батыстан Сырдария бойына ауып келеді. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде XIV-XV ғасырларда орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбы-лыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің эко-номикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың ершуі, әлеуметтік қай-шылықтардың үдеуі XV ғасырдың екінші жартысында бүл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. Дешті Қыпшақ жеріндегі көшпелі еңбекшілер бүқарасы феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстар мен тартыстар-дың өршуіне, хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударумен жауап берді. Сөйтіп, XV ғасырдың 50-70 жылдары арасында Әбілхайыр хандығынан Жетісу-дың Шу мен Талас өзендерінің жазығына 200 мыңдай адам көшіп келді. Бүл кезде Жетісуды билеп отырған Моғол-стан ханы Есенбүғы (1434-1462) казақтардың мүнда қоныс аударуына қарсы болмады. Өйткені оның да өз есебі бар еді. Есенбүғы қазақ ру-тайпаларын өзінің ішкі және сыр-тқы саясатында, атап айтқанда, Әбілхайыр хандығына және Шығыстан күшейіп келе жатқан ойраттар шапқыншылы-ғына қарсы күресте, сондай-ақ хандықтың өз ішіндегі фео-далдық алауыздықпен талас-тартысты тоқтату үшін пайда-лануды көздеді. Ал қазақтардың Жетісу жеріне қоныс ауда-руының басты бір себебі, Әбілхайырдың қол астында қана-ушылықтың күшеюі болса, екінші бір себебі, оларды Шы-ңғыс әулетінен шыққан Керей мен Жәнібек сүлтандардың жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін қүру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өзінің ықпалын тигізді. Олардың халық қолдаған дербес мемлекет қүру саясатының нәтижесінде Жетісудағы рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Бүл арада түңғыш казақ хандығын құруға Керей мен Жәнібек сүлтандардың сіңірген еңбегін көрсете отырып, олардың саясатты кәсіп деп түсінген, жасынан қоғамдық-әлеуметтік өмірдің бағыт-бағдарын ойластырып, халық, ел тағдырына байланысты шешім қабылдап үйренген хандар-Дың отбасында өскен адамдар екенін айта кеткен жөн. Жәнібек қазақ хандығының түңғыш шанырағын көтерген Барақ ханның үлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғ-астыруы, әрине, табиғи құбылыс. Бұл кезде жаңадан кұрылған Қазақ хандығының алдын-да тарихи үш үлкен міндеттурщл. Біріншіден, жаңа қоныс-танған аймақта бұрыннан Дешті-Қыпшақ даласында қалып-тасқан дағдылы мал жайылымдарын қалпына келтіру. Екі-ншіден, "Yenлы Жібек жолы" бойында орналасқан ірі қолө-нер-сауда орталықтары - Сығнақ, Созақ, Сауран, Отырар, Ясы (Түркістан) және т.б. қалаларды қазақ хандығына қара-ту. Үшіншіден, бытырап жүрген қазақ ру-тайпаларын бір орталыққа біріктіріп, қазақтың этникалық территориясын қалыптастыру. Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды /1458-1473 жж./. Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайлан-ды /1473-1480 жж./. Бүлардың түсында Жетісудың қазақ рулары мен тайпалары 1462 жылы Моғолстан ханы Есен-бүғы өлгеннен кейін, ондағы феодалдық тартыстардың күшеюіне байланысты, езара ынтымақтықты нығайта түсуге күш қосты. Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан жерінен бірқатар рулардың ауа көшіп, Жәнібек пен Керейдің кол астына келуі Қазақ хандығын бүрынғыдан да күшейтті. Бүлар жаңадан қүрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери саяси күш-қуатын арт-тыра түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шық-қан сүлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолын-у дағы күресіне қосылды. Бүл күрес 1468 жылы ӘбілхайырІ өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Оның елінде қиян-кескі қырқыс басталып, халық ыдырай бастады. Мүны қазақ хані дары Керей мен Жәнібек тиімді пайдаланды. Олар бүдан 12 жыл бүрын өздері көшіп кеткен ата қонысы Дешті Қып-шаққа қайта оралды. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның мүрагер-леріне қарсы күрес жүргізді. Бүл күрестің барысында Әбіл-қайыр ханның орнына отырған мүрагер баласы Шайх Хай-дар өлтірілді. Әбілхайыр ханның немерелері Мүхаммед Шайбани мен Махмүд сүлтан Астраханға барып паналады. Күресте жеңіске жеткен Қазақ хандары 40 жыл Әбілхайыр билеген Дешті Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тай-паларды езіне қосып алды. Қазақ хандығының жері едәуір кеңейді. Бекіту сұрақтары: 1). Қазақстанның кейінгі ортағасырлық қалаларды атаңыз? - қалалар және қала тұрғындары саны - қалалар құрылымы туралы не білесіз? - қалалардың болуы нені білдіреді? №15 лекция XVII-XVIII ғасырдың басындағы қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының дағдарысқа ұшырауының себептерінің алғышарттары. Негізгі ұғымдар: протектарат, отаршылдық, Қазақ - жоңғар соғыс. Жоспар: 1) Қазақ - жоңғар соғыстырының негізгі себептері. 2) Ресейдің отаршылдық саясатының басталуы. 3)Қазақ жүздерінің Ресей протектаратын қабылдауы. Мақсаты:XVII-XVIII ғасырдың басындағы қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының дағдарысқа ұшырауының себептеріні мен алғышарттарын деректер негізінде көрсету. 1.Қазақ жерін отарлаудағы патша үкіметінің жүргізген іс-шаралары. ХVІІ - XVIII ғ.ғ. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс территорясын орта және кіші жүз қазақтары қоныстанды . Орта жүз рулары солтүстік-шығыс оңтүстік - шығыс және орталық қазақстан жерлерін мекендеген. Қазақстандағы өзендер бойынша Сарысу, Нұра, Есіл (Ишим), Тобыл, Торғай және башқұрттардың Оралдағы солтүстік батысындағы қонысы мен шекаралас болды. Ертіс ағысының орта жеріндегі батыс сібір. Кіші жүз қазақтары Қарақұмға дейінгі және Арал теңізі жағалауына Түркістанның шеті мен шектескен жерлерді және солтүстікте Ор, Елек, Жайық өзендерімен шекаралас жерлерді қоныстанып жайлаған. Жоңғар шапқыншылығы зардаптары отра жүз , кіші жүз қазақтарының ата қоныс аумақтарына өзгерістер еңгізуіне мәжбүр етті. Орта жүз Жайық өзенінің жоғарғы ағысына Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерінің төменгі ағысы сағаларына ие болып қалған. Ал, кіші жүз Каспий теңізіне және Жайық, Еділ өзендеріне қарай қоныстарын жылжытты. Сол кезде Қазақ даласы Ресей мен Қытай сияқты екі мықты алпауыт мемлекеттердің назарында болды. Бұл мықты мемлекеттер Еуразия контингенті орталығында өз территорияларын ұлғайту саясатына ХVІІ - XVIII ғасырларға дәл келді. ХVI ғ. Ресей Қазақ жерінің есебінен территорияларын бірте-бірте кеңейте берді. Ал ХVIII ғ. басында әскери линиялық бекіністер. Қазақ жеріне бекініс салып шекара ішіне сыналай кіруі арқылы жерімізді иемдене бастады. Қазақтарда жаңа линия жүргізуіне байланысты 70000 шаршы шақырым жер алынды. Жаңа линия ескі линиядан оңтүстікке қарай 200 шақырым ішкері , яғни Қазақ жерінің шекарасы ішке қарай ығыстырылды. Тек қана Ертіс бойында ескі линиядан оңтүстікке қарай 50 шақырымға ығыстырылып жаңа линия жүргізілді. Жер жоғалтуымен қатар өзгерістер енді көшпенді қазақтардың дәстүрлі көшу маршруттарының көп жылғы қалыптасқан жүйесі бұзылды. Мал жайылымы тарылды. XVIII ғ. ортасында басталған жаңа линия құрылысы ресей империясының қазақ даласын отарлаудың ашық жүргізген отарлық саясатының іс-әрекетінің жүзеге асуы болды. Солтүстік Қазақстанда жаңа линия бекініс құрылысының салынып бекуіне байланысты. Солтүстік Қазақстандағы Орта жүз қазақтарының көп жерлері Ресей империясына кетті. Звериноголовская - Петропавловск - Омск. Горькая линия бекіністері қазақ жеріне енудегі алаңға айналды. 1762 ж. 6 тамызында Сенат бұйрығы бойынша линия бойын жераударылғандар мен қоныстандыру жарлығы бойынша 60 жылдары XVIII ғ. Сібірден жераударғандар мен Польшадан шығарылған помещик-крестьяндар және қашқындар мен Ресейден келген еріктілер мен қоныстандырылды. Солтүстік Қазақстан аумағына бекініс салу "тарту " арқылы Ресей империясы екі мәселені шешті. Бірінші Қазақ даласына әскери күшін еңгізді және орыс келімсектері мен қоныстандыру арқылы қазақтың ұлттық тұтастығын бұзып дәстүрлі - Орта және Кіші Орда деп аталатын географиялық территориялық атауды өзгертіп. Орынборлық және батыс Сібірлік губернияға бөлініп атауында өзгертті. Осылайша Қазақ даласында Орынборлық және сібірлік қырғыздар (қазақтар Ө.И.) атауы пайда болды. Жайықтың жоғарғы (Верхне яицкая) линиясы. Ойыл өзені бекінісі.Красногорская (Қызыл жар) және Ор дистанцияларын қосатын Жоғарғы Жайық линиясы. 9 бекініспен 16 редут қашықтығы. 561,5 шақырым Орынбордан шығысқа және оңтүстік шығысқа. Орскіден Троицкі бекінісіне дейінгі жер аралығында қазақтар тығыз қоныстанған болатын Патша үкіметі арғын жағалбайлы, қыпшақтар рулары жазғы жайлаулары қоныстарының үстінен тікелей Ор дан Троицкіге тікелей жаңа бекініс тартты. Ескі бекініс пен жаңа бекініс аралығындағы жерлер қоныстанған қазақтардың иелігіне қалды. Қазақтар ол жерлерге енді бара алмады осылайша. Оның үстіне патша үкіметі.1832 ж. бұйрық бойынша әскери казактар бекіністен 15 шақырым жерлерге дейінгі аралыққа олардың пайдалану құқын берді. Мұндай жерден айырылу. Мал мен тіршілік етіп, жанбаып отырған қазақар наразы болып қарсылық жасаған жағдайда. Қарулы әскери дайындығы бар казак әскерлерін қарсы пайдалану үшін ұстаған болатын. Жаңа линия салынуы нәтижесінде қазақ халқын жерден қысты. Шеген би, Тархан Шақшақ батыр ұрпағы арғын руының рубасының бірі былай деген. Арғындар Тобыл, Тоғызақ, Аят өзендері бойындағы малға жайлы құнарлы қоныстарынан айырылып қалды . Біздің байларымыз мал кәсіпшілігімен айналысуға дәрменсіз болып отыр деп Ресей әкімшілігіне шағым хат жолдаған. Осыдан кейін шекараға казактарды қоныстандыру арқылы қазақ жерлерін иемденіп қалды. Қазақ жеріне шекаралық бекіністерді салу жұмысын патша үкіметі 1836 жылға дейін қысы жазы жүргізді. Қатты боран болып жол болмай қалған күндердің бәрінде жұмыс істеді (59 бетте) 1843-1847 жылдары Аманқарағай бекінісінде (Құсмұрын), Орынборлық (Торғай) өте ірі форпостылары салынып болды.Бұл бекіністерді Жаңа (Новый) линия мен Горький линиялар арқылы жабдықтап отырды. (67) Солтүстік Қазақстан жеріне осылайша шетінен сыналай кіріп төріне шығып, жергілікті қазақтардың қарсылығын басып жаныштайтын арнайы әскери үлкен топтарын бекіністерге түпкілікті орналастырып үлгерген.Аманқарағай бекінісінің негізі 1843 ж. қаланды. Орынбор және Сібір Қазақтарының территориясына салынды.Бұл жердің қазақтары Торғай өзеніне қарай қоныс аударып көшіп кетуге мәжбүр болды. Осылайша жергілікті қазақтар малдың жазғы жайылымы жайлауларынан айырылды. 1849 ж. әскерилер мен қазақтар қоныстандырылды. 4,5 млн. десятина құнарлы жерлерден айырылған. 2.Қазақтар мен Ресей арасындағы сауда сабақтастығы. Қазақ халқының Ресеймен арадағы байланысының алғашқы бағыттарының бірі- сауда қарым-қатынасы болды. Оның жолға қойылып, екі халық арасындағы байланыстың басталуы негізінен қазақ жерінің орыс мемлекеті құрамына қосыла бастау кезеңінен-ақ іске асырылды. Осы аталған уақыттан бастап қазақ даласының Шығыс, Алтай өлкесі де осындай екі жақты қарым қатынасқа тартылып, уақыт өткен сайын ол кең қарқынмен дами түсті. ХVIIІ ғасырдың бірінші ширегінен басталатын аталған аймақтағы сауда қатынасы алғашында негізінен айырбас ретінде жүрді. Жергілікті қазақтардың осы саладағы саудаланатын басты тауары мал және оның өнімдері болды. Бұлар Ресейлік өнеркәсіптік тауарларына, астыққа, әртүрлі ыдыстарға, әшекей бұйымдарына, шай, қант, жеміс, т.б. тағамдарға, күнделікті қажетті мүліктерге кеңінен ауыстырылды. Осы мерзімнен басталған қазақ-орыс саудасының жергілікті халық тұрмысының дамуындағы маңызы да арта түсті. Ресей жағынан өнеркәсіп және тұрмысқа қажетті тауарларының қазақ даласына енуі олардың жаңа тұрмысқа тартылуына, қоныс аударып келген орыс шаруаларымен тығыз байланыс орнатуына жағдай жасады. Қазақтар басы артық малдары мен оның өнімдерін өздеріне қажетті тауарларға ауыстыруға мүмкіндік алды. <<Орыстар мен қазақтардың ең алғашқы байланыстары,- деп жазды Н.В. Алексеенко,- сауда байланыстары болды. Қазақ даласымен сауда қарым-қатнасы... Ямышево (1720), Семей(1754), Железинкс (1764) қамал кедендері арқылы жүрді. Аталған сауда қатынастары, әсіресе 1758 жылғы Жоңғар мемлекеті талқандалғаннан кейін жедел қарқынмен дами бастады. Алғашқы ақшасыз саудада жалпы айырбас құны бір жылдық тоқты болды. Ақшасыз айырбас саудасы ХVIIІ ғасыр және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында бүкіл дала өңірінің, сонымен қатар, Ертіс жүйесі тау-кен зауыттарының оң жағасын қамтыды. ХVIIІ ғасырда қазақтармен екі арадағы айырбас саудасына негізінен Сібір казактары қатысты. Орыс - қазақ айыбас саудасы жыл бойы тұрақты түрде барлық орыс қоныстарында жүргізілді. Әрбір казак қонысы олар үшін сауда орталығына айналды,- деп көрсетті Сібір казак әскерлерінің тарихшысы Ф. Усов. Қазақтар айырбас үшін малдарын, тері, жүндерін, т.б. мал өнімдерін әкелді. Осы жерде олар нан, шай, қант, мақта өнімдеріне, әшекей заттарына ауыстырылады. Айырбас сауда, әсіресе, қазақтар мен Алтай таулы өлкесіндегі Кабинеттік шаруалары, сонымен қатар Бұқтырма өңірі казактары арасындағы қызу жүрді. Айырбасталатын тауарлардың ішінде астық өнімдері басым болды>>. (Алексеенко Н.В. Русские и казахи Верхнего Прииртышья в ХVIIІ-начале ХХ вв. Ленинград., 1967, 25-26 бб.). Осы аймақтағы орыс-қазақ саудасының алғашқы басталу тарихы туралы өлке зерттеушісі С.Н. Герасимов мынандай мәліметттер береді: <<Жоңғарлармен болған соғыстан кейін орыстар бос қалған жоңғарлардың жерлерін өздеріне қаратып, шығыстағы иеліктерін ертіс өзені жағалауына дейін жылжытты. Осы жерде орыс шекаралық жүйесіне жақын келіп, қырғыз-қайсақтар орыстармен сауда қарым-қатынастарын жасай бастады. Ал бұған жоғары мемлекеттік рұқсат керек болғандықтан 1760 жылы сұлтан Абдул Файз Санк-Петербеург қаласына өзінің елшілері Бек Мырзамен Құдайбергенді жібереді. ...көршілерімен Ертіс жүйесінде сауда қатыныасын жасауға мүдделі орыс мемлекеті 1764жылы Семей қаласынан 15 шақырым жерде... Ертіс өзенінің солтүстік жағалауында кейін Семейдің <<Зараечный>> слободасының негізі болған ерекше айырбас алаңын негіздеді. 1765 жылы осындай айырбас алаңы Өскемен қамалында, 1765 жылы Железинскіде, ал 1803 жылы Бұқтырмада негізделді>>. Аталған кезеңінен басталған қазақтармен ардағы сауданы одан ары дамытып, өркендетуге патша үкіметі алғашқы кезеңінен-ақ мүдделілік көрсетті. Себебі, жергілікті халықпен айырбас саудасы Ресей үкіметіне тиімді болды. Көрсетілген уақытта негізіне қазақтарға сапасыз, Ресейдің ішкі аудандарында сұраныс жоқ өнеркәсіп тауарларын малға, оның өнімдеріне ауыстырды. Осы арқылы Ресей кәсіпорындарын арзан шикізатпен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. <<Даламен сауда жасау,-деп тұжырым жасайды Е. Бекмаханов өзінің зерттеулерінде,- орыс саудагерлеріне аса көп пайда әкелді. Олар мұнда өтпейтін тауарларды әкелумен қатар осы арқылы үлкен табыс тапты. Дала мен екі ортадағы сипаттама жасай отыра А.К. Гейнс былай деп жазды: <<Ресейден қырғыздар барлық жәрмеңкелерде өтпеген сапасыз тауарларды алады. Керсінше, бұл қажетсіз бұйымдар қырғыз даласында малға айырбасталып, тиімді өтеді>>. (Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы ХІХ века. А., 1992, 350 б.). Қазақ даласын зерттеуші А.И. Левшиннің көрсетуінше: <<Қырғыздар өздерінің өткізген мал, т.б. шекізат түрлерінің орнына Ресейден әртүрлі темір, шойын және мыс бұйымдарын, мысалы қазан, таған, ертоқым,...қайшы, тері, балта , шалғы, құлып, т.б. сонымен бірге, барқыт, кенеп,...жібек маталары, сандық ... кішкентай айналар, иіскейтін темекі,-ұн, т.б. алады>>. (Левшин А. И. Описание киргиз-кайсацких или киргиз казацких Орди степей. Спб., 1832, Алматы., 1996, 394 б.). Осы кезеңдегі қазақтардың малының молдығы мен олардың оны көп мөлшерде орыс тауарларына ауыстратындығы жөнінен Батыс Сібір мен қазақ даласын зерттеуші И.Завалишин де көрсеткен, оның айтуынша- <<Олар (шекаралық қазақтар - Ғ.Қ.) негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Тері, мал, майы, жүн, т.б. тауарға-темір, тері, көбінесе астыққа ауыстырылады. Мал, қой, жылқыны да олар өте көп мөлшерде сатады. Қазақтармен екі ортадағы осындай айырбас саудасын жүргізе отыра патша үкіметінің жергілікті әкімшілігі, саудагерлер әрқашан алдауға, малдарын арзан алуға тырысып келді. Мысалы, Ресей көпестерінің ...қарапайым қазақтарды арақ беру арқылы арқылы қалай алдағанын граф Ян Потоцкий төменднгідей мысалмен дөп келтіреді: <<қазақтарда айырбастауға ұсынылатын тауарлардың нақты бағасы туралы ешқандай мағұлмат, түсінік жоқ, осы арқылы көпестерге қаншама пайда келіп жатқандығын айтпай-ақ түсінуге болады. Сонымен бірге Қазақстан аталған кезеңде Ресей өнеркәсіп тауарларының өткізу аймағы ғана болып қалмады. 1829 жылғы Сыртқы істер министірлігінің Николай-1-ге хабарламасында Қазақстанның арзан шикізат байлығын өркендей бастаған өнеркәсіп орындарына пайдалану мәселесі қойылды (Бекмаханов Е. Очерки истории Казахстана ХІХ века. Алматы, 1966, 27-б.). Қазақ даласындағы айырбас сауданының өркендеуіне орай өсімқорлық кең етек алды. ХІХ ғасырдың ортасында орыс саудагерлерінің едәуір бөлегі жергілікті тұрғындарға тауарларын белгілі мерзімге дейін өспелі қарызға берді. Бұл туралы Сібір өлкесін зерттеуші М. Красовский былай деп жазды: <<Саудагерлер, егін шаруашылығымен айналыспайтын казактар қырғыздарды алдау арқылы күн көреді. Олар саудагерлерден келісіммен тауарларды алып, оны қырғыз ауылдарына белгілі мерзімге дейін таратып береді, осы арқылы олар еселеп байиды... Мұндай өсімқорлықтан... татар саудагерлері де қалыспай орыс көпестерінен де артық байыды...>> (Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы. Алматы., 1992, 69-б.). Даладағы жергілікті халықпен сауда қарым-қатынастары арқылы патша үкіметі қазақ жеріне кеңінен еніп, оның шаруашылық, әлеуметтік даму жағдайымен молырақ танысуға мүмкіндік алды. Осы мақсатпен 1840 жылдың басында Шығыс Қазақстан, Алтай өлкесі округтері қазақтарының мал саны бірнеше рет саналып, анықталды. Сынақ қортындысы бойынша князь Петр Дмитриевич Горчаковқа берілген мәліметте <<Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл, Ақмола, Аягөз, Көкпекті және Құсмұрын округтерінде 800000-ға дейін жылқы, 200000-ға дейін ірі қара, 3000000-ға дейін қой>> бар екендігі көрсетілген. Империялық қаржы министіріне берген Шекара жүйесі басқармасының соңғы есебі бойынша округтердегі қырғыз малдарының есебі бойынша округтердегі қырғыз малдарының есебі төмендегідей болды: Осы мерзімде жалпы Ресейдің сауда мәселесімен мемлекеттік коммерц коллегиясы айналысып келді, ал Орта жүз қазақтары Ресеймен сауда байланысын Семей қаласы арқылы жүргізді. ...Ресейдің 1758 жылдан бастап сауда жұмысын басқарған обер-директоры Никита Шемякин түсында сауда өркендей түсті. Саудадан түскен салық орыс мемлекетіне мол қазына болып құйылды. Мысалы, мемлекеттік саудадан 1789 жылы 3922 рубль, 90 тиын алынса, 1791 жылы 8380 рубль, 74 тиынға өсті. Семейде 1792 жылы орыс, Сібір және неміс тауарлары 51338 рубльге, ал қазақ, Ташакент және Қытай тауарлары 63800 рубль 94 тиынға жетті. (Мамырұлы Камен. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі. Өскемен., 1994, 178-б.). Айырбас сауданы одан ары дамыту мақсатында патша әкімшілігі қазақ даласындағы осы мақсаттағы сауда аландарын көбейтуді мақсат етіп қойды. <<Оның...халықаралық саудадағы қолайлылығын ескере отыра Елизавета патшаның жарлығымен 1765 жылы Өскемен маңайында айырбас алаңы негізделді. Мұнда ташкенттіктер мен бұхарлықтар үнемі өз тауарларын әкелетін болды, ал қырғыз-қайсақтар,- деп жазады сол кездегі құжаттар, - көп мөлшерде қой, жылқы, жүн, тері сататын>>. Ресей өндіріс тауарларын өткізу, оларды шикізатпен қамтамасыз етуге мүдделі патша үкіметі шет аймақтағы сауда өкілдерінің мүддесін қорғауды да үнемі басты назарда ұстап келді. Осы мақсатпен қазақ даласына келген орыс саудагерлері мен өнеркәсіп орындарының өкілдеріне арнайы сауда агенттері, тілмаштар мен жол бастаушылар бөлінді. Олардың алдында қойған мақсаты да капиталистік даму жолына түскен Ресей кәсіпорындарын көп мөлшердегі шикізат көздерімен қамтамасыз ету, арзан қолды өндіріс тауарларын шет аймақтарға мол мөлшерде өтізу болды. Аталған мақсатта үкімет тарапынан саудагерлердің қызметін жеңілдетуде оларды ынталандыру, ірі сауда капиталын қалыптастыру мақсатында т.б. көптеген шаралар қабылданды. Атап айтқанда, патша үкіметі ірі саудагерлерге ресми атақ беріп, ол атақ мұрагерлікке қалатын болды. Ертіс өзені маңайындағы саудагерлікті дамыту мақсатында Семей облысы аумағында сауда жасайтын саудагерлерге, мешандарға, т.б. бірінші топтағы саудагерлерге екі мың күміс, екінші топтағы саудагерлерге бір мың күміс, үшінші топтағы саудагерлерге 400 күміс рубль капиталы болған жағдайда он жыл сауда салығынан босатылатын болды. Саудагерлер өз есебінен Аягөз, Қапал немесе Көкпекті қоныстарында сауда алаңдарын салуға міндеттелді. Сонымен қатар олардың өндіріс базаларының болуы талап етілді. (Аполлова Н.Г. Хозяйственное освоение Прииртышья в конце ХVІ-первой половине ХІХ в. Москва., 1976, 344-б.). Қорыта айтқанда, ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейін негізгі ХVІІІ ғасырдың басынан басталған қазақ-орыс саудасы алғашында айырбас ретінде басталып, кейін біртіндеп тауар-ақша қатынастарына ауысты... Бекіту сұрақтары: 1).17ғ.соңындағы экономикалық дағдарысқа не сбеп болшды? 2). Дәстүрлі қазақ қоғамының бүтін жүйесінің талқандалуына не әсер етті? 63). Сыртқы саудны кімдермен жүргізді? №16-19 лекция 18-19ғ.ғ. 1-жарт: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Негізгі ұғымдар: Жер дағдарысы, экономикалық дағдарыс, сыртқы сауда Жоспар: 1). Қазақ даласындағыжер мен сауда мәселесі империя саясатында. 2). 18 ғ. 50-60 ж.ж. жер дағдарысы. Мақсаты: 18ғ.20-30ж.ж.шаруашылық дағдарыстың экономикалы және демографияның салдарымен 18 ғ. 50-60 ж.ж. жер дағдарысыныңтармхын деректер негізінде таныту. Лекция. 1. Қазақ даласындағыжер мен сауда мәселесі империя саясатында. Қазақ даласын отарлаудағы империя саясатындағы жер мен сауда қатынастары мәні туралы мұрағат деректерін арқау етпекпіз. Қазақстанның кеңестік дәуіріндегі тарихнама мұрасы әр түрлі болғанымен, деректілігімен басым, құнды. "Көшпенді мал шаруашылығының басымдылығымен байланысты Қазақстандағы феодалдық құбылыстың өзіндік ерекше белгілері болды. Феодалдық формацияның қалыптасуы VI-VII ғасырларда басталды" деген парадигма жасалды. Қазақ қоғамындағы патриархалдық, феодалдық қатынастардың мәні мен ерекшелігі туралы пікір таластар негізінде екі көзқарас пайда болды. Біріншісі - көшпелі мал шаруашылығы жағдайында негізгі өндіріс құралы жер емес, мал; жерге феодалдық меншік болмаған деген көзқарасты жақтағанда, С.Е. Толыбеков, В.Ф. Шахматов, екіншісі - негізгі өндіріс құралы- жер, жерге ( жайылымдарға ) феодалдық меншік болғаны туралы, пікірді жақтаушылар Л. П. Потанов,С.З.Зиманов, Ә.Ерденов, т.б. Жер мәселесі оның меншік нысанына айналуы, қай уақыттада үлкен маңызды мәселе болып келді. Бүгінгі күнде де солай болып қала бермек. Қазақ жерін ресей патша меншігіне нысанына айналдырып алу, мәселесі оны жүзеге асыру жолдары патша үкіметі саясатындағы XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ даласындағы империя саясаты мұрағат деректеріндегі, жазбалардағы мәнінде қазақ даласын отарлау ресей патша өкіметі үшін саяси мақсат мұраттары болды. Мақсатты мұраттарына жету жолында, жүз елу жыл бойы саяси шараларын жүзеге асырудың, әкімшілік басқарудың бірнеше тәжіриберелерін қолданып, отарлық мақсаттарына жету жолындағы ізденістерін үнемі тоқтатпай, арнайы комиссиялар құрылып патша үкіметіне есептерін беріп, зерттеу барысындағы өздерінің ұсыныстарын жеткізіп отырды. Осындай бір отарлаудағы басты нысана қазақ жері болды. Қазақ жерін империя меншігіне айналдыру, жолдарындағы ізденістеріне тоқталмақпыз. XIX ғ. II жартысында қазақ даласына әкеліп, қоныстандырылған қазақ әскерлерінің қазақ жеріне ие болуларының, өзі көздеген отарлау әрекеттеріндегі мақсаттарына жетудегі қанағаттанарлық іс болмай шықты. Патша үкіметінің комиссиясының пікірінше қазақ даласына Ресей орыстарын кіргізіп, қазақ даласынан жерге орналастыруда қоныстандыру үшін еркін бейбіт отарлау мақсатына жету үшін, үкіметін қаржы шығынын шығармау, жолдарында қарастыруды назарда ұсталған. Жер шаруашылығымен айналысу немесе өндіріс ашып игеру арқылы, отарлау әдіс тәсілін енгізу қажеттігіне көздерін жеткізіп, жүзеге асыруды жолға қойды. Сол кездегі шаруашылықтың негізі және басты кәсіпшілік көзі мал шаруашылығын ығыстыру, қазақтар үшін емес үкімет үшін де тиімсіз болатын. Төрт түлік мал қазақтар үшін тіршіліктің басты байлығы, күн көріс болса, Ресей үкіметі үшін қазақ малы пайда көзі, сауданың негізгі түрі арзан шикізат көзі еді. Бір ғана мысал. 1841 Батыс Қазақстан бөлігіндегі қазақтар жайықтың ішкі жағына мал шығару, үшін қой басына 2 к, мүізді ірі қара малға 5 к., жылқыға 10 к, түйеге 25 к., күміс ақшамен әр мал басына қазақ әскеріне ақша төледі, 1841 ж Орынбор әскери қазақтарының жеріне жіберілген қазақтардың мал басынан түскен пайда Әскерлер пайдасына 4439 р. 10к. Қазақтар пайдасына 578 р.к күміс ақшамен Қазақ даласындағы орыс келімсектерін қоныстандыруға, алынған жерлер қазақтар үшін шаруашылыққа кәсіпке қолайлы, шұрайлы жерлерден айырылу болды. Қоныс аударушы тұрғандар саны көбейген сайын, қазақтар үшін шаруашылыққа қолайлы жерлер қоры қажеттілігі күшее түсті. Осыдан туындаған жағдайларға байланысты қазақтың көшпенділік ата салтында тықыр таянып, отырықшылық тұрмыс салтына біржолата бет бұрыс жасататын, дәуір кезеңінің тарихи әлеуметтік-экономикалық алға шарттары жасалып жатты. Үкімет комиссиясы кең байтақ қазақ даласының құнарлы жерлерге орыс келімсектерін қоныстандыруды қарастырып, ығыстыруды көздеген. Бұл пікірімізге үкімет комиссиясының Сібір даласын айналып шығып, көз жеткігендері Сібір округне Семиречинский облысының құрамына кеткен жерлерден тек қана Көкшетау, Атбасар және Семипалатинск округтерінің бөліміндегі жерлері жер шаруашылығы мен егін шаруашылығы мен егін егуден айналысуға тиімді. Ал, даланың азғантай бөлігінен басқа жерлері тек қана мал шаруашылығына, жайылымға ғана жарамды делінген. Сондықтан егінге қолайсыз жерлерде орналасқан, казактар бірте-бірте жер кәсіпшілігін тастап, сауда мен айналысып кеткен бұның себебі егін кәсіпшілігі тиімсіз болған, өнім түсімі шамалы болғандығынан. Байырғы қазақтар мал шаруашылығымен қатар сауданы кәсіп еткен, және ұсақ өндірістер мен айналысуды да тұрғындар кәсіп еткен. Орынбор даласының солтүстік бөлігі ғана егін шаруашылығына қолайлы құнарлы жер, сондықтан Орынбор ведомыстволарының линия бойындағы қазақтары жер кәсіпшілігімен жақсы айналысып, өкімдерін өнімдерін саудаға шығарып, сатып отырған. Сол кездегі жергілікті басқарма бастығының хабарламасы бойынша егіннің көп бөлігі тары өнімі болған саудаға тары өнісін көп шығарған делінген.Бұл жағдай қазақ даласында қоныс аударушылар емес жергілікті қазақ халқы XIX ғ. егіншілікпен жақсы айналысып, жер кәсіпшілігін жақсы дамытқан, осыған қарап өкімет комиссиясы таза жермен айналысатын мақсаттағы орыс қоныстанушыларын әкеліп, үлкен жер үлесін қажет ететін және ақшалй жәрдем бөліп өкіметтер аса бір пайда болатынын күтудің қажет болмайтынын түсінген. Қазақ даласындағы қоныстанған орыс тұрғындарының өнеркәсіп пен саудамен айналысқан жағдайларына қарап, саудаға қолайрырақ жағдай бар екендігіне көз жеткізген. Қазақ даласындағы орыс саудагерлерінің сауда да малға айырбас жасайды, сатады сөйтіп өздеріне көп пайда әкелетін болды. Қазақ даласындағы сауданың тиімділігі сондай, тіпті Сібір жеріне қоныстанушылар қалалар мен Ақмола мен Павлодар сияқты пунктерге өтініш білдіріп сауда орталықтарының қызметтеріне айналдырған. Солардың ішінен Ақмола қаласының сауда орталығына айналудағы ерекше маңызына тоқталмай кетпей болмайды, 1854 жылдары жылына 200 мың рублдің саудасын жасаған болса, комссияның жинаған анықтамалары бойынша он жылдан кейін, яғни 1864 жылы. 12.500,000 рублдің саудасы жасалған қаладағы және қыстақтағы елді мекендердегі Сібір даласындағы жәрмеңкелердің сауда айналымы жылдан жылға өсіп отырған Петропавловскіден жүз шақырым жердегі Тайынша - көл маңына жақын жерде үкіметтің қазақ даласының ішкі жағында жәрмеңкелер рұқсат бергенге шейін болған, жәрмеңке орасан зор мөлшерде болды. Бұл жәрмеңкедегі басты, сауда мал саудасы болды. Мұнда 700,000 қой , 60 000-ға дейін жылқы және ірі қара малдар айдап әкеліп саудаға салынып тұрған. Басқарманың жарлығы мен бірінші рет ашылған 1867 ж. көктемдегі Ойыл өзенінің бойындағы Орынбор даласындағы. (қазіргі Ақтөбе облысының жеріндегі) жәрмеңкеге 250,000 рублдің тауары апарылған оның 100,000 рублден астамы айырбасталып, сатылған жәрмеңкеден 20,000 бас мал түрлері сатып алынған. Қазақ-орыс арасындағы осындай сауданың алғашқы тәжірибелерінің сәттілігі орыс әкімшілігінің қазақ даласындағы экономикалық байлығының берік болатынына көздерін жеткізіп, Сібірдің ішкі жағында да уездік мекемелерді орналастыруда жақсы орындарды дұрыс таңдап сәтті орналасқан жағдайда Сібір даласындада сауда қалалар көбейіп ондағы сауда орталықтарындағы Орынбор даласындағыдай өсіп өркендеп, табыс көзіне айналатынына сенім арттырды. Патша үкіметі қазақ даласына қоеыстанушыларға сауда жасауға қолайлы аймақтарды таңдап, ол жерлерде жер кәсіпшілігімен де айналысуға мүмкіндігі бар жерлерден жер үлесін бөліп беруді ұйғарды [6]. Қазақ даласындағы жерлерде орыстарды қоныстандыру мақсатын да көп жер аймағын қамтуды жүзеге асыру үшін, қоныстанушыларға шаруашылық үшін орман ағаштарын тегін беру керектігі үкімет комиссия мүшелері ұйғарды.Сонымен қатар Сібір даласындағы қалаларда да қазақ даласына қоныстанушыларға басқада жеңілдіктерді пайдалануға мүмкін беруі қарастырылды. Орынбор губерниясының құрылуы жөніндегі ережеге сай қазақ даласындағы әскери казактардың бос жатқан жерлеріне қоныстандыруға рұқсат жасалған болатын . 1863ж. наурыздағы патша үкіметінің облыстық басқармасы жалпы кеңесінің қаулысымен әскери казактардың бос жатқан жерлерін ішкі округтің қазақтарына жалға беру туралы шешім шығарып қаулы қабылдаған. Қазақ даласына казактар мен басы байлық құқықтан босаған орыс шаруаларын қоныстандыруға көздеген мұраттарының көп жайды аңғартатын саясатының түпкі нәтижесі мәні жөнінде үкімет комиссиясы пікірі былай: <<... Водворение русского населения в степи таким естественным путем не потребует жертв от правительства не возбудить неудовольстия киргизов и будет гораздо полезнее и действительнее земледельческих поселении, которая неминуемо стеснили бы киргизов>>. Патша үкіметінің отарлық саясаттарының ең бір мықты берік айласы қазақ даласына казактар мен крепостнойлық құқықтан босатылған жері жоқ, орыс шаруаларын қазақ даласына орналастыру арқылы Ресей патша өкіметі үшін екі мәселенің шешімін тапты.Бір деректе "В 1867 году образовано Туркестанское генерал-губернаторство. Мы таких образом врезались далеко в глубь средней Азии, стали в непосредственное соседство с Бухарой. Для русской торговли открылись новые пути и установились новые благоприятные условия". Қазақ даласындағы империя саясатының қорытындысына тоқталсақ: Біріншіден, басы байлылық құқықтан босаған орыс шаруаларын қазақ даласына қоныстандырды. Екіншіден, ресейдің өз жерінде қалып қоныс таба алмайтын үлесті жеріде жоқ, шаруалар "жаңа жерді" игеруге өте ынталы әрі мүдделі болды. Оның үстіне біз жоғарыда көрсеткеніміздей үкімет тарапынан жеңілдіктерде қарастырылған еді. Үшіншіден, қазақ даласына отарлау мәселесінде қазақ ұлтының тұтастығын бұзды енді қазақ даласы казак, орыс т.б. ұлттан тұратын көп ұлтты империя иелігіне айналды. Төртіншіден, қазақ жері империя меншігіне айналды. Империя қоныстандыру саясатын жүзеге асыру арқылы қазақ жерінің құқықтық меншігіне еншілес болып, қол сұғып қана қоймай, көздеген қоныстандыру саясаты қазақ даласындағы империяның мақсаттарын жүзеге асыратын мықты байланыс болатын жағдайдың алғы шарттары жүзеге асатын негізі қазақ жеріне иелік ету құқына ие болу арқылы империялық мұраттарына қол жеткізудің негізін қалаған болатын. Бесіншіден, патша үкіметі актілерінің заңдылығына "негіздеме " іздегенде басты дәлелі орыс үкіметінің өзінің қол астындағыларға қатысты кезкелген шешімді қабылдау құқығын алды. Алтыншыдан, қазақ қоғамындағы тархандар институтын жойды. Мұнда да жер мәселесі саясатына қатысты құқықтық пәрмені бар тархандарға берілген жеңілдіктер қарастырылған құқықтан айыру болатын. 1869 жылы сенат жарлығымен тархандар институтын жойды. Осылайша қазақ даласындағы тархандар институты өздерінің қызметін тоқтатты. Жетіншіден, қазақ - орыс арасындағы сауда алғашында айырбас ретінде басталып, кейін біртіндеп тауар ақша қатынастарына ауысты. Қазақ даласын арзан шикізат көзіне айналдыруда патша үкіметі көпестер мен саудагерлердің күшін пайдаланды. Бұл мақсаттың түпкі саясаты қазақ даласына экономикалық үстемдік қалыптастыру еді. Бекіту сұрақтары: 1).18ғ.20-30ж.ж.шаруашылық дағдарыстың болуына не себеп болды? 2). 18 ғ. 50-60 ж.ж. жер дағдарысы неге әкеп соқтырды? 3).17ғ. 60-70 ж.ж. қазақ шаруашылығының кеңейтілген өндіріс жолына түсуі. №20-21 лекция ғ. 19 ғ. 2-жарт: - 20 ғ. басы Қазақстанның шаруашылығындағы өзгерістер. Негізгі ұғымдар:1860-1890 ж.ж. реформалары, самодержавиенің переселендік саясаты, көшушілерге жеңілдіктер, жатақтың, өндірісттік жұмысшылар, столыпиндік реформалар. Жоспар: 1.Самодержавиенің аграрлық саясаты. Жер өңдеулік отарлауы 2.Капиталистік қатынастардың тууы: * өндіріс, * банк - ақша қатынастары,- сауда 3.Столыпиндік реформалардың салдары. Мақсаты: Ғасырлар тоғысындағы Қазақстанның дәстүрлі шаруашылығы мен экономикалық дамуының өзгеріске ұшырауының алғышарттары мен саяси себептерін ашып көрсету. Өлкедегі казак-орыс әскерлерінің ұлан-байтақ жер иеліктері меи барлық әлеуметтік артықшылықтары толығымен сақталды. Қазақстанның ең жақсы шүрайлы жерлерін отаршыл кулактар тартып алып берген Қоныс аудару басқармасының жергілікті аппараты өз жүмысын одан ары жалғастырды. Өнеркәсіп орындарында 8 сағаттық жүмыс күні енгізілмеді. Мемлекеттік мекемелер мен мектептерде қазақ тіліне кешуге бүрынғысынша тыйым салынДы- Қазақ халқының өзін-өзі билеуі туралы мәселе тіпті қойылмады да. Сондықтаи Ресей мемлекетіндегі бүл жағдайларды В. И. Ленин бастаған 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін орнаған Уақытша буржуазиялық үкімет елдегі әлеуметтік және ұлттық езгіні жою, жер мәселесін,империалистік соғыстан шығу және т.б. кекейкесті мәселелерді шешпеді. Қазақстандағы жергілікті халықтарды саяси құқыктарынан айырған бұрынғы патша үкіметінің заңдары өз күшінде қалды. Өлкедегі казак-орыс әскерлерінің ұлан-байтақ жер иеліктері меи барлық әлеуметтік артықшылықтары толығымен сақталды. Қазақстанның ең жақсы шүрайлы жерлерін отаршыл кулактар тартып алып берген Қоныс аудару басқармасының жергілікті аппараты өз жүмысын одан ары жалғастырды. Өнеркәсіп орындарында 8 сағаттық жүмыс күні енгізілмеді. Мемлекеттік мекемелер мен мектептерде қазақ тіліне кешуге бүрынғысынша тыйым салынДы- Қазақ халқының өзін-өзі билеуі туралы мәселе тіпті қойылмады да. Сондықтаи Ресей мемлекетіндегі бүл жағдайларды В. И. Ленин бастаған большевиктер партиясы "Бүкіл өкімет еңестерге берілсін" - деген үранды пайдалана отырып, Уақыта Үкіметті қүлату үшін оны басты күралға айналдырды. Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің кеңес-тердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес, дүниежүзің бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бүл оқиға бүкіл елде, оньің шет аймақтарында кеңес өкіметін қүру, нығайтумен үшта-сты. Ол көп жерлерде орталық аудандардың ықпалымен қан төгіссіз іске асты. Революция бүкіл билікті жүмысшы, солдат, шаруа де-путаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен түрлі үлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің жүмысшы, шаруа, солдаттар бүқарасы елді соғы-стан шығарып, халықтың бейбіт еңбекке оралуына, соғыс-тан бүрын, соғыс жылдарында жоқшылық пен мүқтаждық зардаптарын шегіп, әбден қажыған жағдайын түзеуге енді айқын жол ашылады деп есептеді. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бүқарасы Қазан революциясынан кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бүғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жүмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік - бүкіл халыққа деген үран көте-ре отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық үлттар мен үлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жа-риялай отырып, оларды революция туының астынан кетпеуге шақырды. Қазақстанда халық шарашылығын қалпына келтіру аяқталғаннан кейіи елді ипдустрияландыру бағыты іске аса бастады. Индустриялаидыру ондіріс құрал-жабдықтарын жасайтын, халық тұтынатын тауарларды шығаратын зау-ыт, фабрикаларды салумен тығыз байланысты болды. Мұндай кәсіпорындар бүрынғы КСРО-ның шығыс аудан-дарында, оның ішінде Қазақстанда көптеп бой көтерді. Олардың салынуы артта қалған шет аймақтарды өндірісі, өнеркәсібі дамыған орталық аудандармен теңестіру ұра-нымен жүргізілді. Мұндай оң ниетті мақсаттың қойылуына сол шет аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда бай шикізат қорының болуы да өз әссрін тигізді, өлкеде темірдің, көмір-дің, мұнайдың, түсті металдың мол қоры бар болатын. Осы қорды игеру мүдделері бүл жерлерде көптеген жаңа өндіріс орындары мен қүрылыстарын салуға себеп болды. Шшаруалар салық толеу, заемға жазылу, қолда бар кар-жыларын, қымбат заттарын индустрияландыру қорына өткізу арқылы өнеркәсіптіц дамуына белсене ат салысты. Шаруалар астық, мал шаруашылық өпімдерінің басым көпшілігін мемлекетке өткізу арқылы индустрияландыру ісін барынша қолдады. Бүл мәселеде наразылық білдіруші-лер шықса, олар үсталып, айдалып, аластатылып отырды. Мүндай қуғындалғандардың басым көпшілігі ауқатты ша-рулар еді. 1927-1928 жылы ауқатты бай-қүлақ шаруашылық-тары шаруалар қожалықтарына есептелген ауыл шаруашы-лығы салығыньщ бүкіл сомасының 33 пайызын, ал мал өсіретін аудандар бойынша есептелген салықтың бүкіл со-масының 25 пайызын төледі. Келесі 1928-1929 жылы са-лық төлеу өткен жылмен салыстырғанда 98,8 пайызға (Еге-менді Қазақстан, 1992 ж. 22 желтоқсан) артты. Күштеудің мүндай әдістері ауқатты шаруалардың наразылығын туғыз-ды. Дегенмен слді экономикалық ар-тта қалушылықтан шығаратымына халық сенді. Сондық-тан да халық еселенгеи күш-жігермен еңбек етті. Ауыл шаруашылығындағы, еңбектегі белсенділік бүрын-сонды болып көрмеген Дәрежеде дамып, ауыл шаруашылығының табыстарын та-сытты деуге болады. Нәтижесіпде Қазақстанның экономикалық дамуы бірсыпыра ірі табы-старға қол жеткізді. Бекіту сұрақтары: 1.Самодержавиенің аграрлық саясатытың мәнін айтыңыз? Жер өңдеулік отарлауы қалай жүрді? 2.Капиталистік қатынастардың тууы неге байланысты болды? * Қандай өдірістер пайда болды? * банк - ақша қатынастары қалай жүрді? 2.Столыпиндік реформалардың салдары неге әкеп соқтырды? №22-23 лекция ХХ ғ. 20-40 ж.ж. экономикалық жаңартулар. Негізгі ұғымдар: Әскер коммунизм саясаты ", ЖЭС, индустриализация. Жоспар: 1.Кеңестік " Әскер коммунизм саясаты " 2.ЖЭС-экономикалық бағыты либерализациялау Қорытындылар, Қазақстандағы индустриализацияның 3.20-шы жылдардағы республика ауыл шаруашылығындағы жағдай 4.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жане оның зардаптары. 1932-1933 жылдардағы аштық. Мақсаты: Кеңестік " Әскер коммунизм саясаты "мен ЖЭС-экономикалық бағыты либерализациялау, индустриализация саясатының қорытындыларын деректер негізінде ашып көрсету. Лекция 1.20-шы жылдардағы республика ауыл шаруашылығындағы жағдай.1921-1922 жылдарда патша өкіметінің жер мәселесіндегі отарлау саясатының зардапты мұраларын жойған Қазакстан Түркістандағы аграрлық реформалардың жергілікті ұлт еңбекшілері, сондай-ақ қоныс аударған еңбекші шаруалар үшін елеулі маңызы болды. Ол көшпелі және жартылай көшпелі ауылдардағы кедейлердің салықтан босатылып, жеңілдіктер алуына жол ашты. Сонымен бірге оларда ұжымдандыру алғашқы қарапайым түрлері: сауда-саттық жасау, жабдықтау, несиені пайдалану, кейде мәдени ағарту жұмысстарының басын біріктіретін қарапайым кооперативтендіруді дамытуға жол салды. Мемлекеттік кооперативтік сауда жүйесін құрумен бірге даласында сауда құрылысының жаңа мазмұнымен байытылған ескі түрлері: жәрмеңкелер, сауда керуендері болды. Міне, осының нәтижесінде 1923 жылы баяуырақ болса да, ауыл шаруашылығы өндіргіш күштерінің өрлеуі басталды. Ауыл шаруашылығын машиналар және құралдармен, тұқымдық астықпен жабдықтау жақсарды. Мал саны да өсті. Ауыл шаруашылығын қалпына келтіруде кооперацияның рөлі артты. 1924 жылы сәуірде РКФСР үкіметі Қазақ АКСР- інің көшпелі және отырықшылыққа көшкен халықтарын жерге орналастыру туралы жарлық шығарды. Жерге орналастыруға байланысты барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды. Отырықшыланған шаруашылықтарға салық жөнінен жеңілдіктер берілді. Ауыл кедейлері мен шаруаларына қаржылай көмек беру ұйымдастырылып, оның көлемі 1,5 млн. сомға өсті. Осы жылдың қазан айында ұжымдастырылған шаруашылықтардың жалпы саны 794-ке жетіп, оның 96-сы Коммуна, 456-сы ауылшаруашылық артелі, 242-і жай серіктестіктер болды. Ал 20-жылдар аяғында Қазақстанда 1250 мындай жеке шаруа қожалықтары колхоздарға ұйымдасты. Мемлекет техника және қаражат беріп, еңбекші шаруаларға жеңілдіктер жасап, колхоздарға көмек көрсетуге пейіл қылды. Бірақ көп жерлерде бұл шаралар тиісті нәтиже берген жоқ. Бұл кезде республикада совхоздар мен МТС-тар құрыла бастады. Бұлар шаруалардың ұжымдандыру мәселесін шешуге көмектесуге тиіс еді. Аграрлық саясатты іске асыру барысында ірі байлардың, "жартылай феодалдардың" ең әуелі малын, сосын еңбек құралын, одан кейін олардың тұратын үйлерін тартып алып, жер аударып жіберу бағыты алынды. 1927 ж. желтоқсанында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі-ірі байлар шаруашылығын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды. Оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмақов, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов т. б. кірді. 1928 ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Республика округтерінде тәркілеуді өткізу жөніндегі өкілдер тағайындалды. Ауыл-ауылға тікелей мыңнан астам өкіл жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс істеді. Қаулыға сәйкес Қазақстан бойынша көшпелі аудандарда 400-ден аса малы бар ірі қараға шаққанда 700 шаруашылықты, жартылай көшпелі аудандарда 300 және отрықшы аудандарда 150 шарушылықты төркіге салу белгіленді. Бұл науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды. Науқанның қорытындысы бойынша іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, олардың 619-ы тұрған округінен тыс жерлерге айдалды. Тәркіленгендерден ірі қараға шаққанда 145 мындай мал және ауыл шаруашылық саймандары тартып алынды. Қазақ байларын тәркілеу барысында заңға қайшы көптеген бұрмалаушылықтар орын алды. Кейбір жерлерде 300-400 қаралы қойы бар, орта қолды дәулетті шаруалар шаруашылықтары орынсыз тәркіге ұшырады. Ал қайсыбір жерлерде туысқан жанұяларының малдары қосылып жазылып, оларда төркіге жатты. 20-шы жылдардың аяғында көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарды отырықшыландыруға бағытталған Шаралар іске асырылды. Мұның өзі бастапқыда кейбір жеңілдіктер беру (құрал-сайман, күш-көлік, қарыз қаржы беру, екі жылға астық, ет тапсырудан құтқару) арқылы бірте-бірте жүргізілетін болып белгіленгенмен, шынтуайтқа келгенде, күштеп отырықшыландыру әдісі белең алды. Көптеген жерлерде көшпелі шаруашылықтар бір жерге иіріліп, киіз үйлерден көшесі бар қалашықтар құрылды. 10-15 күннен кейін ондағы адамдар жан-жаққа ешкімді тындамай қашуға, көшуге мәжбүр болды. 1930-31 жылдарда осындай зорлап отырықшыландыру зобалаңына ұшыраған мал шаруашылығымен айналысатын 25 ауданнан 35 мыңнан астам шаруашылықтар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. Маңғыстау ауданы (Батыс Қазақстан) халқының 50 пайызы Қарақалпаққа, Түркіменияға, Ресейге көшіп кетіп оралмады. Ондағы малдың саны 65 пайызға азайды. Тек Батыс Қазақстан облысы бойынша - 82,2, республика бойынша - 51,8 пайызға қысқарды. Жалпы Қазақстан бойынша 1931 жылдың тамыз айына дейін 281 мыңнан астам шаруа қожалықтары республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. Ал бұл көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында өздерінің малдарының санын көбейтіп, қалаларға ет, жүн, т.б. шығарып сатып, жағдайларын біраз түзеп алған болатын. Сонымен 20-жылдардың аяғына қарай қазақ даласындағы ірі өзгерістерге: халық шаруашылығын қалпына келтіруге, өнеркәсіп орындарын салып, кәсіпорындардың, жолдың кең жүйесін дамытуға себепші болған жаңа экономикалық саясаттың әрекетін тежеп, әміршіл-әкімшіл басқару әдісіне көшуге біржола бетбұрыс жасалды. НЭП жылдарында Орташаланып калған ауқатты шаруалар, қаладағы жағдайын біраз түзеп алған қолөнершілер мен қызметкерлер енді жат таптың өкілі есебінде қудалауға алына бастады. Саясаттағы солақайлық етек ала берді. Халықты ызғарымен ықтырып, тұманымен тұншықтырып, отына күйдіріп Сталин бастаған әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің қызыл шоқтай тарғылданған күні туып келе жатты. 2.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жане оның зардаптары. 1932-1933 жылдардағы аштық. 20-шы жылдардың басында қабылданған жаңа экономикалық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын шаралар ретінде қаралды. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдардағы тәжірибесі оның мүмкін екенін дәйектеп берді. Алайда, 20-шы жылдардың екінші жартысында жаңа экономикалық саясат негізінде қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгерді. Басты міндет - ең зәру көкейкесті мақсат индустрияландыруды қызу қарқынмен жүргізу деп жар салынды. Индустрияландыру қам-қарекетін қамтамасыз ететін қорды жинауды шаруалар қауымын тікелей және жанамалап экспроприяциялау есебінен жүргізу көзделді. Атап айтқанда, бұл мақсат мемлекеттендірілген колхоз жүйесін жасау, яғни шаруаларды ұжымдастыруды жаппай өткізу арқылы іске асырылды. Сөйтіп, 20-шы жылдардың аяқ шенінде бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да колхоздастыру науқаны басталды. Бұл шараның іске асырылуына шаруалардың тілегі мен ықыласы себеп болған жоқ, ол жоғарыдан берілген әмір, нұсқаулар негізінде жүргізілді. Қазақстанда колхоздастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. Шаруаларды күштеп ұжымдастырудың арқасында республикада колхоздар саны қауырт өсіп 1927 жылы 1072 болса, 1928 жылы - 2354, ал 1929 жылы - 4876-ға жетті. Бұлар колхоздастыру саясатын жүргізудегі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін құрылған жасанды шаруашылықтар еді. Оларды құру барысында небір сұмдык зорлыққа, күштеуге жол берілді. Ол тұста қабылданған бірнеше қаулы-қарарлардың заңдылығын тексеру барысында Қазақстан Республикасы Жоғары Кенесінің Төралқа комиссиясының 1992 жылғы желтоқсанындағы қорытындылары жарияланды. Онда келтірілген деректер мен мағлұматтар колхоздастырудың қандай әдістермен жүргізілгені жөнінде толық түсінік береді. Колхоздастырудың 1929 жылдың орта шенінен басталғаны белгілі. Оның құлаш жаюы Сталиннің сол жылғы 7 қарашадағы "Правда" газетінде "Ұлы бетбұрыс" деп аталатын мақаласының шығуымен тұспа-тұс келді. Мұның алдында кулактарға шабуыл жөніндегі нұсқаулар негізінде Қазақстанда байлардың шаруашылықтарын тәркілеу аяқ-талған болатын. Енді жана экономикалық саясат негізінде жүргізілген шаруаларды кооперациялау ісі мемлекет бағыттап отырған күшпен ұжымдастыру шарасына орын берді. Ал, бұл шара шаруа қауымының игілігін ойлаудан тумады, тек индустрияландыру процесін қамтамасыз ету мақсатын қана көздеді. Сөйтіп, 20-30 жж. жаңа экономикалык саясатын дамыту бағыты тұйықталып тасталды. Ондаған жылдар бойына экономика мен қоғамдық саяси өмірде тек "күштеу" шарасының рухы үстемдік етті. Бұл жағдай ауыл шаруашылығына қасіретті зардабын тигізді. Селодағы саясаттың ең басты шарты - әміршіл-әкімшіл террорға сүйенген экономикалық емес жарлықтар, шаруалар қауымын кооперациялау идеясын жаманатты қылып қоймай, оның пайдалы жақтарын да құртып жіберді. <<Ұлы бетбұрыс>> селолық құрылымдарды қатігез қаталдықпен аяусыз қиратып, қоғамның болашақта туатын проблемаларын біртіндеп әзірлей бастады. Колхоздастыру барысында жүргізілген ауыл шаруашылығы өнімдері оның ішінде астықты күштеп дайындау шаруалардың күн көрісіне, көңіл-күйіне мейілінше кері әсер еткен, оларды кеңес өкіметін жек керуге итермелеген екінші бір үлкен шара болды. Ауылдарда мал саны өсіріліп көрсетіліп, алынатын еттің, жүннің көлемі белгілі есептен асып түсті. Салғыртты орындау үшін шаруалар қыс ішінде қой қырқуға мәжбүр болды. Мұның өзі қойлардың жаппай қырылуына соқтырды. Егіспен айналыспайтын шаруашылықтардан астық талап етілді. Салғыртты орындамаған қожалықтар сотқа тартылды. 1928-1929 жылдары осындай айыпқа ұшыраған 34 мың ауыл-село адамдары сотталды. Мұның өзі ауыл адамдарын қорқыту үшін де істелінді. Колхоздастыру осындай ауыр жағдайда басталды да, оны басқару әкімшілік, зорлық, күштеу әдістерімен жүргізілді. Егер 1928 жылы Қазақстанда колхозға барлық шаруашылықтардың екі пайызы ғана кірсе, 1931 жылдың күзінде шаруаларды 70-тен 100 пайызға дейін колхоздастырған аудандардың саны 78-ге жетті. Бұл тұста өлкеде 122 аудан болатын. Шаруаларды ұжымдастыру кезінде ауыл-селоларда бай-кулактарды тап ретінде жою шаралары іске асырылды. Жергілікті орындарға жеткізілген нұскау бойынша жойы-луға тиісті бай-кулак шаңырактары барлық шаруашылықтың жалпы санының 3-5 пайызынан аспауы керек деп ескертілді. Бірақ, осыған қарамастан әміршіл-әкімшіл жүйенің асыра сілтеу әрекетімен тәркіге салынғандар саны кез келген жерде ең жоғарғы көрсеткішке жеткізілді. Нәтижесінде тек 1930-1931 жж. республикадан тыс жерге бай-кулак деп "жер аударылып" жіберілген шаруалар саны 6765 адамға жетті. Ондаған мың шаруалар тұрған округтерінен республика ішінде басқа жерлерге көшірілді. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жүргізу үшін Қазақстан өлкелік партия комитеті жергілікті белсенділермен бірге кәсіпорындардан сегіз мың жұмысшыны тартты. Мұның үстіне республикаға Мәскеуден, Иваново-Вознесенскіден, Харьковтан, Ленинградтан партияның шақыруымен 1204 <<жиырма бесмыңыншы>> келді. Бірақ бұлардың өздері қазақ жерінде отырықшыланудың мәні мен механизмін жете түсінбеді. Көптеген әкімшілер үшін бұл шартараптан жүздеген шаруашылықты бір жерге жинау болды. Мұндай топтаудың салдарынан шаруалар мал өрісінен, су мен шөп іздеп, жайылым ауыстырып отыру мүмкіндігінен айырылды. Әміршіл-әкімшіл жүйенің нұсқауымен Қазақстанның барлық аймақтарында ұжымдастыру егіншілік шаруашылықтарында да қандай қарқынмен жүргізілсе, мал өсіретін шаруашылыктарда да ол сондай қарқынмен жүргізілсін деп талап етілді. Ойластырылмай алынған шешімнің зиянды қайтарымы өзін көп күттірген жоқ. Қолдағы малды қоғамдастыру нәтижесінде колхоз фермалары құрылды. Кейбір жерлерде алып коммуналар ұйымдастырылып, олар өте көп шарушылықты біріктірді. Соның нәтижесінде фермаларға жиналған қисапсыз мал күтімнің кемдігінен, шөптің, жайылымның жетпеуінен қырылды. Колхозға кірмеген жеке шаруашылықтарда мал ұстауға ықылас болған жоқ. Сөйтіп, 1928-32 жылдар аралығында республикада ірі қара 6 млн. 509 мыңнан 965 мыңға, қой 18 млн. 566 мыңнан 1 млн. 386 мыңға, жылқы 3 млн. 516 мыңнан 316 мыңға, түйе 1 млн. 42 мыңнан 63 мыңға азайып кетті. Қазақстанның осы жылдары одақ бойынша тауарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 пайыздан 3 пайызға кеміді. Халықтың тұрмысы нашарлап, қайыршылануы күшейді. Мұның өзі шаруалар бұқарасының наразылығын туғызбай қойған жоқ. 1929-1931 жылдарда шаруалардың 372 көтерілісі болып, оған 80 мындай адам қатысты. Созақ, Шемонаиха, Бұқтырма, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыралы, Биен-Ақсу, Шыңғыстау, Бөрібаев, Қастек, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау т.б. жерлердегі шаруалар көтерілісі аяусыз басылып, оған қатысқандардан 5551 адам сотталды, олардың 883-і атылды. Жалпы алғанда күштеп ұжымдастыру кезінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды. Көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отрықшыландыру және ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді. Республика экономикасының құлдырап төмендеуі 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұстас келді. Осындай елді арылмас сорға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың рақымсыздығынан осы екі жылда республикада аштықтан өте көп адам қырылып, қазақ елі орны толмас қайғы мен қазаға ұшырады: 2 млн. 200 мың адамынан, яғни қазақ ұлтының 49 пайызынан айырылды. Республикада тұратын басқа халықтар да сан жағынан кеміді. Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің елкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, "халық жауы" деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды. Сөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды. Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың басында Ф. И. Голощекин орнынан алынып, Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. Осы жылдың көктемінен бастап енді жіберілген кателіктерді және республикада қалыптасқан ауыр жағдайды түзету басталды. Әсіресе, күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз отырықшыландыру мәселелеріне айырықша назар аударылды. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде тек 1934 жылы мал саны 16,4 пайызға өсті. Бірақ, мұндай алғашқы қол жеткен табыстар орасан бүліншілікке ұшыраған республика өмірінің қоғамдық және экономикалық негіздерін қалпына келтіре алмады. Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтар қайтып оралмады, өлкеде қырылған малдың орны толмады. 1941 жылдың басында олардың барлық саны 16 млн. басқа ғана жетті. Ал қазақ этносының бұрынғы санын калпына келтіру тек Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары болған күшті демографиялык өсудін арқасында, яғни 40 жылдан кейін ғана іске асты. Бекіту сұрақтары: 1" Әскер коммунизм саясаты " - бұл қанадай саясат? 2.ЖЭС-экономикалық бағыты либерализациялау Қорытындылар, Қазақстандағы индустриализацияның маңызы неде?. 3.Ауылдарда әлеуметтік - экономикалық жаңартулар қалай жүрді? 4.Қазақстан экономикасының лагерлік секторы дегенді қалай түсіндіресің? №24-25 лекция Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі кезең Негізгі ұғымдар:Майдан,тыл, Жоспар: 1.Тылдағылардың ерен еңбегі. 2.Қазақстанға соғыс жылдары көшіріп әкелінген өндіріс орындары. 3 Қостанайлықтардың майданға көмегі Лекция 1.Биыл миллиондаған адамдар өз өмірлерін құрбан еткен Ұлы Жеңіске 65жыл толғалы отыр. Соғыс жылдарында Қазақстан экономикасы өте маңызды экономикалық және саяси маңызға ие болды оның себебі. КСРО-ның батыс аймақтарын гитлерлік армияның оккупациялауына байланысты Сібір мен Қазақстанның сол кездегі еліміздің маңыздылығын күрт көтеріп жіберген болатын. Соғыс жылдарында армия мен халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде Қазақстанның ауыл шаруашылығы аса маңызды роль атқарды. 1941-1942 жылдары жаудың қоластында қалған аудандардан 1.2 млн. бас ірі-қара мал айдап әкелініп республикамыздың жер-жеріне орналастырылды, 1943 жылдан бастап осы малдар жаудан босатылған аудандарға кері қайтарыла бастаған. 1943-1944 жылдары 500 мың бас малды әкелген жерлеріне қайта жеткізіп берген. Соғыстың алғашқы айларында Қазақстанға өндірістік маңызы бар мекемелер көшірілу ұйымдастырылды. Қазақстан территориясына қысқа мерзім ішінде 142 мекеме еліміздің батыс аймағынан 532.506 адам көшіріліп әкелінді. Республикаға көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың 107-ші қысқа мерзімде жұмысқа кірісті. Көшіріліп әкелінген басқа да кәсіпорындардың, әсіресе жеңіл және тамақ өнеркәсібі мекемелерінің жабдықтары жаңадан құрылып жатқан немесе Республиканың әр жерлерінде жұмыс істеп жатқан мекемелерге берілді. КСРОның жау қолында қалған аудандарының көшішіріліп әкелінген кәсіпорындарды орналастырумен қатар Қазақстан өзінің машина жасау кәсіпорындарын құрып, ауыр өнеркәсібін одан әрі дамыту міндеттерін де шеше бастады. Бір ғана мысал: Мемлекеттік маңызы бар мекемелердің бірі. Біздің Қостанай аймағында да болды, ол Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға, соның ішінде біздің облысымызға көптеген кәсіпорындар көшірілгені баршамызға мәлім. Сол көшірілген кәсіпорындардың қатарына, жасырын түрде, майданды арнайы қорғаныс бұйымдарымен жабдықтаған №507 және №222 зауыттары да кірді. Эвакуация жөніндегі кеңес пен Қорғаныс комитетінің 1941 жылдың 29 қазанында қабылдаған шешіміне сәйкес, Клин және Каменск қалаларынан көшірілген жасанды талшықтар зауыттарының негізінде Қостанай қаласында №507 зауыты қалпына келтіріле бастады. Барлық келген адамдар құрал - саймандарды жөнге келтіру, түгелдеу және жинақтау жұмыстарына тартылған. Соғыс жағдайына байланысты зауыт өте қысқа мерзімде, дәлірек айтқанда, 1942 жылдың бірінші жарты жылдығында пайдалануға берілуі тиіс болған. Осы себептен көшірілген зауытты қолданылып жүрген ғимаратта орналастыру ұйғарылады. Бұндай орын ретінде НКВД мен мұғалімдер пединститутның ғимараттары таңдап алынады. №507 зауыты майданды әртүрлі оқ - дәрілермен, жасанды жібекпен қамтамасыз етіп, вискоза дәнінен минометке арналған оқ - дәрі жасау мақсатын алға қойады. 1941 жылдың 15 қарашасынан бастап көшіріле бастаған Егорьевск қаласының << Комсомолец >> станок жинау зауыты мен Ухтомский атындағы ауыл шаруашылығы машиналарының Люберецкий зауытының бір цехы №222 зауытының негізін қалады. Бұл зауыт Қостанай облысының Қарабалық ауданында, Тоғызақ темір жол станциясынан 12 км қашықтықта орналасқан астық совхозында орналастырылып, 1942 жылдың мамырында іске қосылады КСРО Танк өнеркәсібінің жүйесіне қарасты №222 зауыты соғыс машиналарына арнап №41, №50, №10 бұйымдарын шығарумен айналысқан. Арнайы бұйымдарды жасау оңай жұмыс болмағандықтан, зауытпен бірге білікті мамандар да келді. Алайда көп кешікпей бұл мамандардың біреулері Қызыл әскер қатарына шақырылса, енді біреулері бұрынғы жұмыс орындарына оралды. Бұл жағдайды ескере отырып, зауыт жас жұмыскерлерді өндіріске оқыту жұмысына кіріседі. 1942 жылдың өзінде зауытта өндірістік жұмысқа оқытылған жастар саны 273 жетті. Зауытта ерлермен қатар әйелдер де тапжылмай еңбек етті. Ұлы Отан соғысы жылдары зауыт ұжымына қосылған әйелдер 30% құрады. Ұзақ уақыт бойы бір ғана әріппен аталып, көпшіліктен жасырын болған бұл зауыттар Ұлы Отан соғысының қиында, қаһарлы жылдары майдан тапсырысын орындау үшін жұмысшылардың бар күш - жігерін жұмылдырып, солардың қажырлы еңбегімен қатыгез ата жауымызды жеңіп, бейбіт өмір орнатуға ат салысты. Ұлы Отан соғысы жылдарында экономиканы соғыс талабына сай лайықтап қайта құру қажет болды. Экономиканы қайта құруды майдандағы қолайсыз жағдай қиындата түсті. Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Гурьев мұнай өңдеу заводын, Каспий-Орск мұнай құбырын салу үшін. Мұнай өнеркәсібі Халық комиссариатының қуатты құрылыс ұйымын жіберді. Мақат - Қосшағыл темір жолы салынды, Петровский атындағы машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной көлі - Ширина труба құбыры, Гурьев мұнай өңдеу заводы, " Комсомольский " кәсіпшілігі іске қосылды. Ембі мұнайшыларына жұмысшы тобының еңбегінің символы мемлекеттік қорғаныс комитетінің туы бір жыл ішінде 12 рет тапсырылды. Сол кездегі Гурьев облысының жайылым участкелерінің аудан орталықтарынан жүздеген километр қашық екенін ескере отырып, шаруашылық және бұқаралық - саяси жұмысты жақсы ұйымдастыру үшін колхозаралық тірек пункттерін құрды. Бұл пункттерде мектептер, қызыл отаулар медициналық және мал дәрігерлік учаскілер, моншалар сельпо бөлімшелері жұмыс істеді. Республика мал шаруашылығын дамытудың мемлекеттік жоспарын орындап шықты.атырау облысының малшылары Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің туын алтыншы рет жеңіп алды. Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің шешімімен ту атыраулықтардың мәңгі сақтауына қалдырылды. Құлсары кәсіпшілігімен сол кездегі Гурьев машина жасаушыларының ұжымы 1943ж. июньде ВЦСПС пен мұнай өнеркәсібі халық комиссариатының ауыспалы Қызыл туларын жеңіп алды. Атырау облысының еңбекшілері соғыс жылдарында өндірістің қай саласында болмасын күш жігерін майданға көмек көрсетуге жұмсады. Атыраулықтарда Отан қорғаушыларды жауды жеңу үшін не қажеттінің бәрімен қамтамасыз етуге ұмтылды. Атыраулықтар майданға қажет өнімдерді үздік жіберіп отырды. 1942-1943 жылдары Мақат - Орск және Ақмола - Магнитогорск темір жолдары құрылыстары жүйесі жалғастырылып аяқталады. Соғыстың алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанда танкі самолет жасауға ақша жинау қозғалысы басталды. Қазақстандықтар бұл қозғалысқа атсалысты. Қостанай жерінен де соғысқа өз қаражатына әскери истребитель ұшағын жібергендердің бірі академик М. Қозыбаевтың әкесі Қабаш Қозыбаев. Ұлы Отан соғысы басталғанда Қазақстандық алғашқылардың бірі болып өз қаражатына әскери истребитель - ұшағын жіберген. Әріптесіміз Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Бекмағамбетова Раиса Бекмағамбетқызының атасы Бекмағамбет Сұлтанғазыұлы деген ақсақал 1899 жылы туған 4 кластық білімі болған азамат. Көп жылдар колхоз басқармасы болып қызмет атқарған. Әріптесіміз Раиса Бекмағамбетқызының айтуынша атасы 1943 жылы бір миллион сом жеке қаражатынан самолетке ақша жіберген. Бар жиған-тергенін сатып қаржы жинақтаған екен. Зайыбы Балшекер апай екеуі сол кезде 7 бала тәрбиелеп, өсіріп отырған отбасы екен. Апай енді жеті баланы қалай асыраймыз деп реніш білдіргенде Бекмағамбет Сұлтанғазыұлы Балшекер апайға алдымен соғыста жеңіске жетейік, сонан соң қалғанын көрерміз, алла пендесін ырыздықсыз қалдырмас деп жауап берген екен. Кейіннен самолетке жіберген қаржысы үшін Сталиннің атынан қолы қойылған Жамбыл облысының Сарысу ауданының Жайылма ауылына Бекмағамбет Сұлтанғазыұлының атына алғыс хат келген екен. Ауыл болып қуаныпты дейді. Кейін Бекмағамбет Сұлтанғазыұлы 1945 жылы посылкамен Қаратаудың фосфоритін Бүркітті жерінен алып Алматыға жіберген. Кейін бұл жерге Жаңатас қаласы салынған. Геолог Машкара келіп экспедициямен растаған. Осындай елгезек елдің қамын жеген абзал азамат Бекең 1950 жылы дүниеден озған. Қазақ жерінен соғыс кезіндегі жасаған жомарттық пен елдік мысалдарын көптеп келтіруге болады. Соғыстың доноры іспеттес болған қазақ даласының экономикасымен жомарт жанды кеңпейіл қазақстандық халықтардың ерен еңбегі мен жеңіске жету үшін қолдан келгендерінен аяндаған қарапайым қазақ халқының ізгілікті істерінің бір-екі мысалдарына ғана қамтыдық, осының өзі көп жайдан хабар берері сөзсіз. Қорытындылай келе айтпағымыз: Кеңестік дәуірде он бес одақтас республиканың бірі болып, Орталық басшылық нұсқауларын Мәскеуден алып жүзеге асырып отырған Қазақстанды Мәскеуді қорғауда қаһарман жауынгерлер қан төксе, тылдағы қазақстандықтар неміс фашизімін талқандауға елеулі еңбектегі үлестерін қосу арқылы екінші дүниежүзілік соғыстың жоспарының жүзеге асуына тосқауыл болды. "Елу жылда ел жаңа, қырық жылда қазан" деп халқымыз айтпақшы, бүгінде бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер Ұлы Отан соғысының 65 жылдығын тойлағалы отыр. Бүгінде сол кездегі одақтас елдердің көпшілігі дербес тәуелсіз республикалар. Соның бірі - Қазақстан. Қазақстандықтардың бүгінгі экономикасы шүкір, нығайып келеді. Шетелдер компаниялары мен инвестициялары тартылып жатыр. Мұның бәрі де қазақтардың жақсы пиғылы, ниетіне берген табиғат сыйы деп ойлаймыз. Тәңір жарылқап, Қазақстан халқының ынтымақ бірлігі нығайып, болашағы баянды болып, экономикасы арта берсін. Бекіту сұрақтары: 1)Тыл дегенді қалай түсінесің? 2)Қостанайға соғыс жылдары қандай өндіріс орындары көшіріп әкелінді? 3) Қостанайлықтар майданға қандай көмек берді? Әдебиеттер: 1.Күзембайұлы А. Абиль Е.А. История Казахстана. Учебник для Вузов.7-е изд. Перераб. и доп.- СПб, "Соларт". 2004 2..А.Қошанов., К.Алдажұманов, академик М.Қ.Қозыбаев. // Мерейтойлық жинақ Алматы "Атамұра" 2001 3.Ж. Балтабаева Зауыттар неге жасырын ұсталды // Қостанай таңы 04.02.2005. VI. Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. №26-27 лекция Тәуелсіздіктің жариялануы және 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістер. Негізгі ұғымдар:КСРОның ыдрауы, референдум,сайлау, Жоспар: 1) КСРОның ыдрауы. 2) 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістер. 3) 90-жылдардағы ауыл шаруашылығындағы саяси-экономикалық өзгерістер. 4) 1993 - 1995 жылдардағы халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы. Мақсаты: КСРОның ыдрауынан кейінгі кеңестік саясаттанған экономиканың дағдарысымен 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістердің ел экономикасын қиын жағдайға ұрындыруының саяси және экономикалық заңдылықтарынан туындайтын себеперін ашу. Қазақстан өзінің тәуслсіздігіи алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық байланыс жасауға, озінің сыртқы саясатына айырықша көңіл бөледі. Бұрын КСРО-ның құрамында болғанда Қазақстанның ондай мүмкіндігі, жеке саясат жүргізу кұқы болмағаи-ды. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында, әсіресе, басты үш мәселеге ерекше назар аударады. Біріншіден, басқа елдер-мен, соның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және Америка Құрама Штаттарымен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дип-ломатиялық байланыс қаиа орнатып қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы оркениетті елдердің қатарына Қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты болғызбау, ядролық қаруды қолда-нуды болдырмау. Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап тәуелсіз Қазақ-стан көптеген игі шараларды іске асыруда. Бұл уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. 2002 жылдың басында Қазақстан 130-дам астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Қазақ-станды алғашқылардың бірі болып Түркия, АҚШ, Фран-ция және т. б. мемлекеттер мойындады. Қазірде Қазақстан шет елдерде 50-ден астам дипломатиялық және консулдық екілдіктер ашты. Ал Алматыда және Астанада 60-тан ас-там шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және үлта-ралық үйымдардың ондаған өкілдігі жүмыс істейді. Қазақстанның экономикалық саясатында ерекше назар ауда-рып отыратын мәселе, ол - өзінің ең жақын және ірі көрші мемлекеттерімен, соның ішінде солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Осы саясаттың нәтижесінде Қазақстан Рес-публикасының егемен ел ретіндегі алдағы болашағы да бай-ланысты. Сондықтан қалай дегенде де, солтүстігімізді жай-лаған Yenлы елмен әрқашан жақын болу керек. Өйткені Қазақстан үш ғасырға жуық уақыт Ресеймен тарихи сабақ-тас, тағдырлас, көршілес қонып, шекаралас болып қатар өмір сүрді. Осы уақыт ішінде Қазақстан мен Ресейдің шежіресінде талай күнгей де, күңгірт беттері болған. Олар-ды адамдар ауыздан-ауызға жеткізіп, үрпақтан-үрпаққа беріп отырған. Ресеймен, орыстармен қарым-қатынастың қандай болуы, оны қалай қүру жөнінде қазақтың ғүламала-ры, дана билері өз заманында-ақ айқын да анық айтып кет-кен. Ал егемендік алғанға дейін жетпіс төрт жыл бойы Қазақстан мен Ресей Кеңестер Одағы қүрамында ез тәуелсіздігін қойып, өз мүдделерін үмытып, ортақ шаруа атқарып, ортақ қазанға қызмет етті. Барлық шаруашылык, бар тіршілік осыған бейімделіп, Кеңес өкіметінің талабын орындады. Енді Кеңес Одағы тарағаннан кейін, бүл екі елдің арасында тең қүқық негізінде саяси және экономикалык қатынастар орнады. Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстан мен Ресей 1991 ж. КСРО тарап, тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін өздерінің сыртқы саясатында халықаралық қүқык пинциптері егізіндебірбірімен стратегиялық байланыс,остык, тату-тәтті көршілік және өзара тиімді ынтымақтатык катынастарды дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді.Оған Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы достык, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа кол коюдың зор тарихи маңызы бар. Ал 1995 ж. 20-шы кантардағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы бірлескен декларацияда екі ел жоғарыдағы қол қойған шарттарды одан ары бүлжытпай орьтндап отыратындығы женінде мәлімдеді. Бекіту сұрақтары: 1) КСРОның ыдрауының себебі? 2) 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістер туралы неайтасыз? 3) 90-жылдардағы ауыл шаруашылығындағы саяси-экономикалық жағдай қандай болды? №28-29 лекция Қазақстан жеріндегі экономиқалық реформалар және оның алғашқы нәтижелері. Негізгі ұғымдар:Жекешелендіру, Ұлттық валюта, қаржылық жүйе. Жоспар: 1) Жекешелендіру және оның нәтижелері. 2) Ұлттық валютаның айналымға енуі және еліміздің қаржылық жүйесі. 3) Өнеркәсіптің дамуының алғашқы нәтижелері. 4) Тұрғын үй құрылысы. Мақсаты: Қазақстан жеріндегі экономиқалық реформалар және оның алғашқы нәтижелері туралы білімдерін дамыту. Бауырлас халықтардың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Рссей Федерациясының Президенті Б. Ельцин мен Қазақстан Президенті Н. Ә. На-зарбаев Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демок-ратиялық қайта қүрулар мен экономикалық рефор-малардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап керсетілді. Мемлекеттің басшы-лары бүдан былай да екі ел арасындағы егемендікті, тәуелсіздікті қүрметтеу, аумақтық түтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау принциптерін сақтау негізінде дами беретінін қуаттады. Ресей Федерациясымен Қазақстан арасында ынтымақ-тастыктың одан ары тереңдеп дамуында 1998 жылы 6-шы шілдеде Мәскеуде қол қойылған XXI ғасырға бағдарланғ-ан мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Деклара-цияның тарихи маңызы ерекше. Оның негізінде Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің қүқықтық мәртебесі мәселесін шешуді тоқтап қалған жерінен алға қарай жылжытты. Екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 жылдың 25 каңтарында Қазақстан Елбасы Н. На-зарбаев пен Ресей Президенті В. Путинмен кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан ары жетілдіре түсуге жете мән берілді. Ал 2002 жылы желтоксан айында Қазақстан Президенті Н- Ә. Назарбаевтьщ Мәскеуге ресми сапары барысында Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса ай-тылды. Олардың ішінде Байқоңыр ғарыш кешенін одан әрі бірлесіп пайдалану мәселесі тағыда сөз болды. Сондай-ақ аймақтық және халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақтьі деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭҚ, Үжымдық қауіпсіздік, ШЫҰ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақ-тағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді. Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси байланыстар 2003-2004 жылдары одан ары дами түсті. Оған 2003 жылы Ресейде Қазақстан жылының жариялануы үлкен әсерін тигізді. 2003 жылы Ресей орталығы мен облыстарында 150-ден астам түрлі деңгейдегі іскерлік кездесулер, мәдени ша-ралар мен отандьтқ өнімдер көрмелері өткізіліп, екі жақты тиімді келісім шарттарға қол қойылды. Қазіргі кездерде екі жақты қарым-қатынастардың шартты қүқықтық негізі 350-ден астам келісімдер мен шарттардан түрады. Солар-дың ішінде екі ел, әсіресе Евразия кеңістігіндегі түрақты-льтқты нығайтуға, үлттық, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті күшейтуге ерекше назар аударады.Қазақстан мен Ресей Еуразия аймағының, Каспий теңізінің түрақтылығы мен қауіпсіздігіне де аса зор мән береді. Ресей мен Қазақстан арасындағы і бірлескен жүмыстарда экономикалық байланыстар негізінде. 2004 жылы жалпы 7,5 мың шақырым шекаралық қашықтықтың 7356 шақырымы немесе 98 пайызы бедерленіп, бейнелеу жүмыстары аяқталған, соның нәтижесінде шаруашылық байланыстар нығая түсті. Қазақстан үшін Оңтүстік-Шығыстағы үлкен көрші Қытайсыз әлдебір үлкен саясат жүргізу қиын екенін ерекше атап айту керек. Сондықтан тәуелсіздік тізгіні қолға тигеннен бері Республиканың ішкі және сыртқы саясатында темірқазыққа айналған бағдарлама Қытай Халық Респуб-ликасымен қарым-қатынастарды айқындау. Міне, осы ба-ғытта Қазақстан бірқатар шараларды іске асырып, Қытаймен достық байланысты орнатуда едәуір табыстарға қол жеткізеді. . Бекіту сұрақтары: 1) Жекешелендіру неше кезеңнен тұрды? 2) Ұлттық валюта айналымғақашан енді? 3) Тұрғын үй құрылысы қандай жүйе ьойынша қаржыландырылды? №30 лекция Қазіргі Қазақстанның ауыл шаруашылығы. Негізгі ұғымдар:әлеуметтік құрылым, зейнет ақы қоры. Жоспар: 1) Еліміздегі ауыл шаруашылығының жағдайы. 2) Қазақ мемлекетінің әлеуметтік - экономикалық даму жолы. Мақсаты: Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қурылымының жүйесі мен қызметі туралы мәліметтер беру арқылы әлеуметтік - экономикалық жағдайын айқындау. Бекіту сұрақтары: 1) Елімізде ауыл шаруашылығының жағдайы қандай? 2) Қазақ мемлекетінің әлеуметтік - экономикалық даму жолы қандай атаңыз?
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz