Файл қосу

Тілдің сөздік құрамы






                                       
                                       
                                       
                                       
<<ТІЛ БІЛІМІНІҢ НЕГІЗДЕРІ>> ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ
5 В 020700 <<Аударма ісі>> мамандығына  арналған
             ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                  Семей
                                     2015
                                       
                                       
                                       
                                       
                                Мазмұны

1  Глоссарий
2  Дәрістер
3  Практикалық сабақтар
4  Курс жұмысы (жоба)
5  Студенттердің өздік жұмысы




































    ГЛОССАРИЙ
1. Жалпы тіл білімі  -  лингвистиканың жалпы тілдік теориясы.
2. Экстралингвистика  -  экстра латын тілінде <<сыртқы, сыртқары>> мағынасын береді.
3. Интра  -  латын тілінен ауысқан префикс <<ішкі>> мағынасын білдіреді.
4. Менталингвистика деген термин құрамындағы мента  -  латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді.
5.     Неолингвизм. (гр. neos  -  жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған).
6. Натурализм латынның натура деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда ХІХ ғасырдың екінщі жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.
7. Аморф - формасыз деген мағынаны білдіреді.
8. Ареалдық тіл білімі  -  (лат.аrea  -  кеңістік, аудан)  -  лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы.
9. Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір  -  бірімен жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі.
10. күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдану тіл білімінде билингвизм деп аталады.
11. Тілдік жағдаят - әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін мәселесі.
12. Этнолингвистика  -  грекше ethnos халық, тайпа)  -  тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.
13.Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым  -  қатынас құралы деп қарайтын бағыт.
14. Сөйлеу дегеніміз - әрекет.Әрекет белгілі бір нәтижеге жету үшін, бағыты, мақсаты бірлігі арқылы топтасқан процестердің күрделі жиынтығы.
15. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят-хадистарды мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа біліп, құдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Бұл тіл -тіл ғылымында канондық тіл деп аталады.
16. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында << Тіл туралы жаңа ілім >> немесе << Яфет тіл ғылымы >> деп аталады.
17. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында << Тіл туралы жаңа ілім >> немесе << Яфет тіл ғылымы >> деп аталады.
18. Тіл теориясы  -  тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым.
19. Семиотика - әр түрлі хабарлар, мәліметтер беру үшін қолданылатын таңбалар жүйесі



2 ДӘРІСТЕР
№1 модуль:  Тіл білімі және оның  басқа ғылымдармен  байланысы 

№1 дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның салалары

1.Тіл білімі және оның зерттеу нысаны
2. Тіл білімінің салалары
3. Тарихи тіл білімі және сипаттамалы тіл білімі.. 
4.Жалпы тіл білімі және жеке тіл білімі.
      Тіл білімі лингвистика (грек linqua - тіл), тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы  -  тіл. Тіл  -  адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Осыдан келіп тіл білімінің салалары шығады.      Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімінің әр түрлі жақтары мен салалары, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдары зерттейді.       Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы-бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу. Синхрондық лингвистика.      Жалпы тіл білімі  -  жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы.Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілдерді зерттеу үшін қажет. Ал жалпы тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар сілтейді. Сөйтіп, жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын, адам баласы тілінң пайда болуын қарастырады; тілдің даму заңдарын айқындайды; дүниежүзі тілдеріне классификация жасайды; ғылымдар жүйесінде тілдің алатын орнын айқындайды.      Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.      Бақылау сұрақтары:
1. Тіл білімі ғылымы нені зерттейді?
2.Тіл білімі қандай салалардан тұрады? Тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады?
3. Тарихи тіл білімі және сипаттамалы тіл білімінің зерттеу нысанына не  жатады?
4.Жалпы тіл білімі және жеке тіл білімі нені қарастырады?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2. Невченко В.Н. Введение в языкознание. М.:Дрофа.,2008.-7063с.
3. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
4. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А: Өлке, 2010. - 240 б.

 №2   дәріс тақырыбы:   Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны және тіл білімінің басқа ғылым салаларымен байланысы

1. Тіл білімінің басқа ғылымдармен  байланысы2.Тіл білімінің басқа ғылымдар арасында алатын орны3.Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні
    Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары .Тіл білімі қоғамдық  (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану  ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.Тіл білімі және филология. Филология грек тілінен аударғанда <<сөзді сүю>> деген мағынаны береді. Тіл білімі - тарих, археология, этнография, әдебиеттану, психология, педагогика, логика, философиямен  байланысты.
	Тіл білімі жаратылыстану ғылымдары: физиология, физика, математика, география, кибернетикамен байланысты.
	Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын түрлері: социолингвистика (әлеуметтік лингвистика) этнолингвистика, психолингвистика, лингвостатистикалық, лингвистикалық философия, логикалық грамматика, қолданбалы лингвистика, лингвистикалық география, когнитивтік лингвистика, лигвомәдениеттану, интерлингвистика және т.б.
     Тіл білімінің теориялық мәні  -  тіл ғылыми тұрғыда зерттелінеді, соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категориялар сараланады. 
      Бақылау сұрақтары:
1. Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны  қандай ?
2. Тіл білімі  қандай  ғылымдармен байланысады?3. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні қандай?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.


№3  дәріс тақырыбы:   Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі

1.Тілдің табиғаты, мәні мен қызметі
2. Тілдің қоғамдық қызметі
     Өмірде алуан құбылыстар бар. Олар табиғат құбылыстары және қоғамдық құбылыстар болып екі топқа бөлінеді.Тіл қоғамдық құбылыстардың қатарынан орын алады. Тілдің табиғатын (мәнін) танып білу үшін оның ең басты қасиетін айқындап алудың маңызы айрықша. Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті делініп, оның қатынас құралы болу қызметі аталады. 
     Тіл  -  адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде пайда болды. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды . Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы  -  тіл қажет . Тіл  -  адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден , тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам  -  тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың коллективінен тыс тіл жоқ. Қоғамның өмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет.     Тілдің қатынас құралы болу қызметі мен ойлаудың құралы болу қызметіне қоса тағы бір қызметі бар: ол  -  экспрессивті қызмет. Тілдің экспрессивті қызметі делініп, әдетте, оның адамның субъективті қатынасын, сезімі мен эмоциясын білдіру қызметі аталады. 
      Тіл мен ойлаудың өз ара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады.Мәселенің күрделілігі ойлаудың табиғаты мен тілдің табиғатының өте-мөте күрделі болуымен байланысты.Дыбыстық тіл де, абстракті ойлау да  -  адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталады, осы екеуін бірдей қамтиды.
         Бақылау сұрақтары:1.Тілдің  мәні мен табиғаты жайлы қандай көзқарастар бар?2. Тіл  қандай  қоғамдық қызмет атқарады?3.Тіл мен ойлаудың арақатынасы қандай?4. Тілі негізгі қызметі қандай?     
 Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№4  дәріс тақырыбы:   Тіл мен   ойлау 
1.Тіл мен   ойлау
2.Тіл мен сөйлеу

      Тіл мен ойлаудың өз ара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады.Мәселенің күрделілігі ойлаудың табиғаты мен тілдің табиғатының өте-мөте күрделі болуымен байланысты.Дыбыстық тіл де, абстракті ойлау да  -  адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталады, осы екеуін бірдей қамтиды. Біріншіден, тілде, ойлау да  -  адам миының туындысы, соның жемісі, екіншіден, тіл де, ойлау да - әлеуметтік құбылыс, өйткені адамның өзі қоғамдық құбылыс болып саналады.
         Бақылау сұрақтары:1.Тіл мен ойлаудың арақатынасы қандай?2. Тіл мен   ойлаудың өзара байланысы неден көрінеді?      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№5  дәріс тақырыбы:   Тілдің таңбалық, құрылымдық және жүйелік сипаты1.Тілдің таңбалық сипаты
2.Тілдің құрылымдық және жүйелік сипаты
3.Синхрония және диахрония
     Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері: 1)еріктілік, 2) шарттылық.
     Еріктілік, шарттылық дегеніміз  -  таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Сондықтан бір зат әр түрлі тілдерде әр түрлі аталады. Тілдің таңбалық теориялары. Семиотика - хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.
      Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы. Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема -  тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема  -  ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Сөз  -  болмыс құбылыстарын, заттарын , олардың қасиетерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем  -  тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.
     Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. 
      Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеруін зерттейді. Бұл екеуі бір нәрсе емес.Синхрония - тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең, диахрония-тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің қыры. 
         Бақылау сұрақтары:1. Тілдің таңбалық сипаты дегеніміз не ?2. Тілдің құрылымдық және жүйелік сипатын неден көреміз?
3.Тіл мен ойлаудың арақатынасы қандай?4. Синхрония және диахрония дегеніміз не?      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№6  дәріс тақырыбы: Фонетиканың мақсаты мен міндеті, қарастыратын мәселесі. Тілдің дыбыстық жүйесі.Фонема мәселесі.
1. Фонетика және оның салалары2. Тілдің дыбыстық жүйесі
3.Фонема мәселесі
      Адам баласының тілі  -  дыбыстық тіл . Тіл дыбыстары - әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Тіл дыбыстары, әдетте сөз ішінде айтылады.
     Фонетика тіл дыбыстары және дыбыс заңдарымен ғана шектеліп қоймайды. Тіл дыбыстары, олардың құрамы, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары туралы мәселелер фонетикада маңызды орынға ие болады. Алайда, тіл дыбыстары туралы мәселенің фонетикада басты орынға ие болуы фонетиканың басқа  да маңызды объектілерінің болуын жоққа шығармайды. Дыбыстарды зерттеу мен дыбыстық тілдің басқада мәселелерін, мысалы, буын, екпін және интонация мәселелерін қарастыру өз ара тығыз байланыста болады. Сонымен фонетиканың зерттейтіндері  -  тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстар.         Дыбыстың жалпы теориясын физиканың акустика деп аталатын саласы қарастырады. Акустикалық тұрғыдан алғанда, дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да , құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта  -  ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып пайда болуы мүмкін емес . Акустика дыбыстардағы төмендегідей белгілерді ажыратады: дыбыс ырғағы, дыбыс күші, дыбыс әуені (тембр), дыбыстың созылыңқылығы.
  Фонема (гр.phonema-дыбыс)- сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан айыруға септігі бар тілдің тілдің ең кішкене функциялық бөлшегі. 
      Бақылау сұрақтары:
1. Фонетика қандай  салалардан тұрады?
2.Дыбыстың жалпы теориясын қай сала қарастырады? 
3. Акустика дыбыстарды қандай белгілері арқылы  ажыратады:?
4. Фонема деген не?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
№7  дәріс тақырыбы:  Екпін және оның түрлері
        1. Екпін (акцентуация) туралы түсінік
2.Оның басты түрлері: ой екпіні және инверсия, көңіл-күй екпіні, сөз екпіні және т.б.олардың бір-бірінен айырмашылығы.  
3.Екпіннің басқа тілдердегі атқарған орны.

    Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз.Қазақ тілінде екпін сөздің   сонғы буынына түседі.Бұл-бізге мектептен таныс қағида. 
Екпін түскен буын басқа буындардан негізгі үш түрлі тәсіл арқылы ажыратылады. 
   1)Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп аталады.
  2)  Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы (высота тона) арқылы ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жиілеуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін  деп аталады. 
   3)Басқа буындардың ішінен бір буын  өзінің құрамындағы дауыстың созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантативті  екпін деп  аталады.
     Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс тіліндегі екпін  -  жылжымалы екпін.
Кейбір тілдерде, мысалы, түркі тілдерінде, екпін көбінесе арнаулы бір буынға байланып, басқа буындарға жылжи бермейді. Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады. 
   Акцентуациялық жақтан жігі ажырамай, бір ғана екпінмен айтылып, ритмикалық бір бүтін топ құрған сөз тіркесінің құрамындағы екпін түспеген сөз екпінді өз бойына тартқан сөздің алдында тұрса, проклитика деп аталады да, соңында тұрса энклитика деп аталады. Жөн-жосық, кем-кетік, көл-көсір, мал-мүлік тәрізді қос сөздер мен ән салу, қол қою тәрізді сөз тіркестерінің әрқайсысының алдыңғы сыңарлары дербес екпінге ие бола алмай, проклитикаға айналып тұр. 
Логикалық екпін. Сөзде белгілі бір буынның екпін түсіп, ерекшеленіп айтылатыны сияқты, кейде сөйлемде бір сөзге айрықша назар аударылып айтылатыны  бар. Сөйлемдегі айрықша назар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол сөз басқа сөздерге қарағанда, ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп аталады.
         Бақылау сұрақтары:
1.Екпін (акцентуация). 
2.Оның басты түрлері: ой екпіні және инверсия, көңіл-күй екпіні, сөз екпіні және т.б.олардың бір-бірінен айырмашылығы.  
             Әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№8  дәріс тақырыбы: Қазақ тіліндегі буын үндестігі, дыбыс үндестігі  
     1.(Сингармонизм). Дыбыс үндестігі  (Ассимиляция, диссимиляция)
2. Қазақ тіліндегі буын үндестігі  (Сингармонизм)3. Дыбыс үндестігі  (Ассимиляция)
4. Диссимиляция жайлы түсінік
     Сингармонизм  -  гректің Sun <<бірге>> және hanmoni <<байланысу, үндесу>> деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.Мысалы:Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.  Дауыстылардың бір  -  бірімен үндесуі сингармонизм деп аталады. 
Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.
1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысты жағынан.
2.Еріннің қатысы бір  -  бірімен өзара үндесіп айтылады.          Лингвальдық (латын тілінің lioguo  -  <<тіл>> деген сөзі бойынша жасалған)  -  сингармонизм.
Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстың әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады. 
Ерін үндестігі немесе лабиальдық (латын бойынша labialis <<еріндік>> деген сөзі бойынша жасалған)  -  сингармонизм. Бастапқы буындағы ерін .дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындар да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады. 
      Ассимиляция ( лат.-ұқсау) морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляцияық жақтан бір-бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тіл табысуы. Қазақ тілінде прогрессивті ассимиляция өте күшті. Бұл заң бойынша алдыңғы морфеманың соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі морфеманың басқы дауыссыз дыбысына акустикалық жақтан ықпал етіп, игеріп тұрады. 
        Регрессивті ассимиляция кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсері арқылы реттеуді мақсат етеді. 
     Диссимиляция (лат.ұқсамау) дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі ретінде қарастырылады. Ол бір сөздің ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі. 
       Бақылау сұрақтары: 1. Қазақ тіліндегі буын үндестігі  (Сингармонизм) дегеніміз не?2. Дыбыс үндестігі  (Ассимиляция)дегеніміз не?
3. Диссимиляция дегеніміз не?       Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.


№9  дәріс тақырыбы:  Дыбыстардың алмасуы. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер.

1.Дыбыс өзгерістерінің басты түрлері: игерулі, шектік, игерусіз.
2. Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде  жиі кездеспейтін түрлері.
3. Дыбыс өзгерістерінің басты түрлерінің өзіндік ерекшеліктері.

       Комбинаторлық өзгерістер тек қана сөз ішіндегі, сөз аралығындағы, сөздің мағыналы бөлшектерінің арасындағы іргелес тұрған немесе бір-бірінен алшақтап тұрған бір фонеманың екінші фонемаға ілгерінді,кейінді, кейде тоғыса келіп, тигізетін әсерінен болады. Позициялық өзгерістер белгілі бір сөздің шенінде болатын өзгерістер.Оған протеза,эпентеза,элизия т.б. жатады. Ал спонтандық өзгерістер кейбір сөздердің дыбыстық құрамы ешқандай өзгеріске ұшырамай-ақ бірнеше түргі ауысуы мүмкін.Мысалы,мысық-мышық,секер-шекер т.б. 
             Бақылау сұрақтары: 
1.Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде  жиі кездеспейтін түрлері қандай?
2. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер туралы не білеміз?
	Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№10 дәріс тақырыбы: Жазу және оның даму кезеңдері 
1. Жазудың қандай түрлері бар?
2. Жазу және оның даму кезеңдері

      Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін ауызша түрде де, жазбаша түрде де атқара алады. Дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады. Соның нәтижесінде оның қатынас құралы ретінде қолдану шеңбері кеңейеді. Жазу  -  адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық салаларында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. 
     Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейіннен пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды.     Пиктографиялық жазу. Бұл жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу  -  суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды.   Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады.     Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеогрммалар деп аталады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, ақырынды идеограммалар белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастады. Идеографиялық жазудың үлгілерін өтө ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады.     Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болады. Жазудың буын жүйесінде таңба буынды белгілейді. Жазудың буын жүйесі шығу тегі мен таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді.               	Бақылау сұрақтары:      1. Қоғамның және тілдің дамуындағы жазудың рөлі қандай?
2. Жазудың шығуы мен даму кезеңдері жайлы не білесің?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.


№11 дәріс тақырыбы:Алфавит. Графика. Орфография. Орфоэпия. Транскрипция мәселесі

1. Орфоэпия туралы түсінік.
2. Қазақ әдеби тілі орфоэпиясын зерттеген ғалымдар
Орфоэпия(грекше orthos-дұрыс және epo- сөйлеу) сөздер мен бунақтардың (сөз тіркестерінің) бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы.
Сөздердің бірізді айтылуы (сондай- ақ бірізді жазылуы) тілдік қатынасты жеңілдетеді.Керісінше,белгілі бір мағынада қолданылатын сөздің дыбыстық құрамының бірдей болмауы түсінікті ауырлатып,көңілді алаңдатады.Көрнекті ғалым Н.Сауранбаев 1947 жылы орыс графикасына негізделген қазақ жазуы туралы былай деп жазады. "Сөздің дыбысталуы мен айтылуының арасындағы арақашықтық біржола жойылды"
Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пікір айтушылардың бірі проф  -  М.Балақаев.Ол өзінің "Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері" деп аталған еңбегінің алғы сөзінде былай дейді: "Бірақ сөздердің айтылу нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу мәселесі ескерілмей, елеусіз қалып келеді. Сондықтан да бізде бұл мәселе жөнінде күні бүгінге дейін ала-құлалық байқалады. Мына сөз былай айтылмайды, былай айтылады, мынасы дұрыс, мынас теріс дегенді көп есітпейміз. Кім қай сөзді қалай айтады, қалай есітеді  -  бәрібір  -  әйтеуір нобайы келсе болғаны. Бұл кемшіліктерден арылу үшін әрбір сөздің дұрыс айтылу нормасын  сақтап сөйлеуді тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі етіп қою керек ".
     Бақылау сұрақтары: 
* Орфоэпияның  зерттелу  нысаны жайлы не білесіз?
* Мақсаты мен міндеттеріне тоқталыңыз
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.


№12 дәріс тақырыбы: Тілдің лексикалық жүйесі мен құрамы.Лексикология және оның түрлеру мен салалары

* Лексикологияның міндеті мен зерттейтін нысаны
* Лексикология және оның түрлері мен салалары
     3.   Сөзге тән басты белгілер. Сөздің   	лексикалық мағынасының түрлері     4.   Сөздің көп мағыналылығы. Омоним, синоним, антоним  құбылыстары 

         Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы  -  тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді.  Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі, мысалы, қазіргі дәуірдегі қалпы тұрғысынан қарауы мүмкін. Осыған орай, лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология болып бөлінеді.
         Тарихи лексикологияның бір саласы  -  этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады.      	Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы  -  ономосиология деп аталады. Семасиология сөздің мағыналарын, семантикалық заңдарды зерттесе, ономосиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының неліктен  екендігін қарастырады.   Ономосиологияның айрықша бір саласы  -  ономастика жалқы есімдерді зерттейді. Ономастика өз ішінде екі салаға бөлінеді: оның бірі  -  антропонимика кісі аттарын зерттеу объектісі етіп алса, екіншісі  -  топонимика географиялық атауларды зерттеу объектісі етіп қарастырады.      Лексикологияның  жүрегі тас төбесіне шығу (қорқу), қас пен көздің арасында деген сан алуан фразеологиялық сөз тіркестерін зерттейтін лексикологияның арнаулы бір саласы фразеология деп аталады.
      Сөз - өте-мөте күрделі тілдік единица. Сөздің екі жағы бар: оның бірі  -  сөздің дыбысталу жағы, екіншісі  -  сөздің мағыналық жағы. Тарихи тұрғыдан қарағанда, сөз мағыналары негізгі мағына және туынды мағына деп аталатын екі түрге бөлінеді.Тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан алып қарағанда, сөз мағыналарын екі түрге бөліп қарауға болады: оның бірі  -  тура мағына, екіншісі келтінді (немесе ауыспалы) мағына. Сөздің келтірінді мағынасы бір емес бірнеше болуы мүмкін. Келтірінді мағыналар өз ішінде метафоралық мағына және метафонимиялық мағына болып сараланады.       Бақылау сұрақтары: 1.Лексикологияның зерттеу нысаны мен міндетіне не жатады?
2.Лексикологияның қандай салалары бар?
3. Сөз дегеніміз не?
4 .Сөздің көп мағыналылығы (Полисемия) дегеніміз не?
5.Сөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы не білесің?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№13 дәріс тақырыбы: Полисемия және сөздің лексикалық мағыналарының түрлері

1. Полисемия құбылысы туралы
2. Полисемия мен омонимияның айырмашылығы
	Полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырата білу керек. Бұларды бір-бірінен ажырату проблемасы тіл білімінде өте-мөте күрделі мәселе болып саналады. Сөздіктерді жасауда бірде-бір лексикограф (сөздік жасаудың маманы) полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырату проблемасына соқпай өтпейді. 
Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары (семалары) бөлек сөздер. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар  -  омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер.
       Мағыналары бір-біріне жақын, өз ара мәндес сөздер синонимдер деп аталады.Өз ара мәндес сөздерден синонимдік қатар құралады. Антонимдер - мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер. 
	Бақылау сұрақтары: 
1.Полисемия және омоним құбылыстарының айырмашылығы қандай?
2.Полисемия құбылысы дегеніміз не?
	Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№14 дәріс тақырыбы:  Лексика-семантикалық топтар туралы. Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер.

1. Лексика-семантикалық топтар туралы.
2.Омонимдер,синонимдер,антонимдер жайлы
	Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы  --  тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикалық единицалардың (сөздердің) жиынтығынан тілдің сөздік кұрамы /лексикасы) кұралады. Әрбір тілдің сөздік кұрамындағы сөз-қаншама көп және алуан түрлі болғанмен, олар бір-бірімен байланысты, өз ара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және дамиды. Осыған орай, лексикологияда тілдің сөз-құрамы лексикалық жүйе ретінде құралады да, сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады.    Нақты бір тілдің лексикасы және оның ерекшеліктері жеке лексикологияда (частная лексикология) қарастырылады. Жалпы лексикология мен жалқы (жеке) лексикология бір-бірімен байланыста болады. Сондай-ак, тілдің сөз мағынасының өзгеруі, көп мағыналы сөздердің жасалуы және синонимдік қатарлардын пайда болуы  --  осылардың бәрі тілдердің барлығында да бар.   Сөз тудырудың бір тәсілі  --  сөздерді біріктіру тәсілі. Сөз тудырудың біріктіру тәсілі әр түрлі тәсілдерде түрліше дәрежеде көрінуі және әрекет етуі мүмкін. Бұл тәсіл, мысалы, басқа тілдерге қарағанда, көбінесе неміс тіліне тән және неміс тілі үшін ең өнімді тәсіл болып саналады. Омонимдер және олардың фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде, түбірге омонимдес аффикстердің жалғануы немесе сөздің семантикалық дамуы нәтижесінде жасалуы түрлі тілдерде кездесе береді. Аталған тәсілдердің ішінде аффикстердің жалғануы арқылы туынды омонимдердін жасалуы әсіресе орыс тіліне өте-мөте тән болып саналады. 
	Айтылуы бірдей болғанмен, мағыналары бөлек-бөлек сөздерді омоним дейді. Мысалы, аяқ деген сөз әрі ыдыстың бір түрі және адамның дене мүшесі мағыналарын білдіреді. Бұл мағыналардын арасында байланыс жоқ. Демек, аяқ деген сөз бірдей айтылғанмен әр мағынасы бөлек-бөлек сөз болып табылады. Омоним сөздерді көп мағыналы сөздермен шатастыруға болмайды. Мағыналары бір-біріне жақын, мәндес сөздерді синоним дейді. Мысалы, әдемі, сулу, келбетті, немесе қысқа, шолақ, келте, немесе күшті, мықты, берік т. б. сөздердің мағыналары бір-біріне жақын, сондықтан да көбіне-көп оларды бірінің орнына екіншісін қолдана беруге болады: әдемі қыз  --  сұлу қыз, келбетті қыз немесе күшті жігіт, мықты жігіт, берік жігіт     	Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейді. Мысалы: Жоғары  --  төмен үйрек-қаз ұшып тұрса сымпылдап.
Бақылау сұрақтары: 
1. Лексика-семантикалық топтар туралы дегеніміз не?
2.Омоним,антоним,синомдер дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№15 дәріс тақырыбы: Табу мен эвфемизмдер  

1.Табу және эвфемизмдер туралы түсінік
2. Табу мен эвфемизмдердің этнолингвистикалық табиғаты  

      Табу (полинезиялық тайпалар тілінен аударғанда <<тыйым салу>>)  --  алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетімен тығыз байланысты діни негіздегі үзілді-кесілді тыйым салуды талап ететін ұғым. Терминді алғаш рет ағылшын жиһанкезі Кук енгізген болатын. Табуда екі ұғым  --  киелілік пен тыйым салынғандық, қасиеттілік пен қорқыныш тоғысады. Табу белгілі бір тұлғаларға да, белгілі бір қоғамдық ұжымдарға да қатынасты қолданылады.      Табу қасиеттілік туралы түсінік қалыптасқан барлық мәдениеттерде кездеседі. Әр мәдениеттің өзіне сай заттарға, іс-әрекеттерге немесе сөздерді айтуға салынатын тыйым түрлері бар. 
      Эвфемизм (грек. eu  -  жақсы, phemі  -  айтамын)  -  мағынасы тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу. Эвфемизм қоғамдағы моральдық, этикалық норма негізінде қалыптасып, сыпайыгершілік пен әдептілікке байланысты туған. Эвфемизм  -  тілдегі ауыспалы мағынадағы сөздерді толықтырып отыратын көркемдеуіш, бейнелеуіш құралдардың бірі. Эвфемистік мағына тудырудың тәсілдеріне метафора, метонимия, синекдоха, символ,ирония, парафраза, эпитет сияқты топтармен қатар фразалық тіркес пен мақал-мәтелдер, сондай-ақ есімдік пен эллипс те жатады. Мысалы, "өлді" деудің орнына қайтыс болды, дүние салды, жан тәсілім етті, т. б. сөз орамдары айтылады.
     Бақылау сұрақтары: 
1.Табу сөздер дегеніміз не?
2. Эвфемизм дегеніміз не?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.

№16 дәріс тақырыбы: Этимология және <<халық>> этимологиясы

1. Этимология туралы түсінік
1.Этимология және  <<халық>> этимологиясы жайлы

      Этимология (грек. etymos  -  ақиқат, шындық, logos  -  білім)  -  сөз төркінін зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы болып табылады. Этимологияның зерттеу нысанына, негізінен тілдегі жеке сөздер, сөз тіркестері, грамматикалық тұлғалар жатады. Этимологиялық зерттеу нысаны тек мағынасы ұмыт болуына, не күңгірттенуіне байланысты жеке-дара қолданылмайтын сөздер, тұлғалар ғана емес, сонымен қатар тілімізде дербес те жүйелі түрде қолданылатын жалпы лексика-грамматикалық мағынасы айқын сөздер мен сөз тұлғалары да бола береді. Этимологиялық зерттеулер мақсаты мен нысанына қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді. Солардың ішінде жиі қолданылатындары: тарихи-салыстырма тәсілі, морфемдік-модельдік талдаулар, түбірін індете зерттеу, т.б. Этимологиялық зерттеулер мен сөздіктер алдына қойған мақсатына байланысты бір тілге, не бір топтағы туыстас бірнеше тілдерге бағындырылуы мүмкін. Этимологиялық зерттеулердің қай түрі болмасын, қандай тілге бағытталмасын ғыл. тұрғыдан үш түрлі, атап айтқанда, фонет., морфол. және семант. принцип-критерийге сүйенуі шарт. Этимологиялық зерттеуге қойылатын тағы бір шарт  -  тарихи факторлармен санасу.   Фонетикалық  принцип  -  әрбір тілдің немесе бір топтағы туыс тілдердің дыбыстық жүйесіне тән (сингармонизм  -  үндестік пен ассимиляция, дыбыс алмасу мен дыбыстық сәйкестігі, дыбыстың түсіп қалуы мен қосымша дыбыстың пайда болуы, дыбыстардың қосарлануы мен әлсізденуі, дыбыстардың ұзаруы мен қысқаруы, орын алмастыру мен апокопа, элизия мен флексия мен фузия т.б.) сан алуан фонетикалық заңдылықтарды қатаң ескеруді талап етеді. Морфологиялық принцип  -  сөздердің тұлғалық өзгерістеріне байланысты заңдылықтарына негізделеді. Лексемаларға жасалатын морфол. талдаудың басты мақсаты, мәселен, Семантикалық принцип  -  сөздердің мағынасын анықтауда этимологияның негізгі критерийлерінің бірі болып саналады. Сөз мағыналарының көнеруі, күңгірттенуі, ұмыт болуы, тоғысуы, іштей жіктеліп, көп мағынаға, тіпті біртекті омонимдерге айналуы, т.б. сөз табиғатына тән семантикалық заңдылықтар  -  этимологиялық принцип. Тарихи принцип  -  этимологияның тарихи лексикологиямен, этнолингвистика және этнография, т.б. тоғысар бір туысы. Этимологияның түрлері үш топқа (ғылыми, қызықты, халықтық) бөлінеді. Ғылыми этимология  -  жоғарыдағы аталған төрт түрлі принципке, яғни тіл дамуының объективті заңдылықтарына сүйеніп жасалған. Қызықты этимология -  сөз төркінін ашуда аталатын принциптерге тереңдеп бара білмейтін, дәйектілігі белгілі бір деректермен шектелген, сөздердің сыртқы тұлғасы және бөлігі контекстегі мағынасымен қанағаттанатын, бірақ өзінің сиқырлы сырымен жұртшылықты қызықтырып, қалың бұқара арасына тез тарап кететін этимологиялар жатады. Халықтық этимология  -  сөз бен сөз тіркестерінің табиғатын оларға тән өзгеру, түрлену, даму, жасалу, т.б. заңдылықтарымен, этимологияның ғыл. принциптерімен санаспай, табиғатын басқа зат пен құбылыс атауларының кездейсоқ, не тым алыс ұқсастықтарын жақындастыру арқылы анықтауға бейім тұрады. Этимологиялық зерттеулердің түрлері көп. Солардың көп тарағаны және пайдалануға қолайлысы  -  этимологиялық сөздіктер. Мамандардың пікірінше, түркі тілдері бойынша жарық көрген әр деңгейдегі этимологиялық сөздіктердің 7 түрі бар. 
    Бақылау сұрақтары: 
1. Этимология дегеніміз не?
2.Этимология және  <<халық>> этимологиясы нені зерттейді?
    Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

     №17 дәріс тақырыбы:Тілдің сөздік құрамы

1.Тілдің сөздік құрамы 
2. Этимология және олардың түрлері
3. Лексикография және сөздіктердің түрлері	Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды. Сөздік құрамға тілдің күллі сөз байлығы енеді. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі  -  негізгі сөздік қор. Негізгі сөздік қор  -  бүкіл лексикалық  байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйтқысы. Тілдің сөздік құрамы үздіксіз даму үстінде. Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі даму үстінде болады.Туынды сөздерді тудыру тәсілдері:
           Этимология сөздердің шығуын зерттейді. Этимология өзі екіге бөлінеді: халықтық этимология және ғылыми этимология. Соңғы кездері халықтық этимология кеңінен зерттелуде.    Лексикография-сөздіктер жасаудың тәжірибесі және оның теориясымен айналысатын тіл білімінің саласы. Сөздіктің түрлері.   
Бақылау сұрақтары: 1. Қазақ  тілінің   сөздік құрамы дегеніміз не?
2.Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамының шығу арналарына на жатады?
3.Қазақ  тілінің   сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы.
4. Негізгі сөздік қор дегеніміз не? 
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
  

 №18 дәріс тақырыбы: Фразеологиялық оралым және олардың түрлері 

1. Фразеологиялық оралым туралы түсінік
2. Фразеологиялық оралым және олардың түрлері
   Фразеология-тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеологизмдердің түрлері: идиомалар, фразалар, штамптар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер. Фразеологизмдерге тән қасиеттер: мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, даяр күйде қолданылуы. Түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық сөйлемдер, фразеологиялық тізбектер.
Кемінде екі сөздің тіркесімен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица, әдетте, фразеологиялық оралым деп аталады. Фразеологиялық оралым тілде басқа единицалармен, атап айтқанда, бір жағынан, сөзбен, екінші жағынан , еркін сөз тіркесімен, шектесіп жатады.
Фразеологиялық оралым мағына тұтастығымен сипатталады. Фразеологиялық оралым тұрақты қасиетімен сипатталады. Оның тұрақтылық қасиеті мынадан көрінеді: фразеологиялық оралым бүтіннің бөлшектері ретінде үғынытатын, өз ара тығыз байланысты сыңарлардан (сөздерден) қүралады да, ол сыңарлар бірінен кейін бірі әбден қалыптасқан тәртіппен орналасады, басқа сөздермен ауыстырылмайды, қалыптасқан орын тәртібі өзгермейді. Құрамы мен сыңарларының орын тәртібінің тұрақтылығы жағынан фразеологиялық оралымдар жеке сөздердің құрамындағы морфемалардың орын тәртібін еске түсіреді. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н .М. Шанский сөздің Академик В.В. Виноградов фразеологиялық единицаларды бүтіндей фразеологизмнің бір тұтас мағынасы мен оны құрастырушы сыңарлардың мағыналарының ара қатынасы тұрғысынан фразеологиялық тұтастық, (фразеологическое сращение), және фразеологиялық тізбек (фразеологическое сочетание) фразеологиялық бірлік (фразалогическое единство) деп үш түрге бөлінеді. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н.М.Шанский аталған классификацияны қолдай келіп, фразеологиялық оралымдардың төртінші түрі фразеологиялық сөйлемше (фразеологическое выражение) деп есептелді. 
Фразеологиялық оралымдардың ішінде құрылымы жағынан да, мазмұны жағынан да тілдің коммуникативті единицасы- сөйлемге сәйкес келетіндері бар. Бұлар мақалдар мен мэтелдер жэне қанатты сөздер. 
     Бақылаусұрақтары: 1.Фразеологиялық оралым және олардың түрлері
2. Фразеологиялық оралымдарға қатысты ғалымдардың пікірлері
    Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.


№19 дәріс тақырыбы: Лексикография және сөздіктердің түрлері

1. Лексикография түрлері
2. Сөздіктердің түрлері
     Лексикология (грек. lexіkos  --  сөзге қатысты, grapho  --  жазамын)  --  сөздік түзудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін тіл білімінің саласы. Сөздіктердің ғылыми әдістемесін жасайды. Сөздіктің теориялық мәселелері теоретикалық лексикологияда қарастырылады; ол лексикология теориясы мен лексикология тарихына бөлінеді. Лексикология теориясы сөздіктер типологиясын, оның макроқұрылымын (лексиканы сұрыптау мен сөздерді, сөздік-мақалаларды орналастыру принципін, омонимдерді, сөздік қосымшасындағы қосалқы материалдарды, дәйектемелерді, т.б.) және микроқұрылымын (сөздіктегі мақала құрылымын: мағыналарға жіктеу мен анықтама, дәйектеме түрлерін, шартты белгілер жүйесін, фразеологияны, т.б.) зерттейді. Лексикология тарихы сөздіктер мен лексикография тұжырымдамалар тарихы және лексикология мәселелерін шешу тарихы болып бөлінеді. Тәжірибелік лексикологияға тілді қалыпқа түсіру мен оны үйрету, тіларалық қатынас, лексикология, сөзжасам, стилистика, тіл тарихы бойынша деректер жинау мен өңдеу жатады. Қазіргі лексикология теориясы лексиканы белгілі бір жүйеде түсіндіреді, сөздердің лексика-семантикалық құрылымын көрсетіп, олардың мағынасын диалектикалық тұрғыда қарастырады. Сөздіктердің бірнеше түрлері бар: "Орысша-қазақша сөздік" (1954), "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі" (1959  --  74), "Орфографиялық сөздік" (1963), "Абай тілі сөздігі" (1968), "Диалектологиялық сөздік" (1969), "Этимологиялық сөздік" (1996), терминол. сөздіктер ("Тау-кен ісі терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі", 1959;  т.б.
    Бақылау сұрақтары:
1. Лексикография түрлері
2. Сөздіктердің түрлері
    Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№20 дәріс тақырыбы: Грамматика және оның салалары

1. Грамматика туралы түсінік
1.Грамматика және оның салалары

     Грамматика салалары: морфология, сөзжасам, синтаксис. Морфология - сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым. Сөз таптары сөйлем мүшелерінен тарихи даму барысында жасалған. Сөз таптары-тарихи категория. Сөз топтастырудың үш принципі бар. Олар: лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. Сөздер ең алдымен үш топқа бөлінеді: атауыш сөздер,одағай сөздер,көмекші сөздер. Қазақ тіл білімінде тоғыз сөз табы бар,олар: зат, сын, сан есімдер, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш.
Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады.      Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді, өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру нысанасының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді. Морфология  -  сөз және олардың формалары туралы ілім. 	Сөздің грамматикалық мағынасы мен лексикалқ мағынасы. Жалпы және жеке грамматикалық мағыналар. 	Сөз құрылысы. Морфема  -  сөздің ең кішкентай мағыналық бөлшегі екендігі. Түбір және аффикс морфемалар. Сөз тудырушы, форма тудырушы аффикстер. 	Сөз формасы. Сөз формасы негіз бен форма тудырушы аффикстің бірлігі екендігі. Синтетикалық және аналитикалық сөз формалары.
	Грамматикалық мағынаның берілу түрлері мен тәсілдері. Аффиксация. Фузия. (флективтілік) және агглютинация. Көмекші сөөздер (предлог, септеулік шылау, артикль, көмекші етістік, жалғаулық шылау және жалғаулық мәнді сөз, демеулік шылау). Нөлдік морфемалық форма. Грамматикалық мағыналарды берудің өзге түрлері мен тәсілдері. Сөздердің орын тәртібі, дыбыстардың алмасуы және <<ішкі флексия>>, екпін мен интонация, суплетивизм мен редупликация. Грамматикалық мағыналарды беру тәсілдерінің түрлі тілдерді әр қилы таралуы және тарихи құбылмалылығы. 	Граммтикалық категория жайлы ұғым. Грамматикалық және ұғымдық категориялар, олардың қарым-қатынасы. 
	Морфологиялық және синтаксистік грамматикалық категориялар. Лексико-грамматикалқ категориялар. Әр түрлі тілдердің грамматикалық категориялары арасындағы айырмашылықтар.
     Бақылау сұрақтары: 1.Грамматиканың қандай салалары бар?
2.Грамматиканың құрылысы дегеніміз не?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№21  дәріс тақырыбы: Тілдің грамматикалық жүйесі

1. Грамматиканың зерттеу нысаны
2.Сөздің морфологиялық құрылымы
3. Сөздердің морфемаларға мүшелену мүмкіндігі
	Грамматика-тілдің құрылысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Грамматиканың негізгі зерттеу нысаны  -  тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысуы, тіркесу жолдары мен тәсілдері. Түрлері: тарихи және сипаттамалы.
          Синтаксис сөз тіркесін, сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін қарастырады.Синтаксистік байланыстың түрлері: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу. Құрамына қарай сөз тіркесі: 1) жалаң 2) күрделі 3) аралас болып бөлінеді.
    Сөйлем коммуникативті қызмет атқарады. Сөйлемге тән басты белгі-интонация. Беретін хабардың мақсатына қарай екіге бөлінеді: хабарлы және сұраулы. Сөйлемдер өзін құрастырушы компоненттердің сипатына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болдып екі топқа бөлінеді.
 Құрмалас сөйлемдер: 1) салалас құрмалас сөйлем 2) сабақтас құрмалас сөйлем 3) аралас құрмалассөйлем болып үш топқа жіктеледі.
     Морфема дегеніміз-сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі Құрамына қарай морфемалар үшке бөлінеді: түбір морфема, негіз морфема, аффикстік морфема. Аффикстік морфемалардың түрлері: префикс, постфикстер, инфикс, интерфикс, трансфикс, конфикс.     
      Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе грамматиканың өте-мөте маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау жасау үшін, ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды алдын ала айқындап алу өте-мөте қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түбір морфема (немесе негізгі морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфем) деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді.
      Сөздердің морфемаларға мүшелену мүмкіндігі жайлы, сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруі жайлы түсіндіру.     Бақылау сұрақтары: 1. Грамматика нені зерттейді?
2. Сөздің морфологиялық құрылымы неден тұрады?
3. Сөздер морфемаларға қалай мүшеленеді?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№22  дәріс тақырыбы: Негізгі грамматикалық ұғымдар. Грамматикалық тәсілдер мен формалар 

* Граматикалық мағына және грамматикалық форма
* Грамматикалық тәсілдер
* Грамматикалық категория
Грамматика тілдегі грамматикалық бірліктерді және ол бірліктердің әр басын қосып ұйымдастырып, қатынас жасауда іске жарататын, әрі олардың бір  -  біріне жігін ажырататын тәсілдерді, құралдарды зерттейді.      Грамматикалық негізгі бірліктер  -  морфема, сөз тіркесі және сөйлем.Грамматикалық бірліктердің негізгі табиғатын түсінуге олардың ара қатысы мен байланысын айқындауға т.б. қатысы бір алуан грамматикалық ұғымдар бар. Олардың қатарына грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тәсіл және грамматикалық категория туралы ұғымдар енеді.Сөзде лексикалық мағына мен бірнеше грамматикалық мағына ұштасып келеді.      Грамматикалық мағыналар сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастар тіл  -  тілде түрлі  -  түрлі грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) құралдар, амал  -  тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағыналарды, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды білдірудің жолы грамматикалық тәсіл деп аталады. Грамматикалық тәсілдердің бірнеше түрі бар. Олар: Афиксация тәсіл, қосарлану тәсілі, көмекші сөздер тәсіл, интонация тәсілі. Грамматикалық тәсілдердің қатарына сөздердің орын тәртібі, ішкі флекция, екпін тәсілдері де жатады.
Грамматикалық әрі өте маңызы, әрі күрделі мәселелерінің бірі  -  грамматикалық форма туралы мәселе. Грамматикалық форма туралы туралы ұғым грамматикалық мағына және грамматикалық тәсіл туралы ұғымдармен тығыз байланысты. Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формамен айтылады. Ал грамматикалық тәсіл грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы білдірудің жолы болып саналады.          Бақылау сұрақтары:1. Грамматикалық ұғымдарға не жатады?2. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма дегеніміз не?3. Грамматикалық категорияның түрлері қандай?
         Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№23  дәріс тақырыбы: Грамматикалық категориялар
 
1.Грамматикалық категориялар
2. Грамматикалық категорияның бөлінуі
3.Морфология категориясы
4. Синтаксистік категориялар
        Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория)  --  мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі. Бұл жүйеде категорияландыратын белгі басты қызмет аткарады. Мысалы: шақ, жақ, етіс т. б. категориялардын жинақты мағыналары соларға сай тұлғалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр. Грамматикалық категорияны анықтауда мағыналық тұрғыдан қарап, оны бірінші қатарға шығару кен тараған. Шынында, грамматикалық категорияның ен басты белгісі мағынасы мен тұлғасының бірлігі болып табылады. Одан Грамматикалың категорияның екі жақты сипаты көрінеді. 
    Грамматикалық категория морфологиялық және синтаксистік болып бөлінеді. Морфологиялық категорияларға етіс, түр, шақ, жақ, рай, септік т. б. жатады. Бұл категориялардың жүйелі түрлері сөздердін ірі грамматикалық топтарын (сөз таптарын) жасайды. Тілдерде грамматикалық категориялардың саны бірдей емес. Мысалы, қазақ тілінде орыс тіліндегідей вид, род категориялары жоқ. Синтаксистік категориялар тұлғалардын сөз тіркесі мен сөйлем құрамында тіркесу қабілетіне қарай жіктеледі. 
     Бақылау сұрақтары:1.Грамматикалық категориялар
2. Грамматикалық категорияның бөлінуі
3.Морфология категориясы
4. Синтаксистік категориялар
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№24 дәріс тақырыбы: Сөз таптары, шығуы мен дамуы

1.Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі ұстанымдары туралы
2.Сөз таптарының шығуы мен дамуы
	Қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөз таптастырудың үш ұстанымы бар: семантикалық, морфологиялық,  синтаксистік.        Семантикалық ұстаным бойынша сөздің лексикалық мағынасына қарайды, морфологиялық ұстаным бойынша сөздің түрлену жүйесін басшылыққа алады, ал синтаксистік ұстаным бойынша сөздің қай сөйлем мүшесі болуына сүйенеді. Бұл орныққан түсінікті өзгерту туралы басқа пікір бола қойған жоқ.      	Қ.Жұбановтан бастап, кейінгі бұл мәселеге арнап қалам тартқан ғалымдардың барлығы бір ауыздан осы үш ұстанымды атап, оларды бірлікте қолдану керектігін айтады. Тек қазақ тілі үшін қай ұстаным жетекші болуы керек дегенде ғана аздаған пікір алшақтығы кездеседі. Қ.Жұбанов семантикалық ұстанымды жетекші ретінде тани отырып, екінші орынға морфологиялық ұстанымы, үшінші орынға синтаксистік ұстанымды шығарады.
     1968 жылы жарық көрген <<Қазақ тіліндегі сөздер мен таптарының морфологиялық құрылысы>> атты еңбегінде Т.Ерғалиев қазақ тілі сөздерін алдымен негізгі сөз таптары, көмекші сөздер, азат сөздер деп үлкен үш топқа бөледі, ары қарай олардың бірнешеуінің басын қосатын сөз таптары да пайда болады. Соңғы жылдары қазақ тілі біліміндегі сөз таптары теориясына елеулі жаңалық енгізген С.Исаев болды. Ғалым қорытынды пікір ретінде қазақ тіліндегі он сөз табын көрсетеді: 1. Зат есім 6. Етістік 2. Сын есім 7. Еліктеу сөздер 3. Сан есім 8. Шылаулар 4. Есімдік 9. Одағай 5. Үстеу 10. Модаль сөздер        Бақылау сұрақтары:1. Қазақ тілінде сөздерді таптастыру  ұстанымдарына не жатады?2. Сөз таптарының шығуы мен дамуы туралы қандай көзқарастар бар?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.


 №25 дәріс тақырыбы: Синтаксис мәселелері. Сөздердің байланысу амалдары мен формалары. Сөз тіркесі. 

1. Синтаксис туралы түсінік
2. Сөздердің байланысу амалдары мен формалары
3. Сөз тіркесі
4. Сөйлем. 
	Синтаксис - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөздердің сөйлемде байланысуының белгілі заңдылығы бар, сөздер бір-бірімен белгілі бір тәсілдермен байланысады.  Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздер төрт түрлі тәсіл арқылы байланысады: жалғаулар арқылы; шылаулар арқылы; сөздердің орын тіртібі арқылы және интонация арқылы. Осы амалдарды біз былай топтап атаймыз: қосымшалар синтетикалық тәсілдер деп, шылаулар, сөздердің орын тәртібі, интотацияны аналитикалық тәсілдер деп аталады. Осы аталған тәсілдерді қолданып сөз тіркестерін құрауда тілдің қалыптастырған формасы бар. Сөздердің тіркесу формасы 5 түрлі: 1) қиысу, 2) матасу, 3) меңгеру, 4) қабысу, 5) жанасу.Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді.  Сөйлемде сөздердің бір-бірімен байланысуы негізінде сөз тіркесі жасалады. Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Тіркестегі бағындырып тұрған сөз басыңқы деп, басыңқыға бағынып тұратын сөз бағыныңқы деп аталады. 
      Бақылау сұрақтары:1. Синтаксис дегеніміз не?
2. Сөздердің байланысу амалдары мен формаларына не жатады?
3. Сөз тіркесі дегеніміз не?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№26 дәріс тақырыбы: Сөйлем және оның түрлері. Сөйлемге тән белгілер 

1. Сөйлем туралы түсінік
2. Сөйлем және оның түрлері.
3. Сөйлем және оған тән белгілер

     Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі..Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді.    Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті; құрылысына қарай жай және құрмалас; Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды және болымсыз; Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң және жайылма; Баяндауыштарының қай сөз табына қатысты келуіне орай есімді және етістікті; Бастауыштарының қатысына қарай жақты және жақсыз болып бөлінеді.
    Хабарлы сөйлем  --  сөйлемнің бір түрі. Хабарды, ақпаратты баяндау мақсатында айтылады. 
     Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз. Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.
     Сұраулы сөйлемнің жасалуы: сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады; сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі;
сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі; сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі.
       Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.
       Бұйрықты сөйлем - кимыл-әрекетке итермелу мақсатында айтылған сөйлем. Бұйрықты сөйлем көбінесе ауызекі тілге тән. Бұйрық мағынасы әр түрлі реңкте білдіріледі: егер бұйыру қатал талап мағынасында жұмсалса, дауыс көтеріңкі айтылады, ал өтініш, тілек мағынасында айтылса, бәсең айтылады. Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары етістіктің бұйрық және қалау райлары арқылы жасалады:
      Бақылау сұрақтары:1. Синтаксис дегеніміз не?
2. Сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

       №27 дәріс тақырыбы: Тілдің шығуы және тілдердің жасалуы

1.Тілдің шығуы
2.Тілдің жасалуы
3.Тілдің өзара әсерлері
	Тілдің шығуы туралы мәселені сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі проблеманы бір-бірімен ажыратып алу қажет: оның бірі  -  жалпы адам баласы тілінің шығуы, яғни алғашында адамның сөйлеуді, ойын айтып жеткізуді қалай үйренгендігі туралы мәселе де, екіншісі  -  жеке, нақтылы тілдердің, мысалы, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, араб тілі, испан тілі немесе француз тілінің шығып жасалуы туралы мәселе. Бұл екі мәселені бір  - бірімен шатастырмау керек. Бұлай дейтініміз: адамзат тілінің пайда болуы сонау көне заманға  -  адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу заманына, алғашқы адамдардың пайда болу заманына барып тірелсе, жеке нақтылы тілдердің немесе туыс тілдердің тобының жасалып құрылуы жалпы адамзат тілінің шығып пайда болу заманынан анағұрлым бертінгі дәуірлерде болған. Нақтылы, жеке тілдердің, мысалы, қазақ тілінің, орыс тілінің немесе ағылшын тілінің пайда болып жасалуын және олардың пайда болу дәуірін тарих пен лингвистика ғылымдары тұрғысынан зерттеп айқындауға болады. Ал жалпы адамзат тілінің шығуы, яғни адамдардың о баста сөйлеп үйренуі туралы проблеманы қарастырып айқындау үшін, тек қана тарихи-лингвистикалық зерттеулердің өзі тіптен жеткіліксіз болады. Адамзат тілінің шығуы адамның пайда болуы және адам баласы қоғамының пайда болуы тәрізді күрделі мәселелермен тығыз байланысты.Осылай болғандықтан бұл мәселелерді бірін екіншісіне байланыстырмай, жеке дара күйінде алып қарастыру да, тыңғылықты түрде шешу де мүмкін емес.            Бақылау сұрақтары:    1.Тілдің шығуы    2.Тілдің жасалуы    3.Тілдің өзара әсерлері      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№28 дәріс тақырыбы: Тілдің даму заңдылықтары  

1. Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік
2.Тілдің дамуының жалпы заңдары
3.Тілдің дамуының жеке заңдары
4.Тілдердің өзара әсері
 
   Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік тіл біліміндегі зерттеу еңбектерде көп үшырасқанымен, оның нақты анықтамасы жасалмаған. Негізгі себептерінің бірі  --  тілдің дамуы мен өзгеруі жайындағы ұғымдардың толық ажыратылмауы. "Даму" термині екі түрлі мағынада түсіндіріледі: 1) тіл бірлігінің қалпының езгерісі; 2) қоғамдық қажеттілікке сәйкес тілдің өзгеру үдерісі. 
    Тілдің дамуы туралы Н.Я.Маррдың-сатылық даму теориясы, ағайынды Шлегельдер мен Гумбольдтың ұстанған бағыты  -  тілдің өткен дәуірін- классикалық дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер  -  тілдің азу, бүліну дәуірлері деп есептеген. Тілдердің өзара байланысы екі түрлі жолмен болады. Бірі-тоғысу, екіншісі-тілдік элементтердің енуі. Тоғысу, субстрат, адстрат, суперстрат.Тілдің тоғысуы дегеніміз этникалық топтардың бірігуі, осының негізінде субстрат пайда болады. Субстрат дегеніміз  -  жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері. Адстрат - әр түрлі халықтардың ұзақ уақыт бірге өмір сүріп, қарым-қатынаста болу нәтижесінде пайда болған тіл жүйелеріндегі өзгерістер. 
 Бақылау сұрақтары:
 1. Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік
2.Тілдің дамуының жалпы заңдары.
3.Тілдің дамуының жеке заңдары.
4.Тілдердің өзара әсері.
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№29 дәріс тақырыбы: Тілдердің генеологиялық классификациясы

1. Тілдердің классификациясы жайлы мәліметтер
2. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы

   Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы деген дүние жүзі тілдерін өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға топтастырылады. Қазіргі кезде әлем тілдері төмендегідей тіл жанұяларына бөлінеді: 1. Үндіевропа тілдеріне қазіргі үнді (хинди, урду, бенгаль, маратхи), иран (иран, тәжік), роман (француз, испан, португал, итальян, румын), славян (орсы, поляк, чех, словак, украин, белорус, серб, хорват), герман (неміс, ағылшын, дат, швед, норвег, галл), балтық (латыш, литван), грек, албан, келть, армян, нуристан тіл жанұялары жатады. Сонымен бірге өлі тіл жанұялары анатлия, тохар, иллирия, скиф, кушан т.б. енгізіледі. 2. Афразиат тілдері: семит (араб, иврит), египет, омот, кушит, чад және бербер тілдері. 3) Дравид тілдері Үндістан түбегіне таралған (телугу, тамиль, каннада, малаялам). 4) Орал тілдеріне фин-пермь (фин, эстон, мордва), угор (венгр, ханты, мансы), самодий (ненец, эвен) тіл жанұялары жатады. 5) Алтай тілдеріне түркі (түрік, татар, азербайжан, қазақ, өзбек, ұйғыр, саха, қырғыз, тува, башқұрт), моңғол (халха, қалмақ), тунгус-манчур (манчжур, эвен, нанай) және жапон, корей тілдері жатқызылады. 6) Чукот-камчатск тілдеріне чукот және камчат тіл жанұялары жатады. Осы аталған ірі алты тіл жанұясын нострат тілдері деп атайды. Яғни бұлардың барлығы да бұдан 10-15 мың жыл бұрын өмір сүрген нострат тілдерінен таралған деген болжам бар. Олар Африканың солтүстігінен бастап, Еуразия құрлығына өздерінен бұрын таралған палеоазиат тілдерін біртіндеп ығыстырып, осы аймаққа қоныстанады. Келесі үлкен тіл жанұясы осы палеоазиат тілдері. Оған: 1) Солтүстік кавказ тілдері (абхаз, шешен, авар, ингуш) 2) Син-тибет (қытай, тибет) 3) Енисей (кет, юг) 4) На дене (аляска мен америкада таралған) тілдері жатады. Одан кейінгі ірі тіл жанұясы тропикалық Африкаға тұтастай таралған. Бұларды нигеро-конголез тілдері деп атайды. Оның ішінде ірі тіл жанұялары бар: Банту (бенуэ-конго), ква, адамуа, индиго тіл жанұялары бар. Осы тіл макро жанұясына ніл-сахара тіл макро жанұясының жақындығы бар. Бұған шари-ниль, сахар, судан тіл жанұялары кіреді. Бұл тілдердің екі жанұясы енді нострат тілдеріне жақындасады. 
     Бақылау сұрақтары: 
1. Тілдердің классификациясы жайлы мәліметтер
2. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы.
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№30 дәріс тақырыбы: Тілдердің типологиялық классификациясы 

1. Тілдердің типологиялық классификациясы
Тілдердің типологиялық классификациясы 

Тілдерді фонетикалық грамматикалық құрылысына қарай бірнеше типке бөлуге болады. Сондықтан тілтану типологиясы, немесе салғастырмалы лингвистика ғылымы тілдерге әртүрлі тұрғыдан келеді: 1. Фонетикалық типология, 2. Синтаксистік типология. 3. Морфологиялық типология Бұлайша топтастырудың тілдер арасындағы туыстыққа тікелей қатысы жоқ. Алдымен фонетикалық типология жөнінде. 1. Тілдер дыбыс құрылысты және буын құрылысты болып бөлінеді. Дыбыс құрылысты тілдерді сөздер дыбыстардан құралса, буын құрылысты тілдерде буындардан құралады. Буындар одан әрі бөлшектенбейді, ол тек инициаль (буынның басы) және финальға (буынның соңы) бөлшектенеді. 
2. Монотониялық және политониялық тілдер. Монотониялы тауыс тоны сөз мағынасын ажыратпайды. Политониялы тілдерде сөздің мағынасын ажырататын дауыс тоны. Яғни сөздің айтылу әуені оның мағынасын көрсетеді. Политониялы тілдерге мысалы, Қытай, Вьетнам тілдері жатады. Онда сөздің мағынасын айтылу әуені анықтайды. Монотониялы тілдерде сөздің мағынасын оның құрамындағы дыбыстар анықтайды. 
 Типологиялық классификациялардың ішінде ең жете зерттелгені морфологиялық типология. Онда әлемдегі тілдерді тұлғалық түрлену жүйесі бойынша топтастырады. 1. Түбір тілдерде сөз түрлендіруші аффикстер болмайды, сөздер орын тәртібі арқылы байланыса береді (қытай тілі).
 2. Агглютинативті тілдерде жұрнақтар мен жалғаулар кең таралған және олар түбірдің үстіне бірінен соң бірі үстемеленіп жалғана береді де сөз ұзара түседі. Әлгі қосымшалар бір мағыналы болады, ал түбір өз тәуелсіздігін сақтайды, өзгермейді (қазақ тілі). (көше-көшелер-көшелерге-көшелерімізге). 3. Флективті тілдерде қосымшалар түбірдің көрінісіне өзгерістер енгізеді және ол қосымшаларда көп мағына болады, сондықтан сөздің көлемі ұзармайды, түбір өз ішінен өзгереді (орыс тілі). (улица-улицы-улицам-улиц) Синтетикалылық индескін (Дж. Гинберг бойынша) алу үшін тілдегі текстіні алып, ондағы морфтардың санына сөздердің санын бөледі. Алынған көрсеткіш 2-ден төмен болса, аналитикалық, 2-ден 3-ке дейін болса, тіл синтетикалық, 3-тен жоғары болса, полисинтетикалық болады. 
     Бақылау сұрақтары: 
1. Тілдердің классификациясы жайлы мәліметтер
2. Тілдердің типологиялық классификациясы.
    Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

	Тәжірибелік сабақтар
      №1 тақырыбы: Тіл білімі туралы жалпы түсінік. Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі алатын орны
    Мақсаты: Тіл білімі туралы жалпы түсінік. Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі алатын орны
жайлы түсінік беру.
   Әдістемелік нұсқаулар: Тіл білімі лингвистика (грек linqua - тіл), тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы  -  тіл. Тіл  -  адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Осыдан келіп тіл білімінің салалары шығады.          Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. 
Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы-бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу.     Жалпы тіл білімі  -  жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы.Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілдерді зерттеу үшін қажет. Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.        Тіл білімінің ғылым жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары Тіл білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.Тіл білімі және филология. Филология грек тілінен аударғанда <<сөзді сүю>> деген мағынаны береді. Тіл білімі - тарих, археология, этнография, әдебиеттану, психология, педагогика, логика, философиямен байланысты.    Тіл білімі жаратылыстану ғылымдары: физиология, физика, математика, география, кибернетикамен байланысты т.б.   Тіл білімінің теориялық мәні  -  тіл ғылыми тұрғыда зерттелінеді, соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категорилар сараланады.      
        Бақылау сұрақтары:
1. Тіл білімі ғылымы нені зерттейді?
2.Тіл білімі қандай салалардан тұрады? Тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады?
3. Тарихи тіл білімі және сипаттамалы тіл білімінің зерттеу нысанына не  жатады?
4.Жалпы тіл білімі және жеке тіл білімі нені қарастырады?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№2 тақырыбы: Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі
    Мақсаты: Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі жайлы түсіндіру
   Әдістемелік нұсқаулар: Тілдің анықтамасы, бұл мәселедегі ала-құлалық. Тілге дұрыс анықтама берудің теориялық мәні. Тілдің коммуникативтік, экспрессивтік функциялары, бұл екеуінің ара қатынасы, коммуникативтік функцияның мәнділігі. Тілдің структуралық, семиотикалық сипаттарына қарай, қоғамның, мәдениеттің дамуына тигізетін әсеріне, алатын орнына қарай беріліп жүрген анықтамалар. Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелінетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны адамдардың дыбыстық тіл
	Тіл табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына жататыны, мәні дегенге оның қоғамда атқаратын қызметі ерекшелігі жататыны. Бұл мәселелерді шешуде болып келе жатқан пікір қайшылықтары. Тіл білімі тарихында болған әр түрлі мектептердің, бағыт-бағдарлардың дүниеге келуіне ғалымдардың тілдің табиғаты мен мәнін қалай түсініктерінің себеп болғандығы және қазірде де солай болып келе жатқаны.
          Бақылау сұрақтары:
1. Тілге берілген қандай анықтамаларды білесің? 
2. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына жатқызамыз?
        Ұсынылатын   әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№3 тақырыбы: Тіл мен ойлау
   Мақсаты: Тіл және ойлау, тіл және сөйлеу, тіл және сана жайлы жан-жақты түсіндіру.
   Әдістемелік нұсқаулар:  Тіл мен ойлау өзара байланысты, дыбыстық тіл де, абстаркты ойлау да адамға тән құбылыс. Біріншіден, тіл де , ойлау да  -  адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл де , ойлау да  -  қоғамдық құбылыстар. Тіл мен ойлау бір мезгілде туып, бірге дамып келеді.Тіл мен ойлаудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар. Тіл мен ойлауды бір деп қарастырушылар.(Ф.Шлейермахер, И.Гаман) Тіл мен ойлау ұқсас жақын құбылыстар.(В.фон Гумбольд,Л.Леви-Брюль) Тіл мен ойлаудың ұқсастығы жоқ деп қарастырушылар да болды. Олар ойлауға көңіл бөлмеді.(Ф. Бенеке, дескриптивистер) Тіл мен ойлау диалектикалық бірлікте.Диалектикалық материалистер тіл мен ойлаудың диалектикалық тұтастығын алға тартты.
       Бұл проблеманың замандық тарихы барлығы. Бұл екеуі арасындағы қарым-қатынасты айқындаудағы әр түрлі көзқарастар: екеуін тепе-теңдік бірлікте қарау, бұлардың арасында ешқандай бірлік жоқ, екеуі екі түрлі ғылым обьектілері деушілер. 
       Бақылау сұрақтары:
1. Тіл және ойлау. Тіл және сөйлеу. Тіл және сана жайлы не білесіңдер?
2. Тіл және ойлаудың арақатынасы қандай?
3. Тіл және сөйлеу мен тіл және сананың бірлігі неден көрінеді?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№4   тақырыбы: Тілдің таңбалық, құрылымдық және  жүйелік  сипаттары           
Мақсаты: Тілдің таңбалық, жүйелік, құрылымдық сипаттары жайлы мәліметтер беру.
     Әдістемелік нұсқаулар:  Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері: 1)еріктілік, 2) шарттылық.
      Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы.Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема - тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема  -  ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік.Сөз  -  болмыс құбылыстарын, заттарын , олардың қасиетерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем  -  тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.
Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Жүйе дегенді өзін тән айырықшақұрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деуге болады. Тіл құрылымының жеке салаларының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынасында, өзара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды. 
       Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің таңбалық сипаты дегеніміз не?
2. Тілдің таңбалық, жүйелік, құрылымдық сипаттары неден көрінеді?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

    №5 тақырыбы: Фонетиканың мақсаты мен міндеті, Тілдің дыбыстық жүйесі. Фонема мәселесі. Екпін және оның түрлері

     Мақсаты: Фонетика. Фонетиканың мақсаты мен міндеті, қарастыратын мәселесі,  Тілдің дыбыстық жүйесі. Фонема мәселесі. Екпін және оның түрлері жайлы мәліметтер беру.
     Әдістемелік нұсқаулар:  Фонетика - тіл дыбыстарының ерекшеліктері мен заңдылықтары, үдерістер, сәйкестіктер туралы ілім. Қазіргі фонетика дыбыстың төрт қырын жеке қарастырады, олар: Қызметтік, артикуляциялық акустикалық,перцептивті қырлары. Фонетика анатомия, физика, психология, физиология пәндерімен байланысты болады.Қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарын А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ғ.Мұсабаев, Ж.Аралбаева, Ә.жүнісбеков, С.Мырзабеков және т.б. зерттеді. Фонеманы зерттейтін ілім  -  фонология деп аталады. Фонема  -  тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік.фонеманың қазіргі түсінігін және фонология теориясын Бодуэн де Куртенэ XIX ғ. 70-80 жылдары жасаған.    Фонема (гр.phonema-дыбыс)- сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан айыруға септігі бар тілдің тілдің ең кішкене функциялық бөлшегі. 
     Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз.Қазақ тілінде екпін сөздің   сонғы буынына түседі.       Бақылау сұрақтары:
1. Фонетика дегеніміз не?
2. Фонетиканың мақсаты мен міндетіне не жатады?
3. Фонема дегеніміз не?
4. Екпін дегеніміз не?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

      №6 тақырыбы: Қазақ тіліндегі буын үндестігі, дыбыс үндестігі  Сингармонизм. Ассимиляция, диссимиляция. Дыбыстардың алмасуы
     Сингармонизм  -  гректің Sun <<бірге>> және hanmoni <<байланысу, үндесу>> деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.Мысалы:Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.  Дауыстылардың бір  -  бірімен үндесуі сингармонизм деп аталады. 
Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.
1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысты жағынан.
2.Еріннің қатысы бір  -  бірімен өзара үндесіп айтылады.          Лингвальдық (латын тілінің lioguo  -  <<тіл>> деген сөзі бойынша жасалған)  -  сингармонизм.
Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстың әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады. 
Ерін үндестігі немесе лабиальдық (латын бойынша labialis <<еріндік>> деген сөзі бойынша жасалған)  -  сингармонизм. Бастапқы буындағы ерін .дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындар да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады. 
      Ассимиляция ( лат.-ұқсау) морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляцияық жақтан бір-бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тіл табысуы. Қазақ тілінде прогрессивті ассимиляция өте күшті. Бұл заң бойынша алдыңғы морфеманың соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі морфеманың басқы дауыссыз дыбысына акустикалық жақтан ықпал етіп, игеріп тұрады. 
        Регрессивті ассимиляция кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсері арқылы реттеуді мақсат етеді. 
     Диссимиляция (лат.ұқсамау) дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі ретінде қарастырылады. Ол бір сөздің ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі. 
       Комбинаторлық өзгерістер тек қана сөз ішіндегі, сөз аралығындағы, сөздің мағыналы бөлшектерінің арасындағы іргелес тұрған немесе бір-бірінен алшақтап тұрған бір фонеманың екінші фонемаға ілгерінді,кейінді, кейде тоғыса келіп, тигізетін әсерінен болады. Позициялық өзгерістер белгілі бір сөздің шенінде болатын өзгерістер.Оған протеза,эпентеза,элизия т.б. жатады. Ал спонтандық өзгерістер кейбір сөздердің дыбыстық құрамы ешқандай өзгеріске ұшырамай-ақ бірнеше түргі ауысуы мүмкін.Мысалы,мысық-мышық,секер-шекер т.б. 
    Бақылау сұрақтары: 1. Қазақ тіліндегі буын үндестігі  (Сингармонизм) дегеніміз не?2. Дыбыс үндестігі  (Ассимиляция)дегеніміз не?
3. Диссимиляция дегеніміз не?
1.Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде  жиі кездеспейтін түрлері қандай?
2. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер туралы не білеміз?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

          №7  тақырыбы: Жазу және оның даму кезеңдері. Алфавит. Графика. Орфография. Орфоэпия. Транскрипция мәселесі 

     Мақсаты: Жазу және оның даму кезеңдері жайлы мәліметтер беру. Алфавит. Графика. Орфография. Орфоэпия. Транскрипция мәселесі жайлы мәліметтер беру.
     Әдістемелік нұсқаулар:  Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды.     Пиктографиялық жазу, идеографиялық жазу, буын жазуы т.б. 
    Қазақ графикасы  --  қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирил жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы. 
    Орфография дегеннен дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы дегенді түсінеміз. Орфографияның жұп-жұбымен тізбектеле қолданылатын алты түрлі принципі бар. Олар мыналар:  Фонеметикалық принцип пен фонетикалық принцип, фонетикалық принцип, этимологиялық принцип пен дәстүрлік-тарихи принцип, дәстүрлік-тарихи принцип.  морфологиялық принцип пен иероглиф принципі, иероглиф немесе символ принципі біркелкі дыбысталатын сөздерді  яғни омонимдерді жазуда бір-бірінен ажырату үшін қолданылады.     Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды . Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдеттегі жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипцияның ең негізгі қызметі  -  сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету.        	Орфоэпия(грекше orthos-дұрыс және epo- сөйлеу) сөздер мен бунақтардың (сөз тіркестерінің) бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы.
          Бақылау сұрақтары: 1. Жазудың шығуы мен даму кезеңдері жайлы не білесің?
2. Алфавит, графика дегеніміз не?
3.  Орфография қандай ұстанымдарға сүйенеді? Орфоэпия дегеніміз не?. 4.Транскрипция дегеніміз не?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№8  тақырыбы: Лексикология және оның түрлері мен салалары. Сөздің лексикалық мағынасының түрлері.Полисемия құбылысы. Омоним.Синоним.
Антоним.
     Мақсаты: Лексикология және оның түрлері мен салалары. Сөздің лексикалық мағынасының түрлері мағлұмат бере келіп, полисемия,омоним, синоним, антоним жайлы түссінік беру.
     Әдістемелік нұсқаулар:  Лексика - тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады. Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикология тарихи  лексикология және сипаттама лексикология болып бөлінеді. Лексикологияның енді бір саласы салыстырмалы лексикология туыстас тілдердің сөздік құрамын,ондағы сан алуан сөздерді  бір бірімен салыстыра отырып зерттейді.
Бұдан басқа лексиканың фразеология, терминология, диалектология,  лексикография,этимология деп аталатын түрлері бар. 
      Сөздік қордағы сөздер сан жағынан да дамып, жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады.  Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары бөлек сөздер. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар  -  омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер.
  Мағыналары бір-біріне жақын, өз ара мәндес сөздер синонимдер деп аталады.Өз ара мәндес сөздерден синонимдік қатар құралады. Антонимдер - мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер.  
     Бақылау сұрақтары:
1.Қазіргі қазақ тілі лексикасы курсының зерттеу объектісі мен міндетіне не жатады?
2. Лексикологияның көлемі мен жіктелетін салалары 
3.Омоним дегеніміз не, олардың пайда болу жолдары қандай?  
4.Синонимдер дегеніміз не  және олардың қандай жасалу жолдары бар? 
5.Антонимдер дегеніміз не  және антоним болатын сөз таптары қандай?
    Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
                                       
№9 тақырыбы: Табу мен эвфемизмдер. Этимология және халық этимологиясы
                                       
  Мақсаты: Табу мен эвфемизмдер. Этимология және халық этимологиясы жайлы мағлұмат беру.
  Әдістемелік нұсқаулар:  Ерте замандарда адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымның дінге сенушіліктің салдарынан кейбір 	заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салып, оларды басқаша 	атайтын болған. 	Бұл құбылысты әдетте табу деп аталады. Кейбір 	нәрсенің не 	құбылыстың атын тікелей айту дөркілеу, қолайсыздау 	болып 	көрінгенде, олар басқа сыпайы, майда сөздермен 	ауыстырылып 	айтылады. Бұл құбылыс эвфемизм деп аталады. 
      Тарихи лексикологияның бір саласы-этимология. Этимология сөздің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының  қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы күшті. Этимологиялық зерттеулердің екі түрлі проблемаға қатысы бар. Оның бірі - тіл мен тарих проблемасы, екіншісі - тіл мен ойлау проблемасы.   Сөз этимологиясы жайында  қазақ тіл білімінде бұрын соңды айтылған   пікірлер де жоқ емес. Қ.Жұбанов, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов, Н.Қарашева т.б. тәрізді  тіл мамандары қазақ сөздерінің төркінін  іздеудің ұстанымдарын, әдістерін сөз етумен қатар, кейбір жеке  сөздердің  этимологиясын да берді. Этимологияның ғылыми этимология, халықтық этимология  және қызықты этимология деп аталатын түрлері бар. Бұлардың әрқайсысының қарастыратын нысандары бар. Қазақ тіл білімінде 1966ж. шыққан <<Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі >> жарық көрді.
          Бақылау сұрақтары:
1. Табу,  эвфемизм дегеніміз не?  
2. Табу мен эвфемизмдердің жасалу жолдары қандай?  Кімдер зерттеген?
3.  Дисфемизм дегеніміз не?  
4. Этимология нені  зерттейді?
5. Этимологияның қандай түрлері бар?
         Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

 №10 тақырыбы: Тілдің сөздік құрамы. Фразеологиялық оралым және   олардың түрлері. Лексикография және сөздіктердің түрлері

   Мақсаты: Тілдің сөздік құрамы. Фразеологиялық оралым және   олардың түрлері жайлы айта келіп, лексикография және сөздіктердің  түрлері туралы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі  -  негізгі сөздік қор. Негізгі сөздік қор  -  бүкіл лексикалық  байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйтқысы. Негізгі сөздік қор талай замандар бойында өмір сүреді де , тұрақтылық қасиетімен сипатталады. Негізгі сөздік қор уақыт өткен сайын , әрине, өзгереді, бірақ оның өзгеруі, тілдің сөздік құрамына қарағанда, баяу болады. 
        Фразеология - тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымда да қолданылады. Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірлік, әдетте, фразеологиялық оралым деп аталады. Фразеологиялық оралымдардың түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек.    
   Лексикография- грек тілінің  lexis (<<сөз>>)  және grapho (<<жазамын>>) деген сөздерден құралған  сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді білдіреді. Теоретикалық лексикография екі бөліктен құралады. Оның бірінші, негізгі бөлігі  -  лексикография теориясы болса, екінші бөлігі лексикография тарихы. 
      Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ  тілінің   сөздік құрамы дегеніміз не? Негізгі сөздік қор дегеніміз не?
2.Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамының шығу арналарына на жатады?
3. Фразеологизмдердің түрлері қандай?
4. Фразеологиялық оралымдар құрылымы тұрғысынан қалай бөлінеді?
5.  Лексикография нені зерттейді?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№11 тақырыбы: Грамматика және оның салалары. Сөздердің морфологиялық құрылымы. Түбір морфема мен аффикстік морфемалар жайында
     Мақсаты: Грамматика және оның салалары. Сөздердің морфологиялық құрылымы. Түбір морфема мен аффикстік морфемалар жайында жан-жақты түсінік беру.
    Әдістемелік нұсқаулар: Грамматика салалары: морфология, сөзжасам, синтаксис. Морфология - сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым. Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады. Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді, өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру нысанасының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді. Морфология  -  сөз және олардың формалары туралы ілім. Сөздің формасы деген ұғымға сөздің негізгі түбірі де, сөздің туынды, біріккен, қосарланған, әр қилы қосымшалар қосылған түрлері де, сөз тіркестері де енеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің формасы деген ұғым  -  сөзден сөз тудырып, сөз бен сөзді байланыстыратын тәсілдері де, сондай-ақ, сөзге қосымша мағына жамайтын өзге тәсілдерді де қамтиды. 	Сөздің грамматикалық мағынасы мен лексикалқ мағынасы. Жалпы және жеке грамматикалық мағыналар. 	Сөз құрылысы. Морфема  -  сөздің ең кішкентай мағыналық бөлшегі екендігі. Түбір және аффикс морфемалар. Сөз тудырушы, форма тудырушы аффикстер. 	Сөз формасы. Сөз формасы негіз бен форма тудырушы аффикстің бірлігі екендігі. Синтетикалық және аналитикалық сөз формалары.
	Грамматикалық мағынаның берілу түрлері мен тәсілдері. Аффиксация. Фузия. (флективтілік) және агглютинация. Көмекші сөөздер (предлог, септеулік шылау, артикль, көмекші етістік, жалғаулық шылау және жалғаулық мәнді сөз, демеулік шылау). Нөлдік морфемалық форма. Грамматикалық мағыналарды берудің өзге түрлері мен тәсілдері. Сөздердің орын тәртібі, дыбыстардың алмасуы және <<ішкі флексия>>, екпін мен интонация, суплетивизм мен редупликация. Грамматикалық мағыналарды беру тәсілдерінің түрлі тілдерді әр қилы таралуы және тарихи құбылмалылығы. 	Граммтикалық категория жайлы ұғым. Грамматикалық және ұғымдық категориялар, олардың қарым-қатынасы. 
    Морфологиялық және синтаксистік грамматикалық категориялар. Лексико-грамматикалқ категориялар. Әр түрлі тілдердің грамматикалық категориялары арасындағы айырмашылықтар.
Бақылау сұрақтары: 1.Грамматиканың қандай салалары бар?
2.Грамматиканың құрылысы дегеніміз не?
    Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

   №12 тақырыбы: Негізгі грамматикалық ұғымдар. Грамматикалық тәсілдер мен формалар. Сөз таптары, шығуы мен дамуы

     Мақсаты: Негізгі грамматикалық ұғымдар,грамматикалық тәсілдер мен формалар. Сөз таптары, шығуы мен дамуы туралы жан-жақты түсінік беру.
    Әдістемелік нұсқаулар:Грамматика тілдегі грамматикалық бірліктерді және ол бірліктердің әр басын қосып ұйымдастырып, қатынас жасауда іске жарататын, әрі олардың бір  -  біріне жігін ажырататын тәсілдерді, құралдарды зерттейді.      Грамматикалық негізгі бірліктер  -  морфема, сөз тіркесі және сөйлем. Грамматикалық мағыналар сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастар тіл  -  тілде түрлі  -  түрлі грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) құралдар, амал  -  тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағыналарды, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды білдірудің жолы грамматикалық тәсіл деп аталады. Грамматикалық тәсілдердің бірнеше түрі бар. Олар: афиксация тәсіл, сөздердің орын тәртібі, ішкі флекция, екпін тәсілдері де жатады.
      Грамматикалық әрі өте маңызы, әрі күрделі мәселелерінің бірі  -  грамматикалық форма туралы мәселе. Грамматикалық форма туралы туралы ұғым грамматикалық мағына және грамматикалық тәсіл туралы ұғымдармен тығыз байланысты. Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формамен айтылады. Ал грамматикалық тәсіл грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы білдірудің жолы болып саналады.    Грамматикадағы маңызды ұғымдардың бірі  -  грамматикалық категория туралы ұғым. Грамматикалық категория туралы ұғым грамматикалық мағына мен грамматикалық форма туралы ұғымдармен ұштасып жатады. 
         Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория)  --  мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі. Бұл жүйеде категорияландыратын белгі басты қызмет атқарады. Мысалы: шақ, жақ, етіс т. б. категориялардын жинақты мағыналары соларға сай тұлғалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр. 
    Қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөз таптастырудың үш ұстанымы бар: семантикалық, морфологиялық,  синтаксистік.      С.Исаев қорытынды пікір ретінде қазақ тіліндегі он сөз табын көрсетеді: 1. Зат есім 6. Етістік 2. Сын есім 7. Еліктеу сөздер 3. Сан есім 8. Шылаулар 4. Есімдік 9. Одағай 5. Үстеу 10. Модаль сөздер     Бақылау сұрақтары:
1. Грамматикалық ұғымдарға не жатады?2. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма дегеніміз не?3. Грамматикалық категорияның түрлері қандай?
4. Қазақ тілінде сөздерді таптастыру  ұстанымдарына не жатады?5. Сөз таптарының шығуы мен дамуы туралы қандай көзқарастар бар?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№13 тақырыбы: Синтаксис мәселелері. Сөздердің байланысу амалдары формалары, сөз тіркесі.Сөйлем мен оған тән белгілер.Сөйлем мен байымдау.

    Мақсаты: Синтаксис мәселелері. Сөздердің байланысу амалдары формалары, сөз тіркесі.Сөйлем мен оған тән белгілер.Сөйлем мен байымдау.
    Әдістемелік нұсқаулар: Синтаксис - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөздердің сөйлемде байланысуының белгілі заңдылығы бар, сөздер бір-бірімен белгілі бір тәсілдермен байланысады.  Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздер төрт түрлі тәсіл арқылы байланысады: жалғаулар арқылы; шылаулар арқылы; сөздердің орын тіртібі арқылы және интонация арқылы. Осы амалдарды біз былай топтап атаймыз: қосымшалар синтетикалық тәсілдер деп, шылаулар, сөздердің орын тәртібі, интотацияны аналитикалық тәсілдер деп аталады. Осы аталған тәсілдерді қолданып сөз тіркестерін құрауда тілдің қалыптастырған формасы бар. Сөздердің тіркесу формасы 5 түрлі: 1) қиысу, 2) матасу, 3) меңгеру, 4) қабысу, 5) жанасу.Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі. Сөйлемде сөздердің бір-бірімен байланысуы негізінде сөз тіркесі жасалады. Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Тіркестегі бағындырып тұрған сөз басыңқы деп, басыңқыға бағынып тұратын сөз бағыныңқы деп аталады. 
    Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті; құрылысына қарай жай және құрмалас; Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды және болымсыз; Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң және жайылма; Баяндауыштарының қай сөз табына қатысты келуіне орай есімді және етістікті; Бастауыштарының қатысына қарай жақты және жақсыз болып бөлінеді.
      Бақылау сұрақтары:1. Синтаксис дегеніміз не?
2. Сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?
3. Сөздердің байланысу амалдары мен формаларына не жатады?
4. Сөз тіркесі дегеніміз не?
5. Сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№14 тақырыбы: Тілдің шығуы және тілдердің жасалуы мен дамуы. Тілдердің даму заңдылығы. Тілдердің қарым-қатынасы

   Мақсаты: Тілдің шығуы және тілдердің жасалуы мен дамуы. Тілдердің даму заңдылығы. Тілдердің қарым-қатынасы жайлы түсінік беру.

    Әдістемелік нұсқаулар:Тілдің шығуы туралы мәселені сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі проблеманы бір-бірімен ажыратып алу қажет: оның бірі  -  жалпы адам баласы тілінің шығуы, яғни алғашында адамның сөйлеуді, ойын айтып жеткізуді қалай үйренгендігі туралы мәселе де, екіншісі  -  жеке, нақтылы тілдердің, мысалы, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, араб тілі, испан тілі немесе француз тілінің шығып жасалуы туралы мәселе. Бұл екі мәселені бір  - бірімен шатастырмау керек. Бұлай дейтініміз: адамзат тілінің пайда болуы сонау көне заманға  -  адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу заманына, алғашқы адамдардың пайда болу заманына барып тірелсе, жеке нақтылы тілдердің немесе туыс тілдердің тобының жасалып құрылуы жалпы адамзат тілінің шығып пайда болу заманынан анағұрлым бертінгі дәуірлерде болған. Нақтылы, жеке тілдердің, мысалы, қазақ тілінің, орыс тілінің немесе ағылшын тілінің пайда болып жасалуын және олардың пайда болу дәуірін тарих пен лингвистика ғылымдары тұрғысынан зерттеп айқындауға болады. Ал жалпы адамзат тілінің шығуы, яғни адамдардың о баста сөйлеп үйренуі туралы проблеманы қарастырып айқындау үшін, тек қана тарихи-лингвистикалық зерттеулердің өзі тіптен жеткіліксіз болады. Адамзат тілінің шығуы адамның пайда болуы және адам баласы қоғамының пайда болуы тәрізді күрделі мәселелермен тығыз байланысты.
     Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік тіл біліміндегі зерттеу еңбектерде көп үшырасқанымен, оның нақты анықтамасы жасалмаған.     Бақылау сұрақтары:1.Тілдің шығуы.2.Тілдің жасалуы3.Тілдің өзара әсерлері4. Тілдің дамуының жалпы заңдары.
5Тілдің дамуының жеке заңдары.
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

№15 тақырыбы: Тілдердің генеологиялық классификациясы. Тілдердің типологиялық  классификациясы

Мақсаты:  Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы, тілдердің типологиялық классификациясы, тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы жайлы түсінік беру.
 Әдістемелік нұсқаулар:Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы деген дүние жүзі тілдерін өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға топтастырылады. Қазіргі кезде әлем тілдері төмендегідей тіл жанұяларына бөлінеді: 1. Үндіевропа тілдері, 2. Афразиат тілдері: 3) Дравид тілдері,
4) Орал тілдері, 5) Алтай тілдері, 6) Чукот-камчат тілдері жатады. Осы аталған ірі алты тіл жанұясын нострат тілдері деп атайды.
 2. Тілдердің типологиялық классификациясы Тілдерді фонетикалық грамматикалық құрылысына қарай бірнеше типке бөлуге болады. Сондықтан тілтану типологиясы, немесе салғастырмалы лингвистика ғылымы тілдерге әртүрлі тұрғыдан келеді: 1. Фонетикалық типология, 2. Синтаксистік типология. 3. Морфологиялық типология.Бұлайша топтастырудың тілдер арасындағы туыстыққа тікелей қатысы жоқ. 
        Бақылау сұрақтары: 
      1. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы. 
      2. Тілдердің типологиялық классификациясы.
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А.,  2010
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.  - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар.  - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.



* СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


СӨЖ
Тексеру формасы.
1. Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі алатын орны
Конспект
2. Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі. Тіл мен ойлау
Конспект
3. Тілдің шығуы және тілдердің жасалуы мен дамуы 
Реферат
4. Тілдердің генеологиялық классификациясы
Реферат
5 . Тілдердің типологиялық  классификациясы
Конспект

Пәндер