Файл қосу
Орман ағаштарын отырғызғыш машиналардың жұмыстық органдары
Орман шаруашылығын механикаландыру жұмыстары пәнінен экзаменациондық сұрақтары 1-билет 1.Тракторлар мен автомобильдер жіктелімі және негізгі механизмдері 2. Жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылар 3. Ағаш көшет отырғызғыш машиналар 2-билет 1. Орман шаруашылығында қолданылатын энергетикалық құралдар 2. Көшет қазбағыш машиналар 3. Ағаш көшет отырғызу тәсілдері және машиналар жіктелімі 3- билет 1.Тракторлар мен автомабильдер жіктелімі 2.Орманды химиялық жолмен қорғау машиналар мен аппараттары 3. Ағаш көшет отырғызғыш машиналардың құрылысы. 4- билет 1.Автотракторлар қозғалтқыштарының жалпы құрылысы мен жұмысы 2. Орманды қорғау тәсілдері. Машиналар мен аппараттар жіктелімі 3. Орман ағаштарын отырғызғыш машиналардың жұмыстық органдары 5-билет 1.Тракторлар мен автомабильдер қозғалтқыштарының жіктелімі 2. Тозаңдатқыштар 3. Тұқымбақтарға арналған машиналар мен құралдар 6-билет 1.Технологиялық машиналар және құралдар 2. Аэрозольді генераторлар 3. Жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылар 7-билет 1.Орман алқаптарын тазалайтын машиналар 2. Орманды күтімдік кесуге арналған машиналар мен механизмдер 3. Көшет қазбағыш машиналар 8-билет 1.Түпқопарғыштар 2. Орман ағаштарын жарақтандыруға арналған машиналар 3. Орманды химиялық жолмен қорғау машиналар мен аппараттары 9-билет 1.Бұташапқыштар 2. Күтімдік кесу сүректерін сүйрейтін, тиейтін және шығаратын, өңдейтін машиналар 3. Орманды қорғау тәсілдері. Машиналар мен аппараттар жіктелімі 10-билет 1.Мелиоротивтік және жол жұмыстары машиналар 2. Орман өртімен күресуге арналған машиналар мен аппаттар 3. Тозаңдатқыштар 11-билет 1.Мелиоротивтік машиналар және құралдар. 2. Орман өртінің түрлері. Орман өртін сөндіргіш құрылғылар жіктелімі. 3. Аэрозольді генераторлар 12-билет 1.Топырақты өңдейтін машиналар мен құралдар. 2. Орман өртінің алдын алуға және анықтауға арналған машиналар мен механизмдер 3. Орманды күтімдік кесуге арналған машиналар мен механизмдер 13-билет 1.Топырақты өңдеу түрлері. 2. Орман шаруашылығында машиналар пайдалану 3. Орман ағаштарын жарақтандыруға арналған машиналар 14-билет 1.Топырақты өңдейтін машиналар мен құралдар жіктелімі. 2. Машина-трактор агрегаттарының тарту-эксплутациялық есептеулеулері 3. Күтімдік кесу сүректерін сүйрейтін, тиейтін және шығаратын, өңдейтін машиналар. 15-билет 1.Жалпы жұмыстық соқалар 2. Тракторлардың агротехникалық көрсеткіштері 3. Орман өртімен күресуге арналған машиналар мен аппаттар 16-билет 1.Арнайы жұмыстық соқалар 2. Тракторлардың тарту - іліністік көрсеткіштері 3. Орман өртінің түрлері. Орман өртін сөндіргіш құрылғылар жіктелімі. 17-билет 1. Фрезерлік машиналар. 2. Орманшаруашылық машиналары мен құралдарының тарту кедергісі 3. Орман өртінің алдын алуға және анықтауға арналған машиналар мен механизмдер 18-билет 1.Культиваторлар 2. Машина трактор паркін жинақтау 3. Машина трактор паркін жинақтау 19-билет 1.Тырмалар және таптауыштар. 2. Орманшаруашылық агрегаттарының жіктелімі 3. Орманшаруашылық агрегаттарының жіктелімі 20-билет 1.Орман тұқым жинайтын және өңдейтін механизмдер мен машиналар 2. Машина - трактор агрегаттарын жинақтаудың жалпы принцптері 3. Машина - трактор агрегаттарының жалпы принцптері 21-билет 1. Ормандық тұқым жипайтын механизмдермен машиналар 2. Машина - трактор агрегаттарының кинематикасы 3. Машина - трактор агрегаттарының кинематикасы 22-билет 1.Ормандық тұқым өндейтін машиналар 2. Машина - трактор агрегаттарының өнімділігі 3. Механикаландырылған орманшаруашылық жұмыстарының технологиясы туралы түсінік 23-билет 1.Тұқымсепкіш машиналар 2. Механикаландырылған орманшаруашылық жұмыстарының технологиясы туралы түсінік 3. Механикаландырылған орманшаруашылық жұмыстарының технологиясы туралы түсінік 24-билет 1.Тұқым себу машиналар. Тұқымсепкіштердің жіктелімі. 2. Машина - трактор паркін техникалық пайдалану негіздері 3. Машина - трактор паркін техникалық пайдалану негіздері 25-билет 1.Тұқымсепкіштердің жалпы құрлысы және жұмыстық органдары 2. Техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы алдын -алу жүйесі туралы түсінік 3. Техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы алдын -алу жүйесі туралы түсінік 26-билет 1.Ағаш көшет отырғызғыш машиналар 2. Машиналарға техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы алдын алу жүйесінің түрлері 3. Машиналарға техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы алдын алу жүйесінің түрлері 27-билет 1.Ағаш көшет отырғызу тәсілдері және машиналар жіктелімі 2. Тұқымсепкіш машиналар. 3. Орман шаруашылығы машиналары жұмысының сипаты мен жағдайы 28-билет 1.Ағаш көшет отырғызғыш машиналардың құрылысы. 2. Тұқым себу машиналар 3. Техниканы пайдалануды ұйымдастыру формалары 29-билет 1.Орман ағаштарын отырғызғыш машиналардың жұмыстық органдары 2. Тұқымсепкіштердің жіктелімі 3. Орман шаруашылығы машина-трактор паркін пайдаланудың негізгі көрсеткіштері 30-билет 1.Тұқымбақтарға арналған машиналар мен құралдар 2. Тұқымсепкіштердің жалпы құрлысы және жұмыстық органдары. 3. Машина-трактор паркі жұмысын жоспарлау. 31. Жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылар+ 32. Көшет қазбағыш машиналар+ 33. ОРМАНДЫ ХИМИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ҚОРҒАУ МАШИНАЛАР МЕН АППАРАТТАРЫ+ 34. Орманды қорғау тәсілдері. Машиналар мен аппараттар жіктелімі+ 35. Тозаңдатқыштар+ 36. Аэрозольді генераторлар.+ 37. Орманды күтімдік кесуге арналған машиналар мен механизмдер+ 38. Орман ағаштарын жарақтандыруға арналған машиналар+ 39. Күтімдік кесу сүректерін сүйрейтін, тиейтін және шығаратын, өңдейтін машиналар.+ 40. Орман өртімен күресуге арналған машиналар мен аппаттар.+ 41. Орман өртінің түрлері. Орман өртін сөндіргіш құрылғылар жіктелімі.+ 42. Орман өртінің алдын алуға және анықтауға арналған машиналар мен механизмдер.+ 43. ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА МАШИНАЛАР ПАЙДАЛАНУ+ 44. МАШИНА-ТРАКТОР АГРЕГАТТАРЫНЫҢ ТАРТУ-ЭКСПЛУТАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕУЛЕРІ+ 45. Тракторлардың агротехникалық көрсеткіштері+ 46. Тракторлардың тарту - іліністік көрсеткіштері+ 47. Орманшаруашылық машиналары мен құралдарының тарту кедергісі+ 48. Машина трактор паркін жинақтау+ 49. Орманшаруашылық агрегаттарының жіктелімі+ 50. Машина - трактор агрегаттарын жинақтаудың жалпы принцптері+ 51. Машина - трактор агрегаттарының кинематикасы+ 52. Машина - трактор агрегаттарының өнімділігі+ 53. Механикаландырылған орманшаруашылық жұмыстарының технологиясы туралы түсінік+ 54. Машина - трактор паркін техникалық пайдалану негіздері+ 55. Техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы алдын -алу жүйесі туралы түсінік+ 56. Машиналарға техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы алдын алу жүйесінің түрлері . + 57. Тұқымсепкіш машиналар.+ 58. Тұқым себу машиналар. + 59.Тұқымсепкіштердің жіктелімі+ 60. Тұқымсепкіштердің жалпы құрлысы және жұмыстық органдары.+ 61. Ағаш көшет отырғызғыш машиналар+ 62. Ағаш көшет отырғызу тәсілдері және машиналар жіктелімі+ 63. Ағаш көшет отырғызғыш машиналардың құрылысы.+ 64. Орман ағаштарын отырғызғыш машиналардың жұмыстық органдары+ 65. ТҰҚЫМБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР МЕН ҚҰРАЛДАР+ 66. Жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылар.+ 67. Көшет қазбағыш машиналар.+ 68. ОРМАНДЫ ХИМИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ҚОРҒАУ МАШИНАЛАР МЕН АППАРАТТАРЫ+ 69. Орманды қорғау тәсілдері. Машиналар мен аппараттар жіктелімі.+ 70. Тозаңдатқыштар+ 71. Аэрозольді генераторлар.+ 72. Орманды күтімдік кесуге арналған машиналар мен механизмдер+ 73. Орман ағаштарын жарақтандыруға арналған машиналар+ 74. Күтімдік кесу сүректерін сүйрейтін, тиейтін және шығаратын, өңдейтін машиналар+. 75. Орман өртімен күресуге арналған машиналар мен аппаттар+ 76. Орман өртінің түрлері. Орман өртін сөндіргіш құрылғылар жіктелімі.+ 77. Орман өртінің алдын алуға және анықтауға арналған машиналар мен механизмдер.+ 78. Машина трактор паркін жинақтау+ 79. Орманшаруашылық агрегаттарының жіктелімі+ 80. Машина - трактор агрегаттарын жинақтаудың жалпы принцптері+ 81. Машина - трактор агрегаттарының кинематикасы+ 82. Машина - трактор агрегаттарының өнімділігі+ 83. Механикаландырылған орманшаруашылық жұмыстарының технологиясы туралы түсінік+ 84. Машина - трактор паркін техникалық пайдалану негіздері+ 85. Техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы алдын -алу жүйесі туралы түсінік+ 86. Машиналарға техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы алдын алу жүйесінің түрлері . + 87.Орман шаруашылығы машиналары жұмысының сипаты мен жағдайы+ 88.Техниканы пайдалануды ұйымдастыру формалары 89.Орман шаруашылығы машина-трактор паркін пайдаланудың негізгі көрсеткіштері 90.Машина-трактор паркі жұмысын жоспарлау. Кіріспе 510 млн км-ді құрайтын алып планета -Жердің 2717,3 шаршы км-і біздің Қазақстанның еншісінде.Бұл әрине аз жер емес.Жер бетінде 38 млн шаршы км орман болса,соның бар жоғы 0,3 % -ы ғана біздің елде көрінеді.Қазақстанның жерінің 4,3 %-ы орман деген сөз.Орман шаруашылығының ел экономикасының көп бағытты дамытуда атқаратын рөлі ерекше.Ғалымдардың пайымдауынша самырсынның кішкентай ғана бір бұтағы мыңдаған микробтарды 10 есе азайта алады екен.Емен жапырағы,терек діңі,алма ағашының бүрлері талай ауруларға ем көрінеді.Атмосферадағы шаң-тозаң ,көміртегі секілді зиянды заттарды жұтып, ауаны тазартып, адам және жан-жануарлар тынысына тиімді ықпал етеді.Ауаны тазартатын көп фактордың бірегейлі жасыл флора десе бәрін былай қойғанда ,дене сау ұрпаққа яғни ел генафондыда тікелей орман алқаптарының әсері мол екені сөзсіз.Бүгінгі танда орман шаруашылығы еңбеккерлерінің басты міндеті елдің өндірістік аға сұраныстарын қанағаттандыру ,орман алқаптарын қалпына келтіру,орманның тұқымдық және сапалық құрамын арттыру және жаңа жидектер салу.ҚР-ның президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен 2005-2007 жылға есептелген жасыл ел бағдарламасына сәйкес 35 млрд теңге қаржыны игеру нәтижесінде 87,4 гектар жаңа орман пайда болды.Астана қаласының жасыл қоршауы 15 гектарға ұлғайып еліміздің қалаларымен ауылдарында 13 млн-нан астам ағаш көшектері отырғызылды.Орманды тілсіз жау өрттен қорғау шаралары жауапты мәселе.Орман шаруашылығы дамыту үстінде арнайы білімі бар кадрлардың атқаратын рөлі зор.Оның мақсаты орман шаруашылығы жұмыстарының ұйымдастыру технологиясының техникасын толық игеруге даярлау.Орман шаруашылығын жаңарту және дамыту үстінде арнайы білімі бар орта буын калрлардың атқаратын рөлі зор.5В080700 - Орман шаруашылығы және орман ресурстары мамандығы бойынша даярланатын мамандар үшін Орман шаруашылығын механикаландыру пәнін оқыту жоспарланған. Пәннің мақсаты-орманшаруашылық жұмыстарын ұйымдастырудың заманауи технологиясы мен техникасын толық игеруге даярлау. Орман тілсіз жау-өрттен қорғау шаралары іске асыру жауапты мәселе.Орман өрттерінің көптеген себептері бар.Олардың алдын-алу тіптен мүмкін емес.Шыжыған ыстықпен желдің жылдамдығы 80...90 км/с болып тұрғанда ,өрт сөндіру үлкен мәселеге айналатыны сөзсіз. ІІ Бөлім. 1-тарау.ТРАКТОРЛАР МЕН АВТОМОБИЛЬДЕР ЖІКТЕЛІМІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МЕХАНИЗМДЕРІ + Орман шаруашылығында қолданылатын энергетикалық құралдар Орман шаруашылық өндірісінің энергетикалық құралдары жылжымалы ,шектеулі жылжымалы және тұрақты болып жіктеледі.Жылжымалы энергетикалық құралдарға тракторлар ,өздігінен жүретін шассилер ,моторландырылған машиналар ,автомобильдер және тірі тарту күші жатады.Сонымен қатар орман шаруашылығында орман өрттері ,орман желектері зиянкестері және ауруларымен күресу үшін авиация қолданылады. Энергетикалық шектеулі жылжымалы құралдарына арқанды-тракторлы және электротракторлы тарту жүйелері кіреді. Тұрақты энергетикалық құралдар түрліше электр және жылу қондырғыларын ,жел,гидравликалық , т.б. қозғалтқыштарды қамтиды. Орман шаруашылығында негізгі энергетикалық құралдар ретінде тракторлар ,өздігінен жүретін шассилер және автомобильдер пайдаланылады. Орман шаруашылық өндірісінде тракторларды пайдаланудың басты энергетикалық құралдарға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар: олардың жылжымалы жоғары пайдалануға сенімді әрі үнемді және тарту қасиеттерінің тұрақтылығымен ерекшеленеді. -------------------------------------------------------------------------------- Орман тұқымбақтарында жұмыс атқаруға ,жылыжайларда отырғызу материалдарын өсіруге және шағын жүктерді тасымалдауға мотоблоктар мен шағын габаритті тракторлар пайдаланылады. 1.2. Тракторлар мен автомабильдер жіктелімі Трактор дегеніміз - аспалы және тіркемелі машиналарымен құралдарды жылжытуға және қозғалысқа келтіруге тұрақты машиналарға жетек беруге тіркемелерді сүйретуге арналған доңғалақты немесе шынжыр табанды өздігімен жүретін машина. Тарту класы - наминалды тарту күшімен анықталатын шартты шама. Наминалды тарту күші деп - топырақ қыртысының қысымы мен ылғалдылығы қалыпты жағдайдағы трактордың жоғарғы пайдалы әсер коэффицентінің (ПӘК)аумағындағы тарту күшін есептейді. Автомобиль дегеніміз - жүктерді,адамдарды тасымалдауға және тіркемелер мен жартылай тіркемелерді сүйретуге арналған,өздігімен жүретін машина: Атқаратын қызметіне қарай автомабильдер жук тасымалдайтын ,жолаушы тасымалдайтын және арнаулы болып жіктеледі. Жүк тасымалдайтын автомобильдерді наминалды жүк көтергіштігіне байланысты аса төмен(0,25-1 тонна),төмен (1,5-2,5 тонна)орта (4-8тонна),жоғары(10тонна және оданда үлкен) деп бөледі. Арнаулы автомобильдерге автокран,автошеберхана,ағаш тасығыш санитарлық өрт сөндіргіш және тағы басқа автомобильдер арнайы құрылгы,тетіктермен жабдыкталған және жұмыстың белгілі бір түрін орындайтын автомобильдер жатады. * тарау. АВТОТРАКТОРЛАР ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ЖҰМЫСЫ + Тракторлар мен автомабильдер қозғалтқыштарының жіктелімі Орман шаруашылық энергиялық машиналарына поршеньді іштен жанатын қозғалатқыштар двигатель,орнатылады. Іштен жанатын қозғалтқыш (І.Ж.Қ) жанармайдың химиялық (жылу)энергиясын механикалық жұмысқа түрлендіреді.Іштен жанатын қозғалтқыштардың негізгі белгілері бойынша төмендегідей жіктейді: -Жаңғыш қоспаның тұтану тәсілі бойынша-сығылу арқылы тұталу және электр ұшқынымен тұтану(карбюраторлы ); -Қоспа түзу тәсілі бойынша- сыртқы қоспа (карбюраторлы және газды)және ішкі қоспа түзу (дизельдер); -жұмыс процеесінің ішкі асуына байланысты - екі тактілі және төрт тактілі; -қолданылатын жанармай түрі бойынша - сұйық жанармаймен жұмыс істейтін және газ тәріздес жанармаймен жұмыс істейтін ; -салқындату түріне байланысты - сумен салқындатылатын және ауамен салқындатылатын ; -цилиндірлер саны бойынша - бір цилиндірім және көп цилиндірім; -цилиндірлердің орналасуы бойынша - бірқатарлы көлденең бірқатарлы тік,екіқатарлы оппазитті көлденең және V-тәріздес қатарлы. Карбюраторлы қозғалтқыштар автомобильдерде,ал дизельді қозғалтқыштар тракторларда жүк көтергіштігі жоғары автомобильдерде және тұрақты қозғалтқыштарда қолданылады. 2.2 Іштен жанатын қозғалтқыштын негізгі механизмдері мен жүйелері. Іштен жанатын поршинді қозғалтқыш айналшақты - бұлғақты және газ таратушы механизмдерден, қоректендіру , майлау, салқындату, оталдыру және іске қосу жүйелеріне тұрады .Айналшақты бұлғақты механизм поршинінің ілгері - кейінді бағыттағы түзу сызықты қозғалысын иінді біліктің айналмалы қозғалысына түрлендіреді . Газ таратушы механизм целиндірге ауаны немесе жарғыш қоспаны уақытылы кіргізуге және қалдық газдарды шығаруға арналған . Қоректендіру жүйесі дизельді қозғалғыштардан да целиндрлерге ауамен жанармай беруді қамтамасыз етеді, ал карбюраторлы қозғалтқыштарда жанғыш қоспаны арнаулы құрылғы да жасап , целиндрге жібереді . Майлау жүйесі қозғалтқыш бөлшектерінің арасындағы үйкеүйкесті азайту және жылуды әкету мақсатында оларға май жеткізу қызметін атқарады . Салқындату жүйесі қозғалтқышта пайда болған артық жылуды одан тыс шығарып , қоршаған ортаға таратып жібереді . Оталдыру жүйесі қозғалтқыш целиндріндегі жұмыстық қоспаны тұтандару , ал іске қосу жүйесі қозғалтқышты алғаш іске қосып жіберу қызметін атқарады СМД - 14 БН қозғалтқышының жалпы көрінісі көрсетілген 2.3 Қозғалтқыштың негізгі түсініктері және параметрлері Іштен жанатын қозғалтқыштардың жұмыс істеуі кезінде олардың целиндрлерін де кезекті алмасатын процестер жүреді . Бұл процестердің жиынтығын жұмыс айналымы деп атайды . Жұмыс айналымы енгізу, сығылу, жану, ұлғаю және шығару процестерінен тұрады . Жұмыс айналымы кезінде жанармайдың химиялық энергиясы механикалық энергияға айналады . Жұмыс айналымы бірнеше тактінің кезінде жүзеге асырылады . Такт дегеніміз - поршеннің бір жүрісі кезіндегі целиндрдегі жүзеге асатын жұмыс айналымының бөлігі . Жұмыс айналымы поршеньнің 4 жүрісі кезінде орындалатын қозғалтқыш 4 тактілі деп аталады . Жоғарғы шектік нүкте - поршеньның жоғарғы шеткі жағдайы . Төменгі шектік нүкте - поршеньнің төменгі жағдайы . Поршень жүрісі - целиндр осі бойынша шектік нүктелер арасындағы қашықтық . Жану камерасы - поршеньнің жоғарғы шектік нүкте жағдайы мен целиндр қалпақшасы арасындағы кеңістік . ІІІ бөлім.ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАР ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАР 1-тарау.Орман алқаптарын тазалайтын машиналар 1.1.Түпқопарғыштар. Түп қопару -ағашы кесілген орманды қалпына келтіру жұмысындағы еңбекті көп қажет ететін операциялардың бірі.Орманмен қамтылған жерді пайдалануда диаметрі 50-см дейінгі ағаш түбіртектерін түпқопарғышпен қопарып,тасымалды,құлаған ағаштар мен шөпшектерді жинастырады. Диаметрі 25см-ге дейінгі түптерді түпқопарғыш жинағыштар мен (Д-513А, МП-7А, ДП-8А, МП-2А) орман жасақтарын тазалайтын машиналар мен (МРП-2, КМ-1А ) қопарады. МП-7А түпқопарғыш - жинағышы диаметірі 11 см-ге дейінгі бұталар мен шілік тоғайлар,диаметрі 45-см-ге дейінгі жеке ағаштар мен түптерді қопаруға,40 см-ге дейінгі тереңдіктегі салмағы 3т - ға дейінгі тастарды алуға,алқаптарды ағаш қалдықтарымен шөпшекпен тазалауға қопарылған материалдарды шамалы қашықтыққа итеру арқылы тасымалдауға арналған. 60 см - ге дейінгі тереңдікте орналасқан түптерді кесу үшін,трактордың артуы белдемесі корпуымен артқы жағына тамыркескіш қондырылады.Ол пышақ жоғарғы тартқыш,тіреу,арқалық жоғарғы тартқыш жағдайын реттеуші гидроцилинді және тамыркескішті көтеріп түсіруші 2гидроцилиндрден тұрады. 1.2. Бұташапқыштар Экономикалық тиімділікті қамтамассыз ету үшін бұташапқыштарды аумағы мен бойлығы үлкен орман алқаптарын бұталар мен шірік тоғайлардан тазалағанда қолданған жөн. Бұташапқыштармен кесілетін ағаштардың ең үлкен диаметрі - 20-40 см. Аумағы шағын орман алқаптарында қолбұташапқыштары пайдаланылады. Жұмыстық орган әрекет ету принциптеріне байланысты бұташапқыштардың екі типі бар: пассивті және активті жұмыстық органдары бар. Бұташапқыштардың жұмыстық органдары: а) пышақтары бар қайырма б) пышақты аунақ в) фреза г) фрезерлі барабан д) горизонталь пышақтар е) пышақтары бар айналмалы дискілер ж) сегмент типтес пышақ з) икемді байланыстағы айналмалы пышақтар и) шапқыш шынжырлар Пассивті жұмыстық органдар: пышақтар бар, қайырма және пышақты аунақ түрінде жасалуы мүмкін. Жұмыс құрылымын басқару түріне қарай бұташапқыштардың гидравликалық немесе арқанды басқаруы болады. Пассивті жұмыстық органдары бар бұташапқыштар ағашты кесуге жұмсалатын энергияны активті жұмыстық органдары бар бұташапқыштарға қарағанда бірнеше есе аз жұмсайды. Сондықтан орман шаруашылығында негізінен пассивті жұмыстық органдары бар Д-514А, ДП-24, КБ4А, МК-11 бұташапқыштары қолданылады. ДП-24 бұташапқыштары - Т130ТГ-1 тракторына орнатылатын жабдық. Ол орман алқаптарын бұта мен шілік тоғайдан тазалағанда орман жолақтарын қайта қалпына келтіруге, жол құрғатқыш арықтардың трассасын төсеуге т.б. жұмыстарға арналған. 2-тарау Мелиоротивтік және жол жұмыстары машиналары 2.1 Мелиоротивтік машиналар және құралдар. Орман шаруашылығында құрғату немесе суару, батпақты жерлерді құрғату жұмыстарын жүргізу үшін ор қазғыштар , арық қазғыштар, тазартқыштар , ал топырақты өңдеумен қопаруда эксковатор және тағы да басқалары қолданылады . Терең емес ұзын ойықтары орманды салу үшін , ор қазғанда қолданылады. Ол үшін алдын - ала трасс дайындайды . Өскіндерді тастардан тазартып , ұлкен түбіртектерді қопарып тастайды . Орқазғыштардың бос жүрісін азайту үшін қозғалыс машинасы жасалады . Биіктігі метрге және тамыр алқымы см-ге дейін болатын сабақты өсымдыктерді алдын - ала нысаналауышпен белгіленген қозғалыс бағытан төсейді . ПКЛН - 500А соқа ор қазғышы тереңдігі 0,5 метрге дейінгі , құрғатқыш және су жүргізуші орларды жасау топырақта орман дақылдарына дайындау және өртке қарсы минерландырылған жолақтарды салу жұмыстарына арналған . Т130БГ - 3ЛХ - 55А тракторларымен агрегатталады. Оның конструкциясы аспалы құрылғы: Рама, корпус, көтерме тазалағыштар, тірек табандары, пышақ , баурайлық , сапты пышақтан тұрады . ЛКМ - арыққазғышы тереңдігі 0,7 метрге дейінгі құрғатқыш арықтарды салу және жөнеу қызметін атқарады. , салу және жөндеу қызметін атқарады . Оның жұмыстық органдары сапты пышағы бар соқа типтес 2 қайырмалы корпус және топырақты арық шетінен екі жаққа жылжытатын екі көтерме тазалағыш . Ол шымтезекті топырақтарда жұмыс істейді және Т - 130Г-3, ЛХТ-55М ТДТ - 55А, ЛХД-100 тракторларымен агрегатталады . ПКЛН - 500А орқазғышы мен ЛКН-600 арыққазғышының сызбасы , арыққазғыш , арық сызбасы , аспалы құрылғы , рамка , корпус, көтерме тазалағыш, тірек табандары , пышақ баурайы, сапты пышақ , қозғалмалы күймеше, қайырма тұмсығы . Эксковаиорлар құрғатқыш жүйелерді жөндеуде топырақты өңдеу мен белгілі қашықтыққаитеру үшін эксковатор қолданылады . Олар: 1-шөмішті , көп шөмішті болып екіге бөлінеді . Бірінші кезегімен топырақты тіледі , шөмішті толтырады әрі жылжытады . Жұмыстық жабдықтың бұрылуы бұрышына байланысты 1 шөмішті 360° бұрыла алады Және толық бұрылымды емес жабдық 270° бұрылады. Жүріс бөлігінің конструкциясы эксковатор пневмодоңғалақ шынжырлы жүрісті . адымайтын рельсті қалқамалы болады . 3 тарау.Топырақты өңдейтін машиналар мен құралдар. 3.1.Топырақты өңдеу түрлері. Топырақты өңдейтін машиналар мен құралдар жіктелімі. Топырақты механикалық өндеудін негізгі мақсаты өсірілетін өнімнің өсіп өнуіне және жетілуіне қолайлы жағдай жасау. Топырақты өндеудің мынадай түрлері бар: негізгі, қосымша өндеу. Топырақты өңдеу орман дақылдық практикадағы негізгі әрекеттердің бірі. Соқұалармен жүргізілетін топырақты негізгі өндеуді топырақ қыртысы механикалық тілініп жақсы ұсақталып әрі оның жоғарғы құрылымсыз немесе шың қабаты арық түбіне, ал төменгі қабаты жоғары аударылуы тиіс. Жер жырту мынадай түрлерге бөлінеді: мәдени жырту, қыртысты айыру, аудара жырту, топырақты сыдыра жырту, терендете жырту, текшелеп жырту, қайырымсыз жырту және терендеткішпен жырту. Ағаш өңдеу алдындағы үстіртін өндеу, арамшөптерді жұлу, орман дақылдарын күтіп баптау, өсімдіктерді минералды тыңайтқыштарды үстемелеп қоректендіру. Топырақты қосымша өңдеу тұтас және қатар аралық өңдеу болып келеді. Топырақты тұтас өндеу негізінде өнделетін аудан болып өнделеді. Қатар аралық өндеу негізінде екпе көшеттер немесе ағаш көшеттер қатарларымен қатар аралықтарындағы арамшөптерді және топырақты қопсыту және өсімдіктерді түптеу жүргізіледі. Топырақты өндеу тәсіліне байланысты машиналар мен құралдар 3 топқа бөлінеді: * Топырақты негізгі өндейтін машиналар; * Арнайы жұмыстың машиналармен әдісі; * Топырақты қосымша өндейтін машиналар. І - топқа жалпы жұмыстық соқалар, соқа қопсытқыштармен аудармай жыртуға арналған жалпақ тілгіштер жатады. Арнайы жұмыстық машиналар мен құралдар құрамына ормандық бұта батпақтың, бау - бақшалық терендете жыртқыш соқалар топырақ өндеуші резалар шұнқыр тартқыштар кіреді. 3.2.Жалпы жұмыстық соқалар Соқалардың жіктелімі. Топырақты өңдеуге арналған барлық соқалар мынадай ерекшеліктерге жіктеледі: Мақсатына қарай: жалпы жұмыстық (ауылшаруашылық) және арнайы жұмыстық. Ормандық, бау - бақшалық, бұтақты - батпақтық, терен өндегіш, қазып алғыш т.б. соқалар. Жұмыстық органның типі бойынша - түрелді, дискілі, шілекті, айналмалы, роликті т.б. Тартым түріне қарай: Арықтартқышты және тракторлық соқалар. Корпус саны бойынша - 1 корпусты, көп корпусты. Топырақ өндеу жылдамдығына қарай кәдімгі және жүрдек. Кәдімгі - жылдамдығы (1,4 м/с дейін). Жүрдек - өндеу (2,2 м/с жоғары) Соқалар орман шаруашылығында негізінен тіркелмелі соқаларға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар аспалы соқалар пайдаланылады. Аспалы тіренді соқа құрылысы Балық түренді соқалар бірдей конструктивті сызбамен жасалады. Соқаның құрылысын жалпы жұмыстық аспалы түрінде соқа негізінде қарастырамыз. Соқа екі бөліктен тұрады: * Жұмыстық органды * Көмекші бөліктер Жұмыстық органдарға соқа корпусы, шым аударғыш, пышақ, топыраққа терендеткіш жатады. Соқаның көмекші бөліктері мыналар: * Соқа рамасы * Аспалы құрылғы * Бұрама механизімі бар тірек донғалағы Тіркемелі соқаның құрылысы оған қарағанда күрделі. Айрықша ерекшеліктері негізінен көмекші бөліктеріне қатысады. Бұл соқада аспалы құрылғының орнына тіркелмелі құрылғы орнатылады. Сондай - ақ бұрама механизімі бар тірек доңғалағы болмайды. Бұдан басқа мынадай механизмдер бар: далалық донғалақ механизімі - жер жырту терендігін зерттейді. Қар донғалақ механизімі - соқа рамасының горизантальдығы және артқы доңғалақ механизімін ауыстыру үшін көтеру механизмі жұмыстың жағдайдан транспорттық жағдайға ауыстыру механизмі. 3.3.Арнайы жұмыстық соқалар Арнайы жұмыстық соқаларға бау - бақшалық, терең өңдегіш, ормандық, батпақтық, бұтақты - батпақтық соқалар жатады. Арнайы жұмыстық соқалар жұмыстық органдарының типі бойынша түрленеді және дискілі болып келеді. Ормандық соқалар.Арнайы ормандық соқалар мынадай түрлерге жіктеледі: Ормандық дақылдарды қарық түбіне себуге немесе отырғызуға арналған топырақты жекелеген жолақтармен дайындалатын;құрғатуды қажет етпейтін , уақытша ылғалды топырақ қабатын жүйек түрінде жасайтын; аса ылғалды топыраққа құрғатқыш арықтарын жасайтын топырақты қопсыту және араластыру арқылы нольдік өңдеу жүргізетін соқалар.Кемірлегіштер биіктігі он екі және төрт жүз тау жіне жыра беткейлерін өңдеуде қолданылады.Кемерлер жауын шашынның, топырақ беті ағындарын жинауға, эрозия процесн әлсіретуге немесе толық жоюға мүмкіндік береді. Оның негізінде топырақтың су режимі жақсарады және орман желектерін өсірудің барлық технологиялық операцияларын механикаландырудың қолайлы жағдайлары жасалады. 3.4. Фрезерлік машиналар. Фрезерлік машиналар топырақты негізгі және қосымша өңдеуді фрезерлеу әдісімен жүргізуге арналған. Фрезерлер топырақты ормандық дақылдарды себу немесе отырғызу үшін дайындауға орман желектерін күтіп баптау кезінде қолданылады.Фрезерлік машиналар жіктеледі атқаратын қызметі бойынша:ормандық,бау бақшалық,егістіктік болып келеді.Әрекет ету принцпне байланысты фрезалар бойлық, көлденең және тік фрезерлеуші болып жіктеледі.Жұмыстық органдар бойынша фрезалар пышақты болып келеді.Тарту құрылымына байланысты фрезаларды аспалы, тіркемелі, жартылай тіркемелі, өздігінен жүретін деп ажыратады. 3.5 Культиваторлар Культиваторлар себу немесе отырғызу алдында топырақты қосымша өңдеумен топырақты қопсыту арқылы топырақ аралық өңдеуді жүргізуге тыңайтқыш енгізуде және арамшөптерді жоюға арналған. Культиватолардың жіктелуі: барлық культиваторлар мынадай ерекшеліктері бойынша жіктеледі: * Трактормен біріктіру тәсілі бойынша * Аспалы және тіркемелі Мақсаты бойынша топырақты тұтас өңдейтін, қатарарлықты өңдейтін культиваторлар: Әмбебап және арнайы культиваторлар * Өңдейтін қатар саны бойынша аралықты өңдеуші культиваторларбір қатарлы және көп қатарлы болып келеді. * Жұмыстық органдар типіне байланысты - түрен тектес (табанды) дискілі, фрезерлі; айналмалы жұмыстық органдары бар культиваторлар. Ауылшаруашылық культиваторларының жұмыстық органдар - түптеуші, қопсытушы табандар. Түптеуші корпустар - инелі дискілер, қоректендіруші пышақтар. Орманшаруашылық культиваторының түрліше конструкциялары, жұмыстық органдар ретінде сфералық дискілер, қалақты қанатшалар, айналмалы-тісті каркастар, фрезелік пышақтар т.б. қолданады. Культиваторлардың ұзындығы 855 мм. Жұмыстық органдар жинағына 270, 330 мм тілгіш түптеуші мен әмбебап табандар, 45 мм. серіппелі қопсытқыш табандар кіреді. Тілгіш табандарды әрбір аралыққа біреуден, ал серіппелі қысқа аралыққа біреуден, ұзын аралыққа екеуден орнатады, культиваторлардың негізгі құрастыру бірліктері. Трактордың аспа жүйесіне тіркелетін ғана -1, 2 физматикалық тірек доңғалағы, рульдік басқару механизімі, жұмыстық органдардың 7 секциясы. Өтізгіші мен қоректенуші пышағы бар тыңайтқыш енгізгіші аппараттардан 4 жинағы әсер етеді. Культиваторлардың негізгі түптеу неммесе өңдеу тереңдігі 8/4 см-ге дейін. Массасы 640 кг Т-25А, Т-40АН, Т-40Н тракторларымен агрегатталады. 3.6 Тырмалар және таптауыштар. Тырмалар топырақты үстіртін өңдеуге арналған: жер жыртудан кейінгі қопсыту, алқап бетін тегістеу. Арамшөптерді тырмалап жұлу жауыннан кейін топырақ қабыршақтарын жою, шалғындық пен жайылымды жаңарту тыңайтқышты сіңіру т.б. Тырмалар тісті және дискілі болып ажыратылады. Тісті тырмалардың жұмыстық органдары - қимасы шаршы дөңгелек және сопақ болыпкелетін тістер. Қопсытушы табандар, серіппелі тістер, ал дискілі тырмалардың - тегіс немесе кескіш жүздері бар сфералық дискілер. Тісті тырмалардың жұмыстық органдарын қарықшалар бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасатындай етіп орнатады. Әрбір тіс жеке қарықша жасайды. Әрі тек қана сонымен жүреді. Тістерді орналастыру арнайы иректәріздес пішіндегі қатаң раманы пайдалану арқылы қамтамассыз етіледі. Бір тіске түсетін массаға байланысты <<ирек>> типтес тымаларды ауыр, орта және жеңіл деп бөледі. Таптауыштар - топырақтың беткі қабатын нызыздауға ірі кесектерді уатуға топырақ бетін тегістеуге жауыннан кейінгі топырақ қатпаршақтарын майдалауға арналған. Жұмыстық бетінің пішініне байланысты таптауыштар жазық цилиндірлік сақиналы тепкі, сақиналы тісті, тегіс бетті тісті және сақиналы болып келеді. СКБТ1,4 су құйылмалы жазық таптауыш үш секциялы болып келеді. Оның әрбір секциясы d= 700 мм. 4-тарау.ОРМАН ТҰҚЫМ ЖИНАЙТЫН ЖӘНЕ ӨҢДЕЙТІН МЕХАНИЗМДЕР МЕН МАШИНАЛАР 4.1. Ормандық тұқым жипайтын механизмдермен машиналар Орман ағаштарының тұқымдары мен жемістерін жинау және өңдеу процестері еңбекті көп қажет ететін бірқатар технологиялық операцияларды қамтиды. Қылқын жапырақты ағаштар үшін бұл процесс мынадай операциялардан тұрады: өсіп тұрған және құлатылған ағаштардың бүрлерін жинау (дайындау), тазалау, сұрыптау, сақтау олардың тұқымдарын ажыратып алу, қанатшаларын бөлектеу және сақтау кезінде кептіру. Жалпақжапырақты ағаштар (емен, шәмшат, грек жаңғағы, сексеуіл, пісте, т.б. ) тұқымдарын жинау кезінде келесі операцияларды жүзеге асырады: жерде тұрып тұқымдарды жинау, оларды тазалау және өндеу. Тұқымдармен жемістерді жинау екі тәсілмен жүргізіледі: құлатылған немесе өсіп тұрған ағаштардың тұқымын жинау; жерге түскен (емен, үйенкі, грек жаңғағы, шәмшат, шегіршін, т.б.) жемістермен тұқымдарды жинау. Ағаштың биіктігіне байланысты тұқым жинаушылар тұқым немесе жемісті жерде тұрып, ағашқа сатымен немесе түрліше құрылғылардың көмегімен өрмелеу арқылы шығып жинайды. Өсіп тұрған ағаштың тұқымдарын және жемістерін жерде тұрып жинау үшін түрліше түсіруші, сілкілеуші, үзуші тетіктермен құрылғылар пайдаланылады. Тұқым түсіргіш тетіктер әртүрлі ұзындықтағы ағаш сырық немесе жеңіл металл штанга түрінде жасалады. Олардың ұшына жұлушы, үзуші, кесуші, тістеуші, т.б. жұмыстық органдар бекітіледі. Тұқым жинаушыларды ағаш діңіне шығару үшін әртүрлі тетіктер мен құрылғылар (саты,ағашқа өрмелеу құрылғылары, блок және полипасттары бар арқанды көтергіштер, т.б.), арнайы автомобиль және трактор көтергіштері қолданылады. "Белка", ДК-1, ЛПД-0,64, т.б. ағашқа өрмелеу құрылғылары тұқым жинау және ағаш кесінділерін кесу үшін тұқым жинаушыларды ағаш діңіне шығаруға арналған. 4.2 Ормандық тұқым өндейтін машиналар Бүрлерден тұқым алу үшін олардың қабыршақтарының мәжбүрлі ашылуын қамтамасыз ету қажет. Сондықтан бүрлерді периодты және үздіксіз әрекеттегі камераларда кептіреді. Мұндай камералар тұрақты немесе жылжымалы болып келеді. Орман мен орманбақ, т.б. шаруашылықтарда жылжымалы бүркептіргіштер кенінен қолданылады. ШП-0,06 жылжымалы бүркептіргіші кәдімгі қарағай мен шыршаның, сібір сағыз қарағайының бүрлерін кептіруге арналған. Бүркептіргіш пневмодоңғалақты шассиден кептіргіш камерадан, жылу - ауа қондырғысынан, оператор жайынан, тиеу және түсіру құрылғыларынан; электрлік қосу, автоматты басқару мен бақылау жүйелерінен, таспалы тасмалдағыштан тұрады. Пневмодоңғалақты шасси кептіргіштің барлық бөліктерін орналастыруға және оны тасмалдауға арналған. Кептіргіш камерада желбезек типтес екі сөре және бүрді кептіруге арналған таспалы тасмалдағыш түріндегі төменгі сөре орналастырылған. Операторлық жәй - қызмет көрсетуші адамның жұмыс орны, онда сонымен қатар МОС - 1 тұқым тазалағыш машинасы орнатылған. Ауаны қыздырып, кептіргіш камераға беру жылу - ауа қондырғысымен жүргізіледі. Тиеу құрылғысы шикі бүрлерді жоғарғы сөреге көтеріп, оларды бірқалыпты жайғайды; түсіру шанағы кептірілген бүрлерді соққылағыш барабанға бағыттайды. Таспалы тасылмалдағыш тұқымнан босаған бүрлерді барабаннан трактор тіркемесінің қорабына аластайды. Кептіргіш ЗИЛ - 131 автомобилімен тасымалданады.Оның шырша бүрін кептіргендегі өнімділігі - 88 кг/сағ; ал қарағай бүрін кептіргендегі өнімділігі - 140 кг/сағ. Тиеу шанағының сыйымдылығы 0,95 м3, кептіру ұзақтығы - 12...18 сағат. V тарау. Тұқымсепкіш машиналар. 5.1 Тұқым себу машиналар. Тұқымсепкіштердің жіктелімі. Тұқым себудің негізгі мақсаты - белгіленген дақылға қойылатын агротехникалық талаптарға және себудің белгіленген нормасына сәйкес тұқымды алқап пен қатарларға біркелкі сеуіп, топырақтың ылғалдық қабатына берілген тереңдікке сіңіру. Екпе өсімдіктерді өсіруде, орман дақылдарын себуде, егістік қорғайтын жолақтарды жасауда тұқым себудің түрліше әдістері қолданылады, олардың негізгілері мынадай: * Қатарлы себу * Суыртпақтап себу * Ұялап себу * Шашып себу Аталған тәсілдерден тұқымбақтарда - қатарлап және суыртпақтап себу; қорғаныш орман алқаптарында - қатарлап және ұялап себу; шалғындық және жайылым т.б. - шашып себу тәсілдері еңінен қолданылады. Тұқымсепкіштерді мынадай негізгі көрсеткіштерді былайша жіктейді: * мақсаты бойынша - ауылшаруашылық, тұқымбақтық, арнайы. * себілетін тұқым қасиеті бойынша - сусымалы және сусымайтын тұқымдарға арналған. * себу қарығын жасау тәсілі бойыша - түрен типтес сіңіргішті, дискілі сіңіргішті, қарық жасаушы таптауыштары бар тұқымсепкіштер. * тұқым себілетін қатар саны бойынша - бір қатарлы және көп қатарлы. * себу тәсілі бойынша - қатарлап, ұялап, топтап, шұқырлап және шашып себетін тұқымсепкіштер. * қозғалу тәсілі бойынша - қолымен атқаралатын, ат күшімен, тракторлық, ұшақтар мен тікұшақтарға орнатылатын. Тракторлық тұқымсепкіштер трактормен бірігу тәсілі бойынша тіркемелі және аспалы болып келеді. 5.2.Тұқымсепкіштердің жалпы құрлысы және жұмыстық органдары. Тұқымсепкіштердің жалпы құрлысы себу материалының қасиеттері және себу тәсілдерімен анықталады. Омандық тұқымдар формасы, сусымалылығы және басқа да сыртқы көрсеткіштері бойынша әр түрлі болғандықтан, тұқымсепкіш машина жұмыс процесінің сызбасы осыған байланысты болып келеді. Формасы бойынша ормандық тұқымдар жұмыр, элипс тәріздес және жазық; өлшемдері бойынша - майда, орташа және ірі; сусымалылық дәрежесі бойынша - сусымалы және және сусымайтын болып келеді. Тұқымды машинамен себудің жұмыстық процесі себу орнын жасау, тұқымды шанақтан себу, оны алқапқа бірқалыпты тастау және топыраққа сіңіру операцияларынан тұрады. Шашып себу тәсілінде бірінші және соңғы операциялары болмауы мүмкін. Тұқымсепкіштің негізгі бөліктері мыналар: 1) тұқымға арналған жәшік; 2) тұқымның шығу саңылауын реттейтін клапаны бар сепкіш аппарат; 3) тұқым өткізгі; 4) сіңіргіш; 5) топырақ шабушы құрылғы; 6) сепкіш аппарат пен араластырғыштың жетегі; 7) тірек доңғалақ. Тұқымсепкіштің аспалы тіркемелі құрылғылары бар рамаларға орнатылады. Тұқымжәшігі. Тұқымжәшіктері тұқым немесе ұлпаға арналған сиымдық ретінде қызмет атқарады және олардық сепкіш аппараттарға беруді қамтамассыз етеді. Жәшіктің формасы тұқым ағымның оның түбіндегі немесе қабырғасындағы саңылаудан еркін сусуын қамтамассыз ету тиіс. Ол үшін сепкіш аппаратың үстіне орнатылатын онымен бірге айналатын араластырғыш қолданылады. Сепкіш аппараттар тұқымды жәшіктен тұқым өткізгіге мөлшерлеп келеді және себу тәсіліне байланысты топыраққа біркелкі таратуды қамтамассыз етеді сепкіш аппараттардың негізгі типтері мынадай: * шарғылы * дискілі * ұяшалы * лабиринтті * ұяшалы шанақты * тасмалдағышты Шарғылы сепкіш аппарат - екі түрлі болады шарғылы науалы және шарғылы қалақшалы. Тұқымөткізгіштер тұқымды сепкіш аппараттарын сіңіргіштерге жіктеуге арналған. Олардың жоғарғы ұшын сепкіш аппаратардың , ал төменгі ұшын сіңіргіштердің шұңғысына бекітілетін. Тұқымөткізгілер қозғалмалар және иілгіш болып бөлінеді. Сіңіргіштердің топырақта тұқымды себуге арналған. Қарықшаны жасау қызметін атқарады. Топырақ пен жабушы жұмыстық органдар тұқымды топырақпен толық көмуге тұқымсепкіштердің бүкіл алым ені бойынша тегістеуге арналған. Бұндай органдарға түренді бүркемелеуіштер, шлейфтер жатады. 6 -тарау. Ағаш көшет отырғызғыш машиналар 6.1Ағаш көшет отырғызу тәсілдері және машиналар жіктелімі Ағаш отырғызу орман өсірумен қалпына келтіру кезіндегі негізгі техникалық операциялар болып табылады және әр түрлі климат пен топырақ жағдайларында жүргізіледі.Орман шаруашылығында орман алқаптарының түбіне және топырақ жағдайына байланысты ағаштарды отырғызу түрліше тәсілдермен орындалады.Тұқым бақтардың жеміс жидек бөлімшелерінде өсімдіктерді отырғызу өсімдіктердің жақсы өңделген топырақтарға қатарлап отырғызу тәсілін орман бақ топырағы бар бойшаң ағаштарды алдын ала дайындалған орға немесе шұңқырға отырғызады.Отырғызу тәсіліне байланысты ағаш отырғызғыш машиналарға мынадай негізгі ерекшеліктеріне байланысты жіктеледі: -Топырақ жағдайына отырғызылған орман жасауға байланысты -Тұқым бақтың өсімтал бөлімшелеріне арналған ағаш кесілген алқаптарды ылғалы сорғыған алқаптармен алаңдарда топырақты алдын ала өңдемей отырғызу машиналары.Уақытша ылғалды және дымқыл топырақты қыртыстарда және микрокөтерімдерге отырғызу машиналары суармалы жағдайларда отырғызу машиналары, тасты және құмды топырақтарға тұқымдарды отырғызу машиналары.Үздіксіз отырғызу машиналары,мұнда отырғызу орны үздіксіз саңылау ретінде дайындалады.Оған отырғызылатын ағаш көшеттерді белгілі бір арақашықтықпен отырғызады.Нүктелік отырғызу машиналары-бұл жағдайда отырғызу орны әрбір өсімдік үшін жеке ұя түрінде дайындалады.Ағаш көшеттің орналасуы бойынша тік отырғызылатын машиналар мұндай өсімдіктер отырғызу саңылауына горизонтқа көлбеулік салынады.Әр түрлі трактормен біріктіру тәсіліне аспалар және бір уақытта отырғызылатын қатар саны бойынша бірқатарлы және көпқатарлы отырғызғыш аппараттар жетегінің тәсіліне байланысты пассивті жетекті және активті жетекті машиналар болады. 6.2.Ағаш көшет отырғызғыш машиналардың құрылысы. Ағаш көшет отырғызудың жұмыстық процесі мынадай техникалық әрекеттерді қамтиды:үздіксіз жеке орналасқан ұялар түріндегі ағаш көшет отырғызу орындарын дайындау, отырғызылатын материалдарды машина қармауыштарына жайғастыру.Ағаш көшетті отырғызу орнына беру және оның тамыр жүйесін топырағын нығыздап жабу.Машинаның көмекші органдарына рама асқыш немесе тіктегіш құрылғылар отырғызылатын ағаш көшет жәшігін.Орман ағаш көшеттерінің отырғызғыш машиналарының жалпы құрылысын орман шаруашылығында кеңінен қолданылатын әмбебап МЕУ - 1 машинасының негізінде қарастырылады. 6.3.Орман ағаштарын отырғызғыш машиналардың жұмыстық органдары Сіңіргіштер, екпе көшет немесе ағаш көшеттердің тамыр жүйесін орналастыру мақсатында отырғызылуын жасау қызметін атқарады.Топырақ алуан түрлі болуына байланысты сіңіргіштердің көптеген типтері жасалған: қорапшалы , дискілі , пышақ тәріздес тербелмелі , ұя жасаушы және тағы басқа сіңіргіштер.Мұндай сіңіргіштер жақсы өңделген әрі қатты заттар жоқ топырақта жұмыс істейтін машиналарда қолданылады.Сіңіргіштің артықшылығы - орнықты жүріс тереңдігімен жылдам тереңдеп енуі, ал кемшіліктеріне - өсімдік қалдықтарымен бітелуі отырғызылу орны , ернеуіндегі топырақтың нығыздалуымен топырақты түрлі кедергілер және нашар өтуі жатады.Топыраққа ену бұрышы доғал қорапшалы сіңіргішке отырғызу орнын үздіксіз саңылау түрінде жасайды.Бірақ сіңіргіштің мұндай типінің топыраққа енуі нашар және тарту кедергісі өте жоғары.Қорапшалы сіңіргіш топырақта ену бұрыштары сіңіргіштердің түрінде ,бос сіңіргіш типі ауыр жағдайларда жұмыс істейтін машиналарда қолданылады.Бұл сіңіргіштерде топырақ және өсімдік қалдықтары оның қыр төсімі жылжып сіңіргіштің өздігінен тазалануын қамтамасыз етеді.Мұндай сіңіргіш топырақ және өсімдік қалдықтарын бітемейді.Топырақтағы түрлі кедергілерден оңай өтеді.Бірақ сіңіргіштің мұндай типінің топыраққа енуі нашар және тарту кедергісі өте жоғары. 7 тарау. ТҰҚЫМБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР МЕН ҚҰРАЛДАР 7.2 Жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылар. Қуаншылық, сондай-ақ ылғалды жеткілікті аймақтарды қуаңшылық кезеңде суару-жауапты агротехникалық шаралардың бірі.Суармалы жердегі өсімдіктерге суда беру сипатына байланысты суарудың екі түрі бар: - Топырақтың беткі қабатын және топырақтың астынғы қабатын суару. - Топырақтың беткі қабатын суару өздігінен ағатын ,жаңбырлатып, аэрозольды және тамшылатып суару болып жіктеледі.Тұқымбақтарда арнайы қондырғылармен жаңбырлатып суару әдісі кеңінен қолданған. Суаруда қолданылатын жаңбырлатқыш қондырғылармен арнайы машиналар орын ауыстыру тәсілімен шашырыңқы типіне байланысты жіктеледі. Орын ауыстыру тәсілі бойынша жаңбырлатқыш қондырғылар тұрақты жартылай тұрақты және жылжымалы болып келеді. Шашыратқы типіне байланысты жаңбырлатқыш қондырғылар желпуішті және ағынды болып жіктеледі. Жаңбырлатқыш қондырғылардың негізгі элементтері мыналар: суырғы,құбыр-түтіктер желісі,жаңбырлатқыш саптамалар,тіреуші конструкциялар, қозғалтқыш, сорғы станциялары. Ашық су қоймаларынан суармалау жүйесіне беру қызметін атқарады, олар тұрақты және жылжымалы болып келеді.Станцияның жұмыстық жабдығына су сорғысы және энергия көзі (іштен жаратын қозғалтқыш немесе электроқозғалтқыш )кіреді. Жаңбырлатқыш қондырғылардың құбыр түтіктері суға батырылған немесе су құбыры магистрлімен жалғанған , басында клапына бар.Сорғы ш шлангыдан,магистральды кілте құбырдың ,жеткізуші тасымалды құбыр-түтіктен және жаңбырлатқыш жүйелерден тұратын жүйені құрайды.Магистральды құбыр-түтік тұрақты және тасымалды болып келеді.Құбыр-түтіктің жекелеген элементтерді жолдайтын мынадай массондық элементтері бар: айқаспалы ,үштүтіктер ,иемдер және сырмалар. Жаңбырлатқыш асырмалар жасанды жаңбыр жасауға арналған және арнайы элементтер түрінде жасалады.Олар айналмалы және қозғалмайтын болып келеді. Тіреуіш конструкциялар жаңбырлатқыш қондырғылардан жер бетіне 0,5 м биіктікке қондыру немесе тіреу қызметін атқарады.Олар : металл тағамдар немесе 2 доңғалақты арба түрінде болады.СНП-50-80жылжымалы суару станциясы.Суды ашық су қоймаларынан жаңбырлатқыш қоңдырғыларға немесе ашық суармалау жүйесіне беруге арналған.Станцияға 2 секциялық ортадан тепкіш сорғы орнатылған оның секциялары ұршықшалы реттегіш арқылы жұмысқа тізбектеле немесе параллель қосылу мүмкін. Сорғы дөңгелегінің белгілі реттелген жалғағыш муфта көмегімен дизельді қозғалтқыштың иінді діңінен қосылған.Іске қосар алдында сорғының қуыстарын сумен толтыру үшін қозғалтқыштың түтініндегі ежептормен жабдықталған.Барабанына сым арқан оралатын шығыр сорғышы құбыр торының биіктігін су қоймадағы судың деңгейіне байланысты өзгертеді. 7.3 Көшет қазбағыш машиналар. Орман дақылдарын жасауда және орманбақ аумағын көгалдандыруда қолданылатын отырғызу материалдарын тұқымбақтарда өсіреді.Отырғызу алдында оларды қазып алу қажет.Көшеттерді қазып алу операциясы мынадайоперацияларды қамтиды: - Топырақ қабатын қопсыту арқылы қазып алу ; - Отырғызу материалын қазып алу ; - Көшеттерді жинау ; - Будаға топтастыру және отырғызу орнына жеткізетін тасымал құрылғыларға тиеу ; Көшетті қазып алу , қазып алғыш соқа , қапсырма немесе қазғыш машиналармен орындалады. Қазып алғыш машиналардың түренді және қапсырма тәріздес жұмыстық органдары болуы мүмкін. Түренді жұмыстық органдар конструкциясы бойынша аудармайтын жыртатын соқалардың корпусына ұсас келеді.Қапсырма тәріздес жұмыстық органдардың түрені және үшкірленген жүзі бар 2 тіреу пышағы бар.Қазып алғыш құралдарға көбінесе қапсырма тәріздес жұмыстық органдар орнатылады. 8 тарау.ОРМАНДЫ ХИМИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ҚОРҒАУ МАШИНАЛАР МЕН АППАРАТТАРЫ 8.1 Орманды қорғау тәсілдері. Машиналар мен аппараттар жіктелімі. Орман желектерінің сапалығын арттыруға бағытталған шаралардың жалпы жүйесінде орманды зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау ерекше орын алады.Бұл міндеттерді тиімді әрі уақытында орындау орманды қорғау әдістерінің жасыл желектерді қарғау құралдарының механикаландыру деңгейіне байланыстыы келеді. Орман желектерін зиянкестер мен аурулардан қорғаудың мынадай тәсілдері бар: Орман шаруашылық, механикалық, биологиялық, химиялық.Бұл тәсілдердің зиянкестермен ауруларды химиялық препараттармен жоятын химиялық тәсіл кеңінен қолданылады. Агротехникалық және ұйымдастырушылық-шаруашылықтық шаралар жүйесімен кешенді жүргізілетін химиялық тәсіл орман желектерін зиянкестермен аурулардан айтарлықтай дәрежеде қорғауды қамтамасыз етеді. Химиялық жолмен күресу тәсілінде пицтидцеттердіңмынадай түрлері қолданылады :бүркеуге арналған сұйықтықтар,ерітінділер,сузпенциялар ,эмульциялар,экстракттар; Тозаңдандыруға арналған топврақтар; Түтіндетуге арналған газдар; Орман желектері зиянкестермен күресуге арналған машиналар мен аппараттар мынадай түрлерге және агродаттау тәсіліне жүктеледі: Бүркіштер - зиянкестер және аурулармен улы сұйықтық көмегімен күресуге қолданылады.Олар арқамалы (сыйымдылығы 20 литрға дейін ) акторлық (тіркелмелі,аспалы және авиациялық болып жіктеледі). Тозаңдатқыштар - зиянкестер және аурулармен құрғақ улы ұнтақ қөмегімен қүресу қызметін атқарады.Олар арқалмалы, тракторлық және авиациалық болып бөлінеді. Аэрозольды генераторлар - зиянкестер және аурулармен термомеханикалық немесе механикалық тәсілмен жасалатын құрғақ улы тұман көмегімен күресуге пайдаланылады.Олар арқалмалы,автомобильдік және авиациялық болып жіктеледі.Құрамы: мұндай машиналар әрі бүріккіш, әрі тозандатқыш ретінде жұмыс жасайды.Олар тракторлық болып келеді. Түтіндеткіштер - топыраққа жеңіл буланатын улы сұйықтықты енгізуге қолданылады.Олар қолмен қозғалысқа келтірілетін және механикалық болып жіктеледі.Механикалық түтіндегіштер негізінен топырақ өндегіш машиналардың жұмыстық органдарына орнатылады. Дәрнегіштер - тұқымдарды бактериялық аурулардан сақтандыру мақсатында дәрілеу жүргізеді.Олар тұрақты және жылжымалы болады. Еліктіргіш машиналар - зиянды жәндіктерді құрту мақсатында улы еліктіргіштерді шешуде атқарылады.Олар автомобильді және тіркемедегі болып келеді. 8.3 Тозаңдатқыштар Тозаңдатқыштар орман желектерін ұнтақ тәріздес пестициттермен өңдеуге қолданылады. Тозаңдатқыштарды мынадай ерекшеліктері бойынша жіктейді: * қоректендіргіш түріне байланысты - шнекті қалақшалы жалпақ үккішті және пневматикалық тозаңдатқыштар. * жетегінің түрі бойынша - арқаламалы трактор және авияциялық тозаңдатқыштар. Тозаңдатқыштардың негізгі бөліктері мынадай: :: шанақ қоректендіргіш механизм, :: ауа ағымы генераторы, :: жетек механизмдері ылғалдағыш құрылғы. Шанақтар пестицит қорын сақтауға арналған бүркеуіш құрылғының қуатына байланысты олардың сиымдылығы 300 дм³ болып келеді. Шанақтардың пішіні цилиндірлі немесе тікбұрышты болады. 8.4 Аэрозольді генераторлар. Аэрозольді генераторлар жұмыстық сұйықтықты термомеханикалық тәсілмен улы тұманға айналдыру қызметін атқарады. ЛАУГОУ ормандық аэрозольді генератор бүріккішті жиектердіңзиянкестері және ауруларымен химиялық жолмен күресуге , сонымен қатар қажетсіз өсімдіктерді аэрозольдік өңдеу немесе ұсақ тамшылы бүрік арқылы жоюға арналады. 9- тарау. Орманды күтімдік кесуге арналған машиналар мен механизмдер 9.2 Орман ағаштарын жарақтандыруға арналған машиналар. Қатарлап егілген орман дақылдары мен табиғи балауса ағаштарға механикаландырылған жарақтандыру жүргізу үшін активті жұмыстық органдары бар КОМ-2,3, КОН-2,3, КН-1,5 тракторлық бұташапқыштары, бұташапқыш ұстағыштар пассивтік жұмыстық органдары бар КОК-2М, КУ-2 алма аунақ жарақтандырғыштары қолданылады. КОМ-2,3 бұташапқыш жарақтандырғышы ағашы кесілген алқаптарда қатарлап егілген орман дақылдары, қатар аралықтардағы диаметрі 5 см-ге дейінгі қажетсіз бұтақ пен ағаштарды кесу арқылы жарақтандыруға арналған. Бұташапқыш МТЗ-82 тракторының базасында жасалған алым ені 2,3 мм пышақты цилиндрлі фреза түріндегі жұмыстық орган фронтальді орналасқан. Жұмыс процесінде қажетсіз ағаш пен бұталар кесіліп, агрегат қозғалысы бағытында жерге жайғастырылады. Кесу биіктігі 40-100 см аралығында реттеледі. Фрезаның айналу жиілігі 2000 айн/мин, ауысымдық өнімділігі 9 км өңделген жолақ. 9.3 Күтімдік кесу сүректерін сүйрейтін, тиейтін және шығаратын, өңдейтін машиналар. ПТН-0,8 <<Муравей>> сүйреткіш жабдығы орманды жарақтандыруға, өтпелі мен күтімдік кесу кезінде сүректерді сүйрегенде буғыш сымарқансыз сүйреу. Жабдық қысқыш қамалауышпен бульдозерлік қайырмадан тұрады. Қысқыш қармалауыш трактордың артқы аспасына қондырылады. Қармалауыштың рамасы бір шетіне трактор аспасының бойлық тартқыштарын жалғауға арналған көлденең пісірнеленген арқалық түрінде жасалған. Жұмыс кезінде трактор артқы жүріспен будаға жақындап оны қармалауышпен транспортық жағдайға көтереді де өңдеу орнына немесе тасмалдау көлігіне жеткізеді. Бульдозерлік қайырма сүретілген материалды түзетеді, сондай-ақ өтпе жолдарды тазалайды. Жабдық Т-40АМ, МТЗ-80, МТЗ-82 тракторларымен агрегатталады. 10-тарау Орман өртімен күресуге арналған машиналар мен аппаттар. 10.1 Орман өртінің түрлері. Орман өртін сөндіргіш құрылғылар жіктелімі. Орман өртінің жіктелімі отқа жанатын жанға материялдар тобына байланысты. Бұл жіктелім бойынша орман өрті 3 түрге бөлінеді. * төменгі деңгейлі * жоғарғы деңгейлі * жерасты Төменгі деңгейлі өрт кезінде тікелей топырақ бетіндегі, өсімдіктер мен өсімдік қалдықтары жатады. Жоғарғы деңгейлі өрт болған жағдайда ағаштардың ұшарбасы отқа оранады. Жерасты өрт төменгі немесе жоғарғы деңгейдегі өрт салдарынан топырақтың органикалық бөлігінің жануымен сипатталады. Орман өрттін сөндірудің бірнеше түрі бар: топырақ өңдеуші,отты,сумен сөндіру және химиялық тәсілдер.Топырақ өңдеуші тәсіл негізінен төменгі деңгейдегі өртті сондіруге қолданылады. Бұл тәсіл өрт жиегіне топырақ тастау, арнайы машиналар, ормандық машиналар мен миниралдандырылған жолақтар салу жүргізіледі. -- отты тәсілде төменгі деңгейдегі қарсы от жіберу, яғни қапты төменгі деңгейдегі және жоғарғы деңгейдегі өрт жиегі алдынан топырақ бетінде жанғыш м атериалдарды өрттеу арқылы жургізіледі. -- сумен сөндіру тәсілі өрт жанында судың көп мөлшері мен өсімдігі жоғары өрт сөндіргіш сорғыдар болғанда қолданылады.Бұл тәсілге бұлттан жасанды жауын жауғызуды да жатқызады. :: химиялық тәсілге от сөндіргіш сұйықтыө және көбік пайдаланады. Орман өртінің күресуге арналған машиналар мен жабдыұтар бойынша жіктеледі. Орман өртінің алдын алу шараларын жүргізетін жіне өрттерді анықтауға арналған машиналар мен механизмдер, жолақшалғыштар топырақатқыштар, ормандық соқалар мен отырғштар, бақылау мачталары. Өрт сөндіруші мен өртсөндіргіш құралдарды орман өртінің орнына жеткізуші механикаландырылған құралдар тракторлық өртсөндіргіш агрегат өртке қарсы ормандық өтімді көлік, ормандық өрт сөндіргіш автоцистерналар Өрт өндіру құралдарының жабдықтары мотопомпалар гутанландырғыш аппатта, арқаламаны біріккіштер мен өртсөндіргіштер,мотобұрғылар, шымтезектік оқпан. 10.2 Орман өртінің алдын алуға және анықтауға арналған машиналар мен механизмдер. Орман өртінің алдын алудың негізгі шаруашылығына топырақөндеуіш,жол құрылыстың және арнаулы машиналар көмегімен минералданған өртке қарсы жолақтар салумен оларды жаңарту жатады.Топырақ өндеуіш машиналар ретінде ПКЛ-70,ПЛ-1 ормандық соқалары,ПКЛН-500 А,ПЛО-400,ЛКН-600 соқа орқазғыштары;Д-513А,МП-2А,ДП-8А түпқопарғыш жинағыштары. Д 3-109ХЛ бульдозерлік, ПФ-1 жолақсалғышы, ГТ-3 топырақатқышы пайдаланылады. -------------------------------------------------------------------------------- АЛФ-10 ормандық фрезерлік агрегаты орман орман өрті кезінде машиналарынан өрт жиектеуіш жолақтарды жасауға, сондай ақ орман ауқымындағы өрте қарсы минералдандырылған қорғаныш жолақтарын жасауға және жанартуға арналған. ІV бөлім ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА МАШИНАЛАР ПАЙДАЛАНУ 2-тарау.МАШИНА-ТРАКТОР АГРЕГАТТАРЫНЫҢ ТАРТУ-ЭКСПЛУТАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕУЛЕРІ 2.1 Тракторлардың агротехникалық көрсеткіштері Тракторлар орман шаруашылығындағы тарту энергетикасының негізі болып табылады.МТА-ның тиімді жұмысы тракторлардың агротехникалық, энергетикалық, тарту-іліністік және басқа да мүмкіндіктерімен анықталады. Агротехникалық көрсеткіштер трактордың өндірістік процестер мен технологиялық операцияларды атқару жағдайына икемделуін анықтауға мүмкіндік береді.Негізгі агротехникалық көрсеткіштерге трактордың өткіштігі, ептілігі, басқарулылығы және т.б. жатады. Өткіштік-трактордың технологиялық операцияларды түрліше кедергілері (топырақ бетінің әрқилылық дәрежесі, еңес, томар, ағаштар), технологиялық шектеулері (қатараралық, технологиялық дәліз, жолақтар, т.с.с. ) бар телімдерде орындау кезіндегі жұмыс істеу мүмкіндігінің көрсеткіші. Өткіштік габариттік өлшемдермен, жүріс аппаратының типімен, топыраққа түсетін меншікті қысым шамасымен, жол және агротехникалық саңылаумен сипатталады. Меншікті қысым - шынжыртабан мен доңғалақтың тірегіш беті ауданының бірлігіне келетін трактор салмағының шамасы.Жалпы мақсаттағы шынжыртабан тракторлардың орташа меншікті қысымы -4...5 H\см 2 , батпақта жүретін трактордікі - 2,3...2,7 H\см 2, ал доңғалақты тракторлардікі-8...14 H\см 2,болып келеді. Жол саңылауы(клиренс)-тірегіш беттен (топырақтан) трактордың ең төмен орнатылған бөлшегіне дейінгі ең кіші арақашықтық. Бұл көрсеткішті жол жағдайы ауыр жерлерде, ағашы кесілген алқаптарда, батпақты жерлерде жұмыс істегенде ескерген жөн. Жалпы мақсаттағы шынжыртабан тракторлардың жол саңылауы 0,28...0,33 м, ағаш сүйреткіш тракторлардыкі - 0,49...0,55 м, өздігінен жүретін доңғалақты шассилердікі- 0,56...1,1 м аралығында болады. Агротехникалық саңылау - өңделелетін нысанның жоғары нүктесінен (себу жүйегінің биіктігі, көшкеттерді отырғызу орны, т.с.с. ) трактордың ең төмен орнатылған бөлшегіне дейінгі арақашықтық. Агротехникалық саңылауды графикалық түрде, яғни нысан (көшет, дақылдар қатары) мен оның үстіндегі трактордың жағдайын тік жазықтықта бейнелеу арқылы дәл анықтауға болады. Ептілік - трактордың бұрылуға икемделгіштігін көрсетеді. Ол бұрылу радиусымен, яғни трактордың бұрылу осінен (бұрылу центрінен) бойлық жазықтықтағы кинематикалық центрге дейінгі арақашықтықпен сипатталады. Бір жетекші осі бар доңғалақты тракторлар үшін кинематикалық центр ретінде басқарылмайтын доңғалақтардың жетекші осі ортасының проекциясы,ал шынжыртабан трактор үшін - трактор симметриясы бойлық осі мен шынжыртабанның тірегіш беті ортасының перпендикуляр сызығымен қиылысқан жеріндегі қысым центрі қабылданады. Доңғалақты тракторлардың бұрылу радиусы шынжыртабан тракторларға қарағанда 1,5...2,5 есе көп болады. Басқарулылық - трактордың қозғалыстың белгіленген бағытын сақтау, соның ішінде түзусызықты қозғалысты сақтау қабілетімен сипатталады. Доңғалақты тракторларда басқарулылық алдыңғы белдемеге түсетін тік жүктемеге, аспалы машиналардың тракторда орналасуына, жұмыстық құралдардың тарту күшін пайдалану дәрежесіне, қозғалыс жылдамдығына, топырақтың күйіне байланысты болып келеді. Шынжыртабан тракторлар мейлінше орнықты қозғалысты сақтау қабілетімен ерекшеленеді. 2.2. Тракторлардың тарту - іліністік көрсеткіштері Трактордың өнімділігі негізінен қозғалтқыштың тиімді қуатымен анықталатын тарту көтсеткіштеріне ( тарту қуаты, тарту күші, т.б. ) байланысты болып келеді. Қозғалтқыштың тиімді қуаты - Nt жанармайдың жануынан пайда болған энергияны қозғалтқыштың иінді білігін айналдыруға жұмсалатын механикалық жұмысқа түрлендіру негізінде жасалады және трансмиссия арқылы трактордың жетекші доңғалақтарына беріледі. Машина-трактор агрегаты жұмысы кезінде трактор қозғалтқышы өрбітетін қуаттың - Nt белгілі бір бөлігі ғана пайдалы жұмысқа жұмсалады.Қуаттың едәуір бөлігі трактор жұмысы кезінде кездесетін кедергілерді жоюға бағытталады.Олардың негізгілері мыналар:Nтр -трансмиссиядағы кедергілерді Жоюға жұмсалатын кедергі; Nқоз-тракторды қозғалтуға кететін қуат; Nтай - трактордың тайғанауына кететін қуат;Nжоғ-жоғарыға қозғалғанда шығындалатын қуат;Nj- инерция күштеріне кететін қуат. Қозғалтқыштың тиімді қуатының қалған бөлігі пайдалы жұмысқа, яғни Nт - тракторға агрегатталған жұмыстық машинаның тарту кедергісін жоюға және Nқаб - машинаның пәрменді жұмыстық органдарына қуат алу білігі (ҚАБ) арқылы жетек беруге жұмсалады. Сонда трактор қуатының теңдестігін мына түрде өрнектеуге болады, кВт: Nт=Nтр+Nқоз+Nжқ+Nj+Nқаб+Nтарту. Трансмиссиядағы жанасатын бөлшектердің үйкелісінен және картердегі майды араластырудан болатын N тр - қуаттың шығынын nтр - трансмиссияның ПӘК-і ескереді де, ол 0,86 ... 0,92 шегінде болады. Осыны ескере отырып, Nтр - қуатын мына өрнекпен анықтайды, кВт: N тр= Nт(1-nтр). Тракторды қозғалтуға шығындалатын Nқоз- қуатты мына өрнекпен есептейді: Nқоз= М fu/360, Мұнда Мт-трактор массасы,кг; f-трактор қозғалысына кедергі коеффициенті; u-трактор қозғалысының жылдамдығы, км/сағ. Тайғанауға шығындалатын N тай - қуатты мына өрнекпен анықтаймыз, кВт: N тай = (Nт - Nтр)6, Мұнда 6- тайғанау коэффициенті. Тайғанау коэффициенті белгілі дәрежеде қозғаушы типіне және жер бедерінің жағдайына байланысты болып келеді де, жүктемесіз қозғалатын шынжыртабан тракторлар үшін-2...6, доңғалақты тракторлар үшін- 10...15 болады. Тракторлар жоғары қарай қозғалғандағы қуат шығыны мына өрнекпен есептеледі, кВт: Nжк=+(Мт iv/360), Мұнда i-жол көтерілімі. Бұл өрнектегі <+> белгісі трактордың үдеумен ,ал <-> белгісі баяулап жүретінін көрсетеді. Трактордың қуат алу білігінен (ҚАБ) алатын пәрменді жұмыстық органдарының жетегіне шығындалатын қуат былайша есептеледі, кВт: Nқаб=Мқаб w/1000, Мұнда М қаб - қуат алу білігінде өрбітілетін бұраушы момент, Н м; W - ҚАБ-інің бұрыштық жылдамдығы, рад /с. Трактордың пайдалы қуатын пайдалану дәрежесі тарту пайдалы әсер коэффициенті сипатталады. Трактордың тарту ПӘК-і nтр - пайдалы жұмысқа жұмсалатын қуаттың қозғалтқыштың тиімді қуатына қатынасы. Заманауи шынжыртабан тракторлар үшін тарту ПӘК-і nтр =0,68...0,75,барлық доңғалақтары жетекші доңғалақты тракторлар үшін = 0,6...0,7, ал екі доңғалағы жетекті трактор үшін - n тр = 0,5 ... 0,62. Nт - тиімді қуат пен nтр - тарту ПӘК - інің мәндері белгілі болған жағдайда, тарту қуаты мына өрнекпен анықталады, кВт: N тарту = Nт n т. Тарту күші - өздігінен жүретін машина қозғалысына горизанталь бағыттағы құраушы күш және жұмыстық машиналардың жұмыс процесі кезіндегі кедергілерін жоюға қабілеті. Номиналь тарту қуатына сәйкес келетін тарту күші номинальды есептік тарту күші - Р т.ном деп атайды.Р т.ном / Рт.мак = Кқ қатынасын тарту күші қорының коэффициенті деп атайды, қазіргі заманғы тракторларда оның мәні 1,05 ... 1,15 болып келеді. Трактордың тарту қасиеттері қозғаушы лардың жүріс бөлігі типіне, топырақтың қасиетттеріне: механикалық құрамына, ылғалдылығына, тығыздығына және трактордың топырақпен ілінісу күшіне тәуелді болып келеді.Мысалы, топырақ ылғалдылығының қалыпты ылғалдылықтан 1%-ға артуы - доңғалақты тракторлардың тарту қуатын 1,5 ... 2,0 % -ға,шынжыртабан тракторлардыкін - 0,7 ... 1,0 %-ға төмендетеді. Трактордың тарту күші тартудың жанама күші ретінде сипатталады, ол күш қозғалтқыштан трактордың жетекші доңғалақтарына берілетін бұраушы моменттің әсер етуінен пайда болады. Тартудың жанама күші доңғалақтар мен топырақтың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде трактордың ілгерілемелі қозғалысын қамтамасыз етеді.Олардың ілінісу аймағында итеруші немесе нақты қозғаушы күш түзіледі. Қозғаушы күштің - Рқ ең жоғарғы ықтимал шамасы қозғалтқыштың қуатына, трактордың топырақпен ілінісу күшіне байланысты.Тарту агрегаттарының пайдалы жұмысына қажетті қозғаушы күштің ең жоғарғы шамасы Рқ < Р шарты орындалғанда болады. Жоғары қарай қозғалғандағы трактордың ілініс күшін - Р iмына өрнекпен анықтайды,Н: P i=K iGt(1-sin@), Мұнда К I - трактор қозғаушыларының топырақпен ілінісу коэффициенті; Gt - трактордың ауырлық күші, Н;@ - көтерілу бұрышы, град. 2.3. Орманшаруашылық машиналары мен құралдарының тарту кедергісі Орманшаруашылық және басқа да жұмыстық машиналар жылжымалы МТА-ының негізгі бөлігі болып табылады да, трактордың белгілі бір энергошығындарымен пайдалы жұмысты тікелей атқарады. Орманшаруашылық машиналардың энергосыйымдылығын тарту кедергісімен сипаттау қабылданған. Жұмыстық машиналардың тарту кедергісі - жұмыс процесінде машиналардың тарту күшімен қозғалғандағы пайда болатын кедергілер. Машинаның жалпы тарту кедергісі оның жұмыс жағдайында танаппен қозғалғандағы кедергі күшінен және жұмыстық органдардың өңделетін ортамен өзара әрекетттесу күшінен тұрады.Жұмыстық машиналардың тарту кедергісін мынадай әдістермен анықтайды: өлшеу аспаптарымен тарту сынақтарын жүргізу; жұмыстық машиналардың тарту кедергісін есептеу; графоаналитикалық. Орманшаруашылық машиналарының кедергісіне әсер ететін факторларды шартты түрде үш топқа бөлуге болады: табиғи,конструктивтік және эксплуатациялық. Табиғи факторлар топырақтың физикалық-механикалық қасиеттерімен, танаптың бедерімен, метеорологиялық жағдайлармен сипатталады. Негізгі конструктивтік факторлар жұмыстық органдардың геометриялық пішіні мен өлшемдерімен; машинаның массасы және габариттік өлшемдерімен,трактормен біріктілу жүйесімен; машиналарды жасауда қолданылатын материалдармен; жұмыстық органдардың дірілдеу құбылысын пайдаланумен; т.б. сипатталады. Эксплуатациялық факторларға машиналарды жұмысқа дайындаудың,реттеулердің дұрыстығы; тораптарды майлаудың сапалылығы; машиналардың жұмыстық органдары, механизмдерінің тозу дәрежесі; оңтайлы жұмыс жылдамдығы мен жағдайларды пайдалану және т.б. жатады. Соқа типтес құралдардың тарту кедергісі. Практикалық есептеулер үшін аспалы соқалардың тарту кедергісін мына өрнек бойынша анықтайды, Н: R пл=К а В , мұнда К-машинанның меншікті кедергісі. 3-тарау. Машина трактор паркін жинақтау 3.1 Орманшаруашылық агрегаттарының жіктелімі Орман шаруашылығында машиналық техниканы пайдалану арқылы жүзден аса процестер орындалады. Барлық механикаландырылған процестерді, тиісінше оны атқаратын агрегаттарды тұрақты және жартылай тұрақты ,жылжымалы деп жіктеуге болады. Тұрақты агрегаттар өңделетін материалдарды қозғалмайтын етіп орнатылған техникалық құрылғыларға жеткізумен сипатталады.Бұл жағдайда өңделетін материалды тұрақты қондырғыға жеткізу,өндіріс қалдықтарын қайта жаратуды уйымдастыру,шикізат пен тауарлық өнім қорын сақтайтын ғимарат қажет болады.Бір жағынан машиналар мен жабдықтарды тәулік бойы пайдалануды ұйымдастырудың оңтайлы шарттары жасалады, оларды пайаланудың тиімділігі артады.Мысалы ормандық тұқымдарды ажыратып алу және өңдеу, көшеттерді сықпалаудың тасқынды желісі, сүректі өңдеу және тағы басқа. Жартылай тұрақты агрегаттар жұмыстық процестерді қозғалмайтын машиналарда атқаруы және бір нысаннан екіншісіне кезекпенен жылжу арқылы сипатталады.Мысалы, жартылай тұрақты жаңбырлатқыш қондырғылар, орман қрттерін сөндіруші мотопомпалар, жылжымалы ШП -0,6 бүркептіргіштер. Жылжымалы агрегаттар жұмыс орындалатын алаңдарда машинаны жылжыту және оның жұмыстық органдарын өңделетін затқа жанастырумен сипатталады.Технологиялық операция аяқталған соң, машина дәл осындай операцияны орындау үшін келесі нысанға қозғалады, ал бұрынғы нысан келесі машинамен басқа операция орындалу үшін орнында қалады. Бірқатар топырақөңдеуші жылжымалы техникалық құралдар жұмыстық операцияларды атқару үшін жылжымалы энергомашинамен тіркелп ,машина трактор агрегатын құрайды. МАШИНА ТРАКТОР АГРЕГАТЫ деп агроормантехникалық талаптарға сай орманшаруашылық жұмыстары технологиялық операцияларының біреуін орындау үшін тікелей немесе тіркеуіш көмегімен түзілген трактор және бір немесе бірнеше жұмыстық машиналардың жиынтығын айтады. Орындалатын жұмыс түріне байланысты МТА жер жыртушы,тұқым себуші, көшет отырғызушы және тағы басқа агрегаттар деп жіктеледі.Тракторды жұмыстық машиналар мен біріктіру принципі бойынша МТА ын аспалы, тіркемелі және жартылай аспалы деп бөледі. Тіркемелі агрегат деп жұмыстық машина трактормен бір нүктеде біріктірілетін және машинаның массасы жүріс бөлігіне түсетін агрегатты атайды.Аспалы агрегат дегеніміз машинаның бүкіл массасы трактордың жүріс бөлігіне түсетін және онымен үш нүктеде біріктірілетін агрегат.жартылай аспалы агрегатта машина массасының едәуір бөлігі оның доңғалақтарына, ал шамалы бөлігі трактордың жүріс бөлігіне беріледі.Аспалы және жартылай аспалы агрегаттарда жұмыстық машиналар трактормен оның аспасы арқылы екі немесе үш нүктеде біріктіріледі.Бір жұмыстық жүрісте орындалатын операциялар саны бойынша МТА қарапайым және құрама болып келеді.Қарапайым МТА трактор және біртиптес операцияларды атқаратын бір немесе бірнеше құралдан тұрады. Құрама МТА - ында трактордың бір жұмыстық жүрісінде бірнеше технологиялық операцияларды бір уақытта орындайтын екі және одан көп жұмыстық машина болады. Сондай - ақ технологиялық процестерді орындау үшін кеңалымды, гидрофицирленген және басқа да МТА кеңінен қолданылады. Кеңалымды МТА-ында трактордың тарту күшін толық пайдалану , жұиыс мерзімін қысқарту, белгіленген жұмысты атқаруға қажетті трактордың санын азайту мақсатында бірнеше жұмыстық машиналарды тракторға аспалы, жартылай аспалы немесе тіркемелі тіркеуіштің көмегімен біріктіреді.Гидрофицирленген МТА машиналарының жұмыстық органдары гидроцилиндрлер арқылы тракторшының камбинасынан басқарылады. Машина-трактор агрегаттарының технологиялық операцияларды атқару жағдайына байланысты олардың машиналары мен жұмыстық органдары симметриялы және ассиметриялы орналасқан болып келеді.Жоғарыда аталған МТА ресурстарды үнемдеуге септігін тигізеді. Мұны МТА - ын жинақтауды кешенді жүргізгенде ескерген жөн. 3.2.Машина - трактор агрегаттарын жинақтаудың жалпы принцптері Орманшаруашылық машина - трактор агрегаттарын жинақтау кезінде өңделетін алқаптың жағдайымен мөлшерін , технологиялық процестің ерекшеліктерін және оның операцияларының агроормантехникалық талаптарға сәйкестігін, машиналар өткіштігінің жағдайларын, оны басқарудың қауіпсіздігімен ыңғайлығын, машинаның технологиялық және техникалық мүмкіндіктерін МТА - ын жинақтаудың нұсқаларын жіне тб ескеру керек. Технологиялық мүмкіндіктер машинаның белгіленген технологиялық операцияны немесе отырғызу материалын топырақ қабатына тарату, орындау қабілеттілігімен сипатталады. Техникалық мүмкіндіктер жұмыстық машиналар үшін қозғалыстың мүмкін жылдамдықтары , ал тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер үшін - олардың жылдамдық режимі мен өрбітетін тарту күші, пайдалану сенімділігі және тб. МТА - ын жинақтау кезінде мынадай принцптер ескерілу қажет:өндірістік цикілі аяқталған технологиялық процесс жқмыстарының жоғары сапасы;келесі кезектегі машиналармен агрегаттардың қалыпты жұмыс атқаруына қолайлы жағдай жасалуы; өнім бірлігіне шаққанда ең төменгі шығындар жұмсалатын ең жоғарғы өнімділік ; қауіпсіздік технмкасы талаптарының орындалуы. Қолда бар техниканың негізінде МТА - ын жинақтау тізбектеле орындалатын екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезеңде табиғи - өндірістік жағдайларға ( орман өсімдіктерінің жағдайы, топырақ типі, алқап мөлшері, айдам ұзындығы , технологиялық операцияның мақстаы мен ерекшеліктері және тб.) байланысты жұмыстық машиналардың тиісті тобы мен мүмкін энергетикалық құралдар таңдап алынады. Екінші кезеңде тарту - эксплуатациялық есептеулерді орындау арқылы трактор мен агрегат жұмысы режимдерін оңтайландыру жүргізіледі. Бұл жағдайда трактордың тарту күшін пайдалану ,қозғалыстың ұтымды тәсілі ,өнімділік пен атқарылатын жұмыс бірлігіне шығындалатын жанармай есепке алынады. Орманшаруашылық МТА - ын жинақтау кезінде машиналарды таңдап алу мынадай тізбекпен жүргізіледі. 1.Белгіленген жұмысты агроормантехникалық, технологиялық және экологиялық талаптарды толыққанды сақтай отырып, берілген нақты жағдайларда атқара алатын машиналар мен құралдардың тобын дұрыс таңдап алу. 2.Таңдап алынған трактордың көрсеткіштері мынадай болуы тиіс: - орманшаруашылық машинасына біріктіру жүйесінің сәйкес келуі; - қозғалтқышының қуаты жеткілікті және қозғалысының жылдамдық режимдерінің оңтайлы болуы; - белгіленген жұмыс жағдайында трактор өткіштігінің сенімділігі; - топырақтың топырақпен әсерлесетін жүріс бқлігінің экологиялық шарттарға сай келетін жоғары іліністік қасиеттері. 3.МТА - ының енін өңделген жолақтармен дәліздердің енін кіші болатындай етіпесептейді, ал трактордың агрегатта орналасуы агрегаттаудың техникалық және технологиялық талаптарына сай болуы тиіс.Бұл шартты машиналардың агрегатта өзара орналасу сызбасын горизонталь мен вертикаль жазықтықтарда графикалық тұрғызу арқылы тексереді. 4.Трактордың тарту күшімен машинаның тарту кедергісін есептеп тапқан соң , трактордың тарту күшін анықтайды.Бұл коэффициенттің мәнін тапқан соң, агрегаттың нақты құрамын және трактордың жұмыстық берілістерін таңдайды. 3.3.Машина - трактор агрегаттарының кинематикасы Машина - трактор агрегаттарының кинематикасы дегеніміз - олардың орманшаруашылық жұмыстарын орындау кезіндегі қозғалысының тәсілдерімен формалары туралы ілім. Орманшаруашылығында көптеген механикаландырылған жұмыстар қайталамалы қозғалатын машина - трактор агрегаттарының орын аустыруымен байланысты. Қозғалыс тәсілі деп жұмыстық операцияны орындау процесінде кезекті қайталанатын қозғалыс элементтерінің ретін айтады.Агрегаттың жұмыстық органдарының іске қосулы күйіндегі қозғалысы жұмыстық жүріс , ал істен ажыратылған жағдайдағы жүрісі бос жүріс деп аталады. МТА - ы қозғалысының тәсілдерін, сондай - ақ алқаптарды жұмысқа дайындау элементтерін негіздегенде , оның кинематикалық сипаттамасының мынадай көрсеткіштері есепке алынады : кинематикалық центр, кинематикалық ұзындық агрегаттың алқаптан шығу ұзындығы, бұрылыс радиусымен центрі, агрегат ені және тб. МТА - ы қозғалысының тәсілдері мен бұрылыс түрлері атұарылатын жұмыс түріне , жұмысқа қойылатын агроормантехникалық талаптарға , жұмыстық машинаның конструктивтік ерекшеліктеріне , оның трактормен біріктірілу жүйесіне және басқа да факторларға байланысты болып келеді.МТА - ы қозғалысының жұмыстық жүріс бағыты бойынша тәсілдерін үш топқа бөледі: айдамды, диагональді және айналмалы. Айдамды жүріс тәсілінде агрегат алқаптың үнемі ұзын жағын қапталға алып жүреді.Диагональді жүріс тәсілінде агрегат алқаптың өн бойына үшкір я доғал бұрыш жасап жүреді. Айналмалы жүріс тәсілінде агрегат алқаптың контурн көшірмелеп жүріп отырады. МТА - ы алқаптағы жұмыс прцесіндегі қозғалысы жұмыстық жүріспен бұрылыстардан тұрады. МТА - ның типі мен қозғалыс тәсіліне байланысты бұрылыстар жұмыстық органдардың іске қосулы немесе істен ажыратулы күйінде орындалуы мүмкін.МТА - ының ең жоғарғы өнімділігі мен жанармайдың ең аз шығынының қамтамасыз етілуі; бұрылу жолағының енін барынша қысқарту. 3.4. Машина - трактор агрегаттарының өнімділігі Машина - трактор агрегатының өнімділігі дегеніміз - белгілі бір уақыт аралығында агроормантехникалық талаптарға сай атқарған жұмыс мөлшері. Өнімділікті теориялық, техникалық, нақты өнімділік деп ажыратады.Теориялық өнімділік - бұрылыс, бос тұру, тб есептемегенде бір сағат жұмыс кезіндегі өнімділік.Ол конструктивтік алым енімен теориялық қозғалыс жылдамдығын ескереді.Техникалық өнімділік - нақты алым енін, агрегаттың қозғалыс жылдамдығын, ауысым кезінде жұмысты тікелей атқаруға кететін уақыт шығынын, жер бедерін ескереді. Нақты өнімділік - орындалған жұмыс көлемінің оны атқаруға жұмсалған уақытқа қатынасы. Ауысымдық техникалық өнімділікті мына өрнекпен анықтайды: W=0.1B v T K K K мұнда В - конструктивтік алым ені , v - агрегаттың нақты қозғалыс жылдамдығы, Т - ауысым ұзақтығы, К - жұмыстық машиналардың алым енін пайдалану коэфициенті. Өнімділігі сызықтық бірліктермен өлшенетін агрегаттар үшін өнімділікті мына өрнекпен есептейді: W=1000 v T K K Бульдозер, грейдер және скрепердің ауысымдық өнімділігі былайша есептеледі: W=T K V K/t K мұнда V - қайырмамен жылжытылатын призмадағы топырақтың геометриялық көлемі, м³; К - шөміштің толу коэфициенті ; t - машина жұмыс айналымының уақыты, К - қайырма алдындағы призмадағы немесе скрепер шөмішіндегі топырақтың борпылдақтық коэфициенті.К - жұмыс уақытын пайдалану коэфициенті; Т - ауысымдағы агрегаттың жұмыстық қозғалыс уақыты. Ауысымның ұзақтығы мынадай элементтерден құралады: Т=T+T +T+T +T+T+ T 3.5.Машина санын және жанар жағармай материалдарының қажетті мөлшерін анықтау. Қажетті машина санын анықтау. Орманшаруашылық жұмыстарын белгіленген агротехникалық мерзімде орындауға қажетті машина саны жұмыстың көлемімен орындалу уақытна байланысты келеді.Белгіленген жұмыс көлемін орындауға қажетті машина - ауысым саны мына өрнекпен есептеледі: N=Q/W, мұнда Q - белгілі операциядағы жұмыс көлемі, W - агрегаттың ауысымдық өнімділігі.. Технологиялық циклдің жекелеген операцияларын орындауға қажетті агрегаттар санын мына өрнекпен анықтайды: m=N/A мұнда А - аталған операцияны орындаудың агротехникалық мерзімі. Жанар - жағармай материалдарының шығынын анықтау. Трактор агрегатының үнемділігі айтарлықтай дәрежеде аудан бірлігіне жұмсалатын жанармаймен анықталады. Жанармайға жұмсалатын шығындар пайдалану шығындарының жиырма бес пайызына жуығын құрайды. Жанармай шығыны қозғалтқыштың жүктелуіне, агрегат жұмысының тарту және жылдамдық режимдеріне байланысты өзгереді.Жанармайды есептегенде трактор жұмысының негізгі үш режимі ескеріледі; жұмыстық жүріс, агрегаттың бос жүрісі және қозғалтқыштың бос жұмысы.Жағармай материалдарымен іске қосу бензинінің қажетті мөлшері негізгі жанармайдың пайызы ретінде анықталады. 3.6.Механикаландырылған орманшаруашылық жұмыстарының технологиясы туралы түсінік Орманшаруашылық жұмыстарында қолданылатын машиналар мен механизмдер әр түрлі технологиялық және транспорттық процестерді атқарады. Технологиялық процесс - еңбек құралдарын өңдеудің физиакалық,химиялық және басқа да тәсілдері, техникалық құралдары, сондай - ақ осындай өңдеудің процестері - технологиялық процестер туралы ғылым немесе білімдер жиынтығы. Механикаландырылған орманшаруашылық жұмыстарының технологиясы мыналарды қамтиды; - Жұмыстың белгілі түрін орындауға қойылатын агроормантехникалық талаптар - машина - трактор және машиналық агрегаттарды таңдап алу,оларды жұмысқа дайындай - жұмысты ұйымдастыру тәсілін таңдап алу - жұмыс сапасын есепке алу және қадағалау. - қауіпсіздік техникасымен өртке өарсы шаралар Технологиялық процесс жеке бөліктерден - технологиялық операциялардан тұрады. Өндіріс технологиясымен мащина - трактор паркін пайдаланудың тиімділігін сақтау мақсатында орындалатын жұмыстардың есептік - технологиялық картасын жасау қажет Жұмыстардың негізделген технологиясы өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастырудың негізгі принцптерін - пропорционалдықты ,ырғақтылықты , ағымдылықты және үздіксіздікті қарастырады. 4-тарау . Машина - трактор паркін техникалық пайдалану негіздері 4.1 Техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы алдын -алу жүйесі туралы түсінік Машиналарды техникалық пайдалану дегеніміз - машиналарды жұмысқа қабілетті жағдайда пайдалануға арналған ұйымдастыру , техникалық , технологиялық және басқа да шаралардың жиынтығы. Техникалық пайдалану техникалық қызмет көрсетуді ТҚК , техникалық байқауды , диагностиканы , машинаның қалдық ресурсын болжауды, жұмыс прцесінле істен шығуды болдырмауды , жанар- жағармай және басқа да материялдар мен қамтамасыз етуді , машиналарды сақтауды және пайдалану мерзімі біткен соң қолданыстан шығаруды , сондай-ақ техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы алдын алу жүйесне алдын алу жүйесіне негізделген машина паркін техникалық қамтамасыз етуге байланысты басқа да шараларды қамтиды . Техникалық қызмет көрсету мен хөндеудің жоспарлы жүйесі машиналардың жұмысқа техникалық жарамдылығы мен тұрақты тұрақты дайындығын қамтамасыз ететін жоспарлы және мінтетті түрде жүргізілетін техникалық шаралар кешеніне негізделген . Машиналардың техникалық жағдайы уақыт өте нашарлайды , жұмысқа қабілеттілігі және өнімділігі төмендейді , жұмыс бірлігіне жұмсалатын меншікті шығындар артады . Машиналарды пайдалану процесінде ақаулардың екі категориясы пайда болады: 1. Қосылыстардың босауы , жекелеген түйісулер реттеулердің бұзылуы , майлаушы, салқындатушы және жұмыстық сұйықтықтар шығынының өсуі . 2. Бөлшектер мен түйісулердің үйкеліс тот басу , жіктелу және басқа процестердің әсерінен тозуы, пайдалану ережелерін сақтамаудың әсерінен тозуы, пайдалану ережелерін сақтамаудың салдарынан бөлшектердің сынуы. Бірінші категориялық ақаулар - профилактикалық қызмет көрсету кезінде , ал екінші категориялық ақаулар машиналарды жөндеу кезінде жойылады . + Машиналарға техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы алдын алу жүйесінің түрлері . Машиналарға техникалық қызметін көрсетудің жоспарлы алдын алу жүйесі эксплатациясы ауысымдық , жоспарлы және маусымдық техникалық қызмет көрсетілуді , кезеңдік техникалық байқауды , машиналарды жөндеуді және сақтауды қамтиды. Эксплуатациялық ысылту . Машиналарды ысылту режимін машина жасаушы зауытта дайындайды . Ал шаруашылықтарда ысылтуды кезеңдер бойынша жүргізеді. Барлық берілістерде ысылтуды жжүктемені біртіндеп жоғарылату арқылы 30...60 сағат бойы жүргізіледі Бөлшек немесе механизм сынған жағдайда актрекламация толтырылып , машинажасаушы немесе жөндеуші зауытқа жіберіледі. Техникалық қызмет көрсету. Машиналарға қызмет көрсетуге тазартып жуу, диагностикалық бақылау, бекіту, реттеу майлау , жанармай құю және т.б кіреді. Техникалық қызмет көрсету ауысымдық АТҚК ,кезеңдік ТҚК-1, ТҚК-2, ТҚК-3 және маусымдық МТҚК болып делгіленген. Тракторлар үшін кезеңдік ТҚК-дің үшнөмерлі , автомобильдер үшін - екінөмерлі жүйесі , қарапайым орманшаруашылық машиналары мен құралдарыбелгіленген. Ауысымды техникалық қызмет көрсету арнайы жоспарланбайды , бірақ оны жұмыс алдында және аяқталған соң , сондай - ақ , үзіліс уақытында міндетті түрде жүргізіледі . Жұмыс уақытында тракторлардың жіктелуі әрқилы болатындықтан , кейде ТҚК - дің кезеңдігін шығындалатын жанармай килограмына немесе шартты эталонды гектармен есептелетін жалпы жұмыс көлеміне байланысты жоспарлайды. Ауысымдық қызмет көрсету кезінде машиналарды шаң мен кірден тазалау, машинаның ауысым бойы қауіпсіздігін және сенімді жұмысын қамтамасыз ететін агрегаттар мен тораптардың техникалық күйін қадағалау, жанармай, салқындату сұйықтығы және май құю жұмыстары жүргізіледі. ТҚК- мен ТҚК-2 негізгі мақсаты - қадағалау, бекіту, майлау, реттеу және басқа да операцияларды уақтылы орындау негізінде бөлшектердің тозу қарқындылығын төмендету, сондай-ақ ақауларды немесе оларды тудырушы себептерді анықтау мен жою. ТҚК-1 кезінде тораптардың бекітілу күйін тексереді, қозғалтқыш пен трансмиссия картеріне май құяды, барлық қажетті нүктелерді консистенттік маймен майлайды. ТҚК-2 кезінде ТҚК-1 операцияларына қосымша қозғалтқыштағы майды ауыстырады, тораптарды тексередіжәне майлайды, қажет болған жағдайда қозғалтқыштың клапанды механизмін, жанармай аппаратурасын электр жабдығының аспаптарын, іліністі, жүріс бөлігін, басқару механизмдерін реттейді. ТҚК-3 кезінде ТҚК-1 мен ТҚК-2 операциялары орындалады және агрегаттарды жартылай бөлшектеу арқылы оларды қадағалау мен реттеу тереңдетіле жүргізіледі, салқындату мен майлау жүйелері жуылады, анықталған ақаулар жойылады.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz