Файл қосу
Балалар әдебиеті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3-деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-28.1.23/01-2013 ПОӘК <<Балалар әдебиеті>> пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы ______ 2013 жылғы № 1 басылым <<Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие>> мамандығына арналған <<Балалар әдебиеті>> ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН СЕМЕЙ 2013 Кіріспе 1 ӘЗІРЛЕГЕН Құрмамбаева Қ.С. - қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к. _____________ <<___>> ___________20___ жыл. 2 КЕЛІСІЛДІ 2.1 Қазақ әдебиеті кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды. Хаттама №___ <<___>> ___________20___ жыл. Кафедра меңгерушісі _______________ Ақтанова А.С 2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді. Хаттама №___ <<___>> ___________20___ жыл. Төрайым _________________Мұқанова Қ.Қ 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді. Хаттама №___ <<___>> ___________20 ___жыл. ОӘК төрағасы _________________Искакова Г.К. 4 <<____>> __________ 20___ж. шыққан ПОӘК-нің № 1 БАСЫЛЫМЫ 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы туралы жалпы мәлімет: Құрмамбаева Қарлығаш Солтанбекқызы, доцент м.а., ф.ғ.к. Кафедра: <<Қазақ әдебиеті>> Кафедраның мекен-жайы: 2 ғимарат Ақпараттық қатынас: телефон: 87757570676 Сабақ өтетін орын: 418 аудитория Кредит саны: 3 1 ҚОЛДАНЫС АЯСЫ <<Балалар әдебиеті>> пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы <<5В 050117>> <<Қазақ тілі мен әдебиеті>>, 5 В 020500 <<Филология>>, В 012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған мамандығының студенттеріне арналған. 2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР Осы <<Балалар әдебиеті>> пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады: - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бекітілген және қолданысқа енгізілген ҚР МЖМБС 3.08.275-2006 Мемлекеттік білім беру стандарты; - 5В 050117>> <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> мамандығының типтік оқу жоспары; - СТУ 042-СГУ-5-2013 <<Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар>> университет стандарты; - ДП 042-1.07-2013 <<Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы>> құжаттық іс-жосығы. 3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 3.1 Пәннің қысқаша мазмұны: Бұл пән бойынша мынандай маңызды теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: әдебиет туралы ғылым және оның салалары; әдебиеттану ғылымының қосалқы салалары; әдебиеттің халықтығы, ұлттығы мен жалпыадамзаттық сипаттары; көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы; көркем бейне оның жасалу жолдары; көркем туынды тілі, өлең құрылысы. әдеби процесс, әдебиеттің тектері мен түрлері, көркемдік әдіс, ағым, бағыттар. 3.2 Пәнді оқытудың мақсаты: Курсты өту барысында әдебиет теориясы ауқымындағы поэтика, стиль, жанр тәрізді негізгі мәселелермен шектелмей, әдебиеттанудың өэге салалары: әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мән, сыры, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық ерекшеліктерін ашып беру. 3.3 Пәнді оқытудың міндеттері: <<Балалар әдебиеті>> бұрын өтілетін <<Қазақ әдебиетінің тарихы>> пәнінде қысқаша баяндалып кететін ұғымдар мен категорияларды эстетика қағидаларымен тамырлас алып, жан-жақты терең қамтуға тиіс. Әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта мейлінше толымды жүйелеп саралау қажет. Көркем шығармаға талдау жасаудың ғылыми принциптерін игеру, әдебиет пен фольклорды зерттеп үйренуге қажетті біліммен қаруландыру; әдеби шығарманың мазмұны мен пішінінің арақатынасының сырын ұғыну; әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдармен, категориялармен танысып, игеру; әдеби даму процесі, оның заңдылықтары, көркемдік тәжірибе дәстүрі мен жаңашылдық мәселелерін көркемдік тұрғыда қабылдай білу; көркемдік, оның өзіндік болмысын, көркемдік өлшемдерін біліп, танитын талғам қалыптастыру; әдеби туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралай алып, түрлі қырынан талдай білуге жаттықтыру. 3.4 Курс аяқталған соң студент: * Көркем шығарманы талдаудың ғылыми принциптерін игеріп, әдебиет тарихы мен көркем туындыны зерттеуге қажетті біліммен қаруланады. * әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдарды, категорияларды теориялық тұрғыда терең игереді. * өз бойында көркемдікті танитын талғам қалыптастырады. * әдеби туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралап, түрлі қырынан талдауды үйренеді. * қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелерімен таныс болады. * теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді. * зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады. * кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді. 3.5 Курстың пререквизиттері Әдебиеттануға кіріспе Әлем әдебиетінің тарихы Қазақ әдебиетінің тарихы 3.6 Курстың постреквизиті: Қазақ әдебиеті сынының тарихы Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі 2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛУ 1 Кесте № Тақырыптар атауы сағаттар әдебиеттер Дәріс Тәжір ОСӨЖ СӨЖ 1 2 3 4 5 6 7 1Модуль. Халық ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің бастауы. 1 Халық ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің бастауы. 2 1 1,5 5 16, Б. 3-9 12, Б. 3-8 3, Б. 3-11 4, Б. 3-12 2 ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті. 2 1 1,5 5 1, Б. 12-23 2, Б. 8-37 3, Б. 11-20 4, Б. 12-23 3 Махамбет Өтемісұлы жырларының халықтық негізі. 2 1 1,5 5 16, Б. 25-37 4, Б. 64-68 8, Б. 23-38 9, Б. 63-67 4 Ы.Алтынсарин - қазақ балалар әдебиетінің атасы 2 1 1,5 5 15, Б. 37-53 4, Б.38-78 5, 24-28 5 Ы.Алтынсарин өлеңдерінің идеялық, көркемдік ерекшеліктері 2 1,5 5 2, Б. 53-61 4, Б. 80-92 5, Б. 20-24 6 Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары. Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны. Абай қарасөздеріндегі оқу, білім. 2 1 1,5 5 2, Б.63-68 9, Б.92-125 5, Б. 25-37 7 ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті Шәкәрімнің балаларға арналған туындылары С.Көбеевтің "Үлгілі бала", "Үлгілі тәржімә" атты оқу құралдарының жанрлық ерекшеліктері. 2 1 1,5 5 2, Б. 52-68; 79-132 4, Б. 126-134; 134-166 7, 38-41 8 А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі. М.Дулатовтың балаларға арналған шығармаларындағы әлеуметтік тақырып 2 1 1,5 5 8, Б.133-148 4, Б. 166-183 5, Б. 42-45 9 Ж.Аймауытовтың ағартушылық, педагогикалық бағыттағы ғылыми еңбектерінің мәні. С.Торайғыров және балалар әдебиетіндегі жаңа бағыт. 2 1 1,5 5 2, Б. 148-164 7, Б. 183-190 16, Б. 46-48 10 Қазақ кеңес балалар әдебиеті. М.Жұмабаевтың ақындық табиғаты. С.Сейфуллиннің "Бандыны қуған Хамит" әңгімесінің идеясы, тәрбиелік мәні 2 1 1,5 5 12, Б. 164-178 14, Б. 191-207 16, Б. 95-120 11 М.Әуезов және балалар әдебиеті. І.Жансүгіров өлеңдеріндегі эстетикалық тәрбие 2 1 1,5 3,5 3. Б. 179-200 4, Б. 207-222 6. Б. 121-132 2 модуль М.Әуезов және балалар әдебиеті 12 Кеңес халықтарының ерлік істерінің балалар әдебиетіндегі көрінісі. 2 1 1,5 3,5 2, Б.200-322 4, Б.222-333 8, Б. 12-24 13 Негізгі тақырып, идея бірлігі, ұлттық рух көрінісі 2 1 1,5 3,5 2, Б. 200-322 4, Б. 222-333 10, Б. 64-71 14 Өмірі мен жазушылық қызметі 2 1 1,5 3,5 2, Б. 322-331 4, Б. 333-344 7, Б. 72-81 15 Жетім" әңгімесі мен "Көксерек" повестерінің көркемдік-эстетикалық табиғаты. 2 1 1,5 3,5 2, Б. 332-349 4, Б.344-358 5, Б. 82-86 3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ Студент>> пәнінде тәжірибе жүзінде кең қолданылатын, әрі жан-жақты игерілген тілді талдаудың негізгі әдістерін білуі қажет. Ғылыми ой-өрісті қалыптастыруда қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі ғылыми білім ретінде пайда болуы ерекше роль атқарады. Тарихы әр кезеңдегі ғылым алдына қоятын қоғамдағы әлеуметтік-мәдени шарттардың шектес ғылымдармен және олардың практикалық шешімдерімен тікелей байланысы постулатын түсінуге көмектеседі. 4 КУРС ФОРМАТЫ Аудиториялық уақытқа дәрістер, семинар сабақтары, оқытылған материалды талқылау және әртүрлі тапсырмаларды орындау кіреді. Әрбір сабаққа студент әдебиеттің негізгі және қосымша қайнар көздерінің тізіміне сәйкес дайындалуы керек (негізгі бөлімдер мен бөлімшелер әрбір сабақта нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған студенттер автоматты түрде 0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді. Негізгі ұғымдар дәрістерде ұсынылады және түсіндіріледі. Сабаққа қатысу және дәрісте негізгі ұғымдарды, түсіндірмелерді және мәліметтерді жазып алу студенттің міндеті болып табылады. Егер студент қандай да бір жағдайлармен дәріске қатыспаған жағдайда, дәрістің материалын топтағы басқа студенттен алуы керек. Оқытушы материалды бір де бір студентке дәрістің бір де бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды. ОЖСӨЖ мақсаты - тіл дамыту әдістемесі саласына байланысты зерттеу еңбектерді қарастыру. ОЖСӨЖ міндеттері келесілерді қарастырады: * курстың методологиясы және зерттеу әдiстерi; * тіл дамыту әдістемесі және оның ерекшелiктерi туралы. Студенттердің өздік жұмысы - бұл тұлғаның жеке танымды қызметі, ол өзіне тек қана алған білімін бекітіп қоймауы, сонымен қатар жеке тілдік тұжырым-ойлау процесі болып табылады. Өзіндік жағынан ол келешек маманның жаңа білімінің ашылуына, қалыптасуына жағдай жасайды. Өздік жұмыс сонымен қатар студенттің максималды белсенділігін қарастырады және ол алған білімін ұйымдағы ғылыми зерттеу, қоғамдық және өндірістік қызметтерде көрінеді. 5 КУРС САЯСАТЫ Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып. жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған студент емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу міндеті, өтілген материалды меңгеру деңгейі тест, жатқа жазу, бақылау түрінде тексеріледі. Себепсіз сағат босатсаңыз қосымша шығармашылық жұмыс беріледі. Сабақтан екі рет кешігу бір рет сабақ босатқанға теңгеріледі. 6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ <<Мектепке дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі>> пәнінің ұпайларға бөлінуі Апта 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 І аттестация ІІ аттестация Дәріс 30 ұпай 30 ұпай Семинар 15 15 15 20 20 20 10 10 10 15 15 15 15 15 ОСӨЖ 10 10 10 10 10 10 СӨЖ 25 25 25 25 25 25 Аралық бақылау 60 ұпай 60 ұпай Барлығы 300 ұпай 300 ұпай Емтихан 400 ұпай қорытынды 1000 ұпай * ӘДЕБИЕТТЕР + Негізгі әдебиеттер: 7.1.1 Инновационные подходы в практике работы дошкольных учреждений- Семипалатинск, 2006 7.1.2 Б. Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы- Алматы: <<Рауан>>1991 7.1.3. Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 7.1.4. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997 7.1.5.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992 7.1.6. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 7.1.7. Қ. Қасабекова. Сауат ашу сабағының үлгі жоспарлары.-А., 1984 7.1.8. Қ.Т. Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы: Ана тілі, 1985 7.1.9. Ф.Мұсабекова. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселері-Алматы: Мектеп, 1959 7.1.10. С. Қалиев, Б. Баймұратова. Өзіміз оқып үйренеміз. А. 1991 7.1.11. Қ.Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. А., 2004 7.1.12. Ф. Жұмабекова, А. Салиева. Мектепке дейінгі педагогика пәнін кредиттік жүйе талаптарына сай оқытудың ерекшеліктері-<< Ұлт тағылымы>> журналы №2/2006, 59-б 7.1.13. Т.К. Мүрсәлімов. Грамматикалық талдау әдістемесі-Семей-2007. 7.1.14. А. Құралұлы. Ұлттық дүниетаным.-Алматы: Өнер,2002 7.115. Қ.Ж. Бұзаубақова << Жаңа педагогикалық технология>> тренинг/Оқу-әдістемелік құрал/-Алматы-2005 7.1.16. Ә. Мұхтарова. Оқушыларды шығармашылыққа баулу жолдары. А.., 1999 7.1.17. Ф. Оразбаева Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі, А., 2000 7.2 Қосымша әдебиеттер: 7.2.1 М. Махмутов. Современный урок. Москва, 1985 7.2.2 Д. Әлімжанов. Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері-Алматы, 1972 7.2.3 Г. Жұмалиева, Б.Баймұратова , Н. Никипорец. Тәй-тәй. А., 1990 7.2.4 З. Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А. 2001 7.2.5 А. Бакраденова, Б. Баймұратова. Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшада қазақ тілін оқыту методикасы А., 1992 7.2.6 Ә.Ишмұхамбетов. Қызықты грамматика. А., 1995 7.2.7 Б. Құлмағамбетова және басқалар. Қазақ тілін оқыту әдістемесі А.,2000 7.2.8. Ә.Исабаев. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. А., 1998 7.2.9. Т.Әбдікәрімова, Т. Әбдіғалиева, Қ, Шәймерденов. Қазақ тілін оқыту әдістемесі А., 1999 7.2.10. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы Алматы-1992 7.2.11. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы, А., 1992 7.2.12. Рахметова С. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту, А., 1997. 7.2.13 Әуелбаев Ш. Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері.А., 1980 7.2.14. Уәйісов Г., Жұмабаев Ә., Қазақ тілін оқыту әдістемесі А., 1999. 7.2.15. Сайлаубаева Б., Қойшыбаева Ж., Қазақ тілін оқыту әдістемелік нұсқау Семей-2006 * СӨЖ-дің тақырыбы мен мазмұны № Тақырыптар Жұмыс түрі Тапсыру мерзімі Балл * 1 ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті. Махамбет Өтемісұлы жырларының халықтық негізі. Ауызша баяндау. жаттау І апта 4 * 2 Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары. Жаттау ІІ апта 5 * 3 А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі. М.Дулатовтың балаларға арналған шығармаларындағы әлеуметтік тақырып. жаттау ІІІ апта 4 * 4 Қазақ кеңес балалар әдебиеті. С.Сейфуллиннің "Бадап, электронды варианттарынндыны қуған Хамит" әңгімесінің идеясы, тәрбиелік мәні Конспект ІҮ апта 5 * Пәнді оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулар Бұл курс 5В010200 << Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған қолданыстағы стандарт негізінде оқытылады. Мұнда әдебиетті оқытудың мақсаты мен міндеттеріне, оқыту әдістері мен оқыту құралдарына, оқытуды ұйымдастыру формаларына, мектепте әдебиетті оқыту әдістемесі курсын дамыту жолдарына, әдебиетке ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде назар аударылады. Сондықтан I-модульде балалар әдебиетінің жалпы сұрақтары қарастырылып, 2-модулде М.Әуезов және балалар әдебиеті талданады. Тәжірибелік сабақта орта мектепте әдебиет курсын оқытудың дәстүрлі және электрондық оқыту әдістері қарастырылады. * Курстың форматы <<Балалар әдебиеті>> курсы қашықтықтан оқытудың желілік технологиясы бойынша оқытуға ұсынылған. Барлық материал студентке білім модулы түрінде әрбір оқу кезеңінде оқуға арналған. * Курстың саясаты Курстың компоненттеріне және оқып-үйренуге қойылатын негізгі талаптар: * студент білім беру порталын үнемі қарап, тәжірибелік жұмыстар мен СӨЖ талаптарын орындауда белсенділік танытуы тиіс; * студент конспект бойынша дәрістің теориялық материалдарын оқып үйренуі тиіс; * студент СӨЖ-ді кесте бойынша орындау тәртібін және берілген формада оқытушыға тапсыру ережелерін қатаң сақтауы тиіс; * өз бетінше кітапханада және үйде дайындық жасауы тиіс; Тәртіпті бұзу немесе жұмыстарды тапсыру мерзімінен ауытқу үшін айыппұл салынады: * Жұмысты белгіленген уақытында тапсырмау - бағасын 5 баллға кеміту 1-ші рейтинг бақылау қорытындысын шығару кезінде студенттің 7 апта бойынша жинаған ұпайлар саны есептелінеді. 2-ші рейтинг (қорытынды) бақылау қорытындысын шығару кезінде студенттің 8-15 апталар аралығында жинаған ұпайлар саны есептелінеді. Егер 2-ші рейтинг бақылау бағасы 30 баллдан төмен болса, рейтингті жоғарылатуға жіберілмейді. Бұл жағдайда 2-ші РБ бағасы қорытынды бақылау бағасы болып табылады. Қорытынды рейтинг бақылау 15 аптада қойылады. Егер қорытынды РБ нәтижесі бойынша рейтинг 30 баллдан кем болмаса, студент емтиханға жіберіледі. Бекітілген мерзімнен кейін тапсырылған студент тапсырмалары қабылданбайды. * Бағалау критерийлері <<Балалар әдебиеті>> курсы теориялық курс болып табылады, сондықтан барлық тәжірибелік жұмыстарды, бақылаудың негізгі түрін құрайтын жеке тапсырмаларды орындау міндетті шарт болып табылады. Дербес компьютерде жұмыс істеудің нәтижесінде алынған машықтар пән бойынша жеке тапсырмалардың орындалуының дұрыстығымен бағаланады. Қорытынды бағалауға: Ағымдық бақылау - 60% Емтихан - 40% Қорытынды бағалау келесі формула бойынша есептелінеді: мұндағы: ИО - қорытынды бақылау; Р1 - бірінші аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті; Р2 - екінші аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті; Е - емтихан бағасының сандық эквиваленті. Қорытынды баға осы курс бойынша алған нәтижелерге сәйкес төмендегі бағыттар бойынша бағаланады: * ағымдық бақылау (макс. балл-30) * аралық бақылау (макс. балл-30) * қорытынды емтихан (макс. балл-40) Төмендегі кестеде оқытудың кредиттік технологиясымен жалпылама қабылданған, әріптік символдар қолданылатын, GPA - студенттің оқу жетістіктері деңгейінің орташа бағасын - анықтау үшін қажет бағалау жүйесі көрсетілген. Оқу курсын бітіргеннен кейін қорытынды бақылау формасы - бақылау сұрақтарына жауап беру. Бағалардың % бойынша шкаласы Әріптік жүйеде бағалау Ұпаймен сандық эквиваленті Дәстүрлі жүйемен бағалау 95-100 А 4,0 Өте жақсы 90-94 А- 3,67 85-89 В+ 3,33 Жақсы 80-84 В 3,0 75-79 В- 2,67 70-74 С+ 2,33 Қанағаттанарлық 65-69 С 2,0 60-64 С- 1,67 55-59 D+ 1,33 50-54 D 1,0 0-49 F 0 Қанағаттанғысыз * Студенттердің білімін бақылау сұрақтары 1 Халық ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің бастауы 2 Халықтық бесік жырларының мазмұны 3 Бесік жыры мен тұсау кесу жырының көркемдік-эстетикалық табиғаты 4 Төрт түлік мал туралы өлеңдердегі халық даналығы 5 .Жаңылтпаш, өтірік өлеңдер және даналық сөздер - тіл дамыту құралы 6 ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті 7 Махамбет жырларының халықтық негізі. Ақын поэзиясындағы реалистік сипаттар. 8 . Ы.Алтынсарин - қазақ балалар әдебиетінің атасы. 9 Ыбырайдың өмірі мен ағартушылық қызметі, шығармаларының тәрбиелік мәні. 10 Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны. 11 Абайдың балаларға лайықты өлеңдері 12 Қарасөздерінде халық ағарту мәселелерін көтеруі. Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары 13 ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті 14 Көрнекті балалар ақын-жазушылары 15 С.Көбеев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов шығармаларындағы ел, жер тағдыры, ұлттық сана түсінігі 17. А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі. 18. "Қырық мысал", "Маса" жинақтарының әлеуметтік санаға әсері. 19. "Тіл құралы", "Әдебиет танытқыш" еңбектерінің қазақ тіл білімінің, әдебиеттану ғылымының негізін салуға қосқан үлесі. 20. Ж.Аймауытовтың ағартушылық, педагогикалық бағыттағы ғылыми еңбектерінің мәні. 21. Психология, әдістеме, эстетика саласынан жазған ғылыми еңбектерінің танымдық негізі. 22. Балалар әдебиетіне қосқан үлесі. 23. Қазақ кеңес балалар әдебиеті. 24. Қоғамдық-тарихи жағдай. Көрнекті балалар ақын-жазушылары. 25. Балаларға арналған туындылардың идеялық-тақырыптық негізі. 26. М.Әуезов және балалар әдебиеті. 27. Өмірі мен жазушылық қызметі. 28. "Жетім" әңгімесі мен "Көксерек" повестерінің көркемдік-эстетикалық табиғаты. 29. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті. 30. Кеңес халықтарының ерлік істерінің балалар әдебиетіндегі көрінісі. 31. Негізгі тақырып, идея бірлігі, ұлттық рух көрінісі. 32. Ғ.Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" романының тарихи-көркемдік ерек шеліктері. 33. Новеллаларындағы бала тағдыры үшін күрескен ана бейнесі. 34. "Қазақ солдаты" романының балалар әдебиеті тарихында алатын орны. 35. Бала психологиясы мен эстетикалық мұратын, ой-арманын бейнелеудегі жазушы шеберлігі. 36. Қазіргі балалар поэзиясы. 37. Қазақ әдебиетінің стиль, жанр, түр жағынан күрделенуі, түрленуі. Шығармашылық ізденістер. 38. Балалар әдебиетінің бағыты, басты міндеті. 39. Қ.Мырза Әли шығармаларының идеялық-тақырыптық негізі. 40. Балаларға арналған өлеңдерінің тақырып молдығы, мазмұн байлығы. 41. Ақын өлеңдерінің баланың танымдық қабілетіне әсері. 42. Қазіргі балалар прозасы. 43. Өмір шындығын көркемдік тұрғыдан игеру ауқымының кеңдігі, образдар табиғатының күрделілігі, адамгершілік-моральдық мәселелердің өткірлігі 44. Қазіргі балалар драматургиясы. 45. Балалар драматургиясындағы ұлттық рең, дәстүр мен жаңашылдық, стиль ерекшелігі. * Оқу үрдісінің кестесі және қашықтықтан кеңес беру Курс Семестр Кредит Дәріс саны Тәжірибелік СРСП СРС Барлығы Бақылау формасы 2 4 1 - 6 4 10 20 Бақылау жұмысы Кеңес беру уақыты: 01.04.13-05.04.13 ж сағат 14:00 №3 оқу корпусы Бақылау жұмысын қабылдау уақыты: 13 ж * ГЛОССАРИЙ Аңыз- қазақ фольклорлық прозасының жанры, елдің, тайпа, рудың шыққан тегі, кешкен жолы хақындағы немесе тарихта болған әйгілі адамдар, сондай - ақ нақтылы бір жер- су, сол жерде өткен оқиғалар турасындағы тарихи шындыққа негізделген, халықтың тарихи жадында сақталған, әйтседе, уақыт өте көркемдік сипат алған әңгіме. Әңгіме- оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қарасөзбен жазылған шағын көркем шығарма. Бесік жыры- қазақ балалар фольклорының жанрлық түрі. Әнге қосып баланы уатып, қалғытып, ұйықтатуға лайық біркелкі ырғақпен жайдары, жағымды үнмен айтылатын ән. Драма- сахнаға арналған, уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс- әректін, көңіл- күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар. Ертегі-бұрынғы өткенді қиялмен ұштастыра болжап, сюжетті көркем әңгіме түрінде келіп, қарасөзбен беріледі. Жаңылтпаш- ауыз әдебиетінің балалардың тілін жаттықтыру мақсатындағы жанры. Бала тілінің жетік жетілуіне, оралымды, анық сөйлесуіне, ана тілінің үн сұлулығын мінсіз меңгеруіне, шебер сөз саптауға баулиды. Жұмбақ- көлемі қысқа, еске сақтауға қолайлы, белгілі бір затты, табиға құбылысты, адам болмысын, іс- әрекетті, қоғамдық күрес- тартыс шиеленістерді ойланып, шешімін табуға ыңғайлап, басқа нірсенің немесе әрекет - қимыл арқылы тұспалдап айту тәсілі. Комедия- драмалық жанрдың негізгі бір түрі.Өмірегі келеңсіз, жағымсыз құбылыстарды, адам бойындағы міндерді, қасиетсіздікті, оспадарлықты күлкілі етіп бейнелейтін сахналық шығарма. Өнер- нақтылы іске, соның нәтижесінде туған затқа байланысты кәсіпті айтады. Өтірік өлең- қазақ ауыз әдебиетіндегі өмір құбылыстарын шындыққа жанаспайтындай етіп айтатын өлең түрі. Санамақ- сәбилерге сан үйрету, санның ретін танытуды көздейтін ойын өлеңі. Тақпақ- қазақ өмірінде шешендік дәстүрмен байланысты туған өткір нақыл- ғибраттылық, мінерлеп айтуға лайықты сөз нұсқасы. Трагедия- сахнаға арналып жазылатын әдеби шығармалардың, яғни драмалық жанрдың бір түрі. Өмірдегі бір ауыр жағдай, адамның қиын басына түскен ауыртпалық баяндалады, шығарма көбінесе негізгі кейңпкердің қазаға ұшырайымен аяқталады. Тұрмыс- салт жырлары- қазақ ауыз әдебиетінің жанрлық бір түрі. Халықтың әр түрлі салт, дәстүр, әдет- ғұрып, ырым- жораларына байланысты өлең- жырлар. СЫҢСУ - қыз өзінің ел - жұрты, құрбы-құрдастарымен айырылысар кезде, қайын жұртына аттанар сәтте мұң-зарға толы айтылатын өлеңдер. ЖҰБАТУ - сыңсуға жауап ретінде жігіттер жағы айтатын жыр үлгісі. БЕТАШАР - қалыңдық түскенде, ақ жаулық жауып әкелген жас келіннің бетін ақын ашып, үйдегі үлкен-кішімен, ел-жұртымен таныстыру түрінде айтылатын жыр үлгісі. ЖАНАЗАЛАУ ЖЫРЛАРЫ - адам қазасына байланысты туып, ел аузында сақталған естірту, көңіл айту, қоштасу, жоқтау сияқты салт жырлары. ЕСТІРТУ МЕН ЖҰБАТУ - өлген адамның жайын, өлеңмен немесе қарасөзбен кейде тіпті күймен де жеткізетін хабарлаудан туған жыр. ЖОҚТАУ - көбіне жауда қаза болған қас батырлардың ерлік істерін еске түсіруден туған жырлар. ДІНИ-ҒҰРЫПТАРҒА ТУДЫРҒАН ЖЫРЛАР - қазақ фольклорынан ежелгі көшпелі тайпалардың ежелгі наным-сенімдері басты орын алған. Оның көрінісітері-бәдік, жарапазан,алғыс, қарғыс,арбау,бақсылық сарындары жатады. МИФ - дүние туралы фантастикалық түсінік, әлемде билік жүргізетін құдайлар мен рухтардың ғажайып образдарының жүйесі. АҢЫЗ - ӘҢГІМЕЛЕР - оқиғасын реалистік болмыстан, шындық өмірден алып, ауызша шығарған қазақ халқының көркем шығармаларының елеулі бір саласы. ЭПОС - оқиғасы ел, халық өмірінен алынған, образдарды ірі әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен эпикалық жыр - дастандар. РИТОРИКА - сендіре білу, яғни тыңдаушының санасына, сезіміне және еркіне әсер ету, ықпал жасау. АЙТЫС - қазақ халқының бай ауыз әдебиетінің құнарлы бір арнасы ретінде бағзы замандарда туып, қалыптасқан көне жанр. * ДӘРІСТЕР 1-ДӘРІС. Тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті- балалар әдебиетінің бастауы Жоспар: І. Кіріспе Халық ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің бастау көзі. ІІ. Негізгі бөлім а) Халық ауыз әдебиетінің балалар әдебиетіндегі мәні ә) Балалар әдебиетіндегі бесік жырларының маңызы ІІІ. Қорытынды. Балалар әдебиеті - қазақ әдебиетінің өскелең бір бұтағы. Оның өсу, өркендеу, даму жолдары бар. Алғашқыда жалпы әдебиеттік мұралармен бірге дамып келсе, соңынан өз алдына дараланып, өз ерекшеліктерімен таныла бастады. Балалардың жастық, білімділік ерекшеліктері еске алынды. Балалар әдебиеті балаларға тәлім - тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды. Балалар әдебиетінің негізі - ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар әдебиетін зерттегенде халық ауыз әдебиетінен аттап өтуге болмайды. Өйткені, халық ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің алтын қоры, алтын бесігі. Оқу жасына дейінгі балалар, оқушылар ертегілерді тыңдауды өте жақсы көреді. Ертегілердегі ғажайып оқиғалар, қызықты тартыстар мен түрлі егестер, тапқырлық пен айлакерліктер, зұлымдық әрекеттерге қарсы күрескен қажырлы адамдардың қиян кескі батырлық істері оларды таң-тамаша етеді. Мектеп оқушылары батырлық жырларды аса сүйсініп, оның ішіндегі жағымды кейіпкерлерге еліктей отырып, қызыға оқитындығы сондықтан. Балалар фольклорындағы сөз өнерінің әдемі кестелері, мазмұнды терең ойлары, парасатты тұжырымдары олардың сөздік қорын байытып, мағыналы да мәнерлі сөйлеуге жаттықтырады. Тек бұл емес, халықтық шығармалар ішіндегі әр жақты айқын образ, оқиға барысының қызықты бола беруі, әдемі қисын, жақсы ұйқас - бәрі де балаларды қуантып, әсер беріп, ойын шыңдап отырады [1]. <<Халықтың көкейкесті ой - арманын, тілегін бейнелеген, оның рухани және эстетикалық қажеттеріне сай келген халық ауыз әдебиеті тәрбиелік, білімділік, танымдық, эстетикалық қасиеттері мол мәңгі өшпес үлгілерімен де балалар әдебиетін дамытудың сарқылмас қайнар бұлағы ретінде қызмет етіп отырғандығымен де қымбат>> [4] ,- дейді М.Қ.Қаратаев. Қазан революциясына дейін қазақ балалары тек қана қазақ ауыз әдебиетінің ғана мұраларын пайдаланып келсе, содан басқаны білмеген. Қазан төңкерісінен кейін орыс халқының және туысқан одақтас республикалардың халықтық шығармалардың бай мұраларын пайдалануға мүмкіндік алды. Бізде балалар әдебиетін жасау, бастыру, оны бір жүйеге келтіріп, жас өспірімдерге ұсыну жұмысы тек ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғана қолға алына бастады. Өйткені, осы кезде қазақ даласында ең алғашқы жаңа типті орыс - қазақ мектептерінің ашыла бастауына байланысты халық ауыз әдебиетіндегі баола тәрбиелеуге арналған шығармаларды жинауға бет бұра бастады. Олар балаларды оқытуға да, тәрбиелеуге де ең қажетті материалдар халық ауыз әдебиетінен табылады деп көрсеткен. Қазақта балалар фольклорын бірінші жинаған және құрастырып, <<Қазақ хрестоматиясы>> деген атпен 1879 жылы бастырып шығарған Ы.Алтынсарин еді. Төрт бөлімнен тұратын осы кітаптың бірінші бөліміне өлеңдер мен балаларға арналған ұсақ әңгімелер, ертегілер енгізген. Ы.Алтынсарин тек балалар фольклорын жинаушы ғана болып қалған жоқ, сонымен қатар <<Ол - қазақтың әдебиет тарихында бірінші балалар жазушысы болды>> [3] ,- деп тарих ғылымының кандидаты Б.Сүлейменов орынды айтқан. Балалар фольклорын өз алдына дербес жинауға көңіл бөлініп, оны зерттеу, оқыту жұмысы да қолға алынған. 1926 жылы Қызылордада <<Балаларға тарту>> деген атпен мектептерде әліппеден соң оқылатын оқу құралы бастырылды. Осы кітапта тек қана балалар фольклорына байланысты халықтық шығармалар басылған. Бұдан соң, 1927 жылы І.Жансүгіров <<Ел әдебиетінен жинақ>> деп балаларға арнап <<Өтірік>> деген кітап бастырып шығарды. С.Сейфуллин құрастырып, 1932 жылы шығарған <<Қазақ әдебиеті>> [6] атты оқу құралында бесік жырларынан бастап, балалар фольклорына жататын көптеген халықтық шығармалар енгізілген. Халықтық шығармалардың балаларға тигізетін тәрбиелік әсері ұшан теңіз. Халықтық шығарма балаларды адам баласының өткен ғасырлардағы тарихи өмірі, тұрмысы, әдет - салты, күн көрісі, шаруашылығы, мәдениетімен таныстырып отырады. Сонымен қатар халыцқ алдында қызмет еткен адал ұлдары мен қыздарын ардақтайды, олардың үздік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі етіп көрсетеді. Балаларға арналған халық өлеңдерінде дүниеге жаңа келген жас нәрестенің болашағын ойлап, қолдан келер мүмкіндіктерін соның жолына бағыштауға тырысады. <<Бесік жырында>>: Әлди - әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем. Қонақ келсе, қой бөпем, Қой тоқтысын сой бөпем. Құйрығына той, бөпем,- деп жырлайды халық. Мұндағы балаға деген сый-құрмет, ықыластар, оның болашақ азаматы болсын деген тілек-мақсаттардан туатыны айтылған. <<Бесік жырында айтылатын тілек, ақыл-өсиеттерден халықтың нені аңсап, нені көксегендігі көрінеді>>[2] ,-дейді М.Ғабдуллин. Халық тәрбиесі баланың жас басынан көпшіл, ынтымақшыл, сый-сипат көрсете білетін өнегелі адам болуын көздеген, баладан адамгершілік қасиетті талап еткен. Қолы ашық, алақаны жазық береке иесі болсын, жұдырығын түйген сұм болмасын дегенді балаға жас басынан ұқтыруға тырысқан. Баланы күту, бағы, тәрбиелеу, әлпештеп ақ бесікке салу, оның мәңгілік қамқоршысы болу - ата-ананың борышты да басты міндеті деп бағалаған. Бала туғанда шілдехана жасау, жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш ету, оны өздеріне бақыт санау жалпы халықтық салтқа, әдетке айналған. Бала ата-ананың бауыр еті, жүрегі деп бағалаған. Бармақтарың майысып, Түрлі ою ойысып, Ұста болар ма екенсің?- деп, оған ізгі тілектер қояды. Игілікті істерге бастайтын өнер-білімге баулиды [5]. Өз баласы халыққа әр жақты өнерімен, білімімен, игілікті ісімен қызмет етіп, танылса дегенді арман еткен. Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі басты борышы мен ізгі ниеті де, міндеті де осы болған. Таңдайларың тақылдап, Сөйлегенде сөз бермей, Шешен болар ма екенсің?- Деп, бесікте жатқан жас нәрестенің болашағын ойлайды. Қай іске, қандай өнерге болса да икемі бар, сегіз қырлы бір сырлы болуын көздейді. Әйтеуір, қандай іс, қандай өнер болса да, өзінің бейіміне, ықылас-әрекетіне қарай кәсіп ете беруін халық ертеден-ақ жақтаған. Сондықтан өз сәбиін өнердің, еңбектің қандай түріне болса да баули беруге, ынталандыра беруге әрекет етті. Бесік жыры бала жұбатуға арналағанмен, оның ішкі мазмұнынан халық өмірінің күнделікті тіршілік тілегімен, өмірімен тығыз байланыстыра айтылатыны көрініп тұрады. Бесік жырының мазмұнына тереңірек үңілсек, оған зер салсақ, одан өмірінің бастан кешірген бар тағдыры көрінгендей болады. Баланы тербете отырып, ана кейде өз басынан кешкен қайғысын да, қасіретін де, өмірден көрген қуанышы мен азабын да қоса жырлайды. Болашақтан күткен зор үмітке, арман-тілекке, біреуге тәуелді болмай, ерікті түрде өмір сүруге жеткізетін осылар болар ма екен дегенді жас ұрпақтың құлағына құйып отырады. Кең балағын түсіріп, Ойға, тауға жүрісіп, Балуан болар ма екенсің? Айыр қалпақ киісіп, Ақырып жауға тиісіп, Батыр болар ма екенсің?- дейді. Мұнда жеке бастың пайдасы үшін, не даңқ, атақ алу үшін емес, <<атасының баласы болу>> үшін емес, <<адамның баласы болуын>> тілегендіктен айтылған халықтың асыл ойлары берілген. Өз Отанын қорғайтын патриот болар ма екен деген тілектер айтқан. Бала жұбатудан басталатын бірнеше тілек-мақсаттар оның болашақтан күткен арманына жетудің жалғасы болады деп үміт еткен. Бесік жырының әсем де жеңіл айтылуы, оның сазды әуенге қосылып, белгілі баппен шырқалуы баланың көңіл-күйін ашып, оны мәз-мейрам күлкіге шомдырады. Бесіктің тербелуі мен ән ырғағының бірдей шығуы бала тербеткен ананың да, бесікте жатқан баланың да жүректері бірге соққандай әсер береді. Былайша айтқанда, ана мен бала жүрекпен тілдесіп отырғандай біріне - бірі ұйый түседі. Көзімнің ағы, қарасы, Жүрегімнің парасы, Уайым-қайғы ойлатпас, Көңілімнің санасы. Айналайын, шырағым, Көлге біткен құрағым, Маңдайдағы құндызым, Аспандағы жұлдызым. Әлди,әлди,ақ балам, Айналайын, балам-ай, Айналсын сенен анаң-ай. Әлдилеп сені сүйгенде, Анаңның болар көңілі болар жай [7], - деп, өз өмірінің жалғасы боп танылған жас нәрестені тәрбиелеп өсіруге халық зор мән берген. Сондықтан да, баланы қызықтыруға, оның ой - өрісін кеңітіп, толықтыруға, өмір мектебімен ерте таныстыруға себепші болатын қызықты ертек, көркем әңгіме, өнегелі өлеңдер шығарған. Ата-ананың мақсаты, арман-тілегі баласының халық ұлы, халық азаматы болуын көксеу ғана болды. Ата-ана көңілінің жайлануы мен марқаюы баласының саулығы мен жарқын болашағына, халық алдындағы атқарып жүрген игі қызметіне байланысты өседі. Халық бала тәрбиелеуде осындай игі мақсаттар үшін күресті. Бесік жыры деп аталатын осы бір өлеңнің ғасырлар бойы ел аузында сақталып келген құдіретті сипаты, зор ерекшелігі, тәрбиелік мәні осындай. Мұнда халықтың балаға деген барлық махаббаты, ой-арманы, жарқын болашақтан күткен зор үміті жинақталған. Бесік жыры ғасырлар бойы ұзақ өмір сүріп, ұрпақтан ұрпаққа ұласуымен қатар оған бала жұбату, тәрбиелеуде заманы қойған тілек, мақсаттарға қарай жаңа мазмұнда, жаңа түрде айтылатын шумақтар да қосыла берген, жамала берген. Айналайын, балдырған, Қылығың мейір қандырған. Күйші болар ма екенсің? Өнерің отын жандырған, Сырын тыңда, даланың, Жырын жатта ағаның, Күйіңмен тербеп, балбырат, Туған жердің алабын [8] ,- деп, біздің қазіргі қойып отырған талаптарымыз да бесік жырында аналар сөзімен қоса айтылып жүргені бар. Қорыта айтқанда, бесік жыры - мәңгілік өріс алып, одан ары дами беретін балалар фольклорындағы халық ауыз әдебиетінің алатын дәні, жыр - өлеңнің бірінші бастамасы. Балаға үміт артарлық осындай тілек - мақсаттардың қойылуының өзі де олардың ақыл - есін жетілдіріп, көңіл - күйін оятып, болашаққа, алға қарай ұмтылуға талпындырады. Талпынуға, ілгері қарай ұмтылуға, жігер - қайратының шыңдалуына қарай бастайды. Осының бәрі де көркем шығармалардың күшін және әдемілігін жақсы сезіну арқылы ғана жетілетін игі нәрсе. Екінші сөзбен айтқанда, көркемдікті, әдемілікті, жақсылықты түсіндіре білудегі эстетикалық тәрбиенің жемісі. Өмір мектебімен ерте таныстыруға себепші болатын қызықты ертек, көркем әңгіме, өнегелі өлеңдердің бәрі де баланың эмоциялық сезінуі арқылы оларды ылғи да жақсылыққа, әдемілікке, саналы ойға баулып отырады.Бесіктегі баланы тәрбиелеуге қазақ халқы осылай зор мән берген [1]. Өмір заңы және оның қызығы - өсіп - өнуде, өрбуде. Қай халық болмасын, өзінен кейінгі ұрпақтың өз заманына лайық азамат болуына, жан- жақты тәрбие алуына қамқорлық жасаған. Осы тәрбиенің басты құралы етіп әдебиетті де мол пайдаланған. Балалар әдебиетінің түпкі негізі осылай халық педагогикасымен байланысып жатады. Қай халықтың тарихында да, оның ауыз әдебиетінен бастап, балаларға арналған өлең - жырлар көп. Жас нәрестенің дүниеге келуінен бастап, оның өмір тануының әр кезеңіне лайық тілек - мұраттарын халық өлеңмен айтып жеткізген. Абайдың: Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең,- деп, бүкіл адам өмірін өлеңмен байланыстыратыны да осыдан. Балаларға арналған халық поэзиясының түрлері әр алуан: оларға бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, өтірік өлең, төрт түлік мал туралы жырлар, жаңылтпаш, жұмбақтар, мақалдар мен мәтелдер, тағы да басқалары кіреді. Бұлардың әр қайсысының өзіндік туу заңдылықтары бар. Олардың қайсы болса да бала өмірінің қажетін өтеу үшін туады да, баланың әр кездегі жас мөлшеріне , әрекет - тіршілігіне, психологиясына лайықталып айтылады. Балалар үшін қызықты өлеңдердің бірқатары төрт түлік мал туралы. Көшпелі тұрмысы малмен байланысты болған халық балаларға жыр арқылы мал түліктерінің түрлерін таныстырған. Оларда әр малдың өзіне тән өзгешеліктері сипатталады. Маң- маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан. Екі өркешін қом басқан, Төрт аяғын тең басқан - деп түйені; Ешкі деген жануар- Сойса саңы қалақтай, Сауса сүті бұлақтай, Баста десең бастаған, Қайырып мүйізін тастаған,- деп ешкіні суреттейді. Басқа түліктер туралы да мұндай жырлар бар. Олар бала ұғымын кеңейтуде де, мал шаруашылығын кәсіп етудің пайдасын оларға ұғындыруда да едәуір маңызды. Кейде мал түліктерінің аты аталмай олардың негізгі шешуі балалардың өздеріне қалтырылады. Жоғарыда келтірілген түйе туралы жырды толық айтып шыққанда, бала оның шешуі <<түйе>> екенін өзі - ақ аңғаратын болады. Осы жолмен төрт түлік малды ғана емес, халық өлеңдері жан - жануарларды да жұмбақтаған не сипаттаған. Бақа- бақа, балпақ, Басың неге жалпақ? ...Сауысқан, сауысқан, Жауыр атқа жабысқан. ...Қарға, қарға, қарғалар, Қар үстінде жорғалар,- деген өлеңдер осылай туған. Баланы жақсы көрген халық оларға малдың баласын сүюінде үлгі еткен. Мұндай жырларда малдың төлін сүюіне қоса сол төлдердің аттарына ерекше сипаттарына назар аударылады. Қой сүйеді бласын қоңырым деп, Ештеңені білмейтін момыным деп. Сиыр сүйеді баласын торпағым деп, Қараңғыда басқаған қорқағым деп. Түйе сійеді баласын боташым деп, Жаудыраған көзіңнен тоташым деп. Ешкі сүйеді баласын лағым деп, Тастан - тасқа секірген шұнағым деп. Жылқы сүйеді баласын құлыным деп, Тұлпар болып жүгірер жұлыным деп. Мұндай жырлардың бала ұғымын кеңейтумен бірге, оның тілін дамытудағы қызметі де ерекше. Баланы біртіндеп мал бағуға, еңбекке баулуда да халық жырлары үлкен тәрбиелік роль атқарған. Мал басының өсуін тілейтін бала өлеңдері мен мал жан - жануарлардың түрлерінен қандай пайда түсетінін ұғындыратын жырлар осыны аңдатады [1-292-294б]. Бұл өлеңдердің көркемдік сипаттарында да едәуір өзгешеліктер бар. Бұлар әнге арналмайды, тақпақ үлгісінде жатқа айтуға лайықталып шығарылады. Сондықтан, онда ән ырғақтарына келе бермейтін, аузша сөздің интонациялары мол болады. Өйткені, бұл жырларды орындаушылар, көбінесе, ән айта білмейтін мектеп жасына дейінгі балдырғандар. Өлең тілінің жас баланың жаттауына лайық ойнақылығы, түсінуге жеңілдігі, сол негізде мазмұнды терең аша білуі де оны орындаушылардың жас ереекшеліктеріне сәйкес беріледі. Бұлар балаларға арналған халық жырларының мазмұндық, формалық жақтарының бірлігін танытады. Балалар поэзиясына қатысты ауыз әдебиетінің жанрлары бұл айтылғандармен бітпейді. Өтірік өлеңдердің, жағылтпайтар мен жұмбақтардың, мақалдар мен мәтелдердің бала тәрбиесінде атқарар қызметі де аз емес. Бұлар, көбінесе, бала ұғымын , түсінігін кеңейтуде, оның тілін, ойын дамытуда, оларды жақсы, үлгілі істерге баулуда маңызды роль атқарады. Мысалы, жаңылташтарды айту баланың тіл тұстартуына, оның кекештенбей , жатық, асықпай сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылтпаштарда айтылуы қиын белгілі бір сөздер қайталанып, сол тпектес екінші бір сөздермен әдейі шатастырылады. Бала соларды айырып, орын ауыстырмай, шатастырмай айтуы керек. Егер айта алмаса отырған жұрт күлетін болады. Ата - ана бала тілін қызық көре , күле отырып, оны дұрыс сөйлеуге үйретеді [1-296 б]. Жаңылтпаштың сөздері, көбінесе, қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстардан құралады. Жаңылтпаштың сөздері қара сөз түрінде, кейде өлең секілді ұйқасып келеді. Мысалы: Қара бүркіт томағасын түсірді, Оны мен томағаламай, кім томағалайды, Оны мен томағаламай, кім томағалайды. Немесе: Ар жақтағы Құдияр құдам еді, Ол мені құдаламады, Мен оны құдаламадым,- деп , соңғы екі жолы қайталанып айтылады. Ерте кезде ойын - сауыұтарда жаңылтпаш айтқызу қазақтың салты болған. Жаңылтпаш жиналған жұртты күлдіру , тіл ұстартуды көздеумен қатар, ол өлең, ән білмейтін жастарға берілетін жаза есебінде қолданылған. Қазақтың салты бойынша , ойын - сауыққа келген жастардың бәрі де ән салып өлең айтуға тиіс. Ал ондай өнері жоқтарға ойынды басқарушы адам <<жаңылтпаш айт >> деп ұйғарған, жаңылтпаштың сөзін өзі жайлап айтып берген. Сонан кейін оны шапшаңдата қайталап айтуды жаңағы өлең білмейтін жастан талап еткен. Егер ол адам жаңылтпаштың сөздерін орамына келтіріп айта аламаса, бүлдірсе, жұрт оған күлетін болған. Сондықтан мұндай күглкі етерлік жағдайға түспес үшін жастар ән, өлең үйренуге , оларды білуге тырысқан [2-50б]. Қазатың ертедегі салты бойынша, ойын - сауық кездерінде айтылатын өлеңнің бір түрі - өтірік өлең. Бұл алуандас өлеңдер күлкілі, қызық сюжеттерге құрылады. Өтірік өлеңдерді айту оңай болғанымен , шығаруы оңай емес. Ол ақынның ақындық өнерді талап етумен қатар, фантазияның мол болуын қажет етеді. Өйткені өтірік өлең , оның сюжеті қиыннан құрастырылуды, түймедей нәрсені түйедей етіп, болмаса, керсінше, түйедей нәрсені түймедей етіп көрсетуді тілейді. Бұл өлеңдер суреттелетін нәрселердің бәрі адамның көз алдындағы заттардан, нақтылы шындықтан, жалпыға түсінікті көрністерден алынады. Бірақ олардың ісі, қарым - қатынасы , атқаратын қызметі шындыққа келмейтін, адам сенбейтін жағдайда суреттелуі керек. Сонда ғана ол өтірік өлеңдік дәрежесіне жетеді [3-63 б]. Өтірік өлеңдер айтайын деген ойын , суреттейін деген көрністерін тыңдаушыға әсірелеу, бейнелеу шендестіру арқылы жеткізіп отырады. Осы ретпен ол неше түрлі картиналар, образдар жасайды. Жоғарыда айтылғандарға дәлел ретінде қазақтың ертеден келе жатқан өтірік өлеңдерінен екі, үш мысал келтірейік: Бір қоянды мінрдім де аспанға ұштым, Екпініне шыдамай жерге түстім. Алты күндей ақ боран соғып еді, Жалғыз қурай түбіне асқып іштім. Дүниенің ауыры үрген қарып, Жалғыз өзім көтердім соның бәрін. Алты атанға үш төстеп артып едім, Көтере алмай жығылды атандарым. Аспанға алты жерден тіреу қойдым, Той қылып мың масаны сонда сойдым. Жүрегін біреуінің төрт бөліп жеп, Нансаңыз өмірімде бір - ақ тойдым. Бұл келтірілген мысалдарда суреттелген көріністердің бәрі де әсірелеу, шендестіру ретімен берілген. Бір нәрсені екіншісіне салыстыра отырып әдемі образдар жасаған [2-51б]. Басында керегенің үрген қарын, Көтердім балуандықпен соның бәрін. Түйеге төстеп барып қойғанымда, Мертікті көтере алмай қара нарым. Үрген қарынды балуандықпен ғана көтеру, оны көтере алмай қара нардың мертігуі- өмірде болмайтын құбылыс. Өтірік өлеңнің мақсатына жетуі - оны тыңдаушы адам өмірде мұндай іс кездеседі деп айта алмайтын болуында. Сонымен қатар нақтылы шындықтан алынған жанды- жансыз деректерді тыңдаушыға қызық, күлкілі түрде жеткізген. Бұлардың бәрін жыршы ақын өз атынан, өзін қатыстыра айта отырып, адам сенбестік күлкілі әңгімелер тудырған. Нақтылы деректерді мол шеберлікпен үдеген фантастикалық дәрежеге жеткізу , адамның ойына келмейтін <<өтірік>> әігімеге айналдыру қазақ ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдер түрінің негізігі бір ерекшелігі болып табылады. Дәріс бойынша сұрақтар: 1. Халық ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің бастауы. 2. Халықтық бесік жырларының мазмұны. 3. Бесік жыры мен тұсау кесу жырының көркемдік-эстетикалық табиғаты. 4. Төрт түлік мал туралы өлеңдердегі халық даналығы. 5. Жаңылтпаш, өтірік өлеңдер және даналық сөздер - тіл дамыту құралы № 2 дәріс. Тақырыбы: Махамбет жырларының халықтық негізі Жоспар: * Кіріспе бөлім: * Негізгі бөлім: а. Махамбет жырларының халықтық негізі ә. Ақын поэзиясындағы реалистік сипаттар 3. Қорытынды: Жарқын талант,ер жүрек батыр,ісімен де,сөзімен де кейінгі ұрпақтарын таң қалдырған Махамбет Өтемісов қазақ әдебиетінің тарихынан ерекше орын алады. Ол оқырмандарының эстетикалық құмарын қандыратын,ерлік сезімге тәрбиелейтін өзінің асқақ поэзиясын езілуші қара халықтың тілек-мүддесін жырлауға арнады. Сондықтан да оның асыл мұрасы ел жүрегінен орын алды. Әдебиетіміздің өрлеу жолындағы белгілі асқар биігі болды. 18-19ғасырлардағы қазақ әдебиеті өзінен бұрынғы ауыз әдебиетінің негізінде, оның ежелгі дәстүрін дамыта отырып өсті. Махамбет-өзіне дейінгі халық әдебиетінің барлық табыстарын толық меңгеріп,кемшілігін қайталамай,өз бетін, өз стилін айқындап,әдебиетте көрнекті үлгі қалдырған ақын.Оның образдары, сөз тіркестері-кейінгілерге көрнекті өнеге.Махамбет поэзиясының идеялық мазмұнының халықтығы,көркемдік ерекшеліктерінің оригиналдылығы және өткір үздіктігі қашан да болса тот баспайтын саф алтын тәрізді.Сондықтан да ол-заманнан заманға жалғаса беретін шығарма,ол өзінің оқырмандарын да,үйренушілерін де жоғалтпақ емес. Махамбет Өтемісов 1804жылы Батыс Қазақстан облысы,бұрынғы Орда ауданы,Бекетай құмы деген жерде туған Махамбеттің кәрі әкесі-Күлмәлі.Руы жағынан жайық Берішке жатады. Күлмәліден Өтеміс пен Шыбындай туған. Өтемістің баласы көп болған,үлкен ұлы Бекмағамбеттен басқасы түгелдей халық көтерілісіне қатысып,ханға қарсы күресте сөзімен де,ісімен де қару көрсеткен,сол жолда көпшілігі құрбандыққа ұшыраған батырлардың қатарында болған. Махамбет-Өтемістің екінші ұлы.Жасынан бастап-ақ ол өзінің жарқын таланты,әр өнерге қабілеттілігі арқасында айрықша көзге түсіп,ауызға ілінген.Кедей семьясынан шыққан езілуші халықпен біте қайнап бірге өскен, нәзік жанды,жасынан зерделі ақын кедей, шаруаларды әр алуан алым-салықтармен зар қақсатқан билердің шексіз жауыздықтарының түп-тамыры Ордада жатқандығын,олар ұйымдасқан берік бір топ екендігін көзімен көріп,ақын сол ортадан жерініп,зығырданын қайнатып, хан,сұлтанға деген өшпенділігін күшейте түседі. <<Махамбеттің Жәңгірге айтқаны>> атты өлеңінде: Хан емессің,қасқырсың, Қас албасты басқырсың, Достарың келіп табалап, Дұшпаның сені басқа ұрсын! Хан емессің, ылаңсың, Қара шұбар жылансың, Хан емессің,аянсың, Айыр құйрық шаянсың!-дейді.Бұл ақынның Орда маңында жүргенде,бір үлкен жиында бетпе-бет айтқан сөзі.Сонымен қатар,хан,сұлтан,би-феодалдардың өз тарапынан халыққа көрсеткен рухани қысымшылықтары да аз болмаған.Сәл нәрсені сылтау етіп, ат-шапан сылтау айып алулары өз алдына,ондай жазаға құқықтары болмаса да,дүре соғу шазаларын да қолданған.Міне,осылар тәрізді,әрі экономикалық,әрі рухани қысымшылықтардың негізінде шаруалар көтерілісі туды да,ол көтеріліс халық батырлары Исатай мен Махамбетті жарыққа шығарды.Сөйтіп, өзінің аз өмірін халқының бостандығы жолына жұмсаған батыр,жалынды ақын ,ақыры,1846 жылы дұшпандардың қолынан қапыда қаза табады.Сүйегі сол өлген жеріне қойылады.Бұрынғы Қараой,қазіргі Махамбет ойы делінеді. Ақынның шығармалары сан жағынан көп болмаса да,оның сапасы,идеялық көркемдігі жағынан мәні зор.Бір сөзбен айтқанда,Махамбет өлеңдері -19ғасырдың бірінші жарымындағы хан,сұлтан,би-феодалдарға қарсы Исатай бастаған шаруалар көтерілісінің айқын айнасы.Оның өлеңдерін оқығанда шаруалар көтерілісінің алғашқы өрлеу кезеңдері де,күрес жолдарындағы халық батырларының ерлік қимылдары да,көтерілістің апатқа ұшыраған да,күресушілерге жауларының қолданған шаралары да,жеңіліс тапқаннан кейінгі ауыр хал,қиын жағдайлардың бәрі де сол қалпында суреттелінеді. Махамбет - шын мәнінде өз халқын,өз отанын сүйген патриот ақын.Әр сөзі қанаушы хан,сұлтан,би-феодардарға қарсы айтылып, өмір шындығының бір бөлшегі тәрізді көрінеді. <<Жәңгір ханға айтқан сөзі>> деп аталатын өлеңінен бастап қарулы күреске шақырады. Беркініп садақ асынбай, Біріндеп жауды қашырмай, Білтеліге доп салмай, Қорамсаққа қол салмай, Қозы жаурын оқ алмай, Атқан оғы жоғалмай, Балдағы алтын құрыш болат Балдағынан қанға суармай, Қасарысқан жауына Қанды көбік жұтқызбай, Халыққа тентек атанбай, Ерлердің ісі бітер ме? Қай кезде болсын күрес оңайлықпен қолға түпейді. Талай қиыншылық, ауыр азап, зор бейнеттерді бастан кешіруге тура келеді. Ақын бұл жайтты да халыққа ескертіп, үлкен іс, үлкен төзімділікті керек ететіндігін ашық айтты: Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға, Қас үлектен туған кәтепті Қара нар керек біздің бұл іске. Қабырғасын қаусатып, Бір-біріндеп сөксе де, Қабағын шытпас ер керек Біздің бүйткен бұл іске. Махамбеттің шын реалист ақын екендігін көрсететін фактілер тек оған қарсы топтың жауыздықтарын көрсетумен немесе халық басына төнген қара күндерді суреттеумен ғана шектелмейді. Ақын көтеріліс кезіндегі өздерінің істеріндегі қате-кемшіліктерін де жасырмайды. <<Әй, Махамбет, жолдасым>> деген өлеңінде, өзінің қатты сыйлайтын досы, көтеріліс кезінде бедел етіп ұстаған қолбасы батары, кейін өлімін аза тұтқан аяулысы, көп өлеңдерінің өзекті тақырыбы болған Исатайдың өз қателіктерін монологі арқылы өзіне мойындатады. Келешек ұрпақ бұл қателікті қайталамауы керек дегендей ой тастайды: Ауыр әскер қол ертіп, Жас құсты барып төнгеде, Арыстандай ақырған Айбатыма шыдамай, Хан баласы жылады-ай: <<Жанымды қой!>> - деп сұрады-ай; Ақ көңіл аңқау журекпен, Беремін деп мен тұрдым! Көк бедеуді бауырлап, Шабамын деп сен тұрдың... Хан сөзіне сенгенім, Он күн сүрек бергенім Әскерімді таратып, Он бір күнге қаратып, Бекетай құмға келгенім,- дейді. Кейбір өлеңдерінде ақын туған елін, бүгінгі Қазақстан жерінің табиғат байлығының әдемі көріністерін, ен даланың, асқар тау, шыңырау қиялардың айбатты пішінін суреттейді. Өлеңнің көп жерлерінде ақын көшпелі, мал баққан, ит жүгіртіп, құс салып аңшылық құрған өз елінің сахарасындағы жан-жануар, аң- құстарды суреттеуге көбірек көңіл бөледі. Бірақ ел,табиғат байлығын, жан-жануарлар әлемін суреттегенде, олардың тек көркемдік сипатын ғана көрсету үшін немесе тек сұлулық үшін ғана суреттемейді. Мұнда ақын ел тағдырымен байланыста, өзі басынан кешірген қиын қыстау кезеңдердегі ойын, сезімін оқушылары толық сезінетендей ету үшін қолданады. Қысқартып айтқанда, Махамбет қандай ой-пікірді айтса да, қандай өмір құбылысын суреттесе де жеріне жеткізе, ар жағында ештеңе қалмағандай, ол тақырыптарды одан асырып ешкім суреттей алмайтындай етіп суреттейді. Махамбет өлеңдерінің халық мүддесіне арналып, оның ой армандарын жырлауы, жан сезімдерін тербетерлік ерекше көкемдігі, ағыл-тегіл тіл байлығы, тыңдаушы, оқушыларын еріксіз ертетін оптимисттік-романтизмдік сарыны, әрбір сөз образдарының өмір шындықтарына тән болуы ел жүрегінің жылы жерінен орын алады. Ұлы орыс халқының атақты революционер-демократ сыншыларының бірі Н.А. Добролюбов өзінің бір мақаласында әдебиеттің міндетін былай деп баяндайды: <<Жалпы алғанда, әдебиет халық үшін күресетін құралдың бірі, оның міндеті үгітте, ал оның шын бағасы - қалай үгіттеумен дәріптеледі>>. Сол айтқандай, Махамбет поэзиясының ең күшті, ең құнды жағы халық үшін қызмет етуінде, еңбекші бұқараның мүддесін іске асыруға күш салуында. Мұны біз жоғарыда көрсетілген Махамбет өлеңдерінің әлеуметтік мәнін талдаумен байланысты дәлелдеуге тырыстық. Бұл айтылғандардан Махамбет өлеңдерінің жай үгіттік қана мәні болған екен деп ұғып қалуға болмайды. Махамбеттің көркем сөздің ұстасы, шешендіктің үлгісі, адам жан дүниесінің суреткері болуы оның шынайы поэзия жасаушы ақын екендігін, оның туындылары оқырмандарына эстетикалық тәрбие берерлік үлкен құрал екендігін мойындатады. Дәріс бойынша сұрақтар: 1. Халық ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің бастау көзі. 2. Халық ауыз әдебиетінің балалар әдебиетіндегі мәні 3. Балалар әдебиетіндегі бесік жырларының маңызы № 3 дәріс. Тақырыбы: Ы.Алтынсарин - қазақ балалар әдебиетінің атасы Жоспар: * ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті. * ХІХ ғасырдағы бала тәрбиесінің тәрбиелік мәні * Махамбет жырларының халықтық негізі. * Ы.Алтынсарин - қазақ балалар әдебиетінің атасы * Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны. Халықтық шығармалардағы балалар әдебиетінің өсіп жетілуімен қатар, XIX және XX ғасырдың бас кезіндегі жазушылар да балалар әдебиетінің өркендеуіне ат салысып, жетекші роль атқарды. Махамбеттің, Ы.Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың, С. Көбеевтің, С. Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың жас өспірімдерге арнаған бірқатар шығармалары балалар әдебиетінен елеулі орын алады. Сонымен қатар осы тұстағы қазақ балалар әдебиеті орыс_балалар әдебиетінің қазақ тіліне аударылуымен де толығып, жетіле түсті. Өз шығармашаларымен қатар Ы. Алтынсарин мен С.Көбеевтің орыс тілінен қазақшаға аударған балалар әдебиетіне тән еңбектері өте көп. С.Көбеевтің Крыловтан аударып, жеке кітап етіп, 1910 жылы бастырған <<Үлгілі тәржіме>> деген 44 мысал өлеңі мен және басқа көп әңгімелері де қазақ әдебиетінің үлесін толықтыратын және одан ары дамыта түсетін үлкен мұра. Орыс әдебиетінен аударылған мұндай шығармалар қазақ балалар әдебиетінің өсіп, дамуына игі әсерін тигізген. Балаларға патриоттық рух беретін, халық үшін қызмет етуге үндейтін, өз елін қорғау үшін, керек десе, жанын қиюға дейін баруға болатынын іспен көрсететін және үстем таптың озбырлық ниеттерін айқын әшкерелеп, оған қарсы күрес жүргізуге шақыратын Махамбеттің қысқа жазылған мазмұнды шағын өлеңдерінің балалар үшін маңызы ерекше. Махамбет -- ба - лалар әдебиетінің өкілі емес, бірақ Махамбет өлеңдерінің бірсыпырасы балалар мен үлкендерге бірдей ортақ мұра. Балалар психологиясына тән нәрсе -- олардың ерлікті дәріптейтін шығарманы көп оқуы. Өйткені олар мұндай шығармаларға өте тез түсінеді, тез қабылдайды. Балалар әрқашан патриоттық күш-қайрат беретін, өздерін жігерлендіре түсетін шығармалардың ішіндегі кейіпкерлерге үнемі еліктеп отырады. Мазмұны қызықты және оқушысын патриоттық идеяға баулитын шығармалар жастың үлкен, кішілігіне қарамай бәріне бірдей қызмет етеді. Біз <<баланың зейіні нашар, ақылы өткір емес деп ойлаймыз, жоқ, олай емес, баланың тек тәжірибесі ғана жоқ, ал ақылы өткір, қиялы жүйрік екеніне сеніңіз. Үлкен кісілердің кез келгеніне ұғындыра алмайтын алгебраның қиын есептерін он екі жасар бала оқып үйренеді ғой...>>, -- дейді Н. Г. Чернышевский. Бұл пікір әбден орынды айтылған зерттеу қорытындысы. Махамбеттің: <<Ереуіл атқа ер салмай>>, <<Тарланым>>, <<Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі>>, <<Ерлердің ісі бітер ме?>>, <<Толарсақтан саз кешіп>>, <<Айныман>>, <<Қызғыш құс>> деген өлеңдері -- баладардың ойына қозғау салатын, патриоттық рух беретін, оң мен солын танытатын тәрбиелік күші басым шығарма. Мұнымен қатар балалардың жаттап айтуына жеңіл, орамы күшті, әсерлі сөздер мен жанды теңеулер бар. Өлеңнің құрылыс өлшемі шағын, қысқалығы жағынан да ба - лалар үшін ұтымды. Махамбет өлеңдерінің балалар әдебиетіне жақын, ұғымына жеңіл тиетін тағы бір өзгешелігі - онда аллитрация мен ассонанстардың жиі кездесуі деп бағалаймыз. Өйткені қайталанып айтылған сөз көңілге қандай қонымды болса, сөз барысындағы жеке дыбыстардың қайталанып айтылуы да балаларға сондай әсер береді. Ереуіл атқа ер салмай, Еңку-еңку жер шалмай... Егеулі найза қолға алмай, Ерлердің ісі бітер ме? дегенде өлеңнің әрбір жаңа жолының басқы бірінші дыбысы <<е>> деген дауыстыдан басталып, өлеңге ерекше көркемдік сипат беріп тұр. Сонымен қатар, бір дыбыстың еселеніп, қайталап айтылуы сол сөздерге үстеме күшейткіш ұғым да береді. Өлеңді мәнерлеп, ерекше көрік беріп айтудың бұл сияқты түрлері Махамбет шығармаларынан жиі кездеседі. Түн қатып жүріп түс қашпай, Тебінгі теріс тағынбай, Темір қазық жастанбай, Ерлердің ісі бітер ме? -- дегендегі, бастапқы үш жолдың бірінші дыбыстары <<т>> әрпінен басталған. Аллитрация үшін өлең сөздердің әр жолының басқы дыбыстары бір тектес болып келуі ғана шарт емес, сонымен қатар сөйлем ішіндегі әр сөздердің басқы дыбыстары да бір келкі болып айтыла береді. Өлеңнің әрбір сөзі <<т>> әрпінен басталып, <<тебінгі теріс тағынбай>> деп сол сөйлемге ерекше көркемдік сипат беріп тұр. Аллитрация мен ассонанс елең сөздерге көркемдік сипат берумен қатар, қайталап айтылуы жағынан балалардың ұғымына тез сіңіп, ерекше әсер қылдырады. Махамбет өлеңдерінің барлығынан да таптартысының осындай айқын күресі көрініп отырады. Халықты <<Жұртшылықты күреске шақыру, қарулы қимылға үндеу, келешектегі игілікке сендіру -- бәрі де халық қозғалысының алдан үміт күтіп, жақсылыққа жетем деп көзденіп тұрған кездерін аңғартады>> - дейді профессор Қ. Жұмалиев. Махамбет өлеңдерінің біздің қазіргі жастарымызға рух беретіні және тарихи жағдайлармен таныстыратыны осында. Махамбет жырларында Исатай бастаған шаруалар көтерілісінің алдына қойған мақсаттары мен тілектері айқын көрінеді. Махамбет өзінің өлеңдерінде, хан, би, сұлтандардың жауыздығын әшкерелеп, еңбекші бұқараны теңдікке жеткізуді арман еткенін айтады. Бұл өлеңдегі балалар ойына қозғау салып, оларды қызықтыратын бір өзгешелік - Махамбет өз басына түскен қуғын-сүргінді, азапты кісі ұғымына дәл тиетін екінші бір жәндіктер ортасында болатын оқиғаға салыстыра суреттеу арқылы көрсетуінде дейміз. Оқуға да, түсінуге де, жаттауға да да сондайлық икемді жазылған. Тәрбиелік маңыздымен қатар балалар әдебиеті мұрасына енетін Махамбет шығармаларындағы басты-басты ерекшеліктер осындай. Бұл өлеңдер арқылы үлкендер мен кішілерге бірдей қызмет еткен балалар әдебиетінің алғашқы даму, өркендеу, өсу кезеңдерінің қандай дәрежеде болғанын айқын көруге болады. Қазақ балалар жазба әдебиетінің алғашқы қалыптасуы, шыға бастауы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Бұл - тек қазақ халқының бірінші ұлы педагогы, балалар жазба әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің атымен тығыз байланысты. Қазақ халқы жазба әдебиетінің алғашқы шыға бастауы мен оның қалыптасып дамуы бірден қазақ әдебиетінің өзінен бастала қойған жоқ. Шоқан Уәлиханов та, Ыбырай Алтынсарин де, Абай Құнанбаев та өздерінің орыс мектептерінен оқып, хат тануына байланысты,олар алдымен орыс халқының озық мәдениетімен, XIX ғасырда үздік өскен әдебиетімен танысты. Орыс халқының әдебиеті оларға мол әсер қалдырды. Көзін ашып, көңілін оятты, ішкі дүниесіне қозғау салды. Олар орыс әдебиеті мен мәдениетінен мол әсер ала отырып, қазақ халқының түсінуіне жеңіл, әдет-ғұрпына ең жақын шығармаларын аударды. Орыс әдебиеті шығармаларының қазақ тіліне аударылып, хат, қағазға түсе бастауы қазақ жазба әдебиетінің алғашқы бастамасы, бет ашары болды. Абай да, Ыбырай да, беріректегі Спандияр Көбеев те, аударма арқылы үйрене, жаттыға келе өздерінің қолтума шығармаларын да бере бастады. Қазақ жазба әдебиетінің алғашқы шығуы, қалыптасуы осылай басталды. Орыс әдебиетінен қазақ тіліне алғаш аударылған шығармалар көбіне балалар әдебиеті мұрасына енетін, солардың түсінуіне жеңіл еңбектер екенін де көрсетуге болады. Бұған дәлел ретінде Ыбырай Алтынсариннің 1879 жылы басылған <<Киргизская христоматия>> деген кітабына енгізілген аударма шығармаларды айтуға болады. Егер біз өзіміздің баспасөз тарихына көз жүгіртсек те, алдымен осыны байқаймыз. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқында халық ағарту жұмысын бірінші рет қолға алған, сол жолда өмірінің ақырына дейін үздіксіз еңбек еткен жалынды патриот болды. Мәдениеттен артта қалған сауатсыз көшпелі халықтың ауыр тұрмысына зер салып, қатты қайғырды. Бұл -- өте төзімсіз жағдай деп білді. Қараңғылық тұңғиығында тоқырап қалған өз халқын мұндай ауыр жағдайдан құтқарудың жолын іздестірді. Мәдениеттен артта қалған қараңғы елді мұндай тұңғиықтан алып шығудың бірден бір дұрыс бағыты, сара жолы ұлы орыс халқымен араласып, бірге өмір сүріп, бірге тұрып, олардың озық мәдениетінен үйрену деп тапты. Орыс халқының озық мәдениеті мен ілімі қазақ даласына жағылған шамшырақ болар еді деп арман етті. Бұл арманын іске асыру үшін алдымен қазақ елінде орыс-қазақ мектебін ашу керек, орыс-қазақ мектебі мәдениет ошағының ордасына айналар еді деп, сенді. Қазақ халқының ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин бар өмірін халық ағарту жұмысына арнайы отырып, төрт жер - ден уйездік орыс-қазақ училищесін ашты. Бұл училищелер Елек, Қостанай, Торғай, ЬІрғыз жерлерінде болған еді. Жеті-қара, Обаған, Бөрте, Қараторғай, Қарабұтақ деген жерлерден облыстық 5 мектеп және Ақтөбеден бір колөнер училищесін, орыс балаларына арнап 2 мектеп ашты. Ыбырай Алтынсариннің ұсынысы бойынша 1889 жылы Ырғыз қаласында қыздар училищесі ашылды. Бұл -- бүкіл шығыс елдері ішінде әйелдер үшін ең бірінші ашылған оқу орны еді. Ыбырайға дейін қазақ даласында діни медреселерден басқа бірде-бір мұндай оқу орындары болмаған. Ыбырай Алтынсариннің <<діни фанатизмнің күллі көкке ұшады>> деп отырғаны, ол кезде ескі медреседе оқыған балалар өздеріне мазмұны жат діни схоластикаға байланысты сөздерді жаттаумен бастары айналып кететін-ді. Мұндай медреселерден оқудың негізгі манаты балаларға тек намаз сүрелерін жаттатып, құдайға құлшылық ете беруге үйретуді ғана көздейтін. Жас өспірімдердің ақыл-есін дамытуға, олардың сауатын ашуға дін оқуы мүлде көңіл бөлмеген. Қайта дін басылары жаңа типті орыс-қазақ мектептерінің ашылуына мүлде қарсы шыққан. Ыбырай Алтынсариннің түсінігі бойынша, орыс-қазақ мектебінде қазақ балаларын орыс балаларымен қосып бірге оқыту, орыс тілінін, орыс мәдениетін тез үйретудің бірден-бір дұрыс жолы болар еді, орыс халқымен жақындасудың да, достасудың да, оларды аға тұтып бірге өмір сүрудің де айқын жолы осы болар еді деп біледі. <<Шәкірттерім аздап орысша сөйлей біле бастаған кезде, мен оларды осындағы орыс балаларымен араластырып жіберемін. Оған менің заң жағынан қақым бар. Қысқасы, бұл шәкірттерім төрт жыл ішінде мектепті бітіргенге дейін әжәптеуір сөйлеп ол-пұлды біліп қалар деген үмітім зор>>, -- деп жазды Ыбырай Алтынсарин. Халық ағарту жұмысы саласындағы идеясын іске асыру үшін Ыбырай Алтынсариннің өзіне тосқауыл келтірген діншіл фанатиктермен де аяусыз күрес жүргізуіне тура келді. <<Надан жатқан, бірақ әлі азғындық жолға түспеген, пайдалы нәрсенің бәріне жаны құмар халқымызға, шамасы келгенше, қызмет ету біздің әр-қайсымыздың да борышымыз>>, -- деп көзі ашық ел азаматтарына үндеу салған. XIX ғасырдың алғашқы жартысынан бастап, ұлы орыс халқының алдыңғы қатарындағы прогрессивтік өмірді аңсаған ақын-жазушылар баланы жан-жақты барлық нәрседен ха - бары бар -- жақсы азамат етіп тәрбиелеуде балалар әдебиетінің алатын орны зор екеніне мән бере бастады. Ұлы орыс халқының XIX ғасырдағы классикалық мол әдебиеттерімен танысқан Ыбырай Алтынсарин балаларды тәрбиелеуде, оқытуда, олардың ой-санасына қозғау салып, дамытуда өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін алдымен бала - лар әдебиетін жасауға бет бұрып, балалар әдебиеті тақырыбына жазылған орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Алдымен орыс халқының балалар әдебиеті тақырыбына жазылған еңбектерімен таныстырды. Жас ұрпақтарымызға үлгі етіп ұсынды. Бұл -- қазақ халқы үшін, әсіресе оның жас ұрпақ балалары үшін, аса игілікті іс, жаңа бастама. Ыбырай Алтынсарин И. Крыловтың <<Егіннің бастары>>, <<Қарға мен түлкі>>, <<Қайырымды түлкі>>, Л. Толстойдың <<Пол - кан деген ит>>, <<Силинші>>, И.Дмитриевтен <<Екі шыбын>>, орыс хрестоматияларынан, көбінесе Паульсонның хрестоматиясынан, <<Тәкаппаршылық>>, <<Дүние қалай етсең, табылады>>, <<Талаптың пайдасы>>, <<Үш ұры>>, <<Алтын шаттауық>>, <<Аурудан аяған күштірек>>, <<Әке мен бала>>, <<Білгеннің пайдасы>>, <<Асыл шөп>>, <<Бақша ағаштары>>, <<Жаман жолдас>> <<Мейірімді бала>> сияқты көптеген шығармаларды аударады. Ы.Алтынсарин шығармаларының көбі балаларға арналғандықтан алдымен оның тілі жеңіл болуын қарастырды. Қарапайым, халықтық тілмен жазды. Осы кездерде, одан бұрын да қазақ әдебиетіне араласып, шұбарлай бастаған араб, пар - сы, татар, шағатай тілдері ЬІ. Алтынсарин шығармаларына енген емес. Діни сөздер мүлде кездеспейді. Қазақ әдеби тілінің бір тұтастығы мен тазалығы үшін күрескен. Мұның аса қүнды жақтары осы еді, баланың ұғымына қиын тиетін бірде бір түсініксіз ауыр сөздер жоқ. Екіншіден, сөйлем орамдары мейлінше қысқа, көбіне жай сөйлемдер болып отырады. Үшіншіден, жазылған әңгімелерінің көлемі шағын. Төртіншіден, оқиға желісі шұбалаңсыз, баланы жалықтырмайтын әрі қысқа, әрі жеңіл, әрі қызықты болып келеді. Нысанаға тиетін ойларды дәл айтады, бос сөзділік, артық суреттемелер жоқ. <<Балалар кітаптарының беттерін енді дерексіз моральдық өсиеттер, қиялдан шыққан сандырақтар, елжіреген бос сөздер толтырмауға тиіс. Оларға дүние мен адам туралы дұрыс мәліметтер беріліп шындық өмірдің әңгімелері айтылуға тиіс, қоғамды қазір толықтырып отырған және қазіргі балалар өмірге аяқ басысымен кездесетін мәселелер түсіндірілуі керек>> -- дейді. Н.А.Добролюбов, Ы.Алтынсарин шығармаларының барлығы да Н.А.Добролюбов айтқандай, осы талаптарға сай берілген. Онда асыра бағаланған, бұра суреттеген бірде-бір шығарма кездеспейді. Өйткені бала дәлдікті, әділдікті сүйетінін ұлы педагогтар мен жазушылар жақсы түсінген. Бұл жайттерді олар көп зерттеген. Қазақ халқының ағартушыларының бірі ХІХ ғасырдың ақыны, ойшыл қоғам қайраткері, -- Абай Құнанбаев. Абай өзі -- педагог болмаса да, Ы. Алтынсарин сияқты, баланы оқытуға, тәрбиелеуге көп көңіл бөлген, оған зор мән бере білген ақын. Баланы оқытудың да белгілі мақсаттары, алдарына қоятын тілектері барын айтқан. <<Баламды медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім>>, -- дейді Абай. Халық үшін туған ұл -- халық үшін қызмет етсін дегенді басты міндет етіп қояды. Абай халықтың болашақ жаңа қауымына, жас өспірімдерге арнап бір талай өлеңдер жазды, ақыл сөздер айтты. Жас өспірімдерді өнер-білімге шақырды. Абай өз өлеңдерін еріккеннің ермегі еткісі келмей, жастарға үлгі-өнеге көрсету үшін жазатындығын алдын ала ескертіп өтеді. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, -- дейді. Абайдың жас өспірімдерге үлгі-өнеге көрсетуі олардың көңіл күйін оятуға күш жұмсаудан басталады. Одан соң өнер-білімге, ашығырақ айтқанда, орыс халқының үздік мәдениетіне шақыруды мақсат етеді. Мақсатым -- тіл ұстартып, өнер шашпақ, Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ. Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер, Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ, -- деуі осыдан келіп шығады. Абай бұл сөзді <<Жас ұрпаққа, халықтың болашақ тарихының жаңа қауымына әдейі арнап тұрып айтады>>, -- деген еді М.Әуезов>>. Абай өлеңдерінің әрбір жолынан балаларға үлгі-өнеге аларлық насихат белгілері көп табылады. Ол тек құрғақ насихат емес, өмір шындығына, өмірдің қызығы мен шындығы, дүниенің кілті орыс халқында, болашаққа көзіңді ашатын да солар, сондықтан олардан үйрену керек деп ашықтан ашық айтты. Осы идеяны іске асыру үшін мұны да өз шығармасының негізгі арқауы етті. Абай жылдың төрт мезгілін, табиғаттың әсем көріністерін адам өмірімен тығыз байланыстыра суреттеу арқылы оны жастарға тіршілік тірегі деп түсіндірді. Адам өзіне қажетті барлық заттарды, жаратылысты зерттеу, игеру арқылы табатынын, адам өмірі соған байланысты екенін суреттейді. Орыс халқының атақты сыншысы В. Г. Белинский: <<Сіз оларды тамаша дүниенің шексіз әр алуан құбылыстарымен таныстыра отырып, олардың білімдерін байыта аласыз, олардың өмір шындығына көзқарасын кеңейте аласыз... Ал ол үшін балаларға арнап бүкіл дүниеге, бүкіл табиғатқа жан беріп, меңіреу тасты да, қырдың қылтанағын да, сарқыраған бұлақты да, майда қоңыр желді де, гүл үстінде ұшып жүрген көбелекті де, сүйіспеншілік тілмен, өмір тілімен сөйлету ке - рек>>, -- деген. В. Г. Белинский айтқандай, Абай өлеңдерінің балаларға лайықты әсем түрлері алдымен осы табиғат байлығын танытудан, оны адам өмірімен, тіршілік тірегімен бай - ланыстыра суреттеуден басталалы. Өйткені <<Қай жерде өмір болса, сол жерде поэзия бар>>, -- деп А. С. Пушкин айтқандай, Абай да көркемдікті қабылдаудың, сүйсінудің қайнар бұлағы өмірдің өзі деп түсінген. Оның бәрі де еңбек процесі арқылы туатынын да жақсы білген. Адамды қуантатын да, бақытқа жеткізетін де еңбек процесі екенін практикадан да, өмірдің өзінен де көрген. Сондықтан да Абай жылдың төрт мезгілін еңбек процесіне, қимыл, әрекетке байланыстыра суреттеген. Ол тек пейзаждық көркем көрініс емес, адам өмірі тіршілігі мен тығыз байланысты түрде сүйкімді, нәрлі көрінеді. Сондықтан балалар адам тіршілігімен тығыз байланыстыра суреттеген Абайдың <<Қыс>>, <<Жаз>>, <<Күз>>, <<Жазғытұрым>> деген өлеңдерін аса қадірлеп, сүйіп оқиды. Табиғаттың әсем көрінісін суреттеуде қолданған Абайдың шешен тілі, сөздік құрамы, әсем теңеулері балаларды таң - тамаша етеді. Соған сүйсінеді, сүйсінерлік істен үлгі алады. <<Абайдың өмірді аңсаған, өмірді баяндаған поэзиясы, сиқырлап бойды алатын адамгершіл лирикасы, өмір сүйгіш жүректің арманын білдірген оның табиғат, жыл мезгілі, сұлу қыз, құс салу, ат, достық пен махаббат туралы тамаша өлеңдері -- эстетикалық ләззаттың сарқылмас бұлағы>>, -- деп М. Қаратаев айтқандай, жас өспірімдер де Абайдың өмірлі өлеңдерінен эстетикалық ләззат, рухани азық алады. Абайдың осы сияқты педагогикалық және тәрбиелік мәні зор өлеңдері мен ақыл сөздерінде оқушының түсінуіне жеңіл болу үшін екі нәрсені салыстыра айту методы бар. Түсінуге жеңіл болу үшін, өлең жазғанда да көрнекілік мәні бар екі затты қатар қойып, салыстыра жырлауды ірі жазушылар өздеріне зор міндет етіп қойғаны байқалады. Данышпан Абай адамшылықтың ар, намысын, адал еңбек жемісін, адамдар достығын, семья сыйластығын, өнер-білім мұраттарын жырлай отырып бала жайында, бала өсіруші ата мен ана жайында да көптеген ұстаздық өсиет қалдырды. Солардың ішінде Абайдың қара сөздерінің <<Оныншы сөз>> деп аталатын ғақлиясы бала өсіретін ата-анаға арналып айтылған. <<Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді>>, -- деп, мағынасы тар, мардымы аз дүмбілез ұғымды сөгеді. -- Өзіңнен қалған, өзгеден қызғанатын нендей дүниең, қандай еңбегің бар еді, әуелі соны неге ойламайсың>>, -- дейді. Өзіңнің еткен амалың, көрген өмірің айтарлықсыз болса, оған бола мұрасқор тілеп не керек. <<Артымнан құран оқысын деп тілейсің. Өз тіршілігіңде жақсы қылығың көп болса, саған кімнің жаны ашымайды, кім жақсылық тілемейді? Тіршілігіңде жақсы болмасаң, жақсылық ісің болмаса, жұрт сені не қылады? Өлген әкенің күнә сын, яғни кемшілігін, жаманшылығын, балаң қайтып өтейді. Қартайғанда тамағымды асырасын деп тілеу де бос сөз. Қашан да болса өз күшіңе, еңбегіңе сен, балаңнан үміт еткің келсе, сол үмітіңді өзің әзірле. Балаңды соған лайық тәрбиеле. Үмітіңнің ақталарына өз тіршілігіңмен көзіңді жеткіз>>, -- дейді. Кейбір ата-ана өз баласын өзі алдайды. <<Әне, оны берем, міне, мұны берем>> деп қулық жасайды, соған мәз болады. Соңыра баласы алдамшы болса, оны кімнен көреді? Бала тілін қызық көргенсіп, <<Боқта, боқта>> деп үйретеді де, <<Кәпір қиянқы, осыған тимеңдерші!>> деп, оны дандайсытып, тентектікке, әдепсіздікке өзі үйретеді. Абай жастарды тәрбиелеу, оқыту мәселесіне көңіл бөлумен қатар, жолдастық, достық қарым-қатынастар, адамгершілік жайында да іргелі пікірлер айтты. <<Жаман дос -- көлеңке: басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың>>, - дейді Абай. Достықтағы тұрақсыздық, опасыздық, екі жүзділік адам бойындағы ең бір жаман қасиет, ондай жаман әдеттен табансыздықтан жастардың бойын аулақ ұстауды талап етеді. Жас жанның сара көңілі әрқашан әділдікті жақтайтын боп өссін деген талаптар қояды. <<Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас, қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол>>, -- дейді. Кіммен достасудың аралық белгісін көрсетеді? Күнде жиын, күнде той боп жатқандай кейбір кісі қайғысыз, қасіретсіз болады. Осындайлардан, аулақ болуды, осындайлардан жастарды сақтандыруды әрқашан ескертіп отырады. Тоқсан ауыз создің тобықтай түйінін тауып айтады. Балаларға керектісі де сол. Өйткені олар айқындықты, дәлдікті, ақиқатты, сәби көңілін оятып, өзін болашаққа қызықтырып, итермелеп отыратын тұжырымды ойды қажет етеді. Қорытып айтқанда, Абай сөздері мен өлеңдерінің балаларға қымбатты да, қажетті жақтары оның осындай тәрбиелік зор бағасы барлығынан көрінеді. Ол -- сондықтан да қазақ балалар жазба әдебиетінің негізін қалаушы кемеңгердің бірі. Дәріс бойынша сұрақтар: 1.Махамбет жырларының халықтық негізі. Ақын поэзиясындағы реалистік сипаттар. 2.Ы.Алтынсарин-қазақ балалар әдебиетінің атасы. 3.Ыбырайдың өмірі мен ағартушылық қызметі, шығармаларының тәрбиелік мәні. № 4 дәріс Тақырыбы: Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны. 1.Абайдың балаларға лайықты өледері 2.Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны. 3.Абайдың балаларға лайықты өледері ХІХ ғасырдың екінші жартысында туған қазақтың жаңа жазба әдебиетінің атасы, үлкен ойшыл-ағартушысы - Абай Құнанбаев. Ол қазақ әдебиетінің атасы, ұлы ойшыл ғана емес, ұлттар достығын ерте бастап, қазақ даласының Ресейге қосылуын кімнен де болса келелі етіп жырлаған ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері. Абайды біз поэзияда көрінген тұңғыш ағартушы дейміз. Бұл реттен оның есімі Шоқан, Ыбырайлармен қатар тұрады. Абай бұрынғы Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған тобықты руының ішінде 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі Құнанбай, атасы - Өскембай, арғы атасы - Ырғызбай. Аталарының барлығы да ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар. Ақынның бұлардан арғы аталары Айдос, Олжай болады. Олжайдың үш ұлы: Айдос, Қайдос, Жігітек. Тобықтының атақты жуан биі Кеңгірбай - осы Жігітектің баласы. Қайдостан Бөкенші, Борсақ тарайды. Абай Құнанбайдың 41 жасында туған. Құнанбай көп әйелді болған. Үлкен әйелі - қыздай алған Күңке. Бұдан туған баласы Құдайберді. Екінші әйелі - Ұлжан. Ол Құнанбайдың інісі Құттымұхамбетке айттырылған қалыңдық екен. Інісі өлген соң, Құнанбай келінін алған. Бұдан туған балалары: Тәңірберді, Ыбырай (Абай), Ысқақ, Оспан; үшінші әйелі - Айғыз. Одан Халиолла, Ысмағұл деген балалары болған. <<Атадан алтау, анадан төртеу>> дейтін Абайдың өлеңінің мәнісі осы. Құнанбайдың төртінші әйелі - Нұрғаным. Бұдан бала болмаған. [1; 30-35 бет] Ұлжан мен Айғыз бір ауылда болып, Құнанбай осылармен тұрған уақытта екі шешесінің ортасындағы төл баласы Ыбырай болады. Бұл екі шешесінен кейінірек Оспан, Ысмағұл деген екі бала туған. Бірақ олардың жасы Абайдан едәуір кіші. Айғыздың үлкен баласы Халиолла болса, оқуда жүрген. Сондықтан Абай алғашқы балалық шағын екі шешесінің ортасында, жалғыз баланың халінде өткізген. Екі шешеге бірдей бала боп жүргендіктен, сол кездегі үлкендері Абайға <<Телғара>> деп ат қойыпты. Кейін Аабй жеткен уақытта бірталай жеңгелері ертеде қойылған атпен оны <<Телғара>> дейді екен. Абай он жасқа келгенде әжесі Семей қаласына әкеліп, оқуға берген. Бұдан бұрын қырда да Абай біраз оқыған болады. Семейдегі алғашқы берген молдасы Ғабүлжаппар деген татар. Артынан бұдан шығарып, Ахмет Риза деген молдаға тапсырған. Екеуі де мешітте имамдық қылады. Және сол мешіттердің жанында медреселер ұстаған. Оқушы шәкіртінің көбі медреседе жатып оқиды. Оқу әрине ескіше, ылғи дін сабақтары. Соның көбін араб, фарсы тілдерінде оқиды. Жалпы медреселерде кейінгі заманға шейін сақталып келген салтқа қарағанда түркіше оқу, жолшыбай ғана оқылатын қосымша оқу болады. Ұстаз халфелердің бар бейіл бергені - дін діңгегі сияқты болған арабша, одан қала берді фарсыша. Балалық шағындағы өлең жазамын деген талабын: Фаули, Шамси, Сәйхали, Навои, Савди, Фирдоуси, Хожа Хафиз - бу һәммәси, Медет бер я шағири фәрияд! - деп өзі қадірлеген ескі ақындарының аруағын шақырады. Медреседе үшінші жыл оқып жүрген уақытта Абай жалғыз мұсылманша оқумен тоқтамай, Семей қаласындағы <<Приходская школаға>> түсіп, орысша да оқи бастаған. Бірақ мұндағы оқу ұзақ болмайды. Бас-аяғы үш-ақ аймен орысша оқуы бітеді. Мұсылманша оқуы да доғарылады. Жасы 13-ке толғанда, ерте есейіп, ақыл, сезімі ашыла бастаған өткір зейінді, ерекше талапты жас шәкіртке аз да болса, тәрбие беретін мектептің есігі жабылады. Абайдың толық жинағы 1858 жылы жазылған екі өлеңнен басталады. Біріншісі - <<Иузи - рәушан>>, екіншісі - <<Фзули, Шәмси>> бұлардан соң 1864 жылы жазылған <<Әліфби>> өлеңі бар. Ақынның он үш жас пен он сегіз, он тоғыз жастар арасында тудырған шығармалары осы. Абайдың қазақ әдебиетіне енгізген жаңалығының бірі - осы реалистік эстетика алғашқыда ол реализмнен бастап, 1898 жылдары Салтыков-Щедрин ізіндегі үлкен сатирик болды. Абайдың <<Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін>>, <<Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы>> деген өлеңдері бір кездері айтылғандай әдебиеттегі формализмнің, яғни өлеңді қалай жазудың техникасы емес, реалистік эстетиканың программалық ұраны болды. [2; 158-160 б.] Абай поэзиясының қоғамды өзгертуші қызметін алға қояды. Өлеңнің түрі мен ішкі мазмұн бірлігіне де айрықша мән береді. Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын, Қазақтың келістірер қай баласы, - деген жерде соны аңғарсақ керек. Түр мен мазмұн байлығы Абайда орасан биік, классикалық дәрежеге жеткен. Ат суреті мен қыздың кескінін суреттеу реализмнің бастаьмасы болды. Ақынның тілі мен теңеулері халық үлгісінде жасалуымен бірге заттың, адамның портретін өмірдегідей жанды көрсетеді. Абай Пушкин поэзиясынырң үлгісімен (<<Жаз>>, <<Қыс>>) табиғат суретін де жырлайды. Мұнда да айналадағы табиғаттың жандыю суреті реалистік арнада суреттеледі. Сонымен бірге әлеуметтік өмірдің ішкі қайшылығы да жақсы айтылған. Ақынның әлеумет қайшылығын суреттеген бір өлеңі - <<Қараша жел>>. Мұнда ол бай баласы мен кедей баласы тұсында тап қайшылығын жақсы көрсете білген. Байда мейір, жалшыда пейіл де жоқ. Екеуін аңдастырған құдайым - ай, - деген жерде Абай екі таптың арасындағы қайшылықты айтып отыр. 1888 жылы жазған <<Қыс>> өлеңінде Абай бұл қайшылықты әлі толық тани қойған жоқ еді. <<Күз>> деген өлеңінде табиғат суретіндегі жыртық үй, жыртық киім, жыртық үйін жамаған кедейдің күзді күнгі көңілсіз күйін көрсетеді. 1890 жылдар ішінде тап қайшылығы артып, Аабйдың бұқарашылдығы арат түсіп, заман болмысына наразылығы да күшейеді. Ол өзі шыққан таптың тар аясына сыймай, әлеуметтік өмір қайшылықтарын, ескіні де, жаңаны да бірдей аяусыз сынайды. Партиягершілік, екіжүзділік, зорлықшылық, мансапқорлық, өзімшілдік, топастық секілді ұсақ мінездерді дәл тауып, қатты сынайды. Қазақ әдебиетінде ел талаушы болыс бейнесін жасау осы Абайдан басталады. <<Мәз болады болысың>> деген өлеңінде ақын патшаға сатылған жуанның топас, халыққа жау кескінін шенеп көрсетеді. <<Болыс болдым, мінекей>> деген келесі өлеңінде болыстын, екіжүзділігі, халыққа көрсететін қиянаты әшкереленеді. Сол арқылы Абай патша ұлықтарын сынға алады. Ақынның болысқа байланысты әшкерелейтін кейіпкерлерінің бірі -- пысық пен шабарман. <<Сабырсыз, арсыз, еріншек>> атты өлеңінде ол пысық мінезін былайша суреттейді: Еңбегі жоқ, еркесіп, Бір шолақпен серкесіп, Пысық деген ат шықты. Бір сөз үшін жау болып, Бір күн үшін дос болып, Жүз құбылған салт шықты. Пысық кім деп сұрасаң -- Қалаға шапса дем алмай, Өтірік арыз көп берсе, Көргендерден ұялмай. Сыбырдан басқа сыры жоқ, Шаруаға қыры жоқ Өтірік, өсек, мақтанға Ағып тұрса бейне су. Ат-шапаннан кем көрмес, Біреу атын қойса <<қу>>. Абай сатирасының бір күрделі саласы оның 1898 жылы Крыловтан аударған мысалдарына байланысты. Бұл мысалдарды Абай сатриаға әбден ден қойып, сол жанрға қуат беру мақсатында аударған. Абай Крыловтың ғибрат рухындағы мысалдарын, емес, сатиралық өлеңдерін алады (мысалы, <<Қазаға ұшыраған қара шекпен>>, <<Жарлы бай>>, <<Ала қойлар>>). Сол арқылы ХІХ ғасырдың аяғында капитализм туғызған әлеуметтік жағдайды сын семсеріне алады. Қазақ поэзиясында өміршіл, дауылпаз романтизмнің өкілі -- Абай болды. Оның романтизмі 1890 жылдан бастап күш алады. <<Жалау>>, <<Жартас>>, <<Асаутой, тентек жиын, опыр-топыр>>, <<Дұға>>, <<Тұтқындағы батыр>>, <<Мен көрдім ұзын қайың құлағанын>>, <<Теректің сыйы>>, <<Күлімсіреп аспан тұр>>, <<Махаббат, достық қылуға>>, <<Жарқ етпес қара көңілім не қылса да>>, <<Көңілдің күйі тағы да>> сияқты өлеңдері, махаббат жайындағы жырлары, философиялық мазмұндағы басқа да өлеңдері романтизм рухында жазылған. Олар Абай лирикасының ең көркемдері. <<Адамның кейбір кездері>>, <<Өзгеге көңілім тоярсың>>, <<Көкала бұлт сөгіліп>> , деген өлеңдері дүниеге наразы болып бұлқынған, тулаған ақынның жан дүниесін ұлғайтып көрсетеді. Өзтеге көңілім, тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың? Оны айтқанда толғанып Іштегі дертті жоярсың, -- деген жерде ақынның сырласатыны өлең: Не іздейсің, көңілім, не іздейсің?Босқа әуре қылмай, шынынды айт.Шарқ ұрып, тыныштық бермейсің,Сырласалық, бермен қайт, -- деген тұста ақын өз жүрегімен сырласады. Абайдың лирикасы көп болса да, сюжетті дастандары аз. Лермонтовтың <<Демон>>, <<Вадим>> сияқты поэмаларынан үзінділер аударған. <<Мың бір түн>>, <<Әзім>>, шығыс сюжеттерінен <<Масғұт>>, <<Ескендірді>> жырлайды. Бұл поэмаларда Абайдың халықтық идеясы нығая түскен. 1885 жылы туған <<Жасымда ғыылм бар деп>> дейтін өлең Абайдың сол 1880 жылдардың бас кездерінде, ақындық еңбек жолында әр алуан түрде ізденіп жүргенін көрсетеді. Ізденуші Абай, ең алдымен, өзін жаңа үлгідегі ақын етуге жәрдемші болатын ғылымның жайын сөз етеді. Жасында оқыған оқуын, анық ғылым екен деп танымайды. Ендігі Абайдың арман етіп, <<махрұм>> қалдым деп көкірегін қарс айырғандай арман ететін мекені мәлім. 1886 жылдың тағы бір өлеңі - <<Қалың елім, қазағым, қайран жұртымда>> ақын өз халқының сол кездегі тарихи трагедиясын айта кеп дерттенеді. Жоғын жоқтап, мұңын мұңдап отырғаны <<қалың елі қазағы>>. Оны <<қайран жұртым>>деп, бар жанымен ынтыға сүйеді. Алғашы көп тақырыпты, мол өлеңдер жазған жылдың ішінде Абайдың бір топ өлеңі жастарға арналған. <<Интернатта оқып жүр>>, <<Ғылым таппай мақтанба>>, <<Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат>>, <<Бір дәурен кемді күнге>> деген шығармалардың бәрі де - өсиетші, сыншы ұстаз ақынның жас буынға арнап айтқан сөздері. Солардың ішінде, әсіресе Абай шығармасына үлкен жаңалық қосатын өлең - <<Интернатта оқып жүр>>. Бұл өлеңде сыншылдық та көп, қоғам үшін қамқорлық озғын ой да мол. Жаңа буынға басшы болған ақын патшалық системасына да терең сын айтады. Дәріс бойынша сұрақтар: 1. Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны. 2. Абайдың балаларға лайықты өлеңдері. 3. Қарасөздерінде халық ағарту мәселелерін көтеруі. Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары. № 5 дәріс. Тақырыбы: Абайдың қарасөздеріндегі тәрбиелік мәселелер Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары - <<қара сөз>> деп аталады. Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма. Ақынның өз шығармалары ғана емес, Пушкиннен, Лермонтовтан және әсіресе, Крыловтан жасаған аудармаларының тұсында әр алуан өсиет, сын, мысқыл, әжуа, психологиялық, эстетикалық, педагогикалық жайлардан түйіп айтқан нақыл, ақыл, терең ойлар аса көп кездеседі [1]. Кейбір қара сөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылатын ойлар қарапайым, оңай, жеңіл ұғымдармен қайтадан айтылады. Бұл жөнінде Абай өзінің көпшілік оқушы, тыңдаушысымен әңгімелеседі. Және сол әңгіменің үстінде адамгершілік мәселелерінен: әділет, ақтық, турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбекті бағалағыштық сияқты жайларды айтады. Немесе осылардай, адамдық сипаттың жауы болатын, аярлық, жалғаншылық, бәле құмарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өсекші - өтірікшілік, еріншектік, әр алуан арамтамақтық сияқты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол жайларды тыңдаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағын алдымен ойлайды. Айтпақ сөздері мен ойларын мысалдармен келтіреді. Кейде өзінің көз алдында отырғандай, тыңдаушысына сұрақтар береді. Өзі онымен жауаптасып, әңгімелескен кісі тәрізденіп отырады. Мысалдарды қазақтың Абай заманындағы күнделікті болмысынан алады. Сол мысалдарды кейде күлкіге сайып, мысқыл, әжуа халдерді әдейі айқындай түседі. Әңгімесі тыңдаушысына пайдалы өсиет болумен бірге, көңілді айтылып, қызықты боп жетсін деген мақсатты ойлайды. Өзінің адамгершілік, әлеуметшілдік, ағартушылық ойларын айтуда, Абай педагогикалық жақсы әдісті қолданады. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Сатылап отырып үгіт - өсиет асырады. Жиыны барлық қара сөз, біздің аңғаруымызша он - он бір тақырыпқа бөлінеді. Мысалы, бірінші қара сөзінде Абай жазуға қалай кіріскені туралы сөйлейді. Енді бір бөлек тақырып болып, жетінші қара сөз оқшаулау тұрады. Ол - жас баланың психологиясын еске алып талданған сөз. Баладағы білуге ұмтылу жақсы қасиет екенін атаумен бірге, үлкеннің надандығы сол жақсы баланы жаман тәрбиемен қорлап бұзғанын білдіреді. Өзге қара сөздерден және де өз тақырыбынан оқшаулау тұратын он бірінші сөз - ұрпақ турасынан басталып, ұлықтарға қарсы, оларды қатты әшкерелеген сыншының ойын танытады. Халықтың, көпшіліктің өкілі боп отырған азамат жазушы жаңағыдай ұлықтар кесірінен бейнет шегетін ел үшін ширығып, ызалы турашылдық сөздерін сөйлейді. Бұл тексерілгендерден бөлек қара сөздердің ішінде тағы бір қайталай түсетін тақырып - дін мен мораль, тәрбие жайларын қозғайды. Олар: он екінші, он үшінші, жиырма жетінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз сегізінші және қырық бесінші сөздерде. Осы сөздердің кейбірінде Абай құдайға құлшылық етудің мәнін айтып, иман жайын сөз етеді (он екінші, он үшінші сөздер). Бірақ сол мұсылманшылдықтың анық діндік үгітін айта отырып, Абайдың өз оқушысына жеткізбегі - адамгершілік өсиеттер болады. Сол адамгершілік қасиетті адам өзінің жаратылыс сырымен қоса бағалап, түсінсін деп ойлайды. Сондай түсінік адамды адамгершілік биік сатыға көтереді дейді. Осы ойына тіреп, дерек етіп (жиырма жетінші сөзінде) әдейі ұстаздық, тәрбиешілік ниетпен Сократ сөзін береді. Өлең шығармаларында адамгершілік, тәрбиелік терең ойларды қозғағанда айтатын қорытынды түйіндерін осы арада тағы келіп табады. Сөйтіп, анық айқын діншілдік үгіт сияқтанып басталған сөз ақынның өз ұғымындағы үлкен моральдық философияның тәрбиелік талаптарына келіп қосылады. Ақынның өсиеттері мен қара сөзде көрінген ұстаздық мақсаттар екеуі де осындай тұстарда табысып кеп, үнемі бір сағаға қосыла құйылып жатады. Осылайша топталып, тексерілген қара сөздердің тақырып бойынша құралатын ендігі бір мол түрі тағы бір топ сөздерде көрінеді. Олар: он бесінші, он жетінші, он сегізінші, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма сегізінші, отызыншы, отыз екінші, отыз төртінші және қырық төртінші сөздер. Бұнда әр алуан түрде қайталап келіп отыратын бір тектес тақырыптар бар. Сол ортақ тақырыптар адамның адамдық қасиеттерін тереді. Үлкен адамгершілік, ақтық, тазалық, азаматтық жөніндегі тәрбиелік ойлар айтылады. Он сегізінші сөзінде және де қысқа қайырып, адамды адам етіп өсіретін, ұлғайтатын ақыл, ғылым, ар мінез деген ой түйеді. Жиырма бесінші сөзінде қазақ халқынан қадірлі азамат, қауымға пайдалы қайраткер шығару үшін орыс оқуының ерекше бағасын қадірлеп айтады. Оқушы өзі үшін емес, халқы үшін еңбек ететін адам болсын дейді. Бірақ осы сөзінің ішінде және осыдан бұрын жазылған жиырма екінші сөзінде Абай бірнеше қайшылық пікірлер айтады. Орысша оқып жүрген жастардың ішінде жақсы атаның баласы аз оқыды деп, екіұдай ұғым қалдырады. <<Жақсы ата>> деп Абай тұсындағы жалпы ұғымды алсақ, - жуан атаны да ұғынуға болад. Немесе Абайдың өзіндік сыны бойынша - үлгі берер, жеке жақсы атаны айтты деуге де болады [2]. Қорыта келгенде, Абайдың қара сөздері - оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына дейміз. Абайдың өз тұсында болған тарихи шындықпен, қоғамдық құрылыспен, күнделікті сан алуан надандық, қанаушылық, озбыр зұлымдық атаулының барлығымен байланысты туған шығармаларды көрдік. Қара сөздердің бағасы - Абай заманындағы жағдайды, тарихи шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып береді. Рас, біздің заманымыз үшін Абай сынап, суреттеп отырған ортаның барлық болмысы, барлық дерті және Абайдың сол ортада отырып, күнделікті өмірмен байланысты атап отырған мақсаттары, кейбір ұсыныс ойлары - бәрі де ескірген. Біздің қоғам үшін Абай өмір кешкен тарихтық орта мен қоғамдық шындықтан мүлде алыста, артта қалған дүние. Осы тұрғыдан қарағанда, қара сөздердің арманы мен мазмұны, мұраттары тек тарихтық жағынан бағалы деу керек. Екінші - Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес. Бұл жағы айрықша таратып, талдауды қажет етпейтін түсінікті жайлар. № 6 дәріс. Тақырыбы: С. Көбеев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов шығармаларындағы ел, жер тағдыры, ұлттық сана түсінігі. * Алаштың ардақтысы Спандияр Көбеев * Ахмет Байтұрсынов шығармалары 3. С. Көбеев шығармашылығы және жанрлық ерекшелігі ХХ ғасырдың басы - қазақ халқының көркемдік ой-пікірінің тарихында айрықша із қалдырған кезең. Бұл кезде ұлттық әдебиет ұлы Абай мен Ыбырай негізін салған демократтық, ағартушылық бағытты әрі қарай дамыта отырып, оны жаңа ғасыр күн тәртібіне қойған міндеттерге лайық жаңғыртты.Әдебиет тақырыбы кеңейді.Ол әлеумет ісіне араласып, қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістерге өз үнін қосты.Қазақ халқының тағдырына алаңдаған ой-пікір иелері әдебиметті алға ұстап, соған қосылып сөйледі.Сөйтіп Міржақып пен Ахметтің <<Оян,қазағы>> мен <<Масасы>> тек әдебиет сүйгіш қауымды ғана емес, бүкіл ұлтты оятты. Ахмет пен Міржақып бастаған осындай үрдісті С.Торайғыров, М.Сералин, С.Көбеев, С.Сейфуллин, С.Дөнентаев, М.Жұмабаев,Б.Майлин тағы басқалар жалғастырып әкетті. Солардың шығармалары арқылы ғасыр басындағы қазақтың көркемдік ойы толысып, жетілді.Халық өмірінің шындығы қаншалықты ауыр және әрқилы болса, оның көркем әдебиеттегі көрінісі де түрліше еді.Бұрынғы әдет- дәстүрге қосылып, олар дәуір жаңалығын әдебиетке әкелді.Фольклорлық үлгіні жалғастырған қиссашыл- дастаншыл ақындар, айтыс шеберлері мен әнші- ақындар заман тенденциясын аңғарып, соған бейімделді.Әдебиет мазмұны байыды.Әдебиет жазу өнерінің тың үлгісіне бет бұрып, жанрларды туғызды.Осындай ұмтылысқа, ізденіске үн қосып, халықтық, демократтық ойларды жалғастырған, ғасыр басындағы халық өмірінің шындығын көркем тілде бейнелеуге ұмтылған таланттар ішінде Спандияр Көбеевтің де елеулі орны бар.Ол алғашқылардың бірі болып ұлттық әдебиетімізде көркем прозаның орнығуына, оның әр тұрғыда ізденуіне үлкен үлес қосты.Спандиярдың жазушылық өнегесінде Ыбырай Алтынсарин тәрбиесі айрықша сезіледі.Ол да, оның замандасы, ақын және аудармашы Бекет Өтетілеуов те Ыбырай мектебінің түлектері еді.Олар алған білімін жас ұрпақты тәрбиелеуге жұмсаған ұстаздар болды да, осы жолда ағарту ісіне көркем әдебиетті пайдалана білді.Өздері шығармалар жазды, орыс және әлем әдебиеті үлгілерін қазақшаға аударды.Ыбырай үлгісімен оқу құралдарын жазды.Мұның бәрі үлкен әдебиетке баратын жол еді.Және ол әдебиеттің ағартушылық бағытын тереңдете ұстанған жалпы әдеби дамудың бір саласын құрады.Қазақ даласына алғашқы үлгідегі халықтық мектептер ашу тарихындағы Ыбырай еңбегі бүгін әркімге аян.Оның қандай қиыншылықпен іске асқаны да белгілі. Бұл мектептерде оқу жаңалыққа құлақ түріп отырған жаңа заман жастарының қай-қайсысына болса да арман еді.Әсіресе, Ыбырай өзі қызмет еткен Торғай, Қостанай өңірінде ұлы ағартушы ұстаздың атағы да, ісі де кең жайылған-ды.Спандияр да осыны армандаған.Әкесімен бірге көрші ауылдағы бір тойға барып, сонда Ыбырайды көру баланың оқуға деген ынтасын ерекше арттырып жіберген оқиға болды.Бала талабын әкесі де құптаған.Алтынсарин сол ауылда мектеп ашу ісін көтеріп жүр екен.Халықтан қаржы жинап, мектеп ашу мәселесі шешілгенімен, оның жүзеге асуы созылыңқырап барып тиянақ табады.Жас Спандияр сол мектепке барып оқиды. Әуелде тізімге жазылған Спандиярды мектеп ашылған күні барса, тізімнен өшіріп тастапты. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында Спандияр Көбеевтің көрнекті орны бар. Қазақ жерінде ашылған алғашқы орыс мектептерінен тәрбие алған ол өзінің барлық саналы өмірін туған халқының мәдениет пен білім жолында ілгері ұмтылуына жәрдемдесуге арнады. Жаңа үлгідегі қазақ мектептерінде сабақ беріп жас ұрпақты орыстың тілі мен әдебиетін, мәдениетін үйренуге баулыды. Бұл саладағы қызметін Спандияр ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік үлгісімен жүргізді. Би-болыстардың қырына ілінген қыңыр әкенің кесірінен мектепке іліге алмай қалған кедей баласын алғаш орналастырған да Торғайдың оқу инспекторы еді. Ұлы ұстазы алдында жаутаңдап, оның мейірімділігі мен кең пейіліне риза болған Спандияр ішінен соған ұқсауды армандаған-ды. Ыбырай секілді халыққа пайдалы азамат болу, өз білімін елін ағартуға жұмсау Спандиярдың өмір бойғы арман-тілегі еді. Спандияр Көбеев 1878 жылғы қазан айының 1 күні Қостанай облысы, Боровский ауданының Ақсуат ауылында кедей шаруа семьясында дүниеге келген. Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған ауылдық мектепте сауат ашып, Қостанай қаласында мұғалімдер даярлайтын курсты 1901 жылы бітірген. Осы жылдан бастап өмірінің соңына дейінгі 55 жылын ұстаздық қызметке жұмсады. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын <<Орындалған арман>> (1951) атты мемуарлық кітабында баяндады. Жазушы шығармасында бастан кешкен дәуірдің нақты тарихи деректерін негізге ала отырып, әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды шынайы суреттеді, көптеген адам образдарын бейнеледі. Көбеев ұстаздық жұмысы мен жазушылық қызметін тығыз байланыстыра жүргізді. Өзі оқытқан шәкірттерінің кластан тыс оқуына арнап орыс жазушылары мен ағартушыларының бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударып, <<Үлгілі тәржіме>> деген атпен жеке кітап етіп бастырды. 1912 жылы Спандиярдың <<Үлгілі бала>> атты кітабы шықты. Бұл - бастауыш мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді. Ұлы ұстазы Ыбырай үлгісін пайдалана отырып ол бұл кітапқа өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, табиғаттың түрлі құбылыстарымен таныстыратын, өсімдік, жануарлар әлемі туралы білім беретін әр алуан қызықты қысқа әңгімелер кіргізді. Спандияр Көбеевтің қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен орны - оның революциядан бұрынғы әдебиетте прозаның тууына, ондағы роман жанрының қалыптасуына сіңірген еңбегімен байланысты. 1913 жылы Қазанда басылған жазушының <<Қалың мал>> романы қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш көлемді прозалық туынды болып саналады. Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнеленумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген. <<Қалың мал>> романы - тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма. Жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер мінезін даралап көрсеткен. Спандияр Көбеев екі рет Ленин орденімен наградталған. Өз дәуірінің прогресшіл талап-тілектеріне жауап беруге тырысқан, орыс мәдениетінің жаршысы бола білген және ұлттық әдебиетте тұңғыш роман жазған Спандияр Көбеевтің есімі ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің тарихынан құрметті орын алады. Ахмет Байтұрсынов - Қазақ қоғамының қайраткерi, ағартушы, ғалым-лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашы. Араб графикасының негiзiнде Қазақ әлiпбиiн жасады. Торғай уезi болысының Тосынскасында 1873 жылдың 28 қаңтары дүниеге келдi. Оның әкесi тәуелсiз және тәкаппар адам болды. Ахметтің өмiрі ащы сабақты, ол каторгаға жiберiлген әкеден айырылып жоқшылықтың тауқіметін тартқан он үш жасар жас өспiрiм болды. Бұл болып шықты Байтұрсын Шошак - болған Ұлы, даңқты батыр Умбетеяның немересi, бағынбады полковник Яковлевке оязған және, оның аттан қағысып ұрған артынан. Сауаттанға Ахмет ауыл молдаларында. Орыс - Қазақ училищесiнiң аяқтауларынан кейiн ол Оренбургке жолға шықты және Қазақ мұғалiмдерiнiң мектебiне түстi. 1895-1909 жылда Актюбинсктiң ауыл болыстық училищелерiнде, Қостанай және уездтердiң Қарқаралысын сабақ бердi. Ғалымның әйелi орыс болды. Ахмет Байтұрсынов Қостанай уездтегi жұмыс уақытындалары үйде Александр Ивановнаға жақсы көретiн орманшыда өмiр сүредi. Оларды үйлендiрдi. Брак оларды Қостанайда мұсылманша болған, өз аттары және фамилияны өзгерттi, Бадриссафой Мухаметсадыковна Байтұрсынова ат қойыла бастады. Олар ол мұғалiм орыс - Қазақ мектебiнде жұмыс iстейтiн Қостанайларда өмiр сүрдi. Келесi жылға Омбы, содан соң 1907 жылға дейiн болатын Қарқаралыларға көштi. Ол содан соң түрмеге тұңғыш рет жасалды. Ахмет Байтұрсынов Омбыда 1896 жылда солтүстiк облыстарындағы мектеп iсi сол кезде басшылық еткен Алектовпен танысты. Бұл Достықтар оған көп бердi. Алекторов оның Ильминскийдiң қызметiнiң просвещенскойына тiркедi. Ол күрестiң өз жолын өз халығының қиын жағдайы және орнаған сауатсыздықты көре бiржолата таңдайды және емес Қазақ жұтаңырақ Қазақ қоғамын дабылдайды, дәстүрлiлiк емес, жалпы адамдық өркениеттiң алабындағы Жаңа өмiр. Байтұрсынов таза оқытушылық мiндеттермен қанағаттанбады. Ол ауылдар бойынша барды, бiлiм берудi пайдаға адамдарын үгiттедi және олармен сол жiктелдi, не туралыды армандады. Байтұрсыновты бекзаттық үкiметтiң аяусыз отарлаушы саясаты және халықтың алдында өз сөз сөйлеулерiнде апарады оны батыл әшкерелеген түсiндi. 1905 жылдың төңкерiсi оның белсендi әсерлерiне итермеледi. Ол 1905 жылдың бiрiншi орыс төңкерiсiн Қарқаралыда кездестiрдi. Және осы кезден бастаптар саяси қызметке белсене қосылады. Петицияның құрастыруындағы оның қатысуы бiрiншi талапта жердi экспроприацияны Қазақтарда тоқтатуға декларация жасайтын акциясымен, қоныс аударушылардың ағынын тоқтаттырып, халық земстволарын құра бастады. Православиенiң отырғызуын саясат теңестiрушi салмаққаның мұсылман халықтарының ынтымағына шақыру сонымен бiрге естiлдi. Петицияны цензурасыз газет, шағылатын дума және Қазақ халығының ынтасының шығаруы, мемлекеттiк аппараттағы iс жүргiзудi жүргiзуге бiлiм берудi жаңа жүйесiн ұйымдастыруды, шешу және сот органдарының Қазақ тiлiнде де ескердi. Бұл ойла Қазақ халығына тұқымдарды тастады және интеллигенцияның көп өкiлдерiмен қостаған. Ол осы кезден бастаптар барлық дiт халықтың санасының оянуларына бағытталды. Ескертiлген петиция Жақып Ақпаевпен және iрi саясатшымен, ғалым-экономист Әлихан Бөкейхановты құқықтың бiрiншi Қазақ магистрiмен бiрлесiп талқылау атақты Қоянды жәрмеңкесiнде 1905 жылдың 26 шiлдесiн жазылды. Бекзаттық әкiмшiлiктiң әсерлерiнiң әдiлдiктiң iздестiруi және сынағыштығы iзсiз өте ала алмады. Мұғалiмдiк қызметпен сол кезде шұғылданған Ахмет Байтұрсыновты 1909 жылда семей түрмеге 8 айларға сотсыз жаңадан жасалды. Ол манадан берiлер озбырлығы бар ашық күреске өтедi, бостандық туралы өлеңдер халық бастырығы бар күреске дабылдай жазады. Байтұрсыновты 1913 жылда Қазақ газеттi Оренбургте ашады. Жақында оның шығаруына Әлихан Бөкейхановты тұтасады және бастаушы авторлар бiр болып қалыптасады. Орынбор губернияның жандарм басқаруын басшы Қазақты газет туралы 1914 жылдың 24 қарашасынан Торғай губернаторына өз хатындағы Бабич генерал-майорсын белгiлейдi : Сахаралық облыстардың аграрлық сұрағы маман I Мемлекеттiк думаның мүше бұрынғы белгiлi белгiлi Әлихан Бөкейханов iрi қызметкерлердiң газеттерiнен. Ахмет Байтұрсыноваға мұндай көрнектi қайраткерлер және Миржак Дулатов ақындардың Қазақтың газетi, Шокарим Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, Жүсiпбек Аймауытовты айнала нығайтуға сәттi болды және көп басқа. Энергиялар және мұндай газеттiң көрнектi қайраткерлерiнiң күштерiне арқасында қоғамдық шығару болды. (замандарға бойынша аз емес сол ) газеттiң сегiз мыңыншы тиражы толқитын мәселелер халыққа дейiн алып жүруге мүмкiндiк бердi. Ахмет Байтұрсыновтың (1913 жыл ) Қазақтың газеттiң нөмiрлерi бiрдi жазды : <<Мәселемен Қазақ ұлттарының өткiрленiнiң болу өзi. Бұл жангештi сөздер қапылыста емес онда жұлқынды. Жылдамдатылған екпiндердi XX ғасырдың басындалары елдiң еуропалық бөлiгiнен шаруаларының азиялық шығыстың отаршылдығы және қарқынды қоныс аударулары жүрдi. Қазақтарды 1916 жылдағы нәтижеделерi жақсы топырақтардың гектарлары 40 миллиондарды айрылды және бедеу далаға және тау ығыстырған. Әсiресе ашықтан-ашық және айуандық ықтиярсыз бағалар бойынша даладан көптiкке малдарды шығарғанда бiрiншi әлемдiк соғыстың егделерi Сахаралық өлкенiң тонауы болды. Күймелi арбалар және бекзаттық әскерге арналған киiздердiң тартып алуы жүргiзiлдер. Славян колонисттарға арналған жаңа жерлердiң алып қоюын бiр уақытта дайындалды. Егер осыған әлеуметтiк бастырық, жазасыздық және шенеулiктердiң ауыр салмақтары қосса, онда түсiнiктi, Ахмет Байтұрсынов деген не адамдар, тарабында қала алмады болып жататын. Газет 1917 жыл 5 жылдар-шы өмiр сүрдi. Ол сол уақыт iшiнде иональноға бас болды - қоғамдық-саяси және ғылыми - әдеби шығарумен. Және егдеден қапылысталар емес Сталин тазалауларында егдеден қапылыста Қазақтың газетiнiң қызметкерлерiнiң үстiнде мейiрiмсiз жазаны жасалды. Жүрiстеймiн кеңес басқару азамат соғысыдым, 1919 жылдың 4 сәуiрiнен БОАК қаулыны тартуға ұмтыла төңкерiстiң тарабына бiлiктi маманады шығарады, жеке алғандайды қатысу қарсы азамат соғысыды кеңес өкiметуге қабылдаған (Қазақтар ) қырғыздар бұрынғы ұлттық қырғыз үкiметiнiң мүшелер және қызметкерлерi сонымен бiрге ешқандай да қудалауға және жазаға бұрынғы өз қарсы революция қызметiне алашордады жатпайтында айтылды. Алашорда үкiметтiң көп жетекшiлерi қаулының осыдан кейiндерi кеңес өкiметiнiң тараптарына өттi. Ахмет Байтұрсынов төңкерiс және қырғыздарды бапта 1919 жылдың тамызында жазды : <<Ресейдiң халықтарының декларацияның жариялауы баспен санауға боладуға дұрыс айтады Қазаққа ықыласты қатынасты ұлттық сұрақты, мен жора-жолдастар, бiздер тыныштандыруға шын жүректене аламын колчактiң кеңес өкiметуге қалай жаңылмадық. Мейiрiмсiз қысымшылықтардың толқыны дегенмен Қазақстанға да қопарылып құлады. Нәтижеделердi зақымданды, ең алдыменмен, хал-қадерiншесi бойынша келесi жылдарда ол қызмет көрсеткен кеңес өкiметтерi тарап өткен Қазақ көркем-өнер интеллигенттерi. Мұндай Сейфуллинолардың Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Сакенi, Маңызды шығынның тағы басқаларын Мағжан Жұмабаев Қазақстанның ғылым және әдебиеттерiн апаратын адамдардың жоюымен. Тиiстi атап өтуi керек : кеңес өкiметi бiлiм берудi дамытуға арналған күштердi аямады. Ерекше iлтипат әйел-қазақтарға бiлдiрдi. 1930-31 оқу жылдарында отырықшы аудандардағы жалпыға мiндеттi оқуын енгiзiлдi, тұрғынды Кочевi бар аудандардың 1931 жыл-шысынан. Мәдени өрлеудi үдеуге үлкен ықылас ұлттық интеллигенцияның көп қайраткерлерi көрсеттi. Үлкен мәлiмдiлiгiнiң сол жылдарында жазылған пайдаландыБiрнеше шығаруларды жылдар тектi сөз, надандықты жоюларды жүйеге арналған оқулықтар, 20 шыдаған суреттi әлiппе бойынша оқу құралдары Ахмет Байтұрсыновпен. жылдар е 20-30-шi Қазақстандағы ғылымның қалыптасуын мерзiммен сонымен бiрге болды. Тарих, нәсiл туралы ғылым, өлкенiң экономикасының зерттеулерi және табиғи ғылымдардың iрi орталығымен Қазақстанның зерттеуiн қоғам болды. Табиғи жұмыста - георгафической, этнографиялық және тарихи - тағы басқаларды С.Асфендияров, А.Затаевич, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов көрнектi ғалымдар аралас қоғамдар археологиялық секциялармен. Қазақстандағы жылдары солдарда Алаш жасау бойынша жасырын қызметтi айып тағатын төңкерiлiске дейiн интеллигенцияның қайраткерлерiнiң қудалауы басталды, - ордалық қозғалысы. 1920 жылда Ахмет Байтұрсынов тұтқындалды. Ол Архангельскке жiберген, қыз Шолпаны бар әйел - Томск облысына. Ахмет Байтұрсынов Е.Пешковалар комиссияда сонда қызыл крестуге жұмыс iстеген өтiнiш бойынша 1934 жылда бiрақ босатылды. Ол 1937 жылдың қазанында дегенмен жаңадан тұтқындалып және жаңадан атып тастаған. С. Көбеев шығармашылығы және жанрлық ерекшелігі Белгілі <<Қалың мал>> романының авторы С. Көбеев оқытушылық пен жазушылық қызметін қатар жүргізді. Өзінің барлық саналы өмірін, ақыл ойын халық ағарту ісіне арнаған. Қостанайдағы екі жылдық педагогикалық курсты бітіріп, бастауыш мектепте оқытушы болуға право алған Спандияр өз аулына аттанар алдында: <<Алдымда туып өскен аулым мәдениеттен кенже қалған қараңғы ауыл. Менің ендігі өмірім сол ауылда өтпекші. Сол ауылда қолымнан келгенше мәдениет шамшырағын жақпақшымын... Жас жеткіншектерді оқытып, олардың көзін ашып, ғылым жолына мәдениет соқпағына түсірермін деп асығып келемін>>, дейді. Өз ұстазы Ы. Алтынсариннің жолын қуған Спандияр елге келісімен ақ, бала оқыту қызметіне кірісті. Оқытудың жолдарын методтарын іздеді. Оқытушылық қызметін алғашқы күндерінен бастап ақ, Спандияр оқушыларын ұлы орыс халқының мәдениетімен, оның классикалық әдебиетімен таныстыруды қолға алды. И. А. Крыловтың қырық төрт мысал өлеңін аударған <<Үлгілі тәржіме>> деген атпен 1910 жылы бастырып шығарды. Осы арқылы жас ұрпақтарды өнер білімге, әділеттілікке, адамгершілікке тәрбиелегісі келеді. Мінез құлықты түзетудің құралы ретінде пайдаланады. Осымен қатар озбырлық еткен үстем таптың қиянатын, пасықтығын әшкерелеудің құралы етті. С. Көбеев <<Үлгілі тәржімеден>> соң, мектептерде және мектептен тыс уақыттарда оқылу үшін 1912 жылы <<Үлгілі бала>> деген атпен бірінші, екінші кітаптарын бастырып шығарды. Бірінші кітабында 62 тақырыпқа жазылған, екінші кітабында 32 тақырыпқа жазылған өлең мен әңгімелері бар. Бұлардың бірқатары аударма болғанымен балаларды оқыту, тәрбиелеу процестерімен тығыз байланысты болғандықтан, С. Көбеев оқуға керекті материалдарды өзі іздеп табуға, немесе өзі жазуға мәжбүр болды. Қажеттілік оны соған сүйреді. Баланың сауатын ашып, хат танудың бірінші құралы, бірігші басқышы ана тілі мен балалар әдебиеті болғандықтан, Спандияр оны өзі құрастырды. Шығарма мазмұны мен оның идеясы және мақсаты балаға мейлінше түсінікті болу үшін қойылған сұрақтар бойынша оны қайталаудың, есте сақтаудың қажеттігін де жазушы педагог ұмыт қалдырмаған. Балаға жан жақты тәрбие беру үшін кітабына енгізген шығармаларының тақырыбы әралуан болуында ескерген. Қазақ даласына салына бастаған жаңа типті мектептер үшін мұның өзі алғашқы адым, алғашқы бастама ретінде өте қажетті кітапқа айналды. Ы. Алтынсарин сияқты оның шәкірті С. Көбеевте оқылуға қажетті маериалдарды іздестіруде, құрастыруда, өз тұсынан жазуда болсын алғаш рет орыс әдебиеті мен орыс мәдениетін өзіне үлгі етті, содан үйренді. Алдымен орыс әдебиетіндегі бай мұрасын зерттеп, соның балаларға қажеттісін аударды. Оны балаларға үлгі етті де оқытты. С. Көбеев <<Орындалған арман>> атты кітабындағы <<Тойда естіген әңгіме>>, <<Молда алдында>>, <<Зорлық>>, <<Үміт сәулесі>>, <<Құлақ естігенді, көз көреді>>, <<Бөлтіріктер>>, <<Ауыр қаза>> тағы басқа әңгімелер ауылдағы бұрынға мектеп өмірі мен бүгінгі ауыл жайын толық таныстырды. Ол кезде мектеп салудың қаншалықты ауыр екені, салынған мектеп болса, онда тек үстем таптың балалары ғана оқу керек деген теріс қағидалар болғанын теріс суреттейді. Тозығы жетіп келе жатқан мұндай теріс қағидаларға қарсы сол кезде қазақ арасынан бірен саран шыға бастаған. Ы. Алтынсарин сияқты үлкен интеллегенттердің күрес жүргізгенін баяндайды. Сондықтан бұл әңгімелер де балалар әдебиеті мұрасына үлкен үлес қосқан тарихи және тәрбиелік маңызы бар шығармалар. Қорыта айтқанда, бар өмірін халық ағарту жұмысна сарп еткен, қазақтың ұлттық мектебі үшін оқулық жазған, бала тәрбиелеу, оқыту саласында үздік көзге түскен, республикамызға еңбегі сіңген мұғалімнің әдеби мұралары қазақ балалар әдебиеті тарихынан өшпестік орын алады, сонымен қатар С. Көбеевтің <<Үлгілі бала>>, <<Үлгілі тәржіме>> атты кітаптарындағы еңбектері балалар әдебиетіне қойылатын талап тілектерге берілген творчестволық жауап деуімізге болады. Дәріс бойынша сұрақтар: 1. А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі. 2. XXғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті . 3. Көрнекті балалар ақын-жазушылары. 4. С.Көбеев, а.Байтұрсынов, М.Дулатов шығармаларындағы ел, жер тағдыры ұлттық сана түсінігі. № 7 дәріс. Тақырыбы: А. Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі. Кезінде репрессияға ұшырап, мерт болған боздақтар қайта тірілді, сөнген жанып, жоғалған табылды. Алыптар қайта оралды. Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қалыптасқан дәстүрлі құжаттар бойынша айтқанда, қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. Ахметтің "Өмірбаянында" көрсетуінше: мешін жылы, 1872 жылы туған, № 5 ауыл, Тосын болысы Торғай уезі. Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық-зорлыққа шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз начальнигі Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты - дүние-мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылу. Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 жылдың 1 маусымынан бастап мұғалім болады: Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды. Кейін екі сыныптық мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жинайды. Ел ішінде оқыған, еркін мінезді батыл ойшылдың бедел-атағы өсе бастайды. Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкий жарлығы бойынша Қарқаралыдағы екі сыныптық училищінің меңгерушісі Ахмет 1909 жылы 1 шілде күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан нақақ 8 ай бойы азап-қорлық көріп, торығады, қиналып ширайды, күреске белді бекем буады. Бостандық аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазады. Ақыры Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы 21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. Бұдан кейін Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, қызықты, қажырлы кезеңдер басталып кетеді. 1913-1918 жылдар арасында "Қазақ" газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан-алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогреске, өнер-білімге үндейді. Алаш қозғалысы тұсында (1918-1919 жылдың басы) Ахмет Байтұрсынов жаңа өткел, соны өріс іздейді. Ұлт азаттығы жолындағы күрес басшыларының бірі болады. Азапты толғаныс, күрес эволюциясынан өтіп барып, 1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт интеллигенциясының кейбір өкілдерін өзімен бірге алып, қазақ халқының мүддесі үшін қызмет етеді деген үмітпен Кеңес өкіметі жағына өтеді - Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық Комитеттің мүшесі ретінде оның жұмысына белсене араласады. Республика халық ағарту комиссары, Бүкілодақтық Орталық Атқару комитетінің мүшесі, Коммунистік партия мүшесі (1920-1926 жылдар), Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Ташкент, Алматы жоғары оқу орындарында профессор болады, сөйтіп жаңа заман үшін күреске кіреді. Арман ақталмайды. Кеңес өкіметі патшаның отаршылық саясатын жалғастырады. Алаш зиялылары қуғынға түседі. Осылайша большевизм қылышынан қан тамған кезеңде Ахмет Байтұрсынов әуелі 1929 жылы бір ұсталып, абақтыға қамалып, лагерь тепкісіне түсіп, ұзақ азап көріп, 1936 жылы қайтып келгенмен, 1937 жылы тағы репрессияға ұшырап, 1938 жылы атылды. Ұлы жүректің ауыр тағдыры осындай, ал толық өмірбаянын жазу үшін көптеген архив деректері, замандас естеліктері, тарихи материалдарға сүйену қажет. Қазіргі қолда бар дүниелердің ішінде оның өзі орысша жазған "Жизнеописание" (1929, 8 наурыз), "Биография" (1929, 21 тамыз) деген материалдар айрықша бағалы. Бұлар Алматы университеті архивінде сақталған. Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік істері өз заманында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана емес, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше. Кезінде Ахмет Байтұрсынов, оның ғылыми еңбектері туралы орыс ғалымдары проф. А.Смайлович, Е.Поливанов бағалы пікірлер айтқан болатын. Ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткерінің өмірі, шығармашылығы, әлеуметтік қызметіне байланысты маңызды еңбектер, негізінен, оның туғанына елу жыл толу мерейтойы тұсында жарияланды. "Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамы еңбектерінде" (Орынбор, 1922) орыс тілінде екі мақала басылды. М.Дулатовтың "Ахмет Байтұрсынұлы (биографиялық очерк)" мақаласындағы тарихи фактілер, деректер күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ақиқатқа жүгінгенде, бұдан кейінгі уақыттарда А.Байтұрсынов өмірбаяны туралы жазған авторлардың бәрі де осы еңбектің материалдарын пайдаланғанын көреміз. Мақалада тұңғыш рет ақын, ғалым, публицист, қоғам қайраткерінің туған уақыты, кіндік қаны тамған жері, ол ортаның басты сипаттары, білім алған ошақтары, қызмет еткен орындары, әлеуметтік қызметтері, саяси-қоғамдық көзқарастарының өзгеруі, сан алуан эволюциясы жан-жақты ашылып берілген. Ал екінші мақалада А.Байтұрсыновтың ғылыми еңбектерін, әсіресе тіл саласында ендірген жаңалықтарын саралауға арналған. Мәскеуде 1929 жылы "Коммунистік академия" баспасынан шыққан "Әдебиет энциклопедиясының" 1-томында А.Байтұрсынов: "Аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогі... Ол - қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы" деп бағаланып, негізгі өмірбаяны беріледі, қоғамдық-әлеуметтік қызметі айтылады. Өз уақытының аласапыран құбылыстарын бағалау, болашақ алыс өрістерді көруге келгенде жас Мұхтар Әуезов даналығына таң қалмасқа болмайды. Алмағайып ағыстарға малтығып, қалың тұманда адаспай, Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнына қатысты дәл бүгінгі күнмен үндес, орайлас пікір-тұжырымды жігіт-желең, 25-26-лардағы балғын ойшыл қалай тауып айтты екен деп таң қаласың: "Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, "Қырық мысал", "Маса" еңбегі, "Қазақ" газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істелген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты біз ұмытқанда да тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім дауласпайды". ("Ақжол", 1923, 4 ақпан), - деп жазады ол. Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнын, оның әлеуметтік-қоғамдық істерін, дүниетанымдағы ерекшеліктерін өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін айтқан адамның бірі - Сәкен Сейфуллин. Ол "Еңбекші қазақ" газетіне (1923 жыл, 30 қаңтар) "Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды" деген арнаулы мақала жазып, онда былай дейді: "А.Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан өз заманында патша арам қулықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губернатор, соттарға күшін сатып, тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызметтерін қылды". "Қырық мысал", "Маса" кітаптарын, "Қазақ" газетіне редакторлық еткен еңбектерін, Алаш кезеңін, артынан компартияға кіргенін түгел шолып айта келіп, мынандай түйін түйеді: "Қалай болса да жазушы аз ғана, әдебиеті нашар қазақ жырларына оқу һәм тіл құралдарымен қылған қызметі таудай... Елуге келген Ақаңды шын көңілден құттықтап, өмірінің ұзақ болуын тілеймін". Түркістан республикасы Орталық атқару комитеті мен Түркістан Орталық партия комитетінің газеті "Ақжол" 1923 жылғы 4 ақпанында шыққан 270-санында: "Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап әліппе мен әріп, тіл һәм оқу құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ақаң еді. Ұлт қамы дегенді көксеген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді", -- деп жазылған. Бұдан кейінгі уақыттарда, әділет принциптері бұзылып, адамшылықты таптаған зұлмат жылдар, нәубет, селебе, қан қырғын - репрессиялар басталған кезде, көп нәрсе мүлде бұрмаланды, "байтал түгіл бас қайғы" дейтін күндер туған. Ол шақта Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерін талдап, тарихтағы орнын көрсетпек түгіл, атын атаудың өзі - қылмыс, азамат басын жұтатын, абақтыға апарар жолға айналды. Бірақ сонда да ескі газет-журналдарды, архивтерді ақтарған, көне кітаптарды оқыған сұңғыла жандар алдынан тұтас тау сілеміндей болып Ахмет Байтұрсынов мұрасы шығар еді; көзі - қарақты, қайрат-жігерінен, азаматтығынан айырылмаған аға буынның кейбір есті өкілдері, кейде оңашада, алды-артына бір қарап қойып: "Ақаң былай деген ғой" деп суырыла жөнелер еді. Профессор Бейсенбай Кенжебаев сынды жуас, момын көрінгенмен, іштей берік, қазақ әдебиеттану ғылымында тарихи мектепті негіздеген батыр ойлы ғалым өз шәкірттерінің біріне: "Мынау Ақаң жазған "Әдебиет танытқыш", әдебиет теориясы. Мен 40 жыл сақтадым. Сенің диссертацияңа байғазы болсын. Қалған уақытта сен сақта. Бірақ байқа. Уақыты жетпей айқайласаң, таяқ жейсің. Аруақтың киесі ұрып, кесапаты тиюі мүмкін. Шарапаты тиетін уақыт келер. Ол күнді мен көрмеспін. Сендер көресіңдер. Мықты жерге тығып қой" деген екен. Жас, өр кеуде, тұяғына тас тимеген шәкірт өмірде талай теперіш көріп, таяқ жеген, дана ұстаз тілін алды дейсіз бе. Ақаң кітабы, ондағы пікір-байлам, ой-тұжырым, жаңалық - табыс туралы айтып та, жазып та жіберген. Жұрт білмей ме, көрмей ме, көрсетпей ме, білген, көрген, көрсеткен. Сонда тұмсығы тасқа тиген шәкіртіне ұстазы айтқан сөз: "Ескерттім ғой, - болмадың. Енді оқасы жоқ. Шыда! Мұндайда еңбек етсең ғана еңсең көтеріледі". Қазақстанда Байтұрсынов есімін ауызға алуға да, жазуға да тыйым салынған уақыттарда түркологтар тарапынан оқта-текте ол туралы бірен-саран пікірлер айтылып қалып жүрді. Әсіресе академик А.Кононов еңбегі қалың көпшілікті елең еткізді. Аты шартарапқа мәлім, беделді тілші ғалымның редакциясымен және алғысөзімен Мәскеуден 1974 жылы шыққан "Отандық түркологтардың библиографиялық сөздігі" кітабында Ахмет Байтұрсыновтың туған жылы, өскен ортасы, ата-бабасы, білім алған мектептері, қызмет еткен орындары, әлеуметтік-қоғамдық қызметі, басты еңбектері нақты айтылып, ол "араб алфавиті негізінде жетілдірілген қазақ әліппесінің авторы, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, сол сияқты әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазды" деп тарихи тұрғыдан әділ көрсетілді. Кейбір қазақтың "қырағы" оқымыстылары бұл пікірлермен келіспей өз ұлтшылымызды өзіміз әшкерелейміз" деген пікір айтты. Қазақстан азаттық алғанға дейінгі Ахмет Байтұрсынов туралы жазылған пікірлердің сілемі осындай. Күрделі тұлғаның өмірі, ғылыми, әдеби мұрасы жайлы тілшілер -- Ә.Қайдаров, Т.Қордабаев, Р.Сыздықова, С.Кеңесбаев, әдебиетшілер - Қ.Мұқамедқанов, Р.Нұрғалиев, тарихшылар - К.Нұрпейісов, М.Қойгелдиев, С.Өзбеков, жас ғалымдар - А.Мектепов, Ғ.Әнесов, Б.Байғалиев т.б. еңбектері шыға бастады. Бір томдық шығармалары, үлкен көлемді "Ақ жол" (құрастырған Р.Нұрғали), "Тіл тағылымы" (құрастырған Р.Сыздықова) кітаптары басылды. Дәріс бойынша сұрақтар: 1. А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі. 2. <<Қырық мысал>>, <<Маса>> жинақтарының әлеуметтік санаға әсері. 3 <<Тіл құралы>>, <<Әдебиет танытқыш>> еңбектерінің қазақ тіл біліміне, әдебиеттану ғылымының негізін салуға қосқан үлесі. № 8 дәріс. Тақырыбы: М. Дулатовтың шығармаларындағы әлеуметтік тақырып мәселесі. Дулатов Міржақып (1885 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы - 1935 жылы туған, Карель АКСР-ы (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы), Беломорск ауданы, Сосновец темір жолы стансасында жерленген, 1996 жылы еліне әкелініп, қайта жерленді) - көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. 1920-жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көнкеті өкілі. Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген (1902 жылы). 1902-1911 жылдары Торғайда, Қызылжарда мұғалім, 1911-1918 жылдары <<Айқап>> журналында , << Қазақ >> газетінде қызметкер, 1917-1918 жылдары <<Алаш>> партиясын, Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі болып, Қазақ мемлекетін құру ісіне белсене атсалысты. 1920-1928 жылдары << Ақжол >> газетінде ( Ташкент қаласында ) редактор, Семейде сот қызметкері, Орынбор қазақ ағарту институтында оқытушы, Қазақ мемлекет баспасында саяси редактор, <<Еңбекші қазақ>> газетінде жауапты хатшының көмекшісі. 1928 жылы желтоқсанда репрессияға ұшырып, 1935 жылы айдауда жүріп қайтыс болды. 1988 жылы 4 қарашада ақталды. Дулатов Міржақып әдебиет пен мәдениетте жаңа демократиялық бағыттың кеңінен орын алып, дамуына зор үлес қосты. Бұл идея <<Оян, қазақ! >> атты өлеңдер жинағында (1909 жылы) қуатты ұран болып естілді. <<Бақытсыз Жамал>> атты тұңғыш романы (1910 жылы) , <<Азамат>> (1913 жылы), <<Терме>> (1915 жылы) тағы басқа жинақтары, <<Бүркіттің иесі>> поэмасы (1917 жылы), <<Балқия>> пьесасы (1922 жылы), <<Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов>> (1914 жылы), <<Ахмет Байтұрсынов>> (1922 жылы) атты мақалалар, сондай-ақ әдебиет, мәдениет, тарих, этнография мәселелері жөнінде жүздеген мақалалар мен зерттеулер жазған. А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың шығармаларынан кейбір туындыларын қазақ тіліне аударған. Міржақып Дулатов - библографиялық көрсеткіштің ( 1-2 бөлімі, 1926 жылы) , <<Есеп құралы>> (1921 жылы, кейін 8 рет басылды) мен <<Оқу құралы>> атты оқулықтардың авторы. Оның шығармалары мен оқулықтары қазақ даласына кеңінен тарап , өлке халқының оянуына , саяси күреске араласуына үлкен әсерін тигізді. Міржақып Дулатов - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалын көсемсөз шебері. Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Сарқопа болысының үшінші ауылы. Әкесі Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер-тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі Дәмеш ойын-тойдың базары, әнші кісі болған. Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен 12 жасында айырылып ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, <<ауыл мұғалімі>> атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты халін көріп, түңіледі, тебірене толқиды. Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, <<Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш>> деп, бар дауысымен жар салады. Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді. Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: <<Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты>>, - деп, жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс-әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты - түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: <<Оян, қазақ!>> деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен <<маса>> болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ерте оянып, ерте есейген өр мінезді Міржақып қашанда күрес шебінің алдында болды. Жалынды сөзімен де, тындырымды ісімен де, жеке басының жүріс-тұрысымен де ол өзінен кейінгі жастарға әсер етіп, оларды халық ісіне алаңсыз берілуге үндеді. Оның публицистикалық толғауларынан шағын өлеңдеріне дейін, <<Бақытсыз Жамал>> романынан газет-журналдардағы шағын мақаласына дейін халық мүддесіне арналды. Сонымен қатар ол жастарды тәрбиелеу жөнінде көп ойланып, көп еңбектенді, халықтың пайдалы әдет-ғұрпын сақтауға, елін, жерін сүйетін тәрбие беруге күш салды. Жазушылық, қоғамдық қызметке педагогтік міндетті қосарлап көтеруі де Міржақыптың халқын беріле сүйетіндігінің айғағы еді. Ел бейнетіне өгіз болып жегіліп, ертеңі үшін жанын қиған Жақаң: <<Ем таба алмай дертіңе мен ертеден, Сол бір қайғың өзегімді өртеген. Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден, Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай>>, - деп дүниеден арманда кетті. Дәріс бойынша сұрақтар: 1. Ж.Аймауытовтың ағартушылық, педагогикалық бағыттағы ғылыми еңбектерінің мәні. 2. Ж.Аймауытовтың психология,әдістеме, эстетика саласынан жазған ғылыми еңбектерінің танымдық негізі. 3. Балалар әдебиетіне қосқан үлесі. Дәріс № 9 Тақырыбы: Қазақ балалар драмасының шағын түрлері. Қазақ балалар драмасының шағын түрлері. Қандай болмасын жанр өз ішінен шығармада суретелген өмір шыңдығының мазмұны мен ауқатына қарай ішкі түрлеріне жіктеледі. Осындай табиғи процесс балалар драматургиясынан да байқалып жатады. Жалпы драмаға қарағанда , балалар драматургиясында шағын түрлері едәуір орынға ие болады. Бұл тұтастай алғанда балалар әдебиетінің төл ерекшеіктерінен туындап жатады. Сол себепті де қазақ балалар драматургиясының дамуы көлемді пьесалармен бірге шағын түрлерінің тууына әкелді. Қазақ әдеби- музыкалық қойылымдар сияқты ұсақ түрлері де дами түсті. Әсіресе, мектеп, балабақша өміріндегі дәстүрлі мерекелердің көбейе түсуі ұсақ драмалық шығармалардың көптеп тууына себеп болды./1, 41 б./ Қазақ балалар драматургиясының ұсақ жанрларын топтасақ, Қ. Ыдырысовтың 1963 жылы шыққан <<Ойнайық та ойлайық>> жинағына кірген интермедиялары мен инсценировкалары алғаш болып көзге түскен. Интермедия дегеніміз концерттік қойылымдар арасындағы көрсетілген шағын күлкілі пьеса, немесе көрініс. Қ. Ыдырысовтың аталған кітабына кірген алғашқы интермедия <<Танысу>> деп аталады. Бұл шағын қойылымда Болат Орақты дұрыс сөйлеуге , ұқыпты киінуге таза жүруге баулиды. Орақтың сахнаға алқам - салқам киімімен қалай - болса солай келуі, сөзін Ұмытып қалуы салақ балаларда жиі кездесетін сипттар болуымен ерекшеленеді. Ал, <<Ешкімді де бермейміз>> интермедиясы халық ойыны <<Айгөлек>> негізінен жазылған. Мұнда балалар екіге бөлініп, өз жетістіктерінен ортаға салады. Шағын көріністе ойын элементтерінен бірге айтыс та қамтылған. Қ. Ыдырысовтың аталған кітабына енген интермедиялардың көбі жұмсақ шешу түрінде, ойын түрінде келеді./1, 56 б./ Балалрға арналған шағын драмалық шығармалардың көбі ойнақы, жеңіл қалжыңға құрылып, тәрбиелік мақсатты орындауға бағыталған. Жазушы - ұстаз Ә.Табылдиевтың мектеп өміріне арналған интермедиялары көбіне эстетикалық - этикалық дүниетанымдық мақсаттарды қамтиды. Ә. Табылдиевтың интермедияларындағы кейіпкерлер туралы: Күлдірген мен Бүлдірген Кейіпкерлердің тұрақтылығы ұсақ драмалық шығармаларда жиі кездесетін құбылыс. Автор екі тұрақт ыкейіпкерлердің көмегі арқылы әдеп, әдет, адамгершілік, экология, эстетика - этика ,дүниетанымдық және т.б. көптеген тақырыптарда әңгіме өрбітеді. Ә.Табылдиевтың <<Бір үзім нан>> интермедия сынды балаларға нанды қадірлеу, оны аяққа баппау керектігін көрсетеді. Шығармада сонымен біргег нанның қасиеті туралы тақпақтардан үзінді келтіреді. Ә.Табылдиев шығармаларында пьеса кейіпкерлері сахна төрінен көпшілікке ой тастап, оларды да әңгімеге тартып отырады./1, 65 б./ Кейінгі кезде мектеп сахнасына арналып жазылған сктчтер мен шағын драма түрі ретінде дамып келеді. Скетчтер сатиралық ойын - сауық кештерінде қойылатын шағын көріністі шығармалар. Белгілі бір рөлді ойнаушы баланың юморлық қабілетін скетч дамытып, оның сөйлеу түрінің ұшқырлығын нығайтады, ой - санасын , психологиясын өрбітуге қызмет атқарады. Қазақ балалар драматургиясында скетчтердің туып, қалыптасуына Қ. Ыдырысов, Ә. Табылдиев сияқты жазушы - педагогтар үлкен үлес қосты. 1970 - 80 жылдардағы барлық балаларға арналған шығармалардағы сияқты скетчтердің де негізгі тақырыбы жақсы оқу,тәртіпті болу мәселелеріне құрылған./1, 75 б./ Қазақ әдебиетінде М. Әуезовтің <<Еңлік - Кебек>>, <<Абай>>, Ә. Нұрпейісовтің <<Қан мен тер>>, Ш. Айтматовтың <<Ана- Жер- Ана>> инсценировкалары кейіннен таңдаулы пьесаларға арналды. Жазушы Ә. Табылдиев мектеп бағдарламасындағы эпостық жырлардың инсценировкаларының үлгісін өз еңбектерінде көрсетіп жүр. Инсценировкалар арқылы эпостық шығармалардың эстетикалық, этикалық тарихи және көркемдік мәнін ашу құр оқығаннан әсерлірек болмақ Балаларға арналған шағын драмалық шығармалардың көбі актілі пьесалар. Шағын пьесалардың ерекшелігі олардың ойды нақтылы, тез жеткізуінде және ле оқиғаның тез басталып, жедел өрбуінде. Драматургия әдебиет жанрларының ең қиыны. Сөйлеу тілімен ғана сомдалатын көркем шыңдықты көрерменнің жас ерекшелігіне бағындыра отыру талабы да тағы бар. Шағын пьесалардың оқырмандар мен көрермендерге жол табуы балалар газет - журналдары арқылы болып отырады.Әсіресе, <<Балдырған >>, <<Қазақстан пионері>> кейіннен <<Ұлан>>, <<Пионер>> кейін <<Ақ желкен>> басылымдарының беттеріне шыққан шағын пьесалар оқушы балалар үшін , мектеп сахнасы үшін маңызы зор болды. Осындай алғашқы шағын пьесалардың бірі- А.Сатаевтың <<Айға сапар>> деп аталатын шығармасы. Пьеса 1960 жылы <<Балдырған>> журналында жарық көрді. <<Айға сапар>> пьесасына балалардың ойын кезіндегі шағын тартыстары негіз болған./1, 76 б./ 1920-30 жылдардағы әдебиетке баға бере келе ғалым Р. Нұрғалиев была й дейді: <<Қазақ драматургиясының төркінін іздегенде, ең алдымен ұлттық әдебиет үлгілеріне ден қою қажет. Жанрдың жалпы заңдылықтарын, драматургия сабақтарын Еуропа нұсқаларынан үйренген қаламгерлер, өмірлік материалдарды сұрыптап, шығарма мақсатына орай папйдалануға келгенде - ана топырағындағы дәстүрлерді ілгері жалғады>>. Аты аталып, талданған ертегілік тақырыпта жазылған балаларға арналған туындылардың сол кездегі басқа да балаларға арналған пьесалардан биік тұруы ұлттық ерекшеліктің сақталуында. Балаларға арналған шағын драмалық шығармалардың көбі бүлдіршін жасындағылар мен төменгі сынып оқушыларына арналған. 1970 жылы жазылған осындай шығармалардың бірі - С. Омаровтың <<Ақымақ арыстан>> деп аталатын пьесасы. Пьесаның тақырыбы бір қарағанда бірлік, ынтымақ, жауыздық, сатқындық тартысына құрылғындай көрінеді. Автор аталған күштердің қақтығысы арқылы бейбіт өмір идеясын алға шығарады. Автоор бүлдіршіндерге таңдап алған кейпкерлері көмегімен олардың іс - әректтері арқылы түпкі бейбітшілік идеясының мәнін ашқан. Ақымақ арыстан пьесасындағы аңдардың ешбірі жақсы қырынан көрінбейді. Арыстан - ақымақ, мақтаншақ, даңғой. Түлкі - қу, аяр. Қасқыр - қомағай, озбыр. Мысық - жағымпаз, шағыстырғыш. Қоян - қорқақ тағысы тағылар осылай кете береді. Алайда, автор аңдардың жағымсыз қылықтары арқылы балаларды ондай іс - әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелейді. Балаларға арнап пьеса жазып журген жазушылардың бірі- Е. Елубаев. Оның <<Асар>> атты пьесасы қуыршақ театрына арналып жазылған. Пьесаның тақырыбы бірлік, достық мәселесін қозғайды. Пьесада қазақ ұлтына тән ұлттық реңк және қазіргі заманның жаңалықтары қатар алынып бір арнада тоғысқан. <<Асар>> деген пьесаның аты - ақ ұлттық дәстүрден хабар беріп тұрады. Асар сөзі кейінгі кезде қолданылмай кеткен сөз. Сондықтан автор кейіпкерлерінің бірі тауықтың ауызымен асар сөзінің мәнін былай деп түсіндіреді: Менің ақылым: Осы күні ағайын - бауырдан да, Артық жақынын. Көршілерді шақыр асарға. Күрке жасарда, Пьеса ұйқасқа ненгізделіп жазылған. Тілі жеңіл. Сондықтан да баланың ойында тез сақталып, кейбір үзінділері олардың жаттап алуларына мүмкіндік бар./1, 80 б./ Балаларға арналып жазылған тақырыптардың ішіндегі көп пьеса арналған тақырып жаңа жыл тақырыбына арналған <<Аяз ата кәмпиті>> пьеса бүлдіршін жасындағыларға арналған. Пьесаның кейіпкерлері аз, әрі таныс бейнелер: қасқыр, түлкі, Аяз ата, Ақшақар. Бұл бүлдіршіндердіің оқиғаны тез қабылдауларына, әрі жалықпауына көмектеседі. Шығарма оқиғасы бірінен кейін бірі туып дамып отырады. Пьеса Әйбәт деген баланың тәтесінен жаңа жыл қалай келеді дегенде: <<Жаңа жыл жаяу келмейді. Аяз Ата деген атасының арқасына мініп, өлең айтып келеді>>,- деп бала түсінігіне сай жауап береді. <<Әйбәт: Қандай өлең айтып келеді? Маржан: Жүр, Жана Жыл жүр Әйбәт күтіп тұр Тез бармасаң жүгіріп, Жылағалы тұр, -деп тура біздің үйге келеді>>. О.Әубәкіровтің қуыршақ театрына арналған екі бөліміді комедиясы <<Қожа мен спорт>> деп аталады. Автор бұл пьесада балаларға жалқау болмауды, спотрпен айналысуды насихат етеді. О.Әубәкіров пьесаларының ерекшелігі бала түсінігіне сай жеңіл, ойнақы тілмен жазылуында. Мәселен , Алтыншаш үзеңгіні Қожаға таныстырып : <<Кішкентай ған тостаған Мені көтеріп тастаған Деген жұмбақ осы үзеңгі болады Атта қаладағыдай лифт болмайды>>,- дейді./1, 82 б./ Осының өзінде автор үзеңгінің не екенін балаларға түсінікті тілмен айтып өтеді. Апасы мен атасына келген Қожаның күні бойы ұйықтауы оның Жалқау апамен кездесуіне әкеледі. Қожа апаның тілін алып, жаттықпай - ақ спортшы болғысы келеді. Бірақ Жалқау апа берген дәрінің күші көпке жетпей бітіп қалады. Қожа бокстан жеңіледі. Спорт ағайдың және Алтыншаштың көмегі арқылы Қожа жалқау апаны да, қарсылас боксшыны да жеңеді. Спорт, Жалқаулық деген сияқты бейнелерді жандандыру бала ұғымына сай шыққан. <<Қожа мен Спорт>> пьесасы өз мақсатына жеткен туынды дей аламыз. Пьеса ұйқасқа ққұрылып, өлеңмен жазылған. Ұйқышы Қожаның әжесі Ажардың оятқанда айтқан: Айналайын баладан Тауып алған даладан Тауып апты атасы, Алып кепті апсы Елеңдеп ерте тұрмайтын Тек сол ғана қатасы Тұра ғой, Қожа Тұра ғой. Ә Табылдиевтың <<Жаңа жыл келеді>> деген ертегі пьесасы жаппай қарлануға қарсы бейбітшілік тақырыбына арналған туынды. Қатысушылар: Ертекші, Аяз Ата, Декабрь, Жаңа жыл, Ақша қар, Жезтырнақ, Шырша, Жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатқан орман. Шыршалар Жаңа жыл кешіне дайындалып жатқанын Жезтырнақ естіп мерекені болдырмауға тырысады. Жезтырнақ: Болмайды! Соғысшыл мені қолдайды, Бар байлық соның жолында, Соғыс пульті қолымда. Шырша: Аяз ата! құтқарыңыз пәледен, Апат болып ! Бүлінбесін бар әлем. Көмекке келген Аяз Атаны ең алдымен Жезтырнақ алдамақ болады: Саған мені жіберді зиялы көп, Дос болайық! Ешкімге зияным жоқ! Ал, Аяз ата Жезтырнақтың кім екнін біліп қойғанда, ол бірден алыса жөнеледі. Аяз Ата: Аязбын шытырлаған Аязыммен қатырармын! Жезтырнақ: Әй, маған беріл бұйырамын, Әйтпесе бомбаларға сиынамын. Жаңа жылды тойлатпаймын! Жаңа білдім ойлап жайын: Декабрьді бөгеп қалам!>> Алайда, Уақыт, Декабрь, Аяз ата үшеуі бірігіп Жезтырнақтың өзін бомбаға мінгізіп ұшырып жібереді. Соңы жаңа жылдық мерекеге ұласады. Пьесаның жалпы идеясы жақсы, бірақ автор сол идеяның мәнін аша алмаған. Пьесада құрғақ сөз өте көп, әрекет аз./1, 81 б./ Қорыта келгенде балаларға арналған драмалық шығармалардың шағын түрлері көбіне бүлдіршін жасындағылар мен төменгі сынып оқушылары үшін жазылған туындылар екені айқындалды. Мұның өзі баланың жас ерекшелігіне, оның психологиялық жетілу мен таным- түйсігіне байланысты болып отырғанын естен шығармау абзал. Дәріс бойынша сұрақтар: 1. Қазіргі балалар драматургиясы. 2. Балалар драматургиясындағы ұлттық рең, дәстүр мен жаңашылдық, стиль ерекшелігі. 3. Өмір шындығын көркемдік тұрғыдан игеру ауқыиының кеңдігі, образдар табиғатының күрделілігі, адамгершілік мәселелерінің өткірлігі. 10 дәріс. Тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров және балалар әдебиетіндегі жаңа бағыт. XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және тарихи-әлеуметтік оқиғаларға, қазақ, жеріндегі өзгерістерге өзінің азаматтық, ақындық үнін қосқан талантты қазақ ақындарының бірі - Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ақын өмір сүрген тарихи кезең патшалық Ресей жеріндегі алапат сілкіністер мен төңкерістер заманы еді. Сол себепті де Сұлтанмахмұттың ойсанасы ерте оянды. Жасынан жетімдік пен жоқшылықтың қиындығын көп көрген ол айналасына сергек қарады. Алдына биік-биік мақсаттар қойды. Соған жетуді ойлады. Ілгері ұмтылды. Оқуға, білуге құштар болды. Мақсатын, жүрек қалауын қашанда ашық айтты: Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға, Разымын, не көрсем де осы жолда. Шаршармын, адасармын, шалдығармын, Бірақ бір табамын деп көңілім сонда, - деп өзі айтқандай, ақынның барлық саналы өмірі шындыққа, әділетті заманына жетсем, жақсылықты көрсем, халқыма осы жолда қызмет етсем деген ізгі арманның жетегінде өтті. Сол жолда өзінің қиналатынын, шаршайтынын, адасатынын сезсе де, қайраткер ақын оның бәріне көнуге өзіне-өзі серт береді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында осындай жігермен алға ұмтылған ол туған халқының тарихындағы от жүректі ақын әрі қоғам қайраткері, ұлтын шексіз сүйген азамат дәрежесіне көтерілді. Өмір жолы. Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 29 қазанда қазіргі Ақмола облысының Қызылту ауданында туады. Екі жасында анасы өліп, әжесінің тәрбиесінде болған оның балалық, жастық шағы Баянауыл өңірінде өтеді. Кедейлігінен "Шоқпыт" атанған әкесі Әбубәкір ақ көңіл, жомарт әрі айтқанынан қайтпайтын қайсар да қайратты адам болады. Сұлтанмахмұт алты жасында әкесінен оқып, хат таниды. Бұдан кейін де Шоқпыт бірде өзі оқытып, енді бірде ауыл молдаларына беріп, баласының оқуын үзбейді. Болашақ ақын 1902-1903 жылдары - Әлі, 1904-1905 жылдары - Тортай, 1906-1907 жылдары Мұқан деген молдалардан дәріс алады. Сұлтанмахмұт үшін әсіресе Мұқан молданың тәрбиесі ерекше болады. Мұқан молда көп оқыған, әдебиеттен хабары бар, өзі де аздап өлең жазатын адам болады. Оқушыларын үнемі қазақ ауыз әдебетінің, шығыс әдебиетінің үлгілерімен таныстыра отырып, шәкірттерін өлең жазуға баулады. Сұлтанмахмұттың он үш жасында жазылған "Секілді өмір қысқа, жарты тұтам" - деп аталатын алғашқы өлеңі, міне, осы Мұқан молданың ықпалымен туған еді. Секілді өмір қысқа, жарты тұтам, Надандар деп ойлап жүр өмірді ұтам. Аз өмірді ақындық жолға бердім, Лепес қып түкірген соң молда Мұқан, - деп жазады бұл өлеңінде болашақ ақын. 1908-1910 жылдары Сұлтанмахмұт Баянауылдағы медреседе оқиды. 1911 жылы Троицк қаласынан көрші ауылға келіп, молдалық құрған Нұрғалидан дәріс алады. Нұрғалидың көмегімен бұл кезде ол қазақ, татар тілінде шыққан кітаптарды, газет-журналдарды көп оқиды. Өлең, әңгіме жазуға ден қояды. Білімі толысып, өнерге құштарланған Сұлтанмахмұт қаламынан бұл кезеңде "Дін", "Сарыбас", "Соқыр сопы", "Кезек қашан келеді", "Оқу" атты бірқатар өлеңдер мен "Зарландым" деген әңгіме туады. Оларда талапкер ақын ескі оқу мен жаңа оқудың айырмасы, өнер мен білімнің пайдасы, байлық пен кедейлік, т.б. туралы толғанады. 1912 жылдың күзінде Сұлтанмахмұт оқу іздеп Троицк қаласына барып, осындағы медресеге түседі. Қуанышында шек болмайды. Көңілін шабыт кернеп, "Оқудағы мақсат не?", "Анау-мынау", "Қандай?", "Зарлау" тәрізді бірқатар өлеңдерін жазады. Әйтсе де бұл медреседе көп оқи алмайды. Қыс өте науқастанып, амалсыздан Троицк маңындағы қазақ ауылдарына барып, бала оқытады. Өзі де көп оқиды, өлеңдер жазады. Осында жүріп "Ауырмай есімнен жаңылғаным" - деген белгілі әңгімесін жазады. 1913 жылдың күзінде Троицкіге оралып, осында шығатын "Айқап" журналына қызметке орналасады. Бұл Сұлтанмахмұттың шығармашылық жолындағы аса табысты кезең болды. Шабыты толысқан ол әр түрлі жанрда көптеген шығармаларын жазады. Атап айтқанда, "Қамар сұлу" романы, "Өлең және айтушылары", "Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан", "Қазақ ішінде оқу, оқыту жайы қалай?" деген тәрізді мақалалары, бірсыпыра өлеңдері осы "Айқап" редакциясында қызмет істеп жүрген уакытында дүниеге келеді. Осында жүріп "Тентектің жинаған шоқпары", "Тамшы" атты жинақтарын әзірлейді. Өкінішке орай, бұл кітаптары жоғалып кетеді. 1914 жылдың жазында ауылда біраз болып, қаржы жинап, үлкен қалалардағы оқуға бармақ ниетпен Сұлтанмахмұт Баянауылға келеді. Ел ішінде бала оқытады, жастар арасында оқуға, мәдениетке шақыратын насихаттық жұмыстар жүргізеді. "Шоң" деп аталатын мәдени-ағарту ұйымын құрады. Күзде орысша оқу мақсатымен Семейге барады. Бірақ оқуға іліне алмайды, қаржысы таусылады. Көп қиындық көреді. Ақырында Шығыс Қазақстандағы Қатонқарағай деген жерге барып, екі жылдай осы аймақта бала оқытады. Арасында өзі де орысша оқиды. Бірқатар өлеңдерін, "Кім жазықты?" - деп аталатын өлеңмен жазылған романын жазады. 1916 жылдың күзінде Томскіге барып, курсқа ілігеді. Әдебиет, тарих, философия кітаптарын көп оқиды. Қиындықтарға кездеседі, жоқшылық көреді. Ресей патшасы тақтан құлаған 1917 жылдың көктемінде Сұлтанмахмұт Семей қаласына келеді. Қазақтың оқыған азаматтарымен танысады, араласады, қызметке кіреді. Алаш қозғалысына белсене ат салысады. 1918 жылдың жазында кеңес өкіметі құлаған аласапыран тұсында емделу мақсатымен Сұлтанмахмұт Баянауылға келіп, шығармашылық жұмысын жалғастырады. "Социализм" атты мақала, "Неге жасаймын?", "Осы да әділдік пе?", "Адасқан өмір", "Кедей" поэмаларын жазады. Бұл шығармаларында ақын айналасына көзқарасын білдіреді, өмірге үмітпен қарайды. Өзінің демократтық ой-пікірлерін, түсінігін алға тартады. 1919 жылдың соңында Сұлтанмахмұт Павлодарға келіп, біраз уақыт кеңес өкіметіне қызмет етеді. Бірақ көп ұзамай бойындағы науқасы меңдеп, төсек тартып жатып қалады. 1920 жылы 20 мамырда 27 жастағы Сұлтанмахмұт дүние салады. ІПығармашылық мұрасы. Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қысқа ғұмырында халқына мол әдеби мұра қалдырып кетті. Ол әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек еткен талантты қаламгер еді. Оның қаламынан жүзден астам өлең, бес-алты поэма, екі роман, он шақты мақала туды. Сұлтанмахмұт шығармаларының тақырыбы - өз заманының шынайы көріністері, қазақ халқының сол бір аласапыран кездегі тұрмысы, ой-арманы. Ол өмір шындығын Абай үлгісінде бейнеледі. Сыншыл көзбен қарады. Өйткені өмірді жақсарту мен адамды түзеу, ең алдымен, ондағы кемшіліктерді әшкерелеп, сын тұрғысынан бағалап, одан арылудың жолын іздеуден басталады. Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдерінің сипаты әр алуан. Оларда өмір тауқыметінен шаршаған ақынның қайғы-мұңы да, өкініш-наласы да, халықтың басындағы ауыр халге жүрегі сыздаған аяныш пен жанашырлық сезім де, болашаққа сенген, сол үшін күрескен азаматтық перзенттік патриотизмі де бар. Бірақ ақын өлеңдеріндегі мұң-зар жігерсіз, жасық қайғы емес. Ақын алдағы өміріне зор үмітпен қарайды. Сұлтанмахмұт өз заманының өзекті мәселелеріне арнап бірнеше поэма жазды. Атап айтқанда, "Кедей" поэмасы ғасыр басындағы қазақ кедейлерінің хал-жағдайын, сезім-күйін, ауыр тұрмысын бейнелесе, "Адасқан өмір" поэмасында ақын айналасында болып жатқан оқиғаларға, өмір құбылыстарына өз сезімі арқылы шолу жасайды. Қала ақыны мен дала ақынының айтысы түрінде жазылған "Айтыс" поэмасында қазақ даласындағы өзгерістер, әлеуметтік өмір көріністері суреттелсе, "Таныстыру" поэмасында төңкерістер заманындағы қазақ елін өрге жетелеген қайраткер азаматтар бейнесін сомдауға талпыныс жасалады. Сұлтанмахмұттың "Қамар сұлу" (1914), "Кім жазықты?" (1915) романдары қазақ әдебиетінің даму тарихынан елеулі орын алады. Көркем прозаның туу, қалыптасу кезеңінің бастауында дүниеге келген бұл романдарда өз заманының ащы шындығы бейнеленеді. Сол дәуірдегі әйелдердің бас бостандығы, қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздік мәселелері мен жаңа психология арасындағы тартысты, қоғамдағы адамдардың түсінік-танымындары кереғар құбылыстарды бейнелеу арқылы Сұлтанмахмұт туған халқының болашағы туралы толғанады. Сонымен қатар, Сұлтанмахмұт "Зарландым", "Ауырмай есімнен жаңылғаным" атты шағын көлемді прозалық шығармалар, "Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан", "Қазақ ішінде оқу жайы қалай?", "Өлеңмен жазылмақ драманың материалдары", "Өлең мен айтушылары", "Социализм" тәрізді бірқатар мақалалар жазды. № 11 дәріс. Тақырыбы: Қазақ кеңес балалар әдебиеті. Қазақ кеңес балалар әдебиетінің де қалыптасу кезеңі Қазан революциясының алғашқы күндерінен (1918-1920) басталады. <<жас балалар кітабына қойылатын шарттар >> атты <<жаңа мектеп>> журналында (1927) шыққан Қазақстан оқу комиссариатының нұсқау хатында балалар әдебиетінің өзіндік ереекшеліктерін айтып берген. Жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ кеңес балалар әдебиетінің алдына қойылған тілек - талаптардың негізігі мақсаттары сол кездің өзінде айқын көріне бастаған. <<Бала кітабы жай бір қара тақпақ тілімен жазылмасын . Кітап балаға қызғылықты, ойын оятатын, тілін байытатын, бірігіп жұмыс қылуға тартатын болсын. Бала кітабындағы кейңіпкерлер айқын болсын... Қаһармандары, сөздері балаларға түсінікті, сүйкімді келсін >> - деген. Ұлы Қазан революциясының алғашқы күндерінен бастап - ақ Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Шолпан Имнабаевалар халықтық шығармалардың дәстүрін пайдалана отырып, үлкендермен қатар балаларға да түрлі ұлттық , мазмұны жаңа шығармалар жазып бере бастады. Бұл жазушылар қазақ кеңес балалар әдебиетінің ірге тасын қалап, негізін тұрғызушылар болды [3-13-14б]. Жас ұрпақты жан - жақты тәрбиелеу жіне білім беру үрдісінде оларды қан жақындығы емес, жан жақындығына баулу бүгінгі өмір талабынан туындайды. Бұл туралы ұлы ойшыл Әл - Фараби << тәрбиелеу дегеніміз- халықтың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту>> деген. Осындай ізгіліетер мен өнерлерді бала бойына дарыта тәрбиелеуде ұсстаздар мен ата - аналар ұстанатын пәрменді құралдардың бірі - көркем әдебиет. Балалар әдебиеті туралы ұлы орыс классигі В. Г. Белинский : <<балалар кітабы тәрбие үшін жазылады, ал тәрбие ұлы жұмыс, адам тағдыры сол тәрбие арқылы шешіледі>> ,- деген. Балалар әдебиті - ұрпағымыздың ұясы. Балалар әдебиеті баланың көңіл- күйін қуанышқа кеңелтіп, қиялын қанаттандырып , психикалық сезім әрекетіне айрықша әсер етеді. Сондай - ақ, көркем әдебиет балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ой - өрісін дамытып, тіл байлығын жетілдіреді. Көркем сөз өрнегін балал құлағына тыңдатып, сәуле түсіреді, халық қазынасының музыкалық үнінен нәр алады. Көркем әдебиет арқылы кішіге қамқорлық, үлкенге жәрдем, еңбекті құрметтеу, достық пен инабаттылық , адамгершілік қасиет , ұлттық үлгі - өнеге, өмірмен танысады. Балалар әдебиеті - келешек әдебиеті. Белгілі академик жазушы Мұхтар Әуезов : <<Ел боламын десең , бесігіңді түзе>> деген екен. <<Бесікті >> түзетудің бір жолы - бесік жырын түзеу. Бүгінгі балалар әдебиеті өрісі биік, өресі кең, жанры алуан, мәдениеті үлкен әдебиет. Балалар әдебиетінің қалыптасу, даму тарихын терең зерттеп, іргелі еңбектер жазған белгілі академик Әлкей Марғұлан , академик - жазушы Мұхтар Әуезов , зерттеуші ғалымдар Мәлік Ғабдуллин , Бердібай Шалабаев , Ш. Ахметов, тағы да басқаларды атауға болады. Қазақтың болашақ әдебиет туралы ғылымның алғашқы кірпішін қалаған Шоқан Уәлиханов еді. Ол поэзияны жалпы жұрттың рухани сусыны ретінде, әрі халық тағдырының сырлы шежіресі ретінде байытып, сол арқылы сөз өнерінің таным мен тәрбие тарпындағы мәні мен маңызына тоқталды. Қазақ даласына ғылым мен білімнің алғашқы қоңырауын соққан ұлы ағартушы - педагог Ыбырай Алдтынсарин қазақ балаларына арнап көптеген оқулықтар жазып, олардың жан дүниесіне әсер етіп, ұлттық дүниетанымның қалыптасуына жол ашқан. Ыбырай 1879 жылы <<Қазақ хрестоматиясы >> атты кітап шығарып <<Қазақ балалар жазба әдебиетінің атасы>> атанды. Ол қазақ балаларының табиғи ерекшеліктеріне байланысты көптеген өлең - жырлар , әңгімелер жащзып, ұлттық көзқарастарын оята білді. Қазақ ағартушыларында үлкен орын алған үлы ақын , ойшыл- демократ Абай Құнанбаев. Оның көптеген өлеңдері мен қара сөздерінде жастарды өнер - білімге шақырып, адамгершілікті, инабаттылықты дәріптеуді насихаттайды[2-300б]. Белгілі ұстаз - ғалым Мәлік Ғабдуллин - қазақ ауыз ідебиетінің ғылыми - теориялық міселелерін жан - жақты зерттеген педагог. Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында <<Ата - аналарға кеңес>> (1966) атты кітабында халықтың рухани бай мұрасы - ауз әдебиеті үлгілерінде балаларды адал, шыншыл, еңбекшіл, патриот етіп тәрбиелеуге баулитыны туралы сыр шертеді. Ол балаларды туған жерді қорғауға, ана тілін ардаұтауға, ізетті де мейірімді болуға шақырады. Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылар Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгірв, Спандияр Көбеев, Өтебай Тұрманжанов, Мұсафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалив, тағы басқа халықтық шығармалардың дістүрлерін пайдалана отырып, балаларға аранап өлең жырлар жазған. Олардың шығармалары бала тәрбиелеудегі ізгі мақсаттарды дұрыс түсініп, балалардың тілін ширатып, ойын дамытады, еңбекке, отанды сүюге, оны қорғауға тәрбиелейді. Сондай -ақ олардың өлеңдері балалардың ұғымына оңай, өысқа, тұжырымды, тілге жеңіл жазылған. Сәкен Сейфуллин шығармалары балаларды еңбек етуге, отанды сүюге , оны қорғауға шақырады. <<Еңбекпен айналысу баланың ой - өрісін кеңейтіп, саналы да тәртіпті болуға баулиды. Сондай - ақ, еңбек оларға практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастырады, өмірге деген дұрыс көз қарастарды меңгертеді >> деп тұжырымдайды. Ілияс Жансүгіров - қазақ балалр әдебиетіне үлес қосқан ақын. Оның <<малта>>, <<балалараға тарту >>, тағы басқа өлеңдерінде ақын балаларды оқыға, өнер - білімге шақырады. Қазақ балалары жазушылары шығармаларының барлығы бүлдіршіндерді жан - жақты тәрбиелеуде елеулі орны алады. Бердібек Соқпақбаев <<балалық шаққа саяхат>> атты повесінде өзінің балалық шақта басынан кешкендерін кішкентай Бектас арқылы көрсетеді. Оның шығармалары жас ұрпақты шыншыл, адал, патроит етіп тәрбиелеуге баулиды. Болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде халқымыздың тәлімдік мұраларының орны ерекше. Соның ішінде Мұзафар Әлімбаевтің <<Бұл қай кезде болады?>> , <<Менің ойыншықтарым>>, <<Әріптер сыры>> тағы да басқа балалараға араналаған өлеңдерң қысқа болғанымен, белгілі сюжетке, тартымды ойға , терең пікірге толы. Балалар жазушысы Өтебай Тұрманжановтің шығармалары еңбекке, бірлікке, достыққа, ынтымаққа тәрбиелейді. Оның шығармалары тілі жатық, ұғымға жеңіл, оқуға қызықты, балларға бір жағы ермек, бір жағы - тәрбие. Ал педагог - ақын Ә. Табылдиев баланың психологиясын жақсы біледі, өлеңді баланың қиялына, ойына, тіліне лайықтап, тұжырымдап, көбінесе қызықты сюжетке құрып жазады. Оның өлеңдері балалрдың тілін ширатып, ойын дамытады, еңбекке, отан сүйгіштікке тәрбиелейді. Балалар жазушысы Ә. Дүйсенбиевтің шығармалдары балалар өміріннен жазылған немесе оларды айналасындағы дүниені танытуды көздейді [1-96-99б]. Қорыта айтқанда, қазақ кеңес блалар әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі , түрі, ұлттық мазмұны, әдебиеттің бір саласы ретінде көрінді. Балаллар әдебиетін құру ісінде оның болашағы айқындалып, мазмұн, сапа, көркемдік идясы жағынан қалыптасуы мен дамуына эстетикалық тәрбие беру тұрғысынан зор талаптар қойылып отырды. Дәріс бойынша сұрақтар: 1. Қоғамдық тарихи жағдай. 2. Көрнекті балалар ақын - жазушылары. 3. Балаларға арналған туындылардың идеялық, тақырыптық негізі. №12 дәріс. Тақырыбы: С. Сейфуллин әңгімелерінің балалар әдебиетіндегі рөлі Сәкеннің туып, өскен жері - өзі сан рет ең тәтті жырларымен әлпештеп суреттеген сұлу Сарыарқаның сүбелі шүйгін бір арнасы Нұра, Есіл өзендерінің арнасы.Қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының бірінші ауылында туып өскен.Сәкен әуелі ауылда Ағаш аяқ дейтін молдадан оқып хат танып, 1905 жылы Нілді мыс қорыту заводындағы орыс - қазақ мектебіне оқуға түсіп, онда жұмысшы қызметкерлердің балаларымен бірге оқиды. Ол кезде Ақмола облысының мыс өндіріп, қорытатын осы Нілді, Спасский, Қарсақбай заводтары мен Қарағанды көмір кенінде істейтін жұмысшылар ең алғаш саяси күрес майданына шыққан, еңбек пен капитал арасының қайшылығы қазақ даласына да қанатын жайған кез еді.Нілдіде оқып жүрген кезінде алған әсері туралы кейін Сәкен: << 1905 жылғы жұмысшылардың көтерілісін көрдім. Орыс шешендерінің сөздерін естідім.Көтеріліс жасаушылардың қозғалысы менің ой - дүниемде шу деп із қалдырды >> деп жазды.Елде өз үйінің жоқшылық, кедейлік тіршілігі, қалада араласып жүрген жұмысшылардың тұрмысы Сәкеннің бірте - бірте езілген еңбекші халықпен біте қайнасып кетуіне себепші болды. Сәкен Нілдідегі мектептен үш жыл оқығаннан кейін Ақмола қаласына келіп, Приходская школада екі жыл, үш кластық қалалық училищеде үш жыл оқыды.Сәкеннің Нілді мен Ақмолада оқыған кездерінде жалпы білімі қандайлық молайып өсетін болса, қоғамдық ой санасы да, әдебиетке бейім қабілеті де тез оянып, қалыптаса бастайды.Нілді мен Ақмолада және өзінің туып өскен ауылында Сәкен оқып - үйренуден, поэзияға ынтыға берілуден, қоғамдық өмірдің алуан сырларын, әсіресе әлеуметтік теңсіздікке, таптық күреске байланысты өмір сырларын білуден жалықпайды да, тоқталмайды да. Сәкеннің өмірді танып - білуінің, ақындыққа алғаш бой ұруының негізгі факторлары - өзі өскен ортаның ақыны мен әншілері, яғни халықтың теңіздей мол поэзиясы. Қазақ ортасындағы неше түрлі айтқыш ақындарды, сері әншілерді Сәкен Қарқаралы, Баянауыл, Атбасар төңірегіндегі елдерден де көп кездестіреді.Сәкен ақындығының негізгі бір қайнар бұлағы міне осылар. Екінші, Сәкен орыс мектебіне түскеннен бастап, орыстың ақын, жазушыларын, орыс тілі арқылы басқа елдердің классиктерінің шығармаларын оқи бастайды.Сәкеннің орыс поэзиясына айрықша ынта қойып оқуына оның мұғалімдері мен оқытушылары айрықша әсер еткен көрінеді.Сәкен шәкірт кезінде Пушкин, Лермонтов, Надсон, Блок шығармаларын қызыға оқыған. Ауылда өтетін ойын - сауықтарда Сәкенің өзі де домбыра тартып, ел жастарының салты бойынша ән салып, өлеңмен жеңіл айтыстарға да араласып жүрген. Сәкен Ақмолада оқыған уақытында тереңдей білім алу жолына беріле жүріп, екінші жағынан Ақмолаға оқу іздеп келген қазақ балаларына орысша сабақ береді.Ақмолада оқып жүрген кезінде Сәкен қаншалықты өлең жазғаны бізге мәлім емес. Ал 1914 жылы басылған жинағына кірген өлеңдерінің бірқатары өзінің туған ауылы мен Ақмолада жазылуы сөзсіз. ( 1. 178-181 бб ) Сәкеннің аңызға айналған аты тек әдебиет пен мәдениеттегі ерен еңбегіне ғана емес, оның қоғам алдындағы борышын адал дааумақты атқарған қайраткерлігіне де байланысты болғанын еш уақытта естен шығара алмаймыз.Сәкеннің азаматтық келбетінде өзі құралыптас ақын жазушылар мен қайраткерлерде кездеспеген, маңдайына жазылмаған, бастарынан өткермеген екі қасиеті бар. Бірі - В.И.Ленин гвардиясының қатарында шыңдалғандар ішінде өмір мен өлім көргенінен өткен революционерлігі, екіншісі - ақыл - парасаты мол мемлекет қайраткері болғандығы. ( 2. 10-11 бб ) Сәкен 1913 жылы Омбы қаласындағы оқытушылар семинариясына түсіп, оны 1916 жылы бітіріп шығады.Омбыға келу Сәкеннің бұрынңғыдан да терең білім алуына кең жол ашумен бірге, саяси - қоғамдық және ақындық - эстетикалық көзқарасын қалыптастыруға қолайлы жағдай тудырады. 1913 жылы Омбыда оқитын қазақ жастарының << Бірлік >> атты мәдени - ағарту ұйымы құрылып, оның басқару жұмысына Шәймерден Әлжанов, Сәкен Сейфуллин т.б. белсене қатысады. << Біздің программамыз және көздеген мақсатымыз қазақ арасына мәдени ағарту жұмысын жүргізіп, қазақ әдебиеті арқылы патша үкіметінің қысымшылығына қарсы идея тарату еді >> дейді Сәкен. Осы мақсатты іске асыру ниетімен 1914 жылы Сәкеннің << Өткен күндер >> атты өлеңдер жинағын бастырып шығарады. Мұнда жазушы жастық, шәкірттік өмірдің жай - күйлерін айтумен бірге, патша үкіметінің отаршылық қысымына, қазақ байларының кертартпалық, топастық қылықтарына қарсы шығады. Ел жастарын өнер - білімге шақырады. Омбыда оқып жүргенде Сәкен бірталай орыс интеллигенттерімен, соның ішінде революционер - жазушы Феоктист Березовскиймен жақын дос болады. Сәкен 1916 жылы Омбыдағы семинарияны бітіріп, Ақмола уезіндегі Сілеті - Бұғылы ауылдық мектебіне оқытушы болып тағайындалады. Осы жылдың жазында мал санағын алатын комиссияның жұмысына қатынасып, Ақмола уезіндегі елдің бірталай жерін аралайды. Сәкеннің орыс классиктерін, сондай-ақ Абай шығармаларын тереңдей оқып, ақындық өнерін анағұрлымжетілте, дамыта түскен мезгілдері 1915-1917 жылдар арасы екендігі байқалады. 1917 жылы Февраль революциясында патша тақтан түскеннен кейін Сәкен Ақмола қаласына келіп, саяси-қоғам жұмысына белсене араласады. Қалада мұғалімдер даярлайтын педагогикалық мектеп ашып, бір жағынан сонда сабақ береді. Сәкеннің саяси-қоғамдық қызметінің ең маңызды дәуірі басталады.Сәкеннің саяси-қоғамдық қызметінің ең маңызды дәуірі басталады. Сәкен Ақмола қаласындағы солшыл революцияшыл бағыттағы орыс, қазақ, татар оқығандарымен бірлесе отырып, уақытша үкімет тұсында бұрынғы патшалық үкіметтің заң тәртібінің қалдығын жою, еңбекші халыққа шын мәніндегі бостандық берілу мақсатында белсенді жұмыс жүргізеді. Саяси мәселелерді халық мақсаты тұрғысынан ешкімге жалтақтамай, ашық, тура қоя білу арқасында бірден беделі артып, үлкен сенімге ие болады.1917 жылы май айында Қазақ комитеті құрылғанда Сәкен әуелі орынбасар, біраздан кейін оның бастығы болып сайланады. Міне осы кезде Сәкен Сейфуллин, Абдолла Асылбеков, Бәкен Серікбаев бастаған революцияшыл топ қазақ комитетімен қатар << Жас қазақ >> ұйымын құрады. << Жас қазақ >> өзінің саяси программасында Россиядағы ең революцияшыл партиямен бірге майданға шығатындығын, Россияның құрама республика қолдайтындығын жариялайды. << Жас қазақ >> ұйымы << Тіршілік >> атты газет шығара бастайды. << Жас қазақ >> пен << Тіршіліктің >> басқару жұмысының ауыр салмағы Сәкенге жүктеледі. Бұл ұйым да, газет те саяси бостандық, ұлт мәселелерінде алашордашылардың, тағы да сондай буржуазияшыл партиялардың саясатына ашықтан - ашық қарсы күреседі. << Жас қазақ >> пен << Тіршілік >> революцияшыл жастардың қолында болып қыр мен даладағы еңбекші халық арасында революциялық үгіт насихатты күшейте түседі. Әсіресе Сәкен << Тіршілік >> газетінің бетінде көптеген мақала, фельетон, очерктер жазады. << Асығып тез аттандық >>, << Кел, жігіттер >>, << Тергеген болсаң, айтайын >>, << Ақша қар >>, << Далада >>, << Күзетші иттер>>, << Қырда >> сияқты революцияшыл маңызы күшті өлеңдерін де осы << Тіршілік >> газеті арқылы қалың еңбекші халық арасына таратады.Сәкеннің революциялық мазмұнға толы бұл поэзиялық шығармалары және осы 1917 жылы жазылған << Бақыт жолында >> атты пьесасы - қазақ совет әдебиетінің ең алғашқы қарлығашы, << Тіршілік >> газетінде, сондай-ақ жиырмасыншы жылдардың бас кезіндегі газет-журналдарда Сәкеннің бірқатар мақалалары мен шығармалары << Манап-Шәмил >> деген бүркеншік атпен басылады. Бірлі жарым өлеңі << Кер торы ат >> деген атпен де жарияланған. 1917 жылдың күзінде Сәкен Ақмола қаласында Совет үкіметін орнату жұмысына белсене қатынасады. Ақмолада ұйымдасқан тұңғыш совдепте Сәкен президиум мүшесі және Ақмола уезіндегі ағарту жұмысының комиссары болып сайланады. Сәкен қазақ халқынан шыққан алғашқы коммунистердің бірі. Ол 1918 жылдың басында, яғни Октябрь революциясының ұлы идеясы жер жүзіне жарығын түсірер таң шапағында бар иман - тілегімен еңбекші таптың жақтаушысы, қорғаны болуға бекінеді. Сәкеннің саяси және творчестволық өміріндегі үлкен бір оқиға - коммунистік партиясының қатарына кіруі. 1922 өзі қолымен толтырылған анкетада ( партия тарихы институтында сақтаулы ), партия қатарына 1917 ж.декабрьде түстім деп жазады. Ал 1936 жылы тағы да өзі жазған өмірбаяндық ақпарда 1918 жылдан партия мүшесі делінген. Жұлдыздың екі есебі бойынша декабрьде, жаңа есеп бойынша 1918 жылдың январы болуы мүмкін. Сәкен 1918-19 жылдарда бірталай өлеңдер жазған. Бұл кезде жазған өлеңдерінің көпшілігі өзінің революциядағы күресіне, өмір жолына тығыз байланысты болып отырады. Сәкеннің << Қамаудан >>, << Адасқандарға >>, << Сағындым >>, << Тұлпарым >>, << Қамыққан көңілге >> атты ыза мен кекке толы күшті революциялық өлеңдері тұтқында отырып жазылған. ( 1. 187-190 бб ) 1919 жылдың апрелінде Сәкен лагерьден қашып шығып, азаттықтың ауасын есі кете жұтқанын << Түрмеден қашып шыққанда >> атты тамаша өлеңінде жырға қосты. Тылсым шаттыққа кезікті, бірақ одан өмір бірден жеңілдеген жоқ. Қар еріп, жер-дүние лайсаңға айналған осы бір шақта жаны қиналып, азап үстіне бейнет қосарланған тұста Сәкен өзінің жан сырын былай шертті: Күлдіреп табандары, баяулаған; Қамығып ер көңілі қаяулаған. Ұрпағың жүйрік мінген, бабаларым, Жоқ шығар мендей балаң жаяулаған. Сәкеннің публицистикалық шығармаларының дені халық ағарту мәселесіне арналған. 1921-1925 жылдарда жазған мақалаларының жалпы рухы, әсіресе аттарының өзі-ақ көп жайды аңғартады. << Әр қазақтың жадында оқу болсын >>, << Зор міндет>>, << Барлық күш оқуға >>, << Оқушы жастарға үлгі >>, << Екі мың >>, << Орынбарда >>, << Қазақ арасында сауатсыздықты жою >>, << Жас азамат, әскери мектепке даярлан! >> деп аталған мақалалардың айтпағы анық. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында халық ағарту ісін жүйелі насихаттап, практикалық тұрғыдан шешіп отырған Сәкен Сейфуллин қазақтың жаңа мәдениетінің күннен-күнге қуатты қарқынмен өркендеп келе жатқанына қуанды. Сәкен кейінгі жылдарда жазған шығармаларында оқуға үндеуді халықтың сауаты ашылған кезде білім арттыру, ғылым тереңіне бойлау, асқар биікке қол сермеу, мәдениеттену мақсатымен сабақтастырып жіберді. Қайнаған өмірдің бар саласында өзінің мемлекеттік парасатын әрқашан танытқан Сәкеннің жаңа заман орнап, социалистік мәдениет қарышты қадаммен алға басаршақта үкімет басшысы болуының өзі зор сәттілік еді. Мемлекет басшысы ретінде Сәкен қазақ халқының келешегі туралы талай толғанды.Жаңаны орнатумен қатар, Сәкен ескі кәсіпорындарды жандандыру, қалпына келтіру ісіне де айрықша мән берді.Оған нақты дәлел - 1923 жылы Қазақстан партия ұйымының үшінші конференциясына келген Екібастұз жұмысшыларының делегациясымен кездесіп, әңгімелесуі. ( 2. 15-20 бб. ) 1919 жылы жазған өлеңдері тақырып жағынан да, идеялық мазмұны жағынан да күшті. Ақын бірде << Боранда >>, << Бабаларыма >>, << Жазғытұры >>, << Қамыққан көңілге >> сияқты мұң мен күйікті айтып толғанса, бірде << Біздің жақта >>, << Шөлде >> атты туған жерді, аққу құсты, сүйген жарды сағынған көңіл сырларын баяндайды. Сөйте тұра: Қажыма, ер көңілім, бәрі де өтер, Сан азап бір күнгідей болмай кетер. Қара түн басып тұрса алды-артыңды, Жарқырап ататын таң әлі-ақ жетер,- деп өзіне және серіктес достарына қайрат жігер бере толғайды. Әсіресе Сәкеннің Сарыарқа мен Түркістан өлкесінің аралығындағы көшпелі руларды аралап жүріп << Жас қазақ марсельезасы >>, << Қашқынның ауылы >> сияқты революциялық күреске шақырған, ескі құлдық дүниені талқандап, жаңа бостандық өмірдің, сәулелі келешегін елестеткен тамаша гимндік шығармасынжазуы ақын поэзиясының кең тынысты өрісін байқатады. Сәкен Әулиеата қаласына барған жерінде << Жас қазақ марсельезасын>> сондағы жастарға жазып, әнмен айтып таратқызған. ( 1. 190-191 бб ) Сәкен Сейфуллин 1916 жылы Омбы семинариясын бітіргеннен кейін Ақмола уезінің Бұғылы еліндегі жаңа мектепке мұғалім болып тағайындалады.Осы сапарының басындағы тоқтаған жерлерінің бірі Ақмоланың <<Ақсирақ көл>> деген Атбасармен шектес ең шеткі елі болады. Сәкен бастаған топ болып, старшын, тілмаштарымен << Шұбыра >> деген жерге келеді. ...Не сыр бар осы көздің аясында, Ну қамыс судыраған саясында. Естіледі аққу құстың үні мұңлы, Не сыр бар ақ сұлудың ұясында... Аққу құс іздей ме әлде ұяласын, Сұңқылдап төгіп мендей көзден жасын. Аққуға Әупілдек құс үн қосады. Әупілдек күңірентіп көлдің басын... Осы жерде болған естен кетпес бір оқиға Сәкеннің << Тар жол, тайғақ кешу >> романында тамаша суреттелген. Шұбыраның көкорай жайқалған шалғынды белестері мен томарлары, тіл үйірер балдай сары қымызы, самал желі, сонау алыстан сағымданып әнмен елес берген Әупілдек, Алакөлдері Сәкеннің суреттеуінде бейне бір суретшінің қылқаламынан жаңа ғана туып, бояуы кеуіп үлгермеген кекіндеме сипатты. ( 3. 5-бет ) Сәкен Сейфуллиннің творчествосы жайында әңгіме болғанда, ең алдымен оны қазақ совет поэзиясының негізін қалаған ақын деген пікір баса айтылады да, әдебиеттің әр саласындағы, әсіресе проза мен драматургия, публицистика, сын мен ғылым саласындағы еңбектеріне онша жеткілікті назар аударылмайды. Сондықтан революционер жазушының өлмес мұрасын тұтас қамтып, әр саладағы табысы мен жетістігін, жаңашылдығы мен ізденімпаздығын, көркемдік шеберлік биігіне көтерілген бұралаң соқпақтары мен сүрлеулерін, өсу, өркендеу жолдарын шолып өту қажет. Өнер жолы - өшпес жол. Асыл өнердің ғұмыры адамның жеке басының өмірімен өлшенбейді.Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұялатса, ол мәңгі өмір сүреді. Осындай құдіретті күші бар үлкен өнер - Сәкен Сейфуллиннің туындылары. Өз авторының рухани өмірін ұрпақтан - ұрпаққа соза түсетін де, үлкен дарынның зор тұлғасын бұдан да гөрі тұлғаландыра түсетін де осы туындылар. << Қазақ совет әдебиетінің негізін салушы Сәкен Сейфуллин барлық жанрда да елеулі еңбек атқарып, бәрінің де алғашқы бұлжымас берік қадасын қағып берді >>, - деген С.Мұқановтың ойына қол қоямыз да, оның өзін осындай қадір - қасиетке, сый - құрметке бөлеткізген ұлы ақындығына бас иеміз. Сәкен - күшті романтик ақын. Романтикасыз поэзия да, ақын да болмайды. Ал романтик ақындардың жан сырлары қат-қабат терең. Сәкеннің тілімен айтсақ заңғар таудың шыңында кілттеулі сандықтың ішіндегі жасырын қойма сияқты. Сәкеннің бар дәуірдегі өмірін алсақ ел аузына ертегі болып таралғандай ғажайып сырлы да қызық. Оның революция жолындағы, әлеумет майданындағы қажырлы ерлік күрестері қандайлық қызықты болса, Сәкеннің нәзік жанды ақынға, бұл өмірде алшаң басып өткен әсем салтанатты, кербез мінезді тәкаппар серіге тән дара сырлары да қызықты. Бұл жайлар Сәкеннің әрбір кітабынан да айқын сезіледі. Сәкен жастардың махаббат сезімін шебер жырлаған ақын. Көңіл күйі, махаббат, достық сырларын жырлауда Сәкен қазақ поэзиясында жаңа бір дәуір екендігі сөзсіз. 1915 жылы жазған << Жазғы түнде >> атты лирикасынан бастап, 1926 жылғы << Совпарттағы қарындасыма >> атты лирикасының жазылған мезгілдері арасында Сәкеннің басынан әр түрлі драмалар, әр түрлі романтикалық өмір сырлары өтеді. Бұл жерде << Арқа сұлуы >>, << Ғазел >>, << Тау ішінде >>, сияқты ақиқат нәзік жан күйін шырқатқан лириканы да, << Аққу құс >>, << Лашын әңгімесі >>, << Аққудың айрылуы >> сияқты кіршіксіз адал махаббаттың романтикасын да, бірде мұңды, бірде көңілді << Мариямға >>, << Сараға >>, << Гүлбарамға >> жазылған хаттарды еске түсірсек те жеткілікті. 1925 жылы Сәкен жауапты қызметтерден босанып, бірыңғай жазу жұмысымен айналысады. 1925 - 1929 жылдар арасы Сәкеннің жазушылық өмірінде үлкен бір белестерге өрлеу жылдары болуымен бірге, түрлі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениеттің де мықты іргесі қаланған өрлеу дәуірі болды. Жауапты қызметтен босап, бірыңғай творчествомен айналысқан Сәкен сол дәуірде өндіріп жазады. Ол бұрын-соң қазақ әдебиетінде тумаған идеялық-көркемдік қасиеті жоғары аса күрделі новаторлық шығармалар жазып таратады. Сәкен 1926 жылы << Экспресс >> жинағын, 1927 жылы << Тар жол, тайғақ кешу >> романы мен << Еңбек шарт - жалшылар қорғаны >> поэмасын, 1928 жылы << Тұрмыс толқынында >> жинағы мен << Жер қазғандар >> повесін, 1929 жылы << Көкшетау >> поэмасын жариялайды. Бұл күрделі шығармалардың қай-қайсысы болсын ұзақ жылдар бойы өмірді, тарихты жан-жақты тексеріп ізденуден, қажырлы творчестволық еңбектен туғандығы белгілі. Қазақстанның мәдени және қоғамдық өмірінде болған ендігі ірі уақиға - << Тар жол, тайғақ кешудің >> шығуы. Бұл кітапты жазу жұмысына да Сәкен жиырмасыншы жылдардың бас кезінде кіріскен. Қазақстанда Октябрь революциясының жеңісіне, азамат соғысының тарихына байланысты әдеби, архивтік деректерді де жинап зерттей отырып және сол дәуірдің саяси оқиғаларына тура қатынасқан адамдардың естеліктерін де жинап, теріп, Сәкен өзінің романын жазып аяқтайды. Бұл романның шығуы сол кездегі партия совет және әдебиет жұртшылығының көкейкесті бірнеше күрделі мәселелерін шешіп береді. Бірінші - Голощекин, Құрамысов және сондай басшы қызметкерлердің Қазақстанда Октябрь революциясы болған жоқ, кішкене октябрьді енді жасаймыз деп жүрген теориясымақтарына үлкен соққы болып тиді. Екінші - қазақта таптық күрес болмады, сондықтан қазақ халқы Октябрь революциясы кезінде саясат майданындағы күреске араласқан жоқ. Революцияға бейтарап болды деген буржуазияшыл ұлтшылдардың теориясын талқандады. Үшінші - қазақ халқы, оның арасынан шыққан революцияшыл интеллигенцияорыс большевиктерінің басшылық көмегімен Октябрь революциясы үшін күрес тарихын кеңінен суреттеп көрсетті. Төртінші - революция дәірінде халық мақсатына опасыздық жасап, Россиядағы контрреволюцияшыл күштермен ауыз жаласқан алашордашылардың сырларын жан-жақты батыл әшкереледі. Алашорда тарихы туралы қазақ тіліндегі толық мәлімет осы кітапта берілген еді. Бесінші - Қазақстанда Октябрь революциясының жеңісін, сол жолда күрескен большевик ерлердің жағымды образын суреттеген тұңғыш прозалық шығарма еді. Демек << Тар жол, тайғақ кешу >> қазақ әдебиетінде революциялық тақырыптағы прозаны, соның ішінде роман жанрын дамыту мәселесін шешуге тұңғыш жол салып еді. Сәкеннің өрлеу дәуіріндегі шоқтығы биік ірішығармасының бірі - << Көкшетау >> поэмасы. << Көкшетау >> Сәкеннің көп жыл зерттеп, көп жыл бойы құмартып, қызыға жырлаған тақырыбының бірі. 1921 жылы << Көкшетауда >> өзінің << Аққу құс >> атты шағын лирикасын жазған. Онан кейінгі 1923, 1924, 1926, 1927 жылдары ұдайы Көкшетаудың елін, жерін аралап, дарқан шешен, сері ақын әншілерінің өмірлерін зерттеп, Арқадағы ең сұлу жер - Бурабайда мезгіл-мезгіл тынығып жатып, Көкшетау, Бурабайға байланысты аңыз-әңгімелерді жинап, << Көкшетау >> туралы поэмасын жазуға кіріседі. Поэманың ең алғашқы << Оқ жетпес >>, << Ақ бура >> сияқты тараулары 1925-1926 жылдары << Жаңа мектеп >> журналында жарияланады. << Көкшетау >> және << Жан - Зол - лин >>, << Аққудың айрылуы >> сияқты поэмалар қазақ әдебиетінде әр алуан ақындық шеберлікпен сюжетті поэма жазу мәселесін шешуге тың жол салды. Сонымен бірге << Көкшетау >> қазақ совет әдебиетіндегі кесек туынды екендігін әдебиет жұртшылығыайрықша атап көрсетті. ( 1. 200-205 бб ) << Бақыт жолында >> пьесасының сюжеттік желісі 1916 жылғы оқиғаны қалың қауымға бар шынайы қалпында көрсетуді мақсат тұтқан. Әлеуметтік мәселені өзек етіп, әр кейіпкерін даралап көрсетуге ықшамды, драмалық тартысты өрістетуге мүмкіндік беретін оқиғаны көрсету арқылы Сәкен драмматургия жанрының ішкі талаптарын орындауға творчестволық күш-қуаты мол екендігін танытты. Сөйтіп қазақ драмматургиясының негізіне өзінің алғашқы кірпішін қалады. << Бақыт жолына >> пьесасы арқылы Сәкен Октябрь революциясы қарсаңындағы қазақ жастарының азаттық, теңдік, бостандық жолындағы ой-тілегін сахна төріне шығарса, 1920 жылы жазған << Қызыл сұңқарлар >> атты революцияшыл драмасымен қазақ совет драмматургиясының негізін одан әрі нығайта түсті. Сәкен көптеген әңгіме, очерктерімен қатар бес повесть << Жер қазғандар >> ( 1927 ), << Айша >> ( 1922-1935 ), << Біздің тұрмыс >> ( 1932 -1934 ), << Сол жылдарда >> ( 1922 ), << Жемістер >> ( 1935 ) жазды. Сәкенің прозаик ретінде таныта алатын және туу, өсіп-өркендеу дәуірін басынан атқарып келе жатқан қазақ совет прозасына оның қаншалықты үлес қосқандығы айқындап беретін, ешкімнен жеңілдік жасауды тілемейтін, өз тағдыры үшін өзі күресе алатын айбынды шығармалары бірқыдыру. <<Тар жол,тайғақ кешу>> , <<Бандыны қуған Хамит>>, тіпті <<Жемістер>> атты повесть Совет өкіметін орнату жолындағы қанды күрестердің сұсты суреттерін көрсетіп,жаңды тұлға дәрежесіне көтерілген Хамит ,Нияз,Ғаниллардың көркем бейнесі қазақ совет әдебиеті образдар галереясында жарқырап тұр. Сәкеннің қара сөзге қаламының ыңғайлы болғандығына <<Омар>>, <<Сырын білмей-сырына сенбе>> , <<Екі кездесу>>тағы басқа әңгімелерінбылай қоғанда ,Ш.Айманов атындағы <<Қазақфильмнің>> толық қанды шығармасы - <<Даладағы қуғын>> фильмі Сәкеннің <<Бандыны қуған Хамит>> атты әңгімесі негізінде жасалғаны айрықша дәлел.Әңгіме сюжетіндегі қоюлық ,оқиға динамикасы ,өмір көріністерін шынайы қалпында өрісіті суретшілік сүйсінтеді.Кудря сияқты бандамен айдалада кездесіп ата жауымен арпалысу ,жігер,қайрат көрсету Хамиттай жаңа адамның бейнесі үшін аз олжа емес еді. <<Қызыл сұңқарлардағы>> революционер бейнесін Сәкен енді күнделікті өмір көрінісімен ,яғни бандалармен күрескен милиция қызметкерлерінің драмаға толы тірлігімен оқушыға жеткізіп ,революция идеясына шын берілген қаһарман психологиясын ашып көрсетуінде үлкен көркемдік қуат барын аңғарамыз. Әрине , Сәкен қолынана шыққан дүниелердің әрқайсысына тоқтап жатуға мүмкіндік жоқ екенін ескере отырып ,тек кезеңдік мәні бар кесек шығармаларына көңіл бөлейік.Халықтық шығармаға айналған <<Тар жол,тайғақ кешу>> туралы жоғарыда әңгімелегендіктен <<Жер қазғандар>> мен <<Айшаға>> аялдау қажет. Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысында дүниеге келген <<Жер қазғандар>> (1928) повесінің де өзіндік мәні зор.Рас,бұл шығарманың кейбір көркемдік кемшіліктері жоқ емес.Бірақ мынадай ьбір өзекті мәселеге тоқталмасқа болмайды.Жұртқа аян,Сәкен коммунистік партияның советтік өмірді құру майданындағы жауынгер солдаты ,сонымен қатар қазақ совет әдебиетінің ең табанды ,ең өнімді қаламгері болды. Совет елінде социолизм орнатуға болмайды деген троцкийлік теориясымақтан әр алғандар советтік мәдениет ,оның ішінде пролетарлық әдебиет тумайды,жасалмайды деген көзқарасты уағыздада.Ал біздің мәдениеті төмен ,пролетариаты аз қазақ елінде фабрика-завод жұмысшыларының өмірін суреттейтін шығарма керек емес,тіпті пролетариат бағытындағы әдебиетті жасауға болмайды деп даурыққандар аз болмады.Осы зиянды пікірді көркем сөз арқылы талқандауға кіріскендердің алдыңғы легінде Сәкен болып ,жұмысшылар өмірін әдебиеттің кестелі өрнегіне түсіру мақсатымен 1928 жылы <<Жер қазғандарды>>жазды.Сондықтан да автор бұл повестің кейіпкерлерін ерте уақыттан - ақ өндірісте істеп ,шахтаға түсіріп ,лирикалық шегіністердің де қисынын тауып ,шеберлік көрсетті.Жұмысшылар өмірінен жазылған шығармаларды еңбекші бұқара жатсынбай қабылдай алатындығын ,ол жайында еткен еңбектің еш болмайтындығын дәлелдеді.Сөйтіп теріс пікірге соққы бердіде өзінің қаламдастарына қара шаруа,батырақ тіршілігімен қатар суреттелуге ,насихатталуға тиістіә жұмысшылар өмірі барлығын ,өнеркәсіп саласына ақындық назар аудару қажеттігін көрсетті. Троцкистердің зиянды теориясымен қатар, <<Қазақта жұмысшы тобы болған жоқ>> деген ұлтшылдардың көзқарасын әшкерелеу үшін жазылған <<Жер қазғандар>> повесіне Ақмола - Петропавл темір жолын салу кезіндегі құрылысшылардың өмірі арқау болды. Ал енді оның мынау өзара жымдасқан ,қиюы,тетігі бір ,циклді прозасынан бір жосын әңгімесі - <<Бандыны қуған Хамит>> . Сәкен детектив сынды дербес жанрдың тірі қозғалысын толық игергені айқын-ақ.Шынтуайтында <<Бандыны қуған Хамит>> 1927 жылғы проза түгілі,қазіргі проза үшін де нағыз олжа.Мұхтар Әуезовтың <<Барымта>>, <<Бүркітші>> атты класикалық әңгімелеріндегі динамика ,дәуір мен адамның қабысқан деректі образындағыдай шеберлік мұнда бар.Хамиттің портретін Сәкен оның прототипінен айнытпай алғаны белгілі,бұл жігіт ақынның өзіне жиен болып келеді екен.Хамит ең әуелі әйгілі балуанның жерлесі болып шықты: <<Ол Омбыда циркте өзінің жерлесі балуан Қажыұмқанның күресін көріп ,Мұқанмен жақындасқан еді>>.Жақсыдан-шарапат дейді,яғни әңгімедегі жас қазақ жігітінің идеалы күш атасы атанған Қажымұқан болғаны тағы тегін кетпейді.Онысы Хамитті алпысқа келгенде тым күшті жауының қанды шеңгелінен ,тікелей төнген ажал аранынан аман сақтап қалады. Хамитті жазушы << бет-аузы бүркіттің бетіндей >> дейді. Сәкенде ащы сатира мен юмордың аражігі білінбей қалатын тұсы бар. Ол ояздың атқару комитетінің нұсқаушысы Сәрсенбаевтың банды Кудрядан қатты қорыққан мезетін жеткізу. Тегінде банды Кудряны да автор жек көрмейтін сияқты. Реализмнің құдірет-күшіне бағынып жазушы жағымсыз кейіпкерін әділетті бейнелейді. Кудря - қазаққа өте ұқсас орыс, бәлкім, Сәкеннің айтпағы да оның түбі қазақ екенін мегзеу болар. Кудря банды мен Хамиттің текетірес жекпе-жегін жазушы мейлінше кеңінен толғап, эпостық шабытпен тереңдеп, жеріне жеткізе асқан шеберлікпен суреттейді. Бір-біріне жолбарыстай атылып, көкжалдай таласып, қос мықтының бірін-бірі ала алмай, нағыз жыртқыштарша арпалысуын Сәкен ұзағынан толғайды. Ақыры Хамит банды Кудряны қашырды. Әңгіменің аяқталуы да тосын : тағы да қазақтың дүние жүзіне атағы шыққан балуанының культі мәртебеге ие болады. Сәкен әлемдегі кілең мықты балуандарды бас-басына атай келе : << Бәрін де Қажымұқан жығып жүрді-ау, - деді ішінен Хамит >> . Сөйтіп, әңгімеде жүрек жұтқан батырлық, ерлік һәм күш атасы Қажымұқанның образын асқақтату идеялары айқын. 1927 жылғы оқиғаны жазушы зор метафораға ұластырады. Бұл кез азамат соғысының қанды кезеңі. Еркектің көбі қайтқан жоқ, Жолдан кешу, жорықтан,- деп Сәкеннің өзі жырлаған бұлғақ заман болатын. Оның << Омар >> атты төрт параққа сиған әңгімесінде де реалистік прозаның ашық үлгісі жатыр. Кейіпкері Омар XX ғасыр басындағы қазақ қоғамының өзгере бастауының нышанын айғақтайды. Қазаққа жат, жаңа типтердің, заманын тазы болып шалуға даяр пысықай қулардың пайда болуының көрінісі. Көшпенділерге тән емес отырықшылық тіршілікке бейімделген, жаңа дүниеге әккіленген, епті Омар, ептілігі сол, өз қазағын, ағайыныналдап күн көруді, интриганы үйренуі.Мұхтар әуезовтың <<Оқыған адамзат>> әңгімесіндегі жағымсыз кейіпкердің бір түрі бұл Омар. Сәкеннің әңгімесінде де титтей әсірелеу ,жалғандық жоқ,сан нюанс,сан қатпар астар бар.Оқырман өз көзімен көріп отырғандай әсерге бөлінеді. ( 4. 18-22 бб. ) Сәкентанушы ірі ғалымдардың бірі, академик Серік Қирабаевтың << Сәкен Сейфуллин >> атты ( Алматы, << Жазушы >>, 1974 ) кітабының << Реалистік проза жолында >> деген бөлімінде: << Сәкен тек жаңашыл ақын ғана емес, үлкен прозаик есебінде жас қазақ совет әдебиетінің қалыптасуына үлес қосты >>, - деп жазды . << Ақынның революциялық көзқарасын танытқан << Жұбату >> - 1917 жылы жазылған. Горькийдің романтикалық әңгімелерінің әсері күшті осы әңгімеде дейді Сәкеннің өзі >> .( 5. 18-19 бб. ) Оқу-ағарту мәселесі - Сәкен азаматтығының күре тамыры. << Енді жиырма жылдың ішінде қазақ өнерлі халықтардың қатарына кіруі керек. Қазаққа оқу бұрын бір мәртебе керек болса, енді мың мәрте керек. Оқусыз қазақтың болашақтағы күні қараң. >> деген құнарлы ойды Сәкен Халық Комиссарлары кеңесінің төрағасы болып сайланған күннің ертеңінде, яғни 1922 жылы 21 қарашадағы << Зор міндет >> деген мақаласында жазды. ( 6. 9-бет ). XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі - Сәкен Сейфуллин аз ғана ғұмырында өлмейтін мол мұра қалдырды. Қазақ әдебиетінің барлық жанрында тамаша туындылар берген жаңашыл жазушы қаламынан туған шығармалар халық өмірінің ең бір көкейтесті тақырыптарын қопара көрсетіп, жанды бейне, көркем образдар арқылы, терең идеялар айтып, эстетикалық игіліктер жасады. Ұлттық әдебиетке төңкерістік мазмұн, жаңа форма, асқақ идея әкелген жазушы туындылары халқымыздың рухани қазынасын қорландыра түсті. ( 7. 80 - бет ) Қорыта айтқанда Сәкен өзінің балаларға арналған барлық шығармасымен жас өспірімдерге, ұландарға отанға деген сүйіспеншілікті және оны көздің қарашығындай қорғай білуді, халқына адал қызмет етуді үйретуге тырысты. Сонымен қатар өнер - білімге үйреніп, еңбек ету - адам баласы болашағының бақыты екенін түсіндіруге күш салды. Сәкен шығармаларының айқын идеясы балаларды, адмгершілік рухта тәрбиелеуді көздеді. ( 8. 179 бет ) Дәріс бойынша сұрақтар: 1. Қазақ кеңес балалар әдебиеті. 2. С.Сейфуллиннің <<Бандыны қуған Хамит>> әңгімесінің идеясы, тәрбиелік мәні. № 13дәріс. Тақырыбы: М. Әуезов және балалар әдебиеті Туған ұлтының тарихи тағдыры, мәдениеті, ұлттық әдебиетінің тарихы өзінің өмірбаянымен тамырласып, соның құбылысты көрінісіне айналған заманымыздың ұлы жазушысы, ғалымы, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 15 қыркүйекте Семей уезіне қарасты Тобықты іші, Шыңғыс болысында дүниеге келген./3, 12 б./ 9 жасында ауылдан кетіп, Семейдегі Қанаш деген қазіреттің медресесінде мұсылманша оқиды, кейін орыс мектебінде оқуын жалғастырады.Содан кейін <<5 классный городской училищесін>> бітіріп, семинарияға түседі.Семинарияны бітірген М.Әуезов Семейдегі губерниялық сотта, КАЗЦИК- те жұмыс істейді.Кейін оқуын САГУ, Ташкенттегі Ортаазиялық мемлекеттік университетте, кейін Ленинград мемлекеттік университетінде , славян аспирантурасында оқып жүріп, әдебиет тарихы және фольклор жайлы көп ізденеді.1931 жылы репрессияға ұшырайды./3, 45 б./ Жазушының тұңғыш жарық көрген тырнақалды туындысы <<Адамдық негізі - әйел>> (1917 ж.) деген публицистикасында автор әйел азаттығы туралы келелі мәселені кең қозғайды.Тақырыпты талдау мәнерінен, түрлі жайды топшылау, толғау машығынан оның өз ортасынан озғын білімімен мәдениеті саз береді./2, 45 б./ Әуезовтың пайымдауынша, әйелдің бас бостандығы, азаматтық құқы деген тек бір әйелдің жеке қара басы үшін ғана емес, сол әйелдің негіз болып отырған бүкіл адам қауымының тағдыр - тірішілігі үшін қажет. Осы жылдың көктемінде идеялық - көркемдік жағынан әбден жетілдіріп, классикалық трагедияға айналған <<Еңлік - Кебек>> пьесасын жазады.М.Әуезов <<Еңлік - Кебек>> трагедиясынан кейін, Батыс Еуропа мен орыс драматургиясынан аударған сегіз пьесаны (В.Шекспирдің <<Отеллосы>> мен <<Асауға тұсауын>>, К.Треневтың <<Любовь Яроваясын>>, Н.Погодиннің <<Ақсүйектерін>>, А.Кронның <<Фолт офицерін>>) өз алдына қойғанда, осы жанрда отыз екі шығарма (драма, комедия, трагедия, киносценарий, опера либреттосын) жазған./3, 78 б./ Мұхтар Әуезов кейінгі жылдары бір топ әңгімелер жазды: <<Қорғансыздың күні>> (1921), <<Қараш - қараш оқиғасы>>, <<Іздер>> (1932), <<Білекке білек>> (1933), <<Үш күн>> (1934), <<Құм мен асқар>> (1935), <<Шатқалаң>> (1935), <<Бүркітші>> (1937), <<Асыл нәсілдер>> (1947)./3, 80 б. / Туған халқына мәңгілік мұра болғандай, ғасырлық туынды сыйлау тек қадау - қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген.Солардың бірі - Мұхтар Әуезов. <<Абай жолы>> - М.Әуезовтың бас кітабы.Бұл романның бірінші кітабы 1942 жылы, екінші кітабы 1947 жылы жарыққа шықты. Мұхтар Әуезов балалар әдебиетін дамыту саласында да көп еңбек етті.Ол өзінің <<Ертегілер>> деген еңбегінде халықтық шығармалар ішінде балалар әдебиеті мұрасына қандай топтары жататыны жайында соның жігін ашып, саралап айтып берді.Балалар әдебиетінің арғы төркіні халықтық шығармалардан туатыны әңгіме етіледі.Хайуанаттар жайындағы ертегілер тобына ғылыми талдаулар жасай келіп, М.Әуезов: <<...Хайуанат жайында бір алуаны - <<Күшік пен мысық>>, <<Қотыр торғай>> сияқты кішкене жануарлар жайындағы ертегілер.Ақылсыз күшік, айлакер мысық, балаға жәндікті, әр кейіпті танытушы бірге баланың өз мінезіндей ойнақы күйде күлкілі, көңілді әңгімеленеді,>>-дейді. Мұқаңды қазақ балалар әдебиетінің бірінші зертеушісі деуімізге болады.Ол балалар әдебиетінің мұрасына қандай шығармалар енетінін айқындап айтып берумен қатар, <<Әр жылдар ойлары>> деген ғылыми еңбегінде жастар мен жасөспірімдердің оқитын кітаптары тобына жататын шығармаларды да атап көрсеткен: <<Абайдың жас буынға арнап айтқан көптен - көп өлеңдерінің бәрі де жоғарыда біз айтқан бір жайға үлкен дәлелді бір куәлік береді.>> Қазақ балалар әдебиетінің ғылыми тұрғыда зерттелуіне зор көңіл бөлген М.Әуезов балаларға деп повесттер мен әңгімелер жазды.1926 жылы М.Әуезрв жазған <<Сұр>> деген повесть қазақ балларының аса қызығып оқитын, ең сүйікті кітаптарының бірі болды.М.Әуезов бұдан соң 1928 жылы аса көркем жазылған <<Көксерек>> атты әңгімесін жазып ұсынды./1, 58 б./ М.Әуезов өзінің аса шебер жазылған атақты <<Көксерек>> атты әңгімесінде, алдымен әралуан жабайы жыртқыш азулы аңдардың мекен ететін жерлерін суреттеуден бастайды.Енді оқиғаның композициясы мен сюжетіне келсек, оқиға ары қарай шапшаң дамиды.Яғни оқиғаның шапшаң дамуы тыңдаушыны қызықтырып, енді не болар деген ойға қалдырады.Жаңа ғана екі інді мекен еткен екі қасқырдың енді бір сәтте балаларын қоректендіру үшін қозы әкеліп жеп жатқаны суреттелген.Мұның өзі жоғарыда айтқанымыздай оқиғадан оқиғаның тууын байқатады.Автор жыртқыш аңдар мекенін қалай әсерлі суреттесе, олардың ашқарақ қомағайлығын одан да әрі әсерлендіре түскен.Яғни, қасқырлар тек қана қозыға емес, өрістегі бұзаулар, жылқыларға шабады.Сонымен <<Көксерек>> әңгімесі жыртқыш аңдар оқиғасына байланысты туғаны айқындала береді. Әңгіме кейіпкері - кішкентай Құрмаш. Құрмаш Көксеректі қалай жақсы көріп, мәпелеп өсірсе де, ол безіп кетеді, қолға үйренбейді.Осы кезде оқушылар ойында бір сұрақ туындайды.Тек қана жақсылық жасаған Құрмашқа Көксерек тиіспесе деген.Яғни оқушылар Көксеректің алдағы тағдыры немен аяқталуына одан бетер қызыға береді.Бірақ бұл қызығу көпке созылмайды, зор өкінішпен, қайғымен жалғасып Құрмаштың трагедиялық өлімімен аяқталады./1, 56 б./ <<Көксерек>> әңгімесі жас өспірімдерге өмір танытарлық осындай оқиғаларды суреттеп берумен қатар, оларға қазақ халқының ана тіліндегі бай мұра мен оның сұлу да, өркем құрылысымен таныстырады, олардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырады. М.Әуезовтың балалар әдебиетіне қосқан тағы бір зор үлесі - <<Жетім>> әңгімесі./2, 86 б./Бұл шығарма да оқушы назарын аударарлықтай әсерлі туынды.Яғни, бұл әңгімені оқып отырған оқушы шығарма желісіне үңіліп кетеді.10 жасар жетім Қасымның тағдыры оларды бейжай қалдырмайды.Яғни, оқушылар Қасым соңында бақытты өмір сүреді деген үмітпен әңгімені қызығып оқиды.Бірақ та бұл шығарма да трагедиямен аяқталады.Күн көрсетпеген туысқандарынан қашқан Қасым орманда жүрегі жарылып өледі./1, 66 б./ М.Әуезов осы шығармалары арқылы жас оқушыны тыңдатумен қатар, олардың ой - қиялының, өз пікірлерінің дамуына жол ашады. Дәріс бойынша сұрақтар: 1. М.Әуезовтің өмірі мен жазушылық қызметі. 2. <<Жетім>> әңгімесі мен <<Көксерек>> повестерінің көркемдік-эстетикалық табиғаты. №14 дәріс. Тақырыбы: М.Әлімбаев және балалар әдебиеті Қазақ балалар әдебиетінің, оның ішінде балалар поэзиясының түп- төркіні, бастауы қазақ халық ауыз әдебиетіндегі бесік жыры, мал баласын сүю, санамақ, жаңылтпаш, өтірік өлең т.б. жатқандығы сөзсіз. Қазақ поэзиясының тарихын бағдарласақ, мүнда балаларға арнап өлең жазбаған қаламгер кемде - кем. Мұны өзі қазақ қаламгерлерінің жас ұрпаұ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгендігін көрсетеді. Қазақ балалар поэзиясының шын мәнінде өркендеуі ғасыр, кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті кезіңі болғандығы белгілі. Аталмыш дәуірінде Б. Майлин, І. Жансүгіров, А. Тоқмағамбетов, М. Жаманбалинов, Ж. Кәрібозин, т.б. қазақ балалар поэзиясына айтарлықтай үлес қосты. Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, аудармашы, әдебиетші, балалар ақыны, Абай атындағы мемлекеттің сыйлықтың иегері, Қазақстан халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың балалар поэзиясында орны ерекше. Ол кісі 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды селосында дүниеге келеді. Ұлы Отан Соғысына қатысқан. Армиядан оралған соң, С.М.Киров атындағы Қазақ университетін бітіреді. <<Пионер>> журналының бөлім бастығы, <<Қазақ әдебиеті>> газетінің бас редакторының орынбасары қызметін атқарып, КПСС мүшесі болған. Оның <<Менің ойыншақтарым>> (1953), <<Орақ - олақ>> 1962, <<Шынықсаң шымыр боласың>> (1969), <<Балдаурен, шіркін, балалық>> (1973), <<Ақсерек те көксерек>> (1977) , <<Аспандағы әпке>> (1982) , <<Екі тақтай бір көпір>> (1992) <<Қоянның құлағы неге ұзын?>> (1996), сияқты т.б. жинақтары кішкентай оқырмандардың сүйікті кітаптарына , ұстаздардың, тәрбиешілердің балалар тәрбиесінде, олардың ой- өрісін дамытудағы көмекшісіне айналды. 1984 жылы <<Аспандағы әпке>> жинағы үшін М. Әлімбаев Абай атындағы мемлекеттік сыйлық иегері атанды. М. Әлімбаев жинақтарының оқырмандарын тез тауып, сүіктісіне айналуында, сөз жоқ, дарын мен ізденімпаздықтың нәтижесі, балалар психологиясымен жете таныс болуы жатыр. Бұл жөнінде автордың өзі : <<Ақындықтың негізгі сыры, басты құпиясы, біздіңше, қиял ұшқырлығында, талант құдіреттілігінде... шын ақын өрнектеп ойлайды, өлеңмен толғайды. Шын ақынға қара сөзден гөрі өлең жақын>>(1), -деп шынайы дарын иесінің ішкі жан дүниесін сипаттайды. Өзінің шығармашылық жолында М. Әлімбаев әрқашан <<өрнектеп ойлап, өлеңмен толғайды>>. Ақын шығармашылығы жөнінде ақын- жазушыларымыз, әдебиетші ғалымдарымыз көптеген құнды пікірлер айтқан. Белгілі әдебиетші - ғалым, сыншы, профессор Н.Ғабдуллин : <<...М. Әлімбаев - қазақ балалар поэзиясының өркендеп дамуына үлкен еңбек сіңіріп келе жатыр. Ақынның балалар поэзиясының мазмұны мен түрін байытуға қосқан көп сапалық жаңалықтары, көркемдік үлгілері бар>> (2), - деп ақынның балаларға арналған шығармаларын жоғары бағалаған. Әрине, балалар ақыны болуы үшін, жоғарыда айтып өткеніміздей, бүлдіршіннің жан - дүниесін білуі қажет. Біліп, ұғып қана қоймай, ол білгенін өлеңмен өрнектей білу керектігі осы сәтте туындайды. Ақын өз ізденімпаздылығы мен еңбекқорлығын осы арада да танытады. М. Әлімбаевтың кішкентай оқырмандары оның кейіпкерлерінен өздерін таниды, себебі ақын кейіпкері <<жанды>>, әр қырынан көрінеді. Ал, М. Әлімбаев өз кейіпкерлеріне <<түсіністікпен қарап , олармен бірге қуанып, ренжиді де>> (3) Кейде өзінің кішкене кейіпкерлерінің балалық қылықтарына суйсінеді, зілсіз мысқылмен қағытып қояды, әзілдеп қояды, енді бірде пәк бала көңілін жағымсыз мінездермен сақтандырады, адамдық қасиеттерге шақырады. Алайда ақын бүлдіршіндерді жақсы қасиеттерге шақырса да, жағымсыз қылықтан сақтандырса да, ол мақсаттарын құрғақ уағыз негізінде емес, жанды бейнелер арқылы танытады, оқырмандарына ой салады, қорытынды жасатады, ойландырады. Автордың балаларға арналған өлеңдері қысқа болғанмен, белгілі сюжетке тартымды ойға, терең пікірге құрылған. Ақын балалардың қызығып та қуанып оқуын көбірек ойланады. Сондықтан да Мұзафар өмірдің кішкене көріністеріне үлкен мән беріп, түйінді ойлар айтуды өзіне зор мақсаи етіп қояды. Ақынның әсіресе мектеп жасына дейінгі балдырғандар мен бастауыш мектеп оқушыларына арнап жазған өлеңдері тым қызық, өте әсерлі. Оны үлкен кісілер де сүйсініп оқып, балалық шақтарын еске түсіреді. Ақын <<Кім ұтылды, кім ұтты...>> өлеңінде тау асып ойнап кеткен үш баланың қарны ашып, қолдарында қалған екі алманы бөлісе алмай жатқандарын сөз еткен, Екі алманы үшке бөлісе алмай таласып, керілдесіп жатқан екі жолдасына үндемей тұрған үшінші бала былай дейді: Қиын емес бұл мүлдем, Сен бер маған жартысын Теп- тең етіп бөлейік. Екеуі оған көніпті, Екеуін ал бір- бірден . Жарты-жарты бөлікті Мен- ақ соған көнейін, Басу айтқан балаға Не керек сол айтысып. Өз қолынан беріпті. Сен бер маған жартысын Кім ұтылды, кім ұтты? Не керек сол тартысып Кім ұқпады,кім ұқты? Ақын өлеңін сұрақпен аяқтап, оқиға шешімін балалардың өз талқысына салады, сөйтіп олардың ойын дамытуға, өздерінше пікір таласын тудыруға сілтейді. Ақын өлеңі тартымды ойға құралатын осыдан ап - айқын көрінеді. <<Әріптер сыры>> өлеңінін мамандық таңдауға жол ашатын сыр сипаты бар. <<А>> - Алтай бала дәрігер, Аурудан сақтар ол мені, << Ә>> - Әнуар өнер біледі. Әдемі етік тігеді <<Б>> - Бауыржан сақшы- жауынгер Батыр деп сүйген қауым ел <<В>>- Володя мастер мен дейді Вагондарды жөндейді. <<Г>> - Гүлжамиля бақшашы, Гүлге толған бақшасы. <<Ғ>> - Ғажап бояу жағады. Ғали сурет салады. Мұндағы әр әріптің түрлі мамандықты таңдайтындай мазмұнға құрылған, және 1сынып оқушыларының жаттау айтуына ыңғайлы. 36 әріпті тугел танып шыққан 1- сынып оқушылары ата - аналар жиналысы кезінде мектеп сахнасына шығып, бірі <<а>>,екіншісі <<б>> үшіншісі <<ә>> болып рольдесіп, жатқа айтып шықса, жарты жылдық оқудың білім қорытындысы болып, ата - ананы зор қуанышқа бөлер еді. Педагогтардың ақын- жазушыларға қояр- тілек, талаптары шығармаларының тәрбиелік мәні басым болумен қатар, білімділік мазмұнға құрылуын тілейді. Оқушылардың сөздік қорын байытатын талғам, ойлы, парасатты көркем сөздер болуын талап етеді. Өлеңдерді тез жаттап айтуына икемді боп тұруын жақтайды Сөзіміз жалаң болмас үшін ақынның еңбекке шақырған бір - екі өлеңін мысалға келтіріп өтейік: Ара тыңбайды Ұшып зырлайды, Шарлап қырларды, Шырын жинайды. Гүлдер өсірсең, Балың сыйлайды. <<Сыйға - сый>> өлеңінде М. Әлімбаев аранын күнделікті зырлап ұшып, тыным таппай , еңбектенген тірлігімен бүлдіршіндерді таныстыра отырып, оларды да ара құсап тынбай еңбектенуге шақырады. Сөйтіп, <<еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей>> деген ұлы Абай афоризміне жақын ой түйеді. Бүлдіршіндерге бал жегің келсе, гүл өсіріп, айналанды көгаландыр деген ой тастайды. Балалар не нәрсені де нақты, конкретті түрде түсінеді, ақын сондықтан да оқырмандырына гүлзарларды көбейту идеясын ұсынады. Ақын ойын жинақы әрі өте ұтымды берген, өз орнын таппаған басы артық сөз жоқ. Оқырманның көз алдына төңіректі шарлап, гүлден - гүлге қонып, шырын жинаған еңбекқор жәндік, жайқалған көк майса елестейді. Бейне бір сол араның ызыңын естігендей боласың. Н. Севостьянова өз мақаласында : <<Егер сіздер М. Әлімбаев өлеңдерін мұқият оқысаңыздар, онда , әрине, олардың балалар салған суреттерге ұқсайтындығын, солар сияқты көркем, бейнелі түрлі- түсті екндігін көресіздер>>, - дейді (5). Жоғарыда келтірілген өлеңдерінде мүмкіндігінше ашық дауыстыларды қолданады. Мұның себебін ақын: <<..олақ ақындар бұл талаппен санаса бермейді, дауыссыз дыбыстарды қаптатып, өлеңді оқыған кіп- кішкентай баланы былдырлатып, тұтқыртып әуреге салады>>(1), - дейді. Жоғарыдағы өлең балалар өлеңіне қойылатын осы талаппен де ұштасып жатыр. Демек өлең сөздерінің дыбыстық, буындық жағынан дұрыс үйлесім табуы, оның бүлдіршіннің тіліне орамды, жүрегіне жылы тиюіне әсер етеді. 3- 4 тармақтардағы ш дыбысының сәйкесігі де өлеңге ойнақылық, көркемдік дарытып тұр. <<Сыйға сый>> өлеңі небәрі алты тармақтан құралған. Әр тармақ бес буынды болып келеді. Алғашқы төрт тармақ пен соңғы тармақ өзара ұйқасады да, бесінші тармақ қалыс қалады. Мұның себебі, ақын бақылауынша, <<бірыңғай үйлесімдер жас бөбекті жалықтырып жібереді, жаттауға бөгет жасайды>>(1)., және айта кететін бір жайт, қалыс қалған жол белгілі бір мағыналық жүк көтереді. Демек, оқырманды еңбек етуге шақырады. Өлең көлемінің шағындығы тағы да, балалар поэзиясының шарттарынан келіп туады. Өйткені бүлдіршіндер зейіні өте құбылмалы. Сол себепті ұзын- сонар баяндауларға қарағанда, олар ойнақы да қызғылықты, шағын да көркем өлеңдерді тыңдауды ұнатады. Еңбек тақырыбына арналған тағы бір шағын өлеңді мысалға келтіре кетсек: Кіп - кішкентай күрекпін, Күнде саған керекпін. Күре қарын ауланың, Қопсыт түбін теректің.. Еңбек сүйгіш күрекпін, Елгезекке керекпін (4). <<Күректің жыры>> өлеңі еңбек сүйгіш күректің монологы түрінде жазылған шағын өлең. Автор күрекке жан бітіре суреттей отырып, оны үнемі тынымсыз еңбек үстінде көрсетеді.Күрекше баланы қол қусырып отырмай, ауланың қарын күреп, теректің түбін қопсытуға шақырады. Өзінің еңбек сүйгіш, елгезек балалармен ған дос екендігін айтады. Аталмыш өлеңі арқылы ақын бүлдіршіндерді шама - шарқынша еңбектенуге үндейді. Күректің кіп - кішкентай болуы оның бүлдіршіндерге арналғанын меңзейді. Өлең небәрі алты жолдан тұрады. Әр тармақ жеті буыннан құрлған. Өлең ұйқасына келсек, ол егіз ұйқаспен жазылған. Бұл жөнінде қаламгердің өзі : <<Бала өлеңінінң ұйқастары бір - біріне таяу орналасқаны құлаққа жағымды. Меніңше, кішкентайлар егіз ұйқасты өлеңді тез жаттайды>> (1). Демек, қаламгер саналы түрде өз өлеңінде егіз ұйқасты қолданады. <<Балалар өлеңінің әр шумағы, тіпті егіз- қос жолына бір - бір сурет салынғандай болғаны - оның көркемдік құндылығына айғақ>>(1), - деген ұстанымын ақын <<Күректің жыры>> өлеңінде қолданған. Өлеңдегі дыбыстық қайталаулар - аллитерация (к, қ дыбыстарының тармақ басында, аралығында қайталанып келуі) ассонанс ( е дыбыстарының сәйкесігі) өлеңге әуенділік сыйлап тұр. Мұндай дыбыстық қайталаулар өлеңнің тез жатталуына өз септігін тигізеді. <<Еңбектен асқан есті ұстаз жоқ>> деп М. Әлімбаевтың өзі айтпақшы, еңбек адамды ширатады, өмірге дағдыландырады, жалқаулық, жатыпішерлік, еріншектік тәрізді мінездегі міндерден ада етеді, адамгершілікке, адалдыққа еңбексүйгіштікке баулиды. Қорыта келгенде, М. Әлімбаевтың еңбек тақырыбындағы өлеңдері бүлдіршіндерді игі қасиеттерге тәрбиелеудегі бірден - бір құнды құрал. Дәріс бойынша сұрақтар: 1.Қзіргі балалар поэзиясы. 2.Қазақ әдебиеті стилі, жанр, түр жағынан күрделенуі, түрленуі. Шығармашылық ізденістер. 3. Балалар әдебиетінің бағыты, басты міндеті. 4. М.Әлімбаев шығармаларының идеялық-тақырыптық негізі. 5. Балаларға раналған өлеңдерінің тақырыптық молдығы, мазмұн байлығы. 6. Ақын өлеңдерінің баланың танымдық қабілетіне әсері. 15 дәріс. Тақырыбы: М.Әлімбаев және балалар әдебиеті Қазақ балалар әдебиетінің, оның ішінде балалар поэзиясының түп- төркіні, бастауы қазақ халық ауыз әдебиетіндегі бесік жыры, мал баласын сүю, санамақ, жаңылтпаш, өтірік өлең т.б. жатқандығы сөзсіз. Қазақ поэзиясының тарихын бағдарласақ, мүнда балаларға арнап өлең жазбаған қаламгер кемде - кем. Мұны өзі қазақ қаламгерлерінің жас ұрпаұ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгендігін көрсетеді. Қазақ балалар поэзиясының шын мәнінде өркендеуі ғасыр, кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті кезіңі болғандығы белгілі. Аталмыш дәуірінде Б. Майлин, І. Жансүгіров, А. Тоқмағамбетов, М. Жаманбалинов, Ж. Кәрібозин, т.б. қазақ балалар поэзиясына айтарлықтай үлес қосты. Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, аудармашы, әдебиетші, балалар ақыны, Абай атындағы мемлекеттің сыйлықтың иегері, Қазақстан халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың балалар поэзиясында орны ерекше. Ол кісі 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды селосында дүниеге келеді. Ұлы Отан Соғысына қатысқан. Армиядан оралған соң, С.М.Киров атындағы Қазақ университетін бітіреді. <<Пионер>> журналының бөлім бастығы, <<Қазақ әдебиеті>> газетінің бас редакторының орынбасары қызметін атқарып, КПСС мүшесі болған. Оның <<Менің ойыншақтарым>> (1953), <<Орақ - олақ>> 1962, <<Шынықсаң шымыр боласың>> (1969), <<Балдаурен, шіркін, балалық>> (1973), <<Ақсерек те көксерек>> (1977) , <<Аспандағы әпке>> (1982) , <<Екі тақтай бір көпір>> (1992) <<Қоянның құлағы неге ұзын?>> (1996), сияқты т.б. жинақтары кішкентай оқырмандардың сүйікті кітаптарына , ұстаздардың, тәрбиешілердің балалар тәрбиесінде, олардың ой- өрісін дамытудағы көмекшісіне айналды. 1984 жылы <<Аспандағы әпке>> жинағы үшін М. Әлімбаев Абай атындағы мемлекеттік сыйлық иегері атанды. М. Әлімбаев жинақтарының оқырмандарын тез тауып, сүіктісіне айналуында, сөз жоқ, дарын мен ізденімпаздықтың нәтижесі, балалар психологиясымен жете таныс болуы жатыр. Бұл жөнінде автордың өзі : <<Ақындықтың негізгі сыры, басты құпиясы, біздіңше, қиял ұшқырлығында, талант құдіреттілігінде... шын ақын өрнектеп ойлайды, өлеңмен толғайды. Шын ақынға қара сөзден гөрі өлең жақын>>(1), -деп шынайы дарын иесінің ішкі жан дүниесін сипаттайды. Өзінің шығармашылық жолында М. Әлімбаев әрқашан <<өрнектеп ойлап, өлеңмен толғайды>>. Ақын шығармашылығы жөнінде ақын- жазушыларымыз, әдебиетші ғалымдарымыз көптеген құнды пікірлер айтқан. Белгілі әдебиетші - ғалым, сыншы, профессор Н.Ғабдуллин : <<...М. Әлімбаев - қазақ балалар поэзиясының өркендеп дамуына үлкен еңбек сіңіріп келе жатыр. Ақынның балалар поэзиясының мазмұны мен түрін байытуға қосқан көп сапалық жаңалықтары, көркемдік үлгілері бар>> (2), - деп ақынның балаларға арналған шығармаларын жоғары бағалаған. Әрине, балалар ақыны болуы үшін, жоғарыда айтып өткеніміздей, бүлдіршіннің жан - дүниесін білуі қажет. Біліп, ұғып қана қоймай, ол білгенін өлеңмен өрнектей білу керектігі осы сәтте туындайды. Ақын өз ізденімпаздылығы мен еңбекқорлығын осы арада да танытады. М. Әлімбаевтың кішкентай оқырмандары оның кейіпкерлерінен өздерін таниды, себебі ақын кейіпкері <<жанды>>, әр қырынан көрінеді. Ал, М. Әлімбаев өз кейіпкерлеріне <<түсіністікпен қарап , олармен бірге қуанып, ренжиді де>> (3) Кейде өзінің кішкене кейіпкерлерінің балалық қылықтарына суйсінеді, зілсіз мысқылмен қағытып қояды, әзілдеп қояды, енді бірде пәк бала көңілін жағымсыз мінездермен сақтандырады, адамдық қасиеттерге шақырады. Алайда ақын бүлдіршіндерді жақсы қасиеттерге шақырса да, жағымсыз қылықтан сақтандырса да, ол мақсаттарын құрғақ уағыз негізінде емес, жанды бейнелер арқылы танытады, оқырмандарына ой салады, қорытынды жасатады, ойландырады. Автордың балаларға арналған өлеңдері қысқа болғанмен, белгілі сюжетке тартымды ойға, терең пікірге құрылған. Ақын балалардың қызығып та қуанып оқуын көбірек ойланады. Сондықтан да Мұзафар өмірдің кішкене көріністеріне үлкен мән беріп, түйінді ойлар айтуды өзіне зор мақсаи етіп қояды. Ақынның әсіресе мектеп жасына дейінгі балдырғандар мен бастауыш мектеп оқушыларына арнап жазған өлеңдері тым қызық, өте әсерлі. Оны үлкен кісілер де сүйсініп оқып, балалық шақтарын еске түсіреді. Ақын <<Кім ұтылды, кім ұтты...>> өлеңінде тау асып ойнап кеткен үш баланың қарны ашып, қолдарында қалған екі алманы бөлісе алмай жатқандарын сөз еткен, Екі алманы үшке бөлісе алмай таласып, керілдесіп жатқан екі жолдасына үндемей тұрған үшінші бала былай дейді: Қиын емес бұл мүлдем, Сен бер маған жартысын Теп- тең етіп бөлейік. Екеуі оған көніпті, Екеуін ал бір- бірден . Жарты-жарты бөлікті Мен- ақ соған көнейін, Басу айтқан балаға Не керек сол айтысып. Өз қолынан беріпті. Сен бер маған жартысын Кім ұтылды, кім ұтты? Не керек сол тартысып Кім ұқпады,кім ұқты? Ақын өлеңін сұрақпен аяқтап, оқиға шешімін балалардың өз талқысына салады, сөйтіп олардың ойын дамытуға, өздерінше пікір таласын тудыруға сілтейді. Ақын өлеңі тартымды ойға құралатын осыдан ап - айқын көрінеді. <<Әріптер сыры>> өлеңінін мамандық таңдауға жол ашатын сыр сипаты бар. <<А>> - Алтай бала дәрігер, Аурудан сақтар ол мені, << Ә>> - Әнуар өнер біледі. Әдемі етік тігеді <<Б>> - Бауыржан сақшы- жауынгер Батыр деп сүйген қауым ел <<В>>- Володя мастер мен дейді Вагондарды жөндейді. <<Г>> - Гүлжамиля бақшашы, Гүлге толған бақшасы. <<Ғ>> - Ғажап бояу жағады. Ғали сурет салады. Мұндағы әр әріптің түрлі мамандықты таңдайтындай мазмұнға құрылған, және 1сынып оқушыларының жаттау айтуына ыңғайлы. 36 әріпті тугел танып шыққан 1- сынып оқушылары ата - аналар жиналысы кезінде мектеп сахнасына шығып, бірі <<а>>,екіншісі <<б>> үшіншісі <<ә>> болып рольдесіп, жатқа айтып шықса, жарты жылдық оқудың білім қорытындысы болып, ата - ананы зор қуанышқа бөлер еді. Педагогтардың ақын- жазушыларға қояр- тілек, талаптары шығармаларының тәрбиелік мәні басым болумен қатар, білімділік мазмұнға құрылуын тілейді. Оқушылардың сөздік қорын байытатын талғам, ойлы, парасатты көркем сөздер болуын талап етеді. Өлеңдерді тез жаттап айтуына икемді боп тұруын жақтайды Сөзіміз жалаң болмас үшін ақынның еңбекке шақырған бір - екі өлеңін мысалға келтіріп өтейік: Ара тыңбайды Ұшып зырлайды, Шарлап қырларды, Шырын жинайды. Гүлдер өсірсең, Балың сыйлайды. <<Сыйға - сый>> өлеңінде М. Әлімбаев аранын күнделікті зырлап ұшып, тыным таппай , еңбектенген тірлігімен бүлдіршіндерді таныстыра отырып, оларды да ара құсап тынбай еңбектенуге шақырады. Сөйтіп, <<еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей>> деген ұлы Абай афоризміне жақын ой түйеді. Бүлдіршіндерге бал жегің келсе, гүл өсіріп, айналанды көгаландыр деген ой тастайды. Балалар не нәрсені де нақты, конкретті түрде түсінеді, ақын сондықтан да оқырмандырына гүлзарларды көбейту идеясын ұсынады. Ақын ойын жинақы әрі өте ұтымды берген, өз орнын таппаған басы артық сөз жоқ. Оқырманның көз алдына төңіректі шарлап, гүлден - гүлге қонып, шырын жинаған еңбекқор жәндік, жайқалған көк майса елестейді. Бейне бір сол араның ызыңын естігендей боласың. Н. Севостьянова өз мақаласында : <<Егер сіздер М. Әлімбаев өлеңдерін мұқият оқысаңыздар, онда , әрине, олардың балалар салған суреттерге ұқсайтындығын, солар сияқты көркем, бейнелі түрлі- түсті екндігін көресіздер>>, - дейді (5). Жоғарыда келтірілген өлеңдерінде мүмкіндігінше ашық дауыстыларды қолданады. Мұның себебін ақын: <<..олақ ақындар бұл талаппен санаса бермейді, дауыссыз дыбыстарды қаптатып, өлеңді оқыған кіп- кішкентай баланы былдырлатып, тұтқыртып әуреге салады>>(1), - дейді. Жоғарыдағы өлең балалар өлеңіне қойылатын осы талаппен де ұштасып жатыр. Демек өлең сөздерінің дыбыстық, буындық жағынан дұрыс үйлесім табуы, оның бүлдіршіннің тіліне орамды, жүрегіне жылы тиюіне әсер етеді. 3- 4 тармақтардағы ш дыбысының сәйкесігі де өлеңге ойнақылық, көркемдік дарытып тұр. <<Сыйға сый>> өлеңі небәрі алты тармақтан құралған. Әр тармақ бес буынды болып келеді. Алғашқы төрт тармақ пен соңғы тармақ өзара ұйқасады да, бесінші тармақ қалыс қалады. Мұның себебі, ақын бақылауынша, <<бірыңғай үйлесімдер жас бөбекті жалықтырып жібереді, жаттауға бөгет жасайды>>(1)., және айта кететін бір жайт, қалыс қалған жол белгілі бір мағыналық жүк көтереді. Демек, оқырманды еңбек етуге шақырады. Өлең көлемінің шағындығы тағы да, балалар поэзиясының шарттарынан келіп туады. Өйткені бүлдіршіндер зейіні өте құбылмалы. Сол себепті ұзын- сонар баяндауларға қарағанда, олар ойнақы да қызғылықты, шағын да көркем өлеңдерді тыңдауды ұнатады. Еңбек тақырыбына арналған тағы бір шағын өлеңді мысалға келтіре кетсек: Кіп - кішкентай күрекпін, Күнде саған керекпін. Күре қарын ауланың, Қопсыт түбін теректің.. Еңбек сүйгіш күрекпін, Елгезекке керекпін (4). <<Күректің жыры>> өлеңі еңбек сүйгіш күректің монологы түрінде жазылған шағын өлең. Автор күрекке жан бітіре суреттей отырып, оны үнемі тынымсыз еңбек үстінде көрсетеді.Күрекше баланы қол қусырып отырмай, ауланың қарын күреп, теректің түбін қопсытуға шақырады. Өзінің еңбек сүйгіш, елгезек балалармен ған дос екендігін айтады. Аталмыш өлеңі арқылы ақын бүлдіршіндерді шама - шарқынша еңбектенуге үндейді. Күректің кіп - кішкентай болуы оның бүлдіршіндерге арналғанын меңзейді. Өлең небәрі алты жолдан тұрады. Әр тармақ жеті буыннан құрлған. Өлең ұйқасына келсек, ол егіз ұйқаспен жазылған. Бұл жөнінде қаламгердің өзі : <<Бала өлеңінінң ұйқастары бір - біріне таяу орналасқаны құлаққа жағымды. Меніңше, кішкентайлар егіз ұйқасты өлеңді тез жаттайды>> (1). Демек, қаламгер саналы түрде өз өлеңінде егіз ұйқасты қолданады. <<Балалар өлеңінің әр шумағы, тіпті егіз- қос жолына бір - бір сурет салынғандай болғаны - оның көркемдік құндылығына айғақ>>(1), - деген ұстанымын ақын <<Күректің жыры>> өлеңінде қолданған. Өлеңдегі дыбыстық қайталаулар - аллитерация (к, қ дыбыстарының тармақ басында, аралығында қайталанып келуі) ассонанс ( е дыбыстарының сәйкесігі) өлеңге әуенділік сыйлап тұр. Мұндай дыбыстық қайталаулар өлеңнің тез жатталуына өз септігін тигізеді. <<Еңбектен асқан есті ұстаз жоқ>> деп М. Әлімбаевтың өзі айтпақшы, еңбек адамды ширатады, өмірге дағдыландырады, жалқаулық, жатыпішерлік, еріншектік тәрізді мінездегі міндерден ада етеді, адамгершілікке, адалдыққа еңбексүйгіштікке баулиды. Қорыта келгенде, М. Әлімбаевтың еңбек тақырыбындағы өлеңдері бүлдіршіндерді игі қасиеттерге тәрбиелеудегі бірден - бір құнды құрал. Дәріс бойынша сұрақтар: 1.Қзіргі балалар поэзиясы. 2.Қазақ әдебиеті стилі, жанр, түр жағынан күрделенуі, түрленуі. Шығармашылық ізденістер. 3. Балалар әдебиетінің бағыты, басты міндеті. 4. М.Әлімбаев шығармаларының идеялық-тақырыптық негізі. 5. Балаларға арналған өлеңдерінің тақырыптық молдығы, мазмұн байлығы. 6. Ақын өлеңдерінің баланың танымдық қабілетіне әсері. 15. Тәжірибелік сабақтар 1- семинар 1. Халық ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің бастауы. Халықтық бесік жырларының мазмұны. 3. Бесік жыры мен тұсау кесу жырының көркемдік-эстетикалық табиғаты. 4. Төрт түлік мал туралы өлеңдердегі халық даналығы. 5. Жаңылтпаш, өтірік өлеңдер және даналық сөздер - тіл дамыту құралы 2- семинар 1.ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті. 2. Махамбет жырларының халықтық негізі. Ақын поэзиясындағы реалистік сипаттар. 3. Ақын поэзиясындағы реалистік сипаттар. 3- семинар 2. Ы.Алтынсарин - қазақ балалар әдебиетінің атасы. 2. Ыбырайдың өмірі мен ағартушылық қызметі. 3. Шығармаларының тәрбиелік мәні. 4- семинар 1. Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны. 2. Абайдың балаларға лайықты өлеңдері. 3. Қарасөздерінде халық ағарту мәселелерін көтеруі. Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары. 5- семинар 1. ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті. 2. Көрнекті балалар ақын-жазушылары. 3. С.Көбеев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов шығармаларындағы ел, жер тағдыры, ұлттық сана түсінігі. 6- семинар 1. А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі. 2. "Қырық мысал", "Маса" жинақтарының әлеуметтік санаға әсері. 3. "Тіл құралы", "Әдебиет танытқыш" еңбектерінің қазақ тіл білімінің, әдебиеттану ғылымының негізін салуға қосқан үлесі. 16.Бақылау жұмыстарының сұрақтары 1. Ж.Аймауытовтың ағартушылық, педагогикалық бағыттағы ғылыми еңбектерінің мәні. 2. Психология, әдістеме, эстетика саласынан жазған ғылыми еңбектерінің танымдық негізі. 3. Балалар әдебиетіне қосқан үлесі. 4. Қазақ кеңес балалар әдебиеті. 2. Қоғамдық-тарихи жағдай. Көрнекті балалар ақын-жазушылары. 3. Балаларға арналған туындылардың идеялық-тақырыптық негізі. 1. М.Әуезов және балалар әдебиеті. 2. Өмірі мен жазушылық қызметі. 3. "Жетім" әңгімесі мен "Көксерек" повестерінің көркемдік-эстетикалық табиғаты. 1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті. 2. Кеңес халықтарының ерлік істерінің балалар әдебиетіндегі көрінісі. 3. Негізгі тақырып, идея бірлігі, ұлттық рух көрінісі. 1. Ғ.Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" романының тарихи-көркемдік ерек шеліктері. 2. Ғ.Мүсіреповтің новеллаларындағы бала тағдыры үшін күрескен ана бейнесі. 3. "Қазақ солдаты" романының балалар әдебиеті тарихында алатын орны. 4. Бала психологиясы мен эстетикалық мұратын, ой-арманын бейнелеудегі жазушы шеберлігі. 1. Қазіргі балалар поэзиясы. 2. Қазақ әдебиетінің стиль, жанр, түр жағынан күрделенуі, түрленуі. Шығармашылық ізденістер. 3. Балалар әдебиетінің бағыты, басты міндеті. 1. Қ.Мырза Әли шығармаларының идеялық-тақырыптық негізі. 2. Балаларға арналған өлеңдерінің тақырып молдығы, мазмұн байлығы. 3. Ақын өлеңдерінің баланың танымдық қабілетіне әсері. 1. Қазіргі балалар прозасы. 2. Өмір шындығын көркемдік тұрғыдан игеру ауқымының кеңдігі, образдар табиғатының күрделілігі, адамгершілік-моральдық мәселелердің өткірлігі 3. тақырып аясының әралуандығы. 1. Қазіргі балалар драматургиясы. 2. Балалар драматургиясындағы ұлттық рең, дәстүр мен жаңашылдық, стиль ерекшелігі. 17. Материалды меңгергендігін бағалауға арналған сұрақтар 1-ағымдық бағалау сұрақтары (1-7 апта бойынша) 1. 1. Халық ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің бастауы. 2. Халықтық бесік жырларының мазмұны. 3. Бесік жыры мен тұсау кесу жырының көркемдік-эстетикалық табиғаты. 4. Төрт түлік мал туралы өлеңдердегі халық даналығы. 5. Жаңылтпаш, өтірік өлеңдер және даналық сөздер - тіл дамыту құралы 6 .ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті. 7. Махамбет жырларының халықтық негізі. Ақын поэзиясындағы реалистік сипаттар. 8. Ы.Алтынсарин - қазақ балалар әдебиетінің атасы. 9. Ыбырайдың өмірі мен ағартушылық қызметі, шығармаларының тәрбиелік мәні. 10. Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны. 12. Абайдың балаларға лайықты өлеңдері. 13. Қарасөздерінде халық ағарту мәселелерін көтеруі. Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары. 14. ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті. 15. Көрнекті балалар ақын-жазушылары. 2-ағымдық бағалау сұрақтары (8-15 апта бойынша) 1. С.Көбеев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов шығармаларындағы ел, жер тағдыры, ұлттық сана түсінігі. 2. А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі. 3. "Қырық мысал", "Маса" жинақтарының әлеуметтік санаға әсері. 4. "Тіл құралы", "Әдебиет танытқыш" еңбектерінің қазақ тіл білімінің, әдебиеттану ғылымының негізін салуға қосқан үлесі. 5. Ж.Аймауытовтың ағартушылық, педагогикалық бағыттағы ғылыми еңбектерінің мәні. 6. Психология, әдістеме, эстетика саласынан жазған ғылыми еңбектерінің танымдық негізі. 7. Балалар әдебиетіне қосқан үлесі. 8. Қазақ кеңес балалар әдебиеті. 9. Қоғамдық-тарихи жағдай. Көрнекті балалар ақын-жазушылары. 10. Балаларға арналған туындылардың идеялық-тақырыптық негізі. 11. М.Әуезов және балалар әдебиеті. 12. Өмірі мен жазушылық қызметі. 13. "Жетім" әңгімесі мен "Көксерек" повестерінің көркемдік-эстетикалық табиғаты. 14. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті. 15. Кеңес халықтарының ерлік істерінің балалар әдебиетіндегі көрінісі.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz