Файл қосу

Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі пәнінің басқа ғылымдармен байланысы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ
                 ЮРИСПРУДЕНЦИЯ КАФЕДРАСЫ
                                       


                                       
                           Н.С. ГАЗИЗОВА 
                                       
                                       
                                       
  ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
                  ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
                                       
                                       
                                       
                                       
050115 <<Құқық және экономика негіздері>> мамандығы студенттеріне арналған
                                       
                                       
                                       
                                       
















                              Семей -2013ж.
                                       
                                       

                         
                                Алғы сөз

1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырушы _______ <<___>>________ 200__г.   Газизова Н.С.  
Старший преподаватель кафедры <<Юриспруденция>>                                                                                                    
    
                                            
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 <<Құқықтану>> кафедрасы мәжілісінде                                                                                                    
Хаттама <<____>> __________ 200__ж., № __.
                                      
Кафедра меңгерушісі _________    Елеманов С.Х. 
                                                          

2.2  Гуманитарлық-заң факультетінің оқу- әдістемелік бюро мәжілісінде  
                                                                                                                                                      
Хаттама <<____>> __________ 200__ ж., № __
                                                     
Төраға _________     ___________________
                                      Қолы                         аты -жөні

3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу- әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданып, ұсынылды
Хаттама <<____>> __________ 200__ ж., № __.
                                                   
ОӘК төрайымы     _________ __________________
                                         Қолы                         аты -жөні


4 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ  (немесе басылым №___ 
 <<___>> ______200_ж орнына.)








                                МАЗМҰНЫ
                                       
* Глоссарийлер
* Қысқаша дәрістер курсы
* Семинар сабақтарды өткізуге арналған
әдістемелік нұсқау

* Студенттің оқытушымен жүргізетін өздік
жұмыстарына  (СОЖӨЖ) әдістемелік нұсқау

* Студенттің өздік жұмыстарына (СӨЖ) әдістемелік  нұсқау
    
* Емтихан сұрақтары










                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ  ПӘНІ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙЛЕР
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу  -  олардың қылмысқа ұрынбауына, өмірдің тиімді жолдарын өз бетімен шешуге үйренуіне, қолайсыз көріністерге бой алдырмауға жетелейді. 
Құқықтық білім берудің міндеті  -   барлық іске жауапкершілікпен қарайтын, өз құқығын жете меңгерген, заңдарды ұғынып қана емес, сонымен бірге  сыйлай білетін,  құқықтық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол, білікті маман даярлап шығару.
Қазақстан Республикасы мемлекеті және құқығы негізін оқытудың әдістемесінің негізгі міндеті  -  заң ғылымдарының негізінде оқушыларды терең  құқықтық біліммен қамтамасыз ету және құқықтық саналы, құқықтық  мәдениетті адамдарды тәрбиелеу.  
Қазақстан Республикасы мемлекеті және құқығы негізін оқытудың әдістемесі курсының пәні болып оның зерттейтін аясы табылады, яғни мемлекет пен құқықтың пайда болу, даму заңдылықтары, ерекшеліктері т.б.
Қазақстан Республикасы мемлекеті және құқығы негіздері әдістемесі курсының атқаратын қызметтері: азаматтылығы жоғары адамды қалыптастыру, оның жалпы құқықтық мәдениеті мен әлеуметтік белсенділігін арттыру, жастарға арнайы құқықтық білім беру, құқық бұзушылықтың алдын  -  алу шараларын жүргізу.
Құқықтық тәрбиенің тікелей мақсаты  -  азаматтардың қоғамдық қатынастарда құқықтық белсенділігін арттыру, басқа да мемлекеттік қызметкерлер өкілеттіліктерін жүзеге асыру процесінде заңдылықты қатаң сақтау, құқықтық қатынастарға байланысты жағдайларды заңи тұрғыда шешу, әр түрлі құқықтық әрекеттері бейнелеуде құқықтық мәдениет деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Құқықтық белсенділік -  әлеуметтік-құқықтық шеңбердегі қызметте белгілі дәрежеде пәрменділікке, ал құқықтық міндеттердің қарапайым талаптарға өзінің міндетті әрекетіне ие болу жағдайын білдіреді.
Құқықтық тәрбиені қалыптастырудың  амалдары: құқықтық насихат, құқықтық   білім   беру, заңдылық тәжірибе, яғни өзін - өзі тәрбиелеу (құықтық өмірге) бейімделуі қажет.
Экономикалық білім  беру адамға қоғамның негізгі экономикалық заңдары, мемлекетіміздің экономикалық саясаты жөнінде білім берумен қатар, ұйымдастыру-экономикалық ептіліктерімен қаруландыруға бағыттайды.
Экономикалық тәрбие -  тәрбиенің құраушы бөлігінің бірі. Ол қоғамның мүшелерінде  шаруашылық нормалары мен принциптеріне сәйкес білім, ептілік және дағдыларды , қажеттіліктермен қызығушылықтарын, ойлау стилін, өзін алып жүру  мен  іс-әрекетін  қалыптастыруды болжайды. Экономикалық тәрбие процесінде  жеке тұлғаның тәртіптілік,  іскерлік, ұйымдастырушылық, жауапкершілік, қамқорлық және т.б. сапаларды қалыптастырады.
Құқықтық  -  нормативті актілермен жұмыс істеу оқушылардың қоғамдық мәселелер туралы кең ұғуына, толық сипаттама алуға, қазіргі кезеңнің қарама  -  қайшылық мәселелерін саралап түсінуге, әлемді барлық түсімен көруге, өмірде кездесетін ахуалдарға сын көзбен қарауға, әр түрлі мәселелерді баламалы шешуге көмектеседі.











<<ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ>>
     КУРСЫ БОЙЫНША ҚЫСҚАША ДӘРІСТЕР КУРСЫ

ДӘРІС 1 
<<ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ>> КУРСЫНЫҢ ПӘНІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Мақсаты:.Студенттерге  <<Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі>> пәнінің маңызы мен мәнін теориялық тұрғыда түсіндіру және пәннің болашақ құқық және экономика пәні мұғалімі үшін алатын ролін ұғындыру.
Жоспар:
* Құқық және экономика негіздерін  оқыту әдістемесі пәні және оны оқытудың мақсаттары мен міндеттері. 
* Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.

1. Еліміз құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатқандығын паш етіп, оны Ата заңымыздың бірінші бабында заңдастырғаны бәрімізге белгілі. Құқықтық мемлекет  -  ұзақ тарихи дамудың жемісі. Ол үрдіс күрделі, қиын, әрі сан  -  салалы. Мол қаржыны, жалпы мемлекеттік деңгейдегі ұйымдық  -  құрылымдық шараларды, бүкіл педагогтар, зиялылар қауымының қажыр  -  қайратын, рухани  ізденістерін қажет етеді. Демек ел, ұрпақ тағдыры үшін маңызы мен жауапкершілігі айрықша білім беру ісіне барлық деңгейдегі мммемлекеттік органдардың бетбұрысы, қамқорлығы керек. Бұл жөнінде Президентіміз Н.Ә. Назарбаев <<Қазақстан  -  2030>> жолдауында негізгі бағыттарды көрсетіп берді. Сол бағыттардың бірі  -  жоғарғы құқықтық сана мен құқықтық мәдениет. Осы екі элементтің іргетасы азаматтарда алдыменен отбасында қаланса, содан кейін мектеп қабырғасында жалғасады.
	1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылданды. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттігі атап көрсетілді. Бұдан шығатын тұжырым не? Ол тәуелсіздік тұғырына көтерілген Қазақстанның алдында білім беру саласында жаңа қажеттіліктердің пайда болуы. Ғылым мен техниканың тез даму қарқыны, өндіріске шетелдік және отандық озық, жаңа технологиялар мен әдістердің енуі, қоғамның жаңа экономикалық қатынастарға көшуі республикамызда білім беру саласында жүргізіп жатқан реформалық  өзгерістерді жетілдіруді, білім сапасын арттыруды талап етеді.
	 Қазіргі <<Білім туралы>> заңның талаптарын орындау әлі де сан қырлы экономикалық- материалдық, ұйымдық, кадр, құқықтық - - нормативтік шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Бүкіл қоғам, жалпы жұртшылық болып күш салатын істер шаш етектен. Солардың ішіндегі ең күрделісі, ең маңыздысы  -  құқықтық сауатты азаматтарды дайындап шығару. Құқықтық сауатты адамдар қылмысқа ұрынбауға әрекет жасайды. Өмір сүрудің тиімді жолдарын өз бетімен шешуге үйренеді. Азаматтық құқығын жете меңгергендер ғана қолайсыз көріністерге бой алдырмайды.
	Тиімді білім беру жүйесін қабылдау үшін қазіргі білім беру жүйесін қоғамның даму мақсатына сай қалыптастыруға бағыттау керек. Құқықтық білім берудің міндеті  -  дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын, шығармашылық ойлауға дағдыланған, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол және білікті маман даярлау. Осындай мақсаттарға жетуде Қазақстан мемлекеті және құқығы негіздері курсын мектеп қабырғасында оқытудың қажеттігі артуда.
	Қазіргі кезде жас оқытушылар тобы өз жұмыстарын жаңа қоғамға, яғни қоғамдық жаңа өзгерістерге лайықтап бастап отыр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында: <<Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықтың Қазақстанды нарықтық  экономика елі ретінде танып отыр. Тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан тарихи сілкініс жасады, әлемдік өркениетпен ықпалдануда, жаңа прогресшіл технологияларды пайдалануда. Елдің әлеуметтік даму болашағы анықталған.
Қоғамдық қарым  -  қатынастар жүйесіндегі өзгерістер өз кезеңінде білім беру ісіне ықпал етеді және оны жаңа тарихи кезеңнің шақыруына жұмыла үн қосуды, әрі соған сай жауап беруді талап етеді және де тұтастай алғанда экономикалық даму қажеттіліктеріне сай болуы тиіс>>.Қазіргі көтеріліп отырған білім беруді дамыту тұжырымдамасының мақсаты  -  жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауап , шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғалар қалыптастыру.  Қазақ халқы Жолдауда көрсетілген бағыттарды сәтті іске асыруға талпынуда. Мектеп өмірінде құқықтық білім беруге бағытталған қайта құрулар жүргізіліп жатыр. Құқық пәнін оқытудың рөлі артты. Орта мектептердің оқыту жоспарларына жоғары сынып оқушыларының құқықтық санасын одан әрі көтеруге бағытталған <<Адам.Қоғам.Құқық>>, <<Қаржылық білім негіздері>> арнайы пән ретінде енгізілді. Пәнді оқытудың нысандары мен әдістері таңдалып алынды.
	Құқықтық мемлекеттің талабына сай жаңа азаматты және жоғары дәрежелі, білікті мамандарды қалыптастыру мектеп қабырғасында алған білімге байланысты. Мектепте <<Құқық және экономика негіздері>> пәнін оқытудың сапасын анықтайтын маңызды факторлардың бірі  -  <<Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі>> пәнінің ғылыми тұжырымдалуы және әрбір мұғалімнің осы теорияны меңгеру дәрежесі болып табылады. Тек қана дұрыс анықталған әдістемелік теория мұғалімді құқықтық  -  нақты іс  - тәжірибе жолына бағыттайды. Сондықтан <<>> курсының пәнін, міндеттерін, қызметтерін анықтап алу қажет.
	<<Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі>> пәні өзінің міндеттері етіп мыналарды қояды:
* оқытудың тиімді әдістерін пайдалана отырып құқықтық және экономикалық білім беруді жүйелеу;
* құқықтық және экономикалық ғылым материалдары негізінде оқушыларды тәрбиелеу.
Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесін қай ғылымның қатарына жатқызуға болады, заңдылық немесе педагогикалық? Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесін  ғылыми пән ретінде оқытудың сипатын анықтау осы мәселені дұрыс шешуге байланысты. Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі психология және педагогика ғылымдарына сүйене отырып құқық және экономиканың негізгі жағдайларын қолдануда нақты мәселелерді шешеді. Психология мұғалімге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психикалық ерекшеліктері мен заңдылықтырын ұғынуға көмектеседі. Сонымен бірге психология мұғалімге өте қажетті , негізгі ғылыми мынандай мәселелерге  көңіл бөлуге әсерін тигізеді: оқушылардың ойлауы мен сөйлеуін, есте сақтауы мен елестетуін дамыту. Бұл мәселені шетте қалдыру мұғалімнің оқушылар тарапынан дұрыс жауаптар алуын қиындатады. Мысалы: мұғалімнің оқу материалдарын таңдап алуы, көрнекі құралдарды жасап, қолдануы, заңдылық  актілерді есте сақтауы, сабақ барысында сөйлеуі,оның ұзақтығы т.б.  мәселелер оның жас өспірімдер психологиясының жалпы және ерекше бөлімдерін меңгеріп алмай мүмкін емес.
	Құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесін оқытуда педагогика ғылымының алатын рөлі өте зор. Педагогика психология ғылымына сүйене отырып мектепте тәрбие және  оқыту мәселесін қоғамдық  -  саяси және ұйымдасу  -  педагогикалық жағдайға негіздеп қарастырады. Құқықтық және экономикалық тәрбие берудің маңыздылығының артуына мән берілуінің де ерекшелігі бар, сондықтан Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі пәні  педагогикасыз өзінің оқыту жүйесін құра алмайды. Ол мектептің негізгі міндеттеріне сәйкес оқу  -  тәрбие жұмыстарының жалпы қааағидаттары мен жалпы әдістерін жасап береді. Атап айтсақ сабақтың қойылуына, оқу құралдарына талаптар қояды. Бірыңғай жүйе шеңберінде Қазақстан Республикасы мемлекеті және құқығы негізін оқыту әдістемесінің өз орнын, өзінің қызметін анықтайды. Өз алдына құқықтық оқыту мен құқықтық тәрбиені қоя отырып Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі өзін педагогика ғылымдарының бір бөлігі ретінде қарастырады.
	Құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесі  -  құқықтық білімдерді игеру арқылы жастарды оқыту және тәрбиелеуді мақсат етіп қойған жоғарыда аталған ғылымдардың мазмұны мен қағидаттарына сүйене отырып мемлекет пен құқықтың пайда болып, экономикалық даму заңдылықтарын оқытатын педагогикалық ғылым болып табылады. Бірақ, Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі педагогикаға сүйене отырып мемлекет пен құқықтың жалпы мазмұнын зерттеу арқылы өз оқыту үрдісін құрады.
	Құқық және экономика  негіздерін оқытудың әдістемесінің негізгі міндеті  -  заң ғылымдарының негізінде оқушыларды терең құқықтық біліммен қамтамасыз ету және құқықтық, экономикалық саналы, мәдениетті адамдарды тәрбиелеу.  	 
Аталмыш мәселелер сәтті шешілу үшін құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесі заң және экономика ғылымдарының мазмұнын талдайды, одан мәнді айғақтарды, ұғымдарды, негізгі заңдылықтарды аталмыш ғылымдардың жинақтылық негізі ретінде қарастырады. Мемлекет көлемінде шығарылып жатқан құқықтық  -  нормативті актілерді, келеңді көзқарастарды басшылыққа ала отырып құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесі мектеп оқушыларын ең алдыңғы қатарлы технологиямен, құқықтық біліммен қаруландыруды көздейді. Осы көзқарас бойынша алып қарар болсақ, құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесін құқықтық және экономикалық пән ретінде де қарастырылады және ол әрқашан қазіргі құқықтық және экономикалық жағдайлардың деңгейінде болады.
<<Құқық>>, <<Экономика>> ұғымдары  <<мемлекет>> ұғымымен әрқашан қатар аталады, себебі олар бір  -  бірімен  өте тығыз байланыста, біз оларды бір бірінен бөліп алып қарастыра алмаймыз. Қоғамдық қатынастардың барлық саласынан <<мемлекет>>, <<құқық>>, <<экономика>> терминдерін жиі кездестіреміз. Бұл салада құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесін  қоғамдық ғылымдардың қатарына жатқызсақ та қателеспейміз.
Құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесі курсының пәні болып оның зерттейтін аясы табылады, яғни мемлекет пен құқықтың және экономиканың  пайда болу, даму заңдылықтары, ерекшеліктері.
	Құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесі курсының атқаратын қызметтері: азаматтылығы жоғары адамды қалыптастыру, оның жалпы құқықтық және экономикалық  мәдениеті мен әлеуметтік белсенділігін арттыру, жастарға арнайы құқықтық, экономикалық  білім беру, құқық бұзушылықтың алдын  - алу шараларын жүргізу, жастарды нарықтық экономикаға бейімдеу.
	Қазақстан Республикасы мемлекеті және құқығы негіздері әдістемесі курсының атқаратын қызметтері: азаматтылығы жоғары адамды қалыптастыру, оның жалпы құқықтық мәдениеті мен әлеуметтік белсенділігін арттыру, жастарға арнай құқықтық білім беру, құқық бұзушылықтың алдын  - алу шараларын жүргізу.
Қазақстандағы экономикалық реформа бұған дейін қалыптасқан экономика ғылымы, экономикалық білім мен практика арасындағы қарым- қатынас жүйесін өзгертті. Нарықтық экономиканың қалыптасуына   байланысты экономикалық білімге деген сұраныс күшейді. Экономикалық білім тек  экономика мен басқарудың түрлі саласында қызмет істейтіндірге, ғылым экономистерге  немесе экономика пәнін оқытатындарға ғана керек  емес, сонымен қатар экономикалық білім күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуде қоғамның әрбір мүшесіне қажеттілігін бүгінгі өмір талабы көрсетіп отыр.
 Экономикалық білім беру мен тәрбиелеу жүйесінің ХХІ ғасыр басындағы өзектілігін белгілей отырып бұл жүйенің басты жағдайларына  тоқтала кеткен жөн. Бастауыш мектеп оқушыларына экономикалық білім берудің басты мақсаты  -  қоршаған экономикалық өмір жағдайлары  және қоршаған адамдардың  қызметі туралы бастапқы  ұғымдарды қалыптастыру. Мұндай білім адамның  жалпы мәдениетінің маңызды бөлігі. Орташа сыныптың оқушылары  өз құқықтары мен бостандықтарын  ерекше сезініп, оларды жауапкершіліктен тыс қараумен ерекшеленеді. Бұл кезеңдегі оқу танымы үрдісінің бірнеше ерекшелігі бар, негізгі мектеп оқушыларының  психологиялық  -  физиологиялық сипаттамалары оларға көбінде  бейнелі ойлау мүмкіндігін береді. Қазіргі кезеңнің  адамгершілік құндылықтары  кедейлік пен байлықтың сыйластықта өмір сүру мәселесін шешуге, жеке адам мен бүкіл ел мүдделерінің бірлігін түйсінуге бағытталған сындарлы экономикалық талдауды қажет етеді және ол тәрбиелеудің басты құралы болып саналады.
 Қазақстандағы экономиканың дамуын, сондай-ақ экономикалық теорияның негіздерін зерттеген ғалым-экономист, экономика ғылымының кадидаты, доцент Ұ.Мәмбетов болды. Бірақ, ХХ  ғасырдың 70-жылдарына дейін экномикалық білім беру қоғамдық тәрбиенің дербес бағытына айналған жоқ. Себебі әміршілдік экономика жағдайларында ол қажет деп табылған жоқ. Ал, Қазақстанда мектеп оқушыларына экономикалық білім беру проблемаларына қатысты бірнеше еңбекті атауға болады. Мысалы, 1985 жылдары академик С.Сатыбалдиннің мектептің жоғары сынып оқушыларына  арналған <<Экономика>> сынақ оқулығы шығарылып, бұрынғы Орал облысы мектептерінде факультативтік сабақтарда пайдаланылады. Сонымен бірге Л.Ш.Лысенкер, Э.М. Лысенкер <<Бизнес  -  математика>>, <<Основы экономических знаний>> (Алматы, 1997 ж. ), М.А.Құдайқұлов <<Основы предпринимательства и бизнеса>> (Алматы, 1998 ж.) еңбектері дайындалып әр мектеп, бастапқы білім беру мекемелері өз мүмкіндіктеріне қарай пайдаланылған.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мектептерде экономикалық білім беру ісіне үлкен көңіл бөлуде. 2000 жылдың  24 ақпанында ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республиасы мектептерінде <<Экономика білімдерінің негізі>> курсын оқыту туралы  бұйрығы шықты. Осы бұйрық негізінде Қазақстан Республикасы мектептерінде <<Экономика білім негіздері>> курсын факультативтік негізде жүйелі түрде оқыту мақсатында Қазақстан Республикасының  жалпы білім беретін мектептерде  2000-2001  оқу жылынан бастап <<Экономикалық білім негіздері>> курсын сатылап енгізу қамтамасыз етіле бастады.

2. Жалпы алып қарайтын болсақ, аталмыш пәннің негізгі мәселелері мемлекет, құқық, экономика ұғымдарының шеңберінде қарастырылып, шешіледі. Мемлекет пен құқықтың және экономиканың пайда болуы, типтері, нысаны, құқықтық және экономикалық қатынастар, құқық нормасы, құқықтық мемлекет  т.б. мәселелер қоғамдық ғылым салалары болып табылатын философия, тарих, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану ғылымдарымен тығыз байланыста дамиды.
	Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі пәні  ғылыми - әдістемелік пән болып табылғандықтан педагогика ғылымының дидактика саласымен де тығыз байланысты. Себебі, әрбір әдістемелік пән мектептерде қолданылып жүрген оқытудың көрнекілік, жүйелілік, бірізділік, ғылымилық, түсініктілік қағидаттарын қолданады. Бұл қағидаттарды  негізге ала отырып әдістемелік пән оқытудың барлық нысандарын қарастырады. Дидактика кез келген пәннің оқыту әдістемесінің негізі. Ол оқудың білім мазмұнын, оны ұйымлдастырудың түрлерін, оқытудың заңды ұстанымдарын баяндайды. Демек, әдістеме жеке пәндерді оқытудың ерекшеліктерін баяндайтын болса, дидактика оқытудың барлық пәндерге ортақ жалпы заңдылықтарын ашып береді.
	Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі (ары қарай ҚжЭНОӘ)  пәнінің  оқушыларға құқықтық  және экономикалық тәрбие беруде маңызы зор. Бұл салада оқушылардың құқықтықжәне экономикалық тәрбиесінің әдіс, тәсілдеріне, оларды қолданудың тиімді жолдарын анықтауға баса назар аударылады. Міне осы саладағы атқарылатын істің бәрі педагогика ғылымын басшылыққа алады.
	ҚжЭНОӘ пәні қоғамдық ғылымдардың бірі саясаттану ғылымымен де тығыз байланысты. Бұл екі ғылымның зерттейтін нысандарында ұқсастық бар. Атап айтсақ, мемлекетті  қоғамның саяси жүйесі ретінде саясаттану пәні өз қырларынан қарастырса, оның қоғамдағы саяси жүйесі ретіндегі  саясаттану ғылымы зерттеп, көрсетіп берген теорияларын ҚжЭНОӘ пәні басшылыққа алады.                
	ҚжЭНОӘ пәні өз пәнін зерттеу саласында тарих ғылымын да басшылыққа алады. Мемлекет, құқық және экономика саласындағы құбылыстардың тарихи зерттелуі негізінде, ол құбылыстарды оқушылар санасына жеткізеді. Басқа қоғамдық ғылымдарға қарағанда тарих ғылымының зерттеу аясы  әдістемелік пәнге біршама жуық. Құқық, экономика туралы ой негізін қалаған жекелеген тұлғаларды  бейнелеуде тарих ғылымының алатын орны ерекше. 
	ҚжЭНОӘ пәнін оқытуда  физиология ғылымының да алатын өз орны бар.  Кез келген пәнді оқытуда  оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру мұғалімге өте қажет. Жалпы мектеп оқушыларын жас шамаларына қарай үш топқа бөлуге болады. Олар кіші буын  -  7  -  11жас, орта буын  -  11  -  14 жас , жоғары буын  -  14  -  18 жас.  Құқық және экономика негіздерін оқытуда мұғалім бала бойындағы өзгерістерге мән беріп отыруы керек. Демек, физиология ғылымының  ҚжЭНОӘ пәнінің мазмұнын толықтыруда маңызы зор. Бұл жөнінде Т.Тұрлығұл тарих пәнін оқытуда  мұғалімдердің физиология ғылымымен қарулануының қажеттігі туралы  айтқан. Бұл оймен толық келісуге болады, себебі физиология ғылымын қалыс қалдыру мұғалімді өзінің тура  жолынан тайдыруы да мүмкін. Бұл салада орыс физиологы И.М.Сеченовтың <<Ми>> атты еңбегін басшылыққа алудың еш артығы болмас. Аталмыш еңбекте рефлекстік құбылыстар туралы айтылады, яғни мұғалім мектеп оқушыларының бойындағы  ойлау, сөйлеу, оқу, жазу сияқты дағдыларын қалыптастырған жағдайда, оның еңбегі нәтижелі болатындығы сөзсіз.
Айтылған ойды қорытындылайтын болсақ, ҚжЭНОӘ пәнін оқыту өз алдына жеке жүргізілмейді, оны оқытуда мұғалім жоғарыда аталған ғылымдармен мықтап қарулануы қажет.       
Талқылау сұрақтары:
* Құқық және экономика негіздері пәнінің атқаратын қызметтері қандай?
* <<Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі>> пәнінің мазмұны мен міндеттерін атап көрсетіңіз?
* <<Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі>> пәнінің құрылымы неден тұрады?
* Құқық және экономика негіздері бойынша мектептің оқу жоспарлары және оқулықтарының аталмыш пәндегі орны мен ролін анықтаңыз?
Ұсынылған әдебиеттер:
* Білім туралы.  -  Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. Алматы. <<Литера>>, 2012ж.
* Жарықбаев Қ. Психология.Алматы: Білім, 1993.
* Жұмабаев М.Педагогика. Алматы: Ана тілі, 1992.
* Газизова Н.С. Азаматтық білім   -  құқықтық мемлекет болудың кепілі. // Қазақстан мектебі, №3, 2004.
* Газизова Г.С. Құқық дегеніміз не? // Қазақстан мектебі, №4, 2004.


ДӘРІС 2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ  ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Мақсаты: Студенттерге еліміздегі құқықтық және экономикалық білім беру туралы жалпы мағлұмат беру, оның қалыптасып дамуындағы негізгі мәселелерді анықтауды үйрету.
Жоспар:
* Құқықтық  білім берудің қажеттілігі. 
* ҚР  экономикалық  білім берудің  қалыптасуы және маңызы. 

1. Мемлекетте  құқықтық тәртіпті орнату, адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызу және оны реттеу өзекті де маңызды мәселелердің бірі болып табылады.  Жалпы мемлекетіміздің мызғымастығын сақтап, үйлесімді дамытумен бірге мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру  мақсатында заң жүзінде қадағалау үшін құқықтық мемлекетті дамыту басты рөл атқарады. Ата Заңның тұрақтылығы, конституциялық заңдылықтардың дамуы, демократияның орын алуы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының баянды болуы еліміздің ең басты мақсаты болып табылады . Ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ, бүкіл әлемде демократия дегеніміздің өзі заңдылықтың сақталуымен өлшенеді.  Демократия мен заңды сақтау ажырамас бөлшектер. Заң талаптары сақталған жерде ғана демократияның заңды күші бар. Біздің еліміз демократиялық, құқықтық мемлекет қалыптастыру жолында.   
Жалпы алып қарағанда құқықтық мемлекетті құру жолындағы мемлекеттің алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі ол құқықтық саясатты дамыту, яғни азаматтардың құқықтарын қорғайтын және олардың жүзеге асырылуына жағдай жасайтын заңдарды жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде  қоғамдық өмірдің  барлық салаларында құқықтың  үстемдігі принципінен аса күрделі  ұштасуына, биліктің бөлінуіне, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге асуына, халық егемендігінің  қамтамсыз етілуіне, азаматтардың құқықтары мен бостанықтарының, жалпы азаматтық құндылықтарды және әлемдік практиканы заңды түрде бекітілуіне негізделеді. Жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру  -  педагогика ғылымының негізгі категориялары. Біз осы екі ұғымды бір-бірінен ажыратпай, бірге алып қарастырғанда ғана өздерінің толық мәнін, мақсатын айқын аша алады. Себебі, осы екі категорияның басты нышаны  -  Адам. Білім мен тәрбиенің өзара үйлесімді жүргізілуі нәтижесінде ғана оқушыны білімді, тағылымы мол, ақыл-парасаты биік азамат етіп қалыптастырудың басты шарты болмақ.    
Атақты психолог Л.С.Выгодский: <<... балалар мен жасөспірімдердің көбінесе мақсатты дұрыс қоя алмайтындығын жиі кездестіреміз. Балалардың белгілі бір істе нәтижеге қол жете алмауы қолынан келмегендіктен емес, қайта не үшін жасау керектігінің өмірлік маңызын түсінбегендігінен болады>> деген екен.
Құқықтық сананың дамуы   -   адамның барлық өмірін дерлік қамтитын ұзақ, күрделі және қарама-қайшылықты үрдіс. Бірақ көптеген көзқарастар, өмірлік ұстаным, мінез-құлық мотивтері балалық шақта қалыптасады. Жеке тұлғаның қалыптасуы кезінде құқықты түсіну және оған қарым-қатынас қалай дамиды, кейін адамның құқықтық ортада өзін ұстау көбіне осыған байланысты. Жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесінің алғашқы буыны отбасы болып табылады. Бұл болашақ жеке тұлғаның тәрбиесін жанұяның негізгі міндеті етіп көрсететін қазақтың дәстүрлерінен бастау алады. Бұл туралы халық ауыз әдебиеті де айтады, осыған көптеген өткен ғасыр ойшылдары да көңіл бөлген.
Бала тәрбиесіндегі отбасы ролі жайында Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-ші бабының бірінші тармағында: <<Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады>>, ал екінші тармағында <<Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті>> деп атап көрсетілген.
Отбасында баланың мінез-құлқының негіздері, оның қажеттіліктері, қызығушылығы қалыптасады. Сондай-ақ  Отанға, ата-анаға деген махаббат, үлкендерге құрмет, азаматтық, патриоттық, ұжымшылдық, жоғары сезімталдық, құықтық тәрбиенің ымырсыздық сияқты рухани құндылықтары дамиды. Жанұяның жасөспірімдерге тәрбиелік әсері тікелей және жанама түрдегі сипаттарда болады. Балаға құқықтық тәрбие берудегі жанұяның жанама түрдегі әсер етуі мыналардан көрінеді:
* Жанұяның сандық құрамы;
* Ата-анасының білім және мәдени деңгейі;
* Ата-анасының бір-бірімен және жанұяның басқа да мүшелерімен өзара қарым-қатынасының қалыптасу деңгейі;
* Ата-ананың жұмысбастылығы.
Құқық бұзушы жасөспірімдер баласы аз және толық емес жанұяларда тәрбиеленген. Жанұя  -  бұл ұжым. Жанұя ұжымдық белгілерін жоғалтса, өзінің тәрбиелік рөлінің көп бөлігінен айырылады.
Жастар арасында заң бұзушы әрекеттердің деңгейі ата-аналардың білімі мен мәдениет деңгейлеріне тікелей байланысты. Мәдениеті төмен жанұяларда балалар қылмысы мәдениеті жоғары жанұялармен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Балалар үлкендерге, ең алдымен өз ата-аналарына еліктейді, сондықтан олардың мінез-құлық тәртібі балалардың тәртібін қалыптастыратын маңызды фактор. 
Құқықтық тәрбие мақсаты  -  оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу. Оқушыларға білім беруді, оның ішінде құқықтық білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөліп қарастыруға болмайды.
Заңды білу  -  заман талабы. Өйткені, құқықтық білім берудің маңыздылығы күн артқан сайын арта түсуде. Оқушыларға қазіргі өмірдегі қоғамның қарым-қатынас заңдылықтарын терең қарастырып ажырататын құқықтық сана, құқықтық мәдениет қажет. Тәлім-тәрбиелік мәселелердің барлық табиғатына үңілсек, тіршіліктегі сан алуан қолданбалы мәні зор әлеуметтік нормалары  -  тарихи құқықтық жүйенің қайнар көзі немесе құқық ғылымының негізі деуге болады. 
Оқушыларға құқықтық тәрбие беру, қоғамдық қарым-қатынастағы заңдық және әлеуметтік мәселелердің құқықтық мәнін терең әрі жан-жақты түсінуге негіз жасайды. Оқушылардың заңдық негіздегі құқықтық сауаттылығын ашу үшін, арнаулы оқу-әдістемелік құралдарын мектеп жасынан 6-7 сыныптардан бастап, мектеп бітіргенше оқыту қажет екенін қазіргі өмірде орын алып отырған әр алуан келеңсіз қоғамдық құбылыстар-ақ көрсетіп отыр, бұған кейбір жастарымыздың мемлекетіміз қабылдап, бекіткен заңдардағы өз құқықтарын дұрыс пайдалана білмеуі дәлел болады.
Оқушылардың құқықтық мәдениетін көтеру, ол оқушылардың қоғамдық саяси және мәдени жағынан өсіп жетілуін, олардың санасында жоғары адамгершілік қағидаларының орнығуын әлеуметтік белсенділігінің артуын және рухани жағынан байып, жан-жақты қалыптасуын көздейді. Оқушылардың құқықтық мәдениетін көтерудің негізгі міндеті  -  тұтас алғанда, құқықтық тәрбие процесінде жалпыға бірдей заңдылықты белгілі мақсатпен және принциппен жүргізу. Бұл жерде ең алдымен, тәрбие процесі білім мен сенімділікті қалыптастыруды ғана емес, сонымен қатар  жас азаматтардың құқық саласындағы белсенді өмір позициясын қалыптастыруды, оларды өз құқықтары мен міндеттерін сауаттылықпен пайдалана білуге ұмтылдыруды атап көрсету керек. Оқушылар өсе келе қоғамдық белсенділігі артады, сана-сезімі өсіп, психикасы нығая түседі. Өзін қоршаған ортаға сыни көзқараспен қарап, қоғамнан өз орнын табуға тырысады. Бұл жастағылар өзін-өзі бағалауға ынталану, рухани өмірге қызығу, қоғам мен жеке бас турасындағы ойлар адамгершілік идеялар кемеліне келе бастайды. Осы кезде мұның өзі адамның күшті, епті, ширақ, оңтайлы болып өсуіне және оның түрлі әдіс-тәсілдерді, арнаулы құқықтық ережелерді   бұзбай,  кедергілерді  жеңіп  үйренумен де тығыз байланысты.
Адамгершілік-құқықтық нормаларды заң нормаларымен ұштастыра біліп, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы қалыптастырудың осы міндеттерін жүзеге асырудың мынадай педагогикалық шарттарын атап көрсетуге болады:
* Қарқынды педагогикалық технологияны қолдану. Мұндағы басты талап: өткізілген іс-шаралар мен сабақтың саны емес, онда интенсивті технология қолдану арқылы тиімділігін арттыру көзделеді. Өйткені, ХХ1 ғасыр  -  технологиялар заманы. Әр түрлі сценарийлермен өтетін, ән-күй, дискотека мен көмкерілген іс-шаралар студенттерге құқықтық мәдениет қалыптастырмайды. Демек санаға, сезімге ұтымды ықпал ететін тәсілдер қолдану қажет. Осыған орай қазіргі кезде оқу үрдісінде қолданып келе жатқан <<белсенді әдістер>>, <<жаңа технология>> дегендерді тәрбие жұмыстарында да мүмкіндігінше кең пайдалануды қарастыру керек.
* Құқықтық ағарту немесе құқықтық білім қалыптастыру  -  заң ережелерін білу, оны насихаттап, күнделіктк тұрмыста ұстана алатын дәрежеге жеткізу. Бұл іргелі білім қалыптастыру, оны жүйелі түрде жүзеге асыру, студенттер алған білімінің күнделікті тұрмыс талаптарына сәйкестігі мен адамгершілік нормаларына сабақтастығы оның негізділігінің белгісі ретінде қарастырылады. Барлық педагогикалық жоғары оқу орындарындағы <<Құқықтану>> пәні студенттердің құқықтық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталуы оларда құқықтық сана қалыптастыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар жастар және балалармен жұмыс істейтін мамандықтардың барлығында құқықтық әлеуметтендіру жұмыстарына даярлық осы құқықтық мәдениет қалыптастыру аясында болуы керек.
* Құқықтық тәрбие  -  студент жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы аса маңызды мәселе. Студенттер арасында жүргізілген алдын ала сауалнамаға қарағанда олардың құқық білімі, тәрбиелілігі мен құықтық мәдениет төмендігі, заң мен құқық арасындағы байланысты, заң мен құқық және адамгершілік тәрбие арасындағы байланысты көре алмайтыны, құқықтық сезімнің дамымағаны анықталды. Қазіргі кезде құқық тәрбиесі аса маңызды орын алуы, құқық мәдениетін қалыптастырудың басты жолдарының бірі екені даусыз. Жалпы студенттермен жүргізілетін барлық тәрбиелік іс-шаралар олардың құқық мәдениетін қалыптастыруға арналуы тиіс. Қалай болған күнде де құқық тәрбиесі құқықтық білім және мәдениет қалыптастыруға бағытталып, онда педагогиканың тиімді тәсілдерін қолданған күнде ғана нәтижелі болмақ. Құқық білімі мен тәрбиесінің күнделікті іс-әрекетінде, мінез-құлқы мен жүріс-тұрысында құқықтық әдет дағдыларға айналуының мотивтері, қажеттенуі секілді психологиялық тұстары мен оның педагогикалық тектері әлі күнге жеткілікті зерттелмегені белгілі. Сондықтан осы бағытта жүргізілген кейбір іс-шаралар пайдалы болғанымен, түпкі нәтижелілігі белгісіз.
	Құқықтық насихат арқылы құықтық мәдениет қалыптастыру жұмыстарының мақсатты, жүйелі, бірізділікпен жүргізілмей келк жатқаны, бұқаралық ақпарат құралдарында Ресейдегі секілді <<Суд идет>>, <<Час суда>>, <<Громкие преступления мира>>, т.б. көрсетілулердің жеткіліксіздігі, осы жұмыстарға білікті заң қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының араласуының жеткіліксіздігі байқалады. Қазіргі кезде мерзімді басылымдарда жарияланып жатқан материалдардың педагогикалық тиімділігі ескерілмеуі тек мәлімет түрінде болып отырғаны да белгілі.
       4.   Құқықтық үгіт  -  бұл сөздің мәні адамды нақты бір іске жетелеу, түрткі беріп, қозғау салу. Студенттердің құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында  арнайы жүргізілетін нақты жұмыс түрлері олардың күнделікті іс-әрекетінде құқықтық нормаларын сақтаудан бастап осындай іс-шараларға белсенді араласуын талап етеді. Болашақ педагогтер үшін бұл мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары арасында жүргізілетін жұмыстар болып табылады. Оның тағы бір түрі: құқық қорғау органдарының жұмыстарына көмектесу. Мәселен, кешқұрым кезекшіліктер ұйымдастырып, ойын автоматтары мен дискотекаларда жүрген жеткіншек балаларды үйлеріне қайтару, топтасып отырған жерлерінен таратып жіберу секілді басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға болады.
Құқық мәдениетін  қалыптастырудың басты құралы ретінде балалар мен жастарды құқықтық нигелизмі (құқық нормаларын жоққа шығару), салғырттық, осындай белсенді жұмыстарға араласудан бас тарту, құқық бұзушылықты көре отырып оған немқұрайдылық мәміле, қылмыскерлерді көрсе де көрмеу секілді кері әрекеттерді болдырмаудың өзі де құқық мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді. Қазіргі кезде құқықтық насихат жұмыстарын жүргізу, әсіресе, педагогикалық оқу орындарында ескерілмей келеді. Сол себепті студенттердің (болашақ педагогтердің) құқықтық білімі жеткіліксіз, құқықтық мәдениеті өте төмен. Демек, бұл жұмыстың педагогикалық ықпалын, психологиялық түрткілерін, тәрбиелік әсерін толыққанды пайдалану жолдарын қарастыру, студенттердің нақтыіс-әрекет белсенділігн арттыру қажеттілігін туғызады. 
5. Студенттерді құқықтық қорғау жұмыстарына араластыру тәжірибесі барлық педагог мамандығын беруді көздеген оқу орындарында жүргізілуі керек. Өйткені, олар  -  болашақ мектеп мұғалімдері. Ал, мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың сан алуан түрлері кең таралып, ол күннен күнге көбеймесе, азаймай отырғаны рас. Бұның маңыздылығы, сөз түріндегі, ой-пікір, идея түріндегі құқық нормаларының іс жүзінде орындалуын талап ету, олай болмаған күнде нақты істермен тосқауыл қою керек.
Ең бастысы, осы жұмыстарды орындау олардың құқық қорғауға болған көзқарасын, іс-әрекетін реттейді, құқық мәдениетінің қалыптасуына ұтымды ықпал етеді. Мұнда студенттің тек осы жұмысқа араласуы ғана емес, сонымен қатар оған қатысу мотивтеріне, осы жұмыстың мазмұнына тереңдейді, өмірлік маңызын ұғынады, жұмыс формалары мен әдістеріне қанық болады. Сондықтан бұндай жұмыстарға студенттерді араластыру, құқықтық тәрбие жұмыстарын жүргізудің әдіс-тәсілдері, формалары, мазмұнымен қамтамасыз ету - аса маңызды шаралардың бірі.
Бағалау-бақылау актісіне үшінші бір үрдісті де қосуымыз керек. Ол  -  үйретушілік үрдісі. Өйткені, оқушы білімін, икем-дағдыларын, тіпті жеке қасиеттерін бағалауда мұғалім қажет деп тапқан жағдайларда үйлестіру-түзету мақсатындағы жұмыстарды қоса жүргізуге мәжбүр болады. Мәселен, оқушыларға дербес тапсырмалар беру, оған басқа оқушы-кеңесші бекіту т.б. үлгіде болуы мүмкін. Сонымен, бақылау-бағалау актісі екі үрдістен емес, өзара байланысты үш үрдістен тұрады. Олар бақылау, бағалау және үйлестіру.
Бұдан бақылау-бағалау актісі өзінің құрылымы жөнінен төмендегідей элементтерден тұрады:
* Бақылау-бағалау актінің мақсаты;
* Бақылау, бағалау және үйлестіру нысаны;
* Нысанмен салыстырылатын, теңестірілетін эталон;
* Бақылау нәтижесі;
* Баға критерийі;
* Таңдап алынған критерий тұрғысынан қарағандағы бақылаудың кең көлемдегі мазмұнының бағасы;
* Қойылған баға;
* Үйлестіру амалдары;
* Бақылау-бағалау қызметінің жаңа нысаны ретіндегі үйлестірудің нәтижесі. 
Бұл элементтер бір-бірімен өзара байланысты. Бәсекеге қабілетті білім беру реформасы бағыттарының бірі мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқыту. 2006-2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасының орта білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес жоғары сыныптарда  бағдарлы оқытуға көшірілді. Оқытуды бағдарлау қоғамдық-гуманитарлық бағытты жүзеге асырылды. Кез келген бағдарда құқықққа және оның қолданыстарына ынталанған оқушыларға  қолданбалы курстарды ұйымдастыру арқылы құқыққы бөлінген сағат санын арттыруға болады.  Құқықтық бағдарлы оқыту оқушылар үшін  олардың қызығушылықтарын ескере отырып ұйымдастырылады. Құқықты оқыту кезінде  оқушыларға құқықты белгілі бір деңгейде меңгеруін талап ететін кез келген оқу орындарында таңдаған мамандықтары бойынша білімдерін жалғастыруға қажетті мүмкіндіктермен қамтамасыз етілу қажет. Сонымен 9-10-11 сынып оқушыларының қабілеті, қажеттілігі мен ата-аналарының сұранысын, мектептің оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыздандырылған жағдайын ескере отырып құқықтық бағыт бекітіледі. Үш құрылымнан тұратын оқу жоспары құрастырылады:
І. Базалық бөлім
ІІ. Мектеп бөлімі
ІІІ. Оқушы бөлімі
Жоғары сыныптарда құықты оқыту кезінде мектептің оқу жоспарының вариативті бөлігіне таңдалған бағдарға сәйкес қолданбалы курстарды еңгізу қажет. Ондай курстарды мына тақырыптарда ұйымдастыруға болады:
<<Сен өз құқығыңды білесің бе?>>, <<Азамат, билік, демократия>>, <<Барлығымыз заңдардың құлымыз>>, <<Құқықтық қоғамда өмір сүруге дайындық>> т.б. курстар.
Қолданбалы курстар оқушылардың  құқық пәні бойынша қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталады. Қолданбалы курс бағдарламасын құру жолдары мынадай болмақ:
* Таңдалып алынған бағдарламаға сәйкес тақырып таңдалып алынады;
* Курстың білім мазмұны құрылымындағы орны анықталады;
* Бағдарламаның түсінік хаты дайындалады және онда мыналар қамтылады: 
        ** Курстың мақсаты
        ** Курстың міндеті
        ** Кәсіпке бағдарлау
* Курстық тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген мазмұны таңдалады;
* Курсты ұйымдастыру формасы анықталады;
* Курсты оқытуды аяқтау формасы (реферат, баяндама, жоба т.б.) анықталады;
* Ұсынылған әдебиеттер тізімі беріледі.
Мектеп мұғалімдері даярлаған қолданбалы және таңдау курстарының бағдарламалары облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының сәйкес кабинеттерінде талқыланып, бекітілгеннен кейін ғана қолданылады. Мектепішілік бақылауда бағдарлы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысы үнемі назарда болады. Жыл бойы ұйымдастырылған <<дөңгелек үстел>>, іскерлік ойындар т.б. бағдарлы оқу-тәрбие жұмыстары қаралып, нәтижесі жан-жақты талданады.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енудің  негізгі стратегиялық міндеттерінің қатарына бүгінгі заманғы, бағдарлы білім беруді дамыту және болашақ білікті жұмысшы кадрларды даярлау жөніндегі міндеттер де кіреді.
Шығыстың ғұлама ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби: <<Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін>> деген екен. Яғни жалпы орта білім берудің жаңа жүйесі  -  бағдарлы оқыту педагог кадрлардың кәсіби дайындығының мақсатын, мазмұнын айқындап, біздерге, педагогтарға мәдениетті, жауапкершілігі, азаматтық-құқықтық сана-сезімі жоғары, болашақ мамндығын сенімді таңдаған жеке тұлғаны, жас жеткіншекті қалыптастыруды жүктейді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы білім беруді  жалпы ұлттық басымдық ретінде белгілейді және мемлекеттік Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатын дамытудың негізін қалайды, әрі заңнамаға, қаржыландыру жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.
    Қазіргі таңда білім беру саласында озық технологияларды тиімді   қолданудың маңызы артуда.
Технология  -  өнім алу үшін керекті материалдарды өңдеу әдістері мен өнім шығаруға керекті жүйелі процесс.
Кез келген технологияның негізгісі  -  түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жетуболып табылады. Осыған сәйкес технологияның артықшылықтары төмендегідей:
* Түпкі нәтиже дәл анықталады.
* Мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.
* Мұғалім алдын ала дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.
* Оқушылардың оқу іс-әрекетінің түрлері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады, яғни сабақта оқушылардың іс-әрекеті түрліше ұйымдастырылады. 
Технологияның кезеңдері:
* Оқытудың мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;
* Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;
* Диагностика негізінде оқытудың жаңа мақсатын қою. 
Тексеру құралдары арқылы оқушының сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. 
Оқыту технологиясының ерекшеліктері:
* Түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру.
* Үлгермеушіліктерді анықтау және іріктеу.
* Үлгермегендермен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру.
* Оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін анықтау және зерттеу.
Интенсивті оқыту технологиясын зерттеуде Абсатова М.А. оқытудың жалпыланған технологияларын былайша топтатырады:
* Бағдарламаланған оқыту (Н.Краудер, Л.Н.Лнанда, А.Г.Молибог, Б.Ф.Скиннер т.б.);
* Проблемдік оқыту (Т.В.Кудрявцев, И.Л.Лернер, А.М.Матюшкин т.б.);
* Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын жүйелі түрде қалыптастыру (Н.Г.Морозова, Г.И.Щукина т.б.).
Соңында педагогикалық технологияға мынандай анықтама береді: <<Педагогикалық технология  -  қайта өңделген арнайы білім мазмұнының, кепілді және ұдайы жасалынатын жоспардың педагогикалық нәтижелілігінің педагогикалық және экономикалық негізделу процесі.
Қазіргі білім беру мақсаты: әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен  қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық молделін қалыптастыру. Білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу, жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Осыдан келіп мынандай міндеттер туындайды:
* Азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу;
* Білім сапасын түпкілікті бағалаудың субъективтік факторларының әсерін азайту;
* Оқушылардың сапалы білім алуға, функционалдық сауаттылыққа, ал мұғалімдердің біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін ұдайы арттыруға деген уәждемелерін арттыру;
* Білім алушылардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттігін қамтамасы ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдай жасау;
* Денсаулық сақтайтын және ақпараттық технологияларды енгізу;
* Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға жағдай жасау.
Аталған  міндеттерді іске асыру үшін:
* Білім берудің мазмұнын орталық білімнен біліктілік мазмұнына қарай өзгерту;
* Білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін, тіл мен әдебиет, қоғамтану, математика, информатика, жаратылыстану, өнер, технология т.б. сияқты білім беру салалары арқылы іске асыру;
* Оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес жоғары сатыдағы бейімділік және кәсіптік бағдарлы оқыту жүйесін құру;
* Білікті жұмысшы кадрларын, техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамндарын даярлаудың кәсіптік білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын жаңарту;
* Техникалық және кәсіптік білім беруді сапалы ұйымдастыру үшін ынталандырудың және жұмыс берушілердің қаражаттарын таратудың нормативтік-құқықтық тетіктерін әзірлеу.
Оқушының өзін-өзі жетілдіру, алға жылжыту, өз орнын анықтау істерінің негізгі құрамы болып, нәтижесінде  -  өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру, жұмыс істеудің жаңа эвристикалық тәсілдерін игеру мақсатын негізге ала отырып, жеке тұлғаға бағытталған оқыту  -  оқушының барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отрып, оның жеке ерекшеліктерін дамытуға қажетті жағдай жасау дегенді білдіреді. Білімділіктің, адамгершіліктің, кәсіби шеберліктің және іс-әрекетке икемділіктің жаңаша түсінігі алдыңғы шепке оқушылардың әрекеттері мен қатарымен араласудағы өз орнын анықтау, өзін-өзі жетілдіру, адамның табиғи мүмкіндіктерін ашу, ойлау қабілетін жетілдіру, сөйлеу, әрекет ету сияқты қасиеттерін ашып, осылардың нәтижесіндегі өмірдегі өз орнын табуға көмектеседі.
Білім мазмұнын мектеп қабырғасында тиімді оқытып, оның басты мақсатын жүзеге асыру оқытуды оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда білім беру жүйесін бағдарлы, дамыта оқытуды оқу технологиясына ыңғайлау қажет.

2. Қазақстандағы экономикалық реформа бұған дейін қалыптасқан экономика ғылымы, экономикалық білім мен практика арасындағы қарым- қатынас жүйесін өзгертті. Нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты экономикалық білімге деген сұраныс күшейді. Экономикалық білім тек  экономика мен басқарудың түрлі саласында қызмет істейтіндірге, ғылым экономистерге немесе экономика пәнін оқытатындарға ғана керек емес, сонымен қатар экономикалық білім күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуде қоғамның әрбір мүшесіне қажеттілігін бүгінгі өмір талабы көрсетіп отыр. Экономикалық білімнің тиімділігі оның үздіксіздігінде. Оның мазмұны көп жағдайда экономика ғылымына байланысты. Бұның мәнісі, экономика ғылымы мен экономикалық білім - тұтастықтың маманданған академиялық қауымдастықтың екі саласы ретінде көрінуде.
	Нарықтық экономикаға байланысты, 1990 жылдары елімізде сұраныстың өсуінен экономикалық білім беру қызметінің ұсыныстары артты, бірақ оның саласы өте төмен деңгейде еді, оның ішінде  <<экология>> және  <<менеджмент>> бағытындағы білім беру деңгейі.
	Экономикалық бағыттағы білім барлық медициналық, техникалық және тағы да басқа жоғары оқу орындарында кадр мамандары, оқу мен ғылыми кітапханалардың жеткіліксіздігі деңгейінде оқытылды. Тіпті, маманданған, экономикалық жоғары оқу орындарының өздері көптеген проблемаларға кездесті.
	1990 жылдардың ортасында экономикалық жоғары оқу орындарының қаржы жағдайы салыстырмалы түрде жақсарып жаңа білім беру құрлымдары қалыптасты. Сол жылдары біздің елімізде шаруашылық пен айналысушы субъектілер жағынан экономикалық сарапшыларға қажеттіліктері артты. Бірақта ғалым экономистерге, жоғары оқу орындары тарапынан бұл сұранысқа лайықты ұсыныс аз болды.
	Қазақстан өнеркәсіптері мен қаржы несие секторының кәсіби сұраныстары мамандар дайындау нақты жүйеде емес еді. Сондықтан нарықтық экономика механизмінде жұмыс істей алатын орындарының отандық фирмаларды басқаратын білімді сапалы маман дайындауға әлі толық дайын еместіктері байқалады.Еліміздегі нарықтық жағдайдың қиындығына байланысты көптеген білімді мамандардың ғылыми және оқу орындарынан бизнеске кетулері елдің зерттеу және білім беру потенциялдарының әлсіреуіне әсерін тигізді.
	Экономика пәндерін оқытудың реформалық идеологиямызға сай нақты жоспарлары мен бағдарламаларының болмауы, оқыту құралдарының аз болуы нарықтық экономика талабына сай білім берудің деңгейін төмендетті. Бүгінгі таңда мектеп оқушыларына экономикалық білім негіздерін білу ісі аса өзекті мәселеге айналып отыр. Елімізде нарықтық экономика қалыптаса бастады, енді оқушыларға осы процестің дамитындығы жөніндегі түсініктерді қалыптастыру қажет.
	Оқушыларға экономикалық білім беру алдын алу, болжау, ұстанымдары негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Қоғамдағы экономикалық сауатсыздық экономикалық дағдарыстың негізгі себептерінің бірі деуге болады. Жалпы білім беру жүйесі қоғамдағы экономикалық сауаттылықты көтеруге үлкен мүмкіндік жасай алады, алдын ала берілген экономикалық білім экономикалық дағдарыстан шығудың бірден бір маңызды факторларының бірі болып табылады.
	Қарапайым экономикалық білім жиынтығы оқушыларға тек ақпараттық мәні жағынан ғана құнды емес, сонымен қоғамдағы адамның рөлі мен оның құқығын түсіне білуге негіз болады. Экономикалық білім жас жеткеншіктің адами қасиеттерін қалыптастыруға көп мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар экономикалық білім оқушылардың демократия, құқықтық мемлекет азаматтық қоғам, адам құқығы, бәскелестік, нарық сияқты жалпы адамдық  құндылықтарды белсенді қабылдауына септігін тигізеді.
	Жоғарыда аталған  экономикалық білім беру мәселелеріне қатысты пікірлер пәннің мазмұның анықтауға мүмкіндік жасайды және төмендегі ұстанымдарды басшылққа алуға септігін тигізеді:
* Бастауыш сыныптан бастап үздіксіз білім беру;
* Белгілі жас ерекшелігіне сәйкес білімінің оқушыларға пайдалану мүмкінігінің болуы;
* Экономикалық білімінің бірте бірте тереңдетіп беруі;
* Ғылым негізін жергілікті жердің, аймақтың, елдің, экономикасын білуге  пайдалану;
* Басқа пәндермен пәнаралық, пәнішілік байланыста болуы.(математика, тарих, информатика т .б.)
Мектеп оқушыларды болашақ  қоғамда өмір сүріп, оны түсініп еңбек етуге дайындау керек. Дамыған елдердегі болып жатқан өзгерістер туралы мәліметтер жастарға зор әсер етеді. Бұл мәліметтер оқушылардың ата- аналардың экономикалық білім алуға деген ұмытылыстарын арттыра түсу еді. Экономикалық білім мен біліктіліктің негізгі құрамдас бөлігі экономикалық ойлау. Бұл біліліктілік, яғни экономикалық ойлау өмірге нақты жол ашуға үлкен көмегін тигізеді. Бала кезден бастап адам таңдау проблемаларын: үй тапсырмасын орындауды қай сабақтан бастау керек, қандай кітап оқу керек, кіммен дос болу керек, өз мүдесін қалай қорғау керек, т.б. сияқты шешумен айналысады. Өз бетінеше осы сықылды таңдау проблемаларын шешпесе бала масылдық мәртебесінен шыға алмайды.Ал экономикалық білім негіздері осы таңдаудың түрлі жолдары туралы алуан түрлі мәліметтер беретін арнайы қазына болып есептеледі. 
	Осы бағдарламаларға сәйкес экономикалық білім берудің үш деңгейін бөліп көрсетуге болады. Олар:
1) Оқушыларды экономикалық іс әрекетке әлеуметтік психологиялық жағынан дайындау.
Мақсат. Жалпы даму өмірмен өзімен танысу, араласу мәдениеті.
Нәтиже. Нарық жағдайына әлеуметтік психологияға бейімделу.
2) Экономикалық (теориялық) дайындық.
Мақсат. Өмірге белсенді араласу үшін жаңа білім саласын меңгеру.
Нәтиже. Экономикалық процестерді ұғыну, практикалық тапсырмаларды орындай ,білу.
3) Кәсіпкерлік іс әрекетке дайындық.
Мақсат. Нарық талаптарына сәйкес кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру. 
Нәтиже. Өз ісін ұйымдастырып, жүргізе білу. Жаңа пәнді оқудың жеке тұлғалық мәні материалдық құндылықтарды тиімді пайдалана білу, өз қажеттілігін дұрыс есептей білу және қанағаттандыра білу, болашақта өз шаруашылығын, жанұя бюджетін қанағаттандыра білу.
	Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі мектептерде экономикалық білім беру ісіне үлкен көңіл бөлуде. 2000 жылдың 24 ақпанында ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республиасы мектептерінде <<Экономика білімдерінің негізі>> курсын оқыту туралы №155 бұйрығы шықты. Осы бұйрық негізінде Қазақстан Республикасы мектептерінде <<Экономика білім негіздері>> курсын факультативтік негізде жүйелі түрде оқыту мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерде 2000-2001 оқу жылынан бастап <<Экономикалық білім негіздері>> курсын сатылап енгізу қамтамасыз етіле бастады. Экономикалық білім саласының  басқа мектеп пәндерімен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар Ол ерекшеліктерінің бірі Қазақстандағы нарықтық экономика кезінде болып жатқан әлеуметтік экономикалық үрдістерімен байланысты. Елімізде болып жатқан үрдістерді саналы түрде ұғынып, өз орынын табу және өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру қажеттілігі пайда болады. Экономикалық білімнің кәсіптік білім мекемелеріне тарауы жылдамдады. Ол экономикалық білім мен кәсіпкерлікке және жаппай іскерлік мәдениетін қалыптастыруға сұраныстың пайда болуымен байланысты. Оның үстіне базистік оқу жоспарының негізгі және қосымша бөлігінің ешқайсысында экономика арнайы білім сапасы ретінде қарастырылған жоқ.
	Қазақстан Республикасындағы көптеген мектептерде жаңашыл мұғалімдерге сүйене отырып, экономиканы оқыту орта және бастауыш буындарында базистік оқу жоспарларының қосымша сағаттары есебінен жүргізілуде.
	Мектепте экономика білім негіздерін оқытудың басты мақсаты  -  оқушыларды экономикалық мәдениетпен, қоғамның экономикалық даму заңдылықтарымен танысу, іскерлікке тәрбиелеу, еңбек ете білуге, өндіруге, өзін және өзгелерді рухани  материалдық құндылықтармен  қамтамасыз теу.
Экономикалық білім негіздерін оқытудың басты мақсаты келесі міндеттерді анықтайды:
* Оқушыларды Қазақстан қоғамы және тұтас дүниежүзілік бірлестіктегі экономикалық даму заңдылықтарымен таныстыру;
* Экономикалық теорияның ең маңызды білімдерімен қаруландыру, экономикалық мәдениет дағдыларын дарыту, экономикалық жағдайларда өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға және әрекет етуге үйрету;
* Оқушыларды Қазақстанда және халықаралық аймақта жүргізілетін экономикалық заңдылықтардың негізгі ұстанымдары еңбек, отбасы, әкімшілік, салық кодекстерімен таныстыру;
* Еңбекті сүюге тарту, қоғамның экономикалық  белсенді мүшесі  болуға баулу.
Жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектеп пәні ретінде экономиканы жүйелі оқыту неігізі мектептің бесінші  сыныбынан басталады. Негізгі мектеп бітіруші жастардың экономикалық теорияны өмірлік қызметіне тікелей қатысты және олардың қызығуына қатысты  бөлімдері туралы толық  танымы болуы тиіс. Ең алдымен оларға экономиканың мәні, қоғамның және адамдардың  материалдық қажеттілігі, нарықтық экономика, тауар және өндіріс, ақша, еңбек, еңбек күші, меншік ұғымы, кәсіпкерлік, бизнес, макроэкономика, микроэкономика т.б. түсіндірілуі қажет.
Экономикалық білім саласы мынандай пәндермен  пәнаралық байланыста болады: тіл, әдебиет, математика, география, экология, информатика, қоғамтану, технология т.б.
Пәннің негізгі мазмұны педагогикалық ғылымдар қалыптасқан дидактикалық және әдістемелік ұстанымдармен анықталады. Сонымен қатар басқа пәндерде экономикалық білім берудің негізгі мазмұның анықтауда ескермеуге болмайтын өзгешеліктер бар:
* білім беру мазмұны қоғамның экономикалық даму рухына cәйкес болу ұстанымы;
* қоғамда не болып жатқаны дамудың дәл қазіргі және оның болашақтағы жағдайларын ескермей даму мүмкін емес;
5-9 сыныптарда экономикалық білім беру мазмұны <<Экономикалық білім беру негіздері>> курсымен анықталып, ол курс базалық курс болып табылады. 10-11 сыныптарда  экономиканы оқыту << Кәсіпкерлік және бизнес негіздері>> курсы бойынша  бағдарлы негізде жалғасады. 	Экономикалық білім негіздерін оқытудың басты мақсаттары:
* оқушылардың  экономикалық ойын қалыптастыру;
* экономика ғылымдар мен оның заңдарының  негізгі  түсініктерін меңгеру;
* қазіргі экономикалық құбылыстарды түсіндіре білу;
* күнделікті өмірдегі экономикалық мәселелер бойынша жеке шешімді қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
	Қазіргі уақытта нарықтық қатынас кезеңіне көшуге  байланысты жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың экономикалық білімі мен тәрбиесіне көп көңіл бөлініп отыр. Ол жөнінде жалпы білім беретін мектеп оқушыларын еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжрымдамасында көрсетілген.
	Экономикалық білім  беру адамға қоғамның негізгі экономикалық заңдары, мемлекетіміздің экономикалық саясаты жөнінде білім берумен қатар, ұйымдастыру-экономикалық ептіліктерімен қаруландыруға бағыттайды.
	Экономикалық тәрбие -  тәрбиенің құраушы бөлігінің бірі. Ол қоғамның мүшелерінде  шаруашылық нормалары мен принциптеріне сәйкес білім, ептілік және дағдыларды , қажеттіліктермен қызығушылықтарын, ойлау стилін, өзін алып жүру  мен  іс-әрекетін  қалыптастыруды болжайды. Экономикалық тәрбие процесінде  жеке тұлғаның тәртіптілік,  іскерлік, ұйымдастырушылық, жауапкершілік, қамқорлық және т.б. сапаларды қалыптастырады.
	Экономикалық білім беру мен тәрбие  экономикалық дайындықтың негізігі  құраушысы болып табылады, экономикалық білімнің  құраушы элементтерін  мектеп қабырғасында  оқушыларға оқу пәндері арқылы берілетіні белглі.  Мектептік Технология пәннің  оқу бағдарламаларына  сәйкес бесінші сыныптың оқушылары  жұмыс орыны ұйымдастыру  мен күту жөнініде  белгілі білімдерді алады.  Жұмыс орны бұл қажетті жабдықтармен  құралдар мен бейімдеу  құралдары мен жабдықталған  оқушыға , жұмысшыға бекітіліп  берілген өндірістік аудан  деген түсінікті  алады және оны  ұйымдастыру бойынша іс әрекеттерді орындайды.
	Оқушылар сонымен қатар , бесінші сыныпта  экономика және экономия (үнемдеу) ұғымдарымен танысады.  Экономика  гректің сөзінен шыққан, алғашқы қолданысы үй шаруашылығын  тиімді жүргізуші деген  сөзді білдіреді.  Қазіргі кезде бұл ұғым  өте кең мәнде қолданылады. Экономия бұл шикізатты, материалдарды,  уақытты жән т.б.  ұқыпты  пайдалану  бағытындағы іс шаралар жүйесі.
Оқушылардың экономикалық білімдері мен тәрбиесіне қойылатын қоғам талабы мен олардың экономикалық дайындықтарынның арасындағы сәйкессіздікті жоюдың негізгі жолы мектеп оқушыларына экономикалық білім беру деп білеміз. Өйткені еліміздің экономикалық даму деңгейі нарық қатынасының дамуымен, қалыптасуымен  сипатталады. Нарық қатынастарының  дамуы жағдайында пайда болған қажеттілік, тұтынушы,  айырбас,  меншік,  кәсіпкерлік,  бизнес, пайда, коммерция сияқты экономикалық  ұғымдар мектеп оқушыларының санасына берік орнығу қажет, заман соны талап етуде.
	Демек нарқытық экономикалық қалыптасу үрдісінің басталуы бұл үрдістің қалай дамып отырғандығын түсінетін, оның себептерін меңгеріп, қоршаған ортамен арақытынаста болатын білікті мамандарды қажет етуде. Осы талаптарға сай азаматтар тәрбиелеу мақсатында мектепке экономикалық білім беруді енгізу мәселелері қолға алынуда. Қазіргі кезеңге дейін экономикалық білімнің  кей элементтері экономикалық география, физика, математика  қоғамтану еңбекке баулу сабақтарында пәнаралық байланысты сақтау негізінде беріліп келгенімен, жеке пән ретінде немесе білім беру аймағы ретінде қарастырылмаған.
	Мектеп оқушыларына экономикалық білім беру ісіне мүмкіндігінше жоғары дәрежеде қол жеткізуге және оны сан салалы бағытта жүргізуге болады.
	Мектепте экономикалық білім негіздерін оқытудың басты мақсаты- оқушыларды экономикалық мәдениетпен қоғамның экономикалық дамуының дағдылығымен  таныстыру  оларды жеке тұлғаның дамуы қалыптасуы негізінде материалдық құндылықтарды өндіру мақсатына еңбек ете білуге үйрету, сонымен қатар, өз Отанының патриот азаматын тәрбиелеу болып табылады.
<<Экономикалық білім негіздерін>> мектепте оқыту оқушыларды экономикалық ұғымдардың мағынасын терең түсініп ұқыптылыққа үйретуге үлкен мүмкіндіктер тудырады. Өмірде өз орынын таба алатын епті, белсенді, экономикалық біліммен жақсы хабардар оқушыларды дайындауды қамтамасыз етеді. Қазақстанда мектеп оқушыларына экономикалық білім беру проблемаларына қатысты бірнеше ғана еңбекті атауға болады. Мысалы 1985 академик С.Сатыбалдиннің мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған <<Экономика>>  оқулығы сынақ  ретінде шығарылып  Орал облысы мектептерінде факультатив сабақтарда пайдаланылды. Сонымен бірге Л.С.Ланның   <<Экономическое воспитание школьников>> (Алматы, 1980) , М.А. Құдайқұлов, Д.М.Құдайқұловтардың <<Основа предпринемательства и бизнеса>> (Алматы 1998 ) еңбектері дайындалып, оны мектеп бастапқы кәсіптік білім мекемелері өз мүмкіндіктеріне қарай пайдалануда. 	Оқушыларға экономикалық білім беру алдын алу,  болжау ұстанымдары негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Қоғамдағы экономикалық сауатсыздық экономикалық дағдарыстың негізгі себептерінің бірі деуге болады.
Жалпы білім беру жүйесі қоғамдағы экономикалық сауаттылықты көтеруге үлкен мүмкіндік жасай алады. Алдын ала  берілген экономикалық білім экономикалық дағдарыстан шығудың бірден бір маңызды факторларының бірі болып табылады.
Қарапайым экономикалық білім жиынтығы оқушыларға тек ақпараттық мәні жағынан ғана құнда емес сонымен қоғамдағы адамның рөлі мен оның құқығын түсіне білуге негіз болады. Экономикалық білім жас жеткіншектің адами қасиеттерін қалыптастыруға көп мүмкіндік жасайды.
Экономикалық білім оқушылардың демократия, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, адам құқығы бәсекелестік, нарық сияқты жалпы адамдық құндылықтарды белсенді қабылдауына септігін тигізеді.
Мектеп оқушылары болашақта өмір сүріп оны түсініп еңбек етуге дайындауы керек.  Дамыған елдердегі болып жатқан өзгерістер туралы, мәлімет жастарға зор әсер етеді. Бұл мәліметтер оқушылардың ата - аналарының экономикалық білім алуға деген ұмтылыстарын арттыра түсуде. Экономикалық білім мен біліктіліктің негізгі құрамдас бөлігі экономикалық ойлау. Бұл біліктілік яғни эконмикалық ойлау өмірге нақты жол ашуға үлкен көмегін тигізеді.
Экономикалық білім беру - қоғамдық өндірістің барлық салаларын қамтитын күрделі құбылыс. Экономикалық табыс елдің және жеке адамның ырысының мол болуы әр адамның белсенді еңбек етуіне, сөйтіп бақытты өмір сүруге ұмтылуына байланысты екендігін оқушы зердесіне құю үшін мектеп ұжымы белсене араласуы керек.

Талқылау сұрақтары:
* Құқықтық білім берудің маңызы неде?
* Құқықтық білім мен құқықтық тәрбие арақатынасын қалай ұғынасыз?
* ҚР  экономикалық білім берудің  себептері неде?
* ҚР құқықтық және экономикалық білім берудегі кедергілер мен қиындықтарды атап, аталмыш саланы дамытудың тиімді жолдарын ұсыныңыз?
Ұсынылған әдебиеттер:
* Искакова Г.К., Газизова Н.С. Қазақстан Республикасындағы адам құқығы. Оқу құралы.  -  Семей мемлекеттік педагогикалық институты.  -  Семей  -  2008.  -  234б 
* Ағанина Қ. Қазақстанда оқушыларға экономикалық білім беру жүйесінің қалыптасуы // Экономика негіздері  -  2004-№3-.Б.7-11.
* Ағанина Қ. Экономикалық білі негіздері. // Экономикалық білім негіздері  -  2004- №4  -  Б.17-18.
* Ағанина Қ.  Экономикалық білім беруді дамыту // Экономика негіздері- 2005-№2  -  Б.36-37.
* Ерназарбекова А., Ортаев Б.  Орта мектеп оқушыларына берілетін экономикалық білім мен тәрбие. // Ізденіс  -  2007 - №4  - Б.241-244.
* Махадиева Б. Экономикалық тәрбие берудің қажеттілігі. // Қазақстан мектебі  -  2008 -№6-  Б.9-11.
* Сағындықұлы Е., Педагогика  -  Алматы РБК- 1999 жыл  -  312 бет.
ДӘРІС 3
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР МЕН ӨЗГЕ ДЕ ДЕРЕК КӨЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Мақсаты: Студенттерге құқық және экономика негіздері сабағында аталмыш саладағы құжаттармен жұмыс жасаудың тәсілдерін үйрету.
Жоспар:
* Құқықтық және экономикалық бағыттағы мемлекеттік құжаттарды оқыту әдістемесі. 
* Оқушылардың мәтіндермен өзіндік жұмыстары. Құжаттарды оқудағы оқушылардың танымдық әрекеттерін арттыру. 

1. Нормативті құқықтық актілер құқық сабағының ең негізгі көрнекілігінің бірі болып табылады.  Құқықтық актілермен жұмыс жүргізу  құқықтық білімді нығайтып, оқушылардың алған білімдерін есте сақтауға себебін тигізеді. Нормативті актілермен оқушылардың жұмысын ұйымдастырып, жетекшілік ету үшін мұғалім алдыменен  <<нормативті  -  құқықтық акті>> ұғымымен оқушыларды таныстыруы қажет, яғни оқушылардың оны толық түсінуі қажет.
	Нормативті  -  құқықтық актілер дегеніміз  -  құқықтың негізгі нысаны, яғни қайнар көзі болып табылады. Нормативті акт  - қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормасынан тұратын құқықтық акт. Оның заңдылық күші бар және ол екі топқа бөлінеді: заңдар , заңдылық актілер болып. Міне, осы бағытта оқушы заңдарды заңдылық актілерден ажырата білуі керек. Мысалы заңдарға Конституциядан бастап барлық заңдар жатса, ал заңдылық актілерге Президенттің жарлығы, үкіметтің қаулылары, жергілікті (локальды) нормативті актілер жатады. Мұғалім сабақ барысында заң, қаулы, жарғы  сияқты атауларды жиі қолдануы мүмкін, сондықтан бұл атаулармен оқушы қанық болуы керек.
	Мұғалім сабақ барысында қолданатын нормативті  актіні алдын  -  ала даярлап қоюы қажет, әрине нормативті актіні бір сабақта толық қолдануға мүмкіндік болмайды, сондықтан оның қажетті жерлерін қай жерде, қалай қолдану керектігі алдын  -  ала ойластырған жөн. Нормативті актілердің әсіресе заңдардың бірінші баптары заңда кездесетін ұғымдарға түсінік беруден  басталады. Ол ұғымдармен оқушыларды таныстырып отырған жөн. Бұл орайда үй тапсырмасы ретінде дайындап келуге беріліп, терминдік сөздік алуға болады. Терминдік сөздік біріншіден оқушылардың нормативті актілер бойынша алынған білімдерін бекітеді, екіншіден ол терминдерді оқушылардың практикада қолдана алуына көмегін тигізеді, үшіншіден заңдарды силауға, сақтауға тәрбиелейді.
	Нормативті актілерді қолдану барысында заң тілінің күрделілігін мұғалім естен шығармауы тиіс, яғни сабақта қолданылған актілер талқыланып отыруы керек. Бұл орайда оқушының өзіне қажетті баптарды оқытып, сынып оқушыларының оны қалай ұғынғанын сұрап  барып, толықтыру,  түзетулер жасап, немесе түсіндіру қажет. Нормаларды түсіндіру көбінесе мысалдар келтіру арқылы жүргізіледі. Ситуациялық мысалдар оқушылардың нормативті актілермен жұмыс істеу қабілетін арттыра түседі. Мысалы: Азат өз қатарындағы балаларға қарағанда әлдеқайда үлкен көрінеді. Ол мектепке автобуспен келеді. Бір жолы оның автобустың билет сатушы кезекшісіне көрсеткен  оқушыларға арналған билетіне <<Сен оқушы емессің>> деп күдіктенген  билет тексерушілер  оны аялдамадағы көлікке баруын талап етеді. Азат өзінің оқушы екендігін дәлелдеу үшін автобустан түсуге мәжбүр болады, сабақтан кешігеді. Бұл жағдайда Азаттың қандай құқықтары бұзылды және ол қандай құқықтық әрекет жасауы керек? Аталмыш мысал өте қарапайым, оқушылар өмірінде жиі кездеседі. Сондықтан олар оқушының көмегімен Азаттың құқықтары жазылған құқықтық актіні тек біліп қана қоймай, оның ішіндегі қажетті норманы іздеуге кіріседі,  тапқан нормаларын талдайды, ұғынады сөйте отырып есте сақтауға тырысады.  /ҚР <<Неке және отбасы туралы>> Заңы, 9  -  тарау, 53 бап, 2 тармақ/.
	Құқық сабағында ең көп қолданылатын нормативті актілердің бірі Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияны оқытуда арнайы сабақ та бар,  бірақ ол жеткіліксіз, себебі құқық сабағының барлығы да Ата Заңмен байланысты, яғни одан бастау алады. Сондықтан оқушы Конституцияға ішкі және сыртқы талдау жасай алғаны дұрыс. Ішкі талдау дегеніміз  -  Конституцияның тарулары, бөлімдері және олардың қысқаша мазмұны. Ал сыртқы талдау дегеніміз  -  Конституцияның қашан, қалай қабылданғаны, қабылданған жері. Конституцияны қолдануда мұғалім оқушыларды  Ата Заңды құрметтеуге тәрбиелеп, баулып отыруы керек. Оның Ата Заң деп аталуының мәнісін ұғыну, өзгерістер енгізілу тәртібін білу.  Азаматтық, Қылмыстық Кодекстер, Еңбек туралы Заң, Неке және Отбасы туралы Заң және халықаралық құжаттар: Жалпыға бірдей адам құқықтары туралы Декларация, Бала құқықтары туралы Конвенция сияқты құжаттармен оқушылар мектеп қабырғасында таныс болулары қажет. Мұғалім оны құқықтың жекелеген салаларын өткенде жоғарыда көрсетілген тәртіппен қолданады. Жалпы, құқық сабағында нормативті  -  құқықтық актілерді қолдануды өзіндік сатылайтын болсақ, мынандай кесте шығады:
* Нормативті  -  құқықтық акті ұғымымен танысу;
* Заң, заңдылық актілерде кездесетін ұғымдармен танысу;
* Қажетті нормаларды тауып алуға үйрену;
* Табылған норманы талқылау;
* Нормаларды қолдана отырып ситуациялық есептер құрастыру, шешімін шығару;
* Алынған білімді бекіту мақсатында практикамен байланыстыру.
Құқықтық  -  нормативті актілермен жұмыс істеу оқушылардың қоғамдық мәселелер туралы кең ұғуына, толық сипаттама алуға, қазіргі кезеңнің қарама  -  қайшылық мәселелерін саралап түсінуге, әлемді барлық түсімен көруге, өмірде кездесетін ахуалдарға сын көзбен қарауға, әр түрлі мәселелерді баламалы шешуге көмектеседі. Орта мектеп бағдарламасы бойынша, оқу жоспарымен мөлшерленген сағат саны  нормативті  -  құқықтық актілермен толық танысуға мүмкіндік туғызбайды. Сондықтан құқыққа байланысты факультативтік, сыныптан тыс оқу сабақтарын тиімді пайдаланған жөн. Меніңше <<Құқық негіздері>> курсын оқытуда белгілі бір стандарттың болуы қажет емес.  Қоғамның екінші баспалдағына, яғни нағыз өмірге оқушыларымыз дайын болып келуі керек.
* Құқық және экономика пәндерін оқытуда оқушылардың танымдық әрекеттерін арттыруда  құжаттармен жұмыс істеудің маңызы зор. Сабақ барысындағы уақытың тығыздығы оқушылардың құжаттармен жұмыс жасауына мүмкіндік бермейді, ал оқушылар құқық және экономика саласындағы маңызыд құжаттармен таныстығы болуы керек. Оқушыларға  аталмыш құжаттармен жұмыс жасауды өзіндік жұмыс ретінде берілу қажет. Құжаттармен танысудың бір жолы оларға ішкі және сыртқы талдау жасау. Оқушылар алдыменен құжаттың қашан қабылданғанын біліп, көлемімен, яғни қанша бөлімнен, тараудан немесе баптардан тұратынынынан хабардар болуы қажет. Содан кейін құжаттың мазмұнымен танысады. Өз бетімен оқу оқушылардың  есте сақтау қабілетін, білім дәрежесін арттырады. Өздік жұмыстар реферат, баяндама, пікір-талас түрінде болуы мүмкін. Құжаттарды түсіндіруде арнайы презентация жасатуға да болады. Оқушы құжаттың  маңызын анықтауда кемшіліктерін де байқауы мүмкін, немесе құжатты өз тарапынан өзгертіп, толықтырлар беруі  керек, яғни оқушының пікірін білу өте маңызды.
	Өзін - өзі тәрбиелеу барлық құқық субъектілерінің құқықтық санасының құрылуына тиімді әсерін тигізеді. Өзін - өзі тәрбиелеудің астарында құқыққа деген құрметті қалыптастыру жатыр,  яғни  қажеттіліктерін   ұйғарымдарға байланысты өзін - өзі оқыта отырып және қатаң сақтап,  өз тәжірибесінде жәке басының дербестігі арқылы талдау жасап отыруы керек.

Талқылау сұрақтары:
* Мемлекеттік маңызы бар құжаттарды құқық және экономика саласында оқытудың  қандай әдістері бар?
* Нормативті-құқықтық актілермен жұмыс істеудің тәсілдері?
Ұсынылған әдебиеттер:


ДӘРІС 4 
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА  НЕГІЗДЕРІН ОҚУ САЛАСЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛАР, ОҚУЛЫҚТАР, ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРДІ ТАЛДАУ ТӘСІЛДЕРІ
Мақсаты: Студенттерге құқықтық және экономикалық білім беруде бағдарламалар мен оқулықтардың маңызды рол атқаратынын түсіндіру, аталмыш сабаққа қажетті әдебиеттерді таңдай алуға дағдыландыру.
Жоспар:
* Экономика және құқық негіздері курсы бойынша бағдарламаларды талдау.
* Экономика және құқық негіздері курсы бойынша әдістемелік құралдар мен ұсыныстарды талдау.
* Курстық идеялар, ұғымдар жүйесін қалыптастыру бойынша мұғалім жұмысын жоспарлау.
Талқылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:

ДӘРІС 5 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІНЕ, БІЛІКТІЛІГІНЕ, ТӘРБИЕЛІК ДӘРЕЖЕСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТ ТАЛАПТАРЫ
Мақсаты: Құқықтық және экономикалық білім берудегі мемлекеттік талаптарды студенттерге ұғындыру. 
Жоспар:
* Құқықтық білім берудегі Қазақстан  Республикасының мемлекеттік        жалпыға міндетті білім беру стандартының алатын орны. 
*  Кешен құрамындағы түрлі ойындар  пакеттері мен экономикалық және құқықтық компьютерлік модельдердің қорабы мен жабдықтар. 	

Талқылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:

ДӘРІС 6
КУРС БОЙЫНША САБАҚТА ЖӘНЕ САБАҚТАН ТЫС ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ  ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мақсаты: Студенттерге оқушылардың негізгі шеберліктерін қалыптастыратын рационалды тәсілдер мен құралдарды таңдауды, оқушылардың құқықтық және экономикалық мағлұматтарды меңгеруі бойынша түрлі өзіндік жұмыстарын өңдеуді үйрету.
Жоспар:
* Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру. 
* Оқушылардың негізгі шеберліктерін қалыптастыратын рационалды тәсілдер мен құралдарды таңдау.
* Оқушылардың құқықтық және экономикалық мағлұматтарды меңгеруі бойынша түрлі өзіндік жұмыстарын өңдеу.
* Құқық және экономика сабағына дидактикалық материалдарды даярлау.
Талқылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:

ДӘРІС 7
<<ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ>> КУРСЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР МЕН БАҒДАРЛАМАЛАР
Мақсаты: <<Құқық және экономика негіздері>> курсын оқытудағы әдістемелік құсқаулар мен бағдарламалардың маңызы мен мазмұнын студенттерге ұғындыру.

Жоспар:
* <<Құқық және экономика негіздері>> курсын оқытудағы әдістемелік құсқаулардың маңызы.
* <<Экономикаға кіріспе>> курсы бағдарламасы. 
* <<Құқықтану>> 10-11 сыныптарға арналған бағдарлама.


Талқылау сұрақтары:

Ұсынылған әдебиеттер:

ДӘРІС 8
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  БІЛІМ БЕРУДЕГІ  КУРСІШІЛІК, КУРС ЖӘНЕ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Мақсаты:  Студенттерге  курсішілік, курс, пәнаралық байланыстарды құқық және экономика сабағында жүзеге асырудың жолдары туралы мағлұмат беру.
Жоспар:
* Пәнаралық және  ішкі курстық байланыстар, олардың курсты оқыту мен оқушылардың  құқықтық тәрбиелеу мен курс оқытудағы білімдік тәрбиелік рөлі. 
* Пәнаралық және ішкі курстық байланыстарды жүзеге асырудағы әдістемелік тәсілдер мен ұйымдастыру формалары. 
* Мұғалімнің пәнаралық байланыстар процесінде мақсатты бағытталаған әрекеті. 

Талқылау сұрақтары:

Ұсынылған әдебиеттер:

ДӘРІС 9
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ  САБАҒЫНДА БАСПА ДЕРЕКТЕРМЕН    ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Мақсаты: Студенттерге баспа деректер туралы және оларды құқық және экономика сабағында қолдану әдістері туралы ақпарат беру, үйрету. 
Жоспар:
* Құқық және экономика негіздері оқулығы  -  құқықтық білім берудің негізгі құралы. 
*  Мұғалімнің оқулық мәтінімен және мәтіннен тыс компоненттермен жұмыс істеу тәсілдері. Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу қабілетін қалыптастырып, дамыту.
* Нормативті  -  құқықтық актілерді құқық және экономика негіздері сабағында қолдану әдістемесі. 
* Құқықтық құжаттарды  оқып  - үйрену жолдары.

Талқылау сұрақтары:

Ұсынылған әдебиеттер:

ДӘРІС 10
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ САБАҒЫНДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, АҚПАРАТТЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ
Мақсаты: Студенттерге педагогикалық технологиялар туралы алған мағлұматтары негізінде құқық және экономика сабағында жаңа педагогикалық ақпараттарды қолданудың әдістерін түсіндіру.
Жоспар:
* Оқыту технологиясы -  ғылыми зерттеу аясы ретінде. Құқық және экономика негіздері сабағында жаңа технологияны қолданудың қағидаттары мен тәсілдері.
* Педагогикалық практиканың жаңа сатылары. 
* Ақпаратты  -  түсіндіру тәсілінен  әрекет ету - даму технологиясына көшу.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан  -  жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны  меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу  -  тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
	Американдық мұғалімдер ассоцияциясының вице  -  президенті, доктор А.Урванский білім берудің болашақ мұратын былайша сипаттайды: <<маңызды кезең  -  рефлексті емес, басымдылықтан ойлау әдістері мен амалдарын саналы түрде игеруге көшу>>. Жаңа оқыту технологиясы бойынша материал сипаттамалы түрде емес, шынайы проблема түрінде  берілуі тиіс.
	Мұғалімнің назары дұрыс жауап алудан оның қандай жолмен алынғандығын түсіндіруге көшуге ауады, - дейді көптеген ғалым әдіскерлер. Жаңа оқыту технологиясының тиімділігі сонда, оның элементтері арқылы баламен  тиімді  жұмыс істеуге болады. Атап айтатын болсақ:  
* ұжымды жұмыс істеуге үйретеді;
* ақпаратты өз бетінше түсінуге бағыттайды;
* сөз астарын, құдіретін түсінуге жағдай жасайды;
* сабақтан тысқары  қалатын оқушы болмайды.
Осы жобамен жұмыс істеген кезде, оқушылардың оқуға деген ынта - ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің  қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапалармен қатар оқушының басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады. Жаңа технологияларды іске асыру үшін кәсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, ұстаздықтан жалықпайтын, жаңалықтан жаны шошымайтын, танымгер, өз ісіне құштар мұғалім қажет.
	Қазіргі заман талабына сай оқыту технологияларын үйренуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек. Оқу технологиясын таңдап, іріктеу оқушының,  оқу  танымдық  іс - әрекетін басқарудың негізгі бір буыны. Жаңа технологияны пайдалануда ұстаз жаңашыл педагогтардың  озық дидактикалық идеяларымен қарулануы керек. Оларға В.Ф.Шаталовтың <<Еркін таңдау идеясы>>, С.Н. Лысенкованың <<Озық оқыту>>, П.Эрдниевтің <<Ірі блоктар идеясы>>, Е.Н. Потапова технологиясы, (қазіргі кезде бұл идеялар М.Н. Беруллаеваның        жаңа технологиясында  көрсетілген),      В.Г .Коваленконың <<Ойын арқылы    оқыту технологиясы>>,    В.Оконьның, Р. Гроттың <<Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы>>, <<Проблемалық оқыту технологиясы>> жатады. Оқушылар сабақтың қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігін әрі тиянақтылығының артатындығын баяндайды. Соңғы кездерде оқытудың әр түрлі жаңа  технологиялары пайдаланылып, тәжірибеде қолданылып жүр. Мысалы: дамыта оқыту, қарқынды оқыту, модульдік оқыту, саралап оқыту, ынтымақтастық технологиясы сияқты көптеген оқыту технологияларын атауға болады. Мұның бәрі уақыт талабынан туындап отырған жүйе.
Қарқынды оқыту технологиясы  -  жеке тұлғаның өзін - өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Яғни қарқынды оқыту технологиясы - берілген уақыт мөлшерінде үлкен табыстарға қол жеткізе отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге негізделген оқыту технологиясының бірі. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс  -  тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс  -  тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне,  қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп , қолданылады.
	Қызықты  сабақтар  -  мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы,  әдістемелік ізденісі.
Мәселелік (проблемалық) оқыту дегеніміз Г.С. Селевконың анықтамасы бойынша  мұғалімнің  басшылығымен түрлі жағдаяттарды анықтай білуге, оқушыларды оны шешуге белсенді жұмылдыруға, соның нәтижесінде оларда білім, білік, дағды және ойлау қабілетін дамытуға негізделіп ұйымдастырылатын оқыту үрдісі.
Дамыта оқыту  деп оқытудың дәстүрлі иллюстративті  -  түсіндірмелі түрін ауыстыратын, белсенді іс - әрекетке негізделген оқыту түрін айтамыз. <<Дамыта оқыту>> идеясы көрнекті ұлы педагогтар Песталоцидің, Ушинскийдің еңбектерінен бастау алады. 
	Кез келген іс -әрекет нәтижелі болуы үшін ең алдымен мақсат айқын болуы керек. Білім берудің мақсаты айқын болғаннан кейін білім беру жүйесінің алдында <<Қалай оқытамын?>> деген сұрақ пайда болады. Бұл сұраққа жауап беру үшін Ресей ғалымдары мен зерттеушілері көптеген жаңа педагогикалық технологияларды өмірге әкелді. Солардың ішінде Занковтың, Эльконин мен  Давыдовтың, Т.С. Альтшуллердің (ТРИЗ) технологиялары.
Модульдік оқыту. Модуль дегеніміздің өзі үлкен бір жүйе, мұнда оқушы білімді жеке  -  жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген түрде алады. Өзін дамытуда, бірін  -  бірі оқытуға, кітаппен жұмыс істеуге үйренеді, қосымша әдебиеттен білім алуға баулу арқылы дарынды балалармен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік  туады.
Ізгілендіру технологиясы  -  сезім, көңіл  -  күй, өмірлік құндылықтарға сүйенеді. Ізгілендіру қағидалары оқытудың әдіс  -  тәсілдеріне мынандай талаптар қояды:
* Мұғалімнің оқыту кезінде  билік жүргізу әдісінен арылуы;
* оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы екендігі;
* балалардың оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін, белсенділігін дамыту;
* оқу  - тәрбие жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде анықтау;
Ізгілік бағыттың негізгі идеясы: оқушымен ұнамды қарым  -  қатынас, қысым  көрсетпей, еркін ұстау, оқушы еңбегін бағалау, тұлғаны дамыту, өз пікірін білдіру, баланың болашағына, қабілетіне сену, баланың кемшіліктеріне шыдамдылық көрсету,  баланы ынталандыру.
	Оқытудың бұл технологияларына ортақ нәрселер мыналар:
* оқушыны жан  -  жақты дамытуға негіздеу;
* оқу іс - әрекетіндегі  мәселелік жағдаяттарды шешуге бағытталған;
* оқу іс - әрекеті арқылы оқушының ойлау мәдениетін дамыту;
* оқушының объектіден субъектіге айналуы;
* қызығушылық дәрежесінің  артуы (мотивация);
Бұл салада <<тренинг>> өткізудің көп пайдасы бар. Өйткені <<тренинг>> жүйесінде оқыту әдісі арқылы оқушыны ойлауға, өз ойын дәлелді түрде жеткізе білуге,  бір  -  бірінің пікіріне сыйластықпен қарауға үйрету болады.
Қазақстан  Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында <<Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар сапасын даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми  -  зерттеу қызметімен  ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру  және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады>> деп атап көрсетілгеніндей қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе әлеуметтік  -  педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
	Жаңа дәуір ұлттық бәсеке, мәліметтік сайыс, психологиялық өзгерістер     сияқты   көріністерміен   белең алады. Сондықтан ол кезеңге сай   интеллектуалды,   ой-өрісі жоғары дамыған, дені сау азаматты қалыптастыру   -   мемлекеттің бүгінгі күнгі өзекті мәселесі.
	Қазіргі мектеп жағдайларындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық  -  педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы <<баршаға білім беру>> ескі сүрлеуінен тез арада арылып, жаңаша  білім беру мазмұнына <<әркімге таңдау бойынша білім беруге>> көшуге қабілетті және нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашылықпен, ізденушілікпен жұмыс істейтін зерттеуші болашақ мұғалімдерді   даярлауды қажет етеді.
	Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатына қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі  құрылуда. Бұл үрдіс педагогика  теориясы мен оқу -тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс - әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.  
Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш.Қаланованың, Ж.Қараевтың, Ш.Таубаеваның, Қ.Қабдықайыровтың, С.Лактионованың, М.Жанпейісованың, Ә.Жүнісбек пен Қ.Нағымжанованың, С.Көшімбетованың, т.б.  ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан  -  жақты қарастырылады.
	Елбасымыз Н.Назарбаевтың <<Қазақстан - 2030>> Қазақстан халқына арналған Жолдауында <<Біздің жас мемлекетіміз өсіп,  жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі білім, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар  бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады>> деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш  -  білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы  -  бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту  -  бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
	Сондықтан да оқушылардың ой - өрісін, ұлттық мәденетін, ұлттық рух пен сана  - сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс - әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді.
<<Инновация>> ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасала қойған жоқ. <<Инновация>> - нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс  -  тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің  нәтижесі  туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек мақсат пен нәтиже  -  жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Инновациялық үрдістің негізі  -  жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай  -  ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл, яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.
Жаңа  педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:
* оқып  - үйрену;
* меңгеру;
* өмірге сендіру;
* дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:
* оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
* оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру;
* ғылыми - әдістемелік, оқыту - әдістемелік, ұйымдастырушылық себептерге үнемі талдау жасап,  назарда ұстау;
* жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу;
* пәндік білім стандартымен жете танысу;
* білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы  студенттерге мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
* оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу; (өйткені оқыту  -  тәрбиенің негізі).
Осы міндеттерге жүгіне отырып, білім беру жүйесінде студенттің жан жақты дамуына көмектесетін, оларға оңтайлы жағдайларды тудыратын ынтымақтастық  топтарды құруға болады.
	Бүгінгі студент  -  ертеңгі маман. Педагогикалық жоғары оқу орнының білім беру үрдісінің болашағын жоспарлау  -  ол экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани жұмыстардың қоғамдағы дамуына байланысты шешілетін мәселе. Болжаудың ең басты мақсаты: ғылыми тұрғыдан болашақты көре білу. Соған байланысты студенттерді тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқарудың педагогикалық шарттарын анықтау керек.
	Болашақты ғылыми негізде болжаудың бірнеше шарттары бар. Олар мына төмендегіше жіктеледі: 
* басқару негізінде;
* қайта құру бағытында;
* теориялық;
* әдіснамалық негіздерде;
* жүйелі түрде өзгерілуі;
* дұрыс қарым  -  қатынас орнату негізінде , т.б.
Жоғары мектепте оқытудың жаңа технологиясын қолдануда әдістердің алмасуы өте маңызды болып табылады. Бұл салада бір мысал ретінде, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты  кафедралар жанынан құрылған <<Ізденіс>>  педагогикалық жаңа технологиялар мен озық тәжірибелер зертханасының  әрекетінен үлгі алуға болады.

Зертхананың негізгі міндеттері:
* қазіргі инновациялық  педагогикалық технологияларды оқып  -  үйрену;
* Республика, ТМД, әлемдегі педагогикалық озық іс  -  тәжірибелерді оқып үйрену, зерттеу, талдау, насихаттау, тарату, пайдалану;
* жаңашыл мұғалімдердің озық іс  -  тәжірибелерін зерттеу;
* болашақ мұғалімдердің жоғары интелектуалдық, шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, оны дамыту;
* оқу  -  тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды ендіру мақсатында эксперименттік тәжірибелер жүргізу;
* эксперимент тақырыбы бойынша педагогикалық ұжым жұмысының тиімділігінің көрсеткіштері мен критерийлерін талдап шығару;
* эксперименттің тақырыбы бойынша озат тәжірибені белгілеп, мұғалімдер мен оқушылардың  іс-әрекетіндегі типтік кемшіліктер мен қиындықтарды анықтап, олардың себебін білу;
* эксперименттің аралық және соңғы нәтижелерін талдап, қорыту және соның негізінде зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми  -  тәжірибелік, ғылыми - әдістемелік нұсқаулар құрастыру , ұсыну.
Аталмыш зертхананың негізгі мақсаты  -  болашақ мұғалімдердің жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа педагогикалық технология элементтерін пайдалана білуге үйрету, шығармашылыққа баулу.
Қорыта айтқанда, институт мектеп өміріне бейім, білімді де білікті маман даярлап шығаруы керек. Ал мұның өзі қазіргі кезеңде Қазақстан бүкіл дүниежүзілік  білім әлеміне кіру мақсатындағы жасалынып жатқан жаңа жүйенің негізгі мақсатына жетудің бірден  -  бір жолы болмақшы.

Талқылау сұрақтары:

Ұсынылған әдебиеттер:

ДӘРІС 11
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ САБАҒЫНДА ОҚЫЛҒАН МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚАЙТАЛАУ, ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мақсаты: Құқық және экономика сабағында алынған білімді қайталау, тексеру, бағалаудың жаңашыл әдістерін түсіндіру. 
Жоспар:
* Құқық және экономика сабағында алынған білімді қайталау  -  құқықтық білімді тереңдетудің жолы. 
* Құқықтық және экономикалық білімді тексерудің жолдары: ауызша және жазбаша.
* 	Оқушылар білімін бағалау нысандары мен критерийлері. 
Оқушылардың білімін, біліктілігін, ойлау қызметінің даму дәрежесін тексеру аса маңызды жұмыс болғандықтан оны үлкен дайындықпен және жауапкершілікпен, жоспарлы түрде жүргізіп отыру қажет.  Мұғалім оқушылардың білімін бағалауда оған қойылатын талаптарды білгені дұрыс. Олар:
* Білім бағалаудың ең қолайлы жолы ауызша тексеру. Бұлай тексеру оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін арттыратыны бәрімізге белгілі. Оқушы білімін ауызша бағалауда мұғалім оның тілінің жатық, ұғынықты болуын талап етеді. Бұл  жағдайда оқушы шапшаң болуға, жинақталуға, жауапты сындарлы беруге тырысады. Оқушының ауызша жауап беруі өзіне ғана емес, басқа оқушыларға да тиімді, себебі ол жауап берген кезде оны басқа оқушылар тыңдап қана қоймай, түзетуге, толықтыруға талаптанады. Оқушы ауызша жауап беруде кестемен, тақтамен т.б. бір мезгілде жұмыс істейді. Оқушының ауызша жауабын барлық оқушылармен бірге мұғалім де мұхият тыңдай отырып, оның толықтығына, беріктігіне, оқушыда тәрбиеліліктің қалыптасу дәрежесіне назар аударғаны, оның ойлау қызметінің даму дәрежесін анықтағаны дұрыс. Ол үшін төмендегі талаптарды ескеру керек:
а)	оқушы  берілген сұраққа ғана жауап бермей, оны басқа пәндерде кездесетін ұғымдармен салыстыра отырып ашатын болса, онда оқушының білімі толық деп есептелінеді; 
ә)	оқушы  сұрақтың  негізгі  мәнін өз бетімен ізденіп тапқан материалдар арқылы ашып көрсетсе, онда оқушының білімін терең меңгерілген деп есептеуге болады;
б)	оқушы меңгерген білімін өзінің ішкі сезімдері арқылы тұжырымдап, оған баға бере алатын болса онда, оқушы білімін жоғары деп бағалауға болады.
 	Мұғалім оқушы білімін бағалағанда оның тек сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, сол сұрақтың айналасында мәселе көтеріп, артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтап, кемшіліктерді жоюға болатын шараларды ұсынуына дейін  талаптандыруы керек.
	Мұғалім оқушылардың жұмысын бағалағанда аталғандардан басқа да жағдайларға мән беруі  керек. Бұл орайда Б.Кенжебеков ұсынған оқушылардың  сарамандық жұмыстарын тексеру және бағалау барысындағы ұсынған арнайы кестесін қолдануға болады. 

Жұмсалған жұмыс уақыты бойынша қойылатын орындау деңгейлері:


р/с
          Жұмысты тексеруге өткізу кезеңі
                     Деңгей
1
                                    1  -  5
                                       5
2
                                    6  -  8
                                       4
3
                                   9  -  12
                                       3
4
                                   13  -  16
                                       2

Нысанды тексеру топтарындағы орындау талаптары бойынша қойылатын деңгей бағасы мен критерийлері:

   Нысан
<<30>> балл
<<24>> балл
<<18>> балл
<<12>> балл
<<6>> балл
  Тексеру
 5 деңгей
4 деңгей
3 деңгей
2 деңгей
1 деңгей

1  деңгей  -      оқушы  оқығанын, түсінгенін қайталап айтып береді;
	2  деңгей  -       оқушы  өз сөзімен еркін айтады, дәлелдейді;
3 деңгей - оқушы сұрақ жауабын өздігімен тұжырымдап, 
қорытындылайды;
4 деңгей  -  оқушы аталғандарға қоса, өзінің шығармашылық ойын 
ұштайды; 
5  деңгей - аталмыш мәселенің артықшылығы мен жетістіктерін анықтап қана қоймай, кемшіліктерді болдырмауда өз ұсыныстарын береді.
	Ғалым Т.Тұрлығұл  <<Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі>> еңбегінде оқушылар білімін деңгейлерге бөлу туралы ұсынысын берген.  Олар   міндетті  және мүмкін деңгейлер. Оқушы берілген сұрақтың ең негізгі білім элементтерін білсе,  мәселен  құқықтың анықтамасын, негізгі белгілерін, субъектілерін, құқықтық қатынастар салдарын айтып бере алса, онда ол осы сұрақтың жауабын міндетті деңгей көлемінде білгені. Ал  оқушы құқықтың  пайда болу себептерін  нақтылап көрсете білсе, оның жүйелерін басқа жүйемен салыстырса, құқықтық қатынастардағы тұлғалардың алатын орнын, яғни  құқықтық  мәртебесін  көрсетіп бере алса, оның кестесін құрастырып қана емес, талдай білсе, маңыздылығын аша білсе, онда бұл жауап мүмкін деңгейге жеткен деп бағаланады.  Мүмкін  деңгейге шек қойылмайды. Сұрақтар жауабын бұлайша екі деңгеймен анықтау да оқушының  білім    дәрежесін  нақты  көрсете алмайды. Сондықтан  әрбір  пәннің әдіскер - мамандары оқушылардың білім дәрежелерін бағалауда өз тәжірибелерін ұсынуда.Оқушылар білімін тексерудің  ауызша  және  жазбаша нысандары кең таралған. Оқушылардың білімін ауызша нысанда тексергенде мұғалім оқушының ойлау қабілетін,  өз ойын жеткізе алу шеберлігін есепке алуы қажет. 
	Оқушылардың  білімін мұғалім жаңа материалды  өткеннен кейін де тексеруіне болады.  Мұнда оқушылардың құқықтық ұғымдарды, құқықтық нормаларды қаншалықты түсінгендігі анықталады. Бағалау міндетті түрде сұрақ арқылы емес, әңгіме ретінде де болуы мүмкін, мысалы құқықтық ситуацияны айта отырып, оқушылардың шешімін тыңдауға болады, бұл жағдайда мұғалім оқушының ойлау қабілетін, шапшаңдығын, құқықтық нормалармен жұмыс істей алу қабілеттілігін анықтай алады.
	Өткен тақырыпты оқушының қаншалықты деңгейде меңгергенін оқушының өзіне қорытынды жасату арқылы, құқықтық ситуацияға қатысты өз пікірін білдіру, заңдылық кеңес беруі арқылы да анықтауға болады. Оқушы білімін тексеру сабақ барысы бойында жүргізіліп отырады, яғни үй тапсырмасын айту, жаңа тақырыпқа белсенді қатысып отыру, пысықтау сұрақтарына жауап беру т.с.с.
	Оқушының білімін жазбаша түрде тексерудің де бірнеше тәсілдерін қолдануға болады. Ол үшін мұғалім алдын  -  ала оқушыларға жазбаша нысанда берілетін сұрақтарды даярлауы қажет. Құқық негіздері сабағындағы жазбаша сұрақтардың ең қолайлы түрі, әр оқушыға әр түрлі құқықтық ситуация беру. Бұл жерде мұғалім  оқушының қабілеттерін ескеріп отырады.  Мұндай жазбаша жұмыс бір мезгілде оқушының құқықтық нормалармен жұмыс істеу қабілеттерін де арттырады. Өзі шешімін тапқан құқықтық жағдайды есінде сақтап қалады, заңдардан мағлұмат алады. Оқушы білімін жазбаша тексеруге мұғалім бір сабақты түгелдей арнауына да болады. Бұл  сабақтың ерекшелігі, берілетін сұрақтардың  мазмұнды,  күрделі келуінде. 
Оқушы білімін тексеруде қайталау сабақтарының да маңызы өте зор. Бұл көбінесе оқу тоқсанының аяқталуына байланысты жүргізіледі. Қайталау сабағы оқытудың нәтижесін анықтауға көп пайдасы бар.
Оқушылар білімін  жазбаша тексерудің тағы бір әдісі - тест әдісі. Бұл қазіргі кездегі жаңаша оқыту талабы. Тестік сұрақтарды құрастыруда, сұрақтардың қиындық деңгейін анықтап, сол арқылы оқушыларға берілуі керек, яғни жеңіл сұрақтарға жауап берген оқушыны тестік екінші деңгейдегі сұрақтарға көшіру қажет. Қорыта айтқанда <<қарапайымнан  -  күрделіге>> қарай қадам басу керек. Сондықтан тестік сұрақтарды құрастыруда мұғалім  оны өткізудің ғылыми - әдістемелік жолдарымен танысқаны жөн. Бұл салада әдістемелік құралдар баршылық. Тестік сұрақтар арқылы білім тексеру аз уақытта көп оқушының білімін тексеріп, мұғалімнің уақытын үнемдейді. 
Оқушылар білімін тексеруде үнемі бір әдісті қолдана беруге болмайды, себебі ол қателікке ұрындырып, оқушы білімін объективті бағалаудан алшақтатады. Сондықтан оқушының білімін тексеруде барлық нысанның қолданылып,  барынша объективті баға қойылғаны дұрыс. 


Талқылау сұрақтары:

Ұсынылған әдебиеттер:
                                       


ДӘРІС 12
МЕКТЕПТЕ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ КАБИНЕТТЕРІН ЖАРАҚТАНДЫРУ
Мақсаты:  Мектепте құқық және экономика кабинеттерін қазіргі кезең талаптарына сай жарақтандырудың жолдары туралы мағлұмат беру.
Жоспар:
* Мектептегі құқық және экономика кабинетінің міндеттері. 
* Кабинет жұмысының үйлестірілуі. Кабинетке жауаптылық.
Мектепте құқық  кабинеті болуы керек. Құқық кабинеті өз міндетіне сәйкес:
* құқықтық тәрбие жұмысын жоспарлайды және үйлестіреді;
*   бұл шараларға құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінің және тағы басқа саланың қызметкерлерін қатыстыра отырып, дәрістер, әңгімелер, сұрақ  -  жауап кештерін,құқықтық білімнің олимпиадалары мен жарыстарын, диспуттар, викториналар өткізуді адамгершілік  -  құқықтық тақырыптағы кинофильмдерді көру және талқылауды ұйымдастырады;
*    оқушыларды, ата  -  аналарды қабылдайды, заңдарды түсіндіреді, кеңестер береді, ғылыми  көпшілік заң әдебиетін қолдануды қамтамасыз етеді;
*   құқық бұзушылықпен күрестің жағдайы туралы мәліметтер ала отырып, құқық қорғау органдарымен үнемі байланыста болады;
*     оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оларды тәрбиелеу кеңесінің штабы ретінде қолданылады.
Құқық кабинетінің  жақсы жабдықталған кітапханасы, заңға қатысты мол әдебиеті, көрнекті құралдары, заң мәселелері жөніндегі стенділері болуы тиіс.
Кабинетке басшылық жасау, үйлестіру  құқықтану пәні оқытушыларына жүктеледі. Егер құқық пәнінің мұғалімі бірнеше болса, олардың біреуі сол кабинетке жауапты болады.
Құқық кабинетін - құқық бұзушылықьың алдын  алу, құқықтық білім беру, тәрбиелеу және құқық пәні оқушыларының арасындағы құқықтық тәрбие жұмысы тәжірибелерімен алмасу орталығы болатындай етіп жабдықтау қажет.
Жалпы, құқық пәніне қатысты әдебиеттер, зерттеулер соңғы кезде көптеп шығарылып жатыр, бірақ оларды кез келген мұғалім немесе оқушы сатып ала алмайды. Себебі, құқықтық әдебиеттер  қымбат тұрады және таралымы аз болады. Сондықтан қажетті құқықтық әдебиеттердің құқық кабинетінде сақталғаны дұрыс. Бұл оқушының да,  оқытушының да оны пайдалануына мүмкіндік береді. Құқық кабинетіндегі кітапхананы оқушыларды қатыстыра отырып реттеп қоюға болады. Мәселен, кабинеттегі кітап қорларын бөлімдерге бөлу. Мысалы, мынандай бөлімдерден тұруы мүмкін:  
* Қазақстан Республикасының  Заңдары;
* құқық салалары бойынша нормативті  -  құқықтық актілер;
* құқық салалары бойынша зертеулер;
* оқулықтар мен оқу құралдары;
* әдістемелік құралдар;
* баспа материалдары (журналдар, газеттер).
Құқық кабинеті  мүмкіндігінше  техникалық құралдармен де жабдықталуы керек, яғни диафильмдер, оқу фильмдері. Оқу киносы, дыбыс жазатын құралдар, электронды оқулықтар т.б. Құқық кабинетінде графопроектордың болғаны дұрыс, ол әр түрлі слайд  -  кестелерді көрсетуге өте тиімді. Әрине, техникалық құралдарды пайдаланғанда  техника қауіпсіздігін сақтаған жөн, ол туралы құқық кабинетінде арнайы нұсқау жазылып, көрнекі жерде ілініп тұрса артық болмас еді.
Құқық кабинетінің  дұрыс жабдықталуы, құқық сабағының сапалы өткізілуіне қолайлы жағдай жасайды және ол мұғалімнің сабақты өткізу барысындағы  көрнекі құралдарды пайдалану үшін техникалық құралдарды іздеуден босатады. Толық, дұрыс жабдықталған құқық кабинеті сабақтан тыс жұмыс жүргізуге де өте қолайлы. Құқық үйірмелерінің, клубтардың мәжілістерін де осында өткізуге болады.
    
Талқылау сұрақтары:

Ұсынылған әдебиеттер:

ДӘРІС 13
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ МҰҒАЛІМІ
Мақсаты: Құқық және экономика негіздері мұғалімінің қазіргі кезеңдегі бейнесі және оған қойылатын талаптар туралы мағлұмат беру. 
Жоспар:
* Курсты оқытуға мұғалімнің теориялық және әдістемелік дайындығы. 
* Құқық және экономика негіздері мұғаліміне қойлатын негізгі талаптар, дамытушылық оқыту жағдайындағы оның ерекшеліктері. 
* Мұғалім біліктілігін арттыру жолдары.

Мектеп  -  мұғалімнің басшылығымен жас ұрпаққа білім беру, тәрбие мәселелерін жүзеге асыратын оқу  -  тәрбие мәселесі, халық ағарту жүйесінің негізгі буыны.
	Мектепте оқу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі нысаны  -  сабақ, сабақта басты  рөлді атқаратын  -  мұғалім.
	Мұғалімнің алдында тұрған зор мақсат ғылым негізін жақсы білетін, жігерлі, төзімді адамдарды тәрбиелеу, жоғары идеялы, қандай да болсын қиыншылықтарды жеңе білетін, өз Отанына шексіз берілген, бетбұрыс ісіне батыл кірісуге қабілеті жететін, еңбек сүйгіш адамдарды тәрбиелеу болып табылады.
	Мұғалім өзіне тапсырылған істі абыройлы да нәтижелі етіп орындау үшін жатпай тұрмай оқиды. Ол мұның сүйегіне сіңген қасиет. Сонымен қатар мұғалім өз басына ең жақсы деген адамгершілік қасиетті дарытып отырады. Өйткені ол шәкірттерінің ғана ұстазы емес, ауылдағы, қаладағы барша халыққа  үлгі - өнеге болатын үлкен  инабатты  адам.
	Мұғалімнің дүние танымы  -  оның өмірі мен, оның әрбір құбылысқа қалай қарайтындығы, қалайда барлық оқушыға әсер етеді. Сондықтан да мұғалім өзінің мінез  -  құлқы, әрекеттері <<күшті>> бақылауда екендігін сезе біліп, өзін өзі ұстай білуі керек.
	Оқушылардың мінез  -  құлқын, олардың сана  -  сезімінің жетілу дәрежесін  танып, білу оңай нәрсе емес.
	<<Мұғалімдік мамандық ұсақ  -  түйегі көп, жалықпай жұмыс істеуді қажет етеді>>, - деген болатын Макаренко.
	Осындай қоғамға қадірлі тұлғаны даярлап шығуда жоғары оқу орындарының алатын орны ерекше. Жоғары оқу орындарында мұғалімді өз мақсатында, өз бағытына дайындайды. Бұл саланы зерттеушілер өз саласының мұғалімі қандай болуы керек екендігін  айқындап көрсетуде. Солардың ішінде мұғалімге қойылатын талаптар:
* сабақтың ғылыми  және  құқықтық дәрежесіне қойылатын талаптар, яғни сабақтың ғылымилық сипат алуы, ғылыми мазмұндық толықтығы, оқу материалының  ұғынықтылығы, құқықтық мәселелердің ашылып түсіндірілуі, құқықтық құбылыстардың, фактілердің дұрыстығы және дәлдігі, сабаққа берілген тұжырымдаманың дұрыстығы, мұғалім әңгімесінің жүйелілігі, оқушылар назарын өзіне аудару, оқушылардың сабаққа белсене қатысуын қамтамасыз ету;
* сабақтың әдістемелік дәрежесіне қойылатын талаптар: сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерінің дұрыс анықталуы, сәтті және ойдағыдай жүзеге асуы, сабақтың қажетті элементтерін тиімді жүзеге асыру, курсішілік, пәнаралық байланыс жасау, жаңа материалды қазіргі жағдайлармен салыстыру,  жаңа технологияларды,  көрнекі құралдарды тиімді қолдану,  уақытты ұтымды пайдалану, оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, нормативті  -  құқықтық актілермен жұмыс жүргізу, ситуациялық жағдайларды тудырып, оны шешуге оқушылардың белсенділігін арттыру, қорытынды жасаттыру, қорыта айтқанда мұғалім  сабақтың  оқушылардың естерінде қалуына  барлық жағдайды  жасауы,  сабақта нәтижеге жету;
* оқушылардың біліміне, даму дәрежесіне қойылатын талаптар:  мұғалімнің мемлекеттік стандарттағы құқықтық білімге қойылатын талаптарды ұстануы, оқушылар білімін  объективті, жүйелі бағалау, оқушы білімінің дәрежесі, оқушылардың білім деңгейлерінің ара салмағын қадағалап отыруы;
* мұғалімнің педагогикалық мінез құлқына қойылатын талаптар: мұғалімнің  сыныпты ұйымдастыра алуы, сынып оқушыларына талап қоя білуі, кішіпейілдігі, ұстамдылығы, оқушыларды жақсы білуі, оқушымен тең қатынас жасауы, сөйлеу шеберлігі, дауыс ырғағы, сыртқы пішіні, өзін оқушылар арасында орынды ұстауы. Әрине, жоғарыда айтылғандар  барлық мұғалімдерге ортақ айтылған ойлар.  Ал, құқық негіздері пәнінің мұғалімі қандай болуы керек? Құқық пәнінің мұғалімі де  жоғарыда  аталған талаптарды ұстанады. 
Құқық пәнінің мұғалімі  -  құқықтық мемлекет азаматтарын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Ол   құқықтық білім  беру  жүйесін   құқықтық тәрбие  ісімен  толықтырып отырады. Құқық пәні мұғалімінің басты мақсаты  -  оқушыларға құқықтық білім беріп қана қоймай, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, дамыту.
	Құқық пәні мұғалімі  Қазақстан Республикасы заңдарымен толық қаруланған, құқықтық мәселе көтере алатын, оның шешімін табуға оқушыларды қатыстыра отырып, әр түрлі шараларды шеберлікпен ұйымдастыра білетін тұлға болуы қажет. Оқушылар арасынан белсенді, жауапкершілігі мол балаларды іріктеп алып құқықтық тәрбие мақсатында ұйымдар құруы қажет. Ол мектепте құқықтық оқуды ұйымдастырумен қатар оқушы жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының  жүйесін  де құрады.
	Құқық пәнінің мұғалімі : 
* тәрбие жүйесін құқықтық негізде ұйымдастыра отырып құқықтық мемлекет адамдарын, олардың өркениетті өзара қарым  -  қатынасын қалыптастырады;
* оқушыларды мемлекет заңдарын қастерлеуге, заң нормаларын сақтауға және орындауға, өз құқығын заңға сәйкес қорғай білуге, өзгелердің құқықтарын қастерлеуге,  өзінің іс - әрекетіне жауапкершілікпен қарауға баулиды;
*  құқықтық сипаттағы кездесулер, дебаттар, олимпиадалар, т.б. құқықтық шараларды ұйымдастырып, өткізеді;
*  тәрбие нысандары арқылы құқықтық мәдениет дағдыларын қалыптастыру;
* оқушыларды полицияның жас достары, оқушылардың өзін - өзі басқару ұйымдары, қоғамдық ұйымдардың жұмысына тарта отырып, сол ұйымдардың жұмысын құқықтық негізде ұйымдастыру арқылы оқушының іс - әрекетін заңдылыққа бейімдейді;
* мектептегі құқықтық профилактикалық шараларды ұйымдастыруға, құқық күндерін, апталығын, айлықты өткізуге оқушыларды кеңінен араластыру, оқушылармен өткізілетін құқықтық тәрбие шараларына міндетті түрде тақырыпқа сай Республика заңдарын пайдалану, заң және құқық тақырыбына  сайыстар,  шығармалар, конкурстар т.с.с. тәжірибеге енгізеді;
* оқушының құқықтық мәдениет деңгейін анықтап бағалаудың диагностикалық жолдарын қалыптастыру және оны құқықтық мәдениет қалыптастыруда басшылыққа алады.
Құқық пәні мұғалімінің басты мақсаты -  оқушыларға құқықтық білім беру. Міне, осы бағытта мұғалім әрқашан да өзінің құқықтық білімін жетілдіріп отырады. Сонымен қатар ол білімнің  оқушыларға берілу нысандарын да ойластырып отыруы қажет. Құқықтық білімді берудің нысандарына   оқытудың  жалпы әдістерімен бірге сабақтан тыс әдістері де жатады. 

Талқылау сұрақтары:

Ұсынылған әдебиеттер



ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ  ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ЖҮРГІЗЕТІН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (СОЖӨЖ)  ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
                                       
	СОЖӨЖ  -  студенттің дәріс, практикалық сабақтар барысында алынған білімдерін  бекітуге мүмкіндік беретін әдістердің бірі. Болашақ маман ретінде студент игерген білімді өз бетімен жүзеге асыра білуі керек. Бұл үшін студент талмай ізденіп, білім деңгейін тереңдету үшін  ұсынылған  әдебиеттерді жете саралап, сабаққа мұқият дайындалуы қажет.
	СОЖӨЖ   тапсырмаларын  орындау барысында  студент нормативті актілермен  тығыз жұмыс жасауға мүмкіндік алады. Бұл салада түсініксіз сұрақтарды оқытушыдан сұраған жөн, себебі заңның тілі қиын тіл, ол талқылауды қажет етеді, ол  студенттің жоғары деңгейдегі білімін қажет етеді.
	СОЖӨЖ  тапсырмалары студенттің логикалық терең ойлауын өажет етеді. Тапсырмалар жүйесі әр түрлі: ситуациялық есептер, кестелер құрастыру, заңнамаларға талдау жасау т.с.с.
СОЖӨЖ  тапсырмаларын студент грамматикалық сауатты орындауы қажет.  СОЖӨЖ  тапсырмаларын орындағаннан кейін студент оны оқытушы алдында қорғайды. СОЖӨЖ  тапсырмалары бойынша слайдтар құрастырып, презентация ретінде  қорғауға болады.  СОЖӨЖ  тапсырмаларын қорғауда студенттің ғылыми терминдерді қолдануы қажет, яғни студент өзінің ғылыми ойлау дәрежесін арттыруы керек.
Құқықтық білім құрғақ сөзді қажет етпейді. Сол себепті студенттің білімі арнайы деректерге сүйеніп, дәлелденуі қажет.


ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ  ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА (СӨЖ) ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
                                       
 
Өзіндік жұмыс дәріс және семинар сабақтарынан тыс беріліп отыр. Себебі өздік жұмыс студенттердің терең ойлап, мемлекет және құқық саласында әр түрлі мәселелерді көтеріп қана қоймай, оны шеше алу қабілеттерінің жетілуіне ықпалын тигізеді. Сондықтан өздік жұмысты жүргізудің әр түрлі нысандары таңдалып алынды. Олар: баяндама, реферат, кроссворд, сканворд , ғылыми мақалаларға сарапнама беру т.с.с. 
	Студенттің өздік жұмысы оқушының өздік жұмысымен салыстырғанда әлдеқайда көш ілгері болуы керек. 
Өздік жұмыстарға қойылатын талаптар:
* Жазбаша баяндамалардың сауатты, ұғынықты түрде, тақырыпты аша отырып жазылуы;
* Реферат  қойылған талаптарға жауап бере отырып жазылуы керек (көлемі, пайдаланған әдебиеттер тізімі, жоспары, кіріспе және қорытынды т.с.с.);
* Кроссворд , сканвордтар 50 сұрақтан кем болмауы керек;
* Ғылыми мақаланы басқа мақалалардан ажырата білу, талдау жасай білу, яғни сол мақалаға қатысты өз пікірін айту;
* Белгілі бір мәселеге қатысты сұрақ  -  жауап жүргізіп, қорытынды жасай білу.




Пәндер