Файл қосу

Сүйінбайдың айтыстары



ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ  АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3-деңгейлі СМЖ
құжаты
                                       
                                   ПОӘК


ПОӘК 042--29.1.17/03-2013

ПОӘК
<< ХІХ-ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы>> пәнінің  жұмыс бағдарламасы

______2013 жылғы 
                             № 1басылым 



                                       
                                       
          5 В 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті  
5В 012100 -  Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
                                       
<<ХІХ-ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы>> 
                                       
          ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ
                                        
                                       
                                       
                                       
                                       
  





                                       
                                СЕМЕЙ 2014
                                       
ПОӘК 042-29.1.18.03-2013
№1 басылым  05.09.2013
114 беттің 2-ші беті
                                       
                                Кіріспе
1 ӘЗІРЛЕГЕН
СабырбаеваР.Қ.  -  қазақ әдебиеті  кафедрасының доцент м.а., ф.ғ.к.
_____________    <<___>> ___________20___ жыл.
2 КЕЛІСІЛДІ
2.1   Қазақ әдебиеті кафедрасының  отырысында  қаралып, талқыланды.
Хаттама     №___  <<___>> ___________20___ жыл.
Кафедра меңгерушісі _______________ Ақтанова А.С.
2.2  Филология   факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып,  бекітілді.
Хаттама     №___  <<___>> ___________20___ жыл.
Төрайым _________________Мұқанова Қ.Қ.

3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік  кеңесінде бекітілді.
Хаттама     №___  <<___>> ___________20 ___жыл.
                  
ОӘК төрағасы   _________________Искакова Г.К. 
4  <<____>> __________  20___ж.  шыққан ПОӘК-нің 
№ 1 БАСЫЛЫМЫ  
                                       
                                       






ПОӘК 042-29.17.03-2013
№1 басылым  05.09.2013
114 беттің 3-ші беті

1 Глоссарий
2 Дәрістер 
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Курстық жұмыс (жоба) 
5 Студенттің өздік жұмысы 

                                       
                                       
                                       
                                       



























ПОӘК 042-29.1.17.03-2013
№1 басылым  05.09.2013
114 беттің 4-ші беті


 
1. Глоссарий

Кітаби ақын-шығыс әдебиетінің араб, парсы, түркі халықтарында бар поэзияның озық үлгілерін өзінше жырлап,қазақ арасына таратып отырған, шығыс тілінде шыққан кітаптар сюжетін қайта өңдеп, қисса-дастандар шығарушы ақындар.
Тарихи  жыр-тарихи оқиғалардың  ізімен  шығарылған,  авторлары  бар,  реалистік  сипатта  жырланған,  тарихи  дәуірдің  нақышы  айқын  бедерленген,  сюжеті  тарихта  болған  тұлғалардың  ел  мүддесі  жолында  атқарған  істерін  баяндайтын,  шығарушы  автордың  субъективтік  көзқарасы,  стилі  танылатын  эпикалық  туындылар.  Мысалы: <<Абылай  хан>>,  <<Кенесары-Наурызбай>>,  <<Исатай-Махамбет>>,  <<Бекет  батыр>>,  т.б.
Қисса-(араб.-әңгіме,ертегі,мысал деген мағына береді )-қазақ әдебиетінде кітаби ақындардың Шығыс әдебиетінің сюжетіне шығарған дастандарын,өлеңмен жазылған ертегі-хикаясының атауы.
Арнау өлең-белгілі бір адамның бейнесін,мінез-сипатын суреттеу мақсатымен жазылған дербес поэзиялық туынды.
Аңыз-қазақ фольклорлық прозасының жанры,елдің тайпа,рудың шыққантегі,кешкен жолы һақындағы немесе тарихта болғанәйгілі адамдар жайындағы көркемдік сипат алған әңгіме.
Ғақлия- (араб.- дана сөз, даналық маржандары деген мағынада)-көркем қара сөз,нақыл сөздің бір түрі.
Дастан- (парсы сөзі- тарихи әңгіме,ертегі, батырлар жыры)-Таяу және Орта Шығыстың,Азияның,Оңтүстік-Шығыстың әдебиеті мен фольклорындағы эпикалық жанр, өлең түріндегі уақиғалы шығарма.
Мысал- айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін,көбіне өлең түрінде келетін сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма.
Жыр-қазақ халық поэзиясының жанрлық түрі, түпкі,негізгі мағынасында өлеңмен баяндалатын, жырлап айтатын уақиғалы көлемді поэзиялық шығарма.
Жыршы- ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, батырлық, тарихи ғашықтық жырларды айтып таратушы.
ПОӘК 042-29.1.17.03-2013
№1 басылым  05.09.2013
114 беттің 5-ші беті

Импровизация- өлнң-жырды тұтқиылдан суырып салып айту өнері.
 Толғау-қазақ, сондай-ақ қарақалпақ,ноғай секілді басқа да халықтардың ауызша поэзиясында кең тараған қоғамдық-саяси лириканың бір түрі.
Сал-сері-сегіз қырлы ,бір сырлы, яғни әнші, күйші,ойыншы,күлдіргіш,композитор,би,спортқа бейімі ерекше үздік жаратылған өнерпаз.
Шабыт-өнер адамының шығармашылық қуатының шегіне жетіп тасқындауы,зор жігер, күш пайда болып рухтанушы.
Шайыр- (араб. Ша ир) ақын,орындаушы мағынасында.Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі кітаби ақын. Орта Азия мен Қазақстанда төкпе ақындар мен термеші жыршылар шайыр деп аталады.
Терме-қазақ халық поэзиясында қалыптасқан лирикалық өлең түрі.
Қара өлең-қазақ халық поэзиясының байырғы жанрларының бірі. Он бір буынды, төрт тармақты болып келеді де, ааба түрінде ұйқасады және міндетті түрде бір әуенмен айтылады.
Қара сөз-көркем әдебиеттің үлкен бір саласы,өлең сөзден айырмасы-онда сөз ырғағы еркін,әдебиеттегі сөз қалпына сәйкес келеді,қандайда  бір белгілі өлшемдер сақталмайды.







2.Дәрістер
 № ДӘРІС 1.     ХІХ   ҒАСЫРДАҒЫ  ҚАЗАҚ  ТАРИХЫ  ЖӘНЕ  ӘДЕБИЕТІ.  ХІХ  ҒАСЫРДАҒЫ  ҰЛТТЫҚ  СӨЗ  ӨНЕРІ  ДАМУЫНЫҢ  ТАРИХИ-ӘДЕБИ  СИПАТЫ  
Мақсаты:  ХІХ  ғасырдағы  қазақ  жеріндегі  тарихи-әлеуметтік  мәселелермен   үндес  келетін   қазақ   әдебиеті  жайлы  ақпарат  беру.    Әдебиеттегі  ерекшеліктерге  назар  аудару.  
Тірек  сөздер: тарихи  жағдай, іргелі  өзгерістер,  халық  күйзелісі,  әдебиеттегі  бағыт,  реализм, 
ПОӘК 042-29.1.17.03-2013
№1 басылым  05.09.2013
114 беттің6-шы беті

Дәрістің  жоспары: 
* ХІХ  ғасырдағы  тарихи-әлеуметтік  жағдай
* Қазақ  әдебиеті  қоғамдық  құбылыстар  туралы.  Зар  заман  ақындарының  шығармашылығы
* ХІХ  ғасыр  әдебиетінің  зерттелуі  мен  жариялануы

Қоғам дамуының қай  кезеңінде  болсын, әдебиет  те  белгілі  бір  тарихи-әлеуметтік  жағдайлармен  байланысты   қалыптасады.
     XIX ғасырдың  бірінші  жартысында  қазақ  қоғамындағы   іргелі  өзгерістер, бір  жағынан, Қоқан  хандығының,  екінші  жағынан,  Ресей  патшалығының  қазақ  елін  отарлау  саясаттарына  қатысты  өріс  алды.
    Қоқан  хандығы  1814-1815  жылдары  Түркістан,Жетісу  өлкелерін  күшпен   бағындырды.   Сөйтіп,  Жетісу  мен  Сыр  аралығын   XIX ғасырдың  екінші жартысына  дейін  өз қарамағында   ұстады.  Жергілікті  халықтан  алым-салықтарды   шектен  тыс  жинап,  экономикалық  қысымшылық   көрсетті.   Тіпті   адамды  құл  ретінде  қанаумен   қатар,  оларды  шет  аймақтарға  сатуды    да  кәсіпке  айналдырды.  Бұған  ашынған  елдің  Қоқан  өктемдігіне   қарсы  батыл наразылықтары  қарулы  қақтығыстарға  ұласып   отырды.
     1821 жылы  Оңтүстік  өлкесінде  10  мыңдай   адам  қатысқан  Тентек төре   бастаған  қозғалыс  болып  өтті. 1840-1860  жылдар  арасында  Қордай,  Шу,  Мерке  өңірінде   Саурық, Сұраншы   бастаған  Қоқан   билігіне  қарсы  күрес  қанат   жайды.   Бұл  кезең   сол   уақыттағы  әдебиетте   елеулі  із   қалдырды.  Осындай  оқиғалар  тұсында   өмір  сүріп, оған  араласқан  Жанкісі   ақын  Қоқан   әміршілігінің  елге  салған  ылаңын  өткір  шенейді.
Өзіңіз  қосқан  зекетші
Біздің  елде  Жүзбай  бар.
Жүзбай  жүрген  жерінде
Жылау менен  ойбай   бар.
Және  мұның  жолдасы, -
Қаратамыр Дадан  бар.
Еріп  жүрген    соңында
Қырық-отыздай  адам  бар.
Шоңмұрын  деген   молдасы   бар.
Төлеген  деген   жорғасы   бар.
Атына  жемді  салуға
Алты  еннен қылған  дорбасы  бар...
"Келі түбім"  деп  алады,
"Кеусенім" деп  алады,
"Орта   зекет"  деп  алады
"Құшақ  зекет"  деп  алады...-
деп,  қазақтың өз  ішінен  шыққан пысықайлардың  да  елді   жаумен  бірге  қосыла   тонап  жатқанын   зор  күйінішпен   суреттейді.  Ақын  Қоқан  хандығы   
ПОӘК 042-29.1.17.03-2013
№1 басылым  05.09.2013
1 14беттің 7-ші беті

отаршыларының  езгісіндегі  халықтың   ауыр  алым-салықтан  қатты   күйзелгенін   өткір   тілмен  өлеңіне  арқау   етеді:
Айтайын десең ұрады,
Ұрмақ  түгіл  қырады.
Қаумалаған  көп  момын
Қорлаушыдан құтылар
Амал-айла таба  алмай,
Қарайды да тұрады.
Алдына  салып  айдайды,
Ашуланса  байлайды,
Әкімі   жоқ  қазаққа 
Теңдік  жоқ  деп  ойлайды.
Алса  малға  тоймайды,
Біз  жыласақ  ойнайды... 

ХІХ  ғасырдың  алғашқы  ширегінен  бастап,  Ресей  патшалығының   отарлауы  мен  феодалдық  қысымдарға  қарсы  күрестер,  қозғалыстар  етек  алады. 30-жылдардағы  Исатай-Махамбет  көтерілісіне  байланысты  туған   Махамбет,  Шернияз, т.б.  ақындардың  жалынды  жырлары  әдебиетімізде  күрескерлік  мазмұнын  дамытты. 
Нысанбай  жырау,  Күдері,  Досқожа,  Арыстан,  т.б.  ақындар  жорық  жыршылары  болды.  Олар  Кенесары,  Наурызбай  ерліктерін,  қазақ  халқының  басына  түскен  ауыртпалықтарды  жырға  қосты.  
ХІХ  ғасыр  әдебиетінің  зерттелуі  ұзақ  та  қажырлы  еңбекті  талап  еткен  іс  болды.  <<Қазақ әдебиеті тарихының>> төртінші томында қазақ әдебиетінің ерекше тегеуірінді, рухы асқақ, идеялық-көркемдік шарықтау дәуірі - ХІХ ғасырдағы ішкі жаңғыру заңдылықтары тарихи шындық тұрғысынан сараланған. Көркем әдебиет пен қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың сабақтастығы, сонымен қатар ұлттық әдебиеттің халықтық қасиеті тұңғыш рет ғылыми түрде негізделіп, басты сипаттары мен заңдылықтары дәйектеледі. Көптеген ақындардың мұралары қайта қаралды,   архивтерде тұмшаланып жатқан деректер назарға алынып, жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланған. Тәуелсіздік алғанға дейін әдебиет тарихындағы орны жете сараланбай келген Көтеш Райымбекұлы, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы  сынды  бірнеше ірі ақындардың шығармашылығына назар аударылды. Шернияз  Жарылғасұлы, Махамбет Өтемісұлынан бастап бірқатар көрнекті  тұлғалардың туындылары арнайы талданған. ХІХ ғасырда қазақ   халқының   жаңа   әдебиеті қалыптаса бастады, әдебиет жанрлық, көркемдік   шеберлік   тұрғыдан   іштей  түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті, қоғамның  тарихи  құбылыстарына   қарай   күрделі көркемдік сипат алды. Әдеби процестің осындай  заңдылықтары   қазақ қауымының   қоғамдық-әлеуметтік жағдайларымен бірегей сабақтастықта  қаралған. "ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті" атты шолу мақала осы кезеңдегі әдебиет тынысына сараптама жасап, негізгі бағыттары мен көркемдік ерекшеліктерін көрсетуге арналды.   А.Қ.Егеубаев  "ХІХ ғасырдағы  қазақ   әдебиетінің даму заңдылықтары", "Көтеш  Райымбекұлы";  филология  ғылымдарының  докторы, профессор Ж. Ысмағұлов   "Шал ақын Құлекеұлы";  ҚР ҰҒА академигі, филология   ғылымдарының   докторы,   профессор   С.А. Қасқабасов  "Махамбет Өтемісұлы";   ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор  Қ.Жұмалиев  "Шернияз Жарылғасұлы"  атты  еңбектерін  жариялады.
Дәрісті  бекіту  сұрақтары:
* ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысында  қазақ  жерінде  қандай  тарихи  жағдайлар  орын  алды?
* ХІХ  ғасырда  әдебиет  сахнасына  шыққан  көрнекті  өкілдер  шығармашылығында  қандай  бағыт   ұстанды?
* Бұл  ғасыр  шығармашылығының  зерттелуі  қалай  жүзеге  асты?


Әдебиеттер  тізімі:
Негізгі  әдебиеттер:  1,2,3,4.  Қосымша  әдебиеттер: 1,3, 5.
Тапсырма: 1.Нысанбай жыраудың <<Кенесары-Наурызбай>> жырын талдаңыз:

ДУЛАТ  БАБАТАЙҰЛЫНЫҢ  ӨМІРІ  МЕН  ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Дәрістің мақсаты:  Дулат   Бабатайұлының  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  ақпарат  беру,  ақын  өлеңдері  мен  дастандары  туралы  білімді  одан  ары  кеңейту. 
Тірек  сөздер: дастан, жыр, тарихи  шындық, әлеуметтік  теңсіздік,  тарихи  жағдай,  айтыс  және  т.б.
Дәрістің  жоспары:
* Дулат   Бабатайұлы  шығармаларының  зерттелуі,  жариялануы.
* Ақын  өлеңдеріндегі  туған  жерге,  атамекенге  деген  құрмет.  Зар  замандық  сарын.
* Шығармаларындағы   фольклор  мен  әдебиет  сипаты.

Дулат Бабатайұлы 1802  жылы  Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысында  дүниеге  келген  көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген <<Өсиетнама>> деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген.Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет "Өсиетнама" деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда "XVІІІ  --  XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары" (Қазақ ССР    ғылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін "Үш ғасыр жырлайды" (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты. Ал, "Еспембет" поэмасы алғаш рет 1957 жылы "Жұлдыз" журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы "Замана сазы" деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны  --  19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету.    Дулат  -  қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс қалпын өктем зорлықпен бұзған XIX ғасырдың ақыны. Отарлық озбырлықтың күшейгенін халықтың бұрынғы еркін өмірінің еткенін, адамдардың мінез-құлқы мен психологиясында, ой санасында сахара салты мен түсінігіне жат өзгерістер орын алғанын  -  бәр-бәрін тумысынан жаны сергек Дулат көзімен көріп, жүрегімен сезініп өсті. Барлық билікті патша қолына алып, қазақтан қойылған билеушілер оның қолшоқпарына, шабарманына айналғаны, ел жайлы қоныс, құнарлы жерлерінен ығыстырылып, бағыныштының кейпіне түскені азамат Дулаттың ойынан шықпайтын қайғы-шері болды. Сахараның еркіндік сүйініш рухы мен даналығын бойына молынан дарытқан,жаратылысынан ерекше дарынды Дулат, міне, осы тарихи жаңа дәуірдің жыршысына, отаршылдықтың айыптаушысына, еркіндік, ынтымақ-бірлігін жоғалта бастаған халқының жоқшысына айналды. Дулат мұндай масқара жағдай ел басшыларының жағымпаздығынан, өз ойлап, халықты ұмытқандығынан болды деп, соларға катты шүйлікті.
Адам баласы өмірінің мән-мағынасы бақытқа талпынудан тұрады. Ал сол шынайы бақытты отбасынан ғана табуға болатыны жайында ұлы ойшылдар мен ақындар бірін-бірі қайталап айтумен келеді. Отбасы дегеніміз  -  ерлі-зайыптылардың бірлікте өмір сүретін ұясы. Демек, бақыт  -  тағдырларын табыстырған қыз бен жігіттің бір-біріне деген айнымас сүйіспеншілігі, өмірде кездесетін куаныш пен қайғыны, баршылық пен жоқшылықты қатар тұрып, тең бөлісуі, сергек сезімталдықпен бірін-бірі аялап, тату-тәтті ғұмыр кешуі деген сөз.
Бұл үйлесім бұзылған бойда, отбасының қызығы мен берекесі кетіп, бақыты сорына айналмақ. Қазақ фольклоры мен ақын-жыраулар шығармашылығындағы отбасы мәселесінде "жақсы әйел  -  жаман әйел" тақырыбы дәстүрлік сипатқа ие. Ақын-жыраулар арасында аталған тақырыпқа жыр тудырмағаны кемде-кем. Дулат жаман әйел тақырыбын жекелеп алып, мейлінше өткір де шынайы суреттейді.
Атамекен  -  адамның ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп - өніп келе жатқан жері ғой. Сондықтан адам туған жерін дүниедегі ең қымбатты, ең қасиетті, ең аяулысы  -  Анасына балайды. Туған жерге қатынас  -  адамның адамшылығының, ізгілігінің, парасатының көрінісі.Бұдан, атамекен адамға өмір сұру қуанышын, еркіндік пен ел үшін мақтаныш сезімін сыйлайтынын көреміз. Адам толық бақытты болу үшін  -  аяулы Отаны болу керек, сүйіспеншілік жайындағы барлық түсініктеріміз атамекен деген бір ғана сөзге біріккен    дейді даналар. Ұлы дала, ұлан байтақ Отанымызды анталаған жауларынан аман алып қалған да сол перзенттерінің қанына ата құлқы, ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған, дәм-тұзымен    бекіген сүйіспеншілік.  XIX ғасырдың ұлы ақындарының бірі  -  Дулат жыраудың да туған жер туралы тебіреністерінен перзенттерінің туған жермен жан дүние жақындығының қаншалықты терең тамырлы әрі мәңгілік екеніне тағы да толғана отырып    көз жеткіземіз. XIX ғасырдың орта тұсына қарай патша отаршылдары ел ата қонысынан шетке сырған кезде шығарған өлеңдерінде туған жердің ендігі тағдыры үшін қан жылаған ақын жүрегінің күйініші үлкен суреткерлік қуатпен бейнеленген. Дулат өзінің "Аягөз", "О, Сарыарқа, Сарыарқа!", "Ақжайлау мен Сандықтас" деген тамаша жырларында өзі туған өңірдің көркем келбетін кестелі тілмен суреттей отырып: "Құт-берекелі көркем қоныс енді кімдікі?"  -  деген сұрақ қояды. Сол арқылы жұрттың туған жерді сүю, қорғау түйсігін оятып, оның қазіргі мына күйіне күйіндіріп, ашындырмақ болады. Туған жерді мадақтай отырып, оқырмандарды егілту сарыны Дулат поэзиясына ода түрін әкелді. 
	Ақын құдіреті  -  осыларды орнымен, шебер жарата білгендігінде. Дулат - Абайдың алдында өткен қазақ сез зергерлерінің ішіңдегі ең мықтысы. Дулатты ауызша тарап келген ақын-жыраулар тілі мен Абай бастаған жазба әдеби тілді жалғастырған көпір деп тану қажет.
Дәрісті  бекіту  сұрақтары:
* Дулат  шығармаларының  басты тақырыптары,көркемдік  ерекшеліктері
* Ақын  шығармаларының зерттелуі  
* Абай   мен  Дулат   арасындағы  үндестік.(Қ.Өмірәлиев,Р.Сыздық еңбектерін басшылыққа алу)
Әдебиеттер:  Негізгі  әдебиеттер: 1,  2,  5,  7.  Қосымша  әдебиеттер:  4,  6,  7.
Тапсырма: 1.<<Еспембет>> дастанының әдеби-фольклорлық сипаты, композициялық құрылысы туралы талдаңыз
               2.<<Шаштараз>> дастаны

ДӘРІС  2.   М. ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ  ӘДЕБИ  МҰРАЛАРЫ
Мақсаты:  Махамбет  поэзиясын  ұлт  азаттық  күрес  тарихымен  байланыста  талдап  түсіндіру.
Тірек  сөздер:  көтеріліс,   реализм,  Исатай,  халық,  ұлттық  рух.  

Дәрістің  жоспары:
1.	Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
2.	Махамбет жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік,  сарын
3.	Махамбет өлеңдерінің философиялық дүниетанымдық тереңдігі
4.	Ақын шығармаларындағы Исатай бейнесі


Аз сөйлер де, көп тыңдар хас асылдың баласы.
                                                              Махамбет.
                                                                               
Бұқарашылық   идеясын   айқын  танытып, қазақ  қауымындағы таптық қайшылықтың шиеленіскен   кезін, хан-феодалдар мен  еңбекші халық арасындағы кескілескен күресті нағыз шындық тұрғысында жырлап өткен ақын Махамбет еді.Ол - езілген елдің жоғын жоқтап, ар - намысын қорғаған күрескер ақын, Исатай Тайманов бастаған қозғалысқа бастан-аяқ қатынасқан, сол қозғалыстың ең бір табанды сарбазы, жалынды үгітшісі, өз кезеңінің ірі қоғам қайраткері.Еліне, халқына шын беріліп, сол үшін шыбын жанын пида еткен асыл ер.Қазақтың ардагер ақыны Махамбеттің өмір жолы халық тарихының елеулі кезеңдерімен тығыз байланысты.
Қазақстанның батыс аймағында он төрт жылға созылған ( 1783  -  1797) Сырым Датов бастаған бұқара бұрқанысынан кейін ел ішінде феодалдық езгі ұлғая түсті.Сұлтандар мен патша үкіметінің казак әскерлері ел тонауды көбейтті.Мұндай қанау мен езгі және 1795  -  1796 жылдардағы жұт әсерінен мал саны күрт азайып, бұқара күйзеле басталды.Бөкей сұлтан біраз ауылдарды бастап екі өзен арасына өтті.Еділ, Жайық арасындағы сол өңір <<Ішкі орда>>, яки <<Бөкей хандығы>> аталған.
    Махамбет 1803 жылы Еділ, Жайық арасындағы Нарын құмында, Бекетай деген жерде дүниеге келген.Махамбеттің атасы Құлмәлі би, батыр, шешен адам болыпты.Махамбеттің ақындық, шешендік дарыны ерте танылады.Ол жас кезінен бастап батыр, палуан, мерген, домбырашы атанады. 
     Жәңгір хан беделін көтеру үшін талантты адамдарды өз маңына жинайды.  Махамбетті де баласы Зұлқарнайынның ақылшысы етпек болады.  Бірақ бұқараға істеп отырған хан қатігездігін көрген  Махамбеттің іші жылымайды.  Профессор Қажым Жұмалиев топшылауына қарағанда, Махамбет хан, сұлтандардан жәбір көріп,  Жайықтың бергі бетіне қаша көшкен бұқара толқуына қатысады.Исатай, Махамбет бастаған көтеріліс әлеуметтік теңсіздікке қарсы қарулы күрестің күшін айқын танытады.  Көтеріліс кезінде туған Махамбет өлеңдері-Исатай, Махамбет бастаған туралы алғашқы жырлар.  Халықтың айтуына қарағанда, Махамбет арқалы күйші, композитор болған.  Оның күйлері <<Өкініш>>, <<Қайран Нарын>>, <<Жұмыр қылыш>>, <<Ақтабан>> т.б.
        Қолда бар деректерге қарағанда Махамбет өлеңдері алғаш 1908 жылы Қазан қаласында <<Мұрат ақынның Ғұмарқазы ұғлына айтқаны>> дейтін жинақта жарық көрген.  Мұнда Махамбеттің өлеңдері бір-біріне жалғас қысқарған түрде жүйесіздеу жарияланған.  Ақынның негізгі шығармалары 1925 жылы Ташкент қаласында жарық көрді.  Бұл кітаптағы Халел Досмұхамедұлы пікірі бойынша, <<Махамбеттің өзі де жас кезінде Жәңгірдің нөкерінде болған екен.  Исатай ханға қарсы бола бастағанда - ақ Исатайға еріп кеткен.  Махамбеттің өзі әрі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы өте қызулы адам екен>>.
     Махамбет өлеңдерін шәкірті Қуан жырау, Кішкене Қобыланды ақындар жатқа білген.  Одан Мұрат үйренген.Мұрат өлеңдерін Ығылман жаттаған.
     Махамбет толғауларының кейбір үзінділері 1910 жылдары Орынборда шыққан <<Шайыр>> жинағында да басылған.  Осы жинақта <<Исатайдың әндесі Махамбет жыраудың сөзі>> деген атпен ақынның <<Ереуіл атқа ер салмай>>, <<Мен, мен едім, мен едім>> толғаулары берілген.
    Махамбет өлеңдерінің тиянақты бастырылуы мен зерттелуі революциядан кейін ғана құнттап қолға алынды.Атап айтсақ,Халел Досмұхамедұлы құрастырған <<Исатай Махамбет>> кітабы, <<Жаңа мектеп>>, <<Сәуле>> журналдарында Махамбет өлеңдері жарияланды.Махамбет өлеңдерін жинау, жариялау, зеттеу  ісінде белгілі ғалым  Қажым Жұмалиев елеулі еңбек етті.  Ол Махамбет өлеңдерінің 1939, 1948, 1951, 1958,  1962 жылғы басылымдарын жариялады.Ғалым Ғ.Зарипов, М.Тілеужанов, Б.Аманшин сияқты әдебиетшілерге сүйенді.  Махамбет творчествасы туралы басқа да ақындар жазған мақала, еңбектер жоқ емес.  Мысалы, С.Зимановтың Бөкей хандығы туралы ескертулерінің маңызы ерекше.  Исатай, Махамбет бастаған көтеріліске қатысты деректерді, Махамбет өлеңдерін жинау, жариялау ісінде жазушы Берқайыр Аманшин бірқатар еңбек етті.Ақын өлеңдері санатына педагогика ғылымының кандидаты Қ.Мырзалиев, журналист Н.Жұмалиев деректеріне сүйеніп, жаңадан <<Еңіреу ұлы емшек боз>>, <<Кел кетелік>>, <<Жақия>> тағы басқа бірқатар өлеңдер қосты.  Махамбет өлеңдерінің 1974,  1979 жылғы жинақтарын дайындады.
    Махамбет өлеңдері 1989 жылы <<Бес ғасыр жырлайды>> жинағының бірінші томында жарық көрді.  
   Махамбеттің творчествасына М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, И.Жолдыбаевтар оқулықтарында (1933  -  1934 жылдары шыққан) біршама орын берілді.  Жалпы, Махамбеттің бізге жеткен шығармасының саны - 80  -  ге жуық болса, соның жиырма шақтысы көтеріліске дейін туғаны сезіледі.  Солардың біразында жас ақын жыраулық дәстүрді ұстанғаны көрінеді.  Ол бірде ежелден қалыптасқан, көп жырау қолданған, тіпті эпосқа да кірігіп кеткен тұрақты формулалар мен шумақтарды пайдаланса, бірде көрген түйгені мол мосқал адамша нақылдап сөйлейді, ендігі кезекте ақыл айтып, көп нәрсені қорыта, жинақтай баян етеді.
    Ақынның мұрасы әдебиеттану ғылымының обьектісі де болды.  Алайда, зерттеу еңбектер де, негізінен, идеологиялық схематизм мен орыс әдебиетінің үлгісімен талдау орын алды.   Сөйтіп, Махамбеттің шығармалары реализм, романтизм, оптимизм, пессимизм деген <<измдер>> тұрғысынан зерттелді.  Белгілі бір аспектіде бұл да қажет шығар.  Бірақ көп жағдайда қазақтың ұлттық көркем ойының даму заңдылықтары ескерілмеді.  Соның салдарынан Махамбеттің өзіндік ерекшелігі тар аяда, тек күрескер ақын деп танылды.  Ал оның өзіміздің көркем ойымызға қосқан үлесі және өлең сөзді ойнатудың шеберлігі толық ашылмады.  Ол өзінен бұрынғы поэзияны қалай пайдаланды, оған өзі не әкелді, ақын қандай қоғамдық мәні бар проблемаларды шығармашылығында қамтыды деген мәселелер, өкінішке қарай, тиісті дәрежеде сөз болған жоқ.
    Махамбет өлеңдерінде көркем тілдердің жеке жеке барлық түрі де кездеседі.  Махамбет өлеңдерінде эпитет,теңеу,әсірелеу,литота ауыстыру мағынасында қолданылатын фигура өзара байланысты түрге де жиі ұшырайды.  Бұлардың өзара байланыстары ақынның сөзге шеберлігін дәлелдейді.  Бұл жағынан алып қарағанда да   Махамбеттің көркем сөз ұстасы екендігіне ешкім шек келтіре алмайды.
      Сонымен қатар Махамбет нені айтсын,нені суреттесін мейлінше еркін,жеріне жеткізе,  ар жағында ештеңе қалмағандай,онан асырып ешкім айта алмағандай етіп суреттейді. Махамбет өлеңдерінің тіл мәслесі жөнінде айтар болсақ,  мазмұнымен тығыз байланыста қараймыз.  Қорытып айтқанда, Махамбет шын   мәнісіндегі  көркем   сөздің   ұстасы.
Махамбет өлеңдері өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғам суреттеумен қатар, ол кезіндегі тарихи уақиғалармен байланысты   туған   қалың   бұқараның   көңіл   күйін де көрсете білді.
     Оның өлеңдерінде өзінің көңіл күйі мен ел күйі ұштасып жатты. Сондықтан, оның лирикасын - әлеуметтік сарындағы, саяси үгіттік лирика деп атауға тура келеді.  Осы қасиетті Махамбетті көтеріліс туын көтерген әрі жалынды үгітшісі, әрі ардақты ақыны етті. Бұл мазмұн Махамбет өлеңдерінің құрылысы мен түріне де әсер етті. Түр - мазмұнның тура болуы қажет деген шартқа Махамбет поэзиясы толық жауап бере алады. Оның: <<Ереуіл атқа ер салмай>>, <<Мұңайма>>, <<Айныман>> деген өлеңдері, мазмұнына түрі сай жалынды үндеу сөздер. Махамбеттің досын мақтап, дұшпанын даттап шығарған өлеңдерінің мазмұны күрес идеясын жыр ету болса, құрылысы шешендікке толы үгітке арналған отты, өткір сөздер болып келеді де, сөйлемдері қаратпалы, сұрау сөйлемдер болып келеді, не жырлай арнау, не сұрай арнау немесе <<риторикалық сұрау>>   болып отырады. 
                                               Қанды көбе киініп,
                                               Бір Аллаға сиынып,
                                              Ұрандап жауға тигенде
                                               Кім жеңері талай - ды.
                    Жолдастарым мұңайма!-
дейді ақын.
     Мұндағы <<азамат, жолдастарым>> деп, достарына қайырыла сөйлеу, сөйлемін риторикалық сұрау түрінде құру, өзінің айтайын деген пікіріне дәл, күреске үндеу тілегіне сай.
      Махамбет өлеңдеріне бұл тәрізді үгіт өлеңдерімен қатар, лириканың басқа да түрлері бар. Ақынның бірқатар өлеңдері, жоқтау өлеңінің үлгісінде құрылады.
      Қазақ фольклорында дүние салған адамның тіршіліктегі іс - әрекетін әр жағынан алып, толық баяндап жырлайтын жоқтаулар, естіртулер көп. Махамбет өлеңдерінің кейбіреулері фольклорда кездесетін жоқтау, өлеңдердің қысқа түріне жақындайды. Махамбеттің жоқтау тобына жақын келеді деген өлеңдері, оның басқа өлеңдеріне қарағанда фольклормен тығызырақ байланысты деуге болады. Өйткені эпитет, метафора теңеулерін алсақ, көбіне фольклордан алынған поэтик тілдер.
    Ал, Махамбеттің кейбір өледері өзінше философиялық бағытқа негізделген өлеңдер болып келеді.
    Махамбеттің бақыт пен тағдырдың айнымалы екендігін философиялық түрмен қорытқан мына өлеңінен де көруге болады:
                                               Бұл дүниенің жүзінде,
                                               Айдан көркем нәрсе жоқ,
                                              Түнде бар да күндіз жоқ
                                              Күннен көркем нәрсе жоқ,
                                              Күндіз бар да түнде жоқ,
                                              Мұсылманшылық кімде жоқ,
                                              Тілде бар да, дінде жоқ.
                                              Көшпелі дәулет кімде жоқ,
                     Бірде бар да, бірде жоқ.
                                              Азамат ерлер кімде жоқ,
                                              Еріккен күні қолда жоқ,
                                              Заманым менің тар болды,
                                              Тура әділдік биде жоқ.
                                              Бәрін айт та, бірін айт,
                                              Қаумалаған қарындас,
                                              Қазақта бар да, менде жоқ.
    Бұл тәрізді эпифоралық ұйқас, синтаксистік параллелизмге құрып, образдарына философиялық мән беру, ақынды бұл дәуірде дұрыстық, әділдік жоқ деген қорытындыға әкеп тірейді де ақын сондықтан жалғыздық көріп, қасіретке шомады.
    Мұнан кейін Махамбеттің кейбір өлеңдерін, әсіресе, оның өмірінің соңғы кезіндегі шығармаларын - элегиялық өлең деуге болады. <<Абайламай айрылдым>>, <<Нарын>> және басқа сол сияқты өлеңдер өткенді еске түсіруге арналған, жан қасіретін көрсететін, ақынның жалғыздық қайғысын, тарыққан көңілін білдіретін элегиялық мотивті өлеңдер, мұнда оның басында бір зұлым тағдырдың қара бұлты төніп тұрған сияқты.
                                             Мен тауда ойнаған қарт марал,
                                             Табаным тасқа тиер деп,
                                              Сақсынып шыққан қиядан.
                                              Қайымның басын жел соқса 
                                              Қаршыға құс қайғырар      
                                              Балапаным суға әкетер деп,           
                                              Мамығын төккен ұялар,                                            
                                              О дағы біздей болған сорлы екен, - дейдіі ол.
Махамбеттің элегиялық өлеңдері аса суретті, тамаша көркем.Бұлар ақынның тек жалаң өз қайғыруының сәулесі емес, ол басқа түскен сол кездердегі ауыр халдердің айнасы болды.
      Кейбір өлеңдерінде ақын туған елі бүгінгі Қазақстан жерінің табиғат байлығының әдемі көріністерін, иен даланың, асқар тау, шыңырау қиялардың   айбатты пішінін суреттейді.Өлеңнің көп жерлерінде ақын көшпелі, мал баққан, ит жүгіртіп, құс салған аңшылық, өз елінің өмірінде орны бар жан - жануар, аң - құстардың образын көрсетуге көбірек көңіл аударады.Бірақ бұл ел, табиғат байлығын жан - жануарлардың, әлемін суреттегенде, олардың тек көркемдік сипатын ғана көрсету немесе тек сұлулық үшін ғана суреттемейді.Мұнда да ақын ел тағдырымен байланысты, өз басынан кешірген қиын қыстау кезеңдердегі ой сезімін оқушылары толық сезінгендей етіп ашығырақ көрсетуге құрал есебінде қолданады.Исатай өлгеннен кейін, күрес арқылы жетеміз деген мақсат орындалмай, көтеріліс жеңілген соң, хан, сұлтан, феодалдар халықты бұрынғыдан бетер езіп, ел басына ауыртпалықты күшейте түсті.Бұл жағдай ақынның басынан поэзиясынан орын алмауы мүмкін емес еді.Ақынның бірқатар өлеңдеріндегі қайғының элементі жоғары халмен байланысты болды десек, Махамбеттегі элегиялық өлеңдердің негізі сол жағдайлар деуге болады.Бірақ бұл сарындағы ақын өлеңдерінде жауына деген өшпенділік бар, сөнбес кек бар, жолдас - жорасына дем беріп өмірден түңілмеуге шақырып, болашаққа сенушіліктер бар.Міне,осылардың жиынтығы келіп, Махамбет өлеңдерін сары уайымнан аулақ етеді.
       Махамбет өлеңдерін сөз еткенде, екінші көңіл аударатын мәселе оның өлең жолдарының ішкі логикалық байланыстарының беріктігі дейміз.Қандай ақынға болсын бұл ең керекті шарттың бірі.  Не көркем сөз, не әдеби тіпті үздік образдарды қолданса да өлең сөйлемдердің ішкі мазмұны өзара жымдасып, шебер түрде қиюласып жатпаса, образдар айтайын деген ойдың бір керегіне аспаса, ол образдардың оқушыға әсері болмайды.Көркемдіктің негізгі тірегі мазмұн.   Мазмұн сөйлемдегі сөздердің өзара логикалық тығыз байланысынан туады. 
      Махамбет өлеңдерін сан рет рет оқысаң да, оқығығң келе беретінін, оқыған сайын оқушысының эстетикалық сезімін оятып, өзіне қызықтыра түсетінін, <<Бір тамыры>> сол логикалық байланыстарының күштілігінде.  Махамбет өлеңдері көтеріліс кейіндегі тарихи шындықты да дұрыс баяндап береді.  Елден айырылып, қуғынға түскен ерлер халі лашыннан ығысқан панасыз қызғыш құс тағдырына бірақ Махамбет өмірден ешқашан түңіліп, өзі бастаған істен бас тартқан емес.
                                                Атай да Матай екі құл
                                                Қауіп келсе басыңа,
                                                Көзің сүйер елің жоқ
                                                Біткен істің міні жоқ,
                                                Тура ажалдың емі жоқ.

    Махамбет поэзиясы әдебиет қорына өзіндік жаңа леп пен тың идея қосқан жаңашылдығымен  құнды.  Әрбір сөйлемі образдылығы тіліп түсер өткірлігі, қызу қанды жігерлілігі, есердей екпіні, дауылдай  долылығы оның поэзиясының өзгеше пафосқа көтерді.  Еркіндікті аңсап, атқа мінген арыстан жүректі азаматқа ерлігін аспанға көтерер жыр төккен асыл азамат ақынның әрбір сөзі от жалынмен суарылған.  Көк жүзінде жалт -жалт етіп ойнаған, найзағайдай айбарлы, сұсты.  Махамбет поэзиясына тән өжеттілік, өрлік, өткір сын әр кездеде кейінгі жастарға үлгі.  Ақынның бітім тұлға тұрпаты, ісі, сөзі бәрі ерліктің мәңгі символы деуге боларлық.
Қазақ әдебиетінде бұрын соғыс сахнасын көрнекі әрі нақты етіп ешкім суреттеген емес-ті.  Тек батырлық жыр мен кейбір жыраулардың өлеңдерінде шайқастың барысы баяндалады,бірақ оларда әрбір эпизод мұншалықты жинақы,әрі жүйелі,бірінен соң бірі көрсетілмейді.  Рас, Махамбет бұл өлеңінде эпостың дәстүрінен де қашпайды, оны ұтымды пайдаланады.  Әсіресе,  көтерісшілердің   қалың қол болып жиналғанын,ұрыс алдындағы Исатайды,  оның астындағы атын бейнелеген тұста эпос стилі үстемдік еткен:

                                 Жау қарасы көрінді,
                                 Жиылған әскер білінді,
                                 Исатай-басшы,мен-қосшы,
                                 Исатайдың сол күнде 
                                 Ақтабан аты астында
                                 Дулығасы басында,
                                 Зығырданы қайнады
                                 Астына мінген Ақтабан
                                 Ақ бөкендей ойнайды.
                                 Артына ерген көп әскер
                                 Маңыраған қойдай шулайды.
                                                                       (Соғыс)
      Міне,  Исатай -кәдімгі эпос батыры.  Ол қалың жаудан беті қайтпайтын ержүрек қолбасшы,ал оның мінген аты - нағыз батырға лайық тұлпар.  Оның Ақтабан аталуы,ақ бөкендей ойнауы  батырлық жырдың әсерін қабылдау белгісі.
      Алғашқы ірі қақтығыста көтерісшілер жеңіліп Махамбет пен Исатай аз ғана топпен   Жайықтың сол жағына өтіп, жұбы жазылмай отырған Әлім мен Адай жұртына келеді де,қайтадан қол жинап, көтерілісті жалғастырады.  Алайда,бұл жолғы шайқас та сәтсіздікке ұшырайды.Исатай қаза табады.  Көтерілістің осы екі кезеңі де Махамбет поэзиясында көрініс тапқан.  Ақын бірінші шайқастың барысын <<Соғыс>>атты өлеңінде тап-тұйнақтай етіп, жинақы әрі толық суреттесе,одан кейін Жайықтың бергі жағына өтудің қажет болғанын айтып, Исатайды үгіттеген көрінеді:

                                Уа,Иса- еке,Иса-еке
                                Кел,кетелік,кетелік
                               Кетіп,бір Жайық өтелік                                                                                              

        Жайықтан өткеннен кейінгі жағдайды ақын бірнеше шығармаларында баяндайды.Солардың ең басында <<Әй,Махамбет, жолдасым>> деген Исатай атынан айтылған өлең тұр.  Ақын өзінің бүкіл ойын, бірінші рет Жәңгір ордасын қамап алып,ханның <<бекзаттығына>> сеніп кері қайтуының қате болғандығын,сөйтіп көтерілістің жеңіліске ұшырағанын,содан соң Жайықтан өтуге мәжбүр болғанын Исатайдың өз сөзі етіп,мойындата сөйлетеді. Жайықтан өткеннен кейінгі Исатайдың көңіл  күйін айту арқылы Махамбет өз жағдайын да көрсетеді:

                            Әскерім кетіп қасымнан
                            Жапанда жалғыз қалғасын
                            Өкінгенмен пайда жоқ
                            Құдайым басқа салғасын...
                            Көктей өтіп Жайықты,
                            Бір қасық ішкен қара су
                            Жұмасына ас қылдым...

      Осы өлеңінде Махамбет көтерілістің басшысы Исатайдың жаудан қашып,өзінің серіктерінен айырылып,жалғыз қалған сәттегі жан дүниесін,сол арқылы өзінің де қиналысын сипаттайды. Исатайды елмен,досымен қоштасқан етіп суреттеуі,оған   жасөспірім Жақияны Махамбетке тапсыртуы  бір жағынан,  Махамбеттің көкейінде жүрген арманы болуы керек.

                    Кермиығым кербезім,
                    Келіскендей шандозым.
                    Құландай ащы дауыстым
                    Құлжадай айбар мүйіздім
                    Қырмызыдай ажарлым,
                    Хиуадай базарлым
                    Теңіздей терең ақылдым,
                    Тебіренбес ауыр мінездім...
                    Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен...

 Махамбет  өз   портретін  жасап,   көркем  суреттеген:
                               Еңселігім екі елі,
                               Егіз қоян шекелі
                               Жараған теке
                               Мүшелі,
                               Жауырыны жазық
                               Мойыны ұзын 
                               Оқ тартарға қолы ұзын
деп келеді де,осыған қоса өзіне мінездеме беріп, өзінің қандай адам екенін айтады:
                          Дұшпанына келгенде
                          Тартынбай сөйлер асылмын.
                          Құла бір сұлу ат мінген 
                          Құйрық,жалын шарт түйген,
                          Құм сағыздай созылған.
                          Дулығалы бас кескен,
                          Ту түбінен ту алған,
                          Жауды көріп қуанған, 
                          Мен Өтемістің баласы
                          Махамбет атты батырмын
                                                            (<<Еңселігім екі елі>>) 
      Былай қарағанда,   бұл   өлең   Махамбеттің  батыр  ретінде  жұртқа танылып,  әбден   толыққан  кезінде  туған   сияқты көрінеді.  Алайда, кемеліне келген адам өзін, <<батырмын>> деп айта қоймас.  Керісінше,  алда арманы  көп,  албырт шағында адам өзін барынша артық бағалап,  максималист    болады.  Махамбетте  сол  бозбала тұсында  өзін  елден  асып туған  батыр  сезінген,  сондай  болуды көздеген.  Сол ойын ашық айтып,  өзінің образын сомдаған.Ол өзінің бет әлпетін,  дене құрылысын суреттеумен қатар,  өзін жұртқа таныстырады.  Сөйтіп өзінің кім екендігін,  қандай адам екендігін,  нені көксейтінін,   нені жақсы көретінін хабарлап,  тіпті өзінің мінезін,әрі астындағы атын  да сипаттаған.  Осы өлеңнің өзінен -ақ  Махамбет ертеден қалыптасқан <<ер азығы жолда>> дейтін шартпен жүретін  жортуылшы  номадтың  идеалын   ұзақ та қауіпті жолға жалғыз шыға беретін,  қанша жүрсе де талмайтын,  шаршамайтын,  ештеңеден тайсалмайтын, ешнәрсені талғамайтын ер азаматты қалайтынын көру қиын емес.
Дәрісті  бекіту  сұрақтары:
* Исатай  мен  Махамбеттің  халықты  көтеріліске  бастауының  себептері  мен  мақсаттары  неде?
* Көтерілістің  шешуші  кезеңдеріндегі  оқиғалар  ақынның  қай  шығармаларында  суреттеледі?
* Махамбеттің   іс-әрекеттері  мен  ой  танымының  көтеріліс  басылғаннан  соңғы  бағыты  қалай  өрістеді?
* Исатай-Махамбет  бастаған  ұлт - азаттық  күрес  тарихы   баяндалатын  қандай  зерттеу   еңбектері   бар?

Әдебиеттер:
Негізгі   әдебиеттер:   23,  24,  25.  Қосымша   әдебиеттер:  6,  7,  8
Тапсырма:1.Махамбет өлеңдерін көркемдік ерекшелігіне талдаңыз.
2. <<Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны>>өлеңінің шығу     тарихын,композициялық ерекшелігін  жазыңыз.


ДӘРІС  3. Зар заман ақындары  -  қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет  1927жылы М.  Әуезов  енгізген термин,   зар  заман   кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын   мұң-зармен   жырлаған   ақындар   шоғыры.   Зар   заман   ақындары   шоғырының белгілі өкілдері: Дулат  Бабатайұлы,  Шортанбай  Қанайұлы,  Мұрат  Мөңкеұлы,  Әбубәкір  Кердері,  Албан  Асан, т.б. Әуезов Зар   заман   ақындары   дәуірін   Абылай   хан    тұсынан Абайға   дейінгі   жүз   жылға   ұластырып,   Нарманбетпен     аяқтайды.         Зар заман ақындары   тұсынан   қазақ   әдебиеті   жазбаша   сипат   алатынын   атап   көрсетеді. Дәстүрлі   қазақ    қоғамындағы   бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары  халықтық  салт-дәстүрлерді қаймағы   бұзылмаған  қалпында сақтауға,    ұлттық   болмыс-бітімнен  ажырамауға   үндейді.
Ресей   империясы   отарлаушыларының   озбырлығы   мен   сұрқия   саясаты Зар   заман   ақындарының   өлең-жырларында   жан-жақты суреттеледі.    Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы Зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді.  Бұрынғы  жыраулар  поэзиясымен  үндесіп жататын өршіл рух, әсіресе, Мұрат  Мөңкеұлының  жырларынан   айқын байқалады.   Зар   заман   ақындары   шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақы қадыр-қасиетті сақтап қалуға үндеген ой-пікірлер жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай бодандықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің   өршіл   үні айқын    аңғарылады.   Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығына налиды, тығырықтан шығатын жол  таппай қиналады.   Олар елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгені деп ұғады. Бұл жердегі ақырзаман  -  ғаламдық апат, жарық дүниедегі көзге ілінген нәрсенің тып-типыл болуы турасындағы емес, отаршылдықтың шеңгеліне мықтап түскен ұлттың күйреуі сипатындағы ақырзаман. Халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін Зар заман ақындарының бірі адам қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Әсіресе, Шортанбай ақын шарасыздықтан дінді таяныш қылады. 
 
 Шортанбай Қанайұлының  әдеби туындылары
Дәрістің мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы кеңінен мәлімет беру. Өмірі және туындыларымен танысу.
Дәрістің  жоспары:
* Өмірі жайлы мәлімет
* Мұрасының жариялануы, зерттелуі.
* Шығармашылық тұлғасының қалыптасу кезеңдері.
Тірек сөздер: ақын, толғау, мұсылмандық, айтыс.
Шортанбай Қанайұлы (1818 ж, қазіргі  Жамбыл обылысы Қаратау өңірі  - 1881ж, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шартарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған.
Қиялына қанат бітіріп, өнер-білім биігіне талпыған алғашқы тәлім-тәрбие ұясындай ізгі әсер еткен, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Көзі ашық, сауатты, білімге құштар жасқа үлгі-өнер боларлық ойлы орта, тәлімге -ұстаздар да кезіксе керек-ті.
Көкірегі ояу, көркемдікке әуес сезімтал жас естіген есті сөздерін құлағына құйып, көрген ғажайыптарың ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды.
Жас талап тұстастарының бірі аллатағала әмірімен, діни түсіністіктермен байланыстырса, екіншісі Яссауи  қалдырған парасат сөздерін тақпақтап, ауызға-өсиетке негізделген <<Диуани  Хикметтен>> үзінділер келтіріп, көкейге ой салар сырлы сөзжинағын ауызға алар еді. Жалғыз ғана емес, одан бергі Түркістандық  өнерпаздар.
Мұсылмандық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық дәрежеге жеткізді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарақаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді.
Одан кейін Аюлы-Ақсу бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағанан шағын мешіт салдырып, медресе ашады. Өле-өлгенше осы биді төңіректеп, өмір кешеді. Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, талғамы қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, өзге өлке жағдайына кезігеді.
Жігіт жасындағы Шортанбай мешіт ашып, діни жұмыс атқара бастағанмен, оған мүлде беріле алмайды. Тіршіліктің талабы, өмірдің рухани азығы, дүниенің қызығы оны тәубасынан жаңылдырады. Қызойнақ пен Алтыбақан  кештеріне бірден барып, жастарға араласып кеткісі-ақ келеді. Амалын тапса, екеуін де қолданып, өзі де елден шеттемей, жастарға да, үлкендерге де үйір боп, солардың ортасында өмір сүру, мүмкін болғанынша сезімге бой алдырмай, ақыл мен парасатқа жүгіну қажет. Осылайша ой түйген Шортанбай өзін еркін ұстайды.
Жастық шақтың қызығы оны ойын-сауыққа жетелейді. Елдегі әр қилы дәстүрлі той, жиын, келін түсіру, қыз ұзату салттарына байланысты думандарға  еліктемеу мүмкін емес.
Ел толған төкпе ақындардың айтыстары, жыршы-жыраулардың тамаша толғау, жырлары өнерге әуес, сөзге жүйрік, тілге шешен Шортанбайдың жанына жағады. Біраздан кейін өзін-өзі билей алмай, бойын кернеген ақындық өнердің аузын қалай ашып жібергенін өзі де сезбей қалады.
Енді ел-жұрт Шортанбайды ишан деуден көрі төкпе ақын деп атап кетеді. Қазақтың бір өлкесі бір Шортанбайды тақуа ишан етіп тәрбиелесе, екінші өлкесі оны тамаша ақын етіп шығарды. Асылы, адамды  -  жасаған ортасы тәрбиелейді, - дейтін қағида дұрыс. Оған Шортанбайдың өсу, жетілу жолы бірден-бір куә.
Еліне ақын боп танылған Шортанбайдың өнерлік жолына шолар болсақ, онда да өзіндік сыр жоқ емес. Қазақта бұрын-соңды, не көп десе, ақын көп деп жауап берілер еді. Бұл жауаптың екі мағынасы бар. Ақынның көптігі, ең алдымен, халықтың талантқа бай екенін көрсетеді. Екіншіден не нәрсе көп болса, онда құнсыздық та орын алып, яғни, ақын емес, елде ақындыққа жақындар да көбейер еді. Кез келген ұйқас сөз өлең емес, өлең ол Абайша айтқанда, "сөз сарасы" немесе "өлең сөздің патшасы".
Ал оны жасаушы "Ер данасы" - шын мәніндегі ақын. Ойын-сауықта екінің бірі елдің алты аузын айта алады. Бірақ ол нағыз ақын ба, жоқ, ол сөзге әуестердің бір ғана.
Ол ХІХғасырда өз дәуірінің шындығын бүге-шігесіне дейін көрсете білген бірден-бір ақын. Шортанбай белгілі бір ортаның немесе аймақтың ғана емес, барша халықтың мұң-мұқтажын толғады, көптің жоқтаушысы болды. Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, жанымен, тәнімен сезінген ақын өзінің "Зар заман", "Бала зары", "Тар заман", "Опасыз жалған", т.б. толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті. Шортанбай өзіне дейінгі Бұқар, Тәтіқара, Ақтамберді жыраулар мен Шал ақынның мол мұраларымен жақсы таныс болған.
Шортанбай -өз заманының жалынды ақыны, ақылгөй шешен жырауы. Өзі өмір кешкен замана шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай шығармашылығы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы, әсіресе, кедей  -  кепшік, момын шаруаларының тұрмыс тіршілігінің шынайы куәгері. Жан-жақты талан- таражға душар боп жатқан туған елінің ауыр тағдырын тайға таңба басқандай бейнелей білген білгір жазушы. Кеңес заманында толғаулары мен айтыстары С.Сейфуллиннің <<Ескі әдебиет нұсқаларында>> (1931), С.Мұқанов,К.Бекхожин құрастырған <<қазақ әдебиетінің хрестоматиясында>> (1942), <<Айтыс>> (1965) жинағында жарияланды. Ш-дың өз кіндігінен Алдаберген, Аязбай деген ұлдары, Бәйіш атты қызы болған. Шортанбай шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір жинақтарда баспа бетін көре бастады. 1882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның "Тар заман", "Опасыз жалған", "Байды құдай атқаны", "Атамыз Адам пайғамбар", "Өсиет  -  насихат сөздер", "Айттым сәлем", "Асан қожаға" т.б. енген.
Шортанбай шығармаларының лейтмотиві  -  заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы топта, т.б. Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатарлар, саудагерлер екенін ақын айқын суреттейді. Оларды нағыз ел ырысын еміп, сездірмей сорып жатқан араны толмас алпауыттар деп бейнелейді. Ақшаға байланысты елдегі қайғы қасіреттің де шынайы суреті жасалады.
Халық қайғысының қалыңдауына негізгі себеп  -  отаршыл патша өкіметінің озбыр саясаты және оны жүргізіп жатқан жергілікті әкімдер. Генерал, майор, князь, тілмәш, дуанбасы, оның соты, әскері, түрмесі, т.б.
Бұлар елді еркіндіктен айырған, дәулетін судай шашқан аждаһа іспетті. Халық қайғысының негізгі себепкерін "Жалмауыз болды ұлығың", - деп әкімдерден көреді.
Заман қайтып оңалсын,
Адам қайтып қуансын.
Жанарал болды ұлығың,
Майыр болды сыпайы.
Айрылмайтын дерт болды,
Кедейге қылғап зорлығың,
Князьді көрдің піріндей,
Тілмәшті көрдің биіңдей.
Дуанды көрдің үйіндей,
Абақты тұр алдында,
Қазылып қойған көріндей.
ХІХ ғасырдың көптеген ақындары қазақтың тәуелділікке душар боп, қоныс қысымына ұшырағанын күйіне жырлады. Қолынан шығып кеткен мекендеріне іштері қазандай қайнап, жоқтау айтып, зар жылады. Патшалықтың ең ілкі тырнағына ілінген Сарыарқа, Еділ, Жайық, Есіл жер суларының шұрайлы бойларынан айрылу шымбайына қатты батты. Шортанбай туралы пікір айтқан кейбір зерттеушілер оны өмірден түңілген жігерсіз, қайғы мен зардың ақыны деп келді. Жоғарыда келтірілген өлең жолдары ақынның бойындағы басым күш  - түңілу емес, жігерлілік, үмітсіздік емес, батыл күреске үндеу, оптимистік, патриоттық сезім екенін көрсетеді.
Шортанбай жасаған заманда бұдан артық елі мен халқының қамы үшін адал қызмет ету екіталай. Сол тұстағы қоғамның жай-жапсарына қарай әрекет жасап, жатпай-тұрмай халқын үгіттеп, ілгері жетеледі. Ел ішіндегі әр түрлі жетесіздіктерге, талан-таражға, алуасыздыққа, берекесіздікке, ойсыз опасыздыққа қарсы шықты. Әуелі өз елінің мінезін, мініп түзетпек болды. Жігерін оятып, тәуелсіздігі үшін аянбай күресуге шақырды. Оны ақын жақсы түсінді. Отаршылар мен оның қазақ жеріндегі сыбайластары билеген заманды ол халық басына түскен ақырзаман, елдің береке-бірлігін кетірген тар заман, жұрт болашағын тұйыққа тіреген зар заман деп өзінше қорытты.
Бұл заманның енді бір кесапаты ол халықты өзінің ғасырлар бойы қалыптастырған кәсібінен, тіршілік қамынан, үйреншікті, сүйегіне сіңген әдет-ғұрпынан, наным-сенімнен, иманнан, дағдылы ел билеу салтынан айырды.
Осылайша халықтың ұлттық тұрпаты, елдік сипаты бұзылды. Адамы, азаматы, оларды мінез-құлқы, іс-әрекеті өзгерді. Олар тәуелсіздігінен айрылды. Құлдық тәуелсіздік қамытын киді. Өзіндік дербестігі жойылды. Міне, осының бәрі ақынның зарлы-шерлі толғаулары арқылы сыртқа шықты. Ол халықтың мұңы боп қалыптысты.
Шортанбай шығармаларының негізгі арқауы деп, оның жырларының ақылгөй, өсиетшіл келетінін айтқан жөн. Адамгершілік ақыл айтып, халықты түзу жолға салуды өзінің зор мақсаты санағандықтан болса керек. Ақын әр тұста терең толғап, өрнекті де өнерлі сөз термелейді. Ақылдар айтады, нақылдар қалдырады. Шортанбайдың өсиет сөздері де бар. Ол өсиеттерін қалың қазаққа, оның басшы адамдарына, ұл-қызына, кәрі-жасына арнайды. Өз атынан барлық қауымға сәлем жолдап, бақұлдасқандай болады.
ақынның қоштасу сөздері, өсиеттері мәнсіз емес. Елдің бас көтерген адамдарын тәубаға шақырып, мал, дүние үшін қор болмай, халық үшін, бір құдай үшін қызмет етуін тілейді. Ізгілік, әділет жолынан тайынбай іс қылып, саналы, салихалы өмір кешуін уағыздайды. Ақырет жолы мен адамгершілік, әділет жолдарын тең ұстап, ешкімге обал, қиянат жасамай, тек қана ізгілік жасап өткенін тілейді.
Әрбір адамға үлгі боларлық нақылдар тізбектеліп, өзінің өмір тәжірибесін жинақтайды. Тойымсыздыққа, опасыздыққа қарсы күресуге, қанағат, рақым сияқты адал жан айналысар істерге меңзейді.
Ақын адамның мінезіне ерекше көңіл бөледі, жақсы адам өз мінезіне қарауыл қойып, жауап беріп отыру керек дейді. Бұл мәселеде кейде ол Абайдың "мінезді түзелмейді дегеннің тілін кесер едім" дегеніне қосылмайтын сияқты.
Адам санаулы өмір жолын есепсіз, мәнсіз өткізіп алмай, нәтижелі, нәрлі, пайдалы өткізуі абзал. Керексіз, өнімсіз іспен шұғылданбай, еліне, халқына, өзіне, жақын-жуығына керекті тиімді әрекеттер істей білуге дағдыланғаны жөн деп термелейді.
Жамандық пен жақсылық, адамдық пен арамдық арасын ажырата білуге, достық пен қастық, шындық пен жалғанды айырып, бірін жақтап, екіншісіне қарсы тұруға шақырады.
Талапты жас, ең алдымен оқуға әуес болуы керек. Өнер, білім тек оқумен келеді. Тәлім-тәрбие алған жас ойлы, өнерлі боп өседі. Арамдыққа, зұлымдыққа бармайды. Олар құдай жолына да, адам үшін де аянбай еңбек етуге тиіс. Дүние, өмір қызығына алданбай, қиындыққа төзіп, ізденуді қолдайды.
Жылы үй, сәнді киім, мұқтажсыз өмір жастарды бейқам өсіреді. Асылы, болам деген жас еңбекке, өнерге әуестеніп, аң аулап, құс салып, кәсіппен айналысуы керек.
Шындығында да ақын туындылары әсерлі, мәңгі жасарлық мәнді. Көп жылдар өтсе де жырау сөздері өзінің құнын жоймай, халық мақсатына қызмет етіп келеді. Әсіресе, адамгершілік ақыл, өнегелі өсиет сөздері, шебер де шешен тұжырымдары құнды. Басына қайғылы, ауыр күн туған азамат, ел-жұрт Шортанбай толғауларынан өз ойына үндес сөз табады. Оның өлең жолдарын жиі қайталайды. Күйзелген жанына жай тауып, көкірегін кергеген қасіреттерді жеңілдетіп, рухани күш табады. Шортанбай сөздерін тек қасіретті адамдар үшін пайдалы туынды деп біржақты түсінікке жетелеуден аулақпыз. Керісінше, оның шығармалары  -  алуан салалы, өміршең, адамның бойына жігер, қуат құярлық оптимизмге де толы, оқушысын өз ырқына бірден көндіріп, ілестіріп кетерлік логикасы мықты туындылар. Сондықтан да әрбір дәуір ол туралы әр түрлі пікірлер айтып, кейде айтыстар туғызып келеді.
Шортанбай туралы осы соңғы жылдарға дейін етек алып келген кереғар пікірлердің орын алу негізі де оның талғамының күрделілігі, күштілігі демекпіз. Шортанбай  -  бір топтың не бір таптың ақыны емес. Ол жалпыға ортақ өз елінің, халқының жырауы. Сонысымен де құнды.
Шортанбай шығармаларын бастан-аяқ дидактикалық сарында келеді деуге болмайды. Ірі талант иесі, ұлы жырауға тән ақынның өзіндік көркемдік стилі қалыптасқан. Ақын айтар ойын жай баяндай сала бермейді.
Әр тұста ақылға бай, ойлы сөздер ұшқыр да өткір тілмен өрнектеліп, көркем бейнеленіп, өрелі туынды боп шығады. Ақындық шалқар шабыт пен төгілген сөз нөсерлері қазіргі оқушыларына да әсер естіледі.
Ақын 1881 жылы қазіргі Қарағанды мен Жезқазған облыстарына қарасты Шет ауданы жерінде қайтыс болды. Ол -өлерде үстіне ескерткіш орнатпауды, үлкен ас бермеуді тапсырып, оған шыққан шығындарды елдегі жоқ-жітік, кемтарларға үлестіруді өсиет еткен. Ақын көз жұмғалы ғасырдан астам уақыт өтсе де, оны халық қастерлеп, шығармаларын жадында ұстап, қымбат мұра ретінде қадірлеп келеді. Қалықтаған сұңқар ем, Қанатым сынды ұша алмай, Қиындап қуға түсе алмай, - деген ақынның өз сөзіне назар салайықшы. Асылы, "қияға қанат қағар сұңқар едім" - деп бекерге айтпайды.
Шортанбай толғауларының ішіндегі көпшілікке кеңінен тараған туындысы "Келер заман сипаты" атты шығармасы. Онда халқының болашағын болжай білген ақын елі үшін қабырғасы қайыса отырып, тығырықтан шығар жол іздейді. Келер заманның кескін-келбетін көрегендікпен көрсете келіп, өз тарапынан тұжырым жасайды, баға береді. Шортанбай сонымен қатар айтыс ақыны ретінде Шөже, Орынбай, Асан ақындармен сайысқа түскен. Осылардың ішіндегі көлемдісі де, мазмұны жағынан толымдысы да Орынбаймен айтысы. Айтыстың өне бойынан ақынның тапқырлығын, сөзге шеберлігін, тілінің өткірлігін анық аңғаруға болады. Талай айтыстарда шыңдалып, сан рет жүлде алған Орынбай сияқты айтулы ақынмен сайысқа түскен Шортанбай өзінің алғырлығын, тілге тиек болар жағдайды бұрынырақ болжап, алдын орап кететін сезімталдығын танытады. Шортанбай өз шығармаларында заманның кескін-келбетін дәл басып, нақты көрінісін жасаған шыншыл ақын ретінде танылды да, өзінің болмыс-бітіміндегі көріпкелдік қасиетінің арқасында бұлыңғыр болашақты айна қатесіз болжай білген әулиелік қасиетімен ерекшеленді, өлеңдерінің ою-өрнегін қиюластыра білген, мазмұн мен маңызды ұштастыра білген шебер ақын болды. Шортанбай мұраларын алғаш зерттеушілердің бірі М.Әуезов Шортанбаймен қатарлас өмір сүрген ақындар шығарм-н тұтастай алғанда Шортанбай мұрасына сай "Зар заман ақындары" деп саралады. Шортанбай мұраларын зерттеу ісінде С.Мұқанов, І.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, Т.Нұртазин, М.Мағауин, С.Қирабаев, Ы.Дүйсенбаев, Ғ.Мұсабаевтар көп еңбек сіңірді.
Дәрісті бекіту  сұрақтары:
* Шортанбай Қанайұлы туған жерінен қоныс аудару себебі.
* Отарлау саясаты кезіндегі өлеңдері
* Адамгершілік тақырыбындағы толғаулары
Әдебиеттер:
Негізгі    әдебиеттер: 5,  7,  11.  Қосымша  әдебиеттер:  4,  6,  7.
Тапсырма:Шортанбай қай ағымның ақыны?Дәлелдеңіз М.О.Әуезов пікірі
2.Шортанбай кімдермен айтысқан жауап жазыңыз
МҰРАТ  МӨҢКЕҰЛЫНЫҢ    ӘДЕБИ  ТУЫНДЫЛАРЫ
 Мақсаты: Зар заман ақындарының бірі Мұрат Мөңкеұлының өмірімен танстыру. Шығармаларын оқыту арқылы ақынның жаңа қырларын ашу. Мұраттың шығармалары арқылы сезіміне әсер ету, рухын ояту.   
Тірек сөздер:    Ақын, жазушы, айтыскер ақын, жыршы ақын.
Дәрістің жоспары:
* Мұрат Мөңкеұлының әдеби туындылары.
* Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының зерттелуі.
* Мұрат толғаулары "Үш қиян", "Қарасай-Қази", "Қазтуған"
* Мұраттың айтыс өнері
* Мұрат жайында айтылған жазушылар пікірі
Кеңес кезінде "зар заман" ақындарының ішінде жеткіліксіз зерттеген ақындардың бірі  -  Мұрат Мөңкеұлы. Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы Атырау облысы, Қызыл қоға ауданы, Қарабау ауылында дүниеге келген.Мұраттың әкесі Мөңке кедей шаруа болған деп жазылады кейбір деректерде. Мұраттың жалғыз інісі болған, аты Матай. Мұрат өмірі көп зерттелмеген бірақ аз да болса өз үлестерін қосқан адамдар да бар олар: Х Сүйіншалиев, Ы Дүйсенбаев, С Мұқанов, Қ Жұмалиев.1940-50 жылдар арасында жарық көрген мектеп оқулықтарында енгізіліп жүрген Мұрат ақын 1947 жылғы атышулы қаулыдан кейін зерттеу объектісінен мүлде түсіп қалды десе де болады. Тіпті 1959 жылғы конференцияда Мұрат туралы арнайы баяндама болған жоқ. Осы конференцияның ұсыныстарында Мұраттың шығармашылығын орта мектепте оқыту қажетсіз деп саналсын, ал жоғары оқу орындарында әдебиеттің қайшылықта дамығанын көрсету үшін ғана аталсын деп айтылды. Соның салдарынан Мұрат Мөңкеұлы 6 кітаптан тұратын әдебиет тарихынан да орын таба алмады. Оның шығармалары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 1962 жылы шығарған "XVІІІ-XІX ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының жинағына" да енбеді. Тек жинақтың "Кіріспесіндегі" шолуға Ы.Дүйсенбаев ақынның атын атап, оған бірнеше жол арнайды, және оған берген мінездемесі 1959 жылғы конференцияда айтылған бағамен үндес. Осы бір "әттегенайын" түзейін деген болу керек, Ысқақ Тәкімұлы Мұрат ақынның төрт шығармасын өзі құрастырып, алғы сөзін жазған "Үш ғасыр жырлайды" деген жинаққа енгізген Алайда, алғы сөзінде Мұратқа берген ескі бағасын қайталайды, бірақ шығармаларының алдында берген қысқаша мәліметінде былай деп жазады: "Мұрат жас кезінен жиын тойға үнемі араласып, өлең айтуға машықтана бастайды, ел ішінде: "шешен, тапқыр бала" атанып жүреді. Көп ұзамай ол айтысқа да түседі. Мұрат айтыстың асқан шебері болумен қатар үлкен эпик ақын. Оның шығармаларындағы қайшылықтары мен қателіктеріне байланысты дарынды ақынның творчествосы соңғы кезде жөнді бағаланбай келді>>.
Міне, өзі көрсеткен осы олқылықты Ы.Дүйсенбаев өзінің докторлық диссертациясында, кейінірек шыққан "Ғасырлар сыры" кітабында біршама толтырды десек болады.Еңбегінің 20 бетін түгелімен Мұрат ақынға арнап, Ысқақ Тәкімұлы оның шығармашылығын тұңғыш рет мол қамтып, кең түрде, жан-жақты талдаған. Ең әуелі ғалым ақынның ғұмыры жөнінде бірсыпыра жаңа деректер келтіреді, оның ақын ретінде қалыптасқан ортасын көрсетеді, жекелеген адамдар туралы баян етеді. Сөйтіп, Ысқақ Тәкімұлы ақынның жастай өлеңге үйір, тапқырлығы мен өскен ортасын, көзқарас-танымының қалыптасу, кемелдену кезеңдерін сөз етеді. Артына елеулі әлеуметтік мәні зор мұра қалдырған ірі тұлғаның екі түрлі мәселеге орай кейінгі кезге дейін орынсыз ауызға алынбай, зерттелмей келгенін айтады.Зерттеушінің пікірінше, оның біріншісі -патша үкіметінің қазақ даласындағы отарлау саясатының күшеюі әсерінен кейбір шығармаларындағы жалпы орысқа деген қарсылығы болса, екіншісі- ірі туындыларының дені әйгілі Едіге ұрпақтарына байланысты болуы  -  делінеді. Ы.Дүйсенбаев Едіге туралы теріс түсінік тарихшылардың жаңсақ бағасынан екенін айта келіп, былайша тұжырым жасайды: "Соның өзінде ақынға көзқарасың теріс екен деп, оны үзілді-кесілді тарихтан шығарып тастауға болмайды, оның үстіне Мұрат ақынды жан түңілерлік құбыжық, тұрған бойымен қап-қара, бастан-аяқ кертартпа деп қараудың өзі шындықтан мүлде алшақ жатыр. Сонан соң, орыс халқы мен қазақ халқының ежелден келе жатқан достық қарым-қатынасын сөз еткенде, біз әдетте тарихшылардың осы мәселе жөнінде қалыптасып үлгірген сыңар жақ, кейде қате тұжырымдарына еріп кетемі Өзіміз тексеріп, зерттеп отырған дәуірдің ерекшеліктерін яғни ондағы қайшылықтар мен игі нышандарды тереңірек тануға, дұрысырақ ұғынуға үнемі бара бермейміз ал, мұның ақыры неге апарып соғатыны айтпаса да белгілі Ал, енді Едігеге келсек, ақиқатта тіпті басқаша, құр Едіге деген аты болмаса, қазақ жырында мүлде бір өзге жанның бейнесі беріледі емес пе? Қалай болғанда, қазақ фольклорының ең бір бай саласынан Едіге мен оның ұрпақтарына бола безіп, мансұқ ету, зерттемей тастау дұрыс па? Ендеше, осы тақырыпты азды-көпті қамтитын Мұрат ақынның шығармаларындағы қайшылықтар мен кемшіліктерді әділ көрсете отырып, оларға ғылыми талдау жасауымыз қажет, онсыз ақынның творчествосына толық баға беру өте қиын".Осылайша өзіндік бағыт ұстанған зерттеуші Мұрат ақынның өлең, толғауларына, атап айтсақ, "Үш қиян", "Сарыарқа", "Қарасай-Қази" поэмалары мен "Байұлы Байбақты Ғұмар Қазыұлына Мұрат ақынның айтқаны" секілді өлеңдеріне, әр кездегі айтыстарына тоқталады. Мұрат ақынның шығармаларын Ысқақ Дүйсенбаев тұңғыш рет жүйелеп, үш салаға бөліп қарастырады. Біріншісі - ақынның өлеңдері мен толғаулары, екіншісі - дастандары ("Үш қиян", "Сарыарқа", "Қарасай-Қази"), үшіншісі - ақынның айтыстары. Біз де зерттеушінің ізімен жүруді жөн көрдік. Өлең, жырлары онша көп емес, бар болғаны 15 шақты ғана жыр, соған қарағанда, қысқа өлеңдері бізге түгел жете қоймаған тәрізді. Ақын Қаражанға, Есентемір, Тұрабай, Есенғалиға арнаған өлеңдерінде (Қазиға, Бегалыға арнауларында) оларды жер-көкке сыйғызбай мақтаса, қалған өлеңдерінде болыстықпен кеудесіне нан піскендерді сын садағына алады,- дей келе, зерттеуші бұған Қашқыншы Қаражан Құлбас баласын мақташы дегенде айтқан ақын сынын айқын дәлелге келтіреді. Мұрат тек Құлбас баласы Қаражанды ғана емес, болыс болып елді жеген, ел-жұртқа сонысымен ылаң салған кісілерді аяусыз сынап, кесірлі-кесапат мінезділерді тезге салып жөндеуді көздейді. Ақынның әлеуметтік өмір туралы, сондағы адамдар қарым-қатынасы, өткен даналар мен бүгінгі жастардың бірлік-байланысы, әсіресе, ер жігіттің халық алдындағы міндет-борышы мен ең ақыры, ақындық өнер жайындағы ой-толғаныстары да аса елеулі. Ақын өткен өмірге қарағанда, бұрынғы даналардың халық қамы үшін еткен іс-әрекеттерін кейінгілерге үлгі ете сөйлеп: 
Дүниенің төрт бұрышын,
Қорқыт атаң шайқады.
Ажалға айла таба алмай,
Қайта айналып келді деп,
Бұрынғылар айтады.
Заманның болар тәрізін.
Асан қайғы әулие,
Көзі көрмей байқады,
Қанша дәулет бітсе де,
Басыңнан аумас бақытың.
Алпыс күн асқан дария ,
Алты күнде қайтады  - 
деп дүниенің баянсыздығына орай айтқан ақын ойының байыптылығына көңіл аударады. Мұраттың сөз өнерінің сұлу сиқырлығы мен әсемдігін көркем бейнелеген мына бір жыры да жоғарыдағы пікірімізге дәлел болғандай: Жылы қылып сөйлейін, Ақ теңгенің мөріндей. Шалқақтатып сөйлейін, Айдынның шалқар көліндей. Асыл қылып сөйлейін, Базардың алтын беріндей Жабыстырып сөйлейін, Тұтқыр сары желімдей. Сұлу қылып сөйлейін, Қос жорғаны мініп ап, Түскен жаңа келіндей ! 
"Үш қиян" толғау-дастанында акын "Үш қиян" деп  --  үш өзен салаларын айтады. Олар: Батыс Қазақстан өлкесі, Атырау аңғары, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз өзендерінің айналасы. Олардьщ отаршылдардьщ колында кеткені, елдің өрісінен айырылып торыққаны жырланады. Соның салдарынан "заман" бүзылды: ақшалыньщ күні туды, пара-пәле көбейді, арамзалар болыс болып, ел биледі, ағайындық пен татулыққа жік түсті, ел ішін жылпостар жайлады,  Дәулеттіден бақ тайды деп күңіренеді: 
Заманы қайтіп түзелсін, Ақшасына сүйеніп, 
Қоңсыдан туған би болды... Айтқан сөзі пұл болды, 
Акылсыздың баласы Заманың мұндай сұм болды. 
Заманның болашағы  --  жастар. Акын сол жастарды заман бұза ма деп те кауіп ойлайды. 
Ақ борықтай иілген, Ащы суға тойдырып, 
Кейінгі туған баланың Бұза ма деп іреңін. 
Ұстай ма деп білегін, Адыра қалғыр заманың 
Шая ма деп жүрегін... Мен жаратпаймьн сүреңін. 
Тәуелсіздігінен, жерінен айырылған казақ кайда бармақ? Мұрат осыны ойлап түңғиық ойға батады. Баяғы заманның Асан  қайғы, Қазтуған, Орақ, Телағыс сынды ірі тұлғалар өскен жерден айырылған ендігі ұрпақ қайтпек? 
Еділдің бойы  --  қанды қиян, 
Жайықтың бойы  --  майлы қиян, 
Маңғыстаудын бойы  --  шаңды қиян, 
Адыра қалғыр Ү ш қиян!.. 
Жеті жұрттың кеткен жер, 
Қайырсыз болған неткен жер? 
Адыра қалрыр, көк Жайық, 
Көпір салып өткен жер. 
Асан  қайғы, Қазтуған, 
Орақ, Мамай, Телағыс, 
Шоралар шұбап кеткен жер!
"Үш   қиян"  --  тілі көркем толғау. Онда бейнелі сөздер, әсерлі суреттер мол. Теңеу,  эпитеттердің шебер қолданыстары көптеп кездеседі. 
Емендей белін бүгілтіп, 
Жібектей жалын төгілтіп. 
Еріні төмен салпиған, 
Құйрығы гүлдей малынған. 
Күдері бел, күшнек сан, 
Бедеу атқа мінген жер. 
Мұрат шығармаларының екінші саласына жататын шоқтығы биік  -  "Үш қиян" дастаны. Мұнда оның ел тағдырына байланысты көкейтесті ойлары: халықтың тұрмыс-тіршілігі, өкініші мен күдігі, арманы мен үміті, жұрт бақыты мен ертеңі, жер, қоныс туралы толғаныстары үлкен күңіреніспен сипатталады. Ақын пайымдауынша, ел болашағы барынша бұлдыр, мұнартқан сағым секілді болып көрінеді, сол себепті ол өткенді ойлап, соның қаймағы бұзылмай қайта оралуын көксейді. Бұл жырлар Шортанбай, Дулат шығармаларымен терең үндесіп өзара астасып отырады. Дәл осы сарынды Мұраттың "Сарыарқа" туындысына да тән деген жөн. Мұнда да "Үш қияндағы" секілді Ресей империясының қанау-тонау саясаты туралы ой ашып айтылады. 
"Еділді тартып алғаны  -  Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны  -  Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны  -  Ойындағысы болғаны", 
Бұлардан басқа Мұрат ақынның мұраларында "Қазтуған" "Шәлгез" "Қарасай-Қази" бірнеше толғау-термелері бар. "Қазтуған", "Қарасай -- Қази", "Шәлгез" жырларында ноғайлы жұртының аңыздарын баян етеді.
"Қазтуған" толғауының басты кейіпкері  --  XV ғасырда өмір сүрген, әрі батыр, әрі шешен жырау,  Еділ мен Жайык алқабын жайлаған Сүйінішұлы Қазтуған. Оқиға Қазтуған аузымен монолог ретінде баяндалады.
Елдің Еділ-Жайық аралығындағы шұрайлы жерлерінен айырылған күнін толғайды:
Еділді алса, елді алар,
Енді алмаған нең калар,
Жайықты алса, жанды алар,
Жанды алған соң нең қалар?..
"Қарасай  --  Қази" жыры  --  Мұрат шығармаларының ең көлемдісі, оны нағыз эпостық поэма деуге болады. Жырдың сюжеті  --  тартымды, ширак, жинақы құрылған. Ноғай-қазақтың батыры Орақ екіжүзді, күншіл ағайындардың арамза істерінен қапияда қаза табады. Жырда батырдың қазасы ел-жұртына ауыр тигені  --  оның досы Ақмырзаның, шешесі Көрібоздың, қария Қараүлектің жоқтаулары арқылы үлкен психологиялык тебіреніспен беріледі. Әкеден айырылып жетім калған екі жас Қарасай мен Қази толғаныстары сай-сүйекті сыркыратады. 
Жырдағы бөлекше әсер калдыратын бейне  --  Қарасай мен Қазидың анасы. Ол  --  қос батыр ұлан өсірген асыл ана, мейірімді де адал жар. Батырлар жырындағыдай "көркіне ақылы сай" әйел деп суреттелмейді, оның аяғы аксақ, көзі сокыр. Жырда бұл кемдікке саналмайды. Орақтың сүйкімді жары ерін қалай сүйсе, елін де солай адал сүйеді.
Ол батырға сай  --  жар, әрі ана ретінде көрінеді: 
Қарсыласқан дұшпанды Қабыландай соғып жер еді. 
Маңдайы күндей балқыған, 
Көзі судай толқыган, 
Иісі запырандай аңқыған, 
Бір патшадай неме еді, 
Өтіп кетті демесең, 
Қай батырдан кем еді?..  --  
деп, жары Орақ батырды аса жоғары бағалайды. 
Ақынның көлемді де көркем шығармасы -"Қарасай-Қази" дастанында күрделі де шытырман оқиға жоқ, өзімізде бұрыннан бар батырлар жырындағы тәсілдер; диалогтың молдығы, аттың адамша сөйлеуі, түс көру, аян беру секілді жәйттар кеңінен қолданылады. Жыр арасында батырлар жырында жиі кездесетін қара сөзді пайдалануға да орын берілген. Жырдың қысқаша фабуласы: Мұса бидің Мамайы мен Орағы бірі би, бірі батыр болып елді билесе, қалған 28 ұлының бір тобы бұларды күндейді. Орақтың есігінің алдына өзінің алмас қылышын құрып қойып, жылқыны дүсірлетіп қуып, "жау келді, Орақ, шық" деп айқайлайды. Орақ есіктегі қылышқа түсіп қалып, жараланып қайтыс болады. Оның шешесі Қараүлек, әйелі, Қарасай, Қази деген екі баласы артында қалып, батыр болып жетіледі. Он жеті жастағы Қарасай мен он бестегі Қазидың өсіп ер жетуін негізгі оқиға етіп жырласа да, Орақтың ерлігі, Қарабатыр, Тілеке, Алшы, Смайыл, Тобаяқтардың зұлымдықтары диалог арқылы ашылып отырады. Әсіресе, Орақтың елі үшін жасаған сансыз ерлік істері досы Ақмырзаның, шешесі Қараүлектің сөздері, әйелінің жоқтауынан айқын көрініс тапқан. Ал, Орақтың өлуіне себеп болған бақастар тобы өз айыптарын өздері мойындап, "ақырында күндей, күндей жоғалттық" деуге мәжбүр болады. Ел шетіне жау келгенде, баяғы "бес батыр" қарсы аттанады да, Қарасай жорыққа бармай қалады. Қарасай шешесінің сөзінен кейін әкесінің асын беріп, өзіне лайық ат іздейді. Қарындасы Қибатты Ноғайлының қарт батыры Көкшеге бермекші болып, оның Көкбұйра атын мініп жауға аттанады. Қырық күн бұрын кеткен әскерді қуып жетеді. Жау қарасынан қорқып Қарабатыр, Тілекелер кейін қайтып, Қарасай мен Естерекұлы Ер Тарғын ғана қалады, кейін Қази келіп қосылады. Үш батыр жауды жеңіп, еліне оралады. Мұнда үш батырдың қажыр-қайраты, шексіз ерлігі әсем суреттеліп, Қарабатыр тобының пасық-зұлымдығы, опасыздығы шебер сипатталады. 
Зерттеуші Мұраттың айтыстағы шеберлігі мен тапқырлығын оның бес айтысын талдау арқылы көрсете алған. Жылқышы, Бала Ораз, Кете Жаскелең ақындармен және әйел ақындар Жантолы, Тыныштықпен айтыстарының көбінде рулық сипат орын алса да, Мұраттың айтыста төселген алғырлығы, сөз өрнегін келістіре білетін шешендігі зерттеуші тарапынан жоғары бағаланады. Мұрат бала кезінен атыс өнеріңде көрінген болатын. Мұратың ең алғашқы айтысы Жылқышымен айтысы болатын. Және ол осы айтыста жеңіске жеткен болатын. Мұратты айтыс өнеріне дайыдаған Есет Қараұлы болатын. Мұраттың бұл жолда еңбегі зор. Мұарттың Жылқышымен айтысар алдында осы Есеттен барып бата алады. Есет ақын Мұратқа шежірелер жататып айтысқа өзі дайындайды. Ал сондай айтыстардың бірі 1863 жылы Бала Оразбен айтысы. Ы.Дүйсенбаев өз ой-пікірлерін қорыта отырып, мынадай тұжырым ұсынады: "Әдетте Мұрат шығармаларына баға бергенде, отаршылыққа қарсы реакция ретінде туған оның ащы сөздерінің парқына бармай бұлары жалпы орыс атаулыға айтылған наразылық деп танып келдік. Сонда Мұрат ақынды бастан-ақ ескішіл, әдебиетіміздің қорына қосқан ешбір үлесі жоқ деп кесіп айта аламыз ба? Ақынның ізгі ізденістері, туған халқының тағдыры туралы толғаныстары мен өмір шындығы екі арасындағы қабыспас қайшылықтардың себептерін неге ашпаймыз? Қайткен күнде де "кертартпа" деген ұғымды тым тар көлемде қарамай, бір жағы замана қайшылықтары ескерілсе. Қай ақынның болсын творчествосындағы барлық ерекшеліктерді түгелдей қамтып барып, терең топшылау, әділ қорытынды жасаған дұрыс".Бұл  -  шын мәнісінде әділ баға еді, себебі қашан да, қай ақын болса да әдебиетімізге қосқан өзіндік үлесімен,тың жаңалығымен өлшенсе керек. Мұрат Мөңкеұлы шығармалары халық аузынан, Ғылым академиясының қолжазба қорынан жинақталып, халыққа танылуына, оның шығармашылығының ғылыми айналымға түскеніне көп уақыт өткен жоқ. Қазір ол республика халқына танылды. Совет үкіметі кезінде кертартпа ақын деп, шығармалары баспа орындарында жарияланбай, халық санасынан аластатылса, қазір оқу орындарының бағдарламаларына енгізіліп, толғаулары мен дастандары әртүрлі жинақтарда жариялануда. Мұратты қаншама халыққа танылды дегенмен, Абай мен Махамбеттей, Ақтамберді мен Бұқардай мол орнығып, санаға сіңе қойған жоқ. Махамбет жырлары халыққа Мұрат арқылы мәңгілік ғұмырға ие болды. "Қырымның қырық батырын", Ноғайлы жырауларының толғауларын, көптеген батырлар жырларын Мұрын жыраудың Мұрат ақыннан үйренгендігі шындық. Қазақ елі ақынның я батырдың қай өлкеден екендігіне қарамастан, бәріне де ортақ болса, атақты ақындар да, батырлар да күллі қазақтың құрметтісі. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.
Мұрат Мөңкеұлының өзіндік ерекшелігі  --  заманның бұзылуы себептеріне терендей үңіліп шешімін табуы. Мұны М.Әуезовтің сөзімен айтсақ: "Бұл да азған заманның белгісін айтьш келіп, заман неден бұзылғанына шешу айтады.
 Шешуі: Заманды бұзған қазақтың өз қалауы."

Дәрісті  бекіту сұрақтары:
1. Мұрат қай жылы дүниеге келді?
2. Мұраттың толғауларын ата?
3. Мұрат  Бала  Оразбен,   Жылқышымен   қай жасында айтысты?
4. Мұраттың   ұстазы, үйретушілері кім?
5. Мұраттың   Бала Оразбен айтысы?
6. Мұрат өлеңдерін зерттеген кімдер,   қай өлеңдер зерттелді? 
Әдебиеттер  тізімі:
Негізгі  әдебиеттер:  7,  12,  13,  15.  Қосымша   әдебиеттер:  2,  6   9.
Тапсырма 1. .Мұрат Мөңкеұлының <<Қарасай-Қази>>дастанын талдау
2.Мұраттың айтыстарының ерекшеліктерін жазыңыз.

ДӘРІС 4.СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Дәріс мақсаты: Ақын Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат ала отырып, толғауларының тәрбиелік мәнін, әлеуметтік маңызын ашу.
Жоспар: 
1. Сүйінбайдың өмір жолы, мұрасының жариялануы мен зерттелуі,.
2.Толғауларының тақырыптық  -  идеялық мазмұны.
3.Ел тарихы, ел қорғаған батырлар туралы толғаныстары. 
4.Жақсы мен жаман адамның қасиеттері туралы өлеңі.
5.Кәрілік, жастық туралы өлеңдері.
6.Сүйінбайдың айтыстары. 
Тірек сөздер: Айтыскер, ақын, шешен.
 <<Жетісу  ақындарының алтын діңгегі>>.М.Әуезов
ХIХ ғасырда Жетісу өлкесінің тарихында өзіндік өшпес із қалдырған белгілі қоғам қайраткері және өз елінің, жерінің қа - мын ойлаған ірі тұлғаның бірі  -  Сүйінбай Аронұлы. Өз заманында Сүйінбай Жетісу жұртына дарынды ақын, жыршы ретінде ғана белгілі болып қоймады, сондай-ақ, қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын және заң жоралғыларын жетік білетін қуатты би ретінде де танылды. Сүйінбай ауыл биі қызметіне 1871 жылдың қаңтар айында сайланып, содан 1895 жылғы жаңа сайлауға дейін сеніп тапсырылған осы лауазымды мүлтіксіз атқарып, жиырма үш жылға жуық ауыл биі болды.Бұл келтірілген мәліметтің нақтылығы мұрағат құжаттары арқылы анықталып отыр.Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезі, Қа - рақастек деген жерде (қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында) дүниеге келген. Оның әкесі Арон жастайынан өткірлігімен, мәмлегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атасы Құсеп Жиенқұлұлы жауын - гер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған екен. Сондай-ақ, әкесі Аронның бауырлары Жаңбыршы мен Жаманақ та қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болған. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Аронның Жаманшал, Жұмық, Сүйінбай, Оспан және Қосуақ атты ұлдары болған. Осы ұлдарының ішінде аты шығып, танымал болғаны Сүйінбай еді.Сүйінбай Аронұлы жөнінде <<Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында>> мынандай мәліметтер келтіріледі: <<Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау -  күндерде (1840-1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды. Өтеген батыр, Саурық батыр, Сұраншы батыр, Жабай батыр, Қарасай батыр сияқты толғаулар шығарды. Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында сақтаулы тұрған <<Алатау округі және Үлкен орда қазақтарының бастығы>> атты нөмірі 3-ші қорда алғаш рет Сүйінбай Аронұлының есімі 1860 жылы кездеседі. Ол құжатта Сүйінбай - дың есімі Сарыбайдың атымен бірге аталады. Соған қарағанда әуелден Сүйінбай Сарыбайдың жақын серігі әрі айнымас досы болған. Сүйінбай Аронұлы патша өкіметінің Жетісу өлке - сіндегі Қоқан хандығына жасаған әскери жорықтарына белсене қатыспаса да, өңірдегі қоғамдық-саяси оқиғалар - дың бел ортасында жүрді.Жетісу жұртына ақын және би ретінде аса танымал болған Сүйінбай Аронұлы 1898 жылы Қарақыстақ деген жерде 83 жасқа келген шағында дү - ниеден өтеді. Сүйінбай бидің сүйегі Қарақыстақ өзенінің шығыс жағындағы биік жотаға қойылған, қабіріне кесене тұрғызылған. Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленді. М.Әуезов Сүйінбайды "айтыс өнерінің алтын діңгегі" атаған. Қазақ халқы әділет үшін күресте орғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап,"Сүйінбай осылай деген" деп әрдайым зерделерінде тұтқан. Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-толғауларынжинау, жариялау ісі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. 1920 жылы Түркістан АКСР- і халық ағарту комиссариаты жанынан  құрылған қырғыз (қазақ) ғылым комиссиясы ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мақсатында Сырдария, Жетісу облыстарына экспедиция ұйымдастырып, этнограф ғалым Ә.Диваев Сүйінбайдың өлең-толғауларын, айтыстарын жазып алған.
1929 жылы алғаш рет "Жаңа әдебиет" журналында (ғ6) ақынның "Апырмау, мынау жатқан Сарыбай ма?" деген өлеңі басылды. Ақын шығармалары әр кезеңде жарық көрген хрестоматия оқулықтарға енгізіліп, ел ішінде насихатталды. С.Сейфуллин құрастырған "Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары" атты жинаққа "Шапырашты Сүйінбай ақынның қартайған шағында айтқаны" деген өлеңі енген. 1935 жылы І.Жансүгіров пен Ф.Ғабитованың құрастыруымен ақынның бір топ шығармасы "Сүйінбай ақын" деген атпен тұңғыш рет жеке жинақ болып жарық көрді. С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин 1939, 1940 және 1944 жылы орта мектептің 8-сыныбына арналған хрестоматиясына Сүйінбайдың бірнеше өлеңін енгізген ("Сүйінбай мен Тезек төре", "Сүйінбайдың Тезектің өлген баласына көңіл айтқаны", "Кәрілік туралы").
Қазақстан ҒА құрылғаннан кейін (1946) Сүйінбай ақын мұрасын жинап, жариялаумен айналысқан ғалымдар: ӘДиваев, С.Бегалин, С.Жақыпбаев, қырғыз фольклористері Ш.Уметәлиев пен Э. Мұқанбетовтардың еңбектерін айрықша атауға болады. Сондай-ақ Сүйінбай мұрасының біршамасы Ж.Жабаевтың мемориалдық  мұражайының әдеби қорында сақтаулы. "Ақын жырлары", "17  -  19 ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары", "Үш ғасыр жырлайды" атты жинақтарда Сүйінбай шығарм-на кеңінен орын берілген, "Айтыс" жинағының 1-томында "Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы" жарияланған.
Сүйінбай ақынның "Ақиық" атты жинағына таңдаулы шығармаларымен қатар, тыңнан қосылған көптеген өлең-толғаулары, айтыстары енген, шығармалары жүйеге келтіріліп, тақырыптарға бөлінген, кітапқа көлемді ғылыми алғысөз жазылып, соңынан түсіндірме сөздік берілген. Мәскеуде"Әлем әдебиетінің кітапханасы" сериясымен жарыққа шыққан 200 томдық жинақтың 102-томында Сүйінбайдың "Кәрілік" атты өлеңі жарияланған. Бұл ақын шығармаларының дүниежүзілік сөз өнеріне қосылған асыл мұра, аса құнды әдеби ескерткіш екендігін танытады. Сүйінбайдың Малыбай, Жетібай, Әзірбай атты ұлдары, Бағжан, Қойжан деген қыздары болған
2. Сүйінбай ақын ретінде өзінің бар жан  -  тәнімен ақиқатты, шындықты жақтады. Ол сараңдыққа, мейірімсіз жандарға, қатыгездікке, дүниеқоңыздыққа қарсы сөйледі. Феодалдық дәуірдің ру аралық тартысые сынап, төрелердің іс  -  әрекетін ащы мысқылмен әжуалай білді. Біз оның әлеуметтік ішкі қатынасты қатты шенеп айтқан мұндай өлеңдерінің қатарына <<Сөк төренің баласы хан Абылай>>, <<Сарыбайға>>, <<Момын малын зұлымға алып беріп>>, <<Төрт биге>>, Мақсұтқа>>, сияқты өлеңдерін жатқызамыз.Сүйінбай Аронұлы халқымыздың поэтикасына шебер тілді, жүйрік ақыны. Бұған оның билер мен төрелерді сынап, мысқылдап айтқан өлеңдері дәлел бола алады.Ақынның шығармаларындағы тақырып тынысы кең, ойтаным тереңдігі тіршіліктің алуан құбылыстарын қамтиды.Жеке адамдардың мінез  -  құлық , тұрмыс ерекшеліктерінен бастап өмір заңдылықтарын тереңнен түйіп тербеген ойшылдыққа ұласып отырады.
Сүйінбай Аронұлы  -  өмір, заман жайлы толғанып, философиялық қорытындылар жасаған терең ойлы өлеңдердің авторы. Ақынның <<Әділеттік орнаса>>, <<Надандық>>, <<Жақсы менен жаманның айырмасы>>, <<Жақсы болса ағайын>>, <<Нақылдар>>, <<Өсиет>>, <<Ақын боп жиырмамда>>, <<Дүние ойлап тұрсам баяны жоқ>>, т.б өлеңдерінде халықтық, философиялық мәселелер қозғалады. Бұл өлеңдерінде негізінен, ел басқару, халық тағдыры мен адам бойындағы жақсы, жаман дағдылар сараланады және өмірдің бағасы мен өткіншілігі жайлы ой  -  толғамдар, ақыл  -  өсиет айтылады.
3. Сүйінбай Аронұлы   -  әлеуметтік мәні бар өлеңдермен қоса, ірі сюжетті толғау, жырларында елді бірлікке, ерлікке шақырады. Мәселен, <<Бөрілі менің байрағым>>, <<Барша жұрттың бағы үшін>> тәрізді шығармалары осындай азаматтық үні басым, патриоттық  толғаулар болып саналады.
Академик жазушы Ғ.Мүсірепов бір сөзінде: <<Бөрілі менің байрағым (бөрілі байрақ  -  қасқырдың бас суреті салынған шапыраштылардың жебелі туы мен найзасы) деген Шапырашты елінің жауға  аттанғанда айтатын ұран өлеңдері болған>>, - деген. Ал бұл өлең жайында профессор С.Садырбаев Сүйінбай  Аронұлының шығармалар жинағының алғы сөзінде: <<Бұл өлең Сүйінбайдың азаттыққа  арнап айтқан ұлы шығармасының бірі.Ұран түрінде айтылатын бұл өлеңнің идеялық мазмұны: жердүниені сілкіндіріп, тау мен тасты теңселтіп, тау мен тасты теңселтіп, жауға қарсы аттанып бара жатқан Сүйінбай елінің, қазақ халқының қаһармандық бейнесі көрсетілген, - деп жазған
Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен, -
деген жолдардан дыбыс үндестігін өленің күш  -  қуатын одан ары еселеп тұр.
Бөрілі найза ұстаса,
Түйремей кеткен жан емен,
Бөрілі байрақ құласа,
Күйремей кеткен жан емен, -
деген сөздер адамның рухын көтеріп, ерік, жігерін жинайды. Батырлар жорық алдында айтатын жырға сұранып тұрғандай.Бұл өлеңдерде замандар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан ерлік, батырлық дәстүрлер дәріптелінеді.Мұнда ақын өз атынан сөйлей отырып, жеке адамның табанды жауынгерлік ерлік жолын көптің мұрат  -  мақсатымен үндестіреді.
Бөрілі байрақ астында,
Ту түсіріп, жау алған,
Қазыбек, Қастек атамыз  - 
деген жолдардағы Қазыбек, Қастек - XVI  -  XVII ғасырларда қоқандықтарға қарсы тұрып, жауынгерлерді күреске бастаған батырлар.
 Сүйінбай << Ту алып. Жауға шықсаң сен>> деген толғауында:
Батыр елден шығады  - 
Ұрандап жауға шабатын,
Жауына орай салатын.
Ақын елден шығады  - 
Айтыста жығып шалатын, -
деп қол бастаған халық батырларының ерлік ісіне сүйсінеді.Ондай атақты ерлердің ел намысын қорғап, жау қолына тосқауыл бола алған қаһармандық сипаттарына тоқталады. Жауынгер ақын азаттық үшін жүріп жатқан шайқастың бел ортасында болып, халықтың еркіндікті қалаған ұранына үн қосқандығын орынды мақтап етеді.
Ей Сұраншы, Саурық! 
Қоқанның қолы қаптады,
Қасиетті жерімді,
Тозаң қылып таптады.
Қыспақта қалған елің бар,
Құтылар жолды таппады, -
деп жаудың елге көрсеткен зәбір  - зорлығын, қиянатын айту арқылы ақын батырлардың Қоқан билеушілеріне деген ашу  -  ыза -кегін өршітіп, оларға жаңа күш, тың қайрат береді.Сүйінбай мұндай батырлық толғауларында әрқашан езілуші ел атынан сөйлеп,халықтың сенім артқан батырлары Сұраншы мен Саурыққа үнемі қайырылып отырады. Саурық, Сұраншы батырлардың көптеген ірі шайқастарына қатысқан даңқты Сүйінбай ақын ел еркіндігі үшін жан аямай күрескен ерлерді өмір шындығына сүйене отырып, лайықты бағалайды. Осындай толғаулардан басқа Сүйінбай ақынның көлемді, желілі жыр, дастандары болған. Мысалы, <<Жабай батыр>>, <<Қарасай батыр>>, <<Өтеген батыр>> атты эпостық жырларында ақын елдік, ерлік, азаматтық мәселелерді кеңінен қамтып, эпикалық сарында жырланған.Аталған шығармалардың ішінде сюжеттік, копозициялық құрылымы жағынан тұтас та толық сақталғаны - <<Өтеген батыр>> жыры. Ал <<Жабай батыр>>, <<Қарасай батыр>>, дастаңдарының бас-аяғы түгел емес. Бір кездерде ұзақ жырланып айтылған бұл шығармалар біздің заманымызға тек үзінді күйінде ғана жеткен.
Қазақ халқы бастан кешкен үлкен тарихтың тұтас бір кезеңі Сүйінбай айтқан <<Өтеген батыр>> дастаны арқылы елес берген.Сүйінбай бұл шығармада қазақ халқының Жетісу өлкесіндегі атамекен қоныс жайын, ағынды өзендері мен көлдерін, жайқалған егінді аймақтары мен сылдырап аққан бұлақтарын, орман, тоғай, тауларын, жау қолынан азат еткен Өтеген батырдың ерлік істерін суреттеген. Патриоттық жырда халықтың азаттық пен бостандық жолындағы қаһармандық күресі, мұқалмас айбынды мінезі шыншылдықпен бейнеленген.
Сүйінбайдың ерекше туындыларының бірі  -  <<Сұраншы батыр>> толғауы. Толғауда Сұраншының ерлік істерін суреттеуге көп орын берілген. Жаудың он мың қолына қарсы барған батырдың батылдығы, жүректілігі және алған бетінен қайтпайтын табанды образы бейнеленген. Ақырында жау қолымен болған қырғын соғыста жеңіске жеткен Сұраншының халыққа бостандық әпергені айтылады. Сұраншы батыр бастаған қазақ жасағына төтеп бере алмай шегінген Қоқан қолы билеп, төстеп отырған жерлерінен айырыла бастайды. 

Он мың қолдан қаймықпай,
Суырды, найза қылышты.
Таң сарғайып атқанда, 
Қалың жауды қашырды.
Алдына салып қуалап,
Шоқпардан әрі асырды...
Сүйінбай сүйсіне жырлаған Сұраншы Ақынбекұлы батырлығына қоса ақылды, жағдайды тез сараптағыш және соғыстың әдіс-амалдарын жете білетін қолбасшы.Толғауда айтылатын атақты шайқаста Сұраншы батыр жауға жақындап, тұс- тұстан от жақтырған, сол арқылы қоқандықтарға қалың әскердің қоршауында қалғандай әсер еткен.
Ақын батырдың жанкешті мінезін, ерлігін сипаттайды. Сұраншының елжандылығын, ұлтжандылығын ұрпаққа үлгі қылады.
Халықтың бірлік  -  берекесін сақтаған батырлыарды ақын ел тарихында өзіндік орны бар азаматтар деп таныған.
4. Сүйінбай Аронұлы шығармашылығындағы орны бөлек өлеңдерінің бірі  -  <<Жақсы мен жаман адамның қасиеттері>>. Бұл өміршең өлеңі. Өйткені, жақсы мен жаман адам қай заманды да, қай қоғамды да алып қарасаң табылады.жақсы мен жаманды ажырата білу үлкен таным  тәжірибені керек етеді. Ақынның бұл өлеңі бізге жақсы адам мен жаман адамның арасы жер мен көктй екенін ұқтырып қана қоймай, бізге адамдарды қандай қасиетеріне қарап айыратынымызды үйретеді.

Жақсы жігіт ел-жұртының баласындай,Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,Көреді бәрін де өз баласындай.Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,Қыранның қырдан байқар баласындай.Жаман парқы жақсымен бірдей емес,Жақсы жігіт елінің ағасындай.Жақсының сөзін әркім пайдаланар,Миуалы алма, өріктің ағашындай, - 
деп жырлайды ақын.
Байқағанымыздай, ақын жақсы адам жайында шабыттана тебіренеді. Жақсы адамның сөзін халық бағалап, оны қолданады. Демек, жақсы жан өмірде өзінің өнегелі сөзімен мәңгі жасайды. Сүйінбай жақсы мен жамандықтың қоғам тірлігінен және жеке адамның өмір ағымындағы іс  -  әрекетінен туып отырғандығын анықтайды.Жаманның көкірегі-көр, көзі-соқыр,Жүрер жолдан тал түсте адасып-ай.Жақсы адам қай жерден ажырайды,Жақсымын деп бәрі жүр таласып-ай.Жамандар-өтірікші, өсегі көп,Ел-жұрттың іріткі салар арасына-ай.Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,Жанбай қалған ағаштың шаласындай.Соқтығып әркімге бір ұрынады,Сиырдың тентек болған танасындай.Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ,Жылқының қотыр болған аласындай, - 
деп ақын жаман адамдардан жирендіреді. Жаман адамның айналасына, халыққа, қоғамға қандай қиянат жасайтынын түсіндіргісі келген ақынның сөз қолданысы өте шебер. Теңеулерді өзінің орнымен, ретімен тапқыр да ұтымды қолданады.
Ақын жақсы мен жаманды салыстыру арқылы елге үлгі көрсетеді. Сүйінбай:Екеуін салыстырып әдейі айттым,Қажетін қолданарсың тұрмысыңа-ай, - 
деп ойын түйіндейді. Бұл өлеңнің, әсіресе, жас ұрпаққа берері мол. Оң мен солын, жақсы мен жаман адамды ажырата білу үшін олар осы өлеңді оқыса, көп ой алары анық.
5. Сүйінбай ақын <<Кәрілік>> өлеңінде:   
Ақын боп жиырмада желдей болдым,
Отызда асқар биік белдей болдым.
Отыз асып қырыққа келгеннен соң,
Қаптаған жердің жүзін селдей болдым.
Қырықтан асып, елуге келгеннен соң,
Түбім терең, құрақты көлдей болдым.
Елу асып, алпысқа келгеннен соң,
Салыңды суға ілінген сеңдей болдым.
Алпыс асып, жетпіске елгеннен соң,
Тап  -  тақыр ел жайлаған жердей болдым, - дейді.
Ақын адам өмірінің белестерін бейнелі тілмен шебер жеткізеді. Ақын шығармаларының ішінде осы өлеңнің орны өзгелерден бөлек тұр. Бұл өлеңде Сүйінбай адам өмірін кезеңдерге бөліп, әр өмір белестерінің ерекшеліктеріне тоқталады. Жылдан  -  жылға адамның өзгеретініне, кәріліктің келіп, өз белгілерін танытатынына, оған қарсы адамның шарасыздығын білдіреді. Нақты тақырыпты толғаған туынды біртіндеп адам өмірінің мәні, жеке адам мен тіршілік хақындағы философиялық ойларға бастайды.Жиырмада желдей ескен ақын,отызда селдей тасыған,елуде құрақты терең көлдей ақын, лирикалық қаһарман тоқсанда ақ үрпек балапандай дәрменсіз, бейкүнә жан. Өнердің мәні қайратыңның барында дегенді меңзегендей.
Бұл өзі көне  түркі жазбаларынан, орта ғасырлардағы қазақ  -  ноғай жырларынан желі тартқан дәстүрлі сарын. Сүйінбай Аронұлы ол дәстүрлі толғамға өз заманының сазы мен нақышын қосады. Дәстүрді жаңғырта жалғастырады. 
6. Сүйінбай айтыстары XIX ғасыр айтыстарының ішінде өз алдына дараланып жоғары тұрады. Бұл оның айтыстарының мәнділігі мен тіл өткірлігінен байқалады, Ол өзінің өлеңдерінде кейбір ақындарша өз елінің байларын бедел тұтып, айтар сөзді сол бай мен төрелер мәртебесін мадақтауан қарастырмайды. Ақынның сүйеніші қалың ел және Өтеген, Сұраншы, Сыпатай сияқты батыр атанған ел азаматтары болады. Осындай әйгілі азаматтарды  тірек тұтқан ақынды қарсыластары <<кедейсің>> деп қанша тиіссе де жеңе алмайды.
Сүйінбай Аронұлының ең шоқтығы биік айтыстарының бірі  -  Тезек төремен айтысы. Тезек төре Абылайханның ұрпағы, Ұлы жүз қазақтарының албан руының аға сұлтаны. Тезек төре әлеуметтік тегіне бола қоғамдағы тарихи орны, қабілеті , еңбегі бағаланбай кеткен ауқатты зиялылардың қатарындағы адам. Сүйінбай мен Тезек Төренің айтысын әлеуметтік мәні жағынан екі ақынның айтысы деуден гөрі, қоғамдық екі тап өкілінің саяси тартысы деуге тұрарлықтай. Себебі, айтыста екі ақын жарысқа түспейді, мұнда бір  -  бірінен жыр өнерін асыру мақсаты қойылмайды. Ашықтан  -  ашық қоғамдық екі тап өкілі егеседі. Қара халық атынан бұқара тілегін көтере Сүйінбай шықса, Абылайдай атақты атаның баласы, текті төре Тезек өз табының туын осылайша тіл безейді. Қоғамдық екі таптың өкілі белдесіп, саяси сайысқа түседі. 
Сүйінбайдың тағы бір ерекше айтысы  -  қырғыз ақыны Қатағанмен болған сайысы. Екеуінің сөз сайысы  -  ел аралық, ұлтаралық айтыс. Ұлт ретінде тілдік, мемлекеттік-территориялық, психикалық пішін, әлемдік қауымдастыққа танымал белгілерінің бәрі толық келетін осы екі ұлттың мәдени қазыналары өздеріне меншікті қалпымен бағаланады.
Сүйінбай өлеңдері  -  өзінің формасы жағынан халық поэзиясы үлгісіндегі шығармалар. Ақын шығармалары ырғақты ұйқас, асқан шеберлігімен, өзіндік көркемдік бітімімен құнды. Сүйінбайдың өлеңдері тау сусындай тасқындап, талай жандардың жүрегінің түбінен орын алады. Халық рухын биіктетіп, өлең жолдармен ел еңсесін тіктеген Сүйінбай Аронұлы XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса ірі тұлғалы дарыны.

Дәрісті  бекіту  сұрақтары:
* Сүйінбайды  жастық  шағы  қалай  өтті?
* Ақынның айтыстарының  ішіндегі  ең  іргелісі  қайсы?
* Сүйінбайдың <<Жақсы мен жаман  адам>> туралы, <<Кәрілік>> өлеңдерінң негізгі идеясы не?

Әдебиеттер:

Негізгі  әдебиеттер:  12,  13,  14,  15.  Қосымша  әдебиеттер: 2, 6.
Тапсырма:1.Сүйінбайдың айтыстарына талдау.
2.Түре айтыс пен сүре айтыс үлгілері  туралы  жазыңыз

ДӘРІС 5 ӨНЕР ТҰТАСТЫҒЫ МАЗМҰНЫНДАҒЫ АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫ (БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ,САРА  ТАСТАНБЕКҚЫЗЫ)
Мақсаты: Сара Тастанбекқызы мен Біржан Қожағұлұлы туралы түсінік беру. Ақындар поэзиясы, сал  -  серілер жайлы білімді одан әрі жетілдіру,.
Тірек сөздер: ақын, сал  -  серілер, айтыс, әнші, поэзия, өнер иелері.

Дәрістің  жоспары:
* Біржан сал Қожағұлұлы
* Сара  Тастанбекқызы
          Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар (сал-серілер, әнші ақындар) шығармашылығындағы көрнек өнерінің ежелгі замандық тұтастық (синкретизм) белгілерінің сақталуы, жаңғыра қолданылуы (әншілік, ақындық, жыршылық, сазгерлік, аңшылық-мергендік, атбегілік-сейістік, құсбегілік-саятшылық, әртүрлі мазмұндағы күлдіргі ойынпаздық, палуандық, ұсталық-зергерлік, т.б.).
  Біржан сал Қожағұлұлы
Әйгілі қазақ ақыны, сазгер. Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Бойында әншілік дарыны бар, домбырада шебер ойнайтын Біржан жастайынан қазақ даласына танымал болған. Ол бірегей сазды-поэтикалық шығармаларды дүниеге келтірген. Ел аралап, алуан түрлі айтыстардың ортасында жүрген. Айналасына дарынды жастарды жиып, өзіндік көшпелі театр құрған.
Рулық-патриархалдық әдет-ғұрыпқа қарсы шығып, жырына әйел теңсіздігін, әлеумет күйін арқау еткен өнерпаздың өмірі қиындықтар мен мұқтаждыққа толы болды. Қуғынға ұшырап, руарарлық қақтығыстардың куәгері болып, ауруға шалдыққан ол 1897 жылы қайтыс болды.
Біржан шығармаларында махаббат тақырыбы негізгі орын алады. Осы тақырыпта оның "Айтбай", "Ғашығым", "Ғашық жар", "Ләйлім-шырақ" т. б. шынайы сыршылдықтан туындаған өлеңдерін атап айтуға болады.
"Орынбор әнінде" жан серігі домбыраны жырлайды.
Ақын халық мүддесін қозғайтын өлеңдері "Жанбота" мен "Адасқақта" Азнабай мен Жанбота сияқты болыстардың халыққа көрсетіп отырған қысымшылығын әшкерелейді.
Ақынның "Жамбас сипар", "Теміртас" тағы басқа да әндері мұң мен шерге толы. Біржанның 40-тан астам өлеңдері бүгінгі күнге дейін жетті. Ол айтыс өнерінің де шебері болғаны мәлім. Оның Жетісуға арнайы келіп, Сара Тастанбекқызымен айтысы осы жанрдың озық үлгісіне жатады. Біржан өлеңдері ұлттық өлең өнерін жоғары деңгейге көтерген. Біржанның ерекше ақын-сазгер, өте дарындылығын бағалаған халық, оған "сал" атты қосымша ат берген. Сал өзінің шығармашылығында халық өнерінің барлық әуендік, поэтикалық, драмалық түрлерін біріктірді. Біржан салдың соңында есімдері жұртшылыққа танымал Ақан сері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанов, Әсет Найманбаев, Балуан-Шолақ Баймұрзин, Доскей Әлімбаев, Құлтума Сармұратов сынды шәкірттері мен ізбасарлары қалды.
Сал ақындар ауыл-ауылды аралап, екеуара бірігіп немесе хормен өлең айтып, халықтың көңілін көтеретін болған.
1865 жылдың жайма шуақ жаз айы. Көк майсалы Көкшетау етегіне тігілген ақ шаңқан үйлер шапқан ат шаршайтындай аймақты алып жатыр. Себебі Сары Арқаның астанасы Омбыдан "генерал-губернатор келе жатыр" деген хабар алыс-жақын аймақты түгел шарлап, қалың ел әуре-сарсаңға түскен. Әсіресе болыс, старшындар қатты әбігер үстінде. Үй тігу, қонақ күту, сән-салтанат көрсету жөнінде бірінен-бірі асып түскісі келіп жанталасуда. Бұл аймақтағы көп болыстың ішіндегі ең көрнектілері - Азнабай мен Жанбота. Азнабай - жуан тұқым Қоңырқожаның баласы болса, Жанботаның "сегіз болыстан шені артық" (Біржан салдың сөзі)...
Түске салым Жанбота тіктірген үйлер жақтан шырқау ән естілді. Бұл - "Сары Арқаны әнмен сандалтқан" Біржанның дауысы екенін естіген жұрт сол жаққа құлақ түріп, аңсары ауа бастаған. Басқа шаруа былай қалып, әсіресе жас жігіттер, қыз-келіншек ән шыққан жаққа ағыла бастады. Бұл - Жанботадан абыройын асырғысы келіп жүрген Азнабай болысқа ұнаған жоқ. Генерал-губернатор келмей жатып, Жанбота ауылының той-думанға айнала бастағанын жақтырмай, араға кісі салып көріп еді, бақталас болыс: "Жастардың қолқалауымен ән салып отырған Біржанға мен не деймін?" - деп қырсық жауап қайтарыпты.
Біржан отырған үйдің иесіне: "генерал-губернатор келгенше қоя тұрсын" - деп сөз айттырса, ол да: "Жиналып тұрған көпшілікке топырақ шаша алмаймын", - десе керек. Бұған ашуланған Азнабай мінезі дөкір, дойыр қамшылы поштабайын жұмсап: "Тоқтат Біржанды!" - деп бұйырады. Поштабай барып бұйрықты жеткізсе, Біржан тоқтамайды. Поштабай әуелі қолындағы домбырасын тартып алмақ болады. Өзі де балуанға түсіп жүрген қарулы Біржан домбырасын бермейді. Сосын поштабай қолындағы қамшымен Біржанды бір тартып жібереді. Мұның аяғы төбелеске айналып, отырған жұрт поштабайды үйден қуып шығады. Бірақ денесіне қамшы тиген Біржан бұған қатты намыстанып, жан айқайы "Жанбота" әнін шығарған. Мұнда өзін қолқалап ертіп келген Жанбота болысқа:
"Жанбота, осы ма еді өлген жерім?
Көкшетау боқтығына көмген жерің?!" - 
деп ашулана шырқаса да, "қарғаның көзін қарға шұқымайды" дегендей, "азуы алты қарыс" Азнабайға ештеңе істей алмасын байқаған соң, атақты "Адасқақ" әнін шығарған. Онда бұл дүниеде әділеттің жоқтығын, кім болса да біреуге жағынудың, жағымпазданудың керек еместігін, өз күшіңе, біліміңе, қабілетіңе қарай өмір сүру керектігін өкіне, ашына айтқан.
Бұдан кейін Біржан сал өз ауылында тұрақтамай, ел кезіп кетеді. "Үш жүзді сайран қылған Біржан едім" деп өлеңінде өзі айтқандай, қазақ жерінің барлық түкпірін аралайды. Ел көреді, жер көреді, талай той-думандардың сәні, көркі болады. Жүрген жерлерінің бәрінде бүгінге дейін ел аузында жүрген, халқымыздың өшпес мәдени қазынасына айналған әндер шығарады. Бүгінгі әншілеріміз айтып жүрген "Ләйлім шырақ", "Теміртас", "Жайма шуақ", "Айтпай", "Бурылтай", "Айбозым", "Асыл-Ақық", "Керкекіл", "Ақ серкеш", "Мәті-Дәулен", "Алтын балдақ", "Телқоңыр", "Аққошқар", "Көкек" т. б. әндері - мәңгі өлмейтін туындылар. Бұлардың бәрі бұрын жеке дауыста орындалса, ұлы композиторымыз Мұқан Төлебаев біразын "Біржан - Сара" операсында пайдаланған. Арқаның ақиығы Біржанның Жетісу бұлбұлы атанған ақын Сарамен айтысы да - өлмес қазынамыз.
Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай:
Құлақтан кіріп бойды алар,Әсем ән мен тәтті күй.Көңілге түрлі ой салар,Әнді сүйсең - менше сүй, - 
Деген   мәңгілікке   жетерлік   сөз қалдырған.
Біржан  Қожағұлұлы  композитор, әнші, акын. Біржанның үлкен әкесі - Қожағұл, өз әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа болған. Біржан алғаш ауыл арасында ән салып, өнер куған, бертін келе өз жанынан да ән шығара бастайды. Ол  --  қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы. Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның неше алуан окиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік сезім күйлерін лирикалық әсем сазға бөлейді. Біржанның алғашқы әндерінің бірі  --  <<Біржан сал>> әні. Мұнда жастық шақтың от-жалыны да, салдық, серілік салты да, сұлулык атаулыға қызығу да көрініс береді. <<Айтбай>>, <<Ақтентек>>, <<Алтын балдақ>>, <<Бірлен>>, <<Ғашығым>>, <<Мәті-Дәулен>> сияқты әндер Біржан сал шығармашылығындағы шоқтығы биік, сыршыл шығармалар. Мысалы <<Ләйлім-Шырак>> немесе <<Көлбай-Жанбай>> әнінде жоғалған шідерін тілге тиек ете отырып, өзі қонып шыққан үйдің сұлу қызы Ләйлімге деген ішкі жан толкынысы, көніл күйі паш етіледі. Біржан сал патриархалды-феодалды заманның етектен тартқан ескілігіне, қарадүрсін заңжосығына, зорлықшыл ісіне, әлеуметтік әділетсіздігіне асқақ әндерімен, уытты жырларымен қарсы тұрған суреткер. Оның <<Жанботасы>> тек Азнабай болыстың ғана зорлықшылдығын әшкерелеп қоймайды, сол сияқты озбыршыл Жанботаларға деген акынның ашу-ызасын білдіреді. Ал <<Адасқақ>> атты әнінде осы ойын, шонжарларға деген іштегі ыза-кегін одан әрі айқындай түседі. Заманының әділетсіздігіне, зорлық-зомбылығына деген Біржан салның наразылығы, өкініш үні тіпті оның өмірінің соңғы кезеңінде шығарған <<Жамбас сипар>>, <<Теміртас>>, <<Қарасу есік алды>> деп аталатын трагедиялық әндерінен де айқын сезіледі.
Біржан сал әншілік, ақындық, орындаушылық өнерде де өз үн-бояуымен, өз әуенімен жеке-дара өнерпаз болғандықтан, оның айналасына халықтың таңдаулы ақын, әншілері, өнерпаздары топталып, ақынды ұстаз тұтқан. Бұлардың бір тобы Біржан салның әншілік, ақындық, композиторлық өнерін өздерінің шығармашылығы арқылы дамытса (Жаяу Мүса, Акан сері, Қанапия, Балуан Шолақ, Үкілі ЬІбырай т. б.), енді бірқатары оның ән шығармашылығы, орындаушылық өнерін, халық арасына кеңінен таратушы, насихаттаушы болды (Құлтума, Жарылғапберді, Ғазиз т. б.). Біржан салның ізін қуған осындай өнерлі адамдар арқылы біздің заманға оның 44-ке жуық әні жетті. Кеңес заманында Ғ. Айтбаев, К, Байжанов, Ә. Кашаубаев, К. Бабаков, Қ. Лекеров, Ж. Елебеков, М. Ержанов сынды әншілер Біржанның өз шығармашылығын, оның әншілік-орындаушылық ерекшелігін бүгінгі ұрпаққа жеткізген. Біржан сал әнші-композиторлығымен қатар талантты әрі дарынды суырыпсалма ақын да болған (Біржан мен Сара айтысы т. б.). Оның ақындық өнерін кейінірек Сара, Әсет, Доскей сияқты ақындар жалғастырды. Біржан сал өмірінің сонғы кезеңі трагедиялық жағдайда өтті. Ел ішіндегі руаралық талас-тартыстың салдары Біржанға да соқпай кеткен жок. Біржанды <<жынданды>> деп ел арасына жалған лақап таратып, қол-аяғын байлап, жан азабын тартқызады. Кеңестік заманда әдебиетшілер мен музыка этнографтары Біржаның жырларын, сыршыл әндерін жинап, бірнеше рет жинақ етіп бастырды. Оның әдеби және музыка шығармашылығы туралы бірқатар зерттеулер де жазылды. Біржан мен Сараның айтысы негізінде КСРО халық артисі, композитор М. Төлебаев қазақ опера өнерінің классикалық туындысы болған <<Біржан -- Сара>> операсын жазды (либреттосы Қ. Жұмалиевтікі). Ал академик А.Қ. Жұбанов <<Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы>> (1942) атты кітабының үлкен бір тарауын Біржанға арнады. 1982 ж. республика жұртшылығы халық композиторының туғанына 150 жыл толуын салтанатпен атап өтті.
Тастанбекқызы, Сара (1878-1916) - айтыскер ақын. Туған жері қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы. Руы   Найман.
Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым ауыр да күрделі жол. Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе басқан жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көріп өседі. Бұл аз дегендей, сырттай болса да жалғыз сүйенер тірегі немере ағасы Жайсаңбек <<өгіз ұрлады>> деген жаламен түрмеге түседі. Жоқшылық өтінде жеке қалған жетім бала, жесір әйелге қамқоршы болып, ауылына көшіріп әкелген Тұрысбек қажы Сараны шырылдатып, өзінің теңі емес, жаратылысынан кеміс туған, бай баласы Жиенқұлға атастырады.
Жетім қыз үшін мал алған Тұрысбек қажының әрекетін естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіріп алады. Бірақ бұдан Сараға жақсылық болмайды. Ақырында бар шаруа екі қажының қыздың қалың малын тең бөліп алуға келісуімен тынады.
Осылайша қаршадайынан басы дау шарға түскен ақын қыздың бағының ашылуына осы кезде найман елін аралап, серілік жасап жүрген атақты Біржан салмен кездесіп, шаршы топтың алдына онымен айтысуы үлкен себепші болады. Бұл айтыс Сараның халық алдындағы беделін арттырып, атағын алысқа жаяды. Елдің құрметіне бөленіп, халықтың махаббатына ие болған ақын қыздың тағдыр тізгінің өз қолдарынан сусып шығып бара жатқанын сезген қажылар да көпке көренеу қарсы шыға алмай, оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан дарынының арқасында теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге тұрмысқа шығады. Теңдікке жетіп, теңіне қосылып, көзі ашылғандай болған осындай күндердің бірінде Верный қаласынан Әбіштің (Әбдірахманның) сүйегін алып қайтқан жолда Қапалда Абайға көңіл айтуға келген Найман елінің игі жақсылармен бірге Сара да келіп, ұлы ақынмен көріседі, аяулы баласынан айырылған ауыр қайғысына ортақтастығын білдіреді.
Жастай жоқшылықты көп көріп, ауыр тұрмысты бастан кешкен теңсіздіктің зардабын шегіп, қайғы мұңды серік еткен ақын қыз көп ұзамай ауруға шалдығып, жалғанның қызығын жарытып көре алмай, ерте көз жұмады.
Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналады. Ақынның бұл айтыстан басқа <<Жүрек>>, <<Ашындым>>, <<Арсалаң аға алдында>>, <<Жүрек сыры>>, << Жайлауда>>, << Әбіштің аруағына>>, << Хош бол, елім>> секілді көптеген өлеңдері мен <<Тұзақ>> атты дастаны бар.
Сара Тастанбекқызы Абайдың көзін көріп, онымен замандас болған тұлға. Оның өмір жолын оқып, ауыр тағдырына үңіліп көрсеңіз сол кезеңдегі әйел теңсіздігінің қандай болғанын шамалайсыз. Расында да, Сараның басына түскен тауқыметті екінің бірі көтере алмас еді. Ол үш жасында әкесінен айрылып, анасы екеуі жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көрді. Бұларды алғашында қамқорына алған немере ағасы Жайсаңбекке де жала жабылып, ол ертеректе қамалып кеткен болатын.Онсыз да әбден қиыншылықта бой жеткен қыз бен оның жесір анасын Тұрысбек қажы деген кісі алғашында өз ауылына көшіріп әкелген. Кейін ол Сараны кеміс туған бай баласы Жиенқұлмен атастырып, одан қыздың қалыңмалын алады. Мұны естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіреді. Алайда, бұл жағдай ақын қыздың өмірін жеңілдеткен жоқ.Тек Біржан салдың Сара ауылына келген сапарынан кейін ғана жетімнің өмірі өзгере бастады. Барлығы да осы екі ақынның айтысынан кейін, әрине. Таңды таңға ұрып айтысқан Біржан мен Сара сол маңдағы бүкіл жұртты тамаша өнерімен тамсандырған. Нәтижесінде ақын қыздың абыройы ел алдында бірден көтеріліп, халықтың оған қошеметі артты. Сараның тағдыр тізгінінің өз қолдарынан сусып шығып бара жатқанын сезген қажылар да көпке көренеу қарсы шыға алмай, оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан дарынының арқасыңда теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге тұрмысқа шығады.Сара мен Абайдың кездесуі жайында <<Абай жолы>> романында айтылады. Ұлы ақынның перзенті Әбіш қайтыс болғанда Найман елінің игі жақсыларымен бірге Сара да Абай ауылына келеді. Алайда ақын қыздың өзі де мұнан кейін көп ұзаған жоқ, жастайынан әбден қиындық көріп өскен ол ауруға шалдығып, ерте көз жұмған. Оның артынан "Жүрек", "Ашындым", "Арсалаң аға алдыңда", "Жүрек сыры", "Жайлауда", "Әбіштің аруағына", "Хош бол, елім" секілді көптеген өлендері мен "Тұзақ" атты дастаны қалды. 
          Сол Сараның соны жырлары ортамызға оралды. Жақында Елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында "Сара саңлақ" атты жинақты тұсаукесері өтті.  
Жобаның жетекшісі әрі идея авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Шәрбану Бейсенова: <<Сара Тастанбекқызы қазақ әдебиеті тарихында өшпес із қалдырған өз заманының шәйір ақыны. Ал Біржан мен Сара айтысы бүгінде қыз бен жігіт айтысының қайталанбас үлгісіне, қазақ өнерінің рухани мұрасына айналған. Бұл жинаққа ақын Сараның өлеңдері мен айтыстары, сонымен қатар өнерпаз қыздың өнері мен өмір жолын арқау еткен мақалалар, естелік әңгімелер, ақын өнеріне бас иген ақындардың өлең-жырлары топтастырылды>>, - дейді.
<<Негізі ол қазіргі ақындарша өз өлеңдерін жазып қалдырмаған, кезі келгенде ауызша айтқан, солай таратқан. Соған кезінде бір жырында <<Қағазға жалғыз сөзім түспеген соң, Ұмтылып қалар Сара құр аңыз боп>> деп наласын да айтқан екен. Сол сөзі бізге қатты әсер етті. Сол кісінің өлеңдерін жинастырып, бүгінгі оқырманға танытуды өзімізге мақсат тұттық>>, - деп атап өтті ол.Тұсаукесер рәсімге ақын-жазушылар, Парламент депутаттары, белгілі зиялы қауым өкілдері қатысты.
Біржан  -  айтыскер ақын.   Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы  -  айтыс өлеңдері. <<Айтыс>> деген сөздің мағынасына назар аударсақ, екі адамның сөз таластыру, сөз жарастыру, сынасуын, т.б білдіреді. Айтыс өзара сөз түрінде де, өлең түрінде де болған. Әдебиетте сөз болатыны  -  көбінде өлең түріндегі айтыстар. Айтыстың бірнеше түрлері бар. <<Қыз бен жігіт>> айтысы, <<Бәдік>> айтысы, <<Жұмбақ>> айтысы және <<Ақындар>> айтысы. Осылардың ішінен қазірге дейін жеткені  -  <<Ақындар>> айтысы. Ақындар айтысы  -  айтыс өлеңдерінің ішіндегі ең көркемі көлемдісі. ХІХ ғасырда ақындар айтысына араласқан жүз елуден аса адамның өмірбаяндық деректері Қазақстан Ғылым Академиясының қолжазба қорында сақтаулы. Бұл деректер ХІХ ғасырда ақындар айтысының ерекше дамығанының дәлелі. ХІХ ғасырда Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Тоғжан, Орынбай, Балта, Біржан, Әсет, Рысжан, Майкөт, Сабырбай, Сара, Кеншімбай, Нұрпейіс, т.б.жүзден жүйріктер <<айтыс>> өнері арқылы ақын атанғандар. Қазақ халқының айтыс өлеңдерінен ойып орын алатын, көркемдік дәрежесі жоғары айтысы  -  <<Біржан мен Сараның айтысы>>. Жетісу өңірінде Сара атты әрі әнші, әрі атақты ақын қыздың бар екенін, оның сан жүйріктерді сөзбен буғандығын ақын Біржан естиді. Ал Біржан жайын, оның қандай әнші, ақын екендігін Сара да естіген. Бұлар бір-бірін көрмесе де, сырттай таныс, көрісіп, айтысуды арман етіп жүреді. Біржан бір жолы қасына шәкірттерін, жолдастарын ертіп, Сараның еліне келеді. Біржан келсе, Сара үйінде жоқ екен. Біржанның алдынан Сараның шешесі мен сіңлісі шығады, олармен бір  -  екі ауыз сөз қағыстырады. Сараның қажы аулына кеткендігін естіп, оны іздеп сол ауылға тартады. Бұл кезде Сара жиналған көпшіліктің алдында қажы атасына: 
... Қажыеке, сізге айтарлық арызым сол, Қапамын бастан билік алмағанға, - деп мұңын шағып отыр екен. Осы тұста Біржан келіп: <<Бұл үйде Сара бар ма, шықсын бері>>, - деп хабар салады, жұрт жиналып қалады, осылайша екі ақынның айтысы да басталып кетеді. Біржанның: 
Адымым күні бүгін қалыбында, Екі жыл отыз беске келгеніме, - деуіне қарағанда, Біржан Сарамен Отыз жеті жасында айтысқан. Екі ақынның екеуі де жүйрік, алғыр. Біржан: ... Қырандай аспандаймын желді күнгі, Даусымның көтерілер шықса тері. Болжаған жер шарасын майталманмын, Жасымнан маған мәлім қыз не дері. Алтын менен күмістің нақысындай, Міні жоқ бізден шығар сөз бедері... Ақ иық мұзбалықпен жерге түспес, Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес, - деп, өзін мұзбалық қыранға, жүйрік арғымаққа теңейді.   
Ақын қолданған көркемдегіш сөздер сөзді ойнатып, айшықтандыра түседі. Бейне асыл ақ сандығын ашқандай. Біржанның тілі өткір, поэзиясы сомдалған құрыштай жұп-жұмыр. Ақын өлеңінің өткірлігін, әнінің әсемдігі мен әсерлігін аспандағы аққулардың жүз құбылған сыңқылына ұқсатады. Бұл тәрізді бейнелі теңеулерді табан астында табатын шеберлік  -  ақын талантының куәсі. Айтыс өнерінің шырқау биігіне шығу, әрине, жалғыз Біржан ақындығының қуатына ғана байланысты емес. Ол қарсыласының да мықтылығына байланысты. Айтыс өлеңді оқып отырып, жеңіс Сара жағында болуы тиіс деп отыратын тұстар да бар. Мысалы: 
Арыстан, сол Ниязбек іздеп келіп, Шошынған жүрісімнен танбағанға... Жанақ та қобызбенен түк қылған жоқ, Оңай ма сендей сорлы бейшараға...  -  дейді. Айтыста осындай өрелі ақындарды жеңген Сара Біржанға дай айрықша айбын танытады. Сараның уытты тілі тиген жерін күйдірердей. Ақын Біржан Сараның әдемілігіне, ақындығына көңіл толып, жоғары бағалайды. Біржан: 
Жарайды, жаным Сара, осы сөзің, Тастүлек түрымтайдай екі көзің... Шіркін-ай, мұндай жүйрік туармысың, Сөйлейсің алтындай ғып сөздің жезін. 
Қанатын күн шалмаған ақ тұйғынның Жапалақ иемденер басқан ізін... Кемітер дұшпан шіркін қай жеріңді, Адамзат озар емес бір басыңнан, - деп сүйсіне мақтап, шын бағасын береді.  
Айтыскерлердің бар мақсаты  -  жеңу. Осы қасиеті жағынан айтыс спорт түріне де ұқсайды. Біржан ақын Сараның өнерін ардақтай отырып, осындай сөзге жүйрік ақын қызын елі қалай қадірлейді екен деп, тың тақырып бастап кетеді. Біржан аяқ астынан Сараға: 
Шақыртып, осында алдырт күйеуінді, Көрейін таңдап қосқан сыңарыңды, - дейді. Сан жүйрікті сөзбен буған Сараның қауіптенетіні де осы еді... Тағдыры аянышты ақын Сара дәл осы жерде жеңілгенін мойындайды. 
... Адамға жол бермеген есіл тілім, Күн өтпей желпін ұшқан қызыл гүлім. Сіздерден ұялғаннан жүруші едім, Есекке қосақтаулы өтті күнім. Өзі білер деуші едім жақсылардың, Ақыры қайғы болды енді мұным. Сіздерге сенетұғын сорлы басым, Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім...  -  деп қатты қамығады, басына теңдік беруін сұрайды. Өзімен теңдес әріптесінің қайғысына Біржан да ортақтасып: 
Обалың Есімбек пен Тұрысбекке, Күйеуің жаман екен, ей, бейшара, - деп аяушылық білдіреді. Бүкіл қазақ баласы білетін <<Біржан  -  Сара айтысы>> атақты екі ақынның өнер жарысы ғана емес, әлеуметтік теңсіздікті, әйел теңсіздігін көтерген саяси мәні бар өнер туындысы болып саналады. Елді ардақтап, халқы қадірлеген Біржан салдың сан қырлы өнерінің рухани өмірі ғасырлар бойы жасайды. 
Қорытынды. Біржан сал үш бірдей өнер иесі  -  асқақ үнді ақын, сазгер, әнші. Ол  -  қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы. Біржан салдың лирикалық өлеңдерінде өзі өмір кешкен заманның әлеуметтік, адамгершілік, мәселелері алға тартылып, адам жанының нәзік сезім-күйлері шертіледі, оқушысына эстикалық сұлулық, ұмытылмас эмоциялық әсер сыйлайды. Біржан салдың <<Айтбай>>, <<Ақтентек>>, <<Алтын балдақ>>, <<Ғашығым>>, <<Бірлән>> шығармалары өзіндік көркемдік шешімін тапқан тамаша туындылар. Ал <<Ләйлім Шырақ>> немесе <<Көлбай  -  Жанбай>> өлең-әндері қазақ аруларының қайталанбас көркем бейнелерін сомдаған шығармалар. Біржан әнші, сазгер, орындаушылығымен қатар өте талантты суырыпсалма айтыс ақыны да болған. <<Біржан мен Сара>> айтысы-көркемдігі жағынан айтыс үлгілерінің ішіндегі ең таңдаулысы. Біржанның өлеңдері, әндері бірнеше рет кітап болып басылды. Оның жалпы шығармалығы туралы бірқатар зерттеулер жазылды. Біржан мен Сара айтысының негізінде композитор Мұқан Төлебаев <<Біржан - Сара>> операсын жазды. 

  Дәрісті  бекіту  сұрақтары:
* <<Біржан  мен   Сара  айтысы>>
* Біржанның  өмірі  жайлы   не  айтар  едіңіз?
* Сараның  аяусыз  тағдыры  қалай  өтуде?

Әдебиеттер:
Негізгі  әдебиеттер:  20,  21,  22.    Қосымша  әдебиеттер: 6,  7,  9.
Тапсырма1 <<.Біржан  - Сара>> айтысы туралы ғалымдар еңбектерінен  пікірлер келтіру
2.Ақан сері,Сегіз сері,Әсет Найманбайұлының шығармашылықтары туралы айтыңыз

Тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлының өмірі, шығармашылығы.
Мақсаты: Ақан сері Қорамсаұлының өміріне оның шығармашылығына үңілу.Оның махаббат, айтыс өлеңдеріне тоқталу.Олардың көркемдіктері мен бейнелігін, сұлу сырларын ашу.
Тірек сөздер: лирик, махаббат, жастық, жастар, Иран бақ
Жоспар:
а) Ақанның лирикалық өлеңдері, махаббат тақырыбындағы өлеңдері 
ә) Ақанның айтыс өлеңдері,көркем тіл кестелері, бейнелігі.
     Ақан сері Қорамсаұлы 1843 жылы күзде қыркүйек айында Көкшетау обылысында Володаров ауданында Қоскөлдің жағасында дүниеге келген.Оны жұрты Ақжігіт деп атаған.Қыз ылжардағы Уәли ахун медресесінде оқыған.Ақан сері үш жыл ішінде араб, парсы  тілдерін меңгереді, Фердауси, Низами, Хафиз шығармаларымен еркін сусайды.Ақынның жалпы саны 40 тан астам өлеңдері бар.
    Ақан сері  -  лирик ақын.Адамның сезім сырнайын тарта білген сыршыл да шыншыл поэзия.Әрбір сөзі жүректі елжіретер, жаныңды жадыратар жастық лебіне суарылған нұрлы.
Қыз бала болса сұлу, болар қандай,
Ләззаты болса егер шекер балдай.
Күлім көз, оймақ ауыз түссе қолға,
Сүмбіл шаш, қиғаш қасты, жазық маңдай.
    Ақанның махаббат тақырыбындағы өлеңдері көп.Мысалы "Сүйген жардан айырылдым" "Біздің көңіл қайда жатыр " " Ұзатылайын деп жатқан қызға" "Нұрила" "Балқадиша" "Мақпал қыз" "Ғалиянұр" "Бибиғайша" "Ақшабақ"т.б.Жастар атынан жыр толғап, көптің көңілін дәл басқан адал жарлардың ең нұрлы өкілі.Аспандағы жұмақты мекендеген қор қыздарының бейнесін жерден іздеп ,Иран бағы ішінде сайраған бұлбұлдың өзі.Ауызынан шыққан сөзі, көмейінен құйылған ән  бәрі нағыз ғашықтардың шын сыры, адал ниет, ақ пейілдері.
Ғашықтық мен шығарған мирас емес
                                   Жүсіп пен Зылихадан үлгі қалған   
                                   Ізденіп Баһарам да Гүләндәмді,
                                   Мехнатпен ақырында сүйтіп алған.
 Көп жүріп, жаһан кешіп Сейфілмәлік,
                                   Жамалға Иран баққа іздеп барған 
 
                                    Біреуі жеті ғашықтың Жүсіп еді,
                                    Зынданға Зылиха үшің түсіп еді
  Бұрыннан ғашық болған бір біз емес
                                     Болмайды басқа жанның ісі енді
                                    Баласы падишаның Сейфілмәлік 
Неше жыл о да жүрген от боп жанып
Келтірілген жолдардан ақынның  махаббаты сүйіспеншілік тақырып ретінде түсінетіндігі, оның отына шарпылмайтын жастың болмайтыны көрініп тұр.Ол өзінің өлеңдері арқылы махаббат деген қорлыққа көнбейтін, қара күшке бас имейтін адамға тән ең қасиетті сезім, теңдесі жоқ рухани күш екенін дәлелдеді.Ақанның бір өлеңінен сұлулықтың, ғашықтықтың толық образын таппасаң ,бәрін тұтас алсаң, сұлудың бейнесінде ғашық жарлардың сыр сыйпаты мүсінделіп шыға келді.Сұлудың сыртқы сымбаты ғана емес, оның ішкі сыры, мінезі, дүниетанымы,ақылы елге қадірі түгел табиғаты танытылады.
Райхандай безіп өстің гүл бау шарбақ
Гүл жүзің зифа бойың етің шәрбәт
Әуелден көңілімді бердім саған
Нәзік бел, қиғаш қасты қалам бармақ 
деген жолдардағы сұлудың сымбатын басқа ақындардан кездестіре қою қиын.Адамдардың асыл қасиеттері, жақсы мінездеріне сүйкімді сөзі, әдемі жүзі,сызылған үні бойы мен ой тазалығы мәдениеті білімі сұлудың жан дүниесі түгел бейнелі суретін табады.
         Арқаның ардагері атанған Ақан қазақтың ән өнері аспанында зор даусымен асқақтата жыр нөсерін ақтарып өткен ерекше дарын иесі.Өмір сүрген ортасынан озат шығып, асыл өнерімен де, жеке бас әдет мінездерімен, жүріс тұрысымен, киім киісімен ,сән салтанатымен де дараланып көзге түскен қазақтың ең қадірлі серісі.Асып таспай, жабырқап жасымай әркез арын таза ұстай білген , жақсылық пен әділеттік жолына белін бекем буған ақыл парасаты биік саналы гуманист.Ақанның ақындық талабына дем беріп, оған негіз болған өзге халықтар мәдениеті ғана емес ақын творчествосының негізгі бастау арнасы өз халқының поэзиясында жатыр.
    Ақан сері өз заманы ұсынған дәуір талабын таныған, сол жаңа талаптар тұрысында ізденіп оқып білім бұлағынан сусындаған зор талаптың жемісі.Адамның қуатты жас шағы бос өтпей, өнер дүбіріне ілесер шын тұлпар болуы абзал.Кедейлікті намыс қып, мал жиюға ғана талаптанбай ең алдымен білім табуға күш салса деген армандарына меңзейді.
Ер жігіт мақтанады асы болса
Биік тау шаттанады тасы болса....
Жігітке кедейшілік намыс емес
Жігітке ең керекті іс білім деген
Білімсіз ілтипатқа ілінбеген
Ақан сері өлеңдерінде де басқа ұлы ақындарда кездесетін белгілі мөлшерде сүйіспеншілік сезімнің жетегіне еріп, елжірей ынтығу тән азығына құмарту орын алады.Әркімге мәлім Абайдың мынадай сөзі бар: 
Етің етке тигенде
Демің тынып сүйгенде 
Тән шымарлап бой еріп 
Ішім оттай күйгенде
Құмарлықтың шарықтау шегіне жеткен кездегі осындай кездерін Ақан да шебер бейнеленеді.Сүйіскен екі жастың дегендеріне жеткен шақтарын табиғи жырлайды.
Қарағым құшақтасам құмарланып
Қосылған қос ғашықтай жалын шықса 
Жан тынып ішімдегі жалын шықса 
Ауымнан ақ сағымдай мұнарланып 
Ми тамыр ақыл ойдан арман қалмай 
Мақтансам қызуыңа тым алданып
Көтеріп гүл бәйшешек көңіл күліп
Семірсе нәпис мұрат бір жалданып
Қардан ақ қаннан қызыл ет пен бетің 
Иықтан қолаң шашың гул талданып
От сөнсе жүректегі жанып тұрған 
Сорғанда тілден ләззат мейір қанып 
Ет пен бет бір біріне еріскенде 
Айтысқан шартқа жетсем әбден қанып

1
Ақынның махаббат мәселесіндегі кредосы өзіне барлық жағынан тең, шын жүрегінен берілген, сертке берік адал жармен айырылмас өмір сүру.Көрінген көріктіге көз тастап, жеңілтек мінез көрсетуге мүлде қарсы:
Сүйек тең, ой орайлас, ақыл шендес
Ғаухарсың бағаң қымбат қолға тимес
Қызығар бет табылар ниет табылмас
Таза жүрек шын сөзбен серт беріп ем 
Нәпсіме жүрегімді сұлтан қылып.......
Ақан сері адам бойындағы жаман мінездерді, қылықтарды әсіресе жігіттерді сынаған.Таудай талабы  бар жігіттер алдына адамгершіл тілектер айтып қоймай, халықтық зор мақсаттар жүктейді.Маңызды әлеуметтік ойлар түйіндейді.Елде етек алған жоқ жітіктер қамын жеуге, сол жолда аянбай адал адам болуға шақырады.
                                   Біліңдер өсиетін ата бабаң
Қараңдар кем кетікке келсе шамаң.....
Өмірінің мағынасына мән бермей , жауапсыз жүріп, дүниеден босқа өтетіндер елге мысал.Асылы ондай адамдардан берекелі іс күту артық.
Әрқашан сондай жігіт тәуір болмас
Бояма шүберектей жасыл болса 
Көзі де, көңілі де соқыр қарағанғы 
Несі адам түк білмейтін масыл болса
Бұл сияқты жетесіздер өнімді іспен емес, зиянды әрекеттермен шұғылданғыш келеді.Өсек аяңға үйір жүреді: "Ақылсыз кейбірдің мінезі сол бір сөзді екі қылып жүреді" дейді.Жақсы жігіттер сипатын сынап көрсетіп, оларға тән  іскерлік, адамгершілік, терең білімділік , парасаттылық еліне халқына деген адал ниет , қажыр қайрат дәріптенеді.Өзі армандаған осындай мінсіз өткір жастардың идеялды образын термелейді.
Нәркестен қайырылмайтын қылыш болса
Мінезі, ақылы, өнері дұрыс болса
Бір сырлы, сегіз қырлы болса жігіт
Жорғадай тілі майда жүріс болса
Ақылы, сабырлы ер деп соны айтамыз
Еткені берекелі жұмыс болса
Осындай "бір сабаз өнері көп топ бастаса" деп өзі қалаған асыл азамат туралы ойын түйіндеді.
     Ақан серінің  үстемдер билеген қоғамға қарсы пікірлер айтқан.Қазақтың болысы, биі, байы, молдасы, қанды балақ қарақшылары шенді шекпенднрі ақынның басын, қатырып қажытқан қарсыластары.Оларға деген ақынның ащы сөздері ел аралап, халықтың арасына сіңіп, өзінің айтушыларының қолдаушыларын күн санап көбейте береді.Ақын өзіне сырлас дос тауып ел арасында мәңгі жасап келеді.Ақан сері қоғам туралы терең толғанып, езілген елмен бірге күңіренеді.Өзінің "Заманға қарап" "Халқым сенген" "Достарыма" "Жақсы мен жаман" "Өсиет өлең" т.б. әлеуметтік мәні зор өлеңдерін шығарды.Аталған шығармаларда  ақынның саяси әлеуметтік қоғамдық 
2
Көзқарасы прогрессшіл, алдымен адамгершіл екені айқын.Оқу өнер, білім жастар еркіндігі махаббат азаттығын көксеген ақынның басқаша болуы мүмкін емес.Үстемдердің ел мүддесін ұмытып, еңбекші халықты жаныштап, оларды қараңғылық қамауынан босатпай аяусыз қанап жатқанына наразылық үнін шертті.Әр тұста елі, халқымен бірге замана зардабын тартты.Азаттықтың тура жолын іздеп, жарғақ құлағы тиыш таппады:
Болғанда мындай күйде заманамыз,
Жай жатып сахарада қамаламыз    
Болыс, би ет пен шайға мәз болуда
Қайткенде тура жолды таба аламыз.......
Халық ел мақсаттарын жеке бас қамынан жоғары ұстай білетін шын қайраткер ғана халқына пана, адасса жол тауып, жаңылса жөн сілтеп, тарыққанда дем беріп отыра алады деп, ел басы болар азамат ердің міндеттерін термелеп, оларды жастарға үлгі етеді.
Төрелер ширатады есіп мұртын
Алмайды еш теңдікке елі жұртын,
деп, ақын менменсіген төрелер тобын да өткір тілін бір сұғып өтеді.
"Науан қазіретке" арнауында да мал үшін дінді пайдаланатын қажыны қатты ажуалайды:
Білмейтін ба ең мал десе
Періштенің азатынын
Мал алудың қамы ғой
Осы салған азаның,
депті оған. 
     Ақанның әндері мен өлеңдері халқымыздың баға жетпес мұрасы.Оның есімі мәңгі жастықтың символы.Лирикалық шығармалары әдемілік пен махаббаттың асыл өрнектері, поэтик образдардың сарқымас көзі.Ақан серінін көркем бейнесі халқымыздың көз алдында.Онын қазіргі көрермендеріміз театрсахнасынан,кино экранынан жиі көріп тұрады.Ақындарымыз жыр қып, жазушыларымыз том том роман жазып жүр.Серінің нөсерлі әнін үздіксіз тыңдап , құлақ құрышын қандыру мүмкіншілігі өте мол Ақан сері жігіттің мінезін сынап, оған баға берген.Жігіт мінездерін және олардың он үш түрін атап көрсетеді.

Тақырыбы: Әсет Найманбайұлы
Әсет Найманбаев бұрынғы Қарқаралы уезі, Темірші болысы, 8-ауылда (қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы) 1867 жылы туған. Руы Арғын, оның ішінде Қаракесектен тарайтын Майлық деп аталатын аз атадан. Әкесі Найманбай кедей шаруа болыпты. Ауыр тұрмыстың айдауымен 1875 жылы Семей қаласына көшіп келген. Кейіннен қала тұрмысына тұрақтала алмай Мақаншы ауданындағы Бақты ауылына көшіп барады. Осында Әсетті медресеге окуға береді. Он бір жасында бірінші рет мектеп есігін ашқан зерделі бала төрт-бес жылда медресенің білімін жақсы меңгеріп алады. Медреседе жүргенде-ақ ақындық таланты ашыла бастайды. Жасы ұлғайған шағындағы бір өлеңінде ақындық өнер сапарының он үш жасында басталғанын айтады:
Елуден жасым менің белең асқан,
Өлеңге он үш жастан араласқам.
Қызыл ит қимылдаса қызуымен,
Текпінді терең сөзден жаза баспан...-дейді ақын
Әсеттің алғашқы ақындық қаламындағы айтатын, жазатын өлеңдерінің тақырыбы көбінесе жастық, махаббат туралы және суырып салма айтыс өлеңдер болды.
Әсет - ақындық өнерді өзгеше жоғары бағалап, табиғаттың тартқан ерекше қасиетті сыйы деп біліп, ардақтаған адам.
Ақындық өнерін халқына арнаған Әсетті туған елі қадірлеп, құрметтеген. Үйрек пен қаздай қалқып жүрмін жүзіп, Көп елде - көл жұртымда қыдыр шалған- дейді ақын.
Әсеттің ақындығы ең алдымен айтыс өнерінде танылады. <<Айтыс - майдан, айтысқан ақындар майданның жекпе-жектегі батыры>>- деп М.Әуезов айтқандай Әсет ақын да осы жекпе-жектен жеңіп шыққандардың бірі. Әсеттің алғашқы түскен ең үлкен айтысы - Рысжан қызбен айтысы.
Абайдың алдын көріп, ұлы ұстаз ақыннан ақындық, әншілік өнер жолында үлкен тағылым алған талантты шәкірттердің бірі - Әсет.
Қазақ даласын әнмен тербеген Әсеттің өзі өмір кешкен тұста - халқының ақберен ақыны ретінде танылғаны анық еді.
Айтыс бәйгесіне түсіп жүлде алып, елге атағы шыға бастаған жалынды, албырт жас ақын, асқақ әнші Әсет ұлы ақынның, кемеңгер ақынның алдына келгенде 20 жаста болатын. Абай ауылы қазақ сахарасындағы өнер-білімнің, мәдениеттің өнегелі ордасындай еді.
Сол кездегі Абайдың қасында ұдайы болған адамдары: Шаһкәрім, Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Тұрағүл, Кәкітай, Ахметбектер тобына Мұқа, Әсет келіп қосылған екен.
Әсет- Абай ағасының алдында мол тағылым алып, үлгі алады, Пушкин шығармаларымен танысады. Әсеттің <<Евгений Онегин>> романының оқиғасын алып, еркін аударма жасауы Абай әсері екені сөзсіз.
Әсет - нағыз сегіз қырлы өнерпаз. Ол ақындық өнердің өрен жүйрігі, суырып салма - импровизатор, ақпа ақын. Табиғи тума таланты күшті, дарынды ақын қолына домбыра алғанда, қолма-қол нөсерлете жыр төксе, домбырасымен қоса, қағаз бетінде қаламы да қатар жүйткитін сауатты саңлақ ақын болған.

Әсет өзінің әрбір өлеңіне арнап ән шығарып, өлең-жырын шаршы топта домбыраға қосып шырқап айтады екен. Ақын Әсет асыл жырын әсем әнімен домбыраға қосып, асқақтата ән шырқайтын болған. ...
... Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп, 
Қоздырып делебеңді әсерлі етіп,
 Шырқатып, шығандатып, шалықтатып, 
Шапшытып, шумектетіп, нөсерлетіп.
Атақты музыкатанушы Ахмет Жұбанов, Әсеттің сөзіне музыкасы сай келетінін айта келе: <<Орындауы келіссе <<Әсет>> сахна сәнінің бірі. Әсіресе қайырмасында ән құйқылжып, төгіліп, шын мөнісінде ойнақтап, делебеңді қоздырып кетеді>>
Әсет - әнші, сазгер. Әсет  --  нәзік сезімді, ұшқыр қиялды лирик ақын; ол тілге бай, алғыр ойлы, бөгелмей жүйткитін айтыс өнерінің де ерен жүйрігі.; ол алысқа алқынбай сілтейтін жүйрік, бай оқиғалы поэма, дастандар жазған акын. Әсеттің атақты <<Қызыл табан - ағаш ат>> поэмасы Шығыс ертегі әңгімелерінің әсерімен жазылған, <<Мың бір түн>> сияқты өз уақытына жазылған екі жастың арасындағы махаббатқа құрылған ғылыми-фантастикалық поэма. <<Салиха-Сәмен>> поэмасы да бас бостандығы үшін, махаббат үшін, кұрбан болған жандар туралы. Олар өз заманының қатал заңының құрбандары.
Осындай тамаша туындылары бар, айтыскер ақын, жан-жақты Әсетті нағыз сегіз қырлы өнерпаз дейміз.
Әдебиеттер:
Әсеттің жария болмаған өлеңдері// Дидар.-1998.-17 қараша
Бекбосынов О.Әсет ақын қайда туған// Халық кеңесі.-1992.-24 маусым
Болғанбаев Ә. Алашқа аты шыққан Әсет ақын// Халық кеңесі.-1991.-2
қараша
ЖанботаД. Сағындым, Әсет, өзіңді// Қаза елі.-1998.-13 қараша
Кұдайбергенов Т. Ақынды еске алғанда: Ақынның 125 жыл толуына
орай// Семей таңы.-1992.-4 шілде
КерейқұловҚ. Шабытты шақ// Лениншіл жас.-1989.-31 наурыз
Мамырбаев Ш. Ақын арманы// Семей таңы.-1992.-1 ақпан
Мұхамедханұлы  Қ.  Абайдың  ақын  шәкірттері:  3-кітап.- Алматы:
Дәуір, 1995.-320 6.
НүржекеевБ. Найманбаев Ә. .- Алматы:Жазушы, 1988.-303 6.
Түгелбаев А.  Тереңге тамыр тартқан: Әсеттің аударма өлеңдері//
Білім және еңбек.-І987.-№7.-47 б.

ДӘРІС 6
Тақырыбы: Шоқан Уалихановтың өмірі мен ғалымдық қызметі
Мақсаты: Шоқанның өмірі жайлы деректер жинау, шығармаларымен танысу, орыс достары жайлы мағлұмат беру.
Тірек сөздер: ғалым, монография, жыр, <<Иллиада>>, зерттеуші
Жоспар:
1. Өмірі туралы мәлімет.
2 Шоқан әдебиетші
3 Шоқан публицист жазушы
4 Шоқанның қазақ әдебиеті тарихының мәселелері, ақындар, олардың шығармалары туралы еңбектері.
5 Қырғыз бен қазақ халықтарының ауыз әдебиеті туралы зерттеулері
6 Қырғыз бен қазақ поэзиясының түрлері туралы теориялық зерттеулері Сонау 19 ғасырда ақ әлемге аты шыққан алғашқы қазақ ғалымдарының бірі Шоқан (шын аты Мұхамед Қанапия) Шыңғысұлы Уәлиханов еліміздің тарихында ерекше орын алады. Ол Абылай ханның шөбересі, 1835 жылы қазіргі Қостанай өңіріндегі Аманқарағайда дүниеге келген. Шоқан жастайынан білімге құштар болып, өз бетімен сауатын ашады. Ол он екі жасында Омбы қаласындағы кадет корпусына оқуға қабылданады. 1858-59 жылдары Шоқан сол кездегі көпшілік үшін <<жабулы, жұмбақ мемлекет>> саналатын Қашқарияға экспедиция құрамында іссапарда болып, ол қңір жайлы көптеген құнды тыі мәліметтер табады. Сол сапарда экспедицияның жинаған материалдары бүкіл Еуропа ғылымы үшін баға жетпес үлкен жаңалық болды. Дарынды жас ғалым, әскери офицер Ш. Уәлихановтың еңбегі жоғары бағаланып, Ресейдің сол жылдардағы астанасы Петербургқа шақырылып, ол екі жылдай (1860- 1861жж.)  және білім орталығында өндіре жемісті қызмет етті, көптеген қызықты еібектер жазды. Бұл жылдар шынында да алғыр Шоқан үшін өте пайдалы, табысты жылдар болды. Ол көптеген орыс зиялыларымен танысып, олардың біразымен сырлас пікірлес болып, жаңа достар тапты, білімі мен дүниетанымы едәуір толығып, қабілеті шыңдалып, қаламы ұшталды. Әттең солтүстіктің аса ылғалды қысы қытымыр суық, күзі мен көктемі тұманды да ызғарлы шаһардың ауа райы кең даланың мөлдір таза ауасына үйренген ш. Уәлихановтың денсаулығына керісінше әсер етіп, ол өкпе ауруына шалдығады. Ол өкініш кеудесін кернеп, дәрігерлердің кеңесімен атамекені Қазақстанға  кері қайтты. Елге келгеннен кейін Атбасар округінің аға сұлтандығына сайлауға қатысып, ағайынның алауыздығынан бұл қызметке жолы болмады. Осыдан кейін ол Омбы қаласына барып, сол жердегі заң комиссия құрамына қабылданып, қазақ даласында сотәкімшілік реформасын жүргізуге қатысады.  
     Ол жылдары Верный орыс әскерінің шекаралық бекіністерінің бірі еді. 1864 жылдың көктемінде Верный бекінісінен полковник Черняевтің басшылығымен жорыққа аттанған әскери жасақ құрамында 68 офицер, 2571 солдат және 400-ден астам жергілікті қазақтардан құралған милиция тобы, 22 зеңбірегі бар қарулы жасақ Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі елді мекендер мен қалаларды жуық арада Ресейге қосуға мақсат етті. М. Г. Черняев өзінің әскери жорығына күшпен отарлап алған сол өлкелерді ғылыми негізде түбегейлі зерттеп, географиялық картасын жасау үшін ғалымдарды шақырды. Сол ғылыми зерттеушілер құрамында талантты да білгір ғалым географ, поручик Шоқан Уәлиханов та болды. Патша үкіметі М. Черняевқа жорық алдында мүмкіндігінше Әулиеата, Шымкент, Ташкент қалаларының басқарушыларымен, <<жергілікті қазақ қырғыздармен>> өзара келісімге келіп, шу жанжалсыз, ешқандай қақтығыссыз, соғыссыз, қантөгіске бармай- ақ қосылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Ол тапсырманы орындау үшін патша үкіметі М. Черняевқа қазақ- орыс тілін жақсы меңгерген Ш. Уәлихановты пайдалануға кеңес берді.   
     1864 жылы << Түркістан жорығы>>, оның Әулиеатаға сапары бүгіндері қазақтың мақтанышына айналған, құйрықты жұлдыздай ағып өткен дарынды ғалым Шоқан Уәлиханов соңғы әскери жорығынан оралған срң одан әрі әскери қызметтен мүлдем бас тартып, Жетісу өңірінің сол кездегі беделді азаматы Тезек сұлтанның аулына кеп қоныс тепті. Осы жерде ол Тезек төренің қарындасы Айсарыға үйленеді. Бірақ, ауыр өкпе аурурынан айыға алмаған Шоқанның денсаулығы нашарлап, ол сол дертінің асқынуынан 1865 жылы сәуір айының төртінші жұлдызында Алтынемел қңіріндегі Көшентоған мекенінде (қазіргі Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Алтынемелге таяу елді мекен) 30 жасында көз жұмады да, сол жерге жерленеді. Ғалымның зираты басына Түркістан генерал губернаторы К. П. Кауфманның тапсыруымен мрамор тастан биік ескерткіш орнатылды.   
    Қырғыз халхының байырғы замандарынан елес беретін ғажайып мұрасы <<Манас>> жырымен Ш. Уәлиханов Қарқарадан Ыстықкөлге беттеген жолдағы Сантас асуы маңында қоналқаға тоқтаған 1856 жылғы мамырдың 26-сы күні алғаш рет танысу мүмкіндігіне ие болды.  Боранбай манап арнайы аттандырған Назар жомоқшы жасы отыздар шамасындағы жігіт ағасы екен. Шоқан оны қуана қарсы алды. Экспедиция қатарына қосылғаннан бастап, өзіне арнайы бөлінген киіз үйге дастарқан жайғызып, қымызы мен дәмін ұсынып, әуелі манасшының бабын жасатқызды. Сәлден кейін <<Манасты>> бастап та кетті...   
     <<Манас дастанына айрықша тоқтап, бұл асыл мұраның халықтық сипатына назар аударады. Оны орасан  жоғары бағалап, <<үлкен бір энциклопедия>> деп қарайды. <<Иллиадамен>> салыстырады. Зерттеуші осы <<Манасты>> жыршылар аузынан жазып та алған. Жырдың варианты соңғы кезге дейін белгісіз болып келген еді.1965 жылы бұл жырдың Шоқан жазып алған нұсқасын ғалым Ә. Марғұлан тауып, табыс етті.  
    Шоқанның қырғыз әдебиетін зерттеген еңбектері өз алдына толық талдауды керек етеді. Ғалымның <<Манас>> дастанын зерттеген еңбегінің өзі орасан маңызды. М. О. Әуезов Шоқанның бұл саладағы еңбектерін жалғастырып, <<Манасты>> жете зерттеген арнайы еңбек жазып қалдырды. Мұны М.Әуезовтің <<Әр жылдар ойлары>> атты кітабынан да оқуға болады. 
    Шоқанның әдебиет тарихы туралы пікірлері де маңызды. Бұл саладағы еңбектері оның әдебиет туралы түсінігі терең қабілетті зерттеуші болғанын таныта алады. Шоқан әдебиет теориясының да кейбір мәселелерімен шұғылданған. Қазақтың поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттеген, қазақтың өлең құрылысымен орыс ғалымдарын таныстырған. Қазақ өлеңдерін Шоқан жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең деп беске бөлген. Қайсысы ескі түр, қайсысы жаңарақ, олардың қайсысын кімдер айтады, міне осы жағына талдау береді. Ол қазақ өлеңдері құрылысының силлабикалық жүйеге жататындығын аңғармай, жыршылардың өлең айтқанда қобыз қосып айтуына қарап қазақ өлеңінің құрылысын басқаша түсінген. 
     <<Қазақ поэзиясы өмір шындығын көрсетуі жағынан, қоғамның ұғымын қарым қатынасын көрсетуі жағынан өте қызғылықты>>, деп жазған Шоқан. Қазақ ауыз әдебиетінің жіктері мен түрлерін, оның құрылыстарын, шешендік сөздерін, айтушылары мен сақтаушыларын Шоқан біраз қарастырған. Қазақтың кейбір 
ақындары: Сыпыра, Асан, Бұқар, Шал ақындар туралы пікірлер айтқан.
 Шоқанның әдебиет зерттеу еңбектері өзінің осындай ғылымдық жоғары маңызымен және бұқаршылдығымен құнды. Ол әдебиеттің қоғамдық мәнін, халықтық қасиетін, реалистік сипаттарын қастерлеуді талап етті. Оның ғылыми еңбектері әдебиет мәселесін кең қамтыды. <<Ұлы жүз қазақтарының ескі сөздері>>, <<Ыстықкөл саяхатының күнделік дәптері>>, <<Құлжа күнделіктері>>, тағы басқа мақала очерк хаттары әдебиетке байланысы мол шығармалар. Шоқанның бұл шығармалары оның талантты әдебиетші ғалым екенін толық танытады.  
     <<...Шоқан Уәлихановтай ерекше қабілетті адам бұратана деп аталатын басқа халықтардың ешқайсысынан бұрын соңды шыққан емес>> , деп жазған.  
     Қазақтың алдыңғы қатарлы адамдары да оны ерте таныды. 1870-1882 жылдары Ташкент қаласында шығып тұрған <<Түркістан уәлаятының>> бетінде Шоқан туралы мақалалар басылып, онда Шоқан Уәлихановтың өлімі, жерленуі, қабірі туралы мәліметтер жарияланды. Газеттің енді бір санында Қашқарға саяхат туралы мақала берілді.   
   <<Дала уәлаяты>> газетінде де Шоқан туралы мақалалар басылып тұрды. Онда Шоқанның туғанына 60 жыл толғалы отырғаны хабарланады. Өмірбаяны және еңбектері туралы түсініктер беріледі.   
    Шоқан қазақтың тұңғыш ағартушысы, елін ілгерішіл мәдениетке үндеген адал ниетті азамат. Тамаша ғалымның еңбектері ұлттық мәдениетіміздің алтын қорына қосылған зор үлес деп танылады. Шоқан творчествосын толық танытуда Ә. Марғұлан еңбегі ерекше аталады. Шоқан шығармаларын баспаға даярлау үстіндегі іздену нәтижесінің өзі орасан. Сондай ақ, жазушы С. Мұқанов та ғалым творчествосын зер сала зерттеп, соны еңбектер жазды. Мысалы, оның <<Жарқын жұлдыздар>> монографиясы Шоқан мен Абай творчествосы туралы зерттеу. Жазушы қаламынан туған <<Шоқан>> пьесасы мен <<Аққан жұлдыз>> трилогиясы тамаша ғалымның көркем образын жасап, оның есімін кейінгі ұрпаққа паш еткен туындылар болып отыр.  
       Шоқан жан жақты ғалым. Ол этнограф, географ, экономист. Сондықтан бұл саладағы ғалымдар да Шоқан туралы бағалы еңбектер жазып жүр. Бұл зерттеулердің бәрі Шоқан қалдырған мұралардың маңызы орасан зор екенін дәлелдейді. Әсіресе, ол әдебиет ғалымы мен публицистиканың дамуы үшін ерекше еңбек еткен адам. Орыс тілінде жазылса да, Шоқанның күнделіктері мен очерктері қазақ публицистикасы тарихынан елеулі орын алуға тиіс.  
    <<Нағыз, шын әділдігін айтқанда, Уәлихановты үздік адам деп айтуға болады. Уәлиханов өз еліне шын берілгендігін, оны терең сүйетіндігін, батыстың мәдениетін жоғары бағалады және өз халқының қызықты келешегі тек қана Россияның қамқорлығымен болатындығын күні бұрын болжай білді>>, деп жазды орыстың Географиялық қоғамы Шоқан өмірі мен еңбектері туралы хабарында. Г. Н. Потанин, Н. М. Ядринцев, И. Н Березин естеліктер мен мақалалар жариялады.  

ДӘРІС 7
Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин 
Тірек сөздер:  әңгіме, ағартушы,педагог,тілмаш, білім ,бай мен кедей, адамгершілік,еңбек,балалар әдебиеті,этнография,хрестоматия,оқулық
Жоспар: 

Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері.
Ыбырайдың әңгімелері.
Көркем прозаның алғашқы негіздері. Балалар психологиясына лайықты көркемдік ұстаным.
Өмір шындығы және көркемдік қабылдау. Классикалық әдебиет дәстүрінің ұлағаты.

                       Ыбырай Алтынсарин
                                  (1841-1889)
Ыбырай Алтынсарин  -  бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның  өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған  көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық,   педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі  мен зор талантын, жан-жақты  терең білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып,  оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған.
Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды.
Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.
Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған.
Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы  -  оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы. Балғожа бұл ойын Орынборда оқып жүрген жасөспірім Ыбырайға жолдаған өлең-хатында былайша білдірген:
 Үміт еткен көзімнің нұры  -  балам, 
Жаныңа жәрдем берсін Хақ тағалам. 
Атаң мұнда анаңмен есен-аман, 
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.               
Атаңды сағындым деп асығарсың, 
Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың. 
Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің, 
Қолыңа құрық алып кетер едің. 
Тентіреп екі ауылдың арасында
 Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?!
 Әлгі мектеп ақыры 1850 жылы ашылады да, оған қабылданған отыз қазақ баласының бірі  -  тоғыз жасар Ыбырай болады. Ыбырай мектепте сабақты ынта қойып оқиды, 1857 жылы оқуын "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қалада оқып, қазақ даласына беймәлім жаңалықтардан хабардар болып, ой-өрісі кеңейген зерделі бозбаланың екі жылдай елде болуы  --  қазақ қоғамының жағдайын тереңірек түсініп, жаңаша сезінуіне, өзіндік ойға келуіне мүмкіндік береді.
1859 жылы Ыбырай Алтынсарин атасының жақсы танысы, сыйлас кісісі  --  Орынбордағы Шекаралық комиссияның төрағасы, шығыстанушы белгілі ғалым, профессор В.В.Григорьевпен жақын танысады. Ол Ыбырайға қамқорлықпен қарап, оған өзінің бай кітапханасын еркін пайдалануына жағдай жасайды. Ыбырай Григорьевтің кітапханасынан орыс жазушыларының шығармаларын, орыс және дүние жүзі ағартушы-педагогтерінің еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайындағы кітаптарды алып, бас алмай оқыған. Мерзімдік басылымдарды оқып тұрған.
Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай өзінің алдына тілмаш болуды емес, туған халқына пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді мақсат етіп қояды. Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы өз үйінде оқытады.
Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім",  -  деп жазады, ол белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.
Ыбырай мәдениет пен білім жолына халқының өте ынталы екенін жақсы ұғады. Бұл оны жігерлендіре түседі. "Қазақтар мені құшағын жая қарсы алды. Мектепке балаларын беруге ынталы адамдар толып жатыр",  -  деп жазады ол бір хатында. Ыбырай Н.И.Ильминскийге жазған әлгі хатында тағы да былай дейді: "Қазақ даласын үш жылдай аралаған Сіздің қазақ халқы ұғымтал, ақылды, дарынды, бірақ оқымаған халық дейтініңізге мен сенемін. Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз". Туған халқы туралы мұндай ой Ыбырайдың демократтық көзқарасына негіз болды және оны сеніммен жұмыс істеуге шабыттандырды. Сонымен бірге Ыбырай ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздікті де көре білді. Әкімдердің зорлықшыл сорақы қылықтарын сынға алды. Олардан қарапайым халықты корғады.
"Қызмет бабында мен қазақтармен жиі-жиі ұстасып қаламын,  --  деп жазды ол 1864 жылы Ильминскийге, олардың ішінде менің өз туысқандарым да бар. Олардың сырын жақсы білемін, көбін тіпті жек көремін, қазақ арасындағы қызмет адамдарын да көңілім тіпті сүймейді. Олар кедей қазақтарды  --  қарсылық көрсете алмай, қаскырдың аузында жем болатын қорғансыз момындарды  --  адамшылықтың шегінен шыға, арсыздықпен тонайды, талайды. Соларды көргенде... өте қатты күйінемін... Осы елдің күшті жемқорларының бірі өздерінің істеп жүрген істерін менің жақтырмайтынымды біліп қалды... Сондықтан ол мені бұл арадан қуып жіберудің амалын істеп жүр".
Ыбырайдың ағартушылық, демократтық көзқарастары осылайша қалыптасып, дамыды. Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін, ол ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды.
1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды.
1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол еуропалық үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды.
Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы  -  оның ағартушылық аса зор еңбегі.
Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды.
Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Оқу-тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. Бұл ретте ол мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалады. "Халық мектептері үшін ең керектісі  -  мұғалім,  -  деп жазды ол. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды".
Ыбырай туған халқын ерекше сүйді, оның болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халық ағарту ісін айрықша шабытпен жүргізді. 1883 жылы Торғай облысының әскери губернаторына жолдаған баяндамасында ол: "Қазақтарға  -  осы дарынды, ақыл-есі мол халыққа  -  кешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру  --  қалай дегенмен де аса қажет болып отыр",  -  деп жазды.
Осы жолда Ыбырай көп қиыншылықтар да кездестірді. Ел ішіндегі ескішілдік, парақорлық пен өсек-аяң оның жанын күйзелтті. "Заман осылай болған соң, амалын тауып, мүмкіндігі бар жерде қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы күресе беру керек" деп санады.
Мәдениетті де талантты педагог-жазушы әрі мінезге бай, адамгершілік, жолдастық қасиеті мол Ыбырай орыс зиялыларының арасында мейлінше беделді, сыйлы болған.
Оқулық жасау жолында оқулыққа Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді. Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды... қазақтың өз тілінде... басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Бұл кітапты кұрастырғанда мен,  -  деп жазды. Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде,  -  біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім". "Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді.
"Қазақ хрестоматиясы" арқылы жеткен Ыбырайдың бүкіл әдеби мұрасы оның көркем шығарма жазуды ағартушылық идеясына бағындырғанын айқын көрсетеді. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, оны жақсы, үлгілі істерге үйрететін күшті құрал деп ұқты.             
Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған.
"Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады:
Оқысаңдар, балалар, 
Шамнан шырақ жағылар. 
Тілегенің алдыңнан 
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық! 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық!
Өлеңнің әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын айта отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады. 
Мал, дәулеттің байлығы  -  
Бір жұтасаң, жоқ болар. 
Оқымыстың байлығы -  
Күннен күнге көп болар, 
Еш жұтамақ жоқ болар.               
Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық  -  білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді.
Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы  -  қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып, жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
...Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай.
Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны "тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын" елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі  -  жастар деп ұқты.
Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды.
"Өнер  -  жігіт көркі" деп,
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды!  - 
деп, жеткіншек ұрпаққа сенім артады.
Бұл өлеңдердегі: жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді. Сондықтан Ыбырай өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп, салыстырулар жасайды. Бұл өлеңдердің көп тіркестері бүгінде мақал-мәтелге айналып кетті.
Ыбырайдың "Өзен", "Жаз" деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер Ыбырайға дейінгі қазақ поэзиясында кездеспейді. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистік әдебиетінің үлгісі болатын. Ыбырай өлеңдері  -  туған ел табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі қадамы. Екі өлеңінде де Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, адамдардың тіршілігімен байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой-сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді.
Таулардан өзен ағып сарқыраған, 
Айнадай сәуле беріп жарқыраған. 
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта, 
Аралап тау мен тасты арқыраған. 
Көңілің суын ішсең, ашылады, 
Денеңде бар дертіңді қашырады. 
Өксіген оттай жанып жануарлар , 
Өзеннен рақат тауып, басылады.
Ақын тау өзенін нақты әрі әсерлі суреттеген. Бүкіл тіршіліктің "өзеннен рақат тауып" жатқанын нақты сипаттау оқырман көңіліне жағымды сезім ұялатады.
"Жаз" өлеңінде көктемгі табиғаттың келісті суреттері бар. "Ұшпақтың күн сәулесі жерге түсіп", "Аспаннан рақымменен күн төнгенде", "Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша, жайқалып шыға келер жердің гүлі", "Кеш болса, күн қонады таудан асып, шапаққа қызыл алтын нұрын шашып", т.б. суреттер мен бейнелі сөздер Ыбырайдың табиғат көріністерін сезінуінің тереңдігін, суреткерлігін көрсетеді. Ақын бар тіршілікті көктем күнінің мейірімді шағымен байланыста бейнелейді. Қырдағы жаз көріністеріне сүйсіну, мал бакқан елдің қыстан қысылып шығып, жазда тынысының кеңуі, қуаныш-шаттығы көңілді әсерге бөлейді.
Бір малы шаруаның екеу болып, 
Қыстаудан ауыл көшер алуан-алуан. 
Күлісіп, құшақтасар, әзіл етер, 
Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған. 
Жүгіріп киік, құлан тау мен қырда, 
Қуанып ықыласпен келген жылға...
Алыстан мұнарланған сағымдары
Шақырып, тұрар күліп: "Кел,  -  деп,  -  мұнда..." Бұл өлеңдер арқылы Ыбырай қазақтың жазба әдебиетінде табиғат лирикасын бастады. Оны кейін Абай әлемдік поэзияның биік деңгейіне жеткізді:
Еңбекті сүю және қадірлеу  -  Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді.
"Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. "Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа",  -  дейді.
"Атымтай жомарт" әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ болса да, Атымтай ылғи жұмыс істейді. "Күн сайын өз бейнетіммен, тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады",  -  дейді ол.
"Әке мен бала" әңгімесінде мынадай бір жай сөз болады.
"Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған бір ескі тағаны көріп, баласына айтты: "Анау тағаны, балам, ала жүр",  -  деп. Бала әкесіне: "Сынып қалған ескі тағаны не қылайын",  -  деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі кайырылып, тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып: "Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың",  --  деді.
Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, аз жұмысты қиынсынып, бойкүйездікке салынушылық өмірде аз кездеспейді. Бұл  -  жақсы әдет емес. Сондықтан балалардың бойкүйез, жалқау болмауына, еңбекқор болуына Ыбырай ерекше мән берген.
"Бай баласы мен жарлы баласы" атты әңгімесінде Ыбырай еңбекке деген коғамдық, таптық көзкарасты бейнелейді. Көшкен елдің жұртында қалған екі баланың бір тәулік ішінде басынан кешкендерін суреттеу аркылы сол балалардың өмір тануы, тіршілікке икемділігі жайлы мәселеге әлеуметтік мән береді.
Жазушының шығармаға жасы құрбы екі баланы алып, оларды бай мен кедейдің өкілі етіп суреттеуінің сыры да оның идеясынан айқын көрінеді. Жарлы баласы Үсен  -  тұрмыстың ауыртпалығын көре жүріп, ысылған еңбек адамы. Ауылдары көшіп кетіп, жұртта қалған екі баланың далада тамақ тауып жеуіне, ауылдың калай қарай көшкенін аңғаруына, түнде далада түнегенде ит-құстан сақтануына Үсеннің тапқырлығы мен еңбекқұмарлығы себеп болады. Ал бай баласы Асан  -  өмір үшін күресудің жолын білмейтін, шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жан. Кісі еңбегімен күн көріп, бейқам болып өскен бай баласының басына күн туғандағы дәрменсіздігін суреттеу арқылы жазушы келешек Үсендер жағында екенін аңғартады. Сөйтіп, жастарға өмірден еш нәрсе үйренбей, жалқау болып өскен бай баласындай болмай, қиыншылыққа төзімді, өнерге бейім, еңбек сүйгіш жарлы баласы Үсендей болып өсуді уағыздады. 
"Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. "Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен кисық біткен"?  -  деп сұрады баласы. "Ата-анаңның тілін алсаң, ана ағаштай сен түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай болып, бағусыз өсерсің. Мынау ағаш  -  бағусыз өз қалпымен ескен",  -  деді атасы. "Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой",  -  деді баласы. "Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің",  -  деді.
Ыбырай "Бақша ағаштары" атты әңгімесінде осылай деп жазды. Яғни тәрбиенің үлкен рөл атқаратынын көрсеткен.
Соның бірі  -  талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы алға баспаған болар еді. "Талапты ерге нұр жауар" деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған. Жастық шақ  -  жігер-қайраттың мол кезі, бойдағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығарып қалатын кез, ол үшін талап керек. Талаптан да, өмірден керегіңді ал.
"Талаптың пайдасы" деген әңгімесінде Ыбырай сол идеяны көтереді.
I Петр патша шіркеуге барып ғибадат етіп тұрғанда, арт жақта бір баланың сурет салып тұрғанын көріп, қасына келіп, не салып жатқанын сұрағанда бала: "Сіздің суретіңізді салып жатырмын!"  -  дейді. Петр суретті көрсе, мәз еш нәрсесі жоқ екен. Бірақ ақылды Петр патша ол баланың суретке талабы бар екенің аңғарып, сурет салатын оқуға бергізеді. Кейін сол бала үлкен суретші болады.
Жазушының бұл арадағы көздегені - жас баланың талабын, сол талаптың арқасында неге қолы жеткенін көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына жететіндігін дәлелдеу.
Мейірімділік баланың отбасына деген махаббатынан басталады. Әркім алдымен өз ата-анасын, туғандарын жақсы көреді, сыйлайды. Ыбырай ата-ана мен бала арасындағы осындай жылы қарым-қатынасқа ерекше мән береді. "Мейірімді бала" әңгімесінде 13 жасар қыздың әкесінің орнына, өз қолын кесуді сұрағанын жазады. Қыз: "Тақсыр, жұмыс істеп, бала-шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз",  -  дейді.
Жазушы "Аурудан аяған күштірек" деген әңгімесінде аяғы сынған Сейіт деген бала, ауруы қанша батса да, анасын қиналтпау үшін қабақ шытпағандығы айтылады. "Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көріп, әжем де қиналып, жыламасын деп жатырмын",  -  дейді ол.
Алғашқы әңгімедегі қыз да, соңғы әңгімедегі Сейіт те шын мәніндегі мейірімді қылықтарымен ерекшеленеді, мұның негізінде жалпы адамды сүйетін жақсы сезімдер жатыр. Олар біртіндеп жетіліп, Отан сүю, ел сүю сезімдеріне ұласатыны даусыз.
ДӘРІС № 8 
Тақырыбы: Абай Құнанбайұлының шығармашылық өмірбаяны. Ақылбай Абайұлы,Мағауия Абайұлы шығармашылықтары.Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев
Мақсаты: Абайдың шығармаларына тоқталу.Балаларының шығармашылықтарының көркемдігі мен тереңдігіне  үңілу.
Тірек сөздер: Күз, жастық, махаббат, білім бай мен кедей, адамгершілік
Жоспар: 
* өмірлері туралы мәлімет.
* Абайдың заман, өмір, табиғат, ғылым,өнер жайлы толғаныстары.
* Абайдың поэмалары
* Абайдың қара сөздері.
* Ақылбайдың,Мағауияның поэмалары
Абай 1845  жылы тамыз айында Абай ауданында Шыңғыстауда туған.Абай ауыл молдасынан оқып,кейін Ахмет -Риза медресесінде білім алады.
   Абай өмірдің сан қырына қалам сілтеген ақын.Бай мен кедей арасындағы теңсіздікті "Күз" "Қараша мен желтоқсан сол бір екі ай" деген өлеңдерінде қазақ кедейлері мен байларының өмірін салыстыра келіп, кедейлердің аянышты халін суреттейді.
Кедейдің өзі жүрер малын бағып
Отыруға отын жоқ үзбей жағып
Тоңған иін жылытып тонын илеп
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып
Махаббат, әйел теңдігі тақырыбы Абай өлеңдерінде кең камтылып, жалпы адамгершілік идеясымен қабысып келеді.Ол қазақ қыздарының теңсіздікке езіліп сүйгеніне қосыла алмай келген ауыр халін көрді.Абай үйлену ерлі зайыпты болу ісіне немқұрайлы қарауға,мал беріп алғанның бәрі жар болып, дос өмір сүре алады мыс деген ескі түсініктерге қарсы шықты:
Кәрі жас дәурені өткен тату емес
Епке көнер ет жүрек сату емес
Кімде кім үлкен болса екі мүшел
Мал беріп алғанымен қатын емес
дейді. 
  Абай шығармашылығынан орын алар тақырып ағартушылық білім жайлы.Абай оқыған білімді жастардың мақсаты айқын болу керек, ол халқы үшін еңбек етерлік азамат болсын деп талап қояды."Я тілмаш, я адвокат болсам деген бәрінде ой ", деп бас қамынан аспайтын тар мақсаттың мұрат бола алмайтынын айтып ел үшін оқитын жаста түбегейлі мақсат болуы керек деп ескертіп, жастардың алдына дана адамдарды үлгі етеді.Абай поэмалары "Ескендір" "Масғұт және Әзім әңгімесі".Абай поэмаларында әлеуметтік , адамгершілік идеяларын көрсетеді.
Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең
Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең  
дейді.Мұндай адамның көзі, нәпсісі тек топырақтан ғана тояды деп Абай соғысқұмар патшаға көз сүйегін тартып Аристотельдің ұтымды сөзімен аяқтайды.Абайдың "Масғұт" поэмасы жаңа идеяға құрылған.Ақын өз поэмасының негізгі кейіпкері Масғұтты адамгершілік үшін күрескер етіп көрсетеді.Абай поэмаларының ерекшеліктері ақынның өзіндік түр іздеу жолындағы сол кездегі әдебиеттегі тосын жаналығы деуге болады.
  Әлеуметтік идеясы мен композициялық тұтастығы жағынан Ақылбайдың "Дағыстаны" мен Мағауияның "Медғат Қасымы " жаңа туындылары.
Абай қара сөздері әдеби жаңа түр, алғаш көрінген проза.Ақынның тереңнен толғаған озық ойларының шынайы туындысы.Кейбір тарихи не философиялық пікірлерін жеткізе айту үшін поэзиядан гөрі қарасөздің мүмкіншілігі мол сияқты көрінді.Абай дүние, табиғат, дін, өмір туралы ойлары ретінде трактат формасында эсселер жазған.Абай өз қоғамының маңызды мәселерін толғап сын айта білген алысты болжай білген ойшыл дана.
       Абай Құнанбаев қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл ойы мен мәдениетін, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері,  өз ұлтының реалистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы қазақ поэзиясын кезінің ең озық деңгейіне көтеріліп, қоғамдық дамудың шындығын бейнелеп дұрыс қорытынды шығара білген ақын.Ол халқының болашағы үшін аянбай қызмет етті, оны мәдениет нұрына үндеді.Белгілі тарихи кезеңнің алға қойған сұрақтарына жауап беріп, ел көшін зор мақсатқа меңзеді.Қазақстанның Россияға қосылуының тарихи маңызын түсініп өз халқы үшін оның ізгі әсерінен мол үміт күтті.
   Абай өзі айтқандай соқтықпалы , соқпақсыз жерде өсті, үстем тап билеген ауыр заманда өмір сүрді.Сол қоғамның езілген халыққа істеп отырған тағылық, айуандық қылмыстарын көзімен көрді.Ол халық игілігін болашақ қамын көздеді.Ел дертіне ем болар түскен еңсесіне дем болар қуат оқу, өнер деп тың жол ұсынды.
  Ақын өзінің жастық шағы мен ер жеткен кезін, кездескен соқтықпаларын, етек басты кедергілерін:
Жасымда албырт өстім ойдан жырақ
Айлаға ашуға да жақтым жырақ
Ерте ояндым, ойландым жете алмадыа
Етек басты көп көрдім елден бірақ 
Ой кіргелі тимеді ерік өзіме
Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме
Өзі ермей ерік бермей жұрт қор етті
Сен есірке тыныш ұйықтат бақ сөзіме
деп түйді.Абай қазақ халқын қараңғылықтан алып шығатын жол тек мәдениет деп білді.Абай мәдениеттің маңызын оның қоғам өмірінен алатын орнын дұрыс түсінді.Ол өлеңге жеңіл желпі қарап, байларды мақтап тілін безеп мал үшін сатылып өнердің қадірін кетіріп жүрген ақынсымақтарды қатты сынға алды:
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап
Мақалдап айтады екен сөз қостап
Ақындары ақылсыз надан келіп
Көк жерді өлең қыпты жоқтан қармап
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап
әр елден өлеңменен қайыр сұрап 
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап
Абай өлеңдері еңбек сүйгіштікке тәрбиелейтін зор идеялы шығармалар.Абай дүниеде өмір сүру, оны білу де тану да бәрі еңбекпен келетінін түсіндірді.Адам өмірі үшін де ол еңбектің шешуші роль атқаратынын еңбексіз өмірдің адамды аздыратынын ескертті.
Тамағы тоқтық
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын
Абайдың көптеген өлеңі ақынның өз еліне халқына деген сүйіспеншілігін бейнеледі,Абай қазақ қызының шынайы бейнесін жасады.Абайдың қаламынан туған қыз бейнесі Пушкин жырлаған орыс қызы да Гете суреттеген неміс қызыда емес,ақының өзі көрсеткендей қазақтың ақ жарқын, үяң жүзді ай бейнелі піскен алма секілді сұлуындай суреттейді.
 Махаббатты өте жоғары бағалай ақын ғашық болу тек жа сезіммен сүйгендік емес адамшылық пен шын көңілдің тоғысқандығы деп суреттейді.Ол жастардың сүйген жарына деген нағыз адал көңілдерін ашып жыр ете білді.Жүрекпен сыйласқан сырласқан екі жастың кездесуі олардың арасындағы іштей бірін бірі ұғынулары шебер бейнеленеді.
Аядап ақырын 
Жүрекпен алысып
Сыбдырын,тықырын
Көңілмен танысып
Иығы тиісіп
Төмендеп көздері
Үндемей сүйісіп
Мас болып өздері
Бірін бірі шынайы ынтық екі ғашықтың кездесу суреттері, жүректерімен алысқан сырлары үнсіз ұғыну, құмарлық құштарлық.Абай прозасы ішінде ғақлия, нақыл сөздер де ғылыми мақалалар ойшылық трактат өткір сын мысқыл ретінде келетін сатиралық әңгіме адамгершілік өсиеттерде публистикалық насихат түрлері де шешендік әңгіме кеңестері де бар.Тек көлемді проза жазбаған.
* Өсиет ғақлия.Бұған Абайдың адамгершілік мораль мінез туралы мысал жөнімен келетін өсиет мазмұнды эссе ретіндегі сөздері және діни ғибадат ретінде жазған біраз дидактикалары жатады.Олар "Он үшінші" "Жиырмасыншы" "Жиырма сегізінші" "өтыз сегізінші" сөздері деуге болады.
* Тастих немесе философиялық трактат.Бұған Абайдың философиялық ойларын дүниеге көзқарастарын білдіретін, ғылыми пікірлер айтқан эсселері жатады.Мысалы: "Жетінші сөз" "Он жетінші сөз" "Қырық бесінші сөз".
* Нақыл тұспал сөз Абайдың өлеңдерінде қарасөздерінде тауып айтқан тұжырымды афоризм.Мысалы: Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық 
Абай музыкалық шығарма жазған композитор.Оның бізге жеткен әсем әндері бар.Ақынның музыка саласындағы өнерін А.Жұбанов өзінің "Замана бұлбұлдарында " кең талдап танытқан болатын.Қазір Абайды екі күйі де табылып отыр: "Май " "Тор жорға" күйлері.
 Абайтану қазір өз алдына бөлек бір ғылым болып қалыптасты.Бұл ғылымды негіздеуде аса көрнекті ғалымымыз М.О.Әуезовтің еңбегін ерекше атап көрсету қажет.Ол  қазақтың классик ақыны Абайдың көркем образдарын жасаумен қатар терең ғылыми зерттеу жұмысын да жүргізіп, абайтану ғылымының негізін салды.Ақын шығармаларын жинап зерттеп оның танылуына үлес қосты.Абай өз елінің мәдениетіне өнеріне үлес қосқан ұлы дана ойшыл.Абай бұқарашыл ой сананың жемісі.Абай шығармаларында қазақ тіліне тән белгілер сақталған. 

ДӘРІС 9
 
Тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
Дәріс жоспары:
1. ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай
2. Оқу-ағарту мәселесі. Қазақ баспасөзінің дамуы
3. Әдеби жанрлардың дамуы
4. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиетіне көзқарас
Тірек сөздер: идеология,отарлау саясаты, көтеріліс, оқу-ағарту, баспасөз,шыншыл лирика, проза, роман, драматургия, аударма, көсемсөз, әдеби сын
Мақсаты: ХХ ғасыр басындағы тарихи жағдайға шолу, оқу-ағарту жайы мен баспасөз ісінің дамуын, жанрлардың дамуын түсіндіру.
Дәрістің жалпы мазмұны
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті дамуының күрделі сипаты. Тарихи өзгерістерге сай идеологияның қалыптасуы. Заманның жаңғыруына сай қалыптасқан бұрынғы көзқарастар мен тұжырымдарға жаңаша тұрғыдан қарау.
Бұл кезеңдегі қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік жағдайы және ұлттық мәдениеттің даму бағыттары. Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас. Орыс патшасының отарлау саясатының орныға түсуі. Ресейдегі 1905 жылғы оқиғалардың Қазақстандағы дүмпуі. 1916 жылғы оқиғалар. Наразылықтың халықтық қозғалысқа ұласуы. Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы көтерілістердің ұлт санасын оятудағы маңызы.
Қазақстан оқу-ағарту ісінің жедел өрістеуі. Қазақ мектептері мен оның түрлері. Ескі үлгідегі мектептер. Өмір талаптарына жауап беру дәрежесі. Ауылдық мектептердің пайда болуы. Жаңа сипаттағы оқу жүйесі. Жәдитше оқытудың артықшылықтары.
Қазақстанда баспасөз ісінің қанат жаюы. Газет-журналдар санының көбеюі. Қазақ баспасөзінің тарихы туралы мәлімет. <<Айқап>> журналы, <<Қазақ>> газеті. Кітап шығару ісінің жандануы.
Ауыз әдебиеті үлгілерінің жиналып, кітап болып шығуы. Шығыс хисса-дастандарының көптеп аударылып, кітап болып шығуы.
Әдебиеттің дамуы. ХХ ғасыр басындағы саяси, әлеуметтік өзгерістер, мәдени жаңарулардың ұлттық әдебиетке тікелей қозғау салуы. Қазақ әдебиетінің тақырыптық, жанрлық, көркемдік жағынан өркендеуі. Поэзияда жалаң насихаттық сарынның азайып, Абай үлгісіндегі шыншыл лириканың орнығуы. Лирика тілінің өткір сипат алуы, тақырып ауқымының кеңейюі, әлеуметтік мәселелерді қозғаудағы батылдығы. өмір құбылыстарын шынайы бейнелейтін оқиғалы, күрделі шығармалардың пайда болуы.
Проза жанрының өркендеуі. Тұңғыш қазақ романының дүниеге келуі. Күрделі проза үлгісінде жазылған алғашқы романдардың тақырыптық бағыттары. Оларда дәуір мәселелерінің көтерілгені. Шағын проза үлгісіндегі шығармалардың жазылғаны. М.Дулатов, С.Көбеев, Т.Жомартбаев, Ш.Құдайбердіұлының т.б. жазушылардың қазақ прозасын өркендетужолында ерекше еңбек атқарғаны.
Алғашқы драматургиялық шығармалардың дүниеге келуі. /Б.Серкебаев <<Бақсы>>, <<Ғазиза>>, 1912; К.Төгісов <<Надандық құрбаны>>, 1915; Б.Майлин <<Шаншар молда>>, 1916; Ж.Аймауытов <<Рабиға>>, <<Мансапқорлар>>, <<Қанапия-Шарбану>>, 1916-1917; М.Әуезов <<Еңлік-Кебек>>, 1917/.
Аударма жанрының өрістеуі. Заман талабынан туған рухани қажеттілікті түсіне отырып, қазақ қаламгерлерінің өзге елдер әдебиетінің озық үлгілерін қазақ оқырмандарына жеткізуі. Абай, Ыбырай дәстүрлерінің жалғасуы.
Көсемсөз дамуының жайы. Көсемсөз жанрының қуатты күшке айналуы. Қазақ баспасөзінде тарихи кезең тақырыбы көтерген ойлы да батыл мақалалардың көптеп жариялануы. А.Байтұрсынұлының, М.Дулатұлының, Шәкәрімнің, Сұлтанмахмұттың, М.Сералыұлының, Ә.Бөкейханұлының мақалалары. Бұл еңбектердің дәуір мәселелерін көтерудегі, халықтын санасын оятудағы және ұлттық көсемсөз өнерін дамытудағы маңызының айырықша екендігі.
Әдеби сынның ілгерлеуіндегі Шоқан, Ыбырай, Абай дәстүрінің жалғасуы. Бұл кезеңнің толғақты мәселелерін қозғалған көркем әдебиет пен әдеби сынның өзара байланыста дамуы. Проблемалық сыңдардың көріне бастау. <<Айқапта>> басылған С.Торайғырұлы, М.Сералыұлының, С.Сейфулиннің, <<Қазақ>> газетіндегі А.Байтұрсының, М.Дулатұлының әдебиет туралы сың еңбектері.
Олардың қаламгер машығы, көркем шығармаларының табиғаты туралы тұжырымдар жазылғаны. Сын жанрында әдебиеттің көркемдік, эстетикалық мәселелерін көтеруге талпыну. Кейбір сын әдебиеттерінде сыңаржақ идеологияға, таптық көзқарасқа бой ұрушылық. Сынның жалпы деңгейі туралы мәлімет. Алғашқы қадамға тән ерекшелік.
Әдебиет мәселелері, жекелеген қаламгерлердің шығармашылығы, Абайдың әдеби мұрасы, халықтың ауыз әдебиеті жөнінде ойлы мақалалардың жарық көруі. 
20-ғасыр басындағы қазақ әдебиеті 
Дәрістің мақсаты:  20- ғасыр басындағы қазақ әдебиеті жайлы түсінік қалыптастырып, осы ғасырдың көрнекті ақын- жазушыларыментолық таныстыру
Тірек  сөздер: Тарихи, шындық,отаршылдық, әлеуметтік  теңсіздік,  әйел теңсіздігі,байлардың озбырлығы,тарихи  жағдай,  алашорда,   және  т.б.
                                Дәрістің  жоспары:
* 20- ғасырдағы тарихи оқиғалар 
* 20- ғасыр оқиғаларының әдебиетпен ұштастығы 
* 20- ғасыр басындағы көрнекті ақын- жазушылар
* Ақын -жазушылардың  тарихта қалдырған іздері 

           Қазақ әдебиеті тарихындағы өзіндік ерекшелігі басым тұстардың бірі- 20 ғасыр басындағы он бес  -  жиырма жыл. Бұл кезең шиеленісті қоғамдық  -  саяси оқиғаларға толы болды да, мәдени- рухани дүниеде күрделі де шешуші құбылыстарды тудырды. 19 ғасырдың соңына қарай қалыптасып , өзіндік даму сатысына көтерілген ағартушылық, демократтық бағыттағы әдебиет қайраткерлеріне енді жаңа 20 ғасырдың табалдырығында туындаған қазақ халқының ұлттық- әлеуметтік сан алуан мәселелеріне араласып, сан- салалы ұлттық маңызы зор тақырыптарды қозғауына тура келді. 
          Бұл кезде қазақ жері тұтастай Ресей империясының отаршылдығына өтіп болған еді. Ресей билігіне біржолата түскен қазақ елінің көкейкесті тарихи мәселелерін саяси жолмен, Ресей Думасына қатысу, Ресейде  білім алған қазақ зиялыларының қайраткерлігі арқылы жүзеге асыруға талап жасау көзқарасы байқалып келе жатты. Бірақ бұл шын мәнінде суға кеткен тал қармайдының  керіндей әлжуаз , келешегі көмескі әрекеттер болатын.Ресей ықпалына біржолата көшкеннен кейін, ол мемлекеттің ішкі- сыртқы шиеленісті жағдайларының барлығы Қазақ еліне тікелей әсер етті. Бірінші орыс революциясы , Бірінші дүние жүзілік соғыс, патша самодержавиесі мен большевиктер партиясының арасындағы текетірес  тудырған ахуал, қазақ жеріне орыс переселендерінің бұрынғыдан да көптеп келуінің үдей түсуі, түрлі қуатты саяси ағымдар мен партиялардың қазақ жеріне де дендеп ене бастауы қазақ қауымының тіршілігін ширек ғасырдан астам  уақыт  бойы аласапыранға түсірді. Бұл кезең  сипатын І.Жансүгіров  <<Абайдың ата заманы>> деп атай отырып, қазақ елінің қоғам құрылысына , шаруа түріне сырттан өзгеріс кіре бастаған кез деп бағалады. Ол өзгеріс- шаруашылықта базар өзгерісі де, қоғам жүйесінің ел билеу түрінде  -  орыс патшасына бодан болып, орыс тәртібімен басқарылу өзгерісі дейді. << Қырдың шаруашылығына өзгеріс кіргізе бастаған сауда капиталының базары қырды кимелеп жаумалаумен келіп кіргенін>> айтады. << Қыр қазағын жаулап алып, бодан еткен орыс патшасы елге өзінің билеу тәртібін кіргізді, өз әмірін, өз тәртібін іске асырып отыратын өз адамдарын қойды.Сонымен елдің төбесі де , төресі де өзгерді>>  дей келе, І.Жансүгіров  енді қазақтың бұрынғы ақсүйектері , ханзадалары , ру жуандары патша өкіметінің елдегі тірегі болып, көмек, қолдауды орыстардан алып тұрғанын сипаттайды.Елдің билігіне , өз үстемдігіне таласқандар орысқа арқа сүйенетін әдет шыққандығын ,  енді ру ағалары , ақсүйектер патшашылданып, орыс әкімдеріне айналғандығын жазады. Бұл да қазақ қауымының ортасындағы қайшылықты күшейте түс кен өзгеріс еді. 
          Осы кезеңдегі әдебиеттің даму зыңдылықтарының басты сипаттарын профессор Б.Кенжебаев өткен ғасырдың алпысыншы , тоқсаныншы жылдарда жарық көрген  еңбектерінде мүмкіндігінше толымды көрсетіп берді. <<19- ғасырдың  ортасынан бастап Қазақстанда да капитализм дәурен сүрді>> деп түйіндеген ғалым 20- ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік  жағдайдың алғышарттарын мынадай деректермен байланыстырады. <<1904 жылғы орыс  -  жапон соғысы , Ресейдегі 1905-1907 жылдардығы буржуазиялық- демократиялық төңкеріс , 1914-1918 жылдардығы бірінші империалистік соғыс , қазақ халқының 1916 жылғы ұлт- азаттық көтерілісі , 1917 жылғы ақпандағы буржуазиялық- демократиялық төңкеріс , сол жылғы Қазан  төңкерісі  -  осының бәрі Ресейде империализм өркендеуінің нәтижесі еді.
     Сөз жоқ, бұл экономикалық зор өзгерістер , саяси күрес, көтерілістер , сұрапыл соғыстар , төңкерістер өз кезеңдерінде қазақ арасындағы оқу- ағарту жұмыстарына , қазақ тілінде шыққан кітап, журнал, газеттердің мазмұнына , ақын- жазушылардың көзқарастарына , қазақ әдебиетінің бағытына үлкен әсер етті>>. 20- ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің үрдісін сол тұстағы қазақ қауымының саяси  -  әлеуметтік ахуалынан  бөліп қарау мүмкін емес. Әдеби шығармалардың көркемдік- идеялық табиғатын, жанрлық түрлену ерекшеліктеріне дейінгі ішкі құбылыстарын тек қоғамдағы қарым- қатынастар мен сол мазасыз дәуірдегі дүниетаным аясында ғана парықтауға болады. Ал бұл кезең қазақ қауымы үшін аса күрделі тарихи белес еді.
      Нақ осы белесте алашшылардың көкейкесті мүддесі бой көрсетіп, біртіндеп қозғалыс қатарын түзеп, Алашорда қайраткерлері ықпалды әлеуетті күшке айнала бастады. Большевиктер партиясының да қазақ жеріне тамыр жайып, белсенді күшке ие болуы қарама- қайшылықты үдете түсті. Сөйтіп екі ғасырға жуық мерзімді қамтыған Қазақстанның Ресейге қосылуының ұзақ процесі аяқталып, Ресейде қанат жайған империализмнің темір құрсауы дала өміріне шеңгелін еркін салды. Капиталистік қарым- қатынас, сауда  -  саттық , өндірістік баю мүддесі , соған  сүйенген қатыгез отарлаушылық саясатының күллі зардаптары шарықтау шегіне жетті. Шортанбай , Дулат болжап жырлайтын зар заман елесі шын көрініске айналды. <<Ақша>> деген мал шықты . <<Қазақ жері дархан бай өлке екені танылып, жыртқыштық түрде пйдалану, талан- таражға салу, тегін пайда оңай олжа табу аймағына айнала бастады.Кен байлықтары бар жерлерде тұрпайы концессиялар ашылды, пайдакүнемдер ағылып келіп жатты, шұрайлы жерлер тартылып алынды, жергілікті бай- феодалдар мен патша өкіметінің әкімдері елді бұлтартпай басқару , тонау, езгілеу , ұлттық ой- сана мен мәдениеттің дамуына мүмкіндік бермеу істерін жүргізу жүйесін нығайта түсті>>. 
       Абай шығармаларын хатқа түсіру қолға алынды . Абайдың әдеби хатшысы (Мұрсейіт)  Бікеұлы 1905 жылы ақын өлеңдері мен қарасөздерін араб әліпбиімен көшіріп шықты. Бес жылдың ішінде ұлы ақын шығармаларының үш қолжазбасы  (1905, 1907, 1910) түзілді. 
      Алаштың ардақты ардагерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсыновтар қазақтың бас ақынының мұрасы жөніндегі терең танымдық шығармаларын жариялатты. 19- ғасырдың соңында қазақ әдебиетінің бұрын- соңды болмаған асқар биігіне көтерілген Абай дәстүрі, реалистік көркемдік таным дүниесі осыдан кейінгі ұлттық сөз өнерінің мұратын , мақсатын, бітім- пішінін біржолата айқындап, бекітіп кетті.Абайдан соңғы қазақ әдебиеті реалистік сипатын тапты, жаңа бағытта өріс кеңейтті. 20- ғасырдың алғашқы он- жиырма жылындағы қазақ әдебиетінде Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов , Міржақып Дулатов шығармалары жоталаныпкөзге түседі. Міржақыптың <<Оян, қазақ!>> кітабы <<Қалың елім , қазағым>> деп тебіренген, іші қанжылай еміренген Абайдың өзекжарды мұңының жалғасы сынды , ұлт жігерін одан әрі қарай қайрау іспетті шықты. Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев,  Мұхаметжан Сералин, Бернияз Күлеев, Спандияр Көбеев сынды тұлғалы таланттардың ақындық шабытты шақтары мен қоғамдық қайраткерлігінің белсенді күндері осы кезеңге тұспа- тұс келеді.
       20- ғасырдың басындағы қазақ ортасындағы ұлттық әдебиет тынысы қандай еді? Нақ осы тұста жазба әдебиеттің білікті де білімді, дүниетанымы кең өрісті , әлемдік әдебиеттің үздік үлгілерімен жақсы таныс , өз елінің өткені мен болашағы жайлы заман ағымында толғанған ақындармен жазушылардың қуатты толқыны, кесек дарынды суреткерлердің шоғыры бой көрсетті. Сол толқынның бел ортасында  Шәкәрім , Міржақып, Мағжан , Ахмет , Жүсіпбектер тұрды. Осы аса әлеуетті толқынның шығармалары арқылы қазақтың ұлттық әдебиетінің жаңа кезеңі замана сөзін айтты. Қазақ өлеңінің мазмұны да, өрнегі мен рухы да жаңа толғаммен шыға бастады. << Оян , қазақ!>> сол ұлттық поэзияның жаңа күнінің бөрілі байрағындай жұрт көңілін аударды да тұрды. 
Бірлік жоқ алты ауызды халықпыз ғой,
Қатардан сол себепті қалыппыз ғой!- 
деп , Абай сөздеріне  үн қосып , Абай күңіренісіне жауап іздегендей болады. <<Ғылым мен мағрифатты керек қылмай>> , <<надандық шәрбатына>> қанған түнектен шығудың жолын іздейді. Салбөкселікті қой, жата бермей <<Оян!>> дейді.Міржақып Ресей бодандығына кірген жылдарды, қазақ жерінің  жат қолына өтіп болған жылын атап көрсетеді. Айтылуға , халық жадында қалуға тиісті даталар мен деректерді ақын  осылай да жұрт есіне салғандай екен.  Абайдың қоғамдық- философиялық күңіреністі ойларынан кейінгі леп,  жігерлі қадам осы еді. Қазақ қауымының бар болмысын , үмітті күндері мен күйікті түндерінен кейінгі ақын << Оян, қазақ!>> демеске болмайтын- ды. Абайдың рухани суреткерлік мектебінен дәріс алып шыққан ақындар қазақ қамын осылай толғана ойлаған- ды. 
Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов есігін ашқан дана Абайдың реалистік  суреткерлік дәстүрі жоталанып көрінді, абайтанудың тұғырлы іргетасы қаланды. 
20- ғасыр басындағы қазақ романы көркемдік жүйесінде әлеуметтік мазмұнның алатын орны үлкен. Мысалы, әйел теңдігі тақырыбындағы шығармалардың  бәрі негізгі мәселе ретінде махабатты емес, қазақ қоғамы алдында тұрған келелі әлеуметтік проблемаларды алады.Замана лебін сезіп, жаңалыққа ұмтылған жастарға қарсы тұрған күштер мен түрлі әлеуметтік  топтар әрекетін жан- жақты суреттейді. Осы ғасырдағы қаламгерлер шығармаларында әлеуметтік тақырыптар мен идеялар көркемдік  -  идеялық ізденістерінің негізін құрайды. 
20- ғасырда тарихи сана түлеп , жаңғырықты. Алаш тұлғаларының қоғамдық сананы біржолата жаңа белеске көтеріп кетуі әдебиеттің түбегейлі мүдделерін айқындап бергендей еді.Жаңа қаламгерлер, жаңа қоғам , ел қайраткерлері шықты. Саяси күрестің маңызы артты. Сонымен бірге, қоғамдық қарым- қатынастардың жеделдеуі, баспагерлік істің қанат жаюы, әдебиеттегі әртүрлі көркемдік- жанрлық терең түлеулер эстетикалық танымның жаңашылдығына бастады. Осы тұста прозаның кесек жанрлары, аударма , драматургия тосын жаңалық болумен бірге жедел даму үрдісін  танытты.
                 Дәрісті  бекіту  сұрақтары:
1.20- ғасыр басындағы қазақ елінің жағдайы
2.20- ғасыр басындағы ақын- жазушылар 
3.20- ғасыр басындағы ақын- жазушылардың көтерген тақырыптары 
4.20- ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері

                                     Тапсырма:
 1.20- ғасыр басындағы қазақ әдебиеті туралы тың деректер қарастыру
 2.Осы ғасырдың ақындарының өлеңдерінен үзінді жатқа айту
  3. 20- ғасырда көтерілген мәселелер жайлы жазушылардың туындыларын оқу

                             Әдебиеттер:
1.<<Бес ғасыр жырлайды>>1989 1-том, 
2.  <<Қазақ әдебиетінің тарихы>> ҚР-ның Президенті бастамасымен шығарылған. А-2006
3.Әуезов.М  Әдебиет тарихы А-91
4.Әбдиманұлы XXғ қазақ әдебиеті   А-67
5. Мағауин М      Ғасырлар бедері    А-91 
6 .Мәдібай К     Зар заман ағымы    А-97
7. Исмаилов Е      Ақындар   А-56
8. XXғ қазақ поэзиясы    А-1985
9. XXғ қазақ ақындары   А-1988
10.   Әуезов М. Әдебиет тарихы.  -  Алматы, 1991.


Нұржан Наушабайұлы (1859-1919).
Мақсаты: Нұржан Наушабайұлы шығармашылығымен танысу,оқу
Тірек сөздер:жақсылық,жамандық,Назым,жұмбақ айтыс,
Шығармашылық өмірбаян. Өзі өмір сүрген заман жайындағы, жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділсіздік, байлық пен кедейлік жөніндегі жазуы. Жастарға бағыт бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойларының айқындығы. Өлеңдерінде ел ішіндегі келеңсіздіктерді сынау. <<Заман азды>> деген ой білдіруі. Бірқатар <<Назымдарының>> көркемдік деңгейінің биіктігі. Араб, парсы, шағатай тілдерінің әсерінде жазылуы. Үш кітап шығарғаны. Сапарғалимен жұмбақ айтысының мәні мен ерекшеліктері. Жаңа ұғымдарды пайдаланғаны. Ауыз әдебиеті дәстүрін ұстағаны. Адамның жаратылуы, қазақтың шығу жайындағы пікірлер. Жалпы өмір құбылыстарына деген көзқарас, түсінігіндегі ерекшеліктері. Тақырыбы: Шәді Жәңгірұлы (1865-1933).
Мақсаты: Шәді Жәңгірұлы  шығармашылығымен танысу,оқу
Тірек сөздер:дастан,ағартушы,діни аңыз,еңбек
Шығармашылық өмірбаяны. Шығыс әдебиетінен мол хабардар болғаны. 18 дастан жазғаны. Халықты ояту, білім беру мәселелерін көтеруі. Имандылық, ағартушылық идеяда бірқатар шығармалар жазғандығы. Діни аңыздарды мол пайдалануы. Ресей тарихынан жазғаны. Бейнелеу құралдарының молдығы. Еңбек ету тақырыбына <<Атымтай жомарт>> жазылған туындылары.
                             Әдебиеттер
1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет.  - А. 1976
2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы.  -  Алматы: Қазақ университеті, 2002.  -  430 бет. 
3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.
4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.
5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар.  -  Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.
6.Қалижанұлы У.Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым (ХІХ ғ 2-жартысы мен ХХ ғ басы)А-1999,256 б

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Шығармашылық өмірбаяны
2.Шәдінің 18 дастаны ,Ресей тарихынан жазғаны туралы
3. <<Атымтай жомарт>> туындысы
 Тақырыбы: Мақыш Қалтайұлы (1868-1916).
Мақсаты: Мақыш Қалтайұлы шығармашылығымен танысу,оқу
Тірек сөздер:діни,теңсіздік,адамгершілік,мысал жанры,көсемсөз
Шығармашылық өмірбаяны. Діни білімдарлығы. Қоғам құбылыстарына қатысты көзқарастың күрделілігі. Дегенмен заман талабына лайық пікір айта білгендігі. Айналадаға өзгерістердің мәнін дұрыс пайымдалуы. Әлеумет ортасындағы теңсіздік, кемшіліктерді сынауы. Бала оқыту, халыққа білім беру, оқудың пайдасы туралы пікірлер. Өлеңдерінде адамгершілік пен имандылықты насихаттап отыруы.
Мысал жанрында еңбек еткендігі. Белгілі сюжеттерді пайдалана отырып, өзіндік түйіні бар мысалдар жазғаны. Көсемсөз саласында заман тақырыбына мақалалар жазғаны. Жазған дүниелерін жинақтап 1907-1913 жылдар аралығында сегіз кітап бастырғаны.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Шығармашылық өмірбаяны
2. Бала оқыту, халыққа білім беру, оқудың пайдасы туралы пікірлері
3. Көсемсөз саласында заман тақырыбына мақалалары,жинақтары
                             Әдебиеттер
1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет.  - А. 1976
2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы.  -  Алматы: Қазақ университеті, 2002.  -  430 бет. 
3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.
4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.
5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар.  -  Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.
6.Қалижанұлы У.Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым (ХІХ ғ 2-жартысы мен ХХ ғ басы)А-1999,256 б

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Шығармашылық өмірбаяны
2. Жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділсіздік, байлық пен кедейлік жөніндегі жазуы,үш кітап шығаруы
3. << Назымдарының>> көркемдік деңгейінің биіктігі.
4. Сапарғалимен жұмбақ айтысының мәні мен ерекшеліктері
                             Әдебиеттер
1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет.  - А. 1976

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай
2. Оқу-ағарту мәселесі. Қазақ баспасөзінің дамуы
3. Әдеби жанрлардың дамуы
4. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиетіне көзқарас

                             Әдебиеттер
1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет.  - А. 1976
2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы.  -  Алматы: Қазақ университеті, 2002.  -  430 бет. 
3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.
4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.
5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар.  -  Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.
6. С.Қирабаев  <<Октябрь және қазақ әдебиеті>>Алматы, <<Жазушы>>,1968жыл,99-бет.
7. Т.Әбдірахманов <<Жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ әдебиеті Октябрь алдындағы кезең,Алматы,1983-7-20
№10 Дәріс.
Тақырыбы: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858-1931).
 Дәрістің мақсаты:  Мәшһүр Жүсіптің өмір жолы мен шығармашылымен танысып, зерделеу. Оның қазақ әдебиеті тарихындағы орны
Тірек сөздер: Хал  -  ахуал, Баянауыл, фольклор, дін, помагайтшы, Жантемір, айтыс, низам Шығыс әдебиеті,мақала, жинақ,сатира,халық ауыз әдебиеті,ағартущылық сарын,жаңару идеялары,қолжазба
			Дәрістің жоспары:
* Адам Жүсіптен  -  Мәшһүр Жүсіпке дейін
* Шығармашылық ғұмырнамасы: Ақын өлең  -  толғауларындағы қоғамдық  -  әлеуметтік өмір тудырған заманның зәру шындығы
* Мәшһүрдің мысалдары мен дастандары
* Мәшһүр шығармашылығының зерттелуі


Шығармашылық өмірбаяны. Білімдар, парасатты адам болғандығы. Мәшһүр атануының себебі. Шығыс әдебиетіне жетіктігі. Қазақ тұрмысының жайына қанықтығы. Қазақ даласын, сырт жерлерді көп аралағаны. Заман мәселелері тақырыбына түрлі мақалалар жазып, <<Дала уәлаятының газетінде>>, <<Қазақ>> газетінде жариялауы. Қазақтың тұрмыс тіршілігі, шаруашылығы, ел ішіндегі оқу-ағарту ісі жайындағы ой-пікірінің мәнділігі. Қоғамдағы өзгерістерге сергек қарауы. Патшаның 1905 жылғы манифесіне қатысты ойлары. <<Хал-ахуал>>, <<Тіршілікте көп жасағандықтан көрген тамашамыз>>, <<Сараыарқаның кімдікі екендігі>> жинақтарының жарық көруі. Оларда заман шындығының бейнелеуі. <<Сарыарқаның кімдікі екендікі>> жинағының ұлт болашағы және отаршылдық саясатқа қарсы пікірлердің батылдығы. Патша өкіметінің тиым салуы. Сатиралық үлгідегі <<Шайтанның саудасы>> өлеңі. Қоғам тазалығы, адамдар санасының жаңаруы идеяларының көтерілуі. Өлеңдеріндегі ағартушылық сарын. Әлуметтік теңсіздік, байлық пен кедейлік жөніндегі ойларының оқшаулығы. Сыншылдық сипатының күштілігі.
Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаудағы еңбегі. Ол жинаған. Мұралардың молдығы әрі сан-салалығы. <<Қара мес>> атты қолжазба мұрасының сақталуы және оның мәні. 
      Адам Жүсіптен  -  Мәшһүр Жүсіпке дейін
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858  -  1931жж.)  -  қазақ әдебиеті тарихындағы  ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ,өлең өнерінде өзіндік  өрнегін сала білген өз дәуірінің көрнекті ақыны. 
Әкесі Көпейдің 42 жасында, анасы Ұлбаланың 18 жасында қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы Найзатас деген жерде 1858 жылда, қазақша жыл аты <<қой>>, арабша ай аты <<ережеп>>  деген айда, жұма күні дүниеге келген.Азан шақырып қойған аты  -  Адам Жүсіп. Кейіннен 9 жасында қисса  -  дастандарды айтып, ел аузына түскен кезде, жиын жасап отырған М. Шорманұлы Адам Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі таққызып: <<Өз заманында халқына мәшһүр болатын бала екен>> - деп, лепес қылуымен Мәшһүр Жүсіп атанып кеткен. Бұл жайында өзі:
	Бес жаста бісміллә айтып жаздам хатты
	Бұл дүние келді маған жастай қатты.
	Сегізден тоғызға аяқ басқан күнде
	Мұса еді  қосақтаған <<Мәшһүр>> атты.  -  деп
<<Өмірбаян>>  атты өлеңінде келтіреді. 
 1861 жылы 3 жасқа толғанда әкесі Көпейдің малы <<ақ сирақ>> шығып,  <<адамға мал жолдас болмасғ ғылым жолдас>> деп  түйеді де, Адам Жүсіпті оқуға береді. Баянауыл медресесінде Хамар қазіреттен сауат ашып, 1872  -  1874 жылдары Бұхарадағы  <<Көкілташ>> медресесінде ортағасырлық араб, парсы, шағатай тілдерін еркін меңгерген. Осыдан кейін 16 жасынан бастап ұстаздық жолға түседі. Балаларға діни сабақ берумен бірге оларды халықтың ауыз  әдебиетіне, музыка өнеріне, қолөнерін үйренуге бейімдеп, тәбиелейді.
Ғылым мен өнерді өз өнерпаздығының туы етіп көтерген Мәшһүрге ақындық өнер қашан қонғандығын оның өлеңдері арқылы білеміз. 
		... Кеудеге он бес жаста ғылым толды
		   Толысымен тасып кетіп өлең қонды. 

20  -  25 жас аралығында Сарыарқаны аралап, Жетісуды көреді. Бұхара, Ташкент, Түркістанға барып білімін жетілдірген. Бұл жайында Дихан Әбілев: << <<Дала уәлләяты>> газетінде басылған 1905 жылғы <<Қанды жексенбі>>, <<Сарыарқа кімдікі>> толғауына байланысты патша жандармдары Мәшһүрді тұтқындап, соттатып жібермек болғанда Мәшһүр еріксіз 4  -  5 жыл бойы Орта Азияда қашып жүрген.>>  - деп көрсетеді.	
		Шығармашылық ғұмырнамасы
Көзі тірісінде шыққан 3 еңбегі бар:
* <<Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз>>
* <<Хал - ахуал>>
* <<Сарыарқаның кімдікі екендігі>>
Бұл 3 еңбекте 1907 жылы бірінен соң бірі Қазан қаласындағы Құсайыновтардың баспасында жарық көрді. Алғашқысында замана шындығын суреттеп, қоғамдық өмірді әлеуметтік шындық тұрғысынан көрсетті. <<Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі>>, <<Ақ қағаз, қалам, сия келет бізге>>, <<Ырыссыз  жоқ  нәрсеге ерінеді>>  деген өлеңдерінде тарихи оқиғалар, өнердің адам өміріндегі орнын баса танытты. <<Хал  -  ахуал>> жинағында ел ішіндегі жағдай кеңінен айтыла отырып, қайшылықтар ащы сыналды. Өлеңдерінде ел  -  жұртты аямай сорып отырған билер мен әкімдер, озбыр байлардың келісімсіз кейпін естен кетпестей шебер суреттеді. Соңғы жинағында Ұлт мүддесін көтерді.Халықты оянуға, оқып жетілуге, мәдениетті болуға шақырды. Түркі тектес халықтардың бірлігін  жақтады. Ақиқаттың астарын ақтарам деп, елдің пысықтарына жақпағанын да айтты:
		<<Кейде мен көп сөйледім аузым бақпай,
		Бетімді жіберген соң ешкім қақпай.
		Туысқа тура жолды айтамын деп
		Жалғанда жалғыз қалдым жанға жақпай.>>
Өлеңдеріне өзек болған тақырыптар: дін жайы, халықтардың тұрмыс  жағдайы, ұлт, жер мәселесі, білім, ғылым, еркіндік, азатшылдық, патшалық, саясаттың қилы қитұрқы әрекеттерін сынау, жалпы адамзаттық  ой  -  толғамдар. 
	Мәшһүр Жүсіп Көпеев негізінен діни ағартушы ақын. Шығармаларындағы басты желі діни тақырыптан өрбіп жатады. Дін  -  Мәшһүр поэзиясының тұғыры, сол арқылы азатшылдық ойын білдіре отырып, бірліке, білімге, ғылымға үндеп, адамгершілікті насихаттау арқылы қоғамдық маңызы бар ой айтқан. Бірде:
		<<Асқынды боп жара  -  жауырларым
Тіпті жоқ жазулы істі ауырларым.
Бірлік қыл, басыңды қос, пайдаңды ойда,
Қазағым қайран халқым, бауырым.>>
десе, енді бірде:
		Дін үшін жан кесетін ерлер болсын, 
		Қызбайтын  көрінсе де жерік асы. 
		Алдында алтын жапса алмайтұғын
		Жан  -  жағын қу болмасын жалмайтұғын.
		... Алланың ақ жолымен жүретұғын,
		Ерік Аллада екенін білетұғын 
		Қызылшыл, жемтікшілді жібермеңдер,
		Ит сықылды жетекке еретұғын.  - 
деп, <<Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесінде>> атты өлеңінде еркіндікке көшбасшы ұғымдарын алға тартып, еркіндік пен әділдік үстемдік еткен жолбасшы  іздеп, бейнесін сомдайды. Бұл  өлеңнің лирикасының негізгі желісісі  -  рухани оянуға шақыру. Отаршылдық езгіні бедерлі суреттеп, рухани оянудың серпіліске, оның сілкініске жеткізерін баса айтады. 17 қазандағы манифес, соңғы Дума сайлауы және сайлаудан кейінгі қудалау мәселесін айқын ашып айтады:
		Қараңыз бұлбұлдардың сайрасына,
		Бұлақтай тастан аққан қайнасына. 
		Баста зат, орында азат, торымда азат,
		Еркімен жүрсе әрдайым пайдасына...
		Халық қылып атандырды бізді қазақ
		Еркелі көп жұрт емес бізде қазақ.
		Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз  -  
		Барасың көрінгенге болып мазақ.
	Мшһүр Жүсіптің үлкен бір тақырыптық саласы  -  өнер, білім, ғылым мәселесі. Ел өміріндегі білім  -  ғылымның алар орнын, тигізер пайдасын ақынның <<Қалмады ойлай  -  ойлай басымда ми>>  өлеңінен көре аламыз:
		Ғылым біл, жұмыс істе оған серік,
		Жарлыға мал бұл  білім  -  болар көрік.
		Ғылым, білім, өнерсіз, қадірсізді,
		Өлік біл, оны жан деп білме тірік.
Оның көптеген өлеңдері философиялық толғанысқа толы. Онда тршіліетің реттеуші иесі бар екендігіне ой жіберу сарыны басым. Сондай бір өлеңінде:
		Аузымнан қайтармаймын келген сөзді,
		Сөйлесін деп қойыпты тәңірім бізді.
дейді. 
	 		Мәшһүрдің мысалдары мен дастандары
	Мәшһүрдің шығармаларындағы келесі бір топ шоқтығы биік  -  мысалдары. Мысалдарында жоғарыда аталған идеялар жалғасып, сабақтастық табады. <<Жарты нан хикаясы>>  атты өлеңінде жолаушының жылтырап жатқан сандықты ашып, ішіндегі көздің жауын алған затқа қол салғанда, ол әуелі жыланға, сосын айдаһарға айналады. Әрі қарай оған отыс кісі, соңыра бес кісі жолығып, көмек көрсетуге дәрменсіздік танытады. 
		<<Кеттім ғой су түбіне>>  - деп тұрған кезде,
		Селтеңдеп, бір жартыадам шыға келді. 
деп 30 адамның  қолынан келмеген істі ақылмен шешкенін шебер суреттейді.
		Жамандық алтындай боп түсер көзге,
		Қызықты нәрсе жоқ боп онан өзге.
		...Жамандық қайлан туар, тілден туар,
		Әркімде ақыл болса тілін буар.
		Шығарсаң бір жаман сөз сен аузыңнан 
		Артыңнан айдаһар боп сені қуар.
Сондай  -  ақ ғибратқа толы мысал өлеңлерінің қатарынан <<Мәшһүр Жүсіптің тырнамен айтысы>>, <<Мәшһүр Жүсіптің ала қарғамен айтысы>>, <<Аңқау адам туралы>>, <<Сәйгелді, сона, бөгелек туралы>>, <<Шайтанның саудасы>> т.б.
	<<Гүлшат - Шеризат>> - ақынның шығыстық сюжетке жазылған іргелі туындыларының бірі. Шығыстық сюжетке құрылғанымен, мұнда ауыз әдебиетінің үлгілері көптеп кездеседі. Парахзат түсі Алпамыс батыр жырындағы Тайшық түсімен, Гүлшат бейнесін беруде қазақ қыздарының бейнесі ұштасады.Соғыс суретіндегі батырлық жырлардың елесі, қыз бен жігіттің бірін  -  бірі көріп ұнатуы қазақ жырларына біршама жақындатады.
Ақынның артында қалдырған мұрасы тек өлең  -  жырдан ғана тұрмайды.Өз қолымен жазып қалдырған мұрасы зерттеушілердің айтуына қарағанда 30 томдай.Онда қазақ халқының салт  -  дәстүрі мен тарихы, өнері мен әдет  -  ғұрпына байланысты материалдар ұшан  -  теңіз. 

Бекіту сұрақтары:
* Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы дін тақырыбы жайлы
* Көзі тірісінде шыққан еңбектері жөнінде не білесің?
* Фольклор танушы ретіндегі қазақ әдебиеті тарихындағы орны
* Жалпы қазіргі Мәшһүртану қай деңгейде?


Тапсырмалар:
* Дихан Әбілевтің Мәшһүртануға қосқан үлесі
* Мәшһүрдің көріпкелдігі туралы
* Абаймен үндестігі

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ХІХ ғасыр әдебиеті "Ана тілі>>,1992 6-том
2.<<Бес ғасыр жырлайды>>1989 1-том, 
3.Х.Сүйіншәлиев XIXғ әдебиеті А-1992
4..Қоңыратбаев.Ә  Қазақ әдебиетінің тарихы. А-1994
5.Әуезов.М  Әдебиет тарихы А-91
6. Жұмалиев Қ   XVIII-XIXғ қазақ әдебиеті   А-67
7. XVIII-XIX ғ қазақ  ақын-жазушыларының шығармалары       А-62
8. Мағауин М      Ғасырлар бедері    А-91 
9 .Мәдібай К     Зар заман ағымы    А-97
10. Исмаилов Е      Ақындар   А-56
11. XIXғ қазақ поэзиясы    А-1985
12. XIXғ қазақ ақындары   А-1988
13.   Омаров Б  Зар заман поэзиясы     А-2000ж
14.   Әуезов М. Әдебиет тарихы.  -  Алматы, 1991.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Шығармашылық өмірбаяны .Мәшһүр атануының себебі
2. Заман мәселелері тақырыбына түрлі мақалалар жазып, <<Дала уәлаятының газетінде>>, <<Қазақ>> газетінде жариялауы
3. Оқу-ағарту ісі жайындағы ой-пікірінің мәнділігі. Патшаның 1905 жылғы манифесіне қатысты ойлары. <<Хал-ахуал>>, <<Тіршілікте көп жасағандықтан көрген тамашамыз>>, <<Сараыарқаның кімдікі екендігі>> жинақтарының жарық көруі.
4. Сатиралық үлгідегі <<Шайтанның саудасы>> өлеңі.
                             Әдебиеттер
1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет.  - А. 1976
2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы.  -  Алматы: Қазақ университеті, 2002.  -  430 бет. 
3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.
4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.
5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар.  -  Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.
6. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3том. Павлодар қ.: "ЭКО" ҒӨФ, 2003.    
№11 Дәріс.
Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931).
Дәрістің мақсаты:Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы  мен өмірбаяны туралы  мағлұмат   беру,  Шәкәрім  өлеңдері  мен  дастандарына толықтай ақпарат беріу.
 Тірек сөздер: Абай тәрбиесі,реалистік әдебиет,шет елдер әдебиеті,әлем әдебиеті,шежіре, Мекке,философия,лирика,поэма,көркем проза,аударма
 Шығармашылық өмірбаяны. Абай аулында туып, Абайдың тікелей тәрбиесінде болуы. Азамат ретінде, ақын ретінде қалыптасуына ұлы ақынның әсер еткені. Абайдың реалистік әдебиет дәстүрін ілгері апарғандығы. Оны өзіндік өрнек-бояулармен байытқаны. өз бетімен біліп жинап, Батыс пен Шығыс тілдерін меңгергендігі, шет елдер әдебиеті мен ғылымынан мол хабардар болғандығы. Әлемдік әдебиеттің көрнекті өкілдерімен Л.Толстой хат алысып, шығармашылық байланыста болуы. Меккеге бару сапары. Абайдың ақыл-кеңесімен қазақ шежіресін жинауы. Дүние жүзі ғылымдарының әр дәуірде айтылған ой-пікірлерін сараптап пайымдалуы, өз көзқарасын білдіріп отыруы. Орта жастан асқан шағында оңаша тіршілікке бой ұруы. Философиялық толғаныстарға ден қоюы. 1917 жылғы төңкерістерден кейінгі кезеңде заман тақырыбына қалам тербеуі.
Лирика жанрында зор еңбек еткені.реалистік лириканы дамытудағы үлесі. Шыңдықты жырлауда қуатты шабыт танытуы. Адам бойындағы ұсақ-түйек міндеттерден бастап, қоғам қайшылықтарына дейін сынға алуы <<Сәнқойлар>>, <<Еріншек>>, <<Қазақтын жаманы болмас>>, т.б.  Шәкәрім өлеңдеріндегі ағартушылық идеяның қуаттылығы.
Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы. Ел басынан ертеректе өткен оқиғалар желісімен реалистік дастандар жазылуы. <<Қалқаман-Мамыр>> поэмасы. Шығармадағы тарихи фон.
<<Еңлік-Кебек>> дастаны. Екі жастың трагедиялық тағдыры. <<Қалқаман-Мамырдағы>> тарихи фонның жалғасуы.
<<Нартайлақ-Айсұлу>> дастанның тақырыбы. Шығарма табиғатына кемшілік. Шәкәрім шеберлігінің анық байқалатыны.
<<Әділ-Мария>> романы Шәкәрімнің көркем проза саласындағы ең күрделі шығармасы екендігі.
Көркем прозаның үлгісінде жазылған <<Шын бақтың айнасы>>, <<Бәйшешек бақшасы>>, <<Мәнді сөздер>> атты шығармалары. Олардың қысқа әңгіме, толғаныс түрінде жазылған. Өмірлік тәжірибеден түйген философиялық тұжырымдардың молдылығы.
Аударма саласындағы еңбегі. Батыс, Шығыс классикасына үңілуі. Өз халқына ол әдебиеттердің асыл туындыларын таныстырып отыруы. <<Ләйлә-Мәжнүн>> дастанын аударуы. Оның таза аудармадан гөрі нәзира үлгісінде туған төл шығармаға жақындығы. А.С.Пушкиннің <<Дубровский>>, <<Боран>> атты шығармаларын аударудағы ақын қолтаңбасының ерекшеліктері. Аударма мен түпнұсқа оқиғаларының арасында айырманың жоқтығы. Қазақ оқырманының ұғымына лайықтап, кейбір адам есімдері мен жер аттарының өзгерткені. Шәкәрімнің бұлардан өзге Л.Толстой әңгімелерін, Хафиздің сұлу жырларын, американ жазушысы Бичер Стоунның <<Том ағайдың балағаны>> романын аударуы.
Тарихшы, философ ретінде <<Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі>>, <<Мұсылмандық, шарты>>, <<Үш анық>> атты еңбектер жазуы.


                                Дәрістің  жоспары:
* Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны.
* Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары.
* Шәкәрім шығармаларының тағылымдық, тәрбиелік мәні.
* Шәкәрім әндері.
* Шәкәрім құдайбердіұлы философиялық көзқарасы.
                                       

Шәкәрім  -  қазақ әдебиетінің класигі, ұлы гуманист, кеменгер, ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі. Туған жері  қазіргі Шығыс Қазақстан облысының, Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11жұлдызында дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күңкеден туған. Абай екеуінің әкесі бір, шешелері бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді. 
Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің <<Мұтылғанның өмірі>> атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсірді: ол жөнінде ақынның өзі: <<қажы марқұм мені „жетім" деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім>> деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез есін жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытты.
Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алды, <<молда сабағынан>> басқа орысша үйренді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармоньда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер  етті . Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өсті. Ақындық өнерін де таныта бастайды.
 Шәкәрім 1905-1906 жылдары хажыға сапар жасап оралады. Бұл сапарды ол көптен ойлап жүрген мақсаттарының бірі  -  Стамбул кітапханалардағы асыл мұраларды оқуға, тарих тереңіне үңілуге пайдаланған. Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа, сан-сала құбылыс-көріністерге, дінге көзқарасында кейбір қайшылықтар, жеке үстірттіктер, түсінбеушіліктер кездескенмен, ол ешқашан дінге берілген фанатик, өмір қуаныш-рахатынан аулақ болуды уағыздаған тақуа, бәрін жоққа шығаратын нигилист, торығатын спектик, көзқараста идеалист, өмір бағытынта реакционер болған емес. Оның көптеген шығармаларының мазмұны айқындағандай, дүниеге көзқарасында Шәкәрім көбіне рационализмге, денизмге бейім. Бұл философиялық бағыт бойынша дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындаушылық, оның дәлелі  -  табиғатың, жаратылыстың келісті жарасымдылығы, жүйелі тынысы мен үнемі қозғалысы: өмірде ақиқат, шындық, білім-ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асады да дүние ісіне құдай араласпайды, адамның болмысты танып білу мен адам өзін-өзі жетілдіру мүмкіншіліктерінде шек жоқ. Қазақтың ағартушы  -  демократтары  да көбіне осы дүниетанымды, көзқарастарды жақтағаны белгілі. Шәкәрім де солардың ізінде болды.
Шәкәрім-пәлсапалық өлең-поэмаларымен елге танымал болды. Ол өленді өнер деп танып, оған биік талап, талғаммен қараған. <<Арман>>, <<Жастарға>>, <<Қазақ айнасы>>, және т.б өлеңдерінде, <<Қалқаман-Мамыр>>, <<Еңлік-кебек>>, <<Нартай лақ пен Айсулу>> поэмаларында, <<Бәйшешек бақшасы>>, <<Өзімшілдік>> сынды прозалық туындыларында адамның өмірімен, еңбегі, тағдыры, талап, тілектері терең танылады.
Ол Абай дәуірінен бастау алатын ХХ ғасырдың басында кең арнаға түсіп, дамыған демократиялық идеяларды, халықтың азаттығын ту ғып ұстап, ғылым мен техника жетістіктерін игеріп еркін дамуын ансаған қоғамдық қозғалыстың аса көрнекті өкілдерінің бірі. Шәкәрімнің гуманистік, адамгершілік идеяларын-адал еңбекті, әділеттілікті, мейірімділікті жақтауы, зорлық-зомбылықты, қиянатшылдықты әшкерелеуі прогресшіл, жаңашыл қоғамдық күштердің озат ой-санасының жарқын көрінісі болғаны және халықтың түпкі түбегейлі арман-мүделерін терең түсінуден туғаны анық. Шәкәрімнің дүниетанымы, қоғамдық ой-пікірлері, философиялық, эстетиялық көз қарастары Х1Х ғасырдың екінші жартысында негізінен қалыптасты. ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиетпен мәдениет қайраткерлері ішінде Шәкәрім ойшыл, ақын-жазушы ретінде жұртшылыққа кеңінен танылған, Абай заманына өзгелерден бір табан жақын тұрған, екі ғасыр арасын жалғастырушы ірі тұлға болды.
Шәкәрімнің қайталанбас өзіндік ақындық тұлғасын танытатын сипат-қасиеттер лирикасына тән нақыл насихатшылдық, фәлсапашылдық, поэмаларындағы дастаншылдық дәстүр, шығыс ақындарының көркемдік үлгі өрнектерін қызықтауы, орыс әдебиетінің сюжеттеріне бой ұруда, шежірешілдегі-бәрі де өз заманың тілек - талаптарына сәйкес қалыптасқан. Шәкәрімнің ақындық әлемі бай, көп қырлы, тақырыбы, жанрлық түрлері жағынан да сан алуан. Ақынның <<Еңлік-кебек>>, <<Қалкаман-Мамыр>> сияқты дастандарынан халық өмірін терең білетін, сан ғасырлық халық поэзиясының, сөз өнерінің бай дәстүрлерін, бейнелеу тәсілдерін еркін игергенін айқын аңғарсақ, фәлсапалық лирикасына өте күрделі философиялық ойларды әсерлі жеткізудегі ақындық шеберлігін, жаңашылдығын сезініп тәнті боламыз. Шәкәрімнің өлендеріне шығарған әндерінен, үздік композиторлық дарынынан да анық танылады. Бұл жағынаналғанда Шәкәрім қазақ әдебиетінде ғана емес, дүниежүзі әдебиетінде өте сирек құбылыс дей аламыз. <<Жастарға>> атты 1879 жылы жазылған өлеңінде:
 
         Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
    Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
    Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
  Бір білімді данышпан жан табалық.
Ал, енді олай болса, кімді алалық,
     Қазақта қай жақсы бар, көз саларлық.
        Шын іздесек  -  табармыз шыны ғылым!
Жалыналық Абайға, жүр, баралық.
Шәкәрім жастардың өмірлік мақсаты тұралы айта отырып, өзінің өнерпаздық бағытында айқындайды <<Қазақта қай жақсы бар сөз саларлық?>> деген сауал қойып, кім болса да үлгі аларлық <<білімді, данышпан>>, шынайы ғылым Абай дейді. Өлеңнің негізгі идеясы-жастарды Абайдың жолымен жүруге шақыру. Абайдың арман-мұратын білім, ғылым үйренуді, адал еңбек етуді, адамгершілікті, әділдікті ту етіп көтеру, надандыққа, ала ауыздыққ қарап күресу.
Шәкәрім өзіне Абайдың шыншыл сөздері қатты әсер еткенін тебірене атады. Абайдың салған ізімен жүру бірден-бір дұрыс деген шешімге келеді.
Шәкәрімнің лирикалық шығармаларының басты бір ерекшелігі ойшыл, философ болуына байланысты. Оның лирикасында көніл күйі, ішкі сезім әсерлері, махабббат тақырыбы да елеулі орын алған. Алайда, Шәкәрім лирикасында сыршылдықтан ойшылдық басым, философиялық сары күшті.Шәкәрімнің ойшылдығының, ақылдығына тән фәлсапашылдығының сыры неде десек, бұл алдымен, әрине оның ойының керемет логикалық қуаттылығынан туған. Сонымен қатар ол көп ізденіп, өте көп оқыған. Қазақтың белгілі ақын, жыршы-жыраулармен қатар арғы-бергі түрік ақындарының, шайырларының, араб, парсы, орыс және батыс ақындарының шығармаларының өте жақсы білген.
Тарих, философия, дінтану, психология, шығыстану, түріктану салаларындағы түрік тілдегі, орыс тілдегі, араб тіліндегі ғылым еңбектерді ұзақ жылдар жалықпай оқып, қыруар мағлұмат жиған, жан-жақты, энциклопедиялық білімі бар ғұлама оқымысты дана адам болған.
Шәкәрім қазақ поэмасында философиялық лириканың бұрын өріс алмаған жаңа түрлерін қалыптастырып, бұл салада үлкен жаңалық тапты. Ойшыл ақын адамның ақыл парасатына  айрықша зор мән береді.Ол адамның сезу, сезіну, дүние болмысты, өмір құбылыстарын сезім арқылы қабылдау, жерленгіштік қабілеті мен не нәрсенің болсың ішкі сырын, көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға келмейтін нәрселердін арасын ажыратып,болмыстын, дүниетану мен моральдың негізі ақыл деп санайды. Ақыл, парасатты, ақыл қандай да нәрсені, құбылысты дүрыс түсініп бағалауға, ақ-қараны айыра білуге мүмкіндік береді, сондықтан <<ақылмен сыналмаған іс бұлдырлау>> деп түсіндейді.
<<Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр>>. Деген өленінде Шәкәрім сол нұрды, ақылдың керемет күш-қуатын адам жақсы іске ғана емес, сонымен қатар күн көріс үшін, пайда үшін зұлындық пен айла жасауға да жұмсап түр дейді. Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім бар жерде ғана таза ақыл болады яғни адал ниетпен ақылға билетіп, ешкімге қиянат қылмай істелген іс адамды мұратқа жеткізеді деген ой-түйеді.
Дүниетанымның,ғылымның да негізгі тірегі - ақыл-ой, ойлау қабілетінің қуаттылығы, ой-тұжырымдарының логикалық қисындылығы деп санайды. Бар ғылымның түп атасы-таза ақыл мен ойлау.
Шәкәрім ойлау, ойлану деген ұғымға үлкен мән береді, оны өмір- болмыстын, дүниенің ғажап сырларына терең бойлау, не нәрсені болсын  ақылмен  сынап, ұғып-түсіну мағынасында алып қарайды.
Шәкәрімнің дүниенің, жаратылыстың қозғаушы күші, адам өмірінің, тіршіліктін мәні мен сыры, жан мен тән секілді мәселерді ғылыми ұғым-түсініктермен ұштастыра толғайтын философиялық өлендерді өз алдына бір тақыырыптық арна болып қлыптасты.
Акынның діншілдігі, жаратушы Аллаға сенімі оның ойшылдығымен жалғасып, дүниеге көзқарасындағы бірлік- біртұтастықты танытады.Шәкәрім дүниедегі <<сансыз кереметті кім  жаратса  - Тәнірі сол>> дейді.
Тәніріні іздеу, жаратқан Аллаға сену-ақиқатты іздеу, адалдыққа ақылмен жету деп түсінеді.
Ақынның ойшылдығың оның дүние-болмыстың терең сырларын тауып-білуге құмарлығын, мысалы, дүние қалай жаралған деген мәселеге айрықша көніл қойып, тиянақты жауап іздеп, сол арқылы <<ен түпкі жаратушы-мінсіз Ие>> деп  түйіндеуінен айқын аңғара аламыз.
<<Тау бойындағы ой>> деген өлеңінде дөнгеленген жердің күнді айналып жүретіні көзбен көру арқылы емес, ойлау, топшылау арқылы анықталған дегені айтады:
Шыққаным Шыңғыстағы бір биік тау,
Жақсы екен тауға шығып тағдыр сынау!
Қайырлы түн болсын деп үнсіз айтып,
Күн кеткен соң, түн келді қараңғылау!
 <<Ей, жастар, қалай дейсің бұл дұние ?>>   деген басқа да өлеңінде Шәкәрім дүниеде  таңғаларлық нәрсе өте көп, алайда бәрінде де заңдылық , қисын бар деген пікір айта келіп, <<себебі толымдының ісі толық>> дейді. Яғни, бұдан дүниенің кереметтігі шексіз болса, жаратушының кұдіреті де шексіз деген мағына туады:
Ей, жастар, қалай дейсің бұл дүние?
Мұны бүйтіп жаратқан қандай нәрсе?
Білімсіз мақсұтсыздан шыққан болса,
Мақсұт, білім, ой шықты мұнан неге?
  Шәкәрімнің философиялық өлендері ой терендегі, пікір соңылығымен танымдық және моральдық адамгершілік мәселелерін ұштастыра білумен оқымысты ақынның өнерпаздық тұлғасыңа сай интеллектуалдық сипат алған.
Адамдардың қоғамдық өмірдегі қарым-қатынасын, жеке адамның  мінезін, іс-әрекетін бағалағанда да Шәкәрім ақыл-ой талабын, ақыл- парасаттылықты қаңдай да іс-әрекетті ақылмен сынауды басты принцип етіп қояды. Ол әр адамның ісіне өзі сын көзімен қарап, биік талап қоя білуі, қиыншылыққа төзіп, табандылық, қажырлылық танытуы қажет екенін баса айтады.
Өмірдің өкініші аз болмайтынын айта отырып, ақыл- парасаттылық,ой тазалығы адамның уайым-қайғыға бой алдырмай, саналы қылық қылуына басшы болады деп  пайымдайды ақын.
<<Боларға ұмтыл, болмасқа қанағат қыл>>,- дей отырып, әр адам өз қабілетін дұрыс бағалай біліп, өзінің қолынан келетін істі атқаруға ұмтылуы қажет екенін, өмірдегі нақтылы жағдайды, мүмкіндікті айқын түсіне біліп, соған орай әрекет қылғанда ғана адам сәтсіздікке ұшырамайтынын мейлінше дәлелді етіп көрсетеді.Адам өзіне сыншы болып, өмірге саналы көзбен қарауға үйренсе, әр нәрсенің себеп- салдарын анық танып, біле алады, сонда ол өз ісінің сәтсіздігін өзгеден көрмей, нақтылы жағдайды дүрыс бағалап, содан өзіне сабақ алады деген үлкен ғибараттылық  мәні бар түйінді ой қорытады.
Қазақ қоғамындағы, жағдайды, әлеуметтік ортаны, әр түрлі топты өкілдерінің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін жан-жақты барлап, терең түсінген шығармаларында шынайы бейнелеп берген Шәкәрім халықты ескілік шырмауынан шығарып, өркениетке бастайтын бірден-бір өнімді сара жол өнер-білімге қол жеткізу, ғылым үйренуді керемет уағыздап, ғұлама ғалымдарды, ойшылдарды қастерлейді.
Ақын елді өнер-білім мен ғылымға жұмылдыруға кедергі болып отырған араздық, берекесіз талас-тартысты, керенаулықты сынға алады. Өнеріңді, ғылымды елге жай,<<пайдалансын өзгелер>>, <<сусағанның сусыны бол>>, өнер, білім, ғылымның жетістіктерін ел игілігіне жүмсауды талап етеді.
Өнер  -  білім, ғылым үйрену мәселесін ойшыл ақын халықтың мүддесімен, биік адамгершілік, әділеттілік, махаббат, адал еңбек ете білу, талаптылық, жігерлілік секілді қасиеттерді үлгі тұтады. Бұл қасиеттер мейірімділік, имандылық арқылы толысып, жетілетінін атап айтады.
Адамдық борышың
Халқыңа еңбек қыл,
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл.
деген  сөздері Шәкәрімнің жоғарыда келтірген пікірлерімен тікелей жалғас, солардың қорытынды-түйіні деуге лайық.
Шәкәрімнің асқан ақындық шеберлігі оның өлең өрнегін түрлендіру өнегесінен айқын байқалады. Абай <<Сегіз аяқ>>  атты өлеңінде қазақ поэзиясына тыңнан қосқан өрнегі Шәкәрімнің назарынан тыс қалған жоқ. <<Жастық туралы>> өлеңінде Шәкәрім бұл өлең өрнегін  жеңіл, ойнақы ырғақпен айтуға лайықты келтірген.
Өлең сөздің қадыр-қасиетін, қоғам өміріндегі маңызын терең түсінген Шәкәрім ақындардың алдына қойылатын міндет қаншалықты зор екенін тебірене айтады. <<Ескі ақындық>> атты өлеңінде Шәкәрім бұрынғы жырау, жыршылардың, суырып салма ақындардың шеберлігін, өнерпаздық өнегесін аса жоғары бағалайды.
Шәкәрімнің адамгершілік идеялары, арман-мұраттары алуан түрлі адамдардың тағдырын бейнелейтін сюжетті дастандардынан мейлінше толық танылады. Қазақ өмірінен алынған нақтылы оқиғалар негізінде нағыз реалистік сипаттағы <<Еңлік-Кебек>>, <<Қалқаман-Мамыр>> секілді поэма жазуы-ақынның ұлттық әдебиетімізге қосқан үлкен үлесі екені даусыз. Осы поэмаларда баяндалып тұрған оқиғалар бір-екі ғасыр бұрын болса да, ақынның заманындағы қазақ өмірінде әлі де кеңінен орын алған типтік жай- жағдайлар болатын. Еңдеше, ақыңның <<Еңлік-Кебек>> поэмасы хақыңда бүл <<ертегі емес, ертеде болған іс>> деп атап көрсетуінің үлкен мәні бар. Шәкәрімнің суреткерлік шеберлігі сан-қилы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін, көңіл-күйін, әсерлі бейнелеумен қатар, сол арқылы халықтың салт-санасын, әдет- ғұрпын, түрлі топ өкілдерінің психологиясын терен ашып көрсетуінен айқын аңғарылады. <<Еңлік-Кебек>>, әсіресе, <<Нартайлақ пен Айсулу>> дастанынан бұларға қоса ақыннын елдің ертедегі тарихынан мол мағлұматы бар шежірешілдігін де байқаймыз.
<<Еңлік-Кебек>>-қазақ елінің қоғамдық өмірін, салт-санасын, әдет- ғұрпын, әр топтың өкілдерінің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін нақтылы сурет бейнелер арқылы шынайы, шебер баяндаған нағыз реалистік туынды. Ақын ескі әдет-ғұрыпты берік ұстаған ру намысын қорғаушылардың сүйіскен екі жастың адал махаббаттық сезімін аяққа басып, оларды аяусыз жазаға қиған қаталдығын толғана баяндай отырып, сол замандағы қоғамдық өмірдің шиеленіскен қайшылығын ашып көрсеткен.
Поэма тұңғыш рет 1912 жылы Семейде <<Жәрдем>> баспасында жарияланады. Шәкәрім поэмаға қысқаша кіріспе жазды. Қазақ даласында тайпалар мен ру басшыларының қақтығыстарының   қоғамға, әсіресе, жастарға зияны туралы  Шәкәрім   көп толғанғанда, сол қоғамдық кеселді, сұмдықты болдырмау жолын іздеген,тарих тағылымы арқылы ондай озбырлықтың қайталанбауын ел есіне салуды ойлады. Сөйтіп, ол адам тағдыры, адал махаббат жолындағы күрес, билеуші таптың  әділетсіз әрекетіне наразылық, бірін-бірі ұнатқан жастардың қайғылы өмірі туралы <<Еңлік-Кебек>> поэмасын жазды. Ескілік, рушылдық, әділетсіздік жайлаған  замаңның құрбаны болған екі жастын  қайғылы тағдырын баяндайтын <<Еңлік-Кебек>> поэмасы бұрын да бірнеше  рет жарияланған болатын. Алғашқы ңұсқасы <<Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз >>  деген атпен <<Дала уалаяты>> газетінің  1892 жылғы 31-39  сандарында, 1900 ж. <<Қазақтың тұрмысынан хикая>> деген атпен  қайта басылады.
Кейбір адам, жер-су аттары ғана өзгеріске ұшырағаны болмаса, поэманың бүрынғы мазмұны, сюжеттік желісі сақталған.
Өмір шындығына өзінше айландыру мақсатында тыңнан табылған пішін, шындық арқауында шиеленісе  шиыршық атқан табиғи тартыс, осыларды көркем жинақтаудан туған ер идея, өршіл пафос, мінездері мінсіз жасалған дара, мүсіндері тастан қашалған кесек       кейіпкерлер Нысан, Абыз, Еңлік, Кебек, Есен, Еспембет, Жапал, т.б. осылардың  әрқайсысының кеудесінде ұшқын атып, жалын шашып тұрған шекспирлік құштарлық пен өшпенділік, бәрін қаусырып жатқан кемел парасат пен  кенен философия, осылардың өзін саф таза өнер биігіне көтеріп тұрған кенеулі ой мен келісті тіл.
Шәкәрім шығыс, орыс классиктерінің шығармаларын қазақша тәржімалауға көп қөңіл бөлді. Бұл тұста аударма деген сөзді кейбір шығармаларыңда шартты  мағынада қолдануға болатынын айтуға тиіспіз. Мысалы, <<Ләйлі-Мәжнүн>> дастаны бүгінгі қалыптасқан мағынада аударма емес, Шығыс әдебиеттерінде кеңінен тараған нәзира дәстүрлі негізінде белгілі сюжетті өзінше баяндаған шығарма. Нәресте кезінен бір-біріне өліп-өшіп ғашық болған Ләйлә мен  Мәжнүннің махаббаты барған сайын күшейе түсіп, екі қыршын жастың мезгілсіз өмірмен  қоштасқанын баяндап шыққаннан соң поэманың соңында өз  көңіл күйін Мәжнүннің тағдырмен салыстыра бейнелеуі де назар аударарлық.
Шәкәрімнің қарасөз түріндегі шығармаларына келсек, ол қазақ әдебиетінде реалистік психологиялық прозаны қалыптастырып, дамытуға аянбай күш жұмсағанын атап айтуымыз қажет. Мұны <<Әділ-Мария>>  атты автор өзі <<қайғылы роман>>деп сипаттаған шығармасынан, сондағы сан түрлі адамдардың іс-әрекеттерін, көңіл қүйін, мінезін бейнелеуінен, сондай-ақ табиғатты, мысалы, Шыңғыстауды кеіптеу тәсілмен жан бітіргендей етіп суреттеуінен анық байқаймыз.
Шәкәрім Абайдың ақындық дәстүрлерін қоғамдық өмірдің ең маңызды мәселелерін қозғау жағынан, әсіресе, өнер-білімді, ғылымды уағыздау, надандықты, топастықты, әділетсіздік пен зұлымдықты әшкерлеу, шығыс, орыс әдебиетінінің таңдаулы нұсқаларын насихаттау жағынан ілгері дамытты. Сонымен қатар ол ақындығы, прозашылдығы, ойшылдығы-философиясы, дінге көзқарасы, суреткерлігі, көркемдік ойлау жүйесі, стилі, тіл бейнелілігі, өлен өрнектерін өзгеше түрлендіруі-қай жағынан алсақ та, қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі бірден-бір жаңашыл ірі тұлға болды.
Шәкәрімнің атын атауға тыйым салынып, шығармалары көп жылдар бойы жабулы жатқаны, ақын туралы сол кезде айтылса, тек оғаш, кате пікірлер ғана айтылып келгені белгілі. Сонда да  Шәкәрімнің өлен-жырларын, дастандардын жаттап, жадында сақтап, айтып жүрген адамдар аз болған жоқ. Ал, Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылық мұралары, өлендері мен дастандары, көркем прозасы бірнеше зерттеу еңбектерде, диссертацияларда әр қырынан танылып, баяндалып, бағаланып келеді.
Қазіргі кезде бүгінге жазылған, жарияланған мақалдар мен зерттеулерді негізге ала отырып, ұлы ойшыл-ақынның мұрасын алдағы уақытта жан-жақты талдап, терендеп тексерудің зәрулігі талассыз. Қай ғылым саласы болсын, ізденіс, зерделеуге ынта- ықылас қүшейген сайын, мағлумат-деректер жинақталып, ой-пікірлер, түйін-тұжырымдар қорланып, ұғым-түсініктер, пайымдаулар терендей түскен сайын жана проблемалар туындайтыны, шешімін табуды тілейтін мәселелер көбейе түсетіні зандылық.
Ұлы ақынның туғанына 150 жыл толуына 4-5-ақ жылдай уақыт   қалғанын еске алсақ, шәкәрімтану саласының дәл осы тұста тың зерттеулер арқылы жаңа бір белеске көтерілуі қоғамдық сұраныска жауап болары күмәнсіз. Осы тұрғыдан қарасақ, алдағы зерттеулердің бағыт-бағдары қандай болмақ, қай мәселелерге көбірек назар аудару орынды және мәселені қай  қырынан тексеру ұтымды дегенді ойласу қажет. Шәкәрімнің шығармалары тарихи-әдеби процеспен,  қазақ қоғамындағы рухани өзгерістермен, ізденістермен, ұлттық ой-сананың өркендеуімен неғұрлым тығыз  байланыста қарастырылса, оның ақындық, ойшылдық тұлғасы соғұрлым ірілене түспек. Шәкәрім шығармаларының халықтық, ұлттық сипаты да, танымдық,  көркемдік  мәні де мейлінше айқын ашылмақ. Шәкәрімнің дүниетанымы, ойшылдығы, діни көзқарастары көбіне-көп әр еңбекте әр қырынан қарастырылатыны байқалады. Әдебиеттанушылар мен тарихшылар, философтар мен дінтану, педагогика   секілді ғылым салаларының мамандары бірігіп, авторлар тобы құралып, бірлесе зерттесе, ақын, ойшыл, гуманист Шәкәрімнің тұлғасын толық сипаттайтын біртұтас концепция  --  көзқарас жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік туар еді.
Ал, Шәкәрімнің ақындық әлемін зерттегенде поэтика, әдебиет теориясы  тұрғысынан қарастыру да маңызды болары талассыз. Бұл жағы әлі де жетімсіз. Сондай-ақ Шәкәрім шығармаларын эстетика, этика категориялары тұрғысынан пайымдау да ұтымды болмақ. Айталық, Шәкәрім творчествосы эстетиқалық идеал деген тақырыпты арнайы зерттеу арқылы ақын тұлғасын жаңа бір  қырынан кеңінен ашып көрсетуге мүмкіндік берер еді, Сондай-ақ, Шәкәрім шығармаларының тағылымдық, тәрбиелік мәнін зерделеу педагогика мамандарының үлесінде.
Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық азамат Альвин Эрнестович Бимбоэс. Ол 1919 - 1922 жылдар аралығында Ақмола саяси бөлімінде нұсқаушылық қызмет атқарып жүріп, қазақ әндерін нотаға түсірумен шұғылданды. Соның нәтижесінде, 1926 жылы Н.Ф. Финдейзеннің редакциялауымен шыққан <<Музыкалық этнография>> жинағында, Бимбоэстің қазақ музыкасы туралы жазған көлемді мақаласына қоса, қазақтың жиырма бес әнінің нотасы басылды. Осы аталған жинақтың ішінде <<№ 1 Шакарим>>, <<№ 2 Шакарим>> деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көрді. Бірақ, екі әннің де өлеңінің астына нота жазылмаған, тек орыс тілінде мазмұны берілген. А.Э. Бимбоэс нотаға түсірген <<№1 Шакарим>> әнінің екінші түрі, А.В.Затаевичтің 1925 жылы шыққан <<Қазақ халқының 1000 әні>> жинағына <<Тілек - бата>> деген атпен енген. Ал Шәкәрімнің <<Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек>> деген әні,А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген <<Қазақ халқының 500 әні мен күйі>> деген жинағында, <<Шәкәрім Құдайбердин әні>> деген атпен жарияланған. Осы жинақтың № 156 анықтамасында А.В.Затаевич: <<Шәкәрім Құдайбердин - Семей уезінің қарт ақыны, қазір тірі, жасы жетпістер шамасында. Жинақта келтірілген әнін орыс әндерінің үлгісіне еліктеп шығарса керек, - деп жазған.
      Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық дүниетанымын, оның тарихи санасының қалыптасуы мен шығармашылық жолын зерттеу барысында, жан - жақты талдау қажет ететін бірнеше мәселелерді кездестіреміз. Солардың бірі рухани жолда өзіне ұстаз тұтқан орыс халқының ұлы ойшылы Л.Н. Толстой мен Шәкәрімнің арасындағы рухани жақындық туралы мәселе.
Сөз жоқ егер біз бұл ойшылдардың арасындағы рухани жақындық туралы ой қозғасақ ең алдымен оларға ортақ рухани жол, ілім ислам дінінің болғандығы шындық. Л.Н.Толстой мен Шәкәрімнің де адамгершілік қағидаларына ислам дінінің гуманистік идеялары ерекше әсерін тигізген. Оны ойшылдардың өздері талай айтып, жазып та кеткен.Дегенмен мәселенің екінші жағы бар. Бұл жерде әлем ойшылдарының арасында ислам дінін мойындап, оған ерекше құрметпен қараған ойшылдарды шығыс халықтарының арасынан іздемегеннің өзінде, батыста Гете, орыс халқында Пушкиннің ислам мәдениетіне деген көзқарасы қаншалықты болғаны белгілі. Бірақ Шәкәрім сияқты ойшыл дәл осылардың ішінде неге Толстойды өзіне ұстаз тұтып, оның көзқарастарын жоғары бағалады деген заңды сұрақ туындайды.Жалпы Толстой өз заманында қазақ ойшылдарына біршама әсер етіп, оның әңгімелерін Әлихан Бөкейханов (<<Бір уыс бидай>>), т.б. жазушылар да аударып, ХХ ғасырдың басында "Қазақ" және басқада газеттерде жариялаған болатын."Адамның арына ең ауыр тиетін не нәрсе? Ірі шығармалар жазуға бет алдым, бұған қандай кеңес бересіз? Жазушы өз шығармасының қатесін қандай әдіспен көріп, сынап түзеуге болады" -  деген сұрақтарды Толстойға хат арқылы жіберген Шәкәрім оларға жауап та алған.Толстой: "Адам көпшілікке, жалпы қоғамға зиян келтіретін ақиқат істі біліп, соны үш нәрседен қорғанып, айтпай қалса, сол арға ауыр тиеді. Бірінші, сен өте бай болып, сол ақиқатты айтсаң байлығыңа зиян келсе, екінші, сен мансап иесі болып, сол ақиқатты айтсаң мансабыңнан айрылатын болсаң, үшінші сол ақиқатты айтсаң басың жазаланатын болса. Міне осы үш түрлі зардаптан қорғанып, көпке зиян келетін ақиқаты біле тұра айтпай қалсаң, арға ең ауыр тиетін осы" -  деп жауап қайырады.Екінші сұраққа, "Сенің жазған шығармаларың өзің сол оқиғаға қатысқандай шынайы болуы қажет". Үшінші сұраққа, "Жазушының артық қасиеті  -  өз қатесін көріп, соны түзей алуы. Бұл әркімнің қолынан келе бермейді..."...Егер адам өз істеген ісін, жазған сөзін ақ жүрегіне сыната білсе, ақ жүректің нәзік сезімі ашып бере алады. Ақыл толғауынан өткен қортындыны жүрек елегінен өткізу керек. Жүрек ықпалына беріліп дағдыланған адам өз мінін де, басқаның мінін де көре алады. Сондықтан әділ сыншы  -  ақ жүрегің" -  дейді .Толстойдан философиялық мәні терең осындай тағылым алған Шәкәрім  өз шығармашылығында бұл қағидаларды берік ұстана білді. Оны игілікті ар жолында іске асырды. Үнемі терең тағылымнан қуат алып отырды. Шәкәрімді Толстойға жақындастыра түскен себептің бірі осы рухани қуат еді.Шәкәрімнің философиялық көзқарастарының ерекшелігі сонда, ол адамның ішкі рухани дүниесіне ерекше көңіл бөліп, қоғамдық процестерді адамдандыруға тырысты. Қоғамдық қатынастардан адамды іздеуге тырысты.
                                     Дәрісті  бекіту  сұрақтары:
1.Шығармашылық өмірбаяны.
2.Азамат ретінде, ақын ретінде қалыптасуына Абайдың әсері.
3. Меккеге бару сапары. Абайдың ақыл-кеңесімен қазақ шежіресін жинауы
4. Орта жастан асқан шағында оңаша тіршілікке бой ұруы.
5. Лирика жанрындағы еңбегі.Реалистік лириканы дамытудағы үлесі.
6. Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы
7. <<Қалқаман-Мамыр>> поэмасы. Шығармадағы тарихи фон.
<<Еңлік-Кебек>> дастаны, <<Нартайлақ-Айсұлу>>
* <<Әділ-Мария>> романы Көркем прозаның үлгісінде жазылған <<Шын бақтың айнасы>>, <<Бәйшешек бақшасы>>, <<Мәнді сөздер>> атты шығармалары
* Аударма саласындағы еңбегі
                             Әдебиеттер
1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет.  - А. 1976
2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы.  -  Алматы: Қазақ университеті, 2002.  -  430 бет. 
3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.
4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.
5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар.  -  Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.
6. Әбдіғазиев Б.Асыл арна.-Алматы: Ғылым, 1990. 128б.
     7.Ш.Құдайбердиев. Шығармалары. Алматы, 1991. 560б.
           8.Базарбаев М.Заман тудырған әдебиет.-А.,Ғылым.1997.-504б.
     9.Ахметов З.Ойшыл,суреткер ақын.//Абай тағылымы.-Алматы. Жалын.1988. - 256 б.



1.Шәкәрім шығармашылығының негізгі идеясы?
2.Шәкәрім Шығармаларының  басты тақырыптары,көркемдік  ерекшеліктері.
3. Шәкәрімнің философиялық өлендері ой терендегі
4. Шәкәрімнің дүниетанымы, қоғамдық ой-пікірлері.

                                      Тапсырма:
 1.<<Еңлік-Кебек>> дастанының әдеби-фольклорлық сипаты ,композициялық құрылысы туралы талдаңыз
2. ХХ ғасырдың басында "Қазақ" және басқада газеттерде жариялаған еңбектері. 
3. Шәкәрім  өлеңін жатқа айту.

                             Әдебиеттер:
М.Мағауин.  --  Алматы: Жалын, 1988. 256 б.
Құдайбердұлы Ш. Өлеңдер мен поэмалар /Құраст.: Х.Сүйіншалиев.- Алматы: Рауан, 1990. 208 б.  --  (Мектеп кітапханасы)Айтбаева А. 
Шәкерiм Құдайбердiұлының дiни-этикалықкөзқарасы: Автореферат / Абай атындағы Алматымемлекеттiк университетi.- Алматы, 1996.- 26б.
Әбдiғазиев Б. Асыл арна: (Абай дәстүрi жәнеШәкәрiм).- Алматы: Қазақ университетi, 1992.- 128б.
Жолдасбекұлы М. ж.б. Елтұтқа: Ел тарихының әйгiлiтұлғалары / Жолдасбекұлы М., Салғараұлы І., Сейдiмбек А.- Астана: KUL TEGIN, 2001.- 

ДӘРІС . Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Дәрістің мақсаты: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  ақпарат  беру,  ақын  өлеңдері  мен  романдары туралы  білімді  одан  ары  кеңейту. 
Тірек  сөздер: Роман, ақын, ағартушы, очерк, және  т.б.
                                
Дәрістің  жоспары:
* Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  өмірі жайлы деректер.
* С. Торайғыров  шығармаларының  зерттелуі,  жариялануы.
* Сұлтанмахмұт өлеңдерінің ерекшілігі.
                       Сұлтанмахмұт Торайғыров (28.10.1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы  -  21.5.1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы)  -  ақын, ағартушы. Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.
1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақындыққа ден қойып, 1912  -  13 жылдар аралығында
"Оқып жүрген жастарға","Тәліптерге"("Шәкірттерге"),"Ендігі беталыс","Оқудағы мақсат не?","Анау-мынау","Мағынасыз мешіт","Жарлау","Досыма хат","Шығамын тірі болсам адам болып","Түсімде","Жазғы қайғы","Қымыз","Кешегі түс пен бүгінгі іс", т.б. өлеңдерін, "Зарландым" атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста "Қамар сұлу" романын жазуды бастады.
1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров "Айқап" журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, "Өлең һәм айтушылар", "Ауырмай есімнен жаңылғаным", "Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан", "Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?"]], т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын
1914 ж. жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін "Шоң серіктігі" деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен
"Ләнет бұлты шатырлап","Алтыаяқ" сияқты өлеңдер жазған."Ендігі беталыс","Тұрмысқа","Бір адамға","Туған еліме","Сымбатты сұлуға","Қыз сүю","Гүләйім","Өмірімнің уәдесі","Жан қалқам","Гүл", т.б. өлеңдерін, "Кім жазықты?" атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді (1915). Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан ол
1916 жылдың күзіне дейін әуелі Қатонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді.
1916  -  17 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі. "Шәкірт ойы" өлеңінде "Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды", "Мұздаған елдің жүрегін жылытуды" армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысты.
1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, "Алаш ұранын" жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап,
1918 ж. сәуірде еліне біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасты. Осы тұста саяси-философиялық әдебиетті (Г.Ц. Плеханов, Н.Г. Чернышевский, т.б.) көп оқып,
"Шал мен қызға","А, дүние","Жас жүрек","Сарыарқаның жаңбыры","Адасқан өмір","Кедей","Айтыс", т.б. өлеңдерін жазды.
Шығармашылық мұрасы. 
Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қысқа ғұмырында халқына мол әдеби мұра қалдырып кетті. Ол әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек еткен талантты қаламгер еді. Оның қаламынан жүзден астам өлең, бес-алты поэма, екі роман, он шақты мақала туды.
Сұлтанмахмұт шығармаларының тақырыбы  --  өз заманының шынайы көріністері, қазақ халқының сол бір аласапыран кездегі тұрмысы, ой-арманы. Ол өмір шындығын Абай үлгісінде бейнеледі. Сыншыл көзбен қарады. Өйткені өмірді жақсарту мен адамды түзеу, ең алдымен, ондағы кемшіліктерді әшкерелеп, сын тұрғысынан бағалап, одан арылудың жолын іздеуден басталады.
Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдерінің сипаты әр алуан. Оларда өмір тауқыметінен шаршаған ақынның қайғы-мұңы да, өкініш-наласы да, халықтың басындағы ауыр халге жүрегі сыздаған аяныш пен жанашырлық сезім де, болашаққа сенген, сол үшін күрескен азаматтық перзенттік патриотизмі де бар. Бірақ ақын өлеңдеріндегі мұң-зар жігерсіз, жасық қайғы емес. Ақын алдағы өміріне зор үмітпен қарайды.
Сұлтанмахмұт өз заманының өзекті мәселелеріне арнап бірнеше поэма жазды. Атап айтқанда, "Кедей" поэмасы ғасыр басындағы қазақ кедейлерінің хал-жағдайын, сезім-күйін, ауыр тұрмысын бейнелесе, "Адасқан өмір" поэмасында ақын айналасында болып жатқан оқиғаларға, өмір құбылыстарына өз сезімі арқылы шолу жасайды. Қала ақыны мен дала ақынының айтысы түрінде жазылған "Айтыс" поэмасында қазақ даласындағы өзгерістер, әлеуметтік өмір көріністері суреттелсе, "Таныстыру" поэмасында төңкерістер заманындағы қазақ елін өрге жетелеген қайраткер азаматтар бейнесін сомдауға талпыныс жасалады.
Сұлтанмахмұттың "Қамар сұлу" (1914), "Кім жазықты?" (1915) романдары қазақ әдебиетінің даму тарихынан елеулі орын алады. Көркем прозаның туу, қалыптасу кезеңінің бастауында дүниеге келген бұл романдарда өз заманының ащы шындығы бейнеленеді. Сол дәуірдегі әйелдердің бас бостандығы, қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздік мәселелері  мен жаңа психология арасындағы тартысты, қоғамдағы    адамдардың түсінік-танымындары кереғар құбылыстарды    бейнелеу арқылы Сұлтанмахмұт туған халқының болашағы   туралы толғанады.
Сонымен қатар, Сұлтанмахмұт "Зарландым", "Ауырмай есімнен жаңылғаным" атты шағын көлемді прозалық шығармалар, "Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан", "Қазақ ішінде оқу жайы қалай?", "Өлеңмен жазылмақ драманың материалдары", "Өлең мен айтушылары", "Социализм" тәрізді бірқатар мақалалар жазды.

       Торайғыров өлеңдерінің ерекшілігі
                    Оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері (1907  -  11) көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің теке-тіресін бай мен кедей ұлының өмірі арқылы көрсетуге тырысқанымен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. "Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады", тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді ("Осы да әділдік пе?", "Бір адамға", т.б.). Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман ("Қамар сұлу", "Кім жазықты?"), төрт поэмасын "Таныстыру" (1917  -  18), "Адасқан өмір" (1918), "Кедей" (1919), "Айтыс" жариялады. Торайғыров"Қамар сұлуда" әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеум. тұрғыда талдаса, "Кім жазықты?" романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды.
Поэма жанрына қосқан үлесі
Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты . Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы "Таныстыруда" Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді.Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарды таныстырып, олардың "бірі  -  күн, бірі  -  шолпан, бірі  -  ай" екендігін жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкерімді ерекше атап көрсетеді. "Адасқан өмір", "Кедей" поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды. "Адасқан өмір"  -  Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. "Кедей" поэмасының бас кейіпкері де өз ортасынан әділдік таппайды, қоғам мен адам арасындағы қайшылықты бітіспес күреске ұластырады. "Айтыс" поэмасы толық аяқталмаған, онда Торайғыров қала ақыны мен дала ақынын айтыстырып, екі ортаның қайшылықты жақтары мен адамға пайдалы тұстарын қатар алып суреттейді. Торайғыров шығармалары  -  20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Оның ізденістері "шындықтың ауылын іздеумен" байланысты, оның реализмі бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік тіршіліктің шынайы суреттеріне негізделген, оның тенденциясы да сыншыл.
                            Шығармалары:
Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Ғылым, 1993.-  --  Т.1.-1993.-280б. 525-00
Торайғыров С. Үш томдық шығармалар жинағы: 3 томдық / Жауапты ред. З.Ахметов; Баспаға әзірлеп, түсініктемелерін жазғандар: З.Ахметов, Т.Берікболов.- Алматы: Жібек жолы, 2002  --  Т. 1.  --  2002.  --  176 б.  --  300.00 тен.
Торайғыров С. Адасқан өмір; Кедей; Жарқынбай; Кім жазықты; Қамар сұлу.- Алматы: Рауан, 1992.- 238 б.-(Мектеп кітапханасы)
Торайғыров С. Жақсылық көрсем өзімнен.- Астана: Фолиант, 2002.- 96б.-(Мектеп кітапханасы)
Торайғыров С. Қамар сұлу: Роман.- Астана: Елорда, 1999.- 268 б.-(Алтын қор)
Торайғыров С. Үш томдық шығармалар жинағы. Т.2.- Алматы: Жібек жолы, 2003.- 256 б.-(Алаш мұрасы)

                                   Дәрісті  бекіту  сұрақтары:

1.Сұлтанмахмұт шығармаларының  басты тақырыптары, көркемдік  ерекшеліктері
2,Ақын  шығармаларының зерттелуі.
3. С. Торайғыровтың өлеңдерінің ерекшеліктері?

                                     Тапсырма:
1. "Кедей" поэмасының құрылысын талдаңыз
2 "Қамар сұлу" романы.
3. С. Торайғыровтың өлеңін жатқа айту.

                             Әдебиеттер:
*  Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б
*  " Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: <<Аруна Ltd.>> ЖШС, 2010

ДӘРІС12.
 Сұлтанмахмұт Торайғырұлы (1893-1920).
Мақсаты: Сұлтанмахмұт Торайғырұлы шығармашылығымен танысу,оқу
          Тірек сөздер:демократиялық бағыт,төңкеріс,зиялы,Алашорда,лирика,романтика,роман,қара  сөз,көркемдік жаңалықтары, стиль,мазмұн, түр, пішін
Шығармашылық өмірбаяны. Сауат ашу, білім алу қайнарлары. <<Айқапта>> қызмет атқаруы. Демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларымен қызметтес болуы. Тарихи өзгерістердің, төңкерістердің заманының ақын санасына ықпалы. әлеумет ісіне, қоғамдық қызметтерге белсене араласуы. Заман тақырыбына түрлі мақалалар жазып, баспасөзде жариялануы. Ақынның шығармашылық жолының кезеңдері. Алашорда қатысы. Шығармаларының жанрлық, тақырыптық жағынан әралуандылығы.
Лирикасы. Ақын назарына қоғамдағы жаңғыру нышандарының ілінуі. Өзіне өзі серт беріп ұмтылуы. Өлеңдердегі әршілдіктің, романтикалық екпіннің ақын жүрегіндегі жалынды отпен ұштасып жатқандығы. Оқуға, білім алуға, сол арқылы халқына қызмет етуге ұмтылуы. Өлеңдердегі осы сипаттың көрінісі. Табиғатты, әлеуметтік көңіл күйін, жастық пен махаббаттың жырлауындағы шеберлігі. Лирикалық кейіпкері.
<<Қамар сұлу>> романы. Қара сөз бен өлең аралас шығарма екендігі. Өз дәуірінің көкейкесті мәселесін көтеруде, шынайы образдар жасауда және көркемдік құралдарды пайдалануда жаңашыл шығарма болғандығы. Қоғамдағы жағымсыз салт, жат мінез-құлықтың зияндылығын әшкерелеуі. Қазақ өмірінің шындығы мен қоғам дамуының барысы ұсынып отырған шындықтың өзара астасқан тұсындағы адамдар тағдырының, образдардың шебер бейнеленуі. Романның композициясы, тіл шұрайы мен көркемдік өрнектері.
<<Кім жазықты?>>  романында үш ұрпақ өкілдерінің суреттелуі. Тарихи кезеңнің шындығына орай олардың көзқарастары мен түсініктеріндегі, өмірлік бағыттарындағы айырманың айқындығы. Әжібай образының типтік сипаты. Оның өз заманының туындысы, бүтіндей бір құбылыстың белгісі ретінде көрінуі. Аппақай, Жүсіп, фельдшер т.б. образдары. Шығарманың көркемдік дәрежесі. Лирикалық шегіністің мол кездесетіндігі.
<<Адасқан өмір>> поэмасында бастан-аяқ ақын өмір сүрген дәуір суреттерінің бейнеленетіндігі. Түрлі адамдар мен мінез-құлықтың, мың құбылған психологияның молдығы. Автордың сыншылдық көзқарасы.
<<Кедей>> поэмасында қарапайым еңбек адамының заман диірменіне түсіп кеткен ауыр өмірінің суреттелетіндігі. Тарихи кезең сипатының айқындығы. Әлеуметтік теңсіздік үстемдік үстемдік еткен ортадағы хал-ахуал. Лирикалық кейіпкердің образы.Сұлтанмахмұттың поэзиядағы көркемдік жаңалықтары. Мазмұн мен пішін, түр бірлігін шебер ұстана білуі. Ақынның стильдік ерекшеліктері.
Көсемсөз саласындағы бірқатар мақалалары.
 Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Шығармашылық өмірбаяны .<<Айқапта>> қызмет атқаруы
2. Ақынның шығармашылық жолының кезеңдері. Алашорда қатысы.
3. Лирикасы, <<Қамар сұлу>>,<<Кім жазықты?>>   романдары,поэмалары
                             Әдебиеттер
1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет.  - А. 1976
2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы.  -  Алматы: Қазақ университеті, 2002.  -  430 бет. 
3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.
4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.
5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар.  -  Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.
6. С.Қирабаев  <<Октябрь және қазақ әдебиеті>>Алматы, <<Жазушы>>,1968жыл,99-бет.
7. Ы.Дүйсенбаев. С.Торайғыров. Алматы,  -  1967ж.
8. С.Торайғыров. Таңдамалы шығармалар. Алматы,  -  1957ж.
9. А. Еспенбетов. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Алматы,  -  1992ж.




ДӘРІС №13. А.Байтұрсынов, 
 Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы (1873  -  1937)
Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығымен танысу,оқу
Тірек сөздер:қоғам қайраткері,газет,уытты сатира, түпнұсқа,жинақ, халықты ояту идеясы,ағартушылығы,көсемсөз,ғылыми  зерттеу еңбектер
Шығармашылық өмірбаяны.Қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері болғандығы. Жас кезінен әлеуметтік теңсіздіктің сырын пайымдауы, оған қарсы үн қатуы. <<Қазақ>> газетін шығаруы. Газеттің басты мақсаты халық жүрегіндегі сыр мен мұңды қорғау болғандығы. Ұлттық мәдениеттің дамуына, адамдар санасының оянуына көп көмегін тигізуі.
<<Қырық мысал>> жинағы. И.Крылов мысалдарындағы уытты сатираны қазақ оқырмандарына жеткізудегі мақсатының ең алдымен елді түзеу болғандығы. Түпнұсқаға өзіндік өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отырғаны. Сол арқылы оқиғаны қазақ оқырманына жақын, ұғымына лайық етіп баяндауы. <<Маса>> жинағындағы халықты ояту идеясы. Ағартушылық ойдың молдығы. Көпшілік мүддесін жеке бас мүддесінен жоғары қоюы.
Көсемсөз шебері ретіңдегі еңбегі. <<Қазақ>> газетінде сан алуан тақырыпта мақалалар жариялағаны / <<Бұ заманның соғысы>>, <<Закон жобасының баяндамасы>>, т.б. / . Әдебиетке қатысты мақалалар / <<Қазақтың бас ақыны, т.б. /. Мақалаларында тарихи шындықты батыл бейнелеуі , елдің тәуелсіздігін армандауы, отарлық саясаттың құйтырқыларын әшкерелеуі. Негізгі жол оқу мен білім жолы, ғылым үйрену мен еңбек ету жолы екенін баса айту.
Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі туралы мәлімет. <<Әдебиет танытқыштың>> қазақ әдебиетіндегі тұңғыш теориялық еңбек екендігі. Әдебиеттің теориясын жасаудағы жаңалық болып саналатыны. А.Байтұрсынұлының ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинап, кітап етіп бастыруы /<<Ер Сайын>>, <<23 жоқтау>>./.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
* Шығармашылық өмірбаяны.
* <<Қазақ>> газетін шығаруы
* <<Қырық мысал>> жинағы,<<Маса>> жинағындағы халықты ояту идеясы
* Көсемсөз шебері ретіңдегі еңбегі.
* Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі
                             Әдебиеттер
1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет.  - А. 1976
2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы.  -  Алматы: Қазақ университеті, 2002.  -  430 бет. 
3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.
4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.
5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар.  -  Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.
6. А.Байтұрсынов. Ақ жол.  -  Алматы: Жалын. 1991.-460 б.
7. С.Қирабаев  <<Октябрь және қазақ әдебиеті>>Алматы, <<Жазушы>>,1968жыл,99-бет.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ  МЕН  ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Дәрістің мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының  өмірі  мен  шығармашылығы  жайлы мағлұмат  беру, студенттердің  ақын  өлеңдері  мен  зерттеулері  туралы  білімдерін  одан  ары  молайту. 
Тірек  сөздер:  тіл білімінің атасы, ағартушы, әлеуметтік теңсіздік,бостандық аңсаған, <<халық жауы>>, тірнек өнер,  аудармалар, фольклорлық үлгілер, мақала, публицист, теоритик, <<Қазақ>> газеті. т.б.
 Дәрістің  жоспары:
1.Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны.
2. Байтұрсынұлының  шығармашылық мұрасы
3.Ахмет Байтұрсынұлы- қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі.
4.Ахмет Байтұрсынұлы- публицист
                      Ахмет Байтұрсынұлы
                                  (1873-1938)
XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды. Өмір жолы. Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі  -  уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады. Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. Бұл жылдары ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің үлгісінде жұмыс істейтін, игі дәстүрлері мол жаңаша мектептер саны көбейген болатын. Міне, осы тәрізді оқу орындарында оқып, сапалы білім алып шыққан Ахмет Байтұрсынұлы 1895 жылдын 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық қызметін бастайды. 1895-1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді. Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға, әлеуметтік өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. Өзінің білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық аңсаған, күреске үндеген өлеңдер жазады. Соның салдарынан 1910 жылы Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді. 1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады. Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтып оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады. Алаш қозғалысының көсемі ретінде "халық жауы" деп атылған А.Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А.Байтұрсынұлы шығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) жарық көрді. Шығармашылық мұрасы.
Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады. Әсіресе 1913 жылы жазылып, "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. Бұл мақала ұлы Абайдың ұлттық әдебиеттің тарихынан алатын орнын айқындауға, ақын шығармашылығына баға беруге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу еңбегі еді. Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов мұрасының маңызды бір саласы  -  оның ел аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде жариялаған ауыз әдебиеті нұсқалары. Атап айтқанда, Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы "Ер Сайын" жыры, 1926 жылы "23 жоқтау" кітаптары жарық көрді. 
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы, теоретигі әрі қазақ тілі білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді. Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл анықтамалар берді. "Әдебиет танытқыш" кітабы. Ахмет Байтұрсынұлы  -  қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның әдебиетші ғалым-теоретик ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі  -  "Әдебиет танытқыш". Еңбек 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл кітабында ғалым алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін негіздеп берді. Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін жасады. "Әдебиет танытқыш" кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде көркем әдебиеттің бейнелеу құралдары мен әдіс-тәсілдері талданса, екінші бөлімде әдеби жанр түрлері сөз болады. Тұтастай алғанда, Ахмет Байтұрсынов өнер атаулыны екі топқа бөледі. Оның бірі  -  тірнек өнері, екіншісі  -  көрнек өнері. Көрнек өнеріне ғалым сәулет (архитектура) өнерін, сымбат (скульптура) өнерін, кескін (живопись) өнерін, әуен (музыка) өнерін және сөз (әдебиет) өнерін жатқызады. "Өнердің ең алды  -  сөз өнері саналады. "Өнер алды  -  қызыл тіл" деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады, қандай сәулетті сарай болсын, қандай сымбатты әрі кескінді суреттер болсын, қандай ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеуге, көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді" деп жазады Ахмет Байтұрсынұлы. Әдебиеттің көркем бейнелеу құралдары, жанрлары жөнінде талдау жасай келіп, А.Байтұрсынов олардың, әрқайсысына әлемдік әдебиеттану ғылымындағы атауларға сәйкес дәлме-дәл қазақша балама атаулар береді. Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымында қолданылып жүрген ұғымдар мен категориялардың атауларын термин дәрежесіне көтеріп, қолданысқа енгізген Ахмет Байтұрсынұлы дейтініміз сондықтан. Әдебиеттің жанрларын айқындау, тарихи кезеңдерге, бөліп қарастыру мәселесінде де бұл еңбекте көптеген тұжырымды ойлар айтылады. Бұлардың кай-қайсысы да қазақ әдебиеттану ғылымындағы жаңалық болатын. Сонымен қатар, "Әдебиет танытқышта" Ахмет Байтұрсынұлы аса бай фольклорлық материалды пайдаланды. Теориялық қисындарды қазақ ауыз әдебиетінен және баспасөз беттеріндегі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан алынған мысалдар арқылы бекітіп отырды. Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы  -  жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, "Қырық мысал" деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды. Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді. Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн, Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін, Тартады аққу көкке, шаян кейін Жұлқиды суға қарай шортан шіркін. Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Ендігі кезең оқырманына қатысты жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады. Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас. Әуелі бірлік керек болса жолдас. Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей Істеген ынтымақсыз ісің оңбас,  --  деп елді тұтастық, ынтымақ жалауының астына шақырады. Елдің азып-тозуына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді, кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар: Қасқырдың зорлық болды еткен ісі. Ойлаймын оны мақтар шықпас кісі Нашарды талай адам талап жеп жүр Бөріден артық дейміз оның ісін. Алуан-алуан ойға жетелейтін "Қайырымды түлкі", "Ала қойлар", "Үлес", "Қартайған арыстан", "Өгіз бен бақа", "Қайыршы мен қыдыр", "Ат пен есек" мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды мегзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Аудармашы негізгі түпнұсқа тексіне орайластырып, көркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын - әуез қосып отырады. "Қартайған арыстан" мысалына: Бақ қонса, сыйлар алаш ағайын да, Келе алмас жаман батып маңайыңа. Басыңның бақыт құсы ұшқан күні Құл-құтан басынады, малайың да,  --  деген жалғасты түйін жасайды. Бірнеше кісі тіл таба алмай, берекесі кетіп, өртке шалдығып, үлестен құр қалады. Осы "Үлес" өлеңінің түйінінде ақын өз позициясын ашық көрсетіп: Ойласақ оқиға емес болмайтұғын, Ел қайда өзін жаудан қорғайтұғын. Қазіргі пайдасына бәрі жетік, Адам аз алдын қарап болжайтұғын. Аңдыған бірін-бірі жаудан жаман Байқасақ ел белгісі оңбайтұғын. Бұл белгі табылып жүр біздің жұрттан Таласып бір-бірінің жүзін жыртқан. Алданып арқадағы дау-шарына Кәтерден кәпері жоқ, келер сырттан,  --  деп терең маңызы бар әлеуметтік ой толғайды. Мысал жанрының қазақ әдебиетіне бойлап ену құбылысы әлемдік көркемдік дәстүрлердің типологиялық ұқсастығын көрсетеді. "Дала уалаяты" газетінде 1894 жылы 14 тамызда И.Крыловтың "Инелік пен құмырсқа" (аударған А.Құрманбаев) мысалының жариялануы  -  қазақ әдебиеті үшін жаңа бір арнаның басы еді. Крыловтан Абай  -  14, Спандияр Көбеев  -  37, Бекет Өтетілеуов  -  12 мысал аударған. Бір мысалдың бірнеше рет аударылғаны да бар. Мәселен: "Аққу, шортан һәм шаян", "Ат пен есек", "Қасқыр мен тырна", "Шал мен ажал (өлім)", "Айна мен маймыл", "Маймыл мен көзілдірік" мысалдарын Ахмет Байтұрсынов та, Спандияр Көбеев те аударған. "Ала қойлар", "Есек пен қамыс (шілік)", "Бақа мен өгіз" мысалдарының Абай нұсқасы да, Ахмет нұсқасы да бар. Абай аудармалары Крылов түпнұсқасымен көбіне-көп дәлме-дәл келеді, Спандияр Көбеев 8 мысалды қарасөзбен баяндаған. Ал Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанмен, еркіндік басым, қазақ тұрмысына жаңа идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады. Түп негізі Федрдан алынған Крыловтың он жолдық "Шымшық пен көгершін" мысалы Ахмет Байтұрсынов аудармасында отыз екі жолдан тұратын жаңа шығарма. "Өгіз бен бақа" орысшада  -  17, қазақшада  -  36 жол, "Қасқыр мен тырна" орысшада  -  19, қазақшада  -  76 жол, "Арыстан, киік һәм түлкі" орысшада  -  35, қазақшада  -  56 жол, "Қасқыр мен қозы" орысшада  -  37, қазақшада  -  68 жол, "Ағаш" орысшада  -  31, қазақшада  -  56 жол. Бұл фактілер қазақ ақыны дәстүрлі оқиға, қалыпты бейнелерді ала отырып, ойға ой, суретке сурет қосып, жаңа, ұлттық төл туынды жасағанын көрсетеді. Бұрын емеурін, ишара, мегзеу, астар, мысалмен берілген ойлар "Маса" кітабында ашық, анық, дәлді, нақты айтылады. Мұнда Ахметттің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық, бірталай өлеңдерге арқау болады; ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы  -  басты сарын. Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп, Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам. Алданып жегеніме оны ұмытсам, Болғандай жегенімнің бәрі қарам,  --  деген жолдардың нақты өмірлік материалы әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге айдалып, қуғын көруі, бала жүректің тілім-тілім жаралануы. Ал, "Жиған-терген" өлеңіндегі: Қазағым, елім, Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып. Талауда малың, Қамауда жаның, Аш көзіңді оянып  -  деген сөздерді патша цензурасы кезінде жібермей тастаған. Ақын ашынып сөйлейді, тартыстар, қайшылықтарды көрсетеді. Бұл бір сөз қасірет айтып хатқа жазған, Қалмаған түк қасиет қазақ азған. Байға мал, оқығанға шен мақсат боп, Ойлайтын жұрттың қамын адам азған. Күрес идеясы, келешек қамы үшін арпалысу, ел болу мақсаты бар тілектен жоғары қойылады: Мен бұқтым, жаттым, Сен бұқтың жаттың, Кім істемек қызмет? Ауызбен айтып, Істерде қайтып, Жоламасақ не міндет? Тек жүрсе тоқ жүрмекті Қиын деме білмекті. Қазір әлем поэзиясындағы ділмар сөз  -  афоризм боп кеткен түрік ақыны Назым Хикметтің: Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап Аспан қалай ашылмақ,  --  деген жолдарының Ахмет Байтұрсынов өлеңімен әуендестігі кісіні таң қалдырады. "Маса" кітабына енген өлеңдерде жеке бастың мұң-шері, тұрмыс-салт суреті емес, негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылады. Өзін-өзі күйттеген, байлық үшін, мансап үшін ар- абыройын сатқан "жақсылығы өз басынан артылмаған", "бос белбеу, босаң туған бозбала", "бір тойғанын ар қылмаған шалдар", "қайырсыз кеще сараң байлар", "мәз болып құр түймеге жарқылдаған оқығандар" сыналады. "Туысыма", "Досыма хат", "Қазақ қалпы", "Қазақ салты", "Көк есектерге", "Жұртыма", "Қарқаралы қаласына" өлеңдерінде ұлы Абай сатирасын еске түсіретін сарындар, ойлар, образдар бар. "Анама хат", "Жауға түскен жан сөзі"  -  қорлық-зорлыққа мойымаған, бостандық, еркіндік жолында бәріне көнген қайратты ерлер тұлғасын мүсіндеген жырлар. "Масада" Пушкиннен аударылған "Қыздыр дейсің мәжілісті, жан дейсің", "Ат", "Данышпан Аликтің ажалы", "Балықшы мен балық", "Алтын әтеш", Крыловтан аударылған "Сорлы болған мұжық", "Қаздар" шығармалары да берілген. Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес дарға асқаны, атқаны. Маған ауыр осылардың бәрінен Өз ауылымның иттері үріп қапқаны,  --  деген жолдарда өз уақытының сыры айтылса: Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын, Ел бір күншіл, менікі ертеңгі үшін,  --  деген уақытта ақын болашақпен сырласқандай, өлместігіне сенеді. Екі жинақ  -  "Қырық мысал", "Маса"  -  қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектермен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады. 
Әр түрлі оқиғаларға, халықаралық жағдайға, заң, құқықтану, жер мәселесіне, отарлауға, ғылым-білімге, педагогикаға арналған "Тағы да народный сот хақында" (1911), "Қазақ һәм ІҮ Дума" (1912), "Земство" (1913), "Жер жалдау жайынан" (1913), "Көшпелі һәм отырықшы норма" (1913), "Уақ қарыз" (1913), "Бұ заманның соғысы" (1914), "Жәрдем комитеті" (1915), "Закон жобасының баяндамасы" (1914) (осы мақала үшін Ахмет Байтұрсынов штраф-айып төлеген), "Қазақ халқын билеу туралы 1868 жылы шыққан уақытша положение" (1914), "Губернатор өзгертілуі" (1914), "Соғысушы патшалар" (1914), "Қазақ жерін алу турасындағы низам" (1913), "Қазаққа ашық хат" (1916), "Бастауыш мектеп" (1914), "Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек" (1923), "Партия һәм кеңес құрылысындағы рушылдық әсері" (1926) сияқты көптеген мақалалар публицист Ахмет Байтұрсыновтың көзқарасы эволюциясын, тарихи білігін, ойшылдық деңгейін, журналистік қарымын көрсетіп, рухани даму кезеңдерімізден мол хабар береді. Ал ғалымның тілші, әдебиетші ретінде жазған еңбектері бірнеше том боларлық мол дүние, бұлардың ішінде 1913 жылы жазылған "Қазақтың бас ақыны" еңбегі  -  оқшау, дара тұр. Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысымыздағы орны, көркемдік-эстетикалық сипаттар дұрыс көрсетіліп, терең талданып, алғаш рет қазақ оқырманының алдына тартылды. Өмірдің сан алуан көкейкесті мәселелерін арқау етіп жазған Ахмет Байтұрсынов мақалалары алдымен "Айқап" журналында, 1913-1918 жылдар арасында өзі редакторлық еткен "Қазақ" газетінде, кейін кеңес баспасөзінде жарияланған. Мақалалар саны көп, олар мерзімді басылым бетінде шашылып жатыр, бұларды жинап, сұрыптап, ой елегінен өткізіп, жүйелеп бастырып шығару арқылы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи зердеміздің қазір ойсырап, үңірейіп тұрған беттерін толтыратын боламыз. Қазіргі қолда бар материалдардың негізіне сүйенгенде қаламгер  -  оқу-ағарту, оқулықтар жасау, әліппе, емле, грамматика, жер иегері, кәсіп істеу, халықаралық қатынастар, тарих, құқықтану, заң, философия, қоғамдық күрестер, мәдениет, әдебиет, эстетика проблемаларын тереңнен қозғап, өз кезіндегі қоғамдық-әлеуметтік ойға мұрындық, ұйытқы болған пікірлер айтып, тұжырымдар жасаған. 1917-19 жылдар арасында әр қиянды шиырлаған кездерін автордың өзі де мойындаған. Автордың "Қазақ өкпесі" мақаласында ("Айқап", 1911, № 2) тарихи мәселелерге объективті, ғылыми тұрғыдан қарайтындығы көрінеді, қазақ хандығы неліктен құлады, өз алдына дербес мемлекет болып тұра алмаудың себебі, Ресейге қосылудың негізгі жағдайлары деген проблемалардың жауабы айтылады. "Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз  -  бәрі надандық кесапаты", дей келіп, ел мен елді, ұлт пен ұлтты теңгеретін ғылым, өнер екенін айтып, оқуға, ағартушылыққа ден қояды. Бұл бағытта жазылған, бірі-бірімен сабақтас мақалалар өте көп. "Оқу жайы" ("Қазақ", 1913, № 11) мақаласында өз кезіндегі мектептер ісін тиянақтай отырып, сол тұстағы Қостанай уезіндегі сауаттылық мәселелерін қозғайды, әрбір жүз кісіден 6 еркек қазақша, әрбір мың кісіден 6 еркек орысша, әл әрбір үш жүз кісіден 1 әйел қазақша, төрт мың кісіден 1 әйел орысша хат таныды деген дерек келтіреді. "Қазақша оқу әлі бір белгілі тәртіпке келіп жеткен жоқ, кемшілігі есепсіз көп. Қазақша оқу кітаптары жаңа ғана көрініп келеді. Тәртіппен оқытарлық мұғалімдер аз, оқу программасы жоқ, белгілі оқу жолы жоқ, салған мектептер жоқ, мұғалімдерге арналған айлық жоқ, оқытудың қазақша оқуды аймаққа бірдей жеткілікті ететін жасалған өрнек жоқ, оқыту ғылымын үйрететін даримұғалимун (педучилище) жоқ" деп күйзеледі. Мұның үстіне автор қазақша, орысша, екі тілде білім алу жүйесін ерекше қолдап, "жалпақ жұрттың қолы орысша оқуға түгел жетсін, оқымаған жан қалмасын" деп дәл қазіргі күндегі тәуелсіздік шарттары алға міндет етіп қойып отырған терең білім беру принциптерімен үндес тұжырым жасайды. Ал, революциядан бұрын жазған еңбектердің басым көпшілігінің негізгі идеясы ағартушылық, демократтық, прогрестік биік нысана, олар біздің азаматтық, рухани дамуымыздағы маңызды, мәнді кезеңдер шындығын ашады, бірқыдыру ойлар, пікірлер дәл қазіргі уақытқа қызмет ететінін көруге болады.

Дәрісті бекіту сұрақтары:
* Ахмет Байтұрсыновтың  әдебиет теориясына қосқан үлесі?
* Ахмет Байтұрсынов пен Спандияр Көбеев аударған мысалдардың ерекшеліктері жайлы не білесіз?
* Ахмет Байтұрсыновтың  мақалаларына шолу жасаңыз?
* Ахмет Байтұрсыновтың  шығармашылығын зерттеушілерге тоқталыңыз?

Тапсырма:
* Ахмет Байтұрсыновтың  <<Әдебиет танытқыш>> еңбегіне талдау жасау.
*  Ахмет Байтұрсыновтың  "Қазақ қалпы", "Қазақ салты" өлеңдерін жаттау.
* Ахмет Байтұрсыновтың  "Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек"атты мақаласымен танысыңыз.

               Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ХІХ ғасыр әдебиеті "Ана тілі>>,1992 6-том
2.<<Бес ғасыр жырлайды>>1989 1-том, 
3.Х.Сүйіншәлиев XIXғ әдебиеті А-1992
4..Қоңыратбаев.Ә  Қазақ әдебиетінің тарихы. А-1994
5.Әуезов.М  Әдебиет тарихы А-91
6. Жұмалиев Қ   XVIII-XIXғ қазақ әдебиеті   А-67
7."Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық.  -  А-2010.



ДӘРІС №13Тақырыбы: Міржақып Дулатұлы /1885-1935/.
Мақсаты: Міржақып Дулатұлы шығармашылығымен танысу,оқу
Тірек сөздер:саяси қызмет, газет,қайраткер,жинақ,лирик,гуманист,публицист,роман, реализм
Шығармашылық өмірбаяны. Батыс пен Шығыс әдебиеттерін жетік меңгергендігі . Ел ісіне, саяси қызметтерге ерте араласқандығы. Әр тұста жазғандарының / <<Жұмбақ>>, <<Біздің мақсатымыз>>,т.б. / патша тыңшыларының назарына ілінуі . Қазақтың белгілі зиялыларымен, қайраткерлерімен тізе қосып іс атқарғаны. <<Серке>> газетінің ұйымдастырыуына көмегі . <<Қазақ>> газетінде А.Байтұрсынұлымен бірге қызмет атқаруы. Қайраткерлік еңбегі . 
Ақындығы. <<Оян, қазақ>> жинағында отарлық езгіге, қараңғы марғаулыққа қарсы күреске шақыру, халықты ояту идеясын ашық та батыл көтеруі . Кітаптың тұтқындалуы. Еркіндік аңсаған халықтың ой-армандарын тұжырымдаған сүйікті кітапқа айналғандығы. Мыржақып өлеңдерінде отарлық саясатқа қарсы ойдың, ағартушылық идеяның молдығы. <<Азамат>> жинағы арқылы Мыржақыптың шын мәніндегі  ақындық қуатының танылуы. Онда ақынның тамаша лирик, сезімтал гуманист, сергек публицист ретінде көрінуі . Жастарға үлгі-өнеге ұсынуы.
<<Бақытсыз Жамал>> романы. Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман екендігі .Тақырыбының әз заманының көкейкесті мәселесіне арналуы.Онда Жамал мен Ғали арасындағы махаббат трагедиясының суреттелуі . Заманынан да, айналасындағы адамдардан да мейірім таппаған екі мұңлықтың қайғылы тағдырын қысқа әрі көркем етіп баяндап шыққандығы. Жамал мен Ғали образдары. Олардың бойындағы өзгелерге үлгі боларлық жарық пен жылудың, адалдық пен әділдік сөзімдерінің молдығы. Романдағы өзге кейіпкерлер образдары. Мыржақыптың қаламына тән реализм. Көркем бояу мен кестелі орамдарға, бейнелі тіркестерге бай келетіні . Тілінің шұрайлылығы. Композициялық құрылымы. Ұлттық көркем прозаның қалыптасып, дамуына үлес болып қосылғаны.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
* Шығармашылық өмірбаяны.
* Саяси қызметтері, <<Серке>> газетінің ұйымдастыруы . <<Қазақ>> газетінде А.Байтұрсынұлымен бірге қызмет атқаруы. Қайраткерлік еңбегі .
* Ақындығы. <<Оян, қазақ>>, <<Азамат>> жинақтары
* <<Бақытсыз Жамал>> романы

                             Әдебиеттер
1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет.  - А. 1976
2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы.  -  Алматы: Қазақ университеті, 2002.  -  430 бет. 
3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.
4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.
5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар.  -  Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВТЫҢ ӨМІРІ  МЕН  ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Дәрістің мақсаты:  Міржақып Дулатовтың өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  ақпарат  беру,  ақын  өлеңдері  мен  романдары  туралы  білімді  одан  ары  кеңейту. 
Тірек  сөздер: ақын, проза, отарлау, Патшалық Ресей, газет, пьеса, түрме, оқулық, өлең, ромн, ескіше бітім, молда, саясат, шығарма, партия, т.с.с.
                                Дәрістің  жоспары:
* Міржақып Дулатовтың өмірбаяны.
* Қоғам қайраткерінің шығармашылық мұрасы.
* Ақынның өлеңдері.
* <<Бақытсыз Жамал>> романы.
    Міржақып Дулатұлы (1885 -- 1935)  --  қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Туған жері  --  Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі  --  Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі  --  Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.
Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, <<ауыл мұғалімі>> атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.
Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің қарсаңында болатын.
Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, <<Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!>> деп бар даусымен жар салады.
Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.
Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi  --  ұстаз, бipi  --  ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.
Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: <<Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты>> деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: <<Оян, қазақ!>> деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен <<маса>> болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсыновтың үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, <<Ахаң Жахаң>> деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бас тартап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.
1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне "Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды.
1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы "Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.
   Міржақып Дулатов  --  әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы  --  "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы -- ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.
Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды.
Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.
М. Дулатовтың шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді. М. Дулатов шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.
Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақьш "Оян, қазақ!" атты тұңғыш өлеңдер жинағьн мынандай өлең жолдарымен бастайды:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас- ты.
Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Онын үстіне бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету -- әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды. Атап айтқанда, "Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі", "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат", "Сайлаулар хақында", "Жастарға", "Қазақтың ру басшыларына", "Атқамінер сұмдарға", тәрізді өлеңдерінде қазақ қоғамының сипаты, ондағы адамдар психологиясы, соларды көрген ақынның өкінішті күйі анық бейнеленген. Ақынның сол тақырыптағы шығармаларының бipi  --  "Шағым" өлеңі.
...Бір қарағанда "Шағым" өлеңі ақынның аз ғана сәттік көңіл күйінен туған тәрізді. Әйтсе де мұнда жеке бастың мұңынан гөpi әлеуметтік ой басым жатыр. Ел ішіндегі білімсіздік, бойкүйездік, жалқаулық, енжарлық, алауыздық тәрізді тольш жатқан кеселдерді көре тұрып, ақын мұңаяды. Тығырыққа тірелгендей болады.
Жүректен қашан шығар қадалған оқ,
Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?Қажыған қам көңілді бip көтерер
Жанымда жан ашитын адам да жоқ,  -- 
деп Міржақыптың өзі айтқандай, халқының тұрмысындағы әлгіндей керітартпа кемшіліктер оның жүрегіне оқ болып қадалады. Сондай сәттерде айналасынан өзіне серік болатын, тірек болатын адам іздейді. Таппай көңілі құлазиды. Дегенмен ақынның мұңы терең қайғыға ұласьш кетпейді. Өлеңінің соңында: "Әділдік аста қалған еш күні жоқ",  --  деп, түптің түбінде әділдіктің жеңетініне сенеді. Сол жолда өзінің бар күшін, өмірін аямайтынын былайша жеткізеді:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағашҚалғанша жарты жаңқам мен сенікі  -- 
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!
Аталған өлең азамат ақынның алдына қойған мақсатын қаншалықты айқын түсінетінін байқатады. Ақынның мақсаты -- халқының тағдырына ара түсу, елі үшін еңбек етуге, бел буу. Сол себепті де ақынның өлеңдері ел ішіндегі надандықты, әділетсіздікті әшкерелейді, олардан арылудың жолын іздейді. Мәселен, "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат" өлеңінде қазақ ауылының көpiнісі суреттелш, ондағы ішкен-жегенге мәз, жайбарақат тіршіліктің беті ашылады. Ел ішіндегі бірліктің, ынтымақ пен бірауыздылықтың жоқтығын айта отырып, ақын ел билеу жүйесіндегі жүгенсіздік пен әділетсіздікті сынға алады.
Міржақыптың осы тәрізді азаматтық, әлеуметтік сарындағы өлеңдерінің тақырыбы да, айтар ойы да, кұрылысы да, айтылу ерекшеліктері де әр алуан. Ақын бірде халықтың тағдырын, бүгінгісі мен келешегін толғаса, бірде жастарды оқу-білімге шақырған насихат айтады немесе күнделікті өмірдегі құбылыстарға қатысты адамгершілік мәселесін қозғайды, ал енді бірде патша өкіметінің озбыр саясатын, ел билеушілердің әділетсіздігін сынайды.
Міржақьш қаламынан туған көркем де күрделі туынды  --  "Алашқа" өлеңі. Ақын халқына қарата сөйлеп, оның өткендегі өмірін есіне түсіріп, жақсы мен жаманды, кешегі мен бүгінгіні салыстыра отырып, бірқатар әлеуметтік шындықтың бетін ашады.
Ақын алдымен күні кеше төскейі төрт түлік малға толған бетегелі қырлардың, онда көшіп-қонған берекелі ауылдардың сәнін әсем суреттейді, ел баскарған ақылды хандар мен билерді еске алады.
Салтанат Сарыарқада кұрған қазақ,Толықсып жүрген кеше күнің қайда?  -- 
деп келш, ел ішінен халқының сөзін сөйлейтін шешендер мен елін, жерін қорғайтын ерлер, ақылдың кені іспетті дана қарияларын іздейді. Солар бар жерде елдің берекесі де артык болмақ
Бірақ өмір Міржақьш ойлағандай емес. Би  --  парашыл, қарттары  --  қарау. Бірлік жоқ, алауыздық үстем. Ақын осыған өкінеді.
Алашым, айтқанды алсаң, без бұлардан
Еш нәрсе тәуіп бермес, білгенге ермес.Қой бағьш қасқыр қашан опа қылған,
Көре бер өз бетіңмен күніңді өлмес,
 --  деп, туған халқын ойлануға шақырады. Қойды қасқырға бақтырғандай әділетсіз заманның жайын түсіндіреді. Ел басқарушы залымдарға сенбей, өз күшімен күн көру қажеттігін айтады.
Мiржақып ел ішіндегі кемшіліктерді әшкерелей отырып, халқына одан арылудың жолын көрсетеді. Өзінің "Шәкірт", "Насихат ғумумия" тәрізді бірқатар өлеңдерінде өнер мен білім жинаудың пайдасын бipiншi кезекке қояды. Tіпті адамгершіліктің өзі білімнен, оқудан басталады деген ой айтады.
   Халық тағдыры М. Дулатовтың прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның "Бақытсыз Жамал" атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. "Бақытсыз Жамал" қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С.Көбеевтің "Қалың мал", С.Торайғыровтың "Қамар cұлу", т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.
"Бақытсыз Жамал" романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады. ... Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәз. Үй жағалап қымыз ішкен жастар... Осылайша жайбарақат жатқан ауылға патша ұлықтары келе жатқаны туралы хабар тарайды. Абыр-сабыр басталады. Ауыл сыртына үй тігіледі. Арнайы үйге келіп түскен екі ұлықты "ләббай, тақсыр" деп күткен ауылнайдың сөзінде де ерекше бір мақтаныш сезіледі. Міржақып Дулатов осы шағын көріністі суреттеу арқылы өз заманының тұрмыс-жағдайын, адамдардың психологиясын дәлме-дел береді. Ауыл адамдарының өзара әңгімелерінен, ауылнай бастаған белсенділердің іс-әрекет, мінез-құлықтарынан жазушы мол сыр ұқтырады. ...Дәл осындай абыр-сабыр сәтте ауыл қазағы Сәрсенбайдын әйелі босанып, дүниеге қыз бала келгені туралы қуанышты хабар жетеді. Дүниеге келген бұл сәби романның бас кейіпкері Жамал болатын. Табиғатынан зерек жаратылған Жамал молдадан ескіше, жаңаша оқып, хат таниды. Түрлі хисса-дастандарды көп оқиды. Бірқатарын жатқа да айтатын болады. Сөйтіп елдің көзіне түсіп, қыз айттырам деушілердің назарына ілігеді. Жамал он бес жасқа келді. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі бір-біріне муафиқ келіп, Жамал сол елдің қызының алды болды. Бұл айтылмыш артықшылығының үстіне сөзге бек ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды. Олай-бұлай қалжыңмен сөйлескен бозбаланы сөйлетпейтін еді. Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шет елдерге де "Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бар" деген лақап жайыла бастады. Көркіне ақылы сай болып бойжеткен Жамалды Байжан деген бай баласы Жұманға айттырады. Қыз шешесінің қарсылығына қарамастан, Сәрсенбай болашақ құдасының байлығына қызығып, құдалыққа келіседі. Бірақ бай баласы топас, нашар болады. Жамал оны менсінбейді. Сөйтіп жүргенде бір тойда оқыған, мәдениетті, жаңаша киінген, сыпайы, әдепті Ғали деген жігітпен танысын, көңілдері жарасады. Арада біраз уақыт өтіп, қыздың Жұманға ұзатылар шағы туғанда, Жамал Ғалимен қол ұстасып қашып кетеді. Жастарды қудалау басталады. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан Ғали ауырып қайтыс болады. Қайғыға батқан Жамал көп ұзамай Жұманға ұзатылады. Көрмеген қорлықты көреді. Ақыр аяғында бір боранды күні Ғалидың қабірінің басына барып, жылап жатып қайтыс болады. Романда оқиға желісі -- суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен Жамал мен Ғалидың мөлдір махаббаты, өз еркіндіктеріне жету жолындағы үмтылысы осы арнада өрбиді. Ақыр аяғында трагедиямен аяқталады. М. Дулатов бұл оқиғаны кездейсоқ болған бірді-екілі жай ретінде қарамайды. Ғашықтар трагедиясын ол қазақ даласындағы әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Сол арқылы қазақ қыздарының бас еркі, жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады. Жазушы үшін әйелдің бас бостандығы, өзінің сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы ең бір түйінді мәселе болды. Ол әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады. Міржақып Дулатовтың романдағы Жамал бейнесін сомдаудағы жаңалығы да өзінің осы идеясына негізделеді. Романдағы Ғали  --  сол замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген , жазған хаттарынан бұл қасиет айқын аңғарылады. Ал шығармадағы Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр  --  ескі психологияның адамдары. Оларға адамгершіліктен гөрі байлық, шен мақтанышы қымбатырақ. Тұтастай алғанда, "Бақытсыз Жамал" романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды.

                                     Дәрісті  бекіту  сұрақтары:
* М. Дулатовтың <<Оян, қазақ!>> деп үндеген ұраны туралы не айтасыз?
     2. Ақын  шығармаларының зерттелуі.
     3. М. Дулатовтың <<Бақытсыз Жамал>> романы қандай туынды ?
     4. Міржақып Дулатұлының Абай шығармашылығын зерттеуі жайлы не білесіз?

                                     Тапсырма:
 1.<<Оян, қазақ!>> өлеңін талдаңыз.
 2.<<Бақытсыз Жамал>> романын оқып, мазмұнымен танысу.


                             Әдебиеттер:
* " Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: <<Аруна Ltd.>> ЖШС, 2010. 
* Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А.  -  Алматы. "Алматыкітап баспасы", 2009 
* Абай. Энциклопедия.  -  Алматы: <<Қазақ энциклопедиясының>> Бас редакциясы, <<Атамұра>> баспасы, 
* Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. 
* <<ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті>> Ө. Әбдиманұлы Алматы  -  2012.



6.Шаяхметұлы Қ.Шартарап .Ғылыми жинақ.(филология-контактология)-Семей-Новосибирск.Талер-Пресс,2006-350 б. 
ДӘРІС №14Тақырыбы
ДӘРІС №15Тақырыбы


Практикалық сабақтар , семинарлар СЕМИНАРЛАР
Семинар  сабақтарына  арналған  әдістемелік  нұсқау:  Семинарлар,  олардың  жоспарларында  көрсетілген   тақырыптың    қамтитын  мәселелері    пәннің  оқу   бағдарламасындағы  әдеби  мәтіндік,  теориялық  және  практикалық   материалдарды  студенттердің  әдеби-ғылыми  тұрғыда  өз  бетімен  іздене  отырып,  терең  де  жан-жақты   игерулерін  мақсат   етеді.    Ол  үшін  студент  ең  алдымен семинар  тақыры  бойынша   пайдаланылатын  әдебиеттерді  алып,  мұқият    оқып  шығып,  тақырып  жоспарларындағы  әр  сұрақтың  мәнін  ашатындай    конспект  жазуы  керек.  Одан  соң    сол  пікірлеріне   іштей  салыстырулар  жасап,  дәріс  материалдарын  басшылыққа  ала  отырып,   түйінді  ой  тұжырымдарды  қағаз  бетіне  түсіріп,  осы  мәселе  төңірегіндегі  көркем  мәтіндер,  әдеби-ғылыми   материалдар ,  дәрісте  оқылған  және  баспасөздерде  жарияланған  тың  деректерге  сүйеніп,  өз  тұжырымын  дәйектеу  керек.  Әрбір  семинарда  алдыңғы  өткен  сабақтарда  қарастырылған  материалдарды  репродуктивтік,  зерттеушілік  сипатта  жаңа  тақырыппен  байланыстыру  және  семинар  тақырыбының   әдеби-теориялық  мәселелерімен  қатар,  шығарма  мәтінін  білу  талап  етіледі.

№1  семинар.  Тақырыбы:  ХІХ  ғасырдағы  қазақ  тарихы  және  әлебиеті.  ХІХ  ғасырдағы  ұлттық  сөз  өнері  дамуының  тарихи-әдеби  сипаты. 
Сабақтың  мақсаты:  ХІХ  ғасырдағы  қазақ  жеріндегі  тарихи-әлеуметтік  мәселелермен   үндес  келетін   қазақ   әдебиеті  жайын  студенттердің  қандай  дәрежеде  меңгергендігін  талдап,  бағалау.  
Сабақ    жоспары: 
* ХІХ  ғасырдағы  патша  үкіметі  жүргізген  отарлық  езгі  тарихы  мен  оған  қарсы  туған  азаттық  бағытындағы  жаңа  дәуір  әдебиетінің  мәні  мен   ел   өмірінің    саяси-экономикалық,  тарихи-әлеуметтік  жағдайы.  
* Қазақ  әдебиеті  қоғамдық  құбылыстар  туралы.  Зар  заман  ақындарының  шығармашылығы
* ХІХ  ғасыр  әдебиетінің  зеттелуі  мен  жариялануы.
* ХІХ  ғасырдағы  сөз  өнерінің  даму  тарихы.

Әдістемелік  нұсқау:  әдебиеттің  дәуірлерге  бөлінетіндігі.  ХІХ  ғасырдағы  отарлық  езгінің  ел  өміріне  әкелген  кесір-кесапаттары.  Оның  сөз  өнеріндегі  азаттық  бағытындағы    тұтас  дәуір  әдебиетінің  тууына  себеп  болғандығы.  Отарлық  езгінің  жүргізілу  саясатына  орай  әдебиетте  жаңа  әдеби  ағымның  дүниеге келуі.  Әдебиеттің  жыраулық  кең  толғаулы  дәстүрінен   нақты  ақындық  өең  өлшеміндегі  саяси-әлеуметтік  лирикаға  көшуі.  Әдбиеттегі  дәстүр  жалғастығы    және  тың   әдеби  жаңашылдық  үлгілердің  тууы.  ХІХ   ғасыр  әдебиеті  мұраларының  жиналуы,  жүйеленуі,  басылу,  зерттелу  тарихы.  Ғасыр  әдебиетін  көркемдік-теориялық  тұрғыда  саралап,  бағалаудағы   әдебиеттану  ғылымындағы   көзқарастар  мен  ой-тұжырымдар  тарихы.  ХІХ  ғасыр  әдебиетін  зерттеп,  танудағы,  жүйелеп  оқытудағы  бүгінгі  күнгі   жаңаша  көзқарастар  мен  тұжырымдар.
Әдебиеттер:Н. ә:  1,2,3,4.  Қ. ә: 1,3, 5.
№ 2  Семинар.  Тақырыбы: Дулат   Бабатайұлының  өмірі  мен   шығармашылығы.
Сабақтың  мақсаты: Дулат   Бабатайұлының  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  ақпарат  беру,  ақын  өлеңдері  мен  дастандары  туралы  білімді  одан  ары  кеңейту. 
Сабақтың  жоспары: 
* Дулат   Бабатайұлы  шығармаларының  зерттелуі,  жариялануы.
* Ақын  өлеңдеріндегі  туған  жерге,  атамекенге  деген  құрмет.  Зар  замандық  сарын.
* Шығармаларындағы   фольклор  мен  әдебиет  сипаты.
Әдістемелік  нұсқау:  Дулат  Бабатайұлының  өмірі.   Шығармашылығы.  Дулат  ақын  мұраларының  жиналу,  жариялану,  зерттелу,  оқытылу  тарихы.  Өлеңдеріндегі  зар  замандық  сарын.  Тәуелсіз  Қазақстан  және  Дулаттың   өмірі  мен  шығармашылығының  бүгінгі  азат  таным  тұрғысынан  зерттелуі.   Ақын  шығармашылығының  көркемдік  ерекшеліктері.
Әдебиеттер:  Н.ә: 1,  2,  5,  7.  Қ.ә:  4,  6,  7.

№3  семинар.  Тақырыбы:  М.Өтемісұлының  әдеби  мұралары.
Сабақтың  мақсаты: Махамбет  поэзиясын  ұлт  азаттық  күрес  тарихымен  байланыста  талдап  түсіндіру.
Сабақтың  жоспары:
* Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуі
* Махамбет жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік,  сарын 
* Махамбет өлеңдерінің философиялық дүниетанымдық тереңдігі
* Ақын шығармаларындағы Исатай бейнесі
Әдістемелік  нұсқау:  Патша  үкіметінің  отарлау  саясатының  жүргізілу  тарихы.    Соған  орай  Ішкі  Бөкей  Ордасында  қалыптасқан  саяси-әлеуметтік  жағдай.  Жер  отары.  Екі  жақты  қанау.   Азаттық  жолындағы  Исатай-Махамбет   бастаған   ұлт-азаттық  көтерілісі.    Жорықты  жылдар  мен  күреспен  өткен   күндер  шежіресінің  Махамбет  жырларындағы   суреттелуі.  Көтерілістен  соңғы  ақын  өмірі  мен   іс-әрекеттері,  оның   Махамбет  поэзиясындағы  көрінісі.  Махамбет  жырларындағы   ұлт-азаттық  танымдар  мен  олардың   әдебиет  тарихындағы  жалғастығы.  Көтеріліс  тарихы  мен  Махамбет  поэзиясының  тарих  пен  әдебиеттегі  алар  орнының  филологиядағы  бағалану  тарихы.  Тәуелсіз  Қазақстан  және  Махамбет  өмірі  мен  шығармашылығының  бүгінгі  азат  таным  тұрғысынан  зерттелуі. 
Әдебиеттер:Н. ә: 3, 7,  19  .  Қ. ә:  5, 7,  8.
№4  семинар.  Тақырыбы:  Ш.Жарылғасұлының  өмірі  мен  туындылары.
Сабақтың  мақсаты: Өмірі мен туындыларын оқыта отырып,  дүниетанымдарын   кеңейту, ойландырып жүрген сұрақтарына жауап алдыру.
Сабақтың  жоспары:
* Ақынның өмірбаяны
* Исатаймын жолығуы
* Қудалауға түсуі
* Туындылары
Әдістемелік  нұсқау:  Ұлт  азаттық  көтерілісінің  қарулы  күшпен  басылуы   және  Шернияз   ақынның  өмір  жолы.  Ақын  шығармаларының  тақырыптары  мен  мазмұндық  түрлері.    Шернияз  шығармашылығының  ақынның  өмірі  мен   поэзиясындағы  ерекшеліктеріне   орай  шартты  түрде   екіге  бөлінетіндігі.  Ақын  поэзиясындағы  дәстүр  мен  жаңашылдық.  <<Шернияздың  Баймағамбет  сұлтанға  айтқаны>>  өлеңі,  оның  нұсқалары  мен  басты  образдары,   ақын  қолданған    юмор,  сатира,  т.б.  да  әдеби-көркемдеу  құралдары.  Шернияз  ақын  мұраларының  жиналу,  жариялану,  зерттелу,  оқытылу  тарихы.
Әдебиеттер:  тізімі:  Н. ә:  1, 2, 5, 6.  Қ. ә:  2, 3, 5.


№ 5  Семинар.  Тақырыбы: Шортанбай   Қанайұлының  әдеби  туындылары.
Сабақтың  мақсаты: ақынның  өмірі  мен  шығармашылығы  жайлы  кеңінен  мәлімет  беру.  Өмірі мен туындыларын оқыта отырып,  дүниетанымдарын   кеңейту, ойландырып жүрген сұрақтарына   жауап алдыру. 
Сабақтың  жоспары:
* Өмірі  жайлы  мәлімет
* Мұрасының  жариялануы,  зерттелуі.
* Шығармашылық  тұлғасының  қалыптасу  кезеңдері.
Әдістемелік  нұсқау:  Шортанбай  Қанайұлының  шығармашылығы.  Зар  заман  сарыны.  Адамгершілік  тақырыбындағы  өлеңдері.
Әдебиеттер: Н.ә: 5,  7,  11.  Қ. ә:  4,  6,  7.
№ 6  Семинар.  Тақырыбы: Сүйінбай  Аронұлының  өмірі  мен  шығармашылығы.
Сабақтың  мақсаты: Ақын Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, толғауларының тәрбиелік мәнін, әлеуметтік маңызын ашу.
Сабақтың  жоспары:
* Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі, өмір жолы.
* Толғауларының тақырыптық  -  идеялық мазмұны.
* Ел тарихы, ел қорғаған батырлар туралы толғаныстары. 
* Жақсы мен жаман адамның қасиеттері туралы өлеңі.
* Кәрілік, жастық туралы өлеңдері.
* Сүйінбайдың айтыстары. 	
Әдістемелік  нұсқау:  Сүйінбай  ақынның  өмір  жолы.  Ақын  шығармаларының  тақырыптары  мен  мазмұндық  түрлері.    Сүйінбай    шығармашылығының  ақынның  өмірі  мен   поэзиясындағы  ерекшеліктеріне   орай  келуі.    Ақын  поэзиясындағы  дәстүр  мен  жаңашылдық.  
Әдебиеттер: Н.ә:  12,  13,  14,  15.  Қ.ә: 2,  6.


№ 7  Семинар.  Тақырыбы: Майлықожа  Сұлтанқожаұлының  әдеби  мұрасы.
Сабақтың  мақсаты: Майлықожа   Сұлтанқожаұлының өмірі,  шығармашылығымен   студенттерді   таныстыра   отырып,  толғауларынан ғибрат  алуға  шақыру.
Сабақтың  жоспары:
* М.Сұлтанқожаұлының    өмірі,шығармашылығы
* <<Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған>>
* Майлықожаның әдеби мұрасы.
* Майлықожаның айтысқан айтыстары
Әдістемелік  нұсқау:  Майлықожа   ақынның  өмір  жолы.  Ақын  шығармаларының  тақырыптары  мен  мазмұндық  түрлері.    Майлықожа   шығармашылығының  ақынның  өмірі  мен   поэзиясындағы  ерекшеліктеріне   орай  түрде  болуы.   Ақын  поэзиясындағы  дәстүр  мен  жаңашылдық.  
Әдебиеттер:  Н.ә:  16,  17,  18.  Қ.ә: 6,  7.

№ 8  Семинар.  Тақырыбы: Базар  Оңдасұлының  өмірі  мен  шығармашылығы
Сабақтың  мақсаты: Базар Оңдасұлының өмірі,шығармашылығымен студенттерді таныстыра отырып,толғауларынан ғибрат алуға шақыру.
Сабақтың  жоспары: 
* Өмірінен мәлімет.
* Мұрасының зерттелуі, жариялануы.
* Базардың толғау- термелері.
* Базардың дастандары
Әдістемелік  нұсқау: Базар   ақынның  өмір  жолы.  Ақын  шығармаларының  тақырыптары  мен  мазмұндық  түрлері.    Базар    шығармашылығының  ақынның  өмірі  мен   поэзиясындағы  ерекшеліктеріне   сәйкес  келуі.   Ақын  поэзиясындағы  дәстүр  мен  жаңашылдық.  
Әдебиеттер:  Н.ә:   2,  7,  9,  16.  Қ.ә:  6,  7,  8.

№ 9  Семинар.  Тақырыбы: Мұрат  Мөңкеұлының  әдеби  туындылары
Сабақтың  мақсаты: Оқушыларды  Зар заман ақындарының бірі Мұрат Мөңкеұлының өмірімен танстыру. Шығармаларын оқыту арқылы ақынның жаңа қырларын ашу. Мұраттың шығармалары арқылы балалардың  сезіміне әсер ету, рахын ояту.   Зар заман кезінде Мұраттай ақын жыраудың болғандығын балалар жадында жаңғырту. Балаларды ақын шығармаларымен таныстыру.
Сабақтың  жоспары: 
* Мұрат   Мөңкеұлының   әдеби   туындылары.
* Мұрат   Мөңкеұлының   шығармаларының   зерттелуі.
* Мұрат   толғаулары  "Үш қиян", "Қарасай-Қази", "Қазтуған"
* Мұраттың  айтыс   өнері
* Мұрат  жайында  айтылған   жазушылар   пікірі
Әдістемелік  нұсқау: Мұрат  ақынның  өмір  жолы.  Ақын  шығармаларының  тақырыптары  мен  мазмұндық  түрлері.    Мұрат  Мөңкеұлы  шығармашылығының  ақынның  өмірі  мен   поэзиясындағы  ерекшеліктеріне   орай   келуі.    Ақын  поэзиясындағы  дәстүр  мен  жаңашылдық.  
Әдебиеттер:  Н.ә:  7,  12,  13,  15.  Қ.ә:  2,  6   9.

№ 10  Семинар.  Тақырыбы: Өнер  тұтастығы  мазмұнындағы  ақындар  поэзиясы  (Біржан  сал,  Сара  ақын)
Сабақтың  мақсаты: Сара Тастанбекқызы мен Біржан Қожағұлұлы туралы түсінік беру. Ақындар поэзиясы, сал  -  серілер жайлы білімді одан әрі жетілдіру, өздігінен ойлауға үйрету, ой  -  өрісін одан әрі дамыту.
Сабақтың  жоспары: 
* Біржан сал Қожағұлұлы
* Сара  Тастанбекқызы

Әдістемелік  нұсқау:  Аңызға  айналған  айтыс.  Біржан  мен  Сара  ақынның    өнегеге  айналған  өмірлері.  Біржан  мен  Сара  айтысының  тарихи  маңызы.  Әлеуметтік   мәселелердің   көтерілуі.  Теңсіздік  тақырыбы.
Әдебиеттер:  Н.ә:  20,  21,  22.    Қ.ә: 6,  7,  9





 Бақылау жұмысы, курстық жұмыс
  

 16. Білім бақылауы.  Курс бойынша емтихан сұрақтары: 
1.19 ғасырдағы қазақ әдебиеті және қоғамдық-әлеуметтік жағдай.
2. Ұлттық-азаттық көтерілістері және тарихи өлеңдер, дастандар.
3. Дулат өлеңдеріндегі ұлттық-отаншылдық сарындар.
4. Дулаттың дастандары.
5. Махамбеттің философиялық өлеңдері.
6. Махамбет өлеңдеріндегі авторлық және тарихи тұлға, адресаттық нысан.
7. Шортанбайдың зар замандық толғаулары.
8. Шортанбайдың айтыстары, дастаны.
9. Сүйінбайдың толғаулары
10. Сүйінбайдың айтыстары.
11. Майлықожаның толғаулары, мысалдары.
12. Майлықожаның айтыстары.
13. Базардың толғау термелері.
14. Базардың дастандары.
15. Мұраттың зар замандық толғаулары.
16. Мұраттың жыршы-ақындығы, айтыстары.
17. Әбубәкірдің өлеңдері, айтыстары.
18. Біржан салдың лирикалық өлеңдері, айтыстары.
19. Ақан серінің лирикалық өлеңдері, айтыстары.
20. Сегізсерінің әдеби мұрасы.
21. Сараның әдеби мұрасы.
22. Әсеттің әдеби мұрасы.
23. Шоқанның әдеби шығармашылығы.
24. Ыбырайдың өлеңдері.
25. Ыбырайдың әңгімелері.
26. Хакім Абайдың лирикасы.
27. Хакім Абайдың поэмалары.
28. Хакім Абайдың қарасоздері, көркем аудармалары
29. Хакім Абайдың ақындық айналасы (Ақылбай, Мағауия, Щәкәрім, Көкбай).
30. Абайтанудың қалыптасуы, дамуы.

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихынан сұрақтар:

1 ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің даму сипаты 
2 Поэзия, проза, драматур-гиялық шығармалардың дүниеге келуі. Аударма, көсемсөз жанрының өркендеуі. Қазақ әдебиетінің тақырыптық аясының кеңеюі. 
3 Мақыш Қалтайұлының шығармашылық өмірбаяны 
4 Шәді Жәңгірұлының шығармашылық өмірбаяны, дастандары.
Т.Ізтілеуұлының өмірі мен шығармашылығы, ақындығы.
М.Байзақұлының шығармашылық өмірбаяны,өлеңдері.
5 М.Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы өлеңде-ріндегі ауыз әдебиеті үлгілері. Заман мәселесіне арналған түрлі мақала-лары. Сатиралық үлгідегі өлеңдері.
6 С.Торайғырұлының шығармашылық өмірбаяны. Ақынның шығармашылық жолының кезеңдері. Шығармаларының жанр-лық, тақырыптық жағынан әр алуандағы поэмалары, көсемсөз саласындағы еңбегі.
7 Ш.Құдайбердіұлының шығармашылық өмір-баяны, Лирика жанрына дамуындағы үлесі. Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы <<Бәйшешек бақшасы>>, <<Мәнді сөздер>> атты шығармалары.
8   М.Сералиннің шығармашылық өмірбаяны. Қазақтың алғашқы журналисі екендігі. <<Айқап>> арқылы ұлт мәдениетіне қосқан үлесі. Ондағы мақалалар тақырыбының сюжетті поэмалар жазғандығы.
9 Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы. Қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері болғандығы. <<Қырық мысал>> жинағы <<Маса>> жинағындағы халықты ояту идеясы. Көсемсөз шебері ретіндегі еңбегі <<Қазақ>> газетінде сан алуан тақырыптағы мақалалары. Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі туралы. Ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинап, кітап етіп бастыруы <<Ерсайын>>, <<23 толғау>>. 
10 М.Дулатұлының шығармашылық өмірбаяны, ақындығы <<Оян, қазақ>>, <<Азамат>> жинағы. <<Бақытсыз Жамал>> романы. Тілінің шұрайлығы. Композициялық құрылымы. Көркем прозаға қосқан үлесі. 
11 С.Дөнентайұлының шығармашылық өмірбаяны. Ағартушылық демократтық бағытта шығарма жазғандығы, мысал  өлеңдері.
12 Ғ.Қарашұлының шығармашылық өмірбаяны
13  .М.Дулатұлының шығармашылығы
14 Ж.Аймауытовтың шығармашылығы. 
15 М.Жұмабаевтың шығармашылығы.   
16. Б.Майлиннің шығармашылығы. Заман мәселесіне арналған түрлі мақалалары. Сатиралық үлгідегі өлеңдері.
17 С.Сейфуллиннің шығармашылығы 
18 І.Жансүгіровтің шығармашылығы. қазақ әдебиетінің ұлттық сөз өнерінің даму процесіндегі мәні, халықтың мәдени тарихында алатын орны.
19.1916 жылғы Ұлт- азаттық көтерілісіне байланысты  әдебиет. Көтерілістің шығу себептері. Халық ақындары жырларының тақырыптары.
20.  Қазан төңкерісі және әдебиет. 









 













Пәндер