Файл қосу

Мемлекеттік саяси билік



* ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
        СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ 
                МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты
                                   ПОӘК
                                       
                         УМКД  042-18.1.05/03-2013
<<Саясаттану>> пәнінің оқу-әдістемелік кешені

                                       
                           №3  -  басылым  
                                       

                                       
                                       
                                       

                                       

                                       
                             САЯСАТТАНУ
                                       
                  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                                       
          (Барлық мамандықтарға арналған)
                                       
             ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       

                                  Cемей 
                                     2013
                                       
                                       
                                       
1.ӘЗІРЛЕГЕН:
Құрастырушылар:   <<03>> 09 2013ж 
ф.ғ.к., доцент м.а. Мұқатаева А.А., Болысова Қ.М., аға оқытушылар Кенжебулатова А.М., Камиева К.Р., Садыков Д.К., Татиев Е.Е.
<<Философия және саясаттану>> кафедрасы

2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. Семей қаласының  Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің философия кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № 1 03.09. 2013ж.

Кафедра меңгерушісі:  ______________ /Мұқатаева А.А./


2.2. Гуманитарлық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.
Хаттама № 1  05.09.2013ж.
Төрағасы: ________________ /ф.ғ.к. Кеңесбаева Ш.С./

3. БЕКІТІЛДІ:

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.

Хаттама №1   13.09.2013ж. 

ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./

4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН 






                                       

                                МАЗМҰНЫ

* Глоссарий
* Дәрістер 
* Семинар сабақтары
         4.  Студенттердің өздік жұмыстары.




















                              ГЛОССАРИЙ
          Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу.
          Альянс-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.
          Анархизм-жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым.
          Апатридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.
          Ассамблея-халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы.
          Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.
          Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі.
          Бихевиоризм- жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт.
         Буржуазиялық-демократиялық партиялар- ХІХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. 
         Бюрократ-азаматтрадың мүддесіне нұқсан келтіріп өз міндеттерін формалды түрде атқаратын қызмет адамы.
        Волюнтаризм-саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.
        Геноцид-адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.
        Геосаясат-сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат.
        Глобальдылық-бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.
        Гуманизм-адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік қозғалыс.
        Депортация-жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.
        Диверсификация-мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі.
       Диктатура-қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік.
      Еуропарламент-еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме.
      Егемендік-мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.
      Идеология-белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.
      Импичмент-жоғарғы лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.
     Инновация-жаңалық енгізу
     Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.
     Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.
     Прагматизм-алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.
     Инагурация -мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты кірісуі
     Коалиция   -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін бірлескен мақсатты партиялар мен  қоғам қайраткерлерінің бірігіуі.
     Конституция-мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.
     Көппартиялылық-мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі
     Легитимдік-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы.
     Можаритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.
     Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.
     Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі.
     Мороторий-ішкі жіне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау.
      Саясаттану  - қоғамның саяси дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары туралы ғылым
      Саясаттану  зерттеуі-қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды саяси-идеологиялық  тұтас жүйе ретінде қарастырады.
Саясаттану сауалдамасы-жеке адамдар мен топтарға ауызша және жазбаша түрінде сұрақтар қою жолымен алғашқы саяси- әлеуметтік ақпарат алу тәсілдері
Абсентеизм-халықтың саяси өмірге немқұрайды қарайтындығы
Автономия-бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым
      Әлеуметтік-саяси институттар- біршама жоғары  ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім.
      Иделды тип-дәуірге сәйкес ұтымды құндылықтар бағытының эталоны және саяси - әлеуметтік ақиқатты тану туралы қызметі атқарушы. Негізін салған-М.Вебер.
     Абсолютизм-жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі..
      Азаматтық қоғам- әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам.
     Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.
Саяси даму-жаңа қоғамдық қатынастардың, институттардың, нормалардың, құндылықтардың қалыптасқан өзгерістері
     Саяси- әлеуметтік қауымдастық  -  ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, адамдар жиынтығы.
     Саяси нормалар  -  адамдардың іс-әрекетін реттейтін ереже.
Саяси  прогресс  -  қоғамдық дамудың бағыты.
     Саяси -әлеуметтік  төңкеріс  -  қоғам дамуындағы сапалық, терең және жоғары     прогрессивтісімен алмастыру тәсілі.
     Саяси-  әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың   даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси  құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар.
     Саяси-  әлеуметтік институттар  -  біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік саяси түзілім.
     Саяси- әлеуметтік  коммуникация  -  тікелей және қарым-қатынастар мен  әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет  актісі мен процесі.
     Саяси- әлеуметтік конвергенция  -  түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің  біртіндеп жақындасуы.
     Саяси-  леуметтік   қозғалыс  -  адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси процестердің формасы.
     Саяси-  әлеуметтік  мүдделер  -  қоғамның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың, субьектілердің  әлеуметтік-саяси әрекеттерінің себептері, қайнар көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі.

     Әлеуметтік-саяси элита-қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.
     Саяси теңсіздік  -  адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі.
     Бедел-белгілі бір тұлғаның немесе адамдардың салмақты ықпал жасаудағыәрекеті.    
     Урбанизация  - қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.

                                       
                                       
                                       
2. Дәрістер

Тақырып №1 Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде.
Сабақтың мақсаты: 
Саясаттану пәнін,қызметтерін және әдіс-тәсілдерін анықтау
Негізгі мәселелері: 
1. Саясаттану объектісі мен пәні
2. Саясаттану саясат туралы билік саяси жүйе, процестер жөніндегі ғылым.
3. Саясаттану пәнін анықтаудағы негізгі амалдар.
4. Саясаттану функциялары.

Саясаттанудың зерттейтін мәселесін қарастырғанда ең алды-мен <<саясаттану>> ұғымынан бастаған  жөн. Саясаттану ұғымы гректің <> және <> - деген сөздерінен шыққан. Біріншісі  -  мемлекеттік іс немесе мемлекеттік істі басқару мағынасында қолданса,  ал екіншісі  -  ілім,  ғылым деген мағынаны береді. Яғни, қорыта келгенде саясат туралы ғылым. Жалпы алғанда саясаттану дегеніміз  -  қоғамның саяси өмірінің қалыптасуы мен даму заңдылықтары, қозғаушы күштері, оны  ұйымдастыру жолдары тәсілдері, принциптері  және халықаралық саяси қатынас туралы ғылым. Дәлірек айтқанда  саясаттану- саясат пен саяси билік, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттері мен саяси үрдістер туралы логикалық тұрғыдан негізделген біртұтас ілімдердің жиынтығы. Бір сөзбен айтқанда саясаттану  -  саяси теориялар мен ойлардың бірыңғай жүйесі.
Саясаттануды өз алдына, дербес ғылым дейтін болсақ, оның зерттейтін мәселесін анықтау үшін алдымен, оның зерттейтін объектісін анықтаған дұрыс. Жалпы алғанда, қазіргі қоғам өміріндегі барлық қоғамдық-саяси қатынастардың жиынтығы саясаттанудың зерттеу объектісі болып табылады. Мәселен, мемлекеттің өз ішіндегі және мемлекетаралық саяси қатынастар, таптар, ұлттар және ұлыстар, әлеуметтік топтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар, жеке адамдар арасыңдағы қатынастар. Дәлірек айтқанда, саясат-танудың объектісі  -  саяси.
Саясаттану ғылыми жүйенің нақтылы саласы ретінде жалпы алғанда саяси билікке, саяси мүдделерге, саяси қатынастар мен үрдістерге, саяси сана мен мәдениетке, қоғамдағы саяси жүйені ұйымдастыруға байланысты құбылыстардың диалектикалық жүйесін зерттейді деп айтуға болады. Осы тұрғыдан алғанда саясаттану бір-бірімен диалектикалық байланыста болатын әртүрлі теориядан тұратын табиғи құбылыс. Демек саясаттанудың зерттейтін мәселелерін жіктейтін болсақ, оларды мынандай үш топқа біріктіруге болады. Біріншісіне, саясаттың әлеуметтік және идеялық-теориялық негіздерін, саяси құбылыстарды белгілі бір жүйеге келтіретін белгілері мен сипаттарын, қоғамның белгілі бір нақтылы тарихи кезеңдеріне сәйкес келетін саяси парадигмаларды жатқызуға болады. Екіншісіне, саяси жүйе және саяси мәдениет, саяси сана, әртүрлі саяси жүйелердің ортақ, белгілері мен ерекшеліктері, олардың ұтымды жақтары мен кемшіліктері, саяси режимдер, олардың өзгеріп және ауысып отыру жағдайлары т.б. жатады, үшіншісіне, саяси институттар, саяси процестер, саяси әрекеттер мен адамның саяси мінез-құлықтарын, саяси көсемдік пен саяси элита мәселелерін топтастыруға болады.
Бірінші топтағы мәселелерге байланысты саясаттану саяси идеялардың әртүрлі ағымдарын зерттейді. Мәселен, консерватизм, либерализм, радикализм, экстремизм, конформизм, авантюризм, анархизм, лоббизм, бонапартизм, этатизм, демократизм, социализм, плюрализм, гуманизм, реализм, позитивизм т.б. ағымдар.
Саясаттанудың негізгі қатегорияларының бірі  -  билік. Осыған байланысты саяси биліктің дәстүрлі теорияларын зерттейді. Оларға: монархия, аристократия, автократия, авторитаризм, деспотизм, охло-кратия, плутократия, тирания, тоталитаризм, этатизм, элитаризм, бюрократия, олигархия (финанс билігі), теократия, технократия т.б. жатады.
Саясаттану саяси ілімдердің утопиялық, діни, ғылыми түрлерін зерттейді. Сонымен бірге саяси білімнің ғылыми емес төмендегідей түрлерін де қарастырады. Мысалы: саяси жалған хабар, саяси көнерген ұғымдар, саяси өсек, саяси эмоциялар, сыбыстар т.б.
Екінші топтағы мәселелерге байланысты саясаттану қоғамның саяси жүйесінің қажеттілігі мен оны құру мәселерін, оның әрекет ету заңдылықтары мен принциптерін қарастыра отырып, саяси жүйенің элементтерінің қоғамдағы орны мен рөліне, қызметіне талдау жасайды. Мемлекеттің, саяси партиялардың, қоғадмдық ұйымдардың, әртүрлі еңбек ұжымдары мен нарықтық құрылымдардың қызметінесаяси баға берін, олардың рөлін көрсетеді. Олардың өзара қатынастарын қарастырады. Мемлекеттің саяси бағдарламаларына талдау жасау, оны болжау және оны іске асыру механизмдерін зерттейді. Мемлекеттік саясаттың жүруін бақылап отыратын өкімет органдарының жұмыстарын қарастырады.
Саяси режимдерге қатысты мәселелерді қарастырады. Саяси режим дегеніміз саяси билікті жүргізудің заңды тәртібі мен әдістер жүйесі болғандықтан, сондай-ақ, әдетте билікті жүргізу тәжірибесі конституциялық негіздерге сәйкес келе бермейді. Осыған байланысты саясаттану ғылыми саяси режимдердің демократиялық және анти-демократиялық түрлерін де зерттейді. Мәселен, парламенттік және президенттік режим, авторитарлық, тоталитарлық режимдер, олардың ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін анықтап отырады. Олардың бірінен екінші түріне ауысып отыруы мен араласып келіп отыру заңдылықтарына талдау жасалынады.
Саяси мәдениетке байланысты, саясаттану саяси мәдениет ұғымын, саяси мәдениеттің қалыптасу процесін, оның ішкі құрылымын, саяси мәдениеттің мазмұндық сипаттарын, ұлттық сипаттың ерек-шеліктерін қарастырады. Сонымен бірге саясаттың, саяси нанымдардың рухани негіздерін, саяси актілердің моральдық және аморальдық жақтарына талдау жасайды.
Саясаттану саяси санаға қатысты, оның құрылымын, деңгейлерін, қалыптасу көздерін қарастыра отырып, сонымен бірге саяси сананың әлеуметтік негіздерін зерттейді. Саяси сананың қоғамдық санамен, мәдениетпен, адамның саяси мінез-құлқымен байланыстыра келіп, саяси сана қоғам саяси болмысының субъективтік бейнесі болатындығын дәлелдейді.
Саясаттанудың зерттейтін мәселелерінің үшінші тобына келетін болсақ, оның негізгілерінің бірі-саяси процесс. Бұған байланысты саясаттану қоғамның негізгі салаларына қарай бөлінетін саясаттың бағыттарын қалыптастыру және оларды іске асыру жағын қарастырады. Саяси шешімдерді, заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесінің қызметтері зерттеледі. Халықтың және оның топтарының саясатқа араласу белсенділігі, қоғамдағы әртүрлі саяси қозғалыстар, саяси тұрақтылық пен оның өзгеру мәселелері, ақпарат құралдарының орны мен рөлі айқындалады. Сонымен бірге бұқаралық стихиялық қозғалыстарды, саяси процестердегі қысым жасау мәселелерін, ымыраға келу, саяси протест, саяси популизм, лоббизм, сайлау жүйесін де зерттейді.
Саясаттануда ең бір маңызды орын алатын, күрделі мәселенің бірі саясаттағы жеке адамның, дара тұлғаның орны мен рөлі. Мұның өзі саясаттың барлық субъектілерінің, сайып келгенде жеке адамның саясатқа араласуы және оның белсенділігі мен енжарлық мәселесін көрсетеді. Саясаттану адамның саяси ойы мен ісінің кейбір жалпы адамгершілік қасиеттеріне көңіл бөледі. Мәселен, шыншылдық, хабардарлық, жауапкершілік, патриотизм, білімдарлық, батыл ой, әділдік, әлеуметтік белсенділік т.б. қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.
Саясаттану саяси элита, саяси басшы (лидер) мәселелерін де қарастырады. Саяси элитаның қалыптасуының антропологиялық жақтарын қарастыра отырып, оның типологиясын көрсетеді. Саяси элитаның қоғам саяси жүйесіндегі орнын, қызметін анықтайды. Саяси элиталардың ауысу заңдылықтарын қарастырады. Саяси элита мен билеуші таптың, қоғамның арасындағы өзара байланыстың ерекшелігін ашып көрсетеді. Қазіргі дүниедегі элитарлық және партиципаторлық концепциялардың мән-мағынасына талдаулар жасайды.
Саяси басшылардың рөлі анықталып, түрлеріне сипаттама беріледі. Олардың арасындағы өзара байланыстарын көрсете отырып, саяси басшылардың қоғамды нақтылы жағдайлармен байланыстылықтары қарастырылады. Сондай-ақ, саясаттану саяси басшылардың басшылық жүргізу стильдерімен тәсілдерн де зерттейді.
Саясаттанудың зерттейтін мәселесінің тағы бірі  -  ол халықаралық саяси қатынастар жүйесі. Қазіргі дүниежүзілік аренада болып отырған әртүрлі әлеуметтік-саяси іргелі өзгерістерге саяси баға бере отырып, мемлекетаралық қатынастарға теориялық тұрғыдан тұжырым-дар жасау міндетін атқарады. Сонымен бірге, саясаттану халықаралық қатынастарда бұрынғы таптық мүддеден көрі жалпы азаматтық мүддені бірінші кезекке қоюдың маңыздылығын, қажеттілігін көрсетеді. Жалпы адамзаттың құңдылықтарға негізделетін жаңа ой жүйесін қалып-тастырып отырады. Халықаралық саясатты дүниенің біртұтастығы принципі тұрғысынан жүргізудің заңдылықтарын ашып көрсетеді.
Саясат және оның мәні. Саясат ұғымына тоқталатын болсақ, саясат дегеніміз  -  қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар мен таптар, ұлттар мен ұлыстар, олар мен мемлекет арасындағы, қарым-қатынас барысындағы олардың өз мүдделерін қорғауға, іске асыруға, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны қолдау тәсілдері жайлы әрекеттер жүйесі.
Саясат қоғамның дұрыс қызметі және оның өмірін қамтамасыз ету үшін қажет сол үшін дүниеге келген. Сондықтан саясат қоғамның қажетті әрі маңызды элементі болып табылады.
Саясаттың қоғамдағы рөлі мен маңызы, оның атқаратын қызметінен келіп шығады:
* Қоғамның жалпы мақсатын анықтау
* Қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау
* Қоғамдағы қатынастарды реттеу мен бөлу
* Шешімдер қабылдау
Саясаттың ерекшелігі оның мемлекеттік билік мәселесіне байланысты болуында. Саясат биліктің түрін, мақсатын, мазмұнын анықтауға және билікті қолдану әдісіне ықпал етіп отырады. Саясаттың өзекті мәселесі  -  белгілі идеология негізінде құрылған мемлекеттік билік жүйесі. Мәселен: орта ғасырдағы монархиялық режим абсолютизм идеологиясы негізінде жүргізілді. Ал 18-ғасырдың аяғында  -  буржуазиялық идеологияға негізделген саяси режим пайда болды.
Саясат қоғамның әртүрлі салаларына байланысты мынандай бағыттарға бөлінеді: экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, мәдение, ғылыми  -  техникалық, әскери, экологиялық, демографиялық, аграрлық, финанс, инвестициялық, кадр т.б. саясаттар. 
Саясат әртүрлі деңгейде, ауқымда, формада, мерзімде жүріп отырады.
Саясаттың ең басты мақсаты  -  ол оның бағыттары, деңгейлері, формалары арасындағы байланысты, бір-біріне өзара ықпалын, олардың үйлесімділігін және әрекет ету механизмдерін анықтау болып табылады.
Саясаттың объектісі қоғам болып есептеледі. Субъектісі-қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар (таптар, ұлттар мен ұлыстар), мемлекет, партиялар, нақтылы жеке адам. Саясаттың негізгі мәселесі мемлекеттік билік, ал билік белгілі бір таптың екінші тапты өзіне бағындыру қабілеті болғандықтан, таптардан, әлеуметтік топтардан тыс саясат болуы мүмкін емес. Сонымен саясаттың қарастыратын басты мәселелерінің бірі  -  саяси қатынас мәселесі.
Күнделікті қоғам өмірінде саяси қатынас таптар арасындағы өзара қатынасы ретінде билік арқылы көрініс тауып отырады. Саяси қатынас ең алдымен үстемдік және тәуелділік арқылы жүргізілетін адамдар арасындағы қатынас белгілі бір тарихи кезеңде объективтік қажеттілік. Мұнысыз қоғамдық қызметтің жүруі мүмкін емес. Әдетте үстемдік жүргізетін тап  -  ол, қолында иелігі бар, қожалығы, билігі бар тап, ал ондайы жоқ тап тәуелді тап. Сондықтан бұл жағдай саяси қатынастың экономикалық негізі болып есептеледі. Бірақ, саяси мүдде тек қана экономикалық жағдаймен шектелмейді, ол жалпы таптық, ұлттық мүдделерді де қамтиды. Ал саяси мақсатты көп жағдайда өкімет мақсаты деп түсінген дұрыс. Яғни қоғамды дұрыс басқарудың өзі саяси мақсатқа жатады. Саяси мақсат жоқ жерде, қоғамды басқару жоқ, демек саясат жоқ деп айтуға болады. Тіпті алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде саяси мүдделер, саяси мақсаттар пайда болып, саяси жүйенің алғы шарттары қалыптаса бастады десек қателеспейміз. Мәселен, алғашқы қауымдық, құрылыста-ақ әлеуметтік өмірге, жеке адам мен оның туыстық қарым-қатынасына байланысты басқарудың кейбір мүдделік және мақсаттық түсінік-ұғымдары қалыптасты. Саяси мақсат, мұраттардың өзі саяси мүдделерден басталады. Мұнда өкімет туралы мәселе жатыр. Саяси мүдденің негізгі мазмұны  -  ол саяси билікті жеңіп алу қажеттілігі. Әлеуметтік құрылым тіршілігінің сипатын, ерекшелігін анықтайтын басты элемент ең алдымен, үлкен әлеуметтік топтар: таптар, ұлттар, ұлыстар, олардың қауымдастығының формасы мемлекет, саяси партиялар, кәсіптік одақтар болып келеді. Әлеуметтік топтар және олардың ұйымдары белгілі бір идеологиялық құндылыққа негізделеді. Қазіргі жағдайдағы саяси қатынас пен қозғалыстарға негіз болатын үш басты құндылықтың түрлерін айтуға болады: ұлттық теңсіздік, қауіпсіздік пен тәуелсіздік; экономикалық молшылық және даму; еркіндік және конституциялық праволар. Алайда, саясат қоғамдық өмірдің бір ғана жағы болғандықтан оған қоғамдағы басқа экономикалық, әлеуметтік, рухани-идеологиялық жағдайлар да ықпалын тигізеді. Осыған байланысты саясатқа әсер ететін жағдайларды өзінің ықпалы дәредесіне қарай бірнеше деңгейге бөлуге болады. Бірінші деңгейдегі жағдай  -  ол дүниежүзілік және жалпы адамзаттық, жағдай. Екіншісі  -  елдегі экономикалық, әлеуметтік, рухани-идеологиялық ахуал. Үшіншісі  -  нақтылы тарихи кезеңдегі қоғамның алдына қойып отырған негізгі мақсаттарының мазмұны мен сипаты. Төртіншісі  -  қоғамдағы нақтылы саяси өмірдің ахуалы. Қоғамның саяси өмірі басқаларға қарағанда дербестеу болады және онда саясаттың субъектілері, стратегиялық, тактикалық мақсаттары күрт өзгеріп отырады.
Саясат экономикалық заңдарды саналы түрде қолдану түрі болғандықтан саясат экономикаға белсенді ықпал етеді. Оны мынадан көруге болады.
1. Саясат экономиканың даму бағытына тура ықпал етуі мүмкін. Бұл жағдайда халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, қоғам прогресті түрде дамуы мүмкін. Яғни саясат қоғам дамуы мақсатын оны іске асыру жолдарын анық көрсетеді және оны іске асыру үшін халықты ұйымдастырады. Экономикалық мәселелерге нақтылы дұрыс саяси мақсаттар, міндеттер қойылмайынша бірде бір тап өз билігін қолына ала да, ұстап та тұра алмайды. Яғни, саясат экономикалық мәселелерді шешу құралы болып келеді.
2. Саясат экономикаға кері ықпал етуі мүмкін. Бұл жағдайда саясат белгілі бір дәрежеде, бағытта экономиканың дамуына кадергі жасап отырады. Өйткені, саясат экономиканың табиғи даму зандылықтарына қайшы келіп, өндіргіш күштер мен өндірістіік қатынастардың арасындағы үйлесімділік заңын бұзып, олардың арасындағы конфликті тереңдете түседі. Мұндай үрдістер қоғам экономикасының даму бағытына қарама-қайшы, немесе сыңар жақты жалаң істерге жол береді. Әдетте мұндай саясат саяси авантюризмге, субъективизмге әкеледі де түбінде күйзеліске, дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Оны біздің бұрынғы Кеңес Өкіметі тұсындағы тәжірибемізден-ақ көруге болады. Мәселен, саясаттың экономика үстінен үстемдік етуі, оның экономикалық заңдармен санаспауы басым болды. Сондықтан көптеген саяси шешімдер экономикалық жағдайларға қайшы келіп, өз шешімін таба алмай жатты. Мысалы: Сталинның коллективтердірудегі асығыстығы, Хрущевтік 80-жылдары коммунизмге өту туралы тезистері, Брежневтің  -  кемелденген социализмді жариялауы, Горбачевтің  -  жеделдету концепциясы мен арақты мүлдем жою үшін күресі. Сонымен өткен тарихи жағдай саясаттың басқа қоғамдық салалардың үстінен үстемдік етуінің дәлелі болды. Ал қазіргі жағдай қоғамдық өмірдің барлық, салаларында, әсіресе, экономикада саяси қатынастардың рөлін ескермеудің немесе саясаттың қоғам дамуына ықпалының әлсіреуінің дәлелі болып отыр. Шаруашылықтың құлдырауы, халықтың әлеуметтік  -  экономикалық жағдайының күрт төмендеуі, бағаның өсуі, ақша инфляциясы халық арасындағы саяси қобалжуларды, сенімсіздіктерді ұлғайтуда. Бұдан біз ел басшыларының қоғам дамуын жоспарлау ісінде өзіндік ерекшеліктердің жоқтығын немесе әлемдік тәжірибеден Қазақстан жағдайына тиімді үлгіні таңдап алудағы дәрменсіздікті байқаймыз. Осыдан саясатты ғылымға негіздей отырып, дәйекті жүргізу, қоғамды ғылыми тұрғыдан басқару да саясаттанудың зерттейтін мәселелерінің бірі болуға тиіс деп айтуға болады. Себебі, қоғамдағы саяси басшылық әлеуметтік экономикалық өркендеудің сыннан өткен, сұрыпталған нақтылы ғылыми-теориясына негізделуді, сүйенуді талап етеді.
Саясат идеологиямен де тығыз байланысты. Идеология таптар-дың ең алдымен экономикалық, әлеуметтік т.б.мүдделерінің теориялық көрінісі. Сондықтан идеология экономикалық-әлеуметтік т.б. саясаттардың іске асырылуындағы идеялық құралы болып есептеледі. Идеологиядан бас тарту саясаттың құнсыздануына әкеліп соғады. Идеология саяси іс-әрекеттердің теориялық негізі. Сондықтан, идеологиясыз саясат болмайды. Олай болса идеология кез келген мемлекетке тән табиғи нәрсе. Алайда саясат пен идеологияның арасындағы байланыс, идеология саясаттың теориялық негізі болумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге саясат халыққа идеологиялық тәрбие берудегі құралы болып есептеледі. Өйткені оның қолында қоғамдық-саяси теорияны жасау үшін барлық жағдай бар. Сондықтан билеуші тап өз идеяларын, көзқарастар жүйесін тәуелді тапқа күшпен енгізеді, халықты рухани жағынан иландырады, яғни идеологиялық үстемдік жүргізеді. Ол үшін олар арнайы мекемелер, ұйымдар, институттар құрады солар арқылы өз идеологиясын жүргізіп отырады. Оған қарсы көзқарастармен күрес жүргізеді.
Ал енді қоғам мәдениетінің саясатқа тигізетін ықпалына келетін болсақ, мынандай ықпал ету бағыттарын айтуға болады. Біріншіден, жеке адамды тәрбиелеуде және оны әлеуметтік ортаға бейімдеуде, демек адамды білім беру және кәсіптік оқыту, тәрбиелеу арқылы қоғамдық жағдайларға икемдеу. Олардың өз мінез-құлқын қоғамдағы әлеуметтік нормаларға, қағидаларға сай реттеп отыруға тәрбиелеу. Екіншіден, саясат субъектілерінің іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін қоғамда материалдық, рухани мұралар жүйесінің қалыптасуы. Үшіншіден, іс-әрекеттер мен мінез-құлықтардың және әртүрлі саяси мәселелерді іске асыру үлгілерін жасау. Ондай мінез үлгілері адамның әрбір саяси жағдайға көзқарасын айқындап отырады. Төртіншіден, мәдениеттің саяси өмірге ықпалы саяси институттар қызметінің модельдерін жасау арқылы көрінеді.
Сонымен, саяси қоғамның барлық салаларымен тығыз байланысты. Саяси қоғамның барлық жақтарының табиғи бірлігін қамтамасыз етудің тұтқасы болып табылады. Егер қоғамның барлық салалары саясат арқылы жүзеге асырылып отырса, ал саясат қоғамдағы белгілі бір экономикалық, мәдени, идеологиялық құрылымдар (ұйымдар, мекемелер, бірлестіктер, институттар т.б.) арқылы іске асырылады. Яғни саясаттын өзі экономикадан, идеология мен мәдениеттен тыс өмір сүре алмайды.
Саясатты, сонымен бірге, өнер деп қарастыру керек. Өйткені, саясаттың объектісі де, субъектісі де адам. Сондықтан саясаттың сапасы, деңгейі, тиімділігі, сауаттылығы әрі қуаттылығы көп жағдайда саясаткердің, ел басшысының, сайып келгенде, жеке адамның қабілетіне, ішкі мәдениетіне, білімдарлығына, тапқырлығына, творчестволық іскерлігіне байланысты. Демек, саясаттың дұрыс жүруі саясаткердің қоғамдағы бар табиғи-әлеуметтік мүмкіндіктерді пайдалана білуімен, теориялық негіздер мен принциптерді қолдана алуымен, саяси шешімдерді қабылдауда творчестволық батылдық көрсете алуымен және оны қоғамның келешегін болжай алатын логикалық көрегендіктермен байланыстыра білуіне тәуелді. Саясаттың өнер болуы ең алдымен саясаткердіңхалықпен жұмыс істей білуінде және оның саясат объектісі мен субъектісінің біртұтастығын тани білу және мойындай білу қасиетімен байланысты. Саясаткердің мұндай қабілеттері оның ішкі рухани дүниесіне сай болып келетін ерекше жеке қасиеттеріне де тәуелді. Мәселен, адамгершілігі, халық пен ар-намыс алдындағы жауапкершілігімен, психологиялық құрылымымен, мінезіндегі салмақтылық, тұрақтылық, табандылықпен халықтың пікірімен санаса білу және олардың көңіл-күйін түсіне білу мүмкіндіктерімен де байланысты. Саяси басшылардың іскерлігі оның қалың бұқараны саяси өмірге қатыстыра білуінен, қоғам дамуының тарихи кезеңіне, халықтың саяси мәдениет деңгейіне сәйкес келетін саясаттың түрлерін және оны іске асыру құралдары мен әдістерін, тәсілдерін таңдап алу қабілетінен көрінеді. Мәселен, қазіргі саясаткерлер елдегі экономикалық, әлеуметтік, мәдени-рухани, ғылыми-техникалық, финанс, инвистициялық, кадр саясаттарында Республиканың табиғи және әлеуметтік ресурстарының ерекшеліктері ондағы экологиялық, демографиялық, мәдени, ұлттық факторлар толық ескерілуде ме деген мәселе тұрады. Елдің өзіндік ерекшеліктерін түсіне білу саяси басшының даралығына, ерен қабілеттеріне байланысты құбылыс. Саясатты өнер деп мойындамау әртүрлі жағымсыз: субъективизм, волюнтаризм, трайбализм т.б. сияқты салдарды туғызатыны белгілі. Сондықтан саясат өнер ретінде көпжақтылы, көпмәнді өте күрделі процесс.
Саясат қоғамда үлкен өзгертуші, айқындаушы күшке айналуы үшін ол қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйенуі қажет. Ол зандылықтар ғылым арқылы айқындалады. Сондықтан саясат ғылымға негізделуі керек, яғни саясат ғылыми саясат болуы тиіс. Саясатты ғылым ретінде қарастыратын болсақ, ол  -  ғылым. Өйткені, саясат-қоғамдық даму заңдылықтарына негізделеді. Кезінде, В.И.Ленин өзінің <<Коммунизмдегі <<солшылдықтың>> балалық ауруы>> - деген еңбегінді <<саясат  -  ғылым және өнер>> - деп көрсеткен. Саясат таппен бірге пайда болғанымен ғылым болып кешірек қалыптасты. Яғни қоғам дамуының заңдылықтары ашылғаннан кейін ғана және ірі қоғам қайраткерлері, ойшылдар ғылым негізінде әлеуметтік процестерге ықпал ете бастағаннан бастап саясат ғылымға айналды деп айта аламыз. Әрекетсіз  -  заңдылық жоқ. Егер адам әрекеті қоғамның даму заңы мен санаспаса онда ол нәтижесіз болады.
Саясаттың ғылым ретінде қалыптасуына әсер еткен жағдайлар біріншіден, қоғамдық, дамудың заңдарының ашылуы және олардың саяси әрекеттерде басшылыққа алынуы. Екіншіден, әлеуметтік дамудың кез келген кезеңінде оның басты әлеуметтік күші тап болып есептеледі. Сол тап қана объективтік заңдылықтарды өзінің практикалық қызметінде қолдана алады. Үшіншіден, саясаттың ғылым болуына ықпал ететін фактор  -  ол қоғамда нақтылы бір идеологияның бекітілуі және оның халық санасында орнығуы. Төртінші жағдай, ол саяси әрекетті жүргізетін ұйымдардың институттардың болуы. Ол үстем таптың ұйымы. Олай болса, осы ұйымдар таптың, жеке адамның мүддесін қорғау үшін белгілі ғылымға сүйенуі керек.
Сонымен саясат ғылым ретінде  -  ол партия мен мемлекеттің мақсат міндеттері, заңдылықтары қозғаушы күштері, халық қызметінің негізгі мазмұны туралы логикалық бірліктегі білімдер жүйесі. Екінші сөзбен айтқанда неге саясат ғылым болады. Десек, өйткені ол қоғамның саяси өмірі жөніндегі ілім. Осыдан саяси ғылым келіп шығады, ал оның негізгі мәселелері: қазіргі жағдайдағы саясаттың мәні мен мазмұны; оның айқындаушы белгілері мен принциптері және негіздері; қоғамдық өмірдің негізгі бағыттары бойынша басты мақсат-міндеттері, олардың заңдылықтары, қозғаушы күштері және олардың бір-біріне ықпал ету механизмдері; саясаттың әртүрлі жақтарының арасындағы қарым-қатынас; саяси мәдениеттің және қоғам мүшелерінің қоғамдық-саяси әрекеттерінің рөлі; өмір сүріп жатқан саяси мемлекеттер мен партиялардың саясатына, әлеуметтік саяси күштердің әрекеттеріне ғылыми сипаттама беру. Саясатты ғылым ретінде танытатын ғылымның саласы  -  саясаттану болып табылады.
Саясаттундың зандары мен принцип-тері, категориялары мен тәсілдері. Саясаттанудың заңдарын үш топқа бөлуге болады. 1. Саяси-экономикалық заңдар. 2. Әлеуметтік заңдар. 3. Саяси психологиялық заңдар.
Саясаттану өзінің танымдық процесінде мынандай негізгі принцип-терге сүйенеді:
1. Саясаттану қоғамның саяси өмірін үнемі қозғалыста болатын құбылыс ретінде қарастырады.
2. Саяси өмірді үнемі қайшылықта болатын процесс ретінде тану принципіне негізделеді.
3. Саясаттану саяси құбылыстардың, жалпы саясаттың ішкі біртұтастығын мойындау принципіне негізделеді.
Бұл бүкіл қоғамдық саяси процесті бірбүтін қозғалыс ретінде тануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, саясаттану ғылыми танымның мынандай жалпы философиялық принциптеріне де сүйенеді: тарихи-логикалық сабақтастық принциптері, абстракциядан деректілікке өту; жалпының, ерекшенің және жекешенің диалектикалық бірлігі принциптері.
Саясаттанудың ғылым ретінде өзінің категориялары жүйесі бар. Категориялар дегеніміз әр ғылымның бүкіл құрылымдық табиғатын айқындауда, түсіндіруде қолданатын негізгі ұғымдар тізбегі.
Саясаттанудың негізгі ұғымдарына төмендегілерді жатқызуға болады: саясат, саяси өмір, саяси жүйе, саяси процесс, саяси қозғалыс, саяси ұйымдар, саяси мүдде, саяси партия, саяси билік, саяси институттар, саяси қатынас, саяси құндылық, саяси нормалар, саяси субъект, саяси объект, саяси сана, саяси мәдениет, саяси этика, мемлекет, саяси право, саяси үстемдік, саяси конфликт, саяси ымыра, саяси статус, саяси күрес, саяси бостандық пен теңдік, саяси жауапкершілік, саяси талғам, саяси болжам, саяси плюрализм, саяси тәжірибе, саяси мінез-құлық, саяси дағдарыс, саяси тұрақтылық, саяси пікір, саяси іс-әрекет, саяси эмоция, саяси элита, саяси көсем т.б. Саясаттанудың танымдық мүмкіндіктері оның ұғымдық (категориялық) аппаратының қалыптасуы және дамуымен ғана байланысты емес, сонымен бірге саясаттанудың жаңа білімдерді алу тәсілдерімен де байланысты. Барлық ғылымдардағы сияқты оған да төмендегідей ғылыми зерттеу тәсілдері тән.
1. Жүйеліқ тәсіл. Бұл тәсіл саясаттануда зерттелетін құбылыстардың пайда болуы, оның даму барысы туралы шынайы бағдарламаларды жасауға көмектеседі. Жүйелік тәсіл арқылы экономикалық даму жүйесі мен қоғамның саяси жүйесі, урбанизация мен адамдардың саяси мүддесі, саяси белсенділігі, саяси партиялардың сандық және сапалық көрсеткіштері мен сайлау жүйесі арасындағы өзара байланыстылықтар ашылады.
2. Бихевиористік тәсіл. Бұл саяси құбылыстарды жеке адамдар мен оның топтарының мінез-құлықтарына талдау жасау арқылы зерттейтін тәсіл. Ол тиімді тәсілдердің бірі болып есептеледі. Өйткені, мұнда саяси құбылыстардың көпжақтылығын, көпмәнділігін, өпқырлылығын, ондағы қарама-қарсылықты, еркін саяси бәсекелер мен тайталастарды, бір сөзбен айтқанда саяси плюрализмді ескеруге негізделеді.
3. Сандық көрсеткіштерге негізделу тәсілі (сандық тәсіл). Бұл зерттелетін құбылыстарды ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге және саяси процестердегі белгілі бір тұрақты заңдылықтарды негіздеу үшін маңызды рөл атқарады. Сандық көрсеткіштерге негізделу тәсілі әдетте сайлау процесінде, референдум жағдайларында саяси институттардың дамуында халықтың, әртүрлі әлеуметтік топтардың оң және теріс пікірлерін есепке алып, олардың саяси мінез-құлқы мен іс-әрекетін алдын-ала болжап отыру үшін қажет.
4. Салыстырмалы тәсіл. Бұл кеңінен қолданылатын дәстүрлі тәсілдердің қатарына жатады. Бұл тәсілдің салыстыру объектілерін іріктеуде белгілі бір принциптерге сүйенеді. Салыстырмалы тәсіл әртүрлі саяси жағдайларды салыстыра отырып талдау арқылы әр елдің өз мемлекеттік құрылымына сай, экономикалық-саяси, мәдени-рухани жағдайына сай келетін тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Саясаттанудың атқаратын қызметі. Саясаттанудың қызметі, оның алдына қоятын мақсаттарының екі жақтылы: танымдық және тәжірибелік сипатынан туындайды. Ең алдымен саясаттану, бізді қоршаған саяси ортаны шынайы танып-білудің құралы. Саяси орта әр азаматтың өмірлік мақсат-мұратына, мүддесіне, бағдарына тигізер ықпалы зор. Сондықтан адам бойында саяси болмыс туралы түсініктердің неғұрлым шынайы, дәлірек қалыптасуы, оның мақсат-мүдделерін қорғаудың және оны іске асырудың қажетті алғы шарттарының бірі. Саяси білімнің басты мақсаты  -  азаматтардың қоғамдағы күрделі саяси ортада дұрыс бағдар алуға, өз мүдделерін дұрыс түсінуге, қорғай білуге, бостандықтары мен құқықтарын сақтай білуге, қоғамдық мүддені құрметтей білуге үйрету, тәрбиелеу.
Саясаттану қоғамда ерекше қызмет атқарады және ол мынандай факторлармен байланысты. Саясаттың ғылым ретіндегі қызметі біріншіден, саяси объектісін біртұтас әлеуметтік организм ретінде танумен және оны мойындаумен байланысты. Яғни саяси ғылым дүниенің біртұтастығын мойындауы қажет, бұдан таптық және жалпыадамзаттық мәселелердің біртұтастығы шығады. Екіншіден, саяси әрекеттің және оны ұйымдастыру принциптерінің сипатымен байланысты. Себебі бұл әлеуметтік шындықты теория тұрғысынан тануына байланысты. Үшіншіден, саяси әрекеттер әдісін материалистік тұрғыдан түсінуімен байланысты.
Саясаттану танымдық тұрғыдан алғанда теориялық-методологиялық қызмет атқарады. Қоғамның нақтылы тарихын зерттеу процесінде, оның белгілі бір тарихи кезеңінде үстемдік құрған саяси режимді саяси тұрғыдан талдауда және оған баға беруде теориялық-методологиялық база міндетін атқарады.
Саясаттану идеологиялық қызмет атқарады. Қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтардың мүддесіне сай келетін саяси идеяларды, құндылықтарды және мақсат-мұраттарды іске асыруды негіздеуде және уағыздауда үлкен рөл атқарады.
Саясаттану саяси  -  тәжірибелік қызмет те атқарады. Мәселен, мемлекеттік заң шығарушы және атқарушы органдар, сондай-ақ, құқықтық актілерді, қарарларды, бағдарламаларды қабылдауда алдын ала ғылыми сараптардан өткізгенде саяси білімдерді қолданады. Сондықтан саясаттану саяси басқару құрылымдарына дер кезінде керекті ұсыныстар жасап отырады. Осы тұста саяси болжамның практикалық тұрғыдан маңызының зор екендігін айтуға болады. Мысалы, өткен тәжірибеміздегі қоғамның экономикалық, әлеуметтік саласында, ұлтаралық қатынастарда, мемлекеттік құрылыста, рухани-мәдени өмірде жіберілген кемшіліктер мен қиындықтарға себеп болған факторлардың бірі біздің елдегі саяси болжамдардың өз дәрежесінде болмауы деп айтуға болады.
Сонымен бірге саясаттану тәрбиелік қызмет атқарады. Демек, ол қоғамдағы болып жатқан саяси құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер бере отырып, адамды отан сүйгіштікке, адамгершілік пен жауапкершіліккке тәрбиелейді. Саяси білімге баули отырып, субъектінің саяси сапасын, мәдениетін, белсенділігін, саяси сауаттылығын, саяси мінез-құлқы мен эмоциясын қалыптастырады. Саяси құбылыстардың мәнің түсінуге көмектеседі. Сондықтан қазіргі жастарға саяси білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Бақылау сұрақтары:
      - Саясат деген не, ол қашан пайда болды?
      - Саясаттың негзгі қарастыратын мәселелері қандай?
      - Саясаттың қызметтеріне не жатады?
      - Басқа әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың ішінде саяси ғылымының орны қандай?

ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж
2. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.
3. Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.
4. Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К.  //Алматы: "Жеты Жаргы", 1995. 
5. Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.
6. Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.

Тақырып №2 Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы
Сабақтың мақсаты: 
Ежелгі дәуірлердегі ойшылардың саяси көзқарастарына қысқаша шолу

Негізгі мәселелері: 
* Ежелгі шығыстағы саяси ойлар;
* Еуропалық  ағартушылық дәуірдегі саяси ойлар;
* ХХ ғасырдағы саяси ойлар.
	Саясаттанутың даму жолын зерттеудің маңызы:біріншіден, қазіргі өркениетті деп саналатын қоғамдық құрылыс, демократия-лық идеялар бір күн немесе бір жылда пайда бола қойған жоқ. Оған мындаған жылдар бойы озық ойлы данышпан ойшылдар ерінбей еңбек етіп, әрқайсысы өшпестей өз үлестерін қосты. Екіншіден, қоғамдық ой-пікірде түпкілікті, үзілді-кесілді шешуге келмейтін мәңгілік мәселелер де кездеседі. Әрбір тарихи дәуір оларға өзінше ой жүгіртіп, өзінше баға береді. Ал тарих болса, сскі қателіктерді қайталамауға үйретеді. Үшіншіден, адамзат ақыл-ойы дамуының өзіндік ішкі қисыны, логикасы болады. Оларды оқып-білу арқылы адам өркениеттіліктің сатыларынан өтіп, саяси тәжірібе жияды. Сондықтан саясаттанудың тарихын білмей, қазіргі саяси жағдайды толық түсіну қиындық етеді. Төртіншіден, кейбір  саяси теориларды негіздеушілер және олардың жақтау-шылары өз іс-әрекеттерінің шындығын дәлелдеу үшін тарихи дәстүрлерге жүгінуді ұнатады. Бұл да тарихи тағылымға талмай үңілуді талап етеді.Сондықтан саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуының негізгі кезендерін өткен замандардағы ғұлама ғалымдардың, данышпан дарындардың саралы саяси ой-пікірлерін оқып-үйренудің маңызы зор.
Адамзат коғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырап түсетін де кезендері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс  --  Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқгығы көш жоғары болып, өркениеттіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды.
	Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағ-дайда қарама-қарсы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен ел еді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып санал-ған қалалар (полистер) құрды. Патшалық өкіметтің орнына арис-тократиялык және құл иеленушілік демократия орын алды. Би-леу түрі сан алуан болатын және жиі ауысып отырды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты.
Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Бірақ біз солардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне  --  Платон мен Аристотельге тоқталамыз. Платон б. з. б. 427 -- 347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты  --  Аристокл. Жасында спортпен көп шұғылданды, жоғары көрсеткіштерге де жетті. Жауырыны кең болды. Сондыктан оны Платон (кең жауырынды) деп атап кетті. Сол атпен ол адамзат тарихында мәңгілік қалды.
Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалары "Мемлекет", "Саясатшы", "Зандар", "Софист", "Парменид" және т. б.
Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары және т.т. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері қүрылысшылықпен, төртіншілері етікшілікпен және т.с.с. айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай  --  бәріне бірдей әділ кызмет етуі керек. Бірақ бұдан Платон адамдардың бәрін тендестірген екен деген ой тумауы керек. Керісінше, ол адамдарды үш үлкен әлеуметгік топқа (сословиеге): 1) әкімдер; 2) қорғаушылар; 3) өндірушілер етіп бөлді. Әкімдерге фәлсафашыларды жатқьгзды.
Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялык мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері  --  адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады.
Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель (б.з.б. 384 -- 322) болды. Ол 17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті. Платон дүние салған соң біраз елдерді аралады. Б.з.б. 342 -- 340 жылдары Македония патшасы II Филиптің шақыруымен оның баласы, болашақ император Ескендірді (Алексаңдр Македонскийді) оқытып, тәрбиеледі. Кейін Афиныға оралып, өз мектебін (лицейді) ашты. Осында ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотельді саясаттанудың әкесі дейтіні содан.
Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты  --  адамды, мемлекетті жақсы түрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйте түра, ол құл иеленушілікті қолдады, кұлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді.
Аристотельдің ойынша, мемлекет  --  қауымның дамыған түрі, ал кауым  --  отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны (Аристотель дәу іріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс) жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дүрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді.
Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу-ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды.
Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда әсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Туллий Цицерон б. з. б. 106-43) өмір сүрді. Оның "Мемлекет туралы", "Зандар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері көпке әйгілі.
Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі  --  адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Қоғамға және жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Бұлардың мызғымастығын бұзушылықты әділеттілік пен құқықты қорлаумен бірдей көрді.
Цицерон мүліктік тсңдік идеясына қарсы болды, қоғамдык-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен тенсіздікті әділеттілік деп санады.
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артықка созылды (V -- XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.
Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.
Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы келді.
Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354 -- 430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси козқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.
Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтык мекемелер мен зандарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен омір сүрушілер деп екі түрге белді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдай-мен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі крғамы деп түсіндірді.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225 -- 1274) болды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектеріңце қаралды.
Аквинский оз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам оз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіңдірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты -- "ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.
Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықган патшалық билік жоғары діни билікке бағыну керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.
Осыған ұқсас саяси козқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мүсылман болмасын Аллаға, оның әкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.
Алғашқы исламның үйретуінше діни билік те, ақсүйектік билік те пайғамбардың қолында болу керек, ал ол қайтыс болған соң пайғамбардың орынбасарлары  --  халифтарға кешуге тиіс.
Басында солай болды да. Тіпті, мемлекет мүлкі де қүдайдікі деп есептелді. Бірақ 945 жылдан бастап имамдар негізінен діни беделмен шектеліп, нағыз билік ақсүйек-сұлтандарға ауысты.
XX ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуінің озбырлығына, оның діни қатқан қағидаларына қарсы шығып, адам құқығын, ар-намысын қорғауға шақырды. Бұл дүниедегі қызықтан бас тартуды уағыздайтын католик көзқарастарына ақыл мен тәжірибенің құдіретіне сенуді қарсы қойды. Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл бағыт "гуманизм" деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін, идеалын пайдаланғандықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу Деп те атайды. Алдыңғы қатарлы оқымыстылар шіркеу меке - мелерін сол кездегі феодализмге, католик дініне қарсы бағытталған әлеуметгік-саяси қозғалыс  --  реформацияның тұрғысынан сынға алынды. Олардың талабы ертедегі христиан дініне сәйкес шіркеуді өзгерту және демократияландыру болды. Сонымен қатар гуманистердің көпшілігі халыққа сенбеді, бұқараның революция-шылдығынан қорықты. Осының бәрі гуманистер көзқарасында карамақайшылықтар тудырды. Мүны біз олардың еңбектерінен де көреміз.
Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялык саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли (1469 -- 1527) бол-ды. Оның атақты шығармалары "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкұндігі жөнінде ойлар", "Флоренцияныңтарихы".
Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықгың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекетдеген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, тендікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, сараң, опасыз, қаһар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсаттұрғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір-ақ рет қолданылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бүл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, "мақсат әдіс, тәсідді ақтайды" деген кағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді.
XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты.
Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы ТомасГоббс (1588 -- 1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сактау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мем-лекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.
Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі ЦІарль Луи Монтескье (1689 -- 1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның зандарының айырмашылығын, қоғамныңдамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б.) байланыстырды. Бостандық-заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.
XVІІ-ХVIII ғасырларда Солтүстік Американың Атлантикалық жағалауы Британия колонияларына айналды. Колониялар метрополиялардан толық тәуелді болатын. 1775 -- 1783 жылдары Америка халқының ағылшындарға қарсы тәуелсіздік үшін азаматтық соғысы болды. Бүл соғыс демократиялық идеялардың дамуына Қуатты түрткі болды.
АҚШ-тағы қиян-кескі таптық күрес идеологияда да жаңғырық тапты. Алдыңғы қатарлы саяси пікірді Т. Джефферсон, Т. Пейн жақтаса, ірі буржуазияның саяси көзқарасын А. Гамильтон қорғады.
Америка халқының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның (1743 -- 1826) атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат -- Америка Құрама Штаттарының "Тәуелсіздік Декларациясын" жазды. Мемлекеттік өкіметті қүрап, оны бақылау кұкынан еш адамды шетгетуге болмайды. Егер өкімет халык құқын қорласа, ондай үкіметті ауыстырып, өзінің калауына сай өзгертуіне болады. Мүнда Джефферсон рақымсыз билеушіге қарсы халықтың котеріліс жасауға құқы барлығын дәлелдеп, халық егемендігін жақтады. Бұл дүниежүзілік прогрестің ролі АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясында одан әрі дамытылды. Онда тендік, бостандық, көтеріліс жасауға құқы барлық халықтың ажыратылмайтын табиғи құқы деп есептелді. Адамдардың табиғи құқы мемлекет белгілеген зандардан жоғары тұруы керек. Декларацияда жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың омірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқы бар делінген.
Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737 --  1809) көзгетүсті. Ол Америка халқын азаттық күреске, отаршылдардан бөлініп шығуға шақырды. Адамның табиғи құқына еркіндікті, тендікті, сөз, баспасөз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету, т.б. жатқызды.
Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мем-лекетті қоғам тудырады. Үкіметгің мақсаты  --  қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету. Оның саяси мұраты  --  жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар демократиялық республика.
Пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікке шақырды. Бейбітшілікті сақтамайтын үкімет құлатылуы керек. Бірақ ол әділетті соғысты, азаттық үшін соғысты қолдады.
Т. Джефферсон мен Т. Пейннің қажырлы еңбегінің аркасында жазылып, 1776 жылы 4 шілдеде бекітілген Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік Декларациясының негізгі қағидалары мынадай: барлык адамдардың жаратылысынан өмір сүруге, бостандыққа, меншікке, бақытқа және қауіпсіздікке қүқы бар; халық --  өкіметгің кайнар көзі және егемендік соған тән, үкімет -- халықтын қызметшісі; барлық мемлекеттік билік халықтың пайдасына жұмыс істеуі керек, егер олай болмаса, халык өзіне ұнамсьіз үкіметті жоюға еркі бар; билік заң шығаратын, атқарушы және сот екіметі болып бөлінуі керек және т.б.
Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық философиясының негізін салушы Иммануш Кант (1724  --  1804). Оның саяси пікірлері "Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары", "Өмірлік бейбітшілікке" деген еңбектерівде баяндалған.
Канттың әлеуметтік көзқарасының негізгі қағидалары: әрбір адам ар-намысының, шексіз құндылықтың иесі; қандай игілікті жоспар болмасын адам оны жүзеге асыру жолында әдіс, айла, құрал болуға тиіс емес. Адам бір іс істегенде өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алуы керек. Кант мұны "категориялық императив" деп айтады. Оның мәні  --  әрбір адамның іс-әрекеті басқаға үлгі боларлықтай болуға тиіс.
XVIII ғ. аяғы  --  XIX ғ. бірінші жартысында Батыс Еуропада капиталистік мәдениет заманалық екі қозғаушы күштің әсерімен дамыды. Оның біріншісі  --  капиталистік қатынастарға жол ашқан Ұлы Француз революциясы. Екіншісі  --  алдымен Англияда, сосын Франция және басқа Батыс Еуропа елдеріндегі күрделі өнеркәсіп өзгерістері (ірі машиналы ивдустрияның мануфакту-ралық өндірісті алмастыруы) капитализмді одан әрі нығайтты. Бұған орай жаңа қоғамдық құрылыс пайда болды. Өсіп келе жат-қан буржуазия ерківдікке, жылдам алға дамуға, зандылыққа тырысты. Сондықтан бұл кездегі буржуазиялық саяси идеологияның бас бағыты либерализм (ерікті, азат деген латын сөзінен шыққан) болды. Сонымен қатар капиталистер мен пролетариаттың арасындағы таптық күрестің үдеуіне байланысты кертартпалық пікірлер де туа бастады.
Пролетариат күресінің алғашқы кезеңінде өз үмітін Сен-Симон, Фуръе, Оуэн сиякты утопиялық социялистердің. Олар буржуазия орнатқан тәртіптерді қатты сынады. Жұмысшы табының өмірі қаншалықты ауыр екенін сипаттады. Сен-Симон бірінші болып әркім кабілетіне қарай жұмыс істейтінін және еңбегіне қарай ақы алатын қоғамдық құрылымның болу мүмкіндігі туралы пікір айтты. Фурьеге дейін еңбекті адамға жіберілген карғыс, жаза деп санайтын. Ал Фурье еңбекті адам үшін рақатқа айнала алатыны және айналуға тиіс екені жайында мәселе көтерді.
Ол еңбек ету құқын бірінші орынға койды. Оуэн өнеркәсіп революциясының маңызын жоғары бағалады. Утопист-социалистер қала мен деревня арасындағы, дене еңбегі мен ой еңбегі арасындағы қарама-қарсылықты жоюдың қажеттілігін ұсынды. Олар материалдық игіліктерді әділ бөлу мәселесіне баса назар аударды.
Утопист-социалистердің озық ойларымен қатар кемшіліктері де болды. Олар қоғамдық дамудың зандылықтарын түсінбеді, қоғамдық өмірді қайта қүрудың шынайы жолдарын көрмеді, жүмысшы табына тек жапа шегуші тап деп қарады.
XIX ғасырдың бірінші жартысында капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшы-лықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оныңта-рихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды.
Карл Маркс (1818 -- 1883) философия мен саяси экономия саласында екі жаңалық жасады. Біріншісі  --  тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық түрмыстың өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік, саяси және руха-ни процестерді туғызатындығын дәлелдеді. Капиталистік қүры-лыстың өндіргіш күштері үздіксіз дами отырып, өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген буржуазиялық өндірістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа келеді. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы терендеп келе жатқан антогонизмді тек пролетарлық революция ғана шеше алады, ол жұмысшы табының өкіметін орнатуға жеткізеді және қоғамды социалистік жолмен қайта құру үшін жол ашып береді деді. Екінші жаңалығы  --  капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосым-ша қүн туралы ілім болды.
Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына социализм келеді, ол міндетті орындайтын қоғамдық күш  --  жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат -- буржуазиялық қоғамның ең революцияшыл, ең үйымдасқан, ең саналы және интернационалдык табы.
Маркс пен Энгельс тап күресі, социалистік революция және пролетариат диктатурасы туралы ілімді жасады. Олар пролетариаттың өзінің меншікті саяси партиясы  --  Коммунистер партиясы болуға тиіс, ол жүмысшы қозғалысына басшылық жасауға тиіс деген қағиданы негіздеді.
Маркс пен Энгельстің ізбасары В. И. Ленин (1870 -- 1924) болды. Ол капитализм дамуының империалистік сатысының зандылыктарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және осындай партияның ұйымдастырушысы болды.
Ленин Маркс пен Энгельс жасаған социалистік революция теориясын дамытты. Буржуазиялык-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуын негіздеді. Социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы тұжырымдама жасады (бұған дейін марксистер социализмнің жеке бір елде немесе елдердің шағын тобында жеңуі мүмкін еместігі, дүниенің дамыған елдерінің көпшілігінде социализмнің бір мезгілде жеңуінің міндеттілігі туралы тезиске сүйенген болатын).
Ленин әр түрлі елдердің капитализмнен социализмге өту түрлерінің сан алуан болатындығы туралы қағиданы қолдады. Пролетариат диктатурасының мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты.
Жаңа қоғам құру ісін Ленин елді индустрияландырумен, ауыл шаруашылығын кооперациялаумен және мәдени революцияны жүзеге асырумен байланыстырды. Ол социализм орнатуда пролетарлық мемлекеттің рөлін айқындап, өтпелі дәуірдегі тап күресінің ерекшеліктерін көрсетті.
Марксизм-ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты.
XIX	ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында капиталистік елдерде орасан зор өзгерістер болды. Мемлекеттік-монополистік капитализм монополиялар мен мемлекеттің күшін біріктірді. Бұл системада байлық пен билік тоғысып, ат төбеліндей байлардың құдіретін одан әрі арттыра түсті. Буржуазиялық-мемлекетгік,әскери-өндірістік кешеннің ықпалы күшейді. Әлеуметгік қарым-қатынастарды зерттеуде социологиялық тәсілге ерекше көңіл бөлінді.
XX	ғасырдың бірінші жартысында Батыс елдерінде солидаризмілімі кең өріс алды. Бүл ілімнің негізін салушы француз ғалымы Л.Дюгидің (1859 -- 1928) пікірінше әрбір тап өмірде өз міндетін ат-қаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі қажет. Ол еңбектің қоғамдық бөлінуіне байланысты таптардың бірлесіп жұмыс істеуіне тура келеді Бұл жағдайкапитализмнің қолайсыз жақтарын революциясыз, бейбітшілік жолымен жеңуге мүмкіндік жасайды деп санады. Адамдарды әлеуметтік ынтымақтастыкты нығайтуға, оған зиян келтірерлік ештеңе жасамауға шақырды.
Дюги халықтың егемендігін сынады, оған жаңа саяси жүйе ретінде "сиңдикалистік-федерализмді" қарсы қойды. Оның ойынша, синдикаттарды федерацияға біріктіру жергілікті мекемелерге орталық мекемелердің кейбір басқару міндеттерін береді, саяси плюрализмге әкеледі. Өскелең әлеуметтік-экономикалык және саяси мәселелерді іс жүзінде шешетін билік әр түрлі сиңдикаттарға бөлініп беріледі, Орталык үкіметтің жұмысы барлық синдикатгардын өкілдерінен құрылған заң шығарушы мекемесі арқылы бағдарланады. Дюгидің ойынша, осылайша капиталистік құрылыс сақталып, мемлекет ынтымақтастық құралына айналады.
Біздін ғасырымызда кең жайылған аристократиялық теорияның бірі -- злитаризм. Элита деген сөз француз тілінде ең жаксы, іріктелген, сұрыпталған, тандаулы деген мағынаны білдіреді. Бұл теория бұрыннан белгілі болатын. Бірақ жаңа жағдайда оны жаңғыртып, толықтырып, жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Г.Моска мен В. Парето болды. Олардың ойынша, халык өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді.
Г. Моска (1856 -- 1941) "Саяси ілімнің негіздері" деген кітабында саясат қарама-қарсы екі таптың -- үстемдік жүргізуші азшылык - тың (элитаның) және оған бағынышты көпшіліктің (халық, еңбекшілер)  --  күресінің айналасында болатын жағдай деп түсіндіреді. Ол демократияға қарсы шықты. Демократияны көпіре сөйлеушілердін диктатураға жету жолында саясатган хабары шамалы көпшілікті өз кулықтарына пайдаланатын утопия, сағым деп санады.
В. Парето (1848 -- 1923) "Жалпы социология жөніндегі трактат" деген еңбегінде элитадеген атауды саяси ілімге бірінші боп енгізді. Оның ойынша, саяси өмір дегеннің өзі тандаулылар (эли-талар) арасындағы күрес пен олардың орын алмасуы. Қоғамды саясат, экономика және ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен тандаулылар билейді. Бірақ олар билікті алған соң ерте ме, кеш пе қол жеткен табыстарымен шектеліп, тынышталады. Өздерінің алғашқы сапасын, ізденімпаздығын, шығармашылық жігерін жоғалтады. Осындай кезде коғамда билікке ұмтылған күш-қуаты жеткілікті жаңа элита пайда болады. Бірақ билеуші элита оңайлыкпен берісе қоймайды. Совдықтан тандаулылардың (эли-таның) алмасуы күш, төңкеріс және революция аркылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалпы алғанда, бұл қоғам үшін пайдалы деп санады Парето. Олар қалай болғавда да (күштіен не бейбітжолмен болсын) қоғамның дамуы элиталардың алмасуы арқылы жүзеге асады деп қорытады.
XX ғасырда саяси ілімде өзіндік із қалдырған немістің көрнекті саясаттанушысы, фәлсафашы, тарихшы, әлеуметанушысы Макс Вебер (1864 -- 1920) болды. Ол өзінің зерттеу қызметінің приципі ретінде плюрализм идеясын негіздеді. Оның іздеген басты мәселелері  --  коғамнын шаруашылык өмірінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың материалдық және вдеологиялык мүдделері мен діни сананьщ араларыңда қавдай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты. Дінді капитализмді тудыратын белсенді күш ретінде санады.
Вебер әлеуметтік құрылым мен таптық жанжалдарға елеулі көңіл бөлді. Бұл орайда Маркстің көзқарасына қарсы шығып, таптық ерекшеліктер мен жағдайлардың көп қырлы болатынды-ғына баса назар аударды. Билікке қатынасына, мәртебесіндегі айырмашылықтарға және жекелеген топтардың абырой-атағына, Діни және идеологиялық белгілеріне қарай бөлуді меншік қатынастарынан туатын өзгешеліктер сияқты өте-мөте маңызы бар деп есептеді. Саяси әлеуметтануда ол билеуші таптың әр түрлі топтарының мақсат-мүдделеріндегі айырмашылықтардан туатын дау-дамай, шиеленістерді талдауға үлкен мән берді. Өзі өмір сүрген кездегі мемлекетгің саяси өміріндегі негізгі дау-жанжалдың себебі саяси партиялар мен бюрократтық аппаратгың арасындағы күрестен пайда болады деп ұқты. Ол социалистік қоғамдық қатынас-тардың жеңуіне сенбеді, оған бюрократияның өте мыктылығы туралы тезисті карсы койды. Болашақ қоғам жұмысшы табынын диктатурасы емес, шенеуніктердіңдиктатурасы болады деді. Ол қазіргі әлеуметтанудыңдамуына айтарлықтай ықпал етті.
Империалистік буржуазияның мүддесін көздейтін реакцияшыл саяси бағытқа фашизм жатады. Оның негізгі белгілері  --  еңбекшілерді басып-жаншуда зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатаң қадағалау және т.б. Сыртқы саясатта фашизм басқа елдердің жерін басып алуға бағытталады. Бүл мақсатын іске асыру үшін ол геосаясат деген теорияны ойлап шығарды (негізін салушы Ф. Ратцелъ). Бүл теория бойынша мемлекеттің өмірі қауіпсіз, сенімді болу үшін оған жежілікті географиялық кеңістік, жер кажет. Ал ол болмаса сондай жерді қарудың күшімен қамтамасыз етуі керек. Бұл реакцияшыл теорияны кезінде италия, неміс фашистері басшылыққа алса, қазір Израиль іске асырып отыр. Кейбір жерлерде жаңа фашистік (неофашистік) идеялар етек алуда.
XX ғасырда, әсіресе, біздің елімізге көп қайғы-қасірет әкел-ген тоталитаршм теориясы. Ол  --  мемлекет тарапынан қоғамның және әр адамзаттың өмірін қатаң бақылауға алатын мемлекеттік-саяси құрылыс. Тоталитарлық мемлекет қоғаммен түтасып кетеді. Бір партия, бір вдеология үстемдік етеді. Ол адам-ның жеке басының құндылығын бағаламайды, оны мемлекеттің құралы ретінде пайдаланады. Ол туралы қоғамның саяси жүйесін сөз еткевде толығырақ тоқталамыз.
XX ғасырда либералдық және консервативтік идеялар одан әрмен дамиды. XVIII, XIX ғасырлардағы либерализммен салыс-тырғанда мүнда жаңа қағидалар енеді. Оны жақтаушылар мемлекеттің реттеушілік кызметіне көп мән бере бастайды. Сол арқылы әлеуметтік әділеттілікті орнатуға, орташа тапты калыптастыруға елеулі көңіл бөледі. Ол "аралас экономиканы", саяси әділеттілікті, пікір аяуандығын және т.б. алға тартады. Консерваторлар болса мемлекеттік реттеуге қарсы. Керісінше, ол ештеңеге араласпауы керек, шексіз бәсеке бостандығы берілгені дүрыс деп санайды. Әр адам мемлекетке сенбей өз тіршілігін өзі ойла - сын. Тегін білім беруді, медициналық қызмет көрсетуді, жүмыссыздарға жәрдем беруді және т.с.с. азайтуды жақтайды. Сонда адамдар ізденіп, іскерлігін арттырып, жағдайын түзейді деп түжырымдайды.



Бақылау сұрақтары:
      - Саяси ғылымның тарихын оқып  -  білудің маңызы неде?
      - Платон, Аристотель, Цицерон жеке меншікке қалай қарады?
      - Ортағасырлық саяси идеялардың ерекшеліктері неде?
      - <<Макиавеллизм>> деген не?
      - Қоғамдық келісім теориясы деп нені айтады?

ӘДЕБИЕТТЕР:
        ** Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж
        ** Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.
        ** Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.
        ** Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К.  //Алматы: "Жеты Жаргы", 1995. 
        ** Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.
        ** Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.


Тақырып №3 Қазақстан саяси ойларының тарихы
Сабақтың мақсаты: 
Қазақстандағы саяси ойдың дамуы және оның қалыптасуын анықтау

Негізгі мәселелері: 
* Қазақ халқының саяси ойларының қалыптасу тарихы. 
(Жүсіп Баласағұни, Асан қайғы, Иассауй)
* Фольклор  -  қазақ халқының саяси ой пікірлерінің қайнар көзі.
* Тәуке хан заңдары.
* Жаңа заман саяси ойлары
(Тәуелсіздік терең ұғым)





  Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой  -  пікірлерге бай. Оның ішінде шоқтығы биік аты әлемге әйгілі қоғам қайраткері  -  Жүсіп Хасқаджиб Баласағұни. Оның өмір баяны туралы деректер аз. Жүсіп туралы мағлұматтарды біз оның негізгі еңбегі <<Құтадғу білік>> (<<Бақытқа жеткізуші білік>>) дастанынан білеміз. Бұл еңбектің ерекшелігі  -  сол кездегі ресми араб тілінде емес, өзінің ана тілі түркі тілінде жазылғандығы. Ол, біріншіден, араб, парсы тілдерін жете білетін Жүсіптің өз еліне, өз тіліне деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылығын білдірсе, екіншіден, сол кезде Орта Азияда билік құрған қарахандықтар әулетіне түсінікті болу үшін жазса керек.
        Жүсіп дәуірінде қарахандықтардың жеке өлке билеушілері өзара билікке таласып бастары қосылмады. Сондықтан <<Құтадғу білікте>> мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Ол  -  тек саяси трактат ғана емес, онда өмірдің мән  -  мағынасына, адамның тағдыры, оның қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың мінез  -  құлқы, салт  -  санасы, әдет  -  ғұрпы туралы көзқарастар жинақталған үлкен шығарма. Ол шындыққа, бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді. Әділет, ақыл, рақымдылықты жырлайды. Өмірде әділ заңды, еркіндікті аңсайды.
      Қазақ халқының ірі ойшылдарының біріне Қожа Ахмет Иассауй жатады. Ахмет Иассауй түркі тілдес халықтарының аса көрнекті ақыны, есімі ислам әлеміне мәшһүр болған ойшыл қайраткер. Мұсылман қауымының дәстүрлі қағидаларын жинаған сопылық әдебиеттің түркі халықтары арасындағы танымал өкілдерінің бірі. Ахмет Иассауй  -  Испиджаб қаласында туған. Ақынның туған жылы белгісіз, 1166 жылы қайтыс болған деп көрсетіледі. Ер жете келе Түркістан қаласына келіп тұрады. Оның басты шығармасы <<Диуани Хикмет>> (Даналық кітабы). Даналық кітабында негізінен төрт мәселе мадақталады.
* <<Шариғат>> - ислам заңдары, әдет  -  ғұрып заңдары.
* <<Тарихқат>> - сопылықтың негізгі идеясы, мұрат  -  мақсаты.
* <<Марифат>> - дін жолын танып, оқып білу.
* <<Хакиқат>> - құдай және оған жақындау.
Ахмет Иасауй өз еңбегінде әділдікті, имандылықты, шыншылдықты, мейірімділікті жырлайды.
<<Ғаріп бақыр, жетімдердің көңілін көтер, 
Қамқоршы бол, жаныңды да пида етер>>, - деп қара халықтың қамқоршысы болуға, адамгершілікке шақырады.
<<Көңіл бөлмей дүниеге адмдықтан кешіңдер,
Хақты сүйген адал құлдар халайықпен бір болар>>, - деп адал басшы халқымен бір болып, соның тілегін тілеу керектігін баса айтады.
<<Ей, мұсылман, тағат қылсаң, танбағын,
Ғазиз жаның  -  аманаты Алланың,
Харамдықпен, ұқ, жиған мал  -  жалғанын,
Қарыш атты жылан қылар малыңды>>, - деп дүниеқорлық, байлық соңына түспеуді, арамдықпен мал жинауды уағыздайды, парақор әкімдерді о дүниеде тартар жазасын естеріне салады.
  Қазақ халқының рухани мұрасында мәңгілік із қалдырған аты аңызға айналған ақын Асан қайғы Сәбитұлы. Ол алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібекке ақылшы, жас мемлекеттің жалынды жаршысы, ұраншысы болды. Оны Шоқан Уәлиханов <<Көшпенділер философы>> деп атаған. Хан мен қарапайым халықтың арасында игілік үшін талас  -  тартыс, дау  -  жанжал туғанда, оны ушықтырып, өрбітпей реттеудің жолын, <<ымыраға келу>> теориясын ұсынған. Ол еліне мәңгілік азық боларлық жері шүйгін, ырысы мол қоныс, сыртқы жаудан қорған боларлықтай қолайлы жер  -  <<Жерұйықты>> іздеген, халқының болашағын ойлаған. Жерұйықтың суы сүт, топырағы май, тасы алтын, ағаш басы толған жеміс  -  жидек, жұт болмайтын, қайғы  -  қасіреттен аулақ құтты қоныс. Ол елді жау алмайды, онда ел аласы, ру таласы жоқ жаугершілікті білмейді. Асан Қайғы Жәнібек ханға арнауында былай дейді:
<<Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің:
Шабылып жатқан халқың бар, 
Аймағын көздеп көрмейсің,
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып, қызып терлейсің.
Өзіңнен басқа хан жоқтай,
Елеуріп неге сөйлейсің?
Қорған салдың бейнет қып,
Қызметшің жатыр ішіп  -  жеп.
Оны неге білмейсің?>>, - деп халықтың қамын ойламай өз күйін күйттеп жатқан ханның тұрмыс  -  тіршілігін бетке басқан. 
Шешендік сөздер ауыз әдебиетінің жанрлық түрлерінің бірі. Шешендік сөздерге халықтың, ұлттың тарихы, дүниетанымы, азаттық, тәуелсіздік аңсаған күрескерлік рухы жатады. Шешендік өнердің ерекшелігін танытатын еңбектер Бөлтірік Әлменұлының шешендік сөздер жинағы. Шешендік сөзде айтушының мақсаты баяндалып, сипаттап түсіндірумен қатар нандыру, ұйыту, сендіру, бұйыту, иман келтіру болады. Шешендік сөз адамның жанына, қанына, ойына, бойына әсер етеді. Шешендік сөздің айрықша белгілері:
* жүректі билейді;
* жүйесін босатады;
* қанын қыздырады;
* арқасын қоздырады;
* намысын келтіреді.
Бұл қазақ фольклорының бір тармағы шешендік сөздің өзіндік белгілері. Фольклордың ендігі тармақтары аңыз, ертегі, жылнама, шежіре жатады. Оларда көбінесе тарихи оқиға, жеке қаһарман, жүйрік ат, алғыр құс, ай, күн, жер, су, жұлдыздар жайында айтылады. Аңыздар өзіндік сипатына қарай мифтік және тарихи аңыздар деп бөлінеді. Қазақ аңыздарының тегі сақ, үйсін, тұран, түрік қағанаты, оғыз, қыпшақ, ноғай дәуірі жайлы айтылады. Тарихи сипатына қарай қазақ аңыздары қала аңыздары, дала аңыздары деп бөлінеді. Ертегі, жыр, аңыз, шежіре, тұрмыс  -  салт жырлары барлығы да қазақ халқымен туа бітіп, біте қайнасқан фольклор жанрларының тармақтары. Олардың тәрбиелік және ел басқару саясатында алатын орындары өте зор. Бір ғана нақыл сөздің өзінде бүкіл ел мен жерді қорғау керектігінің өз елінен асқан ел жоқтығын білдіреді. Мысалға, <<Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол>>.
Қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Оларға Қасым, Есім хандар жатады. <<Қасым ханның қасқа жолы>>, <<Есім ханның ескі жолы>> деп халық олар жасаған заң тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған. Бірақ өкінішке орай олар бізге жетпеді. Тәуке ханның <<Жеті жарғысы>> негізінен сақталған. 
  Жәңгірдің баласы Тәуке хан таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайы ауыр еді. Сондықтан хандық өкімет билігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің бөлініп, оқшаулануын тоқтату, халықты біріктіру үшін Тәуке хан <<Жеті жарғы>> деп аталатын қазақ әдет  -  ғұрып заңдарының жиынтығын жасады. Кеңінен алғанда Тәуке хан заңдарының құрылымы:
* байырғы әдет  -  ғұрып нормаларының Тәуке тұсында жаңартылған <<феодалдық кодекс>>.
* билер сотының тәжірибесі <<түйінді биліктер шежіресі>>.
* ұсақ хандықтардың өзара биліктерін, ынтымақтарын нығайтып, сыртқы жауларға қарсы тұру заңдары мен жазба актілері.
* шариғат, қылмыстық салалар бойынша ұйымдастырылған заңдар.
  Тәуке заңдары арқылы барлық тайпа  -  рулардың ұранымен мал  -  мүлкіне арналған таңба түрлері белгіленіп, хан билігінің беделін нығайтуға бағытталған шаралар қолданылды. Тәуке кезінде Россиямен дипломатиялық, сауда байланысы нығайып, елшіліктер алмасу, аманат беру практикалық іске айналды. Тәуке хан заңдарының ауыртпашылығын еңбекші бұхара халық көтерді. Алым  -  салықтың жаңа түрлері (аманаттық салық, ру басшыларының борышын төлеу, хандық, билік салықтары) белгіленіп, айып  -  құн, қалың мал төлеу мен барымтаның зардабын қатардағы қауым мүшелері көтерді. Кісі өлімі жайында ежелгі <<қанды кек>> принципі сақталып, тек ерекше жағдайда билердің шешімі негізінде құн төлеумен бітісті. Сұлтан мен қожаның құны қарадан жеті есе артық, әйелдің құны ердің құнынан екі есе кем болсын делінді.
  Тәуке хан <<халық кеңесі>> мен <<билер кеңесін>> тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырды. Өз кеңесінде халықтың өзек жарды мәселелерін: көші  -  қон, ел тыныштығы мен бірлігі, сыртқы жаудан қорғану тағы басқаларын жүйелі түрде талқылап отырды.
  Сайып келгенде, Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды. 
Тәуелсіздік мағынасы өте зор, тамыры терең ұғым. Тәуелсіздік  -  жер бетіндегі, әсіресе Азия, Африка, Оңтүстік Америка құрлықтарындағы көптеген мемлекеттер үшін аса қастерлі ұғым. Өйткені тәуелсіздікке олар жерлерін жаулап алған басқыншыларға, отаршыларға қарсы үздіксіз жүргізген қантөгіс соғыстар мен көтерілістер арқылы мыңдаған, миллиондаған адамдарын құрбандыққа шала отырып қол жеткізді. Ал Қазақстан ше? 70 жыл бойы билік жүргізген КСРО империясы тарқағаннан кейін Қазақстан ел тәуелсіздігіне бейбіт, даңғыл жолмен жеткен сияқты. Бірақ бір сәт ойланып көрейікші
* 1916 жылғы ұлттық көтерілісте 150 мыңдай қазақ құрбан болған;
*  1918  -  22 жылғы Азамат соғысында  800 мың ер азамат шейіт болған;
*  1928  -  33 жылдардағы күштеп коллективтендіруде 2 миллион 300 мың адамдарымыздан айырылдық;
*  1931  -  33 жылдары жасанды аштықтан 615 мың адам қырылған;
*  1937  -  38 жылдары 25 мың қазақ зиялысы атылған;
* Ұлт азаттық қозғалыс кезінде 250-300 мың қазақ туған жерлерін тастап шетелге кетуге мәжбүр болған;
* 1986 жылдың желтоқсанында қаншама жастарымыз шейіт болып, кейбіреулері әлі күнге дейін зардабын көріп отыр.
Осының барлығы да бізге тәуелсіздіктің оңай келмегендігін көрсетеді. 
1991 жылы 25 желтоқсанында КСРО президенті Горбачев қызметінен босатылды. Бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә.НазарбаевҚазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Міне, содан бастап тәуелсіз ел болу дегеніміз кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан  -  ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт  -  дәстүріңді, әдет  -  ғұрпыңды айқын көрсетіп, өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді сезіну және ана тіліңде емін  -  еркін сөйлеу деп білемін.

Бақылау сұрақтары:
* Қазақ халқының рухани мұрасындағы саяси ойларға не жатады?
* Қазақ даласындағы саяси ой пікір кімдерден басталады?
* Ыбырай, Абай, Шәкәрім  саяси көзқарастарына талдау жаса?

ӘДЕБИЕТТЕР:
  + Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж
  + Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.
  + Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.
  + Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К.  //Алматы: "Жеты Жаргы", 1995. 
  + Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.
  + Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.




Тақырып №4 Билік  -  саяси феномен ретінде
Сабақтың мақсаты: 
Саяси  биліктің мемлекет дамуындағы маңыздылығы

Негізгі мәселелері: 
* Билік ұғымы. Билік тұжырымдары. Саяси билік ұғымы және оның ерекшеліктері. 
* Саяси биліктің түрлері. Мемлекеттік билік пен саяси биліктің жоғары түрі ретінде. 
* Билік құрылымы: билік институттары, функциялары және билік ресурстары. 

Билік дегеніміз бұл - қоғамның беделінің, ерік-жігерінің, күш көрсетуінің көмегімен бір адамдардың басқа біреулердің ұстанған бағыт-бағдарына немесе қызметіне шешуші дәрежеде ықпал етуі.
Билік  --  басқа адамдарға жасалатын ықпал арқылы белгілі бір мақсатқа жету; белгілі бір тәсілдерді, атап айтқанда, күш көрсетуді қолдану мүмкіндігі; Басқарушы мен Басқарылушының және іс-әрекетке қатысушы ерекше тұлғалардың арасында өзгеше бір, үлгідегі қатынастар арқылы сипатталады. Бұлар басқа адамдардың іс-әрекеттерін өзгерту мүмкіндігіне, белгілі бір тәсілдерді  --  күш көрсету тәсілін қолдану мүмкіндігіне негізделелі.
Биліктің нәтижесінде қоғамдық қатынастар мақсатты түрде алдағы нысанаға қарай бағытталады, басқару мен бақылау байланыстарының дұрыс сипатын қалыптастырады, ал адамдардың бірлесе өмір сүруі аса ұйымшыл және тәртіпті болады. Билік ұғымы арқылы саяси институттарды, саяси қозғалыстарды, саясаттың өзін ой елегінен өткізіп, мәнін білуге мүмкіндік туады. Билік әлеуметтік қатынастарды ретке келтіруді әртүрлі: сендіру, ынталандыру, ырықсыз көндіру мен күш көрсету секілді құралдары арқылы жүзеге асырады.
Билік, біріншіден, жалпы адамның конституциялық бостандығын әр кезде, барлық жағдайда қамтамасыз ету үшін; екіншіден, қоғамдық қатынастардың негізі болып келетін құқықты бекіту үшін; үшіншіден, жасампаздық  -  шаруашылық қызметін  атқару үшін қажет. 
Билік жөнінде ғалымдар арасында әртүрлі тұжырымдамалар бар. Солардың негізгілері:
1.Телеологиялықанықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын фәлсафашысы Т. Гоббс (1588 -- 1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.
2.Бихевиористіканықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.
3.Инструменталистіканықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, колдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р.Даль (1915жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.
4.Структуралистіканықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, билік қатынастары туады.
5.Конфликтіліканықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шеншудің құралы деп түсіндіреді.
6. Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарайды.
7.П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірденеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.
8.Америка саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан "Билік және қоғам" деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.
Билік - түптеп келгенде адамның әртүрлі іс-әрекетінің бағытына, сипатына және таптар мен топтардың, жеке адамның мінез-құлқына экономикалық, идеологиялық және құқықтық-ұйымдастырушылық механизмдер арқылы ықпал ету, қабілет пен мүмкіндік. Биліктің мәні басшылық, үстемдік және бағыну қатынастары арқылы көрінеді.
Биліктің бірнеше түрлірі бар, соның ішіндегі маңыздысы саяси билік болып табылады. Себебі ол үлкен әлеуметтік топтар арасындағы саяси қатынастарды көрсетеді. Яғни саяси билік - белгілі бір таптың, топтың саясатта өз еркін жүргізе алу қабілеті. Саяси билік - саясаттанудың негізгі пәні болып табылады, саяси билік дегеніміз белгілі бір таптар мен топтардың мемлекеттік өз органдар жүйесі арқылы қоғамдағы саяси үстемдігі.
Саяси биліктің ерекшелігі: 1) ол адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам экономикасындағы рөлі басым болады да, қоғам сол топ мүддесі тұрғысынан басқарылады; 2) қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ өкілдерінің қатысуымен мемлекет арқылы, қоғамдық-саяси ұйымдар мен саяси көсемдер (лидерлер) арқылы жүргізіледі; 3) саяси биліктің ерекшелігі  -  арнайы басқару ісімен шұғылданатын  ерекше маман топтардың болуы.
Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл тенсіздік неден туады? Ол үшін саяси биліктің қарамағында теңсіздікті камтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. Оған жататындар:   
Экономикалық  --  бұл қоғамдық өндіріс пен тұтынуға қажетті материалдық құндылықтар (ақша, өндіріс құрал-жабдықтары, құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар, азық-түлік өнімдері және т.т.).
Әлеуметтік  --  билігі барлар пайдаланатын әр түрлі артықшылықтар: кадр саясаты, медициналық қызмет көрсету, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету және басқалар, яғни бұлар әлеуметтік жағдайлардың, дәрежелердің (рангілердің) ролін арттырады немесе төмендетеді.
Саяси күш көрсетушілік --  бұл күшпен ырықсыз көндірудің құралы мен аппараты, осы мақсат үшін арнайы дайындалған адамдар. Мемлекетте олардың негізін әскер, сот, прокуратура, қауіпсіздік қызметі құрайды. Биліктің осы түрін әдетте биліқ жүргізудің өте тиімді көзі деп есептейді, өйткені оны пайдалану адамды аса жоғары құндылықтардан  --  өмірінен, бостандығы мен дүние-мүлкінен айыруға ықпал етеді.
Мәдени-ақпараттық -білім мен ақпарат, сонымен бірге ақпараттарды тарату құралдары - бұқаралық ақпарат құралдары, ғылым мен білім институттары.
Демографиялық ресурстар --  адамның өзі биліктің өзіндік көзі болып табылады. Адамдар - бұл басқа да көздері тудыратын көп салалы ресурстар. Адам тұтастай алғанда  --  тек биліктің көзі ғана емес, сонымен бірге оның субъектісі және объектісі.
Саяси билік әлеуметтік институттар арқылы жұмыс істейді. Ол ұйымдар, мекемелер, техникалық, информациялық, адамдық жайттар, қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеуді қамтамасыз ететін ережелер арқылы іске асады.
Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т.б. арасындағы қатынас - тарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық (басқа мемлекеттерден оқауланып, қоршауланып алған, автаркиялық) қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; коғамдық келісімге, мәмілеге келу және т. б.
Саяси билік кестеде былайша бейнеленеді:


Саяси билік


Қоғамдық  -  саяси билік
                                   Мемлекеттік саяси билік


Саяси партиялардың билігі 
      Қоғамдық  -  саяси ұйымдардың билігі 
                      Заң шығарушы билік


Атқарушы билік


Сот билігі

Қоғамдық  -  саяси қозғалыстардың билігі 





Муниципалдық құрылымдар билігі (өлке, облыс) 




Мемлекеттік-саяси билік мемлекеттік аймақтын шеіберінде барлық жерде бірдей жүргізіледі және елдің барша халқы оның объектісі болады. Біздегі секілді демократиялық мемлекеттерде биліктің ара-жігін бөлу заң, атқару және сот билігі арқылы анықталады.
Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және армияны қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар конституциялық қадағалау,конституциялық сот)бақылау жасайды.
Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктіңбақылауындаболып,олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, зан шеңберінде ісістеуі керек.
Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, заңдыбұрмалаушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.
Қоғамдык-саяси биліктің ерекшелігі мынада - ол нақты саяси ұйымның (қозғалыстың) мүшелеріне ғана қатысы бола - ды және сол ұйымнын мүшелері шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл нақты саяси ұйымдардың (саяси партиялардың) билігі.
Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді.  Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.
Саяси билік пен мемлекеттік билікті салыстыратын болсақ, біріншісі мемлекеттік билікке қарағанда кең ұғым. Саяси билік тек мемлекеттің көлемінде ғана емес, сонымен бірге халықаралық ұйымдар көлемінде де жүргізіледі. Кез келген мемлекеттік билік - ол саяси билік, ал кез келген саяси билік  -  мемлекеттік бола бермейді.
Себебі біріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдық қауым кезінде ақсақалдар кеңесінің, веченің (Ежелгі Русьтегі азаматтар жиналысының түрі), вече соттарының және т. б. билігі болды Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО және т.б.) сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік жоғарыда көрсетілгеніндей, ерекше күштеу аппаратына сүйенеді және оның билігіне қоғамның барлық мүшелері тегіс бағанады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғары, ең толық, ең дамыған түрі, оның өзегі болып табылады.
Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері:
-ол белгілі бір аумақта ерекше аппарат арқылы жүргізілетін билік;
-мемлекеттік билік өзінің арнайы күштеу аппара - тына сүйенеді;
-мемлекеттік билік монополиялық сипат алады.
Шын мәнінде, мемлекеттік билік дегеніміз осы мемлекеттік билік кімнің қолында болса және ол кімнің мүддесін қорғаса (монарх, хунта, демократиялық жолмен сайланған органдар) және билік қандай әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылса, міне, оның негізгі мәні де осында. Мемлекеттік биліктің тұрақтылығы билікті демократиялық үлгіде және осындай әдіспен жүргізгенде ғана қамтамасыз етіледі.
Билікқұрылымы дегенімізоның құрамы мен қозғаушы күші: биліктің субъектісі, объектісі, құралдары (ресурстары) мен белгіленген мақсатқа жету үшін осының барлығын қозғалысқа келтіруші үрдістер.
Әлеуметтік немесе ұлттық қауымдастықта таптар, жеке адам немесе топтар, мемлекет, үкімет және басқалар саяси биліктің субъектісі болып табылады.
Биліктің объектілері --  жеке адамдар, олардыңбірлестіктері, топтар мен қауымдастықтар, таптар, қоғам, яғни жоғарыда тұрған саяси субъектінің іс-әрекеті бағытталатын адамдар мен органдар.
Билік қатынасының мәні мынада  --  субъект нұсқау береді де объектіге билікті орындауды міндеттейді, яғни бағынуды талап етеді.
Саяси билікке тән сипат  --  ол егемендікке ие болу. Ол әртүрлі саяси бағыт ұстанған субъектілер арасында бөлініске түсуі мүмкін емес. Егер елде көп партиялықпарламент пен коалициялық (үкімет) жұмыс жасайтын болса, онда билік келісім, ымыраласу негізінде жүзеге асырылады. Алайда олар бұл ретте бір ғана бағыт ұстануы керек. Екінші бір сипаты  --  оның заңға сәйкестігі (заңдылығы) болуы шарт. Адамның ниет-пиғылының заңға ауып тұратындығы арқасында басқарылатындар билікке сенуі қажет. Билік жариялы және заңға сәйкес болуы керек  --  сонда бұл тұғыры берік билік бола алады.
Билік жүргізу үрдісі биліктің арнайы механизмінің  -  ұйымдастыру жүйесінің, олардың құрылым нормалары мен іс-әрекетінің нәтижесінде тәртіпке келтіріледі және реттеледі. Бұл ретте: үстемдік, басқару, басшылық, ұйымдастыру мен бақылау маңызды рөл атқарады.
Үстемдік -  қоғамды басқарушылар мен басқарылатындарға бөлуге негізделген.
Басқару  -  бұл атқарушы өкімет органдарының шешімдер талқылап жасауы мен оларды қабылдауы және оны өмірге енгізуді ұйымдастырады. 
Басшылық  -  бұл әкімшілік аппараты мен өкіметтің органдары арқылы жүзеге асырылады. 
Ұйымдастыру  -  бұл жекелеген адамдардың, топтардың, таптардың, ұйымдар мен мекемелердің өзара байланысын келісу, реттеу, қамтамасыз ету.
Бақылау  -  бұл қоғамдағы адамдардың, топтардың қызмет ережелерін қамтамасыз ету, сақтау.
Билік негізге алынатын ресурстарды саралайтын болсақ  --  билік экономикалық, әлеуметтік, рухани-ақпараттық, күштеп көндіру және саяси салаларға бөлінеді.
Экономикалық билік -бұл дегеніміз экономикалық ресурстарға бақылау орнату. Әртүрлі материалдық құндылықтарға деген жеке меншіктілік.
Әлеуметтік билік. Егер экономикалық билік материалдық игіліктерді бөлуді өз иелігіне алса, әлеуметтік билік - әлеуметтік құрылымдардағы адамдардың жағдайын, статустарын, лауазымдарын, жеңілдіктері мен артықшылықтарын реттеп бөлуді қарастырады.
Рухани-ақпараттық билік -бұл ғылыми білім мен ақпараттың көмегі арқылы жүзеге асырылатын адамдарға билік жүргізу тәсілі. Білімге сүйенбей билік тиімді бола алмайды. Білім мемлекеттік шешімдерді дайындау, адамдардың санасына әсер ету (БАҚ, мектептер мен басқа да білім беру ассоциациялары) үшін пайдаланылады.
Күштеп көндіру билігі -күш көздеріне сүйенеді және күш қолдану арқылы адамдарға бақылау жасауды білдіреді. Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, жұмыс істейді: 1) жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей; 2) орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік (әр түрлі мекемелер, агенттіктер, комиссиялар, кеңестер, префектуралар және т. б. мекемелер) кіретін орта деңгей; 3) адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.

Қазақстанда мемлекеттік биліктің орнығуы
Қазір Қазақстан Республикасы жаңа мемлекет болып саналады. Ол 2001 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10 жылдығын атап өтті.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Респуб - ликасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде былай деген еді: <<Белгіленген бағдарламаларды дәйекті жүзеге асыру экономикамызды терең құрылымдық реформаларға бастады...
Экономика мен мемлекет ретке келе бастады. Адамдар ауыр ұйқыдан оянғандай, өткеннен бойын аршып, жаңа өмірге ықылас қоя бастады...
Біз өзіміздің қазіргі тарихымызда тұңғыш рет тұрлаулы, қалыпты ертеңгі тіршілігіміз тұрасында, бір кездегідей бұлыңғыр мақсатымыз бен келешегіміз ретінде емес, іске асқан мұрат, үмітімізді ақтаған уақыт ретінде ауызға ала бастадық.
Біз бүгінгі таңда мақтан тұтатын: бостандық, ашықтық, ырықты саясат пен экономика сынды дүниелерге жүздеген және ондаған жылдардың өнбойында демократия дегенді білмеген, еркін ой-пайым атаулы аяусыз басып-жанышталып келген елде қол жетіп отыр>>.
Қазіргі Қазақстанның нақты мәнінің саяси сипаттамасы мен билік ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Конституциясында одан әрі тұжырымдалған еді. Қазақстан Республи - касы Конституциясының 3-бабында осы жайлы былай делінеді:
1.Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы  --  халық.
2. Халық билікті республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.
3.Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады>>.
Қазақстан Республикасы Конституциясының ІІІ-VІІІ бөлімдерінде ҚР Президенті (40-48 баптар) туралы, ҚР Үкіметі туралы, Конституциялық кеңес (71-74 баптар) туралы, сот билігі (75-84 баптар) туралы және жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару (85-89 баптар) туралы айтылған.
Қазақстан Республикасының Президенті  -  мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазым иесі. 
Қазақстан Республикасының Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып саналады. Парламенттің өкілді мерзімі  --  төрт жыл... Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар каланың және Республика астанасыныңбарлық өкілдері органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.
Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депу - тат Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады.
Қазақстан Республикасында сот төрелігінтек сот қана жүзеге асырады.
Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.
Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Рес - публиканыңжергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады.
Сонымен, Қазақстанда нақты демократиялық институттар жұмыс істейтін қоғам құрылды.
Қазақстанда мемлекеттік құрылым мемлекеттік биліктің біртұтастығы мен оның заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуініңдемократиялықпринципіне негізделеді. Басқарудың Президенттік нысаны бекітілді және жұмыс істеуде. Елдің Бірінші Президенті  --  Қазақстанның барлық халқы бірауыздан сайлаған Н.Ә.Назарбаев.

Бақылау сұрақтары:
      - Биліктің анықтамаларын білесіз?
      - Қоғам биліксіз өмір сүре алама?
      - Саяси билік пен мемлекеттік биліктің айырмасы неде?
      - Биліктің легитимдігіне не жатады?
      - Қазақстандағы билік түрі қандай?

ӘДЕБИЕТТЕР:
* Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж
* Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.
* Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.
* Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К.  //Алматы: "Жеты Жаргы", 1995. 
* Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.
* Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.



Тақырып №5 Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты

Сабақтың мақсаты: 
Ұлт мәселесі және ұлттық-мемлекеттің құрыстың түрлерін анықтай отырып, ұлтаралық келісімге жетудің жолдарын түсіндіру

Негізгі мәселелері: 
1. Этнос және ұлт.Ұлт  - этностың жоғары түрі.
2. Қоғамдағы ұлттық жәнеэтникалық қатынастар. Ұлт мәселесі және оның құрылымы. Ұлт мәселесін шешудің принциптері.
3. Ұлттық мемлекеттік құрылыс формалары: унитарлы, федерация, конфедерация.
4. Қазақстан халық Ассамблеясы және оның орны.

Қазіргі этникалық процестер  әр түрлі бағытта деген пікір xx ғасырдың 70  -  ші жылдарына дейінгі ғылыми әдебиетте болған . Индустриалық қоғамның даму өлшемі тіл, діни айырмашылықтар этникалық жоғалыды. Дегенмен бұл белгілер өз денгейінде көрінбеуде. Этникалық қайта өркендеу xx ғасырдың басында қамтиды. Негізінде әлемде бір ұлттан тұратын мемлекеттер өзгерісті кезең болып біздін планетамыздың барлық аймақтарын болмайды. Этникалық процестер барлық қоғамдарға тән нәрсе болды. Мысалы, Канадада франсуз тұрғындарының Квебек провинциясындағы көзқарасы, Югославияда, Иракта және көп тайпалы Африканың мемлекеттеріне мәлім болды. Этникалық қайшылықтар діни ықпалдармен сай келіп, күнделіктті өмірге маңызды таңба салып, Ирландияға, Пенджапқа ( Үндістан) ауыр қайғы әкелді.
    Сол бағыттағы қайшылықтан өтіп кеткен Қазақстандағы таулы Қарабақтағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Молдавиядағы оқиғалардан көрінді. Ірі ұлттық топардын проблемалары ( курдтар, ұйғырлар, қырым татарлары ) өздерінін мемлекеттерінде өмір сүрмеген соң өте шиеленісіп тұр. Қысқаша айтқанда, адамзат дамуының қазіргі кезінде неше бір ұлттық проблемалардың толық қатарлары көп елдер шиеленісіп кетті. Этникалық қатынастардың ерекшеліктері жалпы белгілі этносоциология пәнінің зерттеу тақырыбы ретінде алынады.
     Адамның этнос өкілі ретінде әлуметтік жағдайы, оның ұлттық сана  -  сезім, ұлт мәдиниеті, тіл, олрдын ұлттық ерекшеліктерін анықтайды. Этносоциология жана ғылыми бағыт. Этнография мен социологияның тоғысқан жерінде пайда болып және xx ғасырдың 60 жылдарында дербес білім саласы ретінде қалыптасты. Этносоциология термині  -  этнос және социология сөздерінен құралған.
     Этноссоциология  -  социологияның саласы, әр түрлі этностардың (ру, тайпа, халық, ұлт) пайда болуын, манызын, қызметтерін зерттейді, оның мақсаты ұларалық қатынастар зандылықтарын табу және нақты әдістердін дамуын, әлуметтік қатынастарды ұлттық жүйесіне енгізу. Этнос термині әр ұлттың бірлестіктерді белгілеу үшін қолданылады. Бір этностар басқа этнос қатарына көшу, этностардын арасында қандай айырмашылықтар этносоциологияның зерттеу тақырыбы. Кейбіреулердін айтуы бойынша, этностардын арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Мысалы, адам төл құжатта басқа ұлттын ретінде де жазыла алады. 
    Этнос белгілі бір сыртқы түл  -  келбеттін орта белгілері, сондай  -  ақ біршама қалыпты мәдениет және тіл белгілері, мінезқұлық,қоғам және басқа ұлттар мен нәсілдерге ұқсайтын адамдар тобынын тарихи қалыптасқан бірлестігі, одағы.Этостың сипатын, қатынасын көрсететін және басқа этностардан ажырататын белгілері:тіл, халықтық өнер, әдет  -  ғұрып, дәстүр, қадлыптасқан тәртіп, дағды, яғни ұрпақтан ұрпаққа берілетін мәдениет компанеттері. Бұлар өзіндік ерекшеліктері бар этностық мәдениетті құрады. Этностың белгісі  -  мәдени құндылық.
    Сонымен этностың негізгі белгілеріне тіл, өнер, әдет  -  ғұрып, мәдениет, т.б бірлігі жатады. Олар жиынтығында белгілі этникалық мәдеиетті құрады. Әдетте этнос территориялық және экономикалық бірлік негізінде құралады. Қазіргі ұлттар дамыған капитализімнің жемісі. Ал тайпа, халықтық этностр қазіргі ұлттар қалыптасқанға дейін болған. 
Қазіргі заманғы ең негізгі этностық топ  -  ұлттық топтасу. Ұлт дегеніміз территория бірлігі, тіл бірлігі, мәдениет бірлігінен көрінетін пихикалақ кеиіп бірлігі және эканомикалық өмір бірлігі негізінде тарихи қалыптасқан адамның тұрақты қауымдастығы. Халықтық этнос құлиленуші жіне феодалдық қоғамдарға тән қауымдастық еді. Оның негізгі белгілері территория, тіл және психикалық кеіп бірлігі болбды, бірақ корольдік, князьдік,хандық  -  сұлтандық сияқты толып жатқан ұсақ феодалдық қаумдастықтардың арасында тұрақтыэканомикалық қарым  -  қатынас, бірлік бомады, сондықтан бытыранқы шаруашылық негізінде ұлттық қауымдастық қалыптаса алмады.
2.Тек капитализімнің тууы мен дамуы ұлттық пайда болуына жағдай жасайды. Ұлт  -  капиталистік дамудын жемісі. Ұлт феодалдық ыдыраудың және капитализімнін қалыптасуы дәірінде әртүрлі халықтардың бірігу нәтижесінде пайда болды. Бұл жаңа қатынас терең еңбек бөлісін, кең ауқымды және мықты экономикалық байланысты, т.б талап етеді. Ұлттың қалыптасуында мемлекет манызды рөль атқарады.
    Капиталистік қатынастардың пайда болуы және дамуы ұлттардың шығуына жол ашты, олар капитализімнің дамуының жемісі. Ұлттар пайда болуы әр түрлі халықтарды біріктіру жолымен феодалдық, бытыранқылардыжеңу негізінде, капиталистік өндірісті қалыптастыру арқылы, терең еңбек бөлінісінің қажеттілігін талап ету әдісімен жүзеге асырады. Ресейдегі ұлттардың қалыптасуы XVII ғасырда басталып, XIX ғасырда аяқталады. Егер еуропалық елдерде ұлттардың қалыптасу процесі XIX ғасырда аяқталса, ал Азияның, Африканың және Латын Американың көптеген елдерінде ұлттардың қалыптасу процестері кеінірек көрініс тапты. Бірақ ұлт ортақтығы ұлттар арасындағы әлуметтік айымашылықтарды жоя алмайды. Ұлттардың қалыптасу жолдары әр түрлі. Американдық ұлттың қалыптасу жолына назар аударайық, Американың ұлттық құрамында әлуметтік 40 елінен шыққан келімсектер бар. Таңқалдыратын мәселе мынада: әртүрлі елдердің халықтардын саны және құрамы әр түрлі. Этнос өкілдерінін АҚШ, Батыс Еуропадан келушілердін арасында немістер, ирландықтар, ағылшындықтардың саны өте көп. Дерек бойынша американдықтардың 40% - ті өздерін аралас тегі бар адамдарға жатқызса, олардың 11% - ті өздерін бір этникалық топқа жатқызады. 
    Қазір Қазақстанда жүзден аса ұлттардың, халықтардың және этникалық топтар өкілі өмір сүреді. Қазақстан  -  унитарлық мемлекет. Қазақстанның өкілі өмір сүретін бір ғана ұлт  -  қазақ ұлты түпкілікті, негізгі ұлт, ал 124 ұлттармен этностардың өкілдері ұлт диаспоралар болып саналады. Халық санағының мемлекеттері бойынша 1999 жылы Қазақстан республикасында 53,4% қазақ 30 % орыс, 16,6% басқа этностардың өкілдері өмір сүруде.
    Қазақстанда тұрған ұлттар диаспорлардың көбі депортация арқылы келді ( корейлер, немістер, балкарлар, қарашайлар). Олардың жана ұрпақтары  Қазақстанды өздерінің Отаны ретінде санайды.            
Этникалық процестерді басқару  -  бұл мақсатты түрде әсер ету. Ұлттық процестеріндегі басқару субъектілері этникалық қатынастарға ықпалын тигізеді, этникалық қасиеттердің сақталуына немесе өзгеруіне әсер етеді. Этникалық процестерді басқару субъектілерін үш топқа бөлуге болады.  
1. Қоғам бүкіл әлеуметтік этникалық топтарға олардың саналы түрде немесе стихиялы түрде ұлттық ортаға әсер етуін басқарады.
* Өкімет және басқару органдары, қоғамдық-саяси қозғалыстар және ұйымдар, ұлттық мүдделерді білдіреді, ұлт аралық байланыстарды және қатынастарды үйлестіреді.
* Кәсіби құрылымдар ұлтаралық байланыстарды кәсіби түрде ұйымдастырумен айналысатындар.
Этностардың дамуының нақтылы басқару шешіміне және әрекетке, мақсаттылық пен этникалық қатынастардың дамуына байланысты бағыттары.
3. Ұлттық мемлекеттік құрылыс формалары:
                  1. унитарлы 
                  2.федерация 
                  3.конфедерация
Унитарлы мемлекет дегеніміз  -  бір тұтас мемлекет. Дүние жүзінде унитарлы мемлекеттер саны көп.
Федерациялы мемлекет дегеніміз  -  бірнеше мемлекеттердің бір мемлекет құрамына кіруі. Дүние жүзінде федерациялы мемлекеттер саны  -  23. Олар: Еуропада (Австрия Республикасы, Бельгия Корольдігі, Босния мен Герсоговина, Федерациялы Германия Республикасы), Азияда (Үндістан Республикасы, Малайзия, мьянма Одағы, Біріккен Араб Эмираты, Пакистан Республикасы), Африкада (Федерациялы Ислам Республикасы Комор аралдары, Федерациялы Нигерия Республикасы, Федерациялы Демократиялық Эфиопия Республикасы, Оңтүстік Африка Республикасы), Америкада (Аргентина Республикасы, Федерациялы Бразилия Республикасы, Венесуэла Боливарлы Республикасы, Канада, Мексика Құрама Штаттары, Америка Құрама Штаттары, Федерациялы Сент  -  Китс пен Невис), Австралия мен Мұхиттық аралдарда (Австралия Одағы, Микронезия Федерациялы Штаттары).
Конфедерациялы мемлекет дегеніміз  -  бірнеше мемлекеттің бір мақсатты орындау үшін уақытша бірігуі. Дүние жүзінде бір-ақ мемлекет конфедерация атағына ие. Ол  -  Швейцария, Еуропа бөлігінің кішігірім мемлекеті.
4.1995 жылы құрылған Қазақстан халықтарының Ассамблеясы этностар аралығындағы ұлттық әдет-ғұрыптарды, дәстүрлерді, рухани байлықтарды және әрекеттестік пен ынтымақтастықты құрметтеуді тәрбиелеуге бағытталған.   
Республикада Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылысы  -  ол жаңа ұлт саясатын іске асыратын бұрынсонды болмаған,ерекше қоғамдық инстетут. Ол 27 республикалық және аймақтық бірлестіктерді, 250  -  ден астам ұлттықмәдени орталықтар қамтиды.  Ассамбея ұлтаралық бірлік пен келісімді жасауға және оны нығайтуға үлкен үлес қосуда. Оның іс - әрикетінің негізгі бағыттары  - ұлт саясаты саласындағы жаңа зандарды сараптауға қатысу ; ұлттық тілді, мәдениетті, әдет  -  ғұрыпты қайта туындататын республикалық және аймақты мәдени орталықтармен жұмыс істеу; этностардың съезін, фестивалін өткізу, ұлттық бұқааралық ақпарат құралдарын, Қазақстан Республикасы халықтарының ана тіліндегі әдепттерінін шығаруды ұйымдастыру; шетелдердегі диаспорларымен және этникалық топтарды өз отанымен байланысын ұйымдастыру; аз ұлттардын уәкілдерінін өз тілінде білім алуына көмектесу, т.б.
Ассамблея халықтарының мәдени жағынан қайта туындау және даму ісіне үлкен үлес қосуда. Ұлттық  -  мәдени орталықтарының жұмысы жандана түсті. Наурыз мейрамы, неміс және кәріс мәдениеті, татар сабонтойы т.б бүкіл халықтық сипат алды.
Тұнғыш рет дұнғандармен курттардың форумы  -  мерекелері республика деңгейінде өткізіледі. Ұйғыр жастарының бірінші, неміс балалар шығармашылығының республикалық фестивалі өткізіледі. Жамбыл облысы  Қордай ауданының Масанчиселосында  дұңған тарихының музейі жұмыс істейді. Алматыда еврей кітапханасы мен клубы, әртүрлі үйірмелері мен мәдени-ақпараттық <<Бәйт-Исраэль>> орталығы құрылып, жемісті жұмыс істеуде. Қазақстандағы түріктердің өмірін баяндайтын кітап шығарылды. Қазақстан халықтарының энциклопедиясы дайындалды. Диаспоралар тілдеріндегі әдебиетті сататын <<Отан>> дүкені өз жұмысын қайта бастады. Қазақстанның белгілі қоғам қайраткерлері Левон Мирзоян мен Мағазы Масанчидың есімдерін еске алу және мерей тойын өткізу туралы армян және дұңған мәдени орталығының ұсыныстары қабылданды.
Павладар, Семей, Жамбыл, Өскемен, Петропавл, Көкшетау және басқа қалаларда кіші Ассамблеяларға, ұлттық-мәдени орталықтарға арнаулы үйлер берілді.
Ассамблея диаспоралармен жұмыс істейтін ұйымдық жұмыстың орталығына айналды. Ассамблеяның жұмысшы органына мемлекеттік мәртебе берілді. Бұл ұлттық-мәдени орта-лықтың көлемді промлемаларды шешуіне мүмкіндік берді, олардың қайсы біреулері бойынша үкімет деңгейінде шешім қабылдануда.
Ұлтық  - мәдіни орталықтарға қаражаттық көмек беретін республикалық Қор құрылды, оның филиалдары барлық облыстарда жұмыс істеуде. Ассамблея халықтық дипломатияның органы айналды. Ол диаспоралардың тарихм отанымен байланысын қамтамассыз етуде. Соның нәтижесінде Ресей мен Беларуста қазақ студенттерінін саны көбиюде. Қырғыз халқының Ассамблеясымен байланыс күшие түсті. Ассамблея тәжірибесін ТМД елдері зерттеуде.
Ассамблея ұсынысымен республикамыздың барлық жоғары оқу орындарында этникалық аз топтарды баллалары женілдікпен қабылданады. 1995  -  1998 жылдар арасында олдардың олардың саны 12- ден 17,7 пайзы артты. 1995 жылдан бері республиканын жоғары оқу орындарына аз ұлттық топтардың 4600 баласы қабылданады. Бұл манызды үлес саяси шара болып отыр. 
Жаңа Қазақстан азаматтығының қалыптасуы көкейтесті мәселенің біріне айналды. Біз саяси және азаматтық бірлестікке ұмтыламыз және Қазақстан халықтарының әртүрлі азаматтарының бірлігі болу қажет. Қазақтар мемлекет құрушы этностық рөль атқарады. Қазақстанның тәуелсіздігі  -  қазақтын тағдыр берген сыйы емес, өзінің түбегейлі жерінде мемлекет құру құқығы. Мұндай тарихи және саяси шындыққа ешкім де күмәндана алмайды.   

Бақылау сұрақтары:
1. Этнос және ұлт деп нені айтамыз?
2. Қоғамның әлеуметтік құрылымы дегеніміз не?
3. Ұлттық саясат деп нені айтады?
4. Тұлға өзінің ұлтын қандай белгілерге байланысты анықтайды?
5. Адамдар қауымдастығының қандай түрлерін білесіз?

Әдебиеттер тізімі:
* 1.А.С. Рахымбаева. Саясаттану. Астана, 2006ж.
* Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж
* Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.
* Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.
* Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К.  //Алматы: "Жеты Жаргы", 1995. 
* Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.
* Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.


    Тақырып №6 Қоғамның саяси жүйесі.
Сабақтың мақсаты: 
Саясаттану пәніндегі саяси жүйенің маңыздылығын түсіндіру
Негізгі мәселелері:
1. Саяси жүйе ұғымы қоғам мен биліктің әрекеті ретінде. 
2. Саяси жүйе құрылымы. Саяси жүйе институттары: мемлекет, саяси партиялар, мүдделі топтар, үкіметтік емес ұйымдар. 
3. Қазақстан Республикасының саяси жүйесін реформалаудың мәселелері және оның дамуының тенденциялары.

4. Қазақстан Республикасының партиялық саяси және сайлау жүйесін одан әрі дамыту мәселесі.

 1. Жүйе ұғымын ХХ ғасырдың 20-жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи. Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу үрдісін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде қарады. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса,барлық тұтастық өзгереді. Жүйе сыртқы дабылдарға  және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына жауап қайтару арқасында дамиды. 
  Кейін жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарда пайдаланыла бастады. Әлеуметтануда қоғамды жүйелік түрде талдаған- Т. Парсонс. Ол қоғамды өзара байланыста болатын 4, яғни, экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани  жүйешіктен тұрады деді. Жүйешіктің әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады, іштен және сырттан түсетін талаптарға құлақ асып, жауап қайтарады. Олар қосылып жалпы қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді.
  Саяси жүйе теорриясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны ХХ ғасырдың 50-жылдарында Американың саясаттанушысы давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен кіріс, шығыс принциптері арқылы байланысады. Кірістің екі түрі бар: талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың, қазына мен қаржының, қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің, мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және әр түрлі болады. Мысалы, еңбекақыны көтеру, жұмыс күнін қысқарту, әлеуметтік салаға қаржыны көбейту, білім алу мүмкіндігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау. Мұндай талаптар көбейіп, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді. Қолдау қоғам мүшелерінің саяси жүйеге ниеттестігін, адалдығын, саяси институттарға сенетіндігін білдіреді. Ол үстемдік етіп отырған саяси жүйені күшейтеді. Қолдауға, мысалы, салықты дер кезінде төлеу, әскерлік міндетті атқару, ұлтжандылық білдіру, сайлауға белсене қатысу, қабылданған шешімдерді, заңдарды уақытында бұлжытпай орындау жатады. Халықтың әр түрлі жіктерінен түскен талаптарға саяси жүйе қандай типке жатуына байланысты әр түрлі қарайды. Мысалы, антидемократиялық, тоталитарлық саяси жүйе адамдардың талап-тілектеріне билікке көрсетілген наразылық ретінде қарайды. Сондықтан, олардың әділдігіне сенімсіздік білдіріп, әр түрлі айла-тәсілмен басып-жаншуға тырысады. Демократиялық, конституциялық саяси жүйе халықтың мұқтаждығына, тілек-талаптарына жауап беруді, оларды мүмкіндігінше қанағаттандыруды өз қызметін атқару деп түсінеді. Шығыс- саяси жүйе жұмысының нәтижесі. Онда саяси жүйе түскен талап-тілектерге сәйкес шешімдер қабылдайды, оларды жүзеге асыру жоспары қарастырылады. Оны халықтың талап-тілектеріне жауап деп түсінуге болады. Мысалы, шығысқа қабылданып жатқан заңдарды, атқарушы биліктің қаулыларын, соттардың шешімдерін жатқызуға болады. Саяси жүйе орасан зор әлеуметтік мәлімет, хабарламаларды қарастырып, оларды нақтылы шешімдерге айналдырады. Олар жаңа талаптарды тудыруы мүмкін. Сөйтіп, кіріс пен шығыс әрдайым бір-біріне әсер етіп отырады. Саяси өмірдегі бұл кері байланыс қабылданған шешімдердің дұрыстығын тексеру, оларды түзету, қателерді жою, қолдауды ұйымдастыру үшін үлкен маңызы бар. Кері байланыстың бұрын таңдалған бағыттан бас тартып, басқа бағдар алуға, жаңа мақсат қойып, оған жету жолын таңдауға да мәні зор. Егер билік басындағылар қоғам мүшелерінің талаптарын тыңдамаса, оның шешімдері қолдау таппайды. Егер талаптар шамадан тыс көп болмаса және кіріс пен шығыстың әрекеттері дер кезінде өзара үйлестіріліп отырса, саяси жүйе тиянақты қызмет атқарады.Д. Истонның идеяларын Г. Алмонд одан әрі дамытты. Олар қоғамның тұрақты дамуын негізгі мақсатым деп түсінді. Мұндай тәжірибені сараптау негізінде салыстырмалы зерттеулер дами бастады. Оған Д. Истон басшылық етті. Ол саяси жүйеге рөлдер мен олардың өзара қатынасының жиынтығы ретінде қарады. Олар үкіметтік институттар арқылы ғана емес, басқа да саяси астары бар құрылымдар арқылы жүзеге асырылады. Бұл құрылымдарды талдағанда ол 2 деңгейді- институционалдық және бағдарлық  -  баса айтты. Егер біріншісі мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарды зерттеуге көңіл бөлсе, екіншісі саяси мәдениетті құрайтын саяси құрылымды зерделеді. 
2. Зерттеушілер саяси жүйенің ең негізгі төрт бөлігін атайды. 1-саяси институттар, 2- саяси қатынастар, 3 - саяси ережелер, 4  -  саяси мәдениет. Саяси институттарға мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және басқа да ерекшеліктеріне байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады. Солардың ішіндегі ең негізгісі- мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу, зорлау органдары болады. Солардың көмегімен ол адамдардың жүріс-тұрыс, іс-әрекетін реттейді. Мемлекет қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатын атқара алады. Мемлекеттік емес ұйымдардың арасында қазіргі қоғамның саяси өмірінде ең үлкен рөл атқаратындар- саяси партиялар. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыруға, саяси жүйені, идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға ат салысады. Қоғамның ең бұқаралық ұйымына кәсіптік одақтар жатады. Олардың ықпалы әр елде әр түрлі. Біздің елімізде олар халық шаруашылығын өркендетудің маңызды міндеттерін шешуге қатысады. Еңбекшілердің заңды талаптарын қорғайды, еңбек заңдарының қатаң сақталуын қадағалайды. Олардың денсаулығын сақтауға, мәдени-тұрмыстық қажетін өтеуге қамқорлық жасайды. Тұрғын үйлерді бөлу, балабақшаға орналастыру, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарын басқарады. Қоғамның саяси жүйесіне діни ұйымдар да кіреді. Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың ішінде мемлекет пен саяси партиялардың саяси жүйеге тікелей қатынасы бар. Қоғамдық жүйенің бір бөлігі-саяси қатынастар. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, адамзат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Саяси жүйеніңқұрамына саяси ережелер де кіреді. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Саяси жүйедегі саяси мәдениет саяси сана мен іс-әрекетте,саяси көзқарастарда, идеяларда, саяси көзқарастарда, идеяларда, бағдарламаларда көрініс табады. Саяси жүйенің көрсетілген бұл бөліктері үздіксіз дамып отырады. Олар өздеріне тән арнайы әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, белгілі бір мақсаттар мен қызметтерді атқарады. Олар өзара тығыз байланыста болады. 

   3. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі өз дамуында реформалау мәселелерін қамтиды. Ол саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері мен қызметтері арқылы жүзеге асады. Саяси жүйе мынандай мүмкіндіктерден құралады: - топтар мен жеке адамдардың жүріс-тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі;- өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі;
- қорларды, игіліктерді, қызметті бөлу мүмкіндігі;
-   әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берелік, өзгерген жағдайларға бейімделушілікмүмкіндігі. 
     Саяси жүйенің даму тенденциясы қызметтері негізінде айқындалады.
* Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде бекітілген түрі болғандықтан конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. 
* Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-иүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. 
* Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті атқарады. Ол ортақ әлеуметтік- саясимақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, таптардың бірлестігін қамтамасыз етеді.
* Экономикалық қалыпты жұмыс істеп,прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау.
* Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Саяси жүйе қоғам дамуының маңызды шарты болып табылғандықтан, ондағы қызметтер жүйелі іске асырылып, мемлекет саясатымен тығыз байланыста дамып, заңнама түрінде бекітілуі тиіс.
   4. Саясаткерлер қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасындағы партиялық саяси және сайлау жуйесін дамыту мәселелерін қарастырып жүр. Республикамызда көппартиялық жүйе қалыптасқан. Елде көппартиялық жүйенің қалыптасуы елді демократияландырудағы, саяси жүйені жаңартудағы шешуші қадам. өркениетті елдердегі саяси партиялардың өз құндылықтары бар. Халықтың саяси мәдениеті мен санасын жетілдіру- демократияны жетілдіру болып табылады. Саяси партиялардың платформасын жариялылық, демократиялық негізде талқылау нәтижесінде оғае ерікті, баламалық түрде мүше бола алады. Бұл еліміздегі саяси жүйенің қалыпты дамуын қамтамасыз етеді.Саяси жүйе қазына, байлықты бөлу саласына бақылау жасау қызыметін атқарады.Олардың дұрыс бөлінбеуі ел ішінде әр түрлі әлеуметтік топтар арасында дау тудыруы мүмкін.Саяси жүие оған жібермей, қайшылықтарды қиюластырып, шиеленістерді өршітпей, жан-жақты бітістіріп отырғанда ғана өз рөлін ойдағыдай атқарады.Мемлекеттік істер алға қойылған мақсатты, оларға жету жолдарын саяси бағыт арқылы жүзеге асырғанда ғана саяси жүйе тұрақты дамиды.

Бақылау сұрақтары:
1. Қоғамның саяси жүйесі деп нені айтамыз?
2. Саяси жүйе қандай қызметтер атқарады?
3. Г. Алмонд пен Д.Истонның саяси жүйе теорияларындағы айырмашылықтары қандай?
4. Қазақстанның қазіргі саяси жүйесі қандай түрге жатады?

ӘДЕБИЕТТЕР:
* Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж
* Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.
* Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.
* Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К.  //Алматы: "Жеты Жаргы", 1995. 
* Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.
* Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.



Тақырып №7      Мемлекет және азаматтық қоғам             
Сабақтың мақсаты: 
Мемлекет  туралы мағлұмат беру

Негізгі мәселелері: 
* Мемлекет- қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде
* Мемлекеттің шығуы және оның мәні
* Мемлекеттің белгілері, оның функциялары және мақсаты
* Мемлекеттің типтері. Азаматтық қоғам ұғымы.
* Құқықтық мемлекет және оның мәні.

1. Мемлекет- қоғамның саяси жүйесінің өзегі. Мемлекет қоғамның саяси жүйесіне оның құрамдас бөлігі ретінде енеді.Саяси жүйенің бөлігі ретіндегі мемлекеттің субъектілігі- айрықша , өзгеше дара, қайталанбас: саяси жүйенің мемлекет сияқты осындай қасиеті мен сапасы бар, демек мемлекетке тән жағдайға, роль мен функцияға үміттене алатын басқа субъектісі жоқ.
Мемлекет саяси биліктің қоғамдағы басты идея қолданушысы және негізгі субъектісі. Ол- саяси қатынастардың басым көпшілігінің белсенді қатысушысы; онсыз олар көп жағдайда өзінің мәнділігі мен салмақтылығын жоғалтады. Мемлекетке саяси сипат тән, соған қарай ол қоғамның саяси жүйесінің құрамына кіреді. Алайда мемлекет- оның мемлекеттік емес буындарына ұқсас саяси жүйесінің, әдеттегіден тыс бөлігі. Ол- оның белгілі бір мөлшерде ондағы шоғырландырушы және үйлестіруші рольді орындайтын өзегі.
Қоғамның саяси жүйесі саяси биліктің ұйымын қамтиды және олардың арасындағы қарым-қатынастан тұратын, әр алуан саяси институттардың қызмет істеуіне әсері бар билік субъектілерінің жиынтығын өзіне қосып алады. Түрлі объективті және субъективті себептердің  әсерімен саяси жүйе өзгеріп, жаңа жағдайға бейімделеді. Және қоғамның әрбір даму кезеңіне саяси жүйенің  өзінің жай-күйі сәйкес келеді.
Саяси жүйенің барлық буындары, оның ішінде мемлекет те, бір бірінен бөлек, жеке әрекет ете алмайды.Олар қандай да бір мәселелер бойынша өзара алуан түрлі қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан да олар бірлік пен тұтастық құрады.
Қоғамның саяси жүйесі- өзінің құрылымында саяси құрылыс, саяси ұйым, саяси нормалардың жиынтығы мен солардың негізінде құралатын саяси қарым-қатынастардың бірнеше салыстырмалы оғаштау, шағын жүйелері бар көптеген топтан тұратын құрылым.Қазіргі жағдайда бізді әсіресе  қоғамның саяси ұйымы қызықтырады, өйткені рның құрамдас бөлігі болып өзінің алдына өз мүшелерінің саяси белсенділігін арттыруды, саяси билік жолындағы күреске қатысуды,оны өзінің саяси мүдделерін қанағаттандыру үшін пайдалануды мақсат етіп қойған ұйымдар, бірлестікткр мен құрылымдар табылады. Олармен бір "қатарда " әрекет ете отырып, мемлекет қоғамның саяси ұйымының бөлігі ретінде белгілі бір шекте олардың іс-қимылына ықпал етеді, қажетті жағдайларда олармен байланысқа да түсе алады.
Ішкі саяси жүйенің қарым-қатынасын ең алдымен оның бірқатардағы элементтерінің ( мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың арасындағы)  арасынан қарастырған  дұрыс. Кейде саяси жүйенің әр қатардағы элементтерінің қатынасын айқындау қажеттілігі туып қалды (мемлекеттік органдардың саяси нормалармен қатынасы). Әрине, әр қатардағы элементтердің қатынасын айқындау көбінесе бірінші түрдің қарым-қатынасымен жанама түрде байланысады( мемлекеттік органдар құқықтық нормаларды қабылдағанда, толықтырғанда немесе күшін жойғанда, жаңа нормалармен ауыстырғанда және тағы басқа жағдайларда саяси нормаларды ескереді), бірақ кейде ол "тікелей" жүзеге асырылады  
( әңгіме саяси нормалардың мемлекеттік органдардың қызмет етуіне ықпалы туралы болғанда немесе, керісінше, қандай да бір саяси нормалардың мемлекеттік органдардың ықпалымен түзетуге түсуі туралы болғанда).
  Сонымен мемлекет- саяси жүйенің басты элементі. Ол- керек кезінде арнаулы күштер органдарын пайдлана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм.
2.Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді.  Қоғамдағы түбегейлі экономикалық- әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде қоғамды билеу, басқару жүйесі де өзгере бастайды. Рулық биліктің орнын саяси билік, саяси құрылым баса бастайды. Сөйтіп, қоғамның белгілі бір сатысында мемлекет пайда болады. Оның пайда болуы жөнінде әр түрлі көзқарастарбар. Моның ішінде ең кең тарағандары:
1. Теологиялық теория. Негізін салушылар А.Августин мен Ф.Аквинский мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндірді.
2. Патриархтық теория. Негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген  ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа , олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.
3. Қоғамдық келісім теориясы. (Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо) егеменді әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді.
4. "Зорлық жасау" теориясы (Е.Дюринг, Л.Гумплович,К.Каутский ) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болды деп пайымдайды.
5. Географиялық теория (А.Ратцель, В.Соловьев, Б.Чичерин) мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (ауа райы, жер бедері және т.б.) өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.
6. Марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады. Ф.Энгельс мемлекет әрдайым  "ең қуатты, экономикалық жағынан  үстем таптың мемлекеті болып табылады, сондай-ақ ол тап мемлекеттің көмегімен саяси жағынан да үстем тап болып алады және осы арқылы езілген тапты басып-жаныштау және қанау үшін жаңа құралдарға ие болады" деп жазды.
  Мәнділік категориясы, оған сапалы айқындылық беріп, аралас және туыстық құбылыстардан басты және негізге алынатын белгілеріне баса көңіл аударылатындығымен маңызды. Таптық түсіндіру мемлекеттің мәнін қоғамдағы үстемдік етуші таптың артықшылық жағдайын қамтамасыз етуге, оның мүдделерін бірінші кезекте  жүзеге асыруға  жағдай жасауға,оларды әр түрлі  озбырлықтан қорғауға  келіп  саятындығы белгілі. Бұл талдау бойынша, мемлекет өзінің мәні бойынша тап жауларына қарсы күресте пайдаланатын  үстемдік етуші таптың саяси билігінің ұйымы ретінде  көрінеді.
  Мемлекет жалпы алғанда қоғамның қалыпты тіршілік етіп, қызмет істеуіне, халыққа әсіресе, әлеуметтік қысым көрген және оның қысымға ұшыраған категорияларына байланысты жалпы міндеттерді шешіп жатқан кезде мемлекеттің ролі жағымды бағалануы керек.
  Мемлекеттің мәні туралы мәселеге қоғамның түрлі  әлеуметтік және саяси күштері тарапынан мемлекеттік қызметтің бағыттылығына  түрлі тәсілдер әсер етеді әрі оның шешілуі қандай күштің басым ықпал етуіне байланысты. Сондықтан, мемлекеттің мәні болып бір жағдайларда таптық үстемдік пен билеуші топтың еркін таңдау есептелсе, екінші жағдайда  - таптық және жалпы қоғамдық принциптердің үйлесуі есептеледі.
  Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Оған барлық халықтың, ұлттың мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртіпті жасайтын ұйым, құрал ретінде қарайды. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындығы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.
3.  Мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және  жанама әсер ететін ерекше органдары және басқа саяси ұйымдардан оны ажырататын белгілері бар. Оларға жататындар мыналар: 1) Мемлекеттік егемендік. Мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі- ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз болады, оларға бағынышты емес. Өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі қалыптастырып, өз еркімен жүзеге асырады. 2) Билеуші органдар.Мемлекеттің ерекше билеуші, басқарушы органдары  болады. Қоғамда заңи тәртіпті қамтамасыз ету үшін мемлекет әскер, полиция құрады. 3) Мемлекет органдарын, оларда істейтін қызметкерлерді қаражаттандыратын оның арнаулық материалдық қоры  болады. Ол қорды жасау үшін мемлекет алым-салық белгілейді және оны жинайды. 4) Мемлекеттің өзінің тұрағы, аумағы болады. Сол аумақта мемлекет құралады, өз қызметін атқарады, билік жүргізеді. Мемлекеттің аумағы басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін әкімшіліктерге бөлінеді. 5) Мемлекеттің күрделі белгілерінің бірі- құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады. Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілеттігі бар органдар болады. Сол құқықтық нормалардың  жиынтығы мемлекеттің құқықтық жүйесін құрайды.
Өзінің бағытына сәйкес мемлекет өз қызметін белсенді атқарады,яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына белгілі дәрежеде ықпал етеді.Мемлекеттің функциясында мемлекеттің сипаты мен қоғамдық-саяси табиғаты,оның маңызды әлеуметтік мәні бейнеленген.Мемлекеттің сыртқы және ішкі функциялары болады.
Мемлекеттің ішкі функцияларына қоғамның ішкі өмірінің ірі салаларына мемлекеттік ықпал ету немесе мемлекеттік басқару бағыттарын жатқызуға болады.Адамдардың өндіріс,орналастыру және алмастыру саласындағы қатынастарын мемлекеттің экономикалық функциясы жетекші орындардың бірін алады.
а)экономикалық салада мемлекет кәсіпкер,жоспаршы,үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді.Экономиканы нарықпен қатар мемлекет те реттейді.Оны мемлекеттік тапсырыс,салық,несие,экономикалық  бағдарлама және т.б. арқылы жасайды.Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге,экономикалық интеграцияны өрістетуге,ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге т.с.с қатысады;
ә)әлеуметтік өмірді ұйымдастырады.Халықтың әл-ауқатын,өмір деңгейін көтеру,денсаулықты сақтау ісін жақсарту,тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен т.б. айналысады;
б)заңдылықты қамтамасыз етеді.Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға,қылмысқа қарсы күресті өрістетуге,әкімшілік зорлыққа  жол бермеуге т.с.с.басшылық етеді.
в) мәдени-тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу-ағарту ісін,ғылымды,әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды.
Сонымен қатар мемлекет бір топтың,таптың негізінде басқарушы күшті қалыптастыруға қатысады,бюджет саясатын жүзеге асырады,қарулы күштерді құрып ,ұстап,пайдаланады.
Сыртқы  функциялар халықаралық қатынастар саласына қатысты және оның сыртқы саяси міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды.Ішкі функциямен салыстырғанда олар,әдетте,басымдық таныта алмайды;керісінше,ақыр соңында біріншісінен туындайды,оладың табысты жүзеге асырылуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бейім тұрады.Мемлекеттің сыртқы міндеттеріне жататындар:а)мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау;ә)өзін-өзі билеу,егемендігін сақтау,басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты  орнату,олармен бірге  алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін  қамтамасыз ету; б) өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, ұтымдылығына,өтімділігіне,тиімдлігіне жағдай жасау,басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру және т.б.
Сайып келгенде,мемлекеттің ең басты міндеті-қоғамның тұрақтылығын орнатып,қалыпты тіршілігіне жағдай жасау.Ол әр-түрлі топтарға,жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.
  Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты үстемдік етуші тапқа немесе билік жүргізуші артықшылықтары бар топқа тиімді немесе,  солармен қатар сондай-ақ халықтың кейбір басқа топтарына тиімді немесе тәртіпті бекітуден тұрады.Мұндай жағдайда мемлекеттің бекітіп,қорғап және оны жетілдіріп отырған тәртібі  кімге пайдалы-үстемдік етуші тапқа ма,билік жүргізетін топқа ма немесе сондай-ақ халықтың кейбір топтарына ма деген сұрақтың жауабы бұл мемлекеттің қандай екендігіне:прогрессивті ме немесе реакцияшыл ма,демократиялық па немесе халыққа қарсы ма,содан мағлұмат береді.Платонның.Аристотельдің,Гегельдің пікірлері бойынша,мемлекет адамгершілікті бекітіп,қалыптастыру үшін қажет.Кейінірек бұл түсінікке басқа әлеуметтік құндылықтар келіп қосылды.Мысалы,Г.Гроций мемлекеттің мақсаты жалпы игілік деп санады,Т.Гоббс-жалпы қауіпсіздік десе,Жан-Жак Руссо-жалпы еркіндік деді.Ал мемлекеттің қазіргі кездегі кең тараған жалпыға бірдей рахат тұрмыс теориясы,мемлекеттің мақсаты халықтың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды,азаматтардың өмірін,денсаулығын және абыройын болуы мүмкін озбырлық, қол сұғушылықтан сақтауды, сондай-ақ олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нақты жағдайлармен қамтамасыз етуі деп біледі.
    Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты проблемаларын теория жүзінде байыптап түсініп,бүкіл бұған дейінгі тәжірибесін зерттеп,оны шешудің қазіргі заманғы әдістерін жасауда творчествалықпен пайдалану қажет.
Әр түрлі мемлекеттің мақсатын ашып көрсететін бірыңғай формула жасау мүмкін емес,өйткені кейде мемлекеттердің қызметі түрлі игіліктер мен құндылықтары шағын таптық (элитарлық-топтық) сипатта болса,екіншілерінде-игіліктер мен құндылықтар жалпы адамзаттық  сипаттағы игіліктер мен құндылықтардың жиынтығы болады.
 4.Мемлекеттерді типке бөлудің екі тәсілі бар:
   1.Формациялық тәсіл;2.Өркениеттік тәсіл.Мемлекеттерді формацияға бөлу қоғамның экономикалық және әлеуметтік құрылысының ерекшеліктеріне байланысты.
    Марксизм-ленинизм ілімі негізінде ХХ ғасырдың басында социалистік мемлекет дүниеге келді.Мұндай мемлекеттің типі әр түрде қалыптасты. Оның басқа типті мемлекеттерден түбегейлі ерекшелігі-еңбекшілердің, жұмысшы табы мен шаруалардың еркін баянды етіп,солардың мүддесін қорғайтын мемлекет ретінде жариялануы.
   Алғашқы өркениетті мемлекет шексіз билікке негізделеді де,біріктіруші  және ұйымдастырушы күш ретінде қоғамның әлеуметтік және экономикалық құрылымын анықтайды.Бұл-көне грек,шумер,ассиро-вавилон, иран, бирма,жапон,т.б. елдердегі саяси ұйымдар.Бұларға Батыс Еуропа,Шығыс Еуропа,Солтүстік Еуропа,Солтүстік Америка,т.б. мемлекеттері жатады. 
  Мемлекеттің типі- сан алуан мемлекеттердің өздеріне тиімді тұтастай алынған маңызды қасиеттері мен жақтарының жиынтығы және жалпылама ерекшеліктерінің жүйесі.
Құл иеленуші

Мемлекеттің типтері

Феодалдық

Буржуазиялық

Социалистік

Саралау белгілері бойынша:











		Жеке меншіктің бар
		немесе жоқ екендігі.

	Қарама-қарсы таптардың
	бар немесе жоқ екендігі.
	  Тауар өндірісінің бар
	немесе жоқ екендігін


Макроформациялар





                                       
Алғашқы
(архаикалық)

Екінші
(экономикалық)

Үшінші
(коммунистік)














алғашқы	құл иеленуші	коммунистік (бірінші 
                                                                          фазасы- социализм)
қауымдық                               феодалдық

қоғам                                       буржуазиялық


Мемлекеттерді өркениет тәсілімен түрлерге  бөлуде  мемлекеттердің мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық құрылысын қоғам дамуының рухани ізгілік және мәдени факторларымен салыстыра отырып шешеді. 
Өркениет дегеніміз қоғамның салыстырмалы түрде тұйықталған және локалдық (жергіліктілік) ахуалы.

Өркениет
(А.Дж. Тойнби бойынша)





мысырлық                       сириялық                             қиыр шығыстық

қытайлық                         мексикалық                        православиелік

ирандық                           батыстық                            арабтық

басқалары
(барлығы 21)

Азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы- Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте-мөте шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді.
  Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухни өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады.
Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды.
  Азаматтық қоғам экономикасының негізі- әр түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына сай пайдалана алады. Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатысуына жағдай жасайды.
  Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады.
  Құқықтық мемлекет өз негізін азаматтық қоғамда қалыптастырады да сол ортадан өсіп жетіледі. Құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы басты принцип товарлы өндірісте жеке меншіктілік пен нарықтық қатынастардың болуы. Құқықтық мемлекет деген атаудағы  "құқық" деген сөздің алғашқы болып тұруында да өзіндік мән бар. Ол қоғамның саяси-әлеуметтік  өмірінде, оның барлық аясында құқық жоғары орында тұру  керек дегенге мегзейді.
Яғни құқық әрбір елдің негізгі заңы- Конституциясында бекітіліп, басқа да  заңдары мен жарлықтарына нұсқа болуы қажет.
  Құқтық мемлекеттің тағы бір ерекшелігі- ол оның билік жүргізуді бұйрықтар, жеке актілер арқылы емес, заң арқылы іске асыратындығы.Ол заңдар әділ болып, әділетті шаралармен заң арқылы іске асырылып отырылуы керек. Осы мақсатта өкімет билігін бөліп жүргізу принципі әрекет етеді. Ол принцип бойынша өкімет билігінің үш тармағы  мемлекеттің заң шығару, атқару және сот билігін жүргізу органдары құрылуы тиіс.
  Ал енді өкіметтің осы үш тармағында басымдылыққа жету үшін солардың бәріне құқықты мемлекетте жоғары мәртебе беріледі. Ондай мәртебе заң шығарушы өкіметке тиесілі. Барлық құқықтық мемлекеттерде заңдардың Конституциялығын қадағалап отыратын Конституциялық соттар құрылады.
 Сөйтіп құқықтық мемлекет болуы үшін:
* Халықтың саяси тәуелсіздігі, мемлекеттің егемендігі.
* Оның пайда болатын негізі яғни, алғышарты болып табылатын азаматтық қоғам, атына сай жан- жақты жетілген болуы керек.
* Барлық азаматтардың құқықтық теңдігі, мемлекет заңдарының адам құқығының жоғары тұруы қажет.
Мемлекеттер басқару түрі, өзіндік құрылысымен ғана емес саяси тәртібі жағынан да ерекшеленеді.

Бақылау сұрақтары:
      - Мемлекеттің пайда болуы жайлы қандай теорияларды білесіз?
      - Мемлекет қандай қызметтерді атқарады?
      - Азаматтық қоғам дегеніміз не?
      - Құқықтық мемлекеттің айырмашылығы неде?
      - Мемлекеттің белгілері қандай?

ӘДЕБИЕТТЕР:
        ** Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж
        ** Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.
        ** Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.
        ** Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К.  //Алматы: "Жеты Жаргы", 1995. 
        ** Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.
        ** Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.


    Тақырып №8 Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
Сабақтың мақсаты: 
Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың қоғамдағы атқаратын ролі

Негізгі мәселелері: 
* Мүдделі топтар, ұғымы, функциялары, типологиясы
* Саяси партия, ұғымы. Саяси партияның мақсаты, партия типологиясы.
* Партиялық жүйелер ұғымы, оның жіктелуі
* Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар

Жалпы анықтама бойынша мүдделі топтар немесе қысымды топтар деп - әртүрлі типтегі (мәдениетті, ұлтты, кәсіпті) азаматтардың бірігуін айтады. Бұл топ мемлекеттік билікке қарсылық көрсетпейді, олар өздерінің алға қойған мақсаттарын және қызығушылықтарын жүзеге асыру үшін мемлекеттік билікті қолдайды. Жалпы қоғамның бірігуі мүдделі топ болып табылады. Ол үшін оның мынадай белгілері болу қажет: ұйымдастырушылық және қоғамда қалаулы сипаты; нақты әлеуметтік қызығушылықтарды қорғауы; материялды ресурстардың көптігі; өз қызығушылықтарын қорғауда қабілетінің болуы қажет болып табылады. Мүдделі топтар қоғам пайда болғаннан бастап пайда болған. Осыған байланысты әр саясаттанушы ғалымдар мүдделі топтардың қоғамдағы орнын әрқалай сипаттаған. Мысалы: Платон, Г. Гоббс, және Ж.Ж. Руссо сияқты ғалымдар мүдделі топтардың қызығушылықтарына олардың қоғамдағы орнына, мемлекетке әсерін сипаттайды. Ал кейбір саясаттушы ғалымдар осы мүдделі топтардың қоғамға кері әсерлері туралы өз пікірлерін айтқан.
   Жалпы мүдделі топтар арасында болып жататын бәсекелестіктер  заң бойынша шешілуі тиіс. Мысалы мүдделі топтар қоғамда ашық және қоғамға адал болулары тиіс. Егер бұл айтылғандар орындалмаса, қоғамда коррупция мен мафия кеңінен тарап кетеді.
   Қазіргі заманғы саясаттану ғылымында мүдделі топтар белгілері бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді. 
Пайда болу сипаты мен ұйым ерекшелігіне байланысты: дәстүр бойынша құрылатын топтар  -  қоғамдағы орны үлкен емес. Мұндай топтар дәстүрі мықты дамушы индустриалды елдерде кеңінен тараған. Институцияланған топтар  -  формалды ұйымдар жататын топ. Мысалы саяси партиялар мен әкімшілік ұйымдар кіреді. Ассоциациялы топтар  -  дамыған мемлекеттерде кеңінен тараған. Олар әлеуметтік топтардың қызығушылықтарымен айналысады.
   Алға қойған мақсаттарына байланысты мүдделі топтар: бірмақсатты- яғни нақты бір мақсатты алға қойып, соған жетуді көздейтін топтар; көпмақсатты  -  бірнеше мақсат қоя отырып, жан-жақты мәселелерді шешуге қатысады. 
Әлеуметтік қызығушылықтарын қорғай алу қабілеттеріне байланысты мүдделі топтар: материялды қызығушылықы мүдделі топтар  -  оларға кәсіподақтар, коммерсанттар, тұтынушы ұйымдар жатады. Моральды қызығушылықты топтар; ұллтық қыжығушылықты топтар.
   Жоғарыда айтып кеткендей, мүдделі топтар  -  қоғамның саяси өміріне басты қатысушы болып табылады.
   Мүдделі топтарды мәні атқаратын функцияларымен тікелей байланысты болып келеді. Ондай функцияларға: әлеуметтік қызығушылықтардың артикулярлануы, ақпараттандырылуы, интеграция  -  мүдделі топтың бұл функциясы  -  қоғамдық тәртіпті және саяси жүйені қатайтуға қатысады; саяси элиатның қалыптасуын әсер ету функциясы және т.б. Мүдделі топтардың бұл функциялары жүзеге асу үшін олардың  мемлекеттік билікке және оныңсаясатына әсер ете алатын құралдар жиынтығы болу қажет. 
   Мүдделі топтардың саяси билікке қатысты екі формасын көрсетуге болады:
Рож Жерар Шварценбергтің пікірінше мүдделі топтардың  саясатқа әсерінің екі аспектісін көрсетуге болады. Бірінші аспект  -  экономикалық саясатқа әсер ету; екінші аспект  -  глобальды саясатқа әсер ету.
  Көптеген мемлекеттерде лоббизм деп аталадын құбылыс кеңінен тараған. Лоббизм  -  заңды ұйымдарға әсер етуші  агеннттер, жеке монополиялар, мүдделі топтар жүйесі. Лоббисттер үлкен әлеуметтік топтар мен партиялар атынан қызмет ете аталады.
     Саяси партиялар  -  қоғам өмірінің саяси жүйесін қамтитын, қалыптастыратын басты элемент болып табылады. Сонымен қатар, саяси партия  -  пікірлердің ұйымдасқан тобы, ол халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, оған мемлекеттік билікке келуге немесе оны жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндік жасайды, соған жетуді мақсат етіп құрылатындығы әлемдік тәжірибеде әлдеқашан дәлелденген.Партия латын сөзінен <<бөлу>> деген мағынаны білдіреді. Саяси партяның мәнін түсіндіру үшін әлемдік тәжірибеде қолданылатын негізгі үш көзқарасты басшылыққа аламыз:
* саяси партияны белгілі бір таптың мүдделрін көздеуші деп білетін маркстік көзқарас.
* партияны мемлекеттік жүйесінде жұмыс істейтін ұйым ретінде институтционалды түсіндіру
* партияны ең алдымен белгілі бір идеологиялық доктринаны ұстанатын адамдардың топтары деп түсіндіретін либералдық дәстүр.
Саяси партия мемлекеттік деңгейде билікті жеңіп алуға немесе соған қатысуға бағытталған идеологиялық негізде құрылған ерікті одақ болып табылады. Саяси партиялар дүниесі күрделі және өзгермелі. Мысалы, бір партиялардың құрамында миллиондаған азаматтар болса, екінші бір партия құрамында мыңдаған мүшелер болып отырады және ол әрқашан өзгеріп отырады. Партияларды классификациялауды М. Дюжерве классификациясы үлкен орынды алады.
М. Дюжерве саяси партияның бірнеше классификациясын көрсеткен.Олар: 1. кадрлық партиялар- демократиының қарқындауы кезінде пайда бола бастаған, орталықтанған партиялар, ХІХ ғасырда партиялардың бірігуі нәтижесінден қалыптасады. Кадрлы партиялардың басты элементі болып комитет табылады. Сайлаушылардың 10% ғана болатын мүше саны аз, ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Жарғысын мүлтіксіз орындайды.2. бұқаралық  -  бұл партияның жаңа түрі. Бұл партияның үш түрі бар: әлеуметтік, комунистік, фашистік партиялар. Сайлаушылары көп, мүшелері белсенділері көп. Партиялық билеті жоқ.
    Партиялардың белігілі бір мақсатқа жеу үшін бірігуін коалиция деп атайды. Коалицияның мынадый түрлері бар. 
* Парламентке қатысатын партиялардың ешқайсысы өз алдына бөлек басқара алмаған уақытта құрылған көппартиялық коалиция;
* Екі партия бірігп үкіметті басқара алатындай уақытта құрылған екіпартиялық коалиция;
* Билік үшін бәсеке екі партия одағының арасында болса, екі блоктық коалиция болады;
* Егер де дербес партия ұзақ уақыт билік етсе, оны басымдық коалициясы деп атайды. Жалпы барлық саяси партиялардың жұмысы Конституцияға қайшы келмеуі тиіс.
   Қоғамның саяси жүйесінде саяси партияладың алатын орны ерекше. Соған орай, саяси партиялар қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардан тікелей қарым-қатынасты және билікті қамти алатынынымен ерекшеленеді. Саяси партияларды ең басты ерекшелігі болып  -  ьилік пен саяси жүйені қолға алу болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін саяси партиялар арнайы бағдарламалар дайындайды. Ал ең басты алға қойған мақсатын жүзеге асыру үшін партиялар ашықтан-ашық  белгілі құрылымдарды жүзеге асырады. Жалпы саяси партиялар былай сипатталады: партия бағдарламасының болуы, саяси билік үшін күрестің болуы, партиялық тәртіптің болуы, партияға мүшелік ету, мүшелік жарна төлеу, партияның жарғысының болуы, баспа органдарының болуы, кәсіптік негіздегі партя аппаратының болуы. Осындай белгілері бар саяси партиялар тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, жұмысына ақсаттылық-сипат береді, белгілі бір идеологияны қорғайды, бағыт береді.
   Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген өлшем және белгілері бар. Саяси партиялар саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуынабайланысты: сайлаушылар партиясы, парламенттік партия, авангардтық партия, қауымдастық партиясы балпы бөлінеді. Оларға жеке анықтама беретін болсақ.
    Авангардтық партия  -  орталықтанған өзінің барлық мүшелерінен партияның жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді.
   Саулаушылар партиясы  -  бұл партияның негізгі мақсаты үміткердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.с.с.
   Парламенттік партия  -  екі  қызмет атқарады: парламетке бақылау жасайды, сайлауға дайындалады.
   Қауымдастық партия  -  ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай аңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі.
   Саяси идеологиясына қарай саяси партиялар: 
   Коммунистік партиялар  -  К. Маркстың ілімін басшылыққа алады. Тапсыз, меншіктің жеке түрі жоқ қоғам мүддесін қорғайды.
   Социал-демократиялық партиялар  -  бұл партиялар үнемі еңбекші халықтың мүддесіне сай қоғамды реформалап отырады. Негізгі құндылықтары: әділеттілік, бостандық, теңдік, ынтымақтастық.
   Буржуазиялық-демократиялық партиялыр  -  билік үшін ашық күрес жүргізеді. Үкіметке  жалпыға бірдей сайлау салу арқылы жетеді. Заң алдында бәрінің де тең болғанын қалайды.
   Консервативтік партиялар  -  ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Теңсіздікті сақтағысы келеді.
   Фашистік партиялар  -  адам құқықтары мен бодстандықтары шектеледі. Ұлтшылдықты уағыздайды. 
Саяси өмірдегі алатын орнына қарай: 
Билеуші партяилар  -  билік қолға жеткен соң, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни басқа партиялардың үстінен билік жүргізеді.
Оппозициялық партиялар  -  олар басқару партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қарсыластық қасиет тән.
  Саяси партиялар жұмыс істеу мақсатына қарай: ресми, жартылай ресми, құпия партиялар болып бөлінеді.
    Ресми партия  -  жұмысын ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге қатысуына заң жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркецден өтеді.
    Жартылай құпия расми партия  -  формалды түрде рұқсат етілген, кейбір жұмысына шек қойылған.
    Құпия партиялар  -  заң бойынша тыйым салынған, жұмысын жасырын жүргізетін партиялар.
   Қазіргі саясаттану ғылымында партиялық жүйенің нақты анықтамасы жоқ. Американ саясаттанушысы Р. Дальдің пікірінше партилық жүйені адамның билікпен қатынасы ретінде көруге болады. Ал Л.М. Фарушкин партиялық жүйенің орталығы деп саяси билікті айтады. Партиялық жүйенің басқада анықтамалары бар. Мысалы: жүйелі әдістің көмегімен Д. Истон партиялық жүйені материялдық және рухани дүниенің сәйкес келуі ретінде қарастырады. Өзінің даму тарихында партиялық жүйелер топтардың қызығушылықтары мен мүдделін қорғап келедң.
   Партиялық жүйе  -  саяси субьектілердің соның ішінде билік және билеу байланысын көрсетеді.Бұл ұғым басқарушы топтар мен бағынушы топтардың және билеушілер мен бағынушылардың қарым-қатынастарын біріктіреді. Партиялық жүйенің функциялары жетілдіріледі, ал оның мазмұны мен мәні күрделенеді. Партиялық жүйелердің бірнеше типтері мен құрылымдары бар. Соларға жеке-жеке сипаттмама беретін болсақ.
   Демокртия-мемлекеттік билікті халық құптайтын қоғамның партиялық жүесінің түрі. Яғни мұндай партилық жүйенің түрінде мемлекеттік билік халық басшылығымен жүзеге асады.
   Теократия  -  қоғамның маңызды мәселелері заңмен шешілетін басқару жүйесі.
   Тоталитаризм  -  қоғамның барлық бақылауына қол жеткізуге ұмтылатын партиялық жүей болып табылады. Қазіргі саясаттану ғылымында партиялық жүелердің басқа да  түрлері де бар. Мысалы: дәстүрлі, қазіргі, либералды демократиялық және радикалды-авторитарлы.
  Партиялық жүйе ұғымының астарында саяси партиялардың қарым-қатынастары мен олардың билік үшін күрестері жатады. Партиялық жүйелер бірінен-бірі партиялар санына қарай ажыратылады. Партиялық жүйелердің үш түрін көрсетуге болады.Олар: бірпартиялы, екіпартичлы, көппартиялы. Көппартиялы жүйелер  -  мұнде үш немесе одан көп партиялар болады. Саяси мәселелер жан-жақты қаралады. Мұндай партиялық жүйенің қалыптасуына идеологиялық бағыттарды пайда болуы әсер етті. Сонымен қатар ұлттық және тарихи факторлардың да әсері мол болды. Екіпартиялы жүйелер  -  көптеген саясаттанушылардың ойынша мұндай партиялық жүелер ең тиімді жүйе болады.Мұндай жүйеде екі партия арасында нағыз бәсекелестік болады. Үнемі екі партиялар бір-бірін сынға алып отырады.Көбіне екіпартиялы жүйе функцияналды болып келеді. Екіпартиялы жүйеге мысал ретінде АҚШ-ты алып көрсетуге болады. Бірпартиялы жүйе - өзінен басқа партиялардың болғанын қаламайды.Мұндай партиялық жүйелер тоталитарлық және авторитарлық қоғамға тән. Ла Паломбора  мен Вайнер партиялық жүйенің күрделі классификациясын көрсеткен. Олар партиялық жүйенің бәсекелес және бәсекелес емес деп бөледі. Мұндай партиялық жүйелер билік үшін күрес кезінде бір-бірімен бәсекелесуі кезінде көрінеді. Партиялық жүелердің пайда болуына бірнеше факторлар әсер етеді.Олар: мықты әлеуметтік қоғам диффренциясы; қоғам тарихи дамуның спецификасы; ұлттық және этникалық айырмашылықтар. Партиялық жүйенің басты компоненті болып саяси қозғалыстар табылады. Саяси қозғалыстар өте ерте замандарда пайда болған. 
   Партиялық жүйелердің құрамына тек қана мемлекетті ұйымдар және саяси партиялар кірмейді. Сонымен қатар партиялық жүйелерде қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың алатын орны ерекше. Қандай да бір партия болмасын қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдарды өзінен бөлек шығармайды. Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың саяси дәрежесі болғаны мен олар партиялық жүйелер мақсатына ықпал етпейді. Алайда кейбір қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар саясаттан тыс жатады. Саяси қозғалыстар бірнеше түрлі болып бөлінеді. Мысалы: тапты сипаттты қозғалыстар, тапсыз сипатты қозғалыстар, таптан тыс өзіндік саяси қозғалыстар. Кез-келген мемлекетте саяси емес қозғалыстар-кәсіподақ юолып табылады. Бұл экономикалық қызығушылықтарды қорғау мақсатында құрылған жұмысшылар ұйымы болап табылады. ХІХ ғасыр ортасында кәсіподақтар жеке қоғамдық  және ұйымдық күш болып саналды.
	ХХ ғасырдың 50-70 жылдарында қозғалыстар мен ұйымдар қарқынды күшейе түсті. Сол кездегі көптеген ұйымдар тұрақты болған және олар әлі күнге дейін қызметтерін жалғастыруда. Қоғамдық қозғалыс пен ұйым екеуі екі түрлі сипатталады. Ондай сипаттарға бұзушы күш және реформа қабылдағандағы күш сипаттары жатады. Қоғамдық қозғалыстар бұзушылық сипат алады. Қоғамдық саяси қозғалыстардың жалпы екі бағыты бар. Олар: өктемдік және өктемдік емес. Қоғамдық қозғалыстар тұрақты болмайды. Қоғамдық қозғалыстадың көтерілуі немесе құлауы елдегі экономикалық жағдайға байланысты болады
                                       
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1.Таптық және тапаралық партиялар дегеніміз не?
2. Қазақстандағы көп партиялық жүйенің қалыптасу мәселелері және оның келешегі қандай?
3. ХХ ғасырдағы қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдарға тоқтал?


ӘДЕБИЕТТЕР:
* Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж
* Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.
* Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.
* Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К.  //Алматы: "Жеты Жаргы", 1995. 
* Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.
* Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.


    Тақырып №9 Саяси режимдер
Сабақтың мақсаты: 
Саяси тәртіптің белгілері мен түрлеріне талдау жасау
Негізгі мәселелері: 

* Саяси режим ұғымы, типтері
* Тоталитаризм ұғымы
* Авторитаризмнен демократияға өтудің жолдары
* Демокартия ұғымы 
(Қазіргі Қазақстандағы демократия мәселесі)

	Саяси режим деп саяси билік, қоғамдағы басқарудың әдіс  - тәсілдер жиынтығын, азамматтардың құқықтары мен еркіндіктерін демокртиялық дәрежесін айтады. 

        Саяси режим:





	



Антидемократиялық

Демократиялық


   Демократиялық режимге халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді щещуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік  -  саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздеуші саяси партиялар, ұйымдар, мекемелер кедергісіз жұмыс істейді. Саяси өмір демократиялық негізде кең өріс алады. Саясат мәселелері ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтіндей тетік жасалады, азаматтарға қолайлы құқықтар мен  еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқындалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады. Сонымен қатар демократиялық тәртіп мынадай белгілермен сипатталады:
* Адал, шынайы сайыс арқылы. Жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-айласыз, қулық-сұмдықсыз жүргізілсе, және оның шынайы өткізудің  жолы  табылғанда ғана адал болады.  Егер мемлекеттік билік  бір партияның қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынайы  сайыс арқылы дегенде өзінің  кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі  топтар мен жеке  тұлғалар  болуын айтады. Егер бір топтар қатысып, екіншілері қатыса алмайтындай  болса, ондай сайлау жарыс арқылы өтпегені. Жүйелі түрде деп сайлаудың белгілі бір мерзімде өткізілуін айтады.  Үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі. Демократияны қамтамасыз ету үшін сайлаудың  жүйелі түрде жүргізілуі жеткіліксіз. 
* Мысалы Латын Америкасында сайлау жиі болып тұрады, бірақ содан кейін көп ұзамай әскери төңкеріс жасалып, билік басына басқа біреу келіп отырып алады. Бұл дұрыс емес. Себебі үкімет басына сайлау арқылы келу керек.
* Демократия және тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды. Әдетте, демократияға азшыллықтың көпшілікке бағынуын айтады. Бірақ ол аз. Көпшіліктің үкіметі жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың құқығын қорғағанда ғана демократиялы бола алады. Демократиялық режим президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді. Ал антидемократиялық режим тоталитарлық және авторитарлық болып бөлінеді. 

Тоталитарлық (латынның бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен) тәртіп деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік саяси құрылымды айтады. Онда өндіріс, экономика бұқаралық ақпарат құралдар, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. бәрі тегіс бақылаудың астында болады.  Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, демократиялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық полициялық бақлау орнайды. 
	Тоталитарлық режимде  жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жүргізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Көсемнің ырқымен, соның айналасында құрылады. 
Ондай қоғамда идеологияның ролі үстемдік етеді. Ол барлық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланылады. Олардың күшімен жұртшылықты өз теориясының <<шындығына>> сендіруге тырысады. Идеологияны көсем анықтайды. Ол өз әрекеттерін биік бір арман, мұратқа жету мақсатымен бүркелемейді. Ол Гитлердің айтқанындай, басқалармен салыстырғанда бір нәсіл не ұлттың пешенесіне жазылған  артықшылығы, Франконың христиандық қоғамы, Сталиннің бұрмаланған социализм идеялары сияқты болуы мүмкін. Басқаша ойлауға мүмкіндік бермейді. 
	Авторитарлық режим деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік саяси құрылысты айтады. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент жойылмайды, дегенмен, ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлықпен салыстырғанда авторитарлық режимде бірыңғай идеология, көпшілік партия болмайды. Экономика қатал бақылауға алынбайды, күштеу әдістері де азырақ қолданылады. Әдетте, ол саяси, процеске белсенді араласатын әскер күшіне сүйенеді. Азамматтар мен қоғамдық ұйымдардың саяси құқықтары мен бостандықтары шектеледі, оппозицияға тыйым салынады.  Сайланбалы мемлекет органдары азаяды. Олардың жұмыстары мемлекет басшсының ырқына бейімделеді. Автолитарлық режимге мысалы, Пиночет кезіндегі  Чилиді, Франко кезіндегі Испанияны, қазіргі Индонезияны, Марокко,Кувейтті, Сауд Арабиясын және т.б. жатқызуға болады.
	Тоталитарлық және автолитарлық режим мен демократиялық тәртіпке көшу әр елде әр түрлі өтеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия, Италия, Жапонияда буржуазиялық демократиялық тәртіп АҚШ-тың әскри күшінің көмегімен орнады. Португалия, Испания, Грецияда мұндай ауысу дамыған капиталистік елдердің қаржылық экономикалық, саяси және моральдық психологиялық қолдауының сүйемелденуінің арқасында жүзеге асты. Қазір Шығыс Европа елдерімен бұрынғы Кеңес одағы республикаларының демократиялық тәртіпке өту барысында Батыстың көмегіне сенуге болады. Бірақ ол үшін бұл елдер Батыстың талабына сәйкес дамуы шарт.Сол елдердің қатарына біздің Қазақстанда қосылады.Біз үшін либералдық демократияға өту қосымша қиындықтар тудырады. Себебі, бізде нарықтық экономика айтарлықтай қалыптаспаған. Оның үстіне еліміздің саяси мәдениеті әлі жеткілікті дамымаған. Сондықтан демократиялық жолға түсу ұзақ та күрделі болмақ.
	Сайып келгенде, саяси жүйе қоғамның күрделі, сан қырлы құрылымы болып табылады. Ол орасан зор үйлестіру және жинақтау қызметін атқарады. Жалпы қоғамның және оның әлеуметтік топтары мен жеке адамдардың өміршең, тұрақты даму саяси жүйесінің қаншалықты орнықты, жақсы жұмыс істеуіне байланысты.  Оны толық түсіну үшін саяси жүйенің құрамдас элементтерін, әсіресе, мемлекетті оқып білу керек.
Демократия деген сөз гректің  <<демос>> - халық және <<кратос>>- билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 
* мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі;
* мүщелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі;
* қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.
Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т.б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардық ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады:
  + Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден- бір бастауы саналуы. Ол мемлекет ұйымдастырушы , конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғарғы органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады.
  + Халық билігін жақсарту үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Теңдік  барлық салада  -  халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т.т. болуға тиіс.
  + Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.с.с ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай теңестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болу керек. Заң және құқық  -  жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі  және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді,жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады.
  + Әділеттілік. Әділеттіліктің де бірыңғай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. әділетттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады.
  + Бостандық, еркіндік. Бұл демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамында демократияны шектейтін, теңдік пен әділдікті бұзатын, қанаудың, тәуелділіктің барлық түрлерінен азат етілу үшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге, жеңіске жетуге туар келді. Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік бостандыққа байланысты. 
Жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар демократиялық принципке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуы тиіс. Одан соң төменгі өзін-өзі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны тиіс. 
	Сонымен қатар шешім қабылдағанда ерте заманнан демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуы жатады. Кейінірек мұндай бағыну шектелді, азшылықтың өз пікірі болуы, оны сайлау онымен санасу керектігі мойындады.
	Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдер де қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т.б.
 Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.

	Демократиялық мемлекет - Қазақстан Республикасында алдымен Конституция қабылдап, тікелей басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республиканың жоғарғы  органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді. Демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді, мемлекеттік қызметке араласып, қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық мемлекет қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі  -  <<Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық>>.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1.Қазақстандағы билік түрі қандай?
2. Қазақстандағы қазіргі саяси тәртіп биліктің қандай қорларын пайдаланады?
3. Демократиялық билік қандай белгілерімен сипатталады?


ӘДЕБИЕТТЕР:
* Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж
* Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.
* Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К.  //Алматы: "Жеты Жаргы", 1995. 
* Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.
* Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.


    Тақырып №10 Қоғамдағы демократияландыру және саяси жаңару
Сабақтың мақсаты: 
Демократия ұғымына халықаралық көлемде сипаттама беру, Қазақстан жағдайында демократияның әмбебаптық дәрежесіне, оның әлемдік стандартқа сәйкестігіне тоқталу

Негізгі мәселелері: 

* Демократия  -  мемлекеттік құрылыс, формасы мен режимі ретінде.
* Демократиялық тарихи формалар: антикалық, классикалық, қазіргі демократияның қазақстандық моделін қалыптастыру, саяси жүйені жаңалау мәселелері.
* Қазақстан Республикасындағы саяси процестер.
1. Демократия  -  мемлекеттік құрылыс, формасы мен режимі ретінде.Демократия мен демография сөзі біздің тілге аударғанда <<халықтық билеу>> және <<халықтың орналасуы>> ұғымын білдіреді. Күнделікті өмірімізде осы екі ұғымның мән-мағынасы  бір-бірімен  жиі  қабысып  ұштас келеді. Демографиялық  процестерге обьективтік  түрде талдау жасамайынша Қазақстанның сан қилы күрделі тарихын қайта жазып шығу мүмкін емес. Оның соңғы үш жыл ішіндегі тарихын түрлі демографиялық метаморфозалардың, яғни күрт және кілт өзгерістердің кезеңі деп сипаттауға болады. Кезінде олардың Қазақстанның  бүгінгі  этногрфиялық  келбетінің өзгеруіне әкеліп соқтырған  этникалық астары тым мол болды. Егеменді  ел  болып, іргемізді  бүіндеп  отырған  кезде  ұзақ жылдар бойы отаршылдық  тұзағына түскен  ұлттық  санамыз  қайта жанданып, даму үстінде болды. Соның бір  жарқын көрінісі  ұлттық  демографиялық  мінез-құлқымызда орын алып отырған келелі  өзгерістерден  айқын байқалады. Халықтың  демографиялық  санасы  көп  қатпарлы, ол ұлттық  санамыздың бастау алар мәйегі  және оны  өсіре  алатын  басты  дәнекері. Республикамыздың географиялық картасына көз салсақ екі бірдей құрлықтың териториямызда  орналасқанын  байқаймыз.   Алып Евразия суперконтинентінің кіндік ортасы Қазақстанда жатқандықтан және республика жер көлемінің 400 мың шаршы шақырымы, яғни 15%-і (Швеция мемлекетінің жерімен тең) Европада орналасқандықтан өзімізді  Европалық  және  Евразиялық  мемлекет  деп  есептеуге  болады. Саны жағынан қатты әлсіреген қазақ халқының өз жерінде азшылықта қалуынан кереғар,  күңгірт  көріністер  туындайын болса   оның өзінен саны басым халықтармен  іргелес  жатуы  қосымша  қиыншылықтарға алып келеді. Шығысымызда халқының саны қазақтан 100 еседен астам  милиардтан астам Қытай мемлекеті орналасқанын естен шығармауымыз керек.  <<Қара  қытай қаптаса  -  ақыр заман болады>> деп  бабаларымыз бұдан 500 жыл бұрын өз ұрпағын ерекше  ескерткен. Солтүстігімізде  Қазақстан 15 еседен артық  <<ормандай көп орыс>>  жайғасқан.  <<Орыспен дос болсаң  -  айбалтаң жаныңда болсын>>  деп бұдан 300 жыл бұрын  айтқан екен отаршылдық өктемдіктен  әбден  мезі  болған  момын  қазақ  бабамыз. Республикамызда славян халықтарымен қатар  түркі  тілдес халықтар сан жағынан айтарлықтай  дәрежеде  қоныстанған.  Олардан  араласудан  тілімізді байытып, дінімізді берік етеміз, мәдениетімізді өркендетіп, мемлекетімізді күшейте аламыз. Түркі тілдес ұлт өкілдері,  нәсілі де,  тілі де,  мәдениеті де  бөтен келімсіктерді арамыздан  жылдам ығыстырып  шығаруға  себін  тигізе  алады. Жақын  арада  3-4 есеге  дейін  өсім бере  алатын шығыс  халықтарының саны  республикада  1,5 млн. адам. Туған  отанымыз  Қазақстанның  бүкіл  Евразия  құрлығындағы  нағыз  демократиялық  өркениетті,  жан-жақты дамыған,  жетілген  елге айналары  анық. Бұл  кезеңдерде қазақ  халқының  алғашқы ұлттық  мемлекеттегі қазақ хандығы  құрылып,  орнықты  Алаш  ұлысы  қазақ  ұлты  болып  қайта  қалыптаса  бастады. Ұлттық  ынтымақтықтың  нәтижесінде  сол  тарихи  кезеңде  қазақтар  саны  жағынан  тез өсіп,  өзінің  ата-мекенін  толық  игеріп  үлгерді.  Ортақ  ұлттық  тіршілігіміз  -  халықтық  демографиялық өмірбаянымыздың  жемісті де  жеңісті  өсу  қарқыны  басталды.  Алда  тосып  тұрған  жауапкершілік  пен отаршылдық  сияқты  әртүрлі  тарихи  қиыншылықтар мен сан  қилы  әлеуметтік  апаттарға  қарамай,  осы  өткен 525 жылдың  ішінде  біздің  санамыз  10  есеге  жуық өсе  алған.  Біздің жыл  санауымызға  дейін,  яғни  осыдан  2000 жыл  бұрын  қазақ  халқының  құрамына  енген  түркі  тілдес  ру-тайпалар  саны  200 мың адамға  жеткен. Қазақ  халқы  сәтті  өсіп  келе  жатқан  кезінде  алғаш рет  қатты жауапкершілікке ұшырар  <<Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама>>  жылдарына  тап  болды.  Осы  екі  жылдың  қияметті  кезең  халқымыздың  тірнектеп  258 жыл бойы  жинаған санының  жартысын  жоқ  етіп,  оны  демографиялық  деңгейі  жағынан  128 жылғатөмен  түсіріп  тастады.



Қазақ халқы санының әр түрлі  тарихи  кезеңдердегі  өсіп  кеміген  күрделі динамикасы.
                                       
                                 Жылдар
                                       
                              Жалпы саны
Орташа жылдық кемуі (-), өсуі (+), қарқыны (%-есептегенде)
                                    1465ж.
                                    1723ж.
                                    1725ж.
                                    1845ж.
                                    1900ж.
                                    1916ж.
                                    1921ж.
                                    1931ж.
                                    1933ж.
                                    1941ж.
                                    1945ж.
                                    1950ж.
                                    1960ж.
                                    1970ж.
                                    1980ж.
                                    1990ж.
                                    2000ж.
                                    2015ж.
                                    2040ж.
                                    2090ж.
                                    2165ж.
                                    2300ж.
                                    2500ж.
                              1млн. 100 мың
                              3 млн. 330мың
                              2 млн. 222мың
                              3 млн. 600мың
                              5 млн. 000мың
                              5 млн. 650мың
                              4 млн. 800мың
                              5 млн. 450мың
                              3 млн. 400мың
                              3 млн. 750мың
                              3 млн. 150мың
                              3 млн. 460мың
                              4 млн. 470мың
                              6 млн. 280мың
                             7 млн. 990мың
                              10 млн.000мың
                              12 млн.300мың
                              15 млн.000мың
                              18 млн.500мың
                              23 млн.000мың
                              26 млн.500мың
                              30 млн.000мың
                              33 млн.000мың
                                       -
                                    +0,8 %
                                    -16,8 %
                                    +0,5 %
                                    +0,7 %
                                    +0,8 %
                                    -3,0 %
                                    +1,3 %
                                    -12,5 %
                                    +1,3 %
                                    -4,0 %
                                    +2,0 %
                                    +3,0 %
                                    +4,0 %
                                    +2,7 %
                                    +2,5 %
                                    +2,3 %
                                    +1,5 %
                                    +0,9 %
                                    +0,5 %
                                    +0,2 %
                                    +0,10 %
                                    +0,05 %
2. Демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық, қазіргі демократияның қазақстандық моделін қалыптастыру, саяси жүйені жаңалау мәселелері. Алғашқы қауымдық құрылыстан бастап демократия үрдістері тарихи өзгерістерге ұшырап отырған, оны зерделемей болмайды.
Алғашқы қоғам жағдайында барлық адам тең жағдайда өмір сүрген: өндіргіш күштері және құралдары қарапайым және оларды жеп-жеңіл әркім дайындап алған. Бір адам ешқандайда біреуді өзіне қызмет істеуге көндіре алмаған. Қоғамның барлық мүшелерін, әсіресе, ержеткен еркектерді біріктіретін халықтық жиналыс болып табылған. Бұл сияқты алғашқы демократия адамзаттың отырықшылығына, егіншілікпен айналысқанына, қалалардың пайда болуына дейін сақталған. 
Ежелгі грек полисі Афинада халықтың (құлдардан, әйелдерден басқа) жиналыстарда мемлекеттің (полистің) тағдырын анықтауға мүмкіндіктері болған, ішкі және сыртқы саясатын белгілей алған. Сөйтіп, басқарудың демократиялық және ұжымдық түрлері аристократиялық биліктің орнын басқан. Халық жиналыстарында <<сөз еркіндігі>>, заң алдындағы теңдігі, азаматтардың саяси құқықтары негізделген. Бірақ демократияның антикалық түрлері жеткілікті дамымаған еді. Платонның пікірінше, монархия да, демократия да жаман: Билігі шектен тыс монархия жаман, еркіндігі шектен тыс демократия жаман. Платоннан кейін Аристотель бұл айтылған проблемаларды жаңа қырынан қарастырып, демократиялық басқару принципінің баламалы жолын ұсынған: 1. Басқаруды байлар мен кедейлердің тең жағдайда жүргізуі; 2. Қоғамдық қызмет атқарудың ең төменгі мүліктік шарты; 3. Қызметке сот жолымен жазаланбағандардан басқаларының бәрін қабылдау; 4. Қызметке толық құқықты азаматтардың (еріктілер, құл еместер) барлығын қабылдау; 5. Заңның суверенділігін тану. Демократияның аристотельдік бұл концепциясы жаңа заман жағдайында сақталынған және ірі саяси ойшылдардың шығармаларында одан әрі байытылған. 
Орта ғасырларда саяси ой-пікір демократияны басқаша түсіндірудің жолын, яғни монархқа сенім білдірген халық билігін іздестірген. Басқаша айтқанда, корольдік билікті демократиялық легитимациялауға тырысқан. Бірақ, осындай жағдайда мынадай пікір-талас орын алған: билікті жүзеге асыру тек ғана монархтың қызметі ме немесе билік көзі халықта ма? Кейінірек, яғни жаңа заманда халықтың суверендік заңды билік идеясы жетілдірілген. Ол бойынша билік халық атынан Парламентке берілуі тиіс делінген. Осыдан келіп өкілетті демократия идеясы пайда болған. Халық және билік суверенитеті туралы ұғым қалыптасқан.
Қазіргі кездегі демократиялық жүйелер XVIII  -  XIX ғасырдағы либералдық басқарудың тікелей және жан-жақты ықпалынан бастау алады. Тарихи ой-пікірде либерализм алғаш рет индивидті қоғамнан және мемлекеттен ажыратып, азаматтық қоғамды қорғаған. 
Либералдық идеялардың отаны және олардың жүзеге асқан жері Англия болып табылады. Орта ғасырлар заманында Европада абсолютизм күшейіп тұрған кезде ағылшындар монарх билігін шектей алды. Оны жүзеге асырудың басы 1215 жылы қабылданған Еркіндіктің Ұлы Хартиясы болып табылады. Ол Хартия әлі де демократиядан алыс еді және монархтың құқын аристократияның пайдасына қарай бұрып шектеген еді. Дегенмен бұл ретте де жеке адам еркіндігі мен қауіпсіздігі жарияланған. Онда заңнан тыс бірде-бір еркін адам тұтқындалмайды, меншігі алынбайды, кемсітілмейді, қуғындалмайды немесе басқа түрлі жолдармен жазаланбайды делінген.
Жаңа заман туғаннан соң демократияның саяси ұйымы туралы нақты мәселе қойылды және мемлекеттің Республикалық құрылысымен байланысты қарастырылды. 
Либерализмнің <<әкесі>> саналатын Локктың пікірінше, мемлекет өзіне белгіленіп берілген шекара шегінен шықпауы керек, өйтпеген күнде халықтың тарапынан азаматтық бағынбаушылық орын алады. Оның пікірінше адамдар үкіметің жолсыздық әрекеттеріне қарсы тұратын құқы болуы қажет. Қажет болса тіпті күш қолдану арқылы оны орнынан кетіре алуы керек. Егер үкімет өз міндетін атқара алмаған жағдайда, оған халықтың араласуы орынды. Сондықтан да Локкты либерал ғана емес революционер деп те атаған. Маркс демократия мен еркіндік мәселесін әрі қарай зерттей отырып, мемлекет азаматтық қоғамнан жоғары тұрған жағдайда, шын мәніндегі еркіндік болуы мүмкін еместігін дәлелдейді. Бірақ, ол либералдық демократияның кейбір элементтерінің прогрессивті екенін теріске шығармайды. 
Демократия үшін күрес БҰҰ-да адам құқы туралы декларация қабылданғаннан кейін күшейе түсті (1948). Одан кейін Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың Хельсинки мәжілісінде (1975) ол жөніндегі оң пікір одан әрі дами түсті. Универсалды процесс ретінде қарастыратын пікірлер басымдық алып келеді. Бірақ демократиялық жүйеге бір жолы Назарбаев айтқандай, <<Біз демократиялық дәстүрлерді дамытумен бірге оны қорғаудың жеткілікті қатаң жүйесін қарастыруымыз керек>>. Қазақстандағы қол жеткен либералдық демократиялық қоғамның жетістіктердің белгілері, біздіңше, мынадай: экономика саласында: меншік түрлерінің әркелкілігі; еңбекке қарай бөлу принципі; кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы; табысы төмен топтардың жағдайына қамқорлық;
Саяси салада: президенттік-парламенттік басқару, саяси пікірдің әртектілігі; көппартиялықтың болуы; сайлау жүйесінің демократиялылығы; құқықтар мен бостандықтар туралы демократиялылық заңдардың болуы; қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы; оппозицияның болуы;
Рухани салада: сөз, ұждан бостандықтары; өнер мен мәдениетінің дамуы; дамыған оқу ағарту жүйесінің болуы; зұлымдықты, нәсілшілдікті насихаттауды шектеу;
Әлеуметтік салада: жеке адамның әлеуметтік қорғалуы; әділетсіздіктен қорғау; әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы және оған қол жеткізу.
Ең бастысы Қазақстанда президенттік-парламенттік басқаруға көшу демократияландыру ісіндегі өте айтулы оқиға болды. Ол тіпті де ел президентінің билігін осалдатпайды. Президент өзіне тән қызметін сақтайды. Ол елдің саясат алаңындағы түрлі биліктік күштердің қарым-қатынасын реттеп отырады. 

3. Қазақстан Республикасындағы саяси процестер. Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылықтар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе  -  теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқтя болып көрінді. Сондықтан тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құндылықтарының бірі саналатын. 
Ал, шын мәнінде, бұл дұрыс түсінік емес еді. Себебі, қоғамда әр түрлі топтар, таптар, жіктер болатындығы айғақ. Олардың өзіндік мақсат  -  мүдделері, талап  -  тілектері, арман  -  аңсарлары, мұқтаж  -  қажеттіктері болады. Олар, сөз жоқ, сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар пайда болады. Олар дер кезінде шешілмесе, шиеленістерге, жанжалдарға айналады. 
Шиеленіске адамзат өте ертеден  -  ақ көңіл аударған. Мысалы, б.з.б. VII  -  VI ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафасышы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама  -  қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуында қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама  -  қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады.
Этносаяси жанжалдарға этностар, ұлттар арасындағы дау  -  дамайлар, шиеленістер жатады. Басқа саяси - әлеуметтік егес, даушарларға қарағанда ол өте күрделі және шешілу жолы қиын мәселе.
Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекетте әл түрлі тілде сөйлейтіндердің (Бельгия, Швейцарияда), әр түрлі дінге сенетіндердің (Индиядағы сикхтар, мұсылмандар, индустар; Ливанда христиандар мен мұсылмандар), әр түрлі ұлттар (бұрынғы Кеңестер Одағында), әр түрлі нәсілдер (Оңтүстік Африка елдерінде) арасында болуы мүмкін. әдетте мұндай қақтығыс әр түрлі этникалық топтардың арасындағы елеулі экономикалық теңсіздіктен туады. Өз ұлтының өкілдері езгіге, қысымшылыққа түсіп отыр деп ұққан этнос халқының арасында үгіт жүргізіп, ұлттық ынтымақтастық білдіре бастайды.
Кейде бір этникалық топтың өкілдері әлеуметтік  -  таптық сатыда жоғары деңгейде тұрады да өздерінен басқа этнос өкілдерімен салыстырғанда артықшылықтармен, жеңілдіктермен пайдаланады. Мұндай жағдай, сөз жоқ этносаралық қақтығыстарға, ұлтаралық жанжалдарға жол ашады. 
Этносаяси жанжал тудыратын мәселенің бірі  -  этникалық ұлтшылдық. Мұнда біраз ұлттың өкілдері өз алдына автономия алу, тұтастығын және өзгешелігін сақтау мақсатын қояды. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:
* автономия мен өзін - өзі басқаруды қамтамасыз ету;
* белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын ету;
* өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.
Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі  -  түптен келгенде өзінің мемлекеттігін орнату. Мұндай ұлтаралық қақтығыстар қазіргі таңда жеткілікті. Мысалы, Солтүстік Ирландия мен Анлия, грузиндер мен абхаздықтар, осетиндер мен ингуштар арасындағы, Таулы Карабахтағы, Молдавадағы және тағы сол сияқты жанжалдар. Олардың негізінде жергілікті халықтан басқа ұлт өкілдерінің саяси және азаматтық құқықтарының қысымшылық көруі, ұлттық егемендік, ұлттық  -  мемлекеттік құрылым мәселелерінің және тағы басқалары жатыр.
Этносаяси шиеленістердің пайда болуына түрткі болатын  себептің бірі  -  этностың өз тілі, мәдениеті, діні, әдет  -  ғұрпының тағдырына қалыптан тыс, асыра қауіптенушілік. Оның болашағы қалай болады деп мазасыздану. Мысалы, біздің республикамызда 90  -  жылдардың орта кезінде орыс тілділер орыс тілінің мәртебесі жөнінде бірталай әңгіме көтерді. Оларға <<Лад>>, <<Русская община>> ұйымдары, казактар дем беріп, кикілжің тудырды. Тіліміз, әдет  - ғұрпымыз қысым көруде, орыстарды басқарушы қызметтерге аз алуда, олардың арасында жұмыссыздық көбеюде, соларға байланысты олар Қазақстаннан жаппай көшуге мәжбүр болуда деп байбалам салды. Шын мәнінде, Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, мемлекеттік ұйымдарда, жергілікті өзін - өзі басқару органдарында мемлекеттік қазақ тілі мен орыс тілінің тең қолданылатындығы, өтпелі кезеңдегі жұмыссыздықтың көбеюі барлық ұлт өкілдеріне бірдей әсер етіп отырғандығы, басқарушы органдарға қызметке ұлтына, нәсіліне қарамай, тең қабылдануы және тағы да басқа олардың қауіптерінің орынсыз екендігін дәлелдеді.
Әдетте ұлттық идеяны көтеріп, этносаяси жанжалдарға әкелетіндер билікке таласушы топтар мен олардың басшылары. Олар өз саяси мақсаттарына жету үшін ұлттық факторды пайдаланады. Сол үшін жылдар борйы жиналған кемшіліктерді дабыра етіп, аз ұлттардың сезімдерінде ойнап, наразылық тудырады.
Қалай болғанда да ұлтаралық жанжалды өрістетпей, мәселені дер кезінде шешу қажет. Өйткені мұндай шиеленістер ұлғайып кетуге бейім келеді және ұзақ сипат алған дау  -  жанжалды тоқтату оңайға түспейді. Ол үшін мемлекет ұлтаралық саясатты ешқашан назардан тыс қалдырмауы тиіс. Бұл салада біздің елімізде бірталай іс істелуде. 1995 жылдың 1  -  наурызында Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Ол республикадағы барлық ұлттық  -  мәдени орталықтарды қамтиды. Ассамблея елімізде ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау, қоғамды біріктіру, нығайтуды қамтамасыз ету бағытфнда практикалық ұсыныстар жасайды. Ұлттық саясат саласындағы жаңа заң жобаларына қоғамдық сараптау жасайды. Мысалы, <<Қоғамдық бірлестіктер туралы>>, <<Мәдениет туралы>>, <<Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы>> және тағы да басқа заң жобаларына қорытынды дайындап, Парламентке жіберді.
Алайда экстремистік пиғылдағылар елімізде кездеседі. Мысалы, 1999 жылы Казимарчук деген содыр өз жақтастарымен Өскеменде төңкеріс ұйымдастырмақ болды. Оның сұрқия жоспарын қазақстандық арнаулы органдары дер кезінде ашып, ойындағысын жүзеге асыртпады. Егер бұл әрекет жүзеге аса қалса, Шығыс Қазақстандағы, тіпті еліміздің басқа өңірлеріндегі жағдай тұрақсызданатыны сөзсіз. Сондықтан барлық жұртшылық болып ондай әрекеттерге жол бермей, қазақстандық патриотизмді, ұлтжандылықты, отансүйгіштікті республика тұрғындарының бойларына сіңіріп, жеріміздің тұтастығын, еліміздің тыныштығын көздің қарашығындай сақтап, оның гүлденіп, көркеюі үшін оқуды үздік оқып, аянбай озық еңбек етуіміз керек.     

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1.<<Демократия>> сөзі қазір қандай мағынаны білдіреді?
2. Басқа тәртіптермен салыстырғанда демократия не себепті ең жақсы болып есептеледі?

ӘДЕБИЕТТЕР:
* Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж
* Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.
* Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.
* Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К.  //Алматы: "Жеты Жаргы", 1995. 
* Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.
* Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.


    Тақырып №11 Саяси процесс және саяси қызмет
Сабақтың мақсаты: 
Әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардың, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекеттерінің мазмұнына, сипатына, әдіс-тәсілдеріне тоқталу

Негізгі мәселелері: 
* Саяси процесс ұғымы, оның мәні, құрылымы.
* Саяси процестің сатылары. Саяси процестің типологиясы.
* Саяси шешім қабылдау. Саяси бағытты анықтау, оны іске асыру. Саяси институттардың рөлі.
* Қазақстан Республикасындағытсаяси процестер.

* Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар  мағынада түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.
Қоғамдық өмір, саяси сала-өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың,жіктердің ұймдардың мақсат-мүделері кейде қабысып, кейде келіспей жатады. Соған орай көп өзгерістер болады. Бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшеді. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс <<Саяси>> деп аталғандықтан  ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, т.с.с, саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әртүрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.
Саяси процесті ұйымдатыру түпкі ой, ниет, идеядан басталады. Кейін оны атқарушы субъект рпоцестің теориясын жасайды. Мұнда ең алдымен мақсат таңдалады. Мақсат түпкілікті мұрат ретінде және жақын арада нақтылы нәтиже берерлік, жетістікке жеткізерлік болуы мүмкін. Осыған орай саяси процесті орындау, жүзеге асырудың құралдары тәсілдері қарастырылады.
* Саяси  процес  -  күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістен бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейліөзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды.
Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін 4 сатыға, кезеңге бөлуге болады.
* Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан  айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы және оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымдарды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін. Егер көпшілік жұрт  жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Мұндайды саяси жүйе өзін-өзі қалпына келтіретін жағдайға жетеді.
* Саяси жүйенің өзін-өзі жаңарту. Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске жеткен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан,жаңартып, өзгертеді, жетілдіреді. Жаңа саяси қатынастар мен институтар құралдары, саяси ережелер мен қазыналар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарастары, іс-қимылдары бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниегше келеді.
* Саяси  - басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Қоғамдағы әр түрлі, топтардың, бірлестіктердің  қажеттіктері, мақсаттары сан қилы, бірталай жағдайда  қарама  - қарсы келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппазициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл  қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, қалықтың талап  -  тіліектері мен мүделлерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын , тыныштығын сақтап, соған жағдай жасау керек . бұл саяси мәселе. 
* Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Оған  саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жұмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты, жаңсақ басушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді. Ол 2 жолмен жүреді: Біріншісі-мемлекеттік мекемелер, партия органдары , қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың белгілі бір құрылымдары арқылы жүзеге асады. Мұнда мемлекет аппаратына қарасты тексеру, қадағалау қызметтері, партиялық бақылау, ресми баспа сөз органдары енеді. Бұл-саяси жүйедегі бақылау органдарының қызмет бабында атқаратын міндетті жұмысы, яғни өзін  - өзі бақылауы. Екіншісінде, саяси жүйенің жұмысына бақылау жасауға барлық азаматтардың қатысуына  мүмкіндік жасалады. Мұны <<төменнен бақылау>> десе болады. Бұл үшін қоғам демакратиялық жолмен дамығанда ғана жағдай туады,тоталитарлық тәртіпке оған жол берілмейді. 
 Саяси процесс жіктеліп, топталады. Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сырқы саяси процесс болып бөлінеді. Ішкі саяси процесс азаматтардың саяси белсенділігінің институциялан түрлерін, олардың іс-әрекетінен, билік құрылымының ұйымдасуынанжәне т.б. белгілі болады. Олар азаматтарды саяси іске тарту, жұмылдырудың амал әрекеттерін, басқару түрлерін айқындайды.
Саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай дамократиялық және антидемократиялық саяси процесс деп бөлінді. Демократиялықтүріне халықтың тікелей немесе өкілдері  арқылы билейді. Антидемократикалық процесте билік авторитарлық  көсем, манархтың, бір билеуші партияның, әскери топтың қолында болады. 
Атқаратын қызметінің жаиялығы бойынша ашық және жасырын саяси процес деп топтастырылады. Ашығында азаматтар, топтар билік институттарымен үздіксіз кездесіп, мақсат мүдделерін білдіріп отырады. Билік органдары қоғамдық пікірді зерттеп, саралап, олардың талап  - тілектерін ескеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер енгізіледі.
 Жасырын  түріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады. Онда билік орталықтың қолында, жергілікті жердің ой-арманымен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шектеледі. Адамдардың барлық өмірлері қатаң бақылаудың астына түсіп,еркіндіктері мен бостандықтары шектеледі. Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне, билік субъектілерінің қызмет ықпалдығы және өзара қатынастырының тиянақтылығына байланысты саяси процессті тұрақты және тұрақсыз деп бөледі.
	Тұрақты жағдайда билік институттары өтімді, сенімді жұмыс істейді, азаматтар да саяси іске белсенді қатысады. Саяси шешімдер дәстүрлі демократиялық жолмен қабылданып жатады. Әлеуметтік түсінбеушілік, кикілжіндерді азаматтық ұйымдар өздері реттейді. Мемлекет олардың ісіне араласабермейді. Жалпыхалықтың хал-ахуалы жақсы елде заңды тәртіп орнайды. Көпшілік жұрт билік институттарының іс-қимылын қанағаттанғандықпен қабылдайды.
	Тұрақсыз жағдайда қоғам өмірі күйзеліске ұшырап, тығырыққа тірелген шағында пайда болады. Оған халықаралық қатынастардағы шиеленістер, соғыстағы жеңіліс, өндірістің ұзақ уақыт құлдырауы, көпшілік халықтың әл-ауқатының нашарлап, төмендеуі және т.с.с. әлеуметтік кикілжіндер себеп болады. Бұндай кикілжіңдерді реформалық және революциялық жолмен жүзеге асыруға болады. Реформада жаңа заң актілері арқлы сол қоғамның шеңберінде өзгерістер еңгізіледі. Онда алға қойған мақсатқа ақырын, кейде бірнеше кезең арқылы жетеді, өзгерістер біртіндеп жасалады. Революциялық қоғамдағы биліктің саяси жүйесінің толық түбегейлі өзгеруі. Ол әлеуметтік-саяси, өмірдің терең дағдарысынан туады. Мемлекет басындағы топтар өздігінен билікті бере қоймайтындықтан онда күштеу, зорлау кең орын алады. Бұл 2 жолдың да өз жақтастары мен қарсыластары бар. Революциялық жолды басшылыққа алушылар-марксистер. <<Сяси экономия сынына>> деген кітапқа жазған алғы сөзінде К.Маркс былай деді: өндіргіш күштер өз дамуының белгілі сатысында өз дамуына бұғау болатын өндірістік қатынастарға қайшы келеді. Сонда әлеуметтік революция туындайды. Оның қолданушылары реформа қоғамды ішінара, жарым-жартылай ғана өзгертеді, әлеуметтік шиеленісті уақытша бәсеңдетеді деп түсіндіреді. Оның кемшіліктері: ең алдымен, көптеген адамдар құрбан болады., ғасырлар бойы жиналған материалдық қазына-байлықтар, мәдени-мұра, ескерткіштер қирайды. Қоғам өміріне қыруар шығын келеді.
	Саяси өмірде бүлікшілік (бунт) кездеседі. Ол саяси үстемдік етуші топтың, мемлекет органдарының шектен тыс іс-әрекетіне жауап ретінде тууы мүмкін. Көтеріліспен салыстырғанда ол ұйымдаспаға, стихиялы түрде келеді., анық-айқын мақсаты болмайды. Қатысушылар саны да азырақ, ұрандары не тым кең көлемді, не тым тар шеңберді қамтиды. Ол өзінің қызбалығымен, сезім әрекетіне бой алдырғыштығымен сипатталады.
	Бұл топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекетіне бүлік (путч) дейді. Оны көбінесе әскери топ өз диктатурасын орнату үшін пайдалануға тырысады. Ол халықтан қолдау таппайды және оның жағдайды жақсы, есептеп, терң ойланған бағдарламасы болмайды.
	3)Қызмет-еңбектің өзіндік сипаты бар ерекше түрі.Оның жай еңбектен айырмашылығы қоршаған ортаға,күнделікті өмірге саналы араласуы,ал мазмұны белгілі бір мақсатта  және қайта құруға бағытталған. 
   Саяси қызметтің басқа қоғамның салаларындағы қызметтен өзгешелігі-билік үшін күреспен мемлекеттік істермен,әлеуметтік таптар мен топтардың,халықтар мен ұлттардың мүдделерімен байланыстылығында.Саяси қызметтің, іс-әрекеттің саналы болуында және белгілі бір мақсатқа бағытталуында. Саяси қызметте саналы қимыл жасау басым болады. Осыған орай ол уақиғаның барысына прогрессивті ықпал етіп, жасампаздық роль атқарады. Саяси қызметтің мақсаты- саяси билік үшін күрес.
   Саяси қызметтің мазмұны мен сипатына байланысты негізгі екі түрін даралауға болады;
1)Теориялық саяси қызмет;
2)Практикалық саяси қызмет;
  Теориялық саяси қызметке; танымдық, болжамдық, бағдарлық қызметтер жатады.
  Практикалық саяси қызмет іс жүзінде әрекеттерді реттеуге бағытталған. Оларға: басқару,құқықтық,ұйымдастырушылық, үгіт насихат және тәрбиелік жұмыстар жатады. Саяси қызмет салалары:
1)Экономикалық,әлеуметтік, мәдени, ұлттық, әскери саясат;
2)Ішкі және сыртқы саясат;    
3)Саясаттың әрекет ету көлеміне байланысты-халықаралық саясат,аймақтық саясат;
4)Саясатты жүргізушілердің қызметіне байланысты мемлекеттің саясат,партиялардың ұсынған саяси бағыты,әртүрлі қоғамдық-саяси ұйымдармен қозғалыстар саясаты, саяси басшылар саясаты;
5)Уақыт мерзімімен байланысты-ағымдағы саясат және уақыт мерзімге белгіленген саяси бағыт.
  Саяси қызметте ой-өрісі тарлық,құрғақ сөз, жалаң сендіру сияқты қылықтар орын алуы мүмкін.
  Саяси қызмет-саясатты өмірде жүзеге асыруға және жүзеге қатысу, әлеуметтік топтардың, ұйымдардың және жеке адамдардың белгілі бір саяси мүдделерді жүзеге асыруы болып табылады.
  Саяси қызметті жүргізу үшін саяси шешім болу керек.Саяси шешім саяси қызметтің бағытын анықтайды.Саяси шешімнің саяси қызметтен айырмашылығы тәжірибеден тыс,іс-әрекеттің тікелей және болжамды көрінісі.Саяси шешім ресми нұсқау,бағдарлама,мәлімдемелер арқылы жасалады.
  Саяси шешімдердің деректі түрлері:
1)Директива-жоғарғы органдарға басшылыққа алуы үшін нұсқау беруі
2)Саяси нұсқау-қызметтің мақсаттары мен бағыттарын айқындау.Ол директиваларда,бағдарламаларда,мәлімдемелерде жүзеге асады.Айқын,нақтылы,нұсқаусыз дұрыс саяси шешімде болмайды.
3)Бағдарлама -1)мемлекеттің,партия қызметінің жоспары 2)саяси партияның, ұйымның немесе саяси қайоаткердің қызметінің мақсаты мен міндеттері.
4)Декларация-1)партиялардың,қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттің немесе бірнеше елдер бірлестігінің ресми мәлімдемесі 2)саяси сипаттағы жекелеген құжаттардың аттары.
5)Мәлімдеме-1)жазбаша не ауызша түрде ресми хабарлама 2)мемлекеттің қызметіне немесе партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, топтардың және бірлестіктердің жұмысына қатысты жазбаша тілек, өтініш.
  Саяси шешімнің бастапқы кезеңі пи     .Онда саяси ағымдар мен әлеуметтік топтардың мүдделері көрініс табады.Ол бірқатар кезеңдерден тұрады:шешім қабылдау,шешімді жүзеге асыру,шешімнің орындалуын қадағалап отыру,бақылау жасау,ең соңында нәтижеге жету.
  Саяси шешімдер өте шеберлікті,болжампаздықты, икемділікті талап етеді. Бұл екі бағытта жүреді: 1)болашаққа болжам жасау,оған процесс ретінде қарау;2)саяси өмірдің,процестердің,уақиғалардың,құбылыстардың дамуы барысын арнаулы зерттеу.
  Дұрыс шешім қабылдау үшін деректі мағлұматтар болуы керек.
1)Саяси процестердің барысында оның жайы мен нәтижесі жөніндегі мәліметтер;
2)Саяси шешім қабылдау үшін оның өлшемі айқын бейнеленуі, яғни құралдары, белгілі бір принциптерге сүйенген бағдарламалар болуы міндетті. Саяси танымның жоғарғы өлшемі тәжірибе болып табылады.Саяси шешімдер тәжірибеде сыннан өтеді.Саяси өлшемнің өзіндік ерекшеліктері бар,ол ерекшеліктер саяси қатынастардың күрделілігімен,әртүрлі саяси күштердің ара-қатынасына байланысты жиі өзгереді.
4)Қоғам әрқашан өзгеріп,дамып,жылжып отыратындығы белгілі.Соған орай саяси жүйелер де өзгеріп,бір жәй-күйден екінші қалыпқа келіп,жетіліп жатады.Саяси даму деп-саяси іс-қимылдар,саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады.Сол сияқты біздің Қазақстанда да саяси процесте көптеген өзгерістер бар.Қазақстан дамушы ел болғанымен де Батыстан алары көп.Әсіресе,жеке адамның еркіндігі мен бостандығын жоғары қою,оны мемлекеттің езгісінен босату,олармен сауда-саттықты өрістету,тәжірибесін саралап,жақсы жағынан қабылдаумәдениетін бағалаужөн және т.б.десе де Қазақстанның тұптамыры Шығыспен байланысты.Оған дәлел-діні,мәдениеті,бұрынғы жазуы.Шығыс мәдениетіне қазақтардағыдай қауымдастық,ұжымдық,туыстық жақын.
  Егер республикалық өркениетті елдердің даму жолын,тәжірибесін терең саралап,орынды пайдалана білсе,олардың жіберген қателіктерін қайталамай реформаны жылдам жүргізуге болар еді. Қазақстанда шешімдер көп жағдайда біржақты жоғарыдан төмен түсірілу,әміршілдікке ұрыну, олар жабық жағдайда қабылдануы басым сияқты. Біздің халықтың санасына авторитарлық тәртіп сіңіп қалған.Сондықтан халықтың мәдени саясатын көтеру басты мақсаттардың бірі болуға тиіс. Олар өз құқықтарын, бостандық тарын қорғай білулері керек. Бұл жолда алдымен Конститутцияда көрсетілген қағидалар: құқықтық мемлекеттің принциптері,оның демократиялық негіздері, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық екендігі, оның құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуы, биліктің заң шығарушы, атқарушы,сот билігіне шын мәнінде тармақталуы және т.б. ережелердің қалтықсыз орындалғандары шарт.
  Елде экономикалық,саяси,құқықтық реформалар тынымсыз ойланып, терең толғанып қабылданып,іс жүзінде асып жатса,мемлекеттік емес қатынастар бекітіліп,өмірдің барлық саласында өркениетті қарым-қатынастар қалыптас ып жатса,демократиялық тәртіпке жылдам жетуге болады.
  Либералдық демократиялық жолға түсу-бүгінгі таңда дамудың ең басты бағыты. Ол жалпы адамзаттық құндылыққа жатады.Біздің мақсатымыз-ата-ба бамыздың дәстүр ерекшеліктерін сақтай жүре,алдыңғы қатарлы елдердің өркениетті тәжірибесін бойға сіңіріп,нағыз демократиялық жолға тезірек түсу.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1.<<Сасяи процес>> деп нені айтамыз? Ол қалай жіктеледі?
2.Саяси қызметтің мақсаты неде?

ӘДЕБИЕТТЕР:
* Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж
* Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.
* Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.
* Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К.  //Алматы: "Жеты Жаргы", 1995. 
* Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.
* Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.

    Тақырып №12 Саяси сана және саяси мәдениет.
Сабақтың мақсаты: 
Қоғамдағы саяи сана мен саяси мәдениетті қалыптастыру жолдарын көрсету
Негізгі мәселелері: 

1.Саяси сана, саяси мәдениет ұғымы, қалыптастыру жолдары.
2.Саяси мәдениетті қалыптастырудың субъектілері және факторлары.
3. Қазіргі Қазақ қоғамының саяси мәдениетінің ерекшеліктері.

* Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін,оларды түсініп-сезінетін,адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер , көзқарастар жиынтығын айтады. Ол мемлекеттің , қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік , ұлттық мүдделерді , мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен байланысты болса , қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі  -  мемлекеттік билік , оның қызметі. Мұнда топтардың , таптардың , партиялардың экономикалық мүдделері мен мақсаттары , өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері , бұл жолдағы әрекет , амал , ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.
Саяси сана әр түрлі қызметтерді атқарады.Олардың ішінде негізгілері мыналар: 
  + Қоғамадық сананың саяси ғылым , саяси теория сияқты құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелеу;
  + Тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат  -  мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлемдегі іс-әрекеттеріне бағдар беру. Бұл қызметті іс жүзінде идеология атқарады.
  + Саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл күйді білдіру. Өйткені адамдарды іс-әрекетке итермелейтін психологиялық себептер.
Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады. 
Қарапайым саяси снс қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып , дағды , дәстүрлі нанымдар , т.с.с. жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап , пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай , себеп  -  салдарын сараламай , көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады.
Теориялық саяси сана жағдайлардың мән  - мағынасын анықтап , оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Ол қарапайым саяси сананы өңдеп, мәдени өзгертіп отырады. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сана сияқты стихиялық түрде тумайды. Оның арнайы дайындығы  жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар ойлап шығарады. 
Саяси психологияға саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарында , әлеуметтік топтар , таптарда , жеке адамдарда туындайтын сезімдердің , көңіл  - күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады. Ол қарапайым саяси сана сияқты саяси өмірдің тікелей тәжірибесінен туады.Бірақ қарапайым саяси санада өмірді танып білуіне , хабарлылығына көңіл бөлінсе, мұнда сол жағдайларда адамның қатынасуына , өмірді бағалауына басты назар аударылады. Қандай болсын саяси идея адамдардың белгілі бір сезімін тудырып, көңіл  - күйіне әсер етпей қоймайды. Мұның бәрі саяси психологяға жатады.Қарапайым саяси санамен саяси психология бір деңгейде. Сондықтан олар бір-біріне әсер етіп, байланысып , жымдасып жатады. 
Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі  -  саяси идеология, <<Идеология>> деген ұғым  гректің идея  -  бейне және логос  - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға , әдебиетке, француз ғалымы А.Дестют де Траси кіргізді. Ол идеологияны идеялар , олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Кейін келе бұл сөздің мән-мазмұны өзгерді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп , олардың мақсат  -  мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жиынтығын айтады.
Саяси мәдениет қазіргі саяси ғылымдағы көп айтылатын күрделі  ұғым. Саяси мәдениет ұғымының шыққан және кең қолданымға енген кезені 20ғ. 50-60ж.ж. екені Г.Алмонд пен С.Вербаның <<Азаматтық мәдениет>> еңбегінен белгілі. Аталған еңбекте саяси мәдениетке авторлар анықтама бере отырып , оның 4 негізін көрсетеді: 
1.Саяси мәдениет тұрғындарға тән саяси бағдарлардың бірлігімен ерекешеленеді.
2.Саяси мәдениеттің танымдық , сезімдік және бағалау құрамалары саяси нақтылыққа қатынастағы сенімдерді , саясатқа қатынастағы сезімді , саяси құндылықтарға бой үйретуді қамтиды. 
3.Саяси мәдениет бірқатар факторлардың әсерімен құралады: балалық әлеуметтену , білім алу, бұқаралық ақпарат құралдарына ашықтық , өкімет мекемелерімен қатынасу тәжірибесі , әлеуметтік экономикалық мәселелердің нақтылықтың әсері .
4.Саяси мәдениет саяси және өкіметтік құрылымдардың қызмет етуіне әсер етеді, бірақ ол олардың қызметін анықтай алмайды. Саяси мәдениет пен құрылымдар арасындағы себепші тәуелділік олардың қызмет ету саласына сәйкес екі жақты .


2) Саяси білім азаматқа өмір сүріп отырған қоғамдық және саяси құрылыста , мемлекеттегі өз орны мен ролін , құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынуына , жете түсінуіне  көмектеседі. Саяси білім беру арқылы адамды күрделі әлеуметтік саяси жағдайда өз орнын таба білуге , басқа адамдардың мүдделері мен құқын құрметтей отырып , өз мүддесін қорғай білуге үйрету.
Поляк  саясаттанушысы Е.Вятр : <<Саяси мәдениет  - азаматтар мен биліктің өзара қатынасын қамтитын қағидалар, құндылықтар және жүріс-тұрыс сферасының бірлігі>> , - деп оған мыналарды жатқызады: 
* саясат туралы білім, фактілермен таныс болу және соған қызығушылық 
* Саяси құбылыстарды бағалау, биліктің қалай жүргізілу керектігін қамтитын құндылықты пайымдаулар.
* Саяси қағидалардың сезімдік түрі , мәселен , отанды сүю, олардың жауларын жек көру
* Саяси мәдениет қандай да бір қоғамдағы мойындалған саяси жүріс  - тұрыс түрлері мен олардың қалай әрекет ету керектігін анықтайды.
Отандық ғалымдарымыз прфессор Қ.Ү.Биекенов , Г.Ә.Әбдікерова, Ж.А.Шалабаев , М.О.Иманбаевтар саяси мәдениет ұғымына өз зерттеулерінде түрліше анықтама береді.Саяси мәдениет ұғымының мағынасын аша отырып, профессор Л.А.Байделдинов былай тоқталады: <<Саяси мәдениет барлық уақытта дамып отырады , өйткені жаңа ұрпақ өткен ұрпақтан келе жатқан саяси мәдениетті меңгеріп , оны өздерінің тәжірибелік іс -әрекетінде қолданады және оған сол уақытқа лайық жаңа мазмұн , жаңа мағына беріп отырады>>.
М.Ө.Иманбаев өз зерттеуінде : <<Саяси мәдениеттің саяси өмірдің даму процесіне әсерінің технологиялық байланысы жасалынып отырған білімнің құндылыққа , одан соң адамдардың саяси жүріс-тұрысының , мақсаты мен бағдарына біртіндеп  өтуінен көрінеді  >> - деп ой түйеді.

3.Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру саласындағы реформалар арқылы жастар арасында демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасуымен тараалуы жүзеге асады. Республиканың білім жүйесіндегі жүріп жатқан реформалардың бірі  -  білімді гуманитарландыру , ізгілендіру. Президенттің тікелей нұсқауымен 1994 жылы 25 тамызда Қ Р Президенті жанындағы саясат жөніндегі ұлттық кеңес бекіткен гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы қабылданды. Аталмыш құжатта : <<Жоғарғы мектептегі гуманитарландыру қоғам дамуының алғы шарттарын қалыптастыруға , жастарды нарықтық қатынастар жағдайында жұмыс істеуге әсірлеуге , қоғамды болып жатқан өзгерістерді алдын  -  ала анықтап отыруға тиіс >>.
Білім  саласын гуманитарлау дегеніміз әрбәр ғылымда адамның ішкі жан дүниесінің , адамгершілік қасиеттерінің , жеке басының дұрыс қалыптасуына бағыттау адам мен қоғам туралы білім берудің адамгершілік жағын дамыту.
Жас азамат ертерек саяси өмірдің қыр  -  сырын  түсіне бастаса және оның адамгершілік принциптеріне сүйенген негіз болса , онда қоғамда жастар арасында белсенді , өркениетті саяси мәдениет жылдамырақ қалыптасары сөзсіз.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1.Идеология деген не? Оның ерекше белгілері қандай?
2. Қоғам мен жеке адамның өмірінде идеологияның маңызы неде?
3. Саяси мәдениеттің қандай типтерін білесіз?

ӘДЕБИЕТТЕР:
* Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж
* Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.
* Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.
* Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К.  //Алматы: "Жеты Жаргы", 1995. 
* Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.
* Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.


    Тақырып №13 Саяси элита және саяси көшбасшы

Сабақтың мақсаты: 
Элита мен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыратын саяси мәселелерге тоқталуНегізгі мәселелері:
        1. Саяси элита ұғымы, қалыптасу түрлері.
        2. Саяси элита функциясы саясаттың феномені ретінде.
        3. Саяси көшбасшы ұғымы, типологиясы.
        4.Қазіргі Қазақстандағы саяси көшбасшы институты және  саяси элита.
Платон, Аристотель, Конфуций ілімдерінен бастап қазіргі заманға дейінгі элитарлық тұжырымдамаларға талдау жасаған. Оларды қоғамның әрбір тарихи кезеңдерінде әр ғалым өз қырынан атаған: бірі  <<жаңа тап>>, <<интеллектуалды тап>>, <<интеллигенция>> десе, келесі бірі  -  <<ақ жиделілер>>, <<интеллектуалдар>>, <<технократтар>>, <<менеджерлер>> деген.
  	  <<Жаңа тап>> ұғымын алғаш рет М. Бакунин өз еңбектерінде қолданғанымен, <<жаңа орта>> таптарды зерттеудегі негізгі ынта  неміс зерттеушілері Э. Ледерер, Я. Маршак, Х. Спейер есімдерімен тығыз байланысты.  
    	Сонымен қатар, бұл тараушада элитаны кәсіби-біліктілік белгілері бойынша анықтауда үлкен еңбек атқарған ғалымдар К. Маннгейм,  Дж. Бёрнхейм, Р. Дарендорф, Т, Боттомор, Э. Гидденс, Э. Гоулднер, П. Дракер, Дж. Голдторп, Ф. Махлуи, М.Янг және басқаларының көзқарастары қарастырылған. Бұлардың ойынша қоғамның саяси, экономикалық салаларының қарқынды дамуы интеллигенцияны, интеллектуалдарды, менеджерлерді алдыңғы қатарға шығарады.  
   	Қазақ даласында <<интеллектуал>>, <<интеллигенция>> ұғымдарының баламасы ретінде <<зиялы>>, <<зиялылық>> түсініктері кең қолданылған.  Және бұл ұғымдарға балама <<сапалық>> өлшемдердің болғандығын тарих ғылымының докторы Х. Әбжановтің еңбектеріне сүйене отырып, жауапты қазақ этногенезінің қойнауынан іздейді. 
    	Одан әрі, бұл үрдіс қазақ хандығы тұсында өз жалғасын тапты. Елі мен жері үшін қиын-қыстау заманда жанын құрбан ететін кез-келген ұлттың бетке ұстар ұлдары болады. <<Қазақ қоғамында да халқымыздың тағдырын кілт басқа арнаға бұрған, елдігімізді сақтауға өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғалар аз болмаған>> -  деп ел ұлдарының ерлігін профессор Ә. Нысанбаев жақсы суреттейді. 
   	 Профессор С.Б. Дорженов <<қазақ арасында зиялылар деген қасиетті ұғымның пайда болу кезеңі, оның ұлттық сөз қорына енуі XX ғасырдың басы...>> - деп топшылайды. Бұл Ресей империясының отаршылдық саясатымен тұспа-тұс келеді. Біртіндеп <<Қоғамдық санада ол <<оқығандар>> - <<образованные>> және <<зиялы>> - <<интеллектуал>>>> деген атпен орнықты. 
   	 Интеллектуалды элитаға кімдер жататындығын анықтауда зерттеуші  кейбір отандық және ресейлік ғалымдардың интеллектуалды элитаға қатысты жасаған тұжырымдамалары мен жүйелеу әдістеріне сүйенеді. Мәселен, ресейлік ғалым Б.М. Фирсовтың  <<Воспроизводство научной элиты>> атты зерттеуіндегі ғылыми элитаның топтастырылуына.  Және Қазақстандық жас зерттеуші А.Жұрқобаеваның ғалымдарды топтастыруына өзіндік толықтырулар енгізеді.
   	 Интеллектуалды элита  -  ғылымда және ғылыми-ұйымдастырушылық  жұмыста жоғары жетістіктерге қол жеткізген шағын зерттеушілердің тобы деген тұжырымды дәлелдеуде, оларды анықтауда қолданылатын тәртіптер мен талаптарға тоқталады. Осы орайда ресей зерттеушісі С.А. Кугельдің элиталық белгісі ретінде зерттеушінің нақтылы ғылымға қосқан үлесін алуға болатындығын және беделді басылымдарда басылуын, патенттерінің санын, цитат-индекс бойынша рейтингісін, ғылыми марапаттары мен сыйларын, ғылыми кеңестерге мүшелік етуін өлшеу қажеттілігін, оқу орнының беделдігін , ғылыми зерттеуінің өзектілігі мен нәтижелілігін ескеру керектігі негізделеді.
     	Сонымен қатар, интеллектуалды элитаның құрылымын анықтауда батыс зерттеушісі Сьюзанн Келлер енгізген <<стратегиялық элита>> тұжырымдамасыда негізге алынады.  С. Келлер бұл ұғым арқылы <<шешімдері мен іс-әрекеттері қоғамның басым бөлігі үшін шешуші болып табылатын>> кәсіби саясаткерлерді атаған. Кәсіби саясаткер деп сәйкесінше білімі мен біліктілігі бар, саясатты мамандық тұтқан адамдарды айтуға болады. Және де, ресейдің белгілі элитологы О. Крыштановскаяның стратегиялық элита: <<стратегиялық жоспарлау мен жобалауды өздеріне алған формальды емес субэлиталық топтар>> деген тұжырымдамасына сүйене отырып, бұл топқа саясаттанушылар мен аналитиктерді де жатқызуға болатындығы айтылады. 
    	Келтірілген тұжырымдамаларды саралай келе, автор интеллектуалды элитаның құрылымын үшке бөледі. Бірінші топқа - бұрын интеллигенция, зиялы қауым деп аталып келген топ өкілдерінің белгілі бір салаларда үлкен жетістіктерге жеткен ғалымдар, өнер, мәдениет, қоғам қайраткерлері мен ғылым қызыметкерлерінің көрнекті бөлігі жатады.   Екінші топқа  -  стратегиялық элитаны, яғни саяси тәжірбие мен теорияны ұштастыра білген кәсіби саясаткерлер жатады. Үшінші топқа  -  білікті аналитиктер мен саясаттанушыларды, эксперттерді, білді кеңесшілерді жатқызамыз. Біздің ойымызша интеллектуалды элита осы үш топтан құралады.
    	Тараушаны қорыта келе автор <<интеллигенция>> мен <<зиялы қауым>> ұғымдарының арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ деген пікірге келеді. Бұл ұғымдар әр елдің өзіндік игі жақсыларын бейнелеуде қолданылады және ішкі, сыртқы мән-мағыналарындағы сәйкессіздіктер әр елдің мәдени-тарихи орталарына байланысты. Біздің ойымызша бүгінгі таңда интеллигенция, зиялы қауым ұғымдары әлеуметтік көрсеткіш ретінде ұқсас ұғымдар. Себебі, кеңестік сарында қолданылғаннан кейін <<зиялы қауым>> түсінігінде де таптық-топтық мағына естіледі. Және де, белгілі бір нақты шекарасы жоқ аморфты әлеуметтік топты көрсетеді. Интеллигенция, зиялы қауым ішкі әлеуметтік мүдделер мен құндылықтар негізінде топтаспаған, бірікпеген топ. Сонымен қатар, біздің пікірімізше, <<интеллигенция>>, <<зиялы қауым>> ұғымдары сапалықтан гөрі сандық өлшемге жақын жалпылама атау. Ал, интеллектуалды элита ұғымын қолдану арқылы сапалық белгісін көрсетеміз. Саяси, әлеуметтік-қоғамдық және т.б. салаларда үлкен жетістіктерге жеткен адамдарды белгілейтін, топтастыратын түсінік. Басқаша айтқанда интеллектуалдылықты да, зиялылықты да бір өзіне біріктірген екі ұғымның гибриді интеллектуалды элита. 
	Р.Әбсаттаров "Саяси мәде - ниет", "Саяси элита және саяси көшбас - шылық" тақырыптарында өзі тілге тиек етіп отырған мәсе - лелерді түп тамырын тереңінен толғап, олардың дәл қазіргі Қазақстан жағдайындағы тұрпына талдау жасайды. Осы тұста, әсіресе, "Саяси элиталардың қа - лып - тасу, ауысу процестері және олардыңфункциялары" деп ата - латын мәселелер қарастырылған кезде автордың ғылыми саралау әдістерімен қоса оның азаматтық позициясы айқын аңғарылып отырады. Біріншіден, бұл күндері тәуелсіз Қазақстанның саясат - керлері мен саясаттанушыларының жаза толқынын әзірлеп шығару елеулі міндет болып отырғаны сөзсіз. Осы тұрғыдан келгенде еліміздің саясат өнерімен айналы - сатын жастарды дайындайтын жоғары және арнаулы оқу орын - дары үшін бұл ауадай қажет деп есептейміз. 
Екіншіден, көптеген партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың жергілікті буындарының қызмет - керлері өздерінің кәсіптік білімін жетілдіру мақсатында осы  үзбей пайдаланса артыпты етпейді. Үшіншіден, Қазір бүкіл ел клемінде ана тілімізді мәрте - бесін өсіру жолында мтылыс жріп жатанымен ол біратар жерлерде трлі кедергілерге тап болып отыраны жасырын емес. Осы трыдан келгенде профессор Раушанбек Әбсаттаровты "Саясаттану және оны пробле - малары" деп аталатын  ора - лыны қазақ тілінде жазылып, мемлекеттік тіл бағдарламасын орындау жолындағы нақты бір лшынысты мысалына айналып отырғандыы қуантады. Сонымен қатар осы  ЖОО-ны студенттері мен магистрлеріне, аспиранттар мен оқытушыларына, сондай-ақ саясаттанудың пробле - маларына қызығушылық таныта - тындардың барлығына да саяси мәселелерді дұрыс түсінуіне барын - ша жәрдемін тигізеді деп сенеміз.
Қазақстандағы саяси партиялардың еліміздің өркендеп дамуында орны ерекше. Елбасымыздың елу дамыған елдердің қатарына кіру стратегиясына саяси партиялардың берер үлесінің маңыздылығы өте қарқынды. Қазіргі Қазақстандағы көппартиялық саяси партиялардың  атқаратын жұмыстары билік үшін күреске ұмтылу болмау керек. Өйткені тәуелсіздігіміз енді 15 жылдық жас ғұмырына аяқ басқан кезде билікке таласу жөнсіздік деп ойлаймын. Өйткені 3 ғасырға жуық Ресей бодандығында болған еліміз қайта қателіктерге бой алдыруы, ішкі саясатымыздың тұрақсыздығына алып келеді. Өйткені буыны қатып, белі бекімеген жас мемлекетіміздің бүгінгі ғана өміріне қарамай, ертеңгі болашағына қарауымыз керек. Ондай жолсыздықтарға жол бермеуіміз үшін өткен тарих беттерін ашып, еліміздің болашағының бағытын дұрыс зерделеп алуымыз қажет. Қазақстан демократиялық бағытты таңдаған тәуелсіз  мемлекет, сондықтан еліміздің 3 мыңжылдыққа тәуелсіздікті арқалап өтуі  жас ұрпаққа  жаңаша дұрыс бағыттағы Отандық идеологияны  қалыптастырады. Билік басындағы  мемлекеттік қызметкерлер, ұлт зиялылары қазіргі таңдағы әлемдік бәсекелестікте дұрыс шаралар қабылдап, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа бәсекелестікке қабілетті болу жолдарының үлгісін, нәтижесін көрсетуі және бағдарлауы қажет. Биылғы жыл еліміздегі саяси партиялардың ірілену жылы болды. Қазақстандағы саяси партиялардың жүйесі көппартиялық болғанымен, саяси бағытына қарай  бірігуі өте маңызды. Қазақстандағы саяси партиялардың даму қарқынына келетін болсақ 1990 жылдардан бері Қазақстандағы саяси партиялардың  даму сатысы  жүзеге асып келеді. Қазіргі уақытпен салыстырғанда сол кезде саяси партиялар құрылу кезеңін бастан кешіп жатты.
Қазірдің өзінде саяси  саяси партиялардың қызметтері төмен. Оған әрине әр түрлі жағдайлар себепші.   Осыған мәселеге байланысты еліміздегі саясаттанушылардың пікіріне келетін саясаттанушы Нұрлан Сейдіннің айтуы бойынша, алғаш еліміз тәуелсіздік алған жылдары, демократиялық заңдылықтарды орындау үшін көптеген партия қолдан жасалған. Әрине тәуелсіздіктің алғашқы жылдары еліміздің артта қалған КОКП-ның, яғни КСРО-лық идеологияның халық бойында қалыптасқан тоңдары әлі ери қоймаған еді. Сонымен қатар сол кезде кейбір партиялардың халықтан қолдауы бар, бірақ жеткіліксіз болды. Бәрімізге белгілі саяси партиялардың құрылуы жоғарыдан немесе төменнен жүреді. Ал, біздегі партиялардың басым бөлігі жоғарыдан құрылды. <<Ауыл партиясының>> төрағасы Ғ.Қалиев пікірі бойынша  саяси партиялардың беделінің төмендеуіне  қоғамымызда объективті және субъективті себептер бар. Мәселен,  біздің халық 70 жыл бойы сеніп үйреніп қалған. Осы санадағы түсінікті өзгертіп, жаңаша көзқарас қалыптастыру оңайға соқпай отыр. Сонымен қатар қаржы мәселесімен қатар саяси партиялардың толыққанды жұмысының төмен болуын жатқызады. 
	Қазақстандағы саяси партиялардың белсенділігінің төмен болуына әр түрлі факторларды келтіруге болады:
-Партияның  ұстанып отырған идеологиясы
-Партия элоктаратының санына 
-Қаржы мәселесі
-Партияның құрылу жүйесіне 
-Партияның саяси реформасы
-Саяси партиялардың ролі мен функциясы
-Саяси бәсеке күресі
Осы жоғарыда келтірілеген факторларға байланысты партиялардың даму процессі айқындалады. 
<<Отан>> партиясы 1999 жылдан құрылғаннан бері өзінің қызметін елдегі саяси партиялардың алғы шебінде халыққа қызмет етіп келеді. Еліміз құрылғаннан бірінші онжылдыққа дейін талай қиыншылықтарды бастан кешірді. Еліміз Азиядағы қаржы дағдарысын басыннан кешті. Қазақстан мырышқа , қорғасынға, алюминийге әлемдік бағалардың құлдырауынан көптеген кедергілерге тап болды. Сол кезде Қазақстанның көптеген кәсіпорындарына банкроттық қатер төнді. Сыртқы шептердегі ахуал да айтарлықтай қауіпті болып тұрды. Орталық Азия мемлекеттерінің аумақтық тұтастығы халықаралық лаңкесшілердің онтүстіктен болған тікелей шабуылдарынан сынға түсті. Көптеген адамдар опат болып, ертеңгі күнге аландаушылықпен қарады. Сол уақыттарда жалақы мен зейнетақыны төлеудегі ұзақ мерзімді кідірістер қоғамда елеулі әлеуметтік шиеленіс туғызғаның  халқымыз басынан өткерді. Елімізде сол кезде партиялардың қатары көбейді. Барлығы еліміз үшін әртүрлі бағытта сол тығырықтан шығудың жолдарын және сол уақыттағы қоғамды мазалаған мәселелерді  шешуге өздерінше қарады.  Сол кезде <<Отан>> партиясы құрылған күннен бастап елімізді тұрақтандырушы, біріктіруші партиялардың бірден бір серкесі болды. <<Отан>> партиясы отандық өндірісшілерді қорғау, салық саласында және т.б. бағыттағы қызметтердегі ахуалдарды шешуге кірісті. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасы партияның ұзақ мерзімді бағдарламасына айналды. Қазіргі танда еліміздің даму деңгейі, яғни әлеуметтік экономикалық жағдайы өсіп келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық деңгейі қысқарды. Ішкі жалпы өніміміз бұрынғыға қарағанда едеуір көбейді. Жылдан жылға халықтың жалақысы өсіп отыр. Әрине осының бәріне демесекте, айтарлықтай көлемді орынды мұнда саяси партиялар алады. 
<<Отан>> партиясы ауылды түлету бағдарламасына да айтарлықтай үлес қосты.  Бүгінгі күні ол Қазақстанның әрбір ауылдық ауданында өзінің бастуыш ұйымдары бар бірден-бір саяси партия. Елдегі саяси партиялар өздерінің құрылуы жүйесіне қарай әртүрлі бағытта жұмыс істегенде <<Отан>> партиясы көп ұлтты Қазақстан халқының партиясына айнала алды. 
Еліміздегі  <<Азаматтық>>   партияны айтар болсақ оның да елге қосқан үлестері жетерлік. Дегенмен де, билік құрлымы мен қатынастары жүйесінде саяси партиялар институтының өзіндік орны бар екендігін көпшілігіміз мойындағандай болдық . Содан болса керек, қоғамымыздағы көзқарастары мен мүдделері сәйкес келетін азаматтар ортақ саяси ұйым құрып, мақсаттарын жүзеге асыруға бел шеше кірісіп жатты. Осындай мақстатта ортақ мүддені арқау еткен біраз азаматтар бас қосып еліміздің өндірісшілерін, қарапайым жұмысшылары мен мамандарын бір тудың астына біріктірген Қазақстан Азаматтық партиясының тұсауы кесілді.
Азат Перуашов партияның төрағасы міндетін атқарды. 1999 жылы өткен сайлауда Азаматтық партия салықты, оның ішінде қосымша құн салығын азайтуды талап еткен жалғыз партия болды. 2000 жылы Азаматтық партия мемлекеттік қызметті реформалауға атсалысып, министрліктер мен ведомстволар онды-солды жұмсап отырған қаржыны 860 млн. теңгеге қысқартуға қол жеткізген. Бұл ақша әлеуметтік бағдарламаларға, атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру және зейнетақымен қамтамасыз ету салаларына жұмсады. Осылай тізіп айта берсек партияның партияның Қазақстан Республикасының заңына және т.б. көптеген елдік мүдде мақсатында атқарған істері жетерлік. 
Қазақстандағы беделді саяси партиялардың бірі <<Ақ жол>> партиясы. Партия 2002 жылы құрылып, еліміздің дамуына өзпайдасын тигізіп жатқан бірден-бір партия. Ә. Байменовтың мына сөздеріне қысқаша тоқталсақ:
- <<Біз біреулер сияқты бәрін қара қылып көрсетуге қарсымыз, базбіреулер секілді барлығын тамаша, жақсы деп көрсетуге қарсымыз. Қазақстанның жетістіктерін көрмеу-соқырлық, ал елдің кемшіліктерін көрмеу  -  жаны ашымағандық>>. 
Партия бүгінге дейін жиырмадан астам заң жобасын, әртүрлі бағдарламалар ұсынды. Оның біразын Президент әкімшілігі де, үкімет те саралап, кейбір іс жоспарларын пайдаланып отыр. Мысалы, Азаматтық қызмет жайлы заң жобасын әзірлеп, оған мұғалімдер, мәдениет және білім қайраткерлерінің мәртебесін бекітуді ұсынған. Сонымен қатар ардагерлер туралы заң және бәсекеге қабілеттіліктің факторларын анықтауға өз үлесін қосып жатыр. 
Біз Қазақстанды дамытудың жаңа кезеңінің табалдырығында тұрмыз, деп айтты елбасы Н.Ә.Назарбаев.  Алайда жаңа міндеттер туралы айтпастан бұрын  біз партиялық процестер дамуының қисының айқын түсініп алуымыз керек.  
Бірінші қателік қуатты, қазіргі бар саяси жүйеге қолдау білдіретін партиялардың болуы  -  демократия жоқтығы деген белгіге саяды. Мұндай жағдайда еліміздегі саяси даму бағытының дұрыс бағытта  дамып, еліміздің дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына және Қазақстан 2030 стратегиясының жұмыстары қоғамымыздың дамуында дұрыс  нәтижелерге жетуде партияларымыз бір бағытта жұмыс істесе оны теріс түсініп әртүрлі теріс пікірге ұштастырсақ  орынсыз дабыл қағу болмақ. Осыған орай еліміздің аз ғана уақытта көш ілгері қалуын түзеу мақсатында, әлемдік дамыған елдер қатарына кіру, талпыну  өте маңызды. Еліміздегі оппозицияның жұмысы мен биліктік партиялар арасындағы елеулі сұрақтарды ағын ақ деп, қарасын қара деп ашық демократиялы түрде алға бірлесе, бір мүддені қолдай баруымыз қажет. Егерде оппозиция мен билік арасында елімізді демократиялы дұрыс  бағытпен алға қарай қадам бассақ нұр үстіне нұр болар еді. Қос партиялық немесе демократиялық елдерде  ондаған жылдар бойы бір партия жемісті елді басқарған. Екінші жаһандық соғыс аяқталғаннан кейін 1993 жылға дейін Жапонияны іс жүзінде  жарты ғасыр бойы бір партия басқарған. Өркендеп отырған Сингапур мен Малайзияда  ондаған жылдар сайлауларда бір партия жеңіп отырған. 
Екіншіден биылғы жылғы саяси партиялардың іріленуіне еліміздегі саясаткерлер, қарапайым халық арасында да әртүрлі көзқарас болды. Біреулері Отан партиясы саяси алаңды жаулап жатыр дап, ал енді бірі бұрынғы КОКП-ны қайтадан әкелді деп шулап жатты. 
Бұл, бiрiншiден, Қазақстанда әлi де болса саяси болжамдар айтуға келгенде орашолақтығымызды, әлi де сарапшылар институтының қалыптаса қоймағанын көрсетсе керек. Екiншiден, әлi де болса партиялар арасындағы пiкiрталас тиiстi деңгейге көтерiле қоймаған. Үшiншiден, саяси сарапшылар арасында да пiкiр қайшылығы қандай нәтиже бередi, деген жалтақтық басым.          
Еліміздегі саяси партиялардың  іріленуі өзімнің жеке пікірім бойынша дұрыс деп есептеймін. Себебі еліміздің дамуына үлесін қосқан болашақты ойлайтын партиялардың бір арнаға тоғысуы бір мақсат  -  ол Қазақстанды бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу. Ұлттық мүддені іске асыратын бағдарламалардың  бағытын дұрыс арнасымен жүргізу. Бұл жерде барлық болып жатқан істерді дұрыс түсіну. Атап айтар болсақ елдегі саяси партиялар санының азайуы демократиядан бас тарту деген емес, қайта сапалы біртұтас көп функционалды партия құру. 
Үшінші бір жансақ пікір ол демократиялық елдерде радикалдық оппозиция елеулі ықпалға ие болып отыр дегенді алға тартады. Демократиялы елдер саяси тарихының бүкіл тәжірибесі соңғы жарты ғасырда таңғаларлық бір сипатты танытып отыр. Бұл елдер халқының басым көпшілігі партияларды қазіргі бар саяси жүйелерді қиратудың құралы ретінде емес, қайта сол жүйені жетілдіру құралы ретінде қарастырады.  
Төртінші, біздің бірнеше саяси байыпты партиялар құруға бағдарлануымыз бір ғана нәрсені  -  нақты бәсекелестікті дамытуды білдіреді. Тіркеуден бір немесе екі партия өтеді деген қаншама түңілушілік болжамдар болды. Енді қазі сол түңілме болжамдар қайда? Қазірдің өзінде елімізде тіркеуден өте алмадым деген партиялар құрылып партия саның толықтыруда. 
Бесінші жаңсақ ұғым тек көп партиялық саяси жүйе, соның ішіндегі парламенттегі көп партиялық өкілдік қана барлық бәледен дәру болады дегенге саяды. Осы заманғы дүниеде, әрі салғанда, тоталитарлық емес сипаттағы партиялық өкілдіктің әбден тексерілген үш жүйесі бар Бұл барлық денгейде басымдық танытатын бір партиясы бар көп партиялық жүйелер, бұл іс жүзінде кез келген үшінші партияның елеулі ролін жоққа шығаратын қос партиялық жүйелер, бұл, ақырында, ерекше ролді партиялар блогы атқаратын көп партиялық жүйелер. 
 Қазақстанда, кейбір саясатшылар ұсынатындай, көптеген партиялар қатысатын парламенттік республика құру біздің еліміз үшін қатерлі болар еді. Тұрлаусыз каолициялар, парламентті немесе үкіметті ұдайы таратулар  -  мұндайға тек қуатты, орныққан экономика ғана шыдас береді, бірақ біздің жас қалыптасу үстіндегі мемлекетіміз емес.
Алтыншыдан, демократиялық елдердің саяси өмірінде либералдардың тұрақты үстемдігі туралы тезис. Іс жүзінде біз бірқатар демократиялы елдерде бүгінде билік басында консерваторлар екенің көріп отырмыз, кейбір жерлерде социал-демократтар, ал тағы бір жерлерде либералдық саяси теорияны жақтаушылар үстемдік етуде. Бұдан 15-20жыл бұрын батыс әлеміндегі жаңа оңшылдардың салтанат құрғанын  білеміз. 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Саяси элита деп нені айтамыз және не үшін керек?
2. Саяси лидер болу үшін қандай қасиеттер керек? 
3. Қоғам дамуындағы саяси элитаның ролі неде?

Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Д. Жамбылов <<Саясаттану негіздері>> Алматы, <<Жеті жарғы>> 2000
2. <<Мәңгі құндылық  -  ұлттық, халықтық мүдде мен адамгершілікте>> Дала мен қала №6, 9 ақпан, 2007. 16 б. 
3.Егемен Қазақстан. <<Қоғамның саяси өмірінде париялардың ролі артады>>(3)
4. <<Страна и мир>>  №1, 1б.   05.01.2007 

  Тақырып №14   Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.
Сабақтың мақсаты: 
Халықаралық саяси қатынастарды қалыптастыруда  идеологияның ролі

Негізгі мәселелері: 
1.Дүниежүзілік саясат ұғымы.
Халықаралық қатынастар жүйесі.
2.Халықаралық қатынастар субъектілері (мемлекет, халықаралық ұйымдар)
3.Геосаясат.
4.Халықаралық қақтығыстардың себептері.
5.Қ Р сыртқы саясаты.

     1.Дүниежүзілік саясат деп мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару, қабылдау және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды.
 Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді.Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейге жүргізілген саяси, эканомикалық, құқықтық, дипломатиялық,әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қаныстарының жиынтығын айтады.
     Бұл айырмашылықтар, біріншіден,халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың (субъектілердің) көбеюіне байланысты.Мысалы, сыртқы саясатта жеке мемлекеттер жүргізеді.Ал халықаралық  саясатқа мемлекеттік ұйымдармен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар,әлеуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мкмлекеттік емес ұйымдар қатысуы мүмкін.Екіншіден, халықаралық қатынастарда сыртқы және халықаралық саясаттардың негізгі,түпті бастамасы, принціптері қаланады.Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және халықаралық саясатар арқылы нақтылады және жүзеге асырылады.
       Мемлекеттік күштертің арасалмағымен байланысты <<теңдігі>>немесе <<саяси теңдік>> деген ұғымдар бар. Халықаралық саясаттың маңызды құралы ретінде бұл ұғымдар 17-ғасырда енді.Сол кезде өмір сүрген Фенелон деген француз мемлекет өз көршілерінің күшеюіне жол бермеуі керек деген идеяны алға тартты. Себебі бір мемлекеттің көлемі мен қуаты <<белгілі бір шектен шығып>> кетсе, барлық басқа мемлекеттердің жалпы жүйесін өзгертуге әкеледі.Оның шамадан тыс өсуі көршілерін бағынышты етеді немесе жүдетіп  -  жадатады деді ол. Сондықтан, оның ойынша, көрші мемлекеттер өзара теңдік пен тепе-тендікті сақтаулары керек.Сонда ғана тұрақтылық қамтамасыз етіледі.Ал орыстың В.Ф.Малиновский (1765-1814) деген ағартушысы <<Соғыс пен бейбітшілік туралы ой жүгірту>> деген еңбегінде дүние жүзілік әлемде сот пен полицейский жоқ. Сондықтан агрессордың сазайын тартыратын және агрессияның алдын алудың құралы мемлекеттер арасындағы <<күш теңдігі>> болуы керек дейді.Кейін бұл ұғым сыртқы саясаттың құралы ғана емес, мақсатына айналды.Себебі, мұндай жағдайда мемлекет халықаралық аренада өз тәуелсіздігін, ұлттық қауіпсіздігін  қамтамасыз ететін болады.
     Соңғы кезде Американың  беделді идеялогы  З.Бжезинский бұл мәселеге басқаша ой тастады.Ол халықаралық саясаттың жаңа үлгісін ұсынады.Оның ойынша, адам мен қоғамға қазір ғылым мен техниканың дамуы орасан зор әсер етуде.Соның арқасында экономикалық өмір интернационализацияланып,жеке елдердің өзара байланыстылығы өсуге.Әлемдік өндіріс пен айырбас қалыптасуда. Сондықтан жоғарғы жалпыадамзаттық құндылықтар үшін барлық мемлекеттер тең дәрежеде өздерінің егемендігінен бас тартуы керек дейді. Егер экономиялық және т.б. әлемдік (глобальдық) мәселелерді еске алсақ, бұл сөздің де жаны бар сияқты. Бұл идеяның құптаушылары да, қарсыларыда бар.
2.Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр.Бірақ халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады.Себебі, ол белгілі бір әлеуметтік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды.Сондықтан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шарттар жасау, соғыс ашу және т.б.заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.
	Мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты.Солардың ішінде ең бастысы-мемлекеттер күшінің арақатынасы, арасалмағы.Ғасырлар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында деп саналады.Сондықтан мемлекеттер жан-жақты қаруланып,көрші елдерді жаулап алуға тырысты.Елдің әскери қуаты қазір де жоғары бағаланады.Дегенмен, соңғы кезде экономикалық артықшылықты, байлықты ұлғайтуды басқа елдердің қазынасын зорлықпен жаулап алу арқылы жасауға болмайтындығы анықталды.Өйткені ондай артта қалған ел болмасын қазір халықтардың сана-сезімі өскен, өз басын біреудің құлдығына бере қоймайды. Оның үстіне қазіргі қару-жарақ негізінен қай елде болмасын бар, ал болмасы, оны қайткен күнде де қолына түсіріп , өз елін қорғау үшін толығымен пайдалануға тырысады.Мұндай жағдайда басқа жерді басып алу, билеп-төстеу өте қымбатқа түседі және қандай бай елді болсын айтарлықтай әлсіретуі мүмкін.Бұған мысал ретінде АҚШ-тың Вьетнамдағы, бұрынғы Кеңестер Одағының Ауғанстандағы соғыстарын келтірсек те жеткілікті.Шын мәнінде,қазіргі таңда мемлекеттің жер көлемі,адам саны,табиға байлықтары, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндірісінің мөлшері мен сапасы, мемлекет құрылысының сипаты,әлеуметтік-саяси, ғылыми-техникалық,рухани,мәдени даму дәрежесі және т.с.с. кіреді.
	3.Мемлекет атты ұйымдасқан ірі де күрделі құрылым үшін аса үлкен стратегиялық маңызы бар аспекттердің бірі сыртқы саясат болса, сыртқы саясаттың көптармақты салаларының маңыздысы ол  -  геосаясат болып табылады.Елдің геоортада орналасуы тәртібі мен сыртқы қауіп-қатерден қорғана біліп, ұлттық мүддесінің қалыптасуы мен қамсыздандырылуын дұрыс қамту, халықаралық қатынастың өзгеде субъекттілерімен рационалды байланыстарды жолға қою, солайынша ішкі ахуалдардың күллі әлеуетінің барынша икемді дамуына жағдай жасай отырып болашақтағы өркендеу бағытын айқындау мемлекеттік геосаясаттың көп қырларының бірнешеуі ғана.Ал енді геосаясатқа саясаттану ғылымы шеңберіндегі көптеген анықтамалардың тезистерінде дефиниция беретін болсақ, ( геосаясат ілімінің дамуына жол ашқан ғалымдардың алғашқылырының бірі, <<геосясат>> терминінің авторы Р.Челлен ұсынған анықтама) : Геосаясат дегеніміз  - мемлекетті кеңістікте орналасқан географиялық организм ретінде зерттеу туралы ғылым.Мемлекет статикалық емес үнемі динамикалық күйде болады, кез-келген организм секілді өседі, әлсірейді немесе дамиды, ал ол өз кезегінде географиялық тұрғыдан қысқаруды әйтпесе ұлғаюды көрсетеді деген.
	Бұдан бөлек неміс ғалымы ׀׀׀- ші Рейхтың басты фигуранттарының бірі болған Р.Гесенің идеологиялық пірі ретінде танылған,Ф.Ратцельдің <<өмір кеңістігі>> атты еңбегін одан ары да дамыта отырып, неміс халқын <<рухтандырып>> қана қоймай, <<ұлы Аридтік қан тобын>> геоорта әсерінен болған деп, ғылыми негізде дәлелдеуге тырысқан Карл Хаусхофердің Мюнхен мектебі манифестінде берген тұжырымы бойынша : <<геосаясат дегеніміз-саяси үрдістердің жермен байланысы туралы ілім немесе практикалық саясатты басқаруға қабілетті өнер>>.
	Ал қазіргі ресейлік ғалым А.Дугин былай дейді: <<геосаясат дегеніміз- билік жүргізу туралы ілім>>.Үлкен кеңістіктегі, үнемі қозғалмалықта тұрған мемлекет атты организмнің өзі тектес өзгеде организмдермен салыстырмалы түрде алғандағы бар салаларындағы байланыстарын дұрыс жолға қою ғана емес, геосаяси тұрғыда басқару білу ілімі.
	Осы анықтамаларды қорытындылай келе жинақтағанда геосаясат мемлекеттің ұлттық мүддесінің географиялық өлшемде микро көлемде шекаралас елдер, мезо деңгейде жақын-көршілікте орналасқан және бір құрлықтық белдеу елдері және де макро деңгейде әлем елдерінің барлығының ұлттық қызығушылықтарымен дұрыс тоқайласуын ұйымдастыратын, тиімді басқара білу өнерін көздейтін саяси,экономикалық,құқықтық, мәдени т.б. әдіс тәсілдер жүйесі деуге болады.
4.Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социолистік системалардың арақатынасында <<қырғи қабақ соғыс>> пен қатал идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды.Ол 80-жылдардың ортасына дейін созылды.Бұл кезеңде әскери-саяси басымдылыққа зор сенім артылды.Глобальды мәселелерді бірлесіп шешу туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла берді.Бұл кездегі іс-әрекетке <<глобальды тұрғыдан ойлап,локальды тұрғыда іс істе>> деген принцип басшылыққа алынды.Мұның бәрі әлемдік қоғамдастыққа екіжақты және плнетарлық деңгейде қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын тигізді.Мұндай жағдайда одан әрі өмір сүруге болмайтын.Ол тұңғиыққа тірейтін жол еді.Сондықтан 80-жылдардың ортасынан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды.Оған көптеген себептер болды.Біріншіден,ядролық-космостық дәуірде мемлекеттер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтығыстар болмауы керек.Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті.Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады.
Бүгінгі таңда адамдардың өміріне 50мыңнан астам ядролық оқбасы(боеголовкалар) қауіп төндіруде.Олардың жалпы қуаты Хиросимадағы жарылыстың миллионына тең.80жылдардың ортасындағы ядролық қарулардың жарылысының өзі 58 млрд. Адамды немесе жер бетіндегі әрбір тұрғынды 12 рет өлтірерлей күші бар.
Ал әр түрлі елдердің зерттеулеріне қарағанда,үшінші дүниежүзілік соғыс бола қалса,оның салдарында <<ядролық қыс>> тууы мүмкін.Оған себеп-ядролық қару қолданылған қалалардың үстінде күн өтпейтін қап-қара күйенің пайда болуы.
Қазіргі заманда жеке елдер арасындағы дау-жанжал, аймақтық әскери қақтығымтар дүниежүзілік ядролық соғысқа ұласып кету қаупі бар.Мұндай жағдайда қай мемлекет болмасын өзін тек әскери-техникалық құралдармен қорғап қала алмайды.Оған мысал ретінде 1986 жылы Чернобыль атом станциясындағы жарылысты атасақ та жеткілікті.Сондықтан қауіпсіздік тек бір ұлттық болуы мүмкін емес, ол планетарлық,жалпы әлемдік және ол тек қана саяси жолмен қамтамасыз етілуі керек. 
5.Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптеріне мыналар жатады:
* мемлекеттік мүддені қорғау; 
* елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру,демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;
* әлемдегі барлық елдермен тең құқықты және серіктестік қатынастарды дамыту;
* ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене қатысу;
* халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету.
Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі,оның ажырағысыз бөлігі болып еніп отыр.Ол өзінің сыртқы саясатында барлық ұлттармен,көршілермен тең дәрежелі достық қатынас орнатпақ.Сонымен қатар, республикамыздың халықаралық деңгейде мүдделі болып отырған көкейкесті мәселелері  -  қарусыздану және халықаралық қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыту, адам құқықтары, айналадағы ортаны қорғау, дамыту және т.б.Республикамыз дәйекті сыртқы саясат жүргізіп, ішкі әл-ахуалымызды жақсартып, болашақта өркениетті, құқықтық қоғам орнатуына сеніміміз мол. 
Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін,егемендегі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін,мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне,республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға,оның тиімді және өсіңкі экономика,тұрақты демократиялық институттар жасауға,барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр.Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес,парасатты,салмақты дипломатияға сүйене отырып,саяси құралдардыпайдалануды мақсат етіп отыр.Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси,әлеуметтік-экономикалық,мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда.
Сыртқы саясатпен тіікелей байланысты әскери саясат.Бұл саладағы негізгі мақсат- Қазақстан жерінің тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғай алатын, соған сай жарақталған, шағын да икемді армияны ұстау.Республика стратегиялық шабуыл қаруын басқа түрлеріне тыйым салуға ьағытталған бастамаларды дұрыс деп табады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1.Әлемдік саясат дегеніміз не?
2. Сыртқы саясаттыңи мақсаты неде?
3. Ұлттық мүддеге не жатады?


ӘДЕБИЕТТЕР:
* Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж
* Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.
* Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.
* Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К.  //Алматы: "Жеты Жаргы", 1995. 
* Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.
* Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.


       Тақырып №15 Егемен Қазақстанның саяси проблемалары

Сабақтың мақсаты: 
Егемен Қазақстанның саяси даму жолдарын қарастыру

Негізгі мәселелері: 
1. Егеменді Қазақстанның саяси нақтылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы.
2.  Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері: проблемалар және қиындықтар.
3. Ұлттық идеяны және мемлекеттік идеологияны жасаудың проблемалары.

1. Егеменді Қазақстанның саяси нақтылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанны тәуелсіз мемлекет ретінде 10 жылғы демократиялық-саяси дамуы саясаттану теориясы тұрғысынан терең талдау-сараптауға өте бай материал берді. Еліміздің құықық, демократиялық мемлекет үрдісінде дамуының жол жеткен нәтижелеріне буқаралык ақпарат құралдарында ғылыми еңбектерде, сондай-ақ саяси партиялар мен олардың жетекшілері тарапынан әртүрлі, қайсыбір қайшылықты, кейде тіпті кереғар көзкарастар, бағам-тұжырымдар болса да басты, түбегейлі өзгерістер даусыз.
Президент Н.Ә.Назарбаев <<Елдегі жағдай және 2002 жылғы ішкі және <<сыртқы саясаттын негізгі бағыттары туралы>> Қазақстан халқына жолдауында: <<...бұл уақыттың, әр жылы ондаған жылдарға пара-пар... Біз алғашқы жетістіктердің қуанышы мен қиындығын, сондай-ақ, қоғамдық-саяси жүйенің және мемлекеттік-экономикалық құрылыстық алмасу кезеңіндегі тауқыметті бастан кешірдік. Өмір біздің <<демократиялық  даму үлгісін таңдауымыздың дұрыс болып шыққанын көрсетіп береді>> деген аса маңызды саяси қорытынды жасады. Бұл тұжырым еліміздегі осы жылдардағы саяси-конституциялық реформалардын табиғатын, негізгі нәтижелерін деп ашады.
Осы жылдар белесіндегі еліміздің қоғамдық кұрылысындағы аса маңызды жетістіктердің бірі  --  Қазақстан мемлекетінің жаңа саяси жүйесінің пайда болып, қалыптасуы.
Сонда, кешегі кеңестік Қазақстанның саяси жүйесінен он жыл бойы тәуелсіз, дербес дамыған бүгінгі Қазақстанның саяси жүйесінің басты айырмашылығы неде? 
Мемлекетіміздің он жылғы тәуелсіз дамуыныңқоғамымыздың осы өмір саласына әкелген түбегейлі өзгерістерінің мәні мен табиғаты, принципті жаңашылдығы неден көрінеді?
Әрине, ең бастысы, тәуелсіз еліміздің саяси жүйесінде түбегейлі демократиялық-құқықтық реформа жасалып, ол конституциялық институциялық- құрлымдық, мазмұндық  функциялық терең өзгерістерге түсті.
Ол мәнді өзгерістердің құрылымы мен мазмұны, жинақтай айтсақ, негізінен мыналарға келіп саяды:
 --  ең алдымен еліміздің саяси жүйесінде бұрын болмаған Президенттік институт, қос палаталы, кәсіптік негізде жұмыс істейтін Парламент, көп партиялықтәрізді принципті жаңа құрылымдардың пайда болып қалыптасуы және толыққанды қызмет жасауы;
 --  Қазақстанның Коиституциясы және заңнамасымен жоғары және жергілікті мемлекеттік билік тармақтары қалыптасуы, әр билік тармағынын міндеттері мен құзыретінің накты белгілнуі;
 --  саяси жүйенің барлық ресми институттары қызметінің негізінен бір ортақ мақсатқа  --  демократиялык, құқықтық, дүниауи және әлеуметтік мемлекет құруға бағьпталуы;
 --  қогамдағы демократия мен сөз бостандығының даму деңгейі мен пәрменділігінің басты көрсеткіштерінің бірі - тәуелсіз, беймемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының дербес те әлуетті жүйесінің пайда болуы;
 --  Казақстанда бұғанға дейін болмаған, қоғамдық өмірдің барлық салаларын кеңінен қамтитын жаңа азаматтық институттардың қалыптасып дамуы және олардың қызметіне қажетті ұйымдық-құкықтық негіздердің толық дерлік жасалуы;
 --  халықаралық танымал демократиялықинституттар негізінен мойындаған еліміздің жаңа сайлау жүйесінін қалыптасуы;
 --  жаңа кәсіптік Парламенттің қалыптасп, оның елімізде демократиялық, құқықтық, дүниауи және әлеуметтік мемлекет орнатудың заңдық-құқықтықнегіздерін қамтамасыз ететін маңызды саяси институтқа айналуы;
 --  Президент, Парламент және Үкіметтің біріккен еңбегінің нәтижесінде
еліміздің саяси жүйсеінің барлық құрамдас бөліктері  қызметінің  ұйымдық-құқықтық мәселелерін түпкілікті және жан-жақты реттейтін қазіргі заманғы заң жүйесінің ж:асалыы ;
 --  жалпы еліміздіңдемократиялык, дүниауи, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату бағында әлеуметтік-экономикалық дамуынқамтамасыз етуге қажетті бүкіл заңжүйесінің 1995 жылға Конституцияға сәйкес жаңадан түзеліп қабылдануы және бұл үрдістердің қоғамдық қатынастардағы қажеттіліктерге байланысты үнемі жетілдірілуі;
 --   елдегі жоғары билік тармақтарының қоғамдық қатынастардың бүкіл жүйесін реттеуге бағытталған жаңа ұлттық заң жүйесін жасау жөніндегі қызметінің басты нәтижелерінің бірі - елімізде халықтың саяси және құқықтық мәдениетінің едәуір өсуі, заңдарды қоғамдық және азаматтыққатынастарды реттеудің негізгі тетігі, көзі деген түсініктің қоғамдық санада барған сайын үстемдік алуы.
Әрине, еліміздің саяси жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер, сөз жоқ, тек осы айтылғандармен ғана шектелмейді.
Басқа мемлекеттердің саяси жүйе-лері шиеленіскен қоғамдық жан кешті теке-тірестер, терең сілкіністер мен шым-шытыраққақтығыстарарқылы өтетін  жолды, аса күрделі процестерді Қазақстан он жылда саяси эволюция, демократиялық даму жолымен бір шама сәтті өтті. Президент Н.Назарбаев Қазакстан халқына жолдауында атап көрсеткендей - <<еліміз реформалар жолын  ірі саяси сүргіндерге ұрынбай өтті".
Біріншіден, оның басты негізі, бүгінде тоуелсіз мемлекетіміз халқының басым көпшілігі, яғни негізгі ұйткы-тірегі болып табылатын қазақтардың жалпы ұлт ретін дегі басты мінез-ұстанымы, мінез-тұрпатындағы салмақтылығы, табиғи саяси ұстамдылығы, әр қоғамдық құбылысқа, саяси партиялар мен қозғалыстардың қызметіне, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен олардың іс-әрекетіне аса тала п к ер ш і л і к п ен, ерекше сыншылықпен қарайтын көзқарасы, тумысынан болмысына тән тарихи сарапшылдық қадырқасиеті.
Екіншіден,осы реформалардың қарсаңындағы еліміздегі біршама қолайлы, байсалды да қалыпты қоғамдық әлеуметтік ахуал, яғни әлеуметтік жіктелудің, соншалықты тереңдемей, асқынбай, халықтың басым көпшілігінің әлеуметтік жағдайының құлдыраудан аман болып, яғни негізгі бұқара көпшілік үшін біршама қалыпты күнкөрістік-тұрмыстық ахуалдың болуы, сондай-ақ, Қазакстан халқының сол мезгілдегі жалпы білім, рухани деңгейінің, саяси және құқықтың сауаты мен мәдениетінің едәуір жоғарлылығы.
Үшіншіден, жалпы қазақстандықтардың, оның ішінде әсіресе титулды ұлт болып табылатын қазақтардыңбүгінде көптеген, әсіресе, жас ұлттардың мінезінде сирек кездесетін белгілі бір деңгейдегі салауатты саяси консерватизмі.
Төртіншіден, осы аталған барлық факторларға шешуші ықпал еткен - қазақ ұлтының терең  әлеуметтік сілкіністер мен апаттар, тіпті қайсібір тарихи кезеңдерде қоғамдық катаклизмдер уақыты болған күні кешегі XX ғасырда өз тәуелсіздігі үшін  күресте жинақтаған өзіндік ұлан-ғайыр жағымды да жағымсыз саяси тәжірибесінін болуы.
Осы факторлардың елімізде азаматтық және ұлтаралық қоғамдық-саяси келісім мен ынтымақтастық қалыптасуының аса маңызды  әлеуметтік - психологиялық негіздері болғандығын ерекше атап өту орынды.
Халқымыздыңбойындағы саяси мінез құлықтың жоғарыда келтірілген жағымды қырлары соңғы он жылдағы қоғамдық өмірде, демократиялықүрдістерде ерекше байқалды. Дәл осы қасиеттер халқы-мызды көп ретте қоғамдық өмірде әлсін-әлсін туындап отыратын желбуаз, қыздырма, ұрыншақ саяси ұрандар мен сөздерінің жетегінде кетуден де сақтандырды.
Осыдан келіп еліміздегі азаматтық және ұлтаралық татулықтың басты тұғыртірегін мемлекеттік билік тармақтарының идеологиялық-саяси қызметінен, олардың сіңірген еңбегінен гөрі барлық қазақстандыктардың, сондай-ақ, әсіресе қазақұлты өкілдерінің бойындағы жоғарыда аталған мінез-менталитет құрап, негіз болып тұр деп қорытынды жасауға толық негіз бар. Қазақ ұлтының бойындағы жоғарыда көрсетілген саяси қасиеттер мен мінездерді, оның саяси психологиясындағы жылдар бойы қалыптасқан ерекшеліктерді бүгінгі саяси партиялар, олардыңәрқашан еске ала бермейді немесе одан бейхабар.
Осыдан барып, олардыңкызметі, саяси бағдарламалары қарапайым қаймана қазақтың қалың тобы тарапынан қолдау таппайды. Олардыңмүдде-мақсатынан шықпайды. Содан барып, қозғалыстар мен партиялар тар әлеуметтік базада, тар саяси өрісте, мешеу де ергежейлікпен күн кешуде.
Ең бір назар аударарлықәрі аландатарлық мәселе - демократиялықдамудың аса маңызды азаматтық институты болып табылатын саяси партияларды, олардың қызметі мен бағдарламасын халқымыздың әлі де болса жатсынып, өгейсінуі. Олардыңқызметіне шектен тыс салқынқандылыкпен, енжарлықпен қарап, тіпті кей ретте оны интеллигенцияның қалың көпшілігінің әсіресе, қала интеллигенциясының, студент жастардың қалыңтобыныңменсінбеуі. Бұл демократиялық даму үрдісін таңдаған Қазақстан үшін жағымсыз да тиімсіз құбылыс. Өйткені осындай жағдайдан қайсы бір қоғамдық шараларды, коғамдық идеяларды саяси-мәдени, құқықтық дайындығы әлдеқайда төмен кейбір пенделер пайдаланып, ұрандап әкетеді мысалы: <<Аттан>> деп аталатын қоғамдықбірлестіктін айғайшыл ұраншысы Семей полигонын жабуға еш қатысы жоқ болса да, сол үлкен іске орта жолдан қосылып: <<Полигонды мен жаптым!>> деп аттандауда, соған қой дейтін ешкім болған жок. Осылайша О.Сүлейменов бастаған <<Семей-Невада>>қозғалысынын еңбегін пайдаланып иемденіп жүрген әділеттілік пен тарихи шындықтан ауылы алыс пендешілік пиғыл көз алдымызда жүріп жатыр.
Қазакстанның саяси -демократиялық даму үрдісіндегі басты бір келелі жетістігі, сөз жоқ, саяси партиялар санының өсуі, яғни саяси әр алуандылықтың, іс жүзінде қалыптасуы. Қазірде олардың саны он алтыға жетті. Бірақ сол партиялар еліміздегі саяси ахуалға ықпал жасап, бедел алып халықты немесе белгілі бір әлеуметтік топтарды өзінің ұйымдастырушылық идеологиялық сан-салалы қызметі арқылы имандай ұйытып, соңынан ертіп отыр деп айтуға ешқандай негіз жоқ.
Президент Н.Ә.Назарбаев <<Отан>> партиясының үшінші съезінде сойлеген сөзінде осы партияның қызметіне саяси баға бере келіп, былай деді: <<Партия біршама енжарланып, төрешілденіп бара жатыр. Соның салдарынан ел ішіндегі және шетелдегі көптеген саяси окиғаларға <<Отан>> үн қосып үлгере алмайды. Елде болып жатқан өзгерістерді түсіндіру және насихаттау жөнінен халықпен тікелей жүргізілетін жұмыс мардымсыз. Осы заманғы технологиялар пайдаланылмайды.."
Тәуелсіздік әкелген демократиялықөріс пен рухты, құқықтык, әлеуметтік мемлекет орнатудың конституциялық принцип-мақсаттарын, нақтылы  қалыптасқан көп партиялық кеңістікті елімізде толыққанды пайдаланып отырмыз деп әлі айта алмаймыз.   Еліміздегі саяси партиялар, қоғамдыққозғалыстар, жалпы азаматтық институттар жұмысына жұрттылық тарапынан ынта-ықылас, құрмет пен үлкен қызығушылық, қозғалыс туғызу, кең арналы саяси өріс ашу  керек-ақ. Онсыз саяси жүйе кең демократиялықарнада дами алмайды, қоғамдағы, өзінің сан-салалы функцияларына сай болмайды, тұрақты дамудың кең әлеуметтік базасына ие бола алмайды.
Өткенімізге талдау жасасақ, тәуелсіздік жылдарында саяси жүйені реформалап, қоғамымызды демократия жолымен жаңғырту, басқарудың президенттікпошымының тұрақтандырушы функцияларын тиімді пайдалану арқылы елдің баянды дамуын қамтамасыз ету; азаматтықтатулық пен сайлау институты негізінде өкімет заңдылығының жоғары денгейін сактау; жалпы азаматтық ұқсастықты қалыптастыру аясында жүргізілгенін көрсетеді. Осынау реформалардың негізгі шек-шеңбері әу баста 1990 жылғы
Мемлекеттік егемендік туралы декларацияда <<Мемлекеттік тәуелсіздік туралы>> Қазакстан Республикасының конституциялық заңында, содан кейін елідің Конституциясында қаланған болатын.
Бүгінде мынаны тұжырып айтуға болады: президенттік институты экономикалықжәне саяси реформаларды жүргізуде, егеменді Қазақстан мемлекеттігін құруда өзінің орындылығы мен тиімділігін дәлелдей алды. Демократиялық саяси жүйенің билікті бөлісу, демократиялық сайлау жүйесі және азаматтыққоғам секілді базалық институттарымен табиғи түрде байланысты президенттік институтының елдің одан әрі дамуын қамтамасыз етуде орасан зор әлуеті бар.
Сонымен бірге, елдің саяси жүйесін жетілдіре түсу, қоғамдық-саяси өмір, мысалы, елдің аса ірі мегаполисі Алматыдағы қоғамдық-саяси өмір көрсетіп отырғанындай, төмендегідей бағыттармен байланысты болуы мүмкін.
Алдыңғы қатарға елдін сайлау жүйесін қазіргіден жақсарта түсу міндеті шығып келеді. Бұл ерекше маңызды, ойткені демократиялықжүйеде саяси баяндылықтың шарттарының бірі өкіметтің заңды сайлануы болып табылады, ол демократияның азаматтардың өз ырқын еркін білдіру секілді іргелі талабына сай келуге тиіс.
1991 жылдан бері Қазақстанда әртүрлі 10 сайлау науқандары мен референдумдар өткізілді, олардыңтәжірибесін тиісті заңды жетілдіру үшін пайдалануға болады. Сондай-ақ олардың бәрі біздің азаматтарымыздың саяси және құқықтық мәдениетін, өз таңдауы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға жәрдемдескені айдан анық.
Сайлау процесінде жуырда қабылданған <<Саяси партиялар туралы>> заңнан кейін сапалық жағынан жаңа кезеңге көшкен саяси партиялар ерекше рөл атқара алар еді. Партиялардың іріленуі, соған байланысты олардың қоғамдық өмірдегі беделі мен ықпалының артуы олардың қоғам мен өкімет арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі маңызын арттырады, партиялардыңмемлекеттік басқарудың нақты тетігі ретінде қалыптасуына жәрдемдеседі.
Сайлау еркіндігін қамтамасыз ету сөз бостандығымен етене байланысты. Нақ сол бостандық заң шығарушы, атқарушы және сот билігімен қатар, <<төртінші>> билік болып, қоғамдық-саяси өмірде орасан зор рөл атқара алатын тәуелсіз БАҚ құралдарын қалыптастыруда шешуші маңызға ие болады.
Өкімет үшін төтенше маңызы бар мәселе  --  азаматтыққоғаммен ықпалдасу және оны одан әрі дамыту мәселесі. Көп жағынан бұл демократияны нығайтудың да проблемасы. Өйткені өкіметке қоғамдық бақылау жургізу тек азаматтыққоғамда ғана мүмкін болатын нәрсе. Өкімет пен қоғамдықбірлестіктер, партиялар бейресми ұйымдар арқылы көрінетін азаматтыққоғам орын алып отырған проблемаларды ойдағыдай шеше алады.
Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттын маңызды құрамдас бөлігі ұлттық-мәдени орталықтармен байланыс болып отыр. Бұл бағытта мемлекет нақты қадамдар жасағаны белгілі. Конституция ұлтына, дініне, басқа да белгілеріне қарамастан барлық азаматтардың теңдігін бекітті. Қазақстан халқы азаматтардың саяси қауымдастығы деп қарастырылады, ол азаматтыққоғам мен құқықтық мемлекет принциптеріне негізделген.
Осынау саясатты жүзеге асыруда Президенттің ұсынысымен құрылған Қазақстанхалықтарының ассамблеясы ерекше  рөл атқарады. Ол отызшақты ұлттық-мәдени бірлестіктерді біріктіріп, беделді қоғамдық-саяси институтқа айналды. Елдің барлық аймақтарында құрылған ұлттық-мәдени орталықтардың қызметі достықты нығайтуға, этносаралық татулықты, қоғамдағы тыныштық пен баяндылықты қамтамасыз етуге, Қазақстанда тұратын әртүрлі этностардың өзіндік мәдениетін, дәстүрлері мен тілдерін дамытуға бағытталған.  Осыған байланысты Алматыда 117 ұттыңөкілі болып табылатын 29 ұттык-мәдени орталық жұмыс ітейді. Қоғмдық-саяси өмірдіңаса маңызды тұрақтандырғышы ретінде бұл орталықтар қала әкімиятымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді, ал әкімият оларға барынша көмек көрсетеді. Ал мұның өзі қалада этносаралық баяндылықты сақтауға жәрдемдеседі. Осы жерде оңтүстік астанадағы ұлтаралық татулық бүкіл елдегі қоғамдық-саяси және ұлтаралық қатынастар баяндылығын сақтауға жәрдемдесіп отырғанын атап өтудің артықтығы болмас.
Аралық мемлекеттерде заманға сай келетін стратегиялық басым бағыттарды айқындау" ерекше маңызға ие болып отыр. Осыған байланысты Елбасының осыдан бес жыл бұрын елдің ұзақ мерзімді дамуының <<Қазақстан  --  2030>> атты стратегиясын қабылдауы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқын да анық белгілеуге мүмкіндік берді. Осы мағынада алғанда, ол басқа да тұжырымдамалық мемлекеттік құжаттарды әзірлеу кезінде басты бағдар болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда Стратегия бүгінгі күннің қиыншылықтарын кезең-кезеңімен еңсерудің дер кезінде жасалған қадамы ғана болып қойған жоқ. Ерекше маңыздысы сол  --  онда алдағы онжылдықтардың басты-басты проблемаларын (олар кез келген қоғамның өмірінде объективті түрде туындап жатады) шешуге мұқият назар аударылған. Сондықтан мемлекет қызметінің негізгі бағыттарын стратегиялық тұрғыдан анықтау тактикалық деңгейде мемлекеттік органдар қызметіне жүйелі сипат береді, мемлекет ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады. Бұл әсіресе реформаларды жүргізудің қазіргі кезеңінде ерекше маңызды, өйткені мемлекет басшысы анық та айқын белгілеп берген негізгі басым бағыттар күнделікті проблемалар құрсауынан шығып, елдің өркендеуіне стратегиялық болашақ тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді.
2. Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері: проблемалар және қиындықтар.
Елбасының өз халқымен қоян-қолтық араласып, ежелгі таныстарынша қарым-қатынас жасауы үлкен өнер. Бұл тұрғыдан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың алдына шығатын президент бүкіл ТМД елдерінде жоқ шығар деп ойлаймыз. Рас, кезінде бұрынғы КСРО президенті ел аралап жүрген кезінде ат төбеліндей жұртпен завод, фабрикаларда, кәсіпорын, мекемелерде жөн сұрасып, әңгімелескен кездер болған. Бірақ, ол бүкіл халықпен қоян-қолтық араласқандай әсер ете қоймап еді. Ал, біздің Президеңтіміз өз халқымен қарым-қатынас жасаудың бұрын-сонды болмаған жаңа үрдісін тауып, соны жүзеге асырып келеді.
Президенттің халықпен араласудағы тың әдісі  --  ол Елбасының өз халқына жыл сайын жолдайтын Жолдауы. Президент Н. Назарбаев 2000 жылдың 24 қазанында республика Парламентінде сөз сөйлеп, өзінің Қазақстан халқына жыл сайын жолдайтын Жолдауы туралы мазмұнды, келелі әңгіме қозғады. Аталған Жолдау <<Қазақстан  -- 2030>> стратегиялық бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады. Онда елімізді дамытудың жеті бірдей ұзақ мерзімді басымды мақсаттары және оларды жүзеге асырудың мәселелері қаралған. Содан бері үш жыл өтті. Әрі осынау үш жылдың ішінде қоғамымызда айтарлықтай игі өзгерістер болды. Президент осы жылдардың ішінде реформаның алғашқы кезеңі ойдағыдай аяқталғанын, ұзақ мерзімге белгіленген стратегияның басты міндеттерінің, соның ішінде үш жылға белгіленген шаралардың орындалғанын атап өтті.
Жолдауда стратегиямыздың негізгі бағыттары бойынша қол жеткен табыстарымыз талданды.
Қоғам өміріндегі басты бағытымыз  --  әлеуметтік-экономикалық шаралар. Сондықтан Президент қазіргі кездегі экономикалық жағдайымызды бүге-шігесіне дейін талдап берді. Онда қазіргі жағдайымызға жоғары баға берінген. Егер <<Қазақстан  --  2030>> Бағдарламасында ол, экономикалық құлдыраудың нәтижесінде көптеген азаматтарымыздың табыстары мен өмір сүру денгейі нашарлады десе, соңғы Жолдауында экономикалық жағдайымызға оптимистік баға беріледі. Жекешелендіруді, жаңа салық жүйесін және отандық кәсіпкерлікті жүзеге асыру мен қалыптастыру нәтижесінде бүгінде республикамызда  экономикалық дамудың қарқыны байқалады. Атап  айтқанда, 2000 жылдың 9 айы ішінде  өнеркәсіп өнімдері 15  пайызға, сыртқы сауда айналымы шамамен 13 пайызға артты. Соның ішінде сыртқа тауар шығару  80 пайызға көбейді. Соның нәтижесінде  сауда айналымының қалдығы 2,6 млрд. долларға жетті. Президент өзнің стратегиялық Жолдауында халықтың салымдары мен жиған-тергендері экономикамыздың қозғаушы күші болып табылады, бірақ,  оның қарқыны төмен деген еді. Жаңа Жолдауында осы саладағы алға  басушылықты атап көрсетті. Атап айтқанда,  күрделі қаржыға қосылатын инвестиция 13 пайызға көбейген.      Халықтың банклердегі салымдары  83 пайызға артқан. Мұның өзі нақты саланы қаржыландыру көлемін 60 пайызға көтеруге мүмкіндік беріп отыр. Бүгінгі      таңда жеке кесіпкерлерге жан-жақты жағдай жасалынған. Оның  заң тұрғысындағы базасы күшейе түсуде, шағын және орта бизнесті қаржыландыру жағы жақсарып келеді. 
 Мәселен, 1997 жылы төрт заң  Президенттің екі бірден Жарлығы, Үкіметтің тоғыз қаулысы, министрліктер мен ведомствалардың жеті бірдей нормативтік актілері жарық көріп, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаға бағытталды. 1998 жылы шағын және орта бизнесті қаржыландырудың жалпы сомасы  100 млрд. долларға жетті.  Халықтың табысында да алға бсақан игі  көрсеткіштер бар.
Мәселен, халықтың   жан басына шаққандағы табысы шамамен 21 пайызға көбейді. Президенттің бағалауына қарағанда бұл дегеніңіз мемлекеттің ұзақ мерзімді жоспарының мүмкіндіктеріне сенім туғызып, экономикалық дамуымызды одан әрі өркендетеді. Соның ішінде Президент Үкіметке 2001 жылы бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін қызметшілердің еңбек ақысын 30 пайызға, күш-қуат қызметкерлерінің жалақысын 30-40 пайызға арттыру. Сонымен бірге судьялар корпусының еңбекақысын да көтеру, ең төменгі зейнетақыны төрт мың теңгеге жеткізу жөнінде тапсырма берді. Жолдауда атап көрсетілгендей дәл қазіргі кезде орталықтың өзінде де, аймақтарда да осы мақсатты жүзеге асырудың мүмкіндіктері бар. Президент сонымен бірге жеке секторды жалдамалы қызметшілердің де еңбек ақысын көтеруге шақырды. Өйткені, халық шаруаның жақсарғанын, реформаның жеңістерін шындап сезіну керек.
Президент Жолдауында қоғамды әрі қарай дамыту, құқықтық мемлекетті қалыптастыру мәселелеріне байланысты проблемалар ерекше орын алады. Еліміздегі демократиялықөзгерістерді айта келе мемлекет басшымыз соңғы онжылдықта саяси өмірімізде бірқалыпты тыныштық орнағанын атап көрсетті  --  бұл қантөгіссіз, танкісіз және адам шығынынсыз, азамат соғысынсыз, әрі шекарамыздың тыныштығын сақтаған, қоғамымыздың, дініміздің беріктігін сақтаған жылдар болды. Осы жылдар ішінде тоталитарлық режимнен демократиялық қоғамға қарай қадам басу жүзеге асырылды. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары Конституциялық жолмен қамтамасыз етілді, саяси плюрализм қалыптасты, әділет органдары 1710 қоғамдық бірлестікті, 9 саяси партияны занды түрде тіркеді. ТМД-нің басқа елдерінде әр түрлі саяси қақтығыстар болып жатқан кезде Қазақстанда бейбітшілік пен келісім сақталды. Ол негізінен Қазақстан халықтары ассамблеясының, саяси партиялардыңжәне қоғамдық бірлестіктердің өзара түсіністігінің нәтижесінде жүзеге асырылды. Елімізде 55 саяси партиялар, ұлттық мәдени орталықтар және қоғамдық бірлестіктер бір-бірімен ынтымақтасып жұмыс істейді.
Республикада 100-ден артық ұлттар мен ұлыстар   өмір сүреді. Қабылданған заңдарымыз олардың еркін дамуына мүмкіндік береді. Атап айтқанда, бұл заңдар сол халықтардың тілінің, мәдениетінің, дәстүрінің және діни сенімін дамы тута жағдай жасайды. Ұлттық мәдени   орталықтар,   ұлт   тілдері мемлекеттік тұрғыда жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 11 тілде газет, 12 тілде телехабар, 6 тілде радио хабар жұмыс істейді.   Мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінде 426 мың бала өздерінің жеті түрлі ана тілінде тәрбие алады. 3 миллионнан астам оқушы ана тілдерінде білім алуда. Қоғамымызды  әрі қарай демократияландыру мақсатымен Президент алда тұрған негізгі міндеттерді, соның ішінде билік тармақтарының алдында тұрған міндеттерді қалыптастырды. Ең басты бағытымыз шынайы құқықтық мемлекет орнатуға бағытталып отыр. Мұнда азаматтарымыз өздерінің қызметіне, лауазымдық дәрежелеріне қарамастан заң талабына сай өмір сүру керек. Президент осы тұста барлық азаматтардың заң бойынша өмір сүруін ғана атап көрсеткен жоқ, ол сонымен бірге мемлекеттік құрылымдардың өздері белгіленген заң мен тәртіпті сақтау керек деп атап айтты. Осының соңғысы қазіргі кезде онша қанағаттанарлық жұмыс атқара алмай жүрген құқық қорғау органдары қызметтеріне бағытталды. 2000 жылы 9 қарашада өткен Астанадағы ұйымдасқан қылмыс және коррупция мәселесін қараған кеңесте мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының бүгінгі қызметіне онша көңіл толмайтынын баса айтқан болатын. Мәселен, прокурорлар наразылық білдірген құжаттар шығарады. Алайда, оған мемлекеттік органдар тарапынан ешқандай әсер болмайды. Әсіресе, адамдарымыздың Конституциялық құқықтарына нұқсан келтіру сияқты сипаты бар фактілердің қаупі жоғары. Мұндай қауіпті көбіне полиция қызметкерлері тарапынан байқайтынымызды Президент атап көрсетті. Тіпті,    полиция қызметкерлерінің өздері заң бұзатыны көпке белгілі. Қолға түскен есірткі заттарын полиция қызметкерлері екінші рет айналымға жіберген жағдайлар бар. Әңгіме құқық қорғау және мемлекеттік оргаңдардың есірткі бизнесімен күрсе кезінде өз қызметтерін теріс пайдаланатыны жөнінде болып отыр. Прокуратура органдарының. есірткіге байланысты кейбір қылмыстарды жасырып қалу фактілері орын алған (<<Панорама газеті>> 20 қазан 2000 жыл).
Президент сонымен бірге тексеру органдарын қатаң сынға алды. Олар  заңды     белден  басып, кәсіпкерлерді үнемі тексеріп, олардың    тиімді  жұмыс  істеуіне мүмкіндік бермейтінін айтты. Сонымен бірге, бұл кеңесте Президент, прокуратура, кеден және полиция органдарын қайта қалыптастыру мәселелеріне тоқталып өтті.
Жолдауда демократияны нығайту, азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастырудың жолдары айқын-далды. Әсіресе, билік органдарының өкілетін кеңейту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Соның ішінде мәслихаттардың әкімдер қызметіне бақылау жасаудағы олардың өкілеттігін арттыру және жергілікті  бюджеттердің орындалуына бақылау жасауды күшейту мәселелеріне  назар аударылды. Президент демократияны дамытудың маңызды  мәселесі деп сайлау және сайлау заңын жетілдіруге тоқталды. Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей әкімдердің сайлауын өткізудің кезеңдік мемлекеттік бағдарламасы жасалынуда. Дәлірек айтқанда, 2002 жылдан бастап селолық округтік  әкімдердің сайлауы өте бастайды.
Одан кейін аудандық және қалалық әкімдердің сайлауы басталады. Реформа жылдарында тұңғыш рет аза маттық қоғамдық институттарды дамыту мәселесі алға қойылып отыр.  Қалалық ықшам аудандарда, ауыл, селоларда, қала типтес поселкелерде   <<Жергілікті өзін-өзі басқару>> туралы заңының жаңа нұсқасына сәйкес өзін-өзі басқарудың қоғамдық құрылымдары жасақталатын болады. Бұлар жергілікті мәселелерді шешу
жөнінде үлкен өкілетке ие болмақ. Келешекте саяси жүйені демократияландырып, халықты оған кеңінен қатыстыруды қамтамасыз ету мақсатымен маңызды заң жобаларын үкіметтің қатысуымен Қазақстан халықтары Ассамблеясы сессияларында алдын ала талқылау мәселесі жоспарланып отыр. Мұндай талқылаулар басқа да қоғамдық құрылымдардың форумдарында өтетін болады. Сонымен бірге әр түрлі әлеуметтік және этиикалық топтардың мүдделері ескеріле отырып, оларға өз ұсыныстарын ұсыну құқы беріледі.
<<Қазақстан  -- 2030>> стратегиясының ең басты басымдығы ұлттық қауіпсіздік болып табылады. Бұл жайдан жай емес, өйткені барлық басқа мәселелерді шешу үшін ең алдымен еліміздің қауіпсіздігін сақтай білу керек. Егер, ұлттық қауіпсіздігіміз, шекарамыздың тұтастығы және мемлекетіміздің егемендігі қамтамасыз етілмесе, онда мемлекеттің және халықтың өмір сүруінің мәні де болмайды. Сондықтан бұл проблемаға Президент өз Жолдауында ерекше мән береді. Қазақстанның өз алдына өмір сүрген он жылы ішінде Орта Азия аймағындағы жағдай күрт нашарлап кетті. Халықаралық терроризм мен экстремизмнің қаупі күшейді, мұның өзі елімізде ұлттық қауіпсіздіктің жаңа механизмін құруды талап етеді. Президент ерекше аймақтық проблема деп Ауғанстандағы жағдайға тоқталды. Бұл аймақ экстремистердің және есірткі мен есірткі бизнесінің шоғырланған жері. 
                                       
* Ұлттық идеяны және мемлекеттік идеологияны жасаудың проблемалары.
Тәуелсіздігіміздің арқасында еліміздегі демократияның бір пошымы ретінде қызмет атқарып отырған бұқаралық ақпарат құралдарының халқымыздың әлеуметтік-саяси және рухани-мәдени өмірінде алар орны, атқарар қызметі өте салмақты.
Бүгінгі таңда қоғамдық санаға ықпал ететін, бұқараны ортақ мақсатқа жұмылдыратын бірден-бір күш бұқаралық ақпарат құралдарының басты тетіктерінің бірі  --  баспасөз болып табылады.
Баспасөздің қоғамымыздағы алатын орнына жоғары баға берген Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев: <<Қалыптасқан қоғамдық экономикалықжағдайға, оқырманның сипаты мен тілегеніне орай баспасөз қазір ағартушылық - танымдық, қазақстандық патриотизмді қалыптастыратын сипатқа ие болып отыр. Себебі, біз жаңа мемлекет құру үстіндеміз. Демек, осындай сын кезінде баспасөз халықты біріктіруші қоғамды алға жылжытатын саяси ойдың алдңғы қатарда болуын қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан, мемлекетті қалыптастырушы күш ретінде танымдық, терең ойлы баспасөзге арқа сүйеместен өз саясатыңды қалай
жүргізіп, реформа мәнін қалай ұғындыруға болатынын түсінбеймін>> - деп атап көрсеткен еді.
Бүгінгі демократиялықелімізде баспасөздің қоғамдағы рөлі айтарлықтай дәрежеге көтерілді. Ол бұрынғыдай насихатшы ғана емес. Сонымен бірге, қоғамдық ой-санамыздың сараптаушысы және қоғамдық ой-пікірді қалып-тастырушы да болып отыр. Сондай-ақ, баспасөз саласында бәсекелестік пайда болып, мемлекеттік емес газеттер көптен пайда болды. Мемлекетіміздегі қоғамдық саяси өзгерістердің нәтижесінде баспасөз де бұрынғы қасаң қағидалардан арылып, демократия үрдістері бойынша, саналуан тақырыптар төңірегінде қалам тербеуде. Сонымен мемлекеттік тілдегі қазақ баспасөзі де соңғы жылдары сандық, сапалық рухаңи танымдық жағынан елеулі өзгерістерге ұшырады.
Қазіргі қазақ баспасөзі қоғамымызда болып жатқан оқиғалардың барлығына атсалысып, өзекті  проблемаларды дер кезінде көтеріп, қоғамдық пікір туғызат отырып, сол проблемалардың   дұрыс шешілуіне мұрындық болып отырғаны белгілі. Қазақ баспасөзі мемлекет тәуелсіздігінің нығаюы мен көркеюі жолында мейлінше үлкен рөл атқаруда. Әсіресе, ұлттық тіл мен жер, еліміз тәуелсіздігінің идеясын насихаттау, қорғау, идеология майданындағы бітіспес күрес ісінде атқарып отырған қызметін ерекше айтуға болады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Қазақстан Республикасының егеменділігінің қалыптасуы.
2. Егеменді елдің ең басты міндеті.
3. Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдеріндегі проблемалар мен қиындықтар.


ӘДЕБИЕТТЕР:
* Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж
* Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.
* Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.
* Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К.  //Алматы: "Жеты Жаргы", 1995. 
* Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.
* Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.








Саясаттану пәні бойыншасеминар сабағының сұрақтары.
                                       
№
Семинар сұрақтары
1
           Саясаттану пәні және әдістері.
1. Саясаттану пәні және әдістері.
2. Саясаттану қызметтері.
3. Саяси ғылымдардың  және прктиканың байланысы.
2
Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы.
1. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар (буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, легизм)
2. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі саяси ойлар.
3. Еуропалық Ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар
4. ХІХ-ХХ ғасырлардағы әлеуметтік-саяси идеялар мен ағымдар: либерализм, консерватизм, марксизм.
3
         Қазақстан саяси ойларының тарихы
1. Ж. Баласағұн, қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары. 
2. Фольклор- қазақ халқының саяси ой-пікірлерінің қайнар көзі.
3. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары.
4. ХХ ғасыр басындағы қазақстандағы саяси ойлар.
5. қазіргі жағдайдағы қазақстандағы саяси ой-пікірлердің ерекшеліктері мен негізгі бағыттары. 
4
             Билік саяси феномен ретінде.
1. Билік ұғымы. Билік тұжырымдамалары
2. Саяси билік ұғымы және оның ерекшеліктері
3. Билік құрылымы: билік институттары, функциялары және билік ресурстары.
4. Билік және оппозиция, олардың ҚР өзара әрекеті. 
5
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты
1. Этнос және ұлт. <<Ұлт>> категориясын түсіндірудегі екі амал 
2. Ұлт мәселесі және оның құрылымы. 
3. Ұлттық-мемлекеттік құрылыс формалары: унитарлы, федерация, конфедерация. 
4. Этносаралық келісімге жетудің Қазақстандық үлгісі 
6
                   Қоғамның саяси жүйесі
1. Қоғамның саяси жүйе ұғымы 
2. Саяси жүйе құрылымы. 
3. Саяси жүйенің типологиясы және жіктеу өлшемдері. 
4. Саяси жүйе институттары. ҚР саяси жүйесін реформалаудың мәселелері 
7
            Мемлекет және азаматтық қоғам
1. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде.
2.  Азаматтық қоғам ұғымы. Азаматтық қоғамның құрылымы
3. Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекшелікті белгілері. Әлеуметтік мемлекет және оның эволюциясы 
4. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары
8
Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар
1. Саяси партия ұғымы. 
2. Саяси партиялардың негізгі  мақсаттары, міндеттері және функциялары.  
3. Партия жүйелері ұғымы, оны жіктеу. 
4. Қазақстанда партия жүйелерінің ерекшеліктері мен даму тенденциялары
9
                          Саяси режимдер
1. Саяси режим ұғымы, типтері. 
2. Тоталитаризм саяси феномен ретінде. Авторитаризм. 
3. Демократия ұғымы. Қазіргі кезеңдегі демократия дамуның проблемалары саясаттанудағы маңызды мәселелердің бірі. 
10
Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару
1. Демократияның тарихи формалары. 
2. Демократияның кемшіліктері мен құндылығы. Демократия сабақтары. 
3. Қазақстандағы демократияландырудың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері
4. Демократияның Қазақстандық моделін қалыптастырудың проблемалары
11
          Саяси процесс және саяси қызмет
1. Саяси процесс ұғымы, оның мәні және негізгі сипаттамасы 
2. Саяси процестің типологиясы. Сыртқы және ішкі саяси процестер 
3. Саяси қызмет, оның субъектілері мен объектілері
4. Саяси жүріс-тұрыс және оның формалары
12
           Саяси сана және саяси мәдениет
1. Саяси сананың мәні және саяси сананы қалыптастырудың жолдары.
2. Саяси сананың құрылымы. Қоғамдық пікір. 
3. Саясат және мәдениет. Саяси мәдениет ұғымы. 
4. Саяси мәдениет функциялары. Саяси мәдениеттің типологиясы.
5. Саяси әлеуметтану ұғымы. Қазіргі Қазақстан саяси мәдениетінің ерекшеліктері және қазақстан республикасындағы әлеуметтену проблемалары
13
       Саяси элита және саяси көшбасшылық.
1. Саяси элитажәне жетекшілік  ұғымы 
2. Саяси элита және жетекшілік теориялары
3. Саяси элита және жетекшілік түрлері. 
14
Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар
1. Дүниежүзілік саясат  ұғымы. Халықаралық қатынастар жүйесі . 
2. Халықаралық қатынастар субъектілері (мемлекет, халықаралық ұйымдар).
 3. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері.
4. Халықаралық саяси институттар, олардың түрлері.
15
   Егемен Қазақстанның саяси проблемалары
1. Қазақстан Республикасы  -  зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет.
2. Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері: проблемалары мен қиыншылықтары
3. Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастырудың жолдары.
                                       
                4  СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1. СӨЖ және СОӨЖ тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
           Пәннің өтілуі сабақ кестесінде аптасына 2 рет. Өтілу уақыты  - 75 минуттан. Сонымен бірге студенттермен бірлесе өтілетін өздік жұмыс түрлері де белгіленген.  Курс форматы аралас.  Лекциялық сабақтарда пән бойынша күрделі мәселелер сұрақтары  қарастырылады. Лекция сұрақтары  жұмыс бағдарламасында аталған. Сұрақтар бойынша студенттердің ғылыми түсінік  алуына 50 минут бөлінген.Әр тақырыптар бойынша өтілген тақырыпты бекітуге 10 минут, СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін түсінік беруге 15 минут бөлінеді. 
      СОӨЖ тапсырмаларын орындауда алдын-ала белгіленген тапсырмалардың теориялық және практикалық жағдайдағы мүмкіндіктері ескеріле отырып орындалады. тексеріледі. Әр студент  жұмысын қорғау мен бірге толықтырулар арқылы тапсрымалардың кең түрде және толық орындаулына баса назар аударуға уақыт бюджетін пайдалану көзделген. 
          Тапсырманың үшінші бөлігі оқытушының көмегімсіз орындалады. Мысалы сұрақтарға жауап табу, тест тапсырмаларының дұрыс жауабын іздестіру әдебиеттердегі саяси жағдайлармен таныса отырып, өзіндік дұрыс баға беру  т.б.
          СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларының түрлері және олардың орындаудағы әрекеттер сипаты  бағдарламадағы  таблицада берілген.











  + СОӨЖ, СӨЖ тақырыптарының тізімі:

	
№
                              Жұмыс түрі
                    Мақсаты және мазмұны
                                       
                             Әдебиеттер
                         Орындау мерзімі
Бақылау
                                   түрі
                          Тапсыру уақыты
                                       1
                                       2
                                       3
                                       4
                                       5
                                       7
                                       8
                                       1
                                   СОӨЖ



Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде.
Жамбылов А. Саясаттану А. 1998,
Мухаев С. К. Политология М. 2000
Конституция Р К А. 1995
Назарбаев Н. Тарих толқынында. А 199
Саясаттану негіздері: оқу құралы А.1997
1 апта
                               Салыстыр
                             малы талдау
                                  1 апта
                                       2
СОӨЖ
Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы.
Политология: хрестоматия. п.р. Василика М. А. 1999
Кенжебаев С.  Саясаттану негіздері
А. 1999
Джунусова Ж. Введение в политологию А.1998
1 апта
Тест құрастыру 
                                  2 апта
                                       3
СОӨЖ
Қазақстан саяси ойларының тарихы
Бейсенбиев К. Очерки истории общественно- политической мысли Казахстана А- А 1974
Нүрпейсов Е. Қазақстан мемлекеті: хандық биліктен президенттік республикаға дейін А.1993
1 апта
Презентация
                                  3 апта
                                       4
СОӨЖ
Билік саяси феномен ретінде
Панарин А. С. Политология М. 1997
Панарин А. С. Введение в политологию Уч. Пособие М.1994
Мангейм Д. Б. Политология Методы исследования м. 1999 
1 апта
                           Пікір алмасу  
                                  4 апта
                                       5
СОӨЖ
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты
Антология мировой политической мысли в 5 томах м.1997
Радугин А. А: Политология М.1997
Радугин А. А. Политология : курс лекции М. 2000
Саясаттану негіздері А. 1997
1 апта
                         Бақылау жұмысы 
                                  5 апта
                                       6
СОӨЖ
Қоғамның саяси жүйесі деп нені айтамыз және қандай қызметтер атқарады.
Политология : уч. Пособие М.2000
Булатова А. Н. Политология А. 2000
Мальцев В. А. Основы политологии М.1998

1 апта
                               Конспект 
                                  6 апта
                                       7
СОӨЖ
Мемлекет-саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы.
Джунусова Ж. К. Введение в политологию А.1998
Зеркин Д. П. Основы политологии Ростов- на  -  Дону 1996
Введение в политологию Словарь- справочник.п. р. Пугачева В. П.
 1 апта
                            Презентация
                                  7 апта
                                       8
СОӨЖ
Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы.
Фоменко С. А. Политология М. 2000
Денисюк Н. П.  Политология Минск 1997
Гаджиев К. С. Введение в политическую науку М.1997
Исмагулов З. Политология а.1993

1 апта
                                  Кесте 
                                  8 апта
                                       9
СОӨЖ
Саяси тәртіптер.
Нысанбаев Ә.Қазақстан. Демократия. Рухани жаңару. А.1999
Козлов Г. Я. Политология А.1995
Тихонравов Ю. В. Геополитика М.1998
1 апта
                              Глоссарий
                                  9 апта
                                      10
СОӨЖ
Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару.
Юдин Ю. Политические партии и право в современном государстве М.1998
Абайдельдинов е. М. Политико- правовая история. Часть 1. А.1999
Казахстан этапы государственности а.1997
1 апта
өз бетімен жұмыс
                                  10 апта
                                      11
СОӨЖ
Саяси процесс және саяси қызмет.
Дмитриев А. В. Конфликтология. М. 2000
Казахстан политическая энциклопедия а.1998
Гобозов И. А. Философия политики М 1998
1 апта
                                Жазбаша 
                                  11 апта
                                      12
СОӨЖ
Қоғам мен жеке адамның өмірінде саяси мәдениет пен идеологияның атқаратын ролі.
Кенжебаев С. Саясаттану негіздері. А. 1999
Мальцев В. А. Политология М. 1998
 Панарин а. С. Политология М.1997
1 апта
Пікір -алмасу 
                                  12 апта
                                      13
СОӨЖ
Саяси элита және саяси көшбасшы.
Юдин Ю . Политические партии и право в современном государстве М.1998
Политология : словарь а.1993

1 апта
                            Презентация 
                                  13 апта
                                      14
СОӨЖ
Дүниежүзілік саясат және халық
аралық қатынастар.
Ашин Г. К. Современная теория элиты: критическии очерк
Джунусова Ж. К. Введение в политологию А.1998
1 апта
                                 Ауызша 
                                  14 апта
                                      15
СОӨЖ
Егемен Қазақстан
ның саяси проблема
лары.
Василик М. Политология : хрестоматия м.1999
Жамбылов Саясаттану негіздері а.1998
Мангейм Д. Б. Политология М.1999
1 апта
Баяндама 
                                  15 апта
                                       
                                       
Пәндер