Файл қосу
Қазақ тіліндегі көмекшілер
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты Қазақ филологиясы факультеті Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы Студенттерге арналған оқу - әдістемелік кешені (силлабус) Морфемика негіздері пәні бойынша Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған Мамандық шифрі - 050121, К-213 Курс: 2 Семей - 2013 Құрастырушы: Қинаят Шаяхметұлы, қазақ филология ғылымдарының кандидаты, профессор Қазақ тiлi теориясы мен әдiстемесi кафедрасының отырысында бекiтiлген. /27. 08. 2013 ж. № 1 хаттама/ Кафедра меңгерушісi ф.ғ.к., доцент м.а: Ә.М.Жұмағұлова Қазақ филологиясы факультетінің Оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланған. <<_15____>>_____09______2013 ж. №_1___хаттама Қазақ филологиясы факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді. <<__22 >>____09_______2013 ж. №__1_хаттама Факультет деканы,ф.ғ.к., доцент м.а: А.Қ.Қадыров Морфемикасы негіздері пәні + Оқытушы жайлы мәлімет Қинаят Шаяхметұлы 1.2 Пән туралы деректер Курс Семестр Кредиттер Дәріс Тәжір белік ОСӨЖ СӨЖ Барлығы Бақылау нысаны 1 курс 1 3 6 6 8 15 90 емтихан 1.3 Осы пәнді игеру үшін қажет білім- пәнді игеру үшін дағды мен білім студентке берілетін ақпаратты меңгеру, байқау, салыстыру, ойлау, теориялық білімді тәжірибесінде қолдана білуі тиіс. 1.4 Пререквизиті "Тіл біліміне кіріспе", "Нормативті қазақ тілі" , <<Фонетика>> , <<Қазіргі қазақ тілі. Морфология >> пәндері оқылды. Студенттердің тілдің жүйелік және құрылымдық ерекшеліктері, морфемиканың зерттеу нысаны, қазақ тілінің морфемалар жүйесі туралы жалпы мәліметі болу керек. Постреквизиті <<Қазақ тілінің сөзжасамы>> ,"Қазақ тілінің тарихи грамматикасы", <<Қазақ тілінің синтаксисі>> т.б. Студент қазақ тілінің морфемалық жүйесін, морфеманың басқа тілдік бірліктерден айырмашылығын білуі керек. + Пәннің қысқаша сипаттамасы "Қазақ тілінің морфемикасы " курсы - жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына оқылатын ғылыми-теориялық пән. Морфемика саласында қазақ тілінің морфемалар жүйесі, морфеманың түрлері мен басқа тілдік бірліктерден айырмашылығы қаралады. Морфтар, нольдік морфема мен нольдік форма, көмекшілер олардың құрылысы мен қызметі туралы айтылады. Қазақ тілінің морфемикасы ғылыми курсын оқытудағы мақсат - студенттерге тілдік бірлік ретіндегі морфеманың ерекшелігін, тілдік жүйедегі маңызын түсіндіру, морфемалардың басқа тілдік бірліктерден айырмашылығын таныту. Сөзформаның ең кіші бірлігі - морфтар жөнінде түсінік беру. Студенттердің теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алу дағдысын қалыптастыру. Пәннің міндеті қазақ тіл білімінің осы күнгі қол жеткізген табыстары негізінде студенттерге морфемиканың зерттеу нысаны болып табылатын түбір морфема және аффикстік морфема, олардың түрлері, құрылымы туралы жан-жақты лингвистикалық түсінік қалыптастырып, білім беру болып табылады. * Оқу-әдістемелік кешеннің тізбесі мен мазмұны: 2.1 Курстың тақырыптық жоспары № Тақырыптар аты Дәріс Тәжірибелік ОСӨЖ СӨЖ 1. Морфемика туралы түсінік. Морфемиканың зерттеу объектісі. 1 3 2 Морфема туралы түсінік. түбір морфема(негізгі), аффикстік морфема(қосымша). Морфемалардың мағынасы мен қызметі. Морфемалардың басқа тілдік бірліктерден ерекшелігі. 1 1 3 3 Морфтар - сөзформаның ең кіші құрылымдық бөлігі. 1 3 4. Лексика-грамматикалық морфемалар туралы түсінік. Лексика-грамматикалық дербес морфемалар. Дербестігі жоқ лексика-грамматикалық морфемалар. 1 1 3 5 Сөзформалардың деривациялық морфты типтері. Туынды түбірлер. 1 3 6. Аффикстер морфонологиясы. 1 3 7. Бір және көп функциялы қосымшалар. Қосымшалардың семантикасы. 1 1 3 8. Парадигмалар жүйесінде нольдік морфема мен нольдік форма. 1 3 9. Нольдік морфема және синтагма. 1 1 1 3 10. Көмекшілі сөз 1 3 11. Қазақ тіліндегі көмекшілер 1 3 12. Көмекшілердің мағынасы 1 3 13. Көмекшілердің құрылысы. 1 1 3 14. Көмекшілердің дербес сөзге тіркес ерекшелігі. 3 15 Көмекшілердің дыбыстық сипаттамасы. 1 3 Барлығы: 6 6 8 45 2.2 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер: 1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі. 2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991 * Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66. * Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45. * Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7. * Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18. * Исаев С. Грамматикалық мағына мен форманың сәйкестігі және нольдік тұлға туралы.//Қазақстан мектебі. 1976. №8 * Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық категориялар. Алматы, 1992.8-40; 48-58. * Қордабаев Т. Сөздерді топқа бөлу тарихынан. //Қазақстан мектебі. 1985. №7. * Ысқақов А. Қазақ тіліндегі сөздерді таптастыру туралы. // Қазақстан мектебі.1961.№8 * Жанпейісов Е.Модальдық мағына білдіретін кейбір сөздердің құрылымдық сипаты. //Қаз. ССР ҒА хабарламасы. 1983.№1. Қосымша әдебиеттер: * Маманов И. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. Алматы. 1966. * Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. * Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы. Алматы. 1953. * Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөз таптарының морфологиялық құрылысы. Алматы, 1968. 7-16. * Нұрғалиев М. Көптік жалғау туралы. Алматы, 1973. * Данияров А. Қазіргі қазақ тіліндегі көптік категориясының берілу жолдары. Алматы, 1963. * Нұрмағамбетова Ә. Дағдыдан тыс тәуелдік жалғау. // Қазақстан мектебі. 1971. №7. 95-96. 2. 3 Морфемика негіздері пәнінің тақырыптық жоспары Дәріс(семинар) сабақтарының тақырыптары мен мазмұны 1 тақырып Морфемика туралы түсінік. Дәріс жоспары 1. Морфемиканың зерттеу объектісі. 2. Морфемиканың басқа салалармен байлынысы 2 тақырып Морфема туралы түсінік Дәріс жоспары 1.Морфема туралы түсінік. 2. Түбір морфема(негізгі), аффикстік морфема(қосымша). Олардың алуан түрлілігі. 3. Морфемалардың мағынасы мен қызметі. 3 тақырып Морфтар туралы түсінік Семинар жоспары: 1. Морфтар - сөзформаның ең кіші құрылымдық бөлігі. 2. Морфтардың түрлері. Қызметі. 4 тақырып Лексика-грамматикалық морфемалар Дәріс жоспары 1. Лексика-грамматикалық дербес морфемалар. 2. Лексика-грамматикалық морфемалардың қызметі, құрылымы. 5 тақырып Сөзформалардың деривациялық морфты типтері. Семинар жоспары 1. Сөзформалардың деривациялық морфты типтері 2. Дербестігі жоқ лексика-грамматикалық морфемалар. 6 тақырып Аффикстер морфонологиясы. Семинар жоспары 1. Морфонология туралы түсінік 2. Олардың қызметі. 7 тақырып Бір және көп функциялы қосымшалар. Дәріс жоспары 1. Бір функциялы қосымшалар 2. Көп функциялы қосымшалар 8 тақарып Парадигмалар жүйесінде нольдік морфема мен нольдік форма. Семинар жоспары: 1. Нолдік морфема туралы түсінік. 2. Нольдік форма. 3. Қосымшалардың семантикасы. 9 тақырып Нольдік морфема және синтагма. Дәріс(семинар)жоспары: 1. Нольдік морфема мен синтагманың айырмашылығы 10 тақырып Көмекші сөздер Дәріс(семинар) жоспары: 1. Қазақ тіліндегі көмекшілердің категорияға қатысы 2. Көмекшілердің мағынасы 2.4. <<Морфемика негіздері>> пәні бойынша тапсырмалардың орындалу және өткізілу кестесі(ОЖСӨЖ) № Жұмыс түрі Сабақтың мақсаты мен мазмұны Ұсынылатын әдебиеттер Тексеру түрі Өткізу мерзімі 1 Конспект, пікір талас Грамматиканың морфемика саласы. Зерттеу нысаны. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология І бөлім. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі. Жазбаша ауызша 3 апта 2 Каратека Морфема және оның басқа тілдік бірліктерден ерекшелігі. Морфеманың фонемадан, синтагмадан айырмашылығы. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Қазақ тілінің грамматикасы. Астана 2003 А.Ибатов Сөздің морфологиялық құрылысы, Алматы, 1983 Жазбаша 5 апта 3. Пікірталас Лексика-грамматикалық морфемалар туралы түсінік. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.Алматы, 1986 Ауызша 4 апта 4 Реферат, пікірталас Дербестігі жоқ лексика-грамматикалық морфемалар. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.Алматы, 1986 Жазбаша ауызша 7 апта 5 Картотека Туынды түбірлер. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.Алматы, 1986 А.Ибатов Сөздің морфологиялық құрылысы, Алматы, 1983 Жазбаша 10 апта 6 Тест тапсыру Қосымшалардың семантикасы Қазақ тілінің грамматикасы.Астана 2003 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.Алматы, 1986 Жазбаша 12 апта 7 Мәтінмен жұмыс Нольдік морфемамен нөлдік формалар. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.Алматы, 1986 Ауызша, жазбаша 14 апта 2.5.СӨЖ тапсырмалары және оның орындалу кестесі. № Тақырып Тапсырма мазмұны Бақылау түрі Жоғары ұпай Тапсыру уақыты 1 Морфемика туралы түсінік. Тіл білімінің морфемика саласы жайлы түсінік, зерттеу нысаны. Конспект 5 2 апта 2 Түбір морфема. Түбір морфеманың өзіндік белгілері, түрлері. жазбаша 5 3 апта 3 Аффикстік морфемалардың түрлері. Аффикстік морфемаларға тән белгілер, түрлері, қызметі. жазбаша 5 4 апта 4 Орыс тілінің морфемаларға әсері. Орыс тілінің және өзге тілдердің морфемаларға әсері жазбаша 5 5 апта 5. Түбір морфемалы сөзформалар. Түбір морфемалы сөзформалар туралы түсінік. Олардың өзіндік ерекшеліктері. жаэбаша 5 6 апта 6 Синтетикалық жасалымды сөзформалар. Синтетикалық жасалымды сөзформалардың өзіндік ерекшелігі, құрылымы. ауызша 5 7 апта 7 Аналитикалық жасалымды сөзформалар. Аналитикалық жасалымды сөзформалардың өзіндік ерекшелігі, құрылымы. Ауызша, жазбаша 5 8 апта 8 Морфонология жайлы түсінік. Морфонологияға жалпы сипаттама. Морфонолгияның фонологиядан, фонетикадан айырмашылығы. жазбаша 5 9 апта 9 Дыбыс фонема және морфонема. Дыбыс фонема мен морфонеманың ерекшеліктері. ауызша 5 10 апта 10 Қазақ морфонологиясы. Қазақ морфонологиясының зерттеу обьектілері мен міндеттері. Жазбаша 5 11 апта 11 Нольдік морфема және мағыналық оппозиция. Нольдік морфема және мағыналық оппозиция жайлы түсінік. Жазбаша 5 12 апта 12 Тәуелдік категориясының нольдік формасы. Тәуелдік категориясының нольдік формасы жазбаша 5 13 апта 13 Сан категориясының нольдік формасы. Сан категориясының нольдік формасы. жазбаша 5 14 апта 14 Жіктеу жүйесіндегі нольдік форма. Жіктеу жүйесіндегі нольдік форманың ерекшеліктері. жазбаша 5 15 апта 15 Қазақ тіліндегі көмекшілердің категорияларға қатысы. Қазақ тіліндегі көмекшілердің категорияларға қатысы. жазбаша 5 15 апта Барлығы 75 2.6. Студенттердің білімін бағалау жүйесі. Пәнді игеру бүкіл өтілген материалды қамтитын жазбаша емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберілудің міндетті шарты бағдарламада көрсетілген тапсырмалардың барлығын орындау болып табылады. Қорытынды баға қою кезінде 2 межелік бақылауда жинаған ұпайлар есепке алынады. Оқу үрдісін және білімді бағалауды бөлу ұстанымына сәйкес ауызша емтихан Офис тіркеушімен жүргізіледі. Әріп баға мен оның ұпаймен сандық көрсеткіші дұрыс жауаптардың пайыздық мәні бойынша төмендегі кестеге сәйкес анықталады: Бағалау әріптік жүйемен Балдар % ұстау Бағалаудың дәстүрлі жүйемен А 4,0 100 Өте жақсы а - 3,67 90-94 в + 3,33 85-89 Жақсы В 3,0 80-84 в - 2,67 75-79 с + 2,33 70-74 Қанағаттанарлық С 2,0 65-69 С- 1,67 60-64 Д 1,33 55-59 Д 1,0 50-54 Ғ 0 0-49 Қанағаттанғысыз 2.7. Саясаты мен процедурасы Жұмыстың барлық түрін(ең жоғары ұпай, айып және ынталандыру ұпайлары) қамтиды; Сабақты босату - сіздің оқуға ынтаңыздың көрсеткіші, сондықтан курс бойынша қорытынды баға шығаруда есепке алынады. Тапсырма уақытында орындалмаса, әр жолы бағаңыз жарты ұпайға кемітіліп отырады. Оқытушы әрқашан да сабақта кім жоқ екенін біледі. Сіздің міндетіңіз сабаққа қатысу, оқу. Кездейсоқ жағдайлар мен ауырып қалуыңыз ғана себепті деп саналады. Бұл жағдайда оқытушыға болған жайды хабарлап, алдын-ала тапсырманы өткізуіңіз керек. Телефон шалып, хабарлама қалдырыңыз. Өз жұмыс орнында болып, міндеттін атқармау да жазаға тартылуға себеп болады. Курс бойынша барлық тапсырмалар кестеде көрсетілген сабақтың басталуына дейін орындалуы керек. Белгіленген мерзімнен кейін өткізілген тапсырмаларға қойылатын баға төмендетіледі де өз кезегінде қорытынды бағаға әсер етеді. Сабақ кестесі бойынша дәрісханада орындаған жұмыстарыныз да есепке алынады. Сабақта болмасаңыз, дәрісхана жұмысын орындамағаныңыз және сабақтан қалғаныңыз үшін жазаланасыз. Курсты игеру белсенді жүзеге асырылуы керек.Үй тапсырмасын орындауға кемінде аптасына 2-3 сағат уақыт бөліну керек. Кестеге сәйкес оқытушыдан үнемі кеңес алып тұрыңыз. Оқулықты тек тапсырма орындау барысында емес, курсты игеру барысында үнемі оқып отыру керек. Әр тапсырмаға дайындалу керек. Курсты игерудің табысты болуы көбінесе сіздің дәрісханалық жұмысты орындауға қатысуыңызға байланысты болады. Сабаққа жақсы қатысу, белсенділік таныту, оқытушының тапсырмаларын мерзімінде және сапалы орындау аттестация мен емтиханда көмектеседі. Емтихан сіздің теориялық біліміңізді тексеруге ғана емес, тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігіңізді бағалауға да бағытталады. Емтиханда тест түріндегі сұрақтарға жауап бересіздер. Емтихандағы барлық тапсырмалар үй жұмысына, дәрісхана жұмыстарына негізделеді. Аралық аттестация өтілген материал баршаға міндетті және өтілген тақырып бойынша алынады: * біреуден көшіріп алуға; * сіз үшін басқа біреудің орындауына; * жұмысты белгіленген уақыттан тыс өткізуге; * топтық тапсырмаларды орындауға қатыспай, сол үшін ұпай сұрауға және т.б. Курсқа деген сіздің қарым-қатынасыңыз ЖОО студентіне лайық болады деп ойлаймыз. Сабақ босатуға, кешігуге, дәрісханада тәртіпсіздік жасауға, оқытушы мен студенттерді сыйламауға болмайды.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz