Файл қосу
Машық сабағы
5В011000 - <<Физика>> мамандығы үшін <<Электр және магнетизм>> ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2013 Алғы сөз 1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ Құрастырушы - <<___>> _____ 2013 ж. ________ Қасымханова Күләш Ағыбаевна <<Физика>> кафедрасының аға оқытушысы 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 <<Физика>> кафедрасының отырысында № 1 хаттама, 11 қыркүйек 2013 ж. Кафедра меңгерушісі _______ Маусымбаев С.С. 2.2. Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросы кеңесі отырысында № 1 ____ хаттама, _____ ___________ 2013 ж. Төраға ________ Батырова К.А. 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында құпталып және баспаға ұсынылды № __ хаттама, ____ ____________2013 ж. ОӘК төрағасы ________ Искакова Г.К. 4 Алғаш рет енгізілді Мазмұны * Жалпы мағлұмат * Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағатты жіктеу. * Курсты оқыту туралы әдістемелік нұсқау * Курстың форматы * Курстың саясаты * Баға қою саясаты * Әдебиеттер 1. ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР 1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат Қасымханова Күләш Ағыбаевна Кафедра <<Физика>> Байланыс туралы ақпарат - тел. , №3 оқу корпусы, № каб. Сабақты жүргізу орыны - 3-ші қабат аудиториялары Осы пән бойынша кредит саны - 3 1.2 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме (1 кесте): 1 кесте - оқу жұмыс жоспарынан көшірме 1 кесте Курс Семестр Кредит Дәріс Зерт. (сағ) Машық сабағы СӨЖО (сағ) ӨЖ Барлығы (сағ) Қорытынды бақылау түрі 2 3 3 15 15 15 22,5 67,5 135 Емтихан 1.3. Пәннің қысқаша мазмұны: Электрлік зарядтардың өзара әсерлесуі, тұрақты электр өрісі, суперпозиция принципі, диэлектриктер, тұрақты электр тогы, электрөткізгіштік, тұрақты токтың магнит өрісі, магнит өрісінің индукциясы және кернеулігі, Био-Савар- Лаплас заңы, заттағы магнит өрісі, магнетиктер, электромагниттік индукция, айнымалы ток, Максвелл теңдеулері. Физикалық тұрақтыларды тәжірибеде анықтау: электрон зарядының оның массасына қатынасы; денелердің электрофизикалық сипаттамаларын анықтау, физикалық заңдарды тексеру: Ом, Джоуль-Ленц және т.б. 1.4 Осы курстың мақсаты: - студенттерде қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесін және ғылыми көзқарастарын дамыту; - физиканың фундаментальды заңдары туралы білімді беру және оларды қолдана алуға үйрету; - электромагниттік құбылыстардың негізгі заңдылықтарын жалпылама бақылаулар бойынша, тәжірибе мен теорияны салыстыра отырып түсінуге баулу. 1.5 Осы пәннің негізгі мақсаты қарастыратын негізгі құбылыстар жайлы білімді, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, физикалық шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін; тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеу туралы мағлұматтар алулары керек. 1.6 Оқытудың нәтижелері: Курсты оқығаннан соң студент игеруі қажет: -негізгі құбылыстарды, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін; -тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеуді; - физика заңдарын нақты физикалық есептерге қолдануды, құралдармен жұмыс істеуді; ұға білуі қажет: негізгі физикалық заңдылықтарды, олардың табиғатта байқалуын және техникада қолданылуын, математикалық сипатталуын; меңгеруі қажет: физикалық приборлармен жұмыс істеуді, физиканың нақты есептерін шығаруды және оны физика заңдарымен байланыстыра білуді; Курсты оқығаннан соң студент мынаны істей білуі қажет: - құбылыстың физикалық механизмін аша білуі, белгілі бір нақты процестерде электрлік және магниттік параметрлердің өзгерісіне талдау жасай білуі, - статистикалық әдісті қолдана білуі; - құралдармен және жүйелердің негізгі параметрлерін өлшеу әдістерімен жұмыс істей білуі; - Электрлік құралдармен істелінетін физикалық эксперименттердің техникасын меңгеру; - процесс сипаттамаларын өлшей білуі, өлшеу нәтижесін бағалай білуі, компьютерді қолдана білуі және өлшеу нәтижесінің статистикалық өңдеуінің нәтижесін ала білуі; электр және магнетизм есептерін шығара білуі. 1.7 Курс пререквизиттері: 1.7.1 механика 1.7.2 молекулалық физика 1.7.3 математикалық анализ 1.8 Курс постреквизиттері: 1.8.1 Оптика 1.8.2 Атомдық физика 1.8.3 Электротехника 1.8.4 Ядролық физика 1.8.5 1.8.6 Кванттық механика 1.8.6 Қатты денелер физикасы 5. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ Кесте 2 Тақырып аттары Сағаттар саны Әдебиеттер Дәріс Зерт.сабақ Машық. саб. ОБСӨЖ СӨЖ 1 2 3 4 5 6 Дәріс № 1 Кіріспе. Электростатика. Электр зарядының сақталу заңы. Электр өрісі. Электростатикалық өрістің кернеулігі. Суперпозиция принципі. Электрлік диполь. Векторлар ағыны. Остроградский-Гаусс теоремасы. Машықтану сабағы № 1 Электростатикалық өріске арналған Кулон күші>> Зертханалық сабақ № 1 <<Электростатикалық өрісті зерттеу>> Өздік жұмыс № 1 Вакуумдағы кейбір электростатикалық өрістерге Гаусс теоремасын қолдану 1 2 1 1 1 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5, 7.1.5, 7.1.6, 7.1.7, 7.1.8 Дәріс № 2 Электростатикалық өрістің потенциалы. Электр өрісіндегі жұмыс. Потенциал градиенті. Машықтану сабағы № 2 Электростатикалық өрістің потенциалы. Электр өрісіндегі жұмыс. Өздік жұмыс № 2 Эквипотенциал беттер. 1 1 1 1 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5, 7.1.5, 7.1.6, 7.1.7, 7.1.8 Дәріс № 3 Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Өткізгіш-вакуум арасындағы шекаралық шарттар. Машықтану сабағы № 3 Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Зертханалық сабақ № 2 Металдардың кедергілерінің температураға тәуелділігі. Өздік жұмыс № 3 Электростатикалық генератор. 1 2 1 1 1 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5, 7.1.5, 7.1.6, 7.1.7, 7.1.8 Дәріс № 4 Электр сиымдылық. Конденсаторлар. Әртүрлі конденсаторлардың сиымдылықтары. Машықтану сабағы № 4 Электр сиымдылық. Конденсаторлар. Өздік жұмыс № Конденсаторларды қосу. 1 1 1 1 1 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5, 7.1.5, 7.1.6, 7.1.7, 7.1.8 Дәріс № 5 Электростатикалық өрістегі диэлектриктер. Поляризацияланған зарядтар. Поляризациялану. Диэлектриктердің түрлері. Электрлік ығысу. Машықтану сабағы № 5 Электростатикалық өрістегі диэлектриктер. Өздік жұмыс № 5 Сегнетоэлектриктер 1 1 1 1 1 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5, 7.1.5, 7.1.6, 7.1.7, 7.1.8 Дәріс № 6 Электрлік зарядтардың өзара әсерлесу энергиясы. Зарядталған конденсатордың және өткізгіштер жүйесінің энергиясы. Электростатикалық өрістің энергиясы. оның көлемдік тығыздығы. Машықтану сабағы № 6 Электростатикалық өрістің энергиясы. Өздік жұмыс № 6 Электростатикалық өрістің энергиясының көлемдік тығыздығы. 1 2 1 1 1 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5, 7.1.5, 7.1.6, 7.1.7, 7.1.8 Дәріс № 7 Тұрақты электр тогы. Металдардың электрөткізгіштігінің классикалық теориясы. Ом, Джоуль-Ленц заңдарының дифференциальдық формалары. Бөгде күштер. Кирхгоф заңдары. Машықтану сабағы № 7 Тұрақты электр тогы. Зертханалық жұмыс № 3 Уитстон көпірі көмегімен өткізгіштердің кедергілерін анықтау Өздік жұмыс № 7 Кирхгоф заңдарын қолдану 1 2 1 1 1 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5, 7.1.5, 7.1.6, 7.1.7, 7.1.8 Дәріс № 8 Контактілі потенциалдар айырмасы. Термоэлектрлік құбылыстар. Газдағы және плазмадағы электр тогы. Машықтану сабағы № 8 Контактілі потенциалдар айырмасы. Термоэлектрлік құбылыстар. Газдағы және плазмадағы электр тогы. Зертханалық сабақ № 4 Термо эқк анықтау. Термопараны градиурлеу. Өздік жұмыс № 8 Электролиттердегі электр тогы. 1 2 1 1 1 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5, 7.1.5, 7.1.6, 7.1.7, 7.1.8 Дәріс № 9 Магнит өрісі. Магнит индукциясы векторы. Суперпозиция принципі. Био-Савар-Лаплас заңы. Лоренц күші. Магнит өрісіінде зарядталған бөлшектердің қозғалысы. Машықтану сабағы № 9 Магнит өрісі. Био-Савар-Лаплас заңы. Зертханалық сабақ № 5 Жердің магнит өрісінің кернеулігінің горизонталь құраушысын анықтау. Өздік жұмыс № 9 Холл эффектісі. 1 2 1 1 1 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5, 7.1.5, 7.1.6, 7.1.7, 7.1.8 Дәріс № 10 Магнит ағыны. Магнит өрісінде тогы бар орам. Рамкаға әсер ететін күш моменті. Магнит өрісіне арналған Гаусс теоремасы. Магнит өрісінде тогы бар өткізгіштің орын ауыстыру жұмысы. Машықтану сабағы № 10 Магнит өрісіне арналған Гаусс теоремасы. Зертханалық сабақ № 6 Холл датчигі көмегімен магнит өрісі индукциясын өлшеу. Өздік жұмыс № 10 Зарядталған бөлшектерді үдеткіштер 1 2 1 1 1 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5, 7.1.5, 7.1.6, 7.1.7, 7.1.8 Дәріс № 11 Заттағы магнит өрісі. Магнетиктердің түрлері. Диа-, пара және ферромагнетиктер. Кюри температурасы. Екі орта шекарасындағы шекаралық шарттар. Заттағы магнит өрісіне арналған толық ток заңы. Машықтану сабағы № 11 Заттағы магнит өрісі. Зертханалық сабақ № 7 Сұйықтың диэлектрлік өтімділігін өткізгіш қос сым арқылы анықтау. Өздік жұмыс № 11 Соленонид пен тороидтың магнит өрісі. 1 2 1 1 1 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5, 7.1.5, 7.1.6, 7.1.7, 7.1.8 Дәріс № 12 Электромагниттік индукция құбылысы. Оның негізгі заңы. Ленц ережесі. Өзара және өздік индукция. Ұзын соленоидтың индуктивтігі. Өзара индукция коэффициенті. Токтың магнит энергиясы. Магнит өрісі энергиясының тығыздығы. Машықтану сабағы № 12 Электромагниттік индукция құбылысы. Өздік жұмыс № 12 Құйынды токтар. 1 1 1 1 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5, 7.1.5, 7.1.6, 7.1.7, 7.1.8 Дәріс № 13 Максвелл теңдеулері. Электромагниттік индукцияны фарадейше және максвелше талдау. Максвелл теңдеулері жүйесі. Векторлық және скалярлық потенциалдар. Машықтану сабағы № 13 Максвелл теңдеулері. Өздік жұмыс № 13 Трансформаторлар. 1 1 1 1 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5, 7.1.5, 7.1.6, 7.1.7, 7.1.8 Дәріс № 14 Электромагниттік толқындар. Толқындық теңдеу. Электромагниттік қозулардың таралу жылдамдығы. Электромагниттік тербелістер. Тербелмелі контур. Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Машықтану сабағы № 14 Электромагниттік толқындар мен тербелістер Зертханалық сабақ № 8 контурдағы өшетін тербелістерді зерттеу. Өздік жұмыс № Резонанс. 1 1 1 1 1 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5, 7.1.5, 7.1.6, 7.1.7, 7.1.8 Дәріс № 15 Айнымалы электр тогы. Айнымалы токқа арналған Ом заңы. Кернеу және ток резонансы. Сызықты емес маятник. Машықтану сабағы № 15 Айнымалы электр тогы. Өздік жұмыс № Динамикалық хаос. 1 1 1 1 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5, 7.1.5, 7.1.6, 7.1.7, 7.1.8 3. ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР Курсты оқыған кезде берілген тақырыптың негізгі жағдайларын қарастыруға баса назар аудару керек, осы мақсатта пәннің оқу-әдістемелік кешенін ұсынып отырмыз, ол студенттердің оқулықпен жұмыс істеуін жеңілдетеді. Пәнді оқып меңгеруі үшін студенттің қолында оқулықтар, оқу құралдары, физикадан зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар бар. Ең маңыздысы дұрыс оқулық таңдап алу. Бір уақытта бірнеше оқулықты пайдаланудың қажеті жоқ, ұсынылып отырға әдебиеттердің ішінен тек біреуін ғана негізгі етіп алу керек. Басқа оқулықтарды тек қажетті материал болмаған кезде немесе оқулықта қысқаша ғана көрсетілген кезде ғана пайдаланады. Курсты тақырып бойынша, пән бағдарламасына сәйкес оқыған жөн. Студент барлық аудиториялық сабақтарға және ОКӨБЖ - қа қатысуы міндетті, оқытушымен қосымша сабақ өтуге мүмкіндігі бар. 4. КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ Студент мерзімінде оқытушыға ӨБЖ тапсырмаларын тапсыруы қажет, зертханалық, машықтану сабақтарына дайын болуы керек. Студент сабақты босататын болса, оның рейтингісі төмендетіледі, сондықтан ол босатылған сабақтар бойынша бақылау жұмысын орындауы қажет. Студент оқу сабақтарының барлық түрлерінде белсенді жұмыс істеуі қажет, оның жұмысы баллмен бағаланады да, қосылып аралық және қорытынды рейтинг қойылады. ОКӨБЖ - қа сабақ және өзбетімен жұмыс кезінде қиындық тудырған сұрақтар шығарылады. Егер ондай сұрақтар туындамайтын болса, дәріс бойынша білімін кеңейтіп тереңдетеді, қосымша ғылыми әдебиеттермен танысуына болады. 5. КУРСТЫҢ САЯСАТЫ Студентке қойылатын талаптар: Сабаққа қатысу: Дәріс, машықтану сабақтарына қатысу міндетті түрде. Қандай да бір себептермен сабақты босататын жағдайда да студент өзбетімен жұмыс тақырыптарын дәл уақытында өткізу қажет, ал босатылған сабақтар тақырыбы бойынша бақылау жұмысын жазу немесе тест тапсыру керек. Мінез-құлық: Сабақ уақытында үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша "қанағаттанғысыз" деген баға қойылады. Бақылау тапсырмалары: Міндетті түрде оларды дәл уақытында орындап тапсыру керек. Уақытынан кешіктіріліп тапсырылған тапсырмалар автоматты түрде төмендетіліп бағаланады. Межелік аттестация: Межелік аттестация сабаққа қатысу, өзбетімен жұмысты дәл уақытында өткізу, сабақ кезінде ауызша және жазбаша түрде тапсыру, межелік бақылау нәтижесінде қойылады. Көшіру мен плагиат: Кез-келген көшіріп алу немесе плагиат (басқа студенттердің дайын тапсырмалары мен шығарылған есептерін қолдану) анықталатын болса студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша "қанағаттанғысыз" деген баға қойылады. Ұялы телефондар: Сабақ кезінде өшіріліп қоюы керек. Емтихан: Қорытынды ауызша емтиханға пән бойынша қойылатын ең жоғары баллдың 50% алған студенттер жіберіледі. 6. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ. <<Физика>> пәні бойынша балдардың бөлінуі 2- кесте 2- кесте Апталар Бақылау түрлері Барлық балдар Ескерту 3 апта Машықтану сабағы 20 Зертханалық сабақ 20 СОӨЖ 10 СӨЖ 20 6 апта Машықтану сабағы 20 Зертханалық сабақ 20 СОӨЖ 10 СӨЖ 20 7 апта Машықтану сабағы 20 Зертханалық сабақ 20 СОӨЖ 10 СӨЖ 20 Рейтинг 60 11 апта Машықтану сабағы 20 Зертханалық сабақ 20 СОӨЖ 10 СӨЖ 20 14 апта Машықтану сабағы 20 Зертханалық сабақ 20 СОӨЖ 10 СӨЖ 20 15 апта Машықтану сабағы 20 Зертханалық сабақ 20 СОӨЖ 10 СӨЖ 20 Рейтинг 60 7. ОҚУЛЫҚТАР 7.1 Негізгі оқулықтар 7.1.1 Трофимова Т.И. Курс физики. М, Высшая школа, 1981-1999 г. 7.1.2 Савельев И.В. Жалпы физика курсы II. Алматы Мектеп 77ж.(аударма) 7.1.3 Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики, ІІІ том М, Высшая школа, 1989 г. o Телеснин Р.В., Яковлев В.Ф. курс физики. Электричество. 2-е изд. М., Просвещение, 1969 o Мұқышева М.Қ., Паримбеков З.А., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсы, 1 бөлім:Механкика. Молекулалық физика. Электр және магнетизм. Семей, 2009. o Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы Алматы, Мектеп, 1974 ж. o Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы, Ана тілі, 1991 ж.. 7.1.8 Сивухин Д.В. Общий курс физики. М, Наука, 1977-1986 г. 7.1.9. Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж., Турысбекова Б.Ш. Электромагнетизм, Семей 1991 ж. 7.1.10. Паримбеков З.А., Рахимбердина А.Т., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсынан зертханалық практикум: Оқу-әдістемелік құрал, 2012 ж. 8.1. Қосымша 8.2.1. Дж. Орир Физика в 2-х томах ., Москва, Мир, 1981 г. 8.2.2. Берклеевский курс физики 1-6 томы, Москва, Наука, 1971 - 1978. 8.2.3. Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачи по физики. М. Высшая школа, 1988 г. 8.2.4.Белешина А.М. Учебное пособие для самостоятельного обучения решении задач по физики в вузе, Воронеж, ВГУ, 1968 г. 8.2.5 Физический практикум под редакцией Ивероновой В.И., М, Наука, 1968 г. 8.2.6. Беликов Б.С. Решение задач по физики, М, Высшая школа, 1986 г.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz