Файл қосу

Көркем әдебиеттің әлеуметтік сипаты





ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ  АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3-деңгейлі СМЖ
құжаты

ПОӘК


  ПОӘК 042-18-28.1.23/03-2013


ПОӘК<<Әдебиеттануға кіріспе >>пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 
______2013 жылғы 
№ 3 басылым






           5 В 011700 <<Қазақ тілі мен әдебиеті
                       5 В020500 <<Филология>>
В 012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
                                       
                <<Әдебиеттануға кіріспе  >>
          ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ
             ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
                                       
                                       
                                       
                                       

                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                  СЕМЕЙ
                                     2015

Мазмұны

1  Глоссарий
2  Дәріс сабақтарының мазмұны
3  Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
4  Студенттердің өздік жұмысы 
5  Пайдаланған әдебиеттер тізімі





































                              Глоссарий
  + Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылықтың табиғаты мен адамзаттық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиеттану ғылымының саласы. Әдебиет теориясының зерттеу объектісі үш түрлі мәселені қамтиды: қаламгердің болмысты бейнелеудегі суреткерлік шеберлігін, шығарманың әдеби көркемдік құрылымын, әдеби процесті. 
  + Эстетика  -  болмысты суреттеудегі әдебиеттің  адамның эсетикалық санасын байытып, жан тазалығы, эстетикалық ләззат беретін әдемілікті идея мен мақсатқа сай суреттеу. Эстетиканы анқтаудың  үш шарты бар: 1) тұтастық, 2)үйлесім, 3) айқындық.
  + Әдеби шығармашылық  -  қаламгердің көркем туындылар тудырудағы еңбек  процесі.
  + Методологиялық мектептер  -  көркем шығармаларды жазу мен танудағы ғылыми ілімдер. 
  + Әдеби бағыт - әдебиет тарихындағы қаламгерлердің идеялық көркемдік мақсат-мүдде бірлігінен туған шығармашылық үндестік.
  + Әдеби ағым  -  бірнеше қаламгерге тән шығармашылық бірлік.
  + Көркем әдебиеттің табиғаты  -  көркем өнердің халықтық, танымдық, тәрбиелік, көркемдік, эстетикалық мәндері.
  + Эстетикалық таным  -  халықтың өмірге философиялық көзқарасының көркем өнердегі көрінісі.
  + Кейіпкер  -  көркем әдебиетте бейнеленетін оқиғаға қатысушы образ. 
  + Архетип  -  о баста адам қиялында пайда болып, соңында өзіндік мазмұнға ие болған архаикалық рәсімдердегі психологиялық схемаларға тән мотивтер мен әдіс-тәсілдер.
  + Автор - өнер туындысын дүниеге әкелуші қаламгер. 
  + Поэтика  -  көркем шығармадағы құндылықты бар болмысымен айқындар жүйе туралы  әдебиеттанудың көне ғылым  саласы.
  + Сюжет - өзара жалғасқан оқиғалар тізбегі, біртұтас желісі.
  + Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен кішілі бөлім бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі.
  + Герменевтика  -  текстерді ұғындыру  және оның принциптерін түсіндіру жөніндегі ілім. 
  + Жанр - әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.
  + Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.
  + Стиль  -  жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.  
  + Әдеби байланыс  -  ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы.

2  Дәріс сабақтарының мазмұны
1 модуль.    Әдебиеттану пәні.  Әдебиет теориясының дамуы және қалыптасуы 
1-дәріс: Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері.
1.Әдебиеттану пәні   зерттеу аялсыы мен проблемалары.
2.Әдебиеттану  және фольклортану.
3.Әдебиеттанудың пәнаралық байланыстары.

Әдебиет теориясы мен эстетиканың ерте кезеңі.	
Әдебиет теориясы жайлы алғашқы ұғымдар. Көне үнді, шумер елдерінің мәдени ескерткіштері. <<Махабхарата>>, <<Ригведа>>, <<Рамаяна>> эпостарындағы сұлулыққа қатысты сезім, пайымдар, өлең түзу ережелері. <<Гильгамеш>> жырындағы ерлік пен достық, махаббат идеялары. Энкиду бейнесінің көшпенділер эстетикасымен тамырластығы Антикалық дәуір эстетикасындағы екі бағдар. Өмірге материалистік көзқарас және обьективті, субьективті идеализм. Дүниетанымның тарихи-әлеуметтік, философиялық алғы шарттары. Соңғы классика дәуірі және Аристотель (б.д.д. 384-322ж.ж.). Поэзияның табиғатқа еліктеушілік қызметі. Өнерде нанымды құбылыстарды бейнелеу. Қиял, өмірлік материалды іріктеудің маңызы. Көркемдік танымның ғылыми танымнан өзгешелігі. Рухани тазару, <<катарсис>> теориясы және шығарманы қабылдау мәселелері. Гораций Флакк(б.д. 65-8 ж.ж.). <<Пизондарға арнау>> (<<Поэзия өнері>>) атты өлеңмен жазылған трактат. Шығармадан қарапайымдылықты талап ету. Көлемдік шектеу. Шынайылық пен нанымдылыққа айрықша мән беру. 
Орта ғасыр қайта өркендеу дәуірінің эстетикасы.
Орта ғасыр эстетикасындағы діни, құдайшылық сарындардың жетекші сипат алуы. Ерте орта ғасырда өмір сүрген Аврелий Августиннің (б.д.д.354-430ж.ж) абсолютті сұлулық туралы пікірлері. Кейінгі орта ғасыр эстетикасының өкілі  -  Фома Аквинский (1225-1274). Әсемдіктің обьективтік сипатын мойындау. Сұлулықты анықтау үшін қойылатын үш шарт: 1) тұтастық, 2) үйлесім, 3) айқындық. Құдай-абсолютті сұлулық әрі абсолютті игілік. Ұлттық эстетиканың қайнар бұлағы. Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің ізі. Қаңлы жазуы. Сақ-скиф бейнелеу өнері. 6-9 ғасырлардағы орта түрік әдеби мұралары саналатын  <<Күлтегін>>, <<Тоныкөк>> жырларында, 10-12 ғасырлар әдебиетіндегі М.Қашғаридің <<Диуани лұғат ат-түрк>>, Ж.Баласағұнның <<Құтадғу біліг>>, А.Яссауидің <<Диуани хикматында>> ұшырасатын жалпы адамдық асқақ сезім, әсем ой, биік әсер көріністері.    Әбунасыр әл-Фарабидің өнер салаларының теориясына қосқан үлесі . Муыканың ұлы кітабы . Әуеннің үш түрі . Музыкалық қабілет . Дарын . Ұстаздық . 
    Батыс Европадағы ояну дәуірінің (ренессанс) әдебиет пен өнердегі ілгері жаңалықтарға бастауы . Қоғам өміріндегі алғы шарттар . Адам тұлғасының асқақ орны . Ізгілік пафосы .
    Әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуы .
    Классицизм эстетикасының көне дәуір және қайта өрлеу кезеңінің эстетикасымен байланысы . Көркем шығармаға тұрақты шарттар ұсынуы . Үш бірлік туралы ереже . Әлемдік ұғымына уақыттан тыс мағына арту .
   Дидро мен Лессинг арқылы әдеби  -  көркем сынның өріс алуы. 18 ғасыр-әдебиет теориясының негізі қалану кезеңі. Лессингтің <<Гамбург драматургиясы>> , <<Лаокоон немесе бейнелеу өнері мен поэзияның шек  -  жиегі>> атты еңбектері .
   И.Г.Гердердің (1744  -  1803) ағартушылық эстетикасындағы идеяның басымдығына наразылық .
   И.Кант (1724 - 1804) . Табиғат әлемі мен адамзаттық (мәдениет, мораль) әлемі . Мәдениеттің ең жоғарғы көрінісі  -  эстетикалық көрініс .
   Романтиктер  -  ағартушылық идеяны жалғастырушылар . Шығармашылық қызметтегі жекелік фактордың орны . Лиризм .
   Г.В.Гегель (1770  -  1831)  -  эстетикалық ойдың алыбы, ғылымдағы диалектикалық ойлау принцптерін қалыптастырушы .
   Абсолюттік идея теориясы. Идеяның ең биік асуы  -  абсолюттік рух. Эстетикалық қызметпен айналысудың себептері . Шығармашылықтың ескіні қиратпай  -  ақ , жаңаны тудыруы .
   Антикалық өнерді ардақтау . Дүниеге тарихи көзқарас . Көркем шығарманы қарастырудағы тарихи және логикалық тәсілдердің бірлігі . 
   Артур Шопенгауэр (1788  -  1860) . <<Өмір философиясы>> . Интеллектінің ерікке бағыныштылығы . Еріктен асу арқылы қасіреттен айығу . Суреткердің қабылдау әсеріне билігі . Обьективті сұлулықтың субьектімен сабақтастығы . Музыканың ерекшелігі . 
   Серен Кьеркегор (1813  -  1855) . Қорқыныш философиясы . Құдайға баратын жол іздеу . Субьективтіліктің ақиқаттығы . Экзистенция . 
   Ф.Ницше (1844  -  1900) . Әлем және <<құдіреттікке еріктілік>> .Мәдениет тілі . Өмір формаларын сақтауға тырыса отырып , өзгерту . 
   В.Дильтей (1833  -  1911) . Герменевтикалық зерттеудің бастауы . О.Шпенглер (1880  -  1936) . Мәдениеттердің шектеулі ғұмыры . Мәдени полицентризм туралы . 
      Әдебиеттер:1-12,13. 

	 2-дәріс: Әдеби шығармашылық және әдебиеттану  методологиясы.
* Әдебиеттанудағы мифологиялық мектеп.
* 2.Тарихи  - мәдени  мектеп.
* Компративизм мектебі.
* Әдебиеттанудағы психологиялық мектеп.
* Интуитивизм мектебі. 
* Әдебиеттану және фрейдизм.
     
 Халықшылдық эстетиканың тағлым, талаптары.
   Уақытқа диалектикалық көзқарас. Марксшілдік, кейіннен маркстік-лениндік деп аталған әдебиеттану мен өнертану қағидаларын, басым пафосына қарап, шартты түрде халықшылдық эстетика деп таңбалау. Маркстік, материалистік дүниетанымның адамзат дамуына елеулі рол атқарғанын біржақты жоққа шығармай, тарихи факт ретінде түсіну. А.Герцен, В.Белинскиий, Н.Чернышевский, Н.Добролюбов, Д.Писарев. Орыс революционер демократтарының ғылыми-сын мұрасы.
   В.Плеханов: әсемдіктің обьективті мәнін ашу. Оның адам тіршілігімен тамырластығы. Өнердің шығу тегін, даму жолын қоғамдық сананың өсу жолымен тығыз қарастыру.
   А.В.Луначарский. <<Жылжымалы эстетика>> туралы. Формалистік, тұрпайы социологиялық бағдарлармен арадағы тартыс.
   Әдебиеттану ғылымындағы методологиялық мектептер. 
   ХІХ ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа елдеріндегі капиталистік қарым-қатынастың өрістеуі. Философиядағы позитивизм бағыты. Әдебиеттанудағы ірге тасын ағайынды Якоб Гримм (1785-1863) мен Вильгелм Гримм (1786-1859) қалаған мифологиялық мектеп.
   ХХ ғасырда бұл мектептің қайта жаңғыруы. Швейцар психологы К.Н.Юнгтің (1875-1961) адам психикасындағы архетип жайлы идеясы. Ж.Лакан. Адам психикасында реалды, қиялдағы символдық кабаттар.
   Тарихи-мәдени мектеп. Француз тарихшысы әрі өнер зерттеушісі Ипполит Тэн (1828-1893). Әдебиет пен өнер мәселелерін жаратылыстану ғылымдарындағы салқынқандылық бағдармен сараптауды ұсыну. 
   Теодор Бенфей (1809  -  1881) . Салыстырмалы-тарихи (компоративизм) мектеп. Шығыс пен Батыс арасындағы сюжет алмасу теориясы.
   А.Н.Веселовскийдің (1838-1906) көшпелі сюжет ілімі. Әдеби дамудың ортақ кезеңдері. Ұқсас сарындардың туу себебі. Әдеби дәстүрдің маңызы. В.Жирмунский,  Н.Конрад. Қазіргі салыстырмалы әдебиеттану. Клод Пишуа мен Андре Мишель Руссо (<<Салыстырмалы әдебиеттану>> ,1951), А.Дима (<<Салыстырмалы әдебиеттанудың принциптері>>, 1972>>), Д.Дюришин (<<Әдебиетті салыстырмалы зерттеудің теориясы>>, 1979), т.б.
    Психологиялық мектеп және А.А.Потебня (1835-1891). Сана мен тілдің байланысы. Тіл мен әдебиет. Адамның рухани өмірі. Көркем туындыны қабылдау процесі.
    Анри Бергсон (1859-1941), Бенедетто Кроче (1866-1952) есімдерімен тығыз байланысты  ағым  -  интуитивизм. Әр заттың дара қасиетін интуиция арқылы ғана ашу. 
    ХХ ғасырдағы дүние жүзі эстетикасына психиатр-дәрігер Зигмунд Фрейд (1856-1939) енгізген жаңалық. <<Психоанализге кіріспе>>, <<Тотем мен табу>>, <<Мен>> және <<Ол>> еңбектері, сол сияқты Ф.Достоевский шығармашылығына қатысты мақалалардағы тұтас толымды өзгеше батыл тұғырнама.
Әдебиеттер: 1-12  
2 модуль. Қазіргі әдебиеттану іргелі зерттеулер

3-дәріс: Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар. 
* Формализмнің теориялық ұстанымы.
* 2.Тұрпайы социологизм ағымы.
* 3.Структурализм эстетикасы.

Формализм  -  ХХ ғасырдың басындағы белгілі теориялық ағымдардың бірі. 1920 жылдардағы орыс зерттеушілері құрған ғылыми ұйымның аты  -  ОПОЯЗ. Бұл бағыттың іргелі өкілдері: В.Шкловский, Б.Эйхенбаум, Ю.Тынянов, Р.Якобсон, В.Томашевский.
    Тұрпайы социологизм. В.Фриче, В.Шулятников, В.Переверзев, т.б. Әлеуметтік ортаны, қоғам сипатын артық қою, тұрақталмаған әркелкі көзқарас.
    Э.Кассирер (1874-1945). <<Символикалық формалардың философиясы>> атты зерттеуі. Дж.К.Рэнсомның 1941 жылы жарық көрген <<Жаңа сын>> еңбегі. Америка әдебиеттануындағы және Батыс елдеріндегі соны ғылыми мектептің қалыптасуы.
Структурализм  -  формализмнің бір тармағы. Француз мәдениет танушылары Р.Барт, Кл.Леви  -  Стросстың 1950 жылдардан бергі ізденістері. Р.Барттың бәрінен бұрын мәтінге көңіл аударуы.
    Ю.Кристеваның лингвистикалық структурализм шеңберінен шығуы. <<Роман тексі>> (1970), <<Поэтикалық тілдің революциясы>> (1974) атты кітаптары. <<Текст өнімділігі>>, <<семиотикалық ырғақ>> туралы.
    Шетел әдебиеттануындағы антропологиялық теориялар. А.Шопенгауэрдің өзгермес дүние туралы пікірлеріне сүйену. А.Кестлердің К.-Г.Юнгтің <<архетип>> терминін пайдалануы.
    Орыс әдебиет тануындағы М.Бахтин еңбектерінің философиялық, теориялық мәні. Ю.Лотманның <<Поэтикалық тексті талдау>>, <<Көркем текст құрылымы>> атты кітаптары. Математикалық, статистикалық зерттеу тәсілдері.
    Әдебиеттанудағы АҚШ-та серпін алып отырған семантика-символикалық сын. Қазіргі миф, символ, метафора жайлы теориялар. Символдық формалардың дербестігі. Көркем шығарманың біртіндеп <<тұйықталу>> процесі. Табиғат, адам, қоғам қарым-қатынасы.
    Әдебиет пен өнерге қатысты синэнергетика жетістіктерін пайдалану (Г.Хакен, И.Пригожин, И.Стенгерс, И.Евин). <<Тәртіп параметрі>>, <<Тұрақтылық пен тұрақсыздық>> ұстанымы. Құпия символы, апат, секірмелі сапалық өзгерістер, ырғақ пен синхрондылық, <<керемет>>, <<бедел>> ұғымдары.

Әдебиеттер:1-12 


4-дәріс: Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері.   
* Фольклор және әсемдік.
* Ш.Уәлиханов,Ы.Алтынсарин,Абайдың эстетикалық көзқарасы.
* Әдебиет теориясы туралы оқу құралдары.
Әсемдік туралы талғам, пайымдардың ұлттық фольклордан бергі үзілмес арнасы. 
ХІХ ғасырдағы поэзия өнеріне қатысты арнайы пікір, толғамдар. Шоқан Уәлихановтың (1835-1865) <<Манас>> жырын, <<Қозы Көрпеш  -  Баян сұлу>> лиро-эпосын жазып алып, насихаттауы.
    Ы.Алтынсариннің ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жариялаудағы еңбегі. Абай шығармаларындағы поэзияның әлеуметтік, эстетикалық сипатына байланысты пайымдаулар.
    <<Түркістан уәлаятының газеті>> (1870-1882), <<Дала уәлаятының газеті>> (1888-1902), <<Қазақ>> (1913-1918), <<Алаш>> (1916-1917), <<Сарыарқа>> (1917-1918) газеттерінде, <<Айқап>> журналында жарияланған әдеби нұсқалар мен мақалалардың әдеби-эстетикалық талап-тілектердің өсіп толысуы үшін атқарған ролі.
    М.Жұмабаевтың Ақан сері, Базар жырау, Ә.Диваев туралы мақалалары. Ж.Аймауытовтың М.Жұмабаев шығармашылығын талдайтын еңбегінде стиль, әдеби әдіске қатысты пікірлер.
    Ахмет Байтұсыновтың <<Әдебиет тынытқышы>> (1926)  -  қазақ әдебиет тануындағы алғашқы теориялық кітап.
    1920-30 жылдардағы әдеби сын. Зеттеу және айтыс-дау сарынындағы мақалалар. Пролеткультшілдер. Тұрпайы соцологизм. Ғ.Тоғжановтың Абай, Мағжан шығармашылығы жайлы кітаптарының мәні.
    М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Нүрпейісов, Т.Ахтанов сияқты көрнекті қаламгерлер айтқан ой-тұжырымдардың шығармашылық әлемімен тығыз байланысы.
    Е.Смайыловтың, Қ.Жұмалиевтың <<Әдебиет теориясы>> пәні бойынша дайындаған оқулықтарының <<Әдебиеттану ғылымының негіздерін>> танып-білудегі орны. З.Қабдоловтың әдебиет теориясын терең қамтып қарастаратын <<Сөз өнері>> атты жоғары оқу орындары филология факультетінің студенттеріне арналған оқулығындағы жаңалықтар.
    Өлең құрылысы мен поэтикалық тіл табиғатын зерттейтін З.Ахметов еңбектері. Поэзия және проза, драма поэтикасын, жанрлар сырын сарапқа салатын зерттеулер.
    М.Қаратаевтың реализм, эстетика табиғатына байланысты мақала зерттеулері. Лирика, поэма жанрларын таразылайтын С,Қирабаев, М.Базарбаев, М.Дүйсенов, Ә.Нәрімбетов, Қ.Мәшһүр-Жүсіпов еңбектеріндегі ой-толғамдар, ТКәкішевтің әдеби-сын, Р.Нұрғалиевтың драмадағы поэтика, мазмұн мен пішін байланысына орай жазылған кітаптарындағы, Р.Бердібаев, Ш.Елеукенов, Н.Ғабдуллин, Ж.Дәдебаев, Т.Есембеков, А.Жақсылықов сияқты ғалымдардың проза, роман болмысы жайлы еңбектеріндегі ғылыми-эстетикалық тұғырнама. Т.Қожакеевтың сатира жанрларына берген анықтама, талдаулары.  Салыстырмалы әдебиеттану. Ш.Сәтбаев, Л. Әуезова, Н.Жуанышпеков, БМамыраев, М.Маданова т.б. еңбектері. Коммуникативтік поэтика мәселелері.
    Қазақ әдебиеттануының әдебиет тарихы, фольклористика саласындағы табыстары. Салыстырмалы әдебиеттану.

Әдебиеттер: 1-12 
3 модуль Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері.

 5-дәріс:  Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері.    
* Әсемдік және ажарлылық.
* Асқақтық сезім сипаты.
* Қаһармандық туралы ұғым.
* Трагедиялық сезім мазмұны.
* Келеңсіздіктің табиғи,әлеуметтік шарттары.
* Күлкі және сұрқайлық.
* Ғылым мен әдебиет.
* Өнер және әдебиет.
* Сөздің бейнелік қызметі.
    Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі.
    Өнер түрінің пайда болуындағы сатылық даму. Табиғи тұрмыс-кәсіптік өмірдің алғышарт ретіндегі орны. Рулық қауым. Өнердің синкреттілік болмысы.
    Кәсіптік өзгешіліктердің уақыт алмасу үрдісімен сабақтастығы. Көне гректердегі Дионис туралы миф. Қоғамдық құрылымдағы ірілену. Құдайларға табыну. Көркем би, әуен, сөздік лириканың тууы.
   Көне түкі заманы. Отырықшылық пен көшпенділік. Көне жәдігерлер. <<Түймекент>>, <<Тас-Ақыр қамал>> аңыздарындағы тарихи өзек. Соңғы палеолит, сақ-сармат (б.д.д. ҮІІІ-ҮІІ ғғ.) өнеріндегі қиялдың ролі, табиғатпен бірлікке ұмтылыс. Мал шаруашылығы. Аңшылық. Неолит заманындағы миф. Бұғы суретіндегі көне таным.
    Ай, күнге табыну. Аруаққа сыйыну, жоқтау өлеңдері. От-анаға табыну.
    Әдебиет және эстетикалық категориялар.
    Әсемдік-эстетикалық қасиет ұғымының баламасы. Ажарлылық пен әсемдіктің айырмасы. Түр, көлем, түс, ырғақ, симметрия, үйлесім туралы сезімдердің тарихы. Әсемдік нысандары және қабылдау сезімдері. Әр дәуірдің, әр ғұламаның сұлулыққа байланысты өз ұғымдары. Әсемдік  -  объективті құбылыс. Өмірге эстетикалық көзқарас.
    Эстетикалық таным  -  халықтың өмірге философиялық көзқарасы. Қазақ фольклоры мен әдебиетіндегі әсемдік талғам. Табиғат, жыл мезгілдері, көш суреті, қаһармандық. Тіршілік сәні, әрекет сұлулығы, ой әсемдігі.
    Қаһармандықтың эстетикалық табиғаты. Әсерлілік. Отан, туған жерге сүйіспеншілік. Қозғаушы күш. Халықтық мүдде. Батырлар және қарапайым адамдардың ерлігі.
    Трагедиялық сезімнің терең қуаты. Туу және бейнелену түрлері.
    Асқақтықтың қаһармандықпен байланысы. Келеңсіздіктің табиғи, әлеуметтік алғышарттары. Жағымсыз әсер және күлкі табы. Сұрқиялықтың эстетикалық болмысы. Ғылым және әдебиет. Әдебиеттің образдық табиғаты. Әсерлілік. Дүниені тану тәсілдері. Әдебиет пен басқа өнер түрлерінің байланысы және өзгешеліктері. Уақыт пен кеңістікті игерудегі әдебиет туындыларының артықшылығы. 
    Шығармадағы көркемдік кеңістіктің композициялық амал-тәсілдері арқылы берілу ерекшелігі. Өмір құбылыстарын қамту тереңдігі мен қарымдылық. Абай және Пушкин өлеңдеріндегі тіршілік, табиғаттың мол тынысын дәл де әсерлі бедерлеу шеберлігі.
Көркем әдебиеттің әлеуметтік сипаты.Әдебиет пен өнердің обьективті сипаты. Авторлық субъектінің қатысы. Социализм заманындағы көркем творчество. Әдебиет пен өнердің халықтығы мәселесінің тарихи, эстетикалық ролі. Көркем әдебиеттің объективті болмысындағы ұлттық және жалпыадамдық қасиеттер диалектикасы. Ұлттық пен жалпыхалықтықтың түбірлес табиғаты. Ұлт ұғымын құрайтын шарттар.Тілдік, антропологиялық, территориялық, экономикалық факторлар. Тұрмыс-салт, дағды-машық туралы. Ұлттық психика ерекшеліктері. Көркем шығармадағы ұлттық сипат. Тақырып, объект таңдау, эстетикалық талғамдағы тың өрнектер. Бейнелеу жүйесіндегі өмірмен сабақтас детальдар. Қаламгер тұлғасының ерекшелігі.
Әдебиет пен өнердің танымдық мәні. <<Тақырып>> ұғымының екі түрлі мағынасы. В.Жирмунский мен Б.Томашевскийдің пікірлері. Тақырыптың үш түрлі бастауы. М.Гришманның көзқарасы. Мәңгілік тақырыптар. Тақырыптың антропологиялық аясы. Оның болмыстық қайнар көзі мен архитиптілік, мифопоэтикалық сипаттары. Автор категориясы. Оның өмірбаяндық тәжірибесі. 
Әдебиеттер: 1-12,13,14 

6-дәріс. Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері.
* Таңба және көркем образ.
* Қаһарман  типтері.
* Автор және шығарма.
* Шығарманы зерделеу.
* Шығарманы қабылдау.
* Архетип және образ.
Кейіпкер және көркем образ. Таңбалар әлемі. Таңбалар қызметі. Таңбадағы мәні. Таңбалар жүйесі. Ф.де Соссюр. Сөз-таңба. Шартты таңба. Ч.Пирс және семиотика. Көркем образдың өзгермелілігі және көп мәнділігі. Жалпы және жекенің бірлігі. Эмоционалдық пен рационалдық. Объективтілік пен субъективтіліктің бірлігі. 
Образ және архетип. Сана және ырықсыздық туралы К.Юнгтің ілімі. Ырықсыздықтың адам психикасындағы объективті сипаты. Ұжымдық ырықсыздық. Архаикалық тәжірибе. Архетип және психиканың даралығы. Архетип түрлері. Сарын ұғымы. А.Веселовский, В.Пропп, Е.Мелетинский пікірлері. 19-20 ғ.романдарындағы инициация (шыңдалу) рәсімінің көріністері, мифтік желілер, образдық ой салыстырулары.
Шығарманы пайымдау. 
Коммуникативтік поэтиканың маңызы. Герменевтика  -  гуманитарлық ғылымдардың метеодологиялық негізі. Түсіну ұғымы. Сөз, өнер сөзі. Түсінудің кісіаралық сипаты. Интуитивті тану және интерпретация. Түсінудің шарттылығы. Интерпретацияның (зерделеу) таңдамалы және шығармашылық қуаты. 
Шығарманы қабылдау.
Оқырман және автор. Шығарманы зерделу. Оқырманның дербестілігі мен авторға тәуелділігі. Рецептивті эстетика. Оқырманның шығарма болмысына қатыстылығы. Оқырман бейнесі. Қиялдағы оқырман, адресат тұжырымдамасы. Әдеби сынның ролі. Бұқаралық оқырман. Әдеби классика. Бұқаралық әдебиеттің мағыналары. Беллетристика аталымы туралы. Эпигондықтың салдары.
Автор және шығарма. 
Автор мәртебесі: 1) реалды тұлға; 2) автор образы; 3) көркемдік қызмет субъектісі. Шығармашылық субъективтілік көріністері. Дара авторлық бастау және дәстүршілдік сана. Өнердегі артистизм, ойын элементтері. <<Ойын>> нәтижесі, рахат сезімі. Автордың жоғалуы немесе автор және скриптор. (Р.Барт)Оқырман белсенділігі.
Әдебиеттер: 1-12,13,14.

 7-дәріс:Көркем әдебиеттегі <<образдылық>> пен <<көркем образ>> мәселелері. 
* Шығарманың көркемдік әлемі.
* Уақыт пен кеңістік.
* Көркемдік психологизм.
Образ түрлері. Көрнекілік бейнелердің ғылым және көркем публицистикадағы орны. Дәлдік және эмоция. Деректік бейнелер. Көркем бейнеге тән типтендіру әдісі, өмір құбылыстарын қайта сомдау. Көркем образ және таңба. Қиялдау. Шарттылық пен шынайылық. Әдебиеттегі көркем бейнелердің заттық сипаттан адалығы немесе бейзаттығы. Сөздің бейнелік қызметі. Сөздік бейнелердің көзге көрінбеуі. Елес. Сезім. Қиял. 
     
Әдебиеттер: 1-12. 

8-дәріс: Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы.
* Сюжет пен тартыс.
* Сюжет элементтері.
* Композиция түрлері.
* Лингвистикалық поэтика мен  стилистика.
* Мәтін және диалогтық қатынас.
* Мәтін құрамы.
Теориялық поэтика ғылымы. Нормативті және жалпы поэтика. Теориялық поэтиканың  міндеттері. Тарихи поэтика. Көркем шығармашылық әлемінің дискреттілігі. (Үзілмелілігі) Өлең дестелері(цикл). Прозадағы іліктес туындылар. Фрагмент немесе бөліктің дербес сипаты. Музыкадағы сөз мәтіндері, поэма, өлең, әдеби сындағы эпизодтар. Жарияланымдар, ішінара өзгерістер. Форманың үш қыры. Антикалық риторика мен формалистер көзқарасындағы үндестік. Көркем мазмұнға лайық жаңа терминдер, оның синтездік қасиеті. 
Шығарма әлемі. 
а) Шығарманың көркемдік әлемі қамтитын аялар: предметтік бейнелеу жүйесі, кейіпкер іс-әрекеті, кейіптемесі, психика құбылыстары, қоршаған болмыс фактілері.(заттар, табиғат суреттері, т.б.). 
        Психологизм. Адамның ішкі өмірін кестелеу.
        ә) Қаһарман пішіндемесінің көркемдік қызметі. Тұрақты кескін белгілері. Дәріптей кестелеу.Жанр сипатымен сабақтастық.Статикалық, динамикалық келбет нышандары.
        б) Кейіпкер сөздері.Диалог пен монологтың эстетикалық тұрғыдан қажеттілігі.Әр түрлі функционалдық мағыналары.
         в) Көркем туындыдағы заттар әлемі.Олардың психологиялық жағдай тудырудағы ролі.Дүние, мүлік, жиһаздың поэтикалық астары, мінез, өмір салтын танытудағы маңызы.
         г)Табиғат көріністері.Әдебиеттегі пейзаждың жан-жақты қызметі.Мәселеннің тари-
хы, эстетикалық сипаты.
          Әлем және шығарма:
          а)Уақыт пен кеңістік. Сөз бейнелілігінің уақытпен сабақтасуы.Физикалық уақыт, перцепуталдық уақыт,концепуталдық уақыт.Фольклор мен әдебиеттегі уақыт пен кеңістік.Автор уақыты, кейіпкер уақыты, сюжеттік уақыт.
           ә) Сюжет пен тартыс. Сюжет туралы А.Веселовский, В.Шкловский, Б.Томашев-
ский пікірлері. Фабула ұғымы.Сюжеттің XIX ғасырдағы анықтамасы.Сюжет оқиғалары-
ның өмір құбылыстарымен байланысы. Сюжет табу  жолдары.Сюжет түрлері.
            б) Композиция.Композицияның шығармадағы реттілік,үйлесім тудырушы қызметі.
Эстетикалық әсері. Айшықтылығы.Қайталаулар.Өзгерте қайталау.Сарын ұғымының сюжеттік жүйедегі ролі.Сөздік сарындар.
             Бейнелеудің детальдық түрі.Жасыру тәсілі.Тану тәілі. Ой астары. Ишара.
             Монтаж немесе ой арқылы алыстан қиыстыру.Қосымша әңгіме, лирикалық шегі-
ніс, уақыт барысындағы алмастырулар.
              Көркем сөз бен мәтін:
              а)Стилистика.Лингвистикалық поэтика мен стилистиканың айырмашылығы.В. Виноградов: лингвистикалық және әдебиеттанушылық стилистика тарминдері.
               Көркем сөз қабаттары : лексико-фразеологиялық амалдар, сөздік семантика,фоне-
тикалық деңгей.Сөз әуені. Дыбыс мәні. Интонация. Дауыс ырғағы.  
               Өлең сөз бен қара сөз.Даму жолдары. Құрылымдылық, эмоционалдық ерекшелік-
тері.
                ә)Мәтін. Текст ұғымының әр алуан мағыналары.Лингвистика мен әдебиеттану аяларындағы мәтін туралы түсініктер.Текстология ғылымы.
                 Мәтінді семиотикалық және мәдениеттану тұрғысынан бағалау.Сөзсіз мәтіндер. Текст-толғамдар.
                 М.Бахтин және Ю.Лотман пікірлері.Мәтіндегі диалогтық қатынас.Текстегі әртілділік.Мәтіннің мәдени әрі қарым-қатынас субъектісі ретіндегі маңызы. Мәтін шексіздігі (Ж.Деррида, Р.Барт.)жайлы постмодернистік тұжырым.
Әдебиеттер: 1-12,13. 


9-дәріс: Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі.
1. Әдебиеттің көркемдеу құралдары.
2. Әдеби шығарманың тілі.
Ауызекі, әдеби және поэтикалық тіл мәселесі. Автор сөзі мен персонаж сөзі. Көркем сөздің құрамы. Көркем сөздің ерекшелігі. Көркем сөз. Әдебиет және сөзді есту арқылы қабылдау. Номинация, синонимдеу және антонимдеу образдық салыстырудың, салыстырмаудың тиімді тәсілі. Омоним және оның түрлері. Сөздің морфологиялық вариациясы. Поэтикалық тілдің ерекше лексикалық ресурсы. Сөздің көп мағыналығы. Эпитет пен теңеу. Метафора( тұрақты, күшейткіш т.б.), паралелизм, метонимия, синекдоха, гипербола, литота, кейіптеу, символ. Поэтикалық фигуралар. Әдеби тілдің синтаксисі. Қайталау, амплификация(таралу, кеңею), плеоназм( мөлшерден артық), ретардация. Силлепсис, эллипсис. Градация, антиклимакс анастрофа, анаколуф. Түсіну  -  герменевтиканың орталық ұғымы. Интерпретация  -  түсінудің екінші компоненті. Өмірге мағынаның қуаты сіңірілген. Мағына мен мән. 
 Әдебиеттер:
1-12,14.

10-дәріс: Өлең сөздің теориясы. 
1. Өлең ұғымы мен жүйесі.
2. Өлеңдегі буын мен ұйқас.
3. Өлең айшықтары.
   Өлеңтанудың негізгі бөлімшелері. Өлең сөздің ерекшелік мәселесі. Өлеңдегі ырғақ, бунақ, ұйқас мәселесі. Көркем прозаның ритмы. Өлең проза ұғымы Лирикада ( көне гр. lyra  -  сүйемелденуімен өлең оқылатын музыкалық аспап) бірінші кезекте адамның жеке бастық санасының ахуалы [761]: эмоционалды реңктегі ой толғам, ерік-жігер тынысы, әсер, бейрационалды сезінім мен талпыныс тұрады. Егер де лирикалық туындыда әлдебір оқиғалық қатар таңбалана қалса, онда ол (көп жағдайда) өте сараң, әлдебір ежегейлікпен детальдандырмайды (пушкиндік "Я помню чудное мгновенье..." тармағын еске алайық). "Лирика әрқашанда өздігінен тек белгілі бір ахуалды ғана суреттейді, мысалға, таңқалушылық, ашуға булығу, дерттілік, қуаныш құшағына бөлену және т.с.с., өз алдына жеке тұтастық болып табылмайтын әлдебір бүтіндік. Бұл жерде ең керегі сезімінің біртұтастығы" деп жазды Ф. Шлегель. Лирикалық поэзия тақырыбына деген бұл көзқарасты замана ғылымы мұрагерлікпен иеленіп отыр.  
Лирикалық күй кешу сөйлеушіге (сөз өкіліне) тән болып табылады. Ол тек қана сөзбен ғана таңбаланып қоймайды (бұл жеке жағдай), сондай-ақ, бірқатар әлеуеттілікпен көрініс табады. Лирикада (тек сонда ғана) көркемдік құралдары басы бүтін адам жанның қозғалысын ашу үшін бағындырылады. 
Лирикалық айшықталған күй кешу кейбірде басымдыққа ие болатын тікелей өмірлік эмоциялы аморфтықтан, айқындықсыздықтан, бейберекетсіздіктен өзгешеленіп тұрады. Лирикалық эмоция дегеніміз  -  бұл өз кезегінде ұйыспа, адамның жани тәжірибесінің квинтэссенциясы. Лирика туралы Л. Я. Гинзбург: "Басқаларға қарағанда ең  субъективті әдеби тек жани өмірді жалпыға ортақтықтағы етіп суреттеуге құлшыныс танытады" деп жазды. Лирикалық туындының өзегінде жатқан күй кешу дегеніміз  -  бұл өз кезегінде жан-дүние арайлануы. Ол шындық өмірде адамның басынан кешкен күйін шығармашылықпен қайыра түзудің нәтижесі және көркемдікпен қайыра сомдау болып табылады. Пушкин туралы Н. В. Гоголь: "Тіпті ол құштарлықтың қойнына терең дендеп еніп кеткен шағында да ол үшін поэзия ең қастерлі, дәлірек айтсақ, әлдебір ғибадатханадай еді. Ол оған ешқашан ұсқынсыз және талғамсыз енген емес; ол оған өз өміріндегі ойланбастықты, құр елестілікті ешқашан енгізген емес; және болмыс әлемтапырық еткен жалаңаш күйінде бейпіл енбейтін. Оқырман одан тек хош иісті ести алды, осындай хош иіс сіңіру үшін ақынның кеудесі қандай күй кешкені ешкімге естілмейді" деп жазды. 
Лирика ең бастысы шағын формада өзін табады. Осылай десек те, лирикалық поэма жанры да (В.В. Маяковскийдің "Ана нәрсе жайында", М.И. Цветаеваның "Тау поэмасы" және "Ақыр соңы поэмасы", А.А Ахматованың "Қаһармансыз поэмасы") бар, бірақ та лирикада сөзсіз шағын көлемді өлеңдер басымдыққа ие болып келеді. Әдебиеттің лирикалық тегінің принципі дегеніміз  -  бұл "барынша қысқа, барынша толық қамтушылық". Барынша жинақы, біршама "сығымдалушылыққа" тырысқан лирикалық мәтіндер кейбірде мақалдық формуларға, афоризмдерге, сентенцияға жуықтап, олармен бәскелеседі.  
Әдебиеттер: 1-12. 

11-дәріс:                                                 
                           Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен  олардың түрлері.
* Әдеби процесс(үдеріс.)
* Жанрлық канондар мен жанрлық дәстүрлер.
* Әдеби тек түрлері.
        Жазу кезеңдері.
        Қаламгердің еңбек тәртібіне тән еркіндік. Белгілі бір схема, ереженің болмауы.
        Шығармашылық процестегі ой өзегінің ролі. Оның пайда болу, қызмет ету түрлері.Кездейсоқтық факторлар. Мақсатты ізденіс.
        Шығармашылық үшін жазушы өмірбаянының елеулі маңызы.Өмір материалын іздеу,табу,қоршаған ортаны, адамдарды зерттеу.
         Жоспар құру. Қосымша деректер жинастыру, фактілерді анықтау.Түптұлғаны таңдау, іріктеу. Әр суреткердің күй таңдау, жұмысты жүргізу, аяқтау ерекшіліктері.
           Әдеби тек.
           Бұл ұғымның күрделі болмысы. Тарихи сипаты.Терминді анықтаудағы шартты пікірлер.
           Эпос, лирика, драманың шығу тегі.Тұрмыс-салт  жырлары;өнердегі синкретизм.
           а) Эпос. Өткенді баяндау. Уақыт алшақтығы.Автолық толғам.Адамның ішкі өмірі. Баяндаушы тұлғасы.Баяндаушы монолог.
            ә) Драма.Эпоспен қарайластық. Әрекет құдіреті.Автор сөзі. Кейіпкер сөздері мен монологтар.
            Уақыт межесі.Театр шарттары.Сахна талаптарына бейімделу.
            Актер ойыны, режиссер шешімдері.
            б) Лирика. Жекелік сана мен сезім көріністері.Көңіл күй ахуалы.Лирикалық әсер. Лирикадағы сыртқы әлем.
              Шағын формалар ұтымдылығы. Ықшамдылық. Толғану сәттері. Лирикалық экспрессияның синтаксистік-ырғақтық құрылымы.Әсер тұтастығы.Әнге ыңғайлас сипат.
              Шартты түрдегі қосымша әдеби тектер. Очерктер, колжазбалардағы шынайылық пен автор толғаныстары.
               <<Сана тасқынының>>әдебиеті. Ой мен әсер хаосы.
               Әдеби жанрлар.
               Жанр жіктемесінің күрделі сипаты.Жанрды анықтайтын сапалардың неғұрлым тұрақтылығы.
                Жанрлық канондар. Жанрлық дәстүрлер және уақыт. Жанр мен композицияның төркіндестігі.
                Роман. Кең тыныстылық. <<Жүрек поэзиясы>> мен <<тұрпайы тіршілік>> (Гегель) арасындағы тартыс.Қаһарманның жан-жақтылығы (Белинский).Романдағы адам мен тағ-
дырдың <<сәйкессіздігі>> (Бахтин).
                Повесть  -  аралық жанр.Повестің тарихы. Тақырыбы. Баяндау ауқымы.Мазмұн тереңдігіне мән арту.
                Повесть пен поэманың ұқсастығы һәм айырмашылығы.
                Әңгіме және новелла. Алғашқы мағыналары мен қазіргі сипаты.Әңгімедегі көлем мен айтар ойдың жарасымды өрімі.
                 Лирика жанрлары.Баллада. Баллада мен өлең сөзге құрылған мысалдың лиро-эпикалық жанрларға тән сипаты.Сюжеттегі жаңалықты тыныс пен қуатты ширығыс.
                 Қазақ өлеңінің ұлттық болмысы. Арнау лирика, толғау лирика, баяндау лирика.
                 Трагедиядағы жеке мүдде мен сыртқы күштердің арасындағы шешілмес қайшылық. Көне дәуір шығармаларындағы тағдыр үкімімен күрес сарыны. Кейінгі дүниелерде мистикалық сипаттың жоғалуы.
                   Драмадағы қайшылықтың тұрмыстық, қарапайым тілек-мұрат ыңғайындағы мағына алуы. Қаһарманның әлеуметтік 
белсенділігі.Өз дәуірінің рухани адамгершілік мәселелерін көтеру. Шектеулі дәрежедегі, ымыраға келетін қақтығыстар. М.Әуезов, Ж. Аймаутов, Т.Ахтанов, т.б. туындылары.
                   Комедияның дүниеге келуіндегі тарихи алғышарттар.Сахна өнері, сайқымазақ-
шылармен тығыз байланыс.
 Әдебиеттер:1-12. 
12-дәріс: Әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер.
* Көркемдік әдіс туралы түсінік. 
* Көркемдік әдіс негізгі дүниетаным (Аристотель, Белинский пікірлері). 
* Әдебиет дамудағы әдіс қалыптасуы (классицизм, сентементализм, романтизм, реализм).
* Әдеби ағым-бағыттарының ерекшелігі (Энгельс, Горький пікірлері). 
* Қазақ және орыс әдебиеттеріндегі ағымдар мен бағыттар. 
* Стиль оның әдіспен бірлігі және шеберлік.
                 Әдеби процесс. Бұл ұғымның әлемдік ауқымды. Көркемдік даму заңдылықтары.
           Дүниежүзі әдебиеттеріне тән ортақ мезеттер. Салыстырмалы әдебиеттану ұстанымдары.Халықаралық әдеби байланыстар.
            Көркемдік бағыт.
           Әдіс пен бағытты тудыратын объективті және субъективті факторлар.Көркемдік бағыттардың уақыт жағынан еркіндігі, әртүрлі деңгейде қайталанып отыруы. 
                    
            Көркемдік әдіс.          
             Көркемдік әдісті анықтаудағы өмір шындығы, жазушы дүниетанымы және көркемдік ойлау жүйесінің маңызы. Негізгі шарт  -  идеялық- эстетикалық мәселелер бірлі-
гі. Көркемдік әдістің ойлау типі тұрғысынан жіктелісі:реализм мен романтизм.
              Стиль.   
              Суреткер талантының даралығына хас белгілер. Стиль  -  көркемдік форманың қа-
сиеті. Стильдік принциптер.
               Көркемдік тәжірибе. 
               а) Алғашқы өнер туындыларындағы шынайылықтың өзгеше бітімі.Гуманистік реализм. Көне дәуір өнеріндегі мифологияның басым қызметі.Антикалық реализм. Орта ғасыр. Қоғам мен салт  -  санадағы шектелушілік.Қасіретті адам.Бойкүйездік.Орта ғасыр-
лық символизм. Ояну дәуірінде әлеуметтік және рухани өмірдегі батыл серпілістердің ізгі-
лік мұраттарын қалыптастырудағы мәні.Дара тұлға. Мінез бен әрекет.Тарихи көзқарас. Қайта өрлеу дәуірінің реализмі. Барокко, ояну дәуірінің дағдарысын жинақтау. XII ғ. абсолюттік монархия тәртіптері. Классицизм қағидалары: әсіресе асқақтық, үш бірлік ұстанымдары.Шынайы өмірден алшақтау.
                   ә) XVIII  ғасырда іргесі қалана бастаған ағартушылық реализм. Білім, парасат-
ты дәріптеу. Тәрбиелік рухтағы романдар.Сентиментализмнің осы бағытпен байланысы.
                    Романтизм - әрі әдеби бағыт, әрі көркемдік әдіс. Феодалдық дүниетанымға қарсылық. Айрықша жағдай, мінездер. Сезімшілік.
                    Сыншыл реализм өмір шындығын қамтуға мімкіндіктері. Талдау рухы. Әлеуметтік ұстанымдардың беріктігі. <<Кішкене адам>> мәселесі. Бейнелеу обьектісінің  кең-
дігі.
                     Ұлттық әдебиетіміздің даму, қалыптасу ерекшіліктері. Батыс Еуропа әдебиеті мен қазақ әдебиеті тарихындағы ортақ жағдаяттар мен өзгешіліктер.
                      Социалистік реализм аталатын тұтас әдеби дәуірге мейлінше жан-жақты, шынайы көзқарас. Арзан ұраншылық пен талантты дүниелердегі айырмашылық.
                       Қазіргі кезеңдегі мифологиялық реализм аталатын бағыттың қыр-сыры. 
Г. Маркес, А. Карпентьер, М. Астуриас,М.Льоса, т.б.
                        б) Қазіргі терминология бойынша реализмге жатпайтын әдеби бағыт,бағдар-
лар. Натурализмнің философиялық негізі  -  позитивизм. Тәжірибие, ғылыми дәлелділікті ұнатудың себептері. Э. Золяның <<Тәжірибиелік роман>> теориясы.
                         Модернизм ұғымындағы әдебиетке жататын экспрессионизм, сиволизм, фу-
туризм, сюреализм, абстрационизм, т.б. тенденциялары. Символизмнің үздік өкілдері. Дж. Джойс, Ф.Кафка, А.Камю, Ж-П. Сартр, А. Сент  -  Экзюпери сияқты дара талант иелерінің көркемдік ізденістеріндегі ой ағымын жеткізу , адамның жан дүниесін бедерлеудегі, уақыт пен кеңістік диалектикасын игерудегі табыстары.
                           в)Модернистік дүниетаным:
                          Импрессионизм. Ағайынды Гонкурлер мен Э. Зояның импрессионистік қиялдары . Көру , сезіну және оны жеткізудегі қаламгердің өз табиғатына адалдығы. Тек  қана  суреттеу , бірақ баға бермеу идеясы. Поль Верлен әуезділік туралы. Рене Гильдің ер-
кін  өлеңді қолдауы. Символизммен туыстық. Ішкі монологтың (Э. Дюжарден), <<сана тасқынының>> (М. Пруст) импрессионизм эстетикасынан өрбуі.Жан тарихы. Даралық сапалар, көріністерді іздеу.Естелік, әсерлер толқыны. Субъективтілікті дәріптеуші кубизммен (Г. Апполинер) үндестік.
                          Интуитивизм мен фрейдизм және романтизм мен символизм эстетикасы-
нан  өріс алған сюрреализм . Өмір шындығы емес, оны көру шындығының маңызы. 1924 жылғы <<Сюрреализм>> журналындағы манифест. П.Элюар үшін <<сапырылыс пен ойсыздықтың>> <<ақиқаттығы>> (А. Бретон).Екінші манифест (1929).Революциялар мен <<ғажайыптарға>> ғашықтық аңсары. Лирика  -  негізгі жанр.Антироман өкілдерінің (Ф. Сол-
лерс) сюрреализммен тамырластығы.
                             Экзистенциализм. Өмірдің мәнін мансұқ ету. Тіршіліктен мағына таппау.
Әдеттегі құндылықтардан жатсыну. Ар-ождан тазалығына сенбеу. А.Камдің <<Бөгде адам>>, Ф.Кафканның <<Өзгеру>> романдарындағы қалыптасқан тәртіпке қарсылық.
Әдебиеттер: 1-13 
4-модуль. Әдебиет теориясындағы әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер.
13-дәріс: Әдеби дәстүр мен жаңашылдық.                              
* Өнер дамуының қоғам өміріміен байланыстылығы.
* Өнер мен қоғам .
* Әдеби дамудың ерекшелігі. 
* Әдеби процестегі жазушы мен сыншының негізгі ролі әдеби даму заңдылығы (идея, тақырып, образ көркемдік тұрғысынан). 
* Дәстүр және жаңашылдық.
Дәстүр мен жаңашылдық. Дәстүр мен жаңашылдықтың ажырамас бірлігі. Дәстүр жалғастығы  -  аралық буын. Жаңашылдық  -  талант пен шеберліктің жемісі.
                              Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің ортақ міндеті.Дара жанрлар.Жанрлық құрылым,баяндау жүйелеріндегі өзгерістер. Миф, аңыз, ертегі жанрлардағы дәстүрдің жазба әдебиеттегі шағын эпикалық жанрлардан жалғастық табу мәселесі.Автор мәселесіне байланысты ауыз әдебиеті мен ақындар поэзиясы,кәсіби әдебиеттің айырмашылығы. Фольклорды тудырған орта мен қазіргі жағдай.Бүгінгі романдағы полифонизм элементінің фольклор жанрларындағы баяндау ағзасымен тамырластығы.                   
Әдебиеттер: 1-12,15.
 

14-дәріс: Халықаралық әдеби байланыс.
1. Ұлттық әдебиет және әлем әдебиеті.
2. Әдеби байланыс және ықпалдастық.
Әдеби дамудың кезеңдері. Әдебиеттің ұлттық, аймақтық және әлемдік ерекшелігі. Әдеби процесс теориясының негізгі ұғымдары мен терминдері. Классикалық стиль. Классикалық стильдің табиғаты. Классикалық стильдің элементтері мен факторлары. Даралық стиль.Даралық стильдің табиғаты. Даралық стильдің элементтері мен факторлары. Ұлттық ситиль.Ұлттық стильдің табиғаты, элементтері мен факторлары.
1-12, 16 
 15-дәріс 

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

 
№1 Тәжірибелік сабақ Семинар тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар әдебиеттану ғылымының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық қабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен  әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, өздік жұмысты орындау, коллоквиум, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Семинардың тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу қажет. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап,  түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек.  Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлеледеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан  мысалдар келтіріңіз.  Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз.                      

1-семинар.Әдебиеттану пәнінің ерекшелігі.
1.Әдебиеттанудың    зерттеу аялары мен проблемалары.
2.Әдебиет теориясы және фольклортану.
3.Әдебиет теориясының пәнаралық байланысты.
Әдебиеттер: 1-59.

2-семинар. Әдебиеттану пәнаралық байланысы.
1.Әдебиеттану ғылымының салалары.
2.Әдебиет теориясының және мәдениеттану.
3.Әдебиет теориясы және тарих.
Әдебиеттер: 1-59.

3-семинар. Әдебиеттану және өнертану мен тіл.
1.Әдебиеттану мен  өнертану ұстанымдары.
2.Тіл білімі және әдебиеттану.
3.Әдебиеттану және стилистика.
Әдебиеттер: 1-59.

4-семинар. Әдебиеттану мен эстетиканың ерте кезеңі.
1.Әдебиет теориясы жайлы алғашқы ұғымдар.
2.Көне үнді,шумер елдерінің мәдени ескерткіштері.
3.Пифогоршылардың эстетикасы.
Әдебиеттер: 1-59.

5-семинар. Әдебиеттану мен эстетиканың ерте кезеңі.
1.Гераклит және қарама-қарсылықтардың бірлігі.
2.Демокрит мәңгілік қозғалыс туралы.
3.Сократ сұлулық пен сана туралы.
Әдебиеттер: 1-59.

6-семинар. Әдебиеттану және эстетиканың ерте кезеңі.
1.Платонның эстетикасы.
2.Аристотель және табиғатқа еліктеу ілімі.
3.Гораций Флакк эстетикасының ерекшелігі.
Әдебиеттер: 1-59.

7-семинар.Орта ғасыр және қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы.
1.Аврелий Августин және абсолюттік сұлулық.
2.Фома Аквинский және әсемдіктің объективті сипаты.
3.Ұлттық эстетиканың көне дәуірдегі және орта ғасырдағы белгілері.
Әдебиеттер: 1-59.

8-семинар.Орта ғасыр және қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы.
1.әл-Фараби және өнер түрлері.
2.Ояну дәуірінің эстетикалық мұраты.
3.Ояну дәуіріндегі поэтика ұғымы    
Әдебиеттер: 1-59.

  9-семинар. Әдебиеттану қалыптасу кезеңі.
1.Классицизм эстетикасы.
2.Дидро мен  Лессингтің идеялары.
3.И.Гердердің  эстетикасындағы бағалау өлшемдері.
Әдебиеттер: 1-59.

10-семинар. Әдебиеттану қалыптасу кезеңі 
1. <<Дауыл мен қысым>> эстетикасы.
2.И.Кант эстетикалық талғам туралы.
3.Романтиктер және ағартушылық идея.
Әдебиеттер: 1-59.

11-семинар. Әдебиеттану қалыптасу кезеңі.
1.Г.В.Гегельдің диалектикасы.
2.Г.В.Гегель және абсолюттік идея.
3.Г.В.Гегель және өнердің даму кезеңдері.
Әдебиеттер: 1-59.

12-семинар. Әдебиеттану қалыптасу кезеңі
1.А.Шопенгауэрдің өмір философиясы.
2.С.Къеркегор және эстетикалық экзистенция.
3.Ф.Ницше және <<құдіретке еріктілік>>эстетикасы.
Әдебиеттер: 1-59.

13-семинар.Халықшылдық эстетикасы.
1.Материалистік эстетика ұстанымдары.
2.Орыс  ойшыл-демократтарының эстетикалық көзқарасы.
3.В.Плеханов пенА.Луначарский өнер,әдебиеттің мәні туралы.
Әдебиеттер: 1-59.

14-семинар. Ғылыми-методологиялық мектептер
1.Әдебиеттанудағы мифологиялық мектеп.
2.Тарихи  - мәдени  мектеп.
3. Компративизм мектебі.
Әдебиеттер: 1-59.

15-семинар. Ғылыми-методологиялық мектептер
1.Әдебиеттанудағы психологиялық мектеп.
2.Интуитивизм мектебі. 
3.Әдебиеттану және фрейдизм.
Әдебиеттер: 1-59.
4 Студенттің өздік жұмысы

СОӨЖ тапсырмалары және оны орындауға әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Әдебиет теориясынан СОӨЖ орындаудың ерекшеліктері  -  тәжірибелі мектеп мұғалімдерінің әдістемелерін терең талдаудан өткізе отырып, студенттің оған сыни көзқараспен қарау дағдысының қалыптастырылуы.  
Студенттер қазақ тілін оқыту әдістемесін оқуы барысында қазақ әдебиеті мұғаліміне тән болуы тиіс деп саналатын іскерліктерді қалыптастырады. Қазақ әдебиеті мұғаліміне тән негізгі іскерліктерге мыналар жатады:
* Мектепте білім берудің әр кезеңінде қазақ әдебиетін оқытудың мақсат-міндеттерін анықтай білу іскерлігі;
* Әрбір сынып оқушыларының қазақ әдебиетін өз ана тілінің теориялық болмысы ретінде игеру психологиясы мен жас ерекшелігі психологиясын, физиологиялық, жеке бас ерекшелігін баланың қабілетімен байланыстыра алу қабілеті мен іскерлігі;
* Әрбір қазақ әдебиеті сабағының білімділік, тәрбиелік, дамытушылық потенциалын мүмкіндігінше толыққанды жүзеге асыру жолдарын тану;
* Оқу-танымдық процестің заңдылықтарын негізге ала отырып, оқушының танымын кеңейтетін, ойлауын дамытатын, тілін дамытатын танымдық, лингвистикалық, дидактикалық, пән мен оның ішіндегі жекелеген тақырыптардың өз ерекшеліктерінен туындайтын әдістер мен тәсілдер жүйесін тиімді қолдана білу іскерлігі;
* Қазақ әдебиетінен берілетін ғылыми материалдың эиприкалық деңгейде қалып қоймай, оның теориялық деңгейге қарай ұласу жолдарын тану мен ұйымдастыра алу іскерлігі;
* Сабақтағы оқу материалының сабақтан тыс жұмыспен байланыстылығын сақтай білу іскерлігі;
* Жаңашыл әдістерді сабақтарда қолдана білу іскерігі.
Бұған қоса, студенттер сұрақты дұрыс қоя білу, бір сабақта түрлі әдістерді үйлесімді де тиімді қолдана білу, оқушының дәптерлерін жүйелі тексеру, оқыту технологиясын сабақта бірізді және орынды қолдана білу, әр сабақты ғылыми тұрғыдан талдап, сараптай білу іскерлік дағдыларды меңгерулері тиіс.
СОӨЖ орындау барысында студент әдістемені зерттеу бағыттары мен зерттеу әдістерін саралап тани білу керек. 
СОӨЖ тапсырмалары
№
Тақырыбы  
Мақсаты мен мазмұны
Әдебиет
тер тізімі
балл
Орындалу мерзімі
Бақылау түрі
1
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері.
Әдебиет теориясындағы әдеби ой пікірлермен танысу.
2-9, 11,   
1-4



1-апта
реферат  
2
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы.
 Әдебиет теориясындағы әдеби шығармалардың методолгиясын мазмұнын ашу 
     2-9, 11,  
1-4
2-апта
конспект







3
   Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар.
 Әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдардың мақсаты мен мазмұнын ашу
 7,8,9,11,   
1-4
3-апта
 конспект
4
   Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері.  
  Әдебиет теорисындағы эстетика мен теория мәселелерін мақсатын ашу
 7,8,9,11.   
1-4
4-апта
конспект
5
 Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері.
 Әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдардың мақсаты мен мазмұнын ашу
 2-9, 11,12.   
1-4
5-апта
Көркем шығарма талдау
6
 Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері.
  Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері туралы
  11, 12,13 
1-4
6-апта 
  Конспект  
7
 Көркем әдебиеттегі <<образдылық>> пен <<көркем образ>> мәселелері
    Көркем әдебиеттегі <<образдылық>> пен <<көркем образ>> мәселелері
 11, 13, 14, 
1-4
7-апта
талдау
8
Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы
   Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы
   2-9, 11, 14,  
1-4
8-апта 
    талдау
9
 Әдеби көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі.
    Әдеби көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі.
   2-9, 11 
1-4
9-апта
    талдау
10
Өлең сөздің теориясы.
 Өлең сөздің теориясы.
 2-9, 11, 14, 15, 21, 28   

1-4
10-апта
Талдау/ 30 картотека
11
 Шығармашылық әлемі және әдеби  жанрлар мен олардың түрлері.
 Шығармашылық әлемі және әдеби  жанрлар мен олардың түрлері.
   2-9, 11,  1-13,  
1-4
11-апта
Картотека / 20 
12
Әдеби үдеріс(процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер.
Әдеби үдеріс(процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер.
2-9, 11,  
1-4
12-апта
эссе
13
Әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық.
 Әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық.
1, 11,  
1-4
13-апта
конспет
14
 Халықаралық әдеби байланыс.
  Халықаралық әдеби байланыс.
  2-9, 14
1-4
14-апта
эссе
15
Қорытынды бақылау / тест 
Тест 600 сұрақ бойынша





СӨЖ тапсырмалары және СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар
СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар

<<Әдебиеттануға кіріспе  >> курсының негізгі мақсаты  -  Курсты өту барысында әдебиет теориясы ауқымындағы поэтика, стиль, жанр тәрізді негізгі мәселелермен шектелмей, әдебиеттанудың өэге салалары: әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мән, сыры, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық ерекшеліктерін ашып беру.    
СӨЖ орындау барысында:
* Көркем шығарманы талдаудың ғылыми принциптерін игеріп, әдебиет тарихы мен көркем туындыны зерттеуге қажетті біліммен қаруланады.
* әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдарды, категорияларды теориялық тұрғыда терең игереді.
* өз бойында көркемдікті танитын талғам қалыптастырады.
* әдеби туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралап, түрлі қырынан талдауды үйренеді.  
* қазіргі әдебиеттанудың  өзекті мәселелерімен таныс болады.
* теориялық білімді практикада  қолдана білуді үйренеді.
* зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады.
* кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.

СӨЖ тапсырмалары

№
Тақырыбы  
Мақсаты мен мазмұны
Әдебиеттер тізімі
балл
Орындалу мерзімі
Бақылау түрі
 1




Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері

  41
1- 4
 1-апта
 Жазбаша, ауызша



2
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы
Библиографиялық очерктермен жұмыс
   42



1-4
2-апта
 
Жазбаша, ауызша

3
Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар.
 Библиографиялық  жұмыс
  2-9, 14-25, 31, 33
1-4
3-апта
Жазбаша, ауызша
4
   Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері.

Ғылыми теориялық материалдар мен жұмыс
  2-9, 11, 24-1-28, 32, 37, 38
1-4
4-апта
Жазбаша, ауызша
5
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері.    
  Көркем шығармалар оқу
 11-15, 17, 19, 21-31
1-4
5-апта
Жазбаша, ауызша
 6
  Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері.
 Әдеби теориялық зерттеулерді оқу
   2-9, 11, 34-36
1-4
6-апта
Жазбаша, ауызша
7
Көркем әдебиеттегі <<образдылық>> пен <<көркем образ>> мәселелері.
  
  10, 11-14, 23-30, 33, 34, 35
1-4
7-апта
Жазбаша
8
Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы.
    Көркем әдебиеттерді оқу <<Абай жолын>> оқу
  1, 11, 19, 34, 35, 37, 38
1-4
8-апта
 Жазбаша, ауызша
9
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі
 Әдеби-теориялық кітаптар мен зерттеулерді оқу
 11, 13, 14,  32, 34, 35
1-4
9-апта
Жазбаша, ауызша
 10
Өлең сөздің теориясы.
 Поэтикалық шығармаларды оқу.
   2-9, 11, 14, 15, 18, 27-40
1-4
10-апта
Жазбаша, ауызша
11
Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен  олардың түрлері.
Әдеби-зерттеу еңбектерін оқу.
11, 13, 14,  32, 34, 35
1-4
11-апта
Жазбаша, ауызша
12
Әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер.
 Ғалымдардың зерттеулерін оқу.
   2-9, 11-23
1-4
11-апта
Жазбаша, ауызша
13
 Әдеби дәстүр мен жаңашылдық.                              
 Әдебиет тарихындағы  көркем шығармаларды оқу
 2-9, 11, 14, 15, 21, 28   

1-4
12-апта
Жазбаша, ауызша
14
Халықаралық әдеби байланыс.
 Әлем жазушыларының шығармаларыноқу
   2-9, 11, 24-1-28, 32, 37, 38

1-4
13-апта
Жазбаша, ауызша
15
 Аралық бақылау жұмысы
 Аралық бақылау жұмысы
  2-9, 28-40
1-4
14-апта
Жазбаша

Бақылау түрлері
Тест тапсырмалары
$
Әдеби сынның негізгі міндеті:
+
Шығармаға эстетикалық баға беру.		
-
Талдаудың жолын көрсету.			
-
Танымдық рөлін арттыру.
-
Тәрбиелік, тарихи танымын арттыру.
-
Көркемдік маңызын арттыру.


$
... Ауырып домбыра да ыңыранды,
Сансыз саусақ қаңғып қыдырады. Троптың қай түрі?
-
Ауыстыру.						
-
Мегзеу.						
+
Кейіптеу.
-
Перифраз.
-
Шендестіру.


$
Көркемдік әдіс тұрғысынан образ түрлері:
-
Драмалық, эпикалық.				
+
Романтикалық, реалистік.				
-
Лирикалық, эпикалық.
-
Реалистік, драмалық.
-
Фантастикалық, драмалық


$
...Жүрек  -  теңіз, қызықтың бәрі  -  асыл тас.    
Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас? Құбылтудың қай түрі?
-
Астарлау.						
-
Алмастыру.					
-
Эвфемизм.
+
Ауыстыру.
-
Теңеу.


$
Әдеби бағыттарды, жазушылар шығармашылығын зерттейтін әдебиеттану саласы:
+
Әдебиет теориясы.				
-
Әдеби сын.						
-
Әдебиет тарихы.
-
Историография.
-
Библиография.


$
...Балығы тайдай тулаған,
    Бақасы қойдай шулаған. Троптың қай түрі?
-
Синекдоха.					
+
Гипербола.						
-
Гротеск.
-
Табу.
-
Инверсия.


$
 Шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі шығарманың:
-
Пішіні.						
-
Мазмұны.						
-
Поэтикасы.
+
Типтендіру.
-
Сюжеті.


$
... Жаманға жазатайым ісің түссе,
        Қабысып қалады екен аспан жерге.  Асты сызылған сөйлем:
-
Шендестіру.					
-
Дамыту.						
+
Әсірелеу.
-
Егіздеу.
-
Теңеу.


$
Сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп тұратын шығарманың:
-
 Сюжеттік желісі.					
+
Композициясы.					
-
Мазмұны.
-
Сюжеттік кезеңдері.
-
Поэтикасы.


$
... Жылама, Мағаш, жылама,
Алладан өлім тілеме.
Қолдан ұшқан ақ сұңқар,
Қайтып келіп қонбайды. Асты сызылған сөйлем:
-
Табу.						
-
Перифраз.						
-
Синекдоха.
+
Д) Символ.
-
Метафора.


$
<<Абай жолы>> эпопеясындағы Абай бейнесі:
+
Эпикалық образ.					
-
Лирикалық.					
-
Драмалық.
-
Романтикалық.
-
Фантастикалық.


$
 ...Қайырсыз толып жатыр Қарынбайлар,
    Қолы ашық аз табылар Атымтайлар. Құбылтудың қай түрі?
+
Астарлау.						
-
Мегзеу.						
-
Кекесін.
-
Әсірелеу.
-
Метонимия.


$
Эстетикалық идея тұрғысынан суреткер таныған шындық әдеби шығарманың:
-
Пішіні.
-
Идеясы.
+
Мазмұны.
-
Сюжеті.
-
Композициясы.


$
...Адасқан күшік секілді,
        Ұлып жұртқа қайтқан ой. Асты сызылған сөйлем:
-
Айқындау.
-
Мегзеу.
-
Дамыту.
+
Теңеу.
-
Қайталау.


$
Көркем шығарма тілі, яғни суретті сөз көркем шығарманың:
-
Мазмұны болады.
+
Пішіні.
-
Сюжеті.
-
Идеясы.
-
Композициясы.


$
...Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл,
     Ұқсайды хаса сұлу шомылғанға. Асты сызылған тіркестер:
-
Инверсия.
-
Табу.
-
Гротеск.
-
Символ.
+
Е) Шендестіру.


$
Сөз тіркестерін өзгеше ораммен, айрықша айшықпен құру:
-
Троп.
+
Фигура.
-
Поэтика.
-
Ажарлау.
-
Айшықтау.


$
...Бұралап тұрып,
     Буыны құрып
     Қисайта тартып мұрынын... Құбылтудың қай түрі?
-
Кейіптеу.
-
Мегзеу.
+
Кекесін.
-
Мысқыл.
-
Сын.


$
<<Поэтикалық өнер>> еңбегінің авторы:
-
Әл-Фараби.
-
Лессинг.
+
Н.Буало.
-
Қ.Жұмалиев.
-
Аристотель.


$
...Биік тауға жарасар,
Ығына тиген пайдасы.
Терең сайға жарасар,
 Тобылғылы саласы.
Айшықтаудың қай түрі?
+
Анафора.
-
Шешендік арнау.
-
Параллелизм.
-
Эпифора.
-
Қайталау.


$
Тақырып пен идея көркем шығарманың:
+
Мазмұны.
-
Пішіні.
-
Композициясы.
-
Сюжеті.
-
Идеясы.


$
Ғ.Мүсіреповтың <<Оянған өлке>> романының басталуы:
-
Сюжеттік шиеленістен.
+
Экспозициядан.
-
Дамудан.
-
Шегіністен.
-
Шиеленістен.


$
Ғ.Мүсіреповтың <<Оянған өлке>> романының басталуы:
-
Сюжеттік шиеленістен.
-
Экспозициядан.
+
Дамудан.
-
Шегіністен.
-
Шиеленістен.


$
Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында ойды өзгертіп айту:
-
Ажарлау.
-
Айшықтау.
+
Құбылту.
-
Егіздеу.
-
Инверсиялау.


$
Ямб, хорей неше буынды өлшем?
-
Төрт буынды.
-
Алты буынды.
-
Үш буынды.
+
Екі буынды.
-
Бір буынды.


$
Жазушының өмір құбылыстарын таңдап, шығармаға арқау еткен тобын:
+
Тақырып дейміз.
-
Идеясы.
-
Сюжеті.
-
Композициясы.
-
Мазмұны.


$
...Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас.Құбылтудың қай түрі?
-
Пернелеу.
-
Ұлғайту.
+
Әсірелеу.
-
Перифраз.
-
Аллегория.


$
Сюжет пен композиция көркем шығарманың:
-
Мазмұны.
-
Тіл ерекшелігі.
+
Пішіні.
-
Әдісі.
-
Идеясы.


$
...Ой деген у  -  ауызға алсаң қандырар,
Ой деген у  -  жанды есінен тандырар. Талдаңыз:
+
Антитеза.
-
Инверсия.
-
Эпифора.
-
Анафора.
-
Перифраз.


$
Шығарманың әдеби көркемдік құрылымын зерттейтін әдебиеттану ғылымының саласы:
-
Әдеби сын.
-
Әдебиет тарихы.
+
Әдебиет теориясы.
-
Текстология.
-
Библиография.

ІІ НҰСҚА



$
Жеке адамға арналып айтылатын сықақ өлең:
+
Эпиграмма.
-
Ирония.
-
Сарказм.
-
Лирика.
-
Сонет.


$
...Сайра да, зарла қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын.  Асты сызылған тіркестер:
-
Теңеу.
+
Айқындау.
-
Ауыстыру.
-
Астарлау.
-
Эпитет.


$
<<Ұйқас  -  ассонанс, аллитерация секілді жеке дыбыстардың жай қайталануы емес, бірнеше буындардың үндес үйлесімі>>. Кімнің сөзі?
-
З.Қабдолов.
-
Аристотель.
+
З.Ахметов.
-
Әл-Фараби.
-
З.Ахметов.


$
<<Қазақ солдаты>> романының негізгі идеясы:
-
Соғыс ауыртпалығы.
-
Қазақ солдатының ерлігі.
+
Кеңес қоғамының жеңімпаздығы.
-
Кеңес адамдарының моральдық саяси бірлігі.
-
Махаббат.


$
Өмір құбылыстарын табиғи қалпында баяндайтын әдеби ағым:
-
 Романтизм.
-
Реализм.
-
Сентиментализм.
+
Натурализм.
-
Футуризм.


$
... Күн  -  күйеу, жер  -  қалыңдық сағынысты,
    Құмары екеуінің сондай күшті,Құбылтудың қай түрі?
-
Метонимия.
+
Метафора.
-
Синекдоха.
-
Эвфемизм.
-
Теңеу.


$
Құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі:
+
Теңеу.
-
Айқындау.
-
Кейіптеу.
-
Ауыстыру.
-
Арнау.


$
Әдеби шығармадағы табиғаттың көркем бейнесі:
-
Теңеу.
-
Образ.
+
Пейзаж.
-
Айқындау.
-
Суреттеу.


$
...Адамның жалған дүниесі,
    Дүние жолдас қимасы.
    Дүниені жолдас демеңдер,
    Көп болар деп күнәсі.
+
Еспе қайталау.
-
Кезекті қайталау.
-
Әдепкі қайталау.
-
Жай қайталау.
-
Арнайы қайталау.


$
Көркем шығармадағы оқиғаны рет-ретімен қайталау:
-
Мазмұндау.
+
Фабула.
-
Сюжет желісі.
-
Деталь.
-
Ықшамдылық.


$
...Мен көрдім ұзын қайың құлағанын,
 Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Жапырағы сарғайып өімсіреп,
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын. Құбылтудың қай түрі?
+
Кейіптеу.
-
Пернелеу.
-
Мегзеу.
-
Астарлау.
-
Қайталау.


$
Жазушының өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы:
-
Тақырып.
-
южет.
+
Идея.
-
Мазмұн.
-
Пішін.


$
...Самалшыл, сауқым сауықшыл,
Саятшы Сартай не күйде? Дыбыс қайталау қалай аталады?
-
Ассонанс.
-
Жай қайталау.
-
Еспе қайталау.
+
Аллитерация.
-
 Дамыту.


$
...Тұнжырап тұрған орманға,
Тұнжырап жалғыз барғанда.
Мен бар деп мына жалғанға,
Жоқ деген сөзге алданба. Айшықтаудың қай түрі?
-
Градация.
+
Параллелизм.
-
Инверсия.
-
Антитеза.
-
Шендестіру.


$
Заттың не құбылыстың айрықша қасиетін білдіретін бейнелі сөз:
+
 Эпитет.
-
Теңеу.
-
Кейіптеу.
-
Мегзеу.
-
Градация.


$
...Ішім өлең, сыртым сау,
     Көрінгенге деймін - ау.
     Бүгінгі дос, ертең жау,
     Мен не қылдым япырм - ау.
Талдаңыз:
-
Кезекті ұйқас.
-
Аралас ұйқас.
+
Шұбыртпалы ұйқас.
-
Қара өлең ұйқасы.
-
Ерікті ұйқас.


$
Бір топ жазушыға тән уақыт пен кеңістіке сай идеялық-көркемдік бірлік, ол: 
-
Әдебиет тарихы.
-
Әдеби процесс.
-
Әдеби сын.
+
Әдеби ағым.
-
Стиль.


$
Көркемдік әдіс түрлері:
-
Натурализм, сентиментализм.
+
Романтизм, реализм.
-
Реализм, экспрессионизм.
-
Романтизм, классицизм.
-
Футуризм, реализм.


$
...Шедірейіп, шекиіп,
Басын керіп, кекиіп,
Қолдан пішін жасаған
Біреу келер секиіп.  Құбылтудың қай түрі?
-
Айқындау.
-
Теңеу.
-
Кейіптеу.
-
Астарлау.
+
Кекесін.


$
Көркем әдебиеттегі айшықтаудың түрлері:
-
Арнау, жырлау, араластыру.
-
Шендестіру, бағыттау, аңыздау.
-
Градация, инверсия, лирика.
+
Арнау, шендестіру, градация, инверсия.
-
Шендестіру, бағыттау, лирика


$
Натурализмді алғаш қолдаған жазушы:
-
Рихтер.
-
Коршес.
+
Золя.
-
Расин.
-
Лессинг.


$
Қазақ өлең құрылысы қандай жүйеге жатады?
-
Аруз.
-
Тоникалық.
-
Бармақ.
+
Силлабикалық.
-
Метрикалық.


$
 Шумақ дегеніміз не?
-
Өлең тармақтарының саны.
-
Өлеңнің екпінге негізделуі.
-
Өлеңнің буын саны.
+
Өлеңнің тармақтарының белгілі ретпен орналасуы.
-
Өлеңнің ырғаққа негізделуі.


$
Көркем әдебиеттегі мінездеудің түрлері:
-
Шалыс, тура.
-
Параллель, жанама.
-
Өрескел, бәсең.
+
Тура, жанама.
-
Жанама, бәсең.


$
Романс дегеніміз не?
+
Роман тілдеріндегі батырлық жыр.
-
Италияның халық әні.
-
Көне грек поэзиясы.
-
Роман тілдерінде әнге қосылып айтылатын өлең.
-
Ерлік туралы ода.


$
Ш.Құдайбердиевтің <<Еңлік-Кебек>> поэмасы сюжеттік кезеңнің қайсысынан басталады?
-
Шиеленіс.
-
Шарықтау шегі.
-
Ситуация.
+
Экспозиция.
-
Кульминация.


$
Композицияның құрылысына не жатады?
+
Мазмұн мен пішін.
-
Тақырып пен идея.
-
Сюжет, тақырып, лирикалық шегініс.
-
Драма, лирика, эпос.
-
Идея мен пішін.


$
<<Төртбақ, теке көз қараны көрсең, бұл Арыстанбайдың Мұқышы екен де қой>>. Талдаңыз:
-
Эпитет.
-
Баяндау.
-
Кейіптеу.
+
Портрет.
-
Теңеу.


$
Ғ.Мүсіреповтің <<Қазақ солдаты>> романындағы Қайроштың прототипі кім?
-
Қ.Смағұлов.
+
Қ.Сарталиев.
-
Қ.Сартаев.
-
Қ.Сыбанов.
-
Қ.Сұлтанов.


$
Образдың көркемдік әдіс тұрғысындағы түрлері:
-
Эпикалық, юморлық, геройлық.
-
Трагедиялық, романтикалық.
+
Романтикалық, реалистік.
-
Лирикалық, реалистік.
-
Романтикалық, эпикалық.





 
 

Пәндер