Файл қосу

Ұсыныстың экономикалық теориясы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ
                    3 деңгейлі СМЖ құжаты
                                   ПОӘК
                        ПОӘК 042-18-1.1.33/02-2014
                                   ПОӘК
Студентке <<Экономикалық ілімдер тарихы>> пәні бойынша арналған жұмыс  бағдарламасы
                               Баспа № 2 
                            күні  11.09.2014ж.
                                       
                                       







                                       
           <<ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМДЕР ТАРИХЫ>>
           ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                                       
             6М050600 - <<Экономика>> мамандығы
                  студенттеріне арналған
                                       
         СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ





                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                Семей 2014
                                Алғы сөз

1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырушы  __________<<_29_>>_тамыз_2014ж.  А.С.Турусбекова,
<<Экономика және бизнес>> кафедрасының аға оқытушысы
                                                                               

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 <<Экономика және бизнес>> кафедрасының мәжілісінде

Хаттама №_1_ <<_29_>>_тамыз_2014ж., 

Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент ____________________  Ш.Д. Жайлаубаева 

2.2 Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде

Хаттама №_1_ <<_9_>>_ қырқүйек_2014ж., 

ОӘБ төрағасы ______________ С.Қ. Тойкин 


3 БЕКІТІЛГЕН

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды

Хаттама №_1_ <<_11_>>_қырқүйек_ 2014ж., 
                                       
ОӘК төрайымы  __________________ Г.К. Искакова
                                       
                                       
4 ЕНГІЗІЛДІ
№ 2 басылым <<11>> 09.2014ж. №1 басылым орнына 28.08.13
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                Мазмұны
                                       
  1 Жалпы ережелер
  2 Сабақ түрлері бойынша сағаттардың пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу
  3 Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
  4.Пәннің форматы
  5 Пәннің саясаты
  6 Баға қою саясаты
  7 Әдебиет

                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат 
Турусбекова Арайлым Серикболовна, Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі,
 <<Экономика және бизнес>> кафедрасының аға оқытушысы
Байланыс ақпараты -  тел. 53-03-16, № 8 оқу ғимараты, кабинет 16.
Аудитория № 404 (8 оқу ғимараты)
Пән бойынша кредит саны  -  2

1.2 Пәннің қысқаша мазмұны
<<Экономикалық ілімдер тарихы>> курсы <<Экономика>> мамандықтарына оқытылатын негізгі пән болып табылады. Бұл пән студенттерге жүйе түріндегі экономика туралы, негізгі түсініктер, экономикалық дамудың заңдары мен заңдылықтары туралы түсініктеме береді. Бұл дербес ойлап және жауапкершілікті шешім қабылдай алатын экономикалық сауатты мамаңдарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
1.3 Айтылған курс мақсаты: Экономикалық теориядағы экономикалық піікірлер мен көзқарастардың жүйелік ерекшеліктеріне және даму кезеңдеріне айқындама беру және әртүрлі теоретикалық мектептердің пайда болу тарихын, экономист ғалымдардың өмірбаянын, экономика іліміне қосқан үлестерін зерттеу.
1.4 Міндеттері:
- экономикалық жағдайлардың әлеуметтік-институционалдық анализімен және маржинальдық, субьективтік әдістерімен таныстыру
- шаруашылық саясаттың альтернативтік вариаттарын таңдап алу.
- әрбір студент семестрдің соңында саяси экономия дамуының негізгі кезеңдерін, нарық экономикасы дамуының негізгі барлық концепцияларын, классикалық саяси экономияның негізін қалаушылардың негізгі еңбектерін біле алады. Сондай-ақ меркантилизм, классиктердің, неоклассиктердің және институтционализмдердің жетістіктерін қайтадан талдай алады.
1.5 Студент білу керек: Экономика ілімі тарихы пәнін, оның әр кездегі экономикалық проблемаларын және шешілу реттерін, экономикалық жүйе элементтерінің өндіріс құралдарының  меншіктік ерекшеліктерін. 
Студент меңгеру керек: экономика ілімінің тарихы бойынша ғылыми көзқарасын қалыптастыру, экономикалық категориялар мен заңдарды тарих тұрғысынан ұғыну, экономикалық процестерді тарихи зерттеу әдістемесін үйрену.
Студент істей алу керек: экономикалық заңдарды және экономикалық даму заңдылықтарын тарихи игеру және кәсіби іс-әрекет процесінде оларды тарату жолдарын табу.
Студент түсіну керек: болашақ өзінің теориялық фундаментін қалыптастыруын, қоғамдық өндірістің тарихи өсу заңдылықтарын.
1.6 Курс пререквизиттері: Экономикалық теория
1.7 Курс постреквизиттері: Микроэкономика, Макроэкономика, Әлемдік экономика











2 САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САҒАТТАРЫН БӨЛУ

                                      №
                       Тақырыптың аталуы
                                       
                               Сағаттар
                                Әдебиет


                                  дәріс
                            практ. сағат.
                                   БОӨЖ
                                    БӨЖ
* 
1
Тақырып 1. Экономикалық ілімдер тарихының пәні және әдісі.         
* Экономика туралы антикалық түсінік.
* Ксенофонт, Платонның жеке меншікке, саудаға, ұсақ қолөнерге және басқа экономикалық іс-әрекеттерге көзқарастары.
* Платон мен Аристотельдің мемлекеттің ролі және байлыққа жетудің әдістері туралы ойлары.
* Орта ғасырдағы Ф. Аквинский, Ибн-Хальдун, Аль-фараби, Ибн-Синалардың пайда, процент, рента және баға туралы көзқарастары.
                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
Н-1-13
Қ  -  1, 4
	
2
Тақырып 2. Экономикалық ғылымның пайда болуы.
* Экономика туралы антикалық түсінік.
* Ксенофонт, Платонның жеке меншікке, саудаға, ұсақ қолөнерге және басқа экономикалық іс-әрекеттерге көзқарастары.
* Платон мен Аристотельдің мемлекеттің ролі және байлыққа жетудің әдістері туралы ойлары.
* Орта ғасырдағы Ф. Аквинский, Ибн-Хальдун, Аль-фараби, Ибн-Синалардың пайда, процент, рента және баға туралы көзқарастары.
                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
Н- 1-13
Қ-7,9
3
Тақырып 3. Меркантилизм.
* Меркантилизмнің теориясы және саясаты. 
* Меркантилизмнің байлық, ақша айналымы, фискальды және протекционистік саясаты. 
* Т.Мэн, У.Стаффорд, Г.Скаруффи, А.Серра және басқалардың саяси экономиядағы көз-қарастары. 
* Петр I-нің экономикалық саясатындағы меркантилизм және И.Т.Посошковтың экономикалық бағдарламасы.
                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
Н- 1-13
Қ-7,9
4
Тақырып 4. Физиократтар.
* Физиократтар мектебіне түсініктеме. 
* Табыстың шығар көзі, таза өнім, еңбек өнімділігіне деген көзқарас.
* Алғашқы және жылдық аванс, тауар және ақша ағымы. 
* Физиократтардың мемлекеттік саясаты. 
* Тюрго - теоретик және реформатор.
                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
Н- 1-13
Қ- 2, 4,8 
5
Тақырып 5. Классикалық саяси экономия.
* Классикалық саяси экономияның пайда болуы. 
* А.Смит және Д.Рикардо еңбектеріндегі классикалық саяси экономиканың дамуы. 
* У.Петтидің экономикалық көз-қарастары. 
* П.Буагильбердің экономикалық теориясы.
                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
Н-1-13
Қ- 1-7
6
Тақырып 6. Социалистік теория. Марксизм
* Әр кезеңдердегі жалпы теңдік пен әділеттілік негізіндегі социализмнің қалыптасуы. 
* Компанелла, Сен-Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэннің социалистік теориясы. 
* Маркстік және классикалық саяси экономия. 
* К.Маркстің <<Капитал>> еңбегіндегі еңбек және қосымша құн теориясы.
                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
Н- 1-13
Қ- 5-8
7
Тақырып 7. Тарихи мектеп.
* Ф. Листтің ұлттық саяси экономия теориясы. 
* В. Рошер, Б. Гильдебранттың <<ескі тарихи>> мектебі. 
* Г. Шмоллер, Л. Брентано, К.Бюхердың <<жаңа>> тарихи мектебі.
* В.Зомбарттың <<жаңаша>> тарихи мектебі.
                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
Н- 1-13
Қ-5,9
8
Тақырып 8. Маржинализм.
* К. Менгер, Ф. Визер, Е. Бем-Баверктің Австрия мектебі. 
* Шектеулі пайдалылықтың ағылшын варианттары, Лозания мектебі. 
* Л.Вальрастың жалпы экономикалық тепе-теңдігінің экономикалық-математикалық моделі. 
* В. Парето ұсынған қоғамдық табысты бөлу заңы.
                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
Н- 1-13.
Қ-5-8
9
Тақырып 9. Неоклассикалық экономикалық теория
* А. Маршаллдың тепе-теңдік моделі. 
* А.Маршаллдың концепциясындағы құндық еңбек және шектеулі пайдалық теориясы. 
* Сұраныс, ұсыныс және баға арасындағы қысқа және ұзақ мерзімдегі байланыстар. 
* А. Пигу мен Д.Б. Кларктың тұрмыс-жағдай және шектеулі өнімділік теориясы.
                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
Н 1-13.
Қ-5,8,9
                                      10
Тақырып 10. Кейнсиандық және оның эволюциясы.
* Кейнстің макроэкономика теориясы (жиынтық ұсыныс, инвестиция және мультипликатор теориясы). 
* Макроэкономикадағы салық-бюджет және несие-ақшадағы шаралар.
* Р.Хоррода, Е.Домарс, Э.Чемберлиннің монопольдік бәсеке теориясы.
* Й.Шумпетердің жетілмеген бәсеке теориясы (<<тиімді монополия>> және <<тиімді бәсекелестік>>).
                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
Н - 1-13
Қ - 1-7
                                      11
Тақырып 11. Әлеуметтік-институциональдық бағыт.
* Т. Ваблен  -  институтционализмнің негізін салушы. 
* Жаңа индустриалды қоғам теориясы. Экономикадағы корпорация ролінің өзгеруі. 
* <<Тұтынушылар қоғамы>> теорисы, <<техноқұрылым>> индустриалды концепциясы. 
* Неонационализм. 
* Қоғамдық таңдау теориясы.
                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
Н - 1-13
Қ  -  2, 4-7
                                      12.
Тақырып 12. Неоклассикалық мектеп және неолиберализм эволюциясы.
* Неоклассикалық байта өрлеу және <<консервативті ұмтылыс факторлары>>.
* В.Ойленнің ордалиберализмі. 
* Әлеуметтік нарықтық қатынас және мемлекеттің ролі. 
* П.Самуэльсонның неоклассикалық синтезі. 
* Микро және макро негізінде, кейнсиандық және неоклассикалық теорияның бірігуіне ұмтылуы. 
* Ф.Хайек: нарықтық жүйенің орталықтан заң экономикадан  ерекшелігін дәлелдеуі. 
* <<Құлдыққа жол>> (Л.Мизес, Л.Робинсон), <<Логиканың және практикалық социализмнің мүмкін>> концепциясы.
                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
Н - 1-13
Қ-1-9
                                      13.
Тақырып 13.  Монетаризм.
* ХХ-ғасырдың 70-80-ші жылдарындағы монетаризмнің жоғарылау себебі.
* М.Фридменнің <<ақша ережесі>>. 
* Дағдарыс пен циклдың монетарлық концепциясы. 
* Кейнсиандыққа сын. Ұсыныстың экономикалық теориясы. 
* Лаффер қисығы.
                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
Н - 1-13
Қ-5,8,9
                                      14.
Тақырып 14. Ресей және Кеңестік экономика ғылымының дамуы.
* С.Булгаковтың, П.Струвенің, М.Тиуган-Бареновскийдің экономикалық көзқарастары. 
* С.Витте және П.Столыпинның экономикалық реформасының негіздері.
* В.И.Лениннің экономикалық зерттеуі. 
* А.В.Чаяновтың жанұяның шаруа қожалық еңбегі теориясы, шаруа кооперациясы теорисы, агралық сектор мәселелері. 
* Н.Кондратьевтің динамика және статистика проблемаларын зерттеуі.
* В.Новожиловтың баға, тепе-теңдік, тауар, тапшылық факторы,тауар және ақша массасының балансы. 
* Л.Конторович - бірсызықты бағдарлама, ресурстардың дұрыс бөлінуі теориясын жасаушы. 1985-1991 жылдардағы қайта құру және жеделдету стратегиясы.         
                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
Н - 1-13
Қ-3,4,9
                                      15.
Тақырып 15. Қазақстандағы экономикалық көзқарастардың пайда болуы және дамуы
* Қазақстандағы экономикалық тұжырымдардың пайда болуы. 
* Аль-Фараби ілімі. Ш.Валиханов, И.Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармаларындағы экономикалық көзқарастың дамуы. 
* ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы экономикалық тұжырымдардың қалыптасу ерекшелігі. 
* А.Байтурсұнов, А.Букейханов, С.Садуакасов, Т.Рыскуловтың экономикалық көзқарастары. 
* Экономикалық өрлеу проблемаларын мемлекеттік реттеу және жаңа типінің ерекшеліктерінің көрсеткіштері.
                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
Н - 1-13
Қ-2,7-9
                                       
                                Барлығы
                                      15
                                      15
                                      15
                                      45
                                       

	3  ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР

Берілген курсты оқу барысында бағдарламаның мазмұнымен танысу қажет. Ұсынылған әдебиетті қарастырып, өздік жұмысқа шығарылған сұрақтарға қатысты конспектілер жазу қажет.
Дәріс материалдары мен оқу құралдарымен қатар студенттер біздің еліміздің мерзім сайын шығатын басылымдарды, сондай-ақ, экономикалық журналдар мен салалық журнал мен газеттерді жүйелі түрде оқып отырған дұрыс болады. Осының бәрі курс материалын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді. Ерекше назарды біздің елемізде шыққан немесе шығарылып жатқан заңдарды, ҚР Президентінің Жарлықтарын, экономикалық реформаларды енгізу және іске асыруға байланысты жоспарлар, бағдарламалар мен басқа да нормативтік актілер мен мәліметтерді зерттеуге аудару қажет.
Дәрістерде инновациялық экономиканың маңызды сұрақтары қарастырылған, мысалы берілген өндірісті ұйымдастырудың тиімді әдістері мен құрылымдық қайта құрулары қарастырылған. Студенттердің дәрістерде және өздік жұмыстарды орындау барысында алған білімдерін бекіту және кеңейту үшін семинарлық және практикалық сабақтар жүргізіледі. Студенттердің семинарлық және практикалық сабақтарға қатысу формаларына келесі жатады: баяндама оқу, диалогтар, пікір таластар, реферат жазу және есеп шығару. Осы аталған барлық формалар әр студентке қол жетерлік болады және оның дамуына мүмкіндік жасайды. Студенттер үшін қажет шарт ретінде семинарлық сабақтарға дұрыс дайындалу. Әр семинарлық сабаққа негізгі сұрақтар тізімі беріледі және негізгі мен қосымша әдебиет ұсынылады.
Студенттердің өздік жұмыстарына инновациялық кәсіпорындардың қазіргі жағдайына, үрдістеріне және даму болашағына қатысты сұрақтар шығарылады. Аудиториялық сабақтарда талқыланатын сұрақтар жеке көрсетілген. Сонымен қатар, әр студент берілген курс бойынша міндетті түрде ғылыми-зерттеу жұмысын орындауға қажет, ол реферат түрінде жазылады, рефераттар тақырыптары төменде көрсетілген.
Практикалық сабақтарға дайындалған кезде сабақтың жоспарын тыңғылықты қарастырып, дәрістер конспектісін зерттеп, ұсынылған әдебиетті оқу керек;
Ұсынылған әдебиетті зерттегенде студент оқыған материалдың негізгі түйінін конспектілеп, басты мәселені көрсете білу керек;
Аудиторлық БОӨЖ сабақтарда пікір талас, диспуттар, әртүрлі көзқарастарды тыңдау, талқылау түрінде жүргізіледі, аудиториядан тыс БОӨЖ рефераттар мен баяндамалар түрінде тапсырылады және оқытушы оларды сұрау арқылы тексереді;
БӨЖ тапсырмалары жазбаша немесе ауызша түрінде беріледі, ол пәнің жұмыс бағдарламасында келтірілген талаптарға тәуелді болады;
БӨЖ бойынша жазбаша тапсырмаларды А4 форматтағы қағаздарда орындалуға тиіс (компьютермен), бет параметрлері: 2:2:2:2.  Кегль 14 Times New Roman, интервал 1,5.

* ПӘННІҢ ФОРМАТЫ

Аудиториялық уақыт дәріс және оқылған материалды қарастыру кіреді. Әр сабаққа студент негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бойынша дайындалу керек. Бақылауға кешігіп келген немесе келмеген студенттер автоматты түрде 0 бал алады. Бақылауды қайта тапсыру қарастырылмаған. Негізгі түсініктер әр дәрісте көрсетіліп, түсіндіріледі. Сабаққа қатысу және дәрісте берілген негізгі ұғымдарды жазуға студент міндетті. Егер студент белгілі бір себептерден сабаққа қатыспаса, ол топтағы басқа студенттен дәріс материалдарын алу керек. Оқытушы дәрісті қайта оқымайды.

* ПӘННІҢ САЯСАТЫ

Сабаққа қатысуы Әр сабақта студен белсенділік көрсету керек.Белсенділік спаға қарай бағаланады. Жекелей  және топпен презентация жасауға болады. Белсенділік үшін максималды баға әр сабақта айтылып отырылады.
Тәртібі. Сабақ үстінде жиі тәртіп бұзғаны үшін студент аудиториядан шығарылады және барлық курс үшін <<қанағаттанарлықсыз>> деген бағамен қорытылады.
Бақылау жұмысы. Әр студентке талдау үшін жеке тапсырма беріледі, оны жоспар негізінде жасап және оқудың жетінші аптасы аяқталғанша жазбаша талдау түрде ұсыну керек.уақытынан кешігіп өткізілген жұмыстарға төмен баға қойылады.
Рубеждік тапсырма Рубеждік аттестациялау қорытындысы студенттің сабаққа қатысуы мен үлгерімі және студенттің өздік жұмысын уақытында орындап, тапсыруына байланысты қойылады.
Көшіру: кез-келген көшіру жазаланады, ол аудиториядан шығарумен шектелмейді және\ немесе бүкіл курс үшін <<қанағаттанарлықсыз>> бағасы қойылады.
Ұялы телефон: Сабақ барысында өшіру керек.
Емтихан. Емтиханды қатысуға рұқсат етілген студент дәстүрлі әдіспен (ауызша) тапсырады. Әр биллет 3 сұрақтан турады.

	 6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Пән бойынша студенттер білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі:
* Ағымдағы бақылау (әр апта сайын)
* Рубеждік бақылау (7 и 15 апталарда)
* Қорытынды бақылау  -  академиялық кезеңнің соңында бір рет жүргізіледі (мамандықтың ҚР МББС сәйкес түрде емтихан).
Семестр бойы дәріс, семинар, практикалық сабақтар шегінде және студенттің жеке жұмысы негізінде жүйелі түрде студенттің білімі тексеріліп отырылады. 
Пәнді оқыту барысында студенттердің білімін ағымдағы бақылаудың келесідей түрлері жүргізіледі:
* ауызша сұрау;
* жазбаша сұрау;
* аралас сұрау;
* үй жұмысын қорғау және презентациялау;
* дискуссия, тренингтер;
* есеп шығару, тесттер және т.б.
Студенттердің білімін межілік (рейтингілік) бақылау бекітілген графикке сәйкес түрде академиялық кезең барысындағы 7-ші  (Р1) және 15-ші (Р2) апталарда өткізіледі. 
Пән бойынша бағалау пайыздық мөлшерлемемен 100 %-дық шкала бойынша қойылады. 
Озат студенттің рейтингісі 100% тең болады. Барлық  студенттерді оқытушы озат студентпен салыстырып отырады. 
Студенттің жұмысы келесі критерийлер бойынша бағаланады: 
* Сабаққа келуі;
* Аудиториялық бақылау жұмысын орындау (АБЖ), БОӨЖ орындау графигіне сәйкесінше
* Үй жұмысын орындау (ҮЖ), СӨЖ орындау жоспарына сәйкес;
* Өздік жұмыс графигін орындау.
* Студенттер конференциясына, пәндік олимпиядаларға қатысу және т.б.;
* Басқа жұмыс түрлері. 
Рубеждік бақылаудың барлық тапсырмаларын орындаған студент озат студент ретінде 100% ала алады.

              Студенттің тізім бойынша №
                           Сабаққа келуі
                                     ПС
                                   БОӨЖ
                                     МБ
                                       
                                    Р1, %
                           Сабаққа келуі
                                     ПС
                                   БОӨЖ
                                     МБ
                     Қосымша сабақ айтуы 
                                       
                                    Р2, %

                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       

                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       

                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                           Озат  студент
                                      30
                                      100
                                      80
                                      90
                                      300
                                      100
                                      30
                                      80
                                      80
                                      90
                                       -
                                      300
                                      100
                                       
Егер студент сабақты босатса және межелі бақылауды белгіленген мерзімде сырқатқа немесе басқа да  себепті жағдайға байланысты тапсыра алмай қалса, ол межелі бақылаудан жеке түрде өтеді. Бұл жағдайда факультет деканаты және оқытушы межелі бақылауды тапсырудың жеке мерзімдерін белгілейді, емтихан сессиясына дейін студентке жеке рейтингтік ведомості береді. 
Студент пән бойынша шекті рейтингтік бақылауға кіруге рұқсат алу үшін семестр ішінде жалпы рейтингтік баллы 50%-ке тең не одан жоғары. Пән бойынша жалпы баға келесі шкала бойынша анықталады. 

Апта және бақылау түрлері бойынша баллдардың реттелуі кестеде келтірілген
                                       
                                   Апта 
                           Бақылау түрі 
                          Барлық баллдар
                                Ескерту 

1 және 7 апталар аралығында дәріс сабақтарына қатысу және дайындалу 
                                      30

                                       1
Практикалық сабақ 
                                       

                                       2
Практикалық сабақ: сұрау
                                      20

                                       3
Практикалық сабақ: сұрау
БОӨЖ
                                      20
                                      40

                                       4
Практикалық сабақ: сұрау
                                      20

                                       5
Практикалық сабақ: сұрау
БОӨЖ
                                      20
                                      40

                                       6
Практикалық сабақ: сұрау
                                      20

                                       7
Рубеждік бақылау
                                      90

                                       
1-7 апта сабақтарының нәтижелері бойынша балл саны
                                      300

                                       
8 және 15 апталар аралығында дәріс сабақтарына қатысу және дайындалу
                                      30

                                       8
Практикалық сабақ
                                       

                                       9
Практикалық сабақ: сұрау
                                      20

                                      10
Практикалық сабақ: сұрау
БОӨЖ
                                      20
                                      40

                                      11
Практикалық сабақ: сұрау
                                       

                                      12
Практикалық сабақ: сұрау
                                      20

                                      13
Практикалық сабақ: сұрау
БОӨЖ
                                      20
                                      40

                                      14
Практикалық сабақ: сұрау
                                      20

                                      15
Рубеждік бақылау
                                      90

                                       
8-15 апта сабақтарының нәтижелері бойынша балл саны
                                      300

                                       
Емтиханға берілетін балл саны
                                      400

                                       
Академиялық кезең бойынша барлық балл саны
                                     1000



7 ӘДЕБИЕТТЕР
* Негізгі әдебиет
* Ө.Қ.Шеденов, Б.А.Жунісов, Ү.С.Байжомартов, Ғ.М.Мүсіров Экономикалық ілімдер тарихы - Алг/ать -Ақтебе. <<А-Полиграфия>>, 2006-314с.
* Жуманазар С.А. Экономикалық ілімдер тарихы: лекциялар курсы, Өскемен, 2002
* Жуманазар С.А. Экономикалық ілімдер тарихы: әдістемелік нұсқау, Өскемен, 2002
* Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, Юрист, 2007
* Агапова И.И. <<История экономических учений: Курс лекций>>,- М., Юристь, 2001.
* К. Тұрлыбекова. М. Т. Рогачева, Р. Экономикалық ілімдер тарихы: жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы /  -  Алматы: 2010.  -  76 б.

* Қосымша әдебиет 
* Костюк В.Н. История экономических учений. Москва, 2001 ж.
* Курс переходной экономики /Под ред. Л.И. Абалкина  -  М.:Финстатинформ, 1997г.
* Луи Дюмон. Генезис и расцвет экономикческой идеологии. Вена, 2000 ж. 
* Майбурд Е.М. Введение в историю экономической мысли. Москва, 2000. 
* Майбурд Е.М. Введение в историю экономической мысли. От пророков до профессоров.  -  М.:Дело, Вита-пресс, 1996г.
* Неровня Т.Н. История экономики в вопросах и ответах. Ростов-на Дону,1999 ж.
* Рефераты лучшие по Истории экономических учений, Ростов-на Дону. 2003. 
* Ташенов Б. Қазақстанның экономикалық тарихы. Алматы, 2002 ж.
* Шеденов Ө.Қ., Я.С. Ядгаров., С.Ә. Досқалиев. Экономика ілімдерінің тарихы. А. 2003ж. 


Пәндер