Файл қосу
Тілдік бейне
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3-деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-28.1.2/03 -2013 ПОӘК <<Фразеологизмдердің лингво - мәдени ерекшеліктері>> пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар ______2013 жылғы № 1 басылым 5В020500 <<Филология: қазақ тілі>> мамандығына арналған <<Фразеологизмдердің лингво - мәдени ерекшеліктері>> ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2013 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық сабақтар 4 Студенттердің өздік жұмысы 1 ГЛОССАРИЙ Фразеологиялық оралым - кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірліктер.Этнолингвистика - гректің " ethnos " (халық, тайпа) және лингвистика деген ұғымдарынан туындайтын, тілді оның мәдениетке қатысы тұрғысынан зерделейтін әрі лингвистикалық, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың біте қайнаса келіп, тілдің қызметі мен дамуына тигізетін әсерін зерттейтін тіл білімінің саласы.Этнос - ғылым ретінде өткен бір дәуірлерде дүниеге келіп, белгілі бір геолграфиялық ортада қалыптасып, шұғылданған тіршілік-тірлігі бірыңғай, мінез-құлқы ұқсас, діні де, тілі де бір, салт - дәсүрі мен әдет-ғұрпы ортақ, өзінің ортақ тегін, туыстығын сезіне білетін, сатылап даму барысында аналық, аталық, рулық, тайпалық, ұлыстық және халықтық дәуірлерді басынан кешіріп, бүгінде дербес ел болып отырған адамдар қауымы.әлемнің тілдік бейнесі - біріншіден, белгілі бір ұлттық тілге қатыссыз, яғни тіларалық өзгешеліктерге тәуелсіз айқындалатын ұғым; екіншіден, керісінше, тілдік ерекшеліктерге, ең алдымен, лексикалық номинация жүйесіндегі өзіндік белгілерге бағыттала әрі ұлттық тілдің негізінде қалыптасатын ұғым (Э.Д.Сүлейменова);әлеуметтік лингвистика - тілдің қоғамдық қызметтерін, әлеуметтік шартталған белгілері мен заңдылықтарын кешенді түрде зерттейтін қазіргі тіл ғылымының маңызды бағыттарының бірі, ол тіларалық байланыс жағдайындағы кез келген тілдің өмір сүру формасына, қоғамдық қызметінің ауқымы мен сипатына қатысты айқындалатын тілдердің қызмет ету ерекшеліктерін қарастыратын сала (Э.Д.Сүлейменова);когнитивтік лингвистика дегеніміз - танымдық құрылымдардың лингвистикалық сәйкестіктері мен мүмкіндіктерін анықтау, белгілі бір тілдік жағдайды қойылатын мақсатқа, әсер етуші себеп-салдарға орай әр түрлі тілдік құралдар арқылы сипаттау, олардың әр келкі деңгейде қабылдану өзгешелігін зерделеу;концепт - адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі;лингвомәдени концепт - жалпы бір ұлт мәдениетінің басты элементі, адамның ментальды әлемінің басты ұяшығы; этномәдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан ұрпаққа берілетін ықшам әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттық мәдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым (Ислам Айбарша);мәдениет дегеніміз - адамзат өмірін ұйымдастырып, дамытатын арнайы тәсілдер жиынтығы; қоғамның дамуын сипаттайтын тарихи деңгей; белгілі-бір адам әрекетінің қалыптасу негіздері; ұлттар мен этностардың тарихи дәуірлеуінің сипаттамасы; қоғамдық, этикалық нормалардың даму деңгейі; - адамдардың сөйлеу әрекетін оның мінез-құлқындағы өзгешеліктерімен байланыстыра, тілдік тұлға ұғымын жеке психологиялық аспектіде қарастырыра дамып отыратын бағыттардың маңыздысы;ұлттық-мәдени кеңістік және этномәдени белгілер - өзге мәдени құбылыстармен бетпе-бет келгенде ғана айқындалатындықтан әрі мағыналық ерекшелігін информациялар мен эмоциялар тізбегі, адам өмір сүретін және қызмет ететін виртуалды әрі шынайы шарттар құрайтын ерекшеліктер;ұлттық мәдениет - этникалық мәдениеттің негізінде қалыптасатынына қарамастан, жазу мен білім жүйелеріне қатысты сұрыпталып, қоғамның әлеуметтік-саяси әрі технологиялық дамуында, әдебиеті мен өнерінде, пәлсапасы мен ғылымында көрініс табатын құбылыс, ғалымдар бұл ұғымды <<белгілі бір елде, мемлекетте тіршілік ететін адамдардың рухани өмірін сипаттайтын символдар, наным-сенімдер, құндылықтар, өзін-өзі ұстау нормалары сынды ерекшеліктерден құралған күрделі құрылым>> деп сипаттайды;фрейм - 1) онтологиялық тұрғыдан фреймдер ғылыми-практикалық әрекеттерді ұйымдастыру құрылымы деп қаралу керек; 2) гносеологиялық тұрғыдан - аталмыш әрекеттердің танымдық бейнесі анықталуы қажет; 3) когнитивтік тұрғыдан - фреймдер адам санасындағы деректерді жинақтайтын, реттеп отыратын құрылым ретінде айғақталуға тиіс; 2 ДӘРІСТЕР №1 модуль. Мәдениеттанудың ғылыми бағыттары №1 дәріс тақырыбы: Тіл - Мәдениет - Адам - Этнос. Жоспар: 1. Адам және мәдениет. 2.Мәдениет және өркениет. Тіл мәдениетпен тығыз байланысты: ол мәдениетке енеді, онда дамиды, оны білдіреді. Мәдениет сөзі латынның Colere сөзінен шыққан, құру, тәрбиелеу, дамыту, құрметтеу, табыну деген мағынада жұмсалады.XIII ғасырдан бастап адамның әрекетімен, еңбегімен, оның мақсатқа бағытталған ойлауымен пайда болғанның барлығы мәдениетке жатады деген түсініктер қалыптасқан. Мәдениет - бұл әлеуметтік-гуманитарлық танып-білудің іргелі ұғымдарының бірі. Мәдениет ұғымына берілген анықтамалар көп. Күні бүгінге дейін дүниежүзінде мәдениетті танудың бірыңғайлығының жоқтығы, ортақ көзқарастардың болмауында. Этнос - өзінің шығу тегі мен тарихи тағдыры туралы ортақ түсінікпен, тілдің, мәдениет пен психика ерекшеліктерінің и ортақтықтарымен, топтық бірліктердің сана-сезімімен байланысқан адамдардың тілдік, дәстүрлі мәдениетті қауымдастығы. Өркениет термині (латынның - азаматтық, қоғамдық) XVII ғасырда пайда болды. Сол кезде өркениетті жабайылыққа қарама-қарсы деп түсіндірілді. Өркениетті мәдениеттің синонимі ретінде де түсіну қалыптасқан. Бұл екі термен мәдениет пен өркениетті алғаш рет XIX ғасырдың соңында ажырата бастады. Бұл екі терминнің қатынас мәселесімен О. Шпенглер, А. Тойнби, Н. Бердяевт.б айналысты.Дәрісті қорытындылау: 1. Тіл мәдениетпен тығыз байланысты . 2. Мәдениет - бұл әлеуметтік-гуманитарлық танып-білудің іргелі ұғымдарының бірі. 3. Өркениетті мәдениеттің синонимі ретінде де түсіну қалыптасқан. Бақылау сұрақтары: 1. Мәдениет дегенді қалай түсінесіз? 2. Этнос сөзіне анықтама беріңіз. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: <<Толғанай Т>>, 2004. - 560 б.2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 19983. Маслова В.А. Лингвокультурология. - М: Академия, 2001. - 208 с.4. Маслова В.А. Когнитивная линвистика. Минск: Тетра Системс, 2004. №2 дәріс тақырыбы: Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы. Жоспар: 1. Тіл және ұлттық мәдениет. 2. Рухани және матералдық мәдениет. Кез келген халықтың мәдениетінде тілдің алатын орны орасан зор. Мәдениеттану ғылымында тілдің мәнін зерттеушілер өз қырынан танып, өз тұрғысынан баға береді. Мұндай баға негізінен мына пайымдауларға саяды: - тіл - мәдениеттің айнасы. Ол айнада адамның ақиқат өмірдегі айналасы ғана емес, халықтың менталитеті, ұлттық ерекшелігі, дәстүрі, салт-санасы, моралі, құндылықтар нормасы мен жүйесі, дүниенің бейнесі (суреті) айқын көрінеді; - тіл - мәдениетті жинақтаушы, сақтаушы. Халықтың білімі, танымы, материалдық және рухани байлығы тілдік жүйеде сақталады. Олар негізінен фольклорлық шығармаларда, көркем туындыларда, әртүрлі жазба мұраларда сақталады; - жинақталған, сақталған дүниеліктер тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады. Жас бала ана тілін үйрену барысында мәдениетті, бұрынғы ата-бабалардың тәжірибе, білімін қоса игереді; - тіл - жеке адамды қалыптастырудың мәдени құралы. Жас ұрпақ ана тілі арқылы халықтың менталитетін, дәстүрін, салт-санасын қабылдайды.Тіл мәдениеттен тыс тұрмайды. Мәдениет дегеніміз тіл болса, тіл дегеніміз мәдениет. ХХ ғ. тілші ғалымдар, тіл ғылымының негізін салушылар тіл, ойлау, мәдениет атты үштіктің өзара бір-бірімен байланысын ашты. Дәрісті қорытындылау: 1.Тіл - мәдениеттің айнасы. 2. Тіл - жеке адамды қалыптастырудың мәдени құралы. Бақылау сұрақтары: 1. Тіл және ұлттық мәдениет туралы түсінік беріңдер. 2. Рухани және матералдық мәдениетті қалай түсінесіңдер? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Манкееева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. - А, 2000. - 354 б.2. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998.3. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: <<Толғанай Т>>, 2004. - 560 б.№3 дәріс тақырыбы:Тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми бағыттары. Жоспар: 1.Этнолингвистика. Елтану. 2.Лингвомәдениеттану Тіл білімінде бүгінгі таңда тіл арқылы мәдениеттанудың бір-бірімен өзара тығыз байланысты жаңа ғылыми бағыттары қалыптасып келеді. Олар: * Этнолингвистика. * Елтану. * Лингвомәдениеттану. Тіл арқылы мәдениеттану аспектілері қазақ тіл білімінде 1980 жылдан былай қарай ғылыми негізде сөз етіле бастады. Әсіресе, қазақ тіл білімнде <<тіл және мәдениет>> мәселелеріндегі сабақтастық туралы ғылыми тұжырымдар арқылы ғасырдың соңғы жиырма жылында зерттеу материалдарының аясы кеңіп, толыға бастауы академик Ә.Т.Қайдаров есімімен байланысты.Жалпы халықтық тілді пайдаланудың қалыптасқан дәстүрлі үлгісі бар. Ол үлгі - тілдік норма, немесе әдеби тіл. Мұнда назар аударатын нәрсе - әдеби тіл мен көркем шығарма тілі екеуі бір ұғымды білдірмейді. Әдеби тіл ол тек көркем шығарманың ғана тілі емес, жалпы жазба тіл түрлерінің бәрін түгел қамтиды. Солай бола тұрса да, көркем шығарманың ғана тілі емес, жалпы жазба тіл түрлерінің бәрін түгел қамтиды. Солай бола тұрса да, көркем шығарма тілінен оның шеңбері тар. Өйткені әдеби тіл - сөйлеуде және жазуда пайдаланып, нормаланған, қалыптасқан тіл. Көркем шығармада стилдік мақсатта жалпы халықтық тілдегі қарапайым, жаргон және жергілікті ерекшелік сипатындағы сөздердің бәрі де қолданыла береді. Сондықтан әдеби тілден көркем шығарма тілінің аясы кең, әрі тілдің басқа формаларына қарағанда көрнекті орын алады. Дәрісті қорытындылау: 1. Тіл білімінде бүгінгі таңда тіл арқылы мәдениеттанудың бір-бірімен өзара тығыз байланысты жаңа ғылыми бағыттары қалыптасып келеді 2. Әдеби тіл ол тек көркем шығарманың ғана тілі емес, жалпы жазба тіл түрлерінің бәрін түгел қамтиды. Бақылау сұрақтары: 1. Тіл білімінде тіл арқылы мәдениеттанудың жаңа ғылыми бағыттарын ата. 2. Әдеби тіл мен көркем шығарма тілінің айырмашылығын түсіндір. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Манкееева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. - А, 2000. - 354 б.2. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998.3. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: <<Толғанай Т>>, 2004. - 560 б.№ 4дәріс тақырыбы: Дүниенің тілдік бейнесі және эмпирикалық таным. Жоспар: 1. Тілдік бейне. 2. Концептуалды бейне Әрбір тіл дүниені өзінше жүйелеп бөледі, яғни оны концептуализациялаудың өзіне тән тәсілдері болады. Тіл - адамның дүние туралы білімін қалыптастырудың және сол білімнің өмір сүруінің аса маңызды тәсілі. Адам өз танымын, нәтижесін сөз арқылы <<тіркеп>> отырады. Тілдік формаға түскен осы дәстүрлі білімдердің жиынтығы бірде <<аралық тіл>>, <<дүниенің тілдік репрезентациясы>>, <<дүниенің тілдік моделі>>, <<дүниенің тілдік бейнесі>> деп аталады.Дүниенің тілдік бейнесі бар да, дүниенің концептуалды бейнесі бар. Дүниенің концептуалды бейнесі өзгеріп отырады: мысалы Ай, Күн т.б. жөнінде ұғымдар өзгерді, ал дүниенің тілдік бейнесі өзгермей қалып қойды: күн ұясына батты, ай туды т.б. Бұлардың архетип, прототипі мифологиялық таныммен байланысты: Ай өледі, қайта туады; күннің ұясы болады, ұясына кіреді, ұясынан шығады т.б.Дәрісті қорытындылау: 1. Дүниенің тілдік бейнесі бар да, дүниенің концептуалды бейнесі бар. 2. Дүниенің концептуалды бейнесі өзгеріп отырады Бақылау сұрақтары: 1.Дүниенің тілдік бейнесін қалай түсінесің? 2. Дүниенің концептуалды бейнесі дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Уәлиев Н. Фразеологизм және норма. Алматы: РИК, 1998.2. Шанский Н.М. Фразеология современного русского языка.-М., 1985.3. Хазимова Ә. Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық-мәдени деректері. Алматы, 2002. Автореферат.№ 5дәріс тақырыбы: Лингвомәдениеттаным. Жоспар: 1. Лингвомәдениеттану ғылымының әдістері, мақсаты мен міндеті. 2. Лингвомәдениеттануың теориялық және практикалық мәні.ХХI ғ. тіл білімінде тілді тек коммуникация мен қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар ұлттың мәдени ақпараты жинақталған код ретінде қарастыратын бағыт қалыптасты. Бұл бағыттың іргесі В. Гумбольдт А.А. Потебня және т.б. ғалымдардың еңбегінде қаланған. Мысалы: В. Гумбольдт: <<Менің ұлттық тілімнің шегі - менің көзқарасымның шегін білдіреді>>, - дейді [152, 5 ст.]. Әрбір тарихи кезең, қоғамдық құбылыстар белгілі бір әлеуметтік заңдылықтармен сәйкес келіп және оның әрбір белесі мен қадамы өзіндік ерекшеліктерімен айқындалады. Адамзат баласының ұлттық және этникалық ерекшеліктері тарих пен табиғат дамуының қайталанбас кереметі. Осындай ұлттық және этникалық жағынан танылатын жайттардың бірі - ру-тайпа атауларының тілі мен ру-тайпа атауларына байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестер.Бүгінгі таңдағы ғаламдық өркениет аясындағы жаһандану үдерісіне байланысты тіл біліміндегі зерттеулер бағытының ауқымды да интеграциялық сипатына сай тіл мен мәдениет сабақтастығын анықтаудың мәні зор. Кез келген тілді ұлт тілі арқылы зерттейтін - лингвомәдениеттану саласы. Жалпы тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылымы тілді зерттеудің бір саласы ретінде кейінгі кезеңдерде қалыптасқан. Ал лингвистика мен мәдениеттану ғылымдарының түйісу нүктесінен ХХ ғасырдың 90-жылдарында өз алдына жеке жаңа бағыт пайда болуына әкелді, бұл бағыт Э. Бенвенист, В.Н. Шаклеин, В.А. Маслова және т.б. ғалымдардың еңбектеріне байланысты <<лингвомәдениеттану>> деген атқа ие болды. В.А. Маслова тіл мен мәдениеттің арақатынасын <<Язык теснейшим образом связан с культурой: он прорастает в нее, развивается в ней и выражает ее>> [152, 6 с.], - деп түсіндіреді. Лингвомәдениеттану - ұлттық сипаты бар әлеуметтік, рухани және тұрмыстық қатынастар мен заңдылықтарды тілдік бірліктер мен амал тәсілдерден іздейтін, зерттейтін тіл білімінің бір бағыты.Ғалымдардың тұжырымдамалары тіл мен мәдениеттің өзара байланысын, арақатынасын айқындауға ұмтылуынан туындаса керек. Мәселен, В. Гумбольдт тіл мен мәдениеттің қарым-қатынасы мәселесін қарастырады: 1) материалдық және рухани мәдениет тілде көрінеді; 2) кез келген мәдениет ұлттық, оның ұлттық сипаты тілде көрінеді; 3) ұлттық рухтың көрінуі оның мәдениетінде; 4) тіл - адам мен оны қоршаған дүниені жалғастырушы аралық [154, 203 с.]. Адам өзінің әлемге деген көзқарасын, дүниетанымын тіл арқылы бейнелейді. Әрбір тілдің өзінің ішкі, ұлтық өзгешеліктері бар болғандықтан, кез келген тіл әлемнің суретін өзінше салады. Себебі әр халықтың басынан кешірген тарихы, рухани болмысы, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы сол тілді иеленушілердің ортасында қалыптасып, сол тілде сақталады. Демек, сөз заттың тікелей атауы ғана емес, адам санасындағы шығармашылық үдерістің жемісі. Олай болатын болса, сөз затты атап қана қоймай, оны танытады, анықтайды. Ал таныту белгілі бір халықтың өмір сүріп отырған кезеңдеріндегі нақты жағдайларына байланысты әр алуан болады. Бұдан әр халықтың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері, ұлттық этникалық өзгешеліктерін сипаттайтын тілдік деректері болады деген қорытынды жасаймыз. Лингвомәдениеттану - бұл лингвистика мен мәдениеттің аясында пайда болған, тілде көрініс тауып бекітілген халық мәдениетінің көрінуін зерттейтін ғылым.Ол зерттеу мақсаты, міндеттері , әдістері, нысаны бойынша өз алдына дербес сала болып табылады. Тіл бір уақытта мәдениетті сақтаудың, дамытудың, қалыптастырудың құралы, бөлігі болып табылады. Тілдің көмегімен материалдық және рухани мәдениеттің шынайы туындылары жарыққа шығады. Осы идеяның негізінде мыңжылдықтардың табалдырығында жаңа ғылым лингвомәдениеттану қалыптасты.Тіл, мәдениет, этностың өзара әрекеттесуі мәселесі жаңалық емес.XX ғасырдың басында << Сөздер мен заттар>> мектебі пайда болды. Ол тіл мен мәдениет мәселесін құраушы элементтердің тіл мен мәдениетті құраушы кірпіштерін зерттеу жолына бағыттап, тіл білімінің лексика мен этимологиясындағы маңыздылығын көрсетті. Дәрісті қорытындылау: 1. Кез келген тілді ұлт тілі арқылы зерттейтін - лингвомәдениеттану саласы. 2. Лингвомәдениеттану - ұлттық сипаты бар әлеуметтік, рухани және тұрмыстық қатынастар мен заңдылықтарды тілдік бірліктер мен амал тәсілдерден іздейтін, зерттейтін тіл білімінің бір бағыты. Бақылау сұрақтары: 1. Жалпы тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылымы қай кезде қалыптасқан? 2. Лингвомәдениеттану ғылымы нені зерттейді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Мухатаева А. Этнолингвистическое изучение лексики казахского эпоса (сфера материальной культуры). Алматы, 1989. Автореферат.2. Ақбердиева Б. Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық құрылымдар. Алматы, 2000. Автореферат.№ 6дәріс тақырыбы: Лингвомәдениеттанудың базалық түсініктері. Жоспар: Мәдени концепт. Мәдени дәстүр. Мәдени кеңістік. Мәдени ая. Мәдени сема. Фрейм.Мәдени семалар - сөздің мағыналық құрылымындағы мәдени ақпаратқа ие элемент, семантикалық бірлік (единица). Мысалы, жылқы - <<тақ тұяқты төрт түліктің түрі; өзі көлік, ал еті, сүті азық ретінде пайдаланатын жануар>> десек, <<еті>>, <<сүті>> деген семалар - мәдени ақпарат беретін семантикалық бірлік. Қазақ мәдени-тілдік қоғамдастығында 1) қан тіршілік, күш-қуат көзі деген символдық мәнді білдіреді. Мысалы, қан жоқ, сөл жоқ <<күш-қуаты кеміген>>, бетіне қан жүгірді; 2) қан туыстық, бауырластықтың символы, мысалы, қаны бір, қандастармыз, қанына тартпағанның қары сынсын <<түбі бір туыс>>; 3) қан жастықтың, сұлулықтың символы. Мысалы, бетінен қаны тамған <<жас, сұлу>>; 4) қан қасиеттіліктің символы, мысалы, қаны жібермейді <<қаннан құтылмайды>> деген мағынада.Мәдени ая (фон) - белгілі бір этностың әлеуметтік өмірі мен белгілі бір тарихи уақиғамен байланысты жайттарды білдіретін, тілдік таңбалардың жүйесі. Мысалы: а) қымызмұрындық, сіргежияр, сіргемөлдіретер; жар-жар, алтыбақан, шілдехана, үкітағар, тағаз берут.б.; ә) Жеті жарғы, Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы; Қазақ қайың сауғанда, қырғыз Ғисар ауғанда; Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама; Он сан ноғай бүлген күн буыршын мұзға тайған күн, Әрмембет өлген күн; Желтоқсан оқиғасы т.б.Лингвомәдениеттану саласын нақтылай, айқындай түсетін ұғым - концепт. Концепт адам санасында әмбебап қызмет атқарады. Концепт термині ғылыми әдебиеттерде ХХ ғасырдың ортасында қолданысқа енген. Алайда 1928 жылы жарияланған С.А. Аскольдовтың <<Концепт и слово>> атты мақаласында концепт терминін <<мысленное образование, которое замещает нам в процессе мысли неопределенное множество предметов одного и того же рода>> [168, 267 с.], - деп түсіндіреді.Орыс тіл білімінде концепт терминіне көптеген анықтамалар берілген. Дегенмен, ғалымдардың пікірлері біржақты болмағандықтан, лингвомәдениеттану саласында концепт мәселесіне байланысты тартыс туындайды. Ұғым белгілі бір заттың жалпы, көзге көрінетін заттық белгілерін береді. Ал концепт заттың тек көзге көрінетін ғана емес, кез келген абстрактілі белгілерін бере алады. Демек, ұғым мен концепт екі түрлі мәселе.В.Н.Телияның көзқарасы бойынша, <<концепт - это все то, что мы знаем об объекте во экстенсии этого знания>> [162, 97 с.], - дейді. Яғни белгілі бір заттың жалпы абстракциялы белгілерінің барлығы концептіні құрайды. Сондай-ақ, В.Телия концептіні белгілі бір зат не құбылыстың әлемдегі типтік образдары мен <<прототипін>> қалыптастыратын категория екенін ерекше атап өтеді. Н. Уәлиев ұғым мен концепт, мағына мен концепт жайлы былайша ой толғайды: <<Ұғым мен концептінің мағынасы тепе-тең емес. Ұғым белгілі бір объектінің танылған аса мәнді белгілерінің жиынтығы болса, концепт мазмұн межесі жағынан объект туралы барлық білімнің жиынтығы, ал тұрпат меже тұрғысынан тілдік бірліктердің (лексикалық, фразеологиялық, паремологиялық т.б.) құралдардың жиынтығы болып табылатын ментальды, ұлттық ерекшеліктерді танытатын құрылым.В.А. Маслова концептінің мынадай ерекше құрылымын ұсынады:- негізгі (актуальды) нышан;- қосымша (белсенді емес, тарихи) нышан;- ішкі форма (әдетте түсінілмейтін) [177, 21 с.]. Концепт - көп аспектілі ментальді құрылым болғандықтан, әр концептіде (бірінші және екінші атауыштың қызметтеріндегі сөздердің) аталған терминдер түрлі коннотацияларға, түрлі аялық білімге ие. Мәдени дәстүрлер - әлеуметтік және мәдениетті тұрғындардың ең құндылықты элементтерінің жиынтығыМәдени мұрагерлер - мәдениетке маңызды ақпарттардың, мәдени құндылықтардың берілуі.Мәдени кеңістік - мәдениеттің, оның өкілдері санасында тіршілік ету формасы.Фрейм - стереотипті ситуацияның ойбейнесі (М.Минский). Осы аталған когнитивті жасалымның денотаттық ситуациямен байланысы. Денотаттық ситуация стереотипті болады. Фреймнің тағы бір маңызды категориялық ерекшелігі - тілдік және тілдік емес білімді біртұтас когнитивті бейнеге (образға) айналдыра алатын құрылымдығы.Фреймнің тағы бір ерекшелігі - оны екінші реттегі номинация арқылы объективтендіруге болатыны.Дәрісті қорытындылау: Ұғым белгілі бір объектінің танылған аса мәнді белгілерінің жиынтығы болса, концепт мазмұн межесі жағынан объект туралы барлық білімнің жиынтығы Бақылау сұрақтары: 1. Мәдени ая дегенді қалай түсінесің? 2. В.А. Маслова концептінің қандай құрылымын ұсынады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: <<Толғанай Т>>, 2004. - 560 б.2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 19983. Маслова В.А. Лингвокультурология. - М: Академия, 2001. - 208 с.4. Маслова В.А. Когнитивная линвистика. Минск: Тетра Системс, 2004. №7 дәріс тақырыбы: Мәдени коннатация. Жоспар: Мәдени коннотация тілдік белгідегі мәдениеттің экспоненті ретінде.Мәдени коннотация. Сөздің лексикалық мағынасының құрылымына енбейтін, бірақ сол сөздің мағынасымен қабаттаса, жарыса жүретін компонент мәдени коннотация деп аталады. Мысалы, қымыз <<бие сүтінен ашытылған сусындық тағам>> десек, вербалды таңбаның лексикалық мағынасы. Ал осы лексикалық мағынамен жарыса жүретін қымыз - көптің асы, астың асылы деген компоненттер мәдени коннотоцияға жатады.Тілдің мәдениетпен байланысуы қалай жүзеге асатыны туралы мәселе әрбір зерттеулерде әртүрлі беріледі: бірде ұлттық-мәдени компонент ретінде, немесе аялық білімдер ретінде. Зерттеуші В.Н. Телияның пікірінше, бұл байланыс мәдени коннотация арқылы жүзеге асады деп санаймыз.Жалпы коннотациялар сөзден шығатын асоциацияларға негізделеді, әйтсе де, олар кей кезде шынайылыққа сүйенеді: садыр - қулықтың (сайтан қу ма, садыр қу ма?), матақ (керей) - тентектіктің (матақ, жүрген жерің шатақ), Белгібай (найман) - жомарттықтың (Береген Белгібай ), тобықты (арғын) - сөзге шешен, іске алғыр, ұйымшыл (сөз маржаны тобықтыдан табылады, бөз арзаны Бұқардан табылады, толғағы бір тобықтының баласы т.б) және т.б.Көбінесе, коннотациялар бағалаушы рөлінде келіп, сонымен қатар әлем картинасын құрайтын тілдің ұлттық ерекшелігін анық байқатады. Мысалы, алғашында наймандардың әлемді қабылдау картинасында найманның қызына шыдағанға тозақ жұмақтай көрінеді; найманның қызын алған, жұмаққа барады тіркестері жағымды мағына берсе, арғындарда ажалыңнан бұрын өлгің келсе, не екі аяқты мотоцикл ал, не арғыннан қатын ал - жағымсыз баға алған; ал найман тайпасының ішіндегі қызай табының қыздары жайлы тек жағымды ғана баға берілген: арғыннан ән таңда, қызайдан қыз таңда. Коннотациялар әлемді бағалау формасы арқылы көрінеді.Дәрісті қорытындылау: Коннотациялар бағалаушы рөлінде келіп, сонымен қатар әлем картинасын құрайтын тілдің ұлттық ерекшелігін анық байқатады.Бақылау сұрақтары: Мәдени коннотация деп нені атаймыз?Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: <<Толғанай Т>>, 2004. - 560 б.2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 19983. Маслова В.А. Лингвокультурология. - М: Академия, 2001. - 208 с.4. Маслова В.А. Когнитивная линвистика. Минск: Тетра Системс, 2004. № 8дәріс тақырыбы: Тілдің паремиологиялық қоры. Жоспар: Тілдің фразеологиялық қоры. Эталондар. Стереотиптер. Символдар.Лингвомәдениеттанудың зерттеу тақырыбының бірі - тілдің парамиологиялық қоры. Өйткені, мақалдар - таңдау үшін біршама үлкен кеңістікті беретін, халықтық сананың стериотиптері. Мақал мен мәтелдер дәстүрлі түрде ауыз әдебиетінде жанрлы мәтіндер ретінде оқып танылады. Тілдің фразеологиялық қоры - халықтың тілі мен мәдениеті туралы мәліметтердің ең бағалы қайнар көзі. Мұнда халықтық мифтер, дәстүрлер, салттар, әдет-ғұрыптар мен тәлім туралы түсініктер жинақталған.Эталондар - заттардың, құбылыстардың, нысандардың сапалары мен қасиеттерін өлшейтін болмыс.Стереотип - қоршаған ортаның нақты шындық көрінісі. Бізге белгілі кезкелген тіркес астарында стереотиптік құбылыс бар. Мысалы: тарақ найзалы батыр; кең қолтық керей; астындағы атын алты ай іздеген Малтүгел; қыржаңға өкпелеген қыржы; ұл туса қызай қуанар, гүл өссе қыз қуанар. Соңғы мысалды алатын болсақ, түздің қатерлі де қиын шаруаларын атқару ер адамның мойнына жүктелген іс екені қалып алған жағдай, ал жаугершілік заманда, үркінді кезеңде ер-азаматсыз отбасы өмір сүре алмас еді, сондықтан қазақ отбасында дүниеге ұл бала келсе, қуаныш еселенеді. Символ - әр қырынан танылатын көпқырлылығымен танылатын мәдениеттің тұрақты элементі. Мысалы, бөлінгенді бөрі жейді; бір рулы ел.Бейне когнитивтік модель қалыптастыратын таңба, кейіпкерлер мен нысандар: Айбике, Нұрбике, Айдабол, Ергенекті Уақ, Байыс, Қу дауысты Құттыбай, Тұз еккен Малтүгел.Жоғарыда көрсетілген когнитивті модельді ұйымдастыратын бірліктер мен таңбаларға (ассоциация, стереотип, символ, бейнелер) зер салсақ, олардың адамның ойлауы мен түсінуіне, қабылдауына, елестетуіне ықпалы ерекше екенін тануымызға болады. <<Денотат - латынның белгілеу, білдіру сөзі, белгілі бір сөз білдіретін объектив дүниедегі зат не құбылыстар. Референт - латынның хабарлайтын сөзінен шыққан, білгілі бір тілдік элемент қатынаста болып ойдың элементтеріне тән, ойда бейнеленген объектив дүниедегі заттар мен құбылыстар>> [158, 66 б.]. Тілтанымдағы денотат пен референт ұғымдарына берілген анықтамаларды зерделейтін болсақ, денотат - сөз мағынасын, референт - ұғымның мәнімен сәйкес келеді. Алайда тіл білімі мен логикаға қатысты жазылған еңбектерде аталған екі термин тең дәрежеде қарастырылады. Сөздің лексикалық мағынасының құрылымдық элементтерінің енді бірі - сигнификаттық мағына. Сигнификаттық мағына деп - түйсік арқылы қабылданып, жалпыланған субъективті бейнені айтамыз [159, 86 б.]. Сигнификаттық мағына бір жағынан денотатпен, екінші жағынан танымдық бейнемен байланысып жатады. Мағына таным теориясымен тығыз бірлікте қарастырылады. Ұлт танымының, оның ішінде жеке бір халық, қазақ халқының биік танымы мен талғамын танытатын мәдени құндылықтары болса, осы құндылықтарды жүзеге асыратын жеке-жеке ру, тайпа болып бірлесіп өмір сүрген адамдардың мәдени көрсеткіші - көркем де бейнелі тілі. Аз сөзбен көп мағына таныта білген қазақ халқының ру-тайпа атауларының қойылуының өзін де үлкен мән жатыр. Мәселен, жоғарыда айтылған тілтанымдағы денотат, референт, сигнификат сынды ұғымдар негізінде Найман, Уақ, Қоңырат, Қыпшақ, Арғын, Керей руларының өзіндік аталуы мен белгілерін ажыратып көрсетіп, ұсынып отырмыз.дleft0енотат (ру атауы) Нleft0left0айман left0left0left0left0сигнификат - қазақ арасындағыбірігіп өмір сүрген ру аты референт - Алтайдан Балқашқа дейінгі кең байтақ қазақ жерін мекендеген, сегіз арыс, тоғыз таңбалы. Негізгі таңбасы - бақан, ұраны - Қаптағай). left0денотат - ру атауыleft0left0Уақ сигнификат - қазақ арасында бірлесіп өмір сүрген ру атауыреферент - саны жағынан аз ру. Ергенекті Уақ деп те атайды. Ұраны - Жаубасар, таңбасы - ашамайДәрісті қорытындылау: Тілдің фразеологиялық қоры - халықтың тілі мен мәдениеті туралы мәліметтердің ең бағалы қайнар көзі. Бақылау сұрақтары: Сигнификаттық мағына деп нені айтамыз? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: <<Толғанай Т>>, 2004. - 560 б.2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 19983. Маслова В.А. Лингвокультурология. - М: Академия, 2001. - 208 с.4. Маслова В.А. Когнитивная линвистика. Минск: Тетра Системс, 2004. №9 дәріс тақырыбы: Мифологиялық атаулар. Тілдің танымдық құрылымының мифтік негіздері. Жоспар: Тіл мен мифтің сабақтастығы. Мәдени семантика салт, наным, сенім, рәсім т.б. тәрізді атаулардың мазмұнында ұшырасады. Қазақ тұрмысында нанды аса қастерлі тағам деп ерекше қасиет тұтады. Дәм-тұздың атасы нан деп біледі. Сөздің лексикалық мағынасымен жарыса жүретін мәдени коннотациялық мағына әуелде дәм-тұзды киелі санайтын наным-сеніммен байланысты. Нан ұрсын, дәм-тұзын аттамау, дәм-тұз ұрсын, дәм тартты, дәм тартпады, дәмнен үлкен емес, нанды баспайды, таспен атқанды аспен ат т.б. дегендер нан-тұзды киелі деп танумен байланысты. Сөйтіп, нан-тұз, тұз-дәм зұлымдыққа қарама-қарсы қойылады. Зұлымдық дәм-тұздан аса алмайды, зұлымдықтың бетін дәм-тұз қайтарады деп білген.Байырғы қазақ қоғамындағы дәм-тұз адамдарды біріктіреді, ал қазан елдің бүтіндігін, бірлігін сақтайды деп білген. Жауласқан, кектескенде дұшпанның қазанын қақ айыру, қазан сындыру серті болған. Бұл семантикалық таңба дұшпанды бірлігінен, бүтіндігінен айыру деген мағынаны білдірген.Қазіргі кез білім, ғылымның заманы деп, мифологиялық санаға қатысты әртүрлі жол-жоралғы, салт-дәстүр, ритуал т.б. қоғамдағы орнын мүлде жоққа шығаруға болмайды. Ритуал, жол-жоралғы, салт-дәстүр адамдарды қоғамдастырып отырады, салт-дәстүрі ортақ болғандықтан, бірін-бірі жақын тартады.Салт-дәстүр, жол-жоралғыны білмеген, мойындамағандарды қоғамдастықтан <<бөтен>> деп санайды. Тілдік қарым-қатынас мәдениетінде мұндай факторды елемеу коммуникативтік сәтсіздікке ұшыратады. Сондықтан мәдени-тілдік құзыреті жоғары тілдік тұлға тілдік коммуникацияда мифологиялық санамен байланысты факторларды да бағдарға алуға тиісті векторлардың бірі деп қарайды.Тілдік тұлға үшін мәдени-тілдік семантиканың аса күрделі түрі фразеологимдер, паремологизмдер тәрізді тілдік таңбаның мазмұн межесіндегі құралдармен байланысты.Мақал-мәтелдер белгілі бір құбылысқа <<жаман>>/<<жақсы>> деп баға береді, адамдарға ақыл-кеңес береді, сақтандырады: Жауды аяған жаралы қалады, Тәуекел түбі - желқайық, өтесің де кетесің, Уайым түбі - тұңғиық, батасың да кетесің; Жал-құйрығы қалың деп, Жабыдан айғыр салмаңыз.Тәртіпке шақырады: Әкесі тұрып ұлы сөйлегенннен без, анасы тұрып қызы сөйлегеннен без;Көңілді тыныштандырады: Орнында бар оңалар; Батар күннің атар таңы бар; Сақтандырады:Жаман айтпай жақсы жоқ; жау жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында; ауру - астан, дау - қарындастан.Барлық фразеологизмдер, барша мақал-мәтелдер этномәдени семантика бола бермейді. Этностың ақиқат дүние туралы көзқарасы, салт-дәстүрі, жол-жоралғылары әдет-ғұрпы, моралі, әдеби, тұрмыс-тіршілігімен байланысты ақпараттар жинақтаған тұрақты сөз орамдарының мазмұндық құрылымында ақиқат дүниенің тілдік бейнесін көрсететін ұлттық ерекшелікті (спецификаны) танытатын компоненттер болады.<<Адам қартаймайтын шайтан емес қой>> деп қайсыбір кісілер мұндай тілекті қош алмайды. Қазақ ұғымында қарттық үлкен құрмет, адамның қызметі, атақ-дәрежесінен гөрі жасын сыйлау, жасына қарай жол беру жағы мықтап ескеріледі. Үлкендердің байырғы кезде кәрілікке жеткізсін, жағың түспей жамандық көрме, ақ сақалды сары тісті болдейтіні сол этикалық норманы айқын аңғартады.Дәрісті қорытындылау: Мәдени семантика салт, наным, сенім, рәсім т.б. тәрізді атаулардың мазмұнында ұшырасады.Бақылау сұрақтары: Тілдің танымдық құрылымының мифтік негіздеріне мысалдар келтіріңдер Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: <<Толғанай Т>>, 2004. - 560 б.2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 19983. Ақбердиева Б. Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық құрылымдар. Алматы, 2000. Автореферат.№10 дәріс тақырыбы: Ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің этномәдени негіздері. Жоспар: 1.Ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тіркестердің этномәдени негіздері. 2.Фразеологизмдердің материалдық мәдениетке қатысы. Ұлттық мәдениетті тіл арқылы тану, рухани мәдениетке жататын тілдік бірлік ретндегі фразеологизмдер арқылы танудың маңызы өте зор. Ру-тайпа одағы қоғамдық құқықтық қатынастар институты, ол құқықтық қатынастарды реттейді, ол қоғам мүшелерінің (жүз, тайпа, ру, тап, тармақ т.б.) әлеуметтік қатынастарына қызмет етеді, ол ру-тайпа мүшелерінің мәдени қатынасына қызмет етеді; ол жалпы адамзаттың ұлттық құндылықтары негізінде тәрбие ісіне қызмет етеді; ол санаға, қоғамдық санаға сөз арқылы әсер етуге қызмет етеді. Ру-тайпа -->құқықтық мәдениет -->әлеуметтік этика --> тәрбие --> ұлттық құндылық --> қоғамдық стереотип --> ұлтық менталитет ретінде қарастыруға болатынын көреміз, оны жоғарыдағы сызбадан көруге болады. Ұлттық болмыс тұрғысынан алып қарағанда, әлеуметтік этиканың қалыптануында адамның өткендегі тәжірбиесі маңызды орын алады. Мысалы, қазақы ұғымда қуанышты жағдайды қабылдаудың өз ерекшелігі бар. Құнанбайдың немере інісі Ақбердіге Құнабайдың <<Бетқұдықты Ақбердіге берсін!>>, - деген сәлемін әкелген Абайға Құлыншақ ақын: <<Ақберді, Ақберді, Ақбердіге Құдай бақ берді>>, - деп тақпақтай бергенде, Бала Абай іле жөнеліп: <<Бақ берген емей немене, Борсақтан қалған аз жерді <<Менікі>> деп тап берді деген екен. Ақберді, Ақберді, Ақбердіге Құдай бақ берді мағыналық бірлігі осы бір қуанышты оқиғадан кейін ел аузында қалса керек. Ұлттық қабылдау, ұлттық түсінікте бақты берейін десе, бір-ақ сәтте бере салар деген қағида қалыптасқан, сонымен қатар есте қаларлық жағдайда өлең сөзбен термелей жөнелу бұл да қазақы топырақтан өніп шыққан бір белгі [161, 147 б.]. Ұлттық менталитет. Қазақ халқы салт-дәстүрін, әдет-ғұрпынан бой тартпаған халық. Көптеген күрмеуі қиын мәселе дала дәстүрі негізінде шешіліп отырған. Мысалы, өліп кетті Өтекең, майға толды Көтекең тұрақты тіркесінен жол-жоралғы негізіндегі даулы мәселенің оңтайлы шешімін тапқанын көреміз. Айдабол балаларының арғы атасының аты Көтібақ болса керек. Ауыл ішіндегі істің аяғы насырға шауып (Абыралы жерінде), кісіге жазығы жоқ, көпшіл де діншіл жан Өтебай қазаға ұшырайды. Екі ауыл да бір Үсеннің балаларынан. Елдің тыныштығын, азаматтардың амандығын қалайық дей отырып, сол елдің болысы, Ноха қажы 2000 теңгедей ақшалай құн кескен екен. Жоғарыдағы сөзді Өтебайдың құрдасы Күлшім деген айтып, елге таралып кетіпті. Ағайын арасына жік түспеуін көздеген шешім қалыптасқан дәстүр негізінде оң шешімін тапқан [162, 110 б.]. Қоғамдық стереотип. Халық рухының өмірлік мәні оның тілінде сақталған. Сондықтан кез келген мағыналық - бірлік ру-тайпа өмірінің мәнді бір бөлшегі. Қазақ халқының өзіндік сөйлеу өнері қалыптасқан. Шешендік өнерді, оны иеленуші адамды ерекше құрмет тұтқан. Сол себепті шешен де шебер сөйлеудің қыр-сырын жетік білген қазақ халқының ұлттық сөйлеу ерекшеліктерін төмендегідей бөліп көрсетуге болады:Біріншіден, қазақ үйіне келген адамды бірден әңгімеге тартпаған, алдымен сый-құрметін көрсетіп, ыңғайы келді-ау дегенде, қалыптасқан жөн-жоба негізінде көңіл-қошын білдірген. Екіншіден,әңгімелесу ахуалында айтылған сөздің астарлы мағынасына көз жеткізіп барып қана, өз ойын айтқан. Қазақ көп жағдайда қойылған сұраққа бірден жауап қайтармаған. Үшіншіден, тілдесудің ойдағыдай өтуінің этикалық шарты бар. Сөйлеушіге оң пейіл білдіру, тілдесуге ықыласты екеніңді көрсету, оның сөзін түсіністікпен ден қоя тыңдау т.б. сондай-ақ әңгімеге, сөзге құлақ түріп, назар аударудың вербалды белгісі - қоштау таныту арқылы жүзеге асады. Қазақ амандасудан бастап қоштасуға дейін тиісті қалыптанған жазылмаған ережені сақтайды. Қазаққа кеңдік, есептеспеушілік, <<бір Алла біледі>> деушілік, қанағат, тәубеге келушілік қасиеттері тән. Сөздікте берілген тұрақты тіркестерден ұлттың ерекшелігін бағамдауға болады. Дәрісті қорытындылау: 1.Ұлттық болмыс тұрғысынан алып қарағанда, әлеуметтік этиканың қалыптануында адамның өткендегі тәжірбиесі маңызды орын алады. 2. Халық рухының өмірлік мәні оның тілінде сақталған. Сондықтан кез келген мағыналық - бірлік ру-тайпа өмірінің мәнді бір бөлшегі Бақылау сұрақтары: Ұлттық менталитет, қоғамдық стереотип дегенді қалай түсінесің? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: <<Толғанай Т>>, 2004. - 560 б.2.Манкееева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. - А, 2000. - 354 б.3. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998.4. Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. Алматы, 1989 №11 дәріс тақырыбы: Фразеологиялық концепт. Жоспар: 1.Ру-тайпа атауларына байланысты қалыптасқа ТТ-ң жалпы ұлттық концептілерді бейнелеуі. 2.Жағымды және жағымсыз мәндегі концепт.Белгілі бір ұлтқа тән концептілер қатысы басқа ұлттың концепт аясынан өзгеше ұлттық концепт аясын құрайды. Адам ойының бір парасында өмірге деген концептуалдық көзқарас туындап, қалыптасады. Дегенмен, бұндай көзқарастың ұжым санасында қалыптасуына көңіл бөліп, <<концепт>> терминінің өрісіндегі ұлттық менталитетке, ұлттың өмірге деген көзқарасының ұстанымдарына да көңіл бөлінуі қажет-ақ. Шығыс Қазақстан аймағындағы ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестерді айрықша таңбалар жүйесі ретінде ала отырып, олардың бойындағы заман көшінде, үдерісінде жинақталған мағынаның мәнін ашу, яғни оның ғасырлар тезінде ұйыған кодын табу, мәнісін айқындау арқылы тіл біліміндегі құндылық дәрежесін көрсетсе, сапалы ұрпақ өз өмірінде қолдана біліп, жағымды тұстарын ғибрат етсе, бүгінгі ұрпақ рухани жұтаңдықты сезінбес еді. Шығыс Қазақстан аймағындағы ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестерді лингвомәдени аспектіде қарастыру барысында төмендегідей тақырып аясында зерделедік:- Шығыс Қазақстан аймағындағы ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің жағымды мәндегі концепт жасауға қатысы.- Шығыс Қазақстан аймағындағы ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің жағымсыз мәндегі концепт жасауға қатысы.Осындай жағымды мәнді ТТ-дің ру-тайпа атауларына байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестердегі көрінісіне назар аударсақ. Мысалы: мұрындай мол қыл; айылың құйысқандай болсын, алашың туысқандай болсын; Айтақтай ұл туар, Ардагердей ат тумас; тұзақшыдай ел болмас, Зайсанға жетер жер болмас.Жағымды сапада қарастырылған ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестерді кесте бойынша көрсеткенде, олардың мағыналық өріс кеңдігін, бойына жинақтаған аялық білім өресін шамалауға болатынына көз жеткізе аламыз. Концепт - бұл белгілі концептуалдық жүйе иелерінің қоршаған шындық объектілерін идентификациялаудың өлшемі жайлы ақпарат [196, 3 с.]. Қалыптасқан концепті тілдік бірліктерден көрініс тапты. Тіл қатынас құралы қызметін атқарып, ойды жарыққа шығарып қана қоймайды, ол сонымен қатар адамның әрқилы көңіл күй толқындары мен жан дүние тебіреністерін де реттеп отырады. Ендігі ретте осы жағымсыз мәнді ру-тайпа атауларына байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестердегі көрінісіне назар аударайық. Мысалы: сыбанның қызындай үйде қартайтамысың? сыбандай сырдаң қылма, қыржыдай қырысқақ қылма; ақымбеттей ұрысқақ қылма; Қожамқұлдың үйіне қонғанша, Дәуленнің жұртына қон; Айбикенің ауылына қонғанша, Нұрбикенің көшіп кеткен жұртына қон; қараға қонғанша далаға қон, далаға қонғанша молаға қон; Тоқабайдың үйіне қонғанша, Жанайдың жұртына қон. Дәрісті қорытындылау: Концепт - бұл белгілі концептуалдық жүйе иелерінің қоршаған шындық объектілерін идентификациялаудың өлшемі жайлы ақпарат. Қалыптасқан концепті тілдік бірліктерден көрініс тапты. Тіл қатынас құралы қызметін атқарып, ойды жарыққа шығарып қана қоймайды, ол сонымен қатар адамның әрқилы көңіл күй толқындары мен жан дүние тебіреністерін де реттеп отырады. Бақылау сұрақтары: 1.Концепт дегеніміз не? 2. Жағымды және жағымсыз мәндегі концептілерге мысалдар келтір.Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: <<Толғанай Т>>, 2004. - 560 б.2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 19983. Маслова В.А. Лингвокультурология. - М: Академия, 2001. - 208 с.4. Маслова В.А. Когнитивная линвистика. Минск: Тетра Системс, 2004. № 12дәріс тақырыбы: Жағымды мәндегі концепт. <<Бірлік>>, <<Жан-жақты>> концептісі. Жоспар: 1.Концептілерді бірнеше ішкі мағыналық өрістерге жіктеу. 2. <<Бірлік>> концептісі Адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты кез келген ұлттық мәдениет мәселелері, мысалы, <<бірлік - ынтымақ>> тәрізді ұғымдар қай кезде де, қазірдің өзінде де маңызды мәні бар мәселе. Қазақ халқы бірліктің, татулықтың, ынтымақтың жарасымдылығын ерекше бағалайды. Тіпті, бір жағадан мойын, бір жеңнен қол шығара алмаған қандастарға <<алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді>> деп, өмірдің сәнін, мәнін, береке, бірлігін еріксіз мойындатар мақалды да ғибрат еткен. Бұл жердегі <<алтау>> деп отырғанымыз - әрбір шаңырақ құрушыларда үш жұрттан алты жұрты (отанасы: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты; отағасы: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты) болса, <<алтау>> (ала болса) дегеніміз осы. <<Төртеу>> - төрт төңірегің, яғни туған-туысқаныңмен тату болып, төңірегің мен оңды келісімде болсаң, төрт құбылаң сай. Мысалы, төре жоқта <<ноқта ағасы>> төрелік етеді; арғын - аға, қыпшақ - жаға, қоңырат пен найман еншілес егіз; <<Ақжолдаса>> арғын қалмайды, екеуі бірігіп <<Сарманайлап>> түйілсе, басқалардың тамтығы да қалмайды және т.б <<Жанды-жақты>> концептісі Шығыс Қазақстан аймағында мынадай көрініс тапқан: Қаракесек көп пе, қара шыбын көп пе? отыз ұлды Қожан; Құлыншақтың бес қасқасы; бес бәйтен, жеті самай; жаныс көп пе, қамыс көп пе? тоғыз үй Тоқпанбет; үш көнші; жеті жолымбет; тобай ұлы орыстан да көп; тоғыз тума; Әдеттің алты қасқыры; алты ақша, үш тілеуберді, тоғыз тума, үйде Шоңы бар, түзде Шорманы бардың не арманы бар; Қыдыралы, Кедейсің, Қойке келсе не дейсің; төлеңгіт - Жаназардың туына, Өмірзақтың құтына жиналған ел және т.б. Қазақы ұғымда туыстық қатынасты саралауда сүйегі, табы, тармағы, руы деп тарата айтатын үрдіс қалыптасқан. Берілген контекстегі <<жанды-жақты>> сөзі өз кезегінде қазақы жіктелімге сәйкес мағыналық жүк жинаған сөздердің бірі. Іштей туыстық қатынасқа негізделген, алыс болса да қандас туыстардың күнделікті тұрмыс барысында атқарылатын шаруалардың ретін келтіріп, мыңдаған әрекеттердің басын ортақ мақсатқа жұмылдыра білген, әлеуеті қуатты, барыс-келіс, алыс-беріске оңтайланған, өз қажетін өтейтін, табысын еселейтін іске барлық ағайын-туған жұмыла кірісіп, <<өз таныс>>, <<көз танысты>> оң жағына ала отырып, мәселесін өз пайдасына ғана шешетін, ұйымшылдығы жарасқан, <<өз>> бен <<өзгелер>> санасатын, құрығы ұзын әулет туралы мағлұмат беретін сөз ретінде алынды. Көшпелі елдің салтында жанды-жақты болған өз еліңде бедел, сыртқы жауға айбар саналған.Дәрісті қорытындылау: Адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты кез келген ұлттық мәдениет мәселелері, мысалы, <<бірлік - ынтымақ>> тәрізді ұғымдар қай кезде де, қазірдің өзінде де маңызды мәні бар мәселе. Қазақ халқы бірліктің, татулықтың, ынтымақтың жарасымдылығын ерекше бағалайды. Бақылау сұрақтары: 1.<<Бірлік>> концептісіне мысалдар теріңдер. 2.<<Жанды-жақты>> концептісіне мысалдар келтіріңдер. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Манкееева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. - А, 2000. - 354 б.2. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998.3. Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. Алматы, 1989№ 13дәріс тақырыбы: <<Сүйіспеншілік>>, <<Қонақжайлылық>> концептісі. Жоспар: <<Сүйіспеншілік>> ,<<Қонақжайлылық>> концептісіКиелі, қасиетті <<атамекен>> ұғымы қазақтың мифтік ғалам бейнесінде де орын алады. Қазақтың киелі жері ретінде Көктөбе, Қазықұрт тауы, Жиделібайсын, Ұлытау т.т. атауға болады. Дегенмен, кез келген қазақ үшін өз туған жері киелі де қасиетті. Қазақтың <<сүйсінер ұлың болса, сүйінерге жарар ол>> деген сөзінің дақпыртымен елдің елдігін көтерген, рудың таудан асқан тауқыметін арқалаған, ақыл өресінің ауқымдылығымен өз маңайын жауға алдырмаған атақты ұлдары жайлы ел ішінде айтылып жүрген біршама тұрақты тіркестер жинақталды. Мысалы, ел сыншысының ел ішіндегі беделіне орай Өскембайға (тобықты биі) өзіңнің бағың Қыдырдай болса, Құнанбайдың (Абайдың әкесі, тобықты билеушісі) бағы Шыңғыстай болады; шешендігі, кемеңгерлігі үш жүзге тараған Төле би, <<Хан батыры>>, <<Дарабоз>> деген атақтарға жанкешті ерліктері арқасында ие болған Қабанбай батыр жайлы - Қазақта Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Төледен асқан би жоқ; барлық істің түйінін бір адамға қаратып отыру дегенге саятын - Тайлақ келмей сабаның аузы шешілмес және Сүйіндік, сүбелігім, елдің көркі; Мұса да шықты маядан, жылқысы кетпес саядан; білсең, Кегенбаймын, білмесең, деген баймын; көбелдестер би болып, көппен кеңес құрған жер; көкте Құдай, жерде Құлбай; Төйкеден ұл туыпты, елі үшін күн туыпты және т. б. тұрақты тіркестер ел есінде мәңгі қалған есімдер. <<Қонақжайлылық>> концептісіҚазақ - қонақжай, меймандос халық. Қазақтар үйге келген (құдайы қонақ, сыйлы қонақ, құрметті қонақ т. б.) қонақты <<қонақ келді - құт келді>> <<қырықтың бірі - Қыдыр>> деп ата дәстүрмен құшақ жайып қарсы алған, тұрып - төсек, жайылып - жастық болған, сый-сияпатын көрсетіп шығарып салған. Қонақ сыйлау қазақтардың бойына сіңген менталитеттік қасиеттеріне жатады.Қазақтың қонақжайлылығы туралы жоғарыдағыдай жылдар тезі дәлелдеген пікірлер жеткілікті, ал тіліміздегі қалыптасқан тұрақты тіркестер қонақжайлылықтың кепілі тәріздес. Мысалы,Қарақұрсақтың қыры кеткенінің үйіне барсаң, сорпалық қызылы бар мал союға жарайды, ата құты шаңырақтарынан үзілмеген, қарынның майлы құрышы; Бура, қазы-қартаны тура; және т.б. Мысалы: Қаратаз барсаң, Можан бар, асулы тұрған қазан бар - Қаратаз табынан Қалба өңірінде мырзалығымен, қонақжайлылығымен аты шыққан Жидебай ұлы Можан дейтін асқан жомарт адамға 12 мың қой бітіпті. Күн сайын бір қойды сол маңайдан әрлі-берлі өткен жолаушыларға арнап сойғызады екен. Можанның мырзалығы сондай, ол кісінің үйі далаға жайып қойған дастарқан немесе жол бойында тұрған асхана сияқты болған. <<Қаратаз барсаң Можан бар, асулы тұрған қазан бар>> осы үрдіске байланысты қалыптасқан. Асқан дарқандықтың үлгісі ретінде:Бармақ мырза, Тана мырза, Береген Белгібай және т.б. тілдік бірліктер қалыптасқан.Дәрісті қорытындылау: Қонақ сыйлау қазақтардың бойына сіңген менталитеттік қасиеттеріне жатады.Бақылау сұрақтары: <<Сүйіспеншілік>> ,<<Қонақжайлылық>> концептілеріне мысалдар келтіріңдерҰсынылатын әдебиеттер: 1. Манкееева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. - А, 2000. - 354 б.2. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998.3. Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. Алматы, 1989№14 дәріс тақырыбы: Ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің жағымсыз мәндегі концепт жасауға қатысы. Жоспар: <<Берекесіз>>, <<Кесірлік>>, <<Оспадарлық>> концептісі.<<Берекесіз>> концептісіЖалпы редакциясын танымал ғалым Т. Жанұзақов басқарған <<Қазақ тілінің сөздігінде>> берекесіз сөзіне: 1) бей-берекет, қалай болса солай; 2) тоқтауы жоқ пәтуасыз, тұрлаусыз, шалағай [197, 97 б.] деген түсініктеме берілген. Берекесіздік - іштей байланысты тұтастықты мінажат етпей, дегбірсіздікпен, ақыл таяздығынан, кісілік парасаттылығы, адамгершілік санасы жүрдім-бардымдау болғандықтан, алдың-дұлдың мінезбен маңайындағылардың шырқын бұзу, мазасын кетіру сонымен қатар жөн-жосық, жоралғыны белінен басып, жүйесіздікке, ретсіздікке бой ұру. ДаукесҚазақ <<өспейтін адам, өнбес дау қуады>> дейді. Осы пәлсапаның айнымас бір тармағы іспеттес ру, оның табы, тармағы атауларынан қалыптасқан мағыналық бірліктер. Шығыс Қазақстан, оның ішінде Семей, Ақсуат өңірінде даукестіктің символы ретінде есенамандықтар жайлы өте жиі айтылатын сөз-дерек бар. Мысалы: 1-аңыз:Абай төбе би болатын Шар өзені бойындағы Қарамола съезі тарихқа мәлім. Сонда Найманның Есенаман руынан съезге көп келіпті. Олар өңшең өкпешіл, даукес адамдар. Көбінің ісі итпен байланысты. Бірі жоғалған итін т.б. айтып, әйтеуір есе бермепті. Содан <<Қырық иттің құнын даулаған - Есенаман>> атанып кетіпті [ 198]. <<Кесірлік>> концептісі1 өріс - мысқылдағышАшыған көжеге мас болған тоғаспысың?; үш айлық хан Тоғас; тоғалақ келді деп жардан құлаймыз ба? тоғалақ, неғып жүрсің жағалап?; туматай туыс, көті қуыс, бәрін жиып бір-ақ уыс; 2 өріс - мақтаншақ Он жеті ұлды Бертіс; Қарқаралы хан Бертіс; керейдің жігіттері төр бермейді, қыздары сөз бермейді; 3 өріс - қырсықҚисая қалса, қыржы болғаны; қыржи, Мәмбетқұл, қыржи; қыңырайған қыржы; қыржаңға өкпелеген - қыржы. <<Оспадарлық>> концептісіҰр да жықАтап айтқанда, өзен бойындағы жерге таласып, дерек ретінде алынған бейіттің орнын тегістеп, үстіне қой түнеткеннен: мола бұзған Сәдімбек; жайбарақат қымыз ішіп отырған ауылдың үстінен жүріп өткен құйынды аңдамай <<аттанға>> басып, елді қырып ала жаздағаннан: құйынға шапқан Асан [208, 45-46 бб. ]; барымта кезінде мен шормын, шормын, Құдайдан да зормын деп шабатын болғандықтан осы тіркес және мінез алдың-дұлдыңдығына байланысты: Үркештің үргенінен сақта; Саманжанның сары жұдырығынан сақта; қанды Қареке; тоқабай сарыны сәнге сабайды; садырмысың, мінезің шадырмысың?; Атап айтқанда:БүлдірушіАрғын бүлінсе - Әйбикеден, найман бүлінсе - Жәмбикеден, үйсін бүлінсе - Күнбикеден; ел бүлігі тобықты, көп пысыққа молықты; тобықтының қаны сұйық; қыпшақ бұзады, арғын түзейді; қыпшақтың қарасы ашуланшақ, омырау келеді; сарысының көзі өткір, тілі ащы келеді.АлауыздықБұланның асының берекесіндей; екі ақымбет қатар қонбас; байғана, қия жерден тайғана; ешкінің тілін кескен Байбөрді; бәйкісіге билік берме; малды сақау бүлдіреді - халықты жақау бүлдіреді; жеті кезеңде жеті ешкісі үсіп өлген Құлеке; жанболат ұрпақтары кейде сегіз, кейде алтау; қазымбеттің отауы он үйден аспасын.<<Сараң- пайдакүнем>> концептісіСараңАйбикенің ауылына қонғанша, Нұрбикенің көшіп кеткен жұртына қон; Қожамқұлдың үйіне қонғанша, Дәуленнің жұртына қон;өңшең мамай етке тойып, жалғыз қабасты сыртқа қойған; ПайдакүнемТұрмыс - болмыс айнасы. Оған мына бір мысалды тілге тиек етейік: көнші пайдақорлықты сүйеді, атақозы адалдықты сүйеді; Мамырбай құда болыпты, Жасыбайға демекке, Жасыбай құда болыпты, Мамырбайды жемекке (Жасыбай - тума қылыш, Мамырбай - тарақты) Тарақты мен тума Жамбастоған мен Жұмыршақта қойы қоралас, ауылы аралас тату-тәтті өмір сүрген. Дәрісті қорытындылау: Берекесіздік - іштей байланысты тұтастықты мінажат етпей, дегбірсіздікпен, ақыл таяздығынан, кісілік парасаттылығы, адамгершілік санасы жүрдім-бардымдау болғандықтан, алдың-дұлдың мінезбен маңайындағылардың шырқын бұзу, мазасын кетіру Бақылау сұрақтары: Көркем әдебиеттен <<Берекесіз>>, <<Кесірлік>>, <<Оспадарлық>> концептісіне мысалдаркелтіріңдер.Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Манкееева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. - А, 2000. - 354 б.2. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998.3. Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. Алматы, 1989№ 15дәріс тақырыбы: Ұлттық сана және тіл. Тілдік тұлға және оның мәдени құзіреті. Жоспар: 1. Ұлттық сана және тіл 2. Сөз мәдениеті Ұлттық сана және тіл. Сөз мәдениеті - ұлттық сананы дамытуға қызмет ететін пән. Ұлттық сана рухани мәдениет ғылым мен білім, материалдық мәдениет және дене тәрбиесі мәдениетімен байланысты аса күрделі құрылым. Ұлтты, Отанды, Тілді мақтаныш тұтатын сезім де ұлттық сананың құрылымына кіреді. Тілді, елді, елдің ғасырлар бойы жасаған рухани, материалдық дүниесін жақсы көру сезімі қай кезде болсын қазақ халқында жеткілікті болған. <<Қазақ>> дегенде <<Тіл>> дегенде басқасынан бұрын сезімнің буырқанып кететін де сондықтан. Мысалы, ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынұлы намыстың отын үрлеп, қалғып кеткен ұлттық сананы оятты. 1972 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы ұйымдастыруымен және баспасы, радио-телевизия қызметкерлерінің аудармашы, журналисттердің қатысуымен <<Тіл мәдениеті және баспасөз>> атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Конференцияны ана тілінің тазалығы, ана тілін дамыту, ана тілін қастерлеу, дәріптелу рухында өтті. Көрнекті тіл мамандары І.Кеңесбаев, әсіресе М.Балақаев, А.Ысқақов, Р.Сыздықова т.б. ат салысумен болған бұл жиынның ұйытқысы Тіл білімі институты болдыАкад. І.Кеңесбаевтың <<Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінің>>, проф. А.Ысқақовтың басқаруымен құрастырылған он томдық <<Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің>> жарық көруі әдеби тілдің нормаларын танытудағы лексика-фразеологиялық байлығын жүйелеп, тәртіпке келтірген лингвистикалық мәні ерекше еңбек екені өз алдына, мұндай рухани дүние ұлттық сананы байытып, әртүрлі ұғымдардың тілдік тұлғаның, тілдік ұжымның санасында вербалдануына, сөйтіп, когнитивтік санадағы білімдер жүйесін орнықтыруға, байытуға ықпал ететін тілдік құралдар болғаны даусыз. Адам санасындағы ақиқат дүние туралы ақпараттар - сыртқы дүниенің тілдік тұлға санасындағы моделі. Дәрісті қорытындылау: Ұлттық сана рухани мәдениет ғылым мен білім, материалдық мәдениет және дене тәрбиесі мәдениетімен байланысты аса күрделі құрылым. Ұлтты, Отанды, Тілді мақтаныш тұтатын сезім де ұлттық сананың құрылымына кіреді. Бақылау сұрақтары: Сөз мәдениеті дегеніміз не?Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: <<Толғанай Т>>, 2004. - 560 б.2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 19983. Маслова В.А. Лингвокультурология. - М: Академия, 2001. - 208 с.4. Маслова В.А. Когнитивная линвистика. Минск: Тетра Системс, 2004. 3 Тәжірибелік сабақтар Мақсаты: Әдістемелік нұсқаулар: Тәжірибелік сабақтар әдебиеттер 1.Адам және мәдениет. Мәдениет және өркениет. Мәдениеттің даму бағыттары. 1 Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998. 2.Тіл және ұлттық мәдениет. Мәдениеттің түрлері: материалдық және рухани мәдениет. 1 Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. Алматы, 1989 3. Мәдениет, оны анықтаудың тиімді жолдары. Тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми бағыттары. Этнолингвистика. Елтану. Лингвомәдениеттану. 1 Манкееева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. - А, 2000. - 354 б. 4. Лингвомәдениеттанудың тарихы мен теориялық негіздері. Лингвомәдениеттанушы мектептер. 1 Манкееева Ж.А. Когнитивті лингвистика негіздері. А, 2008. - 154 б. 5. Дүниенің тілдік бейнесі және эмпирикалық таным. 1 Хазимова Ә. Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық-мәдени деректері. Алматы, 2002. Автореферат. 6. Ұлттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болатын басты факторлар. Географиялық фактор. Тілдік фактор. Діни фактор. Этнонимдік фактор. Психикалық фактор. 1 Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. Алматы, 1989 7. Аралық бақылау жұмысы 1 8.Лингвомәдениеттанудың негізгі түсініктері, базалық категориялары. 1 Уәлиев Н. Фразеологизм және норма : РИК, 1998. 9.Фразеологиялық концепт, олардың түрлері. 1 Хазимова Ә. Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық-мәдени деректері. Алматы, 2002. Автореферат. 10.Жағымды және жағымсыз мәндегі концепт. 1 Ақбердиева Б. Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық құрылымдар. Алматы, 2000. Автореферат. 11.Лингвомәдениеттану. Заттық және рухани мәдениет. 1 Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998. 12.Ұлттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болатын басты факторлар. Географиялық фактор. Тілдік фактор. Діни фактор. Этнонимдік фактор. Психикалық фактор. 1 Манкееева Ж.А. Когнитивті лингвистика негіздері. А, 2008. - 154 б. 13. Рухани мәдениет лексикасының этномәдени негіздері. Ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тіркестердің этномәдени негіздері. 1 Манкееева Ж.А. Когнитивті лингвистика негіздері. А, 2008. - 154 б. 14.Фразеологизмдердің материалдық мәдениетке қатысы. 1 Хазимова Ә. Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық-мәдени деректері. Алматы, 2002. Автореферат. 15. Аралық бақылау жұмысы 1 5 СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ Тапсырмалар Тексеру формасы. Ә.Қайдардың еңбектері, этнолингвистикаға және линвомәдениеттануға қатысты пікірлері Жаттығу жұмыстары Фразеологиялық концепт және оның типтері. Конспект Негізгі лингвомәдениеттанымдық категориялар. Реферат Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер. Реферат Мәдениет пен өркениет. Конспект Субмәдениет. Культурема. Реферат Тілдің табиғаты туралы көзқарас. Конспект Фразеологизмдердің елтану мақсатындағы орны мен рөлі. Реферат Этномәдени ұғымдарға негізделген этнографиялық фразеологизмдерді топтау. Ұлттың дәстүрлі мәдениет үлгілеріндегі дағдылы ұлттық рәсімдердегі тұрақты айтылатын тіркестер Жаттығу жұмыстары, конспект Қазақ тіліндегі символдық мәні бар сөздер мен сөз тіркестері; Реферат 5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ СӨЖ тақырыптары Тексеру формасы. Тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми бағыттары.Ұлттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болатын басты факторлар. Жаттығу жұмыстары Фразеологизмдер - тіл арқылы мәдениеттанудың басты аспектісі. Конспект Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер Реферат Тілдің паремиологиялық қоры. Тілдің фразеологиялық қоры. Эталондар. Стереотиптер. Символдар. Картотека жасау Рухани мәдениет лексикасының этномәдени негіздері. Ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тіркестердің этномәдени негіздері Конспект Фразеологиялық концепт, олардың түрлері. Сөзжұмбақтар құрастыру Тілдік тұлға және оның мәдени тілдік құзіреті. Конспект Жағымды мәндегі концепт.Концептілерді бірнеше ішкі мағыналық өрістерге жіктеу. Реферат Жағымсыз мәндегі концепт. Жаттығу жұмыстары Мифологиялық атаулар. Реферат
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz