Файл қосу

Педагогикалық этикет



               ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
             БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы  МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты
ПОӘК

ПОӘК 042-14.05.01.20.65
/02-2013

Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
<<Тәрбиеші тұлғасы және кәсіби іс - әрекеті>>


Редакция № 2  02.09.13. орнына Редакция №








<<ТӘРБИЕШІ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ КӘСІБИ ІС - ӘРЕКЕТІ>> 
                            ПӘНІ БОЙЫНША
                  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                                       
5В010100 - <<МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ>>    
                                       
СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ  БАҒДАРЛАМАСЫ


















                            Семей  -  2013ж.

Алғысөз
1. ЖАСАЛЫНДЫ
Құрастырушы__________ Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің "Педагогикалық психология" кафедрасының аға оқытушысы Аманова А.К. 
                                                               "______"      _______ 2013  ж.
ҚАРАЛДЫ
2.1. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің "Психология" кафедрасының отырысында
 Хаттама №_1____ <<__>>________  2013   жыл

Кафедра меңгерушісі: _____ Г.К.Джумажанова 

2.2. ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында 
Хаттама №__1____ <<__>>________  2013 жыл

Төрайымы _______ 
3. БЕКІТІЛДІ
3.1. Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды
Хаттама №__1____ <<__>>________  2013  жыл

ОӘК төрағасы, оқу ісі жөніндегі проректор_______























                               * Мазмұны:

1. Жалпы ережелер
2. Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу 
3.  Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары 
4.  Курс форматы
5.  Курс саясаты 
6.  Бағалау саясаты
7.  Әдебиеттер
































1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет
Аманова Арай Кокораевна, педагогика ғылымдарының магистрі, психология кафедрасының оқытушысы
Телефон номері: 87014446834
Сабақ өтетін орын - №419 аудитория
Пән бойынша кредит саны - 3

1.2. Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы:
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Шәкәрім атындағы СМУ-нің пәндерге арналған оқу-әдістемелік кешені туралы ережесіне сай құрастырылған. Аталған пәнді оқыту барысында дәріс, тәжірибелік, сондай-ақ СӨЖ және ӨСӨЖ сабақтары қүрастырылады. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмұны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы берілген. Студентке арналған жүмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жұмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет берілген. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. СӨЖ және ӨСӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар. <<Тәрбиеші тұлғасы және кәсіби іс-әрекеті>> курсы <<Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу>> мамандығы бойынша жалпы кәсіптік пәндер цикліндегі педагогикалық пәндердің (оқулықтардың бірі болып табылады, әрі студенттер бойында психологиялық сауаттылықттың, компитенттіліктің, жалпы мәдениет пен педагогикалық қабілеттерінің дамуына үлес қосады) ықпал етеді. 
<<Тәрбиеші тұлғасы және кәсіби іс-әрекеті>> курсы <<Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу>> мамандығы бойынша студенттерді дайындаудың жалпы педагогикалық жүйесіндегі орталық модулдердің бірі ретінде оқытудың обьектісі болып табылады.

1.3. Пәннің мақсаты 
 	Негізгі мақсат  -  болашақ тәрбиеші маман ретінде студенттер бойында оқыту мен тәрбиелеудің, өзін-өзі жетілдірудің өнерін үнемі жетілдіріп отырудың қажеттілігін қалыптастыру. <<Мектепке дейінгі педагогика>>, <<Балалар психологиясы>>, <<Педагогиканың жалпы негіздері>>, <<Педагогикалық процесс тәрбиешінің іс-әрекетінің объектісі ретінде>>, <<Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының методикасы>>, <<Педагогикалық шеберлік>>, <<Даму психологиясы>>, <<Педагогикалық психология>>, <<Әлеуметтік психология>> курсын игеруге ықпал етеді. Жоғары кәсіптік білім беруде Мемлекеттік стандартқа сай.

1.4 Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері:
Тәрбиешінің педагогикалық біліктілік іс-әрекеттің барлық түрін тұлғаның әлеуметтік іс-әрекетіндегі қажеттілікке, дүниетанымы мен қабілеттерін қалыптастыруға, жан-жақты дамуы мен жетілуіне бағыттау мен белсенділігін арттырудағы мамандық шеберлік. Қазіргі педагогикалық білім беру концепциясы болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, терең ғылыми кәсіптік-педагогикалық дайындыққа қол жеткізу үшін алғы шарт жасауды ұсынады.

1.5. Оқып-зерттеу нәтижесінде студент:
* әлемдік тарихи педагогикалық ой дамудың негізгі кезендерін сипатта алуы; 
* Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдар және педагогикалық ой дамудың негізгі кезеңдерін сипатта алуы; 
* Жекелеген халықтар мен өркениетердің мектепке дейінгі ұйымдар және педагогикалық дамуына қосқан үлесін талдай алуы;
* Өткеннің тәрбие  мен білім беру тәжірбиесін қазақ оқу-тәрбие мәселелерін шешуде қолдану мүмкіндіктеріне талдау жасай білу; 
* Мектепке дейінгі ұйымдар және педагогикалық сының сол не өзге кезендегі әлемдік тарихи жағдайларда педагогикалық процестегі орының айқындай алуы; 
* Тарихи педагогикалық әдебиетпен жұмыс істей алуы, бұл білімдерді нақты тарихи жағдайларда қолдана алуы тиіс. 
1.6. Курс пререквизиттері: 
* Мектепке дейінгі педагогика
* Балалар психологиясы
* Педагогиканың жалпы негіздері
* Педагогикалық процесс тәрбиешінің іс-әрекетінің объектісі ретінде
* Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының методикасы
* Педагогикалық шеберлік
* Даму психологиясы
* Педагогикалық психология
* Әлеуметтік психология 

1.7. Курстың постреквизиті:
Пән туралы білім базалық пәндерді меңгеру және болашақта іс-тәжірибені жинақтау үшін қажет.




2. Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу
Кесте 1 Пән мазмұны. Сағаттардың бөлінуі
                                      №
                        Тақырып атаулары
                                  Дәріс
                               Тәжірибе
                                   ОСӨЖ
                                    СӨЖ
                                      1.
Тәрбиешінің кәсіби іс-әрекеті және тұлғасы
                                       2
                                       
                                      1,5
                                       
                                       2
Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің  қызметінің құрылымы
                                       
                                       4
                                       
                                       4
                                       3
Қазіргі қоғамдағы тәрбиешінің рөлі.
                                       2
                                       
                                       
                                       4
                                       4
Тәрбиешінің жеке тұлғасына қойылатын психо-педагогикалық талаптар.
                                       
                                       4
                                       
                                       4
                                       5
Тәрбиешінің оқу-таным әрекетін ұйымдастыру шеберлігі
                                       3
                                       
                                      4,5
                                       
                                       6
Педагогикалық техника тәрбиешінің - еңбек құралы
                                       2
                                       
                                       1
                                       8
                                       7
Тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті

                                       
                                       4
                                      1,5
                                       
                                       8
Педагогикалық қарым-қатынас стилі
                                       3
                                       
                                       
                                       8
                                       9
Педагогикалық этикет.

                                       
                                       5
                                      1,5
                                       
                                      10
Тәрбиешінің ата-аналармен қарым-қатынасы 
                                       2
                                       
                                       
                                       8
                                      11
Отбасы және балабақша арасындағы байланыс
                                       2
                                       
                                       
                                       6
                                      12
Тәрбиеші және бала 
                                       2
                                       
                                       1
                                       4
                                      13
Тәрбиешінің жеке тұлғалық маңызды сапалары
                                       
                                       4
                                      4,5
                                       
                                      14
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері
                                       4
                                       
                                       1
                                       4
                                      15
Тәрбиеленушілермен жекелей жұмыс түрлері
                                       
                                       4
                                      1,5
                                       2
                                      16
Мектеп жасына дейінгі диагностикалау әдістемелері
                                       2
                                       
                                       
                                       6
                                      17
Мектепке дейінгі мекемедегі нормативтік құжаттар
                                       4
                                       
                                       
                                       6
                                      18
Педагогикалық ынталандыру (стимулирование)
                                       
                                       4
                                       
                                       2
                                      19
Тәрбиеші тұлғасының өзін-өзі кәсіптік жетілдіруі
                                       2
                                       
                                      4,5
                                      1,5
                                       

Барлығы: 180 сағат
                                       
                                      30
                                       
                                      30
                                       
                                     22,5
                                       
                                     84,5

3. ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Студент аталған  курс бойынша мынадай теориялық және практикалық мәселелерді игеруі керек. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмүны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Оқушылар мен студенттерге арналған жүмыс бағдарламасы берілген. Студентке арналған жүмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жүмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет берілген. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. СӨЖ және ӨСӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар. 
Берілген тақырыпты конспектілеу.
                       Негізгі талаптар:
* Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
* Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
* Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.
* Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.
* Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

                             Реферат жазуда не ескеріледі?
* Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.
* Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестер алғаны абзал.
* Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.
* Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.
* Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.
* Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.
* Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін   арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.
Рефератты талқылау  -  шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.
Рефератты талқылып, қорытындысын шығару  -  маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. 
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын,      тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
* Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
* Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
* Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
* Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
* Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
* Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
* Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
* Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиеші тұлғасы және кәсіби іс-әрекеті пәні  бойынша  дәріс оқуға әдістемелік нұсқау
Жоғары оқу орнындағы дәріс сабақтары студенттердің шығармашылық ізденісте білімді меңгеру арқылы, ғылыми әдебиеттермен өзіндік жұмыс формаларын, стилін таңдауға мүмкіндік береді.
Лектор тыңдаушыларын объективті түрде ғана ақпараттандырып қоймауы тиісті. Дәрістегі ғылыми ақпарат сенімді түрде жеткізіліп, әдебиеттермен өзіндік істеуге бағыт берілуі тиіс.
Лектордың дәрісі мынадай функциялар атқарады:
* Бағдарлаушы
* Түсіндіру
* Сендіру
Бағдарлаушы қызметінде дәріс ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып ғылыми теория негіздерін қашан және қандай авторлармен тұжырымдалған, қандай объективті өмірлік қажеттіліктерге тәуелді екенін, қандай ғылыми әдебиеттерге сүйеніп бұл туралы терең оқуға болатындығына бағыт беріледі. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі де дәрістің бағдарлау қызметіне жатады.
Түсіндіру қызметі арқылы ғылыми түсініктер, түсіндірілетін теория немесе гипотеза айқындалады.
Сендіру қызметі арқылы лектор тұжырымдарын дәлелдемелер негізінде жасауы тиіс. Міндетті түрде фактіні дәлелдей білу қажет. Сендіру функциясы оқу дәрісінде өте маңызды. Студент ғылыми тұжырымдарды өзіндік сенім арқылы меңгеріледі. Лектор дәрісі қызықты өту үшін төмендегі психологиялық шарттар қажет;
* аталған ғылыми жүйесінде білімдерді меңгеру;
* дәріске деген студент қызығушылығын туғызу;
* студенттер түсіндірілген материал жаңалығын сезінуге тиіс;
* студенттердің жұмыс істеуге ынталандыруын туғызу.
Пән бойынша дәріс оқу әдістемесі.
* тақырып бойынша негізгі түсініктерді аудиторияға жеткізу;
* мазмұнды дәлелдеу;
* материал мазмұның ақпараттығы;
* материалдың проблемалылығы.
Дәріске негізгі және жан-жақты дайындық  -  оны жақсы оқудың бір мүмкіндігі болып табылады.

                Дәріс мазмұнына дайындық
І  -  кезеңде дәріске дайындық:
- мақсат қалыптастыру;
- аталған нақты дәрістің тақырып және бөлім бойынша өткізілу орны айқындалады;
- студенттердің даярлық деңгейін анықтау;
- теоретикалық және нақты материалдар таңдап алынады.
Бұл кезеңде дәріс мазмұны ерекшеліктерінің ішінде ғылымилық, беріктілігін лектор ескеруі керек.
Ғылымилық.  Дәріс қазіргі ғылыми білімдерге сүйенуі тиіс. Ол түрлі теориялық материалдар және тәжірибелік материалдарды салыстырудан көрінеді. Отандық және шетелдік зерттеушілер, ғылыми эксперименттер нәтижесі, жаңа идеялар мен концепциялар, зерттеу әдістерінің сипаттамасынан тұрады.
Дәріс арқылы тек ақпарат берілмейді, студенттердің ғылыми ойлауы қалыптастырылады.
Беріктілігі. Студенттердің негізгі түсінік, заңдылық, зерттеу әдістерімен түсінуін, қамтамасыз етеді. Әсіресе терминдер жүйесіне үлкен көңіл бөлу қажетті.
Психология ғылымында терминология күрделі. Дәріс барысында арнайы терминология жүргізу қажет: сөздердің этимологиясын қарастыру.
Жоғары оқу орнында дәріс сабақтарын дұрыс оқу да мынандай талаптары қойылады:
Кіріспеде тақырып, мақсат айтылып, қызығушылығын тудырып, негізгі тірек идеялары құрастырылады, алдыңғы және соңғы білімдермен байланыстырады. Ең күрделісі дәрісті бастау. Бірінші айтылған сөз тыңдаушылардың назарын аударуы тиіс. Дәріс туралы түсінікті оның атауынан алуға болады. Ол қысқа, негізгі ойды жеткізіп, формасы жағынан тартымды болуы қажет. Тақырып маңыздылығын студент тұлғасын дамытудағы білімдерді меңгеру үшін көрсету қажет. Дәріс жоспары, мақсаты хабарланады. Тыңдаушылардың назарын соңында білімді тексеруге арналатын бақылауға аударуға болады. Жаңа материалды өткен материалмен байланысы көрсетіледі. Кіріспе бөлім 5-7 мин. қамтиды.
Негізгі бөлімде барлық анықтамалар мен негізгі теоретикалық сұрақтар нақты, қысқа ашылады. Әр теориялық көзқарасқа дәлелдемелер, суреттер таңдап алынады. Дәріс сұрақтары 2  -  4-ке дейін. Дәріс мәтіні өте үлкен болмауы керек. Алғашқы сұраққа өткен соң кідіріс жасалады. Бұл психологиялық пауза студенттердің өзін еркін сезінулеріне және оқылатын материалдың маңыздылығын түсіндіруге, қабылдауға даярлығын тексереді (бет-әлпеті, әңгіме). Материалды түсіндіру және дәріс формасына қарай дәрістерді түсіндіруге болады. Проблемалық сипатағы дәріс өткізу үшін студенттерді өзіндік танымдық белсенділік және шығармашылыққа даярлауға мынадай белсенді құралдар пайдаланылады:
* бекітетін негізгі сұрақтармен;
* оқытушы өзін ұсынған тұжырымдар бойынша түрлі көзқарастарды салыстыру;
* сұрақтар қою, түрлі шешімдер мен көптеген тапсырмалар ұсыну;
* кері байланыс қамтамасыз ету.
Аудиториямен байланыста лектордың сыртқы бейнесі, өзін-өзі ұстау, жест, сөйлеуі, тілі маңызды роль атқарады.
Қорытынды. Дәрістің негізгі идеяларын жинақтап қорытындылайды. Тақырыпқа сай ұсыныстар беріліп, қиындытарды жою жолдары көрсетіледі. Дәріс талапқа сай аяқталуы қажет. Сөзді бөлмей, дәрісті соңфна дейін аяқтауға уақытты үнемдеу керек. Дәрісті аяқтау арқылы студенттер сұрақтарына жауап беріледі. Қорытынды шығарылып, өзіндік жұмысқа нұсқау беріледі, әдебиеттер ұсынады. Дәріс жағымды эмоционалды көңіл күймен аяқталуы тиіс. 
4. КУРС ФОРМАТЫ
Семинарға дайындық кезінде студент мұғалімнің дәрісін назарға ұстай отырып, біршама ізденіс жұмыстарын жасау қажет. Ғылыми мақалалар мен монографиялар, сондай-ақ интернет желісінен алынған материалдардағы керекті деректер конспектіленіп алынады. Семинар студенттің ізденіс жұмысы болғандықтан,  бір емес бірнеше дереккөздерді пайдалануға тиісті. Курс бойынша білуге тиісті терминдер мен шартты ұғымдарды оқытушы қамтып, түсіндіреді. СӨЖ тақырыптары берілген сұрақтарды қамти отырып, жазбаша және ауызша жұмыс түрінде орындалады. СӨЖ-ді конспект түрінде дәптерге жазып өткізу қажет. Сабақ барысында студенттің теориялық  білімі, белсенділігі,  ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады. 
5. КУРС САЯСАТЫ
Студенттерге қойылатын талаптар:
* Сабаққа кешікпеу;
* Дәрісті босатқан жағдайда өз бетімен материалды келесі сабаққа оқып келу;
* Жұмысты тапсыру және кеңес алу мерзімін қатаң сақтау;
* Талдау барысында тыңдау және басқалар көзқарасын құрметтеу;
* ОСӨЖ міндетті түрде қатысып, тапсырманы уақытында орындау;
Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырманы орындауы, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі  ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Курсты оқу барысында алынған барлық ұпайлар жинақталып, бір-біріне қосылады.  Осы курстан алған жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырама мен рейтинг бақылауынан алынған баға және емтихан бағаларының қорытындысы бойынша орташа балл есептеледі. Барлық тапсырмаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемін ұлғайтылады; Тапсырмалар оқытушы тағайындаған уақытта қабылданады. Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты есепке алынады. Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық сабақтарды босатпау, кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс беріледі (реферат, көркем мәтінге талдау т.б.);  Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет.
6. БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
Пән бойынша ұпай бөлінісі                                                                   Кесте 2
                                   Апта
                            Бақылау түрі
                              Ұпай жиыны
                                Ескерту
                                       1
                                       2
                                       3
                                       4
                                       
1-8 апта бойы 
дәріске қатысу
                                      30

                                       
                                       2
Семинар
                                      30

                                       
СӨЖ 
                                      15

                                       
                                       4
Семинар
                                      30

                                       
СӨЖ 
                                      15

                                       
ОСӨЖ 
                                      35

                                       
                                       6
Семинар
                                      30

                                       
СӨЖ 
                                      15

                                       
ОСӨЖ 
                                      35

                                       
                                       8
Семинарға 
                                      30

                                       
СӨЖ 
                                      15

                                       
ОСӨЖ 
                                      35

1-8 апта бойынша барлық ұпай саны
                                      300

                                       
9-15 апта бойы 
дәріске қатысу
                                      30

                                       
                                      10
Семинар
                                      30

                                       
СӨЖ 
                                      15

                                       
                                      12
Семинар
                                      30

                                       
СӨЖ 
                                      15

                                       
ОСӨЖ 
                                      45

                                       
                                      14
Семинар
                                      30

                                       
СӨЖ 
                                      15

                                       
                                      15
Семинар
                                      30

                                       
СӨЖ 
                                      15

                                       
ОСӨЖ 
                                      45

9-15 апта бойынша барлық ұпай саны
                                      300

Емтихан ұпайы 
                                      400

Академиялық мерзімге жиынтық ұпай
                                     1000

                     Негізгі әдебиеттер:
                                       
* Буре Р.С., Островская  Воспитатель и дети.  -  М., 1979
* Глебова С.В. Детский сад  -  семья: аспекты взаимодействия.  -  Воронеж, 2005
* Зверева О.Л. Кротова Т.В.  Общение педагога с родителями в ДОУ.  -  М., 2005
* Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей.  -  М., 2004
* Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ.  -  М., 2006
* Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ.  -  М., 2005
* Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006
* Гиппенрейтер Ю.Б. Общаться с ребенком. Как?  -  М., 1997
* Петровский В.А., Виноградова А.М., Кларина Л.М. Учимся общаться с ребенком. - М., 1993
* Белая К.Ю. Инновационная деятельность в ДОУ. - М., 2006
* Корепанова М.В. Липчанская И.А. Аттестация педагогических и руководящих работников ДОУ. - М., 2006
* Тонкова-Ямпольская Р.В., Черток Т. Я. Воспитателю о ребенке дошкольного возраста. - М., 1987
* Детский сад / под ред. Тарасовой Л.П.  -  М., 1997
* Денякина Л.М. Новые подходы к управленческой деятельности в дошкольном образовательном учреждении.  -  М., 1997
* Психология воспитания / под ред. Петровского В.А.  -  М., 1995
* Панько Е.А. Психология деятельности воспитателя детского сада.  -  Минск, 1986
* Микляева Н.В., Микляева Ю.В Работа педагога-психолога в ДОУ.  -  М., 2005
* Чиркова Т.И. Психологическая служба в детском саду.  -  М., 1998
* Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и психогигиене общения.  -  М., 1987, стр. 173-178.
* Кан- Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М., 1987., стр. 46-62, 96-110. 
* Глушкова Г. Диагностический проект как форма тематической проверки // Дошкольное воспитание. 2003. №3. С.43-46.
* Фридман Л.М. Пушкина Т. А. Каплунович И.Я.Изучение личности учащегося и ученических коллективов.- М., 1988., стр. 15-17.
* Царегородцева Е.Оценочная деятельность студентов. // Дошкольное воспитание. 2006. №5. С.111-113.
* Горлова Н. Раннее обучение иностранным языкам: проблемы и пути развития // Дошкольное воспитание. 2001. №5.
*  Арнаутова Е. Самоанализ опыта общения с родителями. // Дошкольное воспитание. 2002. №4. С.47-56.
                                       
                      Қосымша әдебиеттер
* Эльконин Д.Б. Психология игры.  -  М., 1985
* Эльконин Д.Б. Психическое развитие в детских возрастах.  -  М., 1996
* Мухина В.С. Детская психология.  -  М., 1989
* Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте.  -  М., 1968.
* Карабанова О.А. Игра в коррекции психического развития ребенка - М., 1997
* Петровский В.А., Виноградова А.М., Кларина Л.М. Воспитателю о личностном общении.  -  М., 1992
* Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями.  -  М., 2005
* Методика оценки и измерения качества освоения и усвоения детьми базового содержания дошкольных образовательных программ. Алматы., 2004ж.

Пәндер