Файл қосу
Химиялық эксперимент түрлері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМК құжаты ПОӘК ПОӘК 042-16-13.1.04 /03-2013 ПОӘК <<Мектеп химия экспериментін жүргізу әдістемесі>> пәнінің оқу-әдістемелік материалдары № 2 басылым 10.01.2013 ж. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<Мектеп химия экспериментін жүргізу әдістемесі>> <<5В011200 - Химия>> мамандығы үшін ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ Семей 2013 Мазмұны 1 Глоссарий 3 2 Дәрістер 5 3 Практикалық сабақтар 52 4 Студенттердің өздік жұмыстары 53 1 ГЛОССАРИЙ Дәрістердің қысқаша мазмұны №1,2 дәріс. Химияны оқыту үрдісіндегі химиялық эксперимент. Жоспар: Дәрістердің қысқаша мазмұны 1. Химиялық эксперимент таным көзі және тәрбиелеу құралы..2. Химиялық эксперимент түрлері. 1. Химиялық эксперимент таным көзі және тәрбиелеу құралы.Химияны оқытудағы маңызды рөлді-оқу процесінің құрамдас бөлігі химиялық эсперимент алады. Химиялық эксперименттің негізгі қасиеті әрбір ғылыми түсінік логикалық түрде қойылған тапсырмадан көрініп,практикалық түрде меңгерілуі керектігінде. Тану- нақты денелерді,құбылыстард,процесс,фактілерді сезіну мен қабылдаудан басталып, меңгерілу мен абстрактілуге өтеді. Химиялық түсінік- бұл қабылдау негізінде қалыптасатын,химиялық құбылыстар мен процестердің белгілері жайындағы сәйкес біліктілік. Олардың анализі оның қасиетін тануда мүмкіндік беріп,осының негізінде химиялық заңдылықтар орнатылады. Химиялық эксперимент-химияға қызығушылықты арттырып,өзін-өзгілікті қалыптастырады,яғни экспериментті орындау процесі кезінде оқушылар жұмыстың практикалық біліктілігіне қол жеткізіп қана қоймай,өз білімін шығармашылық түрде игеру мүмкіншілігіне ие болады. Түрлі химиялық эксперименттерді пайдалана отырып,мұғалім теориялық білімді нақтылап,практикалық біліммен байланыстыруға үйретеді.Химиялық эксперимент оқушыларға фактілерге негізделіп,теориялық түрде алынған химиялық түсініктерді тәжірибе арқылы дәлелдеп көз жеткізеді. Химиялық эксперимент оқушылардың ойлануын,біліктілігін арттырады,оны алынған нәтиженің дұрыстылық критерийі ретінде қарастыруға болады.Эксперимент жиі жағдайда қабылдаудың негізі болып келеді,онсыз продуктивті ойлану іскерлігі жүрмейді.Ойлауды дамытуда экспериментпен,практикамен біріге отырып, маңызды ролді теория алады. Эксперименттің жүйелі түрде жүргізілуі оқушылардың химиядан үлгерімін арттыруға мүмкіндік береді. Алынған дағдылар мен біліктіліктерін оқушылар тек мектеп қабырғасында ғана пайдаланып қоймай,сондай-ақ кейін де өздік ізденістерінде қолдана алады. Химиялық эксперимент бірнеше кезеңдерде жүргізіледі: * тәжірибені қоюды түсіндіру * жоспарлау мен жүргізу * алынған нәтижелерді бағалау. Эксперимент алдын-ала білімге сүйеніп жүргізіледі. Тәжірибені теоричлық меңгеру оның қолданылуына әсер етеді. Қабылдау-мақсаттылыққа, белсенділікке апарады. Экспериментті жүргізу гипотезамен байланысты. Жұмысқа оқушыларды араластыру олардвың ойлау қабілетін арттырып,жаңа білім игеруге септігін тигізеді. Химиялық жксперимент проблемалық жағдайдың тууына да, оның шешілуіне де жағдай жасайды.Сәйкесінше,эксперимент оқушылардың білімін арттыруға септігін тигізеді,ал оқытушы оқушылардың ойлау процесін қадағалап отыруға мүмкіншілік алады. Химия бағдарламасы химиялық экспериментті кең көлемде пайдалануды ұсынады-демонстрация,зертханалық тәжірибелер,практикалық сабақтар және эксперименттк есептер. * Химиялық эксперимент-түрлі дидактикалық функцияларды түрлі формада,түрлі оқыту әдістерімен сәйкестендіріп орындай алады. * Химиялық эксперимент оқушылардың өзін-өзділігін біртіндеп дамытатын принципке негізделген жүйеден тұрады:демонстрациялық құбылыстардан,фронтальді зертханалық тәжірибелерді оқытушы басқару мен жүргізу,практикалық тапсырмаларды орындаудағы өздік жұмыс және эксперименттік есептер шығару қарастырылған. * Демонстрациялық экспериментті жүргізу оқушылардың түрлі химиялық құбылыстармен ,олардың арасындағы өзара байланыстылық- пен,заңдылықпен,құрылғы мен қондырғылармен жұмыс істеу принциптерімен,жүріп жатқан процестермен терең танысуларына мүмкіндік береді. * Демонстрациялық эксперимент әртүрлі мақсаттарда жүргізіледі, мысалы,қандай да бір теориялық жағдайды меңгерудегі бастапқы этап ретінде көрсетілуі мүмкін (электролиттік диссоциация сатысының жағдайға тәуелділігі),мұғалім <<диссициация дәрежесі ерітіндінің концентрициясына тәуелді ма?>> деген сұраққа жауап сұрайды. Осылайша концентрлі және сұйылтылған сірке қышқылының электр өткізгіштігіне демонстрациялық тәжірибе жүргізіледі. Тәжірибе нәтижелерін салыстыра отырып,оқушылар электролиттік диссоциация дәрежесі ерітіндінің концентрациясына тәуелді екенініне және ерітінді сұйылтылған сайын диссоциация дәрежесі жоғарылайтынын байқайды. Демонстрациялық эксперимент мұғалім айтқан теориялық жағдайдың дұрыстығын дәлелдейді. Мысалы,кейбір тұздарды жаққанда ұшкыш қышқыл бөлінетіндігіне дәлел ретінде, мұғалім нитраттардан азот қышқылын алып,оның спецификалық қасиеттерін көрсетеді,немесе металдардың химиялық қасиеті жайлы айта отырып,металдардың бейметалмен және сумен әрекеттесуін көрсетеді. Сонымен қосa мұғалім эксперименттің мақсатын дұрыс қоя білуі керек. Түсіндіру арқылы алынған нәтижелерді анализдеп,теория мен тәжірибелік нәтижелердің өзара байланыстылығын көрсету қажет. Зертханалық тәжірибелер мен сарамандық жұмыстарды жүргізе отырып,оқушылар химиялық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттеп,олардың нақтылығына көз жеткізеді,осылайша олардың біліктіліктері артады. Кейбір тәжірибелерді жүргізу кезінде шығармашылық бағыттары оянады-білімді жаңа бағытта шыңдау. Бұл химияның әрбір бөлігінен алынған білімнің қайталанылуына, бекітілуіне,тереңдетілуіне,кеңейтіліп,жүйеленуіне себебін тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларда реагенттер мен құрылғыларды қолдана білудегі біліктіліктіліктері мен дағдылары қалыптасады. Осының бәрі оқушылардың политехникалық дайындықтары мен теориялық білімдерін арттырады. Эксперименталды тапсырмаларды орындай отырып,оқушылар өздерінің біліктілігі мен дағдыларын жаңғыртып,теориялық білімдерін нақты тапсырмаларды шешуде қолдана білуге дағдыланады. Сондай-ақ,оқушыларға үй тапсырмасы ретінде де тәжірибелік жұмыстар беруге болады. Үй тапсырмасына берілген тәжірибелер мен бақылаулар қарапайым эксперименттерден тұрады,мұғалім тарапынан қадағалауды талап етпейді. Мұндай тапсырмаларды орындау біліктілік пен алынған білімді өз бетінше жаңғыртуға уйренуге дағдыландырады. Бақылау- біліктілікті арттыру әдісі ретінде химиялық экспериментті жүргізуде кең қолданылады. Оқушылардың шығармашылығы мақсатқа бағытталып,тапсырманы нақты қоя білуде,оны орындай білуде белсенділігін арттырады. Мысалы,гер оқушылар мыс (//) сульфатының электролизін бақылайтын болса онда маңыздысы-тұз түсінің өзгеруі,электродта қызыл дақтың,ауа көпіршіктерінің пайда болуын бақылайды. Эксперимент нәтижелерін оқушылар теориялық ақпаратпен салыстырып, оның дұрыстығына көз жеткізеді. Тәжірибелік бақылауда,сондай-ақ эксперименттік тапсырмаларды орындауда барлық анализаторлар функцирленеді. Осылайша,оқушылар түс,иіс,дәм,тығыздық,зерттеліп жатқан заттың тағы да басқа қасиеттерін анықтап, олардың табиғатын тани алады. Нақты сұрақты бекітуде эксперимент - сабақтың маңызды бөлігі болуы керек. Оқушылар эксперимент не үшін қойылатынын,қандай теориялық жағдайды дэлелдейтінін,қандай сұраққа жауап беретінін білуі керек. Мысалы,металдардың химиялық қасиетін түсіндіре отырып,мұғалім <<Барлық дерлік металдар сумен әрекеттесе бере ме?>> деген сұрақты қояды. Мұғалім орындаған демонстрациялық тәжірибеден кейін,оқушылар өздігінен қорытынды шығарады:кернеу қатарында сутектің оң жағында орналасқан металдар сумен әрекеттеседі. Эксперимент нәтижелерін анализдеу-тәжірибе барысында қойылған сұраққа жауап алу,себептер мен жағдайларды нақтылау үшін өте маңызды. Сонымен қоса,дұрыс ұйымдастырылған эксперимент дисциплинаның сақталуына тәрбиелейді,шығармашылық инициативтің дамып,жеке меншіктерге ұқыптылықпен қарауға тәрбиелейді. Зертханадығы жұмыс жағдайы, ондағы ұқыптылық та оқушылырға тәрбиелік жағынан әсет етіп,дисциплинаның сақталуына септігін тигізеді. Зертханада үнемі тазалық сақталуы керек; құрылғылар мен реактивтердің сақталу жүиесі қатаң түрде орындалуы керек; қатты заттар - топ бойынша, ерітінділер - қосылыстардың негізгі класы және ктион, анион бойынша ; органикалық заттар- қосылыстар класы немесе фунционалдық топ бойынша арнайы химиялық шкафтарда сақталуы қажет. Шкафтарда ыдыстар мен құрылғылар орын орнымен орналасуы керек. Орындалатын эксперименттік жұмысқа алдын ала жүйелі түрде теориялық дайындық оқушыларда қызығушылықты оятады,яғна олар сабақ кезінде белсенділік танытады. Жұмыстың барысын дұрыс түсіну,сондай-ақ орындалған жұмыстың дәптерге дұрыс, талап бойынша толтырылуы да оқушылардың тәжірибелік біліктіліктерінің дұрыс қалыптасуына себеп болады. Оқушылырда өздеріне деген сенімділікті арттырып, қиыншылықты жеңу үшін жұмыстың дұрыс орындалып,күтілген натижелерді алуларына жағдай жасау қажет. Сондай-ақ, дифференциалдық көмек көрсетудің де мыңызы зор: әрқайсысының жұмысын бақылау, қалай жоспарлап, қалай жұмыс жасап жатқандарын, экспериментті жүргізу техникасын мен біліктіліктерін қалай пайдаланып жатқандарын, құбылыстарды түсінулерін, қорытындылауларын бақылап, толықтырып отыру қажет. Әр оқушы материалды өздігінен, құбылыстарды теориялық білімдерімен ұштастыра отырып, соған сәйкс қорытынды жасай білуге дағдыландыру керек. Сонымен қоса, тәжірибе орындау кезінде рективтер мен құралдарды қолдану тәртібін жетік меңгерулері қажет. Әсіресе жұмыстың орындалу орындалу техникасына көп мән берілуі тиіс: қалай заттарды еріту керек, ерінділерді қандай ыдыстарда қыздыру керек, индикатор ерітінділерді қосу, тағы да басқа жағдайларға мән берілуі тиіс. Көрнекі жерге техникалық қауіпсіздік ережесі ілулі болу керек, және әр бәр оқушы онымен таныс болулары және сол тплптарды сақтулары тиіс. Бұл бағыт ұйымдастырушылық пен тәтіпке үйретеді. Химия сабағында экспериментті жүйелі түрде өткізіп отыру фактілерді бақылауға, теориялық білім көмегімен оларды түсіндіре білуге , эксперименттік біліктілік пен дағдыларын арттыруға, жұмысты жоспарлай білуге, өз бетінше жұмыс істеуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуға, шығармашылық іскерлігін арттыруға үлес қосады. Химиялық эксперименттің функциясы Химиялық эксперимент әр түрлі функция атқарады. Химиялық эксперименттің эвристикалық функциясы а)деректерді; б) ұғымдарды және в) заңдылықтарды тағайындаудан көрінеді. а) мысал ретінде газ тәрізді сутегінің мыс(II) оксидімен әрекеттесуін келтіруге болады.Мүндай тәжірибе арқылы оқушылар сутектің белгілі бір жағдайда металл оксидтерімен әрееттесіп, оларды жай зат металдарға дейін тотықсыздандыратынын тағайындайды. б) Химиялық эксперимент ұғымдарды қалыптастыруда үлкен мүмкіндік жасайды. Мысалы <<Оттегі>> тақырыбын оқып үйрену кезінде мұғалім асқын тотықтың ыдырауы арқылы оттегінің алу әдісін көрсетеді. Ал, марганец тотығын пробиркаға енгізу арқылы асқын тотықтың тез ыдырауын көрсету арқылы, оқушыларға катализатор ұғымын бере алады. в) <<Химиялық реакциялардың жүру заңдылығы тәжіприбесі арқылы реакция жылдамдығына әрекеттесетін заттар концентрациясын, жанасу ауданының әсерінт.б факторлардың әсер ету заңдылығын тағайындауға мүмкіндік туады. Химиялық эксперименттің түзетуші функциясы теорияялық материалды игерудегі қиыншылықты және оқушылардың қателігін түзете алу кезінде көрінеді. Оқушылар көбінесе мыс сым күкірт қышықылы,тұз қышқылдарымен әрекеттескенде сутегін бөледі деп есептейді, оны тәжірибе жасау арқылы бұл түсініктің қателігіне көз жеткіземіз. Химиялық эксперименттің қортындылаушы функциясы әр түрлі эмпирикалық қортындылардан алғышарт жасай отырып, жалпы қортынды жасауға мүмкіндік жасайды.Мысалы әр түрлі класстағы заттардың электролиттерге жататынын айтуға болады. Химиялық эксперименттің зерттеушілік функциясы мәселелік оқыту кезінде байқалады. Химиялық эксперимент түрлері Химияны оқытудағы химиялық эксперменттің маңызы өте зор. Негізінде химимялық эксперимент: демонстрациялық столда мұғалім жүргізетін- демонстрациялық экспериментке және оқушы оқушы өздігінен жүргізетін практикалық, зерханалық эксперименттік жұмыстар - оқу эксперименті болып бөлінеді. Сондай- ақ , эксперименттің тағы бір түрі ол- ойша эксперимент(мысленный эксперимент). Бұл жерде мектептегі химиялық эксперимент түрлерінің нақты терминологиясы ұсынылмағанын айта кету керек. Бұл жағдай әдістемелік әдебиеттерге де, мектептің практикалық жұмыстырында да түсініспеушілік туғызады, себебі осындай терминдермен оқушы мен мұғалімнің шығармашылық іскерліктері бірдей көрсетіледі. Олардың арасындағы айырмашылық тек қана ұйымдастырушылық қатынаста ғана емес, мазмұны мен мақсатында да бар. Бұл жерде тагы да қарама - қайшылық туады, әртүрлі пәндерге бірдей аталатын терминднрді қойса- химия, биология, физика, тағы басқалары; <<Демонстрцилық эксперимент>> терминіне барлығы бірдей мағынада түсініктеме береді. Бірақ, әнгіме оқушылардың өздік жұмыстары жайында болса, мұғалімдер мен әдіскерлердің өзара түсіністікке келулері оңай болмайды. Мысалы, <<Практикалық сабақ>> физик мұғалім химия, биологияның практиклық сабағынан мүлде ерекше, физикадан зертханалық жұмысын түсінеді. Материалдық жағдайға қарай, мектепте физика кабинеті қазіргі заманғы талаптарға сай, жеке жбдықталған болуы керек, яғни мұндай кабинетте химиядан сабақ өткізу мүмкін емес. Сол сияқты, биологиядан да оқушылардың практикалық сабақтары өзгеше ұйымдастырылады. Сондықтан да, бір терминге әр пән мұғалімі әр түрлі түсінік береді. Xимиялық оқу экспериментінің түрлері : :: демонстрациялық эксперимент; :: зертханалық тәжірибелер; :: зертханалықжұмыстар; :: сарамандық жұмыстар; :: эксперименттік практикум; :: үй эксперименті. Жалпы ұсынылған оқу экспериментінің классификациясының логикалық негізі: оқушы мен мұғалімнің іскерлілік мүмкіндігі екені белгілі. Басқа да негізді алып қарастыруға да болады,мысалы көптеген эксперименттерді оның орындалу мақсатына қарай бөлу. Бұл жағдайда келесі эксперименттің түрлерін бөліп алуға болады: * жаңа эмперикалық шамалар алуға негізделген эксперимент; * жалпы қорытындыны нақтылайтын немесе көрсетуге негізделген эксперимент; * қандай да бір эксперименттік тапсырманы орындауға негізделген арнайы эксперимент; * оқушылардың білімі мен біліктілігін тексеруге арналған эксперимент,тағы да басқалары. Көрнекі тәжірибе (демонстрациялық эксперимент) . Демонстрациялық эксперимент - химияны,сондай-ақ тағы да басқа жаратылыстық ғылымдарды (биология,география,т.б) оқытудағы бірінші әдістің бірі. Алғашында жоғары оқу орындарында қолданылатын демонстрациялық эксперимент ғылыми докладтарда, конференцияларда, үлкен лекцияларда кең қолданыла бастады. Уақыт өте келе демонстрациялық эксперимент мектептерде де ене бастады. Бұрынырақта демонстрациялық эксперимент - сыныптық эксперимент терминімен алмасып келген. <<Демонстрация>> термині көрнекі - элюстративті әдістерде қолданылады. Мысалы, минерал,заттардың коллекциясын,моделін,суретін,схема,диограмма тағы да басқалары тәрізді көрсету. Бірақ мұндай демонстарцияларды жасанды құбылысқа негізделген демонстарциялық экспериментпен шатастыруға болмайды. Демонстрациялық эксперимент - оқушыларға жаңа материалды түсіндіру үшін сынып ішінде тек қана мұғалімнің қатысуымен жүргізіледі. Оқушылардың назары тәжірибенің орындалуына,оның нәтижелерін бақылауға аударылады. Мұғалім тәжірибені демонстрациялаумен қатар,құбылыстарды түсіндіріп отырса,оқушылар да материалға жеңіл қарап,салғырттық танытпайды. Осылайша мұғалім оқушылардың назарын тікелей тәжірибеге бағыттап,құбылыстарды түсіндірмелер арқылы бақылауға уйретеді. Бұл жағдайда мұғалімнің іс-әрекеттері сиқырлы манипуляция ретінде емес,онсыз тәжірибе жүруі мүмкін болмайтын қажеттілік ретінде қабылданады. Зертханалық тәжірибемен салыстырғанда демонстрациялық тәжірибеде бақылау - жоғары ұйымдастырылған түрде болады. Бірақ,демонстрациялық тәжірибе біліктілік пен білімділіктің жетік дамуына үлес қоспайды,ол үшін зертханалық тәжірибемен,сарамандық жұмыстармен және эксперименттік тапсырмалармен толықтырылуы керек. Демонстрациялық эксперимент қандай негізге сүйеніп және қандай жағдайларда жүргізіледі? Бұндай жағдайлар көп,әрі түрлі болып келеді: * экспериментті қою кезінде оқушыларға қажетті мөлшерде құрылғылар жетіспесе * тәжірибе өте күрделі,оқушылар оны өздігінен жасай алмайтын жағдайда * берілген тәжірибені орындау үшін оқушылар қажетті техниканы меңгере алмаса * тәжірибені жасау реактивтің аз мөлшерімен жүргізіледі немесе кішігірім масштабта қажетті нәтижені алу мүмкін болмаса * тәжірибе қауіпті болса ( сілтілік металдармен жұмыс,электр тогының қатысымен болатын жұмыстар,тағы да басқалары ) * сабақта жұмысжасау деңгейін көтеру үшін. Демонстрациялық эксперименттің негізгі мақсатының бірі оқушыларда мұғалімнің іс-әрекетіне еліктеуге деген ықыласын туғызу. Әрине,бір көрсетіліммен оқушылардың олармен жұмыс істей алу қабілетін арттыру мүмкін емес,бірақ,оқушы өзінің кемшілігін түсінеді,осылайша ол мұғалімнің демонстрациясына көңіл бөлуге ықылас танытады. Мұғалімның іс-әрекетіне үнемі мән беріп бақылап отырса,келесі сабақтарда өз бетінше жұмысты атқара алуы оңайырақ болады. Сонымен қатар,оқушы үнемі мұғалімнің іс-әрекетіне еліктеп сабақ алып отырғандықтан,оқушылардың алдында ұқыптылық танытып,уақытты үнемдеп,нәтижені ойдағыдай етіп алынуы мүмкін тәжірибелерді жасау керек. Қиын эксперименттерді жасауда,кейбір оқушылардың қолына беруге болмайтын реагенттер бар тәжірибе,кей мектептерде барлық жоспарланған тәжірибелерді орындауға мүмкіндік беретін құрылғылр жеткіліксіз және оқу жылының басында,оқушыларда эксперименттік техникалық мүмкіншіліктері дағдыланбаған жағдайларда - демонстрациялық эксперимент қойылады. Тіпті, Либих тоңазытқышы арқылы суды айдау,аммиакты еріту кезінде фонтан алу,тағы да басқалары осы демонстрациялық тәжірибе арқылы жүргізіледі. Күрделі тәжірибелердің көбісі органикалық химия курсында кездеседі. Оқушылар арасындағы күрделі эксперименттің ролі ерекше,себебі зертханаға кірген бойда мұғалімнің демонстрациялық стөлінде орналасқан алуан түрлі реагенттер мен құрылғы, материалдарды байқаған оқушыда қызығушылық оянады. Қорыта келгенде,қарастырылып отырған эксперименттің күрделілігі мен оқушыларға өздігінен орындау мүмкіншілігі жоқ жағдайда демонстрациялық экспериментті қолданудың өте тиімділігі байқалады. Демонстрациялық экспериментті қоюдaғы тағы бір жағдайы - <<қауіпті тәжірибелерді>> орындауда. Айта кететін жағдай,мектептегі химия курсында қауіптілігі белгілі,арнайы қауіпті деп танылған эксперимент қарастырылмаған. <<Қауіпті>> және <<Күрделі>> тәжірибе түсінігі мұғалім мен оқушылардың эксперимент техникасын меңгере білулеріне және эксперименттік техникалық қабілеттері болуына байланысты. Демонстрациялық тәжірибелердің келесі тобын - оқушыларға өздігінен орындатуға да болады. Бірақ материалды жақсы түсінуі,құбылыстардың қасиетін жетік түсінуі үшін мұғалім демонстрациялық эксперимент қояды. Мысалы, жеке немесе топ болып сынауықта оттекті алуды және сол оттекпен кейбір тәжірибелерді оқушы орындай алады. Бұл жерде мұғалім оттегін көп мөлшерде алып,оттегімен газометрді толтырады,сәйкесінше оттегінде түрлі заттарды- металл,бейметалдарды жағады да өнімдерді зерттейді. Көптеген химиялық заттармен жүргізілген химиялық эксперимент көмегімен оқушылар құбылысты терең түсіне алу мүмкіндігіне ие бола алады. Бұндай эксперименттер оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, ,ұзақ уақытқа дейін таңданыс тудырады. Өтілген материал жөнінде көрнекі демонстрациялар оқушыларда жағымды эмоционалды әсер қалдырады. Демонстрациялық тәжірибелердің жиі, әрі көп мөлшерде өткізілуі, мұғалімнің пән бойынша жұмыс темпін жоғарылатуы мақсатында болады, әсіресе егенр сынып өтілуі тиіс материалдан қалып келе жатса. Мұғалаі экспериментінің оқушы экспериметінен екі есе жрғары болатыны белгілі. Сонымен қатар, психологтардың және тәжірибелі мамандардың бақылауы бойынша сабақтың жылдам өтілу темпі оқушылардың қабылдауына кері әсер ететіндігін көрсеткен, оқушылардың зейіндері жан- жақты болып, ойларын жинақтауы төмендейді. Сондықтан, барлық курсты тек бір ғана эксперимент кезінде көрсетіп кетуге болмайды: оқу планы бойынша осы курсқа бөлінген уақыт оқушыларға пәнді меңгеруге қажетті экспеиментті түсіндірулеріне мүмкіндік бермейді. Тәжірибені орындау реактивтердің аз мөлшерінде жүргізілетін болса, немесе күтілген нәтижелерді берс\месе, я тіпті реакция жүрмеген жағдайда демонстрациялық эксперимент қойылады. өнім алынатын тәжірибелер, мысалы, егер нәтижесінде кішкене металл бөлінгін алу мақсаты қойылған болса, алюмотермиялық реакцияларды сынауықта жүргізуге болмайды. Жанып жатқан бензинді өшіру үшін жеткілікті мөлшерде газ болу керек, күкіртті газды жағу үшін де белгілі мөлшерде ғана газ алу керек. Міне осындай жағдайлардың бәріне демонстрциялық эксперимент қою дұрыс болды. Сыныптық фронтальді жұмыс қатарына күкірт қышқылын контактілі әдіспен алу, тұз қышқылын марганецтің қос тотығымен тотықтырып хлор алу, аммиактың оттегінде жануы, азот қышқылын селитрадан алу, тағы да басқа эксперимент түрлерін кіргізуге болмайды. Тәжірибені жүргізуге реактив мөлшері аз, құрылғылар жетіспеген жағдайда, өтілетін материалды оқушылар терең түсінулері үшін мұғалімдер демонстрациялық тәжірибелерді қоюға мәжбүр болады. Сонымен қатар химиялық демонстрациялық эксперименттер келесі талаптарға сәкес болулары қажет: * көрнекі болу ( демонстрациялық столда болып жатқан барлық құбылыстар оқушыларға жақсы көрінуі керек) * жұмысты орындау техникасы қарапайым әрі түсіеуге жеңіл болуы * нәтижелер теориялық фактілерге сай болуы * оқушылар эксперименттің құрамын түсінуі үшін эксперимент алдын ала мұғаліммен тексеріліп, дайындалған болуы * қауіпсіз болуы керек. Демонстрацялық эксперименттің педогогикалық эффективтілігі, оның білімге, эксперименттік біліктілік пен дағдыға оң әсер етуі - эксперименттің жүргізілу техникасына байланысты. Бұның астарында арнайы демонстрациялық экспериментте қолдануға арналған приборлар мен құрылғылардың экспериментте қолданудағы сәкетігі жатыр, мұғалім кабинеттің жабдықтарын, әр приборды бөлек - бөлек қарастырып, демострациялау техникасын қайталап отыру ықажет. Соңғысы демонстрацияны өткізу процесіндегі аппараттар мен құрылғыларды дұрысқолдануға негізделеді, экперимент нәтижелілі, әрі көрнекі болуын қамтамасыз етеді. Демонстрациялау әдістемесі- демонстарияның эффективтілігі , оның оқушылармен жақсы, терең түрде қабылдануындағы іс- әрекеттің үйлесімділігі. Демонстрацияның әдістемесі мен орындалу техникасы өзара тығыз байланысты, әрі демонстрациялық эксперименттің технологиясы болып табылады. Демонстрацялық экспериментті жүргізудегі ескеру қажетті маңызды нәрсе : әрбір тәжірибені орындау техникасы тұрғысынан тексеру, реактивтердің сапасын, құралдар мен құбылыстардың оқушыларға көрнекі екенін және қауіпсіздігін тексеру. Кей жағдайда демонстрациялық столға екі құрылғыны- бірі тәжірибе жасауға дайын құрылғы, екіншісі осы құрылғының жинақтылмаған түрін қою дұрыс болады. Бұл оқушыларға құрылғының қасиетін, мүмкіншілігін жақсы түсінуге көмектеседі. Әрбір нәтжесіз қалған демонстрациялық эксперимент мұғалімнің оқушлар алдындағы беделіне кері әсер ететенін есте сақтау керек . Демонстрциялық экспериментке қойылатын дидактикалық талаптар.Химияны оқытуда демонстрацялық эксперимент бақылаудың көрнекі объектісі болуы керек. Сонымен қоса демонстрацялық эксперимент оқушылар химиялық заңдылықтарға байланысты жаңа фактілерді меңгере алатындай етіп жүйклі түрде ұйымдастырылуы керек. Ал бұлардың бәріне қол жеткізу үшін демонстрацялық экспериментке жалпы талаптар сақталуы шарт. Ал бұл талаптардың сақталмауы химиялық эксперименттің сапасын, педогогикалық эффективтілігін төмендетіп, кейде сәтсіздіктерге де әкелуі мүмкін. Осындай жалпы талаптардың ішінде ең маңыздылары: * эксперименттің көрнекілігі * эксперименттің қарапайымдылығы * эксперименттің қауіпсіздігі * эксперименттің сенімділігі * экспериментті түсіндірудің, қайталаудың қажеттілігі * уақыттың шектеулілігі * эксперименттің уақытылы қойылуы бұл талаптардың барлығын бірдей маңызды деп түсінуге болмайды. Бірақ, осылардың қайсібірінің болмасын сақталмауы эксперименттің талаптары мен сапасын төмендетіп кері эффекттің болуына себепші болалы. Экспериментті жүргізудің көрнекілігі. Көрнекілік- демонстрациялық химиялық экспериментке қойылатын жалпы талаптардың ең алғашқысы. Мұғалімнің демонстрациялық столда жасағандарының барлығы- құралдар, реактивтер, құбылыстар, тағы да басқалары - осының барлығы сынып оқушыларының әрқайсысына, кабинеттің кез келген бөлігінен көрінетіндей болуы қажет. Демонстрацялық эксперимент кезіндегі көрнекіліктің жақсы дәрежеде болуы экспериаентің қалай және қаншалықты ұйымдатырылғанына байланысты. Көпшілік ұйымдастырулар - химия кабинетінің жабдықтарына және құрылғыларға байланысты. Бұл жерде олардың бәрін, әсіресе техникалық тәуелділік бойынша кетпей, тек кейбір қажетті методикалық ұсыныстар қарастырылады. Сынып ішінде жақсы жабдықталған демонстрациялық стол болуы қажет. Мұндай столсыз демонстрацялық экспериментті сәйкес педогогикалық эффектпен жүргізу, тіпті экспериментті жүргізу мүмкін емес. Методикалық ой мен тәжірибелілік демонстрациялық столдың размері мен конструкциясына назар аудартады: столдың еденнен 15-20 см. биіктікке көтеріліп ,столдың беткі бөлігі оқушылардың көздерінің қатарында болатындай етіп орналастырылуы қажет. Осндый қалыпта орналасқан столдағы барлық жағдайлар оқушыларға анық көріетін болады. Көрінбейтін кеңістік пайда болатындықтан столды өте жоғары орнатуға да болмайды. Оқушылардың зейіндерін аударып, құбылыстарды бақылауларына кедергі жасамау үшін демонстрациялық столдан экспеиментке қажетсіз барлық артық заттар алынып тасталады. Көпшілік жағдайда демонстрациялық стол жанына қосымша кішкене көлемдегі стол орнатылғаны жөн, оған эксперимент кезінде пайдаланылған приборлар қойылады. Стол жанындағы демонстратордың іс- әрекетіне бөгет болатын заттар болмау керек, осы жағдайды алдын алу үшін демонстрациялық стол тақтадан шамамен 1 м. ара қашықтықта орналасуы қажет. Стол үстіне уақытша болсын, күнделікті қажетті болсын бөлек заттар қойылмау керек. Кіші көлемдегі ауа тартқыш шкаф демонстрациялық столдың оң жағына орналастырылғаны ыңғайлы болады. Столға приборлар тәжірибе кезінде , бір біріне қатарласпай орналастырылуы керек. Күрделі құрылғылардың құрамдас бөліктері оқушыларға жақсы көрінуі керек. Приборлар стол үстіне вертикальді бағытта орналасуы керек. көпшілік жағдайда оқушылардың бақылауына мұғалімнің өзі кедергі жасайды. Себебі, тәжірибе көрсету кезінде мұғалімнің басы немесе қолдары демонстрацияланатын объектілері жауып қалады, демонстрациялық стол мен оқушылар арасына тұрып алады, кейде процесс мұғалімнің қатынасына қарай солдан оң бғытқа қарай жүретіндей етіліп қойылады. Ал оқушылар үшін бұл жағдай кері бағытта көрінеді, себебі оқушылар процесті оңнан сол бағытқа қарай бақылаулары керек. Кей жағдайда демонстрациялық эксперимент тез жүруі мүмкін, және осының салдарынан оқушылар процесті толық бақылап, қабылдай алмай қалады. Әрине, кейбір демонстрацялық эксперимент химиялық құбылыс табиғатына, реакцияның жүру жылдамдығына да байланысты. Мұндай, жағдайды өзгерту, процестің жүру жылдамдығын төмендету мүмкін болмайтын жағдайда оқушылар процесті байқап үлгерулері үшін алдын ала ескертілулері керек. Мысалы, күкіртті темірді алу ( күкірт ұнтағынан және темір ұнтағынан) реакциясы кезінде мұғалім реакция барысында көп мөлшерде жылу бөлінетінін оқушыларға алдын ала айтып, сынауықтағы заттар қыздырусыз да балқитынын көрулері керек. осылайша реакцияның басталу процесін бақылауға жағдай жасауы керек. жақсы ұйымдастырылып дайындалған эксперименттің сәтсіз болуы асығыстықтың салдарынан, оны келесі мысалмен түсіндіруге болады: Магнитке тартылған темірдің( темі ұнтағы) жануы тәжірибе жүзінде көрсетілді. Отқа алғаш жақындағанда пайда болған ( магнит полюсінің ) көрнекі реакция оқушыларды қызықтырады: м агнитті таразы чашкасы бірден төмендейді. Оқушылар алғашқы құбылысты толық көріп, нәтижені байқап үлгермеиінше мұғалім таразыны лезде теңестіріп жібереді. Сонымен қатар, зертханалық столға жарықтың түсу ретінің дұрыс, әрі ыңғайлы болуына назар салу керек. столдағы барлық зат жақсы, әрі анық көрінуі керек. Осы мақсатта, егер сабақ жасанды жарық көзінде жүргізілетін болса, столға софит немесе жарықтандырғыш құрылғы орнатылады. Кейбір тәжірибелер үшін төмен жарық көзін пайдалану тиімді болады. Ерітінділердің, газдардың ( хлор, азоттың қос тотығы, т. б.) түстерін анық көру үшін кішкене көлемдегі ақ сырмен сырланған фанерден экран жасап падаланған дұрыс, ал егер реакция нәтижесінде ақ тұнба, т.б. түзілетін болса, онда оны байқау үшін экранның екінші жағын қара сырмен сырлаған дұрыс. Демонстрациялық эксперимент көрнекі әрі сәтті болуы үшін, сонымен қатар тәжірибеге қажетті барлық құрал жабдықтар жеткілікті, әрбір тәжірибені жасауда ұқыптылық болуы қажет. Міне бұлардың бәрі мұғалім демонстрациялық экспериментте қолданатын приборларды, құрылғыларды көрсету кезінде ескеріп, оқушылардың құбылысты жақсы бақылаулары үшін барлық жағдайларды қарастыруы керек. Эксперименттің қарапайымдылығы.Демонстрациялық эксперименттің қарапайым болуы да негізгі талаптарға жатады. Бұл жердегі << қарапайым>> және <<күрделі >> эксперимент методыкалық түсініктеме тұрғысынан қарама-қайшы еместігін есте сақтау керек. эксперименттің қарапайымдылығына қойылатын талапты күрделі экспеиментке қояға келмейді. Эксперименттің қарапайымдылығын талап ету әсіресе қазіргі уақытта болу керек, себебі кейбір өндірістік процестерді түсіндірудегі эксперимент кезінде мұғалім күрделі құрылымды және күрделі құрылғылармен көрсетілімдерді қояды. Мысалы, өндірістегідей етіп 4-6 сіңііргіш банкаларды орнасастыру,ал мектеп экспеиментін жеңілдету үшін олардың біреуімен де процесті түсіндіруге болады. тіпті, толық қатардағы агрегаттарды ( тазартқыш, тоңазытқыш,қыздырғыш, насаос, кампрессор, т.б.) алып тастауға да болады. Әрине бұны әрдайым қарастырылатын аппараттың қолданылу рольіне байланысты орындайды. Мысалы, технологиялық схемада күкірт қышқылын контактілі өндірісте алу процесінде тазартудың маңызды екенін біле тұра, пеш газдарын тазартуға арналған аппаратты алып тастау дұрыс болмайды. Теорияны түсіндіруде эксперименттің рольі үлкен: дұрыс қойылған эксперимент көмегімен тіпті табағи заңдылықтың өзін , кез келген аудиторияда түсіндіруге мүмкіндік береді. Жаратылыстық ғылым тарихында табиғаттың күрделі құбылыстарын түсіндіруге мүмкіндік беретін, көптеген қарапайым экспеимент түрлері бар. Мысал үшін зат құрылысын түсіндіруге арналған эксперименттеді алуға болады. Эксперименттің көптеген түрлерінің ашылуына байланысты, тіпті радиоактивті ыдырау процесінің өзінмектеп қабырғасында жасауға мүмкіндік туды. Бірнеше жыл бұрын оқушылар жасауға мүмкін болмаған тәжірибелер қазіргі кезде қолжетерлік жағдайда және қазіргі заманғы мектептің эксперименталды практикасына жүйелі түрде енген. Жоғарғы оқу орындарына арналған көптеген демонстрациялық тәжірибелер ғылыми мамандар мен мұғалімдердің арқасында қолжетерлік болғаны соншалық , тіпті материал жеткіліксіз көлемде жабдықталған мектептерде де көптеген тәжірибелерді орындау мүмкіншілігі бар. (магниді карналитті электролиздеу арқылы алу, электрофильдердің жұмыс принципі, термиялық реакциялар, аммиактың тотығуы, т.б.) Жоғары оқу орындарындағы эксперименттері орта мектептерде қоюға деген мақсат қауіпті болуы мүмкін. Бұндай қауіптіліктердің болуы қарапайым тәәжірибелерге салғырттық танытудан болады. жоғары оқу орындарында қолданылатын құрылғылар мектептерде де кең қолданысқа ие болған. (Сынауық, колба, реторта, қысқыштар. термометр, газометр, Кипп аппараты, т.б.). Көпшілік әдіскерлер оқушылар жаңартылған әрі күрделі аппараттарды қолдана отырып ғылымның жаңа жаңалықтарымен, мүмкіншіліктерімен таныс болулары керек дейді.Бірақ, орта мектептердің жоғары оқу орындарындағы химиялық эксперименттің өзіндік әдістемесі мен техникасына әсер етуі мүмкін болғандықтан, бұндай ұсынысты қабылдау дұрыс болмайды. Ғылыми құрылғыларды қарапайымдылау және модельдерін құру оқу пәнін нақтылықтан алыстатады. Мысалы, электрофильдің мектептегі модельі нақты заводтық құрылғыдан әлдеқайда өзгеше. Оқушы әрине жұмыс істеу принципин түсінуі мүмкін, бірақ құрылғы және оның құрылысы жөнінде жалған пікірде қалады. Мұндай қателікті жібермес үшін әрбір құрылғының модельімен қоса, тағы оның бөлшектерінің де модельдері болуы тиіс. Эксперименттің немесе <<құрылғының қарапайымдылығы>> ұғымын дұрыс түсіну керек. кез келген жай қойылған эксперимент немесе құрастырылған құрылғы оқушылардың белгілі бір заңдылықты түсінулері үшін жеңілдік бола алмайды. Қажетті жағдайда күрделі құрылымды құрылғылар мен эксперименттерді қойып отыру керек. Сонымен қатар, тәжірибені мұғалім дұрыс қойып, ішкі құрылымын, қасиетін ашық түсіндіріп отырса кез келген тәжірибе оқушылар үшін қызықты өтеді, әрі олрдың біліктілігін арттыруда үлкен үлес қосады. Оқушылардың қызығушылықтары тек сыртқы көріністен байқалатын белгілі бір таңқаларлық құбылысты көруге емес, сол құбылыстың қасиеті, болу себебі жөніндегі біліктілігін арттыруға бағыттлуы керек. Мұндай нәтижеге әрине мұғалімнің оқушылармен жүйелі жұмыс жасай алу біліктілігінің жоғары деңгеиінде қол жеткізіледі. Эксперименттің қауіпсіздігі.Демонстрациялық экспериментке қойылатын үшінші талап ол- демонстацияның экспеиментаторға да, оқушыларға да қауіпсіздігі. Бұл талаптың сақталуы мұғалімнің жұмысқа деген жауапкершілігіне, эксперименттік техниканы меңгеру дәрежесі мен біліктілігіне байланысты. Тәжірибелі мұғалім ғана тәжірибе жүргізілк кезінде сынып ішіндегі қапірсіздікті толықтай қамтамасыз ете алады. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, өз жұмыстарында эксперименттерді жүйелі түрде қолданып, дағдыланған тәжірибелі мұғалімдерде сәтсіздіктер мен қауіпті жағдайлар сирек болады. тәжірибенің күтілген нәтижені беруіне күман туатын жағдайларда олар алдын ала реактивтерді, құралдарды тексеріп жұмыстың сәтті, әрі әсерлі өтуі үшін алдын ала жағдайлар жасайды. Мұндай мұғалім экспериментке салғырттықпен қарамайды. Жалынмен, жарылыспен жүретін кейбір тәжірибелерді үнемі оқушылардан алыста орындау керек. көбінесе мұндай жағдайларда демонстрациялық стол мен оқушылар арасына қорғағыш әйнек қойған жөн. әсіресе газдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керек. тіпті, қандай да бір қауіптілік тудыруы мүмкін заттардан, қаншалықты таза дегенмен де газдарды қайта тазартудан өткізген дұрыс. Тәжірибенің қауіптілігі негізінен, тәжірибе орындлып жатқан ортаның жағдайына да байланысты болады. мысалы, мұғалімэлементтерді синтездеу арқылы хлорсутектің түзілуін көрсету үшін екі цилиндрдің бірін хлормен, екіншісін сутекпен толтырады да, бір біріне шыны түтік арқылы жалғайды; оқушылар хлордың түсінің жоғалғанын көреді. Мұндай жағдайда тәжірибе қауіпсіз өтілді. Ал егер, цилиндрлерге тікелей күн сәулесі түсетін болса, тәжірибені жүргізу кезінде жарылыс болады. Әсіресе оқушылардың қатысында, тәжірибелерді реагенттердің аз мөлшерін пайдаланып, зат концентрациясы, ыдыс көлемі, т.б. жағдайларды ескеріп орындау керек. Егер сутекті жаққанда жарылыс туса, концентрацилық күкірт қышқылына су құю салдарынан қышқылдың шашырауы болса, бертолле тұзынан оттекті алуда жарылыс туған, т.б. жағдайларды кездейсоқ катастрофа дап қабылдамау керек[3,4,5]. Профессор С. Г. Карапивин айтқандай, мұнай кездейсоқтықтар <<Педогогикалық ауыр қылмыс болып табылады. Ал мұндай кездейсоқтықтың болуы жұмысқа деген салғырттықты көрсетеді>>. Кейбір жағдайлар, тіпті мүлде басқа әсерлерден де болуы мүмкін. Мысалы, сыныпта эмоцияналды оқушылар болуы мүмкін, олрға тіпті қарапайым құбылыстар қатты әсер етіп, эмоцияларының өршуіне себеп болуы мүмкін. Оқушылардың психологиясын нашар білетін мұғалім сыртқыь құбылыстарды ерекше етіп көрсету мақсатына қатты еніп, оқушыларды болатын құбылысты алдын ала ескерту арқылы эмоциялық тұрғыдан дайындауды ұмытып кетеді; мысалы, сутегі бар банканың аузында жарылыс болады. ал бұл жағдай алдын ала ескертілмегендіктен, оқушыларда. әчіресе қыз балаларда эмоцияналдық шок болуы мүмкін. Сондықтан, тәжірибелі мұғалім оқушылардың психикаларын есере отырып, жүргізілетін тәжірибелерде болатын құбылыстарды алдын ала ескертіп отыруы керек. Тіпті эмоцияның әсерінен пайда болған аффект оқушы организіміне қатты әсер етіп, жүйке жуйесінің қалыптылығын бұзуы мүмкін. Экспериментті орындау кезінде қауіптілік туа қалған жағдайда ( зат өртенуі, жарылыс,т.б.) мұғалім әрқашан сабырлылық танытып, оқушыларды бақылуда ұстап отыруы керек. Ал, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіздік ережесі қатаң сақталуы керек. сонымен қоса әрбір химиялық зертханада қауіптілік езінде қолданылатын барлық материалдар болуы керек. Эксперименттің сенімділігі.Эксперимент жүргізудегі көрсетілген әрбір тәжірибе нәтижелі , әрі әсерлі болуы керек. Егер жұмысты нұсқаулыққа сәйкес орындағанда ғана мұғалім өзінің жұмысының сәтті болатынына сенімділікпен қарай алады. Егер тәжірибелер жүйелі түрде сәтсіздікке ұшырап отрса, мұғалімнің оқушылардың алдындағы беделін түсіріп, оладың пәнге деген қызығушылықтарын, сенімдерін жойып, пән бойынша үлгерімдерінің төмендеуіне әкелеуі мүкін. Ал кездейсоқ сәтсіздіктер, егер сол мезетте мұғалім сәтсіздіктің себебін түсіндіріп, кеткен қателіктерді ретке келтіріп отырса оқушылардың мұғалімге, пәнге деген қатынастарын, сенімдерін өзгертпейді. Бұндай жағдайда оқушылар сәтсіздіктің себебін және оны түзету жағдайларын өздігінен қарастыра бастап, сабаққа қатысуда белсенділік таныта бастайды. Мұғалімнің және өздерінің қосымша ізденістерінің арқасында тапқан қателікті түзеткеннен кейін тәжірибе ойдағыдай жүргенлігін байқаған оқушыларда өздеріне деген сенімдері күшейе түседі. Тәжіраибенің сәтсіздікке ұшырауы түрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Осы себептердің көбісі мұғалімнің біліктілігіне, эксперименттік технологияны меңгере білуіне байланысты. Бастысы, тіпті қарапайым деген жағдайларға да салғырттықпен қарамау керек: қойылатын экспериментті, приборларды, рективтерді алдын ала тексермеу, жинқталған құрылғының сенімді екені, байқамай суық пробирка түбінің ыстық суға тиіп кету, қыздыру процесін дұрыс жүргізбеу, т.б. жағдайларға немқұрайлы қараудың себебінен эксперимент сәтсіз өтіп, күтілген нәтижені бермеуі мүмкін. Сәтсіздіктің тағы бір орындалу техникксынан бөлек себебі, ол- экспериментке жақындаудағы методологияға байланысты. Мысалы, жүргізілетін эксперименттің мақсаты. Мұғалім жұмыстың мақсатын дұрыс қоймау себебінен, экспериментті орындау кезіне оқушыларды дп, өзін де қателіктерге сотықтыруы мүмкін. Көбіне мұндай жағдай сандық сипаттағы эксперименттерді жүргізгенде мұғаліа нақты нәтиже алумен қатар, химиялық заңдылықты түсіндіруге тырысуында болады. мектептерде химия пәнінен де, физика пәнінен де эксперимент қойғанда, белгілі бір заңдылықтарды түсіндіруге арналған тәжірибелерді орындаудан бас тартқан жөн. Мектеп жағдайында эксперименттің мақсатын белгілі бір заңдылықты далелдеуге негіздеп қоймау керек. , себебі прибор жетіспеушілігінен, экперимент кезіндегі бақылаудың дұрыс жүргізілмеуінен эксперимент сәтсідікке ұшырап қоймай, қателіктердің кесірінен заңдылыққа қарама - қайшы нәтиже беруі мүмкін. Ал жағдайдың мұндай болуы оқушылардың пәнге деген сенімін жоғалтуға себепші болады[8,9,13]. Химияны ( тек химияны ғана емес!) оқытудағы мұғалімнің кең тараған кемшілігі, оқушылардың ғылымға жеңіл қарауларына жол берулері. Мысалы: қандай да бір тәжірибеге қол жеткізіп, теориялық фактіде көрсетілгендей нәтиже алған оқушы, өзін ғалымға теңеп, ғылыми эксперименттерді жүргізу мен белгілі заңдылықтарды ашу қарапайым жұмыс деп ойлайды. Мұндай көқарастың алдын алу үшін мұғалім оқушыға жасалған тәжірибенің тек кішкене бөлімі екенін, мұнда көптеген ескерілмеген қаталіктердің бар екендігін түсіндіріуі керек.Бұл жағдайда Созонов С. И. << Әр тәжірибе - ұсақ бөліктерден тұрады, бұл бөліктерді мұғалім алдын ала білуі керек: ал оларды ескермеу салдарынан эксперименттің нәтижесіз болуы - үлкен қателік, ал ол қателікті жөндеуге тырысу кеш амал ету болып табылады>> деген. Ал ірі педогог, мектеп экспериментінің мастері Н. С. Дрентельннің бұл сұраққа көзқарасы мүлде өзгеше: << қандай жағдай болмасын, эксперимент кезіндегі сәтсіздіктен қорықпау керек. крісінше сол сәсіздікті тиімді жағына пайдаланып, оның болу себебін анықтауға болады. осы орайдағы ізденістерден қызықты әрә пайдалы сабақ алу мүмкіншілігі болады. әрине, бұндай жағдайды ұйымдастыру үшін мұғалім өз ісінің шебері болуы керек>>. Белгілі академик И. А. Каблуков сәтсіз болған демонстрациялық тәжірибе жайында былай дейді: << қойылған тәжірибенің сәтсіздігі кезінде, мен тыңдаушыларға сәтсіздіктің себептерін бірден түсіндіруге тырысатынмын, және кейбір жағдайда жүзеге асқан тәжірибелерден көрі сәтсіздікке ұшыраған тәжірибелердің біліктідікті арттырудағы және қызығушылықты оятудағы пайдасы жоғары болды.>> Жоғарыдағы ірі ғалымдардың пікірлерін жинақтай келе, ешқандай уүман туғызбайтын бір ғана қорытынды шығаруға болады: << эксперименттің сәтсіздіктерге жүйелі түрде ұшырап отырулары оқу процесіне кері әсерін тигізумен қатарпәнге деген салғырттықты,сенімсіздікті тудырады. Ал тәжірибелі мамандарда сирек жағдайда болатын сәтсіздіктер, мұндай жағдайға апармайды, керісінше, оқушылардың сол жағдайдан пайдалы білім алып, ынтасын арттыруға себеп бола алады. Мектеп практикасында тәжірибе іске аспай жатқан жағдайларда мұғалімдердің әр түрлі шаралар қолданып жатқандарын байқауға болады. Осы іс - әрекеттердің бірін оқушыларға падалы болады десек, екінші бір әрекеттерін қабылдауға болмайды[10,12,11]. Профессор В. Н. Верховский күрделі, әрі іске аспай қалуы мүмкін демонстрациялық тәжірибелер кезінде мұғалімдерге келесідей дидактикалық кеңес береді: << демонстрациялық тәжірибеге кірісу барысында, оқушыларға жүргізілетін тәжірибенің белгілі себептермен іске аспай қалуы мүмкін екендігін ескертіп қоюы кажет. Осылайша, егер тәжірибе нәтижелі өтсе мұғалім де, оқушылар да қанағаттанарлық сезімде болып, ал сәтсіздікке ұшырап жатса жағдайлар алдын ала ескерілгендіктен ешқандай түсініспеушіліктің болмауына кепіл береді.>> В. Н. Верховский осы сұрақта көптеген пайдалы кеңестер береді, мысалы, тәжірибені жүргізу кезінде << міне, қазір осындай құбылысты байқаймыз!>> деген алдын ала тұжырымды баяндамауға кеңес береді. Себебі, сөзден кейін оқушылар өздерінің зейіндерін сол құбылысты көруге бағдарлап, күтілетін құбылысты өз беттерінше елестетіп, оны қабылдауға дайын тұрады. Ал, құбылыс мұғалім айтқандай болмаса, немесе мүлде байқалмаса оқулылардың көзқарастарына кері әсер етеді. Экспериментті жүргізудің сенімді әрі нәтижелі болудағы ең оңтайлы әдісі, ол- әрбір тәжірибені жүргізбес бұрын оны алдын ала тексеру болып табылады. Тәжірибеге дайындық мұғалімнің сабақты ұйымдастыруының жалпы жүйелілігін құрайды. Тәжірибені алдын ала тексергеннен соң мұғалім оқыту процесінде өзін біршама сенімді сезінеді. Экспериментке алдын ала дайындықта тек эксперименттің жүргізілу техникасына ғана емес, сонымен қатар басқа да маңызды деген жағдайларды, сұрақтарды: тәжірибенің жүргізілу уақытын анықтау, тәжірибе үшін қажетті жағдайларды қарастыру, тәжірибені жүргізудегі жоспар мен мазмұнын қарастыру керек. Жақсы ұйымдыстырылып, сенімді өткізілген тәжірибе көп уақытты үнемдейді. Тәжірибелер үнемі үздіксіз өтілуі керек. Экспеимент жүргізу де - өнер! Ал өнерді үйреніп, машықтану керек. кез келген жұмысты игергендей, экспериментті де терең меңгеру керек. Экспериментті қоюдағы негізгі қатігездік ол - экспериментке деген жауапкершіліктің болмауы, қалыптаспаған нақтылық пен біліктілік болып табылады. Экспериментті түсіндірудің тиімділігі.Мұғалімнің,жүргізілетін экспериментті түсіндіруі - мектеп экспериментіне қойылатын негізгі талаптардың бірі. Жүздеген тәжірибелерді жасауға болады. бірқ, егер мұғалім тәжірибенің жүру жағдайын жұмыс барысын, мақсатын, тәжірибе кезінде болатын құбылыстардың байланыстылығын түсңндіріп, сол құбылыстарға сәйкес қорытынды жасамаса соншалықты көп тәжірибе қоюдың маңызы болмайды. Бәрінен бұрын оқушылар қойылатын эксперименттің маңыздылығын, оның тақырыппен байланыстылығын, оның теориялық және практикалық маңыздылығын түсіне білулері керек. Демонстрациялық процесс кезінде оқушылардан тек бақылауды ғана талап ете алмаймыз,себебі екінші реттегі, тіпті кездейсоқ пайда болған құбылыстарға терең мән беріліп, олардың себебін, бір- бірімен байланыстылығына зейін қоймауы мүмкін. Бақылау қорытындысында анықталып жатқан объект жайында шала, немесе тіпті нақты емес көзқарастар мен біліктіліктер тууы мүмкін. Бақылаудың нақты, әрі дұрыс болуында ескеретін маңызды дағдай, ол мақсаттылық.( целенаправленность). Мұғалім оқушыларға қандай жағдайға назар салып, қандай жағдайды және қалай бқылайтындарын түсіндіруі керек. Қысқаша айтқанда, бақылауға және бақылауды үйрету керек. Фактілерді қарапайым сөзбен түсіндіру жеткіліксіз, және сол түсіндіруде шектеу қоймау керек. Эксперимент өздігімен оқушыларға қажетті қорытынды шығаруға жеткілікті болмайды. Эксперименттің жүруін, ондағы құбылыстарды алдын ала түсіндіруі керек. Егер оқушыларға сутегінің жану реакциясын, яғни оттегімен эрекеттесу реакциясын эксперимент түрінде көрсететін болсақ, мұғалімнің экспериментті түсіндірмеуінің салдарынан оқушылар экспериментті бақылай отырып, сутегімен оттегінің әрекеттесуі нәтижесінде су бөлінетініне қорытынды жасай алмайды. Сонай - ақ отты стаканмен жапқан кезде пайда болған суны байқаса да, олар оны рекция өнімі деп қабылдамайды. Экспериментті бақылаудағы оқушының ептілігі оны қате тұжырымдардан сақтамайды, керісінше сол қате пікірлерге әкеп соғуы мүмкін. Ғалымдардың бақылауы бойынша, оқушылар << реагирлену>> ұғымына бейімделе алмай, ол сөзді << қосылады>> деген оңай ұғыммен орынсыз жағдайларда ауыстыра салады. Мысалы << сілті қышқылмен қосылып тұз түзеді>> дейді.Ал сынап тотығының қыздырылуын бақылап отырған оқушы үшін, соңғысы << ыдырамайды>>, тек сынапқа << айналады>>. Тек мұғалімнің түсіндірмесінің көмегімен ғана оқушылар құбылыстарды оңай түсініп, оларды түсіндіруде дұрыс ұғымдарды қолдана алады. Ал осындай қате пікірлер мен түсіндірмелер- бақылаудың дұрыс ұйымдастырылмағандығынан болады. Экспериментті қабылдаудың оң әсері болуы үшінмұғалім оқушылардың назарын тек маңызды деген құбылыстарды бақылауға бағыттап отыруы керек . Экспериментті процесс нәтижесінде оқушылардың біліктілігін әрдайым тексеріп, олардың химиялық терминдерді дұрыс пайдалануларын талап етіп, қадағалау керек.Термин мазмұнын дұрыс түсіну тек тек материалды жақсы меңгеруге ғана емес, сондай - ақ оны терең, әрі дұрыс игеруге көмектеседі. Түсіндірілмеген жаңа терминдер де оқушыларды қате пікірге әкелуі мүмкін. Мейлі тәжірибе кіші көлемде болсын, бірақ толық түсіндірілген болуы керек. ешқашан оқушылардың өзіндік ойлау күшіне сеніп түсіндіруді қажетсіз деп білмеу қажет. Ең алдымен оқушыларды пайда болған құбылыстарды қабыдауға дайындау керек. осы құбылыста болатын реакцияларды дұрыс таңдап орындаған жөн. Негізінде, мұғалімдер арасында кең қолданылатын әдіс- экспериментті түсіндіргеннен кейін, жұмыс барысын сұрау. Мұндай жағдайда мұғалім оқушының материалға қаншалықты дайын екндігін тексеріп, бағалай алады. Демонстрацияны қайталаудың тиімділігі.Талап бойынша, көпшілік мектептерде мұғалімдердің көбі демонстрациялық экспериментті тек бір рет қана көрсетеді. Кейбір, сирек жағдайларда ғана оқушы эксперименттерін қайта жүргізеді. Сондықтан оқушылар эксперименттің жүру барысын ұмытып, одан шығатын нәтижелерді де естен шығарып жатады. әсіресе жиі ұмытылатындары біртекті, төмен дәрежеде көрсетілімдегі қарапайым эксперименттер. Сонықтан мұндай эксперименттерді қайталап отырған жөн. Кейбір мұғалімдер оқушылардың экспериментті ұмытуларын - <<демонстрациялық эксперимент материалдың жетік меңгерілуіне толықтай мүмкіндік бере алмайды , ол үшін оқушыларға арнайы өздік практикалық жұмыстар ұйымдастыру керек ...>> деп түсіндіреді.бірақ, басты себеп мұнда емес, бір ғана рет қойылған басқалардан сыртқы көрінісі арқылы ерекшеленбейтін тәжірибелерден оның мазмұнын терей игере алмайды. Сеченов И. М. айтқандай : << қандай да бір зат жиі кездесетін болса, соғұрлым оны жан жақты тану, елестету мүкіншілігі жоғары болады.>> С. Т. Карапивин: << егер мұғалім оқушылардың қандай да бір экспериментті ұмытқандырын байқаса. Ол сол мезетте - ақ экспериментті қайталауы кажет>> екенін айтқан. 73025148590Барлық айтылғандар келесідей қорытындыға әкеледі: мұғалім демонстрациялық экспериментті қайталай отырып оқушылардың біліктілігін қайта жаңғыртып, толықтырып отыруы керек. Экспериментті қайталауды өздік талқылауларда, емтиханға дайындық кездерінде оқушылардың өздеріне орындатуға болады. бұл айтылғандар тек эксперименттік тәжірибелерге ғана емес, сонымен қоса приборлар мен заттарға, модельдерге де қатысты. Зертханалық тәжірибелер-мұғалімнің тікелей жетекшілігімен оқушылардың орындайтын эксперименті.Зертханалық тәжіріибелер әдетте жекеленген, ол химиялық нысанның бір жақтарын қарастырып, оқытуға арналған. Зертханалық жұмыстар бірнеше зертханалық тәжірибелердің жиынтығынан тұрады, химиялық нысанның бірнеше жағын, үрдістерді қарастыруға мүмкіндік береді.Зертханалық жұмыстар мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылардың әр түрлі құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, жұмыс жасауын көздейді. Уақыты 5-10 тен 40-45 мин уақыт алады. Зертханалық сабақта оқушылар әдетте жұмысты тапсырма немесе оқулық бойынша емес мұғалімнің дауыстап айтуы бойынша орындайды. Сарамандық жұмыстар Сарамандық сабақта оқушылар өздеріне көрсетілген нұсқау бойынша зерханалық жұмыстарды өздігімен орындайды, әдетте бұл бөлек тақырып немесе үлкен бөлімді өткеннен кейін, әрине мұғалімнің қадағалуымен орындалатын эксперимент түрі. Бір сөзбен айтқанда- сарамандық жұмыстың идеалды формасы негізінде бұл келесідей түрлі өзгерістерге ұшырайды: * жұмыс жеке емес, оқушылардың ұжымдасқан тобы болып атқарылады, бұл жағдайда топта оқушы саны қаншалықты аз болса, соншалықты олрға көп тапсырма беріледі. * жұмыс бірнеше тақырыпты өткеннен кейін орындалады. Мысалы, тоқсан соңында. Профессор В. Н. Верховский оқушылардың аралас экспериментін ұсынды. Мұндай эксперименттің негізінде . кейбір қиын, әрі қауіпті тәжірибелер кезінде тәжірибе тек мұғаліммен ғана орындалып, тәжірибе соңында бастапқы зат пен эксперимент нәтижесі оқушыларға көсетіледі. Верховский бойынша бұндай эксперименттің басты мақсаты - экспериментті мүмкін болатын жеңіл жағына жақындату, оқушыларға құбылыстарды жан жақты бақылауға, көруге, иісін сезуге, және соңында бақылағандары бойынша қорытынды шығаруға мүмкіндік беру. Эксперименттік практикум - оқушылардың өздігімен орындайтын жұмыс түрі, негізінен жоғары сынып оқушыларымен орындалады,Эксперименттік практикум әдетте үлкен тарау бітекен соң орындалады және жалпылау, қортындылау сипатында болады.Мұндай практикум оқушылардың білім, біліктерін қортындылау дағдысын қалыптастырады. Үй эксперименті - Бұл оқушылардың үйде орындалатын тәжірибелері, ол оқушылардың таным қызығушылығына және қажеттіліктеріне ықпал етеді, сонымен қатар олардың шығармашылық әрекеттерін дамытуға ықпал етеді. Бақылау сұрақтары: * Химиялық эксперимент тің таным көзі және тәрбилеу құралы болуын қалай түсіндіресің?Химиялық эксперимент түрлерінің жіктелу негізі неде? * Қандай эксперимен түрі химиялық нысанның қасиеттерін жан-жақты қарастыруға арналған? * Эксперименттік практикумның мәні неде? * Сарамандық және зертханалық тәжірибелердің ерекшелігі неде? №3,4 дәріс. Оқытудың ұйымдастырушылық формалары жүйесіндегі химиялық эксперимент. Қысқаша мазмұны 1. Химиялық экспериментті қоюда мұғалімнің жұмысы.2. Химиялық экспериментті жүргізуде оқушының оқу әрекеттері.3. Химиялық экспериментті қоюда зертханашының жұмысы. 1. Химиялық экспериментті жүргізуде оқушының оқу әрекеттері. Әдістемелік әдебиеттерде жаңа оқу материалын үйрену кезінде оқушы экспериментін басқару үшін қолданылатын екі әдіс қарастырылады: зерттеу және иллюстративті. Зерттеу әдісін сипаттауда әдіскерлер мен дидактар арасында бірауыздылық жоқ;біреулері оұытудағы зерттеу әдістерін шамадан тыс күрделенедіріп, ғылыми зерттеу әдістермен қатар қояды;екіншілері бұл талаптарды азайтып, көптің қолы жететін еткізеді. Зерттеу әдісінің күрделі вариантына мыналар кіреді: * Химиялық оқу экспериментінің мақсатын түсіндіру. * Оқушылардың гипотеза жасауы. * Экперимет жұмысының жоспарын құру. * Тәжірибе жасайтын приборларды немесе қондырғыларды ойласытру немесе құрастыру. * тәжірибені орындау, бақылау, жазу; * бақылаудан қорытынды және есеп беру; * алынған нәтижелерді қолдану. * тәжірибені орындау, бақылау, жазу; * бақылаудан қорытынды және есеп беру; * алынған нәтижелерді қолдану. Зерттеу әдісінің мұндай күрделі варианты орта мектептегі химияны оқытуда кеңінен қолданылуы (оны сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланады) мүмкін емес. Бұл әдістің оңай вариантын белгілі методист-педагог К. П. Ягодовский сипаттап жазған, ол зерттеу әдісі деп аталу үшін екі жағдай керек екенін атап өтеді: Әр түрлі оқу объектілерін зерттеу негізінде оқушылар белгілі дәрежеде өздігінен ббрын өзіне белгісіз ғылыми деректі (заттың белгісіз каеиеттерін, химиялык реакцияның ерекшеліктерін және басқа мәліметтерді) ашады. Белгілі деректер негізінде (тәжірибеден, бақылаулардан не - месе кітаптан оқушылар өздері алған біЛім) оқушылар белгілі дәрежеде өздігінен бүрын өзіне белгісіз ғылыми қорытындыны жасайды. Оқушылар ашқан ғылыми деректер және корытындылар оларға бейтаныс болғанмен ғылымда белгілі болуы мүмкін. Оқушылардың даярлығына және басқа жағдайларға байланысты оқушылардың зерттеу әдісінін жоғарыда келтірілген күрделі схемадан өзге белгілері де болуы мүмкін. Иллюстративті әдісті кейбір дидактикалық еңбектерде хабарлама әдіс немесе дайын білім әдісі деп атайды. Оның мәнісі мынада: мұғалім алдымен тәжірибе нәтижесінде алынуға тиістіні хабарлайды, айтылғандардын дүрыстығының иллюстрациясы есебінде оқушылар тәжірибені орындайды. Оқушылардың химиялық экспе - рименті- күрделі педагогикалық процесс. Оның төрт негізгі бөлігі бар: 1) заттарды (тәжірибеге берілген немесе тәжірибе нәтижесінде алынған) зерттеу; 2) прибор әзірлеу немесе дайынын пайдалану; 3) тәжірибені орындау; 4) есеп жазу. Заттарды зерттеу. Окушылар химиялық тәжірибелер жасағанда жалпы міндетке және тәжірибенің мазмұнына сәйкес заттарды әр түрлі дәрежедегі тереңдікте зерттейді. Мәселен, айрылу реакциясы туралы үғымның қалыптасу процесіндегі тәжірибені орындағанда оқушы негіздік көмір кышкыл мыстың сыртқы түрін және айрылудың екі өнімін (су және мыс оксиді) білуі керек. Үшінші өнімді (көмір қышқыл газын) оқушы , оның қасиетін (жанған шыраны сөндіру және ізбес суын лайландыру) біліп анықтайды. Заттың сыртқы түрімен таныстыру сөзді көрнекілік құралдармен үйлестірудің бірінші немесе үшінші формасы бойынша жүзеге асуы мүмкін. Бұл жағдайда сөз мұғалімнің ауызша сөзі немесе тапсырмада басылған болуы мүмкін. Көмір қышқыл газын білу үшін екінші немесе төртінші форманы колдану қажет, өйткені оның пайда болғаны туралы бұрын алған білім негізінде: шала жанған шырамен сынау немесе ізбес суы арқылы өткізіп біледі[11,19]. Анализаторлар жәрдемімен қабылданбайтын физикалық қа-сиеттерді: тығыздығы, электр өткізгіштігі, қайнау және қату тем-пературасы танып білу қиынға түседі. Олар туралы приборлардың көрсетуі бойынша біледі. Мәселен, еру процесін өткенде оқушылар таза судың және еритін заттардың, содан соң алынған ерітіндінің электр өткізгіштігін сынайды. Бұл жағдайда да окушылар ерітіндінің тікелей қабылданатын қасиеті ретінде прибордың керсетуін (лампа жанады) қабылдайды. Электролиздің электрхимиялық процестері таныс емес 8 - сынып оқушысы үшін электр лампасының қызуы қышқылдар мен сілтілер ерітінділерін лакмуспен сынағандағы тәрізді индикатор болып табылады. Электролиз процесін білетін 9-сынып оқушыларында прибордың керсетуі мен зат қасиеттерінің арасында қысқа байланыс туады. 8- сыныптағы тәжірибелерде көмір қышқыл газын анықтау үшін ізбес суын индикатор ретінде пайдаланады. Тәжірибе нәтижесінде алынатын заттарды зерттеу біраз күрделірек. Бүл жағдайда сөзді көрнекі қүралдармен үйлестірудің бас - ка формалары колданылуы мүмкін. Бірақ барлық жағдайда химия - лык, тәжірибелер кезіндегі заттарды зерттеу процесі үлестірілетін материалды зерттеуге үқсас. Лабораториялық жұмыс жасай отырып окушылар жаңа білім алмайды, заттар мен процестерді жакыннан бакылап білімді нақтылай түседі. Сонымен бірге олар мұғалімнің айтуы немесе жазбаша нұскау бойынша өздігінен жұмыс істеу дағдыларын және химиялык эксперимент техникасы бойынша дағдыларды үйренеді. Оқушылардың орындаған тәжірибелері мұғалімнен білгенін растайды. Бақылау жасамастан бұрын бакылау нәтижелерін жазады. Бақылағандарымен мұғалімнен білгендерінің арасында айырмашылық болған жағдайда окушылар мүғалімнің айтқанына сенеді. Бүл тақырыпка зерттеу әдісімен өткізілген зертханалық жұмыс басқаша ұйымдастырылады. Тақырып сол болғанымен максат басқа: оқушылар мұғалімнің басшылығымен химиялық тәжірибелерді ездігінен жасай отырып, білімді тәжірибс мен бакылау негізінде қабылдауға үйренеді. Мәселен, <<Қосылу реакциясы>> такырыбына оқушыларды лабораториялык жүмыска даярлайтын әңгімелесуде мүғалім кандай күбылыстар химиялық деп аталатыны, заттардын, механикалық араласуынан олардың айырмасы, өздері бақылаған сынап оксиді айрылу реакциясын атом молекулалық ілім түрғысынан калай тусіндірілетіні жөніндегі білімдерін нактылайтын сұрактар береді. Содан соң мүғалім зертханалық жұмыстардың тақырыбын және мақсатын тұжырымдайды, бұл жұмыстың жоспарын ұсынады: 1.Темірдің (ұнтақ күйінде) қасиеттерін зерттеу: а) сырткытүрі; б) кышкылмен әрекеттесе ме (реакцияның белгісі -- иіссіз газбөлінуі). * Күкіртті зерттеу. * Күкірт пен темірдің коспасын зерттеу. 4.Күкірт пен темірдің химиялық косылу реакциясын жүзегеасыру (бұл тәжірибені орындау техникасы бойынша мүғалім нұс-қаулар береді). * Күкіртті темірдің касиеттерін зерттеу. * Қорытындылар. Бұл жұмыс химияны оқытудың бастапкы кезеңінде оқушыларда ұзак уакыт өздігінен жұмыс жасау дағдысы жок кезде өткізілетін болғандықтан мұғалім жоспардың әр бөлімі бойынша нұсқау береді және әр бөлім орындалған соң ұжымдық тексеру жүргізеді. Жұмыстың қорытындысын жалпылама әңгімелесуде тұжырымдайды Бақылау сұрақтары: * Химиялық эксперимент тің таным көзі және тәрбилеу құралы болуын қалай түсіндіресің?2.Химиялық эксперимент түрлерінің жіктелу негізі неде? 3.Қандай эксперимен түрі химиялық нысанның қасиеттерін жан-жақты қарастыруға арналған? 4.Эксперименттік практикумның мәні неде? * Сарамандық және зертханалық тәжірибелердің ерекшелігі неде? Дәріс 5,6. Химиялық эксперименттің әдістемесі. Жоспары: 1. Көрнекі тәжірибе технологиясы. 2. Лабораториялық тәжірибелерді қою..3. Практикалық сабақтарды қою..4. Эксперименттік есептерді шешу.5. Химиялық ой-эксперименті.6. Мәселелік оқытуда химиялық эксперимент.7. Химиялық эксперимент және техникалық құралдар.. 1. Көрнекі тәжірибе технологиясы. Химиялық тәжірибелер көрсетудің мақсаты - мектепте бар техникалық құралдарды барынша пайдалана отырып, оқушыларға өтілетін химиялық құбылыстың мэні мен сырткы көрінісін айқын жэне көрнекі гүрде керсету. Мұғалімнің көрсеткен тэжірибесін бақылай отырып, оқушылар қүбылыстың мэнін түсінумен қатар, прибордың қүрылысы, оның бөлшектерінің орналасуы, жеке жұмыстарды орындау реті, жұмысты дүрыс істеу мен құрал - жабдықты дүрыс қолдана білу жөнінде түсіиік алады. Мұғалімнің іс - әрекеті оқушыларды өзіне тартады, оқушылар бақылаған тэжірибені мүғалім істегендей етіп орындауға тырысады. Міне, сондықтан да, тәжірибе көрсету кезінде мұғалім құбылысты көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар прибордың құрылысын айтып, оның әр бөлшегінің атқаратын қызметін (колба, тамызу воронкасы, жуғыш не кептірғіш шөлмек, сіңіру түтігі жэне басқалар) түсіндіріп, оқушыларға жеке жүмыс тэсілдерін үйретеді: сұйық құйылған, қатты зат салынған пробиркалар қалай қыздырылады, пробирка штативке қалай бекітіледі жэне неліктен жалынның қай бөлігімен қыздыру керек, ыстың затқа спирт шам пілтесіп тигізуге балмайтындығы неліктен, қандай жағдайда <<ашык отта>> қыздыруға болады (сұйық құйылған дөңгелек түпті колба), асбестелген торды, қашан қолдануға болады, спирт шамды қалай жағу жэне қалай сөндіру керек, прибордың газ шығатын түтігі неліктен жоғары (не төмеи) қаратылған, сутегін жинауға арналған ыдыс (цилиндр, стақан) неліктен теңкеріліп, ал көмір қышқыл газын жинауға арналған ыдыс аузы жоғары каратылып қойылады, от алдыру алдында сутегінің тазалығын қалай тексеруге болады т.б. Тәжірибе көрсетіп тұрғанда орындалатын қосымша жеңіл - желпі жүмыстарға мұғалім оқушылардың назарын аударуы керек; ол жүмыстар: күкіртті жэне фосфорды оттегінде жаққанда қасықта азда болса жанбаған зат қалады. Егер қасықты банкадан суырып алса:. күкірт (фосфор) жана береді, жану продуктысы ауаға тарап. ауаны ластайды. Жалынды үрлеп сөндіруге болмайды. Қасықты жанып түрған затымен бірге су кұйылған стақанға (банкаға) батыру керек жэне өздері тэжірибе жасаған кезде осылай істеуі үшін бұған оқушылардың назарып аудару керек. Егер оқушыларға белгілі бір эдіс не прибордың белгілі бір бөлігі таныс болса, бұл әдісті оқушылар пысықтай түсуі үшін мұғалім тиісті сұрақ қояды.Қандай қызғылықты, қандай түсінікті тілмен ауызша түсіндіру іс жүзінде нақты көрсетуден артық болмайды. Демонстрациялық тәжірибелер - ең алдымен мына жағдайларда мектепте қолданылатын эксперименттің қажетті түрі: 1. Оқытудың алғашқы сатысында оқушылар тэжірибе жасау техникасын әлі толық білмейтін, сондықтан тэжірибеиі өз бетінше орындай алмайтын кезде. Айрылу реакциясын еткенде суды электр тогымен айыру тәжірибесін жасау керек. VII сынып оқушылары бүл * жүмысты жақсы нүсқау берген жағдайда да орындай алмайды, өйткені ол электр түзеткіпіті қолдана білмейді, оның қандай қызмет атқаратынын білмейді, газдарды жинауды да, оны сынап көруді де т.б. білмейді. Бүл мэселелер жөнінде оқушыларға нүсқау беру, түсіндіру оқушылардың назарын басқаға бүрады, сондықтан бү_л тэжірибені демонстрациялык тәжірибе ретінде ғана көрсетуге болады. Эвдиометрде суды синтездеу тэжірибесі жөнінде де осыны айту керек: бүл тәжірибе техника жөнінде тіпті мүғалімнің өзіне қиынға соғады, қопарылыс болатын тәжірибелерді, мысалы сабын көпіршігінде сутегінің оттегімен қоспасын қопаруды т.б. демонстрация түрінде өткізу керек. 2. Тәжірибе жасалатын приборлар оқушылар үшін күрделі жэне қажетті қүрал - жабдықтар жеткіліксіз болған жағдайда. Мысалы, газометрде газ жинау, Кипп аппаратында сутегін алу тэжірибелері демонстрациялық тәжірибе ретінде өткізіледі, оқушылар бұл приборларды қолдану дағдыларына бірте - бірте кейін үйренеді. Газдардың немесе сүйықтың көп мөлшерін қажет ететін тәжірибелер демонстрация ретінде өткізіледі; мысалы, суда еріген ауаның мөлшерін анықтау, газдардың жақсы ерігіштігінің мысалы ретінде аммиактың жэне хлорлы сутегінің ерігіштігі (фонтан түзе) т.б. кейде мұғалім қажетті реактивтер жеткіліксіздіктен оқушыларға түсінікті тэжірибелердің өзін демонстрация түрінде көрсетуге мэжбүр болады. 3. Уақытты үнемдеу үшін кейде сарамандық тәжірибелер орнына демонстрациялық тәжірибелер жасағанда, оқушылар тәжірибе жасауға, оны демонстрациялап көрсетуге қарағанда, үш есе артық уақытын жібереді. Дегенмен есте болатын бір жағдай -демонстрациялық тәжірибелер қаншалықты жақсы болғанмен, оның оқушылардың білім алуы жөніндегі бағалылығы сарамандық тэжірибеден төмен болады, ал практикалық дағдыларды қалыптастырудағы маңызы тек бақылаумен жэне бақылағандарын есте қалдырумен айқындалады. Сондықтан демонстрацияны басқа эдістерден көп пайдалануға, тіпті эксперименттің бірде - бір түрі есебінде қолдануға болмайды. 4. Қауіпсіздік шараларына сәйкес оқушыларға жүмыс істеуге кейбір заттарды беруге болмайтын жағдайда оқытудың алғашқы сатысында мүндай тэжірибелерге мыналар жатады: бром буының ауадағы, сутегіндегі диффузиясы, эфирдің суда еруі - одан бөлінген буды от алдыру, мыс тотығының айрылуы, мыс тотыгын көміртегі тотығымен тотықсыздандыру, жылытылған суды концентрациялы күкірт қышқылына қүю (сүйылту ережесін өткенде) жэне басқалар. 5. Сыртқы көрінісінің әсері жэне айқындығы жөнінен демонстрация оқушылар жасайтын тэжірибеден артық болған жағдайда. Оқушылар осындай тәжірибелерді өздері орындай алатын жағдайда да (әрине, жеңілдеу тәжірибелер) демонстрациядан бас тартуға болмайды. Болат сым, фосфор және басқа заттарды оттегі бар ұлкен банкада жағу, дәл осы тэжірибені оқушы столындағы кішкене банкаға жасағанға қарағанда, элдеқайда қызықты. Сутегінің оттегімен қоспасын сабын көпіршігінде қопа-ру, бұл қоспаны пробиркада қопаруға қарағанда, көңілге қонымды. Химиялық реакция кезінде массаның сақталу заңын дэлелдеу үшін үлкен демонстрациялық таразыға өлшеп көрсетілген сандық тэжірибе (ерітінділерді бір-біріне араластыру, колбада фосфорды жагып өлшеу жэне басқалар), темір жоңқаларын жабық пробиркада қыздырып, аптека таразысында өлшеи жасаған оқушының тәжірибесіне қарағанда, кызғылықты келеді. Осыған сүйене отырып кейбіреулер қызғылықты демонстрациялық тэжірибеден кейін оларды оқушы столында кайталаудың ешбір мәні жоқ деген пікір айтады. Бүл өте қате пікір. Тәжірибе оншалықты қызғылықты болмағанымен, оны окушылардың өздері жасағандықтан, тиісті нәтижеге ие болады. 3 - сурет. Суда еріген ауаның мөлшерін анықтау (тәжірибенің бір варианты). Кейде алдымен тәжірибе демонстрациясын көрсету керек пе, элде оқушылардың практикалық жұмысын жүргізу керек пе деген сүрак туады. Барлық жағдайда алдымен демонстрациялық тэжірибе көрсеткен тиімдІрек, өйткені оқушылар оны бақылай отырып әз беттерінше жүмыстеуге қажетті ксйбір жүмыс одістерін үйренеді. Дегенмен курстың кейбір тарауында демонстрациялық тәжірибелер көрсетудің қажеті жоқ, оның барлық комплексін сарамандық жүмыс жэне практикалық сабақ ретінде орындау керек. Ерімейтіи негіздердің қышқылдармен эрекеттесуі, қышқылдар мен негіздердің ерітінділерінде индикатор түсінің өзгеруі, судағы ерітінділерде түздар арасындағы алмасу реакциясы тәрізді жеңіл тэжірибелерді оқушылар алдын ала демонстрациялық тәжірибелер көрсетпей-ақ қиналмай орындайды. Осы кезде қолданылып жүрген программада эр тақырыптан кейін тэжірибелер тізімі келтірілген, бірақ олар демонстрациялық және сарамандық тәжірибелер деп бөлінбеген. Эксперименттің бүл түрлерін қандай қарым-катынаста қолдану қажеттігін нақты жағдайға сәйкес мұғалім белгілейді. Ал, егер мұғалім ерімейтін негіз, ерімейтін тұз тұнбаларының түзілуін, иидикатор түсінің өзгеруін т.б. көрсеткісі келсе, мұндай тәжірибелерді экран (кара не ақ), жылжымалы стол пайдалана отьгрып химиялық стақанда, жалпақ колбада көрсету керек. Жарықты бүйірінен түсіру немесе шыныдан жасалған жэшіктің төменгі жағынан түсіру не кішкене рефлектор қолдану өте пайдалы (жарык, бағытын бүрғышы не қалпағы бар электр лампысы). Тұнба мен ерітіндінің аз мөлшерін кэдімгі пробиркада көрсету, сарамандық жүмыстармен салыстырғанда, қызықтығы былай түрсын, тіпті пайдасыз, ал кейде зиянды да болады, өйткені олардан оқушылар зат жөнінде теріс үғым алады. Ішінде болмашы зат бар пробирканы сыныпты аралап жүріп оқушыларға көрсетудің де ешбір пайдасы жок. Тәжірибені қалай болса солай олақ, үстірт көрсету оқушылардың ынтасын түсіреді, олар сарамандық тәжірибелерге, практикалық сабақтарға немқүрайды қарай бастайды, ал бүл ақырында химия пэніне оқушылардың көңілін суытады. Демонстрациялық экспериментке қойылатын негізгі талап - тэжірибенің көрнекілігі мен айқындылығы. Химия курсын өтудің алғашқы сатысында тәжірибе демонстрациясы кезінде үлкен күрделі приборларды, артық тетіктерді қолданбау керек. Кипп аппаратының қалай дүрыс қойылатындығы көрсетілген. Жүмыс тэжірибесі аз жас мүғалім кейде таразыны, штативті жэне басқа приборларды столға дүрыс қоймайды, приборларды бір-біріне қатысты дүрыс орналастырмайды. Приборлардың бет жағын оқушыларға қаратып қою керек. Мектепте өткізілетін эксперименттің барлық түріне қойылатын бір талап - қауіпсіздік шараларын бүлжытпай орындау. Жұмысқа немқүрайлы қарайтын мұғалім мен оқушының орындаған тіпті қауіпсіз тэжірибесінің өзі қауіпті болып шығуы мүмкін Мектеп кабинетінде лап етіп жанған отты сөндіру үшін құм мен су, жанған киімді өшіру үшін одеяло не брезент болуы керек. Кабинетте не кабинетке жақын жерге өрт сөндіргішті іліп қою қажет. Мүғалім тәжірибені дайындау жэне көрсету кезінде қажет болса қорғауыш көзілдірік, қолғап киюі керек. Тері күйгенде және басқа зақым түскенде алғашқы жэрдем кәрсету үшін марганец қышқыл калий ерітіндісі (күйген жерді үрту үшін), теріге, киімге тиген қышқылды нейтралдауға соданың 5 проценттік ерітіндісі, осы мақсатка аммиактың 10 проценттік ерітіндісі, көзді жууға соданың 2 проценттік ерітіндісі, бір жерді кесіп алғанда жәрдем кэрсету үшін иодтың 5 проценттік ерітіндісі, мақта, бинт болуы керек. Жүмыс кезіндегі қауіпсіздік сақтаудың негізгі ережелері оқулықта келтірілген. Бұл ережелерді оқушыларға әбден түсіндіру және мүлтіксіз орындауларын қадағалау керек. 2. Зертханалық тәжірибелерді қою. Зертханалық тәжірибелер - оқу материалын өнімді түрде игеруде және нақты әрі берік білім алуда сабақтың кез келген кезеңінде жүргізілетін - өздік жұмыстың түрі. Сонымен қоса, зертханалық тәжірибелер кезінде оқушылар өздігімен жасайтындықтан оларда эксперименттік біліктілік пен білімділік, дағды қалыптасады. Тәжірибені орындай барлық сабақты толықтай қамтымай, тек бір бөлігінде ғана жүріп өтеді. Зертханалық тәжірибелер көбіне заттардың физикалық және химиялық қасиеттерімен танысу үшін, теориялық түсінікті нақтылау үшін, ал ең ситек жағдай- жаңа білім алуда жүргізіледі. Соңғылары оқушылар өздігімен шешуге тиісті, нақты танымдық тапсырмаларда қалыптасады. Бұл оқушылардың ойлау шығармашылығын белсендеретін - зерттеу элементі болып табылады. Сарамандық жұмыстарға қарағанда зертханалық тәжірибелер аздаған фактілермен таныстырады. Сондай- ақ сарамандық жұмыс тәрізді оқушылардың назарын толық қамтымайды. Себебі өздігімен жасалған жұмыс соңы мұғалімнің түсіндіруімен жалғасады. Зертханалық тәжірибелер мұғалім түсіндірген оқу материалына сәкес жүріп отырады, соның нәтижесінде оқушыларда зат қасиеті және химиялық процесс жайында түсінік пайда болады, құбылыстарды бақылауға және қабылдауға үйретеді. Демонстрацилық эксперименттердің көпшілігі : экспеименттік біліктілік пен дағдыны қалыптасатырады. Алайда кез келген тәжірибе зертханалық болмайды (мысалы аммик синтезі) және барлық зертханалық тәжірибелер демонстрациялық эксперименттен эффективті болмайды. Кейбір зертханалық тәжірибелерді жүргізу үшін көп уақыт қажет болады, және уақыттың жалғасуы оқушылардың біліктіліктері мен эксперименттік дағдыларына тәуелді болады. Зертханалық тәжірибенің негізгі мақсаты- оқушыларды өтілген материалмен неғұрлым тез таныстыру. Бұл жағдайда қолданылатын тахника оқушылардың 2- 3 операция орындауларымен тең келіп , практикалық біліктілік пен дағдының формирленуіне шектеу болады. Зертханалық тәжірибелерге дайындық демонстрациялық экспериментке қарағанда жоғары жауапкершілікпен жүргізілуі керек. Себебі, ескермеушілік пен салғырттық сынып дисциплинасының бұзылуына әкелуә мүмкін. Зертханалық тәжірибелерді әр оқушының өздігінен орындауларына жағдай жасау қажет, тіпті болмаған жағдайда құрылғының бір комплекті минимум екі оқушыға ортақ болғаны жөн. 3. Эксперименттік есептерді шешу. Экспериментттік тапсырмада - тек тапсырма көрсетіліп, ал эксперименттің жүргізілуі мен жолын оқушылар өздігінен анықтайды. Бұл оқушыларлан тек ьеорилық білімнің белсенділігін ғана емес , сонымен қоса эксперименттің технологиялық біліктілігін де талап етеді. Экспериментальды тапсырманың негізгі мақсаты- практикда алынған біліммен байланысты жүйелі жаттығуларды орындау, түрлі зерттеулерге қажетті экспериментальды білікітлік пен дағдыны қалыптастыру. Сарамандлық жұмыс пен зертханалық жұмыстан айырмашылығы эспериментальды тапсырманы бүкіл оқу жылы бойы, кез келген сабақтарда, бақылауларда да жүргізуге болады. Экспериментальды тапсырма жеке, топпен немесе сыныппен орындалуы мүмкін. Бұл тапсырманы орындау теориялық шешімді өздігімен ізденуге баулыйды. Танымдық жағынан есептермен салыстырғанда экспериментальды тапсырма құндырақ. Себебі, мұндай тапсырманы орындауда тек есеп шығарылып қана қоймай , сол есептерге сәйкес тәжірибелер жасалынады. Экспериментальды тапсырмаларды орындату кезінде мұғалім оқушылардың өтілген материал бойынша білімдерінің қаншалықты қалыптасқандығын, және ол білімді практикада қалай қолдана алу мүмкіншіліктерінің қаншалықты дәрежеде екендігін бақылай алады. Нәтижелерді талқылау қателерді тауып түсіндіруге, кемшіліктерді жөндеуге, олардың себептерін талқылауға мүмкіндік береді . Құрамы бойынша экспериментальды тапсырмалар келесідей болып бөлінеді: * физикалық және химиялық құбылыстарды бақылауға және түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, << Қандай физикалық және химиялық қасиетіне қарап полиэтилен мен полистиролды анықтауға болады. берілген ыдыстарда осы заттардың қаысысы орналасқан?>> * зат синтезіне және реакцияның жүру ждағдайын алдын ала анықтау немесе түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, << Столда бар реактивтерден: мыс(//) оксиді , су , мыс(//) хлориді, натрий гидроксиді және нартий хлоридінен екі жолмен мыс(//) гидроксидін алыңдар. әр реакцияның жүру жағдайын көрсетіңдер.>> * заттарды тану және олардың өзіне тән қасиеттерін түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, << сапалық реакция арқылы қай пробиркада крахмал, қай пробиркада глюкоза бар екенін анықтап, олардың химиялық қасиетін түсіндіріңдер>> * заттардың сапалық құрамын анықтап, олардың қасиеттерін сипаттауға арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, сапалық реакция арқылы берілген заттың алюминий хлориді екенін анықтап, оның химиялық қасиетін атаңдар. * Берілген өнімдегі қоспаларды анықтап, анықтау жолын түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, мыс купоросының құрамында натрий хлориді барын анықтаңдар. Оны анықтауға жолдың таңдалу себебін түсіндіріңдер. * Затты таза күйінде қоспалардан бөліп алу, сол бөліп алу әдісінің тиімділігін түсіндір. Мысалы, полиэтлен және темір ұнтақтары бар қоспалардан ас тұзын бөліп алу. * Заттардың классификациясын нақтылап, оларға анықтама беругше арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, аминосіркеқышқылы аминқышқылдарына жатпайтынын анықтаңдар. Заттардың осы класына анықтама беріңдер. * Сапалық реакция жүргізу және оладың типтік қасиеттерін түсіндіру. Мысалы, сапалық реакция көмегімен глюклзаны анықта. Оның типтік химиялық қасиетін атаңдар. * әр түрлі массалық уүлестегі ерітінділерді дайындау және дайындалу жолын түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, 3 пайыздық массалық үлесі бар 300 г. нарий гидрокарбонатаның ерітіндісін дайында. Және не үшін ерітінді дайындау кезінде алдымен зат салынып, кейін барып су құйылады. Ал неге керісінше жасауға болмайтындығын түсіндіріңдер. Эспериментальды тапсырмаларды сапалық және есептік эксперимент деп бөліп қарастырады. Сапалық эксперимент тәжірибелік жолмен шешіледі онда сандық бейнелер берілмеген. Мысалы, тәжірибелік жолмен темір сульфатындағы сульфат иондарының мөлшерін анықта. Ал, есептік эксперименттік тапсырмаларды шешу үшін тәжірибе орындаумен қатар белгілі экспериментте берілген мәндерді өңдек керек. Мысалы, темір (ІІІ) гидроксидінің тұнбасын алып, түзілген тұнба массасы бойынша оны алуға қажетті ерітінді массасын анықта. Бұл жердегі КОН массалық үлесі 0,1н. ( 10 пайыз).Есептік және эксперименттік тапсырмалардың жоғары формасы екі тапсырманың да ең жақсы қасиеті шоғырланған - есептік эксперимент болып табылады. Дәріс 7,8. Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдістемесі Жоспары: 1. Эксперименттік біліктер мен дағдылардың жіктелуі.2. Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру үрдісінде байқаудың ролі. 3. Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру әдістемесі. 4. Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастырудың саралау қыры.. 5. Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыруды бақылау және бағалау. Мұғалім оқушының белсенді оқу қызметін ұйымдастыруда жетекші рольСондықтан орта мектептегі оқу процесі оқушылардың алатын білімінБолашақ химия мұғалімі химияны оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттарыЖалпы психология-педагогикалық әдебиеттерде өз бетімен жұмыс істеу ұғымынаБұдан оқушылырдың өзіндік жұмыс істеу дағдысын химиядан зертханалықОқушлардың танымдық іздемпаздығын қалыптастыру проблемаларын шешуде В.И.Загвязинский, Д.В.Вилькеев,Б.П.Есипов: "Белсенділік шәкірт ақыл - ойының өзбеттілігінің белгіліИ.Я.Лернер танымдық белсенділік пен танымдық өзбеттілік ұғымдарының араТанымдық белсенділіктің мәнін өзінің қалай түсінетіне сүйене отырып,Т.И.Шамованың еңбегінде белсенділік пен өзбеттіліктің ұғымдары ажыратылмаған ,В.А.Крутецкий оны зерттей келе мынандай қорытынды жасайды: "ШығармашылықАтақты психолог С.Л.Рубенштейн былай деп жазды: Ойланып істелген іс- әрекетердің себептілігі және оның негігізділігі. Педагогикалық жүйе ретінде студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мен басқару сыртқы және ішкі мақсаттарға сәйкес қызмет атқарады және дамытылады. Өз бетінше жұмыс істеу деңгейі студенттердің оқу қызметін ұйымдастырудың түрлі формаларында әр түрлі болатындығы дау тудырмайды жән ол өзіндік жұмыстырды ұйымдастыруға, сабақты өткізу әдістемесіне, студенттің зияттылық дамуы мен академиялық дайындығына, оқытушының педагогикалық біліктілігіне және жұмыс істеу стиліне тәуелді болады. Онымен қоса студенттің өзіндік жұмысының құрылымы әр түрлі болуы мүмкін, бұл да қосымша қиындық туғызады Студенттің өзіндік жұмысын жоспарлауда студент атқаруға тиісті жұмыс аймағы белгіленеді. Студенттердің танымдық әрекетін басқару студенттің танымдық құралдар мен әдістерді қолдануға арналған нұсқауды уақытында алуына негізделеді де олардың жұмысты қалай орындағандары бақыланып отырылады. Студенттердің өзіндік жұмыстары зертханалық және сарамандық жұмыс кезінде де ұйымдастырылатыны белгілі. Зертханалық-сарамандық жұмыстар жоғарғы оқу орнында студенттердің ғылыми-зерттеушілік дағдылары мен қазіргі заманғы химиялық экспериментті орындау техникасын қалыптастыруға негіз болады. Қалыптасқан практика бойынша жалпы оқу уақытының 60 пайызы зертханалық-сарамандық жұмысқа бөлінеді. Зертханалық жұмыстардың басты міндеті теорияны іс жүзінде сарамандықпен байланыстыру. Ал ғылыми эксперимент табиғат құбылыстарын зерттеуде, дүниені тануда ең басты әдіс болып табылады. Зертханалық және сарамандық сабақтардың негізі болып табылатын химиялық құбылыстар мәні мен заттардың қасиеті жайлы терең білім эксперименттік және теориялық зерттеу әдісінсіз мүмкін еместігі белгілі. Сарамандық сабақтар сәйкес теориялар тұрғысынан құбылыстардың жүру барысын сипттауға, заттар қасиетінің әр түрлі жағдайда өзгерісін түсіндіруге мүмкіндік беретін эксперименттік факторлардың талдануының алғышартын білдіреді. Зертханалық сабақтар ғылыми жолмен қойылған тәжрибе ретінде, зерттелуші құбылысты нақты есептелген жағдайда бақылауға, процестің жүруін қадағалауға және оны әр жолы осындай жағдай барысында қайталап жүргізуге арналады. Зертханалық - сарамандық сабақтар барысында студенттер мәселені қою әдістемесін, икемділігін меңгеруге, оны эксперименттік жолмен, тұжырым шығару мен шешуге жаттығады. Студенттердің зертханалық жұмысқа өз бетімен әзірленуі, жұмыс барысын үйден конспектілеуі, зертханалық жұмыс кезінде орындалатын химиялық эксперименттердің химизимін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазып, теңестіруі, зертханалық жұмыстарды зертханада барлық қауіпсіздік техникасын қолдана отырып орындауы, нәтижесін бақылап, қорытындысын шығаруы, зертханалық жұмыс есебін тапсыруы зертханалық жұмыс үстіндегі студенттің өзіндік жұмыс түрлері болып табылады. Осымен қатар студенттер зертханалық жұмыс тақырыбына байланысты теорияны үйден дайындап келіп, зертханалық жұмысты орындауға рұқсат алуы да өзіндік жұмыс ретінде қарастырылады. Зертханалық-сарамандық сабақтарда өзіндік жұмыстың орындалуын бақылау оның оқу еңбегін белсендіруге жағдай туғызады. Студенттердің өзіндік жұмысы ретінде бұрыннан қолданылатын жұмыстың бірі сандық есептер шығару болып табылады.Сандық есептер сарамандық сабақ үстінде немесе сабақтан тыс уақытта шығарылады. Химиялық білім беруде оқытудың бір тәсілі ретінде сандық есептер шығару маңызды орын алады. Химиядан сандық есептер шығару арқылы химияның оқу материалы терең меңгеріліп, алынған білім, білік, икемділік, дағдылары дамытылады, студенттер алған білімін өз бетімен қолдануға жаттығады. Химиялық білім нақты, тұрақты болу үшін оқушы алдымен ұсақ, соңынан ірі мәселелерді шеше алатындай болуы керек. Яғни шығармашылық ойлау қабілеті дамыған, ақыл-ой әрекеті жетілген студент химиялық есептерді қиналмай шығарады. Бұл оның күрделі ойлау қабілетінің жоғары сатыда екенін дәлелдейді. Химиядан сандық есептерді шығаруға үйрету мәселесін психологиялық тұрғыдан зерттеу мынаны көрсетіп отыр. Сандық есеп шығару дағдысының қалыптаспауы студенттің көп нәрсені ескермегендігінен туындайды. Мысалы химиядан сандық есепті шығару кезінде: * студент көбіне есепті оқытушы көрсеткен жолмен ғана шығарады да, өз бетімен есептің басқаша стандартты емес шығару жолын қарастырмайды; * студент есеп шығарып отырып есептің мағанасына көңіл аудармайды, өзінің іс-әрекетін дұрыс пайымдамайды; * көбінесе есептің мазмұнына талдау жасамайды, оны ой елегінен өткізіп, талқыламайды; * есепті шығару жүйелілігін сақтамайды; * химиялық тіл, математикалық есептеу, өлшемдер бірлігін жүйелі қолдану, физикалық шамаларды белгілеу дұрыс ескерілмейді; * есептің жауабын қандай да жолмен дәл табу алдыға мақсат етіп қойылып есепті шығарылу жолын түсіндіруге көңіл аударылмайды; * шыққын есептің жауабын әртүрлі жолмен тексеру яғни кері есеп шығару немесе басқа әдіс қолдану сияқты шаралар қолданылмайды; * есептерді бей-берекет, белгілі бір жүйеге келтіріп алмай, бір-бірімен байланыстырмай шығарады. Студентті осы аталған кемшіліктерді жібермей сандық есеп шығаруға үйрету өте көп жұмыс атқаруды талап етеді. Сондықтан студенттерге семестрлік жұмыс ретінде сандық есептерді өздігінен шығаруға ұсыну жоғарғы мектеп іс-тәжрибесінде кеңінен қолданылады. Эксперименттік есептерін шығару химияда студенттер үшін маңызды өзіндік жұмыстың түріне жатады. Эксперимент есептерінде сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжрибелер жасау арқылы шығарылады. Химиядан білім мен білікті қалыптастыруда эксперименттің есептердің маңызы зор. Эксперимент есептерін шығару арқылы оқушылар теориялық білімін баянды етеді, іс жүзінде қолдана білуге үйренеді. Олар химиялық құрал жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу дағдыларын нығайтып жетілдіре түседі. Эксперимент есептерін үзбей шешіп машықтанғанда оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, өз ісіне сын көзбен қарауға үйренеді. Оқушылардың химиядан білім сапасы мен сарамандық әзірлігі эксперимент есептерін шығару үстінде айқын білінеді. Осы айтылғандарға сүйене отырып біз студенттердің де эксперименттік есептер шығару дағдыларының қалыптасуы олардың сарамандық білім негізін қалауда, дербестік деңгейнің жоғарлап, теориялық білімді іс барысында оңтайлы қолдануына жағдай жасайды деген тұжырым жасаймыз. Бейорганикалық химияның <<Элементтер химиясы>> бөлімінің соңында студенттерге бейорганикалық қосылыстарды синтездеу өзіндік жұмыс ретінде ұсынылады. Студент өзі таңдап алған қосылысты синтездеуге қажетті реактивтерді белгілеп оны синтездеу жоспарын құруға, синтездеуге қажетті қондырғыны құрастырып және оны синтездеуге тиісті. Негізінен сапалық есептерді шығару 2 курста оқылатын аналитикалық химияда көп қолданылады. Өзіндік жұмыстың негізінде студенттің өзінің дербес әрекетін ұйымдастыру жатқандықтан, ол өзінің уақытын ұтымды пайдалана отырып, өзіндік бақылау, өзіндік меңгеру әдістерін барынша тиімді қолдануға ұмтылуы қажет. Кредиттік технология негізінде дәріс сабақтарының санының азаюы студенттердің оқу әрекетін ұйымдастыруда аудиториядан тыс жұмыс түрлерін кең қолдану қажеттігін туғызып отыр. Сондай жұмыстардың бірі реферат жазу. Студенттердің реферат жазуы олардың берілген материалды дұрыс пайымдап, мазмұнын ашып көрсете білуіне, жоспарды дұрыс құруға икемделіп, ғылыми ізденуді ұймдастыруына, әдебиетпен жұмыс істей білуге жаттығуына, жинақтаған материалдарын өңдеуден өткізіп, қолданылған әдебиеттердің тізімін дұрыс құра білуіне мүкіндік береді деген пікірді Дүнекова Ж.Ж. Меңдалиева Д.К жұмысынан кездестіреміз. Бірақ зерттеушілер бір пәннен реферат саны бір семестрде екеуден артық болмау керек деген ойды ұсынады. Біз осы авторлардың ойына қосыла отырып, өзіндік жұмыстардың ішінен елеулі орынды реферат жұмысын орындауға беру қажеттігіне тоқталамыз. Бірақ реферат тақырыбы қалай болса солай берілмей, оқушы ізденімпаздығын шынайы дамытатын тақырыпқа берілу керек деп есептейміз. Яғни студент тек классикалық оқулық материалдарын ғана емес ақпараттандыру материалдарын, интернет көздерін, ғылыми кқнференция материалдарын, ғылыми журналдардағы басылымдарды кеңінен қолдана алатындай болуы керек. Студенттердің өзіндік жұмысын жандандыруда тағы бір оңтайлы жұмыстың бірі студенттердің пәндік олимпиада жұмыстарын қайта жаңғырту болып табылады. Олимпиада дегеніміз - студенттердің жоғарғы оқу орнындарындағы және кәсіби болашақ маман әзірлеуде өтетін пәндер бойынша білім, икемділік, дағдысын шығармашылықпен қолдана білудегі жарысы. Олимпиада болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін көтеруде, студенттердің таңдап алған мамандықтарына қызығушылығын арттыруда, дарынды жастарды анықтауда, ғылыми зерттеу, әкімшілік, кәсіпкерлік істерге кадрлер қалыптастыруда өте маңызды. Олимпиадаға тек студенттерді таңдап алумен ғана тоқталып қалмай оларды үнемі осындай жарыстарға әзірлеу қажет. Өзіндік жұмыстың осындай түрін жүргізу үшін бізге ең алдымен жақсы әзірленген оқытушы, екіншіден шығармашылық қабілеті жоғары және оны дамытуға ұмтылушы студент қажет. Өзіндік жұмыстың осы түрі олимпиаданы ұйымдастыру шарттары мен қағидаларын да қарастыра кеткеніміз жөн болар. Олимпиадаға студенттерді әзірлеуде қолданылатын қағидаларды біз Н.И.Наумкиннің зерттеуіне сүйеніп белгіледік. * Өте жоғары деңгейдегі дербестілік қағидасы. Ең берік білім негізі өз бетімен, студенттердің әдебиетпен жұмыс істеу процесі кезіндег дербестілігі жоғары болуымен іске асырылады. Оқытушы тек соны тиімді ескеріп, студентті дұрыс бағдарлау қажет. Өз бетімен алынған дұрыс шешім, тіпті дұрыс логикалық негізделмеген күннің өзінде, кейіннен ұжымдық талқылау нәтижесінде айқын, сенімді тұжырымға әкеледі. * Іргелі әзірліктің негізділігі қағидасы. Студенттерді іргетасы қаланған пәндерден олимпиадаға әзірлеу қажет болғандықтан алдымен олардың бойында математика, физика, химия сияқты пәндерден білім, білік, икемділік дағдыны қалыптастыру міндетті болмақ. * Пәнаралық байланыс пен пәндер арасындағы сабақтастық қағидасы.Аталған қағиданың орындалуы тек олимпиадаға әзірлік кезінде ғана емес, оларды оқыту кезінде де маңызды.Мысалы химия олимпиадасында студенттің білімін көрсетуі математика, физика, биология пәндерінен алған біліміне байланысты болады. * Білімнің белсенділігі. Олимпиадаға қатысушы студенттің білімі үнемі белсенді күйде болатындықтан, олимпиада тапсырмалары олардың бастапқы білімдерін ескере отрыпы құрылады. Сондықтан олимпиадаға әзірлік кезінде өткен жылдардың тапсырмаларын қолдану тиімді болмақ. * Оқу бағдарламасы бойынша үстіртін қарастырылатын кейбір тақырыптарды тереңірек қарастыру. Автордың осы пікіріне қосыла отырып біз оны былайша толықтыруды жөн көрдік. Мысалы <<Бейорганикалық химияның теориялық негіздері>> пәні бойынша кейбір тақырыптар <<Бейорганикалық химияның таңдаулы тараулары>>, <<Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінің қазіргі күйі>>, <<Құрылысы ерекше қосылыстар>> сияқты арнайы курстарда тереңдетіп беріледі. Сол сияқты <<химия-биология>>, <<мектептегі химия мұғалімі>>, <<химия>> мамандықтарына арналған <<Қиындатылған есептерді шығару>> арнайы курсы олимпиада есептерін шығаруды үйретуге арналған. * Тапсырмалар қиындығы деңгейінің оза берілу қағидасы. Аталған қағида олимпиадаға әзірлік кезінде студенттерге белгілі тур тапсырмасынан анағұрлым жоғары деңгей тапсырмасын ұсынуға келіп тіреледі. Мұндай қағиданың тиімділігі тек олимпиадаға дайындық кезінде емес, сабақ кезінде де тиімді екенін бірнеше жылғы іс-тәжрибе көрсетіп отыр. * Есептерді шығару нұсқасының бірнеше түрлілігі мен кешенді талдау қағидасы. Есепті неғұрлым тиімді, рациональды әдіспен шығару, есепті шығарудың мүмкін болатын әдістерін қарастыру олимпиадаға әзірлік кезінде өзінің тиімділігін көрсетті. * Өткен олимпиадалардың нәтижесін талдау. Шығарылған есептерді кешенді жолмен талдаумен бірге жиі кездесетін қателіктер, есеп шығаруда жіберілген кемшіліктер сараланып, талданады. Осының нәтижесінде студенттердің білім, білік, дағдысы недәуір жоғарлайды. Жеке бастамашылдық және еріктілік қағидасы.. Студенттерді ешуақытта күштеп олимпиадаға қатыстыруға болмайды Осы қағиданы орындаудың маңыздылығын Н.Р.Степанова ерекше атап көрсетеді. Студенттердің курстық жұмыс жазуы бір курсқа берілетін тапсырма. Оқу жоспары бойынша әр мамандық студенттерінде курстық жұмыс жоспарланады. Атында тұрғандай бір курста студент тек бір жұмыс орындайды, егер оқу жоспары бойынша екі жұмыс жоспарланса онда студент таңдауы бойынша бір жұмысты орындауға құқылы. Оқу жылы басында оқытушы студенттерге курстық жұмыстың тақырыптарын береді. Химия эксперименттік пән болғандықтан біздің факультеттегі курстық жұмыстар экспериментке сүйеніледі. Кейіннен студент осы курстық жұмыс тақырыбын бітіру жұмысында немес диплом жұмысында жалғастырады. Курстық жұмысты орындау барысында студенттер реферат жазуда меңгерген әдебиетпен жұмыс, материалдарды өңдеу икемділігі, интернетпен, ақпараттық материалдармен жұмыс түрлерін меңгеруді әрі қарай жалғастырады. Студент көбіне оқытушы ұсынған реферативтік журналдарды, анықтамалық материалдарды, отандық, шетелдік, бұрынғы ТМД елдері ғалымдарының жұмыстарын қарастырады. Әдебиеттерге шолу жасаған соң студент жоғарғы оқу орны зертханасында немесе ғылыми зертханада сабақтан тыс уақытта эксперимент жүргізеді. Сонымен қатар студент өз бетімен эксперимент қою, эксперимент жоспарын құру, экспериментке қажетті құралдар мен реактивтерді анықтау, реактивтерді қажетті концентрацияда әзірлеу, егер физикалық әдістер қолданатын болса физикалық әр түрлі құралдарды оқытушы басшылығымен жұмысқа әзірлеу икемділігін меңгереді. Негізінен химия мамандығының 1 курс студенттері үшін экспериментальды курстық жұмысты орындау, сарамандықты аяқтаушы болғандықтан маңызы үлкен. Эксперимент аяқталған соң студент диплом жұмыстарына арналған формада курстық жұмысты жазып, кафедраның әдістемелік комиссиясы алдында оны қорғайды. Әр студентке хабарлама жасау үшін және қойылған сұрақтарға жауап беруге 5-7 минут уақыт беріледі. Курстық жұмысты бағалауда эксперимен нәтижесі, студенттің жұмыстың мақсаты мен нәтижесін баяндауы, студенттің курстық жұмысты орындаудағы дербестілік дәрежесі ескеріледі.. Курстық жұмыстың бағасы әдістемелік комисия мүшелерінің шешіміне орай қойылады. Өте жақсы орындалған жұмыстар кафедра ұйымдастырған көрмеге қойылуы мүмкін. Бірінші курс студенттерінің бейорганикалық химиядан жазған жұмыстарының маңыздылығы ол көпшілік студент үшін ғылыми зерттеу жүргізудегі, өзінің бастамашылдығын білдірудегі алғашқы жұмыс болуында. Бітіру жұмысы немесе диплом жұмысы бұл студенттің оқу орнын аяқтау алдында орындаған ең маңызды, дербес жұмысы болып табылады. Диплом жұмысы курстық жұмысқа қарағанда көп күрделі және жұмыс көлемі де аумақты болады. Диплом жұмысының тақырыбын студенттер негізінен төменгі курстан бастап алады. Мамндануына байланысты олар тақырыпты бейорганикалық химиядан, аналитикалық химиядан немесе органикалық және физикалық химиядан алуы мүмкін. Бағдарлама бойынша әр курс сайын жазатын курстық жұмыстар осы пәндерге байланысты болып келеді. Диплом жұмысында студент тақырыпты белгіліген соң курстық жұмыстағы сияқты әдебиеттерге шолу жүргізеді. Онда өзінің тақырыбының айналасында жүргізілген зерттеу жұмыстарына, ондағы қолданылған зерттеу әдістеріне толық талдау жасап өтеді. Диплом жұмысының екінші бөлімі экспериментке арналады. Онда студент экспериментті жүргізуге таңдап алған әдісін көрсете отырып эксперимент нәтижелерін жүйелі түрде баяндайды. Эксперимент нәтижелері әр түрлі графиктер, сызбанұсқа, диаграмма түрінде химиялық сауатты, математикалық есептеулерімен берілуі керек. Міндетті түрде студент диплом жұмысының қорытындысын беріп, кіріспеде тақырыптың өзектілігін анықтап, оның зерттеу міндеті мен мақсатын, ғылыми болжамын, сарамандық маңызын ашып көрсетеді. Диплом жұмысын жазғанда жетекші тек студентті бағыттап, бағдар береді. Диплом жұмысы студент пен оқытушының біріккен ғылыми жұмысы деп есептеледі. Дәріс 9,10. Химия кабинетінің жабдықталуы Жоспары: * Химия кабинетінің құрал-жабдықтары * Химиялық реактивтер * Зертханалық шаруашылық Оқу кабинетін пайдалану ережесі 1.Оқу кабинетін сабақтың басталуынан 15-минут бұрын ашу керек.2.Оқушылар кабинетте тек қана ауыстырылған аяқ киімде болуы қажет.3. Оқушылар кабинетте мұғаліммен бірге болуы қажет.4.Кабинеттің ауасын әр үзілісте желдетіп алу керек.5.Мұғалім сабақтан соң кабинетте тазалық жүргізкді ұйымдастырып отыру керек. Оқу кабинетіне қойылатын талаптар 1.Кабинеттің құжаты бойынша талапқа сай жабдықталған мүліктер мен техникалық құралдар,көрнекі құралдар,оқулықтар, әдістемелік,дидактикалық құралдар.2.Оқу жылында жасалатын кабинеттің жұмыс жоспары3.Оқу кабинетінде техникалық қауіпсіздік пен тазалық ережесін сақтау.4.Оқу кабинетін безендіргенде эстетеикалық талапқа сай ауыстырылатын,ауыстырылмайтын сабақ- хабарлама стендтері, қажетті жабдықтар, тағы басқа құралдар болу керек. Оқу кабинеттері белгілі талаптарға сәйкес болуы керек. Шет тілін оқытуға арналған кабинеттер оқытушылар үшін басқару пульті мен проекциялық аппараттарға арналған тумбасы бар столдармен, магнитофон мен күйсандықты орнатуға арналған орындармен, көрнекті құралдар мен техникалық оқу құралдарын, лингофондық құрылымдарды сақтауға арналған секциялық (қабырғамен бірге жасалған немесе қабырғаға жапсыра салынған) шкафтармен жабдықталады. Химия және физика кабинеттері проекциялық аппаратты, су, электр, канализация келуін басқару пульті бар арнаулы демонстрациялық столдармен жабдықталады. Оқу-көрнекті құралдар жақсы көріну үшін демонстрациялық столды биіктеу етіп орналастырған дұрыс. Оқушылар үшін су, электр жүйесі, ауа қысымы (физика лабораториясы үшін) қосылған екі орынды столдармен жабдықталады. Химия лабораториясы шкафы сыртқы қабырғаға жақын, оқытушының столының жанында орналасқан ауа соратын жергілікті желдеткішпен қамтамасыз етілуі керек. Осы кездерде мектептерде әр түрлі мектеп тақталары (бормен жазатын, фломастермен жазатын, бормен ноталық дыбыс арқылы (әуенді) жазатын, хабарландыруларды ілу үшін кеуекті тақталар) пайдаланылады. Негізі құрыштан жасалып, эмальмен қапталған тақталар пайдалануға қолайлы болып келеді. Эмалінің түсіне байланысты тақталар бормен (жасыл түсті) және фломастермен (ақ түсті) жазуға арналады. Негізі дыбыс жұтылтатын заттардан қоса отырып, құрыштан жасалған жоғары сапалы шыныэмальды қаптауы бар тақталар ақпаратты жеңіл, дыбыссыз жазуға мүмкіндік береді, жазылған хабарды жоғары контрастылықпен жеткізеді, және жазуларды арнаулы жұмсақ жөке, шүберектермен оңай сүртіп тазартуға болады. Сонымен қатар, мұнда магнит арқылы суреттер, сызу, диаграммаларды орналастыруға болады. Шыныэмальды тақталар - 1-ден 7-ге дейін жұмыс беті бар, жылжымайтын, жылжымалы, біріңғай түсті немесе аралас түсті және әртүрлі өлшемдерде болып келеді. Ноталық дыбыс арқылы қолданылатын тақталар әуен мектептері мен сыныптарына арналады. Олар қара түсті анодталған алюмин қаңылтырға нота сызықтарын орналастыру арқылы жасалады. Әр түрлі хабарландырулар мен ақпараттарды жариялау үшін, хабарландыруларды үшкір заттармен жапсыра салуға ыңғайлы, табиғи немесе жасанды кеуекті заттан жасалған тақталар қолданылады. Бөлме жабдықтарын дұрыс орналастырып, оқушыларды дұрыс отырғызудың маңызы да өте жоғары. Оқушылар столы (бір орынды немесе екі орынды) аудиториялық, сызу және лабораториялық столдар оқу бөлмесінің мағнасына сәйкес алынады. Столдарды орналастыру негізінен үш қатар етіп орналастырады, бірақ, кейбір жағдайларда оларды екі қатар етіп орналастыруға болады. Оқу бөлмелерін жабдықтаған кезде төменде көрсетілген аралықтар сақталуы керек: екі орында столдардың қатарларының аралығы - 60см төмен емес; столдар қатары мен сыртқы қабырғаның аралығы - 50-70см; столдар қатары мен ішкі қабырғаның (немесе сол қабырғада орналасқан шкафтардан) аралығы - 50-70см; ең артқы столдан қабырғаға дейін, қарсысындағы сынып тақтасына дейінгі аралық - 70см; демонстрациялық столдан оқу тақтасына дейін - 100см; бірінші партадан, оқу тақтасына дейін - 2,4-2,2м кем болмауы керек. Оқушының оқу тақтасынан ең алыс қашықтығы 860см көп болмауы керек. Оқу тақтасының еденнен биіктігі - 80-90см болуы керек. Мектеп дәрігері сабаққа қатысып, оқушылардың жұмыс кезіндегі дене тұлғасының жағдайын бақылап, олардағы дене тұлғасының ауытқуларын анықтап, бұл жағдайдың себебін ашып, профилактикалық шаралар жүргізуі қажет. Оқушыны дұрыс отырғызуды гониометрияның көмегімен буындардан пайда болатын бұрыштарға (39 сурет), қажетті жағдайларды таңдау арқылы (20 кесте) жасауға болады. 22 кесте. Оқушыларды дұрыс отырғызуға қажетті гониометриялық көрсеткіштер. Көрсеткіштер Бұрыштардың көлемдері,см Бастың еңкіштігі 26-51 Кеуде омыртқасының иілу бұрышы 41-62 Дененің еңкіштігі 85-100 Тізе бұрышы 75-105 Балтыр-табан бұрышы 75-105 Парта (столдардың) размері, онда отырған баланың бой ұзындығына сәйкес болғанымен, баланың дене тұлғасы дұрыс болмауы да мүмкін, сондықтан баланың дұрыс отыруға дағдыланбағандығын көрсететін мұндай жағдайларға да ерекше көңіл бөлінуі керек. Химиялық реактивтер, химиялық реагенттер -- лабораторияларда анализ жасауда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында түрлі қосылыстардың химиялық өзгерісін, қасиеттерін, алыну әдістерін анықтау, т.б. мақсаттар үшін қолданылатын химиялық препараттар. Химиялық реактивтер көбіне жеке заттар болғанымен кейбір заттардың қоспасы да (мысалы, петролейн эфирі) реактивтерге жатады. Тазалығына қарай Химиялық реактивтер ерекше тазартылған, химиялық таза, анализ үшін таза, аса тазартылған, техникалық өнім деп бөлінеді. Реактивтердің тазалығы Мемлекеттік Стандартқа сәйкес болуы керек. Химиялық реактивтердің аты жазылған қағазда атауы, формуласы, қоспасының мөлшері көрсетіледі. Химиялық реактивтер құрамына қарай анорганикалық, органикалық, құрамында радиоактивті изотоптары бар реактивтер, ал қолданылуына қарай аналитикалық реактивтер, сондай-ақ химиялық индикаторлар, органикалық еріткіштер болып бөлінеді. Органикалық функционалды анализ үшін қолданылатын Химиялық реактивтер белгілі, мысалы, 2,4-динитрофенилгидразин, фенилгидразин, семикарбазид альдегидтер мен кетондардың саны мен сапасын анықтауда қолданылады. Улы, тез тұтанатын, қопарылуы қауіпті Химиялық реактивтерде бар, сондықтан оларды қолданғанда белгілі ережелерді бұзбау керек. Ауа әсерінен оңай бұзылатын реактивтерді жабық шыны ыдыстарда сақтайды Дәріс 11,12. Мектеп химия кабинетінде газдармен жұмыс. Жоспары: * Газдарды алу және жинаудағы оқушылардың пракикалық іс-әрекеттері. * Газдармен жұмыстың жалпы тәсілдері * Газдарды жинау. * Газдарды құрғату және тазарту. * Газдарды сіңіру. * Газдарды сақтау. Дәріс 13,14,15. Мектеп химия бағдарламасындағы оқу эксперименттері Жоспары: * 8-9 сыныптарда зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі * 10 сыныптарда зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі * 11 сыныптарда зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі Экспериментттік тапсырмада - тек тапсырма көрсетіліп, ал эксперименттің жүргізілуі мен жолын оқушылар өздігінен анықтайды. Бұл оқушыларлан тек ьеорилық білімнің белсенділігін ғана емес , сонымен қоса эксперименттің технологиялық біліктілігін де талап етеді. Экспериментальды тапсырманың негізгі мақсаты- практикда алынған біліммен байланысты жүйелі жаттығуларды орындау, түрлі зерттеулерге қажетті экспериментальды білікітлік пен дағдыны қалыптастыру. Сарамандлық жұмыс пен зертханалық жұмыстан айырмашылығы эспериментальды тапсырманы бүкіл оқу жылы бойы, кез келген сабақтарда, бақылауларда да жүргізуге болады. Экспериментальды тапсырма жеке, топпен немесе сыныппен орындалуы мүмкін. Бұл тапсырманы орындау теориялық шешімді өздігімен ізденуге баулыйды. Танымдық жағынан есептермен салыстырғанда экспериментальды тапсырма құндырақ. Себебі, мұндай тапсырманы орындауда тек есеп шығарылып қана қоймай , сол есептерге сәйкес тәжірибелер жасалынады. Экспериментальды тапсырмаларды орындату кезінде мұғалім оқушылардың өтілген материал бойынша білімдерінің қаншалықты қалыптасқандығын, және ол білімді практикада қалай қолдана алу мүмкіншіліктерінің қаншалықты дәрежеде екендігін бақылай алады. Нәтижелерді талқылау қателерді тауып түсіндіруге, кемшіліктерді жөндеуге, олардың себептерін талқылауға мүмкіндік береді . Құрамы бойынша экспериментальды тапсырмалар келесідей болып бөлінеді: * физикалық және химиялық құбылыстарды бақылауға және түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, << Қандай физикалық және химиялық қасиетіне қарап полиэтилен мен полистиролды анықтауға болады. берілген ыдыстарда осы заттардың қаысысы орналасқан?>> * зат синтезіне және реакцияның жүру ждағдайын алдын ала анықтау немесе түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, << Столда бар реактивтерден: мыс(//) оксиді , су , мыс(//) хлориді, натрий гидроксиді және нартий хлоридінен екі жолмен мыс(//) гидроксидін алыңдар. әр реакцияның жүру жағдайын көрсетіңдер.>> * заттарды тану және олардың өзіне тән қасиеттерін түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, << сапалық реакция арқылы қай пробиркада крахмал, қай пробиркада глюкоза бар екенін анықтап, олардың химиялық қасиетін түсіндіріңдер>> * заттардың сапалық құрамын анықтап, олардың қасиеттерін сипаттауға арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, сапалық реакция арқылы берілген заттың алюминий хлориді екенін анықтап, оның химиялық қасиетін атаңдар. * Берілген өнімдегі қоспаларды анықтап, анықтау жолын түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, мыс купоросының құрамында натрий хлориді барын анықтаңдар. Оны анықтауға жолдың таңдалу себебін түсіндіріңдер. * Затты таза күйінде қоспалардан бөліп алу, сол бөліп алу әдісінің тиімділігін түсіндір. Мысалы, полиэтлен және темір ұнтақтары бар қоспалардан ас тұзын бөліп алу. * Заттардың классификациясын нақтылап, оларға анықтама беругше арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, аминосіркеқышқылы аминқышқылдарына жатпайтынын анықтаңдар. Заттардың осы класына анықтама беріңдер. * Сапалық реакция жүргізу және оладың типтік қасиеттерін түсіндіру. Мысалы, сапалық реакция көмегімен глюклзаны анықта. Оның типтік химиялық қасиетін атаңдар. * әр түрлі массалық уүлестегі ерітінділерді дайындау және дайындалу жолын түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, 3 пайыздық массалық үлесі бар 300 г. нарий гидрокарбонатаның ерітіндісін дайында. Және не үшін ерітінді дайындау кезінде алдымен зат салынып, кейін барып су құйылады. Ал неге керісінше жасауға болмайтындығын түсіндіріңдер. Эспериментальды тапсырмаларды сапалық және есептік эксперимент деп бөліп қарастырады. Сапалық эксперимент тәжірибелік жолмен шешіледі онда сандық бейнелер берілмеген. Мысалы, тәжірибелік жолмен темір сульфатындағы сульфат иондарының мөлшерін анықта. Ал, есептік эксперименттік тапсырмаларды шешу үшін тәжірибе орындаумен қатар белгілі экспериментте берілген мәндерді өңдек керек. Мысалы, темір (ІІІ) гидроксидінің тұнбасын алып, түзілген тұнба массасы бойынша оны алуға қажетті ерітінді массасын анықта. Бұл жердегі КОН массалық үлесі 0,1н. ( 10 пайыз).Есептік және эксперименттік тапсырмалардың жоғары формасы екі тапсырманың да ең жақсы қасиеті шоғырланған - есептік эксперимент болып табылады. Демонстрациялық тәжірибелер - ең алдымен мына жағдайларда мектепте қолданылатын эксперименттің қажетті түрі: 1. Оқытудың алғашқы сатысында оқушылар тэжірибе жасау техникасын әлі толық білмейтін, сондықтан тэжірибеиі өз бетінше орындай алмайтын кезде. Айрылу реакциясын еткенде суды электр тогымен айыру тәжірибесін жасау керек. VII сынып оқушылары бүл * жүмысты жақсы нүсқау берген жағдайда да орындай алмайды, өйткені ол электр түзеткіпіті қолдана білмейді, оның қандай қызмет атқаратынын білмейді, газдарды жинауды да, оны сынап көруді де т.б. білмейді. Бүл мэселелер жөнінде оқушыларға нүсқау беру, түсіндіру оқушылардың назарын басқаға бүрады, сондықтан бү_л тэжірибені демонстрациялык тәжірибе ретінде ғана көрсетуге болады. Эвдиометрде суды синтездеу тэжірибесі жөнінде де осыны айту керек: бүл тәжірибе техника жөнінде тіпті мүғалімнің өзіне қиынға соғады, қопарылыс болатын тәжірибелерді, мысалы сабын көпіршігінде сутегінің оттегімен қоспасын қопаруды т.б. демонстрация түрінде өткізу керек. 2. Тәжірибе жасалатын приборлар оқушылар үшін күрделі жэне қажетті қүрал - жабдықтар жеткіліксіз болған жағдайда. Мысалы, газометрде газ жинау, Кипп аппаратында сутегін алу тэжірибелері демонстрациялық тәжірибе ретінде өткізіледі, оқушылар бұл приборларды қолдану дағдыларына бірте - бірте кейін үйренеді. Газдардың немесе сүйықтың көп мөлшерін қажет ететін тәжірибелер демонстрация ретінде өткізіледі; мысалы, суда еріген ауаның мөлшерін анықтау, газдардың жақсы ерігіштігінің мысалы ретінде аммиактың жэне хлорлы сутегінің ерігіштігі (фонтан түзе) т.б. кейде мұғалім қажетті реактивтер жеткіліксіздіктен оқушыларға түсінікті тэжірибелердің өзін демонстрация түрінде көрсетуге мэжбүр болады. 3. Уақытты үнемдеу үшін кейде сарамандық тәжірибелер орнына демонстрациялық тәжірибелер жасағанда, оқушылар тәжірибе жасауға, оны демонстрациялап көрсетуге қарағанда, үш есе артық уақытын жібереді. Дегенмен есте болатын бір жағдай -демонстрациялық тәжірибелер қаншалықты жақсы болғанмен, оның оқушылардың білім алуы жөніндегі бағалылығы сарамандық тэжірибеден төмен болады, ал практикалық дағдыларды қалыптастырудағы маңызы тек бақылаумен жэне бақылағандарын есте қалдырумен айқындалады. Сондықтан демонстрацияны басқа эдістерден көп пайдалануға, тіпті эксперименттің бірде - бір түрі есебінде қолдануға болмайды. 4. Қауіпсіздік шараларына сәйкес оқушыларға жүмыс істеуге кейбір заттарды беруге болмайтын жағдайда оқытудың алғашқы сатысында мүндай тэжірибелерге мыналар жатады: бром буының ауадағы, сутегіндегі диффузиясы, эфирдің суда еруі - одан бөлінген буды от алдыру, мыс тотығының айрылуы, мыс тотыгын көміртегі тотығымен тотықсыздандыру, жылытылған суды концентрациялы күкірт қышқылына қүю (сүйылту ережесін өткенде) жэне басқалар. 5. Сыртқы көрінісінің әсері жэне айқындығы жөнінен демонстрация оқушылар жасайтын тэжірибеден артық болған жағдайда. Оқушылар осындай тәжірибелерді өздері орындай алатын жағдайда да (әрине, жеңілдеу тәжірибелер) демонстрациядан бас тартуға болмайды. Болат сым, фосфор және басқа заттарды оттегі бар ұлкен банкада жағу, дәл осы тэжірибені оқушы столындағы кішкене банкаға жасағанға қарағанда, элдеқайда қызықты. Сутегінің оттегімен қоспасын сабын көпіршігінде қопа-ру, бұл қоспаны пробиркада қопаруға қарағанда, көңілге қонымды. Химиялық реакция кезінде массаның сақталу заңын дэлелдеу үшін үлкен демонстрациялық таразыға өлшеп көрсетілген сандық тэжірибе (ерітінділерді бір-біріне араластыру, колбада фосфорды жагып өлшеу жэне басқалар), темір жоңқаларын жабық пробиркада қыздырып, аптека таразысында өлшеи жасаған оқушының тәжірибесіне қарағанда, кызғылықты келеді. Осыған сүйене отырып кейбіреулер қызғылықты демонстрациялық тэжірибеден кейін оларды оқушы столында кайталаудың ешбір мәні жоқ деген пікір айтады. Бүл өте қате пікір. Тәжірибе оншалықты қызғылықты болмағанымен, оны окушылардың өздері жасағандықтан, тиісті нәтижеге ие болады. 3 - сурет. Суда еріген ауаның мөлшерін анықтау (тәжірибенің бір варианты). Кейде алдымен тәжірибе демонстрациясын көрсету керек пе, элде оқушылардың практикалық жұмысын жүргізу керек пе деген сүрак туады. Барлық жағдайда алдымен демонстрациялық тэжірибе көрсеткен тиімдІрек, өйткені оқушылар оны бақылай отырып әз беттерінше жүмыстеуге қажетті ксйбір жүмыс одістерін үйренеді. Дегенмен курстың кейбір тарауында демонстрациялық тәжірибелер көрсетудің қажеті жоқ, оның барлық комплексін сарамандық жүмыс жэне практикалық сабақ ретінде орындау керек. Ерімейтіи негіздердің қышқылдармен эрекеттесуі, қышқылдар мен негіздердің ерітінділерінде индикатор түсінің өзгеруі, судағы ерітінділерде түздар арасындағы алмасу реакциясы тәрізді жеңіл тэжірибелерді оқушылар алдын ала демонстрациялық тәжірибелер көрсетпей-ақ қиналмай орындайды. Осы кезде қолданылып жүрген программада эр тақырыптан кейін тэжірибелер тізімі келтірілген, бірақ олар демонстрациялық және сарамандық тәжірибелер деп бөлінбеген. Эксперименттің бүл түрлерін қандай қарым-катынаста қолдану қажеттігін нақты жағдайға сәйкес мұғалім белгілейді. Ал, егер мұғалім ерімейтін негіз, ерімейтін тұз тұнбаларының түзілуін, иидикатор түсінің өзгеруін т.б. көрсеткісі келсе, мұндай тәжірибелерді экран (кара не ақ), жылжымалы стол пайдалана отьгрып химиялық стақанда, жалпақ колбада көрсету керек. Жарықты бүйірінен түсіру немесе шыныдан жасалған жэшіктің төменгі жағынан түсіру не кішкене рефлектор қолдану өте пайдалы (жарык, бағытын бүрғышы не қалпағы бар электр лампысы). Тұнба мен ерітіндінің аз мөлшерін кэдімгі пробиркада көрсету, сарамандық жүмыстармен салыстырғанда, қызықтығы былай түрсын, тіпті пайдасыз, ал кейде зиянды да болады, өйткені олардан оқушылар зат жөнінде теріс үғым алады. Ішінде болмашы зат бар пробирканы сыныпты аралап жүріп оқушыларға көрсетудің де ешбір пайдасы жок. Тәжірибені қалай болса солай олақ, үстірт көрсету оқушылардың ынтасын түсіреді, олар сарамандық тәжірибелерге, практикалық сабақтарға немқүрайды қарай бастайды, ал бүл ақырында химия пэніне оқушылардың көңілін суытады. Демонстрациялық экспериментке қойылатын негізгі талап - тэжірибенің көрнекілігі мен айқындылығы. Химия курсын өтудің алғашқы сатысында тәжірибе демонстрациясы кезінде үлкен күрделі приборларды, артық тетіктерді қолданбау керек. Кипп аппаратының қалай дүрыс қойылатындығы көрсетілген. Жүмыс тэжірибесі аз жас мүғалім кейде таразыны, штативті жэне басқа приборларды столға дүрыс қоймайды, приборларды бір-біріне қатысты дүрыс орналастырмайды. Приборлардың бет жағын оқушыларға қаратып қою керек. Мектепте өткізілетін эксперименттің барлық түріне қойылатын бір талап - қауіпсіздік шараларын бүлжытпай орындау. Жұмысқа немқүрайлы қарайтын мұғалім мен оқушының орындаған тіпті қауіпсіз тэжірибесінің өзі қауіпті болып шығуы мүмкін Мектеп кабинетінде лап етіп жанған отты сөндіру үшін құм мен су, жанған киімді өшіру үшін одеяло не брезент болуы керек. Кабинетте не кабинетке жақын жерге өрт сөндіргішті іліп қою қажет. Мүғалім тәжірибені дайындау жэне көрсету кезінде қажет болса қорғауыш көзілдірік, қолғап киюі керек. Тері күйгенде және басқа зақым түскенде алғашқы жэрдем кәрсету үшін марганец қышқыл калий ерітіндісі (күйген жерді үрту үшін), теріге, киімге тиген қышқылды нейтралдауға соданың 5 проценттік ерітіндісі, осы мақсатка аммиактың 10 проценттік ерітіндісі, көзді жууға соданың 2 проценттік ерітіндісі, бір жерді кесіп алғанда жәрдем кэрсету үшін иодтың 5 проценттік ерітіндісі, мақта, бинт болуы керек. Жүмыс кезіндегі қауіпсіздік сақтаудың негізгі ережелері оқулықта келтірілген. Бұл ережелерді оқушыларға әбден түсіндіру және мүлтіксіз орындауларын қадағалау керек. Бақылау сұрақтары : 1.Химиялық эксперимент тің таным көзі және тәрбилеу құралы болуын қалай түсіндіресің?2.Химиялық эксперимент түрлерінің жіктелу негізі неде? 3.Қандай эксперимен түрі химиялық нысанның қасиеттерін жан-жақты қарастыруға арналған? 4.Эксперименттік практикумның мәні неде? 5.Сарамандық және зертханалық тәжірибелердің ерекшелігі неде? 4.СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫБТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ + Химиялық эксперимент таным көзі және тәрбилеу құралы. + Химиялық эксперимент түрлері. + Химиялық экспериментті қоюда мұғалімнің жұмысы. + Химиялық экспериментті жүргізуде оқушының оқу әрекеттері. + Химиялық экспериментті қоюда зертханашының жұмысы. + Көрнекі тәжірибе технологиясы. + Лабораториялық тәжірибелерді қою. + Практикалық сабақтарды қою. + Эксперименттік есептерді шешу. + Химиялық ой-эксперименті. + Мәселелік оқытуда химиялық эксперимент. + Химиялық эксперимент және техникалық құралдар.. + Эксперименттік біліктер мен дағдылардың жіктелуі. + Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру үрдісінде байқаудың ролі. + Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру әдістемесі. + Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастырудың саралау қыры. + Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыруды бақылау және бағалау. + Химия кабинетінің құрал-жабдықтары + Химиялық реактивтер + Зертханалық шаруашылық
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz