Файл қосу
Бұршақтық дәнді - дақылдар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті Тақырыбы: Бұшақ тұқымды өсімдіктердің биологиялық және Агротехникалық ерекшеліктері. Орындаған:Күнслямова Ш.М Тексерген:Ахметова Б.С Семей 2012 ж. Бұршақ тұқымды өсімдіктердің биологиялық және агротехникалық ерекшелігі Жоспар: 1.Бұршақтық дәнді - дақылдар 2.Асбұршақ 3.Соя Бұршақтық дәнді дақылдарды дайындаудың халық шаруашылығында алатын орыны ерекше.Бұршақтық дәнді дақылдар біз зәрулік көріп отырған белоктық азық алудың қосымша көзі болып табылады. Мұның өзі бұршақтық дәнді дақылдардың күш беретін және жұгымды протеині молдыгын корсетеді.Ол азық өндіруді жеделтетугу көмектеседі. Бұршақтық - дәнді дақылдар өзінен кейінгі дақылдарға таптырмайтын алғы дақыл болып табылады.Олар өсу кезеңінде ауадагы азотты бойына сіңіріп отырады.Әр гектардан 100 кг дейін биологиялық байланыстагы азот жинақтайды. Өкінішке орай,бұршақтық - дәнді дақылдарға соңғы жылдары жете көңіл бөлінбеді.1980 жылы онң егісі 135 мың га қысқартылды.Бірақ 1987 жылы 20 мың га артып, 135 мың га болды.Алдағы уақытта бұршақ - дәнді дақылдардың егістігін 373 мың га жеткізіп,екі есе арттыру көзделіп отыр. Бұршақ - дәнді дақылдардың түсімін 1987 жылга қарағанда 20-23 % арттыру ұйғарылды. Асбұршақ Асбұршақтың жемдік,азық-түліктік қасиеті мол,өнімді де мол береді. Басқа бұршақ дәнді дақылдарға қарағанда асбұршақта протеин аз болганымен,ол азоттсыз экстрактивті заттарға бай.Оның дәні жұғымдылығы жоғары азыққа жатады,әрі тез сіңеді.Басқа бұршақтық - дәнді дақылдарга қарағанда сіңімділігі де жоғары. Асбұршақтың сабаны мен топанына жететін бірде бір дақыл жоқ.Онда 8 % тіпті оданда көп белок, 34 % азоттсыз зат бар,мал сүйсіне жеп қорытады.Оның сабаны мен топаны азықтық қасиеті жөнінен құнарлы пішеннен кем сокпайды.Асбұршақтан пішен де,көк шөп те алуга болады.Қазақстанның оңтүстік шығысындағы суармалы жерлерде асбұршақ аралық егіс ретінде де себіледі.Азыққа арнап өсірілген асбұршақтың азық - түліктік маңызы зор. Биоморфологиялық ерекшеліктері. Асбұршақ бір жылдық шөптесін бұршақ дақылдастар тобына жатады.Қазақстанда оның жаздық түрі өсіріледі,тек Шымкент облысында ғана оның күзде себіліп,қыста шығатын кездері болады. Республикада асбұршақтың екі түрі - егістік және далалық түрі өсіріледі.Екіншісі азыққа арналған.Егістік түрінің гүлі ақ, тұқымы ақшыл, бір реңкті,ал далалығынікі - гүлі қызыл - күлгін,тұқымы - күңгірт,секпілді. Күтіп - баптау агротехникасы. Республиканың солтүстігі мен шығысында дәнге арнап өсірілетін асбұршақ әдетте жаздық бидайдан, ал оңтүстік және оңтүстік - шығысында кғүздік бидайдан немесе отамалы дақылдардан соң егіледі.Қазақстанның солтүстік аймағында асбұршақ егістігін күзде КПГ-2-150 немесе ПГ-3-5 сыдыра жырткыштарымен күзде 20-22 см етіп,ал ерте көктемде БИГ-3 немесе БМШ -15,тұқым себер алдында КПЗ -3,8 немесе КТС -10 агрегаттармен өңдеп,СЭС -2,1 сеялкасымен себу керек. Асбұршақтың әрқалай биіктеп өсетіндігіне орай оны себу мерзімі де әртүрлі.Оны әркелкі егіп жылы кезеңнің өзінде-ақ көк шөпке орып алып,бірқатар проблеманы шешуге болады.Қазақстанның солтүстік шығысында асбұршақты отамалы дақылдар егісіне орналастыру пайдалы.Мәселен,Алматы облысының <<Жаңашар>>шаруашылық учаскісінде отамалы асбұршақ әр гектардан 120 ц жоғары сіңімді азық береді. Малға салып бергеннен гөрі оны асбұршақты жайылымға жаю пайдалы екені анықталды,мұндайда олардан сүт 12- 15 % артық сауылады.Асбұршақ егістігіне мал жаю сүт саууды 20-25% арттырады. Соя Соя мал азығындық және азық - түліктік дақыл.Сояның дәнінде белок баска бұршақ дәнде дақылдарға қарағанда өте көп (36-42%).Белок аминқышқылымен деңгейлес.Сояның дәнінде 20-26% май,25-27% көмір тегі,көп фосфор,калий мен витамин бар.Ұны,күнжарасындағы белок 47-50%1ц соя сабанында 32% жем-шөп өлшемі,53 %белок бар .Соя таптырмайтын ірі мал азығы.Соя дәнінен бағалы май,сүт ірімшік,сүзбе алынады. Биоморфологиялық ерекшеліктері. Соя-бір жылдық түбір тармақты,тік сабақты,жатпайтын,бұтақтап өсетін,биіктігі 0,5-0,8 м шөптесін өсімдік.Негізгі және жанама түбірінен 50-ге жуық түбір шығарады. Соя өздігінен тозаңданады.Жемісі-бұршақ,тік немесе имек,2-3 тұқымды,жұмыр әрі түрлі-түсті. 1000 дәні 145-210 г таратады. Соя-қысқа күннің өсімдігі.Қазақстанның солтүстігіндегі ұзақты күнде сояның гүлдеу,пісу мерзімі де ұзаратыны байқалады.Демек,сояның ылғал мен ыстықты жақсы көретінін ескерер болсақ,Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде өсірген дұрыс. Сояны өсірудің агротехникасы алғы өңдеулерден басталады.Бұған беде жерін және парды дайындау қажет. К-700 тракторына тіркелген ПТК - 9-35 немесе ПН - 8-35 соқарларымен 25-27 см тереңдікте сүдігер жыртылады.30 см тереңдікте екі қабат етіп жыртқан жер өте тиімді. Қолданылған әдебиет: * Ю.Д.Зыков,И.П.Копытин: Мал азығын өндіру
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz