Файл қосу

Грамматикалық тәсілдер







5 В 050117 <<Қазақ тілі мен әдебиеті>>,     5 В 050117 <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> (жеделдетілген),   5В012100 <<Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі 
<<қазақ тілі мен әдебиеті>> мамандықтарына  арналған <<Тіл білімінің негіздері>>
                                       
          ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ
             ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР




















                                  СЕМЕЙ
                                     2014

                                Мазмұны

1  Глоссарий
2  Дәрістер
3  Практикалық сабақтар
4  Курс жұмысы (жоба)
5  Студенттердің өздік жұмысы



































 ГЛОССАРИЙ
1. Жалпы тіл білімі  -  лингвистиканың жалпы тілдік теориясы.
2. Экстралингвистика  -  экстра латын тілінде <<сыртқы, сыртқары>> мағынасын береді.
3. Интра  -  латын тілінен ауысқан префикс <<ішкі>> мағынасын білдіреді.
4. Менталингвистика деген термин құрамындағы мента  -  латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді.
5.     Неолингвизм. (гр. neos  -  жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған).
6. Натурализм латынның натура деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда ХІХ ғасырдың екінщі жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.
7. Аморф - формасыз деген мағынаны білдіреді.
8. Ареалдық тіл білімі  -  (лат.аrea  -  кеңістік, аудан)  -  лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы.
9. Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір  -  бірімен жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі.
10. күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдану тіл білімінде билингвизм деп аталады.
11. Тілдік жағдаят - әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін мәселесі.
12. Этнолингвистика  -  грекше ethnos халық, тайпа)  -  тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.
13.Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым  -  қатынас құралы деп қарайтын бағыт.
14. Сөйлеу дегеніміз - әрекет.Әрекет белгілі бір нәтижеге жету үшін, бағыты, мақсаты бірлігі арқылы топтасқан процестердің күрделі жиынтығы.
15. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят-хадистарды мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа біліп, құдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Бұл тіл -тіл ғылымында канондық тіл деп аталады.
16. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында << Тіл туралы жаңа ілім >> немесе << Яфет тіл ғылымы >> деп аталады.
17. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында << Тіл туралы жаңа ілім >> немесе << Яфет тіл ғылымы >> деп аталады.
18. Тіл теориясы  -  тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым.
19. Семиотика - әр түрлі хабарлар, мәліметтер беру үшін қолданылатын таңбалар жүйесі



2 ДӘРІСТЕР
№1 модуль:  Тіл білімі және оның  басқа ғылымдармен  байланысы 

№1 дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның салалары

1.Тіл білімі және оның зерттеу нысаны
2. Тіл білімінің салалары
3. Тарихи тіл білімі және сипаттамалы тіл білімі.. 
4.Жалпы тіл білімі және жеке тіл білімі.
      Тіл білімі лингвистика (грек linqua - тіл), тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы  -  тіл. Тіл  -  адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Осыдан келіп тіл білімінің салалары шығады.      Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімінің әр түрлі жақтары мен салалары, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдары зерттейді.       Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы-бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу. Синхрондық лингвистика.      Жалпы тіл білімі  -  жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы.Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілдерді зерттеу үшін қажет. Ал жалпы тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар сілтейді. Сөйтіп, жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын, адам баласы тілінң пайда болуын қарастырады; тілдің даму заңдарын айқындайды; дүниежүзі тілдеріне классификация жасайды; ғылымдар жүйесінде тілдің алатын орнын айқындайды.      Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.      Бақылау сұрақтары:
1. Тіл білімі ғылымы нені зерттейді?
2.Тіл білімі қандай салалардан тұрады? Тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады?
3. Тарихи тіл білімі және сипаттамалы тіл білімінің зерттеу нысанына не  жатады?
4.Жалпы тіл білімі және жеке тіл білімі нені қарастырады?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002

 №2   дәріс тақырыбы:   Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны және тіл білімінің басқа ғылым салаларымен байланысы

1. Тіл білімінің басқа ғылымдармен  байланысы2.Тіл білімінің басқа ғылымдар арасында алатын орны3.Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні
    Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары .Тіл білімі қоғамдық  (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану  ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.Тіл білімі және филология. Филология грек тілінен аударғанда <<сөзді сүю>> деген мағынаны береді. Тіл білімі - тарих, археология, этнография, әдебиеттану, психология, педагогика, логика, философиямен  байланысты.
	Тіл білімі жаратылыстану ғылымдары: физиология, физика, математика, география, кибернетикамен байланысты.
	Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын түрлері: социолингвистика (әлеуметтік лингвистика) этнолингвистика, психолингвистика, лингвостатистикалық, лингвистикалық философия, логикалық грамматика, қолданбалы лингвистика, лингвистикалық география, когнитивтік лингвистика, лигвомәдениеттану, интерлингвистика және т.б.
     Тіл білімінің теориялық мәні  -  тіл ғылыми тұрғыда зерттелінеді, соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категорилар сараланады. 
      Бақылау сұрақтары:
1. Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны  қандай ?
2. Тіл білімі  қандай  ғылымдармен байланысады?3. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні қандай?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997


№3, 4  дәріс тақырыбы:   Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі, тіл мен   ойлау

1.Тілдің табиғаты, мәні мен қызметі
2. Тілдің қоғамдық қызметі
3.Тіл және ойлау 
     Өмірде алуан құбылыстар бар. Олар табиғат құбылыстары және қоғамдық құбылыстар болып екі топқа бөлінеді.Тіл қоғамдық құбылыстардың қатарынан орын алады. Тілдің табиғатын (мәнін) танып білу үшін оның ең басты қасиетін айқындап алудың маңызы айрықша. Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті делініп, оның қатынас құралы болу қызметі аталады. 
     Тіл  -  адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде пайда болды. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды . Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы  -  тіл қажет . Тіл  -  адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден , тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам  -  тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың коллективінен тыс тіл жоқ. Қоғамның өмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет.     Тілдің қатынас құралы болу қызметі мен ойлаудың құралы болу қызметіне қоса тағы бір қызметі бар: ол  -  экспрессивті қызмет. Тілдің экспрессивті қызметі делініп, әдетте, оның адамның субъективті қатынасын, сезімі мен эмоциясын білдіру қызметі аталады. 
      Тіл мен ойлаудың өз ара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады.Мәселенің күрделілігі ойлаудың табиғаты мен тілдің табиғатының өте-мөте күрделі болуымен байланысты.Дыбыстық тіл де, абстракті ойлау да  -  адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталады, осы екеуін бірдей қамтиды. Біріншіден, тілде, ойлау да  -  адам миының туындысы, соның жемісі, екіншіден, тіл де, ойлау да - әлеуметтік құбылыс, өйткені адамның өзі қоғамдық құбылыс болып саналады.
         Бақылау сұрақтары:1.Тілдің  мәні мен табиғаты жайлы қандай көзқарастар бар?2. Тіл  қандай  қоғамдық қызмет атқарады?3.Тіл мен ойлаудың арақатынасы қандай?4. Тілі негізгі қызметі қандай?      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
№5  дәріс тақырыбы:   Тілдің таңбалық, құрылымдық және жүйелік сипаты1.Тілдің таңбалық сипаты
2.Тілдің құрылымдық және жүйелік сипаты
3.Синхрония және диахрония
     Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері: 1)еріктілік, 2) шарттылық.
     Еріктілік, шарттылық дегеніміз  -  таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Сондықтан бір зат әр түрлі тілдерде әр түрлі аталады. Тілдің таңбалық теориялары. Семиотика - хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.
      Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы. Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема -  тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема  -  ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Сөз  -  болмыс құбылыстарын, заттарын , олардың қасиетерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем  -  тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.
     Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Жүйе дегенді өзін тән айырықшақұрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деуге болады. Тіл құрылымының жеке салаларының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынасында, өзара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды. Тілдің жүйелік сипаты тіл білімінің барлық саласында көрінеді.Мысалы дауысты дыбыстар жүйесі, дауыссыз дыбыстар жүйесі.
      Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеруін зерттейді. Бұл екеуі бір нәрсе емес.Синхрония - тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең, диахрония-тіл жүйесіннің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің қыры. 
         Бақылау сұрақтары:1. Тілдің таңбалық сипаты дегеніміз не ?2. Тілдің құрылымдық және жүйелік сипатын неден көреміз?
3.Тіл мен ойлаудың арақатынасы қандай?4. Синхрония және диахрония дегеніміз не?      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
№6  дәріс тақырыбы:   Фонетика. Фонетиканың мақсаты мен міндеті, қарастыратын мәселесі1. Фонетика және оның салалары2. Дыбыстардың акустикалық тұрғыдан мінездемесі
3.Дыбыстау мүшелері және олардың қызметі

      Адам баласының тілі  -  дыбыстық тіл . Тіл дыбыстары - әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Тіл дыбыстары, әдетте сөз ішінде айтылады.
     Фонетика тіл дыбыстары және дыбыс заңдарымен ғана шектеліп қоймайды. Тіл дыбыстары, олардың құрамы, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары туралы мәселелер фонетикада маңызды орынға ие болады. Алайда, тіл дыбыстары туралы мәселенің фонетикада басты орынға ие болуы фонетиканың басқа  да маңызды объектілерінің болуын жоққа шығармайды. Дыбыстарды зерттеу мен дыбыстық тілдің басқада мәселелерін, мысалы, буын, екпін және интонация мәселелерін қарастыру өз ара тығыз байланыста болады. Сонымен фонетиканың зерттейтіндері  -  тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстар.         Дыбыстың жалпы теориясын физиканың акустика деп аталатын саласы қарастырады. Акустикалық тұрғыдан алғанда , дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да , құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта  -  ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып пайда болуы мүмкін емес . Акустика дыбыстардағы төмендегідей белгілерді ажыратады: дыбыс ырғағы, дыбыс күші, дыбыс әуені (тембр), дыбыстың созылыңқылығы.             Тіл дыбыстарын және олардың артикуляциялық жақтарын түсіну үшін , дыбыстау мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін жете білу қажет. Дыбыстау мүшелері мыналар: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, таңдай, ерін т.б. Дыбыстау мүшелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты деп аталады.        Бақылау сұрақтары:
1. Фонетика қандай  салалардан тұрады?
2.Дыбыстың жалпы теориясын қай сала қарастырады? 
3. Акустика дыбыстарды қандай белгілері арқылы  ажыратады:?
4. Сөйлеу аппараты дегеніміз не?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002

№7, 8  дәріс тақырыбы:  Тілдің дыбыстық жүйесі
1. Тіл дыбыстарын жіктеу ұстанымдары2.Тіл дыбыстары және олардың түрлері
3.Дыбыс және фонема4.Фонемалар жүйесі жайлы ұғым

     Фонетика - тіл дыбыстарының ерекшеліктері мен заңдылықтары, үдерістер, сәйкестіктер туралы ілім. Қазіргі фонетика дыбыстың төрт қырын жеке қарастырады, олар: Қызметтік, артикуляциялық акустикалық,перцептивті қырлары. Фонетика анатомия, физика, психология, физиология пәндерімен байланысты болады.Қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарын А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ғ.Мұсабаев, Ж.Аралбаева, Ә.жүнісбеков, С.Мырзабеков және т.б. зерттеді. Фонеманы зерттейтін ілім  -  фонология деп аталады. Фонема  -  тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік.фонеманың қазіргі түсінігін және фонология теориясын Бодуэн де Куртенэ  XIX ғ. 70-80 жылдары жасаған.
    Тілдердің барлығында да дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп екі топқа бөлу  -  ертеден келе жатқан дағды. Дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп топтастырудың тіл білімінде ұзақ тарихы болғанымен, бұлайша топтастыруға негіз болатын басты белгілер әлі де болса жете айқындалмай келеді. Әр түрлі тілдердегі дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп топтастыруға негіз болатын жалпылама ортақ белгі ретінде , әдетте, олардың буын құрау қызметі аталады. Буын құрау тұрғысынан алғанда , дауыстылар буын жасай алатын негізгі ұйтқы , басты тұлға ретінде , ал дауыссыздар өздігінен буын жасай алмайтын , дауыстылардың жетегіндегі көмекші элементтер ретінде ғана қаралады .
        Дауыстыларға тән акустикалық ерекшелік  -  оларда музыкальды тонның болуы. әрбір дауысты дыбыста ырғағы жағынан түрліше болып келетін тонның белгілі бір мөлшері болады.Бұлардың бәрінің жиынтығынан дауыстының әуені немесе сапасы жасалады. Дауыстылардағы тон жұтқыншақ үстіндегі қуыстың тоны болып табылады да , ол етене тон немесе дауыстының формантасы деп аталады. Дауыстылардың классификациясының екі түрі бар: оның бірі физиологиялық (немесе генетикалық) классификация, екіншісі  -  акустикалық классификация. Тілдегі сөздер бір-бінен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз бен тез деген сөздердің әр басқа сөздер екендігін олардың мағынасы мен дыбысталуының әр басқа болуына қарап ажыратылады. Мағына мен дыбысталудың әр басқа болуы сөздердің формаларын да, морфемаларды да ажыратады.
       Тіл білімінде дыбыстардың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. Фонема  -  сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын, ары қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық бірлік.    Фонема дегеніміз де  -  тіл дыбыстары, бірақ ол тіл дыбысы болғанда, сөздердің жігін ажырататын дыбыс.
           Бақылау сұрақтары:       1.  Тіл дыбыстарын жіктеу ұстанымдары қандай?      2.  Дауысты және дауыссыз дыбыстарға қандай белгілер тән?
* Дауысты дыбыстардың жасалуындағы артикуляциялық белгілер (тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай).
* Дауыссыз дыбыстардың жасалуына қарай, дауыстың, шудың қатысына, ұяң, қатаңдығына қарай жіктелуі.
* Дыбыс және фонема дегеніміз не? Фонема дегеніміз не?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.

№9  дәріс тақырыбы:  Қазақ тіліндегі буын үндестігі  (Сингармонизм). Дыбыс үндестігі  (Ассимиляция).

1.Қазақ тіліндегі буын үндестігі  (Сингармонизм)2. Дыбыс үндестігі  (Ассимиляция)
3. Диссимиляция жайлы түсінік
     Сингармонизм  -  гректің Sun <<бірге>> және hanmoni <<байланысу, үндесу>> деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.Мысалы:Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.  Дауыстылардың бір  -  бірімен үндесуі сингармонизм деп аталады. 
Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.
1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысты жағынан.
2.Еріннің қатысы бір  -  бірімен өзара үндесіп айтылады.          Лингвальдық (латын тілінің lioguo  -  <<тіл>> деген сөзі бойынша жасалған)  -  сингармонизм.
Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстың әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады. 
Ерін үндестігі немесе лабиальдық (латын бойынша labialis <<еріндік>> деген сөзі бойынша жасалған)  -  сингармонизм. Бастапқы буындағы ерін .дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындар да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады. 
      Ассимиляция ( лат.-ұқсау) морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляцияық жақтан бір-бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тіл табысуы. Қазақ тілінде прогрессивті ассимиляция өте күшті. Бұл заң бойынша алдыңғы морфеманың соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі морфеманың басқы дауыссыз дыбысына акустикалық жақтан ықпал етіп, игеріп тұрады. 
        Регрессивті ассимиляция кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсері арқылы реттеуді мақсат етеді. 
     Диссимиляция (лат.ұқсамау) дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі ретінде қарастырылады. Ол бір сөздің ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі. 
       Бақылау сұрақтары: 1. Қазақ тіліндегі буын үндестігі  (Сингармонизм) дегеніміз не?2. Дыбыс үндестігі  (Ассимиляция)дегеніміз не?
3. Диссимиляция дегеніміз не?       Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.

№10  дәріс тақырыбы:  Дыбыстардың алмасуы. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер.

1.Дыбыс өзгерістерінің басты түрлері: игерулі, шектік, игерусіз.
2. Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде  жиі кездеспейтін түрлері.
3. Дыбыс өзгерістерінің басты түрлерінің өзіндік ерекшеліктері.

       Комбинаторлық өзгерістер тек қана сөз ішіндегі, сөз аралығындағы, сөздің мағыналы бөлшектерінің арасындағы іргелес тұрған немесе бір-бірінен алшақтап тұрған бір фонеманың екінші фонемаға ілгерінді,кейінді, кейде тоғыса келіп, тигізетін әсерінен болады. Позициялық өзгерістер белгілі бір сөздің шенінде болатын өзгерістер.Оған протеза,эпентеза,элизия т.б. жатады. Ал спонтандық өзгерістер кейбір сөздердің дыбыстық құрамы ешқандай өзгеріске ұшырамай-ақ бірнеше түргі ауысуы мүмкін.Мысалы,мысық-мышық,секер-шекер т.б. 
             Бақылау сұрақтары: 
1.Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде  жиі кездеспейтін түрлері қандай?
2. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер туралы не білеміз?
	Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы.-А., 2000, 2004.
2.Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер.- А., 1988.
3.Қазақ граматикасы.- А., 2002.
4.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 2002.
      №11 дәріс тақырыбы:  Орфоэпияның жай-күйі

1. Орфоэпия туралы түсінік.
2. Қазақ әдеби тілі орфоэпиясын зерттеген ғалымдар

Орфоэпия(грекше orthos-дұрыс және epo- сөйлеу) сөздер мен бунақтардың (сөз тіркестерінің) бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы.
Сөздердің бірізді айтылуы (сондай- ақ бірізді жазылуы) тілдік қатынасты жеңілдетеді.Керісінше,белгілі бір мағынада қолданылатын сөздің дыбыстық құрамының бірдей болмауы түсінікті ауырлатып,көңілді алаңдатады.
Көрнекті ғалым Н.Сауранбаев 1947 жылы орыс графикасына негізделген қазақ жазуы туралы былай деп жазады. "Сөздің дыбысталуы мен айтылуының арасындағы арақашықтық біржола жойылды"
Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пікір айтушылардың бірі проф  -  М.Балақаев.Ол өзінің "Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері" деп аталған еңбегінің алғы сөзінде былай дейді: "Бірақ сөздердің айтылу нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу мәселесі ескерілмей, елеусіз қалып келеді. Сондықтан да бізде бұл мәселе жөнінде күні бүгінге дейін ала-құлалық байқалады.Мына сөз былай айтылмайды.былай айтылады, мынасы дұрыс, мынас теріс дегенді көп есітпейміз. Кім қай сөзді қалай айтады, қалай есітеді  -  бәрібір  -  әйтеуір нобайы келсе болғаны. Бұл кемшіліктерден арылу үшін әрбір сөздің дұрыс айтылу нормасын  сақтап сөйлеуді тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі етіп қою керек ".
М.Дүйсебаеваның "Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері"- аты айтып тұрғандай, осы мәселеге арналған арнайы зерттеу.
Қазақ тілі орфоэпиялық,нормаларын жүйелі түрде біршама дұрыс баяндаған, осы саладағы ізденістерге үлгі-өнеге боларлық еңбек  -  Р.Сыздықованың "Сөз сазы "(сөзді дұрыс айту нормалары),1983 жылы жарық көрген бұл кітапшада қазақ тілінде тұңғыш "Орфоэпия қағидалары "жүйеге түсіріліп,36 параграфке топтастырылған.
     Бақылау сұрақтары: 
* Орфоэпияның  зерттелу  нысаны жайлы не білесіз?
* Мақсаты мен міндеттеріне тоқталыңыз
* Зерттелу жайына қысқаша шолу
      Ұсынылатын әдебиеттер:
* Мырзабеков С, <<Қазақ тілінің фонетикасы>>, Алматы,2004 жыл
* Аралбаев Ж, <<Қазақ  фонетикасы  бойынша этюдтер>> Алматы,1988жыл
* Досмұхаметұлы Х, <<Аламан>> Алматы,1991 жыл
	
            №12, 13  дәріс тақырыбы:  Тілдің лексикалық жүйесі

* Лексикологияның міндеті мен зерттейтін нысаны
* Лексикология және оның түрлері мен салалары
     3.   Сөзге тән басты белгілер. Сөздің   	лексикалық мағынасының түрлері     4.   Сөздің көп мағыналылығы. Омоним, синоним, антоним  құбылыстары 
     5.   Табу және эвфемизмдер. Этимология және  <<халық>> этимологиясы

         Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы  -  тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді.  Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі, мысалы, қазіргі дәуірдегі қалпы тұрғысынан қарауы мүмкін. Осыған орай, лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология болып бөлінеді.
         Тарихи лексикологияның бір саласы  -  этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады.      	Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы  -  ономосиология деп аталады. Семасиология сөздің мағыналарын, семантикалық заңдарды зерттесе, ономосиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының неліктен  екендігін қарастырады.   Ономосиологияның айрықша бір саласы  -  онамастика жалқы есімдерді зерттейді. Ономастика өз ішінде екі салаға бөлінеді: оның бірі  -  антропонимика кісі аттарын зерттеу объектісі етіп алса, екіншісі  -  топонимика географиялық атауларды зерттеу объектісі етіп қарастырады.      Лексикологияның  жүрегі тас төбесіне шығу (қорқу), қас пен көздің арасында деген сан алуан фразеологиялық сөз тіркестерін зерттейтін лексикологияның арнаулы бір саласы фразеология деп аталады. Фразеология тұрақты сөз тіркестерінінң түрлерін, олардың құрамы мен құрылысын және жасалу жолдарын қарастырады.
      Сөз - өте-мөте күрделі тілдік единица. Сөздің екі жағы бар: оның бірі  -  сөздің дыбысталу жағы, екіншісі  -  сөздің мағыналық жағы. Дыбысталу сөздің материалдық жағын құрастырса, мағына сөздің идеалдық жағын құрайды. Екі жақ  -  дыбысталу мен мағына сөздің бір-бірінен бөлінбейтін бөлшектері . Осы екі жақтың бірлігі  -  сөздің өмір сүруінің және қызмет етуінің шарты. Демек сөз  -  дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік дербес единица.
      Сөздің бойындағы әр түрлі мағыналардың табиғаты бірдей емес. Тарихи тұрғыдан қарағанда, сөз мағыналары негізгі мағына және туынды мағына деп аталатын екі түрге бөлінеді.Тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан алып қарағанда, сөз мағыналарын екі түрге бөліп қарауға болады: оның бірі  -  тура мағына, екіншісі келтінді (немесе ауыспалы) мағына. Сөздің келтірінді мағынасы бір емес бірнеше болуы мүмкін. Келтірінді мағыналар өз ішінде метафоралық мағына және метафонимиялық мағына болып сараланады.       Полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырата білу керек. Бұларды бір-бірінен ажырату проблемасы тіл білімінде өте-мөте күрделі мәселе болып саналады. Сөздіктерді жасауда бірде-бір лексикограф (сөздік жасаудың маманы) полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырату проблемасына соқпай өтпейді. 
Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары (семалары) бөлек сөздер. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар  -  омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер.
       Мағыналары бір-біріне жақын, өз ара мәндес сөздер синонимдер деп аталады.Өз ара мәндес сөздерден синонимдік қатар құралады. Антонимдер - мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер. 
       Бақылау сұрақтары: 1.Лексикологияның зерттеу нысаны мен міндетіне не жатады?
2.Лексикологияның қандай салалары бар?
3. Сөз дегеніміз не?
4 .Сөздің көп мағыналылығы (Полисемия) дегеніміз не?
5.Сөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы не білесің?
6. Полисемия және омоним құбылыстарының айырмашылығы қандай?
7. Табу және эвфемизмдер. Этимология және  <<халық>> этимологиясы
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.

    №14, 15 дәріс тақырыбы:  Тілдің сөздік құрамы. Фразеологиялық оралым және олардың түрлері. Лексикография және сөздіктердің түрлері
1.Тілдің сөздік құрамы 
2. Фразеологиялық оралым және олардың түрлері
3. Этимология және олардың түрлері
4. Лексикография және сөздіктердің түрлері
     Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды. Сөздік құрамға тілдің күллі сөз байлығы енеді. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі  -  негізгі сөздік қор. Негізгі сөздік қор  -  бүкіл лексикалық  байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйтқысы. Тілдің сөздік құрамы үздіксіз даму үстінде. Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі даму үстінде болады.Туынды сөздерді тудыру тәсілдері:
1.Сөз тудырудың лексика-семантикалық тәсіл.
2.Сөз тудырудың морфонологиялық тәсілі.
3. Сөз тудырудың синтаксистік тәсілі.
      Фразеология-тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеологизмдердің түрлері: идиомалар, фразалар, штамптар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер. Фразеологизмдерге тән қасиеттер: мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, даяр күйде қолданылуы. Түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық сөйлемдер, фразеологиялық тізбектер.     Этимология сөздердің шығуын зерттейді. Этимология өзі екіге бөлінеді: халықтық этимология және ғылыми этимология. Соңғы кездері халықтық этимология кеңінен зерттелуде.    Лексикография-сөздіктер жасаудың тәжірибесі және оның теориясымен айналысатын тіл білімінің саласы. Сөздіктің түрлері.   
Бақылау сұрақтары: 1. Қазақ  тілінің   сөздік құрамы дегеніміз не?
2.Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамының шығу арналарына на жатады?
3.Қазақ  тілінің   сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы.
4. Негізгі сөздік қор дегеніміз не? Негізгі сөздік қорға тән басты белгілер қандай?  Туынды сөздерді тудыру тәсілдеріне не жатады?
5. Фразеологиялық оралым және олардың түрлері
6. Этимология нешеге екіге бөлінеді?
6. Лексикография нені зерттейді?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997
2.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
3.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.
4. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
  
    №16, 17  дәріс тақырыбы: Тілдің грамматикалық жүйесі

1. Грамматиканың зерттеу нысаны
2.Грамматика және оның салалары
3.Сөздің морфологиялық құрылымы
4. Сөздердің морфемаларға мүшелену мүмкіндігі

   Грамматика-тілдің құрылысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Грамматиканың негізгі зерттеу нысаны  -  тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысуы, тіркесу жолдары мен тәсілдері. Түрлері: тарихи және сипаттамалы.
     Грамматика салалары: морфология, сөзжасам, синтаксис. Морфология - сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым. Сөз таптары сөйлем мүшелерінен тарихи даму барысында жасалған. Сөз таптары-тарихи категория. Сөз топтастырудың үш принципі бар. Олар: лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. Сөздер ең алдымен үш топқа бөлінеді: атауыш сөздер,одағай сөздер,көмекші сөздер. Қазақ тіл білімінде тоғыз сөз табы бар,олар: зат, сын, сан есімдер, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш.
     Синтаксис сөз тіркесін, сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін қарастырады.Синтаксистік байланыстың түрлері: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу. Құрамына қарай сөз тіркесі: 1) жалаң 2) күрделі 3) аралас болып бөлінеді.
    Сөйлем коммуникативті қызмет атқарады. Сөйлемге тән басты белгі-интонация. Беретін хабардың мақсатына қарай екіге бөлінеді: хабарлы және сұраулы. Сөйлемдер өзін құрастырушы компоненттердің сипатына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болдып екі топқа бөлінеді.
 Құрмалас сөйлемдер: 1) салалас құрмалас сөйлем 2) сабақтас құрмалас сөйлем 3) аралас құрмалассөйлем болып үш топқа жіктеледі.
     Морфема дегеніміз-сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі Құрамына қарай морфемалар үшке бөлінеді: түбір морфема, негіз морфема, аффикстік морфема. Аффикстік морфемалардың түрлері: префикс, постфикстер, инфикс, интерфикс, трансфикс, конфикс.     
      Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе грамматиканың өте-мөте маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау жасау үшін, ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды алдын ала айқындап алу өте-мөте қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түбір морфема (немесе негізгі морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфем) деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді.
      Сөздердің морфемаларға мүшелену мүмкіндігі жайлы, сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруі жайлы түсіндіру.     Бақылау сұрақтары: 1. Грамматика нені зерттейді?
2. Грамматика қандай салалардан тұрады?
3. Сөздің морфологиялық құрылымы неден тұрады?
4. Сөздер морфемаларға қалай мүшеленеді?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997
2.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
3. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
  №18, 19  дәріс тақырыбы: Грамматикалық ұғымдар
 
* Граматикалық мағына және грамматикалық форма
* Грамматикалық тәсілдер
* Грамматикалық категория

      Грамматика тілдегі грамматикалық бірліктерді және ол бірліктердің әр басын қосып ұйымдастырып, қатынас жасауда іске жарататын, әрі олардың бір  -  біріне жігін ажырататын тәсілдерді, құралдарды зерттейді.      Грамматикалық негізгі бірліктер  -  морфема, сөз тіркесі және сөйлем.Грамматикалық бірліктердің негізгі табиғатын түсінуге олардың ара қатысы мен байланысын айқындауға т.б. қатысы бір алуан грамматикалық ұғымдар бар. Олардың қатарына грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тәсіл және грамматикалық категория туралы ұғымдар енеді.Сөзде лексикалық мағына мен бірнеше грамматикалық мағына ұштасып келеді. Мысалы: жер жырттық, егін салдық, қайнады еңбек (Жамбыл) деген сөйлемдердегі жырттық, салдық деген сөздердің лексикалық мағыналарынан басқа бірнеше грамматикалық мағыналары бар: 1) іс - әрекеттің өткен мезгілге қатысты екендігін білдіреді (бұл шақтық мағына, соның ішінде жедел өткен шақ) іс - әрекеттің бір емес, бірнеше субъекті арқылы істелгендігін білдіреді (бұл көптік мағына); 2) іс - әрекеттің бірінші топқа қатысты екендігін білдіреді (бұл  -  жақтық мағына).      Грамматикалық мағыналар сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастар тіл  -  тілде түрлі  -  түрлі грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) құралдар, амал  -  тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағыналарды, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды білдірудің жолы грамматикалық тәсіл деп аталады. Грамматикалық тәсілдердің бірнеше түрі бар. Олар: Афиксация тәсіл. Мысалы, Жолдас  -  тар. Қосарлану тәсілі. Мысалы, Жан  -  жануар, алу  -  алпыс, көр  -  көре, қап  -  қара.Көмекші сөздер тәсілі. Білу үшін, күн мен түн.Интонация тәсілі. Ол  -  оқушы, қандай тамаша.       Грамматикалық тәсілдердің қатарына сөздердің орын тәртібі, ішкі флекция, екпін тәсілдері де жатады. Сөздер орын тәртібіне мысалы, сағат қалта, қалта сағат. Жоғарыда аталған грамматикалық тәсілдер грамматикалық мағыналарды сөз ішінде және сөз сыртында білдіру ыңғайына қарай синтетикалық тәіл және аналитикалық тәсіл болып табылады. Синтетикалық тәсілдер қатарына афориксация, ішкі флекция, екпін тәсілдері енеді де, аналитикалық тәсілдердің қатырына көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі және интонация тәсілдері жатады.       Грамматикалық әрі өте маңызы, әрі күрделі мәселелерінің бірі  -  грамматикалық форма туралы мәселе. Грамматикалық форма туралы туралы ұғым грамматикалық мағына және грамматикалық тәсіл туралы ұғымдармен тығыз байланысты. Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формамен айтылады. Ал грамматикалық тәсіл грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы білдірудің жолы болып саналады.      Тілдегі мағына мен форма, соның ішінде грамматикалық мағына мен грамматикалық форма бір  -  бірімен тығыз байланыста болады. Белгілі бір грамматикалық формасы болған жағдайда ғана, грамматикалық мағына жайында сөз ете аламыз. Керісінше, белгілі бір форманың грамматикалық форма ретінде, танылуы үшін, оның міндетті түрде грамматикалық мағынаны білдіруі қажет. Мысалы, Тананың махаббаты деген тіркестегі ана сөзі білік септік формасында келіп, меншіктенуші мағына білдірсе, махаббат тәуелдік формада келіп, тәуелді мағынаны білдіреді.   Грамматикадағы маңызды ұғымдардың бірі  -  грамматикалық категория туралы ұғым. Грамматикалық катьегория туралы ұғым гармматикалық мағына мен грамматикалық форма туралы ұғымдармен ұштасып жатады. Олар мен әрқашан тығыз байланысты болады. Себебі, 1) грамматикалық мағына грамматикалық категориядан тыс, оған байланысссыз өмір сүрмейді, қайта оның элементі ретінде грамматикалық категорияның құрамында өмір сүреді; 2) грамматикалық категория грамматикалық формамен тығыз байланысты, қандай бір грамматикалық категория болмасып, ол біртектес грамматикалық мағыналарды білдіріп кемінде екі түрлі формада көрінуі шарт. Грамматикалық категория-грамматикалық мағына мен грамматикалық формадан тұрады. Ол сөз топтарына қатысты болады. Түрлері: род, септік, көптік, жақ, шақ, рай етіс.
         Бақылау сұрақтары:1. Грамматикалық ұғымдарға не жатады?2. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма дегеніміз не?3. Грамматикалық категорияның түрлері қандай?
         Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997
2.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
3. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
          №20, 21   дәріс тақырыбы:Сөз таптары

1.Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі ұстанымдары туралы
2.Сөз таптарының шығуы мен дамуы

    Қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөз таптастырудың үш ұстанымы бар: семантикалық, морфологиялық,  синтаксистік.        Семантикалық ұстаным бойынша сөздің лексикалық мағынасына қарайды, морфологиялық ұстаным бойынша сөздің түрлену жүйесін басшылыққа алады, ал синтаксистік ұстаным бойынша сөздің қай сөйлем мүшесі болуына сүйенеді. Бұл орныққан түсінікті өзгерту туралы басқа пікір бола қойған жоқ.      	Қ.Жұбановтан бастап, кейінгі бұл мәселеге арнап қалам тартқан ғалымдардың барлығы бір ауыздан осы үш ұстанымды атап, оларды бірлікте қолдану керектігін айтады. Тек қазақ тілі үшін қай ұстаным жетекші болуы керек дегенде ғана аздаған пікір алшақтығы кездеседі. Қ.Жұбанов семантикалық ұстанымды жетекші ретінде тани отырып, екінші орынға морфологиялық ұстанымы, үшінші орынға синтаксистік ұстанымды шығарады.
     1968 жылы жарық көрген <<Қазақ тіліндегі сөздер мен таптарының морфологиялық құрылысы>> атты еңбегінде Т.Ерғалиев қазақ тілі сөздерін алдымен негізгі сөз таптары, көмекші сөздер, азат сөздер деп үлкен үш топқа бөледі, ары қарай олардың бірнешеуінің басын қосатын сөз таптары да пайда болады. Ғалым негізгі сөз таптарының бірінші тобы ретінде есімдер тобына етістікті, үшінші хал-жағдайлық сөздер тобына үстеулер, күй категориясы, еліктеу сөздерді біріктіреді.        Соңғы жылдары қазақ тілі біліміндегі сөз таптары теориясына елеулі жаңалық енгізген С.Исаев болды. Ғалым еңбегі, ең алдымен, қазақ тіл біліміне грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория секілді негізгі іргелі грамматикалық ұғымдарды салмақты қазіргі лингвистиканың даму дәрежесіне сай нақты анықтап, басын ашып беруімен салмақты екенін айтқан жөн. 
     С.Исаев қорытынды пікір ретінде қазақ тіліндегі он сөз табын көрсетеді: 1. Зат есім 6. Етістік 2. Сын есім 7. Еліктеу сөздер 3. Сан есім 8. Шылаулар 4. Есімдік 9. Одағай 5. Үстеу 10. Модаль сөздер     Біз ғалымның модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде қатарға қосуын өте орынды деп ойлаймыз, себебі сонау 1958 жылы Е.Жанпейісов: <<Қазіргі қазақ тіліндегі модаль сөздер>> атты кандидаттық диссертиациясында (бұл зерттеуде де модаль сөздер жеке сөз табы ретінде аталмайды) жан-жақты зерттеп шықса да, күні бүгінге дейін сөз табының статусын ала алмай келеді. 
         Бақылау сұрақтары:1. Қазақ тілінде сөздерді таптастыру  ұстанымдарына не жатады?2. Сөз таптарының шығуы мен дамуы туралы қандай көзқарастар бар?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002



     №22, 23    дәріс тақырыбы:Синтаксис мәселелері

1. Синтаксис туралы түсінік
2. Сөздердің байланысу амалдары мен формалары
3. Сөз тіркесі
4. Сөйлем. Сөйлемнің түрлері

      Синтаксис - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөздердің сөйлемде байланысуының белгілі заңдылығы бар, сөздер бір-бірімен белгілі бір тәсілдермен байланысады.  Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздер төрт түрлі тәсіл арқылы байланысады: жалғаулар арқылы; шылаулар арқылы; сөздердің орын тіртібі арқылы және интонация арқылы. Осы амалдарды біз былай топтап атаймыз: қосымшалар синтетикалық тәсілдер деп, шылаулар, сөздердің орын тәртібі, интотацияны аналитикалық тәсілдер деп аталады. Осы аталған тәсілдерді қолданып сөз тіркестерін құрауда тілдің қалыптастырған формасы бар. Сөздердің тіркесу формасы 5 түрлі: 1) қиысу, 2) матасу, 3) меңгеру, 4) қабысу, 5) жанасу.Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі. Сөйлемде сөздердің бір-бірімен байланысуы негізінде сөз тіркесі жасалады. Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Тіркестегі бағындырып тұрған сөз басыңқы деп, басыңқыға бағынып тұратын сөз бағыныңқы деп аталады. 
    Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті; құрылысына қарай жай және құрмалас; Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды және болымсыз; Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң және жайылма; Баяндауыштарының қай сөз табына қатысты келуіне орай есімді және етістікті; Бастауыштарының қатысына қарай жақты және жақсыз болып бөлінеді.
Бақылау сұрақтары:1. Синтаксис дегеніміз не?
2. Сөздердің байланысу амалдары мен формаларына не жатады?
3. Сөз тіркесі дегеніміз не?
4. Сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002
№24 дәріс тақырыбы: Жазу және оның даму кезеңдері

* Пиктографиялық жазу. 
* Идеографиялық жазу. 
* Буын жазуы. 
* Әріп жазуы. 
    Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін ауызша түрде де, жазбаша түрде де атқара алады. Дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады. Соның нәтижесінде оның қатынас құралы ретінде қолдану шеңбері кеңейеді. Жазу  -  адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық салаларында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. 
     Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейіннен пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды.     Пиктографиялық жазу. Бұл жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу  -  суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды.   Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады.     Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеогрммалар деп аталады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, ақырынды идеограммалар белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастады. Идеографиялық жазудың үлгілерін өтө ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады.     Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болады. Жазудың буын жүйесінде таңба буынды белгілейді. Жазудың буын жүйесі шығу тегі мен таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан буын жазуын негізгі үш топқа бөліп қарауға болады.    Мұның бірінші түріне ассиро-вавилон, элам, урарт, сына жазулары, майя жазуы, лигатуралы дыбыстық дыбыстық корей жазуы жатады. Жазудың бұл жүйелерінде таңбалар кез-келген буынды, атап айтқанда , буынның мынадай түрлерін белгілейтін болған: дара дауыстының өзі, А(дауысты)С(дауысыз), СА, САС; майя жазуында сөз соңындағы дауыссыздарды да белгілеген.     Буын жазуының екінші түріне крит-микен буын жазуы, кипр, эфиопия және жапон буын жазулары жатады. Жазудың бұл жүйесінде таңбалар тек дара дауыстыларды және дауыссыздардың тіркесі мен белгілі бір дауыстың қосындысын белгілейді.       Буын жазуының үшінші түріне үнді, жазуының әр түрлі жүйелері ( кхарошти, брахми, жәнет.б.) енеді. Жазудың бұл жүйесінде негізгі таңбалар жеке  - дара дауыстыларды ("а") және дауысыз бен дауыстының (" ка") қосындысын белгілейді.           Бақылау сұрақтары:       1.Қоғамның және тілдің дамуындағы жазудың рөлі қандай?
2. Жазудың шығуы мен даму кезеңдері жайлы не білесің?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002

№25, 26   дәріс тақырыбы: Алфавит. Графика. Орфография. Транслитерация және транскрипция.1.Алфавит. Графика. Орфография мәселесі. 
2.Транслитерация және транскрипция.3.Орфография және оның ұстанымдары

    Орфография дегеннен дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы дегенді түсінеміз. Т ілдің дыбыстық жағы оның сөздік құрамы және грамматикалық құрылысымен, өз ара байланыста болады. Осыған орай фонетикалық жазу тілдің дыбысталу жағын ғана емес, сонымен бірге лексикасы мен грамматикалық ерекшеліктерін де қамти алатындай алатындай болуы керек. Орфография дұрыс жазудың нормасы мен қағидаларын белгілегенде, тілдің әр түрлі жақтарын және олардың байланысын ескере отырып, нақтылы принциптарге сүйенеді, соларды негіз етіп алады.Орфографияның жұп-жұбымен тізбектеле қолданылатын алты түрлі принципі бар. Олар мыналар:     Фонеметикалық принцип пен фонетикалық принцип. Фонеметикалық принцип бойынша, әрбір фонема қай позицияда келуіне қарамастан, өзіне бекітілген тұрақты таңба  -  бір әріппен белгіленеді.   Фонетикалық принцип сөздің құрамындағы дыбыстардың айтылуын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы, жаздыгүні, қыстыгүні, ашудасдеген сөздердің айтылуынша, осылай жазылуы  -  орфографияның фонетикалық принципіне сүйеніп жазудың нәтижесі.
   Этимологиялық принцип пен дәстүрлік-тарихи принцип. Этимологиялық принцип сөздердің қалпын емес, шығу тегін сақтап жазуға негізделеді.      Дәстүрлік-тарихи принцип этимологиялық принциппен төркіндес, соған ұқсас принцип болып саналады. Орфографияның бұл принципі тілдің ерте кездегі жазу дағдысына негізделеді де, сөздің ертеректегі айтылуы мен жазылуын өзгертпей сақтауды көздейді. Мысалы, помощник деген сөз шіркеулік славяндық помощь дегеннен емес, орыс тілінің помочь деген сөзінен жасалғанына қарамастан, дағды бойынша жоғарыда көрсетілген түрде жазылады.      2. Морфологиялық принцип пен иероглиф принципі. Морфологиялық принцип бойынша жазу сөздердің айтылуына емес, түбір тұлғасын сақтауға негізделеді. Иероглиф немесе символ принципі біркелкі дыбысталатын сөздерді  яғни омонимдерді жазуда бір-бірінен ажырату үшін қолданылады.     Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды . Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдеттегі жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипция үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстардың ешбір мәні жоқ. Бұл-бір. Екіншіден, графика сөздің дыбысталуын әрқашан дәлме-дәл көрсете бермейді. Ал транскрипцияның ең негізгі қызметі  -  сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету.
        Бақылау сұрақтары:      1.Орфография дегеніміз не?
2. Орфографияның қандай ұстанымдары бар?3.Транслетерация және транскрипция дегеніміз не?      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002

№27, 28   дәріс тақырыбы: Тілдің шығуы мен дамуы және олардың өзара әсерлері1.Тілдің шығуы
2.Тілдің дамуы
3.Тілдің өзара әсерлері
      Тілдің шығуы туралы мәселені сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі проблеманы бір-бірімен ажыратып алу қажет: оның бірі  -  жалпы адам баласы тілінің шығуы, яғни алғашында адамның сөйлеуді, ойын айтып жеткізуді қалай үйренгендігі туралы мәселе де, екіншісі  -  жеке, нақтылы тілдердің, мысалы, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, араб тілі, испан тілі немесе француз тілінің шығып жасалуы туралы мәселе. Бұл екі мәселені бір  - бірімен шатастырмау керек. Бұлай дейтініміз: адамзат тілінің пайда болуы сонау көне заманға  -  адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу заманына, алғашқы адамдардың пайда болу заманына барып тірелсе, жеке нақтылы тілдердің немесе туыс тілдердің тобының жасалып құрылуы жалпы адамзат тілінің шығып пайда болу заманынан анағұрлым бертінгі дәуірлерде болған. Нақтылы, жеке тілдердің, мысалы, қазақ тілінің, орыс тілінің немесе ағылшын тілінің пайда болып жасалуын және олардың пайда болу дәуірін тарих пен лингвистика ғылымдары тұрғысынан зерттеп айқындауға болады. Ал жалпы адамзат тілінің шығуы, яғни адамдардың о баста сөйлеп үйренуі туралы проблеманы қарастырып айқындау үшін, тек қана тарихи-лингвистикалық зерттеулердің өзі тіптен жеткіліксіз болады. Адамзат тілінің шығуы адамның пайда болуы және адам баласы қоғамының пайда болуы тәрізді күрделі мәселелермен тығыз байланысты.Осылай болғандықтан бұл мәселелерді бірін екіншісіне байланыстырмай, жеке дара күйінде алып қарастыру да, тыңғылықты түрде шешу де мүмкін емес.     Тіл білімі ғылым ретінде пайда болудан көп замандар бұрын тілдің және ойлаудың шығуы туралы мәселе әр түрлі ойшылдардың назарын аударған болатын. Ғасырлар бойында бұл мәселе туралы философтар мен социологтар , психологтар мен лингвистер түрлі-түрлі пікірлер мен жорамалдар айтып, сан түрлі байымдаулар жасап келді. Тіл қоғамдық құбылыс. Сондықтан оның тарихы мен дамуы қоғамның тарихы мен дамуына тікелей байланысты болады. Осыдан тілді және оның даму заңдарын сол тілді иеленушілердің тарихы мен тығыз байланысында қарастыру міндеті келіп туады.        Қоғам тілдің дамуына әсер етеді, бірақ тілдің дамуы қоғамның даму заңдары бойынша емес, өз дамуының ішкі заңдары бойынша іске асады. Тілдің даму заңдары қоғамның даму заңдарына сәйкеспейді. Тілдің дамуы туралы қате көзқарастар болды. Мысалы, Н.Я. Марр тілдің дамуы туралы мәселеде "сатылық даму теориясын" ұсынды. Тілді қондырмалық құбылыстың қатарына жатқызған Н.Я. Марр тіл дамуының әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияға сай келеді деп есептеді . Ол тілдің ескі сападан жаңа сапаға көшуі кенет қопарылыстар арқылы болады дейтін мүлдем қате көзқараста болды. Н.Я.Марр лингвистикалық заңдарды социологиялық заңдармен ауыстырған болатын. Өз сөзімен айтқанда, ол " семантикада ғана емес , морфологияда да салмақты тілдік құбылыстардың әлеуметтік  - экономикалық факторларға байланысты екендігіне аудара отырып, тіл дамуының ішкі заңдарының маңызын төмендетуді" көздеді. Тілдің даму қарқыны туралы мәселе де маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Бұл мәселе жайында Н.Я.Марр тілдің сатылық даму теориясын ұсынып, тілдің ескі сападан жаңа сапаға көшуі кенет жарылу жолымен болады деп есептеді. Бұл теорияның қате екендігі тіл білімі жайындағы 1950 жылғы дискуссияда көрсетіліп, тілдің дамуы бар тілді жойып, жаңа тіл жасау жолымен емес, бар тілдің негізгі элементтерін өрістету, жетілдіру жолымен болатындығы, ал тілдің бір сападан екінші сапаға көшуі жарылу жолымен де, бірденг ескіні жойып, жаңаны орнату жолымен де емес, тілдің жаңа сапасы мен құрылымының элементтерін бірте-бірте қорландыру жолымен болатындығы айтылып, бүтіндей тілдің эволюция жолымен дамитындығы дәлелденді. Алайда, тілдің даму қарқыны оның барлық дәуірлерінде бірдей болмауы мүмкін. Жүздеген жылдар бойында елеулі өзгерістерге ұшырамаған тіл белгілі бір дәуірде айтарлықтай өзгерістерге ұшырауы мүмкін.3. Әр түрлі халықтар бір-бірімен қарым-қатынаста өмір сүреді. Халықтардың арасындағы қарым-қатынас түрлі-түрлі салада  -  экономикада, сауда, мәдениет т.б салаларда- болуы мүмкін . Халықтардың өз ара бір-бірімен қарым-қатынас жасауының барысында олардың тілдеріде бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, бір тілден екінші тілге, екінші тілден үшінші тілге тілдік элементтер де ауысады. Тілдердің бір-біріне қарым-қатынасы тоғысу түрінде де, тілдердің бір-біріне әсер етіп, тілдік элементтердің бірінен екіншісіне жай ғана ауысу түрінде де болуы мүмкін. Тілдердің тоғысу процесінде субстрат деп аталатын құбылыс пайдаболады. Жеңген тіл жеңілген тілден сөздер мен жеке дыбыстарды, кейбір морфемаларды қабылдайды. Жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері субстрат деп аталады.     Зерттеушілер белгілі бір тілдегі тарихи өзгерістердің себебін айқындап дәлелдеу үшін, әдетте, ең алдымен, сол тілдің және онымен туыстас тілдердің материалдарына үңіледі. Егер ол тілде немесе туыстас тілдерде ондай өзгерістердің мән-жайын айқындайтындай деректер болмаса, онда 8зерттеуші сырттан болатын әсерге, басқа тілдердің материалдарына назар аударады. Екі тілділік, тілдердің бір-біріне әсері, өз ара бірін бірі байытуы, тілдердің араласуы немесе тоғысуы  -  осылардың бәріде тілдердің қарым-қатынастарының түрлері болып табылады.       Бақылау сұрақтары:1.Тілдің шығуы.2.Тілдің дамуы.3.Тілдің өзара әсерлері4. Қазақ тілі мемлекеттік тіл де.5. Халықтардың және тілдердің қалыптасуы6. Ұлт тілдері.      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002
№29, 30 дәріс тақырыбы: Дүние жүзі тілдері және олардың 		 	топтастырылуы (классификациясы) 
1. Дүние жүзі тілдері және оларға топтастыру жасау туралы
2. Тілдерді зерттеудің салыстырмалы-тарихи әдісі
       Дүние жүзінде шамамен 7 мың тіл бар. Олардың ішінде тайпа тілдері дс, халық тілдері де, ұлт тілдері де жоқ емес. Кейбір тілдер кең қолданылып, халықаралық тілдер дәрежесіне дейін жеткен. Олар: қытай, ағылшын, испан, орыс, араб, француз тілдері. Тіл білімінде дүние жүзіндегі тілдерді екі түрлі тұрғыдан топтастырады: біріншісі - тілдің шығу тегі тұрғысынан, яғни туыстығы, бір негіз тілден бөлініп шыққандығы тұрғысынан; екіншісі- шығу тегіне байланыстырылмай, грамматикалық құрылысы мен типінің ұқсастығы тұрғысынан. Топтастырудың бірінші түрі - тілдердің генеалогиялық топтастырылуы, екінші түрі типологиялық (немесе морфологиялық) топтастырылу деп аталынады.    Тілдердің шығу тегі, туыстығы (генеалогиялық) жағынан топтастырылуы. Дүние жүзіндегі тілдер өздерінің шығу тегінің бірлігіне, яғни туыстығына қарай әр түрлі семьяларға, семьялар әр түрлі топтарға бөлінеді.     Семья деген термин - шығу тегі бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарының жиынтығы дегенді білдіреді. Ал топ деген термин - бір семьяға жататын, бірақ туыстығы басқаларға қарағанда тіптен жақын тілдерді білдіреді. Мысалы, түркі тілдері өзара туыстас тілдер. Олар жалпы түркілік бір негізден шыққан. Сондықтан оларды түркі тілдер семьясы деп атаймыз. Ал роман тілдері үндіеуропа тілдер семьясына жатады. Оның ішінде өздері бір негізден, яғни латын тілінен шыққандығына орай олар роман тілдері тобын құрайды. Үңдіеуропа тілдер семьясына жататын герман тілдерінің негізі грек тілі болғандықтан олар өз алдына бөлек топ құрайды.      Тілдердің туыстығы, өзара жақындық дәрежесі әр түрлі. Сондықтан туыстас тілдердің кейбіреулері бір-бірімен өте жақын болуы мүмкін, кейбіреулері алшағырақ болуы мүмкін. Мысалы, бір ғана ундіеуропа тілдер семьясына жататын тілдердің бәрі де туыстас тілдер. Алайда бұлардың бір-біріне жақыңдық дәрежесі біркелкі емес. Сондықтан да, үндіеуропа тілдер семьясы өз ішінде: 1) славян тілдері, 2) роман тілдері, 3) герман тілдері, 4) индия тілдері, 5) иран тілдері деген сияқты т.б. топтарға бөлінеді. Осы топтардың әрқайсысына енетін тілдердің де өзара жақындық дәрежесі әр түрлі болады. Мысалы, бір ғана славян тобына жататын орыс тілі мен чех тілінің жақындық, ұқсастык жақтары орыс, украин, белорус тілдерінің өзара жақыңдық, ұқсастық жақтарына қарағанда әлдеқайда алшағырақ.     Осындай белгілеріне қарап жоғарыда аталған топтардың әрқайсысы өз ішінде тағы да бірнеше кіші топтарға (подгруппаларға) бөлінеді. Мысалы, славян тілдер тобы өз ішінде: 1) шығыс славян, 2) оңтүстік славян 3) батыс славян тілдері болып үш кіші топқа бөлінсе, түркі тілдер семьясына жататын тілдер де өз ішінде осылай үлкен топтар мен кіші топтарға жіктеліне алады.Сөйтіп, туыстас тілдердің бір-бірімен жақындығы, ұксастығы бірдей бола бермейді екен. Олардың ішінде негізгі сөздік қоры мен фонетикалық жүйесі және грамматикалық құрылысы жағынан бір- біріне өте жақын, ортақ белгілері көп тілдер де болады, керісінше, айырым жақтары молырақ, демек ортақ белгілері азырақ тілдер де болады.Шығу тегі, туыстығы жағынан топтастыру барысында дүние жүзіндегі тілдер былайша жіктелінеді:I. Үндіеуропа тілдері семьясы. Бұған туыстас тілдердің төменгі топтары енеді:1. Индия тобы. Бұл топқа енетін тілдер: бенгал тілі (Үндістан мен Пакистанда), Пенджаб тілі (Индия мен Пакистанда), синдх тілі (Үндістан мен Пакистанда), сингаль тілі (Шри-Ланкада), непал тілі (Непалда), урду тілі (Пакистанда), хинди тілі (Үңдістанда), цыған тілі.2. Иран тобы. Бұл топқа мына тілдер енеді: парсы тілі (Иран), пушту тілі (Ауғанстан), тәжік тілі, курд тілі (Түркия, Иран, Ирак, Азерб.), осетин тілі т.б.3. Славян тобы. Бұл топ, жоғарыда айттық, өз ішінде тағы үш топқа бөлінеді: а) шығыс славян тілдері (орыс, украин, белорус), ә) оңтүстік славян тілдері (болгар, македон, серб, хорват, словен), б) батыс славян тілдері (чех, словак, поляк).4. Балтық тобы: литва, латыш тілдері (өлі тіл - прус тілі).Герман тобы. Бұлар іштей үш топқа бөлінеді: а) солтүстік герман (скандинав) тілдері: дат, швед, норвеж, исланд; ә) батыс герман тілдері: ағыл., нидерланд, неміс, голланд, идиш; б) шыгыс терман тілдері: гот, вестгот, остгот.
* Роман тобы. Бұл топқа енетін тілдер: француз, итальян, испан, португаль, румын, молдаван тілдері (өлі тіл - латын тілі).
* Келт тобы: ирланд, шотланд (өлі тіл - галль).
* Грек тобы: грек тілі.
* Албан тобы: албан тілі.
* Армян тобы: армян тілі.
II.Семит-Хамит (афразия-афро-азият) тілдері семьясы:1. Семит тобы: араб, иврит тілі  --  көне еврей тілі, бервер-ливия тілі, кушит, чад, финик, моавит тілдері.2. Египет тобы: көне египет тілі - копт тілі.III. Кавказ (Иберия-Кавказ) тілдері семьясы. Бұларға жататын тілдер: грузин, абхаз, адыгей, кабардин, черкес, шешен, ингуш, дағыстан, авар, лезгин.ІҮ. Фин-угор (угро-фин) тілдері семьясы. Бұлар екі топка бөлінеді:      Угор тобы: венгер тілі, манси (вогуль) тілі, ханты (остя) тілі; сонғы екеуі Ресей Федерациясында.
* Фин тобы: фин, веп, вод, ижор, карель, эстон, коми-зырян, коми-перм, удмурт (вотя), марий, саам, мордва (эрзя, мокша) тілдері.
V. Түркі тілдері семьясы. Бұлар ең алдымен а) батыс хун бүтағы және ә) шығыс хун бұтағы деп, екіге топтастырылады:А. Батыс хун бұтағы төртке бөлінеді:Оғыз (Оңтүстік Батыс) тобы: түрікмен, азербайжан, түрік, гагауз.
* Қыпшақ (Солтүстік Батыс) тобы: қазақ, қарақалпақ, татар, башқұрт, ноғай, карайым, құмық, қарашай, балқар, қырым татарлары.
* Қырғыз-қыпшақ тобы: қырғыз, алтай.
* Бұлғар тобы: чуваш.
    Ә. Шығыс хун бұтағы екіге бөлінеді:     Қарлұқ (Оңтүстік Шығыс) тобы: өзбек, жаңа ұйғыр.
* Ұйғыр-оғыз (Солтүстік Шығыс) тобы: якут, тува, хакас, шор, көне ұйғыр.
ҮІ. Монгол тілдері семьясы. Оған мына тілдер енеді: монғол, бурят, қалмақ, моголь (Ауғанстан), монгор (Қытай), дагур (Солтүстік Шығыс Қытай).ҮІІ. Тұңғыс-манжұр (тунгус-маньчжур) тілдері семьясы. Бұл тілдер екі топқа бөлінеді.Тұңғыс тобы: эвенк, эвен, орок, ороч.
* Манжур (маньчжур) тобы: манжүр, негидаль, нанай, удэгей, ульч т.б.
ҮІІІ. Қытай-тибет тілдері семьясы. Бұлар да екі топқа бөлінеді:Тай-қытай тобы: қытай, дүнген, тай, лаос, въетнам.
* Тибет-бирма тобы: тибет, бирма, лоло, акха, тангут, качин
IX. Палеоазиат тілдері семьясы. Бұл үш топқа бөлінеді:Чукот-камчат тобы: алютор, ительмен, коряк, чукот тілдері.
* Эскимос-алеут тобы: алеут, эскимос.
* Нивх-юкагир тобы: кет, нивх, юкагир.
X. Самоди тілдері семьясы. Бұған ненец, энец, тавгий, нганасан, селькуп тілдері жатады.        Бұл семьялардың ешқайсысына жатпайтын тілдер де бар. Олар: жапон, корей, т.б. тілдері. Себебі бұлар әлі тұгел зерттелініп біткен жоқ. Зерттеушілердің айтуынша жапон, корей тілдерін алтай тілдері тобына жатқызуға болатын сияқты.        "Алтай тілдері" демекші, кейбір ғалымдар жоғарыда аталған біраз тілдер семьяларын біріктіріп, Алтай тілдері және Орал тілдері деп екіге бөледі де, Алтай тілдеріне: түркі, монгол, түңғыс-манжүр, корей, жапон тілдерін, ал Орал тілдеріне: фин-угор, самодей, дарвид (Үндістанда) тілдерін жатқызады.   Тілдердің құрылымдық (типологиялық) ерекшеліктері жағынан топтастырылуы      Құрылымдық яғни морфологиялық ұқсастық бір негізден тараған туыстас тілдердің арасында ғана емес, сонымен бірге, әр басқа негізден тараған тілдердің арасында да бола беруі мүмкін.Осы айтылған құрылымдық ерекшеліктеріне қарай дүние жүзі тілдері мынандай төрт типке бөлінеді:Жалғамалы (агглютинативті) тип. Бұлардың қатарына түркі тілдері, монгол тілдері, угоро-фин, венгр тілдері жатады. Бұл тілдерге тән негізгі қасиеттер: 1) грамматикалық мағыналар түбірге қосымшалардың (аффикстердің) жалғануы арқылы беріледі; 2) қосымшалардың әрқайсысы көбінесе бір ғана грамматикалық мағынаны білдіреді; 3) ол қосымшалар бірінің үстіне бірі жалғана береді; 4) қанша қосымша қосылғанмен сөз түбірінің дыбыстық құрамы өзгермейді (сол күйінде қалады). Мыс: үй+ім+нің терезе+лер+і, біз+дің бала+лар+ы+мыз.
* Даралаушы (аморфты) тип. Яғни сөздерге қосымша (жалғау, жұрнақ) жалғанбай, түбір күйінде қолданылатын тілдер. Бұларды кейде түбір тілдер деп те атай береді. Даралаушы типке қытай, въетнам, бирма, тай, тибет, малайя-полинезей тілдері жатады.
3. Қопарылмалы (флективті) тип. Бұған орыс, неміс, араб, грек т.б, тілдер енеді. Бұл тілдерге тән қасиеттер: 1) грамматикалық мағыналар негізінен ішкі флексия арқылы беріледі. Мыс: Он шел - она шла; Я ем  --  ты ешь; Он (она) ест. Я бегу, ты бежишь, он бежит.4. Полисинтетикалық немесе инкорпоративті тип. Бұған палеоазиат (чукот, коряк, ительмен, эскимос, алеут, кет, нивх, юкагир) тілдері мен американдық үндістердің тілдері жатады.Бұл типтің ерекшелігі: жоғарыда аталған үш түрлі типтегі тілдерде сөйлем арқылы белгілі болатын синтаксистік қатынастар бұл тілдерде бір сөзбен беріле алады. Мысалы "мен семіз бүғыларды ғана өлтіремін" деген сөйлемді чукот тілінде ты+ата+каа+нмы+ркын деген жалғыз сөзбен береді. Мұндағы ты  --  бірінші жақтың көрсеткіші, ркын  --  етістіктің жұрнағы, ал басқалары есім (семіз, бүғы) және етістік (өлтір) түбірлер.Бұл құрылымдық тип бойынша, бір сөз (негіз) екінші бір сөздің негізі мен қосымшасының (немесе префикс пен негіздің) арасына сыналанып, қыстырылып кіреді де, синтаксистік топ құрайды. Мақсаты - әлгі бірліктердің арасындағы синтаксистік қатынастарды білдіру. Мұндайда аффикстік морфема өзінің негізінен бөлініп калса да, бұрынғы қызметін атқара береді.      Бақылау сұрақтары:1.Тілдің шығуы жайлы қандай теорияларды білесің?2.Тілдің дамуы. Тілдің өзара әсерлері3. Халықтардың және тілдердің қалыптасуы4. Ұлт тілдері.      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002




№2 дәріс тақырыбы: Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы

        Тіл білімінің даму тарихында тіл білімін қай ғылым тобына қосамыз деген сұрауға әр түрлі жауаптар беріліп келді.
       Тіл білімі және философия. Қазіргі кездегі тіл білімі философияның тіл философиясы дейтін тарауымен байланысады.
       Тіл білімі және логика. Тіл білімі мен логиканың түйісетін жері  -  тіл мен ойлаудың арақатысы мәселесі.     Тіл білімі және психология.    Тіл білімі және физиология, физика, медицина. Сөйлеу әрекеті  -  физиологиялық күрделі үдеріс.Оған мидың да, сөйлеу органдарының да, нерві жүйесінің де қатысы бар. Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы. Әдебиет пен тіл  -  айрылмас бірліктегі құбытлыстар. Тіл білімі және тарих, этнография, археология. Тілдің тарихи дамуын зерттеу сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған халықтың тарихымен тығыз байланысты.
          Бақылау сұрақтары:
1. Тіл білімінің философиямен бірлігі неден көрінеді?
2. Тіл мен ойлаудың  қатынасы неден көрінеді?
3. Психологияның тіл білімімімен ұштасуы қалай?
       Ұсынылатын   әдебиеттер:
1. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979
2. Қалиев Б. <<Жалпы тіл білімі>> Алматы 2000ж
3. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974

№3 дәріс тақырыбы: Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы

     Тіл білімінің даму тарихында тіл білімін қай ғылым тобына қосамыз деген сұрауға әр түрлі жауаптар беріліп келді.
       Тіл білімі және философия. Қазіргі кездегі тіл білімі философияның тіл философиясы дейтін тарауымен байланысады.
       Тіл білімі және логика. Тіл білімі мен логиканың түйісетін жері  -  тіл мен ойлаудың арақатысы мәселесі.     Тіл білімі және психология.    Тіл білімі және физиология, физика, медицина. Сөйлеу әрекеті  -  физиологиялық күрделі үдеріс.Оған мидың да, сөйлеу органдарының да, нерві жүйесінің де қатысы бар. Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы. Әдебиет пен тіл  -  айрылмас бірліктегі құбытлыстар. Тіл білімі және тарих, этнография, археология. Тілдің тарихи дамуын зерттеу сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған халықтың тарихымен тығыз байланысты.
          Бақылау сұрақтары:
1. Тіл білімінің философиямен бірлігі неден көрінеді?
2. Тіл мен ойлаудың  қатынасы неден көрінеді?
3. Психологияның тіл білімімімен ұштасуы қалай?
       Ұсынылатын   әдебиеттер:
1. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979
2. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974
3. Т.Қордабаев, Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2004
4. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999

№4 дәріс тақырыбы: Тілдің  өзіндік сипаттары. Тілдің табиғаты мен мәні.


      Тіл теориясы  -  тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына  -  қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады. Тіл  -  биологиялық та, психикалық та құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс.
     Тіл теориясының мән-мағынасы, негізгі проблемалары, күрделі салалары, ол салалардың басқа ғылымдармен байланысы.
	Тілдің анықтамасы, бұл мәселедегі ала-құлалық. Тілге дұрыс анықтама берудің теориялық мәні. Тілдің коммуникативтік, экспрессивтік функциялары, бұл екеуінің ара қатынасы, коммуникативтік функцияның мәнділігі. Тілдің структуралық, семиотикалық сипаттарына қарай, қоғамның, мәдениеттің дамуына тигізетін әсеріне, алатын орнына қарай беріліп жүрген анықтамалар. Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелінетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны адамдардың дыбыстық тіл
	Тіл табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына жататыны, мәні дегенге оның қоғамда атқаратын қызметі ерекшелігі жататыны. Бұл мәселелерді шешуде болып келе жатқан пікір қайшылықтары. Тіл білімі тарихында болған әр түрлі мектептердің, бағыт-бағдарлардың дүниеге келуіне ғалымдардың тілдің табиғаты мен мәнін қалай түсініктерінің себеп болғандығы және қазірде де солай болып келе жатқаны.
          Бақылау сұрақтары:
1. Тілге берілген қандай анықтамаларды білесің? 
2. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына жатқызамыз?
        Ұсынылатын   әдебиеттер:
1. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979
2. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974
3. Т.Қордабаев, Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2004
4. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999







№5 дәріс тақырыбы: Тіл және сөйлеу. 

1. Сөйлеу туралы түсінік
2. Фердинанд   де Соссюр "Тіл және сөйлеу мәселесі"

Тіл мен сөйлеу бір  -  бірінен ажырамас бірлікте.Тілсіз сөйлеу жоқ, сөйлеу жоқ жерде тіл жоқ.Сөйлеу  -  тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы.
Сөйлеу әрекеті сөйлеу мүшелерінің артикуляциялары арқылы пайда болып, ауа толқыны арқылы құлаққа естіледі.Сөйлеу әрекеті сөйлеу, есту, ұғыну деген үш бөлімнен тұрады.Бұл үшеуі бір  -  біріне ұқсамайтын үш бөлек дүние.Сөйлеуші ми орталығынан хабар алады да, сөйлеу мүшелерін қозғалысқа келтіреді, артикуляция жасайды.Соның нәтижесінде дыбыс пайда болады да, ол ауа толқыны арқылы тыңдаушының құлағына жетеді.Тыңдаушы есту мүшелерінің тітіркенуі арқылы сезінгенін есту талшықтарымен ми орталығына жеткізеді.
Сөйлеушінің айтқандары артикуляциялық жиынтық (комплекс) болады да, тыңдаушының еститіндері, қабылдайтындары акустикалық жиынтық болады.Сөйлеуші мен тыңдаушы бірін  -  бірі түсіну үшін, екі жиынтық берік бірлікте болуы шарт, яғни <<көз>> деген сөзді айтушы да, тыңдаушы да бір ғана мағынада түсінуі керек.Айту мен есту арасында бірлік болмаса, ұғынысу деген де болмайды.
Сөйлеу дегеніміз  -  тілді қатынас процесінде, өз ойын басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатында қолдану деген сөз.
Тілдік элементтер (дыбыс, морфема, сөз, сөйлем) қоғам мүшелеріне өздерінің ойларын, сезімдерін білдіру үшін керек.Адамдар ойлау процесінде өздерінің сезгендерін, түйгендерін тілдік тұлғалармен білдіреді.Сөйтіп, тіл дерексіз тұлғадан жеке адамдардың нақты ойын білдіретін құралға айналады.Осыдан жалпының жалқымен, жекемен бірлігі пайда болады.Бірақ бұл екеуінің бірлігі тепе  -  теңдік, абсолюттік бірлік болмайды.Тіл дегеннен ондағы бүкіл дыбыстардың, сөздердің, грамматикалық формалардың жиынтығын түсінсек, сөйлеу дегеннен сол тілдік элементтердің өзара қарым- қатынасқа келуін, яғни тілдің қимыл үстіндегі күйін түсінеміз.Бұл жағынан алғанда тіл сөйлеуге қажетті материалдардың жиынтығы, Ф.де Соссюрше айтқанда, акустикалық бейненің қоймасы, ал сөйлеу  -  сол қоймадағы материалдардың жанданып іске қосылуы, адамдардың қатынас айналымына түсуі.
Сөйлеу дегеніміз психологиялық көзқарас бойынша нені білдіреді? Сөйлеу мен тілдің байланысы неде? Бұл  сұрақтарға мамандар әр түрлі жауап береді. Кейбіреулері олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ ,-  дейді. Келесілері <<Сөйлеу  -  тіл жұптағы түсінікті тек сөйлеу  -  индивидуалды табиғаттың феномені, ал тіл психологиялық құбылыс емес, сондықтан ол әлеуметтік, оны зерттейтін  психолингвистика болып табылады ,-дейді. 
	Фердинанд   де Соссюр "Тіл және сөйлеу мәселесі" мәселесін  көтереді. Ол тіл мен сөйлеу бір-бірімен байланысты, бірақ бір-бірінен өзгешеліктері бар, екі бөлек дүние. Сөйлеу - тілді қолданудың нәтижесі, ол - индивидуалдық, ал тіл - қоғам мүшелерінің бәріне бірдей дәрежеде міндетті, өзара байланысты таңбалардың жүйесі. 
    Бақылау сұрақтары:
1.Сөйлеу дегеніміз психологиялық көзқарас бойынша нені білдіреді?
2. Сөйлеу мен тілдің байланысы неде?    
    Ұсынылатын   әдебиеттер:
1. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979
2. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974
3. Т.Қордабаев, Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2004
4. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999

№6 дәріс тақырыбы: Тіл және қоғам. Дыбыс тілінің пайда болуы.
1.Тілдің анықтамасы.
2. Тілдің табиғаты.
3. Тілдің қоғамға, қоғамның тілге тигізетін әсері.

       Тіл теориясы  -  тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым.       Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына  -  қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады. Тіл  -  биологиялық та, психикалық та құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс.
     Тілдің құрылымы мен функциясы. Қоғамның әлеуметтік құрылысының тілге тигізетін әсері, ең алдымен, тілдің қызметінен анық көрінеді.Өйткені тілді қолданушы әлеуметтік топтар, таптар оған немқұрайды қарамайды.Оны өз талап  -  тілектеріне, өздерінің әлеуметтік жағдайларына сәйкес қолдануға тырысады.
       Қоғамсыз тіл болмайды, тілсіз қоғам да болмайды деген қағида қазіргі заман тіл білімінде берік орын тепкен, талассыз тұжырым деуге болады.
Дыбыс тілінің пайда болуы. Дыбыс тілінің шығуына байланысты олар айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай  -  қайсысы да ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да тіл  -  адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама  -  қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті. Дыбыс тілі алғашқыда неден басталды, қандай болды? Деген сұрау адам қоғамы тарих үшін де, тіл ғылымы үшін де соншалықты маңызды, өте қажетті болғанымен, оған ешкім де еш уақытта нақтылы жауап бере алмайды. 
Ғалымдар дыбыс тілі жеке дыбыстарға сараланатын сөз түрінде бірден пайда болған емес, жалпы жан иелерінде болатындай әр түрлі диффузды дыбыстарды адам тектес маймылдар да шығара білген болу керек, өз үйірлестеріне бір нәрсені хабарлау үшін қолданылған сондай диффузды, яғни мағыналық жағынан да, материалдық жағынан да бөлшектеп саралауға болмайтын одағай дыбыстарды олар дыбыс тілінің бастамасы ретінде қолданған болар да, келе-келе солардың негізінде дыбысты тіл пайда болған болар деп жорамалдайды. 
         Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің қызметіне не жатады?
2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады?
3. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына  -  қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады.
4. Дыбыс тілі алғашқыда неден басталды, қандай болды?
        Ұсынылатын   әдебиеттер:
1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975
2. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979
4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы., 2000ж.

№7 дәріс тақырыбы: Тіл және этникалық бірлік. Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері

1. Тіл және этникалық бірлік
2. Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері 
3. Тілдік жағдаят
4. Билингвизм

Тіл бірлігі  -  бір қалыптан өзгермейтін, қатып қалған құбылыс емес, өзгеріске ұшырап отыратын тарихи құбылыс. Белгілі бір тіл бір ғана этникалық бірліктің тілі болуы да, араласып кеткен бірнеше этникалық топтың ортақ тілі болу да мүмкін.Соған қрай тілдік бірліктің географиялық көлемі де әр түрлі.
Негізінен алғанда, тайпалық бірліктің бірнеше рулардың, халықтық бірліктің бірнеше тайпалардың бірігуінен барып қалыптасатын ғылым бекер демейді.Этникалық топтардың бұлай күрделене шоғырлануы олардың тілдерінің де бірігіп, күрделенуін туғызады.Бұлай шоғырлануда тайпа құрамына немесе халықтық бірлік құрамына енген белгілі бір этникалық топтың тілі басқалар арасына кеңірек тарап, бара  -  бара бірлік құрамына енгендердің барлығына ортақ тілге айналады да, өзге тілдер бірте  -  бірте соның құрамына еніп сіңеді.Бұл жағдай қоғамның этникалық бірліктерінің ұсақтан іріге қарай күрделене дамитындығы сияқты тілдің де көптеген ағза күрделене дамитындығын байқатады.
Адамдардың қоғамдық бірліктері сияқты олардың тілдері де бір  -  бірінен ажырап бөлшектену, қосылып бірігу жолынан өткен. Тілдің қай  -  қайсысы да осы күнгі дәрежесінде пайда бола қалмаған.
Адам қоғамының алғашқы рулық бірліктен ұлттық бірлікке қарай дамитыны сияқты, тіл де ру тілінен тайпа, халық, ұлт тіліне ауысып күрделене дамиды.
Ертедегі шағын қауымдастықтар тілінен кейінгі замандардағы күрделі қауымдар тіліне қарай даму жолында тілдер дамуында екі түрлі процесс болды.Оның біріншісі  -  белгілі бір дәуірдегі біртұтас тілдің өз ішінен ыдырап, жеке диалектілерге, тілдерге бөлшектену процесі.Бұл процесс  -  тіл білімінде дифференциация деп аталады.Екіншісі  -  жеке диалектілердің, тілдердің бір  -  бірімен жақындасу, бірігу процесі.Бұл процесс тіл білімінде интеграция деп аталады.
Тіл дамуында болатын дифференциациялық процесс басқа қоғамдардан гөрі ру қоғамында молырақ болады.Өйткені адамдардың жеке  -  жеке ұсақ қауым болып өмір сүруі  -  алғашқы қауымдық бірліктің негізгі белгілерінің бірі.
 Интеграция  -  дифференциацияға тура қарама  -  қарсы процесс. Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір  -  бірімен жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі.
Тілдік жағдаят (ситуация). Бір тілдің немесе бір территориялық - әлеуметтік ортада қызмет ететін тілдер тобының белгілі географиялық аймақ, болмаса саяси - әкімшілік құрылым шегінде өмір сүру формасының жиынтығы тілдік  жағдаят деп аталады. 
Билингвизм. Көп ұлтты мемлекеттерде әр түрлі ұлт өкілдері бір  -  бірімен қатынас жасау үшін, өзінің ана тілінен басқа тілді де, өзімен аралас  -  құралас халық тілін де білу қажеттігі туады.Сөйтіп, өздерінің күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдана береді.Осыдан барып екітілдік немесе көптілділік пайда болады.Ол  -  тіл білімінде билингвизм деп аталады.
Екі немесе одан да көп тілді қолданушылар жеке адамдар болуы да, бүкіл этникалық қауым болуы да мүмкін.Кеңестер Одағы  -  көп ұлтты мемлекет болды.Мұндағы әр түрлі ұлттар бір  -  бірімен қарым  -  қатынас жасау үшін, орыс тілін пайдаланды.Сөйтіп, орыс тілі  -  орыс ұлтының ана тілі болуымен қатар, екінші жағынан, Кеңес заманында халықтардың ұлтаралық тіліне де айналды.
Креол тілдер. Африка, Оңтүстік  -  Шығыс Азия, Океания, Латын Америкасы жеріндегі Испания, Португалия, Франция отаршыларының ұрпағы  -  креолдардың тілдері. Креол тілдердің пайда болуы тілдердің пиджинделу процесімен, яғни пиджин (ағылшынның бұрмаланған business іс сөзінен) тілдердің қалыптасуымен байланысты. 
Бақылау сұрақтары:
1. Қоғам және тілдің біртұтастығы неден көрінеді?
2. Техникалық прогрестің тілге әсері қандай?
         3. Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері неден көрінеді?
      
   Ұсынылатын   әдебиеттер:
1. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979
2. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974
3. Т.Қордабаев, Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2004
4. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999


      №8 дәріс тақырыбы: Әлемдік тілдер. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл. Әдеби тіл. Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері.

1.Әлемдік тілдер. 
2.Сөйлеу тілі мен кітаби тіл.
3. Әдеби тіл.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері.

Әлемдік тілдер. Антикалық Еуропада латын тілінің бүкіл Еуропа халықтарына канондық тіл болғаны сияқты, араб тілі де ислам діні тараған аудандар үшін канондық тіл болған, 17-18 ғасырларда жер шарының әр түрлі аймақтарына кең тараған испан, француз, неміс тілдері болса, 19 ғасырда мұндай дәрежеге ағылшын тілі, 20 ғасырда орыс тілі көтеріліп отыр.Бірақ бұл тілдер халықаралық деп аталғанымен, олардың ешқайсысы да әлемдік тіл болған жоқ.Алайда, бұл бағыттағы ізденістер толассыз жүріп жатыр.Сондай ізденістің нәтижесінде бірнеше жасанды, көмекші тілдердің жобасы ұсынылды.Солардың ішіндегі ең елеулісі -  волапюк, эсперанто деп аталатындар.Мұның алғашқысы - әлемдік тіл деген мағынаны білдіретін ағылшынның вола, пюк деген екі сөзінің бірігуінен жасалған.	Жасанды тілдер ішінде көптеген елдерде тарап, кең етек алған қазіргі түрі эсперанто деп аталады. 
	Сөйлеу тілі мен кітаби тіл.  Бұлардың екеуі де бір ғана этникалық бірлік тілінің жеке көріністері, олар бөлек  -  бөлек тілдер емес, тіл біреу  -  ақ, сондықтан оларды тіл демей, стиль, яғни сөйлеу тілі стилі, кітаби стиль деген жөн.Дәстүрге айналған атауды бұзбау үшін ғана <<тіл>> деп отырмыз.
Кітаби  -  жазба тіл болу үшін жазудың, баспа орнынаң болуы шарт.Бұларсыз кітаби  -  жазба тіл болмақ емес.Сөйлеу тілі мен кітаби  -  жазба тіл этникалық бірлік тілінің екі түрлі көрінісі, екі түрі дедік.
Әдеби тіл  -  жалпыхалықтық тіл маржанын жинақтап, сұрыпталған, екшелген, қызметке бай, әлеуметтік сипаты мен стильдік ерекшеліктері мол сала.Диалект - жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілдің өзіндік дыбыстық, сөздік, грамматикалық ерекшеліктері бар саласы. Диалектілер негізінде тілдік қауым қоныс ыңғайына қарай әр түрлі аймақтарға бөлінеді. Диалектінің мұндай түрі жергілікті диалект деп аталады.Жергілікті диалектіге белгілі бір аймақта тұратын адамдар тілінде кездесетін ерекшеліктердің жиынтығы жатады.

        Бақылау сұрақтары:
1.Әлемдік тілдер туралы не білесің?
2.Сөйлеу тілі, кіаби тіл, әдеби тіл дегеніміз не?
4.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері туралы не білесің?
         Ұсынылатын   әдебиеттер:
1. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979
2. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974
3. Т.Қордабаев, Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2004
4. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999


№9 дәріс тақырыбы: Тіл және ойлау. Тіл және сана. Тілдік мағына.

     1. Тілдің ой-санамен қарым-қатынасы
     2. Тілдік мағына

1. Тілдің ой  -  санамен қарым  -  қатысы. Тіл мен ой  -  сананың бір  -  бірімен қарым  -  қатынасы жөніндегі мәселе  -  біздің дәуірден көп бұрын басталған көне тақырып. Қазір бұл мәселені филосовтар да, тіл ғалымдары да, логиктер де, психологтар да зерттейді.Бұл саладағы пікірлерді былайша топтуға болады.
1) Тіл мен ойлау тепе-теңдік бірлікте, ешқандай өзгешеліктері жоқ дейтін көзқарас.Бұл  -  менталистік бағыт деп аталады (неміс ғалымдары Ф.Э.Д.Шлейермахер, И.Г.Гаман, 18-19 ғ.).
2) Тіл мен ойлау арасында ешқандай бірлік, ұқсастық жоқ, екеуі екі бөлек дүние дейтін көзқарас (неміс ғылымы Ф.Э.Бенеке,19 ғ.). Бұл екі көзқарастың екеуі де тіл мен ойлаудың қарым  -  қатынасы жөніндегі мәселені жоққа шығарады, оны проблема етіп көтеруді қажетсіз деп санайды.
3) Тілдің рөлін асыра бағалап, тіл мен ойлауды өте жақын деген көзқарас (неміс ғалымы В.Гумбольдт, француз ғалымы Л.Леви  -  Брюль, 18, 19 ғ.).Бұл бихевиористік бағыт деп аталады.
4) Тіл мен ой  -  сана өзара тығыз байланысты, бірінсіз бірі өмір сүре алмайды.Бірақ бұлардағы бірлік абсолюттік, тепе  -  теңдік бірлік емес, әрқайсысының өзіндік дербестіктері, қайшылықтары бар дейтін көзқарас.Тіл мен ой  -  сананың арақатысы жөніндегі бірден  -  бір дұрыс шешім де осы соңғы бағыт деп есептеуге болады.
Тіл мен ой  -  сана арасындағы қарым  -  қатынас екі жақты: екеуінің де бір  -  біріне берері де, бір  -  бірінен алары да аз емес.Тіл - ой  -  сананың қалыптастыратын, оны материалдандырып жарыққа шығаратын, басқаларға білдіретін, ой  -  сана табыстарын сақтап, оны кейінгі ұрпақтарға жеткізетін құрал.
2. Тілдік мағыналардың негізгі түрлері  -  лексикалық мағына мен грамматикалық мағына.Лексикалық мағына деп, әр сөздің білдіретін өзіне тән атауыштық мағынасын айтады, ал, грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасы үстіне қосымша, үстеме болып қосылатын көмекші мағыналар жатады.Көмекші (грамматикалық) мағыналар, негізінде, түрлі грамматикалық категориялар жасауға негіз болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің ой  -  санамен қарым  -  қатысы қандай?
2. Ойдың тілдік көрінісінің әр тұрлі болатындығы жайлы не білесің?
3. Тіл және сананың байланысы қандай?
4. Тілдік мағына дегеніміз не?
         Ұсынылатын   әдебиеттер:
1. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979
2. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974
3. Т.Қордабаев, Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2004
4. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999


№10  дәріс тақырыбы: Тілдің таңбалық сипаты.Тілдік таңбалардың түрлері
1. Тіл  -  таңбалар жүйесі.
2.Таңба және оның түрлері.
3.Табиғи таңба және жасанды таңбалар. 

    Тілде таңбалық сипаттың барлығы ежелгі грек философтарынан бері қарай айтылып келген. Бірақ тілді таңбалар жүйесі деп анықтау, тілдік таңбалардың сипатын талдап ашу Ф. Де Соссюрден басталады.    	
     Семиотикалық әдебиеттерде таңбаларды негізгі таңба, көмекші немесе жасанды таңба деп екіге бөлушілік бар.Графикалық таңбалар. Бұған математика, физика, химия, логика ғылымдарында қолданылатын таңбалар және әр түрлі жазулар, мөр таңбалар жатады.Акустикалық таңбалар. Бұған сөйлеу мүшелерінің артикуляциялары арқылы жасалатын таңбалар, белгілі мақсат үшін берілетін алуан түрлі сигналдар, дабылдар, қоңырау мен гудоктар жатады.
 Заттық таңбалар. Бұған жол бойына, көшелерге, кәсіпорындары мен мекемелердің маңдайшаларындағы белгілер, көрсеткіштер және әлеуметтік топтардың өздеріне тән киім түрлері мен формалары, зночоктар мен гербтер, әскери белгілер, түрлі жалаулар арқылы берілетін сигналдар, ен  -  таңбалар жатады.
Ақша таңбалар. Бұған әр елдің, әр дәуірдің қағаз, күміс, бақыр ақшалары жатады.Сәуле таңбалар. Бұған жарық арқылы берілетін әр түрлі белгілер, сигналдар  -  бағдаршамдар, су жолында қолданылатын маяктар, бакендер (су бетіне қауіпті жерлерге қойылатын қалқыма шырақтар) жатады.
       Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің таңбалық сипаты дегеніміз не?
2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады?
3. Тілдің таңбалық сипаты туралы пікір айтушылар кімдер?
      Ұсынылатын   әдебиеттер:
1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975
2. М.Березин. История лингвистических учении., М.,1975
3. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979

№10  дәріс тақырыбы: Тілдің жүйелік, құрылымдық сипаты. Тілддік тұлғалардың типтік түрлері

№2 дәріс тақырыбы: Ежелгі дәуір лингвистикасы. Ежелгі Қытай лингвистикасы.
1. Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттар.
2. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер.
3. Ежелгі Қытай тіл білімінің дамуы.

      Қытай  -  мәдениеті, ғылыми ой-пікірі ертеде дамыған, дүниежүзілік мәдениетке зор үлес қосқан ежелгі ел. Қытай тіл білімінің тарихы екі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Қытай жазба ескерткіштері біздің заманнан 15 ғасыр бұрын пайда болған.  Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551-479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым  -  Конфуций (Кун-Цзы). Грамматикалық ілім қытайлардың көне жазуы  -  иероглифке негізделген.Көне және Ортағасырлық Қытайда тілге байланысты үш түрлі филологиялық мәселеге ерекше көңіл аударылған. Оның бірі  -  көне сөздердің мағыналарын айқындау, екіншісі  -  иероглифтің құрылысы мен этимологиясын айқындау, үшіншісі  -  фонология. Ежелгі Қытай лингвистикасының негізгі міндеті  -  тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағынасын, оларды қалай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған.
       Бақылау сұрақтары:
1. Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттарды атаңыз?
2. Философияның тууына түрткі болған себептер қандай?
3.  Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігі қандай?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы, 2000
2.Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001
3.В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974
4.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999

№3 дәріс тақырыбы:  Ежелгі Үнді тіл білімі.

1. Көне үнді тіл білімі.Оны туғызған себептер.
2.Яски мен Панини еңбектері. Панини жазған санскрит грамматикасы.

       Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы 5 ғасырдан басталады. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған <<Веда>> деп аталатын жазба ескерткіштері болған. Біздің дәуір алдындағы 6 ғасырларда белгілі болған бұл ескерткіштер жинағын үнділер қасиетті, киелі деп санаған және қазірде де солай санаушылық бар көрінеді. Бұл <<киелі>> жырлар тілінде сол уақыттағы үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Соларды айқындау және <<Веда>> тілін сөйлеу тілі әсерінен қорғау, оның айтылу мәнерін, беретін түсінігін өзгеріссіз сақтау мақсатымен <<Веданың>> тілін зерттеген. Ежелгі Үндістандағы тіл білімі, негізінде, осы төрт бағытта дамыған. Зерттеушілердің айтуынша, Панини еңбегі - тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика. Ол санскрит тілінің  грамматикасы деп те аталады.
        
         Бақылау сұрақтары:
1.Көне үнді тіл білімін туғызған себептер қандай?2. Яски мен Панинидің қандай  еңбектері бар?
3. Панини жазған санскрит грамматикасының мәні қандай?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
2. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

№4  дәріс тақырыбы:  Ежелгі Грек тіл білімі. Рим тіл білімі.

1. Грек тіл білімі тарихының даму жолының басталу кезеңі.
2. Грек тіл білімі тарихында филология дәуірімен философтардың тіл жайындағы пікірлері.

      Ежелгі дәуір тіл білімінің тағы бір отаны -  Ежелгі Греция. Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері  -  атаудың табиғаты, зат пен оның атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдің қайдан, қалай пайда болғаны және тілдің грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер.
     Заттың өз атауына қатысы жөніндегі мәселе Ежелгі Грецияда бірнеше ғасырға созылған және Грек философтарын екі топқа бөлген аса күрделі мәселе болған. Олардың Героклит бастаған бір тобы  -  атау зат тың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз табиғат туындысы десе, Демокрит бастаған екінші тобы оған қарсы  -  зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болмайды, ол екеуінің арасындағы байланыс  -  шартты, кездейсоқ байланыс деген тұжырым жасайды.
        Ежелгі Грек философтарының тілге байланысты сөз еткен екінші проблемасы  -  тілдің шығуы жөніндегі мәселе. Бұл мәселеде де олар дұрыс шешімге келе алған жоқ. Грек ғалымдары көтерген тағы бір проблема  -  грамматикалық мәселелері. Грамматиканы да алғашында философия, әсіресе логика ғылымына тәуелді, соның бір саласы ретінде, логикалық категориялардың көрсеткіші ретінде ғана қараған.
    
         Бақылау сұрақтары:
1. Грек тіл білімінің негізгі объектілерін ата?
2. Атау теориясы, тілдің шығуы дегеніміз не?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
          2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
          3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

№5 дәріс тақырыбы:  Орта ғасыр тіл білімі. Ш-XVIIIғасырлар лингвистикасы.

1. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі.
2.Тіл ғылымындағы  канондық тіл жайлы.
      Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі - әр түрлі діндердің туып, әлемдік діндерге айналуы.    Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет-парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі киелі, қасиетті тіл, пайғамбарлар тілі деп жарияланды. Бұл тіл -тіл ғылымында канондық тіл деп аталады. Сөйтіп, дін тараған аймақтардағы халықтар өз ана тілімен қатар канондық тілді де қолданды. Жазба тіл, әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды. Мысалы, түркі халықтары, сондай-ақ қазақ халқы үшін де канондық тіл араб тілі, исламның ең қасиетті, киелі кітабы - Құранның тілі болды. Араб тілі оқу пәні болды. Оны молдалар, дін иелері оқытты. Еуропа халықтары үшін канондық тіл - латын тілі. Олар латын тілін жазу тілі, ғылым ретінде пайдаланды. 
        Бақылау сұрақтары:
1. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі қандай ?
2. Тіл ғылымындағы  канондық тіл дегеніміз не?
3. Реалистер мен  номиналистер дегеніміз кімдер?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

№6  дәріс тақырыбы:  Араб тіл білімі.

1. Араб тілі туралы алғашқы еңбектер.
2. Араб тілінің дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің маңызы.
3. Араб тіл білімінің грамматикасы.

        Арабтардың тіл туралы алғашқы еңбектері Ефрат пен Тигр бойындағы Баср және Куф қалаларында шықты. Бұл екі қалада грамматикалық екі мектеп  -  екі бағыт пайда болды. Олар өзара бір-бірімен түрлі мәселелер жөнінде айтысқа түсіп, пікір алысып отырды. Кейіннен грамматикалық ғылым орталығы Араб халифатының сол кездегі астанасы Бағдатқа көшті.
Баср мектебінің өкілі Сибавейхи <<Аль-Китаб>> деген үлкен еңбек жазды. Мұнда 1000-нан астам өлең бар. Кітап мысалдары Құраннан және ертедегі поэзиядан алынған. Сибавейхи дыбыстардың жасалуының 16 түрлі орнын көрсете келіп, оларды соған сай топтастырады: сөз таптарын етістіктер, есімдер, сан есімдер деп үшке бөлді.
    Лексикология мен лексикография саласында арабтар айтарлықтай табысқа жетті. Олар лексика материалдарын көптеп жинап, түрлі сөздіктерге топтастырды; әр пәнге байланысты сөздіктер шығарды. Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби тіл білімнің бірқатар теориялық және практикалық мәселелері бойынша да маңызды зерттеулер жүргізген. Ұлы ғалым өзінің <<Ғылымды классификация жасау>> деген 5 бөлімнен тұратын еңбегінің бірінші бөлімін адамдардың бір-бірімен қатынас жасап, өзара түсінісетін құралы  -  тілдің заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін ғылымға арнаған.
         Бақылау сұрақтары:
1. Араб тіл білімі қай дәуірде дамыды?
2. Араб тіл білімінің өкілдері?
3. Махмұт Қашқари сөздігінің маңызы?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

№7  дәріс тақырыбы: Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі.  XVII-XVIII ғасыр тіл білімі.

1. 17  -  18 ғ. жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер.
2.Қайта өркендеу дәуірінің  лингвистикалық проблемасы.
3. Универсал грамматика бөлімдері.


      Қайта өркендеу дәуірі тіл зерттеу мәселесіне бұрынғыдан басқаша тұрғыдан келу, бірінші орынға  канондық тілдерді емес, әр халықтың әр ұлттық өзіндік сөйлеу тілін қоюды, соны зерттеп , соның сырын ашуды қойды. Осылардың нәтижесінде жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер әр елде, әр жерде шығып жайтты. 1562 ж. П. Романің <<Француз тілі граммтикасы>>. 1693 ж. Уоллистің <<Ағылшын тілі грамматикасы>>. 1659 ж Лавренти  Зизанидің  <<Славян грамматикасы>>. 1757 М В Ломоносовтың <<Россия грамматикасы>>.
       Еуропа тарихы тұрғысынан алғанда, Қайта өркендеу дәуірі 14-16 ғасырлар арасын қамтиды.  Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе  -  орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқаларын тауып жариялау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында И. Скалигердің 1540 жылы шыққан <<Латын тілінің негіздері туралы>>, Р. Стефанустың 1553 жылы шыққан <<Латын тілі қазынасы>> және <<Грек тілі қазынасы>> атты еңбектерін атауға болады.    
    Универсал грамматика 1660 жылы жарияланған. Оны француз ғалымдары  -  логик, философ, профессор Антуан Арно (1612-1694) мен грамматист, филолог, профессор Колод Лансло (1616-1695) екеуі бірігіп жазған. 
       


       Бақылау сұрақтары:
1. Қайта өркендеу дәуірінің  тіл ғылымы үшін маңызы қандай?
2. Универсал грамматика қай жылы жарияланған ?
3. Рационалды жалпы грамматика дегеніміз не ?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж


№ 8,9  дәріс тақырыбы:  XIX ғасыр тіл білімі.

1. Тіл білімі тарихында салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы Ф.Боптың , Раск, Якоб Гримм т.б. еңбектері.
2.Тіл философиясының алға қойған мақсаты.
3. Типологиялық зерттеудің кеңірек етек алып, қалыптасуы туралы.

      Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен, яғни XIX ғасырдан көп бұрын белгілі болған. Түркі тілдерінің өзара туыстас, бір негізден тараған тіл екендігін түркі нәсілді Махмуд Қашқари XI ғасырдың өзінде айқындады.
       1538 жылы Француз гуманисі Гвилсльм Постеллустың "Тілдер туыстастығы туралы" деген еңбегі жарияланады. 
     Ф.Боптың ең басты еңбегі  -  <<Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы>>. Расмус Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі <<Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, ислан тілдерінің шығуы туралы зерттеулер>> деп аталады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі  -  неміс ғалымы Я.Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын <<Неміс грамматикасы>> атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады. 
	Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы атауға XIX ғасырда ғана ие болды. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі В.Гумбольдт болды. 
       Бақылау сұрақтары:
1.19 ғ. бас кезінде салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде қандай еңбектер жарық көрді?
2. Тіл философиясы қашан пайда болған?
3. Типологиялық зерттеудің қалыптасуы қай кезден басталады?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

№10   дәріс тақырыбы: ХІХ ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдары.

1. Натуралистік немесе биологиялық қөзқарастар.
2 Психологиялық бағыт. Жас грамматикалық бағыт.
3. Қазан  және Мәскеу тіл білімі мектептері.

      Тіл білімі өзінің бүгінгі көтерілген сатысына ішкі қайшылықтарсыз, талас-тартыссыз бірден жеткен жоқ. Оның даму тарихында әр түрлі ағымдар, пікір таластары болып отырды және қазір де бар. Осындай көзқарастағылар өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап өз алдарына лингвистикалық мектептер болып қалыптасты. Олардың қатарына натуралистік, психологиялық, жас грамматикалық деп аталатын лингвистикалық мектептер жатады. Ғылымда натуралистер деп аталатындар  -  қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге  ұмтылушылар.Тіл білімінде натурализм көрнекті неміс ғалымы, 
А. Шлейхер есімімен байланысты. Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген екінші бағыт  -  психологиялық ағым деп аталады. Тіл психологиясының объектісі  -  адамдардың сөйлеу әрекетіне болатын психикалық процестер. Тіл психологиясының қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің профессоры Г.Штейтальды жатқызуға болады. 
    Жас грамматикалық көзқарас ХІХ ғасырдың 70 ж. бастап қалыптасты. Бұл ағымның Германиядағы өкілдері К. Бургман, А Лескин т.б. Францияда
 М. Бреаль, Швейцарияда Ф де Соссюр,Россияда Ф.Фортунатов бастаған Москва лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды.
     Қазан  және Мәскеу тіл білімі мектептері ХІХ ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған демеу беруші поляк лингвисі,  И. А. Бодуэн де Куртенэ.        Мәскеу лингвистикалық мектебін ХІХ ғ 70-80 ж. Москва университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған академик 
Ф.Фортунатов.Ол еуропа тілдерінің фонетикасының морфологиясын зерттеп, бұл саладағы біраз еңбектер берген.
      
   	Бақылау сұрақтары:
1. Натуралистік немесе биологиялық көзқарас дегеніміз не?
2. Жас грамматикалық бағыт дегеніміз не?
3. Қазан  және Мәскеу тіл білімі мектептерінің маңызы?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.  М. Березин. История лингвистических учении М 1975
2. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ  -  ХХ в в очерках и извлечениях. М. 1960,1965.

№11 дәріс тақырыбы: ХХ ғасыр тіл білімі.

1. ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер.
2. <<Сөздер мен заттар>>, <<Эстетизм>>, <<Социологизм>> деп аталатын мектептер.
3. М.Д.Бартоли жазған <<Неолингвистиканың қосымша очеркі>>еңбегі

      Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты. 19ғ.соңғы он жылы мен 20ғ. бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестірілді. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды. Олардың қатарына <<Сөздер мен заттар>>, <<Эстетизм>>, <<Социологизм>> деп аталатын мектептерді жатқызуға болады.
      Сөздер мен заттар. Бұл мектептің ең көрнекті өкілі  -  роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Г.Шухардт (1842-1927).
     20 ғ.бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі  -  эстетизм немесе эстетикалық лингвистика.    Неолингвизм. (гр. neos  -  жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған). Оның негізін салушылар М. Д. Б. (1873-1946),  Д. Бонфанте (1904 ж.) .    Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері  -  П. Лафарг Ф.де Соссюр , А.Мейе, П. Лафарг. 
     Структурализм бірден пайда болған жоқ. Структуралдық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада). Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады.

       Бақылау сұрақтары:
1. Сөздер мен заттар мектебінің өкілдері кімдер?
2.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы кімдер?
3. Неолингвизм қашан қалыптасты?
4. Дескриптивистер қандай салаларға бөлінеді?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996
2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993
3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975

12  дәріс тақырыбы: Кеңестік тіл білімі.

1. Кеңестік тіл білімі ең басты міндеттерінің бірі.
2. 20-30  жылдары совет тіл біліміндегі бірнеше лингвистикалық бағыттар.
3. Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастырудағы  академик Н.Я.Мардың  рөлі.

       Кеңес лингвистері алдында маркстік-лениндік тіл білімін дамыту міндеті тұрды.Бүкіл Кеңес ғылымының, солардың ішінде тіл білімінің де философиялық негізі  -  маркстік диалектикалық материализм деп жарияланды. 20-30 ж. кеңес тіл білімінде бір-бірінің ісіне сын көзімен қарайтын бірнеше лингвистикалық бағыт болды. Ондай лингвистикалық бағыттың бірі  -  үнді-европалық компаративтік лингвистиканың Россиядағы бір тармағы  -  салыстырмалы-тарихи тіл білімі болатын.
        Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында << Тіл туралы жаңа ілім >> немесе << Яфет тіл ғылымы >> деп аталады. Оны қалыптастырушылардың басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді. Марр тіл туралы жаңа ілімді яфет тілдерін жан-жақты зерттеу, оның басқа семьядағы тілдермен қатынасын айқындау негізінде ғана қалыптастыруға болады деп санады.Кеңес Одағы Коммунистік партиясының орталық органы <<Правда>> газеті 1950 жылы Кеңес тіл біліміндегі тоқыраушылықты сынап, бұл саладағы ғылыми жұмысқа дұрыс бағыт сілтеу үшін еркін айтыс ұйымдастырды.

       Бақылау сұрақтары:
1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды?
2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. М.Березин. <<История лингвистических учении>> М.,1975
2. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979
3. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974

13 дәріс тақырыбы: Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.

1. Тіл білімі ғылым тобын басқа ғылымдардан ажырату.
2. Ғылымдар байланысының себептері.

     Тіл білімінің даму тарихында тіл білімін қай ғылым тобына қосамыз деген сұрауға әр түрлі жауаптар беріліп келді.Ол  -  ғалымдардың тілдің өзіндік сипатын әр түрлі түсінулерінен туды.Біреулер тілді биологиялық организм десе, екіншілер психологиялық құбылыс, ал үшінші біреулер физикалық құбылыс деген т.б. пікірлер айтты.Олардың әрқайсыларының өздерінше дәлелдері, сүйенген негіздері болды.Ал, шындығына келсек, тілде аталған сипаттардың барлығы да бар.Әңгіме солардың қайсысының негізгі екенін дұрыс тануда.
       Тіл білімі және философия. Қазіргі кездегі тіл білімі философияның тіл философиясы дейтін тарауымен байланысады.
       Тіл білімі және логика. Тіл білімі мен логиканың түйісетін жері  -  тіл мен ойлаудың арақатысы мәселесі.
         Тіл білімі және психология. Психология  -  психика туралы ілім.Психологияның мақсаты  -  адамдардың психикалық әрекеттерінің объективтік заңдарын, адамның ой  -  санасын, психикалық қасиеттерінің қалыптасып, даму жолдарын айқындау.
      Тіл білімі және физиология, физика, медицина. Сөйлеу әрекеті  -  физиологиялық күрделі процесс.Оған мидың да, сөйлеу органдарының да, нерві жүйесінің де қатысы бар.
      Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы. Әдебиет пен тіл  -  айрылмас бірліктегі құбытлыстар.Тіл - әдебиеттің жаны.Тілсіз әдебиет жоқ.
    Тіл білімі және тарих, этнография, археология. Тілдің тарихи дамуын зерттеу сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған халықтың тарихымен тығыз байланысты.
          Бақылау сұрақтары:
1. Тіл білімінің философиямен бірлігі неден көрінеді?
2. Тіл мен ойлаудың  қатынасы неден көрінеді?
3. Психологияның тіл білімімімен ұштасуы қалай?
       Ұсынылатын   әдебиеттер:
1. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979
2. Қалиев Б. <<Жалпы тіл білімі>> Алматы 2000ж
3. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974

14 дәріс тақырыбы: Тіл теориясы. Тіл және қоғам.

1.Тілдің анықтамасы.
2. Тілдің табиғаты.
3. Тілдің қоғамға, қоғамның тілге тигізетін әсері.

       Тіл теориясы  -  тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым.       Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына  -  қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады. Тіл  -  биологиялық та, психикалық та құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс.
     Тілдің құрылымы мен функциясы. Қоғамның әлеуметтік құрылысының тілге тигізетін әсері, ең алдымен, тілдің қызметінен анық көрінеді.Өйткені тілді қолданушы әлеуметтік топтар, таптар оған немқұрайды қарамайды.Оны өз талап  -  тілектеріне, өздерінің әлеуметтік жағдайларына сәйкес қолдануға тырысады.
       Тіл және сөйлеу. Тіл мен сөйлеудің бір еместігі, бұлардың арасында айырма барлығын ғалымдар ертеде  -  ақ байқаған. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жете ашып, екі бөлек мәселе етіп қоймағандарымен, сөйлеу мен тілдің бір еместігін 19 ғасырда өмір сүрген В.Гумбольдт, Г.Штейнталь, Г.Шухардт сияқты ғалымдар да айтқан. Қоғамсыз тіл болмайды, тілсіз қоғам да болмайды деген қағида қазіргі заман тіл білімінде берік орын тепкен, талассыз тұжырым деуге болады.
	Дыбыс тілінің пайда болуы. Дыбыс тілінің шығуына байланысты олар айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай  -  қайсысы да ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да тіл  -  адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама  -  қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті.
         Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің қызметіне не жатады?
2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады?
3. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына  -  қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады.
        Ұсынылатын   әдебиеттер:
1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975
2. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979
4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы., 2000ж.

15,16  дәріс тақырыбы:Тілдің таңбалық сипаты.

1. Тіл  -  таңбалар жүйесі.
2.Таңба және оның түрлері.
3.Табиғи таңба және жасанды таңбалар. 

    Тілде таңбалық сипаттың барлығы ежелгі грек философтарынан бері қарай айтылып келген. Бірақ тілді таңбалар жүйесі деп анықтау, тілдік таңбалардың сипатын талдап ашу Ф. Де Соссюрден басталады.    	
     Семиотикалық әдебиеттерде таңбаларды негізгі таңба, көмекші немесе жасанды таңба деп екіге бөлушілік бар.Графикалық таңбалар. Бұған математика, физика, химия, логика ғылымдарында қолданылатын таңбалар және әр түрлі жазулар, мөр таңбалар жатады.Акустикалық таңбалар. Бұған сөйлеу мүшелерінің артикуляциялары арқылы жасалатын таңбалар, белгілі мақсат үшін берілетін алуан түрлі сигналдар, дабылдар, қоңырау мен гудоктар жатады.
 Заттық таңбалар. Бұған жол бойына, көшелерге, кәсіпорындары мен мекемелердің маңдайшаларындағы белгілер, көрсеткіштер және әлеуметтік топтардың өздеріне тән киім түрлері мен формалары, зночоктар мен гербтер, әскери белгілер, түрлі жалаулар арқылы берілетін сигналдар, ен  -  таңбалар жатады.
Ақша таңбалар. Бұған әр елдің, әр дәуірдің қағаз, күміс, бақыр ақшалары жатады.Сәуле таңбалар. Бұған жарық арқылы берілетін әр түрлі белгілер, сигналдар  -  бағдаршамдар, су жолында қолданылатын маяктар, бакендер (су бетіне қауіпті жерлерге қойылатын қалқыма шырақтар) жатады.
       Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің таңбалық сипаты дегеніміз не?
2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады?
3. Тілдің таңбалық сипаты туралы пікір айтушылар кімдер?
      Ұсынылатын   әдебиеттер:
1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975
2. М.Березин. История лингвистических учении., М.,1975
3. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979

17,18,19  дәріс тақырыбы: Тіл және қоғам.

1. Дыбыс тілінің пайда болуы.
2. Тіл және этникалық бірлік.
3. Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері.

Қоғамсыз тіл болмайды, тілсіз қоғам да болмайды деген қағида қазіргі заман тіл білімінде берік орын тепкен, талассыз тұжырым деуге болады. Тілдің қоғамдық мәні жөніндегі алғашқы бұлдыр болжам ежелгі заман ойшылдарынан басталғанымен, тілді қоғамдық құбылыс деп санау, тіл мен қоғам байланысын арнаулы проблема етіп көтеру 19 ғасырдан ғана басталды.
Дыбыс тілінің пайда болуы. Дыбыс тілінің шығуына байланысты олар айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай  -  қайсысы да ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да тіл  -  адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама  -  қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті.
    Тіл ғылымында тілді адамдардың этикалық бірліктерінің атымен ру тілі, тайпа тілі, халық тілі, ұлт тілі, туыстас тілдер семьясы деп атаушылық бар.Тілдерді былай бөлу  -  этникалық тұрғыдан сипаттағандық.
   Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері. Адамдардың қоғамдық бірліктері сияқты олардың тілдері де бір  -  бірінен ажырап бөлшектену, қосылып бірігу жолынан өткен.Тілдің қай  -  қайсысы да осы күнгі дәрежесінде пайда бола қалмаған.
         Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің қоғамдық мәні жөніндегі алғашқы болжам, тіл мен қоғам байланысын арнаулы проблема етіп көтеру қай кезден басталды?
2. Тіл табиғатына қарай қандай құбылыстар қатарына жатады?
      Ұсынылатын   әдебиеттер:
1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996
2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993
3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975

20 дәріс тақырыбы: Билингвизм.

1. Тіл біліміндегі билингвизм мәселесі.
2. Креол тілдер туралы.
3. Креол тілдерінің пайда болу себептері.

       Көп ұлтты мемлекеттерде әр түрлі ұлт өкілдері бір  -  бірімен қатынас жасау үшін, өзінің ана тілінен басқа тілді де, өзімен аралас  -  құралас халық тілін де білу қажеттігі туады.Сөйтіп, өздерінің күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдана береді.Осыдан барып екітілдік немесе көптілділік пайда болады.Ол  -  тіл білімінде билингвизм деп аталады.
        Екі немесе одан да көп тілді қолданушылар жеке адамдар болуы да, бүкіл этникалық қауым болуы да мүмкін.Кеңестер Одағы  -  көп ұлтты мемлекет болды.Мұндағы әр түрлі ұлттар бір  -  бірімен қарым  -  қатынас жасау үшін, орыс тілін пайдаланды.Сөйтіп, орыс тілі  -  орыс ұлтының ана тілі болуымен қатар, екінші жағынан, Кеңес заманында халықтардың ұлтаралық тіліне де айналды.
       Африка, Оңтүстік  -  Шығыс Азия, Океания, Латын Америкасы жеріндегі Испания, Португалия, Франция отаршыларының ұрпағы  -  креолдардың тілдері. Креол тілдердің пайда болуы тілдердің пиджинделу процесімен, яғни пиджин (ағылшынның бұрмаланған business іс сөзінен) тілдердің қалыптасуымен байланысты.
         Бақылау сұрақтары:
1. Тіл біліміндегі билингвизм мәселесі туралы не білесің?
2. Креол тілдер қалай пайда болған?

          Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

21,22  дәріс тақырыбы: Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл.

1. Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері.
2. Жаргон  -  тілдің әлеуметтік бір жарқыншағы.
3. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл.
4.Ғылыми  -  публицистикалық, көркем туындылар тілі (дұрысы  -  стилі), соңғысын өз ішінен прозалық, драмалық, поэтикалық тіл (стиль) сипаттары

          Диалект - жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілдің өзіндік дыбыстық, сөздік, грамматикалық ерекшеліктері бар саласы. Диалектілер негізінде тілдік қауым қоныс ыңғайына қарай әр түрлі аймақтарға бөлінеді. Диалектінің мұндай түрі жергілікті диалект деп аталады.Жергілікті диалектіге белгілі бір аймақта тұратын адамдар тілінде кездесетін ерекшеліктердің жиынтығы жатады.
      Тіл бүкіл этникалық бірліктегілердің барлығына да ортақ, бәріне бірдей қызмет етеді, ал, диалект оның белгілі бір аймақта тұратын бір бөлігіне ғана қызмет етеді.  Жалпыхалықтық тілдер сияқты жергілікті диалектілер де тарих құбылыс.Олар да қоғам дамуының белгілі бір тарихи дәуірінің жемісі.       	Жалпыхалықтық тілдің жергілікті диалектілерге қарағанда қызметі жағынан да, ерекшелігі жағынан да, қолданушы қауымның сандық шамасы жағынан да, едәуір шағын көлемді тармағы әлеуметтік диалектілер.Әлеуметтік диалектілерге кәсіби, жаргондық ерекшеліктер жатады.Кәсіби лексика - әдеби тіл сөздігінің бір саласы және оның әдеби тілге жаттығы да жоқ.Әр кәсіпорындарының өз ерекшеліктеріне лайықты қолданатын атауыш сөздері - әдеби тілдің байлығы.
     Жаргон  -  тілдің әлеуметтік бір жарқыншағы.Бұл табиғаты жағынан да, қызметі жағынан да, шығу төркіні жағынан да, қызметі жағынан да, шығу төркіні жағынан да диалектілерден мейлінше өзгеше.
       Бақылау сұрақтары:
1. Жергілікті диалект дегеніміз не?
2. Диалектілер неге  тарих құбылысқа жатады?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж
3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975

23,24,25   дәріс тақырыбы: Тілдің даму заңдылығы.

1. Тілдің дамуының заңдылықтары.
2.Лексиканың дамуы.Фонетиканың дамуы.
3.Грамматиканың дамуы.

      Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсьісынан болса да өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: біріншісі  --  ор тілдің өзіндік байырғы материаддары негізінде, екінші  --  басқа тілдерден сөздер қабылдау негізінде.Тілдің сөздік құрамы өзгергіш дегеннен оның барлық, саласы, барлық қабаты бірдей дәрежеде өзгереді деген қорытынды шықпайды. Фонетикалық ауытқу екі түрлі болады: 
а) алдыңғы үрпақ тілінде өзара жақын болғанымен, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты кейінгі үрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде қолдануы. Бұл  --  тіл білімде конвергенция деп аталады; ә) алдыңғы үрпақ тілінде бір дыбыс немесе бір дыбыстың басқа түрі ғана болып келгендер кейінгі үрпақ тілінде екі бөлек дыбыс болып кетуі мүмкін. Бүл  --  дивергенция деп аталады.
      Тіл дыбыстарының қай-қайсысы да сөйлеу органдарының артикуляциясы арқылы жасалатыны белгілі. Тілдегі әрбір дыбыстың сол тілде сөйлейтін барлық адамға ортақ, қалыптасқан артикуляциясы болады.Грамматиканың дамуы. Тілдердің грамматикалық құрылыстарының тұрақтылығы, оның өте баяу өзгеретінін тіл ғалымдары өткен ғасырлардың өзінде-ақ байқаған.      
      Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің дамуының қандай заңдылықтары бпр?
2.Лексиканың дамуы, фонетиканың дамуы туралы не білесің?
3.Грамматиканың қалай дамыған?


      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

26,27   дәріс тақырыбы: Тіл білімінің зерттеу методтары.

1. Ғылыми зерттеудің нысанды танып  -  білу үшін іске асырылды әрекетттер
2. Зерттеуде әр түрлі амал  -  тәсілдер
3. Тіл білімінің әдістері, олардың түрлері

      Сипаттама әдіс  -  тіл білімі әдістері ішіндегі ең көнесі. Структуралық әдіс. Бұл әдіс тіл білімінде 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап қолданыла бастады.Бірақ ол ғылыми зерттеу әдісі ретінде басқа ғылымдарда бұрыннан қолданылып келген, тіл біліміне солардан ауысқан әдіс.Құрылымдық әдіс бұл күнде дүние жүзіне кең тарап, тіл біліміндегі ағым ретінде құрылымдық тіл білімі немесе структуализм деп те аталып жүр.	 Ал, дискреттік (латынша  -  бөлшектік) талдауда құрылымдық элементтер әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең ұсақ элементтерге дейін жіктеледі.
       Салыстырмалы әдіс. Фактілерді бір-бірімен салыстыра тексеру  -  ғылыми зерттеу атаулының бәріне де қажетті тәсіл.  Тарихи-салыстырмалы әдіс. Кейбір әдебиеттерде зерттеудің бұл түрін тарихи әдіс деп те атайды.
      Типологиялық тіл білімі  -  тілдердің шығу тегіндегі өзара қатынасының қандай екеніне қарамастан, олардың құрылымдық және функционалдық белгілерін салыстыра зерттеу нәтижесінде 19 ғасырдың орта шенінде туған.
     Ареалдық тіл білімі  -  (лат.аrea  -  кеңістік, аудан)  -  лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы, 19 ғ. 2  -  жартысы мен 20 ғ. басында пайда болған.
       Структуралық тіл білімі  -  тілді таңбалар жүйесі деген қағидаға және тіл құрылымындағы жігі айқын элементтерге сүйене отырып, олардың формалды жағын қатаң түрде зерттейтін тіл білімінің саласы.
      Психологиялық Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында << Тіл туралы жаңа ілім >> немесе << Яфет тіл ғылымы >> деп аталады. Бұл бағыт 19 ғасырдың орта шенінде пайда болған.
          
           Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің дамуының қандай заңдылықтары бпр?
2.Лексиканың дамуы, фонетиканың дамуы туралы не білесің?
3.Грамматиканың қалай дамыған?
         Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

       28,29 дәріс тақырыбы: Әлемдік тілдер.
1.Әр ғасырда даму кажеттілігінен туған ұлтаралық тілдердің даму қажеттілігі.
2. Волапюк, эсперанто ұғымы.
3. Жасанды тілдер немесе эсперанто тілі

           Қоғамның, ғылым мен техниканың, халықтар қатынасының дамуы түрлі халықаралық кеңестердің, ұйымдардың, информацияның молаюы әлемдік тілдің болуын қай замандардағыдан да молырақ қажет етуде.
Қазіргі заманда кейбір ұлтаралық тілдердің бір мемлекет шеңберінде қалмай, дүние жүзінің түрлі аймақтарына таралу фактілері бар. Антикалық Еуропада латын тілінің бүкіл Еуропа халықтарына канондық тіл болғаны сияқты, араб тілі де ислам діні тараған аудандар үшін канондық тіл болған, 17-18 ғасырларда жер шарының әр түрлі аймақтарына кең тараған испан, француз, неміс тілдері болса, 19 ғасырда мұндай дәрежеге ағылшын тілі, 20 ғасырда орыс тілі көтеріліп отыр. Солардың ішіндегі ең елеулісі  -  волапюк, эсперанто деп аталатындар.Мұның алғашқысы - әлемдік тіл деген мағынаны білдіретін ағылшынның вола, пюк деген екі сөзінің бірігуінен жасалған.Бұл жобаны 1880 жылы неміс католигі Шлейер жасаған.Кейбір әдебиеттерде бұл жасанды тілді 200 мыңдай адам қолданған дегенді айтады.Бірақ волапюк өріс ала алған жоқ.	Жасанды тілдер ішінде көптеген елдерде тарап, кең етек алған қазіргі түрі эсперанто деп аталады. Эсперанто 19 ғасырдың екінші жартысынан бері қарай белгілі болып келеді.
         Бақылау сұрақтары:
1. Әлемдік тілдер туралы қандай мәліметтер бар?
2. Жасанды тілдер дегеніміз не?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж
4. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975
30  дәріс тақырыбы: Тілдік одақ. Қазіргі кездегі тілдік одақтар. Тілдік одақтардың пайда болуы тарихы. Ностратикалық тілдер.

1. Тілдік одақтың пайда болу себептері
2. Тілдік одақ түрлері
3. Тілдік ұқсастық
4. Ностратикалық тілдер семьясының пайда болу жолы, зерттелу кезеңдері.

      Тілдік одақ дегеніміз  -  шыққан тегіндегі жақындық бойынша емес, біртұтас географиялық кеңістікте бір-бірімен ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болған тілдердің белгілі дәрежеде құрылымдық және материалдық ұқсастығына негізделген тілдердің тарихи бірлігі. Тілдік одақ және тіл семьясы деген ұғымдар бірдей емес.
     Қазіргі кезде белгілі тілдік одақтар мыналар: Балқан тілдік одағы  -  оған үндіеуропа семьясындағы әр түрлі топтарға кіретін болғар, македон, сербехорбат, албан, жаңа грек тілдері жатады. Еділ тілдік одағы  -  оған фин-угор семьясына кіретін марий, удмурт тілдері, түркі семьясына кіретін башқұрт, татар, чуваш тілдері жатады. Орталық Азия жеріндегі әр түрлі семьяға кіретін иран, үндіарий, дравид, тибет-қытай тілдері жатады. Тілдік одақтар Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Океания аймақтарында да қалыптасқаны туралы деректер бар.
      Тілдік одақ туралы идея Бодуэн де Куртенэнің еңбектерінде берілген. <<Тілдік одақ>> терминін алғаш қалыптастырған Н.С. Трубецкой. Ол тіл семьясынан тілдік одақты айырып қарау қажеттігін айтқан. Тілдік одақ мәселесімен кейін Р.О. Якобсон, В.Скаличка, А.В. Десницкая, Б.А. Серебренников, Г.В. Церетели т.б. ғалымдар шұғылданған.    
Бақылау сұрақтары:
1.Тілдік одақ дегеніміз не?
2. Ностратикалық тілдер жайлы не білесің?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996
2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993
3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975


3 Тәжірибелік сабақтар

№1 тақырыбы:  



Мақсаты:  Жалпы тіл білімінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері, жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен қарым-қатынасы жайлы түсіндіру.
Әдістемелік нұсқаулар:     Жалпы тіл білімі  -  лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол  -  бүкіл  лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Жалпы тіл білімі  1963 жылдан бастап енгізілді. Бұл пәннің мақсаты  -  студенттерге теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру. 
       Тіл білімі салалары: Интралингвистика тілдің ішкі жүйелілік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Интралингвистиканың негізгі салалары  -  фонетика, лексикология, грамматика. Экстралингвистика тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Менталингвистика тіл менойлаудың қарым-қатынасын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді.
      Бақылау сұрақтары:
1. Жалпы тіл білімі қашан қалыптаса бастады?
2. Жалпы тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001
2.В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974
3.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999

№2 тақырыбы:.Қазіргі заман тіл біліміндегі салалар.

Мақсаты:  Лингвистиканың объектісі мен салалары. Лингвистиканың объектісі  -  адамдардың дыбысты тілі жайлы айту. 
Әдістемелік нұсқаулар:Лингвистика тілдің құрылымын да, функциялық сипаттарын да, даму заңдылықтарын да, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-санамен, мәдениетпен қарым-қатынасын да жан-жақты зерттейді. Дыбысты тіл  -  күрделі құбылыс. Оны бір ғана тәсілмен, бір бағытта зерттеу арқылы танып-білу мүмкін емес. Лингвистикада тіл білімін жеке тіл білімі және жалпы тіл білімі деп екіге бөледі. Жеке тіл білімі сол тілдің немесе туыстас тілдердің атымен аталады: қазақ тіл білімі, өзбек тіл білімі немесе түркітану т.б.Лингвистиканың жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін саласы  -  жалпы тіл білімі деп аталады. 

     
      Бақылау сұрақтары:
1. Лингвистиканың объектісі мен салаларына не жатады?
2. Жалпы тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады?
      Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001
2.В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974
3.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999

№3тақырыбы: Ежелгі Қытай лингвистикасы.

    Мақсаты: Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігін атап көрсету.
     Әдістемелік нұсқаулар: Қытай  -  мәдениеті ғылыми ой  -  пікірі ерте дамыған, дүниежүзілік өркениетке зор үлесқосқан ежелгі ел. Қытайдың жазба ескеркіштері біздің заманнан  ХV ғасыр бұрын пайда болған. 
Ат қою теориясы мен грамматилық өнер теориясы  Ежелгі Қытайда да болған. Ежелгі Қытай лингвистикасының міндеті  -  тілдегі әр  сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағыналарын, оларды қалаай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған. Біздің заманға жеткен сондай сөздіктің бірі және қытайлар үшін ең беделдісі  -  қытайша << Эрья>> деп аталатын сөздік. 
      Бақылау сұрақтары:
1. Мұнда қалыптасқан атау теориясы мен иероглифтік грамматикасын ата?
2.  Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігі қандай?
3. <<Эрья сөздігінің >> ерекшелігі?
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Амирова, Ольховиков Б. А.,  Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики  - М., 1975.
2.Березин М. История лингвистических учении.  - М., 1975.
 Методы лингвистических исследовании.  - М., 1973.
 3.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту.  - А., 1985.

№4 тақырыбы: Ежелгі Үнді тіл білімі.
Мақсаты: Студенттерге көне үнді тіл білімі туралы жан-жақты мәлімтер беру, түсіндіру, баяндау.Оны қазақ тіл білімімен байланыстыру
Әдістемелік нұсқаулар: Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы V ғасырдан басталады. Үнділердің өте ерте ежелгі дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған << Веда >> деп аталатын кітаптары болған.VI ғасырларда белгілі болған бұл жинақты үнділер қасиетті, киелі деп санаған және қазір де солай санаушылық бар көрінеді. Бұл киелі жырлар тілінде сол уақыттағы үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің аса атақты лингвисі Яски мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманға жетті.
    	Бақылау сұрақтары:
1.  Көне үнді тіл білімі. Оны туғызған себептер.
2. Яски мен Панини еңбектері.
3. Панини жазған санскрит грамматикасының мәні.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Амирова, Б.А.Ольховиков, Ю.В.Рождественский. Очерки по истории  	лингвистики. - М.,1975.
2. М.Березин.История лингвистических учении.М.,1975
3. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
4. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

№5 тақырыбы: Ежелгі Грек тіл білімі.
Мақсаты: Лингвистика ғылымына Грек тіл білімінің әсері жайлы айту.

 Әдістемелік нұсқаулар: Ежелгі дәуір лингвистиккасының тағы бір Отаны Ежелгі  Греция. Грецияда туған лингвистикалық ой  - пікір бүкіл Европа лингвистикасының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. 
Ғалымдардың айтуына қарағанда Греция лингвистикасы Гомердің <<Илиада>> мен <<Одиссея>> жырының тілін зерттеуден басталады. 
 	Әдетте, Греция лингвистикасын екі кезеңге бөліп қарастырушылық бар. Оның бірі-  философиялық кезең, екіншісі  -  филологиялық кезең деп аталады. Грек ғалымдары көтерген тағы бір лингвистикалық проблема  -  грамматика мәселелері. 
Бақылыу сұрақтары:
1. Грек тіл білімінің негізгі объектілерін ата?
2. Атау теориясы, тілдің шығуы дегеніміз не?
3. Александрия тіл мектебі, оның өкілдерін ата?
Пайдаланған әдебиеттер:  
* Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
* Вандриес Ж Язык. Лингвистическое введение в историю. -М.2001
3. Теоретическое  проблемы  языкознание. <<Наука>>, Москва , 1970ж

№6 тақырыбы: Орта ғасыр тіл білімі.
Мақсаты: Орта ғасыр лингвистикасының маңызын көрсету.
 Әдістемелік нұсқаулар: Орта ғасыр  -  адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір. 
Орта ғасырдың өзіндік біл ерекшелігі  -  әр түрлі діндердің туып. Дүние жүзілік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам, христиан, діндерін жатқызуға болады.Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет  -  парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі деп жарияланды. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят  -  хадистарды мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа біліп, құдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Бұл тіл лингвистикада канондық тіл деп аталады. 
Бақылау сұрақтары:
1. Әлемдік діндердің канондық тілдер қалай пайда болды?, 
2.олардың тіл біліміне тигізетін әсері қандай болды?
3. Схоластикалық бағыттың ықпалдары. Реалистік номиналистік 	бағыттар?
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Амирова, Б А Альхова,  ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики. - М 1975.
2.М. Березин. История лингвистических учении.- М 1975
Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі  А 2001
                                                 3.  Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985.

№7 тақырыбы: Араб тіл білімі.
Мақсаты: Араб тіл білімінің дамуын, оның жалпы тіл білімінде алатын орнын, грамматикалық жүйесінен мағлұмат беру.
 Әдістемелік нұсқаулар: Араб тіл білімі халифат дәуірінде (VІІ-ХІІ ғасырлар) дамыды. Арабтардың тіл туралы алғашқы еңбектері Ефрат пен Тигр бойындағы Баср және Куф қалаларында шықты. Бұл екі қалада грамматикалық екі мектеп  -  екі бағыт пайда болды. Олар өзара бір-бірімен түрлі мәселелер жөнінде айтысқа түсіп, пікір алысып отырды. Кейіннен грамматикалық ғылым орталығы Араб халифатының сол кездегі астанасы Бағдатқа көшті.Баср мектебінің өкілі Сибавейхи <<Аль-Китаб>> деген үлкен еңбек жазды. Мұнда 1000-нан астам өлең бар. 
 	Бақылау сұрақтары:
1. Араб тіл білімі қай дәуірде дамыды?
2. Араб тіл білімінің өкілдері?
3. Махмұт Қашқари сөздігінің маңызы?
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 	1985
2.Вандриес Ж Язык. Лингвистическое введение в историю Изд. УРСС, 	М. 2001

№8 тақырыбы: Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі. XVII-XVIII ғасыр тіл білімі.
Мақсаты: Бұл дәуірдегі тіл білімінің проблемаларын ашып көрсету
 Әдістемелік нұсқаулар:Қайта өркендеу дәуірі ХV- XVI ғ арасын қамтиды. Бұл  - қоғам дамуында орта ғасырдың аяқталып, жаңа тарихтың, буржуазиялық қоғамның басталған кезеңі. Қайта өркендеу дәуірі бүкіл қоғам өмірінің басқа да салалары сияқты лингвистика үшін де жаңа, даму дәуірі болды. Бұл дәуірдің лингвистикалық проблемасы: а) Ұлттық тілдердің қалыптасып, дамуы,ә) Бұрын ежелгі дәуірдің лингвистикалық ой  -  пікірін көркейтіп, қайта дамыту болды.
   	Универсалды грамматика. Бұл еңбекті француз ғалымдары  -  логик, философ. Профессор Антуан Арне мен грамматист, философ Колод Лансле екеуі бірігіп жазған. Бұлар өз заманында Франциядағы ғылым мен ағарту істерінің орталығы болған Пор  -  Рояль монастынрының ғалымдары болғандықтан және сол монастырда шыққандықтан, оны <<Пор  -  Рояль грамматикасы >> деп те, <<  Рационалды жалпы грамматика>>  деп атайды.   
Тіл білімінің міндеті  -  барлық тілдерді бір ған грамматикаға тәуелді ету емес, тілдер арсындағы бірлік пен ұқсастықты айқындау.
Бақылау сұрақтары:
1. Қайта өркендеу дәуірінің ерекшелігі?
2  Бұл дәуірдегі тіл білімінің проблемалары
 	3. Универсалды грамматика еңбегі туралы не айтасын?
Пайдаланған әдебиеттер
1.Амирова, Б А Альхова,  ЮВ Рождественский. Очерки по истории лингвистики М 1975
2.М. Березин. История лингвистических учении М 1975
3.ҚалиевҒ Жалпы тіл білімі  А 2001
4.В.И. Кодухов. Общее языкознания. М 1974.

№9 тақырыбы: XIX ғасыр тіл білімі. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі.

Мақсаты: Мұның көздейтін мақсаты тілдер туыстығына көңіл бөле алатын тілдік материалдарды студенттерге меңгерту. Салыстырмалы тарихи тіл білімі дамуының үш кезеңіне көңіл бөліп, көздеген мақсатқа жету. 
 Әдістемелік нұсқаулар: Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бет бұрыс болған бұл жайт XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында орын тебе бастады.
1861жылы неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, греман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. 
Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың екіншісі Дания ғалымы Расмус Раск. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі  --  неміс ғалымы Якоб Гримм, Бұл ғалымның төрт томнан тұратын <<Неміс грамматикасы>> атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады. 
Салыстырмалы әдісті тіл білімінің зерттеу әдісіне айналдыруда славян тілдерінің маманы А. X. Востоковтың да еңбегі бар.

Бақылау  сұрақтары:
1.Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушыларды атаңыз.
2. Дания ғалымы Расмус Расктің қандай еңбегі бар және ол тілдер туыстығы туралы не дейді?
3.Тілдер қарым-қатнасы арқылы пайда болатын ұқсастық, бірлік дегеніміз не?
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
* Амирова, Б.А.Ольховиков, Ю.В.Рождествинскии. Очерки по истории лингвистикии. М, 1975
* Н.Березин. История лингвистических учении. М, 1975
* Т.Қордабаев. Жалпы тіл білімі. А,1983

№10 тақырыбы: ХІХ ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдары.
Мақсаты: ХІХ ғасыр лингвистикасындағы ағымдардың даму жолдары көрсету.
 Әдістемелік нұсқаулар: Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда ХІХ ғасырдың екінщі жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген екінші бағыт  -  психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі 
психолизм ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрнекті лингвистердің көбі осы бағытты жақтады.Жас грамматикалық бағыт 70 жылдарынан бастап қалыптасты. Қазан  және Мәскеу тіл білімі мектептері. Бұл Қазан қаласындағы университете ХІХ ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған демеу беруші поляк лингвисі,  Қазан университетінің  профессоры Иван Алексанрович Бодуэн де Куртенэ.  	 Мәскеу лингвистикалық мектебі. Мәскеу лингвистикалық мектебін ХІХ ғ 70 -80 ж Москва университетінің ғалымдары қалыптастырды. 
Бақылаусұрақтары:
1. Натуралистік немесе биологиялық көзқарас дегеніміз не?
2. Жас грамматикалық бағыт дегеніміз не?
3. Қазан  және Мәскеу тіл білімі мектептерінің маңызы?
4. Мәскеу лингвистикалық мектебі?

Пайдаланған әдебиеттер
		1. Амирова, Б А Альхова,  ЮВ Рождественский. Очерки по истории 			лингвистики М 1975
	2.  М. Березин. История лингвистических учении М 1975
3. Почепцев ГГ Теория коммуникации . Изд. <<Ваклер>>, М 2001
		4. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ  -  ХХ в в очерках и 				извлечениях. Ч І,ІІ Учпедгиз, <<Просвещение>>, М 1960,1965.


 №11 тақырыбы: XX ғасыр тіл білімі
 Мақсаты: XX ғасыр тіл білімі туралы толық мәліметтер беру.
 Әдістемелік нұсқаулар: Сөздер мен заттар. Бұл - тіл білімі тарихында жас грамматикалық бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту ұранын тұңғыш көтерген мектеп. Бұл мектептің ең көрнекті өкілі  -  роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гуго Шухардт (1842-1927).
	20 ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі  -  эстетизм немесе эстетикалық лингвистика.Оның қалыптастырушысы  -  неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949).
	Неолингвизм де жас граматизм бағытына қарсы 20 ғасырдың бас кезінде қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946),  Джулиано Бонфанте (1904 ж.), В.Пизани (1899 ж) т.б.
    Социологиялық мектеп. Бұл мектеп тілдің қоғамдық сипатын, әлеуметтік мәні барлығын мойындаудан туған. 
   Бақылау сұрақтары:
1.Сөздер мен заттар мектебінің ұстанымы қандай?
2. Эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы кімдер?
3.Ностратикалық тілдердің генетикалық туыстығы неден байқалады?
4.   Социологиялық мектеп қалай пайда болды?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Амирова, Б А Альхова,  ЮВ Рождественский. Очерки по истории 		лингвистики М 1975
2.  М. Березин. История лингвистических учении М 1975
3. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ  -  ХХ в в очерках и 		извлечениях. Ч І,ІІ Учпедгиз, <<Просвещение>>, М 1960,1965.

№12 тақырыбы: Кеңестік тіл білімі.
Мақсаты: Студенттерге кеңес тіл білімі туралы жан-жақты мәлімтер беру, түсіндіру, баяндау.Оны қазіргі қазақ тіл білімімен байланыстыру;
 Әдістемелік нұсқаулар: Кеңес лингвистері алдында маркстік-лениндік тіл білімін дамыту міндеті тұрды.Кеңес тіл білімі дүние жүзілік лингвистикада  бірінші  болып  ұлт тілі  , ұлт тілдерінің  болашағы , олардың  өзара қарым  - қатынасы  , бір  - біріне тигізетін  әсері тәріздес  күрделі проблемаларды  зерттеуде де  елеулі табыстарға жетті.
    	Жиырмасыншы, отызыншы жылдары совет тіл білімінде бір-бірінің ісіне сын көзімен қарайтын бірнеше лингвистикалық бағыт болды.    	   	Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт кеңес тіл білімі тарихында << Тіл туралы жаңа ілім >> немесе << Яфет тіл ғылымы >> деп аталады. Ол маркстік-лениндік идеяны басшылыққа алған тіл білімін қалыптастыру мақсатындағы ізденістер барысында дүниеге келді.
Бақылау сұрақтары:
1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды?
2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты?
3.Совет тіл білімінің ерекшелігі неде?
4.Кеңес тіл білімінің дамуы жайында жазылған қандай еңбектер бар?
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. <<Очерки по истории лингвистики>> М.,1975
2. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979
3. Қалиев Б. <<Жалпы тіл білімі>> Алматы 2000ж

№13 тақырыбы: Тіл білімінің басқа ғылым салаларымен байланысы.
Мақсаты: Тіл білімі ғылым тобын басқа ғылымдардан ажырату.
 Әдістемелік нұсқаулар: Тіл білімінің даму тарихында тіл білімін қай ғылым тобына қосамыз деген сұрауға әр түрлі жауаптар беріліп келді.
       Тіл білімі және философия. Қазіргі кездегі тіл білімі философияның тіл философиясы дейтін тарауымен байланысады.
       Тіл білімі және логика. Тіл білімі мен логиканың түйісетін жері  -  тіл мен ойлаудың арақатысы мәселесі.     Тіл білімі және психология.    Тіл білімі және физиология, физика, медицина. Сөйлеу әрекеті  -  физиологиялық күрделі үдеріс.Оған мидың да, сөйлеу органдарының да, нерві жүйесінің де қатысы бар. Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы. Әдебиет пен тіл  -  айрылмас бірліктегі құбытлыстар. Тіл білімі және тарих, этнография, археология. Тілдің тарихи дамуын зерттеу сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған халықтың тарихымен тығыз байланысты.
          Бақылау сұрақтары:
1. Тіл білімінің философиямен бірлігі неден көрінеді?
2. Тіл мен ойлаудың  қатынасы неден көрінеді?
3. Психологияның тіл білімімімен ұштасуы қалай?
       Ұсынылатын   әдебиеттер:
1. М.Березин.,Б.Н.Головин. <<Общее языкознание>> М.,1979
2. Қалиев Б. <<Жалпы тіл білімі>> Алматы 2000ж
3. В.И.Кодухов <<Общее языкознание>> М.,1974

№14 тақырыбы: Тіл теориясы.
Мақсаты: Тіл теориясы жайлы жан-жақты мағлұмат беру.
 Әдістемелік нұсқаулар:   Тіл теориясы  -  тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым.    Дыбыс тілінің пайда болуы. Дыбыс тілінің шығуына байланысты олар айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай  -  қайсысы да ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да тіл  -  адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама  -  қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті. Адам қоғамы тарихының осы қиын да күрделі проблемасына байланысты айтылған бірден  -  бір ғылыми дұрыс болжамды Ф.Энгельстің <<Маймылдың адамға айналуы процесіндегі еңбектің рөлі>>, <<Табиғат диалектикасы>> атты зерттеулерінен табуға болады.
       Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің қызметіне не жатады?
2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады?
3. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына  -  қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады.
        Ұсынылатын   әдебиеттер:
1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975
2. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979
4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы., 2000ж.
5. В.И.Кодухов.Общее языкознания. М.,1974

№15 тақырыбы: Тіл және қоғам. 
Мақсаты: Тіл білімі ғылым тобын басқа ғылымдардан ажырату.
 Әдістемелік нұсқаулар: Қоғамдық құбылыстардың барлығы да қоғамға қызмет етеді, қоғамдық қажеттікті өтейді.Қоғамдық қызметтерінің сипатына қарай әр қоғамдық құбылыстың өзіне ғана тән өзгешелігі болады.Сондай өзгешелік тілде де бар.
Басқа қоғамдық құбылыстар қоғамға қызмет еткенде, тек белгілі бір салада, бір бағытта ғана қызмет етеді.Мысалы, базис қоғамға экономика тұрғысынан, қондырма қоғамға саяси, заңдық, эстетикалық және басқа идеялар арқылы қызмет етеді, ал, тіл адамдардың қатынас құралы ретінде қоғам өмірінің барлық саласымен де, қоғам мүшелерінің барлық ісімен де тікелей байланысты.Ол қоғамдық тіршіліктің барлық саласында бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді.Бұл  -  тілдің өзіндік мәні, басқа қоғамдық құбылыстардан елеулі өзгешелігі. Тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі тағы бір белгісі  -  қоғамдық сананы білдіретіндігі.Тіл қоғамға қызмет ететін болғандықтан, қоғам өмірінде болған өзгеріс- құбылыстар, белгілі мөлшерде тілде де әсерін тигізеді, онда өзінің ізін қалдырады.
    Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің қызметіне не жатады?
2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады?
3. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына  -  қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады.
        Ұсынылатын   әдебиеттер:
1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский. Очерки по истории лингвистики.М.,1975
2. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979
4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы., 2000ж.
5. В.И.Кодухов.Общее языкознания. М.,1974

5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

СӨЖ
Тексеру формасы.
1. Жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен қарым-қатынасы.

Жаттығу жұмыстары
2. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер.
Конспект
3.Панини жазған санскрит грамматикасының мәні.
Реферат
4. Грек тіл  білімі.

Реферат
5. ХІ ғ. еңбек <<Диуани лұғат-ат-түрік>> -арабша сөздігінің маңызы.
Конспект
6. Араб тілінің дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің маңызы.
Реферат
7. Қайта өркендеу дәуірінің  лингвистикалық проблемасы.
Конспект
8. XIX ғ.ғалымдардың еңбектеріне шолу.
Реферат
9. Типологиялық зерттеу.
Жаттығу жұмыстары, конспект
10.Москва және Қазан лингвистикалық мектебі
Реферат
11.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистика.Неолингвизм.
Реферат
12. Тіл білімінің басқа ғылым      салаларымен байланысы.
Реферат
13. Тіл және сөйлеу.
Конспект
14. Тілдің ой-санамен қарым-қатысы.Тілдік мағына.
Конспект
15. Тілдің таңбалық сипаты.
Конспект
16. Тілдің жүйелік, құрылымдық сипаты.
Конспект
17. Тілдің даму заңдылығы.
Слайд
18. Тілдің әр саласының даму ерекшеліктері.
Реферат
19. Тіл білімінің зерттеу методтары.
Конспект
20. Тілдік  одақ.
Конспект

Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстары

1.
Жалпы тіл білімінің пәндік ерекшеліктері.
2.
Ежелгі дәуір лингвистикасы.

3.
Үндістан тіл білімі туралы пікірлер.
4.
Рим тіл білімі.

5.
Әл-Фараби тіл білімнің бірқатар теориялық және практикалық мәселелері бойынша да маңызды зерттеулері.
6.
Араб грамматикасы
7.
Универсал грамматика.
8.
Салыстырмалы  - тарихи тіл білімінің бастауы
9.
Тіл философиясы.
10.
Жас грамматикалық бағыт.
11.
Социологиялық мектеп. Структуралық мектеп.
12.
Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастырудағы  академик Н.Я.Мардың  рөлі.
13.
Билингвизм.
14.
Әлемдік тілдер.
15
Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл. Әдеби тіл.
      



Пәндер