Файл қосу
Ақпараттық кеңістік - ақпараттуындайтын, орын ауыстыратын және қолданылатын кеңістік
ГЛОССАРИЙ Автодидактика (гр. Autos - өзім + didactos - оқытылған) - оқу іс-әрекетінің субъекті қолданатын (өздігінен білім алу процесінде) және өнімді деп қабылдайтын, оның меңгерген оқу әдістері мен тәсілдерінің жиыны немесе жұйесі Автоматтандырылған оқу жүйесі - оқытуды дараландыру ұшін арналған, компьютерлік негіздегі техникалық, оқу-әдістемелік, лингвистикалық, бағдарламалық пен ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету кешені автоматтандырылған оқу жүйесі Автономды оқу тобы - өзінен тыс жерден, сырттан келетін колдаусыз, қандай да болсын ынталандырусыз, жетекшіліксіз әрекет ете алатып оқушылар жиыны. Акмеология - адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптілік шыңга жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым; жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық пәндер тоғысында пайда болған, белгілі бір іс-әрекет сферасында адамның жоғары дәрежеде акме дамуы жөнінде ғылым. Кемелденуді өздігінен білім алу, өзін-өзі түзету, өзін-өзі басқару құралдары арқылы өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілік деп қарастырады. Акселерация - жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан бұрын, тез қарқынмен үдеп жүруі; балалармен жас өспірімдердің жыныстың жетілуінің өсуі мен дамуының күрт жылдамдануы. Аномальды балалар - денесі мен психикасының дамуында мөлшерден біршама ауытқушылығы бар балалар, осының салдарынан дамудағы кемшіліктерді түзетуді және оның орнын толтыруды қамтамасыз ететін арнаулы жағдайларда тәрбие мен окуға мұқтажы бар. Антроподицея - П.А. Флоренскийдің адам мен адам ақылының құдіреті мен қуаты Алланың әлемді жаратуындағы басты мақсаты мен қорытындысы іспетті деп негіздейтін тұжырымдамасы Арнайы педагогика -- көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылым. Пед. ғылымында дефектология (лат. defectus -- жетімсіздік және грек. logos -- сөйлеу, оқу) деп те аталады. Ол төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика -- саңырау, мылқау балаларға, тифлопедагогика -- соқыр балаларға, олигофренопедагогика -- ақыл-ойы кеміс балаларға, логопедия -- тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейді.Табиғи кемтар балалар мемл. есебінен арнайы мектептерде тегін оқытылады. Ата-аналар комитеті - оқушылардың ата-аналарымен тұрақты және тығыз байланысты қамтамасыз ету мақсатымен құрылатын ата-аналар жұртшылығының органы Аффектілі тәрбие - арнаулы оқу курстары бойынша сабақтар сериясы арқылы сана мен мінез-құлықты қалыптастыру. Мысалы дау, қақтығысты шешуге үйрету курсы. Ақпараттық кибернетика педагогикасы - балаларды ақпарат әлеміне енгізуші және қазіргі кезгі білімдегі ақпараттық жүйелерді басқарудың мәселелерін өңдеуші педагогика. Ақпараттық кеңістік - ақпараттуындайтын, орын ауыстыратын және қолданылатын кеңістік. Ақпарат тасқынының бағыты мен жылдамдығы, оны қолдану және құру амалдары акпартгык кеңістік құрылымынаныктайды. Бұл кеңістктің құрылымы ғылым, БАҚ, білім беру кіретін қоғамның ақпараттық инфрақұрылымын көрсетеді. Бұл ұғымды В.И. Костюк енгізген. Ақпараттық қызмет - ақпараттық өнімдерді алу және оны тұтынушылар құзырына пайдалануға беру. Ақпараттық қызмет - ақпаратты жинау, өзгерту, сақтау, іздеу, тарату процестерінің жиынтығы. Білім беруді гуманитарландыру - оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, оқу-тәрбие процесін гуманизм идеясымен қанықтыру мүдделерін көздейтін оқу орындарында қоғамдық ғылымдарды (философия, саясаттану, әлеуметтану, психология, экономика, құқық және т.б.) оқыту мен меңгеруді жетілдірудің мақсатты бағыттағы процесі. Білім жүйесін диверси-фикациялау - демократияландыру мен нарық жағдайында білімді ұйымдастыру принципі. Диверсификация білім беру мекемелерінің әр түрлілігі мен әр нұсқалылығына жол береді білім, дағды және іскерлік беріктігі - практикада еркін қолдануда, оқушылардың жадында тұрақты бекітуді, оқу материалын игерудегі тыңғылықты білдіретін дидактиканың ұстанымы. Мұндай игеру жаңа білімдерді табысты меңгеруге мүмкіндік береді Балалар ойыны - міндеттелмейтін, балаларды қуаныш сезіміне бөлейтін, жеткен ойын нәтижесінен рахат алуға мүмкіндік беретін балалардың қарым-қатынас түрі, әрекеті, ісі. Олардың түрінің көп болуына қарамастын, оларды балалардын басқа әрекетінен айыратын көп ойын түрлеріне ортақ сипаты болады. Балалардың көркем өнерпаздықтары - өнердің әр түрлі түрімен сыныптан және мектептен тыс шуғылдану (музыка және ән салу, хореография, көркем сурет және театр) Балалар ұйымдары -- балалар мен жасөспірімдердің ерікті ұйымдары; қоғамдық ұйымның айрықша түрі, келесі белгілері ие болады: балалар мен ересектердің бірлескен қызметін жұзеге асыруына бағытталған кұндылық мұраттың (мақсаттың) болуы; ұйымға еркін ену және одна еркін шығу; бекітілген мұшелілік; ұйымдастырылған өзіндік, өзін-өзі басқару, бірлескен әлеуметтік шығармашылық; ұйымның әр мүшесі жағдайын анықтайтын нақты айқындалған құрылым; барлығына орнатылған нормалар, ережелер, сонымен қатар бірлескен қызметін жасаудағы кепілдемелі құқықтар (қызмет етудің түрлерін, формалары мен жолдарын таңдау құқығы); оның кұрамында кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың болуы; жарғының, бағдарламаның, ереженің болуы. Бастауыш кәсіби білім (БКБ) - негізгі жалпы білім беру базасында қоғамдық пайдалы қызметтің негізгі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшылар, қызметшілер) даярлау мақсатын көздейді. Бағалау -- оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бақылау локусы - адамның өз әрекеттерінің нәтижесіне жауапкершілікті сыртқы күштерге, жағдайларға (эксперименталдық) не өзінің қабілеттері мен күшіне жабуға тырысып тұруы. Бақылау локусы (түсінікті Д. Роттер ұсынған) индивидтің әлеуметтену процесінде қалыптасатын тұрақты қасиеті. Бейімделушілік - бейімделмеушілік - шығармашылықтағы қол жеткізілген нәтижелер мен мақсаттар арасындағы сәйкестілік - сәйкессіздік тенденциялары. Сәйкестілік мақсаттар мен міндеттердің келісуімен, ал сәйкессіздік - келіспеумен қарастырылады. Сәйкестілік деңгейі тәрбие мен оқыту, өмір жағдайы мен қалпы әсерінен төмендейді не жоғарылайды. Валидтілік - әдістеменің соны өлшеу үшін жасалған құбылысты өлшеуге жарамдылығы және тәжірибелік пайдалылығы жөніндегі мәліметтерді қамтитын зерттеу әдісінің кешенді сипаттамасы Дальтон-жоспар - XX г. басында АҚШ-та пайда болган жекелеп оқытудың бір түрі. Оқушылар жалпы сыныптық жұмыспен байланыстырылмайды. Олар өздерінің оқу жұмысын өздері жоспарлайды, жекелеген пәндердің оқытылу кезегін және жұмыс уақыттарының тәртібін өздері анықтайды. Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. Деликвент - әлеуметтік нормаларды бұзушы жасөспірімдерге қатынасты қолданылатын термин, егер тәртіп бұзушының жасаған бұзықтығы оны қылмыскер деп есептеуге және сот алдында жауапкершілікке тартуға жеткіліксіз болатын болса; қылмыстық жазаға тартылатындай аса шектен шыққан ауытқушылық мінез-құлығы бар субъект. Деонтология (гр. deon - қажеттілік және logos ілім; қажеттілік туралы ілім) - этиканың парыз, жалпы қажеттілік туралы (ізгілік талаптары білдіретіннің барлығы) қарастыратын бөлімі. Терминді алғаш Бентам жалпы ізгілік теориясын белгілеу ұшін қолданған. Деперсонализация (лат. de жоққа шығару, лат. persona -- тұлға) - өзінің сана-сезімін өзгерту. Ол жағдайда адамда өзінің сана-сезімін жоғалтқан сезімі туады және жақындарына, жұмысына, қатысты эмоционалдық жақындықтың болмауына қатысты уайымдайды. Психикалық тұрғыдан сау адамдарда қатты жүк түскенде деперсонализация жеңіл түрі байқалады Дидактика[1] (гр. διαλεκτική - тәлімді) - білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы. Дидактикалық материал - сыныпта немесе үйде өздігінен жұмыс істеу үшін оқушыларға таратылатын немесе бүкіл сынып алдында мұғалімнін көрсететін көрнекі оқу құралының ерекше үлгісі (көп жағдайда карталар, кестелер, мәтіндері, цифрлары және суреттері бар карточкалар, реактивтер, өсімдіктер, жануарлар және т.б.). Дидактикалық ойындар - оқыту мақсаттарын іске асыруға арналған арнаулы ойындар. Дидактогения (көне грекше: διδακτός) - оқушының мұғалім, тәрбиеші, ата-ана, жаттықтырушы т.б. тарапынан педагогикалық тактиканың бұзылуына байланысты негативтік психикалық жағдайы. Қорқынышпен, фрустрациямен керінетін т.б. дидактогения оқушының қызметіне және оның қоршаған ортамен қарым-қатынасына кері әсерін тигізеді. Дидактология - мұғалім туралы ғылым. XX ғасыр 1910-1930 жылдары аралығында өмір сүрді. Негізін салған - Т.Г. Маркирьян Дискурсивтік ойлау - адамның бұрынғы тәжірибесімен негізделген тілдік логикалық ойы әр ой алдындағы оймен негізделген байланысты логикалық талқылау процесі ретінде танылады. Дискуссия (лат. discussio) - пікірталас, белгілі бір мәселе бойынша пікір сайысы, қандай да болсын мәселені немесе өзара байланысты мәселелер тобын білікті тұлғалармен бір мәмілеге келу үшін талқылау. Дифференциациялап оқыту - оқушылардың дара айырмашылықтарын ескеретін оқыту Дифференциациялы жол - балалар қауымында оның құрылымдық немесе формальды емес бірлестігі ретінде орын алатын немесе оқушылардың ұқсас дара, жеке тұлғалық қасиеттері бойынша педагогтың ерекше санайтын оқушылар тобына жасалатын мақсатты бағыттағы педагогикалық ықпал. Доцимонология - оқушылардың білімін тексеру мен бағалауға қатысты зерттеу. Дәстүрлі сабақ - мұғалімге бағынатын оқушылардың тәртібімен, тіл алғыштығымен, нәтижелігімен сипатталатын сабақ; қалыптасқан дәстүр мен таптауырын бойынша оқу материалдарының дәлме-дәл кескіні. Еңбек тәрбиесі - тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және оның өнімдеріне жауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті. Еркін тәрбие - әрбір баланың күш-қуаты мен қабілеттерін қандай да болмасын шектеулермен тарылтпай дамыту. Еркін тәрбие баланың тұлғасын басуға, өмірі мен жүріс-тұрысын қатаң тәртіпке салуға негізделетін оқу-тәрбие жүйесін мүлдем мойындамайды. Еңбек мектептері - педагогикадағы бағыт, балаларды жан-жақты тәрбиелеуді олардың еңбек біліктері мен дағдыларының белгілі кешенін үйретумен, кәсіби бағдардың формаларымен қиюластырады. Жалпы педагогика 1. Адам тәрбиесінің жалпы заңдылықтарын зерттейтін, барлық оқу-тәрбие мекемелеріндегі оқу-тәрбие үдерісінің жалпы негіздерін әзірлейтін негізгі ғылыми пән; 2. барлық жастағы топтарға және оку-тәрбие мекемелеріне ортақ болып саналатын оқытудың және тәрбиелеудің ұстанымдарын, формаларын және әдістерін зерттейтін және қалыптастыратын педагогика; 3. оқыту мен тәрбиелеудің негізгі заңдарын зерттейтін педагогикалың білімдердің бір саласы. Жалпы педагогиканың құрастырушы бөлшектері мыналар болыр табылады: тәрбиелеу теориясы, оқыту теориясы (дидактика) және білім беру жүйесіндегі ұйымдастыру және басқару теориясы. Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы - білім беру тұрғысынан екі мәні бар: адамды қоғамның әртүрлі тіршілік әрекеттері сферасына жан-жақты, біліктілігімен және жауапкершілікпен қатысуға дайындау; индивидтің рухани сферасының барлық жағын, оның интеллектін, ақылын, ерігін сезімін үйлесімді дамыту, оның көзқарасындағы рационалды-логикалық және эмоциялы-психологиялық компоненттерінің бірлігіне қол жеткізу. Жеке тұлғаның белсенділігі - белсенділіктің әлеуметтік және психикалық түрі, жеке тұлғаның мінезінде аса айқын көрінетін белгілі бір іс-әрекетке бағыттылығының қарқындылығы. Жеке тұлғаның автономдылығы - жеке тұлғаның өзімен-өзі болуы, өз позициясын өзі анықтауға қабілеттілігі. Адам мінез-құлығының жалпыға бірдей принципі ретіндегі жеке тұлғаның автономдылығын Мартин Лютер жария етті, ал И.Кант теориялық зерттеді (<<Автономдық этика>>). Жексенбілік мектеп - қандай да бір білім берушілік, өндіріс, мәдени, діни ұйымдардың, қорлардың, мекемелердің балалар мен ересектер үшін кұрған мектебі. Сабақтар жексенбі сайын жүргізіледі. Олар ақысыз да, ақылы да болуы мүмкін Жетекші қызмет - бала психикасында оны дамудың жаңа, жоғары сатысына дайындайтын басты өзгерістердің болуына ықпал ететін қызмет. Терминді отандык психолог А.Н. Леонтьев енгізген. Д.Б.Эльконин оның мына түрлерін белгілеген: жақын моционалдық карым-қатынас заттық-манипуляциялық қызмет рольдік ойын, оқу қызметі, интимдік-жеке қарым-қатынас, кәсіби-оқу қызметі. Жоспар (оқу) - білім беру мекемесінде оқытылатын оқу пәндерінін құрамын, оларды оқудың тәртібін, аптасына және оқу жылына белгіленген сағат санын, оқу жылының құрылымын анықтайтын сертификат. Ізгілік (латынша Нumanitas -- адам табиғаты) -- адамның еркін ойлауының әр түрлі көріністерімен байланысты; оған сәйкес еркіндікті, адамның индивидуалдық дамуын уағыздайды. Қоғамдық жағдайы мен өзінің шығармашылық күштерін еркін дамытатын жеке бас құқығына тәуелсіз түрде, адамның құндылығын, адамдардын арасындағы тендік, әділеттілік, адамгершілік қатынастарды қуаттайтын көзқарастар мен идеялар жиынтығы. Ішкі ұстаным - адамның езіне, басқа адамдарға және өзін қоршаған әлемде болып жатқандарға қатынасының орныққан жүйесі. Үдеріс-латынша алға жылжу,өзгеріс деген мағынаны білдіреді.Жағдай,даму сатысының қалыпты ауысымы. Мәселе-латынша міндет,тапсырма.Бұл субъектінің нақты жағдайда туындаған қиндықтар мен қайшылықтарды өз білімі мен тәжірибесі арқылы шеше алмайтынын ұғыну.Мысалы,балаларды оқытудың әдістемесін жетілдіру педагогикалық зерттеулер мәселесі болуы мүмкін.Алайда,мәселені біржолғы эксперименттік зерттеу арқылы шешу мүмкін емес,себебі мәселе шешудің мол әдістері бар. Болжам-бұл мөлшерлік ерекшеліктегі тұжырым,алға ұсыну мен эксперименттік тексеріске ғылыми және тәжірибелік ерекшеліктегі негіздерді қажет ететін пікір. Рейтинг - білікті тұлғалар тұжырымына негізделген бағалау әдісі. Өзгеше айтқанда,рейтинг-қосалқы бақылау әдісі. Көрсеткіштік - сапалық белгілерді сандық мөлшерге айналдыру тәсілі. Өрнектеу оқушылардың кәсіби сапалық бағасын(қабілеттілігі,ұжымдағы қатынасы, кәсіби ерекшеліктері,т.б.)анықтауда,оларға мінездеме құрастыруда молынан қолданылады. Педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтижесі,өз алдында тұрған педагогикалық міндеттерді жүзеге асырудың кәсіби шеберлігінің жиынтығы.Аннотация-мәтіндердің, кітаптардың, қолжазбалардың, мақалалардың қысқаша сипаттамасы; мәтіндерде берілген ойлардың ,бағалардың, автордың қорытындыларының маңызын ашу. Сұхбат - әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабарлар,сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар,оқиғалар т.б.туралы мәліметтер алу үшін қолданылады. Баяндама-зерттеу жұмыстарына қызығушыларын қалыптастыратын және таным-білімдерді кеңейтетін тақырыпты көпшілікке жариялау. 1-ЛЕКЦИЯ Тақырыбы: Кіріспе. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру түрлері. Мақсаты: Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыс түрлері оқушылардың географиялық оқу матеиалдарынан алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алуын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруын қамтамасыз ететіндей оқыту формасын терең меңгерту. Жоспары: * Мектептің әлеуметтік-педагогикалық құрылымындағы сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың орны. * Сыныптан және мектептен тыс жұмыс түрлерінің мақсат-міндеттері. * Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың мазмұны және педагогикалық талаптары. Негізгі ұғымдар: Автономды оқу тобы - өзінен тыс жерден, сырттан келетін колдаусыз, қандай да болсын ынталандырусыз, жетекшіліксіз әрекет ете алатып оқушылар жиыны. Акмеология - адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптілік шыңга жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым; жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық пәндер тоғысында пайда болған, белгілі бір іс-әрекет сферасында адамның жоғары дәрежеде акме дамуы жөнінде ғылым. Кемелденуді өздігінен білім алу, өзін-өзі түзету, өзін-өзі басқару құралдары арқылы өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілік деп қарастырады. Білім беруді гуманитарландыру - оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, оқу-тәрбие процесін гуманизм идеясымен қанықтыру мүдделерін көздейтін оқу орындарында қоғамдық ғылымдарды (философия, саясаттану, әлеуметтану, психология, экономика, құқық және т.б.) оқыту мен меңгеруді жетілдірудің мақсатты бағыттағы процесі. Білім жүйесін диверси-фикациялау - демократияландыру мен нарық жағдайында білімді ұйымдастыру принципі. Диверсификация білім беру мекемелерінің әр түрлілігі мен әр нұсқалылығына жол береді білім, дағды және іскерлік беріктігі - практикада еркін қолдануда, оқушылардың жадында тұрақты бекітуді, оқу материалын игерудегі тыңғылықты білдіретін дидактиканың ұстанымы. Мұндай игеру жаңа білімдерді табысты меңгеруге мүмкіндік береді Балалар ойыны - міндеттелмейтін, балаларды қуаныш сезіміне бөлейтін, жеткен ойын нәтижесінен рахат алуға мүмкіндік беретін балалардың қарым-қатынас түрі, әрекеті, ісі. Олардың түрінің көп болуына қарамастын, оларды балалардын басқа әрекетінен айыратын көп ойын түрлеріне ортақ сипаты болады. Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыс түрлері оқушылардың географиялық оқу матеиалдарынан алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алуын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруын қамтамасыз ететіндей оқыту формасында құрылады. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың мақсаты оқушылардың өз бетінше әрекет жасау қабілеттерін дамытуды, олардың кез-келген жағдаяттарды, күнделікті тіршіліктегі жағдайды құндылық тұрғысынан пайымдауға дайындығын, өз бетінше өзіне қажетті ақпараттарды таңдауын және кез-келген мәселелерді адамгершілікпен шеше білуін, әлеуметтік және кәсіби анықталын қамтамасыз ету болып табылады. Курстың білім беру және тәрбиелік міндеттері <<География>> оқу пәнінің мақсат-міндеттері арқылы анықталады. Оның тәрбиелік негізгі міндеттеріне мейірімді, бауырмал, шығармашыл, сонымен қатар ұжымменжұмыс істеу қабілеті жоғары жауапкершілікті, салауатты және кемелденуші тұлға қалыптастыру жатады. Курстың білім беру міндеттері оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, олардың табиғатты танып-білуде алған білімдерін қызықты фактілер, ұғымдар және түсініктермен байыту болып табылады. Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың мазмұны мен пән бойынша оқу бағарламасының мазмұнымен сәйкестендіріпқұрылады. оның мазмұнын құрастыруда: 1) оқу курстарының білімілік-тәрбиелік маңызы бар оқыту мазмұнын тереңдету; 2) оқушылардың зерттеушілік сипаттағы біліктері мен дағдыларын қалыптастыру сияқты негізгі екі бағытты ұстану керек. Сонымен қатар пән аралық байланыстар оның мазмұны мен ұйымдастырылуының кіріктірілуін, біртұтастығын, кешенділігін арттыра түседі. Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыруда төмендегідей педагогикалық талаптар: * Қоғамдық қажеттілігі; * Кәсіби бағыттылығы; * Экологиялық бағыттылығы; * Өлкетану бағыты; * Мазмұнын жаңа материалдармен; * Оқушылардың жас және дара ерекшеліктері мен қызығушылықтарының ескерілуі; * Педагогикалық басқару мен оқушылардың өзбетінше ізденістерінің; * Сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың жүйелігі мен үздіксіз дамып отыруы ескерілуі тиіс; Бекіту сұрақтар: * <<География>> оқу пәнінің мақсат-міндеттеріні неде * Мазмұнын жаңа материалдар түрі қандай * Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырудың қандай педагогикалық талаптары бар Пайдаланған әдебиеттер: * Педагогикалық. / Под редакцией Ю.К. Бабанского. - М.: Просвещение, 1983 * Шуркова Н. Новые формы воспитательной работы. // Педагогика, - № 4,5,6. 1994. Прохорчик А.Ф. Организация внеклассной работы по географии. - Минск. Народна
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz