Файл қосу
Алғашқы қауымның қалыптасуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ ТАРИХ КАФЕДРАСЫ <<Алғашқы қоғам тарихы>> пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН 050114 тарих мамандығына арналған Семей, 2013 Құрастырушы: Тарих магистрі, Керейбаева А.С. Кафедра отырысында бекітілді. <<_____>> ______________ 2013 ж. Хаттама № _____ Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к._________________ Мұхаметжанова Н.А. Гуманитарлық-заң факультетінің оқу-әдістемелік кеңес отырысында талқыланды. <<_____>> ______________ 2013 ж. Хаттама № _________ Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, п.ғ.к. _________ Тохметова Г.М. Гуманитарлық-заң факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді. <<_____>> ______________ 2013 ж. Хаттама № _________ Гуманитарлық-заң факультетінің деканы т.ғ.к., _________ Мамырбеков А.М. Мазмұны * Пән бойынша глоссарий ...................................................... 4-5 * Пән бойынша жұмыс бағдарламасы......................................... 5-7 * Дәріс сабақтарының тезистері ................................................7-14 * Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау.....................................14-16 * ОСӨЖ және СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау...........................16-19 * Бақылау тапсырмалары ................................................................19-34 \ * ГЛОССАРИЙ <<Археология>>- <<архайос>>(гр)-көне, <<логос>>(гр)-ғылым. <<Австралопитек>>-<<аустралис>>(лат)-оңтүстік, <<питекос>>(гр)-маймыл. Антропогенез - <<антропос>>-адам(гр) және <<генезис>>- пайда болу. Антропогенез - адамдардың шығу тегін зерттейтін антропологияның бір бөлімі. Антропология - адамның биологиялық жақтарын зерттейтін ғылым. Антропометрия - адамның денелік өлшемін зертейтін антропологияның бір саласы. Антроморфизм - адамда болатын қасиеттерді затта, табиғат құбылысында, хайуанатта бар деп түсінетін алғашқы адамдардың ойлауы. Архантроп - көне адам. Антропосоциогенез - (антропос - адам, лат. Социатос- қоғам және генезис- пайда болу) - адам мен адамзат қоғамының қатар пайда болуы . Гоминидтер - (лат. Һомо-адам) - тұқымдастар және адам тектес тұқымдастар. Гомининдер - (лат. Һомо-адам) - адам тұқымдастар. Гомо примингенус (лат) - алғашқы адам. Гомо сапинес (лат. Һомо сапиенс)- саналы адам. Гомо хабилис (лат. Һомо хабилис) - шебер адам. Гомо эректус (лат) - түзуленген, тік жүретін адам. Дриопитектер (гр. Дрис - ағаш және питекос - маймыл) - адамтектес маймылдар қазындысы. Идеография (гр. Идеа-идея және графо - жазу)- жазудың түрі, таңбалар тұтас сөз ұғымын береді. Иеороглифтер (гр. Хиерос - қасиетті және глифо-кейіп, ою салу) - (тасқа қасиетті таңбаны ойып салу) - гректердің египет идеграфиясына берген атауы. Логография (гр. Логос - сөз, графо-жазамын) - жазу түрі, таңбалар сөздің тұтас ұғымын береді. Неонтроп (гр. Неос -жаңа)- қазіргі адам түрі. Ономастика (гр.онома-есім) - жеке есімдерді зерттейді. Палеоантроп (гр. Патайос-көне) - көне адам. Палеоантропология - қазылып алынған адамдарды зерттейді. Палеонтология - қазылып алынған организмдерді зерттейді. Парантроп (гр. Пара-маңайы, ұқсас) - адамтектес маймыл қазындысы (австралопитекке ұқсас). Петроглиф (гр. Петра - тас және глифе - ою, өрнек) - жаңатасқа болмашы тереңдетіле бейнеленген ою. Пиктография (лат. Пиктура - суреттер көрінісі және гр. Графо-жазу)- (жабайы және қарапайым түрдегі суретті жазу). Негізінен еске сақтуға арналған жабайы суретті жазу. Плезнантроп - адамтектес маймыл қазындысы, австралопитекке жақын. Популяция (гр. Популус-халық) - адамдар тобы, өз ішінде неке қиылады. Социогенез (лат. Сосиктас-қоғам) - адамзат қоғамының пайда болу процесі. Топонимия (гр. Топос-жер және онома-есім) - ономастика бөлімі, географиялық атауларды зертейді. Ру - ру, тұқым - алғашқы тұрмыстық қоғамдағы ұжымдық қауым. Племя - тайпа - рулық бірлестік. Тотем (<<от-отем>>-одживбе-үнділер тілінің сөзі - мағынасы <<оның ру және тұқымы>>) - жануарлардың кез-келген түрін, өсімдіктерді, оданда тереңірек заттарды және табиғат құбылысын қаны бір туыс деп санау, кейінірек - арғы ата деп тану. Трибализ (лат. Трибус-тайпа) - тайпалық тұрғыда басқалардан жіктелу, бөліну. Тотемизм - тотеммен тығыз байланыс барына сену. Фетишизм - (португал. Фетишо - тұмар, бой тұмар) - жансыз заттардың ерекше қасиеттеріне деген сенім. Шаманизм (эвенкі сөзі -өз-өзінен шыққан) - белгілі адамдардың аса қуанышты немесе желігін, шабыттану күйінде рухпен қатынасуына деген сенім. Этнология - (гр. Айтия - себеп) - себепті түсіндіру, пайда болуын түсіндіру. Этнография - этникалық деректер жинаумен айналысады. Далалық жұмыс мәліметтері мен жазбаларының қордалануы. Этноним - (гр. Этнос - халық және онома - елім) - термин (халықтың атауын білдіреді). * ПӘН БОЙЫНША ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ Курстың пререквизиті: Алғашқы қоғам тарихы алғашқы базалық пән ретінде археология, тарихи антропология, этнология, мәдениеттану және дінтану пәндерімен тығыз байланыста оқытылады. Курстың постреквизиті: Алғашқы қоғам тарихын толық игеру нәтижесінде философия, ежелгі дүние тарихы, деректану мен тарихнама пәндерін меңгеруге болады. Алғашқы қоғам тарихы курсына сипаттама: Алғашқы қоғам тарихы курсының мақсаты - адамзат тарихының ең ірі кезеңін төмендегідей негіздемелер арқылы толықтай игеруден түзіледі. Алғашқы қоғам тарихының деректемесі мен тарихнамасы. Адамның шығу тегі мәселесі. Социогенез мәселесі. Ойлау, сөйлеу мен идеологиялық түсініктің пайда болуы. Рулық қауымның пайда болу мәселесі. Кейіңгі, рулық қауымдық қоғам. Алғашқы қауымның ыдырауының алғы шарттары және жалпы барысы. Жеке меншіктің, таптың, мемлекеттің қалыптасуы. Алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезіндегі рухани мәдениеті. Қоғамның этнотілдік мәселесі. Көрсетілген маңызды мәселелер тізбегін бірізділікпен жүйесі әрі ғылыми негіздемелік тұрғыда меңгеру оның міндеттерін айқындайды. Курсты оқып-үйрену барысында студенттер: 1). Білуі керек: 1. Алғашқы қоғам тарихы пәні және міндеттері. Алғашқы тарихының бастау көздері. Археология, этнология және антропология деректері. Қосымша дерек көздері. Алғашқы қоғам тарихындағы дерек көздерінің маңызы. Алғашқы қоғам тарихының тарихнамасы. Алғашқы тұрмыстық қоғам туралы көне замандағы және ортағасырлардағы түсініктер. ХІХ ғ. алғашқы тұрмыстық қоғам туралы нақты білімдердің қорлануы және олардың жинақталуы. Эволюциялық мектеп. Мәдени тарихи мектеп. Функционалдық мектеп. ХХ ғ. алғашқы қоғамдық археология мен палеантропология ғылымдарының дамуы. ХХ ғ. алғашқы тұрмыстық қоғамды тарихи-этнологиялық тұрғыдан реконструкциялау. Орыс және кеңестік дәуір ғалымдарының алғашқы тұрмыстық қоғам проблемаларын талдауға қосқан үлесі. Алғашқы қоғам тарихын шежірелеу және дәуірлерге бөлу. Археологиялық, геологиялық және палеоантропологиялық дәуірлер. Тарихи-мәдени дәуір. Жалпы (тарихи-өркениеттік) кезеңдер. Кеңестік-ресейлік тарихшылардың алғашқы тұрмыстық қоғам тарихын кезеңдерге бөлуге қосқан үлесі. Алғашқы қоғам тарихының жалпы және жекеленген мәселелерінің ғылыми түсініктемелерін талдауды үйреніп игеру. 2) Алатын біліктілігі: - Алғашқы қоғам тарихы пәнінің мақсат-міндеттерін жете түсіне отырып, оны оқып-игеруі; - Студенттер адамзаттың пайда болуын және адам болып қалыптасуының алғы шарттарын саралау деңгейіне жетуі; - Қоғамдық, әлеуметтік институттардың тууы мен дамуын нақты дәлелді мәтіндер арқылы игеруі; - қоғамның даму заңдылықтарын білуі; - адамның пайда болуы мен қалыптасуы; олардың алғашқы еңбек әрекеттерінің негізі қоғамды және қоршаған табиғатты игерудегі қоғамдық қатынастары, рулық қоғамның шығуы мен дамуы, алғашқы тұрмыстық қоғамның шығуы мен ыдырау процесіне қатысты жалпы заңдылықтарының теориялық негіздемелерін білуі. Курстың тақырыптық жоспары № Тақырыптың атауы Сағат саны дәріс семинар ОСӨЖ СӨЖ 1 Алғашқы қоғам тарихы пәні 1 1 2 2 Алғашқы қоғам тарихының дерек көздері 1 1 2 3 Алғашқы қоғам тарихының тарихнамасы 1 1 2 4 Алғашқы тұрмыстық қоғамның қалыптасуы: ең көнеадамдар дәуірі 1 1 2 5 Антропогенез процесінің аяқталуы және қазіргі тектес адамдардың пайда болуы. Нәсілдік тек. 3 3 6 Алғашқы қауымдық-рулық құрылыстың тууы. Ертеректегі рулық қауым. 2 2 4 7 Ертеректегі рулық қауымның рухани мәдениеті. 2 2 8 Кейініректегі рулық қауым эволюциясы. 2 2 4 9 Кейініректегі рулық қауымның рухани мәдениетінің өрлеуі 2 2 10 Алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырауының алғы шарттары 3 3 4 11 Алғашқы қоғамдық институттардыңпайда болуының алғы шарттары 4 6 12 Алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңіндегі рухани-материалдық мәдениет 2 2 2 13 Алғашқы таптық қоғамның перифериясы және өркениеттермен байланысы 2 2 4 14 Таптық қоғамдардағы алғашқы тұрмыстық қоғам қалдықтары 2 4 15 Алғашқы қауымдық қоғам тарихынан кесте-сызбалық және терминологиялық жүйесі 2 2 Барлығы 15 15 15 45 * Дәріс сабақтарының тезистері. Қысқаша дәрістер жинағы. 1-тақырып. Алғашқы қоғам тарихы пәні. 1. А.қ.т. пәні және оның ғылымдар жүйесіндегі орны. 2. А.қ.т. маңызы. 3. А.қ.т. хронологиясы және кезеңдерге бөлу мәселесі. Алғашқы қоғам тарихы пәні адамзат тарихының ең көне дәуірін, яғни адамның жануаралар дүниесініен бөлініп, қауым болып қалыптасуын, оның қоршаған табиғи ортаны игерудегі іс-әрекеті, материалдық-рухани мәдениетінің дамуын және мемлеекеттік сатыға өту мәселелерін кешенді түрде қарастырады. Алғашқы қоғам тарихының маңызды жағы, оның біртұтас тарих ғылымының спецификалық бөлімі ретінде көрініс беруі этнография; археология және антропология ғылымыдарымен үйлесімділігінде деп санаймыз. Алағашқы қоғам тарихының маңызы, оның жоғары даму сатысындағы қазір дәуірдің барлық құбылыстарының түпкілікті бастауларын беруінде және алғашқы қауымдық дәуірдің негізгі мәселелерінің (адамның пайда болуы, нәсілдік белгілердің мәнісі, ұжымдық концепциясы, жеке меншік мәселесі, діни-нанымдары, рухани-мәдени бастаулары) идеологиялық астарларын қарастыруында. Алғашқы қоғам тарихын шежірелеу және дәуірлерге бөлудегі археологиялық, геологиялық және палеантропологиялық дәуірнамалардың орны. Әдәбиеттер: * Перщиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П., Алғашқы қоғам тарихы. Алматы <<мектеп>>, 1974. * Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П., История первобытного общества М., <<Высшая школа>>, 1982. * Алексеев В.П., Першиц А.Н., История первобытного общества. М., <<Высшая школа>>, 1990. * Кнышенко Ю.П. История первобытного обшества. Изд. Ростовского университета. Ростов на Дону, 1973. * История первобытного общсства. общие вопросы. Проблемы антропосоциогенеза. М., 1983. * История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М., 1986. * История первобытного общества. Эпоха классообразования. 2-тақырып. Алғашқы қоғам тарихының дерек көздері. * Алғашқы қоғам тарихының археологиялық деректері * Археологиялық деректердің басымдығын және оның А.Қ. Т-ын зерттеудегі маңызы * А.Қ.Т. деректік түзілу жүйесі * Дерек көздері мен олардың жіктемелік негізін көрсету Алғашқы қоғам тарихыын зерттеп білугеоның тарихи деректемелік негіздерін жете түсіну қажеттілігі, яғни барлық құбылыстар жүйесінің (тарихи кезеңдерге қатысты) міндетті түрде жазба және материалдық деректері болатыны анық. Сол себепті алғашқы тұрмыстық қоғамның жаратылыстанушылық-тарихи ағымындағы деректік көздері түзіледі. Алғашқы қоғам тарихы дерек көздерінің бастаулары: антропологиялық географиялық, геологиялық, физикалық және химимялық циклдардан алынуы әбден заңды құбылыс. Алғашқы қоғам тарихы тарихи дерек көздері келесі ғылымдар жүйесінен тұрады: археологиялық, этнография, тарихи антропология, төрттік геология және палеогеография, археозоология, археоботаника, химия және физика, лингвистика, жазба деректер, информатика. Әдебиеттер: 1. Перщиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П., Алғашқы қоғам тарихы. Алматы <<мектеп>>, 1974. 2. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П., История первобытного общества М., <<Высшая школа>>, 1982. 3. Алексеев В.П., Першиц А.Н., История первобытного общества. М., <<Высшая школа>>, 1990. 4. Кнышенко Ю.П. История первобытного обшества. Изд. Ростовского университета. Ростов на Дону, 1973. 3-тақырып. Алғашқы қоғам тарихының тарихнамасы. * А.Қ. туралы көне замандағы және орта ғасырлардағы түсініктер * Көне Египет, грек және рим заманындағы А.Қ. жайлы халықтық-философиялық ой қорытулар. * Эмпирикалық дәстүрде түсіндіру сипаты. * Ч.Дарвин мен Ф.Энгельстің ғылыми еңбектеріне талдау жасау * А.Қ. жайлы жазылған еңбектердің мазмұнды сипатын беру. Тарихи талдау жасау. Алғашқы қоғам тарихы көне замандағы және орта ғасырлардағы жалпы түсініктердің қалыптасуы Ерте Египет және рим қоғамында өмір сүрген қауым мен ойшылдардың Алғашқы қоғам тарихы жөнінде пікірлерінің қалыптасуы (Эмпирикалық дәстүрде). Антик дәуірі философиялық антологиясы (Демокрит, Лукреций Кар). Алғашқы қоғам тарихы туралы түсініктің жан-жақты, әсіресе географиялық аспектіде дамуына ұлы географиялық ашылулар ықпалы (ХҮІ-ХҮІІ ғғ). Мотеньнің концепциясы <<Тәжірибелер>>- алғашқы қоғамды идеализациялау. Тарихи процесті философиялық тұрғыда түсіндіру және оны құрамдас сатыларға бөлу мәселесі. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы, Томсеннің еңбек құралдарын жүйелеу әрекеті. ХІХ ғ. ІІ-ші жартысындағы археологиялық ізденістер нәтижесі (Ж. Буше де Перт). Геологиялық ізденістер (Ч. Лайелл). Тас ғасыр археологиялық тұрғыда зерттеу (Д.Леббон, Г. Мортилье). Антропогенез мәселесі. Алғашқы қоғам тарихы материалдық мәдениеті. ХХ ғ. Екінші жартысындағы палеоантропологиялық ізденістер нәтижесі. Әдебиеттер: 1. Перщиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П., Алғашқы қоғам тарихы. Алматы <<мектеп>>, 1974. 2. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П., История первобытного общества М., <<Высшая школа>>, 1982. 3. Алексеев В.П., Першиц А.Н., История первобытного общества. М., <<Высшая школа>>, 1990 4 тақырып. Алғашқы тұрмыстық қоғамның қалыптасуы: Ең көне аралдар дәуірі. * Қазба адамдар тарихы * Австралопитектен неоантропқа дейіңгі адамзат өкілінің даму мәселесін ретпен көрсету. * Алғашқы адамдар табыны. * Алғашқы адамдар табынына тарихи сипаттама беру. Гомининдер мен Гоминидтер ара-қатынасы * Дриопитектерден қазіргі келбеттес адамдар қауымы пайда болғанға дейіңгі кезеңге тарихи шолу. Көне заманнан 19 ғасырға дейіңгі адамның шығу тегі жөніндегі ой-пікірлер жүйесі. Антропогенездік үрдістің ХІХ ғасырда дамуы. Дриопитектер приматы, антроморфтық маймылдар түрлері (австролопитектер, парантроптар және плезиантроптар). Гоминидтердің пайда болуы және орны. Палеоантропологиялық табылулар нәтижесі. Алғашқы адамтектестердің пайда болған ошақтары жөніндегі моноцентристік, полицентристік және аралық пікірлер. Неандертальдік адам типтері. Нәсілдік белгілердің табиғилық факторлары. Алғашқы қауымның қалыптасуы. Алғашқы адамдардың өміріндегі аңшылықтың орны. Идеологиялық түсініктердің бастаулары. Әдебиеттер: * Рогинский Я.Я. Проблемы антропогенеза. М., 1969. * Нестурх М.Ю. Приматология и антропогенеза. М., 1960. * Семенов И.Ю. Как возникло человечество. М., 1966. * Семенов Ю.И. Происхождение брака и семьи. М., 1974. * Семенов С.А. Происхождение земледелия. Л., 1974. * Шнирельман В.А. Происхождение производящего хозяйства. М., 1989. 5 тақырып. Алғашқы рулық қауымның пайда болуы. * Рудың пайда болуына ықпал еткен факторларға талдау. * Ру ұғымына тарихи анықтама беру мәселесі * Рулық құрылысқа талдау жасау және соның негізінде анықтама беру * Алғашқы адамдардың діни түсініктері * Бастапқы діни наным-сенім обьектілері туралы тарихи талдау жасау. Культтік негізі. Ертеректегі рулық қауымның тууына ықпал еткен факторлар: өндіргіш күштердің дамуындағы ірі ілгерілеушіліктің орын алуы. Техникалық тұрғыда қарулану үрдісінің жандана түсуі. Аналық ру мәселесі. Өндірістік қатынастардың түрлі формаларының шығуы. Қоршаған табиғи ортаны игеру. Еңбек процесінің күшейе түсуі. Қоныстану ареалдарының күшейе түсуі. Рулық құрылыстың құрылымдық жүйесі. Оның туысқандық және қауымдастық сипаты. Биліктің ұйымдастырылуы. Некелік-жыныстық қатынастар жүйесіндегі жас ерекшелігіне байланысты жыныстық еңбек бөліністері. Әдебиеттер: 1. Рогинский Я.Я. Проблемы антропогенеза. М., 1969. 2. Нестурх М.Ю. Приматология и антропогенеза. М., 1960. 3. Семенов И.Ю. Как возникло человечество. М., 1966. 4. Семенов Ю.И. Происхождение брака и семьи. М., 1974. 5. Семенов С.А. Происхождение земледелия. Л., 1974. 6. Шнирельман В.А. Происхождение производящего хозяйства. М., 1989. 6 тақырып. Кейініректегі рулық қауым эволюциясы. * Кейініректегі рулық қауымдағы егіншілер мен малшылар қауымы. * Өндіруші шаруашылыққа өту мәселесі. Егіншілер мен малшылар қауымының ерекшелігіне сипаттама жасау. * Алғашқы <<демографиялық төңкеріс>> сипаты * Сапалық көрсеткіштеріне тиісті фактілер арқылы баяндап беру. * Кейініректегі рулық қауым мәдениетінің даму ерекшеліктері * Халықтық демографиялық даму үрдісінің себептері және оның орналасуындағы өзгерістер. Неке мен отбасындағы сапалық сатыларға өту мәселесі. Кейініректегі рулық қауымдағы жоғары дамыған егіншілік пен малшылықтың ерекше орынға көтерілуі. Еңбек құралдарының пәрменді түрде жетілдірілуі. Өндіруші шаруашылықтың күшейтілуі. Жаңа табиғи ресурстарды игеру. <<Бірінші демографиялық революция>>. Халықтың орналасуының тығыздығының арта түсуі. Еңбек бөлінісінің жастық-жынысытық тұрғыда жіктелуінің арта түсуі. Неке және отбасы мәселесінде жұптық некенің орын алуы. Неке мен отбасы мәселесінің реттелу үрдісінің әлеуметтік-экономикалық сипаты. Қауымдық-рулық ұйымның күрделену үрдісі. Туыстық қатынастар үрдісі түзілімі. Тайпалық кеңестің билігі. Әдебиеттер: 1. Рогинский Я.Я. Проблемы антропогенеза. М., 1969. 2. Нестурх М.Ю. Приматология и антропогенеза. М., 1960. 3. Семенов И.Ю. Как возникло человечество. М., 1966. 4. Семенов Ю.И. Происхождение брака и семьи. М., 1974. 5. Семенов С.А. Происхождение земледелия. Л., 1974. 6. Шнирельман В.А. Происхождение производящего хозяйства. М., 1989. 7 тақырып. Алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырауының алғы шарттары. * Өндірістік қатынастар эволюциясы * Өндіруші шаруашылықтың дамуы. Жыртпалы егіншілікке көшу және малшылықтың өркендеуі. * Этнолингвистика мәселесі * А.Қ.Т. ыдырау кезеңі. Лингвистикалық даму және этникалық бедер. Этноқұрылым. Этнолингвистикалық анықтамасын беру. Өндіруші шаруашылықтың кейініректегі рулық қауым тұсындағы пайда болуы. Өндірісте металдың жоғары деңгейде пайдаланылуы. Мыс, қола және темірдің кеңінен қолданысқа еңгізілуі.өндірістік қатынастар негізінде айырбас пен сауданың жолға кеңінен қойылуы.Экономикалық аспектіде айырбастың дамуы және түрленуі. Қосымша өнім өндіру, оны қажетке жарату және алғшқы құлдықтың пайда болуы. Әдебиеттер: 1. Рогинский Я.Я. Проблемы антропогенеза. М., 1969. 2. Нестурх М.Ю. Приматология и антропогенеза. М., 1960. 3. Семенов И.Ю. Как возникло человечество. М., 1966. 4. Семенов Ю.И. Происхождение брака и семьи. М., 1974. 5. Семенов С.А. Происхождение земледелия. Л., 1974. 6. Шнирельман В.А. Происхождение производящего хозяйства. М., 1989. 8 тақырып. Алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңіндегі рухани-материалдық мәдениет. * Материалдық мәдениет белгілері * Жазба мәдениетінің көш бастаулары және бастапқы жазу-сызу үлгілері. * Жазу-сызудың қалыптасуы. * Материалдық мәдениет белгілерінің идеологиялық астарларын талдап көрсету. Ғылым-білімнің жаңа қырларының тәжірибелік маңызы. Жазу-сызудың даму заңдылығы. Дін және мифология. Діни этикалық қалыптасуы. Политеизм және ғибадат ету орындары мен жерлеу қорымдарының пайда болуы. Қауымдық сананың өсуі. өнердің сан алуандылығының бастауларының туындалуы. Әдебиеттер: * Семенов Ю.И. Происхождение брака и семьи. М., 1974. * Семенов С.А. Происхождение земледелия. Л., 1974. * Шнирельман В.А. Происхождение производящего хозяйства. М., 1989. * Марков Г.Е. История хозяйства материальной культуры в первобытном и раннеклассовом обществе. М., 1979 * Файнберг Л.А. У истоков социогенеза. М., 1980. 9 тақырып. Алғашқы таптық қоғамның пеприфериясы және өркениеттермен байланысы. * Перифериялық ошақтарға сипаттама жасау. * Перифериялар құрылымы және оның таптық қоғаммен ара-қатынасы. * Оның таптық қоғамдағы көріністік сипаттамасы. * Дәуірнамалық және хронологиялық тұрғыда түсіндіру * Алғашқы тұрмыстық қауым қалдықтары. * Стиполитейлік қоғамның таптық қоғамдармен байланысы. Алғашқы қоғамдық перифериялардың мәні мен мазмұны. Перифериялар типологиясы. Өркениеттер мен перифериялар арақатынас байлансытығы. Синполитейлік қоғамның рухани-идеологиялық өрістегі көрінісі. Синполитейлік қоғамдардың өркениеттер ошағымен тарихи кезеңдердегі қарым-қатынасының жалпы сипаттамасы. Әдебиеттер: 1. Семенов Ю.И. Происхождение брака и семьи. М., 1974. 2. Семенов С.А. Происхождение земледелия. Л., 1974. 3. Шнирельман В.А. Происхождение производящего хозяйства. М., 1989. 4. Марков Г.Е. История хозяйства материальной культуры в первобытном и раннеклассовом обществе. М., 1979 5. Файнберг Л.А. У истоков социогенеза. М., 1980. 4. Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау. 1 тақырып. Антропогенез процесінің аяқталуы және қазіргі тектес адамдардың пайда болуы. Нәсілдік тек. 1. Антропогенез процесінің аяқталуы және қазіргі келбеттес адамдардың пайда болуы. 2. Нәсілдік тектің шығуы. Дриопитектер приматы, антроморфтық маймылдар түрлері (австролопитектер, парантроптар және плезиантроптар). Гоминидтердің пайда болуы және орны. Палеоантропологиялық табылулар нәтижесі. Алғашқы адамтектестердің пайда болған ошақтары жөніндегі моноцентристік, полицентристік және аралық пікірлер. Неандертальдік адам типтері. Нәсілдік белгілердің табиғилық факторлары. 2 тақырып. Ертеректегі рулық қауымның рухани мәдениеті. 1. Рухани мәдениеттің бастаулары. 2. Жартылыстанушылық ілімдерді эмпирикалық тұрғыда игеруі. 3. Пиктографиялық немесе суретті жазудың пайда болуы. 4. Алғашқы рулық қауымның өнері. 5. Діни көзқарастары. 6. Тілдік және этникалық жағдайы. Алғашқы рулық қауымның өндірістік іс-әрекетінің дамуы және әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің көтеріле түсуі. Ғылым-білімнің жаңа қырларының тәжірибелік маңызы. Жазу-сызудың даму заңдылығы. Дін және мифология. Діни этикалық қалыптасуы. Политеизм және ғибадат ету орындары мен жерлеу қорымдарының пайда болуы. Қауымдық сананың өсуі. өнердің сан алуандылығының бастауларының туындалуы. Алғашқы рулық қауымның діни наным-сенімдерінің тууы. 3 тақырып. Кейініректегі рулық қауымның рухани мәдениетінің өрлеуі. 1. өндіруші шаруашылық дамыған рулық қоғамдағы жаңа мәдени бастаулар негізі. 2. Бейнелеу өнері. 3. Би және музыкалық шығармашылық. 4. Діни наным-сенімдердің күрделену үрдісі. 5. Тілдік және этникалық жағдай. Өндірістің дамуы және әлеуметтік өмірдің күрделенуі алғашқы қоғам адамдарының рухани мәдениетінің жаңа белеске көтерілуіне тигізген ықпалын ашып көрсету керек. Жаңа пайдалы ілім түрлері, өнердің өрлеуі, мифологиялық түсініктерді жаңа сипаттарының пайда болуы. Топографиялық түсініктердің қордалануы. 4 тақырып. Алғашқы қоғамдық институттардыңпайда болуының алғы шарттары. 1. Жеке меншіктің қалыптасуы. 2. Таптардың шығуы. 3. Мемлекеттің құрылысқа көшу үрдісі. 4. Жыныстық төңкеріс. Неке және отбасы. 5. Алғашқы қоғамдық көршілес қауым және рулық-тайпалық ұйымдар эволюциясы. Ертеректегі рулық қауымның тууына ықпал еткен факторлар: өндіргіш күштердің дамуындағы ірі ілгерілеушіліктің орын алуы. Техникалық тұрғыда қарулану үрдісінің жандана түсуі. Аналық ру мәселесі. Өндірістік қатынастардың түрлі формаларының шығуы. Қоршаған табиғи ортаны игеру. Еңбек процесінің күшейе түсуі. Қоныстану ареалдарының күшейе түсуі. Рулық құрылыстың құрылымдық жүйесі. Оның туысқандық және қауымдастық сипаты. Биліктің ұйымдастырылуы. Некелік-жыныстық қатынастар жүйесіндегі жас ерекшелігіне байланысты жыныстық еңбек бөліністері. Өндіруші шаруашылықтың кейініректегі рулық қауым тұсындағы пайда болуы. Өндірісте металдың жоғары деңгейде пайдаланылуы. Мыс, қола және темірдің кеңінен қолданысқа еңгізілуі.өндірістік қатынастар негізінде айырбас пен сауданың жолға кеңінен қойылуы.Экономикалық аспектіде айырбастың дамуы және түрленуі. Қосымша өнім өндіру, оны қажетке жарату және алғшқы құлдықтың пайда болуы. 5 тақырып. Таптық қоғамдардағы алғашқы тұрмыстық қоғам қалдықтары. 1. Тайпа және метатайпалар. Көршілік қауым. 2. Отбасылық қауым және патронимия. 3. Қоғамдық тұрмыс өлшемі. Отбасы - неке өлшемі. 4. Қоғамдық сана түрлері. Алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыс қалдықтары ерте таптық қоғамның компоненті ретінде. Алғашқы тұрмыстық қоғамның қалдықтарының таптық қоғамдардағы көрінісі. Тайпа және метатайпалық реликтілік сипаты. Қалдықтық патроноимиялық ұйымының ареалы. Қоғамдық сананың түрленуі. Отбасы және неке қатынастарының құқықтық, моральдық және дініи нормаларының қалыптасуына өткен дәуір сарқыншақтарының ықпалы. 6 тақырып. Алғашқы қауымдық қоғам тарихынан кесте-сызбалық және терминологиялық жүйесі. Алғашқы қауымдық қоғам құрылысының негізгі сатыларында орын алған құбылыстар сипатын кесте-сызба түрімен қорытындылап беру. Әсіресе, хронологиялық-дәуірнамалық негізде тарихи-антропологиялық өзгерістер барысы, бастапқы және шаруашылық (салалық) материалдық артефактар топтамасы, тұрмыстық мәселелер және тарихи-саяси географиясы берілуі міндетті шарты болып табылады. 5. ОСӨЖ және СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау. № Тақырып атауы Мақсаты мен мазмұны Орындау мерзімі Бақылау түрі Жұмыс түрі 1. Алғашқы қоғам тарихы пәнінің маңызы Алғашқы қоғам жайлы толық ғылыми мағлұмат беру. Алғашқы қоғам тарихының негізгі теориялық мәселелерін қамту. 3 апта Ауызша баяндау №1 ОСӨЖ СӨЖ 2. Алғашқы қоғам тарихын кезеңдерге бөлу Алғашқы қоғам тарихын дәуірлерге бөлуді игеру және оның ғылыми негіздемесін беру 3 апта Конспект №1 СӨЖ 3. Алғашқы қоғам тарихының археологиялық деректері Археологиялық деректердің басымдығын және оның А.Қ. Т-ын зерттеудегі маңызы 3 апта Конспект №2 ОСӨЖ 4. А.Қ.Т. деректік түзілу жүйесі Дерек көздері мен олардың жіктемелік негізін көрсету 3 апта Ауызша баяндау №2 СӨЖ 5. А.Қ. туралы көне замандағы және орта ғасырлардағы түсініктер Көне Египет, грек және рим заманындағы А.Қ. жайлы халықтық-философиялық ой қорытулар. Эмпирикалық дәстүрде түсіндіру сипаты. 4 апта Ауызша баяндау №3 ОСӨЖ 6. Ч.Дарвин мен Ф.Энгельстің ғылыми еңбектеріне талдау жасау А.Қ. жайлы жазылған еңбектердің мазмұнды сипатын беру. Тарихи талдау жасау. 4 апта Конспект №3 СӨЖ 7. Қазба адамдар тарихы Австралопитектен неоантропқа дейіңгі адамзат өкілінің даму мәселесін ретпен көрсету. 4 апта Конспект №4 ОСӨЖ 8. Алғашқы адамдар табыны. Алғашқы адамдар табынына тарихи сипаттама беру. 4 апта Ауызша баяндау №4 СӨЖ 9. Гомининдер мен Гоминидтер ара-қатынасы Дриопитектерден қазіргі келбеттес адамдар қауымы пайда болғанға дейіңгі кезеңге тарихи шолу. 5 апта Конспект №5 СӨЖ 10. Алғашқы рулық қауымның пайда болуы Рудың пайда болуына ықпал еткен факторларға талдау. 6 апта Конспект №5 ОСӨЖ 11. Ру ұғымына тарихи анықтама беру мәселесі. Рулық құрылысқа талдау жасау және соның негізінде анықтама беру 6 апта Конспект №6 СӨЖ 12. Алғашқы адамдардың діни түсініктері Бастапқы діни наным-сенім обьектілері туралы тарихи талдау жасау. Культтік негізі. 6 апта Реферат №7 СӨЖ 13. Кейініректегі рулық қауымдағы егіншілер мен малшылар қауымы. Өндіруші шаруашылыққа өту мәселесі. Егіншілер мен малшылар қауымының ерекшелігіне сипаттама жасау. 6 апта Конспект №6 ОСӨЖ 14. Алғашқы <<демографиялық төңкеріс>> сипаты Халықтық демографиялық даму үрдісінің себептері және оның орналасуындағы өзгерістер. Неке мен отбасындағы сапалық сатыларға өту мәселесі 7 апта Конспект №8 СӨЖ 15. Кейініректегі рулық қауым мәдениетінің даму ерекшеліктері Сапалық көрсеткіштеріне тиісті фактілер арқылы баяндап беру. 7 апта Ауызша жауап №9 СӨЖ 16. Өндірістік қатынастар эволюциясы Өндіруші шаруашылықтың дамуы. Жыртпалы егіншілікке көшу және малшылықтың өркендеуі. 9 апта Конспект №7 ОСӨЖ 17. Этнолингвистика мәселесі А.Қ.Т. ыдырау кезеңі. Лингвистикалық даму және этникалық бедер. Этноқұрылым. Этнолингвистикалық анықтамасын беру. 9 апта Конспект №10 СӨЖ 18. Мемлекеттің п.б. Институттандыру нышаны. 11 апта Ауызша жауап №11 СӨЖ 19. Материалдық мәдениет белгілері Материалдық мәдениет белгілерінің идеологиялық астарларын талдап көрсету. 12 апта Конспект №8 ОСӨЖ 20. Жазу-сызудың қалыптасуы. Жазба мәдениетінің көш бастаулары және бастапқы жазу-сызу үлгілері. 12 апта Конспект №12 СӨЖ 21. Перифериялық ошақтарға сипаттама жасау. Перифериялар құрылымы және оның таптық қоғаммен ара-қатынасы. 13 апта Конспект №9 ОСӨЖ 22. Стиполитейлік қоғамның таптық қоғамдармен байланысы Дәуірнамалық және хронологиялық тұрғыда түсіндіру 13 апта Ауызша жауап №13 СӨЖ 23. Алғашқы тұрмыстық қауым қалдықтары. Оның таптық қоғамдағы көріністік сипаттамасы. 14 апта Конспект №14 СӨЖ 24. А.Қ.Т. терминалогиясы Терминдерге қысқаша анықтама беру 15 апта Конспект №15 СӨЖ 6. Бақылау тапсырмалары. 1. Қоғамдық еңбек бөлінісі немен қатар жүргізілді? а/ тонаушылық соғыстармен б/ экономикалық айырбастармен в/ қауымдық-рулық құрылыс қалд ықтарымен г/ әскери көсемдер билігінің нығаюымен д/ ештеңемен де қабаттасқан жоқ 2. Алғашқы қоғам тарихын дәуірлеу қандай критерийлерге негізделген? а/ жалпы өндірістің дамуына б/ қоғам дамуының деңгейіне в/ технологиялық г/археологаялық д/ геологиялык 3. Алғашқы қоғам тарихын археологиялық дәуірлерге бөлу жан-жақты ма? а/ жан-жақты 6/ жан-жақты емес в/ жан-жақты, бірақ дүние жүзі халықтарының бәріне бірдей емес г/ аймақтық ерекшеліктеріне байланысты д/ әр аймақта әртүрлі 4, Алғашқы қоғам тарихы қай кезеңді қамтиды? а/ адам баласының хайуанаттар дуниесінен бөлініп шыққан кезеңді б/ рулық кауымға дейінгі кезенді в/ ерте темір дәуіріне дейінгі кезеңді г/ өндіруші шаруашылық шыққанға дейінгі кезеңді д/ таптық қоғам шыққанға дейінгі кезеңді 5. Алғашқы қоғам тарихы курсының мақсаты не? а/ адам баласының қалыптасуын зерттеу б/ адамзат қоғамының пайда болу жөне қалыптасу зандылықтарың зерттеу в/ алғашқы адамдардың қоғамдық өндірісінің дамуын зерттеу г/ адамзат қоғамының материалдық және рухани мәдниетінің дамуын зерттеу д/ осы аталғандардың бірі 6. Адамзат баласы тарихын дәуірлеуде қандй кезеңдеу жолдары қолданылады: а/ геологиялық б/ археологиялық в/ өндірісте жеткен жетістіктеріне қарай г/ биологияық д/ осы аталғандардың бәрі 7. Архантроптарға кімдер жатады? а/ Синантпоптап мен неандерталецтер б/ Питекантроптар в/ Австралопитекгер мен гейдельберг адамы г/Атлантроптар мен палеоантроптар д/ Гейделъберг адамы жөне неоантроптар 8. Кайнезой эрасының негізгі кезеңдері: а/палеолит, мезолит, неолит б/палеоген, неоген, мезолит в/ палеоген, неоген, ашропоген г/плейстоцен, голоцен д/ миндель, рисс, вюр 9. Адам баласының хайуанаттар дүниесінен бөлініп адам болып қалыптасу кезеңі? а/голоцен б/неолит в/ патеоген г/неоген д/ антропогек 10. Адамзат баласы тарихын өндірісте жеткен жетістіктеріне қарай кезендеген кім? а/ ЛукрецииКар б/ Ч. Дарвин в/ Л. Морган г/ Ф. Энгеьс д/ К. Маркс 11. Алғашқы қоғам дамуының палеолит дәуірінде шаруашылықтың қай формасы прогрессивті болды? а/ терімшілк б/ аңшылық в/ егіншілік г/ малшылық д/ қолөнер кәсібі 12. Ф. Энгельс адамзат қоғамын өдірісте жеткен жетістіктеріне қарай кезеңдеу мәселесіне қай еңбегінде тоқталады? а/ "Маймылдың адамға айналу процесікдегі еңбектің рөлі" б/ " Табиғи сұрьшталудың негізінде түрлердің шығуы" в/ "Көне қоғам" г/ "Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы" д/ "адамның шығуы және жыныстық сұрьптау" 13.Алғашқы адамдар тобыры дәуірінде өмір сүрген гоминидтер: а/неоантроптар б/ архантроптар мен неоантроитар в/ палеоантроптар мен неоантроптар г/ хомо сапиенс д/ архантроптар мен палеоантроптар 14. Алғашқы адамдар тобырының археолшогиялық мөлшерлі уақыты: з/ палсолит, нсолит б/ падсолит, мсзолит в/ жоғарғы палеолит г/ мезолит д/ төменгі жене жартылай орта палеолит 15. Апоплитейлік қоғам дегеніміз не? а/ жер бетіңдегі цивилизациялық қоғам пайда болмай тұрған кездегі қоғам б/ цивилизациясымен қатар өмір сүріп келген және өмір сүріп отырған алғашқы қоғам дәуірі в/неоантроптар дәуіріндегі қоғам г/ хомо сапиенс кезеңі д/варварлық кезең 16. Палеоантроптарға аталынған гоминидтердің қайсысы жатады? а/ австролопитек б/ гейдельберг адамы в/ питекантроп г/неаңдерталец д/синантроп 17.Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау дәуірінде қандай этникалық қауымдастық қалыптасты? а/ тайпа б/ ру в/ тайпалық одақтық және халық топтары г/ ұлт д/ ру д/көпшілік қауым 18.Таптардың тууының негізгі факторы а/ металды игеру б/қоғамдық еңбек бөлінісі в/ еңбектің жекеше сипат алуы г/ өндірістік қатынастардьщ дамуы д/ осы аталғандардың бәрі 19. Ф. Энгельс атаған ең тұңғыш қоғамдық еңбек бөлінісі. Басқа тайпалардың ішінен: а/ аңшылықтың бөлініп шығуы б/ балықшылардьщ бөлініп шығуы в/ малшылардың бөлініп шығуы г/ қолөнершілердің бөлініп шығуы д/егіншілердің бөлініп шығуы 20. Адам еңбегінің тұңғыш рет қажетті және қосымша өнімге бөлінуі қай кезеңге жатады? а/ кейінгі палеолит б/ мезолит в/ неолит г/ рулық құрылыстың тууы кезеңінде д/ алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау дәуірінде 21. Отарлы (отгонный) мал шаруашылығының пайда болған уақыты: а/палеолит б/ мезолит в/қола дәуірі г/ неолит д/теір дәуірі 22. Алғашқы металл бұйымдардың пайда болған кезеңі? а/ палеолит б/мезолит в/ неолит г/қола ғасыры д/темір ғасыры 23. Мал шаруашылығы қай кезенде пайда болды? а/ кейінгі палеолит б/ мезолит в/ неолит г/ қола ғасыры д/ темір ғасыры 24. Алғашқы еңбек бөлінісі қай кезеңге жатады? а/ кейінгі полеолит б/мезолит в/ неолит г/ қола ғасыры д/ темір ғасыры 25. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау дәуірінде ең алдымен не пайда болды? а/ әлеуметтік теңсіздік б/ мүліктік теңсіздік в/ қоныстық теңсіздік г/ жыныстық теңсіздік , д/ еңбек бөлінісі 26. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде құлдар еңбегі қайда пайдаланылды? а/ үй шаруашылығында б/ өндірісте в/ соғыста г/ егіншілікте д/ малшылық кәсіпте 27. Қанаудың ежелгі мынандай формалары өндіріс тәсілінің түріне ұласты: а/ төлем беру б/ езгіге түсу в/ құлдық г/ жалдамалы еңбек д/ ақылы еңбек 28. Ерте рулық қауым қашан пайда болды? а/ ежелгі палеолитте б/ кейінгі палеолитте в/ мезолитте г/қола дәуіріндс д/ темір дәуірінде 29. Мүлік теңсіздігінің пайда болған уақыты: а/ палеолит б/ мезолит в/ неолит г/ қола ғасыры д/ темір ғасыры 30. Патриархалды ру қай дәуірде пайда болды? а/ палеолит б/ мезолит в/ неолит г/ қола дәуірі д/ темір дәуірі 31. Алғашқы қауымның ыдырау кезеңіндегі еркектер мен әйелдердің коғамдық жағдайының өзгеруі немен байланысты болды? а/ ерлердің үстемдігінің күшеюі б/ ер адамдардың рөлінің артуы в/ әкелік жағынан бір жерге топтаса орналасу г/ металдардың өңдіріске енуі д/ қоғамдық еңбек бөліністерінің тууы 32. Ру меншігінің одан әрі бөлшектенуінің тереңдей түсу себебі неде? а/ жеке еңбектің басым болуы б/ семьялардың жеке меншікке ие болуға ұмтылуы в/ жеке семьялар арасындағы өзара келіспеушілік г/ айырбастың тууы д/ жерге жеке меншіктің болуы д/ жерге жеке меншіктің болуы 33. Алғашкы кауымдық коғамның ыдырау формасы: а/ патриархат және кейінгі матриархат б/ матриархат в/ патронимия г/ ерлердің қоғамда үстемдік етуі д/ жыртпалы егіншіліктің пайда болуы 34. Жеке меншік психологнясының қальштасуы немен байланысты? а/ тағылық өзімішлдік психология б/ айырбастың тұрақты сипат алуы в/ адамға тән жекеменшіктің психологиясының болуы г/ еңбек құралдарына жеке меншіктің шығуы д/ қосымша өнімнің пайда болуы 35. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңіндегі жерге жеке меншік болды ма? а/ болды б/ болған жоқ в/ бірте-бірте қалыптасты г/ экологиялық қолайлы аймақтарда ғана д/ аймақтың ерекшеліктеріне байланысты 36. Эволуциялық мектептің көрнекті өкілдері: а/ Эдуард Тэйлор, Адольф Бастиан б/ Лукреций Кар, Гесиод в/ Леви-Брюль г/ Г.Эллиот-Смит д/ Фридрих Рацель 37.Мәдени- тарихи мектептің көрнекті өкілдері: а/ Дарвин, Морган б/ Бахофен, Шмит в/ Гребнер, Шмидт г/ Спенсер д/Дж. Фергюсон Мак-Леннан 38. Функционалдық мектептің көрнекті өкілдері: а/ Б. Малиновский, Рэдклифф-Браун б/ Ульям Риверс в/ Лео Фробениус г/ Гордон Чайлд д/ Эмиль Дюркгейм 39. Кросс кузенді неке нені білдіреді? а/ еркектер шешесінің ағаларының, інілерінің қызына үйленеді б/ әкесінің ағасының қызына үйленуі в/ әкесінің інісінің қызына үйленуі Г/ ерлердің үйленіп әйелдер тобыңда тұруы д/ ерлердің қалыңдығын өз тобында ұстауы 40. Полиандрия қандай некелік катынастарды сипаттайды? а/ көп әйел алушылық б/ көп күйеулі болу в/ әменгерлік г/ балдыз алу д/ ерлердің әйелінің үйіңде немесе тобында тұруы 41. Рулық ұйымның пайда болған уақыты: а/ ерте палеолит б/ кейіңгі палеолит в/ мезолит г/ неолит д/ энеолит 42. Ең алғашқы рулық қатынас қай жағынан басталды? а/ әке жағынан б/ шеше жағынан в/ екеуінен бірдей г/ әр тайпаның ішкі ерекшелігіне байланысты д/ әр аймақта әр түрлі 43. Аналық рудың алғашқы және жан-жақты екендігіне күмән бар ма? а/ иә, бар б/күмөн жоқ в/ әлі де болса зерттеуді қажет етеді г/ нақты дәлел, деректер жоқ д/ аймақтық ерекшеліктерге байланысты 44. Нәсілге бөлінудің негізгі факторлары: а/ қоршаған ортаға бейімделу б/кездейсоқ өзгерістер в/ тайпалық оқшаулану г/ қан араласу әсері д/осы аталғаңдардың бәрі 45. Промискуитет нені білдіреді? а/ реттелген жыныстық қатынас б/ реттелген гаремдік семьяның белгісі в/реттелген топтық некені білдіреді г/ реттелмеген жыныстық қатынас д/ алғашқы жұп неке 46. Л. Морган сипаттаған қандас-туыстас семьялар қай кезеңге жатады? а/төменгі палеолит б/ орта палеолит в/ мезолит г/неолит д/энеолит 47. Ойлау мен сөздің қайсысы бұрын пайда болды? а/ ойлау бұрын пайда болды б/ сөз бұрын пайда болды в/ екеуіде бір мезгілде пайда болды і/ табиғи ерекшеліктеріне байланысты д/ әр аймақта әр түрлі 48. Пресапиенс теориясының мәні: а/ Хомо хабилистердің дамуын мойындамау б/ неаңдерталецтермен қатар бір мезгілде адамдардың прогрессивті бір түрінің болуы в/ антропогенездің даму процесіңдегі діни көзқарас г/ Дарвин теориясын мойындау д/ адамның дамуы жөніңдегі соңғы көзқарас 49. Сорораттың бастапқы мәні: а/әйелдердің бірнеше ағайындарға тұрмысқа шығуы б/ ерлердің бірнеше апалы-сіңлілерге үйленуі в/ көп күйеулі болу г/ өлген ағасының әйеліне үйлену д/ қайтыс болған інісінің әйеліне үйлену 50. Левираттың мәні: а/ алып қашу арқылы үйлену б/ қайтыс болған ағасының немесе інісінің әйеліне үйлену в/ балдыз алу г/ бірнеше апалы-сіңлілерге үйлену д/ бір әйелдің бірнеше ағайындыларға тұрмысқа шығуы 51. Классикалық алғашқы тұрмыстық қоғамның негізгі әлеуметтік-экономикалық үясы деп нені санауға болады? а/ жалпы руды б/рулық қауымды в/ рудың локальданған бөлігін г/ көршілік қауымды д/ коллективті меншіктің болуын 52. Жеке меншіктің пайда болған уақыты: а/ адамзат қоғамының пайда бола бастаған дәуірі б/ алғашқы қауымдық-рулық құрылыс дәуіріңде в/ алғашқы қауымдық-рулық құрылыстың ыдырау дәуірінде г/ рулық қоғамның тууымен бірге д/ тек өркениетті қоғамда ғана 53. Тотемизм дегеніміз не? а/ ата-баба аруағына табыну б/ жануарларға табыну в/ жануарлармен туысқандық байланыс болуына сену г/ жануарларды өздерінің пірі деп санау д/ жануарлар бейнесіне сыйыну 54. Ч. Дарвин теориясы бойынша антропогенез процесінің негізгі қозғаушы күші ретіңде қай факторға айрықша мән беріледі? а/ әлеуметтік фактор б/ экономикалық фактор в/ биологиялық фактор г/ материалдық игіліктерді өндіру д/ рухани мәдениеттің дамуы 55. Ф. Энгельстің ілімі бойынша маймылдардың адамға айналуы процесіндегі ең басты фактор? а/ отты пайдалану б/ еңбек ету в/ ет тағамдарын пайдалану г/ садақ пен жебенің шығуы д/ иемденуші шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа өту 56. Бигмендер дегеніміз кімдер? а/ құлдардың бір түрі б/ ежелгі тайпа атауы в/ негізгі жеке байлық иелері г/ ерте рулық қауымдағы негізгі әлеуметтік топтардың бірі д/ әскери басшылар 57. Топтық некенің қалдық сарқыншақтары неден байқалады? а/ қонақжай гетеризм, полиандрия, кросс-кузенді неке б/ вирилокальды неке в/ матрилокальды неке г/ патрилокальды неке д/ уксорилокальды неке 58. Иемденуші шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа көшу қай кезенде болды? а/ ерте палеолит б/ кейінгі палеолит в/мезолит г/ неолит д/ қола дәуірі 59. Егінші-малшылардың өңдіруші шаруашылығын Ф. Энгельс қалай атаған? а/ неолиттік төңкеріс б/ аграрлық төңкеріс в/ өнеркәсіптік төңкеріс г/ алып қыш ғасыры д/ тоқымашылар төңкерісі 60. Жеке меншік, таптық қоғам және мемлекеттің пайда болған уақыты: а/ рулық құрылыстың пайда болуымен бірге 6/ алғашқы тұрмыстық қоғамның гүлденген шағында в/ алғашқы қоғам ыдырау дәуірінде г/ өркениетгі қоғамның пайда болуымен бірге д/ бұлар бір мезгілде болған жоқ 61. "Алып қыш ғасыры" деп қай кезеңді атайды? а/ жоғарғы палеолит б/ неолит в/ энеолит г/ қола дәуірі д/ ерте темір дәуірі 62. Кейінгі рулық қауым дәуірінде қоғамның экономикалық негізі не болды? а/ егіншіліктің дамуы б/ малшлықтың дамуы в/ айырбас қатынасының тууы г/ жерге коллективтік меншік д/ металдардың өндіріске енуі 63. "Тұңғыш демографиялық" революция деп қай кезенді атайды? а/ ерте рулық қауым дәуірі б/ кейіңгі рулық қауым дәуірі в/ мемлекеттің пайда болу дәуірі г/ алғашқы қоғамның ыдырау дәуірі д/ көршілік қауым дәуірі 64. "Кувада" ғұрыптық салтының мәні. а/ әйелдердің жерік болуы б/ ерлердің жерік болуы в/ баланың нағашысының қолында тәрбиелену салты г/жастарды ересектер өміріне баулу д/ той жасап байлығын тарату 65. "Кувада" әдет-ғұрпы жайлы тұңғыш жазған авторлар: а/ Диадор Сицилийский б/ Страбон в/ Марко Поло Г/Баховен д/ Аталынғандардың бәрі де 66. Территориясы, этникалық атауы, шаруашылығы, қоғамдық және идеологнялық байланыстары бір семьялар қауымдастығы қалай аталады? а/ патриархат б/матриархат в/патронимия г/ матронимия д/ номинация 67. Силиация ұғымы нені білдіреді? а/ некелік қатынастардың бір түрі б/нәсілдердің бір түрі в/ инициация синонимі г/ ру басы кімнен басталатындығын білдіреді д/ ру ақсақалы немесе көсемі 68. Европадағы мұз басу кезеңінің дұрыс кезектілігі: а/ гюнц, миндель, рисс, вюрм б/ миндель, рисс, гюнц, вюрм в/ рисс, гюнц, вюрм, миндель г/ вюрм, рисс, гюнц, миндель д/ вюрм, гюнц, миндель, рисс 69. Алғашқы қауымдық құрылыстың жалпы кезеңделуін тұңғыш жасаған кім? а/ К. Маркс б/ Ф. Энгельс в/ Л. Морган г/ И. Бахофен п/ Р. Дарт 70. Л. Морганның кезеңдеуі бойынша жабайылықтың жоғарғы сатысы неден басталады? а/ адамның пайда болуынан б/ отты пайдалану және балықшлықтың шығуынан в/ аңшылықтың пайда болуынан г/ малшылықтың пайда болуынан д/ садақ пен жебенің шығуынан 71. Тарихи процесті қандай үш үлкен формацияға бөлуге болады? а/ палеоантропологиялық, археологиялық, археоботаникалық б/архаикалық (топқа дейін), актогонистік (таптық) және коммунистік (тапсыз) в/алғашқы адамдар тобыры, рулық қауым, көршілік қауым г/ тарихқа дейінгі адамдар, рулық қауым, алғашқы қоғамның ыдырау дәуірі д/ осы аталынғандардың бәрі 72."Раса" терминін XVIII ғ. тұңғыш рет адамдарға қолданған кім? а/ Н. Чебоксаров б/ В. Бунак в/ Я. Рогинский г/ Г. Дебец д/ В. Богораз 73. XVIII ғ. адамзат мәдениеті тарихын үш -- тағылық, варварлық және цивилизация дәуіріне бөлген кім? а/ Иоганн Форстер б/ Льюиус Морган в/ Адам Фергюсон г/ Фридрих Энгельс д/ Томас Гексли 74. Ч. Дарвин ілімі бойынша антпропогенездің басты биологиялық факторы? а/өзгергіштігі б/жыныстық сұрыптау в/табиғи сұрыптау г/ тұқым қуалаушылық д/түрлердің томаға-тұйықтығы 75. Алғашқы қоғам тарихындағы эволюциялық мектептің негізгі идеялары? а/ қарапайымнан күрделіге прогрессивті даму б/ <<алтын ғасыр>> идеясы в/ спирал бойынша даму г/дамудағы регресс д/ортақ заңдылық болмады 76. Алғашқы қоғам тарихының эволюциялық мектебін негіздеуші? а/ В. Рубрук б/ Тацит в/ Э. Тайлор г/ П. Паллас д/ А. Лазарев 77. Адамның пайда болуын анықтауда К. Маркс пен Ф. Энгельс қандай сапалық критерийлерге мән берген? а/ барлық әрекеттерге б/ мақсатты әрекеттерге в/ еңбек құралын жасаған әрекеттерге г/ құралдарды пайдалануға д/ терімшілікке 78. "Аналық право" (1861-ж.) еңбегінің авторы кім? а/ Э. Тайлор б/ Мак Леннан в/ А.Бастиан г/И.Баховен д/Б.Спенсер 79. "Алғашқы тұрмыс некесі" еңбегінің авторы кім? а/ Л. Морган б/ Ч. Дарвин в/К.Фохт г/ Мак Леннан д/ И. Бахофен 80. "Экзогамия" ұғымы нені білдіреді? а/ ретсіз жыныстық қатынас б/ қауымдағы әйел билігі в/ бір тайпаның ішіндегі жыныстық қатынасқа тиым салу г/ коллективтің өз ішіңдегі неке д/ топ ішінде қиылысатын неке 81. Л. Г. Морган ілімінің негізі неде? а/ күрделіден қарапайымдылыққа қарай даму принципі б/ адамзаттың және оның мәдениетінің бірлік принципі мен прогрессивті дамуы в/ адамның пайда болуы және табиғи іріктеу г/ жыныстық сұрыпталу д/ жер бетінің басқа бөлігінде адамның дамыған бір түрінің болуы идеясы 82. Алғашқы қоғам тарихындағы диффузиялық мектептің негізгі мазмұны қандай? а/ мәдениет эволюциясы б/ адамзаттың рухани дамуы идеясы в/ мәдени көріністердің кеңістікке таралуы г/ семьялық-некелік қарым-қатынастардың дамуы д/ адамзат қоғамының пайда болуының ғылыми тұжырымдамасы 83. Алғашқы тұрмыстық-қауымдық құрылыстың негізгі ұясы, ең арғы аналық формадан ең кейіңгі әкелік формаға қарай дамыған ру екендігін дәлелдеген кім? а/И. Бахофен б/Л. Морган в/М.Ковалевский г/Ф.Энгельс д/Мак Леннан 84. "Эндогамия" ұғымы нені білдіреді? а/ ретсіз жыныстық қатынас б/ қауымдағы әйел билігі в/ бір тайпаның ішіңдегі жыныстық қатынасқа тиым салу г/ коллективтің өз ішіндегі неке д/ ерлердің әйелдер тобына барып некелі болуы 85. Синантроп қай жерден табылған? а/ Оңтүстік Африка б/ Қытай в/ Франция г/ Өзбекстан д/ Германия 86. Гейдельберг адамы қайдан табылды? а/Франция б/ Германия в/Оңтүстік Африка г/Америка д/Австралия 87. Адамзаттың үш үлкен нәсілі аталған материктердің қайсысында қалыптасқан? а/ Азия, Африка, Австралия б/ Европа, Америка, Азия в/ Европа, Азия, Австралия г/ Европа, Азия, Африка д/ Африка, Америка, Австралия 88. Алғашқы тұрмыстық, рулық қауым қандай адамдар қауымы болды? а/ жеке отбасылар қауымдастығы б/тең адамдар қауымы в/әйелдер толық үстемдік құрды г/ ерлердің басқаруыңда болды д/ таптық жікке бөлінген қауым 89. Матриархаттан патриархатқа өту қай кезеңге сәйкес келеді? а/ рулық құрылыстың тууы б/ аңшылар мен балықшылардың ертедегі рулық қауымы дәуіріңде в/ таптық қоғам туғанға дейін д/ рулық қауымның ыдыраған дәуірі д/ егінші, малшылардың дамыған рулық қауымы дәуірінде
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz