Файл қосу

Атом ядросының физикасы









           ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ
                                       
  5В072300-<<Техникалық физика>> мамандығы үшін
                                       
      <<АТОМДЫҚ ФИЗИКА ЖӘНЕ СПЕКТРОСКОПИЯ>>
                                       
                                       
                                       
                                       
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       

                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                  Семей 
                                     2014


                               Алғы сөз 
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырушы -   Желдыбаева Балғын Сембаевна  <<Физика>> кафедрасының  доцент м.а., п.ғ.к.
                                       
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 
2.1 <<Физика>> кафедрасының отырысында
№10  хаттама, 25.06. 2014.
Кафедра меңгерушісі  _______   п.ғ.д., профессор Маусымбаев С.С.
                                       
2.2 Физика-математика  факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында 
№6 хаттама, 26.06. 2014.
Төраға ________   Батырова К.А.
                                       
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында  мақұлданып  және баспаға ұсынылды 
№  хаттама, 2014 ж.
ОӘК төрағасы  ________ Искакова Г.К.
                                       
4  11.09.2013ж. орнына ЕНГІЗІЛДІ
                                       
                                       


















                                Мазмұны

* Жалпы мағлұматтар
* Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағатты жіктеу.  
* Курсты оқыту туралы әдістемелік нұсқау  
* Курстың форматы
* Курстың  саясаты 
* Баға қою саясаты 
* Әдебиеттер








ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат 
Желдыбаева Балғын Сембаевна, физика кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к. 
Кафедра <<Физика >>
Байланыс туралы ақпарат  -  тел. 77-33-58, №1 оқу корпусы, №1110 ауд.
Сабақты жүргізу орыны  -  11-ші қабат аудиториялары 
Осы пән бойынша кредит саны   -  <<Атомдық физика және спектроскопия>>  - 3 кредит
1.2 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаттамасы
<<Атомдық физика және спектроскопия>> 
Толқындардың корпускулалық қасиеттері. Бөлшектердің толқындық қасиеттері. Атомның құрылысы. Сутегі атомның кванттық теориясы. Көпэлектронды атомдар. Атомдық спектрлер. Атомдардың электрондық қабықтары және олардың толтырылуы. Рентгендік спектрлер. Молекуладағы қозғалыс түрлері және молекулалық спектрлер. Молекулалардағы химиялық байланыс түрлері. Қатты денелердегі негізгі байланыс түрлері. Атомдық күйлерді жүйелеу. Атомдағы электрондық моменттердің байланысу түрлері. Мультиплеттік. Кванттық ауысулардың ықтималдықтары және сұрыптау ережелері. Атомға сыртқы өрістердің әсері. Магниттік резонанс. Электромагниттік сәулені индукциялық күшейтудің принциптері. Мазерлер мен лазерлер.
    1.3 Курстың мақсаты: Физиканың осы курсының негізіне физикалық эксперименттер мен тәжірибелердің нәтижесінде тұжырымдалған математикалық деңгейдегі физикалық теорияларды; Физикадағы эксперименттер кезінде қолданылатын басты бақылаулар, өлшеулер әдістерін; қазіргі техникада физикалық құбылыстар мен заңдардың қолданылуын таныстыру жатады. 
     1.4 Курстың міндеті: студенттердің алған теориялық білімін практикада физикалық және техникалық есептерді шығаруда қолдана білуге үйрету, олардың математикалық өрнегін беру.
  + Оқыту нәтижелері
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер тиісті:
* кванттық физиканың заңдары мен принциптерін физиканың нақты есептерін шығару үшін қолдана білу;
* атомдар мен молекулаларды зерттеу үшін қолданылатын негізгі құралдар, приборлармен жұмыс істей білу, қарапайым жұмысиарын жүргізіп оны шеше білу, алынған нәтижелерді өңдеп, талдап және бағалай білу;
- құбылыстардың математикалық модельдерін құрып және бұл үшін тиісті математикалық аппаратты есептеу математикасы әдістерін қоса қолдана білу;
- атомдық физиканың негізгі принциптері, заңдары мен заңдылықтарын бұлардың логикалық мазмұнын және математикалық өректерін оқып үйрену.
- негізгі атомдық құбылыстарды біліу.
- атомның қазіргі заманғы теориясынның эксперименттік негіздерін теорияның салдарын және практикалық қолдануларын білу.
- гипотезалар мен модельдердің қолданылу аясы айқын түсініп білу.
1.6 Курс пререквизиттері: молекулалық физика, жоғары математика, химия
1.7 Курс постреквизиттері: Кванттық механика. Кванттық физика. Қоланбалы ядролық физика.
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРІНЕ САҒАТТАРДЫҢ БӨЛІНУІ
                                                                  2 кесте 

№

                                       
                                       
                                       
                          Тақырыптың аты


                               Сағаттар
Әдебиеттер


Дәріс 
Прак. сабақ

Зертхана. сабақ 

СОӨЖ
СӨЖ 

1
Кіріспе. Атом, қатты дене, атом ядросының және қарапайым бөлшектер физикасының даму кезеңдері. Микроәлем құбылыстарының өлшемдері.
Атом туралы кванттық түсініктер. Атом және молекулалар. Атомның периодтық қасиеттері. α бөлшектердің шашырауы туралы Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық ядролық моделі. Резерфорд өрнегі. 
Атом күйлерінің орнықтылығы және дискреттілігі
                                       1
                                       1
                                       1
                                       1
                                      4.5
                     Н.ә. 7.1.2 - 1 тарау. 5-12 б.
2
Энергияның деңгейлері және оларды қоздыру әдістері. Шағылысу және жұтылу спектрлерінің жалпы сипаттамасы. Спектрлердің түрлері. Сутегі атомының спектрлік сериясы. Бор постулаттары. Атомның энергетикалық деңгейлері. Сутегі атомы туралы Бор теориясы. Сутегі тәріздес атомдардың спектрлік сериясы. Франк-Герц тәжірибесі. Бор теориясын нақтылы мағұлматтармен салыстыру. Бор теориясының қайшылықтары.   
                                       1
                                       1
                                       1
                                       2
                                      4.5
Н.ә. 7.1.2 - 1 тарау. 5-12 б.
3
Корпускулалық-толқындық дуализм. Жарық пен бөлшектердің корпускуалық-толқындық табиғаты. Луи де Броиль толқындарының дифракциясы. Де-Броиль толқындарының қасиеттері. Дэвиссон-Джермер тәжірибелері. Электрондық микроскоп. Толқындық функция. Гейзенбергтің анықталмаған шамалар үшін қатынастары. 
                                       1
                                       1
                                       1
                                       1
                                      4.5
Н.ә. 7.1.2 - 1 тарау. 5-12 б.
4
Кванттық мехниканың негізгі ұғымдары. Шредингер теңдеуі. Энергияның импульс моментінің квантталуы. Бөлшектің потенциалдық шұңқырдағы қозғалысы. Сызықтық гормониялық осциллятор. Ванттық сандар және олардың физикалық мағынасы. Бор теориясын кванттық- мехнаикалық теориямен салыстыру. Штерн-Герлах тәжірибелері. 
                                       1
                                       1
                                       1
                                       1
                                      4.5
Н.ә. 7.1.2 - 1 тарау. 5-12 б.
5
Электронның спині және магниттік моменті. Бордың магнетоны. Паули принципі. Электрондық қабықшалар. Көп электрондарды атомдардың құрылымы. Зееман-Штрак эффектісі.магниттік резогагс. Ядролық магниттік резонанс. Электрондық парамагниттік резонанс. Резонанстық құбылыстардың қолдану және зерттеу әдістері. Элементтердің периодтық жүйесі. Сипаттық рентген сәуленің табиғаты. Мозли заңы және оның мағынасы. Молекулалық спектр. 
                                       1
                                       1
                                       1
                                       2
                                      4.5
Н.ә. 7.1.2 - 1 тарау. 5-12 б.
6
Қатты дененің кванттық физикасы. Қатты денелердің зоналық теориясының элементтері Ферми беті. Электрондардың энергетикалық спектрі. Зналардың электрондармен толтырылуы. Металлдар мен жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі туралы зоналық теорияның негізгі қағидалары.
                                       1
                                       1
                                       1
                                       1
                                      4.5
Н.ә. 7.1.2 - 1 тарау. 5-12 б.
7
Кристалдық тордың кванттық тербелістері. Фенондар. Қатты денелердің мехникалық мехникалық, электрлік және жылулық қасиеттері. Металлдар мен диэлектриктердің жылу сыйымдылығы және жылу өткізгіштігі туралы кванттық көзқарас. Кристалдық құрылымның ақаулары. Ақаулардың қатты денелердің физикалық қасиеттеріне әсері. Қатты денелердің зерттеу әдістері.  
                                       1
                                       1
                                       1
                                       2
                                      4.5
Н.ә. 7.1.2 - 1 тарау. 5-12 б.
8
Атом ядросының физикасы. Ядро өзара әсерлесуші протон-нейтрон бөлшектерінің жүйесі. Ядроның электр заряды. Массалық сан изотоптар мен изобаралар. Ядроның құрылуы. Масс-спектрометр. Массаның ақауы.  Ядроның байланыс энергиясы. Ядролық күштер. Ядролардың орнықтылығы. Атом ядросының моделдері
                                       1
                                       1
                                       1
                                       2
                                      4.5
Н.ә. 7.1.2 - 1 тарау. 5-12 б.
9
Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Радиоактивтіліктің ыдырау заңы. Жартылай ыдырау периоды. α-ыдырау. α-бөлшектердің спектрі  α-ыдырау периодының α-бөлшектердің энергиясына тәуелділігі α-ыдырау нәтижелерінен ядроның өлшемін анықтау. β-ыдыраудың түрлері. Электрондардың энергетикалық спектрлері. Рұқсат етілген және тиым салынған β-ауысулары. Ядролық измерия γ кванттардың ішкі конверсиясы. Ядролық γ-резонанс. 
Радиоактивтілік қатары. Ығысу ережесі. Радиоактивті изотоптардың қолданылуы.    
                                       1
                                       1
                                       1
                                       2
                                      4.5
Н.ә. 7.1.2 - 1 тарау. 5-12 б.
10
Ядролық физиканың эксперименталдық әдістері. Ядролық сәлелерді тіркеу әдістері. Гейгер-Мюллер санауышы, сцинтилляцилық әдіс, пропорциональдық санауыш, көбікшелі камера. Вильсон камерасы, фотоэмульсия әдісі, зарядталған бөлшектердің үдеткіштері. 
                                       1
                                       1
                                       1
                                       1
                                      4.5
Н.ә. 7.1.2 - 1 тарау. 5-12 б.
11
Ядролық реакциялардың физикасы. Ядролық реакцияның қимасы. Ядролық реакциялар кезіндегі сақталу заңдары. Ядролық реакциялардың мехнизмі. α-бөлшектердің, протондардың, нейтрондардың γ-кванттардың әсерімен өтетін ядролық реакциялардың ерекшеліктері. Трансурандық элементтер.     
                                       1
                                       1
                                       1
                                       1
                                      4.5
Н.ә. 7.1.2 - 1 тарау. 5-12 б.
12
Атом ядроларының бөлінуі және синтезі. Бөлінудің қарапайым теориясы. Бөліну көрсеткіші. Сптандық бөліну. Уран изотопының нейтрондардың әсерімен бөлінуі. Тізбекті реакция. Көбею коэффициенті. Реакторлар. Ядролық энергетика. Жеңіл ядролардың синтезі. Басқарылатын термоядролық реакция мәселесі. Жұлдыздардағы ядролық реакциялар. Ядролық энергетика, радиациялық қауіпсіздік және экология мәселелері. Қазақстанда ядролық физика және ядролық энергетика  саласындағы зерттеулердің дамуы.   
                                       1
                                       1
                                       1
                                       2
                                      4.5
Н.ә. 7.1.2 - 1 тарау. 5-12 б.
13
Қарапайым бөлшектер физикасы. Қарапайым бөлшектер туралы негізгі мағұлматтар. Электрондық және әлсіз әсерлесулер. Ғарыштық сәулелер. Электрон, протон, нейтрон, фотон. Антибөлшектер. Мезондар мен гиперондар. Қарапайым бөлшектердің классификациясы Кванттар.  
                                       1
                                       1
                                       1
                                       1
                                      4.5
Н.ә. 7.1.2 - 1 тарау. 5-12 б.
14
Қолданбалы ядролық физика. Ядролық бөлшектердің затпен әсерлесуі. Зарядталған бөлшектердің ортамен әсерлесуі. Энергия шығыны. Зарядталған бөлшектердің тежелуі. Нейтрондардың затпен әсерлесуі. γ - кванттардың зат арқылы өтуі. Ядролық сәлелердің организмге әсері. Ядролық сәулелердің дозметриясы және қорғану. 
                                       1
                                       1
                                       1
                                      1.5
                                      4.5
Н.ә. 7.1.2 - 1 тарау. 5-12 б.
15
Қорытынды.Атом, катты дене. Атом ядросының және қарапайым бөлшектер физикасының жетістіктері мен көрнекі мәселелері. Макро және микро әлем физикалық құбылыстарының байланысы. Ғаламның эволюциясы туралы қазіргі көзқарастар. Физиканың қазіргі кезеңдегі жетістіктері мен өзекті мәселелері. Қазақстандық ғалымдардың физиканы дамытудағы үлесі. Физиканың әдіснамалық маңызы.
                                       1
                                       1
                                       1
                                       2
                                      4.5
Н.ә. 7.1.2 - 1 тарау. 5-12 б.

* ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Курсты оқыған кезде берілген тақырыптың негізгі жағдайларын қарастыруға баса назар аудару керек, осы мақсатта пәннің оқу-әдістемелік кешенін ұсынып отырмыз, ол студенттердің оқулықпен жұмыс істеуін жеңілдетеді. Пәнді оқып меңгеруі үшін студенттің қолында оқулықтар, оқу құралдары, зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар бар. 
Курсты тақырып бойынша, пән бағдарламасына сәйкес оқыған жөн. Оқулықпен жұмыс істегенде міндетті түрде оқулықта немесе кешенде көрсетілген мысалдарды талдау  және өздігінен есептер шешу қажет. Осыдан кейін ғана өзін тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру керек. Теорияны практикалық есептерді шешу кезінде дұрыс қолдана білсеңіз, онда оқу материалы меңгерілген деп санауға болады.
Студент барлық аудиториялық сабақтарға және ОКӨБЖ  - қа қатысуы міндетті, оқытушымен қосымша сабақ өтуге мүмкіндігі бар.
<<Атомдық физика және спектроскопия>> пәнін оқытуға қатыстылар:  
- оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасау; 
- лекция материалдарымен жұмыс жасау және лекцияға дайындалу; 
- семинар сабақтарына дайындалу. 
3.1 Әдебиетпен жұмыс жасауға нұсқау: 
3.1.1 Әдебиеттен қажетті материалдың тарауын тауып, студент оны оқып және оқыған әрбір абзацына ат қояды. Егер студент абзацқа ат қоя білсе, онда оның сол абзацты түсінгенін көрсетеді. 
3.1.2 Осы абзацтағы материалды конспекті жасап, студент келесі тексттің абзацна көшеді. 
3.1.3 Егер студент тексттің әр абзацна ат беруге қиналса, онда материалдың мөлшерін үлкейтуге болады. Сонда студент материалды конспекті жасап, оған ат беруі мүмкін. Сөйтіп параграфтың барлық текстін өтуі керек. 
3.1.4 Осылайша материалды оқып және конспекті жасап, текстке қатысты сұрақтарға жауап беруі қажет.
3.1.5 Егер текстке қатысты сұрақтар жоқ болса, онда өзінің оқыған материалдары бойынша сұрақтарды өзі құрастыруы керек.
3.1.6 Соңында студенттің параграф бойынша оқыған материалдарын мазмұндап бергені тиімді.
3.2 Дәріске дайындық
3.2.1 Қолдарыңыздағы жұмыс бағдарламасында пәннің мазмұны ашылып көрсетілген, негізгі әдебиеттер тізілген, дәріс сұрақтары берілген, зертхана жұмыстарының аттары, практикалық сабақтар үшін және өзбетімен жұмыс тапсырмалары көрсетілген.
3.2.2 Сабақ кестесі сізге семестр басталмай тұрып белгілі болады.
3.2.3 Дәріс кезінде белсенді түрде жұмыс істеуге дайындық жасау үшін көрсетілген әдебиет бойынша дәріс материалын өзбетіңмен оқуың қажет, тақырып бойынша қосымша әдебиеттерді қарастыру қажет, өз ойыңыз бойынша негізгі мәселелерді  көрсете отырыпқысқаша конспект жазу керек, оқытушыға тақырып бойынша түсуге қиындық тудырған сұрақтар тізімін жасау керек.
3.2.4 Тақырып бойынша дәрісті тыңдау барысында өз конспектіңізді толықтыруыңызға мүмкіндігіңіз бар, өз сұрақтарыңызға жауап алуыңызға болады. Өз конспектіңізді түсіндіре білуіңіз керек, себебі семестр соңындағы емтиханды және курстың соңында өткізілетін мемлекеттік емтиханды тапсыратын боласыз.
3.3 Практикалық сабаққа дайындық 
3.3.1 Практикалық сабаққа дайындалу үшін сізге бақылау сұрақтары белгілі, осы сұрақтардың жауабын білу қажет.
3.3.2 Сабақ кезінде шығарылатын есептер нөмірлері белгілі болғандықтан, ол есептерді өз бетіңізбен шығаруға тырысыңыз, себебі сабақ кезінде осы жұмыс үшін балл алуға болады.
3.3.3 Егер есептерді шығара алмасаңыз, ұсынылған, физикалық есептердің шығару жолдары көрсетілген әдістемелік нұсқауларды пайдаланыңыз.
3.3.4 Практикалық сабақтар кезінде, СОӨЖ  -  да қосымшаларда шығарылған есептерде сізге өз бетімен жұмыс тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді.
3.3.5 Практикалық сабақ кезінде есепті шешуге ұсынылған әр қадам 1 баллға бағаланады.
3.3.6 Есепті шығарудағы өз бетімен жұмыс 5 баллға бааланады.
3.3.7 Практикалық сабақ кезінде тест бойынша жауап алу жүргізілуі мүмкін, әр сұрақ 1 баллға бағаланады.
3.3.8 Барлық алынған балдар аралық және межелік аттестация кезінде қосылады.
3.4 Зертханалық сабаққа дайындық
3.4.1 Студентке жұмыстардың тақырыбы мен әдебиеттер тізімі белгілі. Студент жұмыс дәптеріне конспект жасауы қажет, бақылау сұрақтарына жауаптар жазуы қажет.
3.4.2 Сабақ кезінде студент оқытушының қойған сұрақтарына жауап беріп, содан соң жұмысты орындауға рұқсат алуы қажет.
3.4.3 Өлшеулерді өте мұқият жүргізіп, студент жұмыс дәптерінде кестені толтырады және өлшеу нәтижелеріне математикалық өңдеу жасайды. Жұмыста қорытынды жасайды.
3.4.4 Жеке дәптерде жұмыс бойынша есеп жасайды.
3.4.5 Зертханалық жұмыстың орындалуы, есебі, қорғауы балмен бағаланады.
3.4.6 Барлық жұмыстар бойынша алынған балдар аралық және межелік аттестация кезінде қосылады.
4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ   
Студент мерзімінде оқытушыға СӨЖ тапсырмаларын тапсыруы қажет, зертханалық, практикалық сабақтарына дайын болуы керек.
Пәнді оқып меңгеруі үшін студенттің қолында оқулықтар, оқу құралдары, физикадан зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар, оқу бағдарламасы (syllabus), өз бетімен жұмысқа әдістемелік құралдар, дәріс конспектілері бар.
Студент барлық аудиториялық сабақтарға және СОӨЖ-қа қатысуы міндетті, оқытушымен қосымша сабақ өтуге мүмкіндігі бар.
Студент мерзімінде оқытушыға СӨЖ тапсырмаларын тапсыруы қажет, зертханалық, машықтану сабақтарына және семинарларға дайын болуы керек.
Студент сабақты босататын болса оның рейтингісі төмендетіледі, сондықтан ол босатылған сабақтар бойынша бақылау жұмысын орындауы керек. Студент оқу сабақтарының барлық түрлерінде белсенді жұмыс істеуі қажет, оның жұмысы баллмен бағаланады да, қосылып аралық және қорытынды рейтинг қойылады.
СОӨЖ  -  ге сабақ және өзбетімен жұмыс кезінде қиындық тудырған сұрақтар шығарылады. Егер ондай сұрақтар туындамайтын болса, дәріс бойынша білімін кеңейтіп тереңдетеді, қосымша ғылыми әдебиеттермен танысуына болады. Қарастырылып отырған сұрақтар бойынша студент баяндама жасауына болады.
5 КУРСТЫҢ САЯСАТЫ
Оқытушы талабы. Студенттің сабаққа қатысуы міндетті түрде. Егер студент үш сабаққа қатыспаса ол емтихан тапсыруға жіберілмейді және автоматты түрде сол пәннен кредит есептелінбейді. Сабаққа кешігу немесе сабақ аяқталмастан кетіп қалу сабаққа келмеген деп есептелінеді және оны қайта орнына келтіруге болмайды. Сонымен қатар студент практикалық және зертханалық сабақтар кезіндегі белсенділік танытуға, үй жұмысы мен СӨЖ-н және т.б. орындауға міндетті. 
Сабаққа кешігуге және сабақтан кетуге. Сабақ кекзінде ұялы телефонды пайдалануға. Өтірік айтуға, біреудің атын жамылуға, тапсырмаларды уақытында орындамауға тиым салынады. Осы ережелерді орындамау оқытушы талабының бұзылғаны болып табылады. 
СӨЖ тапсырмалары 1-2 және 8-9 апталарда беріледі. СӨЖ тапсырмаларын қабылдау 7 және 15апталарға дейін. Берілген уақыттан кеш тапсырған студенттің тапсырмалары қабылданбайды.
Студентке қойылатын талаптар:
Сабаққа қатысу: Дәріс, практикалық сабақтарына қатысу міндетті түрде. Қандай да бір себептермен сабақты босататын жағдайда да студент өзбетімен жұмыс  тақырыптарын дәл уақытында өткізу қажет, ал босатылған сабақтар тақырыбы бойынша бақылау жұмысын жазу немесе тақырып бойынша жауап беруіңіз керек.
Мінез-құлық: Сабақ уақытында үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша "қанағаттанғысыз"  деген баға қойылады.
Бақылау тапсырмалары: Міндетті түрде  оларды дәл уақытында орындап тапсыру керек. Уақытынан кешіктіріліп тапсырылған тапсырмалар автоматты түрде төмендетіліп  бағаланады.
Межелік аттестация: Межелік аттестация сабаққа қатысу, өзбетімен жұмысты дәл уақытында өткізу, сабақ кезінде ауызша және жазбаша түрде тапсыру, межелік бақылау нәтижесінде қойылады.
Көшіру мен плагиат: Кез-келген көшіріп алу немесе плагиат (басқа студенттердің дайын тапсырмалары мен шығарылған есептерін қолдану) анықталатын болса студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша "қанағаттанғысыз"  деген баға қойылады.
Ұялы телефондар: Сабақ кезінде өшіріліп қоюы керек.
Емтихан: Қорытынды ауызша емтиханға пән бойынша қойылатын ең жоғары баллдың 50% алған студенттер жіберіледі. 
6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ.
<<Атомдық физика және спектроскопия>> пәні бойынша балдардың бөлінуі	
                                                                  2- кесте
                                Апталар
                                       
                                       

                                       1
                                       2
                                       3
                                       4
                                       5
                                       6
                                       7
                                       8
                                       9
                                      10
                                      11
                                      12
                                      13
                                      14
                                      15
                                       

                                баллдар
                                       
Аудиториялық сабақтардың барлығына қатысу (1-7) және (8-15) апталарда
                                        
                                       
                                      60
Дәрістер
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
Машықтану
                                       
                                       
10
                                      10
                                      10
                                      10
                                      10
                                       
                                       
10
10
10
10
10
          100
Зертханалық
                                       
                                       
10
                                      10
                                      10
                                      10
                                      10
                                       
                                       
10
10
10
10
10
                                      100
СОӨЖ
                                       
                                       

                                      20
                                       
                                       
                                      20
                                       
                                       
20
20
                                      80
СӨЖ
                                       
                                       
20
                                       
                                       
                                      20
                                      20
                                       
                                       
20
20
20

                                      120
Межелікбақылау
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                      70
                                       
                                       
70
                                      140
Барлығы
                                       
                                       
                                      40
                                      40
                                      20
                                      40
                                      130
                                       
                                       
40
20
40
20
40
110
                                      540
Студенттің пәнді меңгергенін оқытушы бағалайды. Студенттің жұмысын бағалаудың төрт мүмкін деңгейі қарастырылады: Репродуктивтікөмектесу арқылы (тану, қайталау); Репрадуктивті көмексіз (есте сақтау және типтік есептердішығаруға қолдану); Эвристикалық (типтік емес, қиын есептерді шығару); Шығармашылық (оқу-зерттеу немесе ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында проблемалық есептерді шығару. Осы білім деңгейіне сәйкес балдар қойылады.
7 ОҚУЛЫҚТАР
  + Негізгі оқулықтар

    o Жұманов К.Б.  Атомдық физика  -  Алматы, <<Қазақ университеті>>, 2006,  - 369 бет. 
    o Жұманов К.Б.  Атомдық физика  -  Алматы, <<Қазақ университеті>>, 2000,  - 465 бет. 
    o Савельев И.В. Курс общей физики.Т 3 Наука, 1982
    o Гершензон Е.М. Малов Н.Н. Курс общей физики. -  -  М. Просвещение, 1979
7.1.5 Детлаф А.А., Яворский Б.М., Миликовская Л.Д., Курс общей физики. Т 3.- М. Высшая школа. 1979
    o Гершензон Е.М. Малов Н.Н. Практикум по общей физики. -  -  М. Просвещение, 1982
    o Поль Р.В. Оптика атомная физика  -  М. Наука, 1966.
    o Сивухин Д.В. Общей курс физики. Т 4.
    o Шпольский Э.В. атомная физика. М., Наука, Т 2.
    o Жұманов К.Б. Жалпы физикалық практикум. Атомдық физика.  -  Алматы, <<Қазақ университеті>>, 2002.  -  158 б.
    o Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсы бойынша есептер жинағыЖОО-на арналған оку кұралы. - М.: Ғылым. Физ.-мат. әдебиет. басред., 1990.-400 бет.
7.1.12 Иродов И.Е. Задачи по обшей физике. М.: Наука: Гл. ред. физ. -мат.лит., 1979, - 367 стр.
  + Қосымша
    o Широков Ю.М., Юдин К.П. Ядерная физика. Наука
    o Бокова Г.И., Тлеубергенова Г.А. Практикум по ядерной физике.  -  Алматы, 1974
    o Рымкевич П.А. курс физики.  -  М.Высшая школа. 1975г.
    o    Тлеубергенова Г.А., Оразалиев В.Н., Брузгин И.М., Қалиева К.Қ. Практику по курсу общей физике. Алматы, 1972.


Пәндер