Файл қосу

әскери - бөлiм - үшiн - тиiс - өрт - рота - бөлiмнiң



                                       
                                       
                ЭСКЕРИ-МЕДИЦИНА ДАЙЫНДЫҚ
Әскери қызметшiлердiң денсаулығын сақтау мен нығайту
                          Жалпы ережелер
      285. Әскери қызметшiлердiң денсаулығын сақтау мен нығайту, дене бiтiмiн дамыту - оларды өзiнiң әскери борышын орындауға даярлаудың маңызды да ажырамас бөлiгi. Командирдiң (бастықтың) бағыныстылардың денсаулығы туралы қамқорлығы оның әскери бөлiмнiң (бөлiмшенiң) ұдайы жауынгерлiк әзiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.
      286. Әскери қызметшiлердiң денсаулығын сақтау мен нығайтуға:      командирлердiң (бастықтардың) қызметi мен тұрмыс жағдайларын сауықтыру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуiмен;      оларды жүйелi шынықтырумен, дене дайындығымен және спортпен жиi шұғылдануымен;      санитарлық-гигиеналық, iндетке қарсы және емдеу-алдын алу iс-шараларын жүзеге асырумен қол жеткiзiледi.
Әскери қызметшiлердiң қызмет және тұрмыс жағдайларынсауықтыру
      287. Әскери қызметшiлердiң күнделiктi қызметi жалпыәскери жарғылардың және басқа да басшылық құжаттардың олардың қызметi мен тұрмысы жағдайларын сауықтыру туралы талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиiс. Бұл ретте орындалатын мiндеттердiң ерекшелiгi, әскери бөлiм орналасқан аудандағы климаттық жағдай, экологиялық жағдай, материалдық қамтамасыз ету және казармалық-тұрғын үй қорының жай-күйi ескерiледi.
      288. Командирлердiң (бастықтардың) әскери қызметшiлердiң қызметi мен тұрмысы жағдайларын сауықтыру жөнiндегi қызметiнiң негiзгi бағыттары:      қажеттi қауiпсiздiк талаптарын белгiлеу және әскери қызметшiлерге уақтылы жеткiзу, олардың орындалуын қамтамасыз ету;      санитарлық нормалар мен ережелердi, жалпыәскери жарғылардың әскери қызметшiлердi орналастыру, олардың тамақтануын ұйымдастыру, сумен жабдықтау, жылумен және материалдық, тұрмыстық қамтамасыз етудiң барлық түрлерiмен қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын қатаң орындау;      күн тәртiбi мен қызмет уақытының регламентiн нақты орындауды ұйымдастыру;      әскери қызметшiлерге тиiстi жабдықталым нормаларын уақтылы және толық жеткiзу;      әскери қызметшiлердiң денсаулығына зиянды факторлардың әсерлерiн жою немесе белгiленген шектерге дейiн төмендету, әскери бөлiм (бөлiмше) орналасқан аудандағы санитарлық-эпидемиялық және экологиялық жағдайды жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу болып табылады.
Әскери қызметшiлердiң шынығуы, дене дайындығымен жәнеспортпен айналысуы
      289. Әскери қызметшiлердiң шынығуы, дене дайындығымен және спортпен айналысуы олардың ағзасының қоршаған ортаның физикалық факторларының әр түрлi күрт өзгеруiне, әскери қызмет ерекшелiктерiмен және жауынгерлiк мiндеттердi орындаумен байланысты жағдайларға төзiмдiлiгiн арттыру мақсатында жүргiзiледi.
      290. Әскери қызметшiлердi шынықтыру жөнiндегi iс-шараларды олардың командирлерi (бастықтары) медицина қызметi бастығының және дене дайындығы мен спорт бастығының, сондай-ақ командир (бастық) тағайындаған басқа да адамдардың жүйелi бақылау жасауымен жүргiзiледi. Осы шараларды жоспарлау кезiнде әскери қызметшiлердiң денсаулық жағдайы, олардың жасы және жергiлiктi жердiң климаттық жағдайы ескерiледi. Жылдың суық уақытында әскери қызметшiлердiң тоңуы мен үсуiнiң алдын алу жөнiндегi iс-шараларға, ыстық уақытта - ағзаның қызуының, күнге күю мен ыстық өтудiң алдын алу жөнiндегi iс-шараларға ерекше назар аударылады.
      291. Әскери қызметшiлердi шынықтыру су, күн және ауа факторларын дене дайындығы және спорт сабақтарымен үйлесiмдiлiкте кешендi пайдалану жолымен жүйелi және үздiксiз жүргiзiлуi тиiс.      Әскери қызметшiлердi шынықтырудың негiзгi тәсiлдерi:      күн сайын таза ауада таңертеңгi дене жаттығуын орындау;      белуарына дейiн суық сумен жуыну немесе аздап салқын душ қабылдау;      күн сайын ұйқыға жатар алдында аяқты суық сумен жуу;      қысқы кезеңде шаңғы жаттығулары мен сабақтарын өткiзу;      кейбiр жұмыстарды жеңiл киiммен орындау;      жазғы уақытта сабақтар мен спорттық iс-шараларды жеңiл киiммен өткiзу, күн ванналарын қабылдау және сабақтан және жұмыстан бос уақытында, демалыс күндерi ашық су тоғандарында шомылу және душ қабылдау болып табылады.
      292. Ағзаның әр түрлi жүктеме түрлерiне төзiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралар дене дайындығы бойынша сабақтар уақытында, таңертеңгi дене жаттығуларында, оқу-жаттығу жауынгерлiк қызмет процесiнде, әскери қызметшiлермен спорттық жұмыстар уақытында, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң Қарулы Күштердiң түрi мен әскер тегiне тиiстiлiгiн, жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, жаттығудың әр түрлi тәсiлдерiн пайдаланумен өз бетiнше жаттығулар және дене жүктемесiн мөлшерлеу барысында жүргiзiледi.
Санитарлық-гигиеналық және iндетке қарсы iс-шаралар
      293. Әрбiр әскери қызметшi өзiнiң денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығы туралы қамқорлық көрсетуi, медицина қызметкерлерiнен сырқатын жасырмауы, жеке және қоғамдық гигиена ережелерiн қатаң сақтауы, зиянды әдеттерден аулақ болуы тиiс.
      294. Жеке гигиена ережелерiне:      таңертең белуарына дейiн салқын сумен шайынуы және тiсiн тазалауы;      тамақ iшер алдында қолын жууы;      ұйқыға жатар алдында жуынуы, тiсiн тазалауы және аяғын жууы;      уақтылы қырынуы, шашын және тырнағын алуы;      iш киiмi мен төсек-орнын, шұлғауы мен ұйықтарын ауыстырумен апта сайын моншада жуынуы;      киiм-кешегiн, аяқ киiмi мен төсек-орнын таза ұстауы, жаға астарларын уақтылы ауыстыру кiредi.      Әскери қызметшiлердiң шаш үлгiсi, мұрты мен сақалы (егер олар бар болса) ұқыпты болуы, гигиена талаптарына жауап беруi және жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға және жарақтарды алып жүруге бөгет жасамауы тиiс.      Сақал қоюға тек офицерлерге рұқсат етiледi.
      295. Қоғамдық гигиена ережелерiне:      ұйықтайтын үй-жайларда, дәретханаларда және басқа да жалпы пайдаланылатын бөлмелерде тазалық сақтау;      үй-жайларды жиi желдету;      көпшiлiк орындарда, сондай-ақ әскери бөлiм (бөлiмше) орналасқан аумақта тазалық сақтау кiредi.
      296. Әскери қызметшiлердiң жұқпалы ауруларды жұқтырмауын қамтамасыз ету үшiн алдын ала егу жұмыстары жүргiзiледi. Егулер жоспарлы және iндеттiк көрсетулер бойынша болуы мүмкiн.      Жоспарлы сақтандыру егулерi әскери бөлiмнiң (бөлiмшенiң) барлық жеке құрамын алдын ала егулердiң күнтiзбелiк жоспарына сәйкес, ал iндеттiк көрсетулер бойынша аға командирдiң (бастықтың) бұйрығымен жүргiзiледi.      Iндеттiк көрсетулер бойынша егулерден әскери қызметшiлер тек дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша босатылады.      Егулер туралы белгiлер медициналық кiтапшаларына және әскери билеттерiне енгiзiледi.
      297. Әскери қызметшi өзiнде немесе онымен бiрге бiр пәтерде (жатақхана бөлмесiнде), сондай-ақ казармада тұратын адамдар арасында жұқпалы аурудың туындағаны туралы медицина қызметкерiне баяндауға және медицина қызметi бастығының қорытындысы бойынша өзiнiң тiкелей командирiнiң (бастығының) рұқсатымен қызметтiк мiндеттерiн орындауы тиiс.
      298. Әскери бөлiмде жұқпалы аурумен сырқаттанушы табылған кезде медицина қызметiнiң бастығы бұл туралы дереу командирге (бастыққа) және үлкен медицина бастығына баяндайды, сырқаттанғандарды белсендi анықтауды, оқшаулауды және госпитальға жатқызуды, бөлiмшелердi залалсыздандыруды, сырқаттанғанмен қарым-қатынаста болған адамдарды қадағалауды жүргiзедi және санитарлық-гигиеналық бақылауды күшейтедi.      Қажет болған кезде әскери бөлiмде қадағалау режимi немесе карантин енгiзiледi, азаматтық тұрғындармен қарым-қатынас тоқтатылады немесе шектеледi, әскери бөлiмнiң iшiнде жеке құрамның жиналысына және мәдени көпшiлiк iс-шараларына тыйым салынады, қосымша оқшаулағыштар өрiстетiледi.
               Емдеу-алдын алу iс-шаралары
      299. Негiзгi емдеу-алдын алу iс-шаралары әскери қызметшiлердi амбулаториялық, стационарлық, санаторлық-курорттық емдеу және диспансерлеу болып табылады.      Жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу мақсатында медицина қызметi ұсынатын емдеу-алдын алу iс-шаралары барлық әскери қызметшiлер үшiн мiндеттi.
      300. Диспансерлеу үрдiсiнде:      әскери қызметшiлердiң денсаулық жағдайына медициналық бақылау;      ауруларды белсендi түрде ерте анықтау;      әскери қызметшiлердiң қызмет жағдайы мен тұрмысын зерделеу, олардың денсаулығына терiс әсер ететiн факторларды анықтау;      алдын алу және емдеу-сауықтыру iс-шараларын жүргiзу;      әскери қызметшiлер арасында салауатты өмiр салтын насихаттауды жүргiзу iс-шаралары жүргiзiледi.
      301. Әскери қызметшiлердiң денсаулық жағдайын медициналық бақылау:      күн сайын жауынгерлiк даярлық процесiнде және тұрмыста жеке құрамға медициналық бақылау;      әскери қызметшiлердi медициналық қарау;      әскери қызметшiлердi тереңдетiлген және бақылаулық медициналық тексерулер;      әскери қызметшiлердiң денсаулық жағдайына диспансерлiк динамикалық қадағалау жүргiзу жолымен жүзеге асырылады.
      302. Медициналық тексеруге:      әскери бөлiмнiң (бөлiмшенiң) барлық жеке құрамы - алдын алу егулердi жүргiзу алдында;      мерзiмдi әскери қызметтiң барлық әскери қызметшiлерi - моншада жуынар алдында;      қарауылдың, кезекшi күштердiң (ауысымның) жеке құрамы - қарауылға және жауынгерлiк кезекшiлiкке (жауынгерлiк қызметке) түсер алдында;      жұмысы қолайсыз факторлардың мүмкiн болатын әсерiмен байланысты әскери қызметшiлер, сондай-ақ диспансерлiк динамикалық қадағалаудағы адамдар - олар үшiн белгiленген мерзiмдерде;      асханаларда, азық-түлiк қоймаларында, сумен жабдықтау объектiлерiнде, наубайханаларда, моншаларда, кiр жуу орындарында тұрақты жұмыс iстейтiн адамдар мен санитарлар - аптасына бiр рет;      асхана бойынша нарядқа тағайындалған жеке құрам - тәулiктiк нарядты таратқанға дейiн;      әскери бөлiмге жаңадан келген, сондай-ақ демалыстардан, iссапарлардан және сауығуы бойынша емдеу мекемелерiнен келген, басқа әскери бөлiмдерге кеткен барлық әскери қызметшiлер - әскери бөлiмге келген күнi, бiрақ оларды бөлiмшеге жiбергенге дейiн;      жүргiзушiлер - рейске шығар алдында;      спорттық жарыстарға қатысушылар - жарыстар алдында алынады.      Одан басқа, аптасына бiр рет әскери бөлiм командирi белгiлеген уақытта бөлiмшенiң мерзiмдi әскери қызмет әскери қызметшiлерiнiң денесiн қарау жүргiзiледi.
      303. Тереңдетiлген медициналық тексерулер:      мерзiмдi әскери қызметтiң әскери қызметшiлерi үшiн - жылына екi рет, оқу-жаттығу кезеңi басталар алдында;      офицерлер мен келiсiмшарт бойынша әскери қызметшiлер үшiн - төртiншi тоқсанда жүргiзiледi; екiншi тоқсанда бақылау медициналық тексеру жүргiзiледi.      Офицерлер мен келiсiмшарт бойынша әскери қызметшiлердi тереңдетiлген медициналық қарауға медициналық мекемелерден дәрiгер-мамандар тартылады.
      304. Әскери бөлiмнiң (бөлiмшенiң) әскери қызметшiлерiнiң денсаулық жағдайын медициналық бақылау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу уақыты, тәртiбi және орны бөлiм бойынша бұйрықта жарияланады. Медициналық тексерудi демалыс күндерi белгiлеуге тыйым салынады.
      305. Бөлiмшенiң жеке құрамын медициналық тексеруде барлық офицерлер мен келiсiмшарт бойынша әскери қызметшiлер қатысуға мiндеттi.      Бөлiмшенi медициналық тексеруге бөлiмше командирi, ал медициналық қарауға рота старшинасы апарады. Олар дәрiгерге бағыныстылардың денсаулық жағдайын өздерiнiң қадағалаулары туралы хабарлауы тиiс.      Бөлiмшенiң жеке құрамын медициналық тексеру және қарау нәтижелерiн дәрiгер медициналық кiтапшаларға енгiзедi. Денсаулық жағдайы бойынша диспансерлiк динамикалық қадағалауды қажет ететiн әскери қызметшiлер есепке алынады және бақылаулық медициналық тексерулерге жиi тартылады. Бөлiмшенiң (ротаның) командирi жеке құрамды толық медициналық тексеру үшiн жауап бередi.
      306. Қандай да бiр себеппен медициналық тексеруде болмаған әскери қызметшiлердi бөлiмше командирi мүмкiндiк болған кезде осы үшiн әскери бөлiмнiң медициналық пунктiне (медициналық ротаға) жiбередi.
      307. Әскери бөлiмнiң жеке құрамын медициналық тексерудiң нәтижелерi, сондай-ақ қажеттi емдеу-сауықтыру iс-шараларын жүргiзу жөнiндегi ұсыныстарды әскери бөлiмнiң медицина қызметiнiң бастығы әскери бөлiмнiң командирiне баяндайды.
      308. Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiн амбулаториялық қабылдау әскери бөлiмнiң медициналық пунктiнде және гарнизонның әскери-медициналық мекемелерiнде әскери бөлiм командирi мен гарнизон бастығы белгiлеген сағатта жүргiзiледi.      Кенеттен сырқаттанған немесе жарақат алған әскери қызметшiлер әскери бөлiмнiң медициналық пунктiне немесе гарнизонның әскери-емдеу мекемесiне тәулiктiң кез келген уақытында дереу жiберiледi.
      309. Мерзiмдi әскери қызметтiң әскери қызметшiлерi әскери бөлiмнiң медициналық пунктiне (медициналық ротаға) рота бойынша кезекшiмен ротаның санитарлық нұсқаушысымен немесе бөлiмше командирi тағайындаған үлкеннiң командасымен жiберiледi. Рота старшинасының қол қойған сырқаттарды жазу кiтабы бөлiмнiң медициналық пунктi (медициналық рота) бойынша кезекшiге амбулаториялық қабылдау басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрiлмей ұсынылады.      Дәрiгер ротаның сырқаттарды жазу кiтабына енгiзiлген барлық әскери қызметшiлердiң медициналық пунктке (медициналық ротаға) келуiн бақылайды.      Медициналық пункттен (медициналық ротадан) тыс дәрiгердi шақыру және сырқатты қарау жағдайында сырқаттанғандар сырқат сипатына байланысты емделу үшiн әскери бөлiмнiң медициналық пунктiне, бөлiмнен тыс емдеу мекемелерiне (госпитальға, ауруханаға) жiберiледi немесе оларға амбулаториялық емдеу тағайындалады.      Дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша офицерлер мен келiсiмшарт бойынша әскери қызметшiлер үй жағдайында емделу үшiн қалдырылуы мүмкiн.      Дәрiгер сырқаттарды қарау нәтижелерi, көрсетiлген медициналық көмектiң сипаты және тағайындаулар туралы медициналық кiтапшаларға тиiстi белгiлер жасайды, ал қорытындыны әскери қызметшi медициналық қамтамасыз етiлуде тұрған әскери бөлiмнiң медицина қызметi бастығының қорытындысын бекiтумен сырқаттарды жазу кiтабына тiркейдi.      Мерзiмдi әскери қызметтiң әскери қызметшiлерi медициналық көмек алғаннан кейiн ротаға санитарлық нұсқаушының немесе үлкеннiң командасымен қайтып келедi. Команданың үлкенi сырқаттарды жазу кiтабын рота бойынша кезекшiге бередi, ол оны рота командирiне бередi. Рота старшинасы сырқаттарды жазу кiтабында бар дәрiгердiң қорытындысы бойынша рота командирiнiң шешiмiне сәйкес қажеттi нұсқаулар бередi.
      310. Сырқаты бойынша әскери қызмет мiндеттерiн орындаудан уақытша босату, сабақтар мен жұмыстардан iшiнара немесе толық босату туралы қорытындыны анықтама түрiнде дәрiгер, ал штатында дәрiгер көзделмеген әскери бөлiмдерде фельдшер кемiнде үш күнге бередi (Қазақстан Республикасы азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органының бұйрығымен белгiленген тұмаумен жаппай ауыру кезеңiнде - алты күнге).      Берiлген мерзiм өткеннен кейiн әскери қызметшiлер, қажет болған кезде, егер олар осыған мұқтаж болса, қайта медициналық тексеруге жiберiлуi тиiс және қайта босатылуы мүмкiн.      Алты тәулiк өткеннен кейiн, емдеудi жалғастыру қажет болған жағдайда сырқат емдеу мекемесiне тексерiлуге жiберiледi.      Дәрiгердiң (фельдшердiң) әскери қызмет мiндеттерiн (қызметтiк мiндеттерiн) орындаудан iшiнара немесе толық босату туралы ұсынымдары лауазымды адамдардың мiндеттi түрде орындауына жатады.      Босату туралы құжаттарды ресiмдеу дәрiгер (фельдшер) емдеу үшiн айқындаған уақытты қысқартпауы тиiс.      Әскери қызметшi қызметке келе алмаған жағдайда өзiнiң ауырғаны туралы командирге (бастыққа) кез келген мүмкiн болатын тәсiлмен хабарлауға мiндеттi.      Офицерлер мен келiсiмшарт бойынша әскери қызметшiлердi әскери қызмет мiндеттерiн (қызметтiк мiндеттерiн) атқарудан босату туралы және олардың сауыққаннан кейiн қызметке шығуы әскери бөлiм бойынша бұйрықта жарияланады.      Дәрiлер қабылдау және басқа да емдеу процедураларын жүргiзу үшiн амбулаториялық емдеу тағайындаған сырқаттар, сондай-ақ медицина мамандарының кеңесiн қажет ететiндер әскери бөлiмнiң медициналық пунктiне (медициналық ротаға) дәрiгер сырқаттарды жазу кiтабында (медициналық кiтапшасында) көрсеткен күндерi және сағатта жiберiледi.
      311. Емдәмдiк тамақтануды қажет ететiн мерзiмдi әскери қызметтiң әскери қызметшiлерiн және әскери оқу орындарының курсанттарын тiркеу әскери бөлiм командирiнiң бұйрығымен бөлiмнiң медицина қызметi бастығының қорытындысы негiзiнде үш ай мерзiмге жүзеге асырылады.
      312. Әскери бөлiмнiң медициналық пунктi (медициналық ротаның) лазаретiнде сырқаттарды стационарлық емдеу он төрт күн емдеу мерзiмiне дейiн жүргiзiледi.      Лазаретке түскен кезде сырқаттар санитарлық өңдеуден өтедi.
      313. Әскери қызметшiлердi әскери бөлiмдерден тыс орналасқан стационарлық емделуге дәрiгердiң қорытындысы бойынша бөлiм командирi, ал дәрiгер болмағанда жедел көмек көрсету үшiн медициналық пункт (медициналық рота) бойынша кезекшi фельдшер (санитарлық нұсқаушы) бiр уақытта әскери бөлiмнiң медицина қызметiнiң бастығына және бөлiм бойынша кезекшiге баяндаумен жiбередi.      Сырқаттарды емдеу мекемесiне жеткiзу фельдшердiң (санитарлық нұсқаушының) iлесiп жүруiмен әскери бөлiмнiң санитарлық немесе өзге көлiгiмен жүзеге асырылады.      Әскери қызметшiлер әскери бөлiм орналасқан жерден тыс емделуге жiберiлген кезде жыл мезгiлiне сәйкес нысанда киiнуi және өзiмен бiрге емделуге жiберу туралы бөлiм бойынша бұйрықтың көшiрмесi, бөлiм командирi қол қойған жол қағазы, медициналық кiтапшасы, жеке басын куәландыратын құжаты, жеке гигиена заттары, қажеттi жеке заттары мен азық-түлiкке аттестат, қажет кезде жарақаты туралы анықтама мен медициналық сипаттамасы, ал гарнизоннан тыс емделуге кеткен кезде, одан басқа, медициналық мекеме орналасқан жерге дейiн және керi жолда жүру құжаттары болуы тиiс.      Әскери қызметшiнi шұғыл госпитальға жатқызу кезiнде медициналық мекемеге құжаттарды ұсыну жөнiндегi мiндет оның тiкелей бастығына жүктеледi.      Командир (бастық) стационарлық емделудегi әскери қызметшiлерге баруды ұйымдастыруға, сондай-ақ олардың емдеу мекемелерiнде болуын бақылауға мiндеттi.
      314. Әскери бөлiм орналасқан жерден тыс стационарлық емделуге түскен барлық әскери қызметшiлер туралы, сондай-ақ оларды сауығуы бойынша шығару туралы әскери-медициналық мекеме (бөлiм) бастығы (командирi) сол күнi осы әскери қызметшiлер келген бөлiмнiң командирiне хабарлауға мiндеттi.      Келiп түскен сырқаттан жұқпалы ауру табылғаны туралы және уланумен, жарақаттармен келiп түскен сырқаттар туралы әскери-медициналық мекеме (бөлiм) бастығы (командирi) сырқат келiп түскен әскери бөлiм командирiн, ал жұқпалы ауру туралы, одан басқа жақын маңдағы санитарлық-эпидемиологиялық мекеменi дереу хабарландыруға мiндеттi.      Демалыс немесе iссапар кезеңiнде ауырған әскери қызметшiлер шұғыл медициналық көрсетулер болған кезде олар қызмет өткерiп жатқан әскери бөлiм командирлерiн әскери полиция органдары немесе жергiлiктi әскери басқару органдары (жергiлiктi атқарушы органдар) арқылы дереу хабарландырумен госпитальға жата алады.      Сауығып шыққаннан кейiн әскери қызметшiлер әскери госпитальдан немесе ауруханадан команда бойынша берiлетiн тиiстi құжаттарымен әскери бөлiмге жiберiлдi.
            Монша-кiр жуу қызметiн көрсету
      315. Мерзiмдi әскери қызметтiң әскери қызметшiлерi мен әскери оқу орындарының курсанттары кемiнде аптасына бiр рет моншада жуынуы, ал аспазшылар, наубайшылар және от жағушылар, одан басқа күн сайын душ қабылдауы тиiс. Механик-жүргiзушiлер (жүргiзушiлер), қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдаланумен және қызмет көрсетумен байланысты басқа да әскери қызметшiлер қажеттiлiгiне қарай душ қабылдайды.      Моншада жуыну (душ қабылдау) кезiнде мерзiмдi әскери қызметтiң әскери қызметшiлерi мен әскери оқу орындарының курсанттары сабынмен, орамалдармен, залалсыздандырылған жөкелермен (22-қосымша) қамтамасыз етiледi. Моншада жуыну уақыты күнi бұрын айқындалады, ал бiр әскери қызметшiнiң жуыну ұзақтығы кемiнде отыз минут болуы тиiс.      Жазғы уақытта ауа температурасы жиырма бес градус және одан жоғары болған кезде әскери бөлiм командирлерi әскери қызметшiлердiң осы үшiн арнайы жабдықталған орындарда душ қабылдауын ұйымдастырады.
      316. Рота моншаға рота старшинасының (үлкеннiң) командасымен жiберiледi. Жауынгерлiк кезекшiлiктегi, жауынгерлiк қызметтегi, тәулiктiк нарядтағы мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерi немесе қандай да бiр себептермен болмағандар, сондай-ақ iссапарлар мен демалыстардан келгендер моншаға рота старшинасымен, басқа уақытта үлкеннiң командасымен жiберiледi.      Бөлiмшенiң моншаға келуi мен моншадағы тәртiптi қадағалау үшiн сержанттардан монша бойынша кезекшi және мерзiмдi әскери қызмет әскери қызметшiлерiнен кемiнде екi тәулiктiк кезекшi тағайындалады. Одан басқа, медициналық және денесiн қарау, жеке құрамның жуынуы кезiнде медициналық көмек көрсету үшiн дәрiгер (фельдшер) тағайындалады. Мерзiмдi әскери қызмет әскери қызметшiлерiнiң моншада жуынуын есепке алуды бөлiмше жеке құрамының моншада жуынуын, iш киiмдерi мен ұйықтарын (шұлғауларын) ауыстыруды есепке алу кiтабына рота старшинасы монша бойынша кезекшiмен бiрлесiп жүргiзедi (23-қосымша).      Жуынушылардың әрбiр ауысымынан кейiн моншаның үй-жайын жинау және оларды залалсыздандыру үшiн монша бойынша кезекшiнiң қарамағына әскери қызметшiлердiң қажеттi саны тағайындалады.      Жуынудан кейiн монша бойынша кезекшi киiм-кешек бастығына (бөлiм командирiнiң тыл жөнiндегi орынбасарына) моншада жуыну кезiнде болмаған әскери бөлiм бөлiмшелерiнiң әскери қызметшiлерiнiң саны мен тектерi туралы мәлiмет бередi.
      317. Кiр жуу кiр жуатын орындарда жүргiзiледi. Кiр жуу тәртiбiн бөлiм командирiнiң тыл жөнiндегi орынбасары белгiлейдi.      Кiр жуатын орындарда оны жуу мүмкiндiгi жоқ жерде мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiнiң өздерiне киiм-кешектер мен ұйықтарды жууға осы үшiн арнайы бөлiнген жабдықталған үй-жайларда (орындарда) рұқсат етiледi. Киiм-кешектi кептiру киiм-кешек пен аяқ киiмдi кептiруге арналған бөлмелерде немесе осы үшiн бөлiнген орындарда жүргiзiледi.      Iш киiм мен төсек-орын, орамалдар мен ұйықтар аптасына бiр рет, жуынатын күнi моншада ауыстырылуы тиiс, аспазшылар мен наубайлардың iш киiмi аптасына екi реттен кем емес ауыстырылады. Кiр киiм тiкелей моншада тапсырылады.      Қажет болған жағдайда iш киiмдi, орамалдарды, шұлғауларды, ұйықтарды ауыстыру жиi жүргiзiледi.
      318. Киiм-кешектi, iш киiмдi, төсек-орын керек-жарақтарын арнайы өңдеу әскери бөлiм командирiнiң ерекше бұйрығы бойынша жүргiзiледi.
                                       
Үй-жайларды ұстау
      196. Әскери бөлiмнiң барлық ғимараттары мен үй-жайлары, сондай-ақ аумағы әрдайым тазалықта және тәртiпте ұсталуы тиiс. Әрбiр командир (бастық) ғимараттар мен үй-жайларды дұрыс пайдалану, жиһаздың, мүкәммал мен жабдықтың сақталуы үшiн жауап бередi.      Ғимараттардың барлық үй-жайлары мен қас бетi белгiленген түске боялуы тиiс.
      197. Барлық бөлмелер нөмiрленген болуы тиiс (14-қосымша). Әрбiр бөлменiң кiретiн есiгiнiң сыртқы жағына (есiктiң оң жағында немесе сол жағында) оның нөмiрi (арналуы) көрсетiлген тақтайша iлiнедi, ал әрбiр бөлменiң iшкi жағына онда бар мүлiктiң (жиһаздың, мүкәммалдың және жабдықтың) тiзiмдемесi iлiнедi (15-қосымша).      Үй-жайдағы жиһаз, мүкәммал мен барлық жабдықтар бүйiр (арт) жағынан нөмiрленедi және рота кеңсесiнде сақталатын есепке алу кiтабына енгiзiледi.
      198. Жиһаз, мүкәммал және барлық жабдықтар үй-жайдың заты болып табылады және әскери бөлiм командирiнiң рұқсатынсыз бiр бөлiмшеден екiншiсiне көшiрiлмейдi.
      199. Казармада көрiнетiн жерде арнайы стендiлерде күн тәртiбi, сабақ кестесi, нарядтар парақтары, жеке құрамның орналасу схемасы (16-қосымша), ұйықтайтын үй-жайдағы температура режимдi бақылау графигi (17-қосымша), мүлiктiң тiзiмдемесi мен қажеттi нұсқаулықтар iлiнедi.
      200. Бөлмелерде (үй-жайларда) iлiнетiн портреттер мен картиналар рамкада болуы тиiс. Барлық үй-жайларда гүлдердiң болуына, ал терезелерге ұқыпты бiр түстi перделер, шымылдықтар, жалюздер iлуге рұқсат етiледi.      Қала көшелерiне шығатын төменгi қабаттардың терезелерiндегi шынылар қажеттi биiктiкте күңгiрт (күңгiрттенуi) болуы немесе ақ бояумен сырлануы тиiс.      Қажет кезiнде казармаға кiретiн есiктер қарайтын көзшемен, сенiмдi iшкi тиекпен (iлгекпен) және бөлiмше бойынша тәулiктiк кезекшiге шығарылған дыбыстық дабылдамамен жабдықталуы мүмкiн. Бұл жағдайда төменгi қабаттардың терезелерiне iшкi бекiтпелерi бар торлар орнатылады.
      201. Су құбыры бар барлық үй-жайлар су iшуге арналған шағын субұрқақтармен жабдықталады, ал су құбырлары жоқ үй-жайларға iшетiн суы бар құлыпқа жабылған шағын бөшкелер орнатылады, олар да шағын субұрқақтармен жабдықталуы мүмкiн. Шағын бөшкелер күн сайын рота бойынша кезекшiнiң бақылауымен шайылады және iшетiн таза сумен толтырылады, аптасына бiр рет оларды залалсыздандыру жүргiзiледi. Шағын бөшкелердiң кiлттерi рота бойынша кезекшiде сақталады.
      202. Барлық үй-жайлар қоқыс салуға арналған урналардың қажеттi санымен қамтамасыз етiледi, ал шылым шегуге арналып бөлiнген орындарға суы бар (залалсыздандыратын сұйықтықпен) урналар орнатылады.      Үй-жайлардың сыртқы есiктерiнiң алдында аяқ киiмдi кiрден тазалау үшiн құрылғылар және қоқысқа арналған урналар болуы тиiс.
      203. Үй-жайларды күн сайын жинауды рота бойынша кезекшiнiң тiкелей басшылық жасауымен кезектi жинаушылар жүргiзедi. Кезектi жинаушылар сабақтан босатылмайды.      Кезектi жинаушылар: кереуеттер мен кереует жанындағы тумбочкалардың астындағы қоқысты сыпырып шығаруға, кереуеттер қатарының арасындағы өтпелердi сыпыруға, қажет болған кезде едендердi сулы шүберекпен сүртуге, қоқысты белгiленген орынға шығаруға, терезелердiң, есiктердiң, шкафтардың, жәшiктер мен басқа да заттардың шаңын сүртуге, кештен бастап қолжуғыштарды сумен толтыруға, урналарды тазалауға, ал шылым шегуге арналған орындарда, одан басқа оларға су (залалсыздандыратын сұйықтық) құюға мiндеттi.      Сабақ уақытында үй-жайларда тазалық ұстау тәулiктiк кезекшiлерге жүктеледi.
      204. Күнделiктi жинаудан басқа, аптасына бiр рет рота старшинасының басшылығымен барлық үй-жайларды жалпы жинау жүргiзiледi. Жалпы жинау кезiнде барлық төсек-орын заттары (матрацтар, жастықтар, көрпелер) үй-жайдан (казармалардан) шығарылады, мұқият қағылады және желдетiледi. Едендi мастикамен сүртер алдында олар кiрден тазартылады және сулы шүберекпен сүртiледi. Егер еден мастикамен сүртiлмесе, онда ол кемiнде аптасына бiр рет жуылады. Едендi су төгiп жууға тыйым салынады.
      205. Асханалардағы, наубайханалардағы және нан зауыттарындағы барлық жабдық пен мүкәммал таңбаланады, таза күйде және тәртiпте ұсталады; тамақ iшкеннен кейiн ыдыс тазалануы, жуылуы, ыстық сумен булануы және кептiрiлуi тиiс. Ыдыс стеллаждарда немесе арнайы шкафтарда сақталады.
      206. Қыста ғимараттар шатырларының терезелерi жабылуы, ал жазда ашылуы, бiрақ арнайы тормен қорғалуы тиiс.      Шатырлар, жертөлелер жабылады және мөрленедi, олардың кiлттерi осы үй-жайларды ұстауға жауаптылық жүктелген бөлiмшенiң кезекшiсiнде сақталады. Үй-жайлардың шатырлары мен жертөлелерiнде қандай да бiр мүлiктi сақтауға тыйым салынады.
      207. Дәретханалар унитазы (бөшкесi) бар кабиналармен және он-он екi адамға бiр зәрағармен жабдықталады. Дәретханада әрбiр кабинада урналар мен дәретхана қағазы болуы тиiс. Дәретханалар таза күйде ұсталуы, күн сайын залалсыздандырылуы, жақсы желдетiлуi және жарық болуы тиiс. Оларды жинауға арналған мүкәммал осыған арнайы бөлiнген орында (шкафта) ұсталады. Дәретханаларды ұстауды бақылау бөлiмшелердiң старшиналарына, санитарлық нұсқаушыларға және роталар бойынша кезекшiге жүктеледi.      Сыртқы дәретханалар су өтпейтiн қазылған шұңқырларға, тұрғын үй-жайлардан, асханалар мен наубайханалардан (нан зауыттарынан) сексен метр арақашықтықта орнатылады. Сыртқы дәретханаларға жолдар қараңғы уақытта жарықтандырылады. Қажет болған кезде (түнде) жылдың суық уақытында арнайы бөлiнген үй-жайларда зәрағарлар жабдықталады.      Дәретханалардың қазылған шұңқырлары уақтылы тазаланады және залалсыздандырылады.
      208. Аудандық пайдалану бөлiмдерi мен өрт сөндiру органдарының рұқсатынсыз үй-жайларды қайта жобалауға, бар және тұрғызылған жаңа құрылыстарды көшiруге және бөлшектеуге, iшкi электр желiлерiн салуға, сондай-ақ уақытша және жаңа пештердi, жылытудың автономдық жүйелерiн салуға тыйым салынады.      Энергиямен жабдықтау, газбен жабдықтау және орталықтандырылған жылыту жабдықтары мен желiлерiн жөндеудi аудандық пайдалану бөлiмдерiнiң күштерi немесе арнайы даярлығы және оны орындауға рұқсаты бар адамдар жүргiзедi.      Казармалық үй-жайда саппен жүруге тыйым салынады.
      209. Әскери бөлiм орналасқан аудан, әскери қалашық аумағы және оған iргелес көшелер учаскелерi көгалдандырылуы және тазалық пен тәртiпте ұсталуы, ал қараңғы уақытта жарық берiлуi тиiс. Әскери қалашық аумағы қоршалады.       Әскери бөлiм орналасқан аудан жинау үшiн бөлiмшелер арасында учаскелерге бөлiнедi. Қоқыс күн сайын қақпағы жабылатын контейнерлерге жиналады және шығарылады. Контейнерлер табаны қатты алаңда орналастырылады. Кемiнде аптасына бiр рет контейнерлер тазаланады және залалсыздандырылады.      Әскери қалашық (әскери бөлiмдi) аумағын жинау тәулiктiк наряд күштерiмен және түскi тамақтан кейiнгi уақытта осы мақсат үшiн арнайы бөлiнген командалармен жүргiзiледi. Парктiк-шаруашылық күнi әскери бөлiм орналасқан ауданды жинау үшiн командалар немесе бөлiмшелер бөлiнедi.
                      Үй-жайларды жылыту
      210. Жылыту кезеңiнiң басталуы мен аяқталуы гарнизон бастығының немесе әскери бөлiм командирiнiң бұйрығымен жарияланады. Пешпен жылыту кезiнде үй-жайларды жылыту, отынды қабылдау және беру тәртiбi мен уақытын әскери бөлiм командирi немесе гарнизон бастығы белгiлейдi.      Барлық қазандықтар, орталық және автономды жылыту жүйелерi, пештер мен мұржалар, сондай-ақ үш айға қатты және сұйық отын қоры жылыту кезеңi басталғанға дейiн бiр ай бұрын акт жасаумен гарнизон бастығының (бөлiм командирiнiң) комиссиясымен тексерiлуi, ал ақаулы жүйелерi жөнделуi тиiс. Жылыту жүйелерiн тексеру бақылау от жағуын жүргiзумен жүзеге асырылуы тиiс. Мұржаларды тазалау белгiленген мерзiмде жүргiзiледi.      Жылыту маусымы аяқталғаннан кейiн гарнизон бастығының (бөлiм командирiнiң) комиссиясы аудандық пайдалану бөлiмiмен бiрлесiп акт жасаумен орталық және автономды жылыту жүйелерiн түгендеудi жүргiзедi. Түгендеу актiсi негiзiнде жаңа жылыту маусымына дайындау жоспары және аудандық пайдалану бөлiмдерi мен жоғары тұрған штабтарға өтiнiмдер жасалады.
      211. Қыста тұрғын үй-жайларда ауа температурасы +18[о] С, ал медициналық мекемелерде +20[о] С төмен емес, ал қалған үй-жайларда  белгiленгеннормаларға сәйкес ұсталады. Термометрлер үй-жайлардың iшкi қабырғаларға, пештер мен жылыту аспаптарынан алыс, еденнен бiр жарым метр биiктiкте iлiнедi.
      212. Пештердi жағу жиырма сағаттан кешiктiрiлмей аяқталады. Оқу және қызметтiк үй-жайларда пештердi жағу таңертең жүргiзiледi және сабақ (жұмыс) басталғанға дейiн бiр сағат бұрын аяқталуы тиiс. Үй-жайларда осы жарғының 211-тармағында белгiленген нормалардан төмен температура кезiнде пештердi жағу әскери бөлiм командирiнiң рұқсатымен жалғастырылуы мүмкiн.
      213. Жылыту кезеңi уақытында пештердi жағу үшiн әскери бөлiм бойынша бұйрықпен сарбаздар (матростар) қатарынан от жағушылар тағайындалады, олар алдын ала пештердi жағу ережелерiне оқытылуы және өрт қауiпсiздiгi талаптарымен таныстырылуы тиiс. От жағушылар сабақтардан босатылмайды. Жылыту кезеңiнде олар барлық нарядтардан босатылады.      Бөлiмшелерде пештердi жағуды қадағалау рота старшинасына және рота бойынша кезекшiге жүктеледi, ал әскери бөлiм штабында әскери бөлiм штабы бойынша кезекшiге жүктеледi.      Тәулiктiк наряд адамдарына нұсқама беру кезiнде олардың тұрғын және қызметтiк үй-жайларда пештердi жағу ережелерiн сақтауын бақылау қажеттiлiгiне ерекше назар аударылады.
      214. Ақаулы пештердi пайдалануға, оларды жағу үшiн жанармай сұйықтарын қолдануға, жанып жатқан пештi қараусыз қалдыруға, отынды пеште немесе пештiң жанында кептiруге және оларды тұрғын үй-жайларда сақтауға, сондай-ақ үй-жайларда, дәлiздер мен баспалдақтарда ағаш жаруға және аралауға тыйым салынады.
      215. Жылыту кезеңi аяқталғаннан кейiн барлық пештер мен мұржалар тазалануы және рота старшинасы пәтер-пайдалану қызметiнiң (бөлiмнiң пәтер-пайдаланумен қамтамасыз етудi, сондай-ақ табиғатты қорғау iс-шараларын жоспарлауды және бақылауды, бөлiм мұқтажы үшiн бөлiнген жер телiмдерiн бөлудi және пайдалануға берудi, әскери қызметшiлердi, жұмысшылар мен қызметкерлердi тұрғын алаңымен қамтамасыз етудi жүзеге асыратын орган) бастығымен бiрлесiп қарауы тиiс, одан кейiн пештердiң есiктерi пломбыланады немесе мөрленедi.
                     Үй-жайларды желдету
      216. Казармаларда үй-жайларды желдетудi рота бойынша кезекшiнiң қадағалауымен тәулiктiк кезекшi: ұйықтайтын үй-жайларды ұйықтар алдында және ұйқыдан тұрғаннан кейiн, ал сыныптарды сабақ алдында және олардың арасындағы үзiлiстерде жүргiзедi.
      217. Жеке құрам үй-жайлардан тысқары болғанда терезе желдеткiштерi (фрамуттерi) суық уақытта, ал жазғы уақытта терезелер ашылады. Егер жеке құрам үй-жайдан шықпаса, желдеткiштер (фрамуттер) немесе терезелер тек үй-жайдың бiр жағынан, ал суық уақытта үй-жайларды желдетуге қажеттi кезеңде ашылады. Ашық желдеткiштер мен терезе рамалары мiндеттi түрде iлгектерге (бекiтпелерге) бекiтiледi.      Жазғы уақытта ұйықтайтын үй-жайлардың, оқу сыныптарының, асханалардың, медициналық пункттердiң, дәретханалардың терезелерi жәндiктерден қорғану үшiн торлармен жабдықталады.      Бар желдету қондырғылары ақаусыз жай-күйде ұсталуы тиiс. Ағынды-сору желдеткiшi әскери бөлiм командирi белгiлеген уақытта iске қосылады.
                   Үй-жайларға жарық беру
      218. Жарық беру тәртiбiн әскери бөлiм командирi айқындайды. Жарық беру толық және кезекшiлiк (ашық емес қара көк түс) болып бөлiнедi.      Ұйықтайтын үй-жайларда ұйықтаған уақытта кезекшi жарық қалдырылады. Керосинмен жарық беру кезiнде кезекшi шамдар толық жарықпен жағылады. Казармаларға кiреберiстерде, қару сақтауға арналған бөлмелерде, дәлiздерде, баспалдақтар мен дәретханаларда қараңғы түсiсiмен және таң атқанға дейiн толық жарық ұсталады. Жарық беру режимiн қадағалау кезекшiлер мен тәулiктiк кезекшiлерге жүктеледi.
      219. Түнгi уақытта әскери бөлiм орналасқан ауданның электр жарығы сөндiрiлмейдi.      Апат немесе басқа себептер бойынша электр жарығын уақытша сөндiрген жағдайда рота және басқа да бөлiмшелер бойынша кезекшiлерде жарық берудiң резервтiк (автономдық) көздерi (қосалқы шамдар, қол шамдар) болуы тиiс, оларды сақтау орындарын әскери бөлiм командирi айқындайды.
              Елдi мекендерде орналастыру
      220. Әскери бөлiмдер, бөлiмшелер жекелеген жағдайларда мемлекеттiк басқару органдарымен келiсiм бойынша елдi мекендердiң әкiмшiлiк ғимараттарында, ал ғимараттар болмаған кезде тұруға жарамды үй-жайларда уақытша орналасуы мүмкiн.
      221. Әскери бөлiмдердi (бөлiмшелердi) уақытша орналастыруға арналатын елдi мекендер әскери бөлiм командирiнiң бұйрығы бойынша санитарлық-iндеттiк және экологиялық жағынан алдын ала тексерiледi. Санитарлық-iндеттiк және экологиялық жағынан қолайсыз елдi мекендерде орналастыруға тыйым салынады.
      222. Үй-жайларға, қалқалар мен алаңдарға орналасу алдында бөлiмше командирi оларды қарап шығады, одан кейiн жеке құрамды, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы орналастырады.      Бөлiмшелер мүмкiндiгiнше шоғырланып орналасады.      Офицерлер, сондай-ақ әскери қызметшi әйелдер бiр-бiрiнен бөлек, өз бөлiмшелерi орналасқан жердiң маңындағы жеке үй-жайларда орналасады.      Қару-жарақ, әскери және басқа техника бөлiмшелер бойынша, құрылыстардан тыс, жабық (бүркемеленген) алаңдарда орналастырылады.
      223. Әрбiр рота үшiн оның орналасу шекарасы көрсетiледi, оның шегiнде сабақ өткiзу үшiн оған үй-жайлар және жергiлiктi жер телiмдерi бөлiнедi, сондай-ақ жауынгерлiк әзiрлiктiң жоғары дәрежесiне келтiру кезiнде бөлiмшелердiң жиын пунктi (орны) тағайындалады.
      224. Қоймаларды орналастыру үшiн өрт қауiпсiздiгi талаптарына жауап беретiн жеке үй-жайлар бөлiнедi.      Ас үйлер, наубайханалар мен моншалар, егер олар үшiн жеке үй-жайлар бөлiнбесе, өртке қатысты қауiпсiз арақашықтықта орналастырылады.
      225. Бөлiмдердi (бөлiмшелердi) елдi мекенде уақытша орналастырған кезде бөлiм (бөлiмше) орналасқан жер шекарасының шегiнде дәретханалар жабдықталады.
      226. Iшуге және тамақ дайындауға арналған су тек медицина қызметi тексерген және көрсеткен сумен жабдықтау пункттерiнен (көздерiнен) алынады; олардың ластануының алдын алу шаралары қабылданады, қажет болған кезде оларды тәулiк бойы күзету ұйымдастырылады.
      227. Әрбiр үй-жайда үлкенi тағайындалады, ол iшкi тәртiп пен үй-жайда тұрған мүлiктiң сақталуы, үй-жайға iргелес аумақтың тазалығы, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi талаптарының сақталуы үшiн жауап бередi.      Әскери қызметшiлерге үй-жайлар иесiнiң мүлкiн олардың рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.
      228. Елдi мекенде уақытша орналасқан кезде қару мен оқ-дәрiлер құрғақ, есiктерден, пештерден, жылыту аспаптарынан алыс орында сақталады және тәулiктiк наряд ұдайы күзетедi, киiм-кешек пен жабдық осы үшiн арналған орындарда орналастырылады. Жеке заттар мен iш киiм зат қапшықтарында сақталады.
      229. Iшкi тәртiп пен мерзiмдi әскери қызметтiң әскери қызметшiлерiн әскери бөлiм орналасқан жерден сейiлдемеге босату мәселелерiнде казармалық орналасу үшiн белгiленген ережелер сақталуы тиiс.
                    Өртке қарсы қорғаныс
      230. Әскери қызметшiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бiлуге, орындауға (18-қосымша) және өрт сөндiру құралдарымен жұмыс iстей бiлуге мiндеттi.      Өрт шыққан жағдайда әрбiр әскери қызметшi өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстарының әскери командасын (штаттық өрт сөндiру есептобын) немесе штаттан тыс өрт сөндiру командасын (өрт сөндiру нарядын) шақыруға және барлық қолда бар құралдармен өрт сөндiруге, сондай-ақ адамдарды, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, мүлiк пен басқа да материалдық құралдарды құтқаруға дереу шаралар қолдануға мiндеттi.
      231. Әскери бөлiмде өртке қарсы қорғаныс жоспары әзiрленедi, оны командир бекiтедi және барлық жеке құрамға жеткiзедi. Әскери бөлiмде өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын қамтитын жоспардан көшiрме, өрт сөндiруге тартылатын күштер мен құралдардың есебi, жеке құрамды, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, мүлiк пен басқа да материалдық құралдарды эвакуациялау тәртiбi әскери бөлiм бойынша кезекшiде болуы тиiс.
      232. Әскери бөлiмде өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыруға және жай-күйiне әскери бөлiм командирiнiң тыл жөнiндегi орынбасары жауап бередi. Ол:      жеке құрамның өрт қауiпсiздiгi талаптарын зерделеуiн және оны өрт сөндiру кезiндегi iс-қимылға үйретудi ұйымдастыруға;      барлық объектiлерде судың нормативтiк қорларының, найзағайдан қорғау құрылғылары мен өрт сөндiру құралдарының болуын қамтамасыз етуге;      кемiнде үш айда бiр рет әскери бөлiмнiң өртке қарсы қорғанысының ұйымдастырылуы мен жай-күйiн тексеруге және оқу-жаттығу өрт сөндiру жаттығуларын жүргiзуге;      өрт қауiпсiздiгi талаптарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге;      жақын маңдағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң өрт сөндiру бөлiмшелерiмен өзара iс-қимыл жасауды ұйымдастыруға мiндеттi.
      233. Әскери бөлiм командирi немесе оқу полигонының (оқу орталығының) бастығы әскери бөлiмге, полигонға бекiтiлiп берiлген аумақтарда, сондай-ақ сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар мен жауынгерлiк және жұмылдыру даярлығының басқа да iс-шараларын өткiзу кезiнде барлық орындарда өрт қауiпсiздiгi талаптарының орындалуына жауап бередi.
      234. Бөлiмше командирлерi, қызметтер, шеберханалар, цехтар, бос уақытты мәдени өткiзу орталықтарының, зертханалардың және басқа да объектiлердiң бастықтары оларға бағынысты бөлiмшелерде, қызметтерде, объектiлерде өрт қауiпсiздiгi талаптарының орындалуы және өрт сөндiру құралдарының ақаусыз жай-күйде ұсталуы үшiн жауап бередi.
      235. Әскери бөлiмде тiкелей өртке қарсы қорғанысқа өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары қызметiнiң бастығы басшылық жасайды, ал ол штатпен көзделмеген жерлерде оның мiндеттерi офицерлердiң бiреуiне немесе сержанттарға қоса атқару бойынша жүктеледi.
      236. Штаттық өрт сөндiру командасы жоқ әскери бөлiмде бес-он бес адам санында штаттан тыс өрт сөндiру командасы құрылады.      Штаттан тыс өрт сөндiру командасының құрамына әскери қызметшiлер, әдетте, бiр бөлiмшеден тағайындалады.      Командадан өрт сөндiру наряды бөлiнедi, ол әскери бөлiм командирi бекiткен постылар табелiне сәйкес өрт постыларында тәулiк бойы немесе белгiлi бiр уақыт аралығында кезекшiлiк атқарады.      Өрт сөндiру командасының жеке құрамы басқа нарядтарды атқарудан босатылады.
      237. Өрт сөндiру командасының бастығы өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары қызметiнiң бастығы болып табылады және бөлiм командирiнiң тыл жөнiндегi орынбасарына бағынады. Ол өрт сөндiру командасының, өрт сөндiру құралдарының ұдайы әзiрлiгiне және әскери бөлiмнiң барлық жеке құрамын өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарына оқытуға жауап бередi.
      238. Өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары қызметiнiң бастығы:      әскери бөлiм объектiлерiнiң өрт қаупi ерекшелiктерiн бiлуге, өртке қарсы қорғаныс жоспарын және өрт қауiпсiздiгi талаптарын әзiрлеуге қатысуға;      әскери бөлiм бөлiмшелерiнiң офицерлерiмен, сержанттарымен және старшиналарымен өртке қарсы даярлық, өрт сөндiру құралдарын пайдалану бойынша сабақтарды жеке өзi өткiзуге, жеке құраммен өрт қауiпсiздiгi талаптарын орындау жөнiнде түсiндiру жұмыстарын, сондай-ақ өрт сөндiру командасының арнайы даярлығын жүргiзуге, өрт сөндiру нарядына түсетiн жеке құрамға нұсқама беруге және бiлiмiн тексеруге;      барлық объектiлердiң өртке қарсы жай-күйiне тексеру жүргiзуге және жеке құрамның өрт қауiпсiздiгiнiң белгiленген талаптарын орындауына және өрт сөндiру нарядының қызмет атқаруына күн сайын бақылауды жүзеге асыруға; V064126      барлық өрт сөндiру құралдарының, өрт дабылдамасын, өрт сөндiрудi сумен жабдықтау көздерiнiң болуына, уақтылы талап етуге, ақаусыздығы мен дұрыс пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыруға және оларды iс-қимылға ұдайы әзiрлiкте ұстау жөнiнде шаралар қабылдауға, өрт сөндiру құралдарын тексерудi және куәландыруды ұйымдастыруға;      өрт сөндiру құралдарының болуы мен техникалық жай-күйiнiң есебiн жүргiзуге, сондай-ақ олардың формулярлары (паспорттары) мен техникалық құжаттамаларын уақтылы жүргiзуге;      өртке қатысты ақаулы және қауiптi қондырғыларды, жылыту, жарық беру аспаптарын пайдалануға үзiлдi-кесiлдi тыйым салуға;      әскери бөлiм командирiнiң тыл жөнiндегi орынбасарына олар анықталған кезде объектiлердiң өртке қарсы жай-күйiндегi кемшiлiктер туралы уақтылы, ал тұтанудың, өрттiң барлық жағдайлары туралы және қабылданған шаралар туралы дереу баяндауға;      өрт сөндiруге басшылық жасауға;      белгiленген есеп берулердi жоғары тұрған штабқа және жабдықталым органына уақтылы ұсынуға мiндеттi.
                  Қоршаған ортаны қорғау
      239. Әскери қызметшi табиғатты сақтауға және өзiнiң күнделiктi қызметi барысында оның байлықтарын қорғауға мiндеттi. Бұл үшiн ол әскери бөлiмде (бөлiмшеде) болатын негiзгi ластау көздерiн бiлуi және су ресурстарының, ауаның, жердiң ластануын болдырмау, жануарлар мен өсiмдiктер әлемiн сақтау жөнiндегi ережелермен және нұсқаулықтармен көзделген iс-шараларды қатаң орындауы тиiс.      Өзiнiң iс-қимылы немесе әрекетсiздiгi нәтижесiнде қоршаған ортаны ластауға жол беретiн әскери қызметшiлер заңнамаға  сәйкес жауаптылықта болады.
      240. Әскери бөлiмде қоршаған ортаға терiс әсер етудi болдырмау үшiн тұрақты әрекеттегi комиссия тағайындалады және барлық жеке құрамға жеткiзiлетiн қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары әзiрленедi.
      241. Әскери бөлiм командирi қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыруға және жай-күйiне жауап бередi. Ол:      әскери бөлiм орналасқан ауданда жеке құрамның қоршаған ортаны қорғау ережелерiн зерделеуiн және орындауын ұйымдастыруға;      қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге мiндеттi.      Әскери бөлiмде қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың тiкелей орындалуына бөлiм командирiнiң тыл жөнiндегi орынбасары басшылық жасайды.
      242. Әскери бөлiм командирi және полигон бастығы полигонда оқу-жаттығулар мен жауынгерлiк даярлықтың басқа да iс-шараларын дайындау және өткiзу кезiнде қоршаған ортаға терiс әсер етудi болдырмау жөнiндегi қажеттi шаралардың жүзеге асырылуына жауап бередi.
      2. Уақытты бөлу және күнделiктi тәртiп
                          Жалпы ережелер
      243. Әскери бөлiмде уақытты бөлу оның ұдайы жауынгерлiк әзiрлiгi қамтамасыз етiлетiндей және жеке құрамның ұйымдасқан жауынгерлiк оқу-жаттығуын жүргiзу, жарғылық тәртiптi, әскери қызметшiлердiң әскери тәртiп пен тәрбиесiн ұстау, олардың мәдени деңгейiн, жан-жақты тұрмыстық қызмет көрсетудi арттыру, уақтылы демалуы мен тамақ iшуi үшiн жағдайлар жасалатындай етiп жүзеге асырылады.      Офицерлер мен келiсiмшарт бойынша әскери қызметшiлердiң апта сайынғы қызмет уақытының жалпы ұзақтығы заңнамамен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығынан аспауы тиiс, ал мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi қызмет уақытының ұзақтығы әскери бөлiмнiң күн тәртiбiмен айқындалады.      Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi әскери қызметтiң, әскери оқу орындарының курсанттарынан басқа) апта сайын кемiнде бiр тәулiк, бiрақ айына кемiнде алты тәулiк демалыс берiледi.      Жауынгерлiк кезекшiлiк, жауынгерлiк қызмет, тәулiктiк нарядтағы қызмет, кемелердiң оқу-жаттығулары, жорықтары, жауынгерлiк әзiрлiк және жауынгерлiк даярлық жөнiндегi сабақтар апта сайынғы қызмет уақытының жалпы ұзақтығы шектеусiз жүргiзiледi.      Әскери бөлiмнiң жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгiмен тiкелей байланысты жедел iс-шаралар оның командирiнiң (үлкен бастықтың) жазбаша бұйрығы бойынша тәулiктiң кез келген уақытында аға командирге (бастыққа) дереу баяндаумен орындалады.      Апта сайынғы қызмет уақытының белгiленген ұзақтығынан артық, демалыс және мереке күндерi әскери қызмет мiндеттерiн орындауға тартылған офицерлер мен келiсiмшарт бойынша әскери қызметшiлерге бөлiм (бөлiмше) командирiнiң шешiмiмен, әскери қызметшiлердiң қызметi мүдделерi мен тiлектерiн ескере отырып, аптаның басқа күндерi демалыс берiледi. Демалыс ұзақтығы демалыс және мереке күндерi қызметте өткiзiлген уақыттан немесе қызмет уақытының белгiленген ұзақтығынан артық болмауы тиiс.      Әскери қызметшiлердi белгiленген уақыттан артық, демалыс және мереке күндерi әскери қызмет мiндеттерiн орындауға тарту, сондай-ақ оларға аптаның басқа күндерi демалыс беру бөлiм бойынша бұйрықпен ресiмделедi.
   Күн тәртiбi, қызмет уақытының регламентi
      244. Әскери бөлiмде бiр тәулiк, ал кейбiр жағдайлар бойынша апта iшiнде уақыт бөлу күн тәртiбiмен және қызмет уақытының регламентiмен жүзеге асырылады.      Әскери бөлiмнiң күн тәртiбi әскери бөлiм бөлiмшелерi мен штабы жеке құрамының күнделiктi қызметiнiң, оқу-жаттығуы мен тұрмысының негiзгi iс-шараларын орындау уақыты бойынша айқындалады.       Офицерлер мен келiсiмшарт бойынша әскери қызметшiлердiң қызмет уақытының регламентi күн тәртiбiне қосымша осы әскери қызметшiлердiң әскери қызмет мiндеттерiнен туындайтын негiзгi iс-шараларды орындау мерзiмi мен ұзақтығын белгiлейдi.      Күн тәртiбi мен қызмет уақытының регламентi әскери бөлiм командирiнiң немесе жоғары тұрған штабтың бұйрығымен әскери бөлiмнiң алдында тұрған мiндеттердi, жыл мезгiлi мен жергiлiктi жердiң климаттық жағдайларын ескере отырып белгiленедi.      Олар оқу-жаттығу кезеңiне әзiрленедi және әскери бөлiм командирiмен немесе жоғары тұрған штабпен жауынгерлiк кезекшiлiк, жауынгерлiк қызмет, тәулiктiк нарядта, қарауылда қызмет атқару және оларды орындау ерекшелiгiн ескере отырып, басқа да iс-шаралар уақытына нақтыланады.      Жауынгерлiк оқ атулар, далалық шығулар, кемелердiң оқу-жаттығуларын, маневрлерiн, жорықтарын өткiзу кезеңiне күн тәртiбi жауынгерлiк жағдайға сәйкес жасалады.      Әскери бөлiмнiң күн тәртiбi тәулiктiк нарядтың құжаттамасында, ал офицерлер мен келiсiмшарт бойынша әскери қызметшiлердiң қызмет уақытының регламентi - әскери бөлiмнiң штабында және кеңселерде, бөлiмше орналасқан жерлерде, жатақханаларда болады.
      245. Мерзiмдi әскери қызмет әскери қызметшiлерiнiң күн тәртiбiнде жеке құрамды ұйқыдан тұрғызуды жүзеге асыру, таңертеңгi дене жаттығуын өткiзу, таңертеңгi және кешкi жуыну, таңертеңгi тексеру, алты сағаттық оқу сабақтары, оларға өз бетiнше даярлану, арнайы (жұмыс) киiмiн ауыстыру, аяқ киiмдi тазалау және тамақ iшу алдында қол жуу, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы күту, тәрбие, бос уақытты мәдени өткiзу және спорттық-көпшiлiк жұмыстары, жеке құрамды ақпараттандыру, жаттықтыру, радио тыңдау және телебағдарламаларды көру, медициналық пункттерде сырқаттарды қабылдау, әскери қызметшiлердiң жеке қажеттiлiктерi (екi сағаттан кем емес), кешкi серуендеулер, тексерулер және ұйықтау үшiн сегiз сағат уақыт көзделуi тиiс.      Тамақтану арасындағы уақыт аралығы жетi сағаттан аспауы тиiс.      Түскi астан кейiн кемiнде отыз минут уақыт iшiнде сабақтар немесе жұмыс жүргiзiлмеуi тиiс.
      246. Офицерлердiң, келiсiмшарт бойынша әскери қызметшiлердiң қызмет уақытының регламентi олардың қызметке келу және одан кету уақытын, тамақтануға арналған үзiлiс (түскi ас), дербес даярлану (аптасына төрт сағаттан артық емес), күн сайын сабақ өткiзуге даярлануға және дене дайындығына (аптасына жалпы үш сағаттан кем емес ұзақтықпен) уақыт көзделуi тиiс.      Қызмет уақытының регламентiн айқындау кезiнде әскери қызметшiлердiң күн тәртiбiне сәйкес лауазымдық мiндеттерiн, сондай-ақ әскери бөлiмдi (бөлiмшенi) ұдайы жауынгерлiк әзiрлiкте ұстауға бағытталған iс-шараларды орындау қажеттiлiгi ескерiледi.      Жауынгерлiк кезекшiлiк, жауынгерлiк қызмет атқару және тәулiктiк нарядта қызмет атқару кезiнде қызмет уақытының регламентi жалпы әскери жарғылармен және тиiстi нұсқаулықтармен айқындалады.      Тәулiктiк наряд құрамына кiрмейтiн офицерлер мен келiсiмшарт бойынша әскери қызметшiлердiң әскери бөлiмдегi және бөлiмшедегi тәулiк бойы кезекшiлiгiне, сондай-ақ қызметтiк-жауынгерлiк мiндеттердi орындауын қоспағанда, әр түрлi жауапты адамдардың оларды тағайындауына тыйым салынады.      Офицерлер мен келiсiмшарт бойынша әскери қызметшiлердi казармалық жағдайға көшiру тек жауынгерлiк әзiрлiктiң жоғары деңгейлерiн енгiзу жағдайларында немесе әскери бөлiмнiң жауынгерлiк оқу-жаттығу жауынгерлiк мiндеттерiн орындау кезiнде жүзеге асырылады.
      247. Офицерлер мен келiсiмшарт бойынша әскери қызметшiлер қызмет уақыты регламентiмен айқындалған кезеңде өзiнiң әскери қызмет мiндеттерiн (қызметтiк мiндеттерiн) орындайды.
      248. Жауынгерлiк даярлық жоспарына сәйкес, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, зымырандарды, оқ-дәрiлердi ұдайы жауынгерлiк әзiрлiкте ұстау мақсатында әскери бөлiмде барлық жеке құрамды тартумен кемiнде айына екi рет парктiк күндерi өткiзiледi. Оны өткiзу үшiн толық жұмыс күнi бөлiнедi. Жеке құрамды парк күнiнiң iс-шараларын орындаумен байланысты емес жұмыстарды жүргiзуге тартуға тыйым салынады.      Әскери бөлiм штабы бөлiм командирлерiнiң орынбасарларымен және әскер тектерi және қызметтер бастықтарымен бiрлесiп алдын ала парк күнiнiң жоспарын әзiрлейдi, онда: мақсаты, негiзгi мiндеттер, сондай-ақ лауазымды адамдардың қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, басқа да материалдық құралдардың барлық түрлерiнiң, техникалық аумақтың (күзетiлетiн объектiлердiң), парк элементтерiнiң, жауынгерлiк даярлықтың оқу-жаттығу (техникалық) құралдарының, қоймалардың жай-күйiн қарап тексеру және ұстау жөнiндегi iс-шаралар, экипаждардың, есептоптардың, жүргiзушiлер мен мамандардың оларға қызмет көрсету және анықталған кемшiлiктердi жою жөнiндегi жоспарлы жұмыстарын орындауы көрсетiледi. Бекiтiлген жоспарлардың көшiрмелерi бөлiм, басқарма және бөлiм бөлiмшесi командирлерiнiң орынбасарларына жеткiзiледi. Парктiк күндi өткiзу жоспары бөлiм және парк бойынша кезекшiде болады.      Парк күнiн өткiзу күнi бөлiмнiң жеке құрамының таралымы паркте немесе оның маңында жүргiзiледi. Жұмыстарға басшылық жасауды бөлiм командирiнiң жеке өзi жүргiзедi.      Бөлiм командирiнiң орынбасарлары, басқарма офицерлерi бағынысты бөлiмшелер мен қоймаларда iс-шараларды ұйымдастырады және жүргiзедi.      Одан басқа, әскери бөлiмде апта сайын оқу-жаттығу, оқу-жаттығу-жауынгерлiк, оқу-жаттығу саптық, көлiк пайдалану топтарының қару-жарағына, әскери және басқа техникасына қызмет көрсету, парктердi, қоймаларды, оқу материалдық-техникалық базасының объектiлерiн жабдықтау және көрiктендiру, әскери қалашықтарды тәртiпке келтiру, басқа да жұмыстарды жүргiзу мақсатында парктiк-шаруашылық күнi өткiзiледi. Осы күнi барлық үй-жайларды жалпы жинау, сондай-ақ жеке құрамның моншада жуынуы жүргiзiледi.      Офицерлер мен келiсiмшарт бойынша әскери қызметшiлер парктiк-шаруашылық күнi iс-шараларына оларға айына кемiнде алты демалыс күнiн берудi ескерумен тартылады.      Парктiк-шаруашылық күндерi әскери бөлiм штабының бөлiм командирiнiң қару-жарақ және тыл жөнiндегi орынбасарларымен бiрлесiп әзiрленген және бөлiм командирi бекiткен жоспарлары бойынша да осылайша жүргiзiледi. Жоспарлардың көшiрмелерi бөлiмшелерге жеткiзiледi.      Парктiк-шаруашылық күндерi бiрiншi кезекте қару-жараққа, әскери және басқа техникаға қызмет көрсету жөнiндегi жұмысқа басшылық жасау үшiн кезектiлiк тәртiбiмен офицерлердiң қажеттi саны тағайындалады. Оларға апта iшiнде демалу үшiн уақыт берiледi.
      249. Демалыс және мереке күндерi тәулiктiк наряд пен жауынгерлiк кезекшiлiкте және жауынгерлiк қызметте болатын адамдардан басқа, барлық жеке құрам үшiн демалыс күндерi болып табылады. Бұл күндерi, сондай-ақ сабақтан бос уақытта жеке құраммен бос уақытты мәдени өткiзу, спорттық және басқа да iс-шаралар өткiзiледi.      Кинофильмдер мен демалыс күндерi қарсаңында өткiзiлетiн басқа да қоғамдық iс-шараларды әдеттегiден бiр сағатқа кеш аяқтауға, демалыс күндерi ұйқыдан тұрғызу әдеттегi бөлiм командирi белгiлеген сағаттан кеш тұрғызуға рұқсат етiледi.
Ұйқыдан тұрғызу, таңертеңгi тексеру мен кешкi тексеру
      250. Сержанттар (старшиналар) құрамының келiсiмшарт бойынша әскери қызметшiлерi үшiн рота (бөлiмше) командирi бекiткен кестеге сәйкес ұйқыдан тұрғызғанға дейiн он бес минут бұрын рота (бөлiмше) сержанты немесе взводтар сержанттарының (взводтар командирлерiнiң орынбасарларының) бiреуi рота (бөлiмше) орналасқан жерге келедi және казармада орналасқан жеке құрамның таңертеңгi ұйқыдан тұруын бақылайды. Взводтарда бақылауды бөлiмшелер командирлерi кезекпен жүзеге асыра алады.      Бөлiмшелердi мерзiмдi әскери қызметтiң сержанттарымен (старшиналарымен) жасақтау, сондай-ақ бөлiмшелердi оқу орталықтарында, полигондарда және лагерьлерде орналастырған кезде "Ұйқыдан тұр" белгiсiне дейiн он минут бұрын рота (бөлiмшелер) бойынша кезекшi взводтар сержанттары (взводтар командирлерiнiң орынбасарлары) мен рота, батальон сержантын (рота старшинасын) ұйқыдан тұрғызуды жүргiзедi.      Белгiленген уақытта "Ұйқыдан тұр" белгiсi бойынша ротаны (бөлiмшенi) жалпы ұйқыдан тұрғызу жүргiзiледi.
      251. Ұйқыдан тұрғаннан кейiн жеке құрамға дәретханаға баруға уақыт берiледi, таңертеңгi дене жаттығуы, үй-жайлар мен аумақты жинау, төсек-орындарын реттеу жүргiзiледi, әскери қызметшiлердiң жеке гигиенаны орындауы және таңертеңгi тексеру ұйымдастырылады.
      252. Таңертеңгi тексеру үшiн рота (бөлiмшелер) бойынша кезекшiнiң:>>"Рота (батальон), таңертеңгi тексеру үшiн - сапқа тұр" командасы бойынша әскери қызметшiлер көрсетiлген орынға сапқа тұрады, iссапарға келгендер сол қапталға тұрады. Рота (бөлiмшелер) бойынша кезекшi ротаны (бөлiмшенi) сапқа тұрғызып, рота старшинасына ротаның (бөлiмшенiң) қарауға әзiрлiгi туралы баяндайды және оның нұсқауы бойынша таңертеңгi тексеру жүргiзiледi.      Келiсiмшарт бойынша әскери қызметшiлер бөлiм (бөлiмше) командирiнiң шешiмi бойынша таңертеңгi тексеруге кезең-кезеңмен қатысады.
      253. Таңертеңгi тексерулерде әскери қызметшiлердiң болуы мен сыртқы пiшiнi, олардың жеке гигиенаны сақтауы тексерiледi.      Таңертеңгi тексеру барысында анықталған кемшiлiктердi жою ұйымдастырылады. Взводтарда таңертеңгi тексерулердi жүргiзген сержанттар рота старшинасына тексеру нәтижелерi туралы баяндайды.      Рота (бөлiмшелер) бойынша кезекшi медициналық көмектi қажет ететiндердi сырқаттарды жазу кiтабына жазады, оны рота старшинасына ұсынады (19-қосымша) және ол қол қойғаннан кейiн оны бөлiмнiң медициналық пунктiне (медициналық ротаға) жiбередi. Белгiленген уақытта рота (бөлiмшелер) бойынша кезекшi көрсетiлген әскери қызметшiлердi ротаның санитарлық нұсқаушысының (фельдшерiнiң) командасымен бөлiмнiң медициналық пунктiне (медициналық ротаға) жiбередi. Санитарлық нұсқаушы (фельдшер) ол жерде медициналық қарау аяқталғанға (медициналық көмек көрсетiлгенге) және сырқаттарды емдеу туралы шешiм қабылданғанға дейiн болады.      Мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерiнiң аяқтарының, ұйықтарының, шұлғауларының және iш киiмдерiнiң жай-күйi кезең-кезеңiмен, әдетте ұйықтар алдында тексерiледi.
      254. Кешке, тексеру алдында, күн тәртiбiмен көзделген уақытта рота старшинасының басшылығымен кешкi серуендеу жүргiзiледi. Кешкi серуендеу уақытында жеке құрам бөлiмшелер құрамында саптық әндердi орындайды. Серуендеуден кейiн рота (бөлiмшелер) бойынша кезекшiнiң: "Рота (батальон) кешкi тексеруге - сапқа тұр" командасы бойынша әскери қызметшiлер тексеру үшiн сапқа тұрады. Рота (бөлiмшелер) бойынша кезекшi ротаны (бөлiмшенi) сапқа тұрғызып, рота старшинасына ротаның (бөлiмшенiң) кешкi тексеруге сапқа тұрғызылғандығы туралы баяндайды.      Рота старшинасы>>"Тiк тұр" командасын берiп, тексеруге кiрiседi. Ол тексеру басталар алдында олардың жасаған ерлiктерi үшiн немесе құрметтi сарбаз ретiнде ротаның (бөлiмшенiң) тiзiмiне мәңгiге енгiзiлген әскери қызметшiлердiң әскери атағын, тегiн атайды. Көрсетiлген әскери қызметшiлердiң тегiн атаған кезде бiрiншi взводтың оң қапталдағысы:>>"Мынадай (әскери атағы мен тегi) әскери мiндетiн орындау кезiнде Отанның бостандығы мен тәуелсiздiгi үшiн ұрыста ерлiкпен қаза тапты" немесе>>"Ротаның құрметтi сарбазы (әскери атағы мен тегi) запаста (отставкада)" деп баяндайды.      Осыдан кейiн рота старшинасы ротаның (бөлiмшенiң) жеке құрамын атаулы тiзiм бойынша тексередi. Өз тегiн естiген әрбiр әскери қызметшi:>>"Мен" деп жауап бередi. Жоқтар үшiн бөлiмше командирi жауап бередi.      Мысалы:>>"Қарауылда",>>"Демалыста".      Тексеру аяқталғаннан кейiн рота старшинасы>>"Еркiн тұр" командасын бередi, барлық әскери қызметшiлерге белгiлi болуы тиiс бұйрықтарды, келесi күнге наряд құрамын жариялайды және жауынгерлiк әзiрлiк бойынша және өрт жағдайына жауынгерлiк есеп жүргiзедi (нақтылайды). Взводтарда кешкi тексерулердi жүргiзген сержанттар келесi күнге кезектi жинаушыларды тағайындайды. Содан соң жеке құрамға жеке гигиена үшiн уақыт берiледi. Белгiленген уақытта рота (бөлiмше) бойынша кезекшi>>"Ұйқыға жат" командасын бередi және кезекшi жарық жағылады. Әскери қызметшiлер ұйықтауға жатады.      Ұйықтау үшiн күн тәртiбiмен белгiленген уақытты, әскери қызметшiлердi түнгi сабақтар мен жаттығуларға, оқу-жаттығуларға, марштарға, кемелер жорығымен жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгiнiң басқа да iс-шараларына тартқан жағдайлардан басқа, қысқартуға тыйым салынады.
      255. Ротада (бөлiмшеде) таңертеңгi тексеру мен кешкi тексеру уақытында рота (бөлiмше) командирi немесе ротаның (бөлiмшенiң) бiр офицерi болған кезде рота старшинасы оған қарау (тексеру) нәтижелерi туралы баяндайды.      Таңертеңгi тексеру мен кешкi тексеруден кейiн роталар (бөлiмшелер) бойынша кезекшiлер бөлiм бойынша кезекшiге баяндаумен келедi және жеке құрамның болуы туралы және жоқ болғандар туралы мәлiметтердi, ал өз еркiмен кетiп қалғандар болса, олардың тегiн ұсынады.
      256. Әскери бөлiм штабының жоспары бойынша жалпы батальондық немесе бригадалық (полктiк) кешкi тексерулер кезең-кезеңмен жүргiзiледi. Кешкi тексеру өткiзу үшiн бөлiм командирi белгiлеген орын жарық болуы және батальонның (бригаданың, полктiң) барлық бөлiмшелерiне уақтылы жеткiзiлуi тиiс.      Жалпы батальондық (бригадалық, полктiк) тексерулерде батальонның (бригаданың, полктiң) барлық жеке құрамы қатысуы тиiс.      Барлық жеке құрамды атаулы тiзiм бойынша тексерудi роталар (бөлiмшелер) командирлерi жүргiзедi және нәтижелерi туралы батальон командирiне баяндайды.      Жалпы бригадалық (полктiк) тексерулерде батальондар мен жеке бөлiмшелер командирлерi тексеру нәтижелерi туралы бригада (полк) командирiне баяндайды. Бригаданың (полктiң) штаб бастығы немесе оның нұсқауы бойынша штаб бастығының саптық бөлiм және кадрлар жөнiндегi аға көмекшiсi әскери бөлiм басқармасының (штабының) жеке құрамын тексередi және олардың нәтижелерi туралы бригада (полк) командирiне баяндайды.      Жалпы батальондық (бригадалық, полктiк) тексеру аяқталғаннан кейiн батальон (бригада, полк) командирi>>"Тiк тұр" командасын бередi және оркестрге "Арайды" ойнауды бұйырады. Жалпы бригадалық (полктiк) кешкi тексерулердi жүргiзу кезiнде>>"Арайды" ойнап бiткеннен кейiн оркестр ойнайды, ал әскери қызметшiлер өз бетiнше саптық қалыпты қабылдайды және Мемлекеттiк Әнұранды орындайды. Одан кейiн бөлiмшелер оркестрдiң салтанатты маршымен әскери бөлiм командирiнiң жанынан әскери сәлемдесудi орындаумен өтедi және өздерiнiң орындарына тарайды. Батальонда (бригадада, полкте) оркестр болмаған кезде техникалық дыбыс жазбасын ойнату құралдары пайдаланылады.>>"Арайды" ойнау басталысымен взвод және одан жоғары бөлiмшелер командирлерi қолын бас киiмiне апарады және оны оркестр ойнауды аяқтағаннан кейiн батальон (бригада, полк) командирi беретiн>>"Еркiн тұр" командасы бойынша түсiредi.      Жалпы батальондық, бригадалық (полктiк) кешкi тексерулер нәтижелерi туралы командир (бастық) техникалық байланыс құралдары арқылы тiкелей командирге (бастыққа) дереу баяндайды.
                   Оқу-жаттығу сабақтары
      257. Жауынгерлiк даярлық бейбiт уақытта әскери қызметшiлердiң күнделiктi қызметiнiң негiзгi мазмұны болып табылады. Қазiргi заманғы ұрыста әскери қызметшiлердiң iс-қимыл тәсiлдерiн меңгеру мақсатындағы сабақтар мен оқу-жаттығулар жеңiл және қарапайым өткiзiлмеуi тиiс.      Оқу сабақтары мен оқу-жаттығуларда бөлiмнiң барлық жеке құрамы қатысуы тиiс. Сабақтан жауынгерлiк кезекшiлiктегi, жауынгерлiк қызметтегi, тәулiктiк нарядтағы адамдар, сырқаттанғандар, сондай-ақ демалыс және мереке күндерi белгiленген қызмет уақытынан артық әскери қызмет мiндеттерiн орындауға тартылғаны үшiн демалыс берiлген әскери қызметшiлер босатылады.      Денсаулығы бойынша сабақтан босатылған, медициналық мекемелерде емдеуде емес әскери қызметшiлер сыныптардағы сабақтарға тартылуы мүмкiн.      Жеке құрамның сабақтан қол үзуiне кiнәлi командирлер (бастықтар) тәртiптiк жаза тартады.
      258. Сабақтар күн тәртiбiмен белгiленген сағатта белгi (команда) бойынша басталады және аяқталады.      Сабақтарды дайындау мен өткiзудiң тiкелей ұйымдастырушылары бөлiм (бөлiмше) командирлерi, сондай-ақ сабақтар жетекшiлерi болып тағайындалған офицерлер мен сержанттар болып табылады.      Сабақтарға (оқу-жаттығуларға) шығар алдында бөлiмшелер командирлерi мен взводтар сержанттары (взводтар командирлерiнiң орынбасарлары) жеке құрамның болуы мен оның сыртқы пiшiнiн, жабдықтарды шақтап тiгудiң дұрыстығын тексередi, сондай-ақ қару мен оқ-дәрiлердi қарауды жүргiзедi.      Сабақтарды бастау үшiн белгiленген уақытта бөлiмшелер командирлерi (сержанттар) жеке құрамды сабақ жетекшiсiне тапсырады.      Сабақтар (оқу-жаттығулар) барысында бөлiмшелер командирлерi мен сержанттары жеке құрамның қауiпсiздiк талаптарын сақтауына, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, оқу материалдық-техникалық базасының сақталуына және дұрыс пайдаланылуына, құпия және басқа да қызметтiк құжаттардың болуына, оқ-дәрiлер мен басқа да материалдық құралдарды дұрыс жұмсауға бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.      Сабақтар мен оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейiн бөлiмшелер командирлерi (сержанттары) барлық қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың болуын, жабдықталуын, сондай-ақ қарудың, оқ-дәрiлердiң, оқу-жаттығу аспаптарының, оқу-жаттығу және елестету құралдарының болуын жеке өзi тексеруi тиiс. Бұл ретте қарудың (қару-жарақтың) ұңғылары каналдарындағы патрондардың (оқ-дәрiлердiң) болуына (жоқтығына) ерекше назар аударылады және оларды алып тастауға (атуға) шаралар қолданылады.      Қару мен оқжатарларға арналған сөмкелердi, сондай-ақ жабдық пен басқа да мүлiктi бөлiмше командирлерi тексередi. Жұмсалмаған оқ-дәрiлер мен гильзалар белгiленген тәртiппен тапсырылады. Құпия құжаттың болуын бөлiм командирi және әрбiр офицер жеке өзi тексередi. Тексеру нәтижелерi команда бойынша баяндалады.      Сабақтар, оқ атулар мен оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейiн қару мен шанецтiк аспапты тазалау, қару-жарақты, әскери және басқа техникаға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ сабақтарды өткiзу орнын жинау жүргiзiледi.
            Таңғы ас, түскi ас және кешкi ас
      259. Әскери бөлiм командирi азық-түлiктердi алу, қазанға салу және тамақ дайындау процесiн бақылауды ұйымдастырады. Бұл үшiн бөлiм командирiнiң орынбасарлары, әскер тектерi мен қызметтер бастықтары қатарынан лауазымды адамдар тағайындалады. Тексеру үшiн тағайындалған офицер бөлiм бойынша кезекшiмен, дәрiгермен (фельдшермен) бiрлесiп, асханаға азық-түлiктердi қазандарға салу уақытына келедi және асхана бойынша кезекшiнiң, бас аспаздың қатысуымен азық-түлiктердiң тарату мәзiрiне сәйкестiгiн және оларды тамақ дайындау кезiнде толық пайдалануды тексередi. Тексерулер нәтижелерi азық-түлiктердi салудың толықтығын бақылау кiтабына енгiзiледi және бөлiм командирiне (бөлiм командирiнiң тыл жөнiндегi орынбасарына) баяндалады.      Күн тәртiбiмен белгiленген уақытқа тамақ, сусындарды дайындау және үстел жасау аяқталуы тиiс.      Бөлiм бойынша кезекшi асханаға келгенге дейiн дәрiгер (фельдшер) асхана үй-жайының, асхана-ас үй ыдысының және мүлкiнiң санитарлық-гигиеналық жай-күйiн тексередi.      Тамақ тарату басталғанға дейiн дәрiгер (фельдшер) бөлiм бойынша кезекшiмен бiрлесiп, дайындалған тамақтың тарату мәзiрiне сәйкестiгiн, оның сапасын тексеруi, жабдықталымдарды бақылаулық өлшеудi жүргiзуi тиiс. Дәрiгердiң (фельдшердiң) қорытындысынан кейiн бөлiм командирi немесе оның нұсқауы бойынша бөлiм командирi орынбасарларының бiреуi тамақтың дәмiн көредi.      Тексеру нәтижелерi дайындалған тамақтың сапасын бақылауды есепке алу кiтабына жазылады.      Белгiленген уақытта бөлiм бойынша кезекшi тамақты беруге рұқсат бередi. Жеке құрам тамақ iшер алдында дайындалған тағамдардың температурасы санитарлық нормалар мен ережелердiң сапасына сәйкес болуы тиiс.
      260. Әскери қызметшiлер асханаға белгiленген уақытта, таза (тазартылған) киiмде және аяқ киiмде, саппен рота старшинасының командасымен келуi тиiс.      Асханада тамақ iшу уақытында белгiленген тәртiп сақталуы тиiс. Әскери қызметшiлерге бас киiмде, пальтода (шинельде), астары жылы күртешеде және арнайы (жұмыс) киiм нысанында тамақ iшуге тыйым салынады.
      261. Жауынгерлiк қызметтегi, жауынгерлiк кезекшiлiктегi және тәулiктiк нарядтағы адамдар қазандық жабдықталымға қойылады және бөлiм командирi олар үшiн белгiлеген уақытта тамақ iшедi.      Бөлiмнiң медициналық пунктiндегi сырқаттарға тамақ госпитальдiк жабдықталым нормалары бойынша әзiрленедi және жеке жеткiзiледi.      Әзiр тамақты тасымалдау қажет кезде ол арнайы бөлiнген қақпағы тығыз жабылатын таңбаланған ыдыста, дәрiгер (фельдшер) мөрлеген термостарда жеткiзiлуi тиiс. Термостардағы ыстық тамақтарды сақтау мерзiмi (оларды тасымалдау уақытын қоса) үш сағаттан аспауы тиiс. 

Пәндер