Файл қосу

Көпжылдық шөптер



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

                                    СӨЖ
                                       
Тақырыбы:  <<Көпжылдық шөптесін өсімдіктердің түрлері және ауыл шаруашылық малдарындағы маңызы>>


                                                                                                                           
                                         Орындаған:Саукетай.Н                                                                                         
                                             Тексерген: Ахметова.Б.С
                                                                           

                                       
                            Семей 2012 жыл
                                       
                                       
  Көпжылдық шөптер. Көпжылдық шөптер поликарпиялық өсімдіктер.Жер бетіндегі өркендері тіршілік етіу кезеңінің соңына қарай жыл сайын жойылып кетеді.Келесі жылы көктемде қайтадан өсіп дамйтын өсімдік бүршіктері жер бетінде сабақтың төменгі жағында,не болмаса жер бетіне жатқан тамырсабақтарында, жуашақтарында, түйнектерінде орналасады. Өсімдік биіктікігі бірнеше сантиметрден 3-5 метрге дейін (қамыс т.б.) болады.Тіршілік ұзақтығы 2 жыл (түйе жонышқа),және 6-8 жылдан 20 жылға (шалғындық шөптер, еркек шөптер)дейін және де одан да көп жылдарға  кететін бірқатар шөптесін өсімдіктер бар.Көпжылдық шөптер арасында тіршілік пішіні өзгеше топ  -  раңтәріздес(эфемероидтар)бар.Бұларға жуалар, баданалы қоңырбастар, қияқөлеңдер, қызғалдақтар жатады.Олар жуашықтардан,тамыр сабақтардан дамып жылдам өсу қарқынымен ерекшеленіп тіршілік кезеңін көктемде,-жазғы ыстық түскенше аяқтайдв.Эфемероидтар шөл және шөлейт аймақтарда көп тараған және көпшілік жағдайда жайылымның негізгі өсмдігі болцп саналады.
  Қазақстанның орманды  - далалық,далалық және таулы аймақтарында шабындықтарымен жайылымдарда көпжылдық шөптер өсімдік қауымының 80-87 пйызын құрады.Көпжылдық шөптер табиғи  және мәдени  екпе  шөп түрінде шөптесін мал азығының негізгі түрі болып есептеледі.Егістікте көпжылдық шөптердің  100 шақты түрі өседі.
 Табиғи мал азықты жерлерде негізінен астық тұқымдастықтар көп тараған ылғалды және батпақты жерлерде қияқ шөптер,ал аралас шөптер көп тараған  күрделігүлділер және алабота тұқымдастары.Мал азықтық маңызы  жоғары,шабындықтары мен жайылымдардың негізін құрайды.
 Көптен егістікте себіліп келе жатқан астық тұқымдастарының(жима тарғақ, қылтықсыз арпабас,шалғындық атқонақ,шалғындық бетеге,еркекшөп, биік үйбидайығы)сипаттамалары <<Егістікте  мал азығын өндіру>> бөлімінде келтіріледі.  
   Шалғындық қоңырбас (Poa pratensis L.)- көпжылдық тамыр сабақты төменгі астық тұқымдас шөп сабағының биіктігі 40-60 см,түбінен көптеген қысқа өркендер шығады, ұрықтық өркендер аз.Тамыр шашақты, 1м тереңдікке дейін өседі .Гүлшоғыры  - сіпсебас.Өсімдік негізінен жайылымдыққа пайдаланылады, пішендік өнімі орташа (2,5-3,0 т/га).Мәдени түрге енгізілген сорттары бар .Табиғи мал азықтық өсімдік қауымдастықтарында кездеседі .Ылғалдылығы жақсы өзен алқаптарында,таулы жерлерде өседі.

 Шалғындық қоңырбас жайылымдықта мал тұяғына жақсв шыдайды,жылына оны бірнеше жыл дүркін пайдалануға болады,алшынкөктігі жақсы.Өсімдік қауымында  30-40 жылға дейін сақталады. Шалғындық  қөңырбас осындай ерекшелікрені қарай мәдени жайылымдар жасағанда шөп қоспасында  бағалы шөп түрі есептеледі.

   Осыған қоса,батпақты қоңырбастыда атауға болады.Ол көбінесе батпақты  және ылғалы мол шалғындықтарда  өседі.Жайылымда және пішені жақсы желінеді.Жайылымдыққа,пішіндікке қарқынды пайдалануға шыдайды,бірақ жапырылуға икемді.

    Жайылымдық үйбидайық-  төменгі сирек түпті көпжылдық астық тұқымдас шөп.Сабағының бишктігі 20-70 см.Өсімдік түбінде көптеген жапырақтар құрады.Гүл шоғыры-масақ.Өсімдік массасында жапырақ  үлесі  жоғары, сондықтаг онын мал азықтық сапасы және желінуі өте жақсы.Жайылымдық үйбидайық климаты жұмсақ және ылғалды шөлейт аймақтарында кездеседі.Құрғақшылдыққа  және суыққа төзімділігі нашар.Су астында  шыдамдылығы орташа.Жайымдылық үйбидайық  топырақ  құнарлығына  және қарашірігіне талабы жоғары.
  Үйбидайық-бағалы жайылымдылық өсімдік.Жылына 120-140ц /г дейін көк балауса беред.Ауа райының жақсы шыдап шөп қауымында көп жыл бойы сақталады.Жайылымдық азықтығы жоғары корнектілігі мен ерекшеленеді құрғақ затында шикі протеиін молшері 16-18 пайызға дейін болады.Жылына 2 рет орып, әр гектарынан 4-5 тонна өнім жинайды және шөп құрамында 3-4 жылға дейін сақталады.
  Шалғындық түлкіқұйрық- көпжылдық  - сиректүпті шөп.Сабағының бишктігі 7-80см,тамыры шашақты 80-100см  тереңдікке дейін өседі. Гүлшоғыры жалған масақ,жоғары жағына қарай жіңішкерген сабағы жақсы жапырақтанумен шалғындық түлкіқұйрықтың өнімі және мал азықтық сапасы жоғары.Оны барлық малдар түрі сүисініп жейді.Өнімі әр гектарында 2,5 -4,5 тоннаға дейін жетеді.Шалғындықты жаз кезінде 3-4 рет жайылымға пайдалануға болады.
   Жатаған бидайық-көпжылдық жоғары түпті тамыр сабақты өсімдік шалғындығының биіктігі 50-80см өзен алқаптарында 100-120см ге жетеді жайылымдық жерлерде ірі-қара жылқыларға жақсы,қой-ешкілер,түйелер жақсы орташа жиді.Гүлденгеннен кейін сабағы қатайып кетеді де,нашар жетіледі.Гүлденгенге дейінгі бидайық сапалы құнарлы пішен жиналады.Жатаған бидайықтың  пішені жақсы қоректілігі мен және жетілуі мен ерекшеленеді.
  Киік шөбі-көпжылдық шөптесін өсімдік далалық шалғындықтардың өсімдік қауымдастықтарында кездеседі.Өсімдік құрамында иісті эфир майы болуына байланысты таза күйінде мал жемейді,бірақта шөп қоспаларында желінуі жақсы.
Ақ соты-Көпжылдық  төменгі қысқа  тамырсабақты өсімдік,биіктігі-30-75 см.Тамыры шашақты, түбінде көптеген жапырақтар түзеді.Гүлшоғыры жайланған сіпсебас.
  Ақ суоты ылғал сүйгіш өсімдік,жауын-шашыны мол жылдарында жақсы өніп дамыйда.Су астында ұзақ шыдайды.Ақ суоты көбінесе орманды далалы аймақтарда өзен алқаптарында кең тараған.Себілген шөп құрамында 10 жылға дейін сақталады.Мал жайлығы, немесе орып алғаннан кейін жақсы алшын көгін береді.Малдың барлық түрі жақсы жиді көбінесе жайылымдыққа пайдаланады.Пішенге орған өнімі көп емес гектарына 2 тонна 
  Альпі тасшөбі-көпжылдық шөптесін өсімдік,сабағының биіктігі 5-30см Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.Маусым шілде айында гүлдейді, тамызда тұқымы піседі.Жақсы жайылымдылық шөптер қатарына жатады.Жайылымда барлық мал түрі жақсы жейді.Өсімдік құрамында сапонин және алколиттар кездеседі.Дәрілік қасиеті бай,АҚШ-та жерсіндірілген сорттары бар келешекте республикамызға  жерсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.
  Ақселеу-екі түрі бар;1.дөрекі тамыр сабақты өсімдік 2.кіші ақселеу шөбі аз дөңестерде,құм төбелерде кең тараған.Қыс кезінде қойларға жақсы азық болып есептеледі.Ақселеу көбінесе тозған жайылымдарда өседі және 15-20см тереңдікте,жан-жағы 10см тарап орналасқан қуатты тамыр жүйелер арқылы құм бекітуші өсімдік болып есептеледі.Тамырларының кейбіреулері 2метр тереңдікке дейін жетеді.
  Құм ерке шөбі-көпжылдық сирек түпті шөп.Жазық құмдарда шөлейттерде шөл аймақтарында өседі.Түйенің жақсы азықтары болып есептеледі.Ерке шөп балшықты ашық қара қоңыр топырақты жерлерде тараған.
  Көде тікен шөбі-көпжылдық  тамыр сабақты шөп биіктігі 100-250см.Орманды далалы аймақтарда ойпаттарда батпақты аймақтарда өседі.Кейбір жерлерде әжеп тәуір көлемі ұлғайып шалғындықтар түзеді.Сабағы қатты,жапырағының шеттері өткір тісті келет.Жайылымда малдар тек қана жас күінде жейді.Пішенге масақтана бастағанда орады.Әр гектардан 15-50центнерге дейін алады және қамыс қоспасы және кәдімгі бек мия   шөптерін  осы топқа жатқызуға болады ұқсайды. 
   
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
Пәндер