Файл қосу
Сөз және мағына
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙДІҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3-деңгейлі СМЖ құжаты УМКД УМКД 042-16.1.32/02-2013 УМКД <<Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы>> пәнінің студентке арналған жұмыс бағдарламасы ______2013 жылғы № 3 басылым 5 В 050117 <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> мамандығына арналған <<Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы>> ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ СЕМЕЙ 2013 Кіріспе 1 ӘЗІРЛЕГЕН Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, филология факультетінің қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті ф.ғ.к. Сәмекбаева Эльмира Мақсұтқызы ___________ <<___>> ___________20__ жыл. 2 КЕЛІСІЛДІ 2.1 Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды. Хаттама №___ <<___>> ___________20 __жыл. Кафедра меңгерушісі _______________ Жұмағұлова Ә.М. 2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді. Хаттама №___ <<___>> ___________20__ жыл. Төрайым _______________ Мұқанова Қ.Қ. 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді. Хаттама №___ <<___>> ___________20 __жыл. ОӘК төрағасы ________________ Искакова Г.К. 4 <<____>> __________ 20___ж. шыққан ПОӘК-нің № 3 БАСЫЛЫМЫ Мазмұны 1 Жалпы ережелер 2 Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу 3 Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары 4 Курс форматы 5 Курс саясаты 6 Бағалау саясаты 7 Әдебиеттер 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы туралы жалпы мәлімет: Сәмекбаева Эльмира Мақсұтқызы доцент , ф.ғ.к. Кафедра: <<Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі>> Кафедраның мекен-жайы: 8 корпус,№213 Ақпараттық қатынас: телефон: 53-37-63 Сабақ өтетін орын: 313 Кредит саны: 2 1.2 Пәннің қысқаша мазмұны: <<Қазақ тілінің лексикологиясы>> пәні пәні сөз және ұғым, мағына және оның түрлері, сөз мағынасының даму жолдары, сөздің мағыналық өзгерістерін, сөздердің шығу төркінін, сөздік құрамның толығу, даму жолдарын, ондағы кірме сөздердің алатын орнын, сөздердің тілде қолданылу сипатын зерттейді. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің осы замандағы даму қалпын, мағыналық және құрамдық түрлерін, тарихи арналары мен қат-қабаттарын, баю жолдарын, сөздердің экспрессивті-стилистикалық мәнін зерттейді. 1.3 Пәнді оқытудың мақсаты: <<Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы>> - жүйелі ғылыми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелуге тиіс мәселелеріне байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулып, олардың шығармашылық ой-пікірін жетілдіріп отыруды өзінің міндеті деп санайды. Курстың теориялық бөлімінде лексикологияның ғылым ретінде танылуы, оның ғылымдар арасында алатын орны, басқа ғылым салаларымен байланысы, оның зерттеу әдістері жайлы мәліметтер беру. Тәжірибе сабақтары теориялық материалдарды меңгеруді қамтамасыз етеді. 1.4 Пәнді оқыту міндеттері: - Лексикологияның мәселелерін жан-жақты шешу үшін, тіл білімінің шектес салаларымен қандай байланысы бар екенін ашып көрсету; * Сөз- лексикалық бірлік, ұғым және сөз, сөз және мағына ұғымдарына тоқталып, сөздің лексикалық мағыналарының түрлерін қарастыру ; - Қазақ тілінің сөздік құрамы мен фразеологиясы туралы лексика-семантикалық, функционалды - стилистикалық тұрғыда теориялық мәліметтер беру; * Қазақ тілінің қазіргі лексикалық жүйесінің семасиологиялық сипаты туралы, сөз мағынасының даму жолдары, сөздің мағыналық өзгерістері жайлы түсініктерді сипаттау; - Қазақ тілінің лексика - семантикалық жүйесінің қалыптасуындағы негізгі тарихи арналары, жалпы түркілік лексика мен қазақтың төл лексикасы, сөздік құрамның толығу жолдары, онда кірме сөздердің алатын орны мен мәніне тоқталу; - Сөздердің тілде қолданылу сипатынан туатын ерекшеліктері, стильдік түрлері, экспрессивті-стилистикалық сипаты, сөздердің жиі қолданылатын (актив) немесе қолданысқа көп түспейтін (пассив) топтары туралы саралап көрсету; - Қазақ тілінің лексика-фразеологиялық жүйесі туралы теориялық мәліметтерді халық тілінен, әдеби тілден алынған мысалдар негізінде талдау ; 1.5 Оқыту нәтижелері: Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек: - Қазақ тілінің лексикологиясы саласының өзекті мәселелерін біліп шығады; - Курстың теориялық бөлімінде лексикологияның ғылым ретінде танылуы, оның ғылымдар арасында алатын орны, басқа ғылым салаларымен байланысы, оның зерттеу әдістері жайлы алған білімдерін практикада қолдана біледі; Тәжірибелік сабақтарда лексикалық талдаудың негізгі әдістерін меңгереді; - Қазақ тілінің сөздік құрамы мен фразеологиясы туралы лексика-семантикалық, функционалды - стилистикалық тұрғыда теориялық тұрғыдан меңгереді ; - Белгілі бір мәселе төңірегінде өзіндік пікір айта алады; 1.6 Курстың пререквизиттері: Тіл біліміне кіріспе Қазақ тілінің норматив курсы Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы 1.7 Курстың постреквизиті: Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі Қазақ тілін оқыту әдістемесі Қазақ тілінің тарихи грамматикасы Түркітануға кіріспе Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы Этнолингвистика Когнитивтік лингвистика Әлеуметтік лингвистика Лингвомәдениеттану 2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛУ 1 Кесте № Тақырыптар атауы сағаттар Әдебиеттер Дәріс Тәжір ОСӨЖ СӨЖ 1 2 3 4 5 6 7 1 1 модуль. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының зерттеу нысаны, салалары, зерттелуі. Сөз мағынасының дамуы. Семасиологияның зерттеу нысаны. Сөз - лексикалық бірлік. Ұғым және сөз.Сөз және мағына. 1 1 1 5 1, Б. 3-9 2, Б. 3-8 3, Б. 3-11 4, Б. 3-12 2 Сөздің лексикалық мағынасының негізгі түрлері. 1 1 1 4 1, Б. 12-23 2, Б. 8-37 3, Б. 11-20 4, Б. 12-23 3 Сөздің көп мағыналылығы, лексикалық омонимдер, синонимдер, антонимдер олардың пайда болу жолдары, түрлері. 1 1 1 5 3, Б. 25-37 4, Б. 64-68 8, Б. 23-38 9, Б. 63-67 4 Лексикалық табу мен эвфемизмдер және дисфемизмдер. 1 1 2 5 2, Б. 37-53 4, Б.38-78 5, 24-28 5 2 модуль. Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы, шығу арналары, қалыптасуы мен дамуы. 5. Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері. 1 1 2 4 2, Б. 53-61 4, Б. 80-92 5, Б. 20-24 6 Сөздік құрамның тарихи арналары. 1 1 2 5 2, Б.63-68 4, Б.92-125 5, Б. 25-37 7 Қазақ лексикасындағы кірме сөздер. 1 1 2 3 2, Б. 52-68; 79-132 4, Б. 126-134; 134-166 7, 38-41 8 Қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу өрісіне қарай бөлінетін түрлері. 1 1 1 3 2, Б.133-148 4, Б. 166-183 5, Б. 42-45 9 Қазақ тілі сөздік құрамының стильдік қызметіне байланысты бөлінетін түрлері. 1 1 1 4 2, Б. 148-164 4, Б. 183-190 5, Б. 46-48 10 Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер. 1 1 1 3 2, Б. 164-178 4, Б. 191-207 6, Б. 95-120 11 3 модуль Фразеология, оның зертту нысаны, мақсаты. Фразеология және оның зерттеу нысаны, өзіндік белгілері, зерттелуі, түрлері. 1 1 1 3 2. Б. 179-200 4, Б. 207-222 6. Б. 121-132 12 Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы, фразеологизмдердің лексика-семантикалық топтары, шығу арналары. 1 1 2 4 2, Б.200-322 4, Б.222-333 8, Б. 12-24 13 4 модуль Қазақ терминологиясы. 13.Қазақ терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихы. 1 1 2 5 2, Б. 200-322 4, Б. 222-333 8, Б. 64-71 14 5 модуль Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелу тарихына шолу. 14.Қазақ тіліне қатысты түркологиялық сөздіктер. 1 1 1 5 2, Б. 322-331 4, Б. 333-344 7, Б. 72-81 15 6 модуль Этимологияның негізгі объектісі, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдары. 15.Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні. 1 1 3 2, Б. 332-349 4, Б.344-358 3, Б. 82-86 3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ Студент <<Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы>> пәнінде тәжірибе жүзінде кең қолданылатын, әрі жан-жақты игерілген тілдік талдаудың негізгі әдістерін білуі қажет. Ғылыми ой-өрісті қалыптастыруда тіл білімінің лексикология саласы ғылыми білім ретінде пайда болуы ерекше рөл атқарады. Тарихы әр кезеңдегі ғылым алдына қоятын қоғамдағы әлеуметтік-мәдени шарттардың шектес ғылымдармен және олардың практикалық шешімдерімен тікелей байланысы постулатын түсінуге көмектеседі. 4 КУРС ФОРМАТЫ Аудиториялық уақытқа дәрістер, семинар сабақтары, оқытылған материалды талқылау және әртүрлі тапсырмаларды орындау кіреді. Әрбір сабаққа студент әдебиеттің негізгі және қосымша қайнар көздерінің тізіміне сәйкес дайындалуы керек (негізгі бөлімдер мен бөлімшелер әрбір сабақта нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған студенттер автоматты түрде 0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді. Негізгі ұғымдар дәрістерде ұсынылады және түсіндіріледі. Сабаққа қатысу және дәрісте негізгі ұғымдарды, түсіндірмелерді және мәліметтерді жазып алу студенттің міндеті болып табылады. Егер студент қандай да бір жағдайлармен дәріске қатыспаған жағдайда, дәрістің материалын топтағы басқа студенттен алуы керек. Оқытушы материалды бір де бір студентке дәрістің бір де бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды. ОЖСӨЖ мақсаты - лексикология саласына байланысты зерттеу еңбектерді қарастыру. ОЖСӨЖ міндеттері келесілерді қарастырады: * курстың методологиясы және зерттеу әдiстерi; * лексикология ғылымы және оның ерекшелiктерi туралы. Студенттердің өздік жұмысы - бұл тұлғаның жеке танымды қызметі, ол өзіне тек қана алған білімін бекітіп қоймауы, сонымен қатар жеке тілдік тұжырым-ойлау үдерісі болып табылады. Өзіндік жағынан ол келешек маманның жаңа білімінің ашылуына, қалыптасуына жағдай жасайды. Өздік жұмыс сонымен қатар студенттің максималды белсенділігін қарастырады және ол алған білімін ұйымдағы ғылыми зерттеу, қоғамдық және өндірістік қызметтерде көрінеді. 5 КУРС САЯСАТЫ Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып. жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған студент емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу міндеті, өтілген материалды меңгеру деңгейі тест, жатқа жазу, бақылау түрінде тексеріледі. Себепсіз сағат босатсаңыз, қосымша шығармашылық жұмыс беріледі. Сабақтан екі рет кешігу бір рет сабақ босатқанға теңгеріледі. 6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ <<Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы >> пәнінің ұпайларға бөлінуі Апта Бақылау түрі Барлық ұпай Ескерту 1 2 3 4 1-аптадан 7-апта аралығында дәріске қатысу 30 1 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 2 Семинар ОСӨЖ СӨЖ 15 10 3 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 15 25 4 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 15 10 5 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 20 25 6 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 20 10 7 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ Аралық бақылау 20 25 60 1-7 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша қорытынды ұпай 300 8-15 апта аралығында дәріске қатысу 30 8 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 10 0 0 9 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 10 0 0 10 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 10 10 0 11 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 15 0 25 12 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 15 10 0 13 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 15 0 25 14 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 15 10 0 15 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ Аралық бақылау 15 0 25 60 8-15 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша қорытынды ұпай 300 Емтихан бойынша қорытынды ұпай 400 Академиялық кезең бойынша қорытынды ұпай 1000 7 ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі әдебиеттер 7.1.1 Айғабылов А. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1996. 7.1.2 Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: 1997 7.1.3 Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975. 7.1.4 Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988 7.1.5 Мұсабаев Ғ.Современный казахский язык.Лексика.А.,1959. 7.1.6 Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.,А.,2008. 7.1.7 Белбаева 7.2. Қосымша әдебиеттер 7.2.1 Кеңесбаев І.Қазақ тіл білімінің мәселелері.,А.,2008. 7.2.1 Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы.А. 1972. 7.2.2 Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. А., 1992. 7.2.3 Аханов К. Қазақ тіліндегі омонимдер. А., 1958 7.2.4 Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. А., 1997. 7.2.5 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977 7.2.6 Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. Алматы, 1989 7.2.7 Сағындықұлы Б.Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. А.,1989 7.2.8 Мусаев К. Лексикология тюркских языков.М., 1984 7.2.9 Жанпейісов Е.Этнокультурная лексика казахского языка.,А.,1989 7.2.10Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы., А.,1988
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz