Файл қосу
Бақылау формалары
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ <<ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР ХИМИЯСЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ>> <<6М011200>> - Химия магистратура мамандығы үшін СЕМЕЙ 2013 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәріс оқулар 3 Зертханалық сабақтар 4 Магистранттың өзіндік жұмысы Глоссарий * Әңгімелесу - оқутышының оқушымен диалогы * Дәріс - оқу материалын реттеп беру * Дидактика - білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы * Емтихан -- оқушылардың білімін тексеру тәсілдерінің бірі. * Қалдықсыз технология - минералды шикізаттарды неғұрлым тиімді және толығырақ пайдалану мақсатымен әр түрлі процестердің жиынтығы қолданылып жарамсыз қалдық мөлшері барынша азайтатын технология * Қорытындылау - высший уровень мыслительной деятельности * Методология -- белгілі бір ғылымда қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы; танымның принципін, формасы мен әдіс - тәсілін құру жөніндегі ілім * Оқыту -- оқытушы (оқыту) мен оқушы (оқу) арасындағы екі жақты процесс. * Оқыту әдістері - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. * Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. * Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс. * Оқыту құралдары - мұғалімге оқытуда көмектесетін аспаптар мен тұп деректер, яғни оңушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға көмектесетіндердің бәрі. * Оқыту принциптері - оқыту жүйесіндегі, соның ішінде жеке пәндер бойынша негізгі дидактикалық ұстанымдар * Өзіндік жұмыс - студенттердің күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы * Сабақ - толық фукционалдық жүйе, ол оқу процессінде оқушы мен оқытушының арақатынасының бір ортаға бағыттайды * Сөйлеу -- адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. * Техникалық оқыту құралдары (ТОҚ) - оқу процесінде қолданылатын әртүрлі бейнелік және дыбыстық аппараттар мен құралдар * Химияны оқыту әдістемесі - педагогикалық ғылым, ол оқытудың заңдылықтарын қарастырып, (екі жақты процесс ретінде орын алады. оқытушы мен оқушы) Микромодуль 1 - Жоғары оқу орнында білім беру формасы Дәріс 1 - Жоғары оқу орнында білім беру формасы План лекции: 1.Оқытуды ұйымдастыру формалары 2. Дәріс 3. Дәрісті өткізудегі дәстүрлі емес форма 4.Жоғарғы оқу орындарында семинарлық және практикалық сабақтар 1. ЖОО оқытуды ұйымдастыру формалары. Жоғарғы мектепте ұйымдық оқыту процесін келесі форма бойынша көрсетуге болады. Ішкі оқыту формасы (кейде оны күндізгі деп атайды). Оқыту ереже сияқты жүзеге асады, өндірістегі үзіліс және аудиторияда сабақ өтудің негізгі акценті оқушылардың оқытушылармен және өзара қарым - қатынасымен шартты түрде байланысты. Осындай оқытудың артықшылығы <<тәлім-тәрбие берушілердің>> білім процесіне қатысушылардың барлығымен қарым - қатынасы максималды көлеміне байланысты бекітілген. Сыртқы оқыту формасы - іштей формаға тікелей қарама - қарсы - оқушы мен оқытушы арасындағы байланыс бірден төмендейді (өздік жұмыс формасын қалыптастырады), аралық және соңғы бақылауда қатысады, оқылытын материал көлемі азайтылған. Сыртқы оқыту спецификасы кейбір білім алу түрлері (мысалы, медицинада) практикада қолданылмайды. Іштей-сырттай (кешкі) форма - барлық параметрлер ішкі және сыртқы формалардың арасындағы кезеңдік жағдайда орын алады. Экстернат - тек соңғы бақылауда толығымен өздік дайындалу. Осы анықтамаға <<қашықтықтан оқыту>> ұғымын қосуға болады ( оқытушы мен студент арасындағы диалог тек электрондық почта немесе интернет арқылы жүзеге асады), сонымен қатар деректі оқыту ( хат алысу арқылы). Ұйымдық оқыту формасына студенттердің танымдық қызметін бір уақытта үздіксіз басқаруға жатады: * дәрістер, * семинарлар, просеминарлар, арнайы семинарлар, * коллоквиумдер * зертханалық жұмыстар, * практикумдар және арнайы практикумдар, * өздік жұмыстар, * студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары, * өндірістік, * педагогикалық; - дипломдық тәжірибе және т.б. ЖОО да осы аталған формалардың ішінде дәріс ең маңызды орын алады, ол жұмыстың күрделі түріне жатқызылады және дәрісті оқу неғұрлым білімді квалифицированды және тәжірибелі оқытушыларға беріледі (ереже бойынша, профессорларға және доценттарға). 2. Дәріс. <<дәріс>> сөзі латынның "lection" - оқу деген сөзінен шыққан. Дәріс Ежелгі Грецияда пайда болған, одан кейінгі дамуын Ежелгі Римде және орта ғасырда алған. ЖОО-қ лекция - оқытудың дидактикалық циклының басты атауы. Оқу процесінде келесі жағдай туындайды, егер дәрістік оқыту формасы басқа ешқендай формамен орын ауыстырылмаса. Дәріс келесі функцияны атқарады: * информациялық (керекті мағлұматтар алады), * стимулирлеушілік ( тақырыпқа қызығушылық туғызады), * тәрбиелеушілік, * дамушылық (тануға баға береді, ойлануды дамытады) * ориентирлеушілік (мәселеде, әдебиеттерде) * анықтаушылық (басты, негізгі ғылыми түсініктерді формирлеуге бағытталады) * растаушылық (дәлелдеме системасындағы акцент) Ауыстырылмайтын дәріс және берілген дисциплинадағы барлық білім көлемінің систематизация және құрылымдық функциясы. Келесі дәріс түрлерін көрсетуге болады. * Ортақ мақсат бойынша: оқулық, агитационды, тәрбиелеушілік, дамушылық. * Ғылыми дәреже бойынша: академиялық және танымдылық * Дидактикалық тапсырма бойынша: кіріспе, ағымдағы, бекітілген - айқындама, орнатылған, дәріс - консультациялық, дәріс - визуальды (қарау элементі күшейтілген) * Материал мазмұны бойынша: бинарлы немесе дәріс - дискуссиясы (әртүрлі позиция жақтаушы екі оқытушы арасындағы диалог), мәселелі, дәріс - конференция. 3 Мәселелі дәріс көмегі арқылы 3 негізгі дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге болады: 1.Студенттермен теориялық білімді жетілдіру. 2.Теориялық ойлау дағдыларын жетілдіру 3.Оқыту пәнінің мағынасына қызықтыру және болашақ маманды мамандыққа баулу . Дәріс мәселесі мәселенің туындау принципіне байланысты. Осы арқылы екі бірімен бірі байланысты шарт қойылады. * Дәріс кезінде оқу курсының жағдайын дидактикалық өңдеулер мен мәселе шешуі принциптері мен шыңдау. * Дәрісте мәселенің құрамын қалайда шешуді шыңдау. Диалогиылық қатынас студенттің ойлау дағдысын арттырады. Мәселелі дәрісте оқытушының сөйлеу мәнері: * Оқытушы студенттермен байланыста болғанда заңгерге ұқсамай ақыл беруші ретінде көрсетуі қажет, ойлау дағдысын диалогиялық әдіспен жеткізіу. * Оқытушы студент құқығын біліп қана қоймай, мәнісін біліп, қызықтыру. * Жаңа білім тек айқын оқытушының беделі емес, түсіндіру жүйесінің айқын дәлелі екенін көрсету. * Оқу мәселесін шешу дәріс материалын әртүрлі ойды алмай, ғылым дамуының логикасын арттырып, оның құрамын таңдау. * Студенттермен әңгімелесу былай болады: өзіндік қабілетін дамыту үшін дайынды, іздеу процесіне қосу керек және әңгімелесу долын дамытып, жалғастыру. * Оқытушы сұрақ қарастырып оған жауап табу, дәріс кезінде студенттерге сұрақ қойып өзіндік ізденіс жауабын алу. Студент ойын жетілдіруге, тірі тілдесуге қатыстыру. Ол үшін дәрісте семинар жұмыстарын, дискуссия жүргізу. Дәріс - визуализация. Дәрістің бұл түрі принциптік көрсеткішке жатады. Дәріс - визуализация студенттерді жазу ақпаратымен ауызша ақпаратты алмастыруды оқытады. Бұл ойлауды дамытады. Әр түрлі ақпарат береді, тәжірибелік және ойлау қабілеттерін арттырады. Әрбір көрсеткіш ақпарат мәселе оқытушының шешімі осы форма арқылы ары қарай дамыту. Екеу арасындағы дәріс. Екеу арасындағы дәрісте студенттердің алған білімі пайдаланылады, ол оқу мәселесі мен өздік жұмысты түсінуге мүмкіндік береді, мәселелі жағдай немесе гипотезаның шешімі бойынша бірнеше жағдайлар туғызылады. Дәріс-пресс-конференция. Оқытушы пресс-конференциялық дәріс арқылы тыңдаушылардың аудиторияларының сұлбасын, мүмкіншіліктерін,орналасуын құрастырады. Бұл әсіресе оқытушының бірінші курс студенттерімен кездесуде, немесе арнайы курстың бірінші күнінде,жаңа дисциплина кіргізуде жіне т.б маңызы зор. Пресс конференциялық дәрісте тақырып ортасында немесе курста тындаушылардың көнілі оқу құралының жалпы көрінісіне бағытталады. Әңгімелесу дәрісі. Әңгімелесу лекциясы немесе аудиториямен сойлесу кең тараған және оқу кезіндегі студенттермен салыстырғанда қарапайым болып келеді. Бұл дәріс аудиториямен оқытушы арасындағы байланысты көрсетеді. Әңгімелесу дәрісінің мақсаты студенттерді маңызды тақырыптарға байланысты сұрақтарға көңіл аударту, берілген оқу құралындағы мазмұны мен берілген тақырыбын анықтауды үйретеді. Дискуссиялық дәріс. Бұл әңгімелесу дәрісінен басқаша, оқытушы дәрістегі тақырыптың мазмұнын студенттерге қойылған сұраққа жауап ретінде ғана қолданбайды, оган қоса логикалық түрде ой бөлісуді еркін түрде айталатындай етіп қолданады. Дискуссия - бұл студент пен оқытушы арасындағы қатынас, ойларын еркін бөлісу,сұрақтарға байланысты көқарастарын жетік көрсету. Бұл оқу процессін жеделдетеді және ең маңыздысы оқытушының топтағы бірауызды ойларын басқара алады, кейбір студенттердің қате ойларын дұрыс еместігіне көндіре алады. Нақты жағдайды шешетін дәріс. Бұл дәріс дискуссия дәрісіне ұқсас, бірақ оқытушы талқыланып жатқан жағдайға байланысты сұрақтар қоймай тоқетерін ғана айтқызды. Әдетте мұндай жағдай ауызша немесе қысқа видиожазба, диафильм ретінде жүргізіледі. Сондықтан оның мазмұны өте қысқа болуы керек,бірақ толық мағұлмат беретін, талқыға салуға болатын жазбалар болуы керек. 4. Семинарлар. Қазіргі уақытта семинардың екі түрі қалыптасты: - Семинардан кейінгі - студенттерді өздік жұмыс спецификасымен, әдебиетпен және өзі айналысатын жұмыс әдістемелігімен таныстыру. - Жеке семинар: а) анық жоспарға алдын ала белгіленген әңгімеге оралу; б) студенттердің баяндамасы Можно выделить несколько видов учебных семинаров. Пәнаралық семинар. Сабақта берілген тақырыпты әртүрлі аспектіде қарау : политикалық, экономикалық, ғылыми-техникалық, психологиялық. Оған берілген дисциплинадағы педагогтар және профессияға сәйкес мамандар шақырылуы мүмкін. Студенттер арасында тақырыпқа хабарлама дайындауға арналған тапсырмалар. Аралықдисциплина семинары студенттердің ойлау қабілетін кеңейтеді, пәнаралық байланысты көрсетеді Мәселелі семинар. Курс бөлімін зерттемей тұрып, алдымен оқытушы берілген тақырып бөлімі мазмұнымен байланысты мәселелер жөнінде әңгіме жүргізеді. Алдынгы кундері студенттер тапсырманы орындайды, формирлейді және мәселені түсіндіреді. Семинар уақытында топтық пікірталас шарты бойынша мәселелерді талдау жүргізіледі. Тақырыптық. Семинардың бұл түрі студенттерді қандай да бір актуалды тақырыптағы немесе бар және маңыздырақ аспектілерге назар аудару. Семинар алдында алдымен студенттерге тақырыпқа қатысы бар немесе оны оқытушы студенттер қиналғанда, қоғамдық және еңбектік қабілеттілік байланыстарын қадағалау. Ориентациялық. Бұл семинарлар пәні болып жаңа аспектілер саналады, ол белгілі немесе шешуге болатын бекітілген және зерттелген мәселелер, материалдарды салтанатты жариялау, көрсету және т.б. Мысалы, Қазақстан Республикасының білім жөніндегі заңы. Жүйелік. Зерттелетін тақырыпты тікелей және жанамалық қатынасы бар әртүрлі мәселелерді терең тану арқылы жүргізеді. Семинар сабағындағы критерий бағалары: * Мақсаттылық; * Жоспарлылық; * Семинарды ұйымдастыру; * Семинар өткізу стилі; * <<Оқытушы-студент>> қатынасы; * Топты басқару. Практикалық сабақ. Жоғарғы оқу орындарында оқу процесі практикалық сабақтар бойынша қарастырылады. Олар дисциплинаны тереңдетіп оқуға негізделген. Олардың формалары әртүрлі. Бұлар біртұтас түсінік: ағылшын тілі сабағы, зертханалық жұмыс, семинар сабақтары, тәжірибелер. Тәжірибелік сабақ құрылымы: - оқытушының кіріспе сөзі; - белгісіз материалдарға студенттердің жауабы; - жоспарға ұқсас практикалық бөлім; - оқытушының түйін сөзі; Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: оқытудың ұйымдастыру формалары, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, ұйымдастыру формалардың түрлері, артықшылыраы, кемшіліктері Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Неліктен дәрісті оқытудың ұйымдастыру формалардың негізгі түрі болып саналады? * Жоғары оқу орында дәрістердің қандай түрлері іске асырылады? * Практикалық сабақтарға қандай талаптар қойылады? Ұсынылған әдебиеттер: * Зайцев О.С. Методика обучения химии: Теоретический и прикладной аспекты: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений. - М.: Владос, 1999. -384 с. * Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. - Ростов н/Д: Феникс, 2002. - 544 с. Дәріс 2 - Студенттердің әдістемелік білімін бақылау Дәріс жоспары: 1. Бақылау әдістері. 2. Бақылаудың міндеті және оған қойылатын талаптар. 3. Бақылау формалары. 1. Бақылау әдістері - бұл оқытушы мен студент арасындағы байланыс тәсілдері, ол студенттердің меңгерген оқу материалдары және қойылған талаптарды меңгеруімен анықталады. Жоғарғы оқу орындарында студенттің білімділігі мен қабілеттілігін бақылау жұмысының негізгі әдістері: ауызша сұрақ, жазбаша және практикалық тексеру, стандарттық бақылау болып табылады. Ауызша сұрау - студенттер білімін тексерудің ең тиімді әдісі. Ауызша бақылау кезінде оқытушы мен студенттің арасында тікелей байланыс орнатылады, бұл жағдайда оқытушы студенттің оқу материалдарын қандай деңгейде дайындалғанын байқауға кең мүмкіндік алады. Жазбаша тексеру аузыша тексерумен бірге маңызыд бақылау әдісі болып табылады. Студент жұмысының біркелкілігі барлығына бірдей талап қойғыза отырып, бағалауды объективті жүргізуге әкеледі. Бұл әдісті қолдану қысқа мерзім ішінде студенттердің материалды қалай игергендігін тексеруге мүмкіндік береді. Жазбаша тексеру бақылаудың барлық түрлерінде қолданып аудиториялық және аудиториялық емес жұмыстарда болады (үй жұмысын жасағанда) 2. Студенттердің ептілігін және білімін бағалау оқу үрдісінің маңызды элементі. Ол дұрыс ұйымдастырылуына, оқу-тәрбиелік процесстің тиімді басқаруына және маманның сапалы дайындалуына тәуелді.Оқытудың барлық формалары бойынша студенттердің материалды қалай меңгергендігі туралы толыққанды үздіксіз және обьективті ақпаратсыз, <<кері байланысты >> қалай игергендігі туралы біліп, оқу материалының меңгеру динамикасын бағалай отырып, біліміді, ептілікті талдап оқу процессін ұйымдастыруға қажетті түзетулер енгізіледі.Оқу барысында студенттердің білімін және ептілігін бағалау, тексеру, оқыту, дамыту, тәрбиелік және әдістемелік функциялары маңызды және арнайы функция тексеру фцнкциясы болып табылады. Бақылау студентті тәрбиелеп, өз жұмысына деген жауапкершілікті арттырады, оқу еңбегіне жүйелі қарауға үйретеді, күнделікті оқу ісін белсенді етіп, оқуға деген ниетті түзейді. Бақылауды дұрыс жасаған оқытушы оқушының білімімен ептілігін жетілдіруге шақырады және өзін бағалаудың объективті пікірі қалыптастырып, өзін бақылауға қажеттілікті туындатады. Білім мен ептілікті бағалау әдістемелік функцияға ие.Оның процесі мен нәтижесі оқытушының өзінің жұмысын жетілдіруге керек. Бақылау сабақ берудің әдістемесін бағалауға, оның күшті және әлсіз жақтарын анықтап, оқытудың оптимальды жақтарын таңдауға көмек береді. Бақылау талаптар қатарын сақтағанда қажетті және тәрбиелік тиімділік береді. Бақылау болуы керек: жоспарлы және жүйелі түрде, яғни оқу тәрбиелік процестің жоспарымен бірге жүзеге асырылады. Оның оргнаикалық бөлігі болып табылып, оқыту бағдарламасының негізгі сұрақтарына негізделеді. 3. ЖОО-ның оқу жоспарлары мен бағдарламалары студенттің білімі мен машығының келесідей формаларын қарастырады: міндетті бақылау жұмыстары, сынақты, біліктілік сынақтары, курстық және дипломдық жобасын қорғау, семестрлік және мемлекеттік емтихандар.Қорытынды бақылауда тексеру әртүрлі формада болады, көбінесе бақылау жұмысының және ақпараттың сипатымен анықталады. Мұның бәрі тапсырманы мұқиятты таңдауға қажет етеді. Маманды дайындағанда тапсырма барлық оқу пәндерінің мақсатын көрсету керек және оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес келу керек. Тексеру тапсырмаларының құрамын таңдағанда келесілер негіз болып табылады. 1. Оқыту материалының толық көлемділігін қамтамасыз ету. 2. Бақылау білімінің жалпыланған сипаттамасы. 3. Бақылау тапсырмаларының қолданбалылығы және өнімділігі. 4. Бақылау материалдарының мазмұнының студенттің танымдық жұмысын белсендіруге бағытталады. Оқу орындарында келесі бақылау жұмыстарының түрлері бар: Теориялық ол студенттердің теориялық түсініктерді олардың құбылысын, сипаттарын, ерекшеліктерін қалай меңгергендігін тексеруге мүмкінідк береді. Тәжірбиелік жұмыстар алған білімін нақты тапсырмаларды шешуге арналады; комплексті, теоретикалық және практиалық смпаттамалары бар, тапсырмалар. Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: бақылау әдістері - ауызша және жазбаша сұрау, студенттердің білімін бақылауға қойылатын талаптар Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * ЖОО бақылаудың қандай түрлері жиі қолданылады? * Жеке сұраудың басқа ауызша түрлімен салыстырғанда қандай артықшылары бар? * Оқу орындарда бақылау жұмыстарының қандай түрлері қолдыналады? Ұсынылған әдебиеттер: * Зайцев О.С. Методика обучения химии: Теоретический и прикладной аспекты: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений. - М.: Владос, 1999. -384 с. * Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. - Ростов н/Д: Феникс, 2002. - 544 с. Дәріс 3 - Органикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары Дәріс жоспары: * Оқыту технологиялары туралы түсінік, мақсаттары мен міндеттері. Оқыту технологияларының классификациясы. * Проблемалық оқыту технологиясы. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы. * Оқытудың ойын технологиясы. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар. * Интеграция - жаңа педагогикалық технологияларды енгізу құралы ретінде. * Жобалап оқыту технологиясы. Рефлексияның шығармашылық формасы - Синквейн. 1.Оқыту технологиясы - бір жағынан оқу ақпаратын өңдеуге, бейнелеуге және өлшеуге арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы, екінші жағынан оқытушының оқыту процесіне қажетті техникалық немесе ақпараттық құралдарды пайдаланып студентке әсер ету әдістері туралы ілім. Оқыту технологиясын жасау үлгісін мына 1-суретте келсетілген. Оқыту технологиясы: - білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір аймағында туындаған мәселелерді шешу бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде -20320-50355500тұрақты жүзеге асырылатын білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру; - оқыту, өздігінен білім алу және өзін өзі бақылау процестерін қажет етіп, соларды жүзеге асыратын шарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығы. Оқыту технологиясының басты мақсаты - техникалық ресурстарды, адам ресурстарын және олардың өзара әрекеттесуін ескеріп, білім берудің үдерісін оңтайландыру. Жалпы <<оқыту технологиясы>> мен <<педагогикалық технологияны>> тығыз баланысты алып қарастыру керек (2-сурет). Бірақ бұл екі технология тепе-тең емес. Оқыту технологиясы көпшілікті оқыту мен кәсіби дайындау жүйесін құрастыршы, ал педагогикалық технологияны білім беру кеңістігінің қағидаларын және оңтайландыру тәсілдерін анықтаушы ұғым ретінде қабылдауымызға болады. Оқыту технологиясы - жүйелік категория, ол ғылыми білімді дидактикалық пайдалануға, оқу процесін ғылыми жолмен ұйымдастыруға және талдауға бағытталған. Мұнда оқытушылардың ізденістері және студенттердің жеке тұлға ретінде дамуында жоғары нәтижелерге жетуге бағытталуы да ескеріледі. 2. Проблемалық оқыту - ойлау операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.басқасын ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Бұл оқыту студент ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі. Проблемалық оқытудың күшті жақтары: - Студенттердің логикалық ойлау қабілетін арттырады; - Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады; - Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді; - Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді. Проблемалық оқытудың кемшіліктері: - Студенттердің танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету; - Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау. Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзіне де, процесінде меңгеру, студенттердің таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады.Проблемалық оқытуда студенттер бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмсайды. Проблемалық оқыту арқылы өнімді, тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тарапынан проблеманы дәл, нақты қоя білудің де маңызы зор. Студенттер проблеманы шешуде қиындыққа кезіксе, мұғалім оларды жетелеп, әдіс-тәсілдерін ұсынады. Проблемалық оқытудағы студенттердің шығармашылық іс-әрекетін бұлай тұжырымдауға болады: 1. Оқу материалының мазмұнын талдау, саралау. 2. Проблеманы ашу, өнім жасаушы шығармашылық еңбекке қол жеткізу. 3. Қорытынды жасау, өзіне-өзі баға беру, саралау. Проблемалық оқыту технологиясы дұрыс іздене білгенде, ол тіл дамытуда өнімді нәтижелі қорытынды береді. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы -- оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай жинау әдісіне баулу. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы: - оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне; - оқушының ынталандыруға; - оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына; - оқушының өз білімін өз бағалай білуіне; - баға әділдігіне; - білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді. Деңгейлеп - саралап оқытудың басты сипаты - мақсатты нәтиже. Қоғам талабы да - нәтижелі маман даярлауда болып отыр. Жаңаша оқыту студенттің жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалауға үйретеді. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті 3 деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты - сынып оқушыларын <<қабілетті>>, <<қабілетсіз>> деген жіктерге бөлуді болдырмау. Болашақта оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік талап-тілектерді ескере отырып дамыту, ғылыми жетістіктер мен педагогикалық тәжірибелерді жаңартуға, мұғалімдерді ақпараттық қамтамасыз етуді, біліктілігін үздіксіз көтеруді қажет етеді. 3. Ойын - қоғам тәжірибесін қайта құруға және қабылдауға бағытталған, бір шартты жағдайдағы қызметтің түрі.Сол бойынша өзін-өзі басқарады,тәрбиелеу жетіліп қалыптасады. Ойын түрінде оқытудың мақсаты: жеке - қызмет түрінде білімді, біліктілікті, дағдыны меңгеруді қамтамасыз етеді. Іске асыру құралы:Оқушыларды шығармашылық қызметіне ойын әдістері арқылы қызықтыру. Қазіргі таңда ойын - қызмет ретінде төмендегі жағдайларда қолданылады. * Жеке технология ретінде; * Оқу пәнінің бөлімін, тақырыбын ұғып меңгеру үшін; * Кең көлемді технология бөлігі ретінде ; * Сабақ ретінде ,не болмаса оның кезеңдері / кіріспе ,түсіндіру ,бекіту, жаттығу орындау,бақылау/; * Сыныптан тыс жұмыстар технологиясы. Ойын тәсілдері мен жағдайларын сабақ кезінде өткізу мына негізгі бағыттарда жүргізіледі: * Дидактикалық мақсат оқушыларға ойын түрінде беріледі; * Оқу қызметі ойын ережелеріне бағынады; * Оқу материалы оның құралдары ретінде қолданылады, құыту қызметіне жарыс ретінде кіргізіп, дидактикалық міндеттерді ойынға айналдырады; * Дидактикалық тапсырмаларды орындау ойын қорытындысымен байланыстырылады. Ойындарды дене (қозғалыс), ой-өрісі (ақыл-ой), еңбек, әлеуметтік және психологиялық қызметтер түрлеріне бөлу керек. Ойындар ерекшеліктеріне қарай мына топтарға бөлінеді: а/ оқыту,жаттығу,бақылау және қорытындылау; б/ таным,тәрбие,даму: в/ еске алу,өнімділік,шығармашылық; г/ коммуникативтік,таным әдісі,кәсіпке бағдарлау және т.б. Ойын әдістемесі пән бойынша сюжеттік, рөлдік, іскерлік, еліктеушілік және драмалық ойындар. Пәндер бойынша ойындар барлық оқу пәндері саласына бөлінеді.Ойын ортасы ойындартехнологиясының ерекшелігін анықтайды:затпен және затсыз ойындар үстел үстінде ,көшеде ,бөлмеде ,компьютерде ,оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен. Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер). Оқытудың ақпараттық технологиясы - білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - <<оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру>> болып табылады. Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады. + Тұтынушының қолдану сапасында; + Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында. Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру - бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады. Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады: · Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер; · Ақпарат іздеу жүйесі; · Модельдеу бағдарламалары, микромирлер; · Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар; · Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар; · Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар. 4. Пәнаралық байланыс негізінде кіріктіре оқыту тарихына көз жүгіртсек. Бұл идея Я.А. Коменскийден басталады. Ұлы дидакт: <<Бір-бірімен байланысы бар заттар, сол байланысы көрсетіле отырып оқытылуы қажет>>, - деген болатын. Атақты педагог пәндердің арасындағы байланысты пайдаланып кіріктіре оқыту негізінде оқыту үрдісінің біртұтастығын қалыптастыруға қол жеткізуге болатынын айтты. Осы идеяға көптеген педагогтар қосылып, оны одан әрі дамытты. Кіріктіре оқыту идеяларын В.Я. Стахарин, Н.Ф. Бунаков, В.И. Водовозов, т.б. педагог ғалымдар жалғастырып, пәндерді кіріктіре оқыту әдістемелерін ұсынды. Этимологиялық мағынасы (<<интеграция>> - лат. untegratio) <<қалпына келтіру>>, <<толықтыруды>> білдіретін бұл ұғым педагогикада бірнеше тұрғыдан қаралады: * кіріктіру - оқытудың жүйелік принципіне сай жақсы ойластырылған, жіті қарастырылған педагогикалық үрдіс; * кіріктіру - мазмұндық қайталауларды болдырмау; оқу үрдісінде бағдарламадағы пәндерді логикалық негізделген бірізділік принципіне қарай құрастыру және түрлі пәндерді оқытуда <<шекаралық білімді>> үйлестіру арқылы қол жеткізуге болады; * кіріктірудің маңызы, кіріктірілетін пәннің оқу жоспарына сәйкес оқушылар сапалы білім ала отырып, өздерінің танымдық қабілеттерін дамытады, табиғаттың біртұтас ғылыми бейнесі жөнінде түсінік қалыптастырады, алған білімдерін болашақта тиімді пайдалануға, оны дамытуға қажетті білік-дағдыларды бойына сіңіреді. Түрлі пәндерді кіріктіру материалдық дүние мен оны кешенді танып білу мүмкіндіктерінің жалпы әдіснамалық бірлігі принципіне негізделеді. Сондықтан да жаратылыстану пәндерін, соның ішінде, биология мен химия пәндерін ақпараттандыру негізінде кіріктіре отырып оқыту табиғат, қоғам, болмысты, олардың өзара диалектикалық байланысын тұтас қабылдап, оқушылардың жүйелі ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Сөйтіп, пәнаралық байланыстардың әртүрлі нысандары болуы мүмкін. Теорияда мұндай байланыстардың нысандарын: 1) құрамына, 2) әсер ету бағытына және 3) байланыстарды түзетін элементтердің өзара әрекеттесу тәсіліне қарай ажыратады. Алғашқы нысан оқу материалының мазмұнымен, қалыптастырылатын білік-дағдылармен әрі ойлау операцияларымен, әдістерімен және ұйымдастырушылық нысандармен анықталатындықтан, мұнда а) мазмұндық, ә) операциялық, б) әдістемелік және в) ұйымдастырушылық пәнаралық байланыс типтерін анықтауға болады. Екінші нысанда байланыс тараптарын шартты түрде латын А, В, С және D әріптерімен белгілер болсақ, онда бұл нысанның келесі типтерін былайша бейнелеуге болады: * Біржақты пәнаралық байланыс . * Екіжақты пәнаралық байланыс ; * Көпжақты пәнаралық байланыс . 5. Жобалап оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей. Ол жобалау әдісі туралы былай дейді: - оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба (проект) ұсынылуы тиіс. - жобаға қатысушылар оқыту түрі, міндеттерді атқару туралы өзара келіседі;- оқушылар алған білімдерін танымдық және практикалық міндеттерді шешуге пайдаланады. Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше оқып үйренеді; - ұжымда жұмыс істеп үйренеді; - зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) меңгереді; - оқушылардың жүйелі ойлауы дамиды. Жобалап оқыту технологиясының объектілері нақты өмірден алынған практикалық маңызы бар жобаға енуі тиіс. Жобалау әдісі - оқушылардың зерттеу жұмыстары әдісі болып табылады. Жобаны орындау мынадай кезеңдерден тұрады: І - кезең. Жобалық тапсырманы, тақырыбын құрастыру. Жобаның тақырыбын жіктеп бөліп, оларды оқушылар арасында бөлу ІІ - кезең. Шығармашылық топтар құру, топтағы оқушылар өзара үйлесімді жұмыс істеуі үшін олармен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу ІІІ - кезең. Зерттеу жұмысына материалдар дайындау. Жауап берілуі тиіс сұрақтарды тұжырымдау, командаларға тапсырмалар, қажетті әдебиеттерді таңдау. Ү - кезең. Оқушылардың жобаны орындауы. Мұғалім оқушылар жұмысын үйлестіреді, кеңес береді, олардың іс-әрекетін көтермелеп отырады. Оқушылар іздеу, тану жұмыстарын орындайды. Ү - кезең. Нәтижелерді шығару, нәтижелерге нақтылы жағдайға сәйкес ішінара түзетулер жасау. ҮІ - кезең. Жұмыстар қортындысымен жұртшылықты таныстыру (презентация). Мұғалім экспертизалық жұмысты ұйымдастырады. Мысалы эксперт ретінде жоғары сынып оқушыларын немесе ата-аналарды шақыруға болады. ҮІІ - кезең. Орындалған жұмысты талдау, бағалау (рефлексия). Мұғалім балалардың іс-әрекетін педагогикалық тұрғыда бағалайды, балалардың ынтасын ескереді. Бұл технологияда жобаға оқушылардың қызығушылығын туғызу басты қиындық болып табылады. Сондықтан жобаның маңызын түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек болады. Рефлексияның шығармашылық формасы - Синквейн. Синквейн француздың <<бес>> деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу әдісі. - Бірінші жолда- тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім) - Екінші жолда- тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім) - Үшінші жолда- тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік) - Төртінші жолда- тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз - Бесінші жолда-4 сөзден тұратын бір сөйлем. Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Бағдарламалап оқыту технологиясында пайдаланылатын дәстүрлі оқыту элементтері кездеседі? * Проблемалық оқытудың ерекшелігі неде? * ЖОО - да жобалау әдісі қалай қолданылады? Ұсынылған әдебиеттер: * Зайцев О.С. Методика обучения химии: Теоретический и прикладной аспекты: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений. - М.: Владос, 1999. -384 с. * Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. - Ростов н/Д: Феникс, 2002. - 544 с. Дәріс 4. Химияны оқыту процессінде проблемалық оқыту технологиясын қолдану Дәріс жоспары: * Проблемалық оқытудың шығу тарихы мен дамуы. * Проблемалық оқытудың маңызы және оны қазіргі оқыту процесіне енгізу қажеттілігі. + Проблемалық оқытудың теориялық негіздері. + Проблемалық жағдаят түрлері және оны туғызу әдістері. + Проблемалық оқытудың технологиялық сызбанұсқасы. + Проблемалық оқытудың деңгейлері. + Проблемалық оқытуды ұйымдастыру әдістері. 3. Органикалық химия сабағында проблемалық оқытуды пайдалану. 1. Проблемалық оқыту теориясын В.Т. Кудрявцев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин, М.Н.Скаткин білікті маман жеке тұлғасының қалыптасу тұжырымдамасын Л.А.Волович, Г.И.Ибрагимов, Г.В.Мухаметзянова өз еңбектерінде жан-жақты зерттеген. Проблемалық оқыту теориясының негізін қалаушылар оқудағы ойлану қызметі тек қана жаңа білімді меңгеріп қана қоймай, сол мақсатқа жетудің жаңа тәсілдерін де үйрену деп есептейді. А.М.Матюшкиннің анықтамасы бойынша, <<оқытудағы ойланудың негізгі қызметі тек қана жаңа білім алып, жаңаша әрекет етуге мүмкіндік беретіндігінде. Адам өміріндегі барлық білім жүйесі мен іс-әрекеті оның ойлау қабілетінің нәтижесі. Адамның білімі оның ойлануының көрінісі, яғни негізгі танымдық құралы>>. М.И.Махмутов: <<Білім мен білім алу әрекеті арасындағы өзара байланыс оқушы өзі білмейтін нәрсемен танысқанда, оны түсінуге тырысқанда пайда болатын қайшылықтардан шығу жолын іздегенде ғана тығыз болады. Өйткеніол жаңа білімді игеру барысында ізденіс жасап, әрекет етеді>>,-деп көрсетеді. Мұндай жағдайдан шығу білімді меңгерудің жолын құрастыру кезінде туындаған проблеманы шешу үшін ойлану қабілетін дамытқанда ғана іске асады. Демек, проблемалық оқыту ғана білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытады деген сөз Проблемалық оқытудың теориялық негіздері. Проблемалы оқыту кезінде мұғалімнің жетекшілігімен проблемалы жағдай жасалып, оқушылар оны шешуге белсенді түрде қатысады, осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқушылар кәсіби білімді, дағды мен біліктерді меңгеріп, ойлау қабілеттерін дамытады. Проблемалы оқыту ынталандырудың ерекше проблемалы түріне негізделеді, сондықтан материалдық дидактикалық мазмұнының тиісті дәрежеде, яғни проблемалы жағдайдың тізбегі ретінде берілуін талап етеді. Ғылыми білім логикасының түп-төркіні проблемалы жағдайлардың логикасы болып табылады. Проблемалы жағдайлар мазмұнның белгісіздігіне қарай, проблемалықтың деңгейіне қарай, ақпарат сәйкессіздігінің түріне қарай, басқа да әдістемелік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Проблемалы оқыту технологиясы - бұл проблемалы жағдайларды, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға негізделген технология. Педагогикалық проблемалы жағдай белсенділікті оятатын әрекеттердің, таным обьектісінің жаңалығын, маңыздылығын, сұлулығын және басқа да ерекшеліктерін айқындайтын мұғалім сұрақтарының негізінде туындайды. Психологиялық - проблемалық жағдай жасаудың өзіндік жеке ерекшеліктері бар. Тым қиын не тым жеңіл танымдық міндет оқушылардың ойында проблемалық жағдай туғызбайды. Проблемалы жағдайларды оқу үрдісінің барлық, яғни жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде, жаңа сабақты бекіту, тексеру кезеңдерінде ойластыруға болады. Мұғалім проблемалы жағдай (ситуация) туғызып, оның шешімін іздеуге оқушыларды бағыттайды. Сөйтіп, бала өз оқуының субьектісіне айналады, соның нәтижесінде бала жаңа білім игеріп, әрекет әдістерін меңгереді. Проблемалық жаңдаятты шешу әдістері: * Зерттеушілік: индуктивті (жекеден жалпыға) және дедуктивті (жалпыдан жалқыға) зерттеулер * Жобалау. Проблемалық жағдаятты шешу құралдары: * Эксперимент; * Ақпаратпен жұмыс; * Бақылау; * Модельдеу. Оқушылардың жұмыс формалары: * әңгімелесу (эвристикалық, дикуссия, диспут және т.б.) * проблемалық дәріс; * экскурсия; * зерттеушілік сипаттағы зертханалық тәжірибені шешу; * топтағы теориялық жұмыс; * тарихи құжаттармен, мәтіндермен, мәліметтермен жұмыс. Проблемалық оқытудың технологиялық сызбанұсқасы келесідей: оқытушы проблемалық жағдаят тудырып, оқушыларды оның шешімін табуға бағыттап,мәліметтерді іздестіруге, ұсынылған гипотезалардың дұрыстығын тексеруге және алынған білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік туғызады. Педагогтар мен оқушылардың қызметіне байланысты проблемалық оқыту әртүрлі деңгейлі болуы мүмкін (кестеде). Деңгей Мұғалімде сақталатын звено саны Оқушыға берілетін звено саны Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті 0 3 0 Жағдаят туғызады, оны шешеді Жағдаятты шешімін есте сақтайды 1 2 1 Жағдаят туғызады, оны жинақтайды Жағдаятты шешеді 2 1 2 Жағдаят туғызады Жағдаят туғызады, оны шешеді 3 0 3 Ұйымдастырады, бақылайды және жетекшілік етеді Жағдаятты түсінеді, жинақтайды және шешеді Проблемалық оқытуды ұйымдастырудың ең тиімді үш тәсілі: * проблемалық мазмұндама; * ізденушілік (эвристикалық) әңгімелесу; * оқушылардың өзіндік ізденушілік және зерттеушілік қызметтері. Проблемалық оқытудың түрлері: 1 Теориялық ізденіс немесе ғылыми-шығармашылық (ғылыми-зерттеу). Оқушының жаңа теорема, заң, ереже т.б. ойлап шығарудағы ізденісі және өз болжамын жасау. Оқу проблемаларының теориялық шешімін табу қарастырылады. 2 Тәжірибелік ізденіс немесе тәжірибелік-шығармашылық. Оқушы меңгерген теориялық білімін жаңа жағдайда, өмірде қолдан білуі қажет. Проблемалық оқытудың бұл түрінде оқушы оқу проблемаларының тәжірибелік шешімін іздестіреді. 3 Шығармашылық ізденіс. Оқушы үйреніп білген білім қорын одан әрі дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру қажет. Шығармашылық жұмыстарға көркем зерттеу жұмыстары, ғылыми жобалар, шығарма жазу, әңгіме құрастыру, сурет салу, ән шығару, жоба құрастыру, слайд жасау, т.б. жатады. Проблемалық оқыту түрлері студенттердің шығармашылық белсенділіктерін жетілдіреді, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, пәннен терең білімділіктерін дамытады. Студенттің ғылыми тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасады. Көтерілген мәселе бойынша көпшілік ақпарат құралдары мәліметтерімен, кітапханада, қосымша әдебиеттермен, энциклопедиялық сөздіктермен, т.б. жұмыс істей отырып білім қорларын молайтады. Қозғалған мәселе бойынша бір-бірімен ой бөлісуге, өз көзқарастарын білдіреді, оны дәлелдейді. Проблемалық жағдайларды шеше отырып, оқушылардың өз беттерінше саралау, түсіну, игеру, талдау, баға беруі болып табылады. Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Проблемалық оқыту негізінде қандай принциптер жатыр? * Проблемалық оқытудың қандай деңгейлері бар? * Проблемалық оқытудың басты ерекшеліктері неде? Ұсынылған әдебиеттер: * Чернобельская Г.М. Методика обучения химии. - М.: Владос, 2000. -336с. * Цветков Л.А. Преподавание органической химии в средней школе. - М.: Просвещение, 1984. - 312с. * Грабовый А.К. Технологизация обучения во взаимосвязи с химическим экспериментом // Химия в школе. - 2006. - № 1. - с. 64-65 5 дәріс - Органикалық химия және ЖМҚ химиясын жоба әдісімен оқыту Дәріс жоспары: * Жоба әдісі туралы ұғым. * Орташа мектептегі жоба әдісі * Жоғары оқу орындарындағы жоба технологиялары 1. Жобалар әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы: <<оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту>>. Жобалар әдісінің мәні - белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды. Рефлекторлы ойлау мәні - фактілерді әрдайым іздеу, олардың талдауы, олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін, күмәннан шығу жолдарын табу үшін, фактілерді логикалық тұрғызу, дәлелденген пікірлерге негізделген сенімділікті қалыптастыру. 2. Оқу процесінде жобалау әдісің ұйымдастыру Жобалау әдісінің нәтижелерін бірнеше әдістермен енгізуге болады: - сабақ кезінде; - сабақтан тыс. Жобаны орындаудың алгоритмі 1. Мәселені анықтау (зерртеудің тақырыбын анықтау, мақсатын анықтау). 2. Мәселені талқылау және оны шешу тәсілдерін іздеу. 3. Мәселенің шешуі . 4. Нәтижелерді өңдеу. 5. Жобаны қорғау. 6. Нәтижелерді бағалау. Жобалау әдісінің негізгі критерийлері 1. Қызықты мәселенің бар болуы. 2. Жобаның практикалық, теориялық және оқулық маңыздылыққа ие болуы; 3. Оқушылардың өзіндік жұмысының болуы. 3. Жобалар әдісі біріншіден - қандай бір мәселені шешуді, екіншіден - нәтижеге қол жеткізуді болжайды. Жобалар әдісі - қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі. Жобалар әдісінің негізіне <<жоба>> ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады. Мәсенің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан, техникадан, технологиядан, шығармашылық салалардан білімді қолдану икемінің, білімнің интегралдануының қажеттілігін болжайды. Орындалған жобалардың нәтижелері <<көрнекі>> болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса - қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы. Жобалап оқыту түзу болып табымайды, және бұл жерде тек нәтиже ғана емес, көп шамада үрдістің өзі құнды. Жобалармен жұмыс істеу студенттерге дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын білім алуға мүмкіндік бере отырып, жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Бұлай болуы мүмкін, өйткені студенттер өздері өз таңдауларын жасайды және өздері талаптанады. Бұл көзқарастан жақсы жобаның: - тәжірибелік құндылықтары болуы; - студенттердің өзіндік зерттеулерін жүргізуінің болжауы болуы ; - онымен жұмыс істеу үрдісінде де, және оның аяқталуында да бірдей мөлшерде болжаусыз болуы; - оны орындау жылдамдығы мен жұмыс бағытында оралымды болуы; - өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігінің болжауы болуы; - студентке өз қабілетіне сәйкес білім алу мүмкіндігін беруі; - кең спектрлі тапсырмаларды шешуде студенттің қабілеттерінің ашылуына көмегі болуы; - студенттер арасындағы өзара әрекеттерін реттеуге жағдай жасалуы тиіс. Жобалар әдісінің мәртебесі (басқа әдістермен және технологиялармен салыстырғанда): Жобалар әдісін педагогикалық технологиялар ретінде айтатын болсақ, онда бұл технология зерттеушілік, ізденістік және мәселелі әдістердің жиынтығы, өзінің мәнісіне қарай шығармашылық болып табылады. Жобалар әдістері - тек шынайы білім шоғырына ғана емес, оны қолдануға және жаңа білім алуға (кейде өз бетімен білім алу арқылы) бағытталған педагогикалық технология. Жобалар әдісі білім беру жүйесінің толық өңделген және құрылымдалған компоненті болып табылады. Жобалар әдісінің танымалдығы нақты мәселелерді шешу үшін, онда теориялық білімдер мен олардың тәжірибеде қолданылуының үйлесу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі. Жобалардың түрлері: Жобаларды түрлерге бөлудің негізі болып келесі белгілер табылады: - Жобада басты іс-әрекет: зерттеу, іздеу, шығармашылық, рольдік, қолданбалы (тәжірибелік бағытталған), таныстырулық бағытталған және т.б. (зерттеу жобасы, ойын, таныстырулық бағытталған, шығармашылық); - Жобаның пәндік - мазмұндық ауқымы: моно жоба (білімнің бір саласында); пәнаралық жоба; - Жобаны үйлестіру сипаты: бір беттілік (бұлжымайтын, иілгіш), жасырын (анық емес, телекоммуникациялық жобаларға тән, жобаға қатысушыны имитациялау); - байланыстың сипаты: бір ЖОО, факультет, қала, аймақ, елдің және әр түрлі елдер арасындағы қатысушылар үшін; - жобаға қатысушылардың саны; - жобаның ұзақтығы. Жобамен жұмыс жасаудың кезеңдері (сипаттаудың мүмкін нұсқалары): I нұсқа. Жобалар әдісінде жобамен жұмыс жасаудың келесі кезеңдері анықталады: іздеу, конструкторлық, технологиялық, қорытынды. Іздеу кезеңі: - Мәселені іздеу және талдау. - Жоба тақырыбын таңдау. - Кезеңдер бойынша жобалау іс-әрекетін жоспарлау. - Жоба тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтау, зерделеу, өңдеу. Конструкторлық кезеңі: - Жоба тапсырмасының оңтайлы шешімін іздеу. - Дизайн талаптарын ескере отырып, құрылым нұсқаларын зерттеу. - Дайындау технологиясын таңдау. - Экономикалық баға беру. - Экологиялық сараптама жасау. - Конструкторлық және технологиялық құжаттарды құрастыру. Технологиялық кезең: -Жобаны тәжірибеде жүзеге асырудың жоспарын құру, қажет материалдарды, құралдарды және құрылғыларды таңдау. - Жоспарланған технологиялық операцияларды орындау. - Сапаға ағымдық бақылау жасау. - Қажет болған жағдайда құрылымға және технологияға өзгерістер енгізу. Қорытынды кезең: - Жобаның орындалуының сапалық бағасы. - Жобаның орындалуындағы нәтижелерді талдау. - Жобалаудың нәтижелерін қолданудағы мүмкіндіктерді зерделеу (көрме, сату, жобалар банкіне қосу, жариялау). Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Жоба әдісіне қандай талаптар қолданылады? * Мектептегі және жоғары оқу орындарындағы жоба әдістерінің айырмашылығы неде? * Жоба әдісінің этаптары қандай? Ұсынылған әдебиеттер: 1. Лазарев В.С. Новое понимание метода проектов в образовании // Педагогика, 2011, №10, С. 3-11. 2. Жилин Д.М. Проектное обучение в химии: обзор западного опыта. / Инновационные процессы в химическом образовании. Материалы IV всероссийской научно-практической конференции с международным участием. Челябинск, 2012. С. 109-118. 3.Зерщикова Т. А. О способах реализации метода проектов в вузе. Проблемы и перспективы развития образования: материалы междунар. заоч. науч. конф. (г. Пермь, апрель 2011 г.).Т. II. -- Пермь: Меркурий, 2011. -- С. 79-82. 6 дәріс - Кейс әдісімен органикалық химияны оқыту Дәріс жоспары: * Сase-study әдісінің жалпы сипаттамасы * Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты * Кейс құрылысы және оны құрастыру принциптері * Метод сase-study оқу технологиясы ретінде 1. Кейс әдісі нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік береді. Ол студенттерді пәнді оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлі жағдайларды саралауға мүмкіндік береді. CASE-терді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген: мақсаттарды анықтау, әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін белгілеу, CASE - тегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау, oны қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау. Оқу процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады: 1) кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы (мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну); 2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс. 3) жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері. CASE STUDY әдісі келесі дағдыларды дамытады: 1. Аналитикалық дағдылар. Оларға келесілерді жатқызуға болады: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б. Нақты және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды. 2. Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді. 3. Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз CASE-пен мәселе шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды. 4. Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен төмендегілерді атап айтуға болады: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа медиа заттарды қолдану - топтарғабірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа да нұсқа есеп дайындау. 5. Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында CASE-те нақты әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың өзін - өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама - қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін өзі ұстау және т.б. 6. Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларынқалыптастыруды талап етеді. Кейс әдісін қолдану тек оқытумен ғана шектелмейді, бұл әдіс зерттеу әдісі ретінде де белсенді қолданылады. Сонымен қатар, оқудағы оқу, білім және ізденіс мазмұнын біріктіру арқылы oқытушының кәсіптік құзыреттілігін жоғарылатудың нақты тәсілдерінің бірі. Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен оңай байланысуы мүмкін. 2. Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты: Әдістің категориялық аппаратын құру оны қолдану тиімділігін бірталай арттыруға көмектеседі, сонымен қатар оқу процесіндегі технолизациялау әдісі үшін, жаңа мүмкіндіктер ашады. Кейс-әдісте қолданылатын негізгі ұғымдар <<жағдай>> және <<анализ>>, сонымен қоса олардан туатын - <<жағдайды талдау>> ұғымдары болып табылады. Кестеде кейс - әдісін қолдану кезіндегі әр түрлі анализ түрлері көрсетілген. Аналитикалық қызметтің көптүрлілігі Оларға сипаттама Негізгі түрлері Проблемалық анализ Проблемаларды атап көрсету, проблемалық өріс қалыптастыру, олардың квалификациясы 1. Жағдайдың проблемалық мазмұнын талдау. 2. Жағдайдың проблемалық шарттарын талдау. 3. Жағдайдың проблемалық нәтижесін талдау. Жүйелі анализ Құрылымымен және функцияларымен сипатталатын кейбір жүйелер сияқты объектіні жүйелік жол жағынан қарастыру. 1. Дескриптивті анализ, яғни бар құрылымдар негізінде, функция қалыптасады. 2. Конструктивті анализ яғни, берілген функциялар негізінде құрылым құрылады. Праксеологиялық анализ Қызметтік процесстерді оптимизациялау көзқарысына байланысты қарастыру. 1. Қызметті оптимизациялау жолдарын талдау. 2. Қызметті алгоритимизациялау және үлгілеу. Прогностикалық анализ Жағдайдың болашақ дамуына қатысты болжауды қалыптастыру. 1. Жүйенің болашақ күйі берілсе және болашаққа жетудің мүмкіндіктері анықталған болса нормативті прогностикалық талдау. 2. Трендттік модельдер құру арқылы болашақтың жағдайы анықталатын ізденісті прогностикалық талдау. 3. Оқытуды ұйымдастыру әдістері жүйесіндегі кейс әдісі: Кейс әдісінің маңызды ерекшелігі, оның басқа әр түрлі оқыту әдістерімен тиімді үйлесуі болып табылады. Кестеде кейспен жұмысты ұйымдастыруда әр түрлі әдістермен үйлесу мүмкіндіктері берілген. Кейс-әдісімен үйлескен әдіс Оның кейс - әдістегі ролінің сипаты Үлгілеу Жағдайдың үлгісін құру Жүйелі талдау Жүйелік ұсыныс және жағдайды талдау Ойша тәжірибе Жағдай туралы білімді ойша түрлендіру арқылы алу тәсілі. Сипаттау әдістері Жағдайдың сипатын құру Проблемалық әдіс Жағдайдың негізінде жатқан түйінді мәселені ұсыну. Жіктеу әдісі Жағдайды құрастыратын қасиеттер, тараптардың реттелген тізімін құру. Ойын әдістері Жағдай кейіпкерлерінің жүріс-тұрысының нұсқаларын ұсыну. <<Миға шабуыл>> Жағдайға қатысты ойларды генерациялау. Пікірталас Түйінді мәселе және оны шешу жолдары жайлы көзқарастармен алмасу. Кестеден көрініп тұрғандай, білім беру үрдісін ұйымдастырудың әр түрлі әдістері кейс - әдіспен сәтті үйлесуі мүмкін. Кейстердің бастаулары: Кейс оқытушы қызметінің бейнелік нәтижесі болып табылады. Интеллектуалды азық ретінде оның өзінің бастаулары бар. Кейстердің бастауы - өмір деген тезис біреуге күмән келтіруі мүмкін емес. Қоғамдық өмір өзінің әртүрлілігімен кейстің сюжетінің, түйінді мәселесінің және деректік базасының бастауы болады. Білім келесі бастау болып табылады. Ол кейс - әдіске үйлескен басқа оқыту мен тәрбие әдістерінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Ғылым - бұл бейнелік кешен ретіндегі кейстің үшінші бастауы. Ол аналитикалық іс-әрекетпен және жүйелік жақындасумен, сонымен қатар, кейске және оны талдау үрдісіне үйлестірілген көптеген басқа ғылыми әдістермен, екі негізгі әдістемелерді ұсынады. Кейстің негізгі детерминация бастауларының ара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін. Кейстерді құраудың шынайы тәжірибесінде әдетте бастаулардың біреуі басым болуы байқалады. Осылай қарастыру негізгі бастауларының әсер ету дәрежесіне қарай кейстерді топтауға негіз болуы мүмкін. Бұл жерде даусыз шынайы өмір жағдайларын бейнелейтін, тәжірибелік кейстерді, негізгі міндеті оқыту болып табылатын оқыту кейстерін, зерттеулік іс-әрекетті іске асыруға бағытталған ғылыми-зерттеулік кейстерді ерекшелеуге болады. Кейстің құрылымы: Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады. Ережеге сәйкес кейс келесілерден тұрады: - Жағдайлар - кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға. - Жағдайдың контексті - хронологиялық, тарихи, орын контексті. әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері. - Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру. - Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар. - Қосымшалар. Кейсті құрастыру сатысы: Білім мақсаттары жүйесінде кейстің орнын анықтау. Кейс тақырыбына тікелей қатысы бар институциалды жүйені іздеу. - Жағдай моделін құру немесе таңдау. - Сипаттауды құру. - Қосымша ақпараттарды жинау. - Ақырғы мәтінді даярлау. - Кейстің тұсаукесері, талқылауды ұйымдастыру. Кейспен жұмыс істеуді ұйымдастыру: Нұсқалары өте көп, бұл оқытушының шығармашылығы үшін мүмкіндік. Біз жұмыс ұйымдастыруға болатын, максималды жалпыланған сабақ үлгісін ұсынамыз. Сабақты ұйымдастыру сатылары: Бірлескен іс-әрекетке жұмылу сатысы: Бұл сатының негізгі міндеті: бірлескен іс-әрекетке дәлелдеме құру, талқылауға қатысушылардың бастамаларының айқындалуы. Бұл сатыда келесі жұмыс нұсқалары болуы мүмкін: - Кейс-стади мәтіні студенттерге өз бетімен зерделеу және сұрақтарға жауап дайындау үшін сабақ басталғанға дейін таратылып берілуі мүмкін. - Сабақ басында тыңдаушылардың кейс-стади материалдарын білуі және талқылауға қызығушылығы анықталады. - Кейс-стади негізінде жатқан басты мәселе анықталады, және ол курстың сәйкес бөлімімен үйлестіріледі. Біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру сатысы: Бұл сатының негізгі міндеті: - мәселелені шешуге арналған іс-әрекетті ұйымдастыру. Іс-әрекет кішігірім топтарға біріктірілуі және жеке болуы мүмкін. Тыңдаушылар оқытушы берген қандай да бір анықталған уақыт көлемінде сұраққа ұжымдық жауап дайындау үшін уақытша кішігірім топтарға бөлінеді. Әрбір кішігірім топтарда (басқа топтардан тәуелсіз) жауаптарды салыстырулар, оларды өңдеу, тұсаукесер үшін рәсімделетін жеке бір көзқарасты өндіру жұмыстары жүреді. Әрбір топта шешімді жеткізетін <<спикер>> таңдалады немесе тағайындалады. Егер кейс сауатты құрылған болса, онда топтардың шешімдері сәйкес келмеуі керек. Спикерлер топтардың шешімін таныстырады және сұрақтарға жауап береді. Оқытушы жалпы дисскусияны ұйымдастырады және бағыттайды. Талдау және біріккен іс-әрекеттің рефлексиясы сатысы: Бұл сатының негізгі міндеті: - кейспен жұмыстың нәтижелерімен білімдік және оқытулық нәтижелерін айқындау. Сонымен қатар, бұл сатыда сабақтың ұйымдастырылуының тиімділігі талданады, біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың түйінді мәселелері анықталады, ары қарай жұмыс жасау үшін міндеттер қойылады. Оқытушы әрекеттері келесідей болуы мүмкін: оқытушы кейс-стадиді талқылау үрдісін және барлық топтардың жұмысын талдай отырып пікірталасты аяқтайды, оқиғаның шынайы дамуына қысқаша түсініктеме береді, қорытынды шығарады. Основные понятия, которые необходимо знать после изучения материала данной лекции: типы и жанры кейсов, способы их представления, структура кейса, принципы построения кейса, метод сase-study как образовательная технология Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Кейс типтерін атаңыздар * Кейсті құрастыру принциптері неде? * Кейс сабағының қатысушылары қалай бағаланады? Ұсынылған әдебиеттері: * Зайцев О.С. Методика обучения химии: Теоретический и прикладной аспекты: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений. - М.: Владос, 1999. -384 с. * Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. - Ростов н/Д: Феникс, 2002. - 544 с. 7 дәріс - Жоғары оқу орнында модульдік оқытудың теориясы мен практикасы Дәріс жоспары: 1. Модульдік оқытудың мақсаттары, міндеттері және принциптері 2. Органикалық химия курсын модульдік оқыту 1. Модульдік технология дегеніміз-білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының амалы, жолы. Оның ерекшеліктері: * Оқу материалын іріблокты ұйымдастыру. Әрбір блокта оны оқу және тапсырмалары бойынша ұсыныстар болады; * оқушылардың өзіндік жұмысы; * студенттерді оқыту кезінде бағдарламалар және алгоритмдер көмегімен басқару; * педагогтың методикалық жүйесінің ашықтығы; Модулдік оқытудың негізі: * Арнайы ұйымдастырлған бағдарламаның бар болуы; * Дидактикалық мақсаттарды реализациялау үшін ақпарат банкінің және методикалық басқарудың бар болуы; 2. Органикалық химия курсының оқу бағдардламасы 16 модульдан турады (8 - бірінші семестрде және 8 - екіншіде). Оларға 16 модульдік бағдарлама сәйкес келеді. Оқу жұмысының барлық түрлеріне 2 апта арналған. Әрбір модульдік бағдарламаның технологиялық схемасы тұрады: 1. Өзіндік жұмыстан (жеке тапсырмаларды орындау). 2. Дәрістерге қатысу. 3. семинарлық сабақтарға қатысу. 4. Лабораториялық практикум. 5. Модульдың оқу бағдарламасының теориялық материалды өзіндік оқу және жеке тапсырмаларын орындау. 6. Оқытушының жеке консультациясы. 7. Өзін өзі бақылау. 8. ағымдық тексеріс Рейтингі құрастырудың механизмі. Органикалық химияны оқуда студенттің максималды балы 1000. Рейтингті құрастыру кезінде максималды үлесті (61.5%) ағымдық тестілеу (КТ), семинарлық сабақтар (КС) және зертханалық практикум (КЭ) құрайды: Қорытындылау және соңғы бақылаудың үлесі 38.5%. Сонымен қатар "приздік фонд" - дәрістік бақылау, ол жалпы рейтингке кірмейді, бірақ оның үлесі өте жоғары (9.5%). Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Модульдік оқытуға қандай талаптар қойылады? * Студенттердің рейтингі қалай құрастырылады? * Модульдік оқытудың технологиялық схемасына не кіреді? Ұсынылған әдебиеттер: 1. Гареев В.М., Куликов И., Дурко Е.М. Принципы модульного обучения // Вестник высшей школы. - 1987. - № 8. - С. 30 - 33. 2. Юцявичене П.А. Теория и практика модульного обучения. - Каунас: Швисса, 1989. - 271с. 3. Варенова Л.И., Куклин В.Ж., Наводнов В.Г. Рейтинговая интенсивная технология модульного обучения. - Центр разработки информационных технологий и методик. - МарПИ, 1993. - 67с. 4. Зиновьева В.А. Усвоение и контроль знаний // Высшее образование в России. 1993. № 3 - С. 154 - 158. 8 дәріс - Органикалық химия курсында химиялық тәжірибенің ролі мен міндеттері Дәріс жоспары: * Химиялық эксперименттің функциялары * Химиялық эксперименттің түрлері * Органикалық химияны оқытуда эксперименттердің мақсаттары * Органикалық химиядан демонстрациялық эксперименттің әдістемесі 1. Химиялық эксперименттің функциялары. Химиялық экспериментте жалпы компоненттер: 1) барлық оқушылардың бір уақытта қабылдауға негізделген химиялық объектілерді зерттеу; 2) эксперименттің мақсаттарын және міндеттерін құрастыру; 3) оқушылардың экспериментальды қызметы; 4) химиялық эксперименттің техникасын игеру. Химиялық эксперименттің маңызды функциялары: оқу, тәрбие, (рухани, эстетикалық, экономикалық) және даму. Химиялық эксперименттің тағы функциялары - ақпараттық, эвристикалық, критериальды, қорытындылау және әлеуметтік. 1. Ақпараттық функция химиялық эксперимент білімнің алғашқы көрінісі ретінде қызмет етеді. 2. Эвристикалық функция енгізілген фактілерді ғана емес, сонымен қатар кейбір эмпирикалық ұғымдардың, қорытындылардың және тәуелдіктерінің құрастыру негізі болып табылады. 3. Зерттеуші функция заттардың анализі және синтезі бойынша практикалық дағдылардың дамуымен, яғни ғылымыи зерттеу жұмыстарының қарапайым әдістерін игерумен байланысты. 4. Қорытындылау функция эмпирикалық қорытындыладың типтерін құрастыруға негізделген. 5. Әлеуметтік функция ғылыми білімде химиялық эксперименттің дидактикалық ролімен анықталады. Химиялық эксперименттің барлық функциялары бір бірімен байланысқан және бір бірін толықтырады. 2. Химиялық эксперимент оқытудың арнайы әдістеріне жатады. Химиялық эксперименттің келесі типтерін ажыратады: :: демонстрациялық эксперимент; :: зертханалық тәжірибиелер; :: зертханалық жұмыстар; :: практикалық жұмыстар; :: экспериментальдік (зертханалық) практикум; Демонстрациялық эксперимент - бұл оқытушымен жүргізілетін химиялық эксперимент. Демонстрациялық эксперимент кезінде келесі талаптар қойылады: 1) барлық студенттерге жақсы көріну керек; 2) көрнекілік; 3) мінсіз орындалу техникасы; 4) студенттердің және оқытушының қауыпсіздігі; 5) эксперимент әдістемесінің оптималдігі; 6) сенімділік; 7) бейнелілік; 8) сезімпаздық; 9) сендірерлік; 10) өткіншілік; 11) рәсімділеудің эстетикалығы; 12) орындау техникасының қарапайымдылығы; 13) түсіну үшін қолжетімділік; 14) экспериментті алдын ала дайындау; 15) эксперимент әдістемесін репетициялау. Зертханалық тәжірибе - оқытушының басқаруымен студенттермен орындалатын эксперимент. Зертханалық тәжірибелер химиялық объектінің жеке қасиеттерін зерттеу үшін көмектеседі. Зертханалық жұмыстар зертханалық тәжірибиелердің жиынтығы болып табылады және химиялық объектілердің және процестердің барлық қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді. Зертханалық жұмыстарда оқытушының тапсырмасы бойынша студенттер приборларды, инструменттерді және қондырғыларды қолданып орындайды. Уақыт бойынша олар 5 - 10 тан 40 - 50 мин дейін созылады. Практикалық жұмыстар студенттердің эксперименталды оқу қызметінің бірі болып табылады. Практикалық сабақтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының жоғары дәрежесімен ерекшеленеді және олардың білімдерінің жоғарлауына себеп болады. 3. Органикалық химияда органикалық косылыстардың әртүрлі кластары зерттеледі. Осы заттардың таңдауы анықталады: а) ғылым негіздерін игеру үшін маңыздылығымен; б) адамзат және халық шаруашылығының маңыздылығымен. Сондықтан ЖОО химия курсында келесі класстар анықталады: көмірсутектер, спирттер, альдегидтер, қышқылдар, күрделі эфирлер, көмірсулар, нитро- және аминоқосылыстар, белоктар, полифункциональды қосылыстар - бояғыштар, гетероциклды қосылыстар, алкалоидтер және т.б. Бірінші мақсаты бұл зерттелетін заттарды көрнекті таныстыру. Эксперименттің екінші мақсаты заттардың барлық химиялық қасиеттерін көрнекті көрсету. Эксперименттің үшінші мақсаты -- оқытушыға органикалық химиядағы даму идеясын студенттерге көрсетуге көмектесу: заттардың генетикалық байланысын, органикалық қосылыстардың класаралық өтулерді, қарапайым заттардан күрделі заттардың синтезін және т.б. Эксперименттің төртінші мақсаты -- заттардың химиялық қасиеттерінің олардың құрылысына байланысты тәуелдігін көрсету. Эксперименттің бесінші мақсаты студенттердің политехникалық оқытуға әрекет ету. Химиялық эксперименттің алтыншы мақсаты студенттерді практикалық дағырлармен қамтамасыз ету. 4. методикалық қорытындылар: 1. Органикалық химияның эксперименті оқушылардың ойлану қабілетінің дамуына және шығармашылық зейіндердің тәрбиесіне ықпал етеді. Эксперимент білімнің көзі болып табылады, ол студенттердің ойлану қызметін арттырады, олардың байқау қабілеттерін дамытады және де фактілерді салыстырып оларды анализдеуге үйретеді, сонымен қатар гипотезаларды құрастырып, оларды тексеру жолдарын табуға, дұрыс тұжырымға және қорытындыларға келуге мәжбірлейді. 2. Органикалық химиядан тәжірибелер ұзақтығына байланысты үлкен әдістемелік ұқыпты талап етеді. Тәжірибелердің 60% астам ұзақ болады - 10 минуттан 1 сағ дейін және кейбір кезде одан да ұзақ болады. 3. органикалық химиядан көпшілік тәжірибелер процестедің және алынған заттардың көрнекілігі аз болғандықтан женіледі. 4. Органикалық химияда реакциялар үшін олардың өту жағдайлары маңызды болып табылады. 5. органикалық химияны оқу кезінде сабақта айтылып кеткен барлық құбылыстарды көрсетуге мүмкіндік жоқ және де қажеті жоқ. Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Химиялық эксперимент қандай функцияларды атқарады? * Дәрістік және демонстрациялық эксперименттің айырмашылығы неде? * Эксперименттің қандай түрлері жиі қолданылады? Ұсынылған әдебиеттер: * Космодемьянская С.С., Гильманшина С.И. Методика обучения химии: учебное пособие. - Казань: ТГГПУ, 2011. С. 75-80 * Иванова М.А. Химический демонстрационный эксперимент. - М.:Высшая школа, 2009. - 248с. * Чернобельская Г.М. Методика обучения химии в средней школе. - М.: Владос, 2000. С. 81-90. Микромодуль 2 - Жоғары оқу орнында органикалық химияны оқыту әдістемесінің ерекшеліктері 9 дәріс - Жоғары оқу орнында органикалық химияны оқытудың әдістемелік ерекшеліктері Дәріс жоспары: 1. ЖОО органикалық химияны оқудын ерекшеліктері 2. Органикалық химияның бөлімдерінің құрылысы және мазмұны 1. Бүгінгі таңда білімдердің фундаментализациясы үш негізгі бағытта жүреді: а) оқудың мазмұның өзгерту; б) бұл мазмұнды келешек мамандардың профессиональды мақсаттарына адаптациялау; в) жалпы теориялық пәндерді мамандандыру. Химиялық пәннің курсы фундаментальды болып саналу үшін ол ерекше қасиеттерге ие болуы тиіс. Біріншіден оқытудың логикасына және әдістемесіне ие болуы қажет. Ол мектептегі курсан ерекшелену керек, сонымен қатар ол мектепте берілген білімдерге сүйену қажет. Органикалық химия курсы университеттер техникалық, жаратылыстану және химиялық факультеттерде жүреді. Жоғары мектептегі органикалық химия курсын төрт бөлікке бөлуге болады: органикалық химия негіздері (органикалық қосылыстардың номенклатурасы, органикалық қосылыстардың кеністік құрылысы, органикалық қосылыстардағы электрондық эффектілер, органикалық қосылыстардың қышқылдығы және негіздігі), органикалық реакциялардың механизмдері (радикальды, электрофильды, нуклеофильды), жоғары молекулалық қосылыстардың ерекшеліктері, органикалық химияның профильды бөлігі (әртүрлі мамандықтар үшін әртүрлі). Пән спецификасының кейбір ерекшеліктері: 1. Органикалық химияның мазмұны қосылыстардың көп саңын зерттеуіне негізделген. 2. Органикалық химияны білу үшін А.М. Бутлеровтың құрылыс теориясын білу қажет. 3. Органикалық химияны білу үшін органикалық қосылыстардың электрондық құрылысын, олардың номенклатурасын және заттар арасындағы байланыстарды білу қажет. 4. Органикалық химия курсы зерттелетін заттардың құрылыстарының күрделенуіне негізделген. 2. ЖОО органикалық химияны оқытуы келесі нормативті құжаттарға негізделген: - ҚР <<Жоғары оқудан кейінгі білім. Магистратура. Жалпы ережелер>> мемлекеттік жалпы міндетті стандарт 23.08. 2012ж. № 1080; - <<Органикалық химия>> пәнінің типтік оқу бағдарламасы; - СТУ 042-ГУ-4-2013 Университет страндарты <<Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін құрастыру және рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар>>; - ДП 042-1.01-2013 Құжатталған процедура <<Пәннің оқу-әдістемелік кешендерінің құрылымы және мазмұны>>. Пәннің міндеттері - нақты практикалық міндеттерді шешу мақсатында студентердің теориялық дайындықтарының негізін қамтамасыз ету; - студентердің ғылыми түйсіктерін қалыптастыру, айталық, органикалық қосылыстардың құрылымы мен реакция жүру ағы логикалық байланысты сол қосылыстар және оларды алу жолдары арқылы түсіндіру; - қосылыстарды синтездеу барысында немесе және идентификацияланғанда студенттерді практикалық машықтануға баулу; - алған білімін күнделікті өмірде, өндірісте, табиғатты қорғау мәселерін шешкенде қолдана білуге үйрету Студенттер пәнді оқу нәтижесінде: органикалық молекулалардың құрылысы (химиялық, электрондық, кеністік), реакциялардың әртүрлі типтерінің негізгі заңдылықтары мен механизмдері, органикалық қосылыстардың негізгі кластарын алу әдістері және олардың қасиеттерінің құрылысына тәуелділігі. Оқып білудің нәтижесінде студент мыналарды: * А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидаларын, изомерия және гомология ұғымдарын, атомдар арасындағы жай және еселік байланыстарды, көмірсутектік радикал, органикалық қосылыстардың маңызды функционалдық топтарын, заттардың белгілі бір органикалық қосылыс кластарының өкіліне жататындығын білу; * заттардың маңызды физикалық және химиялық қасиеттерін олардың құрылысына байланысты тәуелділігін (және керісінше) болжау; * заттардың химиялық формулаларын халықаралық, тривиальді (тарихи) номенклатура бойынша атау, заттардың химиялық формулалары бойынша сандық және сапалық құрамын және белгілі класс өкіліне жататынын анықтау, сандық және тәжірибелік есептерді шешу. Өз іс-әрекетінің мүмкін болатын салдарына саналылықпен және жауапкершілікпен қарау. * оқып үйренген көмірсутектерді, олардың оттекті және азотты қосылыстарының химиялық құрылысын, қасиеттерін, табиғатта кездесуін және практикалық маңызын білу; * органикалық заттардың қасиеттерін және олардың генетикалық байланысын, алыну жолдарының химиялық реакция теңдеулерін құрастыру; * органикалық заттардың қатысатын негізгі реакция типтерін (орынбасу, қосылу, изомерлену), мономер, полимер, құрылымдық буын, полимерлену дәрежесі, полимерлердің сызықтық және кеңістіктік құрылымын білу; * органикалық заттардың құрылымдық формулаларын құрастыру және оларды халықаралық және тривиальді номенклатура бойынша атау; * органикалық заттардың көптүрлілігінің себептерін, органикалық және бейорганикалық қосылыстардың өзара байланысын, заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері және практика жүзінде қолданылуы арасындағы себеп-салдар байланысын түсіндіру; * органикалық заттармен қарапайым тәжірибелер жүргізу, қосылыстарды және полимерлерді белгілері бойынша танып білу; * химиялық формулалар және теңдеулер бойынша органикалық заттардың қатысуымен жүретін реакцияларға есептер шығару; * қоршаған ортаның ластануының адам организміне және басқа тірі ағзаларға әсерін бағалау; * химиялық ақпараттарды түрлі ақпарат көздерінен (ғылыми-көпшілік басылым, компьютерлік деректер көзі, ғаламтор ресурстарынан) өз бетінше іздеу тиіс. Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Химия курсындағы органикалық химияның орны. * Органикалық химияның маңызы. * Органикалық химияның мазмұны және құрылысы. * Органикалық химия аймағында түлектердің біліміне қойылатын талаптар. Ұсынылған әдебиеттер: 1. В.Ф. Травень. Органическая химия. - М.: Академкнига, 2008. Т.1. 727с. 2. В.Ф. Травень. Органическая химия. - М.: Академкнига, 2008. Т.2. 582с. 3. В.Л. Белобородов, С.Э. Зурабян, А.П. Лузин, Н.А. Тюкавкина. Органическая химия. - М.: Дрофа, 2009. - Кн.2: 592 с. 4. Робертс Дж., Кассерио. Основы органической химии. В 2 т. - М.: Мир, 1978. 5. Терней А. современная органическая химия. В 2 т. - М.: Мир, 1981. 10 дәріс - Органикалық химияны жүйелік-құрылымдық жағдай негізінде оқыту Дәріс жоспары: * Органикалық химия курсының жүйесі * А.М. Бутлеровтың құрылыс теориясың оқытудың ерекшеліктері * <<Изомерия>> және <<гомология>> ұғымдарын оқыту ерекшеліктері * Органикалық химия курсында қорытындылау 1. Қазіргі уақытта органикалық химияны оқыту құрылыс теориясына негізделген. Ол үш теорияны ұсынады: бутлеровтың химиялық құрылыс теориясына және де оны толықтайтын электрондық теория мен кеністік құрылыс теориясына. Органикалық химияның барлық түсініктері құрылыс теориясына негізделіп бес топтқа бөлінеді: химиялық құрылыс, электрондық теория, стереохимия, жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, химиялық реакциялардың заңдылықтары. 2. А.М. Бутлеров теориясының негізгі идеясы 1861 ж <<Заттардың химиялық құрамы туралы>> мақаласында жарияланған. Бұл теориясының негізгі қағидалары: * Органикалық қосылыстар молекулаларының құрамына кіретін атомдар бір бірімен кезектесіп, белгілі бір тәртіппен байланысады. Әр заттың молекуласының бұлжымас белгілі химиялық құрамы болады және атомдардың бір біріне (көршілес атомдардың) немесе басқа атомдар арқылы әсер етуінде белгілі бір заңдылық байқалады. Молекуладағы атомдардың дәйекті байланысуын А.М. бутлеров химиялық құрылыс теориясы деп атады. * Молекуланың құрылысы, яғни молекуладағы атомдардың байланысу реті заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін анықтайды. * Заттардың қасиеттерін зерттеу олардың химиялық құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Керісініше, құрылымы белгіліс болса, оларда қандай қасиеттер болатынын алдын ала білуге болады. * Молекулаға кіретін атомдар мен атомдық топтардың қасиеттері тұрақты болмайды, ол молекуладағы басқа атомдарға байланысты. Химиялық құрылысы теориясы изомерия құбылысын түсіндіруге мүмкіншілік береді. Бұл теориясының арқасында органикалық қосылыстардың қасиеттерін алдын ала анықтауға мүмкін болды. 3. Эти понятия, как и установление генетических связей, способствуют целостности курса органической химии. Кердеңдік және гомология және изомерия ұғымдарының елеулілігі мен маңыздылығы органикалық заттардың әрбір класы үшін қорытындылаушы мінездемесімен анықталады. Осы ұғымдар органикалық химияның курсының тұтастығына әсер етеді. Бұл екі ұғымдардың өзара айырмашылықтарына қарамастан студенттер оларды шатастырады. Сондықтан оларды оқыту индуктивті жолмен, нақты мысалдармен байланыстыруға негізделген. Бірінші құрылымдық изомерия қарастырылады, содан соң нақты мысалдарда -- гомология. Дидактика айқындамасынан сүйену, дамыту, таныстыру ұғымдарды ажыратады. Негізгі ұғымдар -- дамыту, ал сүйену ұғымдар оларды қалыптастырады. Изомерияның дамыту ұғымдары үшін сүйену ұғымдар ретінде заттардың сапалық және саңдық құрылымы, аллотропия және химиялық құрылыс ұғымдары болады. Сондықтан осы ұғым курстың ең басында оқылады. Гомология ұғымы қаныққан көмірсутектермен танысқаннан кейін қарастырылады. Гомология және изомерия ұғымдарын қалыптастыру үш этапқа бөлінеді: 1. Әрбір ұғымның маңызды белгілерін студенттердің алдын кқрсету және олардың анықтамасын беру. * Гомологтар мен изомерлердің арасындағы айырмашылықтарын көрсету. * Әртүрлі клас заттарының арасындағы изомерия мен гомологияның әртүрлі формаларын көрсету. Изомерия және гомология құбылыстарын келесі реттілікте қараластырылады: бірінші бірдей сапалық және саңдық құрылымы, бірақ қасиеттері әртүрлі заттар (бутан, изобутан) бар екендігі айтылады. Содан соң бұл құбылыстын себебін қарастырып, осы айырмашылықтын негізі молекулалардың әртүрлі құрылысы жататын көрсетеді. Мұндай заттар изомерлер деп аталды. Гомологтардың бір бірінен айырмашылығы тек көміртек қанқасының ұзындығында деп түсінгеннен кейін студенттерге осы ұғымдырдың арасындағы байланысты көрсетеді -- төрт және де одан да көп көміртектен тұратын көмірсутектердің құрылысы әртүрлі болуы мүмкін екендігін дәлелдейді. Содан соң <<изомер>> және <<гомолог>> ұғымдарының белгілерін анықтап олардың ұқсастығы мен айырмашылықты қарастырады. Изомерлер Гомологтар Сапалық құрамы бірдей Сапалық құрамы бірдей Сандық құрамы бірдей Сандық құрамы әртүрлі Химиялық құрылысы әртүрлі Химиялық құрылысы ұқсас Физикалық қасиеттері әртүрлі Физикалық қасиеттері әртүрлі Химиялық қасиеттері әртүрлі Химиялық қасиеттері ұқсас 3. Органикалық химияны оқытуда бөлімдер бойынша әрдайым қорытындылау өткізіледі: изомерия ұғымы, молекулада атомдардың өзара әсері, ковалентті байланыстың түрлері бойынша, себебі органикалық қосылыстардың кластарын оқығанда бұл материал үнемі күрделенеді, толтырылады. Кластар арасындағы генетикалық байланыстарын қағидалаудың әлеуметтік маңызы өте зор. <<Органикалық химия курсында білімдерді қорытындылау>> органикалық заттар туралы мәліметтерді жүйеге келтіреді. Қорытындылау кезінде химиялық, электрондық, кенестік құрылысы, құрылыстың негізінде органикалық заттардың қасиеттерінің анализі, органикалық заттар арасындағы генетикалық байланыстар және де органикалық синтез, мұнайхимиясының өнеркәсібі туралы сұрақтар қарастырылады. Басында органикалық заттар құрылысының кенестік және электрондық құрылысы негізінде А.М. Бутлеровтың теориясының қағидалары қарастырылады. Қорытынды сабақтын алдында студенттер химиялық байланыстар, бутлеров теориясының негізгі қағидалары, көміртекті тізбектердің түзілу тәртібі, изомерия түрлері бойынша материалдарды қайталайды. Изомерия түрлері бойынша мәліметтер жүйеге келтіріледі. Изомерия түрлерін қарастырғанда олардың практикалық маңыздылығын айтып кету керек. Қорытынды емтихан органикалық химия курсын аяқталғаннан соң жүргізіледі. Химиялық білімдер философиялық деңгейде қарастырылады. Осының негізінде пәнаралық және пәннің ішіндегі байланыстар қарастырылады. Студенттердің алдында химиялық ғылым және техниканың болашағы ашылады, олардың халық шаруашылығында орны көрсетіледі. Соңғы қорытындылауда студенттердің емтиханға дайындылығы жүреді. Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Органикалық химия курсының мазмұны мен құрылысын келтірініздер. * Органикалық химияны толық игеру үшін қандай негізгі білімдер қажет? * Органикалық химияны оқытуда <<гомология>> және <<изомерия>> ұғымдарын түсіндірініздер Ұсынылған әдебиеттер: 1. В.Ф. Травень. Органическая химия. - М.: Академкнига, 2008. Т.1. 727с. 2. В.Ф. Травень. Органическая химия. - М.: Академкнига, 2008. Т.2. 582с. 3. В.Л. Белобородов, С.Э. Зурабян, А.П. Лузин, Н.А. Тюкавкина. Органическая химия. - М.: Дрофа, 2009. - Кн.2: 592 с. 4. Робертс Дж., Кассерио. Основы органической химии. В 2 т. - М.: Мир, 1978. 5. Терней А. современная органическая химия. В 2 т. - М.: Мир, 1981. 11 дәріс - <<Оттекті қосылыстар>> бөлімін оқытудың әдістемелік аспектілері Дәріс жоспары: * <<Спирттер. Фенолдар>> бөлімін оқытудың әдістемелік аспектілері * <<Альдегидтер. Кетондар>> бөлімін оқытудың әдістемелік аспектілері * <<Карбон қышқылдары>> бөлімін оқытудың әдістемелік аспектілері 1. Сабақтың студенттерге басында оттекті қосылыстарға спирттер, альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдары, жай және күрделі эфирлер жататының ескеру қажет. Толығырақ спирттерге тоқталу керек. Спирттердің анықтамасын, гидроксил топтарының санына (бір, екі, көпатомды), көмірсутекті тізбектер типіне (қаныққан, қанықпаған,ароматты), гидроксил тобы байланысқан көміртек атомының типіне (біріншілік, екіншілік, үшіншілік) байланысты жіктелуін қарастыру керек. Қаныққан біратомды спирттерге изомерияның келесі түрлері тән екенің көрсету керек: * Көміртек қанқасының изомериясы; * Гидроксил тобының орналасу изомериясы. Нақты мысалдарда спирттер номенклатурасын келтіру керек. Метанол құрылысын қарастыру. Молекуланың ішіндегі электрон тығыздығының таралуын көрсету керек. Спирт молекуласындағы және су молекуласындағы О - Н байланысының полярлығын бағаланыз. Берілген қосылыстарда протонның қозғалғыштығын салыстырыныздар. Көмірсутекті радикалдардың спирттердің қышқылдық қасиеттеріне әсерін көрсетініздер (қышқылдық қасиеттер келесі қатарда азаяды: біріншілік, екіншілік, үшіншілік). - ОН тобының құрылысына байланысты спирттер молекуласының арасында сутектік байланыстар пайда болып, спирттер молекулалары ассоциацияланады: Химиялық қасиеттерді қарастырғанда қаныққан біратомды спирттерге тән реакцияларды қарастырады: * О - Н байланысы бойынша; * С - О байланысы бойынша; * Алкилды топтағы С - Н байланысы бойынша. О - Н байланысының үзілу реакцияларын келтіреді (алкоголяттардың түзілуі). Этерификациялау реакциясын таңыстыру. С - О байланысы бойынша реакцияларды қарастыру. Содан соң дегидратация реакцияларын (молекулаішілік және молекулааралық) қарастыру керек. Молекулаішілік дегидратация сусыздандырғыш заттардың қатысында (Н2SO4, Н3PO4, COOH - COOH, Al2O3, KНSO4, CuSO4, ZnCl2) жүреді және нәтижесінде алкендер түзілуімен жүреді. Процесс Зайцев ережесіне бағынады). Молекулаішілік және молекулааралық дегидратацияларының бір бірінен айырмашылықтарын көрсету керек. С - Н байланысы бойынша алкилды топта галогендеу, тотығу реакциялары жүреді. Қаныққан біратомды спирттердің алу әдістерін қарастыру керек. Қолдану аймағын қарастыру. Біратомды және көпатомды спирттердің реакциялық қабілетін салыстыру. Спирттермен, қышқылдармен, көпатомды спирттермен әрекеттескенде жай және күрделі эфирлерді түзеді. Молекулаішілік және молекулааралық дегидратация реакцияларын қарастыру. Этилегликольдың тотығуы. Ароматты спирттерді қарастырғанда бір, екі және көпатомды фенолдарды мысалға келтіру керек. Олардың мысалдарында изомерия және номенклатура ерекшеліктерін көрсету керек. Бензол сақинасы мен гидроксил топбының арсындағы электронды эффектілерді талқылау қажет. - ОН тобы теріс индуктивті эффекті ( - I) көрсетеді және де О атомының электрондар жұбының нәтижесінде оң мезомерлік эффектке (+М) ие екендігін көрсету керек (PI - р сопряжение). Электрон жұбы бензол сақинасына қарай ығысады, оның нәтижесінде оттегі атомындағы электрондық тығыздық азаяды да О - Н байланысың полярлығы жоғарлап протон қозғалғыштығы күшееді. Сондықтан фенолдардың қышқылдық қасиеттері қаныққан спирттермен салыстырғанда жоғарырақ. Мысалы, феноляттардың түзілуі. Қаныққан спирттермен салыстырғанда фенолдар жай және күрделі эфирлерді қиынырақ түзеді. Фенолдардың бром суымен әрекеттесуі сапалық реакция. Фенолдар формальдегидпен жеңіл әрекеттеседі де фенолформальдегидті шайырларды түзеді. Фенолдың тотығу реакцияларын келтіру қажет. Көпатомды спирттердің қолдану аймақтарын көрсету қажет. 2. Сабақтың басында карбонильды қосылыстарға анықтама беу қажет, альдегидтер мен кетондардың жалпы формуларын көрсету қажет. Қаныққан және қанықпаған, алифатты, ароматты альдегидтер мен кетондардың формулаларын келтіру қажет. Изомерия түрлері. Альдегидтер мен кетондардың номенклатурасы. Карбонил тобының құрылысы және оның реакциялық қабілеті: Химиялық қасиеттерін қарастыру: гидрирлеу, қосылу реакциялары. Берілген реакциялардың механизмдерін келтіру. Спирттердің қосылу реакциялары үшін қышқылдық және негіздік катализ механизмін келтіру. Азотты негіздермен конденсациялану реакцияларын қарастыру. Альдоль-кротондық конденсациялану реакциялары. Альдегидтердің полимерлену реакциялары. Альдегидтер мен кетондарға тотықтырғыштардың әсері. Альдегид топтарына сапалық реакциялары. Альдегидтер мен кетондарды алу реакциялары. 3. Сабақтың басында карбон қышқылдарға анықтамасын беру керек, жалпы формулары. Карбон қышқылдарының жіктелуі: көмірсутекті радикал құрылысына байланысты (қаныққан, қанықпаған, ароматты), карбоксил тобына байланысты (бірнегізді, екінегізді және т.б.). Карбоксил тобының құрылысы: Қышқылдардың диссоциациясы. Қышқылдардың физикалық қасиеттері және карбоксил тобы құырылысының оларға әсері. Карбон қышқылдарға тән реакциялар: Гидроксил тобындағы Н атомының орынбасу реакциялары; Гидроксил топтарын орынбасу реакциялары. Карбонилды С атомы бойынша реакциялар; α-көміртек атомы бойынша реакциялар; декарбоксилдеу. Металдармен, негізгі оксидтермен, негіздермен, тұздармен реакцияларды келтіру. Этерификациялау реакцияларын толығырақ қарастыру. Галогенангидридтердің, амидтердің, ангидридтердің, күрделі эфирлердің түзілу реакцияларын келтірініз. Этерификациялау реакциясының механизмі. Декарбоксилдеу реакцияларын қарастыру. Отметить, что легкость отщепления СО2 зависит от природы кислоты. Студенттерді дикарбон қышқылдарымен, қанықпаған қышқылдармен таныстыру. Номенклатураның, құрылысының, физикалық және химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері. Бірнегізді қаныққан қышқылдарының реакциялық қабілеттерімен салыстыру. Карбон қышқылдарын алу әдістерін сипаттау. Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * <<Оттекті қосылыстар>> бөлімді қарастырғанда оқытудың қандай формалары қолданылады? * Карбон қышқылдары қалай жіктелінеді? * Декарбоксилдеудің ерекшеліктері қандай? Ұсынылған әдебиеттер: 1. В.Ф. Травень. Органическая химия. - М.: Академкнига, 2008. Т.1. 727с. 2. В.Ф. Травень. Органическая химия. - М.: Академкнига, 2008. Т.2. 582с. 3. В.Л. Белобородов, С.Э. Зурабян, А.П. Лузин, Н.А. Тюкавкина. Органическая химия. - М.: Дрофа, 2009. - Кн.2: 592 с. 4. Робертс Дж., Кассерио. Основы органической химии. В 2 т. - М.: Мир, 1978. 5. Терней А. современная органическая химия. В 2 т. - М.: Мир, 1981. 12 дәріс - <<Көмірсулар>> бөлімін оқытудың әдістемелік аспектілері Дәріс жоспары: * <<Моносахаридтер>> бөлімін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері * <<Дисахаридтер>> бөлімін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері * <<Полисахаридтер>> бөлімін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері 1. Сабақтың басында көмірсулардың анықтамасын береді. Көмірсулардың жіктелуі: Содан соң моносахаридтерді қарастырады. Глюкоза мен фруктозаның формуларын келтіру. Олардың құрылысын, құрамын салыстыру. Тізбекті және циклді (жартылай ацеталды) құрылымдарын келтіру. Олардың циклдену схемаларын келтіру. Жартылай ацеталды немесе гликозидті топтың түзілуі. Фураноза және пираноза циклдері. Э.Фишердін проекцияларық формулары, Хеуорстың <<перспективті>> формулалары. α- және β-формалар (аномерлер). Монозалардың оптикалық изомериясы. Циклді формадағы монозалардың конформациялық изомериясы. Моносахаридтердің физикалық қасиеттері. Моноздардың реакциялық қабілеті. Моносахаридтер спирттердің, карбонильді қосылыстардың, циклді жартылай ацетальдардың қасиеттерін көрсетеді. Карбонильды топ бойынша жүретін реакциялар (тотықсыздану, қосылу, тотығу). Гидроксильды топ бойынша жүретін реакцияларды келтіру (алкилдеу, ацилдеу, алкоголяттар түзу). Моноздардың ерекше қасиеттері - ашу, яғни моносахаридтердің микроорганиздердің ферменттері әсерінен ыдырау. 2. Дисахаридтердің құрылысы. Гликозидтік байланыстың құрылысы. Тотықсызданатын дисахаридтер. Тотықсызданбайтын дисахаридтердің құрылысы. Химиялық қасиеттері. Тотықсызданбайтын дисахаридтердің химиялық қасиеттерін гидроксил топтары анықтайды, ал тотықсызданатын - альдегид немесе кетон және гидроксил топтары анықтайды. Минералды қышқылдар ерітіндісімен, ферменттер әсерінен дисахаридтер гидролизденіп, моносахаридтер түзеді. Кең тараған дисахаридтердің (сахароза, лактоза, мальтоза, целлобиоза) формуларын келтіру. Олардың құрылысының және реакциялық қабілеттерінің ерекшеліктері. 3. Полисахаридтердің құрамы, құрылысы, крахмал мен целлюлозаның құрылысы мен қасиеттері. Крахмал полисахаридтердің екі типтерінің қоспасы: суда ерігіш амилозадан (20 - 30 %) және ерімейтін амилопектиннен (70 - 80 %). Амилоза молекулаларының құрылысы сызықты, ал амилопектин молекулаларының тармақталған. Олардың молекулаларында α-D-глюкоза қалдықтары гликозид-гликозидті байланыстар арқылы байланысқан. Крахмал тотықсызданбайтын көмірсу. Крахмал минералды қышқылдар қатысында немесе амилаза ферментінің әсерінен жеңіл гидролизденеді. Гидролиздің соңғы өнімі α-D-глюкоза. Целлюлоза β-D-глюкозадан тұратын полисахарид. Крахмалдан айырмашылығы тізбектердің құрылысы сызықты. Целлюлозаның гидролизі қиынырақ жүреді. Целлюлоза мырыш хлоридінің концентрлі ерітіндісінде және сілтінің ерітіндісінде жақсы ериді. Целлюлоза жай және қарапайым эфирлерін түзеді. Вискоза және ацетатты талшықтың түзілу процесі. Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Крахмал гидролизінің өнімі не? * Дисахаридтер қалай жіктеленеді? * Полисахаридтердің практикалық қолдануы? Ұсынылған әдебиеттер: 1. В.Ф. Травень. Органическая химия. - М.: Академкнига, 2008. Т.1. 727с. 2. В.Ф. Травень. Органическая химия. - М.: Академкнига, 2008. Т.2. 582с. 3. В.Л. Белобородов, С.Э. Зурабян, А.П. Лузин, Н.А. Тюкавкина. Органическая химия. - М.: Дрофа, 2009. - Кн.2: 592 с. 4. Робертс Дж., Кассерио. Основы органической химии. В 2 т. - М.: Мир, 1978. 5. Терней А. современная органическая химия. В 2 т. - М.: Мир, 1981. 13 дәріс - Жоғары оқу орындарында жоғары молекулалық қосылыстар курсы Дәріс жоспары: * <<ЖМҚ химиясы>> курсының дидактикасы * <<ЖМҚ химиясы>> курсын мәселелік өқыту * <<ЖМҚ химиясы>> курсын оқытудың әдістемелік аспектілері 1. <<Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы>> пәні 072100 - 5В011200-Химия мамандығының студенттері үшін арналған. Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы полимерлердің құрылымдары мен қасиеттерін, сондай-ақ пайдалану кезендерің зерттейтін ғылым. Полимерлердің маңызы зор, сондықтан оларды өндіру мен тиімді пайдалану - халық шаруашылығын дамытудағы негізгі бағыттардың бірі. 2. Курс мазмұнына авторлар келесі бөлімдерді кіргізеді: бастапқы мономерлерді алу, полимерлену мен поликонденсацияланудың заңдылықтары, олигомерлердің синтезі мен қолданылуы, полимерлердің физика-химиялық, механикалық және электрлік қасиеттері, жоғары молекулалық қосылыстар ерітінділері, полимерлерді зерртеу әдістері т.б.. Университеттерде ЖМҚ курсы жалғыз жалпы курс. Себебі полимерлер бірнеше ғылыми бағыттарда зерттеледі. Олар туралы мәліметтер ді физикада, органикалық химияда, биохимияда, физикалық химияда кездестіруге болады. <<ЖМҚ>> курсы екі бөлімге бөлінеді: бірінші бөлімде полимерлердің физикалық және механикалық қасиеттері қарастырылады, екінші бөлімде - полимерлердің химиялық қасиеттері. Бұл екі теориялық абстракциялар факторлар мен қасиеттер арасындағы байланыстарды көрсетеді: полимерлердің физикалық және механикалық қасиеттері олардың құрылысына, құрылымына және сыртқы жағдайлардың сипатына байланысты; полимерлердің және мономерлердің химиялық қасиеттері олардың құрылысына, құрылымына және сыртқы жағдайлардың сипатына байланысты. 3. Аталмыш курстың мақсаты: студенттерді полимерлер туралы ғылымның негіздерімен таныстыру, полимерлердің химиясы, физика-химиясы және физикасы жөнінде негізгі мағлуматтарды беру және полимерлерді қолданудың маңызды орындарымен таныстыру. Пәнді оқып білудің негізгі мақсаты: полимерлі заттың химиялық, физикалық ерекшеліктері жөнінде теориялық мағлуматтар беру және әр түрлі полимерлерді алу, химиялық түрлендіру, олардың құрылымы мен физика-химиялық қасиеттерін зерттеуді жүзеге асыра алатындай практикалық тәжірибеге үйрету. Оқып білудің нәтижесінде студент мыналарды: * Жоғары молекулалық қосылыстардың негізгі ерекшеліктері, олардың ерекше дене мағынасына байланысты практикада қолдануды білу * Полимерлі денелердің құрылысы және негізгі физикалық қасиеттері, полимерлерді алудың негізгі әдістері, полимерлерді зерттеудің соңғы жетістіктері, полимерлі денелерді өндірісте алу және өндеу технологияларының негіздерін білу * Полимерлерді әр түрлі әдістермен синтездегенде қойылған практикалық талапты шешуде пайдалана білу * Макромолекуланың құрылысын зерттеуде соңғы жетістікті экспериментті әдістерді қолдана білу; полимерлердің молекулалық массалық мінездемелерін, физика химиялық зерттеуін пайдалана білу Полимерлерді өңдірісте алу және өңдеу технологиясы жөнінде алған теориялық және практикалық білімдерін пайдалана білу керек. Курста келесі модульдерді ажыратады: :: Макромолекулар құрылысының ерекшеліктері және молекулаүстілік құрылымдар полимерлердің ерекше қасиеттерінің себебі болады және полимерлік күйіді заттың арнайы күйі ретінде қарастырады (1модуль). :: Полимерлер ерітінділері қасиеттерінің ерекшеліктері (ісіну және т.б.) макромолекулалардың құрылысы мен қасиеттерінің ерекшеліктеріне негізделген және де бұл қасиеттерін сипаттайтын параметрлері макромолекулалардың құрылымын сипаттайтын сандық сипатталары (молекулалық масса, иілгіштік, конформация, пішіндері) (модуль 1 - модуль 2). :: Полимерлердің физика-механикалық қасиеттері (деформация, беріктілік) полимерлердің құрылымына негізделген (модуль 1 - модуль 3). :: Полимерлердің құрылымы алу әдісіне және олармен байланысқан параметрлерімен: мономердің реакциялық қабілетімен; сыртқы жағдайларымен: катализатор табиғаты, еріткіштен, температурамен анықталады (модуль 1 - модуль 4). :: Полимерлердің химиялық қасиеттері макромолекулалардың және полимерлердің құрылымымен анықталады және полимерлердің химиялық модификациялау әдістерінің негізі болып табылады (модуль 1 - модуль 5). Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * <<ЖМҚ химиясы>> курсын оқытудың ерекшелігі неді? * Полимерлердің құрылысы немен анықталады? * ЖМҚ химиясы курсының негізгі міндеттері мен мақсаттары Ұсынылған әдебиеттер: 1. Шур А.М. Высокомолекулярные соединения: Учебник для ун-тов. 3-е изд., перераб. и доп. М.:Высш. шк., 1981. 656 с. 2. Андреев И.А. Физика и химия полимеров: Модуль 1. Структура полимеров: Учеб. пособие / Уд Г У. Ижевск, 2003. 185 с. 3. Андреев И.А. Физика и химия полимеров: Модуль 2. Свойства растворов полимеров: Учеб. пособие / УдГУ. Ижевск, 2004. 101 с. 4. Андреев И.А. Физика и химия полимеров: Модуль 3. Физико-механические свойства полимеров: Учеб. пособие / УдГУ. Ижевск, 2004. 127 с. 5. Андреев И.А. Физика и химия полимеров: Модуль 4. Методы получения полимеров: Учеб. пособие / УдГУ. Ижевск, 2004. 148 с. 14 дәріс - <<Полимерлерді алу әдістері>> бөлімін оқытудың әдістемелік аспектілері Дәріс жоспары: * <<Полимерлеу>> тақырыбын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері * <<Поликонденсациялау>> тақырыбын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері 1. Сабақты полимерлерді алудың негізгі әдістерінің жіктелуінен бастайды. Полимерленудің анықтамасын беру. Полимерленудің термодинамикасын қарастыру. Полимерлеу-деполимерлеу тепе теңдігі ұғымын қарастыру. Тізбекті полимерлену процестерінің классификациясы. Радикалды полимерленуді қарастыру. Полимерлену сатыларын қарастыру. Радикалды полимерленудің иницирленуі. Инициаторлар типтері. Тізбектің өсу, беру және үзілу реакциялары. Студенттерге радикалды полимерленудің кинетикасын түсіндіру. Квазистационарлы күй туралы түсінікті қарастыру. Толығырақ полимерлердің молекулалық массалары, молекулалық массалық таралу туралы қарастыру. Полимерлену тәсілдері: массада, ерітіндіде, суспензияда және эмульсияда. Катионды полимерленуді қарастыру. Катионды полимерленуге түсетін мономерлерді сипаттау. Полимерлену катализаторларын және сокатализаторларын келтіру. Катионды полимерленудегі тізбектің өсуі және үзілуі, сонымен қатар еріткіш табиғатының әсері. Катионды және анионды полимерленудің айырмашылығы. Анионды полимерленуге түсетін мономерлерді сипаттау. Анионды полимерленудің катализаторлары. Анионды полимерленудегі иницирленуі, тізбектің өсуі және үзілуі. Циглера-Натта гомогенді және гетерогенді катализаторларының катысында координациялық-иондық полимерленуді түсіндіру. Стереоретті полимерлер синтезінің принциптері. Сополимерлену реакцияларының ерекшеліктері. Мономерлердің және радикалдардың реакциялық қабілеті. Студенттермен қоса радикалды сополимерленуді қарастыру. Сополимерлер құрамының теңдеуі. Мономерлердің және радикалдардың салыстырмалы реакциялық қабілеттері. 2. Полимерлерді алу әдістерінің екіншісі - поликонденсация. Поликонденсация реакцияларының типтерін оқыту. Полимерлену және поликонденсациялану процестерінің негізгі ерекшеліктерін көрсету. Поликонденсация термодинамикасын және поликонденсациялық тепе теңдігін қарастыру. Поликонденсация кезіндегі полимерлердің молекулалық массасы және молекулалық массалық таралуы. Поликонденсацияны жүргізу тәсілдері. Поликонденсацияны балқымада, ерітіндіде жүргізу. Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Полимерлерді алу тақырыбын оқытуда қандай әдістемелік ерекшеліктері қолданылады? * Полимерлену стадиялары қандай? * Поликонденсация түрлері? Ұсынылған әдебиеттер: 1. Шур А.М. Высокомолекулярные соединения: Учебник для ун-тов. 3-е изд., перераб. и доп. М.:Высш. шк., 1981. 656 с. 2. Андреев И.А. Физика и химия полимеров: Модуль 1. Структура полимеров: Учеб. пособие / Уд Г У. Ижевск, 2003. 185 с. 3. Андреев И.А. Физика и химия полимеров: Модуль 2. Свойства растворов полимеров: Учеб. пособие / УдГУ. Ижевск, 2004. 101 с. 4. Андреев И.А. Физика и химия полимеров: Модуль 3. Физико-механические свойства полимеров: Учеб. пособие / УдГУ. Ижевск, 2004. 127 с. 5. Андреев И.А. Физика и химия полимеров: Модуль 4. Методы получения полимеров: Учеб. пособие / УдГУ. Ижевск, 2004. 148 с. 15 дәріс - Азқалдықты және қалдықсыз технологияны ұйымдастыруға жанаша көзқарас Дәріс жоспары: 1.Азқалдықты және қалдықсыз технологиясының анықтамасы. Өндірістердің қалдықсыз технологияларын сандық бағалау. 2. Органикалық заттар және жоғарымолекулалық қосылыстар өндірісінде аз қалдықты және қалдықсыз технологияларын құрастыру принциптері. 1. Қазіргі кездегі химиялық өндіріс концепциясы азқалдықты және қалдықсыз технологияға негізделген. Оларды құрастырған кезде көптеген техникалық мәселелер туындайды. Мысалы: * Жаңа азқалдықты және қалдықсыз өндірістерді құрастыру; * Технологиялық процестерді дамыту; * Бастапқы қосылыстардың регенерациясы; * Қалдықтардың утилизациясыҢ * Ағынды суларды тазарту; * Қажетті температуралық реттілік; * Интенсивті жылу және массалмасу; * Максимальды мүмкін селективность; * Энергияның минималды шығыны; * Үздіксіз процестерді енгізу. Қалдықсыз технологияның сандық бағалау біл қалдықсыз коэффициенті: Мұндағы f - эмпирикалық жолмен анықталған коэффициент; Км - материалды ресурстарды толық пайдалану коэффициенті; Кэ - энергетикалық ресурстарды толық пайдалану коэффициенті; КА - экологиялық талаптарға сәйкес коэффициенті. Азқалдықты технологияларға Км 0,8-0,9, ал қалдықсыз технологияларға - 0,90-0,98 жатады. Қалдықсыз технологияны құрастырудың экологиялық мәселесі төрт аспектен тұрады: * экологиялық * ресурсті, * технологиялық және техникалық, * экономикалық және ұйымдыстырушы. 2. Жүйелік принципі Химиялық өндіріс қоршаған ортамен әрекеттесетін айналым жүйе ретінде қарастырылады. Материалды ағындардың циклдену принципі Рециркуляция принципі Материалды ағынның циклдігі бұл оның бөлігінің процеске қайта оралу. Бұл ХТП интенсификациялайды, себебі бастапқы заттар мен энергия толық жұмсалады. Шикізат ресурстарын комплексті қолдану принципі Экологиялық қауыпсіздік принципі. а) сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктері және жануарларды қорғау; б) табиғи ресурстарды толық қолдану. в) энергияны қолдану эффективтігін жоғарлату; г) қалдықтарды жинау, сақтау, жою және утилизациялау мәселелерін шешу; д) энерго- және ресурстарды сақтау технологиясын құрастыру; е) күзету территорияларын құрастыру; ж) радиациялық қауыпсыздықты қамтамасыз ету; з) жерді рекультивациялау; Қалдықсыз өндірісті рационалды құрастыру принципі Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: * Перечислите принципы создания безотходных технологий * Что показывает коэффициент безотходности * Перечислите основные проблемы при создании безотходных технологий Ұсынылған әдебиеттер: * Сутягин В.М., Бондалетов В.Г., Кукурина О.С. Принципы разработки малоотходных и безотходных технологий. - Томск: Изд-во Томского политех. Университета, 2009. -184с. * Харлампович Г Д., Кудряшова Р.И. Безотходные технологические процессы в хи - мической промышленности. - М.: Химия, 1978.- 280 с. * Громов Б.В., Зайцев В A., Ласкорин Б.Н. Безотходное промышленное производст - во. Итоги науки и техники.- М.: ВИНИТИ, 1981.-Т.9.-218с. * Звягинцев Г.Г1. Промышленная экология и технология утилизации отходов. - Харьков: Высш. шк., изд-во Харьковского ун-та, 1986. - 144 с. Семинарлық сабақтар Семинарлық сабақ 1,2 - Жоғары оқу орнында ұйымдастырылған оқыту формалары Семинарлық сабақ 3,4 - Студенттердің білімін бақылаудың әдістері мен формалары Семинарлық сабақ 5,6 - Химияны оқыту процесіндегі проблемалық оқыту Семинарлық сабақ 7,8 - Органикалық химияны және ЖМҚ химиясын оқытуда критикалық ойлауды дамыту Семинарлық сабақ 9, 10 - Органикалық химияны және ЖМҚ химиясын жоба әдісімен оқыту Семинарлық сабақ 11, 12 - Кейс әдісімен органикалық химияны оқыту Семинарлық сабақ 13, 14 - Жоғары оқу орнында модулдік оқыту Семинарлық сабақ 15, 16 - Химиялық тәжірибе Семинарлық сабақ 17, 18 - <<Көмірсутектер>> бөлімін оқытудың әдістемелік аспектілері Семинарлық сабақ 19, 20 - <<Оттекті қосылыстар>> бөлімін оқытудың әдістемелік аспектілері Семинарлық сабақ 21, 22 - <<Биологиялық активті қосылыстар>> бөлімін оқытудың әдістемелік аспектілері Семинарлық сабақ 23, 24 - <<Азотты қосылыстар>> бөлімін оқытудың әдістемелік аспектілері Семинарлық сабақ 25, 26 - <<Полимераналогты түрлендіру>> бөлімін оқытудың әдістемелік аспектілері Семинарлық сабақ 27, 28 - <<Полимерлер ерітінділері>> бөлімін оқытудың әдістемелік аспектілері Семинарлық сабақ 29, 30 - <<Полимерлердің физикалық және фазалық күйлер>> бөлімін оқытудың әдістемелік аспектілері Магистранттардың өздік жұмысы 1 Көп деңгейлі оқыту жүйесі 2 Батыс елдерінде жоғары химиялық білім алу (таңдау бойынша) 3 Бакалаврат үшін <<Органикалық химия>> бағдарлама мазмұнының анализі 4 Бакалавриат үшін <<ЖМҚ химия>> бағдарлама мазмұнының анализі 5 Студенттерге <<Органикалық химия>> курсынан бақылау тапсырмаларын әзірлеу 6 Студенттерге <<ЖМҚ химия>> курсынан бақылау тапсырмаларын әзірлеу
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz