Файл қосу

Шошқаның лимфа түйіндері



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ  ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

                    СМЖ 3 дәрежелі кұжаты
                                   ПОӘҚ
                                       
                                       
                        ПОӘҚ 042-18-23.1.08/01-2014
                                   ПОӘҚ
                  Оқытушыға арналған пән 
<<Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық -санитариялық сараптау >>
                    бойынша бағдарламасы

                        Баспа №_ күні _____


                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
            ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                                       
                                       
<<МАЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ - САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ >>
                                       
мамандық үшін 5В120200-<<Ветеринариялық санитария>>
                                       
                                       




            ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР













                                  Семей
                                     2014
                                       
                                       
                                Мазмұны

* Глоссарий
* Дәріс
* Зертханалық  және практикалық сабақ
* Курстық жұмыс ( жоба)
* Білім алушылардың өздік жұмыстары
* Емтихан сұрақтары





















                                       
                             1 Глоссарий

Ветеринариялық-санитариялық сараптау - жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан бағалайтын және зерттеу әдістерін оқытатын ғылым.
Қағыну (септикалық) үрдістері  -  денеге іріңді микробтардың енуі әсерінен (стрептококки мен стафилококкилар) мүшелердің қалыптан тыс артуы. Олар жергілікті жерде қабыну үрдістерін туғызады. 
Іріңді ісік - сойылатын малдардың бұлшық еттерінде, лимфа түйіндерінде және ішкі мүшелерде шоғырланады. 
Флегмона  -  жайылып кетуге ықтимал, жұмсақ дәнекер тканьінің жіті түрде іріңдеп қабынуы. Бұл іріңді ісіктен де қауіпті, өйткені іріңді бактериялар зақымданған учаскелерден әртүрлі мүшелерге және тканьдерге өте кең арада өтеді. 
Жаралар  -  тері және тері ащы тканьдерінің ашық жарақаттануы. Егер жара іріңдеп кетсе, онда жарада іріңді микробтардың өсіп-өну үрдістер жүріп жатыр деп есептелінеді. 
Сыртқы сәулену - организмге түсетін сәуленің көзі сырттан ( басқа жақтан) ауадан келіп түседі. Бұлар ядролық жарылыстың радиациясы организмді қоршаған топырақта, ауада, суда және мал терісінде болады.
Ішкі сәулену - радиактивті заттардың ионизациялық сәулелері азық, су, ауа, тері ақылы организмге өту салдарынан болады.
Улы инфекциялар (токсикоинфекциялар) бұлар микроорганизмдер мен олардың уларының біріккен әсерінен пайда болатын аурулар. Бұл микроорганизмдер: салмонеллар, эшерихий коли, протей Cl.perfringens , B. сereus.
Тағамдық токсикоз  -  микробтардың көп жиналып, өсуі әсерінен пайда болатын экзотоксиндердың  (сыртқы улардың) организмді улауы.Тағамдық токсикозды микробсыз-ақ улаудың өзі ғана тудыруы мүмкін. 
Тағамдық аурулар, не тағамнан болған аурулар - әр түрлі себептерден болған және клиникалық белгілері әр түрлі жіті және созылмалы түрде өтетін аурулар, бірақ та ауру пайда боларда, міндетті түрде тағам арқылы бактерия, вирус, саңырауқұлақ, тоғышар, химиялық улы заттар мал денесіне өтуі қажет.
Тағамдық инвазиялар  -  тоғышарлардың қоздырғыштары тағам арқылы адам денесіне өтуі. Бұлар трихинеллез, цистицеркоз, описторхоз және басқа гельминтоз қоздырғыштары.
Тағамдық бактериотоксикоздар- бактериал тектес улы уыт, басқа сөзбен айтсақ сыртқы уыт (экзотоксин). 
Тағамдық фитотоксикоздар  (өсімдік токсикоздары)- тағы және мәдени өсімдіктердің құрамында алкалоид немесе гликозид, салониндер,фито (токсиндер) сияқты уытты заттардың әсерінен улану.
Тағамдық микотоксикоздар   -  саңырауқұлақтар бөлетін уытты заттардың (микотоксины) әсерінен туады. 
Тағамдық зоотоксикоздар - табиғатында улы мал өнімдерімен тағамданудың әсерінен болады 




                  1 модуль. Пәнге  кіріспе.
                                Дәріс №1
Пәнге кіріспе. Тағам сапасы туралы түсінік.

* Пәнге кіріспе. Тағам сапасы туралы түсінік.
* Отандық және шетелдік всс даму тарихы. ВСС дамуына ғалымдардың қосқан үлесі. Адамдардың және жануарлардың денсаулығын қорғау ісіндегі мал шаруашылығы өнімдерінің всс рөлі. 

Ветеринариялық-санитариялық сараптау жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан бағалайтын және зерттеу әдістерін оқытатын ғылым. Ветеринариялық-санитариялық сараптаудың негізгі міндеттері: тағам, жануарлар тектес техникалық және азық өнімдері арқылы тарайтын адамдар мен жануарларды  індетті және инвазиялы аурулардан сақтандыру.Ветеринариялық-санитариялық сараптау ғылым ретінде індеттанумен, паразитологиямен, микробиологиямен, патологиялық анатомиямен, гистологиямен, биологиялық химиямен және ветеринариялық санитариямен тығыз байланысты, өйткені бұл пәндерді меңгермей ветеринариялық  -  санитариялық сараптау бағдарламасын түсіну мүмкін емес. Пәнді меңгерген соң, студенттен ветеринария дәрігері  -  сарапшы қалыптасады. Ветеринариялық-санитариялық сараптау студентті жан-жақты кәсіптік біліммен қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік маңызы жоғары, ветеринариялық тұрғыдан тек қана таза және қауіпсіз өнімді шығаруға құқық береді. 
Адамдар мен жануарлар арасында індетті және инвазиялы ауруларды таратуға жол бермей, қаншама адамның денсаулығын сақтап, өмірін ұзартқан ветеринариялық - санитариялық дәрігер  -  сарапшының практикалық қызыметі нәтижесінің экономикалық тиімділігін анықтау мүмкін емес. Сондықтан болар, ветеринария магистрі С.С.Евсеенконың <<Медицина адамдарды қорғайды, ал ветеринария адамзатты қорғайды>> деген қанатты сөзі ветеринария мамандығының маңызы өте жоғары екендігін білдіреді.      Ветеринариялық-санитариялық сарапшылар тағам базарларындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық зертханаларда, мал сою, ет өңдейтін кәсіпорындарында (ет комбинаттары, құс фабрикалары қасапханалар, құс сою пункттері, шұжық және консерві заводтары) жануарлар ауруларына қарсы күресетін мекемелерде, ветеринариялық зертханаларда, шекара және көлік ветеринария пункттерінде, сүт, ара, балық зауыттарында, ғылыми-зерттеу институттарында, тағам өнімдерін сертификаттайтын зертханаларда және басқа да мекемелерде жұмыс атқара алады.Ветеринариялық-санитариялық сараптаудың негізгі бөлімдеріне малдарды сою гигиенасы және оның өнімдерін өңдеу; ұша мен ағзаларды сойғаннан кейінгі сараптау; жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді зертханаларда зерттеу әдістері;  ет, сүт, балық және оның өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау; шартты түрде жарамды және тағамға жарамсыз өнімдерді залалсыздандыру әдістері мен әдістемеліктері; жабайы жануарлардың өнімдерін сараптамадан өткізу енгізілген.   Оған қоса, жануарларды союға дайындау және сою, жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді сату, сояр алдындағы дайындық, союға айдап апару, малды және өнімдерді тасымалдау, ет, сүт, тауық жұмыртқасы, тері, жүн, былғары  өнімдерді өңдеу және сақтау кезеңдерінде және тағы басқа жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді ветеринариялық-санитариялық сараптау мәселелері оқылады. Ветеринариялық-санитариялық сараптау пәнін оқыту барысында тасымалдаудың барлық көліктердегі санитариялық талаптары, импорт және экспорттаудағы жануарлар мен өнімдерді ветеринариялық - санитариялық бақылау, шикізат пен өнімдерді дайындайтын, сақтайтын, өңдейтін кәсіпорындарда  балық, ара шаруашылықтарында ветеринариялық-санитариялық ережелердің сақталуы қарастырылады.          
 Жаппай зақымдайтын қаруды қолдану кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптаудың негізгі ерекшеліктеріне зақымдау көзін анықтау ; жануарлардың терісін ветеринариялық өңдеу; зақымдалған өнімдерде радиоактивті, залалды химиялық заттар және қатерлі инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын анықтайтын арнайы дозиметриялық аспаптарды зертханаларда қолдана білу жатқызылады.  Қазіргі таңда ірі ет және сүт кәсіпорындары азайып, шаруа қожалықтары, акционерлік қоғамдар т.б. ауыл шаруашылығы нысандары пайда болған кезеңде өнімдерді ветеринариялық-санитариялық сараптау мәселелері өзгеше сипат алуда. Ет, сүт, шұжық, консерві өндірістерінде әртүрлі бактериалды препараттар қосып дайындайтын жаңа технологиялар енгізілуде. Жаңа өнімдер пайда болуда, оның үстіне шет елден келетін өімдердердің саны да күннен күнге артуда.Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңына сәйкес ветеринария қызметкерлері ауыл шаруашылығы малдарын аурулардан және адамдарды жануарлар мен адамдарға ортақ зооантропоноздардан, адамдарды ветеринариялық  -  санитариялық тұрғыдан қауіпті ауыл шаруашылығы өнімдерінен болған тағамдық уланулардан қорғау бағытында, ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемдік тағам рыногына интеграциялау мақсатында жоғары деңгейде  ветеринариялық  -  санитариялық сараптау мен бағалау іске асырады және арнайы шараларды ұйымдастырады. Бұл шаралардың басты мақсаты жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді ветеринариялық  -  санитариялық  сараптау және сертификаттау кезіндегі өнім сапасы мен қауіпсіздігін бағалаудың әдістері мен ережелерін бірыңғайландыру жүйесін құру және <<Фитосанитария және санитария шаралары жөніндегі келісім>> СФК ӘСҰ және АТҰ стандартына (Әлемдік тағам ұйымы) сәйкестендіру.
Ветеринариялық  -  санитариялық сараптау ілімінің қысқаша даму тарихы
Қазақстандағы ветеринариялық  -  санитариялық сараптау ілімі тарихының бастапқы кезеңі Ресей империясымен тығыз байланыста болды. Ветеринариялық  -  санитариялық  тексеру жайлы алғашқы деректер1649-1682 жылдары пайда болды. 
Қазақстанда ветеринария саласының дамуы әсіресе соғыстан кейінгі жылдары жылдамдай түседі. Облыстық, аудандық  малдәрігерлік лабораториялар құрылады. Қазақстанда малдәрігерлік лабораториялардың қызметін ұйымдастыруда ғалымдар: У. Б. Базанов,  Т.И. Исенгулов, С.А. Аманжолов, А.Р. Абишев, Н.Ж. Жанузақов, академик З.К.Көжебеков және т.б. үлкен үлес қосты.
Ветеринариялық  -  санитариялық сараптаудың лабораториялық зерттеу әдістемеліктерін шығаруда Н.Ф.Шуклин, Т.М.Тілеуғали, С.Қ. Қырықбаев, Ж.Б. Мырзабеков және т.б көптеген ғалымдар өз үлестерін қосты.  Елімізде ет өнеркәсібінің дамып өсуіне байланысты, құрамында ветеринариялық-санитариялық зертханасы бар Бүкіл Одақтық Ет өнеркәсібі Ғылыми-зерттеу иституты (БОЕӨҒЗИ) ұйымдастырылды. 
Қазақстан Республикасында жоғарыда келтірілген ветеринариялық-санитариялық сараптаудың ірге тасын қалаушылармен қатар, оның дамуына, Н.Ф. Шуклин Т.М.Тілеуғали, С.Қ. Қырықбаев, Ж.Б. Мырзабеков, С.Т. Дюсембаев, Н.Б. Сарсембаева, Б.С.Майқанов, П.Ш. Пірімқұлов және олардың көптеген шәкірттері үлкен үлес қосты. Олардың ғылыми тұжырымдамалары мемлекеттік стандарттарға, ережелерге, ұсыныстарға және әдістемелік нұсқаулықтарға енгізілді. 



ӘДЕБИЕТТЕР
1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық -  санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.6-9.
2. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.3-6.
3.Макаров В. А.   <<Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства>>. Москва, 1991 г.с. 4-24.

2 модуль. Сойыс өнімдерін ветеринариялық  - санитариялық тексеру әдістері және оны ұйымдастыру.

                                Дәріс №2
Лимфа жүйелерін зерттеудің ветеринариялық  - санитариялық сараптау  үшін маңызы.
Жоспар:
* Етті ветеринариялық - санитариялық сараптаудағы лимфа жүйесінің маңызы
* Лимфа түйіндерінің топографиясы
* Әртүрлі малдардағы лимфа түйіндерінің орналасу ерекшеліктері

         Лимфа түйіндерінің топографиясы.
                                       
Әр түрлі сойыс малдарының көптеген лимфа түйіндерінің орналасуы көбіне бірдей болып келеді. 
 Ірі қара малында және қойларда лимфа түйіндерінің орналасуы бірдей. Олар бұршақ тәрізді, сопақ-ұзынша және домалақ пішінді, әдетте май ұлпасымен қоршалған және тіліп қарағанда сұр немесе сарғыш сұр түсті (май ақ немесе сары). 
Ешкілерде олардың орналасуы бірдей, бірақ көбінің пішіні жарты ай тәрізді. 
Шошқалардың ірі лимфа түйіндерінің беткейлері айқын бөлшектелген немесе бұдырлы болып келеді. Жеке лимфа түйіндері май ұлпасында орналасқан әр түрлі мөлшердегі ұсақ түйіндерден тұратын қап түрінде болады (әсіресе бас және мойын аймақтарында). Тілгенде лимфа түйіндерінің түсі ақшыл қызыл немесе ақ (олар майға ұқсайды, бірақ консистенциясы тығыз болады).
Жылқылардың лимфа түйіндері басқа жануарлардікі тәрізді орналасқан, бірақ кейбір ерекшеліктері бар. Олар қаптарды құрайтын түйіндер тобынан тұрады (20-40 және одан да көп). Олардың түсі бозғылт сұр.
Ішкі мүшелердің лимфа түйіндері (өкпе, бауыр, ішек) пигменттердің болуына байланысты (гемосидерин, меланин т.б.) тілгенде көбіне қощқыл түсті болып келеді. Малдардың басы және ұшасының барлық лимфа түйіндері жұп (оң және сол) болады.

Ветеринариялық  -  санитариялық қызметтегі ауыл шаруашылық және кәсіби жабайы жануарлардың лимфа жүйесі
                                       
Ветеринариялық санитариялық эксперттер үшін малдардың лимфа жүйесін мұқият білу маңызды болып саналады, себебі ол сойғаннан кейінгі диагностикада және ұшалар мен мүшелерді санитариялық бағалауда негізгі орын алады. Лимфа жүйесі тамыр және ретикулоэндотелийальді жүйенің бір бөлігі болып, организмді лимфада болатын бөгде заттар мен микробтардан тазартады. Сонымен қатар, ол метастаздар, инфекцияның қоздырғыштары, алғашқы сепсис және паразиттердің балаңқұрттары үшін транзитті жол болып келеді. Сол себепті, ол организмдегі патологиялық үрдістермен тығыз байланыста болып, лимфа түйіндерінде спецификалық реакцияларды туғызады. Сондықтан ұша мен мүшелерді сойғаннан кейінгі зерттеуде лимфа түйіндерін тексеруге үлкен диагностикалық мән беріледі, себебі ол ұлпа мен мүшелердің жағдайының нәтижесін ғана емес, сондай-ақ жалпы организмнің жағдайының көрсеткіші болып табылады.
                                       
Ірі қара және шошқа бастарындағы лимфа түйіндерінің топографиясы
                                       
 Жақ асты лимфа түйіні  -  In. mandibularis  -  жұп, сопақ немесе домалақ пішінді, ұзындығы 2,0-4,5 см, жақ асты сілекей безі мен төменгі жақ сүйегінің ішкі беткейінің аралығында орналасқан. Лимфаны бастың төменгі және жақ бөлігінің терісінен, тістерден, ауыз және мұрын қуысының алдыңғы бөлігінің қабырғаларынан, тілден, үстіңгі және төменгі еріндерден, беттен, сілекей бездерінен жинайды. 
Құлақ маңы лимфа түйіні - In. parotideus  -  жұп, сопақ пішінді, ұзындығы 6-9 см, жақ буынынан төмен орналасқан, алдыңғы бөлігі терімен, ал артқы бөлігі  -  құлақ маңы сілекей безімен жабылған. Лимфаны бас терісінен және бұлшық етінен, үстіңгі және астыңғы жақтан, көзден, сыртқы құлақтан және бас сүйектен, мұрын қуысының алдыңғы бөлігінің қабырғасынан, үстіңгі және астыңғы еріннен, тістің қызыл иегінен және молярларынан жинайды. 
Жұтқыншақ лимфа түйіні (ортаңғы) -  In. retropharingeus medialis  -  жұп, сопақ пішінді, ұзындығы 3-6 см, жұтқыншақ пен бас сүйегінің негізіндегі бас бүгілдіргіштерінің аралығында орналасқан. Лимфаны ауыз қуысының және жұтқыншақ қабырғасынан, тілдің түбінен және терең бөлігінен, мұрын қуысының артқы бөлігінің қабырғасынан, жұтқыншақ бездерінен (миндалиндер), төменгі жақтан, тіл асты және жақ асты сілекей бездерінен, көмейден жинайды.
Бүйір жұтқыншақ лимфа түйіні - In. retropharingeus lateralis  -  жұп, ұзындығы 4-5 см, атлант қанатының алдында орналасқан және жартылай немесе түгелдей құлақ маңы сілекей безінің артқы бөлігімен жабылған. Лимфаны бас бөліктерінен (тіл, құлақ, ми), жұтқыншақ қабырғасынан, алдыңғы үш мойын омыртқаларынан және оларға бекінген бұлшық еттерден және қалқанша бездің мойын бөлігінен жинайды. Лимфаны бастың барлық лимфа түйіндерінен қабылдап, оны кеңірдектік лимфа өзегіне жібереді. Басты 3-4-ші кеңірдек сақинасының деңгейінде алғанда бұл лимфа түйіні баста қалады, ал алғашқы екі сақина деңгейінде алынса  -  ұшаның мойын бөлігінде қалады.
Мойынның беткі лимфа түйіні - In. cervicalis superficialis  -  жұп, ұзынша пішінді, ұзындығы 7-9 см. Жауырын-иық буынының алдындағы жағында және жоғарырақ орналасқан. Лимфаны мойын, шоқтың, арқа, кеуде қабырғасының (8-10-шы қабырғаға дейін) және кеуденің төменгі беткейінің бұлшық еттерінен және теріден, сонымен қатар алдыңғы аяқтардың терісінен, бұлшық еттерінен, буындарынан және сүйектерінен жинайды. Оң жақтағы лимфа түйіні лимфаны оң жақ кеңірдектік өзекке, ал сол жақтағы лимфа түйіні көбіне кеуделік өзекке береді.
Мойынның тереңдегі лимфа түйіні -  Inn. cervicalis profundae  -  алдыңғы, ортаңғы және артқы болып бөлінеді. Мойында кеңірдектің екі жақ жандарында көлденеңінен орналасады: алдыңғы  -  қалқанша безінің маңында, ортаңғы  -  кеңірдектің ортаңғы бөлігінде, артқы  -  мойынның төменгі бөлігінде, алғашқы қабырғалардың жанында орналасады. Бұл түйіндердің ұзындығы 0,3-2 см, лимфаны мойын омыртқаларынан, мойынның терең бұлшық еттерінен, өңеш пен кеңірдектен, ал алдыңғылар сонымен қатар жұтқыншақ аймағынан, сілекей және қалқанша бездерінен жинайды. Олардың шығаратын тамырлары  -  кеңірдектік лимфа өзектерімен бірігеді. Кеңірдек пен өңешті алғанда бұл түйіндер әдетте бұзылады немесе қанмен ластанады және оларды табуға қиынға түседі. 

Шошқа басының лимфа түйіндері

Шошқалардың басында жақ асты, құлақ маңы, жұтқыншақ лимфа түйіндері бар, олардың анатомо-топографиялық шекаралары ірі қара малының шекараларымен бірдей.
Ерекшеліктері: жақ асты  лимфа түйіндері жеке бөліктерге бөлінген ( негізгі және қосалқы), ал құлақ маңы және жұтқыншақ лимфа түйіндері кейде екіге бөлінген болады; жұтқыншақ медиальді лимфа түйіндері көлемі өте кішкентай болғандықтан зерттеу өте қиын, бірақ олар қандайда бір патологиялық үрдіске жауап беру кезінде тез ұлғаяды.
Мойынның беткі лимфа түйіндері- үш топтан тұрады: дорсальді, ортаңғы және вентральді.
Мойынның дорсальді беткі лимфа түйіндері- басқа малдардың беткі мойын лимфа түйіндерімен сәйкес келеді және бір ірі, сопақ пішінді (4,5 см дейін) және 1-2 үлкен емес түйіндерден тұрады.
Мойынның вентральді беткі лимфа түйіндері- кеуде сүйек бағытымен күре тамыр сайында жатады, құлақ маңы сілекей безіне дейін, 3-8 түйіннен тұратын тізбекті құрайды.
Ортаңғы топ- 1-3 үлкен емес түйіндерден тұрады, дорсальді және вентральді түйіндердің ортасында орналасады.
Мойынның тереңдегі лимфа түйіндері- ірі қаранікіндей кеңірдектің екі жағында орналасқан және краниальді, ортаңғы және каудальді болып бөлінеді. Краниальді және ортаңғы топтар 2-3 (5-7 дейін) үлкен емес түйіндерден тұрады, ал каудальді топ- бір ірі түйіннен немесе ұсақ конгломераттардан ( 14 түйіншектерге дейін). Каудальді түйін кеңірдекке вентральді, кеуде қуысына кіреберісте орналасады.

Жылқы, қой, енеке (буйвол), түйе малдарының басындағы лимфа түйіндерінің топографиясы.

Жылқылардың лимфа түйіндері ірі қара лимфа түйіндерімен бірдей жерлерде (анатомо-топографиялық шекарасы) орналасады және бірдей қызметтерді атқарады. Бірақ жылқыларда лимфа бір лимфа түйініне емес, қап ретінде орналасқан үлкен емес лимфа түйіндерінің топтарына (8-10 және одан көп) жиналады (борпылдақ дәнекер ұлпасының қабатында).
Жақ асты лимфа түйіндері- жақ асты кеңістікте, терінің және тері бұлшық етінің астында, төменгі жақтың бұтағының ішкі бетінде орналасады ( қапта 35-75 түйіндер болады, әр жақта).
Тіл асты лимфа түйіндері- жақ аралық кеңістікте, төменгі жақтың бұтақтану бұрышына жақын жерде орналасады.
Құлақ маңы лимфа түйіндері- қапта 6-10 түйіннен болады, жоғарғы жақтың қырының артында, жақ буынынан төмен жатады; құлақ маңы сілекей безімен жабылған.
Жұтқыншақ лимфа түйіндері- екі топтан тұрады: медиальді және латериальді. Медиальді топ жұтқыншақтың жоғарғы қабырғасында орналасқан, ал латеральді топ ауа қапшығының бір жақ бетінде орналасады. Бастың барлық лимфа түйіндерінен лимфа беткі мойын лимфа түйіндеріне келеді.
Терең мойын лимфа түйіндері- краниальді, ортанғы, каудальді топтар түрінде болады, орналасуы ірі қаранікіндей. Шығарғыш өзектері кеңірдек лимфа бағаналарымен бірігеді.
Беткі мойын лимфа түйіндері- иық  буынының алдында ( қапта 60-180 түйін), иық бұлшық етінің астында орналасады. Лимфаны бастың артқы бөлігінің, мойынның, алдыңғы аяқтардың терісі мен бұлшық етінен және тұлғаның кеуде бөлігінен жинайды. Лимфа кеңірдектің лимфа өзегіне барады.

Қойлардың лимфа түйіндерінің ерекшеліктері

Қойлардың лимфа түйіндерінің топографиясы ірі қаранікімен бірдей. Лимфа түйіндерінің көп мөлшері тақ, бұршақ пішіндес, бірақ кейбіреулері 2-3 және одан да көп үлкен емес түйіндерден тұратын қап ретінде болады. Ерекшеліктері келесідей: қойларда зерттеуге болатын түйіндерінің саны 130-дан көп емес. Бас және мойын аймағында аса маңызды және ірі болып ортаңғы жұтқыншақ лимфа түйіндері (3 см дейін) және беткі мойын лимфа түйіндері (4,5 см дейін) табылады. Терең мойын лимфа түйіндерінен тек каудальді түйін ғана тұрақты. Перде аралық түйіндерден зерттеу барысында вентральді, ортаңғы және дорсальді түйіндер табылмайды, ал каудальді түйіннің (6,0-9,0 см) зерттеу кезінде маңызы бар. Қойларда әсіресе шажырқай лимфа түйіндерінің топтарының саны көп.
Түйелердің лимфа түйіндерінің ерекшеліктері

Түйелердің лимфа түйіндерінің анатомиялық құрылысы ірі қара лимфа түйіндерімен және аздап жылқылардың лимфа түйіндерімен бірдей ( кейбіреулері бөлшектенген және олар қап ретінде болады). Сойған кезде түйелерде жақ жұтқыншақ және бірінші қабырға лимфа түйіндері табылмайды. Тізе қатпарының лимфа түйіндері ірі (10 х 6 см) болып табылады, ал ортаңғы және артқы аралық перде лимфа түйіндері ұзындығы 30 см дейін, ені 2 см дейін бір түйінге біріккен.

Ірі қара және шошқа ұшаларындағы лимфа түйіндерінің топографиясы

Ірі қараның      қанат асты лимфа түйіні - In. axillaris propria  -  жұп, ұзындығы 2,0-3,5 см, 3-ші қабырғаның деңгейінде жауырын-иық буыны мен кеуде қуысының қабырғасы аралығында орналасқан (сонымен қатар оны жауырын асты лимфа түйіні деп атайды). Лимфаны иықтың және алдыңғы аяқтардың бұлшық еттерінен, сүйектерінен, буындарынан және терілерінен жинайды. Лимфаны 1-ші қабырғаның подкрыльцовый лимфа түйініне береді.
1-ші қабырғаның  қанат асты лимфа түйіндері  -  Inn. axillares primae costae  -  олардың саны 1-ден 3-ке дейін болады, әрқайсысының ұзындығы 0,75-1,5 см, жауырын мен кеуде қуысының қабырғасы аралығында (1-ші қабырға деңгейінде) орналасады. Лимфаны кеуде бұлшық еттерінен және иық белдеуімен алдыңғы тізелерден жинайды. Шығаратын тамырлары кеңірдектік өзекпен бірігеді. 
Қабырға-мойын лимфа түйіні - In. costocervicalis  -  жұп, ұзындығы 1,5-3,0 см, 1-ші қабырғаның алдыңғы жағында және медиальді, өңеш пен кеңірдектің жанында орналасқан. Лимфаны мойынның артқы бөлігінің терең бұлшық еттерінен (4-7-ші омыртқалар аумағынан), қабырға плеврасынан (1-4-ші қабырғалар аумағынан), жауырын және иық белдеуінің бұлшық еттерінен жинайды. Шығаратын тамырлары жалпы кеуделік өзекпен бірігеді. 
Шошқаның жамбас лимфа түйіндері- саны 1-2, аортаның ішкі мықын артерияларына бөлінетін жерінің артында орналасады. Лимфаны құрсақ қабырғасының артқы бөлігінен, бел, жамбас және құйрық омыртқаларының бұлшық еттерінен жинайды.
Тізе асты лимфа түйіндері- беткі және терең болып бөлінеді. Тізе буынының артында, жоғары, санның екі басты бұлшық еті мен жартылай сіңір бұлшық етінің аралығында, май ұлпасында орналасады. Беткі лимфа түйіндері шошқаларда болмауы да мүмкін.
Тізе қатпарының лимфа түйіндері- сыртқы мықын төмпегі мен тізе буының аралығында, санның төрт басты бұлшық етінің алдында, май қатпарында орналасады (2-5 үлкен емес түйіндер). Лимфаны құрсақ қабырғасының бұлшық етінен және терісінен, арқадан, сауырдан, бөксе бұлшық етінен жинайды; оның тамырлары ортаң жіліктің жоғарғы бөлігіне дейін жайылған.
Беткі шап лимфа түйіндері- аталықтарда жыныс мүшесінің бір жағында, шап сақинасының алдында орналасады; аналықтарда емшектердің бір жақ шеттерінде май қабатында қап ретінде орналасады (кейде олар емшектердің жанында болады).
Бұл қаптар 5-8 үлкен емес түйіндерден тұрады. Лимфаны құрсақ қабырғасының жанындағы және төменгі бетінен, сүт бездерінен, ұшадан жамбас белдеуінің беткі және терең қабаттарынан жинайды.
Терең шап лимфа түйіндері- бірнеше түйіншектер түрінде (қап) жамбасқа кіреберістің бір жағында, ортан жілік каналының қасында, санның терең артериясынан жоғары орналасады. Лимфаны сауырдың және артқы аяқтардың бұлшық еттерінен, жамбас қуысының мүшелерінен және артқы аяқтардың лимфа түйіндерінен жинайды.
Портальді лимфа түйіндері, асқазан, шажырқай лимфа түйіндері және тік ішек лимфа түйіндері- ірі қараның лимфа түйіндерімен бірдей жерде орналасқан және бірдей қызмет атқарады.
Шошқадағы бірінші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері- 1-5 ұсақ түйіннен тұрады, бірінші қабырғаның кеуде сүйегімен қосылған жерінде, каудальді мойынның тереңдегі лимфа түйіндері жақын орналасқан.
Қанат асты лимфа түйіндері шошқаларда әдетте болмайды, ал олардың қызметін негізінде каудальді мойынның тереңдегі лимфа түйіндері атқарады.

Жылқы ұшаларындағы лимфа түйіндерінің топографиясы.

Қанат асты лимфа түйіндері- қаптар 7см дейін болады, 12-20 түйіндерден тұрады, қанат асты тамырлар өрімінің ортасында, үлкен дөңгелек бұлшық еттің ішкі бетінде орналасады.
Шынтақ лимфа түйіндері- тек жылқыларда болады, 5-30 түйіндерден тұратын, ұзындығы 5 см дейін жететін қап түрінде болады, шынтақ буынының жанында, иық сүйегінде, иық бұлшық етінің екі басты және үш басты бұлшық етінің ішкі бастарының аралығында орналасады. Лимфаны білектен бастап тұяққа дейінгі бұлшық еттерден, сүйектерден, байламалардан және сіңірлерден жинайды. Шығарғыш өзектері қанат асты түйіндеріне барады.
Тізе үсті лимфа түйіндері (тізе қатпары, мықын асты)- терінің астында, санның кең фасциясының ширықтырғышының алдында, сыртқы мықын төмпегінің сызығының ортасында, тізе тостағаншасына жақын, ұзындығы 6-10 см қап түрінде орналасады.
Тізе асты лимфа түйіндері- балтыр бұлшық етінде орналасады және санның екі басты бұлшық етімен және жартылай сіңір бұлшық етімен жабылған. Лимфаны артқы аяқтардың санының төменгі бөлігінен тұяққа дейінгі тері, бұлшық ет, сүйек, буын, сіңірлерден жинайды. Шығарғыш өзектері терең шап лимфа түйіндері барады.
Қой, енеке (буйвол), түйе ұшаларындағы лимфа түйіндерінің топографиясы.

Қойларда перде аралық түйіндерден зерттеу барысында вентральді, ортаңғы және дорсальді түйіндер табылмайды, ал каудальді түйіннің (6,0-9,0 см) зерттеу кезінде маңызы бар. Қойларда әсіресе шажырқай лимфа түйіндерінің топтарының саны көп.
Енекелердің лимфа түйіндерінің анатомо-топографиялық шекаралары және саны ірі қаранікінің мөлшерімен сәйкес келеді, ал көлемдері бойынша ірі болып келеді. Түйіндер негізінде жалғыз түзілістер түрінде болады, тек кейбіреулері ғана 2-6 түйіндерден тұратын топ ретінде болады. Ерекшеліктері, енекелерде тіл асты сүйегінің қөмейлік бұтағының астында орналасқан тіл асты лимфа түйіні болады. Енекелерде ортаңғы терең мойын  лимфа түйіндері, қабырға  -  мойын  лимфа түйіндері, бірінші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері, сонымен қатар оң және сол перде аралық лимфа түйіндері тұрақты емес.
Түйелердің лимфа түйіндерінің анатомиялық құрылысы ірі қара лимфа түйіндерімен және аздап жылқылардың лимфа түйіндерімен бірдей ( кейбіреулері бөлшектенген және олар қап ретінде болады). Сойған кезде түйелерде жақ жұтқыншақ және бірінші қабырға лимфа түйіндері табылмайды. Тізе қатпарының лимфа түйіндері ірі (10 х 6 см) болып табылады, ал ортаңғы және артқы аралық перде лимфа түйіндері ұзындығы 30 см дейін, ені 2 см дейін бір түйінге біріккен.

Ірі қара және шошқаның кеуде қабырғасының және кеуде мүшелеріндегі лимфа түйіндерінің топографиясы

Ірі қараның     бронхиальді оң жақ лимфа түйіні - In. bronchialis dexter  -  ұзындығы 1-3 см, оң жақ бронхтың бұтақтанған жерінде, оң жақ өкпенің үстіңгі және жүрек бөліктерінің арасында орналасады. Лимфаны өкпенің үстіңгі бөлігінен, өңештен, кеңірдектен және бронхтардың бастамаларынан жинайды. Лимфаны аралық перде лимфа түйіндерінің өзектеріне өткізеді. 
Бронхиальді сол жақ лимфа түйіні - Inn. bronchialis sinister  -  ұзындығы 2,5-3,5 см, сол жақ бронхтың түбінің алдыңғы жағында орналасады, аорта доғасымен жабылған. Лимфаны кеңірдек және өңештің кеуде бөлігінен, бронхтардан, жүректен, өкпеден жинайды. Лимфа кеуде өзегіне немесе перде аралық лимфа түйіндерінің шығарғыш бағанасына келеді. 
Кеңірдек  -  бронх түйіні - In. tracheobronchialis  -  ұзындығы 2-3 см, оң жақ өкпенің үстіңгі бөлігінің кеңірдектік бронхысына вентральді орналасады. Оны сонымен қатар оң жақ өкпенің үстіңгі бөлігінің лимфа түйіні деп атайды. Лимфаны оң жақ өкпенің үстіңгі бөлігінен және жүрек бөлігінен, жүрек қабынан жинайды. Шығаратын тамырлары алдыңғы аралық перде түйіндеріне барады.
Дорсальді аралық перде лимфа түйіні - Inn. mediastinales dorsales  -  аортаның дорсальді бетінде, омыртқа денелерінің астында орналасады. Лимфаны белдемеден және кеуде қабырғасының бұлшық еттерінен, аралық перде және перикардтан, көкет бетінен, бауыр және талақтан жинайды; лимфаны кеуделік лимфа өзегіне береді. 
 Алдыңғы аралық перде лимфа түйіні - Inn. mediastinales craniales  -  ұзындығы 0,5-2,5 см, аортаның алдыңғы жағында аралық пердеде, өңеш пен кеңірдектің сол жағында орналасады (кейбіреулері кеуде қуысының кіреберісінде), саны 10-ға дейін болады. Лимфаны қалқанша безден, кеңірдек пен өңештің кеуде бөлігінен, өкпе мен плевраның төбесінен, кеуде қуысының алдыңғы бөлігінен, перикардтан және жүректен жинайды, сонымен қатар бронхиальді және қабырға аралық лимфа түйіндерінің шығарғыш өзектерін қабылдайды. 
	Ортаңғы аралық перде лимфа түйіні - Inn. mediastinales mediales  -  0,5-5 см, өңештен жоғары, аорта доғасының оң жағында орналасады, олар 2-5 болады. Лимфаны кеңірдек пен өңештің кеуде бөлігінен, өкпе мен плевраны ортаңғы бөлігінен жинайды. Лимфаны кеуделік өзекке береді. 
Артқы аралық перде лимфа түйіні -  Inn. mediastinales caudales  -  өкпенің артқы бөліктерінің араларында орналасады, аралық перде лимфа түйіндерінің ең үлкендері, олардың біреуінің ұзындығы 9-11 см (және одан жоғары) болады. Лимфаны өкпенің артқы бөлігінен, өңештен, плеврадан, көкеттен, бауыр мен талақтың көкет бетінен жинайды. Шығаратын өзектері кеуде лимфа түйіндерімен бірігеді.
Шошқаның бронхиальді лимфа түйіндері- үш түйін ретінде болады: сол, ортаңғы және оң. Сол жақ бронхиальді түйін аорта доғасымен жабылған, бифуркацияның алдыңғы бетінде, май қабатында жатады. Ортаңғы бронхиальді лимфа түйіндері бифуракцияның орнында орналасады, кейде сол жақ лимфа түйіндерімен бірігіп, лимфа түйіндердің бірыңғай конгломератын құрайды. Оң жақ бронхиальді лимфа түйіндері оң жақ бифуркацияның түйінде орналасады.
Перде аралық лимфа түйіндерінен шошқаларда ортаңғы және каудальді түйіндер болмайды, ал зерттеулерде дорсальді және краниальді перде аралық түйіндердің практикалық маңызы бар.
Перде аралық дорсальді лимфа түйіндері- ұсақ, омыртқа денелерінің және аортаның жоғарғы қабырғасының аралығында орналасады. Лимфаны өкпеден, костальді плевраның жоғарғы және төменгі бөлігінен, арқаның төменгі бетінің және белдің бұлшық еттерінен, диафрагмадан, қабырға аралық бұлшық еттерден жинайды.
Перде аралық краниальді лимфа түйіндері- саны 1-5, оң және сол жақ өкпенің аралығында жүрек алды бөлігінде, кеңірдек бифуркациясында орналасады. Лимфаны өңештен, кеңірдектен, өкпеден, жүрек қабынан, алдыңғы және артқы аортадан, плеврадан, диафрагмадан жинайды.

Ірі қара және шошқаның құрсақ, жамбас қабырғасы және  жамбас қуысындағы  лимфа түйіндерінің топографиясы

 Ірі қараның белдеме лимфа түйіндері   -  Inn. lumbales  -  олардың біреудері (ұсақтары) омыртқа аралық саңлаулардың маңында жатады (кейде болмайды), басқалары (сыртқылары) ұзындығы 0,5-4,0 см. аортаның оң жағында немесе дорсальды орналасады. Лимфаны бел және арқа бұлшық еттерінен жинайды да, оны жамбас лимфа бағанасына береді.
Ортаңғы мықын лимфа түйіні   -  Inn.iliaci mediales  -  сыртқы мықын артериясының алдында, белдеме лимфа түйіндерінің артқы қабына жықын орналасқан. Олар 2-5 болады, біреуі ірі, домалақ, диаметрі 7-9,5 см дейін болады. Лимфаны бел, жамбас, мықын бұлшық еттерінен, ен және енбаудан, жұмыртқалықтан, жұмыртқа жолынан және жатырдан, бүйректен және қуықтан, сонымен қатар шеткі мықын, терең шап және құйымшақ лимфа түйіндерінен жинайды. Шығарғыш өзектері бел лимфа цистернасымен бірігеді. 
Шеткі мықын лимфа түйіні - Inn.iliaci lateralis  -  жұп, ұзындығы 1,5-2 см (ірі қарады кейде болмайды), ортаңғы мықын лимфа түйіндерінен латеральды және аздап краниальды орналасады, жамбас-мықын буыны және құрсақ бұлшық еттеріне қызмет етеді және лимфаны ортаңғы мықын лимфа түйініне және жамбас бағанасына береді.
Терең шап лимфа түйіні  - In. inguinalis profundis  - жұп, терең мықын артериясының басында, үлкен жамбасқа кіреберістің жанында орналасады. Ірі қарада, қойларда және шошқада бұл лимфа түйіндері жоқ деп есептеледі, ал оларға ортаңғы мықын лимфа түйіндерінің тобына жататын екі ірі түйін сәйкес келеді
 Тізе қатпарының лимфа түйіні - In. subiliacus  -  жұп, ірі, ұзындығы 6-12 см, тізе қатпарының (шапмай) майлы қабатында, мықын төмпегінің аймағында, тізе тостағаншасының алдында орналасады. Лимфаны теріден, белден, арқадан, құрсақ және кеуде қуысының артқы бөлігінің қабырғасынан, жамбас бөлігінен, мықыннан және сирақтан жинайды. 
Құйымшақ лимфа түйіні - Inn. sacrales  -  аортаның ішкі мықын артерияларына бөлінетін жерінде орналасады (бұл түйіндерді сонымен қатар алдыңғы жамбас түйіндері деп атайды). Лимфаны бел, бөксе және құйрық бұлшық еттерінен, жамбас қабырғасынан, жатырдан, қынаптан, қуықтан, уретрадан, енбаудан, шонданай және шеткі мықын лимфа түйіндерінен жинайды. Шығаратын өзектері ортаңғы мықын түйіндерімен байланысты.
Шонданай лимфа түйіні - Inn. ischiadicus  -  жұп ұзындығы 2-3 см, құйымшақ-шонданай вырезкасының сыртқы бетінде орналасады. Лимфаны жамбастың, құйрықтың, жамбас-мықын буынының бұлшық етінен және терісінен, тік ішек және анустан, жыныс мүшелерінен және тізе асты лимфа түйіндерінен жинайды
Беткі шап лимфа түйіндері - Inn. inguinales superficiales  -  жұп, айтарлықтай ірі, ұзындығы 2-5 және тіпті 6-10 см, желіннің үстіңгі жағында орналасады (желін үсті), сиырларда әр жағында 1-2 түйін болуы мүмкін, ал бұқаларда 1-3 түйін, және олар терінің астында енбаудан каудальді, ұшаның артында орналасады. Лимфаны құрсақ қабырғасының артқы бөлігінің төменгі бетінің терісінен және бұлшық етінен, сирақ және мықынның терісінен және ішкі бетінің бұлшық ет қабатынан, сыртқы жыныс мүшелерінен жинайды. 
Тізе асты лимфа түйіні - In. popliteus  -  жұп, ұзындығы 3,0-4,5 см, балтыр бұлшық етінде, мықынның енбасты бұлшық еті мен жартылай сіңір бұлшық етінің сайында орналасады және май қабатымен қоршалған. Лимфаны табанның сүйегінен, сіңірінен, бұлшық етінен және терісінен, сирақтан, аяқтардың артқы бөлігінің терең бұлшық еттерінен жинайды. Бұл түйіннің шығарғыш өзектері ортаңғы мықын, алдыңғы жамбас, ал кейде шонданай лимфа түйіндерімен бірігеді. Бұл түйіндерді табу үшін мықынның енібасты бұлшық еті мен жартылай сіңір бұлшық етінің арасын тізе буыны деңгейінде, 6-8 см тереңдікте тіледі. Түйін тізе тостағаншасына қарсы орналасады.
Тізе қатпарының лимфа түйіндері- сыртқы мықын төмпегі мен тізе буының аралығында, санның төрт басты бұлшық етінің алдында, май қатпарында орналасады (2-5 үлкен емес түйіндер). Лимфаны құрсақ қабырғасының бұлшық етінен және терісінен, арқадан, сауырдан, бөксе бұлшық етінен жинайды; оның тамырлары ортаң жіліктің жоғарғы бөлігіне дейін жайылған.
Беткі шап лимфа түйіндері- аталықтарда жыныс мүшесінің бір жағында, шап сақинасының алдында орналасады; аналықтарда емшектердің бір жақ шеттерінде май қабатында қап ретінде орналасады (кейде олар емшектердің жанында болады).
Бұл қаптар 5-8 үлкен емес түйіндерден тұрады. Лимфаны құрсақ қабырғасының жанындағы және төменгі бетінен, сүт бездерінен, ұшадан жамбас белдеуінің беткі және терең қабаттарынан жинайды.
Терең шап лимфа түйіндері- бірнеше түйіншектер түрінде (қап) жамбасқа кіреберістің бір жағында, ортан жілік каналының қасында, санның терең артериясынан жоғары орналасады. Лимфаны сауырдың және артқы аяқтардың бұлшық еттерінен, жамбас қуысының мүшелерінен және артқы аяқтардың лимфа түйіндерінен жинайды.
Жамбас лимфа түйіндері- саны 1-2, аортаның ішкі мықын артерияларына бөлінетін жерінің артында орналасады. Лимфаны құрсақ қабырғасының артқы бөлігінен, бел, жамбас және құйрық омыртқаларының бұлшық еттерінен жинайды.
Тізе асты лимфа түйіндері- беткі және терең болып бөлінеді. Тізе буынының артында, жоғары, санның екі басты бұлшық еті мен жартылай сіңір бұлшық етінің аралығында, май ұлпасында орналасады. Беткі лимфа түйіндері шошқаларда болмауы да мүмкін.

                                       
Ірі қара және шошқаның құрсақ және  жамбас қуысындағы  лимфа түйіндерінің топографиясы

* Ірі қара бауырының, бүйрек, шажырқай, жуан ішек, аноректальді лимфа түйіндерінің тапографиясы
* Шошқаның жамбас, тізе, шап лимфа түйіндерінің тапографиясы

 Ірі қара бауырының лимфа түйіндері - Inn. portales  -  6 және одан да көп, ұзындығы 1-7 см, бауырдың кіреберіс қақпасында орналасады; ұйқы безімен қапталған (кейде май ұлпасымен). Лимфаны бауырдан, ұйқы безінен, он екі елі ішектен, ұлтабардың лимфа түйіндерінен жинайды. Лимфа ішек бағанасымен бірігетін шығарғыш өзектермен ағады. Түйіндердің беті жетілгенде қошқыл-сұр түсті, қара дақты. 
Бүйрек лимфа түйіні  -  Inn. renales - ұзындығы 1-5 см түйіндер тобы, бүйрек артериясының артқы аортадан шығаберісінде орналасады. Лимфаны бүйректерден жинайды. Шығарғыш өзектері белдеме лимфа цистернасына құяды. 
Ұзындығы  1-4 см, ұлтабардың кіші және үлкен қисығында және мес қарын, тақия қарын, кітапша қарынның бетінде орналасады. Лимфаны асқазан бөлімдерінен, он екі елі ішектен, талақтан жинайды. Лимфаны белдеме лимфа цистернасына береді.
Шажырқай лимфа түйіндері- шажырқайда, оның ішекке бекінген жерлерінде жатады (он екі елі ішектің, ащы, мықын, соқыр ішектердің түйіндер тобын құрайды). Лимфаны ішек қабырғасының ұлпа аралық кеңістігінен, ішек бүрлерінің лимфа синустарынан жинайды. Соңғысы, ұлпа аралық лимфамен араласып, оған сүт сияқты түс береді: шығарғыш өзектен лимфа мен оның қоспасы жалпы жиын тамырына барады, ол <<сүтті цистерна>> деп аталады. Кеуде қуысына барғанда ол жалпы кеуделі өзек деп аталады.
Жуан ішек лимфа түйіндері- лимфаны ішек қабырғаларынан жинайды және құрсақ цистернасына береді. Жуан ішектен лимфа ободочная ішегінің иректерінің араларында орналасқан  лимфа түйіндеріне барады.
Аноректальді лимфа түйіндері- тік ішек бойында орналасады. Лимфаны тік ішектен және жамбас қуысының үстіңгі қабырғасынан жинайды. Лимфа құйымшақ ( алдыңғы жамбас ) түйіндеріне қарай ағады.
Шошқаның жамбас лимфа түйіндері- саны 1-2, аортаның ішкі мықын артерияларына бөлінетін жерінің артында орналасады. Лимфаны құрсақ қабырғасының артқы бөлігінен, бел, жамбас және құйрық омыртқаларының бұлшық еттерінен жинайды.
Тізе асты лимфа түйіндері- беткі және терең болып бөлінеді. Тізе буынының артында, жоғары, санның екі басты бұлшық еті мен жартылай сіңір бұлшық етінің аралығында, май ұлпасында орналасады. Беткі лимфа түйіндері шошқаларда болмауы да мүмкін.
Тізе қатпарының лимфа түйіндері- сыртқы мықын төмпегі мен тізе буының аралығында, санның төрт басты бұлшық етінің алдында, май қатпарында орналасады (2-5 үлкен емес түйіндер). Лимфаны құрсақ қабырғасының бұлшық етінен және терісінен, арқадан, сауырдан, бөксе бұлшық етінен жинайды; оның тамырлары ортаң жіліктің жоғарғы бөлігіне дейін жайылған.
Беткі шап лимфа түйіндері- аталықтарда жыныс мүшесінің бір жағында, шап сақинасының алдында орналасады; аналықтарда емшектердің бір жақ шеттерінде май қабатында қап ретінде орналасады (кейде олар емшектердің жанында болады).
Бұл қаптар 5-8 үлкен емес түйіндерден тұрады. Лимфаны құрсақ қабырғасының жанындағы және төменгі бетінен, сүт бездерінен, ұшадан жамбас белдеуінің беткі және терең қабаттарынан жинайды.
Терең шап лимфа түйіндері- бірнеше түйіншектер түрінде (қап) жамбасқа кіреберістің бір жағында, ортан жілік каналының қасында, санның терең артериясынан жоғары орналасады. Лимфаны сауырдың және артқы аяқтардың бұлшық еттерінен, жамбас қуысының мүшелерінен және артқы аяқтардың лимфа түйіндерінен жинайды.
Портальді лимфа түйіндері, асқазан, шажырқай лимфа түйіндері және тік ішек лимфа түйіндері- ірі қараның лимфа түйіндерімен бірдей жерде орналасқан және бірдей қызмет атқарады.

Жылқының құрсақ, жамбас қабырғасы және  жамбас қуысындағы  лимфа түйіндерінің топографиясы

1. Жылқының құрсақ қуысындағы лимфа түйіндерінің топографиясы
2. Жылқының жамбас қабырғасындағы лимфа түйіндерінің топографиясы
3. Жылқының жамбас қуысындағы  лимфа түйіндерінің топографиясы

Тізе үсті лимфа түйіндері (тізе қатпары, мықын асты)- терінің астында, санның кең фасциясының ширықтырғышының алдында, сыртқы мықын төмпегінің сызығының ортасында, тізе тостағаншасына жақын, ұзындығы 6-10 см қап түрінде орналасады.
Тізе асты лимфа түйіндері- балтыр бұлшық етінде орналасады және санның екі басты бұлшық етімен және жартылай сіңір бұлшық етімен жабылған. Лимфаны артқы аяқтардың санының төменгі бөлігінен тұяққа дейінгі тері, бұлшық ет, сүйек, буын, сіңірлерден жинайды. Шығарғыш өзектері терең шап лимфа түйіндері барады.
Беткі шап лимфа түйіндері- аталықтарда екі қаптан тұрады: алдыңғы, құрсақ қабырғасының төменгі бетінде, енбаудың алдыңғы жағында орналасады және артқы, енбаудың артқы жағында, жыныс мүшесінің бір жақ шетінде, жамбас қабырғасының төменгі бетінде орналасады. Аналықтарда бұл түйіндер желін мен іштің төменгі және жанғы беттерінің терісінен, артқы аяқтардан, желіннен және сыртқы жыныс мүшелерінен жинайды. Шығарғыш өзектері терең шап лимфа түйіндеріне барады.
Терең шап лимфа түйіндері- қап түрінде (20-25 түйіндер) сан каналының үстіңгі бөлігінде, терең сан артериясының бастамасының маңында орналасады. Лимфаны артқы аяқтардың терісінен, фасциясынан, жамбас пен санның бұлшық етінен, құрсақ бұлшық етінен және іш пердеден, жалпы қынап қабынан, еннен, жыныс мүшесінен және жатырдан жинайды. Шығарғыш өзектерді беткі шап және тізе асты лимфа түйіндерінен қабылдайды.
Ортаңғы мықын лимфа түйіндері- жамбас және бел аймағында, сыртқы мықын артериясының бастамасының жанында орналасады, іш пердемен жабылған. Лимфаны қабырға плеврасынан, іш пердеден, бел бұлшық етінен, жамбас белдеуінің бұлшық етінен және сүйектерінен, несеп-жыныс мүшелерінен жинайды. Шығарғыш өзектерді сыртқы мықын және терең шап лимфа түйіндерінен қабылдайды. Ортаңғы мықын лимфа түйіндерінің шығарғыш өзектері бел лимфа түйіндеріне барады.
Кеуде, құрсақ және жамбас қуыстарының лимфа түйіндері- ірі қаранікіндей, атаулары да бірдей. Шығарғыш өзектері лимфаны жолдағы лимфа түйіндеріне немесе сәйкес келетін лимфа бағанасына береді.


* Лимфа түйіндерінің топографиясы туралы айтыңыз
* Мүйізді ірі қараның лимфа түйіндері
* Шошқаның лимфа түйіндері
* Ұсақ малдардың лимфа түйіндері
* Енеке (буйвол) мен түйенің лимфа түйіндері

ӘДЕБИЕТТЕР
* Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық -  санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.43-45
* Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.84-88.

                                Дәріс 3. 
Ұша мен  ішкі мүшелерді тексеру әдістері және оны ұйымдастыру.
Жоспар:
* Ұша мен ішкі мүшелерді сойғаннан кейін ветеринариялық- санитариялық сараптаудың маңызы
* Әртүрлі малдардың ұшалары мен органдарын конвейерлі жүйеде тексеру әдістемесі
Сойылған еттің ұшалары мен органдарына ветеринариялық  -  санитариялық сараптау арнаулы мал соятын, малды алғашқы өңдеуден өткізетін орындарда (ет комбинаты, қасапханалар, мал соятын алаңдарда) және колхоз базарында (ветеринариялық  -   санитарлық сараптау лабораториясында) ет және ет өнімдерінің асқа жарамды, не жарамсыз екенін анықтау үшін жүргізіледі.
Малдәрігерлік  -  санитарлық сараптаудың нәтижелерінде келесі міндеттер шешілуі тиіс: 
* Сапалы және зиянсыз ет өнімдерін асқа пайдалануға рұқсат беру. 
* Кейбір күмәнді деген ет және ет өнімдерін экономикалық тиімді әдістер мен зарарсыздандыру.
* Адамға зиянды ауру малдың еті мен ет өнімдерін тамаққа қолдануға жібермеу.
* Жарамсыз деп табылған органдар арқылы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын таратпау және қоршаған ортаны қорғау.
* Жарамсыз деп танылған органдарды арнаулы санитарлық және технологиялық өндеуден өткізіп, не малға азыққа, не техникалық бағытта, не мүлдем жойылуы тиіс.
Ал осындай міндеттерді орындау ет комбинаттарында арнаулы малдәрігерлік нүктелер, ал қасапханаларда, алаңдарда  -  жұмыс орындары, көк базар малдәрігерлік  -  санитарлдық сараптау лабораториясында байқау алаңдарын ұйымдастырады.
Мұндай жұмыстарды жүргізу үшін малдәрігері арнулы киіммен (халат пен бас киім), пышақпен, шанышқы мен, егумен және лупамен жабдықталуы тиіс.
Малдәрігерлік  -  санитарлық сараптауға міндеті түрде мыналар жатады: бас, ұша, ливер (кеңірдек, өкпе, жүрек, диафрагма, бауыр), бүйрек, желін, жатыр.
Белгілі бір малдың ұшасына, басына, ливеріне және терісіне бір реттік сан (номер) белгілейді.
Ол үшін қағаздан жасалған нөмірлер (көлемі 3-4 см) қолданылады, оларды ұша мен органдардың үстіңгі жағына бекітеді.
Мал дәрігерлік  -  санитарлық сараптауға жататын, жоғарыда айтылған барлық объектілерді бір жерге орналастырып, зертеуге дайындайды: Ірі қараның басын ұшадан айырады, тілін жақаралық кеңістіктен еркін шығып тұратындай етіп үстіңгі жағы мен екі жағынан кеседі. Жылқының басын ұшасынан айырып, бүтін етіп, кеңсірік желбезегін шауып алады.Шошқаның терісін түсірген соң немесе ыстық сумен қылын жидіткеннен кейін жақ астының кеңістігінен тілін кесіп, оны кеңірдек пен бірге қалдырады, мойнының төменгі бөлігінің терісінде ұсталып қалатындай етіп басын кеседі.
Тексерілген өнім мөлшерін есепке алу сондай-ақ ұшалар мен органдарды бракка (жарамсыз өнімге) шығаруға себепкер болған патологиялық процесстерді тіркеу журнал болуы керек.
Ет комбинаттарында алдымен басты, сонан соң ішкі органдарды, соңында ет ұшасын зерттейді.
Сондықтан да мал дәрігерлік  -  санитарлық сараптауды төмендегідей схема бойынша өткізу қажет.
Басты тексеру. 
Басты тексергенге қолайлы болу үшін, оны күршекке іліп қояды не үстелге қойып тексереді. Шошқаның басын тексергенге дейін ұшасынан айырмайды. Әр малдың басын тексергенде өзіндік ерекшеліктері болады. 
Ірі қара, жылқы, түйе конвейерінде 4 мал дәрігерлік нүкте бар:
* Бас.
* Ішкі мүшелер.
* Ұша.
* Соңғы нүкте.
Ірі қара малының басын тексеру. Еріннің, танау тесігінің кілегей қабығын тексереді. Тілді бастан айырып бөлек алады. Пышақтың қыры мен тілдің үстіңгі жағынан кілегейді қырып тастап, онда уытты жараның, эрозияның (аусыл, ақбайпақ) бар жоғын тексереді, мұқият қолмен басып қарайды (актиномикоз, яғни боғмала). Еріндерін қолмен басып тексереді. Одан соң тілді қолмен ұстап, оны өзіне қарай төмендете тартады, ткандерді тілдің түбінен ұзына бойына оң және сол жақтарына, ал көмекей  -  жұтқыншақ маңынан  -  көлденеңінен келеді. Осылайша кескіндегеннен кейін екі ортаңғы жұтқыншақ түйін ашылады, оларды жарып тексереді.
Бастың оң және сол жақтарынан сыртқы күйіс бұлшық еттерін 2 рет ішкі күйіс бұлшық еттерін 1 рет жарыстыра кеседі (финноз, яғни таспа құрт ауруы). Құлақтың төменгі жағынан, алқым және шеткі жұтқыншақ лимфа (без) түйіндерін жарып кеседі. Сонымен қабат астыңғы және үстіңгі жақ сүйектерді, тағы басқа сүйектерді (актиномикоз) қолмен басып тексереді.
Осындай рет пен ұсақ малдың (қой мен ешкі) басы да тексеріледі.
Шошқаның басын тексергенде жақ асты бездерін, сыртқы және ішкі күйіс бұлшық еттерін кесіп тексереді, алқым, құлақ қасы (шықшыт) бездерін жарып, тексереді. Тілді қолмен басып тексереді. 
Топалаңның созылмалы түрімен ауырғанда әсіресе жақ асты бездеріне, жұтқыншақ пен көмекейдің кілегей қабықтарына аса назар аудару қажет.
Жылқы есек қашыр және түйе бастарын тексергенде, әсіресе танау қуысын бөліп тұратын пластинканы тексеру үшін танау сүйектерін жарып кесіп, маңқаға қарсы тексереді. Жоғарыда айтылған бездерді (лимфа) түгелін жарып көреді (жақ асты, тіл асты, құлақ маңы, шеткі жұтқыншақ). Күйіс бұлшық еттерін кеспейді.
Ішкі мүшелердің ішінен ең бірінші сараптауға көкбауыр жатады.
Көкбауырды (талақ) тексеру. Көкбауырды тексеру барлық малда бірдей. Сыртынан көлемін, түсін, жұмсақтығын, шеттерін қарап тексереді. Ұзынынан кесіп көкбауырдың ішкі құрылысына назар аударған жөн (түсі, жұмсақтығы) т.б.
Ливерді тексеру.Өкпені кеңірдегі мен, жүрек пен, бауыр мен, көк шандыр (диафрагма), өңешпен қоса ілгекке іліп немесе столға қойып тексереді.
Ең алдымен өкпе ткандерін қолмен басып тексереді, нығызданып, қатайғаны байқалса, сол жерлерінің тұсынан кеседі (паразиттер, эхинококктар, пневмония, яғни өкпенің қабынуы). Одан кейін өкпенің лимфа түйіндерін: сол жақ бронхылық, оң жақ өкпенің қосымша жарнағының түйінін, оң жақ бронхылық және барлық көкірек қуыстық лимфа түйіндерін жарып тексереді. Жылқы ливерінде міндетті түрде бүкіл кеңірдекті жарып, әрбір өкпеден ұзына бойына бірнеше кескіндер жасайды (сап, яғни маңқа).
Өкпеден кейін жүректі қарайды (финноз, эхинококкоз). Жүрек қуысын жарып тексереді (клапандардың жаралануы), қанның күйін (ұйиды, немесе ұйымайды) анықтайды.
Бауырды тексергенде ең алдымен лимфа түйіндерін, одан кейін өт өзектерін жарады және пышақтың қырымен өт өзектерінің ішіндегі сұйық затты (өтті) сығып шығарады, оның ішінде фасциолдар, дикроцелийлер болуы мүмкін. Бауырды тексергенде эхинококктардың, іріңнің бар  -  жоғына, сондай-ақ бауырдың көлеміне, түсіне, жұмсақтығына назар аударады.
Бүйректі ұшадан айырмайды. Ең алдымен бүйректі сыртынан қарап, қол мен басып көреді, егерде қалыпты жағдайдан өзгерегн деп есептегенде міндетті түрде жарып  -  тексеру керек.
Желінді қолмен мұқият басып қарайды, 1-2 тереңірек қылып пышақ пен кесіп, лимфа түйіндерін тексереді.
Ас қорыту органдарын тексеру
Шажырқайды тексеруді және шажырқай арасында орналасқан бірнеше неғұрлым күмәнді (ұлғайған) лимфа түйіндерін жарып қарайды. Қарынды тексергенде оның сыртқы бетіне көңіл аударады. Қажет болған жағдайда (оған себеп болса) қарынды жарып, оның кілегей қабығын тексереді. 

Малдың ұшасын тексеру

Ұшаны тексергенде оның толық қансыздандырылуын анықтайды, егер ұша толық қансызданбаса, қатты ауырған не болмаса сояр алдында өте көп жұмыс істеген (қашқан, қуып жүріп сойған, қиналып, союға мәжбүр болған, тасымалданып, бірақ демалмаса) малдың ұшасы деп күмәндануға болады. Толық қансызданбады деп, егер де еттің түсі қоңыр  -  қошқыл болса; қан тамырлары қанға толып тұрады, әсіресе тері асты, қабырға бойында жататын қан тамырлары. Егерде қанның ұшадан нашар ағуы  -  организмде бір патологиялық процесстің бар екендігін дәлелдейді. Өйткені сау малдың ұшасынан қан ақырындап болса да ағып, ұша қаннан тазарады. Ал егер ауру малдың ұшасынан қан ақпайды да, етінің түсі қоңыр  -  қошқылданып тұрады. Ұшаның толық қансызданғаның анықтайтын көптеген әдістер бар. 

Құс ұшасы мен органдарын тексеру

Жүндегеннен кейін құстың бар ұшалары тексеріледі. Тексерген кезде дұрыс сойылуын, мүшеленуін анықтайды, басының, тұмсығының, ауыз қуысыныңтазартылу дәрежесін, сондай  -  ақ табандарының саңғырықтан тазартылуына т.б. назар аударады. Дені сау құсты жақсылап қансыздандырғанда оның ұшасы терісінің түсі сарғыштау немесе қызғылт реңді боз, көкшіл дақтарсыз ашық келеді, қан тамырларында қан жоқ.
Қанағаттанарлықсыз және нашар қансыздандырылғанда, ұшасының терісі қызыл түсті, сыртқы жағында қанға толы тамырлар байқалады, бұлшық ет кесіндісінің беткі жағы ылғалды, көкірек және сан бұлшық еттерін көленінен кесіп қарағанда сулы.
Терісін тексергенде ісіктің бар  -  жоғына, сондай  -  ақ терісінің инвазиялық және жұқпалы ауруларға душар болған-болмағандығына назар аударады.
Органдарды ұшадан алмай тексереді. Мал дәрігерлік  -  санитарлық жағынан тексеруге шала жүнделген ұшалардың тек терісі, табиғи тесіктердің кілегей қабықтары және ішектер жатады. 
Тыныс алу жолдарының шіру процесстерін анықтау үшін көкірек қуысына енетін жерінің маңынан кеңірдекті көлденеңінен кеседі. Ауыз қуысын тексеру үшін езуден кеседі.
Ұшалар мен органдарды ет өндіретін кәсіпорындарында конвейірлі жүйе мен, егер де ол жоқ болса (қасапханаларда) бір-ақ кісі байқап-тексереді.
Ал енді конвейерлі жүйесі бар кәсіпорындарда басты, ішкі органдарды әр түрлі нүктелерде (точкаларда) тексереді. Мұндай нүктелер ұшадан органдардың қай жерде бөлектенетініне байланысты болып әр жерде болады да, әр түрлі дәрігерлер байқап  -  қарайды.
Өте ірі механизирленген конвейерлі жүйемен жабдықталған ет кәсіпорындарында ірі қараның басын жүріп келе жатқан конвейерге іліп жібереді, ал ішкі органдарды конвейерлі үстелге салады, ол үстел ұшаның конвейерімен бірдей қозғалып жүреді.
Шошқаның басы ұшадан алынбайтындықтан оны ұшаның конвейерінде тексереді. Ал шошқаның ішкі органдарын конвейерлі столдағы алюминий қазандарыеа (шұңқыр тегене) салады. Ол конвейер ұша конвейерімен бір қатарда жылжып отырады.
Ірі қара малының өнімдерін алғашқы өңдеуден өткізетін конвейерде келесі мал дәрігерлік  -  санитарлық сараптау нүктелері қарастырылған. 
* Басты қарап  -  тексеру 
* Ішкі органдарды қарап  -  тексеру
* Ұшаны қарап  -  тексеру
* Төртінші, не ең ақырғы нүкте
Ол өте тәжірибелі мал дәрігері бар нүктелердің нәтижелерін жинап, қорытындылайды.
Шошқаның өнімдерін тексеретін конвейерде келесі нүктелер болады: 
* Қансыздандыратын жүйенің соңында, жақ асты бездерін топалаңға қарсы жарып  -  тексереді.
* Басты толықтай жарып тексереді
* Ішкі органдарды қарап  -  тексеру
* Ұшаны қарап  -  тексеру
* Соңғы нүкте, қорытынды жасау нүктесі.
Қой мен ешкі өнімдерін конвейерде 3 нүктеде тексереді:
* Ливер мен ішектерді байқап  -  қарау
* Ұшасын тексеру
* Қорытынды нүктесі
Әрбір жұмыс орындарында аспаптарды зарарсыздандыратын стерилизатор (зарарсыздандырғыш аспап), ыстық және суық суы мен қолжуғыш, сабын, орамал және зарарсыздандырғыш ерітінділер болуы тиіс.


Бақылау сұрақтары:

* Мүйізді ірі және ұсақ малдардың ұшасын тексеру реті
* Шошқа ұшасын тексеру реті
* Жылқы ұшасын тексеру реті

ӘДЕБИЕТТЕР
* Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық -  санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.62-66.
* Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.102-106.

3 модуль. Аурулар кезіндегі сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау.
                                       
                               Дәріс 4-5. 
Жұқпалы аурулар кезіндегі сойыс өнімдерін ветеринариялық -  санитариялық сараптау.
Жоспар:

1. Бруцеллез және туберкулез ауруларымен зақымдануы жөнінде қысқаша сипаттама. Сояр алдындағы диагностика, маңызы. 
2. Сойылғаннан кейінгі диагностика.
3. Сойыс өнімдеріне берілетін санитарлық баға.
4. Сойыс өнімдерінен Сібір жарасы, аусыл, листериоз, туляремия, маңқа, сақау аурулары табылғандағы  санитарлық сараптау.
5. Аталған аурулардың сояр алдындағы диагностикасы
6.  Сойылғаннан кейінгі диагностика
7.  Сойыс өнімдеріне берілетін санитарлық баға

Бруцеллез және туберкулезбен зақымдану біздің Республикада жиі кездеседі. 
Қазақстанда бруцеллез бен туберкулезге әсіресе Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында жиі ұшырасады.
Малдарды бруцеллез бен туберкулезден сауықтыру үшін орасан зор қаражат керек. Мысалы Солтүстік Қазақстан облысын сауықтыру үшін 50 млн ақша (ескі бағамен) керек. Ал мал орындарын толтыру үшін малы ауырмайтын таза жерден мал сатып алу керек. Осының бәріне өте көп шығын бөлінеді. 
Онымен қоса: Ауру малды қолда көп ұстайды, малдың өнімі төмендейді, малға берілген жем  -  шөптің өзіндік құны артады т.б шығындар. 
Біздің бүгінгі мақсатымыз: ет комбинаты мен шаруашылықтарда бруцеллез бен тубкеркулезге диагноз қою. 
Сояр алдындағы диагностика. Туберкулезбен ірі қара, шошқа: Бруцеллезбен ірі қара, қой, ешкі, шошқа жиі ауырады. 
        Диагностика әдістері:
Клиникалық белгілері арқылы анықтайтын әдіс көп қолданылмайды, өйткені клиникалық белгісі бар малдарды шаруашылықта, қасапханаларда, барлық ережелерді сақтап сояды.   Сойыс өнімдерін мұқият тексергеннен кейін, зарарсыздандырған соң ғана тағамға жіберіледі.
Шаруашылықтарда зақымданған малдармен жұмыс істейді.
Аллергиялық әдіс  -  Туберкулезде негізгі әдіс, ал бруцеллезде негізгі әдіс серология (не қанды тексеру арқылы) не аллергиялық әдіс.

Туберкулез. Басты міндет лимфа түйіндерінде, мүшелерде, тканьдерде туберкулдарды табу. Оның көлемі тары дәнінің көлемінен тауық жұмыртқасының көлеміне дейін болады. 
Туберкулдер сыртынан дәнекер тканьмен қапталған. Ортасында құрғақ казеозды, некрозды зат бар. Егер туберкулездің осы сатысы кездессе, онда ашық туберкулез деп, ал егер ошақ әктеніп кетсе онда жабық туберкуллез деп аталады. Онда ауру қоздырғышы белгілі бір жағдайларға дейін бөлінбейді (суық, ылғал, арықтау, ауру). 
Ірі қарада туберкуллез ошағын өкпеден және кеуде қуысынан кездестіруге болады. Өкпеден қызыл-сұр түстес тығыз келген ошақтар байқалады, жарғанда ортасында казеозды зат бар. Кейде казеоздың орнына ірің де болуы мүмкін.
Лимфа түйіндер ұлғайған, тығыз, сырты бұжыр, ортасында казеозды зат бар. 
Серозды қабық. Көк шандырда құрсақ қуысының ішкі қабығында жылтыр тығыз, грек жаңғағындай көлемі бар туберкулез ошақтарын көреміз (жемчужница). Соңғы кездері жақ асты бездерінен де өзегерістер табылып жүр.
Туберкулездің ішектерді, сүйекті жарақаттайтын түрі де кездеседі.
Туберкулездің жайылып кеткен түрі көбінесе кеуде,құрсақ қуысын зақымдайды.
Мәліметтер бойынша: кеуде қуысының лимфа түйіндері 100%, өкпе 90%, бауыр 8%, көк бауыр 5%, жақ асты бездері 5%, желін 3%, ішектер 1% туберкулезге шалдыққанын анықтай алады.
Бруцеллез. Патологиялық өзгерістер мүшелерде, тканьдерде туберкулездегідей айқын байқалмайды. Сондықтан да олар диагноз қою үшін өте маңызды емес. Сояр алдындағы басты клиникалық белгілер: малдардың буындары іседі еркек малдардың ені, ұрғашы малдардың желіні қабынады. 
Аналық малдарда: көбінесе іш тастайды. Іш тастағанда аса қауіпті деп түсік пен шарана суы есептелінеді. Шарана ісінген, ірімшік тәріздес фибрин ұнтақ дақтары бар, гангреналы жіті метрит ауруын байқауға болады. Сондықтан да біз көбінесе малдәрігерлік куәлікті жазған дәрігерге үлкен сенім көрсетіп, соған сенеміз.
Бруцеллезді қай аурулардан ажырату қажет: жалған туберкулез және паратуберкулез.
Жалған туберкулезде экссудативтік процестер байқалады.
Паратуберкулез: ішектер зақымданып, тышқақ болады (он екі елі және ащы ішек, кілегей қабығы қалыңдайды 5-20 есе және шажырқай лимфа түйіндері өзгереді).
Санитарлық баға.
Екі жағдайда ұша және ішкі мүшелер утилизацияға жатқызады.
1. Туберкулездің қай түрімен зақымданса да арық ұша болса және туберкулездің жайылған түрінде, қоңдылығына қарамай-ақ ұша мен ішкі органдарды техникалық қайта өндеуге жібереді.
2. Егер де тек лимфа түйіні, не болмаса бір ішкі органды, тканьдерде болса, туберкулез ошағы болса, бірақ қондылығы орташа болса, онда қайнатып, консерві жасауға қолданылады.
Туберкулезбен зақымдалған органдар мен тканьдер(формасына қарамастан) техникалық қайта өндеуге жібереді.
3. Егер де туберкулинге оң реакция беріп, бірақ сойғанда зақымдалу табылмаса, ұша мен органдар еш бөгетсіз босатыла береді. Терісін өңдемей  -  ақ жібере алады.
4. Құс туберкулинге оң реакция беріп, патологиялық өзгеріс табылмаса, ұшаны қайнатып зарарсыздандырады, өйткені өте көп жағдайда құстардың сүйек кеміктері зақымданады.
Егер шошқада жақ асты безінде әктелген ошақ оны аластап, басты тілмен залалсыздандырады, ұша, органдарды босата береді. Шажырқай безінде болса ішекті утилизацияға, ал ұша мен мүшелерді босата береді.  
Бруцеллез. Егер сойған кезде ( қой, ешкі, сиыр, шошқа) клиникалық және патанатомиялық белгілері байқалса қайнатады. Желін мен ішектерін техникалық қайта өндеуге жібереді. Бауыр, бүйрек және т.б. қосымша өнімдерде патологиялық өзгерістер жоқ болса, қайнатады. Егер бар болса техникалық қайта өндейді. 
Егер де еттен ірі қара, шошқа агглютинация реакциясына оң реакция берген, патантомиялық өзгерістер табылмаса ет пен органдарын еш бөгетсіз босата береді. Егер де ірі қара мен шошқа етінен бруцеллездің қой типі табылса, онда бұндай етті пысырылған шұжық және консерві дайындауға жібереді. 
Қой мен ешкі етін пысыралған шұжық пен консерві дайындайды, не болмаса санитарлық ережелерді сақтай отырып қайнатады. Сиыр қой ешкі желінін оң реакция берген, бірақ ұшада патологиялық өзгерістер жоқ, онда қайнатамыз. Егер ішек, өңеш, несеп қуығы, 15% тұз ерітіндісінде ұстап, (құрамында 0,5% тұз қышықлы бар) 48 сағат 18-200 температурада ұстайды. Клиникалық белгісі бар және өң реакция берген малдан ішкі секреция бездері жиналмайды, тек ұйқы безі оң реакция берсе, бірақ клиникалық және патологиялық өзгерістер жоқ болса кристалды инсулин дайындау үшін жинауға болады. Оң реакция берген және ауырған малдарың қанын азық ұнын жасауға және техникалық өнімдер жасауға пайдаланады. Оң реакция берген және ауырған малдың қанын азық ұнын жасауға және техникалық өнімдер жасауға пайдаланылады. Теріні еш бөгетсіз босата береді. 
Мал дәрігерлік  -  санитарлық сараптау кезінде, барлық жұқпалы аурулар, адамға тигізетін зиянына байланысты 2 топқа бөлінеді:
1.адамдарға сойыс өнімдері арқылы берілетін аурулар (сібір жарасы, туберкулез, бруцеллез, аусыл, шошқа қызылшасы, лептоспироз, листериоз, Ку қыздырмасы, туляремия, құтырық, жыбырлақ, сіреспе т.б.).
2.адамға жұқпайцтын аурулар. Бұлар да 2-топқа бөлінеді. Бұның бір тобы адамда кездесетін, бірақ ет өнімдері арқылы жұқпайтын аурулар: актиномикоз, ботриомикоз, қатерлі ісік (газды гангрена, псевдотуберкулез) және адамдарда кездеспейтін аурулар (пастереллез, шошқа обасы, ірі қараның қатерлі катарлы қызбасы, шошқаның сему риниті.
Жұқпалы ауруларды бұндай топтарға бөлу мал дәрігер  -  сараптаушыны бірінші топтың ауруына аса көңіл аударуды талап етеді, үйткені мұндай аурулар айқындалған жағдайда адамдардың жұқпалы аурулармен зақымданбауын қамтамасыз ететін шараларды іске асыру қажет.
Бірінші топтың ауруларынан басталық.
Сібір жарасы. Топалаң қой мен ешкіде, жамандат жылқыда, қарасан сиырда, акшелек түйеде, түйнеме адамда.
Көршиқан шығып, септицемия түрінде өтетін адам мен жануарларға ортақ жұқпалы ауру. Құстан басқа малдың барлық түрі шалдығады.
Сояр алдындағы диагностика. 
Жасырын кезеңнің ұзақтығы 2-3 апта. Температураның жоғары болуы, күйзелуі, тәбеттің қашуы, жүректің әлсізденуі, домбығу, гиперемия және кілегей қабықтың көгеруі, геморрагиялық гастроэнтерит болуы топаланның негізгі белгілері.
Жоғарғы температура көтерілуімен қатар жылқыда шынышқақ, түйме, ірі қарада  -  іш кебуі, ұсақ малда тырысып  -  бүрсуі, шошқада көмекейі мен жұтқыншағы аймағының жіті қабынуы, итте геморрагиялық гастроэнтерит білінеді.
Ауру көбінесе 2 түрде өтеді:
1.көршиқан шығатын түрі
2. септицемия түрі
Патологиялық процесстің орналасуына байланысты: топалаң теріде, ішекте, өкпеде, жыныс органдарында болуы мүмкін.
Аурудың жіті түрін қой мен ешкіде жиі кездестіреміз. Олардың ауру белгілерін анықтау қиын, үйіткені тез өліп кетеді.
Аурудың жіті түрінен басқа созылмалы түрі де болады. Онда малдар өте арықтайды, топалаңға күмәндәну тек сойғанан кейін ғана анық көз жеткізуге болады. 
Топаланның белгілі бір жерде орналасуы да кездеседі. Мысалы шошқаның топаланға шалдыққанда жақ асты бездері және оны қоршаған мүшелер қабынады. (ангина, фарингит). Демалу қиындап, мал жұтына алмай, аузынан көп сілекей ағып тұрады. Шошқа тамақ іше алмайды, кілегей қабықтары көкшіл тартып кетеді. Көмекей мен жұтқыншақтың ісініп  -  қабынуына байланысты мал тұншығып барып өледі. 
Егер де малды ет комбинатына әкеле жатқанда, не ет комбинатына қабылдау кезінде топалаң байқалатын бола, түгел малды байқап-қарап, дене қызуын өлшейді. 
Егер де дене қызуы қалыпты болса, ауру белгілері жоқ болса, ірі қара, қой мен ешкіні, түйені, жылқыны карантинге жатқызып топалаңға қарсы сарысу егіледі. Малдарды мұқият қадағалайды. Күнде дене қызуын өлшейді. 
Ал егер клиникалық белгілері айқын болса, онда оқшаулағышқа қамап, емдейді.
3 күн өткен соң, температурасы қалыпты жағдайда болса, санитарлық қасапханаға жіберіліп, сойылады.
Сойғаннан кейінгі диагностика.
Ірі қарада  -  ұша өте нашар қансызданған, қатпаған, бос, қан ұйымайды. Тері астында әр түрлі мөлшерлі қанды ісік байқалады. әсіресе қарын, жауырын, кеуде, желін аймағында, сонымен қоса шажырқайда, ішекте, ауыз қуысының кілегей қабығында, лимфа түйіндері маңында астыңғы жақ арасында жиі кездеседі.мойын және кеуде бұлшық еттері қанталайды. Лимфа түйіндері үлкейіп, ісінеді, кесіп жарғанда, қызыл  -  кірпіш тәріздес не қою қызыл түске боялған. 
Қанның құйылуы мүшелерде көп нүкте және жолақ түрінде кездеседі. 
Көкбауыр өте ұлғайған. өте жұмсақ сыртқы қабығын қырғанда қоймалжын сұйық пайда болады. 
Бауыр былжыраған, қан толып кеткен, бүйрекке қан құйылғаны байқалады. 
Топалаңның ішекті жарақаттағанда көбінесе он екі елі ішек және ток ішек зақымданады. Серозды қабығында қанталаған ошақтарды аңғаруға болады. 
өкпе ісініп, тығыздалған. Барлық ішкі мүшелері қанға толып кеткен.
Бұндай өзгерістер, малдың тірі кезінде ауру белгілері айқын болып, температурасы көтеріңкі болған жағдайды, өлерге 16  -  24 қалғанда болуы мүмкін. Бұндай малдарды союға болмайды. Сондықтан да мүшелерді мал дәрігерлік санитарлық сараптау кезінде топалаңның септицемиялық формасын өте сирек кездестіреді. 
Шошқада көбінесе, жоғарыда айтылғандай тамақ ауруы түрінде өтеді.
Топалаң деп диагноз қойылғанда берілетін санитарлық баға.
Егер ауру септицемия түрінде кездессе малдарды союды тоқтатады. Диагнозды анықтау үшін көкбауырдан, лимфа түйіндерінен, құлақты және зақымданған мүшелерден бактериологиялық және бактериоскопиялық зерттеулерге сынамалар жүргізіледі. Талдаудың қорытындысы келгенше, барлық мүшелерді оқшаулайды. Егер де бактериоскопиялық зерттеу топалаң бар деп тапса, ұшаны барлық мүшелерімен, терісімен, бактериологиялық зерттеуді тоспай  -  ақ өртеп жібереді. 
Қалған мүшелерін (аяқ, құлақ, желін, қан) және топалаңға шапқан малдың мүшесімен араласқан заттарды да өртеп жібереді. 
Топалаңға шыққан малдың терісімен қатар болған терілерді ережелерге сәйкес зарарсыздандырады.
Егер де басқадай ұшаларға, мүшелерге жанасқан болса, онда оларды 6 сағ ішінде қайнату әдісімен зарарсыздандырады. Егер де олай істей алмаған күнде 10 С төмен температураға қойып сақтап, 48 сағ ішінде қайнатады. Егер де мүлде қайнатуға жағдай болмаса, өртеп жібереді. 
Бақылау сұрақтары:
* Туберкулез ауруындағы сойғаннан кейінгі диагностика
* Туберкулез кезіндегі сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы
* Бруцеллез ауруындағы сойғаннан кейінгі диагностика
* Бруцеллез кезіндегі сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы
* Сібір жарасы ауруындағы сойғаннан кейінгі диагностика және сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы
* Аусыл ауруындағы сойғаннан кейінгі диагностика
* Аусыл кезіндегі сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы
* Маңқа ауруындағы сойғаннан кейінгі диагностикажәне сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы.

ӘДЕБИЕТТЕР
* Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық -  санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.108-113,119,160-187,204,240-244.
* Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.155-164,168.
* Макаров В. А.   <<Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства>>. Москва, 1991 г.с. 66-70.

                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                Дәріс 6-7
Инвазиялық аурулар кезіндегі сойылған мал өнімдерін ветеринариялық  - санитариялық сараптау.
Жоспар:

* Инвазиялық аурулар жөніндегі қысқаша сипаттама
* Аурулардың малды сойғаннан кейінгі диагностикасы
* Инвазиялық аурулар мен ауырған мал өнімдеріне берілетін санитарлық баға.
	
Трихинеллез  -  көптеген сүт қоректілерде кездесетін, жіті және созылмалы түрде өтетін, Айқын аллергиялық өзгерістер туғызатын инвазиялық ауру. Аурудың қоздырғышы  -  жұмыр құрттардың өнімі. Trichinella тұқымына жататын құрт.
Сойылатын малдардан трихинеллезбен шошқа ғана ауырады. Ал табиғи жағдайда трихинеллезбен көптеген жабайы аңдар: аю, тағы қабандар, борсық, түлкі, қасқыр және т.б, бұдан басқа кеміргіштер шалдығады, сондай ақ адам да ауырады. Ауруға шалдыққан жануарларауру қоздырғышын тарататын негізгі ошақ деп есептелінеді.
Қоздырғыштын екі түрі кездеседі:
1.Ішекті мекендейтін (сақа құрт)
2.Бұлшық етті мекендейтін (балаң құрт)
Екеуін салыстырғанда адамдар үшін және үлкен мал дәрігерлік маңызы бар бұлшық етті мекендейін балаң құрт. Ол тек көлденен жолақты етті мекендейді. Сыртынан қабықпен қоршалады (капсула). Ол тегіс ет тканінде, жүрек етінде, май тканінде мекендейді, бірақ шошқаның шпигі арасындағы етте кездесе береді.
Капсула ішінде спираль тәріздес жұмыр құрт болады. Капсуланың формасы сопақ, не дөңгелек болып келеді. Көбінесе көк ет, тіл, кеңірдек, мойын, қабырға аралық және құрсақ еттерінде орналасады.
Сойғаннан кейінгі диагностика.
Диагностиканның бір  -  ақ әдісі бар  -  трихинеллоскопия. Мал дірігерлік сараптауда шошқа ұшасы мен жабайы жануарлардың тағамға пайдаланарда қолданатын әдіс - етті трихинеллезге тексеру. 
Торайларды трихинеллезге 3 аптадан асқанынан соң тексереді. Сынама үшін көк еттен (диафрагмадан) 60 г. ет алады, ал одан алынбаса қабырға аралық, белдеме, күйіс қайыратын, мойын еттерінен бірінен аламыз.
Зерттеуге қыйсық қайшы мен сұлы дәнінің көлеміндей етіп ет кескіндерін дайындаймыз. Ет кескінің компрессориумның төменгі шынысына (барлығы 24 кескін) салып, жоғарғы шыныны жауып, газеттердің жазуын оқығанға дейін қатты қысады. Кесіндіні 50  -  70 есе көбейтетін трихинеллоскоптың, не микроскоптың астына қойып тексереді. Бұдан басқа қандай әдістермен трихинеллезге тексереміз?
Трихинеллезге проекциялық әдіспен тексергенде, бір мезгілде бар кесіндіні көріп, сағатына 45  -  60 зерттеу жүргізуге болады. 
Ал ет комбинаттарында трихинеллезге жалпылама зерттеу қолданылады. Ол үшін арнайы ерітінді де бірнеше шошқа ұшасынан алынған сынамаларды қорытады да, балаң құрттар тұнбаға түседі. Сынамаларды АВТ аппаратының көмегімен тексереді. Сынамаларды трихинеллез кездесетін шаруашылықтардан 5 г-нан 20 ұшадан алады, ал трихинеллез кездеспейтін шаруашылықтардан (8-10 жылдан бері) 100 ұшадан 100г. сынама дайындап, ұсақтайды, реттік сандары бойынша, стаканға жинайды. Арнаулы ерітіндіні сынама мен араластырып, 45 минут араластырады. Егер трихинелла бар болса, онда ол тұнбаға түседі, сондықтан тұнбаны микроскоп пен, лупа мен микропроектор мен тексеруге болады. 
Егер тұнбадан 1 немесе одан да көп балаң құрттар табылса, зертеліп жатқан барлық шошқа ұшасын (20 не 100), қосымша аспалы жолға шығарып қояды. Сонан соң ұшаларды 8 топқа 12-13 ұшадан (Егер 20 болса онда 2-3 ұшадан) сынама алып қайта жоғарыдағыдай тексереді. Егер бір топың ұшасынан трихинеллез шықса, онда ол топтың ұшаларынан жеке-жеке сынама алып АВТ аппаратында тексереді. Осы жолмен трихинеллезбен зақымдалған ұшаны анықтайды.
Сақталған шошқа етін  (мұздатылған, тұздалған) қалай трихинеллезге тексереміз? Мұздатылған етті (қазақша айтса жібітеді) жұмсартады. Кесіндінің қалыңдығы 1,5 мм-ден аспауы керек. Компрессориумның астыңғы шынысына кесіндіні салып, жоғарғы шыны мен аздап қысамыз. Сонан оны алып (жоғарғы шыныны) әрбір кесіндіге тұз қышқылының 0,5 % ерітіндісінен, не болмаса көгілдір метилен ерітіндісінен бір тамшы тамызамыз. Жоғарғы шыныны салып, микроскоптың астында тексереміз. 
Тұз қышқылының әсерінен еттер кесіндісі мөлдірлене түседі де сұрғылт түске боялады. Капсула күміс түстес шеңберге айналып, ал ішіндегі сұйық ағарады (белоктың ұюы әсерінен). Ал көгілдір метилен мен боялған кесінділерде капсуланың іші ашық  -  көк түске, паразит боялмайды да өте жақсы көрінеді. 
Ал тұздалған шошқа етін тексеру үшін кесіндінің қалыңдығы екі есе жұқарады (0,8) да, глицерин мен су қосындысының ерітіндісінен не 5% сүт қышқылынан бір  -  бір тамшы тамызады (кесіндіні ағарту мақсатында).

Шошқа қыртыс майын  (шпигін) трихинеллезге тексеру

Трихинеллалар тері асты майында орналасып, ет жолақтары арасында көзге көрінбеуі мүмкін. Сынаманы шпиктің ішкі қабатынан ет жолақтары жанынан алады. 0,5 мм қалыңдығындағы 5 не одан көп кесіндіні алып, 5  -  8 минутқа 1 %-ті фуксин ерітіндісі бар, 5% - ті натри тотығы ерітіндісіне салып қояды. Уақыт өткен соң компрессориум мен тексереді. Боялған май клеткаларының арасында трихинелла ашық  -  қызыл, не сарғыш  -  қызыл түске боялады.
Трихинеллезді басқа аурулардан ажырату үшін: етті қолдан жасалған қарын сөлінде қорыту өте дәл әдіс. Өйткені қарын сөлінің әсерінен трихинелла босап тұнбада қалады. (Егер саркоцист болса, тұнбадан спорларды табуға болады). 
Санитарлық баға
Шошқалардың (үш аптаға толғаннан бастап), қабандар, борсық, аю және бәрін жегіштердің еттері трихинеллезге тексерілуге тиіс.
Егер 24 кесіндіден бір трихинелла табылса, (тірі, тірі емесіне (паразиттің) қарамайды) онда ұшаны, ішек  -  қарынды, өңешті, тік ішекті техникалық утилизацияға жібереді. Шпикті алып, ерітеді. Еріген майдың температурасын 1000  - қа дейін жеткізіп, 20 минут қайнатады. Тік ішектен басқа ішектерді тазартыпкедергісіз босата береді. Теріні еттен тазартып, етін техникалық утилизацияға жібереді(белгілі-бір мақсата пайдалану үшін).

Цистицеркоз (финноздар)
Таспа құрттардың, балаң құрт сатысында ет тканінде және ішкі мүшелерде мекендеп, инвазиялық ауру туғызуы.
Малдардың цистицеркоздарын адам организімінде мекендейтін Taeniarinhus saginatus (бұқа цепені) және Taenia solium (шошқа цепені) таспа құрттарының балаң құрттары да тудыра алады.
T. saginatus құртының балаң құрты ірі қараның цистицеркозын (финнозын), ал T. solium шошқа цистицеркозын тудырады.
Кейбір малдардың таспа құрттарының балаң құртары да цистицеркоздар тудырады. Олар Tainia hydatiqena, T. Bovis, T.krabbei, T.pisiformis. Бірақ бұлар адамға қатерлі емес, қойдың, бұғылардың, қоянның, т.б цистицеркоздарын туғызады. 
Ірі қараның цистицеркозы (финнозы).
Диагностика: Цистицеркті тек сойғаннан кейін ғана байқауға болады.
Цистицерк дегеніміз дөңгелек және сопақ түрінде кездесетін, ақ сұр түсті, түйреуіштің басынан бұршақ дәнінің көлеміндей көлемі бар көпіршік тәріздес қапшық (қан, қуық, торсылдақ). Сыртында өте жұқа дәнекер кані мен қапталғандықтан ішіндегі паразит көрініп тұрады.
Ірі қараның ұшасында финдарды (қапшықтарды) жүректің бұлшық етінен жиі аңғаруға болады, ал одан сирегірек күйіс қайыратын тіл, белдеме, қол, мойын, құрсақ бұлшық еттерінде мекендейді.
Кейінгі кездегі зерттеулердің мәліметтеріне сүйенсек, финн қапшықтарын желке (шүйде), өңеш, көк ет (диафрагма) еттерінде де кездеседі. 
  Бұлшық еттен басқа финн қапшықтары мида, өкпеде, бауырда және көк бауырда да кездесуі мүмкін.
Шошқа цистицеркозы
Шошқаның күйіс қайыратын жүрек, іл, белдеме, мойын және жауырын бұлшық еттері жиі зақымданады. Көбінесе, қоздырғыш, ұшаның алдыңғы бөлімін, санына қарағанда көп зақымдайды. Басқа органдардан финн қапшықтарын мида жиі кездеседі.
Цистицеркоздар кездескеніндегі санитарлық баға 
Егер бастың және жүректің еттерінен финн қапшықтары табылса, онда қосымша мойын етінің желке жағынан, жауырын  -  қол, арқа, сан еттері және диафрагманы қатар екі рет кесіп тексереді.
Егер бас және жүректің етінің 40 см2 көлемінде 3-тен көп финн қапшықтары табылса, бірақ  -  та басқа еттерді кескенде финн қапшықтарынан 3-тен көп болмаса, онда бас пен жүректі утилизацияға жіберіп, ұшаны және қалған басқа мүшелерді (ішектен басқа) қайнату әдісі мен зарарсыздандырады. Егер ол мүмкін болмаса мұздату, тұздату әдісін де қолдануға болады. Ішкі және сыртқы (шпикті де) майды осы әдістер мен зарарсыздандырады. 
Қайнату оңай. Ал мұздатқанда қандай талаптарды орындау қажет. Шошқа етінің ішіндегі температура  -  10о (Цельций), одан соң  -  12о С-та 10 күн ұстайды, сонан соң  -  13о С 4 күн ұстайды. Еттің температурасын сан етінің 7-10 см тереңдігінде өлшейді. Шпикті осы режим мен мұздатып зарарсыздандырады. 
Ірі қараның етін 12оС-тан  -  6оС-қа дейін төмендетіп, сонан соң 9о С жеткізіп, 24 сағат ұстайды. 
Цистицеркоз тонкошейный (жылауық)  -  көбінесе шажырқайда, бауырдың сыртында. Көбінесе қой, ешкі, шошқа, ірі қарада кездеседі.
Санитарлық баға. 
Жылауықты шажырқай мен қоса бөліп алады, ал бауырдан, өкпеден жылауықты маңындағы тканьдерімен техникалық утилизацияға жібереміз. Ал ұшаны және жарақаттанбаған басқа мүшелерді кедергісіз босата береміз.

Эхинококкоз
Ұлпалы мүшелерде және басқа ткандерде (иттердің ішектерінде мекендейтін) Echinococcus granulosus таспа құртының балаң құрты мекендейді. Бұл құрттың негізгі иесі иттер семьясына жататын жануарлар, ал аралық иесі ірі қара, қой, ешкі, шошқа, түйе және басқа ауылшаруашылық малдары, тағы малдар және адамдар. 
Сойылғаннан кейінгі диагностика 
Эхинококк қапшығы ішіне сұйық толған, шоқ (төмпешік) тәріздес паразит. Сыртынан кутикулярлы қабықпен қапталып, ішінде ұрығы болады. Қабықтың сыртын фибринозды капсула мен қабатталған. Эхинококк қапшығының көлемі бұршақтың көлемінен жас баланың басындай да көлемі болады.
Ірі қарада: көбінесе өкпеден, бауырдан, көк бауырдан, бүйректен, жүрек етінен табуға болады.
Қойда: Өте жиі бауырдан одан сирек өкпеден;
Шошқада көбінесе бауырда кездеседі. Эхинококк қапшықтарының саны бір  -  екіден  -  онға, жүзге дейін кездеседі (бір малда).
Санитарлық баға.
Етте және ішкі органдарда көптеген эхинококк қапшығы кездескен ұшаны және органдарды техникалық утилизацияға жібереді. Егер де эхинококк қапшықтары бір ғана мүшені зақымдаса, онда сол органды ғана техникалық утилизацияға жібереді. Ал зақымданбаған мүшелерді бөгетсіз босата береді.

Фасциолез

Инвазиялық ауру, бауыр сорғыштар (трематодтар) F.gepatica және F.gigantica, D.Lanceatum тоғышарлары бауырдың ұлпаларында, өт жолдарында мекендеп ауру туғызады. Фасциолезбен қой, ешкі, ірі қара, түйе, шошқа, есек, бұғы, қоян, жылқы ауырады.
F.gepatica  -  3см-ге ал F.gigantica  -  7см-ге дейін жетеді.
Ал D.Lanceatum-ның ұзындығы 1см-ге дейін жетеді, ені 2-2,5мм. 
Порталды л.түйіндері ұлғайып, қара  -  қошқыл тартып кетеді.
Санитарлық баға.
Зақымдалған мүшелерді утилизацияға жатқызамыз, не жайып жібереміз. Ал зақымданбаған органдары және ұшасы тағамға бөгетсіз босата береміз. Егер ішкі органның 2/3 бөлігі зақымдалса, онда бүкіл ішкі органды утилизацияға жатқызады.

Саркоцистоз  -  Клиникалық белгілері байқалмайын түрде өтіп, қарапайымдылардың Sarcocystis тұқымына жататын тоғышарлар тудыратын ауру. Саркоцисті көлденең жолақты еттерден, дәнекер тканінде кездеседі (бұл ауруға барлық ауыл шаруашылық малдары және қоян, құс, ит, мысық, кеміргіштер, тышқан, бауырмен жорғалаушылар және балық шалдығады). 
Саркоцистардың көлемі 0,4  -  4 мм және ені 0,3  -  3 мм болады. Олар етте ақ, ары дақтар түрінде кездеседі. Саркоцистер әр малдың әр мүшесін зақымдайды. Мысалы: ірі қара саркоцистасы жиі өңеш қабырғасында, диафрагмада, қабырға аралық еттерінде, тілде, жүрек етінде, өте сирек бұлшық еттерде кездеседі.
Шошқа саркоцистасы диафрагмада, іш, сан және арқа ет еттерінде кездеседі.
Сойғаннан кейінгі диагностика.
Өңешті, жұтқыншақты, ұшаның еттерін мұқият тексереді.
Санитарлық баға.
Егерде еттерде саркоцист табылса, бірақ қатып-семген өзгерістер табылмаса онда еттерді бөгетсіз босата береді. Ал саркоцист пен  қатып-семген өзгерістер табылса (арықтау, суының жоғалуы, түсінің боздануы, ет ткандерін әк басу, азу процесстері) онда ұша мен мүшелерді техникалық утилизацияға жібереді. Шпикпен, ішкі майларды, ішектерді, малдың терісін бөгетсіз босата береміз.
Бақылау сұрақтары:
1.Трихинеллез кезіндегі сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы
        2. Цистицеркоз. Сояр алдындағы диагностика және сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
         3. Эхинококкоз кезіндегі сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы
         4. Фасциолез және саркоцистоз кезіндегі сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық -  санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.266-268,269-271,275-277.
2. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.171-177.
   3. Сенченко Б. С. <<Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животного и растительного происхождения>>. Ростов на Дону, 2001 г.с. 240-248.
   4. Макаров В. А.   <<Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства>>. Москва, 1991 г.с. 73-75.
                                       
                                Дәріс 8-9.
Жұқпалы емес аурулар кезіндегі сойыс өнімдерін ветеринариялық  - санитариялық сараптау.

        Жоспар:

* Қағыну (септикалық) процесстері (абсцестер  -  бітеу жара, флегмона  -  іріңді жаралар, іріңді ісік). Зат алмасудың бұзылуы.
* Көкірек, құрсақ қуысындағы мүшелердің аурулары. (кездескеніндегі мсс)
* Механикалық және термиялық өзгерістар.
* Малдың улануындағы ветеринриялық-санитариялық баға.

	Қағыну (септикалық) процесстері дегеніміз  -  денеге іріңді микробтардың енуі әсерінен (стрептококки мен стафилококкилар) мүшелердің қалыптан тыс артуы. Олар жергілікті жерде қабыну процесстерін туғызады. 
	Іріңді ісік - сойылатын малдардың бұлшық еттерінде, лимфа түйіндерінде және ішкі мүшелерде шоғырланады. 
	Егерде сараптаушы іріңді  ісіктерді анықтаса, маңындағы тканьдерді, лимфа түйіндерін тексереді. Егер оларда (тканьдерде) өзгерістер жоқ болса, онда етте іріңді микробтар жоқ деп есептелінеді. 
	Іріңді ошақтарды бауырдан тапса, онда іріңді микробтар, қан тамырлары арқылы ішектерден бауырға өтіп, денеде жалпы септикалық процесстер жүріп жатыр деп есептелінеді. 
	Флегмона  -  жайылып кетуге ықтимал, жұмсақ дәнекер тканьінің жіті түрде іріңдеп қабынуы. Бұл іріңді ісіктен де қауіпті, өйткені іріңді бактериялар зақымданған учаскелерден әртүрлі мүшелерге және тканьдерге өте кең арада өтеді. 
	Жаралар  -  тері және тері ащы тканьдерінің ашық жарақаттануы. Егер жара іріңдеп кетсе, онда жарада іріңді микробтардың өсіп-өну үрдістер жүріп жатыр деп есептелінеді. 
Санитарлық баға.
Егерде жекелеме ғана іріңді ісік және аумағы азғантай ғана жаралар болса және олардың уыты әсерінен лимфа түйіндері бүлінбесе (өзгермесе), зақымданған мүшелерді, немесе тканьдерді сылып тастайды да, ұшаны тағамға бөгетсіз босата береді. 
	Егерде көптеген іріңді ісік бір ғана мүшелерде немесе жекелеме іріңді ісік маңындағы лимфа түйіндерін зақымдаса және ұлғайған флегмона кездессе, бауырда іріңді ісік болса, онда зақымданған мүшелерді аластап, еттің қалған бөлігн тек қана бактериологиялық зерттеулерден кейін ғана тағамға пайдалануға болады.    
	Егерде лимфа түйіндерінде іріңді ісік кездессе, онда бүкіл ұшаны техникалық утилизацияға жатқызады. Егерде соятын малда жайылып кеткен іріңді жара кездестірсе және ол мал арық болса, онда ондай малды союға рұқсат етілмейді. 
	Зат алмасудың бұзылуы әсерінен бұлшық еттердің семіп-азуы айқындалса (беломышечная больезнь молодняка) (еттің түсі бозғылттанып, ылғалдылығы көбейіп, көлемі ұлғайып, болжыраған қалыпта болса), онда ұшаны барлық мүшелерімен техникалық утилизацияға жатқызады. Егерде етте семіп-азғындау процесстері шамалы байқалса, онда етті және ішкі мүшелерді сальмонеллаға тексереді. Егер сальмонелла табылса, онда ұшаны қайнату әдісімен зарарсыздандырады, ал ішкі мүшелерді техникалық утилизацияға жібереді. 
	Егер де сальмонелла жоқ болса, зақымданған мүшелерді пісірілген шұжық, консерві жасауға, ал зақымданған мүшелерді техникалық утилизацияға жатқызады. Егерде малдарға натрий селениті берілген болса (емдік, не алдын алу шаралары мақсатында), онда дәрі берілгеннен кейін ауыл шаруашылық малдарын 45 күннен соң, құстарды 30 күннен соң ғана союға болады. 
	Егер бұлшық ет, дәнекер тканінде және әртүрлі қуыстарда (көкірек, құрсақ) қанның жинақталғаны айқын байқалса, ондай жағдайда бұлшық ет өте жұмсақ, ылғалдылығы жоғары түрі қызғылт-сұр түсті, жамбас қуысында, бүйрек маңында,тері астында май тканьдері жоғалып, олардың орнына бозғылт-сары түсті қоймалжың зат пайда болады (жалқаяқ), онда бүкіл ұшаны техникалық утилизацияға жатқызады. Егер ұшда бұл үрдістер онша көп байқалмай, 1 күн ішінде бұндай белгілер жоғалып кетсе, онда бактериологиялық зерттеуден кейін ғана тағамға босатылуы мүмкін. 
	Зәр шығаратын түтіктердің бекітіліп қалуынан және бүйрек ауруларынан кейін зәр денеге жайылып кетуі мүмкін. Бұл жағдайды мал дәрігерлік ғылымда  -  уремия деп атайды. 
	Бұндай аурумен ауырған малдарда, сойған кезінде қаннан зәрдің иісі шығып тұрады. Егерде қуық жарылып кетсе, зәр құрсақ қуысына жиналып, құрсақ көк етінде қызыл дақтар пайда болып, бүкіл денеден аммиактың иісі шығып тұрады. Бұндай иісі тоңазытқанда жоғалуы мүмкін, бірақ, қайнатқанда қайта пайда болады. 
	Сондықтанда бұндай ұшаға санитарлық баға біреу  -  ақ. Барлық ұшаны тек қана техникалық утилизацияға жатқызады. 
	Егерде денеде, тканьдерде сарғаю (желтуха) пайда болса, (әртүрлі аурулар фасциолез, дикроцеллиоз, пироплазмоз, салмонеллез, каротині көп азық сығындылар т.б.) онда сарғаю 2 күннің ішінде ыдырап кетпесе, етте қышқыл дәм болса және нәжісінің дәмі болса (сынама алып, қайнатып текергенде), онда ұшаны техникалық утилизацияға жатқызады. Егерде ешқандай иісі болмай, сарғыштану 2 күннің ішінде жойылып (ыдырап) кетсе, онда етті тек қана бактериологиялық зерттеулерден кейін ғана тағамға босатады. Егер сарғаю азықтан және малдың жасына байланысты болса, онда етті бөгетсіз тағамға босата береді. 


Бақылау сұрақтары:
* Абцесс, флегмона, жаралар кезіндегі сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы
* Сепсис, гангрена кезінде сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы
* Зат алмасу бұзылу кезіндегі сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы
* Жоғары тыныс алу жолдарының қабынуы кезіндегі сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы
* Механикалық және термиялық зақымдану кезінде сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы
















                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                               Дәріс 12-13.
Радиоактивті заттармен зақымдалған сойыс өнімдерін ветеринариялық  - санитариялық сараптау.

Жоспар:

* Ионизациялық сәулелердің түрі, маңызы.
* Радиоактивті заттармен зақымданған малдарды дозиметриялық байқаудан өткізу сою.
* Сәуле ауруының сойғаннан кейінгі белгілері.
* Радиактивті заттармен зақымданған сойыс өнімдеріне санитарлық баға беру.

Радиациялық зақымдануға душар болған малдар тек оның өнімдерін малдәрігерлік-санитарлық сараптаудан өткізу үшін, радиациялық зақымдану кезінде организмде қандай өзгерістер болатынын; ионизациялық сәулелердің түрін (Гамма- бета, альфа сәулелер мен нейтронды ағым; радиоактивті заттардың организмге өту жолдары; сәулену дозасын білу өте қажет.
Горизонтовтың тұжырымы бойынша радиоактивті заттардың әсерінен организмде жүретін құбылыстарды 3 топқа бөледі: радиосегментік, радиозақымдану және компнсаторлық (орнына келу) процесстері.
Г.Г. Воккенің тұжырымы бойынша, радиозақымдану дегеніміз - органның не болмаса бүкіл организмнің қызметін бұзып, структуралық өзгерістер тудыратын радиацияның ең аз мөлшері (дозасы).
Ауыл шаруашылығы малдарының радиозақымдануы 150 Р дан 400 Р- ға( тауық, қоян)    диапазонда болады. 
Бұдан  радиосезгіштік пен радиоактивтік зақымдануға мынандай факторлар әсер етеді: малдың жасы, салмағы және организмнің ерекшеліктері, сәулену санына, әсіресе сараптаудан өткізу үшін- сәуленудің түрі (сыртқы, ішкі,аралас). 
Сыртқы сәулену: дегеніміз организмге түсетін сәуленің көзі сырттан ( басқа жақтан) ауадан келіп түседі. Бұлар ядролық жарылыстың радиациясы организмді қоршаған топырақта, ауада, суда және мал терісінде болады.Бұндай сәулену кезінде өте қуіпті деп гамма- сәулелер мен нейтрон ғымы есептелінеді (бета-ыдырау альфа-сәулелер)
Ішкі сәулену: Радиактивті заттардың ионизациялық сәулелері азық, су, ауа, тері ақылы организмге өту салдарынан ішкі сәулену болады. Бұл сәулену кезінде керісінше альфа- сәулелер өте улы деп есептелінеді, үйткені салмағының ауырлығы мен энергиясын байланысты 1 см жолда 100-250 мың қос ионын түзеді, ал бета- сәулелер 50-100 қос ионын, ал гамма- квант барлығы 6 -10 қос ионын түзеді. Осыдан қортынды шығарсақ, осылардың ішінен өзіндік өте жоғары ионизацияны альфа сәулелерде болғандықтан радиоулығы да өте жоғары деп есептелінеді.
Ауыл шаруашылық малдарының радиозақымдануға шалдығу дозасы ( ішкі сәуленуде) 3-5   м Ки/кг.
Егер сәулену сыртқы болса, өнімнің сапасын анықтағанда тек органолептикалық, патологиялық, бактериологиялық, биохимиялық, гистологиялық, зерттеулер жүргізілсе, ал ішкі сәулену кезінде ветеринариялық - санитариялық көрсеткіштерге қосымша радиометриялық зерттеулер жүргізілуі керек.
Аурудың қысқаша барысы. Ионизацияның сәулелердің адамдар мен жануарларда радиозақымдануға ұшыратып, өте күрделі патологиялық процесске  -  сәуле ауруына ұшыратады.
Ионизцияның сәулелердің белсенділігі  -  сәуле дозасына, сәуле дозасының сіңу күшіне, берілу энергиясына, сәуленің биологиялық тиімділігіне, сәулелердің органдарда таралуына, малдың физиологиялық жағдайына байланысты болады. 
Сәулелердің қортынды биологиялық тиімділігін зақымданған малдардың зақымданғаннан кейін 30 күн ішінде өлген малдың, процент мөлшеріне қарап есептейді. Оны ЛД 50/30 ( 30 күн ішінде зақымданған малдардың 50 процент) өлген, ЛД 100/30; 

ЛД 50/30;                                                     ЛД 100/ 30
                                       
           Ит                    350                                                           600
Қой,ешкі          550                                                           750
Сиыр                550                                                           650
Шошқа             600                                                           800
Тауық   900                                                          1200
     Жылқы             650                                                          1200
      Қоян                800                                                          1200.

Адамдар мен малдарда радияциялық патология 3 түрде кездеседі; сәуле ауруы,сәулелермен күю, кейінгі әсері. Сәуле ауру өте жіті түрде және созылмалы түрде өтуі мүмуін. Егер 10.000 Р болса, малда өте тез арада өтеді. Сәуле ауруы зақымдануына байланысты; жеңіл (150-250Р  -  сыртқы, ал ішкі сәулену 0,3-0,5 мк Ки/кг.

Орташа 250-400 Р ;                                0,1-0,5 мКи/кг.
Ауыр     400-750 Р;                                 3 м КИ/кг.
Өте ауыр 750 Р ден көп;                         5 м Ки/кг- көп.

Ал егер сәуле ауруының клиникалық белгілеріне байланысты: 4 сатыға бөлінеді.

* Алғашқы саты.
* Жасырын саты
* Клиникалық белгілері айқын біліну сатысы.
* Сауығу сатысы.

Бақылау сұрақтары:
* Сыртқы сәулелену дегеніміз не?
* Ішкі сәулелену дегеніміз не?
* Сәуле ауруы клиникалық белгілеріне қарай неше топқа бөлінеді?
* Радиометриялық зерттеу үшін сынама алу реті
* Радиоактивтік заттармен зақымданған етке және басқа сойыс өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан баға беру

ӘДЕБИЕТТЕР
1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық -  санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.437-453.
2. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.192-193.
3. Сенченко Б. С. <<Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животного и растительного происхождения>>. Ростов на Дону, 2001 г.с. 437-453.
4.Макаров В. А.   <<Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства>>. Москва, 1991 г.с. 184-192.

4 модуль. Тағамдық токсикоинфекция және токсикоздар.
                                       
                                Дәріс 14.
Тағамдық токсикоинфекция және токсикоздардың  ветеринариялық  - санитариялық алдын алу шаралары.
Жоспар:

1. Токсикоздар (улану) туралы түсінік.
2. Уланудың (токсикоздардың) классификациясы.
3. Токсикоздардың (уланудың) алдын алу шаралары.

Мал дәрігерлігі тек қана ауру малды емдеп, жазып қоймайды, ол адамдарды және жануарларды аурулардан сақтандыратынын өздерің жақсы білесіңдер. 
 Әлемнің әр жерінде, мал және өсімдік өнімдерін тағамға пайдаланғаннан болған ауруларды әртүрлі топтарға бөліп қарайды. Әсіресе, олар жеген тағамына байланысты: егер адам ет жеген соң ауырса  -  ем тек,  балық жеген соң- балықтан уланған деп есептеген
Өздеріңіз жақсы білесіздер, ет пен балық және жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер  -  адамдардың негізгі тағамы болып есептеледі. Ал олар неге адамдарда аурулар (токсикоздар) туғызады?. 
Аяқ астынан болған және жаппай уланғанды қалай түсіндіруге болады?
Бұрыңғы әдеби құралдардан белгілі адам және мал дәрігері еттің сапасын анықтағаннан кейін,  тағамға пайдаланған соң адамдар ауырған. Ал бұндай жағдай адам мал дәрігерін қатты ойландырып, алдарына үлкен міндеттер қояды.
Дүние жүзінін ғалымдары бұл жұмбақты көпке дейін шеше алмады. Кейбіреулер бұның себебі, еттің құрамында кей жағдайларда пайда болатын көгерткіш қышқылдың ( синильная кислота) әсерінен, ал біреулері нашар қалайыланған ыдыста тағамды қайнатқанда мыс тұздары пайда болып, солар уландырады деп түсіндірді.
 Бұзылған етте   болатыны анықталғаннан кейін, аурудың себебін белгілі бір жүйеде зерттей бастайды. Осы кезде ауру малдың етін пайдаланғанда болатын адам аурулары жөнінде еңбектер пайда бола бастады.
Өткен ғасырдың аяғында медицина және мал дәрігерлік микробиология дамыған кезде, еттен уланған паратифозды бактериялар (кейбір аурулардың қоздырғыштары) деп саналынды. Бұл қоздырғыштар етте дамып, улы заттар жинала береді. Ал етпен бірге адам денесіне өткенде, өте қауіпті ауру туғызады
Адам мен жануарлардың уланғанын ғалымдар бірге қарап, етті уландыратын қоздырғыштарды жинақтай отырып, 4 топқа бөледі. Оның негізгілері болып ботулинус бацилласы және паратифозды  бактериялар саналынып, қалғандары уыты күмәнді және нашар зерттелген микроорганизмдер қатарына жатқызылды.
Қоздырғыштарды бұндай бөлу, уланудың бар сұрағын ашпаса да, еттен болатын улануды әрі қарай зерттеуге үлкен жол ашып берді. Мысалы:
Зерттеушілердің қорытындылауынша, улану тек қана етте болатын улардан басқа, әртүрлі улы химиялық заттар және жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер де ауру (токсикоздар) туғызады. Бұдан басқа кейбір балықтардың еті, уылдырығы, бауыры, аналық клеткалары өзінің табиғатында уытты болып келеді, білместіктен тағамға пайдаланса, токсикоздар туғызады.
Көптеген ғалымдар астан кейін болатын аурулардың классификациясын құрастырып, ізделуде.
 Бұл бағытта Алматы Агротехникалық университеті  <<Ветеринариялық-санитариялық >> кафедрасы көп еңбек сіңірді. Бұлар <<еттен>>, <<балықтан>> уланған деген атауларды алмастырып, <<тағамдық аурулар>> және <<тағамдық токсикоздар>> деп атады.
Мысалы, бактериялар бөлген уыты бар тамақты жеп уланған адамның ауруының атын <<тағамдық бактериялармен улануы>> немесе <<тағамдық токсикоз>> деп атады, ал өсімдікпен уланғанда  -  фитотоксикоз ; егер де саңырауқұлақтың улы заттарымен уланғанда  - <<тағамдық микотоксикоз>> немесе қазақшаласақ  <<тағамдық саңырауқұлақтармен улану>> , ал минеральді және синтездік (синтетикалық) заттармен уланғанды  -  тағамдық химиялық  улану немесе <<тағамдық химиялық токсикоз>>.
Сондықтан бұндай бағыт барлық улануды біріктіріп, бір ғана топқа жинақтауға көмек берді және оған мынандай анықтама берілді. Сойыс малдарының өнімдері адамдарда пайда болатын індетті және инвазиялық ауруларлдың ( топалаң, туберкулез, бруцеллез, тениарринхоз) көзі болуы мүмкін. Одан басқа аурулар тудыры да, олар токсикоинфекция және токсикоз деп аталады. Бұлардың барлығы тек азықтан болатын аурулар, оларды екі топқа бөледі. 1. Бактериясыз болатын тағам аурулары; Бұл топқа организмге әр түрлі жолдармен түскен улы химикаттармен улы заттар бар тағмдармен улану.
-жануарлардан алынатын өнімдермен улану (улы балықтар: бауыры, уылдырық
-улы саңырауқұлақтармен, улы жеміс-жидектер.
-Себебі белгісіз уланулар; тамаққа аллергия және тағы басқа.

Бактериялар мен микробтар арқылы болған тағамдық аурулар. Бұл  2 түрге бөлінеді:
1.Улы инфекциялар (токсикоинфекциялар) бұлар микроорганизмдер мен олардың уларының біріккен әсерінен пайда болатын аурулар. Бұл микроорганизмдер: салмонеллар, эшерихий коли, протей Cl.perfringens , B. сereus.
2.Тағамдық токсикоз  -  дегеніміз микробтардың көп жиналып, өсуі әсерінен пайда болатын экзотоксиндердың  (сыртқы улардың) организмді улауы.Тағамдық токсикозды микробсыз-ақ улаудың өзі ғана тудыруы мүмкін. Экзотоксиндерді өнімдерде коккилі микроорганизмдер (стафилококки, стрептококки) анаэробты микрооргнизмдер және улы саңырауқұлақтар (Cl botulinum).
Тағамдық аурулар, не тағамнан болған аурулар дегеніміз - әр түрлі себептерден болған және клиникалық белгілері әр түрлі жіті және созылмалы түрде өтетін аурулар, бірақ та ауру пайда боларда, міндетті түрде тағам арқылы бактерия, вирус, саңырауқұлақ, тоғышар, химиялық улы заттар мал денесіне өтуі қажет.
Сондықтан да, уланудың классификацияның негізіне жеген тағам атына емес, уланудың себептері алынады.
Тағамдық аурулардың классификациясы (бөлінуі)
Тағамдық инфекциялар  -  туберкулез, бруцеллез, сальмонеллез, түйе обасы, орнитоз, аусыл және басқа да адамға, малға ортақ аурулардың (зооантропоноз) қоздырғыштары тағамдық инфекциялар туғызады. Бұдан басқа бұл топта жануарларда кездеспейтін, кейбір адам ауруларының қоздырғыштары (іш сүзегі (брюшной тиф), холера (тырысқақ) дизентерия (жұқпалы іш ауруы). Бірақ  бұлар да тағам арқылы жұғады.
* Тағамдық улы инфекциялар  -  Enterobacthereaceae семьясына жататын сальмонелла және бактериялар әр түрінің даму процесінде пайда болатын микроорганизмдердің және олардың уларының әсерінен туады. Кей жағдайларда олар басқа да микроорганизмдермен бірігіп, жиналып, адам үшін өте қауіп тудырады.
* Тағамдық инвазиялар  -  тоғышарлардың қоздырғыштары тағам арқылы адам денесіне өтуі. Бұлар трихинеллез, цистицеркоз, описторхоз және басқа гельминтоз қоздырғыштары.
* Тағамдық бактериотоксикоздар. Себебі, бактериал тектес улы уыт, басқа сөзбен айтсақ сыртқы уыт (экзотоксин). Мысалы: стафилококтар, стрептококтар және Cl. botulinus тағам өнімдерінде дамығанда пайда болатын уыт.
* Тағамдық фитотоксикоздар  (өсімдік токсикоздары).  Тағы және мәдени өсімдіктердің құрамында алкалоид немесе гликозид, салониндер,фито (токсиндер) сияқты уытты заттардың әсерінен улану.
* Тағамдық микотоксикоздар   -  саңырауқұлақтар бөлетін уытты заттардың (микотоксины) әсерінен туады. Бұған көбінесе фузариум және зеңді (көгерткіш) саңырауқұлақтар тұқымы жатады.
* Тағамдық зоотоксикоздар. Табиғатында улы мал өнімдерімен тағамданудың әсерінен болады (улы балықтар мен ұлулардың еті мен уылдырығы) және кейбір жәндіктермен зақымданған өнімдерді азыққа пайдаланғанда да ауру тууы мүмкін.
* Тағамдық  химиялық токсикоздар. Күшәлә ( мышьяк ), сары фосфор, гранозан,  хлорорганикалық  және басқа  химиялық улы заттармен уланудың әсерінен болатын токсикоз.  
* Тағамдық радиактивті заттармен зақымдану. Радиактивті заттармен зақымданған және радиактивті сәулемен  зақымданған өнімдерді тағамға пайдаланудың әсерінен болады.
* Әлі себебі өте нашар зерттелген басқадай токсикоздар. Мысалы: тағамдық аллергия туғызатын токсикоздар. 
Осы топтардың ішінен бүгінгі біздің бөліп қарайтынымыз: 
Тағамдық уытты инфекциялар.
Salmonella, Escherihia coli, Proteus тобына жататын микроорганизмдермен зақымданған тағамнан адамдардың ауруы. Адам организміне микроорганизмдер мен олардың уыттары қатар әсер еткенде ауру туғызады. Сондықтан да аты  -  уытты инфекциялар. 
Осылардың ішінен өте жиі кездесетіні Salmonella тобы тудыратын ауру  -  Сальмонеллез деп аталады. Кәдімгі тоңазытқыштың төменгі сатысында сақталған. Етте, сүтте сальмонеллалар тек қана сақталынып қоймай, дамиды да. Тұздау мен қақтау сальмонеллаға өте нашар әсер етеді. Комната температурасында ұсталынған шикі, пысқан, қуырылған етте сальмонеллалар өніп-өсіп, уыттарын жинай береді. Сүтті, етті және басқа өнімдерді 80* жоғары қыздырғанда сальмонелла жойылады. 
Сондықтан да мал өнімдерінің сальмонеллез ауруын туғызғанда рөлі өте жоғары. 
Сүт пен еттің рөлін айта кет. 
Сояр алдындағы диагностика. 
Сальмонеллез ауруларын екіге бөледі:  Бірінші және екінші.
Бірінші сальмонеллезге тән клиникалық белгісі бар аурулар ( бұзау паратифі, торай сүзегі, жылқынын індетті іш тастауы, балапандардың пуллорозы, тауық сүзегі). 
Белгілері: әлсіздік, маужырап меңзең болу, тәбеті нашар, дене қызуы 40-41* С, тышқақ , конъюктивит. Көбінесе жатады: Созылмалы түрі буындары ісіп кетеді, қан араласқан тышқақ.. 
Сойғаннан кейінгі диагностика. 

Көбінесе ет сарғайып кетеді. Бауыр ұлғаяды, сарғыш-қоңыр түске боялады, беткі жағы некроздар ошағына толып кетеді. Оларды паратифоз ошақтары деп атайды. Бұндай өзгерістерді көкбауырдан, бүйректен байқауға болады. 
Барлық сальмонеллез ауруларына күмәнданған жағдайа және еріксіз сойылған жағдайда еттерді бактериологиялық зерттеулерге жібереді.
Егер де сальмонелла бар деп табылса ( түрі міндетті емес) ішкі органды техникалық утильдеуге жатқызады, ал етін тек қана қайнатып, зарарсыздандырған соң ғана тағамға пайдаланады. 
Егер де сальмонелланы дайын ет тағамдарынан тапса ( колбаса, котлета )  -  оларды тағамға пайдалануға рұқсат етілмейді. 
Егер құс жұмыртқасы, пуллороз антигеніне оң реакция бере оларды нан пісіретін өнеркәсіпке жібереді, не болмаса 13-15 мин.қайнатады. Қайнатар алдында суық суға  салып, су қайнағаннан бастап қана уақытты санайды.
Егер сүтте сальмонелла бар болса, оны 85*-қа дейін 30 минут қыздырады, одан соң ол сүтті 5* температурада сақталуы қажет. 
 Ал енді ішек таяқшалары мен протея бактерия топтары тудыратын тағамдық уытты инфекцияларды қарастырсақ, олар табиғатта өте кеңінен тараған. 
Ет бұл микроорганизмдермен еттен ішекті бөлектегенде не етті бөлшектегенде, ішектер жарылып кеткен жағдайда; етті тасымалдағанда; егер де асханада санитарлық жағдайлар болмаған жағдайда зақымданады. Әсіресе, бұл организмдер дамуына тартылған ет, пысқан ет өте қолайлы. Егер ішек таяқшаларымен зақымданғанда органолептика өте көп өзгермейді, тек дәмі аздап өзгеруі мүмкін. Ал егер протея тобы дамығанда, зеңнің (плесени иісі) кейде шіріген жұмыртқаның иісі байқалады.
Санитарлық баға.
Күмәнданған еттен бактериологиялық зерттеулерге сынама жібереді.
Егер еті бұзылғаны және ішек таяқшалары мен протея байқалса, етті утилизацияға жатқызады. Егер де еттің бұзылғаны байқалмай, бірақ протея табылса, етті қайнатып зарарсыздандырады.

Бақылау сұрақтары:

  + Тағамдық инфекцияның классификациясы
  + Сальмонеллез кезінде сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы
  + Тағамдық сальмонеллездің алдын алу
  + Шартты патогенді бактериялардың жалпы сипаттамасы
  + Тағамдық токсикоинфекцияның эпидемиологиялық алдын алу.

ӘДЕБИЕТТЕР
1.Сенченко Б. С. <<Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животного и растительного происхождения>>. Ростов на Дону, 2001 г.с. 423

                                       
                                       
                                 Дәріс 15
Стафилакокк, стрептококк және анаэробты микроорганизмдер тудыратын токсикоздар.

Жоспар:

* Стафилококк және стрептококк этиологиясы, тағамдық бактериальдық токсикозы
* Стафилококк және стрептокк токсикозының эпидемиологиялық алдын алуы
* Ботулизм

Стафилококтар мен стрептококкалар тудыратын токсикоздар.

Қоршаған  ортада өте көптеген, әр түрлі стафилококкалар, стрептококкалар бар. Олар топырақта, суда, шаңда, ас өнімдерінде өте жақсы сақталады. Ал 70-80* ыстықта олар өліп қалады.
Санитарлық баға.
Егер етте органолептикалық өзгерістер жоқ болса, бірақ та ет тереңдігінде және түйіндерінде кокки-микрофлоралары табылса, етті қайнатып, зарарсыздандырады да тек қана ет нанын жасайтын цехтарға жібереді (өте жоғарғы температурада). Ішкі органдарды техникалық утильдеуге жатқызады.
Егер де органолептикалық әдістермен өзгерістер анықталса, онда етті және ішкі органдарды техникалық утильдеуге жатқызады.
Дайын тағамдардан кокки микрофлоралары табылса да техникалық утильдеуге жатқызады.                                                                                                                 
Ал енді тағамдық улы инфекциялардың және бактериотоксикоздардың қалай алдын алуға болады?
         1.Соятын мал өнімдерін өте мұқият түрде ветеринариялық  -  санитариялық бақылаудан өткізу
         2. Соятын малдарды сояр алдында аурулармен зақымданбауын қадағалау
         3. Союға  аштықта (24 сағаттан көп) үсіген, күн өткен т.б. факторларға ұшыраған малдарды рұқсат етпеу.
         4.Малдарды тек қасапханада сою
         5.Өнімдерді алғашқы өңдеуден өткізгенде, микрофлорамен зақымданбауын қадағалау.
         6.Өнімдерді сақтағанда, тасымалдаған микрофлорамен зақымданбауын қадағалау. Кеміргіштер мен насекомдардың ет және ет өнімдері сақталатын қоймаларда болмауын қадағалау.
         7.Ет өнімдерін  сальмонеллезге басқа микрофлоралар зақымдамау үшін төменгі 2-4С.
Сойғаннан кейінгі ұшаны, органдарды сараптаудан өткізу эпизоотиялық, санитарлық  -  эпидемиологиялық маңызы өте зор. Өте тиімді ұйымдастырылған ветеринариялық-санитариялық сараптау зақымданған органдарды аластауға, адамдарды түрлі жұқпалы аурулардан сақтандырады және малдар арасында ауру таратуға жол қойылмайды.
Сойғаннан кейінгі диагностика жасырын түрдегі ауруларды анықтайды, ол малдардың тірі күнінде белгі бермейді.
Ауру малдардың емін анықтауда лимфа системасының ролі өте жоғары. Лимфа түйіндері  -  зат алмасу кезіндегі болған патологиялық заттарды, микроорганизмдерді және оның уларын түзіп, организмді тазартып отыратын сүзгі. Осы лимфа түйіндері макро және микроорганизмдердің кездесуінен патологиялық өзгерістер пайда болады. Егер жергілікті жерде (бір тұста) патологиялық. процесс болса, сол обылыстан лимфа жинайтын лимфа түйіндері байқалады. Сондықтан да лимфа түйіндерінің өзгеруіне байланысты, инфекцияның таралуын және ауру сатысын анықтауға болады.


Бақылау сұрақтары:

1.Стафилококк және стрептокк токсикозының эпидемиологиясы
2.Стафилококк және стрептокк этиологиясы, токсикоздың алдын алу
3.Ботулизм. Сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы.

ӘДЕБИЕТТЕР
1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық -  санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.423-427.
2. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.199-201.
        3.Макаров В. А.   <<Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства>>. Москва, 1991 г.с. 199-220.

                      3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ

                   * модуль.Пәнге кіріспе
1.1.микромодуль. Етті сараптау.

                      ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ 2
  ӘРТҮРЛІ МАЛ ЕТІНІҢ БАЛАУСАЛЫҒЫН АНЫҚТАУ.
Сабақтың мақсаты: ауылшаруашылық малдарының етінің балаусалығын органолептикалық, химиялық және микробиологиялық зерттеу арқылы анықтау әдістемесін оқып - меңгеру.
Жұмыс жоспары:
* сынама алу тәртібімен танысу;
* зерттеліп отырған ет үлгісінің сыртқы түрін, түсін, консистенциясын, иісін және май жағдайын анықтау;
* сорпаның мөлдірлігі мен иісін бағалау үшін қайнату сынамасын жүргізу;
* зерттеліп отырған ет үлгісінің балаусалық дәрежесін органолептикалық көрсеткіштері бойынша қорытынды беру;
* етке микроскопиялық зерттеу жүргізу;
* еттегі ұшқыш май қышқылдарының сандық мөлшерін анықтау ( тек ғана әдістемесін оқу, реакцияның мәні және санитариялық бағасы)
* сорпадағы белоктардың ыдырауын анықтау немесе күкірт қышқылды мыс реакциясын қою;
* еттегі аммиак және аммоний тұзын анықтау;
* пероксидаза реакциясын қою;
* еттің рн анықтау;
* үлгіге күкіртқышқылын қою;
* зерттеліп отырған ет үлгісінің балаусалық дәрежесін химиялық және микроскопиялық көрсеткіштері бойынша қорытынды беру;
Құрал - жабдықтар:
Балаусалығы әртүрлі дәрежедегі ет үлгісі; зертханалық таразылар; электронды су моншасы; қайшы және пинцет; өлшеуіш цилиндрлер 25, 100, 250 мл; шыны таяқша; колба  100 мл; сүзгіш қағаз; дистилденген су; микроскоп; металлды шпатель; заттық шыны; этил спирті; бояуыштардың толық комплектісі және Грам әдісі бойынша бояуға арналған реакивтер; бюретка; 0,1 н гидроокись калий немесе гидроокись натрий ертіндісі; 1 % фенофталеиннің спиртті ертіндісі; стакандар; воронка; градуирленген пипетка; 5 % күкіртұышқылды мыс ертіндісі; Несслер реактиві; рН - метр <<Анион>>.
Методикалық нұсқаулар:
Еттің жас екендігін мемлекеттік стандарттың (МЕМ СТ 7269 - 79) талаптарына сәйкес анықтайды, химиялық және микроскопиялық әдістер (МЕМ СТ 23392 -78) қолданылады.
Сынама алу. Сынамаға алынатын еттің мөлшері 200 г-нан кем болмауы керек. Ол үшін бауыздауынан, 4-5 - ші мойын омыртқа тұсынан, жауырын және жамбастың қалың бұлшық етінен кесіліп сынама алынады. Керек болған жағдайда ішкі ағзалардан (субөнімдерден) да 200 г кем емес мөлшерінде сынама алынады. Зертханаға жіберер алдында пергамент қағазға орап, қарындашпен мүше аттарын, ұшаның реттік санын жазады. Әрбір ұшадан бөлек-бөлек алынып темір жәшікке салып, мөр басылады, пломба соғылады. Оған қоса, сынама алынған күні, орны, ет түрі, ұшаның реттік саны, сынаманы жіберу себебі, зерттеу мақсаты жазылып, жіберушінің қолы қойылады. 
Еттің органолептикалық (сезімдік) көрсеткіштері. Сиыр, қой, шошқа және т.б. жануарлардың етінің жас екенін білу үшін еттің сыртқы түсін, консистенциясын (жұмсақ - қаттылығын),  иісін, майы мен сіңірінің күйін және сорпаның тұнықтығы мен хош иісін анықтайды.
           Еттің сыртқы түсі. Еттің сыртқы түсі табиғи жарықтанған бөлмеде тексеріледі. Ол үшін еттің сыртқы қабатындағы қабықшаға көңіл аударады. Саусақпен еттің жабысқақтығын, сүзгіш қағазбен ылғалдылығын (сүзгіш қағазды еттің кескен жеріне қою арқылы) анықтайды. Жас еттің қабықшасы қағаз тәрізді шытырлап тұрады, түсі ақшыл-қызыл, бұлшық етті кескен кезде сәл ылғалды  -  сүзгіш қағазында дақ қалмайды, еттің сөлі тұнық болады. Жас екендігіне күдік немесе күмән тудыратын ет ылғалдылау, жабысқақ, сәл күңгірт тартқан болып келеді, кескен еттің арасы ылғалды. Тоңазытылған ет болса, жібіген кезде еттің сөлі бұлыңғыр, (тұнық емес) болуы мүмкін. Жас емес (бұзылған) еттің сыртқы жағы кеуіп кетеді, шырыштанып, немесе көгеруі мүмкін. Кесілген тұсы ылғалды, сүзгіш қағазына дақ қалдырады, ет қолға жабысып тұрады. Қайта жібітілген еттің сөлі өте бұлыңғыр болады.
           Еттің консистенциясын (жұмсақ - қаттылығы) анықтау. Еттің консистенциясынзерттегенде саусақпен ет үстінен басып керіп, пайда болған шұңқырдың қалпына келу жылдамдығын қадағалайды. Ет жас болатын болса, тығыз, серпімді болып келеді, пайда болған шұңқыр өз қалпына тез келеді. Жас екендігіне күмән тудыратын ет болса, аса тығыз болмайды, шұңқыр өз қалпына жайырақ келеді(1 мин), еттің майы жұмсақ болады. Бұзылған ет (жас емес) жұмсақ болып босап кетеді, шұңқыр өз қалпына қайтып келмейді.
Еттің иісі. Еттің иісін анықтағанда ең алдымен еттің сыртқы қабатының иісін, содан кейін оны тіліп, ішкі қабатының иісін анықтайды, әсіресе сүйектің тұсындағы еттің иісі жақсы сезіледі. Жас еттің, әр малдың өзіне тән иісі болады. Күмәнді еттің иісі қышқылдау болып келеді. Бұзылған еттің иісі қышқыл, сасық болады.
Еттің жас екендігін оның майы бойынша анықтау үшін майдың сыртқы түрін, иісін және жұмсақтығын (консистенция) анықтайды. Сиырдың жас майы ақ, ақ  -  сары  немесе сары түсті болады, консистенциясы қатты, саусақ арасына салып қысқан кезде үгіліп тұрады. Шошқа майы ақ, ақшыл қызғылт, жұмсақ, созылмалы. Қойдың майы ақ, тығыз. Майда бөтен, ашыған иіс болмауы керек. Жас екендігіне күмән келтіретін ет майының түсі өзгеріп сұрғылт боз түсті болып келеді, қолға сәл жабысады, аздаған жағымсыз иісі болуы мүмкін.
Ескірген майдың түсі күңгірт-сұр болады, саусақтардың арасына салып езген кезде, жағылып (жұғып) қалады. 
Сіңірдің күйін анықтау. Еттің сапасын оның сіңірінің сапасы бойынша да анықтауға болады. Жас еттің сіңірі серпімді, тығыз, беті жылтыр, тегіс болады. Күмәнді еттің сіңірі аса тығыз болмайды, беті жылтыр емес, күңгірттеу келеді. Ескі еттің сіңірі жұмсақ, түсі сұрғылт, сырты шырыштанып тұрады. 
Сорпаның тұнықтығы мен хош иісін анықтау. Сорпаның тұнық және хош иісті екенін білу үшін қайнату сынамасын қолданады. Ол үшін ұсақталған 20г етті колбаға салып, үстіне 60 мл тазартылған су құяды, жақсылап араластырып, бетін шынымен жауып, қайнап тұрған су ваннасына қояды. Температура 800С - қа жеткенде шыныны ашып, шыққан буды зерттеуші мұрнына қарай желпу арқылы сорпа иісі анықталады.
          Сорпаның біраз мөлшерін таза пробиркаға құйып, жай көзбен оның тұнықтығын анықтайды. Жас еттің сорпасы тұнық, хош иісті, майы бетінде қалқып тұрады. Күмәнді еттің сорпасы тұнық болуы мүмкін, бірақ аздаған жағымсыз иісі болады.

      Жас еттің химиялық зерттеу әдістері 

Микроскопия әдісі. Зерттеуге жас еттің күйін анықтауға арналған ет жарамды. Микробиологиялық талдаудың негізіне жұғындыны зерттегеніндегі бактериялардың саны мен бұлшық еттердің ыдырауы алынады. Зерттеуге арналған еттің сыртқы бетін спиртовкада күйдіріп, стерилденген қайшымен мөлшері 2,0 х 5 х 2,5 см кесек ет кесіп алады да, төсеніш шыныға жұғын - таңба салады.Прерпараттарды ауада кептіреді, жалынға ұстап бекітеді, Грам әдісі бойынша бояйды да, микроскоп арқылы зерттейді.Егер жұғын - таңбада ешқандай микрофлора болмаса немесе препараттың көру аймағында бір - екі коккилер мен таяқшалар (10 шақты) болса және бұлшық ет ұлпаларының ыдыраған ізі байқалмаса, ет жас деп есептелінеді.Егер жұғын-таңбадан 30-ға дейін микробтар табылса және бұлшық ет ұлпалардың ыдырау іздері байқалса, онда ет жас екендігіне күдік туындайды. Егер жұғын-таңбадан 30 - дан астам микробтар көрініп, бұлшық ет ұлпаларының толықтанып, ет талшықтары бір-бірінен мүлдем ажыратылмаса онда мұндай ет жас емес (ескі) деп есептелінеді.

Ұшпа май қышқылдарының мөлшерін анықтау (ҰМҚ).  Бұл әдіс етті сақтау кезінде жинақталған ұшпа май қышқылдарын бөліп алуға және олардың мөлшерін калийдің тотығымен дистилятты титрлеу арқылы анықтауға арналған.
Ұшпа май қышқылдарының мөлшерін ұшатын заттардысу буымен айдауға арналған аспапта анықтайды. 25г ет сынамасын түбі домалақтанған колбаға салып, үстіне 150 мл 2% күкірт қышқылы ерітіндісін құяды.Колба ішіндегі сұйықты араластырып, тығынмен жабады. Суытқыштың төменгі жағына 250 мл колба қойылады, оның 200 мл мөлшерін белгілеп қояды. Үнемі қызып тұратын тегіс түпті колбаны қыздырып, бумен ұшпа май қышқылдарын суытқыштың төменгі жағындағы колбадағы сұйық 200 мл болғанынша айдайды. Дистилятты 0.1 н. натрий не калий сілтісімен жоғалмайтын қызғылт түске боялғанша титрлейді. Зерттеу кезеңінде бір мезгілде бақылау сынамасы қойылады,титрлеуге етсіз реактив пайдаланылады. 
Ұшпа май қышқылдарының мөлшерін төменгі формуламен анықтайды:

X=а-вк.5.61.100с

  а - калий гидроокисінің 0,1 н сілті ерітіндісінің еттің 200 мл дистилятын титрлеуге кеткен мөлшері, мл;
  в  -  калий гидроокисінің 0,1 н сілті ерітіндісінің бақылаудағы етсіз 200 мл дистилятын титрлеуге кеткен мөлшері, мл;
  5,61 -  1 мл 0,1 н сілті ерітіндісіндегі, калий гидроокисінің мөлшері, мл; 
  к - 0,1 н сілті ерітіндісі үшін түзету коэффициенті; 
  с  -  сынама салмағы, г.

ҰМҚ анықтау үшін арнайы аспаптар құрастырылады. Жас еттегі ҰМҚ  - ның мөлшері 4 мл -ге дейін болуы керек. Күмәнді етте ҰМҚ  - ның мөлшері 4,1 - 9 мл - ге дейін. Ескі етте ҰМҚ  - ның мөлшері одан да жоғары болады.

Сорпадан белоктардың ыдырауынан пайда болған өнімдерді анықтау. 5 % - тік күкірт қышқылды мыс ертіндісімен реакция.  Ыстық сорпаны сүзіп алып, суытқаннан кейін, пробиркаға 2 мл тұнық сорпа және 3 тамшы 5% - тік күкірт қышқылды мыс ерітіндісін құяды. Жақсылап араластырып 5 минуттан кейін нәтижесін анықтайды. Күмәнді еттің сорпасы бұлыңғырланады.  Ескі еттің сорпасы қоймалжың тартып, ұйыған тәріздес болады. 
        Аминді - аммиакты азотты Г.В.Колоболотский әдісімен анықтау. Етте амин қышқылдары мен аммиактың жиналуы оның бұзылғандығын көрсететін негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Аминді - аммиакты анықтау үшін белоктан ажыратылған ет сығындысын екі рет титрлейді: бірінші қоспа индикатормен (0,1% нейтральроттың және метилен көгінің бірдей қоспасы) қышқыл заттары бейтарапталып, рН- 7-ге дейін жеткізіледі, сонан соң бейтарапты фомалин қосылып, екінші қоспа индикатормен (1-бөлшегі  0,1% -ды тимолблау ертіндісі және 3 бөлшегі 1% фенолфталиннің 50 % -ды спирттегі ертіндісі) рН-9-ға жеткенше титрлейді. Амин қышқылдарындағы амин тобының қос сутегі көмірсутек радикалдарымен ауысады, соның нәтижесінде амин қышқылдарының сілтілік қасиеті жойылып, тек қана қышқыл тобы қалады. Ал формалин мен амоний тұздарының қосылуы нәтижесінде сол көлемдегі бос қышқыл бөлініп шығады.
Жұмысты жүргізу тәртібі: Ет сығындысын дайындау үшін, колбаға 25г ет сынамасын салып, үстіне100 мл дистилденген су қосылады. Қоспа  3 минут шайқалып, 2 минут тұндырылады да, тағы да 2 минут шайқалады. Сығынды 2-3 қабат дәке сүзгіден өткізіледі. 100 мл-лік өлшегіш колбаға 40 мл ет сығындысын құйып, белокты тұндыру үшін  10%-ды алюминий ашудасы және ащы барий (барий гидрототығының қаныққан ертіндісі) қосылады. Бұл екі қосындының жалпы көлемі ет сығындысының көлемімен бірдей немесе сәл көбірек болуы қажет.
      Алдын ала 10%-ды ашудасты бейтараптауға кететін ащы барий көлемі анықталады. Ол үшін 10 мл 10%-ды алюминий квасцына 5 тамшы 1%-ды фенолфталин қосылып, ащы барий ертіндісімен титрлейді. Ашудасты бейтараптауға  кеткен барий гидроксидінің мөлшеріне сәйкес, белокты тұндыруға қажетті реактивтердің мөлшері, анықталады. Мысалы: 10%-ды алюминий ашудасын бейтараптауға 8 мл ащы барийдің қаныққан ертіндісі кетті делік. Онда 40 мл ет сығындысындағы белоктты тұндыру үшін 25мл 10%-ды алюминий ашудасы мен 20 мл ащы барий ертіндісін қосу керек. Сонан соң, колбаның 100 мл-лік белгісіне дейін дистилденген су қосылады. Екінші 100 мл-лік колбаға (бақылау үшін) осы көлемдегі ашудас пен осы көлемдегі барий ертіндісі алынып, сумен  100 мл дейін жеткізіледі. Екі колбада 10 минут тұндырылады. 
     Тексерілетін ет ет сығындысынан және бақылауға алынған ертінділер қағаз сүзгіден өткізіліп, олардағы аминді - аммиакты азоттың мөлшері анықталады.
      Конус тәріздес колбаға 20 мл сүзінді құйылып, оған 0,3 мл, бірінші қоспа индикатор (бірдей мөлшерде алынған нейтралрот және метилен  көгінің 1%-ды спирттегі ертінділерінің қоспасы) қосылады. Бұл қоспа күйдіргіш натрдың 0,1н ертіндісімен бейтараптанғанша титрленеді (ерітінді көк түстен жасылға ауысқанға дейін). Сонан соң, колбаға алдын ала бейтараптау реакциясына дейін осы индикатормен титрленген 10 мл  формалин және 0,5 мл екінші қоспа индикатор ( 1 бөлігі 0,1% тимол көгінің  3 бөлігі 1% фенолфталеиннің 50% спирттегі ертіндісі) қосылады. Колбадағы сұйық көкшіл түске боялады. Ол тағы да 0,1н натрий гидроксидінің ертіндісімен титрленеді. Сілті қосылу барысында сүзінді ашық жасыл түске боялады, кейінен қайтадан көк түске түседі. Осы жасылдан көк түске ауысу кезеңі титрдеудің соңы деп есептелінеді. Сонымен қатар, 20мл бақылау етіндісімен де дәл осылай титрлеу жүргізіледі.
         Аминді - аммиакты азоттың мөлшері (Х-100г етте, мг есебімен) төмендегі формула бойынша анықталады.
X=1.4*100*100( (А1-А2)25*40*20


                                              немесе    Х =70 (У1- У2)

         А1-тексерілетін сүзіндіні тиртеуге кеткен 0,1н күйдіргіш натр ерітіндісінің көлемі, мл; 
         А2 - бақылауға арналған ерітіндіні титреуге кеткен сілті көлемі, мл;
Жас (балауса) еттегі аминді - аммиакты азоттың мөлшері 80 мг % аспайды, ал балаусалығы күдікті етте 80-130 мг%, бұзылған етте 130 мг% - тен жоғары. 

Бақылау сұрақтары:
* Сынама алу ережелерінің талаптары.
* Сезімдік зерттеулерге қандай зерттеулер жатады?
* Бактериоскопиялық зерттеудің маңызын түсіндіріңіз.
* Еттің биохимиялық зерттеулері, мәні, маңызы.
* Ет сапасы туралы анықтамаға түсініктеме беріңіз.




ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі : 
1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық -  санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.356-365.
2. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.1.
3. Сенченко Б. С. <<Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животного и растительного происхождения>>. Ростов на Дону, 2001 г.с. 82-98.
Қосымша: 
4.Макаров В. А.   <<Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства>>. Москва, 1991 г.с. 463.
5.Макаров В.А. <<Практикум по ветсанэкспертизе>> М.-1987г.с. 25-26, 31-33.

                     ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ 3.
      ЕТТІҢ ҚАЙ ТҮЛІККЕ ЖАТАТЫНЫН АНЫҚТАУ.

Сабақтыңмақсаты: Ет үлгілерін органолептикалық көрсеткіштері бойынша, етті сүйек және ішкі органдар құрылысы бойынша, майдың еру температурасы, гликоген және преципитация реакциялары бойынша қай түлікке жататынын анықтау.
Жұмыс жоспары:
* Ұша құрылысын, еттің түсі бойынша органолептикалық зерттеу.
* Әр түрлі сүйек және ішкі органдардың құрылысын анықтау.
* Майдың физико  -  химиялық көрсеткіштерін анықтау.
* Гликоген реакциясы.
* Преципитация реакциясы
* Еттің қай түлікке жататыны туралы қорытынды беру
	Құрал  -  жабдықтар: 200-300 г әр түліктің еті, сүйектері, пинцет, скальпель, қайшы, етті қайнатуға арналған қазандар, электр плиткалары,  зертханалық  таразы, ұшқыш заттарды бөлуге арналған құрал,  хиимиялық және преципитация пробиркалары, цилиндр, конус пішінді колба, тамызғыштар, микро бюреткалар, сүзгіш, фильтр қағаздар, пастер пипеткалары, рН метр  -  410 <<Аквилон>>, люминоскоп <<Филин>>, әр түрлі мал преципитациялаушы қансарысуы, физикалық ерітінді, дистельденген су.
Реактивтер:күкірт қышқылы, люголь ерітіндісі, қансарысуы, күкірт қышқылды калий, 33-40% күйдіргіш натрий ерітіндісі, 0,1 Н күкірт қышқылы, Несслер реактиві, Ташир аралас индикаторы, 10% күкіртті мыс қышқылы, эфир, хлороформ, дистильденген су, Фелинг реактиві, 1,5% глюкоза ерітіндісі, 1% натрий сульфаты, 2-2,5% тұз қышқылы, 3% сірке қышқылы, 1% крахмал, құм. 
	Методикалық нұсқаулар:
Ветеринария тәжірибесіне әртүрлі жағдайларға байланысты (ұрлық, алдап сату) еттің қай түлікке жататындығын анықтауға тура келеді. Ол үшін еттің органолептикалық, физикалық, химиялық әдістері және сүйектің анатомиялық құрылысы мен ағзаларының ерекшеліктері бойынша анықтау әдістері қолданылады. 
Көп жағдайда сиыр еті деп - марал, бұғы, бұлан, жылқы, түйе еттерін; қой еті деп - ешкі етін; ешкі еті деп - ит етін; қоян еті деп- мысық етін алмастырып, алдап сату жиі кездеседі. Оған қоса, ветеринариялық- санитариялық дәрігер құқық қорғау органдарының тапсырмасымен сараптау жұмыстарына да тартылады. Сараптаудың бұл түрі ұрлық, браконьерлік және алдап сатумен (фальсификация) айналысқандарды заңға тарту мақсатында жүргізіледі.

Органолептикалық - сезімдік әдіс. 
Әр түлік малдың етін бір  -  бірінен ажырату үшін, ветсансараптаудан өткізгенде, бірінші  сыртқы морфологиялық  көріністеріне көңіл аударады. Сондай-ақ еттің иісі, түсі, пішіні, консистенциясы және қаңқа сүйектерінің ерекшеліктерін ескереді.
Сиыр еті  ашық  -  қызыл түсті, өгіз етіне қарағанда жұмсақтау, ет талшықтары ұзын әрі жіңішке, хош иісті. Тері астындығы май ақ немесе сарғыш түсті. Ал іш майлары ақ сарғыш, сарғыш, катқыл. Жас малдың еті ақшыл, қызыл түсті. Ет талшықтары жіңішке, тері асты әдетте майсыз, іш майы ақ түсті, қатқыл. 
Қой еті ашық қызыд немесе қоңыр қызыл түсті. Еттің консистенциясы жұмсақ, ет талшықтары қысқа. Өзіндік иісі бар. Қозы еті ақшыл қызыл түсті, иіссіз, жұмсақ. Трі асты майы ақ түсті, қатқыл, үгілмелі, іш майы ақ немесе ақ сұр түсті.
Ешкі еті қой етіне қарағанда майы аз, еті ашық қызыл түсті, ал кәрі ешкі қоңыр қызыл түсті.
Жылқыеті қою қызыл түсті, қатқыл, талшықтары қысқа, жуан. Тері астындағы май әдетте мойында (жал) ғана кездеседі. Майы сарғыш түсті, қолда ериді. 
Шошқа еті жас шошқаның еті қызғылт, кәрі шошқа еті қызыл түсті, еті жұмсақ, талшығы ұзын, жіңішке. Тері астындағы май ақ, кейде қызғылт, жұмсақ, іш майы ақ түсті келеді. 

Физикалық  -  химиялық әдістер
Әртүрлі жануарлардың етін майының еру температурасына және майының сыну коэффициентіне зерттеу арқылы анықтауға болады. Бұл көрсеткіштер қаныққан және қанықпаған май қышқылдарының ара қатынасына байланысты болады. Әртүрлі жануарлардың майының еру температурасы 6 кестеде көрсетілген.

Майдың еру температурасын анықтау. Майдың еру температурасы құрамындағы қаныққан және қанықпаған май қышқылдарының қатынасына байланысты болады. Ит, жылқы, содан соң шошқа майларының еру температурасы өте төмен, ал сиыр мен қойдың майының еру температурасы жоғары болады. Бірақ та, түрі бірдей малдардың еру температурасы жынысына, азықтану түрлеріне байланысты өзгеріп отырады. Сонымен қатар, тері астындағы май іш майға (бүйрек майы, шажырқай т.б.) қарағанда  тезірек ериді. 
Майдың еру температурасы бойынша еттің түрін анықтау еру температурасында өте көп айырмашылық болған жағдайда ғана қолданылады. 
          Мысалы: қойдың майын, иттің майын, жылқының майынан ажыратуға болады. 
Анықтау тәсілі. Диаметрі 1,4 - 1,5 мм, ұзындығы 1,5 - 2см капиллярды (жіңішке шыны түтікті) еріген маймен толтырып, тоңазытқышқа салып қатырғаннан кейін оны жіңішке резеңкемен термометрге бекітеді. Термометрді капиллярмен бірге кең пробиркаға салады. Пробирканы су құйылған стаканға салады. Стаканды ақырындап қыздыра бастайды, содан соң термометрдің көрсеткіші мен капиллярдағы майдың күйін мұқият қадағалау керек. Майдың мөп - мөлдір болған сәтін майдың еру температурасы деп белгілейді. Алынған сандарды мына кестедегі көрсеткіштермен салыстыру арқылы майдың түрін анықтайды.

Кесте 1.   Жануарлар майының еру температурасы

Майдың түрі
                    еру температурасы, 0С
Қой майы
                                   50  -  55
Сиыр майы
                                   47  -  50
Шошқа майы
                                   40  -  44
Шошқа майы
                                   30  -  33
Ит майы
                                   22 -  23

	Майдың сыну коэффициентін анықтау. Әртүрлі деңгейдегі рефрактометрлердің көмегімен анықталады. Майдың жарықты бөлу (рефракция)  қасиеті құрамындағы үшглицеридтің санына және қаныққан және қанықпаған май қышқылдарының арақатынасына байланысты болады. Бастапқыда рефрактометрді дистилденген сумен қояды ( n = 1,333).Майдың сыну коэффициентін майдың еру температуасына жақын температурада табады. Егер еру температурасы 20 0С - дан жоғары болса, сыну коэффициентінтөменгі формуламен есептеп шығарады:          

                                  n20 = n +(T-20 )0,00035

n20  -  200С  -  тағы сыну коэффициенті; n  -  зерттеу температуасындағы сыну коэффициенті;  (0T-20 )  -  температура айырмашылықтары; 0,00035  -  тұрақты сан.

Рефрактометрдің төменгі призмасына зерттелетін май тамшысынтамызады.
Жарықты жарықтандырғыш призмаға қарай бағыттап, окуляр арқылыбақылау жүргізеді. Жарық көлеңкелері өтетін шкалалардың бөлінуін анықтайды осы бөлінулер зерттелген майдың сыну коэффициенті болып саналады. 
Жануарлар майы 20 0С  -  та төменгі сыну коэффициентімен сипатталады.

Жылқы майы     - 1,4563  -  1,4590
Қой майы           - 1,4468 - 1,4490        Суыр майы        - 1,467  -  1,468
Сиыр майы        - 1,4470 - 1,4480         Аю майы            - 1,4541
Шошқа майы     - 1,4500 - 1,4560         Борсық майы     - 1,456  -  1,466
Ит майы            - 1,4512                      Мысық майы     - 1,4563

Гликогенді сапалы реакциямен анықтау. Зерттеуге арналған етті жақсылап ұсақтап турайды, оған 1 : 4 есебінде су құйып, 30 минут қайнатады (25 г ет + 100 мл су). Содан соң, оны суытып, қағаз сүзгіш арқылы сүзіп алады. Таза пробиркаға  3-5 мл тұнық сорпа және 5-10 тамшы Люголь ертіндісін құяды ( 2 г кристалды иод, 4 г иодисті калии және 100мл су). Реакция нәтижелі болса, 80 0С  -  та жоғалып, суытқанда қайта пайда болатын сорпа күрең қызыл түске боялады. Теріс реакция болса  -  сары, күмәнді реакция болса - сарғыш түске боялады.
Иттің, жылқының, түйенің және аюдың еттері көбінесе гликогенге нәтижелі реакция береді. Қой, ешкі, ірі қара және шошқа еттері нәтижесіз реакция береді. Гликоген реакциясы бойынша соңғы қорытынды жасауға болмайды
Мысалы, барлық жас малдың еті гликогенге нәтижелі реакция береді, ал енді кәрі және ауру малдардың еті, сонымен қатар бас пен мойыннан алынған еттер, әруақытта гликогенге нәтижесіз реакция береді.
Преципитация реакциясы (Шөгеру реакциясы).   Шөгеру реакциясы өзінің антигеніне сәйкес сарысудың әсерінен тұнба түсуіне негізделген, Бұл әртүрлі жануарлар етін, ол жас ет болса да, тұздалса да, жылумен өңделсе де  анықтайтын өте дәл әдіс. Шөгеру реакциясын қою үшін арнайы сәйкестендірілген сарысулар, әртүрлі жануарлардың қалыптағы қан сарысуы қажет. Алғашында сарысулардың титрі мен сәйкестігін анықтайды.  Әртүрлі жануарлардың қалыптағы қан сарысуынан 1:100; 1:1000; 1.5000; 1:10000 езінділер дайындайды. Әрі қарай жануарлар түріне байланысты этикеткада көрсетілген нұсқауды қолданады. Езінділерге шағын пробиркалар пайдаланылады. 0,9 мл қалыптағы сарысуға пастеров пипеткасымен 0,1 мл шөгеру сарысуын қабаттастырып енгізеді. Егер жануар сарысуының белогын 1:10000 езіндісінде тұнбаға түсірсе, сарысу жарамды деп есептеледі. 
                                       
3 - сурет. Мүйізді ірі қараның (I), жылқының(II), шошқаның (III), иттің (IV) тоқпан жілігі.
1 - мойын;  2  -  иық сүйегінің басы; 3  -  үлкен латералды төмпешік; 4  -  төмпешаралық арна; 5  -  кішкене медиалды төмпешік; 6  -  дельта тәрізді бұдырлану; 7  -  тоқпан жіліктің қыры; 8  -  тоқпан жіліктің тіреуі; 9  -  латералды (бүгілдіргіш) айдаршық; 10  -  шынтақ ойығы ; 11  -  шынтақ тесігі 
                                       
4 - сурет. Мүйізді ірі қараның (I), жылқының (II), шошқаның (III), иттің (IV) иық сүйектері өсіндісі
1 - кәрі жілік; 2 - кәрі жіліктің буын құрастыратын ойығы; 3  -  шынтақ сүйектің төмпешігі; 4 -  шынтақ сүйегінің өсіндісі; 5  -  шынтақ сүйегі; 6 - алдыңғы иық сүйектерінің сүйек аралық кеңістігі; 7 - кәрі жіліктің біз тәрізді өсіндісі; 8  -  шынтақ сүйектің біз тәрізді өсіндісі.

                                       
5 - сурет. Мүйізді ірі қараның (I), жылқының(II), шошқаның (III), иттің (IV) кеуде омыртқа
1  -  көлденең өсінді; 2 - көлденең өсіндінің қабырға басының ойықтары; 3  -  краниалды қабырға шұңқыры; 4  -  омыртқаның басы; 41 - омыртқа шұңқыры; 5  -  омыртқа денесі; 6  -  омыртқаның латералды тесігі; 7  -  краниалды буын өсінділері; 71каудалды буын өскіні; 8 -  омыртқа сағағы; 9  -  омыртқаның каудалды ойығы.
                                       
                                       
6 - сурет. Мүйізді ірі қараның (I), жылқының(II), шошқаның (III), иттің (IV) жауырыны
1 - буын ойығымен буын бұрышы; 2  -  буынның жоғарғы дөңесі; 3  -  жауырынның мойыны; 4  -  акрамион; 5  - жауырын қыры; 6  -  жауырын қырының төмпешігі; 7  -  жауырын қырарты шұңқыры; 8  -  жауырын қыралды шұңқыры; 9  -  жауырынның негізі; 10  -  жауырынның шеміршегі.


                                       
                                       
7 - сурет. Мүйізді ірі қараның (I), қойдың (II), ешкінің (III), жылқының (IV), шошқаның (V), иттің (VI) атланты ( ауыз омыртқасы)
1 - дорсалды доға; 2 - вентралды доға; 3 - атланттың қанаты; 4 - қанаттың тесігі; 41 - қанаттың ойығы; 5 - омыртқа аралық тесік; 6 - қанатаралық тесік; 7 - тіс тәрізді өсіндінің буын беті; 8 - каудалды буын шұңқыры. 











                                       
8 - сурет. Мүйізді ірі қараның (I), қойдың (II), ешкінің (III), жылқының (IV), шошқаның (V), иттің (VI) білік омыртқасы  -  екінші мойын омыртқасы (эфистрофей)
1  -  тіс тәрізді өскін; 2  -  краниалды буын өскіні; 3 - қанатаралық тесік; 4  -  вентралды жота қыры; 5  -  көлденең өскін; 6 - каудалды буын өскіні; 7 - эфистрофейдің қыры; 8  -  омырқааралық тесік.
                                       
9 - сурет. Сиырдың (I), жылқының (II), шошқаның (III), иттің (IV) ортан жілігі.
1-ортан жілік сүйегінің басы; 2- ортан жілік  басының ойығы; 3- мойыны; 4- кіші ұршық; 5-үлкен ұршық; 6- ұршық шұңқыры; 7- ұршық жотасының арасы; 8- үшінші ұршық; 9-ортаңғы ұршық; 10- айдаршық үстінің ойығы (кедір-бұдырлы, дөңес); 11- тіректің бүйірлік және 11!  ортаңғы айдаршығы; 12- айдаршық аралық ойық.
                                       
10 - сурет. Сиырдың (I), жылқының (II), қабырғалары.
а - бірінші қабырға;  б- бесінші қабырға; 1- қабырғаның басы; 2- қабырғаның мойыны; 3- қабырғаның төмпешігі; 4- қабырғаның бұрышы; 5- қабырғаның денесі.












                                       
                                       
11 - сурет. Қоянның сүйегінің мысық сүйегінен айырмашылығы.
а - қоянның оң жақ жауырыны; б- мысықтың оң жақ жауырыны; в- қоянның оң жақ шынтақ сүйегі; г- мысықтың оң жақ шынтақ сүйегі;  д- мысықтың оң жақ тоқпан жілігі; е- қоянның оң жақ тоқпан жілігі;  ж- қоянның оң жақ ортан жілігІ; з- мысықтың оң жақ ортан жілігі; и- мысықтың оң жақ жіліншік сүйегі; к- қоянның оң жақ жіліншік сүйегі.
	Жылқының көк бауыры үш бұрыш сияқты, ал мүйізді ірі қара көк бауыры сопақша болып келеді. Жылқы, бұғы бауырында өт қабы болмайды, ал басқа малдардың бәрінде өт болады т.б. бұл әдістер бойынша еттің қай түлікке жататындығына ең дұрыс тұжырым жасауға болады. Етті шапқан кезде неғұрлым сүйегі аз бүлінсе, соғұрлым дұрыс қорытынды жасауға болады.
                                       
Кесте 3. Әртүрлі малдардың етін сүйектері  мен ағзаларының құрылымы 
                                       
                           Көрсеткіштер
                                  Жылқы
                                   Сиыр
                                   Ауыз 
                              омыртқасы 
                                       
                      Қанатында көлденең
                               тесік бар
                      Қанатында көлденең
                          тесік болмайды
Білікті толғау омыртқа (эпистрофей)
Тісше өсіндісі сүргі тәріздес. Қыры жақсы дамыған, артқы тұсы екіге бөлінген
Тісше өсіндісі жартылай  цилиндр тәріздес, қыры нашар дамыған, артқы тұсы екіге бөлінбейді, көтеріңкі
Арқа (көкірек) омыртқалары
Омыртқа денесі қысқа, омыртқа қыры бітетін жерінде жуандау. Омыртқалар саны 18 (17-19). Омыртқа арасында қиық бар.
Омыртқа денесі ұзын, жоталық  өсіндісі жұқа, жалпақ, омыртқалар 
Саны 13, барлық омыртқаларының бүйірінде тесік бар. 
Төс сүйегі
Екі бүйірі қысыңқы, шеміршек төс сүйегінің 
вентральды беті қыр жасай  орналасқан. Шеміршек қабырғасы үшін 8 буын орны бар.
Дорсальды вентральды жағынан қысыңқы, қыры жоқ. Төстің екі жағында 6-дан буын орны бар.
Жауырын 
Жауырын қырында акромион болмайды.
Жауырын қыры мойнына дейін созылады. Акромион өсіндісі бар.
Тоқпақ жілік
Жоғарғы шетінде үш  сүйек төмпешігі және екі төмпешік аралық сайы болады. 
Жоғарғы шетінде екі сүйек      төмпешігі және бір төмпешік  аралық сайы болады.

Кәрі жілік және шынтақ сүйек
Кәрі жілікпен, шынтақ сүйекпен арада бір ғана  сүйек аралық саңылау болады
Кәрі жілікпен шынтақ сүйек ұзындығы бірдей, екі сүйек аралық саңылау болады.
Қабырғалар 
Жіңішке, жалпақтығы біркелкі. Саны 18.
Жалпақ, төменгі жағына қарай жалпақтана түседі. Саны 13.
Ортан жілік
Ұршық қыры болмайды, айдаршық үсті шүңқыр, терең.
Ортан жілік қысқалау, шұңқыры таяз.
Сирақ 
Асықты жілік жеке сүйек  ретінде дамыған шыбық сүйегінің басынын қалдығы ретінде сақталған.
Асықты жіліктен (шыбық сүйегі жетілмеген) тұрады.

Қуыс сүйектердің  шабындысы
Жота өсінділері бірікпеген.
Жота өсінділерін бір-бірімен тұтас байланысқан, қыр құрайды.
Мойын  
Жіңішке, ұзын, жоғарғы жағында май болуы мүмкін (жал).
Жалпақ, қысқа, жоғарғы жағында май болмайды.
Еттің түсі
қызыл-қоңыр, түсті
Ашық қызылдан, қою қызылға дейін
Майдың түсі 
Ашық сарғыш
Ашық-сарыдан сарыға дейін
200С - тағы майдың күйі
Жүмсақ, саусақ арасында ериді
Тығыз, саусақ арасында үгіледі.
Бүйрегі 
Тегіс тұтас бір бөлік
Бірнеше бөліктен тұрады. (16  -  18 бөліктер)
Өкпесі 
Сол өкпе 2, оң өкпе 3 бөліктен тұрады.
Сол өкпе-3, оң өкпе 4-5
бөліктен тұрады, бөлік арасы  жақсы білінеді.
Бауыры
Жақсы көрінетін 3 бөліктен тұрады, өт болмайды.
3 бөлікке бөлінуі нашар білінеді, өті болады
Көкбауыр
Тегіс, ұшбүрышты, иілген (орақ тәріздес)
Тегіс, созылған, сопақ.
Тілі 
Дәнекер шеміршегі болады.
Арқа бетінде тіл- жастығы болады.
                                       
Кесте 4.  Үй қояны мен мысық етінің ерекшеліктері

                           Көрсеткіштер
                                Үй қояны
                                  Мысық
Арқа омыртқа 
Қанат тесігі ауыз омыртқа қанатының астында орналасқан.
Қанат тесігі омыртқа қанатының үстінде орналасқан.
Арқа (көкірек) омыртқасы.
Жота өсіндісі биік.
Жота өсіндісі аласа.
Көкірек сүйегі
6-7 бөлікті, тұтқасы доғалданған
9 бөлікті, тұтқасы сүйрік болып бітеді
Жауырын 
ұзындығы енінен 2 есе үлкен, өсінді екі бөлікке бөлінген.

Ені ұзындығынан екі есе үлкен, акриомиальды
 өсінді созылған, түзу, бөлінбеген. 
Тоқпан жілік 
Атырауша бұдыр проксимальды жағында 
жақсы білінеді.
Атырауша бұдыр жоқ
Бел омыртқалары
Жота өсіндісі алға қарай шығыңқы.
Жота өсіндісі үшкір болып бітеді.
Құйымшақ сүйегі
Ұзын, жота өсіндісі биік.
Қысқа, жота өсіндісі 
төмен, бұрышталған.
Ортан жілік
Үлкен және кіші шығыршығы болады.
Тек қана үлкен шығыршық болады.
Шыбықты сүйек
Төменгі жағында бос, әрі әрі қарай асықты жілікпен қосылып жатады.
Ұзына бойына бос.
Майының еру температурасы, С0
Тері асты майы
Іш майы
+22,0

+25,0 
+ 22,0
39,0
-
200С-тағы майдың сыну коэффициенті
-
1,4563
Құйымшақ сүйегі
ұзын, біріккен 4 омыртқадан тұрады.
қысқа, біріккен 3 омыртқадан тұрады.
Сирақ сүйегі
Бір сүйектен тұрады.
Екі сүйектен тұрады.
Мойын
Жіңішке, ұзын
Жуан
Еттің түсі
Ашық қызылдан қою қызылға дейін
қызыл, қара-қоңыр
Майдың түсі
Ақ
Сұрғылт, ақ
Майдың консистенциясы 
Жұмсақ, саусақ арасында ериді 
Тығыз, саусақ арасында бөлінеді

Кесте 5.  Қой және ит еттерінің ерекшеліктері
                                       
                           Көрсеткіштер
                                    Қой
                                     Ит
Ауыз омыртқа
Қанатықалың, көлденеңтесігіболмайды
Қанатыжұқа,  қанаттесігініңорнындаойықболады
Білікті толғау омыртқа 
(эпистрофей)
тіс тәріздес, өсіндісі сүргі тәріздес
Тіс тәріздес, өсіндісі 
цилиндр тәріздес 
Арқа (көкірек омыртқалары) 
Омыртқа денесі ұзын, саны 13. Біріншіден оныншыға дейінгі сабақтары артқа қарай, ал қалғандары- жоғары бағытталған.
Омыртқа денесі қысқа, саны  - 13, омыртқа кесіндісі жақсы білінеді, вентралды қыр болмайды.
Жауырын
ұшбұрышты, акромион өсіндісі бар.
Қыры буын ойысына дейін созылған акромион айқын білінеді.
Қабырғалары
Иіліңкіреп келеді.
Қабырға төмпешігі дөңес  келеді.
Бел омыртқалары
Саны-6, көлденең қабырға өсіндісі, горизонталды бағытталған.
Саны -7 көлденең өсінділері краниевентралды бағытта  жантайған.
Тоқпан жілік
Латералды төмпешігі медиальды төмпешікке қарағанда биіктеу, ішке қарай иіліп тұрады
Жіңішке, проксималды бөлігі иіліңкіреп тұрады, дисталды жағында дорсо-вентралды тесік бар.


Бақылау сұрақтары:
* Әр түрлі малдың етің ажыратудың маңызы
* Гликоген реакциясының нәтижесі
* Майдың еру температурасын анықтау
* Ішкі мүшелердің анатомиялық құрылысы бойынша мүйізді ірі қара және жылқы ұшасын ажырату
* Фальсификация дегеніміз не?
* Преципитация реакциясының негізі

ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі : 
1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық -  санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.517-523.
2. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.1.
3. Сенченко Б. С. <<Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животного и растительного происхождения>>. Ростов на Дону, 2001 г.с. 356-366.
Қосымша: 
4.Макаров В. А.   <<Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства>>. Москва, 1991 г.с. 463.
5.Макаров В.А. <<Практикум по ветсанэкспертизе>> М.-1987г.с. 42-49.



                    ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ 4--5.
        АУРУ ЖӘНЕ САУ МАЛДЫҢ ЕТІН АНЫҚТАУ.
Сабақтың мақсаты: еттің ауру не сау жануарлардан алынғандығын анықтау
Жұмыс жоспары: 
* ет үлгісін органолептикалық талдау (ішкі мүшелер мен лимфа түйіндері);
* еттің терең қабатынан жұғын - таңба дайындап, Грам әдісімен бояп, микроскопииялау;
* ет сүзіндісіндегі рН анықтау;
* пероксидаза реакциясын қою;
* формалын реакциясын қою;
* органолептикалық және зертханалық зерттеулер қорытындысы бойынша етке санитарлық баға беру. 
Құрал - жабдықтар: екі кесек ет (біріншісі  - сау малдан, екіншісі  - ауру не амалсыз сойылған малдан алынған) әрқайсысынан 200-400 гр; пинцет; скальпель және қайшы; микроскоп; құм сағаты; иілген кішкене қайшы; электроплитка; Рн калориметриялық жинағы; технохимиялық таразы; цилиндр; колба; тығынмен бітелген колба; сүзгіш; фарфорлы езгіш; өлшеуіш пипеткалар - 10, 2 ,0,5 м; сүзгіштер; химиялық пробиркалар - 10; Грам әдісі бойынша реактивтердің жинағы; 2 % 10 мл сутегі асқын тотығы; бензидин 0,2 %; 1 % -10 мл сутегі асқын тотығы; 0,1 н күкіртті натрий (бюреткадағы); 100 мл дистилденген су; 1%- 20 мл фенолфталеин; 5 % сілті ертіндісі; физиологиялық ертінді.

Методикалық нұсқаулар
Ветеринариялық тәжірибеде ауруына байланысты сойылған мал еріксіз, не амалсыз сойылған мал болып есептелінеді. Әртүрлі індетті және инвазиялық ауруларда немесе жарақаттанып, уланып қалған малдардың өміріне қауіп төніп, одан ары емдеу ешқандай нәтиже бермейтін және экономикалық тұрғыдан тиімсіз болған жағдайда оларды амалсыз сояды. Еттің ауру немесе сау малдан алынғанын білу үшін сезімдік (органолептикалық), патологоанатомиялық (нашар қансыздану, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, гиперемиясы, гипостаздар, бауыздау сызығының күйі) және лабораториялық зерттеу әдістері қолданылады.
Органолептикалық зерттеу. Ол үшін малдың бауыздауына (бауыздау сызығы), ұшаның қансыздану дәрежесіне, гипостаз пайда болуына және лимфа түйініндегі өзгерістерге қөңіл аударады.
Бауыздауының күйін зерттеу. Сау малды сойған кезде, оныңбауыздауытегіс емес, бұдыр болады және қан ол тұста көбірек жиналады, ал ауырып немесе арам өлген малдың бауыздауы керісінше тегіс болып келеді. Бауыздауының түсі айналасындағы ағзалармен бірдей. Бірақ та, бауыздалған жерді тегіс етіп шауып, тазалап қойған жағдайда, тек қана осы көрсеткіштер бойынша органолептикалық тұрғыдан тұжырым айту қиынға түседі.
Ұшаның қансыздану дәрежесін анықтау. Бұл көптеген факторларға байланысты болады (сою әдісі, қан тамырларының дұрыс кесілуі т.б.). Асып қойып сойған малдың қаны жатқызып сойғанға қарағанда жақсы ағады, жақсы қансызданады. Қансыздану дәрежесін: жақсы, қанағаттанарлық, нашар, өте нашар дәрежелері бойынша анықтайды. Қаннан жақсылап тазарған ұшаның еттерінде, қантамырларында қан болмайды.
Арам өлген және өлгелі жатқан кезінде сойылған немесе ауырған малдың ұшасы қаннан өте нашар тазарады. Ұсақ және ірі қан тамырлары қарайған қанға толып болады. Бұлшық етті тілген кезде қара қошқыл қан шығып тұрады.  
Гипостаздар - қанның ұшаның әр жерінде іркіліп қалуы көбінесе өлген немесе жанталасып өлген, қөп жатқан малдарда жиі кездеседі. Ауру малдардың қан тамырларында қан тұрып қалып, қан тамырларының сыртына шыға бастайды да айналасындағы ұлпаларды көкшіл қызыл түске бояйды. Гипостаздар малдың көп жатқан жағында жиі ұшырасады. Сондықтан да, ұшаны тексергенде міндетті түрде аудару қажет.
 Лимфа (бездер) түйіндеріндегі өзгерістер  -  сау малдарда сұрғылт-ақшыл түсті, тығыз, қанталауы жоқ, ауру малдарда көлемі ұлғаяды, түсі өзгереді, қанталайды, қабынады, консистенциясы жұмсақ. Оған ұсақ қан тамырларындағы қанның жиналуы, ауру мал денесіндегі тотығу үрдістерінің тоқтауы көмірқышқылдарының жиналыплифа түйндері ұлпаларының көкшілденуіне себеп болады. Лимфа түйіндеріндегі патологиялық әр түрлі сипатта болады ( атрофияы, гипертрофия, қанталау, ісіну, гиперемия және т.б.). 
                                       
                                       
                                       
                                       
             Қышқылдық ортаны анықтау (РН)

РН-тың шамасы малды сояр кездегі бұлшық еттегі гликогеннің мөлшеріне, сонымен қатар, ондағы ферменттердің белсенділігіне байланысты болады. Сау малдың еті жетілуі үрдісі кезінде гликоген ферменттердің әсерінен сүт қышқылына дейін ыдырайды. Соның себебінен сутегі иондарының концентрациясы көбейеді де, ал РН -тың шамасы 7,1 - 7,2 ден 5,6 - 5,8 - ге дейін азаяды.


           ЕТТІҢ БИОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
                                       
Еттен қарапайым сүзінді жасау. Қарапайым ет сүзіндісін, эксгаутирования әдісі бойынша 1 бөлік ет және 4 бөлімі суық дистильденген (тазартылған) су қоспасынан алады. Ол үшін 25 г ет алып, ұсақтап, форфор келісінде езеді, жақсы езілуі үшін 100 г дистелденген судан аздап су қосады. Сонан соң, қоймалжың сұйықты колбаға аударып, қалған сумен араластырады. Колбаны 3 мин араластырып, 2 минут тұндырып қояды, сонан соң қайтадан араластырады да (2 мин), үш қабат дәке арқылы сүзіп, сүзіндіні қағаз сүзгіш арқылы тағы бір сүзеді. Осы үрдістерден соң қарапайым ет сүзіндісі дайын деп есептеледі.
Ауырған немесе күйзелген малдың етінде гликогеннің мөлшері мен ферменттердің белсенділігі азаюына байланысты, РН - тың өзгеруінде көп ауытқу болмайды.
РН-ты анықтау үшін еттің сөлін дайындау керек (1:4). Ол үшін 20 гр. етті ұсақтап турап, езгілеп, оның үстіне 80 мл су құйып, жақсылап араластырады да біраздан соң (15 мин) сүзіп алады. Сүзілген еттің сөлі (фильтрат) тұнық болуы керек. Дайын болған еттің сөлін РН - ты және перосидаза ферментін анықтауға қолданады. РН - ты Михаэлс компораторы арқылы анықтайды:
№ 1 пробиркаға 6 мл еттің сөлі және 1 мл. паранитрофенол индикаторын құйып жақсылап араластырады. № 1  -  пробирканы компоратордың бірінші қатарындағы ортаңғы қуысына қояды. Оның екі жақ шетіндегі қуысқа стандартты ертіндісі бар пробиркалар қойылады.
№ 2 пробиркаға 3 мл еттің сөлі құйылады, басқа ештеңе қосылмайды. № 2 пробирканы екінші қатарға стандартты ертіндінің артына қояды. Олардың түрін салыстыру арқылы РН-тың шамасын анықтайды. Сау малдың етінің РН шамасы 5,6 - 6,2 болуы керек, ауру мал етінің көрсеткіші 6,3 және одан да жоғары болады.

                   Пероксидазаны анықтау

Пероксидаза  -  фермент. Сау малдың етінде пероксидазаның белсенділігі жоғары болады, ал ауру малдың етінде оның қабілеті едәуір төмендеп кетеді. Реакцияның мәні: Пероксидазаның әсерінен сутегінің асқын тотығы ыдырап, оттегі пайда болады да, ол бензидинді тотықтырып оның түсін көкшіл-жасыл түстен қоңыр түске дейін өзгертеді.
Пероксидазаны анықтау үшін пробиркаға 2 мл еттің сөлін (1:4) 5 тамшы 0,2 % - тік бензидин ертіндісін және 2 тамшы 1% - тік сутегінің асқын тотығын құяды.
Сау малдың етінің сөлінің түсі көкшіл  -  жасыл түске енеді де, біртіндеп қоңыр түске айналады. Ауру, шаршап-күйзелген немесе жанталасып өлерде сойылған еті сөлінің түсі өзгермейді, бірақ кейбір жағдайда көкшіл-жасыл түс көп кешігіп барып пайда болады да, тез қоңыр түске айналып кетеді.
                                       
                                       
                                       
                                       
                      Формалин реакциясы
                                       
Өлер алдында (агональді) жағдайында, немесе ауыр патологиялық үрдістер жүріп жатқан кезінде сойылған мал етінде белоктар пептондар, полипептидтерге ыдырайды және т.б. улы заттар түзіледі. Реакция формальдегидтің осы заттарды тұнбаға түсіру қасиетінде негізделген. Бұл реакция үшін арнайы еттің сөлін жасайды. 10 гр. етті ұсақтап турап, форфор келісіне салады да, оған 10 мл физиологиялық ерітінді және 10 тамшы 0,1 Н-ді натрий сілтісін құяды. Етті үккішпен езгеннен кейін, колбаға ауыстырып құйып су ваннасында қайнатады. Колбаны суытқаннан кейін, оған 5 тамшы қымыздық қышқылын (5 % -ті ертінді) қосып, қағаз сүзгіш арқылы пробиркаға сүзіп алады. Алынған еттің сөлі тұнық болуы керек. Пробиркаға 2 мл еттің сөлін құйып, оған 1 мл формалин қосады. Қатты ауырып немесе өлер алдында сойылған мал етінің сөлі қойылып, ұйып қалған тәріздес болады.
Ауру малдың етінің сөлінде үлпектер, қауыздар пайда болады. Сау мал етінің сөлі сұйық, тұнық қалпын сақтайды немесе сәл ғана бұлыңғырлануы мүмкін
Лимфа (бездер) түйініндегі өзгерістер. Сау және уақытында сойылған мал ұшасының лимфа түйіндерінің түсі ақшыл- сұрғылт немесе сарғыш, ал ауырып немесе арам өлген малдың лимфа түйіндерін кескен кезде түсі көкшіл- қызғылт болып тұрады.
Лажсыз сойылған малдан алынған еттің органолептикалық зерттеуі еттің иісін анықтаумен аяқталады. Ол үшін шыны ыдысқа 20-30 г. майсыз ет түйіршігін салып, үстіне су құяды. Ыдысты жауып, 80˚С-қа дейін қыздырады да, иісін анықтайды. Қайнатып, сорпа тұнықтығын анықтайды. Егер де ет өлгелі жатқан малдан алынса, сорпа бұлыңғыр, көпіршіктенеді, жағымсыз бөгде иіс пайда болады. 

                     Зертханалық әдістер

Родер әдісі: Пробиркаға 3 г ұсақталған ет үстіне 5 мл арнайы ерітінді құяды. Жақсылап араластырып, 5 минутқа қояды. Уақыт өткен соң реакция нәтижесін анықтайды. Жақсы және қанағаттанарлық деңгейінде қансызданса - ерітінді өзгермейді (көк түс) нашар қансызданса - көкшіл-қоңыр түске, өте нашар қансызданса - бұлыңғыр қоңыр түске айналады.

                         Бактериоскопия

Кейбір жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын табу үшін (топалаң, қарасан т.б.) бұлшық еттің ішкі қабатынан, ішкі ағзалардан және лимфа түйіндерінен жұғынды жасалады. Препараттарды ауада кептіреді, жалынға ұстап бекітеді. Содан соң оларды Грам әдісі бойыша бояп, дайын болғаннан кейін микроскоп арқылы зерттейді.


Бақылау сұрақтары:

* Бактериологиялық зерттеу қандай жағдайларда жүргізіледі?
* Бактериологиялық зерттеу үшін сынама алу
* Аэроб микробтарды анықтау әдістері
* Анаэроб микробтарды анықтау әдістері
* Етті бактериологиялықзерттеудің мақсаты
* Сау мал етінің рН мәні
* Пероксидаза реакциясының мәні


ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі : 
1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық -  санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.517-523.
2.Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.1.
3.Сенченко Б. С. <<Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животного и растительного происхождения>>. Ростов на Дону, 2001 г.с. 356-366.
Қосымша: 
        4.Макаров В.А. <<Практикум по ветсанэкспертизе>> М.-1987г.с. 42-49.


                                       
2 модуль. Сойыс өнімдерін ветеринариялық  - санитариялық тексеру әдістері және оны ұйымдастыру.
                     ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ 6.
         ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІНІҢ ТОПОГРАФИЯСЫ

Сабақтың мақсаты: ауылшаруашылық малдарының лимфа түйіндерінің топографиясын оқып - меңгеру

Жұмыс жоспары:
* Лимфа жүйесі және оның етті сараптаудағы маңызы
* Мүйізді ірі қара, ұсақ мал, жылқы және шошқаның лимфа түйіндерінің топографиясы

Құрал - жабдықтар: ауылшаруашылық малдарының лимфа түйіндерінің орналасуы туралы кестелер, сызбалар.

Методикалық нұсқаулар

Әр түрлі сойыс малдарының көптеген лимфа түйіндерінің орналасуы көбіне бірдей болып келеді. 
Ірі қара малында және қойларда лимфа түйіндерінің орналасуы бірдей. Олар бұршақ тәрізді, сопақ-ұзынша және домалақ пішінді, әдетте май ұлпасымен қоршалған және тіліп қарағанда сұр немесе сарғыш сұр түсті (май ақ немесе сары). 
Ешкілерде олардың орналасуы бірдей, бірақ көбінің пішіні жарты ай тәрізді. 
Шошқалардың ірі лимфа түйіндерінің беткейлері айқын бөлшектелген немесе бұдырлы болып келеді. Жеке лимфа түйіндері май ұлпасында орналасқан әр түрлі мөлшердегі ұсақ түйіндерден тұратын қап түрінде болады (әсіресе бас және мойын аймақтарында). Тілгенде лимфа түйіндерінің түсі ақшыл қызыл немесе ақ (олар майға ұқсайды, бірақ консистенциясы тығыз болады).
Жылқылардың лимфа түйіндері басқа жануарлардікі тәрізді орналасқан, бірақ кейбір ерекшеліктері бар. Олар қаптарды құрайтын түйіндер тобынан тұрады (20-40 және одан да көп). Олардың түсі бозғылт сұр. 


Зертханалық сабақты қорғауға және өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар
* Ауылшаруашылық малдарының басы мен ұшасындағы лимфа түйіндері
* Ауылшаруашылық малдарының кеуде, құрсақ мүшелеріндегі  және  жамбас қуысындағы лимфа түйіндері
* Ауылшаруашылық малдарының бауырындағы лимфа түйіндері
* Ауылшаруашылық малдарының тоқ ішегіндегі лимфа түйіндері
                                       
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі : 
1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық -  санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.517-523.
2. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.1.
Қосымша: 
 3.Макаров В. А.   <<Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами    технологии переработки продуктов животноводства>>. Москва, 1991 г.с. 463.
                                       
                     ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ 7.
                                       
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ ЗЕРТХАНАСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ СОЙЫС ӨНІМДЕРІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТЕХНИКАСЫ
                                       
Сабақтың мақсаты: Ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасы жағдайындағы сойыс өнімдерін зерттеу әдістері мен техникасын меңгеру

Жұмыс жоспары:

* Ветсансараптау зертханасындағы жобалау және ондағы құрал - жабдықтармен танысу;
* Ет және ет өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау реті, әдістері мен ерекшеліктері;
* Балықты ветеринариялық санитариялық сараптау;
* Сүт және сүт өнімдерін ветсансараптау әдістері мен реті


Құрал-жабдықтар: Ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасы жағдайындағы сойыс өнімдерін зерттеу схемасы

Методикалық нұсқаулар

Базардағы тағам өнімдерінің сапасын бақылау мақсатында ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасы ұйымдастырылады. Бұндай зертханалар адамға және малға ортақ індетті аурулардың адамдарға жұқпауын, тарап кетпеуін және сату орындарына санитариялық ережелердің орындалуын қадағалайды. Зертхана базардың ішінде орналасады, зертхананың барлық бөлімдері орналасу үшін 0,01 ға бөліну керек.
Базар зертханасында : ет ұшаларын және балық өнімдерін тексеретін бөлме, ет және ет өнімдерін, жануарлар майын зерттейтін, ара балы, сүт және өсімдік өнімдерін зерттейтін зертхана, ыдыстарды жуу бөлмесі, залалсыздандырғыш химикаттар сақтайтын бөлме, зертхана меңгерушісінің бөлмесі болуға тиісті.
 Ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасы қызметкерлерінің: 
-жарамсыз өнімдерді сатуға рұқсат бермеуге, оларды залалсыздандыруға жіберуге, жойыа жіберуге, денатурация жасауға; 
- базардағы өнімдер сақталатын қоймаларды, тоңазтқыштарды және сату орындарын тексеруге;
-  ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өтпеген не болмаса сапасы өте төмен және ветеринариялық куәлігі (анықтамасы ) жоқ, санитариялық ережелерге сәйкес сақталмаған өнімдерді сатқызбауға;
- базар қоймасына өнім қабылдап, өнім шығаруға қатысуға және сатуға рұқсат беуге құқы бар.
зертхана меңгерушісі жеке адамдарға қызметтегі адамдарға ауыл шаруашылығ өнімдерін сатқандағы ережелерді бұзіп, ветеринариялық-санитариялық  - гигиеналық талаптарды орындамағаны үшін айп салуға құқы бар. Айып мөлшері істеген қателік деңгейіне байланысты олады. 
Базарда мына өнімдер ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткізуге тиісті: барлық ауыл шаруашылығы және жабайы малдардың еті; қосымша өнімдер (суб өнімдері); жануарлар майы; балық; сүт және сүт өнімдері(қаймық, сүзбе, сары май т.б); тауық пен күрке тауық жұмыртқасы: ара бал; әртүрлі өсімдік өнімдері(тамырлы жеміс, көкөніс, жеміс, жидек, саңырауқұлақтар т.б); ұн, жарма, крохмал;басқаша өнімдердің ұрығы; өсімдік майлары.
Базарда қолдан, үй жағдайында жасалған жартылай фобрикатттар, дайын ет және өсімдік өнімдері, қаз және үйрек жұмыртқалары, дәрілер, шай, бекіре (осетр, лосось) тұқымына жататын балықтарды сақтауға болмайды.

Ет және ет өнімдері
Базарда сатуға әкелінген еттің иесі ветеринариялық куәлік, не анықтама тапсырады. 
Ветеринариялық құжатта еттің індетті аурулар жоқ жерден, сау малдан алынғаны жөнінде және мал дәрігерлік байқаудан өткені жөнінде мәліметтер болуға тиіс. Егер ет бір ауданның әкімшілігінде сатылса, онда анықтама беріледі, ал егер әкімшілігі басқа ауданда сатылса онда малдәрігерлік куәлік берілуге  тиіс.
Егер бұндай құжаттар жоқ болса, ет күмәнді деп есептелініп, бактериологиялық зерттеуден өткізеді.
Қазіргі қабылданған ережелерге сәйкес ет ұшасы келесі тәртіппен зерттеледі: еттің сыртын және етті тіліп тексереді (түсі, консистенциясы, иісі) қоңдылығын, қансыздануын және жалпы патологиялық өзгерістерді анықтайды (бұлшық етті зақымдануы, қанталауы, ісіктер т.б.) лимфа түйіндерін жарып тексереді, базарда сойыс өнімдерін зерттеудегі қажетті және ыңғайлы лимфа түйіндерді жарып тексереді. Шошқа және ірі қара ұшасын цистицеркозға зерттейді (тіл, жүрек, шайнау, мойын, қол, арқа, бел, сан бұлшық еттері).
Шошқа ұшасын міндетті түрде трихинеллезге зерттеп, ұша буындарына, құрсақ шандырына ерекше назар аударады.Бас, жұтқыншақ, көмей лимфа түйіндерінде  аздаған ғана патология лық өзгерістердің болуы (қанталауы, некроз) топалаңға  күмәндандырады. Бұндай жағдайда, лимфа түйіндерін, ішкі ағзаларды, ұша сынамасын бактериоскопиялық және  бактериологиялық зерттеулерге жібереді.
Ұсақ малдардың ұшасын тексергенде өкпе пневмониясының (өкпенің қабынуы) және плевритінің (плевраның қабынуы) бар жоқтығы еске алынады.
Өйткені, бұл аурулар екінші қатардағы салмонеллез тудыруы мүмкін. Сондықтан да, бұндай ұшалар бактериологиялық зерттеулерден өткізіледі. Бұндай  зерттеулер, егерде малдәрігерлік құжаты жоқ еттер сатылуға әкелінгенде, не болмаса індетті ауруларға күмәнданғанда және ет еріксіз сойылған малдан алынғанда да жүргізіледі. Бактериологиялық зерттеулерге ұлпалы мүшелердің бөлегі, ұшаның алдыңғы және артқы бөлігінен бір-бірден лимфа түйіндерін, екі кесек ет және жілік  жіберіледі.
Сүт және сүт өнімдерін ветеринарлық  -  санитарлық сараптау
Сауда ережелерін сақтай отырып, сиыр, қой, бие, түйе сүті және сүт өнімдеріне ветеринарлық  -  санитарлық тұрғыда беріледі. Бұл өнімдерді ветеринарлық- санитарлық сараптау лабораториясының рұқсат қағазы болған жағдайды ғана рұқсат беріледі. Базарға сатуға тек жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтардан алынған сүт қана жіберіледі. Ветеринарлық құжат бір ай көлеміне беріледі.
Сиыр сүті біркелкі консистенциялы, ақ немесе сарғыш түсті, үлпексіз, өзіне тән дәмі мен иісі болуы керек. Сүттегі май мөлшері 3,2 % , тығыздығы 1,034-1,038 г/см 3, қышқылдығы 16-20 0Т. Қышқылдылығы 16  0Т төмен сүт сатуға жіберілмейді. Егер бруцеллезге күдікті аймақтардан әкелінген сүтті сақиналы реакция қою арқылы тексереді, егер сараптаудан өткен сүт оң немесе күдікті болса, бұндай сүтті ветеринарлық маманның бақылауымен жояды және екі данада акт жасалынады.

Балық және бал өнімдерін ветеринарлық  - санитарлық сараптау
Сараптауға балғын, мұздатылған, қақталған, кептірілген, тұздалған балықтар әкелінеді. Әкелінген өнімдерді органолептикалық зерттеу жүргізіледі, сатуға сапалы балық және  балық өнімдері жіберіледі. Егер өнім сапасыз,  жарамыз болса, онда бұл өнімді жойып, акт жасалады.
Балды ветеринарлық-санитарлық сараптау. Балға органолептикалық  және (сыртқы түсіне, консистенциясына, иісі мен дәміне) лабораториялық зерттеу (қышқылдығы, су мөлшері, құрғақ қалдығы, диастаза саны, әртүрлі қоспалар) нәтижесі бойынша  баға береді.
Ветеринарлық  -  санитарлық сараптау зертханаларында  № 5 формалы ветеринарлық-санитарлық сараптау журналы болады. Әрбір өнімнің сараптаудан кейінгі  қорытындысы осы журналдарда тіркеледі. Бұл журнал жыл көлемінде сақталады.

Бақылау сұрақтары:
* Мүйізді ірі қара малын цистицеркозға қалай тексереді?
* Ұшадағы қандай лимфа түйіндері тексеруге жатады?
* Мүйізді ірі қара мен шошқаның басын тексеру ерекшеліктері неде?
* Бауырды тексеру кезінде неге назар аудару қажет?

ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі : 
1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық -  санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.517-523.
2. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.1.
3. Сенченко Б. С. <<Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животного и растительного происхождения>>. Ростов на Дону, 2001 г.с. 14-25.
Қосымша: 
4.Макаров В. А.   <<Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства>>. Москва, 1991 г.с. 463.
5.Макаров В.А. <<Практикум по ветсанэкспертизе>> М.-1987г.с. 42-49.



                                       
                     ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ 8.
  ЕТ ЖӘНЕ ЕТ ӨНІМДЕРІН БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Жануарлар мен құстардың әртүрлі ауруларында бұлшық ет пен ішкі органдары микроорганизмдермен сирек зақымданады. Осы сойыс жануарларының (құстың) өнімдері адамда инфекциялық және тағамдық аурулар туғызуы мүмкін.
Сабақтың мақсаты: Бактериологиялық зерттеу міндетті болған жағдайды  және тағамдық токсикоинфекция мен токсикоздарды тудыратын еттегі микробтар туралы сұрақтарды анықтау.

Жұмыс жоспары: 

* Бактерологиялық зерттеу үшін қажетті жағдайларың ретін реттеу
* Бактериологиялық зерттеу үшін сынама алу
* Сараптау үшін сынама алу реті

Құрал - жабдықтар: етті бактериологиялық зерттеу сызбасы

Методикалық нұсқаулар

Ет және ет өнімдерін бактериологиялық әдістермен тексеру төмендегідей жағдайларда іске асырылады:
-  жіті түрде өтетін жұқпалы індетті ауруларға күдіктенгенде (топалаң, тырысқақ, қарасан т.б.);
-  аусылмен ауырған мал етінен өлі ұлпалар табылғанында;
-  ішкі ағзаларында патологиялық өзгерістер байқалмаса да, шошқа обасымен, тілме, Ауески ауруымен ауырғанында;
-  ет орташа қоңдылық категориясында болса да некробактериозбен (шірік тұяқ, бақай құрт, жегі) ауырған малдың ішкі ағзалары зақымданса;
- бұлшық еттерінде патологиялық өзгерістер байқалмаса да лейкозбен ауырған малдың бездері немесе ішкі ағзалары зақымданғанында;
-  сақау, ақ ет (беломышечная болезнь) және кетозбен ауырған малдан алынған етте  немесе ішкі ағзаларда патологиялық - анатомиялық өзгерістер кездескен жағдайда;
- жұқпалы ринотрахеит, парагрип-3, вирусты диарея (іш өту), жұқпалы аденовируспен ауырған малдың етінде және ішкі ағзаларында патологиялық- анатомиялық өзгерістер кездескен жағдайда;
- стахиоботритоксикозбен ауырған малдан алынған етте патологиялық- анатомиялық өзгерістер болғанында;
-  онхоцеркоздың асқынған түрімен ауырған малдан алынған еттен іріңді-өлі үлпалар табылған жағдайда;
- желінсау, эндометрит, парометритпен ауырған қой, сиыр етін қолданғанда;
-  себебіне қарамастан малды лажсыз сойған жағдайда;
-  мал уланғанда;
-  салмонеллезбен ауырған деп күдіктенген де және асқорыту ағзаларының аурулары байқалған жағдайда;
-  тыныс алу ағзалары ауруларының  асқынған түрінде;
-  мал денесінің көп бөлігі күйген, бездері қанталап ісінген және септикалық үрдістің белгілері тері астында, ішкі ағзаларда, кілегей қабықтарында болып, қан құйылғаны байқалған жағдайда;
-  ішкі ағзаларда, ұшада ісік байқалған жағдайда;
-  бауырда майдың қайта туындауы (амилоидоз) байқалған жағдайда;
-  бауырда, бүйректе, көк бауырда және өкпеде іріңді жара болғанында;
-  еттің сарғайғанында және ол түс екі тәулік ішінде кетпеген жағдайда;
-  шошқаның жүрек қабының қабынуы байқалған жағдайда;
-  малдың септикопиемиялық ауруларында;
-  малда іріңді нефрит, нефроз байқалған жағдайда;
-  ішек қарынды, малды сойғаннан кейін 2 сағаттан соң аластаған жағдайда;
-  ұлпалы ағзаларда іріңді жара байқалған жағдайда;
- базарға әкелінген сойыс өнімдеріне мал дәрігерінің рұқсат қағазы болмаған жағдайда;
 -  ұша сапасы күдік тудырса;
- органолептикалық зерттеулермен еттің сапасын анықтау мүмкін болмағанда және ветеринариялық тексеру нәтижесінде өнімге санитариялық баға беруге жеткіліксіз болған жағдайда
-  ветеринариялық және санитариялық ұйымдар талап еткен жағдайда;

Жалпы бактериологиялық тексерумен қатар биохимиялық зерттеулер де жүргізіледі.
рН, пероксидаза реакциясы, ал сиыр етіне формалин реакциясы қойылады.
Бұл тексерулер етті бактериологиялық зерттеумен қатар малдың сояр алдындағы күйін және етті әрі қарай қолдану мүмкіншіліктерін анықтауға көмегін тигізеді.

Бактериологиялық зерттеу үшін сынама алу 

Жобаланған ауру диагнозына және патологиялық анатомиялық өзгерістерге байланысты ветеринариялық зертханаға бактериологиялық зерттеулер үшін сынама жіберіледі:
* бұлшық еттен 2 сынама - мал қолы мен санының бүгілдіргіш немесе жазылдырғыш еттерінен сыртқы қабығымен қоса, көлемі 8 х 6 х 6 см, екі ет сынамасы;
* лимфа түйіндері (кем дегенде 2)  - жоғарғы мойын немесе қанат асты және шап лимфа түйіні; шошқа ұшасынан жақ асты және дорсалды жоғарғы мойын немесе бірінші қабырғаның қанат асты безі мен шап безі алынады. Лимфа түйіндері бүтіндей айналасындағы май және дәнекер ұлпаларымен қоса;
* ішкі  мүшелер  -  көк бауыр мен бүйрек тұтастай, бауырды лимфа түйінімен,өт қабымен;
* қуысты жілі
Жарты ұша, не төртке бөлінген ұшадан ет кесегін, лимфа түйінін және қуысты жілік.
Тұздалған еттің әр тұсынан екі сынама, лимфа түйіні және бар болса қуысты жілік.

Сараптау үшін сынама алу реті. Талаптар.

Сынаманы стерилді аспаптармен алады. Әрбір сынаманы пергамент қағазына орап, пакеттерге салады. Оның сыртына сынама алған уақыты, ұшаның реттік саны жазылып, пломба салынып, темір жәшікпен ветеринариялық зертханаға бағыттайды.
Егер зертхана қашықта орналасса, немесе 24-30 сағатта жеткізілмесе сынаманы консервациялау қажеттігі туындайды. Консервант ретінде 30% глицериннің сулы ерітіндісі қолданылады. Суды алдын ала қайнатып алады. Консервант ретінде вазелин майын да қолдануға болады.Консервант ерітіндісін сынаманың үстіне  4-5 есе көлемінде құяды.
Өңделген сынаманы қалайы жәшікке салып, дезинфекциялағыш заттар сіңдірілген ағаш ұнтақтарымен нығыздайды. Жәшікке мөр соғып, пломба қойылады.
Жолдама қағазда ет түрі, қай түлікке жататыны, сынама тізімі, қысқа патологиялық - анатомиялық деректері, жобаланған диагноз, сынама алу уақыты көрсетіледі, сынама жіберген тұлғаның қолы қойылады.
Оған қоса, ұшаны, ішкі мүшелерді тексеру деректері, ұша әкелінген орынның ветеринариялық құжатының негізгі сипаттамасы және қандай зерттеулер жүргізу қажеттігі екендігі жазылады. 
Базарларға әкелінген жарамсыз ұша мен ішкі мүшелерді иесіне қайтарып беруге болмайды. Оны базардың оқшаулығышында, тоңазытқышта зерттеудің қорытындысы келгенінше 0-4  С температурасында сақтайды. Ет сақталған оқшаулығышты құлыптап, пломба соғылады, етті аластаған соң міндетті түрде дезинфекция жасалады.
Сынама алынған шаруашылықтарда материал жіберілгеннен кейін барлық сойыс өнімдері зерттеудің нәтижесі келгенінше 0-4  С температурасында сақтайды.

Бақылау сұрақтары:
* Ұшадан ішекті ажыратқаннан кейін қанша уақыттан соң бактериологиялық зерттеу жүргізу қажет?
* Сараптауға арналған үлгіні консервілеу қандай жағдайда жүргізіледі?  
* Сынаманы зертханаға жіберген жағдайда жолдама хатта қандай мәліметтер көрсетіледі?
* Сынаманы консервілеу үшін қандай материалдар қолданылады?
* Ветеринариялық зертханаға бактериологиялық тексеру үшін не жібереді.

ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі : 
1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық -  санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.517-523.
2. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.1.
    Қосымша: 
3.Макаров В.А. <<Практикум по ветсанэкспертизе>> М.-1987г.с. 42-49.



3 модуль. Сойыс өнімдерін трихенеллез және цистицеркоз ауруларын анықтау
                                       
                    ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ 9.  
СОЙЫС ӨНІМДЕРІНДЕ ТРИХИНЕЛЛЕЗ АУРУЫН АНЫҚТАУ

Трихинеллез - етқоректі жануарларда, сонымен қатар адамдарда  Trichinellidae туысына жататын нематодтар тудыратын  инвазиялық ауру. Трихинелланың екі түрі: Trichinellа spiralis  және Trichinellа pseudospiralis, жіті және созылмалы түрде өтеді. Екі түрдің де барлық циклі бір ғана иенің организмінде өтеді - сақа құрт - ішекте, балаң құрт - бұлшық етте.
Адамдарда трихинеллез ауыр түрде (лихорадко) және жиі асқынған (миозит, менингит, бас аймағындағы аллергиялық ісіктер және т.б.), түрде өтеді, кейде өліммен аяқталады. 
Trichinellа pseudospiralis дамуының ерекшелігі, толық даму циклі сүтқоректі жануарлар мен адамдарда ғана емес, сонымен қатар құстарда да кездеседі. 
Трихинелла личинкаларының дамуына қолайлы жағдай көлденең жолақты бұлшықет болып табылады, алғашында олар тұрақты түрде өседі, 17-20 күнде инвазиялы түрде болып, микроскоппен анықталады.
Біздің елімізде трихинеллез ауруын диагностикалаудағы жалғыз әдіс шошқа етін, тағамға қолданылатын жабайы жануарлардың (жабайы қабан, аю және т.б.) еттерін, сонымен қатар теңіз сүтқоректілерінің еттерін трихинеллоскопиялау. Торай ұшаларын трихинеллезге 3 апталық жасында тексереді. 
Сабақтың мақсаты: етті трихинеллаға қарапайым әдіспен және қосымша бұлшық ет кесінділерін қосымша өңдеу арқылы зерттеу

Жұмыс жоспары:
* сынама алу ретімен танысу;
* бұлшық ет кесінділерін дайындау техникасы;
* бұлшық ет кесінділерін өңдеусіз етті трихинеллоскопиядан өткізу;
* бұлшық ет кесінділерін өңдеу арқылы  етті трихинеллоскопиядан өткізу;
* трихининеллез кезіндегі сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы;
* трихинелланы ауа қапшықтарынан, цистицерктерден, саркоцистерден ажырату;
* жұмыс нәтижесін рәсімдеу, белгілеу, трихинелланың қандай пішінді екенін анықтау, етті қолдану туралы қорытынды беру.

Материалдармен қамтамасыздандыру: ет кесінділері; трихинеллоскоп  << Стейк>>; компрессориум; пинцет; скальпель; қайшы; 0,5 % тұз қышқылы ертіндісі немесе метилен көгі ертіндісі ( 5 мл 195 мл дистилденген судағы 5 мл қаныққан спирт ертіндісі); сумен теңдей ертілген глицерин.


Методикалық нұсқаулар

* Зерттеу үшін үлгі алу
Зерттеу мақсатында бұлшық ет кесінділерін дайындайды, ол үшін, бұлшық еттің ұзына бойынан, иілген қайшының көмегімен тырнақ көлеміндей етіп кесінді алады. Қайшының иілген жағын бұлшық етке қаратып ұстау қажет, сонда кесінде қайшының сыртында қалады. Кесіндіні бұлшық еттің әр тұсынан алып, компрессориумның төменгі шынысына салады. Зерттелетін ұшадан кемінде 24 кесінді дайындалады. Кесіндінің үстінен жапқыш (жоғарғы) шыныны жауып, кесінді арқылы газет әріптерін оқуға мүмкіндік болғанша, екі шыныны бір-біріне қысады. Дайын болған кесіндіні трихинеллоскоппен не микроскоптың 60-70 есе үлкейтілген жағдайында зерттейді.
          Капсуламен қапталған (қабықтанған) трихинелла  -  қабық ішіндегі қуыста иректелген (бұратылған) паразит. Қабық пішіні сопақ, дөңгелек және лимон тәрізді болуы мүмкін. Қабық ішіндегі қуыс түссіз сұйық және әдетте бір, кейде екі не үш паразит болады.
          Осы әдіспен жас етті (балауса), суыған және салқындатылған етті зерттеуге болады. Ал мұздатылған, тұздалған, тұздап қақталған  етті және шошқаның тері асты майын зерттеу жоғарыда келтірілген.
Көк базардың және мал соятын қасапханалардың ветеринариялық-санитариярлық сараптау зертханасында етті трихинеллезге  тексеру үшін компрессориум қолданылады. Ол үшін шошқа ұшасының көк етінің етек жағынан (диафрагма) әрқайсынан 60 гр. екі бөлек ет кесіп алады. Егер көк еттен алуға мүмкіншілік болмаса басқа бұлшық еттерден кесіп алады (көк еттің қабырға жағынан, қабырға арасынан, бел, шайнау немесе мойын етінен алуға болады). Содан соң осы алынған сынамалардан кесінділер дайындайды.
* Бұлшық ет кесінділерін дайындау техникасы
            Ол  үшін басы иілген қайшымен бұлшық ет талшықтарының бойымен жұқа ғана тарының көлеміндей ет кесіндісі кесіп алынады. Қайшының иілген  жағын етке қаратып ұстау керек, сонда кесінді оның сыртында  қалады. Әр ұшадан кем дегенде 24 кесінді жасалады.
* Бұлшық ет кесінділерін өңдеусіз  етті трихинеллоскопиядан өткізу
Трихинеллоскопиядан булы, салқындатылған және суытылған еттерді өткізеді. Компрессориумге басылған кесінділерді трихинеллоскоп арқылы қарайды. 
Шошқа бұлшық ет тканіндегі трихинелла капсуласының пішіні лимон тәріздес, ал жабайы жануарлардың бұлшық ет ткандерінде (тышқан, қасқыр, түлкі) - домалақ. 
Көбінесе диафрагма, содан кейін бұлшық ет диафрагмасы, тіл, шайнау, мойын, қабырғаралық және құрсақ бұлшық еттері зақымдалады. 

*  Бұлшық ет кесінділерін өңдеу арқылы  етті трихинеллоскопиядан өткізу;
      Трихинелла личинкасын анықтау кезінде қиындықтар туындаса, кесіндіні  қосымша өңдеуден өткізеді:  
         1. Кесіндіні ағарту үшін, компрессориумның жоғарғы шынысын босатып, қысылған кесінділерге І тамшыдан  50  глицерин ертіндісін тамызады.
         2. Трихинелланың әктелген қабығын еріту үшін 10  тұз қышқылы ерітіндісінің 2 тамшысын тамызып  2-3 мин. ұстайды.
         3. Мұздатылған ет сынамасын 0,5  тұз қышқылы ертіндісімен өңдейді. Осындай өңдеулер нәтижесінде:
         - бұлшық ет талшықтары түссізденіп, сұрғылт тартады, трихинелла қабығы күміс түске боялады, ал сұйық түссізденеді.
         -1-2  метилен көгін қосқанда кесінді көгілдір түске боялады. Капсула  ішіндегі сұйық - әлсіз көк түске боялып,  тоғышар құрт өзгеріссіз  қалады.
Барлық кесінділерді компрессориумның төменгі шынысындағы тор сызықтардың ішіне орналастырып болған соң, екінші шынымен үстінен  бастырып, кесінділер жұқарғанша қысады. (Кесінділердің жұқалығы сондай, олардың астынан газеттің ұсақ жазулары көрініп тұруы керек). Дайын препаратты трихинеллоскоп арқылы немесе микроскоптың шағын үлкейткіші арқылы трихинеллалардың бар-жоғына назар аударады.
Трихинелланың балаң құрттары (личинкалары) шиыршықтанып оралып, қабықшамен (капсула) қоршаған қуыста жатады. Қуыстың ішінде сұйық зат болады. Шошқаның бұлшық етіндегі трихинелл қабықшасының пішіні сопақша лимон  тәріздес, ал жабайы аңдардың еттерінде (қасқыр, түлкі, т.б). домалақ болып келеді. 
Мұздатылған шошқа етін жібітеді. Еттен қалыңдығы 1,5 мм-ден аспайтын кесінді дайындап, компрессориумның астыңғы шынысына орналастырады да, жоғарғы шынымен ақырындап қысады. Сонан соң жоғарғы шыныны босатып, әрбір кесіндіге 0,5 %-тік тұз қышқылының ерітіндісін, не метилен көгін тамызып, микроскоппен зерттейді. Егер тұз қышқылының ерітінді қолданылса  -  кесінді түссіз не сұрғылт түсті, ал трихинелла қабығы  -  күміс түске, трихинелла ішіндегі сұйық  -  түссіз болады. Егер де, метилен көгін қолданса  -  кесінді көк түске, ал трихинелла ішіндегі түс  -  қою көк түске боялады. Трихинелла жақсы көрінеді, боялмайды. 
Сақталынған етке қарағанда мұздалған шошқа етінен екі есе жұқа кесінді жасалады. Компрессориум арасына салып, аздап қысады да, үстіңгі шыныны босатып, кесіндіге глицериннің 5 %- сүт қышқылы ерітіндісімен тең қосылған қоспа ерітіндімен, не тең қосылған су ерітіндісімен бір тамшы тамызады. Әрі қарай зерттеу, мұздатылған ет өнімдерін зерттеуге ұқсас.
Тері асты майын (шпик) тіліп, ішкі қабатынан кемінде 5 кесінді алады. Қалыңдығы 0,5 мм кесіндіні күйдіргіш натрийдің 5 %- ерітіндісін не фукциннің 1%- су ерітіндісіне батырып қояды. Зерттеудің одан әрі зерттеу сатысы жалпыға бірдей әдістер ретімен зерттеледі. Бірақ та, бұлшық ет ұлпасына қарағанда тері асты майын компрессориум арасында тым қатты қыспайды. Микроскоп пен қарағанда боялмаған май жасушаларының арасында ашық-қызыл не қызыл-сары түсті трихинелла байқалады, ал трихинелла сыртындағы қабық өте жақсы көрінеді.

* Трихинелла табылған етті ветеринариялық- санитариялық 
                        тұрғыдан бағалау

Компресориумдағы 24 кесіндінің біреуінен өлі не тірі трихинелла табылса, онда ұшаны тұтасымен, ішкі мүшелерді, бас- сирақтарды, тік ішек пен өңешті техникалық тұрғыдан қайта өңдеуге жібереді. Тері асты майын  (шпиг) ерітіп, 100 °С -та 20-25 минут қайнатады. 
Іш майы бөгетсіз қолданылады. Ішектерін (тік ішектен басқасын) жақсылап жуғаннан кейін қолдана беруге болады. Терісінің етін сылып тастап қолдануға рұқсат етеді. 

           6. Трихинелланы ауа қапшықтарынан, цистицерктерден, саркоцистерден ажырату;
1. Ауа қапшықтары - дөңгелек, не сопақша болады, ал шеті анық қара шеңбермен қапталынады. Егерде шыныларды бір-біріне қысса, олар жоғалады. 
2. Цистицерктер трихинелладан ірі, оның көлемі 2 мм және одан да үлкен болады. Цистицерктер қалыпты жағдайда бұлшық ет арасындағы жіпшелерде орналасады. Микроскоппен қарағанда құрылысы анық көрінеді.
3. Саркоцистер (Мишер қапшықтары) сопақша, ұзындау келген, бұлшық еттің ішінде орналасады. Олардың денелері споралар орналасқан камераларға бөлінген. Трихинелладан айырмашылығы әктену үрдісі ортасынан басталады және әктену сыртында дәнекер ұлпалы қабық болмайды. Көршілес орналасқан бұлшық ет жіпшелерінің көлденең жолақты қасиеті сақталынады. 
Әк басқан трихинелланы әк басқан саркоцистадан және де басқа жолдармен пайда болған конкременттерден (өсінділерден) кесіндіні П.М.Ямщиков әдісімен бояп, ажыратуға болады.

Бақылау сұрақтары:
* Трихинеллезды компрессорлық әдіспен анықтау үшін еттен қанша бұлшық ет кесінділерін дайындау қажет?
* Адамдардың трихинеллезбен зақымдануының жалғыз көзі не?
* Трихинелланы цистицерктерден қалай ажыратады?
* Трихинелланы тұз қышқылымен өңдегенде тринеллоскопиядағы бұлшық ет кесінділері қалай көрінеді?
* Сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы.

                   ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ 10.   
СОЙЫС ӨНІМДЕРІНДЕ ЦИСТИЦЕРКОЗ АУРУЫН АНЫҚТАУ.

Цистицеркоз (финноз) инвазиялық ауруларға жатады. Бұл аурудың екі түрі - мүйізді ірі қара (Taeniarinchus saginatus) және шошқа цистицеркозы (Taenia solium) адамға қауіпті деп есептелінеді. Қойлардың цистицеркозы адамға аса қауіпті ауру емес.
Цистицерктер домалақ немесе сопақша келген, ақшыл - сұрғылт түсті көпіршіктер. Бұлличинкаларды финналар деп те атайды. Сондықтан да цистицеркоз кейде финноз депте аталады. Цистицеркалардың шоғырланатын орындары ірі қарада: жүрек, тіл, шайнау бұлшық еттері, бел және мойын бұлшық еттері болса, шошқада: шайнау, жүрек, тіл, жауырын, мойын және бел бұлшық еттері деп саналады. 
Цистицеркозға тексеру үшін бұлшық еттерге тіліктер жасалады, өнім мөлшері 40 см² - тан кем емес тілік көлеміндегі цистицерктер санына байланысты ветеринариялық-санитариялық бағалаудан өткізіледі.

Сабақтың мақсаты: етті цистицеркозға тексеру
Жұмыс жоспары:
* цистицеркоз кезіндегі сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы;
* цистицеркозды ауа қапшықтарынан, трихинелладан және саркоцистерден ажырату
* жұмыс нәтижесін рәсімдеу, цистицерктердің қандай формасы екенін белгілеу; етті қолдану туралы қорытынды беру.
Құрал - жабдықтар: цистицерктері бар ет кесіндісі; трихинеллоскоп <<Стейк>>; компрессориум; пинцет; скальпель; иілген қайшы. 
Тапсырманы орындауға арналған методикалық нұсқаулар
Аурудың диагностикасы сойғаннан кейін ұша мен органдардан цистицерктерді табуға негізделген. 
* Бовисті цистицерктер (финналар) - бұл домалақ не сопақша келген мөлдір көпіршіктер, сұрғылт - ақ түсті, көлемі түйме не бұршақтай. Олар сырт жағынан нәзік капсуламен қапталған. Цистицерктер ұшаны тексергенде, сонымен қатар бұлшық еттерді кескенде байқалады.
Мүйізді ірі қарада цистицерктерді көбінесе жүрек бұлшық етінде, сирек массеторда, тіл бұлшық етінде, бел, мойын және құрсақ бұлшық еттерінен анықтайды.
Финдердің көлемі әртүрлі органдар мен бұлшық еттерде бірдей емес. 1айлық кезінде зақымдалған бұзау және 4 айлығында сойғанда ірі цистицерктерді массеторда, құрсақ, кеуде бұлшық еттерінде, сонымен қатар көз бұлшық еттерінде анықтауға болады.
* Целлюлярлы цистицерктер - жартылай мөлдір шар тәрізді немесе элипсті формалы, пішіні 0,5-0,8 см көпіршіктер. Көпіршіктердің ішінде сколекс болады. 
Шошқаларда әсіресе массетор, жүрек бұлшық еті және тіл, бел, мойын және жауырын бұлшықеттері қатты зақымдалады. Ұшаның алдыңғы бөлігінің бұлшықеттері қатты зақымдалады, ал артқы бөлігі аз зақымдалады. Ал шошқаларда бас миында балаңқұрттарды сирек табуға болады.
Цистицеркозбен зақымданған сиыр және шошқа етін ветеринарлық-санитарлық тұрғыдан бағалау.
Бас және жүрек еттеріндегі алақан көлеміндей (40см2) тіліктен және ұшаның бір ғана тілігінен табылған личинкалардың саны үштен көп болса, онда ұшаны тұтасымен, басымен, ішкі ағзаларымен (ішегінен басқасын) техникалық тұрғыдан қайта өңдеуге жібереді. Іш және тері асты майын (шпиг) ерітіп алады. Егер бас және жүрек еттеріндегі алақандай тіліктегі личинкалардың саны үштен көп болып, ал ұшада аз немесе мүлдем жоқ болса, онда басы мен жүрегін техникалық тұрғыдан қайта өңдеуге жібереді, ал ұшасы мен басқа ағзаларын қайнату, тоңазыту немесе тұздау арқылы залалсыздандырған соң қолдануға рұқсат етіледі.
Цистицеркозбен зақымдалған қой етінің санитарлық бағасы
Ұша мен органдардың цистицерктермен 40 см2  аймағында 5 тен артық емес балаң құрттар табылса және бұлшық еттерде өзгерістер жоқ болса - ұша мен органдарды мұздату арқылы залалсыздандырып шұжық өнімдеріне фарш ретінде қолдануға бағыттайды. 
Егер ұшада 6 не одан да көп балаң құрттар анықталса немесе бұлшық еттерде патологиялық өзгерістер анықталса ұшаны техникалық утилизацияға жібереді, ал майын ерітеді. 
Бақылау сұрақтары:
* Цистицеркозды  компрессорлық әдіспен анықтау үшін еттен қанша бұлшық ет кесінділерін дайындау қажет?
* Цистицеркозды трихинеллезден қалай ажыратады?
* Сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы?

ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі : 
1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық -  санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.517-523.
2. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.1.
    Қосымша: 
3.Макаров В.А. <<Практикум по ветсанэкспертизе>> М.-1987г.с. 42-49.

                                       
6 <<Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау>> пәніне арналған емтихан сұрақтары
* Сойыс өнімдерінің сальмонелламен зақымдалғандығын тексеру үшін қандай жағдайда,олардан сынама алуға қажеттілік туады.
* Ірі қара және ұсақ малдардың  цистицеркозының сойғаннан кейінгі диагностикасы және ұшалары мен органдарының санитарлық бағасы
* Уланған малдардың сойыс өнімдерін  ветеринариялық  - санитариялық сараптау және олардың  санитариялық бағасы.
* Токсикоздар және токсикоинфекциялар туралы түсінік.
* Малдардың  листериозының сойғаннан кейінгі диагностика және ұшалары мен органдарының санитарлық бағасы.
* Еттің жас екендігін анықтау әдістері. Қолданылатын әдістердің мәні.
* Ауру болғандықтан амалсыз сойылған малдардың сойыс өнімдерін сау малдардың ұшалары мен органдарынан ажырату әдістері.
* Токсигендік стафилококкалар мен стрептококкалар тудыратын тағамдық токсикоздардың алдын алу шаралары.
* Цистицеркоз анықталған сиыр және шошқа етінің санитарлық бағасы және оларды залалсыздандыру әдістері.
* Малдардың лептоспирозының сойғаннан кейінгі диагностикасы және ұшалары мен органдарының санитарлық бағасы.
* Қой және ешкінің бруцеллезі кезінде органдармен  ткандерде болатын патологоанатомиялық өзгерістер.Сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы.
* Ауру малдың еттің анықтау әдістері.
* Ауыл шаруашылығы малдарының инфекциялық және инвазиялық аурулары диагностикасындағы сойыс өнімдеріне санитарлық баға беру принциптері.
* Этиологиясы бактериялық емес тағамдық уланудың қысқаша сипаттамасы.
* Уланған малдардың сойыс өнімдеріндегі негізгі патологоанатомиялық өзгерістер.Химикотоксикологиялық зерттеу үшін сынама алу реті.
* Шошқа туберкулезінің негізгі патологоанатомиялық белгілері. Сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы.
* Ірі қара  цистицеркоз ауруының сойғаннан кейінгі диагностикасы.Ұшалар мен органдарының санитарлық бағасы.
* Базарда құс сойыс өнімдерін малдәрігерлік санитарлық сараптау методикасы.
* Қойлардың эхинококкоз және диктиокаулез ауруларының сойғаннан кейінгі диагностикасы.Ұшалары мен органдарының санитарлық бағасы.
* Ірі қара малының көк бауыр мен бауырын сойғаннан кейін тексеру.
* Ірі қара бруцеллезіндегі негізгі патологоанатомиялық өзгерістер. Санитарлық бағасы.
* Цистицеркалармен зақымданған ұшаларды залалсыздандырудың негізгі әдістері.Технологиясы және режимдері.
* Улануы себепті  амалсыз сойылған малдардың ұшалары мен органдарының санитарлық бағасы.(удың уыттылығы мен қалдық мөлшері бойынша)
* Мүйізді ірі қараның өкпесі мен бауырының лимфа түйіндері.
* Ірі қара және ұсақ малдың сібір жарасы кезіндегі негізгі патологоанатомиялық белгілер. Сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы.
* Суық қасапханалар мен сою пунктерінде ірі қара малдарының сойыс өнімдерін тексеру методикасы.Басты тексеру реті.
* Сальмонеллездің негізгі патологоанатомиялық белгілері.Сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы.
* Союға дайындалған ауылшаруашылық малдарына  қойылатын мал дәрігерлік санитариялық талаптар.
* Ұсақ малының көк бауыры мен бауырын сойғаннан кеиін тексеру.
* Ауыл шаруашылық малдары трематодының сойғаннан кейінгі диагностикасы. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
* Ірі қара малының басын сойғаннан кейінгі тексерудің реті.
* Шошқа тілмесіндегі негізгі паталогоанатомиялық белгілер.Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
* Тірі күніндегі диагностикасы бойынша союға тиым салынатын  ауыл шаруашылығы малдарының, қояндардың және құстардың инфекциялық аурулары. Тиым салыну себептері.
* Базарда жылқы сойыс өнімдерін тексеру методикасы.
* Ауыл шаруашылық малдары эхинококкозының сойғаннан кейінгі диагностикасы. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
* Ауруы себепті амалсыз сойылған малдардың етін анықтауға арналған зерттеу әдістері. 
* Ірі қара  малының оба ауруындағы негізгі паталогоанатомиялық белгілер. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
* Шошқа цистицеркозының сойғаннан кейінгі диагностикасы. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
* Еттегі қажетсіз өзгерістер (көгеру, қоңырқайлану).Олардың пайда болу себептері,санитариялық бағасы, алдын алу шаралары.
* Шошқаның классикалық обасындағы негізгі патологоанатомиялық белгілері. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
* Бруцеллездің клиникалық белгісі бар және оған нәтижелі реакция берген ұсақ малдардан алынған сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
* Еттін жас екендігін анықтауға арналған зерттеу әдістері.Қолданылатын реакциялардың мәні.
* Жылқының маңқа сақау ауруларындағы негізгі патологоанатомиялық белгілері. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
* Қой, ешкі және бұғылар цистицеркозының сойғаннан кейінгі диагностикасы. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
* Шошқаның басы мен мойынындағы лимфа түйіндері.
* Шошқа, саз құндыз және жабайы ет қоректі аңдар трихинеллезінің (компрессорлық әдісі бойынша).
* Ірі қара малының ұшаларын сойғаннан кейінгі малдәрігерлік санитарлық тексеру реті.
* Ірі қара және шошқа бастарындағы лимфа түйіндерінің құрылымы.
* Ет комбинаты жағдайында шошқа сойыс өнімдерін тексеру методикасы.Шошқаның  басын  тексеру реті.
* Трихинеллезді топтық компрессорлық әдістер арқылы тексеру үшін сынама  алу реті.
* Етті бактериологиялық зерттеуге қандай жағдайда қажеттілік пайда болады. Зерттеу үшін сынама алу реті.
* Қой шешегіндегі негізгі патологоанатомиялық белгілер. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
* Еттің қандай малдыкі екендігін анықтауға арналған зерттеу әдістері.Қолданылатын реакциялардың мәні.
* Шошқаның басын сойғаннан кейін малдәрігерлік санитариялық тексеру реті.
* Ет өңдеу  өнеркәсіптерінің мал жинақтайтын орындарында малдардан инфекциялық аурулар табылған жағдайдағы малдәрігерлік санитариялық шаралар. (Сібір жарасы, қарасан, сіреспе).
* Қой листериозындағы патологоанатомиялық өзгерістер. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
* Этиологиясы сальмонеллездік тағамдық токсикоинфекция (пайда болу себептері,алдын алу шаралары).
* Брадзот ауруы. Сояр алдындағы диагностика,  негізгі патологоанатомиялық белгілер.Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
* Ірі қара және шошқа бастарындағы лимфа түйіндерінің құрылымы. 
* Ұсақ малдардың ұшасын сойғаннан кейінгі тексеру реті.
* Ірі қара туберкулезіндегі негізгі патологоанатомиялық өзгерістер.Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
* Этиологиясы бактериялық тағамдық токсикоздар (пайда болу себептері,алдын алу шаралары.)
* Ет өндіру өнеркәсіптерінің мал жинақтайтын орындарында малдарды сояр алдында зерттеу.
* Биогенді және техногенді ластауыштар табылған жағдайдағы мал өнімдерінің санитарлық бағасы.
* Еттің қай түліке жататындығын анықтау әдістері. Қолданылатын реакцияның  мәні.
* Ірі қара және шошқаның кеуде қабырғасының және кеуде мүшелеріндегі лимфа түйіндерінің құрылымы.
* Токсикоздар және токсиноинфекциялар туралы түсінік. 
* Шошқа етін мұздату және пысыру арқылы залалсыздандыру режиміне сипаттама бер.
* Малдардың лейкоз, ісіктер, жүдеп-жадаған кезіне тән болатын органдар мен ткандердегі патологоанатомиялық өзгерістер.
* Аусыл ауруының сойғаннан кейінгі диагностикасы. Ұша мен органдарының санитариялық бағасы және жүргізілентін шаралар.
* Радиоактивтік заттармен зақымданған етке және сойыс өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан бағалау.
* Қой мен ешкіні өңдеу  жылжымасында тексеру  әдістері.
* Қозының анаэробты дизентериясы. Сойяр және сойғаннан кейінгі диагностикасы. Сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы және жүргізілетін шаралар. 
* Радиациямен зақымдануға ұшыраған малдардың сойыс өнімдерін ветерианриялық-санитариялық сараптау
* Еттің балаусалығын анықтау әдістері.
* Ірі қара малының қарасан ауруындағы негізгі патологоанатомиялық белгілер. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.
* Еттің жетілуі,оның мәні іс жүзінде қолданылуы.
* Сойылған жылқының басы мен өкпесін ветеринариялық санитариялық сараптау ерекшеліктері.
* Етті сақтау кезіндегі жағымсыз өзгерістер (еттің қызуы, шіруі, көгеруі, шырыштану).
* Ауыл шаруашылығы малдарының пастереллезіндегі негізгі патологоанатомиялық белгілер.Сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы.
* Мүйізді ірі қара ұшасының лимфа түйіндері (ұшаның ішкі беті).
* Фасциолез және дикроцелиоз ауруларының сойғаннан кейінгі диагностикасы. Ұшалары мен органдарының санитарлық бағасы.
* Әртүрлі малдардың етінің сүйектері  мен ағзаларының құрылымы.
* Бұлшық еттің бозғылтануы қай уақытта болады. Сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау.
* Саркоцистоз, токсоплазмоз ауруларының сойғаннан кейінгі диагностикасы. Ұшалары мен органдарының санитарлық бағасы.
* Арықтау, уремия, механикалық жаралар урдістері кездескеніндегі сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау.
* Үй қояны мен мысық етінің ерекшеліктері  
* Ірінді қабыну, ірінді ісік, бітеу жаралар кездескеніндегі сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау.
* Адамға қауіптілігіне байланысты инвазиялық аурулардың классификациясы.
* Қой және ит еттерінің ерекшеліктері.


Пәндер