Файл қосу

Популяция ұғымы



                                       
                                       
                                       
                                       
            <<ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ>> 
          барлық  мамандықтарға арналған 
                                       
     ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
                                       
                                       
                    Доцент Жумабеков С.Ж.















                                СЕМЕЙ-2014
                                       
                              ГЛОССАРИЙ
АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР  -  тірі ағзаның дамуы мен таралуына әсер ететін бейорганикалық орта факторларының жиыны (температура, жарық, қысым, ылғал т.б.);

АВТОТРОФТАР  -  Күн энергиясын пайдаланып бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездейтін ағзалар, қоректік тізбекте продуценттер болып табылады, оларға фотосинтез процесі өтетін барлық жасыл өсімдіктер және хемосинтездік бактериялар жатады; 

АМЕНСАЛИЗМ  -  антибиоз формасы, мұнда бір территорияда өмір сүретіндердің біреуі екіншісінің өмір сүруіне зиян келтіреді, ал өзіне зардап шегушіден еш қандай пайда да зиян да болмайды, мысалы, жарық сүйгіш өсімдіктер шыршаның түбінде өсіп, жарықтың жетпеуінен зардап шегеді, алайда өздері шыршаға ешқандай әсер етпейді; 

АНТИБИОЗ  -  биотикалық өзара байланыстың бір түрі, мұнда өзара әсер етуші екі популяция бір біріне кері әсерін тигізеді;

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАР  -  адам әрекетінен туындаған факторлар, олар қоршаған ортаға оң немесе теріс әсерін тигізулері мүмкін;

АЭРОЗОЛЬ  -  құрамында қатты немесе сұйық жүзгін бөлшектері бар газ тәрізді орта, аэрозольдерге түтін, тұман жатады;

БИОТА  -  білгілі бір ірі және оқшауланған территорияда өмір сүретін тірі ағзалардың тарихи қалыптасқан кешені;

БИОЦЕНОЗ (биоталық бірлестік)  -  бір бірімен байланысқан және бірге тіршілік етуші түрлердің кешені;

БИОГЕОЦЕНОЗ  -  жер бетінің белгілі бір аймағын (биотопты) алып жатқан өзара байланысқан ағзалар (биоценоздар) және абиотикалық ортадан құралған табиғи жүйе; 

БИОТОП  -  біртекті абиотикалық жағдайлары бар және биоценоз орналасқан кеңістік;

ГЕТЕРОТРОФТАР  -  қорек ретінде тек дайын органикалық заттарды пайдаланатын ағзаларды айтады;

ГОМЕОСТАЗ  -  күрделі бейімделу реакцияларының арқасында іске асатын табиғи жүйенің тепе-теңдік күйі;

ЛАСТАНУ  -  табиғи ортаға химиялық, физикалық ақпараттық және биологиялық агенттердің түсуі және олардың мөлшерінің өсуін айтады;

ҚОРЫҚ  -  табиғат эталондарын сақтау мақсатында адамның өндірістік және туристік әрекетінен шығарылған, жануарлар мен өсімдіктер әлемі қорғауға алынған, табиғи күйі өзгермеген немесе аздап қана өзгерген табиғат кешендері; 

БИОСФЕРАЛЫҚ ҚОРЫҚ  -  адам әсерімен өзгермеген табиғи территориялы кешендерді, халықаралық маңызы бар қорықтарды айтады; 

ТОПЫРАҚТЫҢ СОРТАҢДАНУЫ  -  топырақ құрамында еритін тұзадрың мөлшерінің артуын айтады, көбінесе беттік және грунттық сулар әсерінен (біріншілік сортаңдану) болады немесе суаруды рационалды емес (екіншілік сортаңдану) жүргізуден пайда болады ;

ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫН-ШАШЫНДАР  -  қышқылдық деңгейі әдеттегі мөлшерден жоғары болатын барлық метеорологиялық жауын-шашын түрлерін, яғни тұман, қарды айтады; 

КОНСУМЕНТ  -  органикалық заттармен қоректенетін ағзалар. Оларды біріншілік- шөппен қоректенушілер, екіншілік- жыртқыштар және үшіншілік- жыртқыштармен қоректенетін жыртқыштар деп жіктейді. Консументтер гетеротрофтарға жатады;

КОНЦЕПЦИЯ  -  түсінудің белгілі бір түрі, кей бір құбылыстар түсініктемесі;

МЕТАБОЛИЗМ  -  ағзадағы зат алмасу процесі;
МОНИТОРИНГ  -  өткенді, қазіргі уақытты және болашақты болжауға арналған қоршаған орта туралы ақпарат беретін белгілі бір кеңістікте және уақытта ұзақ уақытты бақылаулардың ретті жүйесі; 

МУТУАЛИЗМ  -  симбиоз түрі, мұнда екі түрдің біреуінің қатысуы міндетті болатын, және екі түр бір бірінсіз өмір сүре алмайтын мүраралық қарым-қатынас түрі;

ҰЛТТЫҚ САЯБАҚ  -  табиғатты қорғау адамдардың демалуымен бірге іске асырылатын үлкен территорияларды айтады, Ұлттық саябақтардың өзінің әкімшілік басқармасы бар және жерді пайдалану ерекшеліктері болады;

НЕЙТРАЛИЗМ  -  бірге бір территорияда өмір сүретін түрлердің бір біріне әсері болмайтын биотикалық түраралық қатынас түрі;

НООСФЕРА  -  сана сферасы, сферада өркениеттің пайда болуымен байланысты, мұнда адамның саналы іс-әрекеті биосфера дамуының анықтаушы факторы болып табылады; 
ОЗОН ТЕСІКТЕРІ  -  озоносферадағы озон мөлшерінің азайған (50%) елеулі кеңістіктері, табиғи және антропогендік әсерден болады деген жорамалдар бар; 

ОЗОН ЭКРАНЫ (ОЗОНОСФЕРА)  -  озонның жоғары концентрациясы бар және күннің ультракүлгін сәулесін өткізбейтін қасиеті бар атмосфера қабаты, шамамен 20-25 км биіктікте орналасқан;

ШӨЛЕЙТТЕНУ  -  өздігінен қайта жаңараалмайтын, құнарлы беткі қабатынан айрылған жерді айтады. Табиғи және антропогендік себептерден іске асуы мүмкін.

ПАРАЗИТИЗМ  -  антибиоз формасы, бір түрдің өкілдері келесі бүр өкілдерінің ұлпаларын қорек ретінде, ал денелерін мекен ету ортасы ретінде пайдаланатын ағзаларды айтады; 

ЖЫЛУЛЫҚ ЭФФЕКТ  -  атмосферада көмірқышқыл және басқада жылулық құбылыс тудыратын газдардың жиналу нәтижесінде планетадағы климаттың біртіндеп жылынуын айтады, бұл газдар жиыны көшетханадағы жабын сияқты космостан жылуды жер бетіне өткізіп ал жер бетінен космосқа инфрақызыл жылулық сәулеленуге кедергі келтіретін қасиеттері бар; 

ПЕСТИЦИД  -  өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық қосылыс;

ШЕКТЕУЛІ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН МӨЛШЕР (ПДК)  -  экологиялық норматив  -  адам денсаулығына және оның ұрпағына белгілі бір уақыт аралығында нұқсан келтірмейтін зиянды заттың максималды концентрациясы;

ТАБИҒИ РЕСУРСТАР  -  адамның сапалы өмір сүруін жоғарылататын, материалдық байлық жасауға болатын және тұтынуға пайдаланылатын табиғи объектілер;

ПОПУЛЯЦИЯ  -  белгілі бір территорияны мекендейтін және ұзақ уақыт бойы көбею арқылы тіршілігін сақтап қала алатын бір түр дараларының жиынын айтады; 

ТАБИҒИ ОРТА  -  қоршаған ортаның бір бөлігі табиғаттың құраушысы;
ПРОДУЦЕНТТЕР  -  автотрофтар, бейорганикалық заттардан органикалық заттарды жасаушылар, өнім өндірушілер; 

ПРОТОКООПЕРАЦИЯ  -  симбиоз формасы, екі түрдің бірге селбесіп өмір сүруі екі жаққа да пайдалы, бірақ міндетті емес;

РЕДУЦЕНТТЕР (ДЕСТРУКТОРЛАР)  -  органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзаларды айтады, оларға грибоктар мен микроағзалар жатады;

СМОГ  -  ауаның аэрозольді қабатын, түтінді, тұманды ластануы кезінде пайдаланылатын термин, бұл кезде атмосфераға шаң, өнеркәсіптік түтін мен газдар қоспасы және басқа да ластаушы заттар түседі;

АҒЫНДЫ СУЛАР  -  өнеркәсіпте, тұрмыста, ауылшаруашылығында пайдаланылатын және әр түрлі зиянды заттар қоспасына тұратын суларды айтады;

СИМБИОЗ  -  биотикалық қарым-қатынас түріне жатады, бір бірімен байланысқан түрдің екеуінеде немесе біреуіне осы қарым-қатынас пайда әкеледі;

СУКЦЕССИЯ  -  белгілі бір территорияда табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен немесе өзара байланысынан биоценоздардың біртіндеп алмасуын айтады; 

ТОЛЕРАНТТЫҚ  -  ағза әсер ететін қоршаған орта факторларының оптимумнан ауытқуына төзімділігін айтады; 
ШЕКТЕУШІ ФАКТОР  -  кез келген экологиялық фактордың сандық және сапалық көрсеткіштері кез келген бір ағзалардың дамуын шектейді;
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОР  -  ағзаға әсерін тигізетін ортаның кез келген қасиеті несесе компонентін айтады;
ФОТОСИНТЕЗ  -  жасыл өсімдіктерде Күн жарығының әсерінен және пигменттердің көмегімен жүретін химиялық процес, мұнда көмір қышқыл газынан және судан глюкоза пайда болады және ауаға оттегі бөлінеді;

ФРЕОНДАР  -  (хладондар)жоғарыұшқыш, жердің беткі бөлігінде химиялық инертті болатын, өнеркәсіпте суытқышагенттер ретінде (тоңазытқыштарда, рефрижераторларда, кондиционерлерде) кеңінен пайдаланылатын заттар; 
ЖЫРТҚЫШТЫҚ  -  антибиоз түрі, мұнда бір түрдің өкілдері басқа бір түр өкілдерімен қоректенеді;
ЭКОЛОГИЯ  -  тірі ағзалардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым;
ЭКОЖҮЙЕ  -  тірі ағзалармен және олардың мекен ететін ортасымен түзілген табиғи кешен, мұнда биотикалық және абиотикалық компонеттер өзара зат және энергия алмасумен байланысқан. 
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                             2. ДӘРІСТЕР 
Дәріс - маңызды сирек және түсіндіру,кеңес,әңгіме сияқты,осындай жаңа материалдарды баяндауда қолданылатын форма.
                                       
                                Дәріс №1
Такырып:    Экология    -   организмнін    коршаған    ортамен    карым-катынасын зсрттейтін іргелі жаратылыстану пәні.
                                 Жоспар:
* Экологияның аныктамалары.
* Экологияның калыптасу тарихы.
* Экологияның бөлімдері.
Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың ролі. Табигатты түрлендірудегі ғылымның орны. ХУШ-ХІХ ғасырларда жаратылыстанудын ғылыми негіздерінің қалыптасуы. И.В.Гете мен Ж.Б.Ламарктың организмдсрдің эвюлюциясы туралы идеялары. А.Гумбольдт пеи Ч.Дарвин - осы күнгі биогсография мен экологияның жол бастаушылары. Э.Геккельдің экологияны дербес ғылым саласы дережесіие көтеруі. Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның катысуымен шешілетін тсориялык жэне қолданбалы меселелер.
Экология пәніне кіріспе.Экология тірі агзалардың бір-бірімен жәнеқоршаған ортамен қарым-катынасын зерттейтін биология ғылымының саласы.<<Экология>> (гр. оікоз - үй, түрақ, мекен; 1о§оз - гылым) терминін ғылымга алғаш 1866 ж. неміс галымы Эрнест Геккель снгізді. Экология дегеніміз-тіріагзалардың бір-бірімен жэис коршаган ортамен қарым қатынастарын зерттейтінгылым. Экологияның казіргі кездегі мазмүны өте күрделі. Экология ғылымының ең басты максаты биосфера шегіндегі ғаламдық меселелерді бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрактылығын сақтау. Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялык макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) жене олардың кеңістіктегі	динамикалық	өзгерістсрі жатады.
Экология ғылымының мақсаты - биосфера шегінде элемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам-қоғам-биосфера арасындағы карым-қатынастарды үйлестіре отырып, табигат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұргыдан негіздеу.
Экология ғылымынын негізгі міндеті - популяция, биоценоз жэне экожүйені динамикалык зерттеу. экологиялык үрдістердін заңдылыктарын ашу. индустриализация және урбанизапия жагдайындагы ғаламшар проблемаларын зерттеу.
Экология биологиянын саласы ретінде XIX г. ортасында пайда болганмен, жеке ғылым ретінде XIX г. аягы мен XX г. басында қалыптасты. Жаратылыс турапы көптеген мәліметтер антика дәуірінің ғалымдары Гераклитттің, Гипократтың, Аристотельдің еңбектсрінде келтіріледі. Мысалы. Аристотель <<Жануарлар тарихы>> деп аталатын сңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарларды зерттеп, мінез-кұлығына талдау жасайды. Аристотель шәкірті Т.Эрезийский казіргі Жерорта теңізінін жағалауындагы өсімдіктерге топырақтың және ауа райының әсерін баяндады.
XV г. аягы мен XVI г. басы Ұлы географиялык ашылулар дәуірі деп аталады. 1492 ж. итальян теңіз жүзушісі Христофор Колумб Американы ашты. 1498 ж. португалдық Васко до Гамма Африканы айналып, теңіз жолымсн Индияга жетті. Ал 1519-1521 жж. Фериан Магеллан бастаған испандықтар тұңғыш рет жер шарын айналып шықты. Бұл саяхаттар жер туралы білімнің кеңеюіне септігін тигізді.
XVIII г. соңы мен XIX ғ. басында қоршаган ортаны зерттеушілер саны арта түсті. 1807 ж. Гумболдь Орталык жэне Оңтүстік Америкада жүргізген көптеген зерттеулері негізінде <<Өсімдіктер географиясы туралы ойлар>> еңбегін жарыкка шыгарды. Онда галым өсімдіктердің өсуі мен оркеи жаюы ауа-райы жағдайына, температураға байланысты екенің ашып көрсетті.
Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымы К.Ф.Рульенің, Н.А.Северцевтің, А.П.Бекстовтың еңбектсрінде тереңдете түсті. Экологиялық ғылымның одан әрі дамуына Ч.Дарвин, В.В.Докучаев, В.И.Вериадский, В.Н.Сукачев, Н.Ф.Реймерстін үлесі жоғары болды.
Экология  -  кең ауқымды, өзіне көптеген шешілмеген мәселелерді қамтитын мағыналы түсінік. Құқықтық мемлекетте БҰҰ-да жарияланған адамдардың негізгі табиғи, конституциялық құқықтары бұзылмауы керек, яғни табиғатпен үйлесімділікте және таза қоршаған ортада өмір сүру құқы. 
Қазіргі заманда негізгі ғаламдық экологиялық мәселелерге мыналар жатады:
* климаттың өзгеруі;
* тұщы судың тапшылығы және оның ластануы;
* озон қабатының тозуы;
* жылулық эффект;
* қышқыл жауын-шашындар;
* биологиялық алуантүрліліктің азаюы.
Осы мәселелердің кешені еліміздің және планетамыздың экологиясына өз нұқсанын келтіреді. Қазақстанның экологиялық мәселелері келесі:
* Су ресурстарын тиімсіз пайдалану және ластау;
* Арал мен Каспий теңіздерінің, Балхаш көлінің мәселелері;
* Ауаның ластануы;
* Қазба байлықтарды рационалды емес пайдалану;
* Жер ресурстарының мәселері;
* Семей ядролық сынақ полигоны мен Байқоңыр космодромының әрекеттерінің салдары;
* Флора мен фаунаның тозуы.
Халық аралық тәжірибеге сүйене отырып еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы және қоршаған ортаны қорғауға арналған әрекет етудің Ұлттық жоспары бағытталған. Экологиялық приориттерді сақтамай Қазақстанның алға басуы, және дамуы мүмкін емес. 
        Экология  -  ағзалардың тіршілік ету жағдайларын және ағзалардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарын зерттейтін биологиялық ғылымның бір бөлімі.
Ең алғаш бұл терминді 1866 жылы неміс зоологы Эрнст Геккель ұсынған (ойкос  -  үй, тұрақ, мекен; логос  -  білім, ғылым; яғни өзімнің тұратын мекенімді, жерімді зерттеп танимын деген мағынаны білдіреді).
Кез келген ғылым сияқты экология да зерттелетін процестердің жүру заңдылықтарын айқындап, оларды шағын логикалық және тәжірибе жүзінде тексеріп ережелер-заңдар түрінде қалыптастырады. 
Экологияның басты зерттейтіні  -  экологиялық жүйелер. Экологиялық жүйе  -  қоректік байланыстар мен энергияны алу тәсілдерінің негізінде бір тұтастықты құрайтын тіршілік ету орталары мен тірі ағзалардың қауымдастығы. Бұл терминді ең алғаш 1935 жылы ағылшын ғалымы Э.Тэнсли енгізген. 
Экологияда зерттелетін тірі заттардың дене құрылысының деңгейіне сәйкес аутэкология, дэмэкология және синэкология сияқты тараулар бөлінеді. Бұл тараулар жалпы экологияны құрайды. 
Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану Қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудін міндетті шарты. Біздің елімізде табиғатты корғау жэне оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпы-халықтық міндет болып табылады.
2. Экологиялық құкық  --  бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін коғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты коғамдық катынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады. <<Экология>>  --  бүл біздің жалпы жэне жалғыз үйіміз  --  <<Жер>> туралы ғылым.
Алғашқы рет бүл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель үсынып және ұзақ уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда қолданылды. Ол өзінің әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болды, өйткені тура осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология  --  тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын ілім ретінде колданылады. Табиғат  --  санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі қызметті атқарады:
1.Жердегі өмірге кажетті биологиялық жағдайды камтамасыз ететін экологиялық қызмет;
2.Адамдардың	материалдық	қажеттіліктерін қанағаттандырудың      қайнар       көзі       болып      табылатын экономикалық қызмет;
З.Адамның   жан   дүниесінің   қалыптасуына   әсер   ететін   қызмет түрлері.
  Экология ғылымының даму кезеңдері:
I  кезең де  (1707-1924 жж.) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты;
II	кезеңде (1924-1980 жж.) экология ғылымы дара ғылым деңгейінекөтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті;
III	кезеңде (1980-2000 жж.) экология әлеуметтік, саяси-экономикалык,нарықтык     жағдайлар      мен      мәселелерді     зерттейтін      деңгейіне    жетті.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.

                     № 2-3 дәріс.   (2 сағат)
Такырып: ДАРА ОРГАНИЗМДЕР ЭКОЛОГИЯСЫ - АУТЭКОЛОГИЯ
                                 Жоспар:
* Негізгі тіршілік ету орталары.
* Биологиялық ыргак. Фотопериодизм.
Тіршілік ортасы -кез келген организмніц өсуіне, көбеюіне қолайлы табиги, тарихи калыптасқан орта. Казіргі кезде жер шарында негізгі төрт тіршілік ету ортасы бар. Олар: су, жер үсті-ауалы, топырақ және тірі организм.
Суллы ортада тіршілік ететін организмдерді гидробионттар деп атайды. Судың қалың кабатын пелагиаль деп, оны 3 топқа бөледі нектон және планктон, бентос.
         Планктон-судың беткі қабатында онын агысымен қалқып жүретін ұсак омырткасыз жәндіктер. Олар зоопланктон жэне фитопланктон деп бөлінеді.
       Нектон- судын терең қабаттарында еркін жүзіп жүретін балықтар, т.б. организмдер.
        Бентос -судын түбіндегі шогінділерде тіршілік ететін организмдердің жиынтыгы. Бентостар: фитобентосжэне зообентос деп бөлінеді.
          Жер - үсті ауалы орта организмдер үшін күрделі өзгерістер үздіксіз жүріп жататын, табигаты сан қилы орта. Мұнда атмосферада газдың кұрамы. ылгалдылығы, кысымы, т. б. факторлар жиынтыгы литосфера кабатымен тыгыз байланысып жатады.
Топырақта тіршілік ететін оргнизмдерді эдафабионггар деп атайды.
Оларды үш топка бөлуге болады:
* Геобионттар-топырақтың тұрақты тіршілік иелері.
* Геофильдер-тіршілігінің       біраз       бөлігі       топырақпен       байланысты организмдер.
3.	Геоксендер-топырак кабаттарын уакытша мекені ретінде пайдаланушылар.Тірі организмдердің озі -тіршілік ортасы.
    Организмдердің тіршілігінде жыл сайын бұлжымай кайталанып отаратын өзгерістерді биологнялық ырғак деп атайды.
Шектеуші факторлар.
Тіршілікке аныктама берудің бір жолы - олардың негізгі касиеттерін жүйелеп баяндау.
1.	Тірішіліктің кұрылымы.
* Қоректену. Агзалар өмір сүруіне кажетті энергия мен заттарды коректену аркылы алады. Жануарлар мен саңыраукұлактар баска агзалардагы органикалык заттарды фсрментгердің көмегімен ыдыратып корытады, оны қоректсну дейді.
* Тынысалу. Агзалар тыныс алганда кейбір көп энергиялы косылыстар ыдырап, соның нэтижесінде энергия бөлінеді. Бұл энергия аденозинтрифосфот (АТФ) молекуласы	түрінде	сакталады.
* Өсу. Өлі табигат (мысалы, кристалдар) сыртқы кабатына жаңа заттар косу аркылы      өссе,      тірі       агзалар      коректік      заттардың      есебінен      оседі.
* Даму. Уакыт өткен сайын агзалар күрделеніп өзгереді. Ондай өзгерісті даму дейді.
* Тұкымкуалаушылық. Тіршіліктегі тұкым куалайтын молекулалардың кұрамы бірдей жэие ол молекулалар агзалардың өзінен бөлініп, ұрпақтарына бсріледі жэне ата-енелерінің негізгі белгілерінің ұрпакка берілуін, түрлердің сакталып қалуын қамтамассыз етеді.
Әрбір организмге әсер ететін факторлардың томенгі жэне жогаргы шеп болады жэне бір фактор шешуші роль аткарады. Бұл заңдылыкты неміс химип Ю.Либих (1948 ж) ашкан. Оны <<Минимум заңы>> дейді.
     Төзімділік немесе толеранттылык заңы В.Шельфордтың есімімен         аталады.          Заңның негізі организмдердін факторларга деген талғамының шектелуі.
Мекен ету ортасында тірі агзага әсер ететін экологиялык факторлардың коптүрлігіне карамай. олардың агзага эсер ету сипаты мен тірі агзалардың жауап рстінде беретіи реакииялары бойынша біркатар жалпы заңдылыктарды көрсстуге болады. Тірі агзаларга экологиялык факторлардын әсерінің колайлы немесе колайсыз болуы, ең алдымсн оның эсер ету күшіне байланысты. Фактордың жетіспеуі немссе шсктсн тыс коп болуы агзалардың тіршілігінс колайсыз эсер етеді.
Агзаның тіршілігі үшін анагүрлым қолайлы болатын экологиялык фактордың интенсивтілігі оптимум деп атайды. Кептеген түрлердің гүлденуі. кобеюі үшін оптималды температуралар белгілі.
Түрлсрдің мсксн ерту ортасының факторларының кандай да бір диапазонына бсйімделуге кабілетін экологиялык валенттілік деп атайды.
Әр түрдің өкілдері оптимум шамасына жэне экологиялық валенттілігіне карай ерекшеленсді. Фактордың бір әсср сту шамасы бір тр үшін оптималды, екіншісі үшін зиянды, ал үшіншісі үшін тозімділік шегінсн тыы болуы мүмкін.
Экологиялык валенттілігі темен түрлерді стенобионтты( грек тілінен аударгапда зіепоз- тар), ал төзімділігі жогары түрлср- эврибионтты (грек тілінен аударганда еуго$- кең) деп атайды. Стенобионттылық пен эврибионттылық агзада өзінің тіршілігін сактауда пайда болатын эр түрлі бейімделу типтерін сипаттайды. Мысалы, тсмпсратурага қатысты эври жэне стенотсрмді агзалар; түздардың концснтрациясы эври жэне стеногалилі; жарыкка- эфри жэпе стенофотты; тамак түрінс байланысты эфри жэне стенофагты агзаларды боліп корсетуге болады.
Эврибионттылык түрдің кең таралуына жагдай жасайды. Көптеген қарапайымдылар, санырауқұлактар эфрибионттарга жатады да олар барлық мекен ету ареалында мекен етеді.
1840 жылы Ю.Либих (1803-1873) агзалардың төзімділігі оның экологиялық кажеттіліктерінің тізбсгіндегі ең элсіз звеносымен аныкталатынын дэлелдеді. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін анықтауда қоректік заттарга деген сұранысын зсрттеуде багытталган тэжірибелер жүргізді. Ю. Либих бидайдың өнімділігі оган көп мөлшерде қажет(С02 жэне Н20 жэне т.б.) жеткілікті мөлшерде бар қоректік заітарга смес, оган аз мөлшерде кажет жэне топырақта жеткіліксіз ( мысаіы, бор) заттарга тэуелді екенін анықтады.
Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы нсмесе Либихтың минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауга болады.: экологиялык факторлар жиынтыгында төзімділік шегінс сң жакын фактор күшті эсер етеді.
        Экологиялык фактордың тек жетіспеуі (минимум) гана емес, оның артык молшері де( максимум) шектеуші эсер ете алады.
      Минимуммен қатар максимумның да шектеуші эсері туралы түсінікті дамыткан  1913 жылы В.Шелфорд болды. Шелфордтыц толеранттылық заиы:
   Экологиялық фактордың минимумы гана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың   арасындагы ауытку диапазоны толеранттылык
     шамасы ( латын тілінен аударганда Іоіегапііо-шыдау. төзімҚ ягни агзаныц бслгілі бір факторга тозімділігін аныктайды.
      Салыстырмалы түрде туракты жаідайда үзак уақыт тіршілік еткен түрлер өзінін Экологиялык серпімділігін жоғалтып. коршаган ортага стенобионттылык калыптасады. Ал. орта факторларыныц айтарлыктай ауыткымалы жағдайында гіршілік еткен    агзалардын   экологиялык серпімділігі жогары болады да олар
     эврибионтты болады.
      Тірі агзалардыц жеке дамуында. олардын коршаган орта орта факторларыныц оэгеруіне сезімталдыгы жогары болатын кезецдері белгілі. Мұндай кезецдерді қауігпі кезецдср деп атайды. Бүл кезецдср кобіне кобею кезецдеріне және онтогенездіц бастапқы кезсцінс сай келеді. Бүл кезде коршаган ортанып коптеген факгорлары шектсуші болып табылады. Ересек крабтар мен көптеген теціз жануарлары түздылыгы төмен нсмесе тушы суда да тіршілік ете алады, ал олардыц дернәсілдері үшін міндетті түрде тек отс тузды су кажет.
Фотопериодизм -күннің ұзақтыгына жауап беру реакциясы. Өсімдіктер өз денесінің   әрбір грамын түзу үш 200 -- 800 грамга дейін су жұмсайды. Фотосинтезге  кажетгі     заттарды      өсімдіктер     топырақтан,      судан және ауадан алады.
Мұндай жылдамдықпен  бейорганикалык табигаттан тірі заттарга қажетті биогенді элементтердін ағзасы жүріп отыратын болса, Жердегі олардың қоры әлдекашан   таусылар   еді.
Бірак, биогенді элементгердін үнемі қоршаған ортаға қайтарылып отыруы байланысты, өмір жалғасып келеді. Биоцснозда түрлердің арасындағы қоректік катынастардың  нәтижесінде өсімдіктер синтездеген органикалық заттар өсімдіктер кайта пайдалана алатын косылыстарга дейін ыдырайды. Бұл процесс биологиялық   алмасу деп аталады.
Биоценоз қоршаган ортамен заттық энергиялық байланыссыз тіршілік ете алмайды.
Экожүйеде төмендегі төрт негізгі құрам бөлік болған жагдайда ғана зат алмасуды камтамасыз ете алады. Олар - биогенді элементтердің қоры. өндірушілер, консументтер және редуценттер.
Тірі ағзалардың қоректену типтері мен энергиялық зеттеу механизмдер.Қоректену   әдісіне   байланысты   барлық	ағзаалар автотрофтаржәне  ге теротрофтар   болып бөлінеді.
 Автотрофтар (грек тілінен аударганда өздігінен бейорганикалық заттардың органикалык заттарға айналуын жүзеге асырады (жасыл өсімдіктср    мен көптеген микроорганизмдер).
 Гетеротрофтар (грек тілінен аударганда әр түрлі)  --  дайын органикалык заттармен  қоректенеді   (жоғары    сатыдағы    паразит өсімдіктер)
саңырауқұлактар,   кейбір   микроорганизмдер,   барлық   жануарлар мен адам).
Аралас   қоректену  әдісі   тән   тірі   агзаларды   
миксотрофтар (агылшын тілінен аударганда --  араластыру) деп атады.       Бейорганикалық заттарды   органикалык   затка   айналдыру   механизмі   бойынша   автотрофтарды фототрофтар мен хемотрофтарга бөледі.
Фототрофтар   (фотосинтсз)    -   жасыл    өсімдіктер, көк жасыл балдырлар.
Хемотрофтар       (хемосинтез)       -	күкірт	 бактериялары  Дж.   М.
Лидерсоннын казіргі кездегі жүйеленулеріне сай гетеротрофтарды үш категорияга бөледі: некротрофтар. биотрофтар мен сапротрофтар.
Некротрофта  (грек тілінен аударганда --  өлді}	коректену  объектісін өлтіреді (адам. жырткыш).
Биотрофтар (грек тілінен  аударганда  --   тірі) баска тірі  Оалар
есебінен коректенетін ағзалар (паравиттвр).
Сапротрофтар (грск тілінен аударганда -өлі) өлген органикалык затпен коректенеді. Жерде пайда болган алгашкы агзалар гетеротрофтар болган, егер автотрофтар пайда болмаганда олар өзін-өзі жойып жіберетін еді. Осы топтардың пайда болуы карапайым зат алмасудың болуына мүмкіндік береді.
Автотрофтар   оргаиикалык  затты   синтездейді,   ал   гетеротрофтар   оларды пайдаланады Бұл процестің барысында органикалың заттың ыдырауы жүреді.
Егер   ыдырау   өнімдердің   кайтадан   автотрофтар   пайдаланса,	онда
экожүйедегі агзалар арасында зат пен энергия айналымы түзіледі. Күн эиергиясын пайдалаиа отырып атмосфера, су жәнс топырак заттарынан өсімдіктер органикалык косылыстар түзеді. Бұл косылыстар өсімдіктер үшін кұрылыс материалы болып табылады. Олардан өсімдіктердің ұлпалары күралады және олар өсімдіктердің  тіршілік   функңияларын   камтамасыз   ететін   энергия   көзі   болып табылады.
Гетеротрофтар органикалык заттарды бастапкы компоненттерге: көміркышкыл газы (IV), су, нитраттар, фосфаттар жэне т.б. дейін ыдырата отырып, оларда корға жиналған химиялык энергияны босатып шығарады.
Экожүйедегі ағзалар трофтық (коректік) байланыстарына карай өндірушілер, консументтер мен редуңенттсрге болінеді.
Өндірушілер (бірінші ретті өнімді өндірушілер) -автотрофты ағзалар  --  планеталық бүкіл  тірі  дүниесін  органикалык затпен   камтамасыз  ететін  жасыл өсімдіктердің жинагы.
Консументтер (латын тілінсн аударганда -пайдалану)  --  гетеротрофты агзалар. өндірушілер түзген органикалык заттармен коректенеді. Оларга жануарлар, микроорганизмдердің көпшілігі, бунакдене коректі өсімдіктер жатады. Консумечттер бейорганикалык заттардан органикалык зат түзбсйді, бірак бір оргапикалыкзатгы басқа затка айналдырады.
Редуцеиттер (латын тілінен аударганда -қалпына келтіруші, деструкторлар) органикалык заттарды ыдыратушы және оларды бейорганикалык заттарға айналдырушы агзалар. Редуценттерге бактериялар, саңыраукұлактар, санрофагтар. копрофаттар, некрофаттар жәнс т.б. жатады. Олар заттардың биологиялың айналымының соңгы звеносы болып табылады.
Негізгі     абиотикалык     факторларга     жарық,     температура     және
                      ылғалдылық жатады.
Жарық- Белгілі француз астрономы К. Фламмарион (1842-1925) <<Біздің планетамызда  жүрген,   қозгалған,  өмір  сүретін   нәрселсрдің  барлыгы   күннен жаралган>>- деді.
Биосферадагы ен маңызды  процесс-фотосинтез тек жарықта гана жүзеге
асырылады. Альбедо-әр    түрлі    денелердін    бетінің    шағылыстыруга    қабілеті.    Ол  радиацияның жалпы мөлшерінен пайызбен шаққандағы мөлшері.
Экологиялық фактор  ретінде жарыкка  қатысты  өсімдіктердіц  төмендегі
топтарын  бөліп   көрсетуге  болады.:   гелиофиттср  сциофиттер және  көлеңкеге
төзімді өсімдіктер.
Температура. Тірі ағзалардың жер бетінде таралуын аныктайтын факторлардың бірі- температура. Жылудың тек абсолюттік мөлшері ғана емес, сондай-ак оның уакыт бойынша таралуы, ягни жылулық режим маңызды болып
табылады.
Бергаман ережесі (1847 ж.) бойынша түрдің немесе біртекті жакын түрлердің тобында дене мөлшері ірі жылы канды жануарлар анағүрлым салкын
аудандарда таралган.
Термодинамика тургысынан ағзанын жылуды жоғалтуы оның салмағына
емес, бетінің ауданына тура пропорционал болады.
Неғұрлым жануарлар ірі және денесі шағын болған сайын оған тұракты температураны ұстап туру жеңіл. Ал неғурлым жануар ұсак болса, онын салыстырмалы ауданы жоғары және  жылу жоғалтуы да, зат алмасу децгейі де, энергия жоғалтуы да жоғары.
Аллень ережесі (1877ж.) бойынша дене температурасы тұракты жануарлардың  салқын   климаттық  белдеулерде  денесінің  шыгыңқы   бөліктері кішірейеді.
Мысалы, экологиялық жагынан бір-біріне жақын түрлердің құлактарынын мөлшерін    салыстырсак, тундарда мекендейтін  поляр түлкісінін кұлағы  кіші, коңыржай   белдеуде   мекендейтін   кәдімгі   түлкінін   құлағы   орташа.   Африка шөлдерінде мекендейтін фенектің құлагы өге улкен.
Ылғалдылык Су тірі агзалардын өмірінде маңызды экологиялык факторы және олардың тұрақгы құрам бөлігі болып табылады.
Ылгалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төмендегідей топтарга бөлінеді: гидагофитгер. гидрофиттер, гигрофиттер. мезофитгер. ксерофиттер.
Жануарлар үшін олардың су алмасуын реттейтін механизмдер мен жабындардың өткізгіштігі маңызды роль атқарады. Су режиміне байланысты өсімдіктер мен жануарлардың мынандай экологиялық топтарын: ылғалды сүйетін, құрғақшылықты сүйгіш және орташа ылғалдықты сүйгіш деп бөліп көрсетуге болады.
	Ылғалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төмендегідей топтарға бөлінеді:
* Гидатофиттер (грек тілінен аударғанда гидора, гидатос - су)  -  су өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе толығымен суға батып тұрады (элодея, тұңғиықгүл, лотос, балдырлар және т.б.).
* Гидрофиттер (грек тілінен аударғанда гидора - су)  -  құрлық-су өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері батып тұрады (жебежапырақ).
* Гигрофиттер (грек тілінен аударғанда гидора - ылғалды)  -  ылғалдылығы жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрлық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды ормандарда (папоротниктер), батпақтарда  -  батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жағалауларында өседі.
* Мезофиттер (грек тілінен аударғанда мезос  -  орташа, аралық)  -  қоңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге шалғындықтың шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ жапырақты ағаштар, көптеген ауыл шаруашылық дақылдары, арамшөптер жатады.
* Ксерофиттер (грек тілінен аударғанда ксерос - құрғақ)  -  құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер. Олар екіге бөлінеді: суккуленттер және склерофиттер.
А) суккуленттер (латын тілінен аударғанда суккулентус - шырынды)  -  ұлаларында суды көп мөлшерде қорға жинауға қабілетті өсімдіктер (кактустар, алоэ, агава);
Ә) склерофиттер (грек тілінен аударғанда склерос  -  құрғақ, қатты)  -  құрғақшылыққа төзімді, судың буландыруын төмендететін қатты, тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл, жантақ, жусан, боз селеу). Бұл өсімдіктер биік емес, бірақ тамыр жүйесі күшті дамыған. Көптеген склерофиттердің жапырақтары ұсақ, құрғақ, көбінесе тікенге, қабыршаққа айналған.
	Құрлық жануарларын ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөлінеді:
* Гидрофильдер  -  ылғал сүйгіш жануарлар (маса, құрлықтың былқылдақденелілері мен амфибиялар).
* Мезофильдер  -  орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін жануарлар (көптеген бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер).
* Ксерофилдер  -  жоғары ылалдылық жағдайында тіршілік ете алмайтын, құрғақшылықты сүйетін жануарлар (түйе, шөлдің кемірушілері мен бауырмен жорғалаушылары). Бұл жануарлардың өзіндік бейімделушіліктері пайда болған. Мысалы, шөл тасбақалары суды қуығында қорға жинайды. Кейбір сүтқоректілер май қабатының тотығуы нәтижесінде пайда болған метаболлиттік суды пайдалануға бейімделген. Метаболиттік судың есебінен көптеген бунақденелілер, түйе, құйрықты қой, тышқандар тіршілік етеді.
Климаттық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі. Күн сәулесінің қуаты, жарық, ауаның температурасы мен ылғалдылығы, жауын-шашын, қар қабаты, атмосфералық қысым, ауаның газдық құрамының арақатынасы жердің климатын немесе макроклиматты анықтайды.
Сонымен. мекен ету ортасында тірі ағзага әсер ететін экологиялык факторлардың көптүрлігіне карамай, олардын ағзаға әсер ету сипаты мен тірі ағзалардын жауап ретінде беретін реакциялары бойынша біркатар жалпы заңдылықтарды көрсетуге болады.  Либихтің минимум заңы, Шелфордтың толеранттылык  заңы және т.б.
Тіршілік ету ортасы- бұл тірі ағзаның айналасындағы және ол онымен тікелей өзара әрекеттестікке түсетін табиғаттың бір бөлігі. Қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттері әр түрлі және үнемі өзгерісте тұрады. Кез келген тірі зат осы күрделі,әрі, өзгермелі дүниеде тіршілік етеді: үнемі оған бейімделіп, өзінің тіршілік әрекеттілігін оның өзгерістеріне сәйкес келтіреді.Біздің ғаламшарымызда тірі ағзалар жағдайларының өзгешелігімен тым ерекшеленетін төрт негізгі мекен ету орталарын игерді. Су тіршілік алғаш пайда болып , таралған ең бастапқы орта болды. Бұдан әрі тірі ағзалар жер беті мен ауа ортасына билік құрды, топырақ жасап, оған қоныс тепті. 
Ортаның ағзаға әсер ететін жеке қасиеттері немесе элементтері экологиялық факторлар деп аталады. Орта факторлары сан алуан түрлі болып келеді. Олар тірі заттар үшін қажетті немесе керісінше зиянды болуы мүмкін.
Экологиялық факторлардың жіктелуі:
Экологиялық факторлар
                           антропогенді
                             биотикалық
                            абиотикалық








Экологиялық табиғи және антропогенді экологиялық факторлар болып екіге бөлінеді. Табиғи факторлардың өзі биотикалық және абиотикалық деп жіктеледі.Тіршіліктің төртінші ерекше ортасы тірі ағзалардың өзі болды, олардың әрқайсысы оған қоныстанған паразиттер мен симбиондар үшін тұтас дүниені білдіреді. Адаптация  -  ағзалардың қоршаған орта өзгерістеріне бейімделуі. Бейімделуге қабілеттілік  -  тіршіліктің негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады, өйткені ол оның тіршілік етуінің мүмкіндітін қамтамасыз етеді. 
Абиотикалық факторлар бұл өлі табиғаттың тірі ағзаларға тікелей немесе жанама түрде әсер ететін барлық қаситеттері: оларға химиялық, физикалық және эдафикалық факторлар жатады. 
Химиялық факторларға қоршаған ортаның химиялық құрамы жатады, мысалы, ауаның, судың құрамындағы оттегі мөлшері, жауын-шашындардың қышқылдығы, автокөлік және зауыт-фабрикалардың түтіндерінің құрамы т.б.
Физикалық факторларға қоршаған ортаның физикалық күйі немесе құбылыстарды жатқызуға болады, мысалы, температура, қысым, радиациялық фон т.б.
Эдафикалық факторларға топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерінің жиынын айтады. 
Биотикалық фактор  -  бір ағзалардың басқа бір ағзаларға тигізетін әсері. Ол түраралық және түрішілік болып екіге жіктеледі. 
Түрішілік әрекеттер  -  бір түрдің ағзаларының арасында жер үшін, қорек үшін, теорритория үшін туындайтын күрестен пайда болады, мұнда тек бәсекелестік орын алады.
Түраралық әрекеттер  -  түрішілікке қарағанда анағұрлым алуан түрлі. Оларға нейтрализм, бәсекелестік, мутуализм, паразитизм, жыртқыштық, протокооперация жатады. 
Антропогендік фактор  -  адам әсерінен туындайтын қоршаған ортаға тиетін әсер. Ортаның экологиялық факторлары тірі ағзаларға түрліше әсер етеді, яғни физиологиялық және биохимиялық қызметтердің бейімделу өзгерістерін тудыратын тітіркенушілер сияқты; берілген жағдайларда тіршілік ету мүмкін еместігімен себептелген шектеушілер сияқты; ағзалардың анатомиялық және морфологиялық өзгерістерін тудыратын модификаторлар сияқты; ортаның басқа факторларының өзгерісі туралы мәлімет беретін белгілер сияқты әсер ете алады.Өзінің тарихи-эволюциялық даму жолында ағзалар периодты және периодсыз факторларға бейімделген. 
Өзін өзі тексеру сурақтары:
* Негізгі тіршілік ету орталары қандай?
* Фотопериоднзм не?
З.Топырақта тіршілік ететін оргнизмдерді қалай атайды?
4.   Тірі  ағзалардың  қоректену  типтері мен   энергиялық  зерттеу механизмдері
қандай?
5.Автотрофтар дегеніміз не?
6 Фототрофтар бегеніміз не? 
7.Гетеротрофтар дегеніміз не? 
8.Хемотрофтар дегеніміз не?

Такырып-3   (2  сағат)                                                                          № 4дәріс. 
   ПОПУЛЯЦИЯЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ  - ДЕМЭКОЛОГИЯ.
Жоспар
1.Популяция туралы түсінік,Статикалық және динамикалық түрлері
2. Статикалық түрлері:саны, тығыздығы, жыныстық және жастық құрылымы
3. Динамикалық түрлері: туылуы, өлімі , өсу жылдамдығы.
Популяция ұғымы латын тілінен аударғанда populus- халық, тұрғындар деген мағынан білдіреді.Популяция дегеніміз бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.Популяциялардың күйі мен тіршілігі популяцияның жалпы санына және олардың кеңістікте орналасуына байланысты болады.Популяцияны құрайтын даралардың кеңістікте таралуы әртүрлі болады.Ол даралардың қолайлы және қолайсыз физикалық жағдайларға немесе бәсекелестік қатынастарға жауабын көрсетеді.Даралар мен олардың топтарының таралуы кездейсоқ, бірқалыпты және топтық болып бөлінеді.Кездейсоқ таралу тек біртекті ортада немесе жиналуға қабілеті жоқ түрлерде байқалады.Бірқалыпты таралу табиғатта өте сирек кездеседі.Ол көбінесе әртүрлі даралар арасында бәсекелестікке байланысты болады. Топтық таралу  -  табиғатта жиі кездеседі.Топтардың өзі кездейсоқ немесе жиналып таралуы мүмкін. Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріп отыратын жағдайда тіршілігін сақтауға қабілеттілік тән. Яғни популяциялардың белгілі бір генетикалық және экологиялық сипаттамасы болады.Популяцияның сандық көрсеткіштері статикалық және динамикалық болып жіктеледі. 
Статикалық көрсеткіш популяцияның қазіргі уақыттағы күйін сипаттайды, оған: популяцияның саны, тығыздығы және құрылымдық көрсеткіштер. 
Популяция саны  -  дегеніміз белгілі бір территориядағы жануарлар мен өсімдіктердің саны.
Популяция тығыздығы  -  білгілі бір аудан бірлігіне келетін даралар санын айтады. Мысалы, бір шаршы киллометрге келетін адам саны, Қазақстанда бір шаршы киллометрге 5,5 адамнан келеді. 
Популяция құрылымы. Әрбір популяцияның өзіндік құрылымы бар: жастық (әржастағы түрлердің қатысы), жыныстық және кеңістіктік (аймақтық). Популяцияларды зерттеудің маңызы зор, себебі бұл нәтижелер практикалық қолданыс табуы мүмкін, мысалы, зиянкестерді зерттегенде, табиғатты қорғау мәселесін шешкенде және т.б. жағдайларда. Популяцияны зерттегенде олардың сол уақытттағы санына ғана емес, ең алдымен олардың орта факторларына байланысты өсуіне, сүйемелденуі мен кемуіне мән беріледі. Популяцияның бұл тарауы популяция динамикасы деп аталады. Популяцияның жыныстық, жастық, территориялық және т.б. түрлері бар. Егер популяция ішінде әр жастағы түрлердің сандары бірдей деңгейде болса, онда бұл популяцияның өмірсүрушілік қасиеті жоғары болады. Бұндай популяцияны қалыпты популяция деп атайды. Егер популяция ішінде түрдің кәрі жастары көп болса, онда бұл популяцияны регрессивті немесе өліп бара жатқан популяция деп атайды. Бұл жағдайдың себебін табу үшін және олардың әсерін азайту үшін шұғыл түрде шара қолдану керек. Жас дарақтардың саны көп популяциялар инвазиондық немесе өніп жатқан популяция деп аталады. Әр түрлі түрлердің саны белгілі бір уақытта қалайша өзгеретіндігі туралы мәліметтер, энергия мен биомассалардың ағынын зерттегенде қолданылып, экожүйелер теориясының жасалуына жәрдемдеседі. Егер фитопланктон динамикасы бойынша жүргізілген бірқатар ұзақ зерттеулерді есепке алмасақ, популяция динамикасы бойынша жұмыстардың басым бөлігі жануарларда және микроағзаларда жүргізіледі. Өсімдіктермен, әсіресе , дақылдармен жұмыс жүргізгенде дарақтардың санын емес, биомассасын есепке алған орынды. Өсімдіктер популяциясының динамикасы жануарлар популяциясының динамикасына қатты әсер етеді. Сондықтан мысалы, адам популяциясын (демографияны ) зерттегенде әдетте негізін өсімдіктер құрайтын азық- түлік ресурстарын да санатқа алады. 
Динамикалық көрсеткіштер белгілі бір уақыт аралығында популяцияда болатын өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштерді айтады. Оларға: өлім саны, туылу саны және популяцияның өсу жылдамдығы жатады. Популяция санының ауытқуының шартты себептерін атап көрсетуге болады:
1.азық мөлшерінің жеткілікті болуы популяция санының артуына әкеледі, бірақ өсудің максималды шамасында азық шектеуші фактор болады. Азық қорының жетіспеуі популяция санының кемуіне әкеледі.
2. популяция санының артуы мен кемуі мекен ету ортасы үшін бірнеше популяциялардың бәсекелесу процесінде байқалады.
3. жыртқыш пен жемтік, паразитпен иесі арасындағы күрделі өзара қатынастар популяция санының ауытқуына себеп болады.
4. абиотикалық факторлар (температура, ылғалдылық, ортаның химиялық құрамы) популяциялар санына көп әсер етеді және олардың ауытқуларын туғызады.
Популяция ішілік реттеуші механизмге эмиграция жатады. Эмиграция  -  берілген ареалдың қолайсыздау бөліктерінен популяцияның бір бөлігінің орын ауыстыруы.Тығыздық артып кеткен жағдайда бірқатар сүтқоректілер мен құстарда эмиграция байқалады. И.И.Шмальгаузен барлық биологиялық жүйелер белгілі бір дәрежеде өздігінен реттелуге яғни, гомеостазға қабілетті (грек тілінен аударғанда homoios  -  ұқсас, сол, stasis-қозғалыссыз, тұрақты) болады деді. Гомеостаз  -  тірі жүйелердің, соның ішінде популяциялардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайында тұрақты динамикалық тепе-теңдікті ұстап тұруға қабілеті. 
Туылу саны (туылу жылдамдығы)  -  белгілі бір уақыт аралығында дүниеге келген даралар саны. 
Өлім саны (өлім жылдамдығы) - белгілі бір уақыт аралығында өлген даралар саны.
Туылу мен өлім сандарының қатынасы популяцияның өсу жылдамдығын береді. 
Өмір сүру ұзақтығы  -  физиологиялық және максималды болып екіге бөлінеді. 
Популяция санының флуктациясы және реттелуі.
Сыртқы жағдайлардың периодттылығы және ағзаның ішкі эндогенді ырғақтарының пайда болуы, популяциялардың флуктациясы экожүйенің биоталық бірлестіктерінің циклдылығына синхронды әсер етеді. Тәуліктік циклдар жоғары континетті клиаматта өте анық білінеді, себебі түн мен күн ұзақтықтарының айрмашылығы елеулі болады. 


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
* Демэкология нені зерттейді?
* Популяция дегеніміз не? Популяциялық экологияның негізін салушы кім? 
* Популяцияның ағзалар тобы ретінде негізгі қасиеттерін атаңыз.
* Ағзалар популяциялық тобын зерттеудің маңызы неде?
* Популяцияның осу қисықтары туралы айтыңыз. Аталған қисықтардың формалары немен түсіндіріледі?
* Популяция санының өзгеруі тірі ағзалардың қандай бейімделу реакцияларымен байланысты?
* Популяцияның санына әсер ететін факторлардың қайсысы популяцияның тығыздығына байланысты және қайсысы байланысты емес?
* Экологиялық қуыс дегеніміз не?
 
Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
5.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқашы курсы  А, 2010
           
                               № 5 дәріс
   ПОПУЛЯЦИЯЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ  - ДЕМЭКОЛОГИЯ.
Жоспар
1.Демография
2. Экологияда популяция  дегеніміз
3. Популяцияның  негізгі   қасиеттері:
             Демография (грек. Демос-халық)  - халықтың құрылымын,құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу,өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары- экологиялық демография немесе  демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалаптасып келеді. Қазіргі адамзаттың саны 6 млрд. Адамға жақын.  Табиғаттағы жануарлардың түрлерінің саны ортаның сыйымдылығымен шектеледі. Әдетте ұсақ жануарлардың түрлерінің саны ірі жануарлармен салычтырғанда көп болады. Сүтқоректілердің түрлері үшін даралардың саны мен дене массасының арасында теріс коррекция байқалады. Адамның ең жақын туыстарының , түрлерінің қазіргі кездегі саны- соңғы санға жақын. Эксперттердің болжамдары бойынша Жерде 1 млн. Жыл бұрын өмір сүрген адам популяцияларының жалпы саны 100 мың болған, 30-20 мың жыл бұрын  - шамамен 5 млн. Көптеген мың жылдықтар барысында дүние жүзінің халқы өте баяу  өсіп отырды. Б.э.д. ІV  мың жылдықтың басында ол шамамен 100 млн. болды. Б.э.д. 1000 жылы 300млн-ға жақындаған, 1500 жылға қарай 425 млн-ға дейін өсті.  Мұндай қарқынмен өсу жылдың максималды өсімі 0,7%  сәйкес келеді, яғни жылына 10000-ға шаққанда жеті адам . Ұлы географиялық жаңалықтар кезеңінде халық санының қарқынының артуы экспоненциалды заңдылыққа жақындады. Кейін жердегі адамдардың санының артуы  гипербалалық сипатқа ие болды.  Шындығында соңғы жылдары 80-жылдардың аяғынан бастап , салаыстырмалы өсім артпай отыр. Халық санының өсуі сызықтық өсімге жақындады(жылына абсолюттік өсім, шамамен 86 млн.адам). БҰҰ халық саны бойынша қорының эксперттерінің болжамдары бойынша (1995 ж.) бұл қарқын 2015 жылға дейін сақталады да , адам саны 7,5 млрд.-қа жетеді.
     ХХ ғасырдағы  адамзаттың санының жылдам артуын  демографиялық жарылыс деп атайды. Соңғы 100 жылдағы өсімге Жердегі қазір өмір сүретін адамдардың (3/4)-і сәйкес келеді. Ғасырдың екінші жартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млн.-ға артып отырды. 50-жылдары  53,3  млн. болса, 60-жылдарда -66,7 млн.,70-жылдарда  -  70,3 млн., 80-жылдарда- 86,4 млн., адам. Адамзат   тарихы мен   эволюциясының  ерекше    факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын  өлім санының  кемуімен түсіндіруге болады.  ХХ  ғасырда  аталған факторларға  гигиеналық және медициналық  жағдайлардың жақсаруына  байланысты  дамушы  елдердегі  бала  өлімінің  кемуі де қосылды  1990-1995  жылдары     дүние  жүзіндегі  жалпы  туу  коэффициенті -    24,6 % дейін  кеміді, жалпы өлім коэффициенті 9,8 %  болса , табиғи өсім коэффициенті  -  14,8 % құрады. Қазір көбеюдің шамамен осындай көрсеткіштері  сақталуда.  Әр  минут  сайын  жерде  270  бала  өмірге  келсе, әр  жастағы  110   адам өледі  де  дүние   жүзі халқы 160 адамға  өсіп отырады.Әр  түрлі  елдер  мен  континенттердің  халық санының  өсуіне  қосқан үлесі  әр  түрлі.  Абсолюттік  саны  бойынша  ең  үлкен   өсімі  ірі  азиялық елдер  - Қытай, Үндістан,  Индонезия  берсе,  ал  ең жоғарғы өсу жылдамдығы  Африка  мен  Латын  Америкасында  байқалған.  (8-кесте).
  Дүние жүзінің  кейбір ірі елдері үшін халық санының жағдайы
                      мен  өсуінің     болжамы  (млн.  адам)
                Елдер
              1993
               2025
  Қытай
  
   Үндістан

   Индонезия

   Бразилия

   Нигерия
              1200

               900

               190

               150

               120
             1500

               1400

                 280

                 220

                 290
   Кейбір  Африка мемлекеттерінде салыстырмалы өсім  жылына 4 % -ға  дейін  жетіп  отырды.  Көптеген   жоғары  дамыған   елдер  мен    аймақтарда  (Батыс  Еуропа, Солтүстік  Америка)  демографиялық   жаралас  жағдайы ертерек  -  ХІХ  ғасырда  байқалған. Бұл елдерге қазір халық санының тұрақтануына   әкелетін  демографиялық  өтпелі  даму  кезеңі  тән.
                                        Популяция ұғымы.
Экологияда популяция  дегеніміз  -  бір-бірімен өзара қарым-қатынаста  болатын және  үлкен  территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.
Шварцтың  берген анықтамасы бойынша :
Популяция  -  дегеніміз, бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын  жағдайында санын тұрақты ұстап  тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз  етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы.Популяция  ұғымын латын тілінен аударғанда << Populus>> - халық , тұрғындар деген мағына дереді.Популяцияларға  өсу, даму, үнемі  өзгеріп  отыратын жағдайда  тіршілігін  сақтауға  қабілеттілік тән,яғни  популяциялардың   белгілі бір  генетикалық   және  экологиялық  сипаттамасы болады.
                         Популяцияның  негізгі   қасиеттері:
 Даралардың  кеңістікте  таралуы.
Популяциялардың  күйі  мен тіршілігі  популяцияның  жалпы санына  және  олардың  кеңістікте  орналасуына  байланысты. Популяцияны  құрайтын  даралардың   кеңістікте   таралуы  әр  түрлі  болуы  мүмкін .  Даралар  мен  олардың  топтарының таралуы  кездейсоқ,  бірқалыпты  және  топтық  болып  бөлінеді.  Ағзалардың  таралу типін  білудің   популяцияның тығыздығын іріктеп  алу әдісімен  бағалаудың   маңызы  зор. 
           Іріктеп   алу -  популяция тығыздығын  бағалауға   арналған  эксперименттер қатарын атаймыз.
  Іріктеу санын   п-деп белгілейміз.Әр  іріктеудегі  даралардың  орташа  санын   т  - деп  белгілесек ,  онда  даралардың  кеңістікте  таралу   сипатын  s2- дейміз.
                                   < ( m- x)2
                        S2=   - -------------  
                                          n-1
мұндағы:  s2  - таралу шамасы
                  х- шамасының  орташа  т  ауытқуы  ( дисперсия)
Бірқалыпты таралу   жағдайында s2 =0.  Себебі: әр іріктеудегі  даралар  саны  тұрақты  және  орташаға  тең.     Кездейсоқ  таралу  кезінде    орташа  т  мен  дисперсия  s2   тең (п- іріктеу  саны  жеткілікті  болғанда)
Топтық   таралу  кезінде  дисперсия  орташадан  жоғары  және  неғұрлым  жиналуға  қабілеті  күшті  болса  олардың  айырмашылығы  да  күшті  болады.     Даралардың  бірқалыпты  таралуы  табиғатта  өте  сирек  кездеседі .  Кездейсоқ  таралу  тек  біртекті  ортада   және  жиналуға  қабілеті  жоқ  түрлерде  байқалады.  Топтық таралу  табиғатта жиі  кездеседі.
Популяция  саны --- берілген   территория   немесе  көлем  бірлігіндегі   даралардың   жалпы   саны.   Ол  еш  уақытта   тұрақты   болмайды   және   көбею    мен  өлімнің  интенсивтілігінің   қатынасына   байланысты. Көбею   процесінде   популяцияның   өсуі   жүреді  де ,   өлім  оның санының  кемуіне  әкеледі.

Такырып-4   (3  сағат)                                                                          № 6 дәріс.
ҚАУЫМДАСТЫҚТАР МЕН ЭКОЖҮЙЕЛЕР ЭКОЛОГИЯСЫ СИНЭКОЛОГИЯ
Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен салыстыра білу арқылы білімдер арттыру.
Жоспар
1.Синэкология ұғымы және түсініктері
2. Экожүйне және биогеоценоз ұғымдары. Экожүйе энергетикасы
         3. Биогеоценоздағы өзгерістері

Синэкология (грек тілінен аударғанда syn- бірге) - әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің популяцияларының ассоциациаларын (биоценоздар), олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі.Әр түрдің популяцияларының макрожүйелерге бірігуінен  -  бірлестіктер мен биоценоздар түзіледі.
Биоценоз (грек тілінен bios - өмір, koinos  -  жалпы, ортақ)  -  қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы. <<Биоценоз>> ұғымын 1877 жылы неміс зоологы К.Мебиус ұсынды.
Кез келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе  -  биогеоценозды түзеді. Биогеоценоз ұғымын 1940 жылы В.Н.Сукачев ұсынған. В.Н.Сукачев (1880-1967) биогеоценозға мынадай анықтама берген  -  <<жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары біртекті (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар әлемі, микроорганизмдер дүниесі, топырақ және гидрологиялық жағдайлар) бірлестік, ол өзін құрайтын компоненттердің өзара әсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энергия алмасуымен, басқа да табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама  - қайшылықты біртұтастықпен сипатталатын, үнемі қозғалыста, дамуда болатын жиынтық>>
<<Биогеоценоз>> ұғымы шет елдерде кеңінен таралған, 1935 жылы А.Тенсли ұсынған <<Экожүйе>> ұғымына жақын. Экожүйе дегеніміз  -  зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы. Экожүйеге құмырсқа илеуі, орманның бір бөлігі, тұтас орман, және бүкіл биосфераның өзі мысал бола алады. 
Экожүйне және биогеоценоз ұғымдары. Экожүйе энергетикасы
     Тіршілік ету жағдайлары едәуір дәрежеде ұқсас болып келетін, белгілі бір территорияда мекендейтін өзара байланысты түрлердің комплекстерін биогеоценоз құрайды. Биогеоценоз өлі табиғат факторлары мен ( топрақ, ылғалдылық, температура және т.б.) Тығыз байланыса отырып, олармен бірге тұрақты жүйе түзеді. Өздігінен реттелу әрбір түр особьтарының саны белгілі бір, мұндай өзін - өзі реттейтін тұрақты жүйені экожүйелер деп атайды. Қоректену әдістеріне қарай барлық организмдер екі топқа бөлініді: 
1. Автотрофтар
2. Гетеротрофтар 
     Автотрофтар  -  негізінен өсімдіктрер органикалық заттарды синтездеу үшін айналадағы ортаның бейорганикалық қосылыстарын пайдаланады. 
     Гетеротрофты ( жануарлар, адам, саңырауқұлақтар, бактериялар) автотрофтар синтездеген дайын органикалық заттармен қоректенеді. 
     Биогеоценоздағы зат айналымы  -  тіршілік үшін қажет шарт.
 Кез  -  келген биогеоценоздың негізі - жасыл өсімдіктер  -  органикалық зат түзушілер. Биогеоценозды міндетті түрде өсімдікпен, жануарлармен және органикалық заттарды қарапайым минералдық қосылыстарға дейін ыдрататын микро организмдер болады. 
     Зат түзушілер  -  продуценттер. 
     Микроорганизмдер  -  редуценттер. 
     Биогеоценозды және онда өтіп жатқан процестерді сипаттау үшін мынадай негізгі көрсеткіштері бар:
А. Түрдің алуан түрлілігі  -  осы биогеоценозды құрайтын өсімдіктермен жануарлар түрінің саны.
Б. Популяция тығыздығы  -  осы түрдің аудан немесе көлем бірлігіне келетін особьтар мөлшері. 
В. Биомасса органикалық заттармен барлық особьтар жиынтығы энергиясының жалпы мөлшері. 
     Биогеоценоздар өте күрделі. Оларда параллель және айқыш  -  ұйқыш орналасқан көптеген қоректену тізбегі болады, ол түрлердің жалпы саны жүздеп, тіпті мыңдап саналады. Әртүрлі объектілердің сан алуан түрімен қоректенеді, сөйтіп өздері бірнеше экожүйеге қорек болады. Қоректену тізбегінің негізі болып саналатын өсімдік текті зат мөлшері, әрқашан да өсімдік қоректі жануарлардың жалпы массасының бірнеше есе арттық болады, ал қоректену тізбегіндегі әрбір келесі буынның массасы жедел кемиді. Мұндай өте маңызды заңдылық экологиялық пирамида ережесі д.а.
 Биогеоценоздар:
1. Тұщы су қойма биогеоценозы
2. Тоған биогеоценоздың тұрақтылығы 
3. Жалпақ жапрақты орман биогеоценозы 
4. Еменді орман биогеоценозы
5. Орман биогеоценозындағы өздігінен реттелу
6. Органикалық қалдықтардың минералдануы 
деп бөлінеді.
           Биогеоценоздағы өзгерістер екі топқа бөлінеді:
1. Түрлер санының ауытқуы
2. Биогеоценоздың ауысуы 
1. Биогеоценоз ішіндегі әртүрлі организмдер санының динамикасы және оны анықтаушы себептерді зерттеу зиякез бунақденелердің жаппай көбейіп кетуін алдын  -  ала болжап, оған жол бермеу үшін қажет болды. Бұл  -  экологияның маңызды міндеттерінің бірі. 
2. Қандай биогеоценоз болсада дамып, экологиядан өтеді. Құрлық биогеоценоздарының ауысуы процесінде өсімдіктердің алатын орны үлкен, бірақ олардың атқаратын қызыметін, биогеоценоз біртұтас организм ретінде тіршілік етіп, өзгеріп отырады. Адамның алатын орны да өте зор. Биогеоценоздың табиғи ауысуының заңдылығы мен бағытын білу, оның ауысуы белгілі бағытта жүріп, солардың тіршілік ету ұзақтығы әр қилы болады. Биогеоценоздардың әртүрлі типтері географиялық аймақтылық пен тығыз байланысты. Мыс: солт  - тен оңт  -  ке бірқатар табиғи аймақтар тундра, тайга, жапрақты орман, дала, шөл. Аймақтық биогеоценоздың жетекші компоненті - өсімдіктерден едәуір айқын байқалады. Экожүйенің маңызды құрамдас бөлігі және оның әрекеті нәтижесінде топрақ та географиялық аймақтарға байланысты өзгеріп отырады. Адам қолмен жасалатын биогеоценоздар  -  адамның ауылшаруашылық әрекетінің нәтижесінде пайда болатын қолдан жаалған биогеоценоздар  -  агроценоздар деп аталады
Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
5.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқашы курсы  А, 2010

Такырып-4   (3  сағат)                                                                          № 7 дәріс. 
ҚАУЫМДАСТЫҚТАР МЕН ЭКОЖҮЙЕЛЕР ЭКОЛОГИЯСЫ СИНЭКОЛОГИЯ
Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен салыстыра білу арқылы білімдер арттыру.
Жоспар
1. Қоректік тізбек және қоректену деңгейлері.
2.Экологиялық пирамидалар
 3. Экологиялық сукцессиялар

Қоректік тізбек және қоректену деңгейлері.
Экожүйенің маңызды қасиеттерінің бірі оларда қоректік тізбектің болуы. Қоректік тізбек  -  экожүйеде организмнің қоректенуі кезіндегі органикалықзаттардың қозғалысы мен олардан алынатын энергия ағымын көрсететін организмдер тізбегі. Бұл сөз грек тілінің trophos  -  қорек, тамақ ұғымдарын береді. Қоректік байланыстар  -  табиғатта негізгі болып табылады, тіршілікті демейді, өзара әрекеттесуші түрлердің саны мен олардың эволюциясының барысына ықпал етеді; әрбір түр басқа түрлер үшін энергия мен қоректік заттардың көзі болып табылады (қоректену немесе қоректік тізбек). Енді продуценттер, консументтер және редуценттер ұғымдарын толығырақ қарастырайық. 
Продуценттер (ағылш. to produce - өндіру)  -  бейорганикалық заттардан органикалық заттарды өндіретін организмдер. Экожүйелерде продуценттерге фотосинтез арқылы сыртқы күн энергиясын органикалық заттар ішіндегі биохимиялық энергияға айналдыратын автотрофты организмдер жатады. Жер бетіндегі экожүйелердегі продуценттерге өсімдіктерді жатқызамы.
Консументтер (латын. консуме  -  тұтыну) басқа организмдермен (продуценттермен) өндірілген органикалық заттармен қоректенетін организмдер. Экожүйедегі бұл организмдер гетеротрофты деп аталады.
Редуценттер  -  органикалық заттар қалдықтарын бейорганикалық заттарға айналдыратын организмдер (негізінен бактериялар, саңырауқұлақтар және т.б.).
Сонымен энергиясы бар экожүйенің ішіндегі органикалық заттар автотрофты организмдермен түзіліп, олар гетеротрофтар үшін қорек (заттар мен энергиялардың қайнар көзі) болып табылады. Қарапайым мысал: жануарлар өсімдікті жейді. Бұл жануарларды өз кезегінде басқа жануарлар жеуі мүмкін, осындай жолмен бірқатар ағзалар арқылы энергия тасымалдау жүреді  -  олардың әрбір келесісі шикізат пен энергия беретін алдыңғысымен қоректенеді. Мұндай бірізділік қоректік тізбек деп , ал оның әрбір түйіні  -  қоректену деңгейі деп аталады. 
Бірінші қоректену деңгейін афтотрофтар немесе бірінші реттік продуценттер деп аталатындар алады. Екінші қоректену деңгейіндегі организмдер  -  бірінші реттік консументтер, үшіншідегілер  -  екінші реттік консументтер деп аталады. Әдетте төрт немесе бес қоректену деңгейлері болады, алтыдан асатындары сирек.
Бірінші реттік продуценттер. Бірінші реттік продуценттерге автотрофты организмдер, негізінен жасыл өсімдіктер, кейбір прокариоттар, атап айтқанда, көк-жасыл балдырлар және фотосинтезделетін бактерияның аздаған түрлері жатады, бірақ олардың үлесі шамалы ғана. Фотосинтетиктер күн энергиясын ұлпаларды құрайтын органикалық молекулалар негізінде қолданылатын химиялық энергияға айналдырады. Органикалық заттардың өніміне энергияны бейорганикалық қосылыстардан алатын хемосинтездеуші бактериялар да аздаған үлесін қосады.
Су экожүйелерінде басты продуценттер мұхиттар мен көлдер үстіңгі қабатының фитопланктонын құрайтындар көбіне ұсақ болып келетін бір жасушалы ағзалар  -  балдырлар болып табылады. 
Бірінші реттік консументтер бірінші реттік продуценттермен қоректенеді, яғни олар шөп қоректі жануарлар. 
Екінші және үшінші реттік консументтер. Екінші реттік консументтер шөп қоректілермен қоректенеді, осылайша бұлар екінші реттің консументтерін жейтін үшінші реттің консументтері сияқты етпен қоректенетін жануарлар. Екінші және үшінші реттің консументтері жыртқыш болып аң аулауы, өзінің құрбандығын ұстап алып , өлтіруі мүмкін. Соңғы жағдайда олар көлемі жағынан өздерінің иелерінен кіші болады.
Редуценттер мен детритофагтар. Өлген өсімдіктер мен жануарлардың денелері әлі де болса энергия мен <<құрылыс материалын >> тірі кезіндегі бөлінділерді , мысалы, зәр мен нәжіс сияқтыларды сақтайды. Бұл органикалық материалдарды микроағзалар , дәлірек айтсақ, органикалық қалдықтарда сапрофиттер тәрізді тіршілік ететін саңырауқұлақтар және бактериялар ыдыратады. Мұндай ағзалар редуценттер деп аталады. Олар өлі денелерге ас қорыту ферменттерін немесе тіршілік әрекеттілігінің қалдықтарын бөліп, олардың қорытқан өнімдерін сіңіреді. Жартылай ыдыраған материалдарды детрит деп атайды, көптеген ұсақ жануарлар (детритофагтар) сонымен қоректеніп , ыдырау процесін жылдамдатады. Бұл процеске шынайы редуценттермен қатар (саңырауқұлақтар мен бактериялар) детритофагтар (жануарлар) да қатысатындықтан ол екеуін де кейде редуценттер деп атайды, әйтсе де шындығында бұл термин сапрофитті ағзаларға қатысты. Кейбір жануарлар басқа жануарлармен де , өсімдіктермен де қоректенеді, оларды талғаусыз қоректенушілер ( жекелей алғанда адам да соған жатады) деп атайды.
Топтардағы популяция аралық өзара әрекеттестіктер (биологиялық өзара әрекеттестіктер типі)  -  бұл әртүрлі популяциялардың топтың шегіндегі байланысы; мынадай қатынастарды бөледі: нейтрализм, бәсекелестік, паразиттік, жыртқыштық, симбиоз, мутуализм, комменсализм , антогонизм.
Бәсекелестік  -  табиғи топтардың құрамын анықтайтын қатынастардың басты типтерінің бірі, бәсекелес түрлер бірге тіршілік ете алмайды. Азық, өмір сүру ортасы және басқа қажетті жағдайлар үшін болатын даралар арасындағы кері әсерлер. Бәсекелестік тікелей немесе жанама болуы мүмкін. 
Симбиоз (селбесу )  -  дегеніміз әр түрге жататын даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Мысалы : өсімдіктердің арасындағы симбиозға қынаны алуға болады. Қыналар балдырлар мен саңырауқұлақтардың селбесіп тіршілік етуі нәтижесінде түзіледі. 
Комменсализм (француз тілінен аударғанда commensal- бірге тамақтану) .Бір ағза екіншісінің есебінен тіршілік етеді, бірақ оған ешқандай зиян келтірмейді.Мысалы , жабысқақ  - балық ірі балыққа бекініп алады да, онымен бірге қозғалады және оның тамағынан қалған заттармен қоректенеді.
Амменсализм (латын тілінен аударғанда mensa - азық, тамақ). Бір популяция үшін қолайсыз болып табылатын өзара қатынастар. Мысалы, зең саңырауқұлақтарының бактериялармен қатынасы. Зең саңырауқұлақтары бөліп шығаратын антибиотиктер бактерияларды жояды.
Жыртқыштық. Популяциялардың біреуі екіншісіне қолайсыз әсер ете отырып, пайда алады. Әдетте жемтігін жыртқыш өлтіре отырып, онымен қоректенеді. <<Жыртқыш  -  жемтік>> қатынасының негізінде қоректену тізбегі жатыр. Жыртқыштарды зиянды жануарлар деп бір жақты қарастыруға болмайды. Себебі, жыртқыштың аузына ауру және әлсіреген даралар түседі де, аурудың таралуының алдын алып, популяцияны сауықтырады.
Паразитизм (грек тілінен аударғанда parasitus- арамтамақ). Бір түр екіншісінің денесінің ішіне не бетіне бекініп, иесінің есебінен тіршілік ететін түр аралық қарым-қатынастарды айтады. 
Гомотиптік реакциялар немесе түрішілік әрекет  -  бір түрдің дараларының арасында байқалады, бұған түрішілік бәсекелестік жатады. 
Гетеротиптік реакциялар немесе түраралық әрекет  -  әр түрге жататын даралар арасында байқалады. 
Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
* Синэкология нені зерттейді?
* Биоценоз туралы не білесіз?
* Биотоп дегеніміз не?
* Экожүйе түсінігінің анықтамасын айтыңыз.
* Бірлестік құрылымы дегеніміз не?
* Бірлестіктің түр және морфологиялық құрылымын сипаттаңдар?
* Трофикалық байланыстар дегеніміз не? Бірлестіктердің трофикалық құрылымдары және өнімділіктері туралы айтыңыздар.
* Автотрофты және гетеротрофты ағзаларға қандай ағзалар жатады?
* Тірі ағзалар арасындағы биотикалық байланыстардың барлығын қандай топтарға бөлуге болады? 
* Нейтрализм және аменсализм дегенімз не?
* Комменсалдар деп қандай ағзаларды айтады? Комменсализмге мысал келтіріңдер.
* Симбиоз дегеніміз не? Симбиотикалық өзара әрекетке мысал келтіріңдер. Бәсекелестік түраралық қатынас ретінде, мысал келтіріңдер.
* Түраралық және түрішілік қатынас бәсекелестігіне мысал келтіріңдер, айырмашылығы неде? Жыртқыштық пен паразиттікке антибиотизм ретінде сипаттама беріңіздер.

Такырып-4   (3  сағат)                                                                          № 7 дәріс. 
Қауымдастықтар мен экожүйелер экологиясы синэкология

                 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПИРАМИДАЛАР
Жоспар
1.Экологиялар пирамидалары
2. Экологиялық пирирамидалардың түрлері

Экологиялық пирамидалар  -  трофикалық тізбектің көрші деңгейлеріндегі органикалық заттар немесе энергия көлемдері қатынастарын графикалық түрде бейнелеу. Ол үшін ең алдымен берілген аймақтағы түрлі организмдерді қоректену деңгейлері бойынша топтастырып, санын есептейді.Мұндай санақтан соң жануарлардың санының екінші қоректену деңгейінен келесіге өткенде бірте-бірте азайатындығы айқын көрінеді.Бірінші қоректену деңгейіндегі өсімдіктердің саны да екінші деңгейді құрайтын жануарлардың санынан жиі асып түседі. Мұны сандық пирамидалар (Элтонның сандық пирамидасы) түрінде бейнелеуге болады.Сандар пирамидасы - әр түрлі трофикалық деңгейдегі ағзаладың санын көрсетеді. Сандық пирамидаларды пайдаланумен байланысты туындайтын қолайсыздықтардан әрбір қоректену деңгейіндегі организмдердің жиынтық массасы (биомасса) есепке алынатын биомассалар пирамидасын құру жолымен құтылуға болады. Биомассаны анықтауға жекелеген дарақтардың санын есепке алу ғана емес, оларды өлшеу де кіреді, сондықтан бұл көп уақыт пен арнайы жабдықтарды, көп еңбек сіңіруді қажет ететін процес.
Массалар пирамидасы. Биомассалар пирамидасы - әр түрлі трофикалық деңгейдегі тірі заттың жалпы құрғақ массасын сипаттайды. Өндірушілер өте ұсақ және консументтер ірі болғандықтан экожүйелерде соңғысының жалпы массасы барлық кезде продуценттердің жалпы массасынан жоғары болады, яғни биомасса пирамидасы керісінше болады. 
Энергия пирамидасы  -  кезекті трофикалық деңгейдегі энергия ағынының шамасын немесе <<өнімділігін>> көрсетеді. Энергетикалық пирамида барлық кезде жоғары қарай сүйірленеді. 
Энергиялар пирамидасының артықшылықтары:
* Ол уақыттың белгілі бір сәтінде ағзалардың ағымдағы күйін ғана сипаттайтын сан және биомасса пирамидаларынан айырмасы, ол биомассаның өсу жылдамдығын көрсетеді. Энергия пирамидасының әр бір сатысы белгілі бір нәрлену деңгейінен белгілі бір кезеңде өткен энергия көлемін (алаң немесе көлем бірлігіне) бейнелейді; 
* Екі түрдің бірдей биомассасы болса да оларда энергия көлемінің бірдей болуы міндетті емес. Сондықтан биомассаға негізделген салыстырудың жаңылыстыруы мүмкін;
* Энергия пирамидалары тек түрлі экожүйелерді ғана емес, сонымен бірге бір экожүйенің ішіндегі популяциялардың біршама маңыздылығын салыстыруға мүмкіндік береді;
* Энергия пирамидасының фундаментіне күн энергиясының түсуін көрсететін тағы бір тікбұрышты қосып қоюға болады.
Энергия пирамидалары экологиялық пирмидалардың үш түрінің ең пайдалысы болса да, оларды құрастыру үшін мәліметтер алу өте қиын, өйткені онда биомассалар пирамидасын құрастырудағыдан гөрі тіпті көп өлшемдер талап етіледі. Іс жүзінде энергия пирамидалары кейде биомасса пирамидаларынан бұрын жүргізілген тәжірибелерге негізделген қайта есептеу жолымен жеткілікті түрде нақтылықпен алынуы мүмкін.
Экожүйе арқылы өтетін энергия ағынын зерттеуге итермелейтін себептердің бірі  -  бұл алынған білімдерді адамның қоректік және энергиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолдана алу мүмкіндігі.
Нақты  қоректік  тізбектерге  өсімдік  текті  тамақтағы  энергияның  берілетін  мөлшерін  есептеуге  және  тасымалдануын  бақылауға  болады.
   Энергия  тасымалдау  кезінде  қоректік  тізбектердегі  қатынастар  нәтижесінде  әрбір  бірлестік  белгілі  бір  трофтық  құрылымға  ие  болады.
         Жалпы  жағдайда  трофтық  құрылымды  кезекті  трофтық  деңгейлердегі  уақыт  бірлігіндегі  аудан  бірлігіне шаққан  энергия  шамасымен наықтауға  болады. Оларды экологиялық  пирамида  түрінде кескіндеуге болады.  Бұл  құбылысты  зерттеген  Ч. Элтон  (1927 ж.)  экологиялық  пирамиданың  үш  негізгі  типін бөліп  көрсетті. 
  1. Сандар  пирамидасы. (м2 /даралар  саны)  әртүрлі  трофтық  деңгейдегі  ағзалардың  санын  көрсетеді. Орманның  жайылымдық  қоректік  тізбегінде,  продуцент  -  ағаш, ал  бірінші  реттік  консумент  -  бунақденелілер болғанда,  бірінші  реттік  консументтердің  деңгейі  саны  жағынан  өндірушілер  деңгейімен  салыстырғанға  байланысты. Бұл  кезде  сандар  пирамидасы  кері  болады.
   2.Биомассалар  пирамидасы    әр  түрлі  трофтық  деңгейдегі  тірі  заттың  жалпы  құрғақ  массасын  сипаттайды  (органикалық  заттардың  құрғақ  массасы  г/м2).  Өндірушілері   өте  ұсақ  және  консументтері  ірі  болған  экожүйелерде  соңғысының  жалпы  массасы  барлық  кезде  продуценттердің  жалпы  массасынан  жоғары  болады,  яғни  биомасса  пирамидасы  да  кері  болады.
    3.  Энергия  пирамидасы    (Дж/м2  жыл)  кезекті  трофтық  деңгейлердегі  энергия  ағынының  шамсын  немесе  <<өнімділігін>>  көрсетеді.  Энергетикалық   пирамида  барлық  кезде  жоғары  қарай  сүйірленеді. Бірақ  тамақпен  бірге  жүйеге  түсетін  барлық  энергия  көздері  есепке  алынуы  керек.

Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
* Пирамидалардың бір бірінен қандай айрмашылықтары бар?
* Ең тиімді пирамиданы атаңыз, түсіндіріңіз?


Такырып-4   (3  сағат)                                                                          № 8 дәріс. 
Қауымдастықтар мен экожүйелер экологиясы синэкология 
                ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СУКЦЕССИЯЛАР

Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен салыстыра білу арқылы білімдер арттыру.

Экологиялық сукцессиялар
Сукцессия деп  -  табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен бір территорияда биоценоздардың белгілі бір ретпен алмасуын айтады. Экологиялық сукцессия белгілі бір уақыт бөлігінде бірнеше кезеңдерден өткеріп іске асады, алғашқы кезеңдері бірінші қоныстанушылар кезеңі деп аталады, бұл процесс тұрақтанған жүйеге дейін іске асады тұрақтанған жүйені климакс деп атайды. Сондықтанда сукцессия белгілі бір территориядағы бірін-бірі ретімен алмастыратын бірлестіктер. Сукцессия пайда болу үшін бос кеңістік қажет. Біріншілік және екіншілік сукцессиялар деп екіге жіктеледі. Біріншілік сукцессия  -  ең алғашында бос субстратта пайда болған бірлестіктерді айтады, екіншілік сукцессия осы субстраттағы бірлестіктерді осы абиотикалық жағдайларға недәуір адаптацияланған келесі бір бірлестіктердің алмастыруын айтады. 
Біріншілік сукцессия бірлестікті ең басынан бастап қалыптасуын бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай сукцессиялар селден кейін немесе өрттен кейін қалған орындарда пайда болады. Шыршалы орман деп солтүстік аймақтарда экожүйенің соңғы климаксты кезеңін айтады. Ең басында мұндай жерлерде ақ қайың орманы болады, қайыңдардың өсу жылдамдығы қылқан жапырақтыларға қарағанда 10-12 есе жылдам болғандықтан олардың көлеңкесінде шыршалар мен қарағайлар өседі. Қайыңдардың түбінде өздерінің микроклиматы пайда болады, ал шыршалар өз беттерімен өздеріне қолайлы жағдайларда өсе береді. Біртіндеп қайыңдар шыршаларға бәсекеге төтеп бере алмай қылқан жапырақтылар оларды ығыстырып шығарады. 
Екіншілік сукцессия көбінесе адам әрекетінің салдары болып табылады. Біріншілік сукцессия 1000 жылды қамтыса, екіншілік сукцессия 150-250 жылды қамтиды.  
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СУКЦЕССИЯ  --  бір биоценоздың (бірлестіктің) басқа биоценозбен ауысып отыруы. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СУКЦЕССИЯ  кауымдастықтың, яғни экожүйенің биоталық құрауыштарының ықпалымен жүреді. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СУКЦЕССИЯ   биоталық қауымдастық пен физикалық орта арасында тепе-теңдік орнайтын, экожүйенің реттелген дамуы, оны болжауға болады. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СУКЦЕССИЯ   бірнеше кезеңнен өтеді, солардың барысында биоталық қауым-дастықтар бірінен соң бірі алмасып жатады. Сукцессия кезіндегі түрлердің алмасуының себебі, популяциялар коршаған ортаны өзгер-туге ұмтыла отырып, өзге популяция үшін қолайлы жағдайлар жасайды. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СУКЦЕССИЯ   барысында организмдердің түрлік популяциялары және олардың арасындағы функциялық байланыстардың түрлері бірін-бірі белгілі заңдылыққа сәйкес кезеңді түрде және қайталанып алмастырып отырады. Сукцессия өсу, тұрақтану, климакс сатыларынан тұрады. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СУКЦЕССИЯ   -ның автотрофты, гетеротрофты, аутогенді, аллогенді, фитогенді, зоогенді, ландшафты, алапатты, антропогенді түрлері бар. Оңтайлы жағдайда кез келген сукцессия түрі бәсең дамитын климакстық қауымдастықтың пайда болуымен аяқталады.
Климакс-/баспалдақ/     -     климакстық өсімдік  бірлестігі     терминді 1916 ж. Ф. Клеменс енгізген.  Берілген    аймақ    жағдайларындағы   экожуйенің   мүмкін болатын  дамуының  /сукцессия/ тұрақты,   соңғы   /кульминациялық/   даму   сатысы.  Оның сипаты әдетте климаттық,    топырақ,    геоморфологиялық,     биотикалық     және антропогендік    факторлармен анықталады.   Климакс   салыстырмалы      түрде      тұрақты фитоценоздың       /жергілікті/ қалыптасуы аркылы көрінеді.

Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
5.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқашы курсы  А, 2010

Такырып-5   (1 сағат)                                                                          № 9 дәріс. 
 БИОСФЕРА ТУРАЛЫ ІЛІМНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
Биосферадағы биохимиялық циклдер және зат айналымы. Миллиардтаған жылдар барысында тірі ағзалардың көбеюі, өсуі, зат алмасуы мен белсенділігі, планетаның беткі бөлігін толық өзгеріске ұшыратты. Ағзалардың түрлерінің барлық массасын В. И. Вернадский Жердің тірі заты деп атаған.Тірі заттаың химиялық құрамына өлі табиғатты құрайтын атомдар кіреді, бірақ олар басқаша қатынаста болады. Зат алмасу барысында тірі ағзалар үнемі табиғаттағы химиялық элементтердің таралуын өзгертіп отырады. Осылайша биосфераның химизмі өзгереді. Миллиардтаған жылдар барысынла фотосинтездеуші ағзалар күн энергиясының орасан мол шамасын химиялық жұмысқа айналдырады және басқа да органикалық заттар  -  мұнай, торф т. б. түрінде жиналады.
Фотосинтез есебінен атмосферада оттегі жиналады. Жердің дамуының ертедегі кезендерінде атмосферада басқа газдар басым болады: сутегі, метан, аммиак, көмірқышқыл газы оттегіден озон қабаты пайда болды. Бұл газдың молекулалары оттегінің үш атомынан тұрады (О3), ол ультракүлгін сәулелердің молекулалық оттегіне әсер етуі нәтижесінде түзіледі. Тіршіліктің өзі ультракүлгін сәулелердің басым бөлігін ұстап қалатын атмосфераның қорғаныштық қабатын жасады.
Қазіргі атмосферадағы көмірқышқыл газының көп бөлігі тірі ағзалардың тыныс алуы немесе органикалық отынның жануы нәтижесінде түзілген. 
Атмосфералық азот та тіршіліктің нәтижесі, ол бірқатар топырақ бактерияларының белсенді әрекетінен түзілген.
Атмосфералық азот та тіршіліктің нәтижесі, ол бірқатар топырақ бактерияларының белсенді әрекетінен түзілген. 
Тірі ағзалардың әсерінен көптеген Жердегі тау жыныстары пайда болды. Ағзалар жекеленген элементтерді қоршаған ортада олардың мөлшерінен анағұрлым көп шамасын тандамалы түрде сіңіріп, өз денесінде жинай алады. Мысалы, көптеген теңіз жануарлары өздерінің қаңқасында кальций, кремний немесе фосфорды жинап, өлгеннен соң су  түбінде шөгінді жыныстарды: ізбес тас, бор, фосфориттер т. б. түзеді. Олар органогенді элементтер деп атайды.
Тіршіліктің әсерінен құрлықтың бетінде топырақ қабаты қалыптасқан. Топырақтағы минералдық компоненттер, ыдырап жатқан органикалық заттар мен көптеген микро және макроорганизмдердің бір-бірімен тығыз байланыстылығы сонша, В.И. Вернадский оны ерекше, табиғаттың биокосты заты деп атады. Әлемдік мұхиттың суларында да осындай биокосты заты болады. 
Тірі ағзалар құрлықтың тау жыныстарының желденуі мен бұзылуында ерекше роль атқарады. Олар өлі органикалық затты негізгі ыдыратушылар.
Тіршілік Жердің атмосферасын, мұхиттың суының құрамын өзгертіп, өзен қабатын, топырақ, көптеген жыныстарын жасады.
Тау жыныстарының желдену жағдайлары өзгеріп, өсімдіктер жасайтын микроклимат үлкен рол атқара бастайды, Жердің климаты да өзгерді.
Тіршілік биосферадағы биологиялық зат айналымын жүзеге асыра отырып, өзінің және адамның тіршілік етуіне қажетті тұрақты жағдайларды қамтамасыз етеді.
Тірі ағзалар биосферада маңызды биогенді элементтердің зат айналымын жүзеге асырады. Олар кезектесіп тірі заттан бейорганикалық материяға өтіп отырады. Бұл циклдер екі негізгі топқа бөлінеді: газдардың айналымы және шөгінді заттар айналымы. Біріншісінде элементтердің негізгі көзі - атмосфера (көміртегі, оттегі, азот), екіншісінде - таулы шөгінді жыныстар (фосфор, күкірт және т.б.) болып табылады.
Көміртегінің айналымы. Фотосинтез үшін көміртегінің көзі атмосферадағы немесе суда еріген көмірқышқыл газы болып табылады. Өсімдіктер түзген органикалық заттың құрамында көміртегі қоректену тізбегі бойынша тірі не өлі өсімдік ұлпалары арқылы өтіп, тыныс алу, ашу немесе отынның жануы нәтижесінде көмірқышқыл газы түрінде атмосфераға қайтады. Көміртегі циклының ұзақтығы үш-төрт жүз жылдыққа тең. 
Осы кезеңде биосферадағы көміртектің жалпы массасы шамамен 4000 Гт. Оның 1000 Гт биомасса үлесіне жатады. Биосферадағы жылдық нетто-биоөнімінің мөлшері көміртекпен есептегенде 90-100 Гт. Осы мөлшерде көміртек дем алу және ыдырау (деструкция) процестерінде де бөлініп отырады. Сонымен, көміртекпен есептегенде биосфера биомассасының жаңару мерзімі 10 жылды құрайды.
Көміртек айналымы жасыл өсімдіктер мен кейбір микроорганизмдердегі фотосинтез процесіне атмосфералық көмірқышқыл газын бекітуден басталады. Өсімдіктер бекіткен көміртек бөлігін жануарлар пайдаланып, көмірқышқыл газын бөледі. Тіршілігін жойған өсімдіктер мен жануарлардың соңынан топырақта микроорганизмдер ыдырайды, осы ыдырау процестердің нәтижесінде ұлпалар құрамындағы қосылыстарға оралып отырады.
Көміртектің белгілі бөлігі ұзақ мерзімде қазанды отын түрлерін (көмір, табиғи газ, мұнай, шымтезек, жаңғыш тақта тас), теңіз су қоймаларында карбонатты жыныстарды (әктас, доломит, т.б.) түзуге қатысады. Құрлықтағы және мұхит аквоториясындағы көміртек қосылыстарының пайда болатын негізгі көзінің бірі болып жанартаудың атқылауы саналады.
Фотосинтез бен органикалық заттардың ыдырауы бірнеше сатыдан өтетін және өте көп экожүйелер мен организмдердің қатысуымен жүзеге асатын болса жалпы биосферада ерекше өте жоғары дәлдікпен олардың теңдіктері ұсталып тұрады.Көмірқышқыл газының атмосферадағы қоры 700 Гт, ал фотосинтез және ыдырау процестері арқылы атмосфераға жылына қайтарылып отыратын массасы 90-100 Гт. Егерде көміртектің атмосферадағы биоталық қайтарылуы тоқтады деп елестететін болсақ, ал фотосинтез бұрынғы қалпында жүріп жататын болса, онда атмосфера толығымен 7-8 жылда көмірқышқыл газынан тазаланып отырар еді. Бірақ-та, әр түрлі белгілі ғылыми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі шамалардың ауытқуының шектік деңгейі тұрақты сақталып отырса, атмосфераның газдық құрамы (оның ішінде көмірқышқыл газының мөлшері) аз дегенде 104 жыл бойы тұрақты болып қала берер еді. Бұдан атмосфера үшін көміртектің биотикалық айналымының минималды тұрақтылығы δА = (10000-8)/10000=0,999 деп қорытындыға келуге болады.
Экожүйедегі көміртек айналымына толық жете сандық талдауды 1990 жылы эколог-ғалым В.Г.Горшков жасаған. Оның геологиялық мәліметтерге сүйенген тұжырымы бойынша, биогенді мүмкін екен. Тіршілікпен сәйкес осы мөлшер шамалардан реттейтін механизм жоқ болғанда, ондаған және жүздеген миллион жылдарда олар шектен шығып кететін еді. Шынында, палеохимиялық және палеоботаникалық мәліметтер бойынша атмосферадағы көміртек мөлшері 105 жыл бойы сақталып келе жатыр. Солай болғандықтан, биосферадағы органикалық заттардың түзілуі мен ыдырау ағысы 10-4, тұйықтылығы 10-3 дәрежедегі дәлдікпен үйлесіп келеді. Демек, корреляция дәлдігі 10-7  - ге тең. 
В.Г.Горшковтың айтуынша: <<Синтез бен ыдыраудың арасындағы осы деңгейдегі дәлдікпен корреляцияның болуы қоршаған ортада биологиялық реттеу бар екенін дәлелдейді, себебі миллиондаған жыл бойы шамалардың осындай дәлдікте болуы кездейсоқ екеніне сенбейтін жағдай>>. 
Соңғы жылдары адамның шаруашылық әрекеті, әсіресе, құрамында көміртек болатын отын мен ағашты өте көп мөлшерде жағу арқылы көміртектің айналымына елеулі әсер етті. Ауа райының ғаламдық жылынуына себеп болатын <<көшетхана газы>> ішінде (метан, озон, фреон, азот оксидтері) көміртек диоксиді бірінші орында тұр (50-55%). 
 Азот айналымы. Өсімдіктер азотты ыдыраған өлі органикалық заттан алады. Бактериялар ақуыздардың азотын өсімдіктер сіңіре алатын түрге өткізеді. Атмосферадағы бос азотты өсімдіктер тікелей сіңіре алмайды. Бактериялар мен көк жасыл балдырлар атмосфералық азотты байланыстырып, топыраққа өткізеді. Көптеген өсімдіктер олардың тамырларында түйнектер түзетін азот- фиксациялаушы бактериялармен симбиоз түзеді. Өлген өсімдіктерден немесе жануарлардың өлекселерінен бактериялардың басқа топтарының іс-әрекеті нәтижесінде бос түрге өтеді де қайтадан атмосфераға қайтады.

Өсімдіктер мен жануарлардың
                       органикалық азоты
                                 Аммиак
                            Аммоний ионы
                               Мочевина
                              Нитриттер
                             Азот тотығы
                          Атмосферадағы
                                бос азот
                              Нитраттар














Азот барлық биогенді белоктардың құрылымына кіреді және сонымен қатар биогенді элементтердің ішінде ең негізгі организмдердің тіршілік әрекетіне қажет элемент болып саналады. Атмосферадағы бос молекулалық түрдегі азоттың өте аз мөлшері ғана биоталық айналымға қатысады.
Фосфор мен күкірттің зат айналымы. Фосфор мен күкірт тау жыныстарында болады. Тау жыныстарының бұзылуы мен эрозиясының әсерінен топыраққа өтеді де, оларды өсімдіктер пайдаланады. Редуцент - ағзалардың тіршілік қызметі нәтижесінде олар қайтадан топыраққа қайтады. Азот пен фосфор қосылыстарының бір бөлігін жауын сулары өзендерге одан теңіз бен мұхитқа қарай шайып, оны балдырлар қолданады. Ең соңында өлі органикалық заттың құрамында олар су түбіне шөгіп, қайтадан тау жыныстарына кіреді.
Фосфор айналымы. Фосфор азот сияқты шектеуші биогендер қатарына жатады. Ол нуклеин қышқылдарының құрамына, клетка мембраналарының, энергия тасымалдаушы жүйеге (аденозиндифосфат, аденозинтрифосфат), сүйек тканіне, дентинге кіреді. Оның айналымын басқа айналымдардай қозғалысқа келтіретін энергия және де бұл процеске қатысушы фосфорорганикалық түрден бейорганикалыққа, одан қайта органикалық түрге алма  -  кезек ауысып отырады.
Фосфордың биогеохимиялық циклінің ерекшелігі редуценттердің фосфорды органикалық түрден бейорганикалық түрге тотықтырмай көшіретіндігінде.
Көміртектің, оттектің және азоттың айналымынан тағы да бір айырмашылығы фосфордың циклін тұйықталған деп есептеуге болмайды, себебі фосфаттардың басым көпшілігі мұхит шөгінділерінде қалып отырады.
Фосфор жылжымалы элемент, сондықтан оның айналымымен байланысты процестер қоршаған ортаның көптеген факторларына тәуелді, бірінші кезекте антропогендік факторларға. Мысалы, табиғи сулардың фосфор тыңайтқыштарымен, жуғыш заттармен ластануы салдарынан су қоймалары эвтрофтанады. Осы себептен бір қатар елдерде фосфоттарды жуғыш заттар құрамына қосуға тиым салынған, оның балама алмастырғыштары қолданылады.
Өсімдіктердің фосфорды сіңіруі топырақ ерітіндісінің қышқылдығына байланысты. Суда натрий мен кальций фосфаттары нашар ерісе, сілтілі ортада мүлде ерімейді, қышқылдық көтерілген сайын фосфаттар жақсы еритін фосфор қышқылына айналады. Фосфор тыңайтқыштарын біліксіз артық мөлшерде қолданса, топырақта фосфорлану деген зардап орын алуы мүмкін. Фосфор уытты элемент болмаса да, фосфорлану кезінде тұздардың концентрациясы жоғары болғандықтан өсімдіктердің өсуі мен дамуы, әсіресе вегетация басталған кезеңде тежелуі байқалады, себебі фосфордың мөлшері топырақта көп болғандықтан басқа элементтердің біршама тапшылығы күшейіп, өсімдіктердің қоректенуінің бұзылуы орын алуымен қатар, экологиялық тұрғыдан зиянды ауыр металлдарды және де басқа токсиканттарды көбірек сіңіруге ықтималдығы жоғарлайды.
Су айналымы. Бұл табиғат жағдайында былай жүреді, су мұхиттардың, құрлықтардың, өзендердің және т. б. су қоймаларының бетінен буланып, ауа арқылы су буы тасымалданып, шықтанып, жауын-шашынмен қайтадан жер бетіне оралып отырады. Осылардан басқа, су айналымы процесіне өсімдіктердің ауамен жанасатын барлық сыртқы және ішкі беттеріндегі судың булануы және жердің өте терең қабаттарындағы магмадан бөлінетін оттек пен сутектен түзілген жер асты сулары (ювинилді сулар) жатады.
Жер бетінде судың шамамен есептеу жолымен анықталған теңдестігі (мың км3) мынадай болады: кіріс (жауын-шашын)  -  8,4, шығын  -  108,4 (булану 71,1, оған жер бетіндегі ағынды сулар қосылады  -  37,3).
Су айналымының тұрақтылығы соңғы 100 жылда адамның таласуынан бұзыла бастады. Орман алқабының азаюынан орманнан судың булануы төмендеуде, керісінше, ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлерді суармалау кезінде топырақ бетінен судың булануы артуда. Сонымен қатар, соңғы жылдары мұхит пен теңіздің едәуір бөлігіндегі бетінде мұнай қабатының пайда болу салдарынан судың булануы күрт төмендеп, биосфера құрауыштарының арасындағы алмасу процестері бұзылуда. Бұрыннан табиғатта қалыптасып келген су айналымының ауытқуына байланысты соңғы жылдары әлемдік мұхит деңгейі көтерілуде, осындай қолайсыз жағдайға себеп болып жатқан құрлықтағы көлдердің келуі, жер асты су қорының тиімсіз жүйемен жұмсалуына байланысты азаюы және көшетхана эффектісінің әсерінен мұздық жамылғысының қалыңдығының жұқаруы. Бұл тенденциялардың әрі қарай үдеуі организмдердің әр алуандылығы мен орналасу заңдылығын, экожүйелердің сандық және сапалық құрамын, қасиеті мен құрылымын өзгертуі мүмкін. 
Сонымен табиғатта барлық биогенді элементтердің айналымы биогеоценоз деңгейінде өтеді. Биогеоценоздың өнімділігі әр элементтің жүйелі түрде айналымда болуына байланысты. Мұның әсіресе ауылшаруышылық өндірісі мен орман өсіруде маңызы өте ерекше келеді.
Адамның қалай болсада әйтеуір араласуы айналым процестерінің жүруіне кедергі жасайды. Мысалы, орманды кесу немесе өсімдіктердің ассимиляциалау аппаратын өнеркәсіптік шығындылармен зақымдандыру көміртекті сіңіру қарқынын төмендетеді. Өнеркәсіптік ағындылармен суқоймаларына түскен органикалық заттектердің молшылығынан орын алатын эвтрофикация процесі суда еріген түрде болатын оттектің біраз мөлшерін азайтып, сулы ортадағы аэробты организмдердің тіршілік мүмкіндігін жояды. Қазып алынған отындарды жағып, өндіріс өнімдерінде атмосфералық азотты бекітіп, фосфорды детергенттерге байланыстырып, адам элементтер айналымын өзімен қалай болса да тұйықтайтын сияқты, осы жағдай оны қоршаған ортаның химиясын толығымен басқаруға амалсыз мәжбүр етеді.
Биоталық айналымның жоғары дәрежедегі тұйықтылығы мен қоршаған ортаның биологиялық реттелуі  -  биосфера эвалюциясының заңды нәтижесі. 
Оттегінің циклі. Жердегі оттегінің циклі шамамен 2000 жылда, судың шамамен 2 млн. жылда жүріп өтеді. Бұл заттардың атомдары Жер шарында әр түрлі тірі зат арқылы өткен.
Атмосферадағы оттегінің мөлшері біртіндеп артты. Соңғы 600 млн. жылда зат айналымдардың жылдамдығы мен сипаты қазіргі кездегі деңгейіне жақындады. Биосфера үлкен, үйлесімді экожүйе ретінде жұмыс істейді. Ондағы ағзалар тек қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, өздері де тіршілікке қолайлы жағдайларды жасайды.Оттегі айналымы фотосинтез процесінен басталады. Оның биоталық айналымы 250 Гт/жылына, ал биосферадағы оның жалпы массасы 1014 т. Жер бетінде ең көп таралған элемент: оның мөлшері атмосферада  -  23,1 (288мг/л); литосферада  -  47,2; гидросферада  -  86,9. Гидросферадағы оттектің мөлшері орта шамамен 4,5 мг/л, осы оттекті су организмдері өздерінің тіршілігіне жұмсайды. Ауадағы оттектің мөлшері ұзақтық геологиялық дәуірлер бойына биоталық реттеудің арқасында тұрақты деңгейде келе жатыр. Осы деңгейден ауытқу орын алса, биосфера биотасының жағдайына әсерін тигізер еді: мөлшері төмендесе мұхиттар фаунасы елеулі азайып, көтерілсе ортаның тотығу қасиеттерінің қауіпті жағдайға дейін өсіп кетуі мүмкін. Бұл жағдайлардың жер бетіндегі жануарлар мен адамға да белгілі қолайсыз әсері бар. Мысалы, жануарлар мен адамдар биік тауларға шыққанда немесе оттекті көп мөлшерде пайдаланатын жерлер мен жасанды құрылғыларда оттетік жетіспеуін сезеді.
Озонның түзілуіне Жер бетіне түсетін күн энергиясының шамамен 5% жұмсалады (8,6.1015 вт). Озон түзілетін реакция қайтымды болғанына байланысты атмосфераның жоғарғы қабаттарының температурасы жоғары болады, себебі озонның атмосферадағы көлемдік мөлшері 10-6% құрайды; озонның ең жоғарғы максималды мөлшері 20-25 км биіктікте 4.10-6 көл. %  - ке дейін жетеді.Озон барлық тірі организмдерге әсер ететін ғарыштағы ультракүлгін сәулеленудің едәуір мөлшерін тұтып отырады, былайша айтқанда, биосфераның қорғағыш қалқаны, себебі тірі организмдердің көптеген молекулалық құрылымдары осы ультракүлгін сәулелерінің әсерінен бұзылады. Осыған байланысты озон қабатының бұзылуы (озон <<тесігінің>> пайда болуы адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға елеулі өзгерістер туғызуы мүмкін. 
Үлкен және кіші зат айналым шеңберлері. Биосфера  -  Жердің ғаламдық экожүйесі  -  экосферасы, оның құрамы мен энергиясы жер шарындағы жануарлардың жиынымен анықталады және бақыланады. Биосфераның биотасы мен абиоткалық компонеттерінің өзара байланысы табиғаттағы екі негізгі зат алмасу шеңберлерімен сипатталады: үлкен (геологиялық) және кіші (биогеохимиялық) зат алмасу шеңберлері. 
Табиғаттағы үлкен зат алмасуы (геологиялық)  -  күн энергиясының жердің тереңдік энергиясымен алмасуға негізделген. Бұған сондай-ақ судың үлкен алмасу шеңберінде жатқызуға болады. Әлемдік мұхит бетінен буланған су буы құрылыққа жел арқылы жылжып жауын-шашын түрінде құрлыққа түседі, осы түскен жауын-шашын жер беті мен жер асты суларының ағынымен қайтадан мұхитқа барады. Судың осындай айналымын үлкен айналым шеңбері деп атайды, ал буланған судың жарты бөлігі қайтадан мұхит бетіне түскен жағдайда оны судың кіші айналым шеңбері деп атайды. Мұхит бетінен судың булануына күн сәулесінің 50% пайызы жұмсалады. Жер планетасындағы ауа райының қалыптасуына және табиғат жағдайларына елеулі әсерін тигізеді. Өсімдіктердің суды транспирациялау және сол арқылы биогеохимиялық циклға судың өтуін ескере отырып бүкіл дүние жүзіндегі су қорының толық бір айналым жасауына 2 миллион жыл қажет. 
Биосферадағы заттардың кіші айналым шеңбері биосфера шегінде ғана жүреді. Бұл құбылыстың негізі фотосинтез процессі кезінде бейорганикалық заттардан органикалық заттардың түзілуі және ыдыраған кезде органиканың қайтадан бейорганикаға айналуы жатады. Бұл айналымның жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы зор, себебі осы шеңбердің өзі тіршіліктің көзі болып саналады. Өзгеру арқылы, туылу және өлу арқылы тірі зат Жер бетіндегі тіршілікті қамтамасыз етеді, биогеохимиялық зат алмасу шеңберін құрайды. Жеке заттардың айналымын В.И.Вернадский биогеохимиялық циклдар деп атады. Циклдың мәні мынада, ағзаға сыртқы ортадан түскен химиялық элементтер белгілі бір уақтыттан кейін одан абиотикалық ортаға шығып қайтадан белгілі бір уақыттан соң қайтадан ағзаға оралады. Мұндай элементтер биофильді элементтер деп аталады. 
Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.

Такырып-6   (1 сағат)                                                                          № 10 дәріс.
ТАБИҒАТ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ

Табиғи ресурстар  -  бұл адамзат өзінің қажеттілігін қанағаттандыратын табиғат байлығы. Ресурстар біркелкі орналаспаған және олардың қоры бірдей емес, сондықтан кейбір елдердің ресурспен қамтылуы, яғни табиғи ресурстар қоры және оларды пайдалану көлемі арасындағы арақатынас әр түрлі. 
Минерал қорларды отын, рудалы емес (бейруда), химиялық, құрылыс материалдары топтарына бөлуге болады. Бұл минерал қорлар топтары жаңғыртылмайтындар санатына жатады. Планета аумағының 15%-ін көмір кен орындары алып жатыр. Жалпы көлемнің 8%-ін барланған қорлар алады. Барлық көмір ресурстарының басым көпшілігі Солтүстік жарты шарда шоғырланған.
Соңғы жылдары барланған мұнай және табиғи газ қорларының өсу беталысы байқалады. Бұл жаңа кен орындарының ашылуымен және жалпы геологиялық қорлар бөлігін барланған қорлар санатына ауыстырумен анықталады. Барлық барланған мұнай мен газ қорының 70 %-і құрлықта, қайраңдарда - 30%-і шоғырланған. Уран жер қыртысында кең таралған. Оның мол кен орындары Австралия, ОАР, Нигер, Бразилия, Канада, Намибия, Ресейде және Қазақстанда.
	Жер ресурстары сарқылатын, бірақ та жаңғыртылатын болып келеді. Адамзаттың ресурстармен қамтылуы 13,4 млрд. га аумақты алып жатқан дүниежүзілік жер қорларымен анықталады.
	Жер қорлары құрылымында азық-түлік өнімінің 88%-ін беретін, өңделген жерлердің (егістіктер, бау-бақшалар) мөлшері бар жоғы 11%-і алып жатыр. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер дүниежүзілік жер қорының орта есеппен 34%-ін, ормандар алқабы - 30%-ін алып жатыр, алайда ормандардың мол үлесі -52%-і Оңтүстік Америкада шоғырланған. Құрылыс салуға арналған жерлердің үлесі 2%, Еуропада -5%, жер қорының пайдаланылмаған жерлері 34%-ті құрайды.
Тұщы сулардан тұратын су ресурстары сарқылатын, бірақ та жаңғырылатын болып саналады. Су қорлары гидросфераның 2,5 %-ін құрайды. Адамзат үшін негізгі тұщы су көзі болып табылатын өзендерде (77 мың км3 ) су ресурстары бар. Суды негізгі пайдаланушы сала  -  ауыл шаруашылығы (70%-ке жуық), өнеркәсіп (20%), тұрмыстық шаруашылық (6%) және бөгендер (4%). Халықтың жан басына шаққандағы ресурстарымен қамтамасыз етілуі бойынша Австралия 1-орында тұр, одан кейін Оңтүстік Америка және ТМД, ал соңғы орында  -  Азия елдері.
Орман және басқа да өсімдік, балық ресурстарын, бағалы аң терісі және теңіз аңдары ресурстарынан тұратын биологиялық ресурстарды сарқылатын, бірақ та қайтадан толығып отырады. Орман ресурстары екі көрсеткішпен: ормандар алқабы аумағымен (құрлық аумағының 30%-і ) және тамырлы ағаштармен (350 млрд. м3) сипатталады. Жыл сайын тамырлы ағаштар қоры 5,5 млрд. м3-ке өседі, алайда дәл осындай көлемде жыл сайын ағаш даярлауға кетеді. Дүние жүзі ормандары екі белдеуді құрайды: солтүстік және оңтүстік.
Агроклиматтық ресурстар  -  бұл жылу мен ылғалдылықтан тұрады. Жылу бір жылдағы 1000 С-дан жоғары температураның қарқынды жиынтығымен анықталады, ал ылғалдылық жауын-шашын мен булану ара-қатынасы жағдайындағы ылғалдылық көрсеткішімен сипатталады.
Рекреациялық ресурстар  -  демалысқа, емделуге пайдаланылатын табиғат құбылыстары немесе обьектілері: теңіз жағалауы, табиғаттың көркем жерлері, таулы туризм аудандары, табиғат ескерткіштері, минералды және емдік батпақ көздері. Рекреация ресурстарына тарихи және мемориал обьектілері де жатады. 
Энергетикалық ресурстар (отыннан басқалары) Күн энергиясы және жел, геотермалды және гидроэнергия ресурстарынан тұрады. Олар сарқылмайтын қорларға жатады. Шетелдік Еуропада гидроэнергия әлеуетінің игерілу дәрежесі ең жоғары 70%, ал дамушы елдерге игерілмеген гидроэнергия әлеуетінің 65%-і келеді. Гидроэнергия ресурстарымен өте бай елдер: ҚХР, Ресей, АҚШ, Заир, Канада, Бразилия.
Геотермалды ресурстар  -  бұл термалды сулар мен ыстық булар энергиялары. Тұңғыш рет бұл ресурстарды Исландия пайдаланды.
Дүниежүзілік мұхит ресурстарын минералдық, биологиялық және гидроэнергетикалық ресурстары құрайды. 
Су ресурстары  -  теңіз, өзен, көл, жасанды су айдындары, жер асты сулары, топырақтағы ылғал, тау және полярлық өңірдің мұздықтары, атмосфераның су булары т.б. пайдалануға жарамды су қорлары. Жер шарының тұрақты су ресурстарының жалпы мөлшері 1 454 327,2 мың км3; бұның ішінде дүние жүзінің мұхит үлесіне 1370 млн км3; жер асты суына 60 млн км3; мұздықтарға 24 млн км3; көлдерге 230 мың км3; топырақ ылғалына 82 мың км3; өзен суына (арналық) 1,2 мың км3; атмосфера буына 14 мың км3 келеді. Су ресурстарына комплексті, балансты баға беру үшін төмендегідей теңдеулер қолданылады: R=U+S; P=U+S+E; W=P-S=U+E, бұл жерде: R -  толық өзен ағыны; U- жер асты суының өзенге ағуы; S-жер беті ағыны; P-атмосфералық жауын-шашын; E- булану; W- территорияның жалпы ылғалдану мөлшері. Жыл сайын жер бетінде 150 км3 су жұмсалады, өзен және көлге 450 км3 ағын су қайта қосылады (бұл мөлшердегі суды тазалау үшін 5500 км3 өзеннің таза суы қажет). Біздің елімізде Су ресурстарын тиімді пайдалану дұрыс жолға қойылған, яғни ағын түрлерінің шығыны реттелуде.
Осыдан ондаған жылдар бұрын су мен ауа табиғаттың тегін сиындай есептеліп келген болатын. Соңғы кездерде су ресурсына деген көзқарас күрт өзгерді. Бұл жағдай тұщы судың көлемі гидросфераның 2%-дан сәл жоғарысын құрайтындығында. Абсолюттік деңгейде бұл адамзаттың қазіргі сұраныстарынан он мың есе көп. Алайда осы тұщы судың басым бөлігі Антарктида, Гренландия, Арктика мұздарында шоғырланған. Бұл әзірге пайдалануға қол жетпес қор.
Тұщы су ресурстары қоры біркелкі таралмаған. Мысалы, Африка халқының, шамамен, 10%-ы ғана тұрақты сумен қамтамасыз етілген, ал Еуропада бұл көрсеткіш 90%-ды құрайды. Бұл әртүрлілік бірінші кезекте материктердің түрлі облыстарындағы климаттық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. 
XX ғасырдың соңында түрлі шаруашылық қажеттіліктер үшін дүние жүзінде жылына 4 млн. м3 су пайдаланылады. Суды пайдалану өнеркәсіпте 20 есе, ауыл шаруашылығында 6 есе, коммуналдық шаруашылықта 7 есе өсті. Жекелеген аймақтардағы суға деген тапшылық гидросфераның ластануының күшеюінің нәтижесінде қалыптасты. 
Ауыл шаруашылығында жұмсалатын судың басым бөлігі өсімдік шаруашылығына жұмсалады.
Париж, Токио, Нью-Йорк, Мехико тәрізді көптеген ірі қалаларда су құбырлары тәулігіне бірнеше сағат қана жұмыс істейді. XIX ғасырда тәулігіне әр адам 40-60 л, қазіргі кезде дамыған елдерге оның мөлшері 200-300 л-ге жетті. Ал ірі қалаларда әр адам тәулігіне 400  -  500 л су жұмсаса, Нью-Йорктің әр тұрғыны тәулігіне 1045 л су жұмсайды екен (Париж-500л, Мәскеу мен Санкт-Петербург-600 л, Алматы-650 л). Алайды адам организміне тәулігіне бар жоғы 2 л су қажет. 
Дүние жүзі халқының 70%-ы өмір сүретін Еуропа мен Азияда өзен желісінде 39% орналасқан.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.

Такырып-7   (1 сағат)                                                                          № 11 дәріс.
ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ  ҒАЛАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Жылулық эффект. Ең алғаш жылулық құбылысты Фурье ашқан. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап планетадағы орташа жылдық температураның біртіндеп жоғарылауы байқалуда, мұны атмосферада жылулық газдардың жиналуымен түсіндіреді.
Оларға: көміртек диоксиді, метан, фреон, озон, азот оксиді т.б. жатады.
Жылулық газдар жер бетінен ұзын толқынды жылу толқындарының сәулеленіп шығуына кедергі келтіретіндіктен, осы газдармен қаныққан атмосфера температурасы жоғарылайды. 
Бұл газдар жер бетіне күн энергиясын өткізіп, сыртқа қарай, яғни космосқа жылуды мүлдем шығармайды. Жылулық эффект жер бетіндегі орташа ғаламдық ауа температурасының өсуінің басты себепшісі болып табылады. 
2100 жылға қарай жер бетінің орташа температурасы шамамен 2- 40С градусқа өседі деген болжамдар бар. Бұл мұз дәуірінен кейінгі температураға сәйкес келеді, яғни экологиялық салдар катастрофаға әкелуі мүмкін. Ең алдымен мұхит деңгейі көтеріледі, судың астында 30 мемлекеттің территориялары қалады, климаттық тепе-теңдік бұзылып көп жылдық тау-жыныстары деградацияланады. 
Озон тесіктері. Жер бетінен 20-25 км қашықтықта орналасқан қалыңдығы 3 мм болатын озон қабатының мүжілуі озон қабатында саңылаулардың пайда болуына әкеледі. Озон қабаты жер бетіндегі барлық тіршілік иелерін күннің ультркүлгін сәулелерінен, яғни радиациядан қорғайды. Мұндай озон қабатының тозуы табиғи және антропогендік жолмен іске асады. Мысалы антропогенді жолмен озон қабатының тесілуі атмосфераға құрамында хлор молекулалары бар қоспалар мен химиялық заттардың түсуі нәтижесінде жүреді. Құрамында хлоры бар заттар қатарына суытқыш заттарда, яғни тоңазытқыш пен кондиционерлерде пайдаланылатын суытқыш агенттердің (фреондардың) ауаға түсуі, еріткіштер, аэрозольдер озон қабатын жояды. 
Қышқыл жаңбырлар. Ауадағы күкірт диоксидімен азот оксидтерінің ауадағы ылғалда еріп, нәтижесінде түзілген қышқыл жауын-шашындарды қышқыл жаңбырлар деп атайды. Орташа рН мөлшері 5,6 дан төмен болады. Қышқыл жаңбырлардың зиянды әсері өте көп, атап айтсақ, өсімдіктердің жапырақтарына зиян келтіру, мәрмәрдан жасалған мәдени ескерткіштерді және ғимараттарды бұзу, металдар коррозиясының жылдамдауы т.б.
Өнеркәсіп және тұрмыс қалдықтарынан қорғау. Әр түрлі өнімдерді өндіру немесе пайдалану кезінде пайда болатын және өзінің бастапқы қасиеттерін жоғалтқан, енді қоланылуға келмейтін заттардың, материалдардың және т.б. қалып қойған бөлімдерін жатқызамыз. Қалдықтар қоршаған ортаға және адам ағзасына зиянды материалды заттарға жатады. 
Барлық қалдықтарды мына топтарға бөлуге болады:
- тұрмыстық (коммуналдық);
- өнеркәсіптік (өндіріс қалдықтары);
- өнідірісөнімдерінің қалдықтары;
- қауіпті (улы);
- радиоактивті қалдықтар.
Өндірістік қалдықтарды қатты және сұйық қалдықтарға бөледі. Қатты қалдықтарға металдардың, ағаштардың, пластмассалардың, өндіріс өнімдерінің қалдықтары жатады. Сұйық қалдықтарға ағынды суларды тазартқаннан кейін қалатын тұнбалар, газдарды ылғалдық әдіспен тазартқан кезде қалатын минералды және орагникалық шаңдар қалдықтары жатады. 
Шу әсерінен қорғау. Ластану салдары әрдаайым дереу байқала бермейді. Ластанудың көбінесе жасырын, тез табыла қоймайтын түрлері де болады, мысалы қоршаған ортаның физикалық тұрақтыларының өзгеруі нәтижесінде болатын ластанулар, немесе физикалық ластанулар деп те айтады. Ағзаның тіршілігінің ауытқуларына әкелетін фактор шу болып табылады. Шулылық шудың қарқындылығы мен қайталануының табиғи деңгейден жоғарылау нәтижесінде пайда болады. 
Биологиялық әсерден қорғау. Биологиялық ластану да аз қауіп тудырмайды. Қоздырғыш микроағзалар (микробиологиялық ластану)  -  бактериялар, вирустар болып табылатын тырысқақ, тұмау немесе оба сияқты аурулардың індетін еске алудың өзі жеткілікті. Қажетті мөлшерде тазаланбаған және заласызданбаған тұрмыстық ағынды сулар тері, ішек және басқада ауырулар тудыратын микроағзалардың үлкен кешеніне айналады. . 
Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
* Адамның қоршаған ортаға тигізетін негізгі әсерлеріне мысал келтіріңіздер?
* Экологиялық мәселе дегеніміз не және ол қалай пайда болады?
* Қандай экологиялық мәселелер ғаламдық деп аталады?
* Климаттың өзгеруінің белгілерін мысалға келтіріңіздер.
* Ғаламдық жылулық құбылыстың себебі неде?
* <<Жылулық эффект>> дегеніміз не және оның себептері?
* Климаттың жылуынан қандай салдар болады, қалай ойласыз?
* Озон қабатының негізгі мәселесі неде? <<Озон қабатының>> негізгі функциясы неде?
* Әлемдік мұхиттың ластануының себептері неде?
* Сулардың мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануының себептері? Мұндай ластанудың суда тіршілік ететіндер үшін қауіпі неде?
* Жер шарының тропикалық аймақтарында ормандардың жойылуының себебі неде?
* Ормандардың жойылуының салдарын айтыңыз.
* Территорияның шөлейттенуі дегеніміз не, себептерін атаңыз.
* Қазақстан жерлерінің негізгі деградациялануының себептерін атаңыздар.
* Қазақстан Республикасының негізгі экологиялық мәселелерін атаңыз.
* Қазақстан Республикасының әуе бассейнінің ластануына сипаттама беріңіз.
                                       
Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.

Такырып-8   (2 сағат)                                                                          № 12 дәріс. 
ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ  ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Басқарудың мемлекеттік органдары. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері жаңа экологиялық қауіпсіздік жүйесінің құрылуына, қоршаған ортаны қарғауды басқару, табиғи ресурстарды пайдалануды басқару сияқты шаралар ұйымдастырылды. Бұл өз алдына мемлекетіміздің қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын рационалды пайдалану саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қалыптастырды және біртіндеп белгілі бір ретпен іске асырылуын қамтамасыз етті. Алайда көптеген он жылдықтар бойын Қазақстан шикізат көз ретінде пікір қалыптасқан, және соның салдарынан шикізатты өндіру барысында қоршаған ортаға орасан зор нұқсан келтірілген. Сондықтан еліміздегі экологиялық ахуалдың әліде түбегейлі өзгере қоймағаны, әліде болса экологиялық жүйелердің деградациясы жүріп жатқандығы сондықтан. 
Экологиялық  қарым-қатынастарды  құқықтық  реттеу  тұжырымдалып, дәлелденген  заңдарды  қабылдаудан  бастады. 
    Қазақстан  Республикасының  Конститутциясы  -  негізгі  заң.  Халықаралық  нормаларға  сай  ол  мемлекеттің  экологиялық  қатынастарды  реттеудегі  жалпы  бағытын  анықтайды. Дүние  жүзінің  көптеген  мемлекеттерінің   конститутциялары   1948  жылы  БҰҰ  қабылдаған  <<Адам  құқығының   жалпыға  бірдей  Декларациясында>>,  сонымен  қатар  адам  құқығы  бойынша  басқа да  Халықаралық  Пактілерде  көрсетілген  идеаларға  сүйенеді.    ҚР  Конститутциясында:   <<Әрбір  азамат   оның  өмірі  мен  денсаулығы  үшін  қолайлы  қоршаған  ортаға  құқығы  бар>>  -  делінген 
       Экологиялық  заңдардың   орындалуын     мемлекеттік   құрылымдар   жүйесі,  экологиялық   сараптама   қамтамасыз   етеді.  Халықаралық  дәрежеде  адамның  қолайлы  қоршаған  ортаға  деген  құқығын  БҰҰ- ның  әр  түрлі  бөлімдері  қамтамасыз  етеді. Олар  қоршаған  ортаның  жағдайын  сауықтыруға  арналған  көптеген  бағдарламалар   жасады.   Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымы  ( ВОЗ )  -   <<Қоршаған   ортаның   гигиенасы>>,   Азық-түлік  және   шаруашылық   ұйымы   ( ФАО )  -  << Ауыл шаруашылық  химикаттары   мен   қалдықтары >>,   БҰҰ-ның   білім,   ғылым   және   мәдениет   мәселелері   бойынша   ұйымы   ( ЮНЕСКО ) -  
<< Адам  және   биосфера >>. Белгіленген   бағдарламалардың   жүзеге  асуының   1972   жылы  құрылған    БҰҰ-ның   қоршаған   орта   бойынша   бағдарламасы  ( ЮНЕП )  және    БҰҰ-ның   қоршаған    орта   мен   даму   жөніндегі    Халықаралық    Комиссиясы    жалпы   басшылық    жасайды.
          Құқықтық   мемлекеттегі     адамдардың   арасындағы   қарым  -  қатынастар    жалпыға   бірдей   міндетті    құқық    нормалары    болып    табылатын     заңдардың    көмегімен    реттеледі.      Адамның    табиғатты   өзгертушілік    қызметі     тек  соңғы    жылдары   ғана  құқықтық     тұрғыдан    шектеле   бастады.   Қолайлы ,  таза    қоршаған   ортаға    деген   құқық   жаңа   құқықтарға   жатады. 
Экологиялық мониторинг
Қазіргі даму жағдайында табиғат барлық ресурстардың кені - өнідірістік (өнеркәсіптік шикізат пен энергия), ауылшаруашылық, денсаулықтық және рекреациондық, эстетикалық және ғылыми, аймақтық және экологиялық ретінде қарастырылады. 
Қоршаған ортаның қалыпты жұмыс істеуі үшін оған түсетін күш белгілі бір экологиялық шектелген күштен аспау керек. Экожүйе құрамындағы өзгерістерді, құбылыстарды байқап, бағалап және болжап сипаттап отыратын жүйені экологиялық мониторинг атқарады. 
Территорияларды қамту бойынша экологиялық мониторинг үш сатыға бөлінеді: 
1.локальді (биоэкологиялық, санитарлық гигиеналық);
2.регионалды (геожүйелік, табиғи-шаруашылық);
3.ғаламдық (биосфералық, фондық).
Локальді мониторинг бағдарламасына шағын ғана территориядағы биоэкологиялық өзгерістерді бақылау, канцерогенді ластаушы заттардың әр түрлі сфераларға түсуін бақылау жатады. 
Регионалды мониторинг міндетіне ірі табиғи-территориялы кешендердің (өзендер бассейіні, орман жүйелері, агроэкожүйелер т.б.) экожүйесінің күйіне бақылау жасайды.
Ғаламдық мониторинг бағдарламасының міндетіне  -  жалпы биосферада мүмкін болатын және болжамды өзгерістерді бақылау болып табылады. Ғаламдық мониторинг объектісіне гидросфера, атмосфера және литосфера жатады. 
Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
* Қазақстан Республикасының тұрақты даму концепциясының негізгі ережелерін атаңыз.
* Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз не?
* Экологиялық мониторинг дегеніміз не, оған қойылатын негізгі талаптар қандай және ол не үшін керек?
* Экология саласында халықаралық қарым-қатынастың мәні неде?
* Қоршаған ортаны қорғау мәселелері халықаралық қарым-қатынассыз неге мүмкін емес?
* Экологиялық білім беру, тәрбиелеу және мәдениет  -  жаңа формациядағы яғни   бәсекелестікке қабілетті маман-қазақстандықтарды тәрбиелеу негізіне кіреді ме?
                                       
Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.

Такырып-8   (2 сағат)                                                                          № 13 дәріс. 
                  Қоршаған ортаның мониторингісі.
Экологиялық мониторинг - табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрскеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайын   бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. <<Мониторинг>> деген термин "монитор" - сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның (қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жыл, маусымда) "бақылау"  ұғымын толықтыру ретіндс пайда болды.
Табиғи     және     антропогендік     әсерлердің     ерекшеліктері жеткілікті.   Антропогендік   әссрдің деңгсйін   шектеуші   көрсеткіш болып экологиялық шектеулі  рауалы жүктсме саналады ( ЭШРЖ).   Былайша   айтқанда,   бұл   экожүйенің тұрақтылығы   шегінен   аспайтын   адамның  шаруашылық  қарекеті.   Бұл  шектен   асулык экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады.     Барлық     экологиялық     жүктемелердің   жердсгі     бүкіл жиынтығы биосфсраның шаруашылық сиымдылығы   шсгнсн асып кстксндс ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл   биосфсраның   азуына,   қоршаған   ортаның   адамның   дснсаулығы   мсн   оның  шаруашылығының тұрақтылығы   үшін   ауыр зардаптары  болатындай   болып   өзгеруінс   апарып  соғады.   Қазіргі уақытта бұл шсктен асушылык орын алып отыр деп пайымдауға барлық     негіз     бар,     ягни     жергідікті     экологиялық    шектеулі жүктемелердін, жиынтығы ғаламдық  экологиялық шектеулі жүктемс шамасынан асып кетті.
Табиғи факторлардың әссрінсн биосфера жағдайының үзліксіз өзгеруі   кайтадап   әдетте   бастапқы   жағдайға   оралып   отырады. Мысалы,   ауа   мен   топырақтың тсмпературасының,   қысымының, ылғалдығының өзгеруі  кейбір тұрақты  орташа  шамалар шегіндс өтеді.   Не  болса да дағдыдағыдай, табиғи  процестердің әсерінен аумақты   экожүйелер   өте   баяу  түрде   өзгерсді.   Себебі   қоршаған ортаны  өзгертетін  сырткы  әсерді жоюға  бағытталганг  экожүйенін өзіне тән тұрақтылык қабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортанын тұрақтылығын антропогендік әссрлерге төтеп бере алатын жағдайна   дейін,    ягни   тұрактылық   шегіне       дейін сактап алады.  Биота мен қоршаған орта өздерінің тұрақтылығын ксз-келген    геологиялық    кезеңдерде    мыңдаған    жылдар    бойы өзгеріссіз сактап отырды. Табиги  факторлармен  салыстырғанда  антропогендік  факторлар биосфераның жағдайын аз уақыттың ішінде өзгерте алады. Осы
процесстердің өзгеруін бақылауды дүние  жүзіндегі барлык экологиялық тұрғыдан қызмет атқаратып (гидрометрологиялық, сейсмикалық, ионосферлык және басқалар) жүйелер жүргізеді.
Биосферанын абиоталык құрамының антропогендік өзгеруін және осы өзгерістерге биоталардың жауабын, сонымсн қатар, антропогендік әссрдің арқасында ксзектегі экожүйелерде болатын өзгерістерді өлшеуге, бағалауға, болжауға экологиялық мониторинттің информациялық  жүйссі жасалды. Антропогенді әссрлердің экологиялық мониторингінің негізгі міндеттері:
* антропогсндік әсер тигізетін көздерді бақылау;
*  антропогендік әсер факторларын бақылау;
* антропогендік факторлардың әссрінсн табиғи ортада жүрстін процестерді және оның жағдайынын өзгеруін бақылау;
* табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау;
* антропогендік факторлар әссрінсн табиғи ортада болатын өзгерістерді болжау және болжамдалған табиғи ортаның жағдайын бағалау.
                Мониторинг жүйесін топтастыру
Экологиялық  мониторинг үш сатыдан тұрады: жағдайды бақылау, бағалау және болатын өзгерістерді болжау. Мониторинг объектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, жердің беткі сулары, мұхит пен теңіздер, жср асты сулары, криосфсра (клпматтық жүйені құрушылар) жатады.
Бақылау объектідері келесі түрлерге бөлінеді: атмосфералық, гидросфералық (жиынтықты түрде гидрометеорологиялық), топырақтық, климаттық мониторинг, ионосферлық, Күн, биологиялық, өсімдіктер, жануарлар, тұрғындар денсаулығының мониторингі жәнс т. с.
Мониторинг жүйесі факторларға, көздерге жәнек әсер ауқымына байланысты да топтастырылады.
Әсср факторларының  мониторингі - әртүрлі химиялық ластағыштардың (ингредиенттік мониторинг), түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар әссрлерінің (электр магнитті сәулелену, күн радиациясы, шу, діріл) мониторингі.
Ластағыш көздсрдің мониторингі  --  нүктслі стационарлы көздер ауыттардың, жылжымалы (көлік), кеңістік (химиялық заттектер өндірідетін егістік жерлер) көздер.
Әсер аумағына байланысты мониторинг кеңістік және уақытша мониторингтерге бөлінеді.
Мәліметтерді   ортақтастыру   сипаттамасына   қарай      мынадай мониторинг жүйелерін құрайды: 
* ғаламдық    (биосфералық)    -     халықаралық     ынтымақтастық
негізінде   Жср   биосфсрасындағы   әлемдік   құбылыстар    мен процестерді    зерттеу    арқылы    назарға    ұстап,    экстремалды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уакытылы ескерту жасап отыру; 
* базалық (фондық)  -  жалпы биосфералық, табиғи құбылыстарды бақылау ; 
* ұлттық -  бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған органдар арқылы жүргізілетін мониторинг; 
* аймактық - халық шаруашылығын қарқынды игеру барысында ірі-ірі   аудандардың   көлемінде   құбылыстар   мен   процестсрді зерттеу арқылы бақылау; 
*  жергілікті    (локалды)      -      елді       мекендерде,       өнеркәсіп орталықтарында,  кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау жүргізу; 
Қоршаган ортаның жай-күйінің халықаралық мониторингі мен бағалануын өткізуді үйлестіру және оған жәрдемдесу;
* мониторингтің жаңа станцияларын  құруда көмек көрссту;
* атмосфера    мен    климаттың    жай-күйі,   
*   қоршаған   ортаныңластануы туралы молімсттерді жинау жәнс тарату.
Ғаламдық жүйенің нсгізгі аткаратын міндетіне геоакпараттық жүйелердің технологиялар негізінде жерді пайдалану, климат, әлсуметтік-экономикалық даму жөніндегі көптеген мәліметтерді біріктіру мен ақпаратты ресурстарды басқару жөнінде кеңестік қызмет көрсету жатады.
Ғаламдық мониторинг Жердің барлық табиги жүйесінің казіргі жағдайын бағалауға мүмкіндік беріп отыр. Әлемнің әр аймағында бақылауды 40-қа жуық құрлыктағы және 10-ның үстіндегі мұхиттың базалық станциялар жүргізеді. Олардың кейбірі биосфсралық қорықтарда орналасқан.
Локалді мониторингті жүзеге асыратындар тұрақты, жылжымалы немесе шырақ астындағы тексеру орындары. Осындай жүйелер көбіне Қазақстанның ірі қалаларында. Мысалы, Алматы каласында атмосфералык ауаның мониторингі 6-7 орында жүргізіледі.
Мониторинг жүйесін қолданылатын (физикалық-химиялық    және    биологиялық    көрсеткіштердің    мониторингі, аралық мониторингі) сүйене отырып топтастыруға да болады.
Химиялық мониторинг  --  атмосфераның, жауын-шашының, жер беті мен жер асты суларының, мұхит пен теңіз суларының, топырақтың, түпті тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық құрамдарын (табиғи және антропогендік жолмен пайда болған) бақылайтын және химиялык ластағыш заттардың таралуын тексерстін жүйе. Химиялық мониторингтің негізгі ең басты міндеті қоршаған ортаның өте улы заттектермен нақтылы ластану деңгейін анықтау. Қоршаган ортаны ластайтын кейбір зиянды компоненттер мен одардың мөлшерін бақылайтын деңгейі келтірілген.
Физикалық  мониторинг -  қоршаған ортаға физикалық  процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясы және т. с.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.
Биологиялық мониторииг - биоиндикаторлар көмегімен жүргізілетін мониторинг (яғни ортаның өзгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс-тұрысына қарап пішіп  кеседі).
Экобиохимиялық  мониторинг - қоршаған ортаның екі құрам бөлігін (химиялық және биологиялық) бақылауға негізделген мониторинг.
Дистанциялық (аралық) моииторинг - зерттейтін объектідерді барлауға және тәжірибелік мәліметтерді тіркей жазып алуға радиометриялық қондырғылар мен қамтылған  космостық мониторинг.
Топтастыру принцпіне қарай әртүрлі мониторинг жүйелері бар.
Олардың ішінде түрлі қажетке ең жарамды болып саналатып қоршаған ортаның  құрама (комплекеті) зкологиялық мониторингі.
Қоршаған ортаның құрама экологиялык мониторингі - бұл қоршаған табиғи орта объектілерінің ластану деңгейіне баға беруге және адам мен басқа да тірі ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте киын жағдайдың тууы туралы ескертуге арналған бақылау жүйесін ұйымдастыру. Ол жергілікті (локалды), аймақты және фондық болып бөлінеді.

Такырып-9   (1 сағат)                                                                          № 14 дәріс. 
Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары

Қазакетан Республикасының су ресурстары. Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралган. Ең ірі су көздеріне; Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария.Жайык, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңгы жылдары біркатар көлдер жүйесінің кебуі байкалып отыр. Бұл өзендер агысының шектен тыс реггелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауыткуларына байланысты болып отыр. Экологиялык жагынан ең колайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артершсы- Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дэрежеде ауыр металдармен ластанңан. Негізгі ластаушы заттар- мыс, шайынды сулармен бірге келіп туседі.
Су коймалары мен басеейннің су агыстарына түсетін негізгі ластаушыларға иондык ағыс (28 мың тоннадан астам 1994 жэне 1995 ж. Шамамен 23 мың тоннага жуык), азотты органикалык косылыстар (1,8 мың тоннаға жуық), фосфор косылыстары (1994 жылы 163 мы4 тоннадан астам, 1995 жылы 800 тонна), цинк (42,6 және 24,9 т 1995) жатады.
Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялык элементтердін барлыгы дерлік су ортасына өнеркэсіп орындарынын шайынды суларымен келіп түседі.
Каспий аіімағының экологнялык жағдайы. Бүл ауданның экологиялык жағдайы Каспий теңізінің денгейінің көтерілуіне және жағалаулык теніз экожүйееінің антропогендік эсерге үшырауына байланысты болады. Ғалымдардын болжамдары бойынша теңіз деңгйінің көтерілуі жағалаулык сызыктың 2400-2700 км үзарып, су астында қалған жерлерге тагы да 1,2-2,2 млн. Га қосылуына әкелуі мүмкін.
Су астында калу каупі эсіресе Каспийдің Солтүстік жэне Солтүстік-Шығыс жагалауындагы мұнай кен орындарына төніп отыр. Су астында калу каупі төніп отырған 43 мүнай кен орындарының 32-сі Атырау, ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.
Каспий теңізі дуние жузіндегі бекіре тэрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мэселесі тек мемлекстаралық кана емес, ғаламдық мэселе болып табылады. Каспийдің биологиялык алуантүрлігін сақтау бүкіл элемдік кауымдастықтың жумыеы. 1995 жылы Тегеранда Каспий маңындагы мемлекеттердің окілдерінің кездесуі өтті. Бул кездесудің максаты Каспий аймагынын экологиялык турактылығы мен оның ресурстарынын пайдалануды басқару концепциясын жаеау болып табылады. Бірақ кез келген экологиялык багдарламаның іс жузіне асуына, оның ірі мунай-газды аймак ретінде маңызының артуы күрделендіреді.
Каспий теңізі
    Каспий теңізі негізінде Жер бетіндегі ең үлкен көл болып саналады. Орташа ені 400 шақырымдық, солтүстіктен оңтүстікке 1200 шақырымға созыла отырып, ол бес тәуелсіз мемлекеттің жағалауын жуып өтеді және өзара екі ірі құрлық  -  Еуропа мен Азияны байланыстырады. Каспийдің жағалау сызығының ұзындығы 7 мың шақырым, жалпы ауданы шамамен 400 мың шаршы шақырымды құрайды, ол Балтық, Адриат, Ақ теңіздер сияқты Дүниежүзілік мұхиттың бірнеше теңіздерінің аумағынан біршама асып түседі. Каспий теңізі өзінің ұзақ тарихында қазіргі пішініне келгенге дейін өзінің кескіні мен көлемін бірнеше рет өзгерткен. Ұзақ уақыт бойы Жерорта, Қара, Азов және Каспий теңіздері Дүниежүзілік мұхтипен бірігіп бір ғана орасан үлкен теңіз бассейнін құрап жатқан.
   Каспий теңізі туралы алғашқы мәліметтер антикалық кезеңнің географтары мен жазушыларының жұмыстарында келтірілген. Б.э.д. 323 жылы Александр Македонский теңзде жүзуші Патроклды Каспий теңізінің жағалауын зерттеуге жібереді. Патрокл Кара-Бұғаз-көл шығанағына дейін жетеді және ол оны Каспий теңізін мұхтипен байланыстыратын өзеннің бастауы ретінде қабылдайды. Сол кезеңнің көптеген ғалымдары Каспийді, олардың түсінігі бойынша жұрттың бәріне белгілі жерді қоршап тұрған Дүниежүзілік мұхиттың солтүстіктегі шығанағы деп санады. Ежелгі заманның атақты географы Страбон өзінің <<География>> кітабында Каспийді батыстан шығысқа параллель бойынша созып көрсеткен.
     Орта ғасырда Батыс Еуропаның ғалымдарының Каспий теңізі туралы мәліметтері өте аз болды. Афанасий Никитин өзінің Үндістанға сапары кезінде тверлік көпестермен бірге Каспийде болған, сол саяхатын өзінің <<Үш теңіздің арғы жағына саяхат>> кітабында сипаттап жазған. Ол Дербент өзенін бірінші өзен ретінде санайды. Каспий теңізінің барынша дәл картасын неміс ғалымы және саяхатшысы Адам Олеарий жасады

Арал теңізінің  экологиялық мәселелері. 60-жылжардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылык дакылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань таулары мен ағып келетін табиги су ағысын 90%-дан астам кыскартып жібереді. Теңіз ауданы 2,6 млн. Га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге дейін түсіп кетті, тұздылыгы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна туз бен кұм желмен 300 км ара кашыктыкка таралады. Шөлдену. топырактын тұздануы. өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан эрі жалғасуда. Халыктың денсаулығы күрт
төмендеп кетті.
Арал аймағынын экологиялық жағдайы экономиканың дэстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына экеліп, біркатар әлеуметтік және
саяси мәселелерді туғызады.
Қоршаған ортаны бүза отырып,кез келген қазіргі заманғы қоғам өзініңболашағын    жояды.    Болашақ	үрпактардың    дамуы     үшін    экологиялық
турактылықты сақтап қалу кажет. Экологиялык тұрактылық болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркэсіптік қалдыктарды нормалау мен алдын алу, қалдыксыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды
жасап, іске косу керек.
Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналаскан. Қаракұм жэне Қызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр.
Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше эсер етті. Бағалы орман, камыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен. Сырдария грунт суларының деңгейі төмендеп кеткен.
Семен ядролық полигонның қоршаған ортата әсері. 1991 жылгы тамыздын 29-ында халықтың жаппай талап етуімен әлемдегі аса ірі полигондардын бірі жабылды. Қазақстан өзінің тэуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап сыртқы саясатының бейбіт жолын тандап алды. Ядролық сынақтар тоқтатылды. Енді қазақ даласы қоркынышты жер асты дүмбілерінен тітіркенбейтін болды. Семей полигоны элемдегі ең ашьіқ шашык полигон есебінде қалып отыр. 40-жыл бойы жарылыстан кез ашпаған қазақ даласының урпақтан ұрпакка жалғасып жатқан зардаптары жан түршүгерлік. Егер ғалымдардың нақты деректеріне сүйенсек, Семей өңірінде полигон жұмыс істеген жылдары жасалған ядролық жарылыстардың жиынтық куаты 1945 жылы американдықтардын Жапонияның Хиросима каласына тастаған бомбаның куатынан 2,5 мың есе кұшті екен.
Семей полигоны Қазақстан жеріне, калқына материалдық элеуметтік экономикалық қанша зиян келтіргені әлі күнге дейін есептелген жок.
Семейдегі 40 жылдык ядролык сынак қоршаған ортамен ондағы тұрғылықты халықтың денсаулыгына орны толмас зиян тигізді. Аурулардың елім жітімнің деңгейі бүл өлкеде баска аймақтармен салыстырғанда элде кайда жоғары . Семей аймағы тұрғындарының денсаулығына және коршаған орта объектілеріне ыкпал ету дэрежесі радиациялык бөліктерге бөлінген.
Радиоактивті тозан жер кыртысын, топырақты. өсімдіктерді су көздерін ластады.  Жер   асты   сулары   өсімдік  дүниесі   жоғалуда.   Сынактар  өткізілгенкезеңнің  зиянды   эсері   адамдардың   екінші   жэне   ушінніі   ұрпактарына  ауыр зардабын тигізуде.
Облыстык онкологиялык диспансерден алынган мәліметтерге карасак <<Семей облысы бойыншы 1975 жылдан 1990 жылга дейінгі мерзімде жас балалардың ауруға шалдыгуы 6 есе. ал өлімі 4 есе дерлік арткан . Әсіресе, жана туган жэне 1 жас шамасындагы сэбилер өлімі өте жоғары.36% курайды>> .
Семей полгинының адам денсаулығына зияндылыгы туралы Семей медициналык институтының ғалымдары Н.Сагымбаева, Ғ.Ысқаковтар жасаган тұжырымдарда енді басты факты, катерлік ісік ауруларының Семей аймагын баска өнірлермен салыстырганда 30% асып кеткендігі, ол адам казасының 1,4 есе арткандыгы айтылады. 
Солардың бірі басты <<Тәжірибелік алаң>>. Осы алаңда 1963 жылга дейінгі ауада жэне жер бетінде ядролык сынактар өткізілген. Бул жердің радиация белсенділігінің деңгейі өте жогары. Сол сиякты тағы бір тэжірибелі алаң -<<Дегелең>>,1949 жылғы алғашқы ядролык жарылыска дейіне бұл жер мал жайылымы болатын. 1984 жылы ол жерде жер асты ядролык жарылысы жасалды. Осындай тағы бір тәжірибелік алаңы <<Балапан>> деп аталған. Ондағы скажииаларда, құдыктарда Невададагы сиякты жер асты жарылыстары болган. 1963 жылға дейін жыл сайын эр-турлі диапазонда иондық радиацияға ұшырамаған Семей облысында бірде бір аудан калған жок.
Семейге көршілес Өскемен. Павлодар. Қараганды облыстарынын да кейбір аудандары осы полигонның зардабын шекті. Семей өңірінің елімен жерін аяусыз улап, тіршілігін тул еткен атом апатынан бугінгі танда бүкіл әлем хабардар. 

Радон және ластану көздері
Радон - дәмі мен иесі жок туссіз газ, аудан 7,5 есе ауыр, радийдың ыдырау өнімі болып табылады. Радон жер кыртысынан біртіндеп бөлінеді, алайда оның сырткы ауадағы жинакталуы элемнің әр-турлі нуктелері ушін елеулі ерекшеліктерімен көрінеді. Топырак эмиссиясын коспағанда минелардық тектегі курылыс материалдары:киыршық ақ тас, цемент, кірпіш жэне т.б. радон көздері бола алады. Барлык жыныстарда уран мен торри кездеседі.Ал кейбір жыныстарда мысалы гранитте уран кобірек жинақталуы мумкін.Қурылыс материалдарына радон радий ыдыраганда пайда болады. Пайда болған радонның бір болігі кезге керінбейтін тесік аркылы гимаратқа түседі. Егер гимарат нашар желдетілсе. ал күрылыс материалдары мен топырак уран мен радийдын едэуір үлкен молшерін бойында ұстаса, онда радон үлкен мөлшерде жиналуы мүмкін. Адамның ғимаратта едәуір уакыт болғандығын ескергенде, ол ала алатын тиімді сэулелену дозасы кэсіпқойлар алатын доза жүктемесінен асып түсуі мүмкін. Көп жагдайда радонга байланысты дозалык жүктемені едэуір азайтуға болады. Жер төлелерді кымтау мен желдету топырактан радоннын етуін айтарлык азайтады. Табиғи радиоактивтік элементтер кабырғада көп болса, радоннын жиналуын кабырғаны герметикалық бояумен сырлау және катты желдету арқылы азайтуғаболады.
Радиацняның табиғи көздеріне космостык сәуле жатады. Олар алынатын радиацияның табиғи кездері дозасының жартысын құрайды. 
Ядролық қару  --  жарылғыш, жаппай жою қаруы.
Оның негізі  --  уран мен плутонийдін кейбір изотоптарынын ауыр ядроларының тізбекті ядролық бөліну реакциялары кезінде немесе сутегі изотоптарынын женіл ядроларының термоядролық реакциялары кезінде бөлініп ішкі ядролық энергияның пайдаланылуы. Ядролық жарылыстың нәижесінде-әдеттегі оқ-дәрінің жарылыс энергиясынан асып түсетін орасан зор энергия бөлініп шығады.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
5.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқашы курсы  А, 2010

Тақырып-10   (1 сағат)                                                                          № 15 дәріс. 
Қазақстан Республикасының тұрақты даму концепциясы.
* Экологиялық білім беру
* Экологиялық құқық

Кез келген прогресшіл коғамның міндеті  --  дені сау, творчест-волык, рухани жан дүниесі бай, жан-жакты жетілген жеке адам тәрбиелеу. Мұндай адамды калыптастыру  --  ұзак әрі күрделі процесс.
Экологиялық  мәселенің  мәні -   табиғаттағы қалыптасқан  тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған  адамдарды  жерде  қоныстандыру  және  олардың  барлық  қажеттіліктерін   қамтамасыз ету.  Қазіргі  Жердегі  тіршілік адам  қызметінің  сипатына тәуелді.  Қазіргі  кезең  адамының  ерекшк  биосфералық  қызметі  -  биосфераны  қорғау  мен  сақтап  қалу қызметімен  анықтылып  отыр.  Экологиялық  мәселелердің  алдын алу  үшін  адам  ретсіз  дамудан  тиімді,реттелген, табиғат  пен  қоғамның  даму  заңдарына  негізделген  дамуға  өтуі  тиіс.  Тек  осы  кезде  ғана  адамзат  қоғамның  дамуы  үздіксіз  ұзақ  уақыттық   бірқалыпты  жағдайда, табиғи  және  әлеуметтік  дағдарыссыз  дамиды. Мұндай  дамуды -  тұрақты   даму  деп  атайды.  Бірақ  бұл  үшін  адамдардың  сана  -  сезімі, олаодың  мақсаты  мен адамгершілік  бағыттылығы  өзгеруі тиіс.  Планетадағы  тіршілікті  қорғау  бүкіл  адамзаттың  бірігуін  талап  етеді  1987 жылы  БҰҰ-ның  Дүниежүзілік  қоршаған  орта  мен  даму  комиссиясы  <<Біздің  жалпы  болашағымыз>>  атты  есебінде  <<қоршаған  орта  үшін  қауіпсіз  жолда   экономикалық  дәуірге >>  аяқ  басуға  шақырды. Алғаш  рет  <<тұрақты  даму>>  концепциясы   ұсынылды.   1992 жылдың  маусым  айында   Рио-де-Жанейро  қаласында  өткен  БҰҰ-ның  қоршаған  орта  мен  даму  бойынша  өткен  конференциясы  <<Тұрақты  даму>>  концепциясын  және  <<ХХІ  ғасырдың  күн  тәртібінде>>  атты  ауқымды  бағдарламасын  қабылдады.Сонымен  қатар  конференцияда  Мәлімдеме  мен  екі  концепция  - климаттың  өзгеруінің  алдын алу,  ормандарды  қорғау  мен  биологиялық  алуантүрлілікті  сақтау мәселелері  бойынша  қабылданды.  БҰҰ-ның  конференциясы  барлық  елдердің  үкіметтерін  тұрақты  дамудың  ұлттық   концепцияларын   қабылдауға  шақырды.  ҚР-ның  Үкіметі  ұсынған  <<ҚР-ның  тұрақты  дамуға  көшу  концепциясы>> бекітілді.  Республика  Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың  БҰҰ  Бас  Ассамблеясында  жасаған  баяндамасында   тұрақты  дамуға  жетудің  түйінді  мәселелерін  шешудегі  қызметін  дәлелдейтін  нақты  мысалдар  келтірілді. 1992-1998  жылдар  аралығында  Қазақстан  тарихта  бірінші  болып  ядролық  полигонын жауып,  сол  қарудан  бас  тартты. Аралды  сақтап  қалуға  арналған  интеграциялық  процестердің  ұйтқысы  болды. Биологиялық  алуантүрлілікті  сақтау  концепциясына  сәйкес  биологиялық алуан  түрлілікті  қорғаудың  Ұлттық  баяндамасы  қабылданды.  Тұрақты  дамуды  қамтамасыз  ету  құралдарымен байланысты  мәселелерге  мыналар  жатады:      Қаржы  ресурстары  және  оларды пайдалану  механизмі;
      Экологиялық  қауіпсіз  технологияларды  қолдану;тұрақты  дамуды ғылыми  және  ақпараттық  қамтамасыз  ету. Бұл  мәселелердің  біздің  Республикамыздың  тұрақты  дамуын  қамтамасыз етуде  маңызы  ерекше. Бұл  мәселелерді  шешудің  міндеттері  <<ҚР-ның  экологиялық  қауіпсіздік>>  концепциясында  қарастырылған  ( ҚР-ның  Президентінің  шешімімен бекітілген,  30  сәуір, 1996 жыл).  Республиканың   экологиялық   қауіпсіздігі   дегенде  ең   алдымен  қоршаған  ортаға   антропогенді   немесе  табиғи  әсердің  нәтижесінде  жеке  адамға , қоғамға, табиғат  пен  мемлекеттің  өмірлік  маңызды   қателіктерін  нақты  және  мүмкін  болатын  қауіптен  қорғауды  қамтамасыз  ету  процесін  түсінеміз. Экологиялық  қауіпсіздік  жүйесіне  биосфера  мен  сыртқы  антропогенді  және  табиғи  факторлар  арасындағы  тепе-теңдікті  ұстап  тұруға  бағытталған  мединалық  биологиялық, экологиялық,  құқықтық  іс-шаралардың  жиынтығы  жатады.  Алда  тұрған  маңызды  мәселенің  бірі  адамды  қоршаған  ортаға  мүмкін  болатын  шекті  экологиялық  қысымды,  яғни  экожүйелердің  өзара  байланыстары,   қарым-қатынастары,  олардың  бір  тұтастығы   сақталатын  антропогенді  фактордың  әсер  етуінің  максималды  деңгейін  анықтау  болып  табылады. Қазіргі  кезде  Қазақстан  территориясының   көптеген  бөліктері    күшті  антропогенді  әсіресе  ұшыраған  Арал  маңы  аймағы   экологиялық  қатер  аймағы  болып  табылады. Мұнда  шаруашылық  қызметінің  нәтижесінде  қоршаған  орта  қайтымсыз  өзгерістерге  ұшыраған,  Аралдың  экожүйесі  бұзылып,  халықтың  денсаулығының  төмендеуі  мен  өлімінің  артуы  байқалып  тоыр.  Қазақстан  Республикасын   <<экологиялық 
 қауіпсіздігінің  стратегиялық  мақсаты  мен  міндеттеріне>>  экологиялық  білім  және  тәрбие  беру  жүйесін  жасау  мен  дамыту  жатады.

Басқарудың мемлекеттік органдары. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері жаңа экологиялық қауіпсіздік жүйесінің құрылуына, қоршаған ортаны қарғауды басқару, табиғи ресурстарды пайдалануды басқару сияқты шаралар ұйымдастырылды. Бұл өз алдына мемлекетіміздің қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын рационалды пайдалану саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қалыптастырды және біртіндеп белгілі бір ретпен іске асырылуын қамтамасыз етті. Алайда көптеген он жылдықтар бойын Қазақстан шикізат көз ретінде пікір қалыптасқан, және соның салдарынан шикізатты өндіру барысында қоршаған ортаға орасан зор нұқсан келтірілген. Сондықтан еліміздегі экологиялық ахуалдың әліде түбегейлі өзгере қоймағаны, әліде болса экологиялық жүйелердің деградациясы жүріп жатқандығы сондықтан. 
Экологиялық  қарым-қатынастарды  құқықтық  реттеу  тұжырымдалып, дәлелденген  заңдарды  қабылдаудан  бастады. 
    Қазақстан  Республикасының  Конститутциясы  -  негізгі  заң.  Халықаралық  нормаларға  сай  ол  мемлекеттің  экологиялық  қатынастарды  реттеудегі  жалпы  бағытын  анықтайды. Дүние  жүзінің  көптеген  мемлекеттерінің   конститутциялары   1948  жылы  БҰҰ  қабылдаған  <<Адам  құқығының   жалпыға  бірдей  Декларациясында>>,  сонымен  қатар  адам  құқығы  бойынша  басқа да  Халықаралық  Пактілерде  көрсетілген  идеаларға  сүйенеді.    ҚР  Конститутциясында:   <<Әрбір  азамат   оның  өмірі  мен  денсаулығы  үшін  қолайлы  қоршаған  ортаға  құқығы  бар>>  -  делінген 
       Экологиялық  заңдардың   орындалуын     мемлекеттік   құрылымдар   жүйесі,  экологиялық   сараптама   қамтамасыз   етеді.  Халықаралық  дәрежеде  адамның  қолайлы  қоршаған  ортаға  деген  құқығын  БҰҰ- ның  әр  түрлі  бөлімдері  қамтамасыз  етеді. Олар  қоршаған  ортаның  жағдайын  сауықтыруға  арналған  көптеген  бағдарламалар   жасады.   Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымы  ( ВОЗ )  -   <<Қоршаған   ортаның   гигиенасы>>,   Азық-түлік  және   шаруашылық   ұйымы   ( ФАО )  -  << Ауыл шаруашылық  химикаттары   мен   қалдықтары >>,   БҰҰ-ның   білім,   ғылым   және   мәдениет   мәселелері   бойынша   ұйымы   ( ЮНЕСКО ) -  
<< Адам  және   биосфера >>. Белгіленген   бағдарламалардың   жүзеге  асуының   1972   жылы  құрылған    БҰҰ-ның   қоршаған   орта   бойынша   бағдарламасы  ( ЮНЕП )  және    БҰҰ-ның   қоршаған    орта   мен   даму   жөніндегі    Халықаралық    Комиссиясы    жалпы   басшылық    жасайды.
          Құқықтық   мемлекеттегі     адамдардың   арасындағы   қарым  -  қатынастар    жалпыға   бірдей   міндетті    құқық    нормалары    болып    табылатын     заңдардың    көмегімен    реттеледі.      Адамның    табиғатты   өзгертушілік    қызметі     тек  соңғы    жылдары   ғана  құқықтық     тұрғыдан    шектеле   бастады.   Қолайлы ,  таза    қоршаған   ортаға    деген   құқық   жаңа   құқықтарға   жатады. 

Сұрақтар мен тапсырмалар
* Қазақстан Республикасының тұрақты даму концепциясының негізгі ережелерін атаңыз.
* Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз не?
* Экологиялық мониторинг дегеніміз не, оған қойылатын негізгі талаптар қандай және ол не үшін керек?
* Экология саласында халықаралық қарым-қатынастың мәні неде?
* Қоршаған ортаны қорғау мәселелері халықаралық қарым-қатынассыз неге мүмкін емес?
* Экологиялық білім беру, тәрбиелеу және мәдениет  -  жаңа формациядағы яғни   бәсекелестікке қабілетті маман-қазақстандықтарды тәрбиелеу негізіне кіреді ме?



Қолданылған әдебиеттер.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
5. Алишева К. Экология. Учебник. А., 2006 
6. ҚаженбаевС., С. Махмұтов. Алматы, Табиғатты қорғау. А. 1984











                                       
                   Практикалық  жұмыс №1  
Берілген территорияның әр түрлі бөліктерінің ауасының шаңдану дәрежесін анықтау
       Атмосферадағы шаң мөлшерiн анықтау
      Шаң атмосферада аэрозоль түрiнде кездеседi. Ол қатты, не сұйық күйде атмосфераның төменгi қабаттарында, тропосфера мен стратосферада таралады. Аэрозольдардың көпшiлiгi биосферадағы табиғи процестер нəтижесiнде түзiлсе, бiраз бөлiгiадамның шаруашылық iс-əрекетi арқылы түзiледi. Кейбiресептеулер бойынша Жер атмосферасына адамның iс-əрекетiнəтижесiнде түсетiн шаң мөлшерi жылына 1 млрд тоннаға жетедi. Шаңның химиялық құрамы түрлiше болуы мүмкiн: кремний диоксидi  --  құм, улы металлдар, пестицидтер, көмiрсутек-тер, т.б.
Антропогендiк аэрозольдар жану процесi нəтижесiнде түзiледi. Энергетика мен транспорт антропогендiк аэрозольдың 2/4бөлiгiн түзедi, бұдан басқа металлургия, құрылыс материалдары жəне химия өнеркəсiптерiнде де бiразбөлiгi түзiледi.Аэрозольдар Жердiң клиамтын өзгертедi, адамның тыныс алу органдарында жинақталып, аса қауiптi пневмониоз ауруынтуғызады. Көп жағдайда аэрозольдар құрамында радиоактивтiбөлшектер, вирустар, микробтар болады, қышқыл жаңбырлармен смогтар түзедi  Атмосфералық ауадағы шаңның мөлшерiн анықтау үшiн қазiргi кезде салмақтық əдiс  --  гравиометрия қолданылады.Бұл əдiс бойынша елдi мекендер мен санитарлық-қорғаныш
аймақтарындағы ауада шаңның 0,04-10 мг/м3 аралықтағы мөл-
шерiн анықтауға болады.

                                                                               
                   Практикалық  жұмыс №2 
Тақырыбы:  Қоршаған ортадағы антропогенді ластаушыларды анықтау
    Кіріспе: Автотранспорт-атмосфераны азот оксидтерімен (NO және NO2  азот оксидтерінің  қоспасы), көміртегі (II  ) оксидтері (СО), негізгі ластаушылардың бірі.Ауаның транспорттық ластану үлесі осы газдар бойынша жалпы ластануының СО 60%,NOх  50 % астам үлесін құрайды. 
         Автотранспорттың зиянды заттарға бөлінген қалдықтары белгілі уақыт аралығында атмосфераға шығарылатын газдардың мөлшерімен сипатталады.
         Шығарылатын зиянды заттарға көміртегі оксидтері (концентрациясы 0,3---10%), көмірсутектер-жанбай қалған отын (3%) жәнк азот оксидтері (0,8%), күйе жатады.
         Автотранспорттың  атмосфераға бөліп шығаратын зиянды заттарының  мөлшерін есептік әдіспен бағалауға болады.Шығарылатын қалдықтардың мөлшерін есептеуде гі  бастапқы мәліметтерге мыналар жатады:
* автотранспорттың отындық шығынының нормасы  автотрассаның белгілі бір бөлігінен уақыт бірлігінде жүріп өткен әр түрлі типті автотранспорттың саны;
* автотранспорттың отындық шығынының нормасы (қала жағдайында автотранспорт қозғалып келе жатқандағы оттынның орташа шығынының мөлшері). 
	7-кесте
Автотранспорт типі

Отынның орташа шығын мөлшері (100км/л)
Отынның меншікті шығыны Уі (1км/л)
жеңіл автомобиль
11-13
0,11-0,13
жүк автомобилі
29-33
0,29-0,33
автобус
41-44
0,41-0,44
Дизельді жүк машинасы
31-34
0,31-0,34

         Жанармай түріне байланысты автотранспорттың бөліп шығарған зиянды заттарын  анықтайтын  импирикалық коэффициенттерінің мәні 8-кестеде берілген.
	8-кесте
Отын түрі
Коэффициенттер мәні (К)

Көміртегі оксиді (СО)
көмірсулар
азот оксиді
бензин
0,6
0,1
0,04
Дизель отыны
0,1
0,03
0,04
         К коэффициентінің шамасы сандық жағынан 1км жол жүруге қажет (яғни меншікті шығын), отын мөлшері жанған кездегі берілген компонеттің (литрмен) бөлінген зиянды заттардың шамасына тең.
         Мақсаты: қоршаған ортаның антропогенді ластаушыларының негізгі түрлерімен және оларды жедел сараптамалау әдістерімен танысу.
1-тапсырма. Автотранспорттың ауаға шығаратын зиянды заттарының мөлшерін есептеу.
         Құрал-жабдықтар:қалам, қағаз, микрокалькулятор.
                                      Жұмысты орындау барысы
         Оқу орнына (тұратын жерде) жақын терезеден жақсы көрінетін  автотрассаның 0,5-1 км бөлігін таңдап алыңыздар.
         1. Қадамыңыздың орташа ұзындығын алдын-ала анықтап , таңдап алынған жолдың ұзындығын өлшеп шығыңыздар.
         2. 20 минут ішінде жолмен жүріп өткен автотранспорттың санын анықтаңыздар. 9-кестені толтырыңыздар (мысал үшін <<Жеңіл автомобильдер>>қатары толтырылған):                                            9-кесте
Автокөліктің түрі 
Саны,дана
Барлығы 20 минут ішінде
1 сағатта,Nі дана

1 сағаттағы жалпы жол,L,км
жеңіл автомобильдер
1111.......
14
42

жүк машинасы 




Автобустардизельді жүк машиналары









    
3. 1сағаттағы автокөлік санын есептеу үшін,20 минутта алынған санды 3-ке көбейту қажет.
4.Мына формула бойынша, әртүрлі автомобильдердің 1 сағатта жүріп өткен жалпы жолын (L,км) есептеңіздер:
                                        Lі=Nіх1                                                                        
Мұндағы Nі-1сағаттағы әр түрлі автомобильдер саны

	І-автокөлік түрінің белгісі
	1-таңдап алынған жолдың ұзындығы,км
         Алынған нәтижелерді кестеге жазыңыздар.
	5.Әр түрлі автомашина  двигательдерінің жағатын жанармайының мөлшерін (Qі=Lі х Үі
Lі мәнін 9-кестеден алыңыздар.
Алынған нәтижелерді-кестеге толтырыңыздар.
Әр түрдің автокөліктер қолданған жанармайының жалпы мөлшерін (сумма Q) анықтап , нәтижелерді 10-кестеге толтырыңыздар.

Автомобиль түрі
Nі
Qі, соның ішінде


бензин
дизельді жанармай




жеңіл автомобильдер



жүк автомашиналары



автобустар



дизельді жүк машиналары 




барлығы суммаQ


         Қалыпты жағдайда жанармайдың әр түріне және барлығы үшін бөлініп шыққан зиянды заттардың (литрмен) мөлшерін есептеңіздер. Нәтижелерді 11-кестеге толтырыңыздар.                                                                       11-кесте
Жанармай түрі 
Q,л
Зиянды заттардың мөлшері,л




СО
Көмірсулар
NO2
Бензин




Дизельді отын





Барлығы (v),л.




	Нәтижелерді өңдеу мен қорытындылар
1.Есептеңіздер:
-мына формула бойынша бөлініп шыққан  зиянды заттардың массасын (m,г)
                                                                 m=Vx M/22.4
-қоршаған ортаның  санитарлық рұқсат етілетін  жағдайын  қамтамасыз ету үшін бөлініп шыққан  зиянды заттарды сұйылту үшін қажет таза ауаның мөлшерін.
         Нәтижелерді 12-кестеге жазыңыздар.	12-кесте
Зиянды заттың түрі 
Мөлшері, л
Масса,г
Сұйылтуға қажет ауаның мөлшері,м[3]

СО




Көмірсулар 




NO2




 
   Рұқсат етілетін шекті концентрациялар мәні анықтамаларда берілген.
    2. Автомагистрлға тұрғын үйлер мен ғимараттардың  жақындығын есепке ала отырып , өздеріңіздің зерттеген территорияның экологиялық жағдайы туралы қорытынды жасаңыздар.
                                          Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Ақбасова .А.С,Саинова Г.С. <<Экология>>
 2. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т. <<Экология>>
3. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т. <<Экологидан оқу -әдістемелік құрал>> 
4  Ж.Ж.Жатқанбаев <<Экология>>


                                       
Тақырыбы: Әр түрлі тірі ағзалардың зат айналымындағы рөлін зерттеу. 
Кіріспе. Зат айналымы  -  заттардың жерде жүріп жатқан процесстерге бірнеше рет қатысуы. Нақтырақ айтқанда айналымға заттар емес, химиялық элементтер қатысады. Бір ағзалар пайдаланып болғаннан соң химиялық элементтер басқа ағзалар қорытатын қозғалыстарға айналады. Бұл процесстерге қажетті энергия күннен алынады, ал мұнда тірі ағзалар белсенді рөд атқарады. Көміртегінің биохимиялық циклына органикалық заттардың өндірушілері (продуценттер), тұтынушылар (консументтер) және ыдыратушылар (редуценттер) қатысады. Өсімдіктер мен жануарлар өлгеннен соң олардың ағзалары редуценттердің (бактериялар, саңырауқұлақтар, көптеген омыртқасыздар) көмегімен ыдырайды.
	Мақсаты: далалық зерттеулердің нәтижесінде алынған мәліметтер негізінде әр түрлі түрлердің зат айналымындағы рөлін анықтау.
	Қажетті құрал-жабдықтар: далалық зерттеулердің статикалық өнделген мәліметтері (8-кесте), микрокаькулятор.
Солтүстік Каспий маңындағы кіші саршұнақтар мен дала суырларының өнімділігі мың ккал/га
15-кесте
                                    Түр
                                    Жыл
                                  Қорек
                     Екінші реттегі өнім
                                       
                                       
                            Пайдаланған
                             қорытылған
                           кіші саршұнақ
                                     1971
                                      535
                                      427
                                      40
                                       
                                     1972
                                      355
                                      283
                                      28
                                       
                                     1973
                                      283
                                      225
                                      17
                              Дала суыры
                                     1974
                                      278
                                      206
                                      54
                                       
                                     1975
                                      318
                                      239
                                      65
                                       
Жұмыстың орындалу барысы
* Екінші реттегі өнімнің пайдаланылған қорекқе қатынасын (%) есептеңіздер
* Екінші реттегі өнімнің қорытылған қорекқе қатынасын (%) есептеңіздер
* Алынған нәтижелерді 4-кестеге еңгізіңіздер.

Әр түрлі жануарлардың өнімінің түзілуінің тиімділігі
16- кесте
                                    Түр
                                    Жыл
Екінші реттегі өнімнің пайдаланылған қорекқе қатынасын (%)
Екінші реттегі өнімнің қорытылған қорекқе қатынасын (%)
                           Кіші саршұнақ
                                     1991


                                       
                                     1992
                                       
                                       
                                       
                                     1993
                                       
                                       
                              Дала суыры
                                     1994
                                       
                                       
                                       
                                     1995
                                       
                                       
Нәтижелерді өңдеу мен қорытындылар
* Алынған мәліметтерді сараптап, әртүрлі жануарлар өнімінің түзілуінің тиімділігі туралы қортынды жасаңыздар.
* Қандай жануарлар тамақ энергиясын өсуге және май қорын жинауға анағұрлым тиімді пайдаланатынын анықтаңыздар.
* Әр жылдардағы энергияны пайдалану тиімділігі қалай өзгереді.
                                       

1.Ағзалардың қоректену әдісі бойынша қандай топтары химиялық элементтердің айналымына қатысады?
2.Бұл топтардың әрқайсысының зат айналымдағы (химиялық элементтердің) рөлі қандай?
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       


Пәндер