Файл қосу
Біртекті тұрақты магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМК құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-38.1.67 /01-2014 ПОӘК Оқытушыға арналған пәннің бағдарламасы <<Электрмагниттік өрістердегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы>> №1 басылым 25.06.2014ж. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<Электрмагниттік өрістердегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы>> 5В011000 - <<Физика>> мамандығы үшін ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз 1. ӘЗІРЛЕНГЕН Құрастырушы:_____ <<___>>_____2014ж Маусымбаев С.С.., п.ғ.д., профессор, физика кафедрасы 2. ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 <<Физика>> кафедрасы отырысында 25. 06.2014 ж, хаттама №10 Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор ________ С.С.Маусымбаев 2.2 Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында <<___>>_____2014ж, хаттама № Төрайымы ___________ Қ.А.Батырова 3. БЕКІТІЛДІ Университететің Оқу-әдістемелік Кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған << >> 2014ж., хаттама № ОӘК төрайымы _________ Г.К. Искакова 4. БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛІП ОТЫР Мазмұны * Қолдану саласы * Нормативтік сілтемелер * Жалпы ережелер * Оқу пәннің (модульдің) мазмұны * Студенттердің өздік жұмысына арналған тақырыптардың тізімі * Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етудің картасы * Әдебиеттер 1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ <<5В011000>> - <<Физика>> мамандығы студенттеріне арналған <<Электрмагниттік өрістердегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы>> пәні бойынша оқу-әдістемелік кешеннің кұрамына енгізілген оқытушыға арналған пәннің бағдарламасы. 2 НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР <<Электрмагниттік өрістердегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы>> пәнінің оқытушыға арналған бағдарламасы келесі құжаттар талаптары мен ұсыныстарына сәйкес құрастырылған және аталған пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін белгілейді: - ҚР <<Мемлекеттік жалпы міндетті жоғары білім беру стандарты>>; -<<5В011000>> - <<Физика>> мамандығының Типтік оқу жоспары; - СТУ 042-СГУ-5-2012<<Пәндердің оқу- әдістемелік кешенін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар>> университет стандарты; - ДП 042-1.07-2012 <<Пәндердің оқу- әдістемелік кешенініңқұрылымы және мазмұны>> құжаттандырылған процедурасы. 3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 3.1. Пәннің қысқаша мазмұны: Кіріспе. Біртекті тұрақты магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы. Тұрақты электр өрісіндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы. Айқасқан біртекті электр және магнит өрісіндегі қозғалыс. Біртекті магнит өрісіндегі және біртекті емес электр өрісіндегі зарядталған бөлшек. Айқасқан электр және магнит өрістеріндегі Холл эффектісі. Тұрақты электр және магнит өрістеріндегі зарядталған бөлшектің релятивтік қозғалысы. Біртекті магнит өрісіндегі электронның қозғалысы (Ландау есебі). Біртекті электр өрісіндегі электронның релятивтік емес қозғалысы ( Эйри есебі). Біртекті айқасқан электр және магнит өрістеріндегі электронның қозғалысы. Квадрупольдық конденсатордың электр өрісіндегі циклотрондық резонанс. Параболалық конденсатордың электр өрісіндегі циклотрондық резонанс. Біртекті емес электр өрісіндегі циклотрондық резонанс. 3.2 Пәнді оқып-білудің мақсаты: * әртүрлі ғылыми бағытта пайда болатын теориялық және көпқырлы практикалық маңызды есептерді шеше алатын мамандарды дайындау; * арнайы курста студенттердің назарын физиканың ең жалпы түсініктері, заңдары мен принциптеріне аударып, оларды физикалық процестерді және құбылыстарды талқылауға үйретіп, іске асыруға мүмкіншілік тудырады; * әлемнің қазіргі физикалық бейнесіне студенттердің біртұтастық көзқарасын қалыптастыруда теориялық физика негізгі роль атқарады; * теориялық физика арнайы физикалық білімнің бірінғай жүйесінің ең жоғары сатысы болып келеді, сондықтан жалпы физика курсымен сабақтастығы талап етіледі. 3.3 Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті: - теориялық физиканың негізгі әдістері арқылы методологиялық жалпылау тәсілдерін, физикалық ұғымдар мен принциптерін қолдануын, олардың қазіргі ғылым және техникамен байланыстығын көрсету керек; - студент теориялық физиканың негізгі ұғымдары мен негізгі заңдарын білуі тиіс, теориялық физикада шешілетін мәселелерді қоя біліп шешу әдістерін үйренуі керек, әрбір жеке физикалық жүйелер параметрлерінің гаусстық және халықаралық бірлік жүйесі бойынша алынған сан мәндерін таба білуі керек. * статикалық электр және магнит өрістерінде қозғалатын электрондарды пайдаланатын приборлар тобы жөнінде түсініктеме алу керек. Бұл приборлар электрондық мазерлер қатарына жатады. Табылған шешімдерді компьютер экранында көзкөрім түрінде көрсету керек. * айқасқан электрмагниттік өрістердегі зарядталған бөлшектердің қозғалысын классикалық және кванттық теңдеулердің көмегімен дұрыс табу дағдысын қалыптастыру керек және бөлшек қозғалысының траекториясына талдау жасау керек. 3.4 Оқып-білудің нәтижелері: Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент: білу керек: * классикалық және кванттық механиканың, электрдинамиканың, компьютерлік графиканың элементтерінің іргелі қағидаларын білу керек; * теориялық физикада қолданылатын мәселелерді қою әдістерді және оларды шешуді; игеру керек: * теориялық физиканың жалпы құрылымын; істей білу керек: * теориялық физиканың іргелі ұғымдарын түсіндіре білуді; түсіну керек: * кванттық теорияның жалпы принциптерін; мақсаты болу керек: * релятивтік емес теориялардың қолданылу шекарасы жөніндегі ұғымдарын; алу керек: * негізгі практикалық есептерді шешу дағдыларын. 3.5 Курстың пререквизиттері: * жалпы физика курсы * математикалық анализ * дифференциалдық теңдеулер теориясы * математикалық физика әдістері * теориялық физика 3.6 Курстың постреквизиттері: * атом ядросы мен элементар бөлшектер теориясы * заттың электрондық теориясы 3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме: 1 кесте Курс Семестр Кредиттер ДР сағ. СПС сағ. ЗС сағ. ОСӨЖ (сағ) СӨЖ сағ. Бар-лығы сағ. Қорытынды бақылау түрі 4 7 2 15 15 - 15 45 90 емтихан 4 ОҚУ ПӘННІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ 2 кесте Тақырыптардың атауы және олардың мазмұны Сағат саны 1 2 I МОДУЛЬ. Айқасқан электрмагниттік өрістердегі зарядталған бөлшектің қозғалысының классикалық теориясы Дәріс сабақтары Кіріспе. Біртекті тұрақты магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы. -Ньютон теңдеуінің көмегімен магнит өрісіндегі бөлшектің траекториясын табу 1 Тұрақты электр өрісіндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы. -Электр өрісіндегі зарядталған бөлшектің траекториясын табу 1 Айқасқан біртекті электр және магнит өрісіндегі қозғалыс -Классикалық теория бойынша айқасқан біртекті электрмагниттік өрістегі зарядталған бөлшектің қозғалысын қарастыру 2 Біртекті магнит өрісіндегі және біртекті емес электр өрісіндегі зарядталған бөлшек. -Ньютон теңдеуі бойынша біртекті магнит өрісіндегі және біртекті емес электр өрісіндегі қозғалысты қарастыру 2 Айқасқан электр және магнит өрістеріндегі Холл эффектісі -Жоғарыда қарастырылған өрістердегі Холл эффектісінің пайда болуын көрсету 2 Практикалық сабақ Біртекті тұрақты өрістердегі релятивтік емес қозғалыс 3 Біртекті магнит өрісіндегі және біртекті емес электр өрісіндегі қозғалыс және Холл эффектісі 2 II МОДУЛЬ. Классикалық релятивті қозғалыс және электрмагниттік өрістердегі қозғалыстың кванттық теориясы Дәріс сабақтары Тұрақты электр және магнит өрістеріндегі зарядталған бөлшектің релятивтік қозғалысы -Ньютонның релятивтік теңдеуін пайдалана отырып біртекті тұрақты өрістердегі қозғалысты қарастыру 1 Біртекті магнит өрісіндегі электронның қозғалысы (Ландау есебі) -Кванттық теория бойынша біртекті магнит өрісіндегі электронның энергетикалық деңгейін табу 1 Біртекті электр өрісіндегі электронның релятивтік емес қозғалысы ( Эйри есебі) -Кванттық теория бойынша электр өрісіндегі қозғалысты қарастыру 1 Біртекті айқасқан электр және магнит өрістеріндегі электронның қозғалысы -Біртекті тұрақты өрістерде электронның толқындық функциясын және энергиясын табу 1 Квадрупольдық конденсатордың электр өрісіндегі циклотрондық резонанс -Кванттық теория бойынша квадрупольдық конденсатордағы циклотрондық резонансты қарастыру 1 Параболалық конденсатордың электр өрісіндегі циклотрондық резонанс. -Кванттық теория бойынша параболалық конденсатордағы циклотрондық резонансты қарастыру 1 Біртекті емес электр өрісіндегі циклотрондық резонанс -Біртекті емес өрістердегі циклотрондық резонансты кванттық теория бойынша қарастыру 1 Практикалық сабақ Бөлшектің релятивтік қозғалысы және Ландау, Эйри есептері 3 Айқасқан электрмагниттік өрістердегі қозғалысты кванттық теория бойынша қарастыру 7 5 СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ 5.1. Холл эффектісі 5.2. Циклотрондық резонанс * Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етудің картасы 3 кесте Оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың атауы Дана (саны) Студенттердің саны Қамтамасыз етілу пайызы Арцимович Л.А., Лукьянов С.Ю. Движение заряженных частиц и электрических и магнитных полях. М : Наука. 1978. /8 26/4 0/100 Блохинцев Д.И. Основы квантовой механики. М.: Наука. 1976. /11 26/4 0/100 Воронцов В.И., Маусымбаев С.С. Препринт ИТФ-74-137Р. ИТФ АН УССР. Киев. 1974. /5 26/4 0/100 Воронцов В.И., Маусымбаев С.С. Препринт ИТФ-74-138Р. ИТФ АН УССР. Киев. 1974 /5 26/4 0/100 Давыдов А.С. Квантовая механика. М.: Наука. 1963. /7 26/4 0/100 Ландау Л.Д., Лифшиц Е.М. Квантовая механика. Нерелятивистская теория. -- М.: Наука. 1974. /8 26/4 0/100 Левич В.Г., Ю. А. Вдовин, В.А. Мямлин. Курс теоретической физики. Т.2. -М.: Наука. 1971. /9 26/4 0/100 Ландау Л.Д., Лифшиц Е.М. Теория поля. - М.: Наука. 1973 /7 26/4 0/100 Маусымбаев С.С. Кванттық механика. А.: Халықаралық жазылым Агенттігі. 2007 31/ 26/4 100/0 Маусымбаев С.С., Павленко Ю.Г.. Воронцов В.И. Радиотехника и электроника. - №5. с. 1055. АН СССР. Москва. 1976. /1 26/4 0/25 Маусымбаев С.С, Воронцов В.И. Известия АН Каз ССР.№2.Алматы.1980. /8 26/4 0/100 Маусымбаев С.С., Павлов И.В., Абдрахманова Р.Р. Движение заряженных частиц в электромагнитных полях. А., Международное Агентство подписки, 2007. /25 26/4 0/100 Соколов А.А., Тернов И.М. Релятивистский электрон. - М.: Наука. 1974. /9 26/4 0/100 Соколов А.А., Тернов И.М., Жуковский В.И. Квантовая механика. - М.: Наука. 1979. /15 26/4 0/100 Самарский А.А., Михайлов А.П. Математическое моделирование. - М.: Наука. 1997. /5 26/4 0/100 7.Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер: 1. Арцимович Л.А., Лукьянов С.Ю. Движение заряженных частиц и электрических и магнитных полях. М : Наука. 1978. 2. Блохинцев Д.И. Основы квантовой механики. М.: Наука. 1976. 3. Воронцов В.И., Маусымбаев С.С. Препринт ИТФ-74-137Р. ИТФ АН УССР. Киев. 1974. 4. Воронцов В.И., Маусымбаев С.С. Препринт ИТФ-74-138Р. ИТФ АН УССР. Киев. 1974 5. Давыдов А.С. Квантовая механика. М.: Наука. 1963. 6. Ландау Л.Д., Лифшиц Е.М. Квантовая механика. Нерелятивистская теория. -- М.: Наука. 1974. 7. Левич В.Г., Ю. А. Вдовин, В.А. Мямлин. Курс теоретической физики. Т.2. -М.: Наука. 1971. 8. Ландау Л.Д., Лифшиц Е.М. Теория поля. - М.: Наука. 1973 9. Маусымбаев С.С. Кванттық механика. А.: Халықаралық жазылым Агенттігі. 2007 10. Маусымбаев С.С., Павленко Ю.Г.. Воронцов В.И. Радиотехника и электроника. - №5. с. 1055. АН СССР. Москва. 1976. 11. Маусымбаев С.С, Воронцов В.И. Известия АН Каз ССР.№2.Алматы.1980. 12. Маусымбаев С.С., Павлов И.В., Абдрахманова Р.Р. Движение заряженных частиц в электромагнитных полях. А., Международное Агентство подписки, 2007. Қосымша әдебиеттер: 13. Соколов А.А., Тернов И.М. Релятивистский электрон. - М.: Наука. 1974. 14. Соколов А.А., Тернов И.М., Жуковский В.И. Квантовая механика. - М.: Наука. 1979. 15. Самарский А.А., Михайлов А.П. Математическое моделирование. - М.: Наука. 1997.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz