Файл қосу
Сиырды машинамен сауудың физиалогиясы және сауу аппараттары
Дәріс 1. Кіріспе. 1.Мал шаруашылығын механикаландыру және электірлердің маңызы Мал шаруашылығын интенсивтендіру бағытындағы маңызды шараларың ішінен мыналарды атап көрсетуге болады: жоғары өнімді жаңа машиналармен жабдықтар жасау; жекелеген процестерді механикаландырудан тасқынды технологиялық линиялар негізінде атқаратын бүкіл жұмысты комплексті механикаландыруға және автаматтандыруға көшіру, технологиялық процестерде тікелей электр энергиясын кеңінен қолдану; малды күтіп-бағу және жемдеу рациодарының т.б. жаңа типтерін енгізу. Сонымен қатар мал шаруашылығы ғылыми-техникалық процеске өзінің айрықша талаптарын қояды: әдетте, бұл салада жабдықтар тірі организмдермен тікелей өзара әрекеттеседі. Сондықтан да жаңадан шығарылатын машиналар,автаматтандыру жүйелері және жасалатын технологиялық режимдер фермалар мен комплекстердегі малдың ауырмауына және өнімділігінің артуына, өнімдердің бұзылмауына, жемшөпті,электір энергиясын,отынды тиімді пайдалануға қолайлы жағдай тудыра отырып,қора-жайлар мен үйлердің құрылыс элементтерімен дұрыс үйлесім табуы тиіс. Мал шаруашылығындағы негізгі процестерді механикаландыру мен автаматтандырудың осы бағыттарының бәрі салаға арналған машиналар жүйесінде көрсетілген.Бұларды енгізу 0,5 т сүт алуға жұмсалатын шығынды индустриалды типтегі комплекстерде 1,5-2 адам/сағатқа дейін, механикаландырылған фермаларда 3-4 адам/сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді, мал шаруашылығына қажетті адам саны 0,7-0,8 миллионға кемиді.Алайда малды күтіп-бағу және күрделі техникаларды басқару үшін білікті кадрлар қажет. Өйткені қазіргі фермалардағы жұмыстың өзіндік ерекшелігі түбірінен өзгерген: мамандарға машиналар мен механизмдер жүйесі арқылы технологиялық процестерді басқару, олардың жұмыс істеуі мен күйін бақылау, малды жемдеу мен күтіп - бағудың қолайлы режимдерін жасау міндеттері барған сайын көбірек жіктелуде. Дәріс 2. Мал фермаларымен комплекстері және мал интенсифтендіру. Мал фермасы - ауыл шаруашылығы кәсіпорын бөлімшесі. Мамандандыру мен шоғырландыру дамыған сайын техникалық деңгейі жағынан мал комплекстеріне жуықтайтын өнеркәсіптік типтегі ірі фермалар құрылады. Мал комплексі - ауыл шаруашылығы өндірісінің кәсіпорны, ол комплексті механикаландыру, электрелендіру, автоматтандыру, технологиялық процестерді тасқынды ұйымдастыру негізінде өнеркәсіптік технологияны, еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, өндірісті жоғары деңгейде шоғырландыруды және мамандандыру қолдану негізінде жоғары сапалы мал өнімдерін бір келкі әрі жыл бойы өнідуге арналған. Мал фермаларымен комплекстері бір-бірінен көлемі,өнім өндіру технологиясы,құрлыстық шешім бойынша ажыратылады. Фермаларымен комплекстерді мамандандыру,өндірісті шоғырландыру,машиналарды әмбебаптау және олардың техникалық-экономикалық сипаттамаларын жақсартуға тырысу ғылыми-техникалық процестерің үнемі ілгерлеуіне, техниканың жаңаруына мүмкіндік береді. Мұның өзі жаңа механикаландыру құралдарын орналастыру мақсатында өндірістік қора-жайларды үнемі реконструкциялауды оларды қайтадан жоспарлауды және қайтадан жабдыңтауды қажет етеді.Техника әрбір 5-7 жылда ескіретіндігі,сондықтан оларды ауыстыру қажет екендігі белгілі, ал өндірістік қора-жайлар ондаған жылдарға арнап салатындықтан,оларды ауық-ауық реконструкциялауға тура келеді. Реконструкциялау ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін,өндірістік озық тәжірибені пайдалануға, өнеркәсіптік негізде мал өнімдерін өндіруге жоғары тиімділікке жетуге мүмкіндік береді. Мал шаруашылығын интенсивтендіру проблемаларын шешуде өндірістік процестерді комплексті механикаландырудың, электірлерлендірудің және автаматтандырудың мәні барған сайын арта түсуде. Мал шаруашылығын интенсивтендіру және индустриалдық негізге көшірудің негізгі жолдары мыналар: шаруашылықаралық кооперациясы және интеграциясы негізінде өндірісті мамандандыру және шоғырландыру, комплексі механикаландыру және электрлендіру, мал комплекстерін және механикаландырылған ірі фермалар салу, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құру және техникамен қайта жарақтандыру. Дәріс 3. Мал фермалары мен комплекстеріне арналған машиналар мен жабдықтар. Өнеркәсіптік типтегі мал фермалары мен комплекстерін машиналармен және жабдықтармен жарақтандыру арнайы жасалатын машиналар жүйесіне сәйкес белгілі бір кезеңде жүзеге асырылады. Машиналар жүйесіне қойылатын негізгі талаптың бірі - қол еңбегі шығынын барынша кеміту және фермалардығы жұмыс жағдайын жақсарту. Жүйеге мал шаруашылығындағы өдірістік процестерді механикаландыруға арналған машиналар мен технологиялық жабдықтар тізімі толық енгізіледі. Барлық машиналар мал шаруашылығының салалары бойынша, ал сала ішінде технологиялық процестер бойынша, яғни қолданылуына қарай топтастырылған. Комплекстерді, фермаларды немесе жекелеген цехтар мен тасқынды линияларды жобалаған және салған кезде, жүйедегі қажетті жабдықтарды таңдап алып, оларды содан кейін объектілерге орнатып, пайдалануға енгізеді. 1981 - 1990 жылдардың машиналар жүйесі өнім өндірудегі технологиялық ауыртпалықты кемітуді, пайдалану шығыны мен жұмсалатын қаражатты қысқартуды, сондай - ақ малшылардың еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі әлеуметтік мінеттерді шешуді және оны индустриалды еңбек түріне қамтамассыз етеді. Перспективалық машиналар жүйесін қалыптастырылған кезде оның мынадай аса маңызды ерекшеліктерді - жекелеген машиналарды жасаудан тасқынды технологиялық линияларға енгізілген бүкіл операцияларды комплексті механикаландырвтын және автоматтандыратын жабдықтар жиынтығын жасауға көшіру - ескеріледі. Машиналардың қазіргіге қарағанда жаңа жүйесі толық жүзеге асырылғанда мал өнімін өндіруде технологиялық еңбекті қажетсінуді 25 - тен 35% - ке дейін, жұмсалатын қаражтты 20 - 25% дейін кемітуге мүмкіндік береді. Дәріс 4. Мал фермалары мен комплекстерінде сиырды сауу және сүтті алғашқы өңдеу. 1981 - 1990 жылдарға арналған машиналар жүйесіне тоғыз типтік көлемдегі сауу қондырғысы енгізіліп, олар запас бөлшектерінің тізімі бойынша 97 - 99%, ал құрастыру бірліктері мен жүйелерінің тізіиі бойынша 85 - 90% үйлестірлген. Сауу қондырғысының үйлестірілген базалық бірлігіне ДА-2М сауу қондырғысы,УВУ-60/65 вакуум насосы,НМУ-6 сүт салқындатқыш,сүт сүзгіш, УЗМ-1 сүтті дара есептегіш, ал үйлестірілген жүйелерге автоматты жуу, сүтті алғашқы өңдеу, жемшөп тарату, желінді жуу жүйелері жатады. Сиырды байламай бағатын фермаларда УДТ-8,УДЕ-8А қондырғылары мен УДА-8 және УДА-16 автоматты қондырғыларын пайдалану ұсынылады. Қазіргі қолданылып жүрген сауу қондырғыларын (әр түрлі конструкциялы станоктарымен қоса) одан әрі автоматтандыру, сөйтіп дайындық-қорытынды операцияларды орындау кезіндегі қол еңбегі шығындарын қысқарту көзделуде. Машиналар жүйесіне сүтті тікелей салқындататын РНО-1,6, РНО-2,5, РПО-2,5 және сыйымдылығы 1600 және 2500 л аралық салқындататын РПО-1,6 резервуар салқындатқыштары, сүтті пастеризациялайтын және салқындататын ОПФ-1, ОПУ-3М қондырғылары, ООТ-М және ОМ-400 салқындатқыштары, ОМ-1 тазартқыш- салқындатқыш, ООУ-М автоматты салқындатқыш қондырғысы, АВ-30, УВ-10, МВТ-14 және МВТ-20 тоңазытқыш қондырғылары, ОПФ-1-300 автоматтандырылған пастеризациялық- салқындатқыш қондырғы, сеператорлар енгізілген. Дәріс 5.Сиырды машинамен сауудың физиалогиясы және сауу аппараттары. Машинамен сауу-сүт фермалары мен комплекстерін жан-жақты механикаландырудың негізі, өйткені қолмен сауу ең ауыр процестердің бірі. Машинамен сауу еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз етіп, адам жұмысын жеңілдетеді, жоғары сапалы өнім алуға мүмкіндік береді.Мұндай жұмысты сауу қондырғысының бір бөлігі болып саналатын арнайы сауу аппараттарымен жүзеге асырады. Сауу аппараттары жұмыс працесі кезінде мал организімімен тікелей жанасып, оған елеулі әсер етеді де, желінінен сүттің бөлінуін,оның жиналып, ыдыстарға құйылуын қамтамасыз етеді. Елімізде фермаларда отандық <<Волга>>, ДА-2, ДА-2М,<<Майга>> және ГДР-де шығарылатын М-66 <<Импулс>> аппараттары қолданыладфы. <<Волга>> сауу аппараты - үш тактілі қақпағы 2 мен пулсаторы 3 бар сауу шелегінен 1, коллектордан 7,сүтке 9 және вакуумға 8арналған келте түтіктері бар төрт сауу стаканынан 13, сүт 6 және вакуум 5 шылангілерінен, қысқыштан 4 тұрады.АД-100,АД-100А және УДС-3А сауу қондырғыларына қолданылады. ДА-2 <<Майга>> сауу аппараты екі тактілі, мұның құрастыру бірлігі <<Волга>> аппаратыныкіндей, бірақ конструкциясында айырмашылық бар.Ол ДАС-2Б,АДМ-8, <<Тандем>> УДТ-6, <<Елочка>> УДЕ-8 сауу қондырғыларында пайдаланылады. <<Майга>> ДА-2М-нің жетілдірілген конструкциясына аппаратты қосатын және ажырататын құылғысы бар коллектор қолданылған.Коллекторда сауу аппаратын ажырататын коллектордың болуы, сүт шлангісінің қысқышты алып тастауға мүмкіндік береді. М-66 <<Импулс>> сауу аппараты екі тактілі мембраналы.Ол тасымал шелегіне немесе сүт түтігіне сиырды жұбымен саууға арналған.Аппарат пулстардан, коллектордан,сүт және вакуум келте түтіктері бар төрт сауу стаканынан, қақпақты шелектен, сүт және вакуум шлангілерінен тұрады. Дәріс 6.Сиырды сауу агрегаттары мен қондырғылары. АД - 100А сауу агрегаты сиырды байлап баққан кезде тасымал шелекпен саууға арнылған. Оның жабдықтарына ваккум - насос қондырғысы, ваккум - баллоны және реттегіші бар ваккум - құбыр, бірнеше шелегі (оның екеуі қосымша) бар үш тактілі <<Волга>> сауу аппаратының он данасы, сауу аппараттары мен сүт жабдықтарын айналдыра жууға және дизинфекциялайтын жетілдірілген стенд қолданылады. ДАС - 2Б сауу агрегаты АД - 100А агрегаты секілді қолданылады, оның құрастыру бірліктері үйлестірілген. Айырмашылығы: үш тактілі <<Волга>> сауу аппаратының орнына екі тактілі ДА - 2М <<Майга>> аппараты, УВУ - 60/45 ваккум - насостары, жуу процесін басқаратын командалық электропневматикалық приборы (КЭП - 12У) бар сауу аппаратын айналдыра жуатын және дизинфекциялайтын жетілдірілген стэнд қолданылады. М - 610/12 <<Импульс>> сауу агрегаты сиырды байлап баққан кезде тасымал шелекке сауу үшін қолданылады. Оны қосарлы әсер ететін екі тактілі М - 66 <<Импульс>> сауу аппаратымен, ваккум - баллоны бар саккум - насоспен, ваккум - құбырымен, түтіктердегі және ваккум - метрдегі конденсатты ағызатын автоматты клапандармен, жабдықтарды дезинфекциялайтын құрылғылырмен жабдықтайды.6 - таблицада жоғарыда аталған сауу агрегаттарының техникалық сипаттамасы келтірілген. Сүт құбыры бар АДМ - 8 сауу агрегаты сиырды тасымалдауға, сүттің топтық есебін алуға, сүзуге, салқындатуға және сақтау үшін ыдыстарға құюға арналған. УДТ - 6 <<Тандем>> сауу қондырғысы сиырды сауу залында жеке - жеке тұрған жерінде машинамен саууға, сондай - ақ сүтті тасымалдауға және алғашқы өңдеуге арналған. УДЕ - 8 <<Елочка>> сауу қондырғысы сиырды сауу залында орнатылған топтық станоктарда саууға, сауылған сүтті құбырмен сүт бөлімшесіне тасымалдауға және оны алғашқы өңдеуге арналған, Қондырғы сүтті беру шапшаңдығы және сүттілігі жағынан біркелкі іріктелген сиыр тобын тасқынды әдіспен саууға ғана пайдаланылуы мүмкін. УДТ - 6 қондырғысымен үйлестірілген және оның құрастыру бірліктері мен агрегаттары бұған да енген. Одан айырмашылығы - сауу станоктары мен ваккум - насостардың құрылысы мен санында және азық тарату жүйесінің құрылысы мен сауу әдісінде. УДЕ - 8 <<Елочка>> жаңартылағнан қонырғысы сиырды топтық станоктарда саууға арналған.Бұл сауу қондырғысының құрастыру бірліктері УДТ-8 қондырғысы секілді үйлестірілген, айырмашылығы-станок санында және оларды орналастыру схемасында. УДЕ - 8 <<Тандем>> және УДА-16 <<Елочка>> автоматтандырылған сауу қондырғылары сүт комплекстері мен ірі сүт фермаларына арналған.Олар пневматикалық басқарылатын сауу автаматтарымен жарақтандырылған. Дәріс 7.Сауу аппараттарын жуатын және дезинфикциялайтын құралдар. Аппаратураны жуған кезде А,Б және В сиптетикалық жуу құралдарын немесе калъцийленген соданы,сулъфанолды және күйдіргіш натриді пайдаланады. А және Б ұнтақтары кермек суда тұнба пайда болудан қорғайды.А типтес жуу құралы өте кермек суға қолданады.Кермектілігі қалыпты және орташа суларға Б және В ұнтақтары пайдаланылады.Жуу үшін ұнтақтың 0,5 %-тік ыстық (50-60°С) ерітіндісін жасау ұсынылады, ал оымен жуғаннан кейін жабдықты таза сумен шаю керек. Сауу аппатарттарын дезинфикциялау үшін, сонымен қоса, хлорлы әкті, хлораминді, калций гипохлоридін,натри гипохлоридін,дезмолды қолданады. Хлорлы әк ерітіндісі бөлме темперетурасындай болуы тиіс,өйткені қатты қызған кезде хлор ұшып кетеді.Ерітіндіні алу үшін 100 л суға 800 г хлорлы әк себеді.Араластырып, 24 сағат тұндырғаннан кейін, тұнбаның бетіндегі мөлдір сұйықты бөлек ыдысқа құяды, содан пайдалануға әзір 0,2%-тік мөлдір хлролы әк ерітіндісі алынады. Хлорамин - жақсы дезинфикциялауыштардың бірі.Онда суда тез еритін және 50-60°С-қа дейін қыздырғанда ыдырамайтын активті хлор бар. Сондықтан да хлорамин ерітіндісінің активтілігін арттыру үшін оны қыздырып пайдалануға болады. Дезинфикциялау үшін 0,1-0,2%-тік ерітіндісін қолданады. Дезмол-ақ түсті ұнтақ,жақсы жуатын және дезин фекциялайтын қасиеті бар. Сүт құбырын, сауу аппараттарын жуу үшін 0,25%-тік ерітіндісі,ал сауу аппараттарын дезинфикциялау үшін 0,5%-тік ерітінді дайындайды. Дәріс 8.Сүтті алғашқы өңдейтін,сақтайтын және тасымалдайтын машиналармен жабдықтар. Жаңа сауылған сүттің темперетурасы 36-37°С және бактерицидтік қасиеті болады,яғни оған түскен микроорганизмдердің өсіп-жетілуі тежеледі. Жаңа сауылған сүтте микроорганизмдердің өсіп-жетілуі болмайтын кезеңді бактеридтік фаза деп атайды.Онығң ұзақтығы көптеген факторларға соның ең бастысы сүтті алудың санитарлық жағдайына сондай-ақ оны салқындатудың тездігіне және темперетурасына байланысты. Жаңа сауылған сүттің бактерицидтік фазасы сиыр сауудың технология процесі мен сүтті өңдеудің уақыттарын қосқанда 2,5-3 сағаттан аспауы тиіс.Сонымен жоғары сортты сүт өнімін алу үшін сиыр сауудың барлық санитарлық және гигеналық талаптары сақталуы сүттің шөп-шаламы тазартылуы 5-10°С дейін тез арада салқындатылуы керек.Сондықтан фермалар мен комплекстерде сүт алғашқы өңдеуден өткізліп шөп-шаламы тазартылады және салқындатылады. Сүтті өңдеудің технологиялық процесіне оның физикалық қасиеті әсер етеді ал мұның өзі сүттің тығыздығымен тұтқырлығымен қайнау және қату нүктесімен т.б көрсеткіштермен сипатталады. Сүтті өңдеудегі мақсаты-оның бастапқы қасиетін өзгерту және ішетін сүтпен қоса кілегей, сүзбе,май, сыр сүт тағамдарын алу.Сондықтан да шаруашылық жоғары сапалы сүт алуы демек қосымша табыс алуы үшін фермалар мен комплекстердің санитарлық-гигиеналық талаптары жоғары деңгейде болуы ал сүт алуға және оны алғашқы өңдеуге қатысатын адамдардың барлығы сиыр сауудың және сүтті алғашқы өңдеудің технологиясы мен санитариясының сондай-ақ жеке бас гигиенасының ережелері мен талаптарын күнделікті бұлжытпай орындап отыруы тиіс. Дәріс 9.Малға жемшөпті әзірлеу және тарату. Жүйелі өнім 20 тонна сағатқа дейін жететін типтік азық мұнда балауса көк азы,тамыр түйнек жемістерді т.б малға әзірлеп беретін тасқынды линя пайдаланады.Белокты-витаминді шөп ұнтақтарын қолданатын кептіру тәсілімен әзірлеу үшін жоғары типтегі АВМ-1/5 және АВМ-3/0 кептіргіш адреналиндерді пайдаланады.Пішінді ОПК-2, ОПК-3 және ПБС-3 түйіршікті сақтау үшін ОНК-1/5, ОНК-3, ОНК-5 және ОЗВ-1 жабдықтары қолданылады. Ірі және балғын азықтарды ұсақтау үшін ИСК-5,ИБК-31, ИРТ-165, ПСС-5,5, ФН-1/4 <<Волгарь-5А>> машиналар пайдаланылады.Дәнді азықтарды жүгері сабағы жүгері сабанды жармалау әрі пішен ұнтақтарын алу үшін КДО-0/2 әмбебап ДВ-5 арнайы ұсақталғанды қолданылады.Тамаыр-түйнек жемазықтарының дымқыл қоспасын әзірлеу үшін С-12, С-2, С-7 жемшөпті бір орыннан тарату жүйесіне қоректендіргіш-бункермен бөлшектендіргіш құрылыстар бар. Жемшөпті бір орыннан тарату жүйесіне қоректендіргіш-бункер мен мөлшерлегіш құрылғысы бар ТРЛ-100, РК-50, ҚЛО-75,ҚЛҚ-75 жемшөп таратқыштары сондай-ақ жемшөп қабылдайтын мөлшерлейтін және тарататын тасқынды линияның жабдықтары:пішендемені мұарадан алып,көлбеу транспортерге бертін құрастырмалы горизонталь транспортер;ұсақталғансабақты азықтары мөлшерлегіш- бунерге беретін көлбеу және таратқыш транспортерлер арналған. Жемшөп таратудың жылжымалы жүәесі үшін жем азықтарды таратуға лайықталған шағын көлемді жылжымалы РММ-5 таратқышы жем азықтары мөлшерлеп таратуға лайықталған жылжымалы әмбебап КТУ-10 таратқышы электрленген жылжымалы КСА-5 таратқышы электірленген жылжымалы таратқыштарды пайдалана отырып азықты қабылдайтын мөлшерлейтін және тарататын тасқынды линия жабдықтары жатады. Дәріс 10.Қи жинайтын,тасымалдайтын,өңдейтін және сақтайтын машиналармен жабдықтар. Мал щаруашылығы өнімдерін өнеркәсіптік негізде өндіру қи шығару жұмыстарына ерекше зоотехникалық талап қояды.Өйткені комплексте мал өте көп ұсталатындықтан қи да мол жиналады.Оның сақталуы мен пайдалануы дұрыс болмаған жағдайда айналаны ластауы,малға ауру таратуы мүмкін. Қи шығару жүйесі инженерлік конструкция мен құрылыс комплекстерін техникалық құрал-жабдықтарын санитарлық шаралардын тұрады. Малдың түріне күтіп-бағу технологиясына пайдаланатын төсенішке және қидың физикалық-техникалық қасиетіне байланысты мал қондырғы қиды механикалық, гидравликалық немесе пневматикалық әдістерімен шығарады. Механикалық әдісте қи шығаруды толық механикаландыру қамтамасыз ететін автаматты аспалы жолдар,планкалы,қырғышты және штангалі транспортерлер мен арқанды-скреперлі қондырғылар пайдаланылады. Гидравликалық әдісте қиды сумен ағызады және мұның өзі-физика курсынан белгілі сұйықтың қозғалу заңына негізделген. Қорадағы қиды шығару үшін машиналар жүйесіне ТСН-160, УС-10, ТСН-2 және ОБ секілді үйлестірілген қи шығарғыш қондырғылар бойлық және көлемдік комплекстерден қи шығаратын ысырмалы қондырғылар енгізіледі.Бұл қондырғылар 80% үйлестіріліп біріңғай базалық құрастырумен деталдары шынжырлары жұлдызшылары және деке редуктрлары негізінде жасалған. ТСН-160 қондырғыларына шынжырдың созылуы мен тозуын автаматты түрде қалпына келтіретін жаңа кептіргіш құралдарында орнатылған.Мұның өзі еңбекті қажетті 25% жеңілдетеді.Еден астындағы қи қоймасынан қиды тазарту үшін УВН-800 скреперлі қондырғылары қолданылады.Қиды құбыр арқылы тасымалдауға циклді жұмыс істеитін УТН-10 қондырғысы қи садырасын андайтын НЖН-20 нолосы пайдаланылады. Қиды тиеу үшін ПЭ-0,8Б, ПГ-0,2 және ПФП-1,2 франтальды-қайырмалы НПК-30 шөмішті тиегіштер қолданылады. Дәріс 11.Мал шаруашылығы өндірісітік процестерді механикаландыру және автаматтандыру. Мал шаруашылығы процестерді комплексті механикаландыру-қазіргі кезеңдегі ғылыми техникалық процес саласының басты бағыттарының бірі. Осы технология бойынша автаматтандырудың өзі еңбек өнімділігін 1,3-1,5 есе артуын қамтамасыз етеді.Мұның өзі басқару апатартын қысқарту қолмен атқаратын жұмыстарын автаматтандыру техникалық интенситендіру және жабдықтардың өнімділігін арттыру арқылы жүзеге асырылады. Автаматика-адамдардың қатынастарының техникалық процестерін басқару жүйесін жасаудың теориясымен пигменттерін қамтитын ғылыммен техника саласы. Автаматтандыру жүйесі-бір-бірінен өзара байланысты автаматтандырылатын басқарылатын аппаратуралардан және басқарылатын обектілерден тұрады. Автаматты басқару аппараттарына,датъиктер,күшейткіштер, аралық реде,атқарушы механизмдер қосалқы элементтер және түрлендіргіштер жатады. Автаматика құралдары фермалар мен комплекстерде су мен жылу беруге және таратуға,жемшөп әзірлеуге және үлестіруге өнім алуға және оны алғашқы өңдеуге оның сапасын бақылауға микроклиматты реттеуге қалдықтарды жинауға және өңдеп пайдалануға қолданылады. Мал шаруашылығының автаматтандыру обектісі ретіндегі бастыерекшелігі-техникалық құралдардың тірі организмдермен тікелей байланыста борлатындығы.Мал түліктері күтіп-бағу технологиясының бұзылуына өте сезімтал келеді сол себепті жұмыстың дұрыс атқарылмауы машиналар мен жабдықтар жұмысындағы іркіліс технологиялық процестер режимнің өзгеруі көп жағдайда малды бракқа шығаруға себепші болады. Жұмыс процесі технологиялық процесті тікелей атқаруға байланысты.Басқару процесі технологиялық процесті дер кезінде бастауды және аяқтауды операцияның қажетті бірізділігін өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Басқару процесі жұмыс процестері мен басқару процестердің дер кезінде дұрыс өтуін қамтамасыз етеді. Дәріс 12.Малды сумен қамтамасыз етуді механикаландырудың мәні. Сумен қамтамасыз етуді дұрыс ұйымдастырудың фермалар мен комплекстердің жұмысын тиімді жұмыс істеуде айрықша маңызы бар, өйткені оның өзі өндірістік-зоотехникалық процестердің қалыпты өтуін қамтамасыз етеді малды күтіп-бағу жағдайын жақсартады жұмыс істейтін адамдардың еңбек өнімділігі мен мәдениетін өнім сапасын жақсартады өнімнің өзіндік құнын кемітеді.Сумен үздікзсіз қамтамасыз ету сиырдың сүттілігін 10-14% және бордақыдағы малдың салмақ қосмен 12-15% арттырады. Ауыз су сапасына қойлатын талап мемлекеттік стандартпен белгіленген.Сақа суару үшін температурасы 12-14°С ал төлге 15-16°С су пайдаланылады.Судың иісі дәмі мөлшерлігі түсі және температурасы физикалық қасиетін білдіреді. Мал суару үшін ең дұрысы жер асты суын ал ол болмаған жағдайда жер бетіндегі суды пайдалану ұсынылады.Су сапасын санитарлық қадағалау органдары ұдайы тексеріп тұрады. Экономикалық тұрғыдан алғанда ферманы әдетте бір су көзімен қамтамасыз етеді барлық қажетті қанағаттандыру үшін судың сапасына ерекше көңіл бөледі. Сумен қамтамасыз ету процесін механикаландыру мен автаматтандыру 1м суды жеткізудің өзіндік құнын 2,5-3 сомнан 5 тиынға дейін кемітеді әрі малды күтіп-бағуға еңбек шығынын едәуір қысқартады.Егер 1м суды қол еңбегімен таратып шығаруға және жеткізуге ең кемі 5 адам/сағ жұмсалатын болса процесті механикаландыруда және автаматтандырылған ол 2 адам/минутка дейін кемиді. Су көтеретін жабдықтар. Сумен қамтамасыз ететін көздердегі суды су-арны құрылыстарына немесе тікелей тұтынаты орындарға беру үшін насостарды,су ағызатын қондырғыларды және басқа жабдықтарды пайдаланады. Насостар-оны ашық су көздерінен шахталы және түтікті құдықтардан су алу үшін пайдаланады. Насос өнімділігі (Q)-бұл уақыт бірлігіндегі (м(R)/с немесе л/с) насостың беретін сұйық мөлшері. Насостың толық пайдалы әсер коэффициенті насостың пайдалы қуатының(Nn) тұтынылатын қуатын (N) қатынасы бойынша анықталады. Су деңгейі өзгереген жағдайда понтон көмегімен насосты электр двигателімен қоса түсіруге болады.ТАП,АПВ,ЭЦВ және ЭПА типтес батырмалы ортадан тепкіш насостар фермаларда пайдаланылады.Олар бұрғылаған скважинадан су тартуды қамтамасыз етеді.В типтес құйынды насостар ашық су көздері мен шахталы құдығтардан су тартуға арналған.Оның сору биіктігі 5-7 м, сағатына беретін суы 1-20м дейін және арыны 0,7 МПА-ға дейін. Су көтергіштер бұл жабдықтар негізінен жайылымды сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.Олардың конструкциясы қарапайым әрі сенімді.Су көтергіштердің жетегі электр двигательдерімен іштен жанатын двигательдерімен немесе жел двигательдерімен жұмыс істейді. Дәріс 13.Малдарға азық таратуды механикаландыратын машиналар мен жабдықтар. Малға азық тарату-еңбекті көп қажет ететін өндірістік процестердің бірі фермаларды өндірісті механикаландыру деңгейі 50-60%-ке жеткізіліп оның үлесіне мал мен құсты күтудегі жалпы еңбек шығыныың 30-40%-і келеді.Жемшөп тарату процесі малды азықтандырудағы комплексті жұмыстармен аяқталады әрі мұның өзі ең маңызды буын болып саналады өйткені күллі зоотехникалық шаралардың нәтижелілігі көбінесе соғанбайланысты. Азық тарататын техникалық құралдарды таңдау және оларды тиімді пайдалану негізінен алғанда жемшөптің физикалық-механикалық қасиетіне малды азықтандыру және күтіп-бағу әдістеріне мал қорасының типіне және ферма көлеміне байланысты. Азық тарату құрылғының өнімділігі әр басқа берілетін жемшөптің ең аз және ең көп нормасы бойынша реттелуі ал азық тарату ұзақтығы-жылжымалы таратқыштарды пайдаланғанда 30 минуттан және бір орында жұмыс істейтін азық таратқыштарды пайдаланғанда 20 минуттан аспауы тиіс.Бір орында жұмыс істейтін азық таратқыштар бункері мен мөлшерлегіш құрылғысы бар әр түрлі типтегі транспортерлерден тұрады.Бұлар электір двигателімен іске қосылады.Бірақ екуінің де жұмыс принципі бірдей: мал қорасының алдыңғы жағына орналасқан бункердегі азық мөлшерлегіш құрылғымен барлық оттықтарға таратылады. КТУ-10 азық таратқышының жүк көтерімділігі 3,3 л ол балауса шөп пен сүрлемді ірі қара фермасына және жазғы лагерге тасымалдауға арналған. ҚТУ-10 тарату класы 10-ке жататын тракторға агрегатталады.Азық таситын жолының ені ең кемі 2,1 м және оттығының биіктігі 0,75 м келетін сиыр қораларда жұмыс істей алады.Азықты түсіру өнімділігі 50 т/сағатқа дейін,жұмыстық жылдамдығы 1,7-2,5 км/сағат, тасымалдауы 25 км/сағатқа дейін, кузов көлемі 10 м. КС-0,4 азық таратқышының жүк көтерімділігі 0,4 т.Ол мегежін қорасында азық араластыруға және таратуға арналған. КСА-5Б азық таратқыш-аккумуяторлы жетекпен жабдықталған азық таратқыш машина артықшылығы:өте маневрлі, өнімділігмен технологиялық процесті орындау сапасы жоғары, энергияны аз жұмсайды, шуылы шамалы, газданбайды және азықты таратқан кезде қорада өтпе жел болмайды. Дәріс 14.Фермалармен комплекстерді сумен қамтамасыз ететін машиналармен жабдықтар.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz