Файл қосу
Тарихи тұрғыда әдебиет зерттеулерінің әдістемелері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3-деңгейдегі СМЖ құжат УМКД <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы _________2013 ж. №1 басылым УМКД 042-18-29.1.5/01-2013 <<Әдеби ағымдар мен бағыттар>> 6М011700 <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> мамандығына арналған ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ СЕМЕЙ 2013 Кіріспе 1 ӘЗІРЛЕГЕН Ақтанова А.С. - қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. _____________ <<___>> ___________20___ жыл. 2 КЕЛІСІЛДІ 2.1 Қазақ әдебиеті кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды. Хаттама №___ <<___>> ___________20___ жыл. Кафедра меңгерушісі _______________ Ақтанова А.С. 2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді. Хаттама №___ <<___>> ___________20___ жыл. Төрайым _________________Мұқанова Қ.Қ. 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді. Хаттама №___ <<___>> ___________20 ___жыл. ОӘК төрағасы _________________Искакова Г.К. 4 <<____>> __________ 20___ж. шыққан ПОӘК-нің № 1 БАСЫЛЫМЫ Мазмұны 1 Қолданыс аясы 2 Нормативтік сілтемелер 3 Жалпы ережелер 4 Оқу пәнінің мазмұны модуль бойынша 5 СӨЖ-ның тақырыптары 6 Пәннің оқу-әдістемелік картасы 7 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы 8 Әдебиеттер 1 ҚОЛДАНЫС АЯСЫ Тіл білімінің, әдеби ағымдар мен бағыттар пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 6М011700 <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> мамандығының магистранттарына арналған. 2. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР Осы Тіл білімінің, әдеби ағымдар мен бағыттар пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады: - 6 М 011700 - Қазақ тіл мен әдебиеті мамамандығының ______элективті пәндер тізімі - СТУ 042- СГУ-5-2012 <<Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар>> университет стандарты; - ДП 042-10.1.07-2012 <<Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы>> құжаттық іс-жосығы. 3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 3.1 Пәннің қысқаша мазмұны Бұл пән бойынша мынандай маңызды теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: Тарихи - әдеби контекстегі әдебиеттану мектептерінің дамуы мен қалыптасуы, биографиялық және психологиялық әдебиеттанудың әдістемесі, тарихи поэтика мен салыстырмалы - тарихи әдебиеттанудың әдістемелері, әлеуметтік бағыттағы әдебиеттану, неомифологизм және мифопоэтика. 3.2 Пәнді оқытудың мақсаты: Қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа бағыттарының әдеби даму жолдарының қыр-сырын аңғару, талдау процесімен тікелей байланысты болғандықтан туу және қалыптасу кезеңдерін әдебиет тарихына жанастыра көрсету. Қазақ әдебиеттану ғылымының жеткізген бүгінгі табыстары негізінде магистранттарға барынша толық, тиянақты білім беру. 3.3 Пәнді оқытудың міндеттері: Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы мен процесінде айрықша орны бар сыни мақалалар мен көрнекті сыншы ғалымдардың шығармашылық ізденістерін, олар туралы ілгері зерттеулер мен еңбектерді барынша толық қамту болып табылады. Көркемдік дамудағы жалғастық пен жаңашылдықты ескере отырып, пәнді оқыту барысында магистранттарды қазақ әдебиеттану ғылымындағы жаңа бағыттардың дамуына қатыстылығын аңғарту. + Оқыту нәтижелері Курс аяқталған соң магистрант : * әдебиеттің дамуын әдебиет тарихымен бірлікте талдаудың ғылыми принциптерін игереді, - әдебиеттанудың тағылымдық, көркемдік-эстетикалық және ұлттық мәнін оқып, игереді; - әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдармен, категориялармен танысып, олардың сыншы ғалымдардың еңбектерінде қолданылу ерекшелігін оқып, біледі; - әдеби мектептер мен ағым, көркемдік өсу жолын меңгереді; - Осы кезең сыншы ғалымдардың шығармаларын оқып, біледі; - Қазақстан тәуелсіздігі және әдеби үрдістердегі жаңашылдықтың мәнін ұғынады; - Сыншылдық қабілеті бар магистранттардың еңбектерін баспа беттеріне жариялатуға бағдар жасалады. 3.5 Курстың пререквизиттері - Әдебиет теориясы - ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуының алғашқы кезеңі (1900-1940) -Тіл білімі, әдебиеттанудың өзекті мәселелері 3.6 Курстың постреквизиттері: - Тіл білімінің философиялық-әдістемелік мәселелері 3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме Кесте -1 Курс Семестр Кредит Дәріс (сағ) Семинар(сағ) Лаб. (сағ) МӨЖ (сағ) Барлығы (сағ) Бақылау түрі 1 2 2 15 15 - 120 150 емтихан 4 ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ МОДУЛЬ БОЙЫНША 2- кесте Тақырыптардың атауы мен мазмұны Сағат саны 1 2 * Модуль.Әдебиеттану ғылымындағы ағымдар мен бағыттар Дәріс сабақтары 1-дәріс: Әдебиеттанудағы дәстүрлі және жаңа ізденістер мәселелері. Әдебиеттану ғылымының бүгінгі таңдағы жаңа мәселелері. Қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақ кезең келбеті және оның қазіргі тұрғыдан зерттелу сипаты. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі көркемдік әдіс мәселесінің қайта қаралуы. Қазіргі ғылыми-зерттеу әдіснамасы туралы әдебиеттегі жаңа бағыт, соңғы сарындар, ұлттық рухтың қазақ әдебиетінде жаңаша көріну сипаттары. Көркем әдебиет және цензура. Сөз бостандығының көркем шығармашылықтағы көріністері. Қазіргі ғылыми-техникалық дамудың жеке адам мен қоғамдық санаға ықпал-әсері. Әлемдік әдебиеттану саласындағы ғылыми ізденістердің мәні мен маңызы, бағдары мен бағыттары. Отаршылдық кезең мен кеңес дәуіріндегі тоталитарлық жүйенің көркем әдебиетте реалистік тұрғыда бейнеленуі. Дәстүрлі, классикалық, эстетикалық көзқарастар сипатындағы әлемдік өзгерістер. 1 2-дәріс: Тарихи - әдеби контекстегі әдебиеттану мектептері, ағымдар мен бағыттар (XIX - XXғғ.) Әлемнің жалпы дүниетанымдық көрінісіндегі әдебиеттің ғылым ретіндегі рөлі. Әдебиеттердің өзара қарым - қатынасы күшеюінің бүкіләлемдік көрінісі. Отандық және әлемдік әдебиеттану. 19ғ. әдебиеттану әдістерінің әдеби мектептермен байланысы. Әдебиетті зерттеудің бұрынғы әдістері мен әдебиеттің қазіргі әдістері. Әдеби процестің тарихи өзгерістерге ұшырау жолындағы әдеби мектептер: мифологиялық, биографиялық, тарихи - салыстырмалы, мәдени - тарихи, филологиялық, психологиялық, психоаналитикалық, әлеуметтік, әлеуметтік - тарихи. 1 * Модуль. Әдістемелік принциптері 3-дәріс: Әдебиеттану ғылымының әдістемелік принциптері. А. Лосев, С. Аверинцев, С. Артановский, В. Топоров, Д. Лихачев жұмыстарындағы әдебиет зерттеу әдістемелерінің теориялық негіздері. Әдебиеттану мектептерінің әдістемелік негізі. Тарихи тұрғыда әдебиет зерттеулерінің әдістемелері. Адам мен әдебиеттің кешенді зерттеулерінің қағидалары. 1 4-дәріс: Биографиялық және психологиялық әдебиеттанудың әдістемесі. Әдеби процеске деген тарихи көзқарастың қалыптасып, тууы. Сент - Бев және Брандестің биографиялық әдістері, өнер жайлы романтикалық теорияның рухты қалыптастырудағы әсері (Ш. О. Сент - Бев, <<Литературно- критические портреты>>, т. 1-5, 1836-39). 19 ғ аяғы мен 20 ғғ басындағы шығармалардағы биографиялық әдіс пен психологиялық теориялар. Потебняның психологиялық әдісі. Психологиялық мектептердің туып, қалыптасуы: В. Вундт, И. Фолкельт, Р. Мюллер - Фрейенфельс, Россияда - Потебня, Д. Н. Овсянико - Куликовский). З. Фрейдтің психоаналитикалық әдебиеттануы. К. Юнг пен оның мектебінің психоаналитикалық концепциялары. 1 5-дәріс: Синкреттік дәстүрлер және оның мектептері Шығармашылық пен мәтіннің негізі мифодіни, әмбебаптық деп қарауды мақсат ету. Модернистік және постмодернистік мектептерді XIX ғасырдағы классикалық мектептердің көшірмесі деп қарау. (А. Белый, Вяч. Иванов, А. Лосев, И. Ильин, К. Мочульский, Б. Гаспаров, В. Бычков, Л. Карасев, Деррида, Рикер, Барт). Бір рухани көзді әмбебаптау және ең жоғары деп тану (миф, құдай, сөз, тіл, қуат) - мәтінді талдау және эстетикалық акт. Көркем образ - кейіпкерді түрлі аспектілерде зерттеу және пайымдау. Көркем шығармадағы автор - адамның қатысуы. Имагология ұлттық ортада өзге ұлттық образдардың өмір сүру жүйесі және теориясы. Қазақстан және Ресей ғалымдары еңбектерінде көркем антропология мен имагологияның көрініс табуы: (А. Потебня, М. Эпштейн, В. Палиевский, Г. Гачев, Ш. Елеукенов, К. Киреева-Канафиева, Ө. Күмісбаев, А. Жақсылықов, В. Савельева, Б. Жетпісбаева, С. Сагалович), 1 * Модуль. Салыстырмалы әдебиеттану мәселелері 6-дәріс: Тарихи поэтика мен салыстырмалы - тарихи әдебиеттанудың әдістемелері. Салыстырмалы әдебиетті зерттеудің пәні. Зерттеудің мақсаты. Салыстырмалы әдебиеттану теориясының міндеттері (А.Веселовский, Ф.Ноэль, Ж.Ампер, К.Пишуа, А.Руссо). Дрюшин концепциясы бойынша әдебиетті салыстырмалы түрде зерттеудің мақсаты мен міндеті. Жирмунский мен Конрад еңбектеріндегі Батыс пен Шығыс байланыстары. Неупокаева концепциясындағы әлем әдебиеті тарихы. КСРО-ға ӘӘИ басылып шыққан әлем әдебиеті тарихы. Веселовский, Бахтин, Алексеевтердің салыстырмалы-тарихи зерттеулері. Әдебиеттердің тең екендігі туралы принцип. Қабылданатын әдеби құбылыстар. Қабылдаушы әдебиет. Қабылдаушы құбылыстардың таңдалуы. Әсер ету теориясының көнелігі. Әлемдік әдеби үдерістегі әдебиеттегі еуроцентристік, шығысценстристік басымдықты сынау. Қазіргі салыстырмалы әдебиеттанудағы контактілі -типологиялық байланыстар (Дюришин, Дюма, Жирмунский, Алексеев). Генетикалық-контактілік байланыстар. Әлемдік әдебиеттанудағы сыртқы байланыстар. Типологиялық байланыстар. Әдеби байланыстардың шарттылығы. Қоғамдық типологиялық ұқсастықтары. Әдеби типологиялық байла-ныстар. Психологиялық типологиялық өз ара байланыстары. Рецепция түрлері. Үн қосудың рецепцияның бір түрі екендігі. Рецепцияның пайдалы және зиянды түрлері. Рецепцияның интегральды түрлері. (аллюзия, алмасу, стильдеу, филиация, плагиат, бейімделу, аударма) Рецепцияның диференциалды түрлері. (полемика, пародия, травести, бурлеск) 1 7-дәріс: Әлеуметтік бағыттағы әдебиеттану. Салыстырмалы және әлеуметтік-тарихи әдебиеттанудың арақатынасы. Каузальдық дәстүр және әдеби мектептер. Субъект шығармашылығы себептерін оның эстетикалық актісін қалыптан тыс мақсат ретінде орнықтыру. ХХ ғасырдағы мектептер: (Сакулин, Переверзев, Луначарский, Бердяев, Френденберг, Поспелов т.б.) Әдебиеттегі зерттеу әдіснамасының теориялық негіздері. Тарихи жарияланымдардағы әдебиетті зерттеу әдістері. Әдебиетті зерттеу әдіснамасының салыстырмалы-типологиялық және әлеуметтік сипаттамасы. Жалпы және салыстырмалы әдебиеттануды теориялық және тарихи поэтика ретінде қарастыру. 1 8-дәріс: Салыстырмалы әдебиеттану әдебиет туралы ғылымдағы жаңа бағыт. Қазақстанда салыстырмалы әдебиеттанудың дамуы. Әлемдік әдеби үдеріс контексінде ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің типологиялық байланысы. ХХ ғасырдағы қазақ және орыс әдебиеттері реализміндегі типологиялық ұқсастықтар. Қазіргі қазақ салыстырмалы әдебиеттану-ындағы мәселелер. Қазақстандағы салыстырмалы әдебиеттанудағы бағыттар. Қазіргі қазақ салыстырмалы әдебиеттануының негізгі даму тенденциялары. (Г.Потанин, Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, Ш. Айтматов, Е. Ысмайлов, Ж. Дәдебаев, Н. Жуанышбеков, М. Маданова, Ж. Тілепов, Б. Толмачев, С. Әшімханова, К. Рүстемова-Нұргали, А. Ишанова, Ф. Исмайлова). 1 9-дәріс:Философиялық-эстетикалық әдебиеттану Адам мен әдебиетті кешенді зерттеу принциптері. В. Казначеев, Е. Спирин ілімдеріндегі адамның космоғарыштық және әлеуметтік мәдени феномен ретіндегі сипаты. Ноосфергенез және адамның ғылыми адамгершілік тұрғыда дамуы. Бахтин поэтикасының принциптері. Әдеби құбылыстарға ғалымдардың өз еңбектерінде философиялық эстетикалық тұрғыдан келу негіздері. (Г. Гегель, И. Гердер, И. Тэн, С. Кьеркегор, Х. Ортега - и Гассет, Э. Баллер, У. Эко). А. Лосев, С. Аверинцев, С. Артановский, В. Топоров, Д. Лихачев еңбектеріндегі орыс космизмі мен философиясының бірлігі идеясы. О.Сүлейменов шығармашылығындағы мәдениет пен өнердің философиялық негіздері. 1 10-дәріс: Мәдени - тарихи дәстүрлер мектебі. Мәдени - тарихи дәстүр және оның мектептері. Мәтіндегі күрделі және көпфакторлы байланыстарды зерттеу және субект еркімен туған мәтінді мақсатты мәдниетті уақыт жағынан <<үлкен>> және <<кіші>> деп тану. И.Тэннің мәдени тарихи- мектебіндегі орта, уақыт, нәсіл үштік бірлігі туралы ілім, бұл мектеп дәстүрінің Батыс Еуропада дамуы (Де Санктис, В. Шерер, М. Мендес-и- Пелайо), Ресейде: Н. С. Тихонравов, А. Н. Пыпин. ХХ ғасыр мектептері: (Бахтин, Виноградов, Бройтман, Топоров, Михайлов, Манн, Чудаков, Аверинцев, Мелетинский). М. Эпштейннің әдебиеттанудағы гуманистік мектебі. А.В.Липатов әдебиеттануындағы тойымдылықтың холистикалық балама теориясы. Қазіргі әдебиеттанудағы бахтиншілдік. В.Хализев пен В.Рудневтің мәдениеттанушылық көзқарастары. В.Рудневтің Набоковтың <<Ақ жалын>> және М.Булгаковтың <<Шебер мен Маргарита>> шығармаларын талдауы. Әдебиеттанудағы қазіргі философиялық мәдениеттанушылық концепциялар (феноменологиялық, герменевтикалық, рецептивті эстетика, ақпараттық теория, семиотика, құрылымдық лингвистика, философиялық (көркем) антропология, футурология,мәдениеттану). М. Хасенов, Ж. Қаракөзова, М. Барманқұлов, В. Бадиков, К. Оразаева, М. Әуезов, А. Қайржанов сиқты Қазақстан ғалымдарының мәдениеттанушылық-әдебиеттанушылық концепциялары. 1 11-дәріс: Неомифологизм және мифопоэтика Архайкалық және классикалық мифтерді оқытудың өзектілігі. Мифопоэтикалық сананы зерттеудің жолдары: психоаналитикалық, юнгтік, дәстүрлі-мифологиялық (Б. Малиновский, Дж. Фрейзер), символдық (Э. Кассирер), этнографиялық (Л. Леви-Брюль), структуралистік (К. Леви-Строс, М. Элиаде, В. Тернер), постструктуралистік (Р. Барт, М. Фуко) т.б. Мифопоэтика орыс ғалымдарының еңбектерінде (В. Я. Пропп и О. М. Фрейденберг). Мифологиялық сюжеттер мен сарындарды көркем шығармаларда пайдалану. Неомифологизмнің негізгі белгілері. Неомифологиялық поэтиканы дамытудағы Қазақстан ғалымдарының зерттеулері. (С. Қасқабасов, Р. Бердібаев, Б. Байтанаев, Н. Келімбетов, Е. Тұрсұнов). Салт-жоралғы-мифологиялық мектептер Р. Смит, Дж. Фрейзер, <<кембридж>> мектебі және оны ұстанушылар школа (Н. Фрай, М. Бодкин), Анри Бергсонның интуитивті мектебі, Б. Кроче, Ф. Ницшенің мәдени- философиялық мектебі, Р. Унгердің, В. Дильтейдің рухани -тарихи мектебі, Л. Гольдманның, П. Машердің әлеуметтік мектебі. 1 12-дәріс: Структурализм және постструктурализм Структурализм - қоғамтану ғылымдарындағы жаңа бағыт (әдебиеттану, этнография, тарих т.б.). Құрылымды табу тұрақты жиынтық қатынастар ретінде. Мәдениет таңбалар жүйесі жиынтығы ретінде. Алпысыншы жылдары Францияда таралуы (К. Леви-Стросс, М. Фуко, Р. Барт, Ж. Деррида); Әдеби құбылыстар мен мәтінді құрылым, семиотикалық жүйе ретінде қарастыратын әдебиеттанудағы бағыт. (Р. Барт, Ж. Деррида, Ж. Лакан, М. Фуко, И. Ильин, В. Некрасов, С. Әбішева). Постструктурализм - философиялық және әлеуметтік қоғамтану саласындағы 1970-1980 жылдардағы структурализмді сынау мен жеңуге арналған жалпы атау. Құрылымдағыны құрылымдағысыз пайымдау. 1 13-дәріс: Әдебиеттанудағы феминистік бағыт Қазіргі батысеуропалық феминистік таным. Мәдениетті ерлер құндылығы жүйесіне бағыттау. Дәстүрлі көзқарастарды феминистік жүйеде қайта қарау. Әйелдер әдебиеті тарихын қалыптастыруға ұмтылу, әйелдер образының бостандығын қорғау, мейірімділік пен басқа да ерекшеліктердің әйелден бастау алғанын қуаттау. Феминистік қозғалыстарды әлеуметтік сынау бағыттары. Феминистік әдебиеттанудың міндеттері, әлемді екіге жарып әділ қарауды орнықтыру, гендерлік бағыттағы әдебиет теориясын жасауға ұмтылу. Қазақстандағы әйелдер әдебиеттануы. Э. Шоре, Ю. Кристева, Э. Сиксу, Л. Иригарай, С. Кофман, Э. Шоуолтер және Ф. Исмаилованың <<Феминистік имагология>> еңбектеріндегі феминистік әдебиеттану мәселелері. 1 14-дәріс: Ойын поэтикасы. Ойын адам қызметінің бір түрі. Өнер және ойын. Й. Хейзинги ойындарының концепциясы. Р. Кайо ойындарының типологиясы. Ойын поэтикасының жолдары мен ұстанымдары, әдебиеттегі ойындық сюжеттер. А. К. Ишанованың <<Әдеби ойындар типологиясы. Бароккодан постмодернизмге дейін>> кітабы бойынша әдеби ойындар типологиясы мен әдеби бағыттардағы әдеби қаһармандар классификациясын жасау. 1 15-дәріс: Постмодернистік әдебиеттану Қазіргі философиядағы, өнердегі, әдебиеттану мен басқа да қоғамдық ғылымдардағы негізгі бағыттардың бірі. Постмодернизмнің объектісі негізінен мәтін. Постмодернизм қазіргі өнердің, философияның, ғылым мен саясаттың, экономиканың, сексенінші жылдардағы моданың теориялық қондырмасы секілді. Постмодернизмдегі жалпыға тән плюрализм. <<мәдени ортақтық>> немесе үзінді алу постмодернизмнің бір принципті белгісі. Морфологиялық дәстүр және оның мектептері. 1 Семинар сабақтары 1-семинар: Мәтін түрлері. Мәтінді қоғамдық функциясына қарай түрге бөліну Мәтін құрылымының элементтері 1 2-семинар: Мәтінтану мектебі. 1. Мәтінтану дәстүрі және оның мектептері. 2.. Мәтінді мақсатты түрде жазу және сақтау. 3. Г. Пауль мен В. Перетцтің филологиялық мектебі, мәтінтанудың тууы. 1 3-семинар: Қазіргі әдебиеттегі жанр табиғаты 1. Поэзиядағы жанрлық өзгерістер. 2. Жыраулар поэзиясындағы ұлттық рух мәселесі. 3. Махамбет поэзиясы және бүгінгі ақындық өнердегі оның ерлік рухын қайталаушылықтың себеп-салдары. 4. Қазіргі поэзиядағы отаншылдық рух мәселесі. 5. Жеке ақын мен қоғам арасындағы саяси-әлеметтік байланыс. 1 4-семинар: Әдебиеттегі дәстүр және жаңашылдық мәселелері 1. Әуезовтің әсемдік әлемі, талант және шеберлік. 2. Таланттың қалыптасуына қажетті өмірлік шығармашылық факторлар. 3. Қазіргі кезеңдегі әдебиеттану проблемасы. 4. Прототив пен қиялдау элементтерінің маңызы туралы 1 5-семинар: Мифопэтика және архопоэтика 1. Мифопэтика және архопоэтика қайшылықтары. 2. Қазақ әдебиеті және оның әлем әдебиетімен байланысы. 3. Қазақ эпикалық жанрының бастаулары. Қазақ поэмасының даму кезеңдері. 4. Қазіргі қазақ поэмасының тақырыптық, идеялық ерекшеліктері. Қазіргі әлем әдебиетіндегі эпикалық жанрдың тоқыраушылық сипаты. 1 1 6-семинар: Әдебиеттегі көркем психологизмнің табиғаты туралы 1. Әдебиеттегі психологизмнің мәселесінің зерттелуі. 2. Психологизм табиғаты концепциялары. 3. Психологиялық романның мазмұны мен құрылымындағы психологизм табиғаты. 4. Қазақ әдебиетіндегі психологизмнің дәстүрлік арналары мен жаңа арналары 1 7-семинар: Шығармадағы автор, кейіпкер және оқырман мәселесі 1. Автор, кейіпкер және оқырман мәселесін әдебиеттану ғылымында зерттелу жолдары. 2. Автор және оның көркем мәтінді өмірге әкелу жолдары мен оқырман тілегін ескеру себептері. 3.Образ жасау жолындағы жаңаша ізденістер. Жаңаша ойлау және жаңа образ сомдау жолындағы көркемдік ізеністер. 4.Қазіргі әдебиеттегі автор, кейіпкер және оқырман мәселесі және оның зерттелуі 1 8-семинар: Әдеби шығармашылық табиғаты 1. Әдебиеттің сөз өнері санатындағы дуалистік сипаты. 2. Классицизм және романтизм дәуіріндегі көркем шығармашылықтың табиғаты жайлы ұғым. 3. Позитивистер (О. Конта, И. Тэн және т.б.) еңбектерінің маңызы мен негізгі тұжырымдары. 3. Әдеби ықпал ұғымы. Шығармашылық тұлға туралы Ю. Кристева мен Ч. Ломброзоның интертекстуальдылық теориясы. 4. Әдебиеттанудағы фрейдшілдік бағыт. 5.Әдеби шығармашылық табиғатын пайымдаудағы А. Маслоудың холистикалық әдісі. 1 9-семинар: Антропоөзектік бағыт 1. Антропоөзектілік ерекше зерттеу принципіне негізделген жаңа бағыттардың бірі. 2. <<Тілдегі адам>> немесе <<адамның тілі>> (кейде адамдағы тіл) проблемасының зерттелуі 3. Антропоөзекті бағыттың лингвистиканың басқа салаларымен байланысы 1 10-семинар: Әдебиеттанудағы феминистік бағыт 1. Қазіргі батысеуропалық феминистік таным. 2. Мәдениетті ерлер құндылығы жүйесіне бағыттау. 3. Әйелдер әдебиеті тарихын қалыптастыруға ұмтылу, әйелдер образының бостандығын қорғау, мейірімділік пен басқа да ерекшеліктердің әйелден бастау алғанын қуаттау. 4. Феминистік әдебиеттанудың міндеттері, әлемді екіге жарып әділ қарауды орнықтыру, гендерлік бағыттағы әдебиет теориясын жасауға ұмтылу. 1 11-семинар: Герменевтика дәстүрі мектебі. 1. Герменевтикалық дәстүр және оның мектептері 2. Әдебиеттануды қабылдау. Восприятие литературы. 3. Герменевтика тарихы. 4. Герменевтика принциптері. Түсіну. Пайымдау. Мазмұны. Мәні. Диалогты герменевтика деп түсіну. 1 12-семинар: Формальды, құрылымдық - семиотикалық мектептер әдістемесі. 1. Морфологиялық дәстүр және оның мектептері. 2. Орыс морфологиялық мектебі: формалистер (Якобсон, Шкловский, Эйхенбаум, Тынянов, Пропп), структуралистер (Лотман, Щеглов, Смирнов, Жолковский, Левин). 3. Шет ел мектебі: (Греймас, Леви-Строс, Тодоров, Мукаржовский). 4. ХХ ғасырдағы семиотиканың лингвистикалық сипаты. 1960 - 1970 жылдары семиотиканың екі мектебінің құрылуы, француздық (Клод Леви-Строс, Альгирдас Греймас, Цветан Тодоров, Ролан Барт, Юлия Кристева) және тарту-мәскеулік (Ю. М. Лотман, З. Г. Минц, И. А. Чернов - Тарту; В. Н. Топоров, Вяч. Вс. Иванов, Б. А. Успенский, И. И. Ревзин - Мәскеу). 1 13-семинар: Салыстырмалы әдебиеттану әдебиет туралы ғылымдағы жаңа бағыт 1. Қазақстанда салыстырмалы әдебиеттанудың дамуы. 2. Әлемдік әдеби үдеріс контексінде ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің типологиялық байланысы. 3. ХХ ғасырдағы қазақ және орыс әдебиеттері реализміндегі типологиялық ұқсастықтар. 4. Қазіргі қазақ салыстырмалы әдебиеттануының негізгі даму тенденциялары. (Г.Потанин, Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, Ш. Айтматов, Е. Ысмайлов, Ж. Дәдебаев, Н. Жуанышбеков, М. Маданова, Ж. Тілепов, Б. Толмачев, С. Әшімханова, К. Рүстемова-Нұргали, А. Ишанова, Ф. Исмайлова). 1 14-семинар: Структурализм және постструктурализм 1. Структурализм - қоғамтану ғылымдарындағы жаңа бағыт (лингвистика, әдебиеттану, этнография, тарих т.б.). 2. Құрылымды табу тұрақты жиынтық қатынастар ретінде. 3. Мәдениет таңбалар жүйесі жиынтығы ретінде. 4. Әдеби құбылыстар мен мәтінді құрылым, семиотикалық жүйе ретінде қарастыратын әдебиеттанудағы бағыт. (Р. Барт, Ж. Деррида, Ж. Лакан, М. Фуко, И. Ильин, В. Некрасов, С. Әбішева). 1 15-семинар: Модернистік және постмодернистік бағыт 1. Постмодернизмнің объектісі негізінен мәтін. 2. Постмодернизм қазіргі өнердің, философияның, ғылым мен саясаттың, экономиканың теориялық қондырмасы 3. Постмодернизмдегі жалпыға тән плюрализм. 1 5 МАГИСТРАНТТЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 5.1 Қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақ кезең келбеті және оның қазіргі тұрғыдан зерттелу сипаты 5.2 Қазіргі ғылыми-зерттеу әдіснамасы туралы әдебиеттегі жаңа бағыт, соңғы сарындар, ұлттық рухтың қазақ әдебиетінде жаңаша көріну сипаттары 5.3 Әдебиетті зерттеудің бұрынғы әдістері мен әдебиеттің қазіргі әдістері 5.4 Әдеби процестің тарихи өзгерістерге ұшырау жолындағы әдеби мектептер 5.5 Адам мен әдебиеттің кешенді зерттеулерінің қағидалары 5.6 Потебняның психологиялық әдісі. Психологиялық мектептердің туып, қалыптасуы 5.7 Қазақстан және Ресей ғалымдары еңбектерінде көркем антропология мен имагологияның көрініс табуы 5.8 Жирмунский мен Конрад еңбектеріндегі Батыс пен Шығыс байланыстары 5.9 Рецепцияның интегральды түрлері. (аллюзия, алмасу, стильдеу, филиация, плагиат, бейімделу, аударма) 5.10 Рецепцияның диференциалды түрлері. (полемика, пародия, травести, бурлеск) 5.11 Жалпы және салыстырмалы әдебиеттануды теориялық және тарихи поэтика ретінде қарастыру 5.12 Морфологиялық дәстүр және оның мектептері. 5.13 Орыс морфологиялық мектебі: формалистер (Якобсон, Шкловский, Эйхенбаум, Тынянов, Пропп), структуралистер (Лотман, Щеглов, Смирнов, Жолковский, Левин). 5.14 Шетел формалистер мектебі: (Греймас, Леви-Строс, Тодоров, Мукаржовский). 5.15 ХХ ғасырдағы семиотиканың лингвистикалық сипаты. 6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ 3-кесте Тақырыбы Көрнекі құралдар, плакаттар, лаборатория-лық стендтер, Инновация лық технологияларды пайдалану Өз бетімен дайындалу сұрақтары Бақылау түрі Дәріс сабағының тақырыбы Семниар сабағының тақырыбы 1 2 4 5 6 1-дәріс: Әдебиеттанудағы дәстүрлі және жаңа ізденістер мәселелері. 1-семинар: Мәтін түрлері. Кітап көрмесі, портрет, бейнетаспа, Сын тұрғысынан ойлау Зерттеу еңбектермен жұмыс Жазбаша, ауызша 2-дәріс: Тарихи - әдеби контекстегі әдебиеттану мектептері (XIX - XXғғ.) 2-семинар: Мәтінтану мектебі. портреттер, суреттер, дамыта оқыту Көркем шығармалармен жұмыс Жазбаша, ауызша 3-дәріс: Әдебиеттану ғылымының әдістемелік принциптері. 3-семинар: Қазіргі әдебиеттегі жанр табиғаты кестелер, суреттер, дамыта оқыту Поэзиялық шығармалармен жұмыс Жазбаша, ауызша 4-дәріс: Биографиялық және психологиялық әдебиеттанудың әдістемесі. 4-семинар: Әдебиеттегі дәстүр және жаңашылдық мәселелері Баспасөз материалдар, кітаптар, қималар, дамыта оқыту Драмалық шығармалармен жұмыс Жазбаша, ауызша 5-дәріс: Синкреттік дәстүрлер және оның мектептері. 5-семинар: Мифопэтика және архопоэтика Кітаптар, кесте, бейнетаспалар, Сын тұрғысынан ойлау Ғылыми және баспасөз материалдарымен жұмыс Жазбаша, ауызша 6-дәріс: Тарихи поэтика мен салыстырмалы - тарихи әдебиеттанудың әдістемелері. 6-семинар: Әдебиеттегі көркем психологизмнің табиғаты туралы Альбомдар, суреттер, сызба нұсқа, үлестірмелі карточка "Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры" еңбегіне саралау жасау. Жазбаша, ауызша 7-дәріс: Әлеуметтік бағыттағы әдебиеттану. 7-семинар: Шығармадағы автор, кейіпкер және оқырман мәселесі бақылау тапсырмалары дамыта оқыту Ғылыми және баспасөз материалдарымен жұмыс Жазбаша 8-дәріс: Салыстырмалы әдебиеттану әдебиет туралы ғылымдағы жаңа бағыт. 8-семинар: Әдеби шығармашылық табиғаты Кітаптар, суреттер, кестелер, бейнетаспалар Ғылыми және баспасөз материалдарымен жұмыс Жазбаша, ауызша 9-дәріс:Философиялық-эстетикалық әдебиеттану 9-семинар: Антропоөзектік бағыт үлестірме каточка, сызба нұсқа, кестелер, теориялық зерттеулер Баспасөз материалдарымен жұмыс Жазбаша, ауызша 10-дәріс: Мәдени - тарихи дәстүрлер мектебі. 10-семинар: Әдебиеттанудағы феминистік бағыт Альбомдар, суреттер, баспасөз материалдары Баспасөз материалдарымен жұмыс Жазбаша, ауызша 11-дәріс: Неомифологизм және мифопоэтика 11-семинар: Герменевтика дәстүрімектебі. Зерттеу еңбектері, сызба нұсқа, үлестірме каточка Ғылыми және баспасөз материалдарымен жұмыс Жазбаша, ауызша 12-дәріс: Структурализм және постструктурализм 12-семинар: Қазақ жазуының теориялық негіздері Суреттер, дыбыс таспалар, кесте Баспасөз материалдарымен жұмыс Жазбаша, ауызша 13-дәріс: Әдебиеттанудағы феминистік бағыт 13-семинар: Салыстырмалы әдебиеттану әдебиет туралы ғылымдағы жаңа бағыт. Бейнетаспалар, сызба нұсқа, үлестірмелі карочка Баспасөз материалдарымен жұмыс Жазбаша, ауызша 14-дәріс: Ойын поэтикасы. 14-семинар: Структурализм және постструктурализм Альбомдар, бейнетаспалар, дамыта оқыту Ғылыми және баспасөз материалдарымен жұмыс Жазбаша, ауызша 15-дәріс: Постмодернистік әдебиеттану 15-семинар: Модернистік және постмодернистік бағыт Кітаптар, альбомдар, музей мұрағаттары, дамыта оқыту Ғылыми және баспасөз материалдарымен жұмыс Жазбаша 7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ 4-кесте Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы Саны Студенттердің саны Қамтамасыз ету пайызы 1 2 3 4 Жарылғапов, Ж.Ж. ХХ ғасыр соңындағы қазақ прозасының идеялық- эстетикалық мәселелері . Караганда: КарГУ, 2007 5 5 100% Әдебиеттану.- Семей; Новосибирск, 2007 5 5 100% Қазіргі әдебиеттану мен фольклористиканың теориялық және методологиялық мәселелері=Теоретические и методологические проблемы современного литературоведения и фольклористики.- Алматы, 2008 5 5 100% Жұбанов, А. Қолданбалы тіл білімінің негіздері/ А. Жұбанов; А. Байтұрсынұлы атынд. тіл білімі ин-ты = Вопросы прикладного языкознания.- Алматы: Арыс, 2008.- 636с. 5 5 100% Балақаев, М. Қазақ тіл білімінің мәселелері/ М. Балақаев; А.Байтұрсынұлы атынд.тіл білімі ин-ты = Вопросы казахского языкознания.- Алматы: Арыс, 2008.- 587б. 5 5 100% Сыздықова, Г.О. Қазақ тіліндегі семантикалық валенттілік: Л.Н.Гумилев атынд. Еуразия ұлттық ун-ті.- Астана, 2010.- 5 5 100% Айгүл Ісмақова <<Асыл сөздің теориясы>> . - Алматы: <<Таңбалы>> баспасы, 2009 5 5 100% * ӘДЕБИЕТТЕР: 8.1 Негізгі әдебиеттер: 8.1.1 Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе. Оқу құралы.- Қарағанды: <<Аркон>>, 2008. 8.1.2 Әбдиманұлы Ө. Ахмет Байтұрсынұлы. - Алматы: <<Арда>>, 2007. 8.1.3 Введение в литературоведние / Под ред. Л.Чернец/- Моква:Высшая школа, 2009. o Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. М., 2007. 8.1.5 Исмаилова Ф. Е. Феминистская имагология. - Алматы, 2008. 8.1.6 Қазақ грамматикасы. - Астана: Фолиант, 2008. 8.1.7 Момынова Б. Шәкәрім поэзиясының тілі (лексика-функционалды ракурс). - Алматы:Арыс, 2008. 8.1.8 Момынова Б. Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қатынастар. - Алматы: Арыс, 2009. 8.1.9 Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. - Астана: Елорда, 2007. 8.1.10 Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. Алматы: <<Қазақ университеті>> баспасы, 2008. o Смағұлова Г. Көркем мәтін лингвистикасы. Алматы: <<Триумф>>, 2008. o Тарланов З.Т. Методы и принципы лингвистического анализа. С-П.,2003. o Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 2007. 8.1.14 Ісмақова А. <<Асыл сөздің теориясы>> . - Алматы: <<Таңбалы>> баспасы, 2009. 8.1.15 Эпштейн М. Постмодерн в России: литература и теория. М., 2008. 8.2 Қосымша әдебиеттер: 8.2.1 Әбдиманұлы Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлт-азаттық идея. - Алматы: Қазақ университеті, 2007. 8.2.2 Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. - Алматы: Қазақ университеті, 2008. 8.2.3 Бабенко Л.Г. Лингвистический анализ художественного текста.. М.,2009 8.2.4 Жуанышбеков Н. Проблемы современного сравнительного литературоведения. А., 2010. 8.2.5 Классицизм и модернизм. Тарту, 2010. 8.2.6 Сағындықұлы Б. Таңдамалы туындылар. - Алматы, <<Үш қиян>>, 2009. 8.2.7 Софронова Л. В. Постмодернисткая литература и современное литера туроведение Казахстана. Алматы, 2008. 8.2.8 Смағұлова Г. Фразеологизмдердің семантикалық категориялары. - Алматы: Қазақ университеті, 2009.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz