Файл қосу
Пәнді оқыту мақсаты. Пәннің пререквизиті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ СМЖ 4 - деңгейдегі құжаты оқу бағдарлама Ф М Р 042-1.01-2013-01 <<Профильды білім беру педагогикасы>> пәнінің оқу бағдарламасы № 1 - басылым << 2014 ж. Факультет_____ Педагогика Кафедра _______ педагогика <<Профильды білім беру педагогикасы>> 5В010300 Педагогика- психология мамандығына арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы 3-курс, күндізгі оқу бөлімі. Cемей -2014 1.ӘЗІРЛЕГЕН: Құрастырушы: Дуйсембекова Ш.Д. 2..Қаралды Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды. Хаттама № 1 03.09.2014ж. Кафедра меңгерушісі: ______________Джанбубекова М.З 3. Мақулдады Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында. Хаттама № 1 <<05>> 09.2014ж. Төрағасы: ________________Ахметова Т.Ш 4. Рецензенттер_______________________________ 5. БЕКІТІЛДІ: Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды. Хаттама №1 18.09.2014ж. ОӘК төрағасы: ____________ с.ғ.д. Искакова Г.К. 4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 03.09.2014ж.) Мазмұны Пәннің оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны және құрылымы Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы келесі бөлімдерді қамтамасыз ету керек: * Түсініктеме хат * Пәннің құрылымы (модуль бойынша) * Пәннің мазмұны(модуль бойынша) 3.1микромодуль(блок 1) 3.2микромодуль(блок 2) * Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету картасы Әдебиеттер Түсініктеме хат Осы <<<<Профильды білім беру педагогикасы>> пәнінің оқу-жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша ұйымдастыру ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген: <<<<Профильды білім беру педагогикасы>> пәнінің оқу-жұмыс бағдарламасы <<5В010300>> мамандығының - Барлық мамандығының жалпы білім беретін стандарты ҚР, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 13.02.2012 жылғы білім заңы, -Типтік бағдарлама. ҚР Білім ғылым министрінің 2011ж 8 тамыздағы №349 бұйрығымен. Пәнді оқыту мақсаты. Курстың мақсаты болашақ еңбек технологиясы және кәсіпке баулу мұғалімдерін оқушыларды еңбек пен бейінді оқытуға дайындау, тәрбиелеуді тиімді ұйымдастыруға қажетті теориялық негіздермен және практикалық ептіліктермен қаруландыру. Пәнді оқытудын негізгі міндеттері: . * Болашақ мамандарды даярлауда теориялық, практикалық негіз қалау. * Оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес ерте кәсіби бағдар беруді қамтамасыз ету негізінде жоғары сыныптағы оқушыларға кәсіби бағдар беру; * Баланы оқытып тәрбиелеуде шығармашылықпен жұмыс жүргізуге үйрету. * Болашақ маманды ғылыми ізденіске, ғылыми әдіснамалық жұмысқа үйрету Пәнді оқу барысында студент білу керек: -Білу керек Пәннің базалық ұғымдарын, Қазақстан Республикасы бейінді бағдарлы оқыту туралы түсінік; кәсіби бағдар беру мәселелерін зерттеу негіздерін; -Меңгеру керек: бейінді бағдарлы оқыту мәселелері саласындағы ғылыми-ізденіс, шығармашылық жұмыстарды; -Игеру керек: Әр түрлі мамандықтарды салыстырмалы талдауды; -Қолдана білу керек: Кәсіптік бағдар материалдарын оқу-тәрбие үрдісіне енгізуді. -Түсіну керек: Білім беру мекемелерінің тәрбиелік іс-әрекеттері тәжірибесіне ҚР еңбек кодексін, бейінді бағдарлының негізгі жолдарын, әдістерін, формалары мен құралдарын енгізу материалдарын түсіну; - Білім болу керек: Кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерді, соның ішінде педагогикалық ойлау, педагогикалық қарым-қатынас, ұтқырлық және т.б.; - педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті мен толеранттылық. -Қалыптастыруы тиіс: Пән бойынша әлеуметтік әдебиеттерді талдау барысында өздігінен білім алуын; -Бейінді курсын оқыту студенттердің тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруы тиіс. Пәннің пререквизиті: Жалпы білім беретін мектептерің бағдарламасындағы гуманитарлық пәндер бойынша білім. Пәннің постреквизиті: Бейінді білім беру педагогикасы курсын оқыту негізінде білім мен дағдысын қалыптастыра отырып жалпы педагогика , тәрбие жұмысының әдістемесі, әлеуметтік педагогика және басқада педагогикалық циклдардағы пәндерді меңгеру. 2.Пәннің құрылымы (модуль бойынша) Жұмыс оқу жоспарынан үзінді курс семестр кредит дәріс Практи-калық жұмыс СОӨЖ СӨЖ Барлығы Баұқылау түрі 3 6 2 15 15 + + емтихан * Пәннің мазмұны(модуль бойынша) <<Профильды (бейінді) білім беру педагогикасы>> пәні қазіргі уақытта барлық мамандықтарға міндетті өткізілетін пән. Себебі, бейінді білім беру педагогикасы кәсіптік білім алуға, бағдарлы оқуға, қоғамдағы әлеуметік жағдайға, бүкіл адамзаттың ақыл-ойын жинақтаушы ғылым. <<Профильды (бейінді) білім беру педагогикасы>> пәнін оқыту арқылы Болашақ мамандарды даярлауда теориялық практикалық негіз қалауға мүмкіндік береді. Оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес ерте кәсіби бағдар беруді қамтамасыз ету негізінде жоғары сыныптағы оқушыларға кәсіби бағдар беру; + Модуль-1- Бейінді білім беру педагогикасы Кіріспе Бейінді білім беру педагогикасы>> оқу пәні. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі Курстың мақсаты мен міндеттері. Бейінді білім беруді жүзеге асырудың оқыту әдістері мен құралдары. Бейінді білім берудің моделі. Кәсіптік білім берудің моделін жасаудың ерекшеліктері. Кәсіптік білім беру мекемелері. Кәсіптік білім беру жүйесін ұйымдастырудың моделі Бейінді білім берудің мазмұны Кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім беру стандарты. Кәсіптік мектеп оқушысының жеке білім алу бағыты. Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің сипаттамасы. Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің мәні және құрылымы. Кәсіпке баулудың қағидалары, олардың құрамы, өзара ықпалы және оларды тәрбие процесінде жүзеге асырудың ерекшеліктері Кәсіптік білім беруде тұлғаның іс-әрекеті және дамуы Кәсіптік білім беруде тұлға тәрбиесі және дамуы Портфолионың негізгі типтері: әрқайсысының артықшылығы және шектеулері. Кәсіптік білім беруде портфолионы қолданудың принциптері. 3.2 Модуль-2- Мектеп психологының кәсіптік бағдар беру жұмысы. Кәсіби даярлықтың алдындағы мақсат пен міндеттер. Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың мақсаты және мазмұны. Жеке тұлғалық бағдарлы тәрбие. Кәсіптік білім беру мекемелерін басқару Менеджмент теориясы негіздерінде білім беру мекемелерін басқару. Білім беру мекемелерін басқарудың принциптері мен әдістеру. Кәсіптік білім беру мекемелерін басқару Кәсіпке баулу мұғалімдерінің (оқытушыларының) әдістемелік және арнайы дайындығына қойылатын талаптар. Қазіргі оқу - тәрбие процесінде кәсіпке баулу мұғалімдерінің (оқытушыларының) қызметтік міндеттері мен құқықтары. Элективті /таңдаулы/ курстар. Базистік жіне кәсіптік курстардың өзара әрекеттестігі. Курстарды таңдап алудың шарттары. - Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің заңдылықтары мен принциптері. - Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің құралдары мен формалары. Оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау Жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу Жеке тұлғаның кәсіби өзін-өзі анықтау Портфолио-нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесіндегі бағалаудың жаңа тәсілі. Портфолио туралы түсінік. Портфолио түрлері Пікірлер портфолиосы. Ресурстық орталық - бейімді бағдарлы оқу орталығы. Мектепаралық оқу өндірістік мекемелер, оларға сипаттама. Ғылыми негіздегі кәсіптік бағдар беру. Кәсіптік бағдар туралы шетел педагогтардың ой пікірлері Бағдарлы және бағдар алды дайындықтар. Бағдарлы және бағдар алды дайындықтарды психологиялық - педагогикалық жетектеу Практикалық сабақ тақырыптары * Бейінді білім беру педагогикасы>> оқу пәні. * Бейінді білім берудің моделі. * Бейінді білім берудің мазмұны * Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің сипаттамасы. * Кәсіптік білім беруде тұлғаның іс-әрекеті және дамуы. * Мектеп психологының кәсіптік бағдар беру жұмысы. * Кәсіптік білім беру мекемелерін басқару * Элективті /таңдаулы/ курстар. Базистік жіне кәсіптік курстардың өзара әрекеттестігі. Курстарды таңдап алудың шарттары. * Жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу * Жеке тұлғаның кәсіби өзін-өзі анықтау * Портфолио-нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесіндегі бағалаудың жаңа тәсілі. * Портфолио туралы түсінік. * Портфолио түрлері * Пікірлер портфолиосы. Ресурстық орталық - бейімді бағдарлы оқу орталығы. * Мектепаралық оқу өндірістік мекемелер, оларға сипаттама. * Ғылыми негіздегі кәсіптік бағдар беру. * Кәсіптік бағдар туралы шетел педагогтардың ой пікірлері * Бағдарлы және бағдар алды дайындықтар. * Бағдарлы және бағдар алды дайындықтарды психологиялық - педагогикалық жетектеу Өздік жұмыс тақырыптары * Бейінді білім берудің мазмұны * Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің сипаттамасы. * Кәсіптік білім беруде тұлғаның іс-әрекеті және дамуы. * Мектеп психологының кәсіптік бағдар беру жұмысы. * Кәсіптік білім беру мекемелерін басқару * Кәсіптік білім беру * Жеке тұлғаның кәсіби өзін-өзі анықтау * Портфолио-нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесіндегі бағалаудың жаңа тәсілі. * Бағдарлы оқытудағы психологиялық қызмет. Мектеп- гимназия. * Кәсіптік бағдар берудің ғылыми негізі. * Портфолио түрлері * Өзін-өзі тәрбиелеу,өзін-өзі анықтау. * Жеке адам, жеке тұлға,өзіне өзі баға беру. 4.Пәнді оқытудың әдістемелік және ақпараттық нұсқаулар (модуль) Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемлік нұсқау. Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру. Міндеттері: әр тақырыпты меңгеру мақсатымен жүйелі білім беру; пәнге қызығушылығын тудыру және өздігінен жұмыс істей білуге үйрету; Жоғарғы оқу орындарындағы оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы - дәріс болып табылады. Дәріс студенттерге пәнге деген қызығушылығын тудырады. Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даялық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңізді және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз. Семинар сабақтың мақсаты: :: теориялық материалдарды тереңдетіп зерттеу; :: ғылыми мәтіндерді сұрыптау, материалды жалпылау дағдысын қалыптастыру, ойлау сынын дамыту және т.б.; :: білімді меңгеруде өзбеттілік, шығармашылық инициатива, шығармашылық қабілеттерін дамыту; :: көпшіліктің алдында сөйлеу, пікірін білдіру және өз көзқарасын қорғау дағдысын қалыптастыру. Мақсаты: пән бойынша лекцияда алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту. Міндеттері: - Пән бойынша алған теориялық материалдарын тереңдету және жүйелеу; - Библиографиямен өздігінен жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру; - Аудиторияда өз ойын білдіруге, басқаны тыңдай білуге,өз пікірін қорғай білуге және талқылауға қатысуға үйрету. Берілген тақырыпты конспектілеу. Негізгі талаптар: -Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. -Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. -Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет. -Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс. -Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау. Білім алушылардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар) * Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. * Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану. * Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. * Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор. * Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. * Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. * Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. 5. Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету картасы .Әдебиеттер 4-Кесте Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы № Әдебиеттер мен Оқу-әдістемелік Құжаттар Экземплярлар саны Студент саны Қамтылу пайызы,% 1 Гладкая И.В., Ильина С.П., Ривкина С.В. Осноы профильного обучения в предпрофильной подготовки СПб, Каро 2005. 24 27 100 2 Мүсілімов Ә., Сиымова А. Кәсіптік бағдар беруде иектептен тыс жұмыстардың түрлері. Қазақстан Жоғары мектебі. № 3. 2002. 89-91 бб. 12 90 3 Дуйсембекова Ш Самоопределение личности школьника Семей,,2012 62 80 4 Дуйсембекова Ш.Д. Педагогика, Семей 2012 -246бет 10 95 5 Загвязинский В.И. Общая педагогика: учеб. пособие /В.И. Загвязинский - М.: Высшая школа, 2008. - 270с. 30 64 6 Щуркова Н.Е.Педагогическая технология. Москва: Пед.общество России, 2002. 20 50 7 Құтпанбаев Ә. Кәсіпке оқытатын орта мектептер мен кәсіптік білім беретін бастауыш мектептің бағдарламасы. /Жоба/. Мектептегі технология. № 7 - 8. 13-25 бб. 68 8 Дуйсембекова Ш.Д Профессиональное самоопределение старшеклассников. Монография, Семей,2013 4 9 Краевский В.В. Общие основы педагогики: учеб. пособие /В.В Краевский. - М.: Академия, 2003. - 280с. 10 Дуйсембекова Ш 12 жылдық білім беруде бағдарлы және бағдар алды білім беру. Семей 2014 6 50 * Ұсынылатын әдебиеттер: * Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. Алматы, 2007. * Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана , 2003. * Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2015 жылдарғ арналған Мемлекеттік мағдарламасы. Астана., 2004. * Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы., Алматы. 2014 ж. * Акулова О.В. Информационная работа в условиях профильного обучения СПб, Каро 2005. * Аймагамбетов З., Сарсекеев М. Мектеп және мамандық таңдау. Алматы., 1983. * Бақтыбаев Қ.Б., Әлмағамбетова Д.Қ. Бастауыш кәсіптік білім мамандықтарына арналған оқу жоспарының моделін жасау жөніндегі нұсқаулар. Алматы., 2002. * Гладкая И.В., Ильина С.П., Ривкина С.В. Осноы профильного обучения в предпрофильной подготовки СПб, Каро 2005. * Климов Е.А. Психолого- педагогические проблемы профессиональной ориентации и профессиональной консультации. М. Знание. 1983. * Кузнецов А.А., Пинский А.А., Рыжаков Н.В., Филатова А.О. Структура и принципы формирования содержания профильного обучения на старшей ступени М.,Каро 2003. * Писарева С.А. Образовательная среда профильного обучения. СПб, Каро 2005. * Теория и практика организации предпрофильной подготовки /Под.ред. Новиковой Т.Г. М. АПК и ПРО 2003. * Мүсілімов Ә., Сиымова А. Кәсіптік бағдар беруде иектептен тыс жұмыстардың түрлері. Қазақстан Жоғары мектебі. № 3. 2002. 89-91 бб. * Құтпанбаев Ә. Кәсіпке оқытатын орта мектептер мен кәсіптік білім беретін бастауыш мектептің бағдарламасы. /Жоба/. Мектептегі технология. № 7 - 8. 13-25 бб. Қосымша әдебиеттер: * Бабаев.С.Б, Оналбек.Ж.К. Жалпы педагогика. А.2006ж. * Батышев.С.Я. и др. Профессиональное педагогика. М:1999 г. * Әбенбаев.С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. А:2004ж. * "Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістері" Тәжібаева. Алматы, 2004 * "Педагогикалық технологиялар" Сальникова, 2005 ж. * Дуйсембекова Ш Мектеп және мамандық таңдауСемей,2012 * Дуйсембекова Ш 12 жылдық білім беруде бағдарлы және бағдар алды білім беру. Семей 2014
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz