Файл қосу

Дала участоктарды суаруға дайындау



                 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
            БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3деңгейлі  СМК құжаты
                                   ПОӘК
ОӘКҚ 042-18.21.18/03-2013


                                   ПОӘК
<<Тәжірибе алқаптарының әдістемесі>> пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар.
                                басылым 
                                       




            ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

                        5В080100 <<Агрономия>>
                    мамандығына арналған
                                       
                                       
<<Тәжірибе алқаптарының әдістемесі>> ПӘНІНЕ  АРНАЛҒАНОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       

                              СЕМЕЙ  - 2013




                                МАЗМҰНЫ
* Глоссарий
* Дәрістер

* Тәжірибелік  сабақтар

* Ұсынылатын өзіндік сабақтарының тізімі.



















* Глоссарий
ТӘЖІРИБЕ ӘДІСТЕМЕСІНДЕ ҚОЛДАНАТЫН НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР МЕН ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР:
    1.1 Автор  -  сортты шығарған, тапқан немесе өсірген жеке тұлғалар (адамдар), құқықты мекемелер мен ұйымдар.
   1.2  Қатар аралық қорғаныс (боковые защитки)- көршілес варианттар өсімдіктерінің бір- біріне әсерін тигізбеу үшін егілетін, есепке алынбайтын қатар аралық егіс.
    1.2Тәжірбиенің жарамсыздығы- әр түрлі себептермен жәжірбие жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуіне байланысты сорттар, делянкалар, түгелдей тәжірбие немесе участок бойынша алынған мәліметтердің дұрыс болмауы.
    1.3 Есептен шығаруы(выключка)  -  делянканың кейбір жерінде өсімдік өсіп дамуының өзгешелігіне байланысты (сирек шығуы, зиянкеске шалдығуы, шықпай қалуы, шала дамуы т.б.) алынған мәліметтерді есепке алмау.
     Пайдалануға рұқсат етілген селекция жетістіктерінің Мемлекеттік тізбесі- Мемлекеттік комиссияның ресми басылымы, өндірісте пайдалануға рұқсат етілген ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттар тізбесі.
    1.4Делянка- тәжірбие жұмысын жүргізуге арналған шағын көлемді жер.
   1.5 Конкурсты сортсынағы- сорттардың өндірісте пайдалану үшін тиімді қасиеттерін зерттеу, бағалау.
   1.6 Қорғаныс егістері  (защиткалар)- тәжірбие участогін кездейсоқ зақымнан қорғау үшін есептен тыс егілген жер.
     1.7Коридор  -  ярустар араларына техника бұрылып айналу үшін көлденең  салынған жол.
     1.8Баға критериясы- алынған нәтижелердің дұрыстығын анықтау.
     1.9Рендомизация- делянканы  әр қайталымда кездейсоқ әдіспен орналастыру тәсілі.
     1.10Үлгі  - химиялық, технологиялық тагы басқа әр түрлі сараптаулар жүргізу үшін аз мөлшерде алынатын балама.
     1.11ригинатор- сортты шығарған, тапқан, өсірген және оларды сақтайтын жеке адам немесе мемлекеттік, қоғамдық мекеме.
      1.12Сортсынауды жоспарлау- зертеу мәселелері мен объектілерін анықтау, эксперимент схемасын құру, жерді және дала сынақтың структурасын таңдау.
      1.13Қайталау- сынақтан өткізілетін сорттар делянкасын қайталап себу.
      1.14Отырғызылатын материалдар- өсімдіктер, олардың бөлшектері, көшеттері, тамыр, түйнек жемістері.
      1.15 Егіс ведомостісі- тәжірбие участогінде егілген сорттардың, олардың делянкаларының орналасуы туралы мәліметтер туралы жинағы. 
      1.16 Тексеру егісі (рекогносцировочный посев)- участоктың сынауға жарамдылығын анықтайтын арнайы егіс.
       1.17Репродукция- тұқымды элитадан кейінгі көбейту реттері.
       1.18Сорт-шаруашылық және биологиялық қасиеттері ұқсас, шығу жағынан тектес, тұқым қуалайтын белгілері бар және ботаникалық таксонеда бірге болған өсімдіктерден бір-ақ ғана белгімен айырылатын бір дақылдың өсімдіктер тобы.
      1.19 Сорт  жаңаруы-  ұрықтарды жаңарту, ескі тұқымды сол сорттың жаңартылған ұрықтарымен  ауыстыру.
      1.20 Стандарт  -  жаңа сорттарды салыстыруға арналған пайдалануға рұқсат етілген сорттар ішіндегі ең жақсы сорт.
       Сынақ қорытындыларының статистикалық дұрыстығы- НСР көрсеткіштерімен белгіленеді.
      1.21 Сақтық қоры- ерекше жағдайда егістікте пайдаланылатын қоры.
       1.22 Ярус  - қайталаулары немесе барлық сортварианттары бар дала сынақтарының параллелді орналасуы.      


1.ДӘРІСТЕР
Дәріс 1-2 
                                       
Кіріспе:Мемлекеттік сортсынау алқаптарын ұйымдастыру,орналастыру.
 1.Тәжірибе алқаптарын орналастыру тәртібі
                       2. Жер көлемін ұйымдастыру және мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктардың топырақтарын агрохимиялық зерттеуі
                3. Суармалы мемлекеттік сортсынау участоктарын мемлекеттік сортсынау станцияларда орналастыру
                                       
      						
 Ауыл шаруашылықты басқару органдармен келісу арқылы облыс және аймақ инспектуралардың бастықтары, мемлекеттік сортсынау станциялардың директорлары сортсынау участоктарының арнайы бағытын ұйымдастыру, көшіру, біріктіру, жабу немесе өзгерту жайлы ұсыныстарын кіргізеді.
       Арнайы комиссия мемлекеттік сортсынау станцияларға және участоктарға жер бөледі. Осы камиссияның құрамына инспектураның бастығы, Ауыл шаруашылық министрлігінің жер көлемі комитетінің өкілдері, ауыл шаруашылық департаментінің және жер қатыстарын басқаратын аймақ немесе облыс атқару органдардың өкілдері, жерге орналастырушы және топырақ зерттеуші- инженер кіреді. Жер суғарылатын жерден берілсе мелиорация маманы комиссияның мүшесі ретінде тағайындалады. Комиссия берілген жердің топырақ және агрохимиялық қасиеттерімен таныстырады және ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жұмыстарын өткізуіне қолайлы екендігін анықтайды.
        Мемлекеттік сортсынау станциялары мен мемлекеттік сортсынау участоктарының топырағы  1-2 топырақ түріне тұруы қажет. Топырақтың механикалық құрамы, агрофизикалық және агрохимиялық көрсеткіштері жағынан зонасына сәйкес болуы қажет. Суғармалы жерлерде екінші реттегі сортандылық болмауы керек.
 Участоктың жер бедері тегіс, ылғалдығы 0,01-0,25 болу керек (1,0-2,5м  100 метр ұзындығында). Суарылатын мемлекеттік сортсынау участогі жерінің ылғалдығы 0,01 жоғары болмау керек. Күріш участоктарында жер беті тегіс болғаны дұрыс. Суармалы  участоктарды су қоры мол, өсімдіктерді жаз бойы сумен қоректі мөлшерде қамтамасыз ете алатынжерге орналастыру. Бұл жайлы жер көлемін алу актісінде атап көрсету керек.
Суармалы  жерде орналасқан мемлекеттік  сортсынау станциялары мен мемлекеттік сортсынау участоктарының жер беті тегістелген,жақсартылған, суару жүйесі жасалған, тасқын сулар басып кету қаупі жоқ, пайдаланылған  суларды ағызып жіберетін аландары бар жерге орналастырылады.
Топырақтану мамандары сынақ участоктеріне берілетін жердің агрохимиялық, агрофизикалық қасиеттерін, генетикалық негіздерін тексереді. Сынау жұмысына жарамдылығын анықтайды. Ол үшін 100-300 га жерден  төрттен онға дейін шұңқырлар қазылып 20-30 топырақтың үлгісі алынып, сараптама жасалады. Сараптау қорытындысы бойынша жердің сынақ жүргізілуге жарамдығы, жарамсыздығы анықталады. Жердің топырағына анықтама беріледі.
Төменгі жағдайда жер сынақ жұмысын жүргізуге жарамсыз деп есептеледі: а) жердің беті тегіс болмай, ойлы қырлы, шұңқырлы болса; б) ылғалды жерде, ылғалдығы әр бағытта болып, тік, терең жарлы, тұйық, ойпақ болса; в) жер бетіне жақын орналасқан химиялық, механикалық құрамы, әр түрлі тұқым түзейтін қоспалар болса; г) су, жел эррозиясы дамыған жерлерде; д) батпақты тұзды жерде әдейі ұйымдастырылмаған болса; е) жер асты суы жер бетіне жақын, тығыз орналасқан жерде; ж) жер асты тастары жер бетіне жақын жатса. 
Сынақ жұмыстарын жүргізуге жарамды деп табылған жерлерде жерді пайдалану тәртіптері аталып көрсетілуі тиіс (ауыспалы егіс жүйесі, уақытша жарамсыз жерлер, бірыңғай егістік т.б.)
Жердің аздаған кемістіктері (ойлы, шұңқыр, тұзды жер) әдейі есепке алынбайды. Ондай жерлерде тәжірбие жұмыстарының қайталымдылығын көбейтеді.
Соңында топырақтану маманы қорытынды жасайды, әр жердің сипаттамасы, участоктың қызмет ететін аймағы көрсетіледі. Нәтижесінде сынау участоктарын ұйымдастыру, басқа жерге ауыстыру, кей біреуін біріктіру туралы пікір Мемлекеттік комиссияға жіберіледі. Онда мына төмендегілер атап көрсетіледі:
А) сортсынау участокқа жер беру туралы акт, жердің көлемі, орналасқан жері (мекен жайы);                                                                                               Б) жердің сынаққа жарамдылығы туралы сипаттамасы; жер жағдайының, ауа райының осы жұмысты жүргізуге болатыны туралы топырақтану маманының пікірі;                                                                                                                                      В) жерді пайдалану туралы жоспарының көшірмесі,                                                         Г) жергілікті ауыл шаруашылығын басқару органдарының шешімі. 
  Мемлекеттік сортсынау участоктарын ұйымдастыру, біріктіру, жабу немесе  көшіру туралы ұсыныстар  Мемкомиссияның зксперттік советінде қаралады.
Жер көлемін ұйымдастыру және мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктардың топырақтарын агрохимиялық зерттеуі
Мемлекеттік  сортсынау станцияларға немесе мемлекеттік сортсынау участоктарға арналған жерде топографиялық, топырақ- агрохимиялық зерттеуі, жерде орналастыруы және даланы ауыспалы егіске бөлуі өтеді.
1:2000, 1:5000 масштабта ауыспалы егіске арналған жерді және мемлекеттік сортсынау участоктардың жерін топырақ- агрохимиялық әдіспен зерттейді.
Жер бедерінің түрін, мөлшерін және биіктігін хзерттейді. Әсіресе микро жер бедерін, су және жел эрозияның дәреже айқындығын толық зерттейді.
Суарылатын участоктың жерінде суару жолы, егіс шекаралары және су алдыру жерлері зерттеледі.
Сипаттамаларда гидрологиялық жағдайларының ерекшеліктері көрсетіледі: жер астындағы сулардың тереңдігі, су дебеті, топырақ ылғалдылығының дәрежесі, уақыт бойынша шашындар болуы, өсімдіктердің қысқа сипаттамасы. Өсімдіктерді сипаттағанда бұлғау дәрежесін, арамшөп түрлерін анықтап оларға қарсы күрес шараларын береді.
Топырақты зерттеуді топырақ кесіндісінде өткізеді. Топырақтың негізгі кесіндісінде зерттейді: жартылай шұңқырлардың қабаттарының қалындығын, түсін және топырақтың механикалық құрамын, топырақ құрайтын жыныстар ж. т.б. Мемлекеттік сортсынау участоктығсортсынау участоктың барлық топырақ кесінділерін дала журналында сипаттайды.
Қабаттың түсін, механикалық құрамын, қосындысын (кеуектілік, тығыздылықты, жарықтарды), ылғалдылығын, тастылығын, құнарлылығын, тқменде орналасқан түсін зерттейді. Кесінділер сипаттамасын бергеннен кейін топырақтың толық атын, жыртылатын қабаттың немесе қарашірік қабаттың қалыңдығын анықтайды.
Топырақ зерттеуімен бірге агрохимиялық зерттеуін және картирлендіруін өткізеді. Агрохимиялық картограммаларын толтыру үшін бекітілген методика бойынша  көрсеткіштерді алады. Агрохимиялық картограммалар азот, жылжымалы фосфор, алмасу калий, рН, қарашірік топырақ құрамында қандай мөлшерде болуын көрсетеді.
Жеміс- жидек және басқа көпжылдық дақылдардың мемлекеттік сортсынау участоктарын орналастыру, жер көлемін анықтау
Жеміс- жидек мемлекеттік сортсынау участоктарын жақсы құнарлы топырақты жерге орналастырған жөн.
Орманды далада мемлекеттік сортсынау участоктарды күн жақсы қыздыратын, суық солтүстік жерлерден жабық, міндетті түрде солтүстік жақтан орман алқаптарымен қоршалған оңтүстік, оңтүстік- шығыс және оңтүстік  - батыс экспозициясы тең деңгейлі жерлерінде орналастырады. Төмен, ауасы алмасып тұрмайтын жер қолайсыз.
Құрғақ дала жерлерінде бау  - бақшаларды егу үшін ең ыңғайлы жер солтүстік және солтүстік-батыс қыйғаштары. Осы жерлерде жеміс ағаштар құрғақшылыққа, жазғы күннің ерте жылынып кетуіне төзімді болады.
Жүзім, сүйекті жемістер, алмалар мен алмұрттардың жазғы сорттары жардың күнгей бетіне егіледі. Ал қыстық сорттаоры сілтінің жоғарғы  концентрациясы (рН 8,5 одан да жоғары) 3м тереңдіктен төмен орналасқан жерлерге егіледі. Жүзім, сүйекті жемістерді және дәнді жемістердің жазғы сорттарын сілтінің жоғарғы  концентрациясы 1,5метр тереңдігінде байқалатын жерге егіледі.
Алма ағаштарды, сүйекті, дәнді жемістерді 1,5-2,0 м тереңдікте суда еритін тұздардың концентрациясы 0,2 % , оның ішінде хлордың қоспасы 0,03-0,04 %  аспауы керек. 
Егетін жерде 1-1,5 м тереңдікте зиянды тұздардың мөлшері 0,3 % аспауы керек.
Жер астындағы сулар жер бетіне жақын орналасса (2,5 м), ондай жерде бау- бақшаларды егуге болмайды.                                    
1 таблицада жүзім участоктарының жер астындағы сулар орналасуы берілді.
Жеміс- жидек участоктарын орналастыру жұмыстарын мемлекеттік ғылыми  - зерттеу мекемелерінің нұсқауларына, аймақтық қазыналық егіншілік жүйелеріне сүйеніп жүргізу керек. 
                                       
                                       
Суармалы мемлекеттік сортсынау участоктарын мемлекеттік сортсынау станцияларда орналастыру
Суармалы жерде сортсынау участігін ұйымдастыруда төмендегі жағдайларға көңіл бөлінеді:
* Жақсарту жұмыстарын керек етпейтін жер;
* Дренаж және жер бетін тегістеу, су және жел эррозияға қарсы күресу жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі, көлемі, жоспары.
Осы жайлы жер беру актісіне жаздыру керек.
Суарылатын мемлекеттік сортсынау участоктар орналасқан жердің физикалық қасиеттері зерттеледі, жердің көлемдік және меншікті салмағы, қуыстылығы, солу ылғалдылығы, төмен және жоғарғы ылғалдылық шегі, ылғал сыйымдылығы, топырақ ауаландыруы, суарғанда су сіңіру жылдамдығы, сүзу коэффициенті,суару және суармалау мөлшері.
        Картографиялық материалды шығару
* топырақ қартасын жасау.
Топырақ және лабораториялық зерттеудің қортындылары бойынша топырақ қартасы жасалады. Картада барлық белгілерді, топырақ нұсқаларда индекстерді қойдырады. Гентикалық түр, механикалық құрам, топырақты түзілетін жыныстар, гектармен немесе пайызбен берілген түрлі топырақтар туралы анық түсінік беріледі.
* Агрохимиялық картограммаларын жасау.
Азот, фосфор, калий, қарашірік және рН картограммаларын лабораториялық анализінің қортындылары бойынша жасайды.
Осы көрсеткіштерді картаға кіргізеді. Осы картада топырақ нұсқаларының шекаралары белгіленеді.
Азот, жылжымалы фосфор, ауыспалы калий  топырақта болу бойынша топырақтар топтастыруын өткізеді. NРК мөлшерін шығарғанда осы топтастырумен қолданады.
Оңтүстік жерлерде орналасқан мемлекеттік сортсынау участоктардың 0-0,5м; 0,5-1,0м; 1,0-1,5м; 1,5-2,0м және 2м тереңдікте сортаңдаған топырақ картасын жасайды.
Мемлекеттік сортсынау участогінің топырақ- агрохимиялық сипаттамасы
Топырақ  -  агрохимиялық сипаттамасы топырақ картасы мен картограмманың түсіндірмесі болып саналады. Оның ішінде топырақ түзілу шаралары, топырақ қабаты, барлық топырақтар қасиеттері, ауыспалы егіс. Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру, күтіп баптау технологиялары, соңғы 3-5 жылдар өнімділігі, топырақ құнарлығын жақсарту шаралары, мемлекеттік сортсынау участоктың табиғи және шаруашылық жағдайлары, жалпы жер көлемі көрсетіледі.
Осы сипаттамасында мемлекеттік сортсынау участогінің топырақ қабатының қасиеттері беріледі. Түрленген топырақтың басты және болмашы түрлерін бір- бірімен салыстырады. Топырақ қабатының біркелкі немесе комплексті түрлері белгіленеді. Барлық қабаттарды сипаттайды. Әр түрлі топырақ толық сипатталады. Осымен бірге типтілігіде белгіленеді. Механикалық құрам бойынша топыраққа толық ат қойылады.
Суарылатын участоктар үшін топырақ өңдеу сипаттамасы жасалынады. Суаруға пайдаланған судың мөлшері, суарудың мерзімі мен түрлі әдістері беріледі. Суарылмайтын мемлекеттік сортсынау участоктарда топырақтың көлемдік массасы мен солу ылғалдылығы көрсетіледі.
Агроөндірістік сипаттамасы мен мемлекеттік сортсынау участоктарының топырақтарын топтастыруы беріледі.
Жерді дұрыс пайдалану негіздері, егілетін дақылдар құрамы мен кезектілігі, өнімділігі, органикалық және минералды тыңайтқыштар мөлшері, топырақ өңдеу жүйесі, топырақ жақсарту жұмыстары, топырақты құнарландыру дәрежесі  қысқаша түрінде беріледі.
Топырақ агрохимиялық көрсеткіштерін және ғылыми- зерттеу кәсіпорындардың сипаттамасын есепке алып, тыңайтқыштарды пайдалану жүйесін жасайды.
Мемлекеттік сортсынау участоктарының құрғақ жерлерінде ылғалды жинау және сақтау, суармалы сортсынау участок жерлерінің сортандануына қарсы күрес шаралары белгіленеді. Суарылатын мемлекеттік сортсынау участоктарда екінші рет сортандануға қарсы шаралар өткізіледі. 
Сипаттаманың ең соңында зерттеуші мемлекеттік сортсынау участоктың типтілігі мен сортсынау өткізуге топырақтың жарамдылығының қортындысын шығарады. Барлық зерттеу материалдарын инспектураның бастығы бекіткеннен кейін жерге орналастыруды өткізіп, мемлекеттік сортсынау участогіне жермен пайдалану жоспары беріледі.
                                       
Дәріс 3-4
                      Сорттық технология элементтерін зерттеу.
* Сорттық технология элементтері
*  Егу мерзімдерін зерттеу
* Себу мөлшерін зерттеу                     
	Сынақ участоктарында сынақ жұмыстарына қоса ауыл шаруашылық дақылдарын пайдалануға рұқсат етілген, перспективті жаңа сорттар мен будандарды өсіріп өндіру технологиясының кейбір элементтері зерттеледі.
	Өсіріп  -  өндіру технологиясының элементтерін зерттеуі сорттарды жан жақты бағалауға және одан көп өнім алу үшін өндірісте кеңінен пайдалануға мүмкіншілік береді. Бұл технологияны зерттеу жұмысы әдетте зерттеулердің екі жылдық қлоытындыларынан көктің өнімділігі жөнінен алдыңғы қатардағы сорттар бойынша жүргізіледі. Кейде өте жоғары өнімді, өнімдері күдіксіз сапалы сорттар технологиясы бір жылдың сынақ қорытындысы бойынша өтеді.
	Дақылдардың себу мерзімі, нормасы сияқты технология элементтері 2-3 жыл бойы зеттеледі. Жерді өңдеу, жерге минералдық тыңайтқыштар беру нормасы, мерзімі, т.б. осыв сияқты көбірек зерттеуді керек ететін мәселелер әдейі құрылған ауыспалы егіс танаптарында немесе әдеттегіше құрылған егістік далалардың бір бөлігінде жүргізіледі. Маңызды мәселе тәжірибе жұмысыменбірге зерттеліп жатқан сорттар мен будандардан сапалы, мол, таза тұқым алуға көбірек көңіл аударған жөн.
	Сорттық технологияны және белок элементтерінің нәтижелігін ең алдымен дала сынағында зерттейді. Көбінесе осындай эксперименттер екі факторлы болады, өйткені ішіне 2-3 және оданда көпсорттар мен 3-6 технология элементтерінің варианттары кіреді; немесе перспективті сорт бойынша технологияның екі элементтері, мысалы егу мерзімі (бірінші фактор) мен әр фактор бойынша бірнеше варианттарыменбірге себу мөлшері (екінші фактор) кіреді.
	Себу мөлшерін, егу мерзімдерін зерттегенде сынақтың көршілес варианттары бір  -  бірінен айырылуы керек. Өндірісте қолданылатын вариант сынақта бақылау варианты ретінде қолданады. Варианттар нәтижелігін стандарт сортпен салыстырып зерттейді.
	Екі факторлы сынақтың рендомизациясы өткізгенде бірінші варианттарының әр қайталауда орналасқанын және екінші фактор варианттарының бірінші варианттар делянкаларында орналасқанын анықтайды.
	Сынақтың шекараларына қорғау делянкаларын орналастырады. Схемасына және варианттар рендомизациясына сәйкес қайталаулар бойынша егістік ведомстін жасап, даланы бөледі.
	Мемлекеттік сортсынау участоктың мамандары егісін дұрыс егілуін тексереді. 
	Егу (отырғызу) мерзімдерін зерттеу. Осындай сынақтарда перспективті және пайдалануға рұқсат етілген жаңа сорттар 3-5 егу мерзімінде орталарында 5,7 немесе 10 күн салып егіледі. 
	Дәнді себер алдында өтетін икультивациялар мен тырмалау өз уақытында өту керек. Жаздық дәнді дақылдарын сынағанда түрлі егу мерзімдері бар делянкаларында өтетін жерді өңдеу саны мен әдістері топырақ жағдайына байланысты болады. Варманттардың егу мерзімдері кеш болса топырақты алдын-ала өңдейді. Осындай жағдайда көршілес делянкаларда жер өңдеу жүргізетін техникадан қорғау үшін егу мерзімдері түрлі болатын делянкаларының араларына ені сеялканың бір айдауына тең қорғайтын делянканы егеді.
	Сорттың жоғарғы өнімділігі алынған егу мерзімдері оптималды болып саналады, ал отырғызу уақытына тек өнімділік жақсы алынған күндері кіреді.
	Себу мөлшерін зерттеу (қоректену кеңістігі). Себу мөлшеріне байланысты сынауларды бірінші рет пайдалануға рұқсат етілген, жіберілген және перспективті сорттар пайдаланады. Көршілес варианттардың себу мөлшерінің айырымы 20-25% болу керек. Бір сорт бойынша себу мерзімдері мен себу мөлшерін зерттегенде сынақтарды бөлшектеншген делянканың әдісімен егеді.
	Сынақты еккенде сеялканы орнатуына және егілген ұрықтар санына ерекше назар аударады. 
	Егістің алдында сеялканың ӨБҚ рычагтарын дұрыс қойдырады. Әр вариантты еккенен кейін сеялканы тазалайдыжәне қалған ұрықтар салмағын өлшейді.
Отамалы дақылдардың өсімдік жиілігі сепкіштердің себу мөлшері бойынша реттелінеді. Басқа дақылдардың өсімдіктерін техникамен сиретеді.

Дәріс 5- 6                                     
	        Мелиорация жасалған топырақта сорттарды сынау ерекшеліктері.
* Суарылған жерде сорттарды сынау.
*  Ауыл шаруашылық дақылдарын суару тәртібі.
*  Суару тәсілдері мен техникасы         
	Әр далада суаруды бөлек өткізу үшін ауыспалы егіс далаларын міндетті түрде бір ярусқа орналастырады. Егер далалар екі ярусты болса оларды екі тұрақты каналдарға қосады. Далалардың ені мен ұзындығы техника мен суару карта үшін ыңғайлы болу керек. Далалар ярустарының араларына уақытша суарылатын каналдар бойымен және ауыспалы егіс даланың басы мен соңына, ені ауыл шаруашылық техникалардың  6-8 бұрылуына тең жолдар мен бұрылыс алқаптарын салдырады.
	Суарылатын және суарылмайтын мемлекеттік сортсынау станцияларда және мемлекеттік сортсынау участоктарда делянкалар көлемі бірдей болады. Делянкаларда орнатқанда уақытша және тұрақты суару каналдардың орналасуын, ауыл шаруашылық және жер жақсартатын техникаларының жүру бағыттарын есепке алады.
	Суарылатын жерде құрғақ баурайларды көпжылдық егістіктермен егіп тастайды. Мемлекеттік сортсынау станция мен мемлекеттік сортсынау участокта міндетті түрде негізгі бір канал болу керек. Ол өз жер көлемі мен коллекторлы  -  лақтырғыш жүйені қамтиды. Өндірісте жолданатын суару әдістері мемлекеттік сынауда қолданады: жаңбдырлату, жыралап немесе суыртпақтап суару, ал күріш мемлекеттік сортсынау участоктарында  - чектарды сумен басуы қолданады.
	Дала участоктарды суаруға дайындау. Осындай дайндаудың ішіне кедесі жұмыстар кіреді: тұрақты суару жүйені және гидротехникалық құралдарын тазалау және жөндну, далаларды тегістеу, суару техникасы, құрал мсайман,дарын жөндеу. Су шығарғыштарды армирлендіреді, су жөндейтін техниканы орнатады, су шайып кетпеу мақсатымен дамбалар мен баурайларды валиктарға қондырады. Далада суды бірдей тарату міндетімен топырақты тегістейді. Күріш даларын сумен басып сукару үшін топырақ тегістееуін көлденең -+ 5 см ауыиқып жасайды.
	Жыралар мен алқаптарын суыртпалы суару үшін суарылатын участоктың жер бетінің көлбеуі 0,01 метрден аспауы керек. Жаңбырлатып суару үшін жер тегістеуі талап етілмейді, бірақ уақытсыз суарылатын каналдардың тоассалары жақсы тегістенген болу керек. Көбінесе жазда және күзде алғы дақыл жиналғаннан кейін ұзын базалы П-2,8А тегістеуішпен (планировщик), автоматикалық прицепты ПА-3 тегістеуішпен, МВ-6,0 жаймалауышмен (выравниватель), грейдерлермен топырақты тегістейді. Қайталанатын дақылдарды еккенде тегістеуін уақытша суару жүйені салдырғаннын алдында жасайды.
	           Ауыл шаруашылық дақылдарын суару тәртібі. 
	Дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, суарылатын жердің климаттық , торыпақ және гидрогеологиялық жағдайларына, суарудың әдіс пен техникасына және өсімдік шаруашылық өнімдерінің шығару техникасына сәйкес әдіспенанықталатын, суару саны, мерзімдері және өсіп-өну кезеңдегі ауыл шаруашылық дақылдарын суару мөлшерінің жиынтығы суару тәртібі болып саналады.
	Суару мерзімін ылғалдылықтың мөлшері бойынша топырақтың сулы қабатында анықтайды. Суару алдындағы ылғалдылықты құрғақ топырақтың массасына термостат-салмақтық әдіспен анықтайды. Көптеген дақылдардың суару алдындағы 65-75%  тең.
	Суару мерзімін қойдырғанда ылғалдылық жетіспейтін кезеңдерге көңіл бөлу керек. Осындай жетіспеушілік келесі фазаларда байқалады: күздік және жаздық бидай және басқа масақты дақылдар  -  cабақтану, дәннің толысуы; торары  -  метелканың шығуы (вымитавание), дәннің толысуы; қарақұмық  -  гүлденуі, дәннің толысуы; құмай жүгері  -  гүл шоғырының шығуы, дәннің толысуы; жүгері  -  метелка шығуының алдында және шыққаннан кейін, дәннің толысуы; дәнді ірі боұршақты дақылдар  -  бутонизациялау, гүлдеу.
	Суару алдындағы ылғалдылық және топырақтың суландырған қабатының көлемі анықталғаннан кейін суару мөлшерін келесі формула арқылы анықтайды.
                               М=100*H*K*(П-П0),
	Осында М- суару мөлшері,м3/га;
	Н-  топырақтың сулы қабаты (суару мөлшеріне арналған тереңдік), м;
К- топырақтың көлемдік массасы, т/м3;
П- ең аз ылғал сыйымдылығы, % құрғақ топыраққа;
По- суару алдындағы сулы қаюбаттың ылғалдылығы, % құрғақ топыраққа.
Суарғанда су шығындарын (булану, фильтрация) жабу үшін алынған мөлшерді 10-15%  дейін көтереді.
Топырақтың көлемдік массасы және ең аз ылғал сыйымдылығы жайлы мәліметтер топырақ очеркінен алынады.
Суарудың келесі түрлері болады: су қорын көбейту үшін (влагозарядковый) суару, шайып (промывный), егіс алдындағы (предпосевный), ылғалдылығын жақсартатын (подпитывающий), өніп-өсу кезеңіндегі (вегетационный), құнарландыратын (подкормочный), сергітетін (освижительный) ж.т.б.
Өсіп өну кезеңіндегі суарулар өсіп өну кезеңде а.ш. дақылдарын сумен қамтамасыз етеді. Сергітетін және ылғалдылығын жақсартатын суаруларды жаңбырлату тәсілмен ж.т.б. тәсілдермен өткізеді.

               Суару тәсілдері мен техникасы. 	
Суару тәсілдеріне топырақта жаңбырлата және жердің үстіндегі, астындағы қабаттарын суару тәсілдері кіреді. Жаңбырлатып суаруды КИ -50 <<Радуга>>, <<Волжанка>>, ДДА -10 МА, Сигма -50 жаңбырлататын техникалармен өткізеді.
Уақытша суару каналдарын орнатқанда, олардың араларындағы жер көлемі делянкаларды орнатуға және жаңбырлатуды дұрыс өткізуіне ыңғайлы болу керек. ДДА -100 МА жаңбырлататын көліктермен қолданғанда сынақ делянкаларын агрегатқа перпендикуляр түрде немесе параллель түрде жатқызады. Жаңбырлататын техникамен суды бір минуттың ішінде 0,5-1 мм көлемде болу керек, ал 2 мм жоғары көлемді беруге тболмайды. Өсіп өну кезеңіндегі вегетациялық, сергітетін және құнарландыратын суаруларын жаңбырлату тәсілмен өткізеді.
Конкурсты сынаудың делянкаларын қатты жел соққанда жаңбырлату тәсілмен суармайды.
Жыралап суаруды суды көп сіңірмейтін топырақтарда өткізеді. Жай жырларды культиватормен және жыра  салғыштармен салады, ал жыра  -  саңлақтарын БЩН  -  2  және БЩН -3 тракторлы жыра салғыш  -  тесік кескіштермен салады.
                        Суару жыраларының көлемі.
Жыралар түрлері 
Тереңдік,см
Ені, см
Тығыз
            8-12
              20-30       
Орташа терең
            12-17   
              30-40
Терең
            17-25
              40-50 
Жыра  -  саңлақтар
            35-40 
              35-40 

Суды оросительден жыраға жібергенде оросительге ағаштан немесе металлдан жасалған щит қойдырады. Осы щит судың горизонтын реттейді. Ал соңғы  жырадан төмен жерінде щит  -  пермычканы қойдырады. Су шығаратын жыраларға ауыспалы щиттар қойылады. Осы щиттар суарылатын жыралардан төмен жерінде орналасады. Суарылатын делянкалар санына байланысты әр су шығаратын жыраларға бірнеше суарылатын жыралар кіреді.
Суарғанда суландыру және суарылған участоктан ағып шыққан артық суды ағызу жүйені келесі тәртіппен орналастырады: суды бөліптаратып тұратын канал участоктың ең үлкен еңістен қтеді, ең кішкентай еңіс бойынша суару каналды (оросительды) бөлгішке перпендикуляр жақтан жатқызады, чектар ұзын жағын суару канал бойымен, қысқа жағын бөлгіш бойымен, лақтырғыш каналды суару каналға параллель жақтан орналастырады. Ол чек ішіндегі суды суару және лақтыру каналдардың соңында орналасқан коллекторға жібереді. Күрішті су басу тәсілімен суарғанда, суаруға ыңғайлы қабат болмайынша суару тоқтатылмайды. 
Суды пайдалануды ұйымдастыру
Суды пайдалануды ұйымдастыру мемлекеттік сортсынау станцияның директорына, мемлекеттік сортсынау участоктың меңгерушісіне жүктелген. Олар графигін және суды пайдалану жоспарын жасайды. Судың суаруға керек мөлшері графикте беріледі. Графикті келесі форма бойынша жасайды: 
Дақыл 
Белгіленген өнім
Жер көлемі, га
Суландуру мөлшері, м3/га
Суару мөлшері, м3/га 
Суару №
Суару тәсілі
Суару мерзімдері
Суауру мерзімдері, күндер























Егер бірнеше дақылдардың суару мерзімдері бірдей болса онда дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес мездімдерді ерте немесе кеш уақытқа жатқызады. График гидротечниктың немесе су шаруашылық органның көмегімен құрастырылады.
Суды пайдалану жоспарын технологиялық карталар негізінде жасайды. 
Суды пайдалану жоспары екі бөлімдерден тұрады: суару жоспары мен мемлекеттік сортсынау участокқа суды жіберу жоспарынан. Суару жоспарына суару мерзімдері, тәсілдері, мөлшері және суаруды өткізетін адамдар саны кіреді, Жаңбырлатып суарғанда суару жоспарына жаңбырлататын техника сипаттамасы кіреді.
Мемлекеттік сортсынау участокқа су беру жоспарын суару жоспары негізінде келесі форма бойынша жасайды:

Сузабор точкаларының аты

Су беру мерзімдері

Басты, уақытша оросительдерде сумен пайдалануы, л/ cек

Тұрақты жүйенің пайдалы әсер коэфициенті

Мемелекеттік сортсынау участокта керекті су мөлшері


басы
соңы


л/ cек

М/күн








Сузабордың точкаларын суару жүйенің жоспары бойынша анықтайды.
Тұрақты каналдардың (ŋ) ПӘК фактілік нәтижелері бойынша алады, ал болмаған жағдайда оны келесі формула бойынша анықтайды:
                        Ŋ=Qн/Qбр
Осында Qн- мемлекеттік сортсынау участоктың су шығыны;
 Qбр- мемлекеттік сортсынау участоктың сузабор точкасына жіберілген су шығыны.
                Суландыру суын есепке алу.
Суаратын су шығындарын тарататын, суландыратын және артық суды ағызатын каналдарды өлшеп есепке алады. Сынақ участокта су шығындарын бөлек және бір күннің ішінде өткізеді. Суағарларды тесіктің ортасымен сәйкес орналастырып, дала журналына кіргізеді. Суаруды барлық делянкаларда біррдей тәртіппен орналастырады, ал трапециялы суағардың порогын көлденең етіп орналдастырады.
* Напор (арын) попрогтың 1/3 ұзындығынан жоғары болмау керек және және 0,1 төмен болмау керек;
- порог ені 0,5 м болғанда түбі мен жағалардан попрогқажәне суағар откостарына дейінгі жер көлемі  -  15 см төмен болмайды, ал порог ені 0,75 м болғанда жер көлемі -25 см төмен болмайды ;
 -  су еркін ағу керек (порог суарылатын алаң бетінен 8-10 см жоғары болу керек);
* Артық суды ағызатын каналда порогты су деңгейден 1-2 см жоғары қойдырады;
* Суағардың су жылдамдығы 0,3 м /сек жоғары болмау керек.
Трапециялы суағардың су шығындарын есептегенде 5 қосымшада берілген мәліметтермен қолданады.

Суарылатын мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік                 сортсынау участоктарда мелиоративтік шаралар жүйісі.
Жер астындағы сулар сыртқа шықпау үшін мемлекеттік сортсынау станция мен мемлекеттік сортсынау участоктарда әрдайым бақылау жүргізіледі. Жер бедерінің төмен жерінде 2,5 м тереңдікке құбырлардан жасалған 3-5 бақылаушы құдықтарын қойдырады. Бақылау әр декада сайын өтеді және екінші күні әр суарудан кейінгі нәтижелерді дала журналына кіргізеді.
Суарылатын мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктардың негізгі жер жақсарту шараларына келесі жұмыстар кіреді:
* Топырақ құнарлағын жоғарлату үшін жерге органикалық және минералды тыңайтқыштарды беру;
* Арамщөпті жүйелі түрде отау;
* Өсімдік шаруашылығында индустриалды технологияларды пайдалану;
* коллекторлы  -  дренажды, суару жүйесін тиімді пайдалану және суды үнемдеп жұмсау;
* прогрессивті суару техникасы мен әдістерін пайдалану;
* ауыспалы егіс далаларын тегістеу;
* су фильтрациясына тосқуыл қою;
* есмкірген жабдықтарды жөндеу және керек гидротехникалы құралдармен қамтамасыз ету;
* топырақты жақсарту тәсілдерін пайдалану, топырақтың агрофизикалық және агрохимиялық көрсеткіштерін жақсарту;
* сортаңданған топырақтарды сумен тазалау;
* су және жел эрозиясын болдырмау.  

ДӘРІС 7 - 8.

Тұқымдық және көшет материалдары.Тұқымдық және көшет материалдарына қойылатын талаптар.
* Тұқымдық және көшет материалдармен қамтамасыз ету.
* Ұрықтарды өсіру, сақтау және егіске дайындау.
* Мемлекеттік сортсынау жүйесіндегі ұрықтар анализі.	Сорттар, будандар және өздігінен тозаңданатын өсімдіктердің ұрықтары және көшет материалдары егу және сорт сапалары жағынан МЕСТтың талаптарына сәйкес болуы керек: егу сапалары бойынша  -  бірінші классқа, ал сорт сапалары бойынша  -  бірінші категорияға.	Оригинатордан алынған картоп сорттарының тұқымдық материалын бір жыл ішінде сынауға алынатын жерде өсіреді. Картоп азғындау зоналарда оригинатордың тұқым материалын өсірмейді. Картоп азғындау зоналарға тұқымдық картопты шығаратын зоналар өз тұқым материалын жібереді. 	Сурлем шөп және басқа бір жылда дән салмайтын дақылдар сорттарының ұрықтары әр жыл сайын оригинатордан алынады.	Модификациялы өзгерістер болуы мүмкіндігінен бірінші жылдың зерттеу қорытындыларын есепке алмай тұрады. Егер бірінші жылдың зерттеу қорытындылары келесі жылдар қорытындыларымен сәйкес болмаса, онда бірінші жылдың қорытындыларын есепке алмайды.               Дала дақылдарының ұрықтары өз сортына тән 1000 дән массасына тең болуы керек және ірілігі біркелкі болуы керек.Ауа райы қатты өзгерген жағдайда 1000 дән массасы да өзгереді, сондықтан тәжірибе участоктары сапасы кем ұрықтармен екпейді. Осындай жағдайда тұқымды сақтық қорынан алып егеді.             Дәнді дақылдардың, күріштің, ұсақ дәнді сорттарының тұқымы ірілігі жөнінен МЕСТ талаптарына сәйкес болмауы мүмкін, бірақ бұл ондай сорттардың биологиялық ерекшелігіне тән қасиетекені ескеріліп, ондай тұқымды тәжірибе жұмыстарына пайдалануға рұқсат етиледі.             Мемлекеттік сортсынау станция мен мемлекеттік сортсынау участоктарда өсірілген ұрықтардың  сорт тазалығын дала апробациясы мен пробалық баудың ( сноп ) анализін өткізгенде анықтайды.              Шетел сорттар мен будандар ұрықтарында міндетті түрде карантин сертификаты болу керек. Егіс алдында және егістен кейін осы ұрықтарды отан ұрықтардан бөлек, бір  -  біріне қосылмайтын жағдайларда сақтау керек.Мемлекеттік комиссияның рұқсатынсыз шетел ұрықтары үлгілерін басқа адамға беруге болмайды.            Керек жағдайда егіс алдында шетел және отан ұрықтарын түрлі арамшөптерден, ауру ұрықтардан және механикалық қоспалардан тазалайды. Тазалаудан кейін барлық қалдықтарын жоқ қылады, ал ыдысты залалсыздандырады.             Шетел сорттардың оригиналды ұрықтарын фумиграциядан өткізеді, осы себептен кейбір кезде шығымдылық төмендейді. Шығымдылығы 3 класстан жоғары шетел сорттарының  оригиналды ұрықтарымен егуге рұқсат ерекшелік ретінде беріледі. 3 класстан да төмен шетел сорттарының оригиналды ұрықтарымен де егеді. Бұны келесі жылы шығымдылық талаптарына сәйкес ұрықтармен егу үшін істейді.            Егер шетел ұрықтарының құжаттарында сорт тазалығы мен репродукция жайында ешқандай мәліметтер болмаса оларды бірінші категория және бірінші репродукция ретінде беріледі, ал классты аудандық мемлекеттік тұқымдық инспекция қорытындысы бойынша береді. Кейбір жылдары, әсіресе пісу мен жинау жоғары ылғалдылықта өтетін, жылылық жетіспейтін және күн шуақты күндері аз болатын облыстарда дәнді, майлы, техникалық, көкөніс дақылдар ұрықтарының  лабораториялық шығымдылық пен көктеу энергиясы төмен болады. Осындай ұрықтардың тіршілік қабілеттілігі өте жоғары болады, бірақ жинаудан кейінгі пісіп жету кезеңі өте ұзақ болғаннан оларды өсірмейді. Бұл өсімдіктердің қорғау пайдалы қасиеті. Жаңбырлы ауа райы жинау кезімен сәйкес келетін аудандарда сорттар көбінесе тамыр мен валкаларда өсіп өнеді.             Шығымды емес ұрықтар ішінде қимылсыз күйінде және өлген қалпында болатындарды айырады.Осы үшін шығымды емес ұрықтардың тіршілік қабілеттілігін тексеру керек. Оларды әуе  -  жылылық өңдеумен және басқа тәсілдермен соңғы шығымдылылыққа дейін жеткізу керек.               Кейбір жылдары ауыл шаруашылық Министрлігі жергілікті климат жағдайларына қарай дәнді, жармалық дақылдарының және ас бұршақтың нормативтарын төмендетуіне рұқсат береді. Бұл рұқсат тиісті облыстардың мемлекеттік сортсынауға арналған ұрықтарына да қатысты.              Стандарт ретінде пайдаланатын өздігінен тозаңданатындақылдарының және мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктарда көбейетін айқас тозаңданатын дақылдарының  ұрықтар репродукциялары өндірісте қолданылатын ұрықтар репродукциялардан төмен болмау керек. Егер суперэлитаның тұқымдық питомниктың немесе алдын ала көбейетін ұрықтар сортсынауға жіберілсе, онда оларды егу және сорт сапалары бойынша элитаға жатқызады. Құжаттарда осындай ұрықтарды жолдама құжаттарда қойылған атымен атайды. Осындай ұрықтардан алынған өнімді бірінші репродукцияға жатқызады.                МЕСТ талаптарына сәйкес келмейтін сорт тазалығын төмендететін генетикалық бөлшектенуі табылған сорттар мемлекеттік шығымнан алынады. Элитаның  ұрықтарын шығармайтын жергілікті сорттар бойынша репродукция жасалынбайды. Осындай сорттар ұрықтары бірінші рет мемлекеттік сынауға жіберілген үлгімен сәйкес болу керек.               Тегістейтін және өндіріс егістерін перспективты сорттар ұрықтарымен немесе пайдалануға рұқсат етілген сорттар ұрықтарымен егеді.                Жеміс және ағаш пен бұталы дақылдарының  көшет материалы МЕСТ бойынша бірінші сорт талаптарына сәйкес болуы керек. Стандарт және сыналатын сорттар тікпе көшеттерін бірдей жағдайларында өсіру керек. Көшет материал жасы өндіріс отырғызуларда және мемлекеттік сынауда бірдей болу керек.
Тұқымдық және көшет материалдармен қамтамасыз ету.
Мемлекеттік сынауға сорт ( будан ) алынғаннан кейін оригинатор ұрықтар мен көшет материалдарын Мемкомиссияның нарядтарына жібереді. Өздігінен тозаңданатын жаңа сорттар бойынша ( күздік пен жаздық, жұмсақ және қатты бидай, күздік және жаздық тритикале, жаздық және күздік арпа, жаздық және күздік сұлы, тары, қонақтары, күріш, дала және көкөніс асбұршағы, аңқа, маш, арахис, арыш, ляллемация, қытай бұршағы, сиыр жоңышқа, азықтық бөрібұршақ, пелюшка, могар, цикламен, примула ) мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктар оригинатордан егуге сорттық сапалары жоғары ұрықтарын алады. Сорт сынауын кеңейткенде өз облыс шығарған ұрықтарымен пайдаланады, егер олар жетіспей тұрса онда мемлекеттік сортсынау участоктар разнарядкаларды толтырып жібереді.  	Айқас тозаңданатын дақылдарының сорттар мен будандар ұрықтарын ( жүгері, күнбағыс, бидай, қарақұмық, құмай жүгері, жаздық және күздік рапс, үпілмәлік, ақ қыша, көкнәр, сафлор, қышабас, кориандр, зере, анис, судан өсімдігі, сераделла, көпжылдық бөрібұршақ, беде, жоңышқа, эспарцет, атқонақ, еркешөп, мықын, бидайық, бетеге, антирринум, дельфиниум ) немесе облигатты емес өздігінен тозаңданатын ұрықтарын ( ноғатық, ірі бұршақ, күнжіт, перилла, қыша, майлы зығыр, сары бөрібұршақ, қытай қашқаргүлі, ас бұршақ ) оригинатор мемлекеттік сортсынауға әр жыл сайын жібереді. 	Мемлекеттік тізбеге енгізілген сорттар мен будандарын және бірінші ұрпақтық сыналатын будандар ұрықтарын оригинатор Мемкомиссияның өтініші бойынша жібереді. 	Көкөніс ( ірі бұршақтан басқалары ) және бақша дақылдарының  жаңа сорттар мен будандар ұрықтарын оригинатор сортсынауға Мемкомиссияның өтініштері бойынша жібереді. Бірінші репродукцияның және пайдалануға рұқсат етілген бірінші ұрпақтық, сорттар мен будандарын әр жыл сайын сорткөкөніс атты тұқым шаруашылық жүйесінен алады. Ірі бұршақ, көкөніс дақылдарының жаңа сорттар участоктарын оригинаторлардан алады. Сынауға арналған севок  -  пиязды мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктар келген ұрықтармен өсіреді. 	Сортсынауға арналған картоптың жаңа сорт көшет материалын оригинатор сортсынау жүйесіне жібереді. Сорт шығару зонада бірінші жылы көшет материалын конкурсты сынауды өткізу үшін егеді, ал басқа жағдайларда көшет материалын көбейту мақсатымен егеді.  	Картопты ақпан  -  наурыз айларында еккен жерлерге оригинаттар көшет материалын үсік басталмай тұрып күзде жібереді. Күзде жіберілетін көшет материалды сақтағанда қалдықтар табылады. Осы үшін көшет материалының санын 20  -  30% дейін көбейтеді.  	Бірінші жылы оригинатор сортсынау жүйені көбейтуге арналған сарымсақ сорттарының көшет материалымен қамтамасыз етеді. 	Сыналатын сорттар мен Мемтізбеге енгізілген кендір, мақта және кенаф сорттарының ұрықтарын сортсынау жүйе әр жыл сайын оригинатордан алады.  	Қант қызылшасы, темекі және махорка сорттары мен будандарының ұрықтарын сортсынау жүйе әр жыл сайын оригинатордан алады.  	Шетел селекция сорттарының ұрықтарын келісімшарт жағдайларына сәйкес Мемкомиссияның разнарядкалары бойынша алады. Отан және шетел селекция сорттары үшін сортсынау жағдайына арналған ұрықтар көбею тәртібі бірдей болады.  	Күздік дақылдарын жинау және егу кезеңдер араларындағы уақыт қысқа болатын облыстарда белгіленген дақылдар сорттарының сынақтары үшін тұқымдық ауысатын қорын ашады. Күздік дақылдар сорттарын сынау қажет етілгенде тиісті стандартпен бірге сынақ өткізіледі. Дәнді дақылдарының сорттар  -  двуручкалар бойынша тұқымдық және сақтық қорларын бөлек сақтайды және бөлек есепке алады ( күздік және көктем егістер ұрықтары ).  	Өздігінен тозаңданатын дақылдар сорттарының ұрықтарын және сортсынау жүйеде алдын ала көбеетін ұрықтарын ұрықтар репродукциялы талаптарына сәйкес жаңартады.  	Картоптың көшет материалын 4 жыл сайын жаңартады, ал құрғанда одан да қысқа мерзімдерде жаңартады. Картоп тез шығындайтын оңтүстік және оңтүстік  -  шығыс аудандарда көшет материалын таулы аймақтарда көбейтеді немесе әр жыл сайын жіберіп тұрады.  	Өздігінен тозаңданатын дақылдарының тұқымдық қорын барлық сортсынау станциялар мен сортсынау участоктарда жасайды. Осы мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктардың қарамағында болады. Сақтық қорын әр жыл сайын жаңартады. Тұқымдық және сақтық қордың көлемін мемлекеттік сортсынау станцияның директоры немесе мемлекеттік сортсынау участоктың меңгерушісі анықтайды және тиісті жазбаша бұйрығымен бекітеді. Атап кеткен қызметкерлердің рұқсатынсыз осы бұйрықтар пайдалануға жіберілмейді. Тұқымдық және сақтық қорларын сортсынау жүйенің қамбаларында сақтайды.  	Перспективті сорттарды және пайдалануға рұқсат етілген сорттарды шаруашылыққа енгізу мақсатымен дәнді дақылдар бойынша екі  -  үш жылдар ішінде және көпжылдық ірі бұршақ және астық тұқымдастар бойынша бес жыл ішінде элита ұрықтарын тездетіп шығарады. Оларды шығару үшін перспективті сорт немесе пайдалануға рұқсат етілген жаңа сорт ұрықтарымен және ұрықтар шығару технологиясымен пайдаланылады. Дәнді дақылдар бойынша сорт отауы мен түрлік отауын жүргізеді, ал көпжылдық өсімдіктер бойынша екі түрлік отауын жүргізеді. Отау жүргізгенімен бірге ауру және әлсіз өсірілген өсімдіктерді алдрады. Элита ұрықтарын шығаруына қойылған талаптарынміндетті түрде орындау керек.  	Жеміс жидек дақылдары, жүзім, тұт ағашы, эфир майын шығаратын және сәндік дақылдар бойынша оригинатордың зонасынан тыс  орналасқан мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктар мемлекеттік сортсынауға арналған көшет материалын өз питомниктарында алдын ала көбейтеді.  	Бүлдірген көшетін өз жерінде егеді. Осы үшін сынауға арналған бүлдірген сортының маточнигін шығарады.  	Ұластыру (прививка ) арқылы көбейетін сорттар сынауын тұқымдық немесе вегетативті көбейетін подвойларда өткізеді. Сорт авторы немесеғылыми  -  зерттеу мекеме сорт сынауын басқа подвойда өткізу жайлы кеңес бергенде, сынауды екі подвойларда өткізеді: көпшілік мақұлдаған және ұсынған. Алма және алмұрт подвойларын еккенде көшет материалын тиісті подвойларда өсіреді.Подвойларды өсіру үшін ұрықтарды сау ағаштардан алады. Өнімді жылдары жеміс өсімдіктерді келесі жылы егу үшін ұрықтарды алдын ала алады. 	Жаңа сорттар бойынша окулировка жасау үшін алынған қалемше материалын оригинатор жібереді. Сортсынау және ғылыми мекемелерде Мемлекеттік тізбеге енгізілген сорттар бойынша сортсынақшылар қалемше материалын дайындайды.
Ұрықтарды өсіру, сақтау және егіске дайындау.
 	Егістің жоғары сапалы көшет материалын сортсынақшылар шығару технологиясы арқасында алады. Жоғары сорттық және физикалық тазалығы  -  мемлекеттик сортсынаудағы сынау дәлдігінің міндетті талабы. Сорт тазалығын сақтау үшін бұлғануына қарсы барлық шаралармен пайдалану керек. Осы үшін ыдыстарды, жинайтын техниканы, молотилкаларды, сортировкаларды және басқа техниканы жұмыс басталмай тұрып тазалау керек және делянкаларға, бауларға, қаптарға және қоймаларға этикеткаларды жабыстыру керек. Қаптармен пайдаланбай тұрып алдымен оларды теріс аударады және дұрыстап тазалайды. Комбайнмен алынған өнімнің ұрықтары немесе бірінші бастырған өнімнің ұрықтары егуге жарамсыз болады.  	Қамбаларда ұрықтарды сақтағанда сорттар бір  -  біріне қосылып кетпейді. Ұрықтарды құйғаннан кейін оларға этикетканы жабыстырады. Осы этикетканың бетіне жазады: дақыл аты, сорт, егістің түрі, репродукция, өнім алынған жылы, ұрықтар массасы, алғы дақыл, сорт тазалығы т.б. Этикеткаларды (сыртқы және ішкі ) міндетті түрде әр қапқа іледі.  	Әр жыл сайын мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттик сортсынау участоктар сорт белгілері айқын көрінетін кезде өздігінен тозаңданатын дақылдардың егістіктерінде түрлік және сорттық атауын өткізеді. Осымен бірге сортқа тән емес өсімдіктерді алдырады. Популяция ішіне кіретін сорттарды алдырмайды. 	Картоп отауын көпшілік гүлдеу кезеңінің басында өткізеді, ал гүлденбейтін сорттар отауын гүлшоғырлары ( бутондары ) түскен кезде кеңейтілген, конкурсты, өндірістік сынау мен көбеюдің басқа түрлерінде өткізеді. Қазықшалармен белгіленген сорт қоспаларын есепке алып жинауға және астық есебіне 1  -  2 күн қалғанда танаптан алдырады.   	Өздігінен тозаңданатын, айқыс тозаңданатын дақылдардың сорттары өндіріс сынауда көбеюге арналған егістерде, тегістейтін егістерде апробациядан өтеді.Апробацияны Ауыл шаруашылық министрлігі бекіткен нұсқауына сәйкес сортсынау мамандары өткізеді. Оны берілген форма бойынша актпен бекітеді. Конкурсты сортсынауда апробацияның орнына баулы үлгілердің лабораториялық сақталуын алады. 	Баулы үлгілердің лабораториялық сараптауын сортсынақшылар да өткізеді. Анализ қорытындыларын дала журналының таблицасына енгізеді және оларға арнап акт толтырмайды. Ұрықтар қасиеттерінің категориясын сорт егістерін жүргізу жөніндегі апробациясына сәйкес анықтайды. 	Егер ұрықтар басқа сорттар немесе арамшөп ұрықтарымен қосылып кетсе немесе ауруға шалдыққан болса оларды басқа ұрықтармен ауыстырады. 	Көлемі жағынан бірдей көшет материалын алу үшін ұрықтарды дұрыстап тазалайтын техникада сорттайды.Конкурсты сынауға әрқашан ұрықтарды қолмен теру әдісі ерекше жағдайларда ғана пайдаланады. Сорттау біткеннен кейін егіс қасиеттерінің толық анализін өткізеді. Сұрапталған тұқым шартқа сәйкес болмаған жағдайда қосымша өңдейді ( сорттау, кептіру) 	Сақтау үшін тек жақсылап тазартылған, сұрыпталған және дән дақылдарына сәйкес ұрықтарын құяды. Сонда құйылған ұрықтар санын, сорттарын белгілеп 148 форманы толтырады. 	Мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктардың лабораторияларында егіске арналған көшет материалын қосымша тексереді. Егіске дейін 20 күн қалғанда зерттеу қорытындыларын алу мақсатымен осы тексеруді өткізеді. Тіршілік қабілеті бар, шығымдылығы төмен ұрықтарды әуе  -  жылылық өңдеуден өткізеді, содан кейін тексереді. Әуе  -  жылылық өңдеуді жергілікті жағдайларына сәйкес өткізеді.  	Картоптың көшет материалын кептірген, толық сұрыпталған, сау түрінде МЕСТ талаптарына сәйкес егеді. Әр сортты картоп сақтайтын орынның бөлек қоймаларында сақтайды. Осымен бірге сорттарды ұраларда да сақтауға болады, ал өндірістік сынауға арналған сорттарды бурталарда сақтайды. Бір мерзімде піскен сорттарды бірдей жағдайларда сақтайды. Керек болған жағдайда көп жаталмайтын сорттарды (ерте пісетін ) әрдайым бақылау және іріктеу үшін ыңғайлы жерлерге жатқызады.  	Пияз тәрізді, түйнекпиязды, тамыртүйнекті, және тамырсабақты дақылдарды кептіргеннен және тазалағаннан кейін сорттар бойынша қоймаларға жатқызады. Қойма іші құрғақ, ауа температурасы және ылғалдылығы дақылдарды сақтау үшін ыңғайлы болу керек.  	Сортсынауға арналған көпжылдық өсімдіктерінің көшет материалын арнайы топырақ  -  климаттық зонада және ғылыми  -  зерттеу мекемелерде қолданатын технологиялар бойынша өсіреді. Сапасы жағынан жоғары көшет материалын алу үшін оны бүкіл өсіп өну кезеңі бойынша дұрыстап күті баптау керек. Тікпе көшеттерін өсіргенде сұрыптауды әр стадияларда өткізеді. 
Мемлекеттік сортсынау жүйесіндегі ұрықтар анализі. 
 	Мемлекеттік комиссия разнарядкаларына сәйкес ұрықтарды алғаннан кейін, жолдама құжаттардың барына немесе жоғына қарамастан барлық сорттар мен будандар ұрықтарының сараптауын өткізеді. Сараптауда аймақ немесе мемлекеттік тұқымдық инспекциясында өткізеді. Ұрықтардың қайталанатын фитопаталогиялық сараптауларын өткізбейді.  	Егер оригинатордан алынған егіс және физикалық қасиеттері жайлы мәліметтер тұқымдық инспекция шығарған мәліметтермен сәйкес келмесе, онда негіз ретітде инспекция қорытындылары алынады. 	Ас бұршақ ұрықтары ас бұршақ қоңыздан ( брухустан ) залалсыздандырылмаған болса, оларды жіберуге болмайды.  	Ұрықтардың егіс қасиеттерін орташа үлгі бойынша зерттейді. Орташа үлгілер сұрыптауын және егіс қасиеттерін анықтайтын сараптауларды МЕСТ талаптарына сәйкес өткізеді. Мемлекеттік сортсынау участокқа кеш келген себептен егіс қасиеттері тексерілмеген ұрықтар сынаққа алынбайды.  	Ұрықтарда арамшөптер, зиянды жәндіктер және аурулар жоқ туралы шешім алынғаннан кейін оларды карантин объектілерден жіберуге рұқсат беріледі.  	Дақылдар толық піспейтін солтүстік Қазақстан облыстарының жағдайларында шығымдылығын, қимылсыз күйдің ұзақтығын, шыққан дәндердің пайызын жинау кезінде анықталады. Қимылсыз күйдің ұзақтығын алмай басқалардың сараптауын дән ылғалдылығын анықтауға арналған үлгілер бойынша өткізеді.  	Жинаудан кейін лабораториялық және дала шығымдылығы төмен бірақ тіршілік қабілеттілігі жоғары сорттардың, қимылсыз күйінің ұзақтығын анықтайды. Әр ай сайын осындай ұрықтар шығымдылығы тұрақты болмайынша немесе егіс басталуға дейін бір ай бұрын мемлекеттік сортсынау станция мен мемлекеттік сортсынау участоктарда анықтайды.  	Әр айдан кейін алынған қортындыларын жұмыс бланкыларына жаздырады. Олармен сорттарды сипаттауда пайдаланады. Қимылсыз күйдің ұзақтығын жинау күннен бастап ең соңғы егуіне дейін қояды.  	Бидай аязды күнде далада қалса, сол бидайдың аяз ұрған дәндер санын анықтайды. Аяз ұрған дәндер пайызын анықтағанда 50 г екі ыдысқа алады және аяз ұрғандарды бөлек шығарады. Аяз ұрған дәндерді өлшеп олардың пайызын шығарады.  	Дән ылғалдылығын << Ылғалдылықты анықтау әдістері >> 1204  -  82 МЕСТқа сәйкес анықтайды. Ылғал өлшетішпен де пайдалануға болады. Ылғал өлшеткішпен пайдаланғанда міндетті түрде нұсқау бойынша жұмыс істеу керек.  	100 дәндер массасын стандарт ылғалдылыққа жатқызады. Осы анализді ылғалды анықтайтын анализінде пайдаланған үлгі бойынша анықтайды.  	Мемлекеттік сортсынауда өтетін ұрықтар анализінің басқа түрлері ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын мемлекеттік сынау методикасының басылымдарында берілген.  	Мемлекеттік комиссия инспектураларының басшылары мен маңыздылығы мемлекеттік сынауда пайдаланатын ұрықтар сапасын, ұрықтардың құжаттарын, баулар анализдерінің қортындыларын және үлгілерін тексереді.  	Мемлекеттік комиссия бастығының бұйрығы бойынша ұрықтардың сорт тазалығын тексеру үшін мемлекеттік сортсынау участоктар өз ұрықтар үлгілерін топырақ бақылауының мемлекеттік сортсынау участоктарына жібереді. 
Топырақ ( грунт ) сорттық бақылауы. 
 	Мемлекеттік сортсынау жүйеде топырақ сорттық бақылауын арнайы мемлекеттік сортсынау участоктарда өздігінен тозаңданатын дәнді ірі бұршақты, жармалық дақылдар сорттары және картоп сорттары бойынша өткізеді. Біріншіден сорт сапасы төмен ұрықтар мен көшет материалын зерттейді. 	Тексеруге арналған үлгілер саны және оларды топырақ бақылауға беру мерзімін әр жыл сайын Мемлекеттік комиссияның облыс инспектуралары бекітеді. Үлгілерді беру жоспарларына сәйкес мемлекеттік сортсынау станциялары мен мемлекеттік сортсынау участоктардың топырақ бақылауы бойынша жоспар жасалады. Дәнді, дәнді ірі бұршақты, жармалық дақылдарының топырақ бақылау жұмыстарын Мемлекеттік комиссияның лабораториясы басқарады. Картоптың топырақ бақылауын Мемлекеттік комиссияның көкөніс, бақша, дақылдар мен картопты зерттейтін маман басқарады.  	Дәнді, дәнді ірі бұршақты және жармалық дақылдар. Топырақ бақылауға жіберілетін ұрықтар егіс сапалығы жағынан мемлекеттік стандарттың бірінші және екінші класстарына сәйкес болуы керек. Ұрықтар партиясын жіберер алдында аймақ мемлекеттік тұқымдық инспекцияларында егіс сапаларын тексереді.  	Топырақ бақылауға алынған ұрықтардың орташа үлгілерінің сұрыптауын 12036  -  85 МЕСТ бойынша өткізеді. Жіберетін дәндер үлгілерінің массасы келесі көлемде болу керек: дәнді дақылдардың және күріштің  -  1 кг; дәнді ірі бұршақты  -  1,5 және тарының  -  0,5 кг.  	Ұрықтар орташа үлгілерін орташа үлгілерді сұрыптау актімен бекітеді. Осы акт екі дана етіп шығарылады. Акттың бір данасын бастырылған орташа үлгілер дубликаттарымен бірге мемлекеттік сортсынау станцияларда сақтайды. Ал басқасын ұрықтар пломбаланған үлгілерімен бірге топырақ бақылауы өтетін мемлекеттік сортсынау участоққа жібереді. Акт ішінде дақыл аты, сорт, ұрықтар қызыметі, партия нөмірі мен мөлшері, өткізілген қосымша жұмыстары, үлгіні жіберген мемлекеттік сортсынау участоктің мекен жайы мен толық аты жазылады. 	Ұрықтар үлгілерін қаптарға салады, этикеткаларды жабыстырып пломбамен бекітеді. Акт және үлгілермен бірге мемлекеттік сортсынау станция және мемлекеттік сортсынау участок сорт куәліктерін жібереді. Топырақ бақылауына арналған ұрықтарды басқа мемлекеттік сортсынау участоктарға жіберсе, онда олардың құжаттарында акттың нөмірі, ұрықтар үлгілерін сұрыптау мерзімі белгіленеді. Ұрықтар мемлекеттік сортсынау участокқа егіс басталмай тұрып 2 ай бұрын жібереді.  	Топырақ бақылауын өткізетін мемлекеттік сортсынау участок алған ұрықтарды үлгілерді тіркеу журналына кіргізеді. Үлгілер қабына және құжаттарына регистрация нөмірі қойылады. Құжаттарды бөлек папкаға регестрация нөмірлер қойылған тәртібімен кіргізеді. 	Егіс алдында алған ұрықтар үлгілерін шынайы ( подлинность ) жағынан <<Ауыл шаруашылық тұқымдар. Шынайылықты ( подлинность ) анықтау әдістері.>> 12043  -  88 МЕСТ бойынша анықтайды.Егер ұрықтар үлгілеріндемемлекеттік стандарт бекіткен 3 сорт категория мөлшерінен басқа сорттар қоспалары жоғары болса, онда осы ұрықтар егілмейді және жіберген мемлекеттік сортсынау участокты және инспектура бастығын анализ қортындылары жайлы хабарлайды. 	Егіс алдында дақылдар бойынша егу жоспарын жасайды. Ауыспалы егіс далаларын егіске арнайды. Жұмыс жоспарына дақыл атын, сорт, үлгілерін жіберген мемлекеттік сортсынау участоктың толық аты жазылады.  	Әр делянкаға сорт аты мен үлгілерін регистрация нөмірі жазылған этикеткасын қояды. Егісті үш қатар етіп сеялкамен ( сепкішпен ) егеді. Делянка ұзындығы 20 м қысқа болмау керек. Оның 18 м есепке алынатын болып есептелінеді. Делянкаларды дақылдар мен сорттар бойынша топтастырады. Егілген үш қатар арасына ені 30 см жолдарын қалдырады. Осы үшін екі сошниктарды жаптырады.  	Сеялка бір жүрісінде бірнеше ұрықтар үлгілерін егеді. Осы үшін сеялканың ішіне тік қалқаларды және воронкаларды орнатады.  	Егіс басталмай тұрып сеялканы басқа сорт ұрықтары қалмау үшін желдеткіштермен үрлеп тазартады. Ярус аралық жолында немесе дала жолында сеялканы тазалайды және ұрықтарды құяды. Ұрықтар дәндерін егу мерзімі мен техника конкурсты сынаудағыдай болады. Қосымша егуге рұқсат берілмейді. Өскіндер шыққан соң баумен есепке алынатын жерді соңғы қорғаныстардан бөледі.  	Қалған үлгілерін қаптарға қайтадан салады және апробация  қорытындыларын алғанша сақтайды. Егер топырақ бақылауының қорытындылары сорт тазалығы жөніндегі құжаттармен сәйкес келмесе оған анализ қортындыларын жіберген күннен бастап екі ай сақтайды.  	Арамшөптерді алдыру, ауруға және зиянды жәндіктерге қарсы күрес жүргізу жұмыстар егісті күтіп баптауына жатады.  	Әр сорттың фенологиялық фазаларын, аурулармен зиянды жәндіктерден бұзылу кезеңдерін белгілейді. Өйткені аурулар мен зиянды жәндіктер қоспалар мөлшерін көбейтеді.  	Сорт тазалығын анықтау үшін әр делянкадан апробациялық бауды анықтап алады. Осы сараптау үшін делянканың есепке алынатын әр қатарынан 90  -  100 сабақтарын алады. Дәнді және жарманың дақылдарының апробациялық бауында 1500 сабақтар, ас бұршақтың  -  300 сабақтары болу керек. Бауды шпагатпен байлайды. Дәннен немесе фанерадан жасалған, сорт аты, регистрация нөмірі жазылатын этикеткаларды баудың ішіне және сыртына орнатады.  	Ауыл шаруашылық дақылдарының апробациясы жөніндегі сорттар сипаттауына сәйкес апробациялық баудың қадағалауын өткізеді. Делянкада қалған өсімдіктерді есепке алмайды. Сарпптау қорытындыларын жіберген күннен бастап 6 ай ішінде сақтайды. Топырақ бақылауы бойынша алынған қорытындыларын дала журналына енгізеді ( 36 форма ).
Картоп. Мемлекеттік сортсынау станция мен мемлекеттік сортсынау участокқа конкурсты сынау жоспарда алдын ала қаралған, егіске дайын картоп сорттарының үлгілерін жібереді.  	Әр сорт үлгінің ішінде 10 түрлі жерден алынған 50 түйнектері кіреді. Осы үлгіні қапқа салыпсорт аты, қап нөмірі жазылған этикеткасымен белгілейді. Қаптарды буып  -  түйгенінде жәшіктің ішіне үлгілер тізбесімен біргеүлгілер жіберген мемлекеттік сортсынау участоктардың атын, сорттар аттары мен қаптар нөмірлерін жазып жібереді.Түйнектерді сорттар бір біріне қосылып кетпейтіндей буып түйеді.  	Картоп түйнектерін сұрыптап алғанда орташа үлгілерді сұрыптау актісін екі дана етіп шығарады. Біреуін үлгілерді жіберетін мемлекеттік сортсынау участокта сақтайды, екіншісін топырақ бақылауының мемлекеттік сортсынау станциясына және мемлекеттік сортсынау участокқа үлгілермен бірге жібереді. Акт ішінде дақыл аты, сорт, партия нөмірі мен көлемі, үлгілерді тексеруге жіберген мемлекеттік сортсынау участоктың толық аты мен мекен жайы беріледі. Әр сортқа арналған сорт куәлігін актпен бірге жібереді.  	Картоп сорттарының түйнектерінің үлгілерін пломбалайды немесе мемлекеттік сортсынау участоктың мөрімен беріледі. Оформлениее ( дайындауды ) дұрыс жасалынбаған үлгілерді сеппейді. Осы жайлы үлгілерді жіберген мемлекеттік сортсынау участокты және тиісті инспектура бастығына хабарлайды.  	Үлгілерді картоп егісі басталмай тұрып екі апта бұрын жібереді. Суық басталу мүмкіндігінен жіберілетін заттарды қағазбен, паклямен немесе басқа заттармен жылытып қаптайды.  	Барлық картоп сорттардың түйнектерінің үлгілерін тіркеу журналына енгізеді. Еккенге дейін басқа сорттар қоспаларының бар болуын анықтайды. Сараптауды өткізгенде ауру және зақым тиген жарамсыз түйнектерді, аурулардың түрін атап бөлек шығарады.  	Мемлекеттік сортсынау участок картоп үлгілерін егу жоспарын жасайды. Әр делянкаға сорт аты және регистрация нөмірі жазылған этикеткаларын қойдырады.  	Топырақ бақылауға арналған барлық сау сорт түйнектерін егеді. Дұрыс бақылау үшін көшет материалын екі қатарлы делянкаға егеді. Әр қатарда 25 түйнек орналасуы керек.  	Грунтконтроль участоктарында өсімдіктерді күтіп баптау жұмыстары конкурсты сынақ участоктарына сәйкес жүргізеді. Өсіп өну кезінде келесі фазалар байқалады: өскіндер шыға бастаған және толық шыққан фазасы, өсімдіктің жаппай гүлдеу фазасы, сабақ жапырақтарының жаппай құрау фазасы және басқа картоп аурулары зиянкестері. 	Гүлдеу кезінде сорттар апробациясын өткізеді, басқашалап айтқанда морфологиялық белгілер бойынша нағыз сортты анықтайды. Сорт тазалығын анықтағанда Мемлекеттік комиссия құрастырған картоп апробация жөніндегі пособияларымен және сорттар сипаттауымен пайдалану керек. Пәлек ( ботва ) құрғап кеткен соң өнімді жинайды. Ал кеш пісетін сорттарды, егер оларда пәлек ауруы байқалмаса үсік басталмай тұрып жинап алады. Жинау кезінде қоспаларды түйнек түсі мен пішіні, шұқыр жерлері бойынша айырады. Есептің және бақылаудың қорытындыларын дала журналына кіргізеді (36 форма ). 	Қоспа пайызын өсімдіктер жалпы санынан шығарады.  	Дәнді, дәнді ірі бұршақты, жармалық дақылдары мен картоптың топырақ бақылауының қортындыларын мемлекеттік сортсынау участоктар сынақ біткеннен кейін 10 күн өткен соң өз облысының инсектурасына немесе Мемкомиссияға жібереді.  	Мемлекеттік сортсынау участоктардың меңгерушілері топырақ бақылаудың қортындыларын сортсынау жөніндегі жылдық есеп беруіне кіргізеді.  	Сорт тазалығы 90% төмен ұрықтармен егілген сынақтарды инсектура бастықтары сынақ жарамсыздығына жатқызады. Дәнді, дәнді ірі бұршақты, жармалық дақылдарының ұрықтары сорт тазалығы жағынан 2 категориядан төмен болса және картоп ұрықтары сорт тазалығы жағынан 3 категориядан төмен болса оларды ауыстыруды қажет етеді.       	    ДӘРІС 9 .

                     Тыңайтқыштар жүйесі
                      1.Тынайтқыш түрлері
                      2.Оларды пайдалану мен сақтау
                                       
 Ауыспалы егістіктің тыңайтқыштар жүйесін мемлекеттік сынау станциясының директоры немесе мемлекттік сортсынау участогының меңгерушісі жасайды. Жерге әр дақыл бойынша дақылдардың биологиялық ерекшеліктері, топырақтың агрохимиялық ерекшеліктері, өсімдіктердің өнімі мен пайдаланылатын көректік заттардың мөлшеріне байланысты анықталады. Сынақ орындарында әр түрлі жер жағдайында орналасқан ауыспалы егістік болса, жүйе олардың ерекшеліктеріне сәйкес негізделеді. 
   Негізгі және қосымша өнімде пайдаланылатын көректік заттардың мөлшері, топырақ және қосымша берілетін органикалық, минералдық, тыңайтқыштардың құрамында NPK топырақпен пайдалану коэфициенті 7, 8, 9, 10 қосымшаларда келтірілген.
   Тыңайтқыштардың қажетті мөлшерін айыру үшін топырақтың белгілі бір тереңдігіндегі көректік затын м/100г-ға өлшемін белгілі бір коэффициентке көбейтеді. Мысалы тыңайтқыш топырақтың 22 см қабатында м/100 г мөлшерін 30-ға көбейту керек. 25 см қабат үшін  -  34; 28 см қабат үшін- 38 және 30 см қабат үшін- 41 көбейту керек. Коэффициентті есепке алдыру жыртылатын қабаттың тереңдігіне және өсімдіктердің тамырлық жүйесіне байланысты.
   Мысалы: күздік бидайдан әр гектарынан 50 ц өнім алу жоспарланған. Тыңайтқыш жерді жырты тереңдігіне, 22 см тереңдікте берілген. Осы тереңдікте топырақтың әр 100 г-да 9,6 мг оңай гидролизтенетін азот(N), 11,3 мг жылжымалы фосфор(Р2О5) және 24,5 мг алмастырмалы калий (К2О) бар. Бидайдың 1 ц дәнімен оған тиісті сабағына 3,25 кг N6 1,15 кг Р2О5 және 2,0 кг К2О жұмсалады. Барлығы 50 ц өнім алу үшін 162,5 кг N(50х3,25), 57,5 кг Р2О5 (50х1,15) және 100 кг К2О (50х2,0). Жердің 22 см тереңдігктегі қабатында 228 кг/га  N (9,6 мг/100г х 3), 339 кг/га Р2О5  (11,3 мг/100г х 30) және 735 кг/га  К2О5  (24,5 мг/100г х 30). Күздін бидай топырақтағы көректік заттардың ішінде  N 27,0%, Р2О5 7 және К2О 11% ғана пайдалана алады. Осыған сәйкес күздік бидай жоғарыда көрсетілген жердегі көректік заттардың 77,8 кг/га  N (288 кг/га х 0,27), 23,7 кг/га Р2О5  (339 кг/га х 0,07) және 80,8 кг/га К2О (735 кг/га х 0,11).
   Бидайдан 50ц/га өнім алу үшін көректік заттардың мөлшері және топырақтан алынатын көректік заттардың мөлшерінің айырмасы төмендегідей болады: 84,7 кг/га  N (162,5 кг/га- 77,8кг/га), 33,8 кг/га Р2О5 (57,5 кг/га- 23,7 кг/га) жәе 19,2 кг/га К2О (100 кг/га- 80,8 кг/га). Керек көректік заттардың осы айырмасы қосымша берілетін тыңайтқыштар арқылы шешіледі. Орташа есеппен бидай өсімдігі азоттың 67%, фосфордың 30% калийдың 75% пайдаланады. Оңай болса жоғарыдағы көрсетілген күздік бидайдың өнім мөлшерде көректік затпен толық қамтамасыз ету үшін тыңайтқыштың есебінен қосымша 126 кг/га  N (84,7 кг/га : 0,67%), 113 кг/га Р2О5  (33,8 кг/га : 0,3%) және 26 кг/га К2О (19,2 кг/га : 0,75%).
   Күздік бидайға берілетін тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау есептері 8 таблицада көрсетілген.
     
Дәріс10-11

	Сынақтарды дайындау және өткізу.
	1.Сынақ өткізу схемасы
* . Сеялканы егіске дайындау  
* .Тәжірибе участоктарды дайындау
* Сынақтарды егу отырғызу	
Инспектурадан алынған сортсынау жұмыстарын өткізу туралы жоспарына, сорттық технологиясының сынауына және ұрықтардың көбеюіне сәйкес әр сортсынау участокта сынау өткізу схемасы құрастырылады және ауыспалы егіс далаларында егістік егіледді. Схемада көлемін сақтап ауыспалы егіс даланың шекаралары әр жағының мөлшері көрсетіліп беріледі, мемлекеттік сортсынау участоктың топырақ картасына сәйкес негізгі топырақ айырмашылықтары, тұрақты құнарсыз жерлер, еңістің бағыты, осы және келесі екі жылдың сынақтары көрсетіледі. Осымен бірге негізгі жер айдаудың бағытын, дала егістіктікті қорғайтын орман алқаптарын және тұрақты суландырылатын каналдарын көрсетеді. Сынау өткізу схемасы екі дана мөлшерінде құралады, оның біреуі инспектураның бастығымен бекітілгеннен кейін мемлекеттік сортсынау станцияға, мемлекеттік сортсынау участокқа жіберіледі, ал екіншісі  -  инспектурадан сақталынады. 
Егіс басталуына дейән шартқа сәйкес сұрыпталған тұқымдарды есепке алуымен бірге сорттар мен будандардың рендомизациясын өткізеді. Осымен бірге әр сорт делянканың нөмірі белгіленген егіс ведомостін дайындайды.

                   Сеялканы егіске дайындау  	
СН-16П және СН-16ПМ сеялкалар ірі, орташа, кішкентай ұрықтарды егуіне арналған пластмассадан жасалған, кезекпен себетін шарғылардан тұрады. Кішкентай ұрықтарды егуіне арналған шарғылармен қолданғанда, ұрықтық қорабтың шығу тесіктердің жартысын арнайы сыналармен жаптырады. Ұрықтарды себу тереңдігін жалпы реттеуін өткізу үшін реттеуіштің винтін бұрап кіргізеді немесе бұрап шығарады, ал жекеше реттеуін  -  штангалардың серіппелерін қысуымен өткізеді. 
Ұрықтарды қатарларда ретімен орналастыру үшін сеялканың алдын ала тексеруден өткізеді. Себу аппараттардың шарғылары мен жылжымалы түптердің рычагын тарақшаның жоғарғы жерінде орналастырады. Саңылаудың көлемін қуыс бұрғымен тексереді және жылжымалы донышкаларын жөнге салатын винттармен реттейді. Сеялканы жайылым тақтаның оң жақ құбырда орналасқан тіреуішке көтереді, түрендердің астарына брезент жаяды, сеялкаға ұрық салады, саптың бір  -  еі айжалымдармен аппараттарды ұрықтармен толтырады, ұрық шашатын жолдарға қаптарды кигізіп сапты 7-10 рет айналдырады. Әр түреннен алынған дән таразбен өлшенеді, түреннің орташа себуі және пайызбен берілген әр түреннің орташа себуі есептеледі. Үйлеспеуі 5 пайыздан жоғары болмауы керек. Керек жағдайларда саңылаулардың алдын ала реттеуін өткізеді. 
СН  -  116П және СН  -  16ПМ сеялкалармен егілетін ұрықтар саны себу аппараттарының валының айналымдарының сандарына сәйкес болады. Өзгеріс берілістер қабы мен себу аппараттарының валымен және ӨБҚ валының жұлдыздарының өзара ауыстыру көмегімен, қозғалғыш дөңгелектен себу аппараттарының айналымдарының саны өзгереді. № 1 қалыпта себу білігінде 18 тісті жұлдыз орналасады, ал ӨБҚ білігінде  -  8 тісті жұлдыз орналасады. № 2 қалыпта жұлдыздардың орынын ауыстырады. 
СН  -  16П және СН -16ПМ сеялкалардың себу білікті айналдыратын саптың бір айналымы қозғалтқыш дөңгелектің екі немесе үш айналымына сәйкес. Әр нақтылы жағдайда завод дайындаушымен сеялкаға қосылған нұсқауы бойынша бұл байланысты тексеру керек. 
ӨБҚ сол жақ рычагы А және Б қалыптарда болады, ал оң жағы  -  20 қалыптарда. Сондықтан ӨБҚ 40 беріліс қатынастарды өткізеді және тура сондай мөлшеріндегі қатынастарды жұлдыздарын ауытырғанда өткізеді, өорытып айтқанда 80 беріліс қатынастарды өткізеді. 
ӨБҚ оң жақ рычагын бір қалыптан екніші қалыпқа аударғанда беріліс қатынас өзгереді, онымен бірге себілетін ұрықтардың саны да 15 пайызға өзгереді. Сондықтан сеялка 2,5 пайзға тең себу мөлшерін өткізеді. 
Себу нормасын анықтау үшін әр сорт бойынша сеялканың сығындысын өткізеді. Осындай жағдайда келесі ретпен жұмыс істеу керек. 1000 ұрықтардың масасы және әр сорт бойынша олардың егіс қалыңдылығы себу мөлшерін 240, 236,5, 202,8 кг/га  есептейді. 
100 шаршы метр делянкада қозғалғыш дөңгелек 51,28/1,51 = 34 айналымдар жасайды, бұл айналымдар саптың 34/3=11,3 айналымдарына сәйкес болып келеді. 
Екі ӨБҚ рычагтары бір қалыпта болғанда әр сорт бойынша саппен 11,3 айналымдар жасап, барлық сорттардың себуін өткізеді. Саптың 11,3 айналымнан себілген, әр сорт бойынша таразымен өлшенген ұрықтардың мөлшерін <<Саптың 11,3 айнаымнан себілген ұрықтар>> дала журналының графасына жазады. Мысалы үш сорттар бойынша егістік 1500, 1580, 1640 г. Тең болса десек. Бұл егісті

к 1,Б  -  10 қалыптан алынғанын білгенде де, пропорция бойынша беріліс қатынаспен бірге осыған тиісті ӨБҚ рычагтардың қалыптарын табады және олар арқылы 2400, 2365, 2028 г/100 шаршы метр егістіктің мөлщерін өткізеді. Сеялкамен пайдалану жөніндегі нұсқауда көрсетілген беріліс қатынастардың таблицасымен қолданылады. 
Бірінші сорт үшін (2400х0,25)/1500=0,40 бар немесе 1,Б-20 қалпы, екінші сорт үшін (2365х0,25)/1580=0,347 немесе 1,Б-18 қалпы, үшінші сорт үшін (2028х0,25)/1640=0,309 бар немесе 1,Б-15. Тиісті сорттар ұрықтарының себуін өткізетін ӨБҚ рычагтарының қалыптарын <<ӨБҚ рычагтарының қалыптары>> дала журналының графасына жазылады. 
Орталық тарату аппараты бар ССФК  -  7, СКС  -  6  -  10, СН  -  10Ц, СТ  -  1 келесіде СН-16Ц сеялкалар ұрықтардың керекті санын делянканың керекті ұзындығына себеді және себу мөлшерін талап етпейді. Осындай сеялкалармен қолданғанда, егістік ұзындығын және егістік жерін есепке алып, ір сорт бойынша осы кеңістікке сәйкес керекті себу мөлшерін есептейді және алдын ала әр делянка үшін ұрықтардың керекті санын өлшеп береді. 
Мемлекеттік сортсынау участоктарда маркасы, құрылысы, модификациясы жағынан басқа сеялкалар қолданылады. Сондықтан сеялкалармен қолданбас бұрын шығарушы  -  заводтың Техникалық сипаттамасымен және пайдалану жөніндегі нұсқауымен танысу қажет. 
Участоктың сынақтарға бөлінген ге дейін сеялканы дайындау және ұрықтарын өсу қабілеттілігін тексеру жұмыстарын аяқтау керек. 

Тәжірибе участоктарды дайындау
Егіске кіріспес бұрн тәжірибе участоктарының алдын ала жасалған орналастыру схемасы бойынша участокты дайындайды. Бұл жұмыс жүргізілгенде топырақты зерттеу жұмыстарының қорытындылары ескерілуі жерге ерекшелігіне қарай орналыстырылады. Егістік даланы қорғау үшін ағаш отырғызған жерде делянкаларды ағаш жолақтарына көлденең егеді. Делянкамен ағаш жолақтарының ара қашықтығы 15 метрден кем болмауы тиіс. Тәжірибе делянкалар бір келкі рельефті жерге орналастырылған болады.
Тәжірибе қорытындыларын шығарғанда әр түрлі болып шыққан жер ерекшеліктері міндетті түрде ескеріледі және керекті  түзетулер, анықтамалар жасалады.
Делянкалар тік бұрышты болуы керек. Шағын бедердің едір-бұдырлықтарын тұрақты құнарсыз жерге кіргізбесе, онда уақытша  сынақтан шығарылған құнарсыз жерге кіргізіп, есепке алынбайтын делянка ретінде егеді.
Участокты сынақтарға бөлу процесі түзу сызық салу жолымен басталуы ыңғайлы. Бір жақты өлшегенінен кейін қазықшалар жерге шегеленеді. Перпендикуляр жақтан участоктың қысқаша жақтарын өлшейді. Тік бұрыштар  дұрыс жасалынса, онда участоктың қарама-қарсы жақтары бірдей болуы керек.
Тік бұрыштарды эккер арқылы немесе тік бұрышты үшбұрыш арқылы (жақтардың ара қатысы 3:4:5 тең) қойдырады. Осындай үшбұрышты баумен және жер өлшейтін таспамен салуға болады. Даланың дұрыс бөлгендігін тікбұрыштың жақтарын ұқыпты өлшеуімен тексереді. Болат рулеткамен немесе жер өлшейтін баумен участокты бөледі.
Сынаққа арналған участоктың бұрыштарыеа қазық қақтырылады. Әр қабаттың барлық шеткі сызықтарын түзу жағынан тексереді және шотпен немесе қол планетпен борозданы салады. Әр қабаттың шекаралары бекітілген уақытта, әр қайталаудың шекарасын қойдырады. Осымен бірге әр қорғалатын делянканың кеңістігі есепке алынады. Әр қабаттың екі жағынан бойлық сызық бойынша делянканың алдыңғы жақтарын өлшейді және қайталаудың нөмері, делянканың нөмері, сорттың аты қазыққа жазылып шегеленеді, Участоктарды бөлгенде жіңішке тақта немесе қазық үшін ойылған жерлері бар рейка түріндегі шаблон қолданады.
Жеміс-жүзім мемлекеттік сортсынау участоктың кеңістіктегін кврталдарға бөлуін және жеке дақылдар немесе сорттар тобы бойынша сынақтар орналастыруын, мемлекеттік сортсынауучастоктың кеңістігін ұйымдастыру жобасына сәйкес өткізеді. Келесі сынақты тиісті кварталда, бұрын себілген сынақ қасында ееді. Әр сынақтың шеткі делянкалар бойы бір қорғалатын қатар егіледі. Сынақтан шығарылған құнарсыз жерде есепке алынбайтын өсімдіктер егіледі.
Сынақтарды егу (отырғызу)
Егістен кейін түзілмейтін қателер болмау үшін агрономдар және мемлекеттік сортсынау участоктың меңгерушісі міндетті түрде сынақ түрін ұқыпты ұйымдастыруын өткізулері мүмкін. Осы үшін егіс бригадасының мүшелерін егіс техникасының бүкіл құралдарымен немесе отырғызылған қсімдіктермен алдын ала таныстырылады. Сынақтар егу техникасына кіреді:
* Егістің алдында мөлшерін өткізу үшін сеялканың ӨБҚ рычагтарының керекті қалпын анықтау; 
* Далаға шықпас бұрын әр сыналатын сорт бойынша ұрықтарды немесе көшет материалдарды алдын ала дайындау. Әр қапқа сорттың аты, делянканың нөмірі ішкі және сыртқы этикеткаларына жазылып жабыстырылады. Соңғы қайталаудың делянкасында егіс жақсы болу үшін керекті мөлшерін өлшейді;
* Егуіне бір сағат бұрын ұрықтар салынған қаптарды егуіне сәйкес ретімен таратып салуы;
* Жүру бағытын, сеялканың қосуы мен сөнуін есепке алуымен трактор өткен жолды бороздкамен белгілеу;
* Ұрықтардың топырақтардың астына кіргізу тереңдігін анықтау үшін шеткі қорғайтын делянканыің егуін бастау;
* Әр сорт бойынша керекті ұрықтар мөлшерін егуінің ұқыпты бақылауын өткізу. Себудің фактілік мөлшері есептік мөлшерінен 5 пайыздан жоғары болмауы керек. Өсімдік сорттардың ұсақ ұрықтары және ұрықтардың нашар сусымалылығы бойынша себудің фактілік мөлшері есептік мөлшерінен 10 пайыздан жоғары болмауы керек. Себудің фактілік мөлшерін есептегенде, егілген кеңістік сынақта қабылданған кеңістіктен біршама үлкен болатындығын есте сақтау керек, себебі делянканың шекераларынан 1 метр жуық жерде сеялканы қосып сөндіреді. Әр сортбойынша барлық қайталауларда егілген кеңістік өлшенеді. 
* Атжал қалдырмау үшін тракторшының және егушінің бірлескен жұмыстары арқасында сеялканың тоқтауын болдырмау. Егістің уақытында сеялканы амалсыз тоқтатылуы қажет болғанда сқңдіріп, 50-60 см артқа қарай жылжытады және керек уақытында тағыда қосады. 
* Әр егістен кейін тұқымдық жәшікті тазалау. Реттеу рычагпен жылжымалы донышкаларды ашып, аспалы қақпақты бұрап қойып, егіс білік, және қопсытар айналғанынан кейін ұрықтарды қабылдау тартпаларға жанастырады. Егілген ұрықтар мөлшерін және олардың қалдықтарын дала журналының тиісті графаларына кіргізеді;
* Бір күннің ішінде сынақ егуін өткізу. Егер бір күнде барлық сорттар бойынша егуін өткізуіне мұмкіншілік болмаған жағдайда, онда барлық қайталаулардың бүкіл топтарын егуін екінші күні өткізуіне болады; 
* Егер бір күннің ішінде дәнді дақылдардың сорттарыдың егуіне мүмкіндік болмаса, онда әр блоктың ішіне стандарт сортын қосып 13-15 сорттары бар блоктарға бөледі. Блоктарды қайталауларда және сорттарды блоктар ішінде рендомизация әдіспен орналастырады. 
* Келесі күні бүкіл блоктың егуін өткізеді. Егістің метерологиялық жағдайы кенет өзгеріп тұрса, онда түрлі уақытта егілген соорттарының блоктарын өзіндік сынақпен қарастыруға болады. 
* Қатар аралықтың егістігіне ерте пісетін сортты егеді; осымен біррге экскурсия өту үшін шекаралық қазықтар бойындағы ені 1 м жолды егілмеген түрде қалдырады. Қабат аралық алқаптарында культиваторлау кезде отамалы дақылдар бойынша алмаспайтын қатар аралықьарды алдырады. 
          Трактор сеялкасымен егіс жүргізілетін болса, онда қатарларды түзу сақтау үшін егістің алдында тракторды рульмен басқаруын ретке келтіреді.
          Тұтас қатарлап себетін және кең қатарлы пунктир әдістермен егілетін дақылдар арқылы 1 шаршы метрге себілген шығымды дәндіктердің мөлшерін есептеп шығарады. Осы үшін сорт бойынша себудің фактілік мөлшерін 1000 дәндіктердің массасына бөледі және ұрықтардың себу жарамдығына көбейтеді. Осымен бірге 13 қосымшада берілген таблицамен қолдануға болады. 
         Мемлекеттік сортсынау участокта көктеу толық шыққаннан кейін барлық егістіктердің күйін зерттейді. Егер бір ақау табылса оны дала журналына және жылдық есеп беруіне кіргізеді. Барлық кемістіктер ақау актімен толтырылады, делянкада қазықтармен белгіленеді және тиісті жер көлемі есептен алынады. 
       Өндіріс жағдайларда қолданылатын егу әдіспен сынақтарды өткзеді.    


Дәріс 12-13

 ӨСІП ӨНУ КЕЗЕҢДЕГІ БАҚЫЛАУЛАР МЕН ЕСЕПТЕР
                1.Фенологиялық бақылаулар
             2. Кезеңдер ұзақтығын есептеу
                                       
Өсіп өну кезеңде мемлекеттік сортсынау станцияларда және мемлекеттік сортсынау участоктарда өсімдіктер сорттары мен будандарының дамуына және өсуіне назар аударады және кейбір фазалар мен олардың қасиеттерін есепке алады.
Фенологиялық  бақылауларын  жүйелі түрде екі қайталауларда барлық сорттар бойынша  өткізеді. Бүкіл делянка өсімдіктерінің 10-15 c/o осы фаза басталса,бұл кезеңді фазаның жаңа басталуы деп атайды, ал өсімдіктердің 75c/o- да осы фаза басталса бұл кезеңді фазаның толық басталуы деп санайды.
 Егер фазаның басталуын анықтау қиын болса, олар бойынша фазалары басталғандарын анықтайды. Қорытындыларын қосып фазаға кірген өсімдіктер пайызын шығарады.
Күздік дақылдар және көпжылдық өсімдіктер бойынша күздік  вегетацияның біту мерзімін << ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау методиканың >> 2 және 3 басылымдарында көрсетілген орташа  температураның белгілі бір шектен өткен күні бойынша анықтайды.
Орташа тәуліктік температураның белгілі бір шектен өткен күнін келесі формула бойынша анықтайды.
                               ή=t0-t1t2-t1 x10

осында ή- белгілі шектен жоғары (күзде) немесе төмен (көктемде) температурасымен  декада ортасынан бастап керек күнге дейін күндер саны;
t0  -керекті күннің температурасы;
t1  -  жеті бойы белгілі шегінен жоғары (күзде) немесе төмен (көктемде) орташа температурасы;
t2- жеті бойы белгілі шектен төмен (күзде) немесе жоғары (көктемде) орташа температурасы;
10 (11)- жетісінің күндер саны.
Мысал 1. Қазан айының үшінші жетісінің орташа температурасы 36º С болса, қараша айының бірінші жетісінің орташа температурасы 1,3º С болады. Орташа тәуліктік температураның 0º С өту мерзімін табу керек.
 
                 ή=0-3,6-1,3-3,6х11=-39,6-4,9=8,1≈8 күн
	
Орташа  тәуліктік температураның 0ºС өту мерзімі- 2 қараша (25 қазаң +8 күн).
Мысал 2. Сәуір айының екінші жетісінің орташа температурасы 4,1 º С болса, сәуір айының үшінші жетісінің орташа температурасы- 6,8 º С. Орташа тәуліктік температураның 5º С өту мерзімін табу  керек.

                    ή=5-4,16,8-4,1х10=92,7=3,3≈3 күн

Орташа тәуліктік температураның  5º С өту мерзімі -18 сәуір (15 сәуір +3күн).
Келесі ережелермен қолданғанда фенологиялық бақылаулар дәлдігі жоғарыланады.
а) әр дақыл бойынша сорттар мен будандар даму фазаларын бақылау мен тіркеуін бір маман өткізсе;
б) құрғақ аудандарда бақылауларды күннің бірінші жартысында өткізсе;
в) бақылауды ортасында бір күн жіберіп өткізсе;
г) бақылауды басқа сорттармен, әсіресе стандартпен салыстырып өткізсе. 

Салыстыру фазасының басталуын анықтайтын көрсеткіштер <<Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау методиканың>> белгілі басылымдарында берілген.
Біржылдық нәтижелерді есептеу. Дәнді себу мен оның көктеп шығу кезеңінде дәнді сепкен күн қоса есептелінеді. Вегетацияның соңғы кезеңінде толық пісу фазасы тіркелінген күні де кіреді. Бөлек кезеңдердің ұзақтығын анықтағанда 14 қосымша берілген таблицамен қолдану керек. Осы кезеңнің соңғы күннің рет нөмерінен келесі кезеңнің соңғы күннің рет нөмерін алдырады; осымен бірге бірінші кезең үшін пісу мерзіміне сәйкес күннің рет нөмерінен алдырады. Өсіп өну кезеңнің басталуын төменде көрсетілген мысалда сияқты толық өскіндер шыққан күннен бастап есептейді.
 Мысал. Күздік бидай бойынша келесі мерзімдер тіркелген: 7 мамыр егісі, 21 мамыр толық өскіндері, 4 маусым-түптену басы, 30 маусым-толық масақтану, 4 тамыз-балауыз пісу. (табл.14).
                                                             14 таблица 
                             Кезеңдер ұзақтығын есептеу



Кезең
Кезең басы
Кезеңнің соңы
Таблица бойынша күндер санын есептеу
Кезеңнің күндер саны
Сепкеннен бастап толық өскіндер шыққанға дейін
7/v
20/v
140-126
14
Толық өскіндер шыққаннан түптенге дейін дейін
21/v
3/V1
154-140
14
Толық масақ салғаннан бастап балауыз пісуге дейін
4/V1
29/V1
216-180
26
Толық массаж салғаннан бастап балауыз пісуге дейін
30/V1
4/V111
216-180
36
Өсіп өну кезеңі
21/V
4/V111
216-140
76


Жаздық дақылдардың өсіп өну кезеңнің ұзақтығын шығарғандай күздік ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп өну кезеңінің ұзақтығын да сөйтіп келесі ережелерге сүйеніп шығарады:
А) өсімдіктердің күзде өсіп өну кезеңіне вегатация аяқталғанын тіркейтін күн кіреді, көктем-жаздық вегетацияның бірінші кезеңіне вегетация басталуын тіркейтін күн кіреді.
Б) егер егіс кәбиса жылы өткізілсе, онда вегетация кезеңдерінің ұзақтығын әдетте шығарған әдіспен шығарады; ал егер кәбиса жылы жинау өткізілсе онда күндер таблицасында 1 наурыз күннен бастап 1 үлкейту керек.
 Егер өсімдіктердің өсіп өну кезеңі қыста аяқталмаса, онда күздік өсіп өну кезеңнің ұзақтығын бөлек есептемейді.

2.ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР:
   
ТАҚЫРЫБЫ: 2-8
        Топырақтың агрохимиялық зерттеуі
Мемлекеттік сортсынау участоктарда және мемлекеттік сортсынау станцияларда ауыспалы егісте топырақ зерттеуі 5-7 жылдардан кейін қайталынады. Көпжылдық дақылдарын зерттейтін басқа участоктарда топырақ зерттеуі 8-10 жылдардан кейін қайталынады.
Топырақ картасы картограммалар мен жерге орналасқан жоспары агрохимиялық зерттеудің картографиялық негізі болып саналады.
Картографикалық картограммаларды толтыру үшін әр егістік жердің гектарынан бір аралас үлгі алынады, ал көкөніс мемлекеттік сортсынау участоктарынан 0,5 га. Көктемде тыңайтқыштарды кіргізбей тұрып немесе танап дақылдарын жинаған соң үлгілерді алады.
Агрохимиялық зерттеудің нәтижелері бойынша мердігер (посредник) агрохимиялық сипаттамасы мен агрохимиялық картограммаларын 3 дана жасап инспектураға жибереді.
Сипаттамаға топырақтың агрохимиялық құрамы туралы материалдар, тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану және топырақ құнарлығын жақсарту жөніндегі ұсыныстар кіреді. Осымен бірге пайдаланатын жер көлемі, егістік алқаптық құрамы, ауыспалы егісте дақылдар алмасуы, эродирлендіру, жер жырту, тастылығы, топырақтың арамшөптермен басылуы, өнімділігі көрсетіледі.
Топырақтың агрохимиялық көрсеткіштері көрсетіледі:  қарашірік, оңай гидролизденген азот, жылжымалы фосфор, алмасу калий, кальций, магний, гидролитикалық қышқылдығы. Топырақ реакциясы мен әр үлгі бойынша негіздер қосындысы және ауыспалы егіс танабы бойынша орташа көрсеткіштері беріледі. Қоректену элементтер картограммасында рН, қарашірік мөлшері беріледі. 
Сипаттамада топырақ зерттеуінің соңғы қортындылары бойынша және << Егіншілік жүйелерінің >> қорытындылары бойынша жоспарланған өнімнің  NРК мөлшері беріледі.
                                       
                                       
                            Тексеру егіс
Кез келген танап сынағының және сорттар мен будандарсынауының алғы сатысына тексеру (анықтау) егістер кіреді. Мемлекеттік сортсынау участоктарын ұйымдастырмастан бұрын осы участок ұйымдастырылатын жерге егін егіп байқайды.
Тексеру егісі егіс танапта, участокта сынау өткізу жарамдылығын тексеру мақсатымен өткізілетін арнайы егіс. Бұл танапты пайдалануға рұқсат етілген сорттың тұқымдарымен немесе дәнді дақылдардың(сұлы, тары) перспективті сорттың тұқымдарымен етеді. Тәжірбие бір сорт бойынша, бір мезгілде егіліп, бір мезгілде жиналады. Күтіп баптау жұмыстары да бір әдіспен бір мөлшерде орындалады.
Сынауға арналған жеке участоктар жерінің құнарлылығы оның біркелкілігі, өнімді өлшеу арқылы анықталады.
Тексеру есептің басталуына дейін комбайнмен танапты шауып тастайды. Өлшейтін таспамен және белгіге қоятын ағашпен екі- үш түзу алқаптарын салады. Осы алқаптарда бөлшек есебі өтеді. Комбайн алқаптан өткеннен кейін делянка көлемі 50 квадрат  немесе 100 квадрат м тең түзу алқаптарды жасап қойдырады.
Алқапта арадағы жолдарды шауып алады, содан кейін ғана  есепті бастайды. Әр делянкадан алынған дәнді өлшейді және ц/га берілген өнімділігін анықтайды. Өнімнің бөлшек есебінде есептейтін жер көлемдерінің нөмерленуі міндетті түрде болу керек.
Статистикалық есепте бөлшек есептің нәтижелері бойынша анықтайды:
а) барлық делянкалардан алынған өнім қосындысын (Q);                                                              
б) жалпы қосындысын делянка санына бөлу жолымен алынған бір делянка өнімі (М);
в) келесі  формула арқылы орташа екі еселенген айырмашылықты (σ):
                                       
σ=n·Σy2-Q2n·(n-1)
осында Σy2- екі еселенген делянка нәтижелерінің қосындысы;
           Q2- делянка нәтижелерінің екі еселенген қосындысы;
 n-бөлшек есебінің делянкалар саны;
г)  түрлендіру коэффициентін төмендегі формуламен анықтайды:
                                 V = σ·100М

д) келесі формула арқылы түрлендіру коэффициенті:
                                    Р = V2
Егер  сынақ қатесі 4 c/o жоғары болмаса, ондай участок 4 ретті қайталануда сынақ өткізуіне ыңғайлы болады. Егер  4c/o  жоғары болса,бірақ 6,2c/o жоғары болмаса,ондай участок 6 ретті қайталануда сынақ өткізуіне ыңғайлы болады.
Әр жерден алынған бөлшек есептің қортындыларын, жерде орналастыру схемасын және участок сынау өткізуге жарамды туралы қортындысын мемлекеттік сортсынау участоктары облыс(аймақ) инспектураларға жібереді.
Мемлекеттік сортсынау участоктың бөлшек есебі істелінбеген жерінде осы жұмыс келесі жылдары осы тәртіппен өтеді.
                                       
Мемлекеттік сортсынау станцияның, мемлекеттік сортсынау участогінің ауыспалы егісі
Мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктарда ғылыми негізделген ауыспалы егістер өтеді. Менмлекеттік сортсынау участоктарға жәнек мемлекеттік сортсынау станцияларға осы егістерді кіргізу жергілікті егіншілік жүйелер кеңес береді.
Арнайы бағыты бойынша ауыспалы егістерді дала, көкөніс, мал азықтық, мақта- жоңышқа, шабындық- жайылым ж.т.б. деп бөледі.
Ауыспалы егістер сынақтарын ауыспалы егіс схемасымен қарастырылған алғы дақылдарға орналастырып егеді.
Егер мемлекеттік сортсынау участоктың ауыспалы егісінде көпжылдық өсімдіктер жоқ болса, онда олар үшін арнайы азықтық ауыспалы егіс қолданады немесе өсімдіктер сынауын жеке танаптарда өткізеді. Аралық дақылдар арқылы ( егілетін, шабылған, орыған)жыртылған жердің өнімділігін жақсарту мақсатымен ылғалданған немесе суарылатын жерлерде ауыспалы егісті жүргізеді.
Берілген жерде жерге орналастыру жұмыстарын өткізгенде егістің шабылған танаптары тік бұрышты және жер көлемі бірдей болу керек. Ауыспалы егіс танабының әр бұрышына діңгек жәнежасырын реперларын қояды. Негізгі топырақ өңдеу жұмысы жердің бауырында көлденең өткізеді.
Ауыспалы егістің әр танабына жоспарда, дала тарихы кітабында, діңгектерде белгіленген тұрақты нөмір  беріледі. Егер танаптар екі яруста орналасса, олардың араларына ені  6-10 м жол салдырады. Егер танаптар бір яруста орналасса, онда жолды танап айналасында салдырады. Дала жолдары тегіс, арамшөптері алынған, таза болуы керек. Жолдарға арналған жер көлемін егістік жерге жатқызбайды.
Сынау өткізуге жарамсыз участоктарды тұрақты құнарсыз жерге жатқызады жәнек жоспарда белгілеп, реперлермен қоршап алады.
Сыналатын сорттар мен сорттық технологияның элементтерін дұрыс бағалау үшін енгізілген ауыспалы ауыспалы егістерді негіз ретінде пайдаланады. Осы мақсатпен:- әр танап жер бедері жағынан тегіс және топырақ құнарлығы жағынан бірдей болуы керек;                                                                                                                         -қоршалатын егістен кейін 2 жыл өткен соң сынақты өткізу үшін танап көлемі оған ыңғайлы болуы керек;                                                                                  - бір танапта бір дақылды немесе өңдеу технологиясы жағынан бірдей дақылдарды егу керек;                                                                                               - әр технологиялық әрекеттер бір күннің ішінде істелінуі керек.
Ауыспалы егіс танабының сынаққа арналған жер көлемі    34  тең болуы керек.                                                                                                                              Ауыспалы егіске көшу жоспарын инспектура бастығы бекітеді.                             Егер ауыспалы егістің схемасымен қарастырылған алғы дақылдардың жерлерінде барлық дақылдар орналасса ауыспалы егіс игерілген болып саналады.
            Танап қорғайтын ағаш егіндігі
Егіншілік жүйеге сәйкес мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктарда танапты қорғайтын ағаш егуін ұйымдастырады.
Мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік солртсынау участоктардыфң танап қорғайтын ағаш алқаптары танап қорғайтын еғгістердің ажыратпас бөлігі болып саналады.
Танап қорғайтын ағаш алқаптарының енін, бұта және ағаштардың құрамын ағаш жақсарту ұйымдардың кеңестеріне сәйкес жасайды.
Мемлекеттік сортсынау участар ағаш алқаптарын жақсарту мақсатымен күтім, жөндеу, қалпына  келтіру жұмыстарын өткізеді. Дала тарихы кітабында танап қорғайтын ағаш алқаптарының орналасуын белгілейді және ағаш алқаптардың ені мен тұқымдар туралы мәліметтер беріледі.

ТАҚЫРЫБЫ: 9-16
Сынақтың бақылауы мен есептері. Сынақтың бақылауы мен есептерін конкурсты снаудың методикасы бойынша жүргізеді. Қосымша зерттеулерді зерттелетін әдістің ерекшеліктеріне байланысты көрсеткіштер бойынша жүргізеді. Мысалы, е.гу мөлшерін зерттейтін сынақтар бойынша өнім құрылымының толық сараптамасын көрсетеді. Ал себу мерзімін анықтайтын сынақтар бойынша кешігіп жиналған өнімдердің шығындарын есептейді. Бақылау мен есептердің қортындыларын дала журналдарымен жылдық есеп берулеріне кіргізеді. 
Екі факторлы сынақтар варианттары көрсеткіштерінің бір  -  бірінен айырмашылығының есептеу әдісі бойынша шешіледі. (табл. 4,5,6).
Бірінші фактор варианттар көрсеткіштерінің айырмашылығын бағалау.
Вариант 
Өнімділік,
Ц/га
Айырмашылықтар 
       1
2
3
            4
           5
А
Б
В

К
(Б-А)
(В-А)

К
(В-Б)


К

Екінші фактор варианттар көрсеткіштерінің айырмашылығын бағалау.
Вариант 
Өнімділік,
Ц/га
Айырмашылықтар 
       1
2
3
            4
           5
1
2
3

К
(2-1)
(3-1)

К
(3-2)


К

Жылдық есеп беру таблицасында зерттелетін варианттар бірінші фактор кезегімен және екінші фактор тварианттары бойынша бөлшектеуі бойынша жаздырады. варианттардың далада орнасу схемасы жылдық есеп беруіне кіреді.
Сорттық технология бойынша жүргізілген сынақты 2-3 жылдар ішінде мемлекеттік сортсынау участігінде өткізеді. Егер зеттелетін варианттар бойынша дұрыс нәтижелер немесе дұрысталған схема бойынша жүргңізілуә мүмкін.
Сынақ нәтижелерін және олар бойынша жасалған сынақ қорытындыларын облыстық (республикалық) комиссияларда қарайды жәнге сортты өңдеу кепілдемеге кіргізеді.

ТАҚЫРЫБЫ: 16-24
Күздік бидайдың 50 ц/га өніміне берілетін NPKның мөлшерін есептері

                           Көрсеткіштер
                      Элементтер бойынша

                                       N
                                     P2O5
                                      K2O
1. Көректік заттарды пайдалану, кг/1 ц дәнге (К3)
2. Белгіленген өнімге пайдаланатын көректік заттардың жалпы мөлшері, кг/га (К3 жалпы=Өнім х К3)
3. Топырақтың құрамында, мг/100г(11)
4. Барлық көректік заттар 22 см қабатта кг/га
(Т х ЖТ егер ЖТ=30)
5. Топырақтағы NPKны пайдалану коэффиценттері (ЖТ)
6. Топырақтағы көректік заттарды пайдалану мөлщері, кг/га (Пт=Т х ЖТ х ПК)
7. Қажетті мөлшер мен топырақтан пайдаланылатын көректік заттардың айырмасы (жетіспейтін мөлшер), кг/га (К3= Кзжалпы- Пт)
8. NPK көректік заттарының пайдалану коэффициенті (МКПК)
9. Тыңайтқышпен берілетін көректік заттардың мөлшері, кг/га (М ә.з.=Ш : Км)
                                     3,25
                                       
                                     162,5
                                       
                                       
                                      9,6
                                      288
                                       
                                       
                                     0,27
                                       
                                     77,8
                                       
                                     84,7
                                       
                                       
                                       
                                     0,67
                                       
                                      126
                                     1,15
                                       
                                     57,5
                                       
                                       
                                     11,3
                                      339
                                       
                                       
                                     0,07
                                       
                                     23,7
                                       
                                     33,8
                                       
                                       
                                       
                                     0,30
                                       
                                      113
                                     2,00
                                       
                                      100
                                       
                                       
                                     24,5
                                      735
                                       
                                       
                                     0,11
                                       
                                     80,8
                                       
                                     19,2
                                       
                                       
                                       
                                     0,75
                                       
                                      26



Әр көректік элемент бойынша осы есепті келесі формула арқылы анықтауға болады:

Мә.з.= (Ух Ш1)-(ТхЖТ х ПК)
          МКПК	

Жоғарыда берілген мысал бойынша:

Мә.з.N= (50х3,25)-(9,6х30х0,27)  = 126кг/га N. 
	   0,67

Мә.з.Р2О5 = (50х1,15)-(11,3х30х0,07)  = 113кг/га Р2О5.	
	0,30

Мә.з. К2О = (50х2,00)-(24,5х30х0,11)  = 26кг/га К2О.
                                      0,75



   Органикалық және минералды тыңайтқыштарды бірге бергенде органикалық тыңайтқыштармен бірге берілетін көректік заттардың мөлшерін қосымша есептейді және өсімдіктермен қолданған мөлшерін есептейді(10 қосымша).
   Мысалы: қант қызылшасы егілген жерге көң берген жағдайда, тыңайтқыштан алынатын көректік заттың мөлшері 40 т/га көң кіргізілсе, онда көңнен шығару мөлшері (ОТМ х К3М х КПК) азот бойынша 30 кг/га N (40х5х0,15), 20 кг/га Р2О5 (40х2,5х0,20) және 144 кг/га К2О (40х6х0,60) болады.
Есеп формуласы төмендегідей болады:

Мә.з.= (Ө х К3)-(Т х ЖТ х ПК)-(ОТМ х К3М х КПК)
	МКПК

Осында Мә.з.  -  берілетін тыңайтқыштың мөлшері, әсерлі затқа шыққанда, кг/га;
Ө- жоспарланған өнім мөлшері, ц-га;
К3- негізгі және қосымша өнімнің пайдалынатын көректік заттар мөлшері, кг;
ТК- топырақтағы көректік заттың мөлшері, мг/100г;
ЖТ- тыңайтқыш беретін жердің тереңдігі, см;
ПК- топырақтағы көректік заттың пайдалану коэффициенті;
ОТМ- органикалық тыңайтқыштың пайдалану мөлшері, т/га;
К3М- органикалық тыңайтқыштың құрамындағы көректік заттардың мөлшері, кг/т;
КПК- органикалық тыңайтқыштар құрамындағы көректік заттардың пайдалануы;
МКПК- минералдық тыңайтқыштар құрамындағы көректік заттардың пайдалану коэффициенті.
   Есептерде минералды көректік элементтердің топырақта қандай мөлшерде болуын келесі әдістер арқылы анықтайды: азотты- Тю          және Конованың әдісі бойынша, фосфорды- Кирсановтың әдісі бойынша және калийді- Маслованың әдісі бойынша. Егер фосфор мен калийдың болуын басқа әдістермен анықтаса, онда алдын ала мемлекеттік сортсынау участок топырағының элементтерін 11 ,12 қосымшалармен қолданып, көрсетілген әдістерге аударады.
   Егер топырақта Мачигиннің әдісі бойынша Р2О5 4,5 мг/100г болса, онда Кирсановтың әдісі бойынша 10 мг/100г болады.
   Мемлекеттік сортсынау участок топырағының оңай гидролизтенген азоттың нәтижелері болмаса, онда есепті фосфор мен калий бойынша өткізеді, ал азоттың мөлшерін азот пен фосфордың ара қатынасы арқылы анықтайды. Мысалы, егер жоғарыда жасалған тыңайтқыштардың мөлшерінде топырақта азот болмаса, онда есеп тәртіппен орындалады:

                           Көрсеткіштер
                                       N
                                    Р2О5
* Өнімге пайдаланылатын көректік зат мөлшері, кг (К3)
* Тыңайтқыштар құмындағыкөректік заттардың пайдалану коэффициенті (МКПК)
* Өнімге берілетін көректік заттың мөлшері, кг (К3 : МКПК)
* Азот (N) пен Р2О5 ара қатысы (4,85:3083)
* Р2О5 113 кг/га (113х 1,26) азот мөлшері
                                     3,25
                                     0,67
                                       
                                     4,85
                                       
                                     1,26
                                      142
                                     1,15
                                     0,30
                                       
                                     3,83
                                       
                                       1
                                       


   Топырақта азот болмаса 16 кг/га немесе 12,7% (146-126) кіргізу мөлшеоінің айырмасын береді. Содан да, осы мөлшер ғылыми дәлелденген болады.
   9-13 таблицаларда басқа дақылдар бойынша тыңайтқыштарды кіргізу мөлшері берілген. Есеп үстінде топырақтың NРК қолдану орташаланған коэффициенті және берілетін тыңайтқыштардың коэффициенті алынған. Суарылған жерде тыңайтқыштардың мөлшерін есептегенде, топырақтың және тыңайтқыштардың NPK қолдану коэффициенті жоғары болады. Қышқыл топыраққа извест қосқан кезде коэффициенттер 12-15 % дейін өседі.       Коэффициенттер ғылыми-зерттеу институттарда, жоғары оқу орындарда және химизациялау станцияларында анықталады. 

                                       
Ас бұршақтың өнімін алу үшін керекті NPK мөлшерінің есебі
                                       
                           Көрсеткіштер
                      Элементтер бойынша

                                       N
                                     P2O5
                                      K2O
1. Көректік заттарды пайдалану, кг/1 ц дәнге (К3)
2. Белгіленген өнімге пайдаланатын көректік заттардың жалпы мөлшері, кг/га (К3 жалпы=Өнім х К3)
3. Топырақтың құрамында, мг/100г(11)
4. Барлық көректік заттар 22 см қабатта кг/га (Т х ЖТ егер ЖТ=30)
5. Топырақтағы NPKны пайдалану коэффиценттері (ЖТ)
6. Топырақтағы көректік заттарды пайдалану мөлщері, кг/га (Пт=Т х ЖТ х ПК)
7. Қажетті мөлшер мен топырақтан пайдаланылатын көректік заттардың айырмасы (жетіспейтін мөлшер), кг/га (К3= Кзжалпы- Пт)
8. NPK көректік заттарының пайдалану коэффициенті (МКПК)
9. Тыңайтқышпен берілетін көректік заттардың мөлшері, кг/га (М ә.з.=Ш : Км)
                                     6,60

                                      198


                                     11,6
                                      348

                                     0,42

                                      146

                                      52



                                     0,65

                                      80
                                     1,52

                                     45,6


                                      9,5
                                      285

                                     0,12

                                     34,2

                                     11,4



                                     0,37

                                      31
                                     2,00

                                      60


                                     12,4
                                      372

                                     0,11

                                     40,9

                                     19,1



                                     0,75

                                      25
                                       
Жоспарланған жүгердің 100ц/га өніміне арналған NPK мөлшерінің есебі

	
                           Көрсеткіштер
                      Элементтер бойынша

                                       N
                                     P2O5
                                      K2O
1. Көректік заттарды пайдалану, кг/1 ц дәнге (К3)
2. Белгіленген өнімге пайдаланатын көректік заттардың жалпы мөлшері, кг/га (К3 жалпы=Өнім х К3)
3. Топырақтың құрамында, мг/100г(11)
4. Барлық көректік заттар 22 см қабатта кг/га (Т х ЖТ егер ЖТ=30)
5. Топырақтағы NPKны пайдалану коэффиценттері (ЖТ)
6. Топырақтағы көректік заттарды пайдалану мөлщері, кг/га (Пт=Т х ЖТ х ПК)
7. Қажетті мөлшер мен топырақтан пайдаланылатын көректік заттардың айырмасы (жетіспейтін мөлшер), кг/га (К3= Кзжалпы- Пт)
8. NPK көректік заттарының пайдалану коэффициенті (МКПК)
9. Тыңайтқышпен берілетін көректік заттардың мөлшері, кг/га (М ә.з.=Ш : Км)
                                     3,03
                                       
                                      303
                                       
                                       
                                     12,0
                                      492
                                       
                                     0,40
                                       
                                     196,8
                                       
                                     106,2
                                       
                                       
                                       
                                     0,85
                                       
                                      125
                                     1,02
                                       
                                      102
                                       
                                       
                                     10,0
                                      410
                                       
                                     0,18
                                       
                                     73,8
                                       
                                     28,2
                                       
                                       
                                       
                                     0,45
                                       
                                      63
                                     3,13
                                       
                                      313
                                       
                                       
                                     25,0
                                     1025
                                       
                                     0,28
                                       
                                      287
                                       
                                     26,0
                                       
                                       
                                       
                                     0,95
                                       
                                      27


Картоптың жоспарланған 350ц/га өніміне арналған NPK мөлшерінің есебі

                           Көрсеткіштер
                      Элементтер бойынша

                                       N
                                     P2O5
                                      K2O
1. Түйнектермен заттарды пайдалану, кг/1 ц дәнге (К3)
2. Белгіленген өнімге пайдаланатын көректік заттардың жалпы мөлшері, кг/га (К3 жалпы=Өнім х К3)
3. Топырақтың құрамында, мг/100г(11)
4. Барлық көректік заттар 22 см қабатта кг/га (Т х ЖТ егер ЖТ=30)
5. Топырақтағы NPKны пайдалану коэффиценттері (ЖТ)
6. Топырақтағы көректік заттарды пайдалану мөлшері, кг/га (Пт=Т х ЖТ х ПК)
7. 80 т көңнен кіргізілген кг/га
8. Көңнен қолдану коэффициенті
9. Көңнен қолданатын болады, кг/га (ОТМ х К3М)
10. Қажетті мөлшер мен топырақтан пайдаланылатын көректік заттардың айырмасы (жетіспейтін мөлшер), кг/га (К3= Кзжалпы- Пт)
12. NPK көректік заттарының пайдалану коэффициенті (МКПК)
13. Тыңайтқышпен берілетін көректік заттардың мөлшері, кг/га (М ә.з.=Ш : Км)
                                     0,62

                                      217


                                      9,0
                                      270

                                     0,27

                                     72,9

                                      400
                                     0,20
                                      80

                                     64,1



                                     0,65

                                      99
                                     0,30

                                      105


                                     10,4
                                      312

                                     0,09

                                     28,1

                                      200
                                     0,30
                                      60

                                     16,9



                                     0,30

                                      56
                                     1,45

                                     507,5


                                     21,8
                                      654

                                     0,25

                                     163,5

                                      480
                                     0,50
                                      240

                                     104,0



                                     0,90

                                      115
	
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
Шабындық беденнің пішеннің жоспарланған 70ц/га өніміне арналған
                      NPK мөлшерінің есебі

                           Көрсеткіштер
                      Элементтер бойынша

                                       N
                                     P2O5
                                      K2O
1. Пішенді пайдалану, кг/1 ц дәнге (К3)
2. Белгіленген өнімге пайдаланатын көректік заттардың жалпы мөлшері, кг/га (К3 жалпы=Өнім х К3)
3. Топырақтың құрамында, мг/100г(11)
4. Барлық көректік заттар 22 см қабатта кг/га (Т х ЖТ егер ЖТ=30)
5. Топырақтағы NPKны пайдалану коэффиценттері (ЖТ)
6. Топырақтағы көректік заттарды пайдалану мөлщері, кг/га (Пт=Т х ЖТ х ПК)
7. Қажетті мөлшер мен топырақтан пайдаланылатын көректік заттардың айырмасы (жетіспейтін мөлшер), кг/га (К3= Кзжалпы- Пт)
8. NPK көректік заттарының пайдалану коэффициенті (МКПК)
9. Тыңайтқышпен берілетін көректік заттардың мөлшері, кг/га (М ә.з.=Ш : Км)
                                     2,50
                                      175


                                      8,8
                                      264

                                     0,47
                                       
                                     124,1
                                       
                                     50,9


                                       
                                     0,82
                                       
                                     62**
                                     0,56
                                     36,2
                                       

                                      9,2
                                      276
                                       
                                     0,11
                                       
                                     30,4
                                       
                                      8,8
                                       


                                     0,35
                                       
                                      25
                                       
                                     1,50
                                      105


                                     13,4
                                      402

                                     0,11

                                     44,2

                                     60,8



                                     0,82

                                      74

   Жеке далаларда фосфор мен калийдің құрамы бойынша алақұлалық табылса, онда топырақта РК мөлшерін олардың ең аз көлемі бойынша есептейді. Фосфор мен калийдің негізгі бөлігін негізгі өңдеуден өткізеді, алдымқыл аудандардың жеңіл топырақтарында алдынғы егістен өткізеді. Егіс үстінде фосфордың азғантай көлемін жеке қатарларына сеялкалармен кіргізуге болады. Азотта егіс алдында кіргізеді және күздік өсімдіктермен көпжылдық өнім тұқымдас өсімдіктерді қоректендіру үшін кіргізеді. 
   Әр жыл сайын мемлекеттік сортсынау станциясы мен мемлекеттік сортсынау участок тыңайтқыш жүйесінің негізінде, Мемлекттік комиссияның инспектура бастығымен бекітілген тыңайтқыштарымен қолдану жоспарын жасайды.
  Тыңайтқыштарды көң шашқыш және тыңайтқыш сеялкалармен енгізеді.

Суармалаудағы жоспарланған қылтанақсыз мықын пішеніне арналған
                      NPK мөлшерінің есебі
                           Көрсеткіштер
                      Элементтер бойынша

                                       N
                                     P2O5
                                      K2O
1. Пішенді пайдалану, кг/1 ц дәнге (К3)
2. Белгіленген өнімге пайдаланатын көректік заттардың жалпы мөлшері, кг/га (К3 жалпы=Өнім х К3)
3. Топырақтың құрамында, мг/100г(11)
4. Барлық көректік заттар 22 см қабатта кг/га (Т х ЖТ егер ЖТ=30)
5. Топырақтағы NPKны пайдалану коэффиценттері (ЖТ)
6. Топырақтағы көректік заттарды пайдалану мөлщері, кг/га (Пт=Т х ЖТ х ПК)
7. Қажетті мөлшер мен топырақтан пайдаланылатын көректік заттардың айырмасы (жетіспейтін мөлшер), кг/га (К3= Кзжалпы- Пт)
8. NPK көректік заттарының пайдалану коэффициенті (МКПК)
9. Тыңайтқышпен берілетін көректік заттардың мөлшері, кг/га (М ә.з.=Ш : Км)
                                     2,20
                                      220


                                      7,2
                                      216

                                     0,37
                                       
                                     79,9
                                       
                                     140,1


                                       
                                     0,85
                                       
                                      165
                                     0,64
                                      64
                                       

                                     10,8
                                      324

                                     0,11

                                     35,6
                                       
                                     28,4

                                       

                                     0,37

                                      77
                                     1,76
                                      176


                                     21,5
                                      645

                                     0,13

                                     83,8

                                     92,2



                                     0,82

                                      112
                                       
   Келесі шабылған шөптерге азот пен калийды енгізу: бірінші шабылған шөпке  -  40% немесе  N66 K45, екінші шабылған шөпке- 35% немесе N58K39 және үшінші шабылған шөпке  -  25% немесе N41K28. Фосфорды өсіп өну кезеңге дейін күзде немесе көктемде енгізу керек. 
    Мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктардың далаларына РУМ типті агригаттар көмегімен, самолеттан және машиналардан тыңайтқыштарды шашуға болмайды.
     Тыңайтқыштарды болашақ делянкаларға кесе көлденең түрде дала аралық жолдарда бұрылып енгізеді. Техниканы алдын ала дайындайды. Органикалық тыңайтқыштарды қолмен шашады, даланы бірдей клеткаларға бөліп, олардың ішіне бір мөлшердегі тыңайтқыштарын енгізеді. Мемлекттік сортсынау участоктардың далаларына тыңайтқыштарды төгуіне, көңнің немесе қорданың штабельдерін егуіне тыйым салынды.


ТАҚЫРЫБЫ: 24-30
Көп жылдық нәтижелерді есептеу. Даму фазалары бойынша орташа көп жылдық мерзімдерді барлық жылдар бойынша есептейді. Ыңғайлы болу үшін анықтауын алғашқы айдың бірінші күннен бастап есептейді. Осымен бірге әр жыл сайын айдың бірінші күнінен бастап фаза басталғанына дейін күндер санын бекітеді. Осыдан кейін күндер жалпы санын есептеп орташа мөлшерін шығарады. Егер осы мөлшер 30 немесе 31 күннен жоғары болса, онда келесі ай фазасының орташа мерзімін алады.(табл.15)


15 таблица

Фаза басталуының көпжылдық орташа мерзімін есептеп шығару



Көрсеткіш



Жылдар
    10     жыл да    алын   ған   орта  ша

19 74
19  75
19  76
19 
76
19  77
19  78
19 80
19 81
19 82
19 
83



Балауыз пісудің басталу мерзімі

22/
VΙΙ


24/
VΙΙ

29/
VΙΙ

20/
VΙΙΙ

12/
VΙΙΙ

25/
VΙΙ

7/
VΙΙΙ

7/
VΙΙΙ

10/
VΙΙΙ

11/
VΙΙΙ

4/
VΙΙΙ

Шілденің 1 бастап фаза басталуына дейін


22


24


29


51


43


25


38


38


41


42


35,3


35 күннен 31 күнді алдыртсақ балауыз пісудің 4/VΙΙΙ орташа мерзімін  аламыз. Басқа фазалар бойынша да орташа мерзімдерді осылай шығарады. 
Өсімдіктердің жиілігі сорттар мен будандарды дұрыс бағалау және сипаттау үшін маңызды болып саналады. Өйткені осы көрсеткіш өнім мөлшерін анықтайды. Сортсынауда міндетті түрде қоректену алаңы бір уақытта пісетін сорттар үшін бірдей болу керек. Бір қалыңдықта егу үшін жоғары сапалы ұрықтарменен (егіс стандарттың 1-11кл.) пайдаланады және егу мөлшерін дұрыс алады.
Кең қатарлап және жаппай егілетін дақылдарда өскіндер шығу қалыңдығын 1 шаршы метр жерде орналасқан өсімдіктерді 1 шаршы метр жерде егілген шығымды ұрықтарға бөліп және алынған мөлшерді 100 көбейтіп шығарады. Жинаудың алдында өсімдіктердің  тұру қалыңдығын қайта  анықтауы арқылы егістердің өсіп өну кезеңде пайда болған сиреуін бағалайды және сорттармен будандардың қолайсыз жағдайларына қарсы тұра алатындығын сипаттайды. Көпжылдық шабындық жайылым өсімдіктерде қалыңдықты  бірінші жылы есепке алады: бүркемесіз егістерде - толық өскіндер шыққаннан кейін, ал бүркеме астындағы егістерде  -  қыстың алдында. Екі қайталаудың белгіленген алаңдарда өсімдіктер қалыңдығын есепке алады, ал егіс мөлшері бар сынақтарда  -  сынақтың барлық қайталауларда. Алаңдарды алдын ала дайындалған шаблон арқылы бөледі. Егіс тәсілін қарай сыналатын алаң ішіне екі тұтас егілетін қатарлар немесе бір кең қатарлап егілетін қатар, немесе суыртпақтап сепкенде екі баулар қатары орналасады. Делянкалардың шеткі қатарларына сыналатын алаңдарды орналастырмайды.
Жаппай егілетін дақылдардың сыналатын алаңдары конкурсты сынауда 1/12 м2 тең болады, дәнді ірі бұршақты дақылдар бойынша  -  сынауда 1/6 м2, ал кең қатарлап себілетін дақылдар себілетін дақылдар бойынша  -  1/3 м2  тең болады.
Белгіленген алаңның ұзындығын келесі формула бойынша анықтайды: 
1/12 м2 сыналатын алаңда. 
1000012хРхМ
1/6 м2 сыналатын алаңда.
100006хРхМ
1/3 м2  сыналатын алаңда.
100003хРхМ

Осында  Р- қатарлар саны (2 немесе 1)
	М-	 қатар аралықтың ені, см.

	Күріш және дәнді дақылдар сынақтарында сыналатын алаңдарды салдырады. Делянканың төрт қайталауына үш алаңдарды салады, ал алты қайталауында екі алаңдарын салдырады. Сыналатын алаңдарды бір сызық бойынша ярустың барлық сорттарында қиғаш сызық бойымен салады.
	Толық өскіндер шыққанда алаңдарды төрт қазықшалармен белгілеп қояды. Сыналатын бауларды алғанда дұрыс бағытта жүру үшін осы алаңдарға бір ұзын қазықшаны қақтырады. Жинау алдында өсімдіктер қалыңдығын бұрынғы сыналатын алаңдарда есептейді. Толық өскіндер шыққын соң өсімдіктерді бірінші рет есептейді.
	Жинаудың алдында сыналатын алаңдардан өсімдіктерді алады және бауға жинап лабораториялық анализ жібереді (бау тәрізді үлгі). Осы өсімдіктерді және түзетулерді делянканың өнім есебіне кіргізбейді. Егер құрғақ топырақ қазып алған өсімдіктердің бөлуін қиындатса, онда жібіту үшін тамыр жүйені жер кесегімен бірге суға салады. Құрғақ аудандарда сынама үлгі алу жинау алдында, оларды ауыстырмайды.
	Отамалы дақылдар сорттарының егілген қалыңдығын методикалық ережелеріне сәйкес анықтайды.
	Сорттардың қолайсыз жағдайларға төзімділігін өсіп өну кезеңде барлық сорттар үшін егістер жағдайлары бойынша балдармен бағалайды. Қатты зақымдарға ұшырамаған егістерді 5 баллмен бағалайды. Ал кейбір ғана өсімдіктер қалған және солуына жақын егістерді 1 баллмен бағалайды. Егістердің және өсімдіктердің аралық жағдайын 4, 3, 2 баллдармен бағалайды. Керек жағдайда сорттар бағалауын 0, 5 баллға дейін өткізеді. Орташа бағалауын ондық белгімен қойдырады.
	Құрғақшылық кезеңде сыналатын егістерді күн сайын күтіп баптайды. Егер сорттар арасында дифференциация табылса егістердің көзбен шолу бағасын береді. Осымен бірге зақымға ұшырап кеткен өсімдіктердің сыртқы белгілерін сипаттайды: жапырақтардың жоғары  жақтарының жиналуы, күндіз уақыттарында олардың солуы, тургордың түнде қалпына келуі, жапырақтардың, сабақтардың, гүл шоғырылардың. Түйіннің сарғаюы және құрғап қалуы ж.т.б. Бқлек сорттар зақымнан кейін қалай өз қалпына келетінін бақылап белгілейді. 
	Егер егістер зақымға тегіс ұшырамаса онда бөлшек есепті өткізеді. Осы үшін делянканы тік бұрыштарға бөледі. Делянканы орташа баллмен бағалайды.
	Сорттардың қысқы және аязға төзімділігін бағалау әдістері << Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын мемлекеттік сынау методикасының>> тиісті басылымдарында берілген шкалалар бойынша өсімдіктердің және егістердің жалпы жағдайын  баллдармен бағалайды.
	Сорттардың жапырылуға, төгілуге, дән (ұрықтар) көктеуіне және бастыруға төзімділігін бағалау. Өсімдіктердің жапырылу себептері түрлі болады: сорттардың генетикалық қасиеттері, егіс қалындағаннан жарық жетіспейтіні, қатты жаңбырлар мен желдер, ылғалдылық артығы, біржақты азот қоректендіруі және басқалар.
	Будандардың және сорттардың жапырылуға төзімділігі жинауға дейін баллдармен бағаланады. Бағалауды сорттар жапырылған күннен бастап немесе келесі күннен бастап өткізеді, ал содан кейін 5-10 күннен кейін өкізеді.
	Жапырылмайтын сорттарды 5 баллмен бағалайды; жапырылған, бірақ қайта тұрып және қатты жапырылып қалмағандарды -4; жапырылуы орташа дәрежедегі сорттарын -3; қатты жапырылған, көліктермен жинағанда қиыншылық тудыртатындарды-2; жинауға дейін қатты жапырылған көліктермен жинауға жарамсыз болған сорттарын -1. Керекті жағдайда бағалауды 0,5 баллға дейін өткізеді.
	Әр сорт бойынша жапырылу мерзімімен бірге өсімдіктер өсіп өну фазасы, сорт жапырылуы қандай матеорологиялық жағдайларда және егін сабағының қалыңдығында (сиреген, орташа,қалыңдаған) өтті, жапырылғаннан кейін қалай өз қалпына келді, жапырылу түрі(тамыр, сабақты ж.т.б.) мен өзгешелігі (тұтас, дақтарменен,өсімдіктердің түрлі еңкеюымен ж.т..б.) де анықталады. Сорттардың жапырылуға төзімділігін бағалауына ерекше назар аударады. Осымен бірге суару жағдайларының сорт жапырылу дәрежесіне тигізген әсерін толық сипаттайды. Алдыңғы бақылауларды және бағаларды, сорттың жапырылған күйідің ұзақтығын, механизацияланған жинауға жарамдылығын есепке алып, сорттардың жапырылуға төзімділігінің соңғы бағалауын жинау алдында өткізеді.
	Жеке дақылдар сорттарының (жүгері, салалы зығыр ж.т.б.) жапырылуға төзімділігі << Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын мемлекеттік сынау методикасының>> тиісті басылымдарында берілген.
	Сорттар мен будандардың тқгілуге бейімділігін пісіп жетіскеннен бастап бақылайды. Жаңадан пісіп келе жатқанда жаңбырлы ауа райы ыстық болып немесе суыққа айналып кезектессе сорттар төзімділігінің айырмашылығын айқын көруге берілген.
	Сорттар төгілуін бақылауын сыналатын бауларды бастырмай жатып өткізеді. Қорытындыларды сорттарын баллмен бағалайтын маманға жібереді: төгілмейтін сортқа -5 баллын қояды, қатты төгілмейтін сортқа- 4, орташа төгілетін сортқа -  3, орташадан жоғары төгілетін сортқа  -  2 және қатты төгілетін сортқа -1. Егер ең нақтылы есеп керек болса төгілген дәнді таразыға тартып өлшейді.
	Дәнді, дәнді ірі бұршақты, жармалық және майлы дақылдарының сорттары далада және валкаларда көктеу  төзімділігін баллдармен бағалайды: 5- өсіп шықпайтын,4- қатты өсіп шықпайтын, 3- орташа өсіп шығатын, 2- орташадан жоғары өсіп шығатын,1- қатты өсіп шығатын.
	Осымен бірге дәнді және майлы дақылдарының сорттарын астық бастыру жағынан бағалайды: 5- астық бастыру үздік сапасы, 4- жақсы, 3- орташа, 2- орташадан төмен, 1- төмен.
	Арпа сорттарының жапырылуы мен сыңғақтығын бағалайды: 5 баллмен  -  жапырылу мен сынғақтығы байқалмайтын сорттарын, 1 баллмен- осы белгілердің қатты байқалуын 4,3,2баллдарменнен осы екеуінің арасындағы жағдайды бағалайды.
	Көрсетілген белгілерді сыналатын сорттарда оларды анықтау жағдайлары болғанда ғана анықтайды. Егер осындай жағдайлар болмаса, онда дала журналына және жылдық есеп беруіне осы жағдай туралы жазады.
	Жоғарыда айтылып кеткен көрсеткіштер сорттар мен будандардың механикалық технологияға жарамдылығын бағалайды.

Пәндер