Файл қосу
Экономика және өндірісті ұйымдастыру. Пәннің пререквизиттері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК 042-18.1.1.51/01-2014 ПОӘК <<Экономика және өндірісті ұйымдастыру>> пәнінен оқытушыға арналған оқу жұмыс бағдарламасы № басылым __________ 5В070300 <<Бағдарламалық қамтамасыз ету>> мамандығы студенттері үшін <<Экономика және өндірісті ұйымдастыру>> ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ Семей- 2014 Алғысөз * ҚҰРАСТЫРҒАН Құрастырған ______________ Нұралина Қ.Т. <<28>> тамыз 2014 жыл, <<Экономика және бизнес>> кафедрасының аға оқытушысы 2. ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1. <<Экономика және бизнес>> кафедрасының отырысында. <<29>> тамыз 2014 ж. №1 хаттама Кафедра меңгерушісі __________________Жайлаубаева Ш.Д. 2.2. Экономика, құқық және гуманитарлық факультетінің Оқу-әдістемелік бюросының отырысында. <<9>> қыркүйек 2014 ж. №1 хаттама ОӘБ төрағасы ___________________ С.Қ. Тойкин 3. БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу - әдістемелік Кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған. <<11>> қыркүйек 2014 ж. №1 хаттама ОӘК төрағасы _______________ Г.К. Искакова 4. № Басылым орнына енгізілген << >> _____________ 2014 ж. Мазмұны 1. Қолдану облысы 2. Нормативті сілтемелер 3. Жалпы жағдай 4. Оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы 5. Студенттердің өз бетімен жұмысына арналған тақырыптар тізімі 6. Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету картасы 7. Әдебиет * Пайдалану облысы 5В070300 <<Бағдарламалық қамтамасыз ету>> мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған "Экономика және өндірісті ұйымдастыру" пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін, оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы 2 Нормативті сілтемелер. Бұл "Экономика және өндірісті ұйымдастыру" пәнінің оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы келесі құжат талаптары мен ұсыныстарына сәйкес осы пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін белгілейді: - Білім деңгейінің сәйкес білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты - мамандықтың типтік оқу жоспары - Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар, Университет стандарты СТУ 042-ГУ-4-2014 - <<Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы және мазмұны>> ДП 042-1.01-2014 3 Жалпы жағдай. 3.1 Курсқа қысқаша сипаттама Кәсіпорын халық шаруашылығының негізгі элементі бола отырып, оған нарықтық қатынас жағдайында шаруашылық еркіндік және өзін-өзі басқару берілгендіктен, олардың жұмысының соңғы нәтижелеріне жауапкершілік артты. Осыған байланысты кәсіпорын, фирма жұмысының экономикасы, жоспарлау, ұйымдастыру және басқара білу кез келген ақпараттық жүйелер мамандарына міндетке айналды. Экономика және өндірісті ұйымдастыру пәні ақпараттық жүйелер мамандығында оқитын студенттер үшін маңызды пәндердің бірі болып табылады. 3.2 Курс мақсаты: студенттерге нарық жағдайларында фирманың, кәсіпорынның өндірістік құралдарын тиімді қолдану жөнінде, фирманың экономикалық және қаржылық тұрғыдан дамуын қамтамасыз ететін нарықтық әдістер туралы теориялық ақпарат пен нақты дағдылар беру. 3.3 Курс міндеттері: * Студенттерге кәсіпорын, фирма түсініктері, олардың түрлері және негізгі құқықтары мен міндеттемелері жөнінде ақпарат беру. * Кәсіпорынның құрылуын, ұйымдастырушылық формаларын, тіркелу тәртібін зерттеу. * Кәсіпорынның өндірістік қорларын басқару жолдарын зерттеу. * Кәсіпорындағы еңбек қарым-қатынастарын зерттеу. * Кәсіпорынның негізгі экономикалық нәтижелерін зерттеу. * Кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау негіздерін зерттеу. * Кәсіпорынның өнім сапасын арттыру, инновациялық қызметін жетілдіру жолдарын зерттеу. * Кәсіпорынның негізгі өндіріс түрлерін, процесінің құрылымын, уақытын зерттеу. * Кәсіпорындағы негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптерін, еңбек заттарының қозғалысын қарастыру. 3.4 Студенттер пәнді зерттеудің нәтижесінде келісіні білу керек: Бұл курсты оқу студенттерді қалыптасқан құқықтық, экономикалық, қаржылық және әкімшілік ортада кәсіпорынның қызмет етуінің жаңа механизмінің білімі мен студенттерді қаруландыру мүмкіндігін береді. Оқу үрдісінде, студенттер кәсіпорында жүретін экономикалық құбылыстар мен үрдістердің мәнін, олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін терең түсінуді, оларды жүйелеу мен модельдей білуді, факторлардың әсерін анықтауды, жетілген нәтижелерді бағалауды, өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін анықтауды үйрену керек. Студент мынаны білу керек: * қазіргі жағдайда экономикалық заңдардың пайда болу формаларын; * оқылатын сала кәсіпорнының негізгі белгілерін, міндеттерін, атқаратын қызметтерін және түрлерін, оның ерекшеліктерін; * материалдық-техникалық қорларды пайдалану факторларын және ғылыми-техникалық прогрессті жылдамдату жолдарын; * өнімнің бәсекелестік қабілетін құрайтын баға жасауды жетілдіру мен өнім сапасын арттыру әдістерін; * бизнесті ұйымдастырудың негізгі формалары мен әдістерін. Студент мынаны істей білу керек: * дәрісте тыңдалған теориялық материалды пайдалану; * теориялық және практикалық сабақтардың деңгейін арттыру; * экономикалық есептеулерде, зерттеу әдістемесінде белгілі бір дағдыны игеру және кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіндегі тиімділікті анықтау; * оқылған материалды ауызша және жазбаша баяндау; * экономикалық білімді өзбетімен іздестіру және игеру, қазіргі экономикалық құбылыстарды бақылау және түсіндіру. 3.5 Пәннің пререквизиттері Міндетті бастапқы пән: Экономикалық теория Студенттер <<Экономикалық теория>>курсы бойынша негізгі терминдерді және түсініктерді білу қажет, сондай-ақ, менеджмент негіздері жөнінде жалпы білімі болуы керек. 3.6 Курстың постреквизиттері: Берілген пән бойынша алған білімді диплом жұмысын жазған кезде қолдануға болады және т.б. 3.7 Оқу жоспарынан көшірме Кесте 1 Курс Семестр Кредит Дәріс Семинар (практ. сабақтар) СОӨЖ СӨЖ Барлығы Бақылау формасы (семестр) 3 6 2 15 15 15 45 90 Емтихан 4 Оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны Кесте 2 № Тақырып аты Сағат саны Дәріс Практика СОӨЖ СӨЖ Модуль 1. Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары 10 10 10 30 1 Кәсіпорын туралы түсінік, түрлері 1 1 1 3 2 Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары 1 1 1 3 3 Кәсіпорынның айналым қаржысы 1 1 1 3 4 Кәсіпорынның еңбек қорларын дамыту 1 1 1 3 5 Еңбек ақы ұғымы, түрлері, формалары 1 1 1 3 6 Кәсіпорын қызметінің нәтижелері 2 2 2 6 7 Кәсіпорын өніміне баға жасау 1 1 1 3 8 Өнім сапасы, негізгі көрсеткіштері. 1 1 1 3 9 Инвестициялар, жобалардың тиімділігін есептеу әдістері 1 1 1 3 Модуль 2. Негізгі өндірісті ұйымдастыру. 10 5 5 15 10 Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәні мен міндеттері. Негізгі өндіріс түрлері. 1 1 1 3 11 Негізгі өндіріс процесі және оның құрылымы, уақыты. 1 1 1 3 12 Негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптері. 1 1 1 3 13 Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері. 1 1 1 3 14 Менеджмент негіздері 1 1 1 3 Барлығы 15 15 15 45 * Студенттің өздік жұмыстары үшін тақырыптар тізімі Модуль 1. Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары СӨЖ №1 + Кәсіпорындардың ұйымдарға бөлінуі, бірігуі. Түрлері. СӨЖ №2 + Басқа мемлекеттердегі тұтыну себеті, күнкөріс минимумы, ең төменгі еңбекақы. СӨЖ №3 + Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері. СӨЖ №4 + Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі СӨЖ №5 + ҚР инвестиция тартуды талдау. Модуль 2. Өндірісті ұйымдастыру. СӨЖ №6 5.6 Экономиканы дамытудағы еңбекті ғылыми ұйымдастырудың және өндірісті ұйымдастырудың ролі Студенттің мұғаліммен өздік жұмысы 1. Негізгі өндірістік қорлар тақырыбына есептер. 2. Кәсіпорынның айналым қаржылары тақырыбына есептер. 3. Кәсіпорынның еңбектік қорлары тақырыбына есептер. 4. Кәсіпорында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру тақырыбына есептер. 5. Өндірістік шығындар тақырыбына есептер 6. Пайда және рентабельділік тақырыбына есептер. 7. Баға жасау тақырыбына есептер. 6 Оқу - әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету картасы Кесте 3 Оқулықтардың, оқу - әдістемелік құралдардың атауы Саны Студент саны Қамтама сыз ету пайызы * Үмбеталиев, А.Д. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік- Астана, 2005 21 15 100 * 2. Әбдікерімова, Г.И. Кәсіпорын экономикасы.- Алматы, 2008 15 15 100 * Ниязбекова, Р.Қ. Кәсіпорын экономикасы.- Алматы, 2008 5 15 33,3 * Тайкулакова, Г.С. Экономика и организация производства: учебник / Г.С. Тайкулакова; Ассоциация вузов РК.- Алматы, 2012 10 15 66,6 * Экономика предприятия. - М., 2000 Кайкен, Ж.Б. 8 15 53,3 * Организация производства: учебник / Р.А. Фатхутдинов / - 2014 10 15 66,6 * Жолдасова, Г. Экономика негіздері: оқу құралы / Г. Жолдасова.- 2-бас.- Астана: Фолиант, 2011 10 15 66,6 * Кәсіпорын экономикасы. Практикум /Қуатова Д.Я. - 2006 2 15 13,3 7 Әдебиет 7.1. Негізгі әдебиет 7.1.1 Қазақстан Республикасының <<Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы>> Заңы, (Салық кодексі).ЛЕМ 2005. o Әбдікерімова Г.И. Кәсіпорын экономикасы. Алматы. 2008 o Кәсіпорын экономикасы. Кайкен Ж.Б., Сұлтанов Ө.С., Қалдыбаев М.М. Семей. 2010. o Қуатова Д.Я., Кәсіпорын экономикасы. Практикум. 2006 ж. o Ниязбекова Д.А. Кәсіпорын экономикасы, 2008 ж. o Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005 o Үмбетәлиев Қ.Д. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік, 2009 ж. o Н.А.Васильева.Организация и нормирование и оплата труда на предприятии .М-2005 o Тайкулакова Г.С. Экономика и организация производства, Алматы. 2012 г. o Р.А. Фатхутдинов. Организация производства: учебник 7.2. Қосымша әдебиет 7.2.1 Кәсіпорын экономикасы /Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. - 2003 7.2.2 Тойкин, С.Х. Маркетинг негіздері. Астана. 2008 7.2.3 Экономика предприятия /В.Я.Горфинкеля - 2010
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz