Файл қосу
Ветеринария журналы
Қ. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛіЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ОӘК ПОӘК 042.18-.1.62/02- 2013 Қазіргі кездегі ветеринариялық медициналық өзекті мәселелері №1басылым 28.08.2013 <<Қазіргі кездегі ветеринариялық медициналық өзекті мәселелері>> ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 6М120100 - << Ветеринариялық медицина>> мамандығы магистранттарына арналған МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2013 * ӘЗІРЛЕНДІ Құрастырған: 1. Тойкина Г.Н., ветеринария ғылымдарының кандидаты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің <<Ветеринариялық медицина>> кафедрасының профессоры м. а. << 28 >> 08 2013 ж. * ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің <<Ветеринариялық медицина>> кафедрасының отырысында << >> 20 жылы № хаттама Кафедра меңгерушісі Г.Тойкина 2.2 Аграрлық факультетіның оқу-әдістемелік бюросының отырысында << >> 201 жылы, № хаттама Төрайымы А. Тлеубаева 3.БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі мәжілісінде бекітілді және баспаға ұсынылды Хаттама № 1 <<18>> 09. 2013 ж., ОӘК төрайымы, ОӘЖ проректоры Г.К.Искакова 4 . Бірінші рет ұсынылуы Мазмұны 1.Қолданылу саласы 2.Жалпы ереже 2.1 Пәннің қысқаша мазмұны 2.2 Пәнді оқудың мақсаты 2.3Пәнді оқытудың негізгі мақсаты 2.4 Курстың пререквизиттері 2.5 Курстың постреквизиттері 3. Оқу пәнінің мазмұны ( модуль) 4.Магистранттардың өзіндік жұмыстарының тізімі 6.Магистранттардың өздігімен және жетекшінің қатысуымен істейтін жұмыстары 7.Оқу процесінің календарлық кестесі * ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 6М120100 - "Ветеринариялық медицина" мамандығы бойынша оқытушыларға арналған <<Қазіргі кездегі ветеринариялық медициналық өзекті мәселелері>> пәнінің бағдарламасы, оқу әдістемелік кешеннің құрамы болып табылады. 2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР <<Қазіргі кездегі ветеринариялық медициналық өзекті мәселелері>> пәнінің оқу-әдістемелік кешені келесі құжаттардың ұсынымдарымен және талаптарына сәйкес пән бойынша оқу процесінің жүргізілуін белгілейді. <<Қазіргі кездегі ветеринариялық медициналық өзекті мәселелері>> пәнінің оқытушыларға арналған осы бағдарламасы келесі құжаттардың ұсынымдарымен және талаптарына сәйкес оқу үрдісін ұйымдастыруды белгілейді: - ҚР жалпы міндетті мемлекеттік білім беру стандартының негізінде құрылған ҚР МЕМСТ 23.08.12 ж № 1080 ТОБ негізінде 10.04-2012 ж (№ 157 қосымша); - Типтік оқу бағдарламасы жоғары арнайы білім, дайындаған және ұсынған Қазақ ұлттық аграрлық университеті; - 042-МУ-4-2013 Университет стандарты <<Пәннің оқу- әдістемелік бағдарлама кешенін әзірлеу және ресімдеудің жалпы талаптары>>; - 042-1.01-2013 Құжатталу <<Пәннің оқу - әдістемелік бағдарлама кешенінің құрылымы мен мазмұны>> * ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ + Пәннің қысқаша мазмұны: <<Қазіргі кездегі ветеринариялық медициналық өзекті мәселелері>> Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында елді азық түлікпен және шикізат өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылығын дамытудың кешенді шаралары қарастырылған. Бағдарламада арнайы кешендерді, фермерлік қосалқы шаруашылықтарды дамыта отырып, алдағы уақытта малшаруашылығы өнімдерін көбейту қарастырылған. Сонымен қатар мал және шикізат өнімдерін өңдеуге үлкен мән берілген.Осыған байланысты, қазіргі уақытта мал ауруларын анықтау мен оны емдеудің алдыңғы қатардағы әдістері мен жолдарын табу және практикаға енгізу, сонымен қатар жануарлар мен құстардың ауруларын және шығынын азайтатын ветеринариялық санитариялық шараларды жүзеге асыру жүйесі ойластырылуда. 3.2 Пәнді оқудың мақсаты: Шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады. Ветеринария саласының экономикалық, биологиялық және медициналық санитариялық маңызы да жоғары. Әлемнің және республикамыздың ветеринария саласындағы жетістіктері де айтуға тұрарлықтай. Көрнекті ғалымдардың жан жақты жүргізген ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде жануарлардың көптеген ауруларын жою әдістері және аурулардан сақтандырудың жолдары ойластыру. 3.3Пәнді оқытудың негізгі міндеті: 1.<<Ветеринария туралы заңға>> толықтырулар енгізілгеннен кейінгі нормативтік актілер мен жанама заң актілерді талқылау 2.Ветеринариялық инспекция жұмысының дұрыс ұйымдастырылмауы және өз міндеттерін толық қарастыру 3.Станция құруға байланысты көптеген сұрақтар туындатып, негізін қалау. 4.Ауылдық жерлерге ветеринарлық мамандарды тарту және мемлекет тарапынан беретін көмек арқылы олардың тұрақтауын қамтамасыз ету мәселелері + Оқудың нәтижелері: Магистрант пәнді оқудың нәтижесінде: * қазіргі таңда экономикалық заңдардың нысандарын, стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырудың механизмін, стратегиялық жоспарлау ғылыми негізін білу керек; * өз бетімен экономикалық ойлау мен талдау дағдыларын иемдену; * несиелік салада білімдермен тәжірибелік дағдыларды иемдену; * тәжірибеде алған теориялық білімдерін бекіте алу, стратегиялық жоспарлау әдіснамасын игеру, стратегиялық бағдарламалар мен жоспарларды дайындау логикасына ие болу, ауызша, жазбаша оқылған материалдарды түсіндіре білу, өз бетімен экономикалық мәліметттерді игеру; - өз бетімен экономикалық ойлау білімдері мен тәжірибелік дағдыларын иемдену, талдау нәтижелерін жалпылауды білу және сапалы шешімдерді қабылдау бойынша іс-шараларды құрастыру, халықаралық банктік қызметпен байланысты экономикалық қатынастар облысында ерекше арнайы білімдерді иемдену. 3.5 Курстың пререквизиттері: - Латын терминология - Биохимия - Аналитикалық және физколоидтық химия. 3.6 Курстың постреквизиттері: - Барлық ветеринариялық медицинаға қатысты ғылымдар 3.7 Жұмыс оқу жоспарынын көшірме Кесте 1 Курс Семестр Несие Дәріс (сағ) ЗТС (сағ) ТС (сағ) МОӨЖ (сағ) МӨЖ (сағ) Барлығы (сағ) Қорытынды бақылаудың түрі 2 3 3 30 15 - 45 45 135 Емтихан 4.ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ (МОДУЛЬ) Кесте 2 Тақырыптың аталуы және оның мазмұны Сағат саны Кіріспе 2 Дәрістік сабақтар Қазақстан Респубикасының Президентінің << Қазақстан - 2050>> жолдауы 2 Қазақстан Республикасының <<Ветеринария туралы заңы>> 2 Шығыс Қазақстан облысында жиі кездесетін жұқпалы емес және жұқпалы аурулары 2 Ветеринарлық ғылымнда жүргіліп жатқан ғылыми зерттеулер 2 Мал шаруашылығын дамыту мақсатында эпизоотиялық ғылыми-негізделген болжамдар, инфекциялық және инвазиялық ауруларды емдеуге арналған диагностикалық және вакциналық препараттарды жасау 2 <<Жануарлардың жұқпалы ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алудың инновациялық әдістері>>, 2 Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық аумағына жүргізілетін іс - шаралар 2 Қазыргі таңдағы ауылшаруашылық малдарының асылдандыру негізі 2 Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер және ветеринария мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет 2 Ветеринарияда қолданатын дәрілік заттарды дайындау, қолдану аясын анықтау 2 Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы 2 Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою Ветеринариялық қызметті халықаралық талаптармен үйлестіру 2 Жануарлар денсаулығын халықаралық қорғау ұйымының (OIE) аурулар тізімі және оның принципімен кіретін аурулар 2 Ветеринария жүйесін нормативтік және материалдық-техникалық қормен қамтамасыз ету 2 БАРЛЫҒЫ: 30 Лабораториялық тәжірибелік сабақтар Қазақстан Респубикасының Президентінің << Қазақстан - 2050>> жолдауындағы Ауылшаруашылықмәселесін талқылау 1 Қазақстан Республикасының <<Ветеринария туралы заңы>> 1 Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу 1 Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау 1 Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою 1 Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер және ветеринария мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет 1 Ветеринариядағы кездесетін жұқпалы емес ауруларын алдын- алу шаралары 1 Мал шаруашылығын дамыту мақсатында эпизоотиялық ғылыми-негізделген болжамдар, инфекциялық және инвазиялық ауруларды емдеуге арналған диагностикалық және вакциналық препараттарды жасау 1 <<Жануарлардың жұқпалы ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алудың инновациялық әдістері>>, 1 Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық аумағына жүргізілетін іс - шаралар 1 Қазыргі таңдағы ауылшаруашылық малдарының асылдандыру негізі 1 Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер және ветеринария мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет 1 Шығыс Қазақстан облысында жиі кездесетін жұқпалы емес және жұқпалы аурулары 1 Ветеринарлық ғылымнда жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер 1 Қорытынды сабақ 1 Барлығы 15 5.МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ o Ветеринарлық шараларды қаржыландыру o Ветеринарлық қызметті жабдықтау o Ветеринарлық мекемелер мен объектілер құрылысын салуды ұйымдастыру o Ветеринарлық мекеменің сметасы қалай жасалады o Ветеринарлық жабдықтау тәртібіне сипаттама o Ветеринарлық препараттарды және мүліктерді сақтау, жұмсау, тұтынуды есепке алу тәртібі o Ветеринарлық жабдықтау объектілеріне o Ветеринарлық объектілер құрылысын жоспарлау o Қазақстанның ветеринарлық қызметін жетілдіру туралы o Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер және ветеринария мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет o Ветеринария саласының басқа саламен байланысы o Ауылшаруашылқ малдарының асылдандыру жұмыстарын жүргізу o Қазақстан Республикасы бойынша ауылшаруашылық малдарының жұпалы ауруларының таралу деңгейі o Шығыс Қазақстан облысындағы ауылшаруашылық малдардың инфекциялық ауруларына жүргізілетін алдын - алу шаралары o Қазыргі таңдағы ветеринарияда қолданатын инновациялық құрылғылармен танысу 6 ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ Кесте 4 Оқу әдістемеліктермен әдебиеттердің аталуы Әр түрінің саны Магистранттар саны Қамтылу пайызы Қазақстан Республикасының Конститциясы 6 Ветеринария туралы заң 6 <<Ветеринария>> журналы 6 Кожанов К.Н. Ветеринариялық фармакология. Алматы 2008 6 Шәріпбаев Н. Ш. Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану. - Алматы, Қайнар: 1988. - 243 б. 6 Сайдуллин << індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары>> 2008 ж 6 6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ <<Қазіргі кездегі ветеринариялық медициналық өзекті мәселелері>> пәнінен әр аптаға және аралық бақылау түрлеріне сәйкес бағалық меженің бөлінуі (кестеде көрсетілгендей). Кесте 2 Апта Бақылау түрі Бағалаудың толық межесі Ескеру 1 2 3 4 1-7 аптада барлық семинарлық сабаққа қатысу 30 1 Практикалық 0 2 Практикалық 21 3 Пр+МОӨЖ+МӨЖ 21+6+15 4 Пр+МОӨЖ+МӨЖ 21+6+15 5 Пр+МОӨЖ+МӨЖ 21+6+15 6 Пр+МОӨЖ+МӨЖ 21+6+15 7 Аралық бақылау № 1+МОӨЖ+МӨЖ 60+6+15 1-7 апта бойынша барлығы: 300 8-15 аптада барлық аудиториялық сабаққа қатысу 30 8 Практикалық 0 9 Практикалық 17 10 Пр+МОӨЖ+МӨЖ 18+6+15 11 Пр+МОӨЖ+МӨЖ 17+6+15 12 Пр+МОӨЖ+МӨЖ 18+6+15 13 Пр+МОӨЖ+МӨЖ 18+6+15 14 Пр+МОӨЖ+МӨЖ 17+6+15 15 Аралық бақылау №2 60 8-15 апта бойынша барлығы: 300 Емтихандық баға межесі 400 Академиялық мерзімдегі баға межесі 1000 Қазіргі кездегі ветеринариялық медициналық өзекті мәселелері бойынша дәрістер мен қосымшалар Ветеринар мамандарын дайындау Ветеринар мамандарын дайындау барысына көңіл бөлуіміз керек. Бұған осы мамандыққа мемлекеттік тапсырысты арттыру, құс шаруашылығы, ара шаруашылығы, ихтиология және ветеринарияның т.б. қысқа бағыттарын ашу арқылы оқып жатқан студенттердің мамандықтарын тереңдете оқуына жағдай жасау жатады. Ветеринар мамандар нағыз жетіспейтін кезде осы мамандыққа бөлінген мемлекеттік гранттар саны 606 ғана. Осы мамандарға сұраныс артуы үшін мемлекеттік грантты кем дегенде 2 есеге көбейту керек Ветеринария жүйесін нормативтік және материалдық-техникалық қормен қамтамасыз ету Ветеринария жүйесін нормативтік және материалдық-техникалық қормен қамтамасыз ете отырып, белсенді түрде малдарға заманауи тәсілдермен прафилактика, диагностика, емдеу жұмыстарын жүргізуіміз керек. Сонымен қатар, миллиардтаған мемлекеттік қаражатқа алынып жатқан отандық ветеринарлар қолданып жүрген вакциналарды, препараттарды қатаң қадағалауға алу керек. Шұғыл түрде МЭБ-тің талаптарына сай тәуелсіз қадағалау институтын ұйымдастыру қажет. Ветинцпекторлар жануарлардың қора-қопсыларын дезинфекциялау және емдеу кезінде қожайындардың қандай препараттар қолданатынын біліп отырулары керек. Әр препараттың өзінің сақтау және пайдалану талаптары бар. Айтылған мәселелерді бей-жай қалдыру ветеринарлық іс-шаралардың тиімділігінің төмендеуіне және бөлінген қаражатты тиімсіз пайдалануына апарып соқтырады. Ветеринарлық ғылымның дамуына көп назар аудару Ветеринарлық ғылымның дамуына көп назар аударуымыз керек. Және де препараттарды, вакциналарды, диагностикалық штамдарды өзімізден өндіріліп жатқан отандық кәсіпкерлерге қолдау жасауымыз қажет.Мал шаруашылығын дамыту мақсатында эпизоотиялық ғылыми-негізделген болжамдар, инфекциялық және инвазиялық ауруларды емдеуге арналған диагностикалық және вакциналық препараттарды жасау үшін кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіміз керек. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында эпизоотиялық ғылыми-негізделген болжамдар, инфекциялық және инвазиялық ауруларды емдеуге арналған диагностикалық және вакциналық препараттарды жасау Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізігі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады. Ветеринария саласының экономикалық, биологиялық және медициналық санитариялық маңызы да жоғары. Әлемнің және республикамыздың ветеринария саласындағы жетістіктері де айтуға тұрарлықтай. Көрнекті ғалымдардың жан жақты жүргізген ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде жануарлардың көптеген ауруларын жою әдістері және аурулардан сақтандырудың жолдары ойластырылып табылған. Сондай ақ Қазақстан Республикасында сиыр обасы, ала өкпе қабынуы, жылқы маңқасы жойылған. Қазақстанда 1810жылға дейін жануарлар ауруларын емдеумен малшы қазақтар өздері айналысқан, содан кейін Ресейден жұмыс бабымен келген ветеринарлық мамандары, ал 1891жылдан бастап ветеринариялық қызмет жекеленіп, өз алдына бөлініп шыққан. Мамандарды Омбы, Тобыл ветеринариялық мектептері, сонымен қатар Қазан, Юрьев, Варшава ветеринариялық институттары дайындаған. 1897 жылы тұңғыш ветеринариялық бактериологиялық лаборатория Оралда ашылған. 1920 жылы ветеринариялық бас басқарма құрылып, Қазақстанда ветеринариялық саланың дамуына А.П.Петровский, У.Б.Базанов, Т.И.Исенгулов, К.И.Скрябин, А.П.Сейдалин және тағы да басқа ғалымдар үлкен үлес қосқан. Қазақстан Республикасында жануарлар ауруларымен күресу шаралары ҚР Президенті бекіткен (Бірінші заң 1995 жылы 25маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады). <<Ветеринария туралы заң>> негізінде, Үкімет жарғылары және ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринария туралы заң актілері мен нұсқаулары бойынша жүргізіледі. Қазақстанда ветеринария саласын қадағалау органдары мемлекеттің басқаруында болады, жүргізілетін ветеринариялық шаралар жоспарлы түрде, ал аса қауіпті жұқпалы ауруларды және карантиндік шараларды қоспағанда, ветеринариялық жұмыстардың барлық түрлері бәсекелестік ортаға берілген және лицензиялауға жатады. Ветеринариялық препараттарды өндіру саласы да бәсекелестік ортаға қарайды. Жұқпалы аурумен күресудің негізі аурудың алдын алу болып табылады. Сиыр шаруашылығында жүргізілетін ветеринариялық шаралар шаруашылықтың жоспарлы жұмыстары құрамына кіреді және мал шаруашылық мамандарымен біріге отырып жүргізіледі. Жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларымен күресу мақсатында кешенді жалпы және арнайы шаралар жүргізіледі. Жануар ағзасының саулығын қорғау, шаруашылық мамандарының күнделікті жұмыстарының басты нәтижесі болып саналуы қажет. Жануар өнімінің өнімділігін арттыру және ның саулығын сақтау өзара тығыз байланысты. <<Жануарлардың жұқпалы ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алудың инновациялық әдістері>> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттарына сүйенсек, былтыр (2011 жылы) 227-ден аса қауіпті инфекция ошағы тіркелсе, оның ішінде 7-еуі аусыл ошағы, биылғы (2012 ж.) 3 айда аса қауіпті 55 инфекция ошағы тіркелген, оның ішінде 7-еуі аусыл ошағы. Бәрінен бұрын, <<Ветеринария туралы заңға>> толықтырулар енгізілгеннен кейінгі нормативтік актілер мен жанама заң актілерді дер кезінде қабылданбауынан болғанын айта кеткім келеді. Сол себепті, әлі күнге дейін әрбір жануарды тіркейтін электрондық база, ветеринарлық құжаттарды беру ережелері және басқа да нормативтік актілер жоқ. Екінші мәселе, ветеринариялық инспекция жұмысының дұрыс ұйымдастырылмауы және өз міндеттерін толық атқара алмай отырғаны.Ветеринария комитеті жеке құрылғаннан кейін бәріміз барлық ветинспекторлар тәуелсіз болып, ветеринарлық талаптарды қадағаламағандары атқарушы органдар мен мал шаруашылығы субъектілерін заңға сәйкес қатаң шаралар қолданады деп үміттендік. Бірақ бұл қызметте әкімшілік қызметкерлердің көбейуінен басқа өзгеріс байқалмады. Қазақстан Республикасының <<Ветеринария туралы заңы>> Ветеринария саласы сау және ауру жануарлар организмінің тіршілік заңдылығын, аурудың пайда болу себептерін, анықтау әдістерін, аурудың алдын алу және малдарды күтіп бағу, азықтандыру, жұмысқа жегу жолдарын ескере отырып, ауру жануарларды емдеу, сонымен қатар адамды жануарлар мен адамға ортақ аурулардан сақтандыру шараларын толық меңгеретін ғылыми білімнің кешені. Осыған байланысты ветеринариялық істі басқаратын және ветеринариялық қызмет көрсетудің ретін анықтайтын, оның мақсаттарын айқындайтын <<Ветеринария туралы заң>> аясында ветеринариялық қызмет жүргізіледі. ҚР <<Ветеринария туралы заңы>> бірінші рет 1995 жылы 25 маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады: 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдарға түсініктеме берілген. 2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары 1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады. 3-бап. Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер мыналар: 1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу; 2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау; 3) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау; 5) ветеринариялық препараттардың сапасын бақылау; 6) жануарлар ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу және пайдалану, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылауды қамтамасыз ету; 7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою; 8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру. Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы Республикамыздағы ветеринария қызметі бірегей мақсатпен арнайы қызмет атқарушы органдар, мекемелер, ұйымдар және қызметтер жүйесінен тұрады. Олар ветеринариялық қызметті тікелей атқарушы және оған тиісті жағдай туғызып, қамтамасыз етуші болып екі топқа бөлінеді Ветеринариялық қызметті атқарушы ұйымдар, мекемелер және мамандар Ветеринариялық қызметті қамтамасыз етуші ұйымдар және мекемелер Статистикалық деректер бойынша ветеринария мамандарының 80% астамы бірінші топтағы ұйымдармен мекемелерде істейді. Бұл мамандар тікелей мал шаруашылығында және сонымен өндірістік байланысы бар кәсіпорындарда, көлікте, сауда саттық жүйесінде ветеринариялық қызмет атқарады. Бұл топқа мемлекеттік және жеке меншік ветеринариялық қызметтер кіреді. Екінші топтағы ұйымдар мен мекемелерге жататындар: - ветеринариялық ғылыми зерттеу институттары, станциялары, лабораториялары; - биопрепараттар өндіруші кәсіпорындары, лабораториялары, дәрі дәрмек, құрал жабдық шығаратын кәсіпорындар және олардың өнімдерін тұтынушыға жеткізуші зооветжабдықтау жүйесі; - жоғары және арнаулы орта білім беруші ветеринариялық медицина оқу орындары. Осы топтағы мекемелер мен кәсіпорындар ветеринарияның дамуына, талапқа сай жұмысын атқаруға зор ықпалын тигізеді. Шынында да ғылыми зерттеу ветеринариялық шараларды табуға, жетілдіруге мүмкіндік береді; оқу орындары мамандар даярлайды; кәсіпорындар препараттар мен құрал жабдықтарды өндіреді. Олардың жұмысы ветеринарияны ғылыми және материалдық техникалық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған. Еліміздің ветеринариялық жүйесі мемлекет тарапынан құрылады. Сондықтан барлық ветеринариялық органдар, мекемелер мемлекеттік ветеринарияға жатады. Олардың барлығы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесіне кіреді. Мемлекеттік ветеринарияға ерекше міндеттер жүктелген, арнайы құқықтар берілген. Сондықтан ол ветеринариялық шараларды жоспарлауда, ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Ветеринария саласында мемлекеттік саясат жүргізіп, оның мүддесін қорғайды. Мемлекеттік ветеринарияның мамандарды сұрыптап, тиісті орындарға тағайындауға, қаражат қорларын шоғырландырып, эпизоотиямен күрестің шешуші бағыттарына жұмсауға құқы бар. Сауықтыру шараларын нәтижелі жүргізу үшін және ветеринариялық препараттарды өндіру, жарамдылығы мен сапасын анықтауға ғылыми мүмкіншілікті пайдаланып, білікті ғылым қызметкерлерін тартуға құқықты. Ветеринариялық қызмет еліміздегі әкімшілік аумақтық бөліну принципіне сәйкес ұйымдастырылған. Сондықтан, оның әр сатысы өз құзыры жүретін аймақтағы барлық ветеринариялық нысандарда, ведмостволық бағыныштылығына қарамастан, тиісті міндеттерін атқарады. Бірақ, тасымалдау жүйесіндегі және шекарадағы ветеринариялық бақылау қызметтері тікелей Республикалық Ветеринариялық бақылау Комитетіне бағынады. Мемлекеттік ветеринариялық қызметтің ұйымдастырылу құрлымының схемасы (2-сурет) төменде көрсетілген. Оның басты органы - Ауыл шаруашылығы министрлігінің малшаруашылығын өркендету және ветеринариялық қауіпсіздік департементі. Осы департаментке барлық республикалық, облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар бағынышты болады. Елімізде жекеменшік кәсіпкерлік ветеринария нарыққа өтпелі кезеңде заман талабы бойынша туындады. Ветеринариялық қызметтің бұл түріне жекеменшік әдісімен қызмет етуші дәрігерлер, ветфельдшерлер, препараттар мен мүліктер өндіруші шағын кәсіпорындар, кооперативтер, серіктестіктер, бірлестіктер, сондай ақ лабораториялар және т.б. жатады. Жекеменшік кәсіпкерлік қызметветеринарияны басқарушы мемлекеттік органдардың рұқсатымен (лицензиясымен) тиісті әкімшілік аумақта жұмыс істейді. Оларға ҚР <<Ветеринария туралы заңы>> бойынша ауырған малдарды емдеуге, аурулардың алдын алу шараларын жүргізіп, малдың денсаулығы туралы құжаттар беруге рұқсат берілген. Егер жұқпалы аурулардың белгілерін байқаса, мемлекеттік ветеринарияға тез хабар беріп, ауру ошағын жоюға шаралар қолданады, қарантиндік шаралар жүргізуге қатысады.Жекеменшік қызметтің жұмысына мемлекеттік ветеринариялық органдар басшылық етіп, үстінен бақылау жасайды. Ветеринариялық қызмет өз міндетін атқару үшін қажетті керек жарақпен қамтамасыз етуді, яғни жабдықтауды талап етеді. Бұл ауыл шаруашылығы Министрлігінің негізгі қызметтерінің бірі болып саналады. Ветеринарияны жабдықтауды ұйымдастыру, басқару және бақылау үшін арнайы орган және мекемелер жүйесі құрылған, оны <<қаззооветжабдықтау>> деп атайды. Жабдықтау көлемі аудандарда, облыстарда және бүкіл республика бойынша жоспарланған ветеринариялық шаралар көлеміне байланысты болады. Негізгі жабдықтау бұйымдарына: биологиялық препараттар, дәрі дәрмектер, залалсыздандырғыш заттар, лабораториялық жабдықтар мен реактивтер, түрлі аспаптар, таңғыш заттар, арнайы киімдер және т.б. жатады. Қазақстан бойынша ветеринарияда қолданылатын тауарлар өндіруші кәсіпорындар бұрыннан салынбаған. Қазір шприцтер, дәрі дәрмек өндіруші және т.б. ветеринариялық, медициналық өнімдер шығаратын кәсіпорындар ашылуда. Бірақ, негізгі мұқтаждықты өтеу үшін осы кәсіпорындардың өнімдері жеткіліксіз болғандықтан, көпшілік тауарлар алыс жақын шетелдерден сатып алынады. Ветеринариялық қызметті ғылым тарапынан қамтамасыз ету үшін жалпы бағытта білімі және мамандығы бар ветеринариялық медицина дәрігерлерін ҚазҰАУ, Астана аграрлық университеті, Семей университеті, Батыс Қазақстан агроуниверситеті және Қостанай ауылшаруашылық университеті дайындайды. Ветеринариялық фельдшерлерді даярлайтын арнаулы орта оқу орындарына; Тараз, Талдықорған, Қапланбек, Қарқаралы зооветеринариялық колледждері, Орал, Новопокров, Қызылорда, Қостанай аграрлық колледждері және т.б. заман талабына сай қайта жабдықталуда. Республикамыздағы ветеринария саласының жетекші ғылыми мекемелеріне ҚР Ұлттық аграрлық ғылыми зерттеу орталығы, ҚР Ұлттық биотехнология орталығы, ҚР Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институты (бұрынғы НИСХИ), Қазақ ветеринариялық ғылыми зерттеу институты және т.б. жатады. Осы аталған ғылыми зерттеу орталықтары мен институттары еліміздің биологиялық және ветеринариялық қауіпсіздігін, ветеринария саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Қазақстандағы ветеринария ғылымы бойынша бекітілген мамандықтарына жататындар: 16.00.01 - малдың ішкі жұқпайтын аурулары және диагнозын қою; 16.00.02 - морфология, физиология және патология; 16.00.03 - ветеринариялық микробиология, иммунология, эпизоотология және малдың инфекциялық аурулары; 16.00.05 - ветеринариялық хирургия, акушерлік гинекология және малды қолдан ұрықтандыру; 16.00.06 - ветеринариялық санитария, зоогигиена, ветеринариялық санитариялық сараптау және мал өнімдерін өңдеу гигиенасы; 16.00.09 - ветеринариялық паразитология және малдың инвазиялық аурулары. Осындай салалар бойынша ветеринариялық ғылым кадрлары аспирантура және докторантура немес өз бетімен ізденіс жүргізу арқылы дайындалатын. Бірақ, бұл жүйе 2010 жылдан бастап күшін жойып, елімізде соңғы жылдары ветеринариялық ғалымдарды даярлаудың жаңа моделі еңгізіліп, сол бойынша магистратура және РҺD-докторларын даярлау жолға қойылды. Ветеринариялық қызметті халықаралық талаптармен үйлестіру Қазіргі кезде жер жүзіндегі мемлекеттер арасында саяси экономикалық байланыстар жете дамыған. Соған байланысты ветеринария қызметі көлемінде де жан жақты қарым қатынастар жасалады. Бұл байланыстардың негізгі мақсаты - ветеринариялық қызметтің ойдағыдай болуы, адамдардың денсаулығын сақтау, мемлекетаралық шекаралар арқылы қауіпті аурулардың таралуына жол бермеу болып табылады. Осындай мақсаттарға жету үшін және де мемлекеттер арасында жұқпалы аурулармен күресудің үздік тәжірибесімен алмасу, ветеринариялық қызметті ұйымдастырудың кемелді үлгілерін насихаттау да жатады. Сондықтан, біздің еліміздің де дүниежүзілік немесе халықаралық ветеринариялық бірлестіктер мен ұйымдарға енуінің зор маңызы бар. Оларға жататындар: Дүниежүзілік ветеринариялық бірлестік, Жануарлар денсаулығын сақтаудың халықаралық бюросы (OIE), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ-ның азық түлік және ауылшаруашылығы ұйымы және т.б. халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер. Дүниежүзілік ветеринариялық бірлестік (ДВБ) - үкімет билігінен тәуелсіз, ветеринария мамандарының халықаралық кәсіби ұйымы. Оның негізгі мекен жайы Швейцарияның Женева қаласында орналасқан. Қазіргі кезде бұл ұйымға көптеген елдер мүше. Бұл ұйымның негізгі атқаратын міндеті: - ұлттық ветеринариялық бірлестіктер арасындағы қатынастарды кеңейту; - дүниежүзілік ветеринариялық конгресті ұйымдастыру және өткізу; - ветеринариялық ғылым мен тәжірибе жөнінде ақпарат алмасу; - ветеринариялық білімді жетілдіру; - ветеринариялық мамандардың әлеуметтік жағдайларын нығайту; - ветеринариялық бірлестіктің мақсатымен ұласатын ұйымдармен байланыс орнату. Дүниежүзілік ветеринариялық конгресті ДВБ тұрақты комитеті 4 жылда бір рет өткізіп тұрады. Конгресте қаралған негізгі мәселелерге адамзатты азық түлікпен қамтамасыз етуде ветеринарияның атқаратын қызметі; мал мен адамға ортақ аурулармен күресу мәселелері; тропикалық аймақтағы ветеринарияның міндеті; экология және жануарларды қорғау және т.б. жатады. Конгресс жұмысына Қазақстаннан келген үлкен делегация қатынасты, олардың ішінде белгілі ғалымдар және мемлекеттік ветеринария өкілдері болды. Қазақстан халықаралық тасымал кезіндегі жануарларды қорғау туралы Еуропа конвенциясына мүше болып табылады. Конвенция 1968 жылы 13 желтоқсанда Еуропа кеңесіне мүше мемлекеттердің қатысуымен жануарларды тасымалдау кезінде азап шегуден қорғау жөніндегі жалпы ережелер жиынтығы ретінде қабылданып қол қойған. Париж қаласында 1921 жылы 42 елдің өкілдері қатынасқан халықаралық конференция өткізілді. Ол эпизоотиялық жағдайды қарады, әсіресе сиыр обасы, аусыл, киеңкі сияқты ауруларға байланысты қалыптасқан жағдайға көп көңіл бөлді. Конференция жұқпалы аурулармен күресу үшін келісімді түрде тәжірибе мен ақпарат алмасу қажет деп тауып, халықаралық эпизоотиялық қызмет (OIE) құруға шешім қабылдады. Оның тұрақты кеңсесі Париж қаласы белгіленді. Халықаралық эпизоотиялық қызметті қаржыландыру мәселесін келісімге қол қойған мемлекеттер төлейтін мүшелік жарналар есебінен шешеді. OIE жер жүзіндегі барлық елдердің ветеринариялық қызметті ұйымдастыруға және басқаруға жауапты мекемелермен ғылыми техникалық байланыста болады. Бюро мемлекеттердің әкімшілік әрекетіне араласпайды және ешбір елдің өкімет органына тәуелді емес. Қазіргі кезде OIE әлемдегі ветеринариялық ұйымдардың ішіндегі ең беделдісі, сонымен қатар басқа да халықаралық ұйымдармен тұрақты байланыс жасайды. Бұл ұйымның негізгі мақсаты: - малдардың жұқпалы ауруларын зерттеулерді бағыттау, үйлестіру, сол туралы ақпарат алмасу; - эпизоотиялар жайында және олармен күрес шаралары туралы әр елдің ветеринария органдары мен өкімет орындарына ақпарат беріп отыру; - ветеринариялық санитариялық бақылауға байланысты халықаралық келісімдер мен шарттарды талқылау, сараптау. OIE материалдары барлық елдердің дүниежүзіндегі эпизоотиялық жағдайларымен хабардар болуы үшін бірден бір ақпарат көзі болып табылады. Бұл деректерді пайдаланып, әрбір ел, өз жерін жұқпалы аурулардан қорғау, экспорттық импорттық алмасу операцияларын реттеу шараларын ұйымдастыруға, шет елдермен конвенциялық келісімдер жасауға, ғалымдар арасында байланыс жасауға мүмкіндік алады. Қазақстан осы аталған халықаралық ұйымдармен тікелей байланыста, әрі бірден бір мүшесі болғандықтан еліміздегі ветеринариялық қызметтердің талаптарын осы ұйымдардың талаптарымен үйлестіруге тырысады. Жануарлар денсаулығын халықаралық қорғау ұйымының (OIE) аурулар тізімі және оның принципімен кіретін аурулар OIE малдың жұқпалы ауруларын үш топқа жіктеген; <<А>> тізімінде 15 ауру, <<В>> тізімінде 40 ауру, <<С>> тізімінде 68 ауру топтастырылған. Бірақ OIE 2005 жылы ауруларды жаңа категорияларға жіктеді: - Бірнеше түлікке ортақ аурулар: топалаң, Ауески, эхиноккоз, лептоспироз, құтырық, паратуберкулез, гдроперикардит, трихинеллез, аусыл, везикулалық стоматит, оба, қойдың катарлы қызбасы, Рифт даласының қызбасы, жапон энцефалиті, туляремия. - Сиырдың аурулары: бруцеллез, кампилобактериоз, туберкулез, лейкоз, жұқпалы ринотрахеит, трихомоноз, анаплазмоз, бабезиоз, цестицеркоз, дерматофилез, тейлериоз, геморрагиялық септицемия, кеуекті энцефалопатия, түйінді дерматит, жұғымтал плевропневмониясы және т.б. - қой мен ешкі аурулары: эпидедимет, бруцеллез, жұқпалы агалактия, кебенек, меди весна, жұқпалы плеврипневмония, хламидиоз, скрепи, ұсақ күйістілер обасы, қой мен ешкі шешегі т.б. - жылқы аурулары: инфекциялық метрит, киеңкі, делбе, жұқпалы анемия, тұмау, пироплазмоз, ринопневмония, маңқа, жылқы шешегі, вирустық диария, қотыр, венэсуела энцефалиті, індетті лимфангит, африкалық обасы және т.б. - шошқа аурулары: атропиялық ринит, бруцеллез, энцефаломиелит, трансмиссиялық гастроэнтерит, кәдімгі обасы, африкалық обасы және т.б. - құстар аурулары: жұқпалы бурсит, Марек ауруы, микоплазмоз, хламидиоз, пуллороз, инфекциялық бронхит, инфекциялық ларинготрахеит, туберкулез, вирустық гепатит, үйректің вирустық энтериті, пастереллез, аса зардапты тұмауы, Ньюкасл ауруы және т.б. - қоян аурулары: миксоматоз, қоянның вирустық геморрагиялық ауруы және т.б. - ара аурулары: америкалық шіріме, еуропалық шіріме, варроатоз және т.б. - приматтар аурулары: гепатит В, туберкулез және т.б. 1. Ветеринарлық шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының <<Ветеринария туралы>> заңында ветеринарлық істі қаржыландыру көздері көрсетілген. Оларға республикалық және жергілікті қорлар, заңды және жеке тұлғалардан келісім-шарт бойынша алынатын төлемақылардан жиналатын қор, басқа да заң жүзінде тыйым салынбаған қаражат көздері жатады. Бөлінген қаржыны мемлекеттік ветеринарияның органдары мен мекемелерін ұстауға пайдаланылады. Соның ішінде еңбекақы, іс сапарларына төлемақы, шаруашылық жәнекеңсе шығындары, ветеринарлық дәрі-дәрмек, препараттар, дүние-мүлік сатып алуға, ветеринарлық ғимараттарды жөндеуге немесе жаңа құрылысын салуға, көлік және т.б. арнайы техникалық жарақтар сатып алуға жұмсалады. Сонымен қатар, мемлекет, ветеринарлық ғылымдарды дамыту, мамандар дайындау және олардың біліктілігін жетілдіру мақсаттарында да қаржы бөледі. Республика бюджетінен тікелей қаржы бөлінетін бапқа - ерекше қауіпті, тез таралатын мал ауруларынан сақтандыру, солармен төтенше күрес, сауықтыру шаралары үшін бөлінетін қаржылар жатады. Мұндай аурулардың тізімін Республика Үкіметі бекітеді. Олармен күреске жұмсалатын қаражатты эпизоотиялармен күрес қаржылары деп атайды. Бұл қаржыны негізінен осы аурулардан жалпы және арнайы сақтандыру шараларын жүргізуге, эпизоотия ошақтарын сауықтыруға, сол үшін автокөлік, т.б. техника мен жабдықтар пайдалануға жұмсайды. Көптеген жұқпалы аурулармен күрес жергілікті бюджет және шаруашылықтар мен кәсіпорындардың өз есебінен қаржыландырылады. Қазіргі қалыптасқан жағдай бойынша мемлекеттік ветеринария органдары мен мекемелерін қаржыландыру бірнеше саты бойынша, яғни республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бюджеттен жүргізіледі. Республикалық бюджеттен мемлекеттік Ветеринария комитеті, көліктегі мемлекетті ветеринария басқармасы және оларға бағынышты мемлекеттік ветеринарияның республкалық деңгейдегі мекемелері (республикалық ветлаборатория, мал ауруларымен күрес экспедициясы және т.б.), ветеринарлық ғылыми-зерттеу мекемелері мен жоғары оқу орындары, ішкі істер министрлігінің ветеринарлық милиция бөлімі қаржыландырылады. Облыстық бюджеттен мемлекеттік ветеринарияның областық басқару органы, мемлекеттік ветеринарияның облыстық мекемелері (облыстық ветеринарлық лаборатория, індеттермен күрес жасағы бөлімінің ветеринариялық бөлімшесі) қаржыландырылады. Қалалық бюджеттен мемлекеттік ветеринарияның қалалық басқару органы, оған бағынышты мемлекеттік ветеринарияның мекемелері (қалалық ветеринарлық станция, емханалар, ветсансарап лабораториясы) қаржыландырылады. Аудандық бюджеттен мемлекеттік ветеринарияны басқарушы аудандық орган және соған бағынышты мемлекеттік ветеринария мекемелері (аудандық ветеринарлық станция, бөлімшелік емхана, ветеринарлық бөлімшелер мен нүктелер) қаржыландырылады. Жекеменшік ветеринарлық қызмет, яғни шаруашылықтар мен кәсіпорындардың ветеринарлық қызметтері олардың өз есебінен қаржыландырылады. Сондықтан, шарушылықта ветеринарлық емхана немесе амбулатория, дәріхана және т.б. ветеринарлық объектілерді ұстауға, ветеринария мамандарына еңбекақы төлеуге, емдік-алдын алу, ветеринарлық-санитарлық щараларды жүргізуге, жұқпалы ауруларға жүргізілетін шаралардың белгілі бөлігіне жұмсалатын қаржы мал шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын құрауға қатынасады. Шаруашылық есебінен жүргізілетін шаралар: - мал қораларына, аумағына дезинфекция, дезинсекция, дератизация жасау; - мал емдеу, витамин препараттарын, микро және макро элементтер қолдану; - шаруашылықта ағымы созылмалы инфекциялық аурулардан (бруцеллез, туберкулез, лейкоз және т.б.) сауықтыру мақсатында шаруашылық ұйымдастыру шараларын жүргізу; - ветеринарлық оқшаулағыш (изолятор), ветеринарлық-санитарлықбөгет нүктесі, дәріхана және амбулатория (емхана, нүкте) және т.б. құрылысын салу. Ережеөнұсқау құжаттарда қолда бар малдың жылдық орта көрсеткішінің бір басына уақытша нормативтер бойынша қаржы бөлінуге тиіс. Ол дәрі-дәрмек, құрал-сайман, таңғыш және дезинфекциялаушы заттар және т.б. ветеринарлық мүліктер мен бұйымдар алуға арналған. Қазіргі экономикалық жағдайда бұл нормативтер өзгеріп отыратыны түсінікті. Бірақ, олар ветеринарлық шығындарды болжамдау үшін пайдаланылады. Мал иелері өз мүмкіндігінше шараларды толық көлемде жүргізуге қажетті қаржы бөлуге ерікті. Малдарды міндетті мемлекетік және ерікті қауіпсіздердіру үшін жиналған қордың белгілі бір бөлігі оларды өлім-жітімнен сақтау үшін ветеринарияға беріледі. Мұндай қаржыны үйлестіру қауіпсіздендіру компанияларының келісімімен және мемлекеттік қаржы органдарының нұсқаулары бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік ветеринарияның мекемелері бұл қаржыларды ветеринария саласында құрылыстар салуға, ғимараттарға күрделі жөндеу өткізуге, арнайы жабдықтар, автокөлік алуға, емдеу, сақтандыру шараларына жұмсауға, насихаттау жұмысына пайдалануға міндетті. Қаржыны пайдалану сметасы (жоспары) жыл сайын құрылып, ветеринарияның басқару органдарына бекітеді. Мемлекеттік мекемелердің ұлттық банкідегі арнайы есеп шотына жиналатын қаржылар олардың өздері көрсеткен ветеринарлық көмегі үшін төлемдерден немесе қолдан жасалған дәрі-дәрмектерін сатудан түскен және т.б. аударылған қаржыдан тұрады. Оларды мекеменің арнаулы қаржылары деп атайды. Мекеменің арнаулы қаржылары қаржы-қаражат органдары нұсқауымен белгілі мақсаттарға ғана жұмсалады. Қаржының бір бөлігі қызметкерлерге еңбекақы ретінде төленеді. Шаруашылық есептегі ветеринарлық мекемелер шаруашылықтар мен кәсіпорындарда атқарған жұмыстары үшін аударылатын төлемақы және өзінің өндірістік-коммерциялық әрекетінен түскен түсім есебінен күнелтеді. Соған орай, қаржының кіріс-шыңысы туралы өзіндік сметасы болады. Осындай мекемелерге облыстық ветеринарлық-санитарлық жасақтар, облыстық өндірістік-ветеринарлық лабораториялар жатады. Бұл мекемелер өз қызметін атқару үшін жылдық жоспар құрып, кіріс-шығыс сметасын бекітеді. Сол үшін келісім-шарттар, сұраныстар жасап, істелетін жұмыстардың нормаларын және бағасын белгілейді. Бағаларды анықтау үшін (Ветеринарлық емдеу-алдын алу шараларын жүргізудің нормативтік бағаларын) пайдаланады. Кез келген ветеринарлық мекеменің қаржы органдарында бекітілген кіріс-шығыс сметасы болуы тиіс. Сметадағы шығындар еңбекақы, кеңсе бұйымдарын алуға, іс-сапарлық ақыға, дәрі-дәрмек, құрал жабдық, мүлік алуға, құрылыс салуға, ғимараттарды жөндеуге арналған баптар бойынша жасалады. Мекеме қаржының кірісі мен шығысы туралы бухгалтерлік тіркеу жүргізеді және мерзімді есеп береді. Қаржы жұмсау мекеме төрағасының блігіне берілген. Ветеринарлық кооперативтер мен кіші кәсіпорындарға, дербес қызмет етуші дәрігерге, жекеменшік-кәсіпкерлік ветеринарлық қызметке бюджеттен қаржы бөлінбейді. Бұл құрылымдар мен тұлғалар ветеринарлық қызметті келісім-шарт бойынша атқарады және өз табысымен күнелтеді. Ветеринарлық жұмыстар үшін төлемақы республикалық Ветеринария комитеті бекіткен бағалар бойынша алынады. Жекеменшік-кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің қаржылық әрекетін қаржы-қаражат органдары және салық инспекциясы бақылайды. 2. Ветеринарлық қызметті жабдықтау Ветеринарлық қызмет өз міндетін атқару үшін қажетті керек-жарақпен қамтамасыз етуді, яғни жабдықтауды талап етеді. Бұл Ауыл шаруашылығы Министрлігінің негізгі қызметтерінің бірі болып саналады. Ветеринарияны жабдықтауды ұйымдастыруды, басқару және бақылау үшін арнайы орган және мекемелер жүйесі құрылған, оны зооветжабдықтау жүйесі жасайды. Бұл жүйенің жұмысына тікелей бақылауды мемлекеттік ветеринарияның басқарушы органдары жүргізеді, бірақ қаржылық іс-әрекеті бойынша, ол ветеринарияға бағынышты болмайды. Негізінде жабдықтау мекемелері ветеринарлық тауарларды жеткізуде тұтынушы мен өндіруші арасында делдалдық қызмет атқарады, сол арқылы табыс тауып күнелтеді, яғни жабдықтау - шаруашылық есеппен жұмыс істеп, өзін-өзі қаржыландыратын жүйе. Жабдықтау көлемі аудандарда, облыстарда және бүкіл республика бойынша жоспарланған ветеринарлық шаралар көлеміне байланысты болады. Жабдықтау бұйымдарының қажетті мөлшерін, тасымалдау мерзімін ветеринария органдары мен мекемелері анықтайды. Ол үшін жыл сайын бес түрлі үлгі бойынша ветеринарлық қызмет өзінің мұқтаждығын көрсетіп, сұраныс жасап, оны зооветжабдықтау жүйесіне тапсырады. Сұраныс үлесіне тауарлардың атауы, болжаммен алынған босату бағасы беріледі. Негізгі жабдықтау бұйымдарына: биологиялық препараттар, дәрі-дәрмектер, залалсыздандырушы заттар, лабораториялық жабдық пен реактивтер, түрлі аспаптар, таңғыш заттар мен құрал-саймандар, арнайы сырт және аяқ киімдер т.б. жатады. Қазақстан бойынша ветеринарияда қолданатын тауарлар өндіруші кәсіпорындар бұрыннан салынбаған. Қазір шприцтер, дәрі-дәрмек өндіруші және т.б. ветеринарлық, медициналық өнімдер шығаратын кәсіпорындар ашылуда. Соның ішінде Қазақстанда оларды Қазақ ғылыми-зерттеу институты, Ұлттық биотехнология орталығының биоқауыпсіздік мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу институты, Қазақ Үлттық аграрлық және жекеменшік кәсіпорындар шығарады. Бұл биопрепараттар тұтынушыларға тікелей немесе жүйесі арқылы сатылады. Бірақ негізгі мұқтаждықты өтеу үшін осы кәсіпорындардың өнімдері жеткіліксіз болғандықтан, көпшілік тауарлар Ресейден және т.б. шет елдерден сатып алынады. Зооветжабдық жүйесінде жоқ тауарларды басқа да жабдықтау және сауда кәсіпорындарынан алуға болады. Ветеринария мекемелерінде келіп түскен барлық ветеринарлық тауарлар есепке алынып, материалдық бөлімге жауапты адамға тапсырылады. Дәрі-дәрмектердің кірісі мен шығысы арнайы тіркеу кітабында белгіленіп отырады. Улы және әсері күшті дәрілерді тіркеу, босату, сақтау ерекше талаптарға сәйкес жүргізіледі. Мұндай заттардың <<А>> тобына жататындарын тек <<Зооветжабдық>> жүйесінде, ветеринарлықбөлімдерге, лабораторияларда, ғылыми-зерттеу және оқу орындарында ғана (егер шартты жағдай туғызатын болса) сақтауға рұқсат беріледі. Басқа мекемелер мен ұйымдарда бұл заттар тек дайын түрінде ғана (ерітінді, май) сақталады. Дәріханалар улы және әсері күшті дәрілерді сақтауға арналған сейфтермен жабдықталуы тиіс және терезе, есіктері темір торланып, сенімді құлыппен жабылуға тиісті. Басқа дәрілерді, биопрепараттарды сақтау үшін де тиісті жабдықтар қою қажет. Мысалы, дәрілер үшін сөрелер, шкафтар; биопрепараттарға - мұздатқыш немесе арнайы салқындатқыш құдық дайындайды, дезинфекциялаушы заттар мен инсектоакарицидтер жеке қоймада, жанғыш заттар өз алдына бөлек сақталуға тиісті. Ветеринарлық мүлікті дұрыс пайдалану мақсатында жыл сайын оның жайөкүйін, барын-жоғын анықтап, түгендеу актісін жасайды. Жарамсыз болған мүлікті есептен шығарады. Дәріханада бір тоқсан бойы жеткілікті болатын дәрі-дәрмек биопрепараттар және т.б. бұымдарды жинақтап отыру қалыпты жағдай деп есептеледі. Бұл күнделікті мұқтаждықты өтеуге арнайы қор болып саналады. Дәрі-дәрмек, көбінесе тиісті төлемақыға босатылады, оларды тегінберу мекемеден тыс малға бір жолғы жедел амбулаторлық көмек көрсеткенде және ҚР Министрлер Кабинеті бекіткен тізімдегі жұқпалы аурулар мен күрес жүргізгенде ғана рұқсат етілген. Тегін босатылатын дәрілерге рецепт жазылады, биопрепараттарға сұраныс толтырылады немесе оларды ауырған малды тіркеу кітабына, ауру тарихына жазып қояды. Қолданылған биопрепараттарға акт жасалады. Бұл құжаттар дәрілер мен биопрепараттарды есептен шығару үшін дәлел болады. Егер ветеринарлық станция немесе емхана бюджет есебінен тегін көмек көрсетуге арналған жарақтарды шаруашылықтарға босатса, ол үшін төлемақы алып, бюджетке қайтарып отырады. Қазіргі кезеңде нарықтық қатынастарға көшу және ветеринарлық қызмет құрылымының өзгеруіне байланысты ветеринарияны басқару органдарына ветеринария мекемелерін жабдықтау нормалары қайта қаралуда. 3. Ветеринарлық мекемелер мен объектілер құрылысын салуды ұйымдастыру Бұл мәселе ветеринарлық құрылыстар салуды ұйымдастыру, жоспарлау, құрылыс алаңына жер бөлу, құрылыс жобасы мен сметасын дайындау, қаржы бөлу, құрылыс жобасын дайындау, қаржы бөлу, құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету, жұмысты бақылау және дайын объектіні қабылдап алу сияқты мәселелерді қамтиды. Мемлекеттік ветеринария мекемелерін салу арнаулы жаспар бойынша бюджеттен бөлінген күрделі қаржыға жүргізіледі. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарда ветеринарлық объектілерді салу олардың өз ынтасында, ішкі мүмкіндіктері мен мұқтаждықтарына байланысты жүргізеді. Оларға тиісті ведомстволар көмек беруге міндетті. Жекеменшік-кәсіпкерлік ветеринарлық қызмет өзіне қажетті құрылыстарын өз есебінен және лицензия шарттарына сәйкес салады. Ветеринарлық мекемелер мен объектілердің құрылысын салу жоспарлары жергілікті өкімет органдарында құралады. Жоспар мақұлданған соң құрылыс алаңына жер бөлінеді, онан жерді үйлестіруші, сәулетші, ветеринарлық орган басшысы, өрттен сақтандыру және экологиялық қызмет өкілдері қатысады. Ветеринарлық мекеме үлгілі жоба бойынша, кейде жеке жоба бойынша салынады, жобалаушы ұжым іргетастың тереңдігін, қабырға мен төбе қалындығын, су, жылу, энергия және байланыс жарақтары қасиеттерін ескеріп, жергілікті жағдайларға сәйкестендіруге тиісті. Құрылыс салу барысында техникалық бақылау ветеринарлық мекеме басшысы және құрылысшы-инженер тарапынан болады. Олар эжер қазу жұмыстарынан бастап, құрылыс пайдалануға тапсырылғанша бақылауды үзбейді. Құрылыс аяқталған соң, ветеринарлық мекеме, құрылысшылар, эпидемиологиялық станция, өрт бақылау және т.б. ұжымдардың өкілдері қатысқан жұмыс тобы объектіні мемлекеттік қабалдау алқасына көрсетуге дайындайды. Құрылысшылар жағы жұмыс тобына техникалық құжаттар, чертеждер, ішкі жүйенің сынақтан өткені туралы актілер т.б. құжаттарды көрсетуге міндетті. Барлық тексерілген құжаттар ветеринарлық мекеме басшысына табыс етіледі. Жұмыс алқасы тапқан кемшіліктерді құрылысшылар белгіленген мерзімде жойған соң, дайын объектіні мемлекеттік комиссия қабылдап акт жазады. Комиссия құрамына бас тапсырыс беруші, қаланың (ауданның) ветеринарлық дәрігері, құрылыс салушы бас ұйымның, жергілікті өкіметтің, негізгі жобалаушының, санитарлық және өрт сөндіруші бақылау өкілдері енеді.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz