Файл қосу

Көркем шығарманы оқыту



ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ  АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3-деңгейлі СМЖ
құжаты

ПОӘК


  ПОӘК 042-18-28.1.23/03-2015


ПОӘК 
<<Қазақ  әдебиетін  оқыту әдістемесі>>
пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 
______  2015 жылғы 
№ 3 басылым


                                       
          5 В 050117 <<Қазақ тілі мен әдебиеті 
                     5 В 020500 <<Филология>>  
В 012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
      <<Қазақ әдебиетін  оқыту әдістемесі>> 
         ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ  
             ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
                                       
                                       



                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                  СЕМЕЙ
                                     2015
                                Мазмұны

1  Глоссарий
2  Дәріс сабақтарының мазмұны
3  Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
4  Студенттердің өздік жұмысы 





















ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
Методология  -  зерттеу, әдіс, ілім деген сөздерден алынған термин
Аударма - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге көшіріліп қайта жасалуыбасқа тілде түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды.
Аңдату  -  (грек тілінен  -  алғы сөз) - әдеби шығарманың беташары секілді, негізгі уақиғаға тікелей қатынасы жоқ кіріспе бөлігі
Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылығының табиғаты мен қоғамдық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиет жөніндегі ғылымның негізгі салаларының бірі.
Бейнелеу құралдары - әдебиетте көбінесе бұл ұғым сөз қолдану тәсілдері, бейнелі сөздер, мысалы, жалпы түрде құбылту деп аталатын метафора, метонимия, әсірелеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, эпитет және стильдік айшықтар, дыбыстық қайталамалар деген мағынада қолданылады.
Дидактикалық әдебиет (грек тілінен үлгілі, өнегелі, ғибратты) ғылыми-танымдық сипатта түзілген көркем шығармалар
Драма (грек тілінен қимыл-әрекет)  - сахнаға арналған уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.
Ерікті өлең  -  қалыптасқан өлең өлшемін берік сақтамай, тармақтардың ырғағын еркін өрнектейтін өлең түрі
Жыр  -  қазақ халық поэзиясының жанрлық түрі, түпкі, негізгі мағынасында өлеңмен баяндалатын, жырлап айтатын уақиғалы, көлемді поэзиялық шығарма (батырлық жырлар, эпостық ғашықтық жырлар)
Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жай-жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы 
Кейіптеу (олицетворение) - әр түрлі табиғат құбылыстарына, жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл
Лирика  -  көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, басты ерекшелігі  -  адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.
Меңзеу (синекдоха)  -  аз бен көпті, үлкен мен кішіні ауыстырып, немесе, бүтіннің орнына бөлшекті айту, жекше ұғымның орнына көпше ұғымды алу, алмастыру.
Монография  -  белгілі бір тақырыпта жазылған, мәселені тереңдеп ашатын ғылыми-зерттеу еңбек
Мысал  -  айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма
Новелла  -  көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады. 
Өмірбаяндық әдіс  -  жазушының шығармашылығын жеке өмірлік тәжірибесінің көрінісі ретінде қарастырып, оны шығармашылығындағы өзекті мәселе етіп қоятын зерттеу тәсілі
Пейзаж (франц.  -  ел, жер) - әдеби шығармадағы жаратылыстың, яки табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі 
Повесть (орыс тілінен баяндау)  -  оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қарасөзбен жазылған, көлемді шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрі
Портрет (француз тілінен бейнеленген ) - әдеби кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу
Рецензия (латын тілінен - қарастыру, тексеру)  -  көркем өнер немесе  әдебиет сынының жанры, көркем шығарманы талдап, баға беру, пікір қорыту
Роман (орта ғасырларда латын тілінде емес, роман тілдерінде жазылған шығарма осылай аталған)  -  сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, жан-жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма 
Технология - білімдік ақпараттарды толықтырып, өңдеп, өзгертіп ұсынудың элістері мен құралдарының жиынтығын, қажетті құралдарды оқу үрдісінде тиімді пайдалана отырып, оқушыларға жеткізе білудің тэсілдері туралы ғылым.
Инновация - педагогикалық категория ретінде жаңғырту, жаңарту түсінігін береді. Инновация - жаңаша ойлаудың жолы болғандықтан, оқытудың жаңа мазмүндағы түрі.
Инновациялық әдістеме - инновациялық эдіс-тэсілдер мен дидактикалық қүралдарды қолдану арқылы білім негіздерін меңгертудің сипатын жаңа технологиялармен толтыруға, өзгертуге бағытталған.
Модуль - дидактикалық жетісітіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелік жүйесі бар аяқталған ақпарат блогі.
Модуль   -   оқу   үрдісінің   өзгеруіне   байланысты   үнемі   толықтырылып, өзгертіліп, түрлендіріліп отыратын іріленген мазмүнды дидактикалық бірлік. Модульдік     оқу     -     білім     мазмүнын     әр     қырынан     жетілдірудің, үйымдастырудың қүралы мен әдісі.
Мәнерлеп оқу дегеніміз - дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру,мазмұндық ой екпінін дүрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп,кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.
Интонация дегеніміз - сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін,дауыстың бірде жоғарылап,бірде төмендеуін білдіреді.Интонация мына элементтерден түрады: өз бен ой екпіні,сөйлеу қарқыны, ритмі(ырғағы), пауза(кідіріс),сазы. Тіркес екпін( фразалық екпін) - сөйлем ішіндегі сөздердің бір-бірімен байланысу тэсілдеріне байланысты қойылатын синтаксистік объектісі. Логикалық екпін - айтылған сөйлемдегі ойдың мазмүн-мағынасына қарай сөйлемдегі бір сөзге мағыналық ,яғни логикалық екпін түседі.Ол басқа сөздерге қарағанда сәл ерекшелеу оқылады.Дауыс сазы арқылы аңғартады.
Эмфазалық екпін-сөз ішінде дауысты дыбысты созып ,созыңқырап оқу арқылы сан алуан көңіл күйін қүбылысын беретін жағдайды айтамыз












    1-дәріс.
5-10 сыныптарда  әдебиетті оқыту методикасы
Сабақтың жоспары:
1.Сабақ және оның жүйесі.
2.Сабақ жоспарының түрі,әзірлеу үлгісі.
Сабақтың мақсаты:Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің пән ретінде қалыптасуы,даму жолдары. Арнайы бағдарламалардың жасалуы. Жаңару кезеңдері.
Мектеп, колледж, университет  -  білім беру мекемелерінің ішіндегі үздіксіз оқу процесін жүргізетін мекемелер. Ондағы басты мақсат  - оқу процесі. Ол жалпы айтқанда оқушы мен мұғалімнің белгілі бір уақыт ішінде бірлесіп жүргізетін жұмысы. Оқу процесі мектепте бір оқу жылын қамтиды, ол оқу жартыжылдықтары мен оқу тоқсандарына бөлінеді.Оқу процесін ұйымдастыруда оқу материалдарын жоспарлау, оны сабақта қабылдатуға, игертуге жағдай туғызу  - басты мәселе болады. Оқу процесін жоспарлауда екі мақсат көзделеді. Бірінщісі  -  бір қалыпты жұмысты ұйымдастыру; бақылап, саралау, бағыт бағдарын айқындау. Мектептегі оқу процесінде үш жоспар жүзеге асырылады.
* Күнтізбелік;
* Тақырыптық;
* Сабақ жоспары.
    Күнтізбелік жоспар  -  бұл бағдарламадағы тақырыптардың оқу тоқсандарына  және апталарға жіктелуі. Оқытушы осы жоспар арқылы пәнді жүргізуге бағдар жасап, әрбір сыныпқа байланысты оқу мақсатын бірқалыпты, жүйелі жүзеге асырады. Күнтізбелік жоспар жасауда әр сыныптағы апталық сағат саны, сол жылдағы күнтізбенің ерекшелігі (мереке күндері, демалвстар) ескерілу керек.
    Тақырптық жоспар  -  бұл бағдарламадағы әрбір тақырыпқа белгілі мөлшерде берілген сағатты тақырыптың күрделі немесе жеңілдігіне қарай бөлу. Бұл жоспар тақырыпты ретімен, мақсатты түрде өтуге көмектеседі.
    Сабақ жоспары  -  бұл әрбір сабаққа күнделікті жасалатын жоспар түрі. Ол мұғалімнің сабақты жоспарлы, ұйымдасқан түрде өтуіне бағдар береді. Ал, колледж және университеттерде жұмыстық оқу жоспары жасалады. Ондағы тақырыптар дәріс, машықтандыру, зертханалық, арнайы курстар  мен семинарларда өтіледі. 
    Сабақ  -  белгілі бір сынып оқушыларын, топ студенттерін белгіленген бағдарлама бойынша оқытудың негізгі формасы. Онда оқу материалын оқып үйрену, меңгеру жүзеге асырылады. Ол үшін сабақтың нақты мақсаты болу керек. Сабақ  -  оқу процесінің ең кіші бөлшегі бола отырып, оның мақсатын, мазмұнын жүзеге асырады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, әдіс  - тәсілі анықталғаннан кейін, оның дидактикалық материалы жасалады.
     Мектепте өткізілетін сабақтың қалыптасқан құрылымы бар. Олар:
* ұйымдастыру кезеңі;
* үй тапсырмасын сұрау;
* жаңа материалды түсіндіру;
* сабақты бекіту, үйге тапсырма беру;
* оқушы білімін бағалау;
сабақтың бөліктеріне уақыт белгіленеді. Сабақ үстінде оқушылардың білім дағдылары қалыптасады. Сабақтың ойдағыдай өтуінің алуан түрлі шарттары бар. Ең бастысы-мұғалімнің білімі мен әдіс тәсілдерінің жан жақтылығы. Сабақты жоспарлау, ұйымдастыру, өткізу үлкен нақтылықты қажет етеді. Сабақ  - күрделі процесс. Сабаққа көптеген талаптар қойылады. Солардың бастылары мыналар:
* оқушылардың сабақты бар зейінімен, ықыласымен тыңдауын ұйымдастыру;
* мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, тиімді әдіс  -  тәсілдері;
* оқушының теориялық жағынан меңгерген іс тәжіребиеде, күнделікті сабақта  қолдана алуы;
* оқушы алдына проблема қойып, оны ізденіске бастау;
* оқушының шығармашылығын арттыратындай өз бетінше жұмыс беру;
* көрнекі құралдардың нақтылығы, әсерлігі, мазмұндылығы;
* мысалдардың өмірмен байланыстылығы, оқушыны ойлантуға, сөйлеуге тәрбиелеуге ықпалы;
* сабақты басқа пәндермен өнер салаларымен үйлесіміне,  ұқсастығына қарай түрлендіру.
Бұл мәселеге  қоса, әр сабақта педагоикалық, психологиялық, физиологиялық талаптар ескеріледі.  Бір сыныптағы оқушылар бірдей талап, әдіспен оқытылған сабақты бірдей қабылдай бермейді. Осыдан келіп жеке оқушыларды зерттеу олармен жұмыстар жүргізу талабы туындайды.  Яғни сабақта оқыту, үйрету,  тәрбиелеу,  дамыту шарттары жүзеге асырылады. Осы бағыттағы жұмыстар жүргізіледі. 
 Өзінің мақсаты мен құрылымына қарай мектептегі сабақ екі топқа бөлінеді:
Оқыту  -  үйрету мақстаныдағы сабақты мынадай төрт түрге бөлуге болады:
Жаңа материалды үйрету, түсіндіру сабағы оқушыларды жаңа білімен қамтамсыз етеді. Ол әрі қарай көрнекілік, байандау, түсіндіру түрлерімен толықтырылады.
  Білім дағдыны қалыптастыру сабағы алған білімді  бекітіп, дамытады. Мұнда әр түрлі тапсырмалар орындалып, оқушының жаңа материалды қалай игергені тексеріледі.
Өткенді қайталау сабағы бұрын өтілген тақырыптарды жүйелеп, қалай игергенін білу мақстаында жүргізіледі. Бұл сабақты тоқсан соңында, белгілі бір ірі тақырыптарды, таруларды өткеннен кейін жүргізуге болады.
  Бақылау мақсатындағы сабақта оқушының игеріп меңгерген білімдері тексеріледі. Бұл сабақта мынадай үш түрге бөлуге болады:
Оқу материалдарын игеруін бақылауда оқушыладың сұраққа жауап беруі, өз ой пікірлерін айта алуы, оны мысалдармен, мәтіндермен дәлелдей алуы талап етіледі.
 Ауызша сөйлеу кезінде оқушылардың ауызша жауаптарының жүйелі, нақты, толық болуы, ойларын көркем, бейнелі жеткізе алуы бақыланады.
   Жазбаша жұмыс түрлерін орындау барысында оқушыладың әдебиет сабақтарында мазмұндама, шығарма, мінездеме,  пікір, тезис, конспект түрлерін жаза білуі тексеріледі. Мұнда сынып оқушыларының жас ерекшелігі ескерілуі керек.
Оқушылардың белсенділігі әр сабақат түрліше болады. Мектеп практикасында қазір сабақ түрлері көп. Оларды шартты түрде дәстүрлі немесе дәстүрден тыс деп  бөлеміз.  Қалыпты сабақтан дәстүрлі емес сабақтың өзгешелігі жалпы сабақтың  дәстүрлі құрылымы сақталғанмен оны жүргізу, өткізу түрлері өзгереді.  Олардың қатарында бірнеше сабақ түрлерін атауға болады: дәріс сабақ, семинар сабақ, диспут сабақ,  сайыс сабақ, көрнекілік сабақ,  әңгіме сабақ, әдеби әуендік сабақ, сабақ викторина т.б. 
  Дәріс сабағы. Мұғалімнің материалды баяндауынан, түсіндіруінен тұрады.  Сыныпқа жетекші, қорытындылаушы сауалдар қоя отырып, мұғалім оқу материалының негізгі тұстарын жаздыртады.
 Машықтандыру (семинар) сабағы. Бұл сабақтың бірнеше ерекшелігі бар:
* оқушыларды бірнеше тақырып бойынша өз бетінше дайындау;
* оқушылар сол тақырып бойынша хабарлама жасайды;
* тыңдалған материалды талдайды;
* талқыланған мәселені мұғалім қорытады. Сабақтың мұндай түрі оқушылардың өз ара ұқсас сабқатың түрін қалай қабылдағанын тексеруге мүмкіндік береді.  Мұғалім алдын ала оқушыларға тапсырма беріп, тиісті әдебиеттерді көрсетеді.
Диспут сабағы. Мұғалімнің сабақты пікірталсақ құруы оқушы белсенділігін арттырып, пәнге деген қызығушылығын өсіреді.  Мұндай сабққа мұғалім балама жауаптары бар сұрақтар ойластыру қажет. Сонда оқушылар әр түрлі пікірлер айтып, керекті дәлелдерін табады. 
 Сайыс сабғы. Бұл ортаңғы сыныптарда өткізуге қолайлы сабақ. Оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша білімдерін сабаққа сала отырып, шапшаң, мүдірмей жауап таба білуі, өзінің пәнге деген ықыласын жан жақты білдіре алуы, сыныптас оқушылардан ерекшелігін таныта алуы көзделеді.

                                          Қолданылған әдебиеттер
Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру.   /Методикалық нұсқау. А., 1990.
Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.
Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992.
 Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері. -Алматы, 1997.


2-дәріс. Әдебиет пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.
Сабақ жоспары:
1) Пәнаралық байланыс оқыту үдерісіндегі өзекті мәселе
2) Әдебиет пәнінің басқа ғылымдармен байланысы
3)Психология, педагогика ғылымдарымен байланысы
4) Әдістеменің эстетика, тіл білімі, тарих, әдебиеттану ғылымдары-
мен  байланысы
Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік - экономикалық салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер , жаңа бастамалар, серпінді қадамдар жасалып жатыр. Білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару барысына тікелей ықпал жасайды. Осы орайда мектептің оқу-тәрбие үдерісінің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы , адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге , бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың  қалыптасуына мүмкіндік береді. 
Мектептерде әр  сыныпта сабақты түрлі пәндермен байланысты оқытудың жаңа технологиялар арқылы ұйымдастыру баланың ойлау белсенділігін арттырады, оқушыларды құбылыс мәніне терең үңілуге, мүмкіндіктерін нақты жағдайда қолдануға үйретеді. Пәнаралық байланыстарды ұйымдастыру оқушылардың      шығармашыық қабілеттерінің оянуына да септігін тигізеді. 
Жалпы өскелең ұрпақты жетілдіруде мектептің білім мазмұнын одан әрі жаңарту, жоғары деңгейге көтеру үнемі ғылымдар жүйесінің бір  - бірімен тығыз байланыста болуы пәнаралық байланыстың негізінде қарастырылуы керек.
Пәнаралық байланысты жан - жақты педагогикалық - психологиялық, әдістемелік жағынан зерттеуге бұрынғыдан да зор маңыз беріліп отыр. 
Бұл мәселемен көптеген  ғалымдар:  М.А.Данилов, В.В.Давыдов, Р.Г.Лемберг, В.Н. Малахов, Я.А. Коменский, Н.Г. Чернышевский шұғылданып келді. Олар пәнаралық мәнін, құрылымын әдіснамалық  деңгейде қалыптастырған. Пәнаралық байланысты жан-жақты қарастырғандар: Н.В.Малахов, И.А.Лошкарева, И.Д.Зверев, М.Р. Львов,  Н.Я.Велинкиндер болды.
Республикамызда пәнарлық байланысты зерттеп, өзіндік пікір айтып жүрген ғалымдарымыз баршылық, мәселен: Қ.Мұханов, С.Мұсабаев, А.А.Бейсенбаева,  Р.Абасова тағы басқалар болды.
Көптеген педагогтар  мен психологтардың  пікірлеріне  қарағанда , оқушылардың  түрлі пәндердегі білімдер мен біліктерді, бейімділіктердің  жеке элементтері арасындағы  байланыстарды байқап және қабылдауы  олардың білімдерін  бір жүйеге келтіреді, ақыл-ойына серпіліс тудырады, таным қызметіне шығармашылық сипат береді.
Пәнаралық байланыстың философиялық негізінде дүниедегі  барлық заттардың ,  құбылыстардың бірімен  - бірінің  өзара байланыстылығы  туралы  тұжырымдалған  дүние  туралы білімдер де бірімен  - бірі байланыста болады.
Негізінен оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір  - бірінен өз алдына  оңашаланып бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті өзара байланыстылықты танып білу.
Пәнаралық байланыс кезінде  материалдардың өзара байланысын, бір- біріне тигізетін ықпалын, ортақ, негізгі тенденцияларын, әлеуметтік, экономикалық, рухани ортақ белгілерін бір  - бірімен сабақтастыру, ортақ белгілерін бір  - бірімен салыстыру, ортақ заңдарын ашуды көздеуі тиіс. Оқушылардың білімдері сайып келгенде, әрбір жеке тұлғаның көзқарасына, сеніміне, өмірлік құндылық бағдарына, мінез  - құлқының қағидасына айналуы керек.
Пәнаралық байланыстарды тәрбиелеу функциясы оқушыларды диалектикалық - материалистік дүниетанымды, дұрыс дүниеге көзқарасты қалыптастыруды көздейді. Осыған сәйкес мектеп оқушыларына білім және тәрбие берудің, дүниетанымын қалыптастырудың аса маңызды құрылымының бірі- пәнаралық байланыс болғандықтан, пәнаралық байланыстың негізгі міндеттеріне тоқталсақ.
1) Оқушылардың оқыту үдерісіндегі пәнаралық байланысты түсінуін, саналы   қабылдауын, танымдық белсенділігін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру.
2) Оқу пәндерінің оқушыларға білім мен тәрбие беру , пәнаралық байланысты орнату мүмкігндіктерін айқындау мақсатында білім беретін орта мектептің оқу жоспары мен бағдарламаларына талдау жасау. Барлық мұғалімдердің пәнаралық байланысты практикалық қызметінде пайдалану.
3) Мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстардың пәнаралық байланыста жүргізілуі.
4) Пәнаралық байланыс оқу пәндерінің арасындағы  өзара байланыстың дамуына  және танымдық іс-әрекеттің белсенді, ауқымды болуына жол ашады.
5) Пәнаралық байланыс  мектеп мұғалімінің жүргізетін педагогикалық әрекетін ғылыми негізде ұтымды ұйымдастыруына себепкер болады. 
Қазіргі мектептердің жалпы білім беру мазмұны, оның ішіндегі оқу жоспарлары пәнаралық байланыс негізінде жетілдіріп келеді.  Осыған орай , ғалым зерттеушілердің, шығармашылық еңбек етушімұғалімдердің ізденістері жүйеленген, қорытындыланған жаңа пәндердің оқу  - тәрбие үрдісінде қажет екендігін дәлелдеп отыр.
Пәнаралық іскерлік оқушының  бір пәннен меңгерген білім іскерлік дағдыларын , екінші жақын  пәндерді меңгеруді  пайдалана білу қабілетінен  көрінеді .
Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті- ол оқыту үдерісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру болып есептеледі.
Білім оқушының  табиғи  және әлеуметтік жаңа ортаға икемделуін , әр алуан әрекет түрлерін меңгеруін , айналадағы дүниемен жекебас  тұлғалық қарым  - қатынасын , этикалық , адамгершілік нормаларды бойына дарытуын және белгілі бір қажетті деңгейде  болуын қамтамасыз ететін құрылымдық жағынан өзара тығыз байланысты мынандай компоненттерден тұрады.
1) Дүниенің біртұтас ғылыми бейнесі туралы білім.
2) Дүниені логикалық  - танымдық  және ғылыми тұрғыда зерделеп білудің әдіс  - тәсілдері туралы білім.
3) Оқушыда қалыптасуы тиіс әрекет түрлері туралы білім.
Пәнаралық байланыстың қай түрін , қалай жүзеге асырудың жолдары алуан түрлі және оны талдау, көп жағдайда, мұғалімнің шығармашылық шеберлігіне ізденісіне  де байланысты.
Пәнаралық байланыс   білім, білік  және дағдының тұтас жүйесінің дұрыс қалыптасуына жағдай жасайды, әрі оқушылардың әр түрлі пәндерден  алған білімін орынды қолдана білуіне көмектеседі. Сауат ашу мен тіл дамыту , айналамен таныстыру пәндері  о бастан  - ақ бір - бірімен пәнаралық байланыста жүргізіледі. 
Оқу бағдарламаларында жеке пәндердің оқу материалы  басқа кейбір пәндердің  тақырыптарымен  өте тығыз байланыста болып келеді. Бұл жағдайда  сабақтың өң бойында  пәнаралық  байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Әрбір сабақ оқушыларды қоршап тұрған дүниені тану  жолының бір көрінісі.
Міне осы жолмен қазіргі кездегі ғылым, техника және мәдениет негіздерімен  қаруландырып мұғалім өз оқушыларын  өмірге дайындайды. Бір жерде тоқырап тұрып қалу  немесе аршындап алға басу сабақ кезінде оқушыларға білімнің  тиянақты  жинақталуына  байланысты екені даусыз нәрсе. 
Әр сабақта оқушылар өздерінің жұмысы барысында жаңа дағды мен скерлікке ие болады. Сондықтан мұғалімдер мектепте оқу  -  тәрбие үдерісін ұйымдастыруда пәнаралық байланысты жүзеге асыру мүмкіндіктерін көрсетуі қажет.
Оқу пәндерінде қарастырылған табиғат , қоғам, адамдардың өзара әрекеті жөніндегі негіздер оларды білім беру  мазмұнының біртұтас жүйесінде біріктіреді.Осы арада пәнаралық байланыстың  дүниеге көзқарыс қызметі өте маңызды.
Адам баласының ерте заманнан бастап күні бүгінге дейін  қолы жеткен ғылыми табыстарының қорытынды нәтижелерімен танысады. 
Сөйтіп, оқушылардың білімі молаяды, дүние танушылық қабілеті артады, ақыл-ойы парасаты дамиды, тәрбиеленеді. 
Осының негізінде оқушылардың өз дәрежесіне сай  адам қоғамы мен табиғат дүниесінің әр алуан сырларын біліп шығуын қамтамасыз етеді.
                                  
         Пайдаланылған әдебиетттер
* .А.Көшімбаев  <<Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>>  
<<Мектеп>> баспасы    Алматы  -  1969 ж
* Бейсенбаева А.А.  <<Пәнаралық байланыс  негізінде  оқу процесін ұйымдастыру>>.  Алматы, 1995 
* Мұсабеков О.  << Пәнаралық байланысты жүзеге асыру>>.// Қазақстан мектебі , 1989. №13, 49-50 бет
* Ж.Жиембаев   << Оқу үрдісін жекелендіру үшін педагогикалық
                                                  

3-дәріс.	
Сабақ және оған қойылатын талаптар.
Сабақтың жоспары:
1.Сабақтың білімділік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарына көңіл бөлуі.
2.Сабақ талдау үлгілері.
Сабақтың мақсаты:Сабақтың негізгі талдау үлгілері,бөлімдері.Мұғалімнің басты мақсатын айқындау.Жаңа заман талабына сай  - ұзтаз дайындау.
      Сабаққа қойылатын талаптар: 1.Сабақтың тақырыбы бойынша оның білімдік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау; 2.Сабақтың түрін анықтау,жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру; 3.Оқушының білімін бекіту,қайталау,бақылау жүйесін ойластыру; 4.Үй тапсырмасының көлемін,түсініктілігін,баланың мүмкіндіктерін қадағалау; 
Сабаққа дайындалу және ұйымдастыруға қойылатын талаптар: 1.Сабақ материалы оқушының денсаулығына зиян келтірмейтіндей көлемде белгіленуі қажет; 2.Әр сабаққа дайындықты берілген тақырып бойынша жоспарлаудан бастау қажет; 3.Әр сабаққа демонстрациялық,дидактикалық материалдарды,техникалық құралдарды дайындау; 
Сабақ мазмұнына және оқу процесіне қойылатын талаптар: 1.Сабақтың тәрбиелік мәні болуы керек.Оқыту барысында оқушылар өздерін қоғамның жеке тұлғасы ретінде сезінуі қажет; 2.Сабақ мазмұны оқушы өмірімен тікелей байланыста болған жөн; 3.Әр сабақта оқушы шығармашылық ізденісте болуы қажет; 
Сабақты өткізу әдісіне қойылатын талаптар: 1.Сабақ коңілді,тартымды өтуі керек; 2.Оқушыны сабақта білімнің керек екенін сезінуге тәрбиелеу қажет; 3.Сабақтың ырғағы мен қарқыны тиісті дәрежеде болуы керек;ол тездік пен сылбырлықты көтермейді.Сабақтың барысы дұрыс ұйымдастырылғанда оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекеті нәтижелі болады; 4.Мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара түсінушілік,педагогикалық такт сақталғаны жөн /оқушылардың намысына тура немесе жанамалы түрде тиіп,жәбірлеу дұрыс емес/; 5.Оқушылар арасына өзара түсінушілік жағдай туғызу және шығармашылық еңбек белсенділігін арттыру,өте қажет; 6.Сабақты әр түрлі оқу әдістерін қолданып,түрлендіріп өткізу керек. 
Бағалау нормалары. <<5>> деген баға:ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе; <<4>> деген баға:емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе; <<3>> деген баға:емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгі қатесі болса; <<2>> деген баға:емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін;     Диктант мәтініне қойылатын талап: а) көлем сынып ерекшелегіне сай болуы тиіс; ә) тәрбиелік мазмұны болуы керек; б) мәтіндегі орфограммалар мен пунктограммаларды оқушылар игерген, таныс бағдарламаға сәйкес болуы керек ; в) мәтіннің көркем шығармалардан алынған үзінді түрінде жеңіл болуын ескерген жөн; 
Диктантты бағалауда мына параметрлерді есте сақтау керек:  - фонетикалық талдауды білуі; - сөз құрамына талдауды білуі; - сөз табына талдауды білуі; - сөйлемді талдауы; - сөйлем мүшесіне талдауды білуі; - морфологиялық талдауды білуі; - синтаксистік талдауды білуі; - лексикалық талдауды білуі; 
      Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар: :: Тақырыпты оқушының өз ойы және өз сөзі арқылы толық аша білуі; :: Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.Шығарманы 5 сыныптан бастап жазады, бірақ 5,6  - сыныптарда үйрету шығарма болып саналады. 5,6  -  сыныптарда жоспар беріледі. Шығарманың екі бағасы болады: екеуі де бір пәнге қойылады. Мазмұндама мен шығармаға екі баға қойылады: 1-шісі: жұмысының мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл байлығы үшін; 2-шісі: грамматикалық сауаттылығы үшін; 
               Пайдаланылған  әдебиеттер:
А.Көшімбаев  <<Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>>  
<<Мектеп>> баспасы    Алматы  -  1969 ж
* Бейсенбаева А.А.  <<Пәнаралық байланыс  негізінде  оқу процесін ұйымдастыру>>.  Алматы, 1995 
* Мұсабеков О.  << Пәнаралық байланысты жүзеге асыру>>.// Қазақстан мектебі , 1989. №13, 49-50 бет
* Ж.Жиембаев   << Оқу үрдісін жекелендіру үшін педагогикалық
                                                  
    4- Дәріс.
 Әдебиетті оқыту әдістері
 Сабақтың  жоспары:
       1. Оқытудың ауызекі және көрнекілік әдістері. 
Сабақтың мақсаты:Мектептегі әдебиетті оқытудағы жетекші принциппен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар.Оқу-тәрбие жұмысының негізгі түрі сабақ тиімділігін арттыруды,оның сапасын жақсартуды мақсат етіп қою.
Әдістемелік нұсқау
Сабақты толығымен меңгерсін деген мақсатта Қ.Бітібаева,А.Көшімбаев сынды ғалымдардың әдістемелік нұсқауларын оқуды нұсқадым.
  	Педагогика ғылымы- мектепте оқылатын оқу пәндерін, оқу теориясын, онда сақталатын басты принцптерді, қолданылатын негізгі және көмекші әдіс-тәсілдерді жалпы түрде баяндайды. Әдебиетті оқытудың өзіндік амал-тәсілдері бар:
      Көрнекілік әдісі- берілген білімнің мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда уақыт үнемдеуге, әсіресе оқушы психологиясына әсер ету мақсатында өте тиімді болады.Сондай-ақ оқушы сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселесінде де маңызы зор.
	Зерттеу әдісі- берілетін білімнің ғылымилығын арттыру қосымша материалдармен байыту, оқушыларды іздендіру,өз бетімен проблема шештіру мәселелерінде тиімді.Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін өз беттерінше уақытында жасау дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы. Бұл әдіс негізінен, семинар, конференциция, сабақтарда баяндама, реферат жаздыруға ыңғайлы.Бұл әдістегі негізгі мақсат- оқу материалының бұрынғы сабақтарда қамтылмаган жаңа қырларын, тың астарын ашу. Бұл әдіс ұстаздың шәкәрттерге зерттеу тұрғысындағы проблемалық тапсырмалар беруі арқылы орындалады.
	Шығармашылық әдісі-шәкірттердің оқырмандық қабілетін тәрбиелеу мақсатында көркем шығарманы оқып-үйренудің алғашқы кезеңінде де, қолданыуы мүмкін. Мұнда төмендегідей әдістемелік тәсілдер қолданылады:
	-Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
	-Көркемсөзөнерлерінің мәнелеп оқуы.
	- Артистердің орындауындағы жеке сахналық көріністер.
	-Оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету.
	-Көркем мәтінді ұстаздың коментарий түсінік бере оқуы.
-Әңгіме жүргізу.
-Шығармашылық тапсырма беру.
-Жаттау.
-Жоспар құру.
-Эпизодтарға тақырып қою.
-Мәтінге жақын баяндау.
-Көркем баяндау.
-Сценрий құру.
-Иллюстрация жасау.
-Пікір жазу(кітап,кино, спектакль, радио, телеқойылым, хабарларға)
- Шығарма жазу.
   Эвристикалық әдіс- мұнда да негізгі оқу материалы-көркем шығарма. Оны талдау арқылы көркем-эстетикалық, рухани, адамгершілік, қоғамдық- философиялық мәселелердің мәнін ашу көзделді. Бұл әдіс кәбіне эвристикалық әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұны кейде эвристикалық әңгімеден соң ұстаздың сұрау тапсырмалары бойынша шәкірттердің өздері орындауы да мүмкін. Бұл әдіс мынадай әдістемелік тәсілдер арқылы іске асырылады:
    -Логикалық сұрақтар жүйесі(коркем шығарманы талдау,теориялық т.б мәселелер бойынша)
-Тапсырмалар жүйесі.Шығарма мәтіні бойынша ауызшпа, жазбаша жоспарлау, баяндау, теориялық т.б мәселелер бойынша.
-Мұғалімнің өзінің немесе мұғалім ұсынысымен шәкірттердің проблема қоюы, пікірталас ұйымдастыру.
Репродуктивті әдіс- бұл әдісте оқытушы белгілі бір оқу материалын проблема қоя отырып баяндайды, әрі оған өзі жауап береді, тақырыптың мәнін түсіндіреді. Содан соң шәкірттерден дәл осы ізбен қайталап, басқа оқу материялын түсіндіруді талап етеді. Бұл репродукция яғни қайталау, көшірме жасау әдісі болып есептеледі.
Репродуктивті әдісте қолданылатын тәсілдер:
-Әңгіме(жазушыылардың өмірі мен шығармашылығы жөнінде оқытушы әңгімесі)
-Шолу лекция(оқу құралдары, техникалық көрнекі құралдарды пайдалана отырып)
-Тапсырма беру(оқулық, оқу құралдары бойынша)
-Сұрақтарға жауап беру(оқу материялын арқау ете отырып)
Мектепте әдебиет пәнін оқытуда жоғарыда айтылған әдіс-амалдардың қай-қайсысы да көбінесе дара күйінде қолданылмайды. Олар сабақтың тақырыбы мен мақсатына, өтілетін оқу материялының өзгешелігіне байланысты араласып, тоғысып келіп отырады.Бұлардың қай-қайсысын қашан, қайда және қалай қолдану әдебиет мұғалімінің билігіне беріледі.
Мектептегі басқа оқу пәндері сияқты әдебиетті оқытудағы жетекші принцп пен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар кластағы және одон тыс уақыттағы оқу-тәрбиелік процесте мұғалім мен оқушылардың барлық жұмыс түрлерін жандандырып отыуына негізделеді. Бұл принцпті жүзеге асыру үшін, мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатына, құрылысы мен мазмұнына сәйкес тиімді, қолайлы деп тапқан негізгі және көмекші әдіс-амалдардың түрлерін қолданады. Мұғалім әдебиет сабағындағы басты тұлға болғандықтан, оқытудың әдіс-амалдарын түрлендіре отырып, оқу-тәрбиелік процесті творчестволық өнерпаздықпен, белсенділікпен өткізуі тиіс. Сабақтың сапалы, нәтижелі болып өтуіне мұғаліммен бірге оқушылар да елеулі рөль атқарады. Мұғалім үнемі айтушы, көрсетуші, түсіндіруші де, ал оқушылар тек көруші, тыңдаушы, орындаушы ғана емес. Кластағы оқушылар коллективі-үлкен күш.Осы коллективті сабақтың барысында дұрыс ұйымдастырып басқару, дұрыс арнаға салып, айқын бағыт беріп отыру, оның сарқылмас күш-жігерін, тілек-мүддесін орнымне пайдалана білу, сөйтіп, олардың сабаққа белсенділік шабытпен қатысып, араласып отыруын қамтамасыз ету әдебиет ұстазынан үлкен еңбекті, асқан шеберлікті талап етеді.
Мектептегі өзге оқу пәндері сияқты әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын көптеген негізгі және көмекші әдістер бар, Бұлардың кейбіреулері барлық оқу пәндерінде, әсіресе гуманитарлық пәндеріне, әсіресе гуманитарлық пәндерге ортақ әдістер болып табылады. Осымен қатар тек әдебиетті оқытуда ғана қолданылатын әдіс-тәсілдер де бар. Мысылы, көркем сөз тексін мәнерлеп оқу, түсініктеме бере, талдау жасай отыып оқу, сюжетті шығарманы әр түрлі вариантта ауызша мазмұндау.т,б    
                                                  Пайдаланылған әдебиеттер:
 1.А.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А. Мектеп 1969
  2. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. Рауан. 1997
  3. Е. Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. 1999          
 	

5- дәріс
Көркем шығарманы оқыту.
Сабақтың жоспары:
 I.Кіріспе.II.Негізгі бөлім.1.Көркем шығарманы оқыту2.Көркем шығарманы оқытуда баланың жас ерекшілігі.3.Көркем шығармада жаңа технологияны қолдану.
                                             

  <<Көркем шығарманы талдамас бұрын оны
                                                 дауыстап оқып, дауыстап жеткізу керек.
                                                Сонда ғана шығарма балаға барынша  әсер етеді .                             
                                                                                                М..А. Рыбникова.
   Еліміздің өз тәуелділігіне қол жеткізіп, саяси - әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу - негізгі міндеттердің бірі.Әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқынаЖолдауында <<Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры  -  оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі.>> - деп атап көрсетті.Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше.
Әдебиетті оқыту  -  ғылым саласымен тығыз байланысқан. Себебі, ғылымның қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы практикалық мәндес болады деп білсек, әдебиетті оқыту арқылы оқушыға көркем шығарманы оқытуды қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін бірлікте қарастырумен қатар оның өнер екендігін де ескерген жөн. Өйткені игерілуге тиісті ұғым, сөздің мәні, айтылмақ ой  -  түсінік оқушыға әсер етерліктей болса, ол тиісті деңгейде көңіл толқытып, тереңірек ойланады. Сондай  -  ақ әсер санаға ерекше ықпал етеді. Әсердің нәтижесі бір жағынан тұлғаны әрекетке итермелесе, екінші жағынан пәнге деген қызығушылықты арттырып, көркем шығарманы оқуға талпындырады.
    Әдебиет  -  сөз өнері. Барлық сөзді тізе берсең әңгіме, жыр шықпайды. Адам жүрегі тербетіп, ақыл таразылап, тіл кестелеп айтқан сөз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда болады.Ғылыми тұжырымда әдебиет <<адамтану құралы>>, ал әдебиет пәні <<адам тәрбиелеу құралы>>, - делінген. Өйткені,Ғылыми педагогикалық ұстаным бойынша әдебиет әдебиет пәні философиялық, педагогикалық, негізінен ұлттық ізгілікті,психологиялық, тұғырламалық мәднеи  -  рухани көзқарастарға құрылса құндылықтарға құрылған.ұлттық таным, ұлттық рухани гуманистік сананы (адамгершілікке сананы қалыптастырса негіздеу) қалыптастырады.бірлесе отырып:қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің қатысымдық, эстетикалық және этикалық қызметін меңгеруін қамтамасыз ету, оқыту үрдісі арқылы ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиеті шығармаларын аудармасыз қазақ тілінде оқу, түсіну, баяндап айту деңгейіне жету,Қазақстандық патриотизм идеяларын болашақ қоғам иелерінің санасына дарыту.Орыс мектептеріндегі <<Қазақ әдебиеті>> пәнін оқыту  -  айрықша көңіл бөлуді қажет ететіндігі еліміздің ертеңгі болашағына деген үлкен міндеттен туындап отырғаны бәрімізге мәлім.Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын  -  жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек.<<Көркем шығарма - әдебиеттің құндылығы.
    Көркем шығарманы оқыту  -  оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.>> - деген болатын әдебиет зерттеуші  -  ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл  -  оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол  -  оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.Оқушыдағы осы сезімді ояту  -  мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс  -  тәсілдерді орнымен қолдану қажет.
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім  -  болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс  -  тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек.
Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта  -  ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады.
- көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтазарлығын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
- сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем  -  дағдылар қалыптастыру;
- ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой  -  пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.
Әдебиет - өнер, әдебиет - ұлттық қазына, асыл мұра.Әдебиет  -  ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан көркем шығармадан алынған үзінділерді оқулыққа ендірудетөмендегідей қағидалар басшылыққа алынған:
. Оқушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру Оқушылардың тілдік қатынасын коммуникативтік түрде дамыту.Ой, ойлану, ойлату барлық пәндерге де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын мәселе - өзіндік пікірде жатыр.Көркем туындыны оқытудың ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешілігі де, күрделігі де осында. Басқа пәндерге қарағанда әр түрлі. 
Мектепте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асс, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді  -  бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.Қазіргі әдістемеде талдау жасаудың 4 түрі:
Образ бойынша;
Тақырыптық;
Тұтас;
Автор  ізімен . 

ұсынылып жүр. Қандай талдау түрі болса да, не мақсат көзделеді? Бұл сұраққа әдіскер Қ.Бітібаеваның сөзін негізгі ала жауап  берсек    1. Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану,    2. Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу,    3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,    4. Ең бастысы  -  көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгерту /тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде қарастыру/.Көркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек. Оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі  -  проблемалық талдау.Ол көркем туынды негізіндегі проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті т.б. негізінде туындайды.Осы негізде талдаудың мынадай жобасын, үлгілерін ұсынамын:ІІ. Көркем туынды негізіндегі автор ойы, идеясына талдау жасау.10-сыныпта М.Дулатовтың азаматтық лирикасын оқытуда мәселеге дәстүр және жаңашылдық тұрғысынан қарау, отаршылдық езгіге қарсы күрескерлік үні, әсіресе жер мәселесін ХҮІІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясы, ХІХ ғасырдағы <<зар заман ақындары>>, Махамбеттің күрескер поэзиясынан бастап талдау тиімдірек. Дәстүрлі тақырып, оған Міржақыптың жаңаша көзқарасы, жаңаша жырлауы туралы сөз қозғау оқушының өткен материалға қайта үңілуіне, негізгіні саналы игеруіне мүмкіндік туғызады.ІІ. Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру арқылы автордың образ жасау шеберлігін ашу.11-сыныпта М.Жұмабаевтың <<Батыр Баян>> дастанын оқытуда мына сұрақтар негізінде ізденіп, әрі кейіпкерге мінездеме беруге, автор шеберлігіне мән беруге болады.Шығарманың көркемдік өрнегіне, автор стиліне талдау.Бұл үндес, үқсас мәтіндерді салыстыру арқылы жүзеге асады. 11-сыныпта С.Сейфуллиннің <<Көкшетауы>> мен М.Жұмабаевтың <<Батыр Баян>> дастандарының тілін талдау үшін екі ақын шығармасындағы сұлу Көкше келбетін салыстырып, стильдік ерекшелігін ашуға болады. 
 ІҮ. Тақырыптас шығармаларды қатар, салыстыра талдау.Бұл жұмысты 10-сыныпта ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әйелдер теңсіздігі мәселесі бойынша М.Дулатовтың <<Бақытсыз Жамал>> романы, М.Сералиннің <<Гүлһашима>> дастаны, С.Көбеевтің <<Қалың мал>>, С.Торайғыровтың <<Қамар сұлу>>романдарын өткенде жүргізуге болады, яғни <<Бір мәселе, бір тақырып: бірнеше шешім, үйлесім мен қайшылық>> сұрағы төңірегінде мәселе қозғау. Сонда оқушы көркем шығарма табиғатын, оның өзегіндегі автор идеясын, онымен байланыста кейіпкер тағдырының әртүрлі шешілуін, суреткер түсінеді.                                                        Ұқсастығы:1. Тақырыбы  -  қазақ әйелінің теңсіздігі.2. Автор реализмі, жастарды бостандыққа, теңдікке шақыру.3. Бас кейіпкерлер оқыған, ескіше көзі ашық, бостандықты аңсап, баянды махаббат, теңдікке қол созады.4. Осы жолда оларды қолдаушылар бар /не шешесі, не достары/.Осылайша айырмашылығы да талданады.                     Ү. Тарихи және көркем шындықты негізге ала талдау.Мұнда мұғалім тарих рең ғана болатынын, жазушы кейіпкер бейнесін жасауда өмір шындығын қалай пайдаланғанын назарда ұстауы керек. Ш.Құдайбердіұлы мен М.Абайұлының <<Еңлік-Кебек>> дастандарын, кейін М.Әуезовтың <<Еңлік-Кебек>> пьесасын оқытуда мұғалім үш туындының арқауы  -  махаббат трагедиясына үш суретке де замана сипаты, ел іішіндегі әлеуметтік жағдайға сәйкес қарағанына мән береді. Оқушыны мына сұрақтар төңірегінде іздендіруге болады:1. Трагедиялық оқиғаның тууына қандай қоғамдық, әлеуметтік жағдайлар себеп болды?2. Неге Шәкәрім <<Ақтабан шұбырынды>> оқиғасын өз сөзіне астар етіп алған?3. Ғашықтар трагедиясына кім, не кінәлі? Бұған өзің қалай қарайсың?Осыған орай оқушы ой-толғанысының үзігі:<<Шәкәрім ғашықтар қазасын бір ру, топ, жеке адамның мойнына қоймайды. Қатігездік көптің тарвапынан жасалған, сондықтан кінә жеке адамда емес, тұтас қоғамда. Кеңгірбай би де жастарға ара түсе алмай, заман мен жағдайға бас иген>>.<<Ақтабан шұбырындыны сөзіне астар етудегі мақсаты  -  трагедияға себеп болған қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды анықтау, оқиғаның өмірлік мәнін көрсету. Шынында, қараңғылық пен ескі салт-сана дәуірлеп тұрған заманда ғашықтар тағдырының қайғылы аяқталуы қисынды деп ойлаймын>> т.б.Осылайша оқыту-талдаудың ұтымды жағы мынада:1. Ақиқатқа жету, проблеманы шешу үшін ізденеді, зерттейді.2. Оқығанды ой жүгіртіп, зерделеп қабылдауына негіз болады.3. Оқушы мәтінге жүгініп, өз ойы, болжамын, көзқарасын айтуға машықтанады.4. Оқытудың жалғаспалық, жүйелілік принципі тоғыса келіп, оқушыға терең білім беру жүзеге асады.                                                        Әдебиеттер:1. Ақшолақов Т.Қ. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы, 1994ж.2. Ахметов К.К. Әдебиеттану әліппесі. Алматы, 2000ж.3. Әбдіғазиев Б. Шәкәрім Құдайбердиев, творчестволық өмірбаяны /методикалық нұсқау/ Алматы, 1989ж.4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, 1997ж.5. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы, 1997ж.6. Хамзин М.Х. Қазақ романдарын қазіргі кезеңде оқыту мәселелері /оқу-әдістемелік құралы/ Жезқазған, 1993ж.

6-дәріс.Мәнерлеп оқуға төселдіру.
Сабақтың жоспары:
1.Мәнерлеп оқудың түрлері
2.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар.
Сабақтың мақсаты. Әдебиет сабақтарында көркем шығармалармен жұмыс істеуге дағдыландыру.Көркем шығарманы жеткізуде мәнерлеп оқудың атқарар рөлін таныту.
Әдістемелік нұсқау.
Сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға төселдіруді жоғарғы дәрежеде жүргізу үшін  Ә.Қоңыратбаев,А.Көшімбаев сынды методистердің әдістемелік ең бектерін басшылыққа алуды ұсындым.
Қазақ тілі - әуезді тіл. Оның әуенге жақындығын ғалымдар мойындағаны қашан. Бұл әсіресе оның поэзиясында қатты байқалады. Сезім тебірентер өлеңдердің соншалықты керемет әсер беретін қасиеті мүмкін дәл осы әуезділікке келіп тірелетін шығар... Жанымызды ерекше күйге бөлейтін музыка секілді өлеңнің де бізді басқа әлемге апаратын құдіреті бар.
Тыңдаушыға әсер ететін фактор тек өлең емес, оны оқитын адам екенін ұмыипайық. Біреулер өлеңді судыратып оқып шығады, біреулер эмоцианалды оқиды, біреулер әр сөзден соң кідіріп оқыды, біреулер......  мәнерлеп оқиды. Осы сөзді мектеп қабырғасынан естіп, онымен таныс болсақ та, оны бәрінің ұғымындағы бір сөзбен айтып түсіндіре алмаспыз. Әркімнің түсінігінде ол әрқалай. Жоғарыда айтылғандардың барлығы да өлеңді мәнерлеп оқимыз деп есептейді. Бірақ мәнерлеп оқу дегеніміздің өзі не? Ол да бір заңдылыққа бағынары даусыз.
Мәнерлеп оқу дегеніміз-дауыс интонациясы арқылыавтордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу,ақырында оқығанды түсініп,кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.Оқушылар шығарманың көркемдігін және әсерлігін мәнерлеп оқу арқылы байқайды.
 Мәнерлеп оқуды үйрету үшін әр мұғалім оқу сабағына немқұрайлы қарамай,жан-жақты дайындалуы керек.Ол үшін мұғалім қандай мәселені жете білуі тиіс.Мәнерлеп оқуды дұрыс ұйымдастыру үшін,оқушы шығарманы оқығанда,қалай демала білу керек,дауыс қалай шығуға тиіс,дикциян қандай болуы қажет-осының барлығын мұғалімнің өзі айқын білгені жөн.Өйткені,мәнерлеп оқу үшін кеуде қуысына толған ауаны орынды пайдаланып,дұрыс дем ала білудің мәні зор.Өкпедегі ауаны сарықпай,оқу үрдісіндеүнемі дер кезінде дем алып,ауаны керегінше жұтып отырған оқушы мәнерлеп,дұрыс оқи алуына жағдайы бар.
Мәнерлеп оқуда зор рөл атқаратын  - интонация.Интонация дегеніміз-сөйлеу сазы.Ол сөйлеудің ритмі мен үнін,дауыстың бірде жоғарылап,бірде төмен деуін білдіреді.Интонация мына элементтерден тұрады.
lefttop
Сөз екпіні және ой екпіні. Сөз екпіні-фразалық екпін,ал ой екпіні-логикалық екпін.Сөйлемді айтқанда я оқығанда,оның ішіндегі cөздер интонациясы мен мағынасына,айтылу ырғағына қарай,өзара топ-топқа бөлінеді. Ол топ синтагма деп аталады.Синтагмада бір не оданда көп сөздер болады.
Біз тармақ ішіндегі бунаққа мүлдем көңіл бөлмейміз. Ал бунаққа дұрыс бөлініп, әр бунақта кідіріс жасасақ, өлеңге мүлдем өзге шырай енеді. Мұны біз мектепте меңгерсек те, тәжірибеде қолданбаймыз және оны бізден талап та етпейді. Сонда өлең мәнері жайлы пікірлердің бірізді болмағанына кім кінәлі?
Біздің ойымызша, мәнерлеп оқу пунктуациялық белгілердің тек қағазда ғана емес, сөйлеуде де өз қызметін атқаруы, дауыс ырғағының өз орнымен көтерілуі не түсуі, қарқынның жылдамдауы не баяулауы, фонетикалық заңдылықтардың, орфоэпиялық нормалардың және тағы да сол секілді біршама задардың сақталуы.
Мына төменде ұсынылып отырған өлең жолдарын біз тиісті шартты белгілер арқылы дыбысталу жағынан да, екпін түсу тұрғысынан да жүйеге келтіріп көрдік. Сіз мүмкін өлеңді дәл осылай оқыр едіңіз, мүмкін басқаша оқыр едіңіз. Енді оны сол қалпында оқып көргенде нендей құбылыс байқағандарыңызды, жалпы бұл жайлы ой-пікірлеріңізбен бөлісулеріңізді сұранамыз
Жазылуы:
Мен кім?
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
          Көкте - бұлт, жерде - желмін гулеген,
          Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар? 
Мағжан Жұмабаев 
Айтылуы:
 
Жазылуы: 
Бақыт геометриясы 
<<БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене
Мен шықпаған заңғар шың ба,мен мінбеген кеме ме?>>
Бәлкім Бақыт байлық па екен сараңдықтан бас алған,
Жомарттығы өзгелердің ырысынан жасалған.
Талайларға байлық жинау болса дағы бас арман,
Кейде Бақыт байларға да қолын бермей қасарған.
 
МұхтарШаханов
         Дәл осыны жаңылтпаштарға қолданып көрсек, айтуға қиын жаңылтпаштардың өзі жеңілдейтін тәрізді. Жалпы бұл шартты белгілер мәнерлі оқуды ғана емес, дұрыс айтуды да қамтамасыз етеді. Бұл жаңылпаштарды тез және оңай жаттаудың әдісі болатын сияқты.
Мұндағы шартты белгілердің түсіндірмесі мынадай болып келеді:

Көркем шығарманы мәнерлеп оқу үшін,онымен алдын-ала танысып,сонан соң оқығанда ғана  автордың идеясын жеткізе оқып шығуға болады.Әсіресе,поэзиялық шығармаларды жеткізуде мәнерлеп оқудың маңызы зор.Поэзияны құлақпен емес,жүрекпен,сезіммен қабылдау керек десек,ол шығармаларды  бала қалай меңгереді,нені сезді,неге тебіренеді,қандай көңіл күйде болады?..Оны тексеру де мұғалімге оңай соқпайтын мәселелер.Сондықтан мұғаләм көқркем шығарманы алдымен өзі оқып шығуы тиіс.Мәнерлеп оқуға тһселдірудің мақсаты-оқушыларды поэзияны сүюге бау лу,оның кестелі тілін сезіне білуге баулу,эстетикалық ләззат ал білуге,әдемі,көркем сөйлей білуге баулу болып табылады.
         Біздің ойымызша, бұның, әсіресе, қазақ тілін енді үйреніп келе жатқандар үшін пайдасы мол. Егер мұндағы шарттар мен ережелерге сүйенсе, олар сөздерді ешбір қиындықсыз таза қазаша дыбыстар еді. Және осындай тәсілді, яғни, шартты белгілер арқылы оқып үйренуді мектеп бағдарламасына енгізу жайлы ұсынысқа қалай қарайсыз?

7 дәріс. Оқушыларды мәтін талдауға әзірлеу.
Сабақ жоспары:
1.Талдау сабақтарының мазмұны мен әдісі.
2.Талдау сабақтарының формалары 
3.Жазушы және оның стилі.
   Қазіргі қазақ сыншыларының, әдебиетшілерінің мақала-зерттеулерінде жазушы-ақындардың өздеріне тән творчестволық ерекшеліктері мейлінше аз сөз болады. Классик ақын-жазушыларымыздың шығармалары туралы жазылған бірен-саран монографиялық еңбек, не кейбір жеке мақалаларды айтпасақ, қазақ совет әдебиетінің ірі өкілдерінің өзіне тән творчестволық ерекшеліктері жайлы әлі күнге еш нәрсе жоқ. 
            Шынында да жазушының стилі деген сөз айтуға оңай болса да, қолға ұстатқандай етіп дәлелдеп беру, стиль ұғымын айқындайтын жайттардың бәрін толық қамту кімге де болса қиын. Сол себептен, стильді сөз етушілердің кемшіліктерін мегзесек те, оларды даттаудан аулақпыз. 
            Стиль туралы орыс тілінде бұрын да аз жазылмайтын. Ал соңғы жылдары бұл проблемаға орыс ғалымдары әр жағынан келіп, құнды-құнды пікірлер ұсынған көптеген салихалы еңбектері басылып шықты. 
            Стильге бір тоқтамай кетпейтін монографияларды былай қойғанда, сөз болып отырған тақырыппен тікелей байланысты мақала, жеке еңбектер де аз емес. 
            Олардың бәрінің тізімін келтіріп жату қажет те емес. Сондықтан тек кейбіреулерін ғана көрсетуге тура келеді.1 
            Біздің қазақ әдебиеттану ғылымында стиль жайлы мақалалар болмаса, жеке монографиялық еңбектер әлі жазылған жоқ. Демек, қазақ оқырмандарына бұл мәселе туралы мүмкіндігінше толығырақ тоқталған жөн. 
            Стиль деген термин ескі заманнан бері қолданылып келеді. Стиль грекше - stylos, дәлірек айтсақ, балауызбен сырлаған тақтаға сөз жазу үшін жұмсалынған ағаш қалақша. 
            Ескі замандарда қағаздың орнына тақтайды балауызбен сырлап, соған сөз жазу көп елдерде болған. Жазатын құралы - stylos. Ол сурет өнеріне де пайдаланылған. 
            Қазіргі кездердегі қылқаламның жұмысын атқарған. Ол да stylos аталған.
1Мандельштам Е. <<О характере гоголевского стиля>>, СПБ, Ленинград, 1902-1934ж. 
<<Об авторском искусстве>>. - М., 1959ж. 
Виноградов В.В. <<Стиль А.С.Пушкина>>. 
Виноградов В.В. <<О языке художественной литературы. - М., 1959ж. 
Виноградов В.В. <<Проблема авторства и теория стилей>>, 1961ж. 
            Заманның озуы, адам қоғамының ілгері дамуымен байланысты, әр алуан өндіріс құралдары да, ұғым да, жеке сөздер де өзгеріп отыратыны - диалектика заңы. Қазіргі кейбір сөздердің шығу тегін түптеп келсек, таңғалмасқа болмайды. Бұл - барлық тілдерге тән нәрсе. Мысалы, орысша <<дочь>>, <<бык>> деген сөздердің этимологиясын ғалымдар <<доить>>, <<мычание>> деген сөздерден шыққан деп дәлелдейді. Сол сықылды <<стиль>> де өзінің алғашқы <<жазу>>, сурет салу құралы мағынасын өзгертіп, мүлде басқаша ұғым, басқаша түсінікке ие болған. 
            Стиль кейінірек, грек тілінде таза, әдемі сөйлеу ұғымына ие болған. 
            Стильді көп зерттеп, ол туралы көптеген құнды пікірлер айтқан академик В.В.Виноградов өзінің <<Проблема авторства и теория стилей>> атты еңбегінде стильдің көп мағыналылығына айрықша тоқталады. Тіл, искусство, әдебиет, ғылым, не басқа да өмір саласында әртүрлі ұғым, әртүрлі мәнде қолданылатындығын мысалдар келтіріп, өзінше дәлелдейді. 
            Архитектурадағы готический стиль, мавритандық стиль, дионический, ионический стильдер, солар сықылды мүсін, сурет, музыка искусстволарының әрқайсысының өздеріне сәйкес стиль термині жиі қолданылады. Кейде ол белгілі бір дәуірдегі суретші, архитектор, мүсіншілер, музыканттардың бір алуандарына тән жайттардың жиынтығы, бір мектепке, не ағымға жататындығын белгілесе, кейде жеке өнерпаздардың өзіне тән ерекшелік әдістерін көрсету үшін қолданылады. 
            Өмірдің басқа саласында да <<стиль>> аз айтылмайды. Документ стилі, ғылыми стиль, жұмыс стилі, газет стилі, т.б. Ал біздің тіл, филология ғылымдарында да стиль термині өте жиі кездеседі. Тілде стиль, стилистика әрдайым сабақтаса жүреді. Әдебиетте прозалық, фельетондық, сатиралық, юморлық стиль деп айтамыз да жазамыз. Сөйтіп Виноградов айтқандай, стиль - өте көп мәндес сөз. Бірақ біздің тоқталмағымыз - әдебиетпен ғана байланысты стиль. Стиль - әдебиетте негізінде екі түрлі мағынада: кең және жай мағынада қолданылады. Кең мағынасында әдебиет тарихы, теориясы, әдеби сын да, ХҮІІІ ғасырдан бері қарай стиль - әдебиет методы ұғымында қолданылып келеді. Жалпыға мәлім классицизм, сентиментализм, романтизм, реализмдер әдебиет стилі деп аталатын. Қазіргі әдебиеттану ғылымында әдеби әдіс бұрынғы стиль ұғымында қолданылады. Стильдің екінші мағынасы, яғни стиль деп әр жазушының өзіне тән ерекшеліктерін ұғыну. Кейбір әдебиетшілер әдеби стильден гөрі әдеби әдістің ұғымы кеңірек, тереңірек дегенді айтып жүр. Бірақ ол әлі де дәлелдей түсуді қажет ететін сықылды. 
            Классицизм, романтизм, не басқа стиль деп аталулар жай айтыла салынған сөз емес. Кезіндегі сыншы, әдебиетшілердің іздену, зерттеулері арқылы қорытылған ғылыми жүйе. Өйткені олардың әрқайсысына тән ерекшеліктері - әр жағынан алынып талданғанда талай ой, талай тәжірибе сүзгілерінен өткізіліп, түйінделген нақтылы пікірлер. Классицизм, романтизм стилі деп айтуға оңай болса да, жүйелеп тексере бастасаң, көптеген ерекшеліктерге кездесесің. Мысалы, классицизмнің өзіне ғана тән атышулы үш бірлік (уақыт бірлігі, орын бірлігі, оқиға бірлігі) бар, оқиға сюжетінің сарай өмірінен алынуы, қатысушыларының үстем тап өкілдері болуы, басқа тап өкілдері тек солардың қызметшілері дәрежесінде ғана қатыстырылуы, қаһармандар мінездеріндегі менмендік, тәкаппар паңдық, ұзын-ұзын монологтармен сөйлеулер, тағы басқалар. 
            Ал романтизм стиліне тән жайттар классицизм ерекшеліктерінен гөрі қиыннан қиысатындығы аңғарылады. Романтизмнің қай түрінде болсын, ең алдымен көзге түсетін ерекшелік - өз айналасына риза болмаушылық. Өршіл романтизмге тән нәрсе - романтикалық пафос, өмірде болған оқиғалардан гөрі өмірде болуы керек жайттарды негіз ету. Оқиға негізін өмір шындығынан алса да, оны көтеріңкі, өршілдік түрде, не керісінше етіп суреттеу. Қайткен күнде де романтизм құбатөбелдіктен аулақ. Адамның іс-әрекеті, мінез-құлқы, өмірге көзқарастары бір шектен екінші шекке көшіп отырады. Не шектен шыққан зұлым, не шектен шыққан асқан мейірбан болады. Бұзылса, мықтап бұзылып, түзелсе, мықтап түзелетін мінездер - романтизм стиліне тән. Мұнда құбатөбелдік (золотая середина) болмайды деуіміз сондықтан. 
            Романтикалық стильде жазылған Виктор Гюгоның <<Аласталғандар>> (<<Отверженные>>) атты романындағы Жан Вальжан - романтикалық мінездің нағыз классикалық үлгісі. 
            В.Гюго Жан Вальжанды таныстырғанда, <<1815 жыл, күннің батуына бір сағаттай мезгіл қалғанда, бір жаяу жолаушы Динь қалашығына келіп кірді>> деп бастайды. Мұнан кейін оның алыстан келе жатқанын, жол соғып, жел қағып, әбден шаршағанын, қала шетіне кіргесін әр көшеге бір тоқтап, фонтаннан су ішкенін, сол күні ол 12 лье жол жүргенін, киімі мейлінше нашар, өзі өлердей аш, арқасында дорба, қолында таяқ, адам шошығандай түр-келбетін суреттейді. Ол пәтер ұстайтын үйге келіп, трактирден тамақ ішпек, сусынға қанбақ болады. Бірақ оған өз ақшасына ешкім тамақ та бермейді, қондырмайды да. 
            Әсіресе өзі әбден шаршаған, әрі шөл, әрі аштық буған адамды трактиршілердің әдеті бойынша, жақсы қарсы алуы керек еді. Шынында да олар жолаушыға ақшасы болса, барлығы әзір екендігін айтады. 
            Ең соңғы рет үйден қуылғанда, ысқырық суық жел жыртық киімнен өтіп, тұла-бойы қалш-қалш етеді. Тоңған соң баспана іздеп, бір иттің үйшігіне кіреді. Бірақ өгіздей төбет арсылдап, оны қуып шығады. Сүйтіп ол әрі аш, әрі жалаңаш, қақаған суықта көшеде жалғыз қалады. Өз дәрежесінің иттен де төмен екендігін сезінеді. Барар жер, басар тауы қалмай, мұздай тастың үстінде көшеде түнемек болғанда, кездейсоқ бір әйелдің сілтеуімен жолаушы Динь қалашығының епископы Мириэльдің үйіне келеді. Жұрттың бәрі, ең аяғы ит те қуып шыққан сорлы жан, сөйлескеннен кейін қондыратынын ұғынып, өзінің кім екенін анық түсінбей қалды ма дегендей, епископқа паспортын көрсетеді. <<Міне, менің паспортым. Көрдіңіз бе түсін? Сары ғой. Түсінің сарылығы қайда болмайын, мені маңдарына жолатпай қуу үшін... Қараңызшы, паспортта не жазылғанын: <<Жан Вальжан босатылған каторжник, пәлен жерде туған... Каторгада он тоғыз жыл болды. Лавка бұзып жасаған ұрлығы үшін бес жыл. Төрт рет қашып құтылуға әрекет жасағандығы үшін он төрт жыл алған. Өте қауіпті адам>>. Білдіңіз ғой менің кім екенімді... Осыдан кейін мені қондыра аласыз ба...>>. Епископ жауап орнына қызметші әйелге қонаққа тамақ әзірлеп, төсек даярлауды бұйырады. Қондыратындығына, тамақ беретіндігіне енді ғана сене бастаған каторжник, есуас адамша өзімен-өзі сөйлесіп: 
- Шын ба... Мені, каторжникті, қуып шықпай, қондырмақсыз ба... Мүмкін емес... Сіз маған <<сен>> демей, <<мырза>> деп сөйлейсіз... Басқа адамдар әрдайым маған <<ит, жоғал, көтер өкшеңді...>> деуші еді. Сіздің де қуып шықпасыңызға менің шәгім болған жоқ еді. Мен өзімнің кім екендігімді сізге бірден-ақ ашық айттым. Сіз мені қондырмақсыз... Көп рахмет, осы үйге сілтеген әлгі әйелге. 
            Ыстық тамақ, жылы төсек, рахымды үй иесі зәбір, қорлау, қуғын көріп келген бишара каторжникке үлкен әсер етеді. 
            Жаяу жолаушыны ешкім маңына жолатпай қуалайды. Ол - ұры, каторжник. Епископ біліп тұрып, оны қондырып, тамақтандырады, 19 жыл бойы таза төсек, жайлы орын көрмеген адамға жеке бөлме беріп, тынықтырады. Әйтсе де, ұры ұрылығына басып, үй иесіне опасыздық істейді. Түн ортасында оянып, ол үйдегі іске татырлық қымбат күміс сервиздерді ұрлап, қашып кетеді... Тіпті епископты өлтіріп кеткісі келіп те ойланады. Әйтсе де өлтірмей, тек мүлкін алып кетеді. 
            Бірақ оның жолы болмайды. Жандармдар Жан Вальжанды ұстап алып, сәске болмай-ақ епископтің үйіне қайта алып келеді, <<ұрыны ұстадық>> дейді олар епископке. Тағы да сотталып, каторгаға айдалатынына көзі жеткен Жан Вальжан не қыларын білмей, қалтырап тұрғанда, епископ жандармдарға: <<Мырзалар, бара беріңдер...>>, - деп, күмістерін Жан Вальжанға өзі берген болады. Олар кеткесін: <<Жан Вальжан, бауырым, сен мұнан былай зұлым емес, мейірбан адамсың. Мен сенің жаныңды мына күмістерге сатып алдым, оны қараңғы рух, зұлымдық ойлар шырмауынан босатып, тәңірге тапсырдым... Мынаны қоса ал...>>, - деп, екі подсвечникті де оған ұсынады

    Епископтің сыйлығы - Жан Вальжанның он тоғыз жыл бойы каторгада жүріп тапқанынан екі есе көп. Қалған өміріне жетерліктей қазына. 
            Бұл эпизодтан біз бір-біріне қарама-қарсы екі шектегі, екі мінездің: жауыздық пен меһербандық игіліктің түйісуін, екеуінің күресін көреміз. 
            Тағы да ұсталып, айдалудан, мүмкін өлімнен қалып, ой-санасын тегіс билеген жауыздық, зұлымдықтарын алтынға сатып, енді адал, рахымды адам болуға серт еткен Жан Вальжан көп ойланып, өзінің қараниеттілігіне қатты күйінсе де, ақ жол, адал ниетке көше салу оған оңай соқпайды. Әйтсе де енді оның өз басында зұлымдық пен адал адам болу күресі басталады. Өстіп сезім тартысының үстінде отырғанда, оның қасына он екі жасар бір бала келеді. Ұсақ ақшаларын лақтырып ойнап келе жатқанда, қара бақырлардың ішіндегі жалғыз күміс жерге түсіп, дөңгеленіп кетеді. Жан Вальжан ақшаны табанымен баса қояды. Оны көзі шалып қалған жас бала қанша жалынса да, жыласа да Жан Вальжан бермейді. Ақыры баланы қорқытып, қуып жібереді. 
            Арқасында епископтен ұрлап алған жарты дорба күмісі, түзелуге берген серті бар адамның жалаң аяқ, жалаң бас, жетім баланың еш нәрсеге арзымайтын ақшасын көре көзге ұрлап алуы зұлымдықты танытпай ма?! 
            Бірақ бұл Жан Вальжанның өз өмір жолдарына өзі сын көзімен қарап, түзелу, не мүлде күйреу, екінің бірі деген шешімге келіп, ізгілік пен жауыздықтың таразысы тең түсіп тұрған кезеңі еді. Осы ең соңғы қылмысы Жан Валжанның өзіне де тым ерсі көрініп, оның әбден мұқалып, тот басқан арын оятады, мүлде бұзылып кеткендігін сезінтеді. Оның 19 жыл бойы бір тамбай, шемен болып қатып қалған көз жасы бұлақша ағады. Осы минуттан бастап ол өзіне-өзі серт беріп, қалған өмірін тек ізгілік үшін ғана жұмсауға іштей бекиді. Сол күннен бастап, оның адалдық, адамгершілік жолындағы екінші өмірі басталады. 
            Монтейле-Ириморский қаласына барып, <<Мадлен>> деген атпен саудагерлік жасап, біраз жылдың ішінде ол фабрикант, миллионер болады. Бірақ ол басқа байлар сықылды ақшасын баю үшін емес, жұмыссыздық, қайыршылық, панасыздықтарды жою үшін күреске жұмсап, көптеген ізгілікті істер істейді. көпшіліктің махаббатына бөленеді. Ақыры Франция королі оны сол қаланың бастығы етіп тағайындайды. 
            Мадленнің жұмыссыздар мен жетім-жесірлерге жасаған сандаған жақсылықтарын былай қойғанда, жаңарған адамның тың мінезі, характері ерекше көңіл аударады. Ол - мейлінше адал, өте гуманист, өз сертіне берік.  Басына өлім қаупі төніп тұрса да, адам үшін, адамдық идеалы үшін неге болса да әзір. Оның ұраны - адалдық. <<Жаман өсімдік те, жаман адам да жоқ, тек жаман қожалар ғана бар>> дейді ол бір сөзінде... 
            Әдебиет тарихында қандай стиль болсын бірден, бір күнде туа салмайды. Жаңа стильдің элементі өзінен бұрынғы қалыптасқан стильдің өз ішінде туады, өсе келе, дами келе қалыптасады және күреспен ғана өзіне жол ашады. Бұрынғы стильдің ескіргенін, дәуірдің озғанын, енді ол бөгеттікке айналғанын сөз жүзінде де, іс жүзінде де дәлелдеу, жаңалық үшін ескілікпен келісімге келместік күрес арқылы өседі. Тартыспен ғана жаңа стиль ескі стильді тарих сахнасынан ысырып, оның орнын өзі басады. 
            Романтизм стилі классицизмге қарсы зор майдан ашты. Француз әдебиетіндегі романтизмнің атасы болған В.Гюго да классицизмнің әдістеріне қарсы шықты. Уақыт, оқиға, орын бірліктері тәрізді әр алуан шарттылықтардың талқанын шығара бұзды да, дүниежүзі әдебиетіндегі жаңа ағым - романтизмнің ірі тұлғаларының бірі дәрежесіне көтерілді. 
            Ескі әдеби стиль мен жаңа әдеби стильдер арасындағы күрес, әрине ол әдебиеттегі шеберлік, техникалық жайттар үшін ғана күрестен тумайды, өмірге көзқарас, әлеуметтік, таптық жағдайлармен байланысты туады. Стильдік ерекшеліктер, оның айналасындағы тартыстар белгілі бір көзқарас жүйесінің сәулесі ғана. 
            <<Мен - өз дәуірімнің жаңғырығымын>> деп В.Гюго дәл айтқан. Ол өмір шындығын романтикалық пафос, болғаннан кері болуы керек деген ой тұрғысынан суреттеді. Оны зерттеушілердің айқындауынша, ол ХІХ ғасырдың бірінші жарымындағы Францияда болған буржуазиялық демократтық идеологияны қолдаушы, соның негізінде тәрбиеленіп, тарих сахнасына шықса да,  сол кездің өзінде-ақ оның творчествосы еңбекші халық мүддесімен үндесіп жататындығын көреміз. Өмір талқысын көп көрген жасамыс жазушының тарихи әр кезеңде бұра басқан, мүлт кеткен жерлері болса да, негізгі туындылары кезіндегі әлеумет құрылысының төменгі сатысында тұрған езілушілердің өмірін көрсетуге, солардың бойларындағы асыл қасиеттерін айқындауға, ол қасиеттерді әлемге танытуға арналды. Шеңбері тар, әртүрлі шарттары көп, тек қана ақсүйек-дворяндар табының өкілдері айналасын қамтитын классицизм стилінде В.Гюго көтерген демократтық идеяны жырлау мүмкін болмас еді. Міне, осындай жағдайларда екі стильдің бір-біріне қарама-қарсылығы, келісімге келместік қайшылықтары келіп туады. 
            Әдеби стильдердің өзара күресін сөз еткенде, В.Гюгоның әдебиет тарихында орны ерекше. Өйткені ол классицизмнің әдіс, формаларындағы шарттылықтардың күлін көкке ұшырып, жазушылар талантының қалай шарықтауына да мүмкіндік туғызу үшін күреспен ғана шектелген жоқ, негізгі туындыларында өзіне шейінгі әдеби стилі - классицизмде кездеспейтін өз алдындағы романтизмде тек элементі ғана байқалатын, үздік жаңа романтикалық образдар жасады және оларды езілуші, зәбір, жапа көруші таптың ортасынан алып, қай жағынан келсең де, иемденуші тап өкілдерінен моральдық қасиеті әлі де артық адамгершілігі жоғары адамдар етіп суреттеді. 
            Қорыта айтқанда, әдеби стиль (әдіс ұғымында) - өте қиынан қиысатын, әлеумет өмірінің заңдарына нық байланысты дамитын және өзінің ішкі заңдылықтары бар құбылыс. 
          
8-дәріс.Шығарма образдарын талдау.
Сабақтың жоспары:
1.Мінездеме жасау жолдары.
2.Шығарманың композициясы мен сюжетін талдау.
Сабақтың мақсаты:Мінездеме жасау жолдары.
Көркем шығарманы талдау алдымен образдарын топтастырып,оларға дара,салыстырмалы,топтамалы түрде текстологиялық мінездеме беруден басталады.Бұл-талдаудың басты бір буыны.Жоғары сыныптарда образ мінездемесі әдіс,стиль,тарихи шындық,типтілік,жанрлар табиғатына сай жүргізілуі керек.Ол-әрбір образ табиғатын тақырып пен проблемадан,шындықтан туғызып,олардың әрбір повесте,әңгімеде,романда,поэмада қалай көрсетілгенін шығармадан мысал келтіре отырып талдау,мінездеу.
Әдеби кейіпкер мінезін шығарманың сюжеті мен құрылымын бөліп қарастыру мүмкін емес.Мінез,сюжет,құрылым-үшеуі туындының бір-бірімен өзара тығыз байланыстағы көркемдік формалар.
<<Сюжет>>-кейіпкер мінезінің қыр-сырын айқындайтын іс-әрекеті,мінезін толығымен сезіндіретін тұтас жүйе,бірегей құрылым.
<<Мінез>>-туындының құрылымдағы сюжеттік оқиғалар жүйесінің,басқада көркемдік бейнелеуіш құралдар түрлерінің мазмұн-мақсатын ашуға үлесін қосатын желі іспетті.
	

9-дәріс
Сабақтың тақырыбы. Теориялық ұғымдарды қалыптастыру.
Сабақтың жоспары
       1.Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту    
        2.Оқу бағдарламасын әр сынып бойынша  әдеби-теория - лық ұғымдар
        3.Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру жолдары
Сабақтың мақсаты:Эпикалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарын үйрету.Халықтың ауыз әдебиеті үлгілерін өз бетімен оқып талдауға баулу.
Әдістемелік нұсқау:Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева,А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын.
    Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын танудың құралы, кілті болып есептеледі. Одан білім беру жеке қарастырылмайды, ол көркем шығармамен тығыз байланыста, оны оқып-үйре - ну кезінде қалыптасады. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптарына, онда оқылатын көркем шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері белгіленген. Оқушыларда оқылатын материалдар ерекшелігіне байланысты әдебиет теориясы ұғымдарына түсінік беріліп отырады. Мысалы, <<мысал>> жанрынан берілген шығармадан кейін <<мысал>> деген не, оның негізгі сипаттамалары туралы анықтамалар беріледі. Сонымен, мектепте оқушыларға берілетін әдеби-теориялық ұғымдар жүйелі түрде, көркем шығармамен тығыз байланыста, оның негізгі ерекшеліктерін танытатын құралдар ретінде, әдебиеттанудың маңызды бір саласы дәрежесінде үзбей оқытылады. Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін көркем әдебиет әлемін түсіне білу, талдай білуде практи - када пайдалануға машықтандыру - оны оқытуды бас - ты міндеттерінің бірі. Оқу бағдарламасы, сол бойынша жасалған оқулықтарды парақтай отырып, әрі осы сыныптардағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне, оқылатын көркем туындылардың құрамына қарай оты - рып, әр сынып бойынша төмендегі жүйеде әдеби-теория - лық ұғым беруге болады деп есептейміз: 
    І. 5-с ы н ы п.
* Халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша түсінік. Әдебиет туралы кіріспе әңгіме. 
* Ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары: мақал, мәтел, жұмбақтар, батырлар жыры, қиял-ғажайып ертегілер, әдеби ертегілер туралы алғашқы ұғым. 
* Мысал жанры. Әдебиеттегі дәстүр туралы, аударма туралы алғашқы түсінік. 
* Өлең, оның өзіндік ерекшелігі, құрылысы жайында кіріспе әңгіме. 
* Әнгіме жанры. Сюжет, эпизод туралы сөз. 
* Әдеби кейіпкерлер, олардың портреті туралы. 
* Лирика, табиғат вирикесы туралы алғашқы ұғым. 
* Гипербола, эпитет, тенеу, кейіптеу туралы түсінік. 
* Көркем шығарманың тақырыбы туралы алғашқы әңгіме.
10. Монолог, повестъ, баллада туралы алғашқы ұғым.
ІІ. 6-сынып. 
*  	Шыншыл ертегілер, аңыз,әңгімелер, жаңылтпаштар туралы түсінік.
* Өлең құрылысы, ұйқас түрлерінен хабар беру. 
* Суреттеу, баяндау, әңгімелеу, композиция туралы түсініктерін кеңейту. 
* Өмірбаяндық әңгіме жанры туралы алғашқы ұғым. 
* Сюжетті өлеңдер турал түсінік. Лирика туралы алғашқы ұғым. 
* Теңеу, эпитет, метафора туралы төменгі сыныпта алған білімдерін толықтыру. 
ІІІ. 7-с ы н ы п. 
* Батырлар жыры туралы ұғымдарын тереңдету. 
* Оптимизм, романтика, риторикалық сұрақтар, ал - литерация, ассонанс туралы түсінік. 
* Табиғат лирикасы туралы білімдерін тереңдету. 
* Ирония, сатира, эпитеттің ұлғайған түрі, гипотеза жайында хабар беру. 
* Әдеби бағыттар. Реализм туралы алғашқы ұғымдар. 
* Публицистика жанры, көркем шығарма тілі, поэти - калық тіл туралы түсінік. 
* Суреттеу, баяндау, әнгімелеу жайындағы білімдерін жетiлдiру. 
* <<Суреткер ақын>>, <<Лирик ақын>> ұғымына түсінік беру. 
ІV . 8-с ы н ы п. 
* Поэма туралы ұғымдарын тереңдету. 
* Сюжет, композиция, Көркем шығарма, тақырыбы, идеясы, кейіпкерлері туралы түсініктерін кеңейту. 
* Тип, прототип туралы алғашқы ұғым. 
* Ұйқас түрлері туралы түсініктерін кеңейту. 
* Шешендік сұрау, шешендік лептеулер, анафора мен эпифора туралы ұғым. 
* Драмалық шығармалар туралы алғашқы түсінік. 
Қай сыныпта болмасын, әдеби-теориялық ұғымдар көркем шығарма негізінде, онымен тығыз байланыста түсіндіріледі. Мысалы, 6-сыныпта ауыз әдебиеті үлгілерінен <<Керқұла атты Кендебай>> ертегісі беріледі. Мұғалім ертегіні оқыту үшін, сабақ дайындығы кезінде осы шығармаға байланысты қандай әдеби-теориялық ұғым беру керек, оны қандай әдіс-тәсілдермен оқушы санасына жеткізеді - соны ойластырады. 
І. <<Керқұла атты Кендебай>> ертегісін оқыта отырып, мынадай әдеби-теориялық ұғым беріледі: 
* Фольклор, ауыз әдебиеті туралы алғашқы қарапайым түсінік. 
* Ертегiлер, оның ішінде қиял-ғажайып ертегілер жайында әңгіме. 
* Ертегі оқиғалары, сюжет, эпизод, кейіпкерлері ту - ралы алғашқы ұғым. 
* Әсірелеу туралы түсінік. 
 <<Керқұла атты Кендебай>> ертегісіндегі басты оқиғалар: 
1-оқиға. Кендебайдың тууы, алып болып, тез өсуі, 
2-оқиға. Кендебайдың Көкжалды өлтіруі. 
3-оқиға. Еркек құлынды үйге әкеп асырауы. Одан Керқұла аттың өсуі. 
4-оқиға. Керқұламен аң аулауы. Халықты асырауы, атының әлемге таралуы. 
5-оқиға. Жетім балаға кездесуі. Жетімнің басынан өткендері. 
6-оқиға. Керқұла атқа тіл бітуі, ақыл беруі. 
7-оқиға. Кендебайдың сапарға аттануы. 
8-оқиға. Кендебайдың аралға тап болуы. 
9-оқиға. Хан жарлығы. Екі баласына берген тапсыр - месы. 
10-оқиға. Күзеттегі оқиға. Хан тапсырмасының орын - далмауы. 
11-оқиға. Кендебайдың алтын құйрықты қолға түсіруі. 
12-оқиға. Кендебайдың дәулермен соғысы. Арыстанмен соғысы. 
13-оқиға. Құлынды тауып, ханға оралуы, өтініші.
14-оқиға. Ханның жаңа шарты. 
15-оқиға. Хан шартын орындап, жетімді де, халқын бақытқа бөлеуі. 
Осы мәселелерді кесте-плакатқа жазып, ертегіні тал - дауда оны көмекші, әрі көрнекілік ретінде пайдалану да тиімді. Мұғалім осыған қарай отырып, оқушыларға оқиға деген не екенін түсіндіреді, ертегілердің оқиғалардан тұратынын әңгімелейді. Енді ертегі деген не, оның қиял - ғажайып түрі қандай болады, содан хабар беру үшін, жоғарыдағы кесте-плакатты назарға ала отырып, оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды, тапсырма орындатады: 
* Балалар, бірінші оқиғаға қараңдар, әр кітаптен оқиғаны еске түсіріндер. Кендебай туа салысымен, қалай өседі? 
* Кендебайдың алты жасында алып болып өсуі шын - дыққа сәйкес пе? 
* Керқұла аттың тіл бітіп, сөйлеуі қай оқиғада еді? 
* Биенің алтын құйрықты құлын табуына сенуге бо - ла ма? 
* Жеті басты дәулер, алып арыстандар қиялден туған ба, әлде ондайлар бар деп есептейсіңдер ме? 
Міне, осы сұрақтар талқыланғаннан кейін, мұғалім ертегі жайында, оның қиял-ғажайып түрі туралы қорытынды пікір айтады. Яғни ертегінің халық арманы, қиялынан туатыны, халықтың Кендебай деген алып қамқоршымыз болса, ол халық ұлы боп, халыққа еңбек етсе, жетім-жесірлерге пана болса деп, армандауы, сол арманның қиялға жол ашуы туралы әңгімелейді. Ер - тегідегі ғажайып, қиялға байланысты оқиғаларды бөліп ала отырып, қиял-ғажайып ертегілер туралы алғашқы түсінік береді. Ертегілердің көпшілігі <<Ерте, ерте, ерте екен>> деп басталатынына, оның қарасөзбен айтылатыны - на назар аудартады. Әдеби-теориялық ұғым мұнда оқушылардың өзін қатыстыра, ертегіні талдаумен бірлікте беріліп отыр. Әдеби-теориялық ұғымды бе - рудің ең тиімді әдісі оны көркем туындыдан бөліп алып қарастырмай, бірге беруіне болып та - былады. 
ІІ. Әдеби-теориялық ұғымдарды берудің келесі бір жолы - салыстырмалы жұмыстар, салыстыру әдістері. Мысалы: осы 5-сыныпта ертегілерден кейін әдеби ер - тегілер беріледі. 
Әдеби ертегінің авторы болатыны; 
Оның қарасөзбен де, өлең, поэма түрінде де жазы - латыны, халық арасындағы аңыздарды негізге алатыны, соған құрылуы. 
                                                Пайдаланылған әдебиеттер:
 1.А.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А. Мектеп 1969
  2. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. Рауан. 1997
  3. Е. Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. 1999          
 	
	10- дәріс.
Сабақтың тақырыбы: 
Кіріспе сабақтар және оның ұйымдастырылуы.
Сабақтың жоспары:
І.Кіріспе сабақтың сабақ үрдісінде алатын орны.
2.Yenйымдастыруға қойылатын әдістемелік талаптар.
Сабақтың мақсаты:  Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыра отырып, кіріспе
сабақтарды қызықты ұйымдастырудың эдіс - тэсілдерін меңгерту.Мұғалімнің біліктілігін
дамыту.
Әдістемелік   нұсқау:   Озат   тәжірибелі   оқытушылардың   іс-тэжірибелерін   жинақтап, еңбектерін оқуды чұсқаймын.
Кіріспе  жұмыстар:   Тексті  оқу,  талдау,  алдында өтілетін  шығармаға түсінік беріледі. Мұны кіріспе сабақ дейміз.
Кіріспе жұмыстарды біз мазмұнына қарай үш салаға бөлеміз:
1)  Заман, қоғам өмірі жайындағы тарихи түсінік. 
2)   Жазушының өмірбаяны жайындағы түсінік.
3)   Текст түсінда берілетін тақырыптық түсінік.
Біреулер осы үш түрдің бірінен соң бірін айтып, 3-4 минуттық түсініктің өзін 15 минутқа жеткізеді. Әңгіме сол үш түрлі түсінікті міндетті түрде қабаттастыра айтуда емес, тексті өткен кезде қайсысы қай жерде көбірек қажет дегенді үғына білуде.
Кей кезде тарихи түсінік пен өмірбаян бірге де беріледі немесе олар бірінің қызметін бірі атқара береді. IV - VII кластарда өмірбаян элементі аз. Кейбір мүғалімдер өмірбаянды тізе беріп, сабақты анықтамалық бөгде материалмен толтырады. Мүндай сөзуарлықты азайту керек. Өмірбаян тексті алмастыра алмайды.
Енді бірде эңгімені тарихи жағдайдан бастап (проблема қойып), сол жағдайда жазушының не істегенін, неліктен ағартушы, ақын, демократ болғанын айтуға мүмкіндік бар. IV - VII кластарда жазушының көзқарасы, әдісі дегендерді қорыту сабақтарына жіберген жөн. Ал тақырыптық - текстологиялық (сөздік) түсініктің орны бұлардан оқу -талдау мақсатына жақынырақ. Ол - оқылатын жеке өлең - эңгіме, көбіне ондағы өмірсуретіне байланысты түсінік.
Кіріспе жүмыстар - тексті өтуге балалардың зейіні мен эзірлігін, белсенді атысын тудырудың шарты. Бүл дайындықты екі түрлі жолмен жасауға болады.
Кейбір мүғалімдер кіріспе сөздің өзін үзартып алады. Кіріспе сөз үстінде мұғалім шығарманың мазмүны мен идеясын күні бүрын хабарлайды (мазмүндау), оқушылардың өз топшыламасына, тексті қызығып оқып, соның тақырыбын, қүрылысы мен тілін, образдарын анықтауына жол бермейді. Осы екі кемшіліктен - кіріспе сөзді сатылап, элементі бойынша жүргізбеуден, оқытпай жатып, талдау жасаудан арылған жөн.
Кіріспе сабақтар түсында IV - VII сынып оқушыларына ептеп тарихи оқиғалардан да хабар беріледі. Мүның өзі әуелі оңайдан басталып, VII сыныптарда біраз күрделене түседі.
Заман жайындағы тарихи түсінік. Әрбір көркем шығарма белгілі бір дэуірдің өмір шындығын суреттейді. Бірақ ақын сол өмір шындығын элеуметтік проблема қатарына көтеріп, өз заманының аса қажетті мәселелерін толғайды. Өмір көрінісінің кейбір фактілерін батыл сынап жазса, енді бірқатарына ниеттестік білдіреді. Сөйтіп, эр шығармада, бір жағынан, сол кезеңдегі қоғам өмірінің объективті суреті болса, екінші жағынан, сол фактілер, көріністер, проблемалар ақынның өзіндік көзқарасы, түсінігі, идеясы, арманы түрғысынан беріледі. Әрбір шығарма белгілі бір кезеңде туып, сол кездің басты проблемасын эңгімелейтіндіктен, текстті толық меңгеру үшін оқушыларға сол кезедгі өмір көрінісі, салт - санасы, тап күресі, саяси тэртібі жайында қысқа - қысқа түсінік берген жөн.
Жазушының өмірбаяны. Кіріспе сөздің бірі жазушының өмірбаяны мен творчествосы жөнінде беріледі. Ол IV - VII сыныптарда өте қысқа анықтамалық түрде көрінеді.
Өмірбаяндық мағлұмат ішінде екі түрлі элемент болады: оның бірінде жазушының өмірі, творчествосы жайлы, екіншісінде сол кездегі өмірдің мэдени - түрмыстық көріністері жайлы түсінік беріледі. Осы екі элементтің орнын біліп қолдану қажет. IV -VII сыныптарда өмірбаян көбінесе жеке элемент түрінде беріледі.
Өмірбаянда тэрбиелік нэр бар. Ол эдебиеттің білімдік мэнімен тығыз байланысты.
Өмірбаянның қарапайым түрі IV - VII сыныптарда қолданылады. Оны кейде жазушы жөнінде берілетін қысқа анықтама десе де болады. Бұл тұста мұғалім тақтаға бірер сөз жазып, оның туып - өскен кезі, кейбір ісі, еңбегі жайында 2-3 минуттық мэлімет беріп, шығарманың өзіне көшеді.
Тақырыптық түсінік. Тақырыптық - текстологиялық түсінік эрбір шығарманың тұсінда беріледі. Жеке бір өлең мен эңгімі оқыту үшін, эуелі ондагы өмір көрінісі жайында кіріспе мағлұмат беріледі. Ол сол шығарманың мазмұны мен идеясын, образдык жүйесін түсініп оқуға жэрдемдеседі. Мұны тақырыптық түсінік дейміз. Әрине. тақырыптық түсінік дегенді шығарманың мазмұнын күні бұрын айтып, оның идеясы мен образдарын алдын ала талдау деп үғынуға болмайды. Тақырыптық түсінік сондағы сурет пен оқиғаның төркінін, сырын аңғаруға бағытталады. Бүл түста өмірбаян немесе соған лайықталып берілетін тарихи жағдай жөніндегі жалпы тусініктің керегі жоқ. Екінің бірінде тақырыптық түсінік жалпы тарихи түсінік пен өмірбаяндық мағлүматтың қызметін атқарады. Бүл түсінікті көбейтіп жібермеу керек.
Бүл - тақырыптық түсініктің шығарманың жазылу тарихы, ондағы өмір шындығына байланысьы жағы. Сонымен бірге ол өлеңнің жанрлық ерекшелігіне, ондағы түрмыс көрінісіне байланысты.
Тақырыптық үсініктен басқа текст бойынша берілетін сөз түсінігі де болады.
Сөз түсінігін методистер: а) тексті оқу алдында; ә) тексті оқу үстінде; б) шығарманы оқып болған соң талдау жүмысымен байланыстырып беруге болады деп көрсетеді.
Мұғалімнің сөзі. Кіріспе сабақ түсында мүғалім сөзіне елеулі мән беріледі. Мүғалім сөзіне қойылатын педагогикалық - әдеби талаптар педагогика оқулықтарында жақсы әңгімеленген. Мүғалімнің сөзінде білімдік, тәрбиелік, эстетикалық - көркемдік нәр мол болуы тиіс. Кіріспе сөз оны - мүнының бәрін әңгімелейтін сөз тізбегі емес, логикалы, мүшелі, әдебиет пәні мақсатна шақ, қысқа да көркем, сөзге сараң, ойға толы, үғымды, табиғи болуы шарт.
Кіріспе сөзге В. Голубков бірнеше түрлі талап қояды. Олар: А) кіріспе сөздің идеялылығы, принципшілдігі; Ә) оның әдеби курске, тақырыпқа байланыстылығы; Б) нақтылығы, көрнекілігі; В) білімдік - логикалық арқауының берік болуы; Г) әдеби тілмен айтылуы.
Кіріспе сабақтың түрі де, эдісі де сан алуан. Оны ылғи баяндаудан бастап, баяндаумен бітіруге әуес болмау керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 2,4,7,11,13,14

11-дәріс
Эпикалық шығармаларды оқыту
        Сабақтың   жоспары:
1.Әдебиет-сөз өнері
2. Ертедегі халық сүйген жанрдың бірі - эпикалық жырлар
3.Терме өнерінің ғибраты
4.С.Қасқабасовтың эпос жайлы өзіндік пікірі
5.Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының  <<Қазақ әдебиетін оқыту әдіс - темесі мен технологиясы>> атты оқулығында эпикалық жанрды оқыту
6.Батырлық жырының оқушыларға әсері
 Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем  -  дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді.. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамытудың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты  -  оқушылардың  түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту,  жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі. 
Қазақ әдебиеті дамуының желісінде әдеби тек жанрларының жаппай дамуы ХХ ғасырда өрістеді. Көркем әдебиеттің лирикалық, эпикалық поэзия жанрларының ауызша да жазбаша да үлгілер қалыптасуының, дамуының көп ғасырлық тарихи бар қазақ сөз өнері кәсіби сахна өнеріне арналған драмалық туындылар жазу үрдісін де де игере бастаған еді. Шығарманың өзегіне сюжеттік сипаттың шағынынан бастап мол көлемділерін қамтитын эпостық туындылар (күлдіргі сөз (анекдот), әңгіме, очерк, новелла, повесть, поэма, оқиғалы өлең, роман, роман-эпопея)  -  бәрі де қазақ сөз өнерінің әлем әдебиеті үдерісіндегі классикалық деңгейдегі көтерілген биіктігін дәлелдеді. ХХ ғасырдағы қазақ прозасының романдары эпикалық сипатпен жазылатын көркем шындық поэтикасының көрнекті көрсеткіштері қатарын құрады. Ертедегі халық сүйген жанрдың бірі - эпикалық жырлар. "Эпос-идеялық, көркем   мәні   және   композициялық   құрлысы   жағынан   музыкалық- поэтикалық фольклордың ең күрделі, ең ірі жанры. Өйткені оның негізінде халық тарихындағы қиялы-қилы кезеңцер, халық тағдырына байланысты ірі проблемалық мәселелер алынған. Эпостарда қанатты философиялық сөздер жиі ұшырасады. Батырлар жырында кездесетін афоризмдер елге үлгі боларлықтай ерлік істі, каһармандықты бейнелесе, ғашықтық жырларындағы қанатты сөздер, жырдың ішкі мазмұнына сай әр алуан лирикалық сезімдерге құрылған. Бұған Асан, Қазтұрған, Бүхар жыраулардан бастап, Махамбет, Базар жырау, Кашаған, Нұрым, Майлықожа, Нұралы, Жамбыл, Мұрын, Тұрмағамбет секілді сөз жүйріктерінің туындыларынан мол мысал келтіруге болады.
Қанипа Бітібаева  -  Мұхтар Әуезов шығармаларын мектепте оқыту мәселесіне байланысты үш кітап жазған автор. Ұстаздың <<Абай жолы>> сияқты әлем таныған көр - кем эпопеяны оқыту жө - нін - дегі әдістемесінің құндылығы өте жоғары. Әдіс - кер <<Абай жолы>> эпопеясын тереңдете оқы - ту идеясын ұсынады. Әр кітапқа қысқаша аннотация жазып қою, образ - дарды талдауға көмек-нұсқау - лар ұсыну, мәтінге негіздей отырып талдау жүйесін алға тартады. Ол төрт томдық туын - дыны топтай, жинақтай оқыту - дың тиімділігін дәлелдеп көрсетеді. Ұстаз айтқан образдарды топтап оқыту ұстанымының өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Мысалы, Бітібаева <<Құнанбайлар әлемі>> деген ойды тарата отырып, тек Құнанбай емес, бүкіл үстем күш бейнесін оның айналасына жинақтайды. Әдіскер ғалым сол арқылы көркем әдебиеттегі жинақтау әдісінің табиғатын ашады. Еңбекте Құнан - бай әлемі төмендегідей топтас - тырылып, әрқайсысы жеке-жеке танымдық ой қозғайды. 
Классикалық эпос пен батырлық ертегісіне тән, типологиялық сипатта болып келетін <<қаһарманның дүниеге келуінен бастап, оның өмірін толық қамтуды, яғни оның қайтыс болғанына дейінгі жәйтті баяндауды қажет ететін ғұмырнамалық (биографиялық) тұтастану перзентсіз ата-ана, болашақ батырдың ерекше тууы, оның тез өсіп жетілуі, алғашқы ерлігі, үйленуі, қаһармандық істері, қартаюы сияқты бірнеше кезеңнен тұрады.  Жырларда көбінесе, батырдың ғажайып жағдайда тууы мен ерлік көрсеткен тұстары  кең  түрде, көтермеленіп суреттеледі.

12-дәріс.Драмалық шығармаларды оқыту
Сабақтың жоспары:
1Драмалық шығарманы оқыту.
2.Драмалық шығарманың ерекшелігі және айырмашылығы.
       Драмалық шығарманы түсіндіргенде олардың денгейліктерін арыттыру ойын - сауық қойатын жерлердің сахнасында орындап көрсетуге шығарма екенін, текст диолог пен монологқа құрылатын кеиіпкерлер шығарманың басына тізіліп, олардың аты  -  жөні, жынысы кәсіби қызметі мамандығы жыл мөлшері, жақын серігі досы көрсетіледі.
Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу  -  екінің біріне бұйыра бермейтін қасиет. Табиғатынан педагог боп жаратылған, айналасына білім мен біліктіліктің, өрлік пен табандылықтың шуағын таратып, бүкіл саналы өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап келе жатқан Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы  -  қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың өрісі кең, өзгеше жүйесін қалыптастырып жүрген шын мағынасындағы ұстаз, санаулы тұлғаларымыздың бірі. 
Есімі еліміздің мектептері мен педагогтары арасында кеңінен танылған осы бір дарынды жанның ұлт әдебиетін насихаттаудағы орасан еңбегін әріптестері жақсы біледі. Парасатты педагогтың қазақ әдебиетін терең, жан-жақты тануға, оны оқыту мәселелерін өрістетуге арналған еңбектері мен жаңашыл көзқарастары әркез зиялы қауымды сүйсін - діріп келеді. Елінің бай тарихы мен бүгінгі жеткен рухани же - тістіктерін терең сабақтастықта қарастыра отырып, ол ұлт тәрбиесін көркемсөзді тану - дан, көркемсөзге деген қас - терлі сезімді ұрпақ бойына қалыптастырудан іздейді. Сон - дықтан біз педагог Бітібаева - ның әдебиетті оқытудың бүгінгі таңдағы көп салалы бағдарламасының әдістеме ілімінде алар орны айырықша екенін бөліп айтқымыз келеді. Түптеп келгенде, Қ.Бітібаева - ның авторлық бағдарламалары аталмыш ілімнің республика аумағында теориялық тұрғыдан жан-жақты дамуына игі ықпал еткені анық. 
Ұстаздық қызметімен қоса, қазақ әде - биетін оқыту әдістемесін жетілдіруде өз үле - сін қосып келе жатқан Қанипа Омар - ға - лиқызы  --  70-тен аса мақала мен 23 кітаптың және оқулықтардың авторы. Ұстаздың әсіресе әдебиетімізді тереңдетіп оқыту бағытындағы ізденістері мен зерттеу жұмыстары жыл өткен сайын көпшілік сұранысына ие болып келеді. 
Оның <<Қазақ әдебиетін оқыту әдіс - темесі мен технологиясы>> атты оқулығы негізінен жоғары оқу орнына арналған. Белгілі ғалымдар Ә.Қоңыратбаев пен Қ.Көшімбаевтың <<Әдебиетті оқыту әдіс - темесі>> атты оқулықтарынан кейін араға 30 жылдан астам уақыт салып барып жа - рық көрген бұл оқулықты бүгінде рес - пуб - ликаның барлық оқу орындары, ұстаздары пайдаланып келеді. Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен екінші рет қайта басылуындағы басты себебі де оның ұстаздардың сұраныстарына жауап бе - руін - де, маңыздылығында деп ойлаймыз. Бұл еңбекті қазіргі кезеңдегі әдебиетті мек - тепте оқытудың негізгі оқулықтарының бірі деп батыл түрде айтуға болады. Енді осы оқулықтың өзектілігі мен маңызы неде деген сұрақтарға жауап іздер болсақ, тө - мендегідей тұжырымдарға келуге болады. 
Біріншіден, бұрынғы оқулықтарда әдебиет жанрларын оқыту жалпылама қарастырылса, ұстаз Қ.Бітібаева лириканы оқыту, эпикалық шығармаларды оқыту, драмалық шығармаларды оқыту деп жеке-дара бөле отырып, оқытудың инновация - лық технологиясын ұсынады.
Лириканың түр-түрін оқытуда тео - рия - мен қоса, практикалық, танымдық мә - селелерге ерекше назар аударылып, оқу - шы, студент ой-өрісін кеңейтетін тәжірибелік жұмыстар қатар беріліп отырады. Оны оқулықтың 5-ші тарауынан көруге болады. Абай, Мұқағали лирика - ларын меңгерудің жолдары, тақырыпқа қатысты сабақ өткізудің технологиялық картасы, конструкторлық жобалау технологиясы, поэтикалық талдаулардың үлгілері, шығармашылық жұмыстардың жүйесі, т.б. амал-тәсілдер  --  осы айтқаны - мыздың дәлелі. Мысалы, жыраулар поэзиясына 40 түрлі тапсырма түрлерінің берілуі оқулық сапасын арттырумен қатар, оқушының шығармашылық ізденісіне жол ашады. Бұл еңбектің ұстаздар, студенттер қауымына тигізер айырықша көмегін байқатып, сабақ түрлері мен типтерінің молдығын дәйектей түседі. 
Екіншіден, эпикалық жанрды оқытуда да автор жалпылама теориямен шектел - мей, оның түр-түрін қалай оқытуға бола - ты - нын талдап, жіктеп, таратып айтады. Мысалы, эпикалық жанрды меңгертуге қа - тыс - ты әңгіме, хикаят, роман жанрларын оқы - тудың ғылыми-теориялық негізі, оның тәжірибедегі көрінісі, сабақ үлгілері де қоса ұсынылады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ерекше қиындық туғызатын <<Абай жолы>> эпопеясын оқыту технологиясы мен әдістемесі де жан-жақты сөз болады. Батырлар жырын оқыту, публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрдағы дүниелерді, соның ішінде әралуан хаттарды қалай оқыту керектігі тиімді әдістемелік үлгілермен беріледі. 
Үшіншіден, әдебиет пен қазақ тілін оқы - тудың күретамыры  -  тіл дамыту жұмыстары екенін ұстаз ерекше атап өтеді. Оқулықта тіл дамыту жан-жақты қарастырылып, оның инновациялық жолдары нақты ұсынылады. 
Төртіншіден, қазіргі кезеңдегі сабаққа қойылатын талаптар (технологиялық үлгідегі сабақ жоспарлары), оқытуды технология - лан - дыру мәселелері аталмыш оқулықтың маңы - зын арттыра түседі. Оқулық бүгінгі білім беру мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, жаңаша идеямен, соны леппен жазылған. Әсіресе, дамыта оқыту технологиясына сүйе - не отырып, оқушыларды ғылыми еңбекке баулу мәселелері, дарынды балалардың қабілетін жетілдіру үрдістерін де осы оқулықтан молынан табуға болады.
Қанипа Омарғалиқызының бұл оқулы - ғы - ның ұстаздар қауымынан, студенттер мен оқы - тушылар тарапынан кең қолдау табуы - ның басты себебі де оқулықтың практикалық мәні мен сұранысында дер едік. Мектеп оқулығының құндылығы оқушыға нанымды мысалдармен өріліп, әрі қонымды, әрі түсі - нікті жазылуында болса керек. Кітапта көр - кем мәтінді талдау әдісі эпикалық, лири - ка - лық, драмалық туындылардың мәтінін талдау жолымен, өз жаңашылдығымен дараланады.
Бүгінгі оқыту жүйесіндегі баға параметрі де өзгерді. <<Баға қайдан туындауы керек?>> деген сұрақтар да әлі өз жауабын таба алмай келеді. Оқулықта осы мәселенің де тиімді жолдары айқын көрсетілген. 
Ұстаздың Абай туындыларын оқытуға негіз - делген екі кітабы, М.Әуезов шығарма - ларын оқытуға бағытталған үш кітабы іргелі еңбектер қатарын молайтып, байытып тұрғаны даусыз. 
Әдіскердің Абай шығармаларын тақы - рып-тақырыпқа жіктей бермей, ақын шығар - машылығын тұтастай ең негізгі арналы, ағысты проблемаларына сүйене отырып, біртұтас оқыту туралы идеясы айырықша назар аударуды қажет етеді. Абай өзі жазып кеткендей: <<Алланы сүю, Алла махаббатпен жаратқан Адамды сүю, Хақ жолы деп әділетті сүю>> оны оқытудың алтын діңгегі болуы керек>>,  -  деп жазады ұстаз, <<Ақынның қай туын - дысында болмасын, оның алтын арқауы болып Адам тұрады, Адамға деген махаббат тұрады. Ұлы ақын нағыз Адам  --  Толық Адам қандай болуы керек? деген сұраққа жауап іздейді>>. Бұл пікір шын мәнінде ақын шы - ғар - машылығын ғана емес, жалпы адамзат жанын түсінуге, адами қасиеттерді меңгеруге жетелейді. 
Еңбек тоғыз бөлімнен тұрады. Кіріспеде ұстаз Абай шығармашылығын оқытудың өзекті мәселелерін алдыға тарта отырып, ары қарай оны бесінші, сегізінші сыныптарда қалай оқытуға болады деген сұрақтарға жауап іздейді, меңгерудің тиімді технологиясын ұсынады, сабақ түрлерін береді. Одан әрі 9-10 сыныптардағы Абай шығармашылығын оқытудың жүйелі бағдарламасын беріп, оның әдістемесін: сабақ түрлерін, оқу-тәрбиенің комплекстік жоспарын, оқушылардың білім-білік дағдыларына қойылатын талаптарды, Абайтану ғылымын сабақта қалай терең - де - ту - ге болатындығын жан-жақты талдап көрсетеді. 
Тәжірибемізден түспей, жауыр еткен жаттандылық, таптаурын болған сұрақ-жауап, репродуктивтік әдістер ұстаз тәжіри - бесінде, еңбегінде кездеспейді. Ол оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын ұсынады. Көзбе-көз әңгіме, ойлы сұхбат, пікір еркіндігі, білімді оқу - шы - ның өз еңбегімен алуына жағдай жасау, оқу жүйесін тереңдете беру, оны игертудің тиімді жолдарын іздеу  --  ұстаздың басты ұстанымы. Әдіскер ұстаздың әдебиетті оқыту ұстанымы ой салу, ойлау, ойланту, бір шешімге келу пәлсапасынан тұрады. Ой салу  --  ұстаз тарапынан, ойлану  --  шәкірт тарапынан, ойланту  -  (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап, ойлантуға алып келу) ұстаз тарапынан, бір шешімге келу  -  оқушы тарапынан алма-кезек өріліп отырады. 
Бұл технологияда әдеби айтыс, пікірлесу, диологиялық әңгіме, проблема шешу, іздену сияқты өнімді әдіс-тәсілдерге бару  -  басты шарт. Ұстаздың жаңа сабақ түсіндіру технологиясы сұрақ-жауап, пікірлесу, сұхбат әдістерімен қатар оқушылардың өз бетімен ізденуіне, зерттеу жұмысына негізделеді. Жобалау, модель жасау, оқушыларды өз беттерімен жаңа өнім жасауға бағыттау  -  ұстаз технологиясының ең негізгі алтын діңгегі. Оның барлығында оқушы жеке тұлға, дара субъект ретінде қабылданады. Еңбекте Абай - дың 100-ге тарта өлеңдеріне талдау жа - са - лады. Бұл талдаулар болашақ бағдар - ла - ма - ларға пайдалы материал екендігінде сөз жоқ. 

                                            Пайдаланған әдебиеттер.
1.Қазақ тілі мен әдебиет журналы №9 2010жыл
2.Көшімбаев Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.
3.Бітібаева   Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.

 13-дәріс. Лирикалық шығармаларды оқыту
Сабақтың жоспары:	
      1.Оқылған лирикалық туындыларға олардың көркемдік поетикалық тіл          ерекшеліктерін пайымдай отырып, талдау жұмыстарын жүргізу.
2.Лирикалық шығармаларды оқытуда талда у жұмыстарын жүргізу.
3.СТО оқыту технологиясымен оқыту.
Сабақтың мақсаты.Лирикалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарын үйрету.Поэтикалық тіл ерекшеліктерін пайымдай отырып,өзәндәк  сенуді  қалыптастыру. Лириканы оқытуда оқушылардың жас ерекшелігіне назар аударуы.
     Лирика  -  дара  ойдың  нәтижесі, ондағы  ой  шексіз  кең. Лирика ақын жүрегінің   тереңінен шыққан сезім ой-көрініс  екенін  аңғарту лириканың  табиғаты, сипаты, түрлері жайында айтылған төмендегідей пікірлердің мән-мағынасын ашу. <<Поэзия  -  өнердің асыл тегі, өмірдің әрі мен нәрі, қайнап қорытқан жамбысы>>, - (В. Белинский)  
   <<Лирика  -  поэзияның жаны лирика мылқау түйсікке тіл бітіріп, образ жасайды>>, (Ә.Тәжібаев) <<Лирика  -  өмір құбылысына ақынның көзқарасы, түсінуі, сезімі, күйініші, сүйініші, онда адам өмірінің асқақтығы да , кейде қоңыр күйі де  көрінеді>>(Қ.Жұмалиев)  <<Лирика  -  нұрлы ой, ішкі сырлы дүние жанры, Лирикадағы бас қаһарман ақынның өзі . Лириканың күші әсерлілігінде>> - (З. Қабдолов) <<Поэзияда қорытындылау, жинақтау мен даралау, ортақ сипаттар ұштасып, ұласып жатады. Осы екі жағы тұтасып, бірігіп келгенде ғана көркем бейне туып, өмірдің көркем суреті  жасалады>> (З.Ахметов) 
                           Поэзия! 
                           Менімен егіз бе едің? 
                           Мен сені, сезесің бе неге іздедім? 
                           Алауыртқан таңдардан сені іздедім, 
                           Қарауытқан таулардан сені іздедім. 
                                                                                    (М.Мақатаев) 
    Лирикалық шығармаларда эмоция, сезім басым болады. Лирика  -  дара ойдың жемісі, ол шабытты жыр. Оқырманның жан дүниесіне әсер ете алмаған өлең нағыз өнер бола алмайтынын оқушылардың түсінуі үшін оқытушы тарапынан жуйелі түрде жүргізілетін әр түрлі іс-әрекеттер қажет. Лирикадағы ерекше компоненттердің бірі саналатын сөз сырын оқушыларға жеткізуде оған эстетикалық талдау барысындағы әр түрлі дайындық жаттығулары керек. Оқушы назарын ақын өлеңіндегі эмоциялық және логикалық бірлікті тануға, шығарманың бөлімі мен бөліктерін байланыстыра қарап, ақынның айтар ойын, мазмұн мен форма бірлігін анықтауға аударып отыру керек. 
     Сондай-ақ шығарманың әсем сазы, ақынның сөз қолданысы оқушыны ой құшағына бөлейтіндей, мәнерлеп оқу, проблемалы оқу, т.б. арқылы бар ынта-ықыласын туындыға аудару барысында арнайы әдеби тапсырмаларды орындатқан дұрыс. 
      Адам сезіміне жүрек дірілі  -  лупілінің суретін салу тек лириканың ғана қолынан келеді. Лирикалық туындыны ұлы сыншы В.Белминсукии музыкаға балайды әннің әсем сазы тек музыкалық аспапта ойналғанда ғана немесе керемет әнші шеберлікпен төгілте орындағанда ғана адамның бүкіл жан дүниесіне әсер етеді.
  Мұнда лириканың барлық ырғақ сазы, барлық тынысы, әуені тоғыса келіп, естілуі қажет. Сонда ғана берер әсері мол болмақ. Лириканы түсініп оқытудың негізі біріншіден, ақыннң сөз сырына үңілу, айтар ойын түсіну, өзіндік тұжырым жасап, ой құшағына бөлену, туындыға оқушының қызығушылығын ынта ықыласын туғызуда болып табылады. 
  Лириканы талдап, танып білуде оқытушы көптеген әдіс тәсілдерді пайдаланады. Ең бастысы оқушының өзіндік әс- әрекетіне , ой пікір еркіндігіне жол берген дұрыс. Лириканың басты бір ерекшелігі- ондағы көркемдік және суреттеу құралдарының  көп кездесетіні, оқушы олардың қалай қолданылып тұрғанына ерекше көңіл бөлуі керек. 
  Оқушы лириканы қабылдауға әзір болуы үшін мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлерінің маңызы зор. Өлең құрылысы туралы теориялық ұғымдар оқушылардың жас ерекшеліне байланысты беріледі, түсініксіз сөздер мен ұғымдар, мәтінге жоспар жасау т. б. Мұғалімнің түсінік сөзі, оқушы мен оқытушы арасындағы сұрақ  -  жауап түрінде келуі мүмкін.
  Лирика даралығы дегеніміз жалпылық, жинақтаушылық мәнге йе ақын сезімінің жалыны, ой тереңдігі, қоғамдық талапқа, сұранысқа жауап беруі, - деген Ә.Тәжібаев сөздерінде үлкен мән жатыр. 
  Демек шынайы көркем лирика- дамгершілік биік мұраттарға тәрбиелеуші, адамзаттың эстетикалық арманың асқар шыңы. Ол оқушылардың қызығушылығын арттырып, ойлау жүйесін дамытады, осы бағытта ол психологиямен, дидактикамен сабақтасып оқыту, тәрбиелеу мәселелеріне һз үлесін қосады. 
Лирикалық шығармаларды оқытуда оқушылардың шығармашылық жұмыстарына да ерекше көңіл бөлу керек. Озық технология үлгілерін қолдану СТО технологиясы оқушылардың қабілеттеріне қарай өлең жаздыру, сурет салдыру, шағын шығарма, эссе жазғызу.
                                            Бес жолды өлең.
 Жаңа тақырыпты қорытындылауға қолданылады.
А) Зат есім (кім?)
Б) Сын есім ( қандай?)
Б) Етістік (не істеді?)
В) Сезіну
С) Синоним
5) Веннн диаграммасы.
Тақырыпты екі кейіпкердің 3 түрлі қасиетін бөліп көрсету және ортақ жақтарын табу.
6)Болжау стратегиясы.
Бұл оқушының қабілетін жетілдіру үшін қолданылатын тәсіл. Еркін шығарма жазу немесе ойын жалғастыру.
   7)Еркін жазу стратегиясы.
Тақырып төңірегінде өз ойын жазбаша жеткізеді. (шығарма, эссе)
* Топтастыру стратегиясы.
Бұл стратегия нәтижесі сабақты бекіткенде, жеке тұлғаға сипаттама бергенде оқушылардың жан  -  жақты ізденімпаздығын танытады. 
  Топтастыру  - оқушылардың еркін ойлауға және тақырыпты ашық талдауға бағытталған стратегия, жаңа идеяларды жинақтап бір  -  бірімен сабақтастыру үшін қажетті құрылым. Топтастыру қызықтыруды ояту үшін қолданылады. Әр топ белгілі уақыт ішінде берілген тапсырманы топтап жазады.

                               Пайдаланған әдебиеттер тізімі
  + Т.Қ.Жұмажанова <<Әдебиетті оқыту әдістемесі>>
  + Қ.Бітібаева <<Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>> 
  + А. Көшімбаев <<Қазақ әдебиетін оқыту методикасы>> 
  + Т.Ақшолақов <<Қазақ әдебиетін оқыту методикасы>>


14-дәріс.
  Жазушылардың өмірі және шығармашылығын оқыту
Сабақтың жоспары:
1.Сабақ барысында ақын жазушылардың шығармашылығын талдау.
2.Танымдық ой-пікірлерді қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Педагогикалық әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқыту.
Әдістемелік нұсқау:
Сабақ барысында ақын-жазушылардың өмірі мен шығапрмашылығын оқытуды жоғарғы дәрежеде жүргізу үшін Қ.Бітібаева сынды методистердің әдістемелік жаңа технологиялармен танысуды нұсқадым.
	Оқулық-хрестоматияның жаңа нұсқасындағы өзгешеліктің бірі  -  ақын-жазушылардың өмірінен берілген мәліметтер.
	Оқушыларға көркем шығарманы оқытқанда олардың қабылдау, сезіну қабілеттерімен бірге көркем тексті ғылыми негізде талдай білуге үйретіледі. Бұның өзі жазушы не ақынның эстетикалық және тарихи көзқарасымен, дүниетанымымен, ол өмір сүрген дәуірмен, өзіндік ерекшелігімен тығыз байланысты.
	Тарих адамға әр қырынан әсер қалдыратын болса, соған орай әр жазушының әсемдік әлемін қабылдауы да, сезінуі де әр түрлі болады. Демек,    табиғат сұлулығын, адамның сезім тереңдігін, әсемдігін әр жазушы шығармаларында өзіндік ерекшелігімен танытады. Олай болса, белгілі бір шығарманы өтерде жазушының өмірбаянынан мәлімет берудің мәні зор. Айталық, 5-класта Абайдың "Күз" өлеңі мен Ә. Сәрсекбаевтың  "Алтын күз" өлеңдері тақырып, жанр жағынан ұқсағанымен, олардың өмір сүрген дәуірі әр басқа болғандықтан, дүниеге көзқарастары да түрліше. Ендеше, "Күз" суретін сезінуі де, осы күз арқылы айтайын деген ой-сезімі мен көңіл күйлері де басқаша. 7-класта М. Өтемісов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, С. Торайғыров, Ж. Жабаев, С. Сейуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Қ. Бекқожин, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов,   М. Жұмабаев, Б. Бұлқышев, т.б. шығармалары оқылады.
	Шығарманың идеялық мазмұнын ғылыми тұрғыда талдап ашуда жазушының эстетикалық талғамын, дүниетанымын, дүниеге көзқарасын танып білудің үлкен мәні бар дедік. Ал ол ақын-жазушылардың өмірінен мәлімет беру арқылы жүзеге асады. Соған орай орта кластардың өзінде оқылатын шығармалардың идеялық, композициялық,и жанрлық негіздеріне қарай жазушы өмірінің белгілі бір кезеңіне (қоғамдық көзқарасы, дүниетанымы т.б.) оқушылардың назары аударыла, ерекше мән беріле оқытылады. 1993 жылы 7-класқа арналған оқулық-хрестоматияның өңделіп, толықтырылған басылымында М. Өтемісов жайында Қ. Жұмалиевтің "Махамбет Өтемісов" деген еңбегінен берілген шағын мәліметтің өзі ақын өлеңдерінің шығу тарихын түсуге көмектеседі.
	Мұғалімнің сөзі неғұрлым жазушының ой-өрісін, көзқарасы мен өзіндік ерекшелігін танытатындай дәрежеде болса, бұл оқушыларды ойландырады, ізгі әсер қалдырады.
	Жазушының өмірбаянын оқытудың түрлі тәсілдері бар. Мұғалім жазушының  өмірін әсерлі етіп баяндағаны жөн. Оның замандастарының жазушы жайында айтқан пікірлерінен үзінділер келтіріп, жазушының өзінің күнделіктері мен жазған хаттарынан немесе оның  өмірі жайында жазылған көркем шығармалардан оқып берсе, сабақтың тартымды өтетіні сөзсіз. Мысалы, Ы. Алтынсариннің алғашқы хрестоматиясының <<Кел, балар оқылық!>>, <<Өнер- білім бар жұрттар>> өлеңімен ашылуын, С. Тоғайғыров шығармаларындағы ащы мысқыл мен зілді кекесіннің орын алуын ұғыну арқылы оқушылар ақын, жазушы өміріне қатысты кейбір деректерді білумен шектелмей, шығармаларындағы өзіндік ерекшеліктерін аңғарады, сондай- ақ олардың шығармашылығына әсерін тигізген кезең, не бір оқиғаға, болмаса шығармадағы негізгі тақырыпқа оқушылардың көңілін аударады. Ал мұның өзі жазушы шығармаларының идеялық мазмұнын ашуға көмектеседі. Мұғалімніңм негізгі көздеген мақсатын айқындайды.
Автор туралы өмірбаяндық мәлімет оның шығармаларының идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшелігін танытатындай дәрежеде берілген жағдайда да ғана көркем текстің идеясы, ондағы бейнелі сөздер оқушыға ұғымдырақ болады.
	Демек, 7-класта ақын-жазушылардың өмірінен берілетін мәлімет қайткенде де оқылатын шығармаларының идеялық мазмұнын, композициялық ерекшелігін, суреттелетін кезеңін анықтайтындай дәрежеде болғаны абзал. Әрине, мұғалім оқулықтағы өмірбаяндық мәліметтерден тыс, қосымша материалдарды да қарастырып, сабаққа күні бұрын дайындалады. Соның бірі  -  ақын-жазушы өмірбаянына байланысты қолданылатын көрнекі құрал. Ол сабақтың ғылыми және тәрбиелік жағын тереңдете түседі. Осыған орай көрнекіліктің үш түрі қолданылады. Солардың бірі  -  көзбен көретін, екіншісі  -  құлақпен еститін, үшіншісі  -  сөзбен берілетін көрнекілік. Оларды сабақта жеке-жеке не аралас қолдануға да болады. Айталық, құлақпен еститін көрнекілікке күйтабақтан жазкшының сөйлеген сөзін, шығармаларынан оқылған үзінділер мен өлеңдерін, оларды сүйіп тыңдайтын музыкалық  шығармаларын тыңдату оқушылардың ішкі сезімдерін оятып, сабақты қызықты өткізуге көмектеседі. Жазушының өмірбаянын өтуге байланысты сабақта портреттер, фотосуреттер, тағы да басқа көрнекіліктерді пайдалануға болады. Бірнеше фотосуреттерді салыстыра әңгімелесу де, жазушы өміріне сырттай ой жүгірту де сабақтың көрнекілігіне жатады. 
	Сабақта қолданылатын осындай жұмыс түрлері оқушыларға жазушының әр кезеңіндегі рухани өсу жолын танытады. Бұл арқылы оқушы мұғалімнің сөзін ғана тыңдап қоймай, жазушы туралы, оның ойы мен көзқарасы, жалпы ой-сезімі жайында мағлұмат алады. Демек, орта буында ақын-жазушылардың өмірбаянынан мәлімет беру оның шығармаларының мазмұнын ашуға, эстетикалық табиғатын танытуға бағыттала өткізілетін болғандықтан, мұғалім олардың өміріне байланысты оқулықтағыдан тыс естеліктер, өмірбаяндық шығармалар, хаттар, очерктер, сын мақалалар т.б. шығармалардан іріктеп материалдар дайындауға болады.
	Айталық, әдебиет оқу құралындағы С. Сейфуллин шығармаларын оқуға орай, М. Әуезовтен бас-аяғы 2-3 сөйлемдік мәлімет берілген. Бұл  -  аз сөзбен берілсе де, терең мағынаға ие. Онда ақынның өмірі мен шығармашылық жолы  -  күрес жолы екендігінен, бірақ ақын басынан өткен қиыншылықтар оны мойыта алмағанынан хабардар етеді. Енді осыны толықтыра анықтай түсу үшін мұғалім қосымша материалдар пайдалануына да болады. Ол мұғалімнің ізденістеріне, іскерлігіне байланысты. Қайткенде де мұндай кіріспе сабақтар оқушыларды жалықтырмайтын нақты да шағын болғаны абзал. Мұндайда көркем шығармалардан үзінді, өлеңдерден шумақтар оқып беруге болады. Ол сабақты қызықты өткізуге мұрындық болады. Мағынасын, көрнекілігін арттырады. Осыған орай Ілияс Жансүгіровтің Сәкен Сейфуллинге арнаған "Тұлпарға" өлеңінің біннеше шумақтарын алып көрелік. 
                                Шырқа, шырқа, көкке өрле,
                                Қыран "Қызыл сұңқарым".
                                Қуанамын бәйгіңе,
                                Тарпаң "Асау тұлпарым!".


	Асау әсем күйменен
	Әндеттің "Сыр сандығын".
	Тәтті ой, өткір тілменен
	Кең даланы жарды үнің.

                                Қызыл желдей гулеткен
                                Сөзді сенің қаламың.
                                Ұлы ұранға күй шерткен
                                "Домбырасы" далаңның.

	Жырламасқа теңіздей,
	Қуаныштың шегі жоқ.
	Ардақталған өзіңдей,
	Қазақта ақын тегі жоқ.
	Жазушы туралы осы сияқты мәліметтің оның сол класта оқылатын шығармаларын жан-жақты танып білуге көмектесетіні сөзсіз. Қайткенде де, оқулыққа енген ақын- жазушыларжайында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру мақсатымен, мұғалімнің қосымша материалдар арқылы сабақты ғылыми және тәрбиелік жағынан тартымды да қызғылықты өткізуге мүмкіншілігі мол.
	Осыған орай тағы бір мысалға жүгінейік.    Әдебиет оқулығында          Б. Бұлқышевтың шығармасын оқытуға орай өте шағын мәлімет, оның шығармаларының атаулары ғана берілген. Мұнымен, әрине, оқушыларға бар болғаны 28 жыл өмір сүрген, осы қысқа ғұмырының ішінде артына өлмес мұра қалдырған, елін, халқын мейлінше сүйгеніп патриот жазушы                 Б. Бұлқышев бейнесін таныту мүмкін емес. Сондықтан өтілетін тақырыпқа лайықты, сонымен үндес, шағын және нақты қосымша материалдар қарастырылады. Ондай материалдардың бірі  -  Ғ. Мүсіреповтің "Өшпес мұра" атты шағын мақаласы. Ол мақаланы мұғалім уақыты жетсе, түгел, не үзінділер алып оқуына болады. Мысалы:
	"Баубек заман біздікі дейді. Баубек майдандағы қазақ жастарының атынан сөйлейді. Тереңірек ойлансаңыз мұның екеуі де үлкен жауаптылықпен айтылатын сөздер. Ісіне, күшіне де еркін сенетін жас жазушы бұл жауаптылықтан тайынған жоқ. Заман жастардікі екені даусыз ғой, бірақ қандай жастардікі? Желбуаз, даурықпа жастардікі емес, Баубек сияқты өнімді еңбек иесі деп танырлық өнерлі де өнегелі жастардікі.
	Қолында мылтығы, қалтасында қаламы. Елімізді қорлап, жерімізді ластап жүрген неміс фашистеріне екеуі де тас шоқпардай тиеді. 
	Амал не, Баубек майданнан қайтқан жоқ, қаза тапты.
	Енді сол Баубекті еске алсам, көз алдыма аса бір дарынды жас келеді. Тұлғасына қызыға қарап қалар бір жігерлі жас болады ғой, Баубек маған солай елестеді". (Ғ. Мүсірепов. "Өшпес өмір", 1965 ж.) 
	Бұл жолдар, біріншіден, шәкірттерді Б. Бұлқышевтің адамгершілік, азаматтың бейнесіне тәнті етсе, екіншіден, оқылмақ шығарманың ("Шығыс ұлына хат") идеялық мазмұнын ашуға көмектеседі.
	Қорыта айтқанда, 5-8 кластардың аралығында ақын-жазушылар жайында өмірбаяндық мәліметтерді оқытудың әдіс-тәсілдері көбіне олардың шығармаларын таныту үшін жүргізілетін кіріспе сабақтардың дәрежесінде өтеді. Олай болса, ол сабақтардың 5-6 минуттан аспайтын мүмкіндіктерін қарастырған орынды. Қалай болғанда да мұғалімнің сабақтың бұл сатысын әр түрлі қосымша материалдар, көрнекі құралдар пайдалану арқылы қызғылықты да тартымды өткізуіне әбден болады.         	
                    Пайдаланған әдебиеттер 
     Бітібаева Қ.    Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары.  Алматы, 1990.
* Жалпы орта білім беретін мектептердің қоғамдық- гуманитарлық бағдарындағы 10-сынып <<Қазақ әдебиеті>> оқу бағдарламасы. Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2006.
* Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. А. 1965.
* Қазақ әдебиеті тарихы Іт. Ікіт.-Алматы,1960.
* Ғабдуллин М. Қазақ халық ауыз әдебиеті.-1974.
* Бердібаев Р. Қазақ эпосы. Алматы,1982.
* Ыбыраев Ш. Эпос әлемі.  - Алматы, 1993.
* Батырлар жыры 1-6т.  - Алматы, 1986-1990.
* Тарихи жыр. Іт. Алматы 1995.


15-дәріс.
Дәстүрлі сабақ және дәстүрден тыс сабақ түрлері.
Сабақ жоспары:
1. Дәстүрлі сабақ түрлері 
2. Дәстүрлі емес сабақ түрлері 

Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері, елдің сана-сезімінде түбегейлі өзгерістер болады. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүние жүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше етуімен қатар, еліміздің ішкі рыногын да әлемдік деңгейге көтереді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласындың алдында да жаңа талаптар пайда болады. Оның дәлелі  -  <<Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы>>. Бұл тұжырымдама еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау қажеттілігінен туындайтын басты бағыт - бағдарды айқындайды. Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесімді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлі оқу жүйесін орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтарынмен жұмыс істеуге көшу  -  қазіргі заман талаптарынан туындап отыр. 
Білім беруді дамытудағы негізгі мақсат  -  білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеуге қол жеткізетін сапалы, бәсекеге қабілетті білім ордаларын қалыптастыру. 
Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны саналатын орта білім беру мекемелерінің жастарға саналы тәрбие, сапалы білім беріп, ұлтжанды азамат етіп қалыптастыруда атқарар рөлі зор екені даусыз.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, асқақ руханият пен азаматтықты өркендету, шынайы мәдени - этникалық мұраны жандандыру мен болашаққа аманаттау, ұлттық тектілікті сақтау, ең алдымен мектеппен байланысты. Шәкірт мектеп табалдырығынан аттап, сауат ашуға ден қоя бастаған кезден бастап, тіл, сөз өнерінің құпиясына бойлайды. <<Әдебиет - сөз өнері>> болғандықтан, онда сөз байлығының сан - салалы қырлары, эстетикасы ашылады.
Әдебиет - өнер, халықтың сана  -  сезімін, көркемдік ойлау қабілетін дамытатын рухани дүние. Әдебиетте адамның ілгеріге ұмтылған, жақсы өмірді аңсаған асыл арманы, ұшқыр қяалы, осы жолдағы күрес- тартысы, әр қилы оқиғалар, халқымыздың ерлігі мен елдігі, өмірі суреттеледі. Мектепте өтілетін әдебиет пәнінің міндеті  -  оқушылардың санасына көркем сөз құдіретін, эстетикалық, танымдық тәрбиені сіңіру. Соңғы жылдарда әдебиет сабағын оқытуды жақсарту жолында көптеген игі шаралар жүзеге асырылды. Семинар кеңестерде озық тәжірбиелерімен бөлісіп, насихатталса, жаңа оқулықтар заман талабына сай толықтырылып, өңделді. Қазіргі кезде пәнді оқытуға көп міндеттер жүктеледі. Себебі, ғылым мен техниканың ілгерілеуі, түрлі ақпараттар көздерінің молаюы, білім беру жүйесінің түрленуі, мектеп, ұстаз алдына көптеген жауапкершілік жүктейді. Әдебиет пәнін оқыту мұғалімнен жан-жақты жауапкершілікті, дайындықты қажет етеді. Сабақты түрлендіріп, әдіс-тәсілді үнемі жетілдіру  -  оқушылардың үлгерімін, танымын жақсартып, қызғушылығын арттырады. Осыған байланысты мынадай негізгі міндеттерді нысана еттік:

Өнердің бір түрі ретінде көркем әдебиет оқушының сана  -  сезіміне әсер етуі тұрғысынан зор мүмкіндікке ие. Сол себепті әдеби шығарманы түсініп оқуға және бейнеленген көркемдік шындықты тұтас қабылдауға дағдыландыру - әдеби білім берудің негізі. Әдебиетті оқыту жылдар бойы педагогикалық тұрғыдан игерілген және әдебиеттану ғылымында жүйеленген дерек  -  мәліметтерге, эстетикалық-этикалық, философиялық ұғымдарға бағытталды. Ал, 12 жылдық білім беру кезеңінде бұл талаптардың тереңдей түсетіні сөзсіз.Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады.


  16- Дәріс
Сабақтың тақырыбы: Жаңа технология үлгілері.
Сабақтың жоспары:	
* Жаңа технология түрлері мен құрылымы
*  Сабақ үрдісінде жаңа технология түрлерін қолдану.

Жас  ұрпақтың жаңаша ойлануына, дүниетанымының қалыптасуына білім мен білік негіздерін меңгертуіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру  -  білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.
  Бүгінгі таңда республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуде. Бұл педагогика теориясы мен оқу  -  тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым- қатынас ғылым саласында пайда болуда.
  Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан- жақты маман болуы мүмкін емес. Осы орайда халқымыздың рухани көсемі  Ахмет Байтұрсынұлының <<Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану  керек>> деген сөзі әр маманның жадында болуы керек. Жаңа технологияны меңгерту мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетің қалыптасуына игі әсерін тигізеді., өзін  -  өзі дамытып, оқу  -  тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
   Бұл технологияның өзін мұғалім түрліше іске асыруы мүмкін. Бұұл жерде технологияны жүзеге асырушының  -  тұлғаның компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушы әрекеті- оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.
  Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу- оқушының оқу- танымдық іс- әрекетін басқаруда негізгі бір буыны.
   Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгерту- өте күрделі құбылыс. Кейде ол мұғалілнен   үйреншікті әдіс- тәсілдерінен арылуды талап етеді.
  Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәхірибеге еніп нәтижелер беруде. Технология инновациялық іс- ірекет арқылы оқытудың жаңа формалары, амалдарынан іздене отырып, белгілі бір уақытта нақты, тұжырымды ғана мақсат қоя отырып, жоғарғы нәтижеге жетуді талап етеді. Жаңа педагогикалық технология ұғымы тың, белгісіз, жаңа оқыту амалдары, іс- ірекеттерінен ізденуді, яғни білім мен тәрбие берудегі ғылыми нәтижеге қол жеткізуді, жаңа әзденістерін дұрыс пайдалану, сол арқылы жоғары көрсеткіштерге жету деген сөз. 
 Мемлекетіміздің  2030  -  шы жылға дейінгі стратегиясы халұымыздың рухани, ғылыми және шығармашылық қабілеті болған жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге жежеленген мақсаттарға жетуге болатындығын  анықтап берді.
Білімнің айрықша басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестік заңдылықтарынан туындайды.
  Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс  -  әрекеттің ғылыми  -  педагогикалық негіздерін меңгертуі- маңызды мәселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген  XXI ғасырда жан- жақты дамыған  басты шығармашылық жеке тұлғаны қалыптастыру- оқытушының басты міндеті болып табылады.
  Қазіргі кезде мектептерде жаңа технологияны пайдаланудың тиімді жолдары сөз болып жүр. Мәселен академик В.И. Монаховтың технологиясы, В.К.Дьяшенконың ұжымдық оөыту әдісі принциптері, Ж.Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандыру технологиясы, М.Жанпейісованың <<Модулдік оқыту технологиясы>> т.б.оқ
  Бұл технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжіпбиеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Оқуышы санасына сәуле беріп түсінік пен ұлағатты ұғымды қалыптастырып білімді жүйелі түрде меңгертуіне жіне оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда <<Сын тұрғысынан ойлау технологиясы>> мен М.Жанпейісованың <<Модулдік технологиясының>> маңызы ерекше.
  Молулдік  оқыту технологиясы әдебиет пәніне лайық технология. Себебі  -  модуль дегеніміз үлкен бір жүйе. Бұл технологияның ерекшелігі  -  оқушы бір үлкен тарау немесе тақырып бойынша жүйелі білім алады.
Өзін- өзі дамытады, бірін- бірі оқытады, білімді сапалы меңгереді, біреуден үйрену, біреуге үйрету арқылы логикалық ойлау, байланыстыру, сөйлеу, салыстыру, т.б. дағдыларды қалыптастырады.
  Әсіресе кітаппен жұмыс, негізгі ойды ажырата білу, барлық оқушының бірдей жұмыс істеуі көзделеді.
  Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі, дарынды балалармен тұрақты жұмыс істеу мүмкіндігі.
  Мектептерде <<Сын тұрғысынан ойлау>> стратегиясы кең ауқымда дамуда.
  Сын тұрғысынан ойлау деген не?

  Сын тұрғысынан ойлау  -  ашықт қоғам негізі. Ол өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздену, әр міселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
Бұл қорыту <<қара пайымнан күрделіге>> деп аталады.
  <<Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту>> (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді білгенін өмірге пайдалан алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.
  Сын тұрғымынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың 1) өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу;
2) ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу; 3) проблеманы шеше білу; 4) Пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.
  СТО- оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. <<Оқу және жазу арқылы>> сыни ойлауды дамыту>> бағдарламасына негізделген сабақтар оқушылардың білімін жан  - жақты тереңірек ашуға, оларға бағыт бағдар беріп, әсер етуге.оқуы көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді. Тегінде баланы өздігінен жұмыс істеуге, өздігінен ізденіп білім алуға үйрету  -  ең тиімді жол.
Шығармашылық тұлға қалыптаст ырус  -  қазіргі оқу процесінің ең басты талаптарының бірі болып табылады.
 СТО  -  ның әдіс  -  тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа  баулиды. Оқушының еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.
Дамыта оқыту технологиясының басты принципі  -  оқу іс  -  әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау, іздену, дербес жұмыс жасау дағдыларын дамыта отырып, жеке тұлғаның өз бетімен мақсатқа жетуінде.
  Оқушылардың оқудағы танымдық іс  -  әрекетін, олардың іздену, дербес жұмыс жасау, ойлау дағдыларын  жеілдіре отырып, дамыту теънологиясының жүйесін былай көрсетуге болады: <<Ғылым тілінде үйрену өзгені қайталау емес, басқаның теориясын оқып үйренуге болады. 
Дамыта оқыту технологиясының  танымдық қызметі: шығармашылық, тапқырлық, алгоритмдік, деңгейлік.
Оқыту- үйрету кезінде оқушылардың оқу ынтасына, іс  -  әрететіне әсер етумен қатар, әр ұстаздың интеллектуалдық, шығармашылық қызметі де айқын аңғарылады.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәхірибеге еніп нәтижелер беруде. Технология инновациялық іс- ірекет арқылы оқытудың жаңа формалары, амалдарынан іздене отырып, белгілі бір уақытта нақты, тұжырымды ғана мақсат қоя отырып, жоғарғы нәтижеге жетуді талап етеді.
Модульдік оқыту технологиясы
Қай технология болмасын жеке тұлғаның өзін- өзі дамытуына, шығармашылық қабілетін арттыруына, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруына көмектеседі. Педагогикалық  технологиялардың қай- қайсысы болмасын бірін- бірі толықтырып, сабақтасып келеді. Жоспарланған нәтижеге жетуге, қойылған мақсаттың орындалу мүмкіндігіне кепілдік береді. Демек, педагогикалық  технология мен әдістемелері ретіне қарай мұғалім өз қалауымен таңдап қолдана алады. Бүгінде оқу үрдісін ұйымдастыруға инновациялық оқытуға көбірек назар аударылуда. Инновация- педагогикалық категория ретінде жаңғырту, жаңарту түсінігін береді. Инновация- жаңаша ойлаудың жолы болғандықтан, оқытудың жаңа мазмұндағы түрі. 
Инновациялық әдістеме- инновациялық әдіс- тәсілдер мен дидактикалық құралдарды қолдану арқылы білім негіздерін меңгертудің сипатын жаңа технологиялармен толтыруға, өзгертуге бағытталған.
Модульдік оқыту технологиясы оқу үрдісін жаңаша құруға және оптимазациялауға байланысты қазақстандық және әлемдік оқыту жүйесінің барлық саласында екңінен қолданыла бастады. XX ғ. 60- шы жылдары АҚШ, Германия, Англия сияқты елдердің оқу үрдісіне еніп, алғаш реғт осы елдерде оқытудың мазмұнына қарай оқу материлдарын бөліп оқыту тиімді деген идеяны енгізген. 
Модуль (лат.)  -  <<өлшем>>, <<шама>>, <<мөлшер>> деген ұғымды білдіреді. Модуль арқылы оқытудың тәжірибелік тұрғыдан тиімділігін, оқу материалдарын модульге құру, соның нәтижесінде модуль арқылы ұтымды екенін Ю.У. Байсалов, Г. С. Күдебаева, Н. Оралбаева, К. Жақсылықова, Р, Жанпейісова, З.Бейсембаев, Н. Г. Нуртаева тю бю өз зерттеулерінде атап көрсетті. 
Модульдік оқыту технологиясы бойынша білім алушы өз мүмкіншілігіне қарай жұмыс істейді. Модульдік оқу- білім мазмұнын әр қырынан жетілдірудің, ұйымдастырудың құралы әдісі. Сондай- ақ теориялық және практикалық білімді қамтамасыз етулің құрылымдық жүйесі. 
Модульдік  -  оқу үрдісінің өзгеруіне  байланысты үнемі толықтырылып, өзгертіліп, түрлендіріліп отырады. Модульдік оқу ұдайы дамып отыратын жүйе болғандықтан, ол белгілі бір принциптер мен заңдылықтарға сүйенеді.  
Демек, әр модульдің мазмұны толықтыруға, өзгертуге ыңғайлы болып, келуі, оқу мәтіндерінің жеке модульмен берілуі,иәр блок мазмұны жағынан аяқталған болуы, оқу материалы мазмұнына қарай әр түрлі әдісө тәсілдермен түсіндіруге бағыттайтынын көрсетеді. Модульдік принциптің барлығы модульдің құрылы сының ерекшелігін ашады, оның дидактикалық принциптермен ұштасып жататынын айқындайды.           
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім беру дің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастасуда. Бұл сының процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді . Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект  - субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде , өзін өзі өзектілендірудге, өзін танығуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған . Мұндай жағдайда педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық  - бағытталған өзара әрекеті болып табылады.Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін , білігі мен дағдысын емес , оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып отыр.Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.<<Педагогикалық технологиялар  -  бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің : оқу  - тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің , мазмұнынң, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері ,мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп , ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды>>Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру технологиясы , Д.Б.Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы , В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқында оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың , К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың , В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал.
Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б.ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>> Заныңда оқыту формасын, әдістерін , технологиялар таңдауда көп нұсқулық қағидасы бекітілген , бұл білім мекемелерінің мұғалідеріне , педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға , педагогикалық процесті кез келген үлгімен , тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.Модуль дегеніміз  - қандайда бір жүйенің ,ұйымның нықталатын, біршама дербес бөлігі.Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. Кіріспеден , сөлесу бөлмнен тұрады: кіріспеден , сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әр түрлі болад. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.Оқу модулінің ерекшілігі  - жлпы сағат санына қарамастан ,кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен , оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан солң мұғалім осы модулінің барлық уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде ), сызба, кесте және т:б: белгілік үлгілерде сүйне отырып түсіндіреді. Тақырып мазмұна на (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) <<өсу>> бағытымен  - қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға , зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып , өз қабілеттерін , жадын, ынтасын , ойлауын , ауызша және жазбаша тілін дамытады.Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңне тұрады: кіріспе  - қызықтырушылық, опериационалдық-танымдық және рефлексиялық-бағалау кезеңдерінен тұрады.Психологтар дәлелгендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсаты түсінуі аса маңызды. Ол үшін психологтардың пікірінше , мақсат оның мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәслдері көрсетілуікерек.Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекетін бастаған тиідірік екені эксперимент көрсетіп отыр.Қандай да бір құбылыстытну барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін, психолог Л.В.Шешневтің пікірінше ,біріншіден , алғашқы түсінбеушілік сезімі жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден жады меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді қорғау қапшығына , берік жабылған <<орамаға>> салып сақтауы және ұсынуы тиіс. Мұндай орамы <<қызметін>> белгі белгілік жүйе атқарады.Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 дамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқышылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау ,жазу,көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.Оқытудың ойын түрінде ұйыдастыру жіне әр түрлі белсенді формаларды қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды алыптастыру мақсатында кейінен  - алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші-операционалдық- танымдық кезңнен іске асыру болып табылады.
Модуль дегеніміз  -  қандай да бір жүйенің, ұйымның анық-талатын, біршама дербес бөлігі.
С.И.Ожегов: Интерактивті процесс дегеніміз  --  педагогикалық процеске қатысушы-лардың өзара ықпалдастығы мен бір-біріне өзара әсерінің мақсатқа бағытталған түрдегі үрдісі. Бұл ықпалдастықтың негізінде оған қатысушылардың әрқайсысының жеке тәжірибесі жатыр.
<<Интерактивтік>> деген сөз энциклопе-дияда көрсетілген, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал интеракция жеке индивидтің, жұптың, топтың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интеракция әрекет барысында, әсіресе диалог сөзге үйретуде субъектілердің белсенділігін, олардың шығармашылық ниетін және бірігіп әрекет етуге ұмтылуын қамта-масыз етеді. 
Мақсаты:
* оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызу.
Оқушының шығармашылығын дамытуға бағытталған мектеп іс-әрекетінің құрылымдық жүйесi
Шығармашылыққа, жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деп тұжырымдауға болады. Шығармашылық әрекетке  -  оқушының проблеманы көре білуі, өз іс - әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар тудыра алуы жатады.
Оқушылардың шығармашылығын дамыту процесінің даму кезеңдері:
I. Даярлық кезеңi.
* а) пәнге деген тiкелей қызығушылық;
* ә) оқушының қандай да бiр оқу пәнiнiң әлеуметтiк және практикалық    мәнiн бағалауы;
* б) оқушының оқу пәнiнiң өз жоспарындағы және болашақтағы рөлiн бағалауы.
II. Практикалық кезең.
* а) жайлы көңiл-күй;
* ә) танымдық қызметтегi өз тәжiрибесiн қолдану және жағымды өзгерту қажеттiлiгi.
III. Шығармашылық кезең.
* Берiлген оқу пәнi материалдары бойынша бiлiмiн топтау және бағалау қажеттiлiгi.
IV. Қорытынды
V. Релаксация (босаңсу, еркiн сезiну). 
Міндеті:
* жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру;
* таным процестерін дамыту;
* танымдық қабілеттерін дамыту;
* сөздік қорын дамыту;
* оқу себептілігінің өзгеруі.

	17 дәріс . 
  Дамыта оқыту технологиясы                                 
  Сабақ жоспары:
1.Дамыта оқыту технологиясын қолдануда оқушыға тиянақты білім берудің ерекшелігі .
2.дамыта оқыту технологиясы сабақта қолдану арқылы оқушының шығармашылыққа баулу. 
Оқу  -  адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.<<Даму>>  ұғымы сөздікте <<... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,>>-деп түсіндіріледі. (11.141)<<Даму>> ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. (12. 128)
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды. 
1.Бала дамуының жақын аймағы  -  баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері. 
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы  -  баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері. Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. 
И.Я.Лернер <<даму>> деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. (13.56.) Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу. (14.67.) 
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. (15.46)
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының  дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Дамыта  оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.<<Дамыта оқыту>> деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады. Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары << дамыта оқыту деп  -  оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды>> атайды.(16.85). Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі  -  баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Дамыта оқыту  -  дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.  Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы. 


18 дәріс.        Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту.
 Сабақ жоспары:
1.Оқушыны өзіндік ойлауға баулу, технологияның оқушы білімін шыңдаудағы ролі.
2.Деңгейлік тапсырмалар арқылы өз білімін толықтыру.
     Соңғы он жылда білім беру сапасын демократияландыру, ізгілендіру, технологиялау ісі мен инновациялық қозғалыстар қарқынды дамуда.Қазіргі таңда үздіксіз білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізді білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Осыған орай ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: <<Бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажетттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет>> делінген. Сол білім беруді дамыту ісі жеке тұлғаға мәдени-тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді, білім берудің арнайы таңдап алынған мазмұны мен нысандарын беру болып табылады.Сондықтан өмірге жан-жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпенойлайтын, интеллектуальдық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке тұлғаны оқытып- тәрбмелеу қажеттілігін дамыту мәселесі тұр.. 
 
Педагогикалық технология дегеніміз- тәжірибеде жүзеге асырылып, нәтиже беретін белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.П.Беспалько)Кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі- Ж.А.Қараевтың <<Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі>>. Бұл технология оқушылардың ізденушілік,өзіндік жұмыс істеу, білімді сапалы қабылдау, шығармашылықтарын арттыра түсуге бағыттайды, мәселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды.Сабақта осы жобаны енгізбей тұрып-ақ келесі дайындықтар жүргізілді.І. Дайындық кезеңі:
* А. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұнымен және  өзіндік ерекшеліктерімен теория жүзінде таныстым 
* <<Кейін бұл деңгейлік тапсырмаларды шығармашылық негізде құрса қалай     
    болады ?-деп ойлап, оны басқаша құру жолын іздестірдім.
* Шығармашылық  негізде құрылған деңгейлік тапсырмалар өз   
     нәтижесін бере ала  ма және  оқушы үшін тиімді ме деп оны өз   тәжірибеме енгізе  бастадым.5. Оқушының шығармашылығын арттыру үшін ұстаз ең алдымен өзі де     шығармашылық туралы толық мағұлматы болуы керек. Сол себепті   психологиялық және педагогикалық деректер де негізгі алынды.Шығармашылықтың алғы шарты әр адамда болады, бірақ ол байқала бермейді. Сол себепті оны қабілет, әлеует ретінде сипатталады. Оның іске қосылуы ішкі қажеттілікті қанағттандырудан туындайды. Өмір сүру барысында қабілет әр түрлі деңгейде, әртүрлі деңгейлік пен жылдамдықта көрініс береді. Сол себепті ол <<жасырын>> жағдайдан актуальді жағдайға ауысып отырады.Психология ғылымында шығармашылық жалпы тұлғалық категория, оның мазмұны әртүрлі түсінік деңгейінде көрініс береді.,сапасы биологиялық және әлеуметтік факторлармен байланысты, байқалып өріс алу дәрежесі әлеуметтік жағдайлар мен тұлғаның өзіндік белсенділігіне тәуелді. Ғылымда шығармашылық туралы  ұғым ХІХ-ХХ ғасырларда пайда болып, зерттеле бастаған.Отандық белгілі психолог Қ.Жарықбаев шығармашыл тұлға туралы былай дейді: <<Басқалардан көмек күтпей, мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамай, қалайда өзі шешуге тырысатын адам-шығармашыл ойдың иесі>>.Шығармашылық туралы көптеген пікірлер бар.Психолог А.Лернер <<Шығармашылық әрекет  - білім, білік,дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуі, нысанның жаңа жаңғдайды көре білуі, жаңа шешімді таба білуі>>-деп баға береді.ІІ.Сыныпты  бақылау кезеңі:
Алға қойылған мақсат пен міндетті жүзеге асыруда 5 және 6- сынып оқушылардың шығармашылық бейімділіктері психологиялық тестер арқылы анықталды. Ол тест қорытындысы диаграммада көрсетілген.       5- сынып оқушыларының шығармашылық деңгейі
№
Шығармашылық сабақ
Күнделікті дәстүрлі сабақ
 1
Оқушы өзі ізденеді,өзі оқып, өзі үйренеді.
Мұғалім оқушыға дұрыс, дайын ақпаратты береді.
2
Оқушы  ақпаратты іздеуші, жазып алушы
Оқушы ақпаратты қабылдаушы, тыңдаушы
3
Проблемалық оқыту іске асырылады
Репродуктивті әдістер қолданады.
4
Оқушы белсенді  қызмет атқарады
Мұғалім басыңқы  қызмет атқарады
5
Жаңа нысанды зерттейді
Жаңа материалды тыңдайды, есте сақтайды
6
Шығармашылық <<өнім>> ойлап табады
Жаңа білімді меңгереді.

ІІІ.Қалыптастыру кезеңі:Ж.Қараевтың  оқушыны дамытудағы деңгейі негізінде біз оқушыны қалай шығармашылық деңгейге жеткіземіз?Ол үшін өлең жазатын балалар саны  және жекелей оқушылардың қызығушылықтары  анықталады.Шығарма жазалатындар саны және суретке қарап әңгіме құратындар саны жоғары. Себебі оқушылар мұндай жұмыспен бастауыш сыныптан бастап айналысып келе жатыр. Сол себепті оларға бұл жұмыс түрі оңай болды. Бірақ кейбір оқушыларда шығарма жазу барысында көптеген сөздік қорлардың жетіспеушілігі байқалды.Ал өлең жазуда  3 оқушы өздерінің өлең шығарушылық  қабілетін байқатты.  Шығарма жазатын оқушылардың арасында өлең шығаруға бейімділіктері бар оқушылар да анықталды. Бірақ олармен жұмыс істеу ғана жетіспейтіндігі көрінді.Сондықтан ол оқушылармен  шығармашылық жұмыс істеу белгіленді. Оның ішінде шығармашылық деңгейлік тапсырмалар беру жоспарланды. 
Шығармашылық қабілеттері       
                     Бойынша
 Өлең жазатын оқушылар саны
Суретке қарап әңгіме жазатындар саны
Шығарма жаза алатындар саны
      3  оқушы
   15 оқушы
15 оқушы
Осындай психологиялық сауалнамалар мен тестер алынғаннан кейін оқушыларды шығармашыллыққа бейімдеудің деңгейлері анықталды.Шығармашылықтың І деңгейі -ұстаз бен оқушылардың қарапайым, жайлы, ынтымақтаса қарым-қатынас жасау арқылы шығармашылыққа бейімдеу.Оқушы бұл деңгейде күрделі емес, сөз тіркесін, сөйлем құру сияқты тапсырмаларды орындайды.ІІ деңгейі- сабақ барысында жоспарлаудан бастап іс- әрекетті тиімді ұйымдастыру. Бұл деңгейде оқу- тәрбие жұмыстарының мазмұны мен әдістері, түрлері таңдалып, іріктеледі.Оқушыға  қиынырақ, ойланып, өз пікірін айта алатын тапсырмалар беріле бастады.ІІІдеңгей- айқындалу- ұстаз бен оқушы  шығармашылық жұмыстың жетекші түрін анықтап, күрделі жұмыстармен айналысады.: шығармашылық кеш ұйымдастыру, өлең шығару, көрме ұйымдастыру, шағын ғылыми жоба жазу...Менің тәжірибемде шығармашылықтың І және ІІ деңгейлері іске асырылды.Бұл деңгейлер тәжірибеде қалай іске асырылды?Ол үшін не жасалды?1. Әр пәннің тақырыбына лайықтап деңгейлік тапсырмалар дайындалды.  

19-дәріс.
Тақырыбы.Модулдік оқыту технологиясы.
Жоспары.
     1.Жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың маңыздылығы.
      2.Модульдік технологияның сипаты,құрылымы.
      3.Модульдік технологияның мақсаты мен әдістері.
      4.Модульдік технология арқылы оқытудағы оқушының еркін түрде білім алуы.
Сабақтың мақсаты:Модульдік оқыту технологиясының қалыптасу жолдары.Бұл технологияның жетістіктері.

Қай технология болмасын жеке тұлғаның өзін- өзі дамытуына, шығармашылық қабілетін арттыруына, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруына көмектеседі. Педагогикалық  технологиялардың қай- қайсысы болмасын бірін- бірі толықтырып, сабақтасып келеді. Жоспарланған нәтижеге жетуге, қойылған мақсаттың орындалу мүмкіндігіне кепілдік береді. Демек, педагогикалық  технология мен әдістемелері ретіне қарай мұғалім өз қалауымен таңдап қолдана алады. Бүгінде оқу үрдісін ұйымдастыруға инновациялық оқытуға көбірек назар аударылуда. Инновация- педагогикалық категория ретінде жаңғырту, жаңарту түсінігін береді. Инновация- жаңаша ойлаудың жолы болғандықтан, оқытудың жаңа мазмұндағы түрі. 
Инновациялық әдістеме- инновациялық әдіс- тәсілдер мен дидактикалық құралдарды қолдану арқылы білім негіздерін меңгертудің сипатын жаңа технологиялармен толтыруға, өзгертуге бағытталған.
Модульдік оқыту технологиясы оқу үрдісін жаңаша құруға және оптимазациялауға байланысты қазақстандық және әлемдік оқыту жүйесінің барлық саласында екңінен қолданыла бастады. XX ғ. 60- шы жылдары АҚШ, Германия, Англия сияқты елдердің оқу үрдісіне еніп, алғаш реғт осы елдерде оқытудың мазмұнына қарай оқу материлдарын бөліп оқыту тиімді деген идеяны енгізген. 
Модуль (лат.)  -  <<өлшем>>, <<шама>>, <<мөлшер>> деген ұғымды білдіреді. Модуль арқылы оқытудың тәжірибелік тұрғыдан тиімділігін, оқу материалдарын модульге құру, соның нәтижесінде модуль арқылы ұтымды екенін Ю.У. Байсалов, Г. С. Күдебаева, Н. Оралбаева, К. Жақсылықова, Р, Жанпейісова, З.Бейсембаев, Н. Г. Нуртаева тю бю өз зерттеулерінде атап көрсетті. 
Модульдік оқыту технологиясы бойынша білім алушы өз мүмкіншілігіне қарай жұмыс істейді. Модульдік оқу- білім мазмұнын әр қырынан жетілдірудің, ұйымдастырудың құралы әдісі. Сондай- ақ теориялық және практикалық білімді қамтамасыз етулің құрылымдық жүйесі. 
Модульдік  -  оқу үрдісінің өзгеруіне  байланысты үнемі толықтырылып, өзгертіліп, түрлендіріліп отырады. Модульдік оқу ұдайы дамып отыратын жүйе болғандықтан, ол белгілі бір принциптер мен заңдылықтарға сүйенеді.  
Демек, әр модульдің мазмұны толықтыруға, өзгертуге ыңғайлы болып, келуі, оқу мәтіндерінің жеке модульмен берілуі,иәр блок мазмұны жағынан аяқталған болуы, оқу материалы мазмұнына қарай әр түрлі әдісө тәсілдермен түсіндіруге бағыттайтынын көрсетеді. Модульдік принциптің барлығы модульдің құрылы сының ерекшелігін ашады, оның дидактикалық принциптермен ұштасып жататынын айқындайды.           
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім беру дің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастасуда. Бұл сының процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді . Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект  - субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде , өзін өзі өзектілендірудге, өзін танығуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған . Мұндай жағдайда педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық  - бағытталған өзара әрекеті болып табылады.Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін , білігі мен дағдысын емес , оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып отыр.Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.<<Педагогикалық технологиялар  -  бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің : оқу  - тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің , мазмұнынң, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері ,мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп , ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды>>Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру технологиясы , Д.Б.Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы , В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқында оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың , К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың , В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал.Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б.ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>> Заныңда оқыту формасын, әдістерін , технологиялар таңдауда көп нұсқулық қағидасы бекітілген , бұл білім мекемелерінің мұғалідеріне , педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға , педагогикалық процесті кез келген үлгімен , тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.Модуль дегеніміз  - қандайда бір жүйенің ,ұйымның нықталатын, біршама дербес бөлігі.Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. Кіріспеден , сөлесу бөлмнен тұрады: кіріспеден , сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әр түрлі болад. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.Оқу модулінің ерекшілігі  - жлпы сағат санына қарамастан ,кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен , оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан солң мұғалім осы модулінің барлық уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде ), сызба, кесте және т:б: белгілік үлгілерде сүйне отырып түсіндіреді. Тақырып мазмұна на (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) <<өсу>> бағытымен  - қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға , зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып , өз қабілеттерін , жадын, ынтасын , ойлауын , ауызша және жазбаша тілін дамытады.Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңне тұрады: кіріспе  - қызықтырушылық, опериационалдық-танымдық және рефлексиялық-бағалау кезеңдерінен тұрады.Психологтар дәлелгендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсаты түсінуі аса маңызды. Ол үшін психологтардың пікірінше , мақсат оның мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәслдері көрсетілуікерек.Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекетін бастаған тиідірік екені эксперимент көрсетіп отыр.Қандай да бір құбылыстытну барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін, психолог Л.В.Шешневтің пікірінше ,біріншіден , алғашқы түсінбеушілік сезімі жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден жады меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді қорғау қапшығына , берік жабылған <<орамаға>> салып сақтауы және ұсынуы тиіс. Мұндай орамы <<қызметін>> белгі белгілік жүйе атқарады.Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 дамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқышылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау ,жазу,көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.Оқытудың ойын түрінде ұйыдастыру жіне әр түрлі белсенді формаларды қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды алыптастыру мақсатында кейінен  - алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші-операционалдық- танымдық кезңнен іске асыру болып табылады.

20-дәріс.
СТО бағдарламасы  және сабақта қолданылуы.
Сабақтың жоспары.
1.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының сипаты,құрылымы.
2.СТО бағдарламасын сабақ үрдісінде қолдану.
Сабақтың мақсаты. СТО бағдарламасын пайдалана отырып,әртүрлі стратегияларды қолдану.Заман талабына сай оқушыларға сапалы білім беру жүйесін арттыру.
Әдістемелік нұсқау.
Тақырыпты толығымен таныту мақсатында Қ.Бітібаеваның әдістемелік нұсқау еңбектерімен танысып,оқуды нұсқадым.
  Сын тұрғысынан ойлау  -  ашық қоғам негізі. Ол өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздену, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
Бұл қорыту <<қара пайымнан күрделіге>> деп аталады.
  <<Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту>> (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді білгенін өмірге пайдалан алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.
  Сын тұрғымынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың 1) өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу;
2) ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу; 3) проблеманы шеше білу; 4) Пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.
  СТО- оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. <<Оқу және жазу арқылы>> сыни ойлауды дамыту>> бағдарламасына негізделген сабақтар оқушылардың білімін жан  - жақты тереңірек ашуға, оларға бағыт бағдар беріп, әсер етуге.оқуы көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді. Тегінде баланы өздігінен жұмыс істеуге, өздігінен ізденіп білім алуға үйрету  -  ең тиімді жол.
Шығармашылық тұлға қалыптаст ырус  -  қазіргі оқу процесінің ең басты талаптарының бірі болып табылады.
 СТО  -  ның әдіс  -  тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа  баулиды. Оқушының еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.

   Әдебиетті оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда <<Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау>> бағдарламасының стратегиясын ұтымды пайдалану  -  оқытудың шығармашылық сипатын күшейтуде маңызы ерекше. Бұл үрдіс оқуышының оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін жандагдыра отырып, сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп тануға, ой көзімен зерделеуде негіз болатын білім, икем дағдыларын қалыптастырады. Ең бастысы  -  жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейлерін көтеруге ретімен қолданылған тәсілдердің қай  -  қайсысы болмасын сабақтың сапасын арттыруға үлесі бар.
   	<<Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғышарттары
Сабақ негізгі 3 кезеңнен тұрады.Негізгі үш кезеңнін маңыздылығы.
1.Қызығушылығын ояту.
Тапсырма берместен бұрын оқушының ынтасын сабақты тыңдауға,оқуға деген ниеттілігін-оятып алу керек.Сол себепті <<Сын тұрғысынан ойлау>>сабақтарының алғашқы кезеңі міндетті түрде қызығушылықты оятуға арналады.
2.Мағынаны ажырату.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының екінші кезеңінде оқушы негізгі тақырыппен терең танысып,жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізіп,жаңа сабақтың мәнін тануға тырысады.
3.Ой-толғаныс
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының үшінші кезеңінде оқушы алған білімін жүйелеп,саралайды.Шығармашылық сезіммен жұмыс жүргізіп,ой-толғаныстарын еркін білдіре алады. 
	<<Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысын ойлауды дамыту>>бағдарламасы қазіргі таңда білімді,білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тірбиелеуде алатын орны ерекше.
    Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың
	Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының дамытпала оқумен үндес екендігі көрінеді.Сын тұрғысынан ойлау мен дамытпала оқудың																	
Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтежесі:




 21- Дәріс  
Озық-тәжірибе үлгілерін сабақта қолдану
Сабақтың жоспары
1  Пән бірлестік отырысында озық тәжірибе үлгілерін таңдау, мектепшілік тәжірибе алмасу.
2.Озық тәжірибе үлгілерін тиімді қолдану жолдары.
   Сабақтың мақсаты:  Дәстүрлі оқыту үрдісін меңгеруге ғана емес,одан да кеңірек,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы салауаттық өмір салтын қалыптастыру.  
	Әдістемелік нұсқау.
Тақырыпты  толығымен таныту мақсатында Қ.Бітібаеваның  әдістемелік нұсқау еңбектерімен танысып,оқуды ұсындым.
  Жалпы білім беретін орта мектептегі әдеби білім беруде көркем шығарманы талдау мәселесі әдеби білім берудің мазмұны мен оның құрылымына көркем қарай күрделеніп отырады. 
   Айталық, қазақ әдебиеті жеке пән ретінде 5- сыныптан басталады. V-IX сыныптар да базалық негізгі білім берілетін кезең. Бұл  -  әдеби білімнің екінші буыны. Осы буында берілетін базалық әдеби білім екі сатыда жүзеге асады. Атап айтқанда, V-VII сыныптардағы әдебиет пәні жеке көркем  шығарманы оқып  -  үйренуге негізделген әдеби оқу сипатында болады. Мұнда оқушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне орай базалық оқу материалдары игеріледі, сосын олардың өз бетінше оқитын тйындаларның тізімі жасалып, ұсынылатын көркем мәтіннің ауқымы айқындалады. Бастауыш сыныптармен салыстырғанда бұл кезеңде оқушылардың өмірлік мағлұматтары әрі оқырмандық қабылдау дәрежесі, тәжірибе өсе түседі. Оқитын шығармалар қатары енді ауыз әдебиеті мен отандық және әлемдік әдебиеттің үздік қорынан неғұрлым күрделірек, тақырыбы мен жанрлық сипаты жағынан алуан түрлі, өткір сюжетті, көркемдік мәні жоғары туындылармен толығады. Олармен танысу, талдау талқылау барысында оқушылар  әдеби туындыны тұтастай қаылдау мәдениеті, оқиғалардың өмірлік  мәнін,. Көркемдік бейнелеу құралдарын ерекшеліктері мен рөлін, атқарып тұрған қызметін ұғыну дағдылары қалыптасады. 
    Ал  VIII- IX сыныптарда көркем әдебиетті оқыту- тарихи негіздегі бастауыш курс ретінде өтеді. Мұнда тарихылық ұстанымы нысанаға алынғанымен, ол міндетті түрде ұатаң таза тарихилықты және қасаң сызықты хранологиялық құрылымды қажет етеді. VIII сынып, мәселен, жанрлық және тарихи  -  хронологиялық  ұстанымдағы құрылымда болады. Бұл сыныпта оқушылар назарына көне түркі әдебиеттің жеке үлгілерімен қатар тарихи жағдаяттармен және ақын  -  жыраулар, жазушылар өміріндегі фактілермен байланыста қарастырылатын түрлі дәуірдегі жазылған туындылар ұсынылады. Мұндай шығармалар  -  оқушылардың адамгершілік- эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға ықпал ететін, танымдық әрі тәрбиелік мәні жоғары шығармалар. Оған қоса бұл кезеңде лирикаға, романтикалық, фантастикалық мазмұндағы туындыларға да назар аударылады.
22-дәріс.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
Сабақтың жоспары. 
А) Жазба жұмыстарына қойылатын негізгі талаптар.
Ә) Көркем туындыны оқыту және талдау	
Сабақтың мақсаты.
Оқушыларға жазушынының жеке дара стилі туралы түсінік беріп,әдеби шығармаларды,өлеңдерді талдай білуге үйрету.
Әдістемелік нұсқау.
Көркем шығармаларды талдау жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаеваның еңбектерінен алуға нұсқаймын.
                    
    Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау  -  оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді.
                              Пайдаланған әдебиеттер тізімі
* Бітібаева Қ.    Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары.  Алматы, 1990.
* Дайырова Ә., Тілешова С. Әдебиет оқулығына әдістемелік нұсқау.     Алматы, 1996.
* Әдебиет оқу кітабына қосымша материал.  Алматы, 1997.

23-дәріс.
Әдебиет сабағында жазба жұмыс түрлері,оларды өткізудің әдіс-тәсілдері,бағалау.
Сабақтың жоспары.
1.Жазба жұмыстарын ұйымдастыру.
2.Жазба жұмыстарын бағалау нормалары.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың оқу материалдарын меңгергенін тексеру және
бағалау-оқыту нәтижелерін бақылау, оқу үрдісінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін баскару.
Ұстаз болу -жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы - деп ақын Ғ. Қайырбеков
жырлағандай, сөзі маржан, ойы дана ұстаздардың бар болғанын
мақтаныш етеміз. Әрине ұстаз жүгі - ауыр жүк. Ұстаздың әсерлі
үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген
қамқорлықтың, жауапкершіліктің және дана ойдың ыстық лебі есіп
тұрғандай.
Ұстаз да пенде. Ол өз еңбегінің жемісін, өз ғылымының өрісін көргісі келеді. Ол шәкірттің ғылымдағы табысын ғана емес,
өмірдегі <<шабысын>> да қызықтағысы келеді. Ұстаздың енді бір мұраты-ұстаз үрдісінің жалғастығы, шәкірті қатарының ұластығы,
қартаюы емес, жасаруы. Ұстаздың одан кейінгі қалауы-ұстаз-шәкірт
ықылас-ілтипатының суымауы, ал ең соңғы арманы-шәкіртімен мақтану.
Ұстаз-шәкірттің, шәкірт-ұстаздың алдында аса жауапты адамдар;
олар жан дүниесін жайып салып, рухани байлығын ортаға алып, бірінен-бірі үйренетін де, өзара пікірлес, сырлас, мүдделес жандар.
Жаксы шәкірт бойындағы барлық жақсы қасиетін <<ұстазымнан үйрендім>> деп жария етеді. Қандай жағдайда болмасын, ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасында өзара түсінісу, ұғыныс, сый-құрмет, бедел сақталуы
қажет.
Беделді мұғалім ол-өнегелі, гуманистік бағыттағы жеке тұлға,
рақымды, жаны ашитын, түсінігі жоғары, әділетті, талапты,
еңбексүйгіш, белсенділікке бейім адам. Осындай мұғалімнен оқушы өзінің әр ісінде сенімділік пен қолдау таба алады. Мұғалім беделі
бірден келе қоймайды. Ол үшін көп уақыт оқушы мен қарым-қатынаста
болуы керек..
Мұғалім беделі оқушының білімін бағалауында да көрінеді.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді.
Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын
ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен
кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке
оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық
білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер
білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және
дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі,
үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білімді, іскерлікті және дағдыларды тексеру және бағалау
тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы,
сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге
ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына козғау салады. Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
:: тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы,
міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімінің сапасына кері әсер етеді;
:: әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатының
түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалай оқыту үрдісінің қүрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мүғалімнің сұрақтарына
жауыап беруге дайын болады.
:: Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білім
бағалаудың негізгі өлшемі.
:: Білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер аркылы тексеріледі;
Мысалы: біздің мектеп бойынша Беспалько, Блум бағдарламасы арқылы
тексеру жүргізіледі. Мұнда бір сынып оқушыларына үш нұсқада
тапсырмалар даярланып біліл деңгейлері бақыланады.
Таным-бұл бөлімде өткенді қайталау, ереже терминдерді есте
сақтау қабілеттері тексеріледі. Екінші білім-сұхбаттасу, сөйлем құрау,аудармасын білу. Үшінші түсіну-өз ойын жеткізу, яғни
мазмұндау, ережелерді дұрыс қолдану. Сөйлемді дұрыс талдау қабілеттері бойынша сыналады. Және төртінші анализ-мұнда
оқушылардың шығармашылық қабілеттері қорытындылады. Бұл оқушылардың
әр бөлік бойынша тапсырмаларды орындалауына қарай ұпайлар қойылады
да, білімдері бағаланады.
Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың тәртібін , білімді қалай қабылдайтынын және
түсінетінін, тәжірбиелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру
кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін,
қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін
анықтап, оларды өз жұмысында колданып, окушылардың білімдерін дұрыс
тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар: ауызша сұрау және жазбаша сұрау әдістерін жиі
қолданамыз.
Ауызша сұрау әдісінде мен оқушыларға оқылған
мәтін бойынша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, мәтінді
каншалықты деңгейде түсінгендерін анықтаймын. Кейде бұл әдісті әңгімелесу деп атаймыз. Бұл әдісті сабақтың кіріспе және қорытынды бөлімінде жиі жолдануға болады.
Жазбаша сұрау немесе өздік жұмыс деп аталады. Мұнда тақтаға,
парақтарға, карточкаларға тапсырмаларды жазып қоямын. Жауаптын корытындыларын сынып журналына белгіленіп, бір сабақта көп оқушылардың білімдерін бағалауға болады.
Жазба жұмыстары үйде және сыныпта орындаймыз. Қазақ тілі сабағында ол реферат жазу, әңгіме, әссе, шығарма жазу.
Бақылау жұмысы. Оқу бағдарламасының жекелеген тақырыптарын және бөлімдерін өтіп болған соң жазбаша немесе
ауызша бақылау жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыс оқушылардың оқылған материялдарды меңгергенің анықтау мақсатымен алынады.
Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға аркылы бала өзі
туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мүқият болу керек.
<<5>> деген баға оқу бағдарламасының мазмұның терең және толық білетін, оқу материалындағы теория мен фақтіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретінқосымша материалдар қолданалатын, ойы оралымды оқушыға койылады.
<<4>> бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей
алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін оқушыға қойылады.
<<3>> бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстірт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын,
жауабы жүйесіз, мұғалім көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады.
<<2>> бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен
фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіндігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады.
Жазба жұмыстарының бағалау жүйесі
Оқушылардың шығармашылық бағалау мәселесін тексеру негізінен 4 салаға бөліп қарауға болады.
1 мазмұны мен идеялығы;
2.ой пікірдің жүйелігі
3.стилі
4.грамматикалық сауаттылығы.
Бұлардың қай қайсысы да окушының білімін бағалауда маңызды. Шамамен алғанда шығарманаң идеясы мен мазмұндығына, окушының
тақырыпты қалай ашқандығы қамтылған мәселенің дұрыстығы мен
бұрыстығы, дәлелдігі негізгі ойды жеткізе алуы жатады пікір жүйелілігіне шығармашылық жоспарға сәйкестілігі әр бір бөлімнің
мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы т.б. енеді тақырыпты ашуға байланысты ойын қалай жеткізгендігі сөз қолданысы бір сөзді бірнеше
рет қолданбауы дәйексөзді қолдана білуі сөйлемді дұрыс құруды мәселелер стилге жатады.

      24-дәріс.
Шығарма және оның түрлері.
      Сабақтың Жоспары:
 1.Шығарма туралы түсінік.
      2.Шығарма жаздырудың ең басты мақсаттары.
 3.Шығармаға қойылатын талаптар. 
       4.Шығарманың негізгі түрлері.

Сабақтың мақсаты.
Оқушыларға шығарма жаздыру арқылы тілін,ой-өрісін дамыту,сауатты жазуға баулу.
Әдістемелік нұсқау:Р.Құтқожина,Қ.Бітібаева сынды методистердің еңбектерімен танысуды нұсқадым.

     <<Шығарма>> деген сөздің негізінде <<шығару>> деген ұғым жатады (яғни, ойдан шығару, ойлап шығару). Көркем туындыны <<көркем шығарма>> дейміз. <<М.Әуезовтің шығармаларын оқимыз>>, - деп жатады. Бұдан шығатын қорытынды: шығармаға қойылатын талап аса күрделі, әрі маңызды болады. Бұл жұмысты мектеп - тегі шығармашылық іздендіруге негізделген жұмыстар - дың күре тамыры десек те, артық емес. Шығарманың күрделігi сол, бұл - оқу процесіндегі бірден-бір жеке- - дара орындалатын жұмыстың түрі. 
Мектептегі ең көп тараған, тәжірибеде жиі пайдала - натын жазба жұмыстардың ішінде күрделісі де, ең маңыздысы да шығарма жұмыстары болып табылады. Шығарма жаздырудың ең басты мақсаттары мыналар: 
* Бала біліміне бақылау, білім деңгейін тексеру.
* Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық бiлімдерін практикалық жұмыстарда пайдалана білу.
* Ойлау еңбегіне өз беттерімен іздендіру, өз пікірлерін салыстыру, 	қорытынды жасай бiлуге дағдыландыру. 
* Оқушылардың көптеген, дарынына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу. 
<<Шығарма>> деген сөздің негізінде <<шығару>> деген ұғым жатады (яғни, ойдан шығару, ойлап шығару). Көркем туындыны <<көркем шығарма>> дейміз. <<М.Әуезовтің шығармаларын оқимыз>>, - деп жатады. Бұдан шығатын қорытынды: шығармаға қойылатын талап аса күрделі, әрі маңызды болады. Бұл жұмысты мектеп - тегі шығармашылық іздендіруге негізделген жұмыстар - дың күре тамыры десек те, артық емес. Шығарманың күрделігi сол, бұл - оқу процесіндегі бірден-бір жеке- - дара орындалатын жұмыстың түрі. Қарастырылатын мәселе, жазатын тақырып біреу болса да, әр оқушы оны өзінше жеткізеді, яғни тілі, пікірі, қорытындысы сол көркем туынды, не кейіпкерді қабылдау дәрежесіне бай - ланысты. Дегенмен шығармаға қойылатын негізгі талаптарды мұғалім оқу кабинетіне <<Жазба жұмыстарына байланысты нұсқаулар>> деген атпен (басқа да тақырып алу әр мұғалімнің өз еркі) жазып қоюдың тиімділігі зор. 
Үлгі: 
Шығарма жазуда басшылыққа ал: 
Таңдаған тақырыбыңды әбден ойла. 
Жоспардың тақырыбына байланысты нақты жасал - сын. 
Эпиграф ал. Ол тақырып пен негізгі идеяны ашуға сәйкес алынсын. 
Пікірлердің, ойдың, жазатын негізгі мәселелердің реті мен жүйесін сақта: 
*  Тақырытан ауытқыма; 
* Кіріспең тұжырымды, бірақ шығарманың қалған бөлімдерінің де дұрыс, нақты жазылуына бағыт, бағдар беретіндей болсын; 
* Пайымдауың, дәйексөзің, салыстыруың негізгі пікірге байланысты алынсын; 
* Қосымша материалдарды, ғылыми еңбектерді пай - даланғанда, авторы, кітаптың аты, беті айқын жазылсын; 
* Негізгі бөлімнің толық, әрі дәлелді келуімен қатар, шығарманың ең басты пікірлері осында болатындығын есте сақта; 
* Қорытындың негізгі пікіріңнің төңірегінде жазыл - сын. Оған ерекше назар аудар. Себебі түйін, соңғы пікір - жұмысыңның нәтижесі осында көрінеді. 
Тақырыбыңа байланысты материалды алдын ала да - йында, ізде, оларды іріктей отырып, ең негізгісін сұрып - тап ал. 
Шығарманың тіліне, стиліне аса жауапкершілікпен қара: 
а) Сөйлемдерің тиянақты, ойлы болсын. Шұбалаңқылықтан сақтан; 
б) Әдемі, айшықты сөздерді пайдалан. Бұл шығарма, сондықтан оның тілі де төгіліп тұруы қажет. 
в) Мақал-мәтел, сөз тіркестерін не әдемі сөз оралы - мын пайдаланғың келсе, алдын ала оны жазып алуға болады. -  Сонан соң керегіңді пайдаланасың.
Қате жібермей жазуға талаптан. Емлелік сөздіктер жаныңда болсын, сауаттылық - шығарма үшін ең маңызды мәселе. 
Жазу мәдениетіне де ерекше ден қой: таза, ұқыпты жаз әрі әрбір әрпін айқын, еркін оқуға жарайтындай болсын, әрі жазуың көркем түссін. 
5 - 6-сыныптарда, әсіресе, шағын шығарма-суреттеме, шығарма-сипаттама, шығармa - кескіндеме, шығарма -  - мүсіндеме, шығарма -бейнелеме т.б. жаздыруға болады. Бұлар  -  көркемөнер туындылары бойынша жазылатын шығармашылық бағыттағы жұмыстар. Көлемі шағын бо - лып келеді, бірақ нақты бір өнер туындысының негізінде жазылады. Мысалы: <<Амангелді>> туралы өлеңді оқыған соң, Ә.Қастеевтің <<Амангелді>> портреті бойынша шығарма-кескіндеме жазуға болады (екеуінің негізінде). Мүсіндеме, сәулет өнері шығармаларында cypeттеме, та - биғат көрінісі, т.б. бойынша жазылады. Мұғалім бұл тап - сырмаларды орындауда нақты көмек көрсетеді, ең алдымен сынып болып, сол өнер туындылары бойынша ауызша жұмыс жүргізеді (ауызша суреттеу деген сияқты). Шығармаларда қандай сөз тіркестері, көркем, айшықты, бейнелі сөздерді пайдаланады, - соған бағыт- - бағдар беріледі. Бұл шығарма арқылы оқушылардың көркем тілін дамытудың бір ұғымды тәсілі - көп болып талқылау, олардың өздеріне пікір айтқызу. Мұғалім өзі тексеріп, талдау жасап келгеннен кейін, шығармаларды (қалауы бойынша) оқытып, бірігіп талдау жасатқызады. Олар шығарманың тілі, мағынасы, стилистикасына назар аударады, өздеріне ұнағанын айтады, кемшілігіне тоқталады. Шығарма жазу бар да, оны түсіндіру, талдау, онымен жұмыс түрлері де бар. Екеуін де тиімді, дұрыс ұйымдастыра білген мұғалім көп нәрсені ұтпақ. Бұл әдістерді жоғары сыныптарда пайдалану дұрыс, 5-6-сынытарда еркін тақырыпта (<<Менің сүйікті кітабым>>, <<Ардақтайық та құрметтейік Ананы!>> т.б.). 5-7-сынып - тарға өздері оқып жатқан көркем туындылардың жан - рына байланысты жазуларына болады, Мысалы, ертегілерді оқып болған соң, өз қалаулары бойынша ер - тегі, әңгіме, мысал (қересөзбен) жаздыру, шығармала - рына пікір жаздыру сияқты, т.б. іздендіру. Біріншіден, бұндай шығармадар балалардың дүниетанымын, білімін кеңейтеді, екіншіден, қабілетi, дарынына әсер етеді, үшіншіден, көркем тілін дамытады, 5-7 - сыныптарда өздері оқып жатқан әдеби тақырыптарға жазылатын шығармалардың көркемдік ерекшеліктері, оған қойылатын талаптар: 
* Бұңдай шығармалар өздері оқыған бір көркем туындыны негізге алады. Сыныпты, ондағы балалардың жа - сын ескере отырып, мұғалім жазатын тақырыпты ойластырады, ауыр-жеңілін сұрыптайды. Кейде бір ғана тақырып бермей, бірнеше тақырып береді. Бұл өте тиімді болады. Бір ғана тақырыпқа қамап қою оқушының мүмкіндігін, тіпті ынтасын, дарынын тежейді. Шығарма жаздыруда ең басты мәселенің бірі оқушының өз қалауы, өз тілегін ескеру болып табылады. Зорлап таңу немесе сес көрсету, әсіресе, шығарма сияқты күрделі жұмысқа, шығармашының жұмысқа кел - мейтін нәрсе. Шығармаға баулу үкіні желпіндіріп, қыран бағыттағанмен бірдей. Мысалы, 5-сыныпта <<Керқұла атты Кендебай>> ертегісінде мынадай тақырыптар ұсынуға бо - лады: <<Кендебей - сүйікті ертегім>>, <<Кендебейдың жеңісі - әділеттің жеңісі>>, <<Кендебейдың мен сүйетін мінездері>>, т.с.с. Сондай-ақ <<Бай баласы мен жарлы баласына>>: <<Асанның өзіме ұнамайтын іс-әрекеті>>, <<Усеннің тапқырлығы>>, <<Жарлы баласы бай баласын қалай асырады?>> т.с.с. 
* Қай тақырыпқа, қай жанрға шығарма жазылсын, мұғалім бұл жұмысты жүйелі жүргiзу керек. Қарапайым шығармадан күрделіге қарай бірте-бірте баулуы керек. Мысалы, 5-6-сыныптарда образға немесе поэтикалық тілге, не ақын-жазушы стиліне шығарма жаздыру дұрыс емес, себебі олардың әдеби туындаларды талдауы-талап ететін шығармаларға шамасы келмейді. Оларға талдаудан гөрі, әсерін білдіретін тақырыптар беру тиімді болмақ. 
	Ғылыми-әдіскерлер, ізденімпаз мұғалімдер іс-тәжірибесі бойынша шығармаларды мынадай түрлерге бөлуге болады: 
* Публицистикалық шығармалар. Оған очерк, фелье - тон, мақалалар, пікірлер жаздыру жатады. Мысалы, <<Тіл тағдыры - ел тағдыры>>, <<Жариялылық - бақыттың ба - сы>>. 
* Шығармашылық бағыттағы шығармаларға әңгіме, инсценировка, өлеңдер жаздыру жатады. (Әдеби жанр - ларды басшылыққа алады.)
* Fылыми зерттеу сипатындағы шығармалар. Оған ре - ферат, ғылыми сипаттағы мақала, аннотация, әдеби шо - лулар, пікірлер жатады. Мысалы, <<Бейімбет әңгiмелеріндеri деталь, штрихтың маңызы>>. 
* Әдеби тақырыптарды қамтыған, білім дәрежесін, тіл байлығын тексеруге арналған шығармалар: 
* Біржан мен Сара айтысындағы Біржан мен Сара - ның сипаты. 
* <<Абай жолы>> эпопеясындағы кедейлер өмірінің жанды суреттері. 
* Бақтығұл қылмыскер ме, әлде әділдік іздеуші ме? т.б. Мысалы, соңғы шығарма тақырыбы жаттандылықтан сақтандырады. Әдетте мектептерде әдеби кейіпкерлерге мінездеме көптеп жазылады: <<Үсенге мінездеме>> немесе <<Абай бейнесі>> дегендей. Ал бұл шығарма тақырыбы Бақтығұл бейнесі, іс-әрекетінің маңызы, басты мәселелерін ғана назарға алып тұр. Олай болса, әдеби туындыларға шығарма жаздаруға оның ең негізгі мәселесі сөзге арқау болуы керек. Нақтырақ, тұжы - рымды, ойын дәлелді деректермен жеткізе білуді талап еткен дұрыс.
                                      
25-  Дәріс.
Әдебиет сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын жүргізу
    Сабақтың   жоспары:
1.Ауызша тіл дамыту жұмыстары.
2. Жазбаша тіл дамыту жұмыстары.
	Оқшылардың ауызша және жазбаша тілін дамытып, тіл мәдениетіне жетілдіруде, басқа пәндерге қарағанда, әдебиеттің алатын орны мен ролі ерекше. Көркем әдебиет өнерінің бір саласы сөз өнері болғандықтан, оның тамаша шығармаларында әдемі, сұлу, кестелі, өрнекті сөздерді кездестіреміз.
	Мектепте оқылатын барлық оқу пәндері сияқты әдебиет сабақтарында да, оқушылардың ауызша сөйлеу тіліне талаптар қойылады. Осы талаптардды әдебиет мұғалімі мүлтіксіз орындап отыруға міндетті. Ол үшін сабақ үстінде де, сабақтан тыс уақытта да оқушылврдың ауызша тіліне, сөйлеу салтына үнемі бақылау жасауы тиіс. Олардың сөйлеген сөздерін ықылас қойып, зер сала тыңдап, сөйлеуде логикалық жағынан сөз қолдану, сөйлем құрылысы жөнінен жіберген қателіктері мен кемшіліктерін мүмкін болғанша әрдайым түзетіп отырады. Алдағы уақытта бұларды болдырмау, қайталамау жақтары ескертіледі.Осымен байланысты мыныдай заңды сұрақ туады: оқушылардың сөйлеу тілінде жіберген қателіктері мен кемшіліктерін қай уақытта, қалай түзетуге болады? 
	Оқушылардың тілін дамыту,сөйлеу мәдениетін өрістетіп, жетілдіріп отыруын көздейтін мектеп көлемінде тиісті шаралар белгіленіп жаппай күрес жүргізіліп отыры қажет. Бұл жұмысты осылай ұйымдастырмаған жерде, одан ойдағыдай нәтиже күту, толық мақсатқа жету неғайбіл болмақшы. 
	Оқушылардың сөйлеу тіліне қойылатын талаптарды жинақтап, тұжырымдап айтсақ: 
	1.Оқушы өзінің айтайын деген ой-пікірін жүйелі, байланысты түрде айтып, баяндап беруге дағдылансын.
2. Сөзі тартымды, дәмді, мазмұнды, дәлелді болсын.
3.Әдеби тілдің нормасынан шығып, ауытқып кетпей, оны сақтап мәнерлеп сөйлеуге жаттықсын. 
4. Сөзді дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құрай білуге машықтансын. Міне, шамамен мөлшерлеп айтқанда, кейбір ескертетін жайттар- осылар.
Енді IV-X кластарда оқушылардың ауызша тілін дамыту жұмыстары әдебиет сабақтарында қандай әдіс-амалдар мен тәсілдер арқылы жүргізіліп отырады деген мәселеге келейік.
1 Мәнерлеп оқу. Оқушыларға әдеби білім мен коммунисттік тәрбие беруде, олардың көркемдік талғамын дамытып, эстетикалық сезімін оятуда өрісі кең, серпіні құдіретті күштің бірі- көркем шығарманы мәнерлеп, келістіріп, шебер оқи білу жұмысы болып табылады.   
2. Мұғалімнің ауызша немесе жазбаша түрде берген сұрақтарына байыпты, дәл, толық жауап қайтара білуге дағдыландыру.
 3. Оқылған шығарманың  сюжетін әңгімелеп айтып беру. Бұл жұмыс ауызша мазмұндатудың түрлері арқылы орындалады, мысалы,толық түрдегі және қысқаша түрдегі мазмұндама, кейіпкердің өмірбаяны туралы мазмұндама. Мазмұндаманың бұл түрлерінің қай-қайсысы да шығарманың мазмұнын оқушылардың қаншалықты ұғып түсінгендігін білу үшін де, сондай-ақ олардың ауызша тілін дамытуға да көмектеседі. Мазмұндау барысынды шығарма мазмұнынды кездесетін архаизм, неологизм, диалектизм, жаргонизм, вульгаризм, варваризм сияқты сөз мәніндегі өзгеріс  -  ерекшеліктерді, сондай-ақ синоним, омоним, антоним сияқты сөз мағынасындағы өзгеру-құбылуларды байқап, олардың көркем шығармадағы рөлін түсініп білуге, орынды жерінде мазмұндау желісіне кірістіріп айтуға машықтанады. Осымен қатар шығармада өз мәнінде және ауыстыру мағынасында қолданылған сөздер  -  троптың түрлері кездеседі. Оқушы олардың есінде қалғандарын ретті жерінде қолданып айту арқылы, олардың шығармада атқарыптұрған идеялық эстетикалық ролі мен көркемдік қызметін аңғарып білетін болады. Сонымен бірге көркем тексті сөйлемдерінің әр алуан  болып құрылу өрнектері кездеседі, мысалы, сұрай арнау, жарлай арнау, зарлай арнау, синтаксистік және психологиялық паралеллизмдер, еспе қайталау, анафора, эфифора, жай қайталау, элипсис, дамыту, шендестіру, инверсия сияқты фигураның түрлері. Тексті мазмұндау кезінде орайына қарай осындай сөйлем үлгілерін оқушы келтіріп айтуға дағдыланады. Әдебиеттік шығармада кездесетін, мақал, мәтел, нақыл сөздерді де өздерінің айтылу орнына қарай қолдана білуге үйренеді. мазмұндалатын шығармада баяндау, суреттеу, диалог, манолог, пікірлеу сияқты текстің түрлері болады. Ауызша мазмұндау барысында оқушы бұлардың әрқайсысын өз тұсында дұрыс айта білуге жаттығады. 
сайып келгенде, әдеби шығарманы ауызша мазмұндату, әңгімелетіп айттыру нәтижесінде оқушылар сөз қолданудың, сөйлем құрастырудың әр алуан үлгі, өрнектерін өз сөздерінде қашан, қалай қолдана білуге үйренеді. Көркем шығарманы, көркем сөз тексін қалай болмса солай оқи салмай, ынта-жігер, жейін қойып, қадағалап оқуға, оқығаннан ұғып түсінгенін әр түрлі вариантта ауызша мазмұндап айтып беруге дағдыланады. Осылардың бәрі де оқушылардың тіл қазынасын байытып, сөздік қорын молайтуға, әдеби тілдің нормасын сақтап сөйлеуге жаттықтырып, төселдіретін әдіс-амалдар, тәсілдер болып табыларды.
4. Әдебиеттік шығарма кейіпкерлерінің мінездемесін ауызша баяндап айтып беру жұмысы. Оқушылардың тілін дамытудың бір жолы көркем шығармаладың кейіпкерлеріне ауызша мінездеме жасаттыру арқылы жүргізіледі. Бұл түрде мінездеме жасауға керекті кейіпкерлер эпостық және драмалық шығармалардың үлгілерінде молшылық. Шығарманың кейіпкерлерінен ауызша және жазбаша түрде мінездеме беруден көзделетін мақсат  -  біріншіден, олардың қандай кейіптегі адам образдары екенін танып білу болса, екіншіден, оқушылардың тілін дамыту жұмысы болмақ. Кейіпкердің бейнесін ашып танытуда, оны қай жағынан болса да сипаттап көрсеткен автордың сөзі де, бұл жөніндегі өзге кейіпкерлердің сөзі де, олардың оған көзқарасы, қарым-қатынасы, іс-әрекеттері мен мінез құлқына берген сыны, бағасы да зор роль атқарады. оқушылар кейіпкерге ауызша мінездеме беруге әзірленгенде, оған керекті материалдар мен фактілерді талдауға байланысты шығарманың мазмұнын ойша теріп, жинақтайды, ойша жоспарын құрады. Сонан соң барып мұғалімнің ұйғаруы, рұқсаты бойынша ауызша мінездеме беруге кіріседі. Бірақ қалай болғанда да әдеби қаһарманға жасалатын ауызша мінездеме, бір жағынан, кейіпкерге шығарманы оқып үйренудің соңғы, қолрытынды кезеңі ретінде жасалатын жазбаша түрдегі мінездемеден бұрын келіп, оған дайындық сатысы болса, екінші жағынан оқушылардың сөйлей білу шеберлігін жетілдіруге жәрдем етеді.	 
	Оқулықтың мазмұнын ауызша әңгімелеп беру. Оқушыларға әдеби-теориялық білім беруде, ол білімді класс жоғарылаған сайын ілгері дамытып, тереңдетіп күрделендіруде әдебиет оқулығы маңызды роль атқарады. Оқлық- шәкірттердің екінші ұстазы, білім бұлағы, тәрбиеші. Ол оқушыларға әдеби білім, коммунистік тәрбие берумен бірге, олардың ауызша және жазбаша тілін дамытудың да құралы. 
	IV- VII кластарда оқушылардың ауызша тілін дамытуға жататын оқу материалдары- әдеби-көркем шығармалар және IV класты қоспағанда, ақын, жазушылардың өмірбаяндары, әдебиет теориясының мәліметтері.
	Міне, оқушылардың ауызша тілін дамыту үшін осы сияқты оқу материялдары да пайдаланылады және жұмыстың бұл түрін ататп кету мүмкін емес. Өйткені, оқушылардың әдебиет  жөніндегі білімі, шеберлігі, дағдысы сабақ сайын дерлік есепке алынып, оған баға қойылып отырады. Осындай есепке алудың, бағалаудың бір жолы оқушылардың оқулықтағы оқу материалынан ұққанын, түсінгенін ауызша әңгімелеп айтып беруі арқылы жүргізіледі.Бұл жұмыс мұғалімнің тапсырмасы арқылы орындалып отырады.
	Оқытушының сабақ мазмұнын ауызша баяндап айтып беруі. Әдебиет пәнін оқыту шеберлігінің бір көрінісі- тиісті материялды оқушыларғ әдеби жатық тілмен жеткізе білуінде.
	Ол тілге жүйрік, сөзге шешен болуы керек, Оқу материялын баяндап түсіндіруде сөйлеген сөзі логикалық жағынан жоспарлы, жүйелі, сатылы, бір- бірімен байланысты болуы шарт.
	 
       						
26-дәріс.
Әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар.
Сабақтың жоспары:
І. Сыныптан тыс оқытудың маңызы мен мақсаты
ІІ. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен оны оқытудың әдіс  -  тәсілдері.
 III. Сыныптан тыс оқыту  -  тәрбие жұмысының негізі. 
IV. Сыныптан тыс оқытудың маңызы
     Оқыту  - білім берудің негізгі жолы болып табылады. оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі  -  сыныптан тыс оқыту. 
    Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді. 
    Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем  -  дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты  -  оқушылардың  түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту,  жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі. 
    Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың  жас ұрпаққа берері көп.
     Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Олар: үйірме, сыныптан тыс оқу, конференциялар, викториналар, апталықтар, әдеби кештер  т.б.
    Үйірме жұмыстары -   сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет үйірмелері мен драмма үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне әдебиет пәнінің мұғалімдері, өнерпаз ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы  -  қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын  -  жазушылар да көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби  -  шығармашылық үйірмелерінің жас ақын  -  жазушылармен бірігіп жүргізуі нәтижелі болмақ. Әдеби  -  шығармашылық үйірмелердің, сонымен қатар, <<Шешендік өнер>>, <<Айтыс>>, <<Термеші>> сияқты фольклорға негізделген түрлері  соңғы  кездерде тәжірибеге  көптеп енгізілуде. 
    Әдеби үйірмелердің бір түріне <<Кітап достары>> немесе  <<Кітап  -  білім бұлағы>> деген  үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, V  -  VIII сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері кітапханада арнайы көрме ұйымдастырып өткізеді. Мысалы, <<Құрметтейік те көтерейік ананы!>> (8- наурыз қарсаңында), <<Менің Қазақстаным>> (Республика күніне). Олар жаңа кітапты үнемі насихаттап, балаларға таратып, төменгі сынып балдырғандарына әңгімелеп береді. Жұмыс нәтижелі болу үшін, жоспарлы, жүйелі жүргізілуі керек. Кітапты күтіп ұстау, ұқыпты болу, оны қалай оқудың мәдениеті туралы да тартымды әңгімелер осы үйірме міндетінде. Олар осы мәселеде неше түрлі бәйге өткізеді. Мысалы, <<Ұқыпты бала>>, <<Кітап жанашыры>>, <<Білгір>> (кітап көп оқитын), <<Шапшаң>> немесе <<Алғыр>> (кітапты тез әрі қатесіз оқитындар үшін) т.б. тақырыптарда. Жеіңмпаздарға қоғамдық ұйымдар, үйірме, мектеп әкімшілігі алғыс айтып, оларды мектеп газетінде мадақтап отырғаны дұрыс. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соған үйретеді, дағдыландырады. 
    Үйірмелердің тағы бір түрі  -  мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Үйірмені осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, театр өнері, оның өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады.  Драма үйірмесіне мектеп оқушыоары ішінен өнерге бейімі бар балалар өз еркімен тартылады. Үйірмеде кемінде он бес мүше болады. Оқу жылы басында үйірме жетекшісі мектептің оқу  -  тәрбие жоспарын негізге ала отырып, жұмыс жоспарын құрады. Үйірменің мақсаты  -  жекелеген оқушының сан қырлы  көркем дамуын, оның рухани қажеттілігінің арта түсуін қамтамасыз ету. Сол арқылы өнерге құлшынысын тәрбиелеу. Үйірме жұмысын жоспарлау көбіне жетекшінің жеке басының біліміне, өнеріне, режиссерлік қабілетіне байланысты. әрбір жетекші ең алдымен оқушының жас ерекшелігін ескеріп, оның табиғи дарынын байқап, жас өнерпаздың қызығушылығын баулып, шығармашылық еңбекке йретеді. Үйірме сабақтарында мектеп бағдарламасына байланысты шағын пьесалардан үзінді, әдеби монтаж қойылымдары даярланады. Үйірменің жұмысы әр оқушының көркем білімін дамытуға әсерін тигізеді. Ал көркем білім ізгілік  пен адамгершілікке негізделіп, оқушының нысанасы биік идеясын тәрбиелейді. Ендеше драма жанры бойынша әр сабақта оқушының алған білімі, драма үйірмесінде практикалық істермен ұласып,  көркем білім негізін қалыптастырады. Мектептегі әдебиет үйірмесі - әдебиетке жақын, бойында сөзге, өнерге талпынысы бар талантты жастарды тәрбиелейді. Әдебиет үйірмесі де жыл басынан жоспарланып дайындалады. Әдебиет үйірмесін ұйымдастырғанда  ұйымдастырушы жетекшілері алдына әртүрлі мақсат қоюы  мүмкін. Әдебиет пәнімен оқушылардың үлгерімін арттыру, пәнді игеруге қызықтыру, білімдерін кеңейту, ақын-жазушылардың шығармаларын тереңірек білу мақсатында едәуір жұмыстар атқарып, қазақ әдебиеті тереңдете оқытуға үлес қосады.
Әдебиет сабақтарында оқушылардың алған білімі мен  дағдыларын сыныптан тыс оқумен ұштастыра дамытқан кезде ғана олардың өз бетімен оқу машығы жетіле түспек. Осыдан келіп оқушылардың әдеби білімдерін арттырудың иімді долы - әдебиет сабақтары мен сыныптан тыс оқу сабақтарын байланыстыра білу мәселесі туады.
    Бұл көркем шығарманың идеялық  -  көркемдік құндылығы, көтерген проблемасының тереңдігі; ауқымы, оқушының қабылдаушылық, қызығушылық қабілеті тұрғысынан сарапқа салынған, мақсаты мен бағыт-бағдары айқындалған сыныптан тыс оқу сабақты басқа да жұмыстармен тығыз ұштастыра жүргізуді міндеттейді. 
    Сыныптан тыс оқу  сабақтары бағдарламалық талаптар бойынша жүргізіледі. Оған бағдарламада қосымша оқуға және сыныптан тыс оқуға ұсынылған шығармалар негізге алынады.
    
                                  Пайдаланылған әдебиеттер.
* Асқарбаева А.   Сыныптан тыс оқу.  Алматы, 1992.
* Бітібаева Қ.    Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары.  Алматы, 1990.
* Дайырова Ә., Тілешова С. Әдебиет оқулығына әдістемелік нұсқау.     Алматы, 1996.
* Жұмажанова Т.  Сыныптан тыс оқу барысында тіл дамыту.  Алматы, 1992.
* Қуанышева Т.      Әдебиетке байланысты сыныптан тыс жұмыстар. Алматы, 1974.
* Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. Алматы, 1982.

27-дәріс.
Мектептегі әдебиет апталығы және оны ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері.
Сабақ жоспары:
1.  Әдебиет апталығының үлгі жоспары
2.Әдебиет апталығын өткізудің маңыздылығы.
Сабақтың мақсаты.
Әдебиет апталығы оқушының әдебиеттен алған  білімін пысықтау және жан-жақты тұлға болу мақсатын көздейді.


                   <<Қазақ тілі мен әдебиет>> апталығының жоспары
                                                     <<Әр халықтың ана тілі  -  білімнің кілті.
                                                       Біздің жастарымыз ана тіліне жетік,
                                                       білімді, мәдениетті болсын...>>
                                                                                        (А.Жұбанов)
 
р/с
     Тақырыптар
сыны-
   бы
өткізілетін
күндер
жауаптылар
1
Апталықтың ашылуы.
 


2
<<Шоқан Уәлиханов- мәңгі өшпес жұлдыз>> тақыры-бына рефераттар, шығарма сайысы.
10-11

.
3
<<Жыр алыбы  -  Ж.Жабаев>>
   8а


4.
<<Ана тілім- әнім>> тақыры-бына ашық сабақ
1-4б,
7б,9б


5
<<Әдебиет әлемінде>> тақы-рыбына әдеби кеш.
10-11


6.
<<Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе >>
  5а


7
<<Менің Қазақстаным>> тақырыбына суреттер сайысы
 5-8


8
<<Етістік>>тақырыбына ашық сабақ.
 7а

.
9
<<Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты >> (достық, әдептілік туралы диспут)
 11а


10
<<Тәрбие басы - тіл, өнер алды - тіл>> тақырыбына конференция
5-11


11
<<Туған тілім  -  дарыған ана сүтінен>> (мәнерлеп оқу.
5-11




                                       Пайдаланылған әдебиеттер: 
             1 .А.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А. Мектеп  
             2.  Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. Рауан. 1997
             3 . Е. Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. А. 1999


28-дәріс
 Әдебиет үйірме жұмыстары 
Сабақтың жоспары.
1.Әдебиет үйірмесін құру және оның іс-жоспары
2.Әдебиет үйірмесіне оқушыларды қамту жолдары.
Сабақтың мақсаты.Оқушыларға эстетикалық тәрбие,шығармашылық білім беру және жан-жақты қырынан көрінуге баулу.
      Үйірме жұмыстары -   сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет үйірмелері мен драмма үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне әдебиет пәнінің мұғалімдері, өнерпаз ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы  -  қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын  -  жазушылар да көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби  -  шығармашылық үйірмелерінің жас ақын  -  жазушылармен бірігіп жүргізуі нәтижелі болмақ. Әдеби  -  шығармашылық үйірмелердің, сонымен қатар, <<Шешендік өнер>>, <<Айтыс>>, <<Термеші>> сияқты фольклорға негізделген түрлері  соңғы  кездерде тәжірибеге  көптеп енгізілуде. 
    Әдеби үйірмелердің бір түріне <<Кітап достары>> немесе  <<Кітап  -  білім бұлағы>> деген  үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, V  -  VIII сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері кітапханада арнайы көрме ұйымдастырып өткізеді. Мысалы, <<Құрметтейік те көтерейік ананы!>> (8- наурыз қарсаңында), <<Менің Қазақстаным>> (Республика күніне). Олар жаңа кітапты үнемі насихаттап, балаларға таратып, төменгі сынып балдырғандарына әңгімелеп береді. Жұмыс нәтижелі болу үшін, жоспарлы, жүйелі жүргізілуі керек. Кітапты күтіп ұстау, ұқыпты болу, оны қалай оқудың мәдениеті туралы да тартымды әңгімелер осы үйірме міндетінде. Олар осы мәселеде неше түрлі бәйге өткізеді. Мысалы, <<Ұқыпты бала>>, <<Кітап жанашыры>>, <<Білгір>> (кітап көп оқитын), <<Шапшаң>> немесе <<Алғыр>> (кітапты тез әрі қатесіз оқитындар үшін) т.б. тақырыптарда. Жеіңмпаздарға қоғамдық ұйымдар, үйірме, мектеп әкімшілігі алғыс айтып, оларды мектеп газетінде мадақтап отырғаны дұрыс. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соған үйретеді, дағдыландырады. 
    Үйірмелердің тағы бір түрі  -  мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Үйірмені осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, театр өнері, оның өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады.  Драма үйірмесіне мектеп оқушыоары ішінен өнерге бейімі бар балалар өз еркімен тартылады. Үйірмеде кемінде он бес мүше болады. Оқу жылы басында үйірме жетекшісі мектептің оқу  -  тәрбие жоспарын негізге ала отырып, жұмыс жоспарын құрады. Үйірменің мақсаты  -  жекелеген оқушының сан қырлы  көркем дамуын, оның рухани қажеттілігінің арта түсуін қамтамасыз ету. Сол арқылы өнерге құлшынысын тәрбиелеу. Үйірме жұмысын жоспарлау көбіне жетекшінің жеке басының біліміне, өнеріне, режиссерлік қабілетіне байланысты. әрбір жетекші ең алдымен оқушының жас ерекшелігін ескеріп, оның табиғи дарынын байқап, жас өнерпаздың қызығушылығын баулып, шығармашылық еңбекке йретеді. Үйірме сабақтарында мектеп бағдарламасына байланысты шағын пьесалардан үзінді, әдеби монтаж қойылымдары даярланады. Үйірменің жұмысы әр оқушының көркем білімін дамытуға әсерін тигізеді. Ал көркем білім ізгілік  пен адамгершілікке негізделіп, оқушының нысанасы биік идеясын тәрбиелейді. Ендеше драма жанры бойынша әр сабақта оқушының алған білімі, драма үйірмесінде практикалық істермен ұласып,  көркем білім негізін қалыптастырады. Мектептегі әдебиет үйірмесі - әдебиетке жақын, бойында сөзге, өнерге талпынысы бар талантты жастарды тәрбиелейді. Әдебиет үйірмесі де жыл басынан жоспарланып дайындалады. Әдебиет үйірмесін ұйымдастырғанда  ұйымдастырушы жетекшілері алдына әртүрлі мақсат қоюы  мүмкін. Әдебиет пәнімен оқушылардың үлгерімін арттыру, пәнді игеруге қызықтыру, білімдерін кеңейту, ақын-жазушылардың шығармаларын тереңірек білу мақсатында едәуір жұмыстар атқарып, қазақ әдебиеті тереңдете оқытуға үлес қосады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі тәрбиеге халықтың педагогикаға сүйене отырып мынадай жоспар құруға болады. 
                                 Әдебиет үйірмесінің жұмыс жоспары.
р/с
Жүргізілетін жұмыстардың тақырыбы
уақыты
Кім жүргізеді?
1
І тоқсан
Кіріспе

 
қыркүйек
                                       
                                       
                                       
         Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
                                       
                                       
2
Жұмыс түрлерімен таныстыру

                                       
1
Қазақстан Республикасының ақын жазушылары


Қазан
                                       
2
Кітаптар көрмесі

                                       
1
ІІ тоқсан
Әдебиет пен өнер


Қараша
                                       
2
Әдеби шығармалардағы кейіпкерлер 

                                       
1
Қазақтың әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салты

Желтоқсан
                                       
2
Ұлттық ою-өрнектер

                                       
1
ІІІ тоқсан
Қазақтың сөз зергерлері мен шешендері


Қаңтар
                                       
2
Мақал-мәтелдердің тәрбиелік маңызы

                                       
1
Қазақтың хандары мен халық батырлары

Ақпан
                                       
                                       
         Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
2
Ұлттық киім үлгілер


1
ІV тоқсан
Ұлттық аспап музыканың түрлері
               

Наурыз

2
Халық клмпозиторларының ән-күйлері


1
Көркемөнерпаздар өнерінің байқауы

Сәуір

2
Қорытынды 



    Әдебиет сабақтарында оқушылардың алған білімі мен  дағдыларын сыныптан тыс оқумен ұштастыра дамытқан кезде ғана олардың өз бетімен оқу машығы жетіле түспек. Осыдан келіп оқушылардың әдеби білімдерін арттырудың иімді долы - әдебиет сабақтары мен сыныптан тыс оқу сабақтарын байланыстыра білу мәселесі туады.
    Бұл көркем шығарманың идеялық  -  көркемдік құндылығы, көтерген проблемасының тереңдігі; ауқымы, оқушының қабылдаушылық, қызығушылық қабілеті тұрғысынан сарапқа салынған, мақсаты мен бағыт-бағдары айқындалған сыныптан тыс оқу сабақты басқа да жұмыстармен тығыз ұштастыра жүргізуді міндеттейді. 
                                     Пайдаланылған әдебиеттер
      1. Көшімбаев. А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А, Мектеп, 1992
      2. Бітібаева. Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. Рауан 1997
 3. Жұматаева. Е. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. А. 1999

 
  29-дәріс.
 Үй тапсырмасы және оның түрлері.
Сабақтың жоспары.
1.Үйге тапсырма беру түрлері
2.Үй тапсырмасын те	ксерудің әдіс-тәсілдері
3.Үй тапсырмасымен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің  жауапкершілігі.
Сабақтың мақсаты.Үй тапсырмасының берәлу шарттарын түсіндіру және оны оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескерудегі маңызына тоқталу.
Үй тапсырмасының тәрбиелік және танымдық мәні бар.Үй тапсырмасын тімен білім алуға дағдысы қалыптасады.Сыныптағы алған білімдерін үйде тереңдетеді.Үй тапсырмасын орындау арқылы баланы жауапкершілікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеп,ерік-жігер сапаларын қалыптастырамыз.
Үй тапсырмасына қойылатын талаптар.
1.Үй тапсырмасын бергенде мұғалім оны қандай тиімді әдіс-тәсілдермен орындауға болатындығына нұсқау беруі керек.
2.Үй тапсырмасы оқушының қызығушылығын арттыратындай өмірмен іс-тәжірибемен байланысты болғаны жөн.
3.Үй тапсырмасы оқушының білім деңгейін еске алып берілуі тиіс.
4.Үй тапсырмасының мазмұны біркелкі болмай,әр түрлі болуын қадғалау.
5.Егер оқушы өз материалын жақсы түсінсе,үй тапсырмасын тиянақты орындайды.Үй тапсырмасын бергенде оқушының жас ерекшелігі мен шамасын ескеру керек.
6.Үй тапсырмасын жүйелі түрде тексеріп,бағалап отыру.
7.Үй тапсырмасын бағалау әділетті болу керек.
1.Оқулық бойынша берілетін тапсырмаларға мыналар жатады:
   а.Тақырып бойынша  сұрақтарға жауап.
    ә.Тақырыптарды оқу ,мазмұндау.
    Б.Тақырыптың ең негізгі,түйінді дәнін бөліп ала білу.
    В.Тезис конспекті жасау.
     Г.Өз беттерімен тақырып материалдарын сұрау.
2.Көркем мәтін,көркем туынды бойынша;
  А.Сюжеттік композицялық жоспар жасау
   ә.Аннотатция жасау.
   Б.Жазушы тілін ,стильн талдау.
  В.Кейіпкерлердің сөйлеу тілі ,іс - әрекеттеріне мысалдар алу,оны жауаптарында,не шығармаларында пайдалану.
   Г.Негізгі оқйғаларды сұрыптап ала білу, сол бойынша мазмұндау,не образдардың іс - әрекетін ашу.
 Бұл тәсіл, әсіресе,көлемді шығармаларды оқуда пайдалы.Мысалы, 4 томдық
 `Абай жолы' ,оның бар лық оқйғаларын есте устау - өте қиын. Сондықтан әр 
кітаптың ең негізгі, басты оқйғаларын сұрыптап ала білудің маңызы зор.
                                       Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: "Бір тойым бар" Төлеген Айбергенов
Сабақтың мақсаты: білімділік  -  ақын өмірі мен шығармашылығынан
 мағұлмат беру, өлңді оқып отырып идеялық мазмұнын ұғындыру
Дамытушылық-  өзіндік ой  -  қиялына ерік бере отырып поэзиялық 
шығармаларды талдау дағдысына қалыпттастыру, тілін дамыту ,мәнерлеп оқуға баулу.
Тәрбиелік-жаңа ұрпақ бойына ұлыттық құндыллықты сіңіру, ұлы мұраттар 
жолында еңбек етуге, іздемпазздыққа тәрбиелеу
 Сабақтың түрі :жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ  -  жауап, ойтолғау,шығармашылық ізденіс.Сабақтың
 көрнекілігі: ақын бейнесін, жыр жинақттары бойынша көрме,
 есттелікте,ақынның өзіндік 5 ерекшелігі т.б
Үйге тапсырма: өлеңді оқып келу.

 30- Дәріс.
Оқушылардың білімін бағалау критериі.
Сабақтың жоспары.
1.Оқушы білімін дұрыс бағалаудың маңыздылығы.
2.Бағалаудың тәрбиелік мәні.
       Оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады. Ол әрдайым мұғалімнің назарында болады, педагогикалық процестің тиімділігі мен нәтижелігін көрсетеді. Сондықтан, жалпы оқыту  процесіндегі оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру мен бағалаудың қандай орын алатынын, онда оқыту, дамыту және тәрбие үшін қандай потенциалды мүмкіндіктерді оқу іс-әрекетін белсендіру үшін қалай дамытып , пайдалану керектігін , оқыту жемісті болу үшін нәтижесіне не ықпал ететінін қарастыру қажет. 
       Оқыту нәтижесін тексерудің мәні  -  оқушылардың белгілі бір бағдарлама, пән бойынша білім беру стандартына сай білімді меңгеру деңгейін анықтау. Алайда, қазіргі педагогикада тұтас педагогикалық процесті тексерумен бағалау ұғымдарының ауқымы айтарлықтай кең.  
       Оқытуды бағалау дегеніміз, бір жағынан, мұғалімдер мен мектептердің  жұмыстарын тексерудің әкімшілік-ресми тәртібі, нәтижелерін  басқару шешімдерін қабылдау үшін  қызмет ету. Ал екінші жағынан, оқытуды  бағалау дегеніміз, мұғалімнің оқушылар білімін тексеруі мен бағалауы. Отандық ғылымда  педагогикалық  диагностика атауының қолдану аясы тар және көбінесе тәрбие саласында көбірек қолданылады, онда ол тәрбиелік деңгейдің өлшемі мен талдауын білдіріп, психодиагностикаға  жақындай түседі. Оқыту процесіне қатысты педагогика  диагностикасы  атауын жоғарыда келтірілген мағынада қолданған орынды.  
       Бақылау мазмұнының мәні ерекше. Тексеріске ұшырайтын оқушылардың білім, білік және дағдылары болып есептелінеді. Білімдерден басқа шәкірттердің әлеуметтік және жалпы психологиялық дамуы мектеп жетістіктерін тексерудің мазмұны болып табылады. Мектеп тек білімді қалыптастырып қана қоймай, тәрбиелеп, дамытатын болғандықтан, мектеп жетістіктерін тексеру бағытында жүргізілуі керек. 
       Осылайша тұтас педагогикалық процесте оқу-тәрбие жұмысы нәтижелерін есептеу мен бағалау мұғалімдермен оқушылар қызмет әрекетіндегі құбылыстардың барлық жағын қамтуы керек. 
       Мектептерде педагогикалық қызмет-әрекеттің нәтижелерін есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылау жүйесіне енгізілген. Мектеп ішіндегі бақылау қойылған міндеттерге сәйкес тұтас педагогикалық процеске түзетулер енгізу мақсатында оқу-тәрбие процесін жан-жақты зерттеу мен талдау.Мектеп ішіндегі бақылау жуйесі белгілі бір дидактикалық талаптарға негізделеді. Бақылаудың мазмұны мен әдісіне деген бұл талаптар үйлесімді басқару қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайларды анықтайды. 
       Оқыту процесінің құрамды бөлігінің бірі болып келген  оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің мақсаты оқушылардың оқушылардың оқу жұмысын бағалау мен олардың үлгерімін есептеу. Мұғалімге о.қушылардың білім,білік жане дағдыны толық және сапалы түрде меңгеруі аз. Оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді анықтап, мұғалім оны жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой және практикалық жұмыс тәсілдерін үйретеді. Білім сапасына ерекше мән беріледі, ол мына қасиеттерімен сипатталады. Білімнің толықтығы мен ғылымилығы-белгілі бір оқу пәнінің мектеп бағдарламасына сайкес өзегі болатын негізгі мағлұматтар, түсініктер мен  ұғымдар, ережелер, заңдар,теореалар, білімдерді меңгеру саналылығы-оқушының ғылыми заңдар негізінде фактлерді,құбылыстарды, матерялдық ілем заттарды түсіндіре алу, білімдерді алу ұқсас жағдайларда қолдана алу және білімдер мен іс әрекет әдіс тәсілдерін  жаңа жағдайларға көшіре алуы, білімдер жүйелілігі-жаңа түсініктер мен  ұғымдардың  оқушы санасындағы бұдан бұрын игерген білімдер мен  тығыз байланысы, беріктік-жинақталған білім  саны мен  іс ірекет  ідіс тәсілдерінің оқушы есінде сақталуы.
  Оқушылардың оқуға қатынасы, дербестік еңбекқорлық, ынталық, берілген тапсырманы дер кезінде орындау мен оның сапасына деген жауапкершілік сияқты оқушы жеке тұлғасының басты қасиеттерінің қалыптасуы оқушылардың білімін тексеру мен бағалау қалай жүргізілгеніне байланысты. Осылайша, тексеруге тек бақылайшылыұ қана емес, сонымен қатар, тәрбиелік пен дамытушылық қызметтері де тән. 
  Оқушылар білімінің білік және дағдыларының сапасын бақылау келесі элеметтерден тұрады:
* Білімді қабылдау, мәнін түсіну және есте сақтау деңгейінде тексеру, яғни оқушының сабақта мұғалімнен және өздігінен оқулықты оқығанынан алған білім саны еске түсіре алуын тексеру;
* Білімдерді ұқсас жағдайда қолдану деңгейінде, яғни үлгі бойынша тексеру,
* Білімдерді ойлаудың кейбір дәстүрлі емес элементтерін көрсетуді талап ететін жаңа жағдайды қолдану деңгейінде тексеру.ды бағалау 
Процесс ретінде білім, білік және дағдыларды бағалау жеке оқушыны бақылау барысында жүзеге асырылады.  Бағалаудың шартты көрінісі баға, ол көбінесе балл түрінде болады. Отандық дидактикада бағаның төрт баллдық жүйесі қалыптасқан:
Үлгерім бағасын оқыту сапасы мен оқушылардың танымдық белсенділігінен бөліп қарауға болмайды. Оқушылардың оқып жатқан материялды меңгеру дәрежесіне обьективті және әділ баға берудің маңызы зор болғанмен бағаны оқушыларды оқу іс әрекетіне жәжбүр ету амалына айналдыруға болмайды. 
  Бақылау әдістері  -  оқытудың жетістігі оқу процесінің тиімділігі туралы мағлұмат алу мақсатында оқыту процесінде қарама  - қарсы қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың бірізді , өзара байланысты диагностикалық қызметтерінің жүйесі. Бақылау әдістері оқыту процесі туралы жүйелі толық, нақты және жылдам ақпарат алуды қамтамасыз етулері керек. Бақылаудың мынандай әдістері бар: ауызша бақылау, жазбаша бақылау, тәжірибелік, дидактикалық тесттер, бақылап зерттеу. 
Ауызша бақылау әдістері дегеніміз  -  сұхбат, оқушы әңгімесі, түсіндірме, тексті оқыту, технологиялық карталар, тәжірибе туралы хабарламар.Ауызша бақылаудың негізін монологиялық жауабы немесе мұғалім сұрақ қойып оқушыдан жауап алатын формасы  -  сұхбат құрайды. 
  Жазбаша бақылау әдісі  білімді меңгерудің терең әрі жан  -  жақты тексеруін қамтамасыз етеді., өйткені ол оқушының білімі мен білігін тұтас жиынтығын талап етеді. Жазбаша жұмыста оқушы теориялыұ білімін де, оларды нақты бір міндеттер мен мәселерді шешуде қолдана алуын да көрсету керек. 
  
                            Пайдаланған әдебиетттер тізімі.
* С.Қирабаев <<Мектеп және қазақ әдебиеті>> мектеп 1979ж
* Ж.Қараев <<Білім беру жүйесін ақпараттандыру>>
* Т.Қ. Жұмажанова << Әдебиетті оқыту әдістемесі>>
* Т.Ақшолақов << Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту>>
* <<Педагогика>> Алматы  2003 ж.

         ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ  МАЗМҰНЫ
      1-тәжірибе
5-10 сыныптарда  әдебиетті оқыту методикасы
Сабақтың жоспары:
1.Сабақ және оның жүйесі.
2.Сабақ жоспарының түрі,әзірлеу үлгісі.
Сабақтың мақсаты:Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің пән ретінде қалыптасуы,даму жолдары. Арнайы бағдарламалардың жасалуы. Жаңару кезеңдері.
Мектеп, колледж, университет  -  білім беру мекемелерінің ішіндегі үздіксіз оқу процесін жүргізетін мекемелер. Ондағы басты мақсат  - оқу процесі. Ол жалпы айтқанда оқушы мен мұғалімнің белгілі бір уақыт ішінде бірлесіп жүргізетін жұмысы. Оқу процесі мектепте бір оқу жылын қамтиды, ол оқу жартыжылдықтары мен оқу тоқсандарына бөлінеді.Оқу процесін ұйымдастыруда оқу материалдарын жоспарлау, оны сабақта қабылдатуға, игертуге жағдай туғызу  - басты мәселе болады. Оқу процесін жоспарлауда екі мақсат көзделеді. Бірінщісі  -  бір қалыпты жұмысты ұйымдастыру; бақылап, саралау, бағыт бағдарын айқындау. Мектептегі оқу процесінде үш жоспар жүзеге асырылады.
* Күнтізбелік;
* Тақырыптық;
* Сабақ жоспары.
                                          Қолданылған әдебиеттер
Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру.   /Методикалық нұсқау. А., 1990.
Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.
Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992.
 Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері. -Алматы, 1997.

2- тәжірибе 
Әдебиет пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.
Сабақ жоспары:
1) Пәнаралық байланыс оқыту үдерісіндегі өзекті мәселе
2) Әдебиет пәнінің басқа ғылымдармен байланысы
3)Психология, педагогика ғылымдарымен байланысы
4) Әдістеменің эстетика, тіл білімі, тарих, әдебиеттану ғылымдары-
               Пайдаланылған әдебиетттер
А.Көшімбаев  <<Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>>  
<<Мектеп>> баспасы    Алматы  -  1969 ж
Бейсенбаева А.А.  <<Пәнаралық байланыс  негізінде  оқу процесін ұйымдастыру>>.  Алматы, 1995 
Мұсабеков О.  << Пәнаралық байланысты жүзеге асыру>>.// Қазақстан мектебі , 1989. №13, 49-50 бет
Ж.Жиембаев   << Оқу үрдісін жекелендіру үшін педагогикалық
                                                  

3- тәжірибе	
Сабақ және оған қойылатын талаптар.
Сабақтың жоспары:
1.Сабақтың білімділік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарына көңіл бөлуі.
2.Сабақ талдау үлгілері.
Сабақтың мақсаты:Сабақтың негізгі талдау үлгілері,бөлімдері.Мұғалімнің басты мақсатын айқындау.Жаңа заман талабына сай  - ұзтаз дайындау. 
               Пайдаланылған әдебиетттер

А.Көшімбаев  <<Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>>  
<<Мектеп>> баспасы    Алматы  -  1969 ж
Бейсенбаева А.А.  <<Пәнаралық байланыс  негізінде  оқу процесін ұйымдастыру>>.  Алматы, 1995 
Мұсабеков О.  << Пәнаралық байланысты жүзеге асыру>>.// Қазақстан мектебі , 1989. №13, 49-50 бет
Ж.Жиембаев   << Оқу үрдісін жекелендіру үшін педагогикалық
                                                  
    4- тәжірибе
 Әдебиетті оқыту әдістері
 Сабақтың  жоспары:
       1. Оқытудың ауызекі және көрнекілік әдістері. 
Сабақтың мақсаты:Мектептегі әдебиетті оқытудағы жетекші принциппен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар.Оқу-тәрбие жұмысының негізгі түрі сабақ тиімділігін арттыруды,оның сапасын жақсартуды мақсат етіп қою.
Әдістемелік нұсқау
Сабақты толығымен меңгерсін деген мақсатта Қ.Бітібаева,А.Көшімбаев сынды ғалымдардың әдістемелік нұсқауларын оқуды нұсқадым.
                                                  Пайдаланылған әдебиеттер:
 1.А.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А. Мектеп 1969
  2. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. Рауан. 1997
  3. Е. Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. 1999          
 	
5- тәжірибе
Көркем шығарманы оқыту.
Сабақтың жоспары:
 I.Кіріспе.II.Негізгі бөлім.1.Көркем шығарманы оқыту2.Көркем шығарманы оқытуда баланың жас ерекшілігі.3.Көркем шығармада жаңа технологияны қолдану.
                                                        Әдебиеттер:1. Ақшолақов Т.Қ. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы, 1994ж.2. Ахметов К.К. Әдебиеттану әліппесі. Алматы, 2000ж.3. Әбдіғазиев Б. Шәкәрім Құдайбердиев, творчестволық өмірбаяны /методикалық нұсқау/ Алматы, 1989ж.4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, 1997ж.5. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы, 1997ж.6. Хамзин М.Х. Қазақ романдарын қазіргі кезеңде оқыту мәселелері /оқу-әдістемелік құралы/ Жезқазған, 1993ж.

6- тәжірибе 
Мәнерлеп оқуға төселдіру.
Сабақтың жоспары:
1.Мәнерлеп оқудың түрлері
2.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар.
Сабақтың мақсаты. Әдебиет сабақтарында көркем шығармалармен жұмыс істеуге дағдыландыру.Көркем шығарманы жеткізуде мәнерлеп оқудың атқарар рөлін таныту.
Әдістемелік нұсқау.
Сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға төселдіруді жоғарғы дәрежеде жүргізу үшін  Ә.Қоңыратбаев,А.Көшімбаев сынды методистердің әдістемелік ең бектерін басшылыққа алуды ұсындым.

7 тәжірибе Оқушыларды мәтін талдауға әзірлеу.
Сабақ жоспары:
1.Талдау сабақтарының мазмұны мен әдісі.
2.Талдау сабақтарының формалары 
3.Жазушы және оның стилі.
   Әдістемелік нұсқау: Қазіргі қазақ сыншыларының, әдебиетшілерінің мақала-зерттеулерінде жазушы-ақындардың өздеріне тән творчестволық ерекшеліктері мейлінше аз сөз болады. Классик ақын-жазушыларымыздың шығармалары туралы жазылған бірен-саран монографиялық еңбек, не кейбір жеке мақалаларды айтпасақ, қазақ совет әдебиетінің ірі өкілдерінің өзіне тән творчестволық ерекшеліктері жайлы әлі күнге еш нәрсе жоқ. 

8- тәжірибе 
Шығарма образдарын талдау.
Сабақтың жоспары:
1.Мінездеме жасау жолдары.
2.Шығарманың композициясы мен сюжетін талдау.
Сабақтың мақсаты:Мінездеме жасау жолдары.
Әдістемелік нұсқау: Көркем шығарманы талдау алдымен образдарын топтастырып,оларға дара,салыстырмалы,топтамалы түрде текстологиялық мінездеме беруден басталады.Бұл-талдаудың басты бір буыны.Жоғары сыныптарда образ мінездемесі әдіс,стиль,тарихи шындық,типтілік,жанрлар табиғатына сай жүргізілуі керек.Ол-әрбір образ табиғатын тақырып пен проблемадан,шындықтан туғызып,олардың әрбір повесте,әңгімеде,романда,поэмада қалай көрсетілгенін шығармадан мысал келтіре отырып талдау,мінездеу.

9- тәжірибе
Сабақтың тақырыбы. Теориялық ұғымдарды қалыптастыру.
Сабақтың жоспары
       1.Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту    
        2.Оқу бағдарламасын әр сынып бойынша  әдеби-теория - лық ұғымдар
        3.Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру жолдары
Сабақтың мақсаты:Эпикалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарын үйрету.Халықтың ауыз әдебиеті үлгілерін өз бетімен оқып талдауға баулу.
Әдістемелік нұсқау:Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева,А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
 1.А.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А. Мектеп 1969
  2. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. Рауан. 1997
  3. Е. Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. 1999        
   	
	10- тәжірибе
Сабақтың тақырыбы: 
Кіріспе сабақтар және оның ұйымдастырылуы.
Сабақтың жоспары:
І.Кіріспе сабақтың сабақ үрдісінде алатын орны.
2.Yenйымдастыруға қойылатын әдістемелік талаптар.
Сабақтың мақсаты:  Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыра отырып, кіріспе
сабақтарды қызықты ұйымдастырудың эдіс - тэсілдерін меңгерту.Мұғалімнің біліктілігін
дамыту.
Әдістемелік   нұсқау:   Озат   тәжірибелі   оқытушылардың   іс-тэжірибелерін   жинақтап, еңбектерін оқуды нұсқаймын.

11- тәжірибе
Эпикалық шығармаларды оқыту
        Сабақтың   жоспары:
1.Әдебиет-сөз өнері
2. Ертедегі халық сүйген жанрдың бірі - эпикалық жырлар
3.Терме өнерінің ғибраты
4.С.Қасқабасовтың эпос жайлы өзіндік пікірі
5.Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының  <<Қазақ әдебиетін оқыту әдіс - темесі мен технологиясы>> атты оқулығында эпикалық жанрды оқыту
6.Батырлық жырының оқушыларға әсері
12- тәжірибе.
Драмалық шығармаларды оқыту
Сабақтың жоспары:
1Драмалық шығарманы оқыту.
2.Драмалық шығарманың ерекшелігі және айырмашылығы.
       Әдістемелік нұсқау:  Драмалық шығарманы түсіндіргенде олардың денгейліктерін арыттыру ойын - сауық қойатын жерлердің сахнасында орындап көрсетуге шығарма екенін, текст диолог пен монологқа құрылатын кеиіпкерлер шығарманың басына тізіліп, олардың аты  -  жөні, жынысы кәсіби қызметі мамандығы жыл мөлшері, жақын серігі досы көрсетіледі.
Пайдаланған әдебиеттер.
1.Қазақ тілі мен әдебиет журналы №9 2010жыл
2.Көшімбаев Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.
3.Бітібаиева   Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.

 13- тәжірибе 
Лирикалық шығармаларды оқыту
Сабақтың жоспары:	
      1.Оқылған лирикалық туындыларға олардың көркемдік поетикалық тіл          ерекшеліктерін пайымдай отырып, талдау жұмыстарын жүргізу.
2.Лирикалық шығармаларды оқытуда талда у жұмыстарын жүргізу.
3.СТО оқыту технологиясымен оқыту.
Сабақтың мақсаты.Лирикалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарын үйрету.Поэтикалық тіл ерекшеліктерін пайымдай отырып,өзәндәк  сенуді  қалыптастыру. Лириканы оқытуда оқушылардың жас ерекшелігіне назар аударуы.
                                       
           Пайдаланған әдебиеттер тізімі
* Т.Қ.Жұмажанова <<Әдебиетті оқыту әдістемесі>>
* Қ.Бітібаева <<Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>> 
* А. Көшімбаев <<Қазақ әдебиетін оқыту методикасы>> 
* Т.Ақшолақов <<Қазақ әдебиетін оқыту методикасы>>

14- тәжірибе.
  Жазушылардың өмірі және шығармашылығын оқыту
Сабақтың жоспары:
1.Сабақ барысында ақын жазушылардың шығармашылығын талдау.
2.Танымдық ой-пікірлерді қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Педагогикалық әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқыту.
Әдістемелік нұсқау:
Сабақ барысында ақын-жазушылардың өмірі мен шығапрмашылығын оқытуды жоғарғы дәрежеде жүргізу үшін Қ.Бітібаева сынды методистердің әдістемелік жаңа технологиялармен танысуды нұсқадым.

                  Пайдаланған әдебиеттер
* Бітібаева Қ.    Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары.  Алматы, 1990.
* Жалпы орта білім беретін мектептердің қоғамдық- гуманитарлық бағдарындағы 10-сынып <<Қазақ әдебиеті>> оқу бағдарламасы. Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2006.
* Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. А. 1965.
* Қазақ әдебиеті тарихы Іт. Ікіт.-Алматы,1960.
* Ғабдуллин М. Қазақ халық ауыз әдебиеті.-1974.
* Бердібаев Р. Қазақ эпосы. Алматы,1982.
* Ыбыраев Ш. Эпос әлемі.  - Алматы, 1993.
* Батырлар жыры 1-6т.  - Алматы, 1986-1990.
* Тарихи жыр. Іт. Алматы 1995.


15- тәжірибе
Дәстүрлі сабақ және дәстүрден тыс сабақ түрлері.
Сабақ жоспары:
1. Дәстүрлі сабақ түрлері 
2. Дәстүрлі емес сабақ түрлері 
Әдістемелік  нұсқау: Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері, елдің сана-сезімінде түбегейлі өзгерістер болады. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүние жүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше етуімен қатар, еліміздің ішкі рыногын да әлемдік деңгейге көтереді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласындың алдында да жаңа талаптар пайда болады. Оның дәлелі  -  <<Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы>>. Бұл тұжырымдама еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау қажеттілігінен туындайтын басты бағыт - бағдарды айқындайды. Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесімді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлі оқу жүйесін орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтарынмен жұмыс істеуге көшу  -  қазіргі заман талаптарынан туындап отыр. 

Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмысы шеңберіндегі тапсырмалар (СОБӨЖ)
* Дәстүрлі сабақ және дәстүрден тыс сабақ түрлері //конспект, сабақ жоспары
Өздік жұмысының мақсаты:Дәстүрлі және дәстүрден тыс сабақтың түрлерін оқытуды меңгерту және соған сәйкес методикалық әдіс-тісілдер үйрету.
Әдістемелік нұсқаулық: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы, пән ретінде бағдарламаға енуі жайлы мәліметтерді алу үшін Көшімбаевтың <<Қазақ әдебиетін оқыту методикасы>> еңбегінен алуға нұсқаймын. Қосымша мәліметтерді қазақ әдебиеті сынды мерзімді баспасөз басылымдарынан алуға кеңес беремін. 

* Әдебиетті оқытудың әдіс-тәсілдері // конспек, пікірлесу
Өздік жұмысының мақсаты: студенттердің өзара әдебиетті оқыту әдістемесі туралы өзіндік ой пікірін ортаға салу. Озат ұлттық тәжірибе үлгілерін басшылыққа ала отырып, оқытудың әдістемелері туралы белгілі бір нәтижелі қорытындыға келу.
Әдістемелік нұсқаулық:Сабақты толығымен меңгерсін деген мақсатта Қ.Бітібаева, А.Көшімбаев сынды ғалымдардың әдістемелік нұсқауларын оқуды нұсқадым.

* Жаңа технология түрлері және сабақ үрдісінде қолдану маңызы //Реферат
Өздік жұмысының мақсаты:жаңа технология үлгілерін пайдалана отырып, сабақ жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Әдістемелік нұсқаулық:Қ.Бітібаеваның, А.Көшімбаевтың әдістемелік еңбектерін қарастыру.  Әр жылдағы конференциядағы баяндама жинақтарын, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарын пайдалануға кеңес бердім.

4. Дамыта оқыту технологиясы және сабақ үрдісінде қолдану//Сабақ жоспары,
Өздік жұмысының мақсаты:сабақ үрдісінде дамыта оқыту технологиясын  тиімді қолдану маңызы.
Әдістемелік нұсқаулық:Тақырыпты толықтырып, білімді жетілдіру үшін А,Көшімбаевтың, А.Ақшолақовтың қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазған еңбектерін оқуды нұсқадым.

5.Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту және сабақ үрдісінде  қолдану//Сабақ жоспары
Өздік жұмысының мақсаты: сабақ барысында деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту технологиясын  тиімді қолдану маңызы. Соған орай сабақ жоспарын құруды меңгерту.
Әдістемелік нұсқаулық:
Сабақ барысында ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқытуды жоғарғы дәрежеде жүргізуі үшін Қ.Бітібаева сынды методистердің әдістемелік жаңа технологияларымен танысуды нұсқадым.

6. Модульдік технология арқылы оқыту және сабақ үрдісінде қолдану//Сабақ жоспары
Өздік жұмысының мақсаты: сабақ барысында модульдік оқыту технологиясын  тиімді қолдану арқылы білімділік деңгейді арттыру маңызы. Соған орай сабақ жоспарын құруды меңгерту.
Әдістемелік нұсқаулық:Көркем шығарманы оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева, А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын. Студенттерге мәнерлеп оқуда білім-дағдысын қалыптастыру үшін мәнерлеп оқуды жаңа технологиялармен ұштастыру мақсатында газет-журналдарды пайдалануға кеңес беремін. 

7. СТО бағдарламасы және сабақта қолдануы және сабақ үрдісінде қолдану//Сабақ жоспары
Өздік жұмысының мақсаты: СТО бағдарламасының  сабақта қолдануы және соған сәйкес бағдарлама жасау.

Әдістемелік нұсқаулық: Сабақты толығымен түсінсін деген мақсатта Қ.Бітібаева, А.Ақшолақов, А.Көшімбаевтың <<Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>> еңбектерін оқуды нұсқадым.

8. Озық-тәжірибе үлгілерін сабақта қолдану тәсілдері//Конспект, талдау
Өздік жұмысының мақсаты: озық-тәжірибе үлгілерін сабақта қолданудың тәсілдерін меңгерту.
Әдістемелік нұсқаулық:тақырыпты толығымен таныту мақсатында М.Жанпейісованың, Қ.Бітібаеваның әдістемелік нұсқау еңбектерімен танысып, оқуды нұсқадым

9. Дәстүрлі сабақ және дәстүрден тыс сабақ түрлері //Сабақ жоспары
Өздік жұмысының мақсаты:Дәстүрлі және дәстүрден тыс сабақтың түрлерін оқытуды меңгерту және соған сәйкес методикалық әдіс-тісілдер үйрету.
Әдістемелік нұсқаулық: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы, пән ретінде бағдарламаға енуі жайлы мәліметтерді алу үшін Көшімбаевтың <<Қазақ әдебиетін оқыту методикасы>> еңбегінен алуға нұсқаймын. Қосымша мәліметтерді қазақ әдебиеті сынды мерзімді баспасөз басылымдарынан алуға кеңес беремін. 

10. Көркем шығарманы оқыту және талдау жолдары//Конспект, талдау
Өздік жұмысының мақсаты:Әдебиет сабақтарында көркем шығармалармен жұмыс істеуге дағдыландыру. Көркем шығарманың оқушылардың жас мөлшері, оқу аймағы, алынатын білімінің бағыт-бағдарына сай болу. Көркем шығарманы келістіріп оқуда екпін, кідіріс тағы басқа мәселелерін қарастыру.
Әдістемелік нұсқаулық:Көркем шығарманы оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева, А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын. Студенттерге мәнерлеп оқуда білім-дағдысын қалыптастыру үшін мәнерлеп оқуды жаңа технологиялармен ұштастыру мақсатында газет-журналдарды пайдалануға кеңес беремін.

11. Шығарма жанрларын оқыту (эпикалық, драмалық, лирикалық)// Конспект, талдау
Өздік жұмысының мақсаты: лирикалық, эпикалық, драмалық шығармаларды оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева, А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын. Студенттерге мәнерлеп оқуда білім-дағдысын қалыптастыру үшін мәнерлеп оқуды жаңа технологиялармен ұштастыру мақсатында газет-журналдарды пайдалануға кеңес бердім. 
Әдістемелік нұсқаулық:драмалық, лирикалық, эпикалық шығармаларды оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева, А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын. Студенттерге мәнерлеп оқуда білім-дағдысын қалыптастыру үшін мәнерлеп оқуды жаңа технологиялармен ұштастыру мақсатында газет-журналдарды пайдалануға кеңес беремін.

12. Әдеби кештер мен апталықтар//Кеш жоспары
Өздік жұмысының мақсаты: әдеби кештер мен апталықтарға кеш жоспарын құру және оны өтудің тиімділігі мен маңыздылығы

Әдістемелік нұсқаулық:сабақты толығымен түсінсін деген мақсатта Қ.Бітібаева, А.Ақшолақов, А.Көшімбаевтың <<Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>> еңбектерін оқуды нұсқадым.

13. Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру// Сабақ жоспары
Өздік жұмысының мақсаты:әдебиетте пайдаланылатын әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру арқылы сабақты жоғарғы деңгейде жүргізуді меңгерту.
Әдістемелік нұсқаулық:тақырыпты толықтырып, білімді жетілдіру үшін А,Көшімбаевтың, А.Ақшолақовтың қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазған еңбектерін оқуды нұсқадым.

14. Жазба жұмыс түрлері және бағалау нормалары//Реферат
Өздік жұмысының мақсаты: әдебиет сабағында жазба жұмыстарды өткізудің әдіс-тәсілдері. Жазба жұмыстардың оқушының сөздік қорын молайтуға, еркін сөйлеуге,  сөйлемдегі сөздерді келісімді етіп баяндау сияқты жалпы тәлім-тәрбиелік мәніне тигізетін әсері. 
Әдістемелік нұсқаулық:Қ.Бітібаеваның, А.Көшімбаевтың әдістемелік еңбектерін қарастыру.  Әр жылдағы конференциядағы баяндама жинақтарын, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарын пайдалануға кеңес бередім.

15. Сыныптан тыс жұмыстардың іс-шаралары//Бағдарлама жоспары
Өздік жұмысының мақсаты: Сыныптан тыс жұмыстардың іс-шараларына  бағдарлама жоспарын ұйымдастыру. 
Әдістемелік нұсқаулық: Қ.Бітібаеваның, А.Көшімбаевтың әдістемелік еңбектерін қарастыру.  Әр жылдағы конференциядағы баяндама жинақтарын, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарын пайдалануға кеңес бередім.

Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмысы шеңберіндегі тапсырмалар (СӨЖ)
№1. Әдебиетті оқытудың ауызекі, көрнекілік, тәжірибелік әдістері//талдау
Әдістемелік нұсқау: 
	Қазақ әдебиетін оқытудың ауызекі, көрнекілік, тәжірибелік әдістері  жайлы мәліметтерді алу үшін Көшімбаевтың <<Қазақ әдебиетін оқыту методикасы>> еңбегінен алуға нұсқаймын. Қосымша мәліметтерді қазақ әдебиеті сынды мерзімді баспасөз басылымдарынан алуға кеңес беремін. 

№2. Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде әдебиеттен жан-жақты эстетикалық тәрбие беру//конспект
Әдістемелік нұсқау:
	Сабақты толығымен меңгерсін деген мақсатта Қ.Бітібаева, А.Көшімбаев сынды ғалымдардың әдістемелік нұсқауларын оқуды нұсқадым.
	
№3. Поэзиялық шығармаларды оқытудың педагогикалық және әдістемелі принциптері//реферат
Әдістемелік нұсқау:
	Қ.Бітібаеваның, А.Көшімбаевтың әдістемелік еңбектерін қарастыру.  Әр жылдағы конференциядағы баяндама жинақтарын, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарын пайдалануға кеңес бердім.

№4. Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту//талдау
Әдістемелік нұсқау:
	Тақырыпты толықтырып, білімді жетілдіру үшін А,Көшімбаевтың, А.Ақшолақовтың қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазған еңбектерін оқуды нұсқадым.

№5. Интеграциялап оқыту//сабақ жоспары
Әдістемелік нұсқау:
	Интеграциялап оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева, А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын. Студенттерге мәнерлеп оқуда білім-дағдысын қалыптастыру үшін мәнерлеп оқуды жаңа технологиялармен ұштастыру мақсатында газет-журналдарды пайдалануға кеңес беремін. 

№6. Ақын-жазушылардың өмірбаянын оқыту жолдары//сабақ жоспары
Әдістемелік нұсқау:
	Сабақ барысында ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқытуды жоғарғы дәрежеде жүргізуі үшін Қ.Бітібаева сынды методистердің әдістемелік жаңа технологияларымен танысуды нұсқадым.

№7. Көркем шығарманы оқыту және мәнерлеп оқуға төселдіру//конспект
Әдістемелік нұсқау:
	Сабақты толығымен түсінсін деген мақсатта Қ.Бітібаева, А.Ақшолақов, А.Көшімбаевтың <<Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі>> еңбектерін оқуды нұсқадым.

№8. Шығармамен жұмыс жүргізу. Түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру жолдары//талдау
Әдістемелік нұсқау:
Тақырыпты толығымен таныту мақсатында М.Жанпейісованың, Қ.Бітібаеваның әдістемелік нұсқау еңбектерімен танысып, оқуды нұсқадым.

№9. Шығарманың идеясы мен образдарын талдау//сабақ жоспары
Әдістемелік нұсқау:
А.Жанпейісованың әдістемелік еңбегін қарастыру. Мерзімді баспасөз басылымдарын пайдалануға кеңес беремін.

№10.Драмалық шығармаларды оқыту//сабақ жоспары
Әдістемелік нұсқау:
	Драмалық шығармаларды оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева, А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын. Студенттерге мәнерлеп оқуда білім-дағдысын қалыптастыру үшін мәнерлеп оқуды жаңа технологиялармен ұштастыру мақсатында газет-журналдарды пайдалануға кеңес беремін. 

№11.Лирикалық шығармаларды оқыту.//сабақ жоспары
Әдістемелік нұсқау:
	Лирикалық шығармаларды оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева, А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын. Студенттерге мәнерлеп оқуда білім-дағдысын қалыптастыру үшін мәнерлеп оқуды жаңа технологиялармен ұштастыру мақсатында газет-журналдарды пайдалануға кеңес беремін. 

№12. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу//реферат
Әдістемелік нұсқау:
	Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулудың оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева, А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын. Студенттерге мәнерлеп оқуда білім-дағдысын қалыптастыру үшін мәнерлеп оқуды жаңа технологиялармен ұштастыру мақсатында газет-журналдарды пайдалануға кеңес беремін. 

№13. Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттыру, оқырмандар конференциясын ұйымдастыру//аікірлесу
Әдістемелік нұсқау:
	Қ.Бітібаеваның, А.Көшімбаевтың әдістемелік еңбектерін қарастыру.  Әр жылдағы конференциядағы баяндама жинақтарын, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарын пайдалануға кеңес бередім.

№14. Әдебиет сабағындағы көрнекілік түрлері//дидактикалық материал
Әдістемелік нұсқау:
Тақырыпты толығымен таныту мақсатында М.Жанпейісованың, Қ.Бітібаеваның әдістемелік нұсқау еңбектерімен танысып, оқуды нұсқадым

№15. Қайталау, қорытынды сабақтарын өткізу жолдары//сабақ жоспары
Әдістемелік нұсқау:
	Тақырыпты толықтырып, білімді жетілдіру үшін А,Көшімбаевтың, А.Ақшолақовтың қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазған еңбектерін оқуды нұсқадым.

Пәндер