Файл қосу
Есепті талдау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-14.01.20.168/02-2013 ПОӘК <<Математиканы оқыту әдістемесі>> пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар 02.09.13 ж. №1 басылым 5В010200 - <<Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі>> мамандығы үшін <<Математиканы оқыту әдістемесі>> ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2013 1 ӘЗІРЛЕГЕН Құрыстырушы __________ <<___>>_____________ 2013ж. Абдуалиева К.К., <<Математика және математиканы оқыту әдістемесі>> кафедрасының аға оқытушысы 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1<<Математика және математиканы оқыту әдістемесі>> кафедра отырысында <<____>> _______________ 2013__ж., № ___хаттама. Кафедра меңгерушісі ______________ О.М. Жолымбаев 2.2 физика - математика факультетінің оқу - әдістемелік бюросының отырысында <<____>> _______________ 2013__ж., № ___хаттама ОӘБ төрағасы ______________ Батырова К. 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлдаған және ұсынылған <<____>> _______________ 2013__ж., № ___хаттама ОӘК төрағасы ______________ Г. К. Искакова 4 АЛҒАШ РЕТ ЕҢГІЗІЛДІ Мазмұны 1 Глоссарий 4 2 Лекциялар 6 3 Практика сабақтары 4 Студеттің өздік жұмысы <<Математиканы оқыту әдістемесі>> пәнінең ГЛОССАРИЙ Деректі сандар Олар есепте берілген сандардың арасындағы қатынастарды сипаттайды: шамалардың мәндері, жиындардың сандық сипаттамалары, олардың арасындағы сандық қатынастар. Есеп Бізді қоршап тұрған дүниеде сандармен байланысты болатын және оларға арифметикалық амалдарды қолданатындай шексіз көп тұрмыстық жағдайлар бола береді, - бұл есеп (Бантова М.А.). Есеп - бір жағдаяттың қандай да бір құрамдас бөлігінің сандық сипаттамасын беруді қарапайым тілде сипаттау, оның бөліктері арасында кейбір байланыстардың немесе осы қатынас түрлерінің болуын немесе (Оспанов Т.К.) Бізді қоршаған ортада сандармен байланысты көптеген нақты өмірдегі жағдаяттар туындайды және олармен арифметикалық амалдар қолдану талап етіледі - бұл есеп. Есепті иллюстрациялау Есепке енетін шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлу үшін, сондай - ақ олардың арасындағы байланысты тағайындау үшін көрнекілік құралын пайдалану. График түріндегі иллюстрация Бұл <<кесінді>> түріндегі иллюстрация (шамалар ұзындық бірліктерімен немесе шамалар арасындағы қатынастар берілген есептерді). Заттық иллюстрация Иллюстрация ретінде есепте сөз болып отырған не нәрселердің өзі немесе олардың суреттері пайдаланылады. Схемалық иллюстрация Шамалар, сандар (деректер мен ізделінді) және олардың арасындағы байланысты қолайлы түрде көрсетуге болатын есептің қысқаша жазылуы. Есептің мазмұнымен танысу Оны оқып шығып, онда келтірілген жайттардың өмірде болатын ситуацияларын көз алдына келтіру. Есептің сұрағы - есептің талабы, қорытынды Бұл ізделінді не болатынын көрсету. Қандай сан ізделіп отырғанын көрсетеді. Есепті талдау Мұғалім әрбір дербес жағдайда балаларға арифметикалық амалдарды дұрыс және саналы түрде таңдап алатындай сұрақтар қоятып арнайы әңгіме. Аналитикалық талдау Шешуді есептің негізгі сұрағынан шартына қарай іздеу жолы. Синтетикалық талдау Деректер мен ізделінді арасындағы байланысты тағайындауда деректерден негізгі сұраққа қарай іздеу. Есептің шарты Есептің бір бөлігі, мұнда объект пен оны сипаттайтын кейбір шамалар, шамалардың белгілі және белгісіз мәндері, шамалар арасындағы қатынастар туралы мәліметтер беріледі, яғни шартында сандар (берілген деректер және ізделінді) және сәйкес арифметикалық амалдар таңдауды анықтайтын берілген және ізделінді сандар арасындағы байланыс қамтылады. Берілген сандардың арасындағы, сондай-ақ берілген сандар мен ізделіп отырған сандар арасындағы баланыс көрсетілетін есептің бір бөлігі. Бұл байланыстар сәйкес арифметикалық амалдарды қалай таңдап алуды анықтайды. Есепті шешу Шығару жоспарын жасағанда таңдап алған арифметикалық амалдарды орындау. есепті шешудің алгебралық тәсілі Есепті теңдеу құрып шығару есепті шешудің арифметикалық тәсілі Есепті арифметикалық амалдарды қолдану арқылы шешу есепті шешудің графикалық тәсілі Есепті чертеждың көмегімен шешу, кесінділер салу арқылы есепті шешудің практикалық тәсілі Заттармен әрекеттер жасау арқылы есепті шешу Есепті шешуін тексеру Оның дұрыстығын не қателігін анықтауу. Есепті шығару Есептің шартында берілген мәліметтер мен ізделінді арасындағы байланысты ашып көрсету, соны негізге алып арифметикалық амалдарды таңдап алу, содан кейін орындау керек және есептің сұрағына жауап беру болып табылады. бұл есептің шартындағы берілген деректер мен ізделінді шама арасындағы байланысты ашу, ненің негізінде таңдау, соған сәйкес арифметикалық амалдар орындау және есептің сұрағына жауап беру, яғни есептің нақты мазмұнынан математикалық модельге (өрнек, теңдеу) көшуді жүзеге асыру - жағдаятты цифрлар мен таңбалар тілінде сипаттау, яғни табиғи тілден математикалық тілге ауысу. Жай есептер Бір амалмен шығарылатын есеп. Кері есеп Берілген есептегі белгілі белгісіз, ал белгісіз белгілі болатын есеп. Кері есептер Мазмұны мен сандары ұқсас, бірақ біріншіде белгілі болған дерек екіншіде белгісіз, бірінші есепте белгісіз болған дерек біріншіде белгілі болады. Құрама есеп Өзара байланысты екі немесе одан да көп амалмен шығарылатын есеп. Өзара кері есептер Мәтіні мен сандары ұқсас, өзара бір-біріне кері болатын үш есеп. Шығару жоспары Қандай да бір амалды орындау арқылы нені білетінімізді түсіндіру және арифметикалық амалдарды орындау ретін анықтау. Ізделінді сан Ізделіп отырған белгісіз шаманың мәні Лекция №1 Есеппен және оның құрамымен таныстыру Мақсаты: Мәтінді есеп және оның құрамы туралы түсінік қалыптастыру; Кіші жастағы оқушыларды есеп және оның құрамы мен таныстыру әдістемесін білу; Есеп туралы түсінік қалыптастыруға және оның құрамы мен таныстыруға, есепті <<есеп еместен>> ажыратуға және <<есеп еместі>> есепке айналдыруға үйретуді білу. + Арифметикалық есеп және оның құрамы. 1.2 Есептердің түрлері. 1.3 Есеппен және оның құрамымен таныстыру. 1.1.1 Арифметикалық есеп Есеп математикалық жаттығудың ерекше түрі. Есеп деген не? Бізді қоршап тұрған дүниеде сандармен байланысты болатын және оларға арифметикалық амалдарды қолданатындай шексіз көп тұрмыстық жағдайлар бола береді, - бұл есеп [1, б.185]. Есеп - бір жағдаяттың қандай да бір құрамдас бөлігінің сандық сипаттамасын беруді қарапайым тілде сипаттау, оның бөліктері арасында кейбір байланыстардың немесе осы қатынас түрлерінің болуын тағайындау - бұл арнайы ерекше математикалық жаттығу [2, б.105]. Бізді қоршаған ортада сандармен байланысты көптеген нақты өмірдегі жағдаяттар туындайды және олармен арифметикалық амалдар қолдану талап етіледі - бұл есеп [2, б.105]. Есептерде берілген және ізделіп отырған сандар бар. Берілген немесе деректі сандар. Олар есепте берілген сандардың арасындағы қатынастарды сипаттайды: шамалардың мәндері, жиындардың сандық сипаттамалары, олардың арасындағы сандық қатынастар. Ізделінді сан. Ізделіп отырған белгісіз шаманың мәні. Ізделінді сандар - жас натуралистерге бөлінген ағаштарының жиын саны; машинаның жүрген жолы; екінші бөлігі үшін түсім түсірген ақша; азайтқыш. 1.1.2 Есептің құрамы Әр есептің сұрағы мен шарты бар. Олар есептің негізгі элементтері. Шарты - есептің бір бөлігі, мұнда объект пен оны сипаттайтын кейбір шамалар, шамалардың белгілі және белгісіз мәндері, шамалар арасындағы қатынастар туралы мәліметтер беріледі, яғни шартында сандар (берілген деректер және ізделінді) және сәйкес арифметикалық амалдар таңдауды анықтайтын берілген және ізделінді сандар арасындағы байланыс қамтылады [2, б.105]. Шарты Берілген сандардың арасындағы, сондай-ақ берілген сандар мен ізделіп отырған сандар арасындағы баланыс көрсетілетін есептің бір бөлігі. Бұл байланыстар сәйкес арифметикалық амалдарды қалай таңдап алуды анықтайды [1, б.185]. Есептің сұрағы - есептің талабы, қорытынды - бұл ізделінді не болатынын көрсету[2, c.106]. Есептің талабы - қандай сан ізделіп отырғанын көрсетеді[1, б.185]. Ол сұрақ (тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең?) немесе бұйрық түрінде (тік төртбұрыштың ауданын тап) беріледі, немесе сұрақ есептің шартында енеді. Есептің құрамына шарты, сұрағы, шешуі, тексеруі және жауабы кіреді. Есепті шығару - есептің шартында берілген мәліметтер мен ізделінді арасындағы байланысты ашып көрсету, соны негізге алып арифметикалық амалдарды таңдап алу, содан кейін орындау керек және есептің сұрағына жауап беру болып табылады [1, c.185]. Есепті шығару - бұл есептің шартындағы берілген деректер мен ізделінді шама арасындағы байланысты ашу, ненің негізінде таңдау, соған сәйкес арифметикалық амалдар орындау және есептің сұрағына жауап беру, яғни есептің нақты мазмұнынан математикалық модельге (өрнек, теңдеу) көшуді жүзеге асыру - жағдаятты цифрлар мен таңбалар тілінде сипаттау, яғни табиғи тілден математикалық тілге ауысу [2, c.106]. Есепті шешу - шығару жоспарын жасағанда таңдап алған арифметикалық амалдарды орындау [1, c.197]. Есепті шешуін тексеру - Оның дұрыстығын не қателігін анықтау [2, c.120]. 1.2 Есептердің түрлері Барлық арифметикалық есептер, оларды шешу үшін орындалатын амалдар санына қарай, жай есептерге және құрама есептерге бөлінеді. Бір ғана амалмен орындалатын есеп жай есеп деп аталады. Шығару үшін өзара байланысты бірнеше амал орындалатын есеп құрама есеп деп аталады. Жай есептерді, не оларды шығару үшін қолданылатын амалдарға (қосу, азайту, көбейту, бөлу амалымен шығарылатын жай есептер), немесе оларды шығару үстінде қалыптасатын түсініктерге байланысты түрлерге бөлуге болады. Құрама есептер үшін классификациялаудың белгілі бір топтарға бөлуге мүмкіндік беретіндей негізі жоқ. Алайда методикалық тұрғыдан алғанда барлық әр түрлі есептерден не математикалық құрлысы жағынан ұқсас (қосындыны санға бөлу), не шешу тәсілі жағынан ұқсас (тұрақты шаманың мәнін табу тәсілімен шығарылатын есептер), не нақты мазмұны жағынан ұқсас (қозғалысқа байланысты есептер). Бастауыш мектепте жай есептер және 3-4 амалмен шығарылатын құрама есептер қарастырылады. Арифметикалық есептермен тығыз байланыста есеп - сұрақтар деп аталатын жаттығулар болады. Есеп - сұрақтарда шарты да, сұрағында болады. Алайда есептен айырмашылығы - есеп - сұрақты шығару үшін берілген шамалар мен ізделіп отырған шамалар арасындағы сәйкес байланыстарды тағайындаса жеткілікті, ал арифметикалық амалдарды орындаудың керегі жоқ. Мысалы: <<Екі поселкеден бір мезгілде бір-біріне қарсы велосипедші мен мотоциклші шықты. Олар 36 минуттан кейін кездесті. Кездескенге дейін олардың әрқайсысы қанша уақыт жолда болды?>> 1.3 Есеппен және оның құрамымен таныстыру <<Есеп>> ұғымымен танысу бірінші сыныпта басталады. <<Есеп>> термині остенсивті (көрсету арқылы) түрде енгізіледі. 1.3.1. (М-1, 54-бет). Оқы: <<Қорапқа Дана 3 шар, ал Сара 2 шар салды. Қораптағы барлық шар нешеу?>>. Бұл - есеп. Шарты: Қорапқа Дана 3 шар, ал Сара 2 шар салды. Сұрағы: Қораптағы барлық шар нешеу? Шешуі: 3+2=5 Жауабы: Барлығы 5 шар. <<Есеп>> ұғымын және есептің құрамы жайындағы білімді бекіту үшін <<есеп еместі>> есепке айналдырумен байланысты жаттығулар орындаған пайдалы. 1.3.2. (М-1, 62-бет). Оқы: <<Қорапта 4 қарындаш бар, ал үстелдің үстінде 2 қарындаш жатыр. Барлығы неше қарындаш бар?>> <<4 және 2 сандары қосындысының мәні нешеге тең?>> - Осылардың қайсысы есеп. Неліктен? (Біріншісі, өйткені мәтінімен берілген, нақты жағдаят сипатталған, сұрағы бар, амал орындалады). Осындай жаттығулар орындау нәтижесінде оқушылар - есептің мазмұнында міндетті түрде өмірдегі жағдаяттар болуы керектігін; - есепте кемінде екі санның мәні болуын; - сұрақсыз есеп болмайды, онда санды табуды талап етіледі; - есептің шарты мен сұрағы оз ара байланысты болуың меңгеріп алулары керек. Негізгі ұғымдар: Арифметикалық есеп, деректі және ізделінді сандар, есептің құрама бөліктері: шарты, сұрағы, шешуі, тексеру, жауабы, жай және құрама есептер. Тексеру сұрақтары: * Мәтінді есептің анықтамасын бер. * Есеп қандай құрама бөліктерден тұрады? * Есептің шарты, сұрағы, шешуі, тексеру, деректі және ізделінді сандарға анықтама бер. * Есепке және оның құрама бөліктеріне қандай талаптар қойылады? * Есептерді қандай белгілеріне қарап классификациялауға болады? * Қандай есептерді жай, ал қандай есептерді құрама есеп деп айтады? Әдебиеттер: 1. Бантова М.А., Бельтюкова Т.В., Полевщикова А.М. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы.- Мектеп, 1978, 185-бет. 2. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтар бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы: <<Атамұра>>, 2005, 104-бет 3. Оспанов Т.Қ., Ш.Х. Құрманалина, С. Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі . - Астана: Фолиант, 2003, 240-бет. 4. Оспанов Т.К. және т.б. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған оқулық. - Алматы: Атамұра, 2012, 54- бет. Практикалық сабақтардың жоспары Сабақ №1 Бастауыш математикалық білім берудің мемлекеттік стандартына шолу. * Мектепалды дайындық, мектептің бастауыш және орта сатыларындағы математика бағдарламаларына талдау. * Математиканы оқытудағы пәнішіндік және пәнаралық байланыс.Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына анализ жасау. әдебиеттер: [1], [3]. қосымша әдебиеттер: [10], [11], [12]. Сабақ №2 Дайындық кезеңі ұғымдарына талдау жасау * Дайындық кезенінің оқыту міндеттері * Оқыту әдістемесі: 2.1. Оқышулардың мектепке дейіңгі кезеңде алған қарпайым ББД айқындау, жүйелеу және толықтыру. 2.2. Дәптермен жұмыс істеу. әдебиеттер: [3], [4], [7]. қосымша әдебиеттер: [10], [11], [12]. Сабақ №3-5 Нумерация ұғымдарына талдау жасау 1.Оқыту міндеттері. 2.Оқыту әдістемесі: + Он көлеміндегі сандар нумерациясы. + Жүз көлеміндегі сандар нумерациясы. + Мың көлеміндегі сандар нумерациясы. + Көп таңбалы сандар нумерациясы. әдебиеттер: [3], [4], [7]. қосымша әдебиеттер: [10], [11], [12]. Сабақ №6 <<Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері>> ұғымдарына талдау жасау 1. Оқыту міндеттері. 2. Оқыту әдістемесі: 2.1. Қосу мен азайту амалдарының мән-мағынасымен таныстыру. 2.2. Қосу мен азайтудың өзара кері амалдар екендігі жөнінде түсінік қалыптастыру. 2.3. Қосудың қасиеттері. 2.4. Көбейту мен бөлу амалдарының мән- мағынасымен таныстыру. 2.5. Арифметикалық амалдары арасындағы байланыс. 2.6. Көбейтудің қасиеттері. әдебиеттер: [3], [4]. қосымша әдебиеттер: [10], [11], [12]. Сабақ № 7-8 <<Есептеу тәсілдері>> ұғымдарына талдау жасау * Кестелік қосу және азайту. * Ауызша қосу және азайту тәсілдері. * Кестелік көбейту * 0, 1, 10, 100 сандарын көбейту мен бөлудің ерекше жағдайлары * Көбейту мен бөлудің ауызша тәсілдері әдебиеттер: [3], [4]. қосымша әдебиеттер: [10], [11], [12]. Сабақ №9 <<Шамалар>> және <<Үлестер>> ұғымдарына талдау жасау * Ұзындық және оның өлшем бірліктері туралы ұғым қалыптастыру. * Масса және оның өлшем бірліктері туралы ұғым қалыптастыру. * Уақыт және оның өлшем бірліктері туралы ұғым қалыптастыру. * Фигураның ауданын өлшеу біліктерін қалыптастыру. 5. Шамалар үлестері және оларды салыстыру. 6. Бөлшек ұғымы. Бөлшектерді салыстыру. 7. Бөлшектерге қолданылатын арифметикалық амалдар. әдебиеттер: [3], [4]. қосымша әдебиеттер: [11], [10], [12]. Сабақ №10 <<Жай және құрама есептер>> тақырыбының негізгі ұғымдарына логикалық-дидактикалық талдау жасау * Есеп және оның құрамы. Есептің міндеттері. * Есепті шешудің жалпы тәсілдерін үйрету. * Жай есеппен жұмыс істеу әдістемесі. * Өзара кері есептер жүйесін игеру. * Құрама есептерді шеше алу білігін қалыптастыру. әдебиеттер: [3], [4]. қосымша әдебиеттер: [10], [11], [19], [12]. Сабақ №11 Құрама есептерді шығару кезінде оқушылардың іс әрекетін үйымдастыру Құрама есептерді шығару. әдебиеттер: [3], [4]. қосымша әдебиеттер: [10], [11], [19], [12]. Сабақ №12 Алгебралық ұғымдарға логикалық-дидактикалық талдау жасау * <<Теңдік>> және <<теңсіздік>> ұғымдарымен таныстыру. * Санды және әріпті өрнек. * Қарапайым теңдеулерді шешудің тәсілдері. әдебиеттер: [3], [7], [4]. қосымша әдебиеттер: [11], [19], [12]. Сабақ №13 Геометриалық ұғымдарға логикалық-дидактикалық талдау жасау * Геометриялық фигуралармен және олардың элементтерімен таныстыру. * Көпбұрыштың периметрі ұғымын калыптастыру. * Геометриялық фигураларды әріптермен белгілеу. әдебиеттер: [3], [6], [4]. қосымша әдебиеттер: [11], [19], [12]. Сабақ №14 Қарапайым геометриялық салулар Салу құралдардың: сызғыш, транспортир, циркульдың көмегімен геометриялық фигураларды салу. әдебиеттер: [3], [4]. қосымша әдебиеттер: [11], [12]. Сабақ №15 Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың іс-әрекетін үйымдастыру технологиясы 1. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, олардың ерекшіліктері, математика сабағымен байланысы. әдебиеттер: [3], [4]. қосымша әдебиеттер: [11], [19], [16], [12]. Студенттердің өздік жұмыстары 1 - тақырып 1-4 сыныптарда математиканы оқыту бағдарламаларына талдау Мақсаты: - бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың ерекшеліктерін, мақсаттары мен міндеттерін, бастауыш математика курсының мазмұнын және оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптарын білу. Құрал - жабдықтар: Жалпы білім беретін мектептің 1 - 4 сыныптарына арналған математиканы оқу бағдарламасы Өз бетімен орындауға арналған тапсырма: 1 - 4 сыныптарына арналған математиканы оқыту бағдарламаларына талдау Тексеру формасы: Ауызша хабарлама Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: 1. Бастауыш математиканы оқыту бағдарламасының құрылысы: неше және қандай біліктерден тұрады. 2. Түсініктемеге талдау жасау: бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың ерекшеліктері, мақсаттары мен міндеттері, оқыту мазмұнына сипаттама. 3. Математикалық білім мазмұнынының сыныпаралық бөлінуі. 4. Оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар: міндетті және мүмкіндік деңгейлері. Әдебиеттер: 1. Математикадан жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы. Алматы, 2003 г. 2. Акпаева А.Б., Лебедева Л.А., Буравова В.В. Математикадан 12-жылдық білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқу - әдістемелік топтама. - Алматы: <<Алматыкітап>> 2003-2006. 3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы: <<Атамұра>>, 2005 4. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж. 2 - тақырып Бастауыш мектепке арналған математика оқулықтарын талдау Мақсаты: - Бастауыш мектепке арналған математика оқулықтарының ерекшеліктерін және құрамын білу Құрал - жабдықтар: Жалпы білім беретін мектептің 1 - 4 сыныптарына арналған математика оқулықтары, №1, №2 математика дәптерлері. Өз бетімен орындауға арналған тапсырма: 1 - 4 сыныптың математика оқулықтарына талдау жасау Тексеру формасы: Тақырып бойынша ауызша хабарлама Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: * Оқулықтың мазмұнына кіретін негізгі идеялар мен принциптер. * Оқулықтың структурасы: негізгі бөлімдері, бөлімдердің оқу бағдарламасымен байланысы, материалдардың топтастырылуы, пәнаралық және пәнішіндік байланысты жүзеге асыру. * Оқулықтың көрнекілік аппараты: жаттығулардың әр түспен берілуі, шартты белгілеулер, материалдың орналасуы. Оқулықтың оқу бағдарламасының негізгі үғымдарын ашуы. * Бастауыш оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты оқулықтың безендірілуі және мазмұнының сәйкестігі. * Оқулықтың бағыттылығы - оқыту мен тәрбиелеуді өзара байланыста жүргізуге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамытуға және дамыта оқытуды жүзеге асыруға арналған материалдар. * Оқулықтың иллюстрациялары: сурет мазмұнының қоршаған ортамен байланысы; оқушыларды еңбектің қарапайым түрлерімен таныстыруға және тәрбие тақырыбында әңгіме құрастыруға болатындай мүмкіндік жасау мақсатымен оқулықтың қосар бетіндегі сурет мазмұнынын ортақ тақырыпқа сәкестендіруі; сурет мазмұнының жыл мезгілдеріне, мемлекеттік және ұлттық мейрамдарына сәкестігі. * Оқулықтың баспа негіздегі <<Математика дәптерімен>> байланысы, оның безендірілу ерекшелігі. Әдебиеттер: 1. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1- 4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, <<Атамұра>>, 2001-2004. 2. Акпаева А.Б., Лебедева Л.А., Буравова В.В. Математика: 12-жылдық жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған (байқау нұсқа). - Алматы: <<Алматыкітап>> 2003-2006. 3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы: <<Атамұра>>, 2005 4. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж. 5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған №1, №2 Математика дәптерлері. - Алматы, <<Атамұра>>, 2005. 3 - тақырып Бастауыш сыныптағы математика сабағының жоспарын жасау Мақсаты: - Сабақ жоспарына қойылатын әдістемелік талаптарды білу. Құрал-жабдықтар: бастауыш сыныптағы математика пәнінен сабақ жоспарының үлгілері, 1 - 4 сыныптарға арналған математика оқулықтары. Өз бетімен орындауға арналған тапсырма: Математика пәнінен сабақ жоспарын құру СОӨЖ нәтижелері мен тексеру формасын анықтау: СОӨЖ-де дайындалған сабақтардың жоспарын <<Сабақ үзінділерін өткізу және талдау>> тақырыпты СОӨЖ сабағында пайдалану. Тексеру формасы - сабақ жоспарын ауызша қорғау. Тапсырманы орындаудағы арналған әдістемелік нұсқаулар: Сабақ жоспарын құру үшін, сабақтың негізгі типтерінің құрылымын, бастауыш сыныптардағы математика сабағының өзіндік ерекшеліктерін және математика сабағына қойылатын негізгі талаптарды білу қажет. 3.1 Сабақтың негізгі типтерінің құрылымы Сабақ - уақыт мөлшері шектелген, жұмыс жоспары және қатысушылардың құрамы нақты анықталған ағымды оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Негізгі дидактикалық мақсатқа байланысты сабақтың бірнеше типін бөліп көрсетуге болады: жаңа материалды оқып үйрену сабағы; білім, білік және дағдыларды бекіту сабағы; бақылау және ББД түзету сабақтары. Егер сабақтың тең шамалас бірнеше дидактикалық мақсаттары болса, онда мұндай сабақтарды аралас сабақтар деп айтады. Бастауыш сыныптарда жиі қолданылатын аралас сабақтар, ол кіші жастағы оқушылардың және математиканың бастауыш курсын құру ерекшіліктерімен түсіндіріледі. Аралас сабақтың құрылымы әр түрлі болуы мүмкін: * өткенді қайталау және өтілген материал бойынша білімдерін тексеру; * жаңа материалды оқып-үйрену; * осы материалды бекіту; * үйге тапсырма беру, немесе * жаңа материалды оқып-үйрену; * жаңа материалды және бұрын игерілген білімді бекіту; * үйге тапсырма беру; * келесі тақырыпты игеруге дайындық жұмысы. Жаңа материалды оқып үйрену сабағы Бастауыш сыныптарда жаңа тақырыпты оқытуға арналған арнайы сабақтар жоқ. Бірақ кейбір сабақтарда, жаңа тақырыпты оқыту негізгі дидактикалық мақсат болып табылады. Мұндай типтік сабақтың құрылымы мынадай болуы мүмкін: 1. Оқушыларды ұйымдастыру: сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау; * Жаңа материалды оқытуға даярлау; * Жаңа материалмен таныстыру; * Оқытылған материалды алғаш бекіту; * Үйге тапсырма беру; * Өтілген сабақты қорытындылау. Білімді бекіту сабағы Бұл типті сабақтардағы негізгі орын оқушылардың түрлі машықтандырушы жаттығулар мен шығармашылық жұмыстар орындауына беріледі. Осы сабақтарда оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне зор көңіл бөлінеді. Бұл сабақтардың құрылымы мынадай болуы мүмкін: * Үй тапсырмасын тексеру. * Оқып үйреніліп отырған материалды қайталау мен бекіту (өздік жұмыстары). * Орындалған тапсырмаларды тексеру, қорытындылау. * Үйге тапсырма беру. Білімді бақылау және тексеру сабағы Бұл сабақтарда негізгі орын оқып үйренілген материалды ауызша және жазбаша тексеруге бөлінеді. 3.2 Бастауыш сыныптағы математика сабағының ерекшеліктері Бастауыш сыныптағы математика сабағының өзіндік ерекшелігі бар: * Бір сабақта әр тараудың материалдары қарастырылады, яғни арифметикалық материалмен бірге алгебраның және геометрияның элементтері, есептерді шығару және салыстыру, дамытушылық және шығармашылық тапсырмалар қарастырылады. * Теориялық және практикалық сұрақтар бір-бірімен байланыса қарастырылады. * Кіші жастағы оқушыларда көрнекі - образдық ойлау басым болғандықтан және зейін әлі толық тұрақтанбағандықтан, материалдың абстрактілі сипаты көрнекі құралдарды, оқытудың тиімді тәсілдерін ірктеуді қажет етеді. * Сабақтарда оқытудың ойын және қызықты тапсырмалар түрлері қолданылады. * Оқушының іс - әрекетін өз деңгейінде басқару үшін материалдың меңгерілуіне және білімдегі олқылықтарды жою мақсатында саралап оқытуды жүзеге асыру барысына үнемі бақылау жасалады. * Сабақтың барлық кезеңдері мақсатты түрде таңдалынылып алынған жаттығуларды орындау арқылы іске асып отырады. 3.3 Математика сабағына қойылатын негізгі әдістемелік талаптар 1. Сабақтың тақырыбын анықтау. * Сабақтың мақсатын анықтау: білімділік, тәрбиелік, дамытушылық. * Сабақтың құрылымын және әр кезеңнің міндеттерін анықтау. * Сабақтың білімділік мақсатына және әр кезеңнің міндеттеріне сәйкес оқыту материалын таңдау. * Оқушылармен жұмыс істеудің әдісі - тәсілдерін анықтау. * Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдерін анықтау. * Оқыту құралдарын таңдап алу (оқулық, дидактикалық немесе таратпа материалдар, көрнекіліктер). * Сабақтың материалын айқындап беретін жаттығулар жүйесі белгіленеді. * Үй тапсырмасын орындауға арналған нұсқаулар және сабақтың қорытындысын үйымдастыру формасы. Осылардың нәтижесінде сабақ жоспары белгіленеді - сабақтың негізгі бөліктері, олардың реті, орындалу уақыты анықталады. Осының бәрі сабақтың жазбаша толық жоспарында жазылады. Сабақтың жоспары - мұғалімнің сұрақтары және тапсырмалары, сонымен қатар оқушылардың шамамен беретін жауаптары жазылған толық жоспар. Әдебиеттер: 1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, <<Просвещение>>, 1976 ж. 2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж. 3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы: <<Атамұра>>, 2005 4. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, <<Атамұра>>, 2001-2004. 5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сыныптар- Алматы, <<Атамұра>>, 1997-2000. 6. Средства обучения математике в начальной школе. Составитель: М.И. Моро, А.М. Пышкало. - М.: <<Просвещение>>, 1981г. 7. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация самостоятельной работы студентов по теме <<Нумерация чисел первого десятка>>. - Семей, 2009. 4 - тақырып Сабақ үзінділерін өткізу және талдау Мақсаты: - Сабақты талдауға қойылатын талаптарды білу; - Қатысқан сабаққа талдау жасауды білу. Құрал жабдықтар: сабақ жоспары, сабаққа қажетті көрнекіліктер, сабақты талдау схемасы, математика оқулықтары. СОӨЖ тасырмалары: Сабақ үзінділерін өткізу және талдау СОӨЖ нәтижелері мен тексеру формасын анықтау Нәтижесі - сабақтарға талдау жазылған дәптер. Тексеру формасы - жұмысты ауызша қорғау. Тапсырманы орындаудағы арналған әдістемелік нұсқаулар: Сабаққа талдау жасау үшін: - сабақты талдау схемасын және сабақтың барысын жазуды білу қажет. 4.1 Математика сабағын талдау схемасы: 1. Сабақ жайындағы жалпы мағлұматтар (сыныбы, пәні, тақырыбы). Сабақтың типі мен құрылымы. Тақырып бойынша жүргізілетін сабақтар жүйесіндегі орны. 2. Сабақтың басталуы. Оқушылардың сабаққа даярлығы. Окушыларды оқу ісіне тартуда мұғалімнің пайдаланатын тәсілдері. Жалпы сыныппен, жеке оқушымен жұмыс. 3. Сабақ жабдығы. Көрнекіліктің тақырыпқа, талапқа сай болуы. Мұғалімнің және оқушылардың жұмыс орнының тиімді ұйымдастырылуы. 4. Сабақ мақсаты. Математика сабағында тәрбиелеу, жан-жақты дамыту, оқыту міндеттері қалай шешіледі? 5. Сабақтың мазмұны. Сабақтың материалы негізгі мақсатпен білім беру міндетіне сай ма? Сабақта саналы түрде есептеу дағдыларын қалыптастыру үшін қандай жүмыс жүргізілді? Ауызша есептеуге арналған есептер шапшаң, тиянақты есептей білу дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізді ме? Теориялық материалды жетік білуі, есептеу дағдысын қалыптастыруға жәрдемі қандай? Әр сабақ сайын өткенді қайталауға, жаңа материалға дайындық жұмысына арнайы ауызша есептеуге 5-7 минут уақыт бөліне ме? Сабақтың тақырыбын аша түсетін жаттығулар мен есептердің жүйесі, оқытудың өмірмен байланысы. Оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың түрлері, олардың мазмұны. Математикалық терминдерді қолдану реті, теория мен практиканың бірлігі. Жаңа сабақты түсіндіруде, пысықтауда, қайталауда оқулықтағы мысал,есептер тиімді пайдаланыла ма? Есептер шығару барысындағы жұмыс. Оқушылар есеп мазмұнын талдай ала ма? Қысқаша белгілеуін жазу үшін негізгі сөздерді таңдай ала ма? Сабақ үстіңде қанша есеп шығарылды? Шығарылған есептер бойынша шығармашылық жұмыс жүргізіле ме? Үйымдастыру және өткізу әдістерінің тәрбиелік мәні, оқушылардың сабақтағы мінез-құлқы. 6. Сабақтың әдістемелік қорлары. Оқу материалын іріктеп алудың негізі, қолданылатын әдістердің жаңалығы, сабақтың мазмұны мен типіне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне оның сәйкес келуі, сабақтын барлық кезеңдеріне оқушылардың қызметін жандандыру әдістері мен тәсілдері, оқушылардың білімдерін тексеру және бағалау тәсілдері мен сапасы, үйге тапсырма беру және тексеру әдістемесі, оның көлемі мен мазмұны. Мұғалім әр оқушының үй тапсырмасын өз бетімен орындай алатынына сенімді ме? Көрнекіліктерді шебер, орынды пайдалаңды ма? Сабақ үстіңде шығарылған есептер окушыларды кызықтырып қана қоймай, олардың жан-жақты білім дәрежесін көтеруге жәрдемі тиді ме? 7. Мұғалімнің сабаққа дайындығы, әдістемелік шеберлігі-мәдениеті, ұқыптылығы, сөйлеу мәнері, педагогикалық әдебі. 8. Сабақ жоспарының орыңдалуы. Мақсатқа қол жетуі. 9. Қорытындылар мен ұсыныстар. 4.2 Қатысқан сабақты жазу схемасының үлгісі Мектеп № .... Сынып... Мұғалім... Күні... Тақырыбы... Сабақтың мақсаты.... Құралдар.... Сабақ барысы Мұғалім Оқушы Ескерту Әдебиеттер: 1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, <<Просвещение>>, 1976 ж. 2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж. 3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы: <<Атамұра>>, 2005 4. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, <<Атамұра>>, 2001-2004. 5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сыныптар - Алматы, <<Атамұра>>, 1997-2000. 6. Абдуалиева К.К., Есенжолов Е.К. Организация самостоятельной работы студентов по теме <<Нумерация чисел первого десятка>>. - Семей, 2011. 5 - тақырып Дайындық кезеңінің сабақ үзінділерін өткізу және талдау - Мақсаты: - Сабақты талдауға қойылатын талаптарды білу; - Қатысқан сабаққа талдау жасауды білу. Құрал жабдықтар: сабақ жоспарлары, сабаққа қажетті көрнекіліктер, сабақты талдау схемасы, 1-ші сыныпқа арналған математика оқулығы, №1 дәптері. СОӨЖ тасырмасы: Дайындық кезеңінің сабақ үзінділерін өткізу және талдау СОӨЖ нәтижелері мен тексеру формасын анықтау Нәтижесі - сабақтарға талдау жазылған дәптер. Тексеру формасы- жұмысты ауызша қорғау. Әдістемелік нұсқау №4 СОӨЖ-ге берілген нұсқауларға ұқсас. Әдебиеттер: 1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М., <<Просвещение>>, 1976 ж. 2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж. 3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы: <<Атамұра>>, 2005 4. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған оқулықтар. - Алматы, <<Атамұра>>, 2009. 5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1 сынып - Алматы, <<Атамұра>>, 1997. 6. Акпаева А.Б., Лебедева Л.А., Буравова В.В .Математика: 12-жылдық жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған (байқау нұсқа). - Алматы: <<Алматыкітап>> 2003ж. 7. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған №1 Математика дәптері. - Алматы, <<Атамұра>>, 2005. 6 - тақырып <<10 көлеміндегі сандар нумерациясы>> тақырыбы бойынша сабақ жоспарларын дайындау Мақсаты: - Сабақ жоспарына қойылатын әдістемелік талаптарды білу; - <<Сан және цифра...>> немесе <<Санның құрамы...>> тақырыптары бойынша сабақ жоспарларын құруды білу. Құрал-жабдықтар: бастауыш сыныптағы математика пәнінен сабақ жоспарының үлгілері, 1-ші сыныпқа арналған математика оқулығы, баспа негіздегі математикаға арналған №1 дәптері. Өз бетінше орындауға арналған тапсырма: <<Сан және цифра...>> немесе <<Санның құрамы...>> тақырыптары бойынша сабақ жоспарларын құру. Әдістемелік нұсқау №3 СОӨЖ-ге берілген нұсқауларға ұқсас Тексеру формасы - сабақ жоспарларын ауызша қорғау. Әдебиеттер: 1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, <<Просвещение>>, 1976 ж. 2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж. 3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы: <<Атамұра>>, 2005 4. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, <<Атамұра>>, 2009. 5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1 сынып - Алматы, <<Атамұра>>, 1997. 6. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация самостоятельной работы студентов по теме <<Нумерация чисел первого десятка>>. - Семей, 2009. 7. Акпаева А.Б., Лебедева Л.А., Буравова В.В .Математика: 12-жылдық жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған (байқау нұсқа). - Алматы: <<Алматыкітап>> 2003ж. 8. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған №1 Математика дәптері. - Алматы, <<Атамұра>>, 2005. 9. Средства обучения математике в начальной школе. Составитель: М.И. Моро, А.М. Пышкало. - М.: <<Просвещение>>, 1981г. 7 - тақырып <<10 көлеміндегі сандар нумерациясы>> тақырыбы бойынша сабақ үзінділерін өткізу және талдау Мақсаты: - Сабақ жоспарына қойылатын әдістемелік талаптарды білу; - Қатысқан сабаққа талдау жасауды білу. Құрал жабдықтар: <<Сан және цифра...>> немесе <<Санның құрамы...>> тақырыптары бойынша сабақ жоспарлары, сабаққа қажетті көрнекіліктер, 1-ші сыныпқа арналған математика оқулығы, баспа негіздегі математикаға арналған №1 дәптері. СОӨЖ тасырмасы: <<10 көлеміндегі сандар нумерациясы>> тақырыбы бойынша дайындалған сабақ үзінділерін өткізу және талдау СОӨЖ нәтижелері мен тексеру формасын анықтау Нәтижесі - сабақтарға талдау жазылған дәптер. Тексеру формасы- жұмысты ауызша қорғау. Әдістемелік нұсқау №4 СОӨЖ-ге берілген нұсқауларға ұқсас. Әдебиеттер: 1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, <<Просвещение>>, 1976 ж. 2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж. 3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы: <<Атамұра>>, 2005 4. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, <<Атамұра>>, 2009. 5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1 сынып - Алматы, <<Атамұра>>, 1997. 6. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация самостоятельной работы студентов по теме <<Нумерация чисел первого десятка>>. - Семей, 2009. 7. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған №1 Математика дәптері. - Алматы, <<Атамұра>>, 2005. 8. Акпаева А.Б., Лебедева Л.А., Буравова В.В .Математика: 12-жылдық жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған (байқау нұсқа). - Алматы: <<Алматыкітап>> 2003ж. 9. Средства обучения математике в начальной школе. Составитель: М.И. Моро, А.М. Пышкало. - М.: <<Просвещение>>, 1981г. 8 - тақырып <<Көп таңбалы сандар нумерациясы>> тақырыбы бойынша сабақ үзінділерін өткізу және талдау Мақсаты: - Сабақ жоспарына қойылатын әдістемелік талаптарды білу; - Қатысқан сабаққа талдау жасауды білу. Құрал жабдықтар: <<Көп таңбалы сандар нумерациясы>> тақырыбы бойынша сабақ жоспарлары, сабаққа қажетті көрнекіліктер, математика оқулықтары. СОӨЖ тасырмасы: <<Көп таңбалы сандар нумерациясы>> тақырыбы бойынша дайындалған сабақ үзінділерін өткізу және талдау СОӨЖ нәтижелері мен тексеру формасын анықтау Нәтижесі - сабақтарға талдау жазылған дәптер. Тексеру формасы- жұмысты ауызша қорғау. Әдістемелік нұсқау №4 СОӨЖ-ге берілген нұсқауларға ұқсас. Әдебиеттер: 1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, <<Просвещение>>, 1976 ж. 2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж. 3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы: <<Атамұра>>, 2005 4. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, <<Атамұра>>, 2001-2004. 5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сыныптар - Алматы, <<Атамұра>>, 1997-2000. 6. Средства обучения математике в начальной школе. Составитель: М.И. Моро, А.М. Пышкало. - М.: <<Просвещение>>, 1981г. 9 - тақырып <<Сандардың нумерациясы>> тақырыбы бойынша тексеру тапсырмаларын дайындау Мақсаты: <<Сандардың нумерациясы>> тақырыбы бойынша тексеру жұмысын құрастыруды үйрену. Құрал-жабдықтар: карточкалар, перфокарталар, математикалық диктанттар, 1-4 сыныптарға арналған тестілер. СОӨЖ тасырмасы: 1-4 сыныптарына арналған <<Сандардың нумерациясы>> тақырыбы бойынша тексеру жұмыстарын дайындау. Тексеру формасы - <<Сандардың нумерациясы>> тақырыбы бойынша тексеру жұмыстарының презентациясы. Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Тексеру жұмыстар ББД күнделікті және қортындылаушы тексеру жүргізу мақсатымен өткізіледі. Күнделікті тексеру кезінде өзіндік жұмыстар көлемі жөнінен шағын, оған негізінен сол кезде өтіліп жатқан тақырып бойынша және оқушылардың жеке еркшіліктеріне сәйкес болатын тапсырмалар енеді. Сабақтың максаты мен такырыбына байланысты олар әр түрлі болады: окушылардың білімінің дамуына, ББД бекітуге, пәнге деген танымдық кызығушылығын қалыптастыруға, сабақта окушылардың белсенділігін арттыруға, оқушылардың білімін тереңдетуге бағытталуы мүмкін. Өздік жұмысты ұйымдастыру кезінде мұғалім келесі принциптерді басшылыққа алу керек: - өздік жұмыс бағдарламаның талаптарына сәйкес болуы керек; - өздік жұмыс оқушылардың шамалары жетететіндей болуы керек; - өздік жұмыс мазмұны мен формасы бойынша әр түрлі болу керек: бір дұрыс жауабын тандап алуға берілген тест тапсырмалары, барлық дұрыс жауаптарын тандап алуға берілген тест тапсырмалары, "иә-жоқ" түріндегі математикалық диктанттар, перфокарталар, жеке карточкалармен берілген тапсырмалар, "қатені тап", "лото" ойындары және тағы баска. Әдебиеттер: 1. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика. Дидактикалық материалдар. 1-4 класс. - Алматы: <<Атамұра>>, 2000. 2. Жигалкина Т.К.. Игровые и занимательные задания по математике для 1 класса четырехлетней начальной школы: Пособие для учителя. - М.: Просвещение, 1986. 3. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация самостоятельной работы студентов по теме <<Нумерация чисел первого десятка>>. - Семей, 2009. 10 - тақырып <<Көп таңбалы сандар>> тақырыбы бойынша тексеру жұмыс Мақсаты: - <<Көп таңбалы сандар нумерациясы>> тақырыбы бойыша ББД жүйелеу Құрал жабдықтар: Санды талдау схемасы, таратпа карточкалар СОӨЖ тасырмасы: Карточкаларда берілген тапсырмаларды орындау Тексеру формасы - жазбаша жұмыс Әдістемелік нұсқау: а) Санды талдау схемасын қайтала: Санды талдау схемасы * Санды оқыңдар 9 409 (тоғыз мың төрт жүз тоғыз). * Әр разрядтың және әр кластың бірліктер санын атаңдар (I разрядтың 9 бірл., немесе 9 бірл.; III разрядтың 4 бірл., немесе 4 жүзд.; IV разрядтың 9 бірл., немесе 9 мың.; I кластың 409 бірл. және II кластың 9 бірл.). 3) Әр разрядтың бірліктерінің жалпы санын атаңдар (9 409 бірл., 940 онд., 94 жүзд., 9 мың). 4) Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысымен алмастырыңдар (9409 = 9000 + 400 + 9). 5) Санағанда берілген санның алдында аталатын санды және санағанда берілген саннан кейін аталатын санды атаңдар (9408, 9410). 6) Берілген санда канша разряд болса, сонша разрядтары болатын ең кіші және ең үлкен сандарды атаңдар (1000, 9999). 7) Берілген санды жазу үшін небары неше цифр қажет болғанын және олардың ішінде әр түрлі цифрлар нешеу екенін көрсетіңдер (небары 4 цифр, әр түрлі 3 цифр). 8) Берілген санның барлық цифрларын пайдаланып, ең кіші және ең үлкен сандарды жазыңдар (4099, 9940). б) Карточкаларда берілген тапсырмаларды орында. Әдебиеттер: 1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, <<Просвещение>>, 1976 ж. 2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж. 3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы: <<Атамұра>>, 2005 11 - тақырып <<Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері>> тақырыбы бойынша сабақ үзінділерін өткізу және талдау Мақсаты: - математика сабағын талдауға қойылатын талаптарды білу; - Қатысқан сабаққа талдау жасауды білу. Құрал жабдықтар: <<Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері>> тақырыбы бойынша сабақ жоспарлары, сабаққа қажетті көрнекіліктер, математика оқулықтары. СОӨЖ тасырмасы: <<Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері>> тақырыбы бойынша дайындалған сабақ үзінділерін өткізу және талдау СОӨЖ нәтижелері мен тексеру формасын анықтау Нәтижесі - сабақтарға талдау жазылған дәптер. Тексеру формасы- жұмысты ауызша қорғау. Әдістемелік нұсқау №4 СОӨЖ-ге берілген нұсқауларға ұқсас. Әдебиеттер: 1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, <<Просвещение>>, 1976 ж. 2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж. 3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы: <<Атамұра>>, 2005 4. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, <<Атамұра>>, 1997-2000. 5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сынып - Алматы, <<Атамұра>>, 1997-2000. 6. Средства обучения математике в начальной школе. Составитель: М.И. Моро, А.М. Пышкало. - М.: <<Просвещение>>, 1981г. 12 - тақырып <<Ауызша есептеу тәсілдері>> тақырыбын оқыту кезінде ауызша есептеуді үйымдастыру Мақсаты: - <<Ауызша есептеу тәсілдері>> тақырыбын оқыту кезінде ауызша есептеуді ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру Құрал жабдықтар: ауызша есептеуді ұйымдастыруға қажетті көрнекіліктер: мысалдар, кестелер СОӨЖ тасырмасы: ауызша есептеуді ұйымдастыруға қажетті көрнекіліктер мен қызықты материал дайындау Тексеру формасы - ауызша есептеуді ұйымдастыруға қажетті көрнекіліктер мен қызықты материалдардың презентациясы Әдістемелік нұсқаулар: Мүғалімдердің практикасында мынадай жақсы дәстүр қалыптасқан: әрбір сабақта ауызша есептеулерге 5 - 7 мин арнайы уақыт бөліп, былайша айтқанда ауызша санау жүргізіледі. Сабақтың осы кезеңі үшін мүғалім материалды оқу-лықтан, сондай-ақ ауызша есептер мен жаттығуларға арналған арнайы жинақтардан таңдап алады. Ауызша жаттығулар сабақтың тақырыбы мен мақсатына сәйкес келуі және осы сабақта оқылып отырған немесе бүрын өтілген материалды игеруге көмектесуі тиіс. Осыған байланысты мүгалім сабақтағы ауызша санаудың орнын анықтайды. Егер ауызша жаттығулар бүрын өтілген материалды қайталауға, есептеу дагдыларын қалыптастыруға арналған болып, жаңа материалды окып үйренуге дайындайтын болса, онда оларды жаңа материалды оқып үйренуге дейін өткізген жөн. Егер ауызша жаттығулардың мақсаты осы сабақта оқылғанды пысықтау болса, онда жаңа материалды оқығаннан кейін ғана ауызша санауды жүргізу керек болады. Оны сабақтың соңында жүргізуге болмайды, себебі ол кезде балалар әбден шаршайды, ал ауызша санау үлкен зейін қоюды, есті, ойлауды қажет етеді. Жаттығулардың саны балалар тым шаршамайтындай, сабақтың оған бөлінген уақытынан артып кетпейтіндей болуы тиіс. Ауызша саналуға арналған тапсырмаларды оқушыларға ұсынғанда, олар ол тапсырмаларды не көру арқылы, не есту арқылы немесе әрі көру арқылы, әрі есту арқылы қабылдайтындай болуы ескеріледі. Бірінші жағдайда жаттығулар тақтаға жазылады немесе плакат түрінде жабдықталады, таблицаға жазылады. Оқушылар тапсырманы көру арқылы қабылдайды. Тапсырманы тақтаға жазып көрсету есептеуді жеңілдетеді (сандарды есте сақтаудың керегі жоқ). Кейбір жағдайларда көру арқылы және есту арқылы қабылдауға арналған тапсырмаларды үсынған пайдалы: жаттығуды мұғалім немесе оқушы оқығаннан басқа, ол тақтаға немесе дәптерге жазылады. Тапсырманы есту арқылы қабылдағанда мұғалім немесе оқушылардың біреуі оны дауыстап оқиды, ал барлық қалған оқушылар оны тыңдайды. Мұнда адамның есіне (жадына) салмақ көп түседі, сондықтан оқушылар тез шаршап қалады. Алайда мұндай жаттығулар өте пайдалы: олар есту есін дамытады. Тапсырманың үш түрін кезектестіріп тұру ұсынылады. Өздеріне ұсынылған тапсырманы орындағаннан кейін, балалар қол көтеріп мұғалімнің нүсқауы бойынша бірнеше оқушы жауабын ауызша айтып береді. Балаларға жауапты кеспе цифрлардың көмегімен немесе тақталарда көрсетуді ұсынуға болады, бұл жұмысқа оқушылардың барлығын қатыстыруға көмегін тигізеді, сонымен қатар мұғалім балалардың тапсырманы қалай орындағандығын бірден көреді. Егер оқушы қателессе, онда оған есептеуді дауыстап жүргізу ұсынылады. Ауызша жаттығуларды орындағанда балалардың өз бетінше жұмыс істеуіне толық мүмкіндік беру үшін кейде тапсырма варианттар бойынша беріледі. Оқушылар жауаптарын дәптерлеріне жазады, содан кейін есептеудің дұрыстығын тексереді, қателерін анықтайды және түзетеді. Бастауыш кластарда көптеген ауызша жаттығуларды ойын түрінде өткізу ұсынылады. Тапсырмалардың мұндай формасы балалардың математикаға деген қызығушылығын арттырады. Математикалық ойындардың ішіндегі неғұрлым көп тарағандарын қарастырып көрелік. <<Үндемес>> ойыны. Ойын үшін қандай да бір геометриялық фигура алынады, ол фигураның центріне және контурына айналдыра сандар жазылады. Центрге жазылған санның жанына арифметикалық, амалдардың бірінің таңбасы қойылады. Центрге жазылған сан ғана тұрақты болып табылады. Ойын былай өткізіледі: мүғалім көрсеткішпен тақтада контурды айналдыра жазылған сандардың бірін көрсетеді, ал балалар центрде жазылған осы санмен көрсетілген амалды орындайды. Тақтаға шақырылған оқушы нәтижесін жазады. Қалған оқушылар егер қате жіберілген болса, қолдарын көтеріп белгі береді. Барлық жұмыс үн-түнсіз жүргізіледі. Ойынды өзгертуге де болады: мұғалім санды көрсетеді, ал балалар үндемей кеспе цифрлардан нәтижесін көрсетеді. Балаларды түрлі түсті етіп жабдықталған <<Ең жақсы капитан немесе космонавт кім>> деген түрдегі <<үндемес>> ойыны қатты қызықтырады. Дөңгелек мысалдар 32:4 36-9 24:8 3-12 8+16 27 + 5 Бүл дөңгелек мысалдар. Оларды былай құрастырады: бірінші мысал еркін алынады (32:4), осы мысалдың нәтижесі келесі мысалдың (8+16) компоненті болуы керек, ал бұл мысалдын нәтижесі келесі мысалдың (24:8) компоненті болуы керек т.с.с. соңғы мысалдың нәтижесі бірінші мысалдың бірінші компоненті (32) болуы керек. Содан кейін бұл мысалдар кез келген тәртіппен жазылады. Ойын былай жүргізіледі: мысалдар тақтаға немесе плакатқа жазылады; окушылар бірінші мысалды шығарады; аты аталған оқушы нәтижені емес, нәтижеге (8+16) тең саннан басталатын мысалды атайды; балалар осы мысалды шығарады және осы мысалдың нәтижесінен басталатын келесі мысалды 24:8 атайды, бірінші мысалға келіп жеткенше осылай жасайды. Ойлаған мысалдарды табу. Тақтаға мысалдар жазылады. Мұғалім олардың біреуінің (біріншісінен басқасының) жауабын айтады, ал оқушылар мұғалімнің айтқан жауабы бойынша оның ойлаған мысалын табулары керек. Бұл жағдайда оқушылар керекті мысалды табу үшін мысалдардың барлығын немесе барлығына жуығын шығарады. Ойынды өзгертуге болады. Сиқырлы немесе қызықты квадраттар. Бұл -- 9, 16, 25 клеткадан тұратын квадраттар. Клеткаларда барлық бағытта (жолдар, бағандар және диагональдар бойынша) алғанда да қосындысы бірдей болатындай сандар жазылуы тиіс. Бірінші жағдайда барлық сандар берілген -- квадрат толтырылған. Квадрат сиқырлы квадрат бола ма, соны тексеріп көру керек. Екінші жағдайда квадратта барлық сандар берілмеген, бірақ қосындысы көрсетілген квадратты толтыру керек. Үшінші жағдайда сандар да түгел берілмеген және қосынды да берілмеген, осы қосындыны да табу керек және бұдан кейін квадратты толтыру керек. <<Лото>> ойыны. Бүл ойынды таблицалық көбейту, сондай-ақ таблицалық қосу туралы білімді пысықтау үшін пайдалануға болады. Оған түрлі таблицаларда кездесетін таблицалық нәтижелер (16, 18, 24, 36) қосылады және оқушылар оны (54, 56) кебіне шатастырып алады, оларды (27, 28, 42, 49, 63, 64, 72, 81) есте сақтау да қиын. Ойын кезінде әр окушының алдында карточка (9см 15см) мен 1-ден 15-ке дейінгі нөмірі бар фишкалар (2см 2см) жатады. Ойын тез жүргізіледі. Мұғалім таблицалық көбейтуге арналған мысалды атайды, балалар есептеп көреді де карточкадағы сәйкес санның бетін фишкамен жабады. <<Ең жақсы есептегіш>>, <<Баспалдақ>>, <<Лабиринт>>, <<Математикалық эстафета>>, балалардың ойлаған сандарын табу сияқты басқа да ойындар бар. Бұлардың барлығы ауызша есептеу дағдыларының дами түсуіне көмектеседі. Ойынды таңдап аларда мүғалім өзіндік мақсат емес, балалардың қызметін жандандыра түсу құралы екендігін басшылыққа алуы тиіс. Мүнда сабақтағы аз уақыт ішінде көптеген операцияларды орындауға мүмкіндік беретін және барлық оқушыларды қамтитын ойын ғана пайда келтіретінін ескеру керек. Көптеген мұғалімдер есептеу дағдыларып есепке алу үшін математикалық диктанттарды пайдаланады. Ол үшін оқылып кеткен материал бойынша түрліше жаттығулардан 8 -- 10 тапсырма таңдап алынады. Сабақта мұгалім әрбір тапсырманы 1 -- 2 рет айтады, ал барлық оқушылар ауызша есептеуге арналған арнайы дәптерлеріне жауаптарын жазады. Тексеру не сабақ үстінде, немесе сабақтан кейін жүргізіледі де, қателері анықталады. Математикалық өрнектердің мәндерін табу. Бұл жаттығулардың көптеген варианттары бар. Математикалық санды өрнекті және әріпті өрнекті ұсынуға болады, мұнда әріптерге сан мәндер беріледі де алынған өрнектің сан мәні табылады. Мысалы: 1) 100 бен 9 сандарының айырмасын табыңдар. 2) а =100, с=9 деп алып, а - с, өрнегінің мәнін табыңдар. Өрнектер түрлі сөздер формасында берілуі мүмкін: 100-ден 9-ды шегеру керек; 100 минус 9; азайғыш 100, азайтқыш 9, айырмасын табу керек; 100 бен 9 сандарының айырмасын табу керек; 100-ді 9-ға кеміту керек т.с.с. Өрнек бір амалмен орындалуы да және бірден артық амалмен орындалуы да мүмкін. Бірнеше амалға арналған өрнектер бір баспалдақты амалдан немесе әр түрлі баспалдақты амалдан түруы, жақшамен берілуі де, жақшасыз берілуі де және де әр түрлі сөзбен берілетін тұжырымдамасы болуы мүмкін. Мысалы: 90-нан 42 мен 3 сандарының беліндісін шегеру керек; азайғыш 90, ал азайтқыш 42 мен 3 сандарының бөліндісімен өрнектелген. Өрнектер сандардың түрлі облыстарында берілуі мүмкін, алайда, әдетте, ауызша есептеу әдістері 100 көлеміндегі сандарға амалдар қолдануға келіп саяды. Өрнекті мысал ретінде, таблица түрінде беруге болады, қызықты фигураларды да пайдалануға болады. Математикалық өрнектерді салыстыру. Бұл жаттығулардың бірқатар варианттары бар. Екі өрнек беріліп, олардың мәндері тең болуы мүмкін бе, жоқ па, ал егер тең болса, олардың қайсысы үлкен немесе кіші екендігін тағайындау қажет болады. Мұнда қатынастың таңбасын таңдап алу не берілген өрнектердің мәндерін тауып, оларды салыстыру негізінде, немесе сәйкес білімді қолдану негізінде орындалуы мүмкін. Теңдеулерді шешу. Ауызша жаттығулар ретінде түрлі теңдеулер де ұсынылады. Бүл -- ең алдымен (х + 2=10) сияқты қарапайым теңдеулер және (15х - 9 = 51) түріндегі одан да күрделірек теңдеулер. Теңдеулерді түрлі формада ұсынуға болады: 1) 24 : х = 3 теңдеуін шешіңдер, 2) 40 санын алу үшін қандай саннан 18-ді шегеру керек? 3) Белгісіз санды табыңдар: 73 - х = 73 - 18. 4) Бір сан ойладым, оны 5-ке көбейтіп, 85 санын алдым. Мен қандай сан ойладым? Ауызша жұмыс үшін жай есептер де, құрама есептер де ұсынылады. Әдебиеттер: 1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, <<Просвещение>>, 1976 ж. 2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж. 3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы: <<Атамұра>>, 2005 4. Жигалкина Т.К.. Игровые и занимательные задания по математике для 1 класса четырехлетней начальной школы: Пособие для учителя. - М.: Просвещение, 1986. 5. Средства обучения математике в начальной школе. Составитель: М.И. Моро, А.М. Пышкало. - М.: <<Просвещение>>, 1981г. 6. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация самостоятельной работы студентов по теме <<Нумерация чисел первого десятка>>. - Семей, 2009. 13 - тақырып <<Ұзындық және оны өлшеу>> ұғымдарын оқып-үйрену барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытумен байланысты іс-әрекетті ұйымдастыру Мақсаты: - ұзындық өлшем бірліктерінің даму тарихы және "Ұзындық және оның өлшемі" атты тақырыптың мектеп математика курсының жүйесіндегі орны туралы түсінігін қалыптастыру. - бастауыш сыныптардың қазірғі және байқау нұсқа математика оқулықтарында бағдар жасай алу; - кіші жасындағы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты оқылып отырған тақырыптың сұрақтарын түсіндіру барысында әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдануды білу; - "Ұзындық және оның өлшемі" атты тақырыптың мазмұнындағы негізгі үғымдарын, сонымен қатар осы материалды бастауыш сыныптардың қазірғі және байқау нұсқа математика бағдарламасы мен оқулықтары бойынша оқыту ерекшіліктерін білу; - бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы пәні бойынша рефераттар жазу үшін және өзінің болашақтағы әдістемелік қызметіне қажетті қарапайым зерттеу жұмысын жүргізе білумен байланысты біліктерін қалыптастыру. Құрал жабдықтар: осы тақырып бойынша әдістемелік және оқулық әдебиеттерінің көрмесі, рефераттар. СОӨЖ тасырмасы: 1.Ұзындық өлшемінің тарихы мен метрлік өлшем жүйесі жайлы рефераттар қорғау. 2. 1-4 сыныптарға арналған қазірғі және байқау нұсқа оқулықтарындағы осы тақырып бойынша материалдың мазмұнына салыстырмалық талдау жасау. 3. Көпбұрыштың периметрін, сынық сызықтың ұзындығын есептеу және кесіндіні берілген ұзындығы бойынша салуға байланысты есептерді шығару. Әдістемелік нұсқаулар: - СОӨЖ-ді тарихқа саяхат ретінде жүргіземіз: - "Ежелгі тарихтағы ұзындық және оны өлшеу" тақырыбынан бастаймыз; - Содан кейін "Жаңа тарихтағы ұзындықты өлшеу, метрлік өлшем жүйесімен" танысамыз; - Оның қазірғісін жаңа буын оқулықтарынан көреміз; - Ал болашағын 12-жылдық жалпы білім беретін 1-4 сыныптарындағы арналған байқау нұсқа математика оқулықтарының беттерінен көреміз. Тексеру формасы - рефераттар қорғау. Әдебиеттер: 1. Математикадан жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы 1-4 сыныптар. Алматы, 2003 г. 2. Акпаева А.Б., Лебедева Л.А., Буравова В.В .Математикадан 12-жылдық білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқу - әдістемелік топтама. - Алматы: <<Алматыкітап>> 2003-2006. 3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы: <<Атамұра>>, 2005 4. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж. 5. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, <<Просвещение>>, 1976 ж. 6. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, <<Атамұра>>, 2001-2004. 7. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сыныптар - Алматы, <<Атамұра>>, 1997-2000. 8. Оспанов Т.Қ. Математика. Алматы, 2000 9. Жолымбаев О. М., Берікханова Г.Е. Математика. Алматы-2004 10. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация и проведение самостоятельной работы студентов по дисциплине <<Теория и технология обучения математике в начальной школе>>. Семипалатинск, 2007г. Қосымша әдебиеттер: 1. Глейзер Г.И. Мектептегі математика тарихы. Алматы, <<Мектеп>>, 1985 2. Собалақов А.// Математика тарихынан. Алматы, 1966 ж 14 - тақырып <<Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа>> тақырыбы бойынша математикалық топсеруен ұйымдастыру Мақсаты: Регионалдық компоненттерді ұзындық және оның өлшемін оқыту, сонымен қатар мәтінді есептер құрастыру мен оларды шешу барысында пайдалана білу; Бастауыш мектепте <<Ұзындық және оның өлшемі>> тақырыбы бойынша математикалық топсеруенді ұйымдастыру ерекшелігі мен оған қойылатын талаптарды білу; Математикалық топсеруенді жоспарлау, өткізу және талдаумен байланысты дидактикалық біліктілігіне иелену. Сабақтың көрнекілігі: <<Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа>> тақырыбы бойынша математикалық топсеруенге арналған тапсырмалар СОӨЖ-ге арналған тапсырмалар: 1. <<Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа>> тақырыбы бойынша математикалық топсеруенге арналған тапсырмалар дайындау. 2. <<Біздің қаламыздың тарихи беттері>> тақырыбы бойынша хабарламалар дайындау. Әдістемелік нұсқау: -СОӨЖ-ді топсеруен түрінде өткіземіз және бастауыш метептегі математика сабағында қалаға топсеруен жасаған сәттерде жиналған жергілікті материалдарды пайдалану жолдарын қарастырамыз. Тексеру формасы - математикалық топсеруенге арналған тапсырмалардың презентациясы. Әдебиеттер: 1. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация и проведение самостоятельной работы студентов по дисциплине <<Теория и технология обучения математике в начальной школе>>. Семипалатинск, 2007г. 2. Петров В.А. Преподавание математики в сельской школе: Книга для учителя. - М.: Просвещение, 1986. 3. Серия. История городов Казахстана: Семипалатинск. Алма-Ата. Наука. 1984г. ред. кол. В.Я. Басин и др. 15 - тақырып Фигураның ауданы және оны өлшеу туралы түсінік қалыптастыру барысында оқушылардың іс -әрекетін ұйымдастыру Мақсаты: - <<Фигураның ауданы және оны өлшеу>> тақырыбының сабақтастығы және оның мектеп математика курс жүйесіндегі орны туралы түсінік қалыптастыры; - бастауыш сыныптардың қазірғі және байқау нұсқа математика оқулықтарында бағдар жасай алу және ондағы қамтылатын тапсырмаларды қолдана білу; - кіші жасындағы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты оқылып отырған тақырыптың сұрақтарын түсіндіру барысында әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдануды білу; - <<Фигураның ауданы және оны өлшеу>> тақырыбының мазмұнындағы негізгі үғымдарын, сонымен қатар осы материалды бастауыш сыныптардың қазірғі және байқау нұсқа математика бағдарламасы мен оқулықтары бойынша оқыту ерекшіліктерін білу; -тақырып бойынша сабақ үзіндісін жоспарлау, өткізу және талдауға байланысты дидактикалық іскерлікті қалыптастыру; - бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы пәні бойынша рефераттар жазу үшін және өзінің болашақтағы әдістемелік қызметіне қажетті қарапайым зерттеу жұмысын жүргізе білумен байланысты біліктерін қалыптастыру. Құрал жабдықтар: осы тақырып бойынша әдістемелік және оқулық әдебиеттерінің көрмесі, баяндамалардың тезистері мен көрнекіліктер. Әдістемелік нұсқау: СОӨЖ-ді конференция түрінде өткіземіз. Конференцияға қатысатын студенттердің баяндамалар жинағы <<конференцияға>> қатысушылардың әрқайсында бар. Сонымен қатар осы тақырыпқа байланысты кітаптардан көрме ұйымдастырылған. Жұмыс жоспарын және регламентін бекітеміз. Жұмыс жоспары: * Мектепке дейінгі дайындық және бастауыш сыныптарда оқылатын <<Фигураның ауданы және оны өлшеу>> тақырыбының мазмұнындағы сабақтастығы. * Фигураның ауданы туралы түсінік беру және фигуралардың аудандарын салыстырудың әр түрлі тәсілдерімен таныстыру. * Аудан бірліктерімен және олардың арасындағы байланыспен таныстыру. * Палетканың көмегімен фигураның ауданын табуға үйрету. * Тік төртбұрыштың және шаршының ауданы. * Тікбұрышты және теңқабырғалы ұшбұрыштың ауданы. * Күрделі фигуралардың аудандарын оларды қарапайым геометриялық фигураларға бөлу арқылы табу. * Ауданды табуға берілген есептерді шығару. * Математика тарихынан. Евклид және оның <<Бастамалары>>. Конференция жұмысының регламенті: Баяндамалар - 5 - 10 мин Қатысушылардың сөзі - 2 мин Тексеру формасы - - баянамалардың тезистері. Әдебиеттер: 1. Математикадан жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы 1-4 сыныптар. Алматы, 2003 г. 2. Акпаева А.Б., Лебедева Л.А., Буравова В.В .Математикадан 12-жылдық білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқу - әдістемелік топтама. - Алматы: <<Алматыкітап>> 2003-2006. 3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы: <<Атамұра>>, 2005 4. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж. 5. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, <<Просвещение>>, 1976 ж. 6. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, <<Атамұра>>, 2001-2004. 7. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сыныптар - Алматы, <<Атамұра>>, 1997-2000. 8. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация и проведение самостоятельной работы студентов по дисциплине <<Теория и технология обучения математике в начальной школе>>. Семипалатинск, 2007г. Қосымша әдебиеттер: 1. Глейзер Г.И. Мектептегі математика тарихы. Алматы, <<Мектеп>>, 1985 2. Собалақов А.// Математика тарихынан. Алматы, 1966 ж * Математическая подготовка детей в дошкольных учреждениях. /Сост. Данилова. В.В. - М.: Просвещение, 1987.-с.86-102. * Алдамуратова, Т.А. Байшоланов Е.С. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған оқулық. - Алматы: Атамура,2005 * Савин А.П./Энциклопедический словарь юного математика.- М. Педагогика, 1989. 16 - тақырып Кеңістіктік денелер және өлардың көлемін өлшеуді оқытып-үйрету барысында оқушылардың іс -әрекетін ұйымдастыру Мақсаты: - <<Көлем және оны өлшеу>> тақырыбының сабақтастығы және оның мектеп математика курс жүйесіндегі орны туралы түсінік қалыптастыры; - бастауыш сыныптардың қазырғы және байқау нұсқа математика оқулықтарында бағдар жасай алу және ондағы қамтылатын тапсырмаларды қолдана білу; - кіші жасындағы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты оқылып отырған тақырыптың сұрақтарын түсіндіру барысында әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдануды білу; - <<Көлем және оны өлшеу>> тақырыбының мазмұнындағы негізгі ұғымдарын, сонымен қатар осы материалды бастауыш сыныптарда оқыту ерекшіліктерін білу; -тақырып бойынша сабақ үзіндісін жоспарлау, өткізу және талдауға байланысты дидактикалық іскерлікті қалыптастыру. Құрал жабдықтар: осы тақырып бойынша әдістемелік және оқулық әдебиеттерінің көрінісі, геометриялық денелердің модельдері Әдістемелік нұсқау: СОӨЖ-ді тәжірибе алмасу семинары түрінде өткіземіз. Семинарға <<стереометрия>> әлемінен текше және тікбұрышты параллелепипед қатысады. Қатысу мақсаты - бастауыш мектепте <<Көлем және оны өлшеу>> тақырыбын оқыту тәжірибесімен танысу. Тексеру формасы - - семинарға қатысушылардың сөздері. Жұмыс жоспары: I. <<Қонақтармен>> таныстыру. II. Тақырып бойыша қатысушылардың сөздері: 1. Мектепке дейінгі дайындық және бастауыш сыныптарда оқылатын сұйықтардың көлемі және ыдыстардың сиымдылығы мен сиымдылық бірлігі литрмен таныстырудағы сабақтастығы. 2. Текшенің көлемін өлшеу. 3. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін өлшеу. III. Қортытындылау. Әдебиеттер: 1. Математикадан жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы 1-4 сыныптар. Алматы, 2003 г. 2. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы: <<Атамұра>>, 2005 3. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж. 4. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 3-4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, <<Атамұра>>, 2003-2004. 5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 3-4 сыныптар - Алматы, <<Атамұра>>, 1999-2000. 6. Акпаева А.Б., Лебедева Л.А., Буравова В.В. Математика: 12-жылдық жалпы білім беретін мектептің 3-4 сыныптарына арналған (байқау нұсқа). - Алматы: <<Алматыкітап>> 2005-2006. 7. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация и проведение самостоятельной работы студентов по дисциплине <<Теория и технология обучения математике в начальной школе>>. Семипалатинск, 2007г. 8. Формирование элементарных математических представлений у дошкольников: Учебное пособие для студентов педагогических институтов. Под редакцией Столяра А.А.- М.: Просвещение, 1988. 9. Математическая подготовка детей в дошкольных учреждениях. /Сост. Данилова В.В. - М.: Просвещение, 1987. 17 - тақырып Уақыт пен массаның және олардың өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру Мақсаттары: - <<Уақыт және оның өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру>> мен <<Масса және оның өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру>> тақырыптарының сабақтастығы, мектеп математика курсының жүйесінде алатын орны туралы түсінік қалыптастыру; - кіші жасындағы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты оқылып отырған тақырыптың сұрақтарын түсіндіру барысында әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдануды үйрену; - бастауыш сыныпта оқылатын <<Уақыт аралығы және оның өлшем бірліктері>> мен <<Масса және оның өлшем бірліктері>> тақырыптарының негізгі түсініктерінің мазмұнын сонымен қатар осы материалды бастауыш сыныптардың қазырғы және байқау нұсқа математика бағдарламасы мен оқулықтары бойынша оқыту ерекшіліктерін білу. Құрал жабдықтар: осы тақырып бойынша әдістемелік және оқулық әдебиеттерінің көрмесі, рефераттар мен көрнекіліктер. СОӨЖ-ге арналған тапсырмалар: * Масса мен уақыттың аралығын өлшеудің тарихы жайлы рефераттар қорғау. * 1-4 сыныптарға арналған қазырғы және байқау нұсқа оқулықтарындағы осы тақырыптар бойынша материалдың мазмұнына салыстырмалық талдау жасау. * Уақыт аралығы мен массаға байланысты есептер шығару. Әдістемелік нұсқаулар №15 СОӨЖ-ге берілген нұсқауларға ұқсас. Тексеру формасы - рефераттар қорғау. Әдебиеттер: 1. Математикадан жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы 1-4 сыныптар. Алматы, 2003 г. 2. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, <<Просвещение>>, 1976 ж. 3. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж. 4. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы: <<Атамұра>>, 2005 5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, <<Атамұра>>, 1997-2000. 6. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сынып - Алматы, <<Атамұра>>, 1997-2000. Қосымша әдебиеттер: 1. Формирование элементарных математических представлений у дошкольников: Учебное пособие для студентов педагогических институтов. Под редакцией Столяра А.А.- М.: Просвещение, 1988. 2. Математическая подготовка детей в дошкольных учреждениях. /Сост. Данилова В.В. - М.: Просвещение, 1987. 3. Глейзер Г.И. Мектептегі математика тарихы. Алматы, <<Мектеп>>, 1985 4. Собалақов А.// Математика тарихынан. Алматы, 1966 ж 5. Савин А.П./Энциклопедический словарь юного математика 2-е издание, исправленное и дополненное.- М. Педагогика, 1989. 18 - тақырып Пропорционал шамалармен байланысты есептерді шешуге үйрету технологиясы Мақсаты: Пропорционал шамалармен байланысты есептерді шешуге үйрету технологиясын білу Құрал жабдықтар: 4 сыныпқа арналған <<Математика>> оқулықтары СОӨЖ тасырмасы: 4 сыныпқа арналған <<Математика>> оқулығынан пропорционал шамалармен байланысты есептерді тап және шығар. Әдістемелік нұсқау: Бастауыш сыныптарда пропорционал шамалармен байланысты: төртінші пропорционал шаманы табуға берілген, пропорционал бөлуге және екі айырма бойынша белгісіз шаманы табуға берілген есептер қарастырылады. Осы есептермен жұмыс істеу әдістемесін қарастырамыз. 18.1. Төртінші пропорционал шаманы табуға берілген есептер Төртінші пропорционал шаманы табуға берілген есептерде тура және кері пропорционал тәуелділіктегі үш шама берілген, олардың екеуі айнымалы, біреуі тұрақты шама, мұнда бір айнымалы шаманың екі мәні және екінші айнымалы шаманың сәйкес мәндерінің бірі берілген, ал бұл шаманың екінші мәні белгісіз болып табылады. Пропорционал тәуелділік арқылы байланысқан кез келген үш шаманы пайдалана отырып, төртінші пропорционалдық шаманы табуға берілген есептердің алты түрін құруға болады. Таблицада 1 нәрсенің бағасы, саны, қүны шамалары бойынша төртінші пропорционалдық шаманы табуға берілген есептердің классификациясы берілген. Таблицада көрініп түрғандай, бірінші төрт есеп шамалары тура пропорционал тәуелділіктегі есептер, ал соңғы екеуі кері пропорционал тәуелділіктегі есептер. Осы алты есептің әрқайсысын тұрақты шаманың мәнін табу тәсілімен шығаруға болады, ягни әуелі тұрақты шаманың мәнін табу керек, содан кейін оны пайдалана отырып, ізделінді шаманы табу керек. I және II түрдегі есептер үшін бұл тәсіл, сондай-ақ бірге (бірлікке) келтіру тәсілі деп аталады. IV сыныпта есептердің барлық алты түрінін шешуі қарастырылады. Мүнда мынадай шамалар тобы бар есептер кірістіріледі: нәрсенің бағасы, саны, кұны; бір нәрсенің салмағы, нәрселердің саны, жалпы салмағы; бір ыдыстың сыйымдылығы, ыдыстардың саны, жалпы сыйымдылығы; уақыт бірлігі кезінде шығарылған өнім, жұмыс уақыты, жалпы өнім; бір затқа жұмсалатын мата, заттардың саны, жалпы жұмсалатын мата. Содан кейін шамалардың мынадай жаңа топтары енгізіледі: жылдамдық, уақыт, қашықтық; тік төртбұрыштың ұзындығы, оның ені мен ауданы; бірлік ауданнан алынған өнім, аудан, барлық өнім. Осы түрдегі есептермен жұмыс істеудің ерекшелігін карастырамыз. Балалар баға, сан, құн шамаларын операциялауда мол тәжірибесі болғандықтан алдымен осы шамалармен берілген есептерді енгізген жөн, сонымен қатар алдымен 1 турдегі есептерді қарастыру керек. Қарастырылып отырған есептердің алғашқыларын суретпен иллюстрациялап көрсету және таблицаға қысқаша жазуды орыңдаған пайдалы. Мысалы, мынадай есеп ұсынылады: <<Оқушы бірдей бағамен 6 тор дәптер және 9 жолды дәптер сатып алды. Тор дәптерлер үшін ол 42 теңге төледі. Ол жолды дәптер үшін қанша ақша төлеген?>>. Есепті окығаннан кейін мүғалім тақтаға суретін салады немесе дайын суретті пайдаланады. Таблица 1 № Шамалар Есептер бағасы саны құны I Тұрақты Екі мәні берілген Бір мәні берілген, екіншісі ізделінді 2 кг сәбіз үшін 30 теңге төленген. Бағасы осындай 6 кг сәбіз үшін қанша ақша төлеу керек? II Тұрақты Бір мәні берілген, екіншісі ізделінді Екі мәні берілген 6 кг сәбіз үшін 150 теңге төленген. 30 теңгеге осындай бағамен қанша килограмм сәбіз сатып алуға болады? III Екі мәні берілген Тұрақты Бір мәні берілген, екіншісі ізделінді Метрі 200 теңге тұратын бір бөлек матаға 800 теңге төленді. Метрі 400 теңге түратын болса, ұзындығы осындай бір бөлек жібек матаға қанша ақша төленді? IV Бір мәні берілген, екіншісі ізделінді Тұрақты Екі мәні берілген Метрі 400 теңге түратын бір бөлек матаға 1600 теңге төленген, ал ұзындығы осындай бір бөлек кендір матаға 800 теңге төленген. Кендір матаны қандай бағамен сатып алған? V Екі мәні берілген Бір мәні берілген, екіншісі ізделінді Тұрақты Бағасы 1200 теңге тұратын 6 балалар костюміне, бағасы 3600 теңге түратын балалар пальтоларына төлегендей ақша төленген. Қанша балалар пальтосы сатып алынған? VI Бір мәні берілген, екіншісі ізделінді Екі мәні берілген Тұрақты Бағасы 3600 теңге түратын 2 балалар пальтосына, 6 балалар костюміне төлегендей ақша төленді. Костюмдерді қандай бағаға сатып алған? Есеппен жұмыс 1. Түрін анықта. (4-ші пропорционал шаманы табуға берілген есеп) 2. Дайындық жұмысы. Тұрақты шаманы табуға есеп құрастыру 2 қалам 10 теңге тұрады, бір қалам канша теңге тұрады? 3. Мазмұнын талдау. Есепте не туралы айтылған? (Дәптер туралы) Есепте не белгілі? (6 тор дәптер 42 теңге тұратыны) Есепте не белгісіз? (1 дәптердің қанша теңге тұратыны) Есеп не сұрайды? (9 жолды дәптердің қанша теңге түратыны). 4. Талдау: Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма? (Болмайды). Неліктең? (Себебі 1 дәптердің канша теңге түратынын білмейміз). Ал оны табуга бола ма? (Болады). Қандай амал қолданамыз? (Бөлу). Енді есептің сүрағына жауап беруге бола ма? (Болады). Қандай амал қолданамыз? (Көбейту). 5. Содан кейін мүғалімнің басшылығымен кысқаша жазылады: Бағасы Саны Қүны Бірдей 6 дәптер 3 дәптер 42 теңге ? 6. Бірінші есептерді шығарғанда оны түсіндіре отырып жазу керек, ал кейінірек мұғалімнің нұсқауы бойынша орындалатын амалдарды кейде түсініктеме беріп, кейде түсініктемесіз орындауға болады. Шешуі: 1) 42 : 6 = 7 (тг) 2) 7 3 = 21 (тг) Жауабы: 21 теңге 7. Тексеру үшін кері есеп күрастыру керек. 7.1. 42 теңгеге 6 дәптер сатып алынды, осындай 21 теңгеге қанша дәптер сатып алуға болады? 7.2. 21 теңгеге 3 дәптер сатып алынды, осындай 42 теңгеге қанша дәптер сатып алуға болады? Бағасы Саны Қүны Бірдей 6 ? 42 теңге 21 теңге Бірдей ? 3 42 теңге 21 теңге Шешуі: 21 : (42 : 6) = 3 (д) Жауабы: 3 дәптер. Шешуі: 42 : (21 : 3) = 6 (д) Жауабы: 6 дәптер. + . Пропорционал бөлуге берілген есептер Бұл есептер пропорционал тәуелділік арқылы байланысқан екі айнымалы шамадан және бір немесе одан артық тұрақты шамадан тұрады, мұнда бір айнымалының екі немесе одан артық мәні және екінші айнымалының сәйкес мәндерінің қосындысы берілген, бұл қосындының қосылғыштары ізделінді болып табылады. Пропорционал тәуелділікпен байланысты шамалардың әрбір тобына қатысты пропорционал бөлуге берілген есептердің алты түрін бөліп көрсетуге болады, олардың төртеуінің шамалары тура пропорционал тәуелділікте, екеуі кері пропорционал тәуелділікте. Бастауыш сыныптарда тек шамалары тура пропорционал тәуелділіктегі пропорционал бөлуге берілген есептер ғана шығарылады. Бүл есептер таблица 2 көрсетілген. Таблица 2 № Шамалар Есептер бағасы саны құны I Тұрақты Екі немесе одан көп мәні берілген Санының сәйкес мәндерінің қосындысы берілген. Қосылғыштарды табу керек. Оқушы қыз бірдей бағамен 6 тор дәптер және 4 жолды дәптер сатып алды. Ол барлығы үшін 70 теңге төледі. Торкөз дәптерлер және жолды дәптерлер жеке алғанда қанша тұрады? II Тұрақты Санының сәйкес мәндерінің қосындысы берілген. Қосылғыштарды табу керек. Екі немесе одан көп мәні берілген Оқушы қыз бірдей бағамен тор дәптер және жолды дәптер сатып алған. Барлығы 10 дәптер. Тор доптер ушін ол 42 теңге, ал жолды дәптер үшін 28 теңге төледі. Қанша тор дәптер және жолды дәптер сатып алынды? III Екі немесе одан көп мәні берілген Тұрақты Санының сәйкес мәндерінің қосындысы берілген. Қосылғыштарды табу керек. Дүкенде бірдей мөлшерде бас киім мен шарфтар сатылған. Бас киім 500 теңге, ал шарф 300 теңге тұрған. Барлық сатылган заттар үшін 1600 теңге төленген. Барлық бас киімдер мен шарфтар жеке-жеке қанша тұрады? IV Санының сәйкес мәндерінің қосындысы берілген. Қосылғыштарды табу керек. Тұрақты Екі немесе одан көп мәні берілген Дүкенде бірдей мөлшерде бас киім мен шарфтар сатылған. Бір бас киім мен бір шарф 800 теңге түрады. Барлық бас киімдер үшін 1000 теңге ақша, ал барлық шарфтар үшін 600 теңге ақша тұскен. Бас киім мен шарф жеке-жеке алғанда қанша тұрады? Бастауыш сыныптарда пропорционал бөлуге берілген есептер түрақты шаманың мәндерін табу тәсілімен шығарылады. Мысалы: Тігінші дүкеннен бірдей бағамен 7 м ақ шыт және 3 м қызыл шыт сатып алды. Барлық матаға ол 1800 теңге төледі. Маталардың әр түріне қанша ақша төледі? Есеппен жүмыс 1. Түрін анықта. (пропорционал бөлуге берілген есеп) 2. Дайындық жұмысы. (тұрақты шаманы табуға екі есеп құрастыру) 2.1. 2 м мата 160 теңге тұрады, осындай 1 м мата қанша теңге тұрады? 2.2. 1 м мата 90 теңге тұрса, 8 м мата қанша түрады? 3. Мазмұнын талдау: Есепте не туралы айтылған? (мата туралы). Есепте не белгілі? (7 м ақ шыт және 3 м қызыл шыт сатып алды, барлығына 1800 теңге төленгені белгілі). Есепте не белгісіз? (матаның бағасы). Есеп не сұрайды? (тігінші маталардың әр түріне қанша теңге ақша төлегені). 4. Талдау: Барлық матаға 1800 теңге ақша төленгені белгілі болса, онда нені табуга болады? (барлығы қанша метр мата сатып алынғанын). Қандай амал қолданамыз? (қосу). Барлығы қанша теңге ақша төленгені және барлығы қанша метр мата сатып алынғандығы белгілі болса, онда нені табуға болады? (1 м матаның бағасын). Қандай амал қолданамыз? (Бөлу). Енді есептің сүрағына жауап беруге бола ма? (Болады). Қандай амал қолданамыз? (Көбейту). 5. Қысқаша белгілеу. (қысқаша белгілеуін кесте турінде жазамыз). Бағасы Саны Құны Бірдей 7 м 3 м ? теңге 1800 теңге 6. Есептің шешуі жеке амалдар түрінде түсіндіріле отырып жазылады. Шешуі: 1) 7 + 3 = 10 (м) 2) 1800 : 10 = 180 (тг) 3) 180 7 = 1260 (тг) 4) 180 3 = 540 (тг) Жауабы: 1260 теңге және 540 теңге. 7. Есептің шешуін тексеру жауапта алынған сан мен берілген сандар арасындағы сәйкестікті тағайындау тәсілімен орындалады: есептің жауабында алынған сандарды қосу керек, сонда есепте берілген сан шығуы тиіс. Тексеру: 1260 + 540 = 1800 (тг) + . Екі айырма бойынша белгісіз шаманы табуға берілген есептер Екі айырма бойынша белгісз шамаларды табуға берілген есептер IV сыныпта енгізіледі. Олар екі айнымалыдан және бір немесе бірнеше турақты шамадан тұрады, мұнда бір айнымалының екі мәні және екінші айнымалының сәйкес мәндерінің айырмасы берілген, ал бұл айнымалының өзінің мәндері ізделінді болып табылады. Пропорционал тәуелділіктегі әр үштік шамадан тұратын топқа қатысты алғанда екі айырма бойынша белгісіздерді табуға берілген есептердің алты түрін бөліп көрсетуге болады. Алайда бастауыш сыныптарда 3 таблицада көрсетілген екі есепті қарастырумен қанағаттанады. Таблица 3 № Шамалар Есептер бағасы бағасы бағасы I Тұрақты Екі мәні берілген Санына сай мән-мәндердің айырмасы берілген. Әр мәнді табу керек. Хорға қатысатындардың костюмі үшін бірдей бағамен екі бөлек жібек мата сатып алынған: біреуіңде 18 м, екіншісінде 15 м бар. Бірінші бөлек мата үшін екінші бөлек матадан 210 теңге артық ақша төледі. Әр бөлек мата қанша тұрады? II Тұрақты Санына сай мән-мәндердің айырмасы берілген. Әр мәнді табу керек. Екі мәні берілген Хорға катысушылардың костюмі үшін бірдей бағамен екі бөлек жібек мата сатып алынды: бір бөлек мата үшін 1260 теңге, ал екіншісі үшін 1050 теңге төленген. Бірінші бөлектегі мата, екінші бөлектегі матаға қарағанда 3 м артық. Әр бөлекте қанша метр мата бар еді? Әуелі I түрдегі есеп, содан кейін II түрдегі есеп қарастылады. Бұл тек қана тұрақты шаманың мәнін табу тәсілімен шығарылады. Мысалы: Бір орамда 25 м, ал екіншісінде 49 м бірдей мата бар. Екінші орамның құны біріншіден 1440 теңге артық. Әр орамға қанша теңге ақша төленген? Есеппен жүмыс 1. Түрін анықта. (екі айырма бойынша белгісіз шаманы табуға берілген есеп) 2. Дайындық жұмысы. (тұрақты шаманы табуға екі есеп құрастыру) 2.1. Дүкенде бірдей екі орам мата бар еді. Бір орамдағы мата екіншідегіден 24м артық, соған қарай құны да 1440 теңге артық, 1 м мата қанша теңге түрады? 2.2. Бағалары бірдей бірнеше костюм және олардан екеуі артық пальто сатып алыңды. Костюмдерге қарағаңда пальтолар үшін 16600 теңге ақша артық төленді. Бір пальто қанша түрады? 3. Мазмұнымен таныстыру: Есепте не туралы айтылған? (мата туралы). Есепте не белгілі? (25 м және 49 м мата сатып алып, екінші орамға 1440 теңге артық төленгені белгілі). Есепте не белгісіз? (матаның бағасы). Есеп не сұрайды? (әр орамға қанша теңге ақша төлегені). 4. Талдау: 1440 теңге артық төленгені белгілі болса, онда нені табуга болады? (қанша метр мата артық сатып алынғанын). Қандай амал қолданамыз? (азайту). Қанша теңге ақша артық төленгені және метр мата артық сатып алынғандығы белгілі болса, онда нені табуға болады? (1 м матаның бағасын). Қандай амал қолданамыз? (Бөлу). Енді есептің сүрағына жауап беруге бола ма? (Болады). Қандай амал қолданамыз? (Көбейту). * Қысқаша белгілеу. (қысқаша белгілеуін кесте турінде жазамыз). Бағасы Саны Қүны Бірдей 25 м 49 м ? теңге ?, 1440 тг артық 6. Есептің шешуі жеке амалдар түрінде түсіндіріле отырып жазылады, ал кейінірек түсініктемелер ауызша тұжырымдалады: Шешуі: 1) 49 - 25 = 24 (м) - 1440 теңгеге сатып алуға болатын мата 2) 1440 : 24 = 60 (тг) - матаның бағасы 3) 60 25 = 1500 (тг) - бірінші орамның құны 4) 60 49 = 2940 (тг) - екінші орамның құны Жауабы: 11500 теңге және 2940 теңге. 7. Есептің шешуін тексеру жауапта алынған сан мен есептің шартында берілген сан арасындағы сәйкестікті тағайындау тәсілі бойынша орындалады: есептің жауабында алынған сандарды азайту керек, сонда есепте берілген сан шығуы тиіс. Тексеру: 2940 - 1500 = 1440 (тг) Тексеру формасы - жазбаша жұмыс Әдебиеттер: 1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, <<Просвещение>>, 1976 ж. 2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж. 3. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 4 сыныбына арналған оқулық. - Алматы, <<Атамұра>>, 2004. 6. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 4 сынып - Алматы, <<Атамұра>>, 2000. 19- тақырып Есепті алгебралық тәсілмен шығару технологиясы Мақсаты: Есепті алгебралық тәсілмен шығаруға үйрету технологиясын білу Құрал жабдықтар: 4 сыныпқа арналған <<Математика>> оқулықтары СОӨЖ тасырмасы: 4 сыныпқа арналған <<Математика>> оқулығынан алгебралық тәсілмен шығаруға берілген есептерді тап және шығар. Әдістемелік нұсқау: Тапсырманы орындау үшін есепті алгебралық тәсілмен, яғни теңдеу арқылы шығару технологиясын білу керек. Оқушыларға есепті арифметикалық тәсілмен шығару ұсынылады. Содан кейін тендеу құрып, алгебралық тәсілмен шешу ұсынылады; мүнда екі тәсілді салыстыру қажет. Осындай жұмыстың нәтижесінде есепті теңдеу арқылы шығарудың реті шығады: -- белгісіз шаманы анықтап, оны х деп белгілейміз; -- санды және әріпті өрнек құрамыз, белгілі және белгісіз шамалар арасындағы байланысты анықтаймыз; -- <<тең>> қатынасымен байланысты өрнектерді анықтап, теңдеу құрамыз; -- есептің мазмұнымен байланыстырмай-ақ, тендеуді шешеміз, сондықтан мұнда шама бірліктері жазылмайды; -- х-тің мәнін табамыз -- бүл белгісіз шаманың санды мәні болады; -- шама бірліктерін қолданып, жауабын жазамыз. Мысалы: <<Бүркіттің ұшу жылдамдығы 30 м/с, ал ол сұңқардың ұшу жылдамдығынан 10м/с артық. Сұңқардың жылдамдығы неге тең?>> х м/с -- сұңқардың жылдамдығы (х + 10) м/с -- бүркіттің жылдамдығы Бүркіттің жылдамдығы 30 м/с екендігін білеміз, теңдеу құрамыз: х + 10 = 30 х = 30 - 10 х = 20 Жауабы: 20 м/с -- бүркіттің жылдамдығы. Есепті теңдеу арқылы шығарудың жаңа тәсілін қарастырайық: <<Бір бидонда бірнеше литр, ал екіншісінде 10 л сүт бар. Бірінші бидонға тағы 2 л сүт құйылғанда, ал екіншісінен 3 л сүт құйып алғанда, екі бидондағы сүттің мөлшері бірдей болды. Бірінші бидонда неше литр сүт болған еді?>>. 1) Есептің шартындағы бірінші сөйлемді оқу. Бірінші бидонда неше литр сүт бар екені белгісіз. Бірақ екінші бидонда 10 л сүт бар екені белгілі. Бірінші бидонда х л болсын. Екінші бидонда 10 л. 2) Есептің шартындағы екінші сөйлемге сәйкес өрнек құрамыз: Бірінші бидонда (х + 2) л болды, өйткені 2 л тағы құйылды. Екінші бидонда (10 -- 3) л қалды, өйткені 3 л сүт құйып алынды. 3) Екі бидондағы сүт мөлшері бірдей болды, сондықтан теңдеу құрамыз: х + 2 = 10 - 3 х + 2 = 7 х = 7 - 2 х = 5 Жауабы: 5 литр. Тексеру: 5 + 2 = 10 - 3 7 = 7 Одан кейін оқушыларға есепті теңдеу құрып шығару ұсынылады, олар есепті шешу барысын түсіндіру кезінде үлгі бойынша оның шешуін жазамыз. <<Таразының бір табағына әрқайсысы 3 кг-нан бірнеше қапшық ұн салынды. Таразы басын теңестіру үшін оның екінші табағына 10 кг және 2 кг-дық кір тастар қойылды. Таразыға неше қапшық ұн салынған?>> Таразы табағына х қапшық ұн салынған болсын. х -- қапшықтар саны. 3х кг - барлық қапшықтардағы ұн массасы. (10 + 2) кг - барлық кір тастардың массасы. Таразы басы теңесіп тұрғанын білгеннен кейін, теңдеу қүрамыз: 3 х = 10 + 2 3 х = 12 х = 12 : 3 х = 4 Тексеру: 3 4 = 10 + 2 12 = 12 Жауабы: 4 қапшық ұн. Тексеру формасы - жазбаша жұмыс Әдебиеттер: 1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, <<Просвещение>>, 1976 ж. 2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж. 3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы: <<Атамұра>>, 2005 4. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 4 сыныбына арналған оқулық. - Алматы, <<Атамұра>>, 2004. 5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 4 сынып - Алматы, <<Атамұра>>, 2000. 20 - тақырып Геометриялық мазмұнды есептерді шығару технологиясы Мақсаты: фигураның периметрін, тік төртбұрыш пен шаршышың ауданын және тікбұрышты параллелепипед пен текшенің көлемін табуға берілген есептерді шығаруға үйрету технологиясын білу. Құрал жабдықтар: 2-4 сыныптарға арналған <<Математика>> оқулықтары, геометриялық фигуралар және қарапайым геометриялық денелердің модельдері, палетка СОӨЖ тасырмасы: 2-4 сыныптарға арналған <<Математика>> оқулықтарынан фигураның периметрін, тік төртбұрыш пен шаршышың ауданын және тікбұрышты параллелепипед пен текшенің көлемін табуға берілген есептерді тап және шығар. Әдістемелік нұсқау: Тапсырманы орындау үшін осындай есептермен жұмыс істеу технологиясын білу керек. 1. Фигураның периметрін табуға берілген есептер Үшбұрыштың, төртбұрыштың, көпбұрыштың периметрі ұғымы олардың барлық қабырғаларының қосындысы ретінде екінші сыныпта енгізіледі. Үшінші сыныпта геометриялық фигуралардың периметрін өрнек қүру арқылы жазуға үйрету жүзеге асырылады: - Тік төртбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен табумен көбейтудің үлестірімділік қасиетін енгізу барысында таныстыру; - шаршының периметрін оның қасиетін білу негізінде табу; - Күрделі геометриялық фигуралардың периметрін табу (<<М-3>>,с.169, 170). Тапсырма: Суреттегі фигуралардың периметрін әр түрлі тәсілмен тап: Шешуі: + Қабырғасы 6см болатын шаршышың периметрін әр түрлі тәсілмен табамыз: Р = 6 см + 6 см + 6 см + 6 см = 24 см Р = 6 см ∙ 4 = 24 см Жауабы: 24 см + Қабырғалары 4см және 3см болатын тік төртбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен табамыз: Р = 4 см + 3 см + 4 см + 3 см = 14 см Р = (4 см + 3 см) ∙ 2 = 14 см Р = 4 см ∙2 + 3 см ∙ 2 = 14 см Жауабы: 14 см + Қабырғасы 3 см болатын теңқабырғалы үшбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен табамыз: Р = 3см + 3 см + 3 см = 9 см Р = 3см ∙ 3 = 9 см Жауабы: 9 см + Қабырғалары 4 см, 4 см, 5 см болатын үшбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен табамыз: Р = 4 см + 4 см + 5 см = 13 см Р = 4 см ∙ 2 + 5 см = 13 см Жауабы: 13 см 2. Фигураның ауданын табуға берілген есептер 2.1. Фигураның ауданын палетканың көмегімен табуға берілген есептер Квадрат сантиметрлерге бөлінбейтін -- еркін пішіндегі дөңгелектер, сопақшалар сияқты фигуралар көрсетіледі; толық емес шаршылар шығады. Содан кейін еркін пішіндегі фигуралардың аудандарын өлшеуге арналған арнайы құрал көрсетіледі -- ол палетка деп аталады -- квадрат сантиметрлерге бөлінген мөлдір пластина (10x10). Ауданды өлшеу үшін ол фигураның үстіне салынады (<<М -- 3>>, 77-бет). Палетканы қолдану тәсілі және ауданды есептеу үлгісі көрсетіледі: толық шаршылар санына толық емес шаршылардың жартысы қосылады -- бұл фигураның ауданы. Мысалы, толық шаршы сантиметрлер саны 6, ал толық емес шаршы сантиметрлер саны 14 болсын, онда фигурының ауданы: 6 см2 + 14:2 см2 = 13 см2 2.2. Тік төртбүрыш пен шаршының аудандарын табу ережелері Тік төртбұрыштың үзындығы 4 см, ені 2 см. Тік төртбұрыштың ауданы 4 ∙ 2 = 8 (см2) немесе 2 ∙ 4 = 8 (см2) Ереже: Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін оның бірдей өлшеммен берілген ұзындығын еніне көбейту керек (<<М- 3>>, 82-бет). Оқушылар өз беттерімен шаршының ауданын табу ережесін түсіндіреді: шаршы қабырғасының ұзындығын өзін-өзіне көбейту қажет немесе шаршы қабырғаларының квадратын табу керек. 2 ∙ 2 = 2 2 = 4 (см2) 2.3. Тік бұрышты үшбұрыштың ауданы Тік бұрышты үшбұрыштың ауданы туралы түсінік үшінші сыныпта енгізіледі: - Берілген екі үшбұрыштан тік төртбұрыш қүрастыр және оның ауданын тап: 4 ∙ 3 = 3 ∙ 4 = 12 (см2) - Осы үшбұрыштың ауданы туралы не айтуға болады? Оның ауданы қабырғалары 4см және 3 см болатын тік бұрышты төртбұрыштың ауданының жартысына тең: (4 ∙ 3): 2 = 12: 2 = 6 (см 2) 2.4. Күрделі фигуралардың аудандарын оларды қарапайым геометриялық фигураларға бөлу арқылы табу Күрделі фигуралардың аудандарын оларды қарапайым геометриялық фигураларға бөліп, ереже бойынша аудандарын табу арқылы табу үшінші сыныпта қарастырылады. Мысалы, №5 (М-3,с.169) трапецияның ауданын табу үшін оны шаршы мен тік бұрышты үшбұрышқа бөлеміз де, олардың аудандарын табамыз: S = 4 ∙ 4 = 16 (см2) S∆ = (4 ∙ 3): 2 = 12 : 2 = 6 (см2) Sтр = S + S∆ = 16 + 6 = 22 (см2 ) 3. Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемін табуға берілген есептер Текшенің көлемін табу үшін көбейткіш ретінде оның қырының ұзындығын үш рет алу және көбейтіндінің мәнін табу керек, яғни ұзындығын еніне көбейту, көбейтіндіні биіктігіне көбейту немесе қырының кубын табу керек 23 = 8 (см3) 770255-3683000 247650806452см 002см 19812001790702см 002см Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табу үшін оның ұзындығын еніне көбейту керек. Сонда шыққан көбейтіндіні биіктігіне көбейту керек: (4 ∙ 2) ∙ 1 = 8 (см3). 10179051727201см 001см 14751051143000 38100001352552см 002см 2171700596904см 004см Тексеру формасы - жазбаша жұмыс Әдебиеттер: 1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, <<Просвещение>>, 1976 ж. 2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж. 3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы: <<Атамұра>>, 2005 Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 2-4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, <<Атамұра>>, 2000-2004. 6. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сынып - Алматы, <<Атамұра>>, 1997-2000. 5. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация и проведение самостоятельной работы студентов по дисциплине <<Теория и технология обучения математике в начальной школе>>. Семипалатинск, 2007г. 6. <<Вестник СГПИ>> журналы, №2 (3) Семей, 2005 ж. 101-106 бет. 7. <<Вестник СГПИ>> журналы, №2 (5) Семей, 2006 ж. 108-111 бет. 21 - тақырып Сыныптан тыс сабақтың жоспарларын дайындау Мақсаты: - бастауыш мектепте математикадан сыныптан тыс жұмыстың өзгешілігін және математикадан сыныптан тыс сабақтың жоспарын дайындауды білу. Құрал - жабдықтар: математикадан сыныптан тыс сабақтың жоспарының үлгілері. СОӨЖ тасырмасы: сыныптан тыс сабақтың жоспарларын құру. Әдістемелік нұсқау: Математикадан сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері: оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете тусу; логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсете білу, олардың ой-өрісінін әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру; балаларды қызықты сабақтарға (жұмыстарға) тарту; соның аркасында тәртіпті күшейте түсу, табандылыққа, еңбекке деген суйіспеншілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сыныптан тыс жұмыстардың сыныптағы тақырыптардан өзгешелігі -- еріктілік принципінде құрылуында. Мұнда оқушыларға баға қойылмайды, бірақ пайымдаулардың негізділігі, тапқырлық, есептеу щапшаңдығы, есеп шығаруда ұтымды әдістерді пайдалануы мадақталуға тиіс. Кластан тыс жұмыс үшін мұғалім шамалары келетіндей қиынырақ материалды немесе математиканың негізгі курсын оқып үйренуде толықтырушы болып табылатын материалды сынып жұмысымен үйлесімді болатындай таңдап алады. Сыныптан тыс жұмыстың сабақтан өзгешелігі -- ол матеатикалық ойын-есептер, ойындар, жарыстар сипатында болып келеді. Мунда қызықтыратын формадағы жаттығулар кеңінен пайдаланылады. Алайда қызықтыратын форманы пайдалана отырып, мынаны есте ұстау керек: егер мәселенің математикалық мәнін түсінуге, математика жөнінен білімдерді тереңдетуге және айқындауға себі тисе ғана ол кұнды болмақ. Муғалім сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруды, ол белсенділікті, инициатива және оқушылардың өз бетінше жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ететіндей, мұқият ойластыруы тиіс. Муғалімдер тәжірибесі сыныптан тыс жұмыстардың алуан түріне бай. Бұл сыныптан тыс сабақтар математикалық бұрыштар, математика кештері немесе ертеңгіліктері, математика үйірмелері, конкурстар, олимпиадалар болып табылады. Сыныптан тыс сабақтар, немесе кейде оны <<қызықты математика сағаты>> деп атағаңдай, әдетте барлық сыныпқа арналып өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы түрліше болады: оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты 30-дан 45 минутқа дейін. Мүндай сабақ айына 1 -- 2 рет болуы мүмкін. Мазмұны жөнінен ол сабақтағы жұмыспен байланысты болуы тиіс, алайда мұнда қиынырақ есептер, тапқырлық есептері, ойын-есептер, геометриялық мазмұнды қызықты есептер, логикалық есептер, мысалдар шешу үшін түрлі әдістер пайдаланылатын теңдеулер шығарылады. Сиқырлы квадраттарды толтыруға тапсырмалар, ойлаған санды табу, ребустарды, шарадаларды, жұмбақтарды шешу т. б. ұсынылады. Бүл материалмен жұмысты қимылды және тыныш ойындар формасында ұйымдастыруға болады. Айшықты бояулармен салынған плакаттар, суреттер пайдаланылса, балаларға өте әсерлі болу үшін ертегілердің кейіпкерлері кірістірілсе тіпті жақсы. Сыныптан тыс сабақтың жоспарының схемасы: * сабақтың тақырыбы; * сабақтың мақсаты; * безендіруі; * сабақтың жоспары; * қолданылған әдебиеттер. Тексеру формасы - Сыныптан тыс сабақтың жоспарларын ауызша қорғау. Әдебиеттер: 1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, <<Просвещение>>, 1976 ж. 2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж. 4. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация самостоятельной работы студентов по теме <<Нумерация чисел первого десятка>>. - Семей, 2009. 22 - тақырып Сыныптан тыс сабақтардың үзінділерін өткізу және талдау Мақсаты: - Сыныптан тыс сабақтарға қойылатын талаптарды және қатысқан сабаққа талдау жасауды білу. Құрал жабдықтар: сыныптан тыс сабақтардың жоспарлары, сабаққа қажетті көрнекіліктер. СОӨЖ тасырмасы: Сыныптан тыс сабақтардың үзінділерін өткізу және талдау Әдістемелік нұсқау: Сыныптан тыс сабаққа талдау жасау үшін сабақты талдау схемасын және сабақтың барысын жазуды білу қажет. + Математикадан сыныптан тыс ісшараларды талдау схемасының үлгісі * Ісшара жайлы жалпы мәліметтер. * Сынып, ісшара өткізген студенттің аты-жөні. * Ісшараның мақсаттары. * Ісшараның таңдауы неге негізделген: сыныптың, мектептің дәстүрлеріне, сыныптың тәрбие жұмысының жалпы жүйесіне. * Ісшара дайындығының талдауы. * Ісшараны ұйымдастырушы (мұғалім, оқушылар). * Ісшараны таңдау барысында оқушылардың қызығушылығын еске алуы. * Ісшараны жоспарлау мен дайындаудың ерекшіліктері. * Ісшараны дайындау процесінде оқушылардың жаңа ұғымдар туралы түсініктерінің қалыптасуы. * Ісшараны дайындау барысында оқушылар ұжымының бірлігіне тигізген әсері. * Ісшараны дайындаудағы белсенділердің ролі. * Ісшараны талдау: * Оқушыларды ұйымдастыруы. * Оқушылардың қызығушылығын оятуы. * Ісшараны дайындауға және өткізуге мұғалім тұлғасының әсері. * Ісшараның қортындылары: * Жұмыстың идеялық және тәрбиелік қүндылығы; * Ісшараның оқушылар ұжымының арықарай дамуына әсер етуі; * Ұжымдағы қарым - қатынасты дамытуға, ісшараның жоспарына кірген құбылыстарға қызығушылығын оятуы; * Ісшараның сапасын төмендеткен әдістемелік қателер мен кемшіліктер, оларды жоюдың жолдары. СОӨЖ нәтижелері мен тексеру формасын анықтау Нәтижесі - сыныптан тыс сабақтарға талдау жазылған дәптер. Тексеру формасы- жұмысты ауызша қорғау. Әдебиеттер: 1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, <<Просвещение>>, 1976 ж. 2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж. 4. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация самостоятельной работы студентов по теме <<Нумерация чисел первого десятка>>. - Семей, 2009. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫНЫҢ НҰСКАЛАРЫ 1. Тіктөртбұрыштың және шаршының қасиеттері оқылады: A) 1- ші сыныпта; B) 2 - ші сыныпта; C) 3 - ші сыныпта; D) 4 - ші сыныпта; Е) бастауыш сыныптарда оқылмайды. 2. Айырмалық салыстыруға берілген есептер алғаш оқылады: A) 1- ші сыныпта; B) 2 - ші сыныпта; C) 3 - ші сыныпта; D) 4 - ші сыныпта; Е) бастауыш сыныптарда оқылмайды. 3. Бастауыш сыныптардағы математиканы оқыту материалының мазмұны негізгі бөліктерден құрылады: A) теріс емес бүтін сандар нумерациясы; арифметикалық амалдар және есептеу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру; шамалар және оларды өлшеу; алгебра элементтері; геометрия элементтері; есеп және оны шешу процесі; B) арифметика, алгебра, геометрия, логиканың элементтері, информатиканың элементтері; C) есептерді шешу; арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері; алгебра және геометрия элементтері; D) миллион көлеміндегі сандар нумерациясы, арифметикалық амалдар және есептеу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру; есеп және оны шешу процесі; Е) арифметикалық материал, алгебралық материал, геометриялық материал, шамалар, есептер. 4. Есептің түрін анықта: Бір метр сәтен 90тенге, ол бір метр жібектен 3 есе арзан. Бір метр жібек неше теңге тұрады? A) санды бірнеше есе кеміту; B) санды бірнеше есе арттыру; C) тиісінше бөлу; D) бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға арналған есеп; Е) сандарды еселік салыстыру. 5. Дамыту сипатындағы жаттығулар оқулықта қай түспен беріледі? A) қызыл түс; B) көк түс; C) жасыл тус; D) қара түс; Е) сары түс. 6. Егер жылдамдық пен қашықтық белгілі болса уақытты қалай табамыз? A) жылдамдықты қашықтықка көбейтеміз; B) қашықтықты жылдамдыққа бөлеміз; C) жылдамдықты қашықтық бөлеміз; D) қашықтықты жылдамдыққа көбейтеміз; Е) жылдамдыққа қашықтықты қосамыз. 7. Бөлу амалының мән - мағынасы ашылады: A) тиісінше және теңдей бөлуге арналған жай есептерді шығару барысында; B) қалдықты табуға арналған есептерді шығару барысында; C) қосу кестесін құру барысында; D) көбейтудің кестесін құру барысында; Е) үлесі бойынша санды табуға арналған есептерді шығару барысында. 8. Қалдықпен бөлу қарастырылады: A) 1- ші сыныпта; B) 2 - ші сыныпта; C) 3 - ші сыныпта; D) 4 - ші сыныпта; Е) бастауыш сыныптарда оқылмайды. 9. Таблица бойынша есептін түрін анықта: бағасы саны құны бірдей 6 дәптер 4 дәптер теңге A) төртінші пропорционал шаманы табу есебі; B) пропорционал бөлуге арналған есеп; C) екі айырма бойынша белгісіз шаманы табу есебі; D) қозғалысқа байланысты есеп; Е) белгісіз қосылғышты табуға арналған есеп. 10. Екі таңбалы сандардың жазбаша нумерациясы құрастырылады: A) цифрдың мәні сандағы орнына байланысты принципіне сүйеніп; B) арнайы белгілеулерді енгізу арқылы; C) көрнекі кұралдардың көмегімен; D) таблицаның көмегімен; Е) дидактикалық ойындардың көмегімен. 11. Балаларға көбейту кестесін терең меңгерту үшін қажет: A) атаналардан үйде балалармен бірге көбейту кестесін жаттауға өтіну; B) жағза тапсырма беру - алдын ала көбейту кестесін жаттау; C) әр сабақта көбейту кестесін тексеруге арналған жұмыс беру; D) көбейту мен бөлудің кестелік жағдайларын сыныпта орындалатын және үйге берілетін әр түрлі тапырмаларға еңгізу, балалардың кестені есте сақтау әрекеттерін белсендіру; Е) көбейту кестесін әр сабақта басында қайталау. 12. Қосындыны санға бөлу орындалады: A) екі тәсілмен: алдымен қосындының мәні есептеледі, одан соң оны санға бөліп, өрнектің мәні табылады; әр қосылғышты санға бөліп, нәтижелерін қосуға болады; B) бір тәсілмен: бөлінділердің мәнін тауып, одан соң оларды қосып, өрнектің мәні табылады; C) көп тәсілмен; D) бір тәсілмен: сынап көру арқылы бөліндінің мәнін табу; Е) бір тәсілмен: әр қосылғышты санға бөліп, нәтижелерін қосуға болады. 13. Шамаларды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері қай сандарды оқытумен қатар басталады: A) "Көп таңбалы сандар"; B) "Он" көлеміндегі сандар; C) "Жүз" көлеміндегі сандар; D) <<Мың" көлеміндегі сандар. Е) << Миллион көлеміндегі сандар>>. 14. Есептің шешуін тексеру тәсілдері нешеу? A) 2: есепті басқа тәсілмен шығару, кері есеп құру және шығару; B) 3: есепті басқа тәсілмен шығару, кері есеп құру және шығару, алынған нәтиже мен есептің шартын сәйкестендіру; C) 3: есепті басқа тәсілмен шығару, кері есеп құру және шығару, нәтижені жорамалдау; D) 1: екі кері есеп құру және шығару; Е) 4: есепті басқа тәсілмен шығару, кері есеп құру және шығару, алынған нәтиже мен есептің шартын сәйкестендіру, нәтижені жорамалдау. 15. Ұзындық өлшем бірліктерімен таныстырудың қай реті дұрыс? A) см, мм, дм, м, км; B) см, дм, м, км, мм; C) см, дм, км, м, мм; D) мм, см, дм, м, км; Е) см, дм, м, мм, км. 16. Санды шығарып алудың қандай тәсілдері бірінші сыныпта қарастырылады? A) заттарды, дыбысты, қозғалысты санау арқылы; B) шаманы өлшеудің нәтижесінде: кесіндінің ұзындығын немесе уақытты өлшеу арқылы; С) заттарды санау арқылы, қосу және азайту амалдарын орындау нәтижесінде, шаманы өлшеудің нәтижесінде; D) көбейту және бөлу амалдарын орындау нәтижесінде; Е) заттарды санау арқылы, көбейту және бөлу амалдарын орындау нәтижесінде, шаманы өлшеудің нәтижесінде. 17. 907 005 санындағы әр кластың бірліктерін тап A) I-ші кластың 907 бірл., II-ші кластың 5 бірл.; B) I-ші кластың 90 бірл., II-ші кластың 70 бірл., III- ші кластың 5 бірл.; C) III- ші кластың 90 бірл., II-ші кластың 70 бірл., I-ші кластың 5 бірл.; D) I-ші кластың 9 бірл., II-ші кластың 7 бірл., III- ші кластың 5 бірл.; Е) II-ші кластың 907 бірл., I-ші кластың 5 бірл. 18. Арифметикалық амалдардың мән-мағынасын ашуға арналған жай есептердің тобына қандай есептер кіреді: A) қосындыны табу, белгісіз бірінші қосылғышты және белгісіз екінші қосылғышты табуға арналған; B) қалдықты, белгісіз азайғышты және белгісіз азайтқышты табуға берілген есептер; C) көбейтіндіні табуға, теңдей және тиісінше бөлуге берілген есептер; D) қосындыны және қалдықты табуға арналған есептер, бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға, теңдей және тиісінше бөлуге берілген есептер; Е) қосындыны және қалдықты табуға арналған есептер, көбейтіндіні және бөліндіні табуға берілген есептер. 19. Санның үлесін табу үшін A) санды сызықтын астындағы санға көбейту керек; B) санды сызықтын астында тұрған санға бөлу керек; C) санды сызықтын үстіндегі санға бөлу керек; D) санды сызықтын үстіндегі санға көбейту керек; Е) сызықтын астындағы санды берілген санға бөлу керек. 20. Азайту амалының компоненттері мен нәтижесінің арасындағы байланыс былай тұжырымдалады: A) айырманың мәніне азайтқышты қосқанда, азайғыш шығады, азайғыштан айырманың мәнін азайтқанда, азайтқыш шығады; B) айырманың мәнінен азайтқышты алғанда, азайғыш шығады, азайғышқа айырманың мәнін қосқанда, азайтқыш шығады; C) айырманың мәнін азайтқышқа көбейтсе, азайғыш шығады, азайғышты айырманың мәнін бөлсе, азайтқыш шығады; D) азайтқышты айырманың мәніне қосқанда, азайғыш шығады, айырманың мәнінен азайғышты азайтқанда, азайтқыш шығады; Е) азайтқышты айырманың мәнінен алғанда, азайғыш шығады, азайғыштан айырманың мәнін азайтқанда, азайтқыш шығады. 21. 3-4 амалдан туратын мәтінді есептердің шешімінің формасы мынадай болуы қажет: A) түсіндіру арқылы амалдар бойынша немесе өрнектердің көмегімен; B) әр амалға сүрақ қою арқылы және сол амалдардан; C) өрнектердің көмегімен; D) амалдар бойынша, өрнектердің көмегімен, әр амалға сүрақ қою арқылы және сол амалдардан; Е) амалдар бойынша, өрнектердің көмегімен, жазбаша түсіндіру арқылы амалдар бойынша. 22. 56 - 40 = (50 - 40) + 6 = 10 + 6 = 16 есептеу тәсілі қандай ережеге негізделген: A) бірліктерге бірліктерді қосады; B) бірліктерден бірліктерді азайтады; C) санды разрядық қосылғыштардың қосындысымен алмастыру; D) ондықтарды ондықтарға қосады; Е) ондықтарды ондықтардан азайтады. 23. Шешуі бойынша есептің түрін анықта: 1) 6 + 4 = 10 (дәптер) 2) 20 : 10 = 2 (теңге) 3) 2 ∙ 6 = 12 (теңге) 4) 2 ∙ 4 = 8 (теңге) A) төртінші пропорционал шаманы табу есебі; B) пропорционал бөлуге арналған есеп; C) екі айырма бойынша белгісіз шаманы табу есебі; D) қозғалысқа байланысты есеп; Е) бірігіп жұмыс істеуге берілген есеп. 24. Ауызша көбейтудің жалпы тәсілі негізделген: A) көбейтудің косындыға қатысты үлестірмелік қасиетіне; B) көбейтудің ауыстырымдылық қасиетіне; C) көбейтудің терімділіқ қасиетіне; D) кері амалдар қасиетіне; Е) көбейтудің ерекше жағдайларына. 25. Математиканы бастауышта оқыту бағдарламасы кандай бөліктерден тұрады? A) бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері; математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі; оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар; B) бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері; математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі; оқытудың әдіс-тәсілдері; C) математикалық білім мазмұны; математика курсының материалдарын оқу жылының тоқсандары мен жеке сабақтарға шамамен бөлу; сабақтарға нұсқаулар; сабақтың үлгі мазмұны; D) математикалық білім мазмұны; математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі; пәнаралық байланыстар; Е) бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері; оқыту мазмұнына сипаттама; математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі; оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар. II нұсқа 1. Бағасы, саны, құны - пропорционал шамалармен байланысты есептер қай сыныптан бастап оқылады? A) 1- ші сыныпта; B) 2 - ші сыныпта; C) 3 - ші сыныпта; D) 4 - ші сыныпта; Е) бастауыш сыныптарда оқылмайды. 2. Аудан бірліктері - ар және гектар қай сыныпта енгізіледі? A) 1- ші сыныпта; B) 2 - ші сыныпта; C) 3 - ші сыныпта; D) 4 - ші сыныпта; Е) бастауыш сыныптарда оқылмайды. 3. Санның квадраты мен кубы туралы түсінік беріледі A) 1- ші сыныпта; B) 2 - ші сыныпта; C) 3 - ші сыныпта; D) 4 - ші сыныпта; Е) бастауыш сыныптарда оқылмайды. 4. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу жағдайлары қандай білімге негізделіп қарастырылады? A) сынап көру арқылы бөліндінің мәнін табу; B) ондықтар мен бірліктерді санға бөлу; C) қосындыны санға бөлу ережесіне; D) теңдік құру арқылы; Е) ондықтар мен бірліктерді санға бөліп шыққан нәтижелерін көбейту арқылы. 5. 1-ге бөлу тәсілі қандай білімге негізделіп еңгізіледі? A) көбейту амалының компоненттері мен нәтижесінің арасындағы байланысқа; B) көбейтудің кестелік жағдайларына; C) көбейту мен бөлу байланысына; D) көбейтудің ауыстырымдылық қасиетіне; Е) бөлу амалының компоненттері мен нәтижесінің арасындағы байланысқа. 6. <<Математика>> оқулығына әдістемелік ңұсқау қандай бөліктерден тұрады? A) бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері; математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі; оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар; B) бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері; математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі; оқытудың әдіс-тәсілдері; C) математикалық білім мазмұны; математика курсының материалдарын оқу жылының тоқсандары мен жеке сабақтарға шамамен бөлу; сабақтарға нұсқаулар; сабақтың үлгі мазмұны; D) математикалық білім мазмұны; математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі; пәнаралық байланыстар; Е) математикалық білім мазмұны; математика курсының материалдарын оқу жылының тоқсандарына шамамен бөлу. 7. Оқушылардың өздік жұмысы сабақтың қандай кезеңдерінде үйымдастырылуы мүмкін: A) білім, білік, дағдыларын бекіті және тексеру; B) білімді жалпылау және жүйелеу; C) жаңа материалды еңгізуге дайындық; D) білім, білік, дағдыларын қалыптастытудың барлық кезеңдерінде; Е) сабақты қортындылау кезеңінде. 8. Жаңа материалды оқыту барысыда оқушылардың танымдық іс- әрекеттерін белсендіру үшін қандай әдістер қолданылады? A) ойын және қызықты тапсырмалар қолдану, жетекші сүрактар қою; B) қозғалмалы ойындар үйымдастыру, проблемалық жағыдаяттар туғызу, қызықты тапсырмалар қолдану, үлестірме материал қолдану; C) шығармашылық тапсырмалар орындау, бақылау, ойын жағыдаяттар туғызу; D) проблемалық жағыдаяттар туғызу, жетекші сүрактар қою, ойын жағыдаяттар туғызу, қызықты тапсырмалар қолдану, тапсырманы өз бетімен орындау, бақылау, салыстыру, жалпылау; Е) шығармашылық тапсырмалар орындау, проблемалық жағыдаяттар туғызу, қызықты тапсырмалар қолдану, ойын ойнау. 9. Шешуі бойынша есептің түрін анықта: 1) 6 - 4 = 2(м) 2) 10 : 2 = 5(тг) 3) 5 ∙ 6 = 30(тг) 4) 5 ∙ 4 = 20(тг) A) төртінші пропорционал шаманы табу есебі; B) пропорционал бөлуге арналған есеп; C) екі айырма бойынша белгісіз шаманы табу есебі; D) қозғалыска байланысты есеп, Е) айырмалық салыстыруға берілген есеп. 10. Есептің шешуі қалай жазылған? 22 ∙ 7 - 3 ∙ 7 = 133(кг) A) түсіндіру арқылы амалдар бойынша; B) ауызша түсіндіру арқылы амалдар бойынша; C) теңдеу түрінде; D) өрнектердің көмегімен; Е) теңсіздік түрінде. 11. 9дм 3см+ 6см= см теңдігі тура болатындай бос орынға дұрыс санды тауып қой: A) 153; B) 89; C) 909; D) 99; Е) 98. 12. "Ауызша есептеу" әдетте өткізіледі: A) сабақтың басында; B) сабақтың соңында; C) үйге беріледі; D) сабақтың ортасында; Е) сабақтың кез келген кезенінде. 13. Бастауыш мектепте математиканы оқыту жұмысын үйымдастырудың негізгі формасы: A) ойын; B) үйірме; C) сабақ; D) жалпылама жұмыс; Е) экскурсия. 14. Оқушыларды көбейтудің ауыстырымдылық қасиетімен таныстыру үшін қандай білімдерді белсендіру қажет: A) көбейту амалының мағынасы, көбейту амалының компоненттері мен нәтиженсінің атаулары; B) көбейту және бөлу амалдарының мағынасы; C) көбейту және қосу амалдарының мағынасы, қосудың ауыстырымдылық қасиеті; D) көбейту амалының компоненттері мен нәтижесінің атаулары, көбейту кестесі; Е) амалдың компоненттері мен нәтижесінің атауларын. 15. Оқушыларды бір таңбалы сандарды ондықтап аттап қосудың тәсілімен таныстыру үшін мүғалім қандай көрнекіліктерді қолданады? A) түрлі түсті фигураларды және бірінің астында бірі орналасқен екі сөрені; B) он көлеміндегі қосу кестесін, 10 дөңгелектен салынған жолақтар (ондықтар) және жеке дөңгелек салынған жолақтар (бірліктер); C) әр түрлі геометриялық фигураларды және қалталы полотноны; D) көрнекіліктерді қолданудың қажеті жоқ; Е) екі түсті фигураларды және он қалталы полотноны. 16. 78 005 санын разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсет: A) 7 000 + 800 + 5; B) 70 000 + 8 005; C) 70 000 + 800 + 5; D) 78 000 + 5; Е) 70 000 + 8 000 + 5. 17. 105 784 пен 253 сандарының бөліндісінде неше цифр болатынын анықта: A) 2; B) 3; C) 4; D) 5; Е) 1. 18. Өзара кері есептердің қандай түрлері I-ші сыныпта оқылады? A) қосындыны табу, белгісіз бірінші қосылғышты және белгісіз екінші қосылғышты табуға арналған; B) қалдықты, белгісіз азайғышты және белгісіз азайтқышты табуға берілген есептер; C) санды бірнеше бірлікке арттыру, айырмалық салыстыру, санды бірнеше бірлікке кемітуге берілген есептер; D) көбейтіндіні табуға, теңдей және тиісінше бөлуге берілген есептер; Е) санды бірнеше есе арттыру, еселік салыстыру, санды бірнеше есе кемітуге берілген есептер. 19. Теңдеуді шешудің қандай тәсілдерімен оқушылар бірінші сыныпта танысады? A) арифметикалық амалдардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты пайдалану тәсілі; B) теңбе-тең түрлендіруге негізделген тәсіл; C) <<сынап көру>> тәсілі; D) қосу мен азайтудың өзара кері амалдар екендігін пайдалану тәсілі; Е) көрнекілікке сүйену аркылы. 20. Гектар - ол A) қабырғалары 10 м шаршы; B) қабырғалары 100 м шаршы; C) қабырғалары 10 м шаршының ауданы; D) қабырғалары 10 м шаршының ауданы; Е) қабырғалары 100 м шаршының ауданы. 21. Таблица бойынша есептін түрін анықта: бағасы саны құны бірдей 5 кітәп 3 кітәп ?, 130 теңге артық ? A) төртінші пропорционал шаманы табу есебі; B) пропорционал бөлуге арналған есеп; C) екі айырма бойынша белгісіз шаманы табу есебі; D) қозғалыска байланысты есеп; Е) белгісіз қосылғышты табуға арналған есеп. 22. Тік бұрышты үшбұрыштың ауданын табу үшін A) бірдей өлшеммен берілген ұзындығын еніне көбейту керек; B) қабырғасының квадратын табу керек; C) оны қарапайым геометриялық фигураларға бөліп, ереже бойынша ауданын табу керек; D) оның барлық қабырғаларының қосындысын табу керек; Е) осындай екі үшбұрыштан тік төртбұрыш құрастырып, шыққан тік төртбұрыштың ауданының жартысын табу керек. 23. Мына шамалардың қайсысын салыстыруға болады? A) 75 м * 56 мин; B) 18км * 16м2; C) 8520 мм * 35км; D) 815л * 35а; Е) 18кг * 16м[3]. 24. Шамаларды салыстыру қалай орындалады? A) бірдей өлшем бірлікпен өрнектелген шамалардың сандық мәндерін салыстыру арқылы; B) заттарды беттестіру арқылы; C) өлшеу қүралдардың көмегімен; D) кестелер кұрастыру арқылы; Е) <<көз мөлшерімен>>. 25. 1-ді және 0-ді санға көбейту тәсілі қандай білімге негізделіп еңгізіледі? A) көбейту амалының компоненттері мен нәтижесінің арасындағы байланысқа; B) теңдіктерді салыстыру негізінде; C) көбейту мен бөлу байланысына; D) көбейтудің ауыстырымдылық қасиетіне; Е) көбейтудің анықтамасы білімінің негізінде. 18. Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін A) бірдей өлшеммен берілген ұзындығын еніне көбейту керек; B) қабырғасының квадратын табу керек; C) оны қарапайым геометриялық фигураларға бөліп, ереже бойынша ауданын табу керек; D) оның барлық қабырғаларының қосындысын табу керек; Е) оның ұзындығы мен енінің көбейтіндісінің жартысын табу керек. 19. Есептің шешуі қалай жазылған? 22 ∙ 3 - 3 ∙ 4 = 54(кг) A) түсіндіру арқылы амалдар бойынша; B) ауызша түсіндіру арқылы амалдар бойынша; C) теңдеу түрінде; D) өрнектердің көмегімен; Е) теңсіздік түрінде. 20. <<Математика>> оқулығына әдістемелік ңұсқау қандай бөліктерден тұрады? A) бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері; математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі; оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар; B) бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері; математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі; оқытудың әдіс-тәсілдері; C) математикалық білім мазмұны; математика курсының материалдарын оқу жылының тоқсандары мен жеке сабақтарға шамамен бөлу; сабақтарға нұсқаулар; сабақтың үлгі мазмұны; D) математикалық білім мазмұны; математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі; пәнаралық байланыстар; Е) математикалық білім мазмұны; математика курсының материалдарын оқу жылының тоқсандарына шамамен бөлу. 21. Есептің шешуін тексеру тәсілдері нешеу? A) 2: есепті басқа тәсілмен шығару, кері есеп құру және шығару; B) 3: есепті басқа тәсілмен шығару, кері есеп құру және шығару, алынған нәтиже мен есептің шартын сәйкестендіру; C) 3: есепті басқа тәсілмен шығару, кері есеп құру және шығару, нәтижені жорамалдау; D) 1: екі кері есеп құру және шығару; Е) 4: есепті басқа тәсілмен шығару, кері есеп құру және шығару, алынған нәтиже мен есептің шартын сәйкестендіру, нәтижені жорамалдау. 22. "Ауызша есептеу" әдетте өткізіледі: A) сабақтың басында; B) сабақтың соңында; C) үйге беріледі; D) сабақтың ортасында; Е) сабақтың кез келген кезенінде. 23. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы курсының пәні: A) кіші жастағы оқушыларды математикаға оқыту процесі; B) кіші жастағы оқушыларда математикалық түсініктерді қалыптастыру процесі; C) кіші жастағы оқушыларда математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру процесі; D) математиканы мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары мектепке дейінгі оқыту процесі; Е) болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің математиканы оқытудың теориясы мен технологиясынан білім, білік және дағдыларын қалыптастыру процесі. 24. Уақыт өлшем бірліктерімен таныстырудың қай реті дұрыс? A) сағат, минут, секунд, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр; B) сағат, минут, тәулік, секунд, апта, ай, жыл, ғасыр; C) сағат, минут, тәулік, жыл, ғасыр , апта, ай, секунд; D) сағат, минут, тәулік, апта, ай, секунда, жыл, ғасыр; Е) сағат, секунд, минут,тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр. 25. Санды шығарып алудың қандай тәсілдері бірінші сыныпта қарастырылады? A) заттарды, дыбысты, қозғалысты санау арқылы; B) шаманы өлшеудің нәтижесінде: кесіндінің ұзындығын немесе уақытты өлшеу арқылы; С) заттарды санау арқылы, қосу және азайту амалдарын орындау нәтижесінде, шаманы өлшеудің нәтижесінде; D) көбейту және бөлу амалдарын орындау нәтижесінде; Е) заттарды санау арқылы, көбейту және бөлу амалдарын орындау нәтижесінде, шаманы өлшеудің нәтижесінде.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz