Файл қосу

Негізгі жазуды сызу



ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
                                       
СМК 3 дәрежелі құжаты
                                   ПОӘҚ
                          ПОӘК 042-33.1.8/01-2014
                                   ПОӘҚ
             Оқу-әдістемелік материалдар
                        <<Сызу негіздері>>
Баспа№1
11.09.2014
                                       
                                       


           ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                       <<Сызу негіздері>> 
5В0107000  -  <<Бейнелеу өнері  және сызу>>  мамандық үшін  
            ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                Семей 2014
                                       
                                Мазмұны
1  Глоссарий............................................................................................................
                                       3
2  Практикалық сабақтар.......................................................................................
                                       4
3  Білімалушылардың өздік жұмыстары..............................................................
                                      20
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
1  ГЛОССАРИЙ     
Сызба   -   нәрсенің    кескінінен    және    оны   жасауға    керекті    басқа   да мәліметтерден тұратын құжат
Сызу - сызбаларды орындау, оқу және олардың көмегімен есптерді шешуережелерін баяндайтын пән.
Сызба қағазы  -  ақ және тығыз қағаз, "ватман" деп аталады
Даярша ( готовальня) - қорапка салынған сызу аспаптарының жиьштығы
Сызба сызықтары - тұтас жуан негізгі сызық, тұтас жіңішке сызық, түтасжіңішке іркісінді сызык, тұтас ирек сызык, үзілме сызық, жіңішке нұктеліүзілмс сызық, жуандатылған нүктелі үзілме сызык, жіңішке кос нүктелі үзілмесызык, үзік сызық.
Формат (пішім) - өлшемдері тағайындалған сызба салуга арналған қағаз(АІ;А2;АЗ;А4).
Масштаб - иорсенІң сызбадағы үзындығының оның натурал үзындығьша қатынасы (бөлшек сан).
Монж эпюры  (комплекстік сызба)  - нәрсенің үш жазықтықтағы проекциясы
Қаріп - әріптердің, цифрлардың және сызбаларда қолдапылатын белгілердіңжиыны.
Қаріптердің   өлшемі   (һ)   -   бас   әріптсрдің   миллиметрмен   есептелгенбиіктігіне тең  шама.
Түйіндесу - бір сызықтан екіпші сызыкқа үшінші сызықтың көмегіменбіртіндеп оту.
"Эпюр" - француз сөзі, қазақшаға аударғамда "жазық сызба" деген мағынабереді.
Аксонометрия - грек сөзі, казакшаға аударғанда "осьтер бойынша өлшеу"деген мағына береді,
Пирамида -  табаны деп аталатын көпбұрышпен және бүйір жақтары депаталатын үшбүрыштармен шектелген көпжақты ғеометрнялык дене.
Призма - табандары деп аталатын екі жағы параллель және тең көпбұрыштар, ал қалған бүйір жақтары параллелограмдар болатын көпжакты ғеометриялық дене.
Проекция - латын сөзі, қазақшаға аударғанда <<алға қарай лақтыру>>  деген мағынаны береді
Цилиндр - тіктөртбұрыш өзінің бір қабырғасынан айналғанда шығатынайналу геометриялық дене.
Конус - тікбүрышты үшбүрышты катеттерінің біреуінен айналдырғаңдашығатын айналу геометриялық дене.
Шар  -  дөнгелекті диаметрлерінің біреуінен айналдырғанда пайда болатынгеометриялык дене.
Конустылық - киык конус табандарындағы шеңберлердің диаметрлерінайырымын оның биіктігіне белгенде шығатын бөлшек.
Басты көрініс - нәрсенің алдынгы көрінісі, мүмкіндіғінше толық мағлүматберетіндей етіп орналастырылған.
Негізгі көріністер - алдыңғы, үстінгі, сол жақ, оң жак, астынғы және арткыкөріністер.	
Косымша көрініс  --  қосымша проекция жазыктығына,   көлбеу орналасқан, тетікбөлшектердің элементі тікбұрыштап проекцияланады.
Жергілікті көрініс  -  нәрсенің керек бөлігінің проекциясы.
Қима - нәрсені жазыктықпен ойша киғаннан шықкан фигуранын кескіні.
Тілік -  нәрсенің   ішкі   құрылысын   сызбада   анық  және түсінікті   етіпкөрсетуге мүмкіндік береді.
Қарапайым тілік  --  тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілік.
Күрделі тілік - екі немесе одан көп қиюшы жазықтықтардың көмегіменалынған тілік, олар: сатылы, сынық.



2  ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР

* Тәжірибелік /практикалық/  сабақ:        Кіріспе.  Сызбаның  даму тарихы, адамның іс-әрекетіндегі сызбаның маңызы, сызу құралдары, пішімдер мен негізгі жазу және  масштабтар.
Сабақ мақсаты:    Студенттерге сызудан жаңа білім беру, сызуға деген қызғушылықтарын артыру, сызуда қолданылатын құрал-жабдықтармен және пішімдер мен негізгі жазу және  масштабтар, оқулықтармен таныстыру.
 Қысқаша ақпарат.
1.1  Сызбаның даму тарихынан қысқаша мәліметтер. Адам баласы жануарлардың, өсімдіктердің,     құрлыстардың және басқада заттардың суреттерін салуда өте ерте заманда басталған. Түрлі мәліметтерден кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін кескіндер пайдаланған.Ескіден сақталған Қаратау жотасындағы және Тамғалыдағы жартасқа салынған кескендер көпшілікке мәлім.Кейінрек мысыр иероглифтерін пайдаланып,маңызды оқиғалар туралы баяндауға мүмкіндік туды.Қытай,Жапон иероглифтері күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.Сонымен,жазу өнері иероглифтерді жетілдірудің нәтижесінде пайда болған.Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда жазылған Рим архитекторы Марк Витрувийдің "Архитектура туралы 10 кітап"атты трактатында нәрсенің горизонталь және фронталь проекциялары туралы айтылған. Шығыстың Аристотелі атанған, Отырар қаласында (Арыс өзенінің жағасында салынған, Туркстаннан 10-15 шақырымдай қашықтықта орналасқан) туып, қыпшақ руынан шыққан Әбунасыр әл-Фараби (870-950) "Музыка туралы үлкен тракатат" атты еңбегінде музыканың теориясын жасап, дыбыс интервалдарын графиктік жолмен тағайындалған, өзі ойлап тапқан музыкалық аспаптардың Ахмет Иассауидің сәулет ғимараты сол кезде салынған дүние жүзіндегі ең үлкен құрлыс, Маңғыстаудағы жер астына салынған Шопан-ата (12ғ), Қараман-ата (13ғ) және Бекет-ата(18ғ) мешіттерін салуда олардың жобалары мен сызбалары болғаны сөзсіз.
 1.2 Адамның іс-әрекетіндегі сызбаның маңызы. Сызба деп нәрсенің кескініненжәне оны жасауға керекті басқа да мәліметтерден тұратын құжатты айтады. Нәрсенің сызбасына қарап,оның пішінін және өлшемдерін анықтауды-оны оқу дейді. Инженерлер мен ғалымдар сызбаның көмегімен ғылым мен техниканың көптеген есептерін шешеді. Машиналармен құрлыстардың сызбаларына қарап,оларды жасағанан немесе тұрғызғанан кейін қандай болатынын алдын ала көреді. Егер болашақ машиналар немесе құрлыстар ойдағыдай жақсы болмаса онда олардың сызбаларын өзгертеді. Сөйтіп,  қосымша материалдармен қаражат жұмсамай-ақ сызбалардың көмегімен бүгінгі күнің талаптарына сай машиналармен әдемі құрылыстардың жобасын жасауға болады. Күнделікті өмірде ғылым жаңалықтарын пайдаланбайтын, техниканы қолданбайтын мамандар жоқ деуге болады. Жүргізуші, сылақшы, ұста, диқаншы, дәрігер, мұғалім, 

ұшқыш ғарышкер мұнайшы, тағы басқа мамандар түрлі машиналарды, аспаптарды жете менгере және басқара білулері қажет. Сызу құралдары.  Сызбаларды орындау үшін көптеген аспаптар мен жабдықтар қерек. Олар: сызба қағазы,қарындаштар (M;T;T), сызғыш (ағаштан жасалған), сызба тақтасы, бұрыштықтар, даярша (готовальня). Сызу аспаптары мен материалдарын ұқыптылықпен сақтау,таза ұстау және оларды жұмысқа дұрыс дайындау керек.
1.3 Пішімдер /формат/. Рамка және негізгі жазу. Сызбаны өлшемдері келісім бойынша тағайындалған қағазға салады. Сызба салуға арналған қағазға  пішім(формат) деп атайды.
Жиі қолданылатын  пішімдер:
Пішім А1 (841x594)мм
Пішім А2 (594х420)мм
Пішім А3 (420х297)мм
Пішім А4 (297х210)мм
Сызбаны салмай тұрып, пішімнің шетін көрсететін сызықтарды жүргізіп алу шектейтін рамка деп аталатын тіктөртбұрыш салынады. Сызбадағы рамканы қағаздың үстінгі , оң және төменгі жақтарынан, пішім шетінен 5 мм қашықтықта,ал сол жағынан 20 мм қашықтықта жүргізеді. Пішімнің оң жақ төменгі бұрышына негізгі жазу орналасады,оның сыртқы өлшемі 185х55 мм.
1.4 Масштабтар. Үйлердің, машиналардың сызбаларын салу үшін олардың өлшемдерін кішірейтіп алмаса болмайды.өте кіші денелердің сызбалары анық және түсінікті болуы үшін оларды үлкейтіп  салуға тура келеді. Ең жаксысы-нәрсенің өз өлшемдерін өзгертпей салу. Нәрсенің нақты шамасынан кескін неше есе үлкен не кіші екенін көрсететін санды масштаб деп атайды. Дәлірек айтқанда,масштаб дегеніміз-нәрсенің сызбадағы ұзындығының оның натуралұзындығына қатынасы(бөлшек сан).
Кішірейту масштабтары: 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1:20 т.б 
Нақты шама:  1:1;
Үлкейту масштабтары: 2:1; 2,5:1; 1:4; 5:1; 10:1;20:1 т.б
Масштабты М әрпімен белгілейді.
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары:
* Жұмыс дәптеріне қысқаша конспект жазу;
* А3 пішімнің бетіне рамка сызу.  Оң және төменгі жақтарынан, пішім шетінен 5 мм қашықтықта, ал сол жағынан 20 мм қашықтықта жүргізіледі;
* Негізгі жазуды сызу. Пішімнің оң жақ төменгі бұрышына негізгі жазу орналасады, оның сыртқы өлшемі 185х55 мм.
* Бақылау  сұрақтары:
* 1.Сызу құралдарын анықтаңыз.
* 2.Оқу сызбаларында жиі қолданылатын пішімдерді атаңыз.
* 3.Машстаб дегеніміз не?

Әдебиеттер тізімі:
1  Есмуханов Ж.М. Сызу.- А.,1990 и А.,2001 [4-12 бет]
3 Боголюбов С.К., Воинов С.В. Черчение. - М., 1982[4-16бет]


 2  Тәжірибелік /практикалық/  сабақ:        Сызба сызықтары
Сабақ мақсаты:  сызба сызықтары туралы білім беру,  сызықтарды сызбаларда қолдану, студенттердің икемдігі мен дағдыларын қалыптастыру
Қысқаша ақпарат.
Сызба деп нәрсенің кескінінен және оны жасауға керекті басқа да мәліметтерден тұратын құжаттарды айтады. Кескін белгілі бір ережелер бойынша сызу аспаптарының көмегімен әртүрлі сызықтармен салынады. Сызбада 9 түрлі сызық қолданылады:
     - тұтас жуан негізгі сызық, сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады. Жуандығы С(латын әріпі) мен белгіленеді де, өлшемі 0,6мм-ден 1,5мм-ге дейінгі аралықты алынады;
    - тұтас жіңішке сызық, сызбада шығару мен өлшем сызықтарын, проекция жане координата осьтерін, көмекші тұрғызу сызықтарын, қима мен тіліктерді штрихтауын үшін қолданылатын сызық. Оның жуандығы негізі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады;
    - тұтас жіңішке іркісінді сызық, сызбада ұзын түзу сызықтарын көрсету үшін қолданылады. Жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады;
    - тұтас ирек сызық, сызбада үзу сызықтары, тілікті көріністен бөлу үшін жане жергілікті көріністер мен жергіліктерді тіліктерді көрсету үшін қолданылады. Ирек сызық қлдан жүргізіледі , жуандығы негізгі сызықтызықтың жуадығынан екі-үш есе жіңішке болады;
    - үзілме сызық, сызбада тетікбөлшектің көрінбейтін сызықтарын көрсету үшін қолданылады. Жуандығы негізгі сызықтан екі-үш жіңішке болады, сызық бөліктерінің ұзындығы 2мм-ден 8мм-ге дейінгі аралықта , ал олардың арағашықтары 1мм-ден 2мм-ге дейінгі аралықта алынады;
    - жіңішке нүктелі үзілме сызық, сызбада осьтік жане орталық сызықтарын көрсетеді. Жуандығы негізгі сызықтан екі-үш есе жіңішке болады, сызық бөліктерінің ұзындығы 5мм-ден 30мм-ге дейінгі , ал аралықтары 3мм-ден 5мм-ге дейінгі аралықта алынады;
    -  жуандатылған нүктелі үзілме сызық, сызбада шынықтырылатын жане қапталатын беттерді, қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін кескіндеу үшін қолданылады. Жуандығы негізгі сызықтан 1,5-2есе жіңішке болады;
   -  жіңішке қос нүктелі үзілме сызық, сызбада модельдер жаймасының бүгу сызықтарын көрсету үшін қолданылады. Жуандығы негізгі сызықтан екі-үш есе 
жің
ішке болады, сызық бөліктерінің ұзындығы 5...30мм, олардың аралығы 4...6мм болады;
* үзік сызық, сызбада қиюшы жазықтардың орындарын көрсеттеді, сондықтан қима сызыңы деп атайды., Жуандығы негізгі сызықа тең немесе 1,5 есе жуан болады, бөлігінің ұзындығы 8...20мм-ге тең.  Сызбада сызықтардың түрін дұрыс пайдалану және әр түрлі сызықтарды әр түрлі қарындаштармен жүргізу керек. Мысалы, жіңішке сызықты Т (немесе Н) белгілі, ал негізгі жуан сызықтарды М (немесе В) белгілі қарындашпен орындаған дұрыс болады.
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары:
- сызба сызықтарын МЕСТ2.303-68 стандарты бойынша бір вариантта А3 пішіміне /форматына/ орындалады;
-  тапсырманы ішкі рамканың ортасынан жіңішке вертикаль сызық жүргізіп алып, тапсырмада келтірілген өлшемдерге сай орындаған ыңғайлы;
-  тапсырманың графикалық бөлігін жеңілдетіп орындау үшін, белгіленген нүктелерден горизанталь көмекші сызықтар жүргізіп алу керек;
 - тапсырмада көрсетілген шеңберлерді сызу үшін,  шеңбер сызуға арналған вертикаль осьтерде нүктелерді белгілеп алу керек;
-  қарапайым оқу сызбаларында негізгі тұтас сызықтың қалыңдығын  S=0.8...1 қалыңдықпен сызады. Ал қалған сызықтарды таблицада берілген деректер бойынша сызылады.
Бақылау  сұрақтары:
1. сызбада қолданатын сызықтардың түрлері, олардың өлшемдері
2. сызбада көрінетін контурларды қандай сызықпен көрсетіледі?
2. орталық және симметриялық сызықтар қандай сызықпен көрсетіледі?
Әдебиеттер тізімі:
1  Есмуханов Ж.М. Сызу.- А.,1990 и А.,2001 [9-10 бет]
* Боголюбов С.К., Воинов С.В. Черчение. - М., 1982[17-18 бет]
* Боголюбов С. К. Задачник по черчению. - М., 1972[14 бет]
                                       
3  Тәжірибелік /практикалық/  сабақ:        Сызба қаріптері.
Сабақтың мақсаты: Сызба қаріптері туралы мәліметтер беру, қаріптерді жазу әдістерімен таныстыру, оларды сызбаларда қолдану.
Қысқаша ақпарат.
Қаріп деп әріптердің, цифрлардың және сызбаларда қолданылатын белгілердің жиынын айтады. Ғылымда, техникада, сәулет өнерінде неше түрлі қаріптер қолданылады. Сызбаларды салу, оларды іс жүзінде қолдану тәжірбиелерін жалпылаудың нәтижесінде сызбалардағы өлшемдердің шамасын көрсету жане жазуларды орындау үшін қалыптасқан арнаулы сызба қаріптері тағайындалған. Қаріптің өлшемі (h) деп бас әріптердің миллиметрмен есептелген биіктігіне тең шаманы айтады. Бас әріптің биіктігі (h) жазу жолына перпендикуляр бағытта өлшенеді. Сызба қаріптерінің тағайындалған өлшемдері: 2,5;3.5; 5; 7; 70; 14; 20; 28; 40. Қаріп сызығының жуандығы d әріпімен белгіленеді. Сызба қаріптері екі түрі де тік жане көлбеу жазылады. Көлбеу қаріптерді жазу жолына 75*-қа тең бұрыш жасап көлбейді. Қаріп сызығының жуандығы А типінде d=1/14h-ке тең, ал Б типінде  d=1/10h-ке тең.  Кіші әріптердің биіктігі с деп белгіленеді,  А типінде c=10/14d-ге , ал Б типінде  c=7/10d-ге тең болады. Сызбаларда көбіне Б типі қаріптер қолданылады. Әріптердің ені g белгіленеді де қаріптің өлшеміне байлаысты анықталады.
-Г,З,С  әріптері үшін g=5d  - ға тең;
-  А,Д,М,Х,Ц,Ы,Ю  әріптері  үшін g=7d  - ға тең;
-  Ж,Ф,Ш,Щ, Ь әріптері үшін g=8d - ға тең;
-  Қалған әріптер үшін     - ға тең болады.
Кіші әріптердің ені q деп белгіленіп ,төмендегідей анықталады:
- з,с     әріптері үшін q=4d  - ға тең;
- м,ь,ы,ю   әріптері үшін  q=6d  - ға тең;
- ж,т,ф,ш,щ     әріптері үшін  q=7d  - ға тең;
- қалған кіші әріптер үшін  q=5d - ға тең болады.
Әріптердің арақашықтығы (а) қаріп сызығының жуандығынан екі есе үлкен етіп алынады  а=2d  - ға тең.
Жазу жолдарының қадамы  b=17d-ға тең.
Сөздердің арақашықтығы    e=6d-ға тең.
Сызба қаріптерін жазуды жеңілдету үшін көмекші тор (сетка) пайдаланады.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары:
* тапсырмада 10-ші, 7-ші, 5-ші өлшемді қаріптер  (шрифтер) бойын қазақ алфавитіндегі бас әріптер мен кіші әріптерді, сандарды жазу керек.  Бас әріптерді жазғанда оларды үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ үшін әріптің биіктігіне тең болатын екі көлденең көмекші сызықтар жүргіземіз. Екінші топтағы әріптер үшін әріптердің ортасын табу үшін әріптің биіктігін белгілейтін сызықтардың тең ортасынан тағы бір жіңішке сызық жүргіземіз. Үшінші топтағы әріптер үшін әріптің биіктігін белгілейтін жоғарғы сызықтан және 
төменгі сызықтан өлшемі 2\7h болатындай етіп екі жіңішке сызық жүргіземіз.Көмекші тор сызықтарын салған кезде сонымен бірге әріптердің
ендері әр түрлі болатынын ескерген жөн. Әріптер мен сандардың өлшемдері МЕСТ2,304-68 стандарты бойынша алынады.
* қаріптердің 3,5мм өлшемімен жазбаларды жазу керек. Ол үшін жіңішке тұтас сызықтармен тор көздерін салып аламыз. Жіңішке тұтас сызықтарды түсіргенде кіші әріптер үшін олардың өлшемдері әр түрлі болатынын ескерген жөн. Сонымен бірге Г және Д бас әріптерінің арасын әріптің қалыңдығына тең болатын бір өлшемге кіші болатынын ескерген жөн.
Бақылау  сұрақтары:
1.Қаріптердің а типінің Б типінен айырмашылығы.
2. қаріптердің өлшемдерін анықтаңыз.
3.Қаріптердің көлбеулігі неше градусқа тең?
4.Қаріптер қандай сызықпен жазылады?
Әдебиеттер тізімі:
1  Есмуханов Ж.М. Сызу.- А.,1990 и А.,2001 [13-17 бет]
2  Боголюбов С.К., Воинов С.В. Черчение. - М., 1982[19-26 бет]
3  Боголюбов С. К. Задания  по курсу черчения. - М., 1984 [15 бет]


4  Тәжірибелік /практикалық/  сабақ:     Сызбаға өлшемдерді түсіру 
Сабақ мақсаты:  сызба өлшемдерінің  ережелерімен таныстыру,  өлшемдерді сызбаларда қолдану, студенттердің икемдігі мен дағдыларын қалыптастыру
Қысқаша ақпарат. 
* Сызбада  кескінделген заттың өлшемі, шығару сызық және өлшем сызықпен көрсетіледі де, оның үстіне өлшем сандары жазылады. 
* Өлшемдерді сызықтық және бұрыштық деп екіге бөледі. 
* Сызықтық өлшемдер миллиметр есебімен көрсетіледі, өлшем бірліктері жазылмайды. 
* Бұрыштық өлшемдер градус, минут және секундпен есептеліп, өлшем бірліктері көрсетіп жазады.
* Өлшем сызықтары көрсетілетін кесінділерге параллель орналасып, шығару сызықтарына тірілетін нұсқамалармен аяқталады.
* Шығару сызықтары өлшемі көрсетілетін сызыққа перпендикуляр орналасады.
* Өлшем саны өлшем сызығының ортасына жазылады.
* Нұсқама  ұзындығы 3...5 мм, төбесіндегі бұрышы шамамен 20* /градус/ болатын теңбүйірлі үшбұрыш тәрізді болады.
* Өлшем және шығару сызықтары тұтас жіңішкесызықпен орындалады.
* Өлшем сандарының биіктігі  3,5-5 мм аралығында.
* Өзара параллель көршілес орналасқан өлшем сызықтарының аралығы  6-10мм.
* Өлшем сызықтарын мүмкіндігінше сызбадан тыс орналастыру керек.
* Өлшем сызығы мен шығару сызығының өзара қиылыспауын қадағалау қажет.
* Шығару сызығын нұсқамадан әрі  2- 4 мм-ге созу керек. 
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары:
Сызбадағы өлшемдердің үлгілерін ережелерді сақтай отырып оқулықтан дәптерге көшіріп алу.
Сызбадағы өлшемдердің  диаметр, радиус, периметр ,т.б. белгілері бар үлгілерін көшіріп алу.

 
Бақылау  сұрақтары:
*  Өлшемдердің түрлерін атаңдар
* Сызықтық өлшемдер қандай есеппен көрсетіледі
* Өлшем саны қалай  жазылады
* Нұсқаманың  ұзындығы мен орналасуы
Әдебиеттер тізімі:
1  Есмуханов Ж.М. Сызу.- А.,1990 и А.,2001 [18-20 бет]
* Боголюбов С.К., Воинов С.В. Черчение. - М., 1982[26-29 бет]

          
5  Тәжірибелік /практикалық/  сабақ:        Шеңберді тең бөліктерге бөлу,
Сабақ мақсаты:  Студенттерге негізгі геометриялық салуларды сызып үйрету және іскерлігі мен икемділіктерін қалыптастыру.
Қысқаша ақпарат.
 Шеңберді  3-ке, 4-ке,  5-ке,  6-ға,  7-ге,  8-ге, 12-ге  бөлу. 
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары:
* Ең алдымен шеңберді тең 6 бөлікке бөлуді карастырайық. Берілген шеңберді тең 6 бөлікке бөлу үшін (16, а-сурет) шеңберсызардың сирақтарыньщ алшақтығын шеңбердің радиусына тең етіп аламыз.  Шеңбердің  диаметрін жүргізіп, оның шеткі нүктелерін А және В деп белгілейік.  Шеңберсызардьщ инесін А нүктесіне қадап, оның сирақтарының алшақтығын өзгертпей, шеңбер жүргізсек, екі шеңбер  С  жөне Ә нүктелерінде қиылысады. 
Шеңберсызардың инесін А нүктесінен В нүктесіне көшіріп, осы айтылғанды кайталап, Е жөне Ғ нүктелерін аламыз. Алынған А, С, Е, В, Ғ, Pound)  нүктелері шеңберді тең алты бөлікке бөледі. А, Е жөне  Ғ  немесе С, В жөне  D  нүктелері шеңберді тең 3 бөлікке бөледі.  Шеңбердің АВ диаметріне перпендикуляр МN диаметрін тұрғызалык. М нүктесі центрі болатын және О нүктесі арқылы
өтетін шеңбер жүргізсек, ол алғашқы шеңберді К жөне L нуктелерінде кияды. Шеңберсызардын инесін N нүктесіне қадап, тұрғызуды кайталаудың нәтижесінде Р және Т нүктелерін аламыз. Енді шеңбер тең 12 бөлікке бөлінеді.
* Шеңберді тең 4, 8, 16 бөлікке бөлу. Шеңберді тең 4бөлікке бөлу оңай. Ол үшін өзара перпендикуляр АС және ВD диаметрлерін жүргізсек болғаны. А, В, С және D нүктелерін қосатьш хордалар жүргізсек, шеқберге іштей сызылған шаршы шығады. Шеңбердің центрінен шаршьшьщ қабырғаларына түсірілген перпендикуляр түзулер шеңберді тағы да төрт нүктеде кияды. Сонда шеңберді А, Ь, В, Е, С, Ғ, В, К нүктелері тең 8 бөлікке бөледі. Көршілес 
нүктелерді қосатын  хордалардың ортасын центрмен косатын түзулер жүргізу арқылы шеңберді тең 16 бөлікке бөле аламыз.
* Шеңберді тең 5 және 10 бөлікке бөлу. Шеңберге іштей дүрыс бесбүрыш салу үшін оның өзара перпендикуляр АК және МN диаметрлерін жүргізеді. N0 кесіндісінің ортасын табады. |NL| = \LO\.  L нүктесін центр етіп алып, А нүктесіарқылы шеңбер жүргізеді. Міне, осы шедбер МN диаметрін Ғ  нүктесінде қияды. Сонда АҒ  кесіндісі берілген шеңберге іштей сызылатын дұрыс бесбұрыштың  бір  қабырғасының  ұзындығын  береді.   Шеңберсызар сирақтарының  бір ұшын  А  нүктесіне,  екінші ұшын  Ғ нүктесіне орнатып, одан кейін шеңберсызар сирактарының  аралығын өзгертпей шеңбер бойынша, мысалы,  А нүктесінен бастап төрт рет өлшеп салу арқылы В, С, Б және Е нүктелерін аламыз. А жөне Е нүктелерінің аралығын А жөне Ғ нүктелерінің аралығымен салыстырып көреміз. Бұл аралықтар өзара теқ болуы қажет. Егер совды теңдік сақталмаса, онда салу жұмысының дәл орындалмағаны. Сондыктан тұрғызуларды кемдегенде өр түрлі екі өдіспен орындап, оның дәлдігін кадағалап отыру керек.
* Шеңберді тең 10 бөлікке бөлу үшін, оны алдымен тең бес бөлікке                      бөледі. Содан кейін өрбір бөлікті тең екіге бөледі.

Бақылау  сұрақтары:
* Диаметрі  50мм-ге тең шеңбер жүргізіп, оны тең 12  бөліп гүл сызбасын салу
* Диаметрі  50мм-ге тең шеңбер жүргізіп, оны тең 5 бөлікке бөлу жұлдыздың сызбасын салу
Әдебиеттер тізімі:
1  Есмуханов Ж.М. Сызу.- А.,1990 и А.,2001 [21-24 бет]
2  Боголюбов С.К., Воинов С.В. Черчение. - М., 1982[35-38 бет]
        3  Боголюбов С. К. Задания  по курсу черчения. - М., 1984 [16 бет]


6  Тәжірибелік /практикалық/  сабақ:        Түйіндесулер
Сабақ мақсаты:  Студенттерге негізгі геометриялық салуларды оның ішіндегі түйіндесулерді салып үйрету және іскерлігі мен икемділіктерін қалыптастыру Қысқаша ақпарат.
Сызуда бір түзу мен екінші түзудің жайлап ( біртіндеп ) өтуі жиі кездеседі. Оны біз сызуда түйіндесулер деп атаймыз. Түйіндесулердің негізгі үш түрі бар. 1) екі түзу сызықтардың түйндесуі. 2) түзу сызықтың шеңбер доғасымен түйндесу. 
3)  шеңбер доғаларының бір-бірімен түйіндесуі.  Бір түзумен екінші түзудің түйіндесу орындарын түйіндесудің  нүктелері  дейміз. 
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары:
Түзу мен доға тийетін жағдайда ғана түзу мен доға түйіндеседі. Доғаның орта нүктесі О-дан түзу жүргізіп түйіндесу нүктесі А-ны тауып аламыз.  Түйіндейтін екі доғаның орта нүктелерін қосатын түзудің бойындағы түйіндесу нүктесі С арқылы жайлап түйіндеседі.
Әрбір тапсырманы орындаған кезде геометриялық орналасуды белгілі бір тәртіпте орындау керек. Мысалы берілген тапсырмадағы барлық шеңберді сонымен қатар доғаның шеңберін ось сызықтар арқылы жүргізуі. Егер берілген дененің шеңбер тесіктері болса, оны шеңберді тең бөліктерге бөлу ережесі арқылы бөліп алады. Сызба сызықтарын түсірген кезде сағат тілінің бағыты бойынша жүргізеді.
Бақылау  сұрақтары:
* Түйіндесулер деген не?
* Түйіндесу нүктелері қалай салынады?
* Екі шеңбер доғаларының түйіндесуі
Әдебиеттер тізімі:
1  Есмуханов Ж.М. Сызу.- А.,1990 и А.,2001 [25-30 бет]
2  Боголюбов С.К., Воинов С.В. Черчение. - М., 1982 [38-42 бет]
          3  Боголюбов С. К. Задания  по курсу черчения. - М., 1984 [17-18 бет]


   7  Тәжірибелік /практикалық/  сабақ:        Лекалдық қисықтар
Сабақ мақсаты:  лекалдық қисықтардың орындау тәсілдерін игеру.
Қысқаша ақпарат.
Салыстыру техникасында көбінесе шеңбер доғасы болмайтын мәнерлі қисықтармен жұмыс істеуге тура келеді. Мұндай қисықтарды алдын  - ала табылған қисықтың нүктелерін лекаланың көмегімен қосу арқылы орындайды.  Осындай әдіспен табылған қисықтарды лекала қисықтары деп атайдыЛекалдық қисықтардың түрлері: эллипс, Архимед шиыршығы, синусоида, эвольвента, парабола, гипербола, циклоида, т.б.
Эллипс  -  фокустар деп аталатын екі нүктеге дейінгі қашықтықтар қосындысы тұрақты шама болатын кейбір жазықтық нүктелерінің геометриялық орны. Қашықтықтар қосындысы эллипстің үлкен осіне тең болады. Оның кіші осі үлкен осіне перпендикуляр  орналасады.
Архимед шиыршығы - бір қозғалмайтын нүктеден шығып және соның төңірегінде бірқалыпты жылжып келетін кейбір нүктенің траекториясы болып табылатын жазық қисық. Радиус-вектор бір айналым жасағанда нүктенің түзу бойымен өтетін жол ұзындығы шиыршықтың адымы деп аталады.
Синусоида-синус тригонометриялық функциясының өзгеруін кескіндейтін қисық сызық.
Эвольвента  /шеңбер жаймасы/- шеңбер бойымен жылжып келетін кейбір түзудің әр нүктесі жасайтын траектория болатын жазық қисық.
Парабола - фокус деп аталатын нүктеденде бағыттаушы немесе директриса деп аталатын түзуденде бірдей қашықтықта кейбір жазықтық нүктелерінің орны.
Гипербола- фокустар деп аталатын екі нүктеге дейінгі қашықтықтар айырымы тұрақты шама болатын кейбір жазықтық нүктелерінің геометриялық орны. Қашықтықтар айырымы төбелер арасындағы қашықтыққа тең болады.
Циклоида  -  қозғалмайтын кейбір бағыттаушы түзудің бойымен домалап келетін дөнгелектің жасаушы шеңберінің кез келген нүктесінің траекториясы болатын кейбір жазық сызық.
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары:
Тапсырма кеңінен таралған лекала қисықтарын орындауды қарастыратын 9 тапсырмадан тұрады, бірақ студенттер таңдауы бойнша 5-6-ын орындауға болады.  Сызба соңында лекалалық қисықтарды түсіру барысындағы сызылған көмекші сызықтарды қалдырған жөн. Лекала қисықтарын жүргізу нүктелерін белгілемеуге де болады. 1...12 нүктеден өтетін мәнерлі қисықтарды салу үшін лекала жинағы қажет. Қажетті лекала таңдап алып, оны бірнеше нүктелерден өтетіндей етіп таңдаймыз. Алты нүктені қосқан  қисықты салып болғаннан кейін келесі нүктелерді қосу үшін салынған бесінші нүктеге қойып, тоғызыншы нүктеге дейінгі аралықтағы барлық нүктелерден өтетіндей етіп, лекаланың көмегімен қисық саламыз.
Бақылау  сұрақтары:
* Лекалдық қисықтардың түрлерін ата
* Эллипсті салу тәсілдері
* Эвольвентаны салу тәсілдері
* Синусоиданы  салу тәсілдері
Әдебиеттер тізімі:
1  Есмуханов Ж.М. Сызу.- А.,1990 и А.,2001 [28-30 бет]
2  Боголюбов С.К., Воинов С.В. Черчение. - М., 1982 [42-49 бет]
          3  Боголюбов С. К. Задания  по курсу черчения. - М., 1984 [19-20 бет]


8  Тәжірибелік /практикалық/  сабақ:      Проекциялау әдісі.  Тікбұрышты проекциялау.  Көріністер.  Геометриялық  денелердің  проекциялары
Сабақ мақсаты:  проекциялау әдістерін игеру, геометриялық денелердің проекциясын салуды үйрену, кеңістікте елестетуді дамыту
Қысқаша ақпарат. 
Әр  түрлі кескіндерді салудың негізінде проекциялау амалы жатыр. Негізгі түсініктемелер: проекциялау, проекциялау центрі, проекциялау жазықтығы, центрлік проекциясы, проекциялаушы түзу, параллель проекциялар, тікбұрыштық проекциялау, қарам сызығы, беттің нұсқасы, координаттар жүйесі, координаттар өстері,  геометриялық пішіннің проекциясы. Көріністер түрлері: негізгі, қосымша, жергілікті.  Олардың сызбада орналасуы. Геометриялық денелердің тікбұрышты  проекциялары.
Тапсыр маны орындаудың әдістемелік нұсқаулары:
* центрлік,   параллель,  тікбұрыштық  проекциялардың сызбасын сызу;
* проекциялау центрін,  проекциялау  түзулерін, проекциялау жазықтықтарын белгілеу;
* координаттар өстерін сызу, нүктенің тікбұрыштық  проекциясын салу;
* нүктенің тікбұрыштық проекциясы бойынша көлемді түрін  салу;
* геометриялық денелердің тік бұрышты  проекцияларын салу.
Бақылау  сұрақтары:
* Проекциялау деген не?
* Проекциялау жазықтықтарын атаңыз
* Проекциялау  түзулері  не үшін қажет?
* Координаттар өстерін атаңыз
* Геометриялық денелерді атаңыз

Әдебиеттер тізімі:
1  Есмуханов Ж.М. Сызу.- А.,1990 и А.,2001 [31-40 бет]
2  Боголюбов С.К., Воинов С.В. Черчение. - М., 1982[50-56 бет]
          3  Боголюбов С. К. Задания  по курсу черчения. - М., 1984 [53-60 бет]


9  Тәжірибелік /практикалық/  сабақ:      Аксонометриялық проекциялар. Тікбұрышты изометрия. Фронтальды  диметрия. Геометриялық денелердің аксонометриялары
 Сабақ мақсаты:  Аксонометриялық проекцияларды салуды үйрену, геометриялық фигуралардың және денелердің  аксонометриясын салуды игеру.
Қысқаша ақпарат.
Натурал координаттар жүйесі мен аксонометриялық проекциялар жазықтығының өзара орналасуы жэне проекциялау бағытының әр түрлі өзгеруі себептерінен алуан аксонометриялық проекцияларды алуға бо-лады. Олар бір-бірімен аксонометриялық өстердің бағытымен және бұрмалану көрсеткіштерімен айырылады.
Осыған байланысты К.Полькенің мына теоремасын келтірейік: бір жазьщтықта жатқан, бір нүктеден өзара кез келген бұрыш жасап тарайтын, ұзындықтары кез келген шамага тең үш кесінді тік бұрышты координаттар өстеріне бас нүктеден салынган бір-біріне тең үш кесіндінің параллелъ проещиялары бола алады.
Бұл теореманың маңыздылығы соншалық, оны параллелъ аксонометрияның негізгі теоремасы. деп атайды. Бұрмалану көрсеткіштерін және өстер арасындағы бұрыштарды тағайындап кез келген геометриялық пішіннін проекциясын оған тиісті нүктелер проекциялары көмегімен салуға болады. Проекциялау бағытына байланысты аксонометрия екі түрге бөлінеді:
* Тікбұрышты аксонометриялық проекциялар (проекциялау бағыты аксонометрия жазықтығына перпендикуляр);
* Қиғашбұрышты аксонометриялық проекциялар (проекциялау бағыты аксонометрия жазықтығына перпендикуляр емес);
Егер бұрмалану көрсеткішінің үшеуі де бір-біріне тең болса (кх = к = к), онда аксонометриялық проекция изометриялық деп аталады; егер бір-біріне тек қана екі көрсеткіш тең болса (мысалы кх = куФ кг немесе кхфку = к), онда проекция диметриялық деп аталады; 
2.317-69-шы мемлекеттік стандарт өнеркәсіп пен құрылыстың барлық салаларында пайдаланатын сызбаларда аксонометрияның бес түрін қолдануға ұсыныс жасайды. Бұларға жататындар: екі тік бұрышты (изометриялық пен диметриялық) және үш қиғаш бұрышты (фронталь және горизонталь изометрия мен фронталь диметрия). Аксонометрияның бұл түрлерін стандарт проекциялар дейді.
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары:
* Көпбұрышты геометриялық фигуралардың аксонометриясын салу /үш бұрыш, алты бұрыш, т.б.;
* Шеңбердің аксонометриясын салу / изометриялық/;
* Геометриялық денелердің  аксонометриясын салу /цилиндр, конус, пирамида, призма/ вариант бойынша.
Бақылау  сұрақтары:
* Аксонометрия деген не?
* Аксонометрия түрлерін атаңыз
* Аксонометрияның  жиі қолданатын түрлері
* Аксонометриялардың стандартық  түрлерін атаңыз

Әдебиеттер тізімі:
1  Есмуханов Ж.М. Сызу.- А.,1990 и А.,2001 [41-55бет]
2  Боголюбов С.К., Воинов С.В. Черчение. - М., 1982[77-85 бет]
          3  Боголюбов С. К. Задания  по курсу черчения. - М., 1984 [53-60 бет]

10  Тәжірибелік /практикалық/  сабақ:     Геометриялық денелердің беттеріндегі нүктелер.  Геометриялық денелердің тобын салу.  
Сабақ мақсаты:  студенттердің  кеңістікті елестете алу қабілеттерін арттыру.
Қысқаша ақпарат. 
Геометриялық денелердің   (призма, пирамида, цилиндр, конус, тора) тікбұрыштық проекциясын және аксонометриясын орындау. Олардың  беттеріндегі нүктелерді табу. Геометриялық денелердің  тобының  берілген горизонтальдік проекциясы бойынша  екі проекциясын салу /фронтальдық және профильдік/, сонан кейін топтың аксонометриясы /изометриясы/ салынады.
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары:
1. Геометриялық денелерді салуда нүктелерді, кесінділерді және жазықтықтарды проекциялыдағы ережелер мен әдістер қолданылады.   Тапсырманы  орындағанда студенттер геометриялық дене беттеріндегі белгісіз нүктелерді  бір проекцияда берілген дененің көмегімен қалған проекцияда 
орындауға жаттығуы керек.  Бұл тапсырманы орындау үшін ең алдымен берілген проекцияның  нүктелері орналасқан дене беттердің проекциясын тауып алып, осы нүктелердің қалған проекцияларын табамыз.
Бақылау  сұрақтары:
* Геометриялық денелердің   тік бұрыштық проекциясын салу реті
Геометриялық денелердің   ұтымды аксонометрияны таңдау

Әдебиеттер тізімі:
1  Есмуханов Ж.М. Сызу.- А.,1990 и А.,2001 [62-72 бет]
2  Боголюбов С.К., Воинов С.В. Черчение. - М., 1982[85-90 бет]
* Боголюбов С. К. Задания  по курсу черчения. - М., 1984 [53-60 бет]


11 Тәжірибелік /практикалық/  сабақ:     Модельдерді проекциялау, екі көрінісі бойынша үшінші көрінісін орындау
Сабақ мақсаты:  модельдің үш проекциясын салуды үйрену, кеңістікте елестетуді дамыту
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары:
Модельдің екі  проекциясы бойынша тапсырмаларды орындау студенттердің кеңістікті  еркін сезе білуіне және сызбаларды  орындауға  жаттықтырады.  Тапсырманы орындау  барысында сызбада  көріністерін дұрыс  орналастыру  болып табылады.  Проекцияның  фронталь  жазықтығында  модельдің  негізгі формаларымен   өлшемдерін  толығымен  көретін көрінісін  түсіреміз. Егер  көрсетілген модельдің  формасы  симметриялы болса онда  ең  бірінші  өстік сызықты түсіріп аламыз.  Егер дене симметриялы емес ассиметриялы болса 

онда көріністі модельдің көлденең  көрінісін  анықтайтын тірек жазықтығынан  бастап саламыз. Модельдің әрбір бөліктерін дұрыс орындау үшін және проекциялық  байланысты  қамтамасыз  ету үшін барлық  жазықтықтағы  проекциясын  қарама-қарсы орындау керек.
Модельдің  комплекстік  сызбасын өстік сызықты сызбай ақ орындауға да болады. Сызбаны аяқтар алдында көмекші  сызықтарын өшіріп, МЕСТ 2,307-68  бойынша өлшем сызықтарын түсіру керек,  аксонометриялық көріністерді  металдан немесе ағаштан  жасалған  натурадан  қарап  сызған  оқу процесі  үшін бағалы.
Бақылау  сұрақтары:
* Модель деген не?
* Модельдің сызбасын салу реті
* Өлшемдерін түсіру реті

Әдебиеттер тізімі:
1  Есмуханов Ж.М. Сызу.- А.,1990 и А.,2001 [73-75 бет]
2 Боголюбов С.К., Воинов С.В. Черчение. - М., 1982[90-100бет]
          3 Боголюбов С. К. Задания  по курсу черчения. - М., 1984 [80-94 бет]


12 Тәжірибелік /практикалық/  сабақ:      Модельдің аксонометриясын салу
Сабақ мақсаты:  :  Аксонометриялық проекцияларды салуды үйрену, модельдердің   аксонометриясын салуды игеру.
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары:
Моедльдің аксонометриясын салу үшін осы модель турлы жеткілікті мәлімен болу  керек. Модель туралы бастапқы мәлімет оның ерекше нүктелерінің координаттарымен, нәрсені сөзбен баяндау арқылы, негізгі көріністер сызбасымен және т.б. түрде берілуі мүмкін. Берілген модельдің тікбұрышты изометриясын салу реті:
* тікбұрышты изометрияның өстерін салу;
* модельдің табанын  X және  Y өсітері бойымен салу;
* модельдің  биіктігін  Z өсінің бойымен салу;
* модельдің  ерекшілік формасын салу /ойықтар, тесіктер т.б./;
* көмекші сызықтарын  өшіріп тастау;
* сызбаның контурын жуан тұтас сызықпен бастыру 
Бақылау  сұрақтары:
* модельдің аксонометриясының ерешілігі
* тікбұрышты изомерия өстерінің орналасуы
* модельдің  изометриясын салу реті
Әдебиеттер тізімі:
1  Есмуханов Ж.М. Сызу.- А.,1990 и А.,2001 [76-80 бет]
2  Боголюбов С.К., Воинов С.В. Черчение. - М., 1982[100-110 бет]
* Боголюбов С. К. Задания  по курсу черчения. - М., 1984 [80-94бет]


13 Тәжірибелік /практикалық/  сабақ:    Тіліктер.  Қарапайым тіліктер.
Сабақ мақсаты:  сызбада негізгі кескіндерді, оның ішінде тіліктерді  қолдана білу, тіліктерді сызу және белгілеуді үйрену
Қысқаша ақпарат.
Сызбадағы кескіндердің түрлері: көріністер /негізгі, қосымша, жергілікті/, тіліктер /қарапайым, күрделі/, қималар /оңашаланған, қабаттасқан/. Нәрсенің пішінін толық ұғынуға, көріністер санын азайтуға және сызбаны орындау уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін кескіндерді қолдану керек. Нәрсенің ішкі көрінбейтін беттерінің нұсқаларын сызбада үзілме сызықпен жүргізіп көрсетуге болады. Бірақ мұндай үзілме сызықтар сызбаны оқуды қиындатып жібереді.  Көрінбейтін сызықтардың проекциялары көрінетін сызықтардың проекцияларымен бірігіп түсуі мүмкін. Ішкі құрылысы күрделі тетікбөлшек көріністеріне қарап, оның пішінін түсінуге болмайды. Оның үстіне көрінбейтін сызықтарға өлшемдерді және басқа шартты белгілерді түсіруге болмайды. Сондықтан сызбада тіліктер мен қималар қолданылады. Тілік нәрсенің ішкі құрылысын сызбада аңық және түсінікті етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Тіліктер тұтас жіңішке  сызықпен, 45* /градус/ бұрышпен көлбетіп орындалады. Қиюшы жазықтықтын орны сызбада жуан үзік сызықпен көрсетіледі. Қиюшы жазықтықтардың санына қарай, тілік қарапайым және күрделі болып екі топқа бөлінеді. Тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті қарапайым тілік деп атайды. Қарапайым тіліктер: вертикаль /фронталь, профиль/, горизонталь, көлбеу. Күрделі тіліктер: сатылы, сынық.
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары:
* тетікбөлшектің аксонометриясы бойынша үш көрінісін салу;
* тетікбөлшектің алдыңғы көрінісінің орнына фронталь тілікті орындау;
* тетікбөлшектің үстінгі көрінісінің орнына горизонталь тілікті орындау;
* тетікбөлшектің көріністері симметриялы фигуралар болса, онда тетікбөлшектің сыртқы көрінісі мен тіліктің жартысын біріктіріп салу керек;
* тіліктің сызуымен белгілерін дұрыс орындау керек;
* сызбаның өлшемдері барлық көріністерде біргелкі бөлініп қойылады.

Бақылау  сұрақтары:
* Сызбадағы кескіндеді атаңыз
* Тілік деген не?
* Тіліктердің түрлерін атаңыз
* Қарапайым тілікдерді атаңыз
* Тіліктерді сызбада көрсетілуі және белгілеуі

Әдебиеттер тізімі:
1  Есмуханов Ж.М. Сызу.- А.,1990 и А.,2001 [103-113 бет]
2  Боголюбов С.К., Воинов С.В. Черчение. - М., 1982[114-119 бет]
          3 Боголюбов С. К. Задания  по курсу черчения. - М., 1984 [116-123 бет]


14  Тәжірибелік /практикалық/  сабақ:    Қималар /оңашаланған, қабаттасқан/.
Сабақтың мақсаты: сызбада қималарды қолдана білу, оларды сызу және белгілеуді үйрену
Қысқаша ақпарат.
Қима  -  сызбаны оқытуды жеңілдету үшін пайдалатын шартты кескін. 
             Қима деп нәрсені жазықтықпен қиғаннан шыққан фигураның кескінін айтады. Қимада нәрсе ойша кесіледі де, оның қиюшы жазықтықты орналасқан бөлігі ғана кескінделеді. Нәрсенің қиюшы жазықтың арғы және бергі жағында орналасқан бөліктері қимада сызылмайды. Сызбадағы орналасуына қарай оңашаланған және қабаттасқан қималар болып ажырайды. Оңашаланған қима сызбада бос орынға салынады, оны негізгі жуан тұтас сызықпен шектейді. қабаттасқан қима нәрсенің көрінісін шектейтін сызықтардың ішінде орындалады, оны жіңішке тұтас сызықпен көрсетеді. Сызба ықшам болу үшін оңашаланған қиманы көрініс бөліктерінің аралығындағы үзікке орналастыруға болады. Сызбада қима фигурасын  тұтас жіңішке сызықпен сызықтап көрсетеді, көлбейту бұрышы 45*/градус/-қа тең болады. Қиюшы жазықтықтың сызбадағы орны үзік сызықпен көрсетіледі де, қима сызығы деп аталады. Нұсқамалар  қимаға қарау бағытын көрсетеді.  Нұсқамалардың жанына орыс алфавитінің бас әріптері жазылады. Қиманың жоғарғы жағына <<А-А>> немесе <<Б-Б>>  деген жазу қойылады.
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары:
* Тапсырманың басты көрінісін нақты өлшемдері  бойынша сызу;
* Қима жазықтарын көрсету;
* Қималардың фигурасын  тетікбөлшектің көрнекі түріне қарап салу;
* Сызбада қима фигурасын  тұтас жіңішке көлбеу сызықпен сызықтап көрсету;
* Қима белгілерін жазу;
* Сызбаның өлшемдерін түсіру.

Бақылау  сұрақтары:
* Қима деген не?
* Қиманың түрлерін атаңыз
* Қиманың  сызбада көрсетілуі және белгілеуі
Әдебиеттер тізімі:
1  Есмуханов Ж.М. Сызу.- А.,1990 и А.,2001 [98-102 бет]
2  Боголюбов С.К., Воинов С.В. Черчение. - М., 1982[138-140 бет]
3  Боголюбов С. К. Задания  по курсу черчения. - М., 1984 [189-193бет]
15 Тәжірибелік /практикалық/  сабақ: 
Модельдің комплексті сызбасын салу /емтихан тапсырмасы/. 
Сабақ мақсаты:  
Студенттердің  білімін, икемділігі мен дағдыларын тексеру
Қысқаша ақпарат:
Тапсырманы әр студент вариант бойынша жеке орындайды
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары:
* Модельдің екі көрінісін нақты өлшемдермен сызу;
* Үшінші көрінісін салу;
* Қажетті тіліктер мен қималарды орындау;
* Қосымша сызықтарды өшіріп тастау;
* Модельдің контур және басқа сызықтарын бастыру;
* Өлшемдерді түсіру;
* Негізгі жазуды толтыру.
Бақылау  сұрақтары:
* Сызбаның  формат бетіне дұрыс орналасуы
* Үшінші көрінісі дұрыс салынуы
* Тіліктер мен қималар дұрыс салынуы
* Өлшемдердің дұрыс орналасуы
* Сызбаның мәдениетті түрде орындалуы
Әдебиеттер тізімі:
*  Есмуханов Ж.М. Сызу.- А.,1990 и А.,2001 [90-115 бет]
*    Боголюбов С.К., Воинов С.В. Черчение. - М., 1982 [130-140 бет]
           3   Боголюбов С. К. Задания  по курсу черчения. - М., 1984 [124-138 бет]


3 БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
Білімалушы оқытушы жетекшілігімен орындалатын өздік жұмысы  /БОӨЖ/ және білімалушы толық өз бетімен орындайтын өздік жұмысы  /БӨЖ/ тақырыптары тәжірибелік /практикалық/ сабақтарына сәйкес келеді. Сабақта басталған жұмыстар БОӨЖ-да жалғасып, БӨЖ-да аяқталады, сондықтан тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары алдында көрсетілгендей сақталады.
Пәндер