Файл қосу

физикалық - білуі - өлшеу - қойылады - түрде - есептерді - жауап









           ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ
                                       
050724- <<Технологиялық машиналар және жабдықтар>>;
                                       
                                       
                              <<ФИЗИКА 2>> 
                                       
                                       
                                       
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       

                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                  Семей 
                                     2013


                                Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырушы __________ 2013ж. Желдыбаева Б.С., <<Физика>> кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 
2.1 <<Физика>> кафедрасының отырысында
№ _1_ хаттама    _5   қыркүйек__ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі  _________  п.ғ.д., профессор С.С.Маусымбаев

3 МАҚҰЛДАНДЫ
3.1 Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында 
№ ____ хаттама   ______________2013ж. 
Төраға ___________  Қ.А.Батырова

4 БЕКІТІЛДІ
4.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында құпталып және баспаға ұсынылды 
№  _____ хаттама  _______________ 2013 ж.
Оқу жөніндегі проректор  ____________ Г.Қ.Искакова


















                                Мазмұны

1
Жалпы ережелер
                                                                               
2
Пәнді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
                                                                               
3
Курс форматы және саясаты
                                                                               
4
Баға қоюдың саясаты.
                                                                               
5
Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
                                                                               
6
ОСӨЖ және СӨЖ мазмұны
                                                                               
7
Пәні бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі
                                                                               































* ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы деректер
* Аға оқытушы, п.ғ.к. Желдыбаева Балғын Сембайқызы 
 <<Физика>> кафедрасы
* Байланыс қатынасы - №1 оқу ғимараты, №1110 кабинет, тел: 77-33-58
* Сабақ өткізетін орын  -  11 қабаттың аудиториялары  
* Пәннің аталуы  -  <<Физика 2>>
* Кредит саны  -  3

  +   Жұмыс оқу жоспарының көшірмесі (1- кесте)

Кесте 1 - Жұмыс оқу жоспарының көшірмесі
                                                                               
Курс
                                Семестр
Кредитер
                                  Дәріс
                                   (сағ.)
                                     ПС
                                   (сағ.)
                                ЗС (сағ.)
                                   ОСӨЖ
                                   (сағ.)
                                    СӨЖ
                                   (сағ.)
                           Барлығы (сағ.)
               Қорытынды бақылау формасы
                                       2
                                       3
                                       3
                                      15
                                      15
                                      15
                                      45
                                      45
                                      135
                                емтихан

  + Пәннің қысқаша мазмұны: 
Физика 2
Оптика. Сәулелік (геометриялық) оптика туралы түсінік. Жарық толқындардың қасиеттері. Интерференция, дифракция. Заттағы электрмаг-ниттік толқындар, жарықтың дисперсиясы, поляризациясы. Кванттық физика. Жылулық сәулелену. Фотондар. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Кванттық теориялардың негізгі идеяларын тәжірибе жүзінде тұжырымдау. Корпускулалы-толқындық екіжақтылық. Шредингер теңдеуі. Кванттық теориядағы атом және молекула. Өздігінен және ынталандырушы сәулелену. Лазерлер. Кванттық статистиканың элементтері. Конденсацияланған күй. Төмен өлшемді жүйелер. Атом ядросы және элементар бөлшектер.
    1.4 Курстың мақсаты: Физиканың осы курсының негізіне физикалық эксперименттер мен тәжірибелердің нәтижесінде тұжырымдалған математикалық деңгейдегі физикалық теорияларды; Физикадағы эксперименттер кезінде қолданылатын басты бақылаулар, өлшеулер әдістерін; қазіргі техникада физикалық құбылыстар мен заңдардың қолданылуын таныстыру жатады. 
     1.5 Курстың міндеті:  студенттердің алған теориялық білімін практикада физикалық және техникалық есептерді шығаруда қолдана білуге үйрету, олардың математикалық өрнегін беру.
1.6 Пәнді оқу барысында студент білуі қажет:
* негізгі құбылыстар жайлы білімді, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, физикалық шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін; тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеуді игеруі қажет. 
* физика заңдарын нақты физикалық есептерге қолдануды, құралдармен жұмыс істеуді түсінуі және олардың математикалық өрнектелуін білуі қажет.
* негізгі физикалық заңдылықтарды, олардың табиғатта байқалуын және техникада қолданылуын, олардың математикалық сипатталуын меңгеруі қажет.
* Физикалық приборлармен жұмыс істеуді, белгіленген мерзімде физиканың нақты есептерін шығаруды және оны физика заңдарымен байланыстыра білуі керек. 
игеріп алуға: оптика, кванттық физика, қатты денелер физикасы, атом ядросы және элементар бөлшектер физикасының негізгі заңдылықтары туралы білімдерді, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарын, шамаларын, олардың математикалық өрнектелуін және өлшеу бірліктерін, эксперимент жасаудың және өлшеу нәтижелерін өндеудің негізгі әдестерін, нақты есептердің мазмұнының физика заңдарымен сәйкестігін табу, негізгі физикалық приборларды пайдалануды;
менгеріп алуға: құбылыстың физикалық механизмін аша білуі, физикалық негізгі ұғымдарды, физикалық шамаларды, физикалық құбылыстарды, олардың математикалық өрнектелуін, олардың казіргі өндіріспен ғылымдағы орны мен ролі;
істей білу: 
* статистикалық әдісті қолдана білуі;
* құралдар мен жүйелердің негізгі параметрлерін өлшеу әдістерімен жұмыс істей білуі;
* нақты есептердің мазмұнының физиканың жалпы заңдарымен дұрыс сәйкестігін табу және физикалық шамаларының ретін дұрыс бағалау;
* процесс сипаттамаларын өлшей білуі, өлшеу нәтижелерін бағалай білуі және және нәтиженің статистикалық нәтижесін ала білуі;
* физика курсының есептерін шығара білуі.
1.7. Курстык пререквизиттері:
* Математикалық анализ, дифференциалдық және интегралдық теңдеулер, аналитикалық геометрия және жоғарғы математика, векторлық және тензорлық анализ негіздері; Физика 1.
1.8.  Курстың постреквизиттері:
* Электртехника, жылу техникасы.

* Студенттерге пәнді оқытуда әдістемелік нұсқаулар
2.1 Курс форматы
Пәнді оқып меңгеруі үшін студенттің қолында оқулықтар, оқу құралдары, физикадан зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар, оқу бағдарламасы (syllabus), өз бетімен жұмысқа әдістемелік құралдар, дәріс конспектілері бар.
Студент барлық аудиториялық сабақтарға және СОӨЖ-қа қатысуы міндетті, оқытушымен қосымша сабақ өтуге мүмкіндігі бар.
Студент мерзімінде оқытушыға СӨЖ тапсырмаларын тапсыруы қажет, зертханалық, машықтану сабақтарына және семинарларға дайын болуы керек.
Студент сабақты босататын болса оның рейтингісі төмендетіледі, сондықтан ол босатылған сабақтар бойынша бақылау жұмысын орындауы керек. Студент оқу сабақтарының барлық түрлерінде белсенді жұмыс істеуі қажет, оның жұмысы баллмен бағаланады да, қосылып аралық және қорытынды рейтинг қойылады.
СОӨЖ  -  ге сабақ және өзбетімен жұмыс кезінде қиындық тудырған сұрақтар шығарылады. Егер ондай сұрақтар туындамайтын болса, дәріс бойынша білімін кеңейтіп тереңдетеді, қосымша ғылыми әдебиеттермен танысуына болады. Қарастырылып отырған сұрақтар бойынша студент баяндама жасауына болады.
* Курс саясаты
Студентке қойылатын талаптар:
Сабаққа қатысу: Дәріс, практикалық сабақтарына қатысу міндетті түрде. Қандай да бір себептермен сабақты босататын жағдайда да студент өзбетімен жұмыс тақырыптарын дәл уақытында өткізуі қажет, ал босатылған сабақтар тақырыбы бойынша бақылау жұмысын жазу немесе тест тапсыруы керек.
Мінез-құлық: Сабақ уақытында үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша <<қанағаттанғысыз>> деген баға қойылады.
Бақылау тапсырмалары: Міндетті түрде тапсырмаларды дәл уақытында орындаптапсыру керек. Уақытынан кешіктіріліп тапсырылған тапсырмалар автоматты түрде тапсыру, межелік бақылау нәтижесінде қойылады.
Межелік аттестация: Межелік аттестация сабаққа қатысу, өзбетімен жұмысты дәл уақытында өткізу, сабақ кезінде ауызша және жазбаша түрде тапсыру, межелік бақылау нәтижесінде қойылады.
Көшіру мен плагиат: Кез-келген көшіріп алу немесе плагиат (басқа студенттердің дайын тапсырмалары мен шығарылған есептерін қолдану) анықталатын болса студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша <<қанағаттанғысыз>> деген баға қойылады.
Ұялы телефондар: Сабақ кезінде өшіріліп қоюы керек.
Емтихан: Қорытында ауызша емтиханға пән бойынша қойылатын ең жоғары балдың 50% алған студенттер жіберіледі. Емтихан кезінде студент ұсынылған екі сұрақ материалы бойынша жауап беруі және курс бойынша берілген есепті шығаруы керек.
* Баға қою саясаты
Студенттің пәнді меңгергенін оқытушы бағалайды. Студенттің жұмысын бағалаудың төрт мүмкін деңгейі қарастырылады:
Репродуктивтікөмектесу арқылы (тану, қайталау)
Репрадуктивті көмексіз (есте сақтау және типтік есептердішығаруға қолдану);
Эвристикалық (типтік емес, қиын есептерді шығару);
Шығармашылық (оқу-зерттеу немесе ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында проблемалық есептерді шығару.
Осы білім деңгейлеріне сәйкес балдар қойылады.
4.1 Дәріске дайындық
4.1.1 Қолдарыңыздағы жұмыс бағдарламасында пәннің мазмұны ашылып көрсетілген, негізгі әдебиеттер тізілген, дәріс сұрақтары берілген, зертхана жұмыстарының аттары, практикалық сабақтар үшін және өзбетімен жұмыс тапсырмалары көрсетілген.
4.1.2 Сабақ кестесі сізге семестр басталмай тұрып белгілі болады.
4.1.3 Дәріс кезінде белсенді түрде жұмыс істеуге дайындық жасау үшін көрсетілген әдебиет бойынша дәріс материалын өзбетіңмен оқуың қажет, тақырып бойынша қосымша әдебиеттерді қарастыру қажет, өз ойыңыз бойынша негізгі мәселелерді  көрсете отырыпқысқаша конспект жазу керек, оқытушыға тақырып бойынша түсуге қиындық тудырған сұрақтар тізімін жасау керек.
4.1.4 Тақырып бойынша дәрісті тыңдау барысында өз конспектіңізді толықтыруыңызға мүмкіндігіңіз бар, өз сұрақтарыңызға жауап алуыңызға болады. Өз конспектіңізді түсіндіре білуіңіз керек, себебі семестр соңындағы емтиханды және курстың соңында өткізілетін мемлекеттік емтиханды тапсыратын боласыз.
4.2 Практикалық сабаққа дайындық 
4.2.1 Практикалық сабаққа дайындалу үшін сізге бақылау сұрақтары белгілі, осы сұрақтардың жауабын білу қажет.
4.2.2 Сабақ кезінде шығарылатын есептер нөмірлері белгілі болғандықтан, ол есептерді өз бетіңізбен шығаруға тырысыңыз, себебі сабақ кезінде осы жұмыс үшін балл алуға болады.
4.2.3 Егер есептерді шығара алмасаңыз, ұсынылған, физикалық есептердің шығару жолдары көрсетілген әдістемелік нұсқауларды пайдаланыңыз.
4.2.4 Практикалық сабақтар кезінде, СОӨЖ  -  да қосымшаларда шығарылған есептерде сізге өз бетімен жұмыс тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді.
4.2.5 Практикалық сабақ кезінде есепті шешуге ұсынылған әр қадам 1 баллға бағаланады.
4.2.6 Есепті шығарудағы өз бетімен жұмыс 5 баллға бааланады.
4.2.7 Практикалық сабақ кезінде тест бойынша жауап алу жүргізілуі мүмкін, әр сұрақ 1 баллға бағаланады.
4.2.8 Барлық алынған балдар аралық және межелік аттестация кезінде қосылады.
4.3 Зертханалық сабаққа дайындық
4.3.1 Студентке жұмыстардың тақырыбы мен әдебиеттер тізімі белгілі. Студент жұмыс дәптеріне конспект жасауы қажет, бақылау сұрақтарына жауаптар жазуы қажет.
4.3.2 Сабақ кезінде студент оқытушының қойған сұрақтарына жауап беріп, содан соң жұмысты орындауға рұқсат алуы қажет.
4.3.3 Өлшеулерді өте мұқият жүргізіп, студент жұмыс дәптерінде кестені толтырады және өлшеу нәтижелеріне математикалық өңдеу жасайды. Жұмыс бойынша қорытынды жасайды.
4.3.4 Жеке дәптерде жұмыс бойынша есеп жасайды.
4.3.5 Зертханалық жұмыстың орындалуы, есебі, қорғауы балмен бағаланады.
4.3.6 Барлық жұмыстар бойынша алынған балдар аралық және межелік аттестация кезінде қосылады.
Пәндер