Файл қосу
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3-деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-05-14-5-05.01.20.30.01-2012 << Грамматикалық талдау әдістемесі>> пәнінің студентке арналған жұмыс бағдарламасы № 1 басылым ______ 2013 жыл 5В011700 <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> мамандығына арналған <<Грамматикалық талдау әдістемесі>> пәнінің ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ СЕМЕЙ 2013 КІРІСПЕ 1 ҚҰРАСТЫРҒАН Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Т.К. Мүрсәлімов 2 КЕЛІСІЛДІ 2.1 Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды. Хаттама №___ <<___>> ___________2013 жыл. Кафедра меңгерушісі: _______________ 2.2 Филология факультетінің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді. Хаттама №___ <<___>> ___________2013 жыл. 0ӘБ төрайымы_________________ 2.3 Филология факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді. Хаттама №___ <<___>> ___________2013 жыл. Төрағасы________________ 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді. Хаттама №___ <<___>> ___________2013 жыл. Оқу ісі жөніндегі проректор_________________ 4 2013. <<____>> __________ шыққан ПОӘК-нің № 1 БАСЫЛЫМЫ Мазмұны 1 Жалпы ережелер 2 Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары 3 Курс саясаты мен форматы 4 Бағалау саясаты 5 Пәннің мазмұны және сағаттарды сабақ түріне шағу 6 ОСӨЖ және СӨЖ мазмұны 7 <<Нормативті қазақ тілі>> пәні бойынша оқу үдерісінің күнтізбелік кестесі 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы туралы жалпы мәлімет: Мүрсәлімов Төлеуғазы Кәметайұлы, аға оқытушы Кафедра: Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі Кафедраның мекен-жайы: Шугаев көшесі, 159. - бөлме Ақпараттық қатынас: ұялы телефон: 87771554505 Кафедрада болатын уақыты: 9.00-17.00. Сабақ өтетін орын: аудитория Кредит саны: 2 1.2 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме 1 Кесте - Оқу жоспарынан көшірме Курс Семестр Кредит ДС (сағ) СПС (сағ) Лаб. (сағ) ОСӨЖ (сағ) СӨЖ(сағ Бар (сағ) Бақылу түрі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 3 5 3 15 30 - 22,5 67,5 135 емтихан 1.3 Пәннің қысқаша мазмұны: Студенттің пәннің мақсатында көрсетілген мәселелерді игерту бағытындағы жұмыс түрлерін, жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру. Студент пәнді игеру үшін аудиториялық сабақтарға толық қатысуы, берілетін білімді, ақпаратты меңгеруі, байқау, салыстыру, ойлау процестерін жүзеге асыруы, ОБСӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын мұқият орындап, теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуі қажет. 1.4 Курстың мақсаты: * таңдап алынған үлгі бойынша кешенді сатылай талдау жұмыстарын жүргізу арқылы Қазіргі қазақ тілі курсының пререквизит пәндерден алынған теориялық білімді толықтыру; * тілдің грамматикалық құрылымы тұтас жүйе екендігін таныту; * теориялық білімді талдау жұмыстарында пайдалана білуге жаттықтыру; * талдау нәтижелерін теориялық тұжырымдар жасауға, пікір білдіруге пайдалануға жаттықтыру; * ғылыми стильде сөйлеуге жаттықтыру 1.5 Курстың негізгі міндеттері: Студент курс аяқталған кезде морфологиялық және синтаксистік кешенді талдау жұмыстарын жүргізуді меңгеріп шығуы тиіс. 1.6 Курстың соңында студент мыналарды игеруі керек: - Қазақ тілінен мектеп бағдарламасы көлеміндегі және пререквизит пәндер көлеміндегі материалдарды еркін білуі; - Алған білімдерін практикада қолдана білуі; - Қазақ тіл білімінің салаларына қатысты жаттығу тапсырмаларына бойынша кешенді-сатылай талдау жасау білуі; - Қазақ тілінің теориялық мәселелері бойынша өзіндік пікір айта алуы; - Ғылыми тілде сөйлей алуы. 1.7 Курстың пререквизиттері: 1.7.1 Тіл біліміне кіріспе 1.7.2 Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы 1.7.3 Қазіргі қазақ тілінің морфемикасы 1.7.4 Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы 1.8 Курстың постреквизиті: 1.8.1 Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі 1.8.2 Жалпы тіл білімі 1.8.3 Қазақ тілінің стилистикасы 2 ПӘНДІ ИГЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ 2.1 Студент себепсіз сабақ босатпауы тиіс. Себепті-себепсіз сабақ босатқан жағдайда, сол сабақта өтілген тақырыпты меңгергенін дәлелдеу үшін семинар сұрақтарының жауаптары мен жаттығу тапсырмаларын жазбаша өз бетімен орындап, кезекті шептік бақылауға дейін өткізуі тиіс. 2.2 Семинар сұрақтарына алдын ала (бір-екі сабақ ерте) дайындалып келген дұрыс. Бұл сол тақырыпты меңгертуге арналған сабақ кезінде уақыт үнемдеуге, жаттығу тапсырмаларын мол орындауға мүмкіндік береді. Семинар тақырыбының сұрақтарына жазбаша конспект жасап көрсету (сабақ босатқандардан басқаларға) міндетті емес. Есесіне сабақ барысында сұрақтарға жауап беріп, жаттығулар орындауға сұранып, барынша белсенділік таныту керек. 2.3 СӨЖ (студенттің өздік жұмысының) тапсырмалары көрсетілген мерзімде белгіленген талапқа, үлгіге сай жазбаша орындалуы міндетті. Өйткені бұл тапсырмалар шептік бақылаудың нәтижесіне тікелей әсер етеді. СӨЖ тапсырмалары, негізінен, өтілген тақырыптар бойынша мысалдарға кешенді-сатылау талдау жүргізуге арналған жаттығулардан (аудиториялық жұмыс) және қазақ тілінің жекелеген теориялық мәселелеріне байланысты тақырыптарға іздендіру мақсатындағы тапсырмалардан тұрады. Тапсырма үйде орындалып, сабақ кезінде талқылауға түседі. Кейде оқытушы семинар сұрақтарының жауаптары үшін де жаттығу нәтижелеріне қарап баға қоюы мүмкін. 2.4 ОБСӨЖ (оқытушы басшылығымен орындалатын студенттің өздік жұмыстарының)тапсырмалары да көрсетілген мерзімде белгіленген талапқа, үлгіге сай жазбаша орындалуы міндетті. Бұл тапсырмалар өтілген тақырыптар бойынша теориялық мәліметтерді толықтыруға, студенттің білімін өз бетінше жетілдіруге бағытталған. 2.5 Шептік бақылауға өтілген тақырыптар бойынша семинарларда баға алмаған, немесе рейтингісі төмен және ОБСӨЖ бен СӨЖ-ден рейтингісі төмен студенттер міндетті түрде қатысады. Ал сабақ босатпаған, семинар, ОБСӨЖ, СӨЖ тапсырмаларын дер кезінде, <<жақсы>>, <<өте жақсы>> деген бағаларға сауатты орындап жүрген студенттер шептік бақылаудан босатылады, оларға шептік бақылаудың ұпайы жинаған рейтингілік ұпайына сәйкес автоматты түрде қойылады. Шептік бақылау тапсырмалары ауызша немесе жазбаша қосымша тапсырмалар жүйесінен тұрады. Мұнда студент өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға ауызша жауап беруі, тест тапсырмаларын орындауы, қосымша мысалдарға талдау жасауы, немесе берілген сұрақтарға жазбаша жауап қайтаруы мүмкін. Сондай-ақ аталған жұмыс түрлерінің бірнешеуі бірден қамтылуы да мүмкін. Жұмыстың қай түрін немесе түрлерін студенттің рейтингілік ұпайларына байланысты оқытушы белгілейді. 2.6 Қорытынды бақылау әңгімелесу үлгісіндегі ауызша емтихан түрінде өтеді. Емтихан билеттері өтілген тақырыптарды (оның ішінде СӨЖ тақырыптарын да) қамтиды. Билеттің құрылымы екі теориялық, бір талдау тапсырмасынан - үш сұрақтан тұрады. Ұпай қайтарылған жауаптардың сапасына байланысты беріледі. 3 КУРС САЯСАТЫ МЕН ФОРМАТЫ Студенттің пән бойынша білімі семестр бойы оқу үдерісі барысында өзі жинаған жиынтық рейтингілік ұпаймен (GPA) өлшенеді. Жиынтық рейтингілік ұпай сабаққа қатысу, семинар сұрақтарына жауап беру, жаттығулар орындау, ОБСӨЖ, СӨЖ тапсырмаларын орындау барысында жинаған ұпайларынан, шептік бақылау және қорытынды бақылау кезінде алған ұпайларынан құралады. Студент жиынтық рейтингілік ұпайдың 60 пайызын (600 ұпай) 15 аптадан тұратын оқу үдерісі барысында жинайды. Оқу үдерісіне берілетін бүкіл академиялық кезең өз ішінен екіге бөлінеді: 1-інші академиялық кезең - 1-7 аптаны, 2-нші академиялық кезең - 8-15 аптаны қамтиды. Әр академиялық кезеңнің нәтижесі жеке-жеке аттестатталады. Әр академиялық кезеңнің ұпай көлемі бүкіл академиялық кезеңнің жартысын құрайды. Жиынтық рейтингілік ұпайдың 40 пайызы (400 ұпай) қорытынды бақылау нәтижесінде беріледі. Сабаққа қатысқаны үшін белгі оқытушы тарапынан электронды журналға түсірілмейді, ұпай автоматты түрде есептеледі. Журналға сабаққа студенттің сабаққа қатыспағаны жөнінде белгі ғана түсіріледі. Бұл жағдайда студенттің рейтингісіне ұпай берілмейді. Сабаққа қатысу арқылы жиналатын ұпай академиялық кезеңнің рейтингілік ұпайының 10 пайызы (жиыны 60 ұпай: 1-інші академиялық кезең - 30 ұпай, 2-нші академиялық кезең - 30 ұпай) көлемін құрайды. Семинар сұрақтарға берген жауаптары үшін, жаттығулар орындағаны үшін қойылған бағаның белгісі әр апта сайын аптаның соңғы күніне дейін электронды журналға түсіріледі. Апта ішінде жоспарланған тапсырмалар дер кезінде орындалмаса, ешқандай белгі түсірілмейді. Бұл студенттің апталық рейтингісіне, бұдан әрі академиялық кезең, семестр бойғы рейтингісіне кері әсерін тигізеді. Бұл қатардағы ұпай көлемі академиялық кезеңнің рейтингілік ұпайының 35 пайызын (жиыны 210 ұпай: 1-інші академиялық кезең - 105, 2-нші академиялық кезең - 105 ұпай) құрайды. СӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін ұпай беру екі не үш аптада бір рет электронды журналға белгі қою арқылы жүзеге асырылады. Тапсырмалардың орындалуы жоспарланған мерзімнен кешіктірілсе, студент рейтингілік ұпай ала алмайды. СӨЖ тапсырмалары үшін ұпай көлемі академиялық кезеңнің рейтингілік ұпайының 25 пайызын (жиыны 150 ұпай: 1-інші академиялық кезең - 75 ұпай, 2-нші академиялық кезең - 75 ұпай) құрайды. ОБСӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін ұпай беру де екі не үш аптада бір рет электронды журналға белгі қою арқылы жүзеге асырылады. Тапсырмалардың орындалуы жоспарланған мерзімнен кешіктірілсе, студент рейтингілік ұпай ала алмайды. ОБСӨЖ тапсырмалары үшін ұпай көлемі академиялық кезеңнің рейтингілік ұпайының 10 пайызын (жиыны 60 ұпай: 1-інші академиялық кезең - 30 ұпай, 2-нші академиялық кезең - 30 ұпай) құрайды. Шептік бақылауда орындалған тапсырмалар үшін берілетін ұпай академиялық кезеңнің рейтингілік ұпайының 20 пайызын (жиыны 120 ұпай: 1-інші академиялық кезең - 60 ұпай, 2-нші академиялық кезең - 60 ұпай) құрайды. 4 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ Әріп бойынша баға жүйесі Ұпайдың сандық баламасы Пайыздық көлем Дәстүрлі жүйе бойынша баға 1 аттестация Студенттердің жинайтын ұпайы А 4,00 95-100 Үздік 22-27 950-1000 А- 3,67 90-94 Өте жақсы 20-21 900-949 В+ 3,33 85-89 Жақсы 18-19 850-899 В 3,00 80-84 Жақсы 16-17 800-849 В- 2,67 75-79 Жақсы 14-15 750-799 С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық 13 700-740 С 2,00 65-69 Қанағаттанарлық 12 650-699 С- 1,67 60-64 Қанағаттанарлық 11 600-649 Д+ 1,33 55-59 өту ұпайы 10 550-599 Д 1,00 50-54 өту ұпайы 9 500-549 Ғ 0,00 0-49 8 0-495 Рейтингілік баллдарды жинау реті Апта 1 2 3 4 5 6 7 ШБ1 8 9 10 11 12 13 14 15 ШБ2 Семинар 15 15 15 20 20 20 105 15 15 15 15 15 15 15 105 ОСӨЖ 10 10 10 30 10 10 10 30 СӨЖ 25 25 25 75 25 25 25 75 ШБ 60 60 Барлығы 270 270 5 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САҒАТТАРДЫ САБАҚ ТҮРІНЕ ШАҒУ 2- кесте. Пәннің мазмұны. Сағаттарды сабақ түріне шағу Тақырыптың атауы Сағат сандары Дәріс Семинар Зертх. ОСӨЖ СӨЖ 1 2 3 4 5 6 Морфологиялық талдаудың үлгісі 2 1 1,5 4,5 Сөз тұлғасы. Сөздің құрылымы. Сөз құрамы. 1 2 1,5 4,5 Сөз таптары 2 1 1,5 4,5 Сөз таптарының түрлену жүйесі 1 2 1,5 4,5 Етістіктің түрлену тәртібі 1 2 1,5 4,5 Кешенді талдау 3 1,5 4,5 Кешенді талдау 3 1,5 4,5 Сөйлем мүшесіне талдау 2 1 1,5 4,5 Сөздердің байланысу ерекшелігін талдау 2 1 1,5 4,5 Жай сөйлемді талдау үлгісі 1 2 1,5 4,5 Құрмалас сөйлемді талдау 2 1 1,5 4,5 Көп компонентті құрмалас сөйлемді талдау 1 2 1,5 4,5 Кешенді талдау 3 1,5 4,5 Кешенді талдау 3 1,5 4,5 Кешенді талдау 3 1,5 4,5 Барлығы: 15 30 22,5 67,5 6 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ 3-кесте ОСӨЖ және СӨЖ жоспарлары Апта реті СӨЖ ОБСӨЖ Аудиториялық Аудиториядан тыс 1 апта 5 сөйлем 5 сөйлем 5 сөйлем 2 апта 5 сөйлем 5 сөйлем 5 сөйлем 3 апта 5 сөйлем 5 сөйлем 5 сөйлем 4 апта 5 сөйлем 5 сөйлем 5 сөйлем 5 апта 5 сөйлем 5 сөйлем 5 сөйлем 6 апта 5 сөйлем 5 сөйлем 5 сөйлем 7 апта 5 сөйлем 10 сөйлем 5 сөйлем 8 апта 5 сөйлем 10 сөйлем 5 сөйлем 9 апта 5 сөйлем 10 сөйлем 5 сөйлем 10 апта 5 сөйлем 10 сөйлем 5 сөйлем 11 апта 5 сөйлем 10 сөйлем 5 сөйлем 12 апта 5 сөйлем 10 сөйлем 5 сөйлем 13 апта 5 сөйлем 10 сөйлем 5 сөйлем 14 апта 5 сөйлем 10 сөйлем 5 сөйлем 15 апта 5 сөйлем 10 сөйлем 5 сөйлем 7 <<НОРМАТИВТІ ҚАЗАҚ ТІЛІ>> ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ ҮДЕРІСІНІҢ КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ 4-Кесте <<Нормативті қазақ тілі>> пәні бойынша оқу үдерісінің күнтізбелік кестесі Апталар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 Бақылау түрі С С С С С С АБ1 С С С С С С С АБ2 Балдар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz